МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….
- МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ……………………………………………………
- Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны……………………………………………..
- Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік құрылымы…………………………………………………………………………
- Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау……………
- КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ………………………………..
- Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама………………………………………………………………………………………….
- Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру…………………………………………………………………………………….
- Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау………………………………………………………………………………………
- ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ……………………………………………………………..
- Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері………….
- Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі…………………………………………………………………………
- Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау……………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..
КІРІСПЕ
Зерттеу мақсаты. Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені еліміздің халық шаруашлығының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз құрамында отын ресурстарының өндірісі мен өңделуін, оларды түрлендіру мен тікелей жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы болатындай түрінде және белгілі бір сапалық параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен технологиялық объектілерді біріктіреді. Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отын-энергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және отынды республиканың аймағынан тыс шығару және электрқуатының берілісін жүзеге асыра алады. Қазақстанның ресурстар мен энергия сыйымдылығының жоғары дәрежесімен сипатталатын халық шаруашылығының қалыптасқан құрылымы отын-энергетикалық шикізатын ұтымды пайдалануды қажет етеді. Қазіргі кезде отын-энергетикалық ресурстардың басым бөлігі тікелей отын және энергия ретінде тұтынылуда, соның өзінде оларды прогрессивті бағыттар бойынша тұтыну мөлшері тым төмен (34,1%). Отын-энергетикалық ресурстардың небәрі 0,3%-ы ғана химиялық және мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне жұмсалуда.
2004 жылы отын-энергетикалық кешен әлемдік энергия тасымалдағыштар нарығындағы жағымды жағдай орын алған кезде дамыған болатын. Әлемдік сауда алаңшаларындағы мұнайдың бағасы өсіп отырды. Осыған ұқсас жағдай әлемдік энергетикалық және коксталушы көмір нарығында да орын алған болатын.
Зерттеу заты. Республикамызда көмір, мұнай, газ, гидроресурстар, жанғыш тақтатастар, гидротермальдік түрлер бар. Отын өндірісі аса жағымды техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталуда. Екібастұз алабындағы көмір өндірісінің жоғары дәрежедегі үнемділігі баршаға мәлім, Қазақстанның аса бай мұнай және газ кеніштерінің тау-геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей болып келеді. Мұнай, газ мен көмірдің жалпы қоры шамамен алғанда мұнай эквивалентінің 13,0 млрд. теңгесін (м.э.т.) немесе бірлігіне, б.а. жан басына 722 м.э.т. құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстан әлемдегі бірінші ондыққа кіреді Отынның оны өңдеу, сақтау және тасымалдау кезіндегі шығындары едәуір болып келеді, олар газ бойынша 32%, мұнай бойынша – 29%-дан артық, көмір бойынша – 13% құрайды. Жуық шетел елдерімен нарыққа көшу кезінде шаруашылық қатынастардың бұзылуы жағдайларында дербес энергетикалық жүйені қалыптастырып, дайын өнімді алуға дейін өз отындық шикізатының өңделуін ұйымдастыру қажет. Қазақстанда электроэнергетикасын дамыту ісін көмір, су ресурстары тәрізді дәстүрлі көздердің өзіндік базасына негізделумен жүзеге асыру керек.
Отын энергетика кешені салаларының жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі, сондай-ақ олардың жалпы ішкі өнімдегі алатын меншікті салмағы артты. Мысалы, 2004 жылы отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінің жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі шамамен 18%-ды, ал кокс пен мұнай өнімдерінің өндірісі – 3,7% құрады. Республиканың алдында тұрған экономиканы құрылымдық, техникалық және ұйымдастыру-шаруашылық қайта құрумен байланысты болып келетін стратегиялық мәселелерді шешудің қажеттігіне негізделсек, салыстырмалы түрде шектелген және салыстырмалы түрде қымбат болып келетін отын ресурстарын пайдаланудан оған қарағанда шектеулігі төмен және бағасы арзан отын ресурстарын пайдалануға көшу қажет етіледі.
- МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ
1.1 Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені еліміздің халық шаруашлығының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз құрамында отын ресурстарының өндірісі мен өңделуін, оларды түрлендіру мен тікелей жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы болатындай түрінде және белгілі бір сапалық параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен технологиялық объектілерді біріктіреді.
Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отын-энергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және отынды республиканың аймағынан тыс шығару және электрқуатының берілісін жүзеге асыра алады. Мысалы, отын-энергетикалық ресурстарын меншікті өндірудің көлемі оларды жұмсау көлемінен 15,6%-ға асады. Көмір бойынша оны республикадан тыс шығарып әкету көлемі 42% құрайды, бұл оны тұтыну көлемінен 1,5 есе асады. Мұнай өндірісі оның тұтыну мөлшерінен 1.4 есе асады. Республикамызда көмір, мұнай, газ, гидроресурстар, жанғыш тақтатастар, гидротермальдік түрлер бар. Отын өндірісі аса жағымды техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталуда. Екібастұз алабындағы көмір өндірісінің жоғары дәрежедегі үнемділігі баршаға мәлім. Қазақстанның аса бай мұнай және газ кеніштерінің тау-геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей болып келеді. Мұнай, газ мен көмірдің жалпы қоры шамамен алғанда мұнай эквивалентінің 13,0 млрд. теңгесін (м.э.т.) немесе бірлігіне, б.а. жан басына 722 м.э.т. құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстан әлемдегі бірінші ондыққа кіреді. Алайда отын-энергетикалық ресурстар республиканың аймағы бойынша аса шашыраңқы түрде орналасқан. Мысалы, қолданыстағы көмір кеніштерінің 100%-ы Орталық және Солтүстік-Қазақстанда, мұнай мен газ кеніштері – Батыс Қазақстанда, ал гидроресурстардың 90%-дан артық бөлігі Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда орналасқан. Бұл жағдай республиканың жекелеген аудандарының отын-энергетикалық қамсыздандырылуына әсерін тигізеді.
Сурет 1 – 2004 жылдың отын және электроэнергияның негізгі түрлеріне қойылған өндірушілердің баға индексі (% бойынша)
Отын энергетикалық кешенін дамыту барлық халық шаруашылықтық мәселелерді шешудің негізі болып табылады, сондықтан Қазақстанның энергетикалық бағдарламасында келесідегідей ұйымдастыру-экономикалық шаралары ескерілуі тиіс:
- отын энергетикалық кешені мен соған байланысты болып келетін салаларды оларды дамытуға арнап материалдық және қаржылық ресурстарды көбірек бөлу арқылы нығайту;
- республиканың өндірістік күштерінің орналасуын отын тұтынушыларды Қазақстанның негізгі отын-эенергетикалық базаларына жақындату бағытында жетілдіру;
- отын энергетикалық кешені салаларында нарықтық механизмдерді өндіріс арқылы реттеумен әзірлеу;
- өзінде мұнай, газ, көмір және т.б. өндіріс көлемінің негізгі өсімі қамтамасыз етілетін Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарынан энергетикалық ресурстарды тасымалдаудың әртүрлі әдістерін әзірлеу.
Салааралық байланыстардың тармақталуы, отын энергетикалық кешені кәсіпорындарының ұзақ мерзімді құрылысы Қазақстанның отын-энергетикалық теңгерілімінің құрылымын жетілдіру мәселесінің ауырлығына негіз болуда. Республиканың алдында тұрған экономиканы құрылымдық, техникалық және ұйымдастыру-шаруашылық қайта құрумен байланысты болып келетін стратегиялық мәселелерді шешудің қажеттігіне негізделсек, салыстырмалы түрде шектелген және салыстырмалы түрде қымбат болып келетін отын ресурстарын пайдаланудан оған қарағанда шектеулігі төмен және бағасы арзан отын ресурстарын пайдалануға көшу қажет етіледі. Қазақстанның ресурстар мен энергия сыйымдылығының жоғары дәрежесімен сипатталатын халық шаруашылығының қалыптасқан құрылымы отын-энергетикалық шикізатын ұтымды пайдалануды қажет етеді. Қазіргі кезде отын-энергетикалық ресурстардың басым бөлігі тікелей отын және энергия ретінде тұтынылуда, соның өзінде оларды прогрессивті бағыттар бойынша тұтыну мөлшері тым төмен (34,1%). Отын-энергетикалық ресурстардың небәрі 0,3%-ы ғана химиялық және мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне жұмсалуда. Отынның оны өңдеу, сақтау және тасымалдау кезіндегі шығындары едәуір болып келеді, олар газ бойынша 32%, мұнай бойынша – 29%-дан артық, көмір бойынша – 13% құрайды. Жуық шетел елдерімен нарыққа көшу кезінде шаруашылық қатынастардың бұзылуы жағдайларында дербес энергетикалық жүйені қалыптастырып, дайын өнімді алуға дейін өз отындық шикізатының өңделуін ұйымдастыру қажет. Қазақстанда электроэнергетикасын дамыту ісін көмір, су ресурстары тәрізді дәстүрлі көздердің өзіндік базасына негізделумен жүзеге асыру керек. Мұнай өңдеу өнеркәсібінде алғашқы кезектегі мәселеге Павлодар және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарын өзіміздің шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өңдеу өнімдерінің өз еліміздегі өндірісін арттыру мәселесі жатады. Республикадағы отын-энергетикалық кешенінің ерекшелігі сол, ол елдің ішіне қарағанда іргелес жатқан республикалардың отын-энергетикалық кешенімен неғұрлым көбірек ықпалдасқан. Бұл келесідегідей себептермен түсіндіріледі:
- шикі мұнайдың өз еліміздегі өндірісі мен мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылықтары оларды өңдеу үшін жеткілікті болса да республика мұнай өнімдерін сырттан әкеледі;
- Батыс Қазақстанның шикі мұнайы әрекеттегі мұнай құбырлары бойынша Ресейдің Еділ жағалауы аумағына жеткізіледі, ал республикамыздың Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік кәсіпорындары батыс-сібір мұнайын сырттан әкеледі;
- Батыс Қазақстанның газы Ресейге экспортталады, ал ішкі қолданысқа арнап газ Орта Азия мен Ресейден әкелінеді.
2004 жылы отын-энергетикалық кешен әлемдік энергия тасымалдағыштар нарығындағы жағымды жағдай орын алған кезде дамыған болатын. Әлемдік сауда алаңшаларындағы мұнайдың бағасы өсіп отырды. Осыған ұқсас жағдай әлемдік энергетикалық және коксталушы көмір нарығында да орын алған болатын.
Нәтижесінде 2004 жылы отын-энергетика кешені салаларының жекелеген макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпалының күшейгендігі байқалған болатын. Отын энергетика кешені салаларының жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі, сондай-ақ олардың жалпы ішкі өнімдегі алатын меншікті салмағы артты. Мысалы, 2004 жылы отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінің жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі шамамен 18%-ды, ал кокс пен мұнай өнімдерінің өндірісі – 3,7% құрады. «Электрқуатын, газ бен суды өндіру және үлестіру» атты іс-әрекетін бойынша өндіріс серпіні әлі күнге дейін салыстырмалы түрде қалыпты болып келеді, сол себептен оның өнеркәсіп өндірісіне қосқан үлесі шамалы ғана болып отыр.
Сурет 2 – 2004 жылдың отын-энергетикалық өнімдерінің өндіріс динамикасы (% бойынша)
1.2 Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорын-дарының өндірістік құрылымы
Әр кәсіпорынның іс-әрекетінің негізін өндірістік процесс құрайды. Кез келген түрдегі өндірістік процесс – бұл өзара байланысқан еңбек процестерінің, техникалық және табиғи процестерінің жиынтығы. Еңбек процесіне еңбек, сондай-ақ оның заты мен құралы жатады. Еңбек процесінің нәтижесіне еңбек өнімі, б.а. адамның еңбек құралдары көмегімен мақсатқа лайықты іс-әрекетінің әсерімен еңбек затының алдын-ала көзделген өзгертілуі.
Технологиялық процесс – бұл еңбек затының сапалы (физикалық-химиялық және механикалық) (түрінің, көлемінің, күйінің, орналасуының, физикалық-химиялық қасиеттерінің, сыртқы пішінінің және т.б.) өзгерістері, олар адамның еңбек затына сол не өзге түрдегі еңбек құралдарын қолданумен әсер етуінен болады. Еңбек заты адамның тікелей қатысуынсыз табиғат күштерінің әсер етуімен, атап айтқанда табиғи процесстер кезінде де өзгеруі мүмкін.
Әрбір өндірістік процесте орталық орынға негізгі процесс ие болуда – бұл еңбек затын кәсіпорынның қызметтік бағытына сәйкес дайын өнімге айналдыру. Негізгі өндіріс қажеттерін қанағаттандыруға арнап жүзеге асырылатын процестер қосалқы процестер деп аталады. Өндірістік процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының соны жүзеге асыруға қатысуының сипатын, өндірістік процестің сипаты мен мзмұнын, онда материалдық элементтердің қатысуын, өндірістік процестің қайталану мерзімділігі мен ұзақтығын, өндірістерді ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды. Бұл ретте өндірісті ұйымдастыру ретінде еңбек процестері мен материалдық элементтерді уақыт пен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығы түсініледі.
Жұмысшының қатысу сипатына қарай өндіріс процесін жүргізу кезінде процестер келесідегідей түрлерге бөлінеді: қол, қол механикаландырылған, машиналық-қол, машиналық, автоматтандырылған, аппаратуралық процестер.
Қол процестері – бұл жұмысшының механизмдерді (құрал-жабдықты) ешбір қатыстырусыз орындаған жұмысы, мысалы, кілттерді пайдала отырып құбырлар мен қарнақтарды жалғап бұрау және ажыратып бұрау, тесіктерді қолмен тесу және т.б.
Қол механикаландырылған процестерді тікелей жұмысшы қайсыбір қуат көзін пайдаланумен сол не өзге түрдегі механикаландырылған құрал-сайманың көмегімен орындайды (сомындарды бұрау, тесіктерді электрбұрғымен тесу, резервуардағы мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және т.б.).
Машина-қол процестері жұмысшының тікелей қатысуымен машинамен орындалады – ұңғымалардың ернеуіне шылбырларды оларды элеваторға кигізе отырып беру, шылбырларды элекваторға отырғызу және одан алу, көтергіш-трактордағы жұмыс және т.б.
Машиналық процестер құрал-жабдықтың жұмыс бөлігімен жұмысшының қатысуынсыз жүргізіледі (жерасты жөндеу немесе бұрғылау кезінде ұңғамадағы құбырларды көтеріп алу және т.б.).
Автоматтандырылған процестер автоматты түрде, адамның ешбір қатысуынсыз жүреді (ұңғыманың түбіне қашаудың автоматты түрде берілуі, балауызды тазартуға арналған қырғыштың автоматты түрде берілуі және т.б.).
Аппаратуралық процестер ыдыстар мен аппараттар жүйесінде әрекет етеді, және еңбек заты технологиялық режимнің қатаң түрде белгілі көрсеткіштері кезінде өзгеріп отырады, бұл ретте жұмысшы (немесе жұмысшылар тобы) аппараттардың жұмысын бақылайды және бекітілген тәртіпке сәйкес оларда жүріп жатқан процестерді реттеп отырады. Мұнай өндірісі мен құбырлық көлікте мұның мысалына мұнайды электрлік тұзсыздандырғыш құрылғыда диэмульсиялау әрекетін жатқызуға болады, кейбір мұнай қоймаларында аппаратуралық процесс ретінде майларды өндіру процесі шығады, мұнай өңдеу және мұнай-химия процестері аппаратуралық процестерге жатады.
Өзінің сипаты мен мазмұнына қарай өндірістік процестер механикалық және физика-химиялық деп бөлінеді.
Механикалық процестер – бұл өздерінде механикалық күштердің әсерімен еңбек затының сол не өзге түрдегі пішіні, көлемі, күйі мен жағдайы өзгеретін процестер. Оларға келесілер жатады: шикізатты немесе өнімді өңдеу немесе оны басқа физикалық күйге қайта өңдеу; пішін құраушы, жинақтаушы және, ақыры, кен өндіру процестері, оларда еңбек заты әртүрлі еңбек құралдарымен шомбалдан (массив) бөлініп алынып және одан әрі тиісті түрде өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға және т.б. жіберіледі, мысалы, мұнай өндірісіндегідей. Бұрғылау процесі сондай-ақ өтпеленген жыныстарды қирату салдарынан механикалық процестерге жатады.
Физика-химиялық процестер кезінде материалдардың физика-химиялық механикалық қасиеттері мен олардың ішкі ішкі құрылымы өзгереді (өзіндік химиялық процестер, жылу, диффузиялық, балқымалы, электро-химиялық және т.б.).
Сонымен қатар, еңбек заттарын тасымалдау жөніндегі көліктік процестерді және солармен қатысты болатын тиеу-түсіру процестерін бөлу қажет: жасалған еңбек заттарын сынау мен олардың МЕМСТ белгілеген талаптарға немесе техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру жөніндегі бақылау процестері; өндірістік процестердің жекелеген түрлерінің жүрісінің жағдайлары мен параметрлерін зерттеу жөніндегі зерттеу жұмыстары; жер қойнауларындағы пайдал қазбаларды барлау жөніндегі геологиялық барлау процестері.
Өндірістік процестің негізгі бөлігі кезеңінің ұзақтылығына қарай олар үздіксіз және үздікті процестерге бөлінеді.
Үздікті процестер мерзімділігі мен қайталанғыштығымен сипатталады (мысалы, геологиялық барлау және бұрғылау). Үздіксіз өндірістік процестерде мерзімділік белгісі жоқ, технологиялық процесс үздіксіз түрде жүріп отырады, процестің үздіктігі мен қайта жалғасуы оның технологиялық ұзақтылығымен емес, мысалы, мұнай өндірісіндегідей, құрал-жабдықтың жұмысының жөндеуаралық мерзімдерінің ұзақтылығымен сипатталады.
Осылайша, өндірісті ұйымдастыру – еңбек процестері мен өндірістің материалдық элементтерін уақыт пен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығы. Процесті кеңістікте орналастыру деп әрекеттердің жұмыс орындары бойынша үлестірілуі түсініледі. Процесті уақыт бойынша орналастыру – бұл өндірістік процестің әртүрлі әрекеттерін орындау уақытында үйлестіру дәрежесі, ол өндірістік процестің ұзақтылығын белгілейді. Процесті уақыт пен кеңістікте орналастыру кері пропорционалды тәуелділікте болады. Егер өндірістік процесс бес әрекеттерден тұрып, олардың барлығы әрқайсысы өз орнында бір уақытта жүргізіліп жатса, онда процесс уақыт бойынша толықтай біріктіріліп және кеңістікте бөлістірілген. Егер олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс толықтай кеңістікте біріктіріліп және уақыт бойынша бөлінген (бұл жағдайда уақыт қосарланбайды). Процесті кеңістікте орналастырудың әртбір түріне оны уақыт бойынша орындаудың белгілі бір тәртібі сәйкес келеді, бұл еңбек затын бір жұмыс орнынан екінші біріне тапсыру әрекеттері мен тәртібін үйлестіру түріне байланысты болады.
Әрекеттерді үйлестірудің үші түрі бар: тізбекті, қатарласқан және қатарлас-тізбекті.
Тізбекті үйлесім әрбір келесі әрекетті тек алдыңғысы аяқталғаннан кейін орындауды меңзейді. Мысалы, мұнараны салу кезінде оған кіретін барлық әрекеттерді әртүрлі әрекеттердің уақыт бойынша бір-бірімен ауысуынсыз қатаң реттілікпен бірінен кейін бірін жүргізу керек. Бұл жағдайда өндірістік мәселені шешуге (мұнараның құрылысына) арнап жұмсалатын уақыт аса ұзақ болатын болады. Мұнай өңдеу кәсіпорындарында әрекеттерді тізбекті түрде үйелестіру әдісі қолданылмайды.
Әрекеттерді үйлестірудің тізбекті түрі кезінде процестің технологиялық бөлігінің ұзақтығы Ттізб. келесі формула бойынша анықталады:
Ттізб. = Σ tдана (1)
мұндағы, tдана — әр әрекеттің ұзақтығы; т — әрекеттердің саны.
Әрекеттердің қатарласқан үйлесімі олардың уақыт бойынша толық үйлесуімен сипатталады. Мұндай үйлесімнің жүзеге асырылуы әрбір әрекетті жекелгене жұмыс орнында орындаудың бірдей ұзақтығы мен мүмкіндігі болған жағдайда орын алады. Іс-жүзінде мұны жасау қиын, сол себептен үйлесімнің бұл түрін қолдану шектеулі болып келеді.
Әрекеттердің қатарласқан-тізбекті (аралас) үйлесімі – мұнай және газ өнеркәсібіндегі үйлесімнің аса кең атарған түрі, бұл ретте әрекеттердің бір бөлігі тізбекті түрде, екінші бір бөлігі қатар түрде жүргізіліп отырады. Ттізб. әрекеттердің қатарласқан-тізбекті үйлесімі кезіндегі процестің технологиялық бөлігінің ұзақтығы келесі формула бойынша есептеледі:
Ттізб. = Σ tдана— Σ tауыст. (2)
мұндағы, tауыст. әртүрлі әрекеттердің бір-бірін ауыстыруының жиынтық уақыты.
Кез келген түрдегі өндірістік процесс өзара әрекеттескен әртүрлі еңбек процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығы болып келеді. Ол ұтымды оңтайландыруды қажет етеді.
Өндірістік процестерді ұйымдастыру ұстанымдары
Ұтымды ұйымдастырылған өндірістік процестің ең маңызды ұстанымдарына үздіксіздік, ырғақтық және пропорционалдық жатады.
Үздіксіздік еңбек заты дайын өнімді өндіру кезінде үздіксіз түрде өңдеуден өткізіліп отыруы тиіс дегенді білдіреді. Ол негізгі қорларды бұрынғысынан да толық пайдалану мен айналымдағы қаражаттардың бұрынғысынан да жылдам айналуына арнап мүмкіндіктер береді.
Ырғақтық – кәсіпорынның өнімді берілген жоспар бойынша біркелкі шығаруы. Ол кәсіпорынның барлық цехтары мен бөлімшелерінде өндірістің біркелкі жүрісімен қамтамасыз етіледі, бұл ретте оның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін жоспарлау үлкен рөлге ие болады.
Өндірістік процестердің пропорционалдығы ретінде әрекеттердің теңдігі немесе еселігі түсініледі. Пропорционалдық негізгі өндіріс пен қосымша бөлімшелердің арасында сақталуы тиіс. Сандық пропорцияларды кәсіпорынның дамуында қайсыбір өндірістік буындар негізгі өндірістің қажеттерін қанағаттандырмай немесе оның қажеттерінен асып кететін жағдайдағы диспропорцияларға жол бермей сақтап отыру қажет. Бұл екі жағдайда да өндірістік процестің ырғақтығы, үздіксіз жүрісі, кәсіпорын үшін материалдық-техникалық құралдардың барынша аз жұмсалуымен өндірістік жоспармен белгіленген өнімнің дер кезінде шығарылуы бұзылады, және соның салдарынан өнімнің өзіндік құны өседі. Өндірістің ұйымдастырылуы өз әдістері мен даму түрлеріне ие болады. Қазіргі кезде өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістеріне ағымдық (жаппай көпшілік), топтық (сериялық) және бірлі-жарымдық әдістері жатады. Олар орын алған ерекшеліктерге байланысты мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында ішінара ғана қолданылады.
Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық (жаппай көпшілік түрдегі) әдісі – бұл біртекті өнімді жаппай көпшілік ауқымда үздіксіз шығарумен сипатталатын жаппай көпшілік өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдісі. Мұндай өндіріс кезінде бұйымдар келесі әрекетке алдыңғы әрекет орындалғаннан кейін арнайы құрылғылардың көмегімен дереу түрде беріледі.
Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялық) әдісі өнімді сериялап шығарумен белгіленеді, және осыған орай жұмыс орындарында өңделетін өнім түрлерінің өзгеруімен, сондай-ақ өнімнің жаңа сериясын жасауға арнап құрал-жабдықты қайта реттеудің салдарынан оның жұмысындағы мерзімді түрдегі үзілістермен белгіленеді. Бұл әдіс бағыттанудың төмен дәрежесін меңзейді. Оның артықшылығы өндірістің өнімнің бір түрінен екінші бір түріне жеңіл ауысуына негізделген. Оны ағымдық әдіс бойынша ұйымдастырылған жаппай көпшілік өндіріс кәсіпорындарының жекелеген бөліктерінде қолдануға болады.
Өндірісті ұйымдастырудың бірлі-жарымдық әдістері кезінде өнім жекелеген бірліктер мен ұсақ серия түрінде шығарылады. Бірлі-жарымдық өндіріс техника мен технологияны жетілдіру себебінен жаңа, бұрынғысына қарағанда жетілдірілген өнімді шығаратын тәжірибелі өндірістің дамуымен байланысты болып келеді. Онда әмбебап құрал-жабдық жұмыс істеп және жоғары білікті әмбебап-жұмысшылар еңбек етеді. Жаппай көпшілік өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісі аса жетілдірілген әдіс ретінде әртүрлі өнеркәсіп салаларында үлкен тарауға ие болды: тоқыма, аяқ-киім, тағам, аға өңдеуде, машина жасауда, металл өңдеуде, металлургияда, химияда.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Мұнай-газ өндірісінде еңбек заты ретінде мұнай мен газы бар қат, еңбек құралдары ретінде – пайдалану және тоғыту құрал-жабдығы, еңбек өнімдері ретінде – шикі мұнай мен газ шығады. Мұнай-газ өңдеудің ерекшелігі сол, ондағы еңбек заты – құрамында мұнай мен газ бар қат, табиғаттың өтеусіз сыйлығы. Ол еңбектің нәтижесі болып табылмайды және оның бағасы жоқ, сол себептен мұнай өңдеу өнеркәсібінде шикізатқа жұмсалатын шығындар жоқ, бұл кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштердің құрылымына, деңгейі мен жоспарлауға әсерін тигізеді. Келесі бір маңызды мәселе – мұнай өңдеу кәсіпорындарында еңбек заты аймақты түрде бекітілген болып келеді. Осыдан кәсіпорынды жобалау мен өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға арнап орын таңдап алудың жергілікті жағдайларға (өнеркәсіп құрылыстарына, тұрғын үйге, ауа-райы жағдайларына және т.б.) тәуелділігі туындайды.
Сондай-ақ ерекшеліктерге еңбек заты мен пайдалану жабдығының жерасты бөлігінің тікелей бақылау мен әсер етуден қашықта орналасуы жатады, бұл мұнай өндірісінде күрделі құрылысты жоспарлау мен ұйымдастырудың қажеттігін тудырады. Еңбек заты мен пайдалану жабдығының жерасты бөлігінің қашық орналасуы арнайы зертеу жұмыстарын (қаттар мен ұңғымаларды зерттеу) ұйымдастыру мен жоспарлаудың, сондай-ақ ұңғымаларды оларға қажет етілетін түсіру-көтеру әрекеттерімен ағымдағы және күрделі жерасты жөндеулерінің қажеттігін тудырады.
Ұңғымалардың аймақтық жеке орналасуы, олардың ерекшелігі мен өндірісті ұйымдастыру ісінің кенішті қазу жүйесіне тәуелді болуы негізгі процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін белгілейді, мұндай ұйымдастыру ұңғымаларды күтімге алуға, олардың технологиялық тәртібін реттеуге және ұңғымалар қорын жұмысқа қабілетті күйінде ұстап отыруға негізделген. Дәл осы ерекшелік қосалқы және қосымша шаруашылықтарды ұйымдастырудың еркешелігіне, оның аймақтық орналасуына негіз болады. Мұнай-газ өндірісінде маңызды тағы бір маңызды нәрсе – ол тек қана дайын өнімді береді, басқа не аяқталмаған өндіріс, не жартылай фабрикаттар жоқ. Мұнай мен газ өндірудің өндірістік процесі әртекті жеке өндірістік процестердің кешені болып келеді:
- мұнай мен газ өндірісі;
- механикалық және энергетикалық жабдықты монтаждау және шешіп алу;
- ұңғымаларды жерасты жөндеу;
- ұңғымалар мен жабдықты жерүсті жөндеу;
- ұңғымаларды күрделі жөндеу;
- көлік және мұнайды сақтау;
- газды жинау және кәдеге жарату;
- мұнай мен газды кешенді әзірлеу;
- ұңғымалар мен қаттарды зерттеу;
- қатқа жұмыстық агентті тоғыту және т.б.
Мұнай мен газды өндіру процесі – бұл мұнай-газ өндіру кәсіпорнындағы негізгі өндірістік процесс, ол бүкіл қат пен кенішті жобаға сәйкес ұтымды қазуды, сондай-ақ негізгі процесті әртүрлі қуаты көздерімен, көлікпен, жөндеумен, материалдармен, құралдармен және т.б. күтімге алуды қажет етеді. Мұнай өндіру процесі өзара тығыз байланысқан бірқатар жекелеген процестерден құралады: сұйықты забойға ағызу; сұйықты забойдан ұңғыманың сағасына көтеру; көлік және мұнайды өңдеуге дейін сақтау; мұнай мен газды өңдеу немесе кешенді әзірлеу және тауарлық мұнайды тұтынушыға тапсыру. Бұл процестердің барлығы бірдей мұнай мен газ өндірудің өндірістік циклын құрайды, ол қысқамерзімділігі мен үздіксіздігімен сипатталады. Өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етудің шарттары:
- Кенішті қазу жүйесіне сәйкес қаттың технологиялық жұмыс режимін қатаң түрде ұстану.
- Мұнай өндіру процесіне қатысатын жекелеген өндірістік буындардың өндірістік қуаттылықтарының ұңғымалардың қазу мүмкіндіктеріне сәйкес келуі.
- Кестеге сәйкес негізгі процестерді қосымша процестермен күтімге алу.
Мұнай-газ өңдеу кәсіпорнының өндірістік құрылымының негізін анық түрдегі бағыттану, қосалқы өндірістердің негізгі өндірістен бөлінуі және өндірістің барынша жоғары мөлшерде шоғырлануы құрайды.
Өндірістік құрылым ретінде кәсіпорынның ішкі өндірістік бөлімшелері мен қызметтерінің жиынтығы, олардың өзара қатынасы мен байланысы түсініледі.Мұнай-газ өндірісінде құрылымдық бірлік ретінде цех — өндірістік әкімшіліктік-бөлектенген бөлімше шығады, оның міндеттеріне өнімді шығару немесе белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізу жатады. Негізгі өндіріс өнімді шығарумен тікелей қатысты болатын процестерді қамтиды. Қосымша өндіріс негізгі өндіріс бөлімшелерінің өнімді үздіксіз шығаруына арнап қалыпты жағдайларды қамтамасыз етеді. Негізгі өндіріс ретінде орталық инженерлік-технологиялық қызметпен (ОИТҚ) біріктірілген аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (АИТҚ) бөлінген.
Орталық инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі міндеті – мұнай-газ өнеркәсібінде орталық инженерлік-технологиялық қызметі бекітілген технологиялық режимін ұстанумен мұнай мен газ өндіру жөніндегі жоспарлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет төмендегілерді жүзеге асырады:
- аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер жұмысын басқару;
- негізгі өндіріс объектілерінде жұмыстарды орындау кезінде мұнай-газ өнеркәсібінің барлық өндірістік бөлімшелерінің іс-әрекетін тәулік бойы жедел бақылау және үйлестіру;
- барлық өндірістік объектілер бойынша ақпаратты жинақтау мен өңдеу;
- апаттарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- оқыс жағдайлар кезінде көмек көрсету және т.б.
Сурет 3 – Негізгі және қосымша өндіріс цехтары
Жұмыстарды жоспарлауға маңызды мән беріледі. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет өздеріне ұңғымалар бойынша барлық қажетті жұмыстар кіретін айлық кешендік кесте-жоспарларды әзірлейді.
Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер – мұнай өндіруге тікелей қатысатын инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі технологиялық органы. Бұл қызметтің басты міндеттері – мұнай мен газды өндіру жөніндегі жедел жоспар-кестелер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, тәулік бойы техникалық тұрғыдан сауатты игеру мен ұңғымаларды пайдалануды жүзеге асыру, оларды пайдалану режимін сақтау, ұңғымалар мен аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер аумағында орналасқан басқа объектілерді жерасты және күрделі жөндеу жөніндегі өндірістік процестердің барысына технологиялық бақылау жүргізу. Бұл органның жұмысын қызметтің бастығы басқарады. Мұнай өндіру операторлары технологиялық топтар бойынша бөлінген және аға инженерлердің басқаруымен ұңғымаларды күтімге алу, пайдалану жұмыстарын жүргізеді, оларды тексеріп және қарап шығады, құрал-жабдықтың ақауларын жөндейді, жұмыс тәртібін сақтайды, ұңғымаларды іске қосады және т.б. Бұл топтар әрдайым диспетчерлік пункт пен оның басшылығымен байланысты болып келеді. Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер мұнайды, газды, ауаны жинақтау мен сумен қамту, ұңғымалар коммуникацияларының, ауа және газ үлестіргіш құрылғылардың жүйесінің, компрессорлық станциялардың және т.б. технологиялық сұлбаларымен байланысқан.
Ұңғымаларды өндірістік күтімге алумен қатысты қосалқы өндірістер өндірістік күтімге алу базаларына біріктірілген. Өндірістік күтімге алу базалардың құрамына келесілер кіреді:
- пайдаланушылық құрал-жабдықтың илектеу-жөндеу цехы (ПҚИЖЦ);
- электр жабдығы мен электрмен қамтудың илектеу-жөндеу цехы (ЭЖ мен ЭИЖЦ);
- ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехы (ҰЖ және КЖЦ);
- өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ).
Өндірістік күтімге алу базалар басшылығы кесте-жоспарларға сәйкес цехтардың іс-әрекетін үйлестіреді және ұңғымалар мен барлық негізгі өндіріс объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тікелей мұнай-газ өндіру басқармасына бағынатын құрылымдық бөлімшелер бар, атап айтқанда:
- мұнайды даярлау мен айдау цехы (МДАЦ);
- қаттық қысымды ұстау цехы (ҚҚҰЦ);
- бу-сумен қамту цехы (БСҚЦ);
- газ сығымдағыш (газ) цех (ГСЦ);
- құрылыстық-монтаждау телімі (ҚМТ) – мұнай-газ өнеркәсібінің дербес құрылыс ұйымы болмаған жағдайда.
Қабат қысымды ұстау цехының басты міндеті – жұмыстық реагенттің бекітілген қазу жобасына сәйкес көлемдерде өнімді деңгейжиектерге айдалуын қамтамасыз ету.
Мұнайды даярлау мен айдау цехы шикі мұнайды жинақтау мен оны жинау құрылғысына дейін айдау, өңдеуге, сақтауға, есепке алу мен тапсыруға әзірлеу жұмыстарын жүргізеді. Мұнай мен газ өндіру цехы мұнай мен газды ұңғыманың түбіне қарай жасанды қозғалу процестерінен, мұнай мен газды күндізгі жазықтыққа көтеру, тауарлық мұнайды әзірлеу процестерін қамтиды. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда жекелеген мұнай-газөнеркәсіб бірлестіктің рұқсатымен цехтар құрылуы мүмкін: илектеу-жөндеу, батырмалы электрқұрылғылар, құбырларды шегендеу (футерлеу) (жемірілуге қарсы жабындар, әйнектеу, эпоксидтік шайырлармен жабу, эмальдау). Мұнай өндіру процесінің үздіксіздігі көбінеки мұнай және газ ұңғымаларын дұрыс пайдалануға, күтімге алу мен жөндеуге байланысты болып келеді. Пайдалану жабдығының илектеу-жөндеу цехы пайдалану жабдығын жөндейді, оны пайдаланудың техникалық ережелерін ұстануды бақылайды, механикалық жабдықты дер кезінде және сапалы жөндейді.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік құрылымын жетілдірудің негізгі бағыты – негізгі өндірісті бағыттандыру процесін оны бұдан әрі бірқатар қосымша қызметтерден босату мен оларды дербес кәсіпорындарда шоғырландыру арқылы жалғастыру, атап айтқанда, МГӨК-тің құрамынан жөндеу және көліктік қызмет көрсетуді шығару және орталық илектеу-жөндеу базалары мен технологиялық көлік басқармаларын, және бірлестіктерде арнайы техниканы құру. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының типтік өндірістік құрылымы 4-суретте келтірілген.
- Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процестің қалыпты жүрісі қосалқы өндіріс арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл кәсіпорындарда қосалқы процестер сан-алуан түрлі болып келеді және оларға мәні мен өндірістік-шаруашылық бағыты бойынша әртүрлі болып келетін жұмыстар жатады. Бұрғылау мен қазуда қосалқы өндірістің аса маңызды бағыттарына келесілер жатады:
- негізгі өндірістік қорларды күтімге алу және қалпына келтіру (сондай-ақ жабдықты жөндеу);
- кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелерін бу-сумен қамту және энергиямен қамту;
- көлік және қажетті шикізатты, материалдар мен дайын өнімді сақтау;
- ұңғымалардың, мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың сапасын техникалық бақылау.
Құрал-жабдықты жөндеу, энергиямен қамту, мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың сапасын техникалық бақылау тәрізді процестерді ұйымдастыру ісі әртүрлі мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында көбінеки бірдей болып келеді, алайда ол өндірістің ерекшелігімен негізделген кейбір ерекшеліктерге ие.
Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында құрал-жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды күтімге алу мен жөндеу жұмыстары үлкен көлемде орындалады. Жоспарлы-алдын алу жөндеу деген атауға ие болған бұл жұмыстардың басты мақсаты сол не өзге түрдегі объектілерді олардың ұзақ мерзімділігі мен өнімділігін мүмкіндігінше арттырудың есебімен сенімді қызмет етуін қамтамасыз етуге негізделген. Тәжірибеде жөндеудің негізгі үш түрі қолданылады: қараудан кейінгі, жоспарлы-алдын алу (мерзімді) және жоспарлы-мәжбүрлі (стандарттық).
Қараудан кейінгі жөндеу кезінде құрал-жабдық сол не өзге түрдегі жабдықтың шамамен алынған қызмет ету мерзімдеріне негізделумен мерзімді жөндеуге түсіп отырады.
Жоспарлы-алдын алу жөндеу ғимараттардың, құрылыстардың және т.б. жоспарланған мерзімдерде жөнделуін ескереді. Бұл ретте жөндеу жұмыстарының іс-жүзіндегі көлемі қараулар мен ақаулы ведомостерді құрастыруға негізделумен анықталады.
Стандартты жөндеулер (мәжбүрлі) түзілімдер мен бөлшектерді олардың тозу дәрежесіне байланыссыз ауыстырумен жүргізеді және олар алдын-ала қарауды қажет етпейді.
Жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесіне келесідегідей жұмыс түрлері кіреді: а) жөндеуаралық күтімге алу;
ә) техникалық қараулар;
б) мерзімді жоспарлы жөндеулер (ағымдағы, орташа, күрделі).
Жөндеуаралық қарау кезінде алдын-алу сипатындағы жұмыстар жүргізіледі. Ол құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың күйін бақылаудан, құрал-жабдықтар мен машиналарды дер кезінде реттеу, майлау және олардың жұмыс режимін бақылап отырудан құралады. Бұл жұмыстарды операторлар, машинистер, кезекші шеберлер мен жөндеушілер орындайды.
Техникалық қараулар орын алған ақаулылықтарды анықтауға және оларды дер кезінде алдын-алуға арналған. Олар бұрғылау кәсіпорындарының, мұнай шаруашылықтарының, құбырлық магистральдердің, мұнай базаларының, жерасты қоймаларының және басқа объектілердің сенімді жұмысын қамтамасыз ететін алдын алу шараларының кешені болып келеді. Техникалық қараулар екі түрге бөлінеді: техникалық қараулар-1 және техникалық қараулар-2, олар жұмыстардың көлемі мен құрамы бойынша айырмашылықтанады. Құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың текке тұру уақыты техникалық қараулар мен жөндеулерге арнап бекітілген нормаларға сәйкес анықталады.
Мерзімді жоспарлы жөндеулер ағымдағы (ұсақ), орташа және күрделі жөндеуге бөлінеді.
Ағымдағы (ұсақ) жөндеу барысында қызмет ету мерзімі барынша қысқа болатын бөлшектер ауыстырылуы мүмкін. Орташа жөндеу қызмет ету мерзімі екі орташа жөндеудің арасындағы кезеңге тең болатын тозған бөлшектерді ауыстыруға, қалпына келтіруге арналған. Орташа жөндеуге ағымдағы жөндеу жұмыстары да енгізіледі. Күрделі жөндеу барлық құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың оларды толықтай бөлшектеумен жөнделуін қамтамасыз етуі тиіс. Күрделі жөндеу кезінде құрал-жабдықтың әрекеттілігі толығымен қалпына келтірілуі тиіс. Барлық жұмыс түрлері белгілі түрдегі реттілікпен жүргізіледі. Екі күрделі жөндеудің арасындағы кезең ішінде бірнеше рет жоспарлы қараулар, ағымдағы және орташа жөндеулер жүргізіліп отырады. Бір күрделі жөндеуден екінші күрделі жөндеуге дейінгі бұл кезең жөндеу циклы деп аталады. Жөндеулер мен алдын-алу қарауларының саны мен тәртібі жөндеу циклының құрылымын құрайды. Кез келген түрдегі екі іргелес жөндеулердің арасындағы уақыт жөндеуаралық кезең деп аталады.
Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
Мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарында энергетика шаруашылығы қосалқы өндірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіпорындар электр және жылу қуатымен аудандық станциялардан, сондай-ақ меншікті электрстанциялары мен қазандықтардан қамтамасыз етіліп отыруы мүмкін.
Мұнай өндірісінде электрқуатының шығыны 1 т. Мұнайға қатысты есептеледі. Электрқуатының шығынын есептеу үшін орнатылған қозғалтқыштардың қуаттылығы, агрегаттардың машиналық уақытының коэффициенті, қуаттылықты пайдалану коэффициенті мен тәулігіне жұмысқа арнап жоспарланған сағаттардың саны есептеледі. Жарықтандыру қажеттеріне қатысты электрқуатына деген қажеттілікті жарықтандырылатын алаңды, жарықтандыру нормалары мен жарықтандыру сағаттарының санына негізделумен анықтайды.
Жылумен қамту
Жылу қуаты бу мен ыстық су түрінде тұтынылады. Бу технологиялық және қозғалту қажеттеріне арнап жұмсалады. Мұнай базалары, мұнай шаруашылықтары мен МӨЗ-лардың тауарлық-шикізат парктерінде бу сорғыштардың жетегіне, мұнай мен мұнай өнімдерін ыдыстар мен цистерналарда ысытуға және т.б. арнап қолданылады. Аса қуатты жылу шаруашылығы өзіндегі бу құбырларының ұзындығы ондаған километрді құрайтын мұнай өндіретін зауыттарда құрылады. Сатылып алынатын электрқуатының ақысы тарифтер бойынша төленеді. Буды меншікті қазандықта шығарған жағдайда тиісті калькуляция әзірленеді. Кәсіпорынның шығындарына күтімге алушы қызметкерлердің еңбекақысы, отынның бағасы, амортизация, цехтық және басқа шығындар жатады.
Мысалы, будың өзіндік құнының есебі төмендегідей болады: жылдық жұмсау мөлшері – 1500 мың Гкал; будың бағасы 1 Гкалы үшін 4,8 ақш. Бірл., будың шығындары – 5%; кәсіпорынның буды үлестіру мен пайдалануға жұмсайтын шығындары – 380 000 ақш.бірл.
Шығындарды ескерумен тұтынылған будың мөлшерін анықтайық:
15 000 000 / 0,95 ≈ 1 579 000 Гкал бу.
ТЭО-дан сатылып алынатын будың бағасы келесі соманы құрайтын болады: 4,8 · 1 579 000 = 7 579 200 ақш.бірл.
Кәсіпорын үшін будың өзіндік құны келесі шамаға тең болады:
(7 579 + 380 000) / 1 579 000 = 5,04 ақш.бірл. / Гкал
Энергетика шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру барысында энергетикалық құрал-жабдықты бұрынғысынан да тең түрде жүктемеленуіне, технологиялық сұлбаларды жетілдіру, құбырларды жылыту сұлбаларын ұтымды ету және қуаттың меншікті шығынын азайту мәселелеріне үлкен көңіл бөлініп отыруы тиіс. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында жылу ресурстарын үнемдеудің аса маңызды бағытына жылуды (түтін газдарының, судың жылуын және т.б.) қайталап пайдалану айналуы мүмкін.
Сумен қамту
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының суға қатысты жоспарланып отырған қажеттігі жүргізілетін жұмыстардың көлемі мен бір жұмыс бірлігіне жұмсалатын судың нормаларына сәйкес анықталады. Жұмсалған судың ақысы кубтық метрге қатысты есептеледі. Орталықтандырылған түрдегі сумен қамту кезінде техникалық суға жұмсалатын шығындар Шс келесі формула бойынша есептеледі:
Шс = С · t · Бс, (3)
мұндағы, С – судың сағатына куб.метрмен көрсетілген жұмсалуы;
t – объектінің сағ. Жұмыс істеу уақыты;
Бс – 1м3 судың ақш.бірлікпен көрсетілген прейскуранттық бағасы.
Объектіні жергілікті көздердегі (өзендердің, көлдер мен т.б.) техникалық сумен немесе ұңғыманы қазу арқылы қамтамасыз еткен жағдайда 1м3 суға жұмсалатын шығындарды калькуляциялау арқылы біледі.
Көлік
Көлік шаруашылығының міндеттері – бұл өндірістік процеске сәйкес барлық жүктерді үздіксіз түрде тасымалдау, көлік құралдарын жарамды және жұмысқа қабілетті күйінде ұстау, көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарына жұмсалатын шығындарды азайту.
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы көлік шаруашылығы жүктерді өндіріс саласынан тұтыну саласына тасымалдайды (магистральдік көлік) немесе жүктерді кәсіпорындардың арасында тасымалдайды (цехаралық көлік, шаруашылық ішіндегі көлік және т.б.). Мұнайды, мұнай өнімдері мен газды сыртқы тасымалдау әртүрлі құралдармен орындалады.
Кәсіпорынның көліктік қызметінің міндеттері, оларға төмендегілер жатады:
- көлік қызметінде қолданылатын нормативтерді әзірлеу;
- жүк ағымдары мен жүк айналымын есептеуге негізделумен барлық көлік түрлеріне қатысты қажеттерді жоспарлау;
- қосалқы бөлшектерге және оларды сатып алуға деген қажеттілікті анықтау;
- кәсіпорынды барлық көлік түрлерімен қамтуды жедел түрде жоспарлау және диспетчерлеу;
- өндірістік процестерді көліктік құралдармен қамту;
- көліктік құралдардың қараулары мен жөндеуін ұйымдастыру;
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- көліктік құралдарды күтімге алуды ұйымдастыру;
- жаңа көліктік құралдармен қамту, оларды мемлекеттік органдарда тіркеу, жүктер мен адамдарды тасымалдауға лицензиялар алу, көліктік құралдарды шығынға жазу және кәдеге жарату.
Көлік қызметіне деген қажеттерді тиімді жоспарлау үшін кәсіпорынның жүк айналымы мен жүк ағымдары белгіленеді.
Жүк айналымы – бұл кәсіпорында белгілі бір уақыт аралығында тасымалданатын барлық жүктердің жиынтығы (немесе кәсіпорынның барлық жүк ағымдарының жиынтығы). Жүк ағымы – цехтар мен қоймалардың арасында белгілі бір уақыт аралығында тасымалданатын жүктердің саны (т, дана, кг).
Жүк ағымдары тасымалданатын жүктердің түрлеріне, жөнелту мен жеткізу пунктілеріне, пунктілердің арасындағы қашықтықтарға, тасымалданатын жүктердің көлеміне, тасымалдаулардың жиілігі мен мерзімділігіне негізделумен есептеледі. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау көлігі көбінеки бүкіл өндірістік процесстің тиімділігін белгілейді. Сол себептен кәсіпорын ұжымының маңызды міндетіне көліктің қызметін вагондардың текке тұрын азайту, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру деңгейін арттырудың, көліктің технологиялық процесін негізгі өндірістік цехтардың жұмысымен тығыз байланыстырудың арқасында жақсарту жатады. Мұнай мен газды тасымалдаумен қатар көлік шаруашылығы құрал-жабдықты, материалдарды, отын мен басқа материалдарды жеткізу ісін жүзеге асырады.
Көліктің жұмысын зерттеу нақты және жоспарлы жүк айналымын, көліктік құралдардың техникалық күйі мен оларды пайдалануды, пайдалануды, жөндеуді ұйымдастыруды талдаудан және тағы басқа факторлардан құралады. Мысалы, автомобиль көлігіне арнап автомобильдердің техникалық әзірлігін, жүрісін пайдалануды, жүк көтерімділігін және т.б. сипаттайтын көрсеткіштер белгілейді. Автомобильдердің техникалық әзірлігі кәсіпорынның көліктік құралдарын пайдалану мүмкіндігі туралы айтады:
Кт.ә. = nт / n (4)
мұндағы, Кт.ә— автомобиль паркінің техникалық әзірлігінің коэффициенті;
nт – техникалық тұрғыдан жарамды автомобильдердің саны;
n – паркте бар автомобильдер.
Жүрісті пайдаланудың тиімділігі жүктемеленген автомобильдердің жүрісі мен бос күйіндегі жүрісінің (бос жүріс) арасындағы қатынасымен белгіленеді:
Кж.п. = L / L + L0 (5)
мұндағы, Кж.п. – жүрісті пайдалану коэффициенті;
L – жүгі бар автомобильдің жолы, км;
L0 – автомобильдің бос жүрісі, км.
Жүк көтерімділігін пайдалану автомобильдің жүктемесін сипаттайды:
К жүк = Q/q · m (6)
мұндағы, К жүк – автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану коэффициенті;
Q – тасымалданған жүктің салмағы, кг;
q – автомобтльдің оның паспортына сәйкес жүк көтерімділігі, т;
m – орындаған сапарлардың саны.
Көліктің жұмысын жақсартудың негізгі бағыттарына келесілер жатады: тасымалдауларды көліктік құралдарды пайдалануды жоспарлау мен оны жақсы пайдалану деңгейін арттырудың (орталықтандырылған тасымалдарды, жүріс уақытын арттыру және т.б.) арқасында ұтымды ету, тиеу-түсіру жұмыстарын және құю-ағызу әрекеттерін кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыру, жолдарды салу және жеткілікті дәрежедегі мықты жөндеу базасын құру.
Ұңғымаларды жерасты жөндеу
Шаруашылықтарда ұңғымалардың жерасты жабдықтарының ағымдағы және күрделі жөндеулерін жүргізеді.
Ұңғымаларды ағымдағы жерасты жөндеу жерасты пайдалану жабдығын мұнайды өндіру жоспарын орындауды қамтамасыз ететіндей жұмысқа қабілетті жағдайда ұстауға арналған шаралар кешені болып келеді. Ағымдағы жерасты жөндеу жоспарлы-алдын алу жөндеулерін тәртібімен жүргізіледі. Алайда тәжірибеде ұңғымаларды қалыпты пайдаланудың немесе жоспарлы-алдын алу жөндеу мерзімдерін өткізудің салдарынан болған кез-келген түрдегі бұзушылықтарын жою мақсатында қалпына келтіру жөндеулері де жүргізіледі. Мұндай бұзушылық дебиттердің төмендеуіне немесе мұнайдың берілуінің толық тоқтауына әкеп соқтырады.
Ағымдағы жерасты жөндеулеріне келесілер жатады:
- сорғыны немесе оның жекелеген бөлшектерін ауыстыру;
- сорғылық қарнақтардың үзілуін немесе ағытылып бұралуларын жою;
- сорғылық-сығымдағыш құбырларды немесе қанақтарды ауыстыру;
- сорғыны жуу;
- құмдық тығындарды тазалау және жуу;
- көтергіш құбырлардағы ағып кетулерді жою;
- жұмыстық жалғастырғыштарды, іске қосу айлабұйымдарын тексеру;
- көтергіш құбырлардың батырылуын өзгерту;
- сорғыш зәкірді тазарту және т.б.
Жерасты жөндеудің құрамына кіретін ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехы орындайды. Жұмыс барысында ұңғыманың сағасының жанында оператор және оператордың көмекшісі, көтергіш трактордың қасында машинист тұрады. Ұңғымалардың ағымдағы жөндеуін жүргізбес бұрын әзірлеу бригадасы келесідегідей әзірлік жұмыстарын жүргізеді:
- ұңғыманың жанына құбырларды, қарнақтарды, көтергіш блокты, ұршықты (вертлюг), шлангіні, тарталдық арқанды және т.б. әкелу;
- мұнараны немесе арқалықты ортаға орналастыру, олардың тартпасын тексеру;
- тальдерді жабдықтау;
- алаңшаны тракторлардың жұмыс істеуіне арнап дайындау;
- едендерді, көпіршелерді жөндеу;
- арқалықтың мұнарасындағы шығыршықтарды немесе қалпақшаны орнату немесе ауыстыру;
- жалғастырғыштарды оларды жинақтаған кезде екі түтікшеге бекіту;
- құбырларды көпіршелерге қатар-қатар етіп жатқызып қою, ұңғыманы мұнаймен немесе шаю сұйықтығымен жуу кезінде науашықтарды құру.
Сол ұңғымада жүргізуге жоспарланған жұмыстарға байланысты жерасты жөндеумен айналысатын жұмысшылар жөндеуге (мысалы, тығынды жуу немесе тазартуға) арналған техникалық наряд-тапсырма алады. Техникалық нарядта ұңғыманы пайдалану әдісі, жерасты құрылысының типі, жерасты жабдығы, көтергіштің типі, тальдік механизмнің жабдығы, әзірлену жұмыстары, әрекеттер бойынша негізгі жұмыстардың тізімі, жөндеудің ұзақтығы, ұңғыманы жөндеу бағасы, жөндеуді мерзімінде және жылдам аяқтағаны үшін төленетін сыйақының көлемі, еңбекақы мен сыйақының ауысымдар бойынша бөлінуі көрсетіледі.
Еңбектің анық ұйымдастырылуы мен жерасты жұмыстарының жүргізілуін жылдамдату үшін түсірудің жаңа технологиясын қолдану кезінде сорғыш қарнақтарды, сорғыш-сығымдағыш құбырларды көтеру мен түсіру кезіндегі жерасты жөндеу бригадасының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқауламалық карталар құрастырылады. Жөндеу жұмыстарының тездетілуіне жұмыстың алдыңғы қатарлы әдістерін, өндіріс жаңашылдарының әдістерін, жаңа технологиялық процестерді,зерттеу мен енгізудің, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың, құрал-саймандарды, құрал-жабдықты дұрыс орналастырудың, жұмысшыларды дұрыс үлестірудің, сондай-ақ жерасты жөндеуін жүргізетін бүкіл ұжымның жұмысындағы келісімділіктің арқасында қол жеткізіледі. Жөндеу аяқталғаннан кейін кепілдік ұңғымаларды жөндеуден өткізу туралы акті жасалады.
Жерасты жабдығының жөндеуін жоспарлау кезінде жөндеулердің көлемін анықтап алу керек, бұл ретте ұңғымалардың жерасты жөндеулерінің сипаты, саны мен ұзақтығы, жөнделген ұңғымалардың саны мен жөндеулердің жиілік кэффициенті белгіленеді. Ұңғымалардың жерасты жөндеулері мен жөнделген ұңғымалардың саны ұңғымалар жұмысының технологиялық режиміне сәйкес жерасты жөндеулеріне деген қажеттерге сәйкес анықталады. Жөндеулердің ұзақтығы ұңғымалардың жерасты жөндеуіне арналған ортақы уақыт нормалары жөніндегі анықтама бойынша жөндеулердің түріне қарай сағатпен белгіленеді. Жөндеулердің жиілік коэффициенті kq берілген уақыт аралығы ішіндегі жерасты жөндеулері санының дәл сол уақыт аралығында жөнделген ұңғымалардың санына nж.ұңғ. бөліндісі ретінде есептеледі:
Kq = P/ nж.ұңғ. (7)
мұндағы, Р – жерасты жөндеулерінің саны;
nж.ұңғ. – жөнделген ұңғымалардың саны.
Жөндеулердің жиілік коэффициенті белгілі бір уақыт аралығында орташа есеппен бір ұңғымаға келетін жөндеулердің санын көрсетеді. Ұңғымаларды жерасты жөндеумен айналысатын қызметкерлердің міндетіне ұңғымаларды жөндеуге жұмсалатын уақытты барынша азайту, және соның арқасында ұңғымалардың тоқтап тұру уақытын азайту және, демек, ұңғымалардың жөндеуаралық кезеңін ұзарту жатады.
Ұңғымаларды жөндеуаралық кезеңі ретінде ретті түрде жүргізілетін жерасты жөндеулерінің арасындағы уақыт аралығы (оларды нақты немесе жоспарланып отырған пайдалану кезеңі) түсініледі. Ұңғымаларды жөндеуаралық кезеңін Мn жоспарлауға арналған бастапқы деректерге технологиялық режим бойынша белгіленген тереңдік сорғыштарды жұмсау нормалары жатады, бұл ұңғымалардың жоспарланған жөндеулерінің санын Р, сондай-ақ технологиялық режим бойынша оларды жөндеуге жоспарланған уақытты tж., соның ішінде ұңғымадағы тығынды жуу немесе тазалауға жұмсалатын уақытты көрсетеді. Жалпы түрінде ұңғыманы жөндеуаралық кезеңін келесідегідей етіп көрсетуге болады:
М = tk – tж. / ж, (8)
мұндағы, tk – жөндеу жоспарланып отырған күнтізбелік уақыт.
Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (кәсіпорын) бойынша ұңғымаларды орташа жөндеуаралық кезеңін Мn.орт. анықтау үшін барлық әрекеттегі ұңғымалардың жалпы күнтізбелік уақытынан tk ұңғымаларды жөндеуге арнап жоспарланып отырған жалпы уақыт tж алынады. Осылайша алынған пайдаланудың ұңғыма-күндерінің санын қолданыстағы қордағы ұңғымалар бойынша жоспарланған жөндеулердің қосынды санына (бұрғылау мен әрекетсіз тұрғандарынан пайдалануға енгізілген ұңғымаларды игерумен байланысты болатын жөндеулерді шегерумен) бөледі.
Мысалы, (кәсіпорынның) ұңғымалардың орташа жөндеуаралық кезеңі келесі түрде анықталады:
Мn.орт. = Σ tk – Σ tж / ж (9)
мұндағы, Σ tk — әрекеттегі барлық ұңғымалар жұмысының жалпы күнтізбелік уақыты;
Σ tж— ұңғымаларды жөндеуге арнап жоспарланып отырған жалпы уақыт;
ж – ұңғымалардың жоспарланып отырған жөндеулерінің саны.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Ұңғымаларды жөндеу жұмысы түгелдей жоспарлы-алдын-алу жөндеулер кестесі бойынша жүргізіледі. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.
Ұңғымалардың күрделі жерасты жөндеуі өзіндік ерекшеліктерге ие, себебі ұңғымалар агрегат түрінде болып келеді: пайдалану жабдығы – қат. Сол себептен ұңғымалардың жерасты күрделі жөндеуі пайдалану деңгейжиегінің және елеулі зақымданулар алған пайдалану жабдығының жерасты бөлігінің жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру жұмыстарымен, сондай-ақ қойнауларды қорғау жөніндегі шаралармен байланысты. Ұңғымалардың күрделі жөндеуі әрекеттегі ұңғымалар қорын жұмысқа қабілетті күйде ұстауға, сондай-ақ әрекетсіз тұрған ұңғымаларды қалпына келтіруге (ұңғымалардың әрекеттегі қорын арттыруға) арналған. Ұңғымаларды күрделі жөндеуге аса күрделі жұмыстар жатады, олар алты категорияға бөлінеді:
- Объектіні бөгде сулардан оқшауландыру.
- Объектіні табандық және төменгі сулардан қоршау.
- Жоғарғы деңгейжиектерге қайту немесе төменгі деңгейжиектерге тереңдеу.
- Ұңғымаларды жою.
- Апаттарды жою.
- Басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары.
Күрделі жөндеу кезіндегі негізгі жұмыс – ұңғымаларды цементтеу, бұл жұмысты оқшауландыру жұмыстары (І және ІІ категориялы) кезінде, қайту мен тереңдеу (ІІІ категория) кезінде және ұңғыманы жойған кезде (ІV категория) жүргізіледі. Апаттарды жою (V категория) көбінеки ұстап алып шығу жұмыстарынан құралады (ұңғымадан құм немесе цементпен ілінісіп қалған сорғыш-сығымдағыш құбырларды, сорғыш қарнақтарды, тереңдік сорғыштарды, газ зәкірлерін, сүзгілерді, болат арқандарды алу; ұңғымаларды бөгде заттардан тазарту). Басқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары (VІ категория) – бұл жағалата орнатылған мұнаралардың зақымдануларын (майысу, сыну, сүзгілерді жөндеу) жою, ұңғымалардың құрылымын өзгерту (қосымша мұнараны түсіру немесе екінші бұтасын қазып орнату), тығын түзілумен күресу, мұнараларды кесу немесе олардың кесілген жерін қалпына келтіру және т.б. Жұмыстарды орындау үшін күрделі жөндеу бригадасы наряд алады, онда ұңғыма жөніндегі деректер, жөндеудің категориясы мен түрі, оның басталу уақыты, ұзықтығы мен істеу бағасы көрсетіледі. Нарядтың арғы бетінде бригаданың еңбекақысы есептеледі.
Қабат қысымын ұстау жөніндегі жұмыстар
Мұнай-газ өнеркәсібінде қабат қысымды ұстау жұмыстарын қабат қысымдарды ұстау цехы (ҚҚҰЦ) жүргізеді. Қабат қысымдарды ұстау цехы судың көлемі мен сапасын бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен бақылаумен, оны айдаудың берілген мөлшерін қамтамасыз етіп оны сол деңгейде ұстап отырады. Суландыру жөніндегі жұмысты тәулік бойы жедел басқаруды ауысым бастықтары жүргізеді. Цехтың негізгі жоспарлық көрсеткішіне қатты қазу жобасымен бекітілетін кубтық метрмен көрсетілген суды құю көлемі (Қс) жатады, ол қаттан алынатын сұйықтың мөлшерінен аспауы тиіс. Бір жылға арнап құю көлемін анықтаған кезде тәуліктік құю Қс.т. мен жоспарланып отырған мерзімдегі күндердің күнтізбелік санына tкүнт. Негізделеді:
Қс = Қс.т. · tкүнт., (10)
мұндағы, Қс.т. – қаттан алынатын судың мөлшерінен асатын қатқа тәулігіне құйылатын судың мөлшері, м/тәу.
Тоғыту ұңғымаларының саны nұңғ.т. әзірлеу жобасымен бекітілген қажетті құю көлеміне негізделумен келесі формула арқылы анықталады:
Қс = R · Сч · kп (11)
мұндағы, R – ұңғымалардың айлық қабылдауыь, пайдалану айына м3/ұңғыма;
Сч – бір жылдағы тоғыту ұңғымалары бойынша есепте тұрған ұңғ.ай жұмыс көлемі;
kп – тоғыту ұңғымалары, станциялар мен су алулар бойынша тоқтауларды ескеретін пайдалану коэффициенті;
Тоғыту ұңғымалары бойынша ұңғыма-айлармен берілген жұмыс көлемі немесе пайдалану көлемі келесі мағынаға тең:
Сч = nұңғ. · Нtкал / 30, (12)
Осылайша, Қс = Rnұңғ. · Нtкал · k3 / 30
Тоғыту ұңғымаларының саны қатқа арнап белгіленген құю көлеміне, сондай-ақ тоғыту ұңғымаларының айлық қабылдауы мен пайдалану коэффициентіне байланысты. Тоғыту ұңғымаларының қабылдауына қаттың сүзгіш бетінің күйі әсерін тигізеді; оған көбінеки тоғыту ұңғымаларын игеру әдістері әсерін тигізеді. Сол себептен қабылдау көбінесе игеру бөлігі мен геологиялық қызметтің жұмысымен негізделген. Суды тоғытуға жұмсалатын шығындардың ішінде аса жоғары меншікті салмаққа электрқуаты мен амортизацияға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ цехтық шығындар жатады. Сол себептен электрқуатын үнемдеп жұмсап, сондай-ақ тоғыту ұңғымаларының бағасын арзандатуға және цехты басқаруға жұмсалатын шығындарды азайтуға тырысу керек.
Мұнайды әзірлеу және аудау
Ұңғымадан келіп түсетін мұнай мен газ жабық жүйе бойынша жинақталады, ол мұнайды жинақтау және оның ұңғымалардан өткізу пунктіне дейін қозғалуы кезінде мұнайдың атмосфералық ауамен түйісуін болдырмайтындай жағдайларды қамтамасыз етеді. Мұнайды жинақтау жүйесі мұнайды газдан айырып, оны су мен құмнан тазартуды, ұңғымалардың (мұнайдың, газдың, будың) өнімінің жекедара өлшеуін жүргізіп, мұнайды ішкішаруашылық тасымалдауды, мұнайды өңдеуге әзірлеуді, мұнайдың жалпы шаруашылық өндірісі мен өткізілу мөлшерін өлшеуді жүргізуі тиіс.
Шикі мұнайды жинақтау мен оны ұңғымадан жинақтау құрылғысына дейін айдау жұмыстарын аудандық инженерлік-технология қызметкерлері жүргізеді. Бұдан арғы мұнайды айдау, оны өңдеуге, сақтауға, есебін жүргізу мен өткізуге арнап әзірлеу жұмыстарын мұнайды әзірлеу мен айдау жөніндегі арнайы цехтар орындайды.
Жұмыстың аса күрделі бөлігі – мұнайды өңдеуге арнап әзірлеу. Ол тікелей мұнай өңдеу кәсіпорындарында және бұл ретте кешенді түрде жүргізілуі тиіс, б.а. оған механикалық қоспалардан тұндыру, сусыздандыру (эмульсиясыздандыру), тұзсыздандыру (негізінен хлорлы тұздардан, кальцийден, магнийден, натрийден) және тұрақтандыру процестері кіруі тиіс. Тұрақтандыру ретінде мұнайдан жасанды әдіспен онда еріген ұшқыш көмірсутегілерді бөліп алу, соның нәтижесінде мұнайдың құрамы әдеттегі жағдайларда тұрақты болып қала береді. Бұл жағдайда мұнай-газ өндіру кәсіпорны өндірілетін өнімнің (мұнай мен газдың) мөлшері үшін ғана емес, сондай-ақ оның сапасы үшін жауапкершілікте болуы тиіс. Бұл ретте мұнайды әзірлеу мен айдау цехы өткізілетін мұнайдың сапасын техникалық бақылау немесе зертханалық бақылау бөлімінің қызметін орындайды. Цех мұнайды айдау, әзірлеу, өткізуді, мұнай сорғыш станциялардың, мұнай құбырларының, резервуарлық парктің, эмульсиясыздандыру құрылғысының жөнделуін жоспарлайды. Мұнайды айдау мен өткізу жоспарларында келесі негізгі көрсеткіштер беріледі:
- тонна бруттолардың мөлшері (Б);
- тонна неттолардың саны (Н);
- ластануы (Л), пайыз;
- жанармайдың потенциалы (ж).
Тонна бруттолардың мөлшері (Б) – бұл өзіндегі қоспалармен бірге қабылдауға және айдауға жоспарланып отырған мұнайдың мөлшері, ол келесі формула бойынша белгіленеді:
Б = Н · 100 / 100-л (13)
Тонна неттолардың саны (Н) (қоспасыз) мұнай өңдеу кәсіпорнындағы мұнайдың балансынан алынады, ластануы бекітілген нормаға сәйкес пайызбен қабылданады.
Ластану пайызы (Л) – механикалық қоспалардың (Л) тонналарының салмақтық өлшерінің тонна бруттолардың салмақтық санына (Б) қатынасы түрінде болып келетін пайызбен көрсетілген әр резервуар бойынша орташа өлшенген шама:
Л = Л / Б · 100 (14)
Жанармайдың потенциалы (ж) – бұл қайнау соңы 1500ºС дейінгі мұнайдағы жанармайлық фракциялардың пайызбен көрсетілген потенциалдық (мүмкін болар) мөлшері. Жанармайдың потенциалы сонымен қатар әр резерваур бойынша орташа өлшенген шама ретінде белгіленеді және жанармайлық фракциялардың салмақтық мөлшерінің мұнайдың салмақтық санына, б.а. тонна неттолардың санына (Н) қатынасы болып келеді:
ж = Пж / Н ∙ 100 (15)
Мұнайды өткізу немесе жеткізу жоспары екі бөлімнен тұрады:
- мұнайды мұнай құбырлық немесе тауарлық-көліктік ұйымға өңдеуге арнап өткізу;
- мұнайды басқа тұтынушыларға өткізу – мұнда мұнайдың шығыны ескеріледі. Бұл жоспарды сондай-ақ тұтынушының талап етуі бойынша сұрыптар бойынша құрастырады.
Өткізу жоспарында мұнай тонналарының саны мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасындағы мұнайдың балансына сәйкес келуі тиіс, ал жанармайдың ластану пайызы мен потенциалы – бекітілген нормаларға сәйкес келуі тиіс. Өткізілетін мұнайға арнап әрбір сорты мен резервуар бойынша Өткізілетін мұнайдың паспорты жасалады, онда зертханалық талдаудың деректері көрсетіледі: тағыздығы, тұздардың, механикалық қоспалардың мөлшері, батырылуы, судың мөлшері. Паспорт мұнайды өткізу кезінде соның сапасын растайтын құжат болып табылады.
2 КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ
- Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуінің жылдам дамып келе жатқан процесіне байланысты соңғы онжылдықта елімізде мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыруда және тұрғындардың басым көпшілігінің өмірлік мүдделеріне қатысты. Мемлекеттің меншігінде тұрған және мемлекетсіздендіруге және жекешелендіруге жататын объектілерге телекоммуникациялар жатады. Телекоммуникациялар ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту мен оны беру арқылы нарықтық механизмдердің қызмет етуін қолдайды.
Телефондар, факстер мен электронды пошта қазіргі бизнесті дамытудың маңызды және объективті қажетті шарттары болып табылады. Басқа түрлеріне қарағанда, өз мәні бойынша «интернационалды» және икемді болғандықтан, ақпараттық технологиялар бизнестің, экспорттық іс-әрекеттің дамуына және экономиканың орталықсыздандырылуына көбірек ықпал етеді. Олар ұлттық экономикаларды ықпалдастырады және аймақтың шеңберлерін кеңейтумен әлемдің экономикалық байланыстарды нығайтады.
Сонымен қатар телекоммуникациялар жаңа жұмыс орындарын құрумен, ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайтумен, әлеуметтік саладағы ауытқулар мен жағымсыз құбылыстарды әлеуеттік түрде біріктіруі мүмкін. Ақпарттық технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мен жақсарту үшін маңызы баға жетпес болып табылады. Жеңіл қол жеткілікті және толықтай қолданысқа енгізілген телекоммуникациялық жүйенің тағы бір жағымды қасиеті сол, жолдардың жаман жағдайына, жекелеген аймақатрдың қашықта орнаалсуы мен жолаушы тасымалдарына қатысты тарифтердің жоғары болуына қарамастан барлық тұрғындар ақпаратқа қол жеткізе алады.
Біздің үкіметіміз қашықтағы және нашар дамыған аудандарға тым болмағанда ең төмен байланыс қызметтерін ұсынатын болады. Мысалы, балалар мен жастарға арнап аймақтық оқыту сабақтарын беріп отыратын болады. Мұның құны ең төмен болады және келешекте елеулі пайда әкелетін болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында ең алдымен келешекте бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің инфрақұрылымына ұқсас инфрақұрылымына ие болатын телекоммуникациялық жүйелердің мөзіндік және тиімді жүйесін құру міндеті тұр. Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жағдайы басқа елдермен салыстырғандағы, желілердің жеткілікті дәрежедегі тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып келеді.
Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар нарығы тұрғындарды әртүрлі байланыс түрлерімен (телевизиялық, телефондық, телеграфтік, электронды және т.б.) қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет тарапынан реттелген іс-әрекет болғандықтан Қазақстан экономикасы үшін іс-әрекет салаларының ең маңызды саласы болып табылады. Соның салдары ретінде ол инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудыруда. Республиканың телекоммуникациялық кешенін дамытудың тиімді стратегиясын әзірлеуде бұл саланың Қазақстан экономикасының жалпы құрылымындағы рөлі мен алатын орнын нақты және анық түсінудің үлкен маңызы бар, себебі осыларға негізделумен келешек кезеңге арнап даму мақсаттарын белгілеп және міндеттерді құрылымдауға болады.Телекоммуникациялар — байланыс саласының ең маңызды құрамдас бөлігі, ол өзінің өніміне хабрламаларды беру және хабарламаларды беруге арналған техникалық құралдарды ұсыну түріндегі қызметтер жататын қоғамдық өндіріс саласы болып табылады. Телекоммуникациялар саласы тұтынушыларға ақпарат беретін және телекоммуникация қызметтерін сататын телекоммуникация желілері мен қызметтерден құралады.Саланың Қазақстан Республикасы инфрақұрылымының элементі ретіндегі рөлі мен мағынасы телекоммуникациялардың елдің тіршілік қарекетін қамтамасыз етуіне негізделген. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік, шаруашылық және адам өмірінің ешбір саласында телекоммуникация құралдары болмай іс бітпейді. Телекоммуникациялар мемлекетті ұлттық қауіпсіздікті басқару мен сақтау құралымен қамтамасыз етеді. Жыл сайын мемлекет барлық бюджеттік шығындардың 1,5-2%-ы көлеміндегі қызметтерді тұтынады. Олар қазіргі заманғы бизнес пен экспорттық іс-әрекетті дамытудың қажетті шарты болып табылады. Жыл бойы сала елдің шаруашылық кешені мен тұрғындарға жүздеген миллион қызметтерді ұсынады. Байланыс басқа салалардың өндірістік шығындарының қажетті және елеулі элементтерінің бірі болып табылады, ірі және серпінді дамып келе жатқан сала болып табылады. 2000 жылы телекоммуникация саласының өндіру көлемі 50 млрд. Теңге немесе республиканың жалпы ішкі өнімнің 2 %-ын құрайды.Телекоммуникациялар тұтастай экономикаға қарағанда жылдамырақ дамуда, және бұл соңғы онжылдықта дамушы елдердің бүкіл секторының беталысына айналды. 2002 жылы сала кәсіпорындарының мемлекеттік бюджетке салықтық аударымдары 2001 жылдағымен салыстырғанда шамамен 66 %-ды құрады, бұл 11 млрд. Теңге немесе мемлекеттік бюджетке жоспарланып отырған барлық түсімдердің 3,2%-ы деген сөз. Телекоммуникациялар кәсіпкерлік іс-әрекеттің тартымды объектісі болып табылады. Елімізде нарықтық қайта құрулардың дамуының нәтижесінде телекоммуникациялар экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда жоғары табыстылықты қамтамасыз етумен кәсіпкерлердің назарына іліккен объектіге айналды. 1996 жылы байланыс операторларының Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын, жеке және заңды тұлғаларды қажетті байланыс түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін мемлекеттік реттеу мен бақылап отыру мақсатында байланыс саласындағы іс-әрекетті лицензияландыру енгізілген. 1996 жылды қарашасы мен 2000 жылдың желтоқсан айы аралығында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі шамамен алғанда 600 лицензия берген, оның 75 %-ы телекоммуникациялар саласының үлесіне тиіп отыр. Телекоммуникациялар саны көп жұмыс орындарының көзі болып табылады. Телекоммуникациялар саласында тікелей шамамен алғанда 35 000 астам адам еңбек етеді, бұл экономика саласындағы барлық еңбек етушілердің %-ын құрайды. Сонымен қатар аталмыш сала үлкен құрылыс көлемдерін жүзеге асырумен және қазақстандық кәсіпорындар шығаратын құрал-жабдықты, кабельдік өнімді сатып алумен экономиканың басқа салаларындағы жұмыс орындарының сақталуы мен құрылуын қамтамасыз етуде. 2000 жылы күрделі құрылысқа 79.13 млн. АҚШ доллары жұмсалған, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-на арнап 70 млн.АҚШ доллар жұмсалды.Саладағы орташа жылдық еңбекақы жалпы республикалық деңгейден 20%-ға жоғары, бұл, әрине, салаға білікті мамандарды тартады және дамуды әлемдік стандарттарға сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Телекоммуникациялар ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайтады, әлеуметтік саладағы жағымсыз құбылыстарды жаңа жұмыс орындарын ұсыну мүмкіндігінің арқасында азайтады, тұрғындардың ақпаратқа қол жеткізуіне кепілдік тудырады, бұл жолдардың нашар жағдайы, жекелеген аймақтардың қашық орнласуы және жолаушы тасымалдарына қатысты жоғары тарифтер жағдайында аса қажетті болып табылады, халықаралық экономикалық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.Байланыс жеке және заңды тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыру мен қауіпсіздіктің, қорғаныстың, күзеттің, құқық қорғаудың, мемлекеттік органдардың байланысқа қатысты қажеттерін қанағаттандыруға арналған Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырағыссыз бөлігі болып табылады
Байланыс – ақпаратты, пошталық және арнайы жөнелтілімдерді, аошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинақтау, өңдеу, жинастыру, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату.
Электрлік байланыс (телекоммуникация) – белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сымдық, радио-, оптикалық және басқа да электрмагниттік жүйелер арқылы бері немесе қабылдау.
Абонент — өзіне арнап байланыс қызметтерін ұсыну үшін абоненттік нөмір немесе ұқсастыру кодын бөлумен аталмыш қызметтерді ұсыну туралы келісімшарт жасалған байланыс қызметтерін пайдаланушы.
Байланыс желілері – беріліс желілері (кабельдік, радиорелелік, серіктік және т.б.), физикалық тізбектер және желілік-кабельдік байланыс құрылыстары, соның ішінде магистральдік (халықаралық және қалааралық) құрылыстар.
Магистральдік байланыс желісі – Қазақстан Республикасының және шетелдік мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің өңірлік (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутациялық станцияларын өзара жалғайтын жерүсті (кабельдік, соның ішінде талшықтық-оптикалық, радиорелелік) немесе серіктік байланыс желісі.
Халықаралық байланыс желісі – Қазақстан Республикасының шекарасын қиып жатқан немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа ел операторының байланыс желісімен түйісу нүктесіне ие болатын және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясын басқа мемлекет операторларының халықаралық коммутациялық станцияларымен жалғап жатқан байланыс желісі. Халықаралық байланыс желісі – Қазақстан Республикасының аймағында қалааралық коммутациялық станцияларды жалғап жатқан байланыс желісі.
Қалааралық телефондық байланыс – жергілікті телефондық жалғануларды санамағанда, Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан байланыс қызметтерін пайдаланушылардың арасындағы телефондық жалғану. Халықаралық телефондық байланыс – Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан байланыс қызметтерін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аймағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылардың арасындағы телефондық жалғану.
Байланыс құралдары – телекоммуникация хабарларын немесе пошталық жөнелтілімдерді қалыптастыруға, өңдеуге, беруге немесе қабылдауға арнап қолданылатын техникалық және программалық құралдар;
Трансляция – телевизиялық және радиобағдарламаларды тарату үшін ақпаратты беруші радиоэлектронды құралдарды, кабельдік желілер мен радижиіліктік спектр номиналдарын қолданумен беру процесін жүзеге асыру.
Трафик – байланыс құралдарына жүктеме түсіретін шақыртулардың, хабарламалар мен сигналдардың ағымдары.
- Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру
Есептік кезеңде телекоммуникация қызметтері нарығында ашық және айқын бәсекелестік ортаны қалыптастыруға арналған жағдайларды, ауылды елдімекендердегі тұрғындардың әмбебап байланыс қызметтеріне кепілдендірілген түрдегі қол жеткізуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялық нарықты ырықтандыру жөніндегі, сондай-ақ жаңа қазіргі замандағы телекоммуникациялық технологияларды ендіру мен отандық спутниктік байланысты дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасты.
Қазақстан Республикасының 2006-2008 жылдарға арналған Телекоммуникация саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Телекоммуникациялық саланы дамыту жөніндегі жүзеге асырылып жатқан шаралар есептік кезеңде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
- республика бойынша телекоммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі 74%, ауылды жерлерде – 54% құрады;
- телефондық тығыздық (100 тұрғынға) – 17,9;
- негізгі телефондық аппараттардың саны – 2,8 млн. бірл.;
- ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы (100 тұрғынға) – 40,7;
2006 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша қалааралық телефондық байланыстың бастапқы төлемдік трафигі оның алдындағы жылдың соған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артты, халықаралық трафик 14,4%-ға артты.
Статистика бойынша 2006 жылдың қаңтар-маусым айыларында байланыс кәсіпорындары 127,3 млрд. теңге соманың қызметтерін ұсынған, бұл оның алдындағы жылдың соған сәйкес кезеңіндегі көлемінен 26%-ға артық, соның ішінде телекоммуникация қызметтерін сатудан түскен табыс 123,1 млрд.теңгені құрады. Барлық байланыс түрлерінен түскен табыстың құрылымы: ұялы байланыс – 45,5%, халықаралық, қалааралық – 20,0%, жергілікті телефондық – 8,1%, Интернет – 5,4%, телерадиобағдарламаларды беру – 3,5% және басқа байланыс түрлері – 12,1%. Ұялы байланыс қызметтерін (59,9 %), деректерді беру қызметтерін (58,2%), Интернет қызметтерін ұсынатын (57,8%), байланыс арналарын жалға беретін (37,8%) кәсіпорындар өткен жылдағымен салыстырғанда жоғары қарқынын көрсетуде.Жергілікті желіні жетілдіру мен дамыту шеңберінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сыйымдылығы 140,2 мың нөмірді құрайтын цифрлік АТС-тар мен мультисервистік абоненттік қатынаулар тәжірибелік және коммерциялық пайдалануға енгізілді.
Мемлекеттік мағынадағы ірі ауқымды жобалардың бірін – Ұлттық ақпараттық супермагистральді (ҰАСМ) іске асыру жұмыстары жалғасуда. 2006 жылдың наурызында Алматы – Қарағанды құрылысы басталды, бірінші жартыжылдықта полиэтиленді түтіктің 545 км-і төселді; Ақтөбе-Орал қосылған пунктердегі инфрақұрылымды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Спутниктік байланыстың дамуы ағымдағы жылдың маусымында орбитаға «Kazsat» қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигін жіберуге негіз болды, бұл республиканың валюталық құралдарын үнемдеуге және республиканың барлық салаларына арнап спутниктік байланысты серпінді түрде дамытуға ықпалын тигізетін болады, Қазақстанның ең қашық орналасқан және өздеріне жету қиын түкпірлеріне телекоммуниациялық қызметтердің қазіргі заманғы түрлерін ұсынуға мүмкіндік беретін болады. Ұлттық спутниктің қызметтері қазіргі кезде орын алып отырған тарифтерден едәуір мөлшерде арзан болады. Қазіргі кезде қазақстандық байланыс операторларының «Kazsat» спутнигіне ауысуын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер қарастырылуда. Ағымдағы жылдың 15 маусымында «Kazsat-2» екінші ұлттық геотұрақты байланыс және хабар тарату спутнигін құрастыру мен іске қосуға арналған екікезеңдік шараларды қолданумен жабық байқау жарияланған. Жаңа «Kazsat-2» спутнигін іске қосу ұлттық ғарыштық сегменттің ернеулік ресурстарының сыйымдылығын екі есе арттыруға мүмкіндік береді.
Пошталық байланыс
Есептік кезеңде пошталық байланыс 2005-2010 жылдарға арналған пошталық-жинақтау жүйесін дамыту бағдарламасына сәйкес дамып жатты. Бағдарламаны жүзеге асыру ұсынылатын қызметтердің көбеюіне ықпал етті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында пошталық алмасудың өсуінің жағымды серпініне қол жеткізілді: мерзімді басылымдар көлемінің артуы былтырғы жылдағы деңгеймен салыстырғанда 3,0% құрады, жазбаша хат-хабарламалар көлемінің артуы – 115,6%, сәлемдемелердің – 1,9%-ға артты.
Қаржылық секторда ұсынылатын қызметтердің көлемі едәуір мөлшерде артып кетті. Ақша аударымдарының көлемі 2005 жылдың соған сәйкес кезеңдегі көрсеткішімен салыстырғанда 3,2%-ға артты, коммуналдық төлемдер мен салықтардың қабылдау көрсеткішімен салыстырғанда – 1,5 есе, еңбекақыны төлеулердің көрсеткішімен салыстырғанда –28,5%-ға артты.
2006 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша пошталық сала бойынша жиынтық табыс ұсынылатын қызметтер көлемінің артуының нәтижесінде оның алдындағы жылдың соған сәйкес кезеңіндегі шамаға қатысты 38,6%-ға артумен, 5632,6 млн. Теңгені құрады.
Ақпараттандыру
«Электронды үкіметті» қалыптастыру жөніндегі бағадарламаны жүзеге асыру шеңберінде есептік кезеңде «электронды үкіметті» — ақпараттық кезеңді қалыптастырудың алғашқы кезеңі аяқталды. 2006 жылдың сәуірінде 377 ақпараттық қызметін ұсынумен «электронды үкіметтің» веб-порталы іске қосылды. Екінші тоқсан ішінде қосымша 210 ақпараттық қызметті қалыптастыру жұмыстары. 2006 жылдың соңына дейін порталда барлық мемлекет органдарының 933 ақпараттық қызметтері ұсынылатын болады.
Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті азайту жөніндегі орташамерзімдік бағдарламаның жобасы әзірленген, ол Қазақстанда тұрғындардың әртүрлі компьютерлік сауаттылығы деңгейі мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізудің тең емес мүмкіндіктерімен сипатталатын ақпараттық теңсіздікті азайту мәселелерін шешуге арналған.
2000 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуропаның Қайта құру мен Даму Банкінің өздерін одан арғы уақытта стратегиялық инвесторға бекітілген тәртіппен сату мақсатымен Қазақстан Республикасынан «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының акцияларының 15,005%-ын сатып алу туралы ұсынысы қолдау тапқан болатын. Өзінде мемлекеттің қатысу үлесі 50% құрайтын «Қазақтелеком» ААҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 18 қазанындағы қаулысымен бекітілген «Акцияларының мемлекеттік пакеттері жекедара жобалар бойынша жекешелендірілетін айрықша ірі және бірегей акционерлік қоғамдардың тізіміне» кіреді. Осыған орай «Қазақтелеком» ААҚ-ны жекешелендіру ісі кезең-кезеңмен жүзеге асыруға арнап ескерілген болатын.
Қоғамның қарқынды дамуы үлкен ұтқырлықты, жылдам және сапалы байланысты, әлемде орын жатқан оқиғалар туралы толық хабардар болуды қажет етуде. Байланыс нарығы байланыстың өзі тәрізді қарқынды дамуда. Әртүрлі байланыс түрлерінің тұтынушылары провайдерлерден жоғары қызмет көрсету сапасын талап етуде, бұл өз кезегінде бұл нарыққа жеткілікті дәрежеде жылдам дымуға мүмкіндік береді және осы қызметті ұсынатын фирмалар мен компаниялардың арасында сау бәсекелестікті тудырады. Қазақстандағы байланыс және телекоммуникация нарығын қарастырайық. TNS Gallup Media Asia компаниясының MMI зерттеулері шеңберінде Қазақстанның ең ірі он бір қаласы бойынша жүргізген саулнамасының нәтижелері Қазақстанда ұялы байланысты пайдаланушылардың саны 2001 жылдағымен салыстырғанда 14%-ға артып, 2003 жылы 24%-ды құрағанын көрсетті. Арту сондай-ақ Интернетті пайдалануда да байқалуда: мұнда 2003 жылы пайдаланушылар санының артуы 2001 жылдағымен салыстырғанда 2%-ды құрады. Спутниктік байланыспен жағдай басқаша болып отыр: мұнда пайдаланушылардың саны 6%-ға азайып кеткен, сөйтіп 2003 жылы байланыстың бұл түрін пайдаланушылардың саны 2% құрады.
Сурет 4 – Байланыс құралдарын пайдаланудың серпіні
Қазақстанда байланыс және телекоммуникациялар нарығы әлі жеткілікті мөлшерде дамымаған және ол тұрғындардың жеткілікті дәрежедегі тар тобын қамтуда. Бұл компаниялардың осы қызмет көрсетулер саласында дамуы үшін потенциалдың және тұрғындардың қамтылмаған топтарына қызмет көрсетуді көбейтудің арқасында өз мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндіктердің бар екендігін көрсетіп отыр. Телекоммуникациялар көрсететін қызметтердің көлемін үнемі арттырып отыратын экономиканың серпінді түрде дамып келе жатқан саласы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерінің ағымдағы күйін келесідегідей негізгі сандармен сипаттап кетуге болады: Қазақстандағы орташа телефондық тығыздық 2001 жылдың басында елдің әрбір 100 тұрғынына 13,64 телефонды құрады, бұл ретте қалаларда – 20,9, ауылды жерлерде – 4,52 телефонды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан бұрынғы одақтық республикалардың арасында жетінші орынды иеленуде; жергілікті телекоммуникациялар желісі 3009 станциядан құралған, оның 580-і қалаларда және 2429-ы — ауылдарда орналасқан. Станциялардың жалпы орнатылған сыйымдылығы 2 418 371 нөмірді, іске қосылған сыйымдылығы – 1 851 975 нөмірді құрайды, соның ішінде цифрлік 547 211 нөмір немесе жалпы іске қосылған сыйымдылықтың 29,5%-ын құрайды; қазіргі кезде республикадағы қалааралық байланыс желілеріндегі телефондық арналардың жалпы ұзындығы 186 770.2 мың арна/км құрайды, олардың ішінде цифрлік беріліс жүйелерімен құрылғандарының ұзындығы — 142 198.3 мың арна/км.Телефондық тығыздықтың шамасы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің шамасы арқылы анықталатын елдің экономикалық әлеуетімен тығыз байланысты болып табылады. Мемлекеттің ЖІӨ мен телефондық тығыздық деңгейінің арасындағы байланыс неғұрлым жақын болса, елдің инфрақұрылымы мен экономикасының арасындағы байланыс та соғұрлым теңгермеленген болып келеді. Қазақстанның жағдайы (жан басына қатысты ЖІӨ — жылына 1060 АҚШ доллар) елдегі байланыстың даму деңгейі экономиканың даму деңгейін басып озғандығын көрсетіп отыр. Ағымдағы телефондық байланыс жан басына шаққанда шамамен 4500 АҚШ долларына сәйкес. Мұндай жағдайда саланың табысын арттыру стратегиясы телефондық аппараттардың санын көбейтуге емес, негізінен трафикті табиғи дамытуға, жаңа қызмет түрлерін, соның ішінде құны қосылған қызметтерді енгізуге негізделуі тиіс.
2.3 Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау
Қазіргі кезде республикамыз егеменді және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желіге ие болуда, соңғысының қызмет етуі көбінесе мемлекеттік маңызы бар ірі ауқымды жобалардың бірін – Ұлтық ақпараттық супермагистральді (ҰАСМ) іске асырудың арқасында негізделіп отыр. Ендігі уақытта Қазақстанның барлық ірі қалалары өзара цифрлік арналармен байланысқан.
2005 жыл пакеттік коммутациясы бар буынындағы талшықтық-оптикалық байланыс желісін құрудың бастапқы кезеңіне айналды. Осы мақсатпен 2005 жылы барлық облыс орталықтарында Metro Enternet желілерін құру жобалары мен IP/MPLS технологиясы бойынша мәліметтерді берудің магистарльдік көліктік желісін салу жобасы іске асыруға қабылданған. 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап төмендегі бағыттар бойынша «Тарлан» алдын-ала төленген карталары арқылы халықаралық телефондық байланыс қызметтерінің тарифтері төмендетілді: Ресей – 35% дейін, Еуропа мен Азияның жекелеген елдер – 60% дейін, АҚШ, Канада, Австралия – 60% дейін.
2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бөгде операторлардың желісінде қалааралық трафикті өткізуді тарификациялау механизмі өзгертілді.
2006 жыл ішінде барлық байланыс түрлерінен түсетін табыстардың төмендегідей құрылымы қалыптасты: сымсыз байланыс – 43,2%, халықаралық, қалааралық –20,3%, жергілікті телефондық – 8,4%, мәліметтерді беру қызметтері мен телематикалық қызметтердің қызмет көрсетулері – 6,4%, телерадиобағдарламаларды беру – 3,7% және басқа да байланыс түрдері – 16,0%. Аса серпінді түрде келесідегідей байланыс түрлері дамыды: мәліметтерді беру қызметі мен телематикалық қызметтердің, атап айтқанда Интернет қызметтердің ұсынатын қызметтері (2006 жыдың қаңтар-желтоқсанында 2005ж. Қаңтар-желтоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда табыс соған сәйкес 21,7 % және 61,8 %-ға артты). Сымсыз байланыс қызметтерінен түскен пайда 63,3%-ға артты, олардың ішінде ұялы байланыстан түскен пайда 65,3%-ға, халықаралық байланыстан түскен пайда 24,7 %-ға және тұрғындарға ұсынылатын басқа қызметтерден пайда 6,5%-ға артты. Соңғы жылдарда желінің толық ауқымды жаңартылуы мен кеңейтілуінің негізін қалаған елеулі өзгерістер орын алды:
• Қазақстан Республикасының аумағында ұзындығы 1750 км Трансазиялық-еуропалық талшықтық-оптикалық байланыс желісі, ұзындығы 137 км Петропавловск – Корниловка Солтүстік талшықтық-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ), салынды;• ұзындығы 2528 км Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Атырау-Ганюшкино Батыс талшықтық-оптикалық байланыс желісі салынып пайдалануға енгізілді;• ұзындығы 1140 км Алматы-Қарағанды цифрлік редиорелелік желісі салынды және осылайша Ресейге Алматы – Астана – Петропавловл – Ресей радиалдық тармақ бойынша цифрлік шығу қамтамасыз етілді, ол Орта Азия — Өскемен аналогтық радиорелелік желі бойынша Алматы және Астана қалаларындағы цифрлік телефондық станцияларды жалғауға арналған; • Алматыда цифрлік арналар бойынша транзиттік трафикті өткізуге арнап және GSM стандартындағы ұялы байланыс қажеттеріне арнап 34Мбит/с цифрлік ағым ұйымдастырылды; • Алматы қаласындағы «Орбита» спутниктік байланысы қайта жөн- делді, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында Интелсат халықаралық спутниктік жүйесіндегі станциялар орнатылды, солардың арасындағы спутниктік байланыстың магистральдік арналары құрылған және Геомания, Англия, Швейцарияға, Ресейге, БАЭ мен Канадаға жаңа бағыттар ашылды; • республиканың шалғай жатқан және халқының саны аз аудандарындағы байланысты қамтамасыз ететін Ауылдық байланыстың ұлттық спутниктік желісінің құрылысы жүргізілуде. ДАМА 182 цифрлік спутниктік станциясы, соның ішінде жоғарыдағы аудандардың елдімекендерінде 149 салынған;• Алматы қаласындағы Халықаралық коммутациялар орталығының құрал-жабдығы мен Орал, Тараз, Ақтөбе және Астана қалаларындағы автоматтық қалааралық телефондық станцияларды (АҚТС) жаңғырту аяқталды. • 2001 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында халықаралық коммутациялар орталығы салынып және пайдалануға енгізілген. Бұл цифрлық қалааралық коммуникациялар желісін құру жұмысын аяқтауға мүмкіндік берді.
Бәсекеге қабілетті телекоммуникациялар нарығын серпінді дамытуға арнап жағдайлар тудыру және тұрғын халықты сапалы және қол жетерліктей қызметтермен қамтамасыз ету.
Телекоммуникацияның міндеттері:
1 Телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік реттеу механизмін жетілдірумен бәсекелестікті дамыту және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2 Телекоммуникациялық инфрақұрылымды сонымен қатар ауылды жерлерде дамыту;
3 Интернет қызметтерінің дамуы мен қол жеткілікті болуына арнап жағдайлар тудыру;
Бұдан әрі телекоммуникациялар саласын ырықтандыру мен телекоммуникациялар желілерін дамыту ісі жалғасатын болады. Ұлттық ақпараттық супермагистральдің құрылысы аяқталатын болады, сондай-ақ жергілікті телекоммуникациялар желісін, ұялы байланысты, орталықтандырылған түрде сақтау мен деректерді беру мен Интернет қызметтері желісін дамыту мен жаңғырту жалғасады.
«KAZSAT-1» байланыс және хабар тарату спутнигінің сыйымдылығын толтыру жұмыстары жалғастырылып, сондай-ақ «KAZSAT-2» спутнигін жасау жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады. Ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті дамыту мақсатында 1800 МГц ауқымындағы радиожиіліктерді пайдалану жөніндегі шаралар жүргізілетін болады. Жергілікті бекітілген байланыс пен Интернет-қызметтер саласындағы бәсекелестікті одан әрі дамыту, сондай-ақ тарифтерді төмендету мақсатында басымдылыққа ие байланыс операторларының, жергілік байланыстың баламалы операторларының абоненттік желілеріне және Интернет-провайдерлеріне тең түрде қол жеткізу реттелетін болады.
Соның нәтижесінде 2007 жылы:
- бекітілген телефондық желілердің тығыздығы елдің әр 100 тұрғынына 20 құрайтын болады;
- ұялы байланыс абоненттерінің тығыдығы плотность абонентов сотовой связи – елдің әр 100 тұрғынына 45 құрайды; жергілікті коммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі – 85 пайызды құрайды;
- Интернетті пайдаланушының тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 8;
2008 жылы:
- бекітілген телефондық желілердің тығыздығы елдің әр100 тұрғынына 23 құрайды;
- ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 60; жергілікті коммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі – 90 %;
- Интернетті пайдаланушылардың тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 10;
2009 жылы:
- бекітілген телефондық желілердің тығыздығы елдің әр 100 тұрғынына 24 құрайды;
- ұялы байланыс абонентінің тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 95;
- жергілікті коммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі – 95 %;
- Интернетті пайдаланушылардың тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 15.
Телекоммуникация қызметтері нарығының оңтайлы құрылымы және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін ақпараттық қоғамның технологиялық негізі ретінде тиімді және дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылатын болады.
Қорытындылай келе айта кететіні, телекоммуникацияларды мемлекеттің монополиясынан шығару және соның салдарынан – байланыс қызметтерін ұсынатын жаңа компаниялардың пайда болуы әрекеттегі компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етумен телекоммуникациялар нарығына жағымды әсерін тигізеді, аталмыш компаниялар мұндай жағдайда ұсынылатын қызметтердің сапасын төмендете алмайды, осының барлығынан түптеп келгенде тұтынушы ұтады.
3 ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫН МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ
- Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері
Жоспарлау дегеніміз – бұл ең алдымен келешекте фирманың тиімді қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шешімдерді әзірлеу мен қабылдау процесі. Кәсіпорын жоспары жұмыс өнімі ретінде алдын-ала әзірленген іс-шаралар жүйесі болып келеді, онда өндіріс және мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жұмыстарлы орындаудың көлемі, әдістері, реттілігі мен мерзімдері және сол жұмыстарды қажетті құралдармен қамсыздандыру ескерілген, алайда оларда солардың мақсаттарына қол жеткізудің техникалық әдістері реттелмеген. Сонымен қатар жоспар өндірісті дамытудың қажетті және қалаулы қарқынын, және пропорцияларын қамтамасыз етуі тиіс.
Жоспар кәсіпорын қызметкерлері үшін әрекет етуге басшылық болып табылады. Қазіргі кәсіпорын – бұл күрделі басқару жүйесі болғандықтан, жоспарлық мақсаттарға кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің, директордан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін барлық қызметкерлерінің үйлесімді жұмыс істемейінше мүмкін болмайды. Жоспар кәсіпкерлік идеяларды негіздемелеу үшін, сондай-ақ алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорынды басқару үшін қолданылады.
Жоспарлаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның аса маңызды қызметтерін: өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б. жүзеге асырудың нәтижесі ретінде оның барынша жоғары пайдаға ие болуына арнап әрекеттер бағдарламасын әзірлеу. Өндірістік жоспарлау кәсіпорынның қолда бар өндірістік қуаттылықтарына негізделумен шығарылатын бұйымдар мен қызметтердің атаулығы мөлшерінде, сондай-ақ өзін нарықтың тиісті сегменті игеруге қабілетті өнім көлемін ескерумен жүргізіледі. Нарықтың сол не өзге өнім көлеміне қатысты қажеттері неғұрлым көбірек болған сайын, кәсіпорынның өндірістік әлеуеті соғұрлым жоғары болуы тиіс.
Жоспарлық шешімдер, жоспарлау ауқымдары, сондай-ақ нақты кәсіпорынның іс-әрекетінің басқа да жақтары тұрғысынан жоспарлардың келесі түрлерін бөліп кетуге болады:
- стратегиялық жоспар – ұзақ уақыттық жоспар, әдетте, 10 – 15 жыл кезеңді қамтиды, онда уақыт пен ресурстар бойынша үйлестірілген міндеттер, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізудің жалпы стратегиясы қалыптасады;
- ұзақ уақыттық жоспарлар – бірнеше жылға арнап әзірленетін және фирма стартегиясының жекелген дербес проблемаларын шешуге бағытталған жоспарлар;
- ағымдағы жоспарлар – өзінде фирманың ағымдағы қаржылық жылға арналған іс-әрекетінің барлық бағыттары түйісіп жататын жоспарлар;
- шұғыл жоспарлар – кәсіпорын іс-әрекетінің нақты мәселелерін қысқамерзімді кезеңде шешуге арналған жоспарлар. Олар тар бағытты, жоғары дәрежеде тәптіштелген болып келеді және қолданылатын тәсілдер мен әдістердің сан-алуандығымен сипатталады;
- инвестициялық жоспарлар – жаңа өндірістік қуаттылықтарды құруға және олардың қолданыстағыларын жаңғыртуға жұмсалатын күрделі салымдардың жоспарлары;
- бизнес-жоспар – жаңа фирманы құру жоспары, кәсіпорынның іс-әрекетінің жоспары, кәсіпорынның іс-әрекетінің нақты мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-әрекет жоспары, оған күтілетін шығындар мен табысты бағалау кіреді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды әдістерінің қатарына жоспарлау жатады. Ол өзінде ұдайы өндіріс процесін мақсатқа лайықты түрде әсер ету жөніндегі тапсырмалар әзірленетін іс-әрекет түрі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау экономикалық және әлеуметтік іс-әрекеттің барлық жақтарын барынша қамтудың түрінде болып келуі мүмкін. Алайда нарықтық экономика жоспарлауды жоққа шығармайды, себебі жоспар дегеніміз тиісті түрде ресімделген басқрамалық шешім болып табылады. Басқарудың негізгі қызметтерінің бірі табылумен, жоспарлау басқару объектісінің мақсатқа лайықты ғана емес, сондай-ақ серпінді және пропорционалды дамуын қамтамасыз етеді. Өзінің нақтылануына жоспарлау тиісті жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтер арқылы ие болады. Қазіргі кезде жоспарларды құрастырудың, былайша айтқанда, жоспарлау әдістерінің бірнеше түрлері бар. Оларға баланстық, нормативтік, математикалық-статистикалық әдістер жатады.
Баланстық әдіс өздеріне фирма ие болып отырған немесе келешекте ие болатын ресурстарды, және соларға қатысты қажеттерді жоспарлық кезең шеңберінде, былайша айтқанда, өзіне арнап жоспар жасалып жатқан мерзім шеңберінде өзара байланыстыруға негізделген. Егер де ресурстар қажеттерге қарағанда жеткіліксіз болса, онда тапшылықтың орнын толтыруға мүмкіндік беретін олардың қосымша көздерін іздестіріле бастайды. Қажетті ресурстарды сырттан тартуға болады, сондай-ақ өз шаруашылығында оны оңтайландырумен босатуға болады. Егер де ресурстар оларға қатысты қажеттерге қарағанда артық болса, онда кері түрдегі проблеманы – шешуге тура келеді: оларды тұтынуды көбейтіп немесе артық ресурстардан құтылуға тура келеді.
Баланстық әдіс баланстар жүйесін – материалдық-заттық, бағалық және еңбектік баланстарды құрастыру арқылы жүзеге асырылады. Баланс екіжақты бюджеттік кесте болып келеді, оның сол жағында ресурстардың көздері, ал оң жағында олардың үлестірілуі көрсетіледі. Тұтастай алғанда кесте төмендегідей түрде болып келеді.
Кесте 1
Ресурстардың көздері |
|
1. Кезеңнің басына қатысты қалдық 2. Сырттан келген түсімдер 3. Ішкі резервтер |
1. Ағымдағы тұтыну 2. Сыртқа сату 3. Кезеңнің соңына қатысты қалдық |
Жиыны |
Жиыны |
Баланс |
Баланс |
Мұндай кестелердің негізін баланстық басқару құрайды, ол кезеңнің басына қатысты ресурстардың қалдықтары оған қосылған олардың ішкі және сыртқы көздерден түсуі кезеңнің соңына қатысты шығынның және қалдықтың қосындысына тең болуы тиіс. Баланста ресурстардың барлық көздері негізгі жеткізушілерді бөліп көрсетумен беріледі.
Натуралды баланстармен қатар жоспарлауда бағалық баланстар кең қолданысқа ие болады. Бұл бірқатар жағдайлармен түсіндірледі.
Біріншіден, фирма нарықтық қатынастардың субъектісі болып табылады; ол ақшаға іс-әрекет етудің барлық қажетті жағдайларын сатып алады және өндірілетін өнім мен қызметті ақшаға сатады. Демек, ресурстар мен дайын өнімнің барлық ағымдары басында-ақ ақшалай өрнекке ие болады, ол жоспарларды құрастыру үшін әмбебап және аса ыңғайлы болып табылады. Екіншіден, ресурстар мен өнімнің кейбір ағындары тәжрибеде тек бағалық шамалармен ғана көрсетілуі мүмкін, мысалы, ақпарат, зерделік меншік және т.б. Үшіншіден, әртекті ресурстар мен өнімнің жалпылама көрсеткіштері сондай-ақ ақшалай түрге ие болуы мүмкін, себебі осы кезге дейін әлі ешкім картоптың тоннасын сүттің литрімен немесе шойын ыдыстарды электр қуатының киловатт-сағатымен қалай қосуға болатынын тапқан жоқ.
Нормативтік әдіс келесіге негізделген: белгілі кезеңдегі жоспарлық тапсырмалардың негізіне әртүрлі ресурстардың (шикізаттың, материалдардың, құрал-жабдықтың, жұмыс уақытының, ақшалай ресурстардың және т.б.) өнім бірлігіне жұмсалу нормалары қойылады. Осылайша, жоспарлаудың нормативтік әдісі баланстық әдіске қатысты дербес, сондай-ақ қосалқы болып табылады.
Жоспарлауда қолданылатын нормалар натуралдық, бағалық және уақыттық болуы мүмкін. Натуралдық нормалар әдетте өнім бірлігін өндіруге арналған материалдық ресурстардың (шикізат, энергия және т.б.) шығынына қатысты болып келеді. Бағалық нормалар әртүрлі ресурстардың жалпылама шығындарын немесе өздерін ақшалай түрден басқа түрде көрсетуге болмайтын шығындарды (мысалы, амортизация); немесе тікелей ақшалай шығындарды (мысалы, өнім бірлігіне қатысты төлемді) көрсетеді (скажем, оплата труда на единицу продукции). Уақыт нормалары оның жұмыстарды немесе солардың жекелеген элементтерін орындауға жұмсалатын шығындарын көрсетеді. Мысалы, жедел уақыт нормалары; жұмыс орнын қамсыздандыру уақыты, жеке үзілістер уақыты, даярлау-қорытынды уақыты және т.б. деп бөлінеді.
Жоспарлау әдістерінің үшінші тобын математикалық-статистикалық әдістер құрайды, олар әртүрлі үлгілерге негізделген оңтайландыру есептеулерінен құралады. Аса қарапайым үлгілерге статистикалық үлгілер жатады, мысалы, корреляциялық үлгі, ол екі шаманың тәуелділігін көрсетеді. Соған негізделумен, А оқиғасы орын алған жағдайда Б оқиғасының орын алуын белгілі дәрежедегі ықтималдықпен болжауға болады. Статистикалық үлгілер ағымдағы салымдар мен берілген пайыздық мөлшерлемелерге негізделумен келешек шығындарды есептеп шығуға, қаржылық әрекеттерді жоспарлауға және т.б. мүмкіндік береді. Дәл сол қаржылық жоспарлау саласында олар аса кең қолданысқа ие болады.
Желілік программалау әдістері бірқатар айнымалы көрсеткіштерді байланыстыратын теңдік пен теңсіздік жүйесін шешуге мүмкіндік береді, соған негізделумен әртүрлі үйлесімдегі солардың оңтайлы шамалары анықталады. Бұл берілген критерий бойынша, мысалы, күтіліп отырған нәтиже кезіндегі шығындардың минимумы бойынша; қайсыбір шығындар кезіндегі нәтижелердің максимумы және т.б. бойынша нақты экономикалық объектінің әрекет ету нұсқаларының бірін таңдап алуға мүмкіндік береді. Көбінеки бұл нұсқалар әртүрлі шикізатты, материалды, технологияларды таңдаумен қатысты болып келеді.
Жоспарлық кезеңнің ұзақтылығы мен мақсаттарға байланысты келешектік жоспарлау ағымдағы және жедел-күнтізбелік жоспарлауды бөледі.
Келешектік жоспарлау – бұл кәсіпорын жоспарын ұзақ уақытқа арнап әзірлеу: бес, он және одан артық жылға (ұзақмерзімді жоспарлау). Онда сол кезеңде кәсіпорынның алдында тұрған негізгі міндеттер және соларды шешу әдістері көрсетіледі. Ірі өндіріс пен жылдам техникалық прогресс жағдайларында келешектік жоспар техникалық-экономикалық жоспарлау жүйесінде негізгі орынға ие болады. Кәсіпорынның келешектік жоспарында оның өнімді шығару бойынша, оның сапасын арттыру бойынша, жаңа қуаттылықтарды, өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру жөніндегі жаңа құралдарды игеру бойынша, бөлінген ресурстарды (капиталдық шығындарды, материалдық-техникалық құралдарды, еңбекті және т.б.) қолдануды жақсарту бойынша соның дамуының негізгі бағыттары белгіленеді.
Өндірісті тактикалық жоспарлау бір жылдық және оған қарағанда қысқа кезеңдерді қамтиды, ол фирманың алдында осы жоспарлық кезеңде тұрған проблемаларды шешудің тактикасын көрсететін ағымдағы (қысқамерзімді және жедел) жоспарларды әзірлеу түрінде орын алады. Осыған орай тактикалық жоспарлауды тәжірибеде өндірістің ағымдағы жоспарлауымен теңеп жатады, соңғысы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өндірістің барлық элементтерінің бірге әрекет етуін қамтамасыз ететін фирманың іс-әрекеті процесін даярлау мен жүргізу теориясы мен тәжірибесінің жиынтығы болып келеді.
Ағымдағы жоспарлаудың мақсаты – кәсіпорынның уақыт бойынша, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелері бойынша үздіксіз, ырғақты, теңгерімделген жұмысын қамтамасыз ету. Ағымдағы жоспарлау фирманың стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың кезеңі болып табылады. Нарықтық экономикада ағымдағы жоспарлардың бастапқы нүктесі ретінде өнімнің ағымдағы жылда өткізілуін болжамдау қабылданады. Сонымен қатар, стратегиялық жоспарға қарағанда ағымдағы жоспарлардың нәтижелерін көрсету түрлері біршама өзгертіледі. Ағымдағы жоспарлау кәсіпорынның әртүрлі іс-әрекеттері бойынша жоспарлардың жиынтығы болып келеді. Ағымдағы жоспарды әзірлеу бөлімшелерден басталуы тиіс. Солардың алдында тұрған міндеттер іс-әрекет жоспарын және соларды шешу үшін жеткілікті болатындай ресурстарды қажет етеді. Нәтижесінде бөлімшелер бойынша жоспарлар бюджеттер немесе сметалар түрінде әзірленеді. Өткізуді болжамдау – ақырында бөлімшелердің барлық бюджеттері өзіне негізделумен құрылатын негіз.
Қысқамерзімді жоспарлар, ағымдағы жоспарлардың құрамдас бөлігі ретінде, тұтастай фирмамен және жекелеген бөлімшелерімен бір жылға дейінгі (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) кезеңге арнап былайша айтқанда күнтізбелік жоспарлар түрінде әзірленеді. Олар ғылыми зерттелуре, маркетинг, материалдық-техникалық қамсыздандыру, өткізу, өндіріс тәрізді іс-әрекет салаларын қамтиды, келіп түскен тапсырыстардың, материалдық және қаржлық ресурстардың есебімен құрастырылады және көбінесе бюджеттер түрінде болып келеді.
Кәсіпорындағы жедел жоспарлау, әдетте, жедел-өндірістік деп аталады. Жедел-өндірістік жоспарлаудың негізінде ағымдағы жоспарда немесе бизнес жоспарда әзірленген және орындауға қабылданған дайын өнімді шығарудың бір жылдық, тоқсандық, айлық өндірістік бағдарламасы жатыр. Жедел жоспарлар бірден он дұмыс күніне дейінгі кезеңді (екі күнтізбелік аптаға дейінгі) қамтиды, алайда көбінеки олар тәуліктік болып табылады. Мұндай жоспарлар әдетте үш негізгі элементтен құралады:
- цехтардың, телімдердің, желілердің өндірістік бағдарламаларынан, олар өндірістік қуаттылықтардың іс-жүзіндегі жүктемесін көрсетеді;
- осы бөлімшелерге берілген жедел тапсырмалардан;
- бұйымдардың және олардың жекелеген бөліктерінің технологиялық тізбек бойынша қозғалуының кесте-жоспарларынан.
Осылайша, жедел жоспарлар құрал-жабдықтың жүктемесін, технологиялық циклдегі жекелеген әрекеттердің орындалу тізбектілігін; соған арнап бөлінген уақытты; адамдардың қолда бар өндірістік қуаттылықтардың, материалдық ресурстардың, қызметкерлердің есебімен бөлістірілуін белгілейді. Сондай-ақ цехаралық және цех ішіндегі жоспарлауды бөледі. Цехаралық жоспарлау – әр цехке арнап өнімді өндірудің шұғыл жоспарын белгілеу. Цех ішіндегі жоспарлау кезінде өндірістік телімдерге арналған шығару бағдарламалары, әдетте, цех үшін белгіленгенге қарағанда толығырақ белгіленеді. Тапсырма тек өндірістік телімдерге ғана емес, сондай-ақ телім шеңберіндегі белгілі құрал-жабдық топтарына, бөлшектерді іске қосу және олардың әрекеттер бойынша өту мерзімдері бойынша, сондай-ақ оларды шығару мерзімдері бойынша белгіленеді.
Нарықтық типтегі экономикаға көшу жағдайларында реформаларды сәтті түрде жүзеге асырудың басты мәселелеріне өндіріс салаларындағы, әлеуметтік саладағы және аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу жатады. Экономиканы реттеу нарықтық шаруашылық ету жағадйларындағы мемлекеттің аса маңызды қызметі болып табылады. Мемлекеттік реттеудің негізін экономикалық процестердің бастиектері мен әдістерін, тікелей және жанама реттегіштерін қолдану құрайды. Экономикалық іс-әрекеттің әртүрлі аспектілерін мемлекет бюджеттік, банкілік жүйе арқылы, мемлекеттік тапсырыстар, кедендік қызмет арқылы реттейді. Жоспарлау, экономикалық болжамдау, бақылау және басқарудың басқа да қызметтері кеңінен қолданылады.
Мемлекеттік реттеу экономикалық іс-әрекеттің ережелері мен тәртібін, сол ережелердің орындалуына қатысты жауапкершілікті белгілейді. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу барлық экономикалық құрылымдардың дербес түрдегі іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Әртүрлі өндіріс типіндегі кәсіпорындарда жедел-өндірістік жоспарлау әдістері әртүрлі болып келеді, олардың өз ерекшелігі бар. Тек соның есебімен ғана кәсіпорында жедел-өндірістік жоспарлаудың тиімді түрде әрекет ететін жүйесін құруға болады.
- Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі
Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Пайда экономикалық дәреже ретінде саудалы әрекеттілігінің процесінде материалды өндірістің орталығында пайда болған таза табысты көрсетеді.
Өндірісі факторларының және шаруашлықы субъектілердің пайдалы өндірісітік әрекетілігінің байланысының нәтижесіне дайын өнім жатады, ол тұтынушыға өткізу жағдайарына байланысты тауарға айналады. өткізу сатысында алдында затталған және таза еңбек құндылығын қосатын тауардың бағасы анықталады. Таза еңбектің құндылығы жаңа шығарған бағаны көрсетеді және де ол екіге бөлінеді. Біріншісіне жұмысшылардың жалақысы (қажет еңбектің құндылығы), екіншісіне таза табыстан (қосымша еңбектің құндылығы) құралады.
Өнеркәсіп әрекеттілігінің финасты нәтижесін анықтау үшін өнімді сатудан пайда болған табысты оны өндіру мен өткізу шығындарымен сәйкестендіру қажет. Егер табыс финансты нәтижелерден жоғар болса, онда табыстың алынғаны көреміз. Егер тауарды өткізуден пайда болған табыс оны өндіру шығындарына тең болса, онда өнеркәсіп өндірістік өнімді шығару үшін шығындарды жапты деуге болады. Табыстан шығындар жоғары болатын болса, онда өнеркәсіп шығынға ұшыраған – теріс финансты нәтиже, бұл оны қиын финанстық жағдайға қояды және банкротстваға ұшырауды мүмкіндігін де қарастыруға болады.
Өнеркәсіптің пайдасына өнеркәсіптің өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына бағытталған ақшалы жинақының бір бөлігін, сонымен бірге барлық деңгейлі бюджеттерге ақшалы қаржыны жіберуді айтамыз.
Өнімді өткізуден пайда болған өнеркәсіптің пайдасының мәнін анықтайтын факторға қолданып жатқан бағалар жатады. Оларды өткізу жағдайындағы еркін бағалар берілген өнімнің басекелестік мүмкіндіктеріне байланысты және басқа өнеркәсіптер шығаратын ұқсас өнімнің сұраныс пен ұсыныстарына байланысты анықталады. Сондықтан да өнімге қойылатын еркін бағаардың деңгейі өнеркәсіптен байланысты болып келетін факторға жатады. өнеркісптке тәуелсіз болып келетін факторға өнеркәсіп-монополистермен өнімге қоятын мемлекеттік реттелетін бағалар жатады. Өнеркәсіптің шаруашылық әрекеттілігінің соңғы финанстық нәтижелеріне балансты кіріс жатады, ол келесі үш құраушыдан тұрады:
- өнімді өткізуден пайда болатын табыс (шығын);
- негізгі қондырғылар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс (шығын);
- өткізуден басқа да қаржылық нәтижелер.
Өнімді өткізуден пайда болатын табыс (шығын) дегеніміз бұл өндірістің негізгі әрекеттілігінен пайда болған финанстық нәтиже және де ол уставта берілген және заңмен рұқсат етілмеген әртүрлі түрлері бойынша орындалады. Финанстық нәтиже әрекеттілігінің әр түрі бойынша бөлек анықталады және берілген баға бойынша өнімді өткузіден пайда болған табыс пен оны өндіру мен өткізуге кеткен шығындар арасында тең болады.
Сурет 5 — Өткізуден пайда болған табыс
Негізгі қордарды және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс (шығын) дегеніміз бұл өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігімен байланысты емес болып келетін финанстық нәтиже. Ол басқа да өткізуден пайда болған табысты (шығынды) көрсетеді.
Өнеркәсіп өз мүлігімен өзі айналысады. Олар өз мүлігін жою, сату, жалға беру немесе басқа өнеркәсіптердің шартты капиталдарына беруге мүмкіндігі бар. Финансты капитал тек мүлікті сату жағдайларында ғана пайда болады.Негізгі фондтар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс өкізілген мүліктің сатылым бағасынан және өткізуге бойынша пайда болған шығындар есептеу отырып алдық бағасының арасындағы айырмашылығымен анықталады.
=
+
Сурет 6 — Негізгі қондырғылар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс
өткізуден басқа да пайда болған қаржылық нәтижелер бұл өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігіне жатпайтын және өнімді, жұмысты, қызымет, негізгі қорлар мен басқа мүлікті өткізумен байланысты болмайтын әртүрлі сипаттағы операциялар бойынша алынатын табысты (шығын) айтамыз. Қаржылық нәтиже өткізуден тыс болған табыс пен олар бойынша жасалған шығындар арасындағы айырмашылық бойынша анықталады.
Түсім – бұл өнеркәсіптің өзіндік финанстық ресурстардың қалыптасу көзі. Ол өнеркәсіптің үш негізгі бағыты бойынша қалыптасады:
- негізгі;
- инвестициялық;
- қаржылық.
Негізгі әрекеттілігінен пайда болған түсім өнімді өткізуден пайда болған ақша түрінде беріледі.
өнімді сатудан пайда болған түсім дегеніміз бұл өндірістік өнім, жұмысты орындау және қызымет көрсетуден пайда болған ақшалай қаржы. Бұл шығындарды жабатын және өндірістің табысын көрсететін негізгі қаржылай көзі болып келеді. Өткізуден пайда болған түсім бұл өндірістің өзінің өнімін өткізу, жұмыс пен қызыметті көрсетуден, алдын ала сатып алынған тауарларды өткізуден, сонымен бірге мүлікті заңдарын өткізуден пайда болған табысты айтамыз.
Өнеркәсіптің негізгі өнімін сатудан басқа пайда болған түсімге басқа сатудан пайда болған ақшалай түсімді, сонымен бірге өткізуден басқа да операциялардан пайда болған түсімді жатқызуға болады. Өткізуден пайда болған түсімнің көлемі өндірілген өнімнің көлемі, оның түрлері, бағалар деңгейі, есептеу әдістері және т.б. әсер етеді. Түсімнің пайда болудың маңызды моментке қаржының уақытысында түсуі жатады.
Өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігінен пайда болған түсімнен басқа өнеркәсіптің инвестициялық пен қаржылық әрекеттілігінен түсім де болуы мүмкін.
Инвестициялық әрекеттілігінен пайда болған түсім айналымның сыртыңдағы активтерді сатудан және бағалы қағаздарды өткізуден пайда болған түсімдер түрінде беріледі.
Қаржылық әрекеттілігінен пайда болған түсім инвесторлар арасында өнеркәсіптің облигациялары мен акцияларды сатудан пайда болады.
өнеркәсіпте жалпы (баланстық) және есептік пайда жоспарланады.
Жалпы пайда – бақылаушы сандардан, ал рентабельность – есептік көрсеткіштерден құралады. Жалпы пайданың Пб құрамына келесілер кіреді: өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігнен (өндіруден пайда болған тауарлы өнімді өткізу және ұңғымаларды пайдалануға беру) пайда болған табыс По, басқа сатудан пайда болған табыс Ппр және сатудан тыс пайда болған табыс Пвнр кіреді, яғни:
Пб = По+Ппр+Пвнр (16)
Балансты пайданың жалпы қосындысы өткізу көлеміне, өнімнің өз құндылығына және берілген өнеркәсіптің өніміне қойылған сату бағаларына байланысты болып келеді.
Есептік пайданы Пр балансты пайданың бір бөлігі деп алады және ол төлеудің мемлекеттік қаржысына ресурстар үшін төлеуден Пф және банкқа кредит үшін пайызды Пк төлеуден пайда болады.
Пр = Пб – Пф – Пкр. (17)
Мұнай өндіретін өнеркәсітік ұйымдар бойынша өндірістің өнімін өткізуден пайда болған табыс (ПТ) өндірістің өткізіп жатқан өнімнің көлемі (Qр) және оның өз құндылығы (Ср) арасында айырмашылық ретінде жобаланған.
ПТ = Qр – Ср. (18)
Өткізіліп жатқан өнімнің өз құндылығы (Ср) мұнай өндіруде тауарлы өнімнің толық құндылығы (СТ) ретінде, өнеркәсіптің басқа саласының тауарлы өнімнің өз құндылығы (Сдр) ретінде және жоспарланған жылдың аяғына өткізелмеген тауар қалдықтарын (Со t+1) есептей отырып, жобаланған жылдың ішінде өткізілмеген өнімнің қалдықтарының (Со t) өзіндік құны ретінде анықталады.
Ср = СТ + Сдр + Со t – Со t+1. (19)
Жоспарланған жылдың ағына және келесі жылдың аяғына дейін өткізілмеген тауардың қалдықтарының өзіндік құндылығы өткізілмеген өнімнің қалдықтары 1 тенгеге кететін шығындар бағасы трінде берілген өткізілмеген өнімнің қадлдықтарыа көбейту арқылы анықталады.
Со t = Цо t Зо t , (20)
Со t+1 = Цо t+1 Зо t+1 ,
мұндағы, Цо t+1, Цо t – бағаларда берілген жоспарланған жылда және келесі жылдың яғына дейін өткізілмеген өнімнің қалдықтары, мың тенге; Зо t+1, Зо t – жоспарланған және келесі жылда өткізілмеген өнімнің 1 тенгесіне кететін шығын, коп.
Өткізілмеген өнімнің 1 тенгесіне кететін шығындар келесі формула бойынша есептеледі:
Зо t = СТ t + Сдр t / QТ t+1 · Кс t-1 , (21)
Зо t+1 = Сt+1 + Сдр t+1 / QТ t+1 · Кс t-1 ,
мұндағы, Кс – шығындар қатынасын есептейтін көрсеткіш.
Шығындарды есептейтін көрсеткіш өткізілмеген өнімнің қалдықтарының 1 тенгесіне кететін шығындардың есептік жылдар мәліметі бойынша барлық тауарлы өнімнің 1 тенгесіне кететін шығындардың бөліміне тең болады.
Кс t-1 = Зо t-1 / ЗТ t-1. (22)
Есептік жылдар мәліметі бойынша барлық тауарлы өнімнің 1 тенгесіне кететін шығындардың (t-1) көлемі есептік жылдың аяғына қалған өткізілмеген өнімнің қалдықтарының өз құндылығын (Со t-1) сол қалдықтардың өткізу бағасына (Цо t-1)бөлумен анықталады:
Зо t-1 = Со t-1 / Цо t-1. (23)
Әдетте табыс тура есеп әдісімен есептеледі.
Есептік табыс өндірістің қосымша қорларының түзілу көзі болады, сонымен бірге өнеркәсіптің әртүрлі қажеттіліктеріне қолданылады: жаңа техниканы енгізу бойынша банкті кредитерді жабу, өзіндік айналым қаржыларының өсуі. Табыстың еркін қалдығын мемлекеттік бюджетке кіргізеді.
өнеркәсіптерде табысты тарату жүйесі халықтың барлық қажеттілігіне бағытталуы қажет. Өнеркәсіптің қарамағында қалатын табыстың көлемі жоғары өндірістік тиімділігі бойынша өнеркәсіптің белгілі табысына сәйкес келуі қажет. Сонымн бірге, есептелген төлем ақылардың көлемі нақты түсіндірілуі қажет, себебі өнеркәсіпке әсер етпейтін факторлардан алынған қосымша табыс өнеркәсіптерден мемлекетпен толық алынатын.
Пайданың түрлері:
Өнімді сатудан түскен пайда Дрп НДС, акциз, кедендік салықтардан және т.б. қаржылардан тыс, сонымен бірге қайтарылған тауардың құнынан, тұтынушыға берген бағадан және сатудан жеңілдіктерден тыс көрсетіледі және тауарлы өнімнің оның сату бағасына көбейтіндісімен анықталады:
(24)
мұндағы, Q – тауарлы өнімнің көлемі;
Ц – өнімнің бірлігін сатуға кететін баға (НДС, акциз және т.б. салықтарды ескермеген жағдайда).
Валды пайда Двал негізгі әрекеттілік Спр нәижесінде пайда болған өткізілетін өнімнің өзіндік құнының және өткізу бағасының қаржылық нәтижесімен көрсетіледі:
немесе (25)
мұндағы, С – өнім бірлігінің өзіндік құны, ол өнімді шығарумен байланысты болып келетін фактілік шығындардан құралған.
Qi – і түріндегі өнімді сатудан пайда болған саны.
n – өнім түрлерінің саны.
Негізгі әрекеттіліктен түсетін пайда Дод сальдирленген қаржылық нәтиже болып келеді және жалпы пайда мен кезеңдік шығындары арасындағы айырмашылық бойынша анықталады. Кезеңдік шығындары бұл өнімнің өнірістік құныдылығына кірмейтін шығындар.
Негізгі емес әрекеттіліктен түсетін пайда Днод бұл негізгі емес әрекеттіліктен пайда болған сальдирленген қаржылық нәтиже. Негізгі емес әрекеттіліктен түсетін пайдаға айналымның сыртындағы активтерді беру, негізгі қаржыларды өткізу, бағалы қағаздарды қайта бағалау, субсидиялар және т.б. жатады.
Негізгі әрекеттіліктен салық салынатын пайда Днобл бұл негізгі және негізгі емес әрекеттіліктен пайда болған табыс.
(26)
Салық салынғаннан кейін негізгі әрекеттіліктен түсетін пайда бұл салық төлеуден кейін қалған табыс. Корпоративті салық бойынша шығатын табыстар 30% бойынша есептелінеді.
Таза табыс Дч есептік кезеңнің ішінде алынған сальдирленген нәтижені көрсетеді және ол өз қарамағында қалады:
(27)
мұндағы, Днобл – негізгі әрекеттіліктен салық салуға дейінгі табыс (шығын) – негізгі, негізгі емес және өткізуден тыс пайда болған табыстың қосындысы;
Нкорп – корпоративті табыс бойынша шығындар, олар салық салынатын табыстан 30% бойынша есептелінеді.
Пайданы алу көздеріне келесілер жатады:
Негізгі әрекеттілік бойынша:
- Дайын өнімді өткізу – өнімді шағыратын, жұмыстарды орындайтын және қызымет көрсететін материалды өнеркәсіп орталығындағы өнеркәсіптер үшін табысты алатын негізгі көзі.
- Сатып алынған тауарларды өткізу – тауарлы, тұтынушылық, аралық, сыртқы тауарлық ұйымдар, ауылшаруашылық және өндірістік өнеркәсіптер үшін.
- Құрылыс-монтаждық, жобалық-зерттеуші, геологиялық барлау, ғылыми-зерттеуші және т.б. жұмыстар түрлерін өткізу – құрылыс-монтаждық, жобалық-зерттеуші, геологиялық барлау, ғылыми-зерттеуші ұйымдар, сонымен бірге уставтарында бір немесе бірнеше жұмыстарды орындалуы көрсетілген өндірістік өнеркәсіптер үшін.
- Жүк пен адамдарды тасымалдау қызыметі – темір жол, автомобиль, әуе, теңіз, өзен және басқа траспорт түрлері бойынша өнеркәсіптер үшін, сонымен бірге жүктер мен адамдарды тасымалдау жұмыстарын орындайтын экономиканың басқа да саласына үшін.
- Мүлікті жалға беру.
- Байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру компаниялар үшін.
- Инвестициялық қызымет.
- Басқалар.
Негізгі емес әрекеттілік бойынша:
- Материалды емес активтарды өткізу.
- Негізгі қаржыларды өткізу.
- Бағалы қағаздарды өткізу.
- Акциялар бойынша дивиденттер және берілген заем және т.б. бойынша пайыздарды алу.
- Тенге курсының басқа да шетел валюталарына қарағанда пайда болатын курстық айырмашылық.
- Басқару ұйымдарының субсидиялары.
- Басқалар.
Нарықтық қатынастар жағдайларында өнеркәсіп бәсекелес нарығында өзінің позицияларын ұстап тұру және өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ететін табыстың көлеміне талпыну қажет. Өткізуден пайда болған табыстың көлеміне өндіріліп жатқан және өткізіліп жатқан өнімнің құрылысы әсерін тигізеді. Рентабельді өнімнің бөлігі жоғары болған сайын, өндіріс табыс көлемін жоғары алады және де керісінше төмен рентабельді өнім көбейген сайын, табыстың төмендеуіне әкеледі.
3.3 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау
Пайда, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелігінің ең маңызды көрсеткіші бола тұра, оның тиімділігі туралы толық көріністі бермейді, себебі жұмсалып жатқан ресурстардың шамасын ескермейді. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды.
Өндірістің рентабельділігі – өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тиімділігінің ең маңызды қорытушы көрсеткіші. Кәсіпорынның іс-әрекетін рентабельділік көрсеткіші бойынша бағалау өнімді өткізу көлемінің артуымен қатар оның ұжымын материалдық сыйақылаудың негізіне жатқызылады. Өндірістің рентабельділік көрсеткішін белгілеудің негізінде кәсіпорынның пайдасы жатыр.
Пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.
Рентабельділік көрсеткіштерінің жүйесіне келесілер кіреді:
- кәсіпорын активтерінің рентабельділігі;
- меншікті капиталдың рентабельділігі;
- сатулардың рентабельділігі (өткізу);
- өндірістің рентабельділігі;
- өнімнің рентабельділігі.
Жалпы алғанда рентабельділік пайданың 100-ге (%) көбейтілген іс-әрекеттің белгілі бір нәтижесін көрсететін өлшегішке (көрсеткішке) қатынасымен белгіленеді:
R = П / У · 100, (28)
мұндағы, У – көрсеткіштің деңгейі.
Нақты мақсаттарға байланысты рентабельділік баланстық, таза және үлестірілмеген пайда бойынша белгіленеді. Активтердің рентабельділігі баланстық және таза пайда бойынша белгіленеді:
Rа = Пб / А · 100
Немесе (29)
Rа = Пч / А · 100,
мұндағы, Пб мен Пч – соған сәйкес баланстық және таза пайда, теңге.
А – кәсіпорын активтерінің шамасы (жылдың басына немесе соңына қатысты, немесе ортажылдық), теңге.
Активтердің рентабельділігі активтерге салынған капитал теңгесіне қатысты алынған баланстық пайданың пайызын немесе активтер теңгесіне есептегенде кәсіпорында қалатын таза пайданың пайызын сипаттайды.
Меншікті капиталдың рентабельділігі кәсіпорынның соған меншіктенушілердің салған әр теңгесінен қанша пайдаға ие болатынын көрсетеді:
Rск = Пнр / Кс · 100
Немесе (30)
Rск = Пч / Кс · 100,
мұндағы, Пнр – кәсіпорынның үлестірілмеген пайдасы;
Кс – кәсіпорынның меншікті капиталы.
Сатулардың (өткізудің) рентабельділігі кәсіпорынның өнімді сатудан түскен әр теңгеден алатын пайданың пайызын сипаттайды:
Rр = Пб / Вр · 100, (31)
мұндағы, Вр – өнімді сатудан түскен түсім (ҚҚС мен кедендік бажсыз).
Өндірістің рентабельділігі – бұл баланстық пайданың негізгі қорлардың (НҚ) және айналымдағы қаражаттардың (АҚ) орташа жылдық құнының қосындысына қатынасы:
Rпр = Пб / (ОФ + ОС) · 100 (32)
Өнімнің рентабельділігі баланстық пайданың өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарға қатынасы ретінде белгіленеді:
Rпрод = Пб / З · 100 (33)
Рентабельді өндірістің шекараларын белгілеу үшін оңтайлық табалдырығының анықтамасын қолданумен, өткізуден түскен түсімді қосынды, сондай-ақ айнымалы және тұрақты шығындармен салыстыруды қолданады.
Рентабельділік табалдырығы – бұл өздері орын алған жағдайда кәсіпорын не пайдаға, не шығынға ие болмайтын, б.а. өнімді сатудан түскен түсім тек шығындардың орнын ғана толтыратындай болатын өнім өндірісі (бұрғылау, өндіру, көліктің, өңдеудің көлемі) мен сатудан түскен пайда. Өнім өндірісін бұдан әрі көбейту кәсіпорынды оңтайлы етіп, азайту – шығынды етеді. Рентабельділік табалдырығы:
ПР = Зпост : (Вр – Зпер) / Вр (34)
мұндағы, Зпост, Зпер – өнім өндіруге жұмсалатын шығындардың тұрақты және айнымалы бөліктері (мұнай өндірісінде шамамен соған сәйкес 65% және 35%).
Тіркелген ренталық төлемдер есептік рентабельділігі сала табыстылығының орташа деңгейінен асатын жекелеген кәсіпорындардың есептік рентабельділігін реттеу мен теңестіруге арналған. Мысалы, мұнай немесе газ қоры үлкен, олардың орналасуы мен пайдалану жағдайлары жақсы болып келетін, өнімділігі жоғары ұңғымалары бар кеніштерді игеріп жатқан кәсіпорындар осындай болып келеді. Оларда басқа кәсіпорындармен салыстырғанда үлкен қосымша пайда құрылады. Тіркелген ренталық төлемдер жүйесі кезінде кәсіпорынның табысы мемлекеттің пайдасына алынады, бұл саланың барлық кәсіпорындарын бірдей экономикалық жағдайларға қояды. Мұнай өнеркәсібінде бұл төлемдер мұнайдың әрбір 1 тоннасынан тұрақты сомалармен ескерілген. Мысалы, жылына мұнайдың 1002 мың тоннасын өткізу және 1 тоннадан алынатын ренталық төлем 2 теңгеден болған жағдайда тіркелген төлемдердің жалпы сомасы 2004 мың теңгені құрайтын болады. Банкілік несиеге қатысты пайыздардың төлемдері кәсіпорынның несиелерге деген қажеттеріне және мемлекеттің соларды пайдалануға қатысты белгілеген мөлшерлемелеріне негізделумен жоспарланады.
Жоспарлау кезінде жалпы және есептік рентабельділік есептеледі.
Өндірістің жалпы рентабельділігінің деңгейі (Роб) келесі формула бойынша белгіленеді (%):
Роб = Пб / А · 100, (35)
мұндағы, Пб – баланстық пайданың сомасы, теңге; А – өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасы (теңге), ол негізгі өндірістік қорлардың және нормаланатын айналымдық қаражаттардың (банкпен несиелендірілмеген) орташа жылдық бағасына тең.
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасын бастапқы баға бойынша жоспарланып отырған жылдың басына қатысты сомаға немесе жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізіліп жатқан және сатып алынып жатқан негізгі өндірістік қорларды қайта бағалаудан кейінгі құнына, орташа жылдық құнына негізделумен сол уақыт ішінде қолданыстан шығып жатқан негізгі құралдардың ораташ жылдық бағасын шегерумен белгілейді. Нормаланатын айналымдық құралдардың орташа жылдық бағасын жоспарланып отырған жылдың басы мен соңына қатысты айналымдық қаражаттар сомасының жартысын және жылдың қалған айларының алғашқы күніне арнап ескерілген нормаланатын айналымдық қаражаттар сомасының жартысын он екіге бөлумен белгілейді.
Есептік рентабельділік Рр сонымен қатар есептік пайданың Пр өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасына қатынасы ретінде пайыздармен белгіленеді: Рр = Пр / А · 100. (36)
Мысал. Өндірістің есептік пайдасы мен есептік рентабельділігін есептеу.
Бастапқы деректер (мың теңге):
Баланстық пайда…..……………………………………………………….…..3004
Соның ішінде:
тіркелген төлемдер……………………………………….…………………….2004
өндірістік қорларға қатысты төлем…………………………………….…..500
банкілік несие үшін пайыздар бойынша төлемдер ………………………..….40
Кәсіпорынның өндірістік қорлары……..………………………………….….6000
Есептік пайда келесі шаманы құрайды:
Пр = 3004 – (2004 + 500 + 40) = 460 мың теңге,
Ал есептік рентабельділік:
Рр = 460 · 100 / 6000 ≈ 7,7 %.
Жалпы рентабельділікке келесі өзгерістер әсер етеді: өнім бірлігіне қатысты пайданың, сатылу көлемі мен құрылымының, негізгі қорлардың және нормаланатын айналымдық құралдардың орташа бағасының, басқа құндылықтарды сатудан болған қаржылық нәтижелердің өзгеруі, сондай-ақ сатудан тыс түскен табыс пен шығындар. Осы факторлар бірлескен түрде әсер етеді және олардың әрқайсысының әсерін тізбектік өрнектер құрумен белгілеуге болады.
Пайданың, сондай-ақ рентабельділіктің артуында шешуші мағынаға өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен оны өндіру көлемінің артуы, сондай-ақ өнім құрылымының (ассортиментінің) өзгеруі мен сапасының жақсаруы ие болады. Өнімның сапасын жақсарту – кәсіпорын оңтайлығының артуының маңызды шарты, себебі сапасы жоғары өнімді сату кезінде олар қосылған бағамен сатылады. Рентабельділік пайданың күрделі салымдарға қатынасы ретінде немесе пайданың акционерлік капиталға қатынасы ретінде есептеледі; кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың әр жылына арнап рентабельділік орташа жылдық мағына ретінде есептеледі. Бұл ретте салық салу да ескеріледі.
Кәсіпорын ішінде оның бөлімшелері (цехтар мен телімдер) бойынша өзіндік құнды, пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі әртүрлі әдістермен және әртүрлі көрсеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпорын цехтары бойынша пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі зауыт ішіндегі жоспарлық-есептеу бағаларын белгілеуді қажет етеді. Әрбір цехқа арнап жоспарланған көрсеткіштердің құрамы сол өндірістің ерекшеліктерін ескеруі тиіс және мұқият негіздемелеуге жатады.
Мұнай өнеркәсібінде өндірістік қорларға қатысты төлемдер мемлекетке пайыздық мөлшерлеме емес олардың бастапқы бағасына негізделумен төленеді; еңбек ресурстарына қатысты төлем — әрбір орташа тізімдік қызметкер үшін бекітілген норматив бойынша төленеді.
Өндірістің рентабельділігімен қатар экономикалық есептерде өнімнің рентабельділігі анықталады, ол өнімді сатудан түскен пайданың соларды өндіруге жұмсалған шығындарға қатынасымен белгіленеді. Өнімнің оңтайлығы негізінен оның кең ассортименті кезінде аналитикалық мақсаттарда қолданылады. Кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың үлкен резервтері өндірістік қуаттылықтар мен негізгі қорларды қолдануды жақсартуда, қор қайтарылымын арттыруда жасырылған. Бұл ретте міндетті түрдегі шарт – өндіріс көлемінің негізгі қорлар мен айналымдық құралдар бағасының өсуімен салыстырғанда солардан бұрын өсуі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуінің жылдам дамып келе жатқан процесіне байланысты соңғы онжылдықта елімізде мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыруда және тұрғындардың басым көпшілігінің өмірлік мүдделеріне қатысты.
Кәсіпорын жоспары жұмыс өнімі ретінде алдын-ала әзірленген іс-шаралар жүйесі болып келеді, онда өндіріс және мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жұмыстарлы орындаудың көлемі, әдістері, реттілігі мен мерзімдері және сол жұмыстарды қажетті құралдармен қамсыздандыру ескерілген, алайда оларда солардың мақсаттарына қол жеткізудің техникалық әдістері реттелмеген. Сонымен қатар жоспар өндірісті дамытудың қажетті және қалаулы қарқынын, және пропорцияларын қамтамасыз етуі тиіс. Жоспар кәсіпорын қызметкерлері үшін әрекет етуге басшылық болып табылады. Қазіргі кәсіпорын – бұл күрделі басқару жүйесі болғандықтан, жоспарлық мақсаттарға кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің, директордан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін барлық қызметкерлерінің үйлесімді жұмыс істемейінше мүмкін болмайды. Жоспарлаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның аса маңызды қызметтерін: өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б. жүзеге асырудың нәтижесі ретінде оның барынша жоғары пайдаға ие болуына арнап әрекеттер бағдарламасын әзірлеу.
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау экономикалық және әлеуметтік іс-әрекеттің барлық жақтарын барынша қамтудың түрінде болып келуі мүмкін. Алайда нарықтық экономика жоспарлауды жоққа шығармайды, себебі жоспар дегеніміз тиісті түрде ресімделген басқрамалық шешім болып табылады.
Кез келген кәсіпорын өзінің өндірген тауарының өтімділігін жақсарту және жоғары пайда түсіру үшін тауардың сапасы, ассортименті т.б. жоғары болу керек. Қысқаша айтқанда, пайда экономикалық дәреже ретінде саудалы әрекеттілігінің процесінде материалды өндірістің орталығында пайда болған таза табысты көрсетеді, ал өнеркәсіптің пайдасына өнеркәсіптің өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына бағытталған ақшалы жинақының бір бөлігін, сонымен бірге барлық деңгейлі бюджеттерге ақшалы қаржыны жіберуді айтамыз.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды. Рентабельділік пайданың күрделі салымдарға қатынасы ретінде немесе пайданың акционерлік капиталға қатынасы ретінде есептеледі; кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың әр жылына арнап рентабельділік орташа жылдық мағына ретінде есептеледі. Өндірістің рентабельділігімен қатар экономикалық есептерде өнімнің рентабельділігі анықталады, ол өнімді сатудан түскен пайданың соларды өндіруге жұмсалған шығындарға қатынасымен белгіленеді. Кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың үлкен резервтері өндірістік қуаттылықтар мен негізгі қорларды қолдануды жақсартуда, қор қайтарылымын арттыруда жасырылған. Бұл ретте міндетті түрдегі шарт – өндіріс көлемінің негізгі қорлар мен айналымдық құралдар бағасының өсуімен салыстырғанда солардан бұрын өсуі.
Мемлекеттің меншігінде тұрған және мемлекетсіздендіруге және жекешелендіруге жататын объектілерге телекоммуникациялар жатады. Телекоммуникациялар ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту мен оны беру арқылы нарықтық механизмдердің қызмет етуін қолдайды. Телефондар, факстер мен электронды пошта қазіргі бизнесті дамытудың маңызды және объективті қажетті шарттары болып табылады.
Біздің үкіметіміз қашықтағы және нашар дамыған аудандарға тым болмағанда ең төмен байланыс қызметтерін ұсынатын болады. Мысалы, балалар мен жастарға арнап аймақтық оқыту сабақтарын беріп отыратын болады. Мұның құны ең төмен болады және келешекте елеулі пайда әкелетін болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында ең алдымен келешекте бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің инфрақұрылымына ұқсас инфрақұрылымына ие болатын телекоммуникациялық жүйелердің мөзіндік және тиімді жүйесін құру міндеті тұр. Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жағдайы басқа елдермен салыстырғандағы, желілердің жеткілікті дәрежедегі тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып келеді. Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар нарығы тұрғындарды әртүрлі байланыс түрлерімен (телевизиялық, телефондық, телеграфтік, электронды және т.б.) қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет тарапынан реттелген іс-әрекет болғандықтан Қазақстан экономикасы үшін іс-әрекет салаларының ең маңызды саласы болып табылады.
Қазіргі кезде республикамыз егеменді және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желіге ие болуда, соңғысының қызмет етуі көбінесе мемлекеттік маңызы бар ірі ауқымды жобалардың бірін – Ұлтық ақпараттық супермагистральді (ҰАСМ) іске асырудың арқасында негізделіп отыр. Ендігі уақытта Қазақстанның барлық ірі қалалары өзара цифрлік арналармен байланысқан.
Қорытындылай келе айта кететіні, телекоммуникацияларды мемлекеттің монополиясынан шығару және соның салдарынан – байланыс қызметтерін ұсынатын жаңа компаниялардың пайда болуы әрекеттегі компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етумен телекоммуникациялар нарығына жағымды әсерін тигізеді, аталмыш компаниялар мұндай жағдайда ұсынылатын қызметтердің сапасын төмендете алмайды, осының барлығынан түптеп келгенде тұтынушы ұтады.