МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ—————————————————————————-3
І ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБЛЕТІН ДАМЫТУ
1.1. Музыка сабағы — өнер сабағы ———————————————8
1.2. Ұлттық музыканың тәрбиелік мәні ————————————-22
ІІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2.1 Тәрбие берудің міндеттері мен мақсаттары —————————34
2.2. Сабақтың әдіс-тәсілдер ————————————————-46
ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ ————————————53
ҚОРЫТЫНДЫ ——————————————————————60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ —————————— 61
К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кіруге заңды құбылыс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестиің мәжілісінде жасаған баяндамасында (2003) «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту иісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды ттүгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету-«Мәдени мұра» бағдарламасы ның басты мақсаты болуы тиіс»-деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі таңда өнер пәндерін оқытудың білімдік, өнерге деген тәрбиелік маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Олар «Білім туралы заң», «Қазақстан Республикасында білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айырықша көңіл бөлінген.Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті адамзат мәдениетінің сан ғасырлар өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани-мәдени байлықтарын саралай отырып меңгерту, сөйтіп, оқушы жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге кемделген, жан-жақты жетілген, қаблетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.Ауыз әдебиеті үлгілі мен халықтық өнер арқылы халқымыз өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі, шынайы ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеп келеді. Жалпы білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады.
Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан Сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында ұлт мәдениетіне көңіл бөлу, ұрпақ тәрбиесіне бағытталған халықтық педагогиканы зерделеу және оның дәстүрлерін орта мектептер мен орта және жоғары оқу орындарында пайдалануға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жазу ісінде шұғыл бетбұрыс басталды.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен байланысты қоғамымыздағы экономикалық, саяси–тәуелсіздік мәдени өзгерістер жүзеге асуда. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы қабылданып, еліміздегі барлық жалпы орта білім беретін мектептерге арналған білім мазмұны айқындалуда.
Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұра сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу арқылы әрқайсысының жеке тұлғалық саналарын жан – жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады.
Бұл аса маңызды педагогикалық мәселелер Ел басы Н.Ә.Назарабаевтың
«Қазақстан – 2030» халыққа жолдауында, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие», «Этномәдениет тәрбиесі», сияқты құжаттарда: «Білім беру жүйесінің міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Респуликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулау, қазақ халқы мен республика-ның басқа халықтарының тарихын, әдетғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілін меңгеру», — деп айырықша атап көрсетіл-ген. Бұқаралық ақпарат құралдарының жас ұрпақтың тұлғалық бейнесіне ықпал ету мүмкіндігінің артып отырған кезеңде оқушыларға рухани – мәдени тәрбие берудің зәрулігі барған сайын айқындала түсуде. Бұл мәселе Қазақстан Респубикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы Қазақстан Респуб-
ликасында Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік құжаттарда көрініс тапқан. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп Реформа-сының негізі бағыттарында: «Әсемдік сезімін дамыту, жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері жақсы пайдалансын»,- делінген. Мұнда өнер туындылары жас ұрпаққа көркемдік жайында білім берумен қатар адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру мәселесін жетілдіруде ықпалды тәрбие құралы ретінде қаралып өнерге ерекше көңіл бөлу талабы қойылған. Өнер шығармаларының идеясы жас ұрпаққа заманымыз бен замандастарымыз, олардың еңбектегі табыстары ой – арманы мінез – құлқы, адамгершілік қасиеттері туралы мәліметтер береді. Осыларды қабылдау арқылы, эстетикалық талғамы дамиды, өмір құбылыстарының мәнін ұғынып оған үңіле байыппен қарауды үйренеді, адамгершілік қасиеттері мен мінезқұл-қы қалыптасады.
Білім берудің бүкіл жүйесін қайта құру жағдайында бұл маңызды мінде-ттерді іске асыру үшін оқыту мен тәрбиенің жоғары сапасына қол жеткізетін білімнің жаңа ұлттық үлгісін жасау және дамыту көзделіп, ұлттық мәдениеттке, халықтық дәстүрге, олардың тарихы мен даму жолдарына қайта оралып, өнер мен мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Республикамыз егемендік алып жатқан жағдайда халқымыздың рухани өміріне қазақ халқының мәдени, тарихи мұралары қайта оралып жатқаны мәлім. Ол мұралардың қатарына халық музыкалық шығармашылығын толығымен жатқызуға болады. Сондықтан жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу – тәрбие ісінің мазмұны да жеткіншектің әр жақты дамуына даңғыл жол ашатын оны дүниежүзілік прогрестің жетістіктерімен қоса өз халқының ғысырлар бойы тұнып тұрған рухани мөлдір бұлағынан сусындатып, адамзат мәдениетінің биігіне жетелейтін сан – салалы әрі терең мағналы болуы шарт. Қазіргі заман білім беру жүйесінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі – ұлтық музыкалық өнерді одан әрі дамыта отырып, оқушылардың ұлттық танымы мен білім деңгейін көтеру қажет.
Егеменді еліміз, бүкіләлемдік эканомикалық мәдениет пен өнер саласында-ғы және информациялық болашағы – жас ұрпақтың, өнер арқылы, көркемдік білімі мен шығармашылық ой — өрісін, рухани мәдениетін «сұлулық заңдылық-тарын» сәйкес дамыту, ұлттық педагогика негізінде – туған халықтың тағы-лымдықдық салт – дәстүрлерін игерте отырып, ізгілікке, әдептілікке, туған ел мен жер тарихына, мәдениетіне деген өркениеттік көзқарасын тәрбиелеу, балабақшадан бастап, білім мен тәрбие беретін педагогикалық мекемелердің алдындағы кезек күттірмейтін өзекті мәселелер. Халыққа білім беру жүйесіне ұлттық мәдениетті енгізуге әлеуметтік қажеттілік туып отырғаны айқын. Сонымен бірге педагогикалық ғылым шеше қоймаған қайшылықтарда бар. Атап айтқанда: қазақ халық музыкалық шығармашылығының педагогикалық мүмкіндіктері мен оны мектеп жасына дейінгі мекемелерде пайдаланудың қазіргі деңгейі арасындағы; қазақ халық музыкалық шығармашылығын пайда-лана отырып балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие беру үрдісін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету қажеттілігі мен ондай жағдай-дың тәжірибеде жасалмай отырғандылығы арасындағы қайшылықтар. Ұлттық сананы көтермей, жетілдірмей тұрып, ұлтымыздың рухын көтеру мүмкін емес. Ол үшін жас ұрпақтың ана тіліне, туған елінің рухыни мәдениетіне, өнеріне, бүкіл данышпандығын бойына жинақтаған ұлтымыз-дың эстетикалық, этика-лық дәстүрлеріне деген ұлттық санадағы сапалы қатынасын тәрбиелеуіміз жөн. Халықтық дәстүрлі өнер, бейнелеу, би, музыка т.б. өнер түрлерін арқылы көркем – эстетикалық тәрбие жүйесін – этноэстетикалық, этнопедагогикалық тәрбие негіздерімен ұштастыра жүзеге асыру, жас ұрпақты ұлттық мәнде тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешуге зор ықпал жасайды. Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер туындылары-мен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру, мектеп оқушысының әсемдікті түйсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан, мектепте қазақтың ұлттық музыкалық өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыруда музыка жанрларының сан – алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді. Тікелей қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің әр түрлі салалары арқылы оқушыларға музыкалық–эстетикалық тәрбие беру проблемасын да бірқатар ғалымдар зерттеген. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына музыкалық – эстетикалық тәрбие беру Қышқашбаев Т.Ә, бастауыш сынып оқушыларының халық аспаптық музыкасына қызығушы-лығын қалыптастыру өз еңбектерінде қарастырған.
Сонымен бүгінгі күннің кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде баланы музыкалық өнердегі, ерекшелікті сезіне білуге баулып, оның музыка шеберлерінің шығарған әсем де сырлы ән–күйлеріне үңіліп, сол өнерге деген қызығушылығын, талғамын талғамын қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Демек, жас жеткіншектердің қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыру мәселесі арнайы зерт-теуді талап ететіні ақиқат. Сол себептен жоғарыда айтылғанның негізінде оқушыларға музыкалық тәрбие беруде бұл мәселені шешуге жағдай жасау керек екендігін дәлелдейді. Осы аталған қажеттіліктердің шешімін табу біздің зерттеу проблемамызды анықтап, диплом жұмысының тақырыбын: «Музыка сабағының тәрбиелік мәні» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Мектепте музыка сабағының тәрбиелік мәні қызығу-шылығын қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу обьектісі: Музыкалық оқу–тәрбиелік жұмыстары арқылы, оқу-шылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Музыкалық оқу–тәрбие жұмыстары арқылы, оқушылардың қазақ ұлттық музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу ғылыми болжамы: Оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу тәрбиелік жұмыстарындағы оқушылдардың музыкалық өнерге деген қызығу-шылығын қалыптастыра отырып, солар арқылы, оқушылардың патриоттық са-на сезімін, музыкалық көркемдік талғамын қалыптастыра аламыз.
Зерттеудің міндеттері: Оқушылармен жүгізілетін музыкалық оқу тәрбие жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың негіздерін анықтау:
- музыка сабағы және сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушы—лығын қалыптастырудың маңызды рөлін анықтау:
- оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу – тәрбие жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптасты-
руда музыкалық іс – шаралардың үлгі жоспарын дайындау:
Зерттеудің мазмұны мен міндеттері:
— Жалпы орта білім беретін мектептегі музыка сабағында қазақ халқының ұлттық музыкасын жан — жақты аша түсіндіре білу;
— Мектептегі музыкалық оқу тәрбие жұмыстарындағы қазақ халқының ұлттық музыкасының ғылыми — теориялық маңызын, олардың атқаратын мін-деттерін анықтау;
Зерттеудің әдіснамалық — теорилық негіздері
— Оқушылармен жүргізілетін музыкалық-эстетикалық оқу-тәрбие жұмыстар-дағы қазақтың ұлттық музыкасының ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделіп халықтық музыка сабағына пайдаланудың әдістемелік-теориялық негіздері қарастырылады;
— Музыкалы-эстетикалық оқу-тәрбие үрдісіндегі қазақтың ұлттық музыкасы арқылы музыка пәнінің мүмкіндіктері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықтала-ды;
— Оқушылармен жүргізілетін музыкалық — эстетикалық оқу-тәрбие жұмыс-тарындағы ұлттық музыканы қолдану іс-шаралары жасалады, тәрбиелік эксперимент барысында нәтижелері анықталады;
Зерттеудің базасы: Зерттеудің базасы Қапшағай қаласы, № ? орта мектебінде тәжірибелік ғылыми-практикалық есебінде өтілді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-педагогикалық, психо-логиялық, музыкалық, мектеп пәндік оқулықтарға, әдебиеттерден іздену, мектеп оқу үрдісін бақылау, әңгіме, сауалдамалар, музыкалық-тәрбиелік іс-шаралар жүргізу, эксперименттік нәтижесін бақылау.
Зерттеудің тәжірибелік мәні:
Зерттеу нәтижелерін мектептегі музыка пәнін оқытуда, мектептен, сыныптан тыс музыкалық тәрбиелік іс – шараларға, жоғарғы және орта оқу орындарында-ғы «Музыкалық білім» мамандығында дәріс алып жатқан білімгерлермен жүргізілетін жұмыстарға пайдалануға болады:
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, тұжырымдардан, эксперимент нәтижелерінен, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізі-мінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде: зерттеу жұмыстарының көкейкестілігі, мақсаты, обьек-тісі, пәні, болжамы, міндеттері, әдіснамалық-теориялық негіздері, басзасы, әдітері, ғылыми практикалық маңызы, диплом жұмысының құрылымы қамты-лады.
Бірінші тарауда: Музыкалық тәрбие жүйесіндегі өнерге деген қызығушы-лықты қалыптастыру негіздері көрсетіледі.
Екінші бөлімі: Оқушылардың қызығушылығын музыкалық өнер негізінде педагогикалық тәжірибе кезінде қалыптастыруы қарастырылады.
Қорытынды: Жұмыстың зерттеу нәтижелері негізделген тұжырымдамалар мен ұсыныстар берілді.
І «ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБЛЕТІН ДАМЫТУ»
1.1 Музыка сабағы — өнер сабағы.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғалы бері экономикалық, әлеуметтік, рухани — мәдениеттік және т.б. үлкен жаңаруларды жүзеге асыру-
да. Ел басы, Н.Ә.Назарбаев құндылықтар жүйесінің қоғам үшін маңыздылығы жайлы зиялы қауыммен кездесуде: «Қандай қиын – қыстау жағдайда да адам-дар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым – қуат жылдарды өзіміздің басты құндылықтарымызды сақтап қала білгендігі-міз біздің басты жетістігіміз болар» — деген. Әр халықтың эстетикалық дүние танымы, көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы.Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлтттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру мектепке дейінгі тәрбиеде баланың әсемдікті түйсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан, мектепте өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда халық өнері мен мәдениетінің саналуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді. Бүгінгі оқушы – ертеңгі біздің болашағымыз Қазақстанның келешегі жеткіншектерінің қолында екені бәрімізге мәлім. Олай болса, ХХІ ғасыр жас жеткіншектердің жан – жақты терең білімді, интелектуалды деңгейі жоғары болуын талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының» 8 — бабында былай делінген. «Білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығарма-шылық рухани мүмкіндіктерін дамыту; жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы ителлектісін байыту». Сондықтан да бүгінгі күні әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан – жақты дамыған, білімді азамат етіп тәрбиелеу — біздің парызымыз. Олай болса музыка саласында халқымыздың өскенініе терең үңіліп, сол өнер қазынамызды оқушыларға белгілі бір жүйелі бағатта теория-лық және іс тәжірибеде қолдана білсе, сонда біз жас жеткіншектердің рухани байлы-ғын шығармашылық бағытта тәрбиелей алуымыз мүмкін. Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қолөнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Сонымен бірге, қазақ халқы-мызды көркемдік мәдениетін, өнердегі салт — дәстүрін зерттеу мәселесі де ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім беру мазмұнын байыту мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану, білімге, шығарма-шылықпен қарау, жастардың өмірінде жасампаздық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық құралдармен жастардың бойында білім мен еңбекке дұрыс көзқарасты, дүниетанымды, адамгершілік пен шынайы эстетикалық мәдениетті қалыптас-тыруға мейлінше тиімді ықпал жасаудың жолдарын белгілеу — бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. [1]
Әл — Фараби өзінің «Музыка туралы үлкен трактатында» музыка ғылымы-ның мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка-мен поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан – жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәлелдейді. Ы.Алтынсарин қазақ музыкасын өте жоғары қастерлеген, ол әсіресе, жас буын жеткіншектерге музыкалық тәрбие беруге зор көңіл аударған. Ол бірінші рет музыкалық сауат жоқ кезде ән сабағын мекткепте міндетті пән ретінде енгізген. Ы.Алтынсаринның ұстаздық тәжірибесінде көрініс тапқан жас жеткіншектерге музыкалық тәрбие беру идеясы балалар мен жас өспірімдердің рухани өсуіне көп себептігін тигізді. Сондайақ ірі ғалым-педагог Н.К.Крупская: «Балаға музыка арқылы өзінің ойлары мен сезімдерін тереңірек түсінуіне, айқынырақ ойлап, тереңірек сезінуіне көмектесу қажет…», — деп сипаттаған болатын. В.А.Сухомлинскийдің: «Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсек, егер дыбыстардан бала адам сезімінің санқырлы реңін сезіне білсе, ол мәдениеттің ешқандай құралдармен жетуге болмайтын сатысына көтеріледі… Музыкалық тәрбие бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәр-биелеу» — деуінде үлкен шындық жатқанын көреміз. Жоғарыда аталған ғалым – педагогтардың айтып өткендерін талдай келе шыққан нәтиже–музыкалық тәрбиені жанұядан кейін мектепке дейінгі мекемелерден бастап қалыптасты-рып, бала мектепке келместен бұрын алғашқы музыкалық тәрбиені бала бақшаларынан музыка сабақтарынан алып, оларды музыка әлеміне терең бойлатып, түсініп қабылдауына, талғамдары артып, эмоциялық сезімдерін қалыптастырып, жан – жақты білімді, мәдениетті болып өсуіне зор ықпал ете-
тін музыка сабағының орны ерекше. [2]
Музыка сабағының мұғалімі – шығармашылық фантазиясы мол, арнайы бір аспапты еркін меңгере алатын, музыкалық сауатты, жан – жақты ғылым- білім-нен хабардар, ой-өрісі кең маман болғанда ғана жас жеткіншектерге жүйелі музыкалық білім бере алады. Музыкалық тәрбие мен білім беруде музыка сабағында оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану; сөздік (баяндау, түсіндіру, әңгімелеу), көрнектілік (музыкалар иллюстрациялар, диафильм, бейнефильм-дерден үзінділер) көрсету (үйретілетін әнді орындап беру, би қимылдарын көрсету, аспаптарда ойнап беру). Кейбір тапсырмалар алдында жағдаяттар туғызу, оқытудың белсенді тәсілдері іскерлік ойындар жүргізу т.б. оқытушы-ның іс–тәрбиесі мен шығармашылығынан туындайтын оқыту тәсілдері, әдістері сабақ үрдістері-не оқытудың жаңа технологиясын түрлендіре түседі. Оқытудың жаңа технологиясы оқушылармен жеке, топ болып жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін түрлендіруді талап етеді. Жалпыға білім беретін орта мектептің «Музыка» бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі заман талабымен байланыстыра жүргізу басты мәселе болуы керек.
1 — сыныпқа келген балалар мектеп өмірінің сан қилы қызығын шын мәні-сінде ұғуға, аса зор ықыласпен танып білуге келеді. Ал музыка сабағына олардың көңіл – күйлері мүлде ерекше.
1 – сынып оқушыларына жалпы мінездеме.
а) дене организмінің әлсіздігі, нәзіктігі, тез шаршағыштығы, мұғалімнің бірыңғай сөйлеуі, сабақтың шаблон түрінде өтуінен жалығу;
ә) зейіндері шашыраңқы, тапсырманы түрлендіріп қызықтырып отырғанда ғана белсенді кіріседі.
б) ойынға бейімделіп тұрады, сондықтан қандай да бір оқу материалын ойын түрінде, ойын формасында өткізілуі арқылы олардың қабылдауын, зейінін, есте сақтауын, шығармашылық бастамаларын дамытуға болады.
7,8 жастағы балалардың музыкалық қаблет деңгейі бірдей емес, кейбір балалар музыканы зейін қойып тыңдай алады, әр түрлі әндерді мәнерлеп, таза айта алады. Кейбір балалар музыкалық сауаттан хабары жоқ. Сондықан да, балалардың осы мүмкіншілік пен ерекшеліктерін ескере отырып, олардың музыкалық қабілеті бірдей болмайтынын көруге болады. Осы жастағы балалар-дың музыка денгейін мынадай деп келтіруге болады:
Біріншіден, музыка тыңдауды қабылдағанда балалардың мүмкіншілігі едәуір кең, музыкадағы негізгі жанрды – марш, би, әнді ажырата алады, сипаттамасын түсінеді. Дегенмен, олардың зейні шашыраңқы болғандықтан, тыңдауға ұсынылатын музыкалық шығарманың мағнасын, мазмұны жарқын образды болуын қатаң қадағалап, балалардың түсінігіне, қабылдауына ыңғайлы етіп алған жөн. Көрнекі құралдардың қолдану арқылы балалардың түсінігінің мол болуын қамтамассыз етуі керек.
Екіншіден, сынып оқушылары шығармашылық бастамаларымен әр сабақта қатысады, сондықтан олардың зор ынтасын әрі жалғастыру, дамыту әр сабақта қарастырылып тұруы керек. Оқытушы музыка сабағындағы балалардың музыкалық іс әрекетін, сабақтың әрбір элементін негізгі тақырыпқа сай етіп құрап, жұптастыра білу шеберлігі сабақтың үлкен нәтиже әкелуіне себеп болады.
1-сыныптағы балаларға сабақ барысындағы оқытушының басты мақсаты:
- Оқушылардың музыкаға әсерленуі, қызығуы, сезімге берілуіне жол ашу. Сонымен қатар, орындаушылыққа баулу, музыкалық шығарманы тың-дауға дағдыландыру.
- Музыкалық шығарманың алуан түрлі болатынын білу. Мысалы әннің көңілді, мұңды болатынын, би музыкасының жылдам қарқында, өте баяу да болатынын білу, ажырату, марш орындалғанда адымдап салтанатты шеруге шығатындықтарын сезіну.
- Музыкалық шығармалардың авторлары жайлы қарапайым түсінік беру, автордың ойын, шығарманың сипатын, әуендегі төмен, жоғары бағытты, ырғақтың әлсіз — күшті үлестерін ажырату, соған сай қимылдар жасату. Музыка тыңдауда вокалдық, аспаптық шығармаларды ажырата білуге үйрету.
- Музыкалық шығармаға өзінің ойын айтып бере алу, музыкалық қаблетін дамытуда үздіксіз жүргізілетін жұмыстар арқылы шығарманың орындаушы-лық, көркемдік, бейнелеуші сәттеріне қарапайым түсінік беру.
- Ән салу іс-әрекетіне еркін дауыспен тыныс алуды көрсетілген уақытта, сөздерін анық айтуға, әнді көпшілікпен бірге бастап, бірге аяқтауға, ән ырға-ғын бұзбай айтуға үйрету.
- Музыкалық аспаптардың негізгі түрлерінің аттарын білуге, дыбсталу тәсілдерін атай білу, (домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка, баян) т.б.
- Музыкалық ойын, ертегілерде кейіпкерлердің образына ену. Қоян болып жеңіл секіреді, түлкі образында ерекше сақтықпен, қулықпен бұлаң қағу, аюдың қорбаңдаған жүрісін музыкаға сай келтіруге талпыну. Балалар билері-
нің негізгі қимылдарын келістіре алу, би қимылдарының музыкамен сай болуын қамтамассыз ету. Адам данышпандығымен жасаған бай мұраның ұйтқысы — ұстаз. Жаңашыл педагог Амонашвили «Мұғалімнің жылы ықыласын, жүрегінен шыққан сөзін ешқандай техника, компьютер алмастыра алмайды» деген. Сазды музыка ойналып тұр. Ұстаз домбыра ұстап, Абайдың өлеңінен үзінді оқиды.
Туғанда дүние есігін ашады өлең…
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
Дүниедегі қызықтың бәрі өлеңмен…
Ойлансаңшы бос қақпай елең–селең.
Жер бетіндегі тіршілік еткен барлық адамдардың жүрегін ортақтандыра-тын, әсемдік әлеміне жетелейтін бір күш бар. Ол құдіретті күш – музыкалық дыбыстар. Дүниенің жеті кереметі де осы.
- До —домбыра, дала, дархан дүние. Дархан даламыздың, дана абыздары өз армандарын домбыра — шежіреде ұрпақтарына мол мұра етіп қалдырған.
- Ре-руханият, рахым, рахат. Күлтегін ескерткіші, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі, Отырардағы ең үлкен кітапхана халқымыздың рухани өмірінің тереңдігін көрсетіп тұр.
- Ми-мирас, мекен, мұрат, мерзім. Халқымыз жерді анасындай қастерлеп баласындай аялаған. Құрсағында құты бар «Жер – Анадай » тіршілік етеміз.
- Фа-Әл–Фараби адамгершілік гуманистік тәрбиенің негізін салушы, ғылымның барлық саласында еңбек еткен ғұлама. Жеті дыбыстың үндесу заңдылықтарын жазып қалдырған. Ұрпақ тәрбиесі туралы «Адам баласына алдымен тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамның өзіне апат алып келеді» деген.
- Соль — сан, сапа, саты, сана, салт, салауат, саңлақ. Өмір өлшеуші уақыт бір орында тұрмайды. Әр дәуірдің өз міндеттері бар. Салауатты өмір салтын ұстанып, алдыңа биік мақсат қой! Халқымды 2030 бағдарламасынан ұстан-ған салтынан таны!
- Ля — ләззат, үйлесім, жарасым. Сұлулық сезімдерін бағдарлау, сұлулық сырларын түсіну, сыршыл болуға үйрену.
- Си — сабақтастық, салтанат, сарбаз. Асанқайғы аңсаған жерұйығы– тәуел-сіздік салтанатын қуған қазақ елінің төрінде ғасыр саңылақтары.
Қандай ғылым болмасын оның теориялық негізі болады. Ал музыканың теориялық негізіне келетін болсақ, бұл бірнеше саладан қалыптасқан теориялық негізі бар өнер ғылымы. Музыканың «Сольфеджио» «Музыка шығармашылығын талдау» және «музыканың элементарлық теориясы» яғни әліппесі құрайды. Бұлар өзара күрделі жеке дара пәндер. [3]
Жалпы алғанда музыка сабағының басқа пәндерден айырмашылығы — бұл сабақтың өнер сабағы болғандықтан. Бұл сабақта баланың сезімі мен ақыл ойы. Музыка сабағы барлық өнерлерді: әншілік, би өнерін, күй өнерін т.б. өнерлерді қамтиды. Бұл сабақ коллективтік сабақ. Қазақ халқының музыкасы ауыз екі поэзиялық творчествосымен тығыз байланысты: Ән — жырлар, дастан-дар, музыкалық аспаптар сүйемелдеуімен орындалады. Аспаптардың барлық түрі алып жүруге ыңғайлы, құрылысы қарапайым. Қазақ халқына жеке дауыспен немесе қосылып ән — терме айту, домбыра аспабында күй ойнау тән. Қазақ халқының ауыз -екі поэзиялық шығармашылығы музыкасыз болма-ған, ал музыка сөзсіз және қимыл әрекетсіз болмаған. Халық сан ғасырлар бойы жеткіншек жас ұрпақтарға эстетикалық тәрбие берудің нақты формаларын, әдіс-тәсілдерімен құралдарын қалыптастырып отырған. Бұл эстетикалық тәр-бие балаларға қайырымдылық, ілтипат қатынасын жасау, балалардың адамгер-шілікке деген сезіміне ояту, моралдық жағынан өзіне деген сенімін нығайту, жауаптыда қызықты істерге тартады. Балаларды шебер сөйлеуге тәрбиелеу, музыкалық аспаптарда ойнау, ән-күй сайысына қатыса білуге үйрету, музыка-лық және эстетикалық тәрбиенің негізгі бөлігі деуге болады.
Мысалы: айтыс, той жырлары, жар — жар, сыңсу, қоштасу, жоқтау, көңіл айту т.б. табан астында суырып айта білу қаблетін қажет етеді. Дәстүрлі айтыстар «тойбастар», «бет ашар», ойын — сауық, той–думандардағы қыз жігіт-
тердің ән-күй айтысы, батырлар жыры, лирикалық тұрмыстық дастандар, тұрмыс — салт жырлары, аңыз ертегіліері тағы басқа халықтың осынау бір баға жетпес мұралары. [4]
Балаларға музыкалы эстетикалық тәрбие беру үшін, таптырмайтын аса бір ізденіс. Музыкалы эстетикалық тәрбие баланың музыкалық мәдениетін, музыкаға деген ынта қаблетін, нысанасын және жүйесін дамыту, баланың бойындағы музыкаға деген тербелісін дамыту, жалпы өнерді сүйе білу. Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізі, баланың музыкалық мәдениетімен жан дүниесін өсірудің негізі болып келеді. Музыкалық мәдениетке не жатады?
а) Адамның адамгершілік сезімі, жан — жағындағы дүниеге көз қарасы, эстетикалық сезімі, музыканы қабылдай білуі.
б) Баланың музыкалық әрекеттеріндегі шығармашылық үлеске жеткізетін-дігі.
в) Музыкалық өнерді үйренуде, соның ішінде аспаптық орындаушылық өнерін игеру.
Қазіргі кезде мектепте музыка сабағының өтілімі тематикалық тақырып-пен ерекшелінеді. Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі бір мақсаты, балалардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Адамзат баласының өнерге деген жан дүниесін байыту. Техникалық прогрестің арқасында музыка тыңдаудың мүм-
кіндігін арттыру. Баланы музыканы қабылдау тек музыканы тыңдау кезінде қалыптаспайды, ол одан бастап музыкалық әрекеттерде: ән айту, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау, музыкалық сауаттылықты ашу, музыкалық ритмикалық қимылдарды жасау, музыкалық ойындар ойнау таға басқа жұмыс үстінде балалардың шығармашылығын дамыту. Музыканың балаға әсер етуі де жоғары тұрады. Сондықтан баланың психологиясына да физиологиясына да әсер етеді. Музыкалық сабақ эмоцианалды әсер ете отырып музыкаға деген қызығушылықты да арттырады. Музыка сабағының көркемділігі мен техника-лық жағы бірдей болуы керек. Мектепте музыка сабағы колективтік сабақ. Мысалы: ән, хор айту кезінде бүкіл сынып бір аспапта ойнағандай бірге орындалуы керек, немесе оркестр үйірмесі де осындай болуы керек.
Музыка сабағының мұндай ерекшеліктері, музыкалық әрекеттердің түрле-
ріне байланысты. Музыкалық әрекеттердің түрлеріне мыналар жатады:
- Ән, хор айту, оркестр үйірмесі немесе домбыра үйірме тәрбиесі және оның әдістемелері.
- Элементарлық сауат жұмысы немесе музыкалық сауат.
- Музыканы тыңдай білу, музыка әдебиетіндегі сазгерлердің шығармала-рымен таныса білу.
- Музыкалық ырғақ қимылдарын жасау әдістемесі.
- Балалардың музыкалық аспаптарында ойнай білу әдістемесі. Осы әдісте-
Мелік әрекеттердің өзіне тән тәрбиелік мәні зор. Әсіресе музыкалық әдістеме-
лік әрекеттің ішіндегі негізгі орын алатыны ән, хор айту және домбыра үйірме жұмысы. [5]
Балалар ән хор айту немесе домбыра үйірме кезінде осы аталып өткен музыка сабағының барлық әрекеттерін шолып шығады, яғни бұл әрекеттер бір – бірімен байланысты. Сондықтан музыка сабағының жоспары да бір-бірімен байланыстыра жүргізіліп отыруы тиіс. Ән — күй өнер сабағының жоспарында әуен, ән айту және де үйрену кезінде жеке ән айту мен бірігіп айту дағдылары меңгеріледі. Бағдарлама бойынша енгізілген тақырып, балалардың музыкалық қабылдау ерекшеліктеріне байланысты, жеңіл тақырыптан біртіндеп күрделі тақырыпқа ауысып отыруы тиіс. Күйдің негізгі әуендерін тыңдап, үйрене отырып оған жаңылтпаш, мақал мәтелдер, тақпақтар сөздерін қоюдың тәрбие-лік мәні зор. Әуен сазын сөздерін қосып айту, әуен мен сөздің байланысын қалыптастырады, жеке буындарын, дауыстарын, дауыссыз дыбыстарды анық – анық айтуға, сөйлеу дикциясының қалыптасуына, тыныс алу дағдыларының жетілдіруіне көмектеседі. Ән мен күй әуендерін үйретуде балалардың музыка-лық аспаптарда сүйемелдеуге үйретудің мәні зор. Өйткені бұл кезде балалар-дың аспапатармен қосылып ән — айта білуі, ырғағын сезінуі, ұзақ есте сақталуы арта түседі. Бұған қоса артикуляция мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеруі, әннің негізгі мазмұнын білдіретін сөздерді анық айтуға үйрету қажет. Оқытушы балалардың психологиялық және физиялогиялық ерекшіліктерін, музыкалық қабылдау мүмкіндігін жете білгені дұрыс. Сонымен қатар, үйретілген әннің ырғағын айыра білу үшін, түрлі ұрмалы аспаптарды пайдалануға болады.
Мазмұнын жете түсіндіру, есту қабілетін дамытады. Сабақта айтылатын әндерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, дауыс диапазондарын қоюға болады. Бұл оқытушының шеберлігіне, біліміне, ізденісіне байланысты. Музыка сабақтарынан бірнеше мысалдарға үңіліп көрелік.
Мысалы: «Санамақ». Бұл халықтық балаларға арналған ойын өлеңдерінің бірі. Мазмұнын қысқаша түсіндіру, көңілді, ойнақы сипатына көңіл бөлу, әнде-
рі орындау барысында балалар өздерінің саусақтарын санау арқылы көркемдік мәнін бейнелейді. Немесе М.Ыбыраев «Он саусақ» әнінен үйреткенде. Бұл әннің ерекше ырғақтық суретіне ерекше көңіл бөлінеді.
Оқытушының көрсетуі бойынша соқпалы аспаптардың (Сылдырмақ, Аса таяқ т.б.) аспаптардың көмегімен немесе алақан соғу арқылы орындау. Ол үшін балалар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ он алтылық, екінші топ сегіздік, үшінші топ ширектік, осы топтар ұзақтықтардлы соғып жаттығады және әр топқа берілген тапсырма ауыстырылып отырады. Ән салғанда олардың сөздерін анық айтуына назар аударылады. Дегенмен оқытушының міндеті музыкалық шығармалардың мазмұнын балаларға эстетикалық тұрғыда беру. Сабақ қызық-ты тартымды өтуі үшін оқытушы берілген шығарманы оқушыға әндетіп айтқы-
зып жұмбақ, жаңылтпаш мақал-мәтелдерге келтіріп айтқызып, оларды салыстыра отырып, музыканы оқушының жүрегіне жеткізе білу керек. Мыса-лы: домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, дауылпаз т.б. аспаптарды оқытушы балаларға көрсетіп, таныстырып ойнап көрсете білу керек. Сонымен қатар өткен сабақтағы музыкалық шығармаларды қайталап пысықтағанда, балалар-дың тапсырманы меңгеру деңгейі, есте сақтау дағдысы, белсенділігі, шапшаң-дылығы байқалады. Оқушыларды тез қағып ойнауға, ойынды жүйелі түрде дәл жеткізе білуге үйретіп жаттықтыру керек. Музыка сабағындағы мұндай іс әрекеттер, музыканы тыңдай білу, музыкалық жанрларды ажырата білуге қалыптастыру. [6]
Міне, осындай бағдарламаларды орындау процесінде музыкамен берілетін сезімдер, көңіл — күйлер, алуан түрлі болып оларда өмір құбылыстарына әсерін тигізеді. Сонымен қатар оқушылардың бойына музыкалық сана дамиды. Музыка өнері арқылы мектеп оқушысының рухани дүниетанымы қалыптаса-тыны, жоғары дәрежедегі музыка үлгілері баланың қайырымдылық сезімін тудыратыны, эстетикалық эмоциясының дұрыс қалыптасып дамуы музыкамен тәрбиелеудегі анық бағыт-бағдар болатындығы, ол тәрбиенің музыка сабағында іске асырылуы, педагогикалық кешенді жүйелі үрдіс болып табылады. Музыка арқылы оқушының оны сүюге, түсінуге, әрқашан музыкамен қарым қатынаста болу шін мына педагогикалық қағидаларды сақтау қажеттілік болып табылады:
-Пән сабағында, сыныптан тыс мектептік тәрбиелік іс-шараларда оқушы-ның үнемі музыкамен байланысын үздіксіз қалыптастыру;
-Оқушының музыкаға деген эмоцианалдық ықыласының дамуына кеңінен бағыт-бағдар беру;
-Музыка өнерінің интонациялық табиғатын түсіне білуге, оның мәнін ұға білуге тәрбиелеу;
-Мақсатты түрде халық және классикалық музыка үлгілері арқылы оқушы-ның музыкалық тыңдау қорының дұрыс қалыптасуына шығармашылық көзқа-
растың пайда болуына ықпал жасау;
-Оқушыларды қазіргі заман жаңа музыкасының әртүрлі бағытта дамыған озық үлгілерімен таныстырып отыру;
-Сабақ кезеңінде үйренген білімдері мен дағдыларын, музыкалық іс-әрекеттерде байланыстырып кеңінен көрсете білу машығын қалыптастыру;
-Әртүрлі музыкалық іс-әрекеттерде жинаған көркемдік шығармашылық білімнің қалыптасуына мүмкіндік жасау;
-Әр өткізілетін музыка сабағында оқушының шығармашылық көңіл күйін музыка өнерінің мәнін және мазмұнын түсініп қабылдауда өзінің ерекше орнын сезіне білуге тәрбиелеу;
-Музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізуде, жеке тұлғаның күнделікті өмірінің маңызды бөлігі музыка өнері екендігін ұғындыру;
Музыка пәнінің негізгі мақсаты, мектеп жасындағы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Оларға:
- Жалпы музыкалық тәжірибе, оқушының музыка өнері туралы жалпы түсінігі;
- Жалпы музыкалық сауаттылық, музыка өнері туралы теориялық мағлұмат түсініктер;
- Оқушылардың музыкалық шығармашылығы, яғни оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына музыканың ықпалы жатады;
Музыка сабағының мектепте жүргізілетін басқа пәндік сабақтарға тән ортақ ұқсатықтары және өнер саласына тән ерекшеліктері бар.
Олар:
-Мектептегі барлық пән сабақтары сияқты музыка сабағы, педагогикалық психолгиялық заңдылықтарға сүйене отырып жоспарланады, яғни оқушылар-
дың жас ерекшеліктері, қабылдау мүмкіндіктері, ой-санасы т.б. ескеріледі;
-Жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп құрылады, «оқыта отырып тәрбиелеу принциптері», мұғалім оқушыларға білім бере отырып, алған білім-дері арқылы тәрбие жұмысын атқарады;
Мектептегі музыкалық тәрбиеде оқытудың жалпы принциптері басшы-лыққа алынады. Мұны оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы қағидалар деп түсінуіміз қажет. Оқыту-тәрбие мен дамудың бірлігі болып табылады. Жалпы педагогика оқытуда-даму мен тәрбиені бір-бірімен бөлмей бірге қарастырады. Оқытудың принциптері, мазмұны, әдістері, үйыидастыру тәсілдері балаға тәрбие беруді көздейді. Білм мен білік дағдыларын меңгерту үстінде тәрбие беру міндетін іске асыру мұғалімнің біліміне, шеберлігіне, тәжірибесіне, сабақтың дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Оқушыға әр сабақтың үстінде белгілі бір білім көлемі меңгертіліп, сол арқылы оқушы бойында жаңа музыкалық дағды қалыптасып, бұрынғы алған дағдылары дамытылып бекітіледі, олардың қоршаған орта, өмір құбылыстары жөніндегі түсінігі тереңдейді, яғни бұл музыка сабағындағы тәрбие мен оқытудың тығыз байланысының айғағы. Оқытушы сабақта болсын, сыныптан тыс жерде болсын, тәрбиенің дұрыс жолын тапқанда ғана оқу нәтижелі болады. Музыка сабағын жүргізуде қолданылатын принциптерге тоқталамыз. Музыканы оқытудың тиімділік принципі. Музыка сабағында тек бір ғана принциппен исабақ өткізу мүмкін емес. Сабақ үрдісінде жоспарланып, белгіленген принциптерді басқа принциптермен ауыстыра пайдалануға тура келеді. Оқушыларға тек дайын білімді, мағлұматтарды беру ғана емес, сабақта проблемалар тудыру арқылы өтілетін материалдарды өз бетінше меңгерту мақсаты қойылуы тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыруға жол ашатын басты принциптердің бірі–музыканы оқытудың тиімділік (оптимальдық) принципі. Оптимазиция – латын сөзі – optimus – наилучший-ең тиімді деген ұғымды білдіреді. Бұл оқытудың бірнеше принципне сүйене отырып, бірнеше әдісті қатар пайдаланып, ең ұтымды, қойылып отырған мақсатты тиімді шеше алатын ең оңтайлы жолын таңдап ала білуді білдіреді. Бұл принцип азғана уақытта көп нәрсені меңгеруді көздейді. Тиімді оқыту-оқыту үрдісін жоғары сапалы, ең озық әдістер арқылы жүргізу болып табылады. Музыка сабағына тиімділік принципін қолдану төмендегі сатылардан тұрады.
-Жиынтықты (комплексті) нақтылық (музыканы талдап, тыңдамастан бұрын, өтілетін тақырыпқа байланысты мақсат қою);
-Генеризация (музыканың кейбір көркемдік құралдарын жеке-жеке бөліп алып, соған назар аударып бақылау);
-Пәнаралық байланыс (музыкада бақылағанын, басқа мәселеге бағыттау);
-Оқытудағы дифференция (жіктеу) және индивидуализация (музыканы тыңдап, талдау барысында қаблеті төмен, музыкалық сөздік қоры шектеулі немесе ән әуенін бұзып айтатын оқушымен жасалатын жұмыстар);
-Басқару дұрыс оқушының өзін-өзі басқару арасындағы тиімді бірлік (оқушылардың жауабын мұғалімнің іскерлікпен дұрыс бағыттап отыруы); [7]
-Жағдайды шұғыл реттеу және өңдеу (белгілі бір мәселені қорытындылау музыка сабағының әр бөлігінде болып отырады. Ал сабақтың соңында-жалпы қорытындылау, материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде меңгергеніне көз жеткізе отырып бағалаймыз); Сонымен сабақты жаңаша құруды, педагоги-каның, музыканы оқытудың әдістерімен принциптерін барынша терең меңгеру көзделеді.
Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі формасы — музыка сабағының басқа сабақтардан ерекшелігі іс-әрекеттің әр түрлі және мол болуы. Музыка тәрбие-
леу барысында балалардан ақыл-ой белсенділігі талап етіледі, музыкалық әсер арқылы оқушы әр түрлі сезімге беріледі, көңіл күйі өзгереді. Ән салу арқылы ән мазмұнын өз басынан кешіргендей әсерленеді, ғажайып қиял елесі туындайды. Музыканың шығу тарихының қызықты баяндалуы арқылы білімі тереңдейді, толысады. Сезімге әсер еткен сабақ балалардың қызығушылығын оятып талпынуға жетелейді. Музыка сабағында интеграция принсиптері орындалады, пәнаралық байланыс сәтті қиюласып тұрады. Оқу пәні ретінде музыка сабағы мынадай талаптарға сай болуы қажет.
— тәрбиелік, білімдік, дамытушылық міндеттерді шешуге бағытталады.
— сабақта ұжымдық, топтық, жеке оқыту формалары қарастырылады;
— мазмұны бағдарлама сәйкес, сонымен қатар оқытушының шығармашы-лығына негізделген өнер сабағы болғандықтан, балалардың музыкалық қаблетін дамытуды негізге алады;
— әр сабақта оқытушылардың музыкалық іс-әрекетке үйренуін жетілдіру, музыкалық шығармашылық бастамаларын дамыту;
— оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық жағынан бақылау, есепке алу.
Музыка сабағы барлық элементтердің біртұтас бірлігінен тұрады. Сабақ біртұтастығының болуы оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Сабақтың барлық элементтерінің музыкалық негізгі роль атқаруы, балалардың музыка қабылдауына барлық музыкалық іс-әрекеттің жұптасып кетуі, балалар-дың үлкен қызығушылығы мен шығармашылық бастамаларының оянуы сабақ-тың бірлігін қамтамасыз етеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасының тақырыптарына байланысты. Музыкалық тәрбие беру педагогикасында сабақ-
тың көптеген типтері бар. Әр сабақтың тақырыбына қарай негізгі мақсаты болады, соның айналасында басқа элементтер топтасады. Музыка сабағының типтері: дәстүрлі сабақтар, дәстүрден тыс сабақтар, концерт сабағы, қорытын-ды сабақ, жарыс сабағы, сайыс сабағы, театр сабағы т.б. Музыка сабағының тақырыбы бойынша сабақ мазмұны және оның құрылымы өзгеріп отырады. Тақырыпқа енгізу, тақырыпты кеңейту, тереңдету, қорытындылау, тиянақтау, жинақтау мақсатында өтетін сабақтар түрленіп отырады. Музыкалық сабақтың құрылымы оқушылардың қабылдауына, қызығу, көңіл күйін көтеру, орындау-шылық талпыныстарының шығармашылыққа ұласуын қамтамасыз ететіндей шеберлікпен жұптасуын ойластыру қажет. Музыка кабинетінің жабықталуы оқушылардың шығармашылық ізденіске талпынатындай мүмкіншілік жасауға даяр болуы қажет. Ол үшін музыка кабинетінде музыкалық аспаптар, эстетика-лық талапқа сай дайындалған көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құрал-дары, нота жазылған кестелер, сазгерлердің портреттері, әдістемелік әдебиет-тер, әндер жинақтары топтастырылып, үнемі толықтырылып, жаңартылып тұруы қажет.
Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне қызығушылықпен қарауына, рухани-мәдени деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сол себепті, әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа баулу қоғамдық қажеттілік болып табылады. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормала-рын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка-
лық тәрбие оқушыларды өнер құндылығын жасауға қатыстыра отырып, олар-дың бойында эстетикалық, адамгершілік қасиеттерді, мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қаблетті дамытады.
Музыка пәнінің оқытушысы болғысы келген маман музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесін толық меңгеруі тиіс. Музыка пәні оқытушысы тұлға ретіндегі кәсіптік сапалары қалыптасқан, өз пәнінің шебері болуы тиіс.
— Музыка пәнін оқытушы маман кәсіптік қызметінің ерекшелігін, мағынасын терең білуі шарт.
— Музыкалық тәрбие алушы балаға жеке, қалыптасқан тұлға ретінде қарауы керек.
— Музыкалық білім беру саласын зерттеген ғалым-педагогтердің еңбегімен, музыкалық өнердің шебер орындаушылар шығармашылығымен таныс болуы керек, музыка пәні оқытушыларының іс-тәжірибесімен таныс болуы қажет. Музыкалық білім беру музыкалық іс-әрекеттерге үйрететін, жүйелі берілген білімді, іскерлік дағдыны меңгеру процесі және нәтижесі.
Музыкалық тәрбие беру музыкалық мәдениетті мақсатты және жүйелі түрде дамыту, оқушылардың музыкалық қаблетін дамыту, музыканы түсінуге, көңіл күйлерін қабылдауға тәрбиелеу. Жалпыға бірдей білім беретін мектептердегі музыкалық тәрбие беру ән салу, музыка тыңдау, музыкалық сауат, музыкалық аспаптарда ойнау арқылы іске асырылады. Әлемге көзқарасын, көркем ойлауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағыттайды. Жеке тұлғаның жан дүниесінің қалыптасуына, өзін өмірге бейімденуіне музыка мәдениетінің мол әсері бар. Музыкалық қызыметтің ұжымдық түрлері (хормен, ансамбльмен ән салу, аспаптарда ойнау) балалардың бір-бірімен дос болуына, бір-бірімен жақын болуына, басқаларға түсінушілікпен қарауына жағдай жасайды, ортақ іске жұмылдырады, әсемдік әлеміне жаталейді. Музыкалық білім беру, тәрбие-леу, дамыту балалардың эстетикалық көзқарасын қалыптастырады, көркемдікке деген қажеттілік туындайды, қоршаған ортаның жарасымдылығын сезінуге жол ашады. Д.Д.Шостакович: «Музыкалық шығарма арқылы бір адамның жан дүниесіндегі болған жағдайды миллиондаған адам ұға алады»,-деген. Сондықтан музыка пәнін оқытушы өзінің тәрбиеленушілерін отандық, әлемдік музыканың озық үлгілерімен таныстырып, содан ләззат ала білуге, әдемілікті сезіне білуге алғашқы сабақтан-ақ үйреткені абзал. Музыка өнері адамның өмірлік тәжірибесін байытып, өзіне, адамдарға деген көзқарасын да дамытады. Француз музыкант-педагогі Ж.Снидерс: «Мен мектепте балалар музыкадан өздеріне қуаныш табады деген үміт пен сенімде өмір сүріп келемін. Музыка сұлулықтың бір бөлігі болу үшін шығарылады. Ал сұлулық қуаныш сылау үшін өте қажет. Қуаныштан барып балаларда шығармашылық шабыты оянады, ізденімпаздық пен үлкен талғам қалыптасады»,-деген.
Балалардың музыкалық тәрбиесінің жеткілікті түрде дамуы үшін жағымды әсерде болып, жан-жақты, жарасымды өсуіне, музыканы түсіне білуіне, музыкант болуына педагогикалық жағдай жасалу керек. Оқытушы мамандығы бойынша оқытады, тәрбиелейді, оқушылардың көзқарасын қалыптастырады. Сабақтағы оқытушы азаматтың жауапкершілік тұрғыда музыкалық репертуарға үлкен талғаммен келуі керек. Адами сапа-ларды қалыптастыратын, отандық, патриоттық тәрбиеге баулитын шығарма-ларды таңдау қажет.
Музыкалық тәрбие беру мен білім беруді қалыптастыру-мектеп оқушыла-рының мәдени-рухани өмірін байытудың бірден-бір жолы. Музыкалық білім берудің, оның ішінде музыкаға оқытудың белгілі бір тәртібі бар, ол мынадай компоненттерден тұрады: мақсаттары, міндеттері, принциптері, мазмұны, әдістемесі, түрлері.
Музыкалық берудің жалпы мақсаты музыкалық мәдениетті дамыту, оқушы-лардың жалпы рухани мәдениетін дамыту, қалыптастыру болып саналады. Ал «оқушылардың музыкалық мәдениеті» деген түсінік-ауқымы кең ұғым. Осы ұғымның мазмұнына бірінші кезекте «өмірден туындаған, өмірмен тығыз байланысты образдық өнер, музыканы түсіну қаблетін» жатқызады. Д.Б.Каба-
левский бұл туралы: «Сезімдер тілі-музыканы көңілмен қабылдау, ондағы жақсы мен жаманды ажырата білу, музыканың сипатын сезіну, орындалу ерекшелігін салыстыра білу қаблеті»,-деген. Музыкалық мәдениеттің негізіне музыкалық сауат жатады, онсыз музыка мәдениетінің қалыптасуы мүмкін емес. Сонымен бірге балалардың орындаушылық, шығармашылық бастамалары да осы музыка мәдениеті ұғымына кіреді. Музыканы тану процесіне Д.Б.Кабалевс-
кий үш жанрды — ән, би, маршты алып қарастырады.
Музыкалық тәрбие берудің мақсаттары төмендегідей.
— Музыкаға көркем-эстетикалық көзқарас, қызығушылықты дамыту, тәрбие-
леу;
— Музыкалық қаблетін дамыту;
— Іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
— Дүниежүзілік музыка мұрасы-«алтын қор» музыкалық шығармалардың әр түрлі формаларын туындауына таныстыру;
— Балалардың музыкалық талғамын тәрбиелеу, музыка тыңдау процесінде шығармашылық бастамаларының туындауына бағыт беру;
— Музыкалық өнерге қызықтыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
— Оқушылардың адамгершілік-эстетикалық дамуын қалыптастыру, музыка-лық қаблетін ояту;
— Мектеп оқушыларының музыкалық қаблеттерін ояту арқылы музыкалық әрекеттерге, музыка тыңдауға, ән салуға, аспаптарда ойнауға, ырғақтық қимыл-дар жасауға үйрету;
— Сабақта сабақтан тыс музыка өнерін бойға сіңіруге талпыну;
— Музыка өнерінің әсері арқылы балалардың шығармашылық іс-әрекетте-рінің туындауына жол ашу, бастамашыл болуға баулу;
— Музыкалық тәрбие әдістемесі педагогика ғылымы негізінен педогогиканың жалпы заңдылықтарына бағынады, дидактикалық принциптерге сүйенеді:
Оқытудың тәрбиелік принципі:
а) оқу материалының ғылымилығы және қабылдауға оңтайлылығы;
ә) көрнекілік принципі;
б) білім, дағды, іскерлік беріктігі;
в) оқушылардың музыкалық іс-әрекетінің белсенділігі;
г) музыкалық тәрбиенің өмірмен байланысы;
д) оқушылардың қызығушылығы; мектептегі музыка пәнін оқыту әдістеме-сі оқу ерекшелігіне қарай өз принциптерін ұсынады;
е) музыкалық шығармаларды қабылдаудағы көңіл күй мен саналы принцип-
тілігі. Музыканы қабылдауды дамыту әр түрлі көңіл күйдің, әсерлердің молай-
ғандығын талап етеді. Әр шығарманың мазмұны, орындалу ерекшелігі, көңіл күйге берер әсері оқушылардың жан дүниесін байытады, ойын, сезімін қиял жетегіне ілестіреді. Оқушылардың қабылдау, бағалау қаблеттерін дамытады, қызығушылығы мен талғамын тәрбиелейді.
ж) көркемдік және техникалық принциптің бірлігі музыкалық шығарманың мәнерлі, көркем орындалуы үшін іскерлік пен дағдының сай болуын талап етеді;
з) музыкалық білім беру ісінде музыка мен өмірдің тығыз байланысы, оқу материалдарының мазмұнын ашу, музыкалық репертуарлардың жинақталуы, өрбіту әдістері;
к) музыкалық іс-әрекеттегі оқу материалдарының түрлерін, ерекшеліктерін, ұқсастықтарын табу.
Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері мақсаттарымен тамырлас музыкалық тәрбиелеу, оқыту, дамытуға бағытталады:
— Музыка өнерін ұнату, шығармашылық, эстетикалық көзқарас, музыканы сезіну қаблеттерін, сезімдерін дамыту.
— Оқушыларды халықтық, классикалық және қазіргі заман музыкасымен, музыка өнерінің бай жанрларымен, түрлерімен таныстыру;
— Оқушыларды рухани жан дүниесімен, өмірімен байланысты музыкалық білімдерін меңгеру барысында педагогикалық жағынан басшылық жасау;
— Оқушылардың музыка тыңдау әрекетін, орындаушылық, шығармашылық қаблеттерін дамыту;
— Жоғары көркем музыканы қабылдауын дамыту;
— Оқушылардың музыкалық білімін жетілдіруіне мақсатты түрде бағыт беру;
— Музыкамен шұғылданған баланың өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесу.
Музыка сабағы — оқытушының шығармашылығына негізделген өнер сабағы. Өнер сабағы болғандықтан да оқытушының әрі өнерлі, әрі шебер ұйымдастыру-шы, бар жақсылықтың, әсемдіктің ұйытқысы болғаны абзал. Педагогикалық-психологиялық заңдылықтар негізіне сай етіп, оқушылардың қабылдауына жас ерекшелігіне қарай білім мен тәрбиенің біртұтастығының іске асырылуын оқытушы қамтамасыз етуі қажет. Музыкалық тәрбие мен білім беруде музыка сабағында оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану: сөздік (баяндау, түсіндіру, әңгімелеу), көрнекілік (музы-калар, иллюстрациялар, диафильм, бейнефильм-
дерден үзінділер), көрсету (үйретілетін әнді орындап беру, би қимылдарын көрсету, аспаптарда ойнап беру). Кейбір тапсырмалар алдында жағдаяттар туғызу, оқытудың белсенді тәсілдері ретінде іскерлік ойындар жүргізу, т.б. оқытушының іс-тәрбиесі мен шығармашылығынан туындайтын оқыту тәсілде-
рі, әдістері сабақ үрдістеріне оқытудың жаңа технологиясын түрлендіре түседі. Оқытудың жаңа технологиясы оқушылар мен жеке, топ болып жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін түрлендіруді талап етеді.
Жалпыға білім беретін орта мектептердің «Музыка» бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі заман талабымен байланысты-
ра жүргізу басты назарда болуы қажет. Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қол өнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптас-
тыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Сонымен бірге, қазақ халқымыздың көркемдік-рухани мәдениетін, өнердегі салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім беру мазмұнын байыту мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану, білімге, шығармашылықпен қарау, жастардың өмірінде жасампаздық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық құралдары-мен жастардың бойында білім мен еңбекке дұрыс көзқарасты, дүниетанымды, адамгершілік пен шынайы қазақтың ұлттық тәрбиелік мәнін қалыптастыруға мейлінше тиімді ықпал жасаудың жолдарын белгілеу бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәні — өмірдегі, табиғат пен өнердің әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге қаблетті адамды пәрменді түрде қалыптастырудың нысаналы жүйесі. Қоғам дамуының әрбір кезеңінде эстетика мен көркемөнер, әсемдік пен тоғышарлық, трагедия-
лық пен комедиялық туралы өз ұғым-түсініктері қалыптасып, олар жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалғандық, әділдік пен әділетсіздік туралы ұғымдар-мен біте қайнасып отырғаны мәлім. Сондықтан да біз Қазақстан Республикасы халықтарының, оның ішінде қазақ халқының мәдениетінің, халықтық-музыка-лық шығармашылығының қалыптасу және даму тарихына азды-көпті тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәнінің аса маңызды құралы өнер болып табылады. Өнердің тәрбиедегі ролі оның мәнімен, оның өзіндік атқаратын қызыметімен анықталады. Себебі, өнер өмірдің көркем образда бере отырып, адамның оны танып-білуіне, рухани баюына, дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді. Көркем мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өнер тұтас алғанда рухани мәдениеттің өзегі болып саналады.
Қазақстан мәдениеті тарихының тамырлары тереңде жатыр. Қазіргі ғылыми-зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының дербес және бірегей мәдениетінің даму жолын өте дәл болмағанымен, жеткілікті дәрежеде айқын көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді. Ғасырлар қойнауымен бізге келіп жеткен көркем шығармашылық элементтерін мұқият салыстырып, зерттеу арқылы халықтың рухани өмірінің тұтас бітім-болмысын азды-көпті жасауға болады. Оқушылар-мен жүргізілетін музыкалық оқу тәрбиелік жұмысында қазақ ұлттық музыка-лық аспаптарыныңьалатын орнын түсіндіре білу және музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыра отырып, солар арқылы, оқушылардың патриот-
тық сана сезімін, музыкалық — эстетикалық, көркемдік талғамын қалыптастыра білу.
1.2 Ұлттық музыканың тәрбиелік мәні.
Ел Тәуелсіздік алған жылдан бері еліміздіе мәдениетіне деген көзқарас жаңаша қоғамдық сипат алып, мәдениет саласында маңызы зор бағдарлама-лар жасалып, жүзеге асырыла бастады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» бағдарла-масын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажеттілігі атап өтілген еді. Осы орайда, кез келген этнос адамзат мәдениетіне қосқан үлесімен бағаланса, онда қазақ халқының бетке ұстары музыкалық мәдениет болуға тиіс. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің оқулықтарының тәжірибесіне, әдетғұрыптарына, салт-дәстүріне, рухани қазынасына, саяси-әлеуметтік, экономикалық ерекше-ліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпақтарымызға, қасиеттерімізді сіңірудің қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолдары бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданылып келе жатқан болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт тәрбиесі-мен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеленетін баланы сол ұлттық тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті». Қазақ мәдениетіндегі маңызды салалары-ның бірі-музыка. Музыка ой мен сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көріні-сін жасайтын адам әрекетінің бір түрі. Халық өз салты мен дәстүрін, мәдениетін қазірге дейін жеткізе білген. Осы ғасырлар бойы жиған-тергенін асыл рухани қазыныларын, жас ұрпақтың бойына сіңіріп, дүниетанымын қалыптастыруда музыкалық өнер арқылы тәрбиелеу өзекті мәселелрдің бірі. Музыканы сүйген қауым адам баласына тән ізгі қасиетті, шынайы достық пен махабатты, әсем мінезқұлықты қастарлайді. Қазақтың әні мен күйін естіп өскен адамды биік мұраттарға жетелейді. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Сонау Эллада дәуірінде ақылмен Аристотель адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер, соның ішінде музыка адамдарды тәрбиелеудің негізхгі құралы деп таныған. [8]
«Біз қазір музыка саласында өзіміздің халқымыздың дәстүрінен, дүние-жүзілік классикалық үлгіден айырылмай, ілгерілей беруіміз қажет, дейді ғалымдар Ә.Нысанбаев пен Т.Әбжановтар, өйткені музыка халқымыздың адам-гершілік пен парасаттылық қасиетке жетудің жолы дейді». Өте тура да әділ айтылған пікір. Ендеше осы халқымыздың дәстүріндегі әсем ән мен тәтті күйіміз, бізді адамгершілік пен парасаттылыққа жетелейтін жол. Осы бір аса бай рухани қазыналардың бүгінгі таңда жастарға тәрбие берудегі ролі де айырықша. Сол үшін де өнер сүйген қауым тәтті ізгі қасиетті қастерлейді. Әл-Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсері жөнінде-«Музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен ләззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді», — деп пікір айтқан. Ал ұлы грек ойшылы Платон: «Музыка-адам жан дүниесін еріксіз еліктіріп, тұрмыс-тіршіліктің қандайда болсын мұңзаласын ұмыттыра-тын қасиетті күш»,-деп, ой түйіндеген. Халқымыздың бірнеше ғасырлар көлеміндежинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар. Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалық жырлар, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық әндер т.б. Міне, осы фольклорымызбен-ақ ұлттық-тәрбиемізді, болмысымызды қалыптастыратын тәлім-тәрбие беріп отырған тарихи шындық.
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат-рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз-ол бала-ның бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз. Қазақ халқы–рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабалары-мыздың күмбірлеген күміс күйі мен сыбызғы-сырнайдың үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендік сөз, айтыс өлеңдері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішпейілдік, әдеп-тілік, елін, жерін, отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді, қаны мен жанына сіңіруде осынау ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін негізге ұстансақ, өте ұтымды болар еді. Музыканың тәрбиелік мәні жайлы Д.Б.Кабалевский:-«Музы-каға деген қызығушылық, музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және таным-дық рөлін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды» — деген. «Айқап» журналында басылған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың музыка жөнінде біраз айқын ойлары өз заманының шындығын дәлелдегендей. «Жолдастар! Жас балаларды ән үйренуге қызықтырыңдар! Жаңа шыққан өлеңдардің жүректі жандыратындай үні жақсы балаларға ән салғызып қойсаңдар, о шіркін, қандай ұтымды! Өлең айтушы әнпаз адамдардың жұрқа есерсоқө деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысыңдар! Менің айтайын деп отырған түпкі ойым-халыққа кең тараған қазақ халық музыкасының өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмірге де оның мектеп жастарына рухани тәрбие беруде және олардың шығармашылық қаблеттерінің дамуына мәні зор екендігін ашып көрсету болып отыр»-деп жазды. С.Торайғыров халықтың музыка шығармасын жинау, оларды орындау, жас буынға қазақтың әншілік дәстүрін үйрету мәселелерін қозғайды. Әрине, қазақ арасында Ы.Алтынсарин сияқты ағартушылар ашқан орыс мектептері де болмаса, тап молдалары ән үйретеді, музыканы уағыздайды деп сену қиын кез болатын. Ән жинаудың жолдарын айтып бере алмаса да, бұл авторлардың осы мәселені көтергенін өзін сол бір заман үшін үлкен прогрес-сивті көрініс дейміз. (9)
Музыка өнері әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнағам құйылып, асқақты күйімен әрбір-дамып отыратын көптеген ғасырлық үнінің жемісі. Музыка жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің, қимыл іс-әрекетін образды бейнелейтін, диалектикалық құбылыстарды адам сезіммен қабысты-рып, өмір қайшылықтарын әсерлі дыбыстардың ұйқаса үндесу әуезді жиынты-ғы. Музыка әлемде тіршілік ететін адамзаттың немесе адамдар игілігіне қызмет жасайтын бүкіл өмір мен оның құбылыстарының өзара қарым-қатынаста өзара сырласа үндесуін сезімге жаткізіп отыратын құрал. Музыка өмірдегі динамика-лық құбылыстардың айнадан көрінетін үнсіз келбет-кескіні ғана емес, оны сырттай суреттеп қана қоймайды, ол таңғажайып сырлары бар әуездік үндесуі-мен ішкі сезім күйлеріне әсер беріп, тыңдаушысы белгілі нысанаға бейімдеп баурап алады. Былайша айтқанда, адам жан-күйін тәрбиелейтін, эстетикалық қабілетін дамытатын, сенсорлық мәдениетке баулитын, іске батыл жетелейтін эмоциялық құралдардың бірі-музыка. Ол-адам қоғамымен бірге дамып, қоғам-дық формацияларды басынан кешіріп келе жатқан тарихи құбылыстың бірі. Сондықтан да оның туу, шарықтау, даму, өркендеу, биіктеу, шеңберіне жету кезеңдері бар. Әр ұлттың музыкалық таланты мен арнасы әр түрлі уақытта өсіп, дамып жетілді. Музыкада әр қоғам өз көрінісімен ұлттық бояу, бейне арқылы көзге елестеп, сезімге әсер етіп жатады. Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл бейнесін қалыптастырады. Тәрбие ісі бүкіл адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғасытырушы үрдіс. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілік-пен қараған. Жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшықиыр-сыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр-рәсімдерін дүниеге әкелді. Олардың әрқайсысы өзіндік ерек-шеліктерімен бала тәрбиесіне өте үлкен ықпал жасайды. Ән мен күй, өлең мен музыка қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан ерте заманнан-ақ берік орын алып, олардың сенімді де айнымас серігіне айналған дүниелер. Өнердің, музыка мен әннің мақсаты адамдардың көңіл күйіне әсер етіп, оларға рухани қорек беру, эстетикалық ғажайып рахат шәрбатынан сусындатып, жағымды, эстетикалық қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасау. Адамзат дамуының философиялық, эстетикалық заңдылықтарына сүйенсек, жеке тұлғаның рухани дамуына көркем өнер мен мәдениеттің ықпалы туралы мағлұматтар сонау ерте заманнан бастау алады. Қазақ даласындағы ұлы ғұламалар / Әл-Фараби, Ибн-Сина, Дәруіш Әли т.б./ музыка өнерінің теориялық және тәжірибелік негіздерін дамытуда маңызды зор еңбектер қалдырды
Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндігіне ағарту ісінің көптеген қайраткерлері / Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский, А.В.Луначарс-кий, К.Д.Ушинский және т.б. / аса мән берген.
Мектепте білім беруде түбегейлі, міндеттерін жүзеге асыруда ұлттық музыка пәнінің де алатын орны ерекше. Оқушылардың эстетикалық талғамын, рухани байлығын, әсемдігін,терең сезімін музыкалық сауатын, шығармаларды, музыканы айту, тыңдау арқылы жүзеге асыру үшін музыка пәні оқытушыла-рының алдына көптеген міндеттер жүктелінеді.
Мектепте ұлттық музыка пәнін оқытудың басты міндеті және мақсаты – оқушыларды сабақтарда түрлі көрнекілік іс-әрекеттерге қатыстыра отырып, балалар жүрегіне халық дәстүрінің рухына толы, оны қабылдай алатын бір-тұтас көркемдік – эстетикалық мүмкіндіктерді туғызу керек.
Балалар ұлттық музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әдемілігі мен сұлулығы, өнерді біртұтас сезінуге тиіс болса, ұстаз осыларға сәйкес ұлттық музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін тәрбиенің әдемілік көздерін табуы қажет. Өзін қоршаған өмір мен мектептегі ұлттық музыка сабағын тығыз байланыстыра ұстау, оқу-тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, өзіміз қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халықтың материалдық-рухани мәдениеті (халықтың қолдан-
балы өнері, зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз шығармашылығы, ойын сауық, салт-дәстүр, т.б. ұлттық музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады. Оқушылардың ұлттық музыка сабақтарына деген ынтасын арттыру, ұлттық музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезіміне тәрбиелеу. Оқушылардың жоғары көрнекілік талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілетін қалыптастыруы, оларды бейнеленген түрлі құбылыста-ры салыстыра білуге, ұлттық музыкалық шығармалардың сипатына, стилі мен жанрына және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу, ұлттық музыкалық шығарма-лардың сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтың, тембрлік ерекшеліктер туралы және оларды музыка пәнінің бағдарламасында белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асырылуы қажет. Оқушылардың ұлттық музыкалық өнермен қарымқатынасындағы түрлі практикалық тәсілдерін игеруді қалыптас-тыру (ән айту дағдысы,музыка тыңдау, музыка сауатын меңгеру, шығармашы-лық қаблеттерін қалыптастыру). Көркем бейнелерді қабылдау негізгі музыка болып табылатын өнердің әралуан түрлерін интеграциялау (біріктіру) нәтиже-сінде жүзеге асырылады. Бұл, оқушылардың түрлі іс-әрекет барысында белсен-
ді шығрмашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді. Музыка са-бақтарын-
да оқушылардың музыкалық шығармашылық дағдыларын дамыту. Ол музыка-
лық білім беру, тәрбие негізінде оқушылардың бойындағы өнердің әр саласына деген бейімділігін (әншілік, күшілік, ақындық, суырып салма, бейнелеу өнерпі, актерлік, жазушылық т.б.) қалыптастыру болып табылады. [10]
Музыка пәні мұғалімі осы ұсынылы отырған мақсаттар мен міндеттерді мектептегі музыка сабағында жүзеге асыруда, өз шеберліктері мен әдістерін, музыкалық білімдерін үнемі ізденіспен толықтыра отырып қолдануы керек. Мектептегі музыка сабақтары оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат мақсаттарға же-телеп өнегелі істерге баулиды.
Ұлттық музыка сабағы мектептегі басқа пәндерге қарағанда оқушыларға ерекше әсер етіп, олардың ой-өрісінің дамып, шығармашылығының қанағат-тануына зор ықпал (енерция ) береді. Музыка сабағы арқылы оқушылар тек қана ән айтып, музыка тыңдап қана қоймайды, ғылым-білімнің әр саласы-нан мағлұмат алып, бойларындағы қалаған өнердің несмесе мамандықтың негізін қалыптастырады. Музыка сабағында оқушылар еркін ойлап, қиялдап, өз қиял-
дарының нәтижесін баяндауға немесе суреттеуге дағдыланады. Оқушылар-дың өнерге деген қызығу сүйіспеншілігі, өмірге деген құштарлығы, еңбекке, іскерлікке деген ынтасы артып отыруы үшін оқытушының әр сабақты сапалы да, жүйелі ұйымдастыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған музыка сабағы арқылы оқушылардың бойында адамгершіліктің, жоғарғы мәдениеттіліктің негізі қаланып, жаман әдеттерге үйір болмауға, саналы, тәртіпті, ақылды бо-лып өсуі қалыптасады. Музыка сабағы бірнеше іс-әрекеттерден тұрады: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты. Осы негізгі іс-әрекеттерді ұйымдастыру жүзеге асыру үшін қосымша дауыс жаттықтыру, шығармашылық тапсырмалар, музыкалық ойындар қолданылады. Әр іс-әрекеттерді ұйымдастыру барысында кіріспе әңгімелер, талдау жұмыстарын бір-бірімен тығыз байланыстыра, жымдастыра отырып сабақтың негізгі тақырыбына сай біртұтас етіп өткізуі керек. Ұлттық музыка сабағының өзіндік ерекшелігінің өзі, осы бірнеше іс – әрекеттердің мазмұнын бір тақырыпқа жинақтауда. Мысалы, сабақтың тақырыбы «Күнбірлеген күміс күй» болса, тыңдалатын шығарма да, үйретіле-тін ән де, осы тақырыпқа сай болуы керек. Әрине «Күй» тақырыбы болған соң күй туралы, күйшілер туралы кіріспе әңгіме арқылы, күйші сазгерлердің шығармалары тыңдалатыны белгілі, ал, үйретілетін ән де осы тақырыпқа сәйкес келетіндей болғаны дұрыс. Немесе «Табиғатқа арналған әндер мен күйлер» тақырыбындағы «Саржайлау», «Сарыарқа», « Алатау » күйлері. [11]
Музыка сабағы басқа пәндердей емес көбінесе ауызша, практикалық түрде есту, ойлау қаблетінің негізінде өткізіледі. Қазіргі жаңа бағдарламаға дейін тиянақты оқулықтар болмағандықтан, болған күнде де мектептер оқушыларды оқулықтармен толық қамтамассыз етпегендіктің әсерінен музыка сабақтары әр оқытушы өзінің мүмкіндігінше өткізіп жүрді. Осыған байланысты көпшілік жағдайда үйретілетін әндердің сөзін, сазгерлер туралы, шығарма туралы мәліметтерді оқушылар арнайы дәптерлеріне жазуға уақыт кетіріп жүрді, ал қазіргі кезде жаңа оқулықтар мен барлық сыныптар, мектептерде қамтамассыз етілді. Кейбір оқулықтардан тыс әндер не күйлер болмаса негізінен бағдарлама-
ға байланысты музыкалық материалдар оқулыққа түгел дерлік енген, сондық-тан оқушылар жазуға көп уақыт шығармайды, сабақтың барысы көбіне тыңдау, айту, ойлау, әңгімелеу тәсілдер арқылы жүргізіледі. Оқытушының сұрақтары нақты, жүйелі түсінікті болғанда оқушылардың жауаптары да нақты, толық болады, осыны ескеріп оқытушылар әр сабақты бір мазмұнды бір тұтас қойылым тәріздес өткізуге міндетті. Сабақтың түрлерін өзгертіп отыруға болады.
Дәстүрлі сабақ, дәстүрден тыс–сайыс сабақ, ойын сабақ, концерттік сабақ, біріккен сабақ (интегрированный) т.б түрлерде өткізу, оқушылардың музы-калық білімін арттыра білуге, үйренуге деген ынталарын, белсенділіктерін арттырады.
Жас өспірімдерді музыка әлеміне терең бойлатып түсініп қабылдауға, талғамын арттыруға, эмоциялық сезімдерін қалыптастыруға, жан — жақты білімді, мәдениетті болып өсуіне, зор ықпал ететін музыка сабағының орны ерекше. Ал, осы музыка сабағын баланың мектепке келген алғашқы күнінен бастап, дұрыс ұйымдастырып, музыкалық тәрбие беру, музыка пәні мұғалім-нің алдында тұрған көптеген міндеттер. Музыка пәні оқытушысы шығармашы-лық фантазиясы мол, арнайы бір аспапта еркін меңгере алатын, музыкалық сауатты, жан-жақты ғылым-білімнен хабардар, ой-өрісі кең маман болғанда ғана, жас өспірімдерге жүйелі музыкалық білім бере алады. [12]
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз қайта жан-ған, өз өнеріміз бен рухани байлығымызды, әдет-ғұрпымыз бен салтымыз-ды толық меңгеруге мүмкіндік алған жағдайға келген кезде, өз халқымыздың ғасырлар бойы жинаған бай мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру, музыка мұғалімінің басты мақсаты болуы керек. Сондықтан музыка пәні мұғалімі үнемі ізденіспен әр сабағында оқушылардың бойына ізгілік пен адамгерші-ліктің, әсемдік пен сұлулықтың, инабаттылық пен қайырымдылықтың нәрін беретіндей әдістерді қолданып отыруы керек. Қазіргі жалпы мектептерде ұсынылған музыка пәнінің бағдарламасына сай сабақтарды өткізуге мол мүмкіндік бар. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып сабақтың түрін, формасын ауыстыра отыра, әр түрлі әдістерді қолданып, музыка сабағын мағналы етіп өткізуі оқытушының міндеті. Музыка абақтарында көбінесе оқушылардың ой-көріністерін кеңінен дамытатын, олардың сөйлеу мәдениетін, ойларын толық жеткізе білетін, мүмкіндіктерін арттыратын тиянақты сұрақтар-
ды дәл қоя білу, қойған сұрақтарға жауап ала білу, оқытушының өзінің тіл байлығына дүниетанымы жан-жақты білімі, ой-өрісі, сезімі терең болуы керек.
І – сынып бағдарламасында музыкалық жұмыстармен таныстыру бары-сында әр тақырыпқа байланысты, нені баядайтын т.б. әңгімелеуде оқыту-шының өз білімі таяз болса, ол шығарманы өз деңгейінде оқушыларға жеткізе алмайды. Мысалы . Қорқыттың «Әуппай» күйін тыңдатуға Қорқыт туралы мағұліматты оқушыларға қысқаша болса да түсіндіру әдісінде мұғалімнің өзінің терең білімі сезіліп тұруы керек. Әрине оқулықта «Әуппай» күйі туралы түсінік берілген, ал күйді тыңдау кезінде, күйдің «қандай ырғақта», «қобыз үнінің тембірі шығуы қалай», «сазы қандай» деген сұрақтар-ға нақты жауап алу үшін, оқытушының өз түсінігі мен жауабы біліміне сай болуы тиіс, немесе Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін сазгермен таныстыруда оның басқа да көптеген күйлерін оқытушы жақсы білуі керек, тек оқулықтағы 1–2 күйдің атын атағанмен оқытушының әр уақытта арғы жағында оқушыларға айтатын терең білімі даяр тұруы керек. Аңыз – күй «Ақсақ құланды» тыңдату барысында қысқаша таныстырумен қатар оқулықтағы аңыз іңгімедегі Жошы хан туралы оқушылардың абылдауына шағын әңгіме арқылы мағлұмат бере отырып, мұғалім өзі Жошы хан қай ғасырда өмір сүргені, оның хандық құрған кездегі тарихи – туралы терең білімді болғаны жөн.
ІІ – сынып бағдарламасындағы Махамбеттің «Қайран Нарын» күйін тыңдатқанда, Махамбет өмір сүрген кезеңнің тарихын, яғни Махамбет Исатай көтерілісі, Жәңгірхан туралы, сол кездегі халықтың өмірі туралы, Нарын құмының Батыс Қазақстан аймағында мол білігі, түсінігі болуы керек.
Халық оны «Елім – айды» үйрету кезінде бұл әннің, шығу тарихына байланысты түсінікті оқулықтан оқушыларға таныстыра отырып, оқытушы-ның өзінің тарихта терең бойлайтын білімі болуы артық емес. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 1723 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығы туралы орта мектептегі «Қазақстан тарихынан» алған білімдерін оқытушы осы сабақтар үшін қолдана білуі керек.
ІІІ – сыныптағы әр тақырыпқа байланысты музыкалық шығармаларды оқушыларға таныстырып, оның құрылымын, әуенін, сазын, тембірін, ырғағын талдаумен, мазмұнын, мағынасын ұғындыру үшін оқытушының өзінің кәсіптік дайындығы, жан – жақтылығы, ой — өрісі жоғары дәрежеде болуы керек. ІІІ – сыныптың музыкалық жұмыстары ұлттық, халықтың, дәстүрлік тақырыптары-на тығыз байланысты теориялық, тәжірибелік жағынан жақсы талдай білуі керек. Оқытушының өзі аспапта қосылып айтып беруі, немесе аспапта орындап бере алатындай мүкіндігі болуы керек. Мысалы, «Алпамыс батыр» эпостық жырымен таныстыру оқулықта оқушыларға фрагменттерімен берілген, ал, оқытушы бұл жырды өзі жақсы меңгеруі керек. Жырды толық басынан аяғына дейін оқып шыққанда ғана оқушыларға толық «Алпамыс батыр» туралы түсінік бере алады. Тек қана бұл жер емес, басқа да эпостық жырлар «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», лирикалық-эпостық жыры, тіпті басқа халықтың, мысалы, Қырғыздың «Манас»т.б. елдердің ұқсас шығарма-ларын, орыстың «Игорь полькі» туралы поэмасын білген болса, оқытушыға эпос тақырыбының мағнасын аша түсіндіру өте пайдалы болар еді.
ІҮ–сынып музыкалық жұмыстарын оқушыларға меңгертуде, оқытушының білімі одан әрі терең болуын талап етеді. Оқытушы үнемі ізденісте болып, өз білімін толықтырып отыруы керек. Әрбір үйретілетін ән мен тыңдалатын шығарманы теориялық жағынан (Музыкалық әсерлеу ортасына, құрылымына, формасына, ырғағына, темпіне, сазына) талдап қана қоймай, оның сазгері туралы мағлұмат беруі үшін әр сазгердің өмірі мен шығармашылығын жан – жақты зерттеп білуі керек. Сазгерлердің шығармаларындағы мазмұн-мағнасын оқушыларға толық жеткізе білуі керек, шығарманы орындаушы ұжымдар, жеке орындаушылар туралы оқытушы өзі жақсы біліп, қандай операдан, симфония-дан немесе ораториядан, кантатадан екенін жақсы білуі керек. Бұл шығарманың қандай жағдайда, қашан шығарылғанын жете білуі қажет. Мысалы, Қапан Мусиннің «Жайлауда» симфониялық поэмасы Қазақстан елінің тұңғыш симфо-ниялық шығармасының бірі, ал Қапан Мусин алғашқы симфониялық шығарма жазған сазгер екенін, оның басқа да шығармаларын жақсы білуі тиіс. С.Мұхамеджановтың «Ғасырлар үні» ораториясымен таныстыру үшін оқыту-
шының музыкалық білімі өте бай болуы керек. Ораторияның сегіз бөлімінің әр бөліміне байланысты тарихты жақсы білуі керек. Ораторияда кездесетін музыкалық жаңа ұғымдар мен орындайтын аспаптар, ұжымдар туралы мағлұматы, білімі толық болса, құба құп. Сондай-ақ Ғазиза Жұбанова шығармашылығымен таныстыруда сазгердің бағдарламаға енген шығармалар-
дан, басқа шығармаларын біліп, сазгердің өмірі мен шығармашылығынан толық хабардар бола отыра «Хиросима» балетінен үзінді тыңдатқан кезде осы шығарманың мазмұнына байланысты тарихи оқиғаларды, жапон халықының өмірі мен тұрмысы, табиғаты жайлы терең оқып ұғына білуі керек. Осының бәрі оқытушының музыка сабағын тек жалаң, жайдақ бағытта өткізбей, музыка сабақтарында түрлі көрнекілер, дәлелдеуші жұмыстар қолдана отырып, өнердің басқа түрлерімен байланыстыра отырып, жан-жақты ізденіс пен шығармашы-
лық, жоғарғы талғаммен өткізуін талап етеді. [13]
Музыка пәні мұғалімінің алдында осындай үлкен жауапкершілік тұра-тындықтан, ол әр сабақтан асқан ұқыптылықпен,талғаммен, терең біліммен жан – жақты дайындықпен өткізуге міндетті. Бұрынғы кездегі ән сабағын кез келген арнайы білімі жоқ, оқытушыларға жүктеу қазіргі заман талабына сай емес, оны әр мектеп басшылары қатаң қадағалап, білім заңын бұлжыт-пай орындалуын қамтамассыз етуі керек. Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініші, сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнелейді. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тарих айнасына айналды. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастар, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. Сондай-ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп, бесік тербеткен аналар да өздеріне әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары, шілдехана, сүндет тойы, халықтық ойын-сауықтар – барлығы да ән күй аясында өткен. Өлімді жеңер күш іздеп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт, ғұлама ғалым Әл-Фараби, тыныш өмірді аңсап желмаясын желдіртіп, дүниені кещген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізген. Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан, сері, Мұхит, Қазанғап, Сүгір, Дина және тағы басқа таланттар халықтың тауқымет-тағдырын музыкамен айтып өткен. Сөйтіп, халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігімен жұптасып жалғасып келеді. Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Әр халықтың музыкасының өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Сондықтан халық музыкаларының ерекшеліктерін ескермей, ұлттық сипатын танып білмей, оларды бір өлшеммен бағалауға болмайды. Музыканың шынайылығы мен өміршеңдігі де сол халықтығында. Болашақ саз пәнінің ұстазы халық музыкасымен, халықтың музыкалық шығармаларымен өзі терең танысып, жас ұрпаққа жеткізіп, одан әрі жалғастыру мақсатын жүзеге асыру қажет.
Қазақтың дәстүрлі музыкасының негізгі жанырлары халықымыз ежелден әнді қастерлекген, оны халықтың жаны деп бағалаған. Өйткені жақсы ән мен жақсы күй қай заманда да халықтың асыл арманы мен тілегін айқын бейнелеп, олардың бақытты өмірге ұмтылған ынта-ықыласын жеткізе білді. Ән-халықтың рухани байлығы, ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі, заманның тарихи шежіресі. Сан ғасырлық тарихы бар, ғасырлар елегінен сүрінбей өткен әндер талай-талай ұрпақтың кәдесіне жарай отырып, айшықтана, әрлене түсіп, музыкалық өнердің інжуіне, асыл қазынасы-на айналды. Ән жан-жүйеңді шымырлататын әуезділігімен, «ұйқыдағы көңілің-ді оятатын» әсерлілігімен, тартымды бейнелілігімен, жүрек тебірентетін нақышымен қымбат. Кезінде екі ауыз ән айтпайтын қазақ болмаған, «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген пікірге ие болған, әншілігі аңызға айналған, өнер десе ішкен асын жерге қойған халықпыз. ән айту, ән салу-ұлттық дәстүріміздің жалғасы. Музыкалық мәдениетіміздің негізгі белгілері мен ұлттық қасиеттерін, өзіне тән үнділігін, музыкалық тілін, мазмұнға лайық әуендік ырғақты, нақыш бояуларды әннен табамыз. Қазақ халқының әндер қорында тұрмыс-салттық, лирикалық және еңбекке байланысты әндермен қатар әр алуан тақырыптарды қамтитын тақырыпты, сазды әуендердің де кең өрістегенін білеміз. Қазақ халқының ән өнерінің кең айдынынан екі типтік-екі сала анық байқалады. Ол-тақпақ сазды-речитативті әндер және әуенді, шалқымалы кең үнді әндер. Нақты айтқанда, бірінші түрі-желдірте, термелетіп, толғай айтылатын жарлар, екіншісі-созылып айтылатын кең үнді, әуез-мақамның сымбаттылығы әр күйде, бірде бәсең, бірде көтеріңкі келетін шалқы-малы, күрделі әндер. Эпос негізінде қалыптасқан терме ән формаларының мазмұн жағынан алып қарағанда алуан сырлары бар. Тарихи оқиғаларды, халықтың салттық-ғұрыптық ерекшеліктерін сипаттауда терме мен желдірменің көркемдік ерекшелігі мол. Терме де, желдірме де, әдетте жылдам екпінмен орындалып, мағыналы сөзі, ойнақы ұйымдастыры-латын өлшемі, өлеңмен қиыстырылған үнділігі, интонациясы болады, речитативтік формалары тиімді түрде пайдаланады. Терме сөзі-көркем де келісті болса, ал айшықты музыка сазы-оның мазмұнын байытып, көркемдігін арттырып, құлпырта түсетін негізгі компонент. Терменің әуен сазы халықтың ғасырлар бойы өзі ерекше екшеп, таңдаған музыкалық формамен басталады да, халықтың өзі тудырып, қалыптастырған заңдылығымен аяқталады. Терме-халық өнерінің басқа түрле-рімен терезесі тең жанр. Терменің тамаша бір түрі-желдірме. Қазақтың тақпақты әнінің мұндай классикалық түрін суырып салма ақын Иса Байзақов-тың желдірмелерінен көреміз.
Толғау-«тоғану» деген мағынаны білдіреді. Толғауды жыршы, термешілер белгілі бір сарынмен аспаптың сүемелдеуімен орындайды. Толғау-термеге қарағанда көлемі жағынан ұзақ, жырдан қысқалау болып келетін поэтикалық жыр. Толғау да жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, қоғамға немесе табиғатқа деген көзқарасын білдіртетін шығарма.
Эпостық жыр, «Эпос»- грек тіліндегі сөз, әңгіме, өлең, жыр деген мағына-ны білдіреді. Эпостық жырлар көптеген елдердің тарихында кездеседі. Қазақта «жыр» десе, қырғызда «ыр», ал гректе «эпос» деген. Әнді-әнші, күйді-күйші, жырды-жыршы орындаған. Ерте заманда жырды қобызбен, бері келе домбыра-мен сүйемелдеген жыршылар белгілі бір әуенмен жорықта айтқан. Эпостық жырлар-ескі заманнан келе жатқан халықтық мұра, ол екі түрге бөлінеді: батырлар жыры, лироэпостық жырлар. Батырлар жырында халықтың еркіндігі, бостандығы үшін әр елдің батыры-ның төтенше қайрат, асқан ерліктері, ел үшін еткен зор еңбектері жырланады. Қай елдің батырлары туралы жырын алсақ та, олардың негізінде тарихи оқиға жатады. Батырлар жыры көбінесе Отанын сыртқы жаулардан қорғау, өз елін басқаларға тәуелді етпеу арманын қамтиды. Мыслы: «Алпамыс батыр», «Қобланды батыр», «Ер тарғын», «Қамбар батыр», қырғыз халқының жыры «Манас».
Лиро-эпостық жырларды ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік туралы жырланады. Батырлар жырымен салыстырғанда, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдетғұрпы, адамның ішкі сезімі көбірек баяндалады. Сондықтан лиро-эпостық деп аталып, кең мағынада-лирика мен эпикалық тақырып элементтерін бірдей қамтитын шығармалар деген ұғымды білдіреді.Қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Күлше қыз», «Мақпал мен Сегіз», т.б.-бәрі де лиро-эпостық жырларға жатады. Эпостық жырды орындаушыларды жыршы дейміз, ол өз жанынан жыр шығармайды, жаттап алып, белгілі бір өзіндік әуенмен айтады. Ал жырау-ақын, ол өлең, жырды жанынан суырып салып шығарып айтады. Қазақ халқында ақын, жыршы, жырау, термешілер өте көп болған. Екінің бірі жиын-тойларда жырлап, термелетіп немесе бір-бірімен айтыс оздырып, суырып салмалық өнерін ортаға салып отырған. Бұл орайда, атақты жырау, термешілер: Базар жырау, Бұқар жырау, Жиенбет жырау, Шалкиіз жырау, Қазтуған, Нартай, Ақтамберді жырау, Доспанбет жырау, Махамбет, Тұрмағамбет, т.б. көптеген жыршы-термеші, жыраулардың шығармашылығы туралы «Бес ғасыр жырлай-ды» кітабының 1-2 томдарынан кеңінен танысуға болады. Қазақ халқының музыкалық өмірінде жыраулық, термешілікпен қатар табан астында жыр шығаратын суырып салмалық өнер де кең дамыған. Халқымыз үлкен жиын-тойларда бір-біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдас-тырған. Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына, айтысқа айналады.
Айтыс атауы «айтысу» деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, тартысу, дауласу, сынасу мағынасында қолданылады. Айтысу өлеңмен де, қара сөзбен де, күй тарту арқылы да болуы мүмкін. Мұның бәрі де аса тапқырлық пен қалт жібермес алғырлықты, ұшқыр ойлылықты, білімділікті, қиыннан қиыстыратын қас шеберлікті талап етеді. Айтыстың бірнеше түрі бар: «Бәдік айтыс», «Жар-жар айтысы», «Мысал айтысы», «Қыз бен жігіт айтысы», «Қайым айтыс», «Жұмбақ айтыс». Ақындар айтысының қазақ өнері тарихында-ғы озық үлгілері-«Біржан мен Сара айтысы», «Жамбыл мен Құлманбет айтысы», «Шөже мен Балтаның айтысы». Айтыстың ең озық үлгілерінің бірі – «Біржан мен Сара айтысы» — бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша сүйсініп тыңдайтын өлеңіне айналған.
«Біржан мен Сара» айтысының тақырыбы — әйел теңдігі, айтыста феодалдық заманның қатал да ащы шындығы бейнеленген. Сол кездегі қазақ әйелдерінің басынан кешкен аянышты да ауыр халі, өмірі айтылады. Сара Тастамбекқызы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған, жастайынан жетім қалып өмірдің қиындығын, кедейлік тауқыметін тартады. Ол жасынан сауықшыл, домбырашы, әнші, күйші ақын қауымында өсіп, өзі де осындай өнер иесі болған. Ол талай ақындармен айтыстарда оза шауып бәйге алған жүйрік атанған.
Қазақтың әнші-сазгерлері қазіргі қазақ музыкасында терме, желдірме, толғау, сарынт үлгілері өзінің өміршеңдігімен тек вокалдық жанрда тұрақтап қоймай, музыка өнерінің басқа да ірі жанрларында түрленіп өрістеді. Сазгер Е.Брусиловскийдің «Симфониялық поэмасында», Мұқан Төлебаевтің «Канта-тасында», Исаның «Желдірмесінде» кәсіби тұрғыда жаңарып үйлесімін тапты. Қазақ әндері дені лирикалық болғанымен әр алуан тақырыпты қамтиды. Лирикалық әндерде әрине бірінші кезекте екі жастың арасындағы махаббат, ғашықтырдың бір-біріне деген ыстық ықыласы, жас сұлудың ғажайып көрік-келбеті туралы жырланады. Мысалы: «Жас келін», «Жетісу», «Шилі өзен», «Елім-ай», «Қалдавриға», «Ахау, керім», «Ақ дариға», «Дедім-ай-ау» әндері жатса, эпикалық серпінді лирикалық әндерде баяндаушылық әдіс, еркіндік қасиетке тән әндер: «Айнамкөз», «Баянауыл», «Алқоңыр», «Қарағым-ау», «Япурай», «Мақпал», «Зәуреш», «Ардақ» мысал болады. «Қызыл бидай», «Гауһар тас», «Жиырма бес», «Құсниқорлан», «Сырым-бет», «Гаухар тас», «Шәпибай-ау», «Қаракесек», «Шама», «Сұржекей», «Назқоңыр», «Аққұм», «Юран», «Інжу-маржан», «Алайкөк» сынды көптеген әндер ұлттық мәдениеті-міздің шоқтығы іспетте. Ұлттық ән шығармашылығына тоқталсақ, ұлы ақын-сазгер Абайдың шығармашылығына ерекше назар аударуымыз керек. Ұлы Абайдың өсиет етіп кеткен қарасөздері және ақындық шығармашылығымен әрбір саналы қазақ азаматы мектептен таныс болуы керек. Ал оның әндерін айтып, күйлерін тартып қана қоймай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру әр музыка маманының міндеті.
Қазақтың аспаптық музыкасы сан ғасырлар бойы дамып аса көркемдік тереңдігімен ерекшеленіп, рухани мәдениетінің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Қазақтың ең көне аспабының бірі – қобыз. Сондықтан да қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Ықылас Дүкенұлы, Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 1970 жылдардан бастап кенже қалып келе жатқан қобызда ойнау өнерін жандандыру мақсатына Қазақтың мемлекеттік консерваториясынан сынып ашылып, Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды шебер орындаушы қобызшылардан Қуаныш Әжімұратов, Базархан Қосбасаров, т.б. шәкірттер дәріс алды. Бүгінде қыл қобызда ойнау өнерін дамытуға зор үлестерін қосқан Базархан Қосбасаров қобыз өнерін жалғастыру мақсатында шәкірттер дайындайды. Қуаныш Әжімұратов қобыздың киелі үнін Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі құрамында болып бүкіл әлемге, яғни Франция, Португалия, Италия, Ауганстан, Швеция, Қытай, т.б. шетелдермен қатар ТМД елдері халықтарына паш етті. Сөйтіп, қобыз өнері қайта жаңғңырып ұрпақтар жалғасын тапты. Қазақтың аспаптық музыкасы ХҮІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді.
Аспаптық музыка туралы айтсақ, әрине күй жанры деп білеміз. Күй — өзінің құрылысы, стилі, мазмұны жағынан өте бай музыка, ол – қазақтың аспаптық музыкасының асыл мұрасы. Біз күй тарихынан, күй үнінен, күй сырынан қазақ халқының өмірін, тұрмысын, салт-санасын, табиғат құбылысын, оның әдемі құрылысын, қайғысы мен шаттығын білеміз. Қазақ халқындағы құлақ құрышын қандырған музыканың осы саласы өте ерте дәуірден біздің дәуірімізге дейін көркемдік символы, шынайы әдеміліктің қалыптасқан пернесінің сыры ретінде таралып жан азығына айналып келеді. Күй жанры өмір құбылысы, тарих шежіресі. Музыка өнері әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күймен әрбір дамып отыратын көптеген ғасырлық үнінің жемісі. Музыка жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің, қимыл іс-әректін образ-ды бейнелейтін, диалектикалық құбылыстарды адам сезіммен қабыстырып, өмір қайшылықтарын әсерлі дыбыстардың ұйқаса үндесу әуезді жиынтығы. Музыка әлемде тіршілік ететін адамзаттың немесе адамдар игілігіне қызмет жасайтын бүкіл өмір мен оның құбылыстарының өзара қарым қатынаста өзара сырласа үндесуін сезімге жеткізіп отыратын құрал. Қазақ халқының музыкалық мәдени ежелден келе жатқан, оның немесе күміс көмей, жез таңдай әнші, бармағы майысқан күйшілерінің болғанын жоғары да аты аталған зерттеушілер мен тарихшылар орынды сөз еткен. Қазақ өнерінің бүгінгі тынысы тым қарқынды. Өйткені, ол бұрынғыдай атадан балаға ауыз екі ұласпай, ғылыми, жүйесі жолға қойылған. Көптеген ғасырлар бойы музыканың ауызша дамуы арқылы аспаптық өнер қалыптасты. Халық музыкасының бұл түрлі дәстүрлі қазақ қоғамының аясында дами отырып, кәсіби өнер талаптарына сай деңгейге дейін көтерілді. Әрбір оқушының сана-сезім, мінез-құлқы, өмірге көзқарасы, мәдениеті, музыкалық қаблеті бірдей болып келмейді. Оның ерекшелігі-тәрбиесінде, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданылады. Қазақ музыкалық өнерінің маңызды ерекшелігі-оның өткен тарихы мен ұлттық сипатында. Түркі тілдес республикалар сазгерлерінің таңдаулы шығармалары концерттерде, радио мен көгілдір экран арқылы, халықтар достығының фестивальдарында естіліп, елімізде және шет елдерде кеңінен мәлім болып отыр. Өнер мен мәдениеттің жетістіктерін өзара қарым-қатына-судың әр түрлері оларды өзара байытуға және дамытуға көмектесуде, барлық салалы музыка өнерінің өскенін, дамыған, достық елдердің суреттік мәдениетінің нығайып отырғаны, біздің музыка мәдени саламызға өз әсерін тигізгенін байқаймыз.
ІІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2.1Тәрбие берудің міндеттері мен мақсаттары.
Музыкалық тәрбие берудің негізгі формасы сабақтық жүйеге негізделеді. Ол оқушыларды жас шамасына қарай топтап, белгілі бір уақыт көлемінде бастау-ыш сыныптарда 35 минут, ал кейбір сыныптарда 40,45 минут өтіле отырып, оқу-тәрбие процесінің негіәзгі талаптарын жүзеге асыруды көздейді. Қазіргі мектептерде музыканы оқытудың әртүрлі формалары бригадалы-лабаратория-лық, жеке дара, сыныптық қолданылады. Олардың ішінде оқытудың жеке дара сабақ арқылы жүргізілуі музыка мектептерінде оқытудың жүйелі әдісі ретінде сақталып келеді. Ал, жалпыға бірдей білім беретін мектептерде музыканы оқыту сыныптық сабақ жүйеге көшті. Бұл жүйенің тиімділігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Сыныптық сабақ жүйесі бойынша бір сыныптағы оқушылардың жас шамасы бірдей болғанымен музыкалық даму дәрежесі, психофизиология-
лық ерекшеліктері әртүрлі болып келуі заңды. Осыған қарамастан балаларға берілетін білім көлемі бірдей болып келгендіктен сабақтың жан-жақты ойлас-тырып жоспарлануы және оның оқу-тәрбие талаптарына сай болуы қарастыры-лады.Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы оның нәтижелі болуының алғы шарты. Сондықтан да оның ұйымдастырылуына жоғары талаптар қойылады:
1.Сабақтың тақырыбын жан-жақты түсіндіруді негізге ала отырып, оның өткізілуін жоспарлау. Сабақта талданатын музыканы тақырып мазмұнына сай таңдап алу, іс-әрекеттерінің арасындағы сабақтастықты ескеру.
2.Сабақта уақытты барынша орынды пайдалана отырып, оны үнемдеу жолында тиімді әдісті таңдап алу, оқушыларға қойылатын сұрақтардың жүйелі-лігі мен нақтылығын қарастыру.
3.Музыка сабағындағы тәрбие және білім беру. Музыка сабағы оқушыға музыкалы-эстетикалық тәрбие берудегі міндеттерді жүзеге асыратын, оқыту-дың негізгі формасы болып табылады.
Мұнда төмендегідей талаптар қойылады:
1.Сабақтың тәрбие мен білім беру мақсаты. Бұл мақсат сабақтың әр бір бөлігінде сақтала отырып, сабақта тұтас жүзеге асырылады. Музыка сабағы көптеген іс-әрекеттің түрлерін қамтиды. Олар: Музыка тыңдау, хормен ән салу, музыкалы-ырғақтық қимылдар жасау және балаларға арналған музыка-лық аспаптарда ойнау болып табылады. Осының барлығы бала бойындағы есту, ән салу, қимыл жасау, аспапта ойнап үйрену сияқты өзіндік мақсаттарын жүзе-ге асырады. Бір музыкалық шығармадан екінші шығармаға көшкенде оқушы-лардың әсерлену сезімін сақтау арқылы жасау келесі шығарманың мазмұнын түсіну талпрынысын тудыру шараларын жасау.
2.Музыка бағдарламасының талаптарына сай сабақ мазмұнын анықтау. Мұны анықтауда оқушылардың дайындық деңгейі, іскерлігі мен дағдысы, эсте-тикалық талғамының өсіп, жоғары имандылық қасиетінің қалыптасуы, нота сауатындағы белгілі бір ұғымдармен таныстыруға дайындық деңгейі ескеріледі.
3.Оқыту мен тәрбие берудің ұтымды жолдары мен әдіс-тәсілдерін тиімді түрде бірлестіре отырып таңдап алу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту. Оқушылардың физиологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, шамадан тыс күш түсірмей, сергек қалпын сабақ аяғына дейін сақтау жағын қарастыру. Мысалы, ән айту кезінде ырғақтық қимылдары қатар жасату оқушының дұрыс тыныс алуын кедергі келтіреді. Музыкангы тек тыңдап қана қоймай. Оны меңгеруде ойын элементтерін пайдалану баланың қызығушылық сезімін оята-ды.
4.Музыка сабағын дидактикалық принциптерге сай құрып, пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Дидактикалық принциптерге сүйене отырып, оқу-шылардың ойлауы мен дамуы, есте сақтауы, қиялдауы, түсінігі мен эмоция-лық сезімі жан-жақты дамытылады.
Музыка сабағының басқа пәндерден айырмашылығы.
1.Музыка өнері – шындықты бейнелеудің ерекше формасы, мұнда сезім мен эмоция маңызды рөл атқарады.
2.Музыка адамның психологиясына, қимылына, физиологиялық жағдайы-
на жан-жақты әсер етеді.
3.Эмоциялық пен саналылықтың бірлігі.
4.Көркемдік пен шеберліктің бірлігі.
5.Сабақта ұйымдасқан іс-әрекеттің басымдылығы.
Музыка сабағының түрлері.
Сабақ өзінің мақсаты мен мазмұнына байланысты әртүрлі болып келеді. Жаңа сабақ, қайталау сабағы, оқушылардың білімін тексеру сабағы т.б. Бірақ күнделікті тәжірибеде сабақтардың бұл түрлері біріңғай емес, аралас келеді.
Оқушылардың білімін тексеру кезінде өткен жұмыстар қайталанады, оқушы-
лардың біліміне сүйенеді. Дегенмен, әрбәр сабақтың өзіндік басты мақсаты болады. Осы негізгі мақсатқа сай сабақтың нақты мазмұны, құрылымы, қолда-нылатын әдісі анықталады.
Музыка сабағының бірнеше түрлері бар.
1.Кіріспе сабақ-оқушыларға сабақта берілетін белгілі бір көлемдегі жұмыстарды жалпылама шолып, бағыт-бағдар беруді мақсат етіп қояды. Музыка бағдарламасында кіріспе сабақтың үш түрі көрсетілген:
1.Жылдық тақырыпқа кіріспе сабақ.
2.Жарты жылдық тақырыпқа кіріспе сабақ.
3.Тоқсандық тақырыпқа кіріспе сабақ.
- Тақырып мазмұнын тереңдететін, жан-жақты кеңейтетін сабақ. Бұл сабақтарда оқушыларға тоқсан немесе жыл бойы бөлшегі терең түсіндірілу арқылы өтіледі.
Екінші кіріспе сабақ-«Халық әндері және сазгерлер әні». Екінші сабақтан бастап тоқсандық тақырып кеңінен талданып өтіледі. Халық музыкасындағы жанрдың түрлеріне, халықтың ұлттық аспаптарының түрлеріне, олардың дыбыс бояуының ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып өтуге мүмкіндік туады. Бұл сабақтың тақырыбы-лирикалық, кең тынысты әндер.
3.Қорытынды сабақ немесе сабақ-концерт.
Сабақтың бұл түрі оқушылардың тоқсан бойы немесе жыл бойы алған білімін жинақтауға, үйренген музыкалық ұғымдарды дұрыс қолдана білуін, өткен жұмыстарды қаншалықты дәрежеде меңгергендігін тексеруге бағытта-лады. [14]
Жалпы білім беретін мектептегі тәрбие салаларының бірі – эстетикалық тәрбие. Оқушылардың өнерге құштарлығы мен қаблетін дамытуда эстетикалық тәрбиенің жүйелі жолға қойылып, дұрыс ұйымдастырылуына маңызы айырық-
ша. Эстетикалық тәрбие өнер құралдарымен (музыкада-дыбыс, суретте – бояу, әдебиетте-сөз) жасалған көркем бейне арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейтіп, өмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Адамдардың дыбыс арқылы табиғаттың түрлі құбылыстарын беруге ұмтылу әрекетінен, музыка пайда болады. Музыка желдің соғуын, орман шуы-
лын, теңіз толқынын, дала тыныштығын, аттың шабысын, аң мен құстардың даусын, т.б. дыбыс арқылы, оның көркемдік құралдары арқылы бейнелеп жеткізеді. Музыкалық бейнені жасаушы-сазгер. Ол-өзі өмір сүріп отырған табиғи орта мен әлеуметтік ортаның әсерін өз сезімі арқылы саралап, тыңдау-шыға жеткізуші тұлға. Сазгердің туындысын, яғни музыкалық шығарманы тыңдаған адам белгілі бір дәрежеде әсер алады, сол арқылы оның бойында сезім пайда болады. Табиғат құбылыстары мен адам сезімдерін беріп отырған музыканың қабылдануы арқылы тыңдаушы санасында табиғатқа, қоршаған ортаға деген сезім, әсер пайда болады. Музыканың әсер етушілік қаблеті музыкалық шығарманың жазылу сапасына, қоршаған әлеуметтік жағдайға, оқушының психофизиологиялық ерекшелігіне байланысты.
- Музыкалық шығарманың жазылу сапасы-оның қабылдауға қолайлы әрі түсінікті болып келуімен өлшенеді.
- Әлеуметтік жағдай – оқушының қоршаған ортадағы музыкамен қарым – қатынас жасауына қажетті жағдай мүмкіндігін туғызу. Мысалы: қалада ауылмен салыстырғанда оқушылардың операға, концерттер мен театрға баруға мүмкіндігі мол, ал ауыл балаларында мұндай мүмкіндік көп бола бермейді. Дегенмен, қазіргі жедел, күрт даму кезеңінде оқушылардың музыкалық талға-мы мен ой өрісі әлдкқайда жоғары. Қазіргі оқушылардың музыкалық тәрбиесі-не тек қана мектеп емес, қоршаған орта (театр, радио, теледидар, т.б.) айырық-ша ықпал етеді.
- Оқушы бойындағы психофизиологиялық ерекшелік-музыка әуені арқылы берілетін музыкалық бейнелерді (образдарды) қиялдай сезініп, жан — дүниесі-мен толғанып, түсіне білу қаблеті. [15]
Оқушының музыкалық шығарманы қабылдауына басты әсер етуші фактор–музыкалық тәрбие. Тәрбие терең мазмұндағы ұғым. Педагогикада тәрбие, баланың рухани дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, білім беру арқылы белгілі бір дағдының қалыптасуына әсер етуші фактор ретінде қарастырылады. Тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты – сапалық жағынан жеке адамның жан дүние-сін қалыптастыру. Музыка мұғалімінің алдында оқушыларға музыкалық тәрбие беруде белгілі бір мақсат пен міндеттер қойылады. Музыка сабағында нақты мақсат қойылу арқылы музыкалық тәрбиенің міндеттері жүзеге асырылады.
Бірінші міндет-музыкалық іс — әрекеттер арқылы оқушының сезімін (эмо-циясын) ояту. Оқушылардың сабақ үстіндегі іс-әрекетінде эмоция өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады.
Сезімді ояту үшін қабылдауды белсендіру мақсаты қойылады. Бұл мақсат:
а). Музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге талдау.
ә). Музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру.
б). Тиімді әдісті таңдап ала білу.
в). Оқушылардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескере отырып, музыкалық шығарама таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Екінші міндет – музыканы саналы түсінуге баулу. Саналы түсіну үшін белгілі бір деңгейге музыкалық білім болуы керек. Сондықтан, бұл міндетті жүзеге асыру үшін, нота сауатын меңгерту мақсаты қойылады.
Нота сауаты:
а). Музыканың көркемдік құралдарын (екпін, саз, ырғақ, әуен, гармония, өлшем,т.б.) музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін түсінді-ру;
ә). Әнді нотамен орындау;
б). Түрлі көрнекіліктер пайдалану;
в). Ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, қолды ырғақпен шапалақтап ұру) арқылы меңгертіледі.
Үшінші міндет — музыкалық шығарманы өз шама – шарқына орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту. Орындаушылық дағдыларды меңгерту арқылы көркемдік білім беру мақсаты қойылады.
Бұл мақсат:
а). Вокалды – хор дағдыларын;
ә). Аспапты орындау дағдысын;
б). Ырғақтық-би дағдыларын;
в). Шығарманы тыңдап, талдай алу дағдысын меңгерту арқылы жүзеге асады.
Үшінші міндеттегі тағы бір мақсат–оқушының шығармашылық қиялын дамыту:
а). Ладтық сезімін дамыту үшін басталған әнді аяқтауға;
ә). Музыка сипатына сай қимыл ойлап табуға;
б). Музыканың әсеріне байланысты сурет салуға;
в). Суырып салып айтуға (импровизациялау) баулу арқылы жүзеге асырыла-ды.
Осы үш міндет жүзеге асырылу арқылы оқушылардың музыкалық талғамы қалыптасады әр түрлі жанрдағы музыканы талдай отырып, оның сапасын ажырата білуге үйренеді.
Осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырушы басты тұлға-музыка пәні-
нің мұғалімі болып табылады. [16]
Баланың адамгершілік – имандылық эстетикалық талғамын өсіру үшін, олардың жан – жақты білімді, қазіргі өмір талабына сай мәдениет пен ұлттық өнердің хабары мол болғаны жөн. Сондықтан да Қазақстан Республикасының музыкалық тәрбие беру тұжырымдамасына сүйене отырып саналы да сәулетті, сауатты да ұғымы, халқымыздың арғы бергі мәдениетіне, дәстүріне (түріне) тіліне, ұлттық өнеріне лайық, музыка тілі арқылы сұлулық атаулына сезіне білетін ұл-қызды тәрбиелеу, біздің,яғни тәрбиешілердің ең басты міндеті деп есептелінеді. Музыка адамның ішкі жан дүниесіне терең ықпал жасайтыны баршамызға мәлім «Музыка» Д.Шостаковичтің айтуынша «Өзіндік тамаша тіл». Музыка-«сезімдер тілі», деп бекер айтылмаған. Өйткені, ол толғандыра-тын, белгілі бір көңіл-күйге бөлейді, ойландырады. Музыканың бір ерекшілігі – ол адамдардың көңіл-күйін ортақтандырады, олардың арасындағы қарым–қатынасты құрайды. Мысалы, сазгер әкелген музыкалық шығарманы орындау-шы тыңдаушы қауымға жеткізуді, сөйтіп келесі бір адамның жан дүниесіне қозғау салып толғандырады. Музыкаға біз ынта қоятын тағы бір ерекшелігі – ол адам өмірінің ең алғашқы күндерінен-ақ бастап әсер ететіндігінде. Мысалы, ананың әлдиі, бесік жыры, кішкене нәрестенің тыныштануына әсер ететінді-гінде. Музыка тыңдаушылардың бәріне бірдей әсер етеді ме? Әлбетте, бірдей әсер етпейді, музыканың әсер етер күші адамның жеке басына, оның қабыл-дау, даярлық дәрежесіне байланысты болады. Әр адам музыкаға өзінше ынталы болып келеді. Ұлы ғалым, философ, музыкатанушы Әл-Фараби музы-
каның қоғамдағы, адам өміріндегі алатын орны мен маңызы туралы ой толғай келіп былай дейді: «Музыка туа біткен дарындылық пен инстинк түйсіктерінің нәтижесінде дами келде ғылым дәрежесіне жетті, олар туралы біз кейінірек айтамыз. Кейбір адамдар жағымды әсер алып, демалу, шаршап–шалдығуды, уақытты ұмыту үшін ән салатын болған. Ал кейбіреулер ән арқылы көңіл көтеруге, құмарлығын қандыруға немесе күшейтуге, оны өзгертуге, қыздыруға, ұмытуға немесе жұбатуға тырысқан. Үшінші біреулері музыка арқылы өлеңдерінің әсерін күшейте түсіп, тыңдаушысының қиялын одан әрі қыздыру-
ды көздеген. Әр түрлі әуендерге келсек, адам ертеден – ақ ыңылдауға, ән салуға, әуендетуге әуес және бейім болған. Біртіндеп бұл дәстүр ғасырлар борйы ұрпақтан-ұрпаққа, халықтан-халыққа көшіп, музыкалық шығармашы-лық бойын көтерген». Сазгер Б.В.Асафьевтің айтуына қарағанда «Музыка–шындықтың бейнелі дыбыстың көрінісі ». Күнделікті өмірде музыка адаммен еріп жүреді, оны қоршаған өмірге деген көзқарасын, рухани байытады, еңбек етуіне, демалуына көмектеседі. [17]
Музыкамен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдем-деседі. Ақыл — ой мен дене жағынан дамуды, адамгершілік, тазалық пен өмірге деген эстетикалық көзқарасты үйлесімді ұштастыру-әр тарапты сомдалған жеке адамды қалыптастырудың қажетті шарты. Балаларға музыкалық тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру көп ретте осы мәртебелі міндетке жетуіне көмектеседі. Музыка — балаға эстетикалық тәрбие беру құралы.
Эстетикалық тәрбие мектеп жасындағы балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдік қызметтің әр түріне қамыту қаблеттерін дамытуға бағытталған. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, олардың адамгершілік тәрбиесін де қалыптастырады. Сондайақ музыканы қабылдау ақыл-ой процестерімен тығыз байланысты, яғни зейінді, байқағыш-тықты, тапқырлықты талап етеді. Балалрдың эмоциялық елгезектігі мен музы-калық есту қаблетінің жетілуі, балалардың ізгі сезімдері мен іс – қылығына қолдарынан келетін формада жауап қайтаруға мүмкіндік береді, ой қызметін күшейтуге көмектеседі. Ән салу-дыбыс жасаудың күрделі процесі, онда есту мен дауысты үйлестіру, яғни ән айту интонациясы мен есту, дене тітірке-ністерінің өз ара әрекеттері өте маңызды орын алады. Балалар ересек адамдар-дың сөйлеу және ән салу интонациясына еліктейді , малдың, құстардың даусын айнытпай салуға тырысады. Есту мен дауыстың өзара байланыстығын көптеген ғалымдар зерттеп келеді. Балалар даусының табиғатын зерттеуші доктор Е.И.Алмазов дамыған есту қаблетінің дұрыс және дауыс интонациясы үшін айырықша маңыздылығын атап көрсетеді. Балалардың ән салуға кемшіліктерін талдай отырып, оның себептерін айтады және бұл кемістіктерді дәрігер дер кезінде қарап емдеуі қажет дейді. Егер оқыту дұрыс жолға қойылса, есту қаблеті қалпына келеді. Ән салудың көркемдік–педагогикалық маңызы: ол музыкалық образдардың мазмұнын балалардың дұрыс түсінуіне, қажетті дағды-ларға қалыптасып, әнді еркін, табиғи орындау үстінде өзінің сезімдерін көрсе-туіне көмектесуі керек. Мысалы бесік жырын орындағанда аялы қамқорлықты, мәпелеген нәзік сезімді ерекше байқату, әннің жан дүниеге жайлы, әуеннің ұйқы келтіретінін көрсету керек, сондықтан да оны баяу, біркелкі ырғағымен жырлап, дауысты бірте — бірте бәсеңдете беру керек.
Ән салуға үйретуге негізгі міндеттер:
- Балалардың ән айту шеберлігін, әдемі орындауға көмектесетін дағдыла-рын қалыптастыру;
- Балаларды сабақ үстінде және сабақтан тыс жерде аспаптың сүйемел-деуімен және сүйемелдеусіз өздерінше ән орындауына үйрету;
- Музыкалық есту қаблетін дамыту. Әннің дұрыс немесе бұрыс айтылып тұрғанын, дыбыстардың биіктігін, ұзақтығын, әннің өзгеру бағытын анық-тай алуға, ән айтып тұрғанда өз даусын ести білуге, қателіктерін байқауға, түзеуге үйрету.
- Табиғи дауыс шығаруды қалыптастыра, ән айту диапазонын нығайтып әрі кеңейте отырып, әнді төмен дауыспен «гуілдеуін» жеңе отырып, дауысты жетілдіру.
Ересектер тобында педагог дыбыс шығаруды жетілдіруімен шұғылдана отырып, әннің еркін айтылуын қадағалайды. Ән айтуға тыныс пен дикцияны жетілдіре отырып, балаларды өзін — өзі бақылай білуге, қателіктерін түзетіп отыруға, дауысты мөлшерлеп пайдалануға, барлық дыбыстардың сөздерін нық, айқын айтуға үйретеді. [20]
Жасөспірімдердің эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтіуде, ой-өрісін дамытуда заман талабы-на сай құрылған музыка сабағының маңызы зор болып табылады. Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қаблетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қаблетті дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі «сегіз қырлы, бір сырлы» болуы қажет. Ол-әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы-қысқасы, ғылымның әр саласынавн хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады. Міне, осындай ұстаз дайындау мақсатында педагогикалық жоғарғы оқу орнының музыка пәнінің маңызы зор. Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтары білім берудің, тәрбие берудің маңызы саласы болып табылады. Музыка пәнінің мақсаты-қоғамның әлеумет-
тік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық (ұлттық) музыкаға баулу. Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі мен сапасын көтеру мәселесі-бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған маңызды істердің бірі. Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласына да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп, оқыту мүмкіндіктері туды. Қазақстан Республикасы-ның Конститутциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы – осының айғағы. Бастауыш сатыда білім берудің түбегейлі мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда музыка пәнінің де алатын орны ерекше. Оқушылардың эстетикалық талғамын, рухани байлыған, әсемдігін, терең сезімін, музыкалық сауатын қалыптастыруды шығармаларды тыңдау, музыканы айту, тыңдау арқылы жүзеге асыру үшін музыка пәні мұғалімдерінің алдына көптеген міндеттер жүктейді. Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқытудың басты міндеті және мақсаты — оқушыларды сабақтарда түрлі көрнекіліқ іс-әрекеттерге қатыстыра отырып, балалар жүрегіне халық дәстүрінің рухына толы, оны қабылдай алатын біртұтас көркемдік-эстетикалық мүмкіндіктер туғызу. Балалар музыка сабағы-
нан өзін қоршаған дүниенің әдемілігі мен сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, ұстаз осыларға сәйкес музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін тәрбиенің әдістемелік көздерін табуы қажет. Өзін қоршаған өмір мен мектептегі музыка сабағын тығыз байланыстыра ұстау, оқу-тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, өзімізді қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халықтың материалдық руғани мәдениеті (халықтың қолданбалы өнері, зергелік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз әдебиеті, ойын сауық, салт-дәстүр, т.б. музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады. Мектеп сыныптарында музы-
каға тәрбиелеу:
1.Оқушыларды музыка сабақтарына деген яынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.
- Оқушылардың жоғары көркемдік талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қаблетін қалыптастыру, оларды бейнелеген түрлі құбылыстарды салыстыра білуге, музыкалық шығармалардың сипатына, стилі мен жанрына және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу, музыкалық шығармалардың сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтық, тембрлік ерекшеліктер туралы және оларды музыка пәнінің бағдарламасында белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге саыру.
- Оқушылардың музыкалық өнермен қарым-қатынасындағы түрлі практикалық тәсілдерін игеруді қалыптастыру. (Ән айту дағдысы, музыка тыңдау, музыка сауатынмеңгеру, шығармашылық қаблеттерін қалыптасты-ру). Көркем бейнелерді қабылдау негізі музыка болып табылатын өнердің әр алуан түрлерін біріктіру нәтижесінде жүзеге асады. Бұл оқушылардың түрлі іс-әрекет барысында белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді.
- Музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық шығармашылық дағдыларын дамыту. Ол музыкалық білім беру, тәрбие негізінде оқушылардың бойындағы өнердің әр саласына деген бейімділігін (әншілік, күйшілік, ақындық, суырып салма, бейнелеу өнері, актерлік, жазушылық, т.б.) қалыптас-
тыру болып табылады.
Музыа пәні мұғалімі осы ұсынылып отырған мақсаттар мене міндеттерді барлық сыныптардағы музыка сабағында жүзеге асыруда өз шеберліктері мен әдістерін, музыкалық білімін үнемі ізденіспен толықтыра отырып қолдануы керек.
Мектептегі музыка сабағының ерекшеліктері, музыка сабақтары оқушы-
ларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп өнегелі істерге баулиды. Музыка сабағы мектептегі басқа пәндергеқарағанда оқушыларға ерекше әсер етіп, олардың ой-өрісінің дамып, шығармашылығының қанаттануына зор ықпал етеді. Музыка сабағы арқылы оқушыларды тек қана ән айтып, музыка тыңдап қана қоймай, ғылым-білімнің әр саласынан мағлұмат алып, бойларындағы қалған өнердің немесе мамандықтың негізін қалыптастырады. Музыка сабағында оқушылар еркін ойлап, қиялдап, өз қиялдарының нәтижесін баяндауға немесе суреттеуге дағдыланады. Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі, өмірге деген құштар-лығы, еңбекке, іскерлікке деген ынтасы артып отыруы үшін мұғалімнің әр сабақты сапалы да, жүйелі ұйымдастыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған музыка сабағы арқылы оқушылардың бойында адамгарші-ліктің, жоғарғы мәдениеттіліктің негізі қаланып, саналы, тәртәіпті, ақылды болып өсуі қалыптасады. Музыка сабағы бірнеше іс-әрекеттерден тұрады: ән ату, музыка тыңдау, музыка сауаты. Осы негізгі іс-әрекеттерді жүзеге асырыу үшін қосым-
ша дауыс жаттықтыру, шығармашылық ттапсырмалар, музыкалық ойындар қолданылады. Әр іс-әрекетті ұйымдастыру барысында кіріспе әңгімелер, тал-
дау, жұмыстарын бір-бірімен тығыз байланыстыра, жымдастыра отырып сабақтың негізгі тақырыбына сай біртұтас етіп өткізу керек. Музыка сабағының кәсіби ерекшелігінің өзі осы бірнеше іс-әрекеттерден мазмұнын бір тақырыпқа жинақтауда. Мысалы, сабақтың тақырыбы «Күмбірлеген күміс күй» болса, тыңдатылатын шығарма да, үйретілер ән де осы тақырыпқа сай болуы керек. Әрине «күй» тақырыбы болған соң күй туралы, күйшілер туралы кіріспе әңгіме арқылы күйші сазгерлердің шығармалары тыңдатылатыны белгілі, сондықтан үйретілетін ән де осы тақырыпқа сәйкес келетіндей болғаны дұрыс. Немесе «Табиғатқа арналған әндер мен күйлер» тақырыбындағы «Саржайлау», «Сарыарқа» күйлері «Алатау» әні 1-сынып оқулығында берілген, ал оқулықта-
ғы басқа әндер, күйлерді таңдап алатын болсақ та осы тақырыптың мақсатын жүзеге асыруға тиістіміз.Тақырыптың маңыздылығы мен жүйелілігі принципін сақтау музыка пәні мұғалімінің міндеті. Музыка сабағы басқа пәндердей емес көбінесе ауызша, практикалық түрде оқушылардың есту, ойлау қаблетінің негізінде өткізіледі. Қазіргі жаңа бағдарламаға дейін тиянақта оқулықтар болмағандықтан, болған күнде де мектептер оқушыларды оқулықтармен толық қамтамасыз етпегендіктен музыка сабақтарын әр мұғалім өзінің мүмкіндігінше өткізіп жүреді. Осыған байланысты көпшілік жағдайда үйретілетін әндердің сөзін, сазгерлер туралы, шығарма туралы мәліметтерді оқушылар арнайы дәптерлеріне жазуға уақыт кетіріп жүрді, ал қазіргі кезде барлық сыныптар, мектептер жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіледі, кейбір оқулықтан тыс әндер не күйлер болмаса негізінен бағдарламаға байланысты музыкалық материалдар оқулыққа түгел дерлік енген. Сондықтан оқушылар жазуға көп уақыт шығар-майды, сабақтың барысы көбіне тыңдау, айту, ойлау, әңгімелеу, тәсілдері арқылы жүргізіледі. Мұғалімнің сұрақтары нақты, жүйелі түсінікті болғанда оқушылардың жауаптары да нақты, толық болады. Осыны ескеріп мұғалімдер әр сабақты мазмұнды біртұтас қойылым тәріздес өткізуге міндетті. Сабақтың түрлерін өзгертіп отыруға болады. Дәстүрлі сабақ, дәстүрден тыс — сайыс сабақ, ойын сабақ, концертсабақ, біріккен сабақ, т.б. түрлерде өткізу оқушылардың музыкалық білімін арттырып, білуге, үйренуге деген ынталарын, белсенділікте-
рін арттырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні мұғалімінің рөлі, жасөспі-рімдерді музыка әлеміне терең бойлап, түсініп қабылдауға, талғамын артты-руға, эмоциялық сезімдерін қалыптастыруға, жан-жақты білімді, мәдениетті болып өсуіне зор ықпал ететін музыка сабағының орны ерекшк. Ал осы музыка сабағын баланың мекетпке келген алғашқы күнінен бастап дұрыс ұйымдасты-рып, музыкалық тәрбие беру музыка пәні мұғалімінің алдына көптеген міндет-тер жүктейді. Музыка пәнінің мұғалімі шығармашылық қиялы мол, арнайы бір аспапты еркін меңгере алатын, музыкалық сауатты, жан-жақты ғылым-білімнен хабардар, ой-өрісі кең маман болғанда ғана жасөспірімдереге жүйелі музыка-лық білім бере алады. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, өлгеніміз тіріліп, өшке-німіз қайта жанған, өз өнеріміз бен рухани байлығымызды, әдет-ғұрпымыз бен салтымызды толық меңгеруге мүмкіндік алған жағдайға келген кезде, өз халқымыздың ғасырлар бойы жиналған бай мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғас-
тыру музыка пәні мұғалімінің басты мақсаты болуы керек.
Сондықтан музыка пәні мұғалімі үнемі ізденіспен әр сабағында оқушылар-
дың бойына ізгілік пен адамгершіліктің, әсемдік пен сұлулықтың, инабаттылық пен қайырымдылықтың нәрін беретіндей әдістерді қолданып отыруы керек. Қазіргі жалпы мектептерде ұсынылған музыка пәнінің бағдарламасына сай сабақтарды өткізуге мол мүмкіндік бар. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып сабақтың түрін, формасын ауыстыра отыра, әр түрлі әдістерді қолданып, музыка сабағын мағыналы етіп өткізу мұғалімнің міндеті. Музыка сабақтарында көбінесе оқушылардың ой-өрісін еңінен дамытып, олардың сөйлеу мәдениетін, ойларын толық жеткізе білетін мүмкіндіктерін арттыратын тиянақты сұрақтарды дәл қоя білуі, қойған сұрақтарға жауап ала білуі, мұғалімнің өзінің тіл байлығы, дүниетанымы жан-жақты, ой-өрісі, сезімі терең болуы керек.
1-сынып бағдарламасындағы музыфкалық материалдармен таныстыру барысында әр тақырыпқа байланысты, нені баяндайтынын, т.б. әңгімелеуде мұғалімнің өз білімі таяз болса, ол шығарманы өз деңгейінде оқушыларға жеткізе алмайды. Мысалы, Қорқыттың «Әуппай» күйін тыңдатуда Қорқыт туралы мағлұматты оқушыларға қысқаша болса да түсіндіру әдісіне мұғалімнің өзінің терең білімі сезіліп тұруы керек. Әрине, оқулықта «Әуппай» күйі туралы түсінік берілген, ал күйді тыңдау кезінді, күйдің «Қандай ырғақта?», «Қобыз үнінің тембірі шығуы қалай?», «Сазы қандай?» деген сұрақтарға нақты жауап алу үшін мұғалімнің өз түсінігі мен жауавбы біліміне сай болуы тиіс. Немесе Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін таныстыруда оның басқа да көптеген күйлерін мұғалім жақсы білуі керек, тек оқулықтағы 1-2 күйдің атын атағанмен мұғалімнің әр уақытта арғы жағында оқушыларға айтатын терең білімі даяр тұруы керек. Аңыз-күй «Ақсақ құланды» тыңдату арысында қысқаша танысты-румен қатар оқулықтағы аңыз әңгіме кейіпкері Жошы хан туралы оқушылар-дың қабылдауына шағын әңгіме арқылы мағлұмат бере отырып, мұғалім өзі Жошы хан қай ғасырда өмір сүргені, оның хандық құрған кездегі тарихы туралы хабардар болғаны жөн.
2-сынып бағдарламасындағы Махамбеттің «Қайран, Нарын» күйін тыңдат-қанда, Махамбет-Исатай көтерілісі, Жәңгір хан туралы, сол кездегі халықтың өмірі туралы, Нарын құмының Батыс Қазақстан аймағы туралы білімі болуы керек. Халық әні «Елім-айды» үйрету кезінде бұл әннің шығу тарихына байла-
нысты түсінікті оқулықтан оқушыларға таныстыра отырып, мұғалімнің өзінің тарихта терең бойлайтын білімі болуы артық емес. «Ақтабан шұбарынды- Алқакөл сұлама» 1723 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығы туралы орта мектептегі «Қазақстан тарихынан» алған білімдерін мұғалім осы сабақтар үшін қолдана білуі керек.
3-сыныптың әр тақырыпқа байланысты музыкалық шығармаларды оқушы-ларға таныстырып, ионың құрылымын, әуенін, сазын, тембрін, ырғағын талдау және мазмұнының мағынасын ұғындыру үшін мұғалімнің өзінің кәсіптік дайындығы, жан-жақтылығы, ой-өрісі жоғары дәрежеде болуы керек.
3-сыныптың музыкалық материалдары ұлттық, халықтық, дәстүрлік тақы-рыптармен тығыз байланысты, сондықтан теориялық, практикалық жағынан жақсы талдай білуі керек. Өзі аспапта қостап айтып беруі немесе орындап бере алдатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы,»Алпамыс батыр» эпостық жыры оқулықта оқушыларға үзінділермен берілген, ал, мұғалім бұл жырды өзі жақсы меңгерген болуы керек, ол жырды толық бастанаяқ оқып шыққанда ғана оқушыларға толық «Алпамыз батр» туралы түсінік бере алады. Тек қана бұл жыр емес басқа да эпостық жырлар «Қамбар батыр», «Ер тарғын», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырлар, тіпті басқа халықтың, мысалы қырғыздың «Манас», т.б. елдердің ұқсас шығармаларын орыстың «Игорь полкы туралы» поэмасын білген болса, мұғалімге эпос тақырыбының мағынасын аша түсіндіру үшін өте пайдалы болары сөзсіз.
4-сынып музыкалық материалдарын оқушыларға меңгертуде, таныстыруда мұғалімнің білімі одан әрі терең болуын талап етеді. Мұғалім үнемі ізденісте болып, өз білімін толықтырып отыруы керек. Әрбір үйретілетін ән мен тыңдалатын шығарманы теориялық жағынан (музыкалық әсерлеу ортасына, құрылымына, формасына, ырғағына, темпіне, сазына), талдап қана қоймай, оның сазгерлері туралы мағлмат беру үшін әр сазгерлердің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеп білу керек, олардың шығармашылы-ғындағы мазмұн-мағнасын оқушыларға толық толық жеткізе білуі керек, шығарманы орындаушы ұжымдар, жеке орындаушылар туралы мұғалім өзі жақсыбіліп, қандай операдан, симфониядан немесе оротория, кантададан екенін білуі керек. Бұл шығарманың қандай жағдайда, қашан шығарылғанын жете білуі керек. Мысалы, Қапан Мусиннің «Жайлауда» симфониялық поэмасы Қазақстан елінің тұңғыш симфониялық шығармасының бірі, ал Қапан Мусин алғашқы симфониялық шығарма жазған сазгер екенін және оның басқа да шығармаларын жақсы білуі керек. С. Мұхамеджановтың «Ғасырлар үні» ороториясымен таныстыру үшін мұғалімнің музыкалық білімі өте бай болуы керек. Ороторияның сегіз бөлімінің әр бөліміне байланысты тарихты жақсы білуі керек. Ороторияда кездесетін музыкалық жаңа ұғымдар мен орындайтын аспаптар, ұжымдар туралы мағлұматы, білімі толық болуы керек. Сондай-ақ, Ғазиза Жұбанова шығармаларымен таныстыруда сазгердің бағдарламаға енген музыкаларынан басқа шығармаларын біліп, өмірі мен шығармашылығынан толық хабардар бола отыра, «Хиросима» балетінен үзінді тыңдатқан кезде осы шығарманың мазмұнына байланысты тарихи оқиғаларды, жапон халқының өмірі мен тұрмысы, табиғаты жайлы терең оқып білуі керек. Осының бәрі мұғалімнің музыка сабағын тек жалаң, жайдақ бағытта өткізбей, түрлі көрнекі-ліктер, дәлелдеуші материалдар қолдана отырып өнердің басқа түрлерімен байланыстырып, жан-жақты ізденіспен, жоғары шығармашылық талғамман өткізуін талап етеді. Музыка пәні мұғалімінің алдында осындай үлкен жауапкершілік тұратындықтан, ол әр сабақты асқан ұқыптылықпен, терең біліммен жан-жақты дайындықпен өткізуге міндетті. Бұрынғы кездердегі ән сабағын кез келген «әу» дейтін арнайы білімі жоқ адамдарға жүктеу қазіргі заман талабына сай емес, оны әр мектептің басшылары қатаң қадағалап, білім заңының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуі керек.
Мектептердегі музыка сабағының жан-жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканың басқа пәндермен тығыз байланысын жымдастыра сапалы етіп өткізу-әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндетінің бірі. Қазіргі кездегі оқытудың жаңа кезеңінде, жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұропаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп, жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижеге жетуге болатыны сөзсіз. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін мұғалімнің өзі жан-жақты білімді, ғылымның әр саласынан-психология, педагогика, тіл мен әдебиет, тарих, философия, әлеуметтану, медицина, көркем өнер мен бейнелеу, т.б. хабардар болуы керек. Сонымен қатар мұғалімнің ой-өрісі, түсінігі кең болуының арқасында осы аты аталған пәндердің сабақ тақырыптарына байланысты, музыкалық шығармаларды тыңдату, әндерді үйрету барысындағы байланысын тиімді қолдана біліп, оқушыларға жеткізе білу әдістерін жүзеге асыру керек. Ұлттық музыкалық тәрбие беруде мектепте әр түрлі үйірмелерді құру арқылы жүзеге асады.Үйірмеге қатысушы балалрдың музыкалық дарынына қоса ықыласымен ынтасы болуы керек. Мектептерде мынадай үйірмелер болуы шарт: Хор, оркестр, жеке аспаптар, әншілер, би үйірмелері, фольклорлық, музыка театры және т.б. Бұлардың бәрі қазақтың ұлттық музыкалық өнеріне, мәдениетіне деген қызығушылықты дамытуды жә-
не музыка сабағында алған білімдерін толықтырып, оларды әрі қарай өнер биігіне жетелуді қажет етеді. Жаппай жүргізілетін ұлттық музыкалық тәрбие жұмыстары балалрдың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болуы қажет. Бұл салаға дәріс концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыка-
лық кешті үйымдастырып жүргізу, карнавал, байқаулар өткізу кіреді. Өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың арнайы сценарий құру онда мереке барысында болатын көріністер, тақырыпты ашатын фрагменттер кештің бір бөлігінен екіншісіне ауысуы оған қатысушылардың белсенділігін арттыру әдістері, яғни байқаулар, ойындар,тосын сәттер, мереке өтетін орынды безендіру мен жабдықтау рет-ретімен баяндалуы қажет. Кез келген орта білім беретін мектептерде халық аспаптар оркестрі болуы шарт. Оркестрдің негізгі міндеті қатысушы балалардың эстетикалық талғамын музыкаға жоғарғы деңгейде тәрбиелеу. Оркестр жетекшісі оқу тәрбие жұмысын сапалы жүргізу үшін жоспар құрып, алдынала репертуарын тағайындайды. Орындалатын музыкалық шығармалар: ән (халық әндері, кәсіпқой сазгерлердің әндері), күйлер (халық, тарихи, аңыз, сазгерлердің) оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктелуі керек.
2.2. Сабақтың әдіс – тәсілдері.
Мектептегі музыкалық тәрбиеде оқытудың жалпы әдіс-тәсілдері принцип-тері басшылыққа алынады. Мұны-оқытудың барлық сатысында қолданыла-тын жалпы қағидалар деп түсінген жөн. Ол оқушылардың танымдық қызметімен және оқыту мақсатының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Оқыту-тәрбие мен дамудың бірлігі. Педагогикада оқытуды даму мен тәрбиені бір-бірінен бөліп-жармай, бірге қарастырады. Оқытудың барлық жүйелері, әдіс-тәсілдері, мазмұны, ұйымдастырылу тәсілдерінің бәрі алдымен балаға тәрбие беруді көздейді. Білім, білік дағдыларын меңгерту үстінде тәрбие міндетін іске асыру оқытушының біліміне, шеберлігіне, тәжірибесіне, сабақтың дұрыс ұйымдас-тырулығына тікелей байланысты. Балаға әрбір сабақтың үстінде белгілі бір білім көлемі меңгертіледі, сол арқылы оқушы бойывнда жаңа музыалық дағды қалыптасып, бұрынғы алған дағдылары дамытылып бекітіледі, олардың қоршаған орта, өмір құбылыстары жөніндегі түсінігі тереңдейді. Бұл музыка сабағындағы тәрбие мен оқытудың тығыз байланысының айғағы. Оқытушы сабақта болсын, сыныптан тыс жерде болсын, тәрбиенің дұрыс жолын тапқанда ғана оқыту нәтижелі болады. Егер оқушылар сыныпта музыканы барынша зейін қойып тыңдаса, онда оқытушының тәрбие мен білім беруді қатар жүзеге асыра білгені. Ал сыныпта жағдай керісінше сипатта өтсе, тәрбиенің дұрыс бермегендігі. Мұндай жағдайда оқушылар бойында музыка өнеріне құштарлық болмайды. Сондықтан оқытушы оқушылар алдына үнемі өз шамашарқына қарай мақсат қоя білуі қажет. Ол мақсат оқушының зейін қоя білуін ұйымдастырып, музыканың ішкі мазмұнын түсінуге бағыттайды. Мысалы, ән салуда вокал-дық дағдылардың оқушы бойында қалыптасуы үлкен тәрбиенің жемісі. Вокальдық жағынан өз мәнінде орындалған музыка оқушылардың сезімтал-дығын қалыптастыратыны белгілі. Баланың сезімталдығы, жоғары талғамды музыка өнерін біртіндеп түсінуіне, оны бағалай білуіне жағдай жасайды. Музыка тәрбиесі-оқушылардың әсерленуі мен сезінуі арқылы жүзеге асатын өте күрделі тәрбие. [21]
Музыканы оқытудың тиімділік (оптимальдық) принципі. Музыка сабағында бір ғана принципті бөліп алып, сол принцип бойынша сабақ өткізу мен мүмкін емес. Кейде жоспарланып, белгіленген принциптерді басқа принциптермен ауыстыра пайдалануға тура келеді. Сабақта ең басты жағдай оқытудың тиімді жолдарын таба білу. Оқушыларға тек дайын білімді, дайын мағлұматтарды беру ғана емес, сабақта проблемалар тудыру арқылы өтілетін жұмыстарды өзбетінше меңгерту мақсаты қойылуы тиіс. Мұндай мақсатты жүзеге асыруға жол ашатын басты принциптердің бірі-музыканы оқытудың тиімділік принципі. Бұл оқыту-
дың бірнеше әдіс-тәсіліне сүйене отырып, бірнеше әдісін қатар пайдаланып, соның ең ұтымды, қойылып отырған мақсатты тиімді шеше алатын ең оңтайлы жолын таңдап ала білу деген сөз бұл әдіс ең оңтайлы жлын таңдап ала білу деген сөз. Бұл әдіс аз уақытта көп нәрсені меңгерту мақсатын көздейді. Тиімді оқыту-оқыту әдісін жоғары сапалы, ең озық әдістер арқылы жүргізу болып табылады. Бұл әдіс бір сарынмен, үнемі бір үлгімен оқытуға, оқушыларға шектен тыс күш түсіруге, оқу жұмысын тез қарқынмен үстірт өтугек қарсы. Нақты айтқанда музыка сабағында тиімділік әдісін қолдану төмендегідей сәттерден тұрады:
1.Жиынтықты нақтылық талдап, тыңдамастан бұрын, өтілетін тақырыпта байланысты мақсат қою.
2.Генераризация музыканың кейбір көркемдік құралдарын жеке-жеке бөліп алып, соған назар аударып, бақылау.
3.Пәнаралық байланыс музыканы бақылағанын басқа пәндер мен музыканың арасындағы сабақтастықты тауып, оны талдау.
4.Оқушының қызметін салыстырмалы бағалау негізінде басты мәселеге бағыттау.
5.Оқытудағы диференция және индивидуализация барысында қаблеті төмен, музыкалық сөздік қоры шектеулі немесе ән әуенін бұзып айтатын оқушымен жасалатын жұмыстар.
6.Шешімді дұрыс табуға қажетті жағдай жасау.
7.Басқару мен оқушының өзін-өзі басқаруы арасындағы тиімді бірлік.
8.Жағдайды шұғыл реттеу және өңдеу. Белгілі бір мәселені қорытындылау музыка сабағының әр бөлігінде болып отырады. Ал, сабақтың соңында жалпы қорытындылау. Бұл кезде жұмысты оқушылардың қаншалықұты дәрежеде меңгергеніне көз жеткізе отырып бағалаймыз. [23]
Уақыт талабы осылайша, сабақты жаңаша құруды, педагогикада музыканы оқытудың әдістері мен принциптерін барынша терең меңгеруді талап етеді. Бұл принцип оқу жұмысын оқушыларға түсінікті етіп беруді, саналылықпен талдай отырып ұғындыруды мақсат етеді. Музыка сабағының бағдарламасында көрсетілген бұл бөлімде оқушыларды жастарына сай, көлемі шағын халық әндерімен, сонымен қатар қазақ сазгерлерінің дауысқа арнап жазылған әндеоді, сонымен қатар басқа халықтардың ән шығармашылығымен таныстыру қарас-тырылған. Бағдарламаға енген әндердің көркемдік жағы, оқушылардың түйсігі-
не жеңіл, жастық дауыс ерекшеліктерін де еске алып, іріктеліп алынған. Оқу бағдарламасының басты міндеті оқушыларға әнді жалпылама хорға қосылып үйретуді негіз етіп алады. Өйткені хорға қосылып ән салу жүйесінде оқушылар-
дың музыкалық қабілеттілігін дамыту міндеті жүзеге ойдығыдай асырылады, олардың музыкаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығы күшейеетүседі. Музыка сабақтарында оқушылар әнді дұрыс айту дағдыларын игереді. Бұл салалардың әнді ырғағына, ықшамына келтіріп айтуына, олардың даусын сақтауға жәрдемдеседі,- деп көрсетеді оқу бағдарламасында. Оқу бағдарлама-
сының бұл бөлімі көптеген өзгерістерге түсті. 1930-1940 жылдары мектеп бағдарламасында бастауыш оқушыларына арналған әндер, хорлар аз болғаны ақиқат. Оқу бағдарламасында туысқан халықтардың әндері өте сирек пайдала-
нылды. Оған басты себеп, әнді табу, оны ана тілге аудару, әрі нотамен ойнау деген қиындықтар мұғалімнің алдында тұрған айтарлықтай белес болды. Сол себепті ән сабағында тек әнді үйретумен бір жақты сабақ өтілген. Ал 1950-1960 жылғы оқу бағдарламасына жақсылық жағын айтар болсақ, онда сабақ үш бағытта жоспарлап қарастырылып, ән, хор музыкалық шығармалар оқушылар-дың жас ерекшеліктеріне арналып жазылған болса, сонымен қатар басқа халық-тардың әндерін үйрету жағы қарастырылғанды.
Дегенмен, музыка сабағының бағдарламасында әлі кемеліне мәселелер бар. Атап айтсақ, бастауыш кластардың бағдарламасында әндерді, күйлерді оқу-шылардың жас ерекшеліктеріне сай тіп әрбір класқа бөлуді қажет етеді. Соған байланысты музыка оқулықтары да өңдеуді талап етеді. Әндер сапасы жағынан балаларды қызықтырарлық жан-жақты болып келгенімен біраз әндердің мелодиялық – көркемдік жағы нашарлау, жас сәбилердің есінен тез орын ала алмайды. Оған мысал ретінде 1 сынып бағдарламасына енген әндерден: «Ата туралы ән» музыкасы Е.Брусиловскийдікі, «Жаңбыр», музыкасы Б.Базар-баевтікі, ІІ сынып бағдарламасына енген әндермен: «Космонавт боламыз», музыкасы С.Мұхамеджановтікі, “Көрікті шыршамыз”, музыкасы Ө.Бәйділдаев-тікі, “Мичуринші бала екен ”, Н.Меңдіғалиевтікі, ІІІ сынып бағдарламасына енген әндерден “Жас ұландар жыры”, музыкасы Н.Меңдіғалиевтікі, «Саяхатқа барамыз», музыкасы Құрманғали-евтікі, шығармаларын келтіруге болады. Соңғы айтарымыз музыка сабағының оқу бағдарламасының “Әнді айтып үйрену” бөліміне үш – бес жылда өзгерістер кіріп тұру өмірдің талабына сай демекпіз. Себебі соңғы шыққан көркем әндер, хорлар музыкалық оқулық-
тардың бетінен өзіне тән орындарын алуы шарт. [24]
Музыка сабағының бұл көлемі өзінше жеке бір зерттелетін тақырып болған-
дықтан біз оның басқа мәселелеріне тоқталмай тек ән ерекшеліктері мен оны айтып үйрену жағына ғана тоқталып өтеміз. Әнді айтып үйренудегі демалыс, тыныс тәртібі, дауыс, дыбыс шығару мәдениеті А.Нұғыманованың “Қазақ мектептерінде балалар мен жас өспірімдердің дауыс тәрбиесі” атты кандидат-
тық диссертациясында жан-жақты қарастырылып, көптеген практикалық ұсы-ныстар берілген. Оқушыларға ән үйрету үшін қойылатын талаптар: І сынып оқушылары үшін ән айтқанда қолды, төмен жіберіп түзу тұруды талап етеді. Ән нотамен жазылады. Әннің сөздері буынға бөлінеді, ноталардың астына жазылады. Әнді дауыстап айтуға да, музыка аспаптарымен ойнауға да болады. Жас балалардың даусы жіңішке,үлкендердің даусы жуан болады. Әнді бастар алдында демді ішке алған дұрыс. Бастап кеткен соң сөз араларында дем алмау керек. Ән салғанда ретсіз қатты айқайлаудың керегі жоқ. Әнді хормен қосы-лып айтқанда барлық оқушы бірден бастап бірден бітіргені дұрыс. Хордан қалып та қойма, алға да кетпе, — деп көрсетілген І сынып оқулығында.
ІІІ сынып оқушыларына ән айтқанда денені еркін ұстатып, түзу тұруды үйрету керек. Ауызды бірқалыпты ашып, дыбысты анық шығаруға дағдылан-
дырған жөн. Әнде кездесетін дауысты дыбыстарды созып, ал дауыссыз дыбыс-
тарды қысқа, анық шығарып айтқан пайдалы, әріыңғайлы. Әнді оқушы айтып тұрғанда, музыка сөйлемдерінің аз ғана дейін демдерін үзбей үйреткен дұрыс. Әннің әр сөзін айтқан, дәл айтып демді дұрыс алуға оқушыларды жаттықтыру керек. Хорға қосылғанда әнді жасқанбай, қатты айқайламай, әр оқушы әннің сөзін сазымен айтып, жанындағы оқушылардың даусына дауысты қоса білу керек. Хорға қосылып оқушылар ән айтқанда хорды басқарушы дирижердің қол қимылдарына қарап, оның айтқан тілектерін, көрсеткен кемшіліктерін бұлжытпай орындауды үйрету керек. Ән айтқанда, оқушыларға оның нота атуралы айтылғанын сөз мағынасын жете түсіндіріп, өлеңін жаттап барып айтқызу пайдалы. [25]
Әндік музыканың әр уақытта аты болады. Өмірдің қайбір салалары болмасын соған лайық әндер бар. Мектеп жасындағы балаларды Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу үшін музыка сабағының мұғалімі айтатын, тыңдайтын әндер мен музыкаларды бағдарламаларға сай іріктеп алады. Бұл жағдайда-тек қазақ әндері емес, басқа да халықтардың музыка қазынасын қоса пайдаланған дұрыс. Мысал ретінде осы бағдарлама бойынша І сыныпта: Ө.Байділдаевтің, Б.Ысқақовтың сөзіне жазылған “Менің Отаным” атты әні Отанды сүюге, бауырмалдылыққа жастарды тәрбиелеп баулиды. Біздің күнде-
лікті өміріміз музыкаға толы. Радио тыңдапнемесе теледидар көргенде жас балаларға өздеріне арналған музыкалық хабарларды ғана тыңдаттырған жөн. Қорытып айтқанда, баланың күнделікті өмірі музыкаға толы. Үйде радио, теледидар, магнитофон, күйтабақ ойнатқыш, домбыра, пианино, баян, аккарди-
он, т.б. музыкалық аспаптардың бірі болмаса бірі кез келген үйден кездеседі. Бұл қуанарлық жағдай. Бұл мәдениетіміздің көтеріліп, музыкалық талғамның күн санап артқанын дәлелдейді. Ал білімгер киноға, театрға, түрлі жиындарға бара қалғанда, онда да музыка алдынан шығып, білімгердің эстетикалы сезімінің тебіренісін оятуға да өз әсерін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі одан соң мектеп жасындағы оқушылар күнделікті өмірге қалыптан тыс көбінесе үлкендерге арналған әндерді, музыкаларды, музыкалық хабарларды тыңдауға, көруге мәжбүр жағдайда екені анық.
Оған басты себептер:
— оқушы үйде жүрген мезгілде радио и сөйлеп, музыка үні күні бойы естіліп тұратын жағдайлар жиі кездеседі;
— мекткп оқушыларының ауылда, қалада болсын үлкендерге арналған концерттерге, киноға, телеэкранға, театрға баруы жиі кездеседі;
— мектеп өмірінде де бастауыш мектеп оқушылары, жоғары класс оқушы-лары мен жастардың күшімен қойылған концерттерге, кештерге қатыса береді;
— музыка оқытушылары тарапынан оқушылардың жасына сай емес әндерді , музыкаларды үйретуі әлі де болса орын алып келеді;
— үйде ата–аналар, оқушы сабақ дайындап жатқанда музыканың үнін шығармай, тыныштық туғызу деген жағдайлар сирек кездеседі;
— ата–ана, мектеп оқытушыларының көмегі мен шәкірттерге тек олардың жастық ерекшеліктеріне арналған музыкаларды тыңдатып, киноны, теледи-
дардан концерттерді, музыкалықхабарды лайықтап үйрететіні пайдалы екендігін түсінген жөн.
Шынын айтқанда, сана сезіміне лайықты музыка бағдарламасында әр жақты музыкалар, әндер қарастырылған. Одан баланың музыкаға деген сүйіспенші-
лігін жоғалтпау үшін үйде, мектепте, театрда, кинотеатрларда, радиодан, теледидардан төменгі, жоғарғы класс оқушылары мен жастарға арналған, олардың психологиялық ерекшеліктерін, музыканы қабылдау қасиеттерін еске алып жасалған хабарларды тыңдатып, көрсетіп отырған жағдайда, олардың музыкаға құмарлығы, эстетикалық талғамы арта түспек.
Жалпы білім беретін мектептердегі музыкалық тәрбиенің басты міндеті — мектепте музыканы ғана үйрету емес, музыка арқылы оқушылардың ішкі дүниесіне, ең алдымен, адамгершілік қасиетіне әсер ету-деп көрсетеді белгілі сазгер Д.Кабалевский. [26]
Музыкалық — эстетикалық тәрбиенің барлық салаларын жақсы түсініп, оларды бір-бірімен байланыстыра білген ұстаз оқушыға музыка өнерінің түр-лері арқылы жан — жақты әсер етеді. Халық дәстүрін эстетикалы тәрбие негізіне ала отырып, отбасы жасөспірім бала үшін қандай қадамдар, үйымдастырушы-лық шаралар мен шешімдерге келу керек ?
Біріншіден-жасөспірім балаға отбасында музыкалы-эстетикалы орталық болу шарт. Ол үшін үйде баланың қабылдау психологиясына, жасына сай әндер айтылып, күйлер орындалып, музыкалы аспаптар: домбыра, гармон, металлофон, пианино (ойыншық) күйтабақтар ойнайтын техника құралдары, түрлі суретте, слайдтар барлығы музыкалы балалар тақырыбы болып келгені дұрыс.
Екіншіден-отбасы мүшесінде музыкалы аспаптың бірін ойнауы, біртіндеп музыка сауатын игеретін адам болуын о бастан қарастырған, ойластырған жөн.
Үшіншіден-радио, теледидар, кино, күйтабақтарда, газет – журналдардағы жазбалардың жасына сай берілетін хабарларды, оның ішінде музыкалы– эстетикалы бағыттағы тәрбиелік мәні бар тақырыптарды тыңдап, қарауға, оқытуға дағдыландырған дұрыс.
Төртіншіден-бала өсе келе өз Республикасының өнер тарихы мен музей-лерді, көрмелерді, табиғаттың көркем бұрыштарын, мәдениет сарайларын, демалыс бағы, жан-жануарлар бақтарын әрдайым көріп отыруы қажетті іс.
Бесіншіден-жас сәбиді жан-жақты тәрбиелеу дегеніміз ең әуелі ата–ананың білімді тұлға, жан-жақты болуы да керекті қасиеттер. Сондықтан ата – ананың еңбекке, өмірге, өнерге, білімге, эстетикалық, әсемдікке, табиғатқа деген көзқарастарынан туатын тәрбиелік қағидалар көзге көрінбей, балалардың ойнын, бойынан орын алып, жасөспірім баланы еңбекке, білімге, өмірге, өнерге тағы басқа өмір мен табиғат қатынасына баулып жол сілтеп, керек десе жетелеп отыру құажет. Біз күнделікті өмірде ән, музыка, күй кеші, концерт, ария, кантата, оркестр, хор, опера, т.б. деген сөздерді жиі естиміз де, олардың үнінен әр алуан музыкалық туындыларды сүйсіне тыңдаймыз. Көңілден шықса, ерекше бір рахатқа бөленіп, шабыттанып қаламыз. [27]
Мектептердегі музыка сабағының жан-жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканы сапалы түрде өткізу әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндетінің бірі. Қазіргі кезде оқытудың жаңа кезеңінде, жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп, жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижеге жетуге болатыны сөзсіз. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін мұғалімнің өзі жан-жақты білімді, ғылымның әр саласынан психоло-
гия, педагогика, тіл мен әдебиет, тарих, философия, әлеуметтану, медицина, көркем өнер мен бейнелеу, т.б. хабардар болуы керек.
Сонымен қатар мұғалімнің ой-өрісі, түсінігі кең болуының арқасында осы аты аталған пәндердің сабақ тақырыптарына байланысты, музыкалық шығар-маларды тыңдату, әндерді үйрету барысындағы байланысын тиімді қолдана біліп, оқушыларға жеткізе білу әдістерін жүзеге асыру керек. Музыкалық шығармаларға байланысты кіріспе әңгімелер немесе талдау кезіндегі қойыла-тын сұрақтарды нақты түсінікті етіп оқушыларға баяндай білу үшін мұғалімнің тіл байлығы, сөйлем құра білуі тіл пәнімен тікелей байланыста екендігін көреміз. Қойылған сұрақтарға оқушылардың толық жауап бере білуін талап ету арқылы, олардың тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамытамыз. Үйретілетін әндердің сөздерін оқыту, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ережеге сай меңгертуге үйретуде, (диксия мен жұмыста) орфографиялық ережелермен тығыз байланысын көрсетеді. Қатаң дыбыстардың айтылуы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың қатар келуіндегі үндестік заңдылықтарды ескеру, мысалы, түнгі аспан (түнгаспан), қайда қалып (қайдағалып), т.б. осындай көптеген тіл пәнімен байланыстың болатындығын байқауға болады. Ал үйретілетін әннің сөзінің мазмұнын түсіндіре отырып, мәтіннің ұйқасын, құрылысын меңгертуге, оның музыкамен қандай байланысы бар екендігін сезіндіру кезінде әдебиет пәнімен тығыз байланыстыру. Қазақ ауыз әдебиетінің ежелгі авторлары, әдеби мұраны ұрпақтан-ұрпаққа ұластырушылар ақпа ақын-жыравулар мен жыршылар болған. Кішігірім лирикалық, шешендік, сықақ мәнді өлеңдерден бастап, эпикалық поэмалар мен дастандарға дейін ақындар қолма-қол шығарып, сол жырлармен өздері естіген мол мұраларды сан жылдар жанында сақтап, өңдеп, дамыта жырлап, сол өнерін қанаттас ақын-жыршыларға жеткізіп отырған. Бұл ақындар, жыршылар мен жыраулар шығармашылығын-дакғы репертуар алмасу немесе мұра мен мұрагерлік болса, осы мұраларды жасөспірімдерге жалғастыру мақсатында терме, толғау, эпостық жырлармен таныстыру музыка сабақтарында жүзеге асырылады. Мысалы, 3-сыныптан бастап «Алпамыс батыр» жыры, Бұқар жырау, Базар жырау толғаулары, Жиенбай, Нұртуған, Нартай, Тұрмағамбет, Махамбет термелері, халық тепмесі, айтыс түрлері, «Біржан-Сара» айтысы, 4-сыныпта «Қыз-Жібек» жырының негізіндегі операмен таныстыру кездерінде халық ауыз-әдебиетінің музыка өнерімен тығыз байланысын айқындай түседі. [28]
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ақындық шығармашылығымен қатар сазгерлік өнерінен туындаған «Қараңғы түнде тау қалғып», «Айттым сәлем қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерінің мәтіні мен музыкуасындағы үйлесімділігі оқушылар санасына жеткізілу тиіс. Музыканың әдебиетпен, поэзиямен байланысы туралы көптеген мысалдар келтіруге бола-ды.
Музыка сабағының ықпалы тартымды, қызғылықты болып жасөспірімдердің музыка әлеміне, оның терең де сырлы, сиқырлы түбіне бойлай түсу үшін көр-кем суреттің үлкен әсері бар. Көркемсурет адамның көзбен көруі арқылы сезіміне әсер етеді, әр түрлі боялары, оның мазмұны, адамды толғандырып түрлі ой салады. Өйткені, тарихты зерттеу кезінде, өткен тарихымызды біз тек сурет, мүсін арқылы ғана танып білеміз. Өткен тарихи өмірімізді археология-лық қазбалардан табылған мұрағаттардағы суреттерден, қолжазбалардан қарап болжау арқылы тарихшылардың сараптауы арқылы білеміз. Ал көркемсуреттің негізгі әсері музыкалық шығарманы насихаттауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болатындығы. Мысалы, қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінде жар-жар, сыңсу, жоқтау тағы да басқа әдет-ғұрыптарда айтылатын музыкалық жанрлар осы халықтың өмірімен, тарихымен тікелей байланысты.
Қандай музыкалық шығаврма болмасын адам тарихымен байланысты десек, бастауыш сыныптарда таныстырылатын музыкалық шығармалардың, әндердің, күйлердің шығуына себепкер өзіндік тарихын оқушыларға түсіндіру кезінде музыка сабағын тарих пәнімен тығыз байланыстыруға болады. Мысалы, Құр-манғазы күйлерімен таныстыру кезінде ұлы күйші өмір сүрген заман тарихына көз жүгірте отырып, оның әр шығармасының шығу себебі туралы міндетті түрде кіріспе, талдау әңгімелері жүргізілу керек. Сондай-ақ, «Елімай» әнінің шығу тарихына тоқталсақ, қазақ халқының «Ақтабан шұбырындыға» ұшырап, 1723 жылдардағы жоңғар шапқыншылығынан көрген қорлығы, халықтың елін тастап шұбыра көшуі туралы түсінік беріледі.
Айта берсек, халықтың әр әні, әр күйі бір тарихи шығарма. Тарих туғызған ақын-сазгерлер шығармашылығы Жаяу Мұса, Ақан сері, Естай, Біржан сал, Мәди, Кенен, т.б. күйшілер Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Дина, Сүгір, Сармалай, Тәттімбет, Қазанғап, т.б.
Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қол өнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қаблетте-рін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Сонымен бірге, қазақ халқымыздың көркемдік-рухани мәдениетін, өнердегі салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім беру мазмұнын байыту мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану, білімге, шығармашылықпен қарау, жастардың өмірінде жасампаз-
дық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық құралдарымен жастардың бойында білім мен еңбекке дұрыс көзқарасты, дүниетанымды, адамгершілік пен шынайы қазақтың ұлттық тәрбиелік мәнін қалыптастыруға мейлінше тиімді ықпал жасаудың жолдарын белгілеу бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе
ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ
Зерттеу жұмысының мәні-жаңа проблемаларды шешуге байланысты оқушы-
лардың іздену, шығармашылық іс-әрекеті тәсілдерін ұйымдастыру. Зерттеу жұмысы ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмысы сияқты кезеңдерге бөлінеді; бақылау, фактілерді жинау және оларды талдау, жазып жинақтау т.б.
Зерттеу үшін оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар оқушылардың қажетті шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырады. Зерттеу жұмыстарының басқа да түрлері де бар:
а. Оқушылар эксперименті;
ә. Ғылыми экспериментке қатысу;
б. Экскурсия және фактілер жинау;
в. Архив мәліметтерін зерттеу;
г. Рефераттар, баяндамалар даярлау;
д. Қосымша әдебиеттерді зерттеу т.б.
Зерттеу әдісі бойынша ауызша және бспа сөздерді, көрнекі құралдар, тәжірибелік, лабароториялық, жазба және графикалық жұмыстар, натуралды объектілер және олардың шын символдық бейнелеуі қолданылады.
Мектеп оқушыларына тәрбиелеу үрдісінде, музыка өнері арқылы музыка-лық мәдениетілікке баулу, музыкалық жалпы білімдерін қалыптастыру мен тәрбиелеу, қазіргі музыкалық білім беру саласының өзекті бағыты болып табылады. Қазіргі кездегі музыка сабақтарындағы іс-әрекеттер негізінде сынып оқушылары жалпы музыкалық мәдениеттілікке, ән орындау мәдениетіне, музыкалық шығарманы тыңдау мәдениетіне тәрбиеленеді. Бұл кешенді үрдісті ғылыми-әдістемелік тұрғыда, дұрыс жүргізіп, оқушыларға сауатты музыкалық білім беретін музыка пәні маманы болып табылады.
Зерттеу жұмыстары барысында бастауыш музыка сабағына сараптама-анықтама жасалады. Негізгі музыкалық іс-әрекеттер ән орындау мен музыка-лық шығарманы тыңдату арқылы оқушыға музыкалық тәрбие беру үрдісі зерттеліп, әдістемелік тұжырымдамалар жасалынды.
Зерттеу жұмысының бұл бөлімінде мектепте өткен мемлекеттік педаго-гикалық тәжірибе кезеңіндегі жүргізілген сабақтар үлгісіндегі оқушыларға музыка сабағын берудегі кейбір әдіс – тәсілдері қарастырылған. Сабақтар төменгі сынып оқушыларымен өткізілді.
Тәжірибелік жұмыс: Қапшағай қаласы № ? орта мектебінде өтілді. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу кезінде оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың музыка сабағының тәрбиелік мәнінің керекті жолдары қарастырылды.
Дипломдық жұмыс тақырыбына сүйене отырып, 6-ші сынып арасында өтілді.
Сабақтың тақырыбы: «Жыл басы кім болды?».
Музыкасын жазған Ш.ҚҰлманова.
Сөзін жазған Р.Наурызбаева.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды опера және оның кейіпкерлерімен таныстыра отырып, жануарлардың музыкалық бейнесі арқылы адамның жа-ғымды, жағымсыз жақтарын үйрету.
Дамушылық: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, музыкалық сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: музыкалық ертегі сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, музыкалық мінездеме беру, салыс-тыру, іздеру.
Сабақтың көрнекілігі: “Ертегі сыр шертеді”, буклет. Музыкалық шарт-
ты белгілер, фермато, стаккато, кесте, сырнай.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының әнұраны айтылады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) “Жыл басы кім болды” деген бір бөлімді балалар операсын талдау.
ә) жануарлардың бірінші хорын жатқа айтқызу.
ІІІ. Оқушылар білімін жан–жақты тексеру. Оқушыларға әр жануарлар әнінде кездесетін фермато, стккатоны айтқызу.
ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық.
а) жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау
ә) дидактикалық ойын “Ұшты – ұшты”.
Ү. Жаңа сабақты меңгерту.
1) төрт түлік шықты айтысқа
2) әр жануарлардың музыкалық бейнесін ашу үшін оқушыларға сұрақтар қою:
а) түйе қандай жануар ? (ұзын, байсалды,маңғаз).
ә) түйе өзін неліктен жыл басына лайықпын деп санайды ? (мен бәрінен ақылды, сұлумын, бойым да ұзын, киелі жануармын );
б) жануарлардың екінші хоры;
в) дәптермен жұмыс, оқушылар дәптерге дыбыс биіктігін көрсетеді;
г) жануарлар әндерін салыстыру, оқушыларға айтқызу;
д) Күй тыңдату. Қорқыт. “Желмая”.
Қорқыттың бала күнінде нағашылары бәсіреге бір тайлақ береді. Қорқыт оны бағып – қағып өсіреді. Ол ұшқан құс, ескен жел жетпейтін, алты айлық жолды алты күнде аттайтын жүйрік желмая болып өседі.
Қорқыт өлімнен қашып дүниенің төрт бұрышын түгел шарлағанда серігі әрі қанаты болған Желмаяға арнап осы күйін шығарған.
ҮІ. Музыкалық сауаттылық. Дәптермен жұмыс.
Полька, дуэт, финал. “Достық күші-бірлікте”. Жануарлардың соңғы хоры.
Оқушыларға сұрақтар:
- “Достық күші — бірлікте” дегенді қалай түсінесіңдер ?
- Сенің досың бар ма ? И.Нүсіпбаевтың “Достық ” әнін айтқызу.
- Дидактикалық ойын. “Ретін тап” ( оқушылар жыл қайыру бойынша жыл атауларының ретін атап айтады ).
ҮІІ. Жаңа сабақты қалай меңгергенін тексеру.
- Опера дегеніміз не ?
- Тышқан қалай жыл басы болды ?
ҮІІІ. Сабақты қорыту. Жануарлардың соңғы хоры.
Соңғы бөлім.
Тышқан, сиыр, барыс, қоян,
Ұлу, жылан, жылқы, қой.
Мешін, тауық, ит, доңызды
Санап, жаттап, біліп қой !
ІХ. Оқушылар білімін бағалау.
Х.Үйге тапсырма: Жануарлардың соңғы хорын жаттау.
Музыка сабағында ақпараттық технологияларды
қолдану.
Сабақтың міндеті:
Оқушының қызығушылығын ашу. Тақырыпты меңгерту.
Мақсаты |
Білімділік Дамытушылық
Білім, біліктілігін дамы-ту. Жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының белсен-ділігін ояту. |
|
Баланың танымдық іс-әре-кетін дамыту, өмірге бейім-ділігін, ізденімпаздығын, ең-бек сүйгіштігін дамыту. |
Тәрбиелік
Өнімі мол, еңбекқор, мей-рімі, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу Рухани адамгершілік, өз ісіне се |
Сабақтың түрі: Семинар сабақ.
Көрнекіліктері: компьютер, жеке үлестірмелі карточкалар, аспаптар,
суреттер, үнтаспа, күйтабақ ,теледидар.
Сабақтың бірінші кезеңі.
Сабақтың барысы:
«Білгенге-маржан» айдарымен информатика кабинетінде өтіледі. Сабақтың негізгі мақсатына байланысты кіріспе сөзді мұғалім айтады.
Бұдан кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. «Қазақс-тан сазгерлері» атты көрменің тұсаукесері болып өтті. Оқушылар Қазақстан сазгерлері туралы шағын маұлұматтарды компьютерден ашып, оқып, баянда-ды. Сонымен қатар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап берді. Әр оқушы компьютеріндегі мағлұматтар бойынша ой толғады.
Әр оқушыға үлестірмелі карточкалар музыкалық әуендер нотасымен берілді. Оқушы сол әуенді компьютердегі нота сызығына салып, әуенді анықтап, авторын айтты.
Музыкалық тест сұрақтарына жауап алу. Жинаған ұпайы бойынша бағалау.
Сабақтың екінші кезеңі музыка бөлмесінде жалғасады. – Біз тоқсан бойы күнделікті сабақта танысқан сазгерлерімізді еске түсірдік. Музыкалық сауаттылығымызды шыңдадық, сабағымызды хормен ән салуды жалғастыр-дық. Мен Әсет Бейсеуовтың «Туған жер» әнін үйреттім. Динамикалық белгілерді қолдандық.
І. Оқушылардан жауап алу.
ІІ. Фермата, канон белгілері.
ІІІ. «Туған жер» туралы қандай мақал — мәтел немесе қанатты сөздерді білесіңдер ?
Жауап алу.
ІҮ. Суреттерге қарап ой топтау. (Тақырыпта әңгіме құру).
Ү. Хормен жұмыс. Дауыс ашу.
— Канонмен бастау.
— Ән қайырмасында екі дауысқа бөліну. Екі дауысты тактілерді пысықтау.
—Ферматаны қолдану. Әннің соңындағы дыбыстардың ұзақтығын, әуенді-
лігін сақтау.
ҮІ. Музыкалық жұмбақтарды шешу. Тыңдау — анықтау. Сабақтың екінші кезеңін қорытып, білімдерін бағалау. Б.Байқадамовтың «Айгөлек» әнін айту.
Сабақтың үшінші кезеңі «Сәті түскен кездесу» айдары бойынша жүреді.
—Балалардан 24 жасында КСРО Халық әртісі атанған, қазақтың бұлбұл әншісін сұрадым.
—Күләш Байсейітова.
Оқушы Күләш Байсейітова туралы жазған шығармашылық жұмысынан үзінді оқыды жәнеде берілген сұрақтарға жауап берді.
— Балалардан, суретте не көрсетілген дап сұрадым.
— Жез қобыз.
— Қыл қобыз.
— Осы аспаптардың шығу тарихы жөніндегі шығармаларды тыңдағанда-
ғандарын естеріне түсірдім.
— Жауап.
— Иә, дұрыс айтасыз. Қорқыт атадан кейін аттай мың жылдан соң қара қобызға тіл бітірген қобыз атасы Ықыластың күйі «Аққуды» тыңдап, шығу тарихын білгенбіз.
Сабақты қорытындылау.
Жақсы жауаптарды атап өту, бағалау.
— Құрметті балалар, Мына көктемнің бірінші күні бәрімізге қуанышты кездесу сәтін сыйлаған сияқты. Сабағымды қортындылай келе өнерлі бала-ларға да кезек бердім. Кезекті қазақтың киелі қара домбырасына бердім.
- Айтыс өнеріндегі жетістіктерді тамашаладық. Оқушылар сайысы.
- М..Мақатаевтың «Домбыра» атты өлеңі оқылды.
- Оркестр Құрманғазының күйі «Балбырауынды» орындадық.
- Бишілердің өнері. Шығыс билерінен композиция.
- Хордың орындауында Л.Хамидидің әні — «Отан».
- М.Сағатовтың әні — «Туған жер». Орындаған сынып оқушыларының бірлескен хоры.
КЕСТЕ № 1 ЫРҒАҚТЫҚ ҚИМЫЛДАР
МУЗЫКАЛЫҚ ЫРҒАҚТЫҢ ҚИМЫЛДАР , ТҮРЛЕРІ. |
Музыкалық ойын |
|
Балаларға арналған билер |
|
Балаларға арналған билер |
|
Жаттығулар |
Музыкалық ойын ән салу арқылы жүргізіледі. Музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын ойындар.
|
Ойын , билердегі қиын қимылдар ды меңгеру. |
Белгілі бір кейіпкердің образын бейнелейтін өзіндік билер. «Балапандар» «Ақшақарлар» « Қояндар » |
Халықтың билер мен классикалық билердің элементтері енгізілген балалар билері. |
КЕСТЕ №2 ӘНДЕРДІ ТАЛДАУ
БАЛАЛАР ӘНДЕРІН ТАЛДАУ СҰРАҚТАРЫ. |
Авторлар жайлы не білесіңдер ?
|
Дирижер схемасының кестесін көрсету |
Әннің тәрбиелік мәні |
Ноталардың жазылуын талдау |
Нота бойынша ән салу |
Әннің ырғағы |
Әннің мәтінімен жұмыс |
Ән өлшемін анықтау |
Әннің тақырыбын ашу |
ҚАЙ ДЫБЫСТАН БАСТАЛЫП, ҚАЙ ДЫБЫСТАН АЯҚТАЛАТЫНЫН ТАБУ |
Қорытынды.
Мен осы дипломдық жұмысты жасау барысында алғашқы сәттен бастап мазмұнын құрап алғаннан кейін қажетті оқулықтар, әдебиеттер, әр түрлі журналдар мен баспасөзде жарияланған соңғы басылымдарды жинақтадым.
Мктепте музыка сабағының тәрбиелік мәні — дипломдық жұмысының тақы-
рыбын кіріспе өлімінде тақырып өзектілігін, мақсат, міндеттерін, болжамын ашып, зерттеудің кезеңдері мен дістерін және өзім тәжірибе өткізген мектебім-
ді көрсеттім.
Мемлекеттік практика кезінде жетекшілік еткен қалалық мектеп сынып балаларының есту, тыңдау қабылдау, әнді орындау қасиеттері мен қабылдау деңгейлерінің әртүрлі екендігін анықтадым. Әдіскер-педагогтардың еңбек-теріне сүйене отырып оқытудың жаңа технологияларының кейбір элемент-терін пайдаланып, әрбір сабақты қызықты өткізуге тырыстым. Соның нәти-жесінде сыныптағы әр оқушының музыкадағы білім деңгейі қаншалықты дәрежеде екендігін білдім. Бұдан шыққан қорытынды — әр сабақ кезінде көптеген көрнекіліктер пайдаланып, сабақты түсіндіру, тыңдау, әнді орындау кезінде үйретудің тиімді жолдларын мәнерлі де сауатты жеткізе білгенде ғана оқушы-
лардың есту, тыңдау, орындау қаблеттері нығайып, музыкаға, өнерге деген құлшыныстары мен қызығушылықтарының рта түсетіні хақ екендігіне өзім өткізген бірнеше сабақтардың кезінде көзім жетті.
Оқушылар тарапынан нақты жауаптар алып, әрбір тақырыпты меңгерте білуіме өткізген сабақтардың нәтижесі айғақ. Сонымен қатар сабақта дидак-тикалық ойындар, өзіндік жұмыс, ой қозғау, салыстыру, топтастыру страте-гияларын қолдана отырып, музыка пәні мұғалімінің көмегімен нота сауатын үйретуге көмектесіп, музыка жанрын ажырата білулерін дамыта отырып, әнді дұрыс табиғи түрде орындауды алдыма басты міндет етіп қойдым.
Музыка тілі — басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігін мектептегі музыка сабағында түсіндіруге тырыстым. Нәтижесінде, алдыма мақсат етіп қойған-рухани дүниесі жан-жақты дамыған, өз халқының әнжыр-ларын тыңдап, түсіне, орындай алатын, президентіміз Н.Ә.Назарбаев бағытта-
ғын «Мәдени мұра» бағдарламасының мұрагерлеріне салауатты өмір салтын берік ұстанатын, өнер мен білімді қатар алып жүретін жеке адам тәрбиеледім деп білемін.
Қорыта келгенде, ән айту арқылы баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып олардың адамгершілік бейнесін қалыптастырып, өз Отанын сүюге, ән орыдау, оны түсіне білу, мағынасы мен мазмұнын талдаттым, балаларға эмоциялық-образдық мазмұны әр түрлі шығармаларымен таныстырып, оларды қосыла әсерленуге баулыдым.
Жалпы айтқанда мемлекеттік практикаға барып, өзімнің алдыма қойған, жоспарланған міндеттерімді орындап, көздеген мақсатыма жеттім, көп нәрсені үйрендім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- Дүйсембінова Р.Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы Талдықорған 2006. [5-11 б].
- Қоянбаев Педагогика. Алматы: 1999. [18-25 б].
- Қыдырбаева М.Қ. Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі. Астана: 2003. [13-20 б].
- Омарғазинова Б.Т. Өнер тәрбиелейді. Алматы: 1988. [40-47]б.
- Бастауыш мектеп журналы 1996 – 1998 , 2003 . [8-9]б.
6 Музыка әлемінде журналы 2005, 2006, 2007 . [3-4]б.
- Меңдіаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г.Ж. Мектептегі музыка тәрбиесін беру әдістемесі Алматы: 1997 . [25-30]б.
8 Миненко В. Музыканы қалай таңдап, түсіну керек А; 1991. [17-20]б.
- Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие Алматы:1995. [105-120]б.
- Сахарбаева К. «Домбыраға әдістемелі құрал» А; 2003 ж. [200-210]б.
- Кабалевский Д.Б. Музыка 1977. [24-27]б.
- Сыдықов К. Дала жырлары Алматы: 1989. [45-48] б.
- Қоңырбатпаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы Алматы;: 1991. [38-41]б.
- Шәкірімов Ж. Ән жұлдызы Алматы: 1979. [56-58] б.
- Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі Алмат: 1990. [30-36] б.
- Мектептегі музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған методикалық нұсөқау. Алматы: 1987. [21-24] б.
- Сүлейменова Р.Ә. Жұмалиева Р.А. Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқытудың әдістемесі. Астана: 2003. [10-13] б.
- Райымбергенов А. Күй қайнары Алматы: Өнер, 1990.
- Құрманғазы, Сарыарқа, Күрес Қ.Ахмедияров. Алматы: Өнер1995.
- Құлманова «Музыка» 3-4 сыныбы Алматы: Атамұра 1999. [29-34] б.
- Ахметова М.М. Қазақстан сазгерлері Алматы: 1978. [108-115] б.
- Ақпарова Ж.М.Мектп жасына дейінгі ересек топтағы балалрдың қазақ халық музыкалық шығармашылығына қызығушылығын қалыптастыру. Алма-ты: 1997.
- Асарбаев А. Ұлттық ойындар – халық педагогикасының құрамдас бөлігі. Ұлт тағылымы. (Ғылымит-педагогикалық басылым). [48-50] б.
- Балтабаев М.Б. Қазақ халық музыкасы және білімгер жастар. Алматы: Ана тілі 1991. [14-17] б.
- Жұбанов А.Қ. Ән-күй сапары. Алматы: Ғылым, 1967. [65-68] б.
- Психология – Алматы: Білім 1993. [125-127] б.
- Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. Алматы: Санат 1995. [57-60]б.
- Кабалевский Д.Б. Как рассказывать детям о музыке? Москва: 1977. [25-30]б
- Вопросы методики музыкального воспитания в школе. Москва: 1975.
- Балтабаев М.Х. Өтемұратова Б.С. Әсем саз. Алматы: Атамекен, 1993.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
«Мектеп балаларын музыка өнеріне баулу».
Мен дипломдық жұмысты жазу барысында алғашқы сәттен бастап мазмұнын құрап алғаннан кейін қажетті оқулықтар, әдебиеттер, әр түролі журналдармен баспа сөзде жариаланған соңғы басылымдарды жинақтадым.
Дипломдық жұмысым кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және зерттеу экспери-менттік жұмытан қорытындыдан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, болжамы, міндеттері және зерттеу әдістерінен тұрады.
І ші тараудың І ші бөлімінде «Мектеп балаларын музыка өнеріне баулу». «Музыка сабағы өнер сабағы». Қазіргі кезде мектепте музыка сабағының өтілімі тематикалық тақырыппен ерекшеленеді. Негізгі басты мақса-тымыз балалардың музыкалы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Техникалық прогрестің арқасында музыка тыңдаудың мүмкіндігін арттыру.
Сонымен қатар музыка сабағында ән, хор айту, оркестр үйірмесі, домбыра үйірмесі болуы керек. Музыка сабағы барлық элементтердің біртұтас бірлігінен тұрады. Музыа өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне қызығушылықпен қарауына, рухани-мәдени деңгейін көтеру-ге мүмкіндік береді.
ІІ ші бөлімінде Ел тәуелсіздік алған жылдан бері елімізде ұлттық музыканың тәрбиелік маңызы зор. Қазақ халқы рухани зор байлық-тың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі мен сыбызғы сырнайдың үні, асқақтап салған әсем әні ежелден келе жатқан тарихтың шындығы. Мектепте ұлттық музыка пәнін оқыту-дың басты міндеті музыка сабағын ұлттық музыканы өнер ретінде танып оны өмір қажетіне айналдыру. Музыка сабағы басқа пәндердей емес көбінесе ауызша, практикалық түрде есту, ойлау қаблетінің негізінде өткізіледі. Қазақтың дәстүрлі музыкасының негізі ән. Ән халықтың рухани байлығы деп білеміз.
ІІ тараудың І ші бөлімінде «Музыкалық тәрбие берудің міндет-тері мен мақсаттары» қаралған. Музыкалық тәрбие берудің негізгі формасы сабақтық жүйеге негізделеді. Бірінші міндетіміз – музыка-лық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін (эмоциясын) ояту.
Сезімді ояту үшін қабылдауды белсендіру мақчаты қойылады. Бұл мақсат.
- Музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге талдау.
- Музыкалық дидактикалық ойындар ұйымдастыру.
- Тиімді әдісті таңдап ала білу.
Екінші міндеті-музыканы саналы түсінуге баулу. Саналы түсіну үшін нота сауатын меңгерту мақсаты қойылады.
Үшінші міндеті- орындаушылық дағдыларды меңгерту арқылы көркемдік білім беру мақсаты қойылады.
ІІ ші бөлімінде «Музыка сабағын беруде әдіс-тәсілдерді» қолдану тиімді оқыту әдісін жоғары сапалы, ең озық әдістер арқылы жүргізу болып табылады. Нақты айтқанда музыка сабағында тиімділік әдісін қолдану төмендегідей сәттерден тұрады.
- Жинақты нақтылы талап.
- Музыканың кейбір көркемдік құралдарын жеке-жеке бөліп, соған назар аударып бақылау.
- Пәнаралық бақылау.
- Оқушының қызыметін салыстырмалы бағалау негізінде басты мәселеге бағыттау.
Зерттеу эксперименттік бөлімінде Зерттеу үшін оқушыларға әртүрлі тапсырмалар берілді. Зерттеу жұмыстары барысында музыка сабағына сараптама-анықтама жасалды. Негізгі музыкалық іс-әрекеттер ән орындау мен музыкалық шығарманы тыңдату арқылы оқушыға музыкалық тәрбие беру үрдісі зерттелді.
Тәжірибелік жұмыс Қапшағай қаласы №? орта мектебінде өткізілді.