МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. Тарау. Қазақтың ХХ ғас 20 жылдардағы дипломатиясы
1.1. Қазақ дипломатиясының өркендеуі мен дамуы
1.2. Н. Төрекұловтың мемлекеттік қызметі
ІІ.Тарау. Н. Төрекұловтың дипломатиялық қызметі.
2.1. Н. Төреқұлов елші, саясаткер, мәмлегерлік қызметі
2.2. Н. Төреқұлов туралы тарихи зеріттеулер мен деректемелер
2.3. Н. Төреқұловтың тарихи тағдыры
Қорытынды
Қосымша: Н. Төреқұловтың ғұмыр жолына хррнологиялық тізбек және әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген еңбектерінің тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зеріттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылы Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялады. Осыған орай тарихымыздың көленке беттері қайтадан ашылып, елеусіз, ескерусіз келген халқымыздың біртуар азаматтарының көптеген еңбектері жөнінде біле бастадық. Олардың еңбектері көп зеріттеуді қажет етеді. Ал біздің шарықтап көкке желбіреткен еліміздің тарихы тереңде жатыр. Тарихқа үңілмей, болашаққа жол тарту мүмкін емес. Қазіргі осы күнге жету үшін қандай бұралаңдаған жолдар өткенінбілу жас ұрпақтың міндеті деп білемін.
Ал біз жас ұрпақ халқының басына душар болған азап пен қорлықты сезіне білген қайраткерлерімізді танып-білу, оларды мақтан тұту міндетіміз. Бұл жағдайда елі үшін қабырғасы қайысып еңбек еткен, сондай әрекеттері үшін Мәскеу билеушілеріне ұнамай, өмірлері ерте қиылып кеткен Алаш азаматтарының өнегесі таудай тірек бола алады. Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ІІ ғасырдың алғашқы жылдарындағы аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейқанов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқай, С. Садуақасов, Т. Рұсқұлов т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында жүрген біртуар азамат, аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым-ағартушы, тұңғыш кәсіби дипломант, артында өшпес құнды мұра қалдырған –Нәзір Төреқұлұлы Төреқұловты айтуға болады.
Сол сияқты және тоқтап кететін мәселе 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Қазір тарих бетін ақтарып қарасақ, қазақтар біздің ғасырдың 20-30 жылдарында да айдалада бостан босқа қырыла бермепті, саяси жүйеге қару алып күресіпті.Сталиннің бұғауына қарсы Қазақстанның шартарабында ашықтан ашық күреске шығыпты. Бірақ күштері тең келмепті. Титықтаған халықтың бір бөлігі амалсыз көніпті, бір бөлігі туған қонысын тастап, шетке ауып кетіпті.
Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды». /1/
Республика баспаларынан жарық көрген кітаптар мен журнал беттерінен Нәзір Төреқұлов туралы тың деректерді аз кездестіреміз. Оның қоғам қайраткері ретіндегі өнегелі өмірі туралы айтылып та, жазылып та жүр. Кезінде көптеген деректер бұрмаланып, Орта Азия елдерінің тарихында өшпес жұлдыздай із қалдырғн азаматтардың есімі ұмытыла бастағаны да бекер емес, сол сияқты Н. Төреқұловтың қоғамға сіңірген еңбектері халқына кештеу жетіп жатыр, әлі де болса толық анықталмаған еңбектері жоқ емес.
Н. Төреқұлов қазақ тарихында бұрын-соңды ақпараттық басылымында атын атауға тыйым салған мемлекет қайраткерінің бірі. Ол да бірнеше қазақ зиялыларын сияқты «Тап жауы» атанып, жазықсыз жалаға ұшыраған.
Атап айтсақ, Патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы жарлығы бойынша қара жұмысқа алынған отандастарының арасында үгіт жүргізу үшін оқуын тастап, Батыс майданға кеткен Минск қаласының маңында Орта Азия мен Қазақстаннан барған жастардан «Еркін дала» атты жасырын ұйым құрды.
Қоқанда шыққан «Халық газетіне» мақалалар жазып, тілегі бір, мұңы бір халықтың тағдырын бірігіп шешу мақсатында өзбек әдебиеттерінің классигі Х. Ниязимен бірге революциялық жұмыстар жүргізді.
1921-1922 жылдары түркі тілдесхалықтардың жазуын латын әліппесіне көшіру туралы Орталық комисия мүшесі болды. Бұл мәселеде де қазір қайта қолға алынуда.
1928-1936 жылдары КСРО мен Сауд Арабиясы арасындағы елшілік қызметін атқарған.
Н. Төреқұлов-кең ойлана білген азамат, білікті тұлға. Ол өзіне берілген тапсырмаларды орындап қана қоймай, басына тиімсіз болып тиетін жұмыстарға араласа білген азамат. Өзінің көзі жетіп, көңілі сенген мәселелерді іске асырудан тартынбаған, қиындықтан қорықпайтын кемел қасиеттерге толы кісі екендігі жасаған еңбектерінен көрініп тұрады. Оның тағдыр кешулері өзімен тұтас даңқты қазақ қайраткерлерінен өзгешелеу екендігін көрсетеді.
Қолдағы бар деректерге қарағанда Н. Төреқұлов Сыр бойындағы Түркістан өңіріндегі Қандөз ауылында 1892 жылы дүниеге келген. Ол жастық шағын Қоқан қаласында өткізді. Алғаш мұсылманша хат таниды. Қаладағы 8-жылдық коммерциялық училищені бітіреді. Жасынан зерек Нәзір бұл жылдары түрік, арап, парсы, орыс тілдерін меңгерумен бірге Шығыс әдебиеттері тарихын терең оқып, біледі. Әсіресе «Құран Кәрімде» жатқа айта білген. /2/
«Өз өмірін өз қалауынша құру құқысынан айырылған тәуелді халықтар, төл тарихына да империялдық күштердің көзімен қарауға тиісті болды. Сондықтан да қазақ қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерге, «феодалдық-монархиялық», жалпы ұлттық қозғалыстарға «буржуазиялық-ұлтшылдық», жеке немесе топтық қарсылықтарға «ұлттық ауытқушылық», халықтың өз қарапайым құқықтарын қанағаттандыруын талап еткен ұсыныстарға «қазақ ұлтшылдығы» сияқты өмірлік шындықтан алшақ, туптеп келгенде ұлттың өз азаттылығына деген табиғи ұмтылысын тұншықтыру мақсатынан туындаған айыптаулар тағылды». /3/
Сонымен Н.Төреқұловтың еңбектерін іздеу,зерттеутым кештеу қолға алынса да, қазірге дейін бірсыпыра істің атқарылғанын алдымен айтуымыз жон. Бұл тараптағы алғашқы күрделі ғылыми көпшілік еңбек-жазушы Жолтау Әлмашұлының Нәзірге арнаған екі кітабы. Бұл жұмыстардың Нәзіртанудың қарлығашы деп бағалаған орынды. Атақты қайраткер һәм қаламгерге қатысты деректердің түрлі архивтерден тірнектеп жинау оларды үш жинақ етіп жинаған, және үш жинақ етіп шығарған.
«Н. Төреқұлов-дипломат, саясаткер азамат» деген тұстан бейнелеп көру. Ең бастысы ардақты ағамыздың үш қыры елшілік қызметі, саясаткерлігі және азаматтығы әңгіме арқауында тұтас желі тартады. Н. Төреқұловтың тарихы, қоғамдық қызметі, сол тұстағы, сол кездегі тарихы әлеуметтік жағдайды әр қырынан ашып көрсетеді. Алдымен сол заманның мың құбылған саясатының қоғамдық, әлеуметтік өмірінің қыр сырына тереңірек үңілу. Қазақ тарихындағы үлкен тұлғалардың тарихи орны мен ұлты үшін олар жасап кеткен еңбектің маңызын қазіргі тұста жарқыратып көрсететін кезең келді. Тереңірек айтқанда, қазақтың ұлттық зиялылары жайлы көптеген материялдар бар, солай бола тұрса да қазіргі кезде Төреқұлов туралы бірнеше өзекті мәселелер бар, сол қазақ елі, жері үшін көрсетіп өткен біздің көш басшылардың зеріттеу қажеттілігін барынша ашып көрсетуге тырыстым.
Н. Төреқұлов өз еңбектерінде Орта Азия халықтарын орыстандыру үшін миссионерлер жүргізген саясатына қарсы шығып, әшкереледі.
Ұлттың ұлы қайраткері, тұңғыш қазақтан шыққан елші ( оның ішінде Орта Азиядан), ғалым-ағартушы, өзінің өшпес мұрасын артындағы ұрпақтарына қалдырған Н. Төреқұловтың еңбегі көп уақытқа дейін терең зеріттелмей, кең танылмай қалмай, оны зеріттеуге қызығушылық танытқандардың қатары көбеюде. Н. Төреқұловтың шоқтығы биік, қыры мен сыры көп тұлға екені мақтаныш. Ол Қазақстан азаматы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген азамат.
Тақырыптың зеріттелу деңгейі: Н. Төреқұловтың қоғамдық-саяси қызметі өте ауқымды және де әлі терең зеріттеліп болмаған тақырып. Н. Төреқұловтың өмірі мен мемлекеттік қызметін, атқарған еңбектерін зеріттеу жүргізіп, еңбектерін жинастырып, Тайыр Мансуров, Сәрсен Бек Сахабат, Ыбырайым қажы Исмайыл, т.б. кісілер бірнеше кітаптарын шығарып, газет-журналдар беттеріне мақалалар жазып, «Нәзір қорын» ашты.
Н. Төреқұловтың атқарған қызметтері жайында тек Қазақстан аумағында ғана емес, Сауд Арабиясында да бірнеше томдық кітаптар бар. Айта кететіні, оның елшілік қызметін атқарып жүргенде, өте құрметтеп, Нәзір Туралы естеліктер жазып, кітап шығарған. Сондай-ақ, Өзбекстанда да зеріттеп жүрген кісілер аз емес. Оның атымен аталатын әскери училище де бар. Нәзіртанушылар көмегімен Н. Төреқұловқа көше беріліп, мешіт, мұражай, мектептер ашылған. Сондай-ақ, оның туған күндеріне қарсы халқаралық ғылыми-практикалық конференциялар өтіліп тұрады.
Нәзіртанушылар Н. Төреқұловтың 7 кітапшасын, 450 беттік дипломатиялық күнделігін тапқан. Нәзір Төреқұловты зеріттеп жүріп, оның артынан қалған жалғыз перзенті Анель апамызды тауып, оның қайтыс болғанда, өзінің өтініші бойынша отанына әкеліп жерлеген.
Зеріттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
- Н. Төреқұловтың Қызметінің мәнін ашып көрсету.
- Саясаткердің өмірі мен қызметімен танысу.
- Арманда кеткен Алаш арстандарының мұрасын жинау.
- Оларды зеріттеу, жарыққа шығару, ісінің мәнісін түсіндіру.
- Ұзақ жылдар күткен тәуелсіздігіміздің алдымен осынау боздақтардың тағдырына игілік болып оралғанын баяндап беру.
- Нәзір Төреқұловтың қоғамдық саяси көзқарасын талдап, обьективті бағалау.
- Мұрағат құжаттарына, ғылыми жинақтар мен мерзімді басылымдар деректеріне сүйене отырып мәліметтерді тиімді пайдаланып, қайраткердің қоғамдық-саяси көзқарасымен бірге мемлекеттік қызметін көрсету.
- Зеріттеуде қайраткердің өзінің еңбектерін кеңінен пайдаланып, оны қаламгер, саясаткер ретінде бағалау.
- Экономика, оқу-ағарту салаларын дамытуындағы мемлекеттік қызметтерін қарастыру.
«Н. Төреқұлов» Араб тілінде басып шығарылуы, сөз жоқ, біздер қазақстандықтар үшін, әсіресе өткен ғасырдың 20-30 жылдардағы Сауд мемлекетінің қалыптасып дамуының қиын кездегі басқарған Кеңес-Сауд қарым-қатнастарының «алтын ғасыры» түбегейлі зеріттелгені жайында ашып жарыққа шығару елшілік жасаған кезіндегі жоспарларын тізіп жеке-жеке тоқталып мәнін ашып көрсету.
Зеріттеу жұмыстың тарихнамасы: Тарихтың бетіндегі халықтың сақталып, мұрасы бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отырған қазақ жерінің ұлы және қасиетті адамдары көп. Осындай қазақ жерінің біртуар қасиетті перзенттерін зеріттеу болашақ ұрпақтың басты міндеті болып табылады.
Нәзір Төреқұловтың еңбектерін іздеу, оны зеріттеу тым кешеуілдеп қолға алынса да қазірге дейін бірсыпыра істің атқарылғанын алдымен айтайық. Бұл тараптағы алғашқы күрделі ғылыми-көпшілікеңбек жазушы Жолтай Әлмашұлының Нәзірге арнаған екі кітаба бар. Бұл жұмыстарды Нәзіртанудың қарлығашы деп бағалаған орынды деп ойлаймын. Атақты қайраткер һәм қаламгерге қатысты деректерді түрлі архивтерден тірнектеп жинап, оларды үш жинақ етіп шығарған Ыбырай қажы Исмаиылұлы екенін ерекше атап көрсету ләзім. Нәзір жайында құнды пікірлер айтқан жазушылар Ө. Тұрманжанов, Ж. Арыстанов, аса көрнекті ғалым Б. Кенжебаев, профессор Т. Қожакеевтің мақалалары даілтипатқа ие. /4/
Ал енді Н. Төреқұловтың қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби, білікті дипломант, елші болғандығын және оның есімі сол кезде көзі тірісінде-ақ халықтың деңгейінде танылғандығы Төреқұловтың өмірінің, қоғамдық-саяси қызметінің осы кезеңі белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым Тайыр Мансұровтың соңғы жылдары жарық көрген бірнеше еңбектерінде нақты деректік құжаттар негізінде терең ашылды. Оның төмендегі кітаптарын «Нәзір Төреқұлов-Сауд Арабиясы корольдігіндегі КСРО-ның өкілетті өкілі », «Елші Нәзір Төреқұлов Арабия дастаны », 4 тілде (орыс, қазақ, ағылшын, араб) және т.б. оқулықтары да жарық көрген болатын. /5/
Қазақтың біртуар, аяулы перзенті жүріп өткен қызмет белестері, Төреқұловтың өзі қалың ортасында жүрген, болған тарихи оқиғалар ауқымы немесе елшінің өз көзімен көрген елді мекендері, ірі-ірі саяси тұлғалармен, мемлекет басшыларымен жасаған қарым-қатынастары, азаматтың өміріндегі маңызды сәттердің барлығы тиянақты түрде зеріттеліп және де ұлт тәуелсіздігі үшін күрес туралы лекциялар оқуда дерек ретінде пайдалануға болады. /5/
Зеріттеу әдістері: Бұл дипломдық ғылыми жұмысты жазу барысында жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау және тағы басқа зеріттеу әдістері пайдаланылды.
Ғылыми жаңалықтары: Бұл тақырыпты зеріттей келе, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-ағартушы, тұңғыш кәсіби дипломат… мұның әрі сегіз қырлы, бір сырлы орда азаматтың бойынан табылатын қасиеттерін оқып біліп, байқадым. Сондай-ақ Н. Төреқұловтың бұл қасиеттерінен басқа да, ерекшеліктерін білдім, атап айтқанда:
- Қазақ халқының кең білімді, сауатты халық бола білетіндігін әлемге мойындатқан;
- Өзбек мектебі үшін ең тұңғыш оқулықты жасаған;
- Ташкентте тұңғыш рет Абай шығармаларын бастыру ісін басқарған;
- Қазақтан шыққан тұңғыш рет дипломат;
- Н. Төреқұлов 8 тілде емін еркін сөйлеп, баяндамалар оқып, жаза білген.
- Мәскеу мен Санкт-Петербургтің Жоғары оқу-орындарында Шығыстанудан дәріс оқып, Маар атындағы ғылыми-зеріттеу институттында түркі тілдерінің етістігі тақырыбында зеріттеу жұмысын жүргізгн.
- Н. Төреқұловтың еңбектері жан-жақты зеріттеле келе, қоғам қайраткері ретінде танылған саситұлға екендігі осындай жетістіктерінен сараланып бір тұжырымға келтірілді.
Зеріттеудің объектісі: Н. Төреқұловтың қоғамдық-саяси қызметтері.
Зеріттеудің құрлымы: Н. Төреқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне жазған жұмысым кіріспе және екі тараудан, оның әр тарауы екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Зеріттеу жұмысымның соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қоса Төреқұловтың ғұмыр жолын храналогиялық тізбек, сонымен қосымша әр жылдары баспасөз беттерінде жарық көрген еңбектерінің тізімі берілген.
Нәзір Төреқұлов жайында өз жұмысыма жалпылама кіріспе жөнінде Кеңестік кезеңдегі қазақ халқының тарихы өмірлері мен қызметтері өзгелерге үлгі-өнеге боларлық, ұлттық мақтанышымызғы айналған көптеген жарық тұлғалармен ерекшеленеді. Солардың бірі-көнекті мемлекет қайраткері, тамаша дипломат, журналист әрі педагог Нәзір Төреқұлов. Қоқандағы мақта саудагерінің ұлы Нәзір Мәскеу коммерциялық институтының үшінші курсын тәмәмдағаннан кейін солшыл эсерлердің ықпалымен 1917 жылы саясатқа бір жола дем қояды.Бірақ 1918 жылдың қазанында большевиктерге қосылды да, артынша өз еркімен Қызыл армияныңқатарына өтеді. Түркістан майданының революциялық әскери кеңесінің мүшесі, Бүкіл одақтық комунистер партиясының мүшесі болды. Н, Төреқұлов саясаттағы бағындырған ең биік шыңы 1921-0-1922 жылдардың үлесіне тиеді. Сол кездері ол Түркістан Атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
1928 жылы Нәзір Төреқұлов кеңестер одағының атынан Сауд Арабиясына өкілетті өкіл болып тағайындалады. Ол осы қызметте 1936 жылға дейін болады. Н. Төреқұлов ұлттық мүдде тұрғысынан алғандағы жекекәрі кәсіби қабілетімен дәл осы тұста жарқырап көрінді. Бұл сөзімізге тұңғыш кеңестік қазақелшісінің Сауд Арабиясындағы өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар жинағын оқыған оқырманның өзі анық көз жеткізеді.
Құжаттар жинағы деп отырғанымыздың себебі-жақында Мәскеудагі «Русский Раритет» баспасынан «Нәзір Төреқұлов-КСРО- ның Сауд Арабиясы корольдігінің өкілетті өкілі» деген атпен Нәзір Төреқұловтың аталған корольдікте елшілік қызметте болған кезінен жазған хаттары, күнделіктері, есептері жеке кітап болып басыла шықты. Жинақта Нәзір Төреқұловтың Сауд Арабиясы корольдігінде КСРО-ның өкілетті өкілі кезеңдеріндегі қызметіне байланысты құжаттар бірінші рет барынша толық көлемінде ұсынылып отыр. Жазбалардың басым көпшілігі өкілетті өкілдің бас қаламынан шыққанын ескерсек, бұл кітаптың оның шығармаларының жинағы деуге әбден болады.
Н. Төреқұловтың Орталыққа жазған жазбалары, әңгімелерінің көшірмесі, саяси есептері, тағы басқа құжаттары 20-шы жылдардың соңы мен 30-ш жылдардың басындағы кеңес сауд қарым-қатынасының қалыптасуымен дамуы хақында жан-жақты мағлұмат береді. Құжаттардың тамаша жазылуы стилі, бака берудегі дәлдік,сарыптаудың егжей-тегжейлігімен нақтылаған қазақ елшісінің кеңестер одағының ішкі сыртқы саясатының ерекшелігін барынша нәзік сезінетін жоғары деңгейлі маман екендігін аяқтай түседі. Осы тұрғыдан келген кеңестік дипломатияның шын мәніндегі алтын қорына жатқызуға болатын адамды, өз отанына жан тәнімен беріліп қызмет еткен елшіні 1937-жылдың 3-ші қарашасында тантюркистік үгіт жүргізді, кеңес басшыларына қарсы күресте теористік әдіс қолдауға, шақырады деген ақылға еш қонбайтын жалаң жаламен ең жоғары жазаға кесу жұмсартып айтқанда айуандықпен тек қояр сорақылық әрекет демеске лажымыз жоқ.
Сол кесірлі заманның миллиондаған жазықсыз құрбандары секілді 1958 жылы Нәзір Төреқұловтың ісі құрамында қылмысы жоқ деп табылып, тоқтатылып үкімнің күші жойылды.
Нәзір Төреқұловтың еңбектерін іздеу, зеріттеу тым кеш қолға алынса да, Қазірге дейін бірсыпыра істің атқарылғандығын алдымен айтуымыз жөн. Нәзір туралы көптеп зеріттеп жазылған, солардың бірі Жолтай Әлмашщұлының Нәзірге арнаған екі кітабы. Бұл жұмыстарда Нәзірдің қорлағаны деп бағалаған жөн деп ойлаймын. Нәзірдің негізгі шыққан тегі Оңтүстік Қазақстан Сыр бойындағы ел болғаны, оқыған, өскен, құлашын-биік сермеген ортасы, көбіне басқа халықтар арасы. Оның жастықшағы Өзбекстан Ферғана өңірінде, Қоқан қаласында өткен. Нәзір оқуын тастап халқа, жұрты үшін өз еркімен «Еркін дала» деп аталатын жасырын ұйым құрып, өмірін халық мүддесіне арнауға бел байлайды.
І. ТАРАУ. ҚАЗАҚТЫҢ ХХ ҒАС 20-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯСЫ.
1.1. Қазақ дипломатиясының өркендеуі мен дамуы.
Отандық дипломатияның бастауы ғасырлардың қойнауына кетеді. Қазақ мемлекетінің қалыптасуының және орнығуының тарихымен тығыз байланысты. XV ғасырдың ортасында пайда болған Қазақ хандығының әснери-саяси жән сауда-экономикалық мүдделерін қорғау, оның орасан зор аумағын сыртқа қол сұғушылықтан сақтау- осы міндеттер дипломатиялық майданда ұстамды және ойластырылан іс-қимылды талап етті. Сондықтан сол дәуірдегі Қасым хан, Тәуке хан, Абылай хан, Әбілқайыр хан сияқты көрнекті ұлттық көшбасшылардың еңбегі көшпелі рулардың біртұтас мемлекете біріктіріп, оның тәуелсіздігін нығайтудан ғана көрінбейді, сонымен бірге осы ерекше маңызды мақсатқа қол жеткізу үшін қолайлы сыртқы жағдайларды туғыза білуден де байқалады. Қазақ сұлтандарының жан-жақты білімі, олардың ауқымды түрде талдау жасап, оқиғалар барысын болжамдай білу қабілеті біздің еліміздің дербестігін қамтамасыз етуге, Ресей мен Қытайдың, сондай-ақ оңтүстіктегі көршілердің мүдделері арасында шеберлікпен әрекеттеніп ұтымды шешім таба білуге мүмкіндік берді. Қазақ сахарасының мемлекеттігін нығайтуға жәрдемдескені үшін жүздің билері: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би тиімді сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор рөл ойнады. /6/
Тарихтың Жаңа сатысында қазақ халқының әйгілі көсемдері бастаған игілікті ісі тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жемісті түрде жалғастыруда. Қазақстанның басшы Қазақ Сахарасының ұлы дәстүрлерінің лайықты жалғастырушысы болып табылады. Міне, осы тұлға
Біздің халқымыздың еркіндік пен шынайылық, тәуелсіздік туралы көпғасырлық арманын іс жүзінде асырды.
Н. Назарбаевтың табанды күш-жігерінің арқасында Қазақстанды мүлде жаңа тарихи жағдайларда әлемдік қауымдастық таңдады, тәуелсіз мемлекет ретінде оның халқаралық позициясы нығайды, Қазақстан өзінің шартты міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайды және дәйекті түрде ғалымдық сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікті нығайтуды жақтайды.
10 жыл ішінде Қазақстан Президенті әлемнің 60-қа жуық мемлекеттерінде болды, 30- дан астам халқаралық форумдардың жүмысына қатысты, мемлекеттердің, халқаралық ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен кездесіп, жүздеген келіссөздер жүргізді. Н. Назарбаевтың Дж. Бушпен, У. Клитонмен, Б Ельцинмен, В. Путинмен, Цзян Блэминьмен, Ли Пэнмен және дедания манаархтарымен, Орталық Еуропа, Таяу шығыс және Солтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің басшыларымен, Премьер-министрлерді, көрнекті діни және қоғам қайраткерлерді, ірі кәсіпкерлерді қоса алғанда, осы заманғы әлемнің басқа да көптеген көшбасшыларымен жүргізген келіссөздері сияқты тарихи оқиғалар қазақстандық дипломатияның жылнамасында мәңгілікке қалады. Және мұның бәрі біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтудың жемісті нәтижесіне әкелді. /7/
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан президенті сыртқы саясаттың тұжырымдамалық негіздерін бекітетін және оны өмірге енгізу үшін жауап беретін мемлекеттегі бірінші тұлға. Басқаша сөзбен айтқандаПрезидент барлық халқаралық істерде Қазақстанның атынан шығады. Сондықтан Назарбаевты әділетті түрде біздің еліміздің бас дипломаты, Қазақстандың Дипломатияның архитекторы деп айтуға болады. Бұл бағаның тіпті де шартты сипаты жоқ, Қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың ажырамас бөлігіне айналған отандық дипломатияны құру мен іске асырудағы Қазақстандық басшының шынайы рөлін білдіреді.
Қазақстандық дипломатияның тарихы туралы айтқанда, біздің әйгілі отандасымыз Нәзір Төреқұловтың тұлғасын назардан тыс қалдыра алмаймыз. Н. Төреқұлов кеңестік кезеңінің мемлекеттік қайраткері. Көрнекті шығыстанушы, журналист әрі педагог, КСРО-дағы тұңғыш елші-қазақ болды.
Жас кезінен, Мәскеу комерциялық институтының студенті кезінен-ақ Н. Төреқұлов саяси қызметпен белсенді түрде айналысты. 1918 жылы ол большевиктер қатарына өтті, Қызыл әскерге ерікті түрде енеді. Одан әрі оның әдеттен тыс іскерлік қасиеті және жұмысқа ерекше қабілетілігі шынайы әскери мансап жолында басталды: Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің мүшесі, Орталық Азия бюросының мүшесі, Түркістан Атқару Комитетінің төрағасы. 1923 жылдан бастап КСРО Орталық Атқару Комитеті Жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы, бір мезгілде Шығыс халықтары институтының ректорының орынбасар қызметін атқарды.
Төреқұловтың келу сәті Сауд Арабиясындағы саяси жағдайдың, жас монархтардың Парсы шығанағы аймағындағы анағұрлым қуатты күш Ұлыбританиямен қарым-қатынасының шиеленісе түскен кезеңі болатын. Оқиғалардың осылай дамуының қозғаушы күші 1925 жылы саудтықтардың Хиджаздағы ағылшындар қолдап отырған хашимттік басқаруды құлату болды. Н. Төреқұловтың алдына күрделі міндет қойылды. Ол аймақта КСРО-ның саяси қатысуын күшейтуге, өзара ынтымақтастық туралы кең ауқымды шарт жасасу қажеттігіне Сауд басшылығының көзін жеткізуге және екі мемлекет арасындағы белсенді сауда-саттыққа жәрдемдесуге тиіс болатын. Н. Төреқұлов қысқа мерзім ішінде Әл-Сауд Корольдігінің негізін салушымен, саяси және іскер топтардың өкілдерімен және сенімді байланыстарды жолға қойды. /8/
Нәзірдің тікелей қатысуымен 1933 жылы КСРО-мен сауда-саттыққа қатысты саудтық өкімет орындарының шектеулерін толық алып тастауға қол жеткізілді, денсаулық сақтау саласында Корольдікке жәрдем беру ұйымдастырылды, сондай-ақ бірқатар маңызды жобалар, оның ішінде Ат-Таиф қаласында Сауд Аравиясындағы тұңғыш АТС-ты орнату жүзеге асырылды.
Қазақстанның дипломаттарға тиісті құрмет көрсете отырып, Мәлік Фазыловты атап өту керек. 1940-шы жылдардың аяғында ол Мәскеу Мемлекеттік халқаралық институтын бітірді. 1970 жылдардың ортасыннан бастап Кеңестер одағының Малидегі елшісі болып тағайындалды. Нәзір Төреқұловтан кейін М. Фазылов жоғары дипломатиялық қызметпен айналысу қызметіне ие болған бірінші( және соңғы) біздің отандасымыз болды. /9/
Бірқатар жылдар бойы Шәкен Нәдіров Монғолыстандағы кеңеселшілігінде кеңесші-елші болып жұмыс істеді. Зейнетке шыққанға дейін ол КОКП ОК халқаралық бөлімінде жұмыс істеді.
«Кіріспеде» айтып өткендей Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жас мемлекеттің басшылығы алдында толыққанды дипломатиялық қызмет құрудың күрделі міндеті тұрды. Бұл жұмыс тақыр жерден басталды, өйткені бұрынғы саяси ведомствоның саны аз еді және оның өкілеттілігі мен функциялары шектеулі болатын. КСРО құрамына кірген Қазақстанда түсінікті себептер бойынша сыртқы саясаттың төл тұжырымдамасы да, шетелдерде дипломатиялық мекемелер де болған жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі болудың жоғары құрметін Төлеутай Сүлейменов иемденді. Орталық дипломатияны құру жөніндегі күрделі жұмыста халқаралық практика мен қазақстандық өмір шындығын жақсы білетін тәжірибелі дипломаттар министірге көмектесті. Олар: Сәлім Құрманғожин, Нұрлан Дәненов, Қайыр Омаров, Ибрагим Аманғалиев, Болат Нұрғалиев, Болат Нұржанов, Сайлау Батыршаұлы, Констатин Жигалов, Алмас Хамзаев, Сергей Денжиевтер болды.
1992-1994 жылдары іріктеу нәтижесінде көптеген жас кадрлар қызметке алынды. Кейін сол кездегі «жастардың» көпшілігі біздің мемлекетіміздің дипломатиялық қызметінің негізін құрды. 1994 жылы Т. Сүлейменов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісінің қызметіне ауысты. Қазақстанның Туркиямен ынтымақтастығын нығайту процесінде елеулі рөл ойнаған Қанат Саудабаев сыртқы істер министері болды.
Біздің мемлекетіміздің басшысының дипломатия саласындағы кадрлық саясаты өзін толық ақтады деп сеніммен айтуға болады. Қазір кәсіби шеберлік пен басқару дағдысын жинақтаған білікті дипломатиялық команда қалыптасты. Бірақ мұнымен тоқмейілісуге, әрине болмайды. Қазақстанға таяу болашақта ғаламдану процесінің талаптарына сәйкес келетін анағұрлым білікті кадрлар қажет болады. Осы мақсаттармен еліміздің бірқатар оқу орындарының халқаралық мамандарыды жоспарлы түрде даярлау жүргіділуде. Дипломатиялық іс жүзінде Сыртқы істер министірлігінің бүкіл дипломатиялық құрамы өтті /9/.
Қазіргі жұмыс істеп жүрген дипломаттарды алмастыруға келетін жастардан жоғары деңгейдегі кәсібй шебер талап етіледі. Әңгіме шеттілдерін мүлтіксіз білу ғана емес, сонымен бірге геосаяси және геоэкономикалық ағымдағы сондай-ақ перспективадағы үрдістерді жан-жақты білу туралы болып отыр. Келесі ұрпақтың дипломаттары күрмеуі мол әлемдік саясатты, әлемдік рыноктың тыныс-тіршілігін айрықша жақсы білуге міндетті, әлемдік және отандық тарихты, әдебиетті және өнерді игеруі тиіс, басқаша айтқанда, халқаралық қоғамдастықта біздің еліміздің мүдделерін жемісті түрде алға жылжытуға және қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жан-жақты білім жиынтығына қол жеткізуі керек. Менімше елімізде білімді саясаткер жас мамандардың саны өте көп, және сол жастар елімізді әлемге танытып Қазақ елін әлемге паш етеді деп сенемін және оған өзім бар күшімді сала тырысамын.
1.2.Нәзір Төреқұловтың мемлекеттік қызметі.
Ұлылық-ең алдымен ақиқатқа құштарлықта.
Й. В. Гете.
Сыр бойынан Түркістан өңіріндегі Қандөз ауылында дүниеге келген Нәзір Төреқұловтың өмір жолына келсек, ол жастық шағын Қоқан қаласында өткізеді. Қалада үш жыл мұсылманша оқиды, үш жылдай орыс-күзем ектебінде оқып бітіреді. Содан қаладағы 8 жылдық комерциялық училищені аяқтады. Жасынан зерек ол сол жылдары түрік, арап, парсы, орыс тілдерін меңгерумен бірге шығыс әдебиетін, тарихын терең біліп алады. Әсіресе Құран кәрімді де жатқа айтады екен. Оның білімге, мәдениетке құштарлығы ел қамқоршысы, әрі кеменгер болып қалыптасуына алып келді.
1914-1916 жылдары ол Мәскеудегі комерциялық институтта үш жыл оқиды. Бұл аралықтаФранцуз, ағылшын, неміс тілдерін меңгеріп алады. Жеті тілді меңгерген ол әлем мәдениетінің қайнар бұлағынан сусындап, оның нәрін өз бойына сіңірген. /10/.
Нәзір Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет болып жабысқанын жан-жүрегімен сезеді. «Түркістан автономиялық республикасы» деген еңбегінде бұл Ресей Түркістанда шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәденй өркендеуіне зередегі де мүдделі болмағанын, қайта жергілікті халықтардың ұлттық дамуын барынша тежеп отырғанын әшкерелейді. Мәселен, 1915-1916 жылдары Орта Азияда мақта өнімі Ресей тоқыма өнеркәсібіне қажетті шикізаттың тең жарымын өндіргенімен, жергілікті халық әлеуметтік теңсіздік қыспағында қала бергенін, қазақтың ең шырайлы жерлерін тартып алудың тұрпайы зорлықпен жүргізілгенін дәлелді талдайды: «Қазақтардың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, ондағы шаруашылықты тып-типыл етті. Ақ патшаның әмірін орындаушымыз деген қазақтар мен кулактар күннен-күнге жергілікті халықты талам-таражға ұшыратып, елді тонады, күш көрсетті. Жер-жердегі әкімшілік орындары кулактардың қолтығынан су бүркіп отырды, жергілікті халықтың жекеменшігіне ешқандай кепілдік болмауының, керісінше отаршылдардың жүгенсіздігін қоштауының салдары 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне әкеліп соқтырды» деп жазды /11/.
Қазақ халқының біртуар перзенттері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтармен жақын араласып, өзіне ұстаз тұтып, құрметтеген. 1916 жылы патша өкіметінің озбырлық саясаты салдарынан Орта Азия жастарының бір тобыБатыс майданындағы Беларусияга қара жұмысқа жіберілді. Мәскеудегі оқуын тастап осы жерге келген Төреқұлов «Земсоюз» мекемесінде нұсқаушы болып орналасты. Сол кезеңдері Н. Төреқұлов бір сөзінде: «Сол жылдардағы мендегі түйсікпен социол-демократтар қатарына кіру мүмкін емес. Өйткені, мен саяси-әлеумнттік жолды таңдау үшін ескі және жаңа шаһар ортасында сарсаң болып жүрген едім. Мұсылмандар арасында тәрбие алғандықтан, әлеуметтік тегімді ұмытпағандықтан һәм соңынан 1916 жылғы халық толқуын көрген соң біржола халықтың көзқарас жағына шықтым,»,- ағынан жарылып мойындапты, содан бастап-ақ патшаның отарлау саясатына әшекерлеу, Түркістан өлкелі еңбекшілерінің ұл-азаттық көтерілісіне деп беру мақсатымен Минск қаласы маңында «Еркін дала» атты құпиялы қоғамын құрды /12/.
Бұл қоғамның атқарған жұмысы үлкен дүние. Осылайша Нәзір Төреқұлов қоғамның саяси өміріне білек сыбана батыр да, батыл түрде кірісіп кетті. ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары халқының жарқын болашағын ашу жолындағы қапысыз танылған азаматтар. Нәзір солардың бірі ғана емес, бірегейі. Тап осынысы үшін Төреқұлов ешкімге еліктепмей, қайталанбас төл әрекетін сол тұстағы қазақ қоғамының тума болмысына күштеп бөлектеу, Н. Төреқұловтың білек сыбанып, саясатқа араласуы, тағдырдың жазуымен 1916 жылғы оқиғаларына тұспа-тұс келді. Қазақтың әлеуметшіл күрескерлерінің жаңа бір ұрпағы осынау бірегей тарихи құбылыстың аясында «тағдыр анасы-себеп» пәнсапасына ұйысақ, өсіп жетілді, біртіндеп өзін өзгелерге танытты. Нәзір Төреқұловтың бір ерекшелігі осынау ұлт-азаттық көтерілісіне құр еніп қоймай, Батыс майданындағы тыл жұмыстарының бел ортасында жүруі.
Н. Төреқұлов бұлдыр болашағына жол нұсқар ортаны Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерінің арасынан тапқан. Ал олар болса, Нәзір Төреқұловтан үміт күтіп, оған тәлім-тәрбие берді Осылардың үмітін текке кетпей үш-төрт жылда Нәзір ел бастаған көсемге, Түркістан автаномиялық республикасына билігін үстаған мемлекеттік қайраткерге айналып шыға келді. Яғни Нәзір Төреқұловты баураған, социал-демократтар емес, ұлттық демокрктия-Алаш қайраткері.
Нәзір Төреқұлов оқиғаның бел ортасында жүргенін жоғарыда да айтып өткен болатынбыз. 1916 жылы патша үкіметі Түркістанның жергілікті халқын тыл жұмысына алу туралы жарлығын жариялағанда, ол земстволар одағынанұсқаушы ретінде қызметке кірді. «Тыл жұмысына шақырылған түземдік жұмысшыларға көиектесу» ниетімен келген Төреқұлов өзі үш жыл оқыған институтты тастап, тыл жұмысшыларын еліне қайтқанша сол қызметке қала берді /13/.
Н. Төреқұлов отандастарының ауыр тағдырына, өкімет орындарының әділетсіздігіне, тіршілік тауқыметіне бұрын да бей жай қарамайтын. Қоқанда тұрған кезінде-ақ қыстақтардағы жарсыз –жақыбайлардың әкесіне мұңын шағып келетінін, байлардың, кулактардың зорлық зомбылығы туралы жоғарыдағы басшыларға шағым жазып беруін өкінетінін көріп өсті. Жан баласын жатырқамайтын Нәзір келгендердің жай-жапсарын сұрастырып, заңсыздыққа ызаланатын. Ол арызданып келгенімен, шындыққа жете алмай, жаны жабырқауларды, ұрыс-сөгіс естіп мүлдем қарасын батырғандарды жиі көріп өскен.
1918 жылы Қоқан қаласында төңкеріс комитетінің хатшысы, Қоқан кеңесінің жұмыс атқара жүріп, оның баспасөз оргоны «Халық газетасын» шығаруға қатысты. Кейін Ферғана облыстық төңкеріс комитетінің төрағасына көтерілді. Обылыстық халық ағарту бөлімінің бастығы қызметін атқара жүріп «Жаңа Шығыс», «Ферғана» газеттерінің редакторы болды /14/. Кеңестік кезеңіндегі қазақ халқының тарихи өмірлері мен қызметтері өзгелерге үлгі-өнеге боларлық, ұлттық мақтанышымызға айналған көптеген жарық тұлғалармен ерекшеленеді. Солардың бірі- көрнекті мемлекет қайраткерінің 1917 жылы әскерлердің ықпалымен саясатқа біржола денқойғанымен, 1918 жылдың қазанында большевиктерге қосылады да, артынша өз еркімен Қызыл армияның қатарына өтеді. Түркістан майданының революциялық әскери кеңестің мүшесі, Бүкілодақтық коммунистер партиясының Орта Азия бюросының мүшесі болды.
Жалпы, 1918 жылдың 23 наурызы мен 3 сәуірі аралығындағы бақандай он күнге созылған Торғай обылыстық кеңестері І съезінің қазақ арасында кеңес үкіметінің билігін нығайтудағы тарихи орны бөтен. Съезге арнайы шақырылған сәйкес жарық көре бастаған «Қазақ мұңы» газетінің редакторлығына сайланады /15/. Көршілес өзбек ағайындар Нәзірді төл перзенттері санап, қатты құрметтейді. Мәселен, Ташкент қаласында №283 орта мектепкеосы шахардың А. Икрамов ауданындағы Шараф Рашидов мақаласында бір үлкен көшеге, төрт тұйық көшеге Нәзір Төреқұловтың аы берілген. Қоқан қаласында Нәзір атындағы көше «Түркістан және Өзбекстан мемлекетінің көрнекті қайраткері» деп жазылған меморялдық тақта қойылған….. /16/.
1918 жылы Төреқұлов Қоқан кеңес депутаттары революциялық комитеттің секретары, 1918-1919 жылдарда Ферғана облыстық ревкомның төрағасы, Түр ОАК мүшесі Түркістан республикасының ағарту комиссары, «Вестник просвещения комунистичесской культуры» журналының редакторы тәрізді қызметтерде болды. Бұдан әрі Нәзірдің қызметі Москвада жалғасты. Төреқұлов-талантты, көпырлы журналист. Ең алдымен ол еңбектерін қазақ, өзбек, орыс тілінде қатар жариялағанын атап өту керек. Ол Түркістанда жұмыс істеген жылдарында өзбек және орыс тілдеріндегі бірталай газет, журналдардың редакторы және белсенді шығарушылардың бірі болған. Бұған оның «Ынтымақ» журналында «Қызыл байрақ», «Ферғана» газеттерінде басылған алпысқа жуық жарияланған мақалалары дәлел бола алады. /17/.
Оның орыс тіліндегі еңбектерінің маңызы зор. Оның еңбектері алуан түрлі. Бұлардың ішінен саяси шолу да, тіл, дін, мәдениет, дәстүр пробемасын қозғайтын мақалалар, аудармалар, сын кітаптар кездеседі. «Автономияшылдар» қуылғаннан кейін Н. Төреқұлов Қоқан жұмысшы, солдат және мұсылман депутаттары кеңесінің хатшысы және оқу ағарту комиссары, Скобелова қаласында обяревком төре алқасының мүшесі және оқу ағарту бөлімінің меңгеруші қызметтерін атқарған. Бұл кезде ол солшыл әскери қатарында жүріп, осы партияның жергілікті ұйымы төрағасының орынбасары міндетін атқарады..
Жауапты басшы қызыметінде жүрген Н. Төреқұлов төңірегіндегілердің пікірін де қалт жібермейтін, оған менмендік, өркөкіректік мүлдем жат болатын. Журналист өз әріптестеріен жиі кездесіп отырған, әлдебір мақаласын баспаға жөнелтерден алдын реракциядағы жолдастарының материал жөніндегі пікірін жинастырған. Іске байыпты қарау көзқарасы, шалқар білімдардық және сөзге ұсталық басқа іс саласында Н. Төреқұловтың алдынан кең өріс ашты.
Н. Төреқұлов 1919 жылы Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.
Ең алдымен Нәзір Төреқұлов Ресей Отаршылдығының түркістан халқаралық қаншалықты қасірет болып жабысқанын жан-жүрегімен сезеді. «Түркістан автаномиялық республикасы» деген еңбегінде бұл туралы ойлағанын ашықта батыл айтқан. Патша Ресей Түркістанды шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәдени өркенбеуіне зәредей де мүдделі блғанын, қайта жергілікті халықтардың ұлттық дамуын барынша таптап отырғанын әшкерлейді. Мәселен, 1915-1916 жылдарда Орта Азияда мақта өнімі Ресей тоқыма өнеркәсібіне қажетті шикізаттың тең жарымын өндіргенімен жергілікті халық әлеуметтік теңсіздік қыспағында қала бергені, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алудың тұрпайы зорлықпен жургізілгені дәлел талданады. «Түркістанның мал өсіретін аудандарының бей берекет басып алуы бой көтере бастады. Мұндай басқыншылық әсіресе Ресейде егін шықпай қалған жылдары күшейе түсетін «Бос жатқан қазақ жерінің» мемлекетіміздің өзі көзін салып, блардың жерін «заңды жолмен» тартып ала бастады». Патша үкіметінің Заң шығарушы орындары өткен ғасырдың 60 жылдарында қазақ жерін түгелімен мемлекет иелігінде деп жариялаған еді. Патша бұл тәсілмен бірге екі қоянды алатын: біріншіден помешиктік Ресейдегі жер тапшылығын шешудің жолын тапса, екіншіден Орта Азиядағы саяси тұрақтылығы «орыс элементімен нығайтып отырғанын Н. Төреқұлов жер тағдырын, ел тағдырын бөліп қарамайды,»қазақ жерін алғаны өркениетке қажет болды» дейді. Сатқынның өзін айтпайды, талдауын тереңдете түседі.. «Қазақстанның ең шұрайлы жерлерін тартып алып, ондағы шаруашылықты тып-тыйпыл етті. Ақ патшаның әмірін орындаушымыз деген казактар мен кулактар күннен-күнге жергілікті кедейді талам таражға ұшыратып, елді тонады, күш көрсетті. Жер-жердегі өкімет орындары кулактардың қолтығына су бүркіп отырды. Жергілікті халықтыжекеменшігіне ешқандай кепілдік болмауының, керісінше отаршылдардың жүгенсіздігін қолдап, қоштаудың салдары» /18/.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне әкеліп соқтырды. Мұндай сөздердің кейіннен атақ-мансап иеленген жергілікті ұлт өкілдерінең көбі айта алған жоқ, қайта қазақ жеріне «өндірісті өркендету», тың жерлерді игеру деген ұранды жамылып, орыстандыру сясатын жүргігендерді жарылқаушылар деп дәріптеумен болды. Күні бүгінге дейінгі ауылды жігердегі қазақтың көбі шөл мен шөлейт аймақтарды мекендеп, көп қиыншылық көріп отырған оларды патша билігі заманында еріксіз айрылып қалған құнарлы өңірлерге, көшіру тарихи әділеттік болатынын, оларды бұл үшін арнаулы бағдарлама жасап мемлекеттік қамқорлық көрсету парыз екенін ашық көтерген басшылар жоқтың қасы /19/.
1920-22 жылдары Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы, Түркістан комунистік партиясының бірінші хатшысы, халық ағарту комиссары сияқты көптеген жуапты қызметтерді атқарды. Н. Төреқұловтың ел басқару қызметкерінің негізгі арқауы халатты азаттықа, тәуелсіздікке жетелеу болды.
1921 жылдың 21-25 тамызында Кеңестердің бүкіл Түркістандық Х съезінде Нәзір Төреқұлов есепті баяндма жасап, Түркістан Атқару Комитеті жанынан ұлттық білімін ашуды сұранды. Түркістан мұсылман бюросын құрған кезінде Түркістан Атқару Комитетінің жанында қазақ, өзбек, түркімен бөлімшелерін ұйымдастырып, жергілікті халық мәселесіне айрықша көңіл бөлді.
1922 жылы Нәзір Төреқұов мемлекет бсшылығындағы қыруар жұмысына қарамастан «Төңкеріс» атты журналды ұйымдастырып, оның бас редактры болды. Ол журналға «Дәуріш» деген бүркеншік атымен материялдар жариялап отырған, онда сол кездегі өзекті мәселелерді өткір түрде қозғап отырып жазған /20/.
1922 жылдың соңынан 1928 жылға дейін Мәскеуге орталық баспасөз бөлімінің бастығы болып істеген қызметімен ерекшеленеді, мұнда халқымыздың тарихы мен тілін зеіттеуге көңіл бөлген Дәл осы жылдың наурыз айында Кремлье В. И. Лениннің қабылдауында болып оған жергілікті халықтардың ана-тілі мемлекеттік тіл білу керектігін көлденең қоя берді. Дәл Осы жылы ерекше айта кететін мәселе Төреқұловтың осы кезеңде қазақтың ел ағалары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтарды шығармашылық ұызметке тартып, амқорлық көрсеткені мәлім. Ұлтшыл атанып, Кеңес өкіметі басшыларының және қазақтың Жандайшап белсенділерінің қырына алып, шеттеліп жүрген ғұлама қайраткерлерді аялап, көңіл бөлуге ло кездегі ондай ерлікке екінің бірінің жүрегі дауламайтын еді. Ал Нәзір Төреқұлов олармен араласуға жүрексінбеді, бұл олардың өшпес еңбектерін бағалағаны белгілі еді. 1920 жылдың- наурызында өткен Түркістан Халық комиссары кеңесінің мәжілісінде оқу-ағарту комиссариатының жұмыс есебі тыңдалғанда сөз алған Түрккомиссария мүшесі Я. Э. Рудзутак өз басы бұл мәселеде қанағаттанбайтынын, жергілікті халықпен жүгізілетін тәлім-тәрбие жұмысын дереу жандандырудың зәрулігіндереу қолға алды. Қысқасы, Түрккомиссиясының оқу-ағарту комиссариатын тәжірибелі және адал қызметкерлермен нығайту жөніндегі нұсқауына сәйкес Төреқұлов Түркістан республикасының оқу-ағарту комиссары болып тағайындалды. Оның орынбасары қызметіне В. И. Лениннің тапсырысымен Түркістанга арнайы жіберілген больщевик П. И. Лепещинский сайланып, коллегия құрамына И. Тоқтыбаев, Б. Ходжаев, Ш. Двойлацкий, В. Билок кірді.
22- мамыр иен 6-маусым аралығында Түркістан республикасы оқу-ағарту қызметкерлерінің І съезі өткен. Оны шақыруға бастама көтерген Нәзір Төреқұлов онда оқу-ағарту комиссарларының міндетін саралаған баяндама жасады. Делегаттар оннан астам ортақ мәселені ортаға салып, аса зәруіне тоқталып пікір алысқан. Съез қарарында кеңес мектептерін көптеп ашу, мұғалімдерді тәрбиелеу, кадр таңдау, жат элементтерге қарсы күресу, ендігіде мұндай нұсқауларға жол бермеу қажеттігіне назар аударды /21/.
Түркістанда өзбек тілінде басылып көрген алғашқы пән оқулықтарын түзуге жетекшілік етуде Н. Төреқұловтың маңдай терін сыпырған жанкүйерлік еңбегі де бар. Ферғанадағы басмашылықпен күрес Төреқұловтың ең маңызды шаруашылығының бірі еді. Ол, Ферғана алқабының қыстақтарында әлденеше рет болған, әскери мәселелерді шешуге қызу атсалысқан, Түркістан майданының Революциялық әскери кеңесіиен тығыз бйланыс жасап отырды /22/.
Түркістан компартиясының ІV съезінде «Ферғана мәселесі» жөнінде ол жасаған баяндама негізінде қабылданған қалалардың өзі-ақ айғақтайды. Бұл қарарда басмашылық «тек қана мұсылман байлардың таптық және сославиелік артықшылықтарын қорғауға бағытталған контрреволюциялық антисоветтік қозғалыс» деп айыпталды. Сол кезде бұл контрреволюциялық- бандиттік бағыт ұсталған басмашылықтың мәніне берілген арлық жағынан ең дұрыс баға еді. Ферғананың Түркістан республикасы ғана емес, бүкіл кеңес Федерациясы үшін саяси, әсіресе экономикалық маңызын мойындаған съезд бандиттік басшылар жасақтарын жою жөнінде шұғыл шарылар белгіленген.
Басмашылар Негізгі күштері талқандалған соң олардың басшылары сотқа тартылды. Маңызды саяси мәне бар ашық соттар ұйымдастырылды, өйткені оларда қоғамдық айыптаушыларға ерекше рөл берілді. Мұндай айыптаушылардың қатарында қарапайым диқандар ғана емес, республиканың саяси жұмыста белгілі бір дәрежеде шыңдалған жауапты қызметкерлері де болған /23/.
Сот барысы баспасөзде кеңінен жазылды. Газет материялдарынан қоғамдық айыптаушы Нәзір Төреқұловтың саяси қайраткері ретінде өз міндетін жете білуімен, басмашылардың контрревлоюциялық мәнін ашып көрсетуде сотқа көмектесіп қана қоймай, өзінің қайсарлығын көрсеткен. Ол өзінің сөзін саяси пафоспен жеткізіп, оны естен шықпас эпизттармен, фактілермен, айқын тұжырымдармен, жасады.. Аталмыш сотқа қатысқан, кейіннен Кеңес армиясының генерал-лейтенанты дәрежесіне көтерілген Я. Д. Чанышев….. ТКП ОК-нің хатшысы Н. Төреқұлов айқындығымен, шындығымен әрі қайыспас бір беттігімен жұрттың бәрін таңырқата тамаша сөз сөйледі деп еске алды (« Кеңестік Түркістан үшін», «Естеліктер жинағы», Ташкент, 1963 жыл) /24/.
Іс жүзінде Түркістанның жетекшісіне айналған Н. Төреқұлов өзін шын жолбасшысы, білікті әкім ретінде көрсете білді. Ол жаңа өкіметтің алдынан туындайтын проблемалардың өзегіне жергілікті жерлерде үңілу үшін республиканың әртүрлі облыстарын жиі аралап тұрды. Әрқалай съездерге қатысып, сөз сөйледі, жиналыстар мен митингілерге жұмысшылармен, қызыл гвардияшылармен, диқандармен жүздесті. Ол әуел бастан-ақ бұқараның үніне құлақ аса білу, әрбір адамға ықыласпен қарау халық жетекшісінің ең негізгі қасиеттерінің бірі екендігін көкейіне мықтап түйген. Қай жерде істемесін жұртты қабылдауға ерекше мән берген, берген уәдесін бұлжытпай орындаған. Оның сабырлы қалпы, көкіректіктің мүлде болмауы, келгендерді өзіне тартып, шаруасын қысылмай, бүкпей айта беруіне қолайы ахуал туғызады.
Елдің ұлттық экономиканы қалыптастыруға ұмтылған Н. Төреқұлов оны өрлетіп, гүлдендірудің негізі, тек ауыл шаруашылық өндірісін ғана емес, жергілікті өнеркәсіпті де дамыту деп білді.
Түркістан республикасы Кеңестерінің Х съезінде Н. Төреқұлов жер реформасы секілді қабырғалы мәселе жөнінде өзіне тән нақ сезіммен былай дейді: «Бұл міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Түркістан Орталық Атқару Комитеті ТКП Орталық Комитетінің басшылығымен ең алдымен жер реформасын белгіледі, ол туралы Түркістан Басылымдарында көп жазылды, ол туралы әртүрлі съездерде көп айтылды». Жер реформасы туралы ой қадап айтатын, көктен түскен жоқ, ол Түркістанның өз шындығынан, ревлоюцияныңөзінен туындаған, ол ең үлкен міндет ретінде алға тартты, Түркістан ОАК-ін оны қауыр жүргізуге мәжбүр етті… Бұл жөнінде осы тақырыпқа жер шаруашылығы халық комисарының арнайы баяндамасында айтылған менің міндетім атқарылған іске жалпы саяси және экономикалық баға беру әрі тиісті қорытынды жасау. Нәзір 1923 жылдың көктемінен бастап қолға алу жоспарланған Жетісу темір жолының құрлысына да көп үміт артты-бұл жас республиканы Түркістанның астық провлемасын шешуге жақындата түсетін /25/.
Түркістандағы халық ағарту ісі, бүкіл басқа Шығыстағыдай, киерикалардың уысында болатын «Түркістан Автономиялы Республикасы» атты жоғарыда айтылған кітапшасында Нәзір Төреқұлов мұсылман дінбасыларының реакциялық рөлін, оларды қимылдарын «түземдік қоғамның прогресшіл бөлігіне» қарсы өз күресінде бір жағынан өзінің миссионерлер арқылы елді орыстандыру саясатын жүргізген патшаның «культергерлік» үкіметін қолдап, екінші жағынан, шешу феодалдық- патриархалдық қатынасының негізінде кең жойылған схоластика мен фантизімді тықпалағанын атап көрсетті. «Бұқара-бүкіл Орта Азия мен Еділ бойында түнек ошағының рөлін атқарды» /26/.
Н. Төреқұловтың көлемді еңбектерінің бірі «Ұлттық мәселесі және мектеп»- деп аталады. Мұнда ол мектеп, оқу жағдайындағы бір қалыпты бағытты айтады. Европа, Америка империалистері Қытай, Туркия, Үндістан, Мысыр секілді елдерді өз ықпалына тарту үшін, «мисионерлік өзге халықтардың ұлттық мәдениетін өшіріп, ерекшелігін жою әрекеті түптің түбінде күрейді деп сенімді тұжырым жасайды. Патшалық Ресейдің де саясаты «бұратаналарды»не түгелдей құрту немесе орыстандыру мқсатына құрылғанына мысал келтіреді. Ұлы орысшыл шовинистердің өзгелерді былай қойғанда өздеріне тілі, діні жақын украиындар мен беларустарға рухани жағынан қастандық жасағанын, тіпті оларға өз тілінде дұғалық шығаруға да рұқсат етпеген қатығездігін көрсетеді. Патша өкіметі Орта Азияда да дүние жүзілік білім беретін мектептер ашуға ұдайы тыйым салып отырғаны да сонымен сабақтас мәселе » /27/.
Бүкілодақтық бірінші оқытушылар құрылтайы Нәзір Төреқұловтың «Ұлт мәселесі және мектеп» деген баяндамасы бойынша қабылданған аулыны рухы да дәл қазіргі бойынша уақыт талабымен үндес екені қайран қалдырмайды. Халыққа жалпы бастауыш, орта білім беру, жоғарғы оқу орындарында білікті маман иелерін даярлау ісінде Кеңес жылдарында сандық ілгерілеулер болмағанымен, әлі де алмаған асуладжетіп артады. Ұлттықжәне жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жасаған оқу бағдарламалары мен оқулықтар соңғы жылдары ғана жасала бастады,түрлі пәндерден қазақ тілінде төл қолтанбалар жарыққа шыға бастаған еді, өкінішке орай жақсы нәтижелер бере бастаған осы қарқын көп ұзамай бәсең тартты. «Бізде 6-дан 16-жасқа дейінгі балалардың жетпіс пайызы, яғни бестен бірі мектепте оқымайды. Демек 250-300 мыңға жуыққазақ баласы мектептен сырт қалып отыр»-деп көрсетеді Нәзір Төреқұлов /28/. Бұл қазақша мектеп халі заманныңозық ойлы перзенті Нәзір Төреқұловтың армандаған ізгі мұрат деңгейінен құлдырап төмен түсіп бара жатқанын әңгімелейді.
Нәзір Төреқұлов 1922 жылы наурыз айында Кремльде В. И. Лениннің қабылдауында болғанда автаномия қабылдауында алған жергілікті халықтар тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру мәселесін күн тәртібіне қойған /29/. Бұл отаршылдық саясаттың зардабынан езіліп, жаншылған, жоғары оқу орындары былай тұрсын, бастауыш білім беру міндеті де толық шешіліп болмаған кездің өзінде-ақ келешекті ойлап айтылған батыл да, әділ пікір еді. Мәскеуде жариялаған «Ұлт мәселесі және мектеп» кітабы арқылы тарихшыларға патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының ащы шындығын батыл көрсетіп, аз ұлттардың ағарту ісін өркендету мәселесін көрсетеді. Оның тарихқа байланысты осындай еңбектері Нәдір Төреқұловтың көреген саясатшы, көрнекті тарихшы ғалым екенін танытты. Түркістандық дарынды тұлғаның сегіз қырлы, бір сырлы өмірін үйрену, ұрпақтарға жеткізу алдымызда тұрған үлкен парыз.
«Дінге қарсы насихаттың Шығыстағы жай-күйі», «Ислам және камунизм» деген мақалаларында Төреқұлов исламның пайда болу тарихын айта келіп, оның көтерген ұлттар мен ұлыстарды бірлестірудегі пайдалы қызметін көрсетеді, адамның ар-ождан, намыс сенім бостандығына шек қоймайтынын мәлімдейді. Түркістан Республикасының Орталық комитетінің төрағасы болып, қызмет істеген жылдары Нәзір Төреқұлов дін мәселесі жөнінде үлкен мемлекеттік қайраткерлер ғана бара алатын қадамдар жасаған. Ұлтшылдығын да болар Н. Төреқұлов салт-дәстүрді құрметтеген. Жақсы жақтарын қайта жаңғыртуға тырысқан. Ол барлық мекемелердің демалыс күнін жексенбіден жұмаға көшіру туралы қаулыға 1921 жылы 7-ақпанда қол қоюы дәлел /30/.
Бұл туралы қазақтың танымал ғалымы, ғұламасы академик Рахыманқұл Бердібай былай деп ой түйеді: «Дін-алшын» деген сөзді жаттап алып, халықты сенім. Ождан еркінен айыруға жаудан бетер ат салысқан жергілікті көсемдердің қай-қайсына болса да Нәзірдің парасаты, азаттық деңгейі биік тұрғанын көреміз /31/.
Билік тұтқасына келгенде де қызыл өктемдікке бой бермеген Нәзірдің дінге көзқарасы диллеманы шебер үйлестіреді: мизан тасының бір басында өз билігін және үстемдігін қызғыштай қорыған,көпке жаны ашымайтын қазақ, ғұламаларға қарсылықты жан айқайы, екінші басында өктемдікке, мазаққа ұшырыған ислам дүниесінің имандылықтың үстіне құлап түсуі, жан ұшырар қорғаған терең пайымы, ділгер құлқы. Нәзір Төреқұлов көзқарасы бір қызығы, әліге құнын жоғалтпаған.
ІІ. ТАРАУ. Н. ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ.
2.1. Н. Төреқұлов елші, саясаткер, мәмлегерлік қызметі.
«Шебер дипломат өз ісінде маңызды атаулардың дәрін екінші дәрежедегі нәрселерден тап басып ала алады, және де майда-шүйде де ештеңені бүкпейтін қарапайым адам бола тұрып, маңызды мәселеде сыр шашпайтын табанды жанға айналады».
Ф. Честерфилд.
Қазақ дипломатиясының көшбасында қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының саяси өміріне белсенді қызмет жасаған Нәзір Төреқұлов тұр. Ол ХХ ғасыр таңымен таласа қазақ халқының, егемендігі жолында күрескен ер, қажымас қайраткер.
«Қайсыбір мемлекетке қатысты саяси бағдарымыз көбіне оның кімнің әрі қалай жүзеге асыруына қатысты келеді. Бұл ретте КСРО- ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі Нәзір Төреқұловтың орны айрықша екендігі даусыз. Сол жылдардағы басшылықтың Ислам жүрегіндегі өз өкілі ретінде біріншіден діни нәзіктікті тереңінен түсінетін,екіншіден аса зиялы, бөлімдер, революция ісіне адал, мемлекет қайраткерін дұрыс таңдаған кадр саясатын атап өтуге міндеттіміз. Бұл өзін толығымен аяқтаған таңдау еді. Нәзір Төреқұлов 8 жыл бойына өз елін Сауд Арабиясына лайықты таныта білді.Бұл сол уақыттағы рекорттық мерзім»,-деп көрсетті Академик-Е.Н. Примаков /32/
КСРО Орталық Атқару Комитеті Президиумының қаулысымен 1927 жылы 15-желтоқсанда Н.Төреқұлов жоғарыдағы төтенше өкіл болып тағайындалды. Дегенмен тағайындалған орнына ол сегіз айдан кейін ғана аттанды. Қаулыға қол қойғанына көп уақыт өтіп кеткенін ескертіп, сыртқы істер халық комиссариаты олтуралы баспасөзде ресми жариялаудан бас тартты. Қалай дегенімен де агреман алынғанынан және тиісті дайындықтан кейін пиджаз, неджд және қосып алынған былыстар каролдігіне жаңадан тағайындалған өкілетті өкіл 1928 жылы 26-шілдеде де «Ленин» теплоходымен Одессадан Стамбулға, одан Неапольға аттанып, «Франчески Криапи» параходымен 29- қыркүйекте Жәддаға аман-есен жетті /33/.
1928 жылы Кеңес үкіметі Нәзір Төреқұловты пиджазға (Сауд Арабиясына) бас консул етіп жіберген тұста елді басқарған Ибн Сауд пен ағылшындардың арасындағы жағдай тым асқындап кеткен еді. Ағылшындар Саудияменшекаралас тайпаларды қайткен күнде де Саудқа қарсы айдап салуға күш салып баққан. Олардың мақсаты Саудты өз дегеніне көндіру, елді бүлдіру еді. Кеңес үкіметі бұл тұстағы мақсаты Саудттың басқада Шығыс елдерімен жақындаса түсуіне ықпал жасау болатын. Бас консул Нәзір Төреқұловқа мынандай міндеттер жүктелді:
- Пиджаздың өзімен шектесе елдермен, сондай-ақ Англиямен Иеменмен қарым-қатынасы халқаралық тұрғыдан бағамдау. Сонымен қатар парсы-Пиджаз қарым-қатынасына тұрақты көңіл бөлу.
2.Пиджаздың ішкі жағдайы,ең бастысы үкіметпен елді мекендеген тайпалардың қарым-қатнасы. Үкіметтегі өзгерістер, олардың саяси мәне.
- Пиджаздағы біздің жағдайымыз, мұның болашағы, саудадағы алыс-берістің одан әрі өрбуі т.с.с.
Осында қызмет атқарған уақытында Алаштың аса дарынды ұлының анау-мынау емес, дипломатиялық корпус арасындағы ең жоғарғы дәреже Арабстандағы барша мемлекеттен келген елшілердің құрметті төрағасы-«Дуайні» болған. Араб жерінде ол құрметпенқарсы алып, төрт күннен кейін 3- қарашада Меккеде королдің ұлы мұрагері Фейсалға сенім граматасын тапсырды. Корольдің өзі Абдел Азиз Ән-Сауд Нәзір Төреқұловтың тағайындалуы туралы М. Калининнің 1928 жылы 9 маусымдағы жарлығына кеңестік миссияның жаңа басшысы Сауд үкіметі мен Корольдің жеке өзінің тарапынан «екі елдің арасындағы дайын байланыстарды нығайту үшін құрметке барынша жақсы қатынасқа бөленеді», деп жауап берді. /34/.
Толық өкілетті елші кезіндегі сегіз жыл бойы Н. Төреқұлов КСРО мен Сауд арабиясы арасындағы Қарым қатнасты, қазіргі тілмен айтқанда, стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізуге тірісып бақты. Шығыстың сырын жақсы білетін ол КСРО-ның Араб түбегіндегі тұғырын түзеп, бекемдей түсу көбіне-көп өзінің король отбасымен, Әбден Әзиз Әл-Саудтың тікелей өзімен және оның мұрагері Ханзада Фейсалмен Қаншалықты дос-жар, ашық-жарқын қатынас жасай алатынына байланысты екенін жақсы бағалайтын.
Араб жерінде бір жыл істегеннен кейін оның дипломатиялық мәртебесі өсірілді, КСРО Орталық Атқару Комитеті оны «Ұлы мәртебелі король жанындағы төтенше елші және толық өкілетті министр» етіп тағайындады. 1932 жылы 26 ақпанда Меккеде Н. Төреқұлов Ханзада Фейсалға өзінің жаңа лауазыммен тағайындағанын растайтын сенім грамотасын тапсырды /35/. Осында екі жақ тарапынан сөйлеген сөздердің ауымы мен мән-мағынасы өзара іш тарту мен сенім деңгейі аз ғана уақыта мықтап өскенін анық аңғартады.
Нәзір мәртебесін өсірудің, шындығында жаңадан тағайындаудың мақсаты екі жақтың да тілегіне лайық достық қатнастарды нығайтып, күшейте түсу болғаны айқын. Өз сөзінде Н. Төреқұлов король отбасымен өзінің жеке қарым-қатнасын қадір тұтатынын ерекше атап айтуды жөн деп білді. Әлбетте, өз еңбегігің осынша бағалануына Н. Төреқұловтың қолы оп-оңай жеткен жоқ. Өйткені не ғұрлым жоғары дипломатиялық мәртебе оның алдынан ел өкіметінің ең жоғарға буындарының есігін шалқасынан ашқанымен, ол мәртебе манархпен, оның ет бауыр туыстарымен, оның ішінде болашақ король Ханзада Фейсалмен бейресми, сырлас-силас қатынас жасаудың рұқсат қағазы емес-ті. /36/.
Королдің еңықпалды кеңесшілерінің бірі Юсиф Ясин еді. Н. Төреқұловтың онымен кездесуін сыртқы істер министірінің міндетін атқарушы Фуад Хамза ұйымдастырды. Өйткені өкілетті елші жұмысқа кіріскен бойда онымен іскерлік, жақсы қатынас орната алып, бір-бірімен толық түсінісіп кеткен. Сондай-ақ, Төреқұловқа әуелі корольге ресми, ештеңе міндеттей қоймайтын «тек құрметімен сыйлайтын» сәлем беріп, манархпен егжей-тегжейлі мазмұнды әңгімені Ясинмен кездесуден кейін өткізуді ұсынған осы Хамза болатын.
….Король сарайымен байланысты бекіте түсуі үшін Н Төреқұловтың шын мәнінде мұсылман болғандығының маңызы ерекше еді. Бұл оның Меккедегі емін-еркін барып келе беруіне жол ашты. Шынында да, дипломатиялық өкілдіктен, король сарайы негізінен Әл-Рияд пен меккеде орналасқандықтан, батыс дипломаттарының көпшілігі үшін корольмен, оның маңындағылармен тікелей араласып-құраласуы оңай емес еді. Олардың біреулері манархтың жәддаға оқта-текте бір соғып кетуін сарыға күтсе, енді біреулері жоғарыда айтылған Филби секілділер-ислам дініне енеді. Осы факт өкілетті елшінің назарын бірден аударып, мұның жай жапсарымен Мәскеуді бірден хабардар етті. «Ислам дініне кірген бойда Филби Меккеге жүріп кетті». Лондон эмиссары ықпалының әлсірей түсуі, сондай-ақ нақ сол тұста Н. Төреқұловтың дипкорпус дуайені деген құрметті мансапқа ие болуының оны король отбасына бұрынғыдан да жақындата түсті.
Н. Төреқұлов корольмен және ханзада Фейсалмен кездесу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып бақты. Елшінің күнделіктерінде төмендегідей жазбалардың ұшырасатыны кездейсоқ емес:
«Мекке мен Жәдда арасындағы Вада Фатижадағы салтанат. Салтананатты дипкорпус атынан Н.Төреқұлов араб тіліннде құттықтау сөз сөйлейді. Онан кейін Банд ағылшын тілінде құтықтады»… «Елші мен хатшы сенім грамоталарын тапсыу үшін Меккеге жүріп кетті. Одан түнде оралды»… «Мұсылман мейрамына байланысты Мекке мен Жәддадағы достар мен таныстарға 100 құтықтау карточкасы жөнелтілді»… Король Жәддаға келді. Шетелдік өкілдер түстен кейін қабылданды /37/.
Нәзір Төреқұлов біліктілігінің арқасында тұра сала, қызметін меңгеріп, Жергілікті саяси жайсаңдармен, ірі саудагерлермен өзара қатынастар орната алды. Бұл орайда мынандай фактіге тоқтала кеткен жөн. Бұрын араб тілінде арнайы оқымаған Н. Төреқұлов тез арада оны жақсылап үйреніп алғаны соншалықты, аудармашылар қызметінен мүлдем бас тартты. «Өйтпесем, бірдеңе айтсам, басқаша аударылады да, әңгімемнің мәні айдалада қалады», деп жазды Нәзір Төреқұлов. Оның Араб тілін меңгергені соншалық, ғұламалармен дін тақырыбына еркін сөз жарыстыра алатын да, салтанаттарда король мен оның төңірегіндегілердің алдында да дипломатиялық корпус атынан да сол тілде көсем сөйлей беретінін жоғарыда айтып өткен болатынмын. Араб тілінжетік менгеріп білу оны Еуропалық дипломаттардан жоғары қойды, араб сұхбаттарынның құрметіне бөленді. Ал, Европалық дипломаттар бұл тілден мүлдем хабарсыз еді. Тағы бір айта кететін жайыт ыртқы істер халық комиссариатына алғашқы хаттарының бірінде Нәзір Төреқұлов институтының студенттерін Хиджазға бір жылға стажировкаға жіберуді ұсынып, оны «тек араб тілін білу жұмысқа жеткіліксіз екенін дәлелдейді», «Құран тілінде бұл арада бір қарап сіріңке де сатып алмайсың», «Ал біздің оқу орындарында бейнелеп айтқанда арабистерді емес, әруақыттары және періштелермен ғана сөйлесе алатын құранистерді даярлайды»-дейді.
Мәскеуде бір хабарларында Н. Төреқұлов Ясинмен Хамзаман кездесулері мен әнгімелері қажетті даярлық болғанын, онсыз корольмен әңгімеге бел шеше алмастығын ашық жазды. Король мені жылы шыраймен қарсы алды, Фуад пен Түйметов жолдас болды. Өз мәселелерімізді корольге Ясинмен әңгіме кезіндегі ізбен баяндап бердім, бірақ ашщылау тұсын жұмсартып, саяси мәсалалерді басыңқырап айттым. Сол баяғы үш тармақты-келіссөз туралы, уақытша статус және эквиваленттер туралы мәселелерді көлденең тарттым. Корольдің жауабы манадай: ол өзінің, Сауттағы мемлекетін брінші болып таныған мемлекет КСРО екенін ешқашан ұмытқан емес, ұмытпайды да. Ол КСРО мен қатынасын және кеңес үкіметімен достығын әрдайым жоғары бағалап, әлі де солай бағалайды /38/.
… Кетер кезімде, король қоштасу үшін ұсынған қолымды ұстаңқырап тұрып, «иншалла, көп ұзамай бәрі де оңдалады»-деді. Мен алғыс айттым. әнгімеміз бір сағатқа созылды. Ал, оның 1929 жылдың наурызында жазған хатында Нәсір Арабиядағы саяси ахуалдың нашарлап кетуіне байланысты, Кеңес-һиджаз қарым-қатнасының шиеленісе бастаған, бізге дұшпандықпен қарайтындардың пайда бола бастағанын ескертті.
Әйтсе де қараша айының соңына қарай жазылған мәлімдемелерде жағдайдың сабасынан түскені, екі ел арасында ынтымақтастық орнағаны жөнінде айтты. Нәзір асқан шеберлікпен Сауд үкіметінің келіссөздің тым созылып кетуіне Кеңес жағынан кінәлағысы келген ниетіне тосқауыл қойды. Сауд үкіметіндегілер уақыты жоқтығын сұлтауратып жобаны жасауға Нәзірдің көмектесуін сұранады. Сақтық ойлаған Нәзір біраз материалдарды ұсынады. Ақыры өз ойын мақұлдайды.
Мұсылмандық жол-жараға жүйрік Нәзір Төреқұлов Европалықтар секілді керек адамын ішімдікпен сыйлап, суық қару ұсынбаған. Мәселен, корольдің өзінен бастап мықты атаулыны тегіс үйіне түсіріп, қонақ етті.
Корольдің өзі санасатын, аса ықпалды тұлғалардың бірі қаржы министірі-Недждік Абдулла Сүлейманды Нәзір Төреқұлов КСРО-мен сауда қатынасын жасауға көндірді. Сауда Келісім-шартының түзілмегенін қарамастан арабтар мұнай өнімдерін алады, сондай-ақ ағаш, күкірт, ұн,т қант сатып алшаққа кетеді /39/.
Көп кешікпей ақ ел қазынасы жұтай бастайды. 1929-1933 жылдары ғаламды жайлаған экономикалық күйзелістен соң һиджаз табысынан негізгі көзі- Меккеге қажылыққа келушілер күрт азайды. Мәселен, 1931 жылы қажылыққа небәрі 40 мың адам келді, бұл өткен жылдағыдан екі есе аз. Осының салдарынан өкіметтің табысы көзі 500 мың фунт стерлингке кеміген Автотранспорт пайда болғалы, есек пен түйісіп дайындап қажылыққа келушілерге қызмет көрсетумен күнелткен тайпалар тақырға отырып қалды. Ханзада Фейсалдың КСРО-ға сапары кезінде декеліссөз тақырыбы мұнай өнімдерін бұдан былай да беріп тұру мәселесі болған еді. Бұл сапарды Н. Төреқұловтың ең басты саяси жетістіктерінің бірі деп санауға болады. Ал кеңес басшылары осынаушын мәнінде тарихи сапардың барлық иқтимал мүмкіндіктерін пайдалана алмаса Нәзірдің кінәсі емес.
1932 жылы 17- тамызында Әл-Сауд һиджаз және Недж корольдігінің Сауд Арабиясының корольдігі деп атайтын декретке қол қойды. Осыдан кейін Әл Сауд несиеге тауар және қару беруін КСРО-дан сұрана бастағаннан кейін Кеңес жағы бұрынғы мұнай қарызының әліге өтелмегенін сұлтауратып, үзілді-кесілді бас тартты /40/.
1933 жылм мамыр айында корольдіктің министірлер Кеңесі мемлекеттік кеңеспен бірге «Жоғара мәртебелі әмір Саудты-ұлы мәртебелі корольді » үлкен ұлын Араб Сауд мемлекетінің тақ мұрагері деп жариялау туралы қаулы қабылданды…аАл бірнеше жылдан кейін тақ мұрагері болып Фейсал жарияланған еді.
Шындығында, Мәскеуде қабылданған Сауд монархының жай ғана ұлы, он жеті жасар –боз бала ғана емес еді. Бұл достас мемлекеттің болашақ корольінің ресмеи сапары болатын Мәскеу бұл оқиғаға тиісінше түсінікпен қарады. Мұны делегатцияның болуы, кездесулері мен келіссөздері жайында дайындалған бағдарламада аңғартады. Едәуір қауырт ресми бөлік аса ауқымды мәден-таныстық бағдарламасымен ұштастырылды.
.. М. Калилиннің жауабындағы: «біздің екі елдің арасындағы қатынастар бірнеше жыл аса достық және едәуір сипатта болды және сіздің Кеңес одағына келуіңіз біздің елдерді байланыстырып тұрған тамаша көріністердің бірі» деген сөздер де Нәзір Төреқұловтың еңбегін жанама болса да бағалаудың айғағы.
…. Келіссөзге Сауд жағынан негізгі қатысушылар делегация басшысынан өзге, Фейсалдың қасына еріп келген адамдар, ең әуелі Фуад Хамза болатын. Үлкен театрда «Севль шаштаразы» операсының қойылымы кезінде оның Л. Караханмен сұхбаты өтті және кеңес сауд қатынастарын дамыта түсу тұлғасынан келген ең принципті әңгіме секілді. Л. Қараханның өз сөзі бойынша Ф Хасизза Хиджазға кеңес кредиті берілген жағдайда «біздің тауарларымыз үкіметтің беделінің арқасында өтетін, үкіметтің өзі кеңес тауарларын өткізуді ұшталаты, Хиджаздықтар бізден астық қант, керасин, бензин, сіріңке, қару алғысы келетін» әлелдеп бақты.
Кеңес үкіметінің Л. Қарахман білдірген көз қарасы айқын еді: кредит беру саяси шарт жасаумен тығыз байланыстырылды, ал кредит туралы келісім шынтуайтында саяси келісім /41/.
…Сонымен, король Әбден Әзиз әл-Саудтың ұлы ханзада Фейсал басқарған Төтенше дипломатиялық эмиссия Мәскеуде 29 мамырдан 7 маусымға дейін болды. Делегация сондай-ақ күні Ленинградты аралап, 7 маусым күні Түркияға жүріп кетті. Мәскеудегі келіссөз кезінде миссия КСРО үкіметінің Сауд жағынан 10 жыл мерзімге жалпы жиынтықбір миллион фунт стерлинг тұратын тауарлы кредит беруі туралы мәселе қойылды. Миссияға достықты сауда туралы шарт жасалғанға дейін КСРО үкіметі бұл мәселені талқылау ыңғайсыз деген мағынада жауап берілді. Соған қарамастан, протокол сақталып екі жақты сапар өте сәтті болды деп танылады.. Н.Төреқұлов Жәддәдан сыртқы істер халық комиссариатына «хиджаздың ұлы мәртебелі корольі Кеңес үкіметіне әмірі Фесалды дос көңілімен қабылдағаны үшін алғыс айтады» деген жедел хат жолдады. Сапар қорытындысы бойынша «шарттасушы мәртебелі жақтар өзінің экономикалық қатынастарында кемсітудің қандай түрінен де бас тарту» ниетімен жігерленеді. «Шарттасушы жақтар екі мемлекеттің арасында экономикалық байланыстарды дамытып, кеңейту мақсатымен көп ұзамай сауда шартын жасау жөніндегі келіссөзді бастауға келіседі» / 42/.
Фесалдың КСРО-ға сапарының және Н.Төреқұловтың Сауд Арабиясындағы одан кейінгі жұмысының тағы бір нәтижесі арт-Тарифта АТС орнатылып, пайдалануға берілген еді.Бұл Сауд мемлекетіндегі тұңғыш станция еді және оны орнатып, пайдаланудың ешқандай тәжірибесі жоқ болатын. Почта,телефон және телеграф директоры Абдулла Казим Кеңес елшісіне өзінің жергілікті кадрларымен АТС – ы орната алмайтынын хабарлап, инструктор шақыруды өтінеді. Егер Н.Төреқұлов 1934 жылы «Красная зарянның» инженері В.Шитовтың Сауд арабиясына іс-сапар жасауына қол жеткізбесе, қымбат сарайдың бір түкпірінде ұзақ жылдар бойы іріп-шіріп жата берер еді… В.Шитов өзінің іс-сапары жөніндегі есебінде «…автоматты телефон бойынша алғашқы әңгімі Араб Сауд мемлекетінің корольі мен КСРО елшісі Нәзір Төреқұлов арасында өтті. Бұл сөйлесу станциясын іске қосудың басы болды» деп жазады. Оның үстіне, Нәзір Төреқұловтың монархпен, оның мұрагерлерімен ұдайы кездесіп тұруы, бұл орайда корольдің шетелдіктер мен қауышуы шектелген жергілікті ерекшелікті ескерсек, оның маңайындағылар мен мемлекет шенеуліктеріне Кеңес елшісінің қас-қабағын бағып жүріңдер деген анық ескерту де еді.
Жоғарыда қамтылған барлық оқиғалар ең алдымен Нәзір Төреқұлов еңбегінің жемісі болатын.Олар, сөзсіз өз елінің елшісі ретінде оның атқарған сан-саладағы жұмысының дипломатиялық еңбегінің шыңына айналды. Экономика саласында нақты нәтижелер көріне бастады, таяу болашақта елеулі пайда беретін өзара ынтымақтастыққа даңғыл жол ашылды. Әлбетте, елшінің сөзімен айтқанда ахуал «едәрір шетін» еді, Саудтықтардың ұсыныстарының бәрін бірдей таза алтын деп қабылдауға болмайтын оның қаупі бар еді. Нәзір төреқұлов 1933 жылдың басында мәскеуге жолдаған жазбаларына сөз жүргізудің өзі жеткілікті « бізге жекелеген адамдар мен топтар ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстары мен топырлап келіп жатты. Олардың кейбіреулері бізбен шынындада істес болуға, енді біреулері өздері үшін аты шулы делипинк қаупі жоқтығын суртпақтан сұрап, біліп алуға келеді. Көпестер арасында үрей дүрбелеңі олардың «жекеше сипаттағы» бірқатар кеңестер өткізуіне алып келді, оларға ірі шипотерлер өз қатарын өздеріне төнген «қауіпке» қарсы біріктіріп жаңа жағдайда өз мүдделерін қорғаудың жолдары мен амалдарын белгілеуге тырысты.
Таяу Шығысқа ықыласы күрт бәсеңдеген Кеңес өкіметі 1936 жылдың қаңтарында Нәзір төреқұловты қайтарып алды /43/.
Нәзір Төреқұлов – кеңес мемлекетінің тарихында өкілетті елші болған тұңғыш қазақ. Ресей империясында да, кеңес Одағында да оған дейін Орталық Азияның бірде-бір өкілі елші болып тағайындалған емес. Осы кезде, кеңес одағының шетелдегі елшілердің ұзын саны 32-ақ адам болған. Толық өкілетті елші қызметіндегі жыл бойы Нәзір Төреқұлов КСРО мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым –қатынасы стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізуге тырысқан.
Н.Төреқұлов « Сауд Арабиясынан келген соң, көп ұзамай халық жауы» деген жаламен отқа ұшқанын, оның нақақтан аяусыз жазаланғанын естіген король мен оның төңірегіндегілер қатты күйінген. Қалай десек те, дипломатиялық каналдар арқылы, король басқа өкілетті елшіні көргісі келмейтінін аңғартты. 1938 жылдың сәуірінде сыртқы істер халық комитеті Сауд Арабиясына хат жолдап, онда Кеңес-Сауд қатынастарын таяу болашақта жақсарту мүмкіндігін көре алмай отырғандықтарын Мәскеу корольдікпен байланысын доғарып отыр, Жәддадағы елшілігін жабуға шешім қабылдады деп мәлімдеді. Сол жылдың 11- қыркүйегінде Кеңес комиссиясының сонғы қызметкерлері Сауд Арабиясынан біржола аттанып кеті. Екі елдің арасындағы «үзіліс» 1990 жылға дейін созылды /44/.
Н. Төреқұловтың орталыққа жазған жазбалары, күнделіктері, әнгімелерінің көшірмесі, саяси есептері, тағы басқа құжаттары 20-жылдардың соңы мен 30шы жылдыңбасындағы Кеңес-Сауд қарым-қатынасының қалыптасуы ен дамуы жайындв жан-жақты мағлұмат берілді.
Құжаттың тамаша жазылу стилі, баға берудегі дәлдік сараптаулардың егжей-тегжейлігімен нақтылығы қазақ елшісінің Кеңестер Одағының ішкі-сытқы саясатының ерекшелігінің барынша нәзік сезінетін жоғары деңгейлі маман екендігін айғақтай түседі.
1936 жылдар арасында Сауд Арабиясы жерінде қызмет етумен байланысты сегіз тілді жетік білуі, сыналған мемлекет қайраткері ретінде танылуы нәтижесінде оған ең жауапты міндет жүктелген, оның бәрінде Нәзір Төреқұлов тындырымды орындай білген. Сауд Арабия жерінде консулкейін елші қызметін атқарғандада ұятқа қалып та, қалдырып та көрмеген. Кеңес мемлекетінің сыртқы саясатын жүзеге асыруда екі ел арасында саяси және сауда қарым-қатынасын нығайтуға барынша үлес қосқан /45/.
2.2. Н. Төреқұлов туралы тарихи зеріттеулер мен деректемелер.
«Ерер ердің еңселі ескерткіші». Тайыр Мансұровтың Нәзір Төреқұловқа арналған кітаптары туралы.
Бұл мақалаға саясат ғылымдарының докторы Тайыр Мансұровтың еңбегі өзек болғалы отыр. Ол тапжылмай ізденіп, ерекше талпыныс жасауының арқасында Алаш арасы Нәзірт Төреқұлов жайлы «Русский Раритет» баспасынан 200 жылы «Нәзір Төреқұлов-Сауд Арабиясы король дегендегі КСРО-ның өкілетті елшісі» атты тұңғыш еңбегі орыс тілінде жарыққа шықты. 608 беттік бұл жинаққа талай жылдар тас құлыптың қамауында жатқан халқымыздың біртуар ұлының дипломатиялық қызметіне байланысты, әсіресе оның Сауд Арабиясы Корольдігінде 1928-1935 жылдары өкілетті елші қызметін атқарған кездегі құжаттар тұңғыш рет толық жарық көрді. Оған Тайыр Айтмұхаметұлының қолын жеткізген, біріншіден, өзінің сегіз жыл бойы Қазақстанның Ресейдегі өкілетті елшісі болғандығы, екіншіден, Ресей Федерациясының сол кездегі Сыртқы істер министірі Е.М. Примаковтың үлкен жүрекпен азаматтық көрсетіп, қолғабыс етуі Автордың кітаптағы Евгений Максимовичке айтқан алғысын қазақ зиялылары тегіс қосылады деп сенеді.
Тайыр Мансұровтың мол еңбегінің бастамасы болған осы кітабының соңынан көп кешікпей Мәскеудегі «Реал Пресс» баспасынан 2001 жылы қалың оқырманға жол тартқан «Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны» жарқ ете түсті. Кітаптың мұқабасының безендірілуі бір аттың құнындай болып көз тартып, алтыннан жарқырап, мұнайы толқып жатқан әйгілі Сауд Арабиясын көзге елестетеді. Мекке мен Мединесі бар киелі елді бейнелеген әсерлі суретте жинақтың сыртын құлпыртып тұр. Ал ең құндылығы: кітаптың салған беттен төрт тілде шығуы түсінген адамды ерекше қуантады. Сөз орайында автордың бұл еңбегін Ресей баспасында әділ бағасын алғанын айтып өткеніміз ләзім.
«КСРО-ның Сауд Арабиясындағы тұңғыш және ең соңғы елшіснің тарихы» атты көлемді мақала авторы онда қазақ дипломатының қызметін айтқан кітаптан үзінділер келтіре отыра, мұндағы бағалы құжаттар мен фотсуреттерге айрықша көңіл бөлген /46/.
Тайыр Мансұровтың Нәзір аға туралы үлкен панорамасының бірі ғажап көрінісі көрінісі үшінші кітапта кеңінен көрініс тапты. «Өкілетті өкіл Нәзір Төреқұлов Дипломант. Саясаткер, азамат» атты ол шығарма орыс тілінде Мәскеудегі баспасында 2003 жылы жарыққа шықты. 335 беттен терең толғаулы сан түрлі дәйектермен дәлелденді. Бұл ұлағатты ғалымдардың есімінің Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов және көптеген қазақтың біртуар ұлдарымен қатарласа ел ардағы екенін айқындап берді. Кітаптың құндылығы сонда, мұнда өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы тарихымыздың кейбір ақтандақтары, дипломалиялық әлемдегі ұлттық үлесіміз айқара ашылды. Сондықтан да Тайыр Мансұровтың көлемді де, деректі де дәрежелі еңбегін отанымыздың дипломатиясы тарихнамасының құнды бөлшегі деп есептеген жөн /47/.
Нәзір Төреқұловқа арналған Тайыр Айтмұхаметұлының төртінші кітабы шын мәнінде жалпы оқушы қауымға арналып, академик Е.М. Примактың жылы да жұп-жұмыр алғысөзімен, содан соң әр тараудың алдына тауыпқойылған тамаша эпиграфтармен беріліпті. Кітаптыңалғашқы бетінен бастап соңғы парағына дейін көз алдырмай, көңілді әле неден бұрғызбай бін демнен оқып шығуға магниттер тартатынына өз алдына, оның қай сөйлемін алсаң да шырайлы шындық пен дәйекті дерек жан толқытады. Шығарманың тілі де жинақы, жатық һәм дипломатия әлеміне сай өз дәлдігіне берер кәсіби ұғымдарға өте бай.
Төрт кітапты төркіндетіп, енді бесінші кітапқа келейік.Ұлан-ғайыр еңбектің тоқ етері, негізгі жинақтағы төртінші кітапта берілген, бесінші кітап, негізінде, сол «Молодая гвардия» баспасындағы «ЖЗЛ» сериясынан орыс тілінде шыққан кітаптың қазақшасы. Демек, бұл тікелей аударма емес, жазу стилінде де, сөз саптау әдісі мен шеберлігінде де жеке дара туынды секілді әдемі шыққан дүние. Автор бұл кітапты жазу үстінде негізгі деректерін алдыңғы кітаптардан алса да, қанын қазақы етіп, тілін тартып жылылыққа жұғыстырыпты. Тағы да бір айта кетерлік жәйт: халқымыздың біртуар дарабоз ұлының ұлағаты өмірін бір сырлы һәм сансыз қырлы етіп көрсету жолында осы туындысында басқа кітаптарында жоқ мағлұматтарды беруі көңілге әбден қонарлық іс.
«Ғибадатты ғұмыр» сериясымен 2005 жылы жарық көрген «Нәзір Төреқұлов» атты бұл кітаптың шығарған «Қазақстан» баспасы /48/ Кейіпкердің өмірбаяны мұнда өте тартымды берілген. Шынында да ұлы адамдардаң өмірін жете білмесең, ұлылығын ұғу да оңайға соқпайды. Нәзірдің әкесі діндар болған, оған қоса Ферғана аймағындағы атақты мақта комиссионері, өз заманының оқуы бар естісі, орыс өзбек, қазақ тіліндегі кітаптарды газеттерді үзбей оқитын. Бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлген сауатты сауда иесі екен.Нәзірдің бастапқы оқу жылдарында сәйкес келген патша үкіметінің жарлығымен ашылған орыс-түзем мектептері пайда бола бастады. Әне, сол жаңалықтарды да дер кезінде пайдаланған әкесі Нәзірдің осы мектепте оқытып 1905 жылы бұл білім баспалдағын бітірісімен жеткіншек талапкер көпестер мен сауда-өнеркәсіп компаниялары негізін қалаған сегіз жылдық Қоқан комерция учелищесіне оқуға түсіпті /49/.
1913 жыл оның ойдағыдай тәмәмдап Нәзір Төреқұлов Мәскеудегі институтқа оқуға түседі. Ол осы кезде жасынан құштар тіл өнеріне ерекше дем қояды, орыс және түрік тілін жетік білуіне француз және неміс тілдерін үйренуге бет бұруын қосады. Өзінше оқып тіл жетілдіру оған біткен екінші өнері еді.
Кітаптағы бір тарау Төрекұловтың король сенімін жеңіп алу жолындағы күресіне арналыпты. Бұл жолда Нәзір аға әл-Саудтың төңірегіндегі аса ықпалды кісілерден бастап, кедергі боладау деген шенділер мен шекпенділердің де бөтенсіместей ойына ие болу әрекеттерін оқығанда, нәтижесінде қолдастық, жолдастық ниетпен ұйыта білу таң қалдырды. Нәзір Төреқұловтың «большевиктік режимінің» өкілі болуы оған әркімнің жеке көзбен қарап, ішінде күмән сақтауын да автор көптеген дәлелдермен дәйекті түрде жеткізген. Ол дипломатиялық ойындар емес, ақылды адам мойындар үлкен ұғымдағы шындық. Қадағалаушылардың бірі атақты Ким Филбидің әкесі Джон Филби болғандығын оқығанда, қалың жаудың арасындағы қайсарь ағаның жеңістеріне таң қаласын. Мәселен, жалғыз ғана кеңестік сауда қатынасына Арабтардың жасаған кедергісін оқығанда бұл орындауға болмас әрекет, оның ар жағында Британия арыстандары тұр деп қаласың. Ал келе-келе, әрімнің өз қажетін бере-бере сол қиямет-қайынға тең ауыр шарттарды бұзып, қолайлы дәрежедегі келісім-шартқа Төреқұловтың қол жеткізуі Мәскеумен де, Сауд Арабиясымен де арпалыса біліп, ақыры пішімін тауып ісінің түпкі қайырлы болуға жеткенін көзбен көргенімдей оқығанымда Феномен деп атауға тілім шапшаң жетті /50/. Ағылшынның елшісі Бонды дуайендікке таласып тоқтатпай іштей наразы болып жүргенде Түрік Республикасының ұлттық мерекесі күнінде дипкорпустың атынан Төреқұлов ақсақал ретінде араб тілінде сөйлепті. Бұл сөзінің ел-жұртты естерінен танардай таң қалдырғаны соншалық, Бонд ендігәрі бірінші сөзге таласуын үзілді-кесілді тоқтатыпты. «Білгенге маржан, білмеске арзан» дегендей бұл жеңістің де тарихы ауны сонша кең екенін жауапты жиындарды король кеңес елшісін дипкорпустың дуайені ретінде он қол жағынан тақау отырғызатын болғанын көреміз. Ал одан кейін ар жағына Алла жар болып, корольге қашан барамын, қанша барамын дегізбестей әл-Саудтың сенімін әбден билеп алған Айта берсек осы іспеттес оқйғалардан да кеңес елшісінің ірі діни де, саяси да жеңістері аз болғанын көреміз /51/.
1967 жылы Ташкентте басылған «Революционерлер,бұқара жетекшілері» деген жинақта «Нәзір журналис ретінде тамаша талант болған, фельетон, заметкалар жазып, басмашылықтықтың контрреволюциялық мәнін, үгіт насихатының халыққа қарсы сипатын әшкерлеп отырған» деген жолдар бар. Осы сөздердің астарында көп мағына жатқан жоқ па?
Нәзір көзін көрген, ақылын тыңдаған тетелес інісі Жүсіпбек Арыстанов бір естелігінде «…неше алуан саяси, ғылыми мақалаларымен қатар очерктер, памфлектер, әдеби сын мен фельетондар, әр түрлі маңызды хабарлар оның дарынды қаламынан тынымсыз туындап жатты…» деп жазған еді көзі тірісінде /52/.
Филология ғылымының докторы, прафессоры Темірбек Қожакеев Нәзірдің шығармашылығы туралы алғашқылардың бірі болып арнайы зеріттеу мақала жазды. Сонғы бір мақаласында былай деп ой түйеді: «ал оның журналистік мұрасының ерекшеліктеріне келсек, Нәзір негізінен сыни мақалалар жазған. Олардың ерекше екпінмен, сын объектісін ақтара бұқара жазған. Нысанаға алып, діттеген адамдарын сілкілеп, шаңын қаға, есін кетіре, сауырлап-сауырлап тастайтын болған…» деп түйеді. Ол расында төрт аяғын тең басқан, тайпалаған жорға журналист, қаламының желі бар, қарымды саясаткер. Бұған келтірер мысал да, дәйек етер дерек те жетерлік.
«Нәзір-журналист» деген тақырыпқа келгенде қай зерттеуші де «Қазақ» қазақ газетін айналып өте алмайды. Ал бұл тақырып күні кешеге дейін аузға алынбай келсе, оған кінәлі Нәзір ғана емес, оның өзге де себептері болды.
2.3. Н. Төреқұловтың тарихи тағдыры.
Қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А. Байтұрсынов, М. Шоқай, Т. Рұсқұлов, С. Садуақасов, М. Дулатов және тағы басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласын да еңбек етіп, сол арқылы әр қайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз /53/.
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловты осы идея үшін күресті, азабы мен абыройы қатар жүріп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешкен. Оның өмірір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлттық, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына алам алып ғылыммен, әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты. Соның арқасында қазақ әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тілі ғылымымен баспасөзі мен бір сөзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер жазып тастап кетті /54/.
Қазақтың біртуар, аяулы перзенті жүріп өткен қызмет белестері, Нәзір Төреқұловтың өзі қалың ортасында жүрген, болған тарихи оқиғалар ауқымы немесе елшінің өз көзімен көрген елдері мекендер, ірі-ірі саяси тұлғалар мен жасаған қарым-қатнасы сынды азаматтың өміріндегі маңызды сәттердің барлығы тиянақты түрде зеріттелген, Н. Төреқұлов тұлғасын терең ашуда терең қызмет еткен. Әсіресе, елші Н. Төреқұлов жайындағы Ресей сыртқы істер министірлігініңдегі, Ресей қауіпсіздік қызметінің Федералдық бюросындағы, солардың кіруге рұқсат етілмейтін мұрағаттары мен мұражайларындағы, құпия бөлімдеріндегі «аса маңызды мемлекеттік грифтегі» құжаттар мен олардың фотокөшірмелерін қолға түсіруге афтор зеріттеуші айрықша табандылық танытты.
Сталиннің және оның төңірегіндегі жандайшаптарының, асыра сілтеушілерінің тікелей ұйымдастыруымен, тікелей жала жабу арқасында көп ұзатпай Нәзір Төреқұловты ірі қайраткер ретінде саяси сахнадан алыстату мақсатында ашық, арсыз саясат жүргізілді. Түркі жұртына жаны ашыған үшін, көмек бергені үшін «пантюркизм» көсемдерінің бірі деді. Диверсиялық-террорлық пантүркілік ұйымының белсенді мүшесі ретінде Тұрар Рұсқұловпен бірігіп кеңес Одағын құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды. Оның аяғы арамыздың нақақтан-нақақ ату жазасына кесілді және 1937 жылдың 3 қарашысында «халық жауы» деген айыппен мерт болуына алып келді. Төреқұлов осының барлығын сезді, білді. Біле тұра, зиялы,аса сабырлы, асамәдениетті жанретінде ең соңғы сағатына дейін партияға сенді, әділдік жеңер деп ойлады. Өзімен тұтас жаппай репрессияға ұшырап жатқан Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов ағаларымнан жаным артық емес менің де, іштен тынып, сонғы деміне дейін жақсылықтан демін үзген жоқ /55/.
Сонау өткен ғасырдың30-жылдарының Нәзір Төреқұловтай отандасымыздың, қазақ азаматының әлемдік деңгейде терезесін тең ұстап, сол алпауыттардың өз тілінде, өз дәрежесінде Кеңес Одағы сияқты алып мемлекеттің елшісі ретінде абыройлы қызмет атқаруы, сүйте тұрып түркі тектес халықтардың да мұң-мұқтажын шешіп, осы жолы да қам жасап отуіне де ерлікке пара-пар еңбек десек, артық емес. Осындай тағлымды тағдыр кешкен перзентіміздің тәуелсіздікке қол жеткен заманымызда арамызға қайта жарқырап оралатын кезеңі де келген секілді. Ендігі жылдары оның атаулы даталарына сәйкес үлкен-үлкен білім орталарының, дипломатия мектептерінің атаулары, мемлекет деңгейіндегі силастығымыз Н. Төреқұловтың есіміне ие болып жатса қанекей /56/.
Нәзірт Төреқұлов-тарихи тұлға.т Оның асыл бейнесін, ел алдындағы ересен еңбегін әрдайым есте сақтаған жөн.
Нәзір Төреқұолвтың еңбектері мен зеріттеулері және де жүргізген саяси жаңалықтарын тым кеш зеріттеу жүргіссе де ол туралы мұрағат, мұражайлардан көптеп материалдарды тауып алып керекті жағдайда қолданып жүруімізге болады. Тұлғаның тағдыры қаншалықты қатал болғанымен оның жүргізген саясаты аса құнды болып саналады, сол себептен ол асыл нұсқаларды жоғалтпауымыз керек деп ойлаймын.
Нәзір Сауд Араб мемлекетіндегі саясатынан өз еліне қайтқанымен елдегілер Нәзірге айып тақты. Осыдан 1937 жылы 17 шілдеде кеңеске қарсы насихат жүргізді деген қолдан жасаған айыптаумен ол өлім жазасына кесіледі және атылады /57/.
1958 жылы Сталиндік қуғын-сүргіннің күнәсіз құрбандықтары қатарында Нәзір Төреқұлов ақталып шығады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ақыл-ойымызды тәрбиелеген қоғамға әрбіріміз-ақ қарыздармыз.
Н. П. Чернышевский.
Жұмысымды қорытындылай келгенде қазақтан шыққан тұңғыш дипломат ірі мемлекет қайраткері Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызметіне қатысты құнды деректерді іздестіруде соңғы кездері көп жұмыстар жүргізілуде. Араб түбінде КСРО-ның мүддесін қорғау жөнінде шебер қызметі, жер шарының сонау бір бөлігіндегі дипломатиялық күрестің барлық айла – шарғылары халқына мол түсінік береді. Қазіргі таңда Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызметін зерттеуде көптеген ғалымдар жұмыс жүргізуде.
Нәзір Төреқұлов ана тілін ардақтай отырып, өзбек, тәжік, шағатай,парсы, араб, орыс және француз, неміс тілдерін де еркін меңгерген. Кеңес Одағының өзінде-ақ Ресейдің отаршылдық саясатын сынап,елі мен жерін тілін, дінін, ділін, ұлтының ар – намысын жоғары ұстап отырған. Мәскеудегі Бүкілодақтық «Күншығыс халықтары» баспасын басқарған (1925 жылы) жылдары Әлихан Бөкейхановты, Мағжан Жұмабаевты жұмысқа қабылдады. Жүсіпбек Аймауытовтың еңбегін жарықа шығарды. Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин сияқты қазақ азаматарымен араласты /58/.
Назір Төреқұлов халықтың тағдырына алаңдап, патшалы Ресей қазақ даласын шикізат көзіне айналдырып отырғанын, жерімізге басқа ұлтарды орналастыра отырып, орыстандыру саясатын жүргізіп отырғанын жан жүрегімен сезінді. Ал қазақтың көбі шөл және шөлейт аймақтарды мекендеп отырады. Отырықшылыққа көшеміз деп зорлыққа жол берген белсенді большебиктерді сынай келе былай дейді: «Кейбір кеңестік мәдениет қайраткерлерінің көкейіне қона кететін оырықшылыққа міндеттеу туралы декреттің қажеттілігін құр мақұлдай беруге әлі ерте қоғамдық дамудың бір сатысынан екіншісіне қиналмай өту үшін қажетті көмек көрсету Кеңес өкіметінің абыройлы міндеті», деп көрсетеді /59/ .
Бұл ой-пікір шын мәнәнде расқа шыққаны мәлім. Нәзір Төреқұловтың осындай еңбектері, ой-пікірлері оны «Халық жауы» етті. Қанша жылдар өтсе де Нәзір Төреқұловтың бұл тараптағы ойлары мен істері ескірген жоқ.
Сыры-сәруар, қыры-қыруар Нәзір Төреқұловтың тұлғасының шытырманнан тура жол тауып шығуы қиынның қиыны. Кешегі күні жеке басы орынсыз қараланған Нәзір Түркістан қаласының іргесіндегі Қандөз ауылы да түркілік ислам дәстүрінде тәрбиеленген рухани топырақтан.
Сол құнарлы топыраққа түскен дәннің Медрессесі Қоқанда желкілдеп өсі-жетілуі айтарлықтай нәтижесін берді. Космополиттік азғындықтан Нәзірді сақтап қалғаны да сол топыраққа інкәрлігі болар. Нәзір ғұмырнамасының даусыз дерегі табылмаған тұсы осы-ақ шығар. Ғұмырының басқа кезеңдерінің дәйекті дерегі жетерлік.
Атасы Төреқұл сауда жолына тәрбиелеген Нәзір жан-жақты білімдар болғанымен, кәсіби экономист ол бұраланы мол қиын жолды неге таңдаған? Оған жауап, халқына шынайы жанашырлықтан болар, ол даусыз.
Студент Нәзір «қазақ» газетіндегі мақалаларын ұлт тәуелсіздігі жолындағы жан пида күреске арнады. Қаламын тастамай жүріп әкім де, ұлық та болып көрді, ақыры ғылым жолын таңдады /60/.
Ақыл тоқтатқан, заман деңгейіне көңіл ауып, мағишаттан жалыққан тұстағы қалауы осы болды. Үлкен ғылыми мансап пен атаққа іліге алмады., уақыт сұранысына сай Шығыс тілдерінде дәріс оқып жүріп, өз бетінше ізденген. Бұғауда бұлқындаған Нәзірдің ғұламалығы, ел-жұртының жанашырлығын бәрібір дәлелдеп кетті….
Жалпы, Н. Төреқұлов қысқа ғұмыры ішінде, халқы үшін қызмет етіп үлгерді. Ол студенттік күндерін бастап, болып жатқан оқиғаларға ерте араласып кеткен. Нұсқаушы қызметін атқарып, саяси ұйымның жұмыстарын да жүргізілген. Халқы үшін хатшы да, делегат та, редакторлық қызметке де араласып, оқиғалардан шет қалмай жүрген /61/.
Кейін Н. Төреқұловтөраға бола жүріп Түркістан Республикасы Орталық Атқау Комитетінің мүшесі болған. Халық ағарту салаларына араласып, сауаттылықты көтеруде белсене жұмыс жүргізген. Құрбан айттың үш күнін демалыс деп жариялауға қол жеткізген. Сондай-ақ, демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы делегатқа қол қойған да осы кісі.
КСРО халықтарының орталық баспаны басқары жүріп те халқы үшін қорықпастан мол еңбек сіңірген. Білімпаздардың сезінде алатын әрпін қабылдауда жеңіске жеткен. Кеңес елінің Хиджездағы бас консулы, кейін тұрақты және өкілетті елшісі болды. Онда үлкен және өте лайықты құрметке бөленіп, көп еңбек сіңіріп беделге барынша лайықты болып келіп, проректор қызметін атқарып, өз жолын ғылымнан тапқан. Көп ұзамай жазықсыздан-жазықсыз «Халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалады /62/.
Нәзір Төреқұлов 1937 жылы 3-ші қарашада ату жазасына кесіліп, үкім сол күні жүзеге асырылды. Осыдан кейін Сауд АрабиясыКСРО дан елшілік алудан қапагершілікпен бас тартқан.
1958 жылы 23 қаңтарда КСРО Әскери Коллегиясы Жоғарғы сотынан № 4 Н-07430-57 шешімі бойынша біржола ақталды /63/.
Елшінің артында қалған жалғыз қызы Анель Нәзірқызы ұзақ іздестіруден кейін табылып, көптеген тың деректер айтылды. Әкесінің 1958 жылғы ақталғаны туралы түп нұсқа қағазды да осы кісі берген.
Ең ауыр тапсырманың өзін орындауға даяр тұру, туындайтын мәселелерді шын мәнінде мемлекеттік тұрғыдан шешуге ұмтылу Нәзір Төреқұловтың Кеңестік «алғашқы толқын» дипломаттар арасындағы жарқын тұлғаның бірі деуге толық негіз береді /64/.
Мемлекет қайраткері, ірі оқымысты дипломат, һәм педагог, Сталиннің жеке басына табынуы салдарынан жазықсыз құрбанына айналған Нәзір Төреқұловтың туғанына 115 жыл. Оның тойын халық құрметтеп тойлап, еске мақтанышпен алатыны даусыз. Нәзір Төреқұловтың есімі Орта Озия халқына қашан да қымбат болып қала береді.
ҒҰМЫР ЖОЛЫ.
1892 жылы қазан. Түркістан қаласының іргесіндегі Қандөз ауылында дүниеге келді.
1900-0903 жж. Қоқандағы иедресені түскен.
1903-1905 жж. Қоқандағы орыс-үздіктер мектебінде оқиды.
1905-1914 жж. Қоқан сауда учелищесін оқып бітіреді.
1914-1916 жж. Мәскеудегі сауда институтының экономика факультетінде (3 курс) оқиды.
1916 ж күз. Минск түбіндегі майданның қара жұмысшылар арасында «Земсоюз» нұсқаушысы.
1916 ж. Қараша-желтоқсан. «Еркін дала» атты астыртын саяси ұйымының жұмысын басқарады.
1917 ж сәуір. Қоқан ревкомының хатшысы.
1917 ж 21-23 шілде. Орынбордағы өткен І жалпы қазақтық съезінің делегаты.
1917 ж шілде, 1918 ж наурыз. Торғай кеңестерінің оргоны-«Қазақ мұңы» газетінің бас редакторы.
1918 ж желтоқсан-1919 ж наурыз. Қоқан қалалық кеңесінің органы «Халық газетасы» газетінің редакторы.
1918-1919 жж. Ферғана облыс ревкомы төрағасының орынбасары.
1919 ж қыркүйек, Түркістан Республикасының Ортвлық Атқару Комитетінің мүшесі. Түркістан Кеңестерінің 8 съезінің делегат.
1920 ж 27 сәуір-21 қыркүйек. Түркістан Республикасының Халық ағарту комиссары.
1920 ж. мамыр-шілде. «Вестник просвещения и коммунистиской культуры» журналының редакторы.
1920-1922 жж. Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы.
1920 ж, 19 шілде. Түркістан Уақытша Компартиясының жауапты хатшысы.
1920 ж, 1-7 қыркүйек. Шығыс халықтары І съезінің (Баку) делегаты.
1920 ж. 12-18 қыркүйек. Түркістан Компартиясының v съезінде есепті баяндама жасайды. Түркістан Компариясы Орталық комитетінің төрағасы болып сайланды.
1921 ж. 11-25 тамыз. Түркістан Компартиясының vI съезінде Түркістан Орталық Атқару комитетінің төрағасы.
1921 ж. 21 тамыз. Түркістан Кеңестерінің съезін басқарды.
1921ж. 7 желтоқсан. Революциялық әрекетті зерттеу комисиясының төрағасы.
1921 ж 13 желтоқсан ТүркЦИК жанындағы қазақ білімін ашып, өзі басқарды.
1921 ж қаңтар. Әулие атда өткен кедейлер съезінде «Қосшы» одағының тезистерін белгілеп берді.
1921 ж ақпан. Демалысты жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы декретке қол қойды.
1921 ж наурыз. Түркістан Компартия делегациясының құрамында РКП (б) Х съезіне қатысты.
1921 ж наурыз. В. И. Ленин қабылдауында болды.
1921 ж. Тамыз. Құрбан айт күндерін демалыс деп жарияланған жарлыққа қол қояды.
1921 ж. 21 тамыз. Түркістан Кеңесінің Х съезінде төрағалық, есепте баяндама жасады.
1921ж. қазан. Түркбуюро мен Түркістан Комунистік партиясы Орталық атқару бюросының мүшесі.
1922 ж. наурыз. Түркістан Компартиясының v конференсиясында РПК(б) ХI съезіне делегат болып сайланды.
1922 ж. 26 мамыр. Орта Азия бюросының құрамына енгізді.
1922 ж. шілде. Бүкілресейлік ХII конференцияға делегат болып қатысқаннан соң Мәскеу жұмыс істеуге қалдырылды.
1922 ж. желтоқсан. Жаңа түркі әліпиін жөніндегі Орталық Комитет коиссиясының мүшелігінесайланды.
1923 ж. ақпан. Мәскеуден «Темірқазық» журналын шығарды.
1924 ж. Орынборда білімпаздар съезінде латын әліппесіне өту қажетігін баяандайды.
1926 ж. наурыз. Бакудегі түркі білімпаздарының съезінде латын әріпін қабылдауда жеңіске жетті.
1928 ж. Латын әліппесіне өту жөніндегі Орталық Комиссияның құрамына енеді.
1928-1932 жж. Кеңес елінің һиджаздағы Бас консулы.
1932-1936 жж. Тұрақты және өкілетті елшісі.
1936-1937 жж. Мәскеу мен Ленинградтағы Шығыс халықтары институтының ғылыми қызметкері, оқу ісінің проректоры.
1937 ж. 15 шілде Тұтқынға алынды.
1937 ж. 3 қараша Ату жазасына кесіліп, үкім сол күні жүзеге асырылды.
1958 ж. 23 қантар. КСРО Әскери Коллегиясы жоғары 4Н-07430-57 шешімі бойынша біржола ақталады.
Нәзір Төреқұловтың әр жылдар бойы баспасөз бетінде жарық
көрген еңбектердің тізімі.
1.Түркіні түгендеген Төреқұлдың Нәзірі. // Егемен Қазақстан 2000ж-25 қазан.
- Алаштың ардақтысы Н. Төреқұлов. // Евразия кz 2007ж-2 қараша №44.
- Алаш перзенті. // Егемен Қазақстан, 2007ж-3 тамыз.
- Әріптестік елдерді жақындатады. (Қазақ-Араб) // Егемен Қазақстан 2004 ж 23 қаңтар. Қазақ саясаты.
- Н. Төреқұловтың мұрасы-тарихи дерек көзі. // Ақиқат 2005ж №10.
6.Ғұмырлардың дастаны. // Өркениет. 2003ж №26.
- Білімпаз қайраткер Н. Төреқөұлов. // Евразия кz 2006ж-11 қараша.
- Алты Алаштың ардақтысы. // Ана тілі. 2003ж-8 сәуір.
- Нәзір Төреқұлов Алаштың көрнекті қайраткері. // Алтын ұя 2007 ж- 9 қараша.№ 63.
- Алаш перзенті (мәтін). // Егемен Қазақстан 2007ж-3 тамыз.
- Тұнғыш дипломант. // Түркістан 2006ж-24 қараша.
- Білімпаз қайраткер Н. Төреқұлов туралы. // Евразия кz 2006ж- 3 қараша.
- Нәзіртанудың өрісі кең. ( Нәзір туралы арналған ғылыми-практикалық конференциялық жинақтан). // Егемен Қазақстан 2006ж-11 қараша.
- Азамат, Күрескер, Дипломант. // Егемен Қазақстан, 2006ж-14 қыркүйек.
- Қазақтың тұнғыш елшісі. // Ана тілі. 2005ж-29 қыркүйек.
16.Н. Төреқұловтың қайраткерлігі, беймәлім тағдыры және тарихи әдебиет. // Қазақ әдебиеті 2004ж-21 мамыр.
- Қазақтың тұнғыш дипломанты. // Астана ақшамы 2003ж-5 тамыз.
- Н. Төреқұлов елші, саясаткер, азамат. // Шымкент келбеті. 2003ж-18 сәуір
- Қазақтың дара перзенті. // Ақиқат 2002ж №9.
- Тұнғыш елші. // Егемен Қазақстан 2002ж-24 тамыз.
- Құрмет пен сенімді серік еткен Египетпен қарым-қатнас мейлінше жандана түстік. // Егемен Қазақстан 2007ж-13 наурыз.
- Араб әлемімен қарым-қатынастың жаңа кезеңі. // Қазақстан халқаралық қатынастар / Заң газеті 2007ж-16 наурыз.
- Біз Египетте Қазақ жетістіктерін жоғары бағалаймыз. // Егемен Қазақстан 2006ж-8 қараша №27.
- Т. Нәзір –ғұмыр және нәзік жыр. // Қазақ елі, 2003ж-№44-7 б.
- Н. Төреқұлов қазақтан шыққан тұнғыш елші. // Оңтүстік Қазақстан, 2005ж- 1 желтоқсан.
- Ол король отбасымен дос-жар еді. // Жас Алаш, 2003ж-№3.
- Н. Төреқұлов: елші, саясаткер, азамат // Шымкент келбеті, 2003ж-13 сәуір
- Елшілердің ақсақалы. // Ақиқат, 2002ж-55б.
- Тағлымға тағзым. // Жас Алаш, 2003ж-30 қаңтар.
- Түркістанның туын ұстап өскен ер. // Әзіретті Түркістан, 2001ж-№28.
- Төркінің түгендеген Төреқұлов. // Егемен Қазақстан, 2000ж-25 қазан.
- Н. Төреқұловтың ағартушылық қызметі. // Қазақ мектебі, 2004ж-№5.
- Ұлылық ұлағаты. // Қазақ елі, 2004ж-14 сәуір.
- Н. Төреқұловтың қайраткерлігі. // Қазақ әдебиеті, 2004ж-21 мамыр.
- 30-шы жылдардың басындағы саяси қуғындаушылық және Нәзір Төреқұлов // Тарихи тұлғалар, А… 2007ж тамыз.
- Нәзір Төреқұлов қазақтан шыққан тұнғыш дипломат. // Оңтүстік Қазақстан 2005ж 1 желтоқсан.
37.Н. Төреқұловтың қайраткерлігі, беймәлімтағдыры. // Қазақ әдебиеті 2004ж
- Нәзір ғұмыр және нәзік жыр. // Оңтүстік Қазақстан 2003ж.
- Ташкент таныған Төреқұлов. // Олжасбай. С 1998ж.
- Нәзірдің қайраткер қырлары. // Әлмашұлы Ж.
- Нәзір Төреқұлов дипломат. // Шымкент келбеті, 1996ж 29 қараша.
- Нәзір-халқымның нәрлі тамыры. // Оңтүстік Қазақстан 2006ж 11 қараша.
43.Алты алаштың ардақтысы. // Ысқақұлы Д.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- Бердібай Р. Халықтың дара перзенті // Ақиқат, 2001-№10-47 б.
- Нәзір Төреқұловтың шығармалары // Алматы 1997ж 6-7 б.
- Сахабат, Сәрсен Бек. Төреғұлдың Нәзірі// Алматы.Өркениет 2003-320б
- Мансұров Т. А. Елші Н Төреқұловтың Арабия дастаны // Масква
2002ж 8-9 б.
5.Сарыпбекова З. «Төреқұловтың қоғамдық саяси қызметі». // Алматы
2004ж 12-14 б.
- Қасымжомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының дипломатиясы»
Алматы: 2002ж 401-403 б.
- Сонда -410-412б.
- Әбдізұлы Қ. «Алаш перзенті» // Егемен Қазақстан 2007ж 3-тамыз 5-б.
- Қ. Тоқаев. «Қазақстан Республикасының Дипломатиясы» Алм«ты:
2002ж 450-451б.
- Т. Мансуров Н. Төреқұлов. Апматы: Қазақстан 2005-16 б.
- Н. Төреқұлов шығармалары. Шымкент: 1996-4 б.
- Г. Тілеуқұлов «Жазықсыз жазаланған тұлғалар» Ташкент: 2000ж-20б.
- Т. Мансуров. «Н. Төреқұлов» Алматы, Қазақстан 2005ж-20 б.
- Сонда- 21 б.
- Садырбек Олжебай. «Ташкент таныған Төреқұлов» // Оңтүстік Қазақстан 2002 жыл №134-5 б.
- Н. Төреқұлов. Дипломант. Алматы: Қазақстан 1997ж-7 б.
- Сәрсен Бек Сахабат. Түркістан: // Оңтүстік Қазақстан 2006ж-2қараша 3 б
- Н. Назаров, «Түркістанның туын ұстап өткен ер» // Әзіретті Түркістан
2001 жыл-№28-3 б.
20.Сәрсен Бек Сахабат. Төреқұлдың Нәзірі… Алматы 2003ж-28 б.
21.Н. Назаров. «Түркістанның туын ұстап өткен ер» // Әзірет Түркістан
2001 жыл №28-3 б.
22.Т. Мансуров. Тағлымға тағзым // Жас Алаш, 2003 ж 30 қазан-5 б.
- Н. Төреқұлов. Шығармалары. Алматы: 1997ж-33 б.
- Т. Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы Қазақстан: 2005-27 б.
- Қазақстанның тұнғыш дипломант (Н. Төреқұлов) // Астана ақшамы
2003 ж- 5 тамыз-5 б.
26.Сәрсен Бек Сахабат. Төреғұлдың Нәзірі. Алматы: 2003 ж-27 б.
27 . Т Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы Қазақстан 2005 ж-31 б.
- Исабек Б. Н. «Төреқұлдың ағартушылық қызметі» // Қазақ мектебі,
2004 жыл-№5-38 б.
- Сәрсен Бек Сахабат. Төреқұлдың Нәзірі: Алматы Қазақстан, 2003ж-14б
- Т. Мансуров Н. Төреқұлов. Алматы: Қазақстан, 2005ж-32 б.
- Орманов С. «Н. Төреқұлов Қазақтан шыққан тұнғыш елші дипломат»
// Оңтүстік Қазақстан, 2005ж-1 желтоқсан -6 б.
- Сәрсен Бек Сахабат. Төреқұлов Нәзір. Алматы: 2003ж-241 б.
- Т. Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы: Қазақстан, 2005 ж-39 б.
- Н. Оразов. «Ол король отбасымен дос-жар еді». // Жас Алаш 2003-№3-4
- Төреқұлов. Дипломат. Алматы: Қазақстан, 1997 ж-8 б.
- Орманов С. «Нәзір Төреқұлов қазақтан шыққан тұнғыш дипломат // Оңтүстік Қазақстан, 2005 жыл-9 қараша-1 б.
- Сонда-3 б.
- Тұғыры биік тұлға //Оңтүстік Қазақстан, 2006ж-9 қараша-3 б.
- Тайыр Мансуров «Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны»
Алматы: 2001 жыл-4-5 б.
- Сонда- 7 б.
- Т. Мансуров «Өкілетті өкіл, дипломат Нәзір Төреқұлов саясаткер Азамат» . Мәскеу: 2003 жыл-300 б.
- Ақтаев С. Тұнғыш елші Н. Төреқұлов. //Егемен Қазақстан 2002ж-24 тамыз , 3-б.
- «Н. Төреқұлов Ғибадатты ғұмыр» Алматы. 2005ж // Қазақстан баспасы
- Сонда-25 б.
- Сонда- 28 б.
- Қансейт Әбдезұлы «Алаш перзенті» // Егемен Қазақстан 2007ж 3-тамыз. 5-б.
- Сонда- 6-7 б.
- Самат Мұса «Қазақстаннан шыққан кеңестің тұңғыш елшісі» // Егемен Қазақстан 200жыл 25-қазан 5 б.
- Г. Тілеуқұлов. «Жазықсыз жазаланған тұлға» Ташкент. 2000ж-19б.
- Сонда.-20 б.
- Т. Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы: Қазақстан 2005 ж-230 б.
- Г. Тілеуқұлов. «Жазықсыз жжазаланған тұлғалар» Ташкент. 2000 ж-21б.
- Сонда-25 б.
- Сәрсен Бек Сахабат. Төреқұловтың Нәзірі. Алматы: 2003ж-27 б.
- Т. Мансуров. Н. Төреқұлов. Алматы. Қазақстан, 2005ж-38 б.
56.Сонда-40 б.
- Сонда-42 б.
- Н. Төреқұловтың Шығармалары. Алматы: 1997 ж-250 б.
- З. Сарыпбеков «Төреқұловтың саяси қызметі» Алматы 2004ж-41 б.
- Айсұлу Мусалиева. Н. Төреқұлов мұрасы-тарихи дерек көзі. // Айқап журналы №10. 2005 жыл-25 б.
- Сонда-27 б.
62.Мансуров Т. А. Елші Н. Төреқұловтың Арабия дастаны. Масква 2002ж-450б.
- Кекішев Т. «Н. Төреқұлов қайраткерлігі, беймәлім тағдыры және тарихи әдебиеті». // Қазақ әдебиеті 2004ж-21 мамыр. 4-5 б.
64.М. Бердібай. «Дара перзенті» // Ақиқат 2002ж-№9-46 б.
- Самат Мұса «Қазақтан шыққан кеңестік тұңғыш елші» // Егемен Қазақстан. 2000 ж. 25 қазан 7-8 б.