АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Н. В. Гогольдің «Өлі жандар» туындысының аудама нұсқасы

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Филология факультеті

 

Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Н. В. Гогольдің  «Өлі жандар»  туындысының аудама нұсқасы

 

 

Реферат

 

Жұмыстың тақырыбы: Н.В.Гогольдің «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқасы

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі: 45 бет

Пайдаланған әдебиеттер саны: 30

Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Н.В.Гогольдің шығармалырының қазақ тіліне аударылу тәсілдері мен «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқаларын салыстыра отырып талдау және ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың мазмұны: Жұмысымыздың негізгі бөлімі екі тараудан тұрады. Оның алғашқы тарауында Н.В.Гогольдің қазақ әдебиетіндегі аударматану ғылымына әсері мен ықпалы. және оның шығармаларының қазақ тіліне аударылу тарихы мен сол аудараманың ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдеріне тоқталып, екінші тарауында Н.В.Гогольдің «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқаларын салыстыра саралап, өзіндік нұсқаларды да ұсына отырып, шығармадағы кейіпкерлер есімдерінің аударылуы жайлы сөз етілген. Қорытындыда жалпы жұмыс барысы жүйеленіп нақтыланады.

Жұмыста қолданылған дерек көздері: ғылыми еңбектер, аударма сөздіктер, микрофильмдер және баспасөз метариалдар.

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

  1. Н.В.Гоголь және қазақ әдебиеті………………………………………………….

1.1 Н.В.Гоголь шығармалырының қазақ тіліне аударылу тарихы……….

1.2 Әдеби көркем аударманың ерекшелігі және әдіс-тәсілдері……………

 

ІІ «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқалары…………………….

2.1 «Өлі жандар» туындысындағы образдар жүйесі………………………….

2.2 Романның құрылымдық жүйесі және аудармасы…………………………

2.3 Кеіпкерлер есімдерінің аударылу ерекшелігі……………………………..

 

Қорытынды………………………………………………………………………………….

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..

 

КІРІСПЕ

 

    Тақырыптың өзектілігі. Зерттеуге өзек болған қазақ әдебиетіндегі Н. В. Гоголь шығыармаларының аудармаларында әлі де көп зерттеуді қажет ететін,басы ашылмай келе жатқан мәселелер баршылық. Жазушы еңбектері түгелдей ана тілімізге тәржімаланғанымен,арасында аударма теориясының негізіне сай келмейтін кемшіліктер мен түсінбеушіліктер бар. Осыларды негізге ала отырып,жазушының «Өлі жандар» туындысының екі мезгілде аударылған осы шығармасының аударылу нұсқасымен салыстырылып саралануы және романның құрылымдық жүйесінің екі тілдегі мазмұн ерекшелігін қарастыру жұмыстың өзектілігін аша түседі.

     Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Н. В. Гоголь шығармашылығы қазақ халық әдебиетіне ықпалы мен қазақ әдебиетіне әсері көп тиді. Гогольдің шығармаларының қазақ тіліне аударылуы яғни,оның аудармаларының тарихи өсіп-өрбу жолдары осы ықпал мен әсерден туған. Осылай ,бір елдің әдебиеті екінші елге әсер етеді де,ой-өрісі кеңіп,өмір тану жолы тар шеңберден шығып,үлгі-өнеге алу арқылы есейіп,ер жете береді. Аударма әдебиеті төл әдебиетпен жедел өседі. Төл әдебиет аударманы кемелдендіреді. Еліміздегі аударма жұмысының қарқынды дамуының арқасында көркем аудармадағы Гоголь сынды жазушының аудармаларының тарихы мен аударма ерекшеліктерін және де әдіс-тәсілдерін зерттеп көрсету. Аударманың ерекшекліктеріне көңіл бөле отырып,Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының екі жылдардағы аударма нұсқасымен салыстыру арқылы,романның құрылымдық жүйесін,образдар жүйесінің яғни,кейіпкерлер есімдерінің аударылу ерекшелігіне көңіл бөлу. Сондай-ақ аударма нұсқаларын салыстыра отырып талдау.

     Жұмыстың әдістемелік негізі. Көркем аудармадағы Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының аударма нұсқаларын зерттей отырып салыстырмалы әдіс,сызба әдіс,талдау әдістері негізінде жұмыстың барысы айқыдалады.

Гогольдің қанжардай өткір, алтындай асыл сөзін жеткізе білу керек

      Қазіргі кезде қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы,елдер мен халықтар арасындағы экономикалық саяси,мәдени байланыстардың ауқымының кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі мен білікті мамандарды ғана қажет етіп қоймай,сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген мәселелерін күн тәртібіне қойып отыр. Аударма деген сөздің ауқымы кең. Бір тілден екінші тілге өлең,көркем проза,ғылыми және ғылыми көпшілікке арналған әр түрлі еңбектер, дипломатиялық іс-қағаздары,саяси қайраткерлердің мақалалары мен шешендердің сөздері тағы басқа сол сияқты толып жатқан дүниелер аударылуы мүмкін. Тәуелсіз Қазақстаның әлемдік деңгейде нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік,мәдени ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. Осы орайда,заман талап етіп отырған тәржіма ісінің көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың және де талқылаудың маңызы зор. Осының барлығы да аудармашыға қойылатын талапты аударма теоретигі    А. В. Феодоровтың айтуынша екі түрде көруімізге болады.

     1/  Аударманың мақсаты-түп нұсқа мәтінін тіл білмейтіндерге таныстыру.

     2/  Ал аудару дегеніміз-өзге тілдің құралдарымен баяндалған мәтінді екінші тілдің,құралдарымен толық,дәл жеткізу деген сөз. /1.15/

     Аударма осы заманның өз мұқтаждығына сай туған өнер. Оның мәселелерін қарастыру деген сөз-дүние жүзі халықтарының ынтымақ, бірлігінің жаршысы болу деген сөз. Өйткені,халықтардың өзара қарым-қатынасының күшеюі,бір-брімен жақындасуы заманымыздың жарқын белгілерінің бірі саналмақ. Дархан мәдениетіміздің бір ұшы аудармаға ойысып жатады. Мәдени өміріміздің қандай бірсаласын алсаңыз да,аударма араласпаған түрін табу қиын.

     Біздер бүгінгі таңда қай тілдің,қай халықтың болмасын көптің рухани жөн дүниесімен байытар қазынасын біз ұлы орыс тілі арқылы,біз ғылым сапасында да,көркем әдебиет сапасында да әлемнің төрт бұрышында болып отырған оқиғалардан оймен де,көкірек көзбен де көңілге түйетін дәрежедеміз. Аударма,сонымен бірге туған әдебиетіміздің эстетикалық мүмкіндіктерінің молаюына,әдеби тіліміздің байи түсуне айрықша әсер етеді. «Переводы необходимыи для образования нашего еще не установившегося языка,только посредством их можно организовать из него такой орган,на коем можно будеть разыгрывать все неисчислимые и разнообразные варианты человеческой мысли»,-дейді В. Г. Белинский. /2.130/  Көптеген тіл білімпаздарының,әдебиетші ғұламалардың зерттеулеріне қарағанда, Белинскийдің осы пікірді айтқан уақытынан бері орыс тілі ең бай тілдердің бірі екенін аңғарамыз.

      Аударма тарихына үңіліп қарасақ,ел мен елдің халық пен халықтың өзара ұғынып,жақындасуы ертеден-ақ пайда болғанын білеміз. Оған дәлел-әр жұрттың өмірінде жылдар бойы жалғасып келе жатқан аударма өнерінің үлгілері. Әсіресе ,аударманың басқа үлгілерінен гөрі көркем туындылары бір халықтан екінші халыққа,бір тілден екінші тілге жедел жетіп отырған.

      Қазақ тіліне аударма XVII-XVIII ғасырларда келген.Араб-парсы,шағатай тілдерінен ауысқан,ауызша айтылатын ертегілер мен мысал-нақылдар осы пікірдің нақты тірегіндей. Бұлар шын мәнісінде аударма емес,мазмұндап өзінше қайталау еді.

      Таза қазақ тілінде аударма тәрбиесі XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап яғни,1879 жылдардағы Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясынан» орын алған. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді.1882 жылдары орыс классиктерін Абай аударған. Осы аудармалардың жасалуына жеңілдік туғызған көптеген себептер бар. Аударма әдебиетіне еркін өсуіне әсер еткен бірінші  жеңілдік-ауысу, араласу арқылы ортақ сөз,ортақ ұғым көбейді. Екінші-төл әдебиетіміз де өсіп,аудармаға үлгі жасалды. Үшінші жеңілдік-тіліміздің қалыптасып,тіл ғалымдарының ат салысуымен қатар бөгде немесе орыс классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлердің қазақ еліне,қазақ ұғымына жат еместігі. Орыс классиктерінде,біздің негізгі жұмысымыз Гоголь аудармалары болғандықтан,Гогольде кездесетін кейіпкерлердің мінез-құлқы да, мәдени мешеулігі де,өмірге көзқарастары да қазақ елінің шындығына көп ұшырайтын кейіпкерлер Ноздрев, Манилов, Коробочка,Собакевичтер ғой. Осы жағынан алғанда Гоголь адамдарының кейпі,олардың ой-өрісі бізге өте жақын келе береді. Түсінікті ойды,таныс кескінді суреттеп жеткізу-оны біреуге ұғындыру,тұрмыста қалыптаспаған бейнені беруден жеңіл болады. Осындай жеңілдіктер арқылы аударма әдебиеті жедел өсті. Орысшадан қазақшаға жасалған аудармаларда, қазақ елінің әр қилы мәдени сатысына сай,аудармада орын алған үш түрлі әдістерді байқаймыз.Біріншісі – еркін аударма.Бұл тәсіл түнұсқаның тілін, әдеби ырғағын дәл білмеуден,түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділігін көрмеуден  туады. Еркін аударма әрбір елдің балау кезінде мәдени шеңбердің тар кезінде пайда болады.

      Аудармадағы екінші тәсіл сөзбе-сөз  аудару. Бұл тәсіл көбінесе, түпнұсқанң тілін  мол түсінгендерде  болады. Осыған қосымша ұлы елдің әдеби мұрасын аударғанда , ұсақ елдің уәкілдері әрбір жеке сөздерін де , тіпті нүктелерін  де дәл  түсіруді көздейді. Осының салдарынан аударма  сіресіп шығады, істеп отырған еңбектерін аудармашылар да, оқырмандар да түсінбей шығады.

      Аударманың үшінші тәсілі-балама (адекватный) аударма. Бұл аударманың ең қиын түрі. Мұны екі тілді бірдей білумен қатар , сол шет түпнұсқаның ішкі сырын сарқа түсінетіндер орындайды. Оның үстіне автордың дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін,сөз қолдану мәнерін қалтықсыз ұғынатындр жасайды.

      Аударма-көне де,жаңа да өнер. Өнер болғанда,ол сөз,әдебиет публицистика ғылымдарының ажырамас бір саласы. Аударма адамдардың көш замандарға созылған тарихында тілі өзге,басқа  адамдар қауымын түсіндіру құралы,олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы,дәнекері болған.                                                                                                                   Аудармашылық нағыз шығармашылық өнер.Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар,әрі жазушы,әрі ғалым болуға тиіс.Аударма сапасы оның талантына,біліміне,жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Аударма дегеніміз — бір тілде ауызша айтылған пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде яғни, оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек – аударма туынды  деп аталады.

      Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның мәселелерімен тығыз байланысты. Аударма теориясының дамы,белгілі бір мәселелерді күн тәртібіне қойса керісінше, белгілі бір мәселелердің ,шешімін табуы теорияны ілгерілетеді. Соған орай,аударма тарихы дами түседі. /3.4/

      XIX ғасыр классик әдебиетіндегі сыншыл  реализмнің негізін Пушкинмен бірге орыстың – ұлы реалист жазушысы, данышпан сықақшысы, әрі патшалы Ресейдің феодалдық – крепостнойлық қоғам құрылысын әшекерлеуші – Николай Васильевич Гогольдің 1809 жылы 20-шы наурызда (қазіргі есеппен 1-сәуірде) Полтава губерниясы,Миргород уезі,Большие Сорочницы деген жерде украин помешигінің отбасында дүниеге келген. Н. В. Гогольдің ата-аналары Василий Афансьевич Гоголь – Яновский мен Мария Ивановна – украин ақсүйектері болатын. В. А. Гоголь сол өңірдегі помещиктердің арасынан өзінің  оқымыстылығымен, мәдениеттілігімен,  әдебиет пен театрға құмарлығымен ерекше көзге түсуші еді. Жас Николай театрлық қойылымдарды жиі көретін. Оның әдебиет пен өнерге деген қызығушылық сезімін оятқан да осы сәттер болуы әбден мүмкін. Н. В. Гоголь алғашқы білімді үйінде алады. 1818 жылдың күзінде Полтаваның уездік училищесінде екі жылдай оқып,жаңадан ашылған Нежиндегі «Жоғарғы дәрежелі ғылымдар гимназиясына» барып түседі. Онда Гоголь 1821 жылдан  1828 жылға дейін болады.

       1830-1831 жылдары «Отечественные записки» атты журналында «Бисаврюк  или  Вечер накануне Иван Купала» атты повесі жарияланады. Украинның басынан өткен «Гетьман» атты үлкен тарихи роман , «Қорқынышты қабан» повесін жазуды ойластырды. Бұлардың бірнеше үзінділері «Северные цветы» әлманағында «Литературная газетада» жарияланады.Бұдан басқа да Гогольдің бірнеше мақалалары жарық көреді. Бұл басылымдарда Пушкин,Жуковский сияқты орыстың атақты жазушылары  қызмет ететін. 1831 жылы 20 мамырда Гоголь атақты Пушкинмен танысады. Бертін келе Гоголь мен Пушкин шығармашылық тұрғыда нағыз дос болып, өздерінің шығырмашылық жоспарлары мен ойларын бір – біріне жасырмай, сеніп айтатын деңгейге жеткен. 1836 жылы Пушкин «Современникті» шығара бастаған кезде Гогольді қызметке тартқан. Оның «Күйме» , «Мұрын» повестері , «Іскер адамның таңертеңі» , «Журнал әдебиетінің  қозғалысы туралы» мақалалары алғаш рет осы журналда жарық көреді. Сол уақыттарда Гоголь Аксаков , актер Щепкин , И. И. Дмитриев , тарихшы М. П. Погодиндермен таныса бастайды. Өзінің  екі томдық  хаттарында жазылғандай , шығармашылық көмектен тыс Жуковский , граф Вьельгорский әулеті , О. А. Смирнов , Аксаков сияқты тағы басқалары Гогольдің шығармашылық дарынына арнайы материалдық көмек көрсетіп отырған.

       Пушкин мен Гоголь орыстың реалисттік прозасының негізін салды. Бұл екеуінің жақын болу себебі , екеуі де крепостниктік тұрмысқа наразы болды , екеуі де реалисттік көркем өнер принцептері күресті.

       Гоголь Пушкиннің берген кеңесімен 1835 жылы «Өлі жандарды» жаза бастады. Гогольдің өз айтуына қарағанда , Пушкин оған өз тақырыбын берген көрінеді, маңызды мәселелерді кеңінен толғап қорытындылауы және тұрмыстың әлеуметтік жақтарын мол қамтуы , шығармадағы шын өмірлік , әрі жалпыға ортақ бейнелі образдары түгелімен Гогольдің өзініңкі. «Өлі жандар» поэмасының екі томының тағдыры туралы бірнеше деректер  бар. Гогольдің өзі оның сапасына көңілі толмағандықтан 1852 жылы 11-інен 12-ақпанға қараған түнде өртеген  деген болжамдар айтады. Осылайша Николай Васильевич Гоголь өмірінің соңғы жылдары граф.А. П. Толстойдың үйінде   1852 жылы 21- ші ақпанында (қазіргі есеппен 4 – ші наурызда қайтыс болады. /4.11/

       Орыс жазушыларының ішінде сайтан тақырыбына ең алғаш рет Гоголь қатты назар аударды.Адамның сайтанға айналуының бір-екі қадам екендігін байқаған жазушы — өз шығармашылығында бұл тақырыптың  астарына терең үңіліп, жан – жақты зерттеп, барлық қырынан ашуға тырысты. /5.116/

      Аударма ісі кең етек жайды, сондықтан біздің шет ел әдебиет туындыларын бірнеше нұсқада оқи аламыз. Көркем аударма – кез  келген халықтың этно мәдени ерекшеліктеріне кең етектен тәуелсіз қаралатын көпқырлы және құранды құбылыс. Қазақстанда авторы М. О. Әуезов болған «Көркем әдебиет туралы» мақалалар жинағы шықты. Бұл еңбекте орыс әдебиетінен қазақшаға аударудың қағидалары мен әдістеріне байланысты жинаққа орыс әдебиетінің ең жақсы аудармалары енген. Осы жинаққа енген мақалалар қазіргі таңда өзекті мәселелерді көрсетеді. Өз зеттеулерінде Сәйділ Талжанов аударма ісін қандай ғылымға ; лингвистикаға немесе  әдебиеттануға жатуы туралы мәселе қозғайды және соңында екі салаға да тән шешеді. Өйткен, тілсіз әдебиет , әдебиетсіз тіл жоқ. С. Талжанов көркем аударманы кешенді түрде талдайды, оны әдебиетпен де, лингвистикамен де қазақ қоғамының  әлеуметтік – мәдени мәселелермен байланыстырған.         С. Талжанов теоретик және көркем әдебиеттің білікті маманы болып есептеледі. /6.17/            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Н. В. ГОГОЛЬ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

 

         Қазақ аудармаларының дамуына ерекше әсер қалдырған орыстың классикалық әдебиеті,әсіресе оның ең ірі өкілі Н. В. Гогольдің бай мұрасы.          Қоныстас көрші отырған орыс әдебиетінің әсері қазақ әдебиетінде ұшан – теңіз. Сол XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап орыс әдебиетінің әсері қазақ әдебиетіне  көп ықпалын тигізгені бәрімізге аян.

        Бір елдің әдебиеті екінші елге әсер етеді де , ой — өрісі кеңиді , өмір тану жолы тар шеңберден сытыла шығып , өнеге –үлгі алу арқылы есейіп , ер жете береді. Осылай өсіп — өрлеу жолында бір елдің өз адамдары бір – біріне әсер етеді. Орыс әдебиетінде Гоголь өзінен кейінгі жазушылардың көбіне әсерін тигізеді. /7.4/

        Орыс әдебиетінің тұтас бір дәуірі Гоголь есімімен тығыз байланысты. Орыс әдебиетінің тарихындағы бұл кезеңді Н. Г. Чернышевский «Гоголь дәуірі» деп атады. /8.332/

        Қазақ әдебиетінде Гоголь шығармаларының қазақ тіліне аударудың алғашқы мәтіні 1928 жылы шыққан. Бұл «Үйленудің» аудармасы. Гогольдің кеш аударылуы жазушыға тән сатира кекесінде көптеген аудармашыларға аудару қиынға соғады. Алғашқы аудармалары шыға салысымен-ақ , Гоголь қазақ оқырмандарын өзіне тәнті етіп алады. Қазақ әдебиетінде Гогольдің шәкірттері көбінен кездеседі. Мысалы;Б. Майлин. Ол Гогольге тікелей емес, Чехов арқылы жеткен. Чехов шығармаларымен ол 1915 жылы А. Баржақсин аудармалары арқылы танысты. Гогольмен танысуы Қ. Тайшықовтың «Өлі жандарын» басып шығарғанда және 1933 – 1934 жылы М. О. Әуезов аудармасындағы «Ревизор» спектакльін көргенде. «Ревизорын» алған әсерінен 1934 жылы «Талтаңбайдың тәртібі» атты пьесасын жазды. /9.16/  

        Қазақтың зерттеушісі С. Талжановтың бір ұтымды қасиеті –сөз етіп отырған мәселесін әр қырынан қозғауы. Осылайша,Н. В. Гоголь мен қазақ жазушылары жайлы салихалы ой айтып отырып туған әдебиетімізге басқа классиктердің әсерін де кемітпейді, бұл мәселеде тереңдей түседі. Қазақ әдебиетіне Гоголь әсері дегенде , ғалым бірер жазушының туындыларын талдаумен тынбайды және бір жақсысы сол – көбінесе ондай әсерді классикалық шығарманың табиғатынан тауып отырады. /10.12/

        Гоголь шығармашылығы сыншыл реализмнің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Мұның өзі әдебиеттің қоғамдық күрестің қуатты қаруы болуына және орыс әдебиетінің дүние жүзіндегі ең озық әдебиетке айналуына мүмкіндік берді. Гогольдің қазақ әдебиетіне әсері жалпы оыс және қазақ халықтары арасындағы мәдени , әдеби қарым-қатынастардың үлкен бір саласы. Қазақ әдебиетінің тарихында Гогольдің әсері зор болған. Гоголь қазақтың өткен ғасырының алдыңғы қатарлы ақын – жазушыларна үлкен әсер етті. Гоголь шыармаларының өміршеңдігі,тарихилығы әлі өз мәнін жойған жоқ,қайта күн өткен  сайын адамдардың рухани дүниесін байыту мақсатында қолданатын тәрбие  құралдарының біріне айналып келеді. Біздер Гоголь мұрасынан үйреніп,оның дәстүрін  шығармашылықпен дамытып, ұлттық әдебиеттің өзіне тән нақыш — өрнегімен , ерекшеліктерімен толықтырып , әдебиетімізді жаңғырта түседі. Біздің әдебиетшілерімізбен , аудармашыларымыздың туындыларында шығарманың сюжетіне немесе композициясын құруда Гогольге тікелей еліктеу , Гогольше сатиралық образ жасау әрекеттері , Гогольше суреттей бейнелеу , баяндау үлгілері бар.              

 

     1.1     Н. В. Гоголь шығармаларының қазақ тіліне аударылу тарихы

 

      Аударма қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың екінші жартысында басталған. Аударма әдебиеті яғни, көркем аударма –төл әдебиетіміздің туған сыңары. Көркем аударманың сапасы төл әдебиеттің сапасына сай болады. Бұл екеуі қатар өседі. Осылай төл әдебиеттің соңына еріп, аударма әдебиеті де жедел жүрді. Аудармаға көзқарасымыз , аударманың әдеби – тілдік нормалары қалыптасып өз заманына сай өзгеріп , әдебиет сатысы өрбіп отырды. Осы сияқты өрістеудің арқасында — әдеби ұғым , әдеби талғам , әдеби тілдер туып, Пушкин , Гоголь заманы басталды. Ал енді біздің негізгі қарастыратын жұмысымыз Гогольдің шығармаларының қазақ тіліне аударылу тарихы болғандықтан , біз алдымен оның шығармаларының бай мұрасына , оларды кім және қашан , қай уақытта , сондай-ақ қандай аудармашыларымыз аударғанына тоқталып өтпекпіз.

Қазақ әдебиетінде де аударма әдебиетінде де бетке ұстар яғни, М. Әуезов, Б.Майлин,І. Жансүгіров,Ғ. Мүсірепов,Т. Жароков,Ә. Сәрсенбаев,М.Қаратаев, Қ. Бекхожин,Ы. Дүйсенбаев,М. Базарбаев,Ә. Сатыбалдиев,Қ. Тоғызақов,       І. Жарылғапов,М. Дәулетбаев,Т. Нұртазин,Қ. Тайшықов,Ә. Ипмағамбетов деген кісілер болды.

      Қазіргі біздің қазақ әдебиеті Гоголь шығармалары 1928 жылы «Үйлену» атты пьесасы жарыққа шықты. Аударған Мәжит Дәулетбаев болды. 1932 жылы «Өлі жандары» шығып, 1936 жылы түзетіліп қайта бастырылып шығады. «Өлі жандарын» аударған Қадыр Тайшықовпен қатар 1952-1958 жылыдар аралығында дәл осы шығарманы Әнуар Ипмағамбетов аударған. 1937 жылы «Шинель» және де «Иван Иванович пен Иван Никифоровичтің қалай ұрысқаны туралы» деген повестері басылды.

      1938  жылы «Ревизоры» жарық көрді,бұл пьеса алдында-ақ сахнаға қойылып жүрді. Аударған М. О. Әуезов болды. 1945 жылы шыққан «Тарас Бульбаны» Т. Нұртазин аударды. Одан кейін 1948 жылы «Ревизор» тағы басылып шықты.

      1952 жылдан бастап Н. В. Гогольдің шығармалары алты том болып жарыққа шықты. Н. В. Гогольдің шығармаларын М. О. Әуезов,М. Дәулетбаев А. Елшібеков,Қ. Тайшықов,Ж..Қосыбаев,Т. Нұртазин,Ә. Ипмағамбетов сияқты аудармашыларымыз түгелімен қазақшаға аударды.

       Біздің аудармада кездесетін түрлі әдістер бар. Олардың бірі еркін аударма – түпнұсқаның тілін жетік білмеуден немесе сол түпнұсқаның ұғымды болуынан гөрі өзіне тиімділігін оңайлығын көбірек көздеуден туады. Бұл аударма автордан гөрі аудармашыға пайдалы екендігін біздер кіріспемізде айтып өткен болатынбыз. Осындай алғашқы кездерде «еркіндік» әдісі жақсы болған. Қазақ әдебиетінде Гоголь шығармаларын аударудың алғашқы мәтіні 1928 жылы «Үйлену» атты пьесасын Мәжит Дәулетбаев аударған.

       Бұл пьесаның кейіпкері сүр бойдақ Подколесинді үйлендіру үшін жеңгелетпек болып Фекла келеді. Осы екеуі әңгімелесіп отырғанда Подколесиннің досы Кочкарев:-«Пойди,пойди,несмыслишь ничего,не мешайся! Знай,сверчок,свой шесток-убирайся!» деген Гогольдің сөздерін    . М. Дәулетбаев; Қошқаров «Бар,бар,дымың ішінде болсын,бөгет болма,өз қолың өз аузыңа жетсін,өкшеңді көтер»,-деп аударды. Тихоновнаны — «Тұйғын қызы» , Кочкаревті – «Қошқаровын» айтпағанда , «өз қолың өз аузыңа жетсін» — деп «каждый сверчок — знай свой шесток»-ты теріс аударуы қынжылтады.Бұл жерін 1953 жылы Ф. Дінисламов «есің барда елің тап!» -деп аударады. М. Дәулетбаевтың аудармасынан бұл тәуір шыққан, бірақ Кочкаревтың ойы «Аяз әліңді біл құмырсқа жолыңды біл» — деген мәтелге жақын тұр. Осылай аударылса әрі мәтел,әрі Гогольдің астарлы ойын дәл берер еді. Өйткені автордың астарлы ойын анықтайтын сөздер кейде аудармада айтылмай, түпнұсқаның сырын ашуға мүмкін.Ал кейде керісінше болатын жайттар да бар. /11.27/  Бұл аударманың соншалықты еркіндігі қазіргі талапқа мүлде сай келмейді.

       Н. В. Гогольдің 1932 жылы шыққан Қ. Тайшықовтың «Өлі жандарының» аудармасы жарық көріп , 1936 жылы қайта түзетіліп басылады. Бұл «Өлі жандар» поэмасы біздің басты тақырыбымыз болғандықтан , оған осы диплом жұмысымыздың екінші тарауымызда толығымен қарастырамыз. Ал 1937 жылдары Гоголдің «Шинель» және «Иван Иванович пен Иван Никифоровичтің қалай ұрысқаны туралы» повестері аударылады.

       «Шинель» атты повесінің басты кейіпкері және де кішкентай адамның тағдырын әкелетін Акакий Акакиевич Башмачкинді алып қарасақ, «Ну нет, сказал Акакий Акакиевич ,-теперь с Петровичем нельзя толковать;он теперь того … жена , видно, как нибудь поколатила его. А вот я лучше приду к нему в воскресный день утром;он после наканунешной субботы будеть косить глазом  и заспавшись , так ему нужно , нужно будеть опохмелиться,а жена денег не дает ,а в это время я ему гривенничек и того , в руку он и будеть сговорчивее и шинель тогда того». Так рассудил сам ссобою Акакий Акакиевич». /12.16/  Осы монологтан Башмачкиннің ескі шинелін тігіншіге алып барғанымен , тігінші Петровичтің «жаңа шинель тіктірмесең болмайды»деген сөзінен кейін не істесем екен деген ойы білінеді. Біз осыдан оның жағдайы нашар екендігін байқаймыз және де монологтағы оның жиі қолданылатын «теперь того» , «тогда того»деген сөздерінен кейіпкердің жалтақ , жасқаншақ адам екендігін аңғарамыз.

        Енді осы айтылғандардан қазақ әдебиет тану ғылымында Гоголь шығармашылығы Енді «Иван Иванович пен Иван Никифоровичпен қалай ұрысқаны туралы» повесін аударған Ахмет Елшібеков. Гогольдің Иван Ивановичтің бикешке таң қалған «Что это за объеденье!» — деген сөзін «Бұл неткен үріп ауызға салғандай нәрсе!» — аудармасы өте сәйкестті балама түрде шыққан  деп айта аламыз. Ал енді бір жерде Гогольдің сөзін «А вы, Иван Иванович, настоящий гусак!» — деген сөзді  Ахмет Елшібеков «Ал сіз, Иван Иванович, нағыз атақазсыз!» — деп аударманы дәл, яғни сөзбе — сөз аударманы берген. Алайда, «атақаз» сөзі үшін Иван Иванович пен Иван Никифоровичтің он екі жыл соттасуы қазақ оқырмандарына түсінбеушілік туғызады. Біздің пайымдауымызша, бұл жерде Гогольдің ащы юморын қоса жеткізу керек еді.

«Ревизор» қазақ тіліне 1934-1935 жылдар аралығында аударылып, сахнаға қойылып жүрді. Дуанбасы Сквозник — Дмухановский болып Қалибек Қуанышпаев ойнады. 1938 жылы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың аудармасы жарыққа шығады. Татар тіліне 1935 жылы Сұлтанов аударған. Түркімен тіліне 1935 жылы Қ.Бурунов аударды. Қырғыз тіліне 1946 жылы А.Абдуқайымов аударып, 1951 жылы толықтырылып қайта бастырылды. Өзбек тіліне Абдулла Каһһар 1948 жылы аударды.

«Ревизордың» аудармалары, яғни татар тілдерінен басқасын профессор О.Н.Олидор салыстырып өтеді. 1957 жылы А.Каһһардың өзбек тіліндегі аудармасын Владимиров зерттеді. 1952 жылы О.Н.Олидор төрт тілге аударылған «Ревизордың» сынағанда «ең сәтті шыққан аударма Әуезовтікі» — деген болатын. «Ревизордағы» кейіпкерлердің жалпы алғанда жақсы шыққан, Гоголь стилі мен образы берілгендігін дәлелдеп өткен. Сол аударманың жақсы шығуымен қатар қате басқанын да айтқанымыз дұрыс. /11.60/

Кішігірім кемшіліктеріне қарамастан «Ревизор» аудармасын мақта-уымыз аударушы Гогольдің ойын түгел түсінген, оның әзіл–сықағының өзіне тән әдісін сақтап, қазақша жеткізген. Қазақ тілі мен орыс тілінің арасындағы шалғайлықты да ұтымды қабыстырған /13.99/

 

1.2 Әдеби көркем аударманың өзіндік ерекшелігі және әдіс тәсілдері

 

Біз жұмысымыздың негізі етіп орыстың ұлы жазушысы Николай Васильевич Гоголь шығармаларынан қазақ тіліндегі аудармаларын ала отырып, қазақ әдебиетіндегі әсерімен өзіндік ерекшеліктеріне және де әдіс тәсілдеріне де тоқталып өтеміз.

Қазақ әдебиетінің дамуына әсер еткен орыстың классикалық әдебиетінің ең ірі өкілі Н.В.Гогольдің баймұрасы.

Гоголь шығармаларының өмір шеңдігі, тарихилығы әлі де өз мәнің жойған жоқ. Қайта күн өткен сайын адамдардың рухани дүниесін байыту мақсатында қолданатын тәрбие құралдарының біріне айналып келеді.

Орыстың ұлы сатиригі Н.В.Гогольдің әдеби мұрасында жағымсыз образдардың, мәнсіз, кері кеткен күйбен тіршіліктің, сондай-ақ зиянды әрекеттердің алуан пішіні бар. Өкінішке орай, бұлардың кейбір көріністері, біздің заманымыздағы жекелеген адамдарда да кездесіп қалады. Тұрмыста ұшырасатын осындай жайларды сынап — мінеу мен әшекерлеудің Гогольдік әдіс–тәсілдері қазақ әдебиетінде де бар.

       Гоголь ерекшелігі, оның әжуасында, түйреп сөйлеуінде, сықақ (юмор) пен мысқыл (сатира) әдісінде Гоголь орыстың ұлттық ерекшелігін айнаға түсірген, орыс өмірін терең білген жазушы, әрбір кейіпкерлерін ерекше көрсетудің шынайы шебері.

       Гогольдің орыс әдебиетінде ерекшелігі – біріншіден, орыс өмірінің шындығына үңіле қараған, жетіп білген жазушы. Соның үстіне Гогольдің түпсіз терең сықағын, шымшылап отыратын әжуасын (ирониясын) қоссаңыз оны дұрыс түсіну өте қиын.

       Біздің осы қоғамға, оны түсінеуден де жақсы көру жеңіл. Гогольдің юморы мен сатирасын зерттегенде оның ерекшелігі ең алғаш көзге түседі. Гоголь тілі «Мен мұндалап» тұрады.

       Гогольдің замандасы революцияшыл сыншы В.Г.Белинский Гоголь шығармаларын өте жоғары бағалап: «Гоголь – шыңайы өмірдің айнасы, шебер ақын» десе, ал Н.Т.Чернышевский: «Россия үшін Гогольдің маңызы қандай зор болса, өз халқы үшін тап сондай маңызы бар жазушы дүниеге келген емес», — депті. /17.5/

       Орыс әдебиетінің адам аса алмайтын асқарлы шыңы болған Гогольге ұлы сыншылар үлгі етіп осындай пікірлер айтып кеткен.

       Гогольдің аудармаларын сөз еткенде мәселенің көбісі Гогольдің ерекшелігіне келіп тіреледі. Гогольдің теңестіруі де, сұрақ – жауап, лепті сөйлемдері де автордың ерекше тәсілі, шеберлігі арқылы құлпырып ойнап отырады /11.59/

       Гогольдің толып жатқан қыр — сырын ашу біздің мақсатымызға кірмейді,  алайда зерттеліп отырған, Гоголь аудармаларының ерекшеліктері мен әдіс тәсілдері болғандықтан, мұны азырақ аша кетуіміз қажет.

       Күлдіргі шығармаларда жазғандардың ішінде ұлы бейне осы Гоголь. Онда күлдіргі мезет қайғымен араласып, ұштасып отырады. Комизм мен трагизмнің түбі бір. Өйткені екеуі де өмір қайшылығынан туады. Гогольде комизм трагизмге айналады, — ол жылап отырып күледі.

       «Қайғы (трагедия) мен күлкіні (комедия) сонша тығыз байланыстыра біледі, міне бұл Гогольдің талантының ақ жарқын өзгешелігі, оның үстіне Гогольдің ұлы шеберлігі де осында» — дейді Белинский. /18.300/ 

       Егер орыстың классикалық сатирасы өз заманындағы қоғамның тәртібіне қарсы шығып, оның мақсаты мен мәнің тікелей әшекерлеу арқылы сол қоғамның бүкіл жағымсыз болмысын жоққа шығару үшін күрессе, қазіргі сатирада өз қоғамының тәртібі мен күшін нығайту үшін ат салысады. Осы бағыттағы прогресшіл іске кедергі жасайтын, демократиялық талапты бұзатын жекелеген адамдардың ол қылықтарын түзетіп, оны тәрбиелеуді мақсат етеді. Сондықтан да қазіргі кездегі кейбір адамдарда ұшырасатын кемшіліктердің бүкі болмысын ашып, әшекерелеп жазуда, шығармашылық шеберлікті арттыруда Гоголь мұрасы қазақ сықақшылары үшін үлкен мектеп болып қала береді.

       Қазақ сатирасы бұрыннан келе жатқан ескіліктің сарқын шақтарын адам бойынан аластатып, жамандық атаулының тамырын кесуді және жан – жақты, жарасымды жетілген адамзат етіп тәрбиелеуге үлес қосуды мақсат етеді. Осындай үлкен мақсатты орындауда олар да Гоголь мұрасынан үйреніп оның дәстүрін шығармашылықпен дамытып, ұлттық әдебиеттің өзіне тән нақыш — өрнегімен, ерекшеліктерімен толықтырылып, жаңғырта түседі.

       Айталық, қысқа–қысқа сықақ әңгімелерден бастап, қанаты қатая бастаған сатиралық повестер мен роман – сатира да, комедиялардан Гогольдің әсерімен ізі шеберлік кестесі елес беріп отырады.

       Қазақ әдебиет тану ғылымында төл әдебиетіміздегі Гоголь дәстүрі өз алдына жеке мәселе ретінде арнайы толық зерттелмеген. Рас, сөз арасында Гогольдің жалпы қазақ әдебиетіне жасаған ықпалдық әсері туралы мәселелер қозғалып отырады:

а) Н.В.Гоголь шығармашылығына байланысты 1952 жылы жарияланған бірнеше мақалаларда бұл мәселе жөнінде көптеген оң пікірлер айтылады. /14.3/

Арада он жыл өткен соң 1962 жылы ғалым С.Талжанов «Переводы Гоголя на казахский язык и их влияние, на литературу» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. /15.13/ Мұнда автор қазақ әдебиетінде Гоголь дәстүрі аударма мәселелеріне қатысты қарастырып, сол кезге дейінгі әдеби үндестіктерді салыстыра отырып, озық ойлы өзінің ғылыми шешімдерін ұсынады.

б) Мұнан кейін де басқа тақырыптарға арналған мақала, еңбектерде қазақ әдебиетіндегі Гоголь ықпалы туралы ойлар мен пікірлер білдіріліп жүрді. Мысалы, академик Мұхамеджан Қаратаев Гогольден үйрену, үлгі алу мәселесін қалай зерттеу керектігі туралы былай дейді: «Біз Гогольдің қазақ әдебиетіне тигізген әсерән зерттегенде, тек қана ұқсастық қуып кетпеуіміз керек, өйткені ұқсастықтың әлдеқайда кездейсоқта болуы мүмкін. Әзіл–сықақ пен айтылған жайдың бәрін байыбына бара бермей Гогольден алынған дей салуда оңай ештене жоқ. Әсер алушылық, еліктеушілік, шығармашылық жолмен үйренушілік, бұлар әрқайсысы өзінше басқа ұғымдар. Міне осы ұғымдарды жақсы ажырата білу әбден қажет. Біздің байқауымызда, кейбір әдебиетшілер әсерді сөз қылғанда көбінесе көп еліктеушілік факторларын көп істейді. Біріңғай ұқсастықтар қарастырылады. Ұқсастығының сыры неде, үйренгендікте дәлелдер мен дәйектер бар. Ұқсастықпен қатар айырмашылық ұлы жазушыдан үйрену талабынан сәттісі қайсы, сәтсізі қайсы – осы мәселелерді шешкен жөн» /15.417/

       Шығармадағы шеберлікті жетілдірудің бір мектебі – Гоголь сатирасы десек, оның сюжет табу, композиция құру шеберлігін үйреніп, оны өз шығармашылық дүкенінде пайдаланатын сатириктер бізде де көп екен. Ал сюжет деген ұғым өте күрделі. «Сюжет /французша sujet — зат/ — көркем шығарманың мазмұнын ашып, пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі».  /19.165/

       Демек, сюжетте белгілі бір адамның тағдыры, қоғам тынысы өзара байланыста, не кереғар қайшылықта көрініп, белгілі бір шығарманың мазмұнын құрайды.

       Ұлы сатирик өзінің үлкен үміт күткен айтулы шығармасын жазуға он жеті жыл уақытын жіберген. Гоголь 1836 жылғы 12 қарашада В.А.Жуковскийге жазған хатында «Өлі жандар» туралы былай дейді: «Если совершу это творение так, как нужно его совершить, то … какой огрнмный, какой оригинальный сюжет! Какая разнообразная куча! Вся Русь явится в нем! Это будет моя порядочная вещь, которе вынесет мое имя» /20.100/

       Қазір «Өлі жандар» поэмасының дүниеге келгеніне 160 жылдай уақыт болды. Содан бері Гогольдің бұл поэмасы көптеген атақты жазушыларға шеберлік сырын ашатын талант аралына айналды. Басқа халықтар жазушылары ұстаз тұтқан Н.В.Гогольдің өзі халық әдебиетінің, талантты қаламгерлерден көп тәлім алған.

       Гогольдің «Ревизор» комедиясының сюжеті ар–намысты аяққа таптап,

қызметіне, парызына немкетті қарайтын адамдар хикаясына жазылған.

       «Иван Иванович пен Иван Никифоровичпен қалай ұрысқаны туралы» повесінің сюжеттік желісі күрделі, тақырыбы ауқымды. Оның сюжеті бірнеше мәселенің жаратылысын ашуға арналған.

       «Ревизордың» шарықтау шегі – Хлестаковтың Мария Антоновнаға құда түсуі, әрі осы жағдайды тойлауы, ал қала басшыларының Хлестаковты өз адамымыз боды деп ойлауы. Демек, олардың бұрынғыша ұрлық жасап, пәре алып, өсек айтып, халықты тонай берулеріне болады деген сөз. Бір қарағанда, олардықң бұрынғы тірліктері сақталатын сияқты болып та көрінеді. Міне, осы жағдай комедия сонында бірін-бірі көре алмауларына, өзара қызғаныштарына қарамастан қала басшыларының басын дуанбасының үйіне қайта жинайды.

       Туындылардың композициясындағы тағы бір үндестік – қаламгерлердің экспозициясы, жағдайды бір сарынды баяндай отырып, оқиғаны одан әрі дамытып, кейіпкерлер характерлерін аша отырып түсінуінде, әрі оқиғалар байланысы /завязка/ мен шиеленіс, кульминацияның шешімінің деңгейлес тұрғыда берілуі.

       Демек, Гоголь шығармаларының композициялық құрылымына ұқсас дүниелердің бізден де табылатыны үлкен әсердің, үлгі алып, оны шығармашылықпен дамытудың барлығын көрсетеді.

       Гоголь мен қазақ сатириктерінің сюжет табу мен композиция құру шеберлігін зерттеуде назар аударатын ендігі мәселе – композициялық-сюжеттік элементтерді қолдану ерекшеліктері. Сондықтан да ұлы сатирик шебер әрі пайдаланған аналогия, ассоциацияны, сюжеттегі алогизм және фантастика, әдебиеттегі тұрақты композициялық бітім-пішімді бұзуды, дөңгелек сюжет, анафора, эпифора, салыстыру және қарсы қоя баяндау тәрізді элементтерді қазақ сатириктерінің қалай пайдаланғаны қарастырылады. Аналогия — әдебиеттегі өзінің мәні жағынан салыстыруға жақын тұратын көркемдік тәсіл. Ассоциация – оқиғаның ішкі мәнің терең ашып, мазмұның байытуда және сол мазмұнын композиция құрылысында қандай «құрастыру деталіне» айналатынын көрсететін бейнелеу әдісі /21.49/. Ассоциация көп кездесетін шығарма – атақты «Өлі жандар» поэмасы. Мұнда Гоголь кеңістік де толғамды теңелерге орын берген. Белгілі бір обьектінің ішкі мазмұны мен сыртқы пішінін бір-біріне үндестіре немесе қарама-қайшылықта ашу үшін ұлы сатирик оны екінші бір обьектіге теңеп, соңғысының өзіне тән ерекшеліктерін толығымен ашуға үңілген. 

       Бейнелеу құралдарының бірі – ирония. Ирониясыз сатира жоқ. Ол ақылы сатиралық шығармадағы белгілі бір ойдың өзі келемеж-кекесімен жеткізіледі. Гоголь шығармаларындағы ирониялар белгілі бір обьектінің мінін, кемшілігі мен дертін сынауды көздеген. Оларға «Өлі жандар» поэмасынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Айталық, Н. Губерниялық қаласының суреттелуіне, оның көшелері мен үйлер маңдайшасындағы жазулардың «Вывески» көрсетілуіне назар аударарлық. Помещиктер мен чиновниктердің сыртқы түрлерінің және порттерінің берілуі, сондай-ақ Чичиков тоқтаған трактир, губернатор үйі тәрізді көптеген обьектілердің бейнеленуінен ирония атаулының сан алуан түрін кездестіреміз. Гоголь ирониялары суреттеліп отырылған кезеңінің тарихи шындығының шытырман бір көрінісін елеусіз түрде шебер көрсете біледі.

       Гоголь шығармаларында болмысты өсіре, не өшіре суреттеу тәсіліне көп орын беріледі. Гогольдің кез келген қаһарманының қимыл-әрекеті ащы не юморлы жылы-жұмсақ күлкіге құрылған.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ Н.В.ГОГОЛЬДІҢ «ӨЛІ ЖАНДАР» ТУЫНДЫСЫНЫҢ АУДАРМА НҰСҚАСЫ

 

       Н.В.Гогольдің «Өлі жандар» туындысының қазақ аударма тану ғылымында екі нұсқасы дүниеге келген. Олардың бірі 1932 жылы «­Өлі жандарды» қазақ тіліне Қадыр Тайшықов, 1936 жылы «Өлі жандар» түзетіліп қайта басып аударды. Ал екінші нұсқасын 1955-1958 жылдар аралығында Әнуар Ипмағамбетов аударған. Бұл таруда негізінен алатынымыз  «Өлі жандар» туындысының аудармасының нұсқаларын салыстырамыз. Сонымен қатар оның ерекшеліктері мен аударылу әдіс тәсілдеріне тоқталып өтеміз.

       Қазіргі күнде осы екеуі де Орта Азия тілдеріне аударылып отыр. Енді бұрынғыдай Гоголь тілі – тек қана орыс тілі емес, өйткені Гоголь татарша да, қазақша да, қырғызша да, өзбекше де, түрікпенше де сөйлеп отыр. 

         «Өлі жандар» поэмасында Гоголь тірілерді былай қойғанда, өліктердің саудаға түскен әшекерелейді. Жемтік күзеткен құзғындарды көрсетеді.

         Төңірегіндегі тірі жандардың бәрін түгел жек көретін, өз құлқынының ғана құлы – жалмауыз Собакевич те; төбелісті іздеп жүретін бұзақы, өзі маскүнем, карташы, суайт Ноздрев те; кесіп алса қан шықпайтын кескір, дүниеқоңыз, сілімтір Плушкин де; кім көрінгенге қанша еріп, ыржиа күліп тұратын, генерал ғана болғысы келіп тұратын Манилов та; Коробочка полицеймейстр, капитан исправник, міне осылардың бәрі де патриархалдық ортадан шыққан, крепостнойлық дәуірдегі сауда қоғамынан туған пасық мінездердің иелері, тұрпайы бейнелер.

         «Өлі жандардағы» басты кейіпкер Чичиков. Өзгелеріне қарағанда бұл әлдеқайда жылпос, ресейде жаңа орын теуіп келе жатқан капиталдық салт-сананың көрнекті қайнаткері. Чичиков сыртынан қарағанда сыпайы, мүләйім көрінсе де,  Чичиковтың ындыны арам, ала аяқ, сұм жоғарыда көрсетілгендердің бәрін «сатып алып, сатып жіберетін» зымыян жинақы кейіпкер.

                   Қылмыс істеп қызметтен қуылған сүр бойдақ коллегия кеңесшісі Павел Иванович Чичиковтың үйленгісі келеді. Жасаулы қалындыққа байдың ғана қолы жетеді. Ол кезде байлық крепостной шаруалардың санына қарай өлшенеді. Ендеше Чичиков өлі жандарды қолына тегін түсіріп алып, оларды тірі жандар есебінде көрсетуге ұмтылады. Сөйтіп ол Херсон губерниясынан Н губерниясына келеді. Қиыр шетте жатқан, анқау ауыл помещиктерінен өлі жандарды сатып алуға кіріседі.     Сонда ең әуелі помещик Маниловқа кездеседі де, онымен дос болады. Өлі жандарын тегін алады. Жесір кемпір, дүниеқоңыз Коробочка бұған әрбір өлген мұжықтарын 15 тиыннан сатады, Собакевич көп саудаласады, әрбіреуіне 100 сомнан сұрайды, тірі адамдардай мақтайды. Чичиков әрбіреуіне 80 тиыннан береді. Содан ұзақ саудаласа келіп 2 сом 50 тиынға тоқтасады. Плюшкин 78 кісіні (әрине,өлгендерді) 32 тиыннан сатады.

     Сырт көрінісінде осы сауда ішек-сілеңді қатырып күлдіреді, ал ішіне үңіле қарасаң ,-құлдық дәуірі еріксіздік көз алдыңа елестеп, ықтиярсыз жылап отырасың.Гоголь шеберлігі өмір қайшылығын ашуда, соны биязы сықақпен беруде.

     «Өлі жандардың» екінші бөлімінде кездесетін өз заманына сай, жағымды кейіпкер Тентетиковты әдейі қоспай отырмыз. Өйткені ол Тентетиков Гогольдің нысаналы ойынан шыққан образ ба, жоқ болмаса автор патшалық Ресей  тыңшыларының  көзін  алдау  үшін  жазды  ма, немесе Н. Ф. Ястржембский Гоголь өлгеннен кейін қосты ма? Ол арасын оқушыларымыз академик Виктор Владимирович Виноградовтың кітабынан өздері оқып түсінер деген үмітіміз бар. /22.259/

     Гоголь өз дәуірін, патшалық Ресейді, крепостнойлық пасық заманды мейлінше жек көреді, ол жарқын келешектің жаршысы.Сондықтан ешбір жағымды  жанды таба алмай зарығып өткен ақын. Біріншіден-өмір қайшылығын терең түсінетін, соны жеткізе суреттейтін Гогольдің шеберлігі қызықтырады. Әлгі айтылған ындыны бір, идеялас кейіпкерлердің Гоголь әдісі арқылы дара-дара көрініп, біріне-бірі мүлде ұқсамуы тартады. Ол тип жасаудың шынайы шебері. Екіншіден: Гогольдің өзіне ғана тән әдісі, шексіз, шетсіз биязы сықағы (юморы) арқылы қуаныш  қайғыға , қайғы қуанышқа айналып отыратын көрегендігі жалықтырмайды.

     Гогольдің әр адамды, әр жағдайда сөйлете білуін, осы өмірді жетік түсініп, күллі қайшылықтарын бадырайта ашып, көз алдыңа  алып келуін  өзінің мына сөздерінен де ұғынуға болады. Осы екі аударманың арасында жиырма жылдық өмір жатыр, өйткені Қ. Тайшықов бірінші рет «Өлі жандарды» 1932 жылы аударды. Алайда бірінші сөйлемдегі «Русьті» Қ. Тайшықов «Ресей халқы» деп берсе, Ә. Ипмағамбетов «Россия» деп береді, бірақ осы аударманың басқа жерінде ол «Русь» деп те аударады. Қазақта бұрын Ресейді «Ресей» немесе «Русия» деуші еді. «Русь» — орыс деген мағынада қолданылады. «Орыс» дегенде халықты ұғамыз да, «Россия» дегенде жер көлемін түсінеміз, ал «орыс» бұрынғы қазақ тілінде, жеке айтылғанда, екіұшты мағынасы бар сөз, көбінесе жағымсыз мағынада, ол мұсылман дінінің әсерінен туған-ды. Отарлау саясаты арқылы ұлт ала көздігі күшейген кезде, кейінірек келіп орын тепкен еді. Сондықтан Қ. Тайшықов «орыстың» екіұшты мағынасынан қашып «Ресей» деген сөзге «халықты» қосып алған, ал Ә. Ипмағамбетовтың, «Ресейді-Россия»етіп алуы бұрынғы аударманың әсерінен шыға алмауы еді, ал оның артында тұрған «халық» деген сөзге көңіл аудармауы қатеге соқтырған. Бірінші сөйлемді Гоголь ауыз екі сөзге («надобно сказать») құрған, қарапайым тіл мен жинақы айтуының өзінде ойнақылық бар ғой, «в чем другом не угнались, перегнали» деуінің өзі оқушыны күлдіруге дайындап отырады. Бұл сөйлемде Қ. Тайшықов Гоголь стилін ашқан, сықағын берген. «Кісі ыңғайына қарай билеу –в умении обращаться; «әлдеқайда асып кетті» -далеко перегнали», «надобно сказать-деуге болады. «Сықағы да, жинақылығы да, ойнақылығы да түгел берілген. Жалғыз-ақ, «жағынан, жағына»екі қайтара айтылып, ойды қожыратып тұр. Ә.Ипмағамбетовта бұл сөйлемнің мағынасы түгел, сөздері артық болмаса аз емес, бірақ сықағы жоқ, тура айтылған, өте шұбалаңқы шыққан. «Кеткенін айта кету керек» деуі оқушыны мүдіртеді, құлаққа ысқаяқ естіледі. «Надобно сказать» бұл жерде «айта кету керек» деп төтесінен тураламай, «сипай қамшылап» «деуге болады» деп келтіру дұрыс шығар еді.

     Үшінші сөйлемді Қ. Тайшықов бөліп-бөліп жіберген, Гогольдің екпінін, дыбыс ырғағын бұзған, ал Ә. Ипмағамбетов күрделі сөйлем етіп, гогольдік дәуірді сақтаған. Алайда, «мудрецы» деген сөзге «данышпан» деген екіұшты мағынасы бар сөз тура келеді, Қ. Тайшықовтың ол сөзінен қашып, «данаға» соқтығудан Ә. Ипмағамбетов ұтпаған, өйткені, «дана» тура мағынасында дұрыс, ал Гогольдің ойында кекесін сықақ (юмор) тұр. Соны бере алмаған. Осыны түсініп Ә.Ипмағамбетов 1958 жылы үшінші аударғанда: «дананың» — орнына «сұңғыланы» алған, мұнысы тәуір шыққан. «Словом, хоть восходи до миллиона, все найдуться оттенки» деген сөз гогольдік сықақтың түйінді шырқау шыңы. Осыны Қ. Тайшықов «қысқасы, жан саны маған десе миллионға дейін созылса да, бұлардың сөздері де неше түрге құбылады» , -деп сықағын сақтайды, Гогольде «жан саны» жоқ, ол жасырын тұр, «маған десе» күшейтудің белгісі, «құбылады» -да орынды. Ал, Ә. Ипмағамбетовта: «қысқасы миллионға дейін барса да үн сарынында құбылмалы, астарлы жақтары табыла береді,»-дейді. Осы сөз тіркесі түсініксіз құрылған, «Миллионға дейін баратынның» не екені, кім екені ашылмаған.

     Екі мезгілде аударылған осы шығарманы салыстырып қарасаңыз, мынандай пікірге келесіз. Қ. Тайшықов кейбір жерлерін түсінбей долбарлап береді, ал орысша түпнұсқаны Ә. Ипмағамбетов өте жақсы түсінеді. Қазақ тіліне Қ. Тайшықов бай, тіл табиғатын артығырақ біледі, әсіресе Гоголь сықағын (әрине, түсінген жерінде), ол жақсы береді. Мысалы: «И наврет совершенно без всякой нужды: вдруг расскажеть, что у него была – лощадь голубой или розовой шерсти» — деген жерін Қ. Тайшықов: «Өтірік айтқанда ешбір мақсатсыз, қажетсіз-ақ соға берер еді. Мысалы: менің пәлен уақытта бір атым болды. Сол атым зеңгер түсті еді, немесе тарғыл еді…» десе, Ә. Ипмағамбетов «Және тағы өтірікті де, мүлдем ешбір қажеті болмаса да, соға салады: Мысалы, менде түгі көгілжім немесе ал қызыл ат болды…» деп аударады. Осы жердегі көгілжім- «көк» деген сөздің өзгерген түрі екенін, «ал қызыл» — «қызылдың» күшейген түрі екенін оқушы түсінеді, осындай «Көк ат, кызыл ат» болатынын да біледі. Мұнда өтірік жоқ. Ал, Қ. Тайшықов айтқандай «зеңгер түсті» ат, «тарғыл» ат болмайды, тарғыл сиыр болады. Міне, Ноздревтің өтірікшілігін айқындайтын сықақ сонда шыға  келеді. Гогольдің бұра сөйлеуін берді деп осыны айтамыз.

     Бірінші томның алтыншы тарауына дейін Ә. Ипмағамбетовтың көп еңбегі сіңген. Әрі қарай да редакцияның бар екені байқалады. Бірақ біз бұл екі аударманың кайсысы жақсы, қайсысы төмен деген сұрақты алдымызға қойып та отырғамыз жоқ, оған жауап та беріп жатпаймыз.Бізге керек нәрсе Гоголь сықағы, Гоголь стилі, ерекшелігі қазақ тілінде берілді ме, сол қалай берілді? Міне осыған тоқтамақпыз. Жоғарыда, Қ. Тайшықов кейбір жерлерін түсінбейді дедік, соған да бір мысал келтірейік. «Чуткий нос его слышал за несколько десятков верст, где была ярмарка со всякими съездами и балами…» деген Гогольдің сөзін Қ. Тайшықов: «сондай жәрмеңкелерде, жәрмеңке маңындағы съезд  балдарда» деп аударады. Бұл жердегі «съез» орыстың «съезжатья» деген етістігінен шыққанын байқамай қалады, ол сөзді Ә.Ипмағамбетов: «жиын-думанды, сауық – сайранды» -деп дұрыс береді.

     Тура айтылған сөзді аударудан гөрі кінәлі, астарлы ойы бар әзіл-сықақты (юморды) аудару қиын. Ал Гогольдің негізгі пікірі сықақпен (юмормен) берілген.

     Осы екі мәтіннен көзге түсетін нәрсе: екеуі екі әдіспен аударған. Қ.Тайшықов мүлде «қазақылап» жіберсе, Ә. Ипмағамбетов дәлдікті көздейді. Ол әсіресе мәтелді аударғанда айқындала түседі. Қ. Тайшықов көп сөзділікке ұшырап сұйылтып жіберсе, Ә. Ипмағамбетов дәлдікті сақтау үстінде түсініксіздікке апарған. Қазақ ұғымында «Богдан» мен «Селифан» әлі қалыптаспаған сөздер. Бұл сөздерді орысша беруден Гогольдің ойы шығып тұрған жоқ.

     Түбір қуалап – автордың ойын беруден гөрі сөзін сақтауға кіріссек, онда көркемдік ырғақты бере алмай қалуымыз мүмкін.

     Қ. Тайшықов пен Ә. Ипмағамбетов аудармасының арасында ешбір айырма жоқ, редакция ғана бар. Әйтеуір Гоголь сықағы (юморы) жақсы берілген…Басыров аудармасында көп сөзділік бар, «доньяда барлығын-существует» деген сөзге балама етіп алған, ал Ә. Ипмағамбетов «бастартты» десе, Басыров: кискен рәвәштә кире какты» деп аударады. Осы арасын Қ. Тайшықов: «керегі жоқ» деп жәйуәт берген. Өйткені Гоголь орынсыз әсерлеуді қажет етпейтін жазушы. Мысалы, «беспокойный народ» — қандай қарапайым, және өмірде айтыла беретін күнделікті сөз. Соны Қ. Тайшықов: «белең алған жұрт» десе, оны Басыров: «тынғысыз халық» — деп жасанды сөзге соқтыққан, өйткені «тынышсыз, тынғысыздар» бұл жерде әдемі шықпаған тәрізді.

     Біз «Өлі жандар» аудармасын зерттегенде бұрынғы Қ. Тайшықовқа жеңілдік жасап, Ә. Ипмағамбетовке қатаңырақ қарауымыздың үлкен себебі бар. Қ. Тайшықов аудармасы өз дәуіріне сай еді, бірақ қазір сол күйінде басып шығаруға болмады, өйткені мезгіл өзгерді. Ә. Ипмағамбетов осы кейінгі кезде аударып отыр, заман тілегі күшейген, керегіміз көбейген кезімізге жауап беру қажет дегіміз келеді.

 

2.1 «Өлі жандар» туындысының образдар жүйесі

 

Образдың қазақшасы – көркем бейне. Көркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір, осылардың бәрі – бір-ақ ұғым – образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармадағы өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқып құяр сағасы біреу, ол – образ. Ал образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті. Образ жасау – тек таланттыға ғана тән әрекет.

Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан. Кішкентайымыздан образдың екі түрін жатқа білеміз. Олар жағымды және жағымсыз образ.

Біздер енді образ дегенде Гоголь шығармаларындағы образдар жүйесіне тоқталмақпыз. Суреткердің өз шығармасындағы әр образдарды жасау ыңғайына (тенденциясына) қарап, әр образдың мінез-құлқына, кескін кейпіне, іс-әрекетіне қарап, оны не ұнатамыз, не ұнатпаймыз. Гоголь өз шығармаларындағы образды ұнамсыз, жағымсыз кейіпкерлерді суреттеп бейнелейді. Өйткені Гоголь өз дәуірін, патшалық Россияны, крепостнойлық пасық заманды мейлінше жек көреді, ол жарқын келешектің жаршысы. Сондықтан, ешбір жағымды жанды таба алмай, зарығып, өткен ақын. Өмір қайшылығын терең түсінетін, соны жеткізе суреттейтін Гогольдің шеберлігі қызықтырады. Персонаждардың сөздерінде олардың өзіне тән даралықтарын, әлеуметтік-тұрмыс салтындағы сарындарын тірілткен сөз тіркестері – Гогольдің оларды «сәлейте жерлеудегі» аса күшті құралдарының бірі. Осындай сарындармен сипаттау кейіпкердің психологиясын да, оның тұрмыс-саптарын да, бүкіл әлеуметтік ортасын да айқын елестетіреді., Баяндау сазы «шежіредегідей» эпикалық байсалмен көсілте төгіледі. Сонымен бірге суреттелулі оқиғалар автордың біресае жәдігөйлі сықақты, біресе көтеріңкі лирикалы сөз саптаулары арқылы бейнеленеді. Гогольдің осы шығармасында іліп-алар жөні түзу адам жоқ. Ындыны бір, идеялас кейіпкерлердің Гоголь әдісі арқылы дара-дара көрініп, біріне-бірі ұқсамауы тартады. Ол тип жасаудың шынайы шебері. Гогольдің өзіне тән әдісі, шексіз, щетсіз биязы сықағы толықтырмайды.

Гогольдің әр адамды, әр жағдайда сөйлете білуін, осы өмірді жете түсініп, күллі қайшылықтарын бадырайта ашып, көз алдына алып келуін өзінің сөздерінен де ұғынуға болады. Гоголь шығармаларында ұшырайтын әйелдер де түп-түгел оңбаған өсекшілер, білімсіз, ұсақ, мүгедек әуейілер. Гоголь өз дәуірін патшалық Ресейді крепостнойлық пасық заманды жек көреді.

Осы «Өлі жандардағы» басты кейіпкер Чичиков. Оның сыртынан қарағанда сыпайы, мүләйім көрінсе де, Чичиковтың ындыны арам, ала аяқ, қу, сұм «сатып алып, сатып жіберетін» зымиян жинақы кейіпкер. Бұл поэмадағы Чичиковтың іс-әрекеті аса күрделі. Белгілі бір нысанадағы көздеген мақсатына жету үшін жатық тірлік жасайды. Оның барлық қадамы ойластырылады, нәтижесінде мақсатына жетеді. Іс-әрекет адамның мінез-құлқының басты көрсеткіші десек, Чичиковтың тірлігі, әдет-дағдысы оның қу, әрі залым екенін аңғартады.

Автор кейіпкерлердің айналасындағы мүліктерін, тұтынатын заттары мен бұйымдарын суреттеу арқылы оның қанджай жан екендігін аңғартады.

«Өлі жандар» поэмасындағы Плюшкин кесіп алса қан шықпайтын кескір, дүниеқоңыз, сараңдығы, ал екі жүзді жылпос, төбелес іздеп жүретін бұзақы, өзі маскүнем, суайт Ноздрев те, Собакеевичтің ішмерездігі, тым көкіректігі, адам жиіркенетін әдет-дағдысын Гоголь образды жеріне жеткізе суреттеу үшін оны аңға теңеп, сұрықсыз эпитеттермен масқаралай түсетіні және де карикатуралық мысқыл табатыны анық көрініп тұр. Сондай-ақ Гоголь мінездеуінің өзі сан-алуан болып, әр қайсысы өзінше құлпырып тұрады. Маниловтың қантша еріп кеткелі тұрған шексіз мейірімді жүзі автор тарапынан берілген мінездеуінен мен мұндалап тұрады.

Гоголь кейіпкердің күнделікті пайдаланып жүрген заттары мен бұйымдарын ғажап суреттеген, тіпті образ мінезі де сол заттарға байланысты ашылған десек, артық айтқандық емес. Чичиковтың қобдишасы, Плюшкиннің өзі құрап жазып біткен үйі, Маниловтың бөлмелерінің күкірт түсті сырмен боялуы, Собакевич үйіндегі заттардың да оның өзі сияқты зор, мығым, дөрекі болуы кейіпкерлер мінез-құлықтарын, әдет-дағдыларын, тіпті эстетикалық талғамының қандай екенін көрсеткен.

Ұлы сатирик «Өлі жандар» поэмасындағы Плюшкин тіршілігі – азып-тозып біткен тозығы жеткен өмірдің символы. Оның үстіндегі киімінен бастап, үйіндегі қоры қопсығындағы заттардың әрінен өзгеше бір жамандықтың, сараңдықтың және артта жалғыз қалушылықтың белгілері білініп тұрады. Мысал келтірейік: «Сделав один или двав поворота? герой наш очутился наконец перед самом домом, который показался теперь еще печальнее. Зеленая плесень уже покрыла ветхоедерево на ограде и воротах. Толпа сроений: людских, амбаров, погребов, видимо ветшавших, -наполняло двор; возле них направо и налево видны были ворота в другие лворы. Все говорило, что здесь когда-то хозяйство текло в обширном размере, и все глядело ныне пасмурно. Ничего не заметно было оживляющего картину; ни отворявшихся дверей, ни выходивших откуда-нибудь людей, никаких живых хлопот и забот дома». /25.129/

Гоголь жанама мінездеуде  үйдің интерьеріне үлкен мән берген. «Өлі жандар» поэмасындағы Чичиков тақпақтаған трактир залы, помещиктер үйінің жабдықталуы, бал өтетін залдар интерьерлері керемет суреттелген. Осылай жанама мінездеу арқылы олардың мүдделері, ойы, сезімі шебер жеткізілген. /21.88/

Кейіпкерлердің сөзі, айтқан пікірі арқылы олардың қандай образ екенін білуімізге болады. Себебі, әр кейіпкерлердің мінез-құлқына сай         келетін диалог, ой пікірін білдіру тәсілі тәжірибеде бар. Адам характеріне сай айтар сөзі де өзгешеленіп отырады. «Өлі жандар» поэмасындағы Плюшкин мен Коробочка сараң, әрі сауданы жақсы көретін адамдар. Олардың бұл мінез-құлықтары сөздерінен-ақ білініп тұрады.

Әр адамның, сондай-ақ көркем шығармадағы әдеби бейненің өз жаратылысына лайық мінезі мен әдеті байқалады. Соған үйлесімді сөзі болады. Шығармадағы сөз астары, кейіпкерлердің сөйлеу мәнері, қимыл-қозғалысы бет құбылысы тәрізді оның көңіл күйін үстемелдеп тұратын күшейткіш мәні бар жекелеген детальдық ерекшеліктер көмегімен де образ табиғатын ашуға болады.

Кейіпкердің жан дүниесінің сан алуан қырын танытатын осындай детальдар Гогольде тамаша көрсетілген. «Өлі жандар» плмасына көз жүгіртсек «… а Собакевич одного чего-нибудь спросит, да уж зато все съест, даже и подпавки потребует за ту же цену». Собакевичтің тоқ мінезі, тамақсаулығы сияқты ерекшеліктері осы бір сөйлемнің өзінен-ақ білінеді. Не болмаса, өмірі түшкіріп жүретін, пысқырып жүретін Чичиковтың елден өзгеше қылықтары да. «Одевшись подошел он к зеркалу и чихнул опять та\к громко, что подошелший в это время к окну индейский петух – окно же было очень близкоот земли – заболтал ему что-то вдруг и весьма скоро на своем странном языке, вероятно «желаю здраствовать» на что Чичиков сказал ему дурака». Осы түшкіру мен оған қораздың «сәлемдесуіне» іштей бір байланыс бар – Гоголь бұл бөлшек арқылы кейіпкердің бас бостандығы, еркі жоқ жануар тәрізді өлі жандармен істес болатынын аңғартуды мақсат еткен. Демек, осы бір психологиялық деталь арқылы Чичиковтың табиғатын танытқан. /21.100/

Кейіпкерлердің бітім бейнелерін Гоголь образдарына ұқсатып жасауды әдетке айналдырып, тәжірибеге енгізген. Қазақ сатирасындағы ұлы классик образдарындай мүсінделген бейнелердің барлығы уақыт өткен сайын бүгінгі қазақ аудармашылары шеберлігінің арта түскенін, бұл орайда Гогольәсерінің орасан болғандығын көрсетеді.

Гоголь образын, оның сықағын беруде, түгел стилін сақтауда тағы бір ескертетін жайт бар. Ол – Гогольде ұшырайтын адам аттары. Мысалы, Собакевич, Ноздрев, Коробочка тағы басқалары. Осы аттардың бәрін де Гоголь тегін қойып отырған жоқ. Әрине, бәрін бірдей аудару қандай сыңаржақтық болса, осылардың бәрін бірдей өз қалпында алу да сондай сыңаржақтыққа апарып соғады, өйткені әрбір сыңаржақ айдың түбі қателесумен ұштасып жатады.

Қысқарта айтсақ Гоголь кейіпкерлерінің аттарын кейде аудару қажет деген пікірді қолдаймыз. Мысалы, Яйчница, Собакевич, Ноздревтерді аудару керек дейміз. Сонда Гоголь стилі, оның сықақ әдісі түгел сақталар еді де әрбір образы қаз қалпында, дара көрінер еді.

 

  1. 2 Романның құрылымдық жүйесі немесе аударылуы

 

Н.В. Гогольдің «Өлі жандар» туындысы қазақ тіліне аударылған Қадыр Тойшықов болды. Ол 1955 жылы Әнуар Ипмағанбетов аударды.  Осы екі аударманың аралығын  да жиырма жылдық өмір жатыр – деп жұмысымыздың негізгі  бөліміндегі бірінші тарауында айта кеткен болатыңбыз.

«Өлі жандар» поэмасы түпнұсқада екі томнан, әр томы яғни бірінші томы он бір тараудан, ал екінші тарауы төрт тараудан тұрады. Ал олардың аудармасында сол қалпында сақталған.

«Өлі жандардың» аудармасыан жасағанда біз Тайшиков (1932-1936 ж) пен Илмағанбетовтың (1955 – 1956 — 1958) аудармаларын салыстырамыз. Осы аудармалардың  жақсы жақтарын айқындап көрсету үшін олар Басиростың (1953 ж) татар тілінде жасалған аудармасымен салыстырылады. Гогольдің «Өлі жандардың» қазақша аудармаларын талдау бойынша Тайшековтің орыс тілін жеткілікті дәрежеде білмеуі көрінеді.

1955 жылы Илмағамбетов Тайшыковқа еліктей отырып, 1 кітаптың 6 бөліміне дейін өзіндік жолмен барады. Орыс аударма тарихына белгілі, 1808 жылы Бюрмелла деп айтқан, ал 1816 жылы Катенин оны «Ольга» деп атаған. Кейіпкерлердің аттарынан өзгерту  бізде де бар.  Мысалы, Тайшыков 1932 жылы «коробочка есімін» қобди келіні деп, 1928 жылы «үйленудегі» купердягиман жағы – «коробочка», «коробканың» не әйелі, не келіні, не қызы болуы тиіс,  бірақ бұл оқырманда аудармашылар енді аударылатын сөздерді де  аудармайтын болады.  Маркс бойынша «аудармашы түпнұсқа әріптері баламалайтын механикалық аудармашы емес, ол автордың саналы қызметшісі басқа тілдік оқырман үшін ойын түйіндіруші. Гоголь юморы көп қырлы  аттарының өзі қызықты. Мұндай жағдайда оларды  аудару керек.  Оған жататындар, Доезжай – не доедешь, неуважай – корытого, Собакеевич, Ноздрев, Яйчница, Полежаев, Завалишин, Сопиков, Харапицкий, Хованский, т.б Осы есімдердің ішінен қазақ тіліне  1928 жылы Даулетбаев «Яйчницаны» Уыз құймақ деп аударған, ал 1940 жылы Каһһар оны  өзбек тіліне  «Куймаков» кейін, Дінисламов 1953 жылы бұл фамилияны аудармасыз қалдырған. Доежай – «не  доедешь», «неуважай — корыто» есімдерін Итмағанбетовпен аударылған, ал Собакеевич пен Нозревты аудармасыз алған, 1932 жылы Тайшиков оларды қазақ тіліне аударған: Собакевич – Итбаев, Ноздрев – Тұмсықов. Полажаев, Завалиншин, Сопиков, Храпицкийц етістіктен жасалғандықтан аударусыз қалған. Себебі аударатын тілде етістіктің кейбір қалыптары кездеспейді. Бірақ бұл жағынан  қазақ тілінде кеңеюлік жоқ. Мынадай да жағдайлар кездеседі: автор дайын мақал – мәтелді немесе тұрақты сөз тіркесін алып пайдаланады.  Біздің ойымызша оларды тастап кету немесе басқа сөзбен  алмастыру керек.

Ал Ә.Ипмағамбетов 1956 жылы «Жаңа өмір журналына екінші рет бастырғанда да, артынан  1958  жылы үшінші рет бастырғанда да екеуі бірдей болып шыққан».

«Өлі жандардың» екінші бөлімінде кездесетін өз заманына сай, жағымды кейіпкер Тентетиковты әдейі қоспай отырмыз. Өйткені ол Тентетиков Гогольдің нысаналы ойынан шыққан образ ба, жоқ болмаса автор патшалық Россия тыңшыларының көзін алдау үшін жазды ма, немесе Н. Ф. Ястржембский Гоголь өлгеннен кейін қосты ма? Ол арасын оқушыларымыз академик Виктор Владимирович Виноградовтың кітабынан өздері оқып түсінер деген үмітіміз бар. Гоголь өз дәуірін, патшалық Россияны, крепостнойлық пасық заманды мейлінше жек көреді, ол жарқын келешектің жаршысы. Сондықтан ешбір жағынды жанды таба алмай зарығып өткен ақын.

Біріншіден — өмір қайшылығын терең түсінетін, соны жеткізе суреттейтін Гогольдің шеберлігі қызықтырады. Әлгі айтылған ындыны бір, идеялас кейіпкерлердің Гоголь әдісі арқылы дара-дара көрініп, біріне-бірі мүлде ұқсамауы тартады. Ол тип жасаудың шынайы шебері. Екіншіден: Гогольдің өзіне ғана тән әдісі, шексіз, шетсіз биязі сықағы (юморы) арқылы қуаныш қайғыға, қайғы қуанышқа айналып отыратын көрегендігі жалықтырмайды.

Гогольдің әр адамды, әр жағдайда  сөйлете  білуін, осы өмірді жетік түсініп, күллі қайшылықтарын бадырайта ашып, көз алдыңа алып келуін өзінің мына сөздерінен  де ұғынуға болады.

«Надобно сказать, что у нас на Руси если не угнались еще кой в чем другом за иностранцами, то далеко перегнали их в умении обращаться… Француз или немец век не смекнети не поймет всех его особенностей и различий… у нас есть такие мудрецы, которые с помещиком, имеющим двести душ, будут говорить совсем иначе, нежели с тем, у которого их триста, а с тем, у которого их триста будут говорить опять не так как с тем, у которого их пятьсот… словом, хоть восходи до миллиона, все найдутся оттенки»,- дейді Гоголь, Чичиковтың   Коробочкамен сөйлесуі Маниловпен сөйлесуінен өзгеше екенін дәлелдеп отыр. Дәулеті қайтып кедейленген тұл кемпір, ұсак помещик Коробочкамен сөйлескенде Чичиков батыл отырады, Ал Маниловпен теңдесіндей абайлап сөйлеседі. Маниловтың үйіне келіп, есіктен кіргенде Чичиков озып алдына түсе алмайды. «Екеуі де бір қырынан қатарласа кіреді». Міне, осындай ерекшеліктерді   қазымырлап   терең көрсете білген Гоголь шығармаларындағы кейіпкерлер де біріне-бірі ұқсамайды, әр қайсысы өз тілінде сөйлейді. Гогольдің осы сөзін   1936 жылы Қадыр Тайшыков: «Тегінде біздің Ресей халқы шет жұртқа өзге жағынан жете алмағанмен дәл кісі ыңғайына қарай билеу жағына келгенде әлдеқайда асып кетті деуге болады. Пыран-сыны алсаңыз немесе бір немісті алып  қарасаңыз бұл әурелістің неше қыр, неше сырларының барлығын мәңгі ұғына алмайды, ұғыну қолдарынан келмейді… Бізде кейбір данышпандар бар: бұлар екі жүз жанға ие помещиктермен сөйлескендегіден үш жүз жаны барлармен басқаша сөйлеседі. Бес жүз жаны барлармен сөйлескенде үш жүз жаны барлармен сөйлескендегіден басқа сөйлеседі… Қысқасы, жан саны маған десе миллионға дейін созылса да, бұлардың сөздері де неше түрге құбылады»- деп аударса, 1955 жылы Әнуар Ипмағамбетов: «Біздің Россияда,  кейбір   нәрселер   женінен   шетелдіктерге   әлі жете алмай жүрсе де, біреумен сейлесуге келгенде, соның ыңғайына қарай құбыла білу жағынан әлдеқайда басып озып кеткенін айта кету керек… Француз яки неміс оның өзгешеліктері   мен    оның   ерекшеліктерінің    баршасын өмірбақи сезбес те еді, түсінбес те еді… Бізде екі жүз жаны бар помещиктермен бір түрлі сөйлессе, үш жүз жаны барлармен екінші түрде сөйлесетін, үш жүз жаны барлармен тағы бір түрлі сейлессе, бес жүз жаны барлармен олай сөйлеспей, мүлдем басқаша сөйлесетін даналарымыз да бар, қысқасы миллионға дейін барса да үн сарынында құбылмалы,   астарлы   жақтары   табыла береді» — деп аударады. Осы екі аударманың арасында жиырма жылдық өмір жатыр, өйткені Тайшықов бірінші рет «Өлі жандарды» 1932 жылы аударды.

 Алайда бірінші сөйлемдегі «Русьті» Тайшықов   «Ресей халқы» деп берсе, Импағамбетов «Россия» деп береді, бірақ осы аударманың басқа жерінде ол «Русь» деп те аударады. Қазақта бұрын Россияны «Ресей» немесе «Русия» деуші еді. «Русь»- орыс деген мағынада   қолданылады.

Орыс дегенде халықты ұғамыз да, «Россия» дегенде жер көлемін түсінеміз, ал «орыс» бұрынғы қазақ тілінде, жеке айтылғанда, екі ұшты мағынасы бар сөз, көбінесе жағымсыз мағынада, ол мұсылман дінінің әсерінен туғанды. Отарлау саясаты арқылы ұлт ала көздігі күшейген кезде, кейінірек келіп орын тепкен еді. Сондықтан Тайшықов «орыстың» екіұшты мағынасынан қашып «Ресей» деген сөзге «халықты» қосып алған, ал Ипмағамбетовтың,   «Ресейді — Россия»   етіп   алуы   бұрынғы аударманың әсерінен шыға алмауы еді, ал оның артында тұрған «халық» деген сөзге көңіл аудармауы қатеге соқтырған. Бірінші сөйлемді  Гоголь ауыз екі сөзге   («надобно сказать»)   құрған,   қарапайым   тіл мен   жинақы айтуының өзінде ойнақылық бар ғой, «в чем другом не угнались, перегнали» деуінің өзі оқушыны күлдіруге дайындап отырады. Бұл сөйлемде Тайшықов Гоголь стилін ашқан, сықағын берген. «Кісі ыңғайына қарай билеу — в умении обращаться; «әлдеқайда асып кетті»- далеко перегнали», «надобно сказать -деуге болады. «Сықағы да, жинақылығы да, ойнақылығы да түгел берілген. Жалғыз-ақ «жағынан, жағына» екі қайтара айтылып, ойды қожыратып тұр. Ипмағамбетовта бұл сөйлемнің мағынасы түгел, сөздері артық болмаса аз емес, бірақ сықағы жоқ, тура айтылған, өте шұбалаңқы шыққан. «Кеткенін айта кету керек» деуі оқушыны мүдіртеді, құлаққа ысқаяқ естіледі. «Надобно сказать» бұл жерде «айта кету керек» деп төтесінен тураламай, «сипай қамшылап» «деуге болады» деп келтіру дұрыс шығар еді.

Үшінші сөйлемді Тайшықов беліп-беліп жіберген, Гогольдің екпінін, дыбыс ырғағын — бұзған, ал Ипмағамбетов күрделі сөйлем етіп, гогольдік дәуірде сақтаған. Алайда, «мудрецы» деген сөзге «данышпан» деген екіұшты мағынасы бар сөз тура келеді, Тайшықовтың ол сөзінен қашып, «данаға» соқтығудан Ипмағамбетов ұтпаған, өйткені, «дана» тура мағынасында дұрыс, ал Гогольдің ойында кекесін сықақ (юмор) тұр. Соны бере алмаған. Осыны түсініп Ипмағамбетов 1958 жылы үшінші аударғанда: «дананың»- орнына «сұңғыланы» алған, мұнысы тәуір шыққан. «Словом, хоть восходи до миллиона, все найдутся оттенки» деген сөз гогольдік сықақтың түйінді шырқау шыңы. Осыны Тайшықов «қысқасы, жан саны маған десе миллионға дейін созылса да, бұлардың сөздері де неше түрге құбылады»,— деп сықағын сақтайды, Гогольде «жан саны» жоқ, ол жасырын тұр, «маған десе» күшейтудің белгісі, «құбылады»— да орынды. Ал, Ипмағамбетовта: «қысқасы миллионға дейін барса да (!?) үн сарынында құбылмалы, астарлы жақтары табыла береді,»- дейді. Осы сөз тіркесі түсініксіз құрылған, «Миллионға дейін баратынның» не екені, кім екені ашылмаған.

 

Түп нұсқа

Қ.Тайшықов аудармасы

Ә. Ипмағамбетов аудармасы

Біздің ойымызша

«Вишь ты, — сказал один другому, — вон какое колесо! Что ты думаешь, доедет то колесо, если б случилось, в Москву или не доедет?» — «Доедет», — отвечал другой. «А в Казань – то, я думаю, немесе доедет?» — «В Казань не доедет», — отвечал другой.

—                       Kөrdiŋ be?Anay arbanьŋ dөŋgelegiŋ, qaracь…Sen qalaj ojlajsьn, osь arba men Mәskeyge dejin ςyre berse dөŋgeleqi ςarap bara alar ma edi, ςoq bara almas pa edi?-dedi birevi.

—                       Bara alar edi – dedi ekincisi,- Menimce Qazan qalasna ςete almas edi?- dedi bastapqьsь.

—                       Әrjne, Qazanqa ςete almaidь- dedi ekincisi.

«Көрдің бе, — деді біреуі екіншісіне, — дөңгелек деп әнеки соны айт! Жолы түсіп, Москваға бара қалса, бұл дөңгелегі сынбай жетер ме еді, әлде жетпес пе еді, қалай дейсің?» — «Жетеді» — деп, жауап қайырды екіншісі. «Дегенімен, Қазанға шейін жете алмас деймін?» — «Қазанға жете алмайды», — деп жауап қатты екіншісі.

-Көрдің бе, — деді біреуі екіншісіне.

-Әнеки, қандай дөңгелек! Сен қалай ойлайсың, осы арбамен Мәскеуге дейін жүре берсе, дөңгелегні жарап жете алар ма еді, жоқ жете алмас па еді?

-Жете алар еді, — деді екіншісі.

Менің ойымша, Қазанға дейін жете алмас еді?- деді бастапқысы.

— Қазанға жете алмайды,- деді екіншісі.

 

Мұнда Әнуар Ипмағамбетовтың аудармасынан Тайшықовтың аудармасы тәуір шыққан деп ойлаймын. Өйткені Ипмағамбетовтың «жолы түсіп», «сынбай» деген сөздері түп нұсқада мүлдем жоқ. Ол түп нұсқаны түсінікті беремін деп мәтіннің арасына түп нұсқаға сәйкес келмейтін сөздерді қосып жіберген. Сондай-ақ «Москва» сөзін Қ.Тайшықов қазақшаға «Мәскеу» деп аударса, Ә.Ипмағамбетов қазақша аудармасын бере алмаған. Қ.Тайшықовтың «анау арбаның дөңгелегін қарашы», «Әрине», «Менінше» деген сөздерін түп нұсқадан таппасаң да, аудармада өз үйлесімімен жарасып тұр. Мұнда Қ.Тайшықов түп нұсқаны кішкене өзгеркенімен оқырманға түсінікті етіп беруге талпынғаның аңғарамыз. 

Екі мезгілде аударылған осы шығарманы салыстырып қарасаңыз, мынадай пікірге келесіз. Тайшықов кейбір жерлерін түсінбей долбарлап береді, ал орысша түпнұсқалардағы Ипмағамбетов өте жақсы түсінеді. Қазақ тіліне Тайшықов бай, тіл табиғатын артығырақ біледі, әсіресе Гоголь сықағын (әрине, түсінген жерінде), ол жақсы береді. Мысалы: «И наврет совершенно без всякой нужды: вдруг расскажет, что у него была — лошадь голубой или розовой шерсти» — деген, жерін Тайшықов: «Өтірік айтқанда ешбір мақсатсыз, қажетсіз-ақ соға берер еді. Мысалы: менің пәлен уақытта бір атым болды. Сол атым зеңгер түсті еді, немесе тарғыл еді…» десе, Ипмағамбетов «Және тағы өтірікті де, мүлдем ешбір қажеті болмаса да, соға салады: Мысалы, менде түгі көгілжім немесе ал қызыл ат болды…» деп аударады. Осы жердегі көгілжім — «көк» деген сөздің өзгерген түрі екенін, «ал қызыл»- «қызылдың» күшейген түрі екенін оқушы түсінеді, осындай «Көк ат, қызыл ат» болатынын да біледі. Мұнда өтірік жоқ. Ал, Тайшықов айтқандай «зеңгер түсті» ат, «тарғыл» ат болмайды, тарғыл сиыр болады. Міне, Ноздревтің өтірікшілігін айқындайтын сықақ сонда шыға келеді. Гогольдің бұра сөйлеуін берді деп осыны айтамыз,

Бірінші томның алтыншы тарауына дейін Ипмағамбетовтың көп еңбегі сіңген. Әрі қарай да редакцияның бар екені байқалады. Бірақ біз бұл екі аударманың қайсысы жақсы, қайсысы төмен деген сұрақты алдымызға қойып та отырғамыз жоқ, оған жауап та беріп жатпаймыз. .Бізге керек нәрсе Гоголь сықағы, Гоголь стилі ерекшелігі қазақ тілінде берілді ме, сол қалай берілді? Міне осыған тоқтамақпыз. Жоғарыда, Тайшықов кейбір жерлерін түсінбейді дедік, соған да бір мысал келтірейік. «Чуткий нос его слышал за несколько десятков верст, где была ярмарка со всякими съездами и балами…» деген Гогольдің сөзін Тайшықов: «сондай жәрменкелерде, жәрменке маңындағы съезд балдарда» деп аударады. Бұл жердегі «съез» орыстың «съезжатья» деген етістігінен шыққанын байқамай қалады, ол сөзді Ипмағамбетов: «жиын-думанды, сауық-сайранды»- деп дұрыс береді.

Тура айтылған сөзді аударудан көрі кінәлі, астарлы ойы бар әзіл-сықақты (юморды) аудару қиын. Ал Гогольдің негізгі пікірі сықақпен (юмормен) берілген.

«Жете де алмас, жетпей де қоймас Григорий! Сен қандай кісі болдың екен? Қіре тартып кәсіп қылдың ба, немесе тройкаңды, жөкемен қаптаған күймелі арбаңды сайлап алып, өз үйіңнен, туған ұяңнан мәңгі безіп, көпестермен бірге жәрменкеден жәрмеңке кезіп кеттің бе, әлде? Жаныңды құдайға жол үстінде тапсырдың ба, немесе, бетінен қаны тамған, сеп-семіз бір солдаткаға бола достарыңның өздері-ақ құртты ма әлде, немесе, орман қарақшысы қайыс қолғабыңмен, тырбиған, қортық болса да, мықты мініскер үш мәстегіңе қызығып кетті ме әлде, немесе сәндіреңде жатып, ойлап-ойлап кенеттен, іс-міс жоқ, қабаққа қарай жөнеп беріп, содан кейін жылымға түсіп кетіп, зым-зия жоқ болдың да, атың өшті ме әлде? Ай, орыстар-ай! Өз ажалынан өлгенді сүймейді-ау,  шіркін!»   болып   аударылған.   Гогольдің  кісілерге қойған аттарында да сықақ (юмор) бар екені даусыз. Өмір қайшылығы, теңсіздік   осылардың  өзінен де көрініп тұрады. Пробка, Воробей,  Волокмта, Неуважай-Корыто, Доезжай — не доедешьтерден мына Манилов, Чичиковтардың айырмасы зор. Ескіден қалған мұра есебінде Плюшкин, Корббочкалар айтылса да олардың өз аты, әкесінің аты  қосыла  жүреді. Крепостной мұжықтардың әкесінің атын қоса айтып қастерлеу болған емес. Орыс тілінде Анна Аркадьевна мен Аннушка бір емес. Алдыңғысы қожайкеге,   соңғысы    малайға   айтылады. Орыс өміріндегі осы шындықты аша отырып, Гоголь келемеждеп күлдіруге еріксіз алып барады.

Ипмағамбетов алғаш аударғанда Тайшықов салған сораптан шыға қоймайды, тіпті сөзбе-сөз қайталайды, «шүйгідің бе» деген Тайшықовтың сөзін де ала салады. Проспер Мерименің «Қарменін» аударғанда Ипмағамбетов бұл сөзді қолданбайды, ендеше ол сөз Ипмағамбетовтың бойына бұрын сіңген сөз емес. Мысалы «түбегейлі» деген сөзді Мұхтар Әуезов қолданады, осы сөзді түсінеміз ғой, бірақ Сәбит Мұқановта бұл сөз ұшырамайды. «Рә» мен «мұқият» қолданылып жүр, қазір мұны қолданған жазушылардың қай ауданнан екенін айтпай таныймыз. Ал, мына, «беу шіркін, орыс жұрты»- деген сөзді «Беу орыс жұрты-ай!» деуден де айырма таба алмаймыз:                                                     

Рас, Тайшықов біраз жерін тастап кеткен. Ол жерін Ипмағамбетов толықтырып дұрыс берген. «Сәндіреңде» деген сөзді түсіне алмап едік, оны соңынан Басыйровтын «сәндіреңде» деген сөзінен барып ұқтық. Гоголь текстісінде кездесетін «Отдал душу богу», «уходили», «поми-най как звали» — осы үшеуі де-өлім — өлтіру айналасындағы сөздер, алайда биязы айтылған, кінә бар. Оларды «мүрдем кетірді ме, келдеңді қиды ма, атың өшті ме?»— деу бүкпесіз түсінікті, тура айтылған сөздер. Гогольдін алыстан орағытып «уходили» деген сөзін «аттарыңа қызығып, достарың сыбағаңды берді ме?» деген сияқты жанамалатып айту Гоголь стиліне таянар еді. «Приземистые, но крепкие кони» десе оны Ипмағамбетов—бірде «тырбық болса да мініскер аттарың ұнап кетіп»—деп аударады да, екінші жерде «тырбиған қортық болса да, мықты мініскер үш мәстегіңе қызығып кетті ме» деп аударады. (Бұл жері Тайшықовта жоқ.) «Тырбық» аттың «мініскер» болуы көңілге қонбай тұр, ал тырбиған қортық мәстекке қызыға қою да қиын-ақ! «Жатаған — аласа» деген сөздер аузына түспей-ақ қояды! Осы жерін «қарсақ» (аласа, тапал, көзге қораш мағынасында) деп аударған Басыйровтың сөзі келте, ойы дәл шыққан, өйткені «приземистый» көп шалқуды қажет етіп те тұрған жоқ. Ал, Гогольдің «ни с того ни с другого заворотил в кабак» деуінде шындық та, келемеж де бар. Бұл жерін Тайшықов «Оқыстан қабақ жаққа бұрылыл кетіп» деп қыбын тапқандай болса, Ипмағамбетов алғаш ретте «іс-міс жоқ, қабақ жаққа қарай бұрылып барып»-деп, өз ықтиярымен бара жатқандай етеді. Гогольдің ойында «қабаққа бұрылғанын ол өзі білмей де қалды» деген мағына тұр. Үшінші рет аударғанда Ипмағамбетов та алғашқы қатесін жойып, «кенеттен, іс-міс жоқ, кабакқа қарай жөнеп беріп» деп күшейткендей, бірақ — «іс-міс жоқ» — бұзып тұр. «Поминай как звали» деген сөзді «зым-зия жок болып, атың өшті ме әлде?» — деуінде де көп сөзділік бар. Гоголь ырғағы, Гоголь келемежі көп шалқуды, кей кезде, қабылдамайды, «от родной берлоги» деген сөзді «үйі-күйіннен қашып» деуде, «үй-жайыңнан безіп» деу де көңілдегідей шықпаған, тіпті Ипмағамбетовтың 1955 жылы «Өз үйіңнен, туған ұяңнан мәңгі безіп» деуі де жаңсақ қолдану, өйткені Гогольдің ойынша «заведши тройку и рогожную кибитку отрекся навеки от родной берлоги» деуінде «тройкаға, күймеге қолын. жеткен соң, жетістің де өз қуысыңнан қаштың ғой, менсінбей кеттің-ау!» деген дыбыс тұр, мұны Басыйров дұрыс беріпті.

Біз жоғарыда Гоголь күлдіру үшін күлдірмейді, өмір қайшылығын терең суреттейді де күлкі соның өзінен туады дедік, мысалы Чичиковтың генерал Бетрищевпен сөйлескен жерінде орыс сөздері сондай тіркескен, тіпті Чичиков өз ағасын (дядя) келемеждеп, оны «ахмақ, есек» деп отырады, алайда, оқушы Гогольдің генералды «ах-мақ, есек» етіп көрсеткенін анық түсінеді. Міне, Гогольдің өзіне тән биязы сықағы (юморы) осылай сырғанайды.

«Өлі жандарда» Гоголь полицеймейстерге мінездеме береді: «Полицеймейстр был   некоторым   образом   отец и благодатель в городе… Трудно было даже и решить он ли был создан для места, или место для него. Дело было так поведено умно, что он получал вдвое больше доходов против всех своих предшественников, а между тем заслужил любовь всего города»— дейді. Сөздің сыртына қарағанда өте оңды айтылған, өмір шындығы түгел берілген, бірақ астарында «парахор полицеймейстр деген келелі ой жатыр. Дәл осы жерін Тайшықов: «Полиция бастығы осы қалада әрі тәртіп орнатушы, әрі барлығының атасындай адам еді… Қызмет орны бұл үшін жаралды  ма,  бұл әзі  қызмет үшін  жаралды  ма? Мұнысын шешу кімге де болса қиын еді. «Қалауын тапса қар жанады» деген бар ғой, істің ебін тауып жүргізгендігі соншалық, бұл кісі кіріс жағын өзінен бұрын осы қызметте болған адамдардан екі есе артық мөлшерде кіргізіп отырар еді. Сонымен  қатар  бүтін  қала  халқына  сүйкімді еді» деп аударса, Ипмағамбетов 1955 жылы: «Полицеймейстр осы қалада әрі панакер, әрі барлығының атасындай адам еді. Қызмет орны бұл үшін жаралды ма, бұл өзі қызмет үшін жаралды ма? Мұнысын шешуге кімге де болса қиын  еді.   «Қалауын  тапса қар жанады» деген бар ғой, істің ебін тауып, реттеп жүргізгендігі соншалық, бұл кісі кіріс жағын өзінен бұрын осы қызметте болған адамдардан екі  есе артық мөлшерде кіргізе отырар еді. Сонымен қатар бүтін қала халқына сүйкімді еді»   дейді.   Соңынан   1956   жылы  1958 жылы бастырғанда, Ипмағамбетов былай аударады: «Полицеймейстер осы қаладағы әрі қамқоршы, әрі барлығының атасындай боп қалған адам еді. Қызмет орны бұл үшін жаралды ма, бұл өзі қызмет үшін жаралды ма? Онысын шешу кімге де болса қиын. Істің ебін тауып, реттеп жүргізгендігі соншалық, бұл кісі кіріс жағын өзінен бұрын осы қызметте болған адамдардан екі есе артық мөлшерде кіргізіп отыратын. Сонымен қатар, бүтін қала халқына сүйкімді еді» дейді. Кейінгі екі басылуында айырма жоқ болғандықтан екі рет келтіруді артық көрдік.

«… Словом, начнут гладью, а кончат гадью» деген ма-қалды қолданады. Осыны Тайшықов: «қысқасы, бұлар басын таудай, аяғын қылдай кьтлып шығарады» десе, Ипмағамбетов 1955 жылы: «…қысқасы, басы жып-жыл-мағай, аяғы сұп-сұмырай» деп аударады.

Тайшықов құр нобайлайды, орынсыз мақал етуге ты-рысады, даярды алады, ал Ипмағамбетов жаңа мақал етіп шығарған. Артық сөз де жоқ, сыртынан қарағанда Гогольдің ойы да, дыбыс ырғағы да түгел тәрізді. Алай-да, «күле кіріп, күнірене шығады» десе дәл келетіндей. Осы жерін Ипмағамбетов 1956-1958 жылдары: «қысқасы бастауын жып-жылмағай ғып бастаса да, аяқтауын былықтырып аяқтайды»-деп редакциялайды. Бұл текс-ке артық сөздер қосылып мақалдығы қожырап кеткен. «Бастау», «аяктаулар» екі-екіден айтылып, «ғып» деген сөз төтеден қосылып, жинақылығы кеміген. Ұзынұрғасы бұзылмаған. Мұны Басыйров: «қысқасы, яхши башлап, қабахат очлыйлар» деп береді. Келте де дұрыс аударылған.

«Ну, брат, ты, кажется, уже начал пули лить» деген сөзі Ноздревтің өтірікшілігін әйгілеу үшін айтылған мәтел. Мұны Тайшықов: «Ой, сен тым сықпыртып жібердің ғой» десе, Ипмағамбетов 1955 жылы: «Беу, бауырым-ай, сен, сірә, бұршақтан бытыра құя бастадын. білем» деп аударады, ал 1956-1958 жылдары: «Қой, бауырым, сен, тегі, бұршақтан бытыра құя бастадың білем» деп, «беуді» «қойға» ауыстырып береді. Осы кейінгі аударманы жақтаймыз. Гогольдің ойы да, сөзі де түгел, мәтел екендігі де көрініп тұр. «Сықпыртудың» өтірік айту екені рас, бірақ «пули литьтің» кестесін бермейді. «Бұршақтан бытыра құя бастады»- деу сөз саны артық болса да, қыбынды қандырады. Осы жерін Басыйров: «Ай, туған, син бик нық борчак ата башладың лабаса» — дейді. Бұл жерде «бик», «нык» деген сөздер бірін-бірі күшейтіп тұрған жоқ, екеуінің мағынасы өте таяу, сондықтан қайталау тәрізді шыққан.

Әрі қарай Гоголь: «Не имей денег, а имей хороших людей   для   обращения — сказал   один   мудрец» — десе Тайшықов «Ақшаң болмасын, бірақ сыйласарлық досың көп  болсын» — депті ғой бір  данышпан»— дейді,  мұны Ипмағамбетов: «Ақшаң   болғанша,   әдеппен   сыйлас жақсы кісілерің болсын»- деген екен бір дана адам» деп береді./11.99/  

1936 жылы Қ. Тайшықов: «Мыналардың барлығы уақытты өткізуге жұбаныш боларлық заттар емес екендігін көрген соң Чичиков басқа бір шкафқа бұрылып қарады. Судан шығып жарға камалғандай болды. Ылғи толып тұрған фәлсәпе (философия). Көзіне алты том жуан кітап көрінді.  өрісін кеңіту іліміне басқыш, қатынас қисыны тұтастық, шындық қисыны, әлеуметтік өндірістің өркендеу негізін қолдану жайы»- деп  жазыпты…  бірнеше беттерін ашып қарап еді: «өркендеу, өрбу, тұйық ұғым (абстракт) қамалу, косылу» деген, сықылды әлде-нелерді ұшыратты…» десе осы сөздерді   1955 жылы  Ипмағамбетов:   «Мыналардың  барлығы уақытты көңілді өткізуге алданыш   боларлық   кітаптар емес екендігін көрген сон Чичиков басқа бір шкафқа бұрылып еді — мұнысы одан да бетер, ылғи бір философия кітаптары болып   шықты.   «Пікірлеу   саласына   әзірлік кіріспе. Тұтастық, бірлестік, түпкі негіз теориясы және қоғам өндіргіштігінің бірдей өзара тепе-тең. бөлінуінің құралымы негіздерін түсінуге қолданылатын теория»- деген орасан үлкен алты том көз алдында тұрды… Әр бетінде: «көрініс, өркендеу, абстракт, тұйықтау, ұштасу» деген сөздер, жын білсін, тағы әлденелер кездесе берді…»  деп аударады.

Осы аудармаларға үңіле қарасақ, Тайшықовтың реті келсе сөздерін сақтамауға да бара беретінін байқаймыз, «Кітаптар», орнына «заттар» жүреді, «черт знаетты» тастап та тарта береді. Ипмағамбетов тыныс белгілеріне дейін сақтайды. /11.107/

Тайшықов пен Ипмағамбетов аудармасының арасында ешбір айырма жоқ, редакция ғана бар. Әйтеуір Гоголь сықағы (юморы) жақсы берілген… Басыров аудармасында көп сөзділік бар, мысалы «доньяда барлығын — существует» деген сөзге балама етіп алған, ал Ипмағамбетов «бастартты» десе, Басыйров: кискен рә-вәштә кире какты» деп аударады. Осы арасын Тайшықов: «керегі жоқ» деп жәйуәт берген. Өйткені Гоголь орынсыз әсерлеуді қажет етпейтін жазушы. Мысалы, «беспокойный народ»— қандай қарапайым, және өмірде айтыла беретін күнделікті сөз. Соны Тайшықов: «белең алған жұрт» десе, оны Басыйров: «тынғысыз халық»- деп жасанды сөзге соқтыққан, өйткені «тынышсыз, тынғысыздар» бұл жерде әдемі шықпаған тәрізді.

Сыншыл реализмнің іргесін салған Гоголь өз тұсындағы құлдық өмірді, Россияда болған шындықты сонша мысқылдағанын көрсетіп өттік. «Вешпор» мсн «Өлі жандарында» бір жағымды кейіпкер жоқ дегенді айттық. Мұнысы өзінің туған отанын жек көруден емес, қайта сонша жақсы көргендіктен сынай қарап, түзетуге жөн сілтеуі еді. Жаны ашынғандықтан — ашына қимылдауы болатын.

«…Русь! Русь! Қөріп отырмын сені, өзімнің керемет тамаша, алыс тұрағымнан көріп отырмын… Сенің ештеңең де көзді қызықтырмайды, сыйқырламайды да! Бірақ саған қарай елегізіте беретін құпия, ақыл жетпес-тік қандай күш осы? Бүкіл өнбойың мен көлденеңінде, теңізден-теңізге дейін, ызыңдаған мұңды әніңнің құлаққа үнемі естіліп, тынымсыз күңіреніп тұратыны несі? Осы бір әнде не бар сонша? Осы әндегі үздіксіз шақыра беретін, зар еңіретіп, жүректі пәрша-пәрша қылатын не нәрсе өзі?.. Русь! Сенің менен тілейтінің не? Арамызда-ғы ақыл жетпестік құпия байланыс қандай? Неге бұлай қарайсың маған! Сендегі барлық бар — бәрі неліктен маған көз тігіп, не күтіп отыр? Сен өзің ұшы-қиыры жоқ, шетсіз де шексіз де ел боп тұрғанда, шетсіз де шексіз пікір осында, сенде тумас па? Бой жазып, шырқап шы-ғандайтын жері жеткілікті боп турғанда, қас батыр осында, сенде болмас па?.. Табиғаттан тыс бір қуат көз-деріме нұр құйғандай: па шіркін! Қандай жаркын да ке-ремет, әлемге таныс емес «Ұлан-байтақ Жәзирә! Русь!»

«Уа Русь, қайда самғап барасың? Жөнінді айтшы, жөнінді! Жоқ, жауап жоқ! Тамаша ғажап әуенмен күмбірлейді қоңырау; екпінмен паршаланған ауа жаңғырыға толқып, жел боп гулейді; жер бетіндегінің баршасы құлдырап қалып барады, басқа халықтар мен мемлекеттер де алара қарап, ышса жол береді оған…» дейді. /29.292/

Отанын сүйген Гогольдің келемежсіз тура айтқан көркем сезін Әнуар Ипмағамбетов та тәуір аударады. Ал, сықағын Тайшықов артық береді. Ендеше Гогольді өз бойында әзіл-сықаққа қабілеті бар жазушы аудару ке-рек. Сонда бүрынғы Қадыр Тайшықов аудармасынан да, кейінгі Әнуар Ипмағамбетов аудармасынаң да керек жерлерін келешектегі аударушы пайдалануы жөн. Мұндай үлгілер орыс әдебиетінде де бар. Біз «Өлі жандар» аудармасын зерттегенде бұрынғы Тайшықовқа жеңілдік жасап, Ипмағамбетовке қатаңырақ қарауымыздын үлкен себебі бар. Тайшықав аудармасы өз дәуіріне сай еді, бірақ қазір сол күйінде басып шығаруға болмайды, өйткені мезгіл өзгерді. Ипмағамбетов осы кейінгі кезде аударып отыр, заман тілегі күшейген, керегіміз көбейген кезімізге жауап беру қажет дегіміз келеді.

Ә.Ипмағамбетовтың осы мақаласында атап айтпасқа болмайтын бір елеулі қате бар. Ол өзі салынып, зерттемей, анық білмей тұрып-ақ біздегі көркем аударманың бүкіл бұрынғы барын, көп жылдық дәстүрін жоққа шығарған. «Көркем аударма жөнінде біздің ертеден қалыптасып белгілі бір арнаға түскен дәстүріміз жоқ, ол біздің мәдениетіміздің жаңа саласы.

Көркем әдебиет шығарманың қазақ тіліне аударыла бастағанға не бәрі жиырма жылдай уақыт өтті. Онда да осыдан төрт-бес жылдан арғы жердегі аудармалардың көпшілігі аударма деуге жарамайтын «шалғай бірдемелер болған», — дейді ол.

Біздіңше бұл жауапсыз жасалған қорытынды! Көзді жұмып жәберіп, мәдениетіміздің аса бір елеулі де, күрделі саласының бүкіл тарихын бір-ақ сызып өшірген де тастаған. Бұдан кейін ол «отызыншы жылдары шыққан аудармалар мағынасы мен көркемдігі, стилі жағынан түпнұсқаларына сүлдем ұқсамайтын, көркем айдарманың принциптеріне қай жағынан де қайшы келетін құнсыз аудармалар болатын», — деп бәрін сыпырып тастайды.

Сонда Ә.Ипмағамбетовтың айтуынша, көркем аударманың күні бүгінге дейін ешкім аса алмай келе жатқан және бұдан былай да тамаша нұсқасы болып қала беретін өшпес туындыларын берген ұлы Абайдың салған жолы мансұқ болғаны ма? Сонау арғы заманғы шығыс әдебиетінен аударма арқылы келіп құйылып жатқан үлкен арнаны былай қойғанда ұлы орыс әдебиетінің мұраларын аударудың, ұласа жалғасып келе жатқан игілікті де ұлы дәстүрлің елеусіз қала бергені ме? Қазақтың театр өнерін соншалық биік сатыға көтеріп, оның дүние жүзілік мәңгі тақырыптары – Мольердің, Шекспирдің, Шиллердің, Гогольдің, Островскийдің және де басқа ұлы драматургтердің пьесаларын игеруде тікелей себепші болған. Гогольдің, Толстойдың, Тургеневтің, Горкийдің және де т.б. жазушылардың аудармалары, Ипмағамбетовтың сөзімен айтқанда құнсыз аудармалар« болғаны ма?

Аудармаға көп еңбек сіңірген Қадыр Тайшықов болса, сол жылдары Гогольдің «Өлі жандарын» және де тағы басқа көп шығармаларды аударды. «Өлі жандар» романының осы аудармасын елуінші жылдардың бас кездерінде Ипмағамбетовтың өз қолынан шыққан аудармасымен салыстырылып, арнайы ғылыми талдау жасаған филология ғылымдарының кандидаты С.Талжанов «Көркем аударма туралы» деген кітабында «Тайшықов пен Ипмағамбетовтың аудармаларының арасында ешқандай айырма жоқ, редакция ғана бар» — деген қорытындыға келеді. Демек бұл фактінің өзі де отызыншы жылдардағы аудармалардың бәрі бірдей «құнсыз» болмағандығын дәлелдейді. /26.101/

Біздің пайымдауымызша, бұл екі аударманың салыстырылуы әбден дұрыс деп санаймыз. Бұл екі аудармашы, яғни Қ.Тайшықов пен Ә.Ипмағамбетовтың Гогольдің «Өлі жандарындағы» аудармасында айырмашылық бар деген пікірге келеміз. Егер де түбегейлі зерттеп қарасақ екі аудармашының да қатесі өткендей Қ.Тайшықов қатты «қазақылап» жіберсе, енді Ә.Ипмағамбетов Гогольдің сөзін дәл беремін деп аударма сіресіп шыққан, онымен қоймай, кейбір тарауларында Тайшықовтың сөзін көшіре салғандығы көрінеді.

Жазушымыз Қ.Тайшықовтың Гоголь сықағына таяу тұрғанын бұдан бұрын да дәлелдеп өттік. Енді айтатын жайт – аударманың балаң үлгісі жоқтықтан, мәдениеті жетіспегендіктен талай шалағайлықтарға ұшыраса да, ол Гогольдің негізгі ерекшелігін, биязы сықағын, ащы мысқылын өз шамасына тәуір берген жазушы. Олай етуіне себеп болған да оның өз басындағы қасиеттің Гогольге жақын тұрғандығынан деп білеміз.

2.3 Кейіпкерлер есімдерінің аударылу ерекшелігі

 

Бұл мәселеде Гоголь белгілі бір принцип ұстаған. Кейіпкерлер көбіне шыққан тегіне, іс-әрекетіне, мінез-дағдысына қарай аталған. Олардың аты мен жаратылысында өзгеше бір сөйкестік пен өзара үйлесімділік сақталып отырған.

Мысалы, «Өлі жандар» поэмасындағы Чичиковтің аты-жөні оның іс-әрекетіне лайық қойылған. Ол — тек сөздің адамы. Өзіне пайдасы тиетін кісіні тілімен арбап, алдап, тіпті ол көбінесе дауыс көтеріп, қорқытуға дейін барып, өз мақсатына жетіп отырған. Чичиков деген фамилияның өзі сол адам туралы біраз анықтама береді.

Қазақтың бұрынғы өдебиетінен, орыс жазушыларынан үйрене отырып, жазушыларымыз сықақты күлкілі, әсерлі етудің көптеген тәсілдерін игерді.  Ең алдымен,  олар,  классик сатириктер құсап, сықақ әңгімелерде  кейіпкерлердің  аты-жөнін  күлкілі,   келемежді  етіп  қоятын  болды.   Н.В.Гогольден  Собакевич, Свиньин,   Коробочка,   Харпакин,   Трелакин,   А.П.Чеховтан Пустяков, Трамблин, Спичкин, М.Е. Салтыков-Шедриннен   Дерунов,   Брудастый, , Двоекуров,   Троекуров,   Томилкин   дегендерді кездестірдік.

Шындығында, қазақ әдеюиетінде Гоголь кейіпкерлеріндей іс-әрекетіне, жүріс-жорығына, ішкі мазмұнына үйлестіріле қойылған аттар бар. Олардың   қатарына Б.Майлиннің «Қызыл жалау» романындағы Қарғабай, Төбет,    «Қоңсылар»   романындағы   Боқбасардың, С.Адамбековтің  «Атылған   қыз  туралы   аңыз»   роман-сатирасындағы Жаманқара мен Сыбанның, Б. Қыдырбекұлы әңгімелеріндегі Жыпбике, Ызбаркүл, Босаңбай, Қосайтар, Тұзақтардың және С. Әлжіковтің «Мен кеттім су түбіне» повесіндегі   Тастесер   Қықовтың   аттарын , жатқызуға   болады.  Олар   кейіпкердің   іс-әрекеті мен жаратылысына лайық   қойылған.   Аталған   шығармалардың   оқиғаларының  өрбуі   арқылы және кейіпкерлердің   арасындағы   байланыс,      қақтығыстардың нәтижесінде солардың аттары өзіне сөйкес қойылғанын дәлелдеп   шығады.   

Кейіпкердің   аты   оның   сыртқы   пішініне   де лайықталып қойыла береді. Мысалы, Гоголь Пуговицин, Коробкин, Коробочка, Люликов, Гибнер, Яичница, Анучкин, Жевакин, Курочка деген кейіпкерлерінің аттарын осылайша сыртқы бітім-пішіміне сәйкес етіп таңдап алған.

Гогольдің біраз кейіпкерлерінің аттары кәсібіне лайық етіп қойылған. Айталық, Кочкарев, Утешительный, Ихарев, Глов, Ноздрев, Манилов, Тентетников, Муразов, тағы басқалар.

Мысалы:  Маниловты суреттегенде Гоголь «Один 10 г разве мог сказать, какой был характер Манилова. Есть род людей, известный под имененм». Люди так себе, ни то ни се, ни в городе Богдан,  ни в  селе Селифан» мақалды қолданған, оны Тайштков: «оны көрсе оны сақ, мұны көрсе мұны сақ, терекі менен қарасақ- дерліктей де адамдар болады», ал Ипмагамбетов 1955-1956-1958 жылы: қаладағы Богдан да емес, селодағы Селифон да емес деп аударған.

Жоғарыдағыны қорыта келе айтарымыз:

  1. Белгілі бір реңсіз берілген сеттарды аудармасыз алу керек.
  2. Мағынасы бар есімдерді аудару керек.
  3. Мақал – мәтел, тұрақты сөз тіркестерінің құрамына кірген есімдер түсіріліп кетеді.
  4. Кейіпкер мінезін көрсетуге арналған сөздерді аудармасыз алынады, бірақ сілтемеде мағынасы анықталған.
  5. Кейіпкердің мінезінің кейбір қасиеттерінің ашатын өлеңдер сөзбе – сөз немесе мағынасы жуықталып аударылады.
  6. Славянизмдерді аударғанда араб – парсы элементтерін кеңінен пайдалану.
  7. Архаизмдерді аудару, әрине қиын, бірақ Севанколикинның айтуынша «при переводе архаических текстов…» по возможности воссоздать на совремменом языке текст подменника… слегка архаизируа то, что и для них было старамодно, передовая обычном языком то, что было обычном для тогдашнего читателя, допуская некоторые языковые новшества там, где в свое время текст подлинника мог покоються новоторским»

Гогольды тек қана оның шығармашылық құпияларын ашқан, стиль жағынан онымен сарындас қана аудара алады.  Бүгінгі таңда әдебиетіміздің өскіні соншалықты аударманы кез келген адам емес, кәсіби мамандар жасайды. Гоголь енді шет тілді емес, қазақ жазушысы  ретінде танылады./15.8/

Тізе берсек, сатиралық образ жасаудың бір тәсілі боп есептелетін кейіпкерлерге ат қою төңірегінде әлі де көп нәрсе айтуға болады. Жоғарыдағы мысалдардың өзінен-ақ қазақ сатирасында иесін әшкерелеп тұратын небір жақсы аты-жөндердің бар екендігі байқалады. Осы орайда, қазақ сықақшыларының Гогольден біраз проблемалық үлгілерді үйрене білгені анық.

Сатиралық образ жасаудың екінші бір басты әдісі — кейіпкердің іс-әрекетін, жүріс-жорығын, әдет-дағдысын суреттеу арқылы оның кім екенін ашу. Кейіпкердің атын оның болмысы мен жаратылысы не әдет-дағдысы туралы берілер қысқаша дерек деп қарастырсақ, іс-әрекет, қозғалыс, даму кезінде және басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасы, байланысынан образдың барлық қасиеті ашық көрінеді. Жасырын қулық-сұмдығының өзі де іс-әрекет процесінде әшкереленетін болады. Сондықтан да кейіпкердің іс-әрекетін шындыққа жанасымды, өмірде болатындай сенімді етіп берудің маңызы зор. Жекелеген образдардың мәні ғана емес, белгілі бір дәуірдің тарихи шежіресінен бастап адамдардың тағдыры, өмір тіршілігіне дейінгі үлкенді-кішілі процестердің барлығы да сол объектілердің іс-әрекетінен, даму, қозғалысынан анық көрініп отырған. Мысалы, Н.В. Гогольдің «Өлі жандар» поэмасындағы не «Ревизор» комедиясындағы кейіпкердің іс-әрекеті, дағдысы өздеріне ғана тән ерекшеліктерді емес, самодержавиялық Россияның да тарихи ішкі қайшылықтарын біліп, сезінуге көмектесіп тұр. Кейіпкерлер іс-әрекетінің екінші бір маңыздылығы осында деп білеміз.

Екі дәуірдің сатиралық кейіпкерлерінің іс-әрекетін салыстырмас бұрын, мынаны айтуымыз керек. Пролетариат табының ұлы көсемі В.И.Ленин Гоголь кейіпкерлерінше іс-әрекет жасайтын партия жауларын әшкерелеп отырған. Мысалы, ол «Иван Ивановичтің Иван Никифоровичпен қалай араздасқаны туралы повесіндегі» екі Иванның образын Столыпин және Маклаковпен салыстыра келіп, былай дейді: «Кто кого изобличил в конце концов в демагогии, — не известно. Но известно, что, когда два вора дерутся, от этого всегда бывает некоторая польза».

«Өлі жандар» поэмасындағы Чичиковтің іс-әрекеті аса күрделі. Белгілі бір обьектідегі көздегенін нысанаға тигізу үшін жап-жатық тірлік жасайды. Оның барлық қадамы алдын-ала ойластырылады, нәтижесінде мақсатына жетеді. Іс-әрекет адам характерінің көрсеткіші десек, Чичиковтің тірлігі, әдет-дағдысы оның қу әрі залым екенін аңғартады.

Гоголь шығармашылығынан елеулі орын алатын образдың бірі «Ревизор» комедиясындағы Хлестаков. Мұның да өзіндік болмысын ашуда оған өзіне ғана лайық іс-әрекет беруге, жүріс-жорығын, әдет-дағдысын тереңінен ашу тәсіліне көп көңіл бөлінген.

Сатиралық образ жасаудың екінші бір басты әдісі — кейіпкердің іс-әрекетін, жүріс-жорығын, әдет-дағдысын суреттеу арқылы оның кім екенін ашу. Кейіпкердің атын оның болмысы мен жаратылысы не әдет-дағдысы туралы берілер қысқаша дерек деп қарастырсақ, іс-әрекет, қозғалыс, даму кезінде және басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасы, байланысынан образдың барлық қасиеті ашық көрінеді. Жасырын қулық-сұмдығының өзі де іс-әрекет процесінде әшкереленетін болады. Сондықтан да кейіпкердің іс-әрекетін шындыққа жанасымды, өмірде болатындай сенімді етіп берудің маңызы зор. Жекелеген образдардың мәні ғана емес, белгілі бір дәуірдің тарихи шежіресінен бастап адамдардың тағдыры, өмір тіршілігіне дейінгі үлкенді-кішілі процестердің барлығы да сол объектілердің іс-әрекетінен, даму, қозғалысынан анық көрініп отырған. Мысалы, Н.В. Гогольдің «Өлі жандар» поэмасындағы не «Ревизор» комедиясындағы кейіпкердің іс-әрекеті, дағдысы өздеріне ғана тән ерекшеліктерді емес, самодержавиялық Россияның да тарихи ішкі қайшылықтарын біліп, сезінуге көмектесіп тұр. Кейіпкерлер іс-әрекетінің екінші бір маңыздылығы осында деп білеміз.

Екі дәуірдің сатиралық кейіпкерлерінің іс-әрекетін салыстырмас бұрын, мынаны айтуымыз керек. Пролетариат табының ұлы көсемі В.И.Ленин Гоголь кейіпкерлерінше іс-әрекет жасайтын партия жауларын әшкерелеп отырған. Мысалы, ол «Иван Ивановичтің Иван Никифоровичпен қалай араздасқаны туралы повесіндегі» екі Иванның образын Столыпин және Маклаковпен салыстыра келіп, былай дейді: «Кто кого изобличил в конце концов в демагогии, — не известно. Но известно, что, когда два вора дерутся, от этого всегда бывает некоторая польза».

«Өлі жандар» поэмасындағы Чичиковтің іс-әрекеті аса күрделі. Белгілі бір обьектідегі көздегенін нысанаға тигізу үшін жап-жатық тірлік жасайды. Оның барлық қадамы алдын-ала ойластырылады, нәтижесінде мақсатына жетеді. Іс-әрекет адам характерінің көрсеткіші десек, Чичиковтің тірлігі, әдет-дағдысы оның қу әрі залым екенін аңғартады.

Гоголь шығармашылығынан елеулі орын алатын образдың бірі «Ревизор» комедиясындағы Хлестаков. Мұның да өзіндік болмысын ашуда оған өзіне ғана лайық іс-әрекет беруге, жүріс-жорығын, әдет-дағдысын тереңінен ашу тәсіліне көп көңіл бөлінген.

Хлестаковтың іс-әрекетін, әдет-дағдысын еске түсіретін образдар бізде де бар. Гоголь тәрізді қазақ сатириктері де жағымсыз кейіпкерлерге сатиралық сипат беріп, олардың жан-дүниесінде жасалатын қылмыстарды іс-әрекет арқылы әшкерелеуге айрықша мән береді.

1932 жылы Тайшықов: Собакевичті Итбаев, Свиньинді — Шошқабаев,    Ноздревті — Тұмсықов,    Коробочканы — Қобди келіні деп аударса, ал 1936 жылы бәрін де түгел  орысша алыпты. Алдыңғысы  қандай   сыңаржақ болса, кейінгісі де сондай сыңаржақ әдіс. Өйткені Коробочка мен Свиньинге Гоголь шұқшимайды, оларды ескіден қалған жұрнақ — кличка есебінде ат үсті айтыл кетеді де, мына Ноздрев пен Собакевич  аттарына сай мінездеме береді, осы жерін аңғару керек еді. Мысалы: «…есть много на свете таких лиц, над отделкою которых натура недолго мудрила… но просто рубила со всего плеча: Хватила топором раз — вышел нос, хватила  в другой — вышли губы, большим сверлом ковырнула — глаза и, не оскобливши, пустила на свет, сказавши: «живет»! Шеей не ворочал вовсе — медведь!.. Никакого прямодушия, ни искренности!   Совершенный  Собакевич!..»  дейді.  Біздің оймызша, Собакевич төрт аяқтының тура өзі! Гогольдің осы ойын беру үшін Собакевичті аудармай мақсат орындалмайтын тәрізді.

Енді Гогольдің Ноздревке берген мінездемесін оқылық: «…Чуткий нос его слышал за несколько десятков верст… он уже в одно мгновение ока был там, спорил, заводил сумятицу… и наврет без всякой нужды…» дейді. Осы сөздеріне қарағанда екі иығынан демін алып, танаурап жүрген жан сияқты емес пе? Нағыз Танаубайдын өзі ғой!

Бәрімізге де белгілі Даниэль Дефо жазған «Робинзон Крузодағы» «Пятница» орыс тіліне аударылған ат. Осы аттың аударылуынан классикалық ұлы шығармаға зақым да келіп тұрған жоқ.

«Қоробочканы» Қобди келіні»-деп аударудың екінші бір қате жағы бар, ол алғашқы Коробочканың (қобдидың) келіні ме, қызы ма, әйелі ме, қарындасы ма белгісіз ғой. Аударушы түгіл бұл жәйтті Гогольдін. өзі де білмеуі мүмкін. Өйткені ескі замандағы лақап ат (кличка) Гоголь дәуірінде ұмытылып та кетуі кәдік. Сондықтан мұндай жерде сақтанған жөн. Қорыта айтарымыз аударғанда баламасын табу керек. Ұлттық колоритты беру сыртқы әрпін сақтау емес, немесе ауа жайылу да емес. Автордың негізгі ойын — оның күлдіргі-сатиралық мақсатын ашу керек. Әрине, «Плугин», «Журавлев» тәрізді фамилияларды аудару керек демейміз. Автордың дыбыс екпіні түсіп түрғандарын аудармай болмайды.

«Григорийді» «Күргірей» деуі аудару емес, үндестік заңына бағындыру, өткен заманда ауыл арасында солай айтылғанын анықтау ғана. Ипмағамбетовтың аударуға әрекет жасауында сол Гоголь сықағын түсінгендік бар. Әрбір жаңалық бірден қалыптаса қоймайды, көңілге ұйып, құлаққа сіңу керек. Әрине, Ипмағамбетовтың 1955 жылы: «Петр Савельев құрметтеме Астау; жүрсе жете алмас Григорий» деуінен көрі 1956-1958 жылдары келіп: «Петр Савөльев Астау сыйламас; жете де алмас, жетпей де, қоймас»- деп аударғанда Гогольдің дыбыс екпінін, сығағын беруге таянғандық бар.

1932 жылы шыққан «Өлі жандарға», 1936 жылы сын жазылды. Сол сында Гогольдің «Ноздревін — Тұмсықов, Собакевичін — Итбаев» дегені туралы айта келіп «мін» тақты. Ол сынға 1936 жылы Қ. Тайшықов жауап берді, сонда: «…Мазақ ат берудің үстіне атын типтің табиғатымен, мінез құлқымен байланыстырады. Бұл фамилияларды аударған кезде (1930 жылы; дейді Тайшықов) мен аудармай алсам Гогольдің ат қоюдағы мақсатын оқушыға жеткізе алмай қалам деген пікірде болды. Ал өзге автордың жай қоя салатын «Журавлев, Плугин» деген аттарын мен «Тырна баласы» «Соқа баласы» деп аударған да емеспін, аудара алмаймын да… дейді. Осылай айта келіп, Тайшықов Гогольдің өз сөзін келтіреді. Екі әйелге қойған аттарының себебін айтады. Мысалы, біреуін: «Приятная дама во всех отношениях» десе, екінішісін: «Просто приятная дама» дейді. Олардың мінезін, қимылын да солай суреттейді. Бұларды Тайшықов: «бар қылығы сүйкімді әйел», «жай сүйкімді әйел» деп аударса, Ипмағамбетов 1955 жылы Тайшықовты көшіре салады да, ал 1956-1958 жылдары: «барлық жағынан бірдей сүйкімді ханым», «жай сүйкімді ханым» деп өзгертеді. Осы редакциясының өзінде де, үлкен екі хате бар, біріншіден: «Дама» ханым емес, қазақша ханымның этимологиялық мәнісі басқа, ол ханның әйелі. Екіншіден: Гогольдің дыбысы «ханым» түгіл «әйел» деуден де алыс жатыр, автордың дәл ойы екеуі де өсекші «қатын» еді деудің қасында тұр. Осы әйелдердің аттарына байланысты Гогольдің астарлы ойын түсінген Басыйров татар тіліне: «һәр яқтан сөйкемлі дама»: «Болай ғына сөйкемле дама» деп атаған. Чеховтың «Дама с собачкой» атты әңгімесін 1936 жылы Әшім Омаров: «Қанден еріткен дама» деп ау-дарса, Әбдіжәміл Нүрпейсов: «Қанден ерткен келіншек», деп аударды. Осылардың бәрі де ханьшды біліп отыр. Ендеше автордың ой ырғағын, дыбысын аңғарып, соны жеткізу керек.

Осы екі текстің Жалпы алғанда, айырмасы шамалы, мысалы: «есть род людейді» Тайшықов: «адам баласының ішінде» десе Ипмағамбетов «Адамдардың ішінде»-дейді. Тайшықов «Задорды» «құмары» десе, Ипмағамбетов: «ынтығы» дейді. «В первую минуту, деген сөзді Тайшықов «қапелім» десе, оны Ипмағамбетов «ә, дегенде» деп аударады; әрі қарай, «приятный и добрый» деген сөзді «ақ көңіл, сүйкімді» десе «сүйкімді, мейірбан» дейді.

Осы бір кісі аттарына  көп  тоқталуымыздың  себебі бар, өйткені үнемі таласқа түсіп келеді. 1957 жылы «Көркем аударманың кейбір мәселелері» деген мақаласында Әнуар Ипмағамбетов:  «Собакевич пен Ноздрев — Тамбов пен Рязанның помещиктері болмай, Тайсойғанның Итбаевы мен Танауовы болып шықты» дейді. Бұл жоғарыдағы келтірілген Тайшықовтың сөзіне берген жауабы еді. Ізденудің жолында мұндай айтыстың болуы заңды. Осы женінде заманымыздың ақыны, беделді аударушысы С. Маршактың сөзін келтірейік: «Нельзя перекрашивать писателя другой эпохи в цвет своего времени — это было бы фальсификацией, подделкой, однако художественный перевод — не нотариальный. Он не бесстрастен. Вшшательный глаз читателя и критика всегда уловит в нем пачерк века, почерк поколения,. индивидуальный почерк чпоэта-переводчика»- дейді. /27.41/

«Атай кететін бір қызық жай: ұлан-байтақ кең дала мен базистердің, адыр-қырқалар мен таулардың, шоқы тебелер мен сай-салалардың, жел мен дауылдың, найзағай нөсердің, шыжыған шілде мен теңіздей толқынданған дала селеуінің пейзаждық көріністерін, қазақ өмірінің әдет-ғұрпы мен тұрмыс салтының суреттерін барлык аударушылар да сәтті шығара алған. Мұндай ерекше сәттіліктің себебЛ, сірә, басқа себептермен қатар Дон қазақтары мен біздің қазақ ауылдарының табиғат ұқсастығынан, тұрмыс салттарының ұқсастығынан да болса керек… Сонымен бірге бейнеленіп отырған шынайы өмірдің асылына, сырына, қатпар-қыртысына қанық болу аударманың тағдырын шешетін ең басты шарт…»- дейді Мұхамеджан Қаратаев. /28.337/ Сыншымыз осы ойды Шолоховтың «Тынық Дон» атты романының қазақ тіліне аударылуы жөнінде айтқан болатын, біз де осы пікірді толық қуаттаймыз. Көшпелі қазақ елінде, диханшылықты, өндіріс орындарында еңбек етуді кәсіп қылмаған анайы елде «ұйықтау», «жату» етістіктерін неше саққа жүгіртіп құйқылжытуға мүмкіндік бар еді. «Жатуды, ұйықтауды»-тоғшарлықты әдейі шенеп, крепостнойлық дәуірдің арамтамақтарын әшкерелеп тұрған Гогольдің ойын бермей, сөздеріне жармасудың қажеті жоқ-ақ, өйткені бұл «Завалишин, Полежаев, Сопиков, Храповицкийлер» аударылуға өздері сұранып тұрған сөздер. «Хованский» де солармен тектес, өйткені, пара алу, пара беру жөнінде де біздің тілде етістіктер аз емес. «Қымқыру, жымқыру…» тағысын-тағы толып жатыр.

Тұжыра айтсақ автордын сөзін емес, ойын аудару керек. Мысалы: «оказалось в третьем ряду уселись рядком литераторы, фамилии которых, по странной случайности, имели прямое отношение к обуви.

— Смотрите, Калошин, Лаптев, Башмаков, Каблуков. А вон, там, подальше Георгий Чулков с Николаем Носковым. А сбоку у самого края Сапожников! Но почему же, скажите на милость, не пришел Голенищев? дейді Анненский. Бұл Владимир Галактионович Короленконың досы. «Түйенің тілі шығып жылқы туралы сөйлесе, онда түйе жылқыға еріксіз өркеш бітірер еді»- дейтін Анненскийдің осы өткір сөзін М. Горький де үнемі аузынан тастамаушы еді»-деп Корней Чуковский келтіреді. Осы фамилиялар аударылмаса Анненскийдің сықақ әзілі, ойының тиегі ашылмай қалар еді. Тағы бір мысал: «Бывало, выйдет сатирический роман с похождением какого-нибудь пройдохи вроде известных похождений Совестдрала Большого — Носа,- роман, в котором уже самые имена действующих лиц — Ухорезовы, Надуваловы, Шлюхины, Правосудовы, Беспристрастовы, Бескорыстины, Миловидины, Правдолюбовы и т.п.- десе, міне бұл фамилияларды да аудармай Белинскийдің ойын қазақ оқүщыларына жеткізу қиын.

Ендеше, үлкен шығарманың ішінде кездесетін түрлі қиыншылықтарды жеңу ушін, автордың ойын — өмір шындығын өз оқушыңа жеткізу үшін, оның ерекшелігін қамту керек. Біздің ойымызша осы ерекшеліктер санына кіретіндер, негізінен алғанда, мыналар:

  1. Орыс тілінде кездесетін кісі аттары, фамилиялар:

а)   Ефим,  Иван, Осип,  Аксинья,  Наташа,  Чичиков, Петров, Абдуллин т. б. бұларды ез қалпында алу керек.

б)   Неуважай корыто, Доезжай — не доедешь, Сопиков, Храповицкий, Хованский, Ноздрев, Собакевич (Гогольде), Овсов (Чеховта), Калошин, Лаптев, Башмаьрв, Каблуков,   Чулков,   Носков,    Сапожников,   Голенищев, (Анненскийде), Ухорезов, Надувалов, Шлюхин, Правосудов, Беспристрастов, Бескорыстин, Миловидин, Правдолюбов   (Белинскийде) — бұларды аудару керек. Өйткені осы аттар кейіпкердің мінез-құлқын ашу үшін керек болған аттар, бұларды аудармаса автордың негізгі ойы жетпей қалады.

  1. Кейіпкердің тұлғасын көрсету үшін автор әдейі колданатын теріс сөздер, олақ өлеңдер болады. Мысалы — «Росея» (Россия), анжинер (инженер), Ксандрейка (Александрейка), Ибери башка (убери голову), донкишотство (донкихотство), Фетюк (орыстың Фита — ө — әрпінен алынған өрескел мағынаға айналған сөз) т. б. Міне бұларды өзінше алып түсіндіре кету керек. Кейбір олақ өлеңдерге өзіміздің:

«Әрияйдай» деген соң әрияйдай,

«ақ серкенің мүйізі қарағайдай» да жарап жатыр, ал кейбіреулерін дәл сөзбесөз аударса да олақ шығуында күмән жоқ, ейткені «буквальность не есть близость, а только несобразность»-деген ғой Н.Г.Чернышевский. 3.Славянизмдерді келтіргенде автордың негізгі нысанасы олардың текстен өзгеше тұруында, кейіпкердің кім екендігін ашып керсетуінде. Ендеше казақ тіліне аударғанда да олардың «мен мұндалап» оқшау тұруы жөн. Славянизмдерді аударудың қиын екенін Мұхтар Жанғалин да көрсетіпті.

Әрине, оңай емес, бірақ «При переводе архаических текстов… по   возможности   воссоздать   на современном языке текст подлинника, слегка архизируя то, что и для них было старомодно, передавая обычным языком то, что было обычньш для тогдашнего читателя, допуская некоторые языковые новшества там, где в свое время текст подлинника мог показаться новаторским…»-деген Иван Кашкиннің   пікіріне   қосылмауға   болмайды.   Қысқарта айтқанда өз тіліміздің ескі қорында бар араб-фарсы сөздерінен тап осы жөнде жерінбеу керек. Мысалы, Иуда Головлев — Жөйт Головлев, немесе Яһуда Головлев болуы мақұл. «Жөйт» те, «Яһуда» да жағымсыз кейіпкер есебінде біздің бұрынғы халық ұғымына ескі қысалар арқылы сіңген болатын.

  1. Диалектизмдерді аудару біздің тілде әзір орын тепкен жоқ. Мысалы, Сібір, Новогород, Еділ бойындағы говорларды, олардың «аканье, оканье», «чоканьесін» аудару мүлде мүмкін емес, өйткені тіл ғалымдары қазақта диалекттер бар дегелі талай заман етсе де, бұл әлі зерттеліп бір арнаға түскен жоқ, оның бер жағында біздегі диалекттер орыс тіліндегі диалекттердің маңайына да бара алмайды.
  2. Идиомаларды, мақал, мәтелдерді аударуда үш түрлі әдіс бар тәрізді: а) ескі антик дәуірден қалған, дүние жүзіне белгілі идиомалар бар: «ахиллесова пята», «буриданов осел», «дамаклов меч», «прокруство ложе», «вавилонское столпотвореңие» т. б. Міне бұларды дәл аудару керек те түсінігін беру жөн.

б) Ұлттық шеңберде ғана жасалған, басқа елге мәлім емес идиомалар бар. Мысалы «По Сеньке шапка», «тришкин кафтан», «точить лясы» (балясы), «попасть пальцом в небо», «у разбитого корыта», «Рыбак рыбака — видит из далека», «Шила в мешке не утаишь», «Волка бьют не за то, что он сер, а за то что он овцу съел» т. б. Мұндай идиомалар әр ұлттың тілінде де бар. Қазақша «Қап түбінде біз жатпас», («Шила в мешке не утаишь»), «қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрады», («Волка бьют не за то, что он сер, а за то что он овцу съел), «Қуға қу намазшамда кез болады» («Рыбак рыбака — видит из да-лека»), «Сабасына қарай піспегі» (По Сеньке шапка) тағысын тағылар.

Ендеше бұлардың кей біреуін әрбір ұлт тілінде қалыптасқан балама идиомалармен беруге болады екен, ал кейбіреулерін аудару керек те, бірақ мәтелдігін бұзбау жөн, мысалы, «қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрады»- деу бұрын біздін тілде жоқ — қазір аударылып отыр ғой. Мұның кейін мәтел болып қальщтасатыны даусыз.                  

в) Әр ұлттың  өз тілінде сақталған  идиомалар,  алғашқы жасалған кезіндегі тарихы көне тартып, қазір енді дәл мағнасы өз тілінде де өрескел көрінеді, бұларды балама арқылы іздеп табу керек, аударуға болмайды. /11.115/

Әнуар Ипмағамбетов бұл мақаласында мағыналы есімдердің аударылу, аударылмауы туралы да тым қатал кесім айтып, оғаш сөздерге барған. «Ағылшын лорды мен Американың банкиріне, орыстың дворяндары мен «мұжықтарына» қазақтың саптама етігі мен шапанын, тоны мен тұмағын кигізу көркем аударманың сол тұстағы «салты» болған. Тіпті, Гогольдің Собакевичтері мен Ноздревтары да Итбаев пен Танауовтар болып аударылған. Аттарын өзгерткендерімен қанағаттанбай, өздеріне қазақтың саптама етігі мен шапанын кигізіп, қазысы мен шұжығын жегізіп, көжесін ішкізіп койған соң, Собакевич пен Ноздревтар Тамбов пен Рязаньның помещиктері болмай, кешегі «Тайсойғанның» Итбаевтары мен Танауовтары болып шыққан. Әрине, бұлар окушылардын, эстетикалық сезімін аздыратын төмен қолды, құнсыз аудармалар екенінде сөз жоқ»,- дейді ол. Қысқасы, Ә.Ипмағамбетов мұндай мағыналы есімдерді аудармай, сол күйінше алу керек дегенді айтады. Мұны қарақалпақ ғалымы А. Жақсыбаев та қолдайды.

Собакевич пен Ноздревтардың Итбаев пен Танауов болып аударылуы «оқушылардың эстетикалық сезімін аздырады» деу, әрине, тым оғаш та қатал айтылған кесім. Аудармашыға олай деп кінә тағу жөн емес. Ал бірақ әдебиетте көп ұшырайтын мағыналы есімдерді, әсіресе, Собакевич пен Ноздревтар сияқты кейіпкердің мінез-құлқын, хайуандық сипатын көрсетіп тұратын есімдерді аудару-аудармау принципіне келетін болсақ, ол туралы Ипмағамбетовқа қарсы дау айтуға болады.

Ең алдымен, осылай етіп ат қою автордың ұнамсыз кейіпкерді әшкерелеу үшін әдейі қолданған құралы, сатиралық тәсілі емес пе? Егер олай болса, бұл есімдерді аудармай сол күйінше қалдырғанда, түп нұсқаның тілін білмейтін оқушылардың алдында автор көп ұтылмай ма? Орысша білмейтін адамға Собакевич болсын, Иванов болсын, бәрібір ғой. Әйтеуір екеуі де есім. Ал егер Игілік демей, Итбай десе және оған қосымша оның иттігін сыпаттайтын түрлі іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары өткір суреттеліп жатса, оқушы атвордың айтайын деген ойын әлдеқайда терең түсінеді.

Сондықтан аудармада авторды сатиралық тәсілінің осындай әдейі қолданған құралынан айырудың жөні жоқ. Өйткені, мұның өзі де түпнұсқаның рухын бұрмалағандық болады. Автордың белгілі мағына беріп, астарлы мысқылмен айтқан сөзін оқушының алдында мағынасыз еткендік болады.

Аудармада мағыналы есімдерді лайығына қарай аударып алу тәжірибесі орыс әдебиетінде де, барлық советтік туысқан елдердің әдебиетінде де, шетел әдебиетінде де молынан кездеседі. Бұл көбінесе сатиралық шығармалардың кейіпкерлеріне тән нәрсе. С. Талжанов өзінің жоғарыда айтылған «Көркем аударма туралы» кітабында «Өлі жандар» романының аудармасына байланысты осы мәселеге арнайы тоқтап өткен. Ол Гогольдің «Үйлену» атты пьесасын өзбек жазушысы Абдулла Қаһһардың аударғандағы колданған тәжірибесін (ол сатиралық мағына беретін есімдерді аударып алған) қазақ жазушылары Мәжит Дәулетбаевтың, Әнуар Ипмағамбетовтың, Әбдірашит Ахметовтың аударғандағы тәсілдерімен салыстыра отырып, мұндай есімдерді автордың әдейі ойнататын жерлеріне келгенде («Яичницын — Собачий сын», «Овсов — Лошадиная фамилия» деген сияқты) қай аудармашының қаншалық шеберлік көрсеткенін және қайсысыныкі дұрыс екенін ашады. Сөйте келіп ол ақырында «қысқартып айтсақ Гоголь кейіпкерлерінің аттарын кейде аудару қажет деген пікірді қолдаймыз» деп қорытынды жасайды.

Мұны біз де мақұлдаймыз. Тек кана жалғыз Гогольдің кейіпкерлері үшін емес, жалпы сатиралық шығармаларды аударғанда, автордың әдейі сатиралық тәсіл ретінде мысқылмен мағына беріп қолданған жерлерінде есімдерді аударып алу әдісін қолдану керек. Бір аша кететін нәрсе — қазақтың аударма тәжірибесінде қолданылып жүргеніндей, Собакевич болса — Итбаев деп, Овсов болса — Сұлыбаев деп, қалайда «бай» дегенді қосу міндетті ме? Манағы Ипмағамбетов айтқан «қазақтың тоны мен тұмағын кигізу», біздіңше, осында жатқан сияқты. «Байды» қоспай-ақ қазақша мысқылдық мағына беретін есім қоюға болады ғой. Және осы жерде, түпнұсқаның ұлттық сипатын сақтаймын деген адамға ептеген мүмкіншілік те табылатын сияқты. Мәселен, Иткин, Иттұда, Итперзент, Итақ, Төбетақ, Шошеке» деген сияқты болып келсе дер едік. Әрине, бұл жерде де аудармашының тапқырлығы, творчестволық ойының жүйріктігі шешеді.

 

Қорытынды

 

      Біздің бұл жұмысымызда қазақ әдебиенінің үлкен бір саласы болып табылатын көркем аударманың ұзақ жылдық тарихынабайланысты материалдарды қарастырдық: аударма әдебиетінің, яғни оның шеберлігі мен кемелденуінің өсу жолдарын көрсетуге тырыстық.

      Қазір бізде көркем аударманың белгілі дәрежеде қалыптасқан дәстүрі мен алуан тамаша үлгілері бар. Аударма мәдениеті барған сайын өсіп, шеберлігі артып келеді.

      Аудармашылық – нағыз шығармашылық өнер.Ол әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Аудармашы екі тілді жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуы тиіс.Аударма сапасы оның талантына, біліміне жалпы мәдени дәрежесіне  және тәжірибесіне байланысты.

      Көркем аударма туындылары қазақ әдебиетінің өз мүлкі, өз табысы. Сол себептен де жұртшылық әрқашан оның жақсысына сүйеніп, жаманына күйініп отырады.

      Қазақ тіліне аударма XVII-XVIII ғасырларда араб, парсы, шағатай тілдерінен ауысқан. Таза қазақ тілінде аударма тәрбиесі XIX ғасырдың екінші жартысында Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясынан» орын алған. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді. 1882 жылдары орыс классиктерін Абай аударған. Сондай-ақ аударма әдебиетінің еркін өсуіне әсереткен бірінші  жеңілдік- ауысу, араласу арқылы ортақ сөз, ортақ ұғым көдейеді. Екінші жеңілдік – төл әдебиетіміз де өсіп,аудармаға үлгі жасалды. Үшінші жеңілдік-тіліміздің қалыптасып, тіл ғалымдарының ат салысуымен қатар бөгде немесе орыс классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлердің қазақ еліне, қазақ  ұғымына жат еместігі. Осылай аударманың жедел өсуіне қарай, орысшадан – қазақшаға аудармалардың мәдени сатысына сай үш түрлі әдістерді бліп қарастырдық.

          1/   Еркін аударма

          2/   Сөзбе-сөз аударма

          3/   Балама аударма

      Бұл аударманың үш әдісін аудару жасау кезінде қолданамыз. Аударма дегеніміз-бір тілде ауызша айтылған пікірді болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек – аударма туынды деп аталады.

       Жұмысымыздың басты тақырыбы Гогольдің «Өлі жандар» туындысының нұсқасы болғандықтан осы жұмысымыздың кіріспесінде жалпы аударманың қағидалары мен даму тарихы қамтылады. Сонымен қатар мұнда өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдеріне тоқталамыз. Ал екінші тарауымызда Гогольдің «Өлі жандар» шығармасына толық баяндап өтеміз.

         Қазақ аудармасының дамуына ерекше әсер қалдырған орыстың классикалық әдебиеті, әсіресе орыстың ең ірі өкілі Гогольдің бай мұрасы.

          Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, мақсаты жайлы мәліметтер беріледі. Гоголь аудармаларын сөз еткенде мәселенің көбісі Гогольдің ерекшелігіне келіп тіреледі. Гогольдің теңестріруі де сұрақ жауап, лепті сөйлемдері де автордың ерекше тәсілі, шеберлігі арқылы құлпырып ойнап отырады. Осылай дей келе Гогольдің негізгі ерекшелігі оның – сөз саптауында демекпіз.

         Жұмысымыздың екінші тарауы Н.В.Гогольдің «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқалары, яғни оларда 1936 жылы Қ.Тайшықов пен 1955 жылы Ә.Ипмағамбетов аударған. Осы аудармашыларымыздың екі аудармасында жиырма жылдық өмір жатқандығын анықтап, олардың аудармаларын салыстыра отырып талдап және өзіндік нұсқаларды да көрсетіп, шығармадағы кейіпкерлер есімдерінің аударылуы жайлы мәліметтердің ерекшеліктері аталып көрсетіледі. Жоғарыда айтып өткендей осы аудармаларды салыстыру барысында екі аудармашының кемшіліктері мен жетістіктері жайлы атап өттік. Сонымен қатар Гоголь шығармаларындағы кейіпкердің образдық жүйесі мен сөз саралауы біздің қазақ әдебиетіндегі жазушыларға ықпалы мен әсерін де айта кеттік. Осы ойымызды қорытындылай келе қазақ аудармашылары, оның ішінде Ә.Ипмағамбетов пен Қ.Тайшықовтың аудармалырының қыр-сырын аштық деп ойлаймыз. Бұл аудармашыларымыз, яғни Ә.Ипмағамбетов Гогольдің ойын түспалдап жеткізсе де аударма арасында бірнеше қате жібергендігін өзіндік сызбадан көре аламыз. Ал Қ.Тайшықовтың аудармасынан қатты қазақыландырып жібергендігі байқалады. Әйтсе де бұл аудармашы оқырманға Гогольше әдістерін нақтылап берген. Ал қазақ зерттеушілерінің  бірі С. Талжанов «Көркем аударма туралы» атты сын кітабында «Қ.Тайшықов пен Ә.Ипмағамбетов аудармасында ешқандай өзгеріс жоқ, айырмашылық тек редакция ғана бар» — деп жазған болатын. Біздер мұның мұндай тұжырымына келісе алмаймыз. Бұл екі аударманы бір демеуіміздің себебі арасында әлдеқайда алшақтық жатыр. Мұны өзіміздің нұсқаулық сызбаларда көрсеткен болатынбыз.

        Әр заманның талапты туғандары өз дәуіріне сай аударма жасаса, біз ол аударма туындыларындағы кемшіліктерге толықтырулар енгізіп, шыңдай түсу біздің міндетіміз.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Феодоров А. В. Основы общей теории перевода.-Москва 1968 г
  2. Белинский В. Г. Полное собрание сочинений. І том Москва 1952 г
  3. Қазыбек Г. Қ. Көркем аударма тәжірибесі Алматы 2005 ж
  4. Гоголь Н. В. Шығармалары Миргород ІІ том Алматы 1952 ж
  5. Кеңшілікұлы А.// Гогольдің өлімі// Жұлдыз журналы №1 2006 ж
  6. Сагандыкова Н. Основы художественного передода Алматы 1996ж
  7. Алпыспаев Қ. Қ. , Қазыбек Г. Қ. Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі Алматы 2001ж
  8. Қазақ Совет энциклопедиясы ІІІ том
  9. Талжанов С. Автореферат. О некоторых основных проблемах художественного перевода на материале перевода РЕВИЗОР и МЕРТВЫХ ДУШ Н. В. Гоголя на казахском языке. Алматы 1961г
  10. Талжанов С. Өткен күндер сөйлейді  Алматы 1979ж
  11. Талжанов С. Көркем аударма туралы Алматы 1962ж
  12. Гоголь Н. В. Шинель Алматы 1983ж
  13. Олидор О.Н. О переводах пьесы РЕВИЗОР Казахстан Альманах художественные литературы  Алматы  1952г
  14. Нұрқатов А. Гогольдің қазақ әдетиетіне әсері.Әдебиет және искусство журналы  №3 1952ж
  15. Талжанов С. О. Переводы Гоголя на казакский язык и их влияние на литературы: Автореферат диссертации на соисканиеученный степени кандидата филолог-х наук. Алматы 1962г 
  16. Қаратаев М. Шеберлік шыңына Алматы 1963ж
  17. Гоголь Н. В. Шығармалары VІ том Алматы 1952ж
  18. Белинский В. Г. ІІ том Москва 1948г
  19. Қабдолов З. Сөз өнері  Алматы 1992ж
  20. Гоголь Н. В.// Избранные статьи// Москва 1952г
  21. Алтынбекова Р. Қазақ сатирасындағы Гоголь дәстүрі Алматы 2002ж
  22. Виноградов В. В. О языке художественный литературы Москва 1959ж
  23. Николаев Д. Смех – оружие сатиры Москва 1962г
  24. Храпченко М. Б. Мертвые души Н. В. Гоголя Москва 1952г
  25. Гоголь Н. В. Мертвые души  Москва 1980г
  26. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына Алматы 1965ж
  27. Маршак С. Литературная газета №41 «Почерк века, почерк поколения» 1959г
  28. Қаратаев М. Туған әдебиеттер туралы ойлар Алматы  1958ж
  29. Ипмағамбетов Ә. Өлі жандар  Алматы   1955ж
  30. N. B. Gөgil Өli Çandar Avdarqan Tajcьulь К 1936