АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Надыр шах тұсындағы Иран

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

Тарих факультеті

 

 

 

Шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

 

Диплом жұмысы

 

Надыр шах тұсындағы Иран

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………….

 

І-Тарау “Иранның XVІІ ғасырдың аяғы  және XVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарыны дейінгі әлеуметтік саяси жағдайы………………………

1.1.Шах билігіне бағытталған халық көтерілістері………………………

1.2. Гильзайлардың Исфаханға жорығы……………………………….…

 

2-тарау. Надыр-шах билігінің ерекшеліктері…………………………

2.1.Надыр-шах тұлғасы…………………………………………………….

2.2.Надыр-шахтың ішкі және сырқы саясаты………………………….…

 

Қорытынды………………………………………………………………..

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………….

 

 

 

Кіріспе

 

           Тақырыптың өзектілігі. Менің диплом жұмысымның тақырыбы “Надыр шах тұсындағы Иран” деп аталады. Иран жалпы географиялық орналасу орнына байланысты және мемлекеттік құрылымына байланысты, мәдени даму жолдарына байланысты қазіргі заман тарихшыларын өте қызықтырады. Жалпы әлемдегі елдер тарихын білу қызық әрі мемлекетіміздің әрбір адамына қажетті заттардың бірі. Иран мұсылман елдерінің бірі. Сондықтан да біздің Иран тарихына қызығуымыз ғажап емес. Оның мәдениеті тек біздің еліміз үшін ғана емес, батыс елдері үшін де қызықтыратын мәселелердің бірі болып отыр. Біздің елімізде Иран орталығы да бар. Парсы тіліне қызығушылар саны да күннен күнге өсуде. Тарихшыларымыздың сөздері бойынша Қазақстан тарихы жөнінде парсы деректерінде мәліметтер саны өте көп. Сондай-ақ саясат тармағында да саясат тармағында да Иран мемлекеті маңызды мемлекеттердің бірі болып есептелініп отыр. Біздің елбасшымыз да 2002-2005 жылдары Иран мемлекетіне мемлекеттік жұмыстар барысында барып қайтқан. Міне осындай және тағы да басқа мәселелерге байланысты Иран мәселелері әлем халықтарын, соның ішінде біздің елімізді де қызықтыратын тақырыптардың бірі болып есептелінеді. Қазіргі таңда біздің елімізде  Иран тарихына байланысты әдебиеттер, ғылыми жұмыстар көптеп жарыққп шығуда. Иран тарихымен айналысып жүрген ғылыми тұлғаларымыз да аз емес.

 Ал олай болса, мен осы қызықты да өзекті Иран тарихының бір бөлігі немесе бір кезеңі “Надыр-шах тұсындағы Иран тарихын” қарастырамын. Бұл тақырып жөнінде біздің елімізде тарихи мәліметтер өте аз. Шығып жатқан ғылыми еңбектерде Надыр шах кезеңі жазылса да тек кішкене абзац ретінде беріледі.Ресей ғалымдарының еңбектерінде де Надырдың жеке тұлғасына көп тоқталмай, оның жаулап алушылық соғыстарына көп мән берілген. Сондықтан да Надыр-шах тарихымен танысу әрбір тыңдарманға қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені бұл кезең тарихынан, мысалы Надыр-шах тұлғасынан, жүргізген саясатынан қажет тәжірбиелерді алуға болады деп есептеймін.

Осы “Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы” бойынша жұмысымды жазу барысында алдыма бірнеше мақсаттар мен міндеттер қойдым:

А)Осы тақырыпты жан-жақты қамтып, тақырып мазмұнын ашу; Тарихи оқиғаларға шолу жасау;

Ә)Надыр-шах тұлғасын, ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін, тарихи сипатын ашу; Надыр саясатындағы жетістіктер мен ішкі саясаттағы олқылықтарға тоқталу;

Б)Осы кезең оқиғаларын, халықтың әлеуметтік жағдайын сипаттау;  Осылайша қызықты және Иран мемлекетінің төл тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – Надыр шах билігі оқиғаларын толығымен Иран тарихына қызығушыларға таныстырып өту.

 

Тақырыптың зерттелу деңгейі. XVIII ғасырдағы Иран елінің тарихы жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар, еңбектер бар. Бұл әдебиеттердің ішінен Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы туралы мәселелер қозғалған бірнеше қызықты еңбектерді атап өтуге болады. Мысалы, Ирандық Риза Шайбани еңбегі Алматыда 2002 жылы жарық көрген. Бұл “Иран тарихы атты еңбекте Иран тарихындағы тұлғалардың кезеңдері баяндалады. Жалпы Риза Шайбани еңбектегі мәселелерді бір жақты, яғни мақтап мадақтау жолымен ғана қарастырған. Бұл еңбекте Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы шағын түрде жазылған. Надыр тұлғасы мадақталып, әлемді жаулап алушы ретінде таныстырылады. Ал елдің әлеуметтік жағдайы, ішкі саясаттағы олқылықтар жөнінде ешбір мәлімет жоқ.[1]

Ресей зерттеушілерінің ішінен М.С.Ивановты атап өтуге болады. М.С.Иванов 1977 жылы Мәскеуде “Иран тарихы” атты еңбегін жарыққа шығарған. Ивановтың бұл еңбегінде Иран тарихының мәселелері өте жақсы баяндалады. Надыр шах кезеңі де толықтай қарастырылып, жетістіктер де олқылықтар да толық сипатталады. .[2]

М.С.Иванов 1952 жылы “Иран тарихының очерктері” атты еңбегін жарыққа шығарған. Бұл тарихи еңбекте де Надыр тарихы кең аумақта баяндалған. М.С.Ивановтың еңбектері арқылы Надыр-шахтың әлемді жаулап алушы болғанымен, оның жаулап алушылық саясат жүргізгенін және оның деспоттық билеуші болғанын көруге болады. .[3]

Сондай-ақ Алматыда 1998 жылы жарық көрген З.Е.Искакованың басшылыңымен жазылған еңбекте де Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы туралы азды-көпті мәлімет беріліп өткен. Бұл “Иран и Иранцы” атты еңбек надыр шах кезеңін қысқаша ғана баяндайды. .[4]

Осы тақырып бойынша тағы да бір зерттеушілердің құнды да қызықты еңбегі – “История Ирана с древнейших времен до конца XVIII века” болып есептеледі. Н.В.Пигулевская бастаған зерттеушілердің бұл еңбектерінде Надыр-шах кезеңі өте жақсы баяндалған. . [5]

 К.З.Ашряфанның “Антифеодальные движения в империи Надир-шаха” атты еңбекте Надыр-шах кезеңіндегі шаруалардың, қолөнершілердің, саудагерлердің және ұсақ феодалдардың көтерілістері баяндалады.

Б.П.Кишмишевтың “Походы Надир-шаха в Герат, Кандагар, Индию и события в Персии после его смерти” атты еңбегінде де Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы жөнінде өте қажетті, құнды деректер бар.

Тағы да бір құнды еңбектер қатарына Г.Ф.Ефимовтың басқаруымен жазылған “История и источниковедение истории стран Азии и Африки” атты еңбегін жатқызуға болады.

Надыр-шах тұсындағы Иран тарихы жөнінде бірнеше оқулықтар бар. Мысалы: Мәскеуде 1962 жылы шыққан “Хрестоматия по истории Ирана” атты оқулығы. Бұл оқулықта Иран елінің көршілес елдермен жүргізген келісімсөздері, тарихшылардың жазып қалдырып кеткен хабарламалары, хаттары және тағы да басқа құнды құжаттардан мәліметтер берілген. Мысалы бұл оқулықтан Түркиямен Иранның, Ресей мен Иранның XVIII ғасырларда жасалған келісімсөздерін оқуға болады. Әрине, бұл құжаттар реейдің мемлекеттік архивінен алынғандықтан Ресей тұлғаларын мадақтап жазған. .[6]

Келесі бір оқулығымыз, ол – “Мухаммед Казим. Поход Надир-шаха в Индию. (Извлечение Та’рих-и-аламара-ий Надири) Бұл оқулық Мәскеуде шығыс әдебиеттер баспасында 1961 жылы жарыққа шыққан. Бұл еңбекте Надыр шах тарихымен қатар осы кезеңнің әйгілі тарихшысы Мұхаммед Қазымның өмірбяны да берілген. Надыр шах тың өмірбаяны, жаулап лаушылық саясаты және өмірінің соңғы жылдарындағы елдегі оқиғалар баяндалады. Ең ірі тару Надырдың Үндістанға жасаған жорығына арналған. Бұл еңбекті жазу барысында Мұхаммед Қазым еңбектеіне сүйенген. .[7]

          “Историаграфия и источниковедение истории стран Азии” еңбегін де атап өтуге болады. Бұл Г.Ф. Ефимовтың басшылығымен жазылған еңбек Ленинград қаласында жарыққа шыққан. Бұл еңбекте Надыр шах кезеңі қысқаша ғана баяндалады. .[8]

            “История Азии и Африки в новое время” оқулығының I-ші бөлімінде біздің кезеңімізге қатысты мәліметтер алуға болады. Бұл Мәскеуде 1989 жылы жарыққа шыққан оқулықтың ішінен Надыр шах кезеңі туралы біраз мәліметтер алуға болады.

Бір қызықтысы, осы кезеңдегі Ресей мен Иранның қарым-қатынасындағы кейбір оқиғаларды әр ел тарихшысы әртүрлі баяндайды. Мысалы, Риза Шайбани өз еңбегінде “Жаулап алушылықтар соғысынан күшейген Иран шахы Надыр 1736 жылы үрейленген орыстардан кезінде тартылып алынған жерлерді кейін қайтарды,”дейді. Ал Надыр шахтың уақытындағы әлеуметтік жағдайлардан айналып өткен. Ресей зерттеушілері болса өз кезегінде бірінші мәселе дипломатиялық жолмен шешілгенін жазады. Ал Надыр шахтың ішкі саясатының тым нашар, оның деспоттық билеуші болғанын баяндайды.

1980 жылы Мәскеуде жарық көрген “Иран. История и культура в средние века” атты еңбектеде Надыр шах тұсындағы Иран тарихы жөнінде кең аумақта мағлұмат беріп өткен. Надыр шахтың қазасынан кейінгі әр аймақтағы билікке талас, халық көтерілістері жақсы баяндалған. М.С.Алиев бұл еңбегін өте кең түрде, әр құжатқа мысал келтіріп, әрбір дерекке терең шолу жасаған.

  М.С.Алиевтың тағы бір “Антииранские выступления и борьба против турецкой оккупации” атты 1978 жылы жарық көрген еңбегі бар. Бұл еңбектің мәтіні жоғары да айтып өткен еңбекке ұқсас.

П.Г.Бутков Надыр шах кезеңіндегі Кавказ маңы елдері тарихы бойынша “Материалы для новой истории Кавказа с 1722 по 1803 год” атты еңбегін Мәскеуде 1869  жарыққа шығырған.

 

Деректік көзі. Жалпы парсы тарихнамасындағы  XVIII ғасырдың өзінде-ақ жарық көрген көптеген еңбектер біз үшін құнды деректер көзі болып есептеледі. Парсы тіліндегі жазылған жеке тарихи шығармалардан төмендегідей негізгі шығармаларды атап өтуге болады.

XVIII ғасырдың алғашқы онжылдығы және XVII ғасырдың аяғы үшін маңызды дерек көзі болып 1741(2) жылдары Надыр-шахтың мустауфиі (қазына басқарушысы және финанс министрі) Мухаммед Мухсин құрастырған “Зубдат-ат-Таварих” (тарих негіздері) шығармасы есептелінеді. Бұл еңбекте Надыр-шах державасының өркендеуі туралы жазылған. Бұл еңбекте Сефевид династиясының құлдырауы және Надырдың шах болып тағайындалуы баяндалады. Жалпылама айтқанда тенденциозды түрде, яғни Сефевидтерді жамандап, Надыр тұлғасын мадақтап жазады. Мухаммед Мухсиннің бұл “Зубдат-ат-Таварих” (тарих негіздері) еңбегі Надыр-шахтың ұлы Риза Кули-ханның тапсырысымен жазылған. Бұл жалпы тарих сипатындағы еңбек болып есептелінеді.

Жалпы жеке Надыр-шахтың билеуі және жаулап алу жорықтары жайында XVIII ғасырда Үндістан мен Иранда парсы тілінде жиырмадан астам тарихи еңбектер жазылған. Бұл еңбектердің ішінде әсіресе мырза Мегді-хан және Мұхаммед Қазым еңбектері құнды дерек көздері болып есептелінеді.

Мырза Мұхаммед Мегді-хан Астерабади кейбір мәліметтерге қарағанда сефевидтер фамилиясынан шыққан. Әйтсе де бұл оның Надыр-шахқа жеке көмекшісі (секретарь мунши) ретінде қызмет етуіне кедергі жасамаған. Мырза Мегді-хан Надыр-шах билігінің тарихы жөнінде “Тарих-и Надири” тарауы бойынша үлкен еңбек құрастырған. Надыр-шахтың ең сенімді адамы ретінде өз уақытының барлық саяси жағдайымен таныс болғанымен, тарихты бір жақты, яғни тек мақтау-мадақтау түрінде жазған.

Мегді-ханның тағы бір “Дуррэ-ий-Надири” еңбегі де көбіне алғашқы еңбегіне ұқсас. Бұл еңбектер Иран мен Иракта басылып шығарылған.

Мегді-хан сондай-ақ “Инша” құжаттар жинағын да құрастырып жарыққа шығарған. Ол бұл еңбегінде де мақтап-мадақтау, асыра-сілтеу әдістерін пайдаланған. Бұл еңбек Тебризде жарық көрген. Бұл еңбегі де боямалы әсерлі түрде жазылған. Бұл еңбекте Надыр-шахтың шенеуніктерді тағайындаудағы бұйрықтары, дипломатиялық құжаттар, вакуфтық мақтау қағаздары, хаттар және келісімсөздердің үлгілері жазылған. Автор бұл құжаттарды еңбектің құрылымы үшін емес, канцеляриялық әдеби стильдің бір түрі ретінде келтірген. Сондықтан да оның еңбек жинақтары толық түрдегі нақты тарихи еңбекке жатпайды. Өйткені еңбектерде метографиялық шығармалардың нұсқалары өте көп.

Вассаф деректеріне қарағанда Мегді-ханның әдеби формасы  еңбегін әсерлі ете түседі. Құрамы жағынан және тіл байлығы жағынан XVI-XVIII ғасырлардағы парсы тарихнамасындағы Мегді-хан еңбегіне жететін бірде бір еңбек жоқ. Осы артықшылықтары Мегді-ханды әлемге ұлы тарихшы ретінде әйгілі етті. Бұл еңбек тарихи еңбектен гөрі әдеби еңбек ретінде маңызды роль атқарады. Сонда да Мегді-хан бұл еңбегінде Иран тарихынан, (саяси және әскери тарих төңірегінде), Кавказ маңындағы елдер тарихынан және Ауғаныстан тарихынан, (Надыр-шах кезеңі тұстарындағы), сондай-ақ өзінің нақтылығымен және оқиғалардың нақты уақыттарының (күні, жылы) берілуімен ерекшеленеді. Мегді-хан еңбегі басынан аяғына дейін панегирика стилінде жазылған.

Мегді-хан еңбектерінің кемшілігі біріншіден, мемлекеттің ішкі жағдайы туралы ешбір мәліметтің берілмеуі. Бұл автордың өз шығармасын тек “Әлемді жаулап алушының” тақырыбына арнауымен түсіндіріледі. Мегді-хан еңбегі 1747 жылы аяқталған, яғни Надыр-шах өлімінен соң; әйтсе де тарихшы бола отырып ол Надыр-шах туралы жағымсыз ойлар қалыптастырады деген деректердің бәрінен қашқан. Әйтсе де Надыр-шах өмірінен негізгі мәлімет көзі ретінде “Тарих-и Надири” негізгі деректердің бірі болып есептелінеді. Ұзақ уақыт бойы Мегді-хан еңбектері зерттеушілер үшін Надыр-шах тарихының негізгі дерек көзі ретінде пайдаланылып келді. 1919 жылы академик В.В.Бартольд ғылым жүйесіне жаңа бір дерек көзін енгізді. Бұл құнды дерек Мұхаммед Қазым еңбектері еді. Бартольд Мегді-хан мен Мұхаммед Қазым шығармаларын түбірлі еңбек, негізгі дерек көздері деп есептеген.

Әзірше Мұхаммед Қазымның үш томдық жазбасы ғана белгілі болып отыр. Алғашында Ресей академиясының Азиаттық музейінен 1919 жылы екінші және үшінші томы табылса, бірінші томы кейіннен Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуден табылған.

Мұхаммед Қазымның бірінші томы “Алямарай-и-Надири” Надыр-шахқа дейінгі тарихи оқиғаларға арналған. Екінші том 1736-1743 жылдар оқиғаларын, үшінші том Надыр-шахтың 1743-1747 жылдарындағы билігін баяндайды.

Мұхаммед Қазым жастайынан шах қызметшілігінде жүргендіктен мемлекеттік архивтерге кіруге құқығы болды. Оның шығармалары Иранның сол кезеңдегі ақша жағдайымен, салық құжаттарымен жақсы таныстырады. Әрине Мұхаммед Қазым Надыр-шахтың жақтаушысы, алайда ол Мегді-ханмен салыстырғанда оқиғаларды объективті түрде баяндаған. Надыр-шахтың кейбір қолданған шараларына өзінің сыни көзқарастарын білдіріп отырған. Надырдың қарапайым халықты әбден әлсіретіп жіберген салық саясатына да қарсы болған. Жалпы бұл шығарма Надыр-шах жорықтарынан елдің экономикалық-әлеуметтік жағынан мол мағлұмат беретін құнды құжат болып есептелінеді.

Мегді-хан шығармасы секілді Мұхаммед Қазым тараулары да табиғатты сипаттаумен басталады. Мегді-хан секілді ол да Надырды “Алла көлеңкесі”, “Әлемді жаулап алушы-билеуші” және “бар әлемнің билеушісі” деп атайды, оның сарайын –“әділ сот орыны”, ал әскерін – “жеңімпаз” деп мадақтайды. Бұл шығармада оқиғаларын эпитеттермен, метафоралармен, метонимиялармен, синекдохалармен және гиперболалармен әсерлеп әңгімелейді.

Тағы да бір дерек көздерінің бірі — армян шіркеуінің патриархы, котолигі Абраам Кретаций шығармаларын атап өтуге болады. Ол Мугани құрылтайына шақырылған Надыр-шахтың сыйлы тұлғаларының бірі. Оның еңбегі “Менің және парсы шахы — Надыр тарихы” деп аталады.

Ирандағы Надыр-шах өлімінен кейінгі феодалдық қарама-қайшылықтар жөніндегі дерек көзі ретінде Абу-л-Хасан ибн Мухаммед-Амин Гулистанэнің екі томдық “Муджмал-и тарих-и ба’д Надирийэ” (Надыр-шах кезеңінен кейінгі тарихтың жазбалары) атты еңбегі маңызды роль атқарады. Бірінші томда 1747-1750 жылдардағы оқиғалар баяндалады. Екінші томда Ауған мемлекеттерінің тарихы баяндалады.

Абу-л-Хасан ибн Ибрахим Казвини “Фаваид-и Сефивийэ” (Сефивидтер тарихы жөнінде) еңбегін құрастырған. Еңбек Иран тарихындағы Сефивидтер, Афшарлар, Зендтер, Каджар әулеті жөнінде жалпы 1796 жылға дейінгі оқиғаларды баяндайды. Негізінен бұл еңбектің XVII ғасырдың аяғын және барлық XVIII ғасырды толығымен баяндайтын бөлігі біз үшін құнды дерек көздері болып есептелінеді. Еңбек басылып шықпаған, қолжазбалардың аз ғана бөліктерінде мысалға келтіріледі.

Орыс дерек көздері ішінен Артемит Волынскийдің еңбегі де         құнды дерек көздерінің қатарына жатады. Артемит Волынский XVIII ғасырдағы орыстың атақты мемлекет тұлғасы ретінде танымал, 1715-1717 жылдары Иранда елшілік қызметін атқарған. Күнделік шах Сұлтан Хусейн кезеңіндегі шаруашылықтың құлдырауынан, мемлекеттік аппараттың шашырауынан, қалалар жөнінде, сауда, XVIII ғасырдағы халықтық және азаттық көтерілістер жөнінде мол мағлұмат береді. Күнделік толығымен басылып шығарылмаған.

Сондай-ақ С.Аврамовтың да күнделігі маңызды роль атқарады. Бұл Тахмасып II билік еткен кезде Иранда орыс елшісі қызметін атқарған. Бұл күнделік те басылып шығарылмаған.

Дерек ретінде Ф.И.Соймоновтың “Каспий теңізінің тарихы” атты еңбегі де құнды болып есептелінеді. П.Т.Бутковтың “Кавказдың 1722 және 1803 жылдары аралығындағы жаңа тарихы бойынша материалдар” атты еңбегі де біз үшін маңызды еңбек болып табылады. Бұл еңбек біздің заманымызға дейін жете алмай қалған алғашқы деректер негізінде құралған. Бұл еңбекте тек Кавказ елдері жөнінде ғана емес, сондай-          ақ Гилян және Мазандеран тарихтары жөнінде де материалдар бар. Бұл еңбекте сонымен қатар саяси тарих және экономика жөнінде мәселелер  көп көтерілген. Әйтсе де автар дерек көздерін көрсетпеген. Сондықтан да оның еңбектерінде бірнеше фактілік қателіктер бар.

Сондай-ақ батыс саяхатшыларының, елшілерінің, миссионерлерінің қолжазбаларының ішінде де XVIII ғасырдағы  Иран тарихы жөнінде мағлұматтар өте көп.

Осы уақыттағы оқиғалар жөнінде француз Мами Плерак жазбаларында маңызды мағлұматтар бар.

Кең аумақта жазылған ағылшындық Ханвей еңбегін атап өтуге болады. Бұл қолжазба тенденциозды түрде, ағылшындық колониалдық саясаттың жақтаушысының көзқарасы тұсынан жазылған, Ресейдің жауы ретіндегі көзқараста жазылған. Бұл мәліметтер Иранның XVIII ғасырының 30-40 жылдарындағы экономикалық жағдайын сипаттайтындықтан         құнды дерек көзі болып есептелінеді.

Осылайша менің тақырыбым Надыр шах тұсындағы Иран тарихына арналған. Және де Надыр шах тұсындағы Иран тарихы ең қызықты,         әрі Иран тарихындағы ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл тақырып әлі де болса біздің елімізде дұрыс зерттелмеген. Ғылыми еңбектер де жоқтың қасы. Надыр қарапайы отбасынан шығып, өз ерліктерінің арқасында Иран тарихында айрықша із қалдырған адам. Надыр шах “әлемді жаулап алушы”, “Ұлыладың ұлысы” ,әскери өнерді жетік білетін, өте өнерлі әскери қолбасшы. Алайда ол ұлы билеуші бола тұра ішкі саясатта кейбір олқылықтарға жол берген. Ішкі әлеуметтік жағдайдың нашарлауына, шаруашылықтың, қолөнердің, сауданың құлдырауына жол берген. Билігінің және сондай-ақ өмірінің барлығын территорияларды жаулап алуға арнаған. Надыр шах әлеуметтік жағдайды өркендетуге ұмтылғанда мүмкін Иран мәдениеті мен қазіргі әлеуметтік жағдайы бүгінгісінен де тамаша болар ма еді?  Сондықтан да өз ойымша Надыр шах тұсындағы Иран тарихын сыртқы саясаттың шарықтаған, ішкі әлеуметтік жағдайдың құлдырау шегіне жеткен кезеңі деп айтуға болады.

Менің бұл тақырып бойынша менің диплом жұмысым кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-Тарау “Иранның XVII ғасырдың аяғы  және XVIII ғасырдың 30-шы жылдарыны дейінгі әлеуметтік саяси жағдайы.

 

1.1.Шах билігіне бағытталған халық көтерілістері.

 

XII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың бас кезеңінде Иран                 елінің экономикалық дамуында реакциялық тенденция анық      байқалатын болатын. XVII ғасырдың аяғында байқалған       шаруашылықтың шарықтауы құлдыраумен орын алмасты. Иран елінің экономикасының құлдырауының негізгі себебі феодалдық                   рентаның, салықтардың шамадан тыс өсуі еді. Өйткені бұл жағдай        ауыл шаруашылығының  кедейленуіне, ішкі сауданың құлдырауына және таптық қоғамның шиеленісуіне алып келді.

XVIII ғасырдағы Иранның елінің барлық төл тарихы азербайжандарға, армяндарға, грузиндерге, курдтарға, ауғандықтарға, түркмендерге  және де халықтың әлеуметтік жағдайын әбден нашарлатқан шах мемлекетіне қарсы бас көтерулермен және кескілескен көтерілістермен сипатталады. Осы кезеңдерде сонымен қатар феодалдық таптар арасындағы қарама-қайшылықтар күшейеді. Олардың арасында            жерге деген талас, билікке талас жиі-жиі орын алып отырды.

Надыр шах билігі кезеңіне дейін де салықтың тым өсірілуі,            шах шенеуніктерінің жазалау шаралары және де діни қысым Сефевид династиясында Аббас I шах кезеңінде де байқалған болатын.              Сондықтан да бұл жерде халық наразылықтары күшейіп, бірнеше көтерілістер болған. [9]

Иран елінің экономикалық құлдырауының басты себебін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Бұл экономикалық құлдырау    шаруалардың кедейленуіне және феодалдық мемлекеттің кіріс көздерінің  азаюына, жекелеген феодалдардың кедейленуіне алып келді. Бұған қарамастан мемлекеттің бюрократиялық  аппаратының қажеттіліктері, сондай-ақ феодалдық таптың қажеттіліктері азаймады, керісінше осы кезеңнің тауарлы – ақшалы қарым – қатынастарының дамуының әсерінен екі есе өсіп кетті. Бұл қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін шах     мемлекеті бір ғана амалды білді және осы білген амалдарын жүзеге асырды – салық мөлшерлерін тым ұлғайтып жіберді. Шах қазынасының қажеттіліктері ұлғайған сайын, мемлекет басындағылар      Иранның шаруалары мен қалалықтарына және тағы да басқа     халық топтарына салынған салықтың мөлшері де ұлғая түсті.     Бұндай салық көлемінен екі есе көп салық мөлшері      Сефевид мемлекетінің парсылық емес аудандарында байқалған      болатын.

Салықтың ауыртпашылығы, шах шенеуніктерінің жазалау    шаралары және діни ауыртпашылықтар Аббас I шах кезеңінде         біріккен Сефевид мемлекетінің аудандарында анық байқалатын. Сондықтан бұл жерлердегі халықтың Сефевидтер династиясына деген өшпенділіктері мен наразылықтарының туындауы ғажап емес         еді. Тап осы аймақтарда бірнеше халық топтарының көтерілістері         болды. Өйткені бұл Иран мемелекетінің облыстарында негізінен тікелей қуғын–сүргінге ұшыраған немесе әлеуметтік тепе–теңсіз      жағдайында болған, салықтың ең ауыр және ең қымбат мөлшерлерін төлеуге мәжбүр болған сунниттер (Дагестанда, Ширванда, құрттар, ауғандықтар және түркмендер арасында) және христиандар (армяндар   мен грузиндер) тұрақтанған болатын. Сондықтан бұл жердегі халықтар топтарының көтерілістері діни     сипатқа ие болды. Бұл халық топтарының көтерілістері “дені дұрыс емес  суннизмге” қарсы, “еретиктік” шеизмге қарсы күрес немесе “христиандарды мұсылмандық азаптан құтқару” деген ұрандармен     жүріп жатты.[10]

Иран елінің облыстарында сондай-ақ феодалдық таптың       ішінде қарама-қайшылықтар анық байқалған болатын.       Биліктен алыстатылған және райяттар эксплуатациясынан түсіп    отырған пайданың көп бөлігін шах мемлекетіне беруге мәжбүр    болған жергілікті провинциялдық тап билеушілері және        көшпенді тап билеушілері, сондай-ақ христиандық және                 сунниттік шіркеу билеушілері шах мемлекетінің саясатына        наразы болды. Олар халықтың үлкен топтарының қозғалыстарын өз пайдаларына шешуге ұмтылды. Көтерілістер арқылы тәуелсіздіктерін алып, өздері билік басына отырғылары келді. Сондықтан     да халықтар көтерілістері басында әдеттегідей үлкен халық   топтарының Сефевид династиясына қарсы бағытталған қарсыласу көтерілістері сипатында болса, одан кейін көтеріліс билігі             жергілікті феодалдар қолдарына тиген сайын көтеріліс сипаты                 жиі өзгеріп отырды.

XVIII ғасырдың басындағы азаттық қозғалыстардың     көтерілуі Шығыс Армения мен Шығыс Грузияда айқын байқалды.     Бұл аймақтар осы кезеңдегі өте дамыған және          Сефевид мемлекетінің қанаушы мемлекеттерінің бірі болып      табылатын еді. Армяндар мен грузиндер өз тәуелсіздіктерін                     Ресейдің көмегінсіз ала алмайтынын жақсы түсінді. Бұл        уақыт аралығында Ресейдің Армения және Грузиямен     экономикалық және мәдени қарым-қатынастары өте жақсы қатайған болатын. Осы кезеңдерде Армения тек өз аймағында ғана         емес, сондай-ақ Иран елінде де біртұтас ел, экономикалық және саяси жағынан өсу үстіндегі мемлекет болып есептелген болатын. Ресей империясының көмегіне үміттенген армяндық көпестер топтары армян халқын азаттау көтерілістеріне белсене қатысты. .[11]

1700 жылдар шамасында армяндық мәліктер (ұсақ феодалдық билеушілер) және Кавказ маңындағы христиан дініне                               сенушілер Ресей мемлекетімен келісімсөздер жүргізді. Ресей бұл мемлекеттерге, яғни Кавказ маңы христиандарына – армяндар          мен грузиндерге Кавказ маңы елдеріне орыс әскерлері      кірсе ғана көмектесе алатынын мәлімдеді. Бұл келісімсөздер армяндық патриот Израиль Оридің араласуымен жүрген болатын.    Осылайша Ресейлік Петр I мен  грузин тап билеушілерінің         арасында  тығыз қарым-қатынас орнады.

Кавказ маңындағы мемлекеттердегі саудамен тығыз байланысты қалалықтар-тек қана армяндар мен грузиндер ғана   емес, сондай-ақ азербайжандар да Ресейден көп үміт күте бастады. .[12]

 Мезуит Крусинскийдің жазуы бойынша: “Каспий теңізінің            маңында өмір сүріп жатқан халықтар Ресейліктер тез арада                            келіп оларды парсылықтардың монархиялық азабынан құтқарып            алса екен деп құдайға жалбарынды” деп келтіріледі.

1709 жылы Тебриз қаласында қалалықтардың көтерілісі болды.                    Бұл көтеріліс жайында А.Волынский қысқаша мәлімет беріп өтеді.

1711 жылы лезгиндердің және тағы да басқа                                  дагестандық тайпалардың көтерілістері болды. Казикумухтық                          Сурхай хан және суннит шіркеуінің басшысы Хаджжи Давуд басшылығындағы жергілікті феодалдық топтар халық        топтарының қозғалыстарын өздеріне бағындырып, өз мақсаттарында пайдаланып, бұл қозғалыстарға жаулап алушылық сипат берді.   1712 жылы Сурхай хан мен Хаджжи Давуд Шемаху қаласын        жаулап алып, тонаушылыққа ұшыратты. Осы шайқаста үш жүзден аса орыс көпестері өлтірілді және төрт миллион орыс     рубліне бағаланған тауар тоналып алынды. Бұл цифрлар    бойынша Ресейдің Кавказ маңы елдерімен сауда қарым-қатынасының қандай масштабта болғанын байқауға болады.

Осыдан кейінгі уақыт аралықтарында Сурхай хан                                     мен Хаджжи Давуд османдық Түркияның ашық                                               түрде агенттері болып тағайындалды. Иранның шах                                 мемлекеті лезгиндік көтерілістерді   ушықтырды, алайда 1719 жылы ол жаңа күштермен қайтадан көтерілді. 1721 жылы Сурхай хан мен Хаджжи Давуд Шемаху қаласын қайтадан жаулап алып, шеидтердің барлығын жазалады.

1715 жылы одан кейінгі жылдары да жалғасқан құрттар                көтерілісі басталды. Көтеріліске шыққан құрттар бір емес бірнеше                   рет парсылықтар астанасы – Исфаханға қауіп төндірді. Маскаттық арабтардың билеушісі Парсы шығанағының барлық аралдарын жаулап алды. .[13]

Херат облыстарында 1716 жылы өзбектермен бірлескен                        және Асадуллах хан басқарған ауғандық абдалы тайпалары көтеріліс жасады.

1717 жылы Мугани қаласындағы шахсевендер тайпалары               көтеріліс жасады.

1722 жылы Сюникеде Давид бек басқарған армяндар көтерілістері болды, бұл көтеріліс 1731 жылға дейін жалғасты. Осы жылы                        шығыс Грузия көтеріліс жасады. Көтерілісті басқарып отырған                 Вахтанг IV. Ресейге сеніп отырған ол Сурхай хан мен Хаджжи Давуд жаулап алған Ганджаға әскер басын бұрып, қаланы азаттап алды.

Сондай-ақ 1720 жылы лурлар және 1721 жылы белуждер тайпалары көтерілістер  жасады.

 Өзін саффаридтер династиясының ұрпағына жатқызған              Систанның билеушісі мәлік Махмуд ашық түрде шахтан бөлініп,                   өзін тәуелсіз билеуші ретінде жариалады. 1723 жылы ол Мешһедті                                                     барлық облыстарымен жаулап алды.

Осындай оқиғалар төңірегінде біз Сефевид династиясының құлдырауын, феодалдар, тап билеушілері арасындағы қарама-қайшылықтарды, билік үшін таласты анық байқаймыз. Ал бұл    жағдай мемлекеттің біртұтастығының қалыптасуына жағдай     жасамады. Бұндай саяси жағынан ыңғайлы жағдайды Ресей мен        Османдық Түркия өз мүдделеріне пайдаланып қалуға ұмтылды.                   Ішкі қықыстардан, сырттан жасалған жаулап алушылық                     соғыстардан Иранның қарапайым халқы жапа шекті, әлеуметтік жағдайлары нашарлады, көп бөлігі құлдыққа сатылды. Мемлекетте жалпы әлеуметтік – саяси бытыраңқылық орын алды.

 

             Ауғандық гильзайлардың көтерілісі.

 

Иран елінің территориясындағы жаулап алынған елдер                   ішіндегі Сефевидтерге бағытталған ең ірі көтерілісті Кандагар  облыстарын мекендеген жартылай көшпелі ауғандық        гильзайлар жасады. Ауғандық      гильзайлар тайпаларының шығу тегіне келетін болсақ, олар аралас тайпалардан құралған еді. Кейбір         тарихи зерттеушілердің айтулары бойынша бұл тайпаның негізін      X-XIII ғасырлардағы Иран тариъында тарихында маңызды                             роль атқарған түріктердің көшпелі тайпаларынан шыққан                            халадж немесе хильдж тайпалары құрайды. Бұл хильдж                     тайпаларының Ауғаныстанда тұрақтанған бір бөлігі ауғандықтармен араласып кетіп, олардың тілдерін үйреніп алып, гильзай         тайпалары деп атала бастаған. XIV-XVII ғасырларда шетелдегі    гильзайлар рулық таптың кезеңін және патриархалды — феодалдық  қарым — қатынастардың қалыптасу кезеңдерін бастарынан    өткеріп жатқан болатын. Осы гильзай тайпаларындағы феодалдық   қарым — қатынастар басқа да ауғандық тайпалардағы феодалдық                 қарым-қатынастар секілді қалыптасып жатқандықтан,                             феодалдық қарым — қатынастар патриархалдық әдет — ғұрып және               рулық — топтық көмек беру сипатында болып, тайпалық тап                 басшылары халық топтарына өте күшті әсер ете білді. Сондықтан да ауғандық гильзайлар көтерілістері болған кезде тайпа      басшыларына халықты оңай бағындыру жолы өте жеңіл болды. Ауғандық гильзайлар тайпалары  басқа да ауғандық тайпалар       секілді суннит дінінің ұстанушылары болды. XVIII ғасырдың   басындағы ауғандық гильзайлардың тайпалық басқарушысы             болған, сонымен қатар Кандагар қаласының мұрагерлік жолымен калантары болып тағайындалған адам, ол – Мир Вейс еді. Мир Вейстің іс — әрекеттері және де ауғандық гильзай      тайпаларына көрсетіп отырған өте күшті әсері ешбір себепсіз     грузиндік Гурген ханды (басқаша айтқанда Георгий IV,                          Шахнаваз II мұсылмандығындағы Картлияның патшасы)                  үрейлендірді. Гурген хан Иран шахының тағайындауы бойынша               Кандагар қаласының беглербегі болып тағайындалған                                 болатын және ол Ауғаныстандағы әлсіреп кеткен шах билігін        өте қатал шаралармен қалпына келтіруге тырысты. Гурген хан        Мир Вейсті қамауға алып, оны Исфаханға Иран шахының         сотына айдап жіберді. Бірақ айлалы да қу Мир Вейс шах         Хусейнге өзінің кінәсіздігін дәлелдей алды.

Исфаханға армяндық патриот Израиль Оридің Ресейдің заңды түрдегі елшісі ретінде 1708 жылы келуі Иран шахы   Хусейнді бірталай үрейлендіріп тастады. Иран шахы мен оның қарамағындағылар Ресей мемлекетінің көмегіне ауыздарын ашқан армяндар мен грузиндерден үрейленіп, сескеніп,                               оларға сеніңкіремеді. Бұл үрей мен сенімсіздікті Мир Вейс    өте қолайлы пайдалана білді. Ол Иран шахының грузиндік Гурген  ханға деген сенімсіздігін одан сайын күшейтіп жіберді. Оны  “орыстардың құпия түрдегі агенті, жасырын христиан” деп айыптады.  Мир Вейс өзінің бас бостандығын алып, Меккеге қажылыққа барады. Бұл жерде Мир Вейс құпия түрде меккелік суннит дін басыларынан “сунниттердің мемлекет басшысына көтерілісін–             шеидтердің құдайы қолдайды” деп жариялайтын ерекше құқығы —             фетваға (діни заңды құқық қорытындысы) ие болады. Туған өлкесіне оралған Мир Вейс өз билігіне ауғандық гильзайлар     қозғалысын бағындырып алады. 1709 жылы ауғандық гильзайлар  көтеріліс жасайды. Мир Вейстің басшылығымен олар ойламаған        жерден Кандагарды жаулап алып, шах гарнизонын талқандап, Гурген ханды өлтіріп, ашық түрде Иран шахының мемлекетінен   бөлініп кетеді. Ауғандық гильзайлардың көтерілісі                                           шах мемлекетінің билігіне наразы болған көршілес ауғандық            тайпалардың қолдауына ие болған болатын.

Мир Вейс ауғандық гильзайларға қарсы шайқасқа жіберілген екі   шах әскерлерін 1711 жылы және 1712 жылдары талқандады және өзінің өмірінің соңғы жылдарына дейін, яғни 1715 жылға дейін тәуелсіз            билеуші болып қала берді. .[13]

Мир Вейстің мұрагері, 1715-1717 жылдар аралығында Мир  Абдуллах Иран шахымен егерде ол шах Хусейн енгізген салықтарды          істен шығарған жағдайда және Кандагар беглербегтігін      Мир Вейс әулеттеріне мұрагерлік билік ретінде қалдырған жағдайда достасуға дайын болды. Бұндай келісімшартқа көтеріліске қатысқан ауғандық топтар наразылықтарын білдіріп, оны сатқындық жасады деп айыптады. Ауғандық гильзайлар                                ішінде енді өзара қырқыстар басталды. Бірнеше халық                        көтерілістері болды. Ұсақ тап билеушілері мен ірі тап                         билеушілері, біріншілері халық қозғалыстарын қолдап,                           екіншілері Мир Абдуллахты қолдап, өзара ұзақ қырқысты.                           Феодалдар жағы өз аймақтарын өздері билегілері келді. Мир                Абдуллахты халықтың көпшілік бөлігі билікке жарамсыз айыптады. Мир Абдуллах қозғалыстарды ушықтыруға, тап билеушілерінің өзара қырқыстарын тоқтауға ұмтылыс жасаған болатын, бірақ оның      бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Мир Абдуллахқа қастандылық жасалып, ол 1717 жылы өлтірілді. Осы оқиғадан кейін   ауғандық — гильзайлардың ірі тап билеушілерінің арасында билікке                  талас басталып кетті. Бұл ел ішіндегі қарама-қайшылықтарды                            екі есе күшейтіп жіберді.

 Бірақ 1717 жылдың аяғында Кандагардың және ауғандық-гильзайлардың мұрагерлік заңдарына сәйкес және көпшілік   феодалдардың қолдауына ие болып отырғандықтан билік     басына оның он тоғыз жасар ұлы — батыр әрі өжет Махмуд келді. Ол 1717-1725 жылдар аралығында билік етті. Махмуд-шах                           халық көтерілістерін жаныштады. Шах болып                                  тағайындалған соң феодалдар, тап билеушілері арасындағы   қарама-қайшылықтарды, өзара қырқыстарды тоқтатып, ел  ішіндегі халық топтарының ауыздарын біріктіруге талпынды. Осылайшы орталықтанған билік орнатуға тырысты. Феодалдар мен тап билеушілерін жаулап алушылық                                       және тонаушылық соғыстар арқылы баю жолдарына                    қызығушылықтарын туғызуға ұмтылды. Өйткені ішкі қарамақайшылықтарды да, жаулап алушылық және тонаушылық жорықтарын ұсақ және ірі феодалдардың, көтеріліс басшылырының қолдауынсыз жасау мүмкін емес екенін Махмуд шах жақсы түсінетін. Елдегі қозғалыс басшылары, ірі және ұсақ тап билеушілері бірлесіп   жаулап алушылық жорықтарына дайындық жүргізе бастады. Міне, осылайша Махмуд және оны қолдап отырған әлеуметтік топтар басшылары халық топтарының қозғалыстарын өздеріне бағындырып,     бұл көтерілістерді жаулапалушылық және тонаушылық жорықтар жолында пайдаланды. .[14]

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Гильзайлардың Исфаханға жорығы.

 

Иран шахының мемлекетінің жалпы талқандалуы ауғандық             Махмуд шахқа Иран мемлекетінің ішкі аймақтарына алғашқы               жорығын жасауға мүмкіншілік жасаған болатын, алайда бұл                жорық белгісіз бір себептерге байланысты 1720 жылы сәтсіздікпен аяқталған.

Бұрыннан арабтық маскаттарға қарсы шайқастарда      жиі-жиі жеңістерге жетіп отырған Иран шахының әскерінің батыл да өжет әскери қолбасшыларының бірі Лютф — Али — хан   ауғандық гильзайларды талқандап, өз әскерін Кандагарға    бағытталған жаулап алушы және қаланы азаттаушы жорығына    дайындала бастаған болатын. Осындай Иран тарихындағы                           негізгі сәттерде Хусейн шахтың ақымақ кеңесшілері Лютф-Али —                  ханның әскерін таратып жіберіп, өзін барлық туысқандарымен                 (и’тимад ал-доуле мәжілісінің соты бойынша) қосып, көтеріліс                      жасап жатырған құрттар және лезгин тайпаларымен байланысы бар және де шах өміріне қауіп төндіргелі жүр деп 1721 жылы айыпталған болатын.

Бұл жағдайды ұтымды пайдалануға ұмтылған ауғандық гильзайлардың қолбасшысы Махмуд хан жиырма мың      ауғандықтарды жинап алып, 1721 жылдың аяғында Исфаханға өте     қысқа және өте қиын жолдармен Систан мен Керман арқылы     жорыққа аттанды. Махмуд хан Керман және Йезд қалаларының қорғандарын ала алмады, бірақ оларды жаулап алуға екіші қайтара ұмтылыс жасап жатпады, бұл жерде көп аялдамай Исфахан қаласына жақындады. И’тимад ал-доуле мәжілісіндегі Мұхаммед Кули                            хан Махмуд хан әскеріне қарсы тұруды ұсынған болатын, өйткені             Керман және Йезд қалаларының маңындағы ауғандық                   гильзаилардың жеңілісін мысалға алып жеңіске үміттенген болатын, алайда жоғарғы мәжілістің шешімі бойынша (и’тимад ал-доуле    мәжілісінің соты бойынша) Исфахан қаласы ауғандық гильзайлықтарға ешбір шайқассыз берілді. .[15]

 Ауғандық Махмуд шах әскерінде ауыр артиллерия болмады,                бірақ түйелердің үстіне тиеліп алынған жеңіл от ататын                      зеңбіректері (пушка-кулевриндер) болды. Бұл қару — жарақтар, яғни зеңбіректер (парсы тілінде — «аралар») соғыстарда өте қажетті    және орынды құралдардың бірі болып есептелінетін. 1722    жылдың 8-наурызында Гульнабад қаласының маңындағы    шайқаста Иран шахының әскері толығымен талқандалды. Шайқаста Картлий Вахтанг IV-ң бауыры, шахтың мемлекеттік әскерінің                      күшті әскери қолбасшыларының бірі – құллар ағасы грузин                        Рустам (Ростом) мырза қаза тапты. Иран мемлекетінің шахының                    ауыр артиллериясы (жиырма төрт зеңбірек) ауғандық гильзайлармен шайқас кезінде жауланып алынды. Осы оқиғадан кейін          ауғандық гильзайлар армяндар қоныстанған Жаңа Джульфаны    қоршап, жаулап алды. Оларға жүз жиырма мың туман өте    үлкен көлемдегі контрибуция-салық салынды. Бірақ артынан    бұл салықты жинап беруге қала тұрғындарының әлеуметтік                 жағдайының келмейтініне көздері жеткендіктен, бұл салынған салық мөлшерін жетпіс мың туманға дейін азайытты. Бірақ ауғандық  гильзайлардың Аллах-верди ханның қоршалған өткелін Зиндэ-Руд өзені арқылы жаулап алу ұмтылыстары сәтсіздікпен аяқталады және   Махмуд хан Шах Хусейнмен егерде ол ауғандық гильзайларға    салық тармағында жеңілдіктер жасаса, сонымен қатар Кандагар, Систан және Хорасан қалаларын берсе, оған қосып елу мың туман     көлемінде айып-пұл төлеп, Иран шахының қызын Махмудқа, яғни өзіне күйеуге беруге келіссе, бейбіт келісімге келетінін                   мәлімдеді. Иран шахы Хусейн и’тимад ал-доуле мәжілісінің                   күдіктенген ойларына қарамастан, бұл келісімшартқа қатал түрде «келіспеймін!» деп жауап берген болатын. Исфахан қаласында                ауғандық гильзайлардың жаулап алу күресі басталды. Бұл                               күрес 1722 жылдың наурызынан қазанына дейін жеті ай    бойы жалғасты. Лезгин көтерілісшілерімен шайқасып жатқан             және Кавказ маңы елдеріне Ресейлік Петр I әскерінің кіруін          күтіп жатқан Картлия патшасы Вахтанг IV Иран шахына                   көмектесуден бас тартты. Систанның мұрагерлік билеушісі    мәлік Махмуд жоғарыда айтылып өткендей, көтеріліс                                          жасап, өзін тәуелсіз билеуші ретінде жариалаған болатын.      Ауғандық гильзайлар Исфахан қаласын жаулап алуда бар         ынтасы мен бар күшін жұмсады және әскери гарнизонның,    қалалықтардың сонымен қатар жергілікті шаруалардың   батырларша бар күштерін салып қарсыласқандарына                            қарамастан астананы азып-тозу және ашаршылық жағдайына                        дейін алып барды. Иран мемлекетіндегі шах тағының         заңды түрдегі мұрагері Тахмасып мырзаның Иран мемлекетінің солтүстігінен және Казвиннен астананы құтқарып     қалу үшін әскер жинау ұмтылыстары сәтсіз аяқталған болатын.  Тіпті Иран шахына көмек беруге шехсевиндердің өздері бас тартқан еді. Біртұтас қорғаныс жоспарының болмауы, Иран мемлекетінің                          ішкі қарама-қайшылықтары және Иран шахының ебедейсіз                                іс-әрекеттері Иран мемлекетінің халық топтарының көтерісшілерінің қорғанысқа, соғысқа немесе  шайқасқа деген бар ынтасын өшіріп          тастаған  болатын. Ең аяғында Иран шахы Хусейннің еңсесі түсіп, шах Махмудпен келісімсөздер жүргізуге мәжбүр болды. Бұл келісімшарт бойынша ол ауғандық Махмуд шахқа жүз мың туман ақша және      ауғандық  Махмудтың бұрын келісімшартта сұраған аймақтарын, оған қосып Керманшах  қаласын және де өз қызын оған күйеуге беретінін  айтып ұсыныс  жасаған еді. Бірақ Махмуд шах Иран мемлекетінің    барлық облыстары мен бар қазына байлығы көп ұзамай өз қолына      түсетінін мәлімдеп, ал барлық шах қыздарын және әйелдерін өз әскерлеріне күң ретінде таратып беретінін жариялап, шахқа өз еркімен мемлекет билігін беруін талап етіп, оның келісімшартына келісуден бас тартты.[16]

Астанадан қашып құтылу әрекеті сәтсіз аяқталған шах Хусейн            өзінің барлық эмирлерімен 1722 жылы 22-қазанда ауғандық                       Махмуд шахтың лагеріне аттанып, оған қаланы, бар билікті және шах құндылықтарының барлығын қолына табыстауға мәжбүр болды.        Екі күннен кейін ауғандық Махмуд шах өз әскерімен Исфахан       қаласына кіріп, Иран мемлекетінің шах тағын иемдеді. Сефевид династиясының эмирлерінің және әскери шенді адамдарының тең жартысы, сондай-ақ шенеуніктердің көп бөлігі ауғандық Махмуд шах билігін мойындауға мәжбүр болды. Ауғандық Махмуд шах алғашқы    уақыттарда билік басындағы көптеген парсы шенеуніктерін өз орындарында қалдырды, бірақ кейбір лауазымдарды, оның ішінде    Исфахан қаласының қазынасының діни лауазымдарына ауғандық сунниттерді қойды. [17]

 

    Парсы халықтарының ауғандық жаулап алушыларға қарсы күресі.

 

Ауғандық Гильзайлар ішкі Иран елінің біршама бөліктерін             жаулап алған болатын. Мысалы, ауғандық гильзайлардың құрамына Қашан, Кум, Казвин, Гулпайған және тағы да басқа ирандық қалалар кірген болатын. Ауғандық Гильзайлар басында көтеріліс жасаған     кезде Сефевидтер династиясымен бас бостандықтарын алу үшін    күрессе, одан кейін ауғандық гильзайлық тап басшылары     Иран мемлекетін жаулап алуды көздеді. Казвин қаласындағы  ауғандық әскери қолбасшы Амнуллах-хан Казвин қалалықтарына        және қала тұрғындарына жиырма мың туман айып-пұл салып, ауғандықтарға ең әдемі қыздар тауып беруге бұйрық берді.  Басында осындай айып-пұл мен тонаушылықтар Казвин қаласындағы қала кедейлерінің және “базар адамдарының” (авам ва лурдум-и-базар)  бас көтерулеріне алып келсе, соңынан көтеріліске қолөнершілер  мен саудагерлер де қатысты. Казвиндегі қаласындағы қалалықтар   қаладағы ауғандықтардың әскери лагерін талқандап, оларды қаладан   қуып шықты. (1723 жылы қаңтар айында)[18]

          Иран мемлекетіндегі халық топтарының көтерілістері сонымен   қатар Қашан, Хунсар және тағы да басқа қалаларда орын алған   болатын. Йезд қаласы бұрын соңды болмаған батырлық танытты. Ауғандық гильзайлар бұл қаланы қанша тырысқанымен жаулап ала алмады. Шейх Мұхаммед Али Қазым бұл көтерілістерде басты рөлде “Иран халқының қарапайымдылығы және ауызбіршілігі жеңіп   кетті” деп баяндайды (авам). Иран еліндегі осы қарапайым    халық өкілдері жаулап алушыларға қарсы шайқастарды өз мойындарына алған еді.

   Сол кезеңдегі тарихшылар Мухаммед – Али Қазым және Крусинскийдің баяндаулары бойынша парсы халықтарының топтары —  шаруалар, қолөнершілер, ұсақ және орташа көпестері де таулары   шағылған сефевидтерге қарағанда жоғары патриоттық күштерін     көрсете білді, өздерінің батырлықтарын танытты, жаулап алушыларға қарсы тұрды, өз елдерінің тәуелсіздіктерін қорғауға бар күштерін салып талпынды. Көптеген Иран елінің аймақтары бірнеше жылдар бойы     жаулап алушыларға қарсы партизандық топтар құрып шайқасты. Осылайша Бен-Исфахан қаласының көп бөлігі, яғни Исфахан қаласының барлықтай дерлік аймақтары ауғандық гильзайлармен жаулап алу кезеңінде де, олардың билігінің құлауынан кейін де берілмеді, бұл аймақтағы көтерісшілерді жаныштау үшін шайқасқа жіберілген               Махмуд шахтың ауған әскерлерінің бәрін Иран   халық көтерілісшілері талқандады. Соңынан ауғандықтардың ел басшысы Бен-Исфахан шаруаларымен бейбітшілік келісімшарт жасасуға мәжбүр болды. Бұл бейбітшілік келісімшартты бұзудың сылтауын таба алмаған және     Бен-Исфаханның халқының қандарын төгіп талқандағысы келген    Махмуд шах бұл жерге өзінің құпия адамдарын жіберіп, оларға   халықты өздері келісімшартты бұзатындай қылып   азғындауларын тапсырды. Бірақ шаруалар бұл адамдарды тұншықтырып өлтіріп, денелерін Махмуд шахқа беріп жіберген. Шейх Мұхаммед    Қазым сөздері бойынша ауғандық гильзайлармен жеті жыл қатарынан шайқасып бағынбаған ирандық  ауыл-аймақтар да  болған. .[19]

Исфахан қаласындағы ауғандық гильзайлардың да жағдайы нашар еді. Секемденгіш Махмуд шах бұл жердегі халық топтарының көтерілістерін қатал шаралармен ушықтыруға тырысып бақты. 1723 жылдың қаңтар айында парсы шенеуніктерін өзіне тойға шақырып, олардың бәрін қастандықпен өлтіріп тастаған. Тап осындай жолмен қызылбашы курчилерін де өлтірген. Исфахан қаласына төрт мың кип парши, жүз бес кип алтын мен күмістен тігілген маталар көлемінде    ауыр салық салынған болатын. Бірақ қаланың әлеуметтік жағдайы нашарлап кеткендіктен тұрғындар бұл салықтың тек жартысын ғана  жинап берді. Жаңа Джульфа қаласының армяндарына да осындай              айып-пұл төлеттірді. Олардың калантарлары билік басынан алынды. Ағылшындық, голландық, француздық және үнділік көпестер де    салық төлеуге мәжбүр болды. Қаланың осылайша әлеуметтік жағдайы нашарлап, қала қайыршылана түсті. Халықтың әлеуметтік      жағдайы бұрынғысынан да нашарлап кетті. .[20]

          Ауғандық гильзайларға ең күшті қарсыласу Иран мемлекетінің оңтүстігіндегі халық топтарынан қозғалыстарынан байқалды. Қалалықтардың және әскери гарнизонның кескілескен ұзақ қарсыласуларынан кейін ғана ауғандық гильзайлар 1724 жылы  Шираз қаласын әрең жаулап ала алды. Ауғандық гильзайлардың Бендер Аббас портын жаулап алу ұмтылысы сәтсіздікпен аяқталды.   Махмуд шах Фарс қаласының солтүстік батысындағы                                     Кух Гилуйе қаласының таулы аймағын жаулап алуға ұмтылып,                       бірақ өте күшті қарсыласу шайқастардың  нәтижесінде жеңіліп,                      кері қайтқан болатын.

Бірақ ауғандық гильзайларға қарсы парсылық халық                 топтарының көтерілісшілерінің әлі де өз орталықтары болмады.                   1722-1732 жылдар аралығында Гилян, Мазандеран қалаларының және оңтүстік Азербайжан облыстарындағы “ауғандық Махмуд шахқа бағынбаған” атаққа ие болған Хусейн Сефевидтің ұлы, заңды түрде шах болып есептелінетін Тахмасып II әлі де шорқақтық танытып,   жаулап алушы ауғандық гильзайларға қарсы халық топтарының көтерілістерін басқаруға бата алмай жүрді. Сефевидтік тап басшылар халық топтарының қарулануынан қорықты. [21]

 

 

      Ресей империясының Иран мемлекетінің әлеуметтік-саяси істеріне араласуы.

1721 жылы Швеция мемлекетімен соғысты сәтті аяқтаған      Петр I Иран мемлекетіндегі бұндай жағдайды Ресейдің Каспий   маңы аймақтарын оккупациялау жолында тиімді де ұтымды пайдалануға ұмтылды. Петр I мемлекеті Волга-Каспий жолын және  Каспий теңізінің жағалауларының басты аймақтарын иемденіп алуды көздеді. Петр I осы кезеңде көтеріліс жасап жатырған армяндар мен грузиндер тайпаларының сұранысы бойынша көмекке келді, Картлилік патша Вахтанг IV үш ай бойы Ганджа қаласының маңында орыс әскерлерін күтіп жатты. Бірақ Петр I-ң бұл Кавказ маңы елдеріне көмекке келуінің басты себебі: Каспий теңізінің жағалауын жаулап алуға        ұмтылған  Османдық  Түркияға  жол бермеу еді. Өйткені бұл Ресей елі үшін әскери қарым – қатынастарына, сауда қарым — қатынастарына         өте үлкен қауіп төнетіні сөзсіз еді. Бұл қауіп ықтимал еді, өйткені Стамбул қаласындағы сұлтан Ахмед III-ң мемлекеті Кавказ маңы елдеріне Иран мемлекетіне жол ашып кіру үшін басқыншылық жорықтарын ұйымдастырып жатырған болатын. Осылайша Ресей империясының Иран мемлекетінің әлеуметтік-саяси істеріне араласуы Сефевидтер династиясына қарсы емес, османдық түрік агрессиясын  тоқтатуға  қарсы бағытталды. 1722 жылдың маусым айында Петр I манифест жариялады, бұнда шах Хусейнге қарсы шайқаспайтынын, (шах Хусейнді қарсыласы ретінде тіпті қарастырмады, өйткені ол тым әлсіз еді), керісінше Шемаху қаласын жаулап алу барысында үш жүз орыс көпесін өлтігені үшін және христиандар – грузиндер мен азербайжандар тайпаларын  азаттау үшін Сурхай-хан мен Хаджжи Давудқа қарсы шайқасатынын мәлімдеді. .[22]

 Орыс әскерлері 1722 жылы Дербент қаласында және 1723 жылы Баку қаласында орнығып алды. Гилляндық қалалықтар да Ресейден ауғандықтарға қарсы шайқаста көмек көрсетулерін сұрады,    сондықтан Петр I Энзели қаласы мен Решта қаласына орыс отрядтарын жіберді. Ардебиль қаласында тұрақтанған ирандық     шах Тахмасып II Ресейдің көмегімен Махмуд шахты талқандауды        көздеп, Ресейге елші Исмаил-бекті жіберді. Елші Исмаил-бек Санк-Петербург қаласында 1723 жылы қыркүйек айының жиырма үшінде келісім-шартқа қол қойды. Келісімшарт бойынша Ресей мемлекеті Тахмасып II-ге ауғандықтармен қарсы шайқаста көмектесуге келісті, есесіне Дагестанды және Азербайжанды, сондай-ақ Гилян қаласын, Мазандеран  қаласын  және   Астерабад қаласын өз иеліктеріне қосып алды. Бірақ Тахмасып II елші Исмаил-бекті пайдасыз келісімшарт жасасты деп айыптап, петербургтік келісімшартты мойындаудан бас тартты.

Ауғандық Мұхаммед шах көтерілісшілердің алдын алу  олардың үшін барлық жанұялардағы барлық еркектерді өлтіруге бұйрық берді. Сефевидтер жанұясынан отыз тоғыз адам өлтірілді, тек бұрынғы    шах Сефи-мырза Хусейн ғана тірі қалды. Бұл оқиға 1725 жылы болған болатын. Бұндай оқиғаларға бахтиарлардың көтерілісін өзін “шах Хусейннің ұлымын, Сефи-мырзамын” деп атаған авантюрист адамның басқаруы себеп болған болатын. Иран мемлекетінің орталық облыстарындағы халық топтарының жаулап алушыларға қарсы қарсыласу көтерілістері жалғасып жатқан болатын. Ауғандық топтардың                     өзінде қарама-қайшылықтар туындап, халық топтарының наразылықтары пайда болып, қарсыласу күрестері басталып кетті, нәтижесінде  Махмуд шах ұсталып өлтірілді, ал шах тағына оның немерелес   бауыры, ағасы Мир-Абдуллахтың ұлы Ашраф отырғызылды. [22]

 

   Түркияның Иран мемлекетінің әлеуметтік-саяси істеріне араласуы.

 

         Османдық Түркия билеушілері Сефевидтер династиясымен ұзақ уақыт бойы бейбіт қарым-қатынастарда болғанымен, енді Сефевид династиясының құлдырауын кезеңін пайдаланып қалуға ұмтылды. 1722 жылы Тұркияның байырғы адамдары, лезгин тайпаларының басшылары казикумухтық Сурхай — хан және Мударрис Хаджжи Давуд Ширван қаласын және Солтүстік Азербайжанның бір бөлігін жаулап алып, заңды түрде түрік сұлтаны Ахмед III-ң билігін мойындаған болатын. Ауғандық Махмуд шахқа Исфахан қаласына түрік елшісі ретінде Осман есімді елші жіберілген болатын, ал ол негізінде шпиондық тапсырыстармен жіберілген еді. Стамбулға қаласына оралған ол Иран мемлекетіндегі әлеуметтік-саяси  жағдайды тіпті асқындырып баяндап  береді. Түркиялық Ахмед III мемлекеті Кавказ маңы елдеріне және Иран мемлекетіне  жорық жасауды ұйғарды. Осындай жол арқылы, яғни өз жеңістерімен және жаулап алушылық жорықтарымен басқа елдер  алдында, сондай-ақ Түркияның өзінде де өз дәрежесін көтеруді көздеді. (бұл кезеңде оның ел ішіндегі дәрежесі мәз емес еді).

           1723 жылы Түрік әскерлері Армения мен шығыс Грузияға жорық жасап, Ереван мен Тбилиси қалаларын жаулап алды. Бұлайша оқиғалардың дамуын күтпеген және бұндай оқиғалардан үрейленген ирандық шах Тахмасып II петербургтік келісімшартты мойындауға және заңды түрде Ресейге Каспий маңының батыс және оңтүстік жағалауларын беруге, сонымен қосып Дербенд, Баку, Гилян, Мазандеран қалаларынан   айрылуға мәжбүр болды. Енді келісімшарт шарттары бойынша Ресей Тахмасып II мемлекетіне Ирандық тұрғындарға ауғандық жаулап алушылардан азат ету жолында көмек көрсетуге тиісті болды. Сондықтан Ресей әскерлері Гилян қаласына келіп орнықты. Бірақ Мазандеран қаласы мен Гурган (Астерабад) қалалары ешқашан да орыс әскерлерінің қарамағында болған емес еді. [23]

          1723 жылғы келісімшарттың жасалуы және түрік әскерлерінің  Кавказ маңы елдері мен Керманшах қаласына баса көктеп кіруі  Түркия мен Ресей елдері арасындағы қарым-қатынастарды өте қатты шиеленістіріп жіберді. Екі мемлекет арасында бірнеше қақтығыстар болды. Бұл қақтығыстар орыс-түрік соғысына дейін апара жаздады. Әйтсе де Петр I Швеция мемлекетімен жиырма жылдық ауыр    соғыстан кейін өзінің елін Османдық Түркиямен соғыстан алып қашты. Өйткені  османдық Түркияны Англия және Франция мемлекеттері          қолдап отырған болатын. 1724 жылдың маусым айының жиырма төртінде Стамбул қаласында Францияның өте күшті ықпалымен Константинопольдық орыс-түрік трактатына қол   қойылды. Бұл трактат бойынша Ресейдің қарамағына 1723 жылғы Петербург қаласында жасалған орыс-сефевид келісімшарты бойынша үлесіне тиген Каспий маңындағы облыстар кірді, ал Түркияның иелігіне Кавказ маңы елдерінің қалған облыстары кірді. Сонымен қатар Түркия қарамағына Батыс Иранның көп бөлігі, яғни Керманшах және Хамадан сияқты ірі қалаларымен кіруге тиісті болды. Ардебиль қаласының   аймағы Сефевидтер династиясының мұрагерлік домені ретінде трактат шарттары бойынша Иран шахы Тахмасып II-ге қалды. (Бірақ іс жүзінде Түркиямен оккупацияланған болатын).  Екі мемлекетте 1724 жылғы трактат бойынша шарттары Тахмасып II-ден трактат шарттарын орындауын талап етті және екі ел Иран мемлекетіндегі іс-әрекеттері бір-біріне хабарлап отыруға тиісті болды. Ал шах Тахмасып II бұларға бағынуға тиісті болды. Бағынбаған жағдайда Иран мемлекетінің шах тағына екі мемлекет бір-бірімен келісіп, “таққа отыруға лайық” парсылықтарын өздері таңдап (өздеріне бағынатын) отырғызатындарын хабарлады.

          Осындай Түркияға пайдасы өте көп Константинопольдық келісімшарт Түркияға Францияның қолдауының арқасында жасалған болатын. Осы трактатқа қол қойылғаннан кейін Түркия әскері батыс Иранға бет алды. 1724 жылы Хамадан қаласын қоршап, жаулап алды.  Бұл қалада да басқа қалалардағы сияқты парсылық халық топтары өте күшті қарсыласты. Түріктер қаланы жаулап алғаннан кейін қалалықтардың жартысын қырып-жойып, жартысын қаладан қуып шықты. Түркия     елі 1724 жылғы трактат бойынша үлесіне тиген жерлерге қанағаттанбады. Түрік әскерлері 1725 жылы Казвин қаласын жаулап алды. Тек парсылықтар ғана емес, сондай-ақ Азербайжандық халық топтары да   түрік жаулап алушыларымен өте күшті қарсыласып бақты. Барлық     халық топтары, қолөнершілер, шаруалар Тебриз қаласын қорғауға бар күштерін салды. Бірақ аяғында түрік әскерлері жеңіске жетті, Тебриз қаласының қорғаушылыры өздеріне қаладан қаруларымен және жанұяларымен еркін шығу құқығына ие болды. Тебриз қаласындағы  қарсыласу шайқастары жөнінде шейх Али Қазым жақсы баяндайды.  Шах Тахмасып II Мазандеран қаласында тұрақтанып, бұл көтерілісшілерге қосылмады, өзін алшақ ұстады, оған Астерабад қаласының беглербегі  және Каджар тайпаларының басқарушысы – Фатх Али хан көмек көрсетіп отырды. [23]

           Бұл уақыт аралығында Махмуд шах парсы топтарының көтерілісшілерінен үрейленіп, олардың алдын алу үшін барлық жанұялардағы барлық еркектерді өлтіруге бұйрық берді. Сефевидтер династиясының жанұясынан отыз тоғыз адам өлтірілді, тек бұрынғы шах Сефи-мырза Хусейн ғана тірі қалды. Бұл оқиға 1725 жылы болған болатын. Бұндай оқиғаларға бахтиарлардың көтерілісін өзін “шах Хусейннің ұлымын, Сефи-мырзамын” деп атаған авантюрист адамның басқаруы себеп болған болатын. Иран елінің орталық облыстарындағы халық топтарының жаулап алушыларға қарсыласу көтерілістері жалғасып жатты. Ауғандық топтардың өзінде қарсыласу күрестері басталып кетті, нәтижесінде Махмуд шах ұсталып өлтірілді, ал шах тағына оның немерелес бауыры, ағасы Мир-Абдуллахтың ұлы Ашраф отырғызылды.

           Ашраф Махмуд шахқа қарағанда өте талантты және ақылды саясаткер болды. Иран мемлекетіндегі өзінің билігін нығайту мүмкін еместігін түсінсе де,  ол Махмуд шах секілді ауғандық тайпалардың ел басшысы болып қалса да, Ашраф өзін Иран елінің билеушісі секілді ұстады. Ол өз әскерлерінің ішінде қатал тәртіп орнатты және парсылықтарға тонаушылық жасау, сондай-ақ күш көрсетулерін тоқтатты. Өзі Иран мемлекетінің әлеуметтік тап басшыларын өз жағына қаратуға тырысты және Фарс қаласы мен Иран елінің “кейбір адамдарын” (таза парсылықтарды) бар ықыласымен бе, әлде амалының жоқтығынан ба, өзіне қызметке ала бастады. Есесіне Ашраф жаулап  алынған  мемлекет  ретіндегі Иранда билік еткісі келген ауғандық тап басшыларының наразылығына тап болды. Ашраф Тахмасып II-ні алдап-соғуды ойластырып, оны келісімшарт жасасуға шақырған болатын. Бірақ Тахмасып II уақытында ескертіліп, оның оның бұл ойынан хабардар болған болатын. Ашрафтың Түркиямен келісімшарт жасасуға деген ұмтылысы сәтсіз аяқталды – Түркия барлық Иран территориясын жаулап алуға ұмтылған болатын. Ашрафқа Түркиямен соғысуға тура келді. Ол 1726 жылы Исфахан қаласына жақындап қалған түріктермен қиын да күрделі соғыста жеңіске жетті. Осы оқиғадан кейін барып Түркия елі ауғандық Ашрафпен келісімшарт жасасуға мәжбүр болды. [24]

          Өзінің осындай жеңістеріне қанағаттанбаған Ашраф 1727 жылы Түркиямен келісімшартқа қол қойысты. Келісішартта мынандай             мәселелер қарастырылды:

           1) Ашраф түрік сұлтаны Ахмед III-ті барлық мұсылман сунниттердің халифі ретінде мойындайды.

           2) Сұлтан Ашрафты Иран елінің билеушісі ретінде мойындайды, бірақ Түркияға бағынатын вассалы ретінде ғана; Ирандық                 мешіттерде оқытылатын құрандарда сұлтан Ахмед III-ң есімі Ашраф есімінен бұрын айтылуға тиісті болды. [25]

           3) Ашраф Түркияға 1724 жылғы константинопольдық орыс-            түрік трактаты бойынша қарамағына берілген жерлерді және оған қосып Хузистан, Зенджан, Казвин, Султанийэ және Техран(Тегеран) қалаларын барлық облыстарымен, оған қосып барлық Иранның 2/5 бөлігін беруге мәжбүр болды.

           Ашрафтың бұндай қиын да нашар жағдайы Ирандағы халық топтарының қарсыласу көтерілістері және Ашрафтың саясатына наразылық танытқан ауғандық тап басшыларының Кандагар қаласында көтеріліс жасауына байланысты еді. Сеистандық мәлік Махмуд Ашрафпен де, шах Тахмасып II — мен де күресіп, шайқасып бақты. Өйткені Сеистандық мәлік Махмуд өзі ешкімге бағынбай, жеке тәуелсіз билік еткісі келді. Содықтан да өз мақсатына жету үшін барлық басқа тап  топтарымен соғысқан болатын.

 

 Иранның әлеуметтік-экономикалық құрылысы.

 

         XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың бас кезінде Иран аграрлы – феодалдық мемлекет болды. Сефевид династиясының территориясының құрамына (XVII ғасырдың аяғы) Иранның өзінің территориясынан       басқа XVI-XVII ғасырдың бас кезеңдерінде жауланып алынған Кавказ маңы елдері, Кавказдың тең жартысы, орталық Азияның Мерв қаласына дейінгі бір бөлігі, Ауғаныстанның батыс бөлігі, Герат, Фаррах және Кандагар қалалары, сонымен қатар Белуджистанның барлық аймақтары кірді. Иран экономикасының негізгі салаларына жер шаруашылығы, мал шаруашылығы және қолөнер шаруашылығы жататын еді. Жер шаруашылығының негізгі мәдениетіне бидай және арпа өсіру шаруашылықтары жатты. Каспий маңы елдерінде күріш өсірілді. Одан бөлек Иран мемлекетінің басқа да көптеген аудандарында мақта және  тағы да басқа техникалық дәнді-дақылдар (табак, опийлік мак және тағы да басқалары) өсірілді. Жүзім шаруашылығы мен жеміс-жидек, бау-бақша шаруашылығы өте жақсы дамыған болатын. Жібек өндіру шаруашылығы даму жолының жоғары деңгейіне жеткен болатын. Көптеген аймақтарда, әсіресе Орталық Иран облыстарында жер шаруашылығында көп        жағдайда жасанды қопсыту шаралары жасалынады. Өзен сулары, таудың ағынды сулары егістік жерлерге     жер үсті каналдары арқылы, сондай-ақ құдық немесе жер асты каналдары арқылы жіберілді. [26]

Мал шаруашылығы, негізінен қой және ешкі бағу шаруашылығы көптеген көшпелі және жартылай көшпелі құрт, лур, белуж, түркмен, қашқай және тағы да басқа тайпалардың негізгі шаруалары     болды.

Негізгі ортағасырлық цехтық тапта қаланған Иран қолөнері XVII ғасырдың ортасына таман өте кең тармақта дамыған болатын.                     Әсіресе Иран әлемге өзінің кілем тоқу және әртүрлі маталар тігу               өнерімен танылды. Иранда сондай-ақ фарфорлық және тағы да басқа ыдыстар жасалынып шығарылды. Көрнекілеу керамикасы, теріден жасалған бұйымдар, алтын, күміс, бронзадан жасалған бұйымдар және тағы да басқа бұйымдар жасалынып шығарылды. Сондай-ақ Иранда ішкі және сыртқы сауда өте кең аумақта дамыған болатын. Мемлекеттегі      тауар-ақша қарым-қатынастары ірі қалалардағы, кейбір ауыл аудандарында жақсы дамыды. Бірақ бұл қарым-қатынастардың дамуы және өсуі салық мөлшерінің ұлғаюына және жалдамалы жерлердің бағасының өсуіне алып келді. Бұл жағдай  иран ауылдарының және шаруалардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына, осылайша кедейленуіне алып келді. [27]

Жалпылама айтқанда сефевидтік Иран елінің феодалдық экономикасы XVII ғасырдың орта шенінде көтерілу, шарықтау         кезеңдерін бастан өткерген болатын. Бірақ XVII ғасырдың аяғында алдымен Иран елінің уыл шаруашылығында, содан кейін қолөнер мен саудада құлдырау нышандары байқалады. Бірте-бірте жер асты және        басқа да қопсыту каналдары бұзыла бастады, қолданбалы жер аумақтары азая бастады, ауыл шаруашылығы аудандарында тұрғындар саны азая бастады. Саудада да біраз шиеленістер байқалды. Бұндай экономикалық құлдыраудың негізгі себебі – тұрғындардың көпшілігінің – еңбек адамдары мен шаруалардың феодалдардың эксплуатациясына ұшырауы, өндіруші күштер қарқынының көтерілісін басып кетуі еді. Әсіресе бұндай тепе-теңсіздік ауыл-шаруашылығында көптеп байқалды. Бұл ауыл шаруашылығының кедейленуіне және де сауда мен қолөнердің құлдырауына өз әсерін тигізбей қоймады.

Ендеше Иран елінің XVIII ғасырдың 30-жылдарындағы әлеуметтік жағдайына келетін болсақ, бұл кезеңде мемлекеттің саяси бірігуі  аяқталды, территориялық шекарасы қалыптасты, XVIII ғасырдың    20-жылдарында жоғалтылған жерлер қайтадан қайтарылды. Сыртқы саясатта осындай жетістіктер болғанымен, ішкі саясатта бәрі керісіше болды. Иранның ішкі жағдайы өте ауыр еді. Ауғандықтар мен түріктердің билігі және Иранның өзі жүргізген жаулап алушы соғыстар-      елдің әлеуметтік жағдайын нашарлатып жіберді. Елді қайыршылыққа ұшыратты. Хусейн шах билігі кезіндегі экономикалық құлдырау     толықтай шаруашылықтың құлдырауымен орын ауыстырды. Бәрінен бұрын әрине ауылдық жерлер жапа шекті. Бір Исфахан оазисінің    өзінде мыңдаған ауыл-аймақ тонаушылыққа ұшырады, кейбіреулері толығымен талқандалып, қаңырап бос қалды. Плотиналар, кариздар     және тағы да басқа қару-жарақ түрлері бұзылды немесе мүлдем істен                    шығып қалды. Негізгі Мұрғаб өзеніндегі Мерв қаласының маңайындағы  ең атақты Бэнд-и-сұлтан плотинасы мүлдем істен шығып қалды. Қарапайым халықтың көбісі жау әскерінің қолдарынан қаза тапты немесе түріктерге құлдыққа айдалып кетті, ал кейбіреулері аштықтан немесе елдегі жат жұрттық көсемдердің қыспағынан, соғыс және ішкі қарама-     қайшылықтар нәтижесінде қырылып қалды. Онсыз да Хусейн шахтың салық саясатынан әлсіреп тұрған ауыл шаруашылығының жағдайы тіпті нашарлап кетті.

Сол кезеңдегі шаруалардың әлеуметтік жағдайын 1732/3 жылдары жазылған Нахчеван қаласының аймағындағы  Вананд ауылындағы  мешіттің сыртындағы тасқа қашалып жазылған парсы жазбаларынан көруге  болады. Бұл жазбада былай жазылған: “Бақытсыз уақыт келеңсіздіктері мен аштыққа байланысты өмір тозақтың өзіне айналды,   бір жылдың  ішінде Вананд және оның көршілес аймақтары үш рет басқыншылық пен жаулап алушылыққа ұшырады және көптеген әртүрлі діни наным-сенімді ұстанатын адамдар – ерлер және әйелдердің көбі өлтірілді немесе құлдыққа айдалып әкетілді, ал басқа адамдары Аракс өзенін кешіп өтіп, сол жағалау маңындағы ауыл — аймақты паналады. Осындай келеңсіз аласапыран уақытта сауда қарым-қатынастары да тоқтап қалды. Осының бәрін өз көзімен көрген армян патриархы Абраам Кретаций 1735-1736  жылдары аштықтың толықтай Шығыс Грузияны, Арменияны, Азербайжанды билеп төстеп тұрғанын хабарлайды.    Барлық жерде арпа мен бидай бағалары күрт өсіп кетті. Тап осындай жағдай Кавказ  маңы елдеріне және Иран елдеріне де қатысты еді дейді.

Қалалар, әсіресе Батыс Иран және Иранның ішкі қалалары жоқшылыққа ұшырады. Исфахан, Шираз, Казвин, Йезд, Тебриз қалалары талан-таражға ұшырады. Бұл қалалар өз халықтарының үштен екі     бөлігін жоғалтты. [28]

Осы заманда өмір сүрген шейх Мұхаммед Али Қазым Тебриз қаласына келіп, тонаушылыққа ұшырыған, қаңырап бос қалған, ешбір тіршілік нышаны байқалмайтын қаланы көргендігін айтады. Оның        сөздері бойынша бұл жағдай барлық Оңтүстік Азербайжанға тән       еді, ал парсылық Ирак адам сөзбен айтып жеткізе алмайтындай қаңырау және тақыр кедейлікке ұшырау жағдайын бастан кешіріп жатырған болатын. Шаруалардың және қалалықтардың сатып алу мүмкіндіктерінің күрт төмендеуі сауда және қолөнердің құлдырауына алып келді.       Шетелдік саудагерлердің тоналып, ұрылып-соғылуына байланысты сыртқы сауда да тұрып қалды.

Осындай шаруашылықтың құлдырауына қарамастан түрік немесе ауған жаулап алушылары да, жергілікті феодалдық билеушілер де,     тіпті Надыр шахтың өзі де салықты азайытқылары келмеді және  оларды бұрынғы мөлшерімен жинап алуға тырысты. Қанша күштесе де онсыз да кедей райаттардан салықты толықтай жинай алмады. Сондықтан да шейх Мұхаммед Али Қазым: “Ираннан ауғандықтар қуылғанымен, бұл халыққа ешқандай жеңілдік әкелмеді” – дейді. Ол Лар қаласы Надыр шахтың тағайындалуымен Хакім (әкім) келеді. Қала құлдырау жағдайында еді және сауда жүрмеді, сонымен қатар саудагерлердің тоналуына, ұрылып соғылуына байланысты сырттан да ешнәрсе келмеді, келсе де олардың бағасы өте жоғары еді. Осындай жағдайға қарамастан әкім қала және облыс тұрғындарынан салықты күштеп жинады және екі жылға (осы және келесі) өте жоғары бағада бірден жинады. Бұл қалалықтардың көтеріліс жасауымен  және әкімнің өлтірілуімен аяқталды.

Сонау шах Хусейннің кезеңінен бастап-ақ құрамында күмісі өте аз монеталар шығарылған болатын. Ауғандық Махмуд шах толық    салмақты монета шығаруға тырысты, бірақ соғыс және құлдыраушылық жағдайында бұл реформа ешқандай нәтиже бермеді. Монета әлсіздігі     және сатылымның жетіспеуінен, жер шаруашылығының құлдырауынан ақша құны төмендеп кетті. Керісінше, бидай бағасы жоғарылап кетті. Надыр-шах кезеңінде Мұхаммед Қазымның айтуы бойынша Мерв қаласының ауданында бір ман бидай екі жүз динар тұрды. Абраам Кретаций жазбалары бойынша осы кезеңде Тебриз қаласында бір ман бидай тоғыз жүз динар тұрған.[29]

Сонымен Иранның әлеуметтік жағдайында жоғарыда айтылып өткендей XII ғасырдың аяғы бас кезеңінде Иран елінің экономикалық дамуында реакциялық тенденция анық байқалатын болатын. XVII ғасырдың аяғында байқалған шаруашылықтың шарықтауы   құлдыраумен орын алмасты. Иран экономикасының құлдырауының негізгі себебі феодалдық рентаның, салықтардың шамадан тыс өсуі еді. Өйткені бұл жағдай ауыл шаруашылығының  кедейленуіне, ішкі сауданың құлдырауына және таптық қоғамның шиеленісуіне алып келді.

XVIII ғасырдағы Иранның барлық тарихы азербайжандарға, армяндарға, грузиндерге, курдтарға, ауғандықтарға, түркмендерге   және де халықтың әлеуметтік жағдайын әбден нашарлатқан шах мемлекетіне қарсы бас көтерулермен және кескілескен көтерілістермен сипатталады. Осы кезеңде сонымен қатар феодалдық таптар арасындағы қарама-қайшылықтар күшейеді. Олардың арасында жерге деген талас, билікке талас жиі-жиі орын алып отырды.

Надыр шах билігі кезеңіне дейін де салықтың тым өсірілуі, шах шенеуніктерінің жазалау шаралары және діни қысым Сефевид династиясында Аббас I шах кезеңінде де байқалған болатын. Сондықтан да бұл жерде халық наразылықтары күшейіп, бірнеше көтерілістер болды.

Иранның экономикалық құлдырауының басты себебін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Бұл экономикалық құлдырау шаруалардың кедейленуіне және феодалдық мемлекеттің кіріс көздерінің  азаюына, жекелеген феодалдардың кедейленуіне алып келді. Бұған қарамастан мемлекеттің бюрократиялық  аппаратының қажеттіліктері, сондай-ақ феодалдық таптың қажеттіліктері азаймады, керісінше осы кезеңнің тауарлы-ақшалы қарым-қатынастарының дамуының әсерінен екі есе   өсіп кетті. Бұл қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін шах мемлекеті     бір ғана амалды білді және осы білген амалдарын жүзеге асырды – салық мөлшерлерін тым ұлғайтып жіберді. Шах қазынасының қажеттіліктері ұлғайған сайын, мемлекет басындағылар Иранның шаруалары мен қалалықтарына және тағы да басқа халық топтарына салынған салықтың мөлшері де ұлғая түсті. Бұндай салық көлемінен екі есе көп салық  мөлшері Сефевид мемлекетінің парсылық емес аудандарында байқалған болатын.

Салықтың ауыртпашылығы, шах шенеуніктерінің жазалау          шаралары және діни ауыртпашылықтар Аббас I шах кезеңінде  біріккен Сефевид мемлекетінің аудандарында анық байқалатын. Сондықтан бұл жерлердегі халықтың Сефевидтер династиясына деген өшпенділіктері мен наразылықтарының туындауы ғажап емес еді. Тап   осы аймақтарда бірнеше халық көтерілістері болды. Өйткені бұл облыстарда негізінен тікелей қуғын-сүргінге ұшыраған немесе әлеуметтік тепе-теңсіз жағдайында болған, салықтың ең қымбат мөлшерін төлеуге мәжбүр болған сунниттер (Дагестанда, Ширванда, құрттар, ауғандықтар және түркмендер арасында) және христиандар (армяндар мен грузиндер) тұрақтанған болатын. Сондықтан бұл жердегі халықтар көтерілістері    діни сипатқа ие болды. Бұл көтерілістер “дені дұрыс емес суннизмге” қарсы, “еретиктік” шеизмге қарсы күрес немесе христиандарды мұсылмандық азаптан құтқару деген ұрандармен жүріп жатты.[30]

Міне, осындай оқиғалардан Иран елінің әлеуметтік жағдайының нашарлауын анық көруге болады. Яғни Надыр шахтың өзінің ішкі  саясатқа емес, сыртқы саясатқа көп көңіл бөлгенін анық байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Надыр-шах билігінің ерекшеліктері.

 

2.1.Надыр-шах тұлғасы.

 

Сефевид мемлекеті екі ғасырдан астам уақыт өмір сүрген, бірақ бұл династияның бірде бір билеушісі Азия және Еуропа елдеріндегі өз замандастарының бар ықыластарын Надыр шах секілді өздеріне аудара алмаған. Надыр шах тарихи сахнада жиырма жыл болып, Азия және Еуропа елдерінің тарихшыларының бар көңілдерін өзіне аудара білген. Оның тарихын әр түрлі елдер тарихшылары, саяхатшылары, елшілері және тағы да басқа тұлғалары жазып қалдырып кеткен. Алайда біздің елмізде бұл деректердің бірде біреуі жоқ.

Надыр-шах сөзсіз ірі қолбасшылардың бірі болып есептелінеді.  Және де Иранның ең ірі мемлекеттік лауазымды адамдарының бірі. Сондықтан да Иран тарихында Надыр-шах тарихы маңызды да ерекше роль атқарады. Надыр-шах 1688 жылы Хорезм қаласында дүниеге келген. Иран елінің шахы, ұлы жаулап алушы Надырдың әкесі Имам Кули               XIX ғасырдағы парсы тарихшысы Риза Кулидің еңбегі бойынша  афшарлық Кубкан қаласының ауылды-аймағының тұрғыны болған.   Өзінің “Раузат ас-Сафа-ий Насири” еңбегінде Имам Кули қой жүнінен тон тігу істерімен   айналысқан дейді. Оның үлкен ұлы  Надыр Кули 1688 жылы Сефевид мемлекетінің құлдырауы байқала бастаған кезеңде, шах Сулеймен (Сафи II) билік  құрған жылдары дүниеге келген. Өзіне  мұраға қалған шаруасынан шаршаған жас афшар билеуші Абиверд Баба-‘Али ханға қызметке орналасады. Ақылы мен күш-жігерінің және қайраттылығының арқасында көзге түсіп, өз қолбасшысының күйеу баласы болып алады.    Ал  кейбір  деректерде,  тіпте  өзгеше,  яғни  Надыр шах имам Резаның жерленген жерінде, яғни Мешһед қаласынан жиырма екі — жиырма жеті  километр жердегі Хорасан қаласының ауылды-аймақтарының бірінде дүниеге келген делінеді. Ол ашфарлықтардың   түрік тайпасынан, қырықлу руынан шыққан. Бұл тайпаның жартысы кезінде сефивидтермен Азербайджаннан өзбектермен қарсы соғыс үшін Хорезм қаласына көшірілген екен. Надырдың әкесін әрбір деректе әр түрлі айтады,  мысалы: шопан, түйе бағушы, терімен айналысушы немесе шаруа    деп көрсетеді. Мысалы, атап айтатын болсақ, кейбір әдебиеттерде               Надыр бала кезінде анасы екеуі Хорезм қаласының өзбектері арқылы құлдыққа сатылып кеткен, артынан Надыр Хорасан қаласына қашып келіп, әртүрлі феодал әскерлерінде жұмыс жасаған, бірақ негізінен сейстандық Мәлік-Махмуд әскерінде қызмет етіп, өзінің әскери қолбасшылық өнерімен елге таныла бастайды деп көрсетеді.[31]

   Ал кейбір әдебиеттерде Надырдың әкесі шопан болған делінеді.   Әкесі шопан болып, баласында жас кезінде осы шаруаға баулаған. Бірақ көп ұзамай Надыр бұл ісінен шаршап кетеді. Табиғатынан талапты, тазалықты сүйетін, атаққұмар ол билікті, атақ-даңқты армандайды. Ол әкесінен 700 қой ұрлап алып, оны Мешһед қаласында сатып жібереді. Ақшасына бірнеше бұзақыларды жалдап, оларды басқарып, керуендерді тонай бастайды. Осындай жолмен ол қатты байып кетті және тонаушылық ісін жеті жыл бойы жалғастырды деп көрсетеді. [32]

   Осы кезеңде  шах Хосейн ұлы Тахмасыпты Мазандеран қаласынан әскер жинауға жібереді. Бұл әскер оған әкесіне төніп тұрған жауынан қорғануға және шах әулетінің кегін алу үшін қажет еді. Осы кезеңде Надырдың қол астында алты мың адам болатын. Бұлардың барлығы да өжет, батыр, өте күшті қаруланған, әскери өнерге жақсы үйретілген және көптеген шайқастарда тексерістен өткен сенімді, ержүрек батырлар еді. Осындай әскерімен Надыр ханзада Тахмасыпқа келеді. Тахмасып Каспий маңындағы Табаристан провинциясында Астерабад қаласында  тұрақтанған болатын. Ол ханзада Тахмасыпқа өз көмегін ұсынып, оған ата-бабаларынан мұраға қалған таққа отыруына көмектесетінін және ханзада өзін бірінші уәзірі етіп тағайындаса ауғандықтармен шайқасатынына          уәде берді. Ханзада Тахмасып осындай күтпеген және өте қажетті  көмекке риза болып, оны құшақтап, оның ұсынысын қабылдады және    оны өзіндей көретініне дәлел ретінде өз атын берді. Осы кезде біздің жаулап алушы батырымыз өз атынан бас тартып Тахмасып Кули-хан        атала бастады.

   Осылайша Ирандағы түрік пен ауған жаулапалушылығына наразылық – Мазандеран қаласындағы қозғалыс орталығы айқындалған соң күшейе түсті. 1726 жылы Тахмасып II-ге Надырдың қызметке орналасқанын жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Тахмасып II оны Хорасан қаласының басқарушысы етіп тағайындайды. Надыр Тахмасып II-ні өз жағына қаратып, өзінің негізгі бақталасы Фатх Али-хан Каджарды биліктен алыстатуға көндіреді.  1726 жылы және 1729 жылдар аралығында Надыр Мәлік Махмудты талқандап, одан Мешһед қаласын тартып алады.

    Ауған-Абдалдарды талқандап Герат қаласын  соңынан Хорасан қаласын да өз билігіне қаратып алады. Жалпы Надыр әскері мен ауғандықтар арасында қызу шайқас басталып кеткен болатын. Шайқастан соң он бес мыңнан астам ауғандықтар қаза тапты. Ауғандық Ашраф  қалған әскері мен Исфахан қаласына кері шегініп, жол бойындағы кездескен аймақтартардың бәрін тонап немесе өртеп жіберіп отырды.   Бұл жердегі мақсаты: парсылықтарды жеңістен кейін астанаға қайтып жатса, ашықтыру еді. Өзгелер сияқты шайқастан жапа шеккен қолбасшы Сейдаль қалған он мың қолымен Бендер-Аббасқа қаласына шегінді.  Күли хан оның ізімен қуып келіп, он мың қолымен Сейдальға Бендер-аббас қаласындағы әскери лагерьді талқандатып үлгертпей, оның   әскерін талқандап тастады. Ауғандықтардың әскерінің жиырмасыншы  бөлігі ғана әрең  дегенде аман қалған еді. Осы оқиғадан соң олардың қолбасшысы Кандагар қаласына қашып құтылды. Ауғандықтардың  әскерін аса бір сәттілікпен талқандаған Күли-хан әскерінің басын шах Тахмасыппен бірігу үшін астанаға бұрды, өйткені олардың келісімі бойынша екі әскердің    басын біріктіріп, Исфахан қаласына барулары керек еді. Осы жеңістен кейін шах Тахмасып үшін сәттіліктері мол күндер басталды. Бұрын жаулапалушы ауғандықтардың жағында тек қорқыныштан ғана жүрген парсылықтар топ-тобымен Тахмасыптың әскеріне сұрана бастады. Тахмасыптың жақтастарының қатарына            өтпеген адам қалмады, тіпті ауғандықтардың ішінде де. Казвин қаласының әскери гарнизонын құрайтын алты мың ауғандық шах әскері таяп         келгенде өз еріктерімен берілген болатын. Ешқандай жамандық жасамаймын, толықтай дерлік кешіремін деген Тахмасыптың уәдесін       алып алған олар шахқа қала  есігін ашып беріп, олардың әскерлерінің құрамына өз еріктерімен кірген болатын.[33]

    Осылайша оқиғалардың екпінді дамуы ауғандық Ашрафты біраз үрейлендіріп тастаған болатын. Ол өзін Исфахан қаласында қауіпсіз жағдайда сезіне алмады, сондықтан да бар қазына байлығын, әйелдерін және өзіне шын берілген сенімді он мың әскерімен Кандагар қаласына   бет бұрды. Екі күннен кейін Исфахан қаласына ирандық шах әскерінің    бір тобы таяп келді, тұрғындар оларға қала қақпасын ашып беріп, парсы әскерлерін сөзбен айтып жеткізе алмайтындай қуанышпен қарсы алды. Оларға барлық жақтан сый-сыяпат әкелініп жатты.

   Осылайша 1729 жылы қазан айының екісінде Дамган қаласының тұсында ауғандықтар толығымен талқандалды. 1729 жылы қараша   айының жиырма тоғызында Исфахан қаласына енген ол Мурчехурт қаласының маңында ауғандықтарды талқандады. Ауғандықтарды Фарс қаласы арқылы қудалай отырып, ол 1730 жылы Истахр қаласының маңындағы шайқаста жеңіске жетіп, Шираз қаласын басып алды. Белуджистанға қашқан ауғандық Ашраф белуж хандарының бірімен өлтіріледі.[34]

  Осылайша ауғандықтар парсы тағын жаулап алғаннан соң жеті жылдан кейін 1729 жылдың қараша айында толығымен қуылады.

   Шах Тахмасып астанаға аса бір мақтанышпен, атақ-даңқпен, құрметпен кірді. Күли-хан есімі де барлық көшелерде, әрбір қуыста естілетін еді. Барлық парсылықтар оны “азаттаушы”, “тәуелсіздік алып беруші” деп атап жүрді.

   Ресейдің соғыстан тозып-тозған Каспий маңы облыстарын оккупациялауы ойдағы жетістіктерге жеткізбеді, керісінше Ресейді көп шығынға ұшыратты және сыртқы саяси қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Сондықтан I Петр өлімінен кейін 1725 жылы патша өкіметі бұл облыстарды Тахмасып II-ге, егерде ол Кавказдық жерлерді Түркиядан азат етіп берсе,  қайтаруға шешім қабылдады. 1730 жылы Надыр әскері түрік әскерлерін талқандап, олардан Хамадан, Керманшах қалаларын және Оңтүстік Азербайджанды азаттап алды. Бұнда оған    Кавказ маңындағы әскерімен ресейлік генерал Левашов көмек көрсеткен болатын. Надыр Хорасан қаласындағы ауған-абдалылардың көтерілісін ушықтырып жатқанда, Надырдың күшейіп бара жатқанынан қорыққан Тахмасып II түріктерге қарсы өзі аттанды. Жеңіске үміттенген ол 1731 жылы Түркиямен бейбітшілік шарт жасасуға мәжбүр болды. Немесе басқаша айтқанда Надыр Хорасан қаласына жорық жасап кеткен кезде, шах Тахмасып II-нің түріктермен шайқасы сәтсіз болып жатқан болатын. Екі рет қатарынан жеңіліс тауып, үшіншісінде басқа мемлекеттердің қалаларынан келген көмектің арқасында жеңіске жеткен болатын.[35]

   Жеңісіне қарамастан ол Түркиямен пайдасыз келісімге қол қойысқан болатын. Ол Оттомоннан әлем портын сұрайды. Оның орнына ол Грузиядан, Курдистаннан, Азербайджаннан, Тебризден және  Ереванмен оның барлық аймақтарынан айрылады. Және де Бағдадтық Ахмед-пашыға Керманшах қаласының аймағынан тоғыз округ жерді  салық ретінде беруге мәжбүр болады.

   Парсылар үшін осындай тепе-теңсіз келісімшартқа екі жақтың келісімімен 1731 жылы қол қойылып, келісімшарт осы күннен бастап күшіне енген болатын. Шах Тахмасып II Исфахан қаласына қайтар жолында жеңіл жүріске салынып кеткен болатын. Ал мемлекетті басқару министрлер мен фавориттердің қолында қалды.

  1932 жылы Решта қаласында орыс-иран келісімшарты жасалды. Ресей империясы Иран мемлекетіне Гилян қаласын тез арада қайтарды,    ал Кур өзенінің солтүстігіндегі жерлерді, Кавказ маңын османдық Туркиядан азатетіп берсе ғана қайтаратынын айтты.

  Надыр Тахмасып II-нің Түркиямен жасасқан келісімшартын теріс деп жариялап, оны мойындаудан бас тартты. Ол эмираттар мен билік басшыларын  құрылтайға шақырып, Тахмасып II-ні билікке жарамсыз деп жариялап, оны жеңіл жүрісті жалқау, әлсіз, қорқақ және тағы да басқа қателіктерін бетіне басып айыптады. Және бәрінің көзінше оның османдық Түркиямен жасасқан келісімшартын мойындаудан бас тартты. Соңында оны “мемлекеттің жауы” деп айыптап, оның сефевидтер династиясының тағына тағына отыруна жарамайтынын дәлелдеп бақты. Осылайша таққа оның бес-алты айлық баласы ханзада Аббас III келді. Ал бұл ханзада Аббас III кәмелеттік жасқа келгенше мемлекет билігі Персияның абыройы мен пайдасын ойлайтын ақылды және парасатты      министрлердің билігінде  болатынын   баяндады.[37]

Ешкім де бұл өзгерістерге қарсы шыға алмады. Барлық қауым бірлесіп Надырды мемлекеттің уақытша билеушісі және парсы    әскерінің басты билеушісі ретінде мойындады. Негізгі билік осылайша Надырдың қолына шоғырланды.[38]

1733 жылы түріктер мен парсылықтар арасында ашық соғыс басталды. Ол Грузияда, Табаристанда, Курдистанда орын алған болатын. Шайқастардың нәтижесінде 1733 жылы Керкуре қаласының     маңындағы шайқастан кейін түрік әскерлерін талқандап, олардан Азербайджан, Шығыс Грузияны және Солтүстік Арменияны (1734-1735 жылдары) азаттап алды. 1735 жылғы ең қантөгіс шайқас парсылықтарға   ең қантөгіс жеңіс алып келді.

1735 жылы Надыр Дагестандық хандарға қарсы шыққан болатын, бірақ шайқас сәтсіз аяқталды.

Кавказ маңындағы елді-мекендерді жаулап алуда Надыр әскерлері ондаған мың адамды тұтқындап, қалаларын тонап немесе талқандап жойып жіберген болатын.

Түріктерге қарсы шайқастарда Надыр орыс инжинерлері мен артиллериясын пайдаланды. Бірақ бұл жағдай Надырға Ресейден Каспий маңы жағалауын босатуды талап етуіне кедергі болмады. Ресей бұған Надыр османдық Түркиямен бірігіп күрессе және олармен бейбітшілік келісім жасаспаса ғана келісетінін айтты.

1735 жылы Надыр және Сергей Голыцынның (императрицаның атынан) жасасқан келісімшарттарына тоқталып кетсек: “Бастамасы. Решта қаласында екі жақты келісім жасалды. Баку және Дербент қалалары Ресей державасының құрамында Иран мемлекеті өз жауластарын талқандамайынша қалады, бірақ бүкіл Ресейлік ұлы императрица өзінің ұлылығының, мейірбандылығының және Иран билеушісіне деген   жылы қарым-қатынасының нәтижесінде Баку және Дербент қалаларын  қосымша барлық аудандарымен қайтарды. Баку қаласын екі аптаға, Дербент қаласын екі айға берген болатын.…

  1. Ресей империясының Иран мемлекетіне деген осындай достық құрметіне Иран мемлекеті Ресей империясымен ұзақ достық, жылы қарым-қатынаста болуға, Ресей достарын достарым деп санауға, жауластарын жауластарым деп санауға уәде берді. Кім де кім екі мемлекеттің біруіне соғыс жариялайтын болса, екі мемлекет бірігіп соғысады, бір біріне көмектеседі деп келісті.
  2. Иран мемлекеті өзінің жауластарынан кегін қайтарып, тартылып және жауланып алынған жерлерді өзіне қайтаруға тиісті болды. Ал түріктермен соғысты жалғастыра беру керек делінді. Иран мемлекеті өз провинцияларының барлығын қайтарып алмайынша соғыс жалғаса береді.
  3. Османдық Түріктермен ешқашанда ешқандай уақытта бейбітштлік келісімшарт жасаспау.
  4. Екі мемлекет арасындағы сауда қарым-қатынастарына қолайлы жағдай жасау.

Бірақ бұл келісімді Надыр өзі бұзды. 1736 жылы Эрзурум           қаласында Түркия елімен бейбіт келісімшарт жасалды. Келісімшарт бойынша Түркия Иранға 1722 жылға дейінгі Иранның қарамағында болған жерлерді қайтарды.[39]

Бірақ Надыр — шахтың жаулап алушылық соғыстарда бірнеше жеңіске жеткенімен, ішкі саясатта бірнеше қарама қайшылықтар болды. Осы жағдайларды бақылап отырған Надыр Сефевид династиясының билікпен қатар феодалдар арасындағы өз дәрежесінен айрылғанын   түсінді. Өзінің “Иранды азаттаушы” әскери атақ дәрежесімен      жеңістерін пайдалана отырып,  шах тағын жаулап алуды көздеді. Ол  үшін Надырға феодалдардың қолдауы мен халық топтарының жақтауы қажет болды. Осылайша осындай мақсатпен Надыр 1736 жылы қаңтар айында өзінің Муган тауындағы әскери лагерінде көшпелі тайпалардың әскери, шендік және тайпа басшыларының діни адамдарын,                     сондай-ақ қала  басшылары мен кейбір ауыл басшыларын шақырып             алып құрылтай өткізді. Құрылтайға армян католикосы Абраам    Кретаций де шақырылған болатын. Барлығы жиырма мың адам  жиналды. Құрылтайда басқарушы рольды елу төрт хан атқарды, ал қалғандары жәй мүшелері еді.[40]

Надыр жиналғандарға өз орталарынан жаңа шаханшахты тағайындауларын сұрады, оның сөзі бойынша Аббас III (бала) және   шах Надыр шаруалардан шаршағанын және демалысқа кеткісі келетіндігін айтты. Әрине Надырдың бұны әдейі жасап отырғандығын бәрі    түсінеді. Өйткені шахты еркін сайлау тіпті мүмкін емес жағдай болатын. Сефевид династиясын сақтап қалуды ұсынған және Надырды шах    етіп сайлауға қарсы шыққан діни лауазымды молла-басшысы соңынан Надырдың құпия бұйрығы бойынша өлтірілді. Осыдан соң құрылтайдағылар Надырдан өзгені шах етіп сайлай алмайтынын түсінді. Надыр өз шарттарын қойды, имам түріндегі шеизм шеидтер мен сунниттерді біріктіретін мемлекеттік дінге ауыстыруын талап етті. Құтылтайдағылар бұған қарсы шыға алмады. Осылайша 1736 жылдың наурыз айының сегізінде Иранда Надыр шаханшах болып тағайындалды.

Осылайша Кули-хан шаханшах болып тағайындалған соң, оны сефевидтер династиясының тағына отырғызды…Оған ұлылардың ұлысы деп қарады. Министрлер, әскери қолбасшылар және басқа да жоғары  тап басшылары оған өмірлік адал болуға, оны қолдап отыруға және осы жолда ол үшін өз меншіктері мен өз өмірлерін аянбауға салтанатты        түрде ант берді.

Кули-хан мемлекеттегі монархиялық жағдайға қарамастан өзінің  ата-тегін ұмытпай өзінің ескі Надыр атын қайтып алды.

Бірнеше күн ішінде жаңа шах кішкене ханзада Аббас III-ке             (балаға) және тағы да басқаларға тақты бермейтінін айтты. Сондықтан  төрт жасар Аббас III Хорасан қаласына әкесіне әкетіліп, сол жақта кейіннен   екеуі де Надыр-шахтың құпия бұйрығы бойынша өлтірілген  соң, сефевидтер династиясы толығымен құлады.[41]

Осылайша, 1736 жылы Надыр заңды түрде шах болып тағайындалғаннан кейін, оның он жыл бойы елді қандай оймен басқарғанын нақты айту қиынға соғады. Мүмкін патриоттық сезіммен елін сүйіп биледі ме, жоқ әлде жеке басының қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін биледі ме, белгісіз… Қалай болған жағдайда да оның шах   болып тағайындалуының арқасында Иранның бұрынғы шекаралары қалпына келді. Надыр-шахқа бір уақыт аралығында ауғандықтармен    және түріктермен, жиі-жиі көтеріліс жасап жатырған халық               топтарымен және де шахтың айналасындағы қызылбасшылардың тап басшыларымен күресуге тура келді. Бұндай күрес үшін бір ғана әскери күш жеткіліксіз еді, бұндай күшті жау күштерімен шайқасу үшін   әскери күшке қосымша өте күшті саяси ақыл керек еді. Ал бұл қасиет Надыр-шахтың бойында жетіп артылатын еді.

Әрбір адам ойлағандай, Надыр-шах шах болып тағайындалған               соң мемлекеттегі тәртіпті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысу            керек еді. Әйтсе де ол әлеуметтік жағдайы нашарланған қалалармен                        емес, өзінің жеке билігін қалыптастырумен және әскери жорықтарын жалғастырумен айналысты. Иран тұрғындарын ол тек Иран әскерін    азық түлікпен және тағы да басқа қажеттіліктерімен қамтамасыз ететін құрал ретінде қабылдады. Кезектегі жоспарда бірнеше жаулап    алушылық жоспарлары тұрды. [42] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Надыр-шахтың ішкі және сырқы саясаты.

 

Надыр-шах Афшар (1736 наурыз — 1747 шілде) мемлекетінің бұрынғы мемлекеттік құрылысын қалпына келтірумен шектеліп             қоймады. Барлық оның билігі сыртқы тонаушылық және жаулап алушылық соғыстармен айқындалып отырды. Надыр шахтың жаулап алушылық саясатының негізгі себебі: мемлекет қазынасын қалпына келтіру және жаңа династия мен феодалдық тапты, атты және көшпелілерді достастыру арқылы олардың әскери олжа арқылы баю көзқарастарын оятып, Иранда әлсіреп кеткен әскерді күшейту            ұмтылысы еді. Надыр шахтың әскерінде көп қаржыны талап ететін түркмен, өзбек, ауған тайпаларынан жинақталған әскер негізгі күші           болып есептелетін.[43]

 1737-1738 жылдары ауған тайпаларын бағындырған ол Үндістандағы “Ұлы моғолдар” мемлекетіне соғыс жариялады. Осы  кезеңде Надыр-шах Маратха тайпаларымен соғысып жатқан Дели қаласындағы моғолдық императорына қарсы жорық жасады. Надыр Гандамак және Лахор қалалары арқылы басып өтіп, Атток және Джелум өзендерін  жүзіп  өтіп, Лахор  қаласына келді. Лахор қаласын басып алып, 1739 жылдың ақпан айында Дели қаласының солтүстігіндегі Карнал    қаласының маңында моғол императоры Мохаммед-шахты талқандады. Оның астанасы Дели қаласын жаулап алды. Дели қаласы тонаушылыққа ұшырап, 700 миллион рупий ақшасынан айрылды. Мохаммед – шах  Надыр — шахқа Инда өзенінің батыс бөлігін беруге мәжбүр болды.  

         Мұхаммед Қазым еңбектерінде бұл оқиға былайша баяндалады:

        “Ибрахим-хан үшін Надыр-шах әлі де жас еді. Осындай           жастығына қарамастан, Мауреннахр қаласын жаулап алса, көп ұзамай Дағыстанға қол сұғады. Оның алдын алу үшін ол Дағыстанды өзі жаулап алмақ болды. Осылайша әскерін жорыққа дайындай бастады. Жорыққа аттанып, бірақ жорық сәтсіз аяқталды.

1741 жылы Мешһед қаласына балхтық “валидан” “Кунграт Даниалбек бағынбай жатыр деген” хабар келіп түседі. Мешһед     қаласына тұрақтанған Надыр-шах бірнеше облыстардан жиналған,    жалпы саны жеті жарым мың адамға татитын әскерін балхтарға   қарсы шайқасқа аттандырады. Мерв қаласынан шыққан осындай  әскери отрядтардың бірін Исм’аил-хан Сабзавари басқарған болатын.     Бұл  әскери отрядта мың жарым адам болды. Мұхаммед Қазым осы  әскерге лашкар-навис болып қызметке орналасқан болатын. Лашкар-навистің міндетіне әскер санын нақты санақтан өткізу, олардың жалақыларын  санап шығару, азық-түлікпен қамтамасыз ету және тағы да басқалары кіреді. Бұл лауазымды өте маңызды және қажетті лауазымдардың бірі деп айтуға болмайды. Барлық еркін әскери отрядтар Балх қаласына 1741 жылы  наурыз айында кірген болатын және  Андхудтан келген қосымша әскермен Ашу-Дарья арқылы Келиф    қаласына бет бұрды. Бұл Андхуд қаласына келген әскер құрамында да  жеті жарым мың    адам болатын.  Кунграт тайпасын талқандап болғаннан кейін, барлық әскерлер осы  жылдың сәуір айында өз аймақтарына тарасып кетті. [44]

Өз уақытында Надыр шах Мерв қаласының билеушілеріне көптеген оқ ататын зеңбіректер және жарылғыш заттар дайындауға бұйрық     берген болатын. Бұл Надыр-шахқа Қытайға қарсы бағытталған    жорық үшін қажет еді. 1746 жылы ақпан айының аяғында немесе наурыз айының басында Надыр-шах Мешхһед қаласына бағыт алды. Жолда Хасанабад (Мешһедтің батысы) ауылына тоқтап, ауыл тұрғындарынан азық-түлік талап етті. Және де барлық Хорасан қаласының облыстары    мен қалаларының билеушілерін, барлық қол астындағы шенеуніктерімен өзіне шақыртты. Мұхаммед Қазым бұл кезеңде нависандан қызметін атқарып жүрген болатын, сондықтан артиллерия және арсенал жұмыстарын, сонымен қатар қару-жарақ қамбасын басқарып жүрді. Барлық көне және жаңа есептемелердің бәрін алған Мұхаммед Қазым артиллерия басқарушысымен, арсенал басқарушысымен және Мерв қаласының басқа да шенеуніктерімен шахқа Хасанабад қаласына келеді. Хорасан қаласының әртүрлі аймақтарынан келген әртүрлі лауазымды адамдардың есептемелерін көріп шыққан Иран шахы     олардың көбісін қатал жазалады. Осыдан кейін Надыр-шах Мешһед қаласына аттанады. Бұл қалада да Хасанабад қаласындағы жағдай қайталанады. Осындай қатал жазалаулардан кейін Надыр-шах әрбір облысқа жаңа билеушілер мен шенеуніктерді тағайындады. Мұхаммед Қазымның айтуы бойынша Надыр-шах он мың туман көлеміндегі есептемелерін көрсеткен шенеуніктердің барлығын өлтірген. Ал Мұхаммед Қазымның есептеме жұмысы бес жүз мың туман    болғандықтан, Надыр-шах бұған риза болады. Осыдан кейін Надыр-шах барлық шенеуніктерге Мерв қаласында артиллерия дайындуларын    талап етеді. Ал өзі әрі қарай жаулап алушылық жорықтарын    жалғастырып кетеді.

Бұл артиллерия Надыр-шахқа Ирак пен Түркістанға жоспарланған жорық үшін қажет еді.

1746 жылы Бұхара қаласының билеушісі Абу-л-Файз хан Надыр-шахтан өзіне қарсы көтеріліс жасап жатырған Ибадаллах Хатаймен    және тағы да басқа жергілікті билеушілермен қарсы күресте көмек сұрайды. Надыр-шах бұрынғы Мерв қаласының беглербегі – шах Күли ханға өзінің ерікті әскерімен Бұхара қаласына  аттануына бұйрық   береді. Белгіленген жерге келген Шах Күли хан мемлекеттің    әлеуметтік саяси жағдайын баяндап, Надыр шахқа хат жолдап  жібереді. Надыр шах оған көмекке қосымша әскер жібереді. Елу екі                   оқ ататын зеңбіректен және алты мың снарядтан тұратын Мерв қаласының артиллериясын Бұхара қаласына аттандырады. Әскери қолбасшы                 болып Бабуд хан сайланады. Осыдан кейін әскери қозғалыс басталып,  1747 жылдың көктемінде бұл шайқас парсылықтар үшін жеңіспен аяқталады.

Осы жеңістен кейін қайтар жолда парсы әскері Шахрябаз қаласына келгенде екі елші Надыр шахтың бұйрығын алып келеді. Бұл бұйрықта Надыр шах Шах-Күли-хан және Бабуд ханға есептемелерін алып        келуін бұйырған болатын. Бұл есептеменің барлығын Мұхаммед Қазым құрастырған болатын. Жол үстінде шах-Күли-хан мемлекеттің әр  шетіндегі Надыр шахтың деспоттық билігіне деген халық наразылықтарын көріп, Надыр шахқа қарсы халық көтерілісін ұйымдастырғысы келген болатын. Бірақ бұл ойы іске аспай қалды. Осылайша Надыр шахтан  қашып  жер бетін кезуден шаршаған шах Күли-хан құпия түрде Мешһед қаласына келеді. Бірақ бұл жерде Надыр шахтың шенеуніктерімен ұсталып, Надыр шахтың қолына тапсырылады. Надыр шах шах-Күли-ханның көзін ойып, соқыр етіп тастайды. [45]

Бұл уақыт аралығында Бабуд-хан Шахрисябз қаласынан Самарқанд қаласына келеді. Бұл жерде ол Түркістанның әртүрлі тайпаларының билеушілері мен басқарушыларына жетпістен астам бұйрық жазып таратып берген болатын. Бұл бұйрықтардың ішінде “Надыр шахқа арнап хутба оқытыңдар!” және “Монеталар соғыңдар!” деген сияқты бұйрықтар да бар еді. Бұл бұйрықтардың отызы Мұхаммд Қазымның қолымен жазылған болатын. Бабуд хан өз адамдарынан шах-Күли-ханның        көтеріліс ұйымдастырмақшы болғанын естиді. Ол бұл оқиғадан кейін өз әскеріндегі мервтіктерге сеніңкіремеді. Ал әскердегі мервтіктердің саны қару-жарақ жөндейтін жұмысшыларды санамағанда бес жүзден астам еді. Хан бұлардың барлығын лагердің ортасына қоныстандырып, өз адамдарына оларды күзеттіріп қойды. 1747 жылдың мамыр айында Надыр шахтан Бабуд хан “Бұқара қаласына тез арада аттансын” деген бұйрық алады. Бұл жерде Надыр шахтың тағайындауымен билік басына келген Рахим-бий Надыр шахтың жалған  бұйрығымен Абу-л-Файзды өлтірген. Осы оқиғадан кейін өзбектердің қызылбашы әскерлеріне басқыншылық соғыстары басталып кетеді. Соңынан Рахим бий Бабуд ханға Келат қаласындағы Насраллах мырзаның атынан хат жолдайды. Бұл хатында Надыр шахтың қазасы туралы хабарлап, Бұхара қаласындағы артиллерияны тастап, тез арада Келат қаласына жетуін өтінеді. Бабуд хан бірінші хаттағы сөздерге сенбеген болатын, бірақ 1747 жылдың тамыз айында қорғаныс шебінен шығып, Чарджуй қаласына бағыт алады. Бабуд хан әскерімен жолға шығып, Аму-Дарьяның сол жағалауында жиналған түркмендер жолды жауып тастағандықтан оң жағалаумен Вахша өзенін жоғары қарай бойлап, жүруге тура келді. Осыдан кейін Андхуд және Меручак қалалары арқылы жүріп өтті. Бұл қалаларда Бабуд хан жергілікті билеуші – Айдын-хан Зурабадиға артиллериясын, арсеналын және   көлік ретінде ұстаған түйелерін қолжазба арқылы тапсырып кетті. Марвтік газилар үйлеріне таратылып жіберілді. Бабуд хан мервтік артиллеристерді “Мешһед қаласында есеп берсін және сол есеп арқылы жалақыларын төлеймін” деген ойымен үйлеріне жібермеген болатын. Әйтседе  барлық Иран мемлекетінде тәртіпсіздік жайлағандықтан, Мешһед билеушілері есептеме жасауға уақыттарын қия алмады. Сондықтан қызылбашылар тарқасып кетті. Бабуд хан Мешһед қаласынан  Астерабад қаласындағы Али-шахқа жол жүріп кетті, ал артиллеристік билеушілер Мерв қаласына аттанды. Бірақ бұл жолғы жорықтарына әскери жауынгерлер жалақыларын ала алмады.

Мұхаммед Қазым еңбегі бойынша Надыр-шахтың Үндістанға жорығын баяндайтын болсақ, онда жоғарыда айтылып өткендей Надыр-шах Кандагар қаласынан Үндістанға жорығын 1738 жылы мамыр  айының жиырма бірінде басталған болатын. Кандагар қаласына жорық жасамай тұрып, Надыр шах Үндістанға жорық жасауды жоспарламаған болатын. Кандагар қаласындағы жеңістен кейін Үндістанға жорық  жасауға бел буды. Надыр шах бұрыннан бергі келе жатырған үлкен армияны  асырау үшін көп қаржыны қажет етті. Ал әлеуметтік жағдайы нашарланған, қайыршыланған Иран тұрғындары бұл қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмады. Сондықтан да Надыр шах бай Үндістанға жорық жасап, жеңіске жетуге үміттенді. Өйткені Ұлы Моғолдар империясы толықтай жойылып кету жағдайында тұрды, Дели қаласындағы шах тағында әлсіз және ешнәрсеге жарамсыз Мұхаммед шах отырды. Ең ірі және күшті феодалдар: моғол әскерінің негізгі әскери қолбасшысы – Хан-Дауран, негізгі уәзір – Камар-ад-Дин, Декан қаласының билеушісі – Низам-ал-Мулк және Ауд қаласының билеушісі — Са’адат-хан — өзара бір-бірімен қырқысып жатты. Олар мемлекеттің біртұтастығы жайында тіпті ойламады. Моғолдардың және басқа да облыстардың билеушілерінің қазынасында қазына байлықтары болғанымен, әскери адамдарына жалақы төлей алмады, сондықтан да мемлекеттік әскер соғыстарға дайын емес еді.

Осындай Надыр шах үшін ыңғайлы жағдайға қарамастан, Надыр       өте абай болды, әскери жорықты бастауға асықпады. Жаулап алу жорықтарын бастамастан бұрын Мұхаммед шахқа ауғандықтарды Үндістанға кіргізбеуін ұсынып, хат жолдаған болатын. Бұл ауғандықтар Ирандағы жеңілістен кейін бас сауғалап Үндістанға қашқан болатын.  Бірақ Мұхаммед шах ауғандықтарға қарсы ешбір шара қолданбады.       Бұл Надыр шах үшін ұтымды сылтау болды. Надыр шах 1737 жылдың көктемінде екінші қайтара ұсыныс жасап, Дели қаласына   Мұхаммад-хан Туркманды елші ретінде жіберген болатын. Бірақ Мұхаммед шах бір жыл бойы жауабын бермеді және Мұхаммад-хан Туркманды да жібермеді. 1738 жылдың сәуір айының жиырма  бірінде Надыр шах Мұхаммад-хан Туркманға қандай да болсын   жауаппен Иранға оралуына бұйрық берді. Бір ай өткен соң Кандагар қаласындағы тәртібін орнатып боғаннан кейін Надыр шах Үндістанға бағыт алды. Газни  қаласы ешбір қарсыласусыз маусым айының  ортасында өз еріктерімен берілді. Кабул қаласының тұрғындары да шайқассыз берілді, бірақ қала әскерінің гарнизоны  маусым  айының отызында жеңіліп, жеңілгеннен кейін ғана берілген болатын.

Кабул қаласында Надыр шах Дели қаласындағы Мұхаммад-хан Туркманнан хабарлама алды. Ол бұл хабарламасында Мұхаммед шахтан жауап ала алмай жүргенін және оның өзін жібермей жатырғандығын  хабарлайды. Надыр шах ясаул диваннан және бірнеше кабулдықтардан Мұхаммед шахқа хат жолдайды. Ол бұл хатында Мұхаммед шахты алдап-сулап, Үндістанмен достық қарым-қатынаста болғысы келетінін, ауғандықтарды жазалау үшін Үндістан территориясына кіргізуге рұқсат сұрайды. Елші Делалабад қаласына жеткен кезде, осы қаланың билеушісінің бұйрығымен өлтіріледі, ал кабулдықтар Пешавер    қаласына жіберіледі.[46]

Надыр шах Кабул қаласында жиырма күн болады. Өйткені әскерді қамтамасыз ету үшін қаражаттың жетіспеуінен Кабул қаласының солтүстігіндегі Чарикар ауылындағы тайпаларды бағындыру үшін  жорық жасаған болатын. Бұл жерде жиырма екі күн болып, Гандамак қаласына аттанады. Осылайша Надыр шах Хайберлік өткелді қорғап тұрған үнділік әскер тылына еніп, оңай жолмен Пешавер қаласын    жаулап алады.

Надыр шахтың бұйрығы бойынша Инд өзені арқылы Атток          маңында қайықтар үстінде өткел тұрғызылды және 1739 жылы ақпанда Надыр шах әскері Лахор қаласына жорыққа аттанады. Лахор қаласының билеушісі – Закарийа-ханның  Иран әскерін тоқтату ұмтылысы сәтсіздікпен аяқталады, Надыр шах әскерінен жеңіліс табады. Бұған көмекке келе жатырған мемлекеттің өте күшті әскері де жарты жолда талқандалған болатын. 1739 жылы қаңтар айының аяғында қандай да болсын көмектен  күдерін үзген Закарийа-хан Надыр шахқа берілген болатын. Лахор қаласында жатырған Надыр шах Мұхаммед шахтың  әскер жинап, қарсыласу шайқасына дайындалып жатырғанын естиді. Надыр шах тағы да бұрынғы хаттарындағы сөздерін қайталап, Мұхаммед шахқа хат жолдайды.

Надыр шах  ақпан айының алтысы күні Лахор қаласынан шығып,  ақпан айының он алтыс күні Сирхинд қаласына келеді. Бұл жерде Надыр шах Мұхаммед шахтың үш жүз мың әскерімен, екі мың пілімен және үш жүз мың зеңбіректерімен Карнал қаласындағы қорғаныс қоршауында екенін естиді. Бұл үнділік лагердің бір жағынан Али-Мардан каналы  өтіп жатса,  екінші жағынан қалың орман орналасқан болатын. Алты мың әскерін алдыға жіберіп, Надыр шах бірте-бірте Карнал қаласына жақындады. Күнде жиырма бес-қырық шақырымға жылжып, бар   уақытта жауластары жөнінде мәлімет жинап отырды. Ақпан айының жиырма үші күні кеште үнділік лагерден  екі фарсах (12 шақырым көлемінде) ара қашықтықта болған ол Ауда Са’адат ханның Мұхаммед шахқа отыз мың адамнан тұратын әскерімен және артиллериясымен көмекке келе жатырғанын естиді. Ақпан айының жиырма төрті күні  Надыр шахқа өз адамдары  Ауда Са’адат хан құпия жолмен Мұхаммед шахқа қосылғанын, бірақ оларға қарсы бағытталған Надырдың   әскерлері Ауда Са’адат ханның негізгі әскерін талқандағанын және бірнеше адамдарын тұтқынға алғандарын хабарлайды.[47]

Карнал қаласындағы шайқас Надыр шах жоспарлағандай болды:  үнділіктер өздері шайқасты бірінші болып бастады. Ақпан айының жиырма төрті күні Мұхаммед шахтың әскери лагеріне орналасқан Ауда Са’адат хан өзінің әскерінің негізгі бөлігінің қызылбашылармен талқандалғанын естиді. Ашуланған ол өз әскеріне шайқасқа шығуларына бұйрық береді, бірақ көптеген ұзақ үзіліссіз жорықтардан шаршаған    оның әскери адамдары шайқасқа шығудан бас тартып, оның соңына    мың шақты жауынгер ғана ереді. Бұл шайқаста Ауда Са’адат хан өзінің абайсыздығынан қоршауға түсіп қалып, әскері талқандалып, өзі тұтқынға түседі. Оған көмекке Хан Даурен жіберілген болатын, бірақ оның    әскері бір орнынан қозғалмады. Бұл да өзінің азғантай әскерімен шайқасқа дайындалған болатын, оның әскері де жеңіліс тауып, өзі ауыр жарақаттанған болатын. Үнді әскерінің сол қанатын билейтін Низам-ал-Мулк Мұхаммед шахтың Хан Дауранға көмек бер деген бұйрығына қарамастан, ол өз орнынан қозғалмады. Осындай жолмен шайқасқа үнді әскерінің аз бөлігі ғана қатысқан болатын, сондықтан да соғыс   аяқталды, Надыр шах толық жеңіске жетті деп айтуға болмайтын еді. Алайда Мұхаммед шах жеңілісін ерте мойындап, Низам-ал-Мулк арқылы Надыр шахпен келісімсөздер жүргізе бастады. Ақпан айының жиырма алтысы күні өзі Надыр шахқа барып қайтты. Надыр шах үнді әскерін таратып жіберді.

Наурыз айының он екісі күні Надыр шах Карнал қаласынан шығып, он сегізі күні Дели қаласының аймағына жақындады. Келесі күні Мұхаммед шахты Дели қаласына салтанатты кешке дайындалуға жіберді. Ал өзі Дели қаласына жиырмасы күні кірді. Мұхаммед шах ұйымдастырған салтанатты кеште Надыр шах Карнал қаласындағы келісімшарт бойынша Мұхаммед шахты Үндістанның билеушісі ретінде мойындайтынын мәлімдеді. Осындай келісімшартқа ризашылық ретінде Мұхаммед шах әйгілі парсы тарихшысы Мегді  ханның айтуы бойынша Надыр шахқа барлық патшалық алтын қазына байлығын және мемлекеттік бағалы заттарын сыйға тарту етті.

Наурыз айының жиырма бірі күні екі мейрам қатар келіп қалды.  Ол жаңа жыл мейрамы және бас садақа беру мейрамдары еді. Дели қаласының барлық мешіттерінде Надыр шахқа арнап хутба оқытылды. Бұл күні күндізгі уақытта ешқандай қала толқулары байқалмаған болатын, тек кеш қарая ғана мемлекет әскерлері жиналып, көтеріліс бастап кетті. Надыр шахтың өлімі туралы сыбыс үнділіктерге жан бітірді. Қаланың бірнеше орталық көшелерінде нағыз көтерілістер сипат алды. Үш мыңнан астам қызылбашылар өлтірілді. Надыр шах бұл хабарды түнде естіді, бірақ  көтерілісшілерді жаныштауды келесі күнге қалдырды. Наурыз айының жиырма екісі күні таңертең қызылбашы әскерлері көтеріліс қызып жатырған көшелердің барлығын қоршап алды. Қалада тұрғындарды біртіндеп қырып-жою, тонау күн ұясына батқанша жалғасты. Өйткені Мұхаммед шах Надыр шахтан бұл жазалау шараларын тоқтатуын өтінген болатын. Мегді ханның хабарлауы бойынша отыз мың үнділіктер өлтірілген  екен. Келесі күні парсылық шенеуніктер үнді қазынасына         және  үнділік тұрғындарға салынған салықтың көлемін хабарлап, тез арада төленулерін талап етті. Барлық алтын және күміс бұйымдар ерітіліп, құймаларға айналды.[48]

Мамыр айының он екісі күні Надыр шах Дели қалсында салтанатты қабылдау кешін өткізді. Бұл салтанатты қабылдау кешінде Мұхаммед шахтың басына үнділік коронаны кигізген болатын. Есесіне  Мегді  ханның хабарлауы бойынша Мұхаммед шах Надыр шахқа Инда өзенінің батыс бөлігін береді. Мамыр айының он алтысы күні Дели қаласында         елу жеті күн болғаннан кейін Надыр шах кері Кабул қаласына аттанады. Кабул қаласына желтоқсан айының екісі күні жетеді. Жол үстінде Лахор  қаласынан он миллион көлемінде салық жинап алады.

Бұл оқиғаға дейін Надыр шах Синд қаласының билеушісі – Худайар-ханға Кабул қаласына келуін бұйырған болатын. Бірақ Худайар-хан бұйрықтан бас тартып, Кабул қаласына келмеді. Сондықтан Надыр               шах Синд қаласына жаулап алушылық жорық жасауға бел буды. 1740 жылы қаңтар айының тоғызы күні Надыр шах Кабулдан жолға шықты. Ол жаулап алушылық жорық кезінде жол үстінде кезіккен барлық    облыс басшылары оған ешбір қарсыласусыз бағынған болатын. Бірақ Худайар-хан Умаркот қаласының маңындағы қоршауда Надыр шах бұл жерге жете алмйды деген үмітпен тығылған болатын. Алайда ақпан айының жиырма жетісі күні Надыр шах Умаркотке де келді. Худайар-  хан амалсыз өз еркімен беріліп, барлық бағалы заттарын беруге   мәжбүр болды. Алынған бағалы заттар көлемі он миллион рупийге татитын еді. Осылайша мамыр айының төрті күні Надыр шах өз          әскерімен Кандагар қаласына оралады.[49]

Мұхаммед өз еңбегінде бұл жорықтарды жалпылама былайша баяндайды: “Үнді әскері Ирандық жеңімпаз жастармен шайқас нәтижесінде шайқас алаңынан бет бұрып, қашып немесе өздеріне арнап салып алған қорғаныс орындарын паналады.

   Үш жүз-төрт жүз шамасында әйгілі эмирлер, хандар, сұлтандар өлтірілді.”

   “Мохаммед-шах Надыр-шахқа бағынуға мәжбүр болды. Жеңімпаз Надыр-шах моғолдар тағын иемденіп, өзін шах етіп тағайындады.  Бұл империяның бар қазына байлығы Надыр-шахтың қолына шоырланды. Артынан ол Мохаммед-шахқа парсы мемлекетіне өмірлік бағынып жүреді деген келісімімен тағын қайтарып берген болатын…”

   Надыр-шахтың моғолдық император Мохаммед-шахпен жасасқан келісім шарты:

  “Инд өзенінің солтүстігінен батысына созылған жарлердің көп бөлігі бұрыннан Хорасан қаласына тиісті жерлер болғандықтан Ұлы билеуші [Надыр-шах] бұл жерлерді өз иелігіне қосып алуға келісімін берді.”

 Үндістаннан Надыр-шахтың жаулап алынған олжалары:

«Үндістандағы бай адамдардың саны өте көп болатын, сондықтан   да бұл кезеңнің ең бақытты адамы – Надыр-шах мыңдаған керуендерге    қазынадағы бағалы тастар мен  алтын тастарды тиеп Иран мемлекетіне тасып   жатты. Ол керуендерді санап, нақты санын айту тіпті мүмкін   емес еді. Қазылар (әскери сот төрағасы), әскери қолбасшылар және тайпа басшылары көптеген ақша ұрлап қуанып жатты.»

   Фома Аквинскийдің інісі кармилиттік викарий Джульф бұл оқиғаны былайша баяндайды:“Мемлекеттегі билікті жаулап алған   монарх Үндістаннан жаңіспен және де жауластарынан тартылынып алынған қазына байлықтарымен оралды…”

 Bazin баспасында шығарылған оқулықта бұл оқиға былайша баяндалады:“1740 жылы ол  /Надыр-шах/  Үндістаннан адам сөзбен    айтып жеткізе алмайтындай мол байлықпен оралды. Бұл байлық  мөлшері шамамен 3 млрд. үнділік күміс рупий шамасында бағаланған болатын.” 

1738-1739 жылдардағы бұл үнділік жорық қазіргі заман тарихшылары үшін ерекше қызығушылық тудырады. Өйткені Надыр шахтың жаулап алушылық соғыстарының ішінде негізгі орынды алады. Надыр шах құлдырау кезеңінде тұрған моғол императорына соңғы ауыр соққы беріп, онның толықтай құлауына жағдай жасаған адам. Міне, сондықтан да Надыр шах тарихы және үнді жорықтары қызықты тақырыптардың бірі болып есептеледі.   

 1740 жылы Надыр шах Кандагар қаласынан шығып, Герат қаласына келген уақытта оны Хорасан облыстарының билеушілері өз қарамағындағы шенеуніктерімен қарсы алып алған болатын. Герат қаласынан Надыр шах Балх және Чарджуй қалалары арқылы Бұқара қаласына, одан кейін Хива мемлекетіне аттанған болатын. Ханках қаласын алып болған соң Хива қаласына аттанады. Хива қаласынан Надыр шах Мерв қаласы арқылы Мешһед қаласына келеді. Бұл 1741 жылдары болған оқиғалардың бірі еді. [50]

Нақтылап айтатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей, 1740 жылы Надыр-шах Бұқар және Хивин атты өзбек хандықтарына жорық жасап, нәтижесінде Абу-л-Файз хан өзін Надыр-шахтың вассалы ретінде мойындады. Ұзақ қарсыласудан кейін ерте Хорезм — Хива қаласы да бағынуға мәжбүр болды. Надыр шах бұл жердегі  отыз мың Иран елінің құлдарын азаттап, орыс құлдарына елдеріне қайтуға рұқсат берді.

 1741-1743 жылдары Надыр-шах Дагестанның таулы аймақтарындағы  «Тәуелсіз қоғамына» күрделі экспидицияға аттанып, жеңіліс тапты.

 1743-1746 жылдары Түркиямен болған жаңа соғыс Иран әскеріне кейбір олжалар әкелді, бірақ төзімді жаулап алушылықтарға алып   келмеді, өйткені Иранда және оның бағындырылған  мемлекеттерінде  көтерілістер орын алған болатын. Оларды ушықтыру үшін  әскери  істер театрының  бір бөлігін жалдауға тура келді. 1746 жылы Кердан қаласының бейбітшілік келісіміне байланысты Иран мемлекеті мен Османдық Түркия арасындағы шекара баяғы қалпына енді.  Надыр-шах екі  рет 1737 жылы және 1741 жылы Оманды жаулап алуға ұмтылып, жеңіліс тапты. 

1746 жылдың қыркүйек айында Кердан қаласындағы жасалған Иран-Түркия келісімшарты:

“Бұл келісімшартта 1639 жылғы Зохаб қаласындағы жасалған келісімсөздің шарттары қалпына келтірілсін. Оның ішінде ең негізгісі Зохаб келісімшартында нақтыланған екі мемлекет арасындағы шекаралар қалпына келтірілсін. Екі мемлекет те бір біріне жағымсыз шарттардан, яғни бейбіт келісімнің жасалуына кедергі болатын шарттардан қашуға тырысты.

Статья – 1. Түрік билеушілері иранның діни қызметтегі адамдарына көмектесуге және олардың Бағдад және Сирия қалалары арқылы Меккеге барар жолында қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Статья –2. Екі мемлекет үш жыл сайын елшілерін айырбастап отырады.

Статья –3. Екі мемлекеттің де барлық тұтқындары босатылып, оларға елдеріне қайтуға рұқсат берілуі керек. Тұтқындардың сату және сатып алу жолдары заңға қайшы деп жариялансын.

Басқа да қосымша бөлімдерде екі мемлекеттің де шекаралық губернаторлары бейбіт қарым-қатынасқа қайшы келетін іс-әрекеттерден қашуы керек деген сияқты да шарттар болды. Одан басқа бұл келісімшартта Иран халқы Сефевид династиясы кезеңіндегі қабылданған “жарамсыз” діни-наным сенімді тастайды және нағыз мұсылмандықтың айғағы – сунну дінін қабылдайды, сондықтан да дін жолындағы халифтерге құрметпен қараулары керек. (мысалы: Абу-Бекрге, Омарға және Османға). Болашақта Иран елінің тұрғындары Мекке мен Мединаға және ислам мемлекеттерінің барлығына  Түркиядағы және басқа да мұсылман елдеріндегі діни адамдары секілді келе алады. Олар сондай-ақ Месопотамиядағы қасиетті қалаларға бара алады. (Кербел және Неджеф). Егер бұл діни адамдар өздерімен бірге сауда үшін тауарлар алып жүрмесе, онда Бағдадтың губернаторлары мен билеушілернің олардан қандай дак болмасын салық немесе басқа да жинақтар жинауға       құқықтары жоқ. Осындай ерекше жағдайлар Иран территориясындағы түрік діндарларына да жасалсын.” [51]

1740 жылдан кейін Надыр шахтың жаулап алушылық саясаты сәтсіздіктерге ұшырай берді. Ол көп қаржының жұмсалуына негіз болғанымен әскери олжа мен территорияларды иемдене алмады.

Кейбір деректер бойынша Надыр-шах Каспий теңізі жағалауын жаулап алуды  көздеген. 1743 жылы ағылшындық  авантюрист  Эльтонның қолбасшылығымен Каспий теңізіне әскери флот салу ұмтылысынан ешбір нәтиже шықпай жатырған болатын.  Надыр-шахтың Дагестанға жорығына  наразылық —  Иран мемлекетінің шекарасының маңындағы Кизляр орыс әскери күшінің қарсыласуына алып келді. Бірақ соғыс болмады. Парсы шығанағында Иран мемлекетінің билігін орнату мақсатымен Надыр-шах Бушир қаласында әскери флотымен қару-жарақ зауытын құрды.

 Ішкі саясатында да Надыр-шах біраз келеңсіз оқиғаларға душар болды. Надыр-шах Мешһед қаласын өзінің астанасы етіп алды.  Ол орталықтанған саясат жүргізуге ұмтылғанымен елдегі  шаруашылықтың құлдырап кетуі және аймақтар арасындағы байланыстардың әлсіреуі оған мүмкіндік бермеді.

   Надыр-шахтың 1736 жылға дейінгі жаулап алушылық және   Иран мемлекетін біріктіру саясаты парсы халықтарының қолдауына ие болса, одан кейінгі сәтсіз жаулап алушылықтар, үзіліссіз соғыстар онсыз да кедейленген, әлеуметтік жағдайы нашарланған мемлекетті әлсіретіп жіберді. Әскери  олжа мемлекеттің  өндірістік  күшінің дамуына  жұмсалды және Надыр-шах кезеңінде Аббас-шах кезеңіндегідей Иран мемлекетінің экономикасының көтерілу деңгейі байқалмады.

   Үнділік қазына байлығының бір бөлігі әскери қажеттіліктерге жұмсалса, ендігі бір бөлігі Келат қаласының қорғанындағы Надыр-шахтың қазынасында сақталып жатты.

   Орталық билікті күшейту үшін мемлекеттік жер қорын ұлғайту мақсатымен Надыр-шах вакуфтық жерлердің көп бөлігін және кейбір қызылбашы тайпаларының жер қорларын тәркіледі.  Бұл шаралар шеит діндарлары мен қызылбашы эмирлерінің қолдауларынан айрылуға  әкеліп соқтырды. Сондай-ақ феодалдық таптардың негізгі топтарының наразылығын тудырды.

    Шеидтер мен сунниттерді біріктіру жоспары Надыр-шах үшін         өзі дінге сенгендіктен емес (ол армян дініне сенді), саяси мүдде болатын. Надыр-шах Хосейн-шах кезеңіндегі сунниттердің қудалануы Дағыстандағы, Құрдыстандағы, Ауғаныстандағы көтерілістерге себеп болғанын білетін. Надыр шах өз жағына курдтардан тұратын  суннит  топтарын, ауған, өзбек және тағы да басқаларын тартып шеит діндарларына ауыр соққы беруді көздеді. Надыр-шахтың осы жоспары бойынша шеит имамдары мен қатар төрт суннит мазхаба                      сенушілері өз мектептері мен қоса джафаридтердің бесінші » сенуші » мазхабтарына айналуға тиіс болды. Бірақ Надыр-шахтың бұл жарлығы             тек қағаз жүзінде ғана қалып қойды, шеидтер мен  сунниттер мойынсұнбады. Джафаридтер мазхабын Түркиядағылар да, өзбек  хандары да мойындамады. Үнді жорығынан кейін Надыр-шах (1739жыл.наурыз) елді-мекенді үш жылға салықтан босатқан болатын. Бірақ артынан бұл жарлық іске қосылып үлгермей, Надыр-шахтың өзінің жарлығымен жойылды. 1743 жылы ол үш жылғы салықты жинап алуға бұйырды. 1744 жылдан бастап салық мөлшері өсіп кетті. Салық жинау зорлық — зомбылық, күш жұмсау, тонаушылық арқылы жүзеге            асты. XVIII ғасырдың тарихшысы Мұхаммед Қазым сөздері бойынша салық төлемегендердің көзі мен тілдерінен айырды. Ал кейбір аймақтарда салық төлемеген әрбір адамның әйелімен балаларын құлдыққа сатып жіберіп отырды.

  Надыр-шахтың мемлекеті мемлекеттік өндірісті күшейтіп қалпына келтіруге ұмтылмады деп айтуға болмайды. Кейбір Иранның облыстарында, мысалы шығыс жерлерінде құрылыс жұмыстары  жүргізіліп жатты, өндіріс системалары қалпына келтірілді, қаңырап  қалған қалаларға зорлап, күшпен қалалықтар, шаруалар, көшпенділер көшірілді. Бірақ құрылыс мәжбүрлеп жұмыс істеу, ақысыз-системасыз түрде жүріп жатты. Ал мәжбүрлеп қоныстандыру шаруалар жағдайын тіпті қиындатып жіберді. [52]

   Надыр-шах саясаты тек шаруалармен қала тұрғындарының ғана емес, жаулап алынған елдер мен Иран мемлекетінің  өзінде де наразылық тудырды.

   Осындай наразылықтар және аймақтардың  экономикалық  жағдайы мен өзара байланыстарының  әлсіреуінің  нәтижесінде  империяны Надыр-шах тек қатал-террорлық режим мен топтық дарға асу көмегімен ғана ұстап тұра алды.

  Француз тілінен аударылған ресейлік зерттеуші Степан Решетовтың еңбегінде Надыр-шах империясының мемлекеттік құрылысы жөнінде  былай делінеді: «Надыр таққа отырысымен көп ұзамай билікті ешкіммен бірлесіп билегісі келмейтінін ашып айтты. Ол өзі мемлекеттік кеңес мүшелерін сайлап қойғанымен, өзінің рұқсатынсыз ешбір мемлекет мәселерін шешуге рұқсат бермеді.»

  Ол халыққа деген өз адами қасиеттерін көрсете алмағандықтан, Надыр-шах узурпациясын ұзағынан көрген парсылықтар қайыршылық жағдайына ұшырады. Персиядағы билік монархиялық сипатта болды   және деспотиялық биліктің де ұшқындары байқалатын тұғын.

   Надыр-шах кезеңінде двор және әскери лагерь сипаты бір  болып еді. Бұл жерде діни адамдар да, мемлекеттік тұлғалар да,   әскери шендер де бар еді. Мемлекеттік сот орындарының негізгі  шендері болып мулла-башы және наибсардар немесе наваб болып есептелінетін. Бұлар діни және күнделікті өмір оқиғаларының сот төрайымдары   болып табылды. Казиаскар — әскери сот төрайымы болды және шейх-оль-ислам да осы шенмен мағыналас болды. Дафтар-хане (канцелярия) — билікке қатысты іс-қағаздарды басқарып отырды, және биліктегі бұйрықтарды, қызмет қорытындыларын жазбаша түрде қабылдап отырды. Дворлардағы негізгі билікті қала басқармасы (управляющий)  және оның орынбасары (секретарь) атқарды. Бұлардың құрамында  бірнеше мустауфилерді билейтін мустофи-аль-мамалек (мемлекеттің негізгі инспекторы) болды. Бұл билік басындағылардың барлығы да барынша халықты қанайтын еді.

  Беглербегтер — өз қарамағындағылардың өмірін биледі, ал сардарлар мемлекет  шекарасын  билеп төстеді. Надыр шах  билеген кезеңде үш беглербегі болды: біріншісі – Хорасан қаласында, екіншісі –Дербент қаласында, ал үшіншісі – Шираз қаласында болды.

   Парсылықтардағы жоғары азаматтық бюрократияның жағдайы жөнінде Ресей деректерінде былай делінеді: “Парсылық билеушілердің ішінде парақор емес билеуші болмады, өйткені бұлардың өзін Иран  шахы қанап отырды. Сондықтанда  бұл  елде  парақорлық  кең  етек  алды.”

   Парсылықтарда әскерді қамтамасыз ету үшін кеткен ысырапшылықтар жайында айтатын болсақ, парсы мемлекеті әскерді  азық-түлікпен, киіммен қамтамсыз етіп отырды. Есесіне бұның барлығы халықтан тартылынып алынды.

 Bazin баспасынан шыққан деректерде парсы әскері жөнінде былай делінеді: “Қала және ауыл-аймақтарда орналасқан әскерлер  барлық жерді қаңыратып,тонаушылыққа ұшыратып отырды. Жолдар   мен көшелерде олар жиырма-отыз  адамды  топ — топ қылып жинап,  қинап келемеждеп бара жатқанын көруге болатын еді.” Ал салық мөлшерінің ұлғайтылуы жөнінде былай делінеді: “Салық мөлшерінің шамадан тыс ұлғайтылуы, оны зорлық-зомбылық, күш көрсету арқылы жиналынуы халықтың әлеуметтік жағдайын әсте нашарлатып,    қиындатып жіберді, қайыршылыққа ұшыратты.”

  Осындай оқиғалардың нәтижесінде жеңілген соғыстардың              немесе варварлық іс-әрекеттер халықты аздырып жіберді. Деспоттық билеушілерінің жеңістері қарапайым халыққа ешбір жақсылық алып келмеді. Билеушілері – Надыр — шах жауластарына қарағанда өз қарамағындағы адамдарды көбірек қорлап отыратын еді.

    Решта қаласындағы орыс елшісі Бакуниннің хабарламасында былай делінеді: “Дербент қаласынан басқасының барлығы бұрын   соңды  болмаған тирандық ақша салығына және айып пұл төлемдерінен қашып құтыла алмады. Барлық шаруалар амалдарының жоқтығынан әйелдері   мен балаларын сатты немесе тау мен орманды жағалап бас сауғалап қашты.”[53]

    1743 жылы Иран — Түрік соғысы кезеңінде Хамадан қаласындағы әскери лагерьден парсылықтар, ауғандықтар, жалпы жүзден аса әскер қаша бастады.

   1741 жылы Үндістаннан байлыққа кенеліп келген Надыр-шах Дербент қаласына келеді. Оның әскерінде 150 мыңнан астам адам   болды. Бұл әскердің құрамында үнділер, татарлар, өзбектер және ауғандықтар болды,   ал парсылықтардың саны аз болды.

   Надыр-шах осы оқиғадан кейін таулы аймақтағы лезгин тайпасына қарсы жорық ұйымдастырды. Бұл халық еңбекқор, әскери өнерге өте жақсы бауланған, әрбір әскері от ататын қарулармен қаруланған   және жекпе-жек қақтығыстарына жақсы үйретілген еді. Осы кезеңде   олар таудың ең жоғарғы жағына өз әйелдері мен балаларын, қымбат бағалы заттарын орналастырды. Ал өздері Надыр шахқа қарсы  шабуыл жасады. Бұндай жағдайды күтпеген Надыр-шах асып-сасып кері шегінуге мәжбүр болды. Оның әскері шашырап кетті, ал бар  байлықтары тоналып кетті. Осындай жеңілістен соң  өз әскерін жинақтау үшін Надыр-шах Дербент қаласына қайтып оралды.

   Надыр-шахтың ағасы Ибрагим-хан Шакила қаласының аймағында өлтіріледі. Надыр-шах кек алу мақсатымен  осы аймаққа аттанады.              Бірақ биік таулар, жолдың нашарлығы әскерді кері қайтуға мәжбүрледі. Ашуланған Надыр-шах жазық жерлерді тонап, ауыл-аймақтардың барлығын өртеп, жүздеген жылға дейін жететіндей етіп қалаларды қаңыратып кетті.[54]

 Надыр  шах Дагестанға жасаған жорығында дагестандықтар көпке дейін шайқасып бақты, берілмеді. Бірақ кескілескен шайқастар нәтижесінде  Иран шахы Дагестан және Кавказ таулы аймағының   барлық халқын өзіне бағындырды. Осы кезеңде (1746-жылы) Надыр-шахтың әскерінде емдеуші-дәрігер болып жұмыс жасаған капуцин монахы Дамиан Лионскийдің хатында былай делінеді: “Дагестанды және Кавказ таулы аймақтарын шах өзіне бағындырды . Ол таулы аймақтарда 200 мың адамын жоғалтты. Он күнгі шайқастан кейін жеңіске жетті.   Енді Надыр шах өз әскерінің қалғанын ретке келтіріп жатыр. Шамамен таудан елу мыңдай адам шығатын шығар.” [55]

   Надыр-шахтың көтерілісшілерге қарсы ауыр шаралары жөнінде мынандай мысалдар келтіруге болады: 1747 жылы Керман қаласындағы көтеріліс кезінде он төрт  күннің ішінде отыз адам өлтірілген, оның           ішінде төрт хан, үш сұлтан, бір чауш башы (әскербасшы, қолбасшы)  бар. Жиырма адамның көздері шұқылған, бастарын алып, қорған бастарына кигізіп қойған. Сонымен қатар Надыр-шах өзінің әскери адамдарын да аямады, олардың да көздерін ойып, бастарын алып отырды.

    Надыр-шахтың тайпалармен қарым-қатынасындағы саясат жөнінде Абраам Кретаций былай дейді: «Бахтиарлықтар тайпасы қарсы көтеріліске шығып, Күли-ханмен он бес күн шайқасты. Күли-хан оларды жеңіп, адамдарын әбден жазалады. Осы тайпаны талқандап болған ол Бахтиар қаласына жақын орналасқан Джимлар қаласын талқандап, тұрғындарын тұтқындап алып кетті. Бірақ барлығын бір жерге шоғырландырмады, оларды бөлшектеп бөліп, 300 үйді бір қалаға жіберіп, қалғандарын басқа қалаларға бөліп-бөліп жіберді»

  Надыр-шахтың дін жөніндегі саясаты жөнінде монах Леандр былай жазады: «Надыр- шах аса байтақ кең территориялы  мемлекетті қорғау үшін, ойластырылған тонаушылық соғыстарының  сәтті шығу  үшін әскерінде адамның жетіспейтіндігіне көзі жетті. Алайда әскерлерге, жауынгерлерге өз уақытымен жалақыларын төлеп және  жиі-жиі оларға сый-сыяпат жасап отырған,  ол әскерінің тұрақтануына  ғана емес, сондай-ақ өз әскерінің көлемін ұлғайтуға жағдай жасады. Қарапайым халық салықтан құтылу үшін әскерге сұрана  бастады. Әр  түрлі тайпалардан  шыққан  елдер әскерге бар ықыласымен келуі үшін Надыр — шах діндер арасында ала-құлалық  жасағысы келмеді. Барлық  діни адамдарды  шақырып алған ол діндер тілінің барлығын парсы тіліне аударуларын сұрады. Ішінен ең жақсы деген  дінді  таңдап алатынына уәде берді. «

   Парсы моллаларына араб тілінен парсы тіліне құранды аударуға бұйрық берді. Алайда Мұхаммед заңы бойынша бұндай аудармаларға тыйым салынған еді. Еврейлер — Верхий завет діндерін  аударуға,  армяндар — Деяния апостолов, Послание апостолов  және Апокалипсис діни наным-сенімдерін аударуға тиіс болды.

   Католиктік миссионерлерге төрт евангелийді аударуға бұйрық берілді. Бұндай  бұйрық Исфахан қаласында шыққан болатын.  Бұл бұйрықты жүзеге асыру үшін діни адамдар бір жылдан астам     уақыт жұмсады.

  1746 жылы Надыр оралғаннан кейінгі Исфахан қаласындағы жағдайға келетін болсақ, жылдың жиырма сегізінші желтоқсанында қалаларға оралған Надыр-шах өзінің әділетсіз сотын жүргізе бастады.  Бұл сотта өзі айыптаушы, өзі куәгер, өзі төраға болды. Кеңесшісі ашу-  ыза болды. Қаталдық — негізгі қасиеті, деспоттық күші — заң болып табылды. Ол қалаларда келеңсіз істер жасады. Аса қаталдықпен, жәй  сылтаулармен көптеге  танымал адамдарды өлтірді. Олардың ішінде Исфахан қаласының губернаторы және Джульфа қаласының билеушісі Калантар болды.  Барлық қала орталықтарында, әсіресе орталық алаңда тиранның бұйрығы бойынша шах шенеуніктері әртүрлі тап тұлғаларын ақша алу мақсатымен қинап жатқанын көруге болатын еді. Мұрындарын кесу, құлақтарын кесу, көздерін күйдіру, жыныс мүшелерінен айыру, аяқтарынан құлағанша ұру — міне осының бәрі адамдарға деген         варварлық қарым-қатынасты айқын көрсетті. Бұндай жазалаудан двордағы шенеуніктер де, жоғарғы шенді офицерлерде қашып құтыла алмады…[57]

   1746 жылдың  желтоқсан айының он төртінде — қатал Күли- ханның Исфахан қаласына оралған күні болатын. Келген күндегі оның алғашқы бұйрығы: қаланың барлық үйлерінен салық жинау болды. Шенеуніктер  бар күштерін салып, осындай қайыршылынып, әлеуметтік жағдайы нашарланған қаладан 300 мың туман ақшаны бес аптаның ішінде   жинап берді. Күнде адамдарды таяқпен ұру, темір шынжырлармен  ұру, күйдіру орын алды. Жыныстарына да қарап жатпады. Барлығын қинады: еркектерді, әйелдерді, байлар және кедейлерді, қарттар,  балаларды ақша беруге мәжбүрледі немесе ақшасы бар адамдарды көрсетуге мәжбүрледі. Құтырған тиранды тойындыру үшін барлық әйелдердің бағалы заттары, барлық киім-кешек, барлық үй-тұрмыс заттары сатылды. Қарапайым халық таяқтан қорқып бар мүліктерін жауынгерлерге немесе қатал тиранның қол астындағы шенеуніктерге сатуға мәжбүр болды…Осындай іс-әрекетке барғандарымен де бәрі бір салықтан              құтыла алмаған қарапайым бейшара халық ең аяғында балаларын ең           арзан бағамен сатуға дейін барды. Мысалы он екі жасар ер бала он махмуди, ал қыз бала бес махмуди тұрды.[58]

Надыр шахтың салық саясаты жаулап алынған мемлекеттер  және  сондай-ақ Иранның өзіндегі қала тұрғындары мен шаруалар,  сондай-ақ көшпелілердің көтерілістерінің негізгі себебі болды. 1742 жылы   Хира қаласы мен Балха қаласында, 1740 және 1743 жылдары Ширван қаласында екі рет шаруалар көтерілісі болды. Бұлар жанышталғанымен 1743 жылы Шығыс Грузияда ксан билеушісі Гиви Алишахвари басқарған көтеріліс болды. 1743-1744 жылдары барлық Фарс қаласы шаруалары мен көшпенділері көтерілістерімен жауланып алынды, ал Фарс қаласының беглербегі – Тағы — хан көтерілісшілерге қосылып, тіпті оларды өзі басқарды.

    Түркия территориясындағы Карс аймағында Иран мемлекетінің  қашқындары мен өзін “сефевид патшасы” деп атаған Сефи-мырза басқарған көтеріліс дайындалып жатты. Бұл қозғалыс Шығыс Кавказ маңын жаулап алуды мақсат тұтты. Бірақ Надыр-шах әскері бұл  көтерілісті 1743 жылы жаныштады.   

   1743-1746 жылдар аралығында көтеріліс Хорасан, Керман, Бахтиар қалаларының  аймақтарында және Луристан қаласында сипат алды. Олардың барлығы Надыр-шах әскерімен жанышталды.

    Надыр-шахтың билігінің соңғы ширегіндегі Иран          мемлекетіндегі  әлеуметтік жағдайға келетін болсақ, ол тарихта былай баяндалады:

   “1747 жылдың  қаңтар айының жиырма бірінде тиран (Надыр          -шах) Исфахан қаласынан өз әскерімен Систан провинциясына жол жүрді. Осылайша  1747 жылы Систан қаласында жаңа көтерілістер басталды. Басты себеп  500 мың туман көлеміндегі салықтың төлене алмауы еді.  Ол Белуджистанға   таралды.  Систан  қаласының  губернаторы Фатх    Али — хан 100  мың адамы бар әскері мен оған қарсы көтеріліс бастады.   Надыр-шах көтерілісті ушықтыру үшін екі үлкен  әскер  жіберген  болатын, бірақ  олардың     екеуі де губернатор әскерімен талқандалды. Өйткені олардың қатарына күнбе — күн Надыр шах  әскерінен  қашып   кетіп  отырған       жауынгерлер   қосылып, олардың әскерінің саны   артып отырды. Фатх Али-хан тіпті өзінің бейнесі бейнеленген және есімі жазылған монеталар шығарып, өзін “парсы шахы” деп атап, өзін     сефевид династиясының жалғастырушысы деп жариялады.

   Надыр — шах 1747 жылдың қысында  астанаға  оралып,   адамдарды мүгедек қылумен, тұншықтырумен немесе тірілей өртеумен                 айналысып жатты. Бұның бәрі  өзін  бар әлемге және -Арутан Шариман тірілей өртелді. Ал бірнеше  күн  өткеннен  соң  қорқыныш     пен қайғыдан оның бауыры Леон Шариман қаза тапты.

    Бұның  барлығына  қанағаттанбаған  қатігез билеуші  Керман қаласына келіп келеңсіз істерін одан ары қарай жалғастырды. Одан    кейін ол Хорасан қаласының астанасы — Мешһед  қаласына  бет бұрды.  Бұл жерде ол адам басынан құралған өте биік жеті бағана тұрғызды.  Өзінің немерелес бауыры Али  Кули- мырзаның екі ұлын тірілей өртеп,       шешесі мен әйелінің көздерін ойып алды. Өйткені Надыр-шах   Систан қаласындағы және Белуджистандағы көтерілісті ушықтыру үшін Али Кули-мырзаны жіберген болатын. Ал ол Надырдың саясаты   елдің барлығының наразылығын тудырғанын көріп, өзі             көтерілісшілерге қосылып, көтерілісшілерді басқарды. Мешһедтен    қайтар жолда өзінің төрт мың адамнант тұратын  өте батыл да өжет жеке гвардиясын өлтіруді ұйымдастырды. Бірақ  бұл жағдайдан       құлақдар болған он ең батыл жауынгерлер түнде Надыр шах жатқан шатырға еніп, тиранның денесін бөлшектеп турап, мемлекеттің барлық аймақтарына таратты. Ал басын денесінен бөліп алып,  салтанатты түрде бағанаға іліп қойды…[59]

     Надыр-шахқа қарсы жасалған құпия жоспар туралы                    айтатын болсақ, Али Кули-хан үнді провинцияларының наместнигі Тахмураз-ханмен бірлесіп, шахқа қарсы көтеріліс бастап кетті. Екі күш қосылғандықтан ба, әлде парсылықтардың бәрінің Надыр-шахтан қашқандықтарынан ба Надыр-шах бұлардың күшіне қарсы тұра  алмады. Бұларды күшпен жеңе алмаған Надыр-шах қулыққа көшті. Тахмураз-ханға Али Кули-ханды өлтіруге, ал Али Кули-ханға Тахмураз –ханды өлтіруге бұйрық берді. Шахтың бұл әрекетінен хабардар болған екеуі шах бұйрығын келемеждеп, мазақ етті. Ашуланған Надыр-шах барлық қарамағындағы адамдарды өлтіруге көшті. Бұл жағдайдан шығудың бір-ақ жолы бар еді: ол Надыр-шах барлығын қырып-жоймай тұрғанда Надыр-шахтың өзінің көзін жою. Бұл жұмысты батыр да                өжет гвардейец афшарлардың әскери қолбасшысы — Салех-бек өз                                                              мойнына алды. Осылайша барлық әдебиеттер мен тарихи деректерде Надыр-шах 1747 жылы шілдеде Хабушан жерінде өз жауластарымен өлтірілді деп келтіріледі.  

Азия мен Еуропада өзінің жемісті жаулап алушылық жорықтарымен әйгілі болған бұл деспоттық билеушінің өмірі осылайша аяқталады.  Бірақ Надыр шах тұрақты да күшті мемлекеттік система құра  алмады. Сондықтан да әртүрлі тайпалардан құралған әскер Надыр шах өлгеннен кейін-ақ көпке бармай тарап кетті. Иран жиырма жыл   бұрынғы жағдайынан да нашар күйге түсті. Иран тұрғындарына Үндістаннан әкелінген ұлан-ғасыр байлықтар да пайда әкелмеді. Бұл байлықтарды сол уақытта ақ шенеуніктер мен әскери қолбасшылар бөлісіп алып кеткен болатын. [60]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осылайша өз жұмысымды қорытындылай келе сіздерге “Надыр шах тұсындағы Иран тарихын” жеткізе алдым ойлаймын. Надыр шах кезеңіндегі халықтың әдеуметтік жағдайының нашарлауы, сауданың тоқтап қалуы, қолөнердің құлдырауы, ашаршылықтың халықты торлауы, міне осының бәрі Надыр шахтың ішкі саясатының айнасы. Қарапайым халық “әлемді жаулап алушы” билеушілерінің жеңістерінен ешбір пайда көрмеді. Әлемді жаулап алғанымен Надыр шах халықтың мойнын салықтың ауыр шылбырынан босатпады. Салық мөлшері күннен күнге өсіп халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне кедергі болды. Бір жылдары халықты үш жылға салықтан босатып, араға бір жыл салмай кері ойланып төленбеген салықты күшпен жинатып алады. Халық шах шенеуніктерінің жазалауларынан жәбір көреді. Шах шенеуніктері салық төлемеген тұрғындардың көздерін ойып, құлақтарын кесіп, үстерін темір шынжырлар мен күйдіріп, аяқ-қолдарынан айырып, жыныс мүшелерін мүгедектеп отырған. Әйел, еркек, шал-кемпір, бала-шаға демей бәрін жазалаған. Салықтың құны өтелуі үшін адамдарды құлдыққа өткізіп жіберіп отырған. Тіпті шаруалардың өзі сатып жіберіп отырған. Мысалы он жасар ер баланың құны он динар тұрса, осы жастағы қыз баланың құны бес динар тұрған. Надыр шахтың өзі адамдардың басынан қорғандар тұрғызып қоятын болған. Қарапайым шаруа, ұсақ-ірі қолөнершілер, феодалдар, жауынгерлер және тағы да басқа ірі тап басшылары бұндай жазалаулардан құтыла алмаған. Халық наразылықтары күннен күнге өсу үстінде болды. Міне сондықтан да елде Иранның халық топтарының көтерілістері орын алды. Надыр шах өз жауластарының қолынан ең ақырында қаза табады.

Ал сыртқы саясатында Надыр біраз жетістіктерге қол жеткізеді. Өзінің жаулап алушылық саясатын Иран шахының тағынан бастайды. 1736 жылы наурыз айының сегізінде Иранның заңды түрдегі шахы болып сайланады. Осы кезеңнен бастап Сефевидтер династиясы толығымен құлайды.    

 Осылайша, 1736 жылы Надыр заңды түрде шах болып тағайындалғаннан кейін оның он жыл бойы елді қандай оймен басқарғанын нақты айту қиынға соғады. Мүмкін патриоттық сезіммен елін сүйіп биледі ме, жоқ әлде жеке басының қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін биледі ме, белгісіз… Қалай болған жағдайда да оның шах   болып тағайындалуының арқасында Иранның бұрынғы шекаралары қалпына келді. Надыр-шахқа бір уақыт аралығында ауғандықтармен    және түріктермен, жиі-жиі көтеріліс жасап жатырған халық               топтарымен және де шахтың айналасындағы қызылбасшылардың тап басшыларымен күресуге тура келді. Бұндай күрес үшін бір ғана әскери күш жеткіліксіз еді, бұндай күшті жау күштерімен шайқасу үшін   әскери күшке қосымша өте күшті саяси ақыл керек еді. Ал бұл қасиет Надыр-шахтың бойында жетіп артылатын еді

Яғни алдымен ауғандықтарды қуып-шығып, жеті жылғы ауғандардың жаулап алушылығынан кейін Иранды азаттап алады. Осылайша Надыр аты елге жайылып, “оны тәуелсіздік алып беруші”, “азаттаушы” деп атап жүреді. Иранның XVIII ғасырдың 20-шы жылдарына таман жоғалған жерлерін кейін қайтарып, бұрынғы шекараларын қалпына келтіреді.

Надыр шах билігіндегі жерлер көлемін ұлғайту мақсатымен Үндістанды, Мауереннахрды, Ирак, Түркістан, Бұхара және Хивин хандықтарын,Дағыстанды, Кавказ маңы елдерін жаулап алған. Осылайша Надыр шах “Әлемді жаулап алушы” атанған.

Диплом жұмысымды аяқтай отырып, жазу барысында алдыма қойылған міндет-мақсаттарыма жеттім деп ойлаймын. Бұл күрделі тақырып біздің елімізде зерттеліп, ғылыми еңбектер жарыққа шықса қуанарлық жағдай болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Әдебиеттер тізімі:

1.Риза Шайбани. “Иран тарихы” А.., 2002ж.  171-173 бетте

2.М.С.Иванов. “История Ирана”  М..,1977ж. 197-210 беттер

3.М.С.Иванов. “Очерки истории Ирана” М..,1952ж. 92-105беттер

  1. “Иран и Иранцы” под ред.Искаковой З.Е. А..,1998ж. 28-29беттер
  2. “История Ирана с древнейших времен до конца 18 века” под ред. С.И.Пигулевской Лен..,1958.310-324бб

6.Хрестоматия по истории Ирана. М..,1962 58-66бб

  1. “Мухаммед Казим. Поход Надир шаха в Индию” М..,1961. 12-38бб

8.Историаграфия и источниковедение истории стран Азии.под ред. Г.Ф.Ефимов.Лен.., 1965.149б

9.История стран Азии и Африки в новое время. 1-часть. М..,1989.229-234бб

  1. «Иран.История и культура в средние века и новое время» М..,1980. 27-58бб.

11.П.Г.Бутков. “Материалы для новой истории Кавказа с 1722 по 1803” т-1. М..,1869.230-237бб

  1. П.Г.Бутков. “Материалы для новой истории Кавказа с 1722 по 1803” т-1. М..,1869.235 бб

13.Ф.М.Алиев. Антииранские выступления и борьба пртив турецкой оккупации. М..,1960 216-218

14.Мұхаммед Казим. Наме-ий аламараий Надири. т-3.М..,1960.249б

15.Мырза Мегди хан. Джанхангоша-ие Надири.  М..,1905. 431б

  1. .История стран Азии и Африки в новое время. 1-часть. М..,1989.229-230бб
  2. М.С.Иванов. “История Ирана” М..,1977ж. 197-201 беттер
  3. “История Ирана с древнейших времен до конца 18 века” под ред. С.И.Пигулевской Лен..,1958.310-324бб
  4. “Мухаммед Казим. Поход Надир шаха в Индию” М..,1961. 12-38бб
  5. М.С.Иванов. “Очерки истории Ирана” М..,1952ж. 92-100 беттер
  6. «Иран.История и культура в средние века и новое время» М..,1980. 27-28бб.
  7. «Иран.История и культура в средние века и новое время» М..,1980. 50-58бб.
  8. .Историаграфия и источниковедение истории стран Азии.под ред. Г.Ф.Ефимов Лен..,1965.148б
  9. Ф.М.Алиев. Антииранские выступления и борьба пртив турецкой оккупации.М,1960 216-215
  10. .История стран Азии и Африки в новое время. 1-часть. М..,1989.230-235бб
  11. Мұхаммед Казим. Наме-ий аламараий Надири. т-3.М..,1960.240б
  12. П.Г.Бутков. “Материалы для новой истории Кавказа с 1722 по 1803” т-1. М..,1869.248бб
  13. “Мухаммед Казим. Поход Надир шаха в Индию” М..,1961. 123 128бб
  14. М.С.Иванов. “История Ирана” М..,1977ж. 209-210 беттер
  15. .М.С.Иванов. “Очерки истории Ирана” М..,1952ж. 103-105беттер
  16. “Иран и Иранцы” под ред.Искаковой З.Е. А..,1998ж. 28-29беттер
  17. История Ирана с древнейших времен до конца 18 века” под ред. С.И.Пигулевской Лен..,1958.310-324бб

34.Хрестоматия по истории Ирана. М..,1962 58-60бб

35 “Мухаммед Казим. Поход Надир шаха в Индию” М..,1961. 12-30бб

36.Историаграфия и источниковедение истории стран Азии.под ред. Г.Ф.Ефимов.Лен.., 1965.140б

37История стран Азии и Африки в новое время. 1-часть. М..,1989.229-231б

  1. «Иран.История и культура в средние века и новое время» М..,1980. 27бб.

39.П.Г.Бутков. “Материалы для новой истории Кавказа с 1722 по 1803” т-1. М..,1869.228-230бб

  1. П.Г.Бутков. “Материалы для новой истории Кавказа с 1722 по 1803” т-1. М..,1869.235 бб

41.Ф.М.Алиев. Антииранские выступления и борьба пртив турецкой оккупации. М.1960 216-218

  1. Мұхаммед Казим. Наме-ий аламараий Надири. т-3.М..,1960.110б

43.Мырза Мегди хан. Джанхангоша-ие Надири.  М..,1905. 100б

  1. .История стран Азии и Африки в новое время. 1-часть. М..,1989.232-234бб
  2. М.С.Иванов. “История Ирана” М..,1977ж 201-205 беттер
  3. “История Ирана с древнейших времен до конца 18 века” под ред. С.И.Пигулевской Лен..,1958 310-318бб
  4. “Мухаммед Казим. Поход Надир шаха в Индию” М..,1961. 38-41бб
  5. М.С.Иванов. “Очерки истории Ирана” М..,1952ж. 104-105 беттер
  6. «Иран.История и культура в средние века и новое время» М..,1980. 27-28бб.
  7. «Иран.История и культура в средние века и новое время» М..,1980. 50-51бб.
  8. .Историаграфия и источниковедение истории стран Азии.под ред. Г.Ф.Ефимов Лен..,1965.18-19б
  9. Ф.М.Алиев. Антииранские выступления и борьба пртив турецкой оккупации. 216-217б
  10. .История стран Азии и Африки в новое время. 1-часть. М..,1989.230-235бб
  11. Мұхаммед Казим. Наме-ий аламараий Надири. т-3.М..,1960.240б
  12. П.Г.Бутков. “Материалы для новой истории Кавказа с 1722 по 1803” т-1. М..,1869.248бб
  13. “Мухаммед Казим. Поход Надир шаха в Индию” М..,1961. 123 128бб
  14. М.С.Иванов. “История Ирана” М..,1977ж. 209-210 беттер
  15. .М.С.Иванов. “Очерки истории Ирана” М..,1952ж. 103-105беттер
  16. “Иран и Иранцы” под ред.Искаковой З.Е. А..,1998ж. 28-29беттер
  17. История Ирана с древнейших времен до конца 18 века” под ред. С.И.Пигулевской Лен..,1958.319-324бб