АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Наполеон Бонапарт және ХІХ ғ. І жартысындағы Европа елдері

ҚазаҚстан Республикасы Ғылым жӘне бІлім министрлІгі

 

 

 

 

  Тарих факультеті

  Жалпы тарих кафедрасы           

 

 

 

 

 

 

диплом жҰмысы

 

Тақырыбы

 

Наполеон Бонапарт және ХІХ ғ. І жартысындағы Европа елдері

 

 

АҚТӨБЕ — 2009

МазмҰны

 

 

КІРІСПЕ

3

 

1  Наполеон саЯси билікке жету жолында

 

 

1.1 Наполеон Бонапарт — өмір жолы

8

 

1.2 Наполеонның консулдық қызметі

14

 

1.3 Наполеон Бонапарт – император

18

 

 

 

2  Наполеон соҒыстары жӘне ЕвропадаҒы Өзгерістер

 

 

 

2.1 Австрия Пруссия және Германия территориялары үшін шайқастар

 

24

 

2.2 Испания Португалия және Италия территориялары үшін шайқастар

 

33

 

2.3 Англия территориясы үшін күрес және оның   

      нәтижесі

 

37

 

2.4 Соғыстар нәтижелері және Вена конгресі_ _

48

 

 

 

 

Қорытынды

54

 

ПайдаланылҒан деректер тізімі

56

 

Қосымша материалдар

58

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың маңыздылығы. ХХ ғасырдың аяғында қазақ халқы дүниежүзілік тарих сахнасында әлем қауымдастығына өзін егемен ел ретінде мойындатып, байрағын көтеріп, атының шартарапқа таралғанына да міне, биыл он жыл болыпты. Осындай ғасырлар тоғысында қазақ халқы үшін болып отырған оң өзгерістер заманында халқымызбен бірге дамып, қоғамның әртүрлі формацияларына сай суығы мен күйігін бірге көтеріп келе жатқан еліміздің тарихына деген көзқарастар егемендік алғаннан бері жаңаша сипатқа ие болуда. Сол көзқарастардың бірі – бұрынғы одақта шет елдер жөнінде көп жазылатын. Бірақ бұл негізінен мәскеулік ғалымдардың еншісіне тиіп келген еді. Бұрынғы одақтас республикалардың егемендік алуына байланысты жағдай өзгерді. Дүние есігі бізге де ашылды. Сол дүниенің бірі – Франциядағы Наполеон Бонапарт билігі кезіндегі Европадағы жағдайды ашып көрсетуге талпыныс туып отыр.

Соның ішінде Наполеон Бонапарттың ақылды қолбасшы, мемлекет қайраткері, кезінде Батыс Европа елдеріне өзінің айбынды әскерінің арқасында үстемдік жүргізген қызметінің өзіндік ерекшелігі бар болғандығы ешкімге шүбә тудырмасы анық.

Мәселенің тарихнамасы.

Наполеондық тарихнама өзінің бастауын Наполеон қайтыс болғаннан кейінгі онжылдықтан алады. Яғни, бұл онжылдық ішінде Наполеонды біреулері жақтаса, екіншілері даттаған еді.

Наполеондық билік туралы бурбондардың қайта қалпына келгенінен кейін, роялистер даттап жазған еді. Осыған қарама-қарсы көптееген естеліктер, көптомдық шығармалар, Шапталдың естеліктері және Лас-Каздың кітабы т.б. өз ыңғайын тауып, жарық көре бастады. Бұның бәрі көзбен көріп, Наполеонның өзімен сөйлескенде жазылған нағыз құнды дерек болып табылады. Атап айтқанда, 16 томдық Луи Мадленнің еңбегі, Вальтер Скотт, Стендлай, Эмил Людвиг және Бертран Рассел,Адольф Тьер, Томас Карлей, Жорж Лефевр, Андре Моруа тағы да басқа француз тарихшыларының зерттеулерін жатқызуға болады. Осылардың негізінде көптеген кеңес тарихшылары да өз қызығушылықтарын туғызып, Наполеонға арнап, арнайы монографиялар да жазған еді.

Соның ішінде, Е.В. Тарленнің Наполеон деген еңбегі /1/ орыс тіліндегі алғашқы аудармашылық еңбек болып табылады. Автор бұл шығармасында Наполеонның өмір жолынан бастап, көптеген мәселелерге тоқтала отырып, жан-жақты мәлімет берген. Наполеон туралы бұл зерттеу – ресейлік басқа еңбектердің бастауы болып отыр. Себебі онда сол кездегі Франциядағы және Батыс Европадағы жағдай, Наполеон Бонапарттың өмірі мен қызметі көптеген дерек-дәлелдермен қамтылған. Автор аталған еңбегінде өзінің қарсыласын талқандап, күшін нығайту үшін Наполеонға қанды шайқастар, қатал соғыстар, ірі жорықтар және де ұзақ шапқыншылықтар өте қажет болды /2/ деп көрсетеді. Саяси тиімділіктен бұрын Наполеон ішкі-сыртқы саясатында өз империясын деспоттық режиммен ұстауға тырысты /3/ деп көрсетеді.

Сонымен бірге, Наполеон турасында оның жанұясы жөнінде жазылған еңбектердің бірі – Десмонд Сьюардтың АҚШ-та жарық көрген «Наполеонның отбасың деген шығармасын /4/ атауға болады. Ғалым бұл еңбегінде Наполеонның отбасылық қатынасын, әр отбасының мүшесіне жеке-жеке талдау беріп, оларды мейлінше суреттеуге тырысқан. Оның пікірлерінің орыс тарихшыларымен қарама-қайшы жақтары да бар. Еңбектің негізгі аумағы – Наполеон фигурасын айқындау. Автор үшін Наполеон тек қана қолбасшы емес, ол қатал жаулаушы, кейінгі ұрпағы үшін өз мақсатын белгілеп, соны жасап кеткен ұлы адам /5/.

Д.С. Мережковский өзінің Наполеон деген еңбегінде /6/ Наполеон соғысты француз революциясынан мұраға алды. Европамен соғысты. Біз енді тәжірибе арқылы азамат соғысын, халықаралық соғыстардың әлдеқайда қорқынышты екенін білеміз. Ал, Наполеон соғысы — үлкен халықаралық соғыстармен және орыс азамат соғысымен (15 млн. адам өлді) салыстырғанда ойыншық еді /7/ деп көрсетеді.

Келесі бір орыс тарихшысы Альберт Захарович Манфред өзінің Наполеон Бонапарт атты монографиясында /8/ Наполеон Бонапарт алыс қашықтықтан өзінің 2 жақты қайшылықтарымен көрінеді /9/ деп жазды.

Яғни, өз кезеңінің адамы, алғашқы жас буржуазия өкілі, көрнекті мемлекет қайраткері – Наполеон Бонапарттың көтерілуі және түсуі бәрі де заңды құбылыс екенін, өз заманының ұлы, сол кездің қасиетін бойына сіңірген ұлы қолбасшы екенін барлық авторлар ашып көрсетеді.

1994 жылы дүниежүзілік қауымдастық ұлы корсикандықтың 220 жылдығын тойлаған болатын. Жүздеген кітаптар мен мақалалар, конгресс, арнайы конференциялар, көптеген телебағдарламалар бой көтеріп, қайтадан талас пікірлер туған болатын. Қолбасшыға, мемлекет қайраткеріне деген қоғамдық қызығушылықтар әлі күнге дейін ұлы да қастерлі еді. Біреулері Наполеонды даттаса, келесілері оны жақтайды, ал үшіншілері одан бүгінгі күнде ұқсас адам іздегісі келеді. Наполеон – ол тарихты жасаушы, және де оның тұлғасы ешқашан, еш жерде қайталанбайды, себебі, XVІІІ ғ. аяғы мен XІX ғ. басындағы Европа мен Франциядағыдай жағдай әлемдік тарихта болмайды және болуы мүмкін де емес еді.

Бұл саяси тұлға жөнінде және оның отбасы мүшелері туралы да талай пікір-таластар болған, болды және бола бермек.

Наполеон Бонапарттың өмірі мен қызметіне баайланысты көптеген кеңес тарихшылары өз тұжырымдамаларын жасады. Бірақ, бір айта кететін жәйт – бәрі де сол кездегі ұлы да алып империя – Ресейге тоқталып өткен еді. Себебі, Наполеон өмірі Европамен қоса Ресейде де өз ықпалын жүргізіп отырған еді. Ресей жөнінде авторлардың еңбектері өте толық, жан-жақты зерттелген мәселе болып отыр. Ресей мәселесі өте нақты түрде талқыланған бөлек бір дүние болып отырғаны айдан анық. Сондықтан да, бұл еңбекте Ресей жайлы сөз ету артықтау болып отыр.

И.А. Мусский өзінің 100 ұлы диктаторлар деген еңбегінде /10/ көптеген ірі қолбасшылардың өмірі мен қызметіне, қанды шайқастарына толықтай тоқталып, соның ішінде Наполеон Бонапарттың да рөлін ашып көрсеткен еді. Дәл осы баспадан (Вече) жарық көрген 100 ұлы шайқастар кітабы /11/ да осыған ұқсас, мұнда Наполеонның ірі шайқастары мен қанды соғыс, жорықтары өте жақсы суреттелген.

Қорыта келгенде Наполеон Бонапарттың өмірі мен қызметіне арналған, Батыс Европа елдері жөнінде жарық көрген еңбектер күні бүгінге дейін халықтар арасында өз қызығушылығын туғызып келеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Зертеу жұмысының  басты мақсаты – Наполеон Бонапарттың билік ету барысын Батыс Европадағы іс-әрекеттері арқылы ашып көрсету болып табылады. Осы бағытта автор алдына мынадай міндеттер қояды:

  • Наполеон Бонапарттың өмір жолына толық түрде сипаттама беру;
  • Европадағы қанды соғыстарына жеке-жеке тоқталып, олардың мәнін ашу;
  • Наполеон билігі кезіндегі Батыс Европа елдерінің ішінде ең көп әсер еткен Англияның ерекшелігін, рөлін анықтау;
  • Соғыс соңында Вена конгресіндегі елдердің ара-қатынасына талдау беру.

Зерттеу жұмысының деректік негізі.

Зерттеу жұмысын жазу барысында негізгі тарихи дерек көзі ретінде автор Е. В: Тарленің  Наполеон /12/, А.З.Манфредтің  Наполеон Бонапарт /13/ атты монографиялық еңбектерін пайдаланды. Себебі, аталған еңбектерде зерттеліп отырған мәселеге байланысты және Наполеонның жеке, саяси өмірінен көптеген мәліметтер беретін дерек дәлелдермен келтірілген. Мәселенің мәнін ашып, оған шынайы баға беруде және кейбір айтылмай келген жақтарын ашуда жергілікті мерзімді баспаларда шығарылатын атап айтсақ,  Эврика  газетінің /14/ беттерінде жарияланған мақалалар да пайдаланылды. Сонымен қатар,  Вопросы истории,  Новое и новейшие время,  Эхо планеты,  Вокруг света  журналдарында /15/ және тағы да басқа ғылыми басылымдарда берілген деректер тақырыпты жан-жақты ашып көрсетуде үлкен септігін тигізді.

Келесі бір ең қажетті дерек көзі ретінде Д. Съюардтың  Наполеон и Гитлер  /16/, Шедивы, Ярославтың   Меттерних против Наполеона  /17/, және 1640-1870ж.ж. аралығын қамтитын   Хрестоматия по новой истории  /18/ еңбектері диплом жұмысын жазуда бірден-бір дерек көзі ретінде мәселеге нәр беріп одан әрі шыңдай, тереңдей түсті.

Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы.   Жұмыста негізінен 1800-1815жылдар аралығы қамтылған. Себебі, осы кезең Наполеон Бонапарттың билік еткен уақыты болып табылады.

Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы.  Зерттеу жұмысында Наполеонның және оның билігі кезіндегі әрекеттері мен бағытын жан-жақты көрсету үшін бүкіл Батыс Европа елдері қамтылды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі.  Зерттеу жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, өркениеттілік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынды. Наполеонның өміріндегі, Европа елдеріндегі жағдайды сипаттау барысында тарихи салыстыру, талдау және қорытындылау әдістері кең қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.  Бұрын қазақ тілінде нақты, арнайы зерттелмеген мәселеге тоқтала отырып, XІX ғ. бірінші жартысындағы Европа елінің жағдайын сипаттай келіп, Франциядағы Наполеон Бонапарттың бірден-бір халық сеніміне ие болған саяси тұлға екендігін ашып көрсету және оған объективті түрде баға беру болып табылады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.  Осы мәселе бойынша 1999-2000 оқу жылында курстық жұмыс есебінде сыннан өтіп, 2000-2001 оқу жылында студенттердің  ғылыми конференциясында арнайы баяндама жасалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы.   Диплом жұмысы кіріспеден, 7 тақырыпшаны қамтитын 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • НАПОЛЕОН САЯСИ БИЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА

 

  • Наполеон Бонапарт — өмір жолы

 

1804-1815 жылдары және 1815жылғы наурыз – маусым айларындағы Француз императоры. 1799 жылы мемлекеттік төңкеріс жасап, бірінші консул болды. 1804 жылы император титулын иеленді. Билігі кезінде диктаторлық режим орнатып, өзінің айбынды әскерінің арқасында империяның аумағын кеңейтті. Орталық және Батыс Европаның көп бөлігін Францияға тәуелді қылды. 1814 жылы тақтан аластатылды. Бірақ, 1815 жылы тағы да император тағын иеленді, кейін Ватерлоо түбіндегі ұрыстағы жеңілістен кейін қайтадан тақтан айырылды. Өмірінің соңғы жылдарын Қасиетті Елена аралында өткізді.

Карло Мария Буонапарте- Наполеон Бонапарттың әкесі, 1746 жылы туған, Корсика аралының ұсақ шаруашылық иесі, Аяччо қаласының тұрғыны. Оның адамдарға деген жанашырлығы сондай – оны корсикалықтар  тамаша Карло  атаған. 1764жылы Карло Мария генуя жанұясынан шыққан 14 жасар Литиция Рамолиноға үйленеді.

Наполеон Бонапарт – 1769 жылы 15 тамызда Аяччо қаласында Карло Бонапарттың отбасында дүниеге келген. Наполеон – жанұяда екінші бала. Әкесінің 12 баласынан қалған сегізі, соның ішінде 2 үлкен ұлы Жозеф пен Наполеонды Француз үкіметінің 1779 жылғы жарлығы бойынша стипендия берілетіндей жағдайға қол жеткізген соң, Францияға колледжге оқуға жібереді. Бұл кезде Наполеон 9 жасар бала еді. Наполеонның тарихи өмір жолы осы 9 жасында үйінен кеткен кезден басталады. Наполеон Отен колледжінде аз уақыт болған соң, Бриендегі әскери училищеге ауысты. Сабаққа нашар үлгеретін, французша әрең түсіндіретін бала, жолдастарының күлкісіне айналған еді. Бірақ, ол өзінің талабымен, талантымен көзге түсе білді. Сол кезден бастап, оның еліктеушісі, үлгі тұтатыны- Юлий Цезарь болатын. Наполеон барлық пәндер ішінде – математикаға көп көңіл бөлді. Сонымен бірге – тарих және география пәндеріне деген қызғушылығы ерекше еді. Тек латын және неміс тілдерінен нашарлау болды. 1784 жылы мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырып кадет шенін алады, және ол Париждегі әскери мектепке көшеді. Париж әскери мектебі – елдегі ең керемет оқу орындарының бірі болды. Ол тек әсем ғимарат қана емес, сонымен бірге білімді де тәжірибелі мұғалімдер ордасы болды. Осындай ордада жас тәрбиеленуші бозбала –

Наполеон Бонапарт өзінің ғылымға деген ұмтылысымен барлық мұғалімдердің шапағатына бөленіп, 1786 жылы училищені  «кіші лейтенантң  деген атақпен бітіріп шықты. Оқудан кейін үлгілі Ла-Фер полкіне артиллерия лейтенанты болып жіберілді. Кейбір деректерде Лион қаласының маңындағы Валанс полкіне жұмысқа жіберілді /19/ делінеді. Міне, осы гарнизонда артиллерия бөліміндегі кіші лейтенант – Наполеон Бонапарттың әскери қызметі басталды. Оның күнделікті жағдайы, гарнизондық қызметі – жас жігітті қанағаттандырмады. Ол өзінің білімін әскери іс туралы кітаптарды оқу арқылы жетілдіре түсті. Атап айтқанда: Маркиз де Фекъердің «Мемуарларң, Гибердің «Тактика туралы жалпы елестетуң, дю Тайленің «Артиллерияны қолдану туралы хатң және де ұлы артиллерист Грибовалдың «Өсиетң атты еңбектерін оқыды. Сонымен қатар, Юстинианның кодексімен танысып, көрнекті ағартушылардың еңбектерін оқып жүрді. Соның ішінде оның өміріне көп ерекше ықпал еткен Рейналь мен Руссоның еңбектері болды. Бриенде, Парижде, Валанста жүрген кезінде өз жерін, ата-бабасын аңсап, Корсиканың ұлылығына таң қалып, көп ойланатын. Наполеон Бонапарт әскери мектепте оқып жүрген кезінде, өмірдегі қиын кезеңге тап болады. 1785 жылы 40 жасқа жетпей әкесі дүниеден қайтты. Осы кезде жас бозбаланың мойнына шешесінің, қалған кішкентай бауырларының ауыртпалығын көтеру міндеті тұрды. Содан Наполеон Бонапарт Аяччодағы жеті жылдан астам уақыт болмаған үйінің табалдырығын қайта аттады. «Наполеонның бұл келісі – деп жазады үлкен ағасы Жозеф,- шешемнің ұлы да бақытты кезеңі болып саналады /20/.

     Наполеон Бонапарт өз жұмысын тиянақты істеуімен көзге түсті. Ол өз жұмысын  және артиллерия өнерінің құпияларын білетін ынталы офицер болды. Артиллерия бөліміндегі кіші лейтенанттың өмірінде қуанып, еске аларлықтай ештеңе болған жоқ. Өмір жолы қарапайым, жұпыны өтті. Ол өзін барлық жағдайларда тежеп отырды. Осылайша, кедейлік оның  соңынан еріп отырған еді. Наполеон өзі корсикалық болғанымен оған тағдырдың бұйрығымен француздар арасында өмір сүруге тура келді. Өйткені, Корсика 1769 жылы Француздардың жаулауына түскен еді. Оның аты сол кезде корсикалық транскрипция үлгісінде – Наполионе ди Буонапарте деп жазылатын, кейін Францияға келгесін Наполеон Бонапарт болып өзгертілді. /Сол кезде Корсика көсемі – батыр Паоли еді/. Наполеонның өз бойындағы ерекшеліктерінің бірі – есте сақтау қабілетінің өте жақсы болуы еді. Сол қасиетінің арқасында ол өз отрядындағы бүкіл солдат, офицерлердің аты-жөнін жатқа білген. Сонымен бірге, ол қолы бос уақытында шахмат ойынын және картада  21  ойынын ойнағанды ұнатқан. Наполеонның тағы бір ерекшелігі- музыканы ттыңдай және түсіне білді. Наполеонның ең басты кәсібінің бірі- көркем әдебиеттер оқу болды. Бриенн училищесінде оқып жүрген кезде-ақ ол қолы бос уақытында тек кітапханаға баратын. Әсіресе, Полибий және Плутархты, тарихи әңгімелерді оқығанды ұнатқан. Валанста оқып жүрген кезінде өзінің қалған ақшасына Женева тағы да басқа қалалардан кітаптар алдырып жүрді. 1786 жылы Корсикаға өз еліне келген кезде ағасы Жозефтың айтуынша, оның кішкентай сандығы кітапқа толы еді. Француз тіліне аударылған Плутарх, Платон, Цицерон, Корнелий, Непот, Тит Ливий, Тацит шығармалары және де Монтен, Монтескье, Рейнал еңбектері болған. Наполеонның тарихқа жақындығы сондай- антика заманындағы Эллада, Рим тарихын, ежелгі замандағы Египет, Ассирия, Вавилон, Персия тарихын оқып, өзіне керек жерлерін дәптеріне жазып алып жүрген. Оның дәптерлерінде Англияның Юлий Цезарь басқарғаннан бастап, 17ғ. Соңына дейінгі кезеңі жазылған. Наполеон өзінің жолдастарын сол кездегі классикалық Француз әдебиетін, соның ішінде теңдесі жоқ терең де тұңғиық Корнел, Расин, Лафонтен, Боссюэ, Фенелон, Вольтер, Руссо шығармаларын меңгеруімен қызықтырып жүрді. Осылардың бәрін жинақтай келгенде Наполеон Бонапарт прозада, поэзияда және т.б. әдебиет жанрларында жеңіл әрі тез, бірқалыпты еркін меңгере алғанын көреміз. Оның шығармалары жарыққа тез шықты. Романдары «Маттео Буттафуокаға хатң,  «Бокердегі кешкі асң, «Глиссон және Эжениң, және де 1788 жылы жарыққа шыққан «Граф Эссексң  шығармасы болды.

      Наполеонның мінезі ерте балалық шағынан бастап шыдамсыз әрі тынымсыз болды. «Мен кішкентайымнан айқай мен төбелеске бейім тұрдым. Еш уақытта ешкімнен қорыққан емеспін, бірін тістедім, бірін ұрдым, бәрі меннен қорқатын болды, менің осы қылығым үшін ағам Жозеф жауап беретін болды, оны да ұрдым. Ол үшін оны соққыға да жығып жүрді. Ол маған келгенше, мен шешеме арызданып та болатын едім. Бірақ, менің қыңырлығым өзіме пайда әкелді. Шешем Литиция, менің төбелесім үшін сөксе де менің қарсыласуымды жек көрдің/21/.

     Наполеон кішкентайынан қырсық әрі қыңыр болып өсті. Анасы оны жақсы көрді, бірақ тәрбиелегенде Наполеонға да, басқаларына да суық қарады. Әкесі мейірімді, бірақ ауыр мінезді адам болды. Отбасында негізгі ролді шешесі Литиция басқарды. Ол қатал әрі еңбек сүйгіш және баланы жақсы тәрбиеледі. Наполеонның еңбек сүйгіштігі, қатаң тәртіпке икемділігі – шешесінің тәрбиесі еді.

     Шалғайдағы арал табиғаты, жабайы таулы ормандар, шатқалдар және әулет аралық қақтығыстар  «қанға- қан  деген кек алу заңдылықтары жас Наполеонға қатты әсер етті. Ой еңбегіне бейімділігі жас кезінен қалыптасты.  «Егер мен бір нәрсеге дайындалатын болсам, алдын-ала ойланып, күні бұрын қам жасаймын. Менің бұл ойым басқаларға күтпеген жерден сарт ете қалатын еді, бұл менің ойлауымды дамытады. Мен әрдайым жұмыс жасаймын, түскі үзілісте де, театрда да, кейде түнде тұрып та жұмысқа кірісемін  /22/. деп жазды. Өзінің тапқырлығы туралы ол кейде салмақты түрде, кейде келеке түрде айтып жүрді.

     Наполеон өзінің еңбекке бейімділігімен мақтана алатын еді. Оксонда оқып жүргенде өзі қалам алып шағын трактат жазуға бел байлады.  «Бомба лақтыру туралы  деген трактатының негізгі мазмұны – баллистикалық қаруға арналды. Артиллерияның жұмысы оның ең сүйікті әскери мамандығы болды. Оның соңғы кездегі жазбаларында беллеристика туралы ойлары, философиялық саяси этюдтары қалды. Бұл жазбаларда ол либералды бағыт ұстады. 20 жасар артиллерия жұмысшысына 1789жылғы революция әсер етті.Өзінің әлеуметтік шығу тегі бойынша, Наполеон революциядан яғни, буржуазияның абсолюттік феодализмді құлатуы өте тиімді болды. Корсикада дворяндар, әсіресе кіші поместье иелері Францияның өзіндегі дворяндар тәрізді жеңілдіктерге ие болмады. Жоғарғы және тез карьераны алыс жердегі дворяндар қорғай алмайтын еді. Егер Франция  «жабайы  Италия аралдарын басып алмаса және 1789 жылы көзге көрінбесе, әлеуметтік баспалдаққа көтерілмес те еді. Осылайша, Наполеонның революцияны пайдалануы тиімді болды.

     Бастилияны алғаннан кейін, 2 ай өткесін демалысқа сұранып Корсикаға келді. Өзінің Корсикаға деген патриоттық сезімін одан әрі шыңдады. Көптеген әдеби шығармалар ішінде 1789 жылы  «Корсика тарихының очрекін Рэйнал оқып шықты. Үйіне келгеннен кейін шешесіне көп жылдан бері Франция тарапынан қуғында жүрген Паолидің жақтасы екендігін айтады. Паоли болса жас лейтенантқа салқын қарады, ал кейін екеуінің жолы бір емес екендігі айқындалды. Паоли Корсиканы Франциядан азат еткісі келді, ал Наполеон болса, Француз революциясы Корсиканың дамуына жаңа жол ашады деп ойлайды. Мүмкін бұл өзінің негізгі карьерасының бастауы болатын шығар   Яғни, Наполеон Ұлы Француз революциясына ат салысты.

      Тулон якобиншілерге қарсы көтеріліс жасағанда, Наполеон ешкімге белгісіз капитан еді. Конвент әскері қаланы алды. 1793 жылы қыркүйекте Наполеонға конвенттің комиссиясы бойынша артиллерияны басқару берілді. Тулонға шабуыл кезінде Наполеон бір отрядты басқарды, осында өзінің өжеттілігін көрсетіп, көзге түскен еді. Осыдан кейін Конвент комиссиясы Наполеонды бригада шеніне көтерді/1794ж/. Ол кезде Наполеон 24 жаста еді. Робеспьер диктатурасының құлауы, тулондық батырдың карьерасына қауіп төндірді. Бір мезгілде якобиншілерден тұтқындалып, кейін босатылды. Жаңа тағайындауларды, көтерулерді іздеген Наполеон депутат Барраспен танысады. Оның тапсырмасымен роялистер бүлігін 13-ші вандамьерде талқандайды. Сыйлық пен көтерілу көп күттірмеді. Баррас енді  «5 директордың  бірі болса, Наполеон-Париж гарнизонын басқарды. Осы кезде ол көркем де сұлу әйел – Жозефина Богарнэге кездесіп, артынан үйленеді. Жозефина өзінен 6 жас үлкен еді. Генералдың жесірі, әлі де болса әдемі және сезімтал ақылды әйел, жас Бонапарттың жүрегін жаулап алды.

     Роже Дюфрес, Наполеонның қысқаша өмір баянын шеберлікпен жазған автордың айтуынша,  «Наполеон Жозефинаның адал, пәк еместігіне қарамастан сүйді, бірақ 13 жылдан кейін, мемлекеттік шешім бойынша олар қайта ажырасты /23/ -дейді. Жозефинаның өмірінде романтикалық кезеңдер көп болғандықтан, ол алғаш кездескен Наполеонға онша мән бере қоймады. Жозефинаның негізгі ойы – жоғарғы шенге ие болған жас Бонапартпен бас қосып, материалдық жағдайын жақсарту болды. Бірақ, Жозефинаның бала көтермеуі негізінде 13  кейін, мемлекеттік шешім бойынша олар айырылып тынды. Негізінен, Наполеонның әйелдерге деген қарым-қатынасы тек бір жақты ғана болды. Оның ойынша, Наполеонды — әйелдер мәселесі қызықтырмады, және де сезім туралы ойланатындай, жан-жүрегін елжірететіндей, онда уақыт та болмады. Сондықтан ол жеке өміріне қатысты дәл осындай мәселелерге көп көңіл бөле қоймады.

     Наполеон Европадағы үлкен соғыстарымен дүние жүзілік үстемдікті иелену арқылы әлемді дүр сілкіндірді. Әсіресе, Наполеон Англия үшін күндіз күлкісін, түнде ұйқысын бөлді. Англия айласын тауып, одақтастар құрып, бір соғыста жеңіп, Наполеон қашып, ағылшындардың кемесіне отырды. Енді бағыт- Қасиетті Елена аралы болды.

     Бұл аралды португалдық саяхатшы – Васко де Гама  16ғасырда оңтүстік Атлант мұхитының жағалауынан 15-1/2-лік оңтүстік бойлықтан ашқан еді. 1501жылы 21мамырда католик шіркеуінің қасиетті күнімен қатар келгендіктен, арал — Қасиетті Елена деп аталды.17ғасырдың бірінші ширегінде арал голландықтардың, 1673жылы ағылшындардың құзырында болды, және бұл аралды Үндістанға қатынайтын жол торабына айналдырды.   Ағылшын үкіметі Наполеонды осы аралға жер аударуға шешім қабылдады. Қасиетті Елена аралына ең жақын жағалау /Африкадан 2000шақырым жерде болды/. Сол кездегі желкенді қайықпен2:5-3айлық жол болатын. Бұл аралда Наполеон енді Европаға қайта алмайтындай етіп кепілдік жасады. Наполеонға оның ендігі өмір сүретін жерін айтқанда ол  Маған әскери тұтқын ретінде қарауға хұқтарың жоқ/24/,деп наразылық білдірді.                    

     1815жылы 15 қазан күні Нортумберлэнд кемесі Наполеонды өмірінің соңғы күнінің панасы-Қасиетті Елена аралына әкеліп түсірді. Онымен бірге маршал Бертран әйелімен, генерал-граф Монтолон әйелімен, және генерал Гурго,Лас-Каз ұлымен жер аударылды. Жалшысы-Маршан және т.б. адамдар да еріп келді.                                   Мария-Луизамен бірге атасы-Францтың қолында болды. 1819 жылдан бастап Наполеонның науқасы өрши түсті.1821жылы ағылшын дәрігері-Арнотт, Наполеонның жағдайын ауыр екендігін анықтады. Бірақ, Наполеон бұл кезде серуендеуге шығуға жағдайы келді. 1820жылдан бастап, Наполеон сөздің басын бастап, аяқтамай, терең ойға кететін болды. Ол одан әрі үнсіз қалатын. 1820 жылдың аяғында Наполеон коляскаға мініп жүретін болды. 1821жылы қорқынышты аурулар қайталана бастады. Император бұл ауру- рак екенін сезді.Бұл тұқым қуалаушы, 40 жасында әкесі де осы аурудан кеткен еді.

    Соңғы кезде 15-20 жылдықта медициналық журналдарда Наполеонның ауруының рак емес, тропикалық ауру, оны жас кезінде Египет пен Сирияға барған кезінде жұқтырғаны туралы болжамдар айтылуда/25/.

     Наполеон «Рак- бұл ішке енген Ватерлоо  /26/, деп көрсетті. Наполеон 13 сәуір күні граф Монтолонға өсиетін айтып жаздырып, 15 сәуірде оған қол қойды. Оның осында жаздырған сөздері 1840 жылы Париж мүгедектер үйіндегі мрамор тақтада тұрды. Онда былай делінген  «Менің сүйегімді өзім жақсы көрген Француз халқының арасына яғни, Сена жағалауына қоюларыңды сұраймын  /27/.

     Ағылшындық Гудсон Лоуға арналған арнайы бөлімінде Наполеонның «Мен ағылшын олигархиясы мен жаулаушыларының негізінде күнімнен бұрын өліп барамын. Ағылшын халқынан көп ұзамай мен үшін өшін алады  /28/, деген сөздері бар.

     Баласына ол Францияға ешқашан қарсы шықпауын және бір ғана «Бәрі де француз халқы үшін  деген девизді ойына алып жүруді тапсырды.

     1821 жылы 5 мамыр күні кешкі сағат 6-да Наполеон Бонапарт ауруы меңдеп көз жұмды. Басқа бір деректер бойынша, оны уланған /29/ дейді. 

 

      1.2  Наполеон бонапарт- консулдық қызметі

 

    Енді генерал Наполеон үкімет басына нақты адамдарды әкеліп, революцияның табыстарын қорғауға және жаңа үкіметте ықпалды орын алуға тырысты. Бонапарттың Сьейес және Талейранмен кездесуінде өз қолына бүлік тізгінін ұстап, өзінің белгілі қимыл бағдарламасын іске асырды. Бүлік 18 брюмерге /9қараша 1799ж/ белгіленді. Бүлікті іске асыру орнын, қаладан алшақтау жердегі Сен-Клу монастырі деп белгіледі.

     Люсьен Бонапарт 500-дің отырысын осында көшірді, бұл көшуді Париждегі тәртіпсіздікке байланысты деп сылтау айтты. Екі палата да «ерікті  түрде конституцияға түзету енгізуге міндетті болды да, ал, Наполеон әскері парламентті «қолдауға  тиіс болды. Нақты дайындыққа қарамастан, төңкеріс құрдымға кетуге шамалы қалды. Депутаттар өздерінің отырыстарын Сен-Клуге көшіруге қарсылық білдірмеді.Бірақ  19 брюмерде конституцияға өзгеріс енгізу деген сұрақта қарсылық туды. Төңкерістен кейін ол нақты шешіммен іске кірісті. Билікті бөлісу барысында ол өзіне «арыстанның үлесін  алуға тырысты. Наполеон мұның барлығын заңдылық тұрпатта екенін көрсетуге тырысып бақты. Сьейес, Роже-Дюко және Наполеон өздерін ақсақалдар кеңесі-консул қылып тағайындауларына қол жеткізді. Сьейестің жаңа конституцияны пайдаланып, Бонапартқа «Құрметті сайлаушы  титулын беріп, биліктен аластатуға ұмтылысы- Бонапарт тарапынан қарсылыққа әкелді. Осылайша, мемлекет басында үш консул тұрды. Бірінші консул – Наполеон Бонапарт қолына диктаторлық билікті алды. Екі консул сияқты, ол да 10жылға сенатпен сайланатын болды. Заңды бекіту – бірінші консулдың билігінде болды. Министрлер мен генералдарды тағайындау – бірінші консулға жүктелді. Наполеон өзінің іс-әрекетіне соншалықты мықты болып, 1800жылы қаңтарда конституцияны бүкіл халықтық талқылауға берді. Оның болжамы дәл келді. Халық 3 млн. дауыспен Наполеонды жақтап шықты. Бірінші консул билігі өте қарама-қарсылықта болды.Оған қарсы «оңшылдар және солшылдар,  монархистер мен якобиншілер шықты. Наполеон өзінің жағдайын былай деп түсіндіруге тырысты. «Бірінші консул –мемлекетті мұраға алатын патшамен тең емес, оған кезекті жағдайларда соғыс керек  /30/- дейді.

      Бірінші консул Францияның ішкі жағдайында да бейбітшілік орнатуға қол жеткізді. 1799жылы желтоқсанда ол Ванда мен Британдағы көше тәртіпсіздерімен анархистердің тәртібіне қадам жасады, және де роялистік және католиктік көтерілістерді күшпен басты. Эмигранттар тізімінен  52000/елу екі мың/ адам есімі сызылды. Осыдан кейін көптеген діни адамдар мен дворяндар Францияға қайтып келді, бұл шаралар ескі якобиншілер тарапынан қарсылық тапты. Осы кезде Наполеонға қарсы роялистік заговор ұйымдастырушылар негізінде жарылыстан 26 адам өлді. Қастандық жасаушылар роялистер екенін біле тұрып, кінәні якобиншілерден көріп, Наполеон, ықпалды якобиншілер жауларынан құтылуды ойлады, көбін өлім жазасына кесті. Ішкі жағдайды реттеуде католик шіркеуіне де тәртіп орнатты. Маренгодан кейін папа Пий7-ші мен келіссөздер басталды. 1801жылы 15шілдеде конкордатқа қол қойды. Бірінші консул епископтарды тағайындау құқығын алды. Папа тек оның діни шенін бекітетін болды. Жұмысқа немесе қызметке кірісер алдында, діни адамдар конституция алдында ант берді. Шіркеулік жиын-жиылыстар билікпен келісіп жүргізілетін болды. Осылайша, Наполеон шіркеуді өзінің мемлекетіне қызмет етуге мәжбүр етті. 1802 жылы бірінші консул өзінің толық қанды ішкі және сыртқы саясатында Францияға бейбіт және тұрақтылық әкелгенін мүдірмей жария ете алды. Жұмыссыздық пен әлеуметтік қиыншылықтар артта қалды, осы проблемаларды шешуде Наполеон іске кірісті.

      Парламенттік оппозицияны ол бейтарапта ұстау негізінде сенаттың құрамын үлкейтті. Шындық керек, кейбір генералдардың көре алмаушылық пен қызғаныштарынан, 1802жылдың сәуір-маусым айларында 4 рет заговор ұйымдастырылды. Олардың мақсаты-бірінші консулды өлтіру немесе биліктен аластату еді. Бұған Бернадотт, Ожеро, Макдональд, Массен, Лекурб, Брюн қатысты болды, соның ішінде Наполеонға жақын Ланн да бар еді. Бұл заговорлар дер кезінде ашылып, оған Наполеон өте жеңіл жаза беріп, дипломатиялық айламен жер аудартты, немесе биліктен босатты. Соның негізінде, Макдональд тек, 1809жылы ғана қызметке қосылды. Оның көбісі императордың маршалдары болды. Ол жылдан-жылға дара билей берді. Оған 1802жылғы 18мамыр айындағы «Құрметті Легион  орденіндегі оқиғаны айтуға болады. 1802жылы 2тамызда Сенат бүкіл халықтық референдумде «Наполеон өмір бақи бірінші консул болуға міндетті ме  -деген сұраққа жауап алды. 3.508.895 дауыс қолдап, 8394 дауыс қарсылық білдірді. 4тамыздағы сенаттың резолюциясында 8-ші жылғы конституциямен бейімделіп, оны бекітті. Бұл резолюцияны  Х-жылғы конституция деп атады. Бірінші консул өзінің мұрагерін тағайындауға, 2консулды да өзі сайлауға құқық алды. Ол ұлттық жиналыспен келіспей-ақ, келісімге монарх сияқты қол қоя берді, кешірім жасауға рұқсат алды. 1799-1804 жылдар уақыт аралығы –Наполеонның жетістіктерге қол жеткізген уақыты еді. Әкімшілік құрылыста қайта құру және азаматтық кодекстің жасалуы болды. Осы екі актілер ең бірінші ішкі саяси жағдайға әсер етті. Сонымен бірге Францияның көршілес мемлекеттеріне де ықпал етті, соның ішінде Францияға жаңа, кеш қосылған аудандарда жүзеге асты. Екі актің де мақсаты бір еді, революциялық жаулап алынған жерлерді әлеуметтік қарым-қатынасты тұрақтандыру және біріншіден, әкімшілік қайта қалыптастыруда – мемлекеттік аралықты күшейту ісі алға қойылды. Азаматтық кодекс- жеке бас бостандығына, меншік, еркін еңбек етуге кепілдік берді, цехтік жүйе шектеулері бұзылды, ар бостандығы және азаматтардың заң алдындағы теңдігі күшейтілді. Бұл бүкіл феодалдық жеңілдікті шектеді. Мемлекетті зайырлы деп тауып, жеке мүлікке қол сұқпаушылыққа кепілдік берілді. Бүкіл шіркеу және дворяндардың революция кезінде ұлттандырылған мүліктері мемлекет тарапына өтті. Наполеонның жүргізген реформалары жетістік әкелді. Әскери жорық шығынын жеңілген жаққа төлетті. Сонымен бірге, 1800 жылы 13 ақпанда ашылған Француз банкі де тұрақтандыру факторына айналды, себебі,ол мемлекет қаржысын әлемдік финанспен байланыстырды. 1803 жылы 22наурызда Наполеон жаңа ақша бірлігін шығарды- франк, өзінің сол кездегі алтынды эквивалентін 1914 жылға дейін ұстады. 1803 жылы 18 сәуірде шыққан заң — француз банкіне қағаз ақша шығаруға рұқсат берді. Фридрих Гентц 1801жылы жазды  «Ақиқаттың негізі-Францияның қазіргі жағдайы ешқандай шектеуді мойындамайды, оның жерімен көрші жерлер Франция иелігі болып есептелді, немесе солардың меншігіне айналды /31/.

     Бонапарт Пизальпийский республикасының астанасы – Миланда өзінің конституциясын тақты, оның атын өзгертіп «Италия республикасы  деп атады және өзін президент қылды. 1802 жылы 15 желтоқсанда Бонапарт Пьемонтты жаулап, ол жер француздар территориясында қалды. Герцог Пармның өлімінен кейін, оның мемлекетін алды, оны Француз комиссариатына тапсырды. Швейцария 1803 жылы ақпанда жаңа конституцияны алды, жаңадан құрылған конфедерацияға 19 тең хұқылы кантондар кірді.

      Голландиядан француз әскері шығарылмады. Керісінше, бірінші консул қорғану және шабуыл жасауға келісіп, жаңа конституцияны таңды. 1805 жылы Нидерландияда конституцияны өзгертіп, бұл ел толығымен вассалды мемлекетке айналды. Сонымен бірге, Наполеон отарлық саясатта Вест-Индия, Таяу Шығыс, Ост-Индияда және бір мезгілдерде Луизиана жерлерін иеленді. Соңғысын 1803 жылы АҚШ-қа сатып жіберген. Англия болса, бұл саясатты қауіпті деп санауға болмайтынын түсінді. 1803 жылы 23 мамырда Франция мен Англия арасындағы өрт қайта лаулады. Басында бұл соғыс – кит пен арыстанның қимылындай көрініс алған еді. Ағылшындар теңізде үстемдік етті. Бірақ,Франция Европадағы порттарды ағылшын товарлары үшін жауып тастады, 1803 жылы шілдеде ағылшындық Ганновер, Блисинген, голландық- Брабантаның бір бөлігі және Италияда- Оранто, Бриндизи, Португалия, Испания, Голландия Наполеонның қысымымен ағылшын товарларына байкот жариялауға міндеттеме алды. Наполеон жағалауға әскерін жинады, 1804 жылы Буонидегі армиясы шабуылға дайындалды.Англия өз тарапынан одақтас іздеуге тырысты. Роялистер лидері- Георг Кадудалдың көмегімен тамыз айында Нормандияға түсіп, олар бірінші консулды алып тастап, орнына Бурбондарды қайта қалпына келтіру мақсатымен іске кіріскен еді. Олардың ұйымдастырған заговоры ашылып қалып, тұтқынға алынды. Кадудаль өлім жазасына кесілді.                      

 

    1.3   Наполеон бонапарт – император                                                          

 

     1804 жылы 30 наурызда сенатор Кюро ұсыныс жасап, бірінші консул «Республиканың императоры  және оның құрметіне бүкіл әулеті иелене алатыны туралы хабарланды. 1804 жылы 18 мамырдағы Сенат резолюциясы яғни, ХІІ жылғы Конституциясы, Наполеон Бонапартты – Франция императоры деп жариялады. Мұрагерлік билік сұрағы нақтыланып, алты жоғарғы мемлекеттік шенеуліктен жаңа ақсүйектер пайда болды. Оның ішінде шенін Наполеон көтерген маршалдар да болды. Бүкіл халықтық референдумды халық қарсылықсыз қолдады. 2 желтоқсанда Наполеоның айтуымен, Париж әйел-ана шіркеуінде тақ иемдену рәсімі өтті.

    Франция императоры, Италия республикасының президенті — құлаққа жағымсыз естілді, сондықтан да Италияны – патшалық деп өзгертті. Эжен Богарнэ – вице патша және Италияда регент болды. Наполеон өзінің жоғарғы сановниктеріне княздық титулдар беріп, ақшаға байытты, жаңа графтар мен барондар пайда болды.

    1806 жылы өзінің отбасының мүшелеріне принц титулын алуға рұқсат берді. Сонымен қатар,ол Италияда 30 үлкен лендік поместьеге өзінің сановниктерін қойды. 1807 жылдан бастап, соғыста көзге түскен маршалдар «герцог  немесе «князь  атағын иеленді.1808 жылы 1 наурызда мемлекеттік кеңес шешімімен, шен көтеру, дәреже жоғарылату – император қолына көшті.

     1804 жылға дейін ағылшын фронтында қорғаныс байқалды, 1805жылы оқиға жаңа екпін алды, себебі, Англия өзіне күшті одақтастар Австрия мен Ресейді қосып, Европада тұрақтандыру жолына көшті. 1804 жылы Англия Булондағы әскерді кері қайтарды. Англияға кіру жоспары бұзылды, ол үшін ағылшын флотын бұзу керек еді. 1805 жылғы жорығы өте сәтті болды, 4апта жүріп, 50 шақырым жерді күніне алып отырып, 200мың әскермен Дунайға түскен еді. Оның әскерін австриялық генерал-Мак қоршады, капитуляцияны талап етті. Ақыр аяғы, соғыста 49.000 австриялықтар саптан кетті. Осылайша, Венада император қаласын алды.1805жылы 2желтоқсанда француздардың атақты майданы- Аустерлиц маңында Австрия Ресеймен одақ болды. Пратценс қырынан түсіп, жаудың орталығын бөлді, содан кейін жауының әуелі бір қанатын, кейін, екінші қанатын талқандады, жеңіске жетті. Орыстар 20.000 адамнан австриялықтар 45.000 адамынан айырылды. Бұл соғыс майданның барысын шешті. Орыстар жеңілістің кінәлісі- австриялықтар деп шығысқа кетті. Император Франц Наполеоннан бітім сұрады. Бонапарт Австрияны кемітушілікпен бітім жасады. Келісім бойынша, Пресбург жерінде, Австрия өзінің Далмация мен Италиядағы иеліктерінен айырылды. Тироль және Ферарльберг Баварияға қосылды. Өзінің территорияларын берумен қатар, ешқандай компенсация алмады.

      1806жылы Европадағы Наполеондық тәртіп негізінде Бурбондарды Италиядан  қуып, Италияға ағасы – Жозефты  отырғызды.  Тек, Сицилияда ағылшындар күзеті  тұрғандықтан, оны  ала  алмады.  Луи  Бонапарт – Голландияның  жаңа патшасы  болды. Өзінің ағайындарын таққа отырғыза тұрып, ол Европа монархтарымен қыз алысып, қыз берісіп, тең тұрғысы келді.

     Наполеоның — Германия картасын ұсақ мемлекеттерге бөлу ойы – 1806 жылы 20 қаңтарда  Рейн одағында  белгілі болды . 16  неміс  княздықтары соғыс болған жағдайда, Наполеонға көмекке 63.000 солдат беруге міндеттенді. Наполеон Немістік тәуелсіздікке кепілдеме беріп, өзінің 200 мың әскерінің көп бөлігін сонда ұстайтын болды. Оңтүстік Германияда өзін қожайын деп сезінді. Ол туралы кітап сатушы Палмом Наполеонға қарсы «Глубачайшее унижение Германии « атты кітап сатқаны үшін ұсталып, 1806жылы 26тамызда француз әскери соты, император бұйрығымен Палмомды ату жазасына бұйырды.

     Пресбург бейбіт бітімі, тек тынығып алу үшін керек болды. Англиямен келіссөзде Наполеон Пруссия қарамағындағы Ганноверді беруін талап етті. Бұл жағдай прусс патшасы- Фридрих- Вильгельм ІІІ үшін ең сорақылық еді, ол Наполеонның қылығын көтермей, 1806жылы 9қазанда Пруссия Францияға соғыс ашады. Бірақ соғыс пруссиялықтар үшін сәтсіз аяқталып, патша шығыс Пруссия жеріне қарай қашты. 1806жылы 21қарашада Наполеон Берлинде Англияға континенталды блокада жариялады. Пруссияның порттарының бәрі, ағылшын кемелері үшін жабылды, ағылшын товарлары тәлкіленді. Наполеонның ойынша, осындай жағдай бүкіл Европада болу керек деп есептеді.

     Енді күшпен Испанияға да міндеттеме тақты, бұның соңы 1808жылы испан авантюрасына әкелді. Иберий жарты аралы — әскери қимылдың ошағына айналды. Франция- Испанияны  өзінің жүйесіне қосқысы келді, бірақ қарсы көтерілістер  күшті болды. Испан проблемасы үлкен күшті қажет етті. Осыған қоса, Австрияда Наполеонның мүлт кетуін күтіп отыр еді.

     Тильзит келіссөзі, Пресбург келіссөзіне немістер қарсы болды. Соның негізінде Германиядан өз әскерлерін әкетуге міндеттеді. Пруссия Наполеонның әскери шығынын өтеуге және әскерлерін 42.000 адамға дейін қысқартуды міндеттеді. Наполеонның Германиядан әскерін шығаруының басты себебі-Испаниядағы  сұрақты  шешіп  алу  еді.  1808 жылы  180. 000  солдатпен  жақсы  оқылған,  үйретілген   Германиядағы  офицерлерімен   Испанияға бет алды.  Желтоқсан  айының басында  Бонапарт  Мадридте  болды.  Осы  айда  сэр  Мур бастаған  ағылшын  әскерін  де  талқандады.  Сэр Мур қайтыс  болып,  жарты  әскер  кемемен   қашып  кетті.  1809 жылы   Бонапарт  Испания  сұрағын   шешпестен  Австрияға  кетті. 1809  жылы  Австрия  үлкен  жорық  бастайды,  алайда  эрцгерцог  Карл  әскері  жеңілді.  5-6  шілдеде  Наполеон  австриялықтарды  Ваграмнан  әрі  асырды.  Осыдан,  Шенбрундік  бейбіт  келісімі   1809  жылы 14  қазанда  Наполеонның  диктаторлығын  орнатты. Австрия көлемі  қысқарып,  екінші  орындағы  империяға  ауысты.  3, 5 млн.  тұрғыны  мен  2150  кв.миль.  жерінен  айырылды.  Осыда  кейін де  көптеген  көтерілістер  болды,лды  барлығы  аямай  жаншылды.   

Енд  Наполеонға  ұлттық  көтерілістерді  басуға  тура  келді.  Италия,  Германия, Оңтүстік  Швейцарияда  үлкен  бүліктер  болды.  Сонымен  қатар,  францияның  өзінде  де  пайда  бола  бастады.  Бір  сөзбен  айтқанда, дағдарыс  көріністері  экономикалық  салада  да  көріне  бастады.  Осы  кезде  Англия-  Оңтүстік  Африкада  жаңа  рынок  тапты.  Сонымен бірге  Испания  мен  Португалияның  ашық  қалуы  және  балтық  теңізіндегі  сауданы  өндіріп  жүргізді.  1809  жылы  бастап,  Наполеон  француз  товарларына  лицензия  беру  арқылы  Англияға,  Англиядан  Францияға  товарлы  саудада  тәртіпті  жұмсартты.  Бұл  жеңілдік  тек-француздарға  ғана  берілді,  соның  негізінде  басқа  мемлекеттердің  наразылығын  туғызды.

        1810  жылы  Наполеонның  ағасы  Луи  Бонапарт-Францияның  Голландияға  қатысты  саясатын  құптамай,  Голланд  тағынан  бас  тартты.  Оған  жауап  ретінде,  Наполеон  өзі  Нидерландияны империя құрамына қосып алды.

          Наполеон өзінің әулетін бекіту, күшейту үшін, мұрагер керек екенін түсінді. Жозефина құрсақ көтермеген соң, 1812 жылы 16 желтоқсандағы сенаттың шешімімен, ол әйелінен заңды түрде ажырасты. Әдемі де сәнді Мальмезан қамалын сайға алған Жозефина онша қиналмады. Наполеон өзінің 2- ші әйелдікке Австрия императорының қызы-Мария Луизаны таңдады. Әкесі Франц болса, 18 жасар қызын беруде саясатпен келіскен еді, орыс-францус одағын осылайша бұзғысы келді. 1811 жылы наурыздың 20-да көптен күткен мұрагер дуниеге келді. Оған « Рим патшасы « деген титул берді. Енді Наполеон нақты түрде Ресеймен қайшылық іздеді, одан жеңіп шықса, Европаны билеуші болар еді. Бірақ, іште революциялық толқулар кедергі жасады. Осы кезде полиция министрі Фушье 1810 жылы шілдеде жұмыстан қуылды. Консулдық және императорлық жылдарында, ауыл шаруашылығының капиталистік дамуы , өнеркәсіп пен сауда Францияда айтарлықтай алға жылжылды. Елде өдірістік революция басталды. Үй шаруашылық бұйымдары, мануфактура және фабрикалар саны көбейе түсті. Металлургия саласында көптеген жетістіктер әкелді. Атап айтқанда, қару-жарақ және т.б. темір бұйымдарын жасуда, сонымен бірге жібек және тоқыма өнеркәсібінде, фарфор және әйнек ыдыстар жасау біршама дамыды. Сонда да Франция экономикасы Англиямен салыстырғанда, біршама төмен сатыда тұрды. Француз товарлары тек ағылшындармен ғана емес, сонымен бірге Чех, Швецариялық және итальяндық товарлармен де бақталаста тұрды.       Француз буржуазиясы өз позициясын европалық саудада нығайту үшін, жаулаушылық арқылы дамытқысы келді. Бұл Француз ірі өнеркәсіп буржуазиясының экономикалық негізде қатал түрін көрсетті.    

        Ағылшын товарларының арзандығы мен сапалалығы-шектеулерге  қарамастан, контрабандалық жолмен немесе бейтарап елдерден алған сыңаймен тасылып жатты.

          Ауыл шаруашылығында көптеген жетісіктерге жетті. Егіс алаңы мен жүзім егу алаңы біршама кеңіді. Ұсақ шаруа буржуазиясы өсті. Атап айтқанда, саудагерлер, сатушылар, ірі жер иелері көбейді. Сонымен бірге, жанама салықтар өсті, бұл шарашуалық үшін ауыр болды.

          1807 жылы Азаматтық кодекс күшіне еніп, 1808 жылы сауда және қылмыстық кодекстер шықты. Сонымен бірге 1803 жылы Жұмыс кітапшасы еңгізілді.

           Онда негізінен, қожа жұмысқа кіргені туралы және қандай жолмен шыққаны жөнінде жазылып отырды.

           Жұмысшылар жағдайы ауыр болды. Жұмыс күнін 14 сағаттан түсірмеді. 1806-07 ж.ж. Парижде құрылысшы, тас қалаушы, көпестер т.б. жалақыларын көтеру тіралы ереуілдері болды. 1808 жылы жұмысшылар арасында  көпшілігі қамауға алынды. Жұмыссыздықтың өсуінен қорыққан үкімет ірі қоғамдық орындағы субсидия беріп отырды. Билік жүргізіп отырған импрерия ірі буржуазиямен және армиямен тығыз байланыста болды.

           Коронациядан кейін, 1806 жылы 1 қандарда Наполеон революциялық күнтізбені алып, орнына – Григориан күнтізбесін енгізді. «Республикаң сөзі біртіндеп қолданудан шыға бастады. Монеталарда (тиын) «Французң империясы деген жазу пайда болды. Бүкіл істер императорлық декрет және сенат шешімімен қаралып отырды. Францияға тәуелді республикалар, енді патшалықтарға айнала бастады.

           1810 жылы қылмыстық кодексті күшейтіп, тәртіпті қадағалады. Әділдік сот-тек император органдарына ғана тәууелді болды. Сөз, баспасөз бостандығына тиым салынды. 1810 жылы әрбір департаментте тек қана 1 газет немесе Парижде «бүтінң 4 газет болуы қажет болды. Тек, сауда мен дін облыстарында ғана бостандық болды. Соғыс саясатынан жалыққандар император жанында көп болды. Соғыс алаңында әскерден қашу – (дизертирство) бұрын болмаған деңгейге жетті. Ваграмнан кейінгі амнистия 100.000 адам болды.

           1813 жылы Француздар Испаниядан толық қуылды. 1813-1915 ж.ж. «Халықтар көтерілісің нәтижесінде Наполеон құлады, бұл күрделі бір жақты емес процесс еді. Үкімет кабинеттері көп жағдайда бос күйінде қала берді. Барлық жерде француз үстемдігіне қарсы наразылық ашық түрде жүрді. Пруссия патшасы Фридрих – Вильгельм ІІІ ақырында Францияға қарсы соғысқа қосылуға келісті – бұл төменгі халықтардың қысымен болған іс еді. Ал, Наполеон болса, саяси оқиғалардың осылайша бел алуын күтіп, әскерін 450.000 солдатқа дейін көбейтті. Бұл Германияға бағытталған әскерлер еді. Тек, Рейн одағындағы елдермен Саксония патшалығы ғана сенімді болды. Испанияда король Жозеф 17 наурызда Мадритті тастап шықты. Ең болмағанда католиктермен тіл табуға тырысқан Наполеон, Папа Пий VІІ мен жақындасқысы келді, ол болса келіспеді.

           1813 жылы көктемде Саксонияға жорығы, 2 мамырда Проссгершен және 21 мамырда Баутцен түбіндегі жорықтары үлкен табыс әкелді. Осы екі соғыстан кейін одақтастар, әскери тәртіпке шегінуге мәжбүр болды.

            14 шілдеде Пруссия, Англия және Ресей Рейхенбах келіссөзіне қол қойды. Ол бойынша бейбіт келіссөзге Франциямен тек 1792 жылғы территориясымен ғана қалған жағдайда келісетін болды.

           1813 жылғы күздегі австриялықтар, прусс, швед және орыстарды Наполеонға қарсы, жасау жағының басым екендігін көрсетті.

           Голландия құлағаннан кейін 1813 жылы 17 желтоқсанда Англия ешқашан «Табиғи шекараң бойынша келіспейтінін айтты-себебі, ондай жағдайда Голландия, Бельгия, Франция жағында қалатын еді. Осылайша, соғыс жүріп жатты. 1814 жылы Наполеон әскерінің әлсіз екендігі байкалып, олар жаудың әскеріне тойтарыс бере алмады. 30 наурызда француз атасына алынды. 31 наурызда одақтас монархтар Парижге кірді, 2 сәуірде Наполеон сенаты таратылды. Жаңа құрылған уақытша үкіметте-ықпалды. Жаңа құрылған уақытша үкіметте-ықпалы адам Талейран болды. Басқа фронтарда да француздар жеңіліс тапты.

            4 сәуірде Наполеон өзінің ұлыныңесебіне тақтан түсті, 6 сәуірде Сенат тақты Людовик ХVІІІ-ге берді. Одақтастар Наполеонға император титулын қалдырып, Эльба аралын басқаруға берді және 400 адамды күзетке қосты.

            1814 жылы Париж үкіметі бейбіт келісім орнатты, енді Франция үшін қауіп бола қоймады. Эльзасты өздеріне қалдырды. Француз халқына Наполеонның тақтан кетуі, империяның құлауы және әлемдік көлемді билеу армандарының орындалмауы – ауыр тиді. Келіссөзге Талейран қол қойды. Францияда Бурбандардың қайта таққа келуі, халықтың наразылығы туралы мәліметтер Наполеонға келіп жатты. Сонымен бірге, одақтастардың шекара жөнінен келісімге келе алмай жатқандығы да естіледі. Осындай хабардың бәрін естіп жатқан Нполеон, Францияға билігін қайта құруды ойлады. 1815 жылы 25 ақпанда Наполеон 1100 әскердің шығарып салуымен Эльбадан кетті. 1 наурызда Канн түбіне келіп түсті, 20 күннен кейін оның. Парижге салтанатты шеруі басталды. Оған қарсы жіберілген әскерлер, Наполеон жағына шықты. Наполеон – Бурбондар династиясынан революция жетістіктерін қорғаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге ол жаңа дворяндарға иек артты. Жаңа либералды конституция ұсынды. Онда 1.300.000 дауыс жақтап шықты.

            Вандада, Бардода, Тулонда роялистік көтерілістер болды. Наполеон соғыс болатынын сезді, бірақ, әлемге өзінің дайын екендігін жайды. Одақтастар 1815 жылы 13 наурызда Европа атынан заңсыздық істеп отыр деп айыптап, әскери мобилизацияға кірісті.

             1815 жылы 18 маусымда Ватерлоо түбінде Наполеон әскерлері жеңілді.

              Жеңіске жеткен державалар оны аз ғана әскерімен Қасиетті Елена аралына жіберді.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2 Наполеон соҒыстары жӘне ЕвропадаҒы             

     Өзгерістер

 

2.1   Австрия пруссия және германия территориялары үшін шайқастар

 

 

           Наполеон 1 консул болып, елдегі билікті жүргізе бастаған еді. Саяси тартыстар Францияны әлсіретті. Финанс жүйесі құлдырады, патша билігін жақтаушылар бүкіл елде белсенді жұмыс істеді. Вандада Людовик ХVІІІ – ді жақтаушылар қару алып, көтеріліске шықты. А.В.Суворовтың жеңісінен кейін француз әскері Италиядан шығарылды. Корфу және мальтада, Египетте француздар әскері жеңіліс тапқан еді. Билікке жаңадан келген Наполеон 1799 жылы 25 желтоқсанда Англия мен Австрияға бейбіт ұсыныс жасады. Наполеон француз халқының бейбітшілікті аңсайтынын түсінді, алайда қарсыластар ыңғай бермеді. Египеттегі сәтсіз жорығынан кейін, Наполеонға енді сал анатты жеңіс керек еді. Австрияны жеңгенне кейін, Италияға соғыс ашуы керек болды. Соғысқа дайындала отырып, Наполеон австриялықтардың қыралығын сындыруды, сол үшін ал біршама қулыққа көшті.

           Францияның шығыс жағына генерал Ж.В.Моро әскері жиналды. Бұл әскер Германияға кіріп, содан кейін Венаға бағытталатын болды. Сонымен бірге, бәріне жасырын Швейцариямен шекаралас жер –Дижонда. Жаңа әскер жасақталды. Бұл резервтегі әскер еді. Дижонда 7 – 8 мың солдаттан құрылған көпсанды штаб құрылды. Солдаттардың негізі бөлігін ардагерлер мен жас солдаттар құрады. Наполеонның бұл жылдам қозғалысы Австрия шпиондарын алаңдата бастады. Кейін газеттерде  «Наполеонның сыры ашылды, ал балалар мен мүгедектерді әскерге шақырады /32/ деп жар салынды. Бірақ Наполеонның шын сырын ешкім білмеді. Жасырын түрде, әртүрлі жолдармен Францияның Оңтүстік – Шығыс шекарасына әскери бірігуге жылжып отырды. Ешкім сезбес үшін, әскер бір жерже жиналмады. Тек әр жерде, азөаздан бір маңайға түйісетін етіп жасады. 1800 жылы 6 мамырда Наполеон Парижден кетіп, мамырдың 8-і күні Женевада болды. Осы жерде әскердің біраз бөлігі бас қосты.

           Мамырдың 14-күні Наполеон соғысқа кіруге бұйрық берді. Жалпы соғыс жоспары қиын да қауіпті жағдайда болды. Жоспар бойынша Альпінің таулы қырын асып өтіп, Сен-Готардский шатқалы арқылы Ламбардияға жетіп, Австрия әскерінің тылынан соққы беру негізделді, және Австрия генералы М.Ф.Мелес әскерін шегіндеру еді. Альпінің ауыр табиғатын қиып өтіп Наполеон әскері Ламбардияға кірді. 24 мамырда әскердің авангарды генерал Ж.Ланның басқаруымен ИВР түбінде австриялықтарды талқандап, 2 маусымда Миланға кірді. Қашқан Австриялықтардың жолын жабуда Наполеон үлкен қате жіберді. Ол әскер қалдырмастан барлық күшін жіберді, Бұл кейін француздардың жағдайын нашарлатты. Әскердің бір бөлігі басты күште қалды да, қалғаны әр тарапқа жіберілді. Артиллерияның бір бөлігі тауда қалды. Мелес әскерін кейін шегіндіріп, бір жұдырыққа түйді. 13 маусымда француздар Маренго селосын алады. Ұрыстың басталуына 1 – 2 сағат қалғанда Наполеон әлі де нақты жаңалық алмайақ Мелес жолында тосқауыл болу үшін, И.Резе дивизиясын Нови қаласында жіберді, ал өзі Тортон жеріне өзге әскерлердің жағдайын білу үшін кетеді. Бірақ, ол Тортонға жетпей Торре – де Гарофали жеріне түнеп, негізгі күшті тексереді.

           14 маусымда Бонапарт 45 мың адамдық австриялықтардың басты күші Маренгоға келе жатқанын естиді. Наполеон өз әскерінің ауыр халде екенін көреді. Француздар Фантанон өзенін жағалаған кезде, австриялықтар осы жерге шабуыл жасайды. Бірақ генерал Виктор корпусы австриялықтардың шабуылына қарсы тойтарыс берді. 2 мың қолы бар австриялық генерал Пилати бастаған атты әскер француздарға тиісе бастады. Бірақ олар тез тоқтатылды. Ф/К.Келлерманның үш атты полкі австриялықтардың эскадрасын талқандады. Осы кезде генерал Отт француздарды фланг арқылы айналып өтіп, бүйірден соққы беру жоспарын ойластырды. Олардың әскерлері көпір арқылы өтеді.

           Француздардың 44-ші жарты бригадасы шегінуге мәжбүр болып, жау әскері Маренго жеріне кірді. Осы кезде Наполеон резервтегі әскерін шығарып үлгерді, бұл Ланн корпусы мен француз әскерінің орталығына жинақталуына мүмкіндік берді. Алайда австриялықтар Наполеон әскерінің әлсіздігін байқап, өз позицияларын одан әрі үдете түскен еді. Енді соғысқа Консулдық гвардияның 800 гренадеры қосылды. Француз әскері австриялықтардың атты әскеріне соққы береді, бірақ бұл тойтарыс француздардың тағдырына қолайлы жағдай туғызбады. Француздар енді консулдық гвардия және Ланн әскерлері кейін шегінуге мәжбүр болды. Бұл батырлық шегініс австриялықтар үшін ұмытылмастай болған еді. 3 сағат ішінде Ланн әскері 4 щақырымдай шегінді. 24 австриялық қару гвардия әскерін көкке ұшырды. Орталықты үлкен дәліз қылып, австриялықтар   ортаға кіруге ұмтылды. Бірақ француздар бір-біріне жақын тұрмай, соғысқа жүріп қашты. Алайда, батырлық та, ерлік те француздарды құтқармады.

           Ұрыста австриялықтар ұтты, адам өлімі көп болды. Мелас Венаға адам жіберіп, ерлікті табысын жеткізді. Австриялықтар әскері қару – жарағын шешіп, от жағылып, түске асқа кіріскен кезде, генерал Дезе әскері келіп, түскен еді. Ол өз әскеріне келіп жағдайды байқаған соң, қалтасынан сағатын шығарып тұрып: «Бірінші ұрыста ұтылдық, бірақ екінші ұрыста бастауға әлі уақыт бар — деп қызу қанды сөйлеген – ді !

      Барлық фронтта жаңа күрес басталды. Француздарда қалған 12 қарумен австриялықтардың колоннасына Дезе әскері шабуылға шығады. Бірінші минуттарда ақ генерал оққа ұшып, қаза тапты, бірақ әскерлер шабуылды күшейте түсті. Келлерман бастаған кавалеристер жаудың желкесін алды. Енді біртіндеп Австрия генералдарды өздері беріле бастады. Генерал Ланн жаудың орталығына соққы берді. Австриялықтарда енді айқай – шу басталды. Сағат 5 – те австриялықтар Борлида өзеніне қаша бастады. Алғашкыда жеңілген соғыс, аяғында үлкен жеңіске жетті.

       Маренго түбіндегі шайқаста Австриялықтар 12 мың адам және артиллериясының көп бөлігінен айрылған болатын. Келесі күні Наполеонның Парламент штабына Мелас бейбіт келісім туралы сұраныс жібереді. Маренго түбіндегі шайқас әлемдік саясатта үлкен өзгеріс әкелді және Наполеонның дәрежесін жоғарылатты.

            1801 жылы 9 ақпанда Австриямен Люневильский келісіміне қол қойылды. Бұл келісім бойынша Францияға Пьемонт, Ломбардия және Минчино өзеніне дейінгі барлық Италия жерлері берілді. Австриялықтар 2 жыл бойы соғысып алған жерлерінен 2 сағатта айырылған еді. Бұл Маренго түбіндегі шайқас Наполеонның ең керемет үш күнінің бірі еді.

            1808 жылы император Наполеон испан патшасының отбасын Байонн қаласында тұтқындайды. Осыдан Пиреней жарты аралын жаулап алу басталды. Соғыс жылдам тез аяқталатындай болса да? Ол ұзаққа созылды. Осы кезде Пруссияда немістер бас көтерді, Венада әскери толқулар болады. 1808 жылы Австрия құпия түрде қаруланып, соғысқа дайындалды. 1805 жылғы соғысты аяқтаған Пресбург келісімі Австриялықтарға соққы болып тиген еді. Гасбург монархиясы да Наполеонның күшейгенін қаламады. Эрцгерцог Карл – Людовиктің басшылығымен әскер қалыптасты. Көмекке Австрияда әскер дайындалды. Австрия монархын – ағыллшындар төлейтін субсидияны пайдаланып қалуға көндіреді. (Егер австриялықтар 1 болып соғыс бастаған жағдайда). Астрия көнеді. Үш армия құрылды – итальяндықтар, немістер және галилықтар. Бұл соғысқа венгерлерде қарсы болмады. 1809 жылы соғыс бұрынғы Наполеонмен бірге соғыстарға қарағанда халық ішінде әйгілі болды. (1796-97, 1800 және 1805 жыл).

            Австрия 3 армиямен 300 мыңәскер шығарды. Немістерді Эрцгерцог Карл басқарды; Итальяндықтарды Карлдың інісі – Иоанн басқарды; ал галилықтар армиясын Эрцгерцог Қарлдың екінші інісі – Фердинанд басқарды.

            Жалпы осы 3 армияға ортақ басшылықты тәжірибелі де іскер талантты әскери қолбасшы – Эроцгерцог Карл атқарды. Ал, Француздар армиясын генералдар – Журдан, Моро, Массен басқарды. Бұл 3 армия да чехияда орталықтандырылды. Сонымен бірге бұл жерде еріктілер легионы ашылған еді.

            Австриялықтардың ойынша алғашқы  кездесуді Рейн жағалауына жоспарлаған еді. Ағни, Оейн жағалауына келуі, негізінде Пруссиялықтарды конфликтіге шақыру болды. Бұл француздарға қарсы соғыстың жалпы ұлттық бастамасы болар еді деп түсінді. Бірақ бұл жоспар қабылданбай, Эрцгерцог Карл басқа жоспар еңгізеді. Ол жоспар бойынша Баварияға барып, олардың Француздарға қарсы көтерілуін қолады. Ал Карлдың інісі Эрцгерцог Иоанн Италияда француздарға  соққы беруді ойласа 3 армия Варшаваны алуға бел байлады. Австрия жағында алтынмен, ақшамен қамтамасыз етіп отырған Англия болды, және Пиреней жарты аралында әскери көмек беруге міндеттенді. Наполеон австриялықтардың жоспары түсінген еді. 1809 жылдың қантарында ол Испаниядан келіп, іске кірісті. 300 мың іріктелген әскер санын Наполеон Пиреней жарты аралында қалдырып, Франциядан жаңа жинақталған тағы 100 мың адам алдырады, және тағы 100 мың адам алдырады. Наполеонға одақтас  Герман әскерлері болды. Армияны жасақтауға 300 млн.франк жұмсалды. Осылайша қарсыластар күші тең болды. Орыс әскери тарихшысы Н.П.Михиевичтің айтуынша «Француздар жағында гений Наполеон болдың 141 дейді. 1809 жылы 10 сәуір күні Эрцгерцог Қарлдың армиясы 130-150 мың адаммен Баварияға аттанды. Австриялықтар Инн өзені арқылы өтіп, бавар күшін талқандағанмен, оларды Наполеонға қарсы соғысқа тұрғыза алмады. Бавария Наполеонға сенімді болып қала берді. Талассыз жауған жаңбыр Австрия әскерін ілгері бастырмады. Бұл жағдайды Наполеон пайдалана бастады. 19 –23 сәуірдегі 5 күндік шайқаста Наполеон Регентсбург түбінде жеңіске жетті. Австриялықтар енді Дунайдың сол жағына шығады. Қарсыластарының шегінуін пайдалана отырып, Наполеон Дунайға жақындап, Әберсбург түбінде шайқасқа түсіптағыда жеңіске жетеді. Эберсбург жеріне Наполеон бастаған француз әскерлері өрт тастайды. Жергілікті тұрғындардың біршама бөлігі өрт кезінде жанып кетті. 1809 жылы 13 мамыр күні Наполеон Венаға кіреді. Бұл жолы қала француздарды суық қарсы алды. Астананы алғанмен Наполеон бейбітшілікке келе алмады. Өйткені Карлдың қарулы күші өз артынан көпірді бұзып, Дунайдың сол жағалауына шоғырланған еді. Осындай жолмен император Дунайға соққы беруге бұйырады. Лобау көлі маңына қарай жылжиды. Маршалдар Ланн мен Массен басшылығымен 33 мындық адам Асперн және Эслинг ауылдарын алып, сол жерде жинақталып, дунайға бүкіл армия болып қарсылыққа шығуға дайындалады. Бірақ 21 мамыр күні сағат күндізгі 4 – тер шамасында 88 мың адаммен австриялықтар Француздарға қарсы соққы береді. Қайсарлық және ерлік көрсеткен австриялықтар Дунай көпірін талқандап, шабуылды әрі қарай жалғастырды. Лобау көлі маңындағы әскерлермен француздардың байланысы үзіліп қалады. Жағалауға жақындаған сайын француз әскерлері Австрия артиллериясының тоқтаусыз соққысынан әскер санын біртіндеп азайта бастады. Маршалдар жараланып, әскерлер оларды 22 – ші мамыр күні көпірді жасатып, Лобауға кейін қайтарады. Эслинг түбіндегі шайқас Европаны дүр сілкіндіріп. Кейбір деректер бойынша француздар 10 мыңнан астам санын жоғалтса, 2 күн ішінде австриялықтар – 27 мындай адам жоғалтты /35/ делінеді. Француз армиясы өте ауыр жағдайда болды. Наполеон енді аралда қалып, жаңа шайқасқа дайындалады. Бірнеше апта бойы, арал соғыс ошағын дайындайтын плацдармға айналды. Лайындық күннен – күнге қыза түсті.

             Эрцгерцог Карл — қорғаныс тактикасын қолданды. Олардың әскер саны 110 мың адам және 452 қару болды, сонымен бірге жақын маңда орналасқан інісі Иоаннға көмекке келуіне бұйрық берген еді.

             Ал Наполеон күші – 150 – 170 мың адамнан және 550 – 584 қару болды. Шайқас алдында австриялықтар Русбах линиясы бойынша Дизамберг шыңын қоныстаанды. Оң фланге генерал И.Кленау корпусы тұрады. Австриялық әскерлердің орталығында фельдмаршал И.И.Лихтенштейн корпусы тұрды. Розенберг корпусы сол флангқа ие болды.

          Австриялықтардың жалпы орналасу аралығы 21 шақырым жерді алып жатты. (Русбах пен Ваграм – аралығы).

         4 шілде күні Наполеон соғыс бастауға бұйрық береді. Генерал Удино корпусы шығып, австриялықтарға соққы берреді.

         Наполеон үш линия бойынша әскер жасақтаған еді. Бірінші қатарда Даву, Удино және Массен әскерлері тұрды. Италия әскері мен Е.Богарне және генерал Мармон әскері екінші қатарда тұрса, үшінші қатарда гвардия дәне резерв әскерлері тұрады. Наполеон австриялықтар әскерлерінің орналасу ара — қашықтығының алшақ екенін біліп, бір жақты соғыспен айналдырып әскерлерінің арасындағы байланысты үзіп тастады. Сөйтіп, соғыс жалғаса берді. 2 жақта әскери шығынға ұшырап, 2 күндік Ваграм түбіндегі шайқас аяқталған еді. Бұл жолы австриялықтар үшін сәтсіз аяқталды.

          Аустерлиц түбіндегі соғыстан кейін Европа енді – енді қалыпқа келе бастағанда. Наполеон орталық Европа картасын ойрандатты. Пресбург бейбіт бітімі бойынша Наполеон Австриядана Венеция, Далмация, Қаттар, Истрия және Фриуль жерлерін тартын алды. Австрия бұл кезде өзінің иелігінің  6 – шы бөлігінен айрылған еді. 1806 жылы Наполеон 16 Германия княздықтарын біріктіріп, оның протектораты болды.(Рейн одағы елдері). Осы акт рқылы Наполеон 1000 жыл өмір сүрген немістердің қасиетті Рим империясын жойды. 1806 жылы көктемде Неаполде Наполеон Бурбондарды тақтан тайдырып, орнына ағасы Жозеф Бонапартты отырғызды.Аустерлиц соғысынан кейін Пруссия позициясын өзгертті. Прусия королі Фридрих – Вильгельм Ш-нің өкілі, барон Гаугвиц Наполеонның айтуымен қарсылық және қорғану одағына 1805 жылы қол қойды. Ол үшін Наполеон Пруссияға ағылшындардан алған Ганновер жерін береді.

          1806 жылы күзде Европада халықаралық жағдай тез өзгерді. Пруссия Францияның Германияны жаулау саясатына қарсы болды. Наполеонның Рейн одағын құруы Пруссияға ұнамады. Егер Франция Ганноверді Англияға берсе, сол үшін Пруссия үкіметі Британия және Ресеймен жақындасты. Бұлар 1806 жылы қырқүйекте 4-ші рет антфранцуздық коалициялық одақ құрды, кейін Швеция кіреді. Ағылшындар әдетінше ақша, ал қалған одақтастары әскер шығарды.

          Наполеон жақын арада соғыс болады депойламаса да, Александрмен орыс- француз келісіміне келемін деген үміте болды. Бірақ патшаның келісімге қарсы болуы Наполеоныд соғысқа дайындатты.

           Осы кезде Пруссия күшейіп жеңімпаз Фридрих ІІ – нің аруағына сиынып, өз әскерінің күштеріне енді. Соғысты 1 – ші болып ашқысы келді. 1 қазан күні Берлин Наполеонға  10 күн ішінде Германия жерінен Француз әскерлерін рейн жағалауына дейін шығару туралы шарт қояды. Жауап 8 қазан күніне қойылды. Жеңіске жету күмән болмады. Жауап күту кезінде немістер шерулер ұйымдастырып, Наполеонға күлумен болды.

           Наполеон армиясына қарсы Пруссия 175 – 180 мыңға жуақ адам алатын болды /36/.

Олар әскерлерін 2 – ге бөлді. 1 Армияны бүкіл Пруссия күшінің бас қолбасшысы фельдмаршал герцог – Брауншвейский басқарды. 11 – ші армияны саксондық Фельдмаршал – Гогенлоэ басқарды. Генералитет алдында 2 жоспар болды. Олардың 1-сі қорғана отырып, жау жақындағанда Эльба өзені арқылы Ордер өзеніне өтіп, резервте тұрған орыс пен прус әскерлермен бірігіп, ортақ соққы беру еді. Бұл жоспарды пруссиялықтар қорқақтық деп санап, алып тастады. 11 жоспар Франция одақтасы Баварияға кіру болжалды. Францияның үйлеріне кіріп өлтіру, олар қосылғанша Наполеонды Рейннен шығуға көндіру /37/ болды.

           Наполеон жоғарыда айтылып кеткен шарттың уақытын күтпей – ақ, сенатқа соғысқа дайындалатынын айтты. Уақыт өткізбей өз қарсыласына жылжыды. 1806 жылы 8 қазан күні одақтас саксония, Пруссияға ұлы армия Бавария арқылы 3 калоннамен кіру негізделді. Орталық колоннада маршал Мюрат, одан кейін негізгі күшпен Наполеон армиясы жүрді. Пруссияға қарсы Наполеон 195 мың адам және жастармен жтілдіру көзделді /38/.

          3 колоннамен жүріп, Франком орманынан өтіп, Пруссия әскерінің тылын бөліп талдау мақсатымен Эльба өзеніне шықты. 2 күннен кейін қақтығыс басталды. Шнейц, Заальфельде жерлерінде пруссиялықтар жеңіліп, орталық армияға толықтырылды. Басқа да ұрыстарда пруссиялықтар шегінді. Енді олар Веймар мен Иен қаласының маңына топтасуды ойласты. Веймар маңына герцог Брауншвейгский күші, ал Иенде – Гогенлоэ әскері топтасы , Бұны білген Наполеон Маршал – Диуға Наумбург қаласына жақындап, Пруссиялықтардың Берлинге қошу жолында соққы беру туралы бұйрық берреді. Қауіптің бар екенін кезге Герцог Брауншвейгский өз күшін Мерзебургке шегінуге бұйырады. Шайқасты Заал және Эльба өзенінде өткізуді жоспарлайды. Гогенлоэ күші Иен түбінде қалуға мәжбүр болады. Себебі, шегінуге негізгі күшті қорғай тұра бірге кейін қайту керек еді. Осы кезде Наполеон Маршал Сульт, Ней және Мюратпен 13 қазан күні Иенге жақындап, қаланы алады. Олар осында Гогенлоэ әскерін көреді. Ертемен соғыс болатынын Гогенлоэ әскерлері деп сезіп дайындық жүргізе бастады. Бірақ, Гогенлоэ Наполеон әскерінің  тек бір бөлігі деп жайбарақат отырған еді. Ал Наполеон болса алдында Пруссияның бар әскері тұр деп есептеген төңірекке шолу жасап өтті. Наполеон әскері түнде Иен қаласын бақылап тұратын Ландграфенберг шыңына барып орналасады. 30 мың әскер бір аяқты жолмен қырға шығып, шабуылға дайын тұрады. Француз армиясының сол флангасын Маршал – Ожеро басқарды. Орталықта маршал Ланн корпусы тұрды. Екеуінің арасында Наполеон гвардиясы тұрды. Оң жақта маршал Сульт әскері қоныстанды. Сөйтіп 1806 жылы 14 қазанда Иен түбіндегі шайқас басталды.

           Шайқас сағат таңғы 6-да басталды.1- ші болып Ланн әскері қозғалды 3 сағат ішінде 8 мыңдық пруссиялықтардың басшысы генерал Таэнцин әскерін ойрандатты.

Коспеда, Лютцерод, Клозвиц жерлерін паналады. Гогенлоэ бұл жағдайға онша мән бере қоймаған еді, тек әскерінің қашқанын көрген ол қауптің тым жақын екенін біліп, Веймар қаласындағы генерал Рюхелден көмек сұрайды. Өзі әскерін бір жұдырыққа түйіп Француздарға қарсы Фирценгейлиген ауылы маңына жақындайды. Осы кезде соғысқа Сульт және Ожеро әскерлері кіріседі. Біріншісі Заал және Клозвиц өзеніне жақындаса, екіншісі, Мюхталь қыратымен Коспеда жеріне жылжиды. Клозвиц жеріне бағыт алған Сульт, Пруссияның сол қанаты генерал Гольцендорф әскерімен орман ішінде қақтығысады, ұыс 2 сағатқа созылып, 5 мың адамнан айырылған Пруссиялықтар кейін шегінеді. Бұл жағдай болып жатқанда Маршал Ней Пруссиялықтардың Фирценгейлиген жеріне жақындағанын көреді. Осы кезде, ол 3 мың адаммен Гогенлоэ әскерімен қақтығысқа түсіп жатқан болатын. Жау жағы ескі тактика бойынша бір мезгілде көздеусіз атып отырды. Бірақ бұл тактикасы еш нәтиже бермеді. Прусс – саксон әскерлері көоп шығынға ұшырады. Соған қарамастан прусс әскерлері табандылықпен, соғыс жүргізді. Нейдің ауыр халін көрген Наполеон Ланнды көмекке жұмсайды.

             ……250 мыңнан, 300 мыңға жуық адам, 700 – 800 қару көмегімен өлімді көбейтті. Улкен қаралы қайғы болды. Екі жақта әділміз деп ойлады, бұл шайқас туралы – Француз арнайы әскери жазбасы осылай дейді /39/.

              Наполеон енді жалпы соғуға бұйрық береді.  Пруссиялықтар тырым – тырақай қашады. Сағат 4 – те Иен түбіндегі соғыс аяқталып, Француздар жағына шешілгенде алаңға генерал Рюхель 15 мың әскерімен келеді. Бірақ ол Пруссиялықтарға көмектесу орнына, жарты сағаттан кейін жеңілген әскерлер қатарына қосылып, кейін қайтты. Маршал Мюрат басшылығымен, ққуғындау басталып, Веймар қаласына дейін жетті Гогенлоэ басқарған қашқындардың бір бөлігі Наумбургтен пана тапқысы келді, герцог Брауншвейгский армиясымен қосылуға ұмтылды.

              Пруссия үшін 1806 жылы 14 қазан қаралы күн болды.

              Иен және Ауэрштедт түбіндегі шайқастарда Пруссиялықтар 20 мың адам қаза тауып, 18 мың адам тұткындалды. 200 зеңбірек Француздардың қолына көшті /40/. Қарашаның 8 – і күні Магдебург қамалы Француз әскерлерінің қоына көшті. Пруссиялықтар Францияға тізе бүкті. Бұл Наполеонның ең бақытты да сәтті күндерінің ІІІ–сі болды. (Маренго және Аустерлицтен кейін).

              Египетте – мамлюктер, итальяндықтар, австриялықтар және орыстар арасында Наполеонға қарсы соғыстарына күштері жете қоймаған еді. Ал Пруссиялықтар Фридрих 11-нің дәстүрі бойынша жасақталған әскер саны және сабы жақсы қаруланған, Дайындығы мол, сол кезге дейін Европада ешкімге берілмеген алпауыт ел 1 күнде Францияға тәуелде болған еді. Бұл бүкіл Европа елдерін дүр сілкіндірді.

              1806 жылы 21 қарашада императоор өзініңконтиненталды блокада жөніндегі әйгілі Берлин декретіне қол қойды.

              Наполеондық импрерияда континенталдық блокада жоғары роль ойнады. Ол тек жалғыз Европа тарихында ғана емес, сонымен бірге Америка тарихында да негізгі роль атқарды. Ол бүкіл императорлық эпопеяда экономикалық және саяси күресте негізгі түбір болып қалды. Берлин декретіндегі блокада жөніне келетін болсақ Наполеон империяның ішкі саудасына көп көңіл бөлді. Француз өнеркәсібін күшейту арқылы бүкіл ағымның экономикасына кері әсерін тигізді Ол ағылшындарды аштыққа, капитуляцияға түсіргісі келді. Дәл осы жолы Наполеон ағылшындары тек француз жерінен ғана емес, сонымен бірге бүкіл Европа саудасынан айырғысы келді. Мысалы декреттің І – ші бөлімінде: «Британ аралыблокадада тұрң десе, ІІ– ші бөлімінде: «Кез – келген Британ аралынан алынған затқа, жасалған саудаға тыйым салынадың /41/ делінген. Сонымен бірге Англия поштасына және байланыс жүйелеріне тыйым салынып, олардың товарлары мен жеке меншік азттарды конфискация жасалып отырды.

           Енді 1812 жылы Франциямен Отан соғысында Ресейдің жеңіске жетуі Франциядан одақтастарының біртіндеп кетуіне жол ашты. Прусс патшасы Ресеймен одаққа бірден баруға бел байлай алмай жүргенде, Наполеон армиясының сол флангісінде жүрген прусс қолбасшысы өзінің барлық күш жігерін жинап, орыс басшылығымен келісімді бекітті. 1813 жылы қантарда орыс армиясының шығыс Пруссияға кіруі Наполеондық билікке қарсы Германияның көтерілуіне түрткі болды. 1812 жылы Ресейдің жеңісі Наполеондық империядан европаның құтылуына жол ашқан еді.

 

2.2   Испания португалия және италия

     территориялары үшін шайқастар

 

       Тильзиттен келгеннен кейін Наполеон Испания арқылы Португалияға өз әскерін дайындады. Наполеон Португалиядағы Браганц династиясына, Испаниядағы Бурбондар династиясына еске алмады. Себебі Наполеонның континенталдық блокадасы бойынша бұл елді ағылшындарға жүн шикі — затын сатып, олардан арзан — өнеркәсіп бұйымдарын алып отырды. Яғни, бұл іс құпия түрде нәтижесін таба берді. Осы жағдайды білген Наполеон Европаның оңтүстік, солтүстік және батыс аймақтарының бәрі Француз кеденінің бақылауында болды деп сендірді. Бұған қарсы келгендерді жолдан алып тастау керек болды.

       Тильзиттен кейін Англия ешқандай одақсыз қалды. Соның негізінде, ол күресте одан әрі күшейте түспек болды. 1807 жылы кырқүйекте ағылшын эскадрасы Копенгагенді тас талқан етті. Бүл жағдайлары естіген Наполеон Португали және Испания жерін жаулауға іс жүзінде кірісті.

       1807 жылы қазанда маршал Жюно басшылығымен 27 мың әскер саны Наполеон бұйрығымен Испан территориясы арқылы Португалия жеріне кіреді. Бұл әскердің артынан ізінше П – ші яғни генерал Дюпон басқарған 24 мың  әскер бақылауға жіберілді. Португалдық принц – регенті Англиядан көмек сұрауға мәжбүр болды. Испанияны Наполеон ІІ орынға қойды. Наполеонның мүндағы негізгі ойы – Португалиямен жағдай ынғайласқан соң, яғни, бірі – онтүстік Франция жерінде болса, екіншісі – Португалияда 2 негізгі база игере отырып. Испанияға қауіп төндіру оңай болады деген сенімде болды. Француз армиясы Жюно басшылығымен испан территориясы арқылы тікелей Португалия жеріне қарай бағыт алды. Солдаттар үшін жол өте қиын болды. Француздар шаруаларды тонады, олар кек қайтарды. Сөйтіп 6 аптаға созылған жорықтан кейін 29 қарашада 1807 жылы Жюно әскерлерімен Лиссабонға кірді. Патша жанұясымен ағылшын кемесіне отырып, астананы тастап қашты.

       Ендігі бағыт – Испания болды. Ал, Испанияда жағдай төмендегідей көрініс берді. Басшысы – Карл У, әлсіз әрі ақылсыздау адам еді. Ол үшін әйелі басшылық етіп отырған Финанс және әкімшілік жағдайдың нашарлауы ішкі саясатта барлық облыстардың күйзелісі ауыл шаруашылығымен сауданың құлдырауы және әлсіз өндіріс жағдайы буржуазиямен шаруаларды жақындастырды. Осы кезде мұрагер Фердинандты Наполеонның жақындарының біріне үйлендіру идеясы туған еді. Ондағы негізгі ойлары: атақты императормен құдалық құру арқылы, үлкен көмек, қолдау табу еді. Яғни, реформалар жасауда өзіндік билігін сақтап қалуда және де сартқы саясат сұрақтарында тыныш отыру мақсатымен Фердинанд Наполеонна қарындасын қосу ойын айтады. Бірақ Наполеон оған қарсылығын білдірді. Ал, Француз императорының ойы басқаша еді. Династияны құлатып, испан тағына өзінің аға – інілері немесе маршалдарының бірін қою болды. 1808 жылдың қысы мен көктемінде Наполеон әскерлері Пиреней түбегі арқылы Испанияға кіреді. Наурызда Испан жерінде 100 мың  адам шоғырланды. Өз күшіне сенімді Наполеон енді қозғалысқа кіріспек болды. Маршал Мюрат 80 мың Француз қолымен Мадридке барады. Осы кезде Карл 1У әйелімен қашуға бел байлады. Аранжуэц жерінде олар ұсталып, патшаны тақтан бас тартуға мәжбүр етті. Сөйтіп Мюрат Испан астанасына кірген болатын. Бірақ ел ішінде Француздарға қарсы, халық көтерілісі өрши түсті. Оны маршал Мюрат басқан еді. Бұл Испаниядағы халық қозғалысының тек басы ғана еді. Бұл жағдайдың бәрін естіген Наполеон Карл – ІV – мен Фердинандқа биліктен өз еріктерімен кетіп басқару жүйесін, іс жүзінде Наполеолнға беруін сұрады. Дәл солай орындалды да. Бірнеше күннен кейін 10 мамырда 1808 жылы наполеон ағасы Жозефке (Ол кезде Неаполитан патшасы еді) Мадридке келуіне бұйрық берді. Ондағы негізгі ойы Испан тағына отырғызу еді. Ал маршал Мюратты Неапольға  көшіріп Неаполитан патшасы етіп тағайындады.

       Император өз ісіне өте жақсы қанағаттанды. Олардың ойынша бәрі де қиын жолмен өтетіндей еді. Бірақ жағдай шиеленіспей сәтті өткеніне император қуанды.

       Испандық Бурбондар Француз құрған қақпанға өздері «келіп түсіпң билікті Наполеонға «бере салғанң еді. Наполеонға Пиреней жарты аралын иемдену – осылайша сәтті аяқталды. Кенет тек Наполеонға ғана еемес сонымен бірге бүкіл Европаға күтпеген жерден  француз жаулаушыларына қарсы Испан шаруалар көтерілісті бұрқ ете қалды. Бірақ, бұл істі француздар тез қалыпқа келтірді. Ел ішінде жағдай бір қалыпқа келе бастады. Испанияда патшалық еткен Жозеф Бонапарт Наполеонның орынлаушысы іспеттес болды. Өйткені барлық сыртқы саясатта істі Наполеон жүргізіп отырған еді. Испания жөнінде Наполеон өзінің келесі жоспар – бағдарламаларын енгізді. Ол бойынша:

  1. Испания – Францимяның фабриканттарының тұтыну

рыногына және монопольдік сауда еліне айналуы керек.

  1. Испания сол кезде әлемде ең бағалы да қымбат меринос

жүнін сол кезде әлемде ең бағалы да қымбат меринос жүнін тек француз мануфактурасы үшін шығарып отыруы тиіс.

  1. Испания — әсіресе Андалузия мақсатының түрлі сорттарын

француздарға шығарып отыруы тиіс. /42/. Яғни бұны Наполеон ағылшындардан алуға тыйым салған еді. Бұл бағдарлама Испания мен Англияның саудасын толық түрде тоқтатты. Англияға қымбат бағамен жүн жіберсе Испанияға арзан бағамен күнделікті қажет бұйымдар алынып отыратын еді.

       Бұл жағдай екі жаққа да тиімсіз болды. Бірақ император ісі заң Наполеонның еңгізген бағдарламасы өз нәтижесін таба берді.

       Директория және Наполеондық империяның жүргізген соғыстары Италиядағы феодализмнің шайқалуына әкелді. Яғни, француз жаулаушыларының тонауына түсуі мүмкін еді. Француз әскерлерінің Италияға кіруі Абсолютизмге және олигархиялық басшылыққа қарсы көрініс ретінде сипатталып, Францияға тәуелді Италияның Республикаға айналуымен көрінді. 1797 жылы Генуя Лигурий (ия) Республикасына айналды. Ломбардия және көршілес облыстардан, Цизальпин Республикасы қалыптасты. Француз әскерінің Италияның оңтүстігіне жорығы негізінде 1798 жылы Рим және Неаполитан Республикасының пайда болуына әкеледі. Француз әскерінің жаулап алған облыстарында реформалар жүргізіле бастады. Француз оқупанттары сауда орындарын, ақша, картина, статуяларды және тағы басқа өнер шығармаларын, яғни ұлттық мақтаныштарды жаулап алды.

       Екінші коалиция құлан және Маренго түбіндегі Австриялықтардың жеңілісінен кеңін Италия қайтадан француз жаулауына түскен болатын. 1803 жылы Наполеон Италия Республикасын — қуыршақ патшалыққа айналдырып, өзі Итальян патшасы деген өгей баласы Евгений Богарнэні сайлады. Итальян патшалығына 1805 жылы Австриядан тартып алынған Венеция жері де кірді, ал Генуя мен Парма Францияға қосылды. Елді француздар жаулаушыларының тонауы экономикалық прогресті тоқтатты. Наполеон үкіметі Италияны француз өнеркәсібі үшін шикізат қоры және сауда кірісіне айналдырғысы келді. Италия француз отары болуы керек еді. Қағаз материалдар тері бырғары тағы басқа бұйымдар тек Франция рұқсаты арқылы алынатын болды. Француз товарларына деген салық, Италияға апарылатын 1808 жылы 2 есеге түсті. Жібек шикізатты солай Францияға апарылуы үшін, ол салықтан босатылды. Ол кезде Итальян жібегі Францияда импорт болып саналған еді.

       Ол кезде Италия – Франция үшін тиімді күнделікте көптеген салықтардан шаршаған еді. Цизольпин Республикасы 1800 жылы Францияға айына 2 млн. ливр төлеп тұрса, Итальян патшалығы 1807 жылдан бастап, француз қазынасына 30 млн. ливр, жылына төлеп тұрды. Яғни, француз соғыстарына жіберілген шығындарды есептемегенде, жыл сайын Италиядан Францияға үлкен сумма мен ақша келіп түсіп жатты.

       Наполеондық империяға Итальян халқы жанына дейін төледі. Жылдан – жылға әскери қабылдау өсе түсті. 1812 жылы соғысқа Итальян патшалығынан 31 мыңңан жоғары мөлшерде солдаттар мен офицерлер жинақтау жүктелді. 30 мыңға жуық итальяндықтар Ресеймен соғысқа қатысып, оның көбі оққа ұшты. Италияны тонау, яғни оның әскери контингентін және экономикалық ресурстарын пайдалану француз империясының көп жағдайда пайдасына тиді, бірақ, кейін біртіндеп француз халқына патриоттық азаттық қозғалыстар бой көтере бастады. Калабрия және тағы басқа жерлерде партизандық қозғалыстар өсе бастады. Елдің әр бөлімінде Наполеон патшалығына қарсы күреске құпия саячи қоғамдар ашыла бастады. Оның негізгі мақсаты – елді жаулаушылардан азат ету. Олардың құрамына патриоттық сезімі жоғары офицерлер мен солдаттар, жұмысшы және шаруалар қатысты. Ақындар мен жазушылар ұлттық тәуелсіздік үшін жаулаушыларға қарсы күреске шақырып, патриоттық сезіммен халықты ояту негізінде, оө өлең жырларын шығарып отырды. Наполеон тағайындаған Евгений Багарнэ мен Мюрат французға қарсы өсіп кел жтқан Итальян халқынан қорғана бастады. Соның негізінде олар өз саясаттарына кігшкене болса жа жұмсақтық көрсеткісі келді, яғни елді толнауды тоқтату керек еді. Бірақ, Наполеон ақша талап етті.

 

2.3  Англия территориясы үшін күрес және оның нәтижесі

 

       1802 жылы Амьен бейбіт келіссөзі ағылшындар мен француздарды бітістірмеді. Француз отарларын жаулап алу үшін және Европада үстімдікке ұмтылған ағылшындар, 1803 жылы Францияға соғыс ашты. 1804 жылы желтоқсанда француздар жағында Испания көмекке тұрды. Англияның орта шығыстағы отарларын, яғни Үндістандағы жерлерін жаулап алмақ болған Наполеон, Франция императоры титулын алғаннан соң, 1804 жылы 2 желтоқсанда жоспарын өзгертті. Бұл жолы Наполеон, Англияға британ аралдарына өз әскерлерін түсірді. Соғыс алдындағы есеп бойынша Франк – Испан 85 кемесі 105 ағылшын кемесіне қарсы тұрды. Лдақтастар әскері Текеол, Брест, Рошфор, Феррол, Кадис, Картахен және Тулон жерлеріне шоғырланды. Ал Франко – Испан флотының ең әлсіз жері – олар 2 театрға бөлінді, ол Атлант және жерорта теңізі болды. Соғыс болған жағдайда хабарласу қиын болды. Себеюі, Гибралтар бұғазын (Атлант және жерорта теңізінің түйісетін жері) ағылшындар бақылап тұрды.

       Ағылшын флоты тиімді позиция ұстанды. Примут, Портсмут, Гибралтар және Мальта жерлеріне шоғырланып, қарсыластарының кемелерін керекті бағытқа бұрғызбады. Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің базалары мен порттарын қоршауға алған ағылшындар Ламанш флотында қарсыластарына мойын бұрғызбады, осы кезде ағылшындардың негізгі ойы – Наполеон Англияға кіруден бас тартады /43/ дейді. Ағылшындардың блокада құруы 1803 – 1805 ж.ж. аралығы болды. Сонымен бірге Текеол, Брест, Рошфор, Феррол, Кадис және Тулон Жерлерін сырттай бақылады.

       Енді Наполеонның бұйрығымен, Франко –Испан эскадрасы, Кадис жерінен шығып, Жерорта тңізі арқылы Гибралтар бұғазына бағыт алды. 18 француз, 15 испан кемелері 27 ағылшын кемелеріне қарсы тұрды. Ағылшын эскадрасын – адмирал Несльсон басқарды. Нельсонның әскери дайындығы мол, тәжірибелі, өте жоғары сапада дайындалған күш болды. Нельсон Батыс Европада ең бірінші – теңіз соғыс әдісіні қолданды. Адмирал Вильнев, өзінің еүшіне сенбеді, Кадистен шыққанда олардың ешқандай жоспары, бағдарламасы болмады.

       Ал, Нельсонның жаңа жоспары бойынша жауына шабуыл жасау үшін, жорықтық тәртіпте, аз ғана дистанциялық қашықтықта флагмалық кемелерге соққы беру еді. Осы жоспар бойынша. Нельсон – флотын 2 колоннаға бөлді. Бірінші колонна 15 кемеден тұрды, оы кіші флагман – Колменгвуд басқарды екінші колонна – 12 кемеден тұрды. Нельсонның жоспары бойынша – негізгі соққыны- адмирал Коллингвуд колоннасы беруі керек. Яғни, франко – Испан кемелерін 12 – 13 кемден бөліп өтіп, бөлінген кемелерді қоршап, адамдарын өлтіру немесе тұтқындау керек болды.

       Нельсонның колоннасы – басты бағатта жаудың орталығына соққы беруі  қажет болды. Нельсон қарсыласының әскери күші нашар дайындалған деген есеппен, олардың авангарды көмекке келгенше талқандалып болады деген тұжырымда болды. Нельсон жоспарының мәні — өзінің 27 әскери кемесі, Франко –Испан 23 кемесіне тең жағдайда бөліп алып соғысу еді. Франко – Испан әскері 21 қазанда Трафальгар параллелінде Кадистен 10 милл жерде 3 – 4 узл. Жылдамдыққпен оңтүскке жүріп отырды. Адмирал Вильнев көкжиектен ағылшын флотын байқады. Офицерлердің дайындығының аздығынан, кемелер сабы бұзылды, осы себепте кейін соғысуға кедергі жасады. Ағылшындардың 2 колоннада келе жатқанын көрген Вильнев, өз кемелерін кейінге бағыттады. Себебі, жеңілген жағдайда кейін бұрылып, Кадисте тоналау негізгі ойы болды. Олардың кейінге бұрылуы 2 сағатқа созылды. Вильневтің айласын сезген Нельсон қуып отырып, соғысуды көздеді, Оған табиғатта ынғайлы болды: арттарынан соққан желдің «көмегіменң ағылшындар жауларына жетіп қалды, қарсыласының кемелері алдарынан жел кедергі болып оқ атуда дәлдікті бұзды.

       Сағат 12 – де Нельсон соғысты бастады. Колонна 16 кемеден бөлінді. Ағылшын кемелері араларына 10 шақты метрден салып, жан – жақты оқ жаудырды. Өздерінен де шығып көп болды. Коллингвуд әскері 15 – 16 кемеден тұрды, олар бір-бірлеп, араға біраз уақыт салып, соғысқа кірісті, ал бұл жағдайды қарсыластары пайдаланды. Енді сағат 13-те Нельсон колоннасы соғысқа кірісті. Ол Вильнев келе жатқан «Бюсанторң кемесіне оқ жаудырды. Кейін біріненсоң бірі соғысқа кірді. Осы сәттте, олда келе жатқан Нельсон кемесіне оқ жаудырып, кемені оттың астындақалдырды. Нельсон қатты жараланып, соғыс аяқталғанша қайтыс болды. Осыдан кейін кемелер сабы бұзылды. Командирлер кемлерді бөліп алып, жекек күрес жүргізді. Осы жерде ағылшындардың жылдамдықты артиллериялы кемелері үлкен роль ойнады Сағат 15-те, соғыс қызған уақытта, ағылшындар 23 кемеге қарсы небәрі 14 кемені қозғалысқа әкелді. Көптеген ағылшын кемелері соғыс жүргізуге шамалары келмеді.

       Одақтастар авангарды Вильневтің шақыруына қарамай, уақыт өткізіп барып келді. Бұл аралықта ағылшындар бірталай соққы беріп үлгерген еді.

       Сағат 17 – 30 да соғыс ағылшындардың пайдасына шешілді. Қарсыластарының 18 кемесі жойылып, 7 мыңдай адам өліп жараланғандар саны да көп болды. Ағылшындардың жақсы дайындалғанэкипаждары болды. Флот басында тәжірибелі адам жоспарлы әдістері және ұйымшылдықпен соғысты. Трафальгар соғысы – батыс европада үлкен – желкенді кеме соғысы болып, Наполеон әскери үшін сәтсіз ақталды. Бірақ бұ соғыс Наполеонның болашақтағы жоспарына ешқандай әсер өтпеді.

       Англияның ішкі жағдайында – франциямен соғысы кезінде, салықтың өсуі мен нанға бағаның жоғарылуаы-халық жағдайын нашарлатып жіберді. Лендлордтар нанға бағаның өсуімен, жер рентасын көтерді. Континенталдық блокада Англияға өте ауыр тиді, және оның сыртқы саудамен байланысында өсімінің тоқтауына әкелді. Бағаның өсуімен салықтың өсуі, арзан әйел және балалар еңбегі, тынымсыз жұмыс күні жылдан – жылға жұмысшылардың жағдайын нашарлатқан еді. Соның негізінде ХVІІІ ғасырдың аяғы – ХІХ ғасыр басында Англияда жұмысшылар қозғалысы бой көтере бастады.

       1810 жылы 11 науырыз күні император Наполеон – Австрия патшасының 18 жасар қызы – Мария – Луизаға үйленеді. Бұл жағдайға Европа елі үлкен таңданыспен қараған еді. «…Енді соғысқа нүкте қойылды, Европа тең жағдайға түсті, енді бақытты кезең басталадың — /44/, деген әңгімелер тарады.

       Англия енді Австрияның қолдауынан толық айырылып, келісімгекелуіне тура – келеді деп те жатты /45/.  «Ол енді бірнеше жылдардан кейін 2 державаның бірімен, қалындық бермесе, соғыс жүргізедің — деп елшілер айтып жүрді. Өзінің некесінен кейін, Наполеон экономикалық саясатқа қызу түрде кірісіп кеткен еді.

       Наполеонның экономикалық саясаты – оның жалпы саясатымен сәйкес келіп жатты. Француз императоры бола отырып, жаулаушылық соғыс жүргізу арқасында бүкіл батыс императоры болған Наполеон, жаңа заңдар енгізіп еді.

       Наполеонның басшылық еткен алғашқы жылдарынан бастап – ақ, өнделген доктрина, ешқандай өзгеріссіз оның патшалық етуінің соңына дейін жүргізілді.

       Солтүстікте – Бельгия; шығыста Рейн мен бірге Германияны сол жағынан бөліп жатқан – көне Франция; батысында – Ла – Манш және мұхит, ал, оңтүстікте – Пиреней. Өз территориясынан кңейтуде Наполеонға экономикалық қызығушылық та болды.

       Бельгия мен сол жағалаудағы Германия Наполеонның нақты түрде жаулаған жері, бөлінбес және мызғымас қосылған одағы болғанмен «ұлттық емесң болып, француз буржуазиясының бәсекелесіп, ал ол жерді француз капиталы қылуға болатын еді. Осыдан кейін соңғы қосылған жерлері – Пьемонт, Голландия , Ганзей қалалары және Иллирия провинция туралы айту керек те емес еді.

       Сонымен бірге, Франциядан бөлек жеке өмір сүріп жатқан Наполеон жаулаған жерлер туралы да айту қажет емес еді. Олар: Наполеон өзі патша болған – Италия, Наполеон «Медиаторң болған – Швейцария, өзі протектор болған – Рейн одағы елдері (Бавария, Саксония,Вюртемберг, Баден және т.б.).

       Вестфаль патшалығы, яғни, орта және солтүстік Герман мемлекетінің конгломераты – ағасы Жеромды патшалыққа қойған еді, өзінің вассалын қойған – Польша, Саксон патшалығы т.с.с., т.с.с. – бұның бәрі де француз өнеркәсібі үшін сауда кірісі немесе шикізат қоры болуы қажет еді. Наполеон өз саясатында өте сақтықпен, өте дәлдікпен бақылап отырды. Вестфалияға сасондықсукондардың әкелінуіне шектеу қойды; Италия және Испания жерлерінен – жібек тағы басқа заттардың сыртқы шығуына шек қойды, осындай приказдар, шектеулер, сөгістер күн сайын император кабинеті арқылы бүкіл Европаға тарап отырды. Наполеон Батыста империя құра отырып, шаруашылық жағынан Людовик ХІV, және ХV – нің жалғастырушысы, Кольбердің көптеген идеяларының таратушысы ғана болып қалды.

       Наполеон мен Англия арасындағы қақтығыс – 2 қарсыластың бірінің өлімінен аяқталуға жақындағандай болды. Наполеон Англияға қарсы барлық европалық континетті жұмылдырғысы келді. Блокада Англияға қиын болып тисе, екінші жағынан басқа да континентке дәл сондай болып тиді. Континенталдық блокаданы құпия түрде бұзушыларды Наполеон шара қолданып, оларды аттырды, конфескеленген ағылшын товарларын отқа жақтырды.

       1806 жылы Наполеон Голландияға кіші інісі –Людовикті патша қылды. Англиямен сауда байланысының үзілуі, голландық сауда буржуазиясына, соның ішінде, ауылшаруашылығына тағы басқа жағдайларына қайшы келетінін, шаруашылық күйзелісі басталатынын жаңа патша түсінген еді. Голландия көп жағдайда өзінің өңдеу саудасында т.б. Англияға біршама тәуелді еді. Осы жағдайдың бәрі де Людовик Бонапартты голландықпатшалықты жойылды деп жариялап, 1810 жылы Голландияны француз империясына негізгі декреті қылып, оны департаментке бөледі.

       Континентальдық блокада бүкіл орталық Европаның қалың бұқарасына көп жағдайда қиыншылық туғызып отырды.

       Рейн одағы елдері — құлдық сипатын Австрия мен Францияның арасындағы одақ өзара арып – ашу нәтижесі ретінде көрінді.

       Неміс авторлары Англияны жеңілмейтін ер ретінде, ал, орыстарды бүкіл әлемдік монархияның ұрпағы ретінде қарастырды.

       1810 жылы күзде елде жағдай нашарлай бастады. Өнеркәсіп иелері мен саудагерлер шикізаттың жоқтығынан блокада бізге қымбатқа түсіп түр деген өкпереніштерін айтып жүрді.

       Күйзеліс ай  сайын күшейе түсті. 1811 жылы 19сәуірде ішкі істер министрі Наполеонға «Өндіріс жұмысшыларының көп бөлігі жұмыссыз екендігін айтып арызданудаң ң дейді. Осының негізінде Наполеон субсидия ғана берді, бірақ блокада мәселесінде еш жұмсақтық көрсетпеді.

       Шикізаттың жоқтығынан фабриканттарға өндіріс орындарындағы жұмысты тоқтатуға тура келді. Осындай тағы да басқа жағдайлар негізінде Наполеонға блокада жөнінде сәл иілуіне тура келді. Ол енді лицензия беретін болды.

           Наполеонның бұл келісімі 1810 – 11 ж.ж. — ғы күйзеліске қиналғанын көрсетеді. Бірақ, Француз лицензиясы ағылшындарға  ешқандай материалдық пайда әкелмегенмен, бұл Наполеонның өз позициясынан сәл де болса түскендігін айқындаған еді.

           Өзінің Англияны жеңе алмасын білген Наполеон, енді Ресей арқылы соққы беруді ойлады. Англия мен Ресей бұл кезде болашаққа бір – біріне үмітпен қараған елдер еді. Англдияға бере алмаған соққысын Наполеон енді. Ресей арқылы көрсеткісі келді. Наполеонның Англиямен соғысы үздіксіз әрі нәтижесіз еді. 1797 жылдан бастап, Наполеонның Египеттегі жорығында да амирал Нельсон эскадрасы қарсы шығып, теңіз шайқасында француз әскерлерін 2 сағатта талқандалған еді. Сонымен бірге Францияның Италия мен Швейцариядағы Антиль аралындағы империалистік саясатына қарсы тұрды. (1803 ж.) 1805 жылы жоғарыда айтылғандай, Трафальгар шайқасында жеңіске жетіп, теңізге ие болды. Франко – испан флотында құрлықтағы шайқаста Англия үлкен емес санмен барлық коалицияларғы материалдық қолдау көрсетіп отырды. Сонымен қатар, Англия кезекпен Францияға  қарсы Австрияны, Пруссияны және Ресейді азғыра бастайды /46/.

       Наполеон Аустерлиц түбіндегі (1805 ж,.) Иен (1806 ж.), Фридланд (1807 ж.) және Ваграм (1809 ж.) түбіндегі шайқастарда аз ғана әскери күшімен Англияға тек олардың экономикасын тұншықтырып, Европаға кіретін жолдарын жауып тастағаннан басқа еш қарсылық көрсете алмады. Соның негізінде жоғарында айтылған континенталдық блокада орныққан еді. Кейін, 1815 ж. Ватерлоо шайқасында да ағылшындар жеңіске жетіп, кйін Наполеонеың 100 күндік билігі қайта келіп, бірақ артынан Ватерлоо шайқасында биліктен мүлдем айырылып, ағылшындардың жеңісімен аяқталған еді.

       1812 жылы 12 желтоқсанда Наполеон Тюильрийскиц алаңына келеді. Жол бойы оны сезікиендірген немістерден төнетін қауіп Наполеонды жыңылдырмады.

       Император алдында 2 жоспар тұрды. 1 – ден – армия құру, ал, екіншіден – Австрия және Пруссиямен бейтараптық позиция орнату болды.

       1 – ші жоспар – тез орындалды. Армия саны – 140.000 — ға әрең толды. Наполеон әскер санын жинақтауда, оларды оқытып үйретуде күні – түні жұмыс жасаған еді.

       Осы жерде өз — өзінен бір келеңсіз сұрақ туды. Яғни, орыстар соғыста өздері бола ма? Бұл кезде 1812 жылы желтоқсанда прусс генералы Иорк аяқ астынан орыстар жағына шыққан болатын.

       Енді Наполеонды Австрияның жағдайы ойландырды. Қайын атасы – император Франц және Меттерних (бұл кезде Австрия саясатының басшысы)Ресеймен достық келісімге қол қойған еді. Осының негізінде 2 жақ келісе алмай, (Австрия және Франция) 11 тамызда Меттерних, Гаполеонға соғыс бастайтынын айтты. Лондонда орыс – прусс лагері толық болды. 1813 жылы компанияның шиеленісуі басталды. Ресейде, Пруссияда және Австрияда әскер жинау науқаны кең етек алды. Резервтер тартылып, барлық күш жиналды. Ағылшындар коалициясында әскерлер резервтерімен 850 мыңға дейін жетсе, Наполеонад – 550 мыңдай шамасында болды. 

       Барлық одақтық күштердің басшысы болып, австриялық фельдмаршал – Шварценберг тұрды. Наполеон одан аса сезіктене қоймалды.

       Пруссиялықтарға келетін болсақ, оларда да австриялықтар және орыстар сияқты өзіне әскери өнерде қауіпті қарсыласын көре алмады.

       1813 жылы 27 тамызда алғашқы үлкен шайқас – Дрезден түбінде болды. Наполеон бұл жерде жеңіске жеткен еді. Көптеген орыс, прусс, және австриялықтарды тұтқынғы алды.

       Германияда — ұлт азаттық қозғалыс күннен – күнге үдей берді. Осы кезде жас буржуазия, яғни, Пруссия, Саксония, Рейн одағы мемлекеттері, Вестфалияға студенттер Германияны сырт жаулаушыдан құтқарғысы келді.

       1813 жылы 16 қазанда Лейпциг түбінде Наполеондық эпопеядағы көп шайқастардың ішіндегі ең ұлысы – «халықтар шайқасың басталды. Наполеон Лейпциг даласында 16,18 және 19 қазан 3 күн бойы – орыс, австриялық, пруссиялық және шведтерден құрылған коалицияға қарсы соғыс жүргізді. Ал, Наполеонның жеке армиясында Француздан басқа поляқтар, саксондар, голландықтар, итальяндықтар, бельялықтар және Рейн одағының немістері болды.

       Шайқас алдында Наполеонда – 155 мың әскер болса, қарсыласта – 220 мың адам болды. Шайқас үстінде Саксон армиясы қарсылыстар жағына шығып, енді француздарға оқ ата бастады. Бірақ, Наполеон шайқасты қиналғанына қарамастан 2 есе үдете түсті. Наполеон әскері көп шығынға ұшырап саксондықтардың сатып кеткеніне налып, өз — өзін одан әрі ұстай алмасын білген еді. Ол енді келісуге шешім қабылдады. Наполеон өз армиясымен Рейнге бағыт бұрды.

       Ұлы империяның құлағынан, қанша рет біріккен империяға жұмылдырғысы келгенін Наполеон түсінуі керек еді.

       Енді Наполеоннан өз маршалы, әскер басшысы, көптеген шайқастардың батыы және кейін өзі неаполитан патшасы қылып тағайындаған Мюрат – Неапольға кеткен еді. Оның бұл кетісін Наполеон сатып кетті деген оймен, өз билігін сақтап қалу үшін, құпия түрде бақылауға көшті. Испан королі, Наполеонның ағасы Жозеф – Пиреней жарты аралында бүлік тудырған ағылшын және испандықтармен қақтығысқа түседі. Кассел жерінен екінші ағасы Вестфальдік патша Жером кетіп қалды. Гамбургте Даву орыс және пруссиялықтардың қоршауына түсті. Француздардың Голландиядағы билігі де делдал күйде тұрды.

       Англия, Ресей, Австрия, Пруссия – Францияны бұрынғы шекарасына қайтармайынша тыным таппады. Мінекей, осылардың арқасында құрылған Ұлы империя билігі аяқталған еді.

       Сөйтіп, Лейпцигте жеңіліс тапқан Наполеон Парижге келіп Францияға қарсы Европа халықтарының қозғалысын басу үшін жаңа күштер дайындай бастады.

          Ағылшын державасына ең қауіпті жау, бұл Наполеон еді. Осының негізінде Франция мен Англия арасында келісім болуы мүмкін де емес еді.

       Австрияға келетін болсақ, Меттерних және Франц 1 Наполеонмен қайтадан келісуге бел байлады. Соның негізінде Меттерних өз одақтастарына Австрия коалициядан шығады деген сөзбен қорқытып Англия, Ресей және Пруссияны Наполеонға бейбіт келісімге келуге ұсыныс жасаыун сұрайды. Одан да келесі шарттар бойынша Наполеон жаулашылықтан бас тартып соғысты тоқтатуы қажет.

       Тек 1801 жылы Люневильский бейбіт келісімінде алғаш территориялырмен Франция өз иелігінде қалады. Одақстас монархтар Франфуртте болады. Меттерних Франкфуртте бұрын қамауда болған француз елшісі – Сент – Эньянды, Лорд Эбердинді, Англияның елшісін, Ресейден келген өкілді Пруссия канцлерін жинап француз елшісіне императорға барып, одақтас державалардың бейбіт келісімін  жеткізуге жібереді.

       Люневил келісімі бойынша Наполеонға тиген жерлер: Бельгия, Люксембург, Рейн сол жақ жағалауындағы бүкіл Герман иелігі Батавия республикасы (Швейцария), Генуя және Ломбардия жерлері іс жүзінде Француз иелігіне айналған еді.

       Сент-Эньян 1813 жылы 14 қарашада одақтас державалардың ұсынысы бойынша Парижге келген еді.

       Наполеон келісімге келуге бел байлаған мен өз армиясының күшін одан сайын бекіте түсті. «Бізді Эльба және Рейн аралығында сатқындық арқылы жеңіп алды. Бірақ Рейн мен Париж аралығында сатқындар болмайды /47/ деген еді Наполеон. Бұл сөз Францияға және бүкіл Европа еліне тараған еді. Одақтастардың бейбіт келісім туралы ұсыныс Наполеонды білетіндердің барлығы да сәттілікке апаратынына сенбеген болатын. Осылайша ұлы трагедияның соңы жақындаған еді.

       Наполеонның өмір жолын айта келіп, келесі бір бұралаң де ерекше жеріне тоқталу жөн болып отыр. Эльбаға келуіне Наполеон алдында ешқандай жоспар болмады. Өзінің саяси өмірін аяқталдыға санап ендігі жерде өзі билік еткен патшалық кезеңінің тарихын жазуды ұйғарды.

       Эльба аралына келерден 3 жыл бұрын Наполеон 1811 жылы көктемде Бавар генералы Верде мен кездесуінде «3 жылдан кейін мен бүкіл әлемді басқарамын /48/ — деген еді. Енді осы әңгімеден кейін 3 жыл өткесін Ұлы империя күйреп, Наполеон 223 шақырымдағы, үш үлкен емес қаласы бар, бірнеше мыңдаған тұрғыны бар Эльба аралы тұрды. Тағдыр Наполеонды өзінің туған жеріне жақындастырды,. Ағни, Эльба аралы Корсикадан 50 шақырымдай жерде болды. 1814 жылы сәуірге дейін Эльба Тоскан герцогтығының қарамағында болды, яғни Наполеонның Италиядағы иелігінің бір вассалдығы еді. Енді күйреу қарсаңында бұл арал Наполеонның толық иелігіне берілді.

       Наполеон өз иелігімен толық танысып шықты. Тұрғындарды қабылдап, оларға жағдай жасады. Наполеонға осы кездері туысқандары келе бастады. Қарындасы Пашна, шешесі Литиция  және 1807 жылы Польшада жақсы қарым — қатынаста болған графиня Валевская келді. Ол Наполеонды өмір бойы сүйіп өткен еді. Тек әйелі Мария – Луиза баласымен келмеді. Әскесі австриялық император жібермепті және ол өзі де Наполеонды көруге онша құлшына қоймады. Оған 1 әйелі Жозефина да келмеді. Кезінде құлай сүйген жарын Наполеон көпке дейін ұмыта алмай жүрді. Жозефина 1814 жылы 29 мамырда императордың аралға келгенше шамалы ғана уақыт өткенде Париж маңындағы Мальмезон сарайында қайтыс болды. Бұл жаңалықты естіген Наполеон айналасындағы болып жатқан өзгерістерден хабарлар еді. Италия арқылы, жай ғана газеттер арқылы Вена конгресіндегі жағдайларды біліп отырды. Ол енді билеуші таптар мен дипломат (елшілердің) Наполеонның ірі де «бай мұрасын бөлікке салып, оны дұрыс бөле алмай жатқандығын және де сол бөле алмай жатқан жерлер үшін одақтастардың бір – бірімен келісе алмай сол үшін қақтығысып жатқанын бақылап жатты. Наполеон Саксония мен Польша сұрағы үшін Англия мен Австрияның, Ресей мен Пруссияға қарсы шешуші қарсылығын көрді.

       Наполеоннан қарсылас одақтар қорқып жүрді. Ол өзінің шағын аралында да үрейлі, қорқынышты болып көрінді. Наполеонға қарсы оны өлтіруге адамдар да жалдағасы келді. Бірақ Наполеон жағынан келген сыбыс бойынша ол тыныш, әрі өз бөлмесінен шықпайды, және де ендігі қалған жерде оған өзінің шағын аралынан басқа ештеңе де қызықтырмайды /49/ деген сөз тарады.

       Осындай әңгімеден кейін, қарсыластар  «арқасын кеңге» сала бастады. 1815 жылы 7 наурыздың кешінде Вена император сарайында жиналған билеушілер мен елшілерге арналған бал өтіп жатты. Осы кезде сырттан келген курьер Наполеонның Эльбаны тастап Францияға қарайғы бағытымен Парижге бара жатқандығын айтты.

       1845 жылдан бастап Наполеон Францияға қайтып империяны қалпына келтіру ойымен тез шешім қабылдады. Бұл ойын ол ешкімге де айтпады. Осы шешіммен ол қасына аралдағы өзіне сенімді адамдарды жинап, өз ойын айтады. Сөйтіп, ол өз қасына 1100 адамды ертіп, шағын кемемен Францияға жүріп кетті. Лион қаласының маңына тоқтап сол жерже оған крестьяндар делегациясы жолықты. Олар Наполеонды қолдап, осы жерде Наполеон өзін қайтадан Францияның басшысы ретінде сезінді. Ол енді патша әскерімен де қарсылыққа шыға алмайтынына сенді. Сол жерден енді. Гренобль жеріне жолға шықты. Оған жолсерік болып, қаптаған крестьяндар, полктер көне қару жарақтармен жасақталды. Гренобльдегі қабылдауда Наполеон Нақты шешіммен сөз сөйледі. Ол халыққа бостандық пен бейбітшілік беретінін айтты. Сонымен бірге ол «ұлылық пен жаулаушылықтың жақсы көретінін айта келіп, ендіге жерде басқа саясат жүргізетінін нақтылап айтты. Және де ол крестьяндарды Бурбон қыспағынан босатамын деп сөзін берді. Ол империяны конституциалық монархия қылуға уәзде етті. Осындай сеніммен Наполеон енді Парижге жол тартты. Людовик 18-шіге Наполеонның бұл келісі ұнамады. Осы кезде Париждегі полиция революционерлер, якобиншілер және тағы басқа. Ұлы реворлюцияның жақтастары деспоттың қайтып келе жатқанына қатты куанды. Толық паника да болғанның бірі бұл реалистер болды, әсіресе дворян – эмигранттар 1814 жылы Бурбондармен келгендер еді. Оның сасқаны соншалық өз бастарын жоғалтамыз деп қорықты. Олармен корсикалық адам жегіш не істер екен ? деген сұрақ тұрды. Бірақ король қауіптен қорқудан бас тартты. Париждегі гарнизон солдаттары өз қуаныштарын жасырмады. Әскердің тұрақсыз екінін Людовик ХVІІІ – ші көрді.

        Бурбондарға белгілі болды, әскерлер император жағына шайқассыз қосылып жатты. Барлық жол бойындағы провинциялар, қалалар бәрі де Наполеонға аһ ұрды. Оны қуана қарсы алып,қолдан жатты.

        Роялистер қаладан қаша бастады.

І    жаңалық:  «Корсикалық алып — Жуан бухтасына жол  ашты.

ІІ   жаңалық:  «Грасса жеріне жақындадың.

ІІІ  жаңалық:  «Гренобольге келдің

ІV  жаңалық:  «Бонапарт Лионды алдың

V   жаңалық:   «Наполеон Фонтенебло маңайындаң

VІ  жаңалық:   «Париж өзінің сенімді, ұлы императоры күтудең.

        Осындай жазумен барлық редация газеттері тынымсыз жұмыс істеумен болды. Осы құлақтандырулар патшаны жанұясымен бірге 19 наурыз күні түнде Парижден қашуына түрткі болды.

         Негізгі бағытты – Бельгия маңайы болды. Келесі күні 1815 жылы 20 наурызда Наполеон өзінің қоршаған сенімдестермен Парижге келді. Халық тік тұрып, құана қарсы алды. Көптеген ірі жеңістерде, ең жарқын шайқастарда, ең ірі де олжалы жаулары Наполеонды Парижде дәл осылай қарсы алмаған еді. Қарусыз адам, ешқандай жарақатсыз, ешқандай соғыссыз, 19 күн ішінде Жерорта жағалауынан Парижге дейін Бурбондар династиясы қуып тағына Наполеон қайта отырда.

      Наполеон жаңа Конституцияның жобасын жасады. Ендігі кезек — Европа елдерімен болды.

      Наполеонда жобамен 72.000 адам болды. Ал, ағылшындық Веллингтонда – 70.000 адам болды. Наполеон осы жолы – көмекке маршал Груштың 33.000 қолын күтсе, ағылшындар 40 – 50.000 адамы бар Блюхер әскерін күтті.

      Соғыс барысында француздар жеңіліп 25 мың әскерінен айырылды. Сөйтіп, Ватерлоо щайқасы Наполен үшін ірі сәтсіздікпен аяқталды. Наполеонның ІІ құрған патшалығы 100 күнге созылып қайта құлады. Осылайша тарихта Наполеон Соғысының ең соңғы нүктесі қойылған еді.

 

2.4  Соғыстар нәтижелері және вена конгресі

 

       Вена конгресі Наполеон соғысының соңғы кезеңін айқындайды. 1814 жылы күзде Вена конгресіне Бүкіл Европалық мемлекеттерден 216 өкіл келіп қатысты. Ресейден – Александр 1, Австриядан – канцлер Меттерних,  Пруссиядан министр – президент Гарданберг, және Франциядан сыртқы істер министрі Талейран келіп қатысты. Осылардың ішінде ең басты ролді Наполеонның күшті қарсыластары: Ресей, Англия, және Австрия ойнады. Бұл 20 ғасырға дейінгі шақырылған ең маңызды дипломатикалық конгресс еді.

       Конгреске қатысушылар Наполеонның жаулаған патшалықтарды қайтадан мемлекетке айналдырды.

       Күн тәртібінде Франциядағы бонапартистік режимге қайтып келуге қарсы және жаңа жаулаушыларға қарсы жол бермеу туралы гарантияны жүзеге асыру тұрды.

       Конгреске қатысушылардың алдында таңы бір міндет – яғни, Европадағы отарға айналған олардың жеке жауланған территорияны алуы болды.

       Конгрес 1814 жылы қырқүйек айында жиналды. Европадағы орталық ретінде Австрияның астанасы Вена қаласы жиналыс орыны болып бекітілді.

       1814 жылы Шомон келіссозіне қол қойған төрт одақтас ел – Англия, Ресей, Австрия және Пруссия барлық сұрақтар жөнінде келісіп, Францияны олардың шешімін қабылдауға күштеп мойындатқысы келді. Кейін Одақтастар арасында кейбір қарама — қайшылықтар туып қалды. Бұл Талейранға Меттерних және Кслридің қолдауымен одақдастар жиналысына қатысып, олардың арасында 5-ші ұлы держава ретінде орын алғысы келді. Францияны қосқанда 5 ұлы державалардың жиналуы Вена конгресінің негізгі қайраткерлері тойлау және үлкен балл тағында басқа көңіл көтерулермен жүргізілді. Европаның Аристократия және дворянствосы Наполеондық империяның құлауына куанды. Конгрестің жүру барысында Ресей үлкен шешуші роль атқарды. Патша үкіметінің алдында негізгі шешуші сұрақ феодальдық реакцияның нығаюын қолдау және Европаға Ресейдің әсер етуі Вена конгресінде талқыланды. Ол бойынша Германияға бұрынғысынша 2 күшті держава Австрия және Пруссия бақталастырып жүруі еді.

       Патша үкіметі Варшава герцогтығының территориясының біршама бөлігін өз империяға қосқысы келді. Александр 1 Польша дворянствосын өз жағына шығару мақсатымен – Польшаның жергілікті заңдарын сақтап және оған конституция беруді шешті. Польша жерінің территориясының біршама бөлігін Ресейге қосуда Пруссияның қолдауын қамтамасыз ету үшін Александр 1 Пруссияға Саксонияны қосуда. Көрсетуге дайын екендігін айтқан болатын.

       Англияның Тории үкіметі өндіріс – сауда және орталық монополияны қалпына келтіру мақсатымен одақтастарының саясатын қолдады. Ағылшын өкілі – Касирн Наполеон соғысы жылдарында Англия Қарамағындағы Испан және Голланд отарларын Франциядан өзінің бұрынғы шекараларына баруды талап етті. Ағылшын үкіметі сонымен бірге Францияда қалыптасқан барьер – мемлекеттерге және Пруссияның Рейн жағалауындағы күшеюіне көп көңіл бөлді. Олар Бельгияның француздар қолында қалып қоймауына көо көңіл аударды.

       Каслридің ойынша ұсақ Герман княздықтарын бұрынғы қалпышна қалдырып Астрия мен Пруссияны Франциямен Ресейге қарсы күшейту керек еді. Сонымен бірге Европа континентіндегі мемлекеттер бір – бірімен тің жағдайда болып соның негізінде Англия олардың арасында арбитор ролін ойнай отыра оның бостандығын сақтау керек еді.  

       Ағылшын үкіметі Алексанлр 1 Польшаға байланысты жоспарына қарсы болып және Европада Ресей позициясын әлсіреткісі келді. Вена конгресінде сонымен бірге австриялық Меттерних өз позициясын славян халақтарына атап айтқанда Итальян және венгерлерге жүргізгісі келді. Австрия үкіметінің келесі бір шешімі Ресей мен Пруссияның күшеюіне қарсы болды. Австрия мен Пруссия арасындағы көне бақталастық 19 ғасырда да жалғаса берді. Австрия үкіметі Пруссияның Саксонияны алуына және бұрынғы Варшава герцогтығының көп бөлігінің Ресейге қосылуында наразылық білдірді. Австрияның Германияға байланысты көзғарасы бойынша ол Германияның сол күйінде сақталып қалуын және ұсақ, герман мемлекетіне байланысты Вена үкіметіның саясаты тоқтатуды ұсынды. Австрия қайтадан өз иелігіндегі Ломбардия, Венецияны қосу және австриялық Габсбургтер үйінің Пармде, Тосқан және Моденде қайта құрылуын жақтады.

        Вена конгресінде Пруссия саясатының негізгі ойы – Саксонияны және Рейіндегі жаңа бай да қажетті иелікті алу еді. Сол кезде юнкерлік Пруссия феодалдық реакцияға түбегейлі колдау көрсете отырып, Францияға байланысты саясатқа қатаң тәртіп жүргізуді қолады.

         Англия және Австрия үкіметі Ресейдің күш алуына кедергі жасау үшін Францияны пайдалану бел байлады. Ресейден күш алып көтерілуі олардың жағдайын қанағаттандырмады. 1815 жылы 3 қантарда Англия, Австрия және Франция арасында Ресеймен Пруссияның яғни Польша және Саксон сұрағы жоспарын жүзеге асыруды шешуде кедергі жасау үшін қүпия одаққа қол қойды. Француз тарихшылары мұнда Талейранның өте жақсы жетістігі деп көрсетеді. Ал шын мәнінде оны дайындауда басты ролді британ және австриялық дипломатия алды. Жаңа одақтастар бір – біріне әскери көмек көрсетіп көпшілік қысыммен патша мен прусс королін иілуге әкелді. Соның негізінде Пруссияға Саксонияның тек солтүстігін ғана алуға (ал қалған онтүстік бөлігі жеке патшалық болып қалды) тура келді.

Солдаттары француз шаруаларын тонап, үйлерін бұзып, адамдарын атып та жүрді.

Александар І-ң араласуымен Пруссияға сәл төмендеуіне тура келді, және Эльзас пен Лотарингия жерлері Францияда қала берді. Тек батыс Савойя жері тағы басқа кейбір шеттегі  қорғандар қайтарылып алынып Франция 1790 жылғы шекарасына қайтып келді. Оған 100 млн. Франк контрибуция салынды. Оны төлеуге      5 жыл мерзім берілді. Ұлы державалар бір мезгілде Швейцарияны бейтарап деп  жариялады.

Париж бейбіт келісімінен кейін Францияда бұрынғы жаулап алған жерлерден алынған құнды байлықтарын, атап айтқанда картина, статуя және тағы басқа дүние мүліктер қайтарылып берілді. /Бельгия, Голландия,  Италия және Германия мемлекеттері/.

1815 жылы 20 қарашада Англия, Ресей, Австрия және Пруссия төрттік  одақ елдер осы келіссөз қол қойды. Бұл төрт одақтас елдер осы келіссөзді қолдап қарсы келген күшке беріліп соққы беруді көздеді. Олар кезеңдік конгрестер ұйымдастырып отырды. Ол бойынша Европада құрылған “саяси теңдікті” сақтау, және мемлекеттік қауіпсіздікпен тәртіпті сақтау болды. Бұл “қасиетті одақ” келіссөзі келесі жылдарда да жалғасын таба берді.

Патшалық Ресей де өз иелігіне Варшава герцогтығының  барлық  жерін қоса  алмады. Познань және Гданьск Пруссия қолында қалып, Гамиция қайтадан Австрияға берілді. Батыста Пруссияға 2 үлкен облыстарды қосуға шешім қабылдады, яғни, -Рейн провинциясын және Вестфалия жері болды. Германияның бұл облыстары біршама дамыған, экономикалық жағынан қажетті стратегиялық жағдайы бар жерлер еді. Олар Францияға қарсы прусс плацдармы болцы қажет еді. Вена конгресінің шешімі бойынша бұл жерлердің қосылуы Пруссияға Германияны тәуелді қылып, Францияға ірі де қауіпті жау болуына жағдай жасады. Сонымен бірге Шведтік Померания жері де Пруссияға берілді.

Англия мен Австрияның Александр І-ге  қарсылығы еш нәтиже бермеді. Соның өзінде Польшаның едәуір көп бөлігі Ресей  иелігіне қараған еді. Вена конгресінде Польша 4-ші рет бөлінуге түсіп отырған екен. Тек Краков қана талас болып қалды. Ол шағын ғана жеке республикаға айналып, поляк эмиграциясының орталығы қызметін атқарады. Вена конгресі аяқталуға жақындағанда Меттерних Наполеонның Эльба өзенін тастап Парижге қарай шыққаны туралы жаңалық естиді. Францияда бонопартистік диктатуралық қайта қалпына келуінен қорыққан конгресс қатысушылары барлық талас тартыс пікірлерін тоқтатып дереу жаңа жетінші коалиция құрды. Төрт одақтас елдің Шомон келіссөзі жаңадан жасалып, қайта күшіне енді. Соның негізінде Наполеонның Ватерлоо түбегіндегі жеңілісінен кейін 9 маусымда  Вена конгресінің ең соңғы аяқталу актісіне қол қойылды. Акт бойынша Франция шекарасына мызғымас барьер қою жөнінде яғни, Француз агрессиясының Европаға жаңа толқыныстарынан сақтау үшін қойылған еді. Бельгия мен Голландия Франциядан тәуелсіз. Нидерланд патшалығы құрамына енгізілді. Нидерланд патшасы Вильгельм өзінің жеке иелігіне Люксембург герцогтығын алды. Францияға қарсы күшті қарулы барьерді Пруссияның жаңа Рейн провинциялары құрады.

Конгресс Наполеон кезінде жасалған Оңтүстік Германияға қосылған Бавария, Вюртемберг және Баден жерлерін сол күйінде сақтап қалды. Конгерестің мұндағы негізгі ойы – Францияға қарсы Оңтүстік Герман мемлекеттерін күшейту еді. Швейцарияда солай күшейтілді. Францияның басшылығы тоқтатылды. 19 жеке жұмыс жасайтын кантондардан Швейцария конфедерациясы пайда болды. Конгресс Швейцарияны бейтарап мемлекет қылып француздар тартып алған стратегиялық қажетті таулы аймақтарын қайтарып берді.

Италияның солтүстік-батысында сардин патшалығы құрылды. Оған Савайя, Нииуце жерлері қайтарылып, бұрынғы Генуэз республикасының территориясы берілді. Сардин патшалығына да Францияға қарсы барьера ролін атқару ісі жүктелді.

Вена конгресінің шешуші акті Европа және Наполеонды жеңуші  отарлардың нәтижесін айқындады.

Англия өзіне Жерорта теңізі аймағындағы ірі Мальта аралын қосты, және де Голландия мен Франциядан жаулап алған отарларын алды. Олардың ішінде ең негізгісі Кап отары болды. Ол Африканың  оңтүстігі мен Цейлон аралы маңында орналасқан, бұрын Голландияның иелігінде болған еді. Бұл иеліктер британ колониалдық саясатында Үндістанға келуі үшін үлкен стратегиялық мәні болды.

Австрияның солтүстік-шығыс Италияны Ломбардия және Венецияны иеленуі қалпына келтірілді. Итальян Герцогтығына Габсбург әулетінен басшылық жасалды.

Парм Герцогтығы-бұрынғы француз императрицасы, австрия императорының қызы Мария Луизаға өмір бойы иеленуге берілді. Ұлы Токсон Герцогтығы-австрияэрцгерцогы Фердинандқа берілді, ал Моден Герцогтығы-Эрцгерцог Францқа берілді. Неополитан патшалығында Бурбондар династиясы қайта келді, ал Римде –папа  билігі және католиктік шіркеу билік етті.

Вена конгересі неміс мемлекеттерін француз әскеріне қарсы Герман Одағын құрды. Бұл герман одағына 34 монархия және 4 еркін қала-Гамбург, Беремен, Любек және Франкфурт-на Майне қалалары кірді. Одақтастар сеймі 38 мемлекеттің үкімет басшылығымен Франкфурт-на Майне қаласында Австрияның басшылығымен етті. Пруссия және Австрия иеліктері герман одағына толығымен кірген жоқ. Олардың сыртында шығыс Пруссия және Познань қалды, ал австриялық иеліктен-Венгрия, Галиция және империяның оңтүстік славян облысының үлкен бөләгә жатты. Екінші жағынан Герман одағына Германияның көршілес территориясынан –прусс гарнизоны орналасқан Люксембург Герцогтығы, сонымен бірге Дания қарамағындағы Гольштейн жерлері кірді. Меттерних Герман одағындағы Австрия гегемониясын сақтай отырып оған Австрия саясатындағы қару ретінде қарады. Герман одағының бірғана мемлекеттік оргонында сейм дауыстары көп бөлігінде Австрияға дауыс берілді. Вена конгресінде Скандинавия мемлекетінің жаңа шекараларын санкцияға енгізді. Наполеонның бұрынғы одақтасы Дания оның басшылығын атқарды. Оның қарамағындағы Норвегия Швецияның құрамына қосылды. Вена конгресі өзінің қорытындысында феодалдық реакцияның билігін бекітті.

Наполеонға тәуелді болған елдерді Вена конгресі феодалдық реакцияның билігіне берді. Вена конгресіндегі жаңа мемлекеттік шекаралар Энгельс айтқандай “халықтар сатылды, сатылып алынды, бөлінді және қосылған еді”/50/.

Наполеонның 100 күндік билігінен кейін 1815 жылы соғыс Францияда бонопарттық диктатураның орнау қаупі Европа елдерін біршама толытқан еді.

100 күн оқиғасынан кейін Бурбендардың ІІ-ші қайта келуінен кейін одақтастар Франциямен бейбіт келіссөздер жүргізе бастады. 1815 жылы 20 қарашада ІІ-ші  Париж келіссөзіне қол қойылды. Пруссиялықтар Франциядан Эьзас және Лотарингия жерлерін қайтаруды және үлкен контрибуция төлеуін талап етті.           

Қорытынды

 

Наполеон біздің әдебиетімізде көбіне біржақты сипатталады. Атап айтқанда-агрессор, авантюрист, бірақ шындығында да бір жағынан бұл деспот және жаулаушы болды. Бірақ бұндай Наполеон секілді тарихи тұлғаны біржақты қарауға  болмайды. Адамзат тарихындағы кейбір қайраткерлер Наполеонды екінші жағынан да сипаттап көрсетеді. К.Маркс пен Энгельс Наполеонды Францияның  ішінде жағдай  жасап Европа континентінде барлық қажеттіліктерге жауап берді, деп бағалайды. Ол өзінің бастауын-Вольтердің, Руссоның, Кондерсоның, Мирабоның, Монтесквенің және Франция революциясының  идеясынан  алды дейді.

Ол басқа елдерге кіру арқылы олардағы орта ғасырлық режимді құлатты, дворяндар және  шіркеу артықшылығын қысқартты, крепостниктік жолдан шаруаларды босатты,  египталогия ғылымының салынуы, азаматтық, хұқықтық салалардағы  Наполеонның кодекстері,  финанс жүйесі  мен олардың білім саласындағы  жаңалықтары көпке үлгі, сонымен бірге  бүкіл Европа елдерін капиталистік даму жолына түсіріп, феодалдық  ескі тәртіптің табалдырығының негізін салған тарихи тұлғаның аты мен  заты  өшпес мұра, таусылмас қазына еді. Наполеонның тарихи ролін  А.С.Пушкин”  бүлікшілер  еркіндіктің мұрагері  және кісі  өлтіруші”  деп дәл ажыратты.Революцияны тұншықтыру арқылы Наполеон  мұралық етіп  жәнне отарлаарының ең  негізгі  қажеттіліктерін  сақтап қалды. Атап айтқанда:  жоғарыда айтылып кеткендей,  феодалдық привилигияны  тоқтатты,  буржуазиялық  өнеркәсіптің дамуына бостандық берді, жергілікті халыққа азаматтық теңдік жариялады. Пушкиннің ой елегінде Наполеон көрінісі “рақымсыз жендет болса  да, кемеңгер  алып”, “тарихқа сенуші” Наполеонды  сонымен бірге  М.Ю.Лермонтов және И.С.Тургенев, В.Г.Белинский  және Н.Г.Чернышевский, П.И.Пестель және  Д.В.Давыдов, В.Гюго және  О.Бальзак,  А.Мицкевич  және  Г.Гейне, Л.Бетховен  және  Н.Паланини, Г.Гегель және Д.Гарибальди  өз бағаларын бере отырып, Наполеонды  ұлы қолбасшы ретінде  I орынға  қойып,  қайталанбас  тарихи тұлға деп танытты. Ұлы қолбасшы,  атақты  мемлекет  қайраткері  Наполеон  Бонапарт  1815 жылы  шілдеде  тарихи  арнадан кетті. Оның  қасиетті Елена аралында болған кезде санаулы күндері қалған еді. Сонда, ол өз өмірін ой елегінен өткізіп, болашақ ұрпаққа оқылатын, тарихи мұра деп сенді. Наполеон енді өзінен кеткен кемшіліктерді түсінді. Бірақ оларды түзеу енді кеш еді. 1821 жылы 5 майда 51 жасында Наполеон Бонапарт дүниеден өтті. Бірақ уақыт өте берді. Қайнаған қаталдық суи берді, өмір жаңа талаптар  қойды.

CIC ғасырдың жартысында ұрпаққа Наполеон саяси қаталдығымен  көрінсе,  келесі ұрпаққа алыс тарих болып қалды. Наполеон Бонапарт негізінен өз маманының ұлы тарихи тұлғасы, заман адамы, баласы болды.  Көне заманнан  жаңа дәуірге  көшу, феодалдық әлемнен, буржуазиялық қоғамға   ауысу кезеңінде  болды.  Оның аты тарихта өлшеусіз  атақ құмарлық, деспоттық билік және  қатал да қанды соғыстармен көрінді.

Сонда да оны ешкім тарихи жазбалардан сызып тастай алмады.  Себебі оның өмірі тұнған тарих еді. Мемлекет қайраткеріне,  қолбасшыға  деген қоғамдық қызығушылықтар сол заманнан бастап күні бүгінге дейін-ұлы да  қасиетті,  қастерлі.  Бірақ  айтыстар көп болды.  Біреулері Наполеонды  жамандап, даттаса, II-шілері оны мақтап, биіктен көрсеткісі келді, ал  III-лері одан бүгінгі күннің ішінде ұқсайтын адам іздегісі келді, бірақ таба алмай  оның  ерекшелігіне, даралық қасиетіне таң қалып жауап тапқысы келді. Бірақ не десе де бәрінің түйіні мынаған келіп тірелді. Наполеон Бонапарт қайталанбас тарихи тұлға және ол ұрпақтар есінде мәңгі сақталады.                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған деректер тізімі

 

  1. Тарле Е.В. Наполеон. М.: Ритм 1992. 416 с.
  2. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 4.
  3. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 6.
  4. Съюард Д. Семья Наполеона. Смоленск: 1995-416 с
  5. Съюард Д. Семья Наполеона…- С.4.
  6. Мережковский Д.С. Наполеон. М.: 1993.
  7. Мережковский Д.С. Наполеон… — С.11.
  8. Манфред А.З. Наполеон Бонапарт. М.: 1987.
  9. Манфред А.З. Наполеон Бонапарт… — С.694.
  10. Мусский И.А. 100 великих диктаторов. М.: Вече 2000
  11. 100 великих битв. М.:Вече 2000
  12. Тарле Е.В. Наполоен. М.: Ритм 1992. 416 с.
  13. Манфред А.З. Наполеон Бонапарт. М.: 1987.
  14. Горбовский А. Наполеон здесь и не ночевал: Самая страшная тайна Святой Елены // Эврика – 23 февраля 2001 г – С.17
  15. Туган Д.М. Происхождение режима Наполеона І // Вопросы истории. М.: 1988. № 3- С.154
  16. Съюард Д. Наполеон и Гитлер. Смоленск: 1995
  17. Шедивы, Ярослав. Меттерних против Наполеона. М.: 1991
  18. Хрестоматия по новой истории 1640-1870. М.: 1990
  19. Манфред А.З. Наполеон Бонапарт…-С.14.
  20. Манфред А.З. Наполеон Бонапарт…-С.16.
  21. Тарле Е. В. Наполеон…С.4
  22. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 7
  23. Мусский И.А. 100 великих… — С.341
  24. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 376
  25. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 383
  26. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 384
  27. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 384.
  28. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 384.
  29. Мусский И. А. 100великих…-С.
  30. Мусский И. А. 100великих…-С.343.
  31. 100 великих битв…-С.344.
  32. 100 великих битв…-С. 278.
  33. 100 великих битв…-С. 280.
  34. 100 великих битв…-С. 315.
  35. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 206.
  36. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 156.
  37. Клаузевиц 1806 год… -С. 88-90
  38. 100 великих битв… — С.296
  39. Тюлар Наполеон, или миф о спасителе… С. 161-162.
  40. Харботл Т. Битвы мировой истории М.: 1993. –С. 174.
  41. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 164.
  42. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 194.
  43. 100 великих битв… С. 282.
  44. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 214.
  45. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 214.
  46. История Европы М.: Просвещение, 1996. –С. 280-281.
  47. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 313.
  48. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 337.
  49. Тарле Е.В. Наполеон… — С. 343.
  50. Новая история І часть. М.: 1972. – С.229.
  51. Троицкий И.А. 1812 великий год России. М.: Мысль. 1988. –С.15.
  52. Смирнов В.П. Посконин В.С. Традиции Великой французской революции в идейно-политической жизни Франции (1789-1989г.г.) М.: МГУ, 1991.
  53. Французкие короли и императоры. М.: 1997.