Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………
I-тарау Шаруашылықтың сипаттамасы, есеп саясаты және негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Шаруашылықтың технико- экономикалық сипаттамасы……….
1.2. Есеп саясаты…………………………………………………………
1.3. Негізгі құралдар туралы түсінік және
оның мәні……………………………………………………………………..
II-тарау Негізгі құралдардың есебі.
2.1. Негізгі құралдар, оларды сыныптау, бағалау
және түгендеу……………………………………………………………….
2.2. Негізгі құралдар кіріс және шығыс қозғалысының
есебі.Жөндеу есебі……………………………………………………..
2.3. Негізгі құралдардың жалдау есебі…………………………
III тарау. Негізгі құралдардың есебінің аудиті.
3.1. Негізгі құралдар есебінің аудитінің мақсаты
және міндеті………………………………………………………………….
3.2. Негізгі құралдарға аудит жүргізу тәртібі……………….
3.3. Негізгі құралдарды талдау…………………………………………
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп және аудитті нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “Бухгалтерлік есеп туралы”, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттарына барынша АҚындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілері болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз екендігін дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он төрт жыл уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.
Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субъектілері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп (дайындап, жасап) шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі
Сондықтан да шаруашылық субъектілеріндегі негізгі құралдардың есебі, аудиті және оларды тиімді пайдалану жайында осы дипломдық жұмысымда жазылған.
Негізгі құралдардың есебі және аудиті зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі. Тақырыпты зерттеудегі мақсат — негізгі құралдардың есебін және аудитін жүргізудің теориялық және практикалық мәселелерін оқып-үйрену.
Жалпы бұл дипломдық жұмысымның жоспары үш тараудан тұрады:
- бірінші тарауында, негізгі құралдардың өндіріс үрдісінде алатын орны мен мәні, практикамды өткен “АГС” АҚ-ның шаруашылық-экономикалық сипаттамасы мен есеп саясаты жайлы жазылған;
- екінші тарауында, тауарлы-материалдық қорлардың түрлерімен, олардың жіктелуімен, бағалануымен және де олардың қозғалысының есебі, қоймада және бухгалтериядағы есептері қарастырылған;
- үшінші тарауында, тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің мақсаты мен міндеттері, оларға талдау жүргізудің шаруашылық субъектісіне маңызды екендігі жайлы жазылған.
I – тарау. Шаруашылықтың сипаттамасы, есеп саясаты және негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1.Шаруашылықтың технико-экономикалық сипаттамасы.
АҚ «Алматинские газовые сети» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылып, Алматы қалалық Әділет басқармасында тіркелген. Заңды тұлғаның мемлекетік тіркеу куәлігінің № 40039 – 1910-АО (ИУ) 2001ж. 21 мамырынан, мемлекеттік класификатор туралы бойынша коды ОКПО: 39485350.
АҚ «АГС» мекен-жайы: Алматы қаласы, Төлеби көшесі, 63.
Қоғам салық төлеуші болып Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінде тіркелген.
Қоғамның жарғылық капиталы 1 000 000 теңге болып жарияланған. Номиналды құны 10 000 теңге акцияларының эмиссия көлемі 1 000 000 теңге. Эмиссия ұлттық идентификациялық номері берілген 100 қарапайым атаулы акцияларға бөлінген. Эмиссия Мемлекеттік бағалы қағаздар реестріне 01.01.2002ж енгізілген. Эмиссия акциялары толығымен орналастырыдған және төленген.
Қоғам өз қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Ол құрылтайшылармен 20.04.2001ж бекітілген.
Қоғам жүзеге асыратын негізгі қызметтерінің түрлері: Алматы қаласының тұрғындарын, кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді табиғигазбен қамтамсыз ету;
жабдықтаушылардан табиғи газды қабылдап алуды ұйымдастыру және келісім шарттарға сәйкес қаланы үздіксіз газбен қамтамасыз ету;
газ құрылғыларын, өлшеу құралдарын жөндеу және тасымалдауға байланысты басқа да қызмет түрлері;
коммерциялық қызмет;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайша келмейтін басқа да, өзге қызмет түрлері.
Ұйымның — қаржы шаруашылық қызметі кәсіпоынның өндіріс қызметінің барлық АҚтарын ашық көрсетеді, яғни талдау жүргізуге қажетті қаржылық есептіліктің барлық мәліметтері (цифрлары) бар.
Бухгалтерлік балансты талдау – бірінші талданатын қаржылық есептіліктің негізгі бөлігі.
Кірістер және шығыстар туралы есепті талдау – компания туралы, сату көлемі және таза пайда туралы мәліметтердің маңызды қайнар көзі. Бухгалтердің міндеті белгілі бір периодқа таза пайданы және кірісті анықтай білу болып табылады.
АҚ «АГС» -ң 2002,2003ж.ж «Бухгалтерлік балансы», «Кірістер және шығыстар туралы есебі», «Ақша қозғалысы туралы есебі» № 1,2,3 Қосымшаларда көрсетілген.
Қоғамның бухгалтерлік есебі Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарының талаптарына сәйкес құрылған. Қоғам өзінің есептік жазуларын жүргізеді және Типтік шоттар жоспары мен Қазақстан Республикасында қабылданған, Қоғамның Есеп саясатымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша нормативті актілер мен тәртіптеріне сай қаржылық есептілігін дайындайды. Негізгі құралдары мен материалды емес активтері, жинақталған тозуды есептемегенде, есептілікте сатып алу құнымен көрсетіледі. Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің алғашқы құнына сатып алу құны және активтерді жұмыс істеу қалпына жеткізуге дейнгі кеткен барлық шығындар кіреді. Негізгі құралдардың тозуы негізгі құралдар мен материалды емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзіміне байланысты тік сызықты әдіспен есептелінеді. 2004 жыл бойынша негізгі құралдар 92%-ға қайта бағалаудың есебінен және 8 %-ға Алматы қаласы бойынша газ құбыр жүйесіне жаңа объектілер енгізу есебінен артқан.
Тауарлы – материалды құндылықтар есепте орташа құн бойынша көрсетілген. ТМҚ – оларды пайдалану қай есепті кезеңде болса, сол есепті есепті кезеңде шығысқа шығындалады.
Дебиторлық қарыздар қаржылық есептілікте толық көлемінде көрсетілген, яғни күдікті қарыздар сомасына түзетулерсіз, себебі Қоғамда күдікті қарыздар бойынша резерв әлі құрылмады. Өткен жылмен салыстырғанда сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарыздар
- сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің жалпы қарыздары 27814 мың теңгеге артқан, соның ішінде 26061 мың теңге «АПК» АҚ-ң газын тасымалдау қызметіне кеткен.
- үй ішнде газ құрылғыларын жөндеу бойынша қызметке 1753 мың теңге кеткен
- 2002 жылмен салыстырғанда — басқа да дебиторлық қарыздардың азаюы 57775 мың теңгені құрайды. 2002 жылы басқа да қарыздардың өсуі, негізінен, есепке алынған негізгі құралдарға салынған қосымша құнға салық сомасының өсуінен болып отыр.
Ақшаның бар болуы және оның қолдануы қызмет көрсететін банк құжаттарымен көрсетіледі.
Шет ел валютасымен операциялар қызмет көрсететін банк бекіткен айырбас бағамы бойынша қазақстандық теңгемен жүргізіледі. Пайдаланылған валюталық несиелер мен пайыздарды жабу бойынша операциялар нарықтық бағам бойынша бағаланады.
Заемдық құралдар Банктік заем келісіміне отырған ААҚ Банк Каспийскийден Қоғам шотына теңге, швейцариялық франк, АҚШ доллары түрінде нақты келіп түскен ақша негізінде көрсетіледі.
Заемды пайдалану бойынша марапаттау 13,5 % мөлшерінде 184664 мың теңге 2003 жылы есепке алынған және ол кезең шығындарында көрсетілген.
Салық салу Салық Кодексінің талаптарына сай жүргізіледі.
Қысқа мерзмді кредиторлық қарыз өткен жылмен салыстырғанда 144772,5 мың теңгеге кеміген. Кему заемдық құралдарды тарту есебінен болып отыр. Қоғамның қаржылық жағдайына елеулі әсер ететін барлық кредиторлық қарыздар сомасы контрагенттермен есептесудің салыстыру актісінде көрсетіледі.
Табыс алынған немесе алынуға тиісті сату құнымен бағаланады. Газды тасымалдаудан түскен табыс Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу бойынша Агенттігінің Департаменті бекіткен тарифтер бойынша бағаланады. Сату құны сатып алушымен келісілген негізде анықталады. Сатудун түскен табыс, осы операцияларды дәлелдейтін құжаттар негізінде, тауарды тиеп жіберген уақыттан (жұмыс істеу, қызмет көрсету) бастап есептеледі. Газды тасымалдау бойынша алынған табыс тұтынушы бекіткен акт негізінде көрсетіледі.
Шығыстар құралдардың шығысталуын дәлелдейтін алғашқы құжаттар негізінде есепке алу әдісі бойынша көрсетіледі.
Газды тасымалдау қызметі бойынша нақты шығындар бекітілген тарифтердегі шығындардан артық. Шығындар сомасының артық болып кетуіне банк заемдарын пайдалану үшін кеткен марапаттау шығындары әсер еткен. Ал марапаттау бойынша шығындардың асып түсуіне валюталық эквмвалентте фиксациясымен теңге түрінде алынған заемдардың қайта бағалау нәтижесі әсер етті.
Шығын көлемі: 2002 жыл бойынша сомасы 135288 мың теңге;
2003 жыл бойынша сомасы 237,5 мың теңге.
Қызмет нәтижесінің шығынды болуына заемдық ақшаны пайдалануға байланыста шығыстар әсер етті. Ол ақшалар инвестициялық жоба бағдарламасының орындалуына бағытталған болатын. Шет ел валютасына қатысты теңге бағамының өзгеруі салдарынан заемдарды қайта бағалау және заемдарды жабу кезіндегі баға айырымынан пайда болған шығындар пайда болды.
1–кесте.2003 ж. Табыстар мен шығындар
Қызмет түрі |
Сатудан түскен табыс |
Өзіндік құны |
Таза кіріс |
Газ тасымалдау |
652173,5 |
274261 |
377912,5 |
Дайын өнімді сату |
285,5 |
23,5 |
50,5 |
Басқа да өткізулер |
37153,5 |
31226,5 |
5927 |
Барлығы |
689612,5 |
305722,5 |
383890 |
2–кесте.Кезең шығындары
Кезең шығындары түрлері
|
Сома |
Әкімшілік шығындар, барлығы: с. іш |
200210,5 |
Амортизация |
1475 |
Жал |
6559,5 |
Жөндеу |
10878 |
Еңбек ақы |
23284 |
Салықтар |
11744 |
Байланыс қызметі |
1158 |
Транспорт шығындары |
312,5 |
Кеңсе шығындары |
144291 |
Т.с.с |
|
Марапаттау, барлығы: с. іш |
184664 |
Банк несиесі бойынша марапаттау |
184664 |
Жалпы кезкң шығындары |
384876 |
3–кесте.Негізгі емес қызметтен түскен пайда (зиян)
Пайда (зиян) түрлері |
-1024 |
Негізгі құралдардың шығысынан |
|
Баға айырымынан |
1628 |
Басқа да негізгі емес қызметтен |
3974 |
Барлығы |
4578 |
1.2. Есеп саясаты
«АГС» АҚ-ң есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңға, ҚР бухгалтерлік есеп стандарттарына және өкілетті органдармен бекітілген методикалық ұсыныстарға сәйкес жасалған.
АҚ есеп саясатын құру және пайдалану барысында, ҚБЕС-30 «Қаржылық есептілікті ұсыну», Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына негіз болатын келесідей қағидаларды басшылыққа алу керек: есепке алу, қызметтің үздіксіздігі, түсініктілік, мәнділік, мағыналық, шынайылық, бейтараптылық, абайлық, аяқтылық, салыстырмалылық, кезектілік.
Бухгалтерлік есептің саясаты қаржылық есепті құру және ұсыну үшін қажет қағидаларды, негіздер мен тәртіптерді қамтиды. Қаржылық есептің мақсаты келесідей органдарға АҚ-ң қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі жайлы барлық қажетті ақпараттарды ұсыну:
- зеттеуші органдар (тұрақты және статистикалық есеп беру, салық декларациясы);
- құрылтайшыларға жедел ақпаратты ұсыну.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар Қоғам қызметінің ерекшелігін ескере отырып Типтік шоттар жоспары негізінде жасалған Қоғамның Жұмысшы шоттар жоспарының сыныптамасына сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік жазулардың тізбегі келесідей тәртіппен анықталады:
- Алғашқы құжаттар негізінде, оның мазмұнына сай жасалған операциялардың фактілері бухгалтерлік жазумен бекітіледі;
- Алғашқы құжаттардың мәліметтері операциялардың орындалуына байланысты журнал-ордерлерде, ведомостерде, бухгалтерлік есеп регистрлерінде және стандартты емес есеп регистрлерінде жинала береді.
- Есептілікте өңделген мәліметтер негізінде қаржылық есеп құрылады.
Шаруашылық операцияларды құжаттау тәртібі, құжаттар қозғалысының тізбегі, есеп аппаратының ішіндегі өңделген құжаттардың бухгалтерияға келіп түсу мерзімі, есепті кезең соңына барлық жұмыстардың аяқталуы, есептілік және құжаттардың мұрағатқа тапсырылуы – осының бәрі құжатайналымын құрайды. Бұны орындауға Қоғамның барлық жұмысшылары міндетті.
Қоғамда бухгалтерлік есепті есепті жүргізудің келесідей түрлері бар:
- Автоматтандырылған. Есептік синтетикалық және аналитикалық регистрлер мен қаржылық есептіліктерді персоналды компьютерлермен жүргізу.
- Автоматтандырылмаған, шаруашылық операциялардың орындалу уақытында алғашқы құжаттардың қағаз ақпарат тасушыларға түсуі.
Алғашқы құжаттардың мазмұны мен бухгалтерлік есеп регистрлері коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттар болып табылады. Оларды пайдалану мүмкіндігі басшының рұқсаты берілген тұлғаларда ғана бар. ҚБЕС-24 талаптарының толық, әрі әкімшілік орындалуы үшін Қоғам келесідей ішкі құжаттарды дайындайды және орындауға бекітеді:
- АҚ туралы ұсыным;
- Бухгалтерия туралы ұсыным;
- Қызмет іссапарлар туралы ұсыным;
- Өкілеттілік шығындар туралы ұсыным;
- АҚ жұмысшылары туралы қызмет тәртібі;
- Өндіріс ісі бойынша тәртіп;
- Мүліктерге түгендеу жүргізудің жалпы тәртібі мен оның нәтижесін енгізу бойынша міндеттер;
- Негізгі құралдарды, МЕА, тауарлы материалды құндылықтарды инвестицияларды, ақша құралдарын, төлем және ақша құжаттарын, қатаң есептілік бланктерін және басқа да баланстан тыс активтер мен міндеттемелердің түгендеуі бойынша тәртіптер.
Акционерлерінің қызығушылығы жағынан Қоғамның заңға сай қызметін жүргізуін тексеру ішкі аудит және аудиторлық ұйымның тексеруі арқылы жүзеге асады.
1.3. Негізгі құралдар туралы түсінік және оның мәні.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және енбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады;ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек кұралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі кұраддар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және кұрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді АҚсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі кұралдьщ есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құкығын, шаруашылык пен оперативтік басқару жүйесін аныктайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны сыныптау болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс қүралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде енбек құралдарына (машина, кұрал-жабдык, кұрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, кұрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік кұралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш і — қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі кұралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетІн заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі кұраддар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші «Жер», 122-ші «Үйлер мен ғимараттар», 123″Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш кондырғылар», І24-ші «Көлік құралдары», І25-ші «Басқа да негізгі құралдар» шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей түрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар,әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған кұрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық кұрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып белінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жок шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдыктар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік күралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді АҚсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі қүралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:
жер — субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар кұқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
үйлер —халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауғажәне материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) — электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар — күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
күш беретін машиналар мен жабдықтар — жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері,электрлік двигательдер).
жұмыс машиналары мен жабдықтар — еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар);
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);
есептеу техникасы — процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары);
басқадай машиналар мен жабдықтар — машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар);
көлік құралдары — адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал-сайман — қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік — кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект — мүліктік объекті бола алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал — мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
көп жылдық өсімдіктер қолдан егілген, көпжылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
жерді АҚсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) — ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын АҚсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту);
басқа да негізгі құралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны — негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі кұралдардың бастапқы кұны мынадай жолмен аныкталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы — актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша — сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бүзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда теленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;
үйлер меи ғимараттарды шаруашылык, әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. — құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртүтас мулік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы қүнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылыктарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;
мердігерлік әдіспен тұргызылған үйлер мен ғимараттар бойынша — объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар— өздерінің келісілген бағасы бойынша;
субъектінің өзі дайындаеан немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша — сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал-жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша — құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегеңде);
айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің — бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер де жатады. Мысалы, бір-біріне ұксас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі;
жас малдарды негізгі табынға аударған кезде — малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;
негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша — жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
жас өсімдіктер бойынша -өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
толык, төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша — олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
жерді АҚсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша — жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.
II – тарау. Негізгі құралдардың есебі.
- Негізгі құралдар, оларды сыныптау, бағалау және түгендеу.
Негізгі кұралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және кұрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді АҚсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі кұралдьщ есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құкығын, шаруашылык пен оперативтік басқару жүйесін аныктайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны сыныптау болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс қүралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде енбек құралдарына (машина, кұрал-жабдык, кұрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, кұрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік кұралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш і — қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі кұралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетІн заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі кұралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей түрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар,әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған кұрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық кұрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып белінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жок шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдыктар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік күралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді АҚсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі қүралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:
жер — субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар кұқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
үйлер —халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауғажәне материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) — электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар — күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
күш беретін машиналар мен жабдықтар — жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері,электрлік двигательдер).
жұмыс машиналары мен жабдықтар — еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар);
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);
есептеу техникасы — процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары);
басқадай машиналар мен жабдықтар — машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар);
көлік құралдары — адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал-сайман — қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік — кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект — мүліктік объекті бола алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал — мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
басқа да негізгі құралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі кұралдардың бастапқы кұны мынадай жолмен аныкталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы — актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша — сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бүзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда теленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;
үйлер меи ғимараттарды шаруашылык, әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. — құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртүтас мулік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы қүнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылыктарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;
мердігерлік әдіспен тұргызылған үйлер мен ғимараттар бойынша — объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар— өздерінің келісілген бағасы бойынша;
субъектінің өзі дайындаеан немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша — сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал-жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша — құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегеңде);
айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің — бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер де жатады. Мысалы, бір-біріне ұксас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі;
жас малдарды негізгі табынға аударған кезде — малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;
негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша — жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
жас өсімдіктер бойынша -өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
толык, төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша — олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
жерді АҚсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша — жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы кызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Ағымды құн —бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн — бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны — бірін-бірі АҚсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз АҚтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн — негізгі құралдардың бастапкы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі — бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан
экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды; - нормативтік қызмет кезеңі — бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкескәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
Негізгі құралдардың есебі 12-ші «Негізгі құралдар» бөлімшесінің мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі: 121-ші «Жер, 122-ші «Ғимараттар мен құрылғылар», 123-ші «Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер», 124-ші «Көлік құралдары», 125-ші «Басқа да негізгі құралдар».
Сонымен бірге, 126-шы «Аяқталмаған құрылыс» шотында аяқталмаған күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас малдарды өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі (ережесі) бойынша барлық шаруашылық субьектілері бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ субъектідегі негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және күтіп сақталуын бақылау мақсатында жылына бір рет мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Бухгалтерлік есептің №6 «Негізгі қорлар (құрал-жабдықтарды) есебі»- деп аталатын стандартында «Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың күтіп сақталуын бақылау мақсатында субъектілер қолданылып жүрген нормативтік, құқықтық және өзге де актілерге сәйкее негізгі құралдарды ауық-ауық түгендеп тұрады» делінген.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды түгендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды тағы басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.
Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
- негізгі кұралдарга жауапты адам қызметінен ауысқаңда;
- негізгі құралдар ұрланган, жоғалган жағдайда;
- өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жагдайларына байланысты;
- шаруашылық субъектісі бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылганда, т.б. жағдайларда.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:
- инвентарлық карточкалардың, инвентарлық кітапшалардың, инвентарлық тізімнің бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
- негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық құжаттарының бар немесе жоқтығын және олардьң жағдайын;
- жалға алынған немесе берілген, уақытша пайдалануга және сақтауга берілген немесе алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының бар немесе жоқтығын.
Егер ондай тиісті құжаттар болмаған жағдайда негізгі құралдарға жауапты адамдардан ол құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің регистрларында немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілген болса, онда ол қателіктерді анықтап құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу керек. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық номері мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы да басқа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгендеу барысында шаруашылық субъектісінің балансына бұрын есепке алынбаған сондай-ақ есеп регистрларында сипаттайтын мәліметтерді дұрыс керсетілмеген немесе тіпті керсетілмеген негізгі құралі табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып толтырылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы (түгендеу жүргізілген уақыттағы) баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады.Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, үйдің ғимараттың жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген күрделі жұмыстар (жанама салынған үй, қосымша салынған қабаттар, т.б.) түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап оларды түгендеу тізіміне енгізуі керек. Сонымен қатар комиссия бұл қосымша жұмсалған қаржының немесе қосымша шығынның есеп регистрлеріне жазылмай қалуына кінәлі адамдарды анықтауы керек.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа АҚта болатын (тасымалдау құралдары, басқа АҚқа күрделі жөндеуге жіберілген құралдар, т.б.) объектілерге басқа АҚқа жібермей тұрып, алдын ала тексеріп түгендеу тізіміне енгізу керек. Машиналар мен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгендеу тізіміне инвентарлық номері, зауыттық номері тағы басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.
Біртекес, құндары бірдей, бір уақытта шаруашылық субъектісіне келіп кіріске алынған шаруашылық құралдарының аттарымен қатар сандары да жазылады. Пайдалануға жарамайтын, жөндеуге, бұрынғы қалпына келтіруге келмейтін құралдар түгендеу тізіміне енгізілмейді. Ондай негізгі құралдарға пайдаланылған уақыты мен тозуының себептері бөлек акт жасалынады. Шаруашылық субъектісінің меншігіндегі негізгі құралдармен қатар жалға алынған негізгі құралдарына да түгендеу жүргізіледі. Бұл объектілерге түгендеу жүргізу жалға алғандағы тізімі бойынша жүргізіліп, тізімге негізгі құралдарды жалға берген субъектінің аты, жалдық мерзімі көрсетіліп жазылады. Түгендеу тізімінің бір данасы негізгі құралдарды жалға берген заңды тұлғаға, яғни негізгі құралдың иесіне жіберіледі. Шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы негізгі құралдарға түгендеу жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру ведомосын жасайды. Мұндай ведомость түгендеу барысында анықталған кәсіпорынның бухгалтерлік есеп мәліметтері мен ақпараттарына сәйкес келмейтін бұрын есепке алынбаған, яғни артық шыкқан немесе кем шыққан негізгі құралдарға жасалынады. Түгендеу жүргізу комиссиясы өз жұмысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады. Бұл шешімді шаруашылық субъектісінің басшысы бекітуі керек.
Түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте былайша жазылады: артық шыққан, яғни бұрын есепке алынбаған негізгі құралдардың кіріске алынуына 12-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті белімше шоттары дебеттелініп, 727-«Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыстар» шоты кредиттелінеді. Оларға анықталған тозу құны 12-бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 13-бас шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Түгендеу барысында жоғалған, бүлінген негізгі құралдарға жауапты (кінәлі) адам табылып және ол адам төлейтін болған жағдайда төленетін сома 333-«Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың борышы» шотының дебетіне, 12- бас шоттың тиісті бөлімше шоттарьның кредитіне жазылады.
4–кесте.Негізгі құралдардың есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы
№ |
Операциялар мазмұны |
шоттар номерлері |
||||
дебет |
кредит |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
|||
1 |
Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдар: — келісілген құнына; — тозу құнына. |
121-125 122-126 |
511 131-134 |
|||
2 |
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан сатылып алынған негізгі құралдар: — сатылып алынған құнына.
-қосылған құн салығы сомасына. |
121-125
331 |
421-424, 431, 432,441,451, 452, 671,687 421-424, 431, 432,441,451, 452, 671,687
|
|||
3 |
Аяқталған құрылысты (салынып біткен) кіріске алу |
121-125 |
126 |
|||
4 |
Заңды тұлғалар мен жеке адамдармен тегін(ақысыз, қайтарусыз) алынған негізгі құралдарды кіріске алу: — қалдық құнына, — тозу құнына. |
121-125 121-125 |
727 131-134 |
|||
5 |
Басқа да атқарушы органдардан субсидия ретінде келіп түскен негізгі құралдарды кіріске алу: — қадық құнына, — тозу құнына. |
121-125 121-125
|
726 131-134 |
|||
6 |
Құрылыс салушының құрылысқа шығарылған нақтылы шығыны, жабдықтарды сатып алуға шығарған шығыны |
126 |
421-424,441, 451,452,681, 634,202,203, 205,208, 131-134 |
|||
7 |
Негізгі табынды толтыру үшін жас малдарды, төлдерді бағу және өсіру шығындары |
126 |
421-424,431 441,451,201, 203,206,681, 652,641-643, 671,633,634, 900,920,940, т.б. |
|||
8 |
Салынған объектінің бастапқы құнына кіргізілмейтін шығындарды есептен шығару |
821 |
126 |
|||
9 |
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдарды кірісек алу: — келісілген бағасы бойынша; — есептелінген жал сомасының пайызы |
121-125 831 |
683 684 |
|||
10 |
Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бағасының өсуі |
121-125 |
541 |
|||
1
|
2 |
3 |
4
|
|||
11 |
Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бағасының кемуі |
541 |
121-125 |
|||
12 |
Негізгі құралдарды сатқанда, есептен шығарғанда, жалға бергенде, басқаға тегін бергенде тағы да басқа жағдайларда оларға есептелінген (жинақталған) тозу сомасын есептен шығару |
131-134 |
121-125 |
|||
13 |
Аяқталмаған құрылыстың істен шыққан негізгі құралдарын есептен шығару |
842 |
126 |
|||
14 |
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың келісілген мерзімінен бұрын иесіне қайтарылуы: — пайдаланылған мерзімге төленбеген есептелген жал төлемінің сомасына;
|
683 |
121-125 |
|||
15 |
Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдарды есептен шығару: — қалдық құны бойынша; — есептелген тозу сомасы бойынша; — ұзақ мерзімдегі жалға берілген негізгі құралға келісім-шарт бойынша есептелінген жал төлемі; — ұзақ мерзімдегі жалға берілген негізгі құралға келісім-шарт бойынша есептелінген пайыз (процент) сомасы. |
805(842) 131-134
334
332 |
121-125 121-125
705(722)
611 |
|||
16 |
Негізгі құралдарды сатқаннан алынған табыс |
421,431,441, 451,301,331 |
722 |
|||
17 |
Негізгі құралдарды есептен шығарғанда қайта бағалаудан пайда болған сома бөлінбеген табысқа апарылды |
541 |
561 |
|||
18 |
Негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасына: — негізгі өндірісте; — қосалқы (қосымша) өндірісте; — жалпы шаруашылыққа арналған; — әлеуметтік салада; — сатуға қызмет көрсететін салада; — күрделі құрылысқа пайдалануда. |
935 935 821 946 811 126 |
131-134 131-134 131-134 131-134 131-134 131-134 |
|||
19 |
Қайта бағалау негізінде негізгі құралдардың тозу сомасына енгізілетін түзетулер |
541 |
131-134 |
|||
20 |
Есептен шығарылған негізгі құралдар: — баланстық құнына (қалдық құнына); — бұрын есептелінген тозу сомасына; — сатылған негізгі құралдың келісілген бағасына;
— сатып алушыға фактура-шот бойынша есептелінген ҚҚС сомасы; — негізгі құралдың қайта бағаланған құнын есептен шығару. |
842
131-134 301-303
321-323
301-303 321-323
541 |
121-125
121-125
722
533
561 |
|||
21 |
Есептен шығарылған негізгі құралдарға есептелген тозу сомасын есептен шығару (ұзақ мерзімді жалды қоса) |
131-134 |
121-125 |
|||
22 |
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар иесіне қайтарылғанда оларға есептелінген тозу сомасын есептен шығару |
131-134 |
122-125 |
|||
23 |
негізгі құралдар қатарына өткізілген жас малдарды есепке алу |
125 |
126 |
|||
24 |
Көп жылдық өсімдіктерді кіріске алу |
125 |
126 |
|||
25 |
Уақытша салынған құрылысты кіріске алу |
122,125 |
126 |
|||
26 |
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп түскен, әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдар |
121-126 |
671 |
|||
27 |
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп түскен, әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдарға есептелінген қосылған құн салығы |
331 |
671 |
|||
28 |
Тәуелді, еншілес, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп кіріске алынған негізгі құралдардың қалдық құнына |
121-126 |
641-643 |
|||
29 |
Тәуелді, еншілес, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан алынған негізгі құралдарға есептелген қосылған құн салығына |
331 |
641-643 |
|||
30 |
Тексеру немесе түгендеу кезінде артық шыққан болмаса бұрын есепке алынбаған негізгі құралдарды кіріске алу: — ағымдағы құнына; — есептелген тозу сомасына. |
121-126 121-126 |
727 131-134 |
|||
31 |
Шаруашылық субъектісінің өзінде өндіріліп, кіріске алынатын негізгі құралдар: — негізгі өндірістен; — көмекші өндірістен. |
121-126 121-126 |
900 920 |
|||
32 |
Қысқа мерзімге жалға алынған негізгі құралдар |
001 |
|
|||
33 |
Қысқа мерзімге жалға алынған негізгі құралдарға есептелген жал төлемі |
937 |
686 |
|||
34 |
Қысқа мерзімге жалға алынған негізгі құралдар үшін есептелген жал төлемі төленді |
686 |
431,432,441, 452 |
|||
35 |
Тозған, бүлінген, істен шыққан негізгі құралдарды есептен шығарғанда іске жарайтын материалдарын, бөлшектерін кіріске алу |
206 |
722 |
|||
36 |
Егер бүлінген, жоғалған, ұрланған негізгі құралдар қамсыздандырылған, сақтандырылған жағдайда: — олардың қалдық сомасына; — есептелген тозу сомасына. |
651 131-134 |
121-126 121-126 |
|||
37 |
Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындар |
811,821,934, 945 |
201-208,671, 681,633,634, 441,451,452, |
|||
38 |
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жасалынған (резерв) қор |
126,811,821, 934,945 |
686 |
|||
2.2. Негізгі құралдардың кіріс және шығыс қозғалысының есебі. Жөндеу есебі.
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың көбеюі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Шаруашылық субъектілеріне негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа субъектілер мен ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі, тағы басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға шаруашылық субъектісі үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Сонымен қатар, бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- объектінің аты;
- объектіні алушы мен тапсырушы субъектілер;
- салынып біткен құрылыстың қабылданган кездегі жағдайы;
- құрылыстың салынып біткен уақыты;
- амортизациялық аударым мөлшері;
- бастапқы құны;
- басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне шаруашылық субъектісіндегі бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын құжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу нормасы, істен шығарылу себебі), тағы басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде негізгі құралдарға түгендеу жүргізіліп тұрады.
Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына тапсырылады. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті инвентарлық карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжат шаруашылық субъектісінің тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні шаруашылық субъектісінің басшысы бекітеді. Бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға және олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша кұралдардың құрамына өзіндік құны бойынша кіріске алынады. Жоғарыда айтылғандай, негізгі құралдардың өзіндік құнына оны әкелуге, құрастыруға және орнатуға кеткен шығындар да кіреді. Негізгі құралдарды кіріске алғанда шаруашылық субъектісінің бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Негізгі құралдар деп аталатын 12-шоттың тиісті бөлімше шоттары (121-жер; 122-үйлер мен ғимараттар; 123-машиналар мен жабдықтар; 124-көлік құралдары; 125- басқалары 126-аяқталмаған құрылыс) дебиттелініп, оған сәйкес:
126,431, 432, 441, 451, 452, 511, 641, 642, 643, 671, 727 және тағы басқа шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Егер шаруашылық субъектісіне келіп түскен, яғни кіріске негізгі құралдар бұрын пайдаланып және оларға тозу сомасы есептелген болса, онда олардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Дебит 122, 123, 124 және 125-шоттардың тиістісі.
Кредит 131, 132, 133 және 134-шоттарының тиістісі.
Шаруашылық субъектілері өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есептен басқа субъектілерге, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зіл-зала жағдайында бүлінгенде шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық субъектілері өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.
Негізгі құралдарды есептен шығару №6-бухгалтерлік есеп стандартында қаралған тәртіп бойынша жүргізіледі.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөңдеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығару үшін қажетті құжаттарды толтыру үшін субъекті басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:
- шаруашылық субъектісінің басшысы немесе оның орынбасары — комиссияның төрағасы ретінде;
- бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;
- негізгі құралдың сақталуына жауапты адам;
- негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;
- мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шығаратын жагдайда);
- тағы да басқа жұмысшы қызметкерлер болуы мүмкін.
Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия шаруашылық субъектісінде мынадай жұмыстар мен міндеттерді атқарады:
- есептен шыгарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, ягни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануга жарайтындыгын немесе жарамайтындығын анықтайды;
- объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалық және табиғи тозғандығы, апат болуына байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар және тағы да басқа жағдайлардан);
- негізгі құралдардың белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын ітен (есептен) шығарылу себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі тұлғаны (адамдарды) заңдарга сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөнінде ұсыныс жасайды.
- есептен шығарылатын негізгі кұралдардың іске жарайтын бөлшектерін, детальдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді;
- осы яғни есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының және де сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тиісті орындарға (қоймаларға) тапсырылуын қадагалап отырады.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» және үлгілі түрі НҚ-4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісі» толтырылады.
Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:
- объектінің салынып біткен (өндірістен шығарылған) уақыты (айы, жылы, күні);
- шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріске алынған уақыты;
- пайдалануға берілген уақыты;
- объектінің бастапқы құны (қалпына келтіру құны);
- бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептеген тозу сомасы;
- жөндеулердің жүргізілген уақыты;
- көлік құралын есентен шығарарда, сонымвн қатар көліктің жүрген жолы (км) көрсетіледі;
- негізгі құралдардың істен шығарылу себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
- аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
- сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.
Комиссия жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды есептен шығару актісін субъектінің басшысы бекітеді. Акт екі (2) дана толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғаннан алынатын іске жарайтын бөлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын, тағы да басқаларды қоймаға тапсыру үшін негіздеме болады. Негізгі құралдарды есептен шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі құралдарды бұзуға, бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, есептен шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комиссиясының бағалағаны бойынша бухгалтерлік есепке алынады.
Шаруашылық субъектісінің негізгі құралдарды сатқаннан бұзғаннан алған материалдарын сатқаннан алған сомасынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы субъектінің өзінде қалады.
Шаруашылық субъектілерінде есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 842-«Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар» шотының дебетіне, 12-«Негізгі құралдар» шотыньщ тиісті бөлімше шоттарының (121, 122, 123, 124, 125 және 126) кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған күнге дейінгі жинакталған (есептелген тозу сомасына 13-«Негізгі құралдардың тозуы» бас шотының тиісті бөлімше шоттары (131, 132, 133 және 134) дебеттелініп, 12-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.
Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны: 20-«Материалдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының (201, 202, 203, 204, 205, 206, 207 және 208) дебетіне, 722- «Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс «Дебиторлық борыштар және де бас да активтер» — деп аталатын 3-бөлім және «Ақшалай қаржылар» — деп аталатын 4-бөлім шоттары тиістілерінің дебетіне 722-«Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынған табыстар мен шыққан шығындар 571-«Жиынтық табыс (зиян)» шотына апарылады.
Басқа шаруашылық субъектілеріне, заңды тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ-1 «Қабылдау табыс ету (ақысыз) актісі» екі дана етіліп толтырылады. Оның біреуі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа шаруашылық субъектісіне немесе заңды тұлғаларға берілген негізгі құралдардың инвентарлық карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралдарды алушыға беріледі. Негізгі құралдың және оның инвентарлық карточкасының басқа субъектіге немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады. Негізгі құралдарды беруші шаруашылық субъектісі оны тегін алушыға берілген негізгі құралдардың бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат (авизо) жолдауы керек. Бұл хат,яғни авизо 4 (төрт) дана етіліп толтырылады. Негізгі алған субъектінің немесе заңды тұлғаның бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді.
Сонымен басқа шаруашылық субъектілерге, заңды тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан қабылдау-табыс ету актісімен оны алушьшың дәлелдейтін хатына (авизоға) негізделініп шығарылады.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулармен бірдей жазылады.
Негізгі құралдарды сату
- Баланстық құнға Д-т 842 122-125 — 800,0
- Бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 131-134 К-т 122-125- 200,0
- Сатып алушы ұсынған шоттың сомасына (салық шот-фактурасына сәйкес ҚҚС – сыз келісім құнына) Д-т 301 К-т 722 -1500,0
- Салық шот- фактурасы бойынша ҚҚС сомасына Д-т 301 К-т 633 -300,0
- ҚҚС- ты бюджетке төлеу Д-т 633 К-т 441 – 300,0
- Сатып алушының ұсынылған шоттағы берешекті өтеуі Д-т 441,431,451 К-т 301- 1800,0
- Жыл соңында:
а) жиынтық табысты кеміту шығындары Д-т 571 К-т 842 – 800,0
б) жиынтық табыстың өсуінен алынған кірістер Д-т 722 К-т 571 – 1500,0
Объектілердің жойылуы нәтижесінде НҚ шығарылуы
- Жойылатын объектілердің баланстық құнына Д-т 842 К-т 122-125 – 70,0
- Бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 131-134 К-т 122-125-?
- НҚ бөлшектегені үшін жұмысшыларға жалақы есептелген Д-т 842 К-т 681 – 400,0
- Еңбекпен қамту қорына аударымдар (2%) жасалды Д-т 842 К-т 652-400,0
- Әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандыруға аударымдар (30%) жасалды Д-т 842 К-т 653-6000
- Бөлшектеліп жойылатын объектіні тасымалдағаны үшін автошаруашылықтың шотын төлеуге келісім берілді Д-т 842 К-т 671-3,4
- НҚ объектілерін жоюдан алынған материалдар (металл сынықтары, қосалқы бөлшектер ) кірістелді Д-т 205,206 К-т 722-1,6
- Жыл соңында кірістер мен шығыстар жиынтық табыстың (зиянның) есебінен есептен шығарылады:
а) барлық шығыстар Д-т 571 К-т 842 – 99,8
б) кірістер Д-т 722 К-т 571 – 1,6, зиян – 98,2
- Жойылатын объектілерді қосымша бағалау сомасына Д-т 541 К-т 561
НҚ объектілерін өтеусіз беру
- Баланстық құнына Д-т 842 К-т 122-125 – 800,0
- Есептелген тозу сомасына Д-т 131-134 К-т 122-125 – 200,0
- Өтеусіз беру жөніндегі шығыстар Д-т 842 К-т 681,652,
653,671,920 – 15,0
- ҚҚС сомасына (баланстық құннан 20%) Д-т 821 К-т 633 – 160,0
- Бюджетке ҚҚС төленген Д-т 633 К-т 441 – 160,0
- Жыл соңында жылдық кірісті кемітуге есептен шығарылатын шығыстар Д-т 571 К-т 842,821 – 935,0
Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері (негізгі бөлшектері мен детальдары, кұрылымдық элементтері) негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен салыстырғанда (запас бөлшектері мен детальдары) неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Негізгі құрал-жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай (ағымды) етіп бөледі.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың объектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі деп бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына (двигателін, мостыларын, жылдамдық коропкасын) машина маркасына байланысты алдын-ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмысы жасалынады.
Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөндеуі кезінде тозған құрылымдары мен детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан объектінің пайдалану мүмкіндіктерін АҚсартатын детальдармен ауыстырылады.
Күрделі жөндеулер негізгі құралдың пайдалану мерзімін, өндіріс қуаттылығын, көлемін, жылдамдығын, болашақта оның экономикалық табыстылығын арттырса, онда ондай шығындар негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді, ал барлық қалған жағдайда ондай шығындар ағымдағы шығын ретінде танылады және ол оның бастапкы құнына әсер етпейді.
Мысалы. Кәсіпорындағы автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге құраған және оның пайдалы қызмет ету мерзімі 8 жыл болған. Бес жыл пайдаланғаннан кейін автомашинаға құны 290 000 теңге тұратын жаңа двигатель салынған, сонымен қоса 45 000 теңге тұратын оң АҚ қанаты (крылосы) ауыстырылған. Бұл жерде автомашинаның двигателі, оның бастапқы құнын өсіреді, ал 45 000 теңге тұратын крылосы ағымдағы шығын ретінде танылады.
Ағымды жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Оны негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал-жабдықтардың тозуының алдын алу үшін күні бұрын жоспарланып қойған жөндеу жұмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.
Жөндеу есебінде атқарылған (орындалған) жұмыс түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді, жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілер (автожөндеу, жөндеу-құрылыс шаруашылығын жүргізуші субъектілер) жөндейді; ал шаруашылық тәсілі бойынша жөндеу субъектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.
Мердігерлік ұйымдармен жасасқан шарт негізінде негізгі құралдардың мердігерлік тәсілмен жасалған ағымды және күрделі жөндеулері үшін субъект жөнделетін объектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жөндеу жұмыстарының еңбек ақысын төлейді. Жабдықтар мен көлік құралдарын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айырысуды объект тұтастай біткен соң жасалынады. Есеп айырысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонденциясы жасалынады.
Күрделі жөндеуден өткен негізгі құралдарды қабылдап алу «Күрделі жөндеуден өткен, қайта құрастырылған және жаңартылған негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» бойынша құжатталады. Субъектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметкерлері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілдерінің қол қойған актісі субъектінің бухгалтериясына тапсырылады. Актіге бас бухгалтер қол қояды, оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
5–кесте. Шаруашылық операциялары.
Рет-тік № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, Теңге |
Шоттардың корреспонденциясы |
|
Дебет |
Кредит |
|||
1 |
Мердігерлердің орындаған және акт бойынша қабылданған жөндеу жұмыстары бойынша жазылған шоттары келісілді: — негізгі өндіріс — көмекші өндіріс — әлеуметтік сала — ТМЗ сақтау және сату Жалпы және әкімшілік шығындарға жататындар |
160000 50000 20000 4000 40000 |
934 934 945 811 821 |
671 671 671 671 671 |
|
жиынтығы |
274000 |
— |
— |
|
ҚҚС 16% |
43840 |
331 |
671 |
|
Барлығы |
317840 |
— |
— |
2 |
Орындалған және қабылданған жұмыстар үшін мердігерлердің шоттары төленді |
317840 |
671 |
441 |
Негізгі құралдардың жөнделген объектісінің техникалық төлқұжатында күрделі жөндеуден өткен объектінің қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ техникалық төлқұжатына қайта құрастыруға және жаңартуға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу, қайта құру және жаңарту жүргізген субъектіге береді.
Шаруашылық тәсілмен негізгі құралдарды жөндеу цехтан тыс жерлерде жүргізілсе, онда (үйлерді, ғимараттарды, тұрғын үйлерді, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық құрылыстарды, сондай-ақ басқа қозғалмайтын объектілерді жөндеу) шығындар тікелей өндіріс шығындарына жатқызылады. Мұндай кезде өндіріс шығындары немесе айналым шығындары мына шоттардың (126, 934, 945, 811, 821 шоттар) дебетінде, ал оларға кеткен материалдардың есебі мына шоттардың (201-206, 208), еңбек ақысы мен әлеуметтік аударымдарына мына шоттардың (681, 634), жабдықтаушылармен, еншІлес және тәуелді кәсіпорындармен есеп айырысуына мына шоттардың (671, 641-643) кредитінде көрініс табады.
Жабдықтардың автомашиналардың, тракторлардың, мүліктердің және басқа да негізгі құралдардың объектілерін жөндеу шығындары 920-шы «Көмекші өндірістер» шотында, «Жөндеу цехы (өндіріс)» деп аталатын аралық шотында, шығын баптарының мынандай номенклатурасы бойынша есептеледі:
Материалдар — жөндеуге жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің және басқалардың құны. Материалдар өндірістік шығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.
Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу — жөндеу жұмысы үшін есептелген енбекақы сомасы.
Еңбекақыдан есептелінген аударымдар — жұмысшылардың еңбек-ақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетакымен қамтамасыз етуге арналған және басқа да қорларға аударылады (21%).
Электр энергиясы, жылу, газ, бу-жөндеу цехтарының технологиялық және басқа қажеттіліктеріне электр энергиясының, жылудың, газдың, будың шығыны;
Қосымша шығындар— жөндеу цехтарының жалпы өндірістік мақсаттағы шығындары (цехтарды басқаруға жұмсалған шығындар, цех жабдықтарының амортизациясы, оны ұстау, жөндеу және басқалар).
Жөнделетін әрбір объектіге кәсіпорынның жөндеу цехтарында көп жолды карточкасы ашылады және оларда жөндеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен кейін объектілерді акт бойынша тапсырыс берушілерге табыстайды. Бұл ретте шоттардың мынадай корреспонденциясы жасалынады:
6–кесте.Жөндеу операцияларының корреспонденциясы.
Рет- тік № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы
|
|
дебет |
кредит |
|||
1 |
Негізгі құралдарды жөндеуге босатылған материалдардың құны |
3100000 |
921 |
205,206 208
|
Жөндеумен айналысатын еңбеккерлерге жалақысын есептеу |
2200000 |
922 |
681 |
|
Есептелген жалақыдан ұсталынған әлеуметтік салық пен зейнетақы (2200000-220000(10%)*21%) |
415800 |
923 |
634 |
|
Жөндеу шығындарының жатқызылған үстеме шығыстарының үлесі |
948000 |
924 |
930 |
|
Негізгі құралды жөндеу бойынша жөндеу цехының шығыстары анықталды |
6663800 |
920 |
921-924 |
|
2 |
Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындары есептен шығарылды: — жалры және әкімшілік шығыстарына — сату (өткізу) бойынша шығыстарына (жабдықтау және өткізу бөлімшелері үшін орындалған жұмыстар) — негізгі өндіріс цехтарына — әлеуметтік салаға — тысқары кәсіпорындар мен ұйымдарға |
70000
30000
5800000 938000
240000 |
821
811
934 945
801 |
920
920
920 920
920 |
3 |
Бір мезгілде жөндеу бойынша орындалған жұмыстар үшін шоттар ұсынылады:
ҚҚС сомасына(16%) |
320000
51200 |
301
301 |
701
633 |
Кәсіпорынға қажет болған жағдайда, және жөндеуге кеткен шығынды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты тарату үшін, субъектілер резервтік қор құруына болады. Қорды құру үшін, жылдық сметалық (бюджеттік) шығыннан ай сайын қаржы аударып отырады.
Егер кәсіпорын жөндеу қорын құратын болса, онда ол ай сайын жөндеудің барлық түрі үшін осы қорға жылдық қаржының (сметаның) 1/12 мөлшерінде аударымдар жасалады. Жөндеу қорына аударымдар жасалса, онда 126, 811, 821, 934, 945 — шоттары дебеттеледі де, 686-шы «Басқадай есептелген шығыстар» шотының «Жөндеу қоры» деп аталатын аралық (субшоты) шоты кредиттеледі.
-егер жөндеу мердігерлік тәсілмен орындалған болса, 671-ші шотынан;
-егер жөндеу шаруашылық тәсілмен жөндеу цехында орындалған болса, 920-шотынан;
— егер жөндеу шаруашылық тәсілмен жөндеу цехынан тыс жерде,
жылжымайтын объектілерде (үйлер, ғимараттар және т.б.) орындалған болса, 201-206,208,641-643,671,681жәнет.б.
Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды жаппаса, онда, есептеу қағидасына сәйкес, артық жұмсалған шығындар кәсіпорынның шығындарына жатқызылады, яғни 811, 821, 934, 945 шоттарына. Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалган шығындарды толығымен жауып, артылып қалса, онда пайдаланбаған резервтер қызыл жазумен жазылады. Өйткені 686 шотында қалдық қалдырылмайды. Жөнделетін негізгі құралдардың объектісінен алынған деректердің көмегімен дер кезінде бақылау жасап тұру мақсатында, негізгі құралдардың объектісіне жөндеу жасалып жатқан кезеңінде олардың мүліктік (инвентарлық) карточкасы карточкалардың «Жөндеу» бөліміне орналастырылады.
Жөндеудің аяқталуына қарай жөндеуден қабылданған объектілердің карточкалары бұл бөлімнен картотеканың негізгі құралдар топтары бойынша тиісті бөлімдеріне ауыстырады.
Жалгер — кәсіпорын негізгі құралдарға кеткен шығындарын келісілген шарт жағдайына сай етіп көрсетеді, жөндеу жұмысының аякталуына қарай мына шоттарға есептен шығарылады:
-егер де келісім-шарт жағдайы бойынша жалға алушы кәсіпорын өз
қаражатының есебінен өтесе, онда 821 шоты дебеттеліп, 671, 920 шоттары
кредиттеледі;
-егер де келісім-шарт жағдайы бойынша бұл шығынды жалға беруші
кәсіпорын өтесе, ол кезде 334 «Баска да» шоты дебеттеліп, 671, 920 шоттары
кредиттеледі;
-егер де жалға алушы-кәсіпорын, жалға беруші кәсіпорынға алдағы кезеңдегі берешегінің есебінен өтесе, ол кезде 687 «Басқа да» шоты дебеттеліп, 671,920 шоттары кредиттеледі.
2.3. Негізгі құралдардың жалдау есебі.
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал акысының мөлшері,жалдың мерзімі;жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүліктІ қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады.
Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді.
Жалгерлік есеп №7-ші «Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.
Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Жал мерзімі — көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен рәсімделеді, сондай-ак кез келген келесі кезеңге оның акысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.
Ағымдағы жалгерлік. Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа, кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құкымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиесілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 334 «Басқа да» шоттың дебетінде және 727, 705 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса) шоттарының кредитінде көрініс табады.
Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатын болғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына 845 шоты дебеттеліп, 13 бөлімше шоттары кредиттеледі.
Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі,
Жал ақысы тиесілі өндіріс шоттарында, яғни келесі шоттардың дебетінде:
937 — егер де негізгі құралдар әлеуметтік сферада пайдаланылса;
811 — егер де негізгі құралдар тауарды сатумен байланысты болса;
821 — егер де негізгі құралдар жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін пайдаланылса, 687 шоттың кредитінде көрініс табады.
Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.
Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Егер де жал ақысы келешектегі есеп кезеңдеріне жатқызылатын болса, онда 342 «Жалға ақысы» шоты дебеттеліп және тиісті ақша қаражаттарының шоты кредиттеледі. Олардың есептік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына (9-ші бөлімдегі) немесе 8-ші бөлімдегі шоттарына ауыстырылады.
Енді біз ағымдағы жалгерлікке байланысты операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрастырамыз.
7–кесте.Жалға беруші кәсіпорында
Қатар № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы |
|
дебет |
кредит |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Ағымдағы жалгерлік келісім шарты бойынша негізгі құралдар 12 айға берілді |
500000 |
122-125 “Жалдағы негізгі құралдар”, субшоты |
122-125 “Жалдағы негізгі құралдар”, субшоты |
2 |
Жал ақысы есептелінді Ай сайын жыл бойына ҚҚС есептелінді (16%) |
3000
480 |
331
334 |
705,727,
633 |
3 |
Жалға алушыдан жал ақысы келіп (ай сайын) |
3480 |
431,441,451 |
334 |
4 |
Аванс ретінде алынған жал ақысы болашақ кезеңде беретін айлары бойынша көрсетіледі (11 айға) |
38280 |
431,441,451 |
611 |
5 |
Ай сайын есеп беру кезінде болашақ кезеңнен түсетін табыс жабылып отырады: — есептік кезеңнің табысы — есептелген ҚҚС (16%) |
3000
480 |
611
611 |
705,727
633 |
6 |
Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмысының шығындары жалға берушіге тегін берілді |
17000 |
122-125 “Жалдағы негізгі құралдар”, субшоты |
727 |
7 |
Жасалған күрделі жөндеу шығындары негізгі құралдардың қызмет ету мерзімін ұзартады және ол сомаға жал төлемі де азаяды |
17000 |
122-125 “Жалдағы негізгі құралдар”, субшоты |
687 |
Жасалған күрделі жөндеу бойынша ҚҚС сомасы да азаяды |
2720 |
331 |
687 |
|
8 |
Бір-біріне қарызы есеп жатқызылды |
19720 |
687 |
334 |
9 |
Жалға берілген негізгі құралдар бойынша амортизациясы есептелінді (бірқалыпты әдісі бойынша, ол 2500 теңге құраған) |
2500 |
845 |
131-134 |
10 |
Жал мерзімі біткен соң, негізгі құрал өз иесіне қайтарылды: — объектінің қызмет ету мерзімі ұзартылған, яғни күрделі жөндеуден өткен негізгі құрал ретінде
|
517000 |
122-125 “Меншігіндегі негізгі құралдар”, субшоты
|
122-125 “Жалдағы негізгі құралдар”, субшоты |
— күрделі жөндеуден өтпеген негізгі құрал ретінде |
500000 |
122-125 “Меншігіндегі негізгі құралдар”, субшоты
|
122-125 “Жалдағы негізгі құралдар”, субшоты |
8–кесте.Жалға алушы кәсіпорында
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Негізгі құралдар ағымдағы жалға қабылданды |
50000 |
001, “Жалдағы негізгі құралдар”, субшоты |
— |
2 |
Жал ақысыесептелінді (36000/12) |
3000 |
937,947, 811,821 |
687 |
Сонымен бір мезгілде ҚҚС-ғы да есептелінді (шот-фактурада көрсетілген сомасы бойынша) |
480 |
331 |
687 |
|
3 |
Жал ақысы жалға берушіге төленді |
3480 |
687 |
431,441, 451 |
4 |
Төленетін жал ақысы болашақ кезеңдердің шығысына жатқызылды (11 айға) |
38280 |
342 |
431,441, 451 |
5 |
Жал ақысы есептік кезеңдері жеткеннен кейін есептік кезеңнің шығыстарына жатқызылды |
3000 |
937,947, 811,821 |
342 |
Сонымен бір мезгілде ҚҚС-ғы да есептелінді |
480 |
331 |
342 |
|
6 |
Жалға алынған негізгі құралдарға мердігерлер жөндеу жұмысын жүргізді |
2000 |
821 |
671 |
7 |
ҚҚС-ның сомасына (шот-фактурада көрсетілген сомасы бойынша ) |
320 |
331 |
671 |
8 |
Жөндеу бойынша көрсеткен қызмет ақысын мердігерлерге төледі |
2320 |
671 |
431,441, 451 |
9 |
Мердігерлердің күшімен негізгі құралға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген |
17000 |
821 |
671 |
10 |
ҚҚС-ның сомасы (16%), мердігерлердің ұсынған шот- фактурасы бойынша |
2720 |
331 |
671 |
11 |
Күрделі жөндеу жұмысы бойынша мердігерлердің шоттары төленді |
19720 |
671 |
431,441, 451 |
12 |
Жүргізілген күрделі жұмыстар жал берушіге тегін берген жағдайда, есептелген ҚҚС-ның сомасы (17000*16%=2720) |
2720 |
821 |
633 |
13 |
Жалға алушы өзінің жүргізген күрделі жөндеу жұмысы бойынша жұмсалған шығындарына жалға берушінің жал төлемін азайту үшін шотын ұсынды |
17000 |
334 |
727 |
14 |
ҚҚС-ғы есептелінді (16%) |
2720 |
334 |
633 |
15 |
Бір-бірінің арасында пайда болған қарыздар есепке жатқызылды |
19720 |
687 |
334 |
16 |
Жал мерзімі біткеннен кейін негізгі құрал өз иесіне қайтарылды |
500000 |
— |
001 |
Қаржыландырылатын жалгерлік. Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.
Қаржыландырылатын жал — мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Бұл кезде жалға алушы алынған мүліктерді өз балансында көрсетеді. Ал жалгерлік кезеңдегі құқықтың өзі берілуі немесе берілмеуі мүмкін.
Жалға алушының қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: қаржыландырылатын жалгерлікке алынған мүліктің жалпы құны; мүлікті жалға алу бойынша ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер; қаржыландырылатын жалгерлік және мерзімі бір жылдан артық біртұтас (кері қайтарымсыз) ағымдағы жалгерлік кезіндегі ең төмен жалгерлік төлемдер (төлемдердің жүзеге асырылу мерзімі мен сомалары қысқаша формада көрсетілуі тиіс) бойынша міндеттемелер; жалгерлікті немесе мүлікті сатып алу уақытын ұзартуды тандау құқығы, келісім-шарттардан туындайтын күтпеген жалгерлік төлемдер және басқа да күтпеген жағдайлар.
Жалға берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: қаржыландырылатын жалгерлікке жалпы капитал салымы (ақша қаражатын жұмсау); жалға берілген мүліктен түскен пайдаланбаған табыс; активтердің құны, сондай-ақ осыған байланысты есепті кезең ішіндегі активтердін түрлері бойынша жинақталып қалған амортизациялық аударымдар.
Жалға берілген мүліктің пайдалану құқының басым бөлігі мынадай жағдайда берілуі мүмкін:
-жалға алынған мүлікті тұрақталған (тіркелген) бағасы бойынша немесе жал соңында анықталған бағасы бойынша жалға алушының сатып алу құқығы бар болса;
-егер де жалға берілген мүліктің пайдалану қызметінің мерзімі 80%-ке жетсе;
-егер де негізгі құралдың жал мерзімі біткен кезде бастапкы құны оның 20%- тін ғана құраса;
-бүкіл жал кезеңінде оның дисконтталған құны төленетін жал ақысының 90% құраса;
— жал мерзімі біткен соң жалға алушы жалға берушіден негізгі құрал объектісін сатып алуға немесе алмауға құқы бар болса.
Қаржыландырылатын жал мерзімінің ішінде жалға берілген мүлік баланста бір ғана баға бойынша көрініс табады.
Жал төлемі екі төлемнен тұрады: қаржыландырудан (яғни, пайыз бойынша төленетін шығысынан) және жалгерлік міндеттемесінен, демек объектінің баланстық құнын азайтатын төлемнен (негізгі міндеттемесін өтеуден).
Жалгерлік төлем: ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн бойынша (активті пайдаланғаны үшін төленетін пайызын ескере отырып) есептелінуі мүмкін.
Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде жал акысының өте аз (минималды) деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады.
Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі акша ағынының болашақтағы құнын анықтайтын арнайы кестесінен алынып анықталады және ол келесідей формула бойынша есептелінеді:
FV=PV(1+r)n
Мұндағы, ҒV — n жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы құны; РV — есептеу кезінде салынған сомасы; г — пайыздық мөлшерлемесі ; n — есептеу кезеңіне алынған жылдар саны.
Жалға алушының қарыз капиталына өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлеме — бұл пайыз мөлшерлемесі, оны осы тәріздес жал үшін жалға алушы төлейді ; немесе бұл мөлшерлемені жалға алушы жал басында басшылыққа алады.
Жалгерлік мерзімінің барысында келісім-шартқа сәйкес жалға берушіге минималды жал ақысын төлейді.
Минималды жал ақысы — бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімінің барысында, жалға алушы жүзеге асырады (керсетілген қызмет құны мен салық сомасы шегеріледі. негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек).
Қаржыландырылатын жал жағдайында қабылданған жалгерлік актив, 12 бөлімшенің тиесілі шоттарының дебеті бойынша және 683 «Жалгерлік міңдеттемесі» шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Жалгерлікке берілген активтер үшін төленетін пайыздар сомасына 831 «Пайыздар бойынша шығыстар» шоты дебеттеліп және 684 «Төленуі тиіс пайыздар» шоты кредиттеледі. Ал олар өтелген кезде 684 шоты дебеттеледі де, ақша қаражаттарының 42, 43, 44, 45 шоттар белімшесі кредиттеледі.
Қаржыландырылатын жалдың жағдайы бойынша жалға алушы жалға алынған активтердің тозуын есептеуді жүзеге асырады.
Активтердің пайдалану аясына байланысты мына шоттар дебеттеледі:
935 — егер де негізгі құралдар мен материалдық емес активтер өндіріс аясында пайдаланылса;
946 — егер де негізгі құралдар мен материалдық емес активтер әлеуметтік аясында пайдаланылса;
811 — егер де негізгі құрал тауарды (жұмысты, қызметті) сату процесімен байланысты болса;
821 — егер де негізгі құрал жалпы шаруашылык қажеттілігіне арналған болса 13 бөлімше шоттары кредиттеледі.
Жал мерзімінің барысында жалға алушы жалға алынған активтерді мерзімінен бұрын сатып алуына болады. Ол кезде ақша қаражаттарының шоттары кредиттеліп, 683 шоты дебеттеледі. Бұл кезде 683 шоты 12 белімше шоттарының тиісті аналитикалық шоттарымен жабылады. Қаржыландырылатын жал бойынша операцияларды есепке алу үшін жалға беруші мынадай синтетикалық шоттарды пайдаланады:
-334 «Басқа да» шоты, «Түсетін жал міндеттемесі» субшоты;
-332 «Есептелген пайыздар»;
-724 «Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыстар»
«Қаржыландырылатын жал келісім-шарты бойынша пайыздары» субшоты.
Жалға берілген мүліктің құны есепке түсетін жал міндеттемесі ретінде дисконтталған құн бойынша көрініс табады, яғни активті пайдаланғаны үшін төленетін пайыз сомасы қоса есептелінеді. Қаржыландырылатын жал бойынша төлем жалға беруші инвестицияланған капиталдың қайтарылғаны ретінде қарастырады және табыс алған болып есептелінеді. Ал минималды жал төлемі жалға салған күрделі салымдарынан түскен табыс ретінде танылады. Әрекет етіп тұрған негізгі құралды қаржыландырылған жалға берген кезде 805 шоты — активтің қалдык құнына дебеттеледі; сол берілген активтің жинақталған тозу сомасына 13 бөлімшенің шоттары дебеттеліп, 12- бөлімшенің шоттары кредиттеледі. Ал келісім шартта қаралған (ескертілген) активтің құны 334 дебетінде және 705 кредитінде көрініс табады.
Болашақта алынатын жал пайызына 332 дебеттеліп және 611 шоты кредиттеледі. Егер сол сомасы алынса, онда 611 шоты дебеттеліп және 724 шоты кредиттеледі.
Егер де жалға алушы жалға берілген активті өз мерзімінен бұрын сатып алса, онда одан алдағы кезеңдерде түсетін табысты жалға беруші қызыл жазумен жазады, ол кезде 332 дебеттеліп, 611 шоты кредиттеледі.
Мысал. Жал төлемінің аз (минималды) дисконтталған құнын есептеу үшін қарастырылған пайыздың малшерлемесін қолдану арқылы қаржыландырылған жал операцияларын көрсету жолын қарастырып көрейік. Шаруашылық жүргізуші субъектілер құрал-жабдықты жалға беру үшін, өзара мынадай жағдайлар бойынша келісім-шартқа отырды делік, онда: құрал-жабдық бес жылға берілетін болып шешілді; жал төлемі әр жылдың соңында төленетін болды; құрал-жабдықтың ағымдағы құны, яғни жалға бергенге дейінгі құны 220000 теңге,ал бастапқы құны 230000 теңге; жинақталған тозу сомасы 10000 теңге; жал берушінің қойған пайыздық мөлшерлемесі 8%; жал мерзімінің соңында оның дисконтталған құны 250000 теңге құрайды деп болжаған, демек құрал-жабдыктың кепілденбеген сомасы 20000 теңге құраған; жал мерзімі біткен соң құрал-жабдық иесіне қайтарылатын болып келісілген; есептік саясатта оның тозуы бірқалыпты әдіс бойынша есептелінетін болып қарастырылған.
Енді осы келісілген екі тараптың жағдайы бойынша жал төлемінін сомасын есептеп көрейік.
9 – кесте.Жал төлемін есептеу
Кезең |
Өтелмеген жалгерлік міндеттемелер |
Минималды жалгерлік төлемі |
Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі бойынша марапаттау сомасы (8%) |
Жалгерлік міндеттемені өтеу үшін жасалатын төлем |
Амортизацияны есептеу |
1- жыл |
200000 |
50000 |
16000 |
34000 |
40000 |
2- жыл |
166000 |
50000 |
13280 |
36720 |
40000 |
3-жыл |
129280 |
50000 |
10342 |
39658 |
40000 |
4-жыл |
89622 |
50000 |
7170 |
42830 |
40000 |
5- жыл |
46792 |
50000 |
3208 |
46792 |
40000 |
Жиыны |
|
250000 |
50000 |
200000 |
200000 |
10 – кесте. Шаруашылық операциялары.
Қатар № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы |
|
дебет |
Кредит |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Құрал- жабдық 5 жылға жалға берілді: — бұрындары есептелген тозу сомасына — баланстық құнына — келісілген құнына, яғни келісім шартта көрсетілген құнына — ҚҚС-ның сомасына |
1000
220000
220000
35220 |
132
805
334
334 |
123
123
705
633 |
2 |
Жалды тұтастай алғанда, сол кезеңі ішінде төленуі тиіс марапаттау сомасына |
50000 |
332 |
631 |
3 |
Жалға алынған актив құнының бір бөлігі жалға төленетінін өтеу үшін келіп түскен жал төлемі және ҚҚС-да: 1 жыл — құнды өтеу — ҚҚС 2 жыл — құнды өтеу — ҚҚС 3 жыл -құнды өтеу -ҚҚС 4 жыл -құнды өтеу -ҚҚС 5 жыл -құнды өтеу -ҚҚС
|
34000 5440
36720 5875
39658 6345
42830 6853
46792 7487 |
441,431,451 441,431,451
441,431,451 441,431,451
441,431,451 441,431,451
441,431,451 441,431,451
441,431,451 441,431,451 |
334 334
334 334
334 334
334 334
334 334 |
Жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Түскен жал төлемінің жиынтығы |
232000 |
— |
— |
4 |
Жал төлемінің түсуіне қарамастан, әрбір есептік кезеңде жал пайызы табыс ретінде есептелінеді: — 1 жыл — 2 жыл — 3 жыл — 4 жыл — 5 жыл |
16000 13280 10342 7170 3208 |
611 611 611 611 611 |
724 724 724 724 724 |
Есептелген табыс жиынтығы |
50000 |
|
|
|
5 |
Жал пайызының бір бөлігі ретінде келіп түскен жал ақысы: — 1 жыл — 2 жыл — 3 жыл — 4 жыл -5 жыл
|
16000 13280 10342 7170 3208
|
441,431,451 441,431,451 441,431,451 441,431,451 441,431,451 |
332 332 332 332 332 |
6 |
Жал мерзімінің соңында құрал жабдықты жалға берушіге қайтарды: — есептелген амортизация сомасына — кепілденбеген қалдық құнының сомасына — жал алушының шот- фактурасы бойынша есептелген ҚҚС-ның сомасына |
200000
20000
3200 |
123
123
331 |
132
334
334 |
11 – кесте. Шаруашылық операциялары.
Қатар № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы |
|
дебет |
кредит |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Құрал жабдықты бес жылға жалға алынды: — құрал жабдықтың келісілген құнына — ҚҚС-ның сомасы |
220000
35200 |
123 ”Жалға алынған негізгі құралдар” субшоты 331 |
683
683 |
2 |
Жал жөніндегі келісім шарт бойынша есептелген жал пайызы: — 1 жыл — 2 жыл — 3 жыл — 4 жыл -5 жыл |
16000 13280 10342 7170 3208 |
831 831 831 831 831 |
684 684 684 684 684 |
3 |
Жалға алынған құрал жабдықтың құнының бір бөлігін өтеу үшін жал төлемі жал берушіге төленді және ҚҚС-да: — 1 жыл — 2 жыл — 3 жыл — 4жыл — 5жыл |
39440 42595 46003 49683 54279
|
683 683 683 683 683 |
431,441,451 431,441,451 431,441,451 431,441,451
|
Аударылған соманың жиынтығы |
232000
|
— |
— |
|
4 |
Марапаттаудың бір бөлігін өтеу үшін (жал пайызы үшін) жал аударылды: — 1 жыл — 2 жыл — 3 жыл — 4 жыл — 5 жыл |
16000 13280 10342 7170 3208 |
684 684 684 684 684 |
431,441,451 431,441,451 431,441,451 431,441,451 431,441,451 |
Аударылған соманың жиынтығы |
50000 |
|
|
|
5 |
Жалға алынған құрал жабдық бойынша оның тұтас кезеңіне есептелген амортизация сомасы |
20000 |
811,821, 935,946 |
132 ”Жалға алынған негізгі құралдар” субшоты
|
6 |
Құрал жабдық иесіне қайтарылды: — есептелген амортизация сомасы
— кепілденбеген қалдық құнының сомасына — ҚҚС сомасына |
200000
20000
3200 |
132 ”Жалға алынған негізгі құралдар” субшоты
683
683 |
123 ”Жалға алынған негізгі құралдар” субшоты
633 |
Қаржылық лизингісі. Қаржылық лизинг — бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне АҚын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
-лизинг беруші (жалға беруші);
-лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады.
Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг — бұл инвестициялық қызметтің бір түрі;онда:
-лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім-шарты
бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі
бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайна және кәсіпкерлік мақсаты
үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг
алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс:
-лизинг алушы келісім-шартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісім-шарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:
— қайтарылатын лизинг — лизингтің бір түрі, онда сатушы осы бұйымды
(нәрсені) кері қайтарып ала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде
сатады;
-банкі лизингі — лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;
-толық лизинг — лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу
және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет көрсету жұмысын
атқарады;
-таза лтинг — лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазакстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісім-шартымен, сатып алу-сату келісім-шартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісім-шарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды: келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы;лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісім-шарттың әрекет ету мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг нәрсесін суреттеу (сипаттау); лизинг нәрсесін ұстау мен жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі АҚтың біріне жүктеу; лизинг келісім-шарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетгі түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг-алушының алдында сатып алу-сату келісім-шарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінін шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да, лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы, ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.
Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісті пайдаланады: не өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.
Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.
Енді біз бір мысал келтіріп көрейік. Бұл мысалдың шарты бойынша негізгі құрал лизинг алушының балансына берілген. Бұл жағдайда мынадай шоттар корреспонденциясы жасалады:
12 – кесте. Лизинг берушідегі операциялардың көрінісі
Қатар № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы |
|
дебет |
кредит |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Негізгі құрал лизингіге берілді: — құрал жабдықтың баланстық құнына — берілген лизинг мүлігінің келісім шарттық құнына — ҚҚС-ның сомасына |
700000
900000
144000 |
842
334,301
334,301 |
121-125
722
633 |
2 |
Лизингіге берілген негізгі құралдардың құнымен жалпы лизингтік төлем сомасының арасындағы айырмасы болашақ кезеңнің табысы ретінде көрсетілген |
300000 |
301,334 |
611 |
3 |
Лизингтік қызметтен марапаттау мөлшерінде алынған табыс ағымдағы кезеңге жатқызылып көрсетіледі |
300000 |
611 |
705 |
4 |
Лизинг алушының лизинг бойынша алған міндеттемесі төленді |
1344000 |
441,451 |
301,334 |
13 – кесте. Лизинг алушыдағы операциялардың көрінісі
5 |
Лизинг ретінде алынған негізгі құрал кірістелді: — алынған мүліктің келісім шарттағы құны бойынша — ҚҚС-ның сомасына |
900000 144000 |
121-125 331 |
683 683 |
6 |
Лизинг ретінде алынған мүлік үшін марапаттау есептелінді |
300000 |
831 |
684 |
7 |
Лизинг берушіге берген міндеттемесі төленді |
1344000 |
683,684 |
441,451 |
8 |
Лизинг ретінде қабылданған негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінді |
108000 |
935,946, 811,821 |
131,134 |
III – тарау. Негізгі құралдар есебінің аудиті.
3.1. Негізгі құралдар есебінің аудитінің мақсаты, міндеті.
Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін еңбек құралдары болуы керек, олар бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп аталатын жекеше бөлімде есептеледі.
Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің программасына қосылған сұрақтары өте кең, бірақ олар келесі соманы білдіруі мүмкін: баланста негізгі құралдарды дұрыс көрсете білу; негізгі құралдардың бар екендігі мен сақталуы; негізгі құралдардың классификацияларының дұрыстығын тексеру; қайта бағаланған негізгі құралдардың дұрыс бағаланғанын тексеру; негізгі құралдардың қабылдап алу операциясының есебінде көрсетілуі; негізгі құралдардың жөнделуі; жалға алынған және берілген негізгі құралдар опрерацияларының есебінде көрсетілуі; өндірістің салық құқығына сәйкес негізгі құралдарды сатып алу және сатылуымен байланысатын операцияларын жүзеге асыру; негізгі құралдардың техникалық жағдайына анализ жасау.
Осы және басқа да сұрақтар аудиттің мақсаты болуы тиіс.
Негізгі құралдардың аудитін неден бастау керек ?
Аудиторге, біздің ойымызша, өндіріске келген жағдайда келесісін анықтау тиіс: өндірістің есеп саясатымен негізгі құралдарды есептеуін ұйымдастыру бөлімінде, оның алдыңғы периодпен салыстырғандағы өзгерістерімен танысуы қажет: соңғы негізгі құралдардың түгендеу уақытын және оның нәтижелерін білуі тиіс: негізгі құралдарды соңғы қайта бағалауындағы мәліметтермен танысуы тиіс: негізгі құралдарды жалға алудың келісім шарттарымен жеке және шаруашылық тұлғаларымен танысу: бухгалтериядағы негізгі құралдар картотекасын және инвентарлық тізімге сәйкес олардың белгілі материалдарға жауап беретін адамның қолдануын жүргізуіне көз жеткізуі тиіс.
Негізгі құралдардың қолдану жерінде сақталуына жауап беретін тұлғалар туралы және жұмыстан шыққан материады жауапты тұлғалар туралы мәлімет жинауы; бухгалтериядағы жүріп жатқан нормативтік құжаттармен негізгі құралдардың есебін жүргізу тәртібін анықтайтын, негізгі құралдарды есептеудің алғашқы құжаттарының үлгілеріне қамтамасызданғанын анықтауы қакжет.
Осы жол арқылы ақпаратты жинауы тексерудің басында аудиторге негізгі құралдарды есептеудің ұйымдастырылуы туралы жалпы көрініс береді және тексеру кезінде маңызды көңіл бөлетін сұрақтарды анықтауға көмектеседі.
Аудитордың басты міндеті болып негізгі құралдардың орнында екеніне бақылау болып тұрғанын тексеру. Ол үшін өндіріс басшысының бұйрығымен негізгі құралдардың сақталуына материалдық жауапты тұлғаларды бекітуін; сол тұлғалармен материалдық жауап беру туралы келісім шартқа отыруын;
Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді, Оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге міндетті. Ол үшін: шаруашылықтың басшылығының бұйрығымен негізгі құралдардың сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның тағайындалғандығын; тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жасалғандығын; негізгі құралдардың сақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінің дұрыс құжатталғандығын және оны қарау мерзімінің сақталғандығын; негізгі құралдардың кем шығу, жоғалған, бүлінген фактілер орын алған жағдайда кінәлі тұлғаларына қандай әкімшілік шаралары қолданылғандығын анықтауға міндетті.
Аудитор жоғарыда аталған басты міндеттерді тиянақты орындау үшін негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламаларын жасауға тиісті. Бағдарламада тексерілетін мәселелер, жоспарланған аудиттің іс-әрекеттері, ақпарат көздері және тексеру мерзімі анықталуы тиіс.
3.2.Негізгі құралдарға аудит жүргізу тәртібі.
Негізгі құралдар дегеніміз — материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.
Негізгі құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктерінен оның аудитінің мақсаты туындайды. Яғни аудитінің мақсаты — негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табы-лады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.
Негізгі құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:
— негізгі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;
— еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндіріс үрдісіне қатысу сипаты бойынша топталғандығын;
— есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;
— есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс көрсетіліп құжатталғандығын;
— есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп құжатталғандығын;
— негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;
— бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.
Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді, Оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге міндетті. Ол үшін: шаруашылықтың басшылығының бұйрығымен негізгі құралдардың сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның тағайындалғандығын; тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жасалғандығын; негізгі құралдардың сақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінің дұрыс құжатталғандығын және оны қарау мерзімінің сақталғандығын; негізгі құралдардың кем шығу, жоғалған, бүлінген фактілер орын алған жағдайда кінәлі тұлғаларына қандай әкімшілік шаралары қолданылғандығын анықтауға міндетті.
Аудитор жоғарыда аталған басты міндеттерді тиянақты орындау үшін негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламаларын жасауға тиісті. Бағдарламада тексерілетін мәселелер, жоспарланған аудиттің іс-әрекеттері, ақпарат көздері және тексеру мерзімі анықталуы тиіс. Отандық және шетелдік авторлардың жасаған бағдарламаларына сүйене отырып, негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтиды:
— баланстың көрсеткіштерінің, бас кітап, есеп регистрларындағы және машинажазбалардағы мәліметтермен сәйкестігін тексеруді;
— негізгі құралдардың аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;
— негізгі құралдарды сақтау, пайдалану орындарындағы нақтылығын және оларға бақылаудың қамтамасыз етілгендігін тексеруді;
— негізгі құралдардың ішкі және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;
— негізгі құралдардың дұрыс топталып сыныпталғандығын тексеруді;
— негізгі құралдарды бағалау және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;
— негізгі құралдарды кіріске алу және шығыс жасау операцияларының дұрыстығын тексеруді;
— негізгі құралдарға тозу есептеу және амортизациялану операцияларының дұрыстығын тексеруді;
— негізгі құралдарды жөндеуге (күрделі ағымдағы) жүмсалған шығындардың негізділігін және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетіліп таратылғандығын тексеруді;
— негізгі құралдардың техникалық жағдайын және олардың тиімді пайдалануын тексеруді;
— негізгі құралдарды сақтандыру және оларға салық есептеу операцияларының дұрыстығын тексеруді.
Негізгі құралдарды, аудитордың бағдарлама көрсетіп отырғандай, алдымен олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін тексеру үшін 12 «Негізгі құралдар», 13 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшелерінің құрамына енген синтетикалық шоттарындағы қалдықтарының Бас кітаптағы басқа есеп регистр-ларындағы, машинажазбалардағы көрсетілген мәліметгермен және аналитикалық есеп шоттарындағы көрсеткіштерінің қосындысының жиынтығы синтетикалық есеп шоттарындағы мәліметтерімен сәйкестігін анықтау қажет. Олардың есепті кезендегі бастапқы және соңғы қалдықтары айлық айналым-дары сәйкес келуі керек. Мәліметтерінде ауытқулар кездескен жағдайда, себебін анықтау үшін субъектіге негізгі құралдарға түгендеу жүргізуді ұсыну керек.
Аудитордың тексеру бағдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталаған. Аудитор бағдарламада құралған әрбір тармақтардың ауқымын кеңейтіп, қаралатын мөселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың ұйымдастырылу дөрежесін тексеру үшін өзінің іс-тәжірибесіне сүйене отырып тест жасауы қажет. Тестің мақсаты шаруашылықтың басшыларынан, мамандарынан және басқа да мүдделі АҚтарынан қойылған сұрақтарға анық түсінікті жауап алу үшін сауатты және түсінікті жасалуы тиіс. Тест жүйесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы қажетті ақпараттар алу үшін өте тиімді әдіс қана емес, сонымен қатар шаруашылықтың басшысының және мамандарының қаншалықты хабарлылығын анықтауға мүмкіндік беретін бірден-бір құнды материал болып табылады. Оған дәлел — аудитор аудиторлық тексеру бағдарла-масында және бақылау парақтарында (беттерінде) келтірілген аудиттің іс-әрекетінің дәйектілігін сақтай отырып талдап, бухгалтерлік есеп және қорытындылар қаржылық есеп мәліметтерінің тест жүргізудің нөтижесінде алынған жауаптардың дұрыстығын анықтап, ішкі бақылау жүйесіне баға беру болып табылады.
Аудитор негізгі құралдар нысандарының топталып сыныпталуын тексерген кезде кейбір мәселелерді анықтап көз жеткізуге міндетті:
— негізгі құралдарды кіріске алу есеп акт ісіне тіркелетін техникалық құжаттарының сақталғандығына, олардың сақталу тәртібіне және кімдердің жауап беретіндігіне;
— негізгі құралдар нысандарының толық мінездемесі жазылған мүліктік есеп карточкаларының сақталғандығына;
— негізгі құралдар нысандары сәйкес белгілеріне қарай кіріске алынып, техникалық құжаттары мен мүліктік карточкаларының негізінде топтаудың жүзеге асырылғандығына.
Аудитордың басты мақсаты — негізгі құралдар нысандарының пайдалану мақсатына, сипатына, заттық нысанына, меншіктік қатынасына, болмыстық құрамдарына қарай дұрыс топталып сыныпталғандығын анықтау болып табылады. Егер бұлардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ:
- Өндіріске пайдалану мақсаты бойынша негізгі құралдар екі топқа бөлінеді:
а) өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар;
б) өндірістік емес мақсаттағы негізгі құралдар. Өз кезеңінде өндірістік мақсаттағы негізгі кұралдар пайдалану бағыттарына қарай шаруашылықтың салаларына бөлінеді.
- Заттық нысанына қарай негізгі құралдар бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында көрсетілген тәртіп бойынша топталады.
- Меншіктік қатынасына қарай меншіктегі және жалдағы болып бөлінеді.
- Пайдалану сипатына қарай да пайдаланудағы, пайдалануда жоқ (нақты қолда бар, пайдаланылмай доғаруға қойылған негізгі құралдар) және резервтегі негізгі құралдар болып үш топқа бөлінеді.
- Болмыстық құрамдарына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып екі топқа бөлінеді.
Болмыстық күйінде ұстап, көзбен көріп, санауға болатын негізгі құралдарды мүліктік топқа жатқызады (үйлер, ғимараттар, машиналар т.с.с.). Ал заттық нысаны жоқ санауға келмейтін күрделі шығындарды мүліктік емес топқа жатқызады (жерді тегістеу, алқаптарды түбіртектерден, тастардан тазалау, эрозияға қарсы жерді гипстеу, әктеу т.с.с. шығындар).
Аудитор негізгі құралдардың топталып, сыныпталу тәртібіне сәйкестігімен танысқаннан кейін, олардың бағалану тәртібіне назар аударуы тиіс. Аудитор негізгі құралдардың бағалануын тексеруді жүзеге асырып, табысты аяқтау үшін мына мәселеге мұқият назар аударып анықтап алуға тиіс:
— негізгі құралдар нысандарының кіріске алынған сәтінде келіп түсу көздеріне қарай дұрыс бағаланғандығын;
— жеке тұлғалардан сатып алынған құралдардың қүны көрсетіліп, екі АҚты шарт жасалғандығын;
— құрылтайшыларының шаруашылықтың жарғылық капиталына қосқан үлестері, кіріске алынып, келісім бағасына жасалған хаттамасын жөне сараптау жолымен бағалау жүргізу төртібінің сақталғандығын;
— негізгі құралдар нысандарын ұзақ мерзімге жалға (сатып алу құқығы берілген) алған кезде, жалға беруге және алуға жасалған шартта нысанның құны көрсетілгендігін;
— негізгі құралдар нысандарының бастапқы (ағымдағы) құнына, жәй күйіне әсер ететіндей қосымша салымдардың нәтижесін, ішінара жою немесе қайта құрастырудың салдарынан нысанның пайдалы қызмет ету мерзімінің ұзартылғандығын немесе қысқарғандығын;
— негізгі құралдар нысандарының нарықтық құны туралы арнайы мамандандырылған ұйымдардың растаған сараптама қорытындысы жазылған құжаттарын;
— негізгі құралдар нысандарын дайындап шығаруды және сатушы ұйымдардағы тауардың бағасы туралы және баға туралы арнайы басылымдарда жарияланған анықтама материалдарының бар екендігін.
Материалдық активтерді сатып алған кезде, есепке алғанда, олардың пайдалану мақсатын анықтаудың маңызы зор. Өйткені олардың пайдалану максатына қарай кіріске алған кезде олар негізгі құралдар, тауар материалдық қорлар немесе қаржы инвестициялар құрамында көрсетілуі ықтимал.
Мысалы: Шаруашылықтың қызметіндегі қажеттігі бойынша пайдалану мақсатында сатып алынған комбайн негізгі құралдар құрамында көрсетілсе, ал егер оны әрі қарай сатып табыс табу көзделген жағдайда комбайнды тауарлардың құрамында көрсетеді. Шаруашылықтың өзі пайдалану үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында сатып алған жер учаскілері мен ғимараттар қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі.
Сондықтан негізгі құралдарды кіріске есепке алған кезде, олардың пайдалану мақсатына қарай бағалаудың маңызы зор.
Шаруашылықтың балансында көрсетілген негізгі құралдар кіріске есепке алынған сәтінен бастап, олардың тұрақты пайдалануда болғанын көрсетпейді. Өйткені негізгі құралдар резерв ретінде қоймада белгілі тәртіппен сақтаулы тұруы немесе жалға берілуі мүмкін.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бастапқы құны бойынша, есепке алу сәтінде көрсетіліп, оған негізгі құралдарды салу немесе сатып алуға кеткен барлық қажетті шығындар, оның ішінде сатып алған кезде төленген қайтарылмайтын салықтар мен алымдар (үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алған кезде төленген ҚҚС, сатып алуға арналған шартты жасау кезінде төленген мемлекеттік баж және т.б.), жеткізу, құрастыру, құру, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар, қүрылыс кезінде берілген несие үшін пайыздар және активті мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген басқа да шығындар жатады. Негізгі құралдарды тасымалдау, құрастыру, орнату кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен шығындар бастапқы құнға енбей, ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Аудитор негізгі кұралдардың бастапқы құнының анықталу тәртібімен танысқаннан кейін, олардың қалыптасу көздеріне қарай бастапқы құнының құжаттарындағы нақты шығындар көлемінде анықталғандығына назар аударуға тиісті.
Негізгі құралдар нысандарының бастапқы құны:
— құрылтайшылар жарғылық капиталға өз салымдары есебіне құрылтайшылар арасында келісілген құны бойынша негізгі құралдарды енгізгенде;
— шаруашылықтағы негізгі құралдарды өзі дайындаған немесе нақты шығын сомасы бойынша ақы төлеп сатып алған кезде;
— басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алынған нысандар сараптау жолымен немесе қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша сатып алынған сәтінде анықталғандығына.
Айырбастау операциялары нәтижесінде алынған нысандардың құны алынған актавтердің ағымдағы құны бойынша есепке алынып, қосымша алынған (төленген) ақша қаражаттар сомасына түзетіліп, ағымдағы құнға теңестіріледі.
Айырбастау бірдей мақсатқа пайдалануға арналған және сол мезгілде ағымдағы құны бірдей ұқсас активтер де, сондай-ақ әр түрлі мақсаттағы ағымдағы құны әр түрлі активтер де жатады.
Ұқсас емес активтерді мысалы автокөлікті, үйге айырбастаған кезде алынған актив берілген активтің өткізілу құны бойынша ақша қаражаты түрінде алынған немесе берілген сома есепке алына отырып көрсетіледі.
Аудитор бастапқы құнға өзгеріс енгізуге қандай жағдайларда ғана рұқсат етілетіндігіне және оның сақталғандығын аныктауы тиіс:
— қосымша күрделі салымдар жасау немесе негізгі құралдардың жәй-күйіне әсер ететіндей ішінара кеңейту, жоюдың немесе қайта құрастырудың нәтижесінде нысанның пайдалы қызмет ету мерзімін өзгерткен (ұзартса немесе қысқартса) жағдайда;
— үкіметтің қабылдаған шешімдері бойынша негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізіліп, ағымдағы құнының белгілі бір мезгілге (күнге) қолданылып жүрген негізгі нарықтық баға бойынша анықталғандығын;
— негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнының бастапқы немесе ағымдағы құнынан жинақталған амортизациялану сомасы шегеріліп көрсетілгендігін;
— өткізу (сату) құнының АҚсы хабарлар мәміле жасауға әзір тәуелсіз тараптардың арасындағы негізгі құрал-жабдықтарды айырбастауға болатын келісілген құны ретінде алынғандығын;
— жойылу құнының — нысанды есептен шығару кезінде күтіліп отырған шығындарды шегеріп тастағанда пайдалы қызмет мерзімінің аяқ шенінде негізгі құрал-жабдықтарды жою кезінде кіріске алынатын қосалқы бөлшектердің, отындардың және басқа да қалдық материалдардың, темір сынықтарының болжамды құны ретінде алынғандығын;
— тозу құнының — негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының арасындағы айырмасы, былайша айтқанда, негізгі құралдардың ескіріп, амортизациялану құны есептеліп өндіріске немесе айналымға жатқызылған шығындары ретінде анықталғандығын;
— негізгі құралдардың қалдық құнының — өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа жөне көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құнын есептеген кезде негізгі құралдардың бастапқы құнынан, нысанының пайдалану мерзімі ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу сомасының шегерілгендігін анықтауы тиіс.
Негізгі құралдарды жаңартып, толықтырып ескіргендігін және шаруашылыққа қажет емес пайдаланылмай тұрғандарын дер кезінде шығысқа шығарып отырудың маңызы зор. Негізгі құралдарды кіріске алу және шығысқа шығару операцияларының талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы олардың қозғалысына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Негізгі құралдардың есебінің, олардьщ кіріске алыну тәртібінің сақталғандығын растайтын маңызды бөлігін тексеруге кіріскенде аудитор мынадай мәселелерді анықтап алуға міндетті:
— шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар нысандарын қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы бұйрығының, өкімінің шығарылғандығын;
— қабылдау комиссиясының құрамының кәсіби талапқа сай екендігін;
— қабылдау-өткізу актісінің дер кезінде сапалы толтырылып, техникалық құжаттарының (төл құжат, тұтастық ведомостары ж.б. құжаттары) тіркелгендігін;
— қабылдау актісін субъектінің басшысының бекіткендігін;
— қабылданған нысандарға мүліктік карточкалары ашылып, мүліктік номерлер соғылғандығын;
— кіріске алынған негізгі құралдар нысандарының тұрған және пайдалану орындары бойынша материалды жауапкершілікті тұлғаларға бекітіліп беріліп, олармен шарт жасалғандығын;
— кіріске алынған негізгі құралдар нысандарының жұмсалған қаржы көздеріне сәйкес бағаланғандығын.
Аудитор шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар нысандарын қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы бұйрығымен және қабылдау комиссиясы құрамымен танысқаннан кейін, негізгі құралдардың кіріске алыну көздерін анықтау тиіс. Сондай-ақ, аудитор шаруашылықтың пайдалануына кіріске алынған негізгі құралдарды жаңартып және толықтырып отыру көздеріне аудит жүргізгенде мынандай мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс:
— күрделі қаржы салымына (жаңа ғимараттар, құрылымдар мен беріліс өткізгіш құрылғыларды салу, жаңа жабдықтарды сатып алу және оны орнату);
— заңды және жеке тұлғалардан жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдар нысандарының сатып алу ерекшеліктерінің сақталғандығына;
— тауарлы-материалды құндылықтарға айырбастау (бартерлік) жолымен алынған негізгі құралдарға;
— заңды және жеке тұлғалардан төлем ақысыз тегін алынған жаңа жөне бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарға;
— құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде алынған негізгі құралдарға;
— түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ (артық) негізгі құралдарға;
— ұзақ мерзімге жалға алу жолымен алынған негізгі құралдарға.
Аудитор негізгі құралдардың келіп түсу көздеріне қарай дер кезінде кіріске алу құжаттары толтырылып тіркелгендігіне көз жеткізу керек.
Негізгі құралдарды кіріске алуды жүзеге асыратын шаруашылықтың басшысының бұйрығымен немесе өкімімен тағайындалган тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамының түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас мамандары мен механиктердің, құрылыс мамандарының, техникалық өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру мамандарының бухгалтерлердің ж.б. мамандық иелерінің қатыстырылғандығын анықтау қажет.
Негізгі құралдарды пайдадануға, қабылдау комиссиясының қатысуымен қабылдау-өткізу актісі (ү. НК-1) толтырылып, құжатқа нысанның толық сипаттамасы — сатып алу (салу) көздері, шығарылған немесе салынған жылы, пайдалануға берілген күні, сынақтан өткізудің нәтижесі, оның техникалық жағдайына сәйкестігі, бастапқы құны мен есептелген тозу сомасы, кімнің жауапкершілігіне қабылданғаны және кімнің өткізгені, комиссиясының қорытындысы жазылғандығы анықталады. Толық толтырылған қабылдау-өткізу актісі, техникалық құжаттары (төл құжаты, тұтастық ведомосты ж.б. арнайы құжаттары) тіркеліп, шаруашьшықтың басшысына бекіттіріліп, содан кейін бухгалтерияға беріледі. Осы құжаттардың негізінде шаруашылықтың бухгалтериясында кіріске алынған нысандарға материалды жауапкершілікті тұлғалары бекітіліп, әрбір нысанға мүліктік карточка ашылғандығын, оларға мүліктік номер беріліп, олардың мүліктік карточкалар көшірмелерінің жасалып және мүліктік карточкаларын тіркейтін тізімге (тұрған және пайдалану орындары бойынша) тіркелгендігін, бухгалтерлік есеп шоттарына таратылып жазылғандығын анықтап, кіріске алынған негізгі құрал-жабдықтардың техникалық сипаттамасы жазылған төл құжаттары тіркелгендігін анықтау қажет.
Аудитор нақты қолда бар негізгі құралдардың сақталуын тексеруге кіріскенде, олардьщ аналитикалық есебіне назар аударады. Яғни, әрбір негізгі құралдар нысандарының техника-экономикалық сипаттамасын, оның тұрған орнының, бастапқы құнын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижелерін көрсетіп ашылатын мүліктік карточкаларының дұрыс толтырылғандығын және дер кезінде ашылғандығын, нақты қолда барлығын тексереді.
Негізгі құралдарды пайдалану барысында олардың құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне елеулі әсер еткен өзгерістерге байланысты қосымша сипаттамалар көрсетіледі. Мүліктік карточкалардағы көрсетілген мәліметтер бастапқы құжаттарындағы мәліметтерімен сәйкес келуге тиісті. Мүліктік карточкаларындағы және бастапқы құжаттарындағы мәліметтерін салыстыра отырып, негізгі құралдардың пайдалану және тұрған орындары бойынша қорытынды есеп ақпарларындағы жағдайына сәйкестігін анықтауға болады. Аудитор шаруашылықтың қабылдаған есепті ұйымдастыру нысанына қарамастан, аналитикалық есеп пен синтетикалық есеп регистрларының қабысуын, есеп мәліметтерін өңдеу үрдісін, олардың өзара байланысының жазылу дәйектілігінің сақталуын және қозғалыстарының бірыңғай типтік үлгідегі бастапқы есеп құжаттарында жазылып толтырылғандығын тексеруге тиісті. Бастапқы қүжаттарының реквизиттерінің бекітілген тәртіпке сәйкес толтырылғандығын, құжатты рәсімдеуге қатысқан жауапкершілікті тұлғаларының қойған қолдарының түпнұсқалығын тексеруге тиісті. Кеткен кемшіліктер мен анықталған тәртіп түзу факторларына сілтеме жасалынып, аудитордың қорытындысында көрсетілуі тиіс. Қажет болған жағдайда, аудитордың қарама-қарсы тексеру жүргізуді талап етуіне құқы бар. Аудитор негізгі құралдарды қабылдау актілерінің дер кезінде дұрыс толтырылып рәсімделгеніне назар аударуы қажет. Өйткені кейбір субъектілерде бұған онша мән берілмей, қалай болса, солай толтыра салу, мерзімін кешіктіру фактылары кездесіп қалады.
Кіріске алынған негізгі құралдарды, оларды топтау принциптерін сақтай отырып, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының 1 «Айналымнан тыс активтер» тарауының 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің сәйкес синтетикалық шоттарына таратып жазады. Бұл шоттар балансқа қатынасы бойынша активті болғандықтан, дебетінде кіріске алынған негізгі құралдар, пайдалануда болған және болмағандығына қарай құны анықталып көрсетіледі. Яғни, негізгі құралдарды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі оларды қандай күйде сатып алғандығына және қаржыландыру көздеріне де байланысты.
Көптеген жағдайда негізгі құралдарға қаржы салымы үдемелі және негізгі құралдар құрамының сапасын АҚсарту шығындарының жиынтығын білдіреді. Яғни, негізгі құралдарды салуға, сатып алуға және дайындауға жұмсалған шығындарды күрделі қаржы салымы деп атайды.
Аудитор күрделі құрылысқа жұмсалған шығындардың негізділігін, күрделі қаржы көзінің салымдарының игерілуін және өзіндік құнын анықтау тәртіптерін назардан тыс қалдырмауы тиіс. Күрделі қаржы салымын бақылау және анықгап жинақтау үшін бухгалтсрлік есеп шоттарының типтік жос-парында 126 «Аяқталмаған құрылыс» шоты қаралған. Бұл шотта барлық жұмсалған шығындар көрсетіледі: ғимараттарды және қүрылғыларды салу, жабдықтарды және сметаларды қүрастыру, күрделі қүрылыс смета-қаржылық есептер (қүрылыстың мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүзеге асыруына қарамастан) бойынша, сондай-ақ, құрылысқа бөлінген несиенің пайыздары, құрылысты салуға және негізгі құралдарды сатып алуға нысандардың бастапқы құнына енетін және енбейтін, техникалық, энергетикалық және өндірістік жабдықтар бойынша (шеберханалар, тәжірибе жүргізетін қондырғы мен лабороториялық жабдықтарын қоса), қүрастыруды, орнатуды талап ететін, салынып жатқан күрделі қаржы салымдар нысандарына арналған қондырғылар үшін; шаруашылықта өсіріліп жатқан жөне негізгі табынға өткізілетін өнім беретін малдар мен күш көліктерінің төлемдері.
Жоғарыда келтірілген қүрылыс-монтаждау жұмыстарының шығындары құрылыстың және түрлендірудің басынан соңына дейін үстемеленген жиынтығымен көрсетіледі. Жобалау-іздестіру жүмыстарының шығындары осы жұмыстарды орындаған жобалау және басқа да ұйымдарға төленген сомада көрсетіледі. Егер жобалау-іздестірілу жүмыстарының шығындары бірнеше салынып немесе түрлендіріліп жатқан нысандарға жататын болса, онда оларды нысандардың сметалық құнына таратады. Негізгі құралдарды салу-құрастыру жұмыстарының аяқталуына, жүмыс істеу қабілетіне жеткізуге қарай малдарды төл, көп жылдық екпелерді өнім, жеміс беретін жасқа толуына байланысты қабылдау актісінің негізінде негізгі құралдар құрамын кіріске алады. Бұндай кезде мынандай бухгалтерлік жазулар жасалады. 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің сәйкес шоттарын дебеттеп, 126 «Аяқталмаған құрылыс» шотын кредиттейді. Аудитор күрделі шығындар есебіне аудиторлық тексеру жүргізген кезде негізгі құралдардың мүліктік құнын қалыптастыратын және олардың құнын ұлғайтпайтын шығындарының есебінің жеке-жеке жүргізілгендігіне назар аударуы керек. Негізгі құралдардың құнын ұлғайтпайтын шығындары-ның 126 «Аяқталмаған құрылыс» шотының кредитінен 821 «Жалпы және әкімшілік шығындарына» шығысқа шығарылғандығын, олардың құрамын анықтауға тиісті.
Негізгі құралдардың құнын үлғайтпайтын шығындарына жататындар: құрылысты нысанын салып жатқан негізгі қызметі үшін пайдаланатын кадрларының дайындау шығындары; болашақтағы сипаттағы геологиялық барлау, іздестіру басқа да салынып жатқан құрылыс нысандарына байланысты құрылыс нысандарының құнына келешекте өндіру мүмкіндігі жоқ шығындар; егер салынып біткен құрылыс нысаны басқа үйымның меншігіне пайдалануға қабылданған жағдайда, құрылыс нысанын салуға үлес ретінде берілген қаржылар; құрылысты салуға жер участкісін бөлген кезде жойылуға тиісті құнын қайтаруды талап ететін құрылғылар мен екпелерге байланысты шығындар; құрылыстың құны есептелген жиынтық сметада қаралған шығындар: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен банк несиелеріне қойылған пайыздардан жоғары есептелген төлемдер; сондай-ақ төтенше жағдайлардың әсерінен құрылысы бітпеген ғимараттар және құрылғылардың бүлінуінен болған шығындар (оның ішінде оларды жоюға әкеліп соққан); құрылысты доғару, тоқтату шығындары; құрылысы тоқтаған нысандарды күзету, бұзу, жою шығындары; қаржы шаруашылық қызметін бұзуға байланысты айыппұл, пайыздарды төлеу, үстемелер мен тұрақсыздықтар және басқа да шығындары.
Құрылыс монтаждау жүмыстары мердігерлік және шаруашылық әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін. Аудитор жоғарыда айтылған әдістер мен жүзеге асырылған, құрылыс-монтаждау жүмыстарының шығындарының есебімен шоттарының корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру қажет. Сондай-ақ, аудитор негізгі құралдар нысандарын заңды тұлғалардан сатып алған кезде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп-шоттарына дұрыс көрсетілгендігін тексеруге міндетті.
Аудитор шаруашылықтың негізгі құралдарды жеке тұлғалардан сатып алу операцияларына ерекше назар аударуға міндетті. Мұндай операциялар — сатушының төл құжатының мәліметтерін көрсетіп сатып алу-сату шарттарын толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардан оның жеке меншігіндегі негізгі құралдарды сатып алғанда, оған төленген сомадан бекітілген тәртіп бойынша, табыс салық ұстап бюджетке аударылуға тиісті (үй, саяжай, автокөлік, автотұрақ, және басқа да мүліктерді сатып алғанда). Кәсіпорын келісім-шарттағы сома және ұсталған салық туралы салық инспекциясына сатушының аты-жөнін, оның тұрақты тұратын мекен-жайын көрсетіп хабарлауға міндетті. Егер жеке тұлға кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда негізгі құралдарды сатып алған кезде одан табыс салық ұсталмайды.
Аудитор шаруашылықтың сатып алған автокөлігінің дұрыс кіріске алынғандығын, тасымалдау құралдарына есептелген салықтың дәлдігін, оның бюджетке дер кезінде аударылып және бастапқы құнына, салыққа төленген соманың ендірілгендігін тексеруге міндетті. Егер бастапқы құжат күмән келтірсе, онда жасалған келісім-шартқа жауапты тұлғаларынан жазбаша түсініктеме алып, қарама-қарсы тексеру жүргізу қажет.
Шаруашылықтың салық инспекциясы сатып алынған тасымалдау құралдарына төленген салықтар туралы анықтаманың дер кезінде тапсырылгандығына көз жеткізу қажет.
Негізгі құралдар пайдалану барысында біртіндеп тозады, сондықтан оларды пайдалы қызмет ету мерзімі біткенше жұмысқа (өнім ендіруге) қабілеттілігін төмендетпей ұстап түру үшін, техникалық құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіп тұру керек.
Аудитор негізгі құралдардың техникалық құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес күрделі жөндеуге қойылып, жөндеу жұмыстарының жүзеге асырылғандығын және жұмсалған шығындарының негізділігіне, олардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетіліп, өнімнің (жұмыс қызмет) өзіндік құнына ендірілгендігіне баса назар аударып, анықтауға міндетті:
— есеп жүргізу саясатында негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізу әдістері және шығындарын қаржыландыру көздерін;
— күрделі жөндеуге қойылған негізгі құралдар нысандарының ақаулары анықталып, ақау ведомостының толтырылғандығын;
— ақау ведомостының негізінде жөндеуге қойылған негізгі құралдар нысандарына смета-техникалық құжаттарының жасалғандығын;
— шаруашылықтың басшысының, комиссияның нысандардың техникалық жағдайын қарап шығып жасаған актісін, ақау ведомостын, смета-техникалық құжаттарын бекіткендігін;
— негізгі құралдар нысандарын күрделі жөндеудің қандай әдіспен жүзеге асырылғандығын;
— негізгі құралдар нысандарын жөндеуді жүзеге асырған мердігерлермен шарт жасалып, шартта қаралған жөндеу мерзімі мен сметаның сақталғандығын;
— жөндеу жұмыстарына есептелген еңбек ақы, жұмсалған материалдар шығындарының нормадан артып кетпегендігін;
— жеке жөндеу жұмыстарының нарядтарына, жөндеуге материалдарды босату накладнойларына, шектеп жұмсау карталарына және орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің дұрыс толтырылғандығын;
— ішкі бақылаушылар және аудитор орындалған жөндеу (жұмыстарына қарама-қарсы тексеру жүргізу әдістерін қолданып, оқта-текте салыстырып тексеру жүргізіп бақылау жасалғандығын;
— күрделі жөндеуден өткен негізгі құралдарды қабылдау комиссиясы жүзеге асырып, қабылдау актісінің жасалғандығын;
— күрделі жөндеуге қойылған негізгі құралдарға тозу есептеуді тоқтату тәртібінің сақталғандығын;
— мердігерлік әдіспен жөндеуден өткізілген негізгі құралдар нысандарына белгілі бір мерзімге дейін тоқтаусыз жұмыс істейтіндігі туралы кепілдік берілгендігін.
Жөндеу, ұйымдастыру — техникалық белгілері бойынша күрдслі және ағымдағы болып бөлінеді.
Күрделі жөндеу деп нысанның түгелдей тозу мерзімімен салыстырғанда жылдам тозатын жеке бөліктерінің тетіктерін қалпына келтіріп алмастыруды айтамыз. Күрделі жөндеу кезінде нысанды пайдалану процесінде анықталған немесе жөндеудің алдында қарап шығу нәтижесінде анықталған барлық ақаулары қалпына келтіріледі.
Ағымдағы жөндеу кезінде тез тозатын тетіктерін, бөліктерін алмастыруды, кейбір бөліктеріне салыстыру жүргізіп, механизмдерін тазалап және қарап сыйымдылық жүйелеріндегі майларын алмастырады, істен шыққан ж.т.б. тетіктерін алмастыруды жүзеге асырады.
Аудитор негізгі құралдарды жөндеуге жұмсаған шығындарының дұрыстығын тексеріп, оны орындауға байланысты смета-техникалық құжаттарына мүқият бақылау жүргізуі керек. Сметаның дұрыс жасалғандығына және оның нақтылығына ерекше назар аударуы қажет. Кейде сметаны негізгі құралдар нысандарын жөндеу жұмыстары біткеннен кейін жасайды, демек нақты жұмсалған шығынды смета құнына теңестіреді. Ғимараттар мен құрылғыларды күрделі жөндеуден өткізу үшін субъектінің төрағасы бекіткен нысанды техникалық қарап шығу актісінің немесе ақау-ведомостының негізінде смета жасалады.
Күрделі жөндеуді екі әдіс бойынша жүзеге асырады: мердігерлік және шаруашылық. Негізгі құралдарды жөндеумен арнайы айналысатын субъектілер (автокөлік, компьютерлерді жөндеу зауыттары, құрылыс-жөндеу ұйымдары) жүзеге асыратын, өте озық әрі экономикалық жағынан тиімді медігерлік әдіс, Мердігерлік әдісте жөндеу жүмыстарының барлығын мердігер орындайды, ал кәсіпорын болса мердігерлермен жасалған шарттың негізінде орындалған жүмысқа қабылдау жүргізіп, оны қабылдау актісі бойынша төлемді жүзеге асырады. Мердігерлік әдіспен орындалған негізгі құралдарды жөндеуді тексерген кезде мердігерлік шарттың қолда барлығын, жөндеу шығындарын шартта келісілген смета құнынан асып кетпегендігін анықтау қажет. Тексеру нысаны 671 «Төленуге тиісті» шотында көрсетілетін шаруашылықтың жөндеу жүргізген ұйымдармен есеп айырысуы болып табылады. Шаруашылық әдісі негізгі құралдар нысандарына жөндеуді өз күшімен және шаруашылықтың өз қаржысымен жүргізуді қарастырады. Шаруашылық әдіспен жүзеге асырған негізгі құралдарды жөндеу жұмыстарының қымбаттау себептерін анықтау үшін шығындардың дұрыс қалыптасуын олардың баптары бойынша тексеру қажет. Негізгі құралдарды жөндеу операцияларын тексерген кезде, еңбек ақыны, жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің құнын (нәтижесінде ұрланған) жоғарылату мақсатында орындалған жұмыстардың артық жазылуына жол берілмегендігіне көз жеткізіп, жөндеу жұмыстарына жұмсалған материалдардың нормаларының жөне еңбек ақы төлеу сомаларының асып кетпегендігін анықтау қажет. Жөндеу жұмыстарының операцияларының тиімділігі және зандылығы бастапқы құжаттарының негізінде анықталады. Оларды орындалған жұмыстарға жасалған нарядтарын, материалды құндылықтарды босату накладнойлары мен шектеп жүмсау карталарын, ақау-ведомостыларын, қабылдау актілерін тексеру арқылы анықтайды. Орындалған жұмысқа заңсыз жұмсалған қосалқы бөлшектер мен жөндеу материалдарын анықтау үшін құжаттарын қарама-қарсы салыстыруды өзара байланысты құжаттарын бақылауға алуды, лауазымды және материалды жауапкершілікті түлғаларына сұрау салуды, орындалған жөндеу жүмыстарына түгендеу жүргізуді, мердігерлерге жазбаша сұрау салуды кеңінен қолдану ксрек.
Күрделі жөндеудің сапасын тексерудің орны ерекше болуға тиісті. Бұл жерде бастапқы құжаттарының және машина мен жабдықтардың жұмысы туралы жедел қорытынды есептегі мәліметтер бойынша техникалық ақаудың және нормадан жоғары ағымдағы жөндеу жүргізудің нөтижесінде неше рет тоқтатылғандығын анықтау қажет. Жөндеуге қойылудың жиілігін мүліктік карточкалардағы белгілер бойынша тексереді.
Қорытындысында негізгі құралға жөндеу жүргізуге жұмсалған шығындарының есебінің дұрыстығын тексеру қажет. Бұндай жағдайда шаруашылыққа жұмсалған шығындарының негізгі кұралдарды жөндеудің барлық түрлеріне ендіру әдістерін таңдау туралы өз бетімен шешім қабылдауға қүқық белгілегендігін ескере отырып, клиенттің есеп саясатын басшылыққа алу ксрек. Олар жөндеу мен кейбір нысандарды алмастыруды, толық және моральдық тозған жабдықтарды тиімсіз күрделі жөндеуді тоқтатуды тиімді қолдануы керек. Шаруашылық жоспарлы ірі жөндеу жүргізу үшін өнімнің өзіндік құнына нсгізгі құралдарды жөндеуге байланысты шығындарын бірдей қалыпта шығысқа шығару мақсатында жөндеу (резервтік) қорын құруы мүмкін.
Аудитор бәрінен бұрын, шаруашылықта осы сұрақ жөнінде қапдай есеп саясаты қабылданғандығын анықтауға міндетті. Кейбір шаруашылықтар, жоғарыда айтылғандай, алдағы жылдың есеп саясатын қабылдағанда, ай сайын жөндеу шығындарының барлығы нақты жұмсалған шығындарының көлемінде шығысқа шығарылу тәртібін анықтайды.
Кейбір шаруашылықта жөндеу қорын құрып (жөндеудің барлық түріне резерв сомасын жасауды жүзеге асырып), нақты орындалған жөндеу жұмыстарының шығындары құрылған жөндеу қорының есебінен шығысқа шығарылады.
Бірінші жағдайда, шаруашылық жөндеу шығындарының барлығын оның нақты орындалған есепті кезеңіндегі (айында) өндіріс шығындарына тікелей жатқызуға міндетті.
Екінші жағдайда, шаруашылықтың өзінің балансында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан пайызбен өз бетімен жөндеу қорына бөлу нормасын жасайды. Бұл нормалар бойынша, жоспарланған сметаның негізінде негізгі құралдар нысандарын жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін ай сайын резервке бөлу жүргізіледі.
Аудитор жөндеу қорына болу көлемінің қаншалықты негізді екеніне (экономикалық есептеулермен расталған) көз жеткізуі керек. Негізгі құралдар түрлері бойынша, бөлу көлемі жеке-жеке болуы да немесе бірыңғай бөлу нормасы бекітілген болуы да мүмкін. Егер аудитордың көзқарасы бойынша, бірыңғай норманы қолдану, өкімнің өзіндік құнын негізсіз жоғарылатып, салық алынатын табысты төмендетуге әкеліп соғуы мүмкін деген жағдайда, оны атап көрсетуі керек. Мысалы, жөндеу қорына бірыңғай нормамен бөлінген кезде, жалпы баланста ғимараттар мен құрылғылардың құны едөуір болса, онда аудитор жыл бойында қандай бөлу нормалары қолданылғанын анықтауы қажет (олар ұзақ уақыт бойы өзгермеуі керек).
Нысандардың (ғимараттар, құрылғылар, тасымалдау құралдары, машиналар және жабдықтар) қызмет мерзімі әр түрлі, сондықтан бірыңғай бөлу нормасы жеткіліксіз. Басқа жағынан алып қарасақ, әр түрлі алмасуда ерекше жағдайда пайдаланылатын, жоғары тозуға ұшырайтын машиналар мен жабдықтар ерекшеліктері жөндеу қорына бөлу нормасыньщ жоғары болуын талап етеді.
Аудитор жөндеу қорына бөлу нормаларының техника-экономикалық негізділігіне (есептеулерінің) және олардың ай сайын бөлу кезінде сақталғандығына көз жеткізіп, шаруашылықтың қабылдаған есеп саясатына қарай жөндеуге ендірілген шығындарының дұрыстығын тексеріп, ол өзгерген жағдайда себебін және қаржылық нәтижеге әсерін анықтауға міндетті. Жөндеу жұмыстарының әдістеріне байланысты шығындары бухгалтерлік есеп әдістемелерінде өзгеше жіктеледі. Аудитор жөндеу жүмыстарының мердігерлік және шаруашылық әдіспен жүргізген кезде, бухгалтерлік есеп шоттарында, қаржылық операцияларының көрсетілуін тексеруге міндетті. Жөндеу жұмыстарын шаруашылық әдіспен жүзеге асырған кезде негізгі кұралдар нысандарының жөндеу шығындарының есебі екі нұсқада жүргізіледі. Бірінші нұсқа негізінде барлық шығындар орындау мерзімдеріне қарай 92 «Қосалқы өндіріс» бөлімшесінің шоттарына жинақталады.
Екінші нұсқада барлық қозғалмайтын нысандарға жұмсалған жөндеу шығындары есептелген жөндеу қорының шотына тікелей шығысқа шығарылады.
Жөндеу қоры құрылмайтын шаруашылықтарға негізгі құралдар нысандарын техникалық күту ағымдағы жөндеудің, нақты шығындарын, сәйкес шығындар элементгері бойынша өндіріс шығындарының немесе айналым шығындарының шоттарына тікелей апарады (материалдық шығындар, енбек ақы шығындары ж.т.б.).
Негізгі құралдар нысандары әр түрлі себептермен белгіленгсн тәртіп бойынша шаруашылықтың балансынан шығыска шығарылып отырылады. № 6 «Бухгалтерлік есеп стандартында» БЕС негізгі құрал-жабдықтар шаруашылықтың балансынан -жойылу, өткізу, айырбастау — тегін беру нәтижесінде есептен шығарылады деп көрсетілген.
Негізгі құралдар нысандары шаруашылықтың бухгалтерлік балансынан табиғи және моральдық тозудың, шаруашылық қызметте пайдаланылмайтын артық нысандарды сатудың, серіктестіктерге жарғылық капиталға салым түрінде берудің, басқа да заңды және жеке тұлғаларға тегін берудің, нысандарды ұзақ мерзімге (қаржыландыратын) жалға берудің, зілзала апаттарының және т.б. нәтижесінде есептен шығарылады. Шаруашылықтың балансынан шығысқа шығарылған негізгі құралдар нысандарына аудиторлық тексеру жүргізген кезінде аудитор мына мәселелерді анықтауға міндетті:
— есептеген шығысқа шығарылған негізгі құралдар нысандарының бастапқы құжаттарының (негізгі құралдарды шығыска шығару актісі, комиссияның қорытындысы) дер кезінде дұрыс )толтырылып жасалғандығын;
— негізгі құралдарды шығысқа шығаруға жасалған комиссияның қорытындысының дәлелдігін;
— шаруашылықтың басшысының негізгі құралдарға шығысқа шығаруға жасаған комиссияның қорытындысы мен актісін бекіткендігін;
— негізгі құралдар нысандарының шығысқа шығарылу себептерін;
— негізгі құралдар нысандарының жоғалудың, сынудың, бүлінудің және басқа да себептердің салдарынан мерзімінен бұрын шығысқа шығарылуына жол берген материалды жауапкершілікті тұлғаларына қолданылған шараларды;
— әр түрлі себептермен шығысқа шығарылған негізгі құралдар нысандарының нәтижесін (табыс, зиян);
— шығысқа шығарылған негізгі құралдар нысандарына амортизация есептеуді тоқтату тәртібінің сақталғандығын;
— негізгі құралдарды шығысқа шығару актілерінің мәліметтерінің есеп регистрларына дұрыс жинақталып, корреспонденцияларының көрсетілгендігін;
— айырбастау үшін шығысқа шығарылған негізгі құралдар операцияларының тәртіптерінің сақталғандығын;
Толық ескіріп, тозығы жетіп басқа да себептермен толық істен шығып жойылатын негізгі құралдарды шаруашылықтың балансынан есептеп шығару белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Негізгі құралдарды шығысқа шығарудың нәтижесінде туындаған табыс немесе зиян сату құны мен баланстық құнның арасындағы айырмасы, сондай-ақ активтерді сату немесе басқадай шығысқа шығаруға байланысты шығындар ретінде анықталады.
Тексеру барысында аудитор негізгі құралдар нысандарының шығысқа шығарылу себептерінің операцияларының заңдылығын және тиімділігін тозығы жетіп жарамсызданған негізгі құралдарды жою тәртібін, нысандарды жоюдан алынған қосалқы бөлшектерді, қиындыларды және басқа да материалдарын кіріске алудың толықтығын анықтауға міндетті. Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының зандылығы және тиімділігі бастапқы құжаттарын (шығысқа шығару актісі, қабылдау өткізу актісі, накладнойлар, шот-фактуралар ж.т.б.), аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерін (негізгі құралдар қозғалысының есебінің карточкалары, журнал-ордер № 12, Бас кітап) тексеру арқылы анықталады.
Аудитор ғимараттарды, құрылғыларды, машиналарды, жабдықтарды және шаруашылықтың басқа да мүліктерін шығысқа шығарған бүкіл актілерімен танысуы қажет. Тексергеи кезде бұл құжаттарға белгіленген үлгілердің олардың реквизиттерінің толтыру тәртібінің сақталуына, комиссияның корытындысының, комиссия мүшелерінің және актіні бекіткен шаруашылықтың төрағасының қойған қолының барлығына назар аудару қажет.
Сондай-ақ, 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарының кредиті бойынша, шығысқа шығарылу себебіне қарамастан, бастапқы құны бойынша негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының жүргізілгендігін анықтау қажет. Әр түрлі себептермен шығысқа шығарылған негізгі құралдарға байланысты берілген шоттарының корреспонденцияларының дүрыстығын қадағалау жолымен анықтау қажет.
Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді негізгі құралдардың қозғалыстарын және техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерін (тозу, жарамдылық, шығысқа шығару, жаңарту коэффициенттерін) және олардың тиімді пайдаланылғандығын талдаумен аяқтау қажет.
Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылғандығын қорытындылайтын көрсеткіш қор қайтымдылығы болып табылады. Аудитор бұл көрсеткіштердің зерттелгендігін, қор қайтымдылығын жоғарылатуға бағытталған кешенді шаралар жасалып және оның жүзеге асырылғандығын тексеруі тиіс. Сондай-ақ, аудитор негізі құралдарды пайдаланудың тәртібін бұзушылыққа және қырсыздыққа жол берілгендігін, өндірістік мақсат үшін сатып алынған шаруашылық мүліктерін және басқа да мүліктерді шаруашылықтың жұмыскерлеріне заңсыз жеке басына пайдалануға берілген жағдайдың орын алмағандығын анықтауға тиіс. Бұндай фактілер кездескен жағдайда мүліктерді пайдаланған тұлғалардан төлем ақы алынғандығын анықтау керек.
Аудитор негізгі құралдардың белсенді бөлігін пайдаланудың тиімділігін экстенсивті жолмен де, интенсивті (екпінді) жолмен де көтеру арқылы жететін талдауға ерекше назар аударуға міндетті. Оларды сипаттайтын экстенсивті және интенсивті (екпінді) жүктеу коэффициентін табады. Экстенсивті жүктеу коэффициенті, яғни жабдықты уақытына қарай формула бойынша анықтайды:
Кэ=
Бүнда Кэ — экстенсивті пайдалану коэффициенті.
Тн — жабдықтың белгілі бір кезеңдегі нақты жұмысының уақыты (алмасу, он күндікте ж.т.б.)
Тк/р — күнтізбедегі немесе режимдегі белгілі бір кезеңдегі (алмасу, он күндік ж.т.б.) уақыт қоры.
Жабдықтың интенсивті жүктеу коэффициенті жабдықты жүктеу бірлігінің немесе топтар бірлігінің төл құжатындағы өнім шығару мүмкіндігіне қатынасы ретінде анықталады.
Кн =
Бұнда Кн — жабдықты интенсивті (екпінді) жүктеу коэффициенті;
Но — нақты шығарылған өнім;
Тк — төл құжатындағы өнім шығару мүмкіндігі.
Техникалық жағдайдың қүрылымын және негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштеріне талдау жасаудың негізінде аудитор қорытынды жасап, кездескен кемшіліктерді және пайдалану ережелерінің бұзылғандығын көрсетіп, оларды жою және қор қайтымдылығын жоғарылатудың резервтерін пайдалану бойынша ұсыныстар береді.
Түгендеу процесі — субъектіде негізгі құралдарды түгендеудің ережелеріне, нормативтік актілерге, заңдарға және ішкі жоспарланған кестеге сәйкес жылдың соңына таман қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында міндетті түрде атқарылатын шаралар.
Түгендеудің негізгі мақсаты нақты қолда бар негізгі құралдардың нақты санын анықтап, оларды баланста нақты ағымдағы құны бойынша көрсету болып табылады.
Негізгі құралдарды есепті жылдың соңында ғана түгендейді деген үзілді-кесілді ойдан аулақ болған жөн. Өйткені негізгі құралдардың топталу ерекшеліктеріне сәйкес есепті жыл ішінде оқтын-оқтын, кейбіреулеріне тоқсан сайын түгендеу жүргізіліп отырылады. Сондай-ақ, материалды жауапкершілікті тұлғалары ауысқан кезде де жүзеге асырылады. Түгендеу шаруашылықтың басшысының бұйрығымен құрылған түгендеу комиссиясының қатысуымен жүзеге асырылады.
Аудитор негізгі құралдарды түгендеудің материалдарымен танысып, тексеруді жүзеге асырған кезде мына мәселелерді анықтауға міндетті:
— түгендеу комиссиясының субъектінің басшысының бұйрығымен құрылып, тұрақты жұмыс істелгендігін;
— негізгі құрал-жабдықтардың нақты бар-жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтері жазылған «Негізгі құрал — жабдықтардың мүліктік түгендеу тізімі» жасалып, оның сақталғандығын;
— түгендеу жүргізілген нысандардың мүліктік карточкаларындағы көшірмелерінің жасалғандығын;
— түгендеудің нәтижесінің салыстыру ведомостарындағы және мүліктік карточкаларындағы көшірмелеріндегі мәліметтеріне сәйкестігін немесе ауытқуларын;
— түгендеу кезінде есеп регистрларында, техникалық құжаттарында кездескен алшақтықтар мен сәйкессіздіктер түзетіліп, кеткен кемшіліктерге байланысты қолданылған шараларды;
— түгендеудің нәтижесін субъектінің басшысының қатысуымен қарап, талдап бекіткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізгендігін;
— жүргізілген түгендеудің нәтижесі бойынша активтердің бухгалтерлік баланста қалдық құны бойынша көрсетілгендігін;
Субъектінің өз ішінде жүргізілген түгендеу материалдары аудиторды қанағаттандырмаған жағдайда, аудитор субъектінің басшысына түгендеу жүргізуді және түгендеу комиссиясын құруды ұсынады. Түгендеу жүргізудің нәтижесінде шартта көрсетілген аудиторлық тексеру мерзімі ұзартылуы мүмкін. Ол жөнінде субъектінің басшысын ескертуге тиіс. Аудитордың ұсынысы бойынша, түгендеу комиссиясын құру туралы субъектінің басшысының бұйрығы шыққаннан кейін ғана түгендеу комиссиясы аудитордың басшылық етуімен түгендеуге кіріседі. Түгендеу әдістері негізгі құралдардың санына тікелей байланысты. Егер негізгі құралдардың саны онша көп болмаған жағдайда, оларға жаппай түгендеу жүргізуге міндетті. Егер негізгі құралдардың саны көп болған жағдайда, онда оларды ішінара және жаппай түгендеп, тексеруге жататын топтарға бөлуге тиісті.
Аудитор толтырған түгендеу көшірмелерінің сапасына ерекше назар аударуға тиісті. Кейде нысандар туралы мәліметтер түгендеу көшірмелеріне мүліктік карточкалардан немесе өткен жылдардың материалдарынан сол күйінде көшіріле салады да, түгендеу үстіртін, қалай болса солай жүргізілген жағдайлар кездеседі. Негізгі кұралдар нысандарына түгендеу жүргізу барысында істен шығып, жарамсыз болып қалған, шығысқа шығаруға жататын, есепте жоқ, сондай-ақ сатылуға тиісті, субъектіге қажеті жоқ, бірақ сатылмай тұрған нысандарды анықтап, түгендеудің материалдарына енгізуге міндетті. Сатуға немесе шығысқа шығаруға жататын нысандарға жеке түгендеу көшірмелерін толтырып, аналитикалық есеп көрсеткіштеріндегі мәліметтерімен түгендеу көшірмелеріндегі мәліметтерді салыстырып түгендеудің нәтижесінің толықтығын анықтайды. Түгендеудің қорытынды материалдарымен танысып, оған талдау жасағаннан кейін, жүргізілген түгендеудің сапасын АҚсарту туралы ұсыныс, пікірлер айтылып, қорытынды жасалады.
3.3. Негізгі құралдарды талдау
Негізгі құралдарға талдау жүргізгенде кәсіпорынның мүліктік жай күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет.Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық ) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады.Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында-57,27%-ды, ал жыл соңында -46,47%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 3,53 пункт сәйкес келмейді. негізгі құралдардың жалпы құнынындағы оның активті бөлігінің (жұмыс машиналарының құны) үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның мпатериалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуінет әкеледі. Алайда біздің кәсіпорында негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы жыл соңында жыл басындағы 0,33-ке қарағанда, 0,29-ды құрады. Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесінің 0,04 пунктке кебуі, оладың өсу қарқынының айтарлықтай дәрежеде артта қалуының нәтижесінде болып отыр.
Барлық негізгі құралдар құны-23,9%-ға (61763/49837*100) өскен кезде оның активті бөлігінің құны тек 5,9%-ға ғана (17645/16660*100) өскен. Бұл әрине кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды – бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының, оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті.Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында – 0,63(31195/49837), ал жыл соңында – 0,68(4226/61763) құрайды, яғни 0,05 пунктке өскен. Бұл мәліметтер негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи (физикалық ) тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді.Кейбір экономистердің бағалаулары бойынша 50 пайыздан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құпылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.
Қорытынды
Диплом жұмысында негізгі құралдардың есебі қарастырылып, олардың өндіріс үрдісінде алатын орны, мәні мен сипаттамасы ашылды. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын-ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырып отыру керек. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде негізгі құралдардың сақталуы мен есепке алуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Негізгі құралдардың шынайы және дұрыс бағалануы өте маңызды, яғни кәсіпорын ең тиімді бағалау тәсілін таңдап алуға міндетті.
Негізгі құралдарға аудиттің жүргізілу тәртібі жайлы, аудиттің жүргізілуінің мақсаты мен міндетін, оларды қандай құжаттарды тексеру негізінде жүргізілетіндігін толығымен ашып көрсеттім.
Негізгі құралдардың өндіріс рентабельділігін қамтамасыз етуші активтердің бірі және кәсіпорынның қаржылық жағдайына сипаттама беруші элемент болып табылғандықтан, тәжірибемді өткен компанияның материалдық қорларына талдау жүргізіп, оларды тиімді пайдалану жөнінде өз ұсыныстарымды айта кеттім.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның негізгі құралдары болып табылады.
Бүгiнгi таңда талдау зерттеуiндегi дағдыларды меңгеру маңызды мәселелердiң бiрi болып отыр. Сондықтан да осы тақырыптың актуалдылығы жоғары деп ойлаудамыз. Бұл болашақ жас мамандарға талдау жұмысын бiлiктiлiкпен жүргiзуге, кәсiпорынның негізгі құралдарына баға мен қорытынды беруге, өндiрiстiң өсуi мен оның тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ететiн, елiмiздiқ ұзақ мерзiмдi бiрiншi кезектегi мақсатына ойдағыдай жету үшiн үйлесiмдi басқару шешiмдерiн дайындауға мүмкiндiк бередi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі” заңы, 26.12.1995ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 24.06.2002ж.)
- Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет жөніндегі” заңы, 18.11.1998ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2001ж.)
- Қазақстан Республикасының “Салықтар және бюджетке тиісті міндетті төлемдер жөніндегі” заңы, 1.01.2000ж.
- Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспары, А., 18.09.2002ж.
- Қазақстан Республикасының Азаматтықкодексі, 1994ж.
- Ұлттық Бухгалтерлік есеп стандарттары, А., 1997ж.
- Абдыкалыков Т.А., Сатмурзаев А.А., «Основы бухгалтерского учета и аудита» Алматы 2001, 236с.
- Абдықалықов Т.А. «Бухгалтерлiк есеп және аудит». Алматы 2000ж. 168б.
- Айтжанова Ж.Н. «Бухгалтерский учет, отчетность и аудит устойчивого экономического развития». Алматы 2002, 205с.
- «Аудит». Под редакцией профессора В.И. Подольского Москва 1997г. 432с.
- Байдаулетов М.Б., Байдаулетов С.М. «Аудит». Алматы: Қазақ университеті 2004
- Баймұханова С.Б., Балапанова Ж. «Бухгалтерлiк есеп», Алматы 2001ж., 236б.
- Балапанова Ж. «Аудиттiң теориялық негiздерi». Алматы 2003ж. 93б.
- Дюсембаев К.Ш. и др. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы 1998г. 432с.
- Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т. т.б. «Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж. 329б.
- Дюсембаев К.Ш., «Аудит и анализ в системе управления финансами» Алматы 2000г., 293с..
- Кеулiмжаев Қ.К., Әжiбаева З.Н. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы 2001г. 330б.
- Международные стандарты финансовой отчетности 2001г. 1242с.
- Нидяз Б., Андерсон Х. Принципы бухгалтерского учета Москва 2000ж., 495с.
- Радостовец В.К. и др. «Бухгалтерский учет на предрприятиях». Алматы 2002г. 728с.
- Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». Москва 1999г. 686с.
- Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы 2000г. 335с.
- Стандарты бухгалтерского учета и методические рекомендации 1999г., 609с.
- Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.Ш. т.б. «Қаржы есебi» Алматы 1998ж. 475 б.
- Шуванова В.М., Абдилсанапов А.А. «Организация бухгалтерского учета и формирование учетной политики предприятия». Алматы 2001г., 398с.