АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Негізгі құралдардың есебі және аудиті («Южполиметалл» АҚ мысалында)

 

К І Р І С П Е

 

         Халық     шаруашылығындағы  есептерінің       арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық  ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-АҚты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен және бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні – деп айтуға болады, немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға – деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық  өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық  өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылыуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

         Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден

болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі таңда мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі қайтару, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істелініп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын рөлінің ұшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай гүлденіп, дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.

       Еліміздің жағдайын АҚсарту, экономикалық  дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” атты стратегялық бағдарламасында  “Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту” — деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырғыш күш деп білуі қажет.

       Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде  күннен-күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.

       Нарық  қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “ Бухгалтерлік есеп туралы” , “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалынған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша АҚындатылған.

       Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады. Еліміздің егемендік алып өз алдына ел болғанына да он жылдай уақыт өтті. Осы жылдардың арасында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.

       1995-ші жылғы желтоқсан айының 26-жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің “ Бухгалтерлік есеп туралы” Заң күші бар номері 2732-ші Жарлығы қабылданды. Бұл заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы заңға сәйкес 1996-шы жылғы қараша айының 25-ші жұлдызында қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспары бекітіліп, 1997-ші жылғы қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілері жаңа бухгалтерлік есеп стандарты бойынша өз жұмыстарын жүргізе бпстады. Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғырлым тиімді етіп құруға мүмкіндік береді.

       Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп (дайындап, жасап) шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын рөлі ерекше. Жаңа үлгідегі, сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан да “Негізгі құралдардың есебі және аудиті” тақырыбы бүгінгі күнгі актуалды тақырып болып табылады. Осы себептен жоғарыда аталған тақырып диплом жұмысын жазу үшін таңдалынып алынды. Диплом жұмысын жазу үшін “ЮПМ” ашық акционерлік қоғамының материалдары пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Тарау. Негізгі құралдар есебінің теориялық негізі

 

1.1. Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаттамасы

 

       Жабық нысандағы акционерлік қоғам Южполиметалл  Қазақстан Республикасының әділеттік министрлігінің ОҚО әділеттік басқаруында кәсіпорын ретінде 22.01.1999 жылы тіркелді. 

       Құқықтық тұлғаның мемлекеттік тіркелу куәлігінің тіркеу нөмірі 10037-1958-АҚ.

                 Меншікті иелігі- жеке

                 АҚ негізгі қызметі: түсті, асыл, құнды, сирек кездесетін металдарды, өнеркәсіптік  өнімдерді және металлургиялық өндірістің қалдықтарын өндіру, өңдеу, сақтау және сатумен қоса, минералды шикізаттарды өңдеу, түсті және қара металдардың сынықтарын жинау, сақтау, өңдеу және сату, халық және әртүрлі ұйымдарға көрсету және тағы басқалары болып табылады. Іс-әрекеттердің негізгі мақсаты пайданы таба отырып акционерлердің мүддесін қорғау және өндірісті дамыту мен қоғамдық топтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттылған.

       Южполиметалл АҚ  бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді, салық есебін, ішкі бақылау мен аудитті ұйымдастыруда Заңды күші бар ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» жарғысына 26.12.1995ж. нөм. 2732, ҚР салық кодексіне, бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына, басқадай ҚР заңды және нормативтік актілер мен ережелерге, тәжірибелік  нұсқауларға, ҚР қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің нұсқауларына сүйенеді. АҚ есептік саясатын құрастырғанда келесі принциптерді негізге алған: есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, мәнділік, мағыналылық, дұрыстылық, тәуелсіздік, сапалылық, жан-АҚтылық, толықтылық, аяқталғандылық, салыстырмалылық, реттік.

       Южполиметалл АҚ полиметалдық  шикізаттардан қорғасын, жанама түрде кездесетін сирек түсті металдарды ала алатын өндірушілердің алпауыттарының бірі. Негізгі өнімі болып- халықаралық стандарттарға сай келетін қорғасын табылады. Ол Лондондық биржада 1989 жылдан тіркелген, тіркеу нөмірі 89/389.

       АҚ қорғасын, күкірт қышқылды және сирек кездесетін металдардың өндірістері, ең таза металдарды алатын қорғасын прокатын және басқадай қорғасыннан алынатын түрлі бұйымдардың цехтары бар.

       Зауытта полиметалдық шикізаттан 13 элемент пен 30 түрлі өнім: рафинацияланған қорғасын, штейндегі мыс, возгондағы және сульфаттағы мырыш, антимонаттағы сурьма, перренаттағы рений, жоғарғы тазалылығы бар қорғасынды сурик, қорғасын прокаты және алтынды-күміс құймасы (ДОРЕ құймасы).

       Кәсіпорында қорғасын 1934 жылдан бастап өндіріліп келеді. 1946-1955 жылдары бірінші ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1960-1978 жылдар аралығында кейінгі қайта жөндеу жұмыстарымен қоса кәсіпорын қуатын жылына 167 мың тоннаға дейін өндіретін мүмкіндіктерін жасады. Осының нәтижесінде зауыт дүниежүзінде қорғасын өндірісінде 2-ші орынға ие болды. Зауытта қорғасын өндірісінің классикалық пирометаллургиялық құрылымы пайдалануда, 99,999 пайыздан 999,999 пайызға дейін таза қорғасын, висмут, кадмий, талий, телур және сурьма ала алатын жоғарғы өндірістік технология пайда болып өндіріске енгізілді. Жоғарғы тазалығы бар қорғасынды-суриктік құйманың өндірісі игеріліп, табиғи газ бен пешті бумен суытуды пайдалана отырып құрамында мырышы бар шлактардың жоғарғы тиімділікті фьюменгтік технологиясы пайдалануда. Бұл металлургия саласындағы жұмыс істейтін үлкен компаниялардың қызығушылығын тудыруда.

       Шикізаттардың жоқтылығы мен өзіндік капиталдың жеткіліксіздігі бар жағдайында өндірістің құлдырауын басып өту үшін біздің- бизнес-жоспарымыз өндірісті тұрақтандыру бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл жергілікті және ТМД елдеріндегі шикізаттарды пайдалана отырып рафинацияланған қорғасынның өндірілуі айына 10 мың тонна болған кезде, алтынды-күміс құймасының және висмут, мыс штейні, қорғасын прокаты мен сурикінің өндіру көлеміе ұлғайтқанда ғана тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ал кейіннен күкірт қышқылды қорғасын мен қорғасын құймасын, оптикті-волокнолық кабельді шығаруды қолға алу.

       Осындай өндіріс көлемінің нәтижесінде жоғарғы рентабельділікке қол жеткізу және инвестициялардың келуіне мүмкіндік туғызар еді.

       Южполиметалл АҚ негізгі құралдарына келесілер кіреді: жер, үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары және басқалары. Балансты құру кезіндегі есептелген амортизация аударымын шегергендегі негізгі құралдардың алғашқы құны бойынша есепке алынады.

       01.01.2004 жылға негізгі құралдардың алғашқы құны: 1443802 мың теңгені құрады. Оның ішінде:

  1. жер- 367 мың теңге;
  2. үйлер мен ғимараттар- 580343 мың теңге;
  3. машиналар мен жабдықтар- 787367 мың теңге;
  4. негізгі құралдардың басқадай түрлері- 75639.

       2004 жылдағы негізгі құралдарды енгізу алғашқы құны бойынша 259568 мың теңгені құрады, ал қалдық құны бойынша 131960 мың теңгені құрады. 2004 жылы 248985 мың теңгеге негізгі құралдар шығып кетті, соның ішінде: 27673 мың теңгеге сатылды, жарғылық капитал үлесіне 11822 мың теңге тиді және 209490 мың теңгеге негізгі құралдар ескіруге сәйкес алғашқы құны бойынша шығарылып тасталды.

       Амортизация бір қалыпты түзу сызықты әдісі бойынша есептеледі / 2004жыл бойынша амортизациялық шығыстар 49921 мың теңге құрады, соның ішінде өндірістік негізгі құралдар бойынша 44719 мың теңге, жалпы және әкімшілік негізгі құралдар бойынша 48 мың теңге, өндірістік емес негізгі құралдар бойынша 927 мың теңге, жалға берілген негізгі құралдар бойынша 227 мың теңгені құрады.

       2005 жылға ескірудің жинақталған соммасы 941574 мың теңгені құрады, ал 2004 жылға бұл 909614 мың теңгеге тең болды. 01.01.2005 жылға негізгі құралдардың алғашқы құны 1454386 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. жер –8053 мың теңге;
  2. үйлер мен ғимараттар– 640974 мың теңге;
  3. машиналар мен жабдықтар- 744938 мың теңге;
  4. негізгі құралдардың басқадай түрлері- 60421 мың теңге.

01.01.2005 жылғы негізгі құралдардың қалдық құны  544772 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. жер- 8053 мың теңге;
  2. үйлер мен ұимараттар- 307805 мың теңге;
  3. машиналар мен жабдықтар- 187148 мың теңге.

       01.01.2005 жылға негізгі құралдардың қайта бағалануы нарықтың орташа бағаларының деңгейі жоғарылағанның нәтижесінде жүргізілмеді.

       Амортизациясы және бюджетке аударымдар толық есептелген эксплуатациядағы негізгі құралдардың алғашқы құны 01.01.2005 жылы 370928 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. жер- 31642 мың теңге;
  2. үцлер мен ғимараттар- 13347 мың теңге;
  3. өткізу құрылғысы- 68526 мың теңге;
  4. машиналар мен жабдықтар- 255184 мың теңге;
  5. көлік құралдары- 1692 мың теңге;
  6. қосалқы заттар- 537 мың теңге.

Аяқталмаған құрылыстың құны 01.01.2004 жылға 180434 мың теңгені құрады, соның ішінде: қоймадағы жабдықтар- 180434 мың теңге құрады. Ал 01.01.2005 жылға аяқталмаған құрылыстың құны 202434 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. құрылыс материалдары- 4631 мың теңге;
  2. сонаждағы жабдықтар- 10135 мың теңге;
  3. қоймадағы жабдықтар- 187668 мың теңге.

       2004 жылы негізгі құралдарды жөндеу жұмыстары 74608 мың теңгеге жүргізілді, соның ішінде:

  • өндірістік негізгі құралдар бойынша- 73727 мың теңге;
  • жалпы және әкімшілік негізгі құралдар бойынша- 584 мың теңге;
  • өндірістік емес қорлар бойынша- 297 мың теңгені құрады.

       Өндірістік және әкімшілік негізгі құралдарды жөндеу жұмыстар шығындарына 74311 мың теңге құқықтық тұлғалардан алынатын қосалқы құн салығы бойынша тек 23989 мың теңге шегеріске жіберілді, яғни бар болғаны 10 пайызға ғана.

               Жарғылық қорға – 600 мың теңге аударылды;

               Медициналық орталыққа – 11810 мың теңге;

2004 жылдың инвестицияларының қалдығы – 12410

мың теңгені құрады.

 

 

2007 жылдың балансынан

 

Активтер

Жыл басы

Жыл аяғы

Ауытқулар

(+ ; -)

Негізгі құралдар

1443802

1454386

10584

Жер

453

8053

7600

Үйлер мен ғимараттар

580343

640974

60631

Машиналар мен жабдықтар

787367

744938

-42429

Басқадай негізгі құралдар

75639

60421

-15218

Жинақталған ескіру

941574

909614

-31960

Қалдық құн

502228

544772

42544

Аяқталмаған құрылыс

180434

202434

22000

 

 

       Жалпы есепті жылда негізгі құралдар көбейді, оның құраған сомасы 10584 теңге болды. Бұл үйлер мен ғимараттардың көбеюіне байланысты болды, ол 60631 теңгені құрады. Сонымен қатар ол 42429 теңгеге төмендеді. Негізгі құралдардың белсенді бөлігі машиналар мен жабдықтар және басқадай негізгі құралдар 15218 теңгені құрады. Айта кететін жай, кестедегі мәліметтерге сәйкес кәсіпорынның негізгі құралдарының негізгі бөлігі ескірген, оны біз ескіру мәліметтері және қалдық құнынан көре аламыз. Мұндай негізгі құралдар кәсіпорындағы барлық негізгі құралдардың 2/3 бөлігін алып отыр. Сондықтан да кәсіпорын басшыларының алдында қазір негізгі құралдардың, әсіресе белсенді бөлігін жаңарту қажеттілігі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Осыған орай бұл мәселе дипломдық жұмыстың талдау бөлімінде ашылып көрсетілген. 

 

1.2.Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебі

 

       Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 “Негізгі қорлар (құрал-жабдықтар) есебі” –деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.

       “Негізгі құралдарға”- қозғалмайтын мүлік, жер участкілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатқызылады.

       Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатқызылмайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалынып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірместен ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.

       Барлық “негізгі құралдар” өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық  шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталынады.

       “Негізгі құралдарды” халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

       Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.

Егер шаруашылық субъектінің балансында осы субъектінің негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын өызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.

       Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатқызылады.

       Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

  а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары);

  ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, тағы басқалар);

  б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбылдар, тағы басқалары);

  в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер электроаппараттық трансформаторлар, эксковаторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар ментағы да басқалары);

  г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары;

  ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар);

  д) шаруашылық – құрал жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтар, тағы да басқалары);

  е) жұмыс және өнім малдары;

  ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

  з) жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны);

  и) жерді АҚсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;

  к) басқа негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары).

       Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдар”- деп аталатын шотта есептейді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған –деп үш топқа бөлінеді.

       Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

       Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқада АҚқа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.

       Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.

       Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай

а) негізгі құралдар

ә) тауарлы-материалдық қорлар немесе

б) қаржылық инвестициялар

болып бөлініп есептелінеді.

       Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

       Негізгі құралдардың бастапқы құны –ол активті салуға, сатып алуға , әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін процент (пайыз) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және қажет болып саналмайтын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады.Негізгі құралдардың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынандай шығындар кіргізіледі:

   а) жер участкісінің бастапқы құнына:

   Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім шартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі(кіргізіледі).

   ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:

   Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі).

       Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген процент сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатқызылады және де негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.

       Шаруашылық субъектінің өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындары: материалдар, жұмысшы қызметкерлерге төленген еңбек ақы сомалары, еңбек ақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиенің проценттері, заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алуға кеткен шығындар мен басқа да шығындар енгізіледі.

       Шаруашылық субъектілері жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алынса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер участкесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынның қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:

  • Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша.
  • Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша.
  • Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.

       Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл шаруашылық субъектінің белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.

       Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

       Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты болатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастауарқылы анықталады.

       Негізгі құралдардың келісілген құны – кез келген екі АҚтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушы арасындағы келісілген құн болып табылады.

       Бухгалтерлік шоттарда есептелінген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а) Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде.

ә) Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.

       Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объект бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ.Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі құралды өндіру салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалынған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын уақыт өте қайтадан бағалап тұрады. Негізгі құралдарды қайта бағалау үкіметтің қаулысымен барлық жерде шаруашылық субъектілерінде белгілі бір күнде, мезгілде жүргізіледі.

       Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі салу өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Шаруашылық субъектілерде негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.

       Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі бағасының өсуі 12-ші бас шоттың тиістісінің дебетіне 541-ші “Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал” шотының кредитіне жазылады.

       Қайта бағалау жүргізілген күні шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылып отырылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәті ғана ауыстырылады.

 

1.3. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру

 

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарының есебі 12-ші бас шотының бөлімше шоттарында жүргізіледі.

  121 шот-жер,

  122 шот-үйлер мен ғимараттар,

  123 шот-машиналар,

  124 шот-көліктер,

  125 шот-басқалары,

  126 шот-аяқталмаған құрылыс.

       Бұлар активті шот болғандықтан дебетіне негізгі құралдардың кірісі, яғни көбеюі, ал кредитіне негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір инвентарлық объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объекті — деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлер мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз еті үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

       Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық нөмір негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады.Инвентарлық объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен номерлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

       Шаруашылық субъектілерінің бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомстволық инвентарлық карточка ашылады. Егер жекеше бірнеше бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар, тағы басқалары қосылып бір инвентарлық объектіні құрайтын болса, онда оның инвентарлық карточкасына құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер шаруашылық субъектісінің бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар инвентарлық карточкаларында тобы бойынша есептелінеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек инвентарлық номер беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ шаруашылық субъектісіне календарлық бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ-6 ведомство аралық инвентарлық карточкасы қолданылады. Инвентарлық карточкалар шаруашылық субъектісінің бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.

       Негізгі құралдарды көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін инвентарлық карточкалардың орнына үлгілі түрі НҚ-11 санды инвентарлық кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған түрлері бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды инвентарлық кітапшада есептеген жағдайда инвентарлық тізім жүргізілмейді.

       Шаруашылық субъектілерінде инвентарлық карточкалар немесе инвентарлық кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспорттар және басқа да негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері, тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Инвентарлық карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір инвентарлық объектіге бір данадан толтырылып шаруашылық субъектісінің бухгалтериясында сақталынады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жіктелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде инвентарлық карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың атқаратын қызметіне және де түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер тағы да басқалар) орналастырылады. Шаруашылық субъектісінде шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орын ауыстырған негізгі құралдардың инвентарлық карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталынады. Сондай-ақ келешекте пайдалану үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да инвентарлық карточкалары бөлек қойылуы қажет.

       Инвентврлық карточкалар мен кітапшалар талдамалы (аналитикалық) есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, инвентарлық номері, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық номері, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) тағы басқа шартты белгілермен керекті мәліметтер жазылады. Толтырылған инвентарлық карточкалардың үлгілі түрі НҚ-10 санды ведомстволық негізгі құралдарды есептейтін инвентарлық карточка тізіміне тіркеледі. Бұл тізім бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, инвентарлық карточкалардың түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімге жазады.

       Негізгі құралдарды сақталынып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша есебі үлгілі түрі НҚ-13 санды карточка жүргізіледі. Инвентарлық карточкаларға қарағанда бұл карточкада келіп-түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша тек қана қысқаша мәліметтер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарлық нөмірі, инвентарлық карточка немесе инвентарлық кітапшаға жазылған нөмірі, басқа да мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде бұл карточкаға үлгілі түрі НҚ-13 кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметтер жазылып, бухгалтерлік есептің ақпараттарымен салыстырылып, тексеріліп отырылады. Бұл карточкада көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточка қолданылады. Ол карточка субъектілерде негізгі құралдардың тиісті шоттарының инвентарлық карточкаларының мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдың жіктелу топтары мен түрлері бойынша есеп беретін айдың бағасындағы құны бойынша қалдығы олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ-12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланылады. Шаруашылық субъект бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточкадағы қалдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырылып, тексеріліп отырылады.

Шаруашылық субъектілерінде инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.

       Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы, өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.

       Шаруашылық субъектілеріне негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа субъектілер мен ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі, тағы да басқалар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға шаруашылық субъектісі үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланылатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстарға, объектілерге алдымен тағайындалған комиссия оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Сонымен қатар, бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • объектінің аты;
  • объектіні алушы мен тапсырушы субъектілер;
  • салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
  • құрылыстың салынып біткен уақыты;
  • амортизациялық аударым мөлшері;
  • бастапқы құны;
  • басқа да шартты белгілері.

       Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне шаруашылық субъектісіндегі бас механикалық бөлім төлқұжат толтырылады. Негізгі құралдарға құжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу нормасы, істен шығарылу себебі) тағы басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде негізгі құралдарға түгендеу жүргізіліп тұрады.

       Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына тапсырылады. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті инвентарлық карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар шаруашылық субъектісінің тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні шаруашылық субъектісінің басшысы бекітеді. Бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға және олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша кіріске алынады. Жоғарыда айтылғандай, негізгі құралдардың өзіндік құнына оны әкелуге, құрастыруға және орнатуға кеткен шығындар да кіреді. Негізігі құралдарды кіріске алғанда шаруашылық субъектісінің бухгалтериясында мынандай бухгалтерлік жазулар жазылады:

       Негізгі құралдар деп аталатын 12-ші бас шоттың тиісті бөлімше шоттары (121;122;123;124;125;126;) дебеттелініп, оған сәйкес

       126;431;432;441;451;452;511;641;642;643;671;687;726;727-ші тағы да басқа шоттардың тиістілері кредиттелінеді. Егер шаруашылық субъектісіне келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар бұрын пайдаланылып және оларға тозу сомасы есептелінген болса, онда олардың тозу сомасына мынандай бухгалтерлік жазулар жазылады:

Дебет 122-ші;123-ші;124-ші; және 125-ші шоттардың тиістісі-

Кредит 131-ші; 132-ші; 133-ші және 134-ші шоттарының тиістісі.

       «Южполиметалл» АҚ негізгі құралдар есебін ұйымдастыруда кәсіпорында даярлап бекітілген Есеп саясатын пайдаланады, оның негізгі мағынасы төменде толығымен келтіріліп отыр:

Негізгі құралдардың есебін жүргізудегі есептік саясат

«Южполиметалл» АҚ  материалды емес активтері келіп түскен кезде алғашқы құны бойынша есепке алынады. Оның ескіруі нормалар бойынша ай сайын алғашқы құны мен пайдалы жұмыс істеу уақытына сәйкес есептеледі. Материалды активтер бойынша пайдалану жылын анықтау қиын болғандықтан оның жалпы уақыты 10 жыл деп алынады.

       АҚ негізгі құралдардың қозғалысының типтік алғашқы құжаттарын пайдаланылады. Бухгалтерияда негізгі құралдар инвентарлық карточкаларда, алғашқы құндық инвентарлық бейнелеуінде есептеледі. Негізгі құралдардың пайдаланып жатқан орындарындағы есебі инвентарлық бейнелеуде жүргізіледі.

       АҚ көбейтетін және көшіретін құралдардың амортизациясын өндірістік әдіспен, ал қалған негізгі құралдардың амортизациясын бір текті түзу сызықты әдіспен жүргізеді. Жұмыс істеу мерзімін нақты анықтау үшін объект туралы барлық бар мәліметтерді қарастыру керек. АҚ негізгі құралдардың консервациясын меншік иесінің рұқсатымен технологиялық процестерге сәйкес өткізеді.

       Запастағы тұрған негізгі құралдарға АҚ амортизацияны есептемейді. Ал негізгі құралдарды есептен шығару үшін зауыттың бұйрығымен арнайы комиссия құрылып негізгі құралдың физикалық және моральдық ескіргендігі туралы шешім қабылдап, сонан соң барып егер де негізгі құрал жарамсыз деп танылса, сонда ғана ол есептен шығарылады.

       Негізгі құралдың бастапқы құнын көбейту, тек сол объекттің жағдайын АҚсатқан қосымша капиталдық салымдар арқылы көбейтіледі. Яғни, жұмыс істеу мерзімі ұзарады және өндірістік қуаттылығы артады.

       Негізгі құралдар ағымдағы жалға берілуі мүмкін, жал мерзімінің басталуы келісім-шартқа қол қойған кезден бастап саналады. Жал алушы жал мерзімінің ішінде жал төлемін төлеп тұруға міндетті, екі АҚты есептесуге де болады. Жалға берілген мүлік «Южполиметалл» АҚ балансында көрсетіліп, бір текті түзу сызықтық амортизациялық әдісті пайдаланып амортизациялық аударымдарды аударады, ал табысы жал мерзімінің барысында бір қалыпты негізде келіп түседі.

       Негізгі құралдарды қайта бағалау ҚР үкіметінің 24.07.1997 жылғы номері 1174 үкіміне сәйкес барлық заңдылық нормаларды және индекстеу ережелерін ескере отырып өзі жүзеге асырады. Негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы бухгалтерлік баланстың «өзіндік капитал» бөлімінің, 541 шотында «негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесіндегі қосымша төленбеген капитал» жүргізіледі. Негізгі құралдардың түгендеуін жылына бір рет жүргізеді 1-ші қарашада. Кітапхана қорлары бойынша-бес жылда бір рет, үйлер мен ғимараттар – үш жылда бір рет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-Тарау. Негізгі құралдардың есебі

 

2.1. Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым сомасын есептеу

 

       Негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға тура келеді.

Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болуы табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп, құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғанына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) оларды ұзақ пайдалану және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

       Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму процесінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды).

       Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдың тозуы дегеніміз олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп айтуға болады.

       Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі — өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогрестің өсуіне байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді (арзандайды). Сөйтіп еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдайда шаруашылық субъектілеріне қымбат және тозыңқыраған (пайдаланған) машиналар мен көліктерінің, құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдарының орнына арзан, әрі жаңа, сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.

       Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі – ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Шаруашылық субъектілерде өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық (моралдық) тозуына әкеліп соқтырады. Барлық шаруашылық субъектілері қандай меншікте болса да (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелінбейді:

  • жерге;
  • кітапхана қорларына;
  • фильм қорларына;
  • архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
  • өнімді малдарға;
  • музейлік құндылықтарға (заттарға);
  • жалпылай пайдаланылатын көлік жолдарына;

Сонымен қатар амортизациялық аударым мынандай жағдайларда есептелінбейді:

  • Қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру (перевооружения) жұмыстарын жүргізген уақытта, сондай-ақ негізгі құралды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.

Негізгі құралдардың тозуы бас шоттар кестесінің 13-ші бөлімшесінің мына шоттарында жүргізіледі:

     131 шот – үйлер мен ғимараттардың тозуы

     132 шот – машиналардың тозуы

     133 шот – көлік құралдарының тозуы     

     134 шот – басқадай негізгі құралдың тозуы

       Сонымен бірге шаруашылық субъектілері бұл шоттардың әрқайсысына өздерінің қалауынша аралық шоттар ашуларына болады.

       Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы басқалары) өндіріс процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» –деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда “өтеу” – деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырылады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарылып отырылады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

       Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы белгіленген процентпен есептелініп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға ай бойы есептелінген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелінген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылады.

       Маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға жыл бойы есептелінген амортизациялық аударым сомасы жыл соңында субъектінің жыл бойы өндірген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнына кіргізіледі.

       Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап есептелінеді. Ал субъектінің балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың бірінен бастап амортизациялық аударым есептелмейді.

       Бухгалтерлік есептің №6-шы “Негізгі құралдарды (құрал-жабдықтарды) есепке алу” – деп аталатын стандарттарында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынандай әдістер бекітілген:

  1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.
  2. Құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс).
  3. Жылдамдатып есептен шығару әдістері:

а)  қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту) әдісі;

б) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.

       Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алынған әдісі шаруашылық субъектінің есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.

       Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептелініп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелінетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

       Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс). Бұл әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Бұл әдісті (өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің – яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына тікелей пропорционалды түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдаланылу кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

Жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдаланылу мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелінетін амортизациялық аударым сомасы, соңғы пайдаланылатын жылдарындағы есептелінетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым (едәуір) асып түседі. өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдаланылу яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіру яғни жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі құралдарды жаңа өнімділігі жоғары басқа да АҚтарынан тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептен шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай неізгі құралдарды жөндеу шығындарына байланысты. Олар, яғни жөндеу шығындары негізгі құралдарды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егерде негізгі құралдарға жылдамдатып есептен шығару деп аталатын амортизациялық аударым әдісін қолданған жағдайда амортизациялық аударым мен жөндеу шығындарының қосындысы негізгі құралдардың пайдаланылуы барысында бірнеше жыл, яғни ұзақ уақыт бойы бір қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі құралдардың өздерінің пайдаланылуы барысында шаруашылық субъектісіне келтіретін пайдасы бір қалыпты тең мөлшерде яғни бірдей шамада болып қалады.

       Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (коммулятивтік әдіс). Бұл әдістің коммулятивтік, яғни сандардың қосынды жиынтық сомасы деп айтылуының (аталуының) себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланылатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байланысты. Бұл формула мына түрде жазылады:

          Қалған жылдар саны

АА = ——————————-      х  (бастапқы  —    қалдық)

          Пайдаланылатын жыл                  құны             құны

          сандарының қосындысы

Сандардың қосындысын, яғни комуляциялық  санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:

        N х (N+1)

S = —————     мұндағы

               2

S – сандардың қосындысы,

N – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі (жыл).

    Біздің мысалымыз бойынша

            5 х (5+1)          5 х 6           30

    S = ————-   = ———  =   ——  =  15

                 2                    2               2

егер негізгі құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, комуляциялық сан 55-ке тең болады.

           10 х (10+1)            10 х 11

  S = ——————    =  ————       =  55.

  • 2

       Қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту) әдісі. Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бір қалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланылатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның проценті анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған процент мөлшері (100% бөлінген пайдаланылатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

       Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезінде және толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралға есептелінбейді.

       «Южполиметалл» АҚ негізгі құралдардың тозуының есебінің көрсеткіштерін келесі мәліметтерден көруге болады. Онда ескіру есебі салық декларациясында бекітілгендей жеті бөлімге топталып жасалған. Жоғарыда айтылғандай, негізгі құралдар тозуы жоғары дәрежеде ескірген. Дегенмен, салық топтау принциптері негізгі құралдардың актив бөлігін және де жаңа технологияларды енгізуге үлкен мүмкіндік туғызатын нормалар арқылы қызығушылық тудырады (кесте№1) 

 

2.2. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі

  

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың өздерінің пайдалануы барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанмен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құралдардың іске қосылмай тұруы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға мүмкіндік болмай, пайдаланылып жүруі мүмкін. Шаруашылық субъектілері өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай (немесе оны ағымдағы деп те атайды) және күрделі болып екіге бөлінеді.

       Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс процесі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатқызылады.

       Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін, өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни күрделі жөндеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуі көзделінеді.

       Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы шаруашылық субъектісінің ағымдаға шығыны болып есептелінеді.

       Егер негізгі құралдарды субъекті өз күшімен жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.

       Ал шаруашылық субъектісі өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған субъектілерді қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептелінеді. Басқа субъектілерге өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында шаруашылық субъектісі мердігерлік субъектімен келісім-шарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай субъектінің қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізілу мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі тағы да басқа жағдайлар (талаптар) көрсетіледі.

       Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды шаруашылық субъектісінде тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі НҚ-2-ші “Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі”-толтырылады.      

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың инвентарлық карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланысты тиісті деректер (өзгертулер мен толықтырулар) жазылуы тиіс. Бұл толтырылған актімен басқа да құжаттар шаруашылық субъектісінің бухгалтериясында сақталынады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгілі түрі НҚ-2 “Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі”- екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген субъектіге беріледі. Шаруашылық субъектісінде негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық  әдіспен, яғни субъектінің өз күшімен жүргізілетін болса, онда ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:

126-шы “Аяқталмаған құрылыс”,

811-ші “Тауарларды (жұмыстарды , қызметтерді) сату жөніндегі шығындар”,

821-ші “Жалпы және әкімшілік шығындар”,

920-шы “Қосалқы өндіріс”,

934-ші “Негізгі құралдарды жөндеу” үстеме шығындары,

945-ші “Негізгі құралдарды жөндеу” әлеуметтік сала шығындары- шоттарының дебетіне,

ал мына төмендегі:

20-шы “Материалдар”,

63-ші “Бюджетпен есеп айырысу”,

64-ші “Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің несиелік борышы”,

65-ші “Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу”,

67-ші “Жабдықтаушылар және мердігерлерменен есеп айырысу”,

68-ші “Басқадай несиелік борышпен есептеулер” бөлімшелері шоттарының тиістілерінің кредитіне жазылады.

       Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жөндеу құнының сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері (126-шы, 811-ші, 821-ші, 934-ші және 945-ші) дебеттелініп, 671-ші “Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу”-шоты кредиттелінеді.

       Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің)өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін шаруашылық субъектілері жөндеу қорын (резервтер) жасауларына болады. Әсіресе жөндеу қорын (резервті) маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінің жасауы қажетті болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалынады. Бұл жағдайда қордың сомасы ай сайын:

126-шы “Аяқталмаған құрылыс”;

811-ші “Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар”;

821-ші “Жалпы және әкімшілік шығындар”;

934-ші “Негізгі құралдарды жөндеу” үстеме шығыны;

945-ші “Негізгі құралдарды жөндеу” әлеуметтік сала шығыны- деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебетіне,

686-шы “Басқадай есептелінген шығындар” шотының кредитіне жазылады.

       Ал негізгі құралдарға жөндеу жүргізілген уақытында бұл резервтегі қордың жұмсалуына төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады. Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни субъектінің өз күшімен жүргізілсе, 920-шы “Қосалқы өндірістер” шоты кредиттелініп, 686-шы “Басқадай есептелінген шығындар” шоты дебеттелінеді. Ал егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе, 671-ші “Өнім беруші және мердігерлермен есеп айырысу” шоты кредиттелініп, 686-шы “Басқадай белгіленген шығындар” шоты дебеттелінеді. Жыл соңында (аяғында) 686-шы “Басқадай есептелген шығындар”-деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.

 

2.3.Жалдағы негізгі құралдардың есебі

 

       Шаруашылық субъектілері өздеріне керекті, яғни уақытша қажет болған негізгі құралдарды басқа шаруашылық субъектілерінен, ұжымдардан жалға алуларына болады. Сондай-ақ шаруашылық субъектісі өзінің балансында тұрған, бірақ уақытша пайдаланылмай немесе қажет болмай тоқтатылып тұрған негізгі құралдарын басқа субъектілерге уақытша жалға берулеріне болады. Ол үшін екі шаруашылық субъектілерінің, яғни негізгі құралдарды жалға алушы және жалға берушілердің арасында келісім-шарт жасалынуы тиіс. Бұл келісім-шартта жалға алынатын немесе жалға берілетін негізгі құралдардың аталынуы, техникалық жағдайы, бастапқы құны, тозу құны, жалға берілетін немесе жалға алынатын мерзімі, жалдық төлем ақысының мөлшері, егер осы жалға алынған немесе берілген уақытта бұл негізгі құралға жөндеу жүргізілуі қажет болған жағдайда кімжөндейтіндігі (бұзылып қалған жағдайда) және қайсы субъектінің есебінен жүргізілетіндігі тағы да басқа мәліметтер көрсетілуі қажет.

       Жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өздерінің жалға алынуы немесе жалға берілуі мерзімінің ұзақтығына қарай үш түрге бөлінеді:

  • қысқа мерзімді жалдағы негізгі құралдар;
  • орта мерзімді жалдағы негізгі құралдар;
  • ұзақ мерзімді жалдағы негізгі құралдар.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды қысқа мерзімге жалға алу немесе қысқа мерзімге жалға беру деп бір жылға дейінгі уақытқа жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдарды айтады. Халықаралық стандартта бұны “Рейтинг” немесе “Чартер”-деп те атайды. Негізгі құралдардың бір мен үш жыл мерзімі аралығында жалға алынуы немесе жалға берілуі орта мерзімді жал түріне жатқызылады. Халықаралық стандартта жалдың бұл түрін “Хайринг” –деп атайды. Жалдың бұл түрлері бойынша негізгі құралдарды жалға алғанда немесе бергенде жалға алушы шаруашылық субъектісі сол негізгі құралдарды жалдық мерзімі аяқталғаннан кейін олардың иесіне қайтарып береді. Шаруашылық субъектілерінде орта және қысқа мерзімдерге жалға алынған негізгі құралдар 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдар” деп аталатын баланс сыртындағы шоттың дебетінде есептелінеді. Ал бұл негізгі құралдар өз иесіне, яғни жалға берушіге қайтарылған уақытында бұл жоғарыда аталған 001-ші шоты кредиттелінеді. Шаруашылық субъектісі қысқа мерзімге жалға алынған негізгі құралдар үшін төлейтін жал төлеміне 937-ші “Жал төлемі” –деп аталатын шотты дебеттеп, 686-шы “Басқадай есептелінген шығындар”- деп аталатын шотты кредиттейді. Ал субъекті бұл есептелген жал төлемін төлеген жағдайда 686-шы “Басқадай есептелінген шығындар” шотын дебеттеп, №4-ші “Ақшалай қаражаттар”-деп аталатын бөлім шоттарының (431-ші, 432-ші, 441-ші, 451-ші және 452-ші шоттарының) тиістісілерін кредиттейді.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға алу немесе жалңа беру ұзақ мерзімді жал түріне жатқызылады. Жалдың бұл түрі халықаралық стандартта “Лизинг”-деп те аталады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алудың немесе жалға берудің өзі жай және қаржыландырылған болып екіге бөлінеді. Егер жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өзінің жал туралы келісім-шарттарында көрсетілген мерзімі аяқталғаннан соң міндетті түрде иесіне қайтарылатын болса, онда бұл ұзақ мерзімді жалдың жай түріне жатқызылады. Ал ұзақ мерзімге жалға алу немесе жалға берудің қаржыландырылған түрі бойынша келісім-шартта көрсетілген мерзім аяқталған соң негізгі құралдарды жалға алушының сатып алуына құқығы бар болып табылады.

       Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алғанда “Айналымнан тыс активтер” –деп аталатын бөлімнің 12-ші бас шоттарының тиістісі дебеттелініп, 683-ші “Жалдық міндеттеме” шоты кредиттелінеді. Осы ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар үшін шаруашылық субъектісі жал төлемін төлегенде 683-ші “Жалдық міндеттеме” шоты дебеттеліп, “Ақша қаражаттары” бөлімі шоттарының тиістілері кредиттеледі.

       Негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға бергенде 842-ші “Негізгі құралдарды есептен шығару бойынша шығындар” –деп аталатын шот дебеттеліп, (негізгі қызметі лизинг болып саналатын субъектілерде 805-ші шот) 12-ші бас шоттары бөлімшесінің тиісті шоттары кредиттелінеді. Ал бұл ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдардан алынатын табыс 334-ші “Басқадай дебиторлық борыш” деп аталатын шотының дебетіне, 705-ші “Жылдан алынатын табыс” (негізгі қызметі лизинг болып саналатын субъектілерде) немесе 727-ші “Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай табыстар” (негізгі лизинг болып саналмайтын субъектілерде) деп аталатын шоттардың тиістісінің кредитіне жазылады.

       Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алғанда оларға есептелінетін тозу сомасы 126-шы “Аяқталмаған құрылыс”, 811-ші “Тауарларды (жұмысты, қызметті) сату жөніндегі шығындар”, 821-ші “Жалпы және әкімшілік шығындары” немесе 935-ші “Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы” –деп аталатын шоттардың дебетіне, 13-ші “Негізгі құралдардың тозуы” деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.

       Ал бұрын пайдаланылған негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға бергенде оларға бұрын есептелген тозу сомасына 13-ші бас шоттың тиістілері дебеттеліп, 12-ші бас шот бөлімшелерінің тиісті шоттары кредиттелінеді.

       Шаруашылық субъектісінің ұзақ мерзімге жалға алған негізгі құралдарының келісім-шарттағы көрсетілген уақыты бітіп, субъектінің меншігіне айналғанда, 121-126-шы шоттардың тиістілеріне дебеттелініп, “Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар”-деп аталатын 121-126-шы шоттың тиісті аралық шоттары кредиттелінеді.

       Шаруашылық субъектілерінде ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың аналитикалық (талдамалық) есебі олардың түрлері бойынша және әрбір инвентарлық объектілері бойынша бөлек жүргізіледі. Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың жалға алынған мерзімдерінен бұрын иесіне қайтарылуы бухгалтерлік есепте былайша көрсетіледі:

     Жалгерде:

       Келісім-шарт бойынша әзірге төленбеген жал төлеміне 683-ші “Жалдық міндеттеме” – шоты дебеттелініп, 12-ші бас шоттың тиісті бөлімшесінің шоттары кредиттелінеді. Сонымен қатар есептелген тозу сомасына 13-ші “Негізгі құралдардың тозуы” бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 12-ші “Негізгі құралдар” бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.

     Жалға берушіде:

       Жалгер қайтарып берген негізгі құралдардың қалдық сомасына 12-ші “Негізгі құралдар” бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 334-ші “Басқадай дебеторлық борыштар” – шоты кредиттелінеді. Сонымен қатар оларға есептелінген тозу сомасына 12-ші ”Негізгі құралдар” – бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 13-ші “Негізгі құралдардың тозуы” – бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.

       Біздің «Южполиметалл» АҚ негізгі құралдарды жалға беру жыл бойы келесі кестелердің көрсеткіштерімен сипатталады. Бұл жерде жоғарыдағы айтылған тиісті құжаттардыңбарлығы толтырылады. Одан алынатын кіріс тиісті бухгалтерлік есеп нысандарынан жылдық қорытынды есепте көрсетіледі. Төмендегі кестедегі мәліметтер жылдық қорытынды есептен келтірілген:

 

 

Мүлікті жалға беруден түскен табыс

 

Мүлік түрі

Орналасуы

Келісім шарт нөмірі

Жалдан түскен табыс

1.

Көлік құралдары

Зеленая балка 421

052

10.0

2.

Көлік құралдары

Абай 2

127

210.5

3.

Павилион

Заут терр.

289

5.3

4.

Бульдозер

Жатақхана 1

489

43.8

5.

Қойма

Заут терр.

300

35.0

 

Барлығы:

 

 

304.6

 

 

 

 

2.4.Негізгі құралдарды есептен шығарудың тәртібі.

 

       Шаруашылық субъектілері өздерінің пайдаланудағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есептен басқа субъектілерге, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ұрлағанда, жоғалғанда, табиғи апат, зіл-зала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық субъектілері өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.

       Негізгі құралдарды есептен шығару №6 – бухгалтерлік есеп стандартында қаралған тәртіп бойынша жүргізіледі.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығару үшін қажетті құжаттарды толтыру үшін субъект басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамында мынандай қызметкерлер болуы тиіс:

  • шаруашылық субъектісінің басшысы немесе оның орынбасары –комиссияның төрағасы ретінде;
  • бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;
  • негізгі құралдың сақталуына жауапты адам;
  • негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;
  • мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шығаратын жағдайда) ;
  • тағы да басқа жұмысшы қызметкерлер болуы мүмкін.

       Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия шаруашылық субъектісінде мынандай жұмыстар мен міндеттерді атқарады:

  • есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп,

сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды;

  • объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалық тозғандығы, табиғи тозғандығы, апат болғандығына байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрлағандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайының, т.б.)
  • негізгі құралдардың белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен (есептен) шығарылу себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі тұлғаны (адамдарды) заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөнінде ұсыныс жасайды.
  • есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерін, детальдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді.
  • осы, яғни есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының және де сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тиісті орындарға (қоймаларға) тапсырылуын қадағалап отырады.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 “Негізгі құралдарды есептен шығару актісі” және үлгілі түрі НҚ-4 “Көлік құралдарын есептен шығару актісі” толтырылады.

       Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынандай деректер көрсетіледі:

  • объектінің салынып біткен (өндірістен шығарылған) уақыты (айы, жылы, күні) ;
  • шаруашылық субъектісіне келіп түскен кіріске алынған уақыты;
  • пайдалануға берілген уақыты;
  • объектінің бастапқы құны (қалпына келтіру құны) ;
  • бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептеген тозу сомасы;
  • жөндеулердің жүргізілген уақыты;
  • көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы (км) көрсетіледі;
  • негізгі құралдардың істен шығарылу себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
  • аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
  • сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.

       Комиссия жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды есептен шығару актісін субъектінің басшысы бекітеді. Акт екі (2) дана етіліп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғаннан алынатын іске жарайтын бөлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын тағы да басқаларды қоймаға тапсыру үшін негіздеме болады. Негізгі құралдарды есептен шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі құралдарды бұзуға, бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, есептен шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комиссияның бағалағаны бойынша бухгалтерлік есепке алынады. Шаруашылық субъектісінің негізгі құралдарды бұзғаннан алған материалдарын сатқаннан алған сомасынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы субъектінің өзінде қалады. Шаруашылық субъектілерінде есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 842-ші “Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар” шотының дебетіне, 12-ші “Негізгі құралдар” бас шотының тиісті бөлімшелерінің кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған (есептелінген) тозу сомасына 13-ші “Негізгі құралдардың тозуы” бас шотының тиісті бөлімшелері дебеттелініп, 12-ші “Негізгі құралдар” бас шотының тиісті бөлімшелері шоттары кредиттелінеді. Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны 20-шы “Материалдар” бас шотының тиісті бөлімшелерінің дебетіне, 722-ші “Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс” шотының кредитіне жазылады.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс “Дебиторлық борыштар және де басқа да активтер” деп аталатын 3-ші бөлім және “Ақшалай қаржылар” деп аталатын 4-ші бөлім шоттарының тиістілерінің дебетіне, 722-ші “Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс” шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынатын табыстар мен шыққан шығындар 571-ші “Жиынтық табыс (зиян)” шотына апарылады.

       Басқа шаруашылық субъектілеріне, заңды тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ-1 “Қабылдау табыс ету (ақысыз) актісі” екі дана етіліп толтырылады. Оның біреуі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа шаруашылық субъектісіне немесе тұлғаларға берілген негізгі құралдардың инвентарлық карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралдарды алушыға беріледі. Негізгі құралдың және оның инвентарлық карточкасының басқа субъектіге немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады. Негізгі құралдарды беруші шаруашылық субъектісі оны тегін алушыға берілген негізгі құралдардың бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, 4 (төрт) дана етіп хат (авизо) жолдауы керек. Негізгі құралдарды алған субъектінің немесе заңды тұлғаның бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді. Сонымен басқа шаруашылық субъектілерге заңды тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан қабылдау-табыс ету актісімен оны алушыны дәлелдейтін хатына (авизоға) негізделініп шығарылады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулармен бірдей жазылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

3-Тарау. Негізгі құралдарды талдау

 

3.1. Негізгі құралдарды талдаудың мақсаты мен міндеті

 

       Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің негізгі мақсаты бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін және есеп берудің дұрыс ұйымдастырылуын бақылау болып табылады. Есеп беруді, есеп регистрларын және алғашқы құжаттарды тексеру келесідей кезек бойынша жүргізіледі:

       Бухгалтерлік баланс – номері үшінші бухгалтерлік балансқа қосымша – бас кітап –журналдар — өңдеу кестелері – алғашқы құжаттар (НҚ-1; НҚ-2; НҚ-3; НҚ-4; НҚ-6; НҚ-10; НҚ-12 тағы да басқалары).

       Кәсіпорынның негізгі құралын тексеру барысында аудитор алдымен мыналарды ескеруі қажет:

—       топтамалық есептің (синтетикалық) жазуларының бас         

        кітап және бухгалтерлік баланс мәліметтерімен

        сәйкестілігі;

  • негізгі құралдардың қолда бары мен қозғалысының

бухгалтерлік балансқа дұрыс жазылнуы;

  • негізгі құралдардың қозғалысы және тозуы бойынша жиынтық талдамалық есептің жүргізілетіндігі, сондай-ақ жиынтық талдамалық есеп мәліметтерінің бас кітап және бухгалтерлік баланс мәліметтерімен сәйкестілігі;
  • негізгі құралдардың есебі бойынша екі АҚты жазулардың дұрыс жазылғандығы;
  • негізгі құралдар есебінің баланстан тыс шоттарда есептелініп жүргізілетіндігі.

Кәсіпорындарда, шаруашылық субъектілерінде негізгі

құралдарға аудиторлық тексеру жүргізудің басты мақсаты мына төменде айтылғандарды бақылау болып табылады:

  • негізгі құралдардың түрлері және өндіріске қатысуы

бойынша дұрыс жіктелінуін;

  • бухгалтерлік есепте негізгі құралдардың дұрыс

бағалануын;

  • негізгі құралдардың қозғалысы бойынша дұрыс құжатталуын және есепте көрсетілуін;
  • негізгі құралдарға амортизациялық аударым мөлшерінің дұрыс есептелінуін;
  • негізгі құралдарды жөндеудің дұрыс көрсетілінуін;
  • бухгалтерлік есепте және есеп беруде негізгі құралдардың қолда бары мен қозғалысының дұрыс көрсетілінуін және тағы да басқа.

Сондай-ақ негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің басты мақсатына олардың тиімді пайдалануы мен түгелділігін бақылау жатқызылады. Сонымен қатар кәсіпорындағы негізгі құралдардың қысқа немесе ұзақ мерзімге жалға берілгендігін тексеру және ол операциялар үшін толтырылған құжаттардың (келісім шарттардың, актілердің) дұрыстығын тексеру де аудитордың негізгі мақсаты болып табылады.

Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып аудитор мыналарды тексеруі қажет:

  • кәсіпорындағы негізгі құралдардың сақталынуына және

түгелдігіне жағдай жасалынғандығын. Бұл үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен негізгі құралға жауап беретін материалдық жауапты адамның белгіленгендігін;

  • осы белгіленген адаммен жазбаша келіссөз

жасалынғандығын;

  • жауапты адамның жұмысты атқаруы, яғни негізгі

құралды бақылап қадағалауы үшін жағдай жасалынғандығын (толығымен жабдықталған қоймалардың, шкафтардың, сейфтердің болуы;

  • кәсіорынның ауласынан материалдық құндылықты алып

шығу үшін белгіленген тәртіптің орнатылынуы;

  • түгендеу нәтижесінің құжатталынуы және оларда

көрсетілген кемшіліктерді жою уақытының белгіленгендігі;

  • жоғарыда аталған түгендеу нәтижесінің барысында

кінәлі болып табылған адамдарға қандай жаза қолданылғандығы.

       Аудитор бұл аталған жұмыстармен қатар кәсіпорынның негізгі құралдарына іріктемелі (выборочно) түгендеу жүргізуге міндетті. Егер шаруашылық субъектінің негізгі құралдары аз ғана мөлшерде болса аудитор толықтай тексеру жұмысын жүргізеді.

 

3.2. Негізгі құралдарды түгендеу

 

       Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі (ережесі) бойынша барлық шаруашылық субъектілері бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Бухгалтерлік есептің

    6-шы “Негізгі қорлар (құрал-жабдықтар) есебі” –деп аталатын стандартында “Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың күтіп сақталуын бақылау мақсатында субъектілер қолданылып жүрген нормативтік- құқықтық және өзге де актілерге сәйкес негізгі құралдарды ауық-ауық түгендеп тұрады” делінген.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды түгендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды тағы ды басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.

       Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынандай жағдайларда жүргізіледі:

  • негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда;
  • негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;
  • өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;
  • шаруашылық субъектісі бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда, т.б. жағдайларда.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:

  • инвентарлық карточкалардың, инвентарлық кітапшалардың, инвентарлық тізімнің бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
  • негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық құжаттарының бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
  • жалға алынған немесе берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының бар немесе жоқтығын.

Егер ондай тиісті құжаттар болмаған жағдайда негізгі құралдарға жауапты адамдардан ол құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің регистрларында немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілген болса, онда ол қателіктерді анықтап құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу керек. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық нөмірі мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы да басқа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгендеу барысында шаруашылық субъектісінің балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп регистрларында сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып толтырылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы (түгендеу жүргізілген уақыттағы) баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, үйдің, ғимараттың жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген күрделі жұмыстар (жанама салынған үй, қосымша салынған қабаттар, т.б.) түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап оларды түгендеу тізіміне енгізуі керек. Сонымен қатар комиссия бұл қосымша жұмсалған қаржының немесе қосымша шығынның есеп регистрлеріне жазылмай қалуына кінәлі адамдарды анықтауы тиіс.

       Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа АҚта болатын (тасымалдау құралдары, басқа АҚқа күрделі жөндеуге жіберілген негізгі құралдар, т.б.) объектілерге басқа АҚқа жібермей тұрып, алдын ала тексеріп түгендеу тізіміне енгізу керек. Машиналар мен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгендеу тізіміне инвентарлық нөмірі, зауыттық нөмірі тағы да басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.

Біртектес, құндары бірдей, бір уақытта шаруашылық субъектісіне келіп кіріске алынған шаруашылық құралдарының аттары мен қатар сандары да жазылады. Пайдалануға жарамайтын, жөндеуге, бұрынғы қалпына келтіруге келмейтін негізгі құралдар түгендеу тізіміне енгізілмейді. Ондай негізгі құралдарға пайдаланылған уақыты мен тозуының себептері жазылып бөлек акт жасалынады.

       Шаруашылық субъектісінің меншігіндегі негізгі құралдармен қатар жалға алынған негізгі құралдарына да түгендеу жүргізіледі. Бұл объектілерге түгендеу жүргізу жалға алғандағы тізім бойынша жүргізіліп, тізімге негізгі құралдарды жалға берген субъектінің аты, жалдық мерзімі көрсетіліп жазылады. Түгендеу тізімінің бір данасы негізгі құралдарды жалға берген иесіне жіберіледі.

       Шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы негізгі құралдарға түгендеу жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру ведомосын жасайды. Бұл ведомость түгендеу барысында анықталған мәліметтер мен ақпараттарға және де оның есеп мәліметтеріне сәйкес келмейтін, сондай-ақ бұрын есепке алынбаған артық шыққан және кем шыққан негізгі құралға жасалынады. Түгендеу жүргізу комиссиясы өз жұмысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады. Бұл шешімді шаруашылық субъектісінің басшысы бекітуі керек. Түгендеу нәтижесінде артық шыққан бұрын есепке алынбаған негізгі құралдар 12-ші “Негізгі құралдар” бас шотының тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 727-ші “Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыстар” шотының кредитіне жазылады. Олардың тозу құны 12-ші бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 13-ші бас шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.

       Түгендеу барысында жоғалған, бүлінген негізгі құралдарға жауапты (кінәлі) адам табылып және ол төлейтін болғанда төленетін сома 333-ші “Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың борышы” шотының дебетіне, 12-ші бас шоттың тиісті бөлімшелерінің кредитіне жазылады.

 

3.3. Негізгі құралдардың аудиті

 

       Негізгі құралдардың бухгалтерлік баланста дұрыс есептелініп жазылуының екі түрлі жағдайы қарастырылады:

  • Негізгі құралдардың белгіленген түрлерінің сол баптарға қосылып есептелінгендігі;
  • Негізгі құралдардың кіріс етілінуі, тозуы және шығыс етілінуінің дұрыс есептелінуі.

Барлық кәсіпорындардағы негізгі құралдардың түгелділігі мен оларды қолда барлығын тексеру барысында аудитор алдымен ол активтердің инвентарлық карточкаларының бар-жоқтығын тексереді. Осылардың ішінде аудитор мыналарға басты көңіл бөледі:

—       негізгі құралдардың жіктелінуіне, олардың дұрыс   

        жіктелінуі тозу сомаларының дұрыс есептелмеуіне

        әкеліп соқтырады, ал бұл шығынның өндірілген

        өнімнің өзіндік құнына дұрыс қосылмауына септігін

        тигізеді;

  • негізгі құралдардың өндіріске қатысуы бойынша

жіктелінуіне, бұл негізгі құралға амортизациялық аударым сомаларының дұрыс есептелінбеуіне әсер етеді;

  • белгілі бір мақсатқа арналғандығы бойынша негізгі

құралдың жіктелінуі, егер бұл тұрғыдан негізгі құрал дұрыс жіктелінбеген жағдайда жоғарыда аталғандай амортизациялық аударым сомаларының дұрыс есептелінбеуі мүмкін;

Сонымен қатар негізгі құралдардың дұрыс жіктелінбеуі мен олардың дұрыс бөлінбеуі (топталынбауы) бухгалтерлік есепте қателіктердің пайда болуына және негізгі құралдарды қайта бағалағанда қателіктердің жіберілуіне септігін тигізеді.

Негізгі құралдарға аудиторлық тексеру жүргізуші ол активтердің дұрыс бағалануына көңіл бөлуі қажет. Бұл нәтиже қор қайтымының мөлшеріне, бухгалтерлік есеп берудің дұрыстығына өз ықпалын тигізеді. Негізгі құралды бағалаудың әртүрлілігін ескере отырып аудитор кәсіпорынға кіріске алынған, яғни келіп түскен негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын ескеріп қана қоймай, сонымен қатар мыналарды тексеруі қажет:

  • кәсіпорында негізгі құралды кіріске алу үшін және олардың нәтижесін құжаттау үшін арнайы комиссияның тағайындалғандығын;
  • кәсіпорынға сатылып алынған негізгі құралдар үшін сатып алу-сату келісім шартының бағасы көрсетілініп жасалынғандығын (егер негізгі құрал заңды тұлғалардан сатылып алынған жағдайда);
  • келісілген бағасы бойынша хаттамалардың жасалынғандығын (егер негізгі құрал үлес қосушы, акционерлерден жарғылық қорды арттыру мақсатымен келіп кіріске алынған жағдайда).
  • үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісінде негізгі құралдың бастапқы бағасының дұрыс көрсетілгендігін;
  • жал бойынша келісім шартта объектінің бағасының көрсетілгендігін (негізгі құралды ұзақ мерзімге жалға алған уақытта)
  • негізгі құралды жаңартқаннан, қайта құртқаннан немесе жартылай бұзғаннан кейін бастапқы құнының дұрыс көрсетілгендігін;
  • салынып біткен негізгі құралдың кіріске алынған бағасының дұрыстығын;
  • пайдалануға берілген негізгі құралдың дұрыс құжатталғандығын және тағы да басқа.

       Негізгі құралдардың кіріске алынуы барысында қате жіберілмегендігін бақылаумен қатар аудитор, негізгі құралдардың есептен шығарылуының да дұрыс жүргізілуін тексереді. Бұл жағдайда негізгі құралдардың шығыс етілген баланстық құнына 842-шоттың дебеттелініп, 122-125 аралығындағы шоттардың тиістісінің кредиттелетіндігі тексеріледі. Негізгі құралдардың есептен шығарылуы бойынша қаржылық есептің нәтижесі баланстық пайданың өзгеруіне әсер етеді. Сондықтан да аудиторларға 722-ші Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс және 842-ші Негізгі құралды сатудан шеккен зиян шоттарын екжей-текжей оқып білу қажет болады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың қозғалысы бойынша толтырылатын құжаттардың үлгілі түрі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Аудитор осы құжаттардың қолда барлығын және олардың дұрыс толтырылғандығын тексереді.

       Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің тағы да бір ең негізгі міндеті болып тозу сомасының дұрыс есептелуін және жөндеу жұмыстарының дұрыс құжатталынып көрсетілінуін тексеру саналады. Бұл бойынша аудитор негізгі құралға есептелінетін тозу сомасының мөлшерін анықтап және ол нәтижені құжаттағы мәліметпен салыстыруы керек. Негізгі құралдарға есептелінген тозу сомалары өндірілген өнімнің өзіндік құнына қосылады. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге берілген негізгі құралға есептелінген тозу сомасы шығындар қатарына, ал ол бойынша жалдық ақы кәсіпорынның табыстарына қосылады. Егер кәсіпорын негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің жылдамдатылған әдісін қолданатын болса, онда ол субъектінің есеп саясатында көрсетілінуі қажет. Кәсіпорынның негізгі құралдарына есептелінген тозу сомаларын тексеру барысында аудитор жинақталған тозу сомасының қалай қалыптасып жатқандығына басты көңіл аударуы қажет. Себебі бұл ең алғашқы кезектегі қор жинау құралы болып табылады.

       Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындарды тексеру үшін аудиторға көп күш жұмсау қажет етіледі. Бұл жерде жұмсалынатын құралдар мен қаржыға жасалынған сметалық құжаттар мен олардың дұрыс толтырылынуы тексеріледі.

       Осылармен қатар аудитор шаруашылық субъектінің жұмысшы қызметкерлерінің осы кәсіпорынның шаруашылық мақсатына арналған негізгі құралдарын өздерінің жеке шаруасы үшін пайдаланған-пайдаланбағандығын тексереді. Егер ондай жағдай орын алған жағдайда, яғни субъектінің негізгі құралдарын жұмысшылар өз жеке басының мақсаты үшін пайдалануға алған болса ол үшін арендалық қаржы төленген-төленбегендігін анықтауы керек.

       Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді аяқтау барысында тексеруші шаруашылық субъектінің негізгі құралдарының тиімді пайдалануына талдау жасап жұмысын қорытындылайды. Сондай-ақ жетіспеушіліктермен заң бұзушылықтар кездескен жағдайда, яғни кәсіпорындағы негізгі құралдардың есебін жүргізуде орын алған кемшіліктерді көрсетіп акт жазады.

 

 

 

 

3.4.Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын

талдау

 

       Халық шаруашылығының алдына қойған міндеттерді табысты шешуде оның басты буындары — өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындарды басқаруды жетілдірудің маңызы зор. Бұл тұрғыда негізгі мақсат болжам жасау мен шаруашылық жүргізу деңгейін көтеру, қоғамдық өндіріс тиімділігін едәуір арттыру, ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру, өнім және қызмет сапасын АҚсарту сондай-ақ осы айтылғандардың арқасында халықтың әл-ауқатын көтеру. Экономикалық талдау кәсіпорын жұмысының нәтижесін объективті бағалау, өндірістің ішкі резервтерін анықтаумен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар әрбір бөлімшенің дамуына заңдылықтар орнатуы қажет. Негізгі құралдар ұлттық байлықтың бір бөлігі, еліміздің экономикасын дамытудың материалды техникалық базасы болып табылады. Сондықтан, өндіріс тиімділігін әрі қарай арттыру негізгі құралдарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Қоғамдық өндірістің тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі құралдардың ұтымды пайдаланылуына байланысты. Кәсіпорындардағы негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын талдаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатқызылады:

  • негізгі құралдардың құрамы мен қозғалысын талдау;
  • субъектінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін және олардың құрылымдық бөлімдер арасында бөлінуінің ұтымдылығын анықтау;
  • пайдалану көрсеткіштеріне әсер ететін факторлардың ықпалын анықтау;
  • негізгі құралдардың пайдаланылуын АҚсарту резервтерін анықтау;
  • пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеу.

       Талдау жұмысы негізгі құралдардың құрамы мен   қозғалысын зерттеуден басталады. Осыған сәйкес талдау процесінде кәсіпорынның негізгі құралдармен қалай қамтамасыз етілгенін және олардың қаншалықты тиімді пайдаланылғанын жан-АҚты зерттеу керек. Кәсіпорынның өндірістік қуаты негізгі құралдардың өнімді барынша көп шығаруы жөніндегі мүмкіндіктерімен анықталады. Өндірістік қуат негізгі құралдардың құрамының әркелкі болуына тікелей байланысты болады. Қорлардың бір бөлігі өндіріс процесіне тікелей  қатысады, өндірілген өнімнің көлеміне тура ықпал жасайды. Ол қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін қажет болады. Кәсіпорынның негізгі құралдарының көлемін, құрамын және қозғалысын зерттеу олардың жіктелуі негізінде құрылады.

 

№2 кесте

«Южполиметалл» АҚ негізгі құралдарының қолда бары мен қозғалысы

2007-жыл (мың теңге)

 

 

Жыл басы

 

Кіріс етілгені

Шығыс етілгені

Жыл соңы

тг.

%

тг.

%

тг.

%

тг.

%

Үйлер мен ғимараттар

924,7

26,7

154,9

14,9

1079,6

24,0

Машиналар мен жабдықтар

628,5

18,2

202,1

19,4

830,6

18,4

Көлік құралдары

1842,8

53,1

663,3

65,9

2506,1

55,6

Басқалары

72,5

2,0

18,0

1,8

90,5

2,0

Барлығы

3468,5

100

1038,3

100

4506,8

100

 

       Бұл кестеден «Южполиметалл» АҚ 2005- жылы негізгі құралдардың көбейгендігін көруімізге болады. Оның өсу қарқыны 1038,3 (4506,8-3468,5) теңгені құраған. Бұның ішінде үйлер мен ғимараттар 154,9 мың теңгеге, машиналар мен жабдықтар 202,1 мың теңгеге, көлік құралдары 663,3 мың теңгеге ал басқадай негізгі құралдар 18 мың теңгеге артқан. Егер олардың үлес салмағына келер болсақ  2005 жылдың басында субъектінің үйлері мен ғимараттарының құрамы жалпы негізгі құралдардың 26,7 пайызын құраса, жыл соңында бұл көрсеткіш 24 қана болып отыр, яғни 2,7 пайызға азайған. Машиналар мен жабдықтар 18,2 пайызға жетіп 0,2 пайызға артып отыр. Субъекті бойынша ең көп мөлшерде кіріс етілген көлік құралдарының үлес салмағы жыл басында 53,1 пайызды құраса, жыл соңында 55,6 пайызға жетіп, яғни 2,5 пайызға артқан. Кәсіпорындағы басқадай негізгі құралдар көбейгенімен олардың үлес салмағы сол қалпында қалып отыр.

       Кәсіпорынның негізгі құралдарын талдаудың тағы бір маңызды кезеңі болып олардың жаңару, шығыс етілу, тозу және іске жарамдылық дәрежелерін анықтаумен есептелінеді. Бұл көрсеткіштер сәйкесінше коэффициенттермен анықталады.

       Тозу коэффициентін табу үшін негізгі құралдардың тозу сомасын негізгі құралдардың бастапқы құнына бөлеміз. Біз қарастырып отырған «Южполиметалл» АҚ бұл көрсеткіш 2005-жылы 33 пайызды құрап отыр (1490,4:4506,8х100).

       Негізгі құралдардың іске жарамдылық коэффициентін табу үшін негізгі құралдардың қалдық құнын негізгі құралдардың бастапқы құнына бөлеміз немесе 100-ден тозу коэффициентін шегереміз. Субъектінің бұл көрсеткіші 67 пайызды құрайды (100-33).

       Кәсіпорынның жыл бойы кіріске алған негізгі құралдарының бағасының жыл соңындағы негізгі құралдардың бағасына қатынасы жаңару коэффициенті болып табылады.

«Южполиметалл» АҚ бұл көрсеткіш 2005-жылы 23 пайызды құрап отыр (1038,3:4506,8).

       Кәсіпорындағы негізгі құралдардың шығыс етілу коэффициенті жыл бойы шығыс етілген негізгі құралдардың бағасын жыл басындағы негізгі құралдардың бағасына бөлу арқылы табылады. Осы қарастырып отырған жылда кәсіпорын негізгі құралдарын шығыс етпегендіктен бұл көрсеткіш нольге тең болып отыр.

       Осы жоғарыдағы көрсеткіштерге сүйене отырып жыл бойы негізгі құралдарын айтарлықтай жаңартқандығын көруімізге болады. Әйткенменде 33 пайызды тозған негізгі құралдарының ешқандай бөлігінің есептен шығарылмауы кәсіпорынның өнім  өндіру көрсеткішіне оң әсер етпейтіндігі белгілі. Сондықтан да тозығы жеткен негізгі құралдарды уақтылы есептен шығару оң фактор болар еді.

       Қор қайтымдылығы өнім өндіру үшін пайдаланылатын негізгі құралдардың бір теңгесіне келетін өнім көлемін көрсетеді. Ол жыл бойы өндірілген өнім көлемінің негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы ретінде анықталады. Бұл жағдайда негізгі құралдардың құнына кәсіпорын меншігіндегі және жалға алынған негізгі құралдарының құны есептелінеді де резервте тұрған және басқаларға жалға берілген негізгі құралдарының құны есептелінбейді.

       Қор қайтымдылығына кері шама болып табылатын қор сиымдылығы негізгі өндірістік негізгі құралдардың өндірілген өнім көлеміне қатынасы арқылы табылады. Өнім көлемін арттыру барлық негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігіне тікелей байланысты болады. Өнеркәсіптік негізгі құралдардың пайдаланылуын АҚсарту қосымша күрделі қаржы жұмсамай, өндірісті ұлғайтып, өнім көлемін арттыру болып табылады. Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын арттыру есебінен еңбек өнімділігін арттыруға, өндірілген өнімнің өзіндік құнын кемітуге, пайданы арттыруға және қоғамдық өндірістің тиімділігін АҚсартуға мүмкіндік береді.

       Келтірілген кестенің мәліметтері көрсеткендей, «Южполиметалл» АҚ 2000-жылмен салыстырғанда 2005-жылы өндірілген өнім көлемі 2747,7 мың теңгеге өсіп отыр.

       Негізгі құралдарды пайдаланудағы негізгі көрсеткіш – қор қайтымдылығы болып табылады. Біздің кәсіпорнымызда бұл көрсеткіш 1,75 пайыздан 2,56 пайызға, яғни 0,81 пайызға өсіп отыр. Ал бұл көрсеткішке кері шама болып табылатын қор сиымдылығының соңғы жылы кемігендігін көреміз. Ол көрсеткіш 0,57 пайыздан 0,39 пайызға, яғни 0,18 пайызға төмендеген. Жалпы «Южполиметалл» АҚ 2000-жылмен салыстырғанда 2005-жылы қор қайтымдылығы көрсеткішінің өсіп, керісінше қор сиымдылығы көрсеткішінің кемуі кәсіпорынның негізгі құралдарды тиімді пайдаланғандығын көрсетеді. Сондықтан да бұл тұрғыдан субъектіде негізгі құралдарды ұқыпты пайдалану дұрыс жолға қойылған деп айтуға болады.

 

3.5. Негізгі құралдардың есебін компьютерлендіру

 

       Өткен ғасыр адамзат тарихында индустрилық эрадан информацияға өтумен ерекшеленеді. Соған сәйкес информацияны алу және оны жөндеу күнделікті іс-әрекетте пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Соңғы жылдырды (уақыттарда) информациялық жаңа программалардың пайда болуы өндірісте оны енгізуді қажет етті. Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру шаруашылық субъектінің жұмысын жетілдіруге елеулі ықпал етеді. Бүгінгі таңда бухгалтерлік есепті компьютерлендіруге ерекше көңіл бөлініп орындалатын жұмыстардың алғашқы кезегіндегі мәселесі болып отыр. Егер бұрын есепті автоматтандыру орталықтандырылған тәртіппен жүргізіліп келген болса, қазіргі кезде бұл әрбір кәсіпорынның өз міндеті болып табылады. Сондай-ақ әрбір шаруашылық субъекті өз бетінше қалаған программасын таңдап алуына құқысы бар. Бүгінгі күні ақпараттық нарықта шетел фирмалары осы күнгі талаптарға сай келетін бухгалтерлік программаларды (“SAP”, “CA”, “1-С бухгалтерия” және тағы да басқа) рынокқа шығарып, одан орасан зор пайда тауып отыр. Көптеген кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есебін компьютерлендіру үшін өз қызметтерінің, атқаратын жұмыстарының ерекшеліктеріне қарай программаларды сатып алады. Сондай-ақ бұл программаларды заңдармен бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің тәртіптеріне сәйкес түрлендіруге де болады. Біздің елімізде Ресей мемлекетінің фирмасы дайындаған “1-с” бухгалтерия программасы бүгінгі күні көп қолданылып жүр. Бұл программаны еліміздің осы программаларды өңдейтін фирмасы түрлендіріп басқаларға қызмет көрсетуде. Бірақта бұндай программаны кәсіпорынның бухгалтериясында қолдану, осы саланың айналасында білікті мамандардың жұмыс істеуін қажет етеді. Біз қарастырып отырған «Южполиметалл» АҚ бүгінгі күнге дейін өз меншігіндегі негізгі құралдарының есебін жүргізуді автоматтандыруға қызықпай отыр. Оның бірінші себебі білікті маманның қажеттілігі болса, екіншіден кәсіпорынның жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге, ақша қаражаттарының есебін жүргізуге арнап сатып алған программаларының жұмыс істеуі барысында тез арада істен шығып жұмыстың тоқтап тұруына жол беретіндігіне байланысты. Осы себептен әрдайым компьютерлік саладан білікті маман шақырылып отырылады. Ал бұл субъектіге едәуір көлемде шығын шығаруына әкеліп соқтырып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 Жалпы кез-келген шаруашылық субъектінің алдына қоятын басты міндеті немесе мақсаты пайда табу екендігі кімге болса да белгілі десек қателеспейміз. Сондықтан да жоғарыда жазылған диплом жұмысының көрсеткіштеріне және осы жұмысты орындау барысында пайдаланылған мәліметтер тек мені ғана емес кез-келген экономикадан хабары бар адамды ойландыратыны сөзсіз. Осыған сәйкес «Южполиметалл» АҚ негізгі құралдарының есебі мен аудитін және олардың экономикалық тиімді пайдаланылуын зерттей келе теориялық алған білімімді салыстыра отырып келесідей қорытынды шығаруға болады.

  • Шаруашылық субъектіде негізгі құралдардың есебі

Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебіне стандартына сәйкес жүргізіледі.

  • «Южполиметалл» АҚ негізгі құралдардың ұқыпты

сақталуына және тиімді пайдаланылуына толық жағдай жасалынған. Бұл тұрғыда субъектіде әрбір негізгі құралға жауапты адам тағайындалып олар кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі.

  • Кәсіпорын өзінің негізгі құралдарын номері 6-шы

Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, яғни стандартта белгіленіп көрсетілген бағалар бойынша бағаланады.

  • Жыл сайын шаруашылық субъектісі жылдық есеп

берер алдында өзінің негізгі құралдарына түгендеу жұмысын жүргізіп тұрады. Сонымен қатар әрбір бөлім басшылары өздерінің жауапкершілігіндегі (қарасты) негізгі құралдар туралы жыл соңында есеп береді, яғни жыл басында негізгі құралдардың қанша болғаны, жыл бойы кіріске алынғандары мен шығыс етілгендері, жыл соңында қалғандары туралы. Осы есеп беруде олар келесі жылға негізгі қажет болып отырған негізгі құралдар үшін кәсіпорын басшыларының алдында тапсырыс береді.

  • Барлық негізгі құралдардың топтамалық және

талдамалық есебі заңға сәйкес белгіленген құжаттарда есептелініп жүргізіледі. Олардың уақтылы толтырылуына жауапты адам белгіленген.

  • 2000 және 2005 жылдары субъекті өз меншігіндегі

негізгі құралдарына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізген.

       Әйтседе осы айтылғандармен қатар «Южполиметалл» АҚ негізгі құралдарының есебін жүргізуде кемшіліктер болмаса да, олардың тиімділігін арттыратын, яғни кәсіпорынға көбірек пайда әкеліп тұру үшін келесідей ұсынымды айтқым келеді:

         —   Негізгі құралдардың есебін жүргізуді жетілдіру үшін

         автоматтандыру жүйесіне көшу.

         —   Тозуы жеткен негізгі құралдарды уақтылы есептен

         шығару және олардың орнына бүгінгі күнгі талаптарға

         сай өнімділігі жоғары негізгі құрал сатып алу.

         —   Негізгі құралдарды тез арада ауыстырып отыру үшін,

         яғни табиғи тозуы жетпей тұрып өнімділігі төмен негізгі

         құралдарды өнімділігі жоғары жаңаларын алу

         барысында амортизациялық аударым есептеудің

         жылдамдатылған әдісін қолдану.

       Бұл ұсыныстар «Южполиметалл» АҚ жұмыстарын, яғни өндірілетін өнім көлемін арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын. Сондай жағдайда ғана кәсіпорын қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда бәсекеге төтеп беріп өз өнімдерін халықаралық базарларға шығаруға мүмкіндік ала алады. Ал шығарған өнімдері сапасы және саны жағынан сұранысты қанағаттандырмайтын шаруашылықтың нарық заманында өмір сүре алмайтындығы халықаралық тәжірибеде, дамыған елдердің экономикасынан белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. 1995-жылғы 26-желтоқсандағы №2732 Қазақстан Республикасы Президентінің “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күшіндегі жарлығы.
  2. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 жыл.
  3. Субъектілердің қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтер есебінің Бас шоттар жоспары. 2003 жыл.
  4. 1998-жылғы 28-қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” жарғы
  5. “Аудит туралы” стандарттар Алматы, 1998 жыл.
  6. Андреев В.Д. “Тәжірибелік аудит” Москва, 1994 жыл.
  7. Барышников Н.П. “Аудитті жүргізуді ұйымдастыру мен әдістері” Москва, 2003 жыл.
  8. Данилевский Ю.А. “Аудиттің жалпы сұрақтары мен жауаптары” Москва, 2002 жыл.
  9. Дюсембаев К.Ш. “Аудит теориясы” Алматы, 2001 жыл.
  10. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. “Қаржылық есеп берудің аудиті және талдау” Алматы, 2002 жыл.
  11. Друри К. “Өндірістік және басқарушы есепке кіріспе” Москва, 2003 жыл.
  12. Дж. К. Ван Хорн “Қаржыны басқарудың негіздері” Москва, 2005 жыл.
  13. Ержанов М.С. “Есеп саясаты” Алматы, 2001 жыл.
  14. Кондратьев Н.П. “Бухгалтерлік есеп”. Москва. 2003 жыл.
  15. Кеулімжаев Қ.К.”Субъектілердегі қаржы шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есебі бас шоттар кестесінің корреспонденциясы”. Алматы. 2002 жыл.
  16. Кирьянова Э.К. “Бухгалтерлік есеп теориясы” . Москва. 2001 жыл.
  17. Подольский В.И. “Аудит” Москва, 2002 жыл.
  18. Радостовец В.К. “Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп”. Алматы. 2003 жыл
  19. Радостовец В.К., Тасмагамбетов Т. Және басқалар “Қаржылық есеп” . Алматы. 2004 жыл.
  20. Рахман Э., Шеремет А. “Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есеп” Москва . 2005 жыл
  21. Хабарова Л.И. “Коммерциялық фирманың есеп саясаты” .Москва. 2003 жыл.
  22. Хорнгерен Ч.Т. Бухгалтерлік есеп Москва, 2000 жыл.
  23. Нидлз Б., Андерсен Х. “Бухгалтерлік есеп принциптері” Москва. 2002 жыл.
  24. Энтони Р., Рис Д.Ж. “Есеп: жағдайлар және мысалдар” Москва. 2002 жыл.
  25. “Бухгалтер бюллетені” журналы:1999-2005 жылдар.
  26. “Бухгалтерлік есеп және аудит” журналы 1999-2006 жылдар.