ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Нидерландының ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы мәдениеті
Алматы 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ХVІ-ХVІІ ҒАСЫРДАҒЫ НИДЕРЛАНДЫ
1.1 Нидерланды мемлекетінің саяси жағдайы
1.2. Нидерланды мемлекетінің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы
- НИДЕРЛАНДЫНЫҢ ХVІ-ХVІІ ҒАСЫРДАҒЫ МӘДЕНИЕТІ
2.1. Нидерланды мәдениетінің ерекшелігі
2.2. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтүстік Нидерландының мәдениеті
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Дипломдық тақырыптың өзектілігі. Ғасырлар бойғы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Бүгінгі таңдағы бұл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оны кез-келген мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық, алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктерімен қамтамасыз етіп, одан әрі өрбіту керектігі сөзсіз.
Еліміз егемендік алған уақыттан бері осы қойылып отырған мақсаттарды жүзеге асыруда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Солардың бірі тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында осыған дейінгі дәуірде саналы түрде бұрмаланып, жасырылып келген халқымыздың, адамзат тарихының өткенін жаңа тұрғыдан зерттеуде, оған тиісті баға беруде орын алып отыр. Республика тарихшы ғалымдарының осы мәселелерді зерттеу нәтижесінде қол жеткізген табыстары осыған куә. Дегенмен, ғылымның бұл саласында зерттелмей тың жатқан және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер әлі де болса баршылық.
Мәдениет-адамзат баласының кейінгі ұрпаққа қалдырған өз заманының қайталанбас өнер үлгісі. Қай кезеңде болмасын тарихта және тарих ғылымы үшін «мәдениет» мәселесі аса өзекті мәселелер қатарына жатқызылған. Себебі, бүтіндей адамзат тарихында өзіндік орны бар «мәдениет» түсінігі ғалымдар үшін, тіпті қарапайым халық үшін де үнемі сұранысқа ие еді.
Қазіргі таңда еліміз әлемдік қауымдастықта өзіндік беделге ие. Сондықтан да, әлемдік тарих, соның ішінде әлемдік мәдениет мәселесі ғалымдар тарапынан зерттеле түсуі орынды. Осындай сәтте, бүгінгі таңдағы тарих ғылымында сұранысқа ие болып саналатың мәселелердін бірі-ол XVI-ХҮІІ-ші ғасырдың бірінші жартысындағы Нидерландының мәдениеті болып табылатыны анық. Осы салада, көбінесе, Нидерланды елдерінің әр-түрлі тұрмыстық жағдайына назар қатты аударылады, әсіресе көрші елдік арасындағы, халықаралық қатыңасқа, діни табынушылық, әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларға, адам құқығы мен оның бостаңдығына және сөз еркіндігіне өте күрделі де принципті мәселелер қойылып отырылады. Сонымен қатар, осы мәселелердің қалай шешілгендігі болашақ уақытың көптеген күрделі нәрселерімен әлі де тығыз байлаңыстырмақ. Шын мәнінде, бүгінгі таңда әлемде кең құлаш жайған мемлекеттерді қарастыратың тарихи үрдісі ешбір бөлек мемлекетті өз назарынан тыс қалдырмайды.
Нидерланды мемлекетін қарастырып, зерттегеннің өзі, осы уақытта Қазақстан секілді өтпелі кезенді бастан кешіп жатқан мемлекет үшін зор маңызды, соңымен қатар бұл мемлекет қарастырылған тақырыптың сандаған мәселелерін көлденең тартатыны барған сайын айқындала түсуде.
ХХ ғасырдың басындағы Нидерланды мәдениеті өзінің қалыптасуы мен дамуынында өте күрделі, қайшылықты кезеңді басынан өткерді. Бұл кезең бір жағынан алып қарағанда ғылым мен білім, музыка, бейнелеу, және тағы да басқа қолданбалы өнердің қалыптасып дамуы, сондай-ақ адамзат тарихында Нидерланды мәдениеті ең бір шарықтаған кезеңі ретінде де белгілі. Сонымен қатар, ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы орын алған күрделі қоғамдық-саяси өзгерістер Нидерланды мәдениетінің дамуында да өзіндік із-қолтаңбасын қалдырды. Сондықтан, аталған кезеңдегі Нидерланды мәдениетін осы мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайлармен қоса зерттеген дұрыс.
Жалпы дипломдық жұмыстың зерттелу өзектілігін дұрыс көрсету, оған бейімделу, дүниежүзілік бәсекелестік күшейіп отырған жағдайда әлемдік экономикалық және саяси қатарда қолайлы позицияда болу-өте маңызды мәселе. Ал толығымен нақтылығында, ең алдымен, Нидерландының осы үрдіс барысындағы тарихи орнын анықтап алу қажет деп есептейміз.
Нидерланды мемлекетінің оңтайлы даму жолдарын табу мәселесін жан-жақты зерттеу мен ой сарабынан өткізу үшін, ең алдымен осы мемлекеттің бастапқы жеке аймақты тұғырына шыққан күннен бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолындағы кездескен қиыншылықтары мен жетістіктері негізінде тарихи орнын анықтап алу қажет. Осы кезеңде Нидерланды мәдениетінің көрнекті өкілдері адамзаттық құндылықтарға үндеп, мәңгілік өнерді ту етіп ұстаудан жалтармады. Сондықтан ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Нидерланды мәдениетінің тарихын оқып-үйренуде осы қағидаларды естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда да біздің бітіру жұмысымыздың өзектілігі айқындала түседі.
Қазақстан дүние жүзінің 50 мемлекетінің қатарына қосылып, өркениетті бағыт ұстап, бәсекеге қабілетті ел болуды мақсат тұтып жатқанда, Нидерланды сияқты мемлекеттің мәдениетін зерттеу өзекті деп санаймыз. Қазіргі таңда елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асып, төрткүл дүниеден Қазақстан туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар, Голландиядан шыққан саяхатшылардың мұралары, сызған карталары ғалымдардың назарын өзіне аударды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудін алдына қойған басты мақсаты Нидерланды мемлекетінің құрылған жылдан бүгінгі күнге дейінгі экономикалық, саяси, мәдени даму тарихы туралы жазылған материалдар мен пікір-тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, Нидерландының ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы мемлекеттік жағдайындағы экономикалық, саяси, ұлттық мәдени дербестігін, өзіндік болмысы мен қатар осы кезеңдегі адамзат тарихында өзіндік орынға ие болып отырған Нидерланды мәдениетінің сан қыры мен ерекшеліктерін, сол мәдениеттің көрнекті өкілдерін ашып көрсету. Мақсат айқындалғаннан кейін осы мақсатқа сай міндеттер туындады. Осы мақсатқа байланысты қарастырылған негізгі мәселелер мен жұмыстың міндеттері мынадай:
- ХҮІ-ХҮІІ ғасыр шеніндегі Нидерланды мемлекеті жағдайындағы экономикалық қалыптасу тарихын ашып көрсету.
- Қарастырып отырған кезеңдегі Нидерланды мемлекетінің дүниежүзілік мәдени орнын аңғарту.
- Нидерланды мемлекетінің ХҮІ-ХҮІІ ғасыр жағдайындағы мәдениеті туралы сөз ете отырып, осы уақыттағы мәдениеттің даму ерекшелігі мен көрнекті өкілдерінің тарихын баяндау.
- Нидерланды да ұлттық тілдің қалыптасуына үлес қосқан П. Хоофт, Иост фан Фондел, Х. Бредо шығармашылығының маңызын айқындау;
- Гуго Гроцкийдің тарихи еңбектері Нидерланды мәдениетіндегі алатын орнын анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. ХҮІ-ХҮІІ ғасырдың Нидерланды мәдениетінің даму тарихы мәселесінің күні бүгінге дейін көптеген зерттеушілер тарапынан қызығушылық танытылғанымен толықтай зерттеу жұмыстары әлі де болса жеткіліксіз екендігі рас. Ал, осы мәселе төңірегінде қазіргі таңға дейін жарық көрген зерттеу жұмыстарында қарастырып отырған мәселенің, яғни Нидерланды мәдениетінің оң және теріс жақтарын айқындағандығы белгілі болып отыр. Нидерланды мәдениеті мен қатар әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық өмірін тарихшылары мен саяхатшыларының зерттеулері мен жазбаларынан, ресми құжаттардан оқып білуге болады. Әрине, олардың барлығы бүгінгі таңда аса қызығушылық танытатын түрде орындалып, қазіргі таңда өзіндік сұранысқа ие. Нидерландының қарастырып отырған кезеңдегі мәдениеті туралы ғалымдардың зерттеулерінде жалып халықтың тұрмысы, әлеуметтік өмірі, табиғи-географиялық жағдайы, мәдениеті мен тілі, діні, жалпы психологиясы зерттеліп, өте қажетті дүниелер пайда болды. Жалпы осы кезеңде жарияланған мұндай зерттеулердің құнды мәліметтері сыни талдау арқылы пайдалануға болатын маңызды зерттеулер екені даусыз.
Қаралстырылып отырған мәселенің тарихи тұрғыдан зерттелуіне келетін болсақ, XV-XVII ғасырлардағы Нидерланды мемлекеті туралы кеңес уақытының ғылыми еңбектерінде толық ақпаратты ақиқат және осы жағдайындағы тарихи орны туралы зерттеулерді жоқтың қасы деуге болады.
Дегенмен, Нидерланды мемлекетінің түрлі тарихи кезеңі мен мәселесін қозғап, зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың ішінде Э. Роттердамский [1], Г. Гроцкий [2] еңбектерінде Еуропадағы оқиғалармен қатар, теориялық ойларын тұжырымдаған.
Біздің ойымызша Нидерланды мемлекетінің экономикалық қалыптасу тарихы, әлемдік қауымдастық орны жайында, зерттелу жағдайындағы рухани мәдениетінің даму тарихы сияқты мәселелер төңірегінде жарық көрген зерттеулерді екі топқа бөліп талдауға болады:
— А. Н. Чистозвоновтың [3] көлемді, ғылыми еңбектері, баяндамалары мен қосымша С.Д.Сказкиннің [4] таптырмас зерттеу еңбектері;
— экономист, саясаттанушы және т. б. ғалымдардың зерттеулері, ғылыми мақалалары, интернет желісінің материалдары [5].
Осындай екі топқа бөліп талдаудың себебі-бірінші топқа жататын еңбектердің мән-мазмұны Нидерландының саяси, экономикалық және мәдени дамуында орын алған жағдайларды айқындаудың, оларды дағдарыстан шығарып, заңдардың түбегейлендірудің өзекті мәселелерін дөп басып, атқарылуға тиісті шараларды анықтайтын нақты, ғылыми еңбектер болып табылады. Бүгінде айтылып жүрген осындай сипаттағы пікірлердің болашақта іргелі зерттеулерде талданатыны сөзсіз.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Нидерланды мәдениеті мен оның тарихының өзекті мәселелері туралы сонымен қатар, Д.Л. Модлейдің еңбектерін атауымызға болады [6]. Аталған автор еңбектерінде Нидерландыдағы революцияның сипаттамасы берілсе, Г. Форстеннің еңббектерінде геосаяси жағдай толығырақ айтқанда, Балтық мәселесін баяндаған [7]. Сонымен қатар, Нидерландыдағы революция мен ондағы шаруалар қозғалысына қатысты құнды еңбектер бар [8].
Қазіргі таңда, Қазақстандық зерттеушілер де Еуропаның тарихына ерекше назар аударуда, өйткені елбасы «Еуропаға жол» бағытын нақты алдыға қойды. Атап айтқанда Қ.Т. Жұмағұлов еңбектері дүние жүзі тарихының методологиялық мәселелерін алға қойды. Еуразия тарихының негізгі бағыттарын көрсетті [9]. Сонымен қатар, дүние жүзі тарихының кезеңдеу мәселелерін көрсетіп, зерттеу нысандарын сипаттады.
Сонымен қатар, Р.С Мырзабекова Чистозвановтың тарихи еңбектерін зерттеп, өзіндік үлес қосты [10].
Дипломдық жұмыстың деректік негіздері. Тарихи білімнің қалыптасуы мен тұрақты эволюциялық өрістеу процесіне зерттеудің деректік негізі ықпал ететіндігі белгілі. Ал мәселенің жаңаша зерделенуі, қойылуы мен объективті түрде зерттелуі ақиқатқа негізделген тың деректерге байланысты. Бұрын-соңды айналымға түспеген тың деректерді зерттеу ауқымына енгізу мәселенің қарама-қайшылығы мен күрделі тұстарының шешімінің табудың көзі.
Зерттеудің деректілік негізін Нидерланды мемлекетіне қатысты мәліметтер құрайды. Олар зерттеу жұмысында кенінен пайдаланылды. Сондай-ақ Гуго Гроцкийдің еңбектерін дерек ретінде капитализм генезисіне қолдандық. Сонымен қатар, ортағасыр тарихына қатысты еңбектер мен осы кезең туралы мәлімет беретін хрестоматиялар да барынша пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны. Сонау, Орта ғасырдың бастапқы кезеңінің, әлемде және дүниежүзілік тарихта ерекше орың алған Нидерланды мемлекеті, күні бүгіңгіге дейін өзіне қызығушылық таңытуда. Әсіресе зерттеушілер, ғалымдар қатарынан, ең алдымен бұл мемлекетке жер жүзінің тарихшылары, назар аударуда, себебі осы елді-мекеннің зерттелмей, қарастырылмай және қағаз бетіне толығымен түспей қалған ақпаратты-мәліметтері жетерлік.
Ұсынылған бітіру жұмысы, жоғарыда жазылғаңға дәлел болуға лайық. Өйткені, бастапқы Нидерландының ірге тасы салынып қаланғанынан емес, жалпы, бұл мемлекеттің XVII –ші ғасырдың бірінші жартысында өркендеп дамығаңдығы ақиқат, яғни сол кезеңдік уақытқа дейін Нидерландының тарихын, барлық жағынан, талай ғалымдар, зерттеушілер тек тарихнамалық сипаттама жағынан ұсыңып көрсеткені баршаға аңық. Толығымен қарастыра оқи келгенде, басқа ақпараттық-мәліметтің аздауына көзіміз жетеді. Осыңдай жағдайдың өзінде, бітіру жұмысыңда, ең алдымен негізгі мақсаттардың ерекшелігі, жаңадан ел естімеген жаналық ашу емес, керісінше, Нидерланды мемлекетінің тарихы әлі күнге дейін өзекті екенін айқындау. Диплом жұмысының негізгі нысаны ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Нидерланды мәдениеті.
Дипломдық жұмыстың теориялық-методологиялық негізі мен әдістері. Зерттеуде тарихи еңбектерді жан-жақты обьективті түрде, диалектикалық тәсілдермен етене байланыстағы тарихилықтың, ғылыми принциптердің негізінде оқып-үйрену, талдау басшылыққа алынды.
Зерттеу барысында нақты тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері, сондай-ақ логикалық әдістер қолданды.
Тарихи хронологиялық (мерзімдік) әдіске үлкен мән берілді. Ол тарихи бұлтартпас дәлелдерді бір кезенді екіншілермен салыстыру және әр кезенде жинақталған білімнің объективті заңдылықтарын айқындау мақсатында өзара байланыста зерттеу ісіне мүмкіндік береді. Дипломдық жұмыста осы әдіс нақты пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін төмендегідей жаңалықтар жасадым. Мысалы:
- Дипломдық жұмыста алғашқы рет Нидерландының XV-XVII ғасырлар аралығындағы саяси дамуына толықтай баға беріледі.
- Сонымен қатар, мәдениет мәселесі сол заманғы экономикалық және саяси мәселемен де тығыз байланыстылығын ескер отырып, экономикалық қалыптасу тарихының еңбектері мен мәдениетке қатысты оқиғалар бір жүйелілікке келтірілді.
- Сондай-ақ бас мәселелер жағдайындағы Нидерландының ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы мәдени даму ерекшеліктері мен тарихына өзімізше талдау жасап, қорытындыладық.
- ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Нидерланды мәдениеті жайлы деректер мен қатар соңғы зерттеулер де біршама сөз етілді.
- ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Нидерланды мәдениеті осы кезедегі Еуропа мәдениетінің көріністері болғандығы дәлелденді.
Дипломдық жұмыстың мерзімдік шегі. XV-XVII ғасырлар аралығын қамтиды. XV ғасырдан бастап, Нидерландының бір бүтін болып қалыптасқанына орай, республиканың экономикалық, сыртқы саяси және мәдени дамуында жаңа кезең басталды. Аталған кезеңде экономикада жоспарлы әкімшіл-әміршіл түрінен нарықтық қатынастарға көшу, өзіндік экономикалық дербестік алуға талпыныстар жасалып, шаралар іске асырылды; сыртқы саясатта көп саясаттылық ұсталынып, соңы нығайтулық жүзеге асырылды; мәдени салада саяси идеологияландырылған шылаудан босап, ендігі жерде ұлттық болмыс пен ұлттық мәдени дербестік жолындағы іс-шаралар жүзеге асырылды. Өтпелі кезеңнің қиындықтары мен қайшылықтары айқын көрініс тапты. Міне осындай күрделі мәселелердің алғышарттарын, сипатын, қайшылықтарын және салдарын біздің дипломдық жұмысымыз біршама анықтап береді.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын Нидерланды мемлекетінің тарихын зерттеушілерге, ізденушілерге өте қажет деп есептейміз.
Дипломдық жұмыстың материалдарын орта мектеп оқушылары және жоғары оқу орындарының студенттеріне оқу процесіне пайдалануға болады деп есептейміз.
Зерттеу жұмысын орта мектептерде дүние жүзілік тарихы сабағында мұғалімге қосымша дерек ретінде пайдалануға болады деп санаймыз.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Ұсынылып отырған диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар.
- ХVІ-ХVІІ ғғ. Нидерланды
1.1 Нидерланды мемлекетінің саяси жағдайы
Нидерланды — Маас, Рейн және Шельд өзендерінің сағаларында Солтүстік теңіздің жағалауын қуалай орналасқан аймақ. XIV-XV ғасырларда осы территорияда орналасқан графтықтар, герцогтықтар және сеньорийлердің көпшілігі, әдетте, Қасиетті Рим империясына немесе Францияға лендық тәуелділікте болды және олар Бургунд герцогтықтарының қол астына біріктірілді. 1477 жылы Франциямен және Швейцария кантондарымен соғысқан герцог Карл Смелый Нанси түбіндегі ұрыста қаза тапты, ал оның әскері талқандалды. Франциямен жүріп жатқан күресте көмек алу үшін тақтың мұрагері Мария Бургундская Максимилиан Габсбургскиймен некелесті және ол кейіннен Германияның императоры болды. Сөйтіп, Нидерланды осылайша Австрия Габсбургтерінің қол астына қарады. Бұдан былайғы жерде Габсбургтер Нидерландыны империяның ішінде ерекше жағдайға қойып, оларды шын мәнінде мұралы иеліктеріне айналдыру мақсатында өз биліктерін жаңа облыстарға барған сайын көптеп тарата бастады. Ол 1523 жылы — Фрисландияны, 1528 жылы — Утрехт пен Оверэйсселді, 1536 жылы Хронинген мен Дрентунды, 1543 жылы — Гельдернді (Хелдерді) қосып алды. Бұларды 1548 жылғы Аугсбургтік бітім заңды түрде бекітті. Осы бітім бойынша империя жалпы империялық, алым-салыктардың; ic жүзінде символикалық 6ip бөлігін төлеп тұруға міндеттеп Нидерландыны өз қамқорлығына алды. Империямен лендық байланыстарды онда да нашарлау формада, тек Гельдерн, Утрехт және Оверэйссел ғана сақтап калды. 1549 жылдьң «Прагматикалык, санкциясы» Нидерландының он жеті провинциясының оларға келешектегі суверендердің мұрагерлік етуі кезінде бөлінуге жатпайтындығын белгілеп берді. Бұл провинциялар: Артуа, Эно (Геннегау), Люксембург, Намюр, Фландрия, Брабант, Лимбург, Турне, Мехельн, Француз Фландриясы (Лилль, Орши, Дуэ), Зеландия, Голландия, Утрехт, Фрисландия, Гельдерн (Хелдер), Хронинген, Оверэйссел (Дрентамен) еді [2.12-23бб]. Шіркеулік Льеж аймағы ерекше құқылык, статуспен пайдаланды.
Нидерландының саяси құрылысындағы күрес екі бағытта жүргізілді. Бір жағынан, император, ал кейінірек Испанияның королі және оның жанынан арнайы құрылған «Фландр кеңесі» басқарған үкіметтік аппарат болды. Нидерландыны әдетте наместник (бас статхаудер) басқарып отырды. Наместниктің жанында кeңecшi құқықтары бар үш кеңес — ipi шонжарлардан құралып, барлык, маңызды мәселелерді талқылап шешетін мемлекеттік кеңес; алым-салық мәселелерін басқаратын қаражаттық, кеңес және заң жобаларын, маңызды әкімшілік жарлықтарды дайындайтын; сондай-ақ наместниктің атына жолданған шағымдарды қарайтын жасырын кеңес құрылды. Соңғы екі кеңестегі лауазымдарды негізінен корольдық заңгерлер мен әскери міндеттерін атқарған дворяндардың арасынан шыққан білімділер алып отырды. Орталық сот органы Мехальна қаласында мәжіліс құратын Бас кеңес болды. Жергілікті жерлерде әжептәуір әскери әкімшілік билігі бар провинциялардың статхаудерлері де наместникке бағынды. Осы орталықтандырылған аппарат барған сайын күш жинап, заң, алым-салық және сот-әкімшілік жүйелерін бip iзге түcipдi, монарх пен оның наместнигінің әмірін жүзеге асыра отырып, жергілікті өзін-өзі басқару ісіне де араласты. Елдің саяси және экономикалық өмірін осылайша орталықтандырудың өзі шетелдік династиялардың Нидерландыны құлдыққа салудың реакциялык, максатына қызмет етті [2.23-41бб].
Екінші жағынан, Нидерландыда сословиялық монархия кезінен мұраға қалған уәкілділік мекемелері — Бас және «жер» штаттары өмір сүрді және бұлар өкіметтердің; сұраған алым-салықтарын дауысқа салып шешіп отыруға шексіз құқықтары болды. Оның үстіне далалар мен ауылдардың өзін-өзі басқаратын органдары (магистраттары) болды, оларда патрицийлер мен бюргерлер, бай купецтер үстемдік етті. Ал әрбір провинция мен даланың өз алдына артықшылықтары мен ерекшеліктері және автономиялары болды. Олар өздерінің бұл праволарын өкіметтердің қол суғуларынан табандылықпен қорғап отырды [3,]. Сондықтан да монарх Нидерландыда өзінің ic-әрекет қимылдарын, біршама тежеп отырды.
V Карл үшін Нидерланды ерекше маңызды аймақ болып саналды. XVI ғасырдың орта шенінде ол қазынаға гульден есебімен 2 миллион қарапайым алым-салық төлеп тұрғанда, Италия 1 миллион, ал Испания мен оның отарлары 0,5 миллионнан алым-салық төлеп тұрды. Нидерланды сонымен қатар Францияға және кейбір неміс князьдықтарына қарсы операциялар жургізу үшін ең маңызды соғыс плацдармы болып табылды. Нидерланды да V Карлдың қол астына тарауынан белгілі 6ip дәрежеде пайда тапты: олардың саудагерлері мен мануфактурашылары V Карлдың қол астындағы территориялардан өздерінің товарларын өткізуді қамтамасыз ететін рыноктар тапты, отарларға баруға бөтен елдерде де өздерінің сауда-саттық мүдделерін қорғауға мүмкіндік алды.
Алайда V Карлдың патшалық құру кезеңінің екінші жартысы үздіксіз алым-салықтар төлетуге, күйзеліске ұшыратқан әулеттік соғыстар, елдің шаруашылық мүдделеріне ат үсті қарап Нидерландының экономикасы мен қаражат жағдайын мүлдем әлсіретуге әкеп соқтырып, қатты наразылық туғызды. Толғағы жетіп келе жатқан жалпы шиеленістің V Карлдың жүргізген саясатының қалың бұқара тарапынан қолдау таппағанынан да гөрі терең себептері болды; олар Нидерландының әлеуметтік-экономикалық даму сипатына негізделді.
Нидерландының XVI ғасырдағы экономикалық дамуы. XVI ғасырдьң ортасына таман Нидерландыда феодалдық қатынастардың ыдырауы жедел жүріп алғашқы қорланудың процесі кең өрістетілді және шаруашылықтың капиталистік формалары пайда бола бастады. Елдің шағындау территориясында сол кезде шамамен 3 миллиондай халқы бар 300-ге жуық қала мен 6500-ден астам ауылы болды. Голландия провинциясында тұратын халықтың тығыздығы бір шаршы километрге 70 адамнан келді және оның тұрғындарының тең жартысы қалалардың үлесіне тиді [6.45б]. Фландрияда да жағдай осы шамалас болды. Нидерланды көбінесе «қалалар» елі деп аталды.
Нидерландылардың 17 провинциясының барлығы бірдей экономикалық жағынан біркелкі дамыған жоқ. Олардың даму дәрежелерін шартты түрде шамамен үш топқа бөлуге болады: орталық өнеркәсіпті аудан — Фландрия мен Брабант; негізінде Голландия мен Зеландиядан құрылған солтүстік-батыс өнеркәсіп тобы; шеткері, артта қалған, көбінесе ауыл шаруашылықты провинциялар — Артуа, Люксембург, Намюр, Гелдерн, Оверэйссел. Фрисландия мен Утрехт сияқты провинциялар аралық жағдайда ғана қалды.
Фландрия мен Брабанттегі товар өндірісі және товар-ақша қатынастары, сондай-ақ XIV ғасырдан-ақ басталып XVII ғасырда тамырын терең жайған саудагерлік капитал капиталистік қатынастарды өркендету үшін құнарлы орта болуға айналды. Бұл кезде цехтық қолөнер кәсібі қалаларда едәуір ыдырады. Көптеген, әсіресе өткенде аса қорлы болган шұға тоқитын цехтардың ісі кері кетті. Мысалы, 1517 жылы Ипрде 600 тоқыма станогы жұмыс істесе, енді 1645 жылы олардың тек 100-і ғана қалды [8.98б]. Дәулетті шеберлер барған сайын оқшауланған қоғамдық топқа айнала берді де, ал көмекші шеберлер дербес шебер болып шығамыз деген үміттерінен айрылды.
Ыдырай бастаған цехтық қолөнер кәсібінің орнын өріс ала бастаған капиталистік мануфактуралар басты. Олар цехтық зорлаудан тыс ерікті кіші гірім ауылдар мен Хондсхот, Ниве Керке (Фландрия) және тағы басқа жаңа қалалардың орталықтарында пайда болды. XVI ғасырдың аяғында Хондсхоттың мануфактуралары жылына, 15-20 мың тай мата өндірсе, ал 1643 жылы ол 97 795 тайға жетті. Қаланың халқы XVI ғасырдың 60-жылдары қарсаңында 20 мың адамға жетті. Ауденардың төңірегіндегі алыпсатар мануфактурашылардың кіріптарлығына түсіп, үйлерінде отырып кілем тоқушылардың саны 1640 жылдың қарсаңында 12-14 мың адам болды. Нидерланды өнеркәсібі мен қолөнер кәсібінің жалпы көлемі 1670 жылы шамасы 50 миллион гульден болып бағаланды [9.28б].
Нидерландының ең ірі порты — Антверпен қалыптасып келе жатқан дүние жүзілік капиталистік рыноктың орталығына айналды. Нидерланды экспортының көлемі 1560 жылы 16 миллион, ал импортының көлемі — 20-22 миллион гульден болды. Антверпеннің гаваньдарында кейде тіпті екі мыңнан астам кемелер бір мезгілде жиналып қалушы еді. Товар және фонд биржаларына жыл сайын әр түрлі ұлттардың мыңдаған купецтері мен финансистері және ақша уақтауды кәсіп еткендер жиналатын-ды. Мұнымен қатар қалада бүкіл Европаның ірі банкир үйлерінің: Фуггерлердің, Вельзерлердің, Шетцтердің, Гримальдилердің, де Гароның және басқаларының арнаулы конторлары болды. Антверпенде тек Фландрия мен Брабанттың мануфактурашылары мен қолөнершілерінің өндірген товарлары жиналып қана қоймады [7.10-26бб]. Мұндағы мануфактураларда ағылшын шұғалары өңделді, ІІІыны бұйымдары мен сабын өндірілді, кітап басып шығарылды және тағы басқа жұмыстар жүргізілді.
Өзгерістер жер жөніндегі қатынастарды да қозғады. Фландриямен мен Брабанттың жаңа экономикалық жағдайларға бейімделе алмаған феодалдық дворяндары әбден кедейленіп, борышқа батты. Ал олардың жерлері бірте-бірте өсімқорлардың, бюргерлердің, монастырьлардың қолдарына көшті. Монастырьлар Фландриядағы барлық жердің жартысына жуығын иемденді. Феодалдық қатынастар ыдырауға айналды. Фландрия мен Брабанттағы шаруалардың көпшілігі бас бостандықтарына ие болып, феодалдық типтегі ерікті арендаторлар болды. Олар енді рентаны договорлардың шарттарына сәйкес ақшалай және заттай өтеп отырды. Жұмыспен өтеу және жеке мін-деткерлікті атқару енді сирек ұшырасты.
Шаруалардың әртүрлі категориялары шаруашылықты түрліше жүргізді. Фермерлер мен дәулетті шаруалар батырақ жалдады, агро-техниканы жетілдірді, өсімдік тұқымдарын алмастыра отырып ауыспалы егісті енгізу, өнімді мол беретін техникалық дақылдарды егу, малды қорада ұстап күту шараларын іске асырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттылығын тудырған бағалар революциясы фермерлер мен дәулетті шаруалардың пайдасына қызмет етті. Бірақ оның есесіне кедейлер өсімқорлардың қолдарына түсіп, жедел күйзеліске ұшырады. Ал қала адамдарын – патрициат пен бюргерлерді алар болсақ, олар өздерінің жерлерін жарма-жаршылық түрінде арендаға берді, тіпті болмаған жағдайда сол жерлерге орналасқан ұстаушыларды феодалдық формадағы қанаушылықта сақтап қалды. Сонымен Фландрия мен Брабанттың ауылдардағы буржуазиялық бағыттар өздеріне үлкен қиыншылықпен жол ашты.
Голландия мен Зеландияда да үлкен экономикалық өзгерістер байқалды. Қолөнер кәсібінің цехтық салалары, әсіресе, шұға тоқу саласы ауыр уақыттарды басынан кешірді. Голландияның шұға тоқитын ең ірі орталығы — Лейденде — өнімнің жылдық көлемі 1530 жылғы 24017 жарты тай шұғадан 1663 жылы 5035 жарты тайға шейін кеміп қалды. Сонымен бірге ірі қалалардың төңіректерінде ерікті қолөнер кәсібі дамытылды, зығыр және жүн тоқу мен кеме жасауда мануфактуралардың әр түрлі формалары пайда болды [10.24-29бб]. Осындай формалар сыра қайнату мен кірпіш және ізбес өндіруде, балық аулау және теңізде жүзуде де қалыптасты. Балық аулау маусымы кезінде май шабақ ұстауға бір мезгілде жүздеген балық кемелері — бойстар шықты. XVI ғасырдың 60-жылдары солтүстік провинциялардың май шабақ пен балықтың басқа сорттарынан түсетін кірістері Фландрияның үлесіне келетін 400 мың гульденмен салыстырғанда шамамен 6—7 миллион гульден болып бағаланды. Бұл кезде Голландияның қарамағында жүк көтерімділігі 200-ден 700 тоннаға дейін жететін 800 кеме және онан да көбірек ұсақ кемелері болды. Матростар мен портта жұмыс істейтіндердің саны оң мыңдаған адамға жетті [12.21-33бб].
Солтүстік провинциялардың саудасы да өсуге бет алды. Ол Амстердам, Энкхёйзен (Голландия), Мидделбюрх, Флиссинген (Зеландия), Девентер, Кампен (Оверэйссел) және осы сияқты басқа қалаларда шоғырланды. Бұлар кебінесе ганзейлік қалалармен Англиямен, Орыс мемлекетімен сауда жұмыстарын жүргізді. Олар сыр, ірімшік сарымай, мал, балық және шұға жеткізсе, олардан астық, зығыр, ағаш, темір және шарап әкеліп тұрды. Амстердамның купецтері сонымен қатар едәуір делдалдық саудамен және фрахт операцияларымен айналысты.
Солтүстік провинциялардың аграрлық құрылысының белгілі бір өзіне тән ерекшелігі болды. Голландия, Фрисландия және Дренттегі феодалдық қатынастар Фландрия меп Брабанттағы сияқты тиянақты формаларға жете алмады. Соңғы екі Провинцияда ертеден еріктілікте келе жатқан шаруалардың едәуір қоғамдық тобы сақталып қалды. Солтүстік Голландиядағы шаруалардың көпшілігі графтық доменге тіркеліп қойып, дворяндық шаруаларға қарағанда көптеген артықшылықтармен пайдаланды. Көпшілігінің жеке бастары бос арендаторлар немесе жердің мұрагер иелері болған (еіgеnегffdеn) Кеннемерландтың шаруалары да артықшылықтармен пайдаланды. Бұлар қауымдық жерлерді өздерінің иелігіне заңсыз қаратып алған деревняның ауқатты билеуші топтарын құрады. Дворяндар мен клириктер Голландияның барлық жақсы жерлерінің шамамеи жартысына жуығына ие болды. Фрисландиядағы дворяндар жердің тек 10 пайыз жуығына ие болса, ал монастырлардікі — 40 пайызға дейін жетті [11.45б]. Бұл провинциялардағы шаруалардың жер иеленушілігі мен товар өндірісі берік болды, ал Дрентедегі шаруалардың жер иеленушілігі бұдан да басым түсті.
Солтүстік провинциялардың көпшілігіндегі гидротехникалық құ-рылыстың маңызы үлкен болды: бұл аудандарда плотиналар мен шлюздерсіз және бөгеттерсіз егіншілікпен айналысу мүмкін еместігі былай тұрсын, тіпті олардағы ойпаң жерлерге мекендей тұруға да болмайтын еді. Бөгеттер салу, оларды күту коптеген жалдамалы жұмыс күштері мен материалдарды және қаражат талап етті. Бұл шығындар шаруалардан ерекше «бөгет салығы» ретінде жиналды. Су басып жатқан жерлерді — польдерлерді құрғату да кептеген қар-жыны қажетсінді. Нидерландыда бұл жұмыстарға керекті озат техникада техникалық, бау-бақша және жоғары өнімді дақылдар егу немесе етті-сүтті мал шаруашылығын интенсивті жүргізу барысында ғана өтелетін еді. Сондықтан қала байларының жаңадан құрғатқан жерлерінде фермерлік шаруашылықтар қалыптасты. Тұтас алқаптарды жекелеген дақылдар егуге немесе салалық мал шаруашылығын жүргізуге мамандандыру «сауда егіншілігі» аудандарының калыптасуына, мұнда да фермерлік шаруашылықтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Көптеген ауылдар жерлерінің аздығынан кәсіпкершілікке көшті (балық аулау, шымтезек өндіру, жүн иіру). Олардағы халықтың едәуір бөлігі Прибалтикадан әкелінетін астықпен ғана күнелтті. Голландия мен Фрисландияның дворяндары ерекше ықпалмен пайдаланбады. Әдетте, дворяндар өздерінің жеке шаруашылығын жүргізбеді. Сондықтан XVII ғасырда олардың материалдық жағдайы мүлдем нашарлап кетті. Зеландиядағы дворяндардың жер иеленушілік позициялары біршама күштірек болды [13.54-67бб]. Өйткені мұндагы аграрлық құрылыс Фландриядағыға жақындау тұрды. Оның есесіне аграрлық жағынан өріс ала алмаған Гелдерн мен Оверэйссел өздөрінің эконо-микалық маңызын, өздерінің саяси салмағын жергілікті шаруаларды қатал феодалдық қанаудың есебінен сақтап қалған феодалдық дворяндардың тірегі болып қала берді.
Осыған ұқсас жағдай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы Артуа, Эно, Люксембург пен Намюрде де болды. Алғашқы қорланудың және аграрлық қатынастар эволюциясының процесі олардада кейбір табыстарға ие болды, бірақ ол тым баяу жүрді. Сөйтіп мұндағы шаруалар оның ең үлкен ауыртпалықтарын бастарынан кешірді.
Провинциялардың орталық және Солтүстік сауда-өнеркәсіп топтарының экономикалық дамуының сырттай біркелкі көрінуіне қарамастан, олардың арасында елеулі айырмашылықтар да болды. Фландрия мен Брабанттың капиталистік мануфактуралары өздерінің шығарған өнімдерінің басым бөлігін Испаниямен және Англиямен байланысты рыноктарға апарып өткізіп тұрды. Олардың жүн тоқитын өндірісі Испаниядан және Англиядан әкелінген жүннен өнім жасады. Сондықтан олардың үлкен табысқа жетуі Нидерландының осы елдермен өзара қарым-қатынастарының қалайша құрылуларына едәуір дәрежеде байланысты да болды. Антверпеннің сауда-саттығы негізінен делдалдық болып, мұндағы үлкен рольді басқа елдердің купецтері атқарды. Ал жергілікті купецтер көбінесе сауда-саттыққа қызмет етумен: транспорт, қойма, делдалдық және басқаларымен айналысты. Антверпеннің өзіндік айта қоярлықтай флоты болмады. Фландрия мен Брабанттың ескі ірі қалаларында орта ғасырлық бюргерлік пен цехтық корпорациялар өздерінің әлсіреуіне қарамастан, әлі де болса экономика мен саяси жағынан берік позиция ұстады. Солтүстікке қарағанда, әсіресе, валлон провинцияларын (Эно, Артуа т. б.) есепке ала отырып қарастырғанда мұнда дворяндар мен дін иелері анагұрлым ықпалдылау болды [14.55б].
Провинциялардың солтүстік тобы экономикалық байланыстары бола тұрғанымен де Антверпен мен Фландрияға емес, Амстердам, Энкхёйзен, Флиссинген, Мидделбюрх, Девентер сияқты қалаларға қарай бейімделе берді; олардың өнім мен шикізат өткізетін негізгі рыноктары Прибалтикада болды және олар Испаниядан тәуелсіз еді. Оның үстіне, бұл провинциялардың өз алдына қуатты теңіз флоты да бар еді. 1500 жылы Балтық теңізіндегі Зунд бұғазынан өткен 1400 нидерландық кемелердің 1040 голландықтардікі болатын [15,]. Голландия, Зеландия және Фрисландияның ішкі рыногы аумақты еді және ол сыртқы саудамен (астық пен ағаш) қатар жергілікті қолөнер кәсібі және мануфактуралармен байланысты болды.
Цехтар, феодалдық жер иеленушілер, дворяндар және шіркеу Солтүстіктің экономикалық жағынан дамыған аудандарында орталық және оңтүстік провинциялардағыдай ықпалмсн пайдалана алмады. Сондықтан, Фландрия, Брабант, Турне мен Валансьеннің мануфактуралары өнімдерінің көлемі жағынан Солтүстік ауданның мануфактурасынан әлдеқайда артып түсе түрғанымен де, Голландия, Зеландия және Фрисландияның мануфактуралық өндірісі, фермерлігі, ерікті шаруалардың жер иеленушілігі, саудасы мен теңізде жүзушілігі анағұрлым берік негізге сүйенді.
Экономикалық өзгерістердің әлеуметтік зардаптары. Алғашқы қорлану процесі Нидерландылардың экономикасында капиталистік укладтың пайда болуын терең тамырлы әлеуметтік өзгерістермен қоса жүргізілді. Дворяндардың экономикалық және саяси жағынан арқа сүйер тірегі жойыла бастады. Орта ғасырлық бюргерлік пен феодалдық шаруалар ыдырай түсті, қала мен ауылдың тікелей өнім өндірушілері — цехтық және ерікті қолөнершілер, шаруалар — қайыршыланып, жаппай көлемде экспроприацияланды және тобынан айрылган кезбелерге айналды. Ал жұмыс тапқандарының өздері қатты қанауға тап болды. Олардың жұмыс күндері 12-14 сағатқа созылды, ал алатын ақылары мардымсыз, тұрмыс жагдайлары адам төзгісіз нашар болды. Қалгандарының еншісіне кезбелік, қайыршылық немесе түрме мен азап шегу тиді. Көшеге аласталып, қуылмаған кедейлер мен қолөнершілердің жағдайлары біршама тәуір болды.
Бүкіл отбасының, соның ішінде жас балалардың шамадан тыс ауыр еңбегі әр түрлі қосалқы кәсіпшіліктердегі алыпсатарларға жұмыс істеу, үздіксіз борыш, кіріптарлық, аштық олардың күн көрістерін тым ауырлатып жіберді. Олардың көпшілігін аштық өлімінен жүрттың жәрдемі мен қайыр, садақасы (жергілікті өкіметтердің рұқсатымен) құтқарды.
Бұл ауыртпалықтарды шетел монархтарының жүргізген жыртқыштық саясаты онан сайын үдете түсті. Олар ел ішінде өз биліктерін жүргізіп қалың бұқараның көзін алым-салықтардан аштырмады, әулеттік соғыстар жүргізумен халықты күйзеліске ұшыратты. Феодалдық аристократияны, католиктік шіркеуді, патрициат пен реакцияшыл цехтың топтарды қолдау арқылы ел ішіндегі ішкі реакцияны күшейтті. Жаңадан туып келе жатқап таптар — буржуазия мен предпролетариат Нидерландының сауда-саттық жұмыстары мен өнеркәсібін талқандап бұзған шетел абсолютизмінің жүргізген реакцияшыл саясатының салдарын ауыр күйзеліспен бастарынан кешірді. Шиеленіскен әлеуметтік жанжалдар толассыз болып тұрды.
Бұл жанжалдар көптеген көтерілістерге ұласты. Олардың ішіндегі ең ірілері 1534-1535 жылдары Солтүстік провинцияларда революциялық анабаптистердің басшылығымен өткізілген халықтық қозғалыс және 1539-1540 жылдарда болғап Гент көтерілісі болды. Бұлардың екеуі де әлеуметтік қайшылықтардың барынша шиеленісуімен және күрделілігімен ерекшеленді. Бұлар кейінірек айқын көрінді [16.58б].
Феодалдық-католиктік реакцияның күшеюі. ІІ Филипп. V Карлдың жүргізген саясатының өзі-ақ үдей түкен реакцияшылдықпен сипатталынғанды. 1521 жылдан бастап еретиктерге қарсы ерекше заңдар — «Плакаттар» басылып шығарылды, инквизицияның трибуналы құрылды. Ал революцияшыл анабаптистердің басшылығымен 1534-1535 жылдары өткізілген жаппай халықтық қозғалыстардан кейін еретиктерді қудалау тіптен күшейе түсті. Үздіксіз жүргізілген әулеттік соғыстар Нидерландының қаражат жағдайын мүлдем әлсіретті. Франциямен болған төртінші және бесінші соғыстың өзіне ғана 7 миллион гульден жұмсалды. Императорлық қазынаның «алтын қапшығынан» Нидерланды енді «борыш» басқан елге айналды. Олардың мемлекеттік борышы 1555 жылдың қарсаңында 8 миллион гульденге жетті [20.47б].
1555 жылы V Карл тақтан өзі түсті. Өзінің үлкен ұлы II Филиппке Испанияны отарларымен қоса Нидерландыны, Италиялық иеліктерін және Франш-Контэні берді. Егер V Карл үшін Испания оның иеліктерінің маңызды құрамдас бөлігі болса, ал II Филипп үшін ол ең басты бөлік болып саналды. Оның жүргізген барлық саясаты реакцияшыл испан дворяндарының мүдделеріне қызмет етті. Олар Испаниядағы капитализмнің енді-енді ғана шығып келе жатқан әлсіз өскіндерін жойып, қол астарындағы елдерді мейірімсіз қанады. Феодалдық-католиктік реакцияны бүкіл Европа елдеріне таратуға тырысты.
Өзінің көздеген мақсаттарына жету үшін II Филипп мынадай шаралар белгіледі. Франциямен соғыс кезінде әкелінген испан әскерлерін Нидерландыда сақтап қалу, елдегі өкімет билігінің бәрін де Мемлекеттік кеңестің (консульттардың), монархқа құлшына бас шұлғыған шағын топтың қолдарына шогырлау; епископтардың санын 4-тен 18-ге дейін көбейтіп, ересьтердің түбіне жету үшін оларға инквизиторлық өкілдіктер беру. Монарх мұнымен де шектелмеді, борыштарынан құтылу үшін, ол 1557 жылы мемлекетті банкрот болды деп жариялады, одан Нидерланды банкирлері өлшеусіз зиян шекті [21.15б].
II Филипптің енгізген жаңалықтары Нидерланды халқының әр түрлі топтарының мүдделеріне кереғар болды. Жаңа епископтықтарды құру туралы 1559 жылғы Заң, еретиктерге қарсы «плакаттардың» бұдан былай мейлінше қатал қолданылатындығын көрсетті. Епископтарды тек университеттік білімі бар дін иесі адамдардан тағайындау туралы ескерту, дворяндардың жаны тыныш пайдалы епископтық лауазымдардан айыруға сылтау болды. Ал епископтарды монастырлардың есебінен жалақы төлеп ұстау ниетінің өзі ата тегі дворяндардан шыққан аббаттардың құдайға құлшылық ету қызметінен түсетін тиісті ақыларына зиян келтіру қаупін туғызды. 1560 жылы Испанияда шетке шығарылатын жүнге баж салығы жоғарылатылды. Осыған байланысты Нидерландыға әкелінетін жүннің бумасы жылына 40 мыңнан 25 мыңға дейін азайды [17.66б]. Сонымен қатар, Нидерландының купецтеріне Испанияның отарларына баруға тыйым салынды. Англия мен Испанияның арасындағы жанжал Нидерланды мен Англияның арасындағы сауда-саттық жүмыстарының берекесін кетіріп, мыңдаған адамдарды жұмыссыз қалдырды.
Осы істердің барлығы да шетел билеушілері тарапынан жүргі-зілгендіктен ұлттық езгінің сипатына ие бола бастады. Сондықтан оларды Нидерландыда жүзеге асырушыларды — наместница Маргарита Пармская мен оның қол шоқпары кардинал Гранвелланы бұл елдегілер мейлінше жек көрді.
Революциялық жағдайдың пісіп жетілуі. Жоғарыда көрсетілген себептердің ықпалымен, сондай-ақ үздіксіз үдей берген қымбатшылық пен аштыққа байланысты 1562—1566 жылдары Нидерландыда қала кедейлері, мануфактура жұмысшыларының және шаруалардың арасында күшті наразылық басталды [18,]. Кейбір жерлерде аштыққа байланысты бүліктер туды. Кальвинизм ашықтан-ашық аренаға шықты. Көбінесе бай купецтер мен мануфактурашылар басқарған ірі сауда-өнеркәсіптік орталықтарда (Турнда, Валансьенде, Антверпенде, Хондсхотта және басқаларда) кальвинистік консисториялар 60-жылдардың бас кезінен бастап жаппай бой корсетуді ұйымдастыруға көшті. Әдетте қалалардың маңында түнде өтетін кальвинистік уағыздарға, тек дінге ынталылар ғана емес, дінді құрметтеуден бұрын консисториялардың мырзалықпен үлестірген садақаларына қызығып кедейлер топ-тобымен ағылды: Валансьенде, Антверпенде; Батыс Фландрияның бірқатар жерлерінде кальвинистер тұтқындалған діни әріптестерін күшпен босатып алды. Уағыз айтылатын жерге адамдар қарумен келетін болды, бұл уағыздар бара-бара нағыз қарулы байқауларға ұласты. Қалың бұқараның неғұрлым алдыңғы қатарлы бөлігі феодалдық тәртіптерге қарсы күресті қанаушылар мен қанау атаулының бәрін де жоюдың жолы деп білді. Бұқара халықты басқарушылар мен идеологтарының арасынан жалпыға бірдей христиандық теңдік пен бостандықты енгізуді талап етушілер де кездесті. Істің жайы көтеріліске қарай бет алды.
Енді үкіметке қарсы оппозицияның қатарына нидерландық дво-ряндардың едәуір бөлігі де кірді. Мұның негізгі тобы әуелі үш оппозицияның үш шонжары, Мемлекеттік советтің мүшелері — принц Оранский және графтар Эгмонт пен Горнның төңіректеріне топтасты. Дворяндар өздерінің артықшылыңтарын корольдың бұзуына наразылық жасады және шіркеуді өздеріне қолайлы рухта реформалап барып, монастырлардың. Жерлерін мемлекетке өткізу есебінен өздерінің қаражат жағдайларын түзеп алмақ болды. Осыған байланысты олардың арасында лютерандық пен кальвинизм тарала да бастады. Халықтық қозғалыстың өрлеуге айналғанын көрген дворяндар бір жағынан, оны өздерінің мүдделеріне пайдаланудан қашқылары да келмеді, екінші жағынан, олар бұл қозғалыс өздерін де ойрандап кетпес пе екен деп қауіптенді. Сондықтан олар қозғалыс жасаған халық пен үкіметтің арасындағы «делдалдық» рөлін атқармақшы болды, сөйтіп, сол арқылы өздерінің көздеген мақсаттарына жетуді көздеді. Дворяндардың еркін орындай отырып, оппозициялық ақсүйектер Мемлекеттік кеңесте үкіметті сынады, елдің «еркіндігін» қалпына келтіруді, еретиктерге қарсы «плакаттарды» жоюды немесе жұмсартуды, испан әскерлерін әкетуді және Гранвеланың отставкаға кетуін талап етті.
Дворяиндық оппозицияның соңғы екі талапты орындатуға қолы жетті және осы арқылы буржуазия мен халықтың сеніміне кіріп, көпшіліккс әйгілі де болды. Бірақ үкімет бұдан артық жеңілдік жасауға бара алмады, күрес шиеленісе түсті. 1565 жылы қараша айында оппозициялық дворяндар 500-ге жуық адамды біріктірген одақ құрды («Компромисс») және келісімге қол қойды. Мұнда олар күресті жеңіп шыққанға шейін жүргізіп, өзара бір-біріне көмек көрсету, бірақ істі халықтық «бүлікке» жеткізбеу туралы міндеттенді. Олар өздерінің қоятын талаптарын үкіметтің атына жолдаған арнаулы тілегінде тұжырымдады. Сөйтіп, одақтың мүшелері бұл тілектерін наместница Маргарита ІІармскаяға 1566 жылы 5 сәуір айында тапсырды. Дворяндар елдің еркіндіктерін қалпына келтіруді “плакаттарды” жұмсартуды және бас штаттарды шақыруды талап етті. Сонымен қоса мұнда бұл талаптарымыз орындалмайтын болса, онда құрбандыққа шалынатындықтарын атап көрсетті. Дворяндардың жұпыны киімдерді бір ақсүйектің оларды «менменсіп гёздер», яғни қайыршылар деп атап қалуына сылтау болып табылды. Бұл жалған атты қалың жұрт іліп әкетіп, бертінде Нидерланды революционерлерімен бостандық үшін күресушілердің бәрі де осылай аталып кетті.
Маргарита Пармская дворяндардың өтінішін тек корольға жеткізіп, оның шешімі қабылданғанша еретиктерді қудалауға шек қоюға уәде берді. (Осы екі арада ел ішіндегі жағдай да шиеленісе түсті. 1566 жылы дворяндардың одағы консисторийлермен шарт жасап, олардан Германиядан солдаттар жинау үшін ақша алды [20.49б].
Консисторийлерді басқарған бай буржуазияның таптық мүдделері және бұқара халықпен тығыз байланысы оларды революциялық қимылдардың қолына түсуге итермеледі. Олар егер біздің қойған талаптарымыз қанағаттандырылмаса, онда священниктердің көздері жойылады, шіркеулер талқандалып, әулиелердің бейнелері құртылады деп мәлімдеді.
Испан өкіметтері саяси жағынан мүлдем оқшауланып қалды. Тіпті билеп-төстеуші топтардың өздері де енді ескі әдістермен басқарудың мүмкін еместігін көрді. Ел ішінде революциялық ситуация туды.
Революция қарсаңында тап күштерінің орналасуы. Дворяндық оппозиционерлердің басым көпшілігі шын революциялық пиғылда болмады. Тек олардың кейбір бөлігі ғана оқиғалардың өріс алуына қарай революция мен азаттық соғыстың лагеріне көшті. Олар испандықтармен бар ынтасын сала адал соғысты, бірақ саяси жағынан енжар элементтермен одақтас болды.
Ірі саудагерлердің оппозициясы Испания абсолютизмінің «асыра сілтеушілігіне» қарсы шығып, саяси ымыраға келуді дұрыс деп тапты. Өздерінің радикалды діндестерінің «асыра сілтеушілігі» мен «сабырсыздығын» құптамай, кальвинистік енжар дворяндармен одақтасты.
Нидерландының буржуазиясы орта ғасырлық бюргерліктен әлі де бөлініп кете алмады, оның феодолизмге және испан абсолютизміне деген антагонизмі біржола пісіп жетілмеді. Оның мануфактуристері жаңа формациядағы саудагерлер, енді-енді пайда бола бастаған буржуазиялық интеллигенция сияқты алдыңғы қатарлы бөлігі ғана өзінің таптық мүдделерін ұғына бастады.Ол кальвинизмді қабылдап, кансисторияларды басқаруды қолына алды. Өзінің объективтік міндеттері жағынан буржуазиялық болып табылатын төніп келе жатқан революцияның гегемондық рөлін де осылар атқаруға тиісті болды.
Бұл төніп келе жатқан революцияның ең басты қозғаушы күші қалалық плебс болды. Оның құрамына әр текті элементтер: қалалық қүндікшілер, цехтық көмеқші шебсрлср мен үйренушілер, порт адамдары, матростар, мануфактура жұмысшылары, сондай-ақ шаруалар мен экспроприацияланған пауперлер де кірді. Бұқара халық батыл қимылдар жасауды талап етті.
Бірақ бұл тек жалпы схема ғана еді. Оған революциялық дәуірдің әлеуметтік-саяси жанжалдарының күрделілігі мен жергілікті ерекшеліктер едәуір өзгерістер енгізді.
1566 жылғы иконға қарсы күрес. Нидерланды буржуазиялық революциясы мен азаттық соғысының ең, алғашқы актісі иконға қарсы көтеріліс болды. 1566 жылы 11 тамызда консисториялардың айдап салуымен халықтың қарулы отрядтары Хондахот, Армантьер және Кассель маңында шіркеулерді қиратып, икондар мен әулиелердің статуяларын және католиктік ғибадаттың басқа да заттарын талқандады. Шіркеулердін қымбат асыл заттарын кейбір жерлерде жойып жіберді, бірақ көбінесе оларды жетім-жесірлерге берілетін көмек ретінде пайдаланды [21.47б].
Антверпендегі көтерілісті бастаушылар қолөнершілер мен қаланың кедейлері болды. Турнадағы шіркеулерді қиратып талқандауға қала адамдарынан басқа, 800-дей шаруа қатысты. Ондағы басшылық рольді саудагерлер мен консисториялар атқарды. Шіркеулерден тәркіленген бағалы заттардың есебінен жалданған кедейлердің отрядтары қаланы күзетіп тұрды. Көтерілісшілер, монастырьлар мен шіркеулердің қаражат және жер жөніндегі құжаттарын өртеп жіберді. Мұндай оқиғалар Валансьенде де болды.
Мидделбюрхте (Зеландия) иконға қарсы күресушілер бай адамдар мен магистраттың кейбір мүшелерінің қолдауымен үкіметті тұтқындалған еретиктерді босатуға да мәжбүр етті. Иконға қарсы күресушілердің Утрехтегі қимылдары ашықтан-ашық әлеуметтік және саяси сипатқа ие болды. Олардың мұнысын наместница тек қана «дінді жою емес», сонымен қатар «сот жұмыстарын және бүкіл саяси тәртіпті де» жоюшылық деп бағалады.
Көтерілістің барлық күш-жігері испан билеп-төстеушілерінің қорғанышы — католиктік шіркеуді талқандауға жүмсалды. Тек бір ғана Фландрияда 400 шіркеу, ал бүкіл Нидерландыда — 5500 шіркеу талқандалды. Көтеріліс бірте-бірте оңтүстіктен солтүстікке қарай ойысты. Оларды барлық жерде де кальвинистік консисторийлердің өздері, ал кейбір жерлерде — жеке дворяндар-кальвинистер, одақтың мүшелері басқарды. Көтерілістің базасы Фландрия, Брабант, Турне, Голландия, Зеландия және Утрехт болды. Көтеріліс шеткергі аграрлық провинцияларда кең қанат жая алмады, ол кейбір ірі қалаларды ғана қамтыды. Өкіметтер дәрменсіз болып шықты. 1566 жылы 23 тамызда наместница инквизицияны жоюға, «плакаттарды» жұмсартуға, кальвинистік уағыздың бұрын таралған жерлерінде жүргізіле беруіне рұқсат берді. Дворяндар одағының мүшелеріне кешірім бергендігін мәлімдеуге мәжбүр болды. Бұл мәселелерді II Филипп біржолата шешуге тиісті еді [10.11б].
Көтерілістің табысы тек қозғалыстың кең қанат жайып, оған қолдарына қару алып қатысқан күштердің барынша топтала түскен жағдайларында ғана баянды етілмекші еді. Алайда өкіметті өз қолдарына алуға не консисториялардың, не дворяндар одагының қабілеттері жетпеді. Дворяндардың да, консисториялардың да үкіметті жай «шошытып» қана қойып, онымен келісім жасағысы келген-ді. Бірақ қозгалыстың кең өріс алып бара жатқанын көріп көтерілісші бұқараның кейбір жерлерде: “поптардың қанын ішіп, байлардың дүние мүліктерін алу керек” деп шыққан үндерін естігеннен кейін дворяндардың дегбірлері қалмады. Сондықтан наместницаның қозғалыстың арасына іріткі салу жөнінде жүргізген айла-әдістерінің сәті де түсті. Дворяндардың одағы өзін-өзі таратып жіберу жөнінде наместницаның қойған шарттарын қарсылықсыз қабылдады. Ал одақтың көптеген мүшелері оппозицияның аристократиялық басшылары граф Эгмонт және принц Оранский сияқты, иконға қарсы күресушілерді куғындай бастады. Консисториялар жаңадан кеңшіліктер алу үшін үкіметпен келіссөздер жүргізуге кірісті. Және олардың бірқатары өздерінің көтеріліске қатысып, басшылық еткендерінен азар да безер болып танып кетті.
Консисториялардың қолданған ымырашылдық және табансыздық тактикасы қозғалысты басшылықсыз қалдырды. Қалалардыц көпшілігінде кальвинистік уағызшылар көтерілісшілердің бұқара көпшілігін «бүлікті тоқтатуға» және өкіметке бас июге шақырды. Мұнымен пайдаланған үкімет, халықтық отрядтарды түйыққа қамап қарусыздандыру үшін, өздерінің соғыс күштерін жинастырып алып, шабуылға көшті. 1567 жылдың көктемінде иконға қарсы көтеріліс тойтарыс тапты және сонымен бірге Нидерланды революция-сының алғашқы кезеңі де жеңіліспен аяқталды. Мадридте герцог Альбаның басшылығымен Нидерландыға, жазалау отрядын жіберу қолға алынды [11.55б].
Герцог Альбаның Нидерландыда жүргізген террористік тәртібі. 1567 жылдың жазында сұрыпталған испан әскерін басқарған Альба Нидерландыға келіп кірді. Ол бұл елдегі болған оқиғалардың мәнісін түсінбеді және түсінгісі де келмеді.Сөйтіп, корольдың қолшоқпары ретінде өзіне жүктелген тапсырмаларды:Нидерландының артықшылықтарын жоюды, оны испан чиновниктерінің зорлық-зомбылығына бағындыруды, Испания әскерлерін ең маңызды пункттерге орналастыруды, әлеуметтік-саяси наразылықтың және еретиктіліктің қандайын болса да тұншықтыруды,керек болса елді түгел күйзелте отырып, алтынның жаңа тасқынын сығып алуды бұлжытпай орындап шығуға тырысты.
«Бүлікшілердің істері туралы кеңес» құрылды. Оны жұрт «қанды Кеңес» деп атады. Альбаның үкімі журген кездегі құрбандыққа, ұшырағандардың саны 8 мың адамнан асты. Өлім жазасына тартылғандардың ішінде аристократиялық оппозицияның көсемдері графтар Эгмонт пен Горн, дворяндар ішінара саудагерлер болды, бірақ көбінесе кедейлер жазаланды.
Испандық тәртіпті орнату басталды. Елді билеп-төстеуші қожалар инквизиторлар мен испан чиновниктері және жүгенсіз кеткен солдаттар болды. Бас штаттардың маңызын әлсірету және үздіксіз ақша алуды қамтамасыз ету үшін, Альба тұракты алымсалык енгізуді ұйғарды.Бұл жүйе бойынша барлық дүние-мүліктерден біржолғы 1 пайыздық салық, ал дүние мүлікті сатудан 5 пайыздық және барлық басқа товарларды сатудан 10 пайыздық салық алынды.
Товар ең аз дегенде оншақты делдалдар арқылы тұтынушыларға жеткізілетін Нидерландының экономикалық жағдайларында 10 пайыздық салық (алькабалдар) енгізу елдің шаруашылығын апатқа ұшырату болып табылды. Бірақ Альба өзінің ерсі шешімін жою туралы, тіпті Испанияға адал қызметкерлердің берген ақылына да құлақ аспады. Ол алькабалыны енгізуді 1571 жылға шейін кідіре тұруға ғана келісті [12.19-26бб].
Испанияның абсолютизміне қарсы халықтың партизандық күресі. Герцог Альбаның жұртты қансыратқан терроры күйрек адамдардың үрейін үшырды, ал ер жүрек патриоттардың зығырдандарын онан сайын қайнатып, Отанының жауынан кек алу ниетін арттыра түсті. Фландрия мен Эноның орман-тоғайлары қаруланған жұмысшылар мен қолөнершілерге және шаруаларға пана болды. Олардың отрядтары испан солдаттарының кіші-гірім топтары мен монахтарды (патриоттар жөнінде испандықтарға хабар жеткізіп тұрғандарды), сот чиновниктерінің көздерін аяусыз жойып отырды. Испандықтарға дем беріп, жәрдемдесушілерді өлім жазасына тарту астыртын қимылдаған консисториялардың шығарған үкімдері бойынша жүзеге асырылды. Осы «орман гёздерін» бұқара халық түгел қолдап, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Өкіметтің және әскердің қимылдары туралы оларга үздіксіз хабарлап отырды [13.58б].
Партизандардың солтүстіктегі күресі біршама өзгеше формада жүргізілді. Онда матростар мен балықшылар, порт адамдары, кейбір кеме ұстаушылар және дворян-кальвинистер кемелерге отырып алып, испандықтарға қарсы теңізде соғыс жүргізді. Олар өзінің жауы — Испанияны әлсірету үшін уақытша көмек жасаған Англияның порттарын база ретінде пайдаланды. «Теңіз гёздері» испан кемелерін және тіпті тұтас кеме керуендерін басып алып, су түбіне батырып жіберіп отырды, жағалаулардағы қалаларға шабуыл жасады. Сөйтіп, мүмкіндігі болған жердің бәрінде де испандықтарды және олардың жәрдемшілерін қырып-жойды. Испандықтарға қарсы қимылдардың ойдағыдай жүріп жатқанын көріп Германияда бой тасалап жүрген принц Оранский «теңіз гёздерін» Альбаға қарсы соғыс жүргізетін каперлік құқығының куәліктерін берді және оларға өзінің офицерлерін де жіберді.
Принц Оринскийдің және эмиграциядағы дворяндардың саясаты.Нидерландыдан Германияга қашып барған дворяндар төңірегінде топтасқан принц Оранский де испан деспотизміне қарсы күреске қосылды. Бірақ принц Оранскийдің және оның серіктерінің көздеген ниеттері халық партизандарынан мүлдем басқаша болды. Бұл кезде принцтің төңірегінде басқа жерлік мемлекеттермен — немістің лютерандық княздарымен, Франциямен, Англиямен тіпті Нидерланды бөліске түсіп кетсе де, одақ жасаудың жоспарлары ойластырылды. Сондай жобаларының бірінде Фландрия мен Артуаны Францияға, Голландия мен Зеландияны — Англияға беру көзделді. Ал лендық қатынастары жағынан империямен формальды байланысты Брабантты және тағы кейбір провинцияларды, Брабант курфюрстілігі ретінде импсрияның құрамына қосу жобаланды. Мұның басында курфюрст принц Оранский тұруға тиісті болды. Мұндай жобалар Испаниямен жаңалық үшін күресуді емес, кейбір өзгерістер ғана енгізе отырып, өткендегі тәртіптерге қайтып оралуды көздеді. Мұнымен қатар эмиграциядағы дворяндар соғыс қысымының дүмпуімен II Филиппті кеңшілік жасауға мәжбүр етіп, содан соң, Нидерландының прогресшіл күштерінің есебінен келісімге келумен болған үміттерін үзбеді [18.9б].
Бұл жоспарлар және олармен байланысты дипломатиялық келіс-сөэдер құпияда сақталды. Сырттан қарағанда принц өзін «нағыз патриот» ретінде, ал оның Нидерландыдағы ықпалды сүйеушілері оны елдің азаттығы үшін «жан қияр және риясыз» күрескер ретінде көрсетіп оған барынша бедел туғызуға тырысты. Немістің протестанттық князьдарының және француз гугеноттарының көмегімен принц Оранский 1568-1572 жылдары Нидерландыға, әсіресе өзінің көбірек қолдау табудан дәмелі болған оңтүстік және солтүстік провинцияларға әлденеше рет басьп кірді. Алайда принц өзінің барлық үміттерін тек елді тонап-талауға құныққан басқа жерлік жалдамаларға ғана артып, «орман гёздерімен» байланысқысы және халыққа арқа сүйегісі келмеді. Принц Оранскийдің мүндай саясаты мен тактикасы теріс болып, Нидерландыда жүргізген соғыс операцияларының бәрі сәтсіздікке үшырай берді.
1572 жылғы көтеріліс және елдің солтүстігінде буржуазиялық республиканың пайда болуы. 1567-1571 жылдар нидерландылықтар үшін, герцог Альбаның жасаған мейлінше қатаң реакциясының өте бір ауыр кезеңі болды. 1571 жылы ол алькабаланы енгізді. Нидерландының шаруашылық жағдайының берекесі кетті, келісімдер бұзылды, мануфактуралар, дүкендер жабылды, сауда компаниялары мен банкілер банкроттыққа ұшырады. Алькабала орасан зор алым-салықтармен алмастырылды [28.64б].
Королева Елизавета Испаниямен жанжалдасып қалудан қауіп-төніп ағылшын порттарынан шығарып жіберген «теңіз гёздерінің» кеме керуендері осындай жағдайда 1572 жылы 1 сәуірде Рейн атырауында орналасқан Брил қаласын басып алды. Революциялық жағдайдың жаңадан пісіп-жетіле бастаған жағдайларындағы бұл оқиға, солтүстік провинцияларда жаппай көтерілістің басталуына дабыл болып табылды. 5 сәуірде Флиссинген қаласының халқы көтеріліс жасады және көтерілісшілердің революциялық отрядтарын қалаға кіргізіп алды. Осыдан соң испандықтардан Феер, Арнемёйден, Энкхёйзен және басқа қалалар да азат болды. Сондай-ақ шаруалар да «теңіз гёздерін» қолдады, өзін-өзі қорғау отрядтарын құрды және испандықтардың отрядтарын қырып-жойды. «Теңіз гёздері» испандықтарға теңізде соққы бере бастады. Сөйтіп, Құрама провинциялардың болашақ негізін қалаған Нидерланды буржуазиялық революцияның және азаттық соғыстың екінші кезеңі басталды.
Не герцог Альба, не принц Оранский бұл оқиғалардың бүкіл маңызына дұрыс баға бере алмады.Өзінің ең бас жауы принц Оранский және оның одақтастары (француздық гугеноттар) деп ұғынған Альба, елдің солтүстігіндегі «мұжықтардың бүлігіне» немқұрайды қарады. «Бұдан келер бәле жоқ» деп мәлімдеп, өзінің әскерін принцтің інісі Людовик Нассауский басып алған Монсаға аттандырды.
Түгелдей өзінің соғыс экспедициясын ұйымдастырумен айналысқан принц Оранский «халық қозғалысынан хабардар бола тұра ешқандай сүйсінушілік білдірмеді. Қайта керіснше, ол бұл шағындау табыстар ол даярлап жатқан ең басты шараларды жүзеге асыруға кедергі келтіреді деп шағым жасады деп жазды өзінің «Анналында» голландық саяси қайраткер, XVII ғасырдың юристі және тарихшысы Гуго Гроций. Принцтің бұл «ең басты шарасы да», бұрынғылары сияқты тойтарыс тапты. Ол шаралар испан күштерінің бетін басқа жаққа аударды және солтүстіктегі көтерілістің ешбір кедергісіз өріс алуына жағдай жасауымен жағымды рөль атқарды [22.29б].Сонымен қатар Оранский солтүстік провинциялардағы көтерілісшілердің қолдары жеткен табыстарының болашақ перспективасын кеште болса түсінуімен өзінің барынша көреген саясатшы екендігін де көрсетті. Ол солтүстіктегі қозғалысты басқарып, бағыт сілтеп отырған буржуазиялық топтармен және консисториялармен жақындаса бастады
Дәл осы кезде солтүстіктегі «теңіз гёздері», қалалық плебстер мен қолөнершілерден құралған жасақшылар (атқыш гильдилер) және консисториялар біраз уақыт жағдайдың билеушілеріне айналып, үстемдік етті. Олар өздерінің төңірегіне революцияшыл және антииспандық пиғылда болған элементтердің бастарын қосып біріктірді. Бұл элементтер котолик дінінен қол үзбегендерімен де, шіркеу қызметкерлерімен испан өкіметтерінің зорлық зомбылықтарын әшкерелеуге батылы барғандардың бәрін де инквизицияның зынданына салып отырған католиктік топтарды жек көрді. Испандықтарға солтүстік провинциялардың дворян кальвинистері де қарсы шығып, көтерілісшілер отрядтарын басқарды. Революцияшыл күштер барлық жерде де тегеурінді шабуылдар жүргізді. Қалалардың реакцияшыл магистраттарын құлатып, қала істерін басқаруға араласты. Шаруалар бірқатар жерлерде монастырьларды және Испанияны жақтаушы дворяндардың поместьелерін талқандап, оларға тиісті жерлерді басып алды және шіркеу десятинасын төлеуді тоқтатты. Мұның бәрі стихиялы түрде заң жүзінде бекітілместен жүргізілді.
Кальвинистік және антииспандық пиғылдағы дворян-оранжистермен саяси одақта болып келген солтүстік провинциялардың бай саудагерлері, бұқара халықтың революцияльқ әрекеттерімен уақытша келісуге мәжбүр болды. Олар бірте-бірте өкіметті өздерінің қолдарына алып, қалалардың магистраттары мен провинциялардың штаттарында бекіне бастады. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі принц Оранскийді шақыру болып табылды. Принцтің аристократиялық әулеттен шығуы, оның басқа жерлік монархтармен қарым-қатынастары, испандық деспотизмге қарсы күрескер ретінде танылғандығы принцті қоғамның әртүрлі топтарына нағыз тиімді және беделді адам етіп көрсетті.
Өкіметті іс жүзінде өз қолдарына алған Голландия мен Зеландияның Бас штаттары, 1572 жылғы шілде айында шақырылған дордрехт сессиясында Оранскийді Голландия мен Зеландияның статхаудері деп танып, оған жоғарғы әскери басшылықты, жоғары атқарушы өкіметтің билігін және барлық жоғары қызмет адамдарын тағайындап және орындарынан алу құқығын (штаттардың келісімімен)берді [23.36б].
1572 жылғы қазан айында принц Голландияға келді. Принцтің мүдделері өзін шақырған саудагерлік олигархияның көздеген мақсаттары мен толық үйлеспеді. Неғұрлым көбірек дербестілікке бой ұрған принц өзінің қызмет орнын пайдаланып бұқара халықтың қолдауына ие болған дворяндар мен консисториялардың көңілдерін тауып сенімдеріне кіріп, ұнауға тырысты. Мұнысы саудагерлік олигархияны оншама мазасыздандыра да қоймады. Олар штаттар арқылы принцтің қимыл, әрекерттерін бақылап отырды және оның көпірмелі жарамсақтануы тек қалыптаса бастаған режимді күшейте түседі, принцтің беделін өсіре түседі деп ұғынды.
1573-1575 жылдар аралығындағы кезең көтерілісшілер үшін тым ауыр болды. Өзінің жіберген қателігін түсінген Альба, енді барлық күш-жігерін «бүлікшілерге» қарсы жұмсады. Қаруланған бұқара халық испандықтарға барлық жерде де жан қиярлықпен қарсылық көрсетті. Қоршауға алынган Хаарлемнің тұрғындары жеті ай бойы (1572 ж. желтоқсан айы — 1573 ж. шілде айы) қаһармандықпеп қорғанды. Оларды аштық қана тізе бүгуге мәжбүр етті. Ал, қоршауда қалған Лейденнің тұрғындары (1574 жылдың мамыр айы – қазан айы) ерліктің шынайы үлгісін көрсетті және бұлардың күресі жеңіспен аяқталды. Көтеріліс жасаған провинциялар өте ауыр материалдық зияндарға қарамастан, испандықтардың басып алған территорияларына су қаптату әдісін шеберлікпен қолданды [19.22б].
Герцог Альбаның Нидерландыда қолданған саясатының сәтсіздікке ұшырағанын енді Мадридте де түсініп, оны 1573 жылдың аяғында Испанияға қайта шақырып алды. Бірақ 1575 жылға дейін испандықтар шабуыл жасауларын тоқтатпай жүргізе берді.
1576 жылғы 4 қыркүйегіндегі көтеріліс. “Гент келісімі”Нидерландыдағы наместник Альбаның орнына келген,доң Луис Рекезепс алғашқы кездерде кейбір соғыс табыстарына жеткенімен де, аса қиын жағдайға тап болды. Ақша болмады. Испан жалдамалылары жылдап жалақыларын ала алмады, көтерілісші халықтың ерлік қарсылығына төтеп бере алмай, берекелері де қашты. 1570 жылы 5 наурыз айында Рекезенс кенеттен қайтыс болғаннан кейін өкімет Мемлекеттік кеңестің қолына көшті. Мұнда отырған испан жандайшаптары жағдайды билеп, басқарып кете алмайтын еді. Оның үстіне тіпті 1576 жылдың жазында испан әскерлерінің өздері көтеріліеке шықты, бірқатар қалалардағы қамалдарды басып алып (Алост, Гонт, Антверпен) халықты тонады. Бұған наразылық ретінде орталық провинциялар мен оңтүстікте әлдеқашан-ақ толғағы жеткен көтеріліс бұрқ ете түсті [26.150б].
1576 жылы 4 қыркүйек айында офицер-оранжистер басқарған брюссельдік қалалық «милицияның» отряды, қала халқының тілектестік білдіріп, қолдауымен Мемлекеттік кеңестің мүшелерін тұтқынға алды. Испандықтардың билеп-төстеушілігінің шаруасы бітуге жақындады. Бүкіл елдің түкпір-түкпірін түгел қамтыған революция мен азаттық соғыстың үшінші кезеңі басталды.
Халықтың қалың бұқарасы барлық жерде де қолдарына қару алып испандықтар мен олардың қолшоқпарларын тұтқындады, көтерісшілердің қарулы күштері қамалдарда отырып алып, ереуіл шығарған испан жалдамалыларын қоршап алды және жаңа тәртіптерді енгізуге кірісті. Испандықтарға қарсы наразылық жұртты жаппай; дворяндарды да, тіпті католиктік дін иелерінің бір бөлігін де қамтыды.
1576 жылы қазан айында өкіметті өз қолдарына алған Бас штаттар Гентте бас қосып, жиналды. Қатысушылардың құрамына қарағанда олар елдің өміріндегі өзгерістерді бейнелей алмады. Штаттарда патрициаттың, кертартпа саудагерлердің, католиктік дін иелерінің өкілдері мәжіліс құрды. Солтүстік провинциялардың өкілдері тым батыл сөйледі, бірақ айтыстар ұзаққа созылып кетті.
Соған қарамастан ереуіл шығарған испан жалдамалылары өздерінің жүгенсіздіктерін тоқтатпай жүргізе берді. 1576 жылы 4 қараша айында олар Антверпен қамалынан шыға сала шабуылға кірісті, қаланы талқандап, жұртты тонай бастады. Жалпы есеп бойынша қала халқының 8 мыңнан астам тұрғыны өлтірілген және азапталған, мыңға жуық үй өртенген. Ал, жалпы шығынның мөлшері 24 миллион гульден болған. Мұның өзі Бас штаттарды 8 қараша айында жарияланған келісімді даярлауды барынша тездетуге мәжбүр етті. «Гент келісімі» 1572 жылы көтеріліс жасаған солтүстік провинциялар мен 1576 жылға дейін испандықтардың қол астында қалған оңтүстік провинциялардың арасындағы формальды бітім шарты болып табылды. Бірақ іс жүзінде мұның маңызы анағұрлым кең еді: онда 1576 жылы қалыптасқан тап күштерін жалпы орналастыру және революция мен азаттық соғысты одан әрі тереңдете түсу емес, қайта II Филиппен келісімге келуді тілеуші әлеуметтік топтардың көздеген мақсаттары бейнеленді [25.87б]. Бітім шарты: испан әскерлерін кетіруді; еретиктерге қарсы «плакаттарды» және Альбаның енгізген заңдарын жоюды; осы заңдар бойынша тұтқындалған адамдарды босатуды; испандықтардың жұрттан тәркіленген дүние-мүліктерінің орнын толтыруды талап етті.
Сонымен қатар II Филипптің тәуелдігін және католиктік дінді сақтап қалып, құдайға кальвинистік ғұрыппсн құлшылық етуге тыйым салу, соғысты тек испан бүлікшілеріне қарсы жүргізу қажет деп жарияланды. Ал, шіркеу жерлерін тәркілеу жөніндегі ұсыныс қабылданбады.
Голландия мен Зеландияның саяси статусы автономиялық күйінде қалды. Бірақ олардың кальвинизмді таратуларына немесе оны өздерінің территорияларынан тысқары жерде қолдауларына тыйымсалынды.
Тап күресінің шиеленісуі.Нидерландыға жаңа испан наместнигі Хуан Австрийский келгеннен соң Бас штаттар, прогресшіл күштердін еркіне және принц Оранскийдің қарсы әрекетіне қарамастан наместник дон Хуанмен келіссөздер жүргізді. 1577 жылы ақпан айында «Мәңгілік эдиктке» қол қойылды. «Рент келісімін» бұзбауга міндеттенген дон Хуан, II Филипптің наместнигі болып танылды. Бірақ сол жылдың маусым айында-ақ дон Хуан, бұрынғы тәртіптерді қайта қалпына келтіру ниетімен, Намюрдегі қамалды басып алып, Бас штаттардың әскерлеріне қарсы соғыс қимылдарын жасады [7.79б].
Бұл жағдай Фландрия, Брабант және Оңтүстік провинцияларда күштердің орналасуын өзгерткен әлеуметтік-саяси күрестің жаңадан өрлеуін туғызды. Алғашқы күндері мызғымастай болған бірлік бара-бара тұмандай сейіліп, тарады да кетті. Өзара жіктеліп, бір-бірімен жауласушы немесе бақталастық фракциялар құрған күресуші таптар мен топтардың саяси жағынан өз тағдырын өзі белгілеп шешу процесі жедел жүргізілді. Экономикалық және саяси мүдделері жағынан Испаниямен байланысты болған дворяндар, қалалық патрициат, бюргерлік пен саудагерлердің реакциялық топтары II Филиппен келісім жасау жолдарын іздеуші феодалдық-католиктік реакцияның бірыңгай блогына топтасты.
Көтерілісшілердің басшылық рөліне ұмтылған кальвинистік буржуазия қалалардың ұсақ буржуазиясы мен плебейлік қалың бұқарасы бірқатар жағдайларда шаруалармен байланыс жасады, олар революциялық және азаттық қозғалыстың бұрынғы ең басты қозғаушы күші болғандармен бірлесе отырып, екінші блокқа топтасты.
Дворяндардың, бюргерлік пен саудагерлердің енжар топтарының арасынан шығып, принц Оранскийдің төңірегіне жиналғандар, аралық жағдайда болып, күресуші күштерді «ымыраластырушылардың» рөлін атқаруға талаптанды.
Дон Хуанның жасаған опасыздығынан кейін халықтық көтерілістердің жаңа толқыны кең өріс алды. Мұның барысында реакцияшыл магистраттар құлатылды, испандықтарды жақтаушылар тұтқындалып, католиктік священниктер қуылды. Брюссель, Антверпен, Ипр мен Гентте консисториялармен тығыз байланысты революциялық «он сегіздің комитеттері» («18») құрылды. «18»-дің мүшелері кальвинистер — буржуа, адвокаттар, цех қолөнершілері, дүкеншілер мен саудагерлер болды. Комитеттердің ең басты міндеті қалаларды және олардың маңайларындағы селолық жерлерді испандықтардан қорғауды үйымдастыру болып табылды; бірақ бірте-бірте «18» қалалық басқарудың барлық салаларына да араласты, магистраттардың әрекеттерін бақылап, өкіметтің революциялық органдарының рөлін атқара бастады. Брюссельдегі «18» Мемлекеттік кеңес пен Бас штаттарға қысым жасады. 1577 жылдың жазы мен күзінде штаттардан, мемлекеттік аппараттан реакционерлер мен испандық дем берушілерді аластап, халықты жаппай қаруландыруды және Мемлекеттік кеңесті қайта құруды талап етті [15.62б].
Алайда «18»-дің, кальвинистік консисториялар мен бұқара халықтың қимылдары бірлеспеді. Революцияшыл буржуазия өзінің арасынан жалпы мемлекет көлемінде беделдері күшті басшыларды ұсына алмады. Бұл жағдайды принц Оранский пайдаланып кетті. Ол шет аймаққа айналған Голландиядан көтеріліске шыққан провинциялардың орталық органдары орналасқан Брюссельге кетуді әлдеқашан ойластырып жүргенді. 1577 жылы күзде ол Брюссельге келіп, өзінің жақтастарының жігерлі қимылдарына сүйене отырып, Брабант рувардасы (наместнигі) болып тағайындалды [30.90б].
Осы кезде Испанияны жақтаушы күштер Фландрияда бекініп қалуға әрекет етті. Оның астанасы — Гентті өздерінің астанасына айналдыруға, талаптанды. Алайда, Гент плебсінің 1577 жылғы қазан айында жасаған көтерілісі бұл жоспардың күлін көкке ұшырды. Реакцияшыл дворяндардың басшысы герцог Арсхот және басқа сыбайластары тұтқынға алынды, қаланың билігі «18» бен консисториялардың қолдарына көшті. Католиктік реакционерлерге қарсы күрес басқа аудандарда да қызу жүріп жатты.
Бас штаттар мен оларды жақтаушылар абыржыды. Халық қозғалысының кең өріс алуынан қорыққан олар осы жағдайдан шығудың бірден-бір жолы — феодалдық-католиктік реакцияның күштері мен ымыраласып қозғалысты тұншықтыру деп білді. Бұл кезде принц Оранский де негізінен дәл осындай саясатты ұстаған-ды. Өзінің көздеген мақсаттарына Мемлекеттік кеңес пен Бас штаттарды өзіне бағындырғанда ғана оңай жете алатынын түсінген принц осы үкіметтің органдарына өзін жақтаушыларды (оранжеристерді) көптеп енгізе бастады. Сөйтіп, принц Оранский өз мақсатына жетті. Ол бірте-бірте Мемлекеттік кеңеске де, Бас штаттарға да билік ете бастады.
Генттегі демократиялық қозғалыс. Ерекше шиеленіскен күрес Гентте жүрді. Мұнда “18″, “Гент келісіміне” қарамастан, құдайға кальвинисше құлшылық етудің бостандығын енгізді; үкімет әскерлері қаладан қуылды, олар қалалық плебс құрамаларымен алмастырылды. Оларды кальвинистік буржуазия басқарды. «18» шіркеулердің дүние-мүліктерін тәркілеп, оларды сатудан түскен қаржыларды қаланың мұқтаждары мен өздерінің әскерін ұстауға жұмсады. Бас штаттардың және принцтің жүргізген саясатына қарсы наразылық ретінде гентшілер алым-салық төлеуді тоқтатты [8.10б].
Гентшілер Брюссельмен және Фландрияның басқа қалаларымен одақ жасады, сондай-ақ шаруалардың Фландрияда құрылған өзін-өзі қорғау отрядтарымен берік байланыс орнатты. Бұл кезде Фландрияда, сондағы бір замандастың айтуына қараганда, нағыз шаруалар соғысы лаулап кеткен еді. Шаруалар Бас штаттардан жер де, феодалдық міндеткерліктер деп бостандық та ала алмады. Сонымсн қатар олар испан әскерлері мен принц Оранскийдің жәнс оған бағынышты Бас штаттардың «елді қорғау үшін» жат жерден шақырылған тонағыш жалдамалылары тарапынан талан-таражға ұшырады. Сөйтіп, бүкіл Фландрияда 1578—1579 жылдары шаруалар көтерілістері кең өріс алды. Бірақ оларды Бас штаттардың әскерлері қаталдықпен тұншықтырды.
1579 жылғы Аррас және Утрехт униялары. 1578 жылдың күзінде Артуа мен Эно провинцияларының католиктік дворяндары («наразылар») Бас штаттарға қарсы ашықтан-ашық көтеріліс жасап, оларды «бүлікшіл элементтсрді» қостаушылар деп айыптады және Нидерландыдағы Испанияның жаңа наместнигі Александр Фарнеземен келіссөздер жүргізе бастады. 1579 жылы 6 қантар айында «наразылар» онымен ресми одақ (Аррас униясын) жасады. Мұның мақсаты: «Біздің занды өміріміз және патшамыз, католиктік корольмен келісімге келу» болды.
Бұл келісімге 1579 жылы майда Арраста қол қойылды. Ал содан кейін оны Артуа, Эно, Лилля; Дуэ және Орши провинцияларынъң штаттары бекітті. Сөйтіп, бұлардың Испания алдында ресми түрде тізе бүккендігі танытылды. Келісім бойынша II Филипп «Гонт келісімін», «мәңгі эдиктіні» танып, испан әскерлерін алып кетуге, католизмді сақтауға, бұрыннан қолданылып келген саяси тәртіптерді қайта қалпына келтіруге тиісті болды [18.98б].
1579 жылы 23 қантар айында бөлініп кеткен провинциялардың негізін құрған Голландия, Зеландия, Фрисландия және Утрехт бұл актыға жауап ретінде Утрехт униясының текстіне қол қойды. Утрсхтік унияға Фландрия мен Брабанттың ең ірі қалалары, соның ішінде Гент те қосылды.
Утрехт униясын формальды жағынан «Гент келісімін» мойындай отырып, Испанияға қарсы революциялық соғысты біржола жеңіп шыққанға дейін жүргізуді өзінің ең басты мақсаты етіп қойды. Уния бөлініп кеткен провинциялардың бірлігі мен өзара көмегін жариялады, оларды қорғаудың шараларын қамтамасыз етті, соғыс шығындарын қаржыландыруды, ақша курстарын ретке келтірді, иеліктері тәркіленгендердің шеккен зияндарын өтеу жолдарын қарастырды және саяси құрылыс негіздерінің жалпы бағыттарын айқындап, тұжырымдады. Формальдық жағынан II Филипптің Нидерландыдағы тәуелдігі сақталғанымен, мүнда испан абсолютизміне іс жүзінде ешбір орын қалмады. Католиктердің құдайға құлшылық етуіне тыйым салынып, ұждан бостандыгы жарияланды.
Артуа мен Эноның реакцияшыл дворяндарының опасыздығына жауап ретінде солтүстік провинциялардың батыл қимыл жасаулары, олардың позицияларының тәуелсіз болуы принц Оранскийдің наразылығын туғызды. Ол Аррас униясына қол қойылғаннан кейін де контрреволюцияшыл дворяндармен келісімге келуден үміттенген-ді. Сондықтан ол Утрехт униясының текстіне 1579 жылы мамыр айында, оңтүстік провинциялардың контрреволюцияшыл дворяндары ІІ Филипптің алдында тізе бүккенінен кейін ғана қол қойды [18.66б]. ІІ Филипптің тақтан түсуі. Енді II Филипптің жалған тәуелдігін жоятын уақыт та жетті. Бірақ бөлініп шыққан провинциялардың билеуші топтары басқарудың республикалық формасына көшу консисториялар мен бұқара халықтың революциялық инициативасына кеңінен жол ашып береді деп қорықты. Сондықтап олар мұндай мүмкіншілікті болдырмаудың бірқатар шараларын қолданды. 1579 жылы тамыз айында принц Генттегі демократиялық қозғалысты тұншықтыруды ұйымдастырды. Елдің солтүстік провинциялары — Оверэйссел, Фрисландия, Хропингс, Дрент жоне Гелдернде болған шаруалардың көтерілістері күшпен басылды, ал консисториялардың ықпалындагы халық қарулы күштері (гильдиялық атқыштар) 1572 жылғы көтеріліс барысында қолдары жеткен қалалық және жалпы мемлекеттік істерді шешуге қатысу жөнінде құқықтарынан айырылды. Осыдан кейін, 1581 жылы 26 шільде айында II Филипп тақтан түсірілді [16.48-54бб]. Елдің оңтүстігіндегі революцияның жеңілуі және оның себептері. Принц Оранский және Бас штаттар 1582 жылы ақпан айында елге оның “губернаторы” ретінде француз королының інісі бишара, бірақ барынша билік құмар авантюрист герцог Анжуискийді шақырды. 1583 жылы қантар айында герцог өзінің әскерлерін пайдалана отырып, Фландрия мен Брабантты басып алып, оларды Францияға бағындыру әрекетін жасады. Бұл әрекетті халықтың қарулы күштері басып тастады, бірақ оның зардаптары опатты болды.
Енді Фландрия мен Брабантта принц Оранский мен оның тіл алғыш Бас штаттарының жүргізген саясатының нәтижелері бар болмысымен көзге көрінді. Революциялық күштер әлсіреп қалды. Жат жердің әскерлерін пайдалану, жоғарғы өкіметті герцог Анжуйскийдің қолына беру бұқара халықтың көз алдында тәуелсіздік үшін жүргізілетін соғыстың идеясының беделін түсірді. Испан әскерлерінің ең ірі қалалар — Брюссель, Антверпен, Ипр, Брюгг және Гентте ойдағыдай жасаған шабуылына қарамастан революциялық-демократиялық қозғалыс қайтадан үстемдік алды. Қалаларды қорғау ұйымдастырылды. Ал қаһармандық қорғаныстың өзі — қарулы көтерілістің тажалына айналды. Опасыздық жасау басталды. Атап айтқанда, гент демократиялық қозгалысының басшысы Имбизенің испандықтармен астыртын келіссөздер жүргізгені әшкереленіп, ол өлім жазасына тартылды. Өз күштерінің басымдылығын, қоршауга алынган қалалардың бытыраңқылығын пайдаланып, шебер саясат пен стратегияны айлакерлікпен жүргізу арқылы Александр Фарнеза оларды бірінен соң бірін тізе бүгуге мәжбүр етті. 1585 жылы 17 тамыз айында Антверпенің берілуіне байланысты Фландрия мен Брабанттағы революция және азаттық соғыс тойтарыс тапты.
Революция мен азаттық соғысының бұлайша аяқталуына да жоғарыда айтылғандай, Фландрия мен Брабанттың экономикалық ерекшеліктері, сондай-ақ олармен байланысты тап күштерінің орналасуы елеулі роль атқарды. Жергілікті мануфактура испандық рыноктарға тәуелді болуы, олардың өндірістік қызметін Испаниямен қарым-қатынас үзілгеннен кейін мүлдем әлсіретіп тастады. Буржуазияның неғұрлым радикалды және пысық топтары өздерінің қаражаттарын, маман жұмысшыларын және өндіріс құпияларын алып, Голландияға қоныс аударды. Қалалар қаңсырап бос қалды. Рсволюцияшыл күштер өздерінің басшыларының опасыздықтары мен өкіметтің жазалау шараларын жүргізуінен берекесіздікке ұшырады. Ал өздерінің мүдделері жағынан орта ғасырлықпен және Испаниямен байланысты болған бюргерлік пен дворяндардың және дін иелерінің революцияшыл топтарының позициялары керісінше нығая түсті. Істің жәйін испандықтардың күшейе түскен соғыс шабуылы шешті. 1576 жылы 4 қыркүйек айында басталып, Антверпеннің құлауымен аяқталған көтерілістің үшінші кезеңінің нәтижесі осындай болды.
Солтүстіктегі жағдай мүлдем басқаша қалыптасты. Онда II Филиппті тақтан түсіргеннен кейін Утрехт униясының негізінде Құрама провинциялардың республикасы құрылды. Голландия мен Зеландияның буржуазиясы және саудагерлері 1576 жылғы көтерілістің берген тынысын ойдағыдай пайдаланды. Испан заңдары мен өкіметтің жарлықтарын жою, шаруашылық өмірдің бірқалыптылығын бұзу, реакционерлерді қалалық магистраттардан қуу, бірқатар прогрессивтік реформаларды жүзеге асыру, соғысқа байланысты болған қиындықтарға қарамастан, бұл провинциялардың экономика жағынан өрлеу жолына түсулеріне мүмкіндік берді [29.12-56бб].
Бұл өрлеуді оңтүстік провинциялардың өнеркәсіптік қалаларынан эмигранттардың үсті-үстіне ағылуы тездетіп жіберді. 80-жылдардың орта шенінен бастап орталық және оңтүстік провинциялармен бұрын да онша дами қоймаған экономикалық қарым-қатынастар толық үзілді.
Республикадағы тап күштерінің орналасуы 1572 жылғы жағдаймен салыстырғанда біршама өзгертілді. Саудагерлердің олигархиясы ел басқаруды өз қолына алды, ал консисториялар барған сайын оппозицияның жағдайына қарай ығыстырыла берді. Өмір жолы мен саяси мансабы мейлінше күрделі, әрі бұралаң болған принц Оранский 1584 жылдың жазында испандықтардың астыртын жіберген жалдамалы жендетінің қолынан қаза тапты [28.110-115бб].
Аристократиялық оппозицияның, одан соң дворяндық эмиграцияның көсемі, герцог Альбаға қарсы әлденеше рет жорық ұйымдастырған Оранский 1572 жылдан бөлініп шыққан провинцияларды басқарып, Испанияға қарсы күреске аттанған ұлттық күштердің қалыптасуына ат салысты. Қарулы күштер мен атқарушы өкіметтің басшысы ретінде революцияның және азаттық соғыстың жағына шығу фактісінің өзі, принцтің Испанияға қарсы жүргізілген күрес пен республиканы құру ісіне өз үлесін қосқандығын көрсетеді. Әйткенмен ол жан-тәнімен аристократ, эразмдық діни скептицизмге берілген қалпында қалып қойды [27.89б]. Енді саясатшыл және дипломат, ақпа шешен, өзінің шын ниеті мен мақсаттарын бүркөмелеуге шебер болғандығынан «үндемес» атанған, саяси ымырашылдық пен қастық әрекеттің майталманы, бірақ орта қол қолбасшы — принциптің бейнесі міне, осындай еді. Радикалды кальвинистік буржуазия және плебейлікпен жайшылықта ымыраласқанымен іс жүзінде принц оларды мейлінше жек көрді. Ел ішінде ол өзіне одақтастарды оппозиция дворяндарынан, бай саудагерлерден, кертартпа бюргерліктен, ал шетелде немістің протестант князьдерінен, француз гугеноттарының арасынан, Нидерланды халқының «қорғаушыларымыз» деп өздерінің басқыншылық мақсаттарын бүркемелеген герцог Анжуйский мен королева Елизаветадан іздеді. Принц Оранский іс жүзінде Нидерланды буржуазиялық революцияның дворяндық қанатының көсемі болып, Нидерланды буржуазиясы мен кальвинистік дворяндардың арасындағы саяси одақты бейнеледі. Таптық өрісінің тар болуы салдарынан ол өзі басқаруға тырысқан оқиғалардың шын мәнін ұғына алмады. Принцтің жүзеге асырмақшы жоспарларының күйрейтіндігі Утрехт униясын бекіткен кездің өзінде-ақ белгілі болды. Сондықтан оның саяси аренадан кетуі республиканың келешектегі тағдырына елеулі зардаптарын тигізе қойган жоқ.
Оранжизмнің саяси ағым ретінде өрістеп дамыған әлеуметтік негізі, принц өлгеннен кейін де өмір сүре берді. Бұл ағым радикалды буржуазиялық-демократиялық оппозиция мен билеп-төстеуші саудагерлік олигархияның арасындағы қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Өзінің саяси үстемдігін сақтап қалу үшін билеп-төстеуші саудагерлік олигархия Испаниямен күресте бұрынғысынша халықтың қарулы күштеріне сүйенбей, өзіне қажет көмекті басқа жердің патшаларынан алуға талаптанды. Ол тіпті республиканың тәуелсіздігінен өз еркімен безіп, басқа жерлік державаның белгілі бір формада қамқоршылығына кіруге де (басқарудың республикалық формасын жоғалтуға дейін) даяр тұрды. Тек сол держава Испанияға қарсы жургізілетін соғысты өз міндетіне алса болғаны.
Принц қайтыс болғаннан кейін оның баласы Мориц Нассауский (1585-1625) статхаудер болып тағайындалды. Бірақ француз королы III Генрихпен және ағылшын королевасы Елизаветамен олардың біреуіне елдің тәуелдігін беру туралы келіссөздер жүріп жатты. Бұл ұсынысты қабылдаудан олардың екеуі де бас тартты, дегенмен 1585 жылы Елизавета губернатор ретінде өзінің сүйкімдісі граф Лейстерді жіберуге келісті. Лейстер республиканы Англияның құқықсыз шылауына және оның пайдакүнемдік сыртқы саясатының бодауына айналдыруға тырысты. Ақырында, ол опасыздық жасап испандықтармен келіссөздер жүргізуге кірісті. Ал, мұнысы Бас штаттарға мәлім болып қалған кезде, бүлік басталды. Бүлік тұншықтырылып, Лейстер Англияға кері шақырылды (1587). Осы оқиғалар мен герцог Анжуйскийді екі рет (1578 және 1582 ж.ж.) шақырудың өкінішті тәжірибесі республиканың билеушісі саудагерлер олигархиясына осындай қауіпті әрекеттерді енді тоқтатып, басқа мемлекеттермен тең праволы қарым-қатынастар жасау саясатына көшуге түрткі салды.
1609 жылғы уақытша бітім. 1585-1609 жылдары Құрама провинциялар республикасы Англия және Франциямен (1598 жылға дейін) бірлесіп Испанияга қарсы соғысты жүргізе берді. Соғыс операцияларын талантты қолбасшы және әрі іскер ұйымдастырушы Мориц Нассауский басқарды. Республиканың өскелең экономикасының қуатына және халықтың қалтқысыз құлай берілуіне сүйенген Мориц испандықтар уақытша басьш алган жерлерді қайтарып алды және соғыс қимылдарын испандықтар жаулап алған Оңтүстік Нидерландыға ойыстырды [12.23б]. Сонымен қатар, республикаиың әскери теңіз күштері «Жеңімпаз Армада» талқандалғаннан кейін Испанияның әлсіреуін пайдалана отырып, оның теңіз қатынас жолдары мен отарларында батыл қимылдар жүргізді.
Испания бірнеше рет тойтарысқа тап болғаннан кейін, 1609 жылы республикамен 12 жылға уақытша бітім жасауға мәжбүр болды. Шарт бойынша Қүрама провинциялар республикасынын, тәуелсіздігі және оның Ост-Индиядағы португалдық отарлары мен сауда-саттық жүргізу құқығы танылды. Шельды озенінің сағасында сауда жұмыстары жүргізілмейтін болып жабық деп жарияланды. Ал мұның өзі Антверпеннің экономикалық жағдайын мүлдем күйзелтіп, Амстердамның өркендеуін қамтамасыз етті. 1609 жылғы жасалған уақытша бітім Нидерландының солтүстік бөлігінде революция мен азаттық соғыстың салтанат құргандығын паш етті. Экономикалық және әлеуметтік прогрестің жолына түсіп, азаттық соғыс пен революцияның идеяларымен рухтанған шағын халық, Европаның әділетсіз және басқыншылық соғыс жүргізген ең бір құдіретті феодалдық монархияларының бірін жеңіп шықты. Сөйтіп, революция мен азаттық соғысының төртінші кезеңі (1585—1609) міне, осылайша аяқталды. Соның нәтижесінде Құрама провинциялардың республикасы құрылды және оны фактор ретінде Испания таныды [18.78б].
Нидерланды буржуазиялық революциясының сипаты. XVI ғасырдағы Нидерланды буржуазиялық революциясы мануфактуралық кезеңде болған буржуазиялық революциялардың ішінен ерекше орын алады. «1789 жылғы революцияның (ең болмағанда Европадағы) үлгісі тек 1648 жылғы революция болды, ал 1648 жылғы революция — тек Нидерландылықтардың Испанияға қарсы көтерілісі ғана еді. Бұл революциялардың әрқайсысы өзіне үлгі болған революциямен салыстырғанда уақыт жағынан ғана емес, өзінің мазмұны жағынан да жүз жыл шамасында ілгері кеткен» деп жазды Маркс [10.39б].
1648 және 1789 жылдардағы революциялармен салыстырғанда Нидерланды революциясының ерекше сипаты, сол кездегі Нидерландыда буржуазия тап ретінде әлі қалыптасып болмаған және оның дворяндар мен абсолютизм жөнінде таптық антагонизмі жетілмеген еді. Революцияның идеологиялық туы Кальвиннің діни доктринасы болды. «…Кальвинизм Голландияда республиканы орнатты» — деп жазды Ф. Энгельс. Ал сырттан қарағанда революция Испанияға, қарсы азаттық соғыстың формасында болды. Тәуелсіздік үшін жүргізілгеи соғыс жағдайларында оқиғалардың әлеуметтік мәні бүркемеленіп қала берді. Өйткені испандықтар мен олардың одақтастарына қарсы соғыс қимылдары ең басты міндет болып табылды. Сондықтан Нидерланды буржуазиясы ағылшын буржуазиясынан да гөрі көбірек дәрежеде, әсіресе оның экономикалық жағынан неғұрлым әлділеу бөлігі — ірі сауда буржуазиясы шаруалармен және қалалық плебспен емес, дворяндармен одақтасып отырды. XVII ғасырдағы буржуазияланып кеткен ағылшынның «жаңа дворяндарына» қарама-қарсы, Нидерланды дворяндарының дені феодал болып қала берді. Сондықтан онымен одақтас болудың өзі XVII ғасырдағы Англиядағыдай емес, Нидерланды буржуазияның тарапынан феодалдық элементтерге анағұрлым көбірек кеңшіліктер жасау болып табылды.
Неғұрлым қолайлы әлеуметтік-экономикалық және саяси алғы шарттар жасалған солтүстікте ғана жеңіске қол жетті.
Испандықтар жаңадан жаулап алған Нидерландының оңтүстік провинциялары испан протекторатына айналдырылды (1598). Бұлар II Филипптің қызы Изабелланың (1633 жылға дейін) және оның күйеуі Альберт Габсбургтың (1598—1621) номиналды тәуелдігінде болды. Бұл провинциялардың экономикасы ауыр кезеңдерді басынан кешірді. Бір кездерде тамаша гүлденген Фландрия мен Брабант аграрлық өңірге айналдырылды. Олардың берекесі қашқан қалаларында цехтық ерекшелік қайтадан белең алды, ал цехтық шеберлер патрициат және орта ғасырлық бюргерлік үстемдік жағдайға ие болды. Деревняда дворяндар мен католиктік шіркеу өздерінің орта ғасырлық артықшылықтарын сақтап қалды. Жаңадан енгізілген заңдар шаруалардан недоимкаларды өндіріп алудың қатаң жүйесін орнатты. Тұтас алғанда, испандықтарға жақындау тәртіптер орнатылды, сыртқы саясатта Мадридтің берген нұсқаулары бұлжытпастан орындалып жатты.
1.2. Нидерланды мемлекетінің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Құрама провинциялар республикасының экономикалық дамуы. Құрама провинциялардың республикасы, жат жерлік үстемдікке қарсы революциялық күресті аяғына дейін жеткізудің нәтижесінде алғашқы буржуазиялық революция болды. Ал бұл кезде Европаның басқа елдерінде феодализм әлі де билік құрып тұрған-ды. Рас, Нидерланды революциясының пісіп-жетілмегендігі оның экономиканы қайта құруды шалағай жүргізілгендігінен айқын көрінді. Кейіннен бұл шаруашылық жағынан тоқыраушылыққа әкеліп соқтырды. Бірақ алғашқы кездерде республика экономикалық прогресстің жолына түсіп, жедел өркендей бастады.
Лейденнің жүн тоқитын мануфактуралары XVII ғасырдың басында жылына 70-120 мың тай мата өндірді. Роттердамда және басқа қалаларда пүліш, жібек және кенеп маталарының өндірісі де дамытылды. Амстердам мен Заандамның верфтерінде республиканың өз мұқтажы үшін ғана емес, сонымен қатар басқа елдердің берген заказдарын орындау үшін кемелердің барлық түрі де жасалды. Балық аулайтын флоттағы кемелердің саны 2000-ға дейін жетті және жылына ауланатын балықтың бағасы 22 миллион гульден болып есептелінді [16.20б].
Ең басты капиталдар сыртқы сауда мен теңізде жүзу ісінде шоғырланды. Республиканың экономикалық өмірінде сауда буржуазиясының үстемдік етушілігі «сауда гегемониясы өнеркәсіп басымдыдығын қамтамасыз етіп» отырған уақытта Нидерландының капитализм жолымен дамудың әлі мануфактуралық кезеңін басынан кешіріп отырғандығымен түсіндірілді. XVII ғасырдың орта шенінде Құрама провинциялардың флоты 4300 (ұсақтарын қоспағанда) кемеден тұрды. Бұл Англия мен Францияның флоттарын қоса есептегендегіден екі есе дерлік асып түсті. Провинциялардың жалпы сауда айналымы жылына 75-100 миллион гульденге жетті. Атап айтқанда, Россиямен сауда ете-мөте қызу жүрді. Бұл орайда испан агенті былай деп жазды: «Голландықтардың ұзақ жылдар бойына.жүргізіп келген, қазірде де жүргізіп отырган және болашаққа да барынша қамтамасыз етілді деп есептейтін ең үлкен саудасы… солтүстікпен, ең алдымен — Московиамен жүргізіп отырған сауда екендігін ескерген жөн» [16.26б].
XVII ғасырда жүргізілген құл саудасы орасан зор пайда берді. Осы ғасырдың екінші жартысында голландық құл сатушылар Америкаға 500 мыңға дейін құл сатты.
Республиканың сауда істерінде 1602 жылы құрылған Ост-Индия сауда компаниясының маңызы барған сайын арта берді. Бүл компанияны Амстердамның ең бай саудагерлері басқарды. Оның филиалдары (камералары) Мидделбюрхте, Роттердамда, Дельфтте, Хоорн мен Энкхёйзенде орналасты. Компанияның ең басты иеліктері Молукк және Зонд аралдарында, ал факториялары Үнді мұхитының бүкіл жағалауында, Африкада, Үнді-Қытайда және Қытайда болды. Акционерлердің жылдық орташа дивиденті 18 пайызды құрады. Бұған тағылық әдістерді қолдану барысында қол жетті: бүтін бір аралдардың байырғы халқы қырылды және құлдыққа айналдырылды, монополиялық жоғары бағаны ұстап отыру үшін орасан зор территориялардагы дәмді татымдылардың өсімдік қопалары түгел жойылды. Голланд колонистері отарларда тұратын байыргы халыққа қатыгездікпен зорлық-зомбылық жасап, жазықсыз талан-таражға салды [9.41б]. Сейтіп, Европадағы ең тұңғыш буржуазиялық ел отарлардағы өзінің «мәдени миссиясын» осылай жүзеге асыра бастады.
Амстердам Антверпеннің байырғы орнын басты және қалыптаса бастаған дүние жүзілік сауда және несие-қаражат рыногының орталығына айналды. XVII ғасырдағы бүкіл республиканың саудасынан алған оның үлесі орташа есеппен 46,5 пайызды құрады Мұнда сақтандыру компаниялары пайда болды, ал 1609 жылы банк құрылып, ол кең көлемде депозитивтік (салым қабылдау) және кредиттік операциялар жүргізумен айналысты [16.12-31бб].
Республиканың ауыл шаруашылығында да едәуір өзгерістер жасалды. Испандықтар жағына шығып кеткен дворяндар мен дін иелерінің жерлері тәркіленді, оларды қаланың буржуалары мен дәулетті шаруалары сатып алды. Голландия мен Фрисландияда бұл жер жөніндегі феодалдық қатынастарды толық жоюмен пара-пар болды. Алайда шіркеу десятинасы сақталды. Бірақ ол енді консисторияларға төленетін болды. Оның есесіне Гелдерн мен Оверэйсселде жер жөніндегі қатынастар өзінің феодалдық-орта ғасырлық сипатын сақтап қалды. Олардағы саудагерлердің олигархиясы өзінің дворяндармен жасасқан саяси одағының экономикалық шығындарын шаруалардың мойындарына артты. Ауыл шаруашылық өнімдеріне және ауыл шаруашылық экспортына жерге салған сияқты көптеген алым-салықтар салынды. Мұндай жағдайларда жоғары товарлы фермерлік шаруашылық қана тиімді болды. Ал қатардағы шаруалар бұрынғысынша жетіспеушілікпен күн кешті.
Республиканың саяси құрылысы. Республиканың мемлекеттік құрылысы көбінесе Утрехт униясының ережелеріне негізделді. Негізгі заңдарды шығару, ең маңызды жалпы мемлекеттік мәселелер (алым-салықтарды белгілеу, соғыс жариялау,бітім және халықаралық шарттар жасау және тағы басқалары) Бас штаттардың қызметіне жатты. Олардағы әрбір провинция, депутаттарының санына қарамастан, бір дауысқа ие болды. Депутаттар сайлаушыларынан алған нұсқауларына сәйкес (императивтік мандат) дауыс берді. Сондықтан шешім де бір ауыздан қабылданып отыруға тиісті болды. Бұл азаматтық өзгешелікті статхаудердің арбитраждық принципін орнату әлсіретті. Бұл принцип егер Бас штаттар өзара келісімге келе алмаған жағдайларда ғана қолданылды. Бірақ Бас штаттар мүмкіндігінше бір ауызды шешімдер қабылдауға тырысты.
Бас штаттармен қатар Федералдық Мемлекеттік кеңес құрылды, Ондағы шешім көп дауыс жинау барысында қабылданды. Кеңес көбінесе ағымдағы істермен және соғыс мәселелерімен шұғылданды. Оны статхаудер басқарды, ал оның іс жүзіндегі орынбасары «ұлы пенсионарий» болды. Бұл қызмет орнын әдетте статхаудерге қарама-қарсы, билеп-төстеуші саудагерлер олигархиясының қойған адамы атқарып отырды. Мориц Нассауский көбіне әскерлердің арасында болғандықтан пенсионарийдің маңызы арта түсті. Мемлекеттік кеңестегі дауыстар, провинциялардың төлейтін алым-салық мөлшерінің мөлшеріне қарай бөлінді. Сондықтан Голландия мен Зеландия 12 орынның бесеуіне ие болды. Мемлекеттік кеңесте үстемдік жағдайға ие болу үшін оларға өздерінің жағына бір-екі провинцияны шығарып алса жетіп жатты [15.64б].
Үлкен әскери және әкімшілік билікті қолында ұстап және бұл орынды бірнеше провинцияларда қатар атқарып отырған статхаудер (Мориц Голландия, Зеландия, Утрехт пен Оверэйсселдің статхаудері болды) орасан зор өкілеттіліктермен пайдаланды. Мүның өзі республиканың саяси құрылымына монархиялық реңк берді.
Провинциалдық штаттар жергілікті мәселелерді шешуде үлкен автономиялыққа ие болды. Олардың депутаттарының әлеуметтік құрамы және жұмысыньң сипаты әр түрлі еді. Голландияның штаттарында дворяндар бір дауысқа ие болса, дін иелері санатқа да қосылмады. Ал билеуші саудагерлер олигархиясы 19 дауыстың 18-іне ие болды. Гелдерн мен Оверэйссел штаттарында дворяндар басым еді. Оның есесіне Фрисландия штаттарында дворяндармен бірге шаруалардан 30 және қала түрғындарынан 11 депутат мәжіліске қатысты. Құрама провинциялардың тұрғындарынан депутаттар сайлауға қатысатындардың саны өте аз болды [25.76б].
Құрама провинциялар республикасындағы билік іс жүзінде Голландия мен Зеландияның билеуші олигархиясының қолына шоғырланды. Олар әлсіздеу дамыған провинцияларға қысым керсетті.
Республиканың қалалары мен деревняларындағы қалың еңбекші бұқараның жағдайлары ауыр болды. Олар бұрынғы қалпында құқықсыз күйінде қала берді. Жүмыс уақытының үзақтығы революцияға дейінгі 12—14 сағат қалпында қалды. Республикадағы негізгі тұтыну тауарларының бағалары барлық европалық елдердегі бағалардың деңгейінен артып түсті. Бұған республиканың билеп-төстеуші саудагерлерінің пайдақорлықпен енгізген кеден-салық жүйесі себепші болды. Міне, осының салдарынан республикада нақты жалақы төмен болды. Республиканың еңбекші бұқарасы, — деп жазды Маркс — 1648 жылдың өзінде-ақ: «бүкіл қалған Европаның халық бүқарасына қарағанда, шектен тыс еңбектен көп азап шекті, олардан гөрі кедей болды және әлдеқайда қатал езгіге душар болды» [19. 87б].
Сондықтан XVII ғасырдың бірінші жартысындағы республиканың тарихы шиеленіскен таптық жанжалдарға мейлінше толыға түсті. 1618 және 1638 жылдары Амстердамның көмекші шеберлер шұғашыларының арасында қобалжулар болып өтті. 1643 жылы Лейденнің шұға тоқушыларының, ал 1645 жылы жұмыс жағдайларын жақсартуды талап еткен көмекші шеберлердің арасында толқулар орын алды. «Кнехтгильдийлердің» (жалдамалы жүмысшылар мен көмекші шеберлердің бірлестіктері) қызметі жандана түсті. Бұлар өзара көмек корсету үйымынан бірте-бірте еңбек жағдайларын жақсарту үшін күресуші кәсіпшілік үйымдарына айналуға бағыт ұстады. Ауыр алым-салықтардан, жер аздығынан және сақталып қалған феодалдық қалдықтардан азап шеккеп шаруалар да толқыды. Атап айтқанда, XVII ғасырдың орта шенінде Зеландияда, Оверэйсселде және Хроннингенде шаруалардың қозғалысы болып өтті.
Буржуазия табының өз ішінде де жанжалдар орын алды. Мануфактурашылдар өз товарларының бәсекеге төтеп бере алуын қамтамасыз ету үшін шеттен әкелінетін тауарларға жоғары баж салығын, ал шетке шығарылатын товарларға төмен баж салынып орнатуға мұқтаж болды. Алайда, билеуші саудагерлер олигархиясы мануфактурашылардың қамын жей қоймады. Ол тек өзіне пайдалы сауда бостандығы жүйесін қызғыштай қорғап, консисториялардың төңірегіне топтасқан өздерінің таптас бауырластарын басқару ісінен ығыстыра берді. Буржуазияньң екі фракциясының арасындағы жанжал саяси сипат алды.
XVII ғасырдың екінші он жылдығының соңына қарай республикада үш саяси топ қалыптасты. Статхаудер Мориц ІІассауский және оның төңірегіне топтасып, әскери қызметте жолы болған дворяндар Морицтің жеке өз басының өкіметін үлғайтуға тырысушылығын қолдап, соғысты қайта бастауға тырысты. Олар сонымен қатар орталық үкімет органдарының құқықтарын кеңейтуді, провинциялардың неғұрлым тығызырақ біріге түсуін талап етті. Сондықтан Морицті жақтаушыларды бірлестірушілер деп аталды.
Мориц Нассауский консисториялардың төңірегіне топтасқан саяси топтардың тарапыпан да қолдау тапты. Оған мануфактуралармен және ішкі рынокпен байланысты буржуазия, ұсақ буржуазияның қоғамдық қалың топтары және консисториялардың ықпалындағы қалалық плебс жатты. Бұл топ «сауда бостандығының» бет пердесін жамылып, ұлттық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының мүдделерін елемейтін саудагерлер олигархиясының өзімшілдік сауда саясатына қарсы шықты. Тіпті соғыстың аласапыран кезінде Голландияның бай саудагерлері испан әскерлеріне азық-түлік пен қару-жарақ жеткізіп беріп тұрды. Олар бұл қылықтарын үялмастан испандықтар өздерінің тілеген заттарын бәрібір басқа елдердің саудагерлерінен алады да, біз пайдадан айрылып қаламыз және соғысты қаржыландыру қиындап кетеді деп ақтаған болды. Консисториялар статхаудердің өкіметін нығайту арқылы саудагерлер олигархиясының зорлық-зомбылығына тыйым сала аламыз деп үміттенді. Олардың ұстаған идеологиялық туы кәдімгі ортодоксалды кальвинизм еді. Оны уағыздаушы идеология консисториі Гомар болды, оны жақтаушыларды гомарисшілер деп атады.
Үшінші топқа Голландияның билеуші саудагерлер олигархиясы және оның басқа провинциялардағы одақтастары енді. Бұл топ провинциялардың дәстүрлі автономиялылығын, саудагерлер олигархиясының өкіметті өз қолында ұстап, шексіз баи беру құқығын сақтауды қорғады, ал гомарисшілердің «халық суверенитеті» теориясына Бас штаттардың «Суверенитеттік» концепциясын, яғни өзіне-өзінің тәуелсіздік концепциясын қарама-қарсы қойды. Гомардың догмасына қарсы олигархиялар дін тұтуға еріктілікті уағыздаушы теолог Арминийдің ілімін көлденең тартты. Олар провинцияшылдар немесе арминийшілдер деген лақап ат алды. Топтың ішіндегі ең беделдісі Голландияның ұлы пенсионарийі Ян фан Олденбарнефелт басқарған фракциясы болды [28.16б].
Өзіне қарсы жасалған гомарисшілдер мен бірлестірушілердің коалициясының қауіптілігін ұғынған Олденбарнефелт оның арасына жік салуға әрекеттенді, ал мұнысының сәті түспесе — онда көтеріліс жасауға әзірленді. Бірақ ол есебінен жаңылысты. Өйткені жік провинциялшылардың өз арасынан шығып. қалды. Сөйтіп, олардың онжар элементтері толқып статхауерді қолдап кетті. Олденбарнефелтті жақтаушылардың көтерілісі тұншықтырылды, ал оның өзі тұтқындалып, 1619 жылы 13 мамырд айында өлім жазасына тартылды [29.15-28бб].
Сөйтіп, саудагерлер олигархиясы фракциясыпың бірі жеңіліске ұшырады, бірақ республикада айтарлықтай өзгерістер бола қоймады. Оның басында бұрынғысынша саудагерлер олигархиясы мен оранжистер отырып қала берді.
Соғыстың қайта басталуы. Вестфаль бітімі. 1621 жылы соғыс қимылдары қайта басталды. Олардың сипаты біршама өзгерді. Ендігі мәселе Испандықтардың үстемдігінен құтылу ғана емес, 1609 жылғы жасалған уақытша бітім бойынша қол жеткен табыстарды баянды етіп, ұлғайта түсу болды. Ал соғыс операциялары отыз жылдық соғыстың құрамдас бөлігіне айналды [26. 17-27бб].
Республиканың ішкі саяси өмірінің белдеуі тағы да соғыс болды. Билеуші саудагерлер олигархиясы Мориц Нассаускинге барынша кедергі жасап бақты. Антверпенді қоршаудың табысты болуына бөгет жасады, тіпті ондағы қамауға алынған испан гарнизонына қару-жарақ пен азық-түлік жеткізіп тұруға дейін барды. Өйткені Антверпенді республиканың құрамына енгізу Амстердамға қауіпті бәсеке туғызады деп сескенді. Оранжистер өздерін асырап, ел ішіндегі мәртебелерін өсіріп отырған соғысты соза беруге тырысты. Калвинистік оппозиция арада уақыт өте түскен сайын өздерінің әлсіз жақтарын анғара түсті. Көрнекті көсемдерінен айырылып, жалпы ұлттық дербес қозғалыс жасауға қабілетсіз болған бүл оппозиция көбінесе оранжистердің соңында сүйретіліп жүрумен болды. Ал оның бұрынғы радикализмінің маңызы жойыла берді. 1648 жылғы Вестфаль бітімі Қүрама провинциялардың республикасы мен Испанияның арасындағы соғыстың ақыры аяқталғандығын бейнеледі. Бітім республиканың тәуелсіздігі халықаралық заңдықты тануға ие болғандығын әйгіледі. Оның Германия империясымен формальды байланысы жойылды; Шельд өзенінің сағасы бұрынғысынша сауда-саттық үшін жабық күйінде қала берді; Брабант пен Лимбургтің бірқатар қалалары мен территориялары саяси құқықсыз «одақтас жерлер» ретінде республикаға қосылды.
XVII ғасырдың бірінші жартысы әлемдік дүниежүзінде тарихи шарықтаған заманы, яғни барлық мемлекеттер арасында өзара қатынас, бір-бірімен өзара тікелей немесе аралық әсерлестік пен өзара ықпалдастық күшейген дәуір болды.Осы кезеңді шақ-бүгінгі таңда-жанжалға толы сол заманның негізгі мазмұны. Бір мемлекеттегі қақтығыс пен дау-жанжал бүкіл әлемдік және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке тікелей әсерін тигізуде. Осындай объективті жағдайда өз атын жаңа ғана алған ел ешқандай мемлекеттермен байланыспай, өз бетінше дербес өмір сүре және дами ала ма? Ол мүмкін емес. Сондықтан да, Нидерланды мемлекеті де басқа елдермен қатарласа өзін халықаралық қатынастарға бейімдеді. Осы уақытқа дейін сонау Ұлы Географиялық ашылулардан бері қарай Нидерланды мемлекеті өз басынан небір талай оқиғалы, зардапты кезеңді жеке татып көрді. Бірақ соның өзінде ақ, бұл мемлекет райынан қайтып өз мүддесін жат елге таптатқан жоқ.
Тек осындай үстемділігі мен төзімділігінің арқасында ғана, Нидерланды мемлекеті жүре келе, өзінің мемлекеттік лауазымына иеленіп, бүгінгі таңдағы бізге белгілі мемлекет болып шыға келді.
- Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғғ. мәдениеті
2.1. Нидерланды мәдениетінің ерекшелігі
ХҮІ ғасыр басындағы нидерландықтардың мәдениетінің дамуы өзіне дейінгі, яғни ХҮ ғасырдағы немесе жаңа дәуірдің алғашқы кезеңіндегі «ортағасырдың күзі» атты дәстүрі белгілі дәрежеде ықпал етті. Сол замандағы Бургундтардың сарайы Еуропадағы бірегей ақсүйектік-ерекше мәдениеттің орталығы бола алды. Ол көбіне рыцарлық идеалға негізделген еді. Сол кезеңнің ақсүйектері үшін ол рухани қызығушылықтар мен қалыпты өмір сүру тәртібінің керемет нұсқасы болып табылды. Сонымен қатар, бұл сарай маңында өмір сүрушілер үшін де кең тарған үлгі бола білді. Осы ХҮІ ғасырда Нидерландияның бірнеше қалаларында діни-мистикалық қозғалыс пайда болған еді. Ол қозғалыс немесе ағым «заманға сай игі істер» деп аталды. Оның жақтастары мен мүшелері «ортақ өмір сүруші бауырлар» өздерінің жалпыға ортақ қауымдарын құрып, ежелгі христиан дінінің құндылықтарына сай өмір сүруді мақсат тұтты. Олар сол кезеңдегі шіркеу қызметкерлері мен олардың атқаратын жұмыстарына наразылықтарын білдіріп, олардың іс-әрекеті құдайшылдық емес, тек сөз жүзінде қалыптасты деген пікірде болған еді. Сондықтанда өздерінің қауымдарын шын жүректен шыққан құлшылықтағылар сипатында көрсеткілері келді. Олар көбінесе адамды тұлға ретінде қарастырып, оның бойында адами құндылықтарды дамытуды басты мақсаттары етті. Сонымен қатар, адами құндылықтармен қатар, діни сауатты ашу мен мектептік білімді жетілдіру ісінде алға қойған болатын. Олардың жаллпы қызметі гумаисттік ағартушылық ісінің негізі мен реформисттік көзқарастарды қалыптастырды.
Біз қарастырып отырған кезеңге дейінгі уақытта, яғни ХҮ ғасырда Нидерландияның мәдени дамуының ірі жетістігі музыка және сурет өнерімен тікелей байланысты болды. Ғасыр ортасынан бастап Нидерландияның ән өнерінің мектебі Еуропалық музыка өнерінде алғашқы қатардағы орындарды иеленіп, осы үрдісті ХҮІ ғасырдың алғашқы жылдарына дейін сақтап қалды. Нидерландияның ән өнерінің шеберлері Еуропаның 70-тен аса қалаларында жұмыс жасап, осы істің, яғни музыка өнерінің жанашырлары мен насихатшылары болды.
Сурет өнерінде Нидерландия суретшілері готика мәнері мен дәстүрін дамыта түсіп, антикалық қоспасыз табиғат құбылыстарын бейнелеу ісі ерекше қолға алына бастады. Олардың өнерінде Қайта өрлеу дәуірінің алғашқы белгілері пайда бола бастады. Нидерландық қайта өрлеудің негізін салушылардың бірі-шамамен 1390-1441 жылдар аралығында өмір сүріп, керемет те қайталанбас «Генттік алтарь» және сурет салу бағытының жаңа түрі портреттік суреттің бірнеше тамаша үлгісін көрсетіп берген Ян ван Эйк болды. Оның салған суреттері арқылы осы кезеңнен бастап бірнеше өнер майталмандары пайда бола бастады. Олардың қатарында Рогир ван дер Вейденнен бастап, Ганс Мемлингке дейінгі аралығындағы бірнеше суретшілерді атап көрсетуге болады. Осылардың қатарында лерекше қайталнбас суреттерімен жұртты таңғалдырған готика мәнері мен Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктерін біріктіре білген 1450-1516 жылдар аралығында өмір сүрген Иероним Босх болды. Оның дүниетанымындағы терең драммалық түсініктерімен қатар, ол салған суреттерде сұлулық пен жалмауыздықты сәтті бейнелеп, қиялға негізделген табиғат құбылыстарын көрсетуге тырысқан. Оның салған суреттерінде ортағасырлық түсініктерден әлдеқайда алға кетушілік байқалды.
Қалай дегенде де Нидерландия жерінде гуманисттік бағыт тек ХҮ ғасырдың соңында қалыптасты. Осындай гуманисттер қатарында Голландиядан шыққан Эразм Роттердамский болды. Бұл гуманист 1469 және 1536 жылдар аралығында өмір сүрді.
XVI ғасырда капиталистік укладтың пайда болуы және осыған байланысты әлеуметтік өмірде болған өзгерістер Нидерландыда жаңа қоғамдық күштердің тілектеріне сай келетін идеология мен мәдениеттің прогрессивтік формаларын туғызды. Олар феодализмге және оның идеологиясы — католицизмге қарсы күреске шықты. Осы прогресшіл идеялық қозгалыстағы жетекші орынды гуманизм және оның XVII ғасырдың бірінші жартысындағы аса көрнекті өкілі Эразм Роттердамский (1466—1536) алды. Роттердам бюргерінің некесіз туған баласы Эразм Роттердамдағы әуелі қалалық мектепте оқыды, дәлірек айтқанда жоғарыда айтқан «ортақ өмір сүруші бауырлардың» латын тіліндегі мектебінде білім алды, содан кейін сол кезде мақтаулы атағы шыққан девентердегі қалалық мектепті бітірді. Эразм 1486 жылы монастырға кірді. Сол жерде терең де түбегейлі түрде ғылыммен айналысып, өзі үшін италян Қайта өрлеуінің кереметтерін ашты. Монастырьды тастап кетіп (1496 жылдан бастап), Париж университетінің курсынан өтеді. «Әумесерлікті мадақтау» деген шығармасы жарық көргеннен кейін (1509) Эразм өэінің көрнекті ғалым-гуманист және публицист екендігіне көпшіліктің көзін жеткізді. Бірнеше жыл Англияда, Италия мен Швейцарияда, Германияда өмір сүреді. 1514 жылы тағы Нидерландияға келіп, сол жердегі гуманизмнің дамуына ерекше үлес қосты және ең бастысы Нидерландияның Лувен қаласындағы 1517 жылы құрылған «Үш тілдер колледжінің» дамуына үлес қосып, нығайтуда ерекше ықпал етті. Атап өткен, колледж класикалық латын, ежелгі грек және ежелгі еврей тілдерін оқытудың негізгі орталығы болып саналды. Ол өзі өмір сүріп отырғап қоғамның кінәраттарын, католик діндарлары мен олардың надандық салдарынан жіберген қателіктерін қатты сынады. Сөйте тұрса да, Эразм католиктік шіркеудің аясынан шыға алмады. Ол тіпті люторандықтың енжарлық вариантындағы Реформацияны да мойындамады. Реформацияның басталуымен Эразм Нидерландиядағы жалғыз Лувендегі университет теологтары тарапынан шабуылдарға тап болды, себебі осы оқу орны сол кезде антилютерандық қозғалыстың негізгі орталығына айналып кеткен еді. Өзінің ғылыми ойлау дербестігі мен ойының еркіндігі үшін уақытша Базельге қоныс аударуына тура келді. Нидерландияшға қоныс аударып келген тұста, Эразм Роттердамский халықаралық дәрежедегі мықты беделіне ие болған еді. Дәл осы уақытта ол өзінің «Христиан басшысын тәрбиелеу» атты трактатын жазып, ол трактатта діни сауатты басшының келбетін жазып береді. Сонымен қатар, әскерилендірілген жүйеге қарсы «Бейбітшіліктің шағымы» атты еңбегімен қатар, гуманисттік бағыттағы педагогика саласының «Ештеңге тұрмайтын әңгіме» (Тұрмыстық әңгімелер) атты шығармаларын дүниеге әкеледі. Қасиетті Жазбаларды сыни тұрғыдан қарастыруы нәтижесінде ол өзінің грек тіліндегі Інжілдің латын тіліндегі аудармасымен жазып шығады. Оның аудармасын католиктік шіркеу тексеріп, еш күмән келтірмеген екен.
Эразмның дін тұту еріктілігі жөніндегі қорытындысына оның жолын қуушы Дирк Фолкертезен Коорнхерт (1522—1590) саяси рең берді. Ол белгілі гуманист ретінде кабинет тыныштығында тұйықталып қалмай, Хаарлемнің хатшысы мен нотарийі, сондай-ақ Вильгельм Оранскийдің тұсында Голландияның мемлекеттік хатшысының қызметтерін атқара отырып, саяси жұмыстарға да белсене араласты. Антика авторларының шығармаларын голланд тіліне аударып, риторикалық қоғамдарға арнап еңбектер жазу арқылы гуманистік идеяларды көпшілікке таратып, ұғындыруға тырысты. Католицизіммен байланысын үзген Дирк Коорнхерт іс жүзінде оңшылдық ағымдағы либертин болып қала берді. Ол әрбір діндар адам христиандыққа өз қалауымен, ықтиярынша мінәжат ете алады деп санады. Сол үшін консисториялар оған қатаң шабуыл жасап, «барлық ересьтердің ұстасы» деген атақ таңды.
Коорнхерттің идеяларын бай саудагерлер мен аристократтар, солардың ішінде Олденбарнефелт пен Вильгелм Оранский қабылдап алып, оны өздерінің саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдаланды. Олар «гумандық дін тұту еріктілігін» бүркемелеп, «тап татулығының» идеяларын тықпалады. Кальвинизмнің ымыраға келмейтін рухын кемсітіп соңына түсті. Отарлық тонаушылық пен республикаға қарсы соғысқан испандықтарға қару-жарақ сатуға дейін барған сауда бостандығын жүзеге асырды. Принц пен саудагерлік олигархиялардың көптірме «гуманизмі» мен «дін тұту еріктілігі» тек ілеспелі кезең болды да, ал айқындаушы маңыз солардың көмегінің арқасында қол жеткен саяси және экономикалық нәтиже болып шықты. Ол дін бостандығының керектігін барынша айтып, тіпті католиктер үшін де дін теңдігін беру арқылы саяси этиканы сақтап қаламыз деп сендірді. Осы үшін де ол қуғындауға ұшыраса да, өзінің алған бетінен қайтпады. Ол антика классиктері мен Эразм Роттердамскийдің еңбектерін туған тіліне аударып, 1586 жылы жарық көрген еңбегін Эразм Роттердамскийдің идеясына негізге ала отырып, еңбегін жазды және оның идеяласы екендігін дәлелдеді. Көп жағдайда бұл еңбекті Коорнехт «Этикасы» деп атайды.
Нидерланд гуманизмінің тағы бір ірі қайраткері Филипп Марникс фан Синт Алдехонде болды (1538—1598). Аристократиялық жанұядан шыққан ол жан-жақты білімдар еді. Оның гуманизмі өте ықпалды болды. Марникс сенімді кальвинист, «дворяндар одағының» белсенді мүшесі, содан соң принц Оранскийдің ең жақын кеңесшісі болды. Ол халықтың бойындагы данышпандығы пеп қуатына сенбеген Оранскийдің аристократиялық менмендігін қолдады. Өзінің әдеби қызметін Марникс саяси күрестің талаптарына бағындырды. Оның «қасиетті Рим шіркеуінің омартасы» атты трактаты (1569) әшкерелеуші антикатоликтік памфлет болса, ал «Виллелмуслид» деген өлеңі Нидерландының ұлттық әнұранына айналды [33.4б].
XVI ғасырдагы Нидерландының қоғамдық және мәдени өмірінде, гуманизмге қарағанда, аса кең өрісті қызметті риторикалық қоғам деп аталған ағым атқарды. Бұлар Нидерландының барлық қалаларында дерлік және көптеген деревняларда өмір сүріп, ауызша және жазуша творчествоны — поэзия меп публицистиканы жақсы сүйетіндердің өнерпаз топтары еді. Риторикалық қоғамдар спектакльдер қойып, әдеби кештер өткізді, жұртты ынтықтырған дін ілімі мен қоғамдық-саяси тақырыптар бойынша айтыстар ұйымдастырды. Бұл қоғамдарға қатысушылардың әлеуметтік құрамы әр түрлі болды. Кейбір қоғамдарда патрициандық-аристократиялық элемент басым да болды. Бірақ көпшілік жағдайда олардағы жетекші рөлді иптеллигенттік кәсіптің өкілдері, ұсақ дүкеншілер, қолөнершілер мен дәулетті шаруалар атқарды.
Сондықтан да риторикалық қоғамдардың XVI ғасырда тек гуманистік қана емес, сонымен қатар үкіметке қарсы және реформациялық әрекеттің ошақтарына айналуы кездейсоқ нәрсе емес еді. Лейден мен Амстердамда және солтүстік провинциялардың баска қалаларында риторикалық қоғамдардың мүшелері революцияшыл анабаптистерге қосылып, солардың 1534—1535 жылдары ұйымдастырған халықтық көтерілістеріне де белсенді қатысты. Фландрияның риторикалық қоғамдарының 1539 жылы жазда Гепттс шақырылган съезі, Нидерландының тарихындағы атақты 1539—1540 жылдары болған гент көтерілісітің бастамасы болып табылды. Кейінірек риторикалық қоғам мүшелерінің арасында кальвинизм тарады [31.36-47бб].
Халық әдебиеті де өріс алды. Оның ең типтік формалары қысқа-қысқа әзіл-ысқақ әңгімелер болды және бұлар формасы жағынан неміс шванкаларына жақын тұрды. Бұлардан халық арасынан шыққан тапқыр, ойға жүйрік, болмашы нәрсеге ұнжырғасы түспейтін жігіт Тиль Уленшпигель туралы әңгімелер сериясы түзілді. Мұны кейініректе жазушы Шарль де Костер өзінің атақты романын «Тиль Уленшпигельді» жазу үшін пайдаланды. Нидарлендтық әдебиеттің дамуына елеулі ықрпал жасаған тіл ортақтығының болмауы болып саналды, яғни халықтарды біріктіріп тұратын және қолданыста бір ғана тіл емес, бірнеше тілдің болуы да өзіндік әсер берді. Кейбір аймақтар француз тілінің даму тенденциясы байқалса, екінші территорияда нидерланд тілінің түрлі диалектідегі нұсқалары қолданыста болды. Осы ХҮІ ғасырдағы Нидерландия әдебиетінің даму қарқыны көбіне екі бағытта қалыптасты. Оның бірі-латын тіліндегі әдебиет түрі болды. Әдебиеттің осы түріндегі жыр шумақтарында көбінесе гуманистердің жазба мәнері байқалса. Екінші түрінде ұлттық тілдегі жазбалар бағытындағы әдебиет еді. Ол көбінесе Нидерландияның сол заманғы Брабанта диалектісінде қалыптасты. Брабант Нидерландияның ең бірі аймақтарының бірі еді. Осы диалектінің түрінде әлі күнге дейін кейбір тұрғындар қолданып келеді. Сонымен қатар, тек Нидерландия ғана емес, Бельгияның көптеген тұрғындары да қолданады екен.
Нидерландия тіліндегі әдебиеттің көпшілік бөлігі «редерейкерлер» тарапына жасалды. «Редерейкелер»-шешендік өнердің майталмандары болып табылды. Осылайша, театр мен әдебиетті сүюшілерден құралған топ мүшелерін айтқан. Олар тіпті, ежелгі ортағасырларда діни қойылымдар мен жаппай мейрамдарды тойлау барысында қолданыла бастаған. Қоғам мүшелері әртүрлі тақырыпта пікір-таластар мен жыр оқудан жарыстар өткізіп тұрды. Мұндай жарыстар қала ішінде орын алып, сонымен қатар қала аралық және аймақ аралық жарыстар болып тұрды. ХҮІ ғасырдың орта шенінде осындай редерейкелер қоғамдары мыңға жетіп, дами түсуі байқалды. Тек қана Альбе герцогының тұсында ғана испан басқаншыларына қарсы қойылымдарды болдырмау мақсатында осындай қойылымдарға тыйым салына бастады. Олардың басты жарыстарының мақсаты-махаббат, көңіл көтеру және рухани саладағы соңғы нәтижелерді асқақтату болып саналды. Тек ХҮІ ғасырдан бастап қана олардың негізгі мақсаты драмма саласына ауысып, адами құндылықтарды және тұрмыстық жағдайларды қоюмен сипаттала бастады.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет өнерінің басты негізі болып публицистика орын ала бастады. Оның негізінде испан басқыншыларына қарсы соғысқа үгіттеу мен ұлтаралық қақтығыстардың жауабын іздеуге арналды. Осы саланың белсенді мүшесі кальвинсит және оның идеясын дамытушы, 1538 1598 жылдар аралығында өмір сүрген Филипп Марникс болды. Оның әсіресе католиктік сенімге қарсы бағытталған «Қасиетті рим империясының ордасы» атты шығармасы болып табылады. Бәлкім, осы Марникс ақсүйек, дипломат, сарбаз және әдебиетші ретінде Вильгельм Оранскийдің атын шығарған әннің авторы болған. Дәл осы ән кейінірек Нидерландия патшалығының әнұранына айналған болатын.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық ғылымдар арасындағы ерекше білімді адамдардың бірі-философ, тарихшы, саяси ойшыл 1547 жыл мен 1606 жылдар аралығында өмір сүрген Юст Липсий болды. Нидерландиядағы Эразм Роттердамскийден кейін атақты ғылыми еңбектердің бірі-дәл осы Юст Липсийге тиесілі еді. Көп жылдар бойы ол протестанттар құрған жаңа оқу орнында тарих профессоры болып қызмет етеді. Аталған оқу орны немесе университет 1575 жылы Вильгельм Оранский құрған еді. Оның орналасқан жері Лейден қаласында болды. Кейінірек Лувен қаласына көшіп, ол жерде университетте сабақ берді. Өзінің ғылыми ойының дербестігін сақтап, жұмыс жасауы үшін діни себебін бірнеше рет өзгертеді. Ол көбінше діни пікір-таластардан қашып жүргенді ұнатты. Ол антика дәуірінің білгір ойшылы ретінде Сенека мен Тациттің еңбектеріне пікірлер жазып, неостоицизмді дамытатын бірнеше шығармалар жазып, тарихта мәңгіге қалды.
Юст Липсийдің басты философиялық еңбектерінің бірі-«Тұрақтылық» туралы болды және де «Саясат» туралы трактаты болды. Антика дәуірінің ойшылдарына сүйене отырып, оларға пікір жазады. Солардың еңбектеріне сүйене отырып, ішкі адами дағдарыс пен күйзеліспен күрестің мәнін ашады. Даналық пен басшылардың ақылдылығы, бағыныушылардың саналылығы азаматтық қоғамның басты негізі болып табылады деп өз еңбегінде қорытындылаған ойшыл. Гуманисттің шығармалары, философиялық мәселелер өз шешімін тауып, жауласушы екі топтың екеуі де өздерінің сұрақтарына жауап тауып, еңбекті барынша қолдаған, яғни еңбек ешкімнің қызығушылығын қорғамай, орта деңгейінде жазылып жатқан.
Юст Липсий осылайша соғысушы екі жақтың да мүддесін қорғамай еңбек жазса, оған қарсы кітап басушы қызметін ұйымдастырушы Кристоф Плантен Филипп ІІ патшаның көңілінен шыға отырып, тек өзі ғана монополиялық түрде кітап басумен айналысуға жағдай жасап алып, шіркеулік қызметке керекті Қасиетті Жазбалар, дұғалар және тағы да басқа кітап болуға лайықты дүниелерді басып шығарумен айналысты. Кейіннен протестанттық Лейден қаласына көшіп, Генералды штаттардың негігі типографына айналды. Сол жерде Нидерландия тарихында алғаш рет «университеттік кітаптар» атты кітаптар шығару ісімен айналысты. Оның қатарында университет қабырғасында қорғалған диссертацияларды кітап етіп басып шығару ісімен шұғылданды.
Халықтың өлең-жыр творчествосындағы ең жарқын шығармалар революциялық және патриоттық күрестің пафосына толы нидерландық гёздердің өлең-жырлары болып табылады.
Бейнелеу өнері саласында айтулы табысқа живопись жетті. Ұлттық-реалистік жанрдың шыңы Питер Брейгель Старшийдың тамаша шыгармалары болып табылды. Демократияға іш тартқаны үшін П. Брейгельді «Мұжықшыл» деп атады. П. Брейгель қарапайым халыққа шынайы іш тарта отырып, оның өмірі мен мақсаттарын, күйініштері мен сүйініштерін ұғынатындығын корсететін бірқатар полотнолар жасады. Оның «Шаруалар биі», «Нәрестелерді соққыға жығу», «Соқырлар» сияқты картиналары дүние жүзілік шедевр туындылардың ішінен көрнекті орын алады. П. Брейгель өзінің қолтаңбасын реалистік пейзаж жанрын жасауда да айқын аңғартты. П. Брейгельдің шығармалары өзінің бейнелілігімен, бояуларының қанықтығымен және композициясының ықшамдылығымен баурайды.
2.2. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтүстік Нидерландының мәдениеті
Испандықтардың қайта жаулап алған провинцияларында өмір озған сайын, соғұрлым мәдени өмірдің барлық салаларында тоқыраушылық пен реакция белең ала бастады. Өзінің бұрыннан келе жатқаи гуманистік дәстүрлерімен даңқы шыққан Лувен университеті енді иезуиттер мен католиктік мракобестердің тірегіне айналды. Гуманизмдіктен тек үстемдік алған реакцияның тілектері мен мұқтаждарына қызмет етуші формальды жағы ғана алынды. Риторикалық қоғамдардың жүргізген қызметінде де тиісті өзгерістер болды. Фламан тілі мемлекеттік аппарат пен сот ісін жүргізуден аласталып, ол латын және француз тілімеи алмастырылады. Театр католиктік діни драмаларды қоюдан әрі үлаи кете алмады.
Гуманизм мен Қайта Өркендеу идеяларының сақталып қалған саласы — Петер Пауль Рубенстің (1577—1640) және ол құрған мектсптің творчествосында шыңына жетксн бейнелеу өнері болды. Адамның таза да сымбатты мүсінінің сұлулығын сырландыра салатын суретші, табиғаттың құдіретті жыршысы, озінің серпінді күші жағынан тамаша аңшылық көріністердің авторы, П. Рубенс барокконың (XVI—XVIII ғасырларда қолданылған әлемішті, айқышты архитектура стилі) стиліне тән салған суретінің сыртқы сымбаттылығы мен сәнділігін нақыштандыра көрсетуге тырысты. П. Рубенстің шәкірттерінің ішінен жұртшылыққа неғұрлым белгілілері — портретші Антонис ван Дейк (1599—1641), жанршы Якоб Иорданс (1593—1678) және фламандық натюрморттың аса көрнекті шебері Франс Спайдерс (1579—1657) болды [32.10-25бб].
Голланд ұлттық мәдениетінің қалыптасуы да осы тұсқа сай келді. Нидерландының ұлттық даму процесі өте күрделі және қайшылықты болды. Бір жағынан, капиталистік қатынастардың өрістеп дамуы, революциялық кезеңнің қарсаңындағы елдің саяси орталықтандырылуының табыстары, революцияның — 1566 жылғы иконға қарсы көтерілістің бірінші актысының жалпы ұлттық сипаты, 1576 жылдан бастап революция мен азаттық күрестің Нидерландының барлық территориясына таралуы — осылардың бәрі дербес нидерландық ұлттық немесе биұлттық мемлеқеттің дамуы үшін алғы шарттар жасады. Мұнда жетекші жағдайга екі ұлттық-тілдік топтар; француз диалектісінде сөйлеген валлондық және голланд-фламандық ие болуга тиісті болды. Екіиші жағынан, тілдегі айырмашылық, жергілікті жекеленушіліктің сыртқа тепкіш тенденцияларын туғызып, ұлттық дамудың бүкіл барысын тежей берді. Революцияның тек елдің бір бөлігінде ғана жеңіп шығуы территорияны этникалық тіл межесі бойынша емес, географиялық жағынан бөлушілік осы күрделі мәселені шешуге жаңа элемент енгізді.
Испанияның қол астында қалған территориялардың фламан-валлондық тобы өзінің ұлттық дамуы жағынан кенжелеп, бертінде ғана шағын биұлттық тіл ретінде қалыптасты.
Нидерланды ұлтының және ұлт мәдениетінің қалыптасу жолы мүлдем басқаша болды. Буржуазиялық өндірістік қатынастарды нығайту, Испанияға қарсы азаттық соғысты ойдағыдай аяқтау нәтижесінде алынған мемлекеттік суверенитет мұнда Нидерланды ұлтының дамып, жалпы мемлекеттік Нидерланды тілінің қалыптасуына мүмкіндік берді.
Республнканың ғылыми және мәдени өмірінің орталығы 1575 жылы құрылған Лейдендегі мемлекеттік университет болды. Бертінде университеттер Хронинген мен Утрехте және басқа қалаларда да құрылды.
Ұлттық тіл бірте-бірте әдебиет пен гуманитарлық ғылымдарда үстемдік ала бастады. Ұлт тілінде жазатын әдебиетшілердің үлкен тобы қалыптасты: лирикалық жанр саласында — П. Хоофт (1581 — 1647), драматургия саласында Иост ван Фондел (1587—1679) және X. Бредеро (1580—1618) ұлттық әдебиетке үлкен еңбек сіңірді. Атап айтқанда, Нидерланды тілінде П. Хоофтың Нидерландының тарихы жөніндегі патриоттық хроникасы жазылды. Гуманистік және халықтық бағыт бірте-бірте жалпы ұлттық әдебиетке ұласты. Өзінің әлеуметтік мазмұны жағынан бұл кездегі әдебиетшілердің шығармалары тұла бойы толған буржуазиялық болды: кальвинизмнің құрметтеген буржуазиясының пысықтығы мен дүниеқорлығын, мещандар тұрмысының паңсымақ өнегелілігін жырлап, Нидерланды ұлтын дәріптеді [12. 10-18бб].
Буржуазиялық идеологияның айқын бейнесі Питер де ла Курттың, Алтузийдің, Гуго Гроцийдің экономикалық және саяси трактаттарынан көрінді. Лейденнің бай мануфактурашысы Питер де ла Курт (1618—1685) өзінің жазған бірнеше экономикалық трактатында өнеркәсіп пен сауда қолөнері саласындағы және ғылыми қызметтердегі ешбір шек қойылмайтын бостандықты қорғап, цехтық корпорациялар мен монополиялы саудагерлердің компанияларын айыптады. Сонымен қатар Де ла Курт республиканың еңбекші таптарының өмірлерін тым асыра мақтады [20.15-21бб].
Гуго Гроции (1585—1645) ірі дипломат, саяси қайраткер, юрист және тарихшы болды. Өзінің «Ерікті теңіз туралы» (1609) және «Соғыс пен бітімнің құқығы туралы», (1625) еңбектерінде Гуго Гроций «теңіздердің еріктілігінің» теориясын жан-жақты толық жасап берді. Оның бұл теориясы республиканың саудагерлер олигархиясының отарлық және сыртқы саудадағы экспансиясын заң жағынан негіздеді және мемлекеттердің өзара келісім қарым-қатынастарының принципіне негізделген теорияны да белгіледі. Гуго Гроцийдің «Анналы» деген еңбегі күні бүгінге дейін Нидерландының XVI — XVII ғасырлардағы тарихы жөнінде бағалы дерек болып қалды. Егер Гуго Гроцийдің құқылық концепциялары сол заман үшін прогресшіл болса, ал саяси көзқарастары — антидемократиялық еді. Мемлекеттік өкіметті ол уәкілдік органдар мен монархтарга тиісті деп санады да, ал көтеріліс жасаудың құқығы тек тиранның (II Филипп жайында ишара) бүкіл ұлтты қырып-жойып жіберу жоспарына қарсы, ерекше жағдайларда ғана қолдануды мойындады. Гуго Гроцийдің саяси өмірбаяны оның нанымына толық сай келді. Ян фан Олденбарнефелттің шын жолын қуушы болғандықтан ол өмір бойы түрмеде отыруға кесілді. Амалын тауып қашып құтылып, Гуго Гроций қалған өмірін отанынан тысқары жердегі патшалардың қызметінде откізді [25. 56-64бб].
XVII ғасырда Голландияның атақты ұлттық живопись мектебі қалыптасты. Бұл мектеп кей-кейде натурализммен ұштасқан буржуазиялық реализмнің принциптерімен рухтанып отырды, өзінің рухы жағынан демократиялық бағытта болды. 1640 жылға дейінгі кезең оның қалыптасу кезеңі болып табылды. Оның көрнекті қайраткері сегіз қырлы портретшіл-реалист, атқыштар гильдийлерінің және басқа корпорациялар мүшелерінің топтама портретінің жанрын жасаған Франс Хале (1580—1666) еді. Голландияның живописі жанры мектебінің мейлінше тамаша гүлденген кезеңіндегі (1640 — 1670) аса көрнекті шеберлер Адриан фан Остаде, Херарт Терборх, Питер де Хоох, Ян Веермеер Делфтский болды. Бұл кездегі пейзажистердің ішінен талантты Ян фан Хойен, Соломон фан Рёйсдал (1600 — 1670 жылдар шамасы) және басқалары ерекшеленіп шықты. Бірақ голланд реализмінің асқарлы асуы ұлы Рембрандт Харменс фан Рейн (1606 — 1669) болып саналады. Рембрандт топталған және дара портрет, монументі станокты және тарихи живопись жанрлары саласында еңбек етті. Ол бедер салу саласында да жемісті жұмыс істеді. Живописьтің техникасында ол жарық пен көлеңкені үйлестіру принципін жасап шығарды [22. 85б].
Рембрандт өзінің жасаған образдарын терең психологиялық тұрғыдан пайымдады. Оның демократиялық гуманизмі, қалтасы қалыңдардың анайы талғамдарын қолпаштаудан намыскерлікпен бас тартуы суретші мен оның атақты шеберден сырт айналған буржуазиялық клиенттерінің арасында шарасыз жанжал туғызды. Басына түскен қайғы-қасірет оның еңсесін түсіріп, діңкесін құртты. Жұрттың бәрі ұмытып, айдалада қалған Рембрандт қатты мұқтаждықта дүние салды [3.45-69бб].
Нидерландияның ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы мәдениеті мәселесін қозғаған сәтте ортағасырлық теңіз ісінің дамуына тоқталмасқа болмайды. География ғылымының дами бастауы да осы теңізде жүзу ісімен етен жақын болды. Оның өзі осы кезеңде картографияның дамуына игі ықпал етті. Осы істің дамуына Герард Меркатор көп еңбек сіңірді. Ол 1512 жылмен 1594 жылдар аралығында өмір сүрген еді. Нидерландияның тағы да басқа оқымыстылары сияқты ол да бірнеше жыл шет елде өмір сүруге мәжбүр болған. Лувенде өмір сүріп жатқан кездің өзінде ол керемет карталар мен глобустардың нұсқасын жасап, астрономия мен география ғылымының соңғы жетістіктерін сәтті пайдаланды. Германия жеріне қоныс аударып ол өзінің қайталанбас торлар мен меридиан сызықтары туралы зерттеуін жалғастырды. Сонымен қатар, Еуропаның және әлемнің картасын жасап, географиялық атласты дүниеге әкелді.
Шет елде тағы Нидерландиялық ғалым өмір сүрді. Ол Падуе университетінің профессоры 1514 жыл мен 1564 жылдар аралығында өмір сүрген Андрес Везалий болды. Өзінің «Адам ағзасының құрылысы» атты еңбегінде анатомиялық ілімді дамыта түсіп, Гален атты антикалық автордың еңбегін жалғастырды. Ол өзінің еңбегін мол тәжірибеге сүйене отырып жасағандықтан, аса құнды болып табылды. Оның еңбегі дамымаған ортағасырлық түсініктерге қарсы бағытталған үлкен соққы болды.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Нидерландиядағы өнер мәселесінің дамуы әркелкі дәрежеде қалыптасты. Нидерландияның сәулет өнерінде әлі де болса кейінгі готикалық мәнер басым бола түсті. Себебі, сол заманғы керемет зәулім сарайлар мен қалалық үйлер және тағы да басқа құрылыс нысандарының барлығы дерлік осы мәнерде болған еді. Бюргерлік үйлер де осы тектес болып, бұрынғысынша ұзын да, тар және ең жоғарғы қабатының үшбұрыш тектес болуы тән еді.
Әрине, бір елдің мәдениеті тек жабық түрде өздігімен дамуы екіталай жағдай. Нидерландияның мәдениетіне осы қарастырып отырған кезеңде италяндық қайта өрлеуінің ықпалы едәуір түрде болды. Ол әсіресе сурет өнерінде көрінді. Осы жерде бүкіл Еуропалық сурет өнерінің орталығы қалыптаса бастады. Көбіне, антикалық түсінікке негізделе отырып, жаңа да осы мәселедегі талпыныстарға бағытталды.
Осы аймақтағы өнер ісінің дамуындағы басты ерекшелік бұл саланың жаппайлануы болып табылады. Енді кезекте көптеген суретшілер тек бір адамның тапсыры бойынша ғана емес, нарық үшін жұмыс жасап, сурет салу ісінде бәсекелестікті тудыра білді. Ендігі кезекте тек бір арнайы сала мамандарының пайда болуы басталды. Мысалы, тек түн жағдайында немесе тек табиғат аясында сурет салуға машықтанған мамандар пайда болып, сурет салу ісінің дамуына алғышарттар жасады. Барлық қоғам мүшелері суреттерді сатып алуға қызығушылық танытып, ол суреттермен өздерінің тұрмыстарын әшекейледі. Осы істің шырқау шегі 1606 жыл мен 1669 жылдар аралығында өмір сүрген Рембрандт есімімен тығыз байланысты. Тарихи, библиялық және мифологиялық суреттерді салумен аты шыққан ол адами құндылықтар адамдар арасындағы махаббат ісін де бейнеледі. Атақты «Адасқан ұлдың қайтып оралуы» атты шығармасына сай ертегі әңгімелер де пайда болып, ол салған суреттің маңыздылығын арттыра түсті.
Диплом жұымының негізгі мақсаттарының бірі Гуго Гроцийдің шығармашылығына баға беру болып табылатыны еді. Осы 1583 жыл және 1645 жылдар аралығында өмір сүрген Гуго Гроций жаңадан қалыптасқан халықаралық құқық ісінің негізін қалаушы еді. Антикалық мәдени мұрасының терең білгірі ретінде Нидерландияның ежелгі тарихы мен саяси-құқықтық құрылысы туралы да жақсы, әрі толық мәліметтер қалдырып кетті. Оның еңбектерінің ішінде «Соғыс пен бейбітшілік құқығы» туралы жазбасы шоқтығы биік шығарма болып табылады. Осы еңбегінде Гуго Гроций халықаралық құқық мәселесін бір жүйеге келітіріп, бірнеше күні бүгінге дейінгі қызғылықты мәселелердің басын қозғаған. Гуго Гроций халықтар мен ұлттар, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы қақтығыстарды бейбіт түрде шешудің түрлі әдістері мен тәсілдерін көрсетіп беріп, өзара келісімге келудің түрлі жолдарын атап анықтап береді. Тіпті, сонғыс болған күннің өзінде де Гроцийдің пікірнше қандай да бір жағдайда соғысқа қатысушылардың құқықтарын қорғау қажет. Оның әр еңбектерінде құқық мәселесі көтеріліп, өзіндік орын алып отырған [4. 205-206бб].
Қорытынды
XVII ғасырдың бірінші жартысы әлемдік дүниежүзінде тарихи шарықтаған заманы, яғни барлық мемлекеттер арасында өзара қатынас, бір-бірімен өзара тікелей немесе аралық әсерлестік пен өзара ықпалдастық күшейген дәуір болды.Осы кезеңді шақ-бүгінгі таңда-жанжалға толы сол заманның негізгі мазмұны. Бір мемлекеттегі қақтығыс пен дау-жанжал бүкіл әлемдік және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке тікелей әсерін тигізуде. Осындай объективті жағдайда өз атын жаңа ғана алған ел ешқандай мемлекеттермен байланыспай, өз бетінше дербес өмір сүре және дами ала ма? Ол мүмкін емес. Сондықтан да, Нидерланды мемлекеті де басқа елдермен қатарласа өзін халықаралық қатынастарға бейімдеді. Осы уақытқа дейін сонау Ұлы Географиялық ашылулардан бері қарай Нидерланды мемлекеті өз басынан небір талай оқиғалы, зардапты кезеңді жеке татып көрді. Бірақ соның өзінде ақ, бұл мемлекет райынан қайтып өз мүддесін жат елге таптатқан жоқ.
Тек осындай үстемділігі мен төзімділігінің арқасында ғана, Нидерланды мемлекеті жүре келе, өзінің мемлекеттік лауазымына иеленіп, бүгінгі таңдағы бізге белгілі мемлекет болып шыға келді.
Ал енді біздің зерттеу жұмысымыздағы аталмыш тақырыпты қорытындылай келе, бірқатар негізгі тұжырымдар мен шешімдер жасадық. Диплом жұмысы барысында біздер мәдениет түсінігін өзімізше ашып алып, оның пайда болып дамуы сол заманғы қоғамдық өмір мен саяси жағдаймен етене байланысты деген тоқтамға келдік. Сол себепті де, диплом жұмысы барысында Нидерландия мемлекетінің сол заманғы, яғни ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайынан толық та, нақты мәліметтер беріп кеттік. Диплом жұмысының екінші тарауында қарастырып отырған мәселемізге келіп, Нидерландия мемлекеттінің ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы мәдени дамуының алғышарттары мен даму деңгейі барынша ашылып көрсетілді. Осы тұста, Нидерландия халқының мақтанышына айналған түрлі мәдениет саласының көрнекті өкілдері мен олардың еңбектері аталып өтіліп, олардың мән-мазмұны барынша ашылды.
Нидерланды ХҮІ-ХҮІІ ғасыр шенінде барлық негізгі экономикалық жүйелерді жүзеге асырды жаңа әдіс тәсілдерді осы салада кеңінен қолдана бастады.
Сауда-саттық үрдісінде Нидерланды халықаралық қаржы ұйымдарымен байланысын нығайтты, мұнда ақша ағымдары, инвестициялар, қор рыноктары реттеліп халықаралық процесінде қосудың тетіктерін қалыптастырды. Жүргізілген белсенді дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде Нидерланды халықаралық қатынастар жүйесінен лайықты орын алды. Барлық мүдделі жақтар Нидерландымен санасатын болды. Мұндай сыртқы саясаттағы басымдық қазіргі тарихи барысында маңызды болып табылады деп санаймыз. Сонымен қатар, сыртқы саясатпен қатар әлемдік деңгейде де өзіндік атын шығарған бірнеше Нидерландиялық мәдениет қайраткерлері болып, олардың есімдері тарихта мәңгіге қалды.
Нидерландының өңірдегі көршілермен қарым – қатынасы тиімді жолдарды іздестіруімен ерекшеленді. Осындай қарым-қатынастың дамуы Гуго Гроцийдің еңбегімен ұштасып жатқандығын да диплом жұмысы барысында барынша көрсетіп, талдап айттық.
Жалпы аталмыш еңбектің тарихнамадағы орны мен рөлін бағалай отырып, онда мынадай талпыныстар жасалғандығын атап өткен жөн: біріншіден, Нидерландының саяси, экономикалық, мәдени дамуын біржүйелікке келтіруге талпыныс жасалды; екіншіден, көрсетілген тақырып бойынша негізгі зерттеу материалдары топтастырылып, қарастырылды; үшіншіден, алғаш рет тарихи жағдайында Нидерландының тарихи орнын нақты деректер негізінде анықтауға талпыныс жасалды; төртіншіден, жүргізілген зерттеу негізінде бірқатар талдаулар мен тұжырымдамалар жасалды.
Бұл зерттеу жұмысы аталмыш кезңді тақырып аясындағы тек бастама болып табылады. Өйткені, нақ қазіргі кезеңде жүріп жатқан зерттеулік үрдісі өте кең әрі ауқымды ақиқат пен талдауды талап етеді. Дегенмен, диплом жұмысы алдына қойған мақсатына жетті деп есепьтеймін.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Эразм Роттердамский. Жалоба мира, отовсюду изгнанного и поверженного / Пер., Вступ. статья и комм. В. Д. Балакина // Эразм Роттердамский и его время. М., 1989.-с.185-247
- Гуго Гроций. О праве войны и мира три книги… М., 1956.-с143-248
3.Чистозвонов А. Н. Крестьянские движения в период Нидерландской революции Сборник Средние века, изд. АН СССР, вып. IV, М. 1953.-с.7-55
- История средних веков. под.ред Сказкина. М., 1976-420с
- С.В. Пантелеева Нидерланды и Бельгия СПб. 1905.-с.44-58
- Мотлей Д. Л. История Нидерландской революции и основания Республики Соединённых провинции СПб., 1871. т. 3.-с.109-125
- Форстен Г. В. Акты и письма к истории балтийского вопроса в XVI и XVII столетиях, вып. I, СПб. 1889.-с.174-185
- Мотылёв В. Е. Экономическое развитие Нидерландов в XVI – XVIII вв. Лекции по курсу История народного хозяйства зарубежных стран. М., 1957.-с.77-145
- К.Т. Вопросы периодизации истории на современном этапе // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби (серия историческая)-№ 4.Алматы, 2000.–с. 3-8
Чистозвонов А. Н. К вопросу о роли народных движений в Нидерландской революции Сборник Средние века, изд. АН СССР, вып. «III» М.,1951.-с.25-96
- Мырзабекова Р.С. Чистозвонов А.Н. зерттеулеріндегі Европадағы капитализм генезисінің мәселелері;Тарих ғылым.канд.дәрежесін қорғау жұмысы.
- Чистозвонов А. Н. Гентское восстание 1539 – 1540 гг. М., 1937.-с.47-54
- Чистозвонов А. Н. Нидерландская буржуазная революция XVI века, М., 1958.-с.275-287
- Чистозвонов А. Н. Реформационное движение и классовая борьба в Нидерландах в первой половине XVI в. М., 1964.-с.65-88
- Чистозвонов А. Н. Роль кальвинизма в нидерландской буржуазной революции XVI в – Сб.: Средние века, вып, 32, М., 1971.-с.453-464
- Чистозвонов А. Н. Судьбы раннего кальвинизма в республике Соединённых провинций. – Вопросы истории, 1972, № 4.-с.98-105
- С.В. Пантелеева Нидерланды и Бельгия СПб. 1905.-с.44-58
- А. Пиренн. Нидерландская революция. М. 1937.-с.87-104
- С. Г. Лозинский История Бельгий и Голландий. СПб.1908.-с.78-89
- Бааш Э. История экономического развития Голландии в XVI – XVIII вв. М., 1984.-с.44-47
- Н.Пакуль Нидерландская революция. Харьков 1929.-с.154-157
- К.Маркс и Ф. Энгельс. Архив, т. VII и VIII. Разделы, относящиеся к истории Нидерландов и Испании — с.343-345
- К. Маркс Буржуазия және контрреволюция. К. Маркс пен Ф. Энгельс. Таңдамалы шығармалары. Қазақ тілінде, 1-том.,-с.445-452
- К. Маркс и Энгельс Ф. Статья из Новой рейнской газеты. – К. Маркс и Ф.Энгельс. Соч., т.6.-477-479
- Энгельс Ф. Армия. – К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч., т. 14.-с.540-545
- Пуришев Б.И.Немецкий и Нидерландский гуманизм //БВЛ.т.33.М., 1971.-с.5-22
- Бенеш О. Искусство Северного Возрождения М., 1973.-с.55-77
- Бустен Э. Нидерланды М., 1996.-С.5-79
- Чистозвонов А. Н. Бюргерство и буржуазия в Нидерландах ( XV-XVIII вв. ) // Социально – экономические проблемы генезиса капитализма. М., 1984.-с.19-154
- Жумагулов К.Т. Вопросы периодизации истории на современном этапе // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби (серия историческая)-№ 4.Алматы, 2000.–с. 3-8
- Жумагулов К.Т. О важнейших направлениях в изучении всемирной и евразийской истории в университетской науке Казахстана // Материалы Международных Бекмахановских чтений. – Алматы, 2003. – с. 5-12
- Жумагулов К.Т. Проблемы изучения Всемирной истории в Республике Казахстан // Отан тарихы. – 2001. — №3. – с. 78-80
- Чистозвонов А. Н.Генезис капитализма в Нидерландах // Проблемы генезиса капитализма. М., 1987.-с.27-34