ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
О. Сүлейменовтың маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі
Реферат
Диплом жұмысының тақырыбы: О. Сүлейменовтың маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі
Диплом көлемі: 48 беттен тұрады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, маргиналдық әдебиеттің түрлері, маргиналдық типология, тілдік шетболмыс, О.Сүлейменовтың маргиналдық қыры, билингв жазушы Р.Сейсенбаевтың шығармашылығына шолу және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының мақсаты: қазіргі медиократия заманында маргинал тұлғалардың қоғамдағы ерекшеліктерін жіті аңғарып, терең зерттеу жүргізу. Және аталмыш маргинал тұлғаның бойындағы сипаттарды аша білу.
Жұмыстың мінтеттері:
- Маргиналдық әдебиет түрлеріне шолу;
- Маргиналдық әдебиет өкілдері шығармашылығына талдау;
- О.Сүлейменов пен Р.Сейсенбаев шығармашылығына шолу;
Жұмыстың негізін сипаттайтын тірек сөздер: маргинал тұлға, аудармашы, аударма, түпнұсқа, салыстыру, талдау.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: сараптамалық талдау, теория, аудару, салыстыру, салғастыру әдісі.
Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны: 52 ғылыми-әдеби оқулық, 9 газет-журнал.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.
1.МАРГИНАЛДЫҚ ӘДЕБИЕТІҢ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Маргинал аудармашының табиғаты
1.2.Маргиналдық типология
1.3.Маргиналдағы тілдік шетболмыс мәселесі
- МАРГИНАЛДЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖАЗУШЫЛАР
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.
2.1.О.Сүлейменовтың маргиналдық қыры
2.2.О.Сүлейменовтың «Мәмбет батырдың даралдындағы дұғасы»
өлеңінің аударылу хақында
2.3.«Түнгі теңеулер» өлеңінің аударма нұсқасы
2.4.«Суретшілер» өлеңінің қазақшаға аударылу сапасы
2.5.Билингв жазушы Р. Сейсенбаевтың шығармашылығына шолу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе.
Көршілес жатқан қабырғалы ел орыс халқының маңдай алды данышпан ұлы Пушкин айтқандай, “аудармашы – мәдениеттің арбакеші” болса, менің ұғымымда, көркем аударма қазіргі таңда халықтар арасындағы достықтың діңгегі, алтын көпірі. Әрине, бұл ретте күн тәртібінен түспей көлденең тартылар мынадай үш мәселенің басы ашық.
Біріншіден, нені аудару керек? Дүние жүзі әдебиетінің алдыңғы қатарлы асыл жауһарларын ғасырлап аударсақ та түбі көрінбес ғаламат туындылар жетерлік. Ал соның барлығының бірдей халқымыздың рухани қажетін өтеуі, ұлттық сана-сезімге сайма-сай келіп, естен кетпестей эстетикалық ләззатқа бөлеуі мүмкін бе? Әлбетте, жоқ. Олай болса, таңдап-талғау, іздеп-іріктеу – аудармашының өріс-өресін танытар өлшем.
Екіншіден, қалай аудару керек? Бұл талай тартыс пен талқыға түсіп, түбегейлі шешімін тапса, қиын түйіні көп келелі мәселе. Көркем аударма – атына лайық та көркем болғаны жөн.
Үшіншіден, кім аудару керек? Күні кешеге дейін аударманы сауын сиырдай көріп, күн көрістің кәсібіне айналдырғандар аз емес. Бір романды немесе жинақты балық үлестіргендей бөліскен кездеріміз әлі де кейін қала қойған жоқ.
Аударма мәселесінің теориялық ой-пікір қадамымыз әжептеуір ілгері басқандығын, оның жылдан-жылға мәнді, маңыналы жаңалықтарымен өрістеп келе келе жатқандығын айта отырып, алайда адарма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін біліскеніміз мақұл. Солай болғандықтан да адарма теориясы өзі қамтырлық ауқымы мол мәселелерге қарыштай алмай келеді. Оның үстіне бұл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтаушы негіздері тарапында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алған жоқ.
Аударма теориясы еліміздегі сан алуан тілдерден орыс тіліне және орыс тілінен көптеген өзге тілдерге аударылудағы ерекше үздік үлгілерді, таңдаулы аудармаларды жобалы, жүйелі түрде зерттеп, парықтап отыру жолына да түсе қойған жоқ. Бұл айтылған күрделі, шешуші және әртүрлі пікірлерге зек боларлық жәйіттер аударма жайындағы ғылымның түбегейлі негізі болмақ.
Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі жоғарыда айтылғандай, жақсы, үлгілі аударма тәжірибелерінің жеткіліксіз, үстірт зер салу, шетендеп қана зерттеу болып отыр. Ал асылында, ондай аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мәнді шарт, талданғанда шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін аударманың бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын, түп нұсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық, ұйқастық нәзік ұтымды тетіктерін, авторының сөз өнеріндегі өзіне тән ерекшелігін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы-соңды аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет. Аудармның таңдаулы үлгілерін, жақсы тәжірибелерін түйіндеу, талдау жөнінен зерттеулердің болмауы — әдебиеттік теориялық пікірдегі бір зор кемістік деп білу керек. Мұндай күрделі, ғылыми терең зерттеулер болмағандықтан, аударма теориясы бұл шаққа дейін шала жүйелі, үзінді-қиынды күйде, кейде кенет қана қозғалатын мәселе сынды болып отыр.
Аударма жөніндегі сын-пікірлердің екінші бір ақауы – тәуір аудармалардың, тіпті жалпы аудармалардың тек бірбеткей көлеңке жақтарын, сұрқай пішіндерін ғана байқастырудан туады.
Аударма теориясындағы тағы бір ақау аударманың ұлттық түрлері жайындағы мәселелерден байқалады. Әлбетте, бұл тақырыпқа арналып теориялық мақалалар жазылып, пікірлер айтылмады демейміз, қайта проза аудармасына байланысты бұл мәселені айрықша көтеру талаптары бар. Алайда, әзірге бұл байқаулар бұл жайындағы кейбір сындар, соны пікірлер сол зор мәселенің тек шет-пұшпағын ғана қамтыған сияқты. Ал асылында, біріңғай кеңесшындықтарының мол көріністері, бай деректеріне сүйене бұл мәселедегі теориялық тапқырлықтың, баршаға пайдалы түйіндердің құлашың кең сермеуге әбден мүмкін еді. Бұл үшін ұлттық форманы, аударма жайындағы қазіргі зерттеулердегідей тұйық, санама күйде қарастырмай, оны өрістеп, қалыптасып отыратын тарихи категория деп ұғыну керек.
Көркем аударма жөнінде біздің ертеде қалыптасып, белгілі бір арнаға түскен арнаға дәуіріміз жоқ. Ол біздің мәдениетіміздің саласы. Көркем әдебиет шығармаларының қазақ тілінде алған аударыла бастағанына аз уақыт бола қойған жоқ. Соның өзінде осы кезеңге дейін аударылған аудармалардың көпшілігі аударма деуге жарамайтын, шалағай бірдемелер. 1950-ж. шыққан аудармалар мағнасы мен көркемдігі жағынан түпнұсқаларына мүлдем ұқсамайтын, көркем аударманың принциптеріне, қай жағынан да қайшы келетін құнсыз аудармалар болатын. Авторлардың өздеріне ғана тән жазушылық ерекшеліктерінің, ұлттық өзгешеліктерімен санаспай, олардың шығармаларын бір оқып шығып, ұзынырғасын түсінгендей болған соң, шала-шарпы түсінігі бойынша, абзац-абзацымен, өздерінше «қазақшалай» беру, ол кездегі аудармалардың жалпы стилі еді. Ағылшын лорды мен Амекиканың банкиріне, орыстың дворяндары мен «мұжықтарына» қазақтың саптама етігі мен шапанын, тоны мен тұмағын кигізу көркем аударманың сол тұстағы «салты» болатын. Тіпті, Гогольдың Собакевичтері мен Ноздревтары да Итбаев пен Танауовтар болып аударылған. Аттарын өзгерткендерімен қанағаттанбай, өздеріне қазақтың саптама етігі мен шұжығын жегізіп, көжесін ішкізіп қойған соң, Собакевич пен Ноздревтар Тамбов пен Рязанның помещиктері болып шықпай, кешегі «Тайсойғанның» Итбаевтар мен Танауовтары болып шықан. Әрине, бұлар оқушылардың эстетикалық сезімін аударатын төмен қолды, құнсыз аудармалар екенінде сөз жоқ. Бүгінгі оқырмандар оларды әдеби брак деп санайды. Дегенмен, сол зиянды «салттың» қалдықтарынан аударма әдебиетіміз әлі де арыла алмай келеді. Қазіргі баспадан шығып жатқан аудармалардың ішінде халқымыздың әдеби қорына қосылып, мұра болып қалғандай жақсыларының да нашарлары, құнсыздары анағұрлым басым болып отыр.
Көркем аударманың мұндай жағдайда болуы, соның басты мәселелерінің дұрыс шешілмей келе жатқандығында. Бұл ретте, алдымен көркем аударманың бізде профессиялық дәрежеге көтерілмей отырғанын айту керек. Қазіргі тәжірибеге қарағанда көркем аударманың профессия болуға хақы жоқ, ол әрбір сауатты адамның қолынан келетін, әлдеқалай бір «жеңіл кәсіп» сияқты болып жүр. Мұндай көзқарас көркем аударманың өнерлік қасиетін бағаламағандықтан туып отыр. Көркем аударма соны шығармалар сияқты, шығармашылық еңбекті, шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Көркем әдебиеттен хабары аз «сауатты» деген бір ғана дәлелмен аудармаға араласып жүрген адамдар бұл өнерді дамыта алмайды, қайта өздерінің қарадүрсін немесе, тіпті, құнсыз аудармаларымен оның сапасын төмендетеді. Көркем аударманы, тек соның шығармашылық, реалистік қағидаларын меңгерген тәжірибелі мамандар ғана дамыта алады.
Көкем аударманың принциптері жөнінде бізде әртүрлі ұғым бар. Біреулер дәл аударма дейді, екіншілері еркін аударма дейді, үшіншілері шығармашылық аударма дейді. Менің пікірімше осының бәрі де әрі дұрыс, әрі дұрыс емес сияқты. Дұрыс емес дейтінім, дәл аударманы жақтаушылар түпнұсқаны сөзбе-сөз, сол қалпында аударады да, автордың идеясын бұрмалай береді. Мұндай аудармалардың тілі балтамен шапса жарылмайтын, тасқа ұрса шорт сынатын сексеуіл тәрізді сіресіп жатады, оқысаңыз тіліңіз күрмеліп, әлек боласыз. Әдетте, мұндай аудармада түпнұсқаның көркемдік қасиеті ғана емес, мағанасы да сақтала қоймайды.
Аударма өнері, аударма үлгілері ең алдымен, әр дәуірдің жемсі болғандықтан да, әр кезеңдер түрліше бой көрсетуі заңды. Тіпті барлық дәуірде, баролық кезеңде кәдеге аса беретін, үнемі үлгі етіп ұстайтын аударма да және аударма өнері де баршылық. Бірақ бүгінгі кешегіні, ертеңгі бүгінгіні алдына үлні ете отырып, соның жетістіктерін пайдаланады, өз тұсының ерекшеліктерін қосады, сөйтіп аударма өнерін алға дамытады.
«Жақсы аударма», «жаман аударма» ұғымдары бізде жиі қолданылады. Мұның біріншісі: «аудармашы шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін жақсы бере білген» деген сөздермен сипаттала салынады. Екіншілерге айтылатыны және едәуір өкінішпен айтылатыны «аударма төңірегінен кәсіп іздеушілер», пайда тапқыштар» туралы болып кете береді. Сөйтіп, біріншілер аударма өнерінің барлық табысы, жетістігі соларға таңылады. Ал аудармадағы мешеулік, кемшілік пен жетіспеушілік, сорақылық дегендер жаңағы «кәсіп іздеушілердің» еншісіне күні бұрын бөліне салынады. Ал, мәселенің байыбына бара қарасақ, жаңағы еншілердің екеуінде де үстірт қорытынды, біржақтылық бар.
Біздің аударма өнерінде етек алған тәсілдердің ең бастылары деп «еркін аударма», «жолма-жол аударма» ұғымдарын айта аламыз. Шынында да аудармаға «еркін аударма» немесе «жолма-жол аударма» деп айдар тағудың өзі аударма өнеріндегі көркемдік, дәлдік, адекваттық талаптарға орайлас туғаны анық. Бұл талаптардың үдесінен шығу біреулерді «еркіндік» жолына, енді біреулерді түпнұсқаға байланған «жолма-жолдың» тәсіліне әкеп маңдай тіретті.
Ұлтық мәдениет – халықтың өзін-өзі тұрақтандыратан және оның барлық әрекеттеріне негіздеме беретін, оның асқақ мұраттарын қалыптастыратын рухани ізденіс аймағы. Ұлтымыздың мәдениетін, дүниетанымын зерделеудегі басты мәселе біздің өскелең ұрпаққа басқа елдермен терезесі тең тең боларлық рухани қор жинадық па деген сұраққа барып тіреледі.
Адамзат қол жеткізген ғылыми – техникалық жаңалықтардың нәтижесінде ел мен ел қарым қатынасы тез өрбіп, күн өткен сайын кеңейіп келе жатыр. Бұрындары ұшы-қиыры жоқтай болып көрінетін үлкен әлем бүгінгі коммуникация құралдарының күрделенуінің арқасынада бір ауылдай кішігірім болып қалған сияқты. Осы заман талабы мәдени мұраны да кең тұрғыдан қарастыруды қажететеді, өйткені бүгінгі халықаралық байланыстар, бүгінгі мәдени сұхбан деңгейі томаға тұйықтыққа жол бермесі хақ. Сондықтан да мәдени қор жасау өз халқымыздың қолда бар мәдени мұрасы мен рухани игіліктерін сақтап, оны жаңғыртумен шектелмесе керек. Рухани қазанамызда байытуда бүкіл әлемдік алдыңғы қатарлы, озық ой үлгілерінің тәржімаланып, жалпы жұрттың қолына жеткізу ісі аса маңызды да жауапкершілікті бастама екендігі сөзсіз. Онсыз біз ұлттық мәдениетіміздің өрелі өркениеттілікке бас бұрғанын іс жүзінде емес, тек сөз жүзінде ғана көрсетіп қойған болар едік.
Осы тұста мәдениет пен өркениет ара қатынасын ашып алу керек. Өркениетті аяқтанған, оң-солын таныған ересек мәдениет деп бейнелі теңеу айтуға болады. Біз де О. Шпенглер рухында академиялық философия тіліне “жан бітірер”, “әр кіргізер” өмірден алынған сөз тіркестерін пайдалансақ, тым артық кетпеспіз деп ойлаймын. Сонымен, мәдениетті өзімен-өзі болатын, өзіне-өзі жеткілікті, өзін “асырап, тамақ тауып беретін ландшафты – Отан анасын” (Л.Гумилов) ғана шын сүйетін, одан басқаны білмейтін тәй-тәйлеген жас нәрестедей деп теңеу айтсақ, онда өркениетті аяғын нық басып, жер кезуге даяр әрі соны қажетсінген, өзінен Басқаны табуға құштар, Басқамен көрісуге құштар кезбе, ересек адам дер едік.
Ұлттық “қасық қаны тамған жерінен” – атамекен ортаның қайталанбас бірегей ландшафты – жер қыртысының бет-бедерінен туындап, ұлт рухымен қанаттанып, ұлттық ділден нәрленген мәдениет пен космополиттік ұран ұстанған, “аралас қанды” қазіргі өркениеттің арасындағы қашықтық біреулер үшін бір күндік жер болса, келесілеріне — ұзақ ғұмыр… Мұрат қылған өркениеттілік бет-бейнесіз, жансыз “қуыс-кеуделік” пе әлде өзара сыйласу арқасында қол жеткізер шынайы мәдени-әлеуметтік сұхбаттылық па? Жалпы, “цивилизация” ұғымының бастапқы мағынасы кейінірек пайда болған техника-технологиялық басым даму жағын, белсенді өмір салтын, бұқаралық ақпарат құралдарының жемісін шегеріп тастағанда, о баста бірлесе өмір сүру ықтиярын, басқалармен араласу тілек-талпынысын білдірген.
Сірә, аударма ісінің жолға қойылуы да — өркениеттілік еншісі. Себебі, тек өркендеген, қанат жайып, қиыр шарлар кезі келген, өресін кеңейткен, “оңы мен солын”, яғни “өзінікі” мен “өзгенікін” танып қалған мәдениетте ғана аудару ісі қолға алынады.
Адарма мәдениетаралық коммуникация құралы. Мәдениеттің басқа мәдениеттермен қаншалықты тығыз қарым-қатынас қалыптастырғандығын ондағы аударма деңгейінен тануға болады. Аударма мәдениетте қос қызмет атқарады: біріншіден, басқа мәдениет әлемінің “түндігін түреді”; екіншіден, өз есігін басқа мәдениетке айқара ашады. Бейнелі сипаттар болсақ , аударма ісі – мәдениеттің тілдік меймандостығы.
Аударманың арқасында адамзат рухының шарықтаған биіктерін барлық халықтар өз тілінде оқи алады. Грек философтары, трагиктері, ортағасырлық араб ойшылдары, Ренессанс алыптары: Петрарка, Данте, Бокаччо, Рабле, Шекспир, Сервантес, Гете, Шиллер, Кант, Гегель, Ницше, Толстой, Достоевский және т.т.
Аударуға деген ықыластың арқасында қанаттанып Гете, Гумбольдт, Новалис, ағайынды Шлегельдер, Шлейермахер, Гельдерлин, Лютер, Абай, Ә.Бөкейхановтар және т.с.с. қаншама терең аудармалар жасады десеңізші!
Жалпы адамзат мәдениетінің шоқтығы биік дәуірі – Ренессанс та антикалық мәдени жәдігерлерді ақсүйектердің, сол кезде жаңадан қалыптасып келе жатқан тап өкілдерінің жеке басының ынта-ықыласы, меценаттық әрекеттері арқасында аударудан басталады емес пе?!
Әр ұрпақ тарихты өзіне қайта ашатындығы кімге де болса мәлім. Сондықтан да адами болмыстың құндылықтарды қайта қарап, бары мен жоғын таразылайтын шамасында үнемі өткенге, соның ішінде тарихтың жарқын да шығармашылық рухқа толы дәуірлеріне көз жүгіртері заңды. Осындай шақта антикалық әлем, Ренессанс, Ағартушылық дәуірі сынды адамзаттың табысты жолдары мен мұндалап тұрады. Оның үстіне, адамзаттың өткенін білуің бүгінгі жолыңдағы тануға ғана емес, болашағыңды анықтауға да көп әсер тигізері сөзсіз. Ағартушылық дәуірінің тарихтағы озық жетістігі оның адам құқықтарын адамзаттың алға қойған биік гуманистік мақсаты ретінде теориялық тұрғыдан негіздеп қоюында ғана емес, сонымен қатар, оны өмірде жүзеге асыру жолдарын көрсетуінде жатыр. Аталған жолдарға халықтық суверенитет пен билік бөлінісі принциптерін жатқызуға болады. Жеке адамның дербестігінің, бас бостандығының кепілдемесі болып табылатындай билік бөлінісі принципін алғашқылардың бірі болып (1748 ж.) көрсетіп берген Шарль Монтескье болатын. Бұл принцип әлі күнге дейін тұлғаны озбырлықтардан, асыра сілтеушіліктен қорғап қалудың маңызды тәсілі болып табылады.
1.МАРГИНАЛ ӘДЕБИЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Маргинал аудармашының табиғаты.
Аударма деп ең көп мағынасында белгілі бір мәдени мәтін жазылған, айтылған, жасалған “тілден” (бұл тұста тіл ұғымы тар лингвистикалық мағынасында ғана қолданып тұрған жоқ) басқа бір тілге мәнісін бұзбай жеткізуді айтады. Әрине, аударма – мәдени құбылыс. Өйткені, біріншіден, аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен мәдениетті бөліп–жарып қарастыра алмайсыз, себебі, мәдениет — адами болмыс ету нәтижесі. Екіншіден, аударма мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп, мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс. Аудармашы – нағыз шығармашылық өнер. Аударма ісінің озық үлгісі ұлт әдебиетінің, ұлт мәдениетінің өсуіне үлкен септігін тигізеді. Қабылдаушы (рецепиент) мәдениет үшін аудармалар маңызды рөл атқарады. Бейнелі айтар болсақ, аударма әрқашан басқа әлемге, жарық дүниеге ашылған терезе сияқты. Онсыз самал соғып, “тіл үйінің” ауасы тазармайды, күн сәулесі түсіп, кеңістігі шұғылана құлпырамайды.
Аудaрма — мәдениеттің зор тынысы. Аударма әрқашан өзіндік ерекшелікті сақтай отырып, халықтар мәдениетін жақындастыруға, еларалық байланыстардың өсуін тереңдетуге қызмет етеді. Ол терең тамырланған ұлт мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз зор үлес қосады. Енді аудармашы кім дегенге келсек, ол ғылыми тәжірибесі мол, лингвистика жөнінде хабары бар, аударылатын және аударатын тілді жетік меңгерген адам әрі басқа ұлт мәдениетінің концептосферасын (ұғымдар “кеңістігін”) бір кісідей білетін мәдени дәнекер деп айтар едік. Аудармашы өз ұлты мен өзге ұлттың еркешелігін қоса қарастыра алатын мүмкіншілігі бар, әрі соны жазып жеткізе білетін шығармашылық таланты бар адам. Екі мәдени әлемді байланыстырушы ретіндегі аудармашы тұлғасынан маргиналдық нышандарын бірден байқауға болады. Демек, келесі сұрақ “маргиналдық дегеніміз не?” деуге бастап апарады.
Біз “маргиналдық” терминін ғылымда қолданылу тәжірибесінде бірнеше пәндік: саясаттанулық, әлеуметтанулық, психологиялық, мәдениеттанулық ыңғайлар қалыптасқандығын айта кетуіміз керек. Бұның өзі ұғымның жеткілікті деңгейде пәнаралық сипатта екенін танытады. “Маргиналдық” ұғымы қазіргі заманға сәйкес процестерді талғаудағы негізгі кілт. “Маргинал” (кейінгі латын тілінде – “шетте тұрған”, “шекарада орналасқан” дегенді, ал француз тілінде – “қосымша”, “жанама”, бір нәрсенің шетінде жазылған дегенді білдірген) деген түбірден туындап жатқан “маргиналдық” ұғымын американдық социолог Р. Парк енгізді және бұл ұғым мәдени-әлеуметтік кеңістіктің ерекше белгіленген таңбаланған орындарын білдіретін болды. Өзінің 1928 жылы шыққан “Адамдар миграциясы және маргинал адам” (“Человеческая миграция и маргинальный человек”) деген эссесінде ол алған рет “маргиналдылық “ ұғымын қолданды. Бұл еңбек иммигранттардың әлеуметтік бейімделуінің процестерін зерттеуге арналған болатын.
Маргинал — халықтар миграциясынан туындайтын түрлі процестердің өнімі болып табылады. Миграцияны жай, қарапайым қозғалыспен теңестіруге болмайды. Мысалы, сығандардың көшпелі өмір салтына сай, тұрақсыз қозғалысын әлеуметтік құбылыс дей алмаймыз. Өйткені олардың көші-қоны олардың мәдени өміріне ешқандай мәнді өзгеріс әкелмейтінін ескере отырып, оның тек географиялық қозғалыс ретінде қарастырған дұрыс. Ал миграцияның нәтижесінде белгілі бір мәдениет адамы басқа өзіне жат мәдени, әлеуметтік рөлдерді, жаңа өмір салтын игеруге мәжбүр болады. Ендеше, маргиналдық — мәдени түсінік, ол мәдени санада өмір сүреді.
Маргиналдылық көбінесе миграциялар нәтижесінде басқа елге, басқа жерге, қаладан ауылға, ауылдан қалаға көшкенде пайда болады. Миграция нәтижесінде адам өзінің үйреншікті әлеуметік ортасын тастап, жаңа беймәлім ортаға түседі. Бірақ ол өзінің бұрынғы ұстанымдарынан, құндылықтарынан, мінез-құлық үлгілерінен бірден бас тарта алмайды, сөйтіп, ұзақ уақыт бойы жаңасына да көндіге қоймайды. Нәтижесінде, адамда өзіндік екіжақты сана қалыптасады да, ол ылғи психикалық қысым көру күйінде жүреді, 20-жылдары Р. Парк Азияға, гавай аралдарына және Оңтүстік африкаға саяхат жасайды. Тарихтан белгілі, Гавай аралдарында 20-жылдары өзінше бірегей жағдай қалыптасты – бірнеше иммиграциялық толқындардың нәтижесінде онда полиэтникалық қоғам пайда болды. Гавай аралдарында, бір жағынан, Америкадан, Еуропадан және Азиядан жеткен ұлттық мәдениеттердің, дәстүрлердің, діндердің, ал екінші жағынан, жергілікті полинезиялық мәдениеттің дамуы, әрі солардың өзара араласуы нәтижесінде будан (гибрид) мәдениет қалыптасты. Батыс мәдениетінің үлгілері және нормалары – қабылданған қалып көзі (мәдени донар) ретінде, ал азиялық мәдениет басқа, бөтен ақпаратты сіңіруші (мәдени рецепиент) ретінде еді.
Сапардан алынған әсерлері Р.Э. Паркті ғаламдық процестің нәтижесі — өркениеттің заманға сай дамуы үшін қажетті тұлғаның жаңа типінің қалыптасуы керек деген тұжырымға келуге итермеледі. Р. Парк осы жаңа типті “маргинал адам” – екі түрлі, бір-бірімен жиі қақтығысатын мәдениеттер шекарасында орналасақан индивид. Ол қандай да бір әлеуметтік топтардың ортасында аралық, шекаралық жағдайда орналасқан, ол өзінің бұрынғы әлеуметтік байланыстарын жоғалтып, өмірдің жаңа талаптарына бейімделген, қоғамның перифериясында, яғни шеткері, сыртына таман орналасқан адам. Ол – ешқашан өз өткенінен және дәстүрлерінен қашып кете алмайды да және ешқашан өзінің жаңа орнын таппақ болып жатқан бөтен қоғамда толығымен қабылданбайды да. Ол – ешқашан толығымен үйлеспейтін екі мәдениет және екі қоңамның аралығындағы адам.
Маргиналдар, асихологиялық тұрғыдан қарастырғанда, өздеріне тән бірқатар белгілерге ие: алаңдаушылық (мазасыздық); агрессия (ашушаңдық); атаққұмарлық; сезімталдық; өзімшіл эгоцентристік. Маргиналды қабаттардың жағдайының қарама-қайшылығы тұлғааралық деңгейдегі олардың мәдени бейнесінің амбиваленттілігімен байқалады. Маргинал адамның табиғатын анықтайтын басты нәрсе — әлеуметтік дихотомия “екілену”. Біздің көпшілігіміздің өміріміздегі өтпелі және дағдарыс кезеңдерін сол бір өз отанын тастап, бөтен елден сәттілік іздеген иммигранттардың басынан өткізетіндерімен салыстыруға келетіні күдіксіз. Бірақ маргинал адам жағдайында дағдарыс кезеңі салыстырмалы түрде үздіксіз, перманентті жүріп жатпақ.
Р. Парктің идеясын Эверет Стоунквист дамытып толықтырды. Эверет Стоунквисттің 1937 жылы “Маргинал адам” (“Маргинальный человек”) атты монографиясы жарық көрді. Оның есімімен ғылымда маргиналдылық концепциясын біржола орнықтыру және легитимациялау, яғни ұғымды ғылыми қолданыста заңды деп тану байланысты. Стоунквист маргинал адамды мәдениеттер қарым-қатынасынадағы басты кейіпкер, негізгі тұлға (“кеy – personalitу”) ретінде қарастырады. Роберт Парк маргиналды бір-бірімен ешқашан үйлеспейтін екі мәдениет жіне екі қоғам аралығынадағы адам ретінде қараған. Ол ешқашан жаңа қоғамға қабылданбайды деп түсінген, ал Стоунквист болса, бейімделу процесі жаңа қасиеттері бар тұлғаның қалыптасуына алып келуі мүмкін деп біледі. Бұл маргиналдылық процесін оң қырынан қарастырудағы алғашқы маңызды қадам болған еді.
Стоунквист маргинал адам эволюциясының үш кезеңін атап көрсеткен:
- Индивид өз өмірінің мәдени қақтығысқа толы екенін сезінбейді, ол тек басым мәдениетті “сіңіреді”,
- Қақтығыс саналы түрде өтеді – дәл осы кезеңде индивид “маргиналға” айналады ;
- Қақтығыс жағдайына – мейлі сәтті болсын, мейлі сәтсіз болсын — әйтеуір бейімдеуге тырысады;
Маргинал тәкаппарлық, экоцентристік сияқты бірқатар белгілерге ие болғандықтан, кейбір жағдайларда әлеуметтік саяси, ұлттық қозғалыстардың көсемі бола алады екен.
Э. Стоунквист “этникалық гибридтерді” мәдени маргиналдылықтың тасымалдаушылары ретінде қарастырады. Маргинал тұлға, Стоунквистің айтуы бойынша, жаңа жағдайда көп нәрсеге ие бола отырып, біраз дүниеден қолын үзеді де, ол ең бастысы – “ұлттық тамыр” деп аталатында жоғалтып алады. Мәдени маргиналдықты “зерттеуге” бағыт берген Р. Парк және Э. Стоунквисттің дәстүрлерін А. Антоновский, Р. Гласс, М. Гордан, М. Вуд, Р. Херрик жалғастырды. Маргиналдылық мәселесін талдауда маңызды теоретикалық қадам деп Т. Шибутани сынды американдық психологтың концепциясын есептеуге болады. Маргиналдықты түсінудегі маңызды мәселе әлеуметтік құрылымдардың трансформациясына барып тіреледі. Нәтижесінде, адам бірнеше алуан түрлі, бір-біріне қарама-қайшы талаптары бар үлгілі топтармен бетпе-бет келеді, бірақ бұл талаптарды бір мезгілде бірден қанағаттандыру мүмкін емес.
Тұлға үшін маргиналды мәртебенің жағымды нәтижесі – маргинал бойында шығармашылық белсенділіктің болуы. Психологиялық тұрғыдан алғанда, шығармашылық белсенділік маргиналдың сол қоғамда орныққандар алдында өзін ешкімнен кем санамай, тіпті солардан артықпын деп, өзін мойындатқысы келетіндігінен туындаған өр сеніммен байланысты деп ойлаймын. Т. Шибутанидың айтуы бойынша, кез келген мәдениеттердегі көптеген жаңалықтар қарқынды әлеуметтік өзгерістер уақытында жасалатын көрінеді және мәдени үлестердің көбін маргинал адамдар қосатын болса керек. Осылайша, ғалымдар американ қоғамының негізгі, маңызды және ең белсенді тобының – маргинал тобының жағдайына назар аударады.
Орыс зертеушісі В. Шапинскийдің концепциясы бізді маргиналдық ұғымын мәдениеттану тұрғысынан түсінуге әрекеттенумен қызықтырды. Ол маргиналдықты мәдени феномен болып табылады деп тұжырымдайды. Мәдени маргиналдық феноменін сипаттай отырып, автор маргинал субъектің (индивидтің, топтың, қауымдастықтың) қоғамның әлеуметтік құрылымына, сайси институттарға, экономикалық механизмдерге қосылғандығына, сонымен бірге, берілген социумның мәдени құндылықтарына қатысты шекаралық, босағалық жағдайда екендігіне назар аударады. Автор маргиналдықтың мәдениет саласындағы жаңалықтардың маңызды алғышарты ретіндегі мәнін атап көрсетеді, маргинал топтар олардың ұйымдастырушылары және белсенді агенттері болады деп таниды. Маргинал үшін “оның” ғана мәдениеті жоқ. Оған әрбір басқа мәдениет – танып-білу, жасампаз шығармашылық көзі. Ол әлемді түрлі қырларынан көру мүмкіндігіне ие адам болып табылады.
Қорыта айтқанда, маргиналдылық — өтпелі, шекаралық аймақтың нақты белгісі, ал маргинал – оның тұрғыны, мекен етушісі. Демек, маргиналдық – мәдени таңбаланған және әмбебапталушы феномен. Аудармашы қос мәдениеттердің арасын жалғастырушы делдалдығында, қос тілдің “арнасын” тоғыстырарлық дәнекерлігінде де маргинал тұлғаның бойында кездесерлік сипаттарды табуға болады деп ойлаймын. Оның үстіне, аудармашылардың өздерінің маргиналдар арасынан шығуы – табиғи құбылыс. Өйткені, тек өз тілі мен тек өз мәдениеті аясынан бір елі аттамаған жан үшін, қанша жерден оның филологиялық немесе аудармашылық мамандығы бола тұра, мардымды аударма жасай қою қиын деп білемін. Себебі, бір сөздің басқа тілдегі тәржімасын білу — өз алдына да, сол сөздің қандай контексте қандай мағынаға ие болатындығын білу — өз алдына.
Аудармада түпнұсқаның мәтіні ұлттың өзіндік концептосферасының (концептер әлемінің) болуының арқасында, яғни сол мәдениеттің өзіндік когнитивті (танымдық) кеңістігінің, өзіндік әлем бейнесінің болуының нәтижесінде көптеген өзгерістерді басынан кешіреді.
Концептосфера туралы қысқаша тоқтала кететін болсақ, онда ұғымды ғылыми қолданысқа орыс филологы, мәдениеттанушысы, академик Д.С. Лихачев енгізгенін айтумыз керек. “Концепт” деп қалыптасқан мәдениеттің ықпалынан туындайтын әрі сол мәдениет өкілдерінің әлем бейнесін сипаттауына қатыспай тұрмайтын “ядролық” (түпнегізді) ұғымдық бірлікті айтады. Концептер жеке тілдік тұлға үшін болсын, жалпы лингво-мәдени тұтастық – қауым үшін болсын экзистенциалды маңызға ие. Мәдениеттің негізгі концептеріне төмендегідей абстрактілі, жалпыадамзаттық мәнге ие ұғымдар кіреді: Отан, ұят, тағдыр, ерік-жігер, күнә, заң, еркіндік, үміт және т.с.с.
Мәдениеттің негізгі концептерінің ұғымдық-тілдік санадағы рөлі өте зор. Өйткені онсыз ұлттың өзін түсіну, оның ділі, арман-мұратын ұғу қиын. Демек, ұлттық мәдениеттің концептосферасын танымай тұрып, бір тілден екінші тілге көркем аударма жасау өте қиын. Бұдан аудармашы жүгінің ауырлай түскенінде байқауға болады. Қалай дегенмен де, аудармашы тұлғасының мәдениеттер сұхбатындағы рөлінің маңыздылығы оның атқаратын қызметінің жасампаздық, жоғары шығармашылық рухын паш етеді.
1.2.Маргиналдардың типологиясы.
Қазақ – орыс маргиналдық әдебиетінің барлық типологиялық топтары сан және сапа жағынан өркендеп, жаңаша реңк пен қасиеттерге ие болуда. Абай айқындаған маргиналдықтың бірінші тобы адаптациялық. Яғни, Абай шығармашылығында басымдылық көрсеткен орыс және қазақ әдебиетінің маргиналдық байланысының көрнекті үлгісі – ол аударма. Аударма – рецепцияның адаптацияға енетін формасы. Аударма мен адаптация стилизация, реминисценция түрінде орыс тілінен аударылып, маргиналдық әдебиеттің қазақ тіліндегі типологиялық тобына кірген. Мұны біз интеграция деңгейінің өсуіне балаймыз.
Біз мұнымен Абай, С. Көбеев, А. Байтұрсынов, Шәкәрім, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтың аудармадағы шығармашылығын байланыстырамыз. Осыған қарамастан, Абайдың «Евгений Онегин» романына жасаған еркін аудармасын толық аударма деп бағалау қиын. Бұл одан гөрі айтпақ ойды Пушкин романының сарынына ауыстыру дегенге жақын. Бұған белгілі деңгейде Шәкәрімнің «Дубровский» аудармасы да қатысты. Мұндай жағдайда тіпті жанр да өзгеріске ұшырайды. Сондықтан Шәкәрімнің бұл туындысы Пушкин шығармасына жасалған аллюзия мен стилизация.
Екінші топ – конвергенциялық – генеративтік. Бұл типологиялық топқа қазақ тілінен орыс тіліне аударылған шығармалардан басқалардың бәрі кіреді. Бұл топтың қатарына жатқызуға болатын авторлар, Ы. Алтынсарин, Н. Құлжанова, М. Дулатов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов, Қ. Мұхамеджанов, С. Нарымбетов, І. Жансүгіров, Т. Жароков.
Үшінші топ – қосәдеби. Бұл топқа өздерінің көркем шығармаларын қазақ тілінде, сонымен қатар, орыс тілінде жазатын жазушылардың шығармашылығы кіреді. Бұл қаламгерлердің ең бір үлкен шоғыры, бұған саны қырықтай жазушы кіреді және оның градациясын (дамуын) айқындау ыңғайлы болар еді.
Осылай С. Ерубаев, Қ. Аманжолов, М. Серәлин, С. Шарипов, З. Шашкин, І. Есенберлин шығармашылығы үшін орыс тілінде жазу эпизодтық құбылыс болды, сондықтан олардың орыс тіліндегі туындыларын эпизодтық қосәдеби типологиялық маргиналдық топқа жатқызу қарастырылған.
Толық түрде қосәдеби деп атауға болатындар, яғни әр деңгейде екі тілде Б. Момышұлының, Б. Бұлқышевтың, Т. Шахановтың, Р. Сейсенбаевтың, А. Жағанованың шығармашылығына тән үрдіс. Біз бұл жерде орыс тілінде шынайы әдеби шығармалар тудырмаған әдебиетші ғалымдардың, аудармашылардың шығармашылығын қарастырған жоқпыз.
Және айрықша үлкен типологиялық топтың өкілдері – орыс тілінде жазатын этникалық қазақтар. Олардың саны қырықтан да жоғары.
Бұл жерде әңгіме тек кәсіби жазушылар туралы ғана болып отыр. Біршама ғалымдар оларды билингв – жазушылар санатына жатқызбайды. Орыс әдебиетшілері болса, оның тікелей қазақ жазушыларына қатысты екенін атап көрсетеді. Сондықтан өз туындыларымен жер–жаһанды жаулап алған жазушылар қатарынан бұлар сирек орын алады, тек өз кәсіби қызығушылықтарының шеңберінде қала береді. Қазақ әдебиеттанушылары, билингв жазушыларды қоспағанда, бұл құбылыс орыс жазушыларына тән дейді.
Бұл типологиялық топты интеграциялық — прозаиктік және интеграциялық – поэтикалық деп бөлуге болады. Интеграциялық – прозаиктік топқа кіретіндер Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Әнуар Әлімжановтың шығармашылығы, «Ел» қоғамдық қорының негізін салушы, «Сайтанның тағы» романының авторы, әлемдік деңгейде мойындалған Роллан Сейсенбаев, шығармалары ТМД халықтарының тілдеріне және алыс шетел тілдеріне аударылған көрнекті жазушы Сәтімжан Санбаевты, қазіргі кездегі ең үздік тарихи роман «Сақтар» дилогиясының авторы Б. Жандарбеков, Энгельс Ғаббасов, қазақ әдебиетіндегі алғашқы ғылыми –фантастикалық роман «Данышпандық формуласының» авторы Шоқан Әлімбаев, маргиналдық прозаның қазіргі көшбасшысы теорияшысы Бақытжан Момышұлы, А. Мақашев, Марат Барманқұлов, С. Жылқышев, Аслан Жақсылықов және басқалары болып табылады.
Индивидтік стиль айырмашылығына қарамастан, бұлардың барлығына маргиналдық прозаның типологиялық ерекшеліктері тән; біріншісі, ғылымның шектес аймақтарын қосу, география, этнология, тарих, лингвистика, фольклор, әдебиеттану, журналистика, сондықтан олардың шығармаларында маргиналдық көркем және ғылыми немесе публицистикалық түрде көрінеді, екіншісі, көркем мәтіннің барлық деңгейінде көрінетін этникалық ойлау бірізділігінің орыс тілінде жайылуы, үшіншісі, көркем танымның еселенуі.
Орыс эстетикалық жүйесінде тәрбие алған қаламгерлер әлемнің екі түрлі ұлттық көрінісін интеграциялау, оларды өз шығармашылығында интеграциялау қажеттілігінің алдында тұрды. Осы шақта әлемнің екі түрлі ұлттық келбетін талдау табысқа жете қалған жағдайда айтарлықтай көркем нәтиже көрсетті. Төртінші, орыс және әлем әдебиетінің жетістіктерін пайдалану. Бесіншісі, өз шығармашылықтарында дидактикалық сарындардың болуы. Алтыншысы, шығармашылықтағы жаңашылдық –
публицистикалық сипат. Дегенмен маргиналдықтың айқын типологиялық белгілері интеграциялық маргиналдық поэзияда көрінеді және бірінші кезекте, оның талассыз көшбасшысы Олжас Омарұлы Сүлейменовке тиесілі.
Сонымен қатар тағы бір маргиналдық типологиялық топқа этникалық белгілері ұмытылған жазушылардың шығармаларын жатқызамыз. Бұл ассимиляциялық типологиялық топ. Оған ақын Б. Кенжеев қатысты, шыққан тегі жағынан қазақ, шығармашылығы бойынша орысша қалам тербейді, қазіргі тұрғылықты мекені бойынша канадалық. М.Симашко – орыс жазушысы, шыққан тегі жағынан еврей, бар ғұмыры қазақ жерінде өтіп келген, қазіргі кезде израильдік. Қазақстандық кәріс және орыс жазушысы, туған жері Қазақстан, ұлты еврей, тұрғылықты жері американдық Ю. Герт.
Мәңгүрттік тип. Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. Айтматовтың шығармашылығында әсерлі жазылған. Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан айырылған адам.
Мәдениеттанулық әдебиетте ұлттық мәдениеттен тыс қалған типтік бейнені “евнух” (әтек) деп атайды. Осман империясындағы әскердегі янычар, уәзір болған христиан, гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалиақұан “евнухтың” классикалық түріне жатады.
Мәңгүрттік тип – дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қадылдауымен қабылдаса, мәңгүрттік – сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.
Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендеру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:
- Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отарлық әкімшілікпен алмастыру.
- Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.
- Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу, алфавитті алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу
- “Бұратана” халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет пен мәдениетті күшпен енгізу.
Осыдан келіп “мәңгүртсің” деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы – ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.
Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизмді (кемсітушілікті) алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде, біздің респуликалық басылымдардағы кездесетін мынадай пайымдаулардың төркініне көз салайық:
- қазақ тілі көшпелілік үрдістен қалған реликт;
- көшпелілер шынайы мәдениетке жете алмаған, “мәдениет” деген сөз арабша “қала” мағынасын білдіреді, сондықтан оны тек отырықшылардың үлесі деп жариялау;
- “Психологиялық зерттеулер” республикада екі тип бар екендігін көрсетеді: біріншіден, психодиагностикаға икемді “еуропаорталықтандырылған” тип, екіншісі – этноорталықтық мінез-құлыққа және дінге бағдарланған “ортадоксты-азиялық”тип.
- Түрік халықтарының мәдени мұрасының түбінде арийлік архетип жатыр, олардың мәдени жетістіктері ирандық “баулудың” нәтижесінде қалыптасқан. Кейбір зерттеушілердің түпкі атамызда ақ нәсілдік тип басым болған, сондықтан олар арийлер деп жариялауы да кездеседі. Бір тілдік топтың әртүрлі нәсілдерден құралу мүмкіндігін ескерген жөн.
Мәңгүрттік менталиттетің өкілдерінің типтік белгілерін күнделікті өмірден де аңғаруға болады. Жоғарыда келтіргеніміздей мәңгүрттік типке тарихи жадыдан алыс болу жатады. Тарихи жады мен руханилықтың маңызды бір тармағы — әрбір ұлттың адамгершілік туралы түсініктері мен әдеп жүйесі. Батыстық мәдени ауысушылықтың белгілі бір жақтары қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне принципиалды сәйкес келмейді. Кейбір басылымдар ақша үшін құныға тарататын жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік, рэкет, отбасылық құндылықтарды сыйламау, және т.б. осы сияқты құбылыстар мәңгүртікке апаратын тура жолға жатады. Әрине, тек Батысты кінәлай беруге де болмайды. Көп жағдайда батыстық өркениет ізгілікке жатпайтын теріс қылықтарды тежеп, мәдениетті нарықтық гуманистік әдеп, жүйесімен үйлесімді қоса білген. Бұл жерде әңгіме транзиттік (өтпелі) қоғамдағы мәдени қайшылықтар туралы болып отыр. Сосын ұлттық тілді жақсы меңгеру әр уақытта мәңгүрттік менталитеттен құтқара алмайды.
Кейде мәңгүрттік мәдени типпен (оны мәдениет деп айту шартты нәрсе) маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның
үстіне маргиналдар қатарына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен, маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?
Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р. Парк енгізген және латын тілінен – “шетте болушы” деп аударылады. Р. Парк маргиналдар деп иінез-құлқында тынымсыздық, агрессиялық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениеттану мен әлеуметтануда бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, “өліара” мәдениеттің өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады.
Әдетте маргиналдық ұғымымен қалыпты мәдени сәйкестікке оппозициялық қатынастағы адамдарды сипаттайды. Қысқаша айтқанда, маргиналдар – не қоғамнан өздері аулақ кеткендер, не қоғамның өзі оларды шеттеткендер.
Ескі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшырап, бұрынғы нысаналар мен мұраттар көмескіленгенде маргаиналдардың саны артады. Мысалы, ауыл-селодан қалаға қоныс аударғандарды алып қарайық. Кеңес Одағы кезінде бұл процесс қанша дегенмен мемлекет бақылауында болды. Транзиттік қоғамда нарықтық қатынастардың енуіне байланысты ауылдық жердің көптеген тұрғындары кәдуілгі үйреншікті мәдени ортаны тастап, қалаларға келді. Ал қалалық мәдениет пен өмір салтына олар қанша икемделе алмай, маргиналдардың санын көбейтті.
Француз ғалымы А. Фарждың пікірі бойынша, маргиналдардың алдында екі жол тұр:
- Барлық дәстүрлі қарым-қатынастарды бұзып, өзінше жаңа бір субмәдениетті қалыптастыру;
- Біртіндеп заңдылық аймағынан шеттелу;
Әрбір өзін-өзі өркениетті деп есептейтін қоғам тас джунглилердегі адасып жүргендердің санын көбейтпеуге ұмтылуы қажет. Бұл жерде мәдени адаптациялық жүйелердің қызметінің маңызы зор. Өйткені басқа мәдени ортаға жаңадан келгендер өздерінің ғасырлар бойы қалыптасқан басқа мәдениеттермен қарым-қатынасқа түсу тетікетерінен айырылып қалады. Мәдени адаптацияны аккультурациялық процестермен теңестіру дұрыс емес. Резервациялар мен фильтрациялық ұжымдарда, күшпен орнатылған басым мәдениеттің тар шеңберінде адамдық абырой мен намыс аяққа тапталып, рухани, азғындау өріс жаяды.
1.3.Маргиналдағы тілдік шетболмыс мәселесі.
Тілдік «шетболмыс» мәселесі жөніндегі еңбектердің авторы, жазушы – билингвист Ч. Гусейнов осы феноменге қазіргі әдеби үрдістің көптеген мәселелерін қатыстыра отырып, жан – жақты анализ жасайды. Қостілділік жер бетіндегі тіршілік етіп келген қоғамдық құрылыста және өмірде «тарихи ақиқат және обьективтік заңдылық» ретінде көріне отырып, өзіндік «типологиялық биографияға» ие болады. Автор ұлт жазушыларының көркем шығармашылығындағы қостілділік мәселесін үштұтас аспектіде қарастырады:
- Жалпылық форманың бірі ретінде;
- Ұлттық тіл үшін қостілділік процесіндегі орыс тілінің ролін зерттеу сферасы ретінде;
- Орыс әдеби тілінің дамуындағы қостілді жазушының ролі ретінде;
Ұлттық әдебиеттегі қостілді шығармашылықтың туындау себептері мен процестерін сипаттай отырып, Ч. Гусейнов жазушы – билингвистер шығармашылығының типін анықтады және оны ұлттық әдебиетке байланыстырады. Осыған байланысты ол былай деп жазады: «Жазушының сол немесе өзге ұлттық әдебиетке жататынын түсіндіруде айқындаушы рольді…, көрініп тұрғандай, келесідегідей факторлар атқарады:
- Жазушының ұлттық сана – сезімі –берілген халық өкілінің психологиялық, рухани, сезімдік түйсігі;
- Шығармашылық қызығушылықтардың негізі және көркемдік тоғысудың обьектісі, тұрмыстың, тарихтың, құндылықтың, дәстүрдің, халықтың тарихи эволюциясының терең процестерінің біліміне жатқызылатын сол ұлттық шынайылығының тартысы
- Және ақыры, бірде активті, … бірде пассивті … түрде көрінетін халық тіл білімі…, мұны үзіліссіз білу керек ».
Р. Бимұхаметовтің анықтауы бойынша, «қостілділік ТМД көпұлтты әдебиетінің тіршілік етіп келе жатқан белгісі», ол «… тілге терең құштарлық құбылысы ретінде туады, өйткені ана тіл – адамның кеңге жайылған санасын білдіреді» және «қостілділіктің масштабы кең, бұл құбылыс «орыс әдебиетінің ұлттық – эстетикалық шекарасы жылжыған сайын оны басқа ұлттық әдебиетшілерге жақындатады».
Ю. Суровцев қостілділікті «жаңа және өте маңызды құбылыс» ретінде анықтай отырып, келесідегідей мәселелерді бөліп алады: «Біріншіден, анықталған ұлттардағы қаламгерлер тағдырын бөліп алу керек…, ол орыс тілінде жазуға қалай келді және қашаннан бері орыс тілінде жазады…», ұлттық тіл ұлттық тіл болып қалатын ұлттық белгілердің иерархиясы туралы ойлауды ұсынады, бұл «өте маңызды фактор» болып саналмақ. Ю. Суровцев қостілді қаламгерлер шығармашылығын ұлттық құбылыс деп есептейді, ол бұған Ш. Айтматовтың шығармашылығын әкеліп қосады. Тілдік «шетболмыс» құбылысының әлеуметтік түпнегізі, — деп есептейді ол, — ұлттық танымның ішкі динамикасына салынған және қостілділіктің қозғалып отырған мәселесі бізді динамикалық күшті терең үйренуге итермелейді,
Тілдік «шетболмыс» мәселесі сонымен қатар ТМД халықтары прозаик – билингвистерінің де назарын аударып отыр, мұның себебі, оны өте нәзік әрі терең түрде түсіну және берілген құбылыстың ішкі көрінбейтін күшіне байланысты болуы мүмкін. Ш. Айтматов көптеген мақалаларында, сұхбаттарында, баяндамаларында мынаған сендіреді, қостілділік «ХХ ғасыр өркениеті көрінісінің ең бір тарихи қажеттілігі» болып табылады, «… ХХ ғасырда ұлттық тілдерді сақтау мен дамыту және провинциалдықтан бір мезетте аулақтау – бұл барлық ұлттар мен ұлыстар үшін норма және қажеттілік белгісі диалектілік қостұтастық – билингвизм – қостілділік болып табылады». «Лингва франканың» обьективті тіршілік етуімен қатар деп нақтылайды жазушы «жарыспалы түрде түркі халықтары өз тілдерін атайтын «ана тілдердің» өзіндік және толық өмірі олардың таралуының табиғи ареалының шегінде жүріп жатады».
Бұл турасында жазушы А. Ким берген тұжырым сәтті шыққан. Ол: «Қостілділік – жаратылысты екі тілге аудара білу қабілеті. Бұл екі психологиялық күйде бола алу қабілеті. Бұл тілдер арқылы танылған рухани әлемді түйсіну» деп жазады.
Қос тілдік стихияның және әдеби дәстүрдің (қазақ және орыс) синтезінің нәтижесі ретінде құралатын тілдік «шетболмыс» феномені қазіргі қазақ әдебиетінде шеттілдік қабат түзді. Осыған байланысты көптеген сауалдар туындайды: әдебиеттегі бұл феномен дегеніміз не? Ұлттық көркемдік әлемді «шет» тіл арқылы беру спецификасы немен тұжырымдалады? Қаламгердің бұл түрінің шығармашылығы қандай әдебиетке жатады және оның көркемдігінің сыры неде? Бұл құбылыстың перспективасы қандай? Тілдік «шетболмыс» құбылысы әдеби – көркем қостілділіктің сан алуандығы болып табылады, оның негізінде екі тілдің өзара байланысы жатады: ана тілдің және өзге тілдің қатынасы негізінде; бұл қаламгердің ұлттық – көркемдік ойлау деңгейіне байланысты.
1972 жылы Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің «Времен связующая нить» деген кітабы басылып шықты. Бұл еңбек қазақ әдебиетіндегі тілдік «шетболмыс» мәселесін қарастырған тұңғыш теориялық зерттеу болды. Өз зерттеуінің мақсаты мен мәселелері туралы автор «… зерттеу еңбекте көркем шығарманың мазмұнды жағы туралы сөз болады. Формаға анализ жасау басты түрде поэзиялық материалдар бойынша мазмұнды формаға жасалған анализ ретінде жүреді »деген. Негізінен Ә. Әлімжанов пен О. Сүлейменовтің шығармашылығына сүйене отырып, автор қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі ұлттық – көркем образдардың эволюциясын, қазақ – орыс әдеби байланысының процесін зерттейді. Қазіргі қазақ әдеби үрдісіндегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесін талқыға салады. Осы кітапқа жазған алғысөзінде жазушы З. Кедрина былай дейді: «Бұл кітаптың авторы… тұтас халықтың идеялық – эстетикалық әлпетін оның нақты өмірлік тәжірибесімен, көркемдік шығармашылықтың түбірлі жүйесімен, оның эволюциясымен, бүгінгі қозғалысымен және болашаққа перспективасымен бірге бейнелеп беруге ұмтылған».
Қазіргі кезде өркениеті елдерде бұрынғы жоғары мәдениетке күшпен енгізу (аккультурация) бағдарламасының орнына “мәдениеттер сұхбаты” идеясы ұсынылып отыр. Бір ескере кететін жайт: мәдениеттанушылар “жоғары және төиенгі” деген бөлуден мәдениеттердің тең қалыпты принципін қолдауға көшті.
- МАРГИНАЛДЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖАЗУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.
2.1.О.Сүлейменовтың маргиналдық қыры.
Ақын О.Сүлейменов өзінің жазған бір мақаласында: “Шоқан Уәлихановтай бабамыз интернационалистік тұлғамның бірінші мазмұнын – қазақ пен орыстың қандас бауырмашылдығын анықтап берді. Абайдай бабам «орыстан оқы» дегенді өсиет етті. Сондықтан да мен Ленин мен Толстойдан, Пушкин мен Маяковскийден оқыдым. Сөйтіп мен көзқарасқа тән кеңпейілді, адам мен адамзат мұраты жолындағы табандылық пен қайсарлықты орыс пен совет мәдениеті өкілдерінен үйрендім» — деп жазады. Осы тұста бізге Стоунквисттің маргинал адамды мәдениеттер қарым-қатынасынадағы басты кейіпкер, негізгі тұлға (“кеу – personalitу”) ретінде қарастырағандығы еріксіз есімізге оралады.
Сонымен қатар Стоунквист тұлға үшін маргиналды мәртебенің жағымды нәтижесі – маргинал бойында шығармашылық белсенділіктің болуы дегенді айтады. Психологиялық тұрғыдан алғанда, шығармашылық белсенділік маргиналдың сол қоғамда орныққандар алдында өзін ешкімнен кем санамай, тіпті солардан артықпын деп, өзін мойындатқысы келетіндігінен туындаған өр сеніммен байланысты деп те ойлаймын.
Жалпы қазақ халқының саясат сахнасына келгенін Олжассыз елестете алмайтындар орыс тілділердің де, қазақ тілділердің қатарында жетеді. Бұған О. Сүлейменовтың екі тәуекелі дәйек болғанын атаған ләзім: Біріншісі, оның шовинизмге тойтарыс берген «Аз и Я» еңбегі, екіншісі, «Невада-Семей» қозғалысы. Егер алдыңғы бүкіл түркілердің рухани еңсесін көтерсе, соңғы өткен ғасырдың 90-ж. қазақтарды әлемге паш еткен бірден – бір қадам еді. Әсіресе осы экологиялық қозғалыс арқасында елде біршама саясаттың дүниеге келгенін тарихи шындық деп мойындаймыз және мақсат тұтамыз.
Қателеспесек, 90-жылдары: «Мені қазір кітабымның емес, сол кітабымның оқырмандарының тағдыры ойлантады. Сондықтан енді саясатпен айналыспақпын»-деп, көзқарасының анық білдірген ақын О.Сүлейменов зиялы қауым ішінен суырылып шыққан. Ақыл-ой әлеміміздегі ерекше есімнің бұл бұлқынысы мың-миллион оқырманына үміт сәулесіндей елес берген.
Көптеген жүректерге жол тауып, әсіресе, жас буынның кумиріне айналған тұлға ә дегеннен-ақ қалың қауымды соңынан ерте алды. Бұған бұқараның көкейіндегі түйткілді тап басып көтере алғандығы басты себеп «Невада-Семей» халықаралық қозғаласы арқылы халқының сеніміне кірді. Үздіксіз күрес пен еңбектің арқасында полигон жабылды. Бұл сөз жоқ, ақ бас тарихтың еншісіне алтын әріптермен жазылып қалар ірі жеңіс еді.
Келесі кезекте Халық Конгресі партиясын құрып, мүдделі жазушы, қайраткер, саясаткерлерді топтастырды, «ұрыста – тұрыс жоқ». Партия өмірі қыза түсіп, газеті де шыға бастады. Азаматтық ұстанымы өте берік, қоғамдық пікірге аса ықпалды ақынның үлкен саясаттағы және бір қадамы осылай қарқынды басталды. Үлкен мұхитқа үлкен кеме керек.
Сонымен, «Халық Конгресі» партиясының серкесі О.Сүлейменов жапон газетінің тілшісіне: «Президент – заң мен Конституция беріктігінің кепілі. Алайда Президент аппараты дайындап, 1993-ж. қабылданған Конституция Республика халқының 58 пайызын риза етпей отыр. Негізгі заңның осы құжатымен Қазақстан халқының қалғаг жұрты келісе ала ма? Ал қалғанының болшағы не болмақ? Көше ме, әлде сіңе ме деп қатты алаңдаушылығын білдірген. Өкінішке орай дәл сол кешегі және бүгінгі шынайы өмір дерекке жүгінсек, басқа – басқа, Қазақстанның «орыс мәселесі» деп езеуреп, даурығатындай жоғарыда айтқан шиыршық атып шиеленіскен жайт жоқ екен.
«Саясатпен шұғылданған адам періште жанымен сайтандық іске араласқан кәсіпшіл тұлға. Саяси қайсарлық пен саяси надандықтың арасы тым алшақ. Ал, саяси мәдениеттілік пен саяси қажеттіліктің арасы шексіз». Бұл аксиоманы О.Сүлейменовке қаратып айтудың жөні бар.
Сонымен, қаймана қазақ халқының жалпақ жұртшылығын арасынан суырылып шығып, орыс халқының рухынан, тілінен бойына нәр алып, қаламын ұштаған О.Сүлейменов сынды қоғам қайраткерінің шығармаларымен етене танысуға тура келді. Жалпы айта келгенде жоғарыда айтылып өткен О.Сүлейменов өз қаламынан туған шығраларын түгелге дерлік орыс тілінде жазғаны
әмбеге аян. Осы тұста аталған ақынның туындыларына көз жүгіртіп, көңіл қойған оқырман қауымның көкейіне «Олжас қазақ халқының күйін күйттей тұра неге мұндай тәсілге барды?» — деген заңды сұрақ тууы әбден мүмкін.
Сонымен, Олжас ақынның туындыларының басым бөлігін қазақ оқырманына қазақы мақаммен, қазақы түсінікпен төл туындымыздай қылып аударып шыққан, белгілі ақиық ақынымыз, ұлт жанашыры Қадыр Мырза Әлі болатын. Жалпы түпнұсқа менен өзіміздің төл тілімізге аударылған нұсқаны салыстырып көре келгенімізде негізгі идея бір болғанымен, екеуінің түрлену ерекшеліктерінде айтарлықтай айырмашылықтар көрінеді. Біріншіден, Қадыр Мырза Әлі бұл шығарманы аудару үстінде қазақы менталитетке бейімдеп, қазақ оқырмандарының сана-сезіміне, түсінігіне сай етіп ауларған. Сондықтан да аталған шығарма аударылған нұсқасында барынша қазақыланып, ақын Әзербай да, шешен ақын Сметте қаймана қалың қазақтың арасынан шықан төл кейіпкердей сомдалып аударылған. Аталып өткен осы түйіндеуге айғақ ретінде О.Сүлейменовтың «Паследнее слова акына Смета» деген туындысынан мынадай дәйектерді алып ұсынамыз:
- Смет украл красивую молодую жену акына Азербая.
- Смет Әзербай акынның уыздай жас токалын алып қашады.
Мәселен, аталған “уыздай жас тоқал” деген сөз тіркесі түпнұсқа шығармада жоқ. Мұны ақын, аудармашы Қадыр Мырза Әлі қазақы реңмен сомдап, туындының желісін ана тіліміздің реңімен шырайландырмақ ниетпен, жанынан қосқан сөздері. Жалпы аударма саласындағы теоретик көптеген мамандар мұндай тәржіманың мұндай стилін жоққа шығарады. Атап айтар жайт Қадыр Мырза Әлінің аудару үстінде қолданған мұндай “тоқал”, “уыздай” деген сөздері өзге ұлт өкілдерінің тіліне аударылмайтын, қазақ тілінің лексикологиясына ғана тән реалия сөздер.
Жалпы аудару процесі – идеялық – шығармашылық процесс. Бірақ аудару процесінің бұл негізгі мәні үнемі сезіліп отырмайды. Әрбір халықтың тұрмысында, ұғымында, тілінде басқа халықтармен ұқсастық көп болады. Тіл, ұғым ұқсастықтары аударма процесін жеңілдетеді. Сондай ұқсас сөздер, сөйлемдер арқылы айтылған ұқсас ұғымдарды аударғанда шынында да сөзге — сөз, сөйлемге – сөйлем іздеп отыратын сияқтымыз. Орысшадан қазақшаға аударғанда сөзбе – сөз аударылатын сөйлемдерді күнделікті өмірден тіпті көп кездестіруге болады. Оны әркім-ақ біледі. Көптеген сөйлемдердің ішіндегі бір сыпыра сөздер, сөз
тіркестері сөзбе-сөз аударылады. Орыс тілі мен қазақ тілін алғанның өзінде ұқсастық тенденциясының күштілігі соншалықты, кейде бірқатар көркем образдарды, тіпті мына сияқты мақалдарды да сөзбе-сөз аударуға болады:
«Сухая лож рот дерет» — «құрғақ қасық ауыз жыртады».
Бірақ көптеген ұғымдар, сөйлемдер бұлай аударуға келмейді. Көбінше аударып отырған текстің мазмұны, оның идеялық-көркемдік ерекшеліктері неғұрлым қиындаған, тереңдеген сайын, аударушының ол текстің сөзіне – сөз, сөйлеміне – сөйлем іздеуі де сирекси береді. Енді ол сөздің контекстегі ұғымына ұғым іздей бастайды. Аударылу тәсілінің неғұрлым жоғарылау сатысына көтеріледі. Енді оның аудару процесінде қолданатын материалдары бұрынғыдай айқын, нақтылы материал бола бермейді. Сондықтан осы жерде О.Сүлейменов шығармашылығынан тағы бір үзінді келтіре кеткенді жөн көрдім. Мысалы, Олжас ақынның “Последнее слова акына Смета” шығармасында:
- “Говорят, что до этого между ними была любовь”-деген сөйлемін Қадыр Мырза Әлі:
2) “Ол екеуі бір-біріне бұрыннан ғашық болса керек”-деп ана тілімізге тәржімалаған. Ал мен осы екі нұсқаны салыстыра келе өз вариантымды ұсынуды жөн көрдім.
2) Бұлардың арасында бұрыннан махаббат болған деседі.
Бұл жерде менің айтпағым Қадыр Мырза Әлінің «болса керек» деп тәржімалағанынан гөрі болған сөзін қойса аударма оңтайлы көрінер еді. Себебі, түпнұсқада «была» сөзі өткен шақта анық болған оқиғаны суреттеп тұр. Меніңше, «болса керек» деп тәржімалануы оқиғаның өткендігіне шүбә келтірмек ниетпен айтылған сөз секілді болып көрінуі ықтимал.
Әдетте, шығармашылық аудармаға қарама-қарсы процесс сөзбе-сөз аудару. Аударманың шығармашылық аударма болып шығуына кедергі болатын басқа да себептер болады. Бірақ оның біздің қазіргі жағдайда ең жиі кездесетін кедергісі сөзбе-сөздік.
Сөзбе-сөз аудару оригиналдың сөзіне сөз іздеуден, сол сөзді айналасындағы сөздермен (контекстпен) байланыстырмай, оның өзінің дағдылы мағнасын іздеуден туады. Ал, ақын О.Сүлейменовтың туындыларын аудару үстінде Қадыр Мырза Әлі мұндай аудару үрдісінен бойын әрқашан аулақ ұстап орырғандығы тәржімалардң бас-аяғнан айқн көрініп отырады. Мысалы:
- “Их догнали. Азербай должен был решить их судьбу.
Спеленатного арканом Смета сбросили у двери юрты. Он с трудом поднялся на ноги” – деген үзінді, Қадыр Мырза Әлі аударған нұсқасында:
- “Бірақ қуғыншылар ұстап алып, орта жолдан қайырады. Аяқ қолын тас қылып байлап, босағаға тастай салған Сметтің ендігі тағдыры Әзербайдың қолында” – деп көрсетілген. Екі нұсқаны салыстыра оқыған оқырманға шығарманың түрленгені көзге айқын көрініп тұр. Сөйлемдер біріккен, азат жолдар қосылған. Жалпы аударма тілі туралы сөз қозғағанда, кейбіреулердің айтқанындай, негізгі нысанымыз түпнұсқа тілі емес, ана тілінің ерекшелігі болуы шарт. Осы тұрғыдан қарастырғанда ақын һәм аудармашы Қадыр Мырза Әлі аударманы оңтайлы тәржімалап шыққан деуге де негіз бар.
2.2.О. Сүлейменовтің «Мәмбет батырдың дар алдындағы дұғасы» өлеңінің аудармасы хақында
Әдебиет деген киелі орданың қасиетті табалдырығын ақын болып аттаған Ә.Кекілбаевтың ақындық қыры аударма саласынан да өз деңгейінен табылады. Ә. Кекілбаев аудармашылық еңбегі поэзиядан басталады. Ол О. Сүлейменовтің «Аңғарда», «Ата өсиеті», «Қазағымның дәстүрі», «Артымда өлең — жырым қалар — дағы», «Наурыз самалы», «Россия», «Махамбетке», «Бетпақ дала» сынды бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалайды.
«Өлең жазуға қарағанда, әңгіме жазу қандай оңайырақ болса, аудармада да сол, өлең аударуға қарағанда әңгіме аудару жеңілірек болады» — М. Дәулетбаев /9,17/. Қазір аудармашылар арасында өлеңді ақындар, ал прозаны жазушылар аударсын деген пікір бар. Өйткені ақын болып туған адам ғана ақынның жанын түсіне алады. Жаны қазақ, рухы қазақ О. Сүлейменовтің орыс тілінде жазған өлеңдерін тәржімалау кезіндегі қиындықтар да жоқ емес. Өлең сөздің мазмұны мен пішіні көркем прозаның мазмұны мен пішіні сияқты емес. Рас, көркем прозаны аударушы түпнұсқаның жолынан шықпай, оның жүйесінен алшақтамай еңбектенуі шарт. Ал өлең – сөзді бұлайша аудару мүмкін емес. Өлең – сөзді аудармада аудармашы өз ойын автордың ойымен астастыра, жарыстыра отырып, өзінің ақындық қиялына еркінше ерік береді. Бұл ерік, әрине, түпнұсқадан алшақтатпай, қайта керісінше, оған мейлінше жақындата түсуге тиісті. «Ақынның қиын да ұзақ сапары бір жерден басталып, тап сол жерге қайта келіп тіреледі. Ол жердің аты да – жүрек. Сөйтіп жырды жалғыз-ақ адрес бар, ол – жүрек. Жыр жүректен шығып, жүрекке жетуі керек. Жыр сапарында да жүректен шыққанымен, жүрекке жете алмай
жататын жүргіншілер болады», — дейді Ә. Кекілбаев/10,65/. Аудармашының кебін киген Әбіштің жүрегі Олжас ақынның жүрегімен жүз құбылып, жүз толғанғандай. Ә. Кекілбаев аударған «Мәмбет батырдың дар алдындағы дұғасы» қолда бағып-қағып өсірген бүркіттің тағдырындай болып көрінеді. Аспанға самғап ұшқан дала тағысының қайтып келер аңшысы бар. Еркін аудармаға бой ұсынған аудармашының әркез бұл өлеңнің түпнұсқасының бар екендігі жадында тұрғандай. Орыс тіліндегі «Молитва батыра Мамбета перед казнью» өлеңі 28 тармақтан тұрса, қазақ тіліндегі нұсқасы – 53 тармақ, яғни, түпнұсқадан екі есе көп. Бұл нағыз шалқақтап, шарықтаған еркін аударманың көрінісі. Өлеңнің бірінші шумақтарын салыстырғанда, мынаны байқадық:
Түпнұсқа: Аударма :
Биссмилля! Бісіміллә, бісімілә!
Я в далеких походах забуду Айқаста жортып айшылық,
себя, Кеңірдектен кекке малшынып,
Я в битвах — по году, Шайқас десе елірген
В обидах – по горло, Ер едім-ау. О тоба-ай!
Я родился в седле, Ер үстінде туып ем,
Умираю в цепях, Бұралқы иттей бұғаулы,
Меня водят пешком, каку собак, Күлкі боп күллі шаһарға
по городу /11,106/,- Жер үстінде келемін /12, 172/.
Сөзге сараң боп көрінетін О. Сүлейменовтің өлеңі аудармада көкке самғап, астарлап айтқан ойын жойып алғандай. Біздің менталитетімізге ғана тән жүрек жұтқан батырларымыздың бейнесін суреттеген кезде шабытының қалай тасып кеткенін де байқамай қалатын сияқтысың. Тәржімәні оқып отырып, «Алпамыс», «Қобыланды» секілді эпостар қайта жаңғырғандай әсер аласың.
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан
Ел құтқарар мен едім, —
Жандаспай ақыры бір тынбан
Томағалы сұңқар мен едім /13, 112/,-
Деп сөзін сомдаған, ескінің көзі болған Махамбеттің де үнін естігендей боламыз. Енді аударма мәтінге назар аударсақ: «Айқаста жүріп айшылық, Кеңірдектен кекке малшынып» деген қазақтың сөздік қорында бұрыннан келе жатқан тіркестерді орынды пайдалана білген. «Шайқас десе елірген, Ер едім-ау. О тоба-ай!»- жауынгер адамның аузынан шыққан сөздер емес пе! «Я в далеких походах забуду себя» — бір тармақты екеумен алмастырған. Егер «Шайқас десе ұмытамын өзімді» деп сөзбе-сөз аударып көрсек, не сезім, не суреткерлік болмас еді. Аудармашы «елірген» деген сөзді әдемі қолданған, осы сөйлемнің кілті іспеттес. Бұндай «орынды» тіркестер шығарма бойында молынан кездеседі. Кей жерде ақын түпнұсқадағы тіркестің өзін алмай, өз жағынан, яғни, контекст бойынша сөз қосады. Сөзімізді дәлелдеу үшін түпнұсқаға назар аударалық:
Сердце в горле как яростная змея,
Э, не так!
Мое сердце – ощипанный кречет /11, 106/, —
дегенді:
Әзәзіл жүрек абжылан,
Абжылан емес,
Жүрегім –
Жұлмаға түскен лашын /12, 172/,
«Э, не так!» дегеннің аудармасы «Олай емес» болып шығар еді. Алдыңғы жолдағы келтірілген теңеуден шыққандықтан, образдылыққа салынып «абжылан емес» деген тіркес туған. Бұл жерде ұтылғаны емес, қайта, керісінше ұтқаны деп ұғынғанымыз жөн.
Біздің төл ақынымыздың туындысын өз тілімізге тәржімалағандықтан мәтіндегі кейбір басы артық сөздер түсіп қалған.
В казахских казанах шипит молоко /11,106/,-
деген :
Қазанда сүт шыжылдап,
Қызыл жалын жалайды/12,172/,-
деп суретті жеткізген. «Қазақ» деген сөзді қосып аударғанда тым ерсі көрінер еді. Олжастың туындысы орыс тілінде болғандықтан, онымен барлық ұлт өкілдері сусындайды. Аудармашы ақын өлеңінің мазмұнын, ақынның көңіл-күйін жіті таныған. Түпнұсқаның әр тармағын терең түсіну, соның нәтижесінде өлеңнің мәнін, рухын ұғынған. Шығарма қазақ оқырманына арналып аударылғандықтан, қазақы шығарма болғандықтан, айқындауыш сөздерді орынсыз қолданғанның жөні жоқ. «Қызыл жалын жалайды» деп туындыгердің ойын ажарландыра түседі. Аудармашының басты жетістігі — өлеңнің мазмұнын, ішкі эмоциялық байлығын қазақ тіліне белгілі дәрежеде дұрыс бере білуінде. Әйтсе де аудармашы бұл жерде өз тарапынан өзөгертулер жасамай тұра алмайды.
Кей жерлерінде сөйлемді бұрмалаусыз келтіргендігін де байқаймыз:
И собаки рвут шкуры друг другу от скуки /11,106/.
Аударма нұсқа :
Іші пысқан төбеттер
Бірін – бірі талайды/12,172/.
Аударма түпнұсқаның мазмұны мен пішіні өзге тілде қайта жасай алғанда ғана сәтті болады. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен келісім жарасымды түрде басқа тілде жеткізе алған аударма ғана көркемдік тұрғыдан бағалы. Мазмұны сақталып, пішіні өзгерген өлеңнің тағдыры қалай болмақ?
Все забуду,
Молитвы – спасенье свое,
И пожары, и битвы, Аллаха забуду../11,106/
Осы үш жол аулармада өз пішінін ұлғайтқан:
Шайқас та ұмыт атқыған
Айналаға жылы қан
Долы өрт те ұмыт шапшыған,
Алланы да ұмытам.
Шығарам бәрін есімнен,
Ұлы ызаға булығам,
Бәр пәтуам – бұл дұғам/12,72/.
«Аударма үшін түпнұсқадағы өмірді бере білу керек», — деп жазады М. А. Добролюбов. Бірақ сол өмірді береміз деп шалқақтап кетудің орны бар ма екен? Аудармашы осыны ескергені жөн. «Битва» деген жалғыз ғана сөздің өзі «Шайқас та ұмыт атқыған, Айналаға жылы қан» деп келсе, «пожар» — «долы өрт те ұмыт шапшыған» деп келеді. Егер әр аудармашы өз жадынан осы іспеттес түпнұсқадан тыс бейнелеу құралдарын қолдана берсе, бұл аударма емес, белгілі бір шығарманың сюжетін алып, жаңа бір туындыны өмірге әкелу болады ғой. Олай болса, аударма әдебиеттегі өз орнын жоғалтып алады. Аударматану ғылымында өзіндік орны бар Ә. Сатыбалдиев: «Көркем аударма дәл болуы керек, сонымен қатар оның белгілі дәрежеде еркіндікке де правосы бар. Бірақ сол еркіндіктің өзі түпнұсқада бейнеленген мазмұн мен түрдің, яғни нақтылы өмір көріністерін дәл суреттеу мақсатынан туып жатуға тиіс. Сонда ол еркіндік дегеніміздің өзі тек дәлдікке жетудің жолы боп қалады», — дейді /1,23/.
2.3.«Түнгі теңеулер» өлеңінің аударма нұсқасы.
Бір өлеңнің аудармасынан Ә. Кекілбаевтың бүкіл аудармашылық еңбегіне теріс қарамауымыз керек. Өлең аудару жарысқа, айтысқа түскеннен кем емес. «Перводчик прозы – раб, переводчик поэзии – соперник» деген В.Жуковский. Өйткені өлең-жырға балама табу жеткіліксіз, поэтикалық қуат жағынан аударылып отырған ақыннан кем соқпауы керек. «Мәмбет батырдың дар алдындағы дұғасындағыдай» емес, «Түнгі теңеулер» («Ночные сравнения») өлеңінің аудармасы түпнұсқаға әлде қайда жақын. Өлең жолдары да, шумақ саны да дәл келеді. Мәтінге назар аударып көрелік.
Түпнұсқа:
Ты как мед, как вспомню – зубы ноют,
Ты как шутка, от которой воют,
Я ничтожен кто меня обидить!
Видел ад, теперь рай увидет/11.112/.
Аударма нұсқасы:
Сен шарбатсың, тақылдайды таңдайым,
Сен қылжақсың, артынан дау дап – дайын.
Мен бір бейбақ көрген жұрттан қыспақты,
Таптым тамұқ, тап қылар ма жұмақты /14.67/.
Аудармашы түпнұсқадағы сөздерді қолданбайды. Олардың синионимдерін, мағынасы жақын, ұқсас заттармен алмастырады. «Мед» дегеннің өзін «бал» деп емес «шарбат» деп келтірсе, «ничтожен» сөзінің баламасын «бейбақ» деп беруі аударманы ажарландыра түседі. Шығарма тұтастай сөзбе – сөз аударылды деп атауға келмейді. Қазақ тіліне теңеу сөздердің өзін эпитет қосып тәржімалаған.
Түпнұсқа:
И лягушкой ночью не заплакать,
Я люблю тебя, как любят квакать,
Как вдова – кричать,
Как рыба – плакать,
Я люблю тебя, как слабый – славу,
Как осел – траву,
Как солнце – небо /11,112/.
Аударма нұсқа:
Құр бақадай түн баласы қақылдап,
Тұл қатындай тұра алмайтын зарламай,
Ту сазандай судың астын шарламай,
Тұл жарместей – баста бағын шақкөрмей,
Күре есектей көбе шөпке шап бермей,
Күміс күндей аспанға алау ап келмей,
Шыдай алмай шабылатын ұдайы,
Мен де сені сүймей қайтып шыдайын /14,67/.
Аудармадағы «құр бақа» тіркесі бұрыннан қалыптасқан, ауызекі сөзде кездесетін бірліктер, сол сияқты «тұл қатын» (жесір сөзінің синонимі). «Ту сазан» (ту – семіздің синонимі) дгендегі «ту» сөзін шумақ ұйқастығы үшін пайдаланған. «Күре есек», «көбе шөп» дген тіркес орынды да, «күміс күн» деп айшықтау тәсілін — әдепкі қайталауда қолданған. «Әдепкі қайталауда өлеңнің әр жолы немсе әр ой ағымы бір әріптен басталып отырады»/14,231/. «Ту сазан» мен «күміс күн» деген тіркестер грамматикалық жағынан бір-бірімен байланысып тұрғанымен, мағыналық жағынан сәйкес келмейді. «Алтын күн» деп қолданыста бар тіркестің басқа түске өзгеріп кетуі орынсыз. «Как рыба – плакать» жолы аудармада мүлде өзгеріп кеткен. Өйткені қазақы ұғымда балық жылайды деген түсінік жоқ. «Как слабый – славу» дегеннің мағынасы «Тұл жарместей баста бағын шақ көрмей» дегеннен мүлде бөлек болғанымен, логикалық байланыс бар.
Аударма мәтіннің кей жерінде сөз тіркесі сөйлемге ұласса, кей тұста түпнұсқадағы жол мүлде түсіп қалады.
Түпнұсқа:
Ты скупа тебе прожить легко,
Даже нищий дал мне ломать хлеба,
Как дают ребенку молоко /11,112/.
Аударма нұсқа:
Күлшесінен бір үзім нан ұсынып,
Қайыршы екеш қайыршы да жебеген.
Жалбарынсам шалқасынан ұшынып
Қарағым-ай қатыгез ең не деген/14,67/.
Көріп отырғанымыздай, өлеңнің бір жолы аудармада екі есленіп, ең ақырғы тармағы түсіп қалып отыр. «Күлше» деген сөзді аудармада сәтті қолданған. Аш-арық адамның бейнесін елестетеді. «Нан» дегенде көз алдымызға аппақ ұнға жаңа піскен үлкен бір затты көз алдымызға елестетер едік. Бір жағынан образды сомдауда үлкен орын атқарса, екінші жағынан, мәтінде өз үйлесімділігін тапқан. Егер «нан» деп алатын болсақ, «нанынан бір үзім нан ұсынып» дегенде Олжастың өлеңінің рухын жоғалтып алған болар едік. «как дают ребенку молоко» деген жолды аудармада кездестірмейміз. «Скупа» — «қатыгез» деп контекст бойынша орынды қолданған. «Тебе прожить легко» аудармада өзгешелеу болып шыққан. «Скупа» сөзін қазақшалайтын болсақ, «аймшақ» болар еді. «Аямшақ адамға өмір сүру оңай», өйткені ол ешкімге ештеңе бермейді, ешкімнен ештеңе алмайды. Ал «қатыгез адам әрқашан басын тік көтеріп жүреді» ақынның айтпағы да осы шығар. Түн аямшақ емес, ол қатыгез. Уақыты келген кезде қараңғы түседі, ол сенімен есептеспейді. Өлең тармақтарындағы әр ой анық, оны жеткізіп тұрған тілдік құралдар, түрге пішін беріп тұрған бейнелеу құралдары да жарасымды. Мазмұн мен пішін арасынан ешқандай жарықшақ табылмайды, бәрі де сұлу келісіммен үндесіп тұр. Аударма өнерін жақсы меңгерген Әбіш Кекілбаевтің тәржімасындағы бұл өлең — 34 тармақтан тұрса, тұпнұсқада – 30 тармақтан құралған.
2.4.«Суретшілер» өлеңінің қазақшаға аударылу сапасы.
О.Сүлейменовтің «Суретшілер» өлеңі өзінше бір бөлек туынды. Аты «Суретшілер» болғанымен де Алла жайлы, оның алдында барлығымыз пенде екеніміз туралы айтылады. 1963 жылы Стамбулда жазылған бұл өлеңі үшін О.Сүлейменовтің жазаланатыны да белгілі. Өйткені ол заман құдай жоқ деген, дінсіздікке бет бұрған кезең еді. Осы өлеңді 1965 жылы «Жұлдыз» журналына тағы да басқа бірнеше аудармалармен бірге ұсынған Ә.Кекілбаевтің тәржімалары көкейге қонымды жүрекке жылы ұшырасады. Қадағалап, зейін қойып оқыған кісіге түпнұсқа мен аударманың тек өлең өлшемінде болар-болмас айырма әсері сезіледі. Түпнұсқадағы жеті шумақ, аудармада екі шумаққа көбейген. Бұған қарамастан аудармашының туындыгер ойынан алшақтаған жері көрінбейді. Екі артық шумақ қайдан шықты дегенге екі тармақтың бір шумақ бойынан табылғаны. Бұл өзге туындыға қол сұғу емес, астарлы ойды алдыға жайып салу.
Түпнұсқа:
Отрешись от мирских забот
Если нет у тебя сапог,
Приходи, дорогой, босиком,
Все равно разуваться придется
Все мы босы, родной перед богом /11,143/.
Аударма нұсқа:
Болсын талақ күйбең тірлік күндегі
Тәубаңды біл, парызыңды орында.
Хақ тағалам алалауды білмейді,
Жоқ паетігін оған бола қорланба!
Міндет етіп, мінәжат қып қалуға
Бәріміз де жалаң аяқ барамыз.
Өйткені, хақ тағала алдында
Бәрімізде жалаң аяқ баламыз/14,68/.
«Отрешись от мирских забот» дегенжол «Болсын талақ күйбең тірлік күндегі, тәубаңды біл, парызыңды орында» деп келген. Шумақтың бірінші тармағы дәл берілген де келесі ойды аудармашы өз жадынан қосқан. Өйткені «тәуба», «парыз» мұсылман халқына ғана тән ұғым. «Бог» — «хақ тағала» деп дұрыс баламасын алған. «Если нет у тебя сапог» — екі жол боп кеткен, Ә.Кекілбаев «етік» деген сөздің не себепті қолданғанын толық түсіндіріп кеткісі келгендей «хақ тағалам алалауды білмейді» деп келтірген. Өлеңнің орыс тіліндегі нұсқасын ары қарай жалғастырып оқығанымызда, жоғарыда айтып өткеніміздей, аудармашының өз тұсынан толықтырулар енгенін байқаймыз.
Түпнұсқа:
И слепой и зрячий равны-
Ведь никто не увидел бога;
Неглухой и глухой равны –
Ведь никто не услышал бога/11,143/.
Аударма нұсқа:
Келсін қатар көзі бар мен көрмейтін,
Хақ тағалам оларды екі бөлмейді.
Өйткені нұр сипатын тәңірдің
Бәрісібір екеуі де көрмейді.
Кереңбісің естиді ме құлағың,
Хақ тағалам бөліп жатпайды әрине
Лебізің хақ құдырет – құданың
Естіген жан бар ма мынау пәниде/14,68/.
Түпнұсқа мен оның аудармасын шумақ деңгейінде салыстырғанда, Олжастың ойы бір болғанымен, оның берілу жолы мүлде басқа деңгейде шыққаны көзге түседі. Әрине, аудармашы орыс тілінің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік мүмкіншіліктерін пайдаланады. Бірақ бұл аудармаға түрнұсқадан негізсіз ауытқуға жол бермеуге тиіс. Әр ұлт тілінің синтаксистік жүйесінде ерекшелік бары рас, алайда олардың синтаксистік, поэтикалық, лингвистикалық қызметінде үндестік, бірегей жүйе барын естен шығармау керек. Сондықтан түпнұсқаның синтаксистік жүйесіне, басқаша айтсақ толықтырулар енгізу, сөйтіп түпнұсқаның құрылым жүйесін ғана емес, мағыналық – мазмұндық жүйесін де бұрмалау аудармашы шеберлігін танытпайды. Ә.Кекілбаев Олжас поэзиясының сыры мен қырынатерең бойлап, тәнті болғаг кісі. Сондықтан да өлеңдерінің поэтикалық құны мен қасиетін мейлінше жеріне жетік, нақышын келтіріп-ақ аударған. Шығармаларының мазмұн – мағынасын, сөз саптауын, тіркес оралымдарын бір тілден екіншітілге дәлме-дәл ғана аударып қана қоймай, сонымен бірге сезім иірімдері мен ойнақы сырын, күллі поэтикалық рухын өзінің сол бір табиғи қалпында сақтаған.
Біздің аударма өнерінде етек алған тәсілдердің ең бастыларының бірі деп «жолма-жол» аударма ұғымдарын айта аламыз. Жалпы шындығында аудармаға «жолма – жол аударма» деп айдар тағудың өзі аударма өнеріндегі көркемдік, дәлдік, адекваттық талаптарға орайлас туғаны анық. Бұл талаптардың үдесінен шығу біреулерді түпнұсқаға байланған «жолма – жолдың» тәсіліне маңдай тіретті. Атап өтерлік ерекше жәйт ақын Қадыр Мырза Әлі аударманың осы қырына көп бармаған. Мәселен, О. Сүлейменовтың шығармаларының басым көпшілігін стилдік тұрғыдан қарағанда көп өзгеріске ұшыратып отырған. Мысал:
Айналайн.
Обращение к дорогому человеку – айналайн.
«Кружись вокруг тебя» — подстрочный перевод.
«Принимаю твой болезни» и «Любов моя» —
смысловые переводы.
Кочую по черно-белому свету.
а я, как удастся какая оказия,
мотаюсь по Африкам, Франциям, Азиям.
В Нью-Йорке с дастанами выступаю,
в Алеппе арабам глаза открываю,
вернус,
и в кармане опять – ни копья;
копье заведется – опять на коня! — деген өлең шумағын тәржімалаған Қадыр ақын:
Айналайын
Келсе орайы,
қолайы,
Сенің үшін жаным пида, толайым,-
Дейді қазақ ұл-қызына қымбатты,-
Қарашығым,
Құрбандығың болайын!
Дейді ағайын.
Бергенше құр қаңғыра,
Баспана сал,
Дүние-мал ал құрап,
Франция,
Африка,
Азия,
Қайдасың?! – деп тартып тұрам мен бірақ.
Нью-Йоркте сөйлеп кетсем өрттеймін.
Алепада елге берген серттеймін.
Қалта түбі босағанда оралам,
Қалта толса,
Тағы атымды ерттеймін – деп шығарманың жалпы ұстынын, нобайын барынша өз еркінде ұстауға тырысып баққан. Жоғарыда айтып өткеніміздей, «жолма–жол» аударманың өзінде «таңғажайып сырлар», «жолдар» бар екені аян. Аударма мәдениеті өскен сайын жолма-жол аудару әдісі де кеңіп, өріс ала бастады деуде де бүгіннің күннің шындығы бар. Сол тәсілмен шығармалар өте көп. Олай болса, «жолма-жолдық» ұғымы толық сөз етілуі, оның біздегі кейбір жақсы да, жаман жақтары көрсетілуі керек. Айта кетейік, жолма-жолдық әдісін қолдаушылар, негізінен дұрыс пікір ұсынады. Олар аударма түпнұсқаға жақын болған сайын автордың стилі, үні толық беріледі дейді.
2.5.Биллингв жазушы Р. Сейсенбаевтың шығармашылығына шолу
Әдетте, сан ғасырлар бойы ғұмыр кешіп келе жатқан бүкіл әлемдік сан алуан мәдени ошақтардың, әдеби қақтығыстардың бір-бірімен үндестік тауып тоқайласуына бірден-бір септігін тигізуші маргинал тұлғалардың да қол жаулығы деп атауға да негіз бар.
Маргинал тұлғаларды да пән аралық, диктатуралық, саяси, мәдени, әдеби, философиялық тұрғыдан жан-жақты қарастыруға болады. Біріншіден, біздің жалпы зерттеу нысанымыз әдеби сала болғандықтан, аударма саласындағы құбылыстарына баса назар аудардық. Аталмыш саладағы мамандардың еліміздің әдебиет төңірегінде көрініс бере бастауы ХХ ғ. 60-70 жылдарынан бастау алған болатын. Бұл сол кездегі қазақ әдебиеті үшін соны жаңалық болғанымен, әлем әдебиеті үшін басынан бір ғасырға жуық кезеңін өткізген, яғни қалыптасқан үрдіс болатын-ды.
Сонымен, қазақ әдебиетіндегі маргинал тұлғалардың алатын орны қандай? Олар аталмыш салаға не жаңалық алып келді? Және олардың шығармашылығының басты өзегі не болды? – деген сауалдар тууы да әбден мүмкін. Енді солардың бірқатарына көз жүгіртіп көрелік.
“Хобби ғой, жарығым, хобби”.
1) А раньше был трактор. И до сих пор, когда вспаминается тот предваенный день и как он пригнал в аул первый трактор, средце перепалняется сладким теплом. Пожалуй, такую же радость, шальную, хмельную, необузданную, он испытал лишь тогда, когда закончилась праклятая война… Но этой – другой разговор, другой рассказ. А тогда – весь аул высыпал встречать Акпана: пешие, конные, мужчины, женшины, дети, старики, старухи,—никогда народ не олказывал ему большего почета и уважения, чем той весной сорок первого, когда расцветали первые цветы и никто не ведал, что черная тень фашистского стервятника уже нависла над их мирной родиной.(109 стр)
1) Ертеде трактор еді. Ол бұл хоббиінің көкесінің көкесі еді-ау! Отан соғысынан көп бұрын, ауылға алғаш трактор айдап келген күні, кейде бір есіне оралған кездері, жүрегі тулап, көңіліне ерекше бір жылы толқынды леп билейді де кетеді дейсің!
Дәл осындай толқынды қуанышты соғыс біткен күні тағы бір басынан кешіп еді-ау. Бұл басқа әңгіме, әрине, бөлек әңгіме. Ол жолы бүкіл ауыл, аттылы-жаяулысы бар алдынан жамырай шықсын…
Ақпан сонша салтанатты, тойдың көкесінің көкесін көрем деп ойлап еді, ойлау қайда, туған ауылы Ақпанды сол жолғыдай аңсап тоспаған болар, аялап қадірлемеген болар. (83-бет)
1) Иә, шығармадан келтірілген үзіндіден көргеніміздей қазақ тіліндегі нұсқада қисынсыз қиысулардың барлығы көрініп тұр. Әдеттте бұрын-соңды аударылған туындыларда, айталық романдарда, прозаларда аударған аудармашыға азды-көпті кемшіліктері болып жатса кінәрат тағып һәм болмаса жүйесін тауып, оңтайлы шығып жатса мақтауын келістіріп айтатынымыз белгілі болатын-ды. Ал қазіргі қозғағалы отырған туындымыздың авторы да, аудармашысы да өзі яғни, белгілі жазушы һәм билингвист — Роллан Сейсенбаев. Түпнұсқаны орыс тілінде жазған. Кейінірек аталмыш шығарманының қазақ тілінде жарық көруіне өзі себепкер болып, ана тілімізге тәржімалаған-ды. Аталмыш шығарманың орыс тіліндегі нұсқасын орыс тілді оқырман қауымның һәм орыс ағайындардың мүдіріссіз оқып шығуына автор кепіл болғанымен (әрине оқырманы баураса), ана тіліміздегі «Хобби ғой, жарығым, хобби» туындысын оқыған оқырман қауымның арагідік ой шайқалтып немесе оқу жүйесі түйелі көштің жүрісіндей өнбей қоятын жерлерінің барлығы әдебиетші қауымға аян. Әрине, аяп айтсам адасқандық болар, қадам айтсам қастық болып көрінер. Дегенмен шындығында хақиқаты осылай. Әлбетте, сөзіміз дәйексіз һәм құрғақ желеу болмас үшін шығармадан үзінділер келтіре кеткенді жөн көрдім. Мәселен тұпнұсқадағы «А раньше был трактор» деген сөйлемді автор қазақ тіліндегі оқырманына «Ертеде трактор болған еді» деп аударып ұсынған. Меніңші бұл жерде билингвист — аудармашы Р. Сейсенбаев сөзбе-сөз аударманың теориясына салып, аталмыш сөйлемді келте қайырған. Кез-келген оқырман қауымың ертеде болған трактордың уақыт өте келе бейне бір жанды мақұлыққа немесе т.б. айналып кеткен екен ойлап қалмауына кім кепіл. (Ертеде трактор еді, мысалы, қазір ол жәндік).
3) Раздор между ним и новым директором начался в эту зиму, когда два тракториста чуть не погибли в горах, застигнутые бураном. И эту веду старик целиком относил на счет директора.
Вот уже десять лет, как вышел он на пенсию, но в разгар посевной ив во время уборки он чуть не каждый день приходил в ремонтные мастерские. Он не ворчал на моладых механизаторов, не поучал их, как это любят делать чудные
старики. Он молча занимал свое место у старого верстка и выполнял ту работу, какую считал первостеппенной в тот или другой день, точил, клепал, паял.(111 стр)
3) Шал мен директордың керісі осы қыста, екі трактористтің елсіз тауда адасып боранда қалған кезінен басталған. Трактористерге емес, шал кінәні директорға артқан. Шалдың пенсияға шыққанына он жыл болса да, ол күніне бір рет ертеде іргесін өзі қалаған, кейін совхоз үлкейтіп салдырған зәулім мастерскойға кіріп кетіп жүреді. Кейде апталап сонда жұмыс істейді. Жастарға бұрқырап ұрысып, кер езу болып жатпайды, механикпен келіскен сайманын жөндеп бір бұрышта отырады да қояды.(84 бет)
3) Состарились мы, да?-сказал Бакир.
— Ты прав, старик, кхе-же, тело стало дряхлым, к земле клонит, правда. Только сердце, сердце проклятое по прежнему трепыхается. Душа трепещет, а, Баке? (112-бет)
3) Біз қартайдық қой, — деді Бәкір.
— Оның рас, Бәке, рас, кха-ха, тән суалды, еңсені жерге тартып әкетіп барады, рас-ау. Ал мынау жүрегі құрғыр, сол баяғыдай тыпырлайды. Көңіл лүпілдейді, Бәке-а?!… (85-бет)
3) Әлбетте қайсібір аудармашы болсын, оның шығармашылық жұмысы әрине, аудармашылық сарыны, бір сарынмен жүріп отырмайтыны хақиқат. Ол бірде өзінің еркіндік тәсілін қолданып шығарманың жалпы нобайын ұсынса, бірде сөзбе-сөзбе аударып туындыны ешбір өзгеріссіз беріп отырады. Меніңше аталмыш пікірдің екеуі де жазушы Р. Сейсенбаевқа тән қасиеттер. Ол келтірілген үзіндіде аударылған нұсқасын барынша қалтқысыз дәл беруге тырысқан. Меніңше бұл жерде айтары жоқ, өте сәтті шыққан.
4) Старик, прослонившись к стене, все еще смотрел на доску. Он впервые играл с таким умелым играком и, казалось, только тепер понял, что директор неожиданно выиграл у неге. И хоть брала старика досада, он чувстовал огромное удовольствие от этой игры. “Вот так противник! Вот так джигит! Свой, видат, парен-умный, сообразительный джигит!” (117-стр)
4) Шал арқасын қабырғаға сүйеп, тақтаға әлі тесіліп қарап отыр. Мұншама шебер ойыншымен шалдың бұл бірінші ойнауы еді, іштей ұтылғанына қапаланса да, ойыннан ләззат алғаны рас еді. Сыртын бермесе де, директорға іші жылыды. (89-бет)
4) Бұл үзіндіден біздің байқағанымыз қазақ тіліндегі нұсқасында сөйлемдердің қысқартылып алынғаны аңғарылады. Түпнұсқадағы үзіндіден шығарманың айтайын деген ойын, жалпы желісі айқын аңғарылса, ана тілімізге тәржімаланған шығарманың оқырман санасын билеп кетуі дүдамал. Мәселен, «все еще смотрель на доску» деген сөйлемді «тақтаға әлі тесіліп қарап тұр» деп тәржімалаған. Жалпы тесіліп қарау қазақ тіліне ғана тән
5) Сдержанные, умные глаза женщины озарились тихой радостью ее недолгого счастья, смешанного и печалью, радостью зыбкой и калеблюшейся, как далеко марево долгого летного дня, радостью, готовой вот-вот оборваться, утихнуть и погоснуть. (120-стр)
5) Әйелдің байсалды, ақылды жанары, жылы, мейірлі қуанышқа толы еді; бірақ осы қуаныш көкжиектегі діріл қаққан сағым құсап толқулы болатын; бірақ осы лезде тұтанған қуаныш әне-міне жоғалардай, сөніп бітердей әсер қалдырған; қуанышқа толы жанардың тереңінде тығылған мұң көрінген. (92-бет)
5) Маргинал жазушыларға тән бір шығармашылық тенденция – олар адамның ішкі көңіл – күйін, сезімін ашық бейнелеуге жиі ұмтылады. Р. Сейсенбаев қаламынан қазақша өрбіген осындағы сөздер қаламгердің адам психологиясын астарлай әрі көркем түрде беруді шебер меңгергендігін көрсеткендей. Әйел портретін әсем суреттеген жазушы қазақ прозасында «Әуезов әйелдері» деген атпен белгілі болған әдемілік галереясына өзіндік өрнегімен жаңа бір нәзіктік иесін әкеліп қосқан.
6) Акпан взял себя в руки и вытер слезы. Он поднял мальчика и крепко прижал его к груди. Душа Акпана радовалась храбрости и стойкости мальчишки, но душа его все еще рыдала, билась, обливалась ковью, ощущая одиночество ребенка в этом взрослом, чужом для него мире. Душа понимала боль, обиду, жестокость, измену, нечастную любовь, одиночества, постылые упреки, все понимала, ни с чем не соглашалась, ибо была она глуха, ничтожна и мертва перед жестокой, объемной правдой мира. (123-стр)
6) Ақпан көз жасын сүртіп тастап, баланы көтеріп, құшағынан ұзаққа дейін босатпады. Ақпан ақылды, қайсар баланың ер жүрек көңіліне сүйсінді. Бірақ үлкендердің түсініксіз, бөтен тірлігінде баланың мүлде жалғыз екенін сезіп жан-жүрегі езіліп азаланған. Адам жанаы: ауруды да, әделетсіздікті де, өкпені де, сатқындықты да, бақытсыз махаббатты да, жалғыздықты да, арсыздықты да,
бәрін-бәрін сезінген, бәрін-бәрін түсінген де, ешнәрсені түсіне алмаған, ешнәрсемен келісе алмаған адам жаны, өйткені ол мынау ұланғайыр шетсіз де шексіз дүниенің ұланғайыр, шетсіз де шексіз ақиқаты алдында меңіреу екенін, әлсіз екенін абайлаған. (95-бет)
6) Шығармадан алынған бұл үзіндіден аңғаратынымыз жазушының қазақша аудармада орыс тіліндегі нұсқасын тым тереңдей, жайылта таратып беруі. Мәселен, орысша мәтінде аудармадағы «ешнәрсені түсіне алмаған» деген сөз тіркесі жоқ. Ал мұның өзі шығарманың негізгі ой өзегінің біршама ауытқуына себеп болып тұр. Біздің айтпағымыз билингвист жазушы көбінесе орыс тілінде жеткізе алмаған сөздерді, сөйлемдерді қазақ тіліндегі аудармаға жиі қосып отырған.
7) Похоронили его на высокоы сопке, недалеко от кузницы, в которой он провел, считай, большую часть своей жизни. Люди давно уже спустились с сопки и направились по домам. Акпан в одиночестве стоял возле свежей могилы старого верного друга и старался удержать слезы. “Вот и нет его, нет кузнеца Бакира. Ты потерял друга, опору, ты остался один. Но что делать? Человек многое может, он побеждает подлость, обман, страх, он участвует в войнах, и миллионы людей падают от рук других миллионов людей, человек побеждает земную тяжесть, посылал в небо космические корабли, и лишь одного ему не дано – победить судьбу, начертанную аллахом, победить смерть. Но почему? Неужели сталь слаб человек? Или все-таки есть в нем сила? Кто его знает, кто его знает…” (125-стр)
7) Бәкірді ұстахананың қасындағы биік төбеге жерледі. Ел төменге түсіп кетседе, Ақпан бейіт басында тізерлеп әлі отыр; ескі көз досын қиып кете алмай қиналған, буын-буыны босап, кәрі көзге тығылған жаты тиюға қауқары жетпей кеңк-кеңк жылай берген. “Міне, Ақпан, атасының көрі, алдамшы өмір деген осы: осы білгің келсе; қос қанаттың біреуінен айырылып, қисайып құлаған бұркіт құсап қалдың енді: , Бәкір досың, жалғыз сенген досың, сеніскен досың кетті о дүниеге, кетті ұзақ, белгісіз сапарға; о құдірет, алдау мен арбауды, айуандық пен қорқынышты жеңген адам ғасырлар бойы соңысып бірін-бірі жалмаған адам, жердің тартылыс күшін ноқталап аспанға космос кемелерін жіберген адам, осынша әлсіз екен-ау; әлсіз екен ғой, адам тағдырдан аса алмай қиналады екен, өлімді жеңе алмай күйрейді екен. Неге? Неге адам осынша әлсіз? Әлде өлім деген басқа ұғым ба? Адам түйсігінен, адам құдретінен тысқары, мал, тылсым, белгісіз күш пе? Не? Не? (97-бет)
7) Әдетте маргиналдық әдебиетте мойындалған бір жайт ол аудармашының екі мәдени әлемді қабыстырушы тұлға екендігі. Мұндай жағдайда шығармадан екі түрлі дүниетанымның исі аңқып тұратыны бесенеден белгілі. Өз шығармаларын , алдымен, орыс тілінде жазып, содан соң қазақшаға тәржімалайтын Р. Сейсенбаев , біздің ойымызша ондай қоспалылықтын біршама ада. Өйткені қазақ тіліндегі мәтіндік аудармада нағыз ұлттық танымнан хабардар адамның қолтаңбасы байқалады.
Қорытынды.
Аударма қазіргі жаһандастырылған, ғаламданған нарықтық әлемде көп сұранысқа ие болып отырғаны белгілі. Аударамашылық үрдісі – уақыт талабына сай туындаған мезгілдік, ағымдық сән емес, ол, шындығында, бой түзеген, ақыл тоқтатқан ересек мәдениеттің өзіндік рефлекциясы. Ол – ұлттық мәдениетің жаңа интеллектуалдық, санаткерлік дәстүрді өз бойына тартуға мүмкіндігі барлығын көрсететін өркениеттілік өлшемі.
Қай елде болмасын аударма тарихи дамудан бөлектеніп қалмайды қандай да бір жаңа мәдени дамудың, ел мәдениетіндегі рухани өрлеудің жаңа кезеңіндегі қуатты идеологиялық қару ретінде аударма ерекше маңызға ие. Аударма әр дәуірдең идеялық – эстетикалық талаптарына сай орындалады. Аударма өткенге қазіргі уақыттың қызығушылығын арттыру үшін айрықша ықпал етеді. Сөйтіп әдебиеттің халықтар арасындағы пәрменділігі, қуаттылығы күшейе түседі.
Ұлт әдебиеттерінің өзара байланысы, олардың бірін – бірі байытуы осы асқақ мұраттан бастау алады.
Аударма міндеті мен мақсаты – үлкен, кең ауқымды. Көркем әдебиеттің байлығы аудармасында туған тілдің байлығы мен сұлулығын қорғау, әлемдік әдебиеттің ұлы жаһарларындағы құндылықтардың бәрін игере білу және оны сол жасампаздық рухта, биік деңгейде өз ұлтына жеткізе білу арқылы айқындалады.
Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі жақсы, үлгілі аударма тәжірибелерін жеткіліксіз, үстірт зер салу шетендеп қана зерттеу болып отыр.
Аударманы егжей – тегжейіне жете жан – жақты талдау аса мәнді шарт, талданғанда шығарманың идеялық көркемдік қасиеттерін аударманың бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын, түп нұсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық ұйқастың нәзік ұтымды тетіктерін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің бұрын – соңғы аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет.
Аударматанудың лингвомәдени мәселесін сөз еткен А.Алдашева бұл пәннің зерттеу көздерін ғылыми тұрғыдан анықтап, оның лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарымен ортақтығына тоқталады. Белгілі бір халықтың тілімен бірге жасасып келе жатқан өз сөзі, өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз тіркесі, афоризмі, мақал-мәтел бар екендігі туралы әрі дәл осы фактордың аударма ісіндегі негізгі қиындық көзі болатындығы туралы да біраз ойларайтыфлып жүр. Бұл мәселе тілдегі «лакунарлық» («лакуна» — дәлме-дәл аударуға келмейтін тілдік «ақтаңтадтар») құбылысымен тығыз байланысты. Лакуна, бейнелі жеткізер болсақ, ұлттық «бет-пішіні» бар сөз, ол ұлттың әлеуметтік-этникалық, саяси-адамгершілік, тұрмыстық нормалары мен қағидаларынан мәлімет жеткізетін концепт.
Концепт деп қалыптасқан мәдениеттің ықпалынан туындайтын әрі сол мәдениет өкілдерінің әлем бейнесін сипаттауына араласпай тұрмайтын ядролық ұғымдық бірлікті айтады. Әр халық мәдениетінің өзіндік концептосферасы бар. Осында концептосфера (консептер әлемі) туралы қысқа тоқтала кететін болсақ, онда бұл ұғымды ғылыми қолданысқа орыс филологы, мәдениеттанушысы, академик Д.С.Лихачев енгізгенін айтуымыз керек. Аудармада түпнұсқаның мәтіні ұлттық өзіндік консептосферасының болуының арқасында, сол мәдениеттің өзіндік когнитивті (танымдық) кеңістігінің болуының нәтижесінде көптеген өзгерістерді басынан кешіреді.
Концептер жеке тілдік тұлға үін болсын, жалпы лингво-мәдени тұтастық — қауым үшін болсын экзистенциалды маңызға ие.
Көрнекті аудармашы, теоретик, әрі зерттеуші М. Әуезов: «Аударма, бір жағынан, шеберліктің де мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың творчестволық сырына қанады оның көргенін көріп, білгенін біледі, сол арқылы өзінің ой — өрісін ұлғайтумен қатар, авторша машықтанып үйренеді. Бұл жағдай шын талант иесінің бойынан творчестволық қайнардың жаңа көздерін ашуға себепші болады» — деп бекер айтпаса керек.
Аудармашыны дискурс ету барысында өзектілік танытатын категория “адалдық” категориясы. Бұл категория гендерлік ізденістердің посткеңестік кеңістіктегі танымал өкілдері – Елена Здравомыслова мен Анна Темкинаның айтқанындай, жыныстар арақатынасының патриархаттың дискурсына сай коннотацияға ие болса керек. “Перевод, подобно женщине, должен быть верным. Но кому? Верность перевода двояка направлена. С одной стороны, существуют требования верности оригиналу. С другой, необходимо соблюдать верность родному языку переводчика. Такие требования оказываются взаймоисключающими. Переводчик должен соблюсти верность двум “супругам”.
Демек, жоғарыда келтірілген цитатадан көретініміз – аударманың онтологиялық салыстырмалығы. Аударма “ә” дегеннен ықтималдығымен, қатып қалған қағидалы дүние еместігімен анықталады деген сөз. Себебі әрбір аударма ешқашан бастапқы мәтіннің – түпнұсқаның өзі бола алмайды, ол – оның өзіндік талданған, өзгеріске ұшыраған түрі.
Туған тіліңе де, аударайын деп отырған мәтініңнің – түпнұсқаның өз тіліне де бірдей “жағымпаздану” туралы дилемма қою – авторлық туралы мәселенің, аударманың біріншілігі әлде екіншілігі туралы сұрақтың орынсыз қойылуынан туындайтын нәрсе. Осындай күрделі мәселелердің алдын алу үшін мәтінді дискурсивті өндірістің өнімі деп, яғни постмодернистік дәстүр аясында қарастыру керек. Постмодернистік парадигмада түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінін бөле-жара қарастыру орнына интермәтінділік ұғымы тұрғсынан түсіну орын алды. Ол тұғынама бойынша, мәтіннің шекаралары ешқашан да анық болмаған және болмақ емес те. Оларды дәл басып көрсетудің өзі де қиын. Демек, түпнұсқа да, аударылған тәржіма да алдындағы мәтіндерге байланысты. Автор белгілі бір әлеуметтік-мәдени кодты ғана бере алады. Қалғаны оған байланысты емес. Ендеше, түпнұсқа түсінігінің өзі екіталай болып шыға келмек. Өйткені, мәтін бір ғана автордың әрекетінің жемісі емес, мәтін — оқу, жазу, аудару, талдау барысындағы интерпретацияның (өзіндік түсінудің) нәтижесі болмақ.
Аударма — екіжақты бағытталуымен құнды дүние. Онда автор да, аудармашы да мәтінмен “жұмыс істейді”, сөйтіп, дискурсивтілік авторы ұғымы туралы бірер сөз айта кетер болсақ, онда оны енгізген М. Фуко екендігінен бастау керек. Үйреншікті “классикалық автор” мен “дискурсивтілік авторының” арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Кәдуілгі авторлық жеке тұлғалық бастаманың пайда болуымен дүниеге келсе, дискурсивтілік авторлығы ХІХ ғасырда бой көрсетеді. Олардың қатарына К. Маркс, З. Фрейд сынды белгілі бір дәстүрлер қалыпастырған, көптеген ізбасарлар мен жолын қуушылары, мектептері бар ірі классиктерді кіргізуге болады. Дискурсивтілік авторларының есімдері мәтіндер қатарын біріктіруге, оларды басқалардан шектеуге, бір сөзбен айтқанда, шексіз көп мәтіндерді жіктемелеуге мүмкіндік береді.
Сонымен, біз түпнұсқаның да, аударманың да бір-біріне қарыздар екендігін, сол тұрғыдан алғанда, бірінен бірі асып түсіп тұрмағандығын, олардың өзара тепе-теңдігін нақтылаймыз. Аударма түпнұсқаны оның туған дискурсында кездеспеген жаңа мағынамен толықтырады, өйткені ол түпнұсқа мәтінін басқаконцептер әлеміне бейімдеп, бөгде тілдік “матаға орайды”.
Аудармашылық – нағыз шығармашылық өнер. Ал аудармашы өзі әдейі ойластырмай-ақ, міндетті түрде лингвомәдениеттанулық ізденіс жүргізеді деуге толық негіз бар. Аударма ісінің озық үлгісі ұлттың әдебиетінің, ұлттың мәдениетінің көтерілуіне үлкен септігін тигізеді. Бейнелі айтар болсақ, аударма әрқашан әлемге, жарыққа ашылған терезе сияқты. Онсыз самал соғып, “үй ішінің” (тіліміз бен мәдениетіміздің деп ұғыңыз) ауасы тазармайды, күн сәулесі түсіп, кеңістігі шұғылана құлпырмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. Алматы: Жазушы. 1987-232б.
- Қ.Қ. Алпысбаев, Г.Қ. Қазыбек Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі. А. 2001 ж.
- Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А. 1975 ж.
- Талжанов С. Көркем аударма туралы. А. 1962 ж.
- Жұртбаев Т. Толқы А. Қаз-н 1997 ж.
- Ипмағанбетов Ә. Көркем аударманың кейбәр мәселелері // Көркем аударманың кейбәр мәселелері (мақалалар жинағы)-Алматы Қазмемкөркемәдеббас. 1957-1725 ж.
- Жұртбаев Т. Көркем аударма. Уақыт және қаламгер. 1986 ж. 12 кітап
- Қазыбек Г.Қ. Аударматануға кіріспе. А. «Қ.У» 2004 ж.
- Дәулетпаев М. Аударма мәселесі //қазақ әд.1936,17мамыр
10.Кекілбаев Ә. «Дәуірмен бетпе – бет». –Алматы: Жазушы 1972,-184 бет
11 Сүлейменов О. Определение берега. –Алматы: Жазушы, 1976-456с.
12 Ә.Кекілбаев 12 томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Өлке 1999,-Т.6 -464 б.
13.Бес ғасыр жырлайды –Алматы: Жалын,1989-Т.1.-384б.
14.Сүлейменов О. Аңғарда. Түнгі теңеулер. Суретшілер//Жұлдыз, 1965 №4
15.Сулейменов О. Ази Я.-Алматы:1975.
16.Сулейменов О. Аз и Я.-Алматы:1960.
17.Сулейменов О. Аргамаки.-Алматы:1961 . 18. Сулейменов О. Глиняная книга.-Алматы:1969.
19.Сулейменов О. Год обезьяны.- Алматы: 1967.
20.Сулейменов О. Доброе время восходаг.- Алматы: 1964.
- Сулейменов О. Земля, поклонись человеку! — Алматы: 1961.
22.Сулейменов О. Избранная лирика,- М.: 1968.
23.Сулейменов О. Избранное. –М.: 1986.
24.Сулейменов О. Каждый –утра. –М.: 1973.
25.Сулеименов О. Круглая звезда. –М.: 1975.
26.Сулейменов О. Над белыми реками. –Ташкент: 1970.
27.Сулейменов О. Ночь — парижанка. – Алматы: 1963.
28.Сулейменов О. От января до апреля. – Алматы:1989.
29.Сулейменов О. Определение берега. –Алматы: 1976.
30.Сулейменов О. Повторяя в полдень. – Алматы: 1973.
31.Сулейменов О. Преодоление. – Алматы: 1987.
32.Сулейменов О. Солнечные ноче. — Алматы: 1962.
33.Сулейменов О. Трансформация огня. — Алматы: 1983.
34.Бактин М. М. Вопросы литературы и эстетики. — М.: 1975.
35.Бактин М. М. Литературно-критические статьи. –М.: 1986.
36.Бактин М. М. Проблемы поэтики Достоевского. –М.: 1963.
37.Бактин М. М. Эстетика словесного творчества. –М.: 1979.
38.Бактин М. М. Творчество Франсвуа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. –М.: 1990.
39.Белинский В. Г. Собр. соч. В 3-х томах.М.: 1948.
40.Бердяев Н. А. Истоки смысл русского каммунизма. –М.: 1990.
41.Джуанышпеков Н. О. Времен связующая нить. – Алма-Ата: 1991.
42.Джуанышпеков Н. О. Сравнительно- типологическое изучение руской и казахской литератур в контексте мировой литературы и культуры.( Методические рекомендации и программа к интегрированному курсу литературы в русской школе Казахстана. 5-11 классы средней общеобразовательной школы).-Алматы:1993.
43.Джуанышпеков Н. О. Программа курса Мировая художественная литература (деля вузов).-Алматы:1995.
44.Джуанышпков Н. О. Чтоп дороко от горячих шагов не остыла…(О ранней поэзия ОСулейменов) .-Алма-Ата: 1993
45.Зарубежная литература. Эпоха Возраждения./ хрестолматия.- М.: 1976.
46.Зарубежная литература средних веков./ хрестоматия. Т. 1-2. –М.: 1975
47.Исмаилов Е. С. Акыны.-Алма-Ата: 1967.
48.История казахской литературы в 3 т.- Алма-Ата: 1968-1979.
49.Казахская советская энциклопедия.-Алма-Ата: 1981.
50.Казахский сборник. Сост. Джансугуров И., Тогжанов Г. – М.; 1934
51.Каратаев Мировоззрение и мастерство. – Алма-Ата: 1965.
52.Каратаев М. Новые горизонты.-Алма-Ата: 1979.
Пайдаланылған газет – журналдар:
- Бердібай Р. «Тарихи аңыз шындығы» //Жұлдыз .1984 ж., 10, 190-194б.
- Бельгер Г. «Аударма ахуалы ойлантады» //Қазақ әдебиеті .1980 ж. 14 б.
- Тойшықов Қ. «Аударма турасында» //Қазақ әдебиеті. 15/Ш-1936 ж. №2 (67)
- Бельгер Г. «Аударма жауапкершілігі» //Қазақ әдебиеті 1967 ж. 14 сәуір
- Аударма – асыл қазына. //«Жұлдыз» журналы 1962 ж. №7
- Сыздықов Р. Аударма-үлкен өнер. // Қазақ әдебиеті . 1984 ж. 2 қараша
- Талжанов С. Аударма-үлкен өнер. // Қазақ әдебиеті . 1967 ж. 14 сәуір
- Шәкәрімнің соңғы шығармаларынан. // Абай журналы, 1994ж №9
- Ахат Шәкәрімұлы. Менің әкем, халық ұлы Шәкәрім .// Жұлдыз, 1992ж, № 11.