ЖОСПАР
КІРІСПЕ—————————————————————————
І-ТАРАУ. Мәдениет пен «мәдени революцияның»
мәні мен мақсаты
1.1. Мәдени революцияның зерттелуі————————————
1.2. Ұлттық интеллигенция өкілдерінің мәдениет
саласындағы қызметі————————————————-
ІІ-тарау. Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы
мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары
- Оқу-ағарту саласындағы мәдениет қызметі——————
- Ғылым мен өнер саласындағы мәдениеттің дамуы———
ҚОРЫТЫНДЫ—————————————————————
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ——————————
Кіріспе
Тәуелсіздікке қол жеткен, өз билігі өзіне тиген, империялық, тоталитарлық идеологияның догмаларынан босаған елімізде, жаңа жағдайда отаршылдық саясаттың нәтижесінде бұрмаланып келген ұлттық тарихтың беттерін қайтадан қарап, бұрын зерделеуге тиым салынып келген мәселелерге жаңа көзқарас тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік туған кезең келді. Сол себепті, қазіргі заманда белгілі тарихи процестер мен құбылыстрға басқаша бағалар беріліп, зерттеулердің методологиялық негіздері өзгерген. Бұл заңды да. Өйткені, кеңес дәуірінде өмір сүрген тоталитарлық идеологияның өктемдік құрған жағдайында мәдениетіміздің тарихи, оның әртүрлі кезеңдерін шындық құрылысы тұрғысынан саралауға жол жоқ еді. Жазатынымыз да, айтатынымыз да белгі штамп, қағидалар: «бұрын мәдениеті дамыған ел», «социализм арқасында ғана мәдениеті гүлденген ел» болдық дегендерді құрғақ қайталау болды. Бұл жай ғана империялық өктемдіктен туған идеологиялық насихаттың жалаң қағидалары емес еді. Ең бастысы-мұндай тұжырымдар ғылымның күмән тудырмас ақиқаты ретінде ұрпақтар санасына сіңірілді. Сонау көне заманнан бастау алатын мәдениетіміздің тарихы шартты түрде екіге бөлінді: бірінші кезең-қазан төңкерісіне дейінгі феодалдық–патриархалдық қоғамның» жабайы мәдениеті», екіншісі, кеңес дәуірінен бастау алатын нағыз тарих, оның ішінде «мәдени революцияның» нәтижесінде пайда болып, дамыған «түрі ұлттық, мазмұны социалистік болашағы күмәнді рухани құндылықтарды өмірге әкелді.
Қазақ халқының ардақты азаматтарының бірі, көрнекті қайраткер Мұстафа Шоқай 30-шы жылдардағы кеңес өкіметінің мәдени саясаты туралы: «Көне Ресейдің орыстандыру саясатынан іс жүзінде ешқандай өзгешелігі жоқ қулық-сұмдықтарын Лениннің «социализм», «Интернационализм» негіздеріне сәйкестендіру үшін большевиктер бір жаңа формула ойлап шығарды. Ол енді түрі ұлттық, мазмұны-пролетарлық болсын» деді. Асылында халықтың рухани дүниесі (мәдениеті) біртұтас нәрсе оны «мазмұнға және формаға» бөлуге болмайды. «Кез келген рухани мәдениет өзінің мазмұнымен айқындалады» (1),-деп жазған болатын.
Міне, сондықтан да қарастырылып отырған кезеңдегі мәдениет саласында жүргізілген саясаттан туындайтын басты сауал-төлтума мәдениетіміз неліктен бұрмаланды, неге шеттетілді? қойылған сауалдарға жауап іздеу үшін негізгі екі мәселені басын ашып, ой елегінен өткізу қажет. Бірден «таптық мәдениет», оның мәні, екіншісі, мәдениетттің саясаттың құралына айналуы. Осы қойылған мәселелер Кеңес өкіметінің арнап, нығая бастаған 20-30-шы жылдарға тікелей қатысты.
Әрине, қысқа мерзімде қазақ халқы мәдени революцияның нәтижесінде жаппай сауаттануды басынан кешірді, республикада театр мен мектептер жүйесі құрылды, жас ұрпаққа міндетті бастауыш білім беру, ұлттық интеллигенция кадрларын қалыптастыру сияқты бірінші кезекте тұрған міндеттерді шешу істері жүзеге асырыла бастады.
Қазақстандағы мәдени революция өзінің даму барысында бірнеше кезеңді басынан өткізді. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында мәдени құрылысқа партиялық –мемлекеттік басшылық жасауда демократиялық принциптер толық түрде ескерілмегенімен ұлттық мәдениет жаңа қоғамға бейімделе өмір сүру кезеңінде болатын.
Ал 20-шы жылдардың аяғына қарай қоғамда орныққан тоталитарлық жүйе билік орныққан кейін қоғамның мәдени өмірінде орын алған бұрмалаушылықтар мен қысаң саясаттың салдарынан халықтың рухани санасына қайғы- қасірет келді. Ол кезең туралы партияның соңғы сьезіндегі мәлімдемеде былайша мойындалды: «…Догматизм үстем болып, бөгде ойға төзбеушілікті туғызды. Халықтың мәдени- рухани қазыналары
————————————————-
- Шоқай М. Таңдамалы А., 1998. 1-т. 153-б.
интелигенттік байлығына менсінбей қараушылық күштеп тықпаланып отырды. 30-50 жылдары ақ социализм принциптерінің бұрмалануы елімізді дамытуда күрделі проблемаларды туғызды. Ал ХХ-ғасырдың екінші жартысында бүкіл адамзаттың өмірінде ғылыми-техникалық революцияға байланысты елеулі бетбұрыс болған кезде өктемдік –бюрократиялық жүйенің елімізді дүние жүзілік цивилизация арнасына түсіруге қабілетсіз екені айқындалды» /2/.
Кеңестік дәуірде тапқанымыз бен жоғалтқанымыздың бір парасы мәдениет тарихы мәселесіне келіп тіреледі. Адамдардың мәдени-рухани жан дүниесін жаңаша қалыптастыру кезеңі өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарына дәл келеді. Міне, сондықтан да тарихшылар алдында 20-30-шы жылдардың күрделі оқиғаларын жан-жақты жаңа теориялық-тұғырнамалық және зерттеушілік көзқарастар негізінде талдап көрсету арқылы мәдениетіміздің тарихын жаңаша бағалап, қарастыру міндеті тұр.
Тақырыптың мақсаты, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның рухани мәдениетінің тарихын кешенді түрде проблемалық тұрғыдан, бұрын ғылыми айналымға түспеген жаңа құжаттар мен деректердің негізінде біртұтас тарихи процесс ретінде ашып көрсету, осы арқылы республикада жүзеге асқан мәдени революцияны саяси өзгерістермен байланыста қарау, оның тарихи кезеңдеріне, мәдениеттегі тоталитарлық саясаттың жағдайында орын алған үрдістерге ғылыми талдау жасау болып табылады.
Бітіру жұмыстың хронологиялық ауқымы-ХХ ғасырдың 20-30 жылдары. Оны екі себеппен айқындауға болады. Біріншісі, жалпы қарастырғанда мәдениет саласындағы өзгерістер Қазан төңкерісінен басталды. Екіншісі-кеңес өкіметінің алдына қойған мақсаты социалистік мәдениеттің негізі 30-жылдары қалыптасты.
———————————————-
- Социалистік Қазақстан 1990ж. 30-маусым.
Егер 20-жылдары Қазақстанның мәдени өмірінде ұлт зиялылары ат салысып, мәдениеттегі демократиялық бағыттың өмір сүруіне мұрындық болса, 20-жылдардың аяғы 30-жылдары тоталитарлық идеологияның белең алған, орныққан кезеңі болатын.
Қазақстанның тарих ғылымында мәдениет тарихының, оның ішінде мәдени революцияның тарихнамасы жан-жақты зерделеніп, дамыған сала емес. Кеңес дәуірінде 20-30 жылдардағы мәдени революцияның тарихының проблемалары төңірегінде жазылған еңбектер бірыңғай партиялық, таптық көзқарас тұрғысынан жазылғандығы белгілі. Бірақ, бұл еңбектер белгілі бір тарихи кезеңнің көрінісі ретінде тарихнамадағы өз орындарына ие болуға тиіс.
Бітіру жұмыстың құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және әр тарау екі тақырыпшадан тұрады.
Жалпы қарастырсақ, 20-30 жылдар Қазақстанның тек әлеуметтік-саяси жағдайында ғана емес рухани өмірінде де түбегейлі өзгеріс болып, жаңа мүлдем өзгеше рухани ортаның қалыптасқан кезеңі болды.
І-тарау. Мәдениет пен «мәдени революцияның» мәні мен мақсаты.
1.1. Мәдени революцияның зерттелуі.
Жалпы мәдениет тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса да, оның салыстырмалы түрде дербес процессс екендігі, өзінің ерекше белгілері және заңдылықтары болатындығы мойындалған.
Мәдениет тарихы қоғам өміріндегі рухани саланың әр қырына мән беріп, адамдардың санасындағы өзгерістерге, сонымен қатар кәсіптік рухани өндірістегі өзгерістерге де көңіл бөледі.
Зерттеуіміздің объектісі ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары болғандықтан соңғы формацияның мәдениетінің қалыптасу жолдарына назар аударған жөн сияқты.
Революциялық төңкеріс жасау жолымен орнаған комунистік қоғамның мәдениеті де революциялық тәсілмен жасалуға тиіс еді. Мәдени революцияға саяси революцияның жалғасы ретінде жаңа қоғамның рухани өмірінде түбегейлі қайта құруды жүзеге асырып, жаңа көз қарасындағы, коммунистік идеологияға берілген адамды тәрбиелеу міндетін іске асыру бағытында жүргізілу қажеттілігі туындады. Осыдан, мәдени революцияны социализмге өту кезеңіндегі міндетті шаралардың бірі ретінде қарастыру басталды. (1)
Мәдени революцияның мәні мен мағынасы туралы кеңес дәуірінде жарық көрген теориялық еңбектерде бір арнаға тоғысқан пікір болмады. Зерттеушіердің көпшілігі мәдени революцияның негізгі міндеті мен мазмұны жан-жақты дамыған жаңа адамды қалыптастыру деп түсіндірді. Ал, жаңа адамның толық қалыптасу кезеңі партия бағдарламасы бойынша коммунистік қоғамның жоғарғы сатысында болуы керек. Сонда мәдени революция коммунизмге дейін жалғасуы қажет пе деген сұрақтардың туындауы заңды деп білеміз.
—————————————————
- Межуев В. М. О понятий культуры М., 1966
«Мәдени революция қоғам өмірінің рухани саласындағы революциялық өзгерістер процесі, социализм құру заңдылықтарының маңыздыларының бірі, жаңа социализмдік түрдегі рухани өндірісті орнықтыру, дүниежүзілік мәдениеттің дамудағы жоғарғы сатысы социализмдік мәдениетті жасау, еңбекшілерді мәдениеттің жетістіктеріне жақындастыру. Мәдени революция барлық еңбекшілерді мәдени-тарихи процестің әлеуметтік белсенді қатысушыларына айналдыруға, жаңа адамды қалыптастыруға бағытталған» (1).
20-30-шы жылдары мәдени революцияның арқасында негізінен жалпы демокртиялық міндеттер жүзеге асырылды. Атап айтқанда, халық арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш білімді енгізу, мектеп реформасы, білім саласында әйелдердің теңдігін орнату, халықтардың өзінің ана-тілінде мектептер ашуға құқыққа ие болуы т.б. мәдени революцияның негізгі мәні болғандығы И. Сталиннің еңбектерінде көрініс тапты. Билік басына келгеннен кейін партия көсемі басқа шаралар сияқты мәдени революцияның мақсатына да «қарапайымдылық» енгізгендігі белгілі.
Кеңес дәуірінің соңғы кезеңі 70-80-ші жылы ғылымда мәдени революцияның мәні мен міндеттерін кең мағынада қарастыру орын алды. Кеңес зерттеушілері мәдени революцияны кезеңдерге бөліп, оны жалпы социалистік құрылыспен тығыз байланыста қарастырды. Мәселен, мәдени революцияның бірінші кезеңін социализмнің мәдени негіздерінің құрылуы (1917- 1941 жж) ретінде белгіленген. Бұл проблеманы ғылыми жағынан дәйектеген академик М .П. Ким болатын (2).
————————————————————
- Философский энциклопедический словарь М., 1983 295-б.
- Ким М. П. Культурная миссия социализма М., 1985 28-б.
Ал, 1965 жылы өткен кеңес мәдениеті мәселелеріне арналған ғылыми конференцияда М.П Ким басқа кезеңдерді ұсынған еді. Мәдениеттегі идеялық күрес және оның зардаптары (1917-1927 жж) бастапқы кезеңі (1928-1958 жж) шешуші кезең т.б. (1). Қазақстандағы мәдени революцияның кезеңдерін анықтауда академик Р.Б. Сулейменовте осы ұстанымды, қолдаған болатын (2).
Республикада жүргізілген мәдени революцияның тарихы да көп жағдайда бұрмаланған, «ақтаңдақтары» көп тарихи мәселенің біріне айналды.
Тарихта мәдениеттің, қоғамдық-саяси пікірдің алдағы өзгерістерге мұрындық болып, қоғамда белсенді роль атқарған кездері болған. Мәселен, ХХ ғасырдың басында қоғамда түбегейлі өзгеріс жасау идеялары мәдениетте көрініс тапты. Орыс ойшылдары арқылы бостандыққа жету, еркін қоғам орнату идеяларын творчестволарына арқау етті. Сөйтіп, мәдениет сол кезеңдегі әлеуметтік шындықтың негізінде қоғамдық революциялық төңкерістің бастамасын жасады. Осы тұрғыдан алғанда кейін, кеңес дәуірінде басталған мәдени революцияның өзі бастапқы қалыптасқан революциялық сананың жалғасы тәрізді болды. Нәтижесінде, мәдениеттің барлық салаларының саясаттың жетегінде кетуі 20-30-шы жылдары тарихи шындыққа айналды.
Осы мәселені қазақ қоғамымен байланыстыратын болсақ, ХХ ғасырдың басын қоғамдық санада ұлт-азаттық идеяларының күшейіп, ұлттық рухтың оянуына түрткі болған кезең деп білеміз. Бұған ұйтқы болған ұлттық мәдениеттің жанашырлары қазақ зиялылары еді. Ұлттың жаршысы болған қазақ баспасөзін ашудан бастаған олар, азаттық идеяларын жалпы ұлттық санаға айналдыру жолында қызмет етті.
———————————————————
- Ким М.П. Культурная революция в СССР 1917-1965 гг. М., 1967, 81 б.
- Сулейменов Р. Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане А., 1972 70-б.
Кейін, кеңес өкіметі орнағаннан соң да, ұлт зиялыларының мәдениет саласындағы қызметін азаттық жолындағы күрестің ерекше түрі деп түсінген дұрыс. Мұндағы айтпақ ойымыз, қоғамда объективтік-тарихи жағдай қалыптасқан кезеңде ұлттың зиялы қауымының қоғамдық сананы қалыптастыру арқылы өмірде белгілі бір арнаға бағыттауға мүмкіндігі болатындығы қазақ елінде қалыптасқан мұндай жағдайды Ресей империясында болған қазан төңкерісі басқа бағытқа түсіріп, өз билігіне тартып әкетті.
Бұл жерде орыс интеллигенциясының арасында социалистік идеологияға берілгендік басым болса, қазан төңкерісіне дейінгі зиялы қауымы демократиялық құндылықтарға жақын болғандығын айту керек.
Жалпы, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс интеллигенциясының идеологиясы мен саяси психологиясында ұлттық идея басымдылықта болмады. Орыс ойшылы Н. А. Бердяев ол туралы былай деп жазды. Дәстүрлі интеллигенттік санада қайырымдылық, әділеттілік, халықтың қамы, халықтар туыстығы сияқты құндылықтар болды, бірақ дүниежүзілік құндылықтар сатысында ерекше орын алатын ұлттық құндылықтар болмады (1)-деп жазды.
Мәдени революция ең алдымен социализм құру жолындағы бүкіл қоғам масштабындағы саяси мақсат-тілектерді іске асыруға бағытталған партия бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Оны мәдени революцияның жалпы барысында жүзеге асқан кейбір шаралардың өзі көрсетіп береді. Мәселен, рухани саладағы демократиялық өзгерістер, атап айтқанда рухани құндылықтарды өндіру мен бөлуде еңбекші халықтың толық қатыстырылуы, рухани саладағы ұлттық теңсіздіктің жойылуы, ғылым
—————————————————
- Бердяев Н.А. Судьба Россий М., 1990 44-б.
мен білімнің дамуы, халықтық интеллигенцияның қалыптаса бастауы мәдени революцияның нәтижесі екендігі тарихи шындық.
Кеңес дәуірінің соңғы кезеңі, 70-80-ші жылдары ғылымда мәдени революцияның мәні мен міндеттерін кең мағынада қарастыру орын алды. Сол себепті, мәдениет теориясы мен тарихы төңірегіндегі қалыптасқан концепцияларды негізге ала отырып, жоғарыда көрсетілген мәдени революция туралы қарапайым түсініктердің қалыптасуына қарсы жаңа ғылыми ізденістер жасала бастады. Нәтижесінде, мәдени революция концепциясы кең мағынада қарастырылып, ол «пролетариаттың саяси революциясының жалғасы ретінде жалпыдемократиялық міндеттерді де шеше отырып, басынын бастап рухани саладағы социалистік революция болды» деген пікір осы мәселенің өзегіне айналды.
Қазіргі замандағы бұрынғы теориялық, көзқарастық парадигмалар мен схемалардан бас тартқан кезеңде мәдениет пен мәдениет тарихын жан-жақты игеру үшін, теория мен методологияның рөлі арта түспек. Бұл жердегі басты мәселе, мәдениет пен мәдениет тарихының жаңа теориялық ұстанымдарын жасау болып отыр. Ол үшін, біздің ойымызша, мәдениетке байланысты тарихи материалдарды қайта қарап, ой елегінен өткізіп, тарихи кезеңдерді концептуалдық жағынын қайта саралап, негізгі идеяларды байсалды түрде тұжырымдап, әр кезеңнің негізгі заңдылықтарымен ерекшеліктерін көрсету қажет. Әңгіме бұл жерде жаңадан теориялық ұстанымдар мен жауабы даяр схемалар ойлап табу туралы болып отырған жоқ. Мәселен, бар материалдар мен деректерді жүйелеп, сыни тұрғыдан бағалай отырып, жаңаша көзқарас тұрғысынан концептуальды модель жасауға жету болып отыр. Мұндай жолды қоғамдық құбылыстарды зерттеуде М. Вебер ұсынған «түсінетін социалогия ғылымын ұсынған болатын (1). Сол сияқты «түсінетін» культурологияның да осы мәселені жаңа жағдайда шешуге мүмкіндігі бар.
————————————————————
- Ионин Л. Г. Понимающая социология М., 1990 207-б.
Мәдени революция мәселесінің тарихнамасы алғашқы рет арнаулы зерттелуі «Социалистический путь культурного прогреса отсталых народов» атты кітаптың Р.Б.Сүлейменов жазған кіріспесінде болды (1). Кіріспеде мәдени революция мәселесіне арналған ғылыми еңбектерге жалпы шолу жасалып, Қазақстандағы кеңес мәдениетінің зерттелуі кезеңдерге бөлу ұсынылды. Кіріспеде проблеманың барлық қыры қарастырылмады, барлық еңбектерде қамтыла қоймады.
70- жылдардың аяғы мен 80-жылдары Одақ көлеміндегідей Қазақстанда да тарихнамалық зерттеулерге көңіл бөлініп, жеке, коллективтік монографиялар жарық көре бастады.
1983 жылы басылып шыққан тарихнамалық жинақта Р.Б. Сүлейменовтың мәдени революцияның республикада зерттелу кезеңдері туралы мақаласы болды (2). Зерттеуді осы проблема бойынша бұрын-соңды жарық көрген еңбектермен салыстыра қарайтын болсақ, өзінің ғылыми деңгейі, мәселенің ауқымды түрде қойылуы жағынан ерекшеленеді. Мақалада мәдени революция мәселелерінің зерттелу кезеңдері белгіленді. Мақаланың авторы, КСРО-дағы мәдени революцияның тарихнамасын зерттеу барысында Л. М. Зактың ұсынған мәселені зерттеу кезеңдерін қабылдап, басшылыққа алуға ұсынады. Олар мына кезеңдерден тұрады: 1917 жылдан 30-шы жылдардың басына дейін-мәдениет тарихнамасының пайда болуы және қалыптасу кезеңі; 30-шы жылдардың ортасынан-50-ші жылдардың ортасына дейін-тарихи мәдениеттанудың одан әрі даму және кәсіптік деңгейге көтерілу кезеңі; 50-ші жылдардың аяғынан-60-шы жылдардың басынан-мәдениетті зерттеудің қазіргі кезеңі (3).
———————————————————
- Сулейменов Р. Б. Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов А., 1967, 31-б.
- Сулейменов Р. Б. Вопросы историографии Казахстана А., 1983 71-б.
- Сонда 74-75 бб.
Жалпы алғанда, көрсетілген жобамен келісуге де болады. Себебі, біріншіден, мәдени революция процесі одақ көлемінде жүргізіп, бір орталықтан басқарылып отырды, екіншіден, интернационалдық мәдениет жасауды қолға алған партияның барлық республикаларға бірдей ұстанымдарды басшылыққа алуына байланысты, кейбір ерекшеліктері болмаса, барлық жерлерде бір іс атқарылғаны белгілі. «Қазіргі кезең» деп аталған үшінші кезең, бүгінгі күндері басқаша көзқарасты қажет етеді. Біздің ойымызша, үшінші кезеңді 1985 жылы басталған қайта құру мен аяқтап, 1985 жылдың ортасынан бастап, одан кейін жалғасатын тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы мәдениет проблемаларын зерттеуді мүлдем жаңа кезең ретінде белгілеу қажет сияқты. Қарастырылып отырған мақала авторы мәдени революция тарихының мәселелеріне тоталитарлық жүйенің үстемдігі жағдайында талдау жасағандықтан сыни көзқарастың мүмкіндігі шектеліп, маркстік-лениндік методология шеңберінен аса алмады (1) деп көрсетеді.
Адамдардың мәдени-рухани жан дүниесін жаңаша қалыптастыру кезеңі өткен ғасырдың 20-30 ж-на дөп келеді. Қ.Ә. Ахметовтың монографиясы жарық көрді. Автордың қолға алған мәселесі мейлінше күрделі екені айтпасақ та белгілі. Сондықтан да жаңа буын зерттеушісінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі мәдениет тарихнамасындағы ой-түйіндердің дұрысы мен бұрысынажыратып, таптық партиялық көзқарастардан тарихи, ақиқатты орнықтыратын зерттеуді ұсыну еді.
Еңбектің тағы бір құндылығы, кезінде ұлттық мәдениет пен рухани өмірді көтеруге жұмсаған еңбектері ескерусіз қалдырылып, есімдері халық жадынан көмескілене бастаған ұлт зиялылары А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, М. Дулатов және басқаларының қатаң идеологиялық қысымға қарамастан халқы үшін жасаған қызметі қамтылуда.
———————————————————-
- Ахметов Қ.Ә Қазақстан мәдениеті ХХ ғ 20-30 ж-ы А., 2002 32б.
Зерттеуші ғалым ұлт зиялыларының қуғын-сүргінге ұшырауының бір себебі империялық шовинистік пиғылдағы орталықтың тұтасбір халықты мәңгүрттендіруде жатқанымен түсіндіреді. Сондай ақ еңбекте мәдениеттің сауатсыздықты жою, мектеп ісі, әдебиет пен өнер, ғылымға ілгерілеу әкелгені де айтылады.
Қазақстан мәдениетінің қилы тағдырын ғылыми тұрғыда зерделеген бұл еңбек бітіру жұмысты жазу барысында көп септігін тигізді деуге болады.
Қазақ ұлттық зиялыларының рухани ұстазы болған Ахмет Байтұрсынов алғашқы Халық ағарту комиссары қызметін атқарған кезде де, кейін де ұлттық мәдениеттің жанашыры болудан ешбір таймаған адам. Ол ағартушылық қызметін кеңес дәуірінде де жалғастырып, мәдениетке байланысты, оның әр түрлі салаларын қамтып, ғылыми, көсемсөздік еңбектер жазды (1).
Қазақ халқының біртуар азаматтарының бірі болған, есімі соңғы он жылда ғана атала бастаған қайраткер Смағұл Сәдуақасов та 20-шы жылдарда мәдениет саласына көп араласып, осы тақырыпқа көптеген көсемсөздік еңбектерін арнаған. Оның ішінде оқу-ағарту ісі, театр өнері туралы мақалаларында мәдени құрылыстың келелі мәселелері көтеріліп отырған. Қазақстанда жүрген мәдени революцияның тарихнамасында 1933-1937 жж. республикада Халық Ағарту комиссары болған Т. Жүргеновтың еңбектері назар аударарлық (2). 50-жылдардың екінші жартысы мен 70- жылдардың басындағы мәдени револдюцияның тарихнамасына алғашқы үлес қосқан Ғ. Сапарғалиевтың монографиясы болды (3).
————————————————————
- Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ мақалалар және әдеби зерттеу. А., 1991 464-б.
- Жүргенов Т. Қазақстандағы мәдениет революциясы А.,1935
- Сапаргалиев Г. Роль Советского государства и права в развитии социалистической культуры в Казахстане А., 1957 143-б.
Кеңес дәуірінде республикада қалыптасқан кеңес мектебінің тарихына арналған іргелі зерттеулерін жариялаған А. И. Сембаев болды. Оның 1958 және 1962 жылдары жарық көрген монографияларында халыққа білім беру жүйесінің тарихы жүйелі түрде баяндалған (1).
60- жылдары социализмнің лениндік концепциясын қалпына келтіруге республика ғалымдары да ат салысып , маркстік-лениндік «капиталистік жолмен емес дамудың» теориялық және методологиялық мәселелері бойынша еңбектер жазды. Мәселен, С. Бәйішевтің еңбегінде Қазақстандағы социализм құрылысының тарихы мен теориялық мәселелеріне көңіл бөлініп, мәдени революцияның республиканың рухани өміріне жасаған өзгерістеріне қысқаша талдау жасалған (2).
Мәдени революция тарихы бойынша 60-шы жарық көрген еңбектердің ішіндегі көрнектісі Р. Б. Сүлейменов пен Х. И. Бисеновтың еңбегі болды (3).
Қазақстандағы мәдени революция тарихнамасының осы кезеңінде өзінің зерттеу шеңберінің кеңдігімен, теориялық және методололиялық тереңдігі мен, сондай-ақ тақырыбының өзектілігімен Р.Б. Сүлейменовтың еңбектері назар аудартады.
Қазіргі жағдайда теориялық жағынан ескіргенімен бұл еңбектер әзірге Қазақстанда болған Кеңес өкіметі жылдарындағы мәдени өзгерістердің тарихын білуге мүмкіндік береді. Дегенмен автордың «буржуазиялық ұлтшылдар мен алашордашылардың» мәдени құрылысқа кедергі келтіргендігі, тіпті «өздерінің оқулықтарымен де қазақ жастарын тәрбиелеуге қырсықтарын тигізгендігі» туралы пікірлерімен келісу қиын.
——————————————————
- Сембаев А.И. Очерки по истории казахской советской школы А., 1958 327-б.
- Баишев С. Победа социализма в Казахстане А., 1962 421-б.
- Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов А., 1967 424-б.
Белгілі мәдениет зерттеушілері Ә. Қ. Қанапин мен А. Д. Яндаров КСРО-дағы мәдени революция мәселелерін тарихи- философиялық тұрғыдан қарастыра отырып, оның негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктеріне, негізгі кезеңдеріне тоқталады (1).
Осы жылдары мәдени революцияның барысында ерекше маңызға ие болған идеологиялық күрес, жаңа көзқарасты қалыптастыру мәселелері философтар Қ. Бейсембиев пен М. Бурабаевтың еңбектерінде көрініс тапты (2).
Мәдени революцияның әр түрлі мәселелері, атап айтқанда жұмысшы мен шаруалардың білім деңгейінің өсуі, олардың арасында мәдени-бұқаралық жұмыстардың жүргізілуі туралы республика индустриясы мен аграрлық тарихының зерттеушілері А. Н. Нүсіпбековтің, Б. А. Төлепбаевтың, Ә. Б. Тұрсынбаевтың, Г.Ф. Дахшлейгердің, М.Х. Асылбековтың, К. Н. Нұрпейісовтің, Ж. Ш. Жұмабековтің т. б. еңбектерінде көңіл бөлінген (3).
Осы жылдары мәдени революцияның тарихы, ұлттық интеллигенция, оның қалыптасу жолдары мен қилы тағдыры жайлы жаңаша ой-пікірлер қалыптаса бастады (4). Өз еңбектерінде Х. Әбжанов интеллигенция қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі ретінде капиталистік немесе социалистік қатынастардың жемісі емес дей келе, оның қалыптасуы әріде, «одан бері ол-әлеуметтік құрылымның бір мүшесі, халықтың рухани мәдениетін әрлендіруші және творчестволықпен сақтаушы.
——————————————————
- Қанапин А.К. Культурное строительство в Казахстане А., 1964
- Бейсембиев К. Победа марксистского-ленинской идеологии в Казахстане А., 1981 340-б.
- Нусупбеков А.Н. Формирование и разитеи советского рабочего класса в Казахстане А., 1966-243-б.,Турсунбаев А.Б. Колхозное крестьянство Казахстана А.,1980 181-б., Дахшлейгер Г.Ф. Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана А., 1965 және т.б.
Рухани мәдениетіміздің үлкен жанашыры болып, халқымыздың жақтаушысы болған «Алаш» зиялыларының тарихына ден қою осы кезеңнің еншісіне тиді. Тарихшы М. Қойгелдиев Алаш қозғалысы туралы (1) еңбектерінде архивтік тың деректер негізінде қазақ зиялыларының ғасыр басындағы қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты баяндалып, сындарлы тұжырымдар жасалған.
Қазақ зиялыларының тарихына, олардың Қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңес дәуіріндегі қоғамдық-саяси және мәдени салалардағы қызметін жаңа методологиялық арнада саралап, деректілік негізде қарастырған белгілі тарихшы К. Нұрпейіс (2). Монографияда Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімі басқа басылымдарға қарағанда толық берілген. Автордың 20-шы жылдардағы ұлт зиялыларының ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі, біздіңше құптарлық тың пікір деп санауға болады.
80-жылдардың аяғынан бастап, әсіресе тәуелсіздік жылдары тарих ғылымында бұрынғы догмалар мен стереотиптерден арылып, тарихи шындықты қалпына келтіруде, оның ішінде мәдениет пен ұлт зиялыларының тарихын бұрмалаушылықтан азат етуде академик М. Қозыбаевтың еңбектері елеулі рөл атқарды (3).
20-30 жылдардағы әлеуметтік-демографиялық процесстерге байланысты жазылған М. Х. Асылбеков пен Ә. Ғалиевтың еңбегінде халықтың біліми деңгейінің өсуі, оның динамикасы сандық мәліметтері негізінде жан-жақты талданған (4).
—————————————————
- Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы А., 1995. 35-б.
- Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда А., 1995 256-б.
- Қозыбаев М.Қ. История и современность А., 1991 25-б.
- Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 г.г.) А., 1991 85-б.
Осы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірде орын алған әр түрлі қайта құруларға объективті түрде шынайы тарихи баға беріп, дәлелді тұжырымдар жасауда Т. Омарбековтың еңбектері тарихтағы жаңа әдістемелік деңгейде өзіндік жоғары орнын алады (1).
90-шы жылдардан бастап республикада кеңес мәдениетінің тарихы бойынша ғылыми интеллигенцияның бір бөлігінің мамандану ісінде елеулі алға басушылық байқалды.
Мәдениет туралы, мәдени өмірдегі ағартушылық мәселелері туралы тың пікірлер білдіріп жүрген белгілі философ Ғ. Есім (2).
Мәдени революцияның тарихы шетелдік зерттеушілердің де әрқашан назарында болған. Көптеген шетелдік зерттеушілер 20-30 жылдардағы мәдени саладағы жетістіктерге көңіл бөледі. Мәселен, олар сауатсыздықты жою, мектептегі білім беру ісіндегі, жаңа мамандар дайындаудағы жетістіктерді көрсетеді. 30-шы жылдары республикада ұлттық тілдегі оқу-білімнің аясы тарылып, діннің халі мүшкіл болғандығы жасырын емес.
2.Мәдениет пен «медени революцияның» большевиктік концепциясының мәні және қарама-қайшылықтары. В. И. Ленин алғашқы еңбектерінен бастап-ақ моральдің, философияның, әдебиеттің, ғылымның таптық мазмұны туралы мәселені жан-жақты, жиі көтерген. Ол өз тұжырымдарын тек тап күресіне бағындыра отырып, таптық позицияның мағынасын білдіретін қоғамда-партиялық принципті қоғамдық сананың әр түріне таратуды қарастырды. Большевиктер, партиясының идеологиясында партиялылық-ол таптық көзқарастың ең жоғарғы түрі ретінде түсіндіріледі (3).
—————————————————
- Омарбеков Т. Зобалаң А., 1994 125-б
- Есімов Ғ. Сана болмысы А., 1993 224-б.
- Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы 1-т. 410-б.
Ол сол кездегі қоғамның таптық құрылымы мен ұлттық қатынастар туралы өз зерттеулерін жүргізе келе мынадай тұжырым жасаған: «қазіргі әрбір ұлттың ішінде екі түрлі ұлт бар… Әрбір ұлттық мәдениетте екі түрлі ұлттық мәдениеті бар». Одан әрі былай түсіндірді, «Пуришкевичтердің, Гучковтар мен Струвенің ұлыорыс мәдениеті бар да, Чернышевский мен Плехановтардың атымен белгілі ұлыорыс мәдениеті бар. Осындай екі мәдениет Украинада да, Германияда да, Францияда да, Англияда да, еврейлерде де бар» (1). Осы айтылған ойлардан мәдениеттің большевиктік тұжырымдамасының негізгі мазмұнын аңғару қиын емес.
Біріншіден, бұл ой-тұжырымдарында Ленин мәдениетті тек таптық көзқарас тұрғысынан ғана емес, ендігі жерде бір мәдениеттің өзін екіге бөліп, олардың арасында да ымыраға келмейтін антагонизм құбылысын іздеп, тауып отыр.
Екіншіден, ол екі мәдениеттің қарама-қарсы қайшылықтарын көрсетіп қана қоймай әр бағыттың өзіндік белгілерін көрсетуге тырысты: бір жағынан үстем мәдениеттің буржуазияның, қаражүзділік пен клерикализм мүддесін білдіретін демократиялық және социалистік мәдениеттің элементтерінің өмір сүріп отырғандығын дәлелдеп бақты.
Үшіншіден, екі мәдениет туралы мәселені Ленин тек идеологиялық тұрғыдан қарастырған. Ондағы мақсат-элемент түрінде өмір сүріп отырған екінші мәдениет жұмысшы табының идеологиясының нәтижесі деп бағалау еді.
Ал, «мәдени революция» терминін алғашқы рет қолданған философ А. А. Богданов (1873-1928 жж.) болды. Бұл ұғымды ол 1917 жылға дейін айтқан. Оның ойынша «пролетариаттың әлеуметтік революциясы сол уақытта социалистік болуы мүмкін, егер пролетариат әлеуметтік революцияға дейін
———————————————
- Сонда
«өзінде мәдени революцияны» іске асырса, пролетарлық мәдениет жасай алса» (1).
В. И. Ленин: өзінің соңғы мақалаларында алғаш рет «мәдени революция» терминін қолданып, социализм қоғамын құрудағы мәдениет саладағы міндеттерге зор көңіл бөлген. 1923 жылы жазылған «Кооперация туралы» мақаласында аталған терминді тұңғыш қолданған болатын. Еңбекте мәдени революция өз алдына жеке мәселе ретінде емес, социалистік қоғам орнатудың, кооперациялаудың, шаруаларды жаңа құрылысқа тартудың басты шарттарының бірі ретінде қарастырылған.
Міне, осылайша кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында, Қазан төңкерісінің нәтижесінде билікке қолы жеткен большевиктер партиясы, оның көсемі Ленин мәдениет және мәдени революцияға байланысты белгілі дәрежеде өз ойын білдіріп, жаңа қоғам орнатудағы ең қиын да, күрделі мәселе екендігін мойындаған болатын.
Сонымен, 20-шы жылдардың басында кеңес өкіметінің алғашқы жылдары мәдени салада партия, екінші жағынан жаңа экономикалық саясатты да ескеріп, әртүрлі мәдени, әдеби ағымдармен тартыссыз өмір сүруге тырысты. «Жаңа мәдениетті» жасауда партияға қол байлау болған-халықтық білім дәрежесінің төмендігі еді. Сондықтан да бұл кездегі мәдениеттің саяси тұжырымдамасында идеологиядан да, прагматистік көзқарас басымырақ болды. Бірақ та, айта кету қажет, партия басынан бастап-ақ мәдениет саласындағы ешбір топқа дербестік бермеді, екінші жағынан олардың ешқайсысына өкіметтің атынан өз көзқарасын насихаттауға қарсы шықты.
—————————————————
- Богданов А. Науки об общественном сознании М., 1923. 210-б.
Сонымен партияның 20-шы жылдардың басында мәдениет саласындағы ұстанған тұжырымдамасының негізгі тұғырлары мынадай деп ойлаймыз:
- Мәдениет саласында бірден «төңкеріс» жасамай өткен мәдениет үлгілерін идеологиялық сын тұрғысынан қарап, қоғам өмірінде пайдалануға қарсы болмады. Керісінше, тарихи сабақтастықты жоққа шығарушы топтарға тойтарыс берді.
- Халықтың білім беру дәрежесін көтеру мақсатында, сауатсыздықты жою, бастауыш білім беру сияқты міндеттерге аса көңіл бөлінді. Ескі интеллигенцияның мәдени салада атсалысқан топтарына қолдау көрсетуге тырысты, пролетарлық әдебиеттің алғашқы қадамдарын қолдап, футуристердің қызметін насихат жұмысында пайдаланды.
- Әдеби салада, баспа ісінде цензура болып бақыланғанымен, жалпы, әдебиетпен баспасөзде белгілі дәрежеде пікір бостандығы болды.
20-шы жылдардың ортасынан бастап мәдениетке Кеңестер Одағында қалыптасқан саяси ахуал тікелей әсерін тигізе бастады. Ленин қайтыс болғаннан кейін, партияның басшылығына И.Сталиннің келуімен, большевиктер партиясының «көсемдерінің» арасында оппозициялық тартыс басталды. Алдымен партия Троцкийге қарсы, кейін «жаңа оппозиция» деген топпен, соңында, 20-шы жылдардың аяғында «оңшыл уклонмен» күресіп, Сталиннің тобы биліктің шыңына шықты. Ендігі жерде елдегі саяси ахуал өзгерді, жаңа экономикалық саясат бірте-бірте құрдымға кетті, социализм құрудың сталиндік нұсқасы жүзеге асырыла бастады. Бұған дейін мәдениетте қатар өмір сүріп келген екі бағыт-бірі-табиғи эволюциядан туындаған жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген болса, екіншісі-пролетариат диктатурасының идеологиясынан бастау алатын таптық бағыт еді.
Жалпы мәдениеттің, мәдени революцияның өзі саясаттың қыспағында, тоталитарлық мемлекеттік бақылау мен қысымның жағдайында өзіндік ішкі болмысын сақтап, рухани қасиеттерінен айрылған жоқ.
1.2. Ұлттық интелегенция өкілдерінің мәдениет саласында атқарған қызметтері.
ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басында Ресей империясында орын алған қоғамдық-экономикалық қатынастардағы өзгерістер қазақ қоғамына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Әлеуметтік-саяси жағдайдың өзгеруі, әрі метрополияның мәдениетімен тікелей араласуының нәтижесінде қазақ халқында да ұлттық интеллигенцияның әр түрлі салалардағы өкілдері пайда болды. Кеңес заманында қазақта Қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал, шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х. Әбжановтың статистикалық мәліметтерге сүйеніп жасаған мына мәліметтеріне сүйенсек, ХХ ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3 мыңдай мұғалімде, 600 жуық ауылшаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медициналық мамандық алған (1).
Қазақтың ұлттық интеллигенциясының өсіп, өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалық «әскери полицейлік» тәртібінің күшеюі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті.
Ақыры 1917 жылы Ақпан революциясы жеңіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық интеллигенциясы бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халқының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл-күйін А. Байтұрсынов былайша сипаттайды: «Қазақтарға ақпан революциясы қанша түсінікті болса, қазан (әлеуметтік) революциясы оларға соншалықты түсініксіз көрінді.
—————————————————
1.АбжановХ. Формирование и судьбы казахс. интеллигенц./Мысль,1992 №2
Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл революцияларға деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және, екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсіуінде еді» (1). Міне осылайша қазақ интегллигенциясы ақпан негізгі мәселелері – ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендеуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туады деген сенімде болды .
Алдағы міндеттерді шешу мақсатымен қазақ интеллигенциясы жалпы қазақтың саяси ұйымы – «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясын құрды.
Сол, 1917 жылдың желтоқсанында Орынбор қаласында ІІ жалпы қазақ съезінде «Алашорда» үкіметі құрылды. Бұл үкіметті құрып, оның ұйытқысы болған қазақ интеллигенгциясы болды.
Қалыптасқан жаңа саяси жағдайда қазақ интеллигенциясы жаңа өмірге бейімделіп, қоғамның рухани өміріне араласып, ат салыса бастады. Осы мәселе бойынша тың ой білдіруші белгілі ғалым – тарихшы, профессор К.Нұрпеисовтың пікірінше: «Олар жаңа жағдайда күрес тактикасын өзгертіп, сталиншіл мемлекеттік және саяси жүйеге қарсылықтың басқа жолдарын, басқа түрлерін таңдап алуды жөн деп тапты. Олардың пайымдауынша, енді күрес аренасы рухани салаға ауысуы қажет еді. Сондықтан да ұлттық- демократиялық интеллигенция көсемдері өз өкілдерін мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу және сол арқылы халыққа идеялық ықпал жасау құралдары ретінде оқу- ағарту, мерзімді баспа сөз, ғылыми орталықтар, әр түрлі
——————————————————
- Байтурсунов А. Революция и киргизы //Жизнь национальностей 1919 №29 2-августа.
қалалардағы ауқымды шараларын ойластырып, оларды белгілі дәрежеде жүзеге асырды» (1).
Міне, осы кезеңде, алдыңғы қатарлы қазақтың ойшыл тұлғалары күрестің жаңа түрлеріне-ағартушылыққа иек артты. Олар туған халқын оқу-білімге, кәсіп қылуға шақырып, сонда ғана басқа халықтармен терезесінің тең болатындығын, өркениет жолына шығатындығын өз шығармаларына негізгі арқау етті. Сондықтан да біз Шоқан Уәлихановты, Ыбырай Алтынсаринді, Абай Құнанбаевты ұлы ағартушылар қатарына жатқызамыз. Себебі, бұлардың әрқайсысы өз творчествосына бұрын-соңды қазақ қоғамында болмаған жаңа үрдіске жол салды, жаңашылдыққа шақырды.
Осы орайда «ағартушылық» деген ұғымға да тоқталып кеткеніміз жөн болар. Себебі, ағартушылықты Кеңес дәуірінде басқаша түсіндіріп, басқаша ұққанымыз жасырын емес. Ол заманда ағартушылық деген идеологиялық мән-мағынада болды. Мәселен, Шоқан, Ыбырай, Абайлардың шығармашылығынан социолизм идеялары ізделді, тек үстем тапқа қарсы жазылған өлең жолдары ерекше дәріптелді, осылайша «ағартушылық» та таптық көзқарас тұрғысынан қарастырылды.
Кеңес заманында ағартушылық саяси идеологиялық мәнге ие болды. Кеңес өкіметі ұлы ағартушыларымызды негізінен халықты жақсылыққа бастап, үгіттенгені үшін дәріптеді. Тіпті, Абайдың өзі қазақ халқын социализм идеясына бейімдеген болып көрсетілді.
Ал, бүгінгі күнде бұл мәселеге басқаша тұрғыдан келетін болдық. Белгілі философ-ғалым Ғ. Есім бұл жөніндегі пікірін былай білдіреді: «Ағартушылық қоғам болмысының заңдылығы ретінде аңғартылатын мәдени қозғалыс, оның қозғаушы күші-ұлттық идея. Ағартушылық деген Батыс
——————————————————-
- Нұрпейіс К. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы Қаз МҰУ хабаршысы 1998. №9 22-б.
Европадан таралғандықтан, мысалы ағылшын, француз, неміс ағартушыларын алсақ, бәрінің де негізгі мақсаты-ұлттық идея болғанын еріксіз мойындайсыз» (1).
Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық идеяны ту етіп көтерген ХХ ғасырдың басындағы Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ интеллигенциясы қалыптасқан ағартушылық үрдісін жалғастырушылар, бар білім, ақыл-ойын қоғам халқының игілігіне, оның бостандығына сарп етуге бел буған нағыз ұлт-жанды, патриот, топ жарған серкелер (лидер) еді.
Ұлт интеллигенция өкілдері Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ елдің саяси, мәдени өміріне белсене араласа бастады. 1919 жылғы Кеңес өкіметінің Алаш қозғалысының көсемдері мен саяси белсенділеріне берген амнистациясы (кешірімі) негізінде олар Қазақ АССР-і мен Түркістан ААСР-інің әр түрлі мемлекеттік органдарына жауапты қызметтерАлаш қозғалысының көсемі болған Әлейхан Бөкейханов большевиктер өкіметіне қызмет етуден бас тартады. Осы «оппазициялық қылығы» үшін 1920-22 жылдары оған «буржуазиялық ұлтшыл» деген айдар тағылып тергеулер жүргізіледі, абақтыда отырады. Ақыры, 1922 жылдың күзінде Ә. Бөкейханов жер аударылады. Себебі, кеңес өкіметіне оның өз еліндегі зор беделі ұнамады.
Ә. Бөкейханов Кеңес өкіметіне қызмет етпесе де халқына қызмет етуден ешқашан бас тартпаған. Сонау Мәскеуде тұрып-ақ елінен хабар үзбей, елінің ақын-жазушыларының, зиялы қауымының басын біріктіріп, халқының ұлттық мәдениетін, өнерін, әдебиетін өркендету жолында қызмет етті. 1923 жылы Мәскеуге әр түрлі жұмыстар мен келген Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтармен бірігіп, қазақ зиялыларымен «Алқа» атаулы ұйымын құруға қатысып, бағдарламасын жасайды.
——————————————————
- Есімов Ғ. Сана болмысы А., 1994, 140-б.
Сол кезеңде кеңес қызметтеріне араласып жүрген А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, С. Қожанов, С. Сәдуақасов сияқты ұлт интеллигенциясы өкілдері арқылы Қазақстандағы саяси, қоғамдық, мәдени, әдеби прцесстерге ат салысуын жалғастыра береді. Әлихан бастаған қазақ зиялыларының шағын тобының атқарған рөлін ағылшын ғалымдары шыншылдықпен былайша көрсетеді: «около десяти лет вплот до начала 30-х годов члены Алаш орды сохранили почти полный контроль над образованием, прессой и издательски делом в Казахстане, следуя и единственной цели-придать советской казахской культуре отчетливо национальный характер» (1).
20-шы жылдардың басында ұлт интеллигенция өкілдерінің арасынан мемлекеттік істерге араласып, жауапты қызметтер атқарғандар да болды деп жоғарыда айтып өттік. Олардың қатарында А. Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Халел Досмұхамедов, Аспандияр Кенжен т. б. болды. Алаш қозғалысының бұрынғы белсенді қайраткерлерінің үлкен тобы Кеңес өкіметінің істеріне араласа бастады, Қазақ АССР-і мен Түркістан АССР-нің республикалық губерниялық және уездік деңгейлеріндегі әр түрлі жауапты қызметтер атқарды.
Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынов өз халқына қызмет етуден жаңа орнаған Кеңес өкіметі кезеңінде де бас тартпады, ымыраға келіп, қызмет етуге келісті. Екінші жағынан, Кеңес өкіметіне де өз саясатын жүргізу үшін Ахаң сияқты халық алдында зор беделі бар, білімді адам керек еді. Сондықтан да, бола, өлкедегі Төтенше комиссар Әліби Жангельдин Ахмет Байтұрсыновтың кеңес өкіметіне қызмет етуге келіскені туралы және онымен бірге басқа да қазақ интеллигенция
———————————————
- Қазақ энциклопедиясы А., 1995. 27-б.
өкілдерінің кеңестер жағына шыққандығын тура Ленинге хабарлайды. Жангельдинмен бірге А. Байтұрсынов Ленин қабылдауында болып, мандат алады.
А. Байтұрсыновтың өзі 1920 жылы Қазақ АССР-і Халық Ағарту комиссары, әрі Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің мүшесі болды. Ол Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елдегі ағарту ісін ұйымдастырып, Халық Ағарту Комиссариатының негізін салушы болды. Бұл орында екі-ақ жыл қызмет етсе де, көп іс тындырды.
1928 жылдың қыркүйегінде Алматыда Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Оған сабақ беруге Мәскеу, Ленинград Ташкент сияқты орталықтардан мамандар шақырылады. Солардың бірі болып Қазақстан халық Ағарту Комиссариатының шақыруымен Ташкенттен А. Байтұрсынов келді. 1928 жылдың қазанында Қазақ университетінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мәдениетке байланыстырып мына бір ойын айтады: «… в природе господствуют естественные силы, а в человеческом (сообществе)-культурные. Та вторая, которая обладает в большей степени этими силами, эксплуатирует тех, кто обладает ими в меньшей степени… Чтобы равняться с другими, нужна нам соответствующая сила. В противном случае более высокая культура эксплуатирует культуру, стоящую ниже ее. В этом нет сомнения» (1). Осы оқу орны Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми ұстаздық қызметінің соңғы баспалдағы болды. Ол университетте 1929 жылдың 1 маусымына дейін істейді.
20-шы жылдардың басында Ахмет Байтұрсыновтың соңына еріп, бірде тіпті тікелей ықпалымен қазақтың зиялы қауымы баспасөз, оқу-ағарту, ғылым, әдебиет, өнер салаларында қызмет етті.
————————————————————-
- Сулейменов Ж. А.Байтурсынов и его время //Мысль, 1996. №8, 84-б.
Алаш қозғалысының белсенді мүшесінің бірі болған Жүсіпбек Аймауытов та, 1920 жылы коммунистік партияның қатарына кіріп Семейде, Павлодарда партия, кеңес жұмыстарына араласады. 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысады. Съезд өткеннен кейін Қазақ АССР-нің Халық Ағарту комиссариатының коллегия мүшесі болып қалады. Бір жылдан кейін, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін Семейде шығып тұрған «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істейді.
Ж. Аймауытов 1922-1924 жылдары Қарқаралы қаласында мектеп мұғалімі болып, кейінгі екі жылда Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызмет атқарған. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады» (1).
Мұхтар Әуезов та Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында партия, Кеңес жұмыстарына ат салысады. Ол алғашқыда Семей губерниялық ревкомының мүшесі болып, кейінірек Семей губерниялық Атқару Комитетінің төрағасы болады, 1921 жылы қазан айында өткен Қазақстан Кеңестерінің ІІ съезіне делегат болып қатынасады. Осы съезде М. Әуезов Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, оның саяси хатшысы әрі Президиум мүшесі болып сайланады. Сонымен бірге ІІ Бүкілқазақстандық Кеңестер съезі оны Бүкілресейлік ІХ Кеңестердің съезіне делегат етіп сайланды.
Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі болған, ХХ ғасырдың басында қазақ халқының Азаттық жолындағы күресінің манифесіндей зор роль атқарған. «Оян, қазақ!» жинағының авторы Міржақып Дулатов та басқа ұлт қайраткерлері сияқты Кеңес өкіметін мойындап, халқы үшін қызмет етуге кіріседі.
————————————————-
- Сағынбекұлы Р. Жүсіпбек (Өмірі мен қаламгерлік қызметі). А., 1997. 201-б.
Ол Ташкент қаласында қазақ тілінде шыға бастаған «Ақ жол» газетінің редакторы болды. Бұл газет 1920-1924 жылдар аралығында Түркістан компартиясының органы болған, ал 1925-1927 жылдары газет Шымкент қаласына көшіріліп, Сырдария гупкомының органына айналған. М. Дулатов осы газетте жариялаған мақалаларында халықтар бірлігін қорғай отырып, «қазақ халқының ұлттық ерекшелігін, мәдениеті мен тілін» сақтау, қазақтарға «толық еркіндік, теңдік» беру, кеңес партия органдарын «лайықсыз» адамдардан аластау және олардың орнына «шыншыл, адал адамдарды» тарту сияқты мәселелерді көтеріп отырды. Газет Кеңес өкіметінің саясатын халыққа түсіндірумен де айналысқан. Бірақ, негізінен «Ақ жол» газеті ұлттық мүддеге, оның мәдениетіне, тіліне, әдебиетіне байланысты мақалаларды жиі жариялап тұрды. Газеттің бұл бағыты РКП (б) Орталық комитетіне ұнай қойған жоқ. Оның баспасөз бөлімі 1925 жылдың 7 сәуіріндегі Қазақ өлкелі партия комитетінің баспасөз бөліміне, Сырдария обкомына жазған хатында газетті былайша айыптайды: «Оның («Ақ жол» газетінің) бағыты, әсіресе соңғы айларда, мүлде төзуге болмайтындай болып кетті. …партияның беделін түсіретін, жол беруге болмайтын және партияға қарсы пікірлер бас мақалаларда, фельетондарда және белдеу мақалаларда аз кездеспейді. Мұндай нәрселерге сөз жоқ жол беруге болмайды.
РК (б)П ОК-нің Баспасөз бөлімі Қырөлкекомының Баспасөз бөлімшесіне мына шараларды ұсынады:
- Қырөлкекомының және сондай-ақ РК(б)П Қырөлкекомының жергілікті ұйымдық бюросы тарапынан «Ақ жол» газетіне партиялық басшылық күшейтілген;
- «Ақ жол» газетінің редакторы орнынан алынып, ұстамды, даярлығы бар партияшылығымен ауыстырылсын
- Редакция құрамы жаңартылсын және бірінші кезекте партияшыл әдеби қызыметкермен толықтырылсын.
- Партияда жоқ интеллигенция «Ақ жол» газеті редакциясында оларға партия тарапынан жетекшілік қамтамасыз етілген жағдайда ғана пайдалансын.
Қолданылған шаруалар туралы РК(б) П ОК Баспасөз бөліміне мәлімделсін.
РК(б) П ОК Баспасөз бөлімнің меңгерушісі Н.Варейкис (1).
Осы құжаттың өзі-ақ «Ақ жол» газеттің басынан ұстанған бағытының коммунистік партияның идеологиялық, таптық қағйдаларына қайшы болғандығын көрсетеді.
«Алаш» қозғалысының көшбастаушыларының бірі болған Халел Досмұхамедұлы да 20-шы жылдардан басынан бастап елдің мәдени өмірінің әр саласында бел шешіп өнімді қызымет етті. Түркістан АССР-інің орталығы болған Ташкент қаласына қазақтың оқыған зиялылары Мұхамеджан Тынышпайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Мұхтар Әуезұлы, Қожке Кемеңгерұлы т.б жиналған еді.
Х.Досмұхамедұлының сан-қырлы қабілетінің бір саласы ұстаздық, педагогикалық қызымет. Ол Ташкенттігі Қазақтың Жоғары педагогикалық инстиутында «Педология» курсы бойынша 1927 жылы доцент болып бекітіледі. Ал, 1928 жылы Алматыда Қазақ универистетін ашу қарасаңында, оны ұйымдастыру туралы комиссиясының мүшесі болып тағайындалады, өзі де университетке қызыметке ауыстырылып, ҚазМУ-дің әкімшілік-шаруашылық бөлімін басқару ісімен айналысады. Университеттің педагогика факультетінде педагогидан оқытушы, әрі педагогия кабинетін басқарды. Кейін осы университеттің проректоры болып тағайындағандалады (2).
Халел Досмұхамедұлының мәдени өмірде қосқан қомақты үлесінің бірі-оның баспа саласындағы, редакторлық қызметі.
—————————————————-
- Ахметов Қ.Ә. Қазақстан мәдениеті А., 2002 25-б.
- Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы А., 1998 102-б.
Ол Ташкентте «Сана» деген атпен тәлім-тәрбие журналын шығаруға араласады. Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз шешен, «Қарасай-Қази», «Қыз Жібек», «Кенесары-Наурызбай» сияқты кітаптарды өзі кейбіреуіне алғысөз жазып шығарады. Абай, Мағжан, Бернияз ақындардың шығармаларының баспа көруіне себебші болған. Баспагерлік қызметінің мақсатын ол «Кенесары-Наурызбай» кітабын шығарғанда: «Ел әдебиетінен алынған сөздерді қалай етіп шығару туралы қолдан келгенше үлгі көрсетіп, жол салу» (1),-болды деп көрсетеді.
Осы жылдардың бір ерекшелігі-ол қазақ зиялыларын таптық идеологияның екі ұдай топқа бөлуі болды.
Жаңа құрылған өкімет пролетариат диктатурасы, яғни пролетар мемлекті болғандықтан негізгі тап пролетариат, билеуші партия да осы таптың партиясы болып табылды. Осы таптың мүддесін көздейтін зиялылар өзгелерден оқшаулана бастады. Мәселен, әдебиет саласында осы құбылыс ерекше байқалды. Пролетарлық әдебиетті жасаушылар болған ақын-жазушылар да өз халқына жақсылық ойлады, оның қайтсем көсегесін көгертем деп аянбай қызмет етті. Мәселен, революция жолына түскен, қайраткер, ақын С.Сейфуллин қазақтағы пролетарлық әдебиеттің негізін салушылардың бірі болды. Ол үшін Сәкенді жазғыруға болмайды. Себебі, ол өз халқының азаттық жолындағы таңдауы Кеңес өкіметі деп білді. Большевиктік идеологияның негізгі қағидаларының бірі-интернационализм болғандықтан, партия мүшесі ақын-жазушы алдымен өз ұлты туралы жырлауға хақысы болмады. Өйткені, таптық, партиялық мүдде, ұлттық мүддеден жоғары тұруы керек болды. С. Сейфуллин осы әдебиетке қызмет етті. Бірақ, бұдан Сәкенді нигилист болды деуден аулақпыз. Ол өз шығармаларында қазақ халқына деген зор сенімін білдірген суреткер.
- Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы А., 1998 225-б
Сәкен бастаған әдебиетке 20-шы жылдардың басында Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин т.б. келіп, әдебиетке өз үлестерін қосып, оның ілгері дамуына ықпал жасады.
С. Сейфуллин сол кезде қазақ ауылынан шыққан талапты жастарды оқуға тартып, олардың болашағына ерекше ықпал еткен. Қостанайдан Б.Майлинді алдырып, Қызылжардан келген С. Мұқановқа көмегін көп көрсеткен (1).
С. Сейфуллин «еңбекші қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарған кезде осы газет арқылы «Қазақ халқының төменгі табының азаматтарына» хат жолдап, олардың рухын көтеріп, қоғамдық өмірге араласуға шақырады. «Қазақтың төменгі табының азаматтары, сенсеңдер, енді қорғанбаңдар, именбеңдер. Еңбекшіл халық табының мұң-мұқтажын мына «Еңбекші қазақ» газетінде дамылсыз жазып тұрыңдар. Әр кемшілік, мұң-мұқтаждарына «Еңбекші қазақ» газетінің жүзінен жауап, кеңес, нұсқа, баяндама аласыңдар. «Еңбекші қазақ» газеті сендердікі» (2) деп жазды.
Қазақ ұлт зиялыларының мәдени саладағы қарымды қызметіне кедергі болған осы партиялық таптық идеология болды. Оны заманның айнасы болған әдебиеттің сол жылдардағы жағдайынан анық байқауға болады. Егер Орынбор қаласындағы әдебиетшілер түскен болса, ал Ташкентте шоғырланған қазақ зиялылары «Ақ жол» газеті мен «Шолпан» журналының төңірегіне жиналып, өздерінің ұлттық-демократиялық бағыттағы шығармашылықпен айналысқан болатын. Қалыптасқан осы жағдайдың өзі әдебиетті саяси тартыстың алаңына айналдыра бастады. Екі бағыт та бір-бірін қатты «сынға» алып, баспасөз бетінде шыққан мақалалармен жұртшылық назарын аударды.
——————————————————
- Мұқанов С. Есею жылдары А., 1963 261-б.
- Ахметов Қ.Ә. Қазақстан мәдениеті ХХ-ғ 20-30 жылдары. Докторлық дис. Авторефераты А., 2002 27-б.
ІІ-тарау. Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары
2.1. Оқу-ағарту саласындағы мәдениет қызметі
Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекеттік билікке қолы жеткен большевиктер партиясы жаңа қоғамды құруды жаңа мәдениетті қалыптастырумен тығыз байланыста қарады. Сондықтан да кеңес өкіметінің басты көңіл бөлгені –жаңа социалистік мәдениеттің негізі ретінде қарастырылған-оқу ағарту саласы еді.
Білім беру жүйесін құру өте қиыншылықты жағдайда жүрді. Оған кері әсер еткен негізінен үш фактор болды:
- Елдің азамат соғысы жағдайында болуы.
- Шаруашылықтың күйзеліске ұшырауы.
- Халық сана-сезімнің жаңа оқу – білімді соншалықты қажетсінбеуі.
Жаңа өкіметтің мектеп үйлерін салуға, оқу құралдарымен жабдықтауға қаражаты жетіспейді. Ауылдарда мектепке арнаулы үйлер болмады. Жазда балалар кйіз үйде, қыста-балшық немесе шым үйлерде оқыды. Осы қиыншылықтарға қарамастан оқу- білім ісіне шын берілген мұғалімдер еңбегі мен білімге халықтың құштарлығының, әрі жаңа өкіметтің ұйымдастыру қызметінің арқасында алға ілгеру де байқалады. Аумалы-төкпелі алты жыл ішінде (1914-1920 жылдар) мектептер жүйесінің 40%-ға, оқушылар санының 36%-ға ұлғаюына, мұғалімдер қатарының өсіуіде сай түсіп жаты; 3395-тен 4824-ке жетті.
Осы жылдары қазақ мектептерінің жанашары болып, халық ағарту ісіне белсене ат салысқандар Бейсен Жәнекшев, Мұхамеджан Сералин, Шайбай Айманов, Қаныш Сатбаев, Спандияр Көбеев т.б болды. Республикада халық ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуына өзі істеріне адал берілген орыс мұғалімдері М.К. Панков, М.Т. Широков, В.П.Пивень, В.Решетняк, Н.Е.Алексеев, С.Н.Гиричев, Ф.Т.Оликов т.б да өз үлестерін қосты .
Сауатсыздыққа қарсы күрес В.И.Ленин қол қойған 1919 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған «РСФСР халықтар арасындағы сауатсыздықты жою туралы» декреті шыққаннан кейін Қазақстанда және басқа да өлкелерді мемлекеттік іс ретінде жаңа қарқынға ие болды. Декрет 8 бен 50 жас арасындағы сауатсыздарды ана тіліне немесе орыс тілінде мемлекеттік мектеп жүйесі арқылы жазу-сызуға үйретуді күн тәртібіне қойды. Халық ағарту комиссариаты мен оның жергілікті органдарына сауаты бар азаматтарды еңбек міндеті ретінде сауатсыздықты жою жұмысына пайдалануға құқық берілді.
Бүкіл қоғамдағы басты саяси, мәдени шараға айналған саужой ісіне жүйелік беріп, оны бүкілхалықтық іске айналдырған 1923 жылдың күзінде құрылған Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы болатын. Қазақстанда бұл қоғамның бөлімшесі 1924 жылы құрылды. 1925 жылдың ортасында қоғам мүшелерінің қазақ олкесіндегі саны 40 мыңнан асты.
Сауатсыздықпен күреске жастар жағы қатты қолдау көрсетті. Қазақстанның комсомол ұйымы толығымен қоғамға мүшелікке өтті. Қоғам жұмысына мемлекет қайраткерлері С. Меңдешев, С. Сейфуллин т.б. белсене араласты қазақ зиялылары да баспасөзде мақалалар жазып, сауатсыздыққа қарсы күресті қолдап, оқу-ағарту ісіне байланысты өздерінің оң пікірлерін білдірді, сонымен қатар қоғамдағы бөгет болып отырған кемшіліктерді де көрсетіп отырды.
Сол кездердің тағы бір ерекшелігі-сауат ашу ісіне жұртшылықтың кеңінен тартылуы еді. Бастауыш мектепті, бірнеше айлық курсты бітіріп шыққан жастар, бұрынғы заманда білім алғандар сауат ашу мектептеріне мұғалім ретінде жіберілді. Кезінде белгілі Кеңес жазушысы Сәбит Мұқанов 1919 жылы Омбы қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты аяқтамай-ақ ауыл мектебіне мұғалімдікке жіберілген. Ол туралы өзінің «Өмір мектебі» атты автобиографиялық романды былай деп жазды: «Мен Балтабай» аталатын ауылдың балаларын оқытуға тұрдым, алты ай жазға алатын ақым бір сиырдың құны, оны бала санына бөліп, күздігүні төлейді. Жұма сайын бала оқитын үйлердің бірінін біріне көшіп тұрам, тамағым көшкен үйдің мойнында болады» (1).
Міне, осындай көріністер Қазақстанның барлық облыстарына тән құбылыс еді.
Кеңес өкіметінің сауатсыздыққа қарсы күресті алдыңғы қатарға қоюының негізінен саяси астарлары күштірек еді. Басты себеп, ауылдағы Кеңес органдарында басшылыққа кедейлер өкілдерін әкелуден туындады. 20-шы жылдары жергілікті Кеңестерде көбіне билікті оқыған, хат танитын бай мен орташалардың балалары отырады. Бұл жағдайда таптық идеологияны ұстанған жаңа өкіметке ұнай қойған жоқ. Шала сауатты кедейден шыққан жергілікті Кеңестердің басшылығына ұсынылғандар көп жағдайда өкімет саясатын іске асыруда қауқарсыздық танытты. Сондықтанда оқыған бай балаларын жергілікті өкімет жұмысына тартуға тура келген.
Міне, осы себепті де, большевиктер партиясы жүргізген ауылдарды «Кеңестендіру» науқанындағы басты міндеттердің бірі — «техникалық және жалпы сауаттылықты жаппай тарту» (2) болған. Бұл істің ауыл үшін ерекше маңызы бар еді. Кейбір мәлеметтерге қарағанда, тіпті 1930 жылдың өзінде ауылдағы сауаттылық 7%-ға ғана жеткен екен (3). Оның үстіне Қазақстан аграрлы ел болып қала бергенін ескерсек, бұл істің Кеңес өкіметі үшін қаншалықты маңызға ие болғанын аңғару қиын емес. 1926 жылғы демографиялық мәліметтерге сүйенсек, қазақтардың тек 81 мыңы ғана қалаларда ғана тұрып, 3,8 млн. ауылды мекендеген (4).
——————————————————————
- Мұқанов С. Өмір мектебі Екінші кітап А., 1970 162-б.
- Культурное строительство в Казахстане Сб док. и матер. А., 1965 59-б.
- СулейменовР.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане 243-б.
- Итоги Всесоюзной переписи населения 1959г. М., 1962 11-б.
Социалистік мәдениетті жасаудағы алғашқы баспалдақ болып есептелетін сауатсыздықты жою жолындағы күрес тек ауыл – село ғана емес, өндіріс орындарын да кеңінен қамтыды. Оның ерекше себебі де бар еді. Кеңес өкіметінің басты тірегі болып табылатын жұмысшы табының сауатты болуына большевиктер партиясы ерекше көңіл бөлген. Партияның басты мақсаты тек қана техникалық сауатсыздықты жою ғана емес, ең басты саяси сауаттылыққа жету еді. Сөйтіп партияның, Кеңес өкіметінің саяси бағдарын түсініп қана қоймай, оны іске асырушы, өкіметтің тірегі ретінде саналған жұмысшы табының білім деңгейінің жоғарылауы сол кезеңдегі басты мәселелердің бірі болады. Проф. М. Асылбековтың зерттеу еңбегіне сүйенсек, тек қана 1929-30 жылдарда ғана Түркістан-Сібір темір құрлысындағы қазақ жұмысшыларының 90%-не дейін орыс жұмысшыларының 35-40%-не дейін хат танымайтындары болған екен. 1931жылдың 1 қаңтары қарсаңында тек теміржолды 154 саужой мектебі жұмыс істеп, оларды 4,7 мың адам оқыған. Сонымен қатар, саяси сауаттылықты, мәдинетті көтеру үшін 20 клуб, 5 вагонклуб, 71 қызыл бұрыш, 18 кітапхана, 32 жылжымалы киноқондырғы т.б сияқты мәдениағарту орындары болған (1).
Оқу-ағарту жұмыстарының маңызы бағыттарының бірі жалпыға бірдей бастауыш білім беруді жүзеге асыру болды.
Осы маңызды істі қолға алу үшін 1925 жылы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «РСФСР-де жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуды енгізу және мектеп жүйесін құру туралы» қаулысы қабылданды. Қаулы бойынша жалпыға міндетті оқуды жүзеге асыру он жыл ішінде енгізуге тиіс болды.
———————————————————-
- Асылбеков М.Х. Формирование и развитеи кадров железнодорожников Казахстана А., 1973 98-99 б.б.
Шешім қабылдағанмен, оны іске асыру жеңіл болған жоқ. Қиындық келтірген негізінен екі себеп болды: қаржы тапшылығы мен мұғалім кадрларының аздығы. Осыған қарамастан, халықтың оқуға құштарлығы, болашаққа сенімі арқасында, әрі жергілікті жерлердегі ұйымдастыру жұмыстарының негізінде, 20-шы жылдары мектептерде білім беру ісінде бірталай шаралар жүзеге асты. 1921-1929 жылдар арасында Қазақстандағы бастауыш мектеп оқушыларының саны 172 мыңнан 277 мыңға, оның ішінде қазақ балаларының саны 37,9 мыңнан 99,8 мыңға көбейген. Жетістіктерге қарамастан мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту ісінде әлі де олқылықтар жеткілікті еді. Мәселен, 1928-1929 оқу жылында бастауыш мектептерде оқу жасындағы қазақ балаларының 21%ғана оқуға тартылыпты және олардың көпшілігі 12-15 жастағы жасөспірімдер екен.Бастауыш мектептерде қазақтың қыз балаларының 11% оқыған (1). Өзбек, ұйғыр, дұнған сияқты халықтардың балалары да мектепке аз тартылған. Білім беру саласындағы басты тұлға-мұғалімдер жағдайына келсек, мұнда да жағдай мәз емес еді. Егер республикада 1926-1927 оқу жылында мектептерде 7,2 мұғалім болса, олардың 37%-ында ғана орта білім болған (2). Ал қазақ мектептеріндегі мұғалімдердің 10-15% ғана орта болып, қлғандарының бастауыш немесе 1-2 айлық курсты ғана бітірген, кейде тіпті білімдері де болмаған.
Сонымен қатар, бастауыш білім беру жүйесін іске асыруға бөгет жасаған объективті себептердің бірі – қазақ халқының көшпелі, жартылай көшпелі өмір салты еді. Сол себепті де қазақ ауылдарындағы мектеп көшпелі, маусымлдық толық құрылмаған, оқу жылы қысқартылған және жеңілдетілген оқу бағдарламасы бар түрлері болды.
—————————————————
- Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане А., 1962 131-б.
- Сембаев А.И. Қазақ совет мектебінің тарихы А., 1967 227-б.
Осы сияқты мектептердің өзі барлық жерлерде болмады, болса мұғалімдер жетіспеді. Сондықтан да ВКП (б) Өлкелік Комитеті ҚазАССР-і Халық Ағарту Комиссариатының баяндамасы бойынша 1930 жылғы 30 қаңтардағы қаулысында ауылдағы мектеп қандай болу керек деген сұраққа былай жауап берген: «Ауыл мен деревнялардағы жаппай мектептердің басты түрі төртжылдық болу керек. Бірақ мұғалімдердің кәсіби деңгейінің төмендігіне және басқа кемшіліктерге байланысты, уақытша мектептерді ашуға тура келеді» (1).
Басшылыққа алатын негізгі құжаттар жарияланғаннан кейін Қазақстанда міндетті бастауыш білімге көшуді қамтамасыз ету жолында кең көлемді жұмыс жүргізіле бастады. Жаңа мектептер салынып, олардың жанынан шалғай ауылдардың балалары үшін интернеттер ашылып, оларға батырақтар мен кедейлердің балалары орналастырылады.
20-шы жылдардың аяғында тек білім беру саласында ғана емес, жалпы өлкенің мәдени өміріндегі тосын әрі, оның табиғи даму үрдісіне қайшы келген уақиға-алфавит реформасы болды.
1928 жылдың желтоқсанында өткен Қазақ АССР-і Орталық Атқару Комитетінің ІҮ сессиясы латын графикасы негізінде жасалған жаңа алфавитке көшу мерзімі: барлық мемлекеттік, кооперативтік мекемелер, ұйымдар үшін іс қағаздарын жаңа алфавиттің негізінде жүргізу – 1931 жылғы 1 қазан; қазақ тілінде шығатын барлық басылымдарды жаңа алфавитке көшіру -1930 жылғы 1 қаңтар деп белгіленеді. 1931-1932 оқу жылынан бастап Қазақ АССР-індегі барлық сатыдағы оқу орындары арап жазуы негізінде оқытуды тоқтатып болды.
30-шы жылдардың аяғына қарай республикада жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруге көшу негізінен аяқталады. Қысқаша статистикалық
———————————————————
- Культурное строительство в Казахстане (1918-1932гг.) Сб. Документов и материалов Т.1. А., 1965. 205-б.
мәліметтерге сүйенсек, 1937 жылдың 1 қаңтарында мектеп жасындағы балалардың 96%-ы бастауыш мектептерге тартылған. Ал, төрт сыныпты бастауыш мектептер саны 1481-ден 2350-ге, оның ішінде қазақ мектептері 537- ден 1119-ға жеткен. Егер 1933 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша бастауыш мектептерде оқып жүрген қазақ балаларының саны 213 мың болса, олардың саны 1937 жылы 314 мыңға жеткен (1).
30-шы жылдардың аяғында сонымен қатар орталау және орта мектептердің саны артты. Тек 1940-1941оқу жылдарында республикада 1779 (оның ішінде 746 қазақ мектептер) орталау және 701 (оның 168-і қазақ) орта мектеп болған (2).
20-30-шыжылдары заманның мәдени мұрасы жөнінде қызу идеялық тартыс толастамады. Бір жағынан, «ескі мәдениетке» кең көзқарас, оны социалистік құрылыста толық пайдалануға кедергі жасамау туралы ой-пікір болса, екінші жағынан, жоғарыда айтқандай, өткен заманның мәдени мұрасына толық бастарту еді.
Бірінші үрдісті жақтаушылардың ішінде большевиктер партиясының кейбір қайраткерлері де болды. Мәселен, Л.Троцкий және оның жақтаушылары «социалистік мәдениет» тек дүниежүзілік революция жеңгеннен кейін ғана жасалуы мүмкін, сондықтан да жұмысшы тобы жаңа мәдениетті жасауда жетекші буын бола алмайды, сол себепті олар мәдени мұраны игеруді ғана жүзеге асыру керек, ал мәдениеттегі жетекші роль ескі ескі мәдениеттің өкілдерінде болды деген тезисті алға тартты. Олардың ойынша мәдениеттегі ерекше орын «жолбикелер» деп аталған ескі интеллигенция өкілдеріне болу керек. Әрине, Л.Троцкий ескі интеллигенция өкілдеріне толық сенім көрсетпеген.
——————————————————-
1.Ахметов Қ.Ә ХХғ 20-30-шы ж-ғы Қазақстан мәдениеті А., 2002 30-31 бб.
2.Нурмухамедов С.Б., Савосько В.К. Сулейменов Р.Б. Очерки истории социалистического строительства в Казахстане А., 1966 181-б.
ХІХ ғасырдың аяғы–ХХ ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстанға капиталистік қатынастардың ене бастағаны мәлім Қазақстан жаңа жағдайға жаңа оқу түрі керек болды. Сол себепті де, мұсылмандық оқуға реформа жасау қажеттілігі туындады. Бұл шараларды Ресей көлемінде іске асыруға күш салып, реформаторлық қызмет атқарғандар И. Гаспринский, Баязитов т.б. болды (1). Мақсаттары-заман талабына сай, ескі оқуды өзгертіп, ғылым негіздерін пән ретінде кіргізіп, қалың бұқараны білімге тарту болды. Сөйтіп, ғасыр басында жаңа әдістемелік мектеп-«усул-и-джадид» (жаңа әдіс мектебі) өмірге келді.
Тағы бір ескерте кететін жәйт ол медреселерді бітіргендер жайында айтып өтсек, мәселен жаңа әдісті бастаған оқу орындарының бірі 1872 жылы Уфа қаласында ашылған «Ғалия» медресесі болды. «Ғалия» деп аталуы оның жоғарғы дәрежелі оқу орны болғандығын аңғартады. Мұнда дін сабақтарымен қатар математика, физика, тарих, философия және басқа да пәндер оқытылған. Ғ. Ахмедов осы медресені бітіріп, қоғам өмірінің әртүрлі саласында қызмет еткен қазақ жастарының толық болмаса да, тізімін жасаған екен. Ондағы олардың саны 52-деп (2) мәлімдейді.
ХХ ғасырдың басында қызмет еткен қазақ интеллигенциясының біраз бөлігі гимназияларды, медицина училищелері мен курстары, мұғалімдер семинарияларын бітіргендер құраған. Олар қазақ өлкесінің ағарту саласында, фельдшерлік кәсіпте, баспасөз орындарында, байланыс және банк қызметінде, мемлекеттік әртүрлі мекемелерде қызмет еткен. Қазақстан бойынша осы топтағы ұлттық интеллигенцияның саны профессор В.Г. Григорьевтің есебі бойынша 700-ге жуық болған.
———————————————————
- С. Шілдебай Түрікшілдік қозғалысы А.,2002 33-б.
- Ахмедов Ғ. Алаш»Алаш» болғанда А.,1996 142-144 бб.
- Григорьев В. Шапорев Ю. Фрагменты времени А., 1990 48-б.
- Ғылым мен өнер саласындағы мәдениеттің дамуы.
Екінші үрдіс жоғарыда көрсетілгендей мәдени мұраға мүлдем теріс көз қарас, әсіресе солшыл ағым болды. Олардың пайымдауынша ескі мәдениеттің жаңа қоғамда өмір сүруге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан жұмысшы табы өзінің жаңа мәдениетін жаңа жағдайда өткен мәдени мұрасыз ақ жасауы керек. Осы идеяларды берік ұстанған ұйым Пролеткульт болды. Өзінің көптеген мәлімдерінде, сьездері мен конференцияларының шешімдеріне, күнделікті істеріне пролетариат ұйымдары өткен қоғамның мәдени мұрасын пайдалануға үзілді – кесілді қарсы шықты.
Сол кездің өміріндегі белең алған құбылыс-ниглизм болды. Жаңа қоғам құрып жатырмыз, ескіліктен арылуымыз керек деген жалаң ұраншылдық кейбір шығармашылық ұйымдарды ниглистік көзқарасқа алып келді.
Сол кезде көптеген шығармашылық ұғымдардың басшылығында Наркомпростың аппараттарына «солшыл» бағытты қолдайтындар жеткілікті болды және ұлт аймақтарында да осындай жағдай қалыптасты.
1925 жылы Қазақстанда басқа да республикаларда сияқты ҚазАПП құрылды. Оның басшылығында отырғандар да әсіре «солшылдардың» қатарында болды. Кеңес өкіметінің саясатына, большевик партиясының таптық идеологиясына шын берілгендіктерін көрсету үшін кейбір қайраткерлер өткен ғасырлардағы қазақ әдебиетіндегі қайталанбас тұлға, ұлы ойшыл Абайдың шығармашылдық мұрасына да теріс баға беруде бас тартпады. ҚазАПП басшылығында болған М. Қайназаров, әдеби сыншы Ғ. Тоғжанов т.б. Абайдың әдеби мұрасын ескі, кертартпа қоғамның, шығармалары деп бағалады (1).
Өлкелік партия комитетінің жауапты қызметкерлері І.Қабылов та Абай мұрасына теріс көзқараста болды. Ол өзінің Абай философиясы туралы мақаласында, ақынның шығармашылдық идеалистік көзқараста жазылған
——————————————————-
- Сүлейменов Р.Б. Әдеби мұра және оны зерттеу А., 1961 37-б.
ұлтшылдықтың ұраны болды деп бағалай келе, Абайдың әдеби мұрасынан, сонымен бірге қазақ фольклорының озық үлгілерін қорғаудың мәдениеттің жанашырлары болған қайраткерлер С. Сәдуақасов, М. Әуезов, С. Қожанов, Қ. Жұбанов, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов т.б. баспасөз беттерінде мақалалар жазып, зор еңбек сіңірді. Көптеген пікірталастардан кейін, Қазақстанда 30-шы жылдардың ортасында өткеннің мәдени мұрасына байланысты бірыңғай көзқарас қалыптаса бастады. Қазақ халқының өткен ғасырлардағы көркем әдеби мұраларын оқуға, олардың жаңа мәдениетін ұштастыру мүмкіндіктері туралы оң пікірлер де айтылып жатты.
Осы жерде ерекше тоқтала кету керек, 20-шы жылдардың ІІ-ші жартысындағы көркем әдебиет оның классиктері, әдеби мұра туралы толығырақ пікірді өзінің «әдебиет әңгімелері» атты мақаласында айтқан С. Сәдуақасов болды. «Екіден қалған мұраға біз ие боламыз ба, жоқ болмаймыз ба?» деген сауалды Абай шығармаларына байланысты алға тарта келіп: «Абай да –ескі мұра, бірақ Абайдан қалған мұра ескірген жоқ,. Әлі де қазақ халқының ақындары Абайдан шеберлікке үйрену керек» деген қорытындыға келеді.
Кезінде өткен мәдени оның ішінде әдеби мұра жөніндегі пікірталаста Ж. Аймауытов, Қ. Кемеңгерұлы баспасөзде сындарлы ой айтып, қазақ әдебиетінің үлгі алар арнасы өткен дәуірдің классикалық мұрасы мен орыс әдебиеті екендігіне жұртшылықтың көңілін аударған (1).
Кеңес өкіметі өз саясатын толық қолдайтын, таптық негізі бірыңғай интелигенция тобын қалыптастыруды негізгі мақсат етті. Бұл ретте ең алдымен мұғалімдер баса назар аударылды. Оның нақты себептері де бар еді. Педагогтық тәжірибесі бар, білімді мамандар жетіспеді. Халықтың білім дәрежесін көтеруді «мәдени революцияның» басты міндеттерінің бірі
—————————————————
- Қ.Кемеңгерұлы Көркем әдебиет туралы Шығармалар Қазақ әдебиеті 1989, 27-қаңтар А., 1995. 120-129 бб.
санаған. Кеңес өкіметі қалыптасқан жағдайда шығудың әр түрлі жолдарын іздестіре бастады. Оның ішінде, сауатсыздықты жою және ауыл мектептерін мұғалімдермен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырған бір шарасы-тұрақты және қысқа мерзімді педагогикалық курстарын ұйымдастыру еді. Мұндай курстардағы оқу мерзімі әртүрлі болды. Кейбіреуі 2-3 аптадан бірнеше айларға созылса, республиканың қалаларының курстар 1-2 жылға да созылды. Мәселен, 1921 жылғы А. Байтұрсынов жасаған халық ағарту комисариатының баяндамасында осыған байланысты мына мәселелер көтерілген 1921 жылы мектеп ісіне қатысты бірнеше мектептер ашу көзделген. Осы мақсатпен 1921 жылдың І-ші жартысында, шамамен әр уезд пен ауданда қысқа мерзімді (4 айлық) педагогикалық курстар ашу көзделген. Курстарға елді мекеннің тұрғындары өздері таңдап 2-3 адам жіберулері керек.
Ұлттық мұғалімдер кадрларын дайындау ісі 20-шы жылдардың аяғында жаңа сатыға көтерілді. БКП (б) Орталық Комитетінің 1928-ші жылы мамыр айында қабылдаған «Қазақ партия ұйымдарының жағдайы және қызметі туралы» қаулысында республикадағы оқу ағарту ісіне, мұғалім кадрларын дайындауға ерекше көңіл бөлінді. Оны қаулыдағы мына жолдар айқын аңғартады: «Қазақ Өлкелік комитетеі халыққа білім беру саласында жаппай білім беретін мектептердің дамуына және оланрдың мұғалім кадрларын, әсіресе » Қазақстанның жергілікті халқынан кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлу керек». Осы шаралардың тікелей әсері болуы керек, 1928 жылдың аяғында Қазақ АССР–і үкіметінің шешімімен Алматыда Абай атындағы Қазақтың педогогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті) ашылды. Алғашқы ашылғанда бұл жоғарғы оқу орыны Қазақ университеті ретінде құрылды. Оның құрамында педогогика, ауылшаруашылығы және медицина факультеттері болды. Кейінірек университеттен бөлініп, 1930 жылы ауыл шаруашылығы, 1931 жылы медицина институттары ашылды. Ал Қаз МУ-дың құрамында тек педогогика факультеті ғана қалғандықтан, бұл оқу орны 1931 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты болып өзгертілді (1).
Республиканың мәдени өмірінде 1934 жылы 15 қаңтарда С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік универиситетінің ашылуы маңызды оқиға болды. Алғашқы кезде унверситеттің материалдық жағдайы нашар болды, оның үстіне оқытушы кадрлары да жетіспеді. Оқу жылының басында екі ғана факультет-биология және физика-математика құрылып, оларда бар болғаны 54 студент оқыды. 1954 жылдың аяғына қарай үшінші болып химия факультеті ашылып, студентер саны 260-қа жеткен. ҚазГУ-дің оқытушылар құрамын толықтыруда, кітаптармен, оқу құралдарымен жабдықтармен қамтамассыз етуде ССРО-нің орталық қалаларындағы жоғарғы оқу орындары үлкен көмек берді.
Нәтижесінде қысқа мерзімде университет республиканың ғылыми, мәдени орталықтарының біріне айналды. 1939 жылдың 1 қыркүйегінде ҚазГУ-дің төрт факультетінде (биология, химия, физика-математика, филология) 905 студент оқыған. Барлығы 97 оқытушылық ішінде 23 ғылым докторлары мен профессорлар, 29 ғылым кандидаттары, доценттері болған. Университеттегі бір ерекшелік-қазақ оқытушылары мен студенттері азшылықта болды. Мәселен, бар болғаны 12 оқытушы қазақ болған, бұл оқытушылардың 12,3% ғана. Ал, студенттер арасында қазақ жастары 16,6% болған.
Мұндай жағдайды екі себеппен түсіндіруге болатын сияқты. Біріншіден, қазақ ауылдарындағы білім беру ісінің жетілмегендгінен, екіншіден, ауыл 1931-32 жылдардағы аштықтың, күштеп ұжымдастырудың зардаптарынан әлі құтыла қойған жоқ еді, тұрмыс жағдайы көптеген жастардың жоғарғы білім алуына қол байлау болды.
———————————————————
- Жаманбаев Қ.Ж. Высшая школа в Казахстане: исторический опыт Коммунис. партии Казахстана по рук. высшей школой за 50 лет А., 1972 41-б.
Ал қазақ оқытушыларының аздығы қалыптасқан екі жағдайға байланысты болды. Біріншіден, 1939 жылдың қарсаңында білімді қазақ зиялылары толық дерлік қуғын- сүргн құрбандары болды, екіншіден, Кеңес заманында оқып білім алғандар әлі де болса азшылықта болды, білім алғандары партия, кеңес, шаруашылық қызметтерінде еді.
Мәдени революцияның негізгі мәселесінің бірі-білім беру ісін жетілдіру мақсатында, әрі жергілікті жерлерде партия идеялар халыққа түсіндіруде, насихаттауда басты тұлға болатын жаңа интеллегенцияның өкілдері мұғалім кадрларын даярлауға 30-шы жылдарда ерекше көңіл бөліне бастады. Оны мына мәліметтер растайды.: 1940 жылы республикада 12 педагогикалық және мұғалімдер институттары болып, оларда 6000 студент оқыған, 1939 жылдың қарсаңында олар 1000 жоғарғы және орта білімді педагогтар дайындап шығарған (1).
Кеңес дәуірінде жаңа интеллигенция қалыптастырудың тағы бір жолы-жұмысшы мен кедей шаруадан шыққандарды партия, кеңес, шаруашылық жұмыстарына тарту арқылы жүрді. Алдыңғы қатарлы деп есептелетін жұмысшылар мен шаруадан шыққандарды басшылық орындарға тарту ісі Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан басталған-ды.
Жұмысшы мен шаруа өкілдерін жаңа интеллигенция қатарына тарту мен тығыз байланысты жүргізілген партия мен кеңес өкіметінің тағы бір саясаты-жергіліктендіру еді. Бұл саясаттың астарында жергілікті ұлт өкілдерін партия, кеңес, шаруашылық аппараттарына тарту арқылы бір жағынан олардың белсенділігін арттыру болса, екінші жағынан жергілікті халықтың партия саясатына, Кеңес өкіметіне сенімін күшейту, сеніміне кіру мақсаты жатты. Оны Қазақ АССР-і Орталық Атқару комитеті президиумының 1926 жылғы 27 мамырдағы «Аппаратты жергіліктендіру
——————————————————
- Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов А., 1967. 193-б.
туралы» қаулысы нақтылай түседі. Қаулыда: «жергіліктендіру келесі мақсаттарға жету үшін жүргізілетін шара болып табылады: а) аппаратты халықтың қалың көпшілігіне жақынырақ ету; ә) еңбекші қазақтарды кеңес құрылысына тарту; б) қазақ бұқарасының белсенділігі мен (ынталығын көтеру т.б.» Қабылданған қаулыны жүзеге асыруда үлкен қиыншылықтар болды. Көп жағдайда білім дәрежесінің төмендігінен қызметке тартылғандар өзіне берілген міндеттерді атқара алмады.
Алғашқы жылдары бұл істе қателіктер де аз болған жоқ. Әсіресе, кез келген мекемеде жергіліктендіру ісін пайызбен есептеп жүргізгенде кездейсоқ адамдардың қызметке алы-нуына жол берілді. Кейінірек жағдайды түзету үшін жергіліктендіруді пайызбен есептеп жүргізудің орнына, орын-дайтын міндеттеріне қарай жүргізу қолға алынды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Қазақстандада ғылым мәселесіне де көңіл бөліне бастады. Қазақ Автономиялық Кеңестік республикасы құрылғаннан кейін Ағарту халық комисариатында ғылыми бөлім құрылып, ғылым, мұражай, мұрағат және өнер мәселелерімен айналыса бастады. Кейінірек, 1921 жылдың тамыз айында осы бөлімнің негізінде Академиялық орталық құрылды.
Қазақстанда30-шы жылдардың басынан бастап академиялық ғылыми мекемелер де құрыла бастады. Қоғамдық ғылымдар бойынша алғашқысы -1933 жылы құрылған Қазақтың Ұлттық мәдениетінің ғылыми –зерттеу институты болды. Оның ғылыми зерттеу бағыттары болып, тарих, археология, әдебиет пен фольклор, тіл, бейнелеу және музыка, хореография өнер салалары белгіленді. Институт өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында республиканың орталық ғылыми –ағарту мекемелерінің базасы негізінде жүргізді. Мәселен, Орталық архив, өлкелік орталық музей, мемлекеттік орталық кітапхана, өткен өлкетану бюросы, педагогика ғылыми- зерттеу институты, Қазақ мемлекеттік университетінің кафедралары институттың ғылыми жұмыстарына қолғабыс тигізді. Ұлттық мәдениет институтының тарих-археология секторының негізінде 1936 жылы ССРО Ғылым академиясының Қазақстан базасының тарих секторы құрылды (1).
Қазақстанның ғылымы мен білімнің өркендеп дамуына әсер еткен тағы бір жағдай-республикаға саяси сенімсіздікке байланысты орталық қалалардан жер аударылып келегн ғалымдардың қызметі болды. Мәскеуде «әшкереленген» «Академиялық іске» қатысы бар деген желеумен белгілі тарихшы ғылымдар С. В. Бахрушин-Семейге Е.В. Тарле –Алматыға жер аударылды. Е.В. Тарле бір жарым жыл ҚазПИ-де сабақ берген (2). 20-30-шы жылдары Алматының жғарғы оқу орындарында есімдері дүние жүзіне мәлім академиктер мен профессорлар қызмет еткен. Тек қана, Қазақтың ауыл шаруашылық институтында академик Васильков, профессорлар Михайловский, Гербач, Салаев, сонымен қатар А.В. Чаянов дәріс оқыған.
Кеңес өкіметі 20-30 шы жылдары мәдени революцияны жүзеге асыру барысында ғылымға көңіл бөліп оны жаңа қоғам құрудың негізгі құралдарының біріне айналдырмақ болды. Сондықтан да әрбір ғылыми мекеме социализм құру ісіне нақты істерімен жауап беруге тиіс болды.
Кеңес өкіметінің мәдени революцияның жаңа мәдениетін жасаудағы келелі міндеттердің бірі-жаңа әдебиет пен өнерді қалыптастыру деп білді. Партия жаңа рухани мәдениетттің идеялық-эстетикалық принциптерін анықтай келе ең басты талапты «коммунизмнің ұлы идеялары мен байланыста болмайтын бірде-бір ғылым мен өнердің түрі жоқ» деп жариялады.
20-30-шы жылдардың әдебиеті туралы ой қозғағанда есте болар бір ерекшелік-әдеби шығармалардың қоғаимда өзгеше резонансқа ие болуы.
———————————————————-
- Культурное строительство в Казахстане Сборник документов и материалов т.2. А., 1985 143-б.
- Врачев В.С. «Дело» академика С.Ф. Платонова //Вопросы истории 1989 №5, 129-б.
Оның себебін неден іздеу керек ? Біздің ойымызша, білімге, жаңашылдыққа ерекше құштарлық болған кезде (ал, 20-30-шы жылдар нақ сондай кезең болған). Кез-келген әдеби шығарманың оқушыларға бірден жол табуында. Екінші бір себебі, жарық көрген әрбір шығармаға саяси тұрғыдан қарау, оның кеңестік идеологияға жақын, алыстығын анықтауға құштарлық. Міне, осы тұрғыдан қарастырғанда, 20-шы жылдардың басында, қазақ әдебиетінде екі бағытта шығармалар көрініс тапқан. Ташкентте жарияланып, жарық көрген әдеби шығармалар таптық идеологиядан алыстау жалпы азаматтық құндылықтарға негізделсе, Орынборда жарық көріп, басылып жатқан. С. Сейфуллиннің, С. Мұқановтың Б. Майлиннің өлеңдері таптық көзқарасты негізге алып, партияның идеологиясы, талап-тілегі тұрғысынан жазылған шығармалар болатын.
Сөйтіп жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында қалай болғанда да байқалған шығармашылық бостандығы бірте-бірте құрдымға кете бастады. Осы кезеңде әдебиеттің проза саласында да сыңаржақтылық бой алып, науқаншылыққа негізделген шығармаларға бетбұрыс басталды. Сөйте тұра, 20-шы жылдарда қазақ прозасының біртуар жаңа туындылары жарық көріп те қалған кезең болатын. Ж. Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, М. Ауезовтың «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек» әңгімелері, «Қилы заман» романы, М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі, С.Сейфуллиннің «Жер қазғанда повесі», С. Сәдуақасовтың «Күлпаш», «Күміс қоңырау», «Салмақбай-Сағындық» повестері, С. Мұқановтың «Адасқандар» романы осы жылдары жазылған еді. Осы кезеңдегі қазақ прозасының деңгейін көрсететін шығармалар Ж. Аймауытовтың «Қартқаожа» мен «Ақбілек» романдары еді. «Қартқожа» романында қарапайым ауыл адамның қоғамдық әлеуметтік істерге араласып, кейіннен ел азаматтарын қосылуының эволюциялық жолы көрсетілсе «Ақ білек» романында, Ж. Аймауытов «Қазақ қызының көрген зорлық зомбылықтарын көрсету туралы шығармасын жоғары дәрежедегі психологиялық роман дәрежесінде жеткізе білген. Қазақтың тұңғыш ұлттық кәсіпқой театры 1926-шы жылы 13-қаңтарда Қызылордада Қожке Кемеңгеровтың «Алтын сақина» пьесасы бойынша қойылған спектакльмен ашылады. Ұлттық театрдың пайда болуы драмалық шығармаларға деген сұраныс туғызды. Театрдың өркендеуіне, оның репертуарының қалыптасуына еңбек сіңірген Жұмат Шанин болды. Ол өзі әрі талантты режиссер, драматург, әрі актер еді. Ж. Шанин «Арқалық батыр» трагедиясын, «Торсықбай-Айдарбек» комедиясын, «Шахта», «Үш бата» драмаларын жазды.
Драматургияда қарымды еңбек еткен Ж. Аймауытов болды. 20-шы жылдары оның қаламынан туған «Шернияз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Сылаң қыз» және т.б. барлығы жеті пьеса болып, олар театр сахналарында қойылып тұрды.
Жаңа мәдениетті қалыптастырудағы маңызды бағыттың бірі саналғаны-өнер саласы болды. Әсіресе қазақтың дәстүрлі ән өнері қазақтың ұлттық мәдениетінің алтын қазығы іспеттес, халықты рухани қазынасы болғандықтан кеңес өкіметі оны, сақтап дамытуға мүмкіншіліктер жасай бастады.
А.В.Затаевич қазақтытың ән-күйлерін жинастырып, елге таныту арқылы, халық арасынан әншілер мен музыканттарды іріктеп шығаруға септігін тигізді. Осылайша олар көрмелерге, байқауларға қатысуға мүмкіндік алды. Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский республика өкіметіне 1925 жылы телеграмма арқылы қазақ әншісі Әміре Қашаубаевты Мәскеуге жіберуді, одан әрі Париждегі дүниежүзілік көрмеде болатын этнографиялық концертке жіберуді сұрайды. Әміре Мәскеу мен Парижде қазақ әнін жұртшылыққа паш етіп, үлкен ықыласқа бөленген. Одан кейін, ол 1925 жылы бүкілодақтық мәдени қатынастар қоғамының (ВОКС) ұйымдастырумен Германияда Франкфурт қаласында өткен дүниежүзілік музыкалық көрмеде өткен концертке қатынасады, басқа қалаларда гастрольдік концерттер беріп, зор қошеметке бөленген.
Социалистік түрдегі жаңа мәдениетті жасаудағы кеңес өкіметінің 1920 жылдары жүргізілген тағы бір саясаты-одақты мекендеген халықтарды мәдени жағынан жақындастыру болды.
Әрине, кез келген халықтың мәдениеті өзімен-өзі болып, томаға- тұйық жағдайда өмір сүре алмайтындығы белгілі. Бірақ мәдениеттердің қарым- қатынасы табиғи процесс ретінде ерікті жағдайда жүруі керек . Оның дүниежзілік өркениеттік даму эволюциясы көрсетіп отыр.
Ал, кеңес өкіметі бұл процеске саяси астар беріп, оны большевиктік идеологияның саясында жүргізуге тырысты.
1927 жылы араб графикасындағы жазуды латын графикасына көшіру жөнінде Бүкілодақтық комитет құрылып, қысқы мерзімде жаңа алфавитке өту іске асырылды. Бұл шараның лингвистикалық жағынан, саяси жағының басым екендігін кезінде А. Байтұрсыновтың бірден аңғарып, қарсы болғандығы туралы тарихтан белгілі.
Алфавит реформалары мұнымен аяқталмады,ақыры 1940 жылы 22 қазанда ССРО үкіметі арнаулы қаулы қабылдап, онда былай деп атап көрсеткен: «Удовлетворить просьбу советских, партиных организации КАЗССР о переводе казахской писменности с латинизириованного алфавита на русской».
Осы өзгерістердің өзі-ақ, жаңа мәдениетті қалыптастыру тек орталықтың мүддесіне сай жүргізілуі қажет болғандығын айқын көрсетеді. Партияның басшылығымен социалистік мәдениетті жасау барысында ұлттық мәдениеттің дефориацияға ұшырап, «социалистік мазмұн» ала бастағаны осы кезең еді. Шет аймақтарда мәдени революцияның негізгі міндеттерінің бірі саналған-социалистік түрдегі ұлттық мәдениетті қалыптастыруда 20 жылдарда партия мен кеңес өкіметі басты шараларды іске асыруға негіз салды. Ашып айтқанда, оқу-ағарту, жаңа кадрларды дайындау, социалистік реализмге негізделген әдебиет пен өнерді қалыптастыру таптық идеологияны басшылыққа ала жүргізілді.
Қорытынды
Сонымен, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары КСРО-ның барлық аймақтарында жүргізілген «мәдени революция» саясатының нәтижесінде Қазақстанда да кеңестік мәдениет жасауда іргелі шаралар іске асырылып жаңа қоғамның рухани өмірінде өлшеулі өзгерістер болды. Олар, қоғамның саяси басшысы болған-большевиктер партиясының кеңес мәдениетін жасауға бағытталған тұжырымдамасының негізінде жүргізіліп отырған.
Кеңес өкіметінің халықтық әлеуметтік жағдайын, мәдени деңгейін көтеруге бағытталған қызметі 20-шы жылдары оң нәтижелерін бергенін де айтуымыз керек. Әсіресе халық ағарту, әдебиет, өнер, денсаулық сақтау салаларында едәуір алға басушылықтар болды. 30-шы жылдардың аяғына қарай жаппай сауатсыздық негізінен жойылды, жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді, алғашқы жоғарғы оқу орындары пайда болды. Мәдени-ағарту мекемелері жүйесі құрылды. Осы істердің барлығы жергілікті ұлт өкілдерінің белсене қатыстырылуымен жүргізілді. Оның үстіне мемлекеттік органдар мен шаруашылық мекемелеріне ұлттық кадрларды тарту, жергіліктендіру науқанының да оң әсері болды.
20-шы жылдың аяғынан бізге «социализмнің сталиндік моделі» деген атпен белгілі тарихи кезең басталды. Сөйтіп, аз уақытқа созылған эволюциялық кезең тоталитарлық жүйеге ауысты.
Бұл жүйенің өмір сүруі басқаны айтпағанда, ұлттық сана мен мәдениетке зор нұқсан келтірді. 30-шы жылдың басы мен аяғында жүргізілген саяси репрессияның кесірінен ұлттық интеллигенция құрбан болды.
20-шы жылдың ІІ-ші жартысынан бастап мәдениеттің таптық көзқарас, иделогиялық, партиялық мазмұн-талап, кейін 30-жылдың басынан билеп төстеген социалистік реализм сияқты бұлжымас догмаларға айналды.
Сөйтіп, 30-шы жылдары Қазақстан «түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет» жасау жолында, бір жағынан КСРО көлемінде тоталитарлық идеология орнатпақ болған бірыңғай интернационалдық мәдени кеңістікке бет түзеді. Ал екінші жағынан, осындай мәдени саладағы жеделдете дамудың нәтижесінде халық атпен тарихынан төл мәдениетінен, рухани болмысынан аймақтауға бағытталған шараларға тап болды. Тек қана арап жазуынан қол үзу, байырғы алфавиттен айырылуы ғана емес, сонымен бірге, кеңес одағын мекендеген түрік тілдес халықтардың ортақ халықтардың рухани байланысын, дәстүрлі ойлау жүйесін өзгертуге бағытталған құбылыс еді.
Қазіргі кезеңдердегі тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуындағы, қалай дегенмен де, кеңес дәуірінде қалыптасқан мәдениеттің оң нәтижелері мемлекеттердің рухани өмірінің негізін жасап отыр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Шоқай М. Таңдамалы А., -1т., 1998. 153-б.
- Социалистік Қазақстан, -1990ж. 30 маусым
- Межуев В.М. О понятии культуры В кн. Коммунизм и культура М., 1966 24-б.
- Философский энциклопедический словарь М., 1983 295-б.
- Ким М. П. Культурная миссия социализма и культурная революция М., 1985 28-б.
- Ким М. П. Культурная революция в СССР 1917-1965 гг. М., 1967 81-б.
- Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане А., 1972 70-б.
- Ермаков В. Т. О содержании и хронологических рамках культурной революции в СССР //Вопросы истории 1966 ?10
- Ионин Л.Г. Понимающая социология М., 1979 207-б.
- Сулейменов Р.Б. Бисенов Х.И: Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов А., 1967 3-31 бб.
- Вопросы историографии Казахстана А., 1983 70-95 бб.
- Байтұрсынов А. Ақ жол А., 1991 464-б.
- Жүргенов Т. Қазақстандағы мәдениет революциясы А., 1935
- Сапаргалиев Г. Роль Советского государства и права в развитии социалистической културы в Казахстане А., 1957 143-б.
- Сембаев А.И. Очерки по истории казахской советской школы А., 1958 327-б.
- Баишев С. Победа социализма в Казахстане А., 1962 421-б.
- Сулейменов Р.Б. Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов А., 1967 424-б.
- Қанапин А.К. Культурное строительство в Казахстане А., 1964 475-б.
- Бейсембиев К. Победа марксистского-ленинской идеологии в Казахстане А., 1970 384-б.
- Нусупбеков А.Н. Формирование и развитеи советского рабочего класса в Казахстане А., 1966 243-б.
- Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы А., 1995 125-б.
- Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда А., 1995 120-б.
- Қозыбаев М.К. История и современность А., 1991 115-б.
- Асылбеков М.Х. , Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане А., 1991 135-б.
- Есімов Ғ. Сана бомысы А., 1993 224-б.
- Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы 1-т. 410-412 бб.
- Богданов А. Науки об общественном сознании М., 1923 229-б.
- Абжанов Х. Формирование и судьбы казахской интеллигенции //Мысль 1992 №2. 84-б.
- Нұрпейіс К. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы // Қаз МҰУ хабаршысы 1998 №9. 22 б.
- Есімов Ғ. Сана болмысы А., 1994 140-б.
- Базарбаев М., Аққұлұлы С. //Ә.Бөкейхан Таңдамалы А., 1995 27-б
- Сағынбекұлы Р. А., 1997 201-б.
- Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы А., 1998 384-б.
- Мұқанов С. Есею жылдары А., 1963 261-б.
- Мұқанов Өмір мектебі А., 1970 162-б.
- Культурное строительство в Казахстане Сб. Док и матер. А., 1965 59-б.
- Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане А., 1972 243-б.
- Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 г. М., 1962 11-б.
- Асылбеков М.Х. Формирование и развитеи кадров железнодорожников Казахстана А., 1973 98-99 бб.
- Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане А., 1962 131-б.
- Сембаев Ә.І. Қазақ совет мектебінің тарихы. А., 1967. 227-б.
- Нурмухамедов С.Б. , Савосько В.К., Сулейменов Р.Б. Очерки истории социалистического строительства в Казахстане (1933-1940 гг.) А., 1966 181-б.
- Вопросы культуры при диктатуре пролетариата М., Л., 1925 210-б.
- Шілдебай С. Түрікшілдік қозғалысы А.,2002
- Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда А., 1996 142-144 бб.
- Григорьев В. Шапорев Ю. Фрагменты времени В книге о чем не говарили А., 1990 48-б.
- Сулейменов Р.Б. Әдеби мұра және оны зерттеу А., 1961 37-б.
- Қ. Кемеңгерұлы Көркем әдебиет туралы Шығармалар А., 1995 120-129 бб. Қазақ әдебиеті 1989, 27- қаңтар.
- Жаманбаев Қ.Ж. Высшая школа в Казахстане А., 1972 41-б.
51.Сулейменов Р.Б. Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов А., 1967 193-б.
52.Врачев В.С. «Дело» академика С.Ф. Платонова // Вопросы истории 1989 №5 129-б.