АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Оқу-жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту

МАЗМҰНЫ

 

KІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………….3

 

1     Жылдамдық және оның футболдағы орны………………………………..6

  • Жас футболшылар үшін жылдамдықтың маңызы………………………………………….7
  • Орта мектеп жасындағы балаларға футболмен айналысудың тигізетін әсері………………………………………………………………………………………………………………….10

 

  • ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ……………………………………………………………………………..13
    • Орта мектеп жасындағы балалардың дене дайындығының ұйымдастырылуы……………………………………………………………………………………….16
    • Орта мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктері мен жылдамдық қасиеттерінің зерттелуі……………………………………………………………………………….21

 

3 Оқу-жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық  қаCИЕтін дамытудың әдістері …………………………………36

3.1 12-15 жастағы футболшылардың жылдамдық қасиетін дамытудың әдістемесі………………………………………………………………………………………………………….39

3.2  Жас футболшылардың техникалық және тактикалық дайындығы………………..48

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………………….60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………………..61

 

 

Кіріспе

Соңғы жылдары ірі футбол турнирлары футболшылардың ойын әрекетінің қарқынды дамыту мен техникалық әдістерді жылдам орындауға бағытталғандығын көрсетеді. Ойын кезінде оның жалғасу ұзақтығына және қарқындылығына қарай жаттығулар алмасып жүзеге асырылады. Қазіргі футбол үшін жылдамдық ойын қызметіне едәуір әсер етеді. Сонымен қатар жылдамдық–қазіргі футболда ойынның сапасына әсер ететін едәуір маңызды дене қасиеті болып табылады.

Қазіргі кезде футбол жарыстарында жылдамдықсыз жеңіске жету мүмкін емес. Ал, бұл мәселені шешу жаңа тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып осы қасиетті жүзеге асыру болып табылады. Жылдамдықты жасөспірімдік кезден, яғни 13-14 жастан бастап дамыту керек. Футболшылардың ойында көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз орындауы қазіргі футболдың даму үрдісі болып отыр. Сонымен қатар ойыншылардан жоғары жылдамдықпен допты меңгеру қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекеттер жасау талап етіледі. Сондай-ақ, футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 13-14 жас аралығы жылдамдықты дамытуға қолайлы кезең болып табылады [1, 48 б.].

Футболдың қазіргі даму деңгейі футболшылардың дене дайындығына жоғары талап қояды, соның бірі жылдамдық қасиеті мен арнайы төзімділік. Спорт түрлерінде, соның ішінде футболда жылдамдық қасиеттерін дамыту әдістемесі әлі де жүзеге асырылуы керек. Жас футболшылардың дайындығында жылдамдық қасиеттерін дамыту орта мектеп жасында қалыптасатындығына назар аудару керек. Себебі, орта мектеп жасы– барлық негізгі өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйелер мен олардың жүзеге асырылатын кезеңі. Осы жаста ағза белсенді түрде қалыптасады, қоршаған ортаға бейімделеді, жүйке жүйесі мен қозғалыс аппараты дамиды. Орта мектеп жасы балалардың дене қабілеттерін дамытуда қолайлы кезең болып табылады.

Оқу-жаттықтыру  сабағында жас футболшылардың дене қасиеттерінің жүзеге асырылуы кезіндегі жеке даму ерекшеліктерін есепке алсақ, жаттығу тиімді болады. Әр түрлі жастағы футболмен айналысатын балалардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға арналған зерттеулер балалардың жылдамдық қасиеттерінің көрсеткіштерін толық бермейді. Сол себепті жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамыту әдістемесі дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінде маңызды болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі: Жас футболшыларды дайындауда 12-15 жас аралығы маңызды кезең болып табылады. Осыған байланысты қазіргі уақытта футболдан оқу-жаттықтыру сабағында жылдамдықты арттыруға байланысты көптеген мәселелердің шешілмегендігі және тақырыптың әлі толық зерттелмегендігі диплом жұмысының өзектілігін арттырады.

Зерттеу нысаны: орта мектеп жасындағы футболшылардың жылдамдығының даму үрдісі.

Зерттеу пәні: орта мектеп жасындағы жас футболшылардың жылдамдығындамытудың әдістері.

Зерттеу әдістері: футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға байланысты әдебиеттерді талдау және зерттеу, зерттеу нәтижелерін сипаттау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысының мақсаты- орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдық қасиеттерін дамытудың ерекшеліктерін ашып көрсету.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттердің орындалуы шарт:

  1. Футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамыту мәселесі бойынша әдебиеттерді талдау;
  2. Орта мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктері мен жылдамдық қасиеттерінің байланысын анықтау.
  3. Орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдық қасиеттерінің дамуына байланысты ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді талдап, нәтижелерін сипаттау.

Тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысын дәрістерде және оқу-жаттықтыру сабақтарында әдістемелік нұсқаулық ретінде қолдануға болады.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік маңызы: Бұл диплом жұмысы орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдығын арттыруға байланысты әдістемелерді ұсына отырып, жаттығу жүктемелерін жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ғылыми жаңалығы: «Футболдан оқу-жаттықтыру сабағында орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдығын дамыту» атты дипломдық жұмысымыздың ғылыми жаңалықтары төмендегідей:

  • 10-12 жас аралығындағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жылдамдықты арттыру жаттығуларын анықтау;
  • 16-18 жас аралығындағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жылдамдықты арттыру жаттығуларын анықтау;
  • жас футболшылардың жаттығу жүктемелерін жоспарлауды анықтау;

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда орта мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдығын дамыту мәселесі қарастырылған.

Екінші тарауда  орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдығын дамытуға арналған жаттығулар мен әдістемесі сипатталған.

Диплом жұмысының соңында қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Көлемі: 63 бет

1 ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУТБОЛДАҒЫ ОРНЫ

Жылдамдық мүмкіншіліктерін дамыту жағдайына қолайлы жас– 12-13 жас болып табылады. Жылдамдық дегеніміз – адамның белгілі бір уақыт  аралығында  кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті.

Қазіргі футболдың даму қарқыны футболшылардың ойын барысында көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз үлкен күшпен жүзеге асыруы болып табылады. Сонымен қатар ойыншылардан жоғары жылдамдықта допты игеру қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекет ету талап етіледі. Жылдамдықты игермей, керемет командада ойнауды үміт ету өте қиын. Ойын барысында футболшылардың жылдамдығы қозғалыстарды жүзеге асыруда байқалады.

Ойынды жүзеге асыруға, қорғаушылардың санын көбейтуге байланысты уақыттың аздығы себебінен шабуылдың өте қауіпті орнында жылдамдық маңызын арттыра түседі.

Жылдамдық пен сенімділік, қарапайым және пайдалы ойын тәсілдері  бүгінгі футболға қойылатын талаптардың негізі.

Тәрбиелеу кезінде мысалы жылдамдық туралы сөз болса, тек қана қозғалыс қана емес, сонымен қатар ойындағы өзгерістерге байланысты қозғалыс реакциялар жылдамдығы, қысқа дистанцияларда ең жоғарғы жылдамдық, жауап қайтару жылдамдығы, техникалық әдістерді орындау жылдамдығы, бір әрекеттен екінші іс-әрекетке көшу сияқты әрекеттер маңызды болып табылады. Футболшының  қозғалу жылдамдығын үлкейту үшін арнайы күш, яғни динамикалық немесе жарылатын күш керек, олар қысқа уақыт аралығында көрінеді.

Бастапқы дайындық кезінде және жылдамдық төзімділікпен тығыз байланыста қалыптасып дамиды. Жылдамдық–жас футболшылардың дене қасиеттерін дамытудағы басты бөлік болып саналады. Жас футболшыларды дайындауда және жалпы футболда жылдамдықтың маңызы зор екендігі анық.

1.1 Жас футболшылар үшін жылдамдықтың маңызы

Қазіргі футболда жылдамдықтың маңызы зор. Футболдың кең алаңында ойыншыларға тар келуі мүмкін, сол кезде техникалық әдістерді орындауда  кім жылдамдық танытпаса, сол ойыншы әрдайым уақыт шегінен шығып кетеді.

Футболшылар қозғалыс қызметін орындағанда (жылдамдықты арттыру, секіру, допты ұру, жүгіру-тоқтау) негізгі ауыртпалық аяқтың бұлшықеттеріне түседі. Бұл футболшылардың жылдамдығын арттыру қажеттілігін және маңызын айқындайды. «Ойыншыларды қызметіне қарай бөлу олардың дайындығының жан-жақтылығына негізделеді. Бұл олар бәрін бірдей орындауы керек дегенді білдірмейді. Бірақ әр футболшы ойынның барлық тхникалық әдістерін меңгеруі керек және шабуыл мен қорғауда дұрыс әрекет ету қажет. Әсіресе ойыншы жеке қызметтерін жақсы орындауы керек [2, 51 б.].

Футболшылар қызметіне қарай қақпашы, артқы қорғаушы, ортаңғы қорғаушы, орта сызықтағы ойыншы, артқы және ортаңғы шабуылшы деп бөлінеді» [3, 212 б.].

Қақпашы. Қақпашы–бұл орта бойдан жоғары, атлетикалық дайындығы жақсы, реакциясы жылдам ойыншы. Жылдамдығы өте жоғары ойыншы.

Артқы қорғаушылар–өз командасының шабуыл әрекетінде қорғаушы ретінде сенімді әрі шебер ойынды үйлестіруші. Атлетикалық дайындығының деңгейі жоғары. Ойыншылар қозғалыстары жылдам әрі жерде де ауада да күресе білуі керек.

Ортаңғы қорғаушылар. Қорғаныстың ортаңғы жерінде әрекет ететін футболшыларды негізінде басты ойыншылар деп атайды. Себебі олар едәуір қауіпті алаңда қақпаны алу үшін күреседі.

Орта сызықтағы ойыншылар. Орта сызықтағы ойыншылардың әрекеті команданың жеңісі көбінесе соларға байланысты болғандықтан маңызды ойыншылар ретінде қарастырылады. Бұл ойыншылардың барлық матч кезінде жоғары қабілетке ие функционалды дайындығы жақсы болуы керек. Олар шабуыл және қорғаныс әрекеттерінде белсенді болулары керек және ойынның жоғары темпін сақтауы қажет.

Артқы шабуылшылар. Шабуыл сызығының басқа да ойыншылары сияқты артқы шабуылшылар футболда жылдам, епті және төзімді болулары қажет. Олардың маңызды қасиеті–әрекеттің темпін ауыстыра білу, қарсыласы үшін аяқастынан «шұғыл» әрекет ету болып табылады.

Ортаңғы шабуылшылар–бұл футболшының басты міндеті шиеленіскен шабуылдардың жалғасуында үздіксіз іздену, «өткір» шабуыл жасау, команданың шешуі ойыны кезінде белсенділік таныту болып табылады. 

Л. Качани жылдамдықты мынадай бөліктерге бөледі:

  1. Ойлау және әрекет ету жылдамдығы. Жылдамдық оның сұрақты қабылдап, оған жауап беру уақытымен анықталады. Ол жүйке жүйелерінің жылдамдығына және сезімталдыққа байланысты. Спорттық ойындарға күрделі реакция тән. Тәжірибелі ойыншыға өте жылдам әрекет ету қарсыласының әрекетін болжауға көмектеседі. Оның негізінде ойын тәжірибесі барысында жинақталған дағдылы әрекет жатыр.
  2. Қарапайым ойын қимылдарын орындау жылдамдығы. Жоғары жылдамдықпен орындалатын қарапайым қимылдарда екі түрге бөлеміз: өспелі жылдамдық түрі (старттық жылдамдық) және тұрақты жылдамдық түрі (спринттік жылдамдық). Ойыншы дамыта алатын ең жоғарғы жылдамдық тек қана оның жылдам әрекеттеріне ғана емес, сонымен қатар динамикалық күшінің даму деңгейі мен қозғалу техникасының деңгейіне және т.б. байланысты болады.
  3. Күрделі ойын қимылдарын орындау жалпы қозғала алу дағдысына байланысты. Доппен қозғалуда ойыншы техниканы меңгеру деңгейін көрсетеді. Дәл осы ойынның техникалық жағын меңгеру футболшыға жылдам ойын ойнауды көрсетуге көмектеседі.
  4. Футболшылардың өзара әрекетінің жылдамдығы әдеттегі ойын кезінде футболшылардың өзара байланысына құрылған ойынды ұйымдастыруға байланысты. «Ойынды ойнап шығу әдісі команданың стилін, ойыншылардың өзара әрекетінің барлық құрылымын сипаттайды» [3, 223 б.].

Футболшылардың  ойында барлық көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз қолдануы футболдың дамуының бір беталысы деуге болады. Сондықтан ойыншылардан жоғары жылдамдықта допқа ие бола алу қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекет жасау қабілеті талап етіледі. Бойында шапшаңдық қасиеті болмаса керемет командадағы ойынға үміттену қиын. Ойын барысында футболшылардың жылдамдығы жылдам әрекет ете білуде және қозғалыстарды орындауда  байқалады.

Күш пен жылдамдықты тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі ол әртүрлі секіру жаттығулары. Футболист үшін ең маңыздысы ол өзінің қимыл-қозғалысын  қадағалай  алуы.

Қазіргі футболда әдістерді жылдам орындау өте маңызды. Кең футбол алаңы ойыншыларға таршылық етсе, техникалық әдістерді жылдам орындай алмайтындар әрдайым уақыт шегінен шығып кететін болады .

Футболшылардың қозғалыс әрекетінде (жылдамдықты күшейту, секіру, допты ұру, жүгіріп тежелу) негізгі жүк аяқ бұлшықеттеріне түседі. Бұл жарысқа түсетін ойындарда футболшылардың шапшаңдық қабілеттерін көтеру керектігін және оның маңыздылығын айқындайды. Сол себепті жас футболшылардың шапшаңдығын дамытуға ерекше назар аударылуы керек. Қазіргі уақытта ойыншыларды бөлу олардың дайындықтарының жан-жақтылығына қарай жүгізіледі. Бұл барлығы бәрін бірдей орындауы қажет деген сөз емес. Алайда әрбір футболшы ойынның барлық техникалық әдістерін игерген болуы керек және шабуыл мен қорғаныс кезінде дұрыс әрекет ете білуі керек. Әсіресе жеке ойын функцияларын футболшы жақсы орындауы қажет.

Жылдамдық футболшылардың өзара әрекеті. Яғни, жылдамдық ойынның ұйымдастырылуына байланысты болып келеді. Балалық және жасөспірімдік жаста жылдамдық қозғалыстарын игеруге ерекше назар аудару қажет, себебі бұл жаста осы маңызды дене  қасиетін меңгеру мүмкіндіктері мол.

 

1.2 Орта мектеп жасындағы балаларға футболмен айналысудың тигізетін әсері

Дене дайындығы мен дене жаттықтырулары тек қана адамның дамуындағы жас ерекшеліктерін, оның дайындық деңгейін, ден қасиеттерінің даму ерекшеліктерін және сонымен қатар таңдаған спорт түрін ескерген жағдайда ғана жемісті болады.

Қазіргі уақытта дене дайындығын бала жастан бастау керектігіне ешкім күмән келтірмейді. Сол себепті де түрлі саладағы мамандардың адам ағзасында болып жатқан өзгерістерді зерттеуі кездейсоқтық емес. Балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық, психологиялық дамуын зерттеген еңбектер баршылық. Дәл осы зерттеулер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық дамуындағы жас ерекшеліктерін талдаған. Орта мектеп жасындағы балалардың жүгіру, секіру, лақтыру және тағы да басқа қозғалыстарды үйрену кезіндегі дамуы осы зерттеулер қатарынан орын алады [4, 48 б.].

Түрлі жас кезеңдерінде дене қасиеттерінің дамуының әртүрлі екендігі анықталды. Жаттығу жүктемелерін таңдау мәселесінде ойыншының жаттығу кезінде ағзасында болатын өзгерістерді міндетті түрде ескерген жөн. Жаттығуларды қайталап орындағанда оның жақсы көрсеткіштер көрсетуі спортшының мүмкіндіктеріне байланысты болып келеді. Жаттығуларды қайталап орындаудың кейбір талаптары адам ағзасының қалыптасуын деңгейін көтерудің орнына түсіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан оқу-жаттықтыру сабағында адам ағзасына жаттығулардың оң және теріс әсерлерін анықтап алу керек.

Спортшылардың дайындық деңгейінің тиімділігінің жоғары көрсеткіші қатаң түрде жас және анатомиялық-физиологиялық жеке ерекшеліктерді есепке алумен тығыз байланысты.

Бұл дегеніміз, осы ерекшеліктерді ескеру жаттығу әдістері мен құралдарын, жаттығу жүктемелерінің мөлшерлерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді деген сөз. Әрбір жас өзіндік ерекшелікке ие және бұл ерекшеліктер жаттығу қызметінде өзгеріске ұшырап отырады. Адам ағзасының дамуы мен өсуі біркелкі жүрмейді. Әрбір жас кезеңінің өзіндік сипаты бар.

Балалардың кіші жастарында сүйектері өте жұмсақ болып келеді және тез майысады. Бұлшықеттері де біркелкі дамымайды. Сол себепті бұл кіші жастарда жеңіл жаттығу түрлерін орындаған жөн. Ал, 11 жатсан 15 жасқа дейін адам ағзасының барлығы дамуын жалғастырады. Бұлшықеттер дамыған сайын, күш те арта түседі. 17-18 жас аралығында тек қана бойдың өсуі ғана емес, ұзын сүйектер де дамуын аяқтайды. Бұл жастағы балалар едәуір кұштерге төзе алады.

14-16 жас аралығында қаңқа бұлшықеттері және буындар дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді. Сонымен қоса, бұлшықеттердің салмағы өседі. Бұл даму үрдістеріның барлығы 20-22 жас аралығында тоқтайды [4, 30 б.].

Н. И. Савостьянов мен Т. И. Титовтың футболмен айналысатын және айналыспайтын 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларды салыстармалы талдаулары мыналарды айқындады: дененің өсуі барлық аталған жастарда футболшыларды жоғары, атап айтқанда 10-14 жас аралығында едәуір ерекшеліктер байқалады. Футболшылардың денесінің өсуі футболмен айналыспайтын балалармен салыстырғанда біркелкі болмайды.

10-11 жаста аз ғана өсу байқалады (футболмен айналыспайтын балалардан аз ғана төмен). Бұл олардың ағзасының жаттығу жүктемелеріне бейімделуімен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

 

Жылдамдық қасиеттерінің даму деңгейі футболшылардың арнайы дене дайындығының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Жылдамдық қасиеттерінің қалыптасуы түрлі техникалық және тактикалық әдістерді жылдам орындауға көмектеседі және футболдағы маңызды міндеттерді тиімді шешу үшін қосымша уақытпен қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, әлемнің белді футболшыларының өзі жылдамдық қабілеттерінің жоғары деңгейін игермеген. Тек қана жеке футболшылар (Д.Джаич, О.Блохин, Пеле, Г.Еврюжихин) 100 метрлік қашықтыққа 11 секундтан бұрын жүгіріп шыққан. Спортшының физикалық қасиеттерін сипаттайтын және оның жылдамдық қабілеттерін анықтайтын жалпы негізгі термин ретінде «жылдамдық» қолданылды. Жылдамдық–бұл қозғалыстың жылдамдық қасиеттерін және сонымен қатар қозғалыс әрекетінің уақытын анықтайтын адамның функционалды қасиеттерінің кешені [5,182 б.].

Соңғы он жылда «жылдамдық қабілеті» деген терминді жиі қолданатын болды. Жылдамдық қабілеттері дегеніміз белгілі шарттардың қысқа уақыты аралығында қозғалыс қимылдарын орындауды қамтамасыз ететін адамның мүмкіндіктері. Жылдамдық қабілеттерін көрсетудің қарапайым және кешенді түрін бөліп көрсетеді. Қарапайым жылдамдық түріне жылдамдық әрекеті, қозғалыс жылдамдығы, қозғалыс жиілігі (қарқыны) жатады [6,211б.].

Адамдар жүзеге асыратын барлық қозғалыс әрекеттері екі топқа бөлінеді: қарапайым және күрделі. Алдын-ала белгілі сигналдарға (көру, есту) қарапайым әрекет болып саналады. Қарапайым әрекет жылдамдығы жасырын (құпия) әрекет кезеңіне қарай анықталады. Ересектердің жасырын уақыты ережеге сай 0.3 с. аспайды.

Күрделі қозғалыс әрекеті – таңдау әрекеті, бірнеше мүмкін әрекеттерден біреуін таңдау. Дене шынықтыру мен спорттағы күрделі қозғалыс әрекетінің көбісі–бұл «таңдау» әрекеті. Біркісілік қозғалысты орындауға кеткен уақытша аралық (мысалы, допты ұру) та жылдамдық қабілеттерін сипаттайды. Жиілік немесе қарқын–бұл уақыт бірлігіне қарай қозғалыс саны. Жылдамдық қабілеттерін кешенді көрсету: тұтас қозғалыс қимылдарын жылдам орындау, ең жоғары жылдамдықты мейлінше игере алу мүмкіндігі және ұзақ уақыт оны сақтап тұра алу мүмкіндігі. Жылдамдық мүмкіншіліктерін дамыту жағдайына қолайлы жас жасөспірім ұл  балаларда – 12-13 жас [6,32б.].

8-10 жастағы балаларда негізінен қарапайым қозғалыс жылдамдығы,  дербес қимыл жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға  аз уақытта тез жылжып, орын  ауыстыратын жергілікті  қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Бұл қысқа немесе ұзын  секіртпелермен жаттығулар (айналып тұрған  секіртпе ішіне жүгіре кіру, секіру, жүгіре шығу),  эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б. Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жүктемелер ретінде жүгіру және секіру жаттығулары қолданылады. Жас футболшылардың бастапқы дайындығы кезеңінде міндетті түрде жан-жақты дене дайындығын игеруге, денсаулықты жақсартуға және түрлі қабілет-дағдыларды игеруге бағытталған құралдарды және футболдың техникасы мен тактикасы үйретуге бағытталған әдістерді қолдану керек. 

Жылдамдықты дамытудағы тағы бір маңызды бөлік ол ептілік болатын. Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік деп атаймыз.

Жас футболшылардың жылдамдығын дамытудың әдістемесі жас футболшылардың жас ерекшелігін және жаттығу  жүктемелерін есепке алғанда тиімді болады. Жаттықтырушы педагогикалық жұмысын бастағанда ең алдымен балаға табиғаттан не берілгендігін және оның күнделікті сабақтан не алатындығын ой елегінен өткізіп алуы керек. Әрине, кейбір көрсеткіштер–аяқтың күші, жылдамдық, жеке ерекшеліктері көбінесе қаннан беріледі. Алайда, ойыншының арнайы дайындық кезінде меңгеретін басқа да қабілеттерін дамыту керек. Ал қабілетінің жетпеуі жаттықтыру сабағында ұдайы жұмыс істеумен толықтырылады.

Әрбір жас футболшы техниканы үйренумен алға жылжып отырады. Балаларға футболды үйретуде ақпарат көлемі соншалықты маңызды емес, ең маңыздысы жаттықтырушы мен оның жұмыс жасау әдісі. Әрбір жаттықтырушы бала жасының кейбір ерекшеліктерін естен шығармауы керек. Орта мектеп жасындағы балалардың жаттықтырушысы бала ағзасының қалыптасуын, өсу заңдылықтарын білуі керек. Себебі, ересек әрі мамандандырылған футболшылар мен жас футболшылардың дайындығы өз міндеттеріне, сондай-ақ оқу-жаттықтыру сабағын ұйымдастыруына қарай  ерекшеленеді.

Балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс қабілетін дамытудың кезеңдері шамамен төмендегідей болады:

10-11 жас–ептілік, жылдамдық;

12-13 жас–ептілік, жылдамдық, күш;

14-15 жас–күш, жылдамдық күші, ептілік;

16-17 жас–жалпы төзімділік, жалпы күш дайындығы;

18-19 жас–арнайы төзімділік, арнайы күш дайындығы.

Жаттықтырушы спортшының жас ерекшелігін біліп, асығыс шешім қабылдамай, бала дамуының тез немесе кеш болатындығын ескеруі керек. Егер дене қасиеттерін жеке қарастыратын болсақ, онда олардың дамуының өзіндік кезеңі бар екендігін айта кеткен жөн. Жылдамдықтың дамуы 10 жастан бастап 11 жасқа дейін қарқынды дамиды, ал 12 жастан бастап 14 жасқа дейін жылдамдық аз қарқындылықпен дамиды.

Жылдамдық, төзімділік, күш, ептілік және икемділік футболшыға қажетті ең негізгі дене қасиеттері. Дәл осы қасиеттер футболшының жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетеді. Олардың даму деңгейіне тек қана бір матч нәтижесі ғана емес, барлық жарыс кезеңдеріндегі нәтиженің жүзеге асырылуы байланысты болып келеді. Жылдамдық дайындығының құралдарына спортшының жоғары деңгейдегі жылдамдық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін жаттығулар жатады.

 

2.1 Орта мектеп жасындағы балалардың дене дайындығының ұйымдастырылуы

 

Дене дайындығы–бұл дайындықтың барлық жағын жүзеге асыруға, дене қасиеттерін дамытуға бағытталған педагогикалық үрдіс. Дене дайындығы жалпы және арнайы дене дайындығы болып екіге бөлінеді.

Жалпы дене дайындығы дене қасиеттерінің, спортшының ағза жүйесінің жан-жақты дамуын сипаттайды. Спортшының ағзасына және тұлғасына жалпы ықпал ететін дене жаттығулары жалпы дене дайындығының құралдары болып табылады. Олардың қатарына жүгіру, шаңғымен жүру, жүзу, спорт ойындары және т.б. жатады. Жалпы дене дайындығы жылдық оқу-жаттықтыру сабағында жүргізілуі керек.

Арнайы дене жаттығуы таңдамалы спорт түрінде дене қабілеттерінің дамуын сипаттайды. Жарыс жаттығулары мен арнайы дайындық жаттығулары арнай дене дайындығының негізгі құралдары болып табылады.

Жас футболшылардың дене дайындығының көпжылдық үрдісі адамның дамуының жас ерекшеліктерін, оның дайындық деңгейін, дене дайындығының даму ерекшеліктерін және қозғалу қабілеттерінің қалыптасуын есепке алғанда ғана жетістікке жете алады.

Қазіргі уақытта жоғары спорттық жетістіктерге жету үшін қозғалу қабілеті мен дене дайындығының негіздерін өз уақытында, яғни бала жастан бастау керек. Түрлі саладағы мамандардың адам ағзасында пайда болатын өзгерістердің дамуын зерттеуі де кездейсоқтық емес. Балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығының жас ерекшеліктерін және түрлі спорт түрлеріндегі қозғалу қабілеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеген еңбектер де баршылық. Спорттық жаттығуларда дайындық ұғымы спортшының жарыстағы жүрісін дұрыс ойластыру және өзінің жеке ерекшеліктері, ішкі шарттарды болдыратын қарсыластардың мүмкіндіктері болып табылады.

Түрлі жас кезеңдерінде дене дайындығының өсу қарқыны біркелкі емес. Оқу-жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру кезінде, әдістемені таңдау барысында ойыншының дене жаттығуларын орындау барысында ағзасында болатын өзгерістерді есепке алған жөн.

Спортшылардың дайындық деңгейінің жоғары тиімділігінің басты шарты жас ерекшелігі мен жеке анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді қатаң есепке алумен байланысты болады [7, 20 б.].

Бұл дегеніміз жаттықтыру құралдарын және әдістерін, жаттықтыру жүктемелерін  таңдау мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді.

Әрбір жас кезеңі өзіндік ерекшеліктерге ие. Адам ағзасының дамуы мен өсуі бірдей болмайды.Қаңқалық жетілуі немесе «сүйегінің» жасы биологиялық жастың басты белгілерінің бірі болып есептелінеді. Жоғары мектеп жасында толық даму кезеңіне дейін жалғасатын омыртқа жотасының едәуір өсетіндігі байқалады.

Дене шынықтыру теориясында кіші мектеп жасы (7-10 жас), орта немесе жасөспірімдік мектеп жасы (11-15 жас), сонымен қатар жоғары немесе жасөспірімдік жасы (16-18 жас) деп бөлу қарастырлған [7,92 б.].

Кіші мектеп жасындағы кезеңде сүйектер әлі жұмсақ және майысуға бейім болып келеді. Бұлшықеттер біркелкі дамымайды–басында дененің ірі бұлшықеттері, төменгі жақтағы және иық жақтағы, содан кейін ұсақ бұлшықеттер дами бастайды. 11 жастан бастап 15 жасқа дейін барлық органдар дамуын жалғастырады. Осыған байланысты барлық органдарда қайта түзілулер орын алады.  Бұлшықет өскен сайын, күш те өсе түседі. 17-18 жаста тек қана бой ғана емес, сонымен қатар ұзын сүйектердің дамуы да тоқтайды. 15-16 жаста көкірек қуысы қарқынды дами бастайды, осы кезде жасөспірімдер жоғары жүктемелерге төзімді болады. Сүйектердің қатаюы өте ұзақ уақытқа жалғасады десек те болады, себебі ол 20-25 жасқа қарай тоқтайды [7, 30 б.].

Футболшының дене дайындығы оның жан-жақты дамуына бағытталған. Футбол ойынына жалпы физикалық дайындықпен қатар, мамандандырылған футболшыға тән арнайы қимыл қозғалыс қасиеттері тәрбиеленеді.

Дене жаттығуларымен және спортпен айналыcуға байланысты әрбір кезеңнің өз ерекшелігі болады.

14-15 жастағы жас футболшылардың тактикалық дайындығының басқа жастағы топтардан айырмашылығы болуы керек деген пікір де бар. Арнайы мүмкіндіктердің даму деңгейі осы кезеңде едәуір баяу болады және тіпті басқа жастағы топтардың көрсеткішіне қарағанда төмен де болуы мүмкін. Сондықтан осы дайындық кезеңін көбінесе тактикалық дайындыққа мақсатты түрде арнау керек.  Алайда тактикалық дайындықта тактикалық бөліктерді игеру толықтай ақталады, себебі осы жаста тактикадағы білік пен дағдылар өсе түседі. Бағдарламадығы талаптарға сәйкес осы 14-15 жаста ойын бойынша спорттық мамандандырылу қарқынды түрде өтеді және жеке тактикамен салыстырғанда топтық тактикалық жаттығуларға үлкен талап қойылады.

11-14 жастағы жасөспірімдердің дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі  мұғалімі, спорт  бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың  бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет. Оқу-жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы  ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек.

Ал, кейінгі жас кезеңі 15-16 жастағы жасөспірімдердің оқу-жаттықтыру сабағында ең  алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш  төзімділігіне,  аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі  қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе-теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына  назар аударған жөн.

Бұл жастағы жасөспірімдерге жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, оқу-жаттықтыру  сабағында көбінесе жарыс әдістері қолданылады. Осы жас кезеңінде  олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін  көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар  беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына  көмектесеміз.

В.Н. Платоновтың пікірінше, дене дайындығы спортшының жарысу қызметін қамтамасыз ететін және жылдамдық, күш, төзімділік және ептілік сияқты басты дене қасиеттерінің даму деңгейін қамтамасыз ететін ағзаның мүмкіндіктерімен сипатталады.

Ресейдің дене тәрбиесі мен спорт мамандары Л.Б. Кофман, В.А. Кабачков, А.Н.Тяпин, Л.А.Захаров, Ю.П. Пузырь 6-17 жастағы мектеп оқушыларынан жылына екі рет: қыркүйек, мамыр айларында алынатын, олардың дене дайындығы деңгейін көрсететін сынақ жаттығуларын зерттеп құрастырды. Осы көрсеткіштер бойынша оқушылардың дене қасиеттерінің  даму деңгейін анықтап, келешек жұмыстарға өзгерістер  енгізуге болады. Бұл стандарттық  сынақ жаттығулары  қарапайым және дене деңгейі  туралы көп ақпараттар береді:

— 1000 м жүгіру. Сынақ жаттығуы төзімділік деңгейін анықтауға  арналған;

—  10 м-ді  5 рет  қайталап жүгіру. Спорт залда, алаңда 10 м өлшеніп, екі жақ шетіне кубиктер белгі ретінде қойылады. Оның биіктігі 15-20 см болады, жаттығушылар оны айналып жүгіреді. Оқушы мұғалімнің  белгісімен 10 метрлік қашықтықты 5 рет жүгіріп өтеді. Сынақ жаттығуы жылдамдық және ептілікті бағалауға арналған;

— белтемірде тартылу. Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің күш төзімділігін бағалауға арналған:

— шалқалап жатқан қалыпта 30 сек бойы кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы кеудені көтеру бұлшық еттерінің күшін бағалауға арналған;

— отырған қалыптан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы омыртқа мен  жамбас-сан буынының икемділігін өлшеуге арналған [8, 71 б.].

Жас футболшылармен жұмыс жасаудың алғашқы дайындығы кезеңінде мақсатты түрде жан-жақты дене дайындығын игеруге, денсаулықты жақсартуға және гармоналды дамуға, түрлі қабілет-дағдыларды игеруге бағытталған құралдарды және футболдың техникасы мен тактикасы негіздерін үйретуге бағытталған әдістерді пайдалану керек.  Осы кезде дене дайындығының міндеті, ең алдымен жас футболшылардың қозғалыс жылдамдықтарының қалыптасуынан тұрады, яғни оның басты бөліктері күш, жылдамдық, төзімділік және ептілік, сонымен қатар уақыт жағынан өз қозғалыстарын басқара алу қабілеті жатады.  Қозғалыс жылдамдықтарын дамытуға ерекше назар аудару керек, себебі бала және жасөспірім жасында осы маңызды дене қасиеттерін тәрбиелеу мүмкіндігі жоғары.

Футболшының арнайыдене дайындығының бірі ол доппен жаттығулар жасау.Дайындық негіздері тактикалық дайындықпен «байланыс» құруы керек. Бұл үшін оқу ойындары кіші көлемдегі алаңдарда ғана емес, сонымен қатар стандартты алаңдарда да өткізілуі қажет.Сонымен қатар барлық тактикалық тапсырмалар жарысқа қатысуға жақын болуы тиіс.

Спортшының дене дайындығы оның спорттық шеберлігімен тығыз байланысты. Спорттық шеберлік ең алдымен, жылдамдық мүмкіндіктерімен, содан кейін ұзақ жаттығуға төзімділікпен және түрлі дене қасиеттерін дамытумен анықталады.

 

2.2 Орта мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктері және жылдамдық қасиеттерінің зерттелуі

 

Жылдамдық күш және икемділік, сонымен қатар төзімділік сияқты физикалық қасиеттермен тығыз байланысты. Жылдамдық кешенінің көрсеткіштеріне мыналар жатады: старттық жылдамдық, жүгіру жылдамдығы, футбол алаңында туындаған жағдайларда жылдамдықты бағалау, тактикалық ойлау жылдамдығы.

Көптеген мамандардың пікірінше өсіп келе жатқан ұрпақтың денесін шынықтыру кезінде жылдамдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, осы қабілеттердің жоғарғы деңгейі көбінесе адамның жемісті еңбек өміріне және жоғары спорттық нәтижелер көрсетуіне себепкер болады [9, 28 б.].

Жасөспірімдік кезең оқу-әдістемелік жұмысты осы жастағы балалармен ұйымдастыруына қарай өте қиын кезең болып саналады және сонымен қатар осы кезеңде әсіресе психикалық, физикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу өте маңызды. Дәл осы кезеңде әлеуметтік құндылықтарды меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді. Өмірлік ұстанымдарын қалыптасуы, «азаматтың туылуы». Жасөспірім бір кездері бала сияқты және ересек адам сияқты, нақты айтқанда жасөспірім–ол енді бала емес, сонымен қатар ересек адам да емес. Бұл кезең балалық шақтан ересек өмірге өту кезеңі. Алайда, адамның бұл өмірлік кезеңінде тек қана күрделі психикалық процестер жаңаша өзгермейді, сонымен қатар адамның барлық ағзасында едәуір қайта қалыптасу орын алады.

Жасөспірімдік кезең — бұл 10-11 жастан 15 жасқа дейінгі кезең, яғни V-IX сынып оқушыларының жасына әйкес келеді. Бұл кезең қарқынды даму кезеңі, яғни бойдың қарқынды өсуі байқалатын кезең. Ең алдымен 14- 15 жастағы ер балалардың бойы бірден өсуі байқалады. Осы жаста бұлшықет жүйелері жоғары қарқында өседі. 13-14 жаста әсіресе ер балаларда бұлшықет жүйелері қарқынды өседі. 

Жүрек-қан тамырларының дамуында жасына сәйкессіздік байқалады. Жүрек көлемі жағынан едәуір өседі және күшейе түседі, мықты жұмыс істейді, ал қан тамырларының диаметрі дамуы жағынан артта қалады. Бұл қан айналымның кейбір уақытша бұзылуына апарады, қан қысымының күшеюіне және кейбір жасөспірімдерде байқалатын бас айналуға, бас ауруларына, әлсіздікке, тез шаршауға себепкер болады.

Жасөспірімдердің  дене дамуындағы ең басты дәлел–жетілуі, (12 жаста) жылына бойына 6-10 см қосылады.  Дене салмағы 4-6 кг өседі, көкірек қуысының шеңбері 3-5 см өседі, бойы мен дене салмағының өсуі 12 жастан 16 жасқа дейінгі кезеңде 25-30 см және 25-40 кг құрайды. Осының барлығын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақты жүргізу барысында, жаттығу кезінде, жарыстарда және басқа спорттық шараларда есепке алуы қажет.

Жасөспірім кезеңінде балаларда өзін-өзі танытуға және тәуелсіз болуға қажеттілік туады. Жасөспірімдерге тән қасиет– ол жарысқа ұмтылу, физикалық қабілеттерін көрсету, олар өз күштері мен мүмкіндіктерін көп жағдайда әділетті бағаламайды. 7 жастан 17 жасқа дейін 10-11 жылдық білім алуында адамның жылдамдығын сипаттайтын көрсеткіштер  20-60% пайызға және одан жоғары жақсарады. 

Жасөспірімдік кезеңде жылдамдық көрсеткіштерінің нәтижелері мен қозғалыс жиілігі тұрақталады. Әртүрлі спорт түрімен айналысу немесе мақсатты ықпал ету жылдамдық қабілеттеріне оң әсер етеді [10, 189 б.].

Бір жылы туылған жасөспірімдердің жеке дамуы қозғалу функциясының жалпы дамуына едәуір әсер етеді, сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауға бейімделуіне де әсер етеді. 14-жастағы футболшылардың арасынан ересек адамдардың деңгейіне жеткен жасөспірімдерді, сонымен қоса жетілу белгілерге балаға ұқсайтын жасөспірімдерді кездестіруге болады. Сондықтан жүктемелер көлемін немесе нормативті талаптарды анықтау үшін спортшының биологиялық жасын есепке алу керек.

Балалар мен жасөспірімдердің ағзасы жылдамдық жүктемелеріне жақсы бейімделгіш келеді. Сондықтан 8 жастан 15 жасқа дейінгі кезең жылдамдықтың дамуы мен қозғалыс жылдамдығының артуына сәйкес кезең болып табылады [11, 80 б.].

Жас футболшылармен жұмыс жасаудың алғашқы дайындығы кезеңінде мақсатты түрде жан-жақты физикалық дайындықты игеруге, денсаулықты жақсартуға және гармоналды дамуға, түрлі қабілет-дағдыларды игеруге бағытталған құралдарды және футболдың техникасы мен тактикасы негіздерін үйретуге бағытталған әдістерді пайдалану керек.  Осы кезде физикалық дайындықтың міндеті, ең алдымен жас футболшылардың қозғалыс жылдамдықтарының қалыптасуынан тұрады, яғни оның басты бөліктері күш, жылдамдық, төзімділік және ептілік, сонымен қатар уақыт жағынан өз қозғалыстарын басқара алу қабілеті жатады.  Қозғалыс жылдамдықтарын дамытуға ерекше назар аудару керек, себебі бала және жасөспірім жасында осы маңызды физикалық қасиеттерді тәрбиелеу мүмкіндігі жоғары.

Алғашқы дайындық кезінде және бастапқы спорттық дайындықта жылдамдық төзімділікпен тығыз байланыста қалыптасатындығын атап айтқа жөн. 8-12 жас аралығында жүгіру жылдамдығының артуы қозғалыс жылдамдығының өсуімен байланысты, ал 12-14 жас аралығында жылдамдық бұлшықет күштерінің дамуының арқасында артады. Сондықтан жылдамдықты дамыту кезінде бұлшықет кұштерін көп талап етпейтін, жүгіру қарқынын және қозғалыс жиілігін арттыруға тырысу керек. Спорттық және қозғалыс ойындарының, ойын және жарыс түріндегі жаттығулардың баға жетпес көмегі бар[12, 235 б.].

Ойын жаттығуларын орындау футболшылардан жеңіске жетуге көп күш көрсетуді талап етеді. Ойын материалдары жалпы сабақ уақытының 50% алуы керек. Әр жаттығу бірнеше серия түрінде, демалу аралығы 2-3 минутпен қысқа уақыт аралығында (10-15 секунд) орындалады. 20 м дейінгі эстафета түріндегі жоғары жылдамдықпен қайта жүгіру өте маңызды. Эстафетадан басқа 10-15 метрге жүгіретін қорытынды жаттығуларды сабаққа қосуға болады. Күрделі қозғалу реакциясын дамыту үшін және қозғалысты жиілету үшін түрлі көру сигналына жүгіру бағытын өзгерте отырып орындалатын жылдамдық жаттығуларын кеңінен пайдалануға болады. Бұл жаттығулар әрбір сигналға әрекет ете отырып, ойын барысында туындайтын күрделі жағдайларды шешуде өз көмегін тигізеді [12, 244 б.].

Спорт жаттығуларында қозғалыс жылдамдығы тек қана жеке жылдамдық қабілеттерінің әсерінен артпайды, басқа әдіспен де, яғни күш және жылдамдық қабілеттерін, жылдамдыққа төзімділікті, қозғалыс техникасын жүзеге асыру және т.б. игеруге байланысты.

Жылдамдықты дамыту әдістері. Жылдамдықты дамыту әдістемесі негізіне жаттығуларды қайталауды жатқызуға болады.  Басты жылдамдықты дамыту әдістемесіне төмендегілер жатады:

1. — қайталау әдісі;

2. — қайталау-үдемелі;

3. — ойын әдісі;

4. — жаттығу әдісі.

Қайталау әдісі жылдамдықты дамытуда басты әдіс болып табылады, жылдамдыққа бағытталған кез-келген жаттығу бірнеше рет қайталауды талап етеді. Жылдамдықты дамытуға арналған қайталау әдістерін төмендегідей бөледі:

1. шамамен соңғы жылдамдықпен жаттығу қайталап орындау;

2. соңғы жылдамдықпен жаттығуды қайта орындау;

3. ең жоғары жылдамдықтан асатын (бір күнгі жаттығудағы) жаттығуларды жеңіл жағдайда жылдам орындау;

4. жылдамдықты танытуды қиындататын жаттығуларды қайта орындау;

5. бір сабақ кезінде жеңіл және қиын шарттарда орындалатын жаттығуларды қайталау.

Ойын және жаттығу әдісі түрлі эстафеталар түрінде орындалады.

Жылдамдықты дамыту кезіндегі талаптар:

1) қолданылатын жаттығу әрдайым мүмкіндігінше жоғары жылдамдықпен орындалады.

2) жаттығу ұзақтығы жаттығуды қайталаудың соңына қарай жылдамдық төмендемейтіндей болуы керек.

3) бір реттік жүктеменің тиімді ұзақтығы 8- 10 сек. Қайталау саны жылдамдықтың төмендей бастауымен шектеледі.

4) демалыс аралығы толық болуы керек, қайталау жылдамдық төмендемей орындалуы керек.

5) бір сабақта жылдамдықты дамыту жаттығуларын мақсатты түрде жаттығудың бірінші бөлімінен кейін орындауды жоспарлау.

6) жылдамдық жаттығулары аптасына үш реттен кем орындалмауы керек.

Жылдамдық қасиеттерін дамыту жұмыстары кезінде демалыс аралықтарының ұзындығы жүректің жиырылу жиілігімен (ЖЖЖ) анықталады (110-125 соғуы/мин).  Жылдамдыққа бағытталған жаттығуларды орындау спортшыларда  (қарқындылық  96-100%) ЖЖЖ едәуір жоғарылауы мүмкін — 170-180 соғуы/мин. [13,56 б.].

Жылдамдық қабілеттерін дамыту құралдары. Жылдамдық қабілеттерін дамыту құралдары шамамен соңғы және соңғы жылдамдықтағы жаттығулар (яғни, жылдамдық жаттығулары) болып табылады. Оларды үш топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Жылдамдық қабілеттерінің жеке бөліктеріне ықпал етуге бағытталған жаттығулар: а) әрекет жылдамдығына; ә) жеке қимылдарды жылдам орындау; б) қозғалыс жиілігін жақсарту ; в) старттық жылдамдықты жақсарту; г) жылдамдыққа төзімділік; д) келесі қозғалыс қимылдарын толықтай орындау жылдамдығы (мысалы, жүгірулер, допты алып жүру).

2. Жылдамдық қабілеттерінің басқа да негізгі бөліктеріне ықпал ететін кешенді (жан-жақты) жаттығулар (мысалы, спорттық және қозғалыс ойындары, эстафеталар және т.б.).

3. Қиындықтармен байланысты жаттығулар: а) жылдамдық және басқа да қабілеттерге (жылдамдық және күш, жылдамдық және координациялық, жылдамдық және төзімділік); б) жылдамдық қабілеттеріне және қозғалыс қимылдарын жүзеге асыру (жүгіруде, спорттық ойындарда және т.б.).

Жылдамдықты дамыту үшін спорттық тәжірибеде  сонымен қатар жоғары қозғалыс жиілігін дамыту үшін қолданылатын жаттығулар: қозғалыс қарқынын жоғарылату шарттарында циклдық жаттығуларды орындау. Қозғалыс жылдамдығын дамыту. Қозғалыс жылдамдығын іштей таныту әрдайым жылдамдыққа байланысты болмайды, сонымен қоса басқа да қабілеттерге байланысты болады (күш, координациялық, төзімділік және т.б.). Жылдамдықты дамытудың негізгі құралдары ретінде ең соңғы немесе шамамен соңғы жылдамдықтағы жаттығулар: 1) жеке жылдамдық жаттығулары; 2) жалпы дайындық жаттығулары; 3) арнайы дайындық жаттығулары [14, 32 б.].

Жеке жылдамдық жаттығулары ұзақтығы аз болуымен (15—20 с дейін) сипатталады. Жалпы дайындық жаттығулары дене шынықтыруда өте кең пайдаланылады және спортта секіру жаттығулары, белгілі үдету кезеңімен ойындар (мысалы, баскетбол, мини-футбол және т.б.).

Арнайы дайындық жаттығуларын таңдауда құрылымдық жағын қарастыру керек. Көп жағдайда олар жарыс жаттығуларының толық түрінен және «бөліктерінен» тұрады. Жарыс жаттығуларының толық түрлері жоғары жылдамдықтағы спорт түрлерінде жылдамдықты дамыту құралы болып табылады. 

Бір сөзбен айтқанда футболшы доптың артынан жүгіруге, секіруге, кенеттен тоқтап әрі бірден қозғалыс бағытын өзгерте алатын, допты күшпен ұруға мүмкіндік беретін ерекше күшке ие болуы керек. Жылдамдықты дамыту қарқыны негізінде көбінесе кіші жастарда және жасөспірім кезеңінде байқалады: 8 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 11жасқа дейін, 14 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта байқалады. 

Соған қарамастан 8—11 жаста секіру, акробатикалық және гимнастикалық жаттығуларды жасау ұсынылады. 12—14 жастағы балалар үшін кішігірім динамикалық жаттығуларды жасауға болады, мысалы арқанға өрмелеу, ядроны итеру сияқты. 15—16 жастағы жасөспірімдер үшін жаттығулар саны арта түседі [15, 42 б.]. Футболшы үшін жылдамдық мүмкіндіктері маңызды орын алады. 11-12 жастағы ер балаларда энергиямен қамтамасыз ету механизмі өсе бастайды, сол себепті жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығуларды молынан орындауды ұсынуға болады. Бастапқы спорттық дайындықтарда жылдамдық қасиеттерін дамытатын әдістер мен құралдар пайдаланылмаса, онда жаттығушылардың жылдамдық қасиеті айтарлықтай дамытмайтындығын ескеру керек.

8-9 жастағы балалар жүгіру жылдамдығын қарқынды түрде дамыта бастайды, ал 10-11 жаста жүгіру қадамдарының жиілігі жоғары мәнге ие болады. 10-11 жастағы балаларда жылдамдық жаттығуларын бірнеше рет орындау қабілеті жоғарылайды. Балалардың 10 жастан 13 жасқа дейінгі кезеңінде жылдамдығы және күштесуі қарқынды дамитындығын байқауға болады.

Футболда жылдамдық және допқа таласу қозғалыстары айтарлықтай жиі орындалады. Бұлар көбінесе секірулерге, озуға негізделген ойындар. Жылдамдық қозғалыстарына сонымен қатар шапшаңдық және қандай да бір техникалық әрекет орындалатын қысқа аралыққа секіру жатады.

Орта мектеп жасындағы жасындағы жас спортшылармен жаттығу процесінде көптеген қиындықтар туындайды. Жасөспірімдік кезең 12 жастан 16 жасқа дейінгі аралықта физикалық мүмкіндіктердің қарқынды дамуымен сипатталады және  түрлі спорт түрлерімен айналысуға қолайлы кезең болып табылады. Сонымен қатар бұл кезең жасөспірімдерге спортты қосымша қоздырғыш ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдай биологиялық процестердің табиғи ағымын жақсартуы немесе төмендетуі мүмкін.

Орта мектеп жасындағы балалардың қозғалыстарында ритмнің бұзылуы да орын алуы мүмкін. Алайда осы кезең аяқталар кезде қозғалыс координациясы реттеледі. Жасөспірімдер қозғалыс белсенділігі және қозғалыстарының ретсіздігі байқалатын қызығушылығының жоғары болуымен ерекшеленеді.  Әсіресе зат алмасуға әсер ететін гормондардың қызметі күшейе түседі. Ер балаларда  13-14  жаста қате реакциялардың пайызы өседі, осы онтогенез кезеңінде қоздырғыш орталық жүйке жүйесінің жалпы жоғарылауын дәлелдейтін дифференция бұзылады. Координациялық мүмкіндіктердің жасына қарай дамуын қарастыра отырып, 13-14-жастарда олардың деңгейінің ересектердің деңгейіне жететіндігін айта кеткен жөн.

12-14-жастардағы кезеңде жоғары темптегі жылдамдық қасиеттерінің дамуы есебінен қозғалу жылдамдығы өседі.  Сондықтан жылдамдыққа бағытталған жаттығуларды кеңінен жасау осы қасиеттің дамуына мүмкіндік береді. 14-15 жасқа қарай жылдамдықтың өсуі негізінде жатқан морфологиялық және функционалды қайта қалыпқа келу төмендейді. Осыған байланысты жылдамдықты күшейтетін жаттығулардың да тиімділігі де төмендейді және 17 жасқа дейін жылдамдық қасиеттерінің физикалық тұрақтылығы байқалады. 

Мұндай жағдай орын алмас үшін жылдамдық қасиеттерін дамытуға арналған арнайы жаттығуларды орындау керек. 12-14-жастағы жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытатын жоғары қарқынмен жүгіруді қажет ететін 10 метрден 15 метрге дейінгі жүгірістерді жүзеге асыруды ұсынылады. Бір жүгіргенді қайталау саны 6-дан бастап 8-ге дейін болуы мүмкін. Бір жаттығу кезінде 3-4 серияға дейін орындауға болады.  Жас футболшылардың ағзасының функционалды мүмкіндіктеріне жаттығу жүктемелері сәйкес болу керек.  Балалар мен жасөспірімдер үшін минутына 120-160 тең соққы көлеміндегі жаттығу жұмыстары ең жақсы режим болып табылады. Қажетті жаттығу нәтижелерін алу үшін барлық жаттығу сериялары тұрақты пульстік режимде өтуі керек. 14-16-жастағы футболшылар үлкен қарқындылықпен үлкен көлемдегі жаттығу жүктемелерін орындай алады [16, 122 б.].

Жасөспірімдік кезең басталғанда негізгі физиологиялық жүйелер дамуын аяқтайды, алайда ағзада гормоналды қайта құрылулар әлі де жалғасып жатады.  Реттеуші процестердің жеңілдетілуін қамтамасыз ететін эндокринді жүйелердің белгілі буындарымен өзара байланысы жүзеге асуын жалғастыра береді. 17 жасқа қарай вегетативті қамтамасыз ету жүйелері қалыптасудың жетілген деңгейіне жетеді.

А.М.У. Кардосо жас футболшылардың дайындық тәжірибесінде 11-12 жастағы ең көп оқу-жаттығу жұмысы жалпы төзімділікті қалыптастыруға бағытталғандығын айтады. 11-12 жастағы жас футболшылардың жасайтын жаттығуларың едәуір бөлігі футболдың теориясы мен әдістемесіне сәйкес келмей жатады. Сол себепті осы жаста көбінесе икемділік, ептілік, жылдамдық қасиеттерін дамытуға көп көңіл бөлу қажет. Жалпы және жылдамдық төзімділіктерін дамытуға арналған жаттығуларды кешірек орындай бастаған жөн. 

Жоғары қарқындылықпен  қысқа аралыққа жүгіру (20 метрден 30 метрге дейін)  жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін арттыруға бағытталған жаттығу жүктемесі ретінде саналады.

Жас футболшыларды дайындау кезінде жаттығу барысында жылдамдық қасиеттерін дамыту үшін жаттығу серияларының 3-4 және 4-5 минут ұзақтығымен аз көлемдегі жүктемелерді, сонымен қатар жаттығу серияларының ұзақтығы 3-4 минутқа тең орта көлемдегі жүктемелерді ұсынуға болады.  Дәл осы жаттығу жүктемелері кері әсер етпейді.

Жаттығу серияларының ұзақтығына байланыссыз Үлкен көлемдегі жаттығу жүктемелері, сонымен қатар жаттығу серияларының ұзақтығы 4-5 және 5-6 минутқа тең орта көлемдегі жүктемелерді жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамыту үшін жаттығу процесінде қолдану ұсынылмайды. Осы жерге жаттығу серияларының ұзақтығы 5-6 минутқа тең аз көлемдегі жүктемелерді де жатқызуға болады. Олардың қолданылуға ұсынылмауы кері әсер ететіндігімен түсіндіріледі. 

Жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығу жүктемелеріне бір серияға бірлестірілген және жоғары қарқындылықпен кезекпен орындалатын жүгіру және секіру жаттығулары жатады.  Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығу жүктемелеріне жоғары қарқындылықпен орындалатын арнайы жеке, топтық және командалық жаттығуларды жатқызуға болады. Жаттығу дәрістерін, жүктемелерін жоспарлау ең алдымен жүктемелердің сандық мәнін реттеумен байланысты.

Көптеген мамандардың пікірінше өсіп келе жатқан ұрпақтың денесін шынықтыру кезінде жылдамдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, осы қабілеттердің жоғарғы деңгейі көбінесе адамның жемісті еңбек өміріне және жоғары спорттық нәтижелер көрсетуіне себепкер болады.

Жасөспірімдік кезең оқу-әдістемелік жұмысты осы жастағы балалармен ұйымдастыруына қарай өте қиын кезең болып саналады және сонымен қатар осы кезеңде әсіресе психикалық, физикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу өте маңызды. Дәл осы кезеңде әлеуметтік құндылықтарды меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді. Өмірлік ұстанымдарын қалыптасуы, «азаматтың туылуы». Жасөспірім бір кездері бала сияқты және ересек адам сияқты, нақты айтқанда жасөспірім–ол енді бала емес, сонымен қатар ересек адам да емес. Бұл кезең балалық шақтан ересек өмірге өту кезеңі. Алайда, адамның бұл өмірлік кезеңінде тек қана күрделі психикалық процестер жаңаша өзгермейді, сонымен қатар адамның барлық ағзасында едәуір қайта қалыптасу орын алады.

Жасөспірімдік кезең — бұл 10-11 жастан 15 жасқа дейінгі кезең, яғни V-IX сынып оқушыларының жасына әйкес келеді. Бұл кезең қарқынды даму кезеңі, яғни бойдың қарқынды өсуі байқалатын кезең. Ең алдымен 14- 15 жастағы ер балалардың бойы бірден өсуі байқалады. Осы жаста бұлшықет жүйелері жоғары қарқында өседі. 13-14 жаста әсіресе ер балаларда бұлшықет жүйелері қарқынды өседі. 

Жүрек-қан тамырларының дамуында жасына сәйкессіздік байқалады. Жүрек көлемі жағынан едәуір өседі және күшейе түседі, мықты жұмыс істейді, ал қан тамырларының диаметрі дамуы жағынан артта қалады. Бұл қан айналымның кейбір уақытша бұзылуына апарады, қан қысымының күшеюіне және кейбір жасөспірімдерде байқалатын бас айналуға, бас ауруларына, әлсіздікке, тез шаршауға себепкер болады.

Жасөспірімдердің физикалық дамуындағы ең басты дәлел–жетілуі, (12 жаста) жылына бойына 6-10 см қосылады.  Дене салмағы 4-6 кг өседі, көкірек қуысының шеңбері 3-5 см өседі, бойы мен дене салмағының өсуі 12 жастан 16 жасқа дейінгі кезеңде 25-30 см және 25-40 кг құрайды. Осының барлығын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақты жүргізу барысында, жаттығу кезінде, жарыстарда және басқа спорттық шараларда есепке алуы қажет.

Жасөспірім кезеңінде балаларда өзін-өзі танытуға және тәуелсіз болуға қажеттілік туады. Жасөспірімдерге тіән қасиет– ол жарысқа ұмтылу, физикалық қабілеттерін көрсету, олар өз күштері мен мүмкіндіктерін көп жағдайда әділетті бағаламайды. 7 жастан 17 жасқа дейін 10-11 жылдық білім алуында адамның жылдамдығын сипаттайтын көрсеткіштер  20-60% пайызға және одан жоғары жақсарады[16, 29 б.]. 

Жасөспірімдік кезеңде жылдамдық көрсеткіштерінің нәтижелері мен қозғалыс жиілігі тұрақталады. Әртүрлі спорт түрімен айналысу немесе мақсатты ықпал ету жылдамдық қабілеттеріне оң әсер етеді.

Бір жылы туылған жасөспірімдердің жеке дамуы қозғалу функциясының жалпы дамуына едәуір әсер етеді, сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауға бейімделуіне де әсер етеді.  Среди 14-жастағы футболшылардың арасынан ересек адамдардың деңгейіне жеткен жасөспірімдерді, сонымен қоса жетілу белгілерге балаға ұқсайтын жасөспірімдерді кездестіруге болады. Сондықтан жүктемелер көлемін немесе нормативті талаптарды анықтау үшін спортшының биологиялық жасын есепке алу керек.

Балалар мен жасөспірімдердің ағзасы жылдамдық жүктемелеріне жақсы бейімделгіш келеді. Сондықтан 8 жастан 15 жасқа дейінгі кезең жылдамдықтың дамуы мен қозғалыс жылдамдығының артуына сәйкес кезең болып табылады. Жас футболшылармен жұмыс жасаудың алғашқы дайындығы кезеңінде мақсатты түрде жан-жақты физикалық дайындықты игеруге, денсаулықты жақсартуға және гармоналды дамуға, түрлі қабілет-дағдыларды игеруге бағытталған құралдарды және футболдың техникасы мен тактикасы негіздерін үйретуге бағытталған әдістерді пайдалану керек.  Осы кезде физикалық дайындықтың міндеті, ең алдымен жас футболшылардың қозғалыс жылдамдықтарының қалыптасуынан тұрады, яғни оның басты бөліктері күш, жылдамдық, төзімділік және ептілік, сонымен қатар уақыт жағынан өз қозғалыстарын басқара алу қабілеті жатады.  Қозғалыс жылдамдықтарын дамытуға ерекше назар аудару керек, себебі бала және жасөспірім жасында осы маңызды физикалық қасиеттерді тәрбиелеу мүмкіндігі жоғары.

Алғашқы дайындық кезінде және бастапқы спорттық дайындықта жылдамдық төзімділікпен тығыз байланыста қалыптасатындығын атап айтқан жөн. 8-12 жас аралығында жүгіру жылдамдығының артуы қозғалыс жылдамдығының өсуімен байланысты, ал 12-14 жас аралығында жылдамдық бұлшықет күштерінің дамуының арқасында артады. Сондықтан жылдамдықты дамыту кезінде бұлшықет кұштерін көп талап етпейтін, жүгіру қарқынын және қозғалыс жиілігін арттыруға тырысу керек. Спорттық және қозғалыс ойындарының, ойын және жарыс түріндегі жаттығулардың баға жетпес көмегі бар.

16 – 18 жастағы жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамуын қарастырар болсақ, олардың да жас ерекшелігіне қарай өз жүктемелері болады. Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығу жүктемелері ретінде жоғары қарқынмен қысқа аралыққа жүгіруді (от 20 метрден 30 метрге дейін) атап өтуге болады.  Жас футболшыларды дайындау кезінде аз көлемдегі, яғни 3-4 және 4-5 минутқа тең жүктемелерді ұсынуға болады. Дәл осындай жүктемелер жылдамдық қасиеттерін дамытыға және техникалық-тактикалық қызметтерді жүзеге асыруға септігін тигізеді. Үлкен көлемдегі жаттығу жүктемелері және 5-6 минутқа тең орташа көлемдегі жаттығу жүктемелері жас футболшылардың жылдамдығын дамытуға ұсынылмайды. Мұндай жүктемелерді орындау жылдамдыққа төзімділікті дамытуға апарады. Сонымен қатар мұндай жүктемелер қозғалыстың координациялық механизміне кері әсер етеді.

Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жүктемелер ретінде жүгіру және секіру жаттығулары қолданылады.

Жылдамдық қасиеттерін дамытуға арналған түрлі көлемдегі жаттығу жүктемелерін талдай келе, 4-5 және 5-6 минутқа тең үлкен көлемдегі және 5-6 минутқа тең орташа көлемдегі жаттығуларды орындау ұсынылмайтындығын атап өткен жөн.

Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамыту үшін орташа қиындықтағы арнайы жеке, топтық және командалық жаттығуларды орындау дұрыс болып табылады.

11-12 жаста дененің өсуі тез басталады және футболмен айналыспайтын балалармен салыстырғанда сәйкестік болады.

13-14 жаста футболшылар денесінің өсуі жағынан спортшы емес өз қатарластарын басып озады.

Осылайша жас футболшылардың денесінің өсуі екіге бөлінеді: 11-12 жас және 13-14 жас. Футболшылардың аяғының өсуі денесінің өсуі сияқты болады: в 10-11 жаста баяу, 11-12 жаста жоғарылайды және 13-14 жаста аяқтарының өсуі ерекше байқалады. Футболмен айналыспайтын балаларда 10 жастан 14 жасқа дейін аяғының өсуі біркелкі болады.

12-15 жастағы балаларда жүрек-қантамыр жүйелері өзгеріске ұшырайды. Осы кезеңде жүректің дамуында тез өскен өзгерістер байқалады. Егер 12 жастағы балалардың жүрегінің көлемі орташа 458 мл болса, ал 15 жаста ол 620 мл жетеді [19, 13 б.].

Жүрек бұлшықеттері 18-20 жасқа дейін дамиды. 16-17 жастарғы жасөспірімдерде жүрек көлемінің үлкендігі орташа 720 мл тең болады, ал 18 жастағы жасөспірімдерде жүректері ересектердің жүрегімен бірдей болады [19, 18 б.].

7 жастан 10 жасқа дейін тыныс алу жүйелерінің жұмысы жақсарады. Тыныс алу көлемі өседі. 12 жастан 17 жасқа дейін тыныс алу аппараты күшейе түседі. 15-16 жаста тыныс алу көлемі ересектердікіндей болады [19, 20 б.].

Жас спортшыларда тыныс алу шегі спортпен айналыспайтын өз қатарластарынан 1,5-2 есе көп болады [19, 22 б.].

11-12 жастағы психикалық қызметтердің даму деңгейінің толық еместігі жас футболшылардың жылдамдық қызметтерінің жоғары деңгейге жетуіне кедергі келтіреді. Ойынның техникалық әдістерін меңгеру жылдамдығы жасөспірімдерде 13-14 жас аралығында өте тез дамиды.

Жасөспірімдік кезеңде орталық жүйке жүйесінің дамуы тоқтайды, ми қыртыстарының қызметі едәуір жүзеге асырылады [19,  23 б.].

Сонымен қатар жасөспірімдердің психикасында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Шығармашылыққа, жарыстарға деген талпыныс осыны сипаттайды. Жеке тұлғаның негізгі белгілері қалыптасады, мінез-құлқы қалыптасады, өзін-өзі бағалай бастайды.

Осылайша футболмен айналысу жасына байланысты орта мектеп жасындағы балалардың қозғалыс қабілеттеріне ерекше әсер етеді.

 

 

 

 

3 ОҚУ-ЖАТТЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ ҚАСИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ  ӘДІСТЕРІ

 

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда негізінен қарапайым қозғалыс жылдамдығы,  дербес қимыл жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға  аз уақытта тез жылжып, орын  ауыстыратын жергілікті  қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Бұл қысқа немесе ұзын  секіртпелермен жаттығулар (айналып тұрған  секіртпе ішіне жүгіре кіру, секіру, жүгіре шығу),  эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б.

Бүгінгі заманда футбол ойынының тәсілдері көптеген қозғалыстардың биомеханикалық жүйелерінен тұрады жөне ойын үстінде жұмыс істеп шығарған қуатты тиімді пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Жаттығудың ең негізгі мақсаты — ойыншыға алаңда дұрыс қимылдауды, қозғалуды үйрету. Сонымен қатар, футболшының ағзасына жан-жақгы және іріктеп қана әсер етсе, сонда ойыншының ең жоғарғы шеберлікке жетуіне мүмкіншілік туады. Жаттығу сабақтарының күнделікті және ұзақтығына қарай бүкіл жаттығу процесін бірнеше бөлімдерге бөліп, әр бөлімнің арнайы талаптары мен мақсаты болуы керек.

Спорт жаттығу сабағының мазмұны:

-тәсілдерді, әдістерді үйрену және арттыру дайындығы;

-дене шынықгыру дайындығы;

— психологиялық дайындық [20,  23 б.].

Жаттығу процесінің ұзақ уақытқа созылуына қарай динамикалық бөлек элементтеріне бірдей салмақ түсуі керек. Осы элементтердің арасындағы қарым — қатынасына назар аударуға тиісті.

Ал, орта мектеп жасында  жылдамдықты дамтытатын жаттығуларды орындаудың маңызы зор. Олар: әр түрлі секірулер, көп ретте жоғары секірулер, өзгермелі үдемелі жаттығулар, қысқа қашықтыққа  шапшаң жүгіру (30-60 м) жаттығулары т.с.с.

Жоғары мектеп жасына жеткендебұл жаттығулар  күрделілендірілген   түрде беріледі, өз жылдамдығы, күш жылдамдығы және төзімділік жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны көбейе түседі.

 Дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы өзінің іс-тәжірибе жұмыстарында жылдамдық мүмкіншілігі қысқа қашықтықтарға жүгіруде ғана емес, күш жылдамдығы қасиетінің даму деңгейіне де байланысты екенін ескеруге тиісті.12—14-жастағы балалар үшін мысалы арқанға өрмелеу сияқты кішігірім динамикалық жаттығуларды жасауға болады.Жоғары жылдамдықты тез меңгеру қабілеті старттық жылдамдық бойынша анықталады. Бұл уақыт орташа 5-6 секундты құрайды. Қол жеткен жоғары жылдамдықты ұзақ уақытқа сақтау мүмкіндігін жылдамдық төзімділігі деп атайды және қашық жылдамдығына қарай анықтайды [21, 33 б.].

 Ж.К. Холодов бойынша жылдамдық төмендегідей анықталады:

  1. белгілі сигналға жауап ретінде қозғалыс жылдамдығын өлшеу арқылы;
  2. белгілі уақытта қозғалыс санына қарай;
  3. уақыт бойынша белгілі аралыққа төзе алу (мысалы, 20, 30 метрге жүгіру);

Жылдамдық пен қозғалыс жылдамдығын көрсету төмендегі факторларға байланысты:

  1. орталық жүйке жүйесінің және адамның жүйке-бұлшықет аппаратының жағдайына;
  2. бұлшықет тканінің морфологиялық ерекшеліктеріне, оның құрылымына (яғни, жылдам және баяу талшықтардың сәйкестігіне);
  3. бұлшықет күшіне;

4.бұлшықеттердің ширыққан жағдайдан босаңсыған жағдайға тез өту қабілеті;

  1. бұлшықеттегі энергетикалық қорларға;
  2. ағзаның өміршеңдігінің биологиялық ритмі;
  3. жасына және жынысына;
  4. адамның табиғи жылдамдық қабілетіне байланысты.

Жылдамдық қабілеттерін дамыту сөз болғанда, ең алдымен қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланылады. 8—11 орта мектеп жасында секіру, акробатикалық және гимнастикалық жаттығуларды жасау да ұсынылады. Әрбір жаттығуды жасау кезінде шапшаңдықтыарттыруды көздеу керек. Негізінде жылдамдықты дамыту қарқыны көп жағдайда кіші жастарда және жасөспірім кезеңінде байқалады. Атап айтқанда,  8 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 11жасқа дейін, 14 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта.

Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығу жүктемелері ретінде жоғары қарқынмен қысқа аралыққа жүгіруді (20 метрден 30 метрге дейін) атап өтуге болады.  Орта мектеп жасындағы жас футболшылардың жылдамдығын дамытуда үлкен көлемдегі жаттығулар ұсынылмайды. Сол себепті аз көлемдегі, яғни 3-4 және 4-5 минутқа тең жүктемелерді ұсынуға болады.

Жас футболшы үшін жылдамдық қасиеті маңызды орын алады. Жылдамдық қасиетінің маңыздылығы, оны дамыту қажеттігін де айқындайды. Орта мектеп жасындағы, яғни 11-12 жастағы ер балаларда энергиямен қамтамасыз ету механизмі өсе бастайды, сол себепті жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығуларды молынан орындау ұсынылады. Жаттықтырушы немесе дене тәрбиесі мұғалімі оқу-жаттықтыру сабағы барысында осы ерекшеліктерді ескерер болса, жас футболшылардың дайындық деңгейінің тиімділігі арта түседі. Алғашқы спорттық дайындықтарда жылдамдық қасиеттерін дамытатын әдістер мен құралдар пайдаланылмаса, онда жаттығушылардың жылдамдық қасиеті айтарлықтай дамымайтындығын ескеру қажет.

 

3.1 12-15 жастағы футболшылардың жылдамдық  қасиетін дамытудың әдістемесі

 

Жылдамдық күш және икемділік, сонымен қатар төзімділік сияқты дене қасиеттерімен тығыз байланысты. Жылдамдық үш түрде пайда болады:

  1. Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы.
  2. Дербес қимыл жылдамдығы.
  3. Қимыл жиілігі.

Қарапайым қозғалыс жылдамдығы дегеніміз – алдын ала белгілі қозғалыспен, бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап (спортшының дыбыс берілген кезде белгілі қозғалыс әрекетін тез орындауы). Қарапайым қозғалыс жылдамдығы қандай да бір қоздырғышқа кері жауап қайтару уақытымен бағаланады. Қоздырғыштар – жаттықтырушының, төрешінің дауысы,  сөрелік тапаншаның атылуы, шапалақтың  соғылу дыбысы, жарықтың жарқ етуі, төрешінің жалау  ұстаған қолын сермеуі және т.б. Мысалы, 100 м жүгірудегі сөрелік тапаншаның атылуы немесе төрешінің дауыстаған бұйрығы бойынша жүгіре жөнелу. Қарапайым көру – қозғалыс  жылдамдығының ұзақтығы спортшыларда орташа 0,10-0,20 секөндтан, спортпен жаттықпайтындарда 0,15-0,25 секөндтан көбірек уақытта болады. Берілген дыбысқа жауап спортшыларда 0,05-16 секөндқа дейін, жай адамдарда 0,20-0,35 секөндтан көбірек уақыт мөлшерінде болады. Қарапайым қозғалыс жылдамдығын тәрбиелеу  әдістемесі екі кезеңге бөлінеді де, әр кезеңде өзіне тән дене тәрбиесі әдістері қолданылады.

Бірінші кезеңде көп тараған әдістер мыналар:

Қайталау әдісі.  Кенеттен болған дауысқа көп рет, әрбір ретте тезірек сезіну мүмкіншілігін  жақсарту. Мысалы: төменгі сөреден дыбыс бойынша тез жүгіріп шығу, әр түрлі дене қалпында тұрып, отырып, жатып, сол қалыптан жаттықтырушы берген дыбыс бойынша тез сезіне жүгіріп шығу және т.б.

Ойын әдісі. Әр түрлі қозғалмалы  ойындар. Спорттық ойындар (баскетбол,  үстел теннисі, волейбол, бадминтон т.б.) ойнау немесе ойын элементтерін қолдану.

Жарыс әдісі. Дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушының басқаруымен жарыс, бәсеке  түрінде берілетін әр түрлі эстафеталық сипаттағы жаттығулар.

Екінші кезеңде «сенсомоторлық» әдістеме қолданылады. Бұл әдістеме спортшының жылдам қозғалысы және сол жылдам қозғалған әрекетке жұмсаған аз уақыт аралығын айыра білу қабілеттілігіне негізделген. Іс жүзінде ол былай орындалады: спортшы жаттықтырушының жылдамдық уақыты туралы хабарын ала отырып сөрелік дыбысты өте тез сезуге тырысады. Сонан соң келесі жаттығу кезеңінде ол сезіну жылдамдығын өзі бағалайды, жаттықтырушы  содан кейін ғана уақыт ұзақтығын хабарлайды. Спортшы мен бапкердің  уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде, жаттығушыға алдын  ала  келісілген жылдамдықты сезіну  тапсырмасы беріледі. Ақырында  спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі қалыптасады, ол сезіну жылдамдығының жақсаруын тездетеді.

Күрделі қозғалыс жылдамдығы дегеніміз – белгілі, белгісіз қоздырғыштарды сезіну,  көру, жауап қайтару уақыты.

Күрделі қозғалыс жылдамдығы көбінесе спорт ойындарында, жеке сайыс түрлерінде кездеседі. Бұл спорт  түрлерінде қозғалып келе жатқан  жанды, жансыз затты (доп, қарсылас, семсер, жұдырық т.с.с.) сезіну және бірнеше мүмкіндіктен бір  дұрыс әрекетті тауып, тез қолдану міндеті тұрады. Мысалы, қақпаға доп соғылғанда қақпашының алдында төрт міндет тұрады:  допты көру, бағытын және ұшу жылдамдығын бағалау, әрекет жоспарын құру, оны орындауға кірісу. Күрделі қозғалыс жылдамдығы уақыты қарапайымға қарағанда ұзағырақ 0,25-0,80 секундқа  созылады.

Күрделі қозғалыс жылдамдығын дамыту үшін берілетін жаттығулар біртіндеп қарапайымнан күрделілендіре орындалады (мысалы, бокста қарсыласты соғу  жылдамдығын арттыру, футболда ойын алаңының көлемін кішірейту, жеке сайыста  қашықтықты азайту, жазу блоктары бар тренажерлік қондырғыларды пайдалану т.б.). Күрделі қозғалыс жылдамдығын жетілдіруге ойын және жарыс әдістері қолданылады.

Негізгі қолданылатыны – қайталау әдісі. Кенеттен пайда болатын дыбысты сезу, басында бір (мысалы, бокстағы оң қолмен соғатын соққы) сонан соң екі, үш, төрт және с.с. (серия) соққылар жасау.

Дербес қимылдау жылдамдығы. Дербес қимылдау жылдамдығы  (семсерлесудегі түйреу, футболдағы доп тебу, баскетболдағы доп лақтырулар және т.б.) спорт  ойындарында, жеке сайыста  нақты бір бұлшық ет жұмысы  жаттығулары кезінде пайда болады да, қозғалыс жылдамдығымен қатар  тәрбиеленеді.

Дербес қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған жылдамдықпен орындалатын  нақты бір жаттығулар (еңкею, сермеу, секіру, түйреу т.с.с.) қолданылады. Бұл жаттығулар жалпы дамытатын жаттығулар кешеніне кіргізіліп, сабақтың кіріспе бөлімінде орындалады.

Қимылдың жиілігі. Циклді сипаттағы жаттығуларда  қимыл жиілігі жылдамдығы пайда болады (мысалы, 10 секөндта орнында тұрып жүгірудегі өте көп қадам саны). Қимыл жиілігін  тәрбиелеу үшін өте жоғары шапшаңдықпен орындауға болатын жаттығулар пайдаланылады  (мысалы, 10 секөнд бойы жүгіру). Бұл жағдайда қимыл жиілігін дамыту үшін, аз қашықтыққа қатты (жылдамдық қашықтықтың аяғына дейін бәсеңдемеуі керек) жүгіру қажет [22, 77 б.].

Жылдамдық жаттығулары аздаған мөлшерде сабақтың негізгі бөлімінде, орталық жүйке жүйесі қалыпты жағдайда тұрған кезде беріледі. Қимыл жиілігі жылдамдығын дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады. Жарыс әдісіндегі жоғарғы сезім, қоздыру күші жылдамдық мүмкіншіліктерінің пайда болуына жақсы жағдай тудырады. Жоғары шекте жылдамдық жаттығуларын көп рет  қайталау жаттығушыны  шаршатып «шаршау кедергісін» тудырады, ол оқушылардың жылдамдық мүмкіншілігінің өсуіне бөгеу болады. Бұл кедергіні болдырмау үшін арнайы жылдамдықты  қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. Мысалы,  олар: таудан еңіске жүгіру, бір нәрсеге тіркеле жүгіру, жеңіл снарядтарды лақтыру т.б.

 Бірдей спорт түрімен айналысатын 12, 13, 14 жастағы футболшыларды бір әдістемемен жаттықтыруға болмайды. Жаттығу жүктемелерін жоспарлауда әр жастағы футбошыға жеке көңіл бөлу қажет, әсіресе 12-14 жастағы балалардың дене дайындығының деңгейін есепке алу қажет.

Жылдамдық кешенінің көрсеткіштеріне мыналар жатады: старттық жылдамдық, жүгіру жылдамдығы, футбол алаңында туындаған жағдайларда жылдамдықты бағалау, тактикалық ойлау жылдамдығы.

Футбол алаңында шапшаң жүгіру үшін, доптың артынан жүгіруді жүзеге асыру үшін, 25-30 қадам аралығында қарсыластардың қақпасына соққы беру үшін немесе кенеттен тоқтап және бірден жүгіру бағытын өзгерте алуы үшін футболшы мықты болуы керек. Сондықтан футболшы үшін ең маңыздысы аяқтың күшін дамыту болып табылады. Алайда жаттықтыру сабағында сонымен қатар қажетті деңгейде мойын бұлшық еттерінің, иық шұқыршығының, кеуденің, арқаның, іштің дамуына ерекше назар аудару қажет.

Қозғалыс әрекетін дамыту. Қозғалыс әрекетінің жылдамдығы футболшы үшін маңызды.

Футболшының старттық жылдамдығын дамытуда 15—30 м жүгіру (жас футболшылар осындай жүгіруде жоғары жылдамдықты игереді), 5-7 м доппен және допсыз секіру  тиімді болып табылады  [23,17 б.].

 Г.В.  Монакованың пікірінше қозғалыс жылдамдығы қазіргі футболда маңызды орын алады. Жаттығу немесе ойын кезінде футболшылардың жүгіруі үнемі жоғары жылдамдықта бағытын өзгертеді. Жаттығу үшін қозғалыс бағытын өзгерту арқылы жүгіру және секіру жаттығулары қажет.

Жылдамдық қасиеттерін кешенді дамыту. Жылдамдық қасиеттерін кешенді дамыту үшін доппен және допсыз жаттығуларды теңдей біріктіру керек. Жылдамдық қасиеттерін дамытатын қозғалыс ойындарын қолдану керек. Ойын және ойын жаттығуларынан басқа негізгі физикалық қасиеттерді, ең алдымен жылдамдық пен күшті дамытатын арнайы дайындық жаттығуларын да қолдануға болады. Бұл жан-жақты дене дайындығын қамтамасыз етеді. Жылдамдықты арттыруға бағытталған кешенді жаттығуларды сабақтың негізгі бөлімінің басында қолдану керек, содан кейін осы жылдамдық қасиетін дамытатын ойындар пайдаланылады. Төзімділікті таныту үшін аз уақыт төзімділікті талап ететін жаттығулар мен ойындарға бөлінеді. Олар сәйкесінше сабақтың соңында және ортасында қолданылады.

Жоғары қарқындылықпен орындалатын жаттығулар тез шаршауға себепкер болады. Сондықтан жылдамдықты дамытатын жаттығуларды жиі, бірақ орташа көлемде жүргізу керек. Қозғалыс жылдамдығына бағытталған жаттығулардың көлемін дұрыс анықтау үшін жаттығулардың қайталану санын есепке алу керек. Сонымен қатар олар жылдамдық төмендемей орындалуы керек. Жылдамдықты дамытуға арналған жаттығуларды жас футболшы шаршап, жылдамдығы төмендегенде тоқтатады. Бұл төмендеу жаттығуды тоқтатудың бір белгісі болып табылады.

Жаттығу дайындықтары ағзаның қабілеттілігін дамытуға бағытталған.  Жаттығу дайындықтары жалпы және арнайы жаттығу дайындықтары болып екіге бөлінеді. Жалпы жаттығу дайындығы дене қабілетінің жан-жақты дамуын қарастырады, ал арнайы жаттығулар– футболшыларға тән функционалды мүмкіндіктердің дамуын қарастырады. Арнайы жаттығу дайындығының мақсаты–жоғары жылдамдықта күрделі әдістермен допты меңгеру, футболшының ойын барысында қозғалысын жақсарту болып табылады.

Жас футболшылардың дайындық тәжірибесінде ептілікке, жылдамдық қасиетіне, күшке, жылдамдыққа, төзімділікке ерекше мән береді. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, жаттығу сабақтарын жоспарлайды.

Жас футболшылардың жас ерекшеліктерін ескеру  ең алдымен ептілік, жылдамдық және күш сияқты қасиеттерді дамытуға бағытталған. Жасөспірімнің ағзасы бір жағынан ден жаттығуларын едәуір арттыруды қаласа, басқа жағынан ұзақ уақытқы дайындықтан кейін қажетті демалуды талап етеді. Күш қабілеттері мен төзімділікті жүзеге асыруға бағытталған жаттығуларға ерекше назар аудару керек. Сонымен қатар жас футболшылардың команда құрамындағы дайындығын бақылап отыру керек. Жас футболшылардың жылдамдық көрсеткіштері төмендеген кезде, сол қасиеттерді жүзеге асыруды жалғастыру керек. Футболшыларды дайындау кезінде көптеген түрлі жаттығулар қолданылады: қарапайымнан–жүгіру, секіру, допты ұру, допты беру және күрделіге дейін: күрделі ойын тапсырмаларын шешетін ойын жаттығулары, аэробика және акробатика жаттығулары.

Жылдамдық–қысқа уақыт аралығында қозғалыс қимылдарын орындай алу қабілеті. Футболда жылдамдық түсінігімен ойыншының аз уақыт ішінде неғұрлым жылдам допты аяқпен немесе баспен ұру, техникалық әдіс, қиын жағдайда бейімделе білу, тез арада таңдау жасай алу мүмкіндіктерін байланыстырады. Футболшының жылдамдығы жылдамдығын танытудан басқа да қадамының ұзақтығы, итеру күші т.с.с. факторларға байланысты болып келеді.

Оңай жағдайларда жылдамдықты дамыту жаттығулары:

  1. Түрлі старттық жағдайларда 5–7 м жүгіру;
  2. Аяқты 90° көтеріп, қолын аяғына жеткізіп орнынан жоғары секіру (7–10 рет).
  3. Дәл солай, бірақ аяқтың табанына қолын жеткізіп секіру (7–10 рет).
  4. Аяқты ауыстыра отырып жылдамдықпен жоғары секіру (7–10 рет).

Жоғарыда сипатталған жаттығулар «старттық» күшті–алғашқы қиын кезеңде бұлшықеттердің жылдам даму қабілетін тиімді дамытуға мүмкіндік береді.

Күрделі жағдайда старттық жылдамдықты дамыту жаттығулары:

  1. Басты бұрмай, тордың жанында отырып теннис добының ұшқанын бақылау.
  2. түрлі старттық жағдайларда тұрып, торға соғылғаннан кейін ыршып түскен допты көргеннен кейін арқасымен қозғала бастау.
  3. Дәл солай, бірақ жүгіру доп алдыға немесе артқа домалағаннан кейін басталады.
  4. Аяқпен немесе қолмен жоғары биіктікке лақтырылған доп жерге тигеннен кейін жүгіруді орындау (жоғарыдағы допқа қарауға болмайды).
  5. Дәл солай, бірақ жүгіру доп алдыға немесе артқа домалағаннан кейін орындалады.

Старттық жылдамдықты жүзеге асыруға арналған жаттығулар:

  1. Орнынан (5–10° бұрыш) тауға жүгіру және таумен жүгіру и под гору (3–7° бағытта)
  2. Орнынан құм үстімен, үгінді, қар және суда жүгіру.
  3. Орнынан түзу бағыт бойынша 10–15 м жүгіру.
  4. Тауда, құмда, үгінділедің үстінде, суда орнынан секіру (екі реттік, үш реттік).

Жаттығуды осы әдістерді қайталағанда 2–3 минуттан кем емес демалу керек.

Техникалық әдістерді жылдам орындау жаттығулары.

  1. Допты жоғары лақтырып және алдыға домалатып, қақпаға ұру.
  2. Дәл солай, бірақ артқа домалату.
  3. Допты алдыға домалатып, жылдамдықты сәл арттырып, содан кейін бірден 180° айналу.
  4. Дәл солай, бірақ артқа домалау.
  5. Допқа жүгіріп, қақпаға ұру және бастақы орнына қайта оралу.

Жылдамдық қасиеттерін дамыту барысында барлық жаттығуларды соңғы жылдамдықпен орындау керек. Демалыс аралығы келесі мүмкіндікті алдыңғыдан жақсы орындайтындай болуы қажет. Жылдамдық жаттығу соңында төмендемеуі керек. Жылдамдықты дамыту бойынша жаттықтыру сабағы толықтай демалғаннан кейін өтуі керек. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын жаттығу кезеңінің 2-3 соңғы аптасында (жалпы және жылдамдыққа төзімділік базасын құрғаннан кейін), сонымен қатар жарыс кезінің бастапқы кезеңінде жүргізу керек.

Төзімділікті дамыту. Төзімділікті тәрбиелеу матч бойы ойын қимылының тиімділігін төмендетпей орындап шығу негізінде жүзеге асады. Төзімділікті мынадай түрлерге бөледі: жалпы (аэробты), аралас (аэробты-анаэробты), жылдам, қашықтықтық және спринтерлі (қысқа қашықтыққа жүгіру) жылдамдықтағы төзімділік[23,48 б.].

Жалпы төзімділікті жүзеге асыратын жаттығулар:

  1. Жылдам жүріс.
  2. Кросстар 3–5 км.
  3. Жүзу.
  4. Шаңғымен жүріс.

Жаттығуларды дайындық кезеңінің 1–2 аптасында және ауыспалы кезеңнің соңында бірдей орташа қарқында орындау қажет. 

Аралас төзімділікті дамыту жаттығулары:

  1. жаттығудың аралық әдісі бойынша қашықтыққа жүгіру

Жаттығу 30 сек. 90 сек. дейін. Демалыс уақыты, әдетте – 60–90 с. Серия саны – 2-ден 4-ке дейін, әр сериясында 5–6 қайталау бар. Жүгіру қарқыны ең жоғары–80–95 %. Аэробты-анаэробты жаттығулар ойын қимылдары кезінде орындалатындықтан футболшылардың төзімділігін дамытуда басты орын алады. Бұл жаттығуларды дайындық кезеңінің 4–7 аптасында қолданады.

Жылдамдыққа төзімділікті жүзеге асыратын жаттығулар:

  1. Қайталау және қашықтық әдісімен қашықтыққа жүгіру.

Қарқындылық– 95 %. Жүгіру қашықтығының ұзындығы – 200-ден 600–700 м дейін, уақыты –20 секундтан 2 мин.дейін. демалу аралығы бірінші және екінші қайталауда  5–8 минут, 3 және 4 қайталауда  2–3 минут. Сериялар арасы демалыс–15–20 мин.

Жас футболшыларды жаттықтыру кезінде аз көлемдегі және 4-6 минутқа тең орташа көлемдегі жүктемелерді, сонымен қатар 4 минутқа тең үлкен көлемдегі жүктемелерді ұсынуға болады. Бұл жаттығу жүктемелері кері әсерін тигізбейді. 6 және 8 минтуқа тең үлкен көлемдегі жаттығу жүктемелерін, сонымен қатар 8 минутқа тең орташа көлемдегі жүктемелерді жас футболшылардың арнайы жылдамдық қасиеттерін дамытуға ұсынбайды [23,49 б.].

Жас футболшылардың жылдамдығын дамытуға бағытталған жаттығулар қатарына төмендегілерді ұсынуға болады:

Жылдамдықты дамытатын жаттығулар қайта қалыпқа келу үшін арасында (1—2 мин) демалыс болатындай орындалуы керек. Жылдамдықты дамытатын жаттығуларды жаттықтыру сабағына бірден қосу ұсынылады, себебі ағза шаршамай, жақсы қалыпта болып тұрады. Егер бұлшықеттер қызбай тұрса, онда жылдамдық жаттығуларын орындау кезінде ауыру сезімдерін тудыратын үзілістер болуы мүмкін. Жылдамдық күш пен икемділік, сонымен қатар төзімділік сияқты дене қасиеттерімен тығыз байланысты. Старттық жылдамдық, жүгіру жылдамдығы, футбол алаңында туындаған жағдайларда жылдамдықты бағалау, тактикалық ойлау жылдамдығы жылдамдық кешенінің көрсеткіштері болып табылады. Жылдамдық қабілеттерін дамыту үшін ең алдымен қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланылады. Қозғалыс шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсілін де қолдануға болады. 8—11 жаста секіру, акробатикалық және гимнастикалық жаттығуларды жасау да ұсынылады. Жағдайдың күрт өзгеруіне қарай жас футболшылардың нақты әрі жылдам әрекет етуі қажет болатын және бір сабақта 2-3 техникалық әдістерді үйрету жаттығуларын жас футболшылардан талап ету ұсынылмайды.

 

3.2  Жас футболшылардың техникалық және тактикалық дайындығы

 

Футбол ұжымдық ойын бoлғандықтан әрбір ойыншы өзінің қадамын ұжымдық және командалық тактикаға сәйкестендіре білуі керек. Футболда ойыншылардың да маңызы зор. Сол себепті футболшы бойынан көптеген қасиеттер табылуы керек. Атап айтар болсақ, футбол алаңындағы әрбір ойыншы доп алып жүру, допты қақпаға дәл бағыттай білуі қажет.  Сонымен бірге ойын барысында барлық ауыртпалыққа шыдай білуі керек. Себебі ойыншылардың өзінің денесі мен допты игеруі өте маңызды болып саналады.

Ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына ерекше көңіл бөлуі керек. Осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы.

Техника – дегеніміз ол ойын кезінде футболшының допқа және өз денесіне ие болуы.

Тактика – дегеніміз ол ойланылған, әр бір ойыншының және бүкіл команданың қозғалысы [24,61 б.].

Ойын кезінде алаңдағы футболшылардың әдемі пас беруін көруге болады. Осылардың барлығы бұл футбол шеберлеріне көптеген жаттығулардың нәтижесінде келеді. Жаттығулар кезінде футболшылар физикалық, техникалық және тактикалық дайындықтарға көп уақыттарын бөледі. Жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алды деп айту қиын. Егер футболшы алаңда өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыра алатын болса, онда мұндай ойыншыны жақсы ойыншы деп атауға болады. Сондықтан әрбір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін ғана үйреніп қоймай, физикалық қасиеттерін де жақсарта беруі керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын да түсінуі керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу сияқты. Ең бастысы әрбір ойыншы ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүруі керек.

Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әрбір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әрбір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол қорғауда және шабуылда ойынның басты принциптерін білуі керек. Футболшы алдыңғы және артқы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әрбір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика нәтижеге жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау болып табылады. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы әр ойыншыға қол жетерліктей білім. Ең бастысы осы білімді ойында жүзеге асыру. Команда қандай тактикалық жүйеде ойнаса да, олардың ойын жүйесі  көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.

Сондықтан команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау.

Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Қарсыластар қақпасына допты жақындату техникасы ол соққы және доп алып жүру деп аталады. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол – пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол – доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту – алдау деп аталады.

Қазіргі жаңа тактика негізінен пас беруге, ойыншылардың алаңда дұрыс қозғалысына, допты ала жүру және алдауына негізделген. Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нәтиже береді. Бір командамен ойындағы тактика жеңіс әкелсе, дәл осы тактика келесі командамен ойында жеңіс әкелуі керек.

Тактикалық әдістер ол жеке ойыншыдан, ұжымдық қасиеттерден және футболшылардың күш жұмсауынан құрылады.  Әдістер ойынның өзінде оның қарсыластар командасына қарамастан құрылады. Алайда осы жағдайларға қарап алдын ала ойланған тактикалық комбинациялар жүзеге аспайды деуге болмайды.

Футбол жарысында ойыншы әр түрлі тактикалық әдістер мен шешуші комбинацияларды қолдана білуі керек. Футболдағы ойынның нәтижелігі қай команда доппен қалай өнер көрсететіндігіне байланысты. Әр ойыншы қарапайым тактикалық әдістерді игеруі керек және оларды ойын барысында пайдалана білуі керек. Тәжірибеде футболшылардың мынандай қасиеттеріне назар аударылады:

а) допқа талас кезінде қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білуі;

ә) әр түрлі доп беру кезінде дұрыс қабылдау;

б) доппен алдаса және алып жүре білу;

в) өзбетінше тактикалық мақсатты орындау үшін дұрыс кезеңді таңдай білу;

Осылардың барлығын командасымен тығыз қарым-қатынаста жүріп орындауы керек. Ойын барысында ойыншы дұрыс шешім қабылдау үшін бүкіл ойынды бақылауы керек. Сонымен қатар ол өзінің байқай алмайтын жерлерін жобалап ұға білуі керек.

Ойын барысын ұға білу өте қажетті комбинацияларды орындауға қажет. Ойын алаңын  байқай алу туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп оқу-жаттығу кезінде қалыптасады.

«Футбол» –ол әдістер күресі, ойыншылар шеберлігі, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған. Футбол ойыны өте динамикалық және эмоционалды ойын түрі болып табылады. Ойыншылар әр түрлі техникалық әдістерді қолданып, белгілі тактикалық бағыт беріп, әріптестерімен түсінісе білуі қажет. Себебі, бір қателік бүкіл ойынның жоспарын бұзуы мүмкін. Алайда осы айтылған қимылдардың барлығын ойыншылар тыныш ойын барысында емес, қиын спорттық күресте орындайды. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі сыртқы және ішкі күштер ықпал етеді. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды шешуде ерекше әсер етеді. Ондай күштерге ойынның басқаша өтуі, төрешілердің іс-әрекеті, жанкүйерлер,  қолайсыз ауа райы жатады. Міне, осындай жағдайлар ойыншының ойын кезіндегі қобалжуын туғызады, ол біртіндеп басқа ойыншыларға қарап бүкіл командаға кері әсерін тигізеді.

Сондықтан жаттықтырушы әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдамды болуға үйретуі керек. Ойыншылар жаттығу барысында өзінің шамасына қарай жасап емес, одан да жоғары жасауға тырысуы керек.

Әр ойыншы доп алғанда тез ойланып, ол допты ары қарай беруді және келесе допты қабылдауға дайын болуы керек. Мұндай жаттығулар ойынды жылдам жүзеге асыру үшін қажет.

Ойын барысында кездескен қиындықты творчестволық, жылдам және тез шешу керек. Тактикалық әдісін дамытқан ойыншы өзін алаңда жақсы ұстап, қарсыластарға жақсы қарсылық көрсетеді. Оны ойын жылдамдығы, ауыртпашылығы өзгерте алмайды. Мұндай ойыншының творчествосында ұжымдасып ойнау және жеке комбинация жасау жоғары дамыған.

Футболдағы комбинациялар әр түрлі. Олардың көбісі тәжірибеде дайындалып жалпы тактикалық жаттығуға кірген. Алайда ойындағы қайталанбас жағдайлар, ойыншылардың жеке творчествалық инициативасы жаңа тактикалық әдістер тудыруда.

«Жүйе» ұғымы әр футболшының индивидуалдық қабілетіне байланысты алаңда орналасуы. Бұл командаға қорғаныста және шабуылда нәтижелі ойлауға болысады. Ойын жүйесі бұл ойыншының тактикалық өнерінің айқын көріну түрі, ол анықталған тәсілде құралады. Яғни, басқа да қайталанып тұратын әдістің қолданысы [24,68 б.].

Ойын жүйесі – ойыншы мен жаттықтырушының коллективті творчествасының қорытындысы. Әдетте бұл үрдісті ойыншылар бастап, жаттықтырушылар аяқтайды.

Жүйе жаңа болған сайын, оның қолданысы нәтижелі бола түседі. Жаңа мазмұнды ойын жүйесін ойлап тапқан команда онымен қарсыласы түсінгенше ойнап, өз пайдасына қолданады. Бәрі түсінгеннен соң, бұл жүйе бәріне де қолданылатын болады. Алайда, футболда тұрақты қолданылатын бір момент бар. Ол бірін-бірі жоятын тактикасы бар командалардың ойынын шеше алады, әлсіз команданың күштісін ұтуына да апарады. Бұл момент сансыз ойыншылардың теке-тіресі, ойын осыдан құралады, ойын негізінен 2-ші, 3-ші паста бұзылады. Бұл қарсыластың, яғни бір ойыншының пайдасына шешіліп, оның командасының белсенді ойнауына жол ашады.

Ойыншылардың қабілеті әр түрлі және бір-біріне қарсы қолданылатындықтан болжамсыз және тұрақсыз нәтиже береді. Ойыншының индивидуалдық қабілеттері ойынды болжауға мүмкіндік бермейді, математикалық санауға бағынбайды. Демек ойын осымен қызықты. Ол адамның творчествалық әрекетіне байланысты.

Ойын жүйесі – ойын барысының жалпы түрі, ойыншыға әр моменттен және көп қарсыластан творчестволық шешім табу кеңістігі. Бірақ, жақсы ойластырылған жүйелер қарсыластың әрекетіне байланысты сәл өзгеріп, жүзеге асады. Қысқасы, өте жақсы жүйе деп әр ойында жаңа және күтпеген тактикалық анықталған ойын жүйесінде болатын тактиканы айтады. Мысалы, қарсыласын өз ойын жүйесімен ойнату, яғни ол команданы өз ыңғайына келтіру, бұл ол команданың тактикасымен силаспағандық емес, керісінше санаса отырып,  өз ойыныңды ұсыну деген сөз.

Үздік қақпашы болу оңайға түспейді. Себебі, қақпашы ол ең соңғы ойыншы. Команданың жетістігі қақпашының қимылына байланысты. Қақпашы ойын басталар кезде екі жақтан да ойыншыларын бақылауы керек. Өйткені қақпашылардың ойыншыларды бақылауға мүмкіндіктері мол. Қақпашылар ойыншылардың артында тұрады және бүкіл алаңды жақсы көріп тұратындығы анық.

Футболдағы қақпашының ойнайтын да, шабуылдайтын да кездері болады. Оның допты ойыншыға дәл бере отырып, жақсы жетістік әкелуі әбден мүмкін.

Футболшының алаңда негізгі қаруы ол техника екені белгілі. Техникасы жақсы ойыншы өзі бірнеше қарсыластарды алдап өтеді. Соның арқасында қақпаның алдында қауіпті жағдай туғызады.

Қазіргі футболда ойыншылардың техникасы бір-сыпыра көтерілді. Жеңіске ұшырай беретін командалар жиі кездеседі. Мұның себебі техниканың және тактикалық ой-сананың жетіспеуінен болады. Мысалы, егер ешкім бөгет жасамаған және асықтырмаған ойыншы допты өз әріптестерінің басынан асырып қарсы жаққа беріп қойса, ол тактикалық ойдың кемістігі болып табылады.

Техникасы жақсы дамыған командалардың жеңілуі де жиі кездеседі. Себебі, тактикасы өте төмен. Егер ойыншылардың техникасы төмен болса, онда олардың ойыншы ешқашан да дәл, тез ойланбайды. Тактика болу үшін кез-келген жерде, тез арада шапшаң ойлану керек, ол ойыншыға  байланысты. Егер баяу қалыпта ойнап жүрсе ол қарсыластардың пайдасымен шешілуі мүмкін. Тек қана шапшандықтың арқасында қарсыластан босата алады. Тек қана шапшандық қарсыластардың шабуылын тойтарата алады. Дәл осы шапшаңдық қана қарсыластардың қорғаныс шебін бұза алады. Бірақ жалғыз шапшандық көздеген жағымды жаңалық әкелуі мүмкін емес. Егер пасты дәл бермесе, ол ойлап қойған комбинацияны бұзады. Қақпаға дәлдеп бағытталмаған доп жақсы шабуылды жоққа шығарады. Техникасы жоғары, шапшаң ойыншыны – шебер ойыншы деуге болады.

Қарсыластар қaқпaсынa дoп жaқындaтy тeхникaсы oл соққы және доп aлып жүрy. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол – пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол – доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту – aлдay деп aтaлaды.

Спорттық жаттығуларда техникалық дайындық белгілі спорт түрінің ерекшеліктеріне сәйкес және жоғары спорттық нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін спортшының қозғалыс жүйелерін меңгеру деңгейімен сипатталады. Техникалық дайындықты жеке қарастыруға болмайды, техникалық шешімдер спортшының дене, психикалық, интеллектуалды, тактикалық мүмкіндіктерімен тығыз байланысты болғандықтан оны бір толық нәрсе ретінде қарастыру керек. Сонымен қатар спорт әрекеті орындалатын ішкі ортаның да нақты шарттарымен байланысты болып келеді.

Қазіргі футбол көп жағдайда футболшылардың функцияларын өзгертті, сонымен қатар спортшыларға деген талапты және олардың дайындық деңгейін де өзгертті. Алайда әлі де тактикалық және техникалық дайындық спорттық шеберліктің негізі болып табылады.

Қазіргі футболда ойынның қарқыны өсуде, бұл футболшыдан алдымен жағдай кенеттен өзгерген сәтте, яғни уақыт шектеулігі және кеңістік өзгергенде тактикалық әдістерді тез және тиімді орындауды талап етеді. Қазіргі уақытта жетістікке жетуді қалайтын команда жылдам ойнауы керек, яғни қозғалысы жылдам ойыншылардан тұруы керек. Осыған байланысты кейбір футбол мамандары «жылдам техника» терминін қолданады.Қазіргі футболшылардың әрекеті ойында сенімді, жылдам және мақсатты болуы керек. Сондықтан техникалық-тактикалық дайындық әрбір дайындық кезеңінде өзінің нақты мақсаттары мен міндеттерінен тұрады.Бастапқы үйрену кезеңінде ойын әдістерін меңгеру барысында артта қалу футболшылардың дайындықтарына алдағы уақытта кері әсерін тигізеді. Спорттық ойындарда техникалық-тактикалық дайындық түрлі жаттығу құралдарының кездейсоқ жиынтығы бола алмайды. Солардың ішінен көпжылдық дайындықтың әрбір кезеңінде ойынның техникасы мен тактикасын сәтті меңгеруге оң әсер ететінін таңдау маңызды.

Техникалық-тактикалық шеберлік футболшының бойындағы техникалық әдістердің жан-жақты және көлемді болуымен, сонымен қатар осы әдістерді ойында тиімді пайдалана білумен сипатталады. Спортшылардың көпжылдық жаттығуында техникалық-тактикалық дайындық тұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет.

Отандық футболшылардың шеберлік деңгейін көтеру футболшыларды дайындауды үздіксіз жақсартумен байланысты болуы керек. Спорт мектептеріндегі барлық оқу-жаттығу процесі мамандандырылған футболшыларды дайындауға бағытталған. Ол бағдарлама материалы мен спорт мектебінің жұмыс істеу тәртібі негізінде жасалады.

В.В. Лобановский, А.И. Шамардин және С.М. Яровой кәсіби командаларда ойнайтын жас футболшылардың және ойыншылардың ТТӘ (техникалық-тактикалық әрекет) көрсеткіштерінің дәлдігін салыстыру кезінде кері сабақтастық, әдістер көрінетіндігін айтады және мұны бала кездегі ақаулардың көрсеткіштерінің жоғары болуымен байланыстырады. Техникалық-тактикалық дайындық деңгейінің жеткіліксіздігін бала жастағы және жасөспірім кезеңіндегі оқу-процесі мәселелерімен байланыстырады. Спорт жаттығуларының теориясы мен әдістемесінде дайындық жетістігін жас тепе-теңдігімен және қозғалыс техникасының негіздерін дайындықтың бастапқы кезеңдерінде меңгерумен байланыстырады [25, 72 б.].

Жас футболшылардың ойын тактикасының жарысқа түсу және жаттығу көлемі сәйкестігінің шектеулі мәнін жас заңдылығы ретінде қарастырған жөн.  Жаңа бастаған спортшылардың допқа топпен ие болу тактикасын жүзеге асыру мақсатында ойынның өзі едәуір ықпал еДайындық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты–дене, техникалық, тактикалық және психологиялық. Мысалы, дене қасиеттерін дамыту және техниканы игеру бір-бірімен тығыз байланысты үйрету үрдісі. Дене қасиеттері техникалық әдістерді жақсылап үйренгенде дамиды, ал дене қасиеттерін дамыта отыра жоғары деңгейдегі техникалық әдістерді игеруге болады. Жоғары мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары  қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту  амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді. теді, жасы келе 14-15 жастан бастап тактиканың жарысқа түсу жан-жақтылығы жаттығуға жол береді. Бұл мамандандырылған футбол ережелеріне сәйкес келеді. 

Жаттығуды орындау техникасы әрқашан да дамып отырады. Ескі  тәсілдер орнына жаңа, тиімді тәсіл, жаттығуды орындау техникасы келеді.  Бұл құбылыс жаттығуды орындаудың жетілген жолын үздіксіз ізденуге, үйрену әдістемесінің кемеліне  келуіне, осы арқылы күрделі,  тиімді жаттығуларды орындауға қол жеткізеді.

Жаттығулардың техникасының өзіне тән бөлімі, бөлшегі  болады. Жаттығу  техникасының негізі – спортшының толық жаттығу орындаған қозғалыс суретінен тұрады.

Егер ойыншылардың техникасы төмен болса, ойыншылар ешқашан дәл, тез ойланбайды. Тактика болу үшін кез-келген жерде, тез және шапшаң қозғалу керек, ол да ойыншыға байланысты. Тек қана шапшандық қарсыласынан босата алады. Дәл осы шапшандық қарсыластардың шабуылын әлсірете алады. Шапшандық – ол футбол ойынын шешуші факторы. Бірақ жалғыз шапшандық көздеген жағымды жаңалық әкелуі мүмкін емес. Егер пасты дәл бермесе, ол ойлап қойған комбинацияны бұзады. Қақпаға дәлдеп бағытталмаған доп жақсы шабуылды жоққа шығарады. Шапшаң дәлдікті сақтау – ол үлкен техникалық жетістік, ал шапшаңдық пен дәлдік кез-келген тактикалық ойында қажет. Техникасы жоғары шапшаң ойыншы – шебер ойыншы деген сөз [26, 167 б.].

Футбол тактикасымен байланысты барлық жұмыс теориялық емес, тәжірибелік жұмыс болып табылады. Сол себепті, оқу-жаттықтыру сабағында футболшылардың тактикалық әдістерді пайдалана білу қабілеттеріне ерекше назар аудару керек. Футболшылардың  техникалық және тактикалық дайындығында теориялық білім көмекші құрал ретінде қажет. Егер команда теориялық жағынан дайын болмаса, онда тәжірибелік сабақ та толық деп саналмайды. Ойыншылар оқу-жаттықтыру сабағы барысында техникалық және тактикалық бөліктерді тез меңгеріп, жеке жүзеге асыруы керек. Жаттықтырушының әдістемелік нұсқаулары оларға оқу үрдісін жылдамдатуға көмектеседі.

Футболшының тактикалық дайындығын жүзеге асыру дегеніміз ойынның түрлі жағдайларында жылдам шешім қабылдай алу міндетін орындау. Ойыншылардың жылдамдығы және жылдам шешім қабылдай алуы болашақтағы шешуші фактор болып табылады. Жаттықтырушының басты міндеті дайындық барлық кезеңінде сәйкес жаттығуларды таңдап, таба білуі.

Ойын техникасы мен тактикасын жетік меңгерген футболшы ғана жетістікке жете алады. Сондай футболшылар қажетті күшке, жылдамдыққа, төзімділікке және басқа да дене қасиеттеріне ие деуге болады. Егер қажетті күшіміз бен жылдамдығымыз болмаса, біз ойынның техникалық әдістерін орындауға қабілетіміз жетпейді. Ойыншылардың жылдамдығы мен төзімділігі ойын техникасы мен тактикасын меңгеруде  өте маңызды болып табылады. 

Қорыта келе, оқу-жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жас ерекшеліктерін ескеру  ең алдымен ептілік, жылдамдық және күш сияқты қасиеттерді дамытуға бағытталады. Жасөспірімнің ағзасы бір жағынан ден жаттығуларын едәуір арттыруды қаласа, басқа жағынан ұзақ уақытқы дайындықтан кейін қажетті демалуды талап етеді. Сол себепті орта мектеп жасындағы жас футболшылардың жылдамдық көрсеткіштері төмендеген кезде, сол қасиеттерді жүзеге асыруды жалғастыру керек.

Балалардың жасына және дене қасиеттерінің дамуына байланысты оқу үрдісі құрылады. Дене қасиеттерін жеткілікті деңгейде дамытқанда ғана жас  футболшыдан шебер ойыншы шығатын айта кеткен жөн. 12-15 жастағы кезеңде жүгіру жылдамдығын ең бастысы бұлшықет күштерінің дамуы нәтижесінде арттыруға болады. 14-15  жаста жұмысқа қабілеттілік қарқыны төмендейді. Бұл барлық  ағза жүйесінің  дамуымен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жас футболшылардың мүмкіндіктері төмен болғандықтан, әрбір жаттығушыға жеке көңіл бөлу қажет. Жас футболшылардың ойын техникасы мен тактикасының бастапқы дайындығы балалардың белгілі жасы үшін тиімді жаттығулар көмегімен жүргізіледі.

Қозғалыс қабілеті жеткілікті дене дайындығы негізінде қалыптасатындығын ескере отырып, оқу-жаттықтыру сабағының алғашқы жылында уақыттың шамамен  50 % дене дайындығына бөлу керек. Оқу-жаттықтыру сабағының екінші жылында дене дайындығына бөлінетін уақыт азайады. Себебі, техникалық дайындыққа көп уақыт бөлінеді. Орта мектеп жасындағы балалардың футболдан оқу-жаттықтыру сабағында жылдамдығын дамыту үшін олардың физиологиялық дамуын ескеру керек. Атап айтар болсақ, 12-15 жас аралығы жас футболшылардың жылдамдығын арттыруға қолайлы кезең болып табылады. Алайда, бұл жастағы балалардың төзімділігі жеткіліксіз болғандықтан олар жылдамдықты жоғары деңгейде тұрақты ұстап тұра алмайды және тез шаршайды.

Диплом жұмысымыздың тақырыбы оқу-жаттықтыру сабағында орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдығын дамытуға арналғандықтан жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған тиімді жаттығулар тізбегін ұсындық. Жұмысымызды қорытындылай келе, жылдамдық қасиеттерін кешенді дамыту үшін доппен және допсыз жаттығуларды теңдей біріктіру қажеттігін атап айтқымыз келеді. Сонымен қатар, оқу-жаттықтыру сабағында жылдамдық қасиеттерін дамытатын қозғалыс ойындарын да қолдану керек. Жылдамдықты арттыруға бағытталған кешенді жаттығуларды сабақтың негізгі бөлімінің басында, ал содан кейін  осы жылдамдық қасиетін дамытатын ойындарды пайдалану қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Лукин Ю.К. Методика тренировочной нагрузки скоростно-силовой направленности в системе годичной и многолетней подготовки футболистов: Автореф. дисс… — М., 1990.
  2. Зеленгцов, А. М. Уроки футбола / А. М. Зеленгцов, В. В. Лобановский, В. Г. Ткачук. — Киев : УСХА, 1996.
  3. Джариян, Д. Футбол для юных / Д. Джариян. — М. : ФиС, 1982.
  4. Золотарев, А. П. Методика совершенствования и контроля координационных способностей юных футболистов в условиях скоростных передвижений: методическое пособие / А. П. Золотарев. — Волгоград: ВГИФК, 1991.
  5. Апухтин, Б. Т. Техника футбола: теория и практика физической культуры / Б. Т. Апухтин. — М. : ФиС, 199
  6. Бажуков, И. Н. Здоровье детей — общая забота / И. Н. Бажуков. — М. : ФиС, 1987
  7. Бриль, М. С. Отбор в спортивных играх : учебное пособие для тренеров / М. С. Бриль. — М. : ФиС, 1980.
  8. Захаров, В. П. Футбол в коллективах физкультуры: учебное пособие для тренеров. / В.П. Захаров. М. : ФиС, 1979.
  9. Чирва Б. Футбол: Тренировка точности юных спортсменов. — М., 2004.
  10. Полишкин, М. С. Футбол. учебник для институтов физической культуры / М. С. Полишкин, В. А. Выжигин. — М. : ФОН, 1999.
  11. Варюшин, В. В. Тренировка юных футболистов : учебное пособие для тренеров / В. В. Варюшин — М. : ФОН, 1997
  12. Верхошанский, Ю. В. Основы специальной физической подготовки спортсменов: теория и практика физической культуры / Ю. В. Верхошанский. — М. : ФиС, 1988.
  13. Бакшин С.Г. Оценка пространственно-временных характеристик двигательной деятельности футболистов высокой квалификации: Автореф. дис. .. .канд.пед.наук. — Малаховка, 2006.
  14. Пальке X., Хеммо X. Техническая и тактическая подготовка футболистов / Пер. с нем. В.П.Котелкина. — М: Физкультура и спорт, 2007.
  15. Уанбаев Е.Қ, Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі.- Өскемен., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы .2006.
  16. Гакаме Р.З. Функциональное состояние и физическое развитие футболистов 9-22 лет: Автореф. дис. … канд.пед.наук. — Краснодар, 2007.
  17. Андреев, С. Н. Играй в футбол: теория и практика физической культуры / С. Н. Андреев. — М. : Просвещение 1999.
  18. Айрапетянц Л.Р. Педагогические основы планирования и контроля соревновательной и тренировочной деятельности в спортивных играх: Автореф.дис. …докт.пед.наук. -М., 2005.
  19. Блюдик B.C. Новое в тренировке юных футболистов //Теория и практика физической культуры. — 2005. — №8.
  20. Золотарев А.П. Структура и содержание многолетней подготовки спортивного резерва в футболе // Теория и практика физической культуры. — 2008. — №3.
  21. Матвеев, Л. П. Общая теория спорта : учебник для институтов физической культуры / Л. П. Матвеев — М. : Воениздат, 1997.
  22. Адель Масуд Омар Сайд. Контроль и оценка быстроты и точности решения тактических задач футболистами разного возраста и квалификации: Автореф.дис. …канд.пед.наук. -М., 2004.
  23. Шамардин А.И. Методика совершенствования и контроля координационных способностей юных футболистов в условиях скоростных передвижений: Методическое пособие. — Волгоград: ВГИФК, 2006.
  24. Пальке X., Хеммо X. Техническая и тактическая подготовка футболистов / Пер. с нем. В.П.Котелкина. — М: Физкультура и спорт, 2007.
  25. Лобановский В.В., Разумовский Е.А. Технико-тактические действия футболистов //Футбол: Ежегодник /Сост. В.П.Климин, С.А.Савин. Редкол.: К.И.Бесков и др. — М.: Физкультура и спорт, 2007.
  26. Абдулкадыров А.А. Соотношение физической и технической подготовки юных футболистов 11-14 лет на этапе начальной спортивной специализации: Автореф. дис.канд.пед.наук. -СПб., 2004.