МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………
I-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ – ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ.
І.І.Тауқыметке толы ақынның қилы тағдыры және оның
дүниетанымдық көзқарастары……………………………………………………………………
1.2.Семей-Невада қозғалысында мораторийді халықпен бірге
жариялаған Олжас…………………………………………………………………………………….
1.3. Алаштың айдарлы ұлы — Олжас Сүлейменовтың қоғамдық-саяси қызметі………………………………………………………………………………………………………
II-ТАРАУ. ОЛЖАС ОМАРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
МҰРАСЫ — ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗІ
2.1 .Шовинизм мұзды мұхитын бұзған — «АЗ и Я»………………………………………
2.2. «Мәдениеттер қиылысатын кеңістіктер» — рухани салауаттылықты
нығайтатын қызмет…………………………………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………
КІРІСПЕ
Қазақ халқы ұлы уақыт бедерінде талай танымал тұлғаларды тудырған. Солардың бірі — Олжас Омарұлы Сүлейменов. Ол — бүкіл әлем таныған арқалы ақын, өз ұлтының шынайы патриоты, қоғам қайраткері. Сондықтан да ол туралы жылы лебіз білдіру — әркімнің азаматтық парызы.
Ол — ақын, түрік-славян тілдерін, мәдениеті мен тарихын зерттеуші-жазушы, ойшыл, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының негізін салып, Семей, Невада, Жаңа жер, Моруроа аймағында мораторий жариялауға қол жеткізген батыл адам. Олжас Сүлейменов саясаттың адамы, ол «Қазақстанның халық конгресі» партиясын құрды.
Шетелдік әріптестерінің Олжас Сүлейменовты «ойлау қабілеті мен игі істері жөнінде XX ғасырдың аяғындағы «пайғамбар» деуінде ұлкен мән бар. О.Сүлейменов шығармашылығының қырлары жоғары оқу орындарында оқытылуда, бұл жөнінде кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылып жатыр.
КСРО кезінде 70-ші жылдары шыққан «Аз и Я» кітабы түрік және славян халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін терең зерттеген ғылыми еңбектің жарқын ұлгісі болды. Ежелгі орыс ескерткіші — «Игорь полкы туралы сөзге» жан-жақты объективті талдау жасалды. Кезінде тарих пен филологияға қосылған қомақты еңбекті әділ бағалап, авторына ғылыми атақ беру керек еді. Бұл кітаптың авторы қазақ патриотизмінің туын көтерді, славян халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі түріктердің көрнекті ролін көрсетті.
Өкінішке орай, КОКП идеологиясындағы «сусловтық» кезең, ұлыдержавалық көңіл-күй Олжас Сүлейменовтың аяғынан шалып, «Қазақ ұлтшылы» деген жаман атты жапсырып жіберді. Әлемдік өркениетке ұмтылған ақын бұған мойымады, әділ көзқарасынан, адал жолынан таймады. Азамат-ақын, патриот қазақ халқының мұң-мүддесін көздеп, жан айқайына құлақ түріп отырды. Түрік мәдениеті мен тілінің жанашыры болды. Бұдан 25-30 жыл бұрын қазақ мектептері жаппай жабыла бастағанда Олжас Сүлейменов бұған қарсы көтерілді. Ол саясатта екіжүзділікке салынбайтын ер азамат.
Қазіргі уақытта еліміздің ақиық ақыны — Олжас Сүлейменов 70 жаста. Қашан да ақын тағдыры тауқыметке толы. Оның үстіне «мың өліп, мың тірілген» қасиетті халқының шерлі мүддесін арқалаған Олжастай — ойшыл ұлдардың өмір жүгі жеңіл болып көрген емес. Мыңмен жалғыз алысқан Абай «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Мен келмеске кетермін түк өндірмей» деп қоршаған ортасынан түңілген екен. «Заманына қарай адамы» дегендей, жүзден жүйрік шығып, жерінің мұңын айтып, халқының сөзін сөйлейтін әр кезеңнің өз дүлділі бар. Елі мен жері үшін, кешегісі мен бүгінгісі үшін басын бәйгеге тігіп, небір сын сағатта, көзсіз ерлік, ұлағатты азаматтық танытқан бүгінгі заманның бір қазағы Олжас.
Олжас Сүлейменовтың шығармалары — тарихи дерек көзі болып табылады. Жазушының тарихи және әдеби зертеу еңбектері: «Жетісудың көне жазбалары. (Алтын киімді адамның қабірінен табылған күміс ожаудың түбіндегі жазу туралы)»; «Мың бір сөз. (Әдебиет тарихы және лингвистика туралы)»; «Таңбалар тарихынан. (Әртүрлі мағыналы сөздерді таңбалармен белгілеу жайында)»; «Тюркологияның кейбір мәселелері немесе қате қағидалар»; «Жазу тілі» және т.б. бар.
Басқасын былай қойғанда, кешегі қылышынан қан тамған кеңес заманында «Аз и Я» -ны жазып, ел рухын көтеру, қансыраған жерінің жарасын жазу үшін жарқұлағы жастыққа тимей, ғасыр тажалы — Семей полигонын жабу үшін арпалысу, ақыры аждаһаның көмейіне құм құю, атын атауға тыйым салған асылдарымызды жарыққа шығару сияқты Олжас атқарған еңбектердің бір-біреуі бір азаматтың өміріне жүк болар зор істер екенін ешкім жоққа шығармас.
Әдебиетіміздің бүгінгі кейбір белді өкілдері Мағжан ақынның атын үлкен мінбеде алғаш Олжастың ауызынан естігінде, жағасын ұстап, шет қалғанына да кешегі күн күә.
Әрине, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» — дегендей ет пен сүйектен жаралған адамның періште емес екендігі белгілі. Қанат қағар қыран болса, заңғар көктің айдыны тарлық етпес. Асыл текті ақиықтың өз қияны, суырыла тартар сұңқардың да өз самғауы бар. Қазіргі уақытта тұғыры тұтаса сомданған Олжас ақын өзінің заңғар биігінде самғауын жалғастыруда.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ – ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
І.І.Тауқыметке толы ақынның қилы тағдыры және оның дүниетанымдық көзқарастары.
Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында әскери қызметкер жанұясында дүниеге келді.
Ақынның балалық және жастық шағы таңғажайып әсемдігі қайталанбас осы көркем қалада өтті. Қазақстанның жас астанасының кең көшелері мен бұрыш-бұрылыстары ылғи да жасыл жапыраққа малынған қалың ағашқа көміліп тұратын. Қала тау сұлбасымен жымдасып, Рерихтың бояуларындай астасып, алма мен өрік ағаштарының күлгін шешектерінен бастап, көгілдір мұнарға орнаған мұзарт шыңдардың басына дейін күннің кешкі алауы аймалайтын. Арық бойлай шынарлар бой түзеген көшелерден естілетін әр тілді, әр үнді сөздер көңілді ерекше әсерге бөлеп, қуаныш сезіміне бөлер еді.
…Ғажайып сұлулығы аңызға айналған алма ағаштардың саясынан шығып, кеудесінде ордендері жарқырап, қолына домбырасын қыса ұстап, Ленинград құрсауындағы ғажайып ерліктерді жырлау үшін үкімет үйінің табалдырығымен жүз жасаған Жамбыл көтеріліп бара жататын.
Майданнан жаңа ғана оралған А.Толстойдың, К.Паустовскийдің, К.Симоновтың Мұхтар Әуезовпен бірге жүргенін көретінсің. Солардың қатарында С.Эйзенштейн, ағайынды Васильевтер, В.Пудовкин, ақын В.Луговский, аңызға айналған Б.Момышұлы мен М.Ғабдуллин де болатын. Сұрапыл соғыс салдарынан Алматыға көшіп келген әр ұлт өкілдері бірімен-бірі бауырласып кетті. Тіпті олардың көпшілігі соғыстан кейін осы қаланың түпкілікті тұрғынына айналды. Міне, осындай көркем қала, керемет табиғат пен әйгілі адамдарды жастай көріп өскен Олжастың ақындық қиялы ерте қанат қақты.
Ақынның балалық шағы мен соғыс жылдарындағы және одан соңғы сан қилы оқиғалардың сәйкес келіп жатуында тарихи заңдылық бар. Оның екі тілді қатар игеруінің де қайнар көзі осыдан шығар.
Олжастың анасы Фатима апай айтқан сөздерін келтірейік: «Балалардың басы болған соң ба, әлде уақыт салмағын ерте сезініп, ерте есейді ме, артынан ілескен қарындастарына тым-ақ қамқор еді. Мектептен келсе-ақ сол кішкентайларға үйіріліп, бір жағында — Шолпан, бір жағында — Раушан, менің ауырлығымды алып кетуге әзір тұратын… Сөйтіп жүріп қолынан кітабын қалдырмайтыны және бар» /1/.
Астана деген аты болмаса, Алматыда тұрғандардың да тағдыр-талайы өзіміздіңкіндей болған. Үйдегі «бала-бақшасының» бағбаны болған Олжас Сүлейменов те шелек көтеріп, сырттан су тасыпты. Отын жарып, отын жағысыпты. Айырмасы — көкірегінде күй ойнап, қолында кітабы жүреді екен.
Орта мектепті бітіргеннен кейін Сүлейменов қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің геологиялық-барлау факультетіне түсті. Оқуының соңғы жылдарын геологиялық-барлау топтарының жұмысымен ұштастырды. Далалық барлау жұмыстарында ұзақ уақыт жүрген жас геолог тек пайдалы кен орындарын зерттеумен шектелмей, қазақтың ұлан-байтақ даласымен жете танысады.
Маңғыстау адырлары мен Орталық Қазақстанның жон-жоталарын, Іле Алатауының бөктерін, көгалды алқаптар мен шөл-шөлейттерін шарлайды. Ең бастысы — осы әрі көне, әрі жас аймақты мекендеген адамдардың өмірімен жан-жақты танысуы, қоршаған ортамен етене араласуы болашақ ақынның шабытын шарықтатпай қоймады. Сол жылдары республикалық мерзімдік баспасөздердің бетінде ақынның алғашқы жырлары жарық көре бастады.
1958 жылы Олжас Сүлейменов М.Горький атындағы Әдебиет институтының қазақ өлеңдерінен орыс тіліне аудармашы даярлайтын бөліміне түсті.
Олжас Сүлейменов оқыған поэтикалық семинардың жетекшісі белгілі педагог, ақын, аудармашы Л.А.Озеров болды.
1959 жылы 13 маусымдағы «Литературная газетада» белгілі кеңес ақыны Л.Н.Мартыновтың алғы сөзімен Олжас Сүлейменовтың бір топ өлеңдері жарияланады. Бұл — жас ақынның алғашқы қадамы еді.
1961 жылдан бастап Олжас Сүлейменов республикалық «Казахстанская правда» газетінің редакциясында әдебиет және өнер бөлімінде қызмет істейді. Сол жылы «Қазақ мемлекеттік баспасынан» «Арғымактар» атты алғашқы жинағы және тұңғыш космонавт Ю.А.Гагаринге арналған «Адамға табын, Жер енді!» поэмасы /2/ жеке кітап болып басылып шықты. Бұл поэма замандастарымыздың асқақ жан дүниесін, ерлігін жырлаған кеңес поэзиясындағы ең таңдаулы шығармалардың бірі.
Дүние тарихында жаңа дәуірдің басталғанын, адамзат ақыл-ойының шырқау биікке көтерілгенін, бейбітшіліктің мұрат-мақсатын жас ақын шалқар шабытпен, кең тыныспен, тегеурінді тебіреніспен, социалистік реализмнің озық әдісі арқылы толысқан профессионалдық деңгейде жырлады.
Осы кезден бастап Олжас Сүлейменовтың поэтикалық туындылары «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Литературная газета», «Советская культура», «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда», «Новый мир», «Дружба народов», «Юность», «Огонек», «Смена», «Простор», «Жұлдыз» және т.б. газет-журналдардың; сондай-ақ одақтас республикалар мен шетел баспасөздері беттерінде жиі жариялана басталды.
Жастығына қарамастан бүкіл елімізге танылып үлгерген Олжас Сүлейменов сол жылдары шығармашылық сапармен АҚШ пен Францияға барып қайтты. Ол Америкаға барған тұңғыш қазақ ақыны. Сол сапардан туған топтама өлеңдері мен поэмалары «Нұрлы түндер» жинағына кірді.
Олжас Сүлейменов 1962 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне өтті.
Одан кейінгі жылдарда ақынның «Түн — Париждің қызындай», «Шапағатты шақ», «Мешін жылы», «Таңдамалы лирикалар», «Ақ өзендер аспанында», «Қалаулы қайырма», «Әр күнің сенің — таң», «Атамекен», «Жұмыр жұлдыз», «Қыш кітап», «Айқын жағалау», «От өрімдер» т.б. өлең кітаптары республикалық және одақтық баспалардан жарық көрді. Бірқатары КСРО халықтары және шетел тілдерінде жеке кітап болып басылып шықты.
Ақынның күллі шығармалары республикалық, одақтық, шетелдік сыншылардың жоғары бағасына ие болған.
Мысалы, 1963 жылы өткен жас жазушылардың бүкілодақтық ІҮ кеңесінде кеңес поэзиясының негізін салушылардың бірі Николай Семенович Тихонов Олжас Сүлейменовтің «Нұрлы түндер» жинағын айрықша атап, былай деді: «Тек мен ғана емес, кеңеске қатысушылардың барлығы да поэтикалық ой мен екпіннің, образдың қуаттылығына, сезімінің алғырлығына, тақырып аясының кеңдігіне тәнті болды… Міне, осындай ақындық жалыннан ғана замандастарымыздың, қуатты индустриямыз бен атом ғасырының ұлы қүдіретінің тұтқасын ұстаушы жаңа адамдардың тұлғасы жасалады» /3/.
Олжас Сүлейменов шығармашылығы хақында әр жылдары М.Әуезов, К.Симонов, М.Тұрсын-заде, Р.Ғамзатов, Ғ.Мүсрепов, Ш.Айтматов, Э.Межелайтис, Б.Слуцкий, Д.Самойлов, Қ.Кулиев, А.Вознесенский, Р.Рождественский, Е.Евтушенко, М.Каноат сияқты сөз зергерлері мен көп ұлтты кеңес әдебиетінің басқа да өкілдері жылы лебіз білдірді.
О.Сүлейменов жазушылар делегациялары құрамында АҚШ, Франция, Греция, Испания, Жапония, Индия, Сирия, Египет, Иордания, Ирак, Ливан, Кения, Сенегал, Замбия, Эфиопия, Ангола, Луанда, Мозамбик, Түркия, ГДР, Болгария, Венгрия, Польша, Чехословакия, Малайзия, Моңғолия, Сингапур, Ауғанстан және басқа елдерде болды. Көп ұлтты кеңес поэзиясының көрнекті өкілі ретінде ол шет елдерде болған сапарларында қалың жұртшылық жиналған поэзия кештерінде, әр түрлі әдеби форумдарда сөз сөйледі.
Кездесулерде ақын жалынды жырларымен шетелдік замандастар жүрегіне адамгершілік пен ыңтымақтастықтың рухын дарытты өз сөздерінде Кеңес өкіметі тұсында қазақ халқының қолы неге жеткенін, кеңестік Қазақстанның қандай биікке көтерілгенін, көп ұлтты еліміздің ұлы жетістіктерін сүйіспеншілікпен, мақтанышпен баяндады.
Ақынның шет елдерде шыққан кітаптары бойынша бірнеше дүркін оқырмандар конференциялары мен пікір алысулар өтті. Мысалы, Парижде «Қыш кітабы» басылып шыққаннан кейін, Францияның белгілі әдебиетшілер қауымы пікір алысты. Сондай-ақ, шет елдерде басылған көптеген кітаптары прогрессивті сыншылар тарапынан жоғары бағалануда.
О.Сүлейменовтің шығармашылығы туралы Лили Дени, Жак Катто, Париж университетінің профессоры, ақын Леон Робель сияқты көрнекті сыншылар жазып жүр.
«Олжас Сүлейменовтің «Мешін жылы» кітабынан, — деп жазды Лили Дени, 1968 жылы 19 маусымдағы «Летер франсез» газетінде, — мен кеше мен бүгіннің тамырластығын таныдым. Сөз тамыры… Мен сол тамырдың не екенін, оның Олжас Сүлейменовті қалай алып шыққанын және қазақ мәдениетімен ұласып жатқан ұлы көпірді таныдым. Сол көпір Отанға, ауыз әдебиеті дәстүрінің қүдіретіне деген сүйіспеншіліктен туғандығын ұғындым» /4/.
1973 жылы Швейцарияда жарық көрген «Кәне, поэзия» кітабына жазылған соңғы сөзде былай делінген: «Бұл қазақ ақынын қазіргі кеңес ақындарының ішіндегі ең табиғаты тосын, былайша айтқанда қолтаңбасы ерекше ақынның бірі ретінде атайды».
1975 жылдың қазанында белгілі француз ақыны Андре Делю «Юманите» газетінде: «Олжас Сүлейменовтың даусы әлемнің бүгінгі аса көрнекті ақындық даусына жатады», — деп жазды.
Олжас Сүлейменов Азия мен Африка елдері халықтарымен ынтымақ жөніндегі Кеңестік комитет төрағасының орынбасары, Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Кеңестік комитеттің мүшесі, ЮНЕСКО-ның Орталық Азия мәдениетін зерттеу жобасы жөніндегі кеңесшісі.
О.Сүлейменов кинодраматургия жанрында көптен бері белсенді жұмыс істеп келеді. О.Сүлейменовтің сценарийі бойынша: «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс — қолайсыз маусым», «Адамды қабылдаңыз», «Соңғы асу» көркем фильмдері және көптеген деректі фильмдер жасалды.
Бірнеше жыл О.Сүлейменов «Қазақфильм» киностудиясы сценарлық редакциялық алқасының Бас редакторы қызметін атқарды. Осы кезеңде жасалған қазақ киностудиясының «Қыз Жібек», «Асуда атылған оқ», «Үрейлі таң», «Көксерек» сияқты көптеген көркем фильмдері көрермендер мен сыншылар тарапынан жоғары бағаланды.
О.Сүлейменовке 1966 жылы Қазақстан Ленин комсомолы, 1967 жылы «Шапағатты шақ» атты өлеңдер мен поэмалар кітабы үшін Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтары берілді.
1969 жылы Олжас Сүлейменов Кеңес Одағы Коммунистік партиясының қатарына қабылданды.
1971 жылы Олжас Сүлейменов Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болып сайланды. Сол кезден бастап ол Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің төрағасы, 1973 жылдың қыркүйек айында Алматыда өткен Азия және Африка елдері жазушыларының Ү конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды.
1972 жылы «Сөз өрнектері», «Тал суретін саламын», «Көгілдір аралдар» өлең циклдары үшін Қазақ ССР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.
1980 жылы О.О.Сүлейменов Қазақстан кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы болып сайланды, ал 1981 жылы Қазақ ССР-інің кинематография жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағалығына тағайындалды.
1983 жылдың желтоқсанында О.О.Сүлейменов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болып сайланды. Ол сонымен қатар КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
О.О.Сүлейменов — Қазақстан Компартиясы ХІҮ, ХҮ, ХҮІ съездерінің, КПСС ХХҮІ және ХХҮІІ съездерінің делегаты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Х-шы сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, ХІ-ші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты /5/.
О.О.Сүлейменов Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және КСРО медальдарымен наградталған.
Интернационалист ақын, жалынды публицист, Шығыс халықтарының көне тарихы мен дүние жүзі тілдерінің өзара байланысын талмай зерттеуші, белгілі қоғам қайраткері О.О.Сүлейменов нағыз шабытты, шығармашылығы толысқан шағында. Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан оның жаңа өлеңдер кітабы, «Жазушы» баспасынан «Біз жасампаздық өмір үшін туғанбыз!» деген атпен сын және публицистикалық мақалалары жинақ болып шықпақ. Ол «Мың бір сөз» атты этимологиялық сөздігін дайындау үстінде. «Коммунист» журналының 1985 жылғы оныншы санында «Игорь жасағы туралы сөз» жырының 800 жылдығына арналған жаңа зерттеуі жарияланды.
Бүгінгі күнмен үндестік, табиғилық, интернационалдық сезім, зорлық-зомбылықты, әділетсіздікті әшкерелеу Олжас Сүлейменов поэзиясының алтын өзегі. Бұл идеялар әсіресе «Қаңтардан сәуірге дейін» поэмасында терең тамыр жайған. Ақынның лирикалық қаһарманы — асқақ рухты, жарқын болашақты замандастарымыз. Ол қазақ халқының драматизмге толы тарихын терең және өзінше түйсіне білді.
Тың игерушілердің ерен еңбегінің дабылын, ерлік даусын «Молшылық түні» поэмасында асқақтата жырлайды Әр жолы көркем де әсем өрілген және идеялық-көркемдік мазмұны терең өлеңдері республиканың немесе еліміздің көлемімен шектелген емес. Оның өлеңдері поэзияның ғаламат ұшқырлығымен әлемнің кез келген түпкірінен өзінің оқырмандарын — достарын, шынайы жақтаушыларын тауып отырады. Оның өлең өрнегінен Қазтуған мен Шалкиіздің жыраулық екпіні, Жиренше мен Қаздауысты Қазыбектің шешендік сарыны естіледі.
Ақынның бүкіл шығармашылығы интернационалдық, рухани достықтың, ұлттық пен интернационалдық қасиеттерді табиғи ұштастырудың, дәстүр мен жаңашылдықтың терең тамырластығының үлгісіндей. Ел аузына кең тарап кеткен «төмендетпей асқар тауды, асыр дала айдынын» атты ұшқыр сөзі де соның дәлелі дерлік.
Олжас Сүлейменов пакистандық Фаиз Ахмед Фаиз, палестиналық Мумин Бсису, Махмуд Дервиш, индиялық Субхас Мукерджи, Шрикант Варм, жапонйялық Иосио Хота қатарлы планетамыздың көптеген прогрессивті ақындарымен талай жылдардан бері достық қарым-қатынас жасап келеді.
Ақын поэзиясының ұлттарды ұйытқан ұлы рухын, жеке басының азаматтық тұлғасын қастерлеп, қадірлеуші кеңестік қаламдас достары -орыс А.Вознесенский, Р.Рождественский, С.Марков, украин А.Кравченко, Н.Годин, белорусс Е.Лось, ингуш С.Чехкиев, чечен Я.Хозбулатов, тәжік М Каноат, Қ.Киром тағы басқа ақындар өлеңдерін, ықылас сөздерін арнады. Егер О.Сүлейменовке арналған бірыңғай поэзиялық арнауларды жинайтын болса, үлкен антология құралар еді. Осы бір рухани достық, поэтикалық туыстық туралы орыстың белгілі ақын қызы Римма Казакова былай тебіренеді /6/:
Өзіңді сүйемін мен, Олжас жолдас,
Жаныңды ешкім оңай жаулай алмас.
Жырына қаншама рет жанып-күйгем,
Жалынға лаулап тұрған кім шарпылмас?!
Табынып әуел бастан талантыңа,
Балағам әр сөзіңді саф алтынға.
Өмір — шың, шыңға қорқақ шыға алмайды, Батылға жеңіс те бар, жоғалту да.
Ақынсың өзгелерден жырың бөлек, Сүйемін, сені сүйе білу керек.
Сен тіпті қоңырлатып ән салсаң да, Қиырдан ел таниды үніңді ерек.
Айнымас әділдіктен, бетін бұрмас, Өмірге сендей ақын қайта тумас. Сүйесің көп нәрсені бұл дүниеде, Сүйемін сол үшін де өзіңді, Олжас!
Ал, белгілі сыншы Евгений Сидоров ақын шығармашылығына арналған бір мақаласында Олжас Сүлейменовтың атағы алыстан естілетін, бақыт жұлдызы өзгеше туған талант екендігін айрықша атайды.
Бұл айтылған ойды ұсынылып отырған ғылыми-информациялық өмірбаяндық көрсеткіш те, сондай-ақ аса көрнекті қазақ кеңес ақыны Олжас Омарұлы Сүлейменов шығармашылығы хақында айтылған бірнеше құнды пікірлер де толық дәлелдей түседі.
Академик Мұқаметжан Қаратаев: «Олжас Сүлейменов ұлы аталары Абай мен Жамбыл дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамытып келеді. Ұлттық шеңберде қалып қоймай интернационалдық тақырыпқа лайықты ақын болып қалыптасады. Өз халқының тағдырын ол басқа халықтардың тағдырымен, бүкіл адамзаттың тарихымен салыстыра зерттейді. Оның жан-жүрегі қай нәсіл, қай ұлт, қай түсті болса да еңбекшіл, күрескер, ары таза адам атаулының бәріне айқара ашық», -деп айтты.
Ақын Леонид Мартынов: «Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов орыс тілінде жазғанына қарамастан, бүкіл болмысымен қазақ ақыны, атам заманнан бері үміт-арманын орыс халқының үміт-арманымен ұштастырып келе жатқан асқақ рухты өз халқының перзенті. Олжас Сүлейменов тұрмыстық, географиялық, этикалық, эстетикалық тарихи байланыстардың жанды айғағы», — деп көрсетті.
Леон Робель: «Олжас Сүлейменов, сөз жоқ, біздің кезіміздегі орыс тілінде жазатын тамаша ақындардың бірі. «Қыш кітапты» тарихи терең тамырлы, тамаша ақындық қиялмен шұғылалы сәулеге суарылған үлкен дастан дей аламыз. Бұл кітаптың ерекшелігі — мысқыл-әжуа мен баяндаушылық күшінің, эротизм мен өктемдіктің, нәзіктік пен әзіл-оспақтың бір-бірімен қайнап пісуінде.
Халықтар мәдениетінің туыстығымен өзара баю идеясы Сүлейменовтің көптен-ақ көңіліне ұялаған сипат. Ол тарихты замандар керуені көшінің бүкіл ауыс-түйісі, өзгерістері туралы үлкен кітап оқығандай танығысы келеді. Көне жазбалардың, аңыздар мен деректердің сырын ашу, оның пікірінше, Адамзат Тарихына басқаша қарауға жәрдемдеспек, өйткені, күштеп бөліну мен бөлектену бәрібір тағдыр бірлігін жоққа шығара алмайды. Осынау құштарлық-іңкәрлік сезімі кітаптың өн бойына түгел тарап жатыр. Кейбір өткір даулы пікірлердің кездесетініне қарамастан, бұл нағыз эпикалық шығарма. Біздің бөлшек-бөлшек әлеміміз талайдан бері мұндай зор дауысты естіген жоқ еді, біз Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго, Хлебников секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз», -деп көрсетті.
Мұрат Әуезов, сыншы: «Азаматтық әуен, Отан сүйгіштік сезім, әлемдегі дүбірлі оқиғаларға дер кезінде үн қосу, жекелеген деректерден дүние туралы философиялық түйін түю — Олжас поэзиясының өзіне ғана тән алтын өзегі. Ақын поэзиясының рухани кемелдігі ақынға ұлттық-эстетикалық мұраттың жалпы адамзат мәдениетімен тоғысуын айқын көруіне жол ашады»/7/, — деп пікірін айтты.
Бұл айтылған пікірлер — ақын О. Сүлейменовтың азаматтық және шығармашылық портретінің заңды айшықтары.
Олжас Сүлейменовтің шығармашылық және қоғамдық қызметіне тән қасиет — азаматтық жауапкершілікті жоғары сезінуге негізделген жүйелілік пен мақсатты түрде ілгері ұмтылу. Оның поэзиясы, драматургиясы, публицистикасы және филологиялық зерттеулері республикалық көлемдегі мәдени, рухани ізденістердің алғы шебінде келеді. Соңғы екі он жылдықтың ішінде осы процестердің ірі жетістіктері әрқилы әдебиеттерімен байланыстарды ұштастыра түскендей. Мұның бәрі Олжас Сүлейменовтің көп қырлы көркемдік, теориялық және қоғамдық тәжірибелік табыстарымен өлшенеді.
1.2.Семей-Невада қозғалысында мораторийді халықпен бірге жариялаған Олжас.
Біздің қоғам шешпек болып жанталасып жатқан мәселелердің тақырыптық шоғырында әлемдік бейбітшілік және соғыс проблемалары күнгірттене бастады: аса өткір әлеуметтік мұқтаждар әлемдік шиеленіс қаупін тұмшалап тастады, бірақ бұдан ол соншалықты азая қойған жоқ, деп Олжас Сүлейменов ағамыз айтты.
Қаңтардың жетісінде Нью-Йоркте үш ортада ядролық қаруды сынауға тиым салу туралы 1963 жылғы шартқа түзетулер енгізу жөнінде Біріккен Ұлттар Үйымының конференциясы басталады. Жер астындағы сынақтардың таралуына тиым салу туралы мәселе де қаралатын болды.
Әзірге атом лабораториялары мен зауыттары жұмыс істеп тұрған кезде тактикалық және стратегиялық құралдарды тіпті едәуір қысқарту да проблеманы шешпейді, қайта күрделілендіре түседі, өйткені алынып тасталған жүйелердің орнына неғүрлым жетілдірілгені келеді. Қарусыздану әдеткі қайта қарулануға айналады. 1986 жылы М.С.Горбачев барлық өмір сүрушілер атынан жар салған ядролық қарусыз XXI ғасыр идеясын жүзеге асыру полигондарды тоқтатудан басталды.
Қазір дүние жүзінде бәрін қамтитын Шартты қоғамдық қолдау науқаны қанат жаюда. Конференцияға біз немен келе жатырмыз?
Семей ядролық полигоны бір жылға тақау үнсіз тұр. 1989 жылдың қазанынан бері Кеңес Одағы бірде бір сынақ өткізбеді. Ел мен әлем халқы бұл жөнінде білмейді. КСРО президенті мен үкіметінің ресми хабарламалары болған жоқ. Бұкаралық ақпарат кұралдары да тіс жармай отырды. Себебі не? Өйткені, полигон «төменнен» жасалынған шешіммен тоқтатылған /8/.
Семей полигоны өзіндік ғана мәнге ие емес. Ол — дүниежүзілік ядролық қару өндірісінің бір буыны болып табылатын. Ал фабрика барлық тораптары іске қосылғанда ғана жұмыс істейді. Бір буынның түсіп қалуы сиамдық егіздер сияқты өзара тәуелді әскери өнеркәсіптік кешендер (военно-промышленные комплексы) мүддесіне соққы болып тиеді. Бір-бірімен күресе отырып, олар өзара нығаяды.
Басқа ядролық державалар да атом өндірісінің катерлі зардаптары туралы деректерді құпия ұстауға тырысты. Бұл, өкінішке қарай өзгені былай қойғанда денсаулық сақтау саласындағы ең актуалды бағыттың біріне айналған радиологияның дамуына әсерін тигізді.
1957 жылы Семейде арнаулы мекеме — «бруцеллезден емдейтін төртінші диспансер» құрылды. Алғашқы үшеуінің қайда екені, немен шұғылданатыны бізге беймәлім. Ал мына құрылған мекеме өте құпия түрде «әскери радиацияның» адам организміне әсерін емдеуге емес, зерттеуге тиіс еді. 6 мың адамнан тұратын бақылау тобын қадағалау жүктелген небары төрт дәрігер болмашы қаржыға ұсталды. Науқастардың бәрі бірдей мұнда жатқызылған жоқ, бірақ тас қорғанның арғы жағындағы үйге енуге «сәті» түскендер туыстарына бруцеллезден, немесе басқа бір аурудан қайтыс болды деген анықтамамен қайтарылатын-ды.
Бәлкім, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің үшінші Бас басқармасының (басқарма қорғаныс министрлігіне қарайды) арнаулы қоймаларында аурулардың шынайы тарихтары сақтаулы шығар, бірақ «Невада-Семей» қозғалысының эксперттері онда жіберілмеді. Бүгінде ғана диспансер құпиясын азынаулақ ашуға мүмкіндік туды. Қазір ол ресми түрде радиологиялық деп аталады. Соның өзінде архивтің едәуір бөлігі (он жеті ғылыми тақырыптар бойынша) полигонға апарылған. Әйтсе де қолда барының өзі диспансердің бас дәрігері Б.И.Гусевтің полигонға жапсарлас аудандар халқының денсаулығына өзіндік зиян келеді /9/ деп мәлімдеуін негіздеуге толықтай жетеді.
1990 жылғы қыркүйекте Е.П.Велиховтың басқаруымен полигонда болған Курчатов атындағы атом энергиясы институты комиссиясына берген «ресми ақпаратында» Гусев құпиясы ашылған архивтер дерегіне сүйеніп, кейбір деректерді келтіреді. Мәселен, оның кіріспесінде мынадай деректер бар: «Атомның бірінші жарылысы (1949ж.) жоғарыда аталған елді мекендердің (тексте Семей облысының селолары аталады — О.С.) тұрғындары үшін нағыз апат болды. Осы жарылыстың халыққа тигізген радиациялық зардабының Хиросима мен Нагасакидің тұрғындары ұшыраған радиациялық зардаптан айырмасы болған жоқ.
Радиоактивті тозаң шоқталып түскеннен кейінгі алғашқы сағаттарда өлшеу жүргізілген жердегі (Долон селосы) радиация мөлшері сағатына 200 рентген болды. Халықтың сырттай гамма-сәулелерін алуы алғашқы тәуліктерде 60 рентгенді, бір аптада — 100, бір айда — 130, бір жылда — 160 рентгенді құрады. Одан кейінгі 1951 жылдан 1963 жылға дейінгі уақыт ішіндегі жыл сайынғы ондаған жарылыстар Семей облысының территориясын ыдырау заттарымен уландырса, халқын — әртүрлі мөлшер шеңберінде «иондаушы радиациямен сәулелендірді». Ал О.Сүлейменовтың пікірінше радиация мөлшері 20 микрорентгеннен аспауы тиіс.
Мысалы, Юта штаты Невада полигонының ық жағында тұрады. Радиоактивті тозаң ең алдымен сонда түседі. Осы штаттағы ядролық қаруға қарсы қозғалыс осыған сәйкес «Даун виндер» («Жел өтінде») деп аталады. Қозғалыс невадалық желбағыттары салынып, әсем безендірілген картаны бүкіл елге таратты. Осы батыстан шығысқа қарай доғаша иілген, Американың жартысын алып жатқан қан кызыл сыпыртқыш романстарда жырланған гүлге ұқсамайды.
50-ші жылдары Бикини атоллының үстінде американдық сутегі бомбасы сыналды. Басқа жаққа көшірілген тұрғындар әлі қайта орала алмай отыр: ластану деңгейі әлі де жоғары қатер туғызады.
Қазір бізді кеңестік сутегі бомбалары американдық бомбадан экологиялық таза деп иландыруға тырысуда /10/, — деп Сүлейменов мәлімдеді.
Ал ақиқат мынада еді — Семей полигоны дүние жүзіндегі барлық полигондар ішіндегі ең тазасы» — деп КСРО халық депутаты Н.Петрушенко «Комсомольская правда» газетінің тілшісіне үзілді-кесілді мәлімдейді: «Бізді полигонның зиянсыздығына иландыру — адам денсаулығы үшін сутегі бомбасының пайдалы екендігін дәлелдеумен бірдей. Сонғы санақтың қарапайым бір фактісі мен үшін көптеген томдардан салмақтырақ: әр жанұяда ондаған бала бар. Абай ауданында екі бесжылдық ішінде халық өсімі нөл. Егіндібұлақ, Май, Лебяжий аудандарында әрбір үшінші бала не өлі, не мүгедек болып туады».
«Біз «жаңаша ойлау» терминін жиі қолданамыз, тиісті білімсіз ол нені білдіреді? Демократиялық жүйе оның барлық буындары: сайлаушы — заң шығарушы — үкімет тең хабардар болғанда ғана жұмыс істей алады. Депутаттардың кейбір сұраныстарынан генералдардың шашы тік тұрады: «ЦРУ» барлау үшін миллиондар жұмсайды!» деседі. Артық болса жұмсай берсін. Ал, халықтың қорғаныс жұмыстары туғызған сыртқы қатер жоғары немесе төмен екендігін білуі артық болмайды.
АҚШ пен КСРО-да қоғамдық пікірді сұрау тең нәтижелер берді: американдықтардың көпшілігі Кеңес Одағының ендігі уақытта олардың еліне қауіп туғызбайтындығына сенімді: кеңес азаматтары да батыс тарапынан болатын агрессия мүмкіндігі туралы осындай пікірде. Олай болса әскери-өнеркәсіптік кешен ядролық қарулануды не үшін дамытуға тырысады? Олар қандай негізгі себептерді атайды?», — деп Сүлейменов мәлімдеді.
Фактілерге сүйенетін болсақ, КСРО мемлекетінде 1949 жылдан бастап 1990 жылға дейн — 642 жарылыс болды. АҚШ мемлекетінде осы жылдары — 921 жарылыс болды. «Осы тұйық шеңберді кім үзеді?» -деген сауал туындайды.
Түптеп келгенде ядролық қару өндірісін тоқтатудың екі мүмкіндігі болды.
…Сахаров 1959 жылы басталған үш жақты мораторийді мерзімсіз етуге Хрущевті иландыруға тырысты. Осы бір көрініс жөнінде академик өзінің 1989 жылдың 14 желтоқсанындағы «Невада-Семей» кино түсіруші тобына берген соңғы сұхбатында айтқан еді. «Хрущев тек бір ғана саясатты, күш көрсету саясатын мойындады. Ол Сахаров сияқты адамдарды тыңдаған болсам нағыз болбыр адамның өзі болар едім», -деп мәлімдеді.
Кеңес академиясы тұңғыш рет мінез танытты. 1963 жылы ашық сынақтарға тиым салу туралы Москва шартына қол қойылды. Хрущев бұл қадамға өз арсеналында 60 мегатонналық бомбаны ұстап отырып барды.
Хрущевтің алысты көре алмайтын саясаты, оның мінезінің шапшаңдығы мен оқыстығы Америка мен Ұлыбританияның түбегейлі, Сахаровтық нұсқада Москва шартына қол қоюларына кедергі келтірді, ол жер астында сынауға рұқсат беретін американдық түзетумен жасалынды.
Горбачевтің саясаты планеталық демократияландыру процесіне шапшаңдық берді. Дәйекті шегінушіліктің, мүмкін емес келісімшілдіктің орнығуына небәрі бес жыл қажет болды! Күш көрсету саясатына қайта оралуды талап еткен, оны ақтауға тырысқан қаншама жағдайлар болды, бірақ жуасыған кейіп білдірген саясат өзінің дәрменсіздігімен барлық түр-түстегі даңғаза ұлы державалық және рушылдық күштерді қарусыздандырып жүріп келеді. Тек аяғы тайып кетпесе екен, тек адамдар дүниеде жүріп жатқан өзгерістің ең басты екенін, онсыз жобаларымыздың жүзеге аспайтынын түсініп үлгерсе екен /11/, — деп Сүлейменов өз пікірін айтты.
Қазіргі уақытта «тәуелсіздік, патриотизм, ұлттық қорғаныс» деген ұғымдарды жалпы адамзаттық мүдде айнасы арқылы қарау қажеттігін түсіне бастағандай болып келеді.
Бірінші бір жақты мораторий — Горбачевтың туындысы. Америка оның қадамының ізгілігіне бірден сене қоймады. Алдын ала әзірленген аялдамалар алдында қарсыластар неғүрлым көп жаруға тырысты. «Горбачевтік» мораторий алдында жұмыс қарқынын абыр-сабыр жеделдету байқалмай отыр. Полигонның тіпті жыл басынан үнсіз қалуы жағдайдың жоспарланбағанына сендіреді.
Егер біздің саясатшыларымыз сол кезде американдық жақтың сыңайындағы үміттендірерлік сәтті аңғарған болса, бәлкім мораторийді мерзімсіз ұзартуға негіз табылар еді.
Америка Одақтық бейбітшіл ишарасын шет қақпады: келесі жылдың өзінде сынақ санын қысқартты (АҚШ бірнеше жыл бойы жылына 17 реттен жарып келсе, 1986 жылы оны 14-ке түсірді). Осы деңгей үш жыл бойы сақталып отыр, — деп Сүлейменов жазады.
1989 жылдың қазанынан Семей полигоны тоқтап тұр. АҚШ бұл оқиғаны назардан тыс қалдырмады: 1990 жылға бағдарлама жарияланды — сегіз жарылыс. Бірнеше ондаған жыл ішінде тұңғыш рет бірінші орынды санға шықтық.
Ашылған заңдылық оқиғаның даму барысын болжауға мүмкіндік береді: егер КСРО халықтық мораторийді ресми таныса және оны мерзімсіз жасаса, онда 1991 жылы (тіпті қаңтар шартына қол қойылмаса да) Невададағы сынақтар саны беске дейін азайтылады, 1992 жылы -екіге дейін, ал 1993 жылы…
«Ноль-ноль» — қол жеткен ядролық тепе-теңдік формуласы. 86 әскери база жабылды. Қаңтар шартын жасауды талап еткен XX ғасырдағы барлық соғыстар ардагерлерінің петициясы миллиондаған американ азаматтарының қолдарын жинады.
Егер планеталық қоғамдастыққа таяудағы жылдарда жобаны жүзеге асыру сәті түссе, онда, дүние шіркеулерде және академияларда сәуегейлікпен айтылып жүрген ақыр заманнан құтқарылады. Өзін-өзі құртуға қарсы күреске біріккен адамдар өздерінің ақыл-ойлы Адам деген атын ақтай алады. Ақыл-ой дегеніміз шынында да адамгершілікке көбейтілген ақыл болып табылады /12/, — деп Олжас Сүлейменов ағамыз жазады.
1989 жылдың 19 қазаньшда Семей полигонында соңғы жарылыс жаңғырығы естілді. Бұл күннің тарихқа елімізде ядролық қарудың соңғы сыналған күні болып енуі бізге белгілі.
Семейдегі атом алапаты ішін кілт тартып, қазақ елі тәуелсіз республика болған күн — Олжас ағамыздың өміріндегі жұлдызды сәт болды. Ол өзінің «Алапат сынақтар аймағы» атты өлеңінде /13/ былай дейді:
Делқұлы державалардың көрді екен
біздей кім алдын, Жетесіз дүние!,
Қазақтың жеріне келіп сыналдың!
Крестен басқа түк өспей, топырағым іштей тынады.
Сыналып дауыл жаңбырмен жаудың
алдында түрғанбыз,
алысып жүріп тағдырмен, айдауда туған ұлдармыз!
Зұлмат дүние түнеріп біз жаққа қарап түрады:
күшігін көкке жіберіп — Жердің серігін сынады…
Сынақтар бітсе гүлденер, сайрар-ау сонда сырлы әнмен. Космодром — Дала — түрмелер –
шандылған темір сымдармен!
Держава!
Қызыл туыңды төбесіне ұстап дұшпанның,
сыналған күллі Ұлыңды — ұлы де Қазақстанның!
Тылсым сыр-шоқыларымыз, шөптің де қанды-тамыры, басатын топырағымыз — Бауырластардың Қабірі… Келемін саған алаңдап, әр жағым — зілдей ауыр үн, мұңаймаса егер адамзат, мұңайма Сен де, Бауырым! Күйіне келіп,
Сүйіне — кетер де баспай құмарды, осынау Ұлы Дүние, -Өзіңе келіп сыналды! Шаршадың дем ал, Ұлы Ана,
тынықсаң көңілің тына ма?
Ешкімді енді сынама,
бомбаны да енді сынама…
Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі — Олжас Сүлейменов XX ғасырдың соңында бейбітшілікке бірлесу туын жоғары көтеріп, өз еліміздің тыныштығын қорғаштап, адамзатты сұрапыл атом бомбасының жарылыстарынан сақтап қалуға қомақты үлесін қосты.
І.З.Алаштың айдарлы ұлы — Олжас Сүлейменовтың қазақ халқының өркениетті болашағы үшін күресі
«…Абылай атамыз айтқандай, басыма бұлт төнген қиын-қыстау күндерде қанаты қайырылған қартты қанаттандырған бір Азамат болды. Ол — Олжас Сүлейменов! Кім қалай қабылдайды, ол жағын білмеймін, бірақ кешегі бірінші хатшының намысын жыртысты демеймін, қашанды ақиқатты, шындықты жаны сүйетін, адалдықты жырлайтын ақын әділ сөзін айтты. Ол үстіндегі жібек шапанын шешіп берді демеймін, ар алдындағы Азаматтық сөзін айтты деп білем. Бәлкім, бір кездері «Аз и Я» пышаққа түсіп, Олжас қуғын-сүргінге ұшыраған тұстағы менің аз-кем шапағатымның есесін қайтару емес, солай деп ойлаған болса, ондай жымысқы ойдың жетегіне ілескен кейбір ағайынның адасқаны. Мен «Аз и Я» -ның авторын емес, таң маңдайлы қазақтың бағына құдай берген табиғи талантқа қорған болуға ұмтылдым. Ол үшін өкінбеймін. Бірдің емес, бүкіл елдің сөзін сөйлер артық туған ақындары бар елден бақытты ел жоқ…» /14/, — деп «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты еңбегінде Дінмұхамед Қонаев қазақ ақыны туралы пікірін айтты. Бұл ұлы сөздер -ақиқат.
Олжас — ең алдымен ақын. Ақын болып туған ақын болып өтпек. Жер астынан жік шыққандай «дүниені дүр сілкіндірген» сексен алтыдағы желтоқсанның жаңғырығы одақтың да, Олжастың да шаңырағын шайқаудай-ақ шайқап көрді. Демдерін іштен тартып, енді қалай болар екенсің, бәлемді іштей қайталап, әліптің артын асығып күткендер аз болған жоқ. Сол жылдың дәл соңғы күні соңына нөкерлерін ертіп Мәскеудің өкілі — жарты патша Колбин жазушылармен алғаш кездесуге келгенде, аузынан ақ жалын атып тұрған-ды.
Қолайлы сәтті орайлы пайдаланып қалуға асыққан ағаларымыздың мінбеге тап-тап ұмтылған тұрпаттары да көз алдымда әлі. Тек Қазақстанға қаһарын төгіп келген қара диюдың сол жолда мысын басып, меселін қайтарған Жұбан мен Сафуан ағаларымыз өрттің алдын орамағанда, шалқып кетер шарпуы талайды мерт қылары кәдік еді. Міне, ақын болудың, оған қоса әкім болудың азап-мехнатын бастан өткере жүріп, шенге шектеліп шашыратып тұратын таңғажайып ғаламаты таңдандырады бізді /15/.
Ақын боп өмір кешіру -Оңай деймісің, қарағым? Ұшында тұру ол өзі Ұшыққан әрбір жараның…
Әр ақынға айтыла бермейтін теңеу. Талайдың тағдырына араласа жүріп, басын бәйгеге тіккен ақынның азаматтығын көзсіз ерлікке баламасқа дәтің жоқ.
Сексен алтыдағы желтоқсан дүрбелеңіне үш ай өтпей Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сегізінші Пленумында күні кеше тәңіріндей табынған Қонаевқа көбінің сәлемдесуге дәті жетпей тайғақтаған кезде асыл ағаны қолдап, қорғап мінбеге көтерілу Олжас ағамыздың Дон Кихотқа тән қылық. «Аз и Я» -ның тұсында сондай ерлікке қазақтың «қара баласы үшін Димекең бас тіксе, бүгінгі Олжас қимылы дәл соның ғажайып жаңғырығы іспетті. Бұл дүниедегі жасаған жақсылық-жамандығының ол дүниеге кетпейтінінің керемет кепілі де осы. Ол Димекеңнің «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабының 398-400 беттерін оқып та көз жеткізуге болардай ақиқат іздері. /16/.
Қылышынан қан тамып тұрған кешегі Кеңес кезіндегі «үш әріптің» айбарынан ықпай «Қазақстанның жері — ядролық қойма емес!» — деп дабыл көтеріп дауыстап айта алу дәл сол тұста Олжасты орысшыл, өзін қазақшыл көрсеткісі келіп жүрген қайраткерлеріміздің ойына келсе де, қайсының тіліне орала алды екен?! Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды әулие ұлыларымыздың жер — бесігін қырық жыл шайқап, ұрпақтарын есеңгіреткен аждаһаның үнін өшірем деп қол жинаған жүрек жұтқандық аңызда айтылар баһадүрлікпен ұласады. Тіршілігімізде күә болған жаңа тарих беттерін аша берсең, уақыт алыстаған сайын айқындалып, айшықталып еңсе көтеретіндей алтын әріптермен әдіптелердей жырға бергісіз сырлар, сырға бергісіз жырлар жетіп артардай екен. Себеп-салдары өздерінің ар-ұяттарына. Қазақстан партиясының қатардағы да емес, екі бірдей басшы қайраткері Камалиденов пен Мендібаевтың жарық күнде Олжас ағамыздың соңынан шам алып түсуі де шежіре-тарихтың қаралы беттері. Олжас Сүлейменов өз өмірінің қилы беттерін есіне түсіре отырып, жазады /17/:
Тағдырын бөгеп,
Өте алмай сайдан, жырадан
Менен де бұрын ақындар талай жылаған
Ақын да өзін бақыттымын деп сезінген
Бақытты болса бір адам.
Бақытты қыл деп тәңірден талай сұраған,
Бәрі дос мынау дүниенің
Жауы жоқ бір де сірә оған.
Ақын да өзін бақытсыз жандай сезінген
Бақытсыз болса бір адам.
Жарық дүние, жазира дала — жан құты Қызықтыра алмас әлемнің жауһар — жаһұты Жер бетіндегі адамның соры — соры оның, Бақытты болса, Ақынның ол да Бақыты!
Елінің, жерінің қуанышына қуанып, қайғы-қасіретіне жанын ауыртып, отқа-суға көзсіз көбелектей қойып кететін ақын Олжастың ерлігі қалың қазақ жұртының қуанышы, қазақ жұртының бақыты! Көптеген жүректерге жол тауып, әсіресе, жас буынның кумиріне айналған тұлға қалың қауымды соңынан ерте алды. Бұған бұқараның көкейіндегі түйткілді тап басып көтере алғандығы басты себеп.
Келесі кезекте Халық Конгресі партиясын құрып, мүдделес жазушы, қайраткер, саясаткерлерді топтастырды, «Ұрыста — тұрыс жоқ». Партия өмірі қыза түсіп, газеті де шыға бастады. Азаматтық ұстанымына өте берік, қоғамдық пікірге аса ықпалды ақынның үлкен саясаттағы және бір қадамы осылай қарқынды басталды. Үлкен кемеге үлкен мұхит қажет.
Тегеуріні мықты ақын басқарған партия ақыры оппозициядан бір-ақ шықты. Олжас Омарұлы «Президентке конструктивтік оппозицияға шығамыз» деп мәлімдеп жіберді. Қазақстанда «орыс мәселесі» деп өзеуреп, даурығатындай жоғарыда айтқан шиыршық атып шиеленіскен жайт жоқ екен. Оған мына бір ғана дерек дәлел: ақын мазасызданған кезеңде, нақтырақ айтқанда тоқсаныншы жылдардың орта шенінде елімізден кетушілердің үлесі мынадай болды: қазақтар — 37,3 және 32,6 пайыз, орыстар — 28,4 және 35,2 пайыз, немістер — 5,2 және 5,5 пайыз, татарлар -1,8 және 1,9 пайыз /18/. Яғни орыстардан қалмай қазақтар да кете бастаған кезең болды. Мұны мамандар саяси да, басқалай да емес, экономикалық қиындықтарға орай орын алды деп бағалаған. Сондағы Олжекеңнің қателесуі үміт артқан халқының көкейінде ғана қалдырды. Осыдан кейін Олжас Омарұлының үлкен саясаттағы оппозициялық саяси қадамы аңғарыла қоймады. Өзінің сенім артқан қайбір серіктері қаржы жайына орай істі болды. Содан бастапқы қарқын бәсеңсіп, партияның үн парағы да, жалауы да жығылып кетті.
Сонымен қатар Олжас Сүлейменов Қазақстанның Италиядағы өкілетті елшісі болып қызмет атқарды. Олжекең бүгінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі.
Бүгіндері алпыс екі тамырында түркілік қаны бар алты алаштың барша азаматы асқақ сезім құшағында жүр. Қазақ Елінің Тәуелсіздігінің 10 жылдығына дайындық белең алған ару мамырдың ақжолтай күнінде әлемді аузына қаратқан айбарлы бабаларымыздан қалған ұлы мұра ұлан дала төсіндегі Астанаға жетіп, жүрекжарды қуанышқа кенелтті. «Ешкім сызып тастай алмайтын, ешкім жоққа шығара алмайтын», — деп ақиық Олжас айтқандай, бүкіл түркі әлемінің рухын асқақтатқан киелі Күлтегін ескерткіші түркі әлемінің қасиетті даласының кіндігіндегі арайлы Астанаға қоныс тепті.
Осы бір тарихи айтулы оқиғаға орай Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде өткізілген «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның мінберінен қасиетті бабалардың осыдан он үш ғасыр бұрын тасқа қашап қалдырған ұлағаты заманымыздың заңғар ойшылы, қазақтың ақиық ақыны Олжас Сүлейменовтың қуатты үнімен /19/:
Әкеміз, ағамыз құраған халықтың Аты, даңқы өшпесін деп,
Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым,
Інім Күлтегінмен бірге,
Екі шадпен бірге
Өліп-тіріліп жерді ұлғайттым,-деп бүгінгі ұрпаққа жеткенде, тебіренбеген ет жүрек қалмағаны хақ.
Ұрпаққа ұлағат болар бабалар мұрасын елімізге әкелінуіне Президентіміз Н.Назарбаевтың барынша қамқорлық жасауы, Президент тапсырмасын жүзеге асыруда премьер-министрі Иманғали тасмағанбетовтың қажырлы еңбегі ел жүрегін елжіретіп, халықтың шексіз ілтипатына ие болғаны даусыз. Бабалар жәдігеріне жанашырлықтары үшін билік басындағы азаматтарға ел алғысы шексіз.
Ал енді осы бүкіл түркі әлемінің ұлылығын асқақтатқан көне мұраның Елордаға әкелінген күніннің халқымыздың біртуар ұлы Олжас Сүлейменовтың 65 жсақа толған туған күнімен тұспа-тұс келуінде де бір айырықша сабақтастық бар еді.
«Халқымыздың табанына кірген шегір менің маңдайыма қадалсын» дейтін асқақ ақынымыз, елінің де, жерінің де мұң-мұқтажын мүдддесін анық та ашық айта алатын біртуар тұлғалы айбарымыз –Олжас Омарұлы Сүлейменов.
ІІ ТАРАУ. ОЛЖАС ОМАРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ — ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗІ
2.1.ІІІовинизм мұзды мұхитын бұзған — «АЗ и Я»
Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы 1975 жылы дүниеге келді. «Аз и Я» кітабы ежелгі түріктер мен славяндардың тығыз байланысын, Еуразия кеңістігінде Ресей мен Қазақстан интеграциясының қажеттігін көрсететін тарихи еңбек болып саналады.
Ол Москвадан шалғайда, Қазақстанда жарық көрсе де, астанада тез тарады. Ақырында ол өте зиянды дүние болып, шықты. Кесепатты кітап! — деген ауыр сөздер айтылып жүрді. Арада он бес жыл өтті. Кенеттен үлкен жаңалық: «Аз и Я» қайтадан жарық көрді. Бұл жолы да Қазақстанда. Олжас Сүлейменов еске ала отырып, былай деді: — «Бұл -Әдебиет институтында, 60-жылы болған-ды. Профессор В.М.Сидельников курс жұмысы ретінде маған «Игорь полкы туралы жырдағы» түркизмдер» тақырыбын ұсынды /21/.
Профессор бір кездері Мұхтар Әуезов дайындаған «Қазақ ертегілері» кітабының редакторы болған. Ол 50-ші жылдары Мемлекеттік әдеби баспадан шыққан. Олардың бастан кешкендері де қым-қуат тарих. Осы кітап үшін Әуезовті қатты сынға алып, Сидельников екеуі бұл жинаққа халыққа жат ертегілерді әдейі таңдап енгізді деп кінәлап, ұлтшыл ретінде айыптаған».
«Әуезов республикада онсыз да қуғын көріп жүрген еді, шынын айтқанда, Москваға қашып кетуге мәжбүр болған. Сол жерде, МГУ-де ол Сидельниковпен танысқан көрінеді. Өз басым профессордың бізге, қазақ студенттеріне «Абайдың» авторымен қарым-қатынас тәжірибесін үйретуінен терең сыр көремін. Иә, сөйтіп мен «Жыр…» туралы мақалалар мен кітаптардың телегей теңізіне күмп беріп, шыға алмай қалдым. Бәлкім қарапайым курс жұмысына бола соншама көп оқудың қажеті жоқ шығар, бірақ мен бастаған іске бойлап кіре бердім. Еліккенім сонша, курс жұмысын да жазғаным жоқ, сынақ та тапсырмадым. Дұрысы, «курс жұмысын» кітап жарық көргенше жаздым десе де болғандай» /22/, — деп Олжас Сүлейменов еске алады.
«Аз и Я» кітабының дүниеге келердегі тарихындағы жазушының естеліктерінен үзінді келтірейік: «Бұл — таңғажайып мағлүматтардың көз жеткізгісіз қабатына жолыққан, білімге құлай берілген жанның шаттығы, базары еді. Мен орыс жылнамалары мен жауынгерлік шежірелерінің қойнауына сүңгідім, және «Жырдан…» түркі сөздерін бар деп жүргеннен әлдеқайда көп ұшыраттым. Сөз мәдениетіндегі түркі-славяндық, славян-түркілік этникалық байланыстардың осы ескерткіште көненің рухы, евразия атмосферасы қалай айшықталғанын анық сездім мен. «Жырдың…» бір ғана тіл білетін ғалымдардың назарына ілікпей кеткен қырлары қос тілді меңгерген жазушы ретінде маған айқындала түсті. Міне, осындай тын мағлұматтар шығармашылық өзегіне айналды».
Жазушы орыс жылнамаларынан — түркі жазбаларына, скандинав сына жазбаларынан — сібір мен монғол жазбаларына бет бұрып отырды. Түркі жазуы кең дүниеге таралған болатын.
Осы кітапта жазушы былай деп жазады: «Түркі халықтары таралған қазіргі мекендерде көне ескерткіштер неліктен мардымсыз? Бұл жерлерге жаңа, мұсылман мәдениеті келді және ол пұтқа табынушылыққа қарсы күресте сына жазбаларын түгелдей дерлік жойып жіберді. Сондықтан да мұндай ескерткіштер мұсылман діні жете алмаған жерлерге — Алтайда, Сібірде, Монғолияда ғана сақталған».
Монғолияда Білге мен Күлтегінге қойылған ескерткіштің жанында тұрып, кеңес уақытындағы жапа-жалғыз кәсіпқой түрколог-полиограф Сергей Маловтың атласы бойынша текстпен жазушы таныс еді. Ол: «Қараңызшы, Күлтегін қағанның уәзірі жазған тексттің түпнұсқасын көріп тұрмын. Түпнұсқаның құнын мен жақсы білемін, өйткені, көне -ХІҮ, XII, IX ғасырлардағы орыс жазбаларының түпнұсқалары сақталмаған ғой. Барлығы дерлік не өртеніп кеткен, не болмаса жаңа діни текстер жазу үшін пергаменттерден өшіріп тасталған. Кітабымда мен шіркеудің ежелгі орыс әдебиетіне Батый салған өрттерден тіттей де кем емес залал келтіргеніне дейін жаздым. Бәлкім, тым әсіре теңеу де болар, дегенмен нақты шындық осындай. Сол бір кезеңнің тыныс-лебін сақтап, бекзадалық тексттерді көшіріп жазуда қағазды аямаған монахтардың алдында бас июміз керек» /23/, — деді.
Монғол ескерткіштері жөнінде жазушы мынадай мағлұматтар келтіреді: «Оның биіктігі — үш метр. Бүкіл беті ҮІІІ ғасырда, дәлірек айтсам — 728 жылы өте жоғары стилистикамен шекілген. Текст мазмұны сол кезде-ақ тайпалық, рулық санадан жоғары, мемлекеттік ұғымға толы. Ол былай деп басталады: «Түндерде көз ілгем жоқ, күндіз тізе бүкпедім, қара терім тамшылап, қызыл қаным төгіліп, мен түркі халқының бірлігі үшін жұмыс жасадым». Міне, уәзір осыны жазған. Арадағы он екі ғасыр лексика түк өзгеріске түспеген, кез-келген түркі тілдес оқырман түсінетін тұрақты тіркестер қазіргі тілдерде де қаз-қалпында сақталған. Бұл мен үшін сөздің тіпті, өзі бедерленген граниттен де әлде қайда мықты материал екендігіне тағы бір дәлел болды.
Мәселе мынада, ескерткіштің өң бойында ұшып түскен сынықтар, шұңғыл тесіктер көзге ұрады. Ненің іздері екенін сұрастырдым. Сөйтсем, жақын маңға біздің әскери бөліміміз ірге теуіпті. Несі бар, айнала мидай дала, нысана жоқ, міне, сондықтан автоматтан оқ жаудырып жаттығады екен».
Олжас Сүлейменов сол уақытта Монғол Мәдениет министрлігіне жүгіріп, біздің елімізде дәл көшірмесін жасатуды, оны әкеліп дәл осы орынға орнатуды, ал түпнұсқаны монғол музейіне тығып қоюды ұсынды. Амал жоқ, өзара түсінісе алмады-да. Ол елге қайтып оралысымен бірден ескерткіштерді қорғау қоғамымен байланыс жасаған-ды. «Қаржы да бар, бірақ әлдеқандай себептер тағы да кесе-көлденең тұрды. Дәл осындай жәйт Қазақстан Ғылым академиясында да қайталанды. Тек АҚШ-та өткен түркологтардың конгрессінде ғана менің үндеуім қолдау тапқандай болды. ЮНЕСКО-ның қарауындағы бір топ ғалымдар Монғолияға аттанды, қазір үкіметпен келіссөз жүргізіліп жатыр», — деп жазушы мәлімдеді.
Олжас Сүлейменов жазады: «Ежелгі орыс жазбаларын қызыға зерттеп жүріп, кириллица тарихына, орыс жазуының тарихына тірелдім. «Жыр…» өзім білмес жайттар теңізінде дөңгеленген толқындарды туғызған тастың түсуі секілді болды. Дүниетанымды кеңейтті. Өлеңдер туды. Өзге мәдениет, цивилизация, этностарды білу арқылы мен өзіме қарай келе жаттым» /24/.
«Аз и Я» кітабы жарыққа шыққан соң жазушы күзде хаттар ала бастаған болатын. Алғашқы хаттар Симоновтан, Межелайтистен келген еді. Бұлар атақты жазушыны шабыттандыратын хаттар еді. Симонов болашақ айқас жөнінде ескертіп, колдау көрсетуге уәде берген екен-ді.
Жазушы еске түсіре отырып, жазды: «Жалпы хаттар көп еді, қап-қап десе де болғандай. Тіпті оларды жариялағым келгені де бар, өйткені сол кездің өзінде-ақ адамдардың бойында қаншама ұлттық жәбір-жапаның, жұмсалар көзін таппаған қуаттың жинақталғанын байқаған едім. Бір кезде «Жырдың…» өзі тудырған әңгіме сияқты менің кітабым да ешкімді бей-жай қалдырмағанын сездім. Бірақ көптеген адам мұны басқаның бақшасына тас лақтыру деп қарады…».
Алғаш рет кітапты айыптаған рецензия 1975 жылдың желтоқсанында «Молодая гвардия» журналында жарыққа шыққан. Олжас Сүлейменов бұл сәттер жөнінде жазады: «Москвада, Орталық Комитетте, былайша айтқанда, менімен «ибалы» әңгіме өткізді. Орталық Комитеттің қайраткері: «Мен қазақ халқын білемін. Момын адамдар ғой, ылғи да момын болған. Сен неге ондай емессің?» — деді. «Халық» сөзін бір ғана теңеумен анықтауға болмайды деймін. Бұл маркстік көзқарас емес. Егер момын халық болса, онда момын емес те халық болғаны, жақсы болса, ендеше жаман халық та болғаны ғой. Құр момындық — шектеліп қалу. Мен тұрмыста момын болуға келісемін, ал сезімі мен білімін жеткізуде жазышуға тұйықталып қалуға болмайды деп санаймын, — деп Олжас аға батыл жауап қайтарды.
Әңгіме жалғасын тапты. СОКП Орталық Комитетінде талқыламақ болып шешілді. Талқылауды Москвадағы Ғылым академиясының үйінде өткізу ұйғарылды. Ол 1976 жылдың 13 ақпанында, түскі үзіліссіз таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін созылды. Тізім бойынша 46 кісі сөз алған-ды: академиктер, корреспондент-мүшелер. Академик Б.А.Рыбаков алғашқы сөзді сөйледі: «Алматыда орыс халқына ең қарсы қітап жарық көрді!» Былайша айтсақ, жол салып берген болатын …». Көп ұзамай, ақыры Қазақстан Компартиясының бюросы болып өтті. Ол лайықты қаулы қабылдап, кітабымды кітапханалардан, сауда орындарынан алып тастады. Қазақстан бойынша цензураның жүгенсіздігі басталды. Көптеген кітаптар құртылды, мәселен, солардың арасында «Көшпелілер эстетикасы», біздің жас философтардың жинағының барлық тиражы пышақка ілікті».
Міне, тағдыр ақын пешенесіне тарих тереңіне сүңгуді, соққы да жеп, бірақ аман қалуды жазыпты. Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабындағы үндеуі мынадай еді: «Мүмкін ондаған жас оқырмандарымның арасынан: жаңа формацияның адамдары, христиан, мұсылман, будда ілімдерінің көзсіз нанымынан таза, ұлттық және нәсілдік философияның қағидаларынан ада, болашақ гуманитарлық, бірақ дәл ғылымдарды жасаушылар табылып қалар. Сонда ғана сөз сәт сайын өзгеріп отырар тарихи түсініктің себебі де, салдары да болмайды, ол тек — Сөз, ең объективті бастау ғана болып қалады» /25/.
Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы: «Мәңгіліктің ырғағына іліккен -Сөзбен» автордан: Бұл мақала 1976 жылы «Аз и Я» кітабын қудалаған уақытта жазылған. Мақаланың мазмұны мен интонациясы кітапты қорғау мақсатына бағынған. Мұны қазақша да, орысша да басуға ешқандай мүмкіндік болмады. Қазір, жиырма жыл өтіп кетсе де, мақаланың барлық сөзімен келісемін. (үзінді)
Олжас Сүлейменовтің жаңа кітабы соңғы уақ төл әдебиетіміз жиі жете бермеген көкжиектен көрініп, таңсық мәжбүр етеді. Алдымызда теңдесі жоқ шығарма. О.Сүлйменов бізге өзінің интеллект биігімен, көркем және ғылыми ойлау мәдениетінің құнарлығымен, өзгеден адамгершілік көзқарастарының оқ бойы озықтығымен танылады. «Тарихи-филологиялық ғылымдардағы топастық аяқ асты ету облысына» қарсы тұрған әділдікті жақтау мен ірі мінезділігі, мүлдем келіспеушілігі оның этикалық позициясын анықтайды. О.Сүлейменовтің поэтикалық сөздің ырғағы мен жүрек соғысын ұстай алатын бәрі мойындаған ғажап қабілеті кітапта жақсы ашылған.
Кітап жанры таптаурын дәстүрдің ешбіреуіне сыймайды. Логикалық дамытуы мен ғылыми дәйектілігі көптеген академиялық еңбектерге үлгі боларлық, ой-өрісінің кеңдігі, білімділігі, кәсіптік білгірлігі де бізге соны айтады.
«Неге екені белгісіз, осылай қалыптасқан: поэзия — ақылдылау. Ақымақтың өлеңі мақалаға айналмайтынын ұмыттық» /26/, — деп ой түйеді О.Сүлейменов бір монологында. «Ғалым» мен «ақынның» мағынасы тақауда ғана екіге жарылғанын да ұмыттық. Екеуі бір-ақ сөзбен анықталған: Европада — әртіс, Орта Азияда — чаляби деп аталған. Омар Хайям көлемді математикалық трактаттар жазды, содан шығар, қартайған шағында төрт жолды рубайлар оған ауыр болған жоқ — шағын және барлығына ортақ өлеңдер, формулалар сияқты. Әл-Фараби -поэзия, философия және математиканың тоғысқан арнасы. Олар кім болды — ақындар ма, ғалымдар ма? Чаляби».
Бірақ ол (О.Сүлейменов) — ғалам символдарын оқып-танудағы жай ғана чаляби емес, ғажап аспап. Оның кітабын оқу жеңіл, түсіну -қиын емес… Кітапты оқи отырып, жер асты дүмпүін сезесің, аяғыңның астындағы топырақ теңселеді, тектоникалық қозғалыстар, жаңа таулардың түзілуін аңғарасың… Інжілдегі «әуелі Сөз болды» ақиқатын Сүлейменов метафорлық әсерден тазартады. Ол адам сөзінің жарқыраған кристалдық күйіне қозғалыстағы күшті қайтарады, жердің осы тұзын, поэтикалық көрегендік пен ақыл-ой ашқан жаңалық тудырған ағарудың арқасында.
Кітап мазмұнын түгел айтып беру — таудан құлаған өзенді аквариумға сидыруға тырысқанымыз болар. Мұнда О.Сүлейменов сегіз қырымен көрінеді және оның барлық қасиеттерін жеке қарау бірнеше ұя болуын талап етер еді: біреуінде — славянист, тюрколог, шумеролог; екіншісінде — тарихшы, лингвист, әдебиеттанушы, философ; үшіншісінде — этнограф, палеограф, жазбалардың білгірі; төртіншісінде — ақын, драматург, публицист, айрықша графада -азамат, қоғам қайраткері т.с.с. Осы қасиеттердің барлығын бір адамның бойынан табу — келешек пен өткен шақтың кейіпкерлерін бір тұлғаның бойынан көру, қайта өрлеудің тарихи ситуациялары әмбебап сана бейнесінің есіне қайта орг лады.
… Факт тірлік кешкен тарихи космосты тұтас түгел білу шарт екенін Сүлейменов жиі еске салады. Өйткені, бұның «Олжас Сүлейменов» феноменінде түсінудегі методологиялық маңызы бар.
…Кітаптың үлкен биографияға ие болатыны көрініп тұр. Ұрпақтар жанында ежелгі ұлы әдеби шығармалар әлі талай ғасыр сақталып қалатындығынан емес — Шумер эпосы, көне түркі қағанатының поэзиясы, «Игорь полкі туралы жыр», мұның бәрін зерттеу мен жаңаша оқуда Сүлейменов түзетулерімен санаспайтын жан болмайды. Әлі өздерін таныту үшін ұлттық мәдениеттер күресетін болар, бірыңғай адамзат тарихының көлемінде әлем халықтарының туысқандығын қайта дәлелдеу мәселесі де қалатын болар. Өздерінің бар екендігін көрсететін сыңар езу тарих «ғылымының» баскесерлері жойылмайынша, халықтар жүріп өткен жолды қарастырғанда оны шовинизм мен ұлтшылдық өзегіне айналдыру күйремейінше, «Аз и Я» кітабы, атының өзінде әлем мәдениетінің бірыңғайлығы көзге ұрып тұрған кітабы, жалған патриотизм мен жалған ғылымға қарсы күресуге шақыратын майдан тұрбасының белгісі ретінде тазалықтың ұлгісі бола бермек», — деп пікірін айтты.
«Бекер мақтап та, босқа даттап та айта алмаймын», — дей отырып, Бақытжан Момышұлы өз пікірін білдірді: «Құрметке лайық адам қадірлі сөзді күтеді. Түбі жоқ терең шығармашылық артынан қайнары таусылмас бұлақ қалады. Рухани биікке ұмтылған ғаламдық жаратылыспен иықтас болса да мәртебелі, әрі пенделігінен бас тартпаған Олжас Омарұлы көңілдің шынайылығын талап етеді.
Жас ақындар үшін қиын уақытта түстастары оның соңы леп пен таза күй беретін поэзиясынан бас алмады. Абсолюттың тұңғиығынан жарып шыққан жарық сәулеге теңеді, адамгершілік идеяларын таратушы сәулеге теңеді. Әрбір жас буын Олжас Сүлейменовтың еңбегінен өзіне жасалған шыңдалу бағдарламасын тапқандай болды, ақынды Ұстазы ретінде таныды. Көбіміз оны зауалдан құтқарушы құбылыс деп қабылдағанбыз, содан ба, оның шақыруын күттік, ол бізге рухани сораптың бағыты мен тазарудың тиімді жолдарын көрсетуі керек еді /27/.
Жарық та ауырғанды сезеді екен. Салқын тиіп, қапас түнге ұшырасқан сәуле жолай сынып, рухани сораптың сыртына шығып кетті. Бірнеше бұрылыс жасап, ұстамдылығынан айырылды да болмыстың тысқы шығанақтарына арқасымен тіреліп, жарық оз қозғалысының ақиқатқа апарар сілтемесінен адасып қалды, күнделікті тірліктің күйбеңін айналсоқтады, канцелярлық өрмекшінін торында тулады, бар күшімен ауынан сытылып шығып кеткісі келді, бірақ оны бостандыққа жіберген жоқ. Саясатшылықтың улы қалың тұманында қалып, сәуле өлімсіреп қана жанды. Бәрі де ешқашан өзгермейтін және болмай қоймайтын әділетті. Карма деп аталатын себепті — салдарлық заңға бағынды; рух материяға айналды.
Сәуленің қарқынын қадағалап жүргендер айрылудың ащы дәмін татты. Жамағат кино істерінің министрі Олжас Сүлейменовті іздемеп еді. Халыққа Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов те керек емес еді, тіпті осы есімді депутат та, өкілетті елші де; жұртымызға көш бастар көсем қажет еді, адамзат қазынасына барып құйылатын ауқымы кең, мақсатын анықтар ұлттық ілімнің авторы іздестірілген еді.
Олжас Қазақстанда космостық көлемде тілдесе алатын бірден-бір адам еді. Тірліктегі пендешілік мұндай қуатты потенциалдық іске асуына кедергі жасады. Ол халықтың данышпан ұстазы бола алатын еді, осындай миссияны атқаруға оның барлық мүмкіндіктері бар еді. Бірақ ол заманымыздың ұлы ақыны болып қалды, ұлтымыздың тарихи зияны оған тиесілі орнын ұсынды. Оны астарында қатпарлы ойы жатқан дарынды өлеңдерді жазған ақын ретінде ұмытпайды, тіпті өзі қойған сұраққа өзі жауап қайтармаған шәйір ретінде де: «Мен қалаларымның қалай кирағанын білгім келеді?», «Жұрт неге жұлдыздарға ұмтылады?». Халықты соңынан ерткен қоғам қайраткерін де ешкімнің ұмытуға хақысы жоқ, солай ядролық апатқа тосқауыл қойылды.
Қарапайым адам үшін Олжас атқарған қызмет — орта ғасырдағы қамал бұзғандай еңбек. Бірақ… «кімді рухани бай қылып жаратса, содан сұраным молырақ». Егер мен жазуымды тоқтатсам, адамзат та, әлемдік ақыл-ой да ештеңе жоғалтпас еді. Бірақ Олжас Сүлейменов қаламының сөйлемеуі — бізді шығынға ұшыратады: жоғалтқанымызды кім есептеп бере алады, латент стадиясындағы қалғып жатқан рухани энергиясының үндемеуінен ше?! Этимологиядағы ізденістер мәңгілік ақиқатты табатын талпыныстар емес. Лингвистер көп және толқыны үзілмес, ал бірақ екінші Олжас Сүлейменов қашан туады — әңгіме сонда. Біз қазір жауап бере аламыз, екінші Олжас жоқ, болмайды, топырақ рухани қазынасы мол басқа адамды туғызар, оның өзі жүз немесе одан да көп жылдар өткен соң дүниеге келеді. Содан көз жазып қалмасақ болды! Үмітімізді ол да үзіп кетпесе игі еді!
Егер Олжас болмаса мін ағатын ешкім де болмас еді. Өз соқпағын өзі таңдап алған ұлы ақынды сынаудан аулақпын; өз кармасына сай келер өмір жолын қайдан салса да әркім өзі біледі. Бірақ алданған үмітім жайлы айтуға тиіспін, оған құқым бар. Солай болса да Олжас тәрізді тұлғамен танысқаным, туысқандай араласқаным, кездескенім үшін тағдырыма рахметімді айтпасам — қайыры жоқ адам болар едім.
Әртүрлі жағдайларда талай кездескен кештерім үшін, ғажап шаңырақтар астында өткен қызғылықты, жадыдан өшірілмес сұхбаттар үшін тағдырыма ризамын. Біз ұдайы бір арнадан шыға алмадық, бірақ екі түрлі көзқарас салқындық туғызбайды, өйткені, жанарға түспейтін рухани туысқандық жалғап жататын еді. Аға ретінде оған деген махаббатым зор, адам ретінде қадір тұтамын, адамзат ретінде бағалаймын және ұлы ақын ретінде бас иемін. Бірақ бәрібір оның өлеңдерімен көбірек достасыппын, олар мені далаға тастамайтын, қиындықта көмектесу үшін, қайғыда ортақтасу үшін, шашылып кетіп, құлап қалмас үшін, өмірде арқа сүйейтін арқау болу үшін жырлары екі шақыртпай, қасымнан табылатын.
Не істей аламыз, өзімізді жұбатамыз да: «Свершение надежд -конец эпохи, начало новой. А утратишь твердь, сиди в подвале, распахнувши дверь, и голубиной груди плавный очерк тебе добавит резкой веры в Очень и станет главным в перечне потерь», деп Олжас Омарұлының өзі сараптағандай. Тағы былай деп қосады: «задыхаясь от бега, умевший толпу поднимать смыслом слова. … Ничего не сказал он». «Мен Даос патриархының өткен ғасырда айтқан сөзінің жаңғырық болып қайта оралғанын түсіндім: Сөйлеп жатқанның — айтатыны жоқ. Білетін адам — үндемейді».
«Ақын мен туған топырақ» атты мақаласында Морис Симашко Олжас ақын туралы былай деп жазады: «Тақырыптағы байланыс жайлы ой Олжастың өлеңдерін оқысам тіл ұшына оратылады. Сұңқар секілді көкте еркін қалықтаған бөзбала шағы да есімнен кетпейді. Тап сол кезде мен оған «жусан» деген повестімді арнаған едім. Оны жазуға түрткі болған да өзі, өзі онымен ауырып жүрді — ауырған орыстың ұлкен жазушысы Сергей Николаевич Марков еді. Тақырыбы — мәңгүрттік болатын. Тарихтағы қасіретті бұлай атаған ортақ досымыз Шыңғыс Айтматов еді. Жаратылыс сияқты көне, түркі мақала айтады: «Жат жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». Ертедегі ұлы елді басқарған сұлтан Бейбарыс мамлюктердің қатаң тәрбиесі берген мәңгүрттікті жеңіп, қайғы шеккен өз отанына қайыршы болып оралады.
Осы тұста орысша жазатын қазақтың бір топ қаламгерлерін, әсіресе, ақындарын жақтағым келеді. Тағдыры солай болды, әрі олар әлем тарихында жалғыз емес. Көптеген үнді жазушылары ағылшынша жазады, алжирліктер мен тунистіктер французша қалам тербейді. Олардың қатарында — ұлы ақындар бар. Сондықтан нағыз ақынды, суретшіні қай тілде деген сүйіспеншілігі. Бұл міндетті түрде басқа тілде сомдалған шығармасында жусан сықылды аңқып тұрады. Осындай өзгеден озық сезімі жат тілді байытып, өз халқының ішкі жан дүниесін алақанға жайып береді. Нағыз ақын қай тілде жазса да — ұлттық ақын болып қалады. Графоман ана тілінде де графоман. Олжас құбылыс ретінде орыс поэзиясына бай қазына сыйлады. Солай бола тұра ол көк бөрі қазақ поэзиясының әлемін кеңітті. Қазақша өлең өрнектеген жас ақындардың одан үйренетіні көп. Бұл дегеніміз — Евразия идеясының іске асырылуы…»
Леонид Мартынов, ақынды әділ бағалап, жазушы туралы пікірін айтты: «Олжас Сүлейменов — орысша жазатын қазақ ақыны, қазақ ақыны болып қалады да, үміті мен қасіретін орыстың үміті мен қасіретіне байланыстыра білген тәкәппар ғажап халықтың туған ұлы. Олжас Сүлейменов манағы байланыстарды қазіргі уақ тамаша айғақтаған құбылыс: тіршіліктегі де, географиядағы да, этикадағы да, эстетикадағы да».
Геннадий Толмачев, жазушы «Олжас туралы хикаят» кітабынан үзінді келтіріп, жазады: «Пыс?» тарауы. Бірде Мұхтар Мағауинмен бірге жиналыста отырдық. Олжас сөйлеп жатты. Зал тым-тырыс, өйткені Олжасты бір құлақпен тыңдамайды. Мұхтар маған сыбырлайды:
- Ешкімде Олжастыкіндей пыс жоқ.
- Пыс?
- Пыс дегеніміз ішкі қуат сияқты нәрсе, — деп түсіндіреді Мұхтар, — ішкі жойқын күш. Немесе ақылдысымақ — ғалымдар айтатындай қуатты биополе. Онысы өзгені басып тастайды.
Мұхтар ғажап жаңалықты ашты! Мұны мен Олжастың бойынан байқағанмын, бірақ қазақ тілінде осындай күйді тап беретін сөз бар деп ойламаппын: пыс. Жарайды, пыс болса- пыс болсын. Басымыздан өткен оқиғаларды еске аламын. Олжас биллиард ойнап жатып, ұтқысы келеді -бойындағы «пысты» іске қосады да жеңіп шығады. Дастарқан басында, не мінбеге көтөрілгенде — халық сөзі мен даусының қүдіретіне бас иіп, үнсіз қатып қалады. Біреумен дауласа қалса — әрине, дәйектілігімен жығады, бірақ «пыс» та өз рөлін атқарады…
Әр адам араға уақыт салып бірдеңесін жайып салу үшін біреумен кездескісі келеді, егер мүмкіндік болса — оның шығармашылық топ ішіндегі ең адалы, ең жолы болғыш жан және қадірлісі болғанын қалайды. Осындай магниті бар, біз үшін көзі тірісінде Мәңгілік Белгісі болып жүрген адам — Олжас Омарұлы. Әрдайым көңілді, қонақжай, қолы ашық, ешқашан өтінген жанға «жоқ» деп айтпаған — кімнің мұндай адаммен дастархандас болғысы келмейді дейсің?! Ол сөзді бөлмей тыңдай алады, жақсы ой тастайды; егер қажеттілік сізді оның алдына алып келсе, классиктер өсиет еткендей «өмір сүруге үйретіп жатпайды, керек қаражатты тауып береді».
Римма Казакова «Юность» журналында әйелдік сезімталдығымен ағынан жарылады: «Жолдасым менің Олжас, мен сені сүйемін». Бұл ақынға арналған бірінші арнау емес. Андрей Вознесенский, Роберт Рождественский, Сергей Марков, Лев Ошанин, Мумин Каонат — есімде қалғаны осы, ал тағы — романдар, повестер, әдеби зерттеушілер ше, қолдан жазылған эпиграфпен — Олжас Сүлейменовке… «Сен ұнамаған жандар үшін». «Жеккөрініштерімен олар бізді сүюге үйретеді», — деп Олжасқа арналған өлең жолдарын оқимын. …Молдавияға ұштык, республика мейрамына. Әнсіз және қуанышсыз қандай мейрам болсын!..
Бір жолы мемлекеттік шекараға таяу ақындар митингі ұйымдастырды. Біз қырқаның басында тұрдық, қуатты үлкейткіштер дауыстарды далаға таратып жатыр, Дубрава мен Кодра үстінен асып, Румынияға дейін жетеді. Егор Исаев, Лариса Васильева, Иван Драч, өзге ақындар, одан кейін республиканың құрметті қонақтары сөз алды — Кеңес Одағының үш мәрте Батыры Иван Никитович Кожедуб және «сахнаның пердесінің ар жағынан» — Олжас. Күрмеу жасайтын аккорд ретінде. Үп еткен жел түрмаған тыныштық тылмысында.
Алматы мұны білді жәие білмегенде шығар. Берлин мен Нью-Йоркте, Дамаск пен Токиода, Париж бен Софияда білген мен білмегендей, бірақ қазақстандық Олжас Сүлейменов куәлар алдында халықтар кеудесінде үміт отын жағады, қомақты қылып біздің ғаламның бақилығын паш етіп: «Шығыста жоқ, тіпті Батыс та жоқ».
Молдавиядан соң менде бір фотосурет қалды: Олжас пен Кожедуб қатар тұр. Иван Никитовичтің генерал погондарының іргесінде — бір түрлі сияқты ма? Аппақ көгершіндер, жүзге тарта құс ұшқан топтан, батырдың әскери киіміне фон жасап.
Олжас генералға қарайды да, ештеңеге таң қалмайды», — деді.
«Олжас… тілінің емес мәдениетінің құбылысы», — дей отырып, Әуезхан Қодар: «Жат тілінде жазудың қиындығын білетіндер аз. Бұл тұлғаның қақ жарылуына әкеліп соғады, немесе әлдебір прострацияға жазығы жоқ нәрселерді түсінбек түгілі, кейде жек көріп жатасың. Ұдайы қарсы тұрған логика — бөтенсіп кетеді. Міне, осы бөтенсіген дискурста Олжас кітаптарын дүниеге әкеледі, бірақ өзін басқаның атынан сөйлетсе де өзі жасырынып қалды. Есіңізде ме:
— Мен Шоқан, Конфуций, Блок, Тагор да боламын…
Неге ол өзімен-өзі бола алмады? Өйткені Олжас жекелеген тілдің емес, белгілі бір мәдениеттің құбылысы ретінде өзін тәрбиеледі. Әрине, оның барлық этимологиялық және лингвистикалық еңбектері тіларалық ерекшеліктерді жойып, бір ататілдік жүйеге келтіруді көздеген жоқ.
Солай қарасақ біздің авторымыз — сүйгенімен қашып кеткен тілді, яғни орыс тілін, ғашықтық келісім негізінде ұрлаған ақын. Сөйтіп жат тілде жазған ол осы «ерлігін» дара болу үшін жасаған сияқты. Міне, маргиналдық кейде қандай көз сүйсінтер қылықтарға барады!…Мұның бәрі субстанциялардың көбеюінің салдары және тым мол болып кеткенінен, Мандельштам сезімен айтсақ: «Нан уланған, әрі ауа тарылды». Сондықтан Сүлейменов поэзиясы суға кетіп бара жатып қабақтағы талды қармау: компьютерлік ойлау жүйесіндегі абориген, бірақ өзінің абориген екендігін мақтаныш тұтатын тәкәппарлық.
Ақынның екінші тұғыры да ойға оңай қонатын нәрсе емес. Оны бозбала шағынан бастап кеңестік жүйеге атастырып қойды, бірақ мұндай жұбайлық ғұмырда ол өзін түп қазықты жұлып, құрылысты талқандау бағытында ғана түсіне алды.
Ғұмырым менің, сүйемін сені, Өйткені сен — революция!
Бірақ ешқандай революция болған жоқ. Сүлейменов негізінен тайған жүйеде шығармашылықпен айналысқан тегі таза интеллигент, сондықтан оған әйтеуір бір идеологияны уағыздау керек болды.
Бұл — данышпан әке салған соқпақтағы дарыны асқан конформист, жүре келе сораптың сыңар шулігін көреді, өйткені сүрлеу ешкімді ешқайда алып бармайды. Ең бастысы — айтып отырған ақынымыздың өзін. Солай болса да «Қыш кітабы» біздің замандастарымыз үшін оңаша шеккен кеңестік әдебиеттегі айығу еді. Бұл шығармада ақын оқырмандар мен насихатшылардың ұйқыда жатқан білімсіздігін пайдалана отырып, тарихпен де, дәуірмен де, жаңалықтармен де, көне қағидалармен де ойнай бастады, ғажап коктейль жасап берді: шебер қоспаға Андрей Белый мен Даниил Хармстан «Гильгамеш жайлы эпос» пен «Махабхаратқа» дейін араластырылды. Егер «Вопросы литературы» беттерінде Шахматтың қай жынысқа жататыны туралы мәселе көтерілсе, онда мистификацияның жүзеге асқаны.. Сондықтан Олжас Сүлейменовтің «тұлғалық магиясына» өз еркімен тұтқынға түскен жандарды құрсауынан босатпай-ақ қоялық», — деп жазады.
Д.Қосылбек Олжас Сүлейменов жазушы ретінде оның шығармашылығы туралы: «ІІІопенгауэр Олжас Сүлейменовке қарыз. Неміс ойшылы Гегель фэлсафасына қарсы ұран қойған: дүниетанымның кілті — интуиция.
Гегель — объективтік идеализмнің жанашыры. Маркс ғаламды объективті қабылдаудан идеализмді алып тастасақ — материализм шығады деген ойды ұстатады. Бірақ өз ақылына сенімі мол Шопенгауэр келіспейді: дүниені рефлективті талдау ізденіс соңында интуицияға тіреледі.
Шопенгауэр қателік жібермеген. «Аз и Я» кітабы — білім ғана емес, жұмбақты түйсік деңгейінде шешкен әдемі жауап. Сондықтан «Игорь полкы туралы сөз», түркі және шумер мәселесі жылдар өте келе жаңа білім қағидаларына толығар, бірақ сондағы интуиция — ғажап сезімталдықтың айғағы болып, келер ғасырдың ғалымдарын таң қалдыра берер /28/.
Оған дау айтады. Бәрін шулатып баспадан шығатын Камю кітаптары сияқты. Сартр кезінде өзін данышпан Виктор Гюгоға теңеп еді: ол он тоғызыншы ғасырға қандай болса, жиырмасыншыға — мен сондаймын.
Түрік дуниесінде Олжас — қазақтардың құдай ұлт ретінде сақтап қалғаны үшін адамзатқа сыйы. Егер батыс пен Шығыс бірігетін болса, оны — ол қиылысты — Олжас әлемінен қазбалау қажет. Киплинг жер бетін екі жарып еді: Батыс пен Шығыс, Олжас қайыра қақ айырылған екі арнаны қосып берді: адамзат.
Қазақ сана-сезімінің дамуындағы үш адам: Абай, Мұхтар және Олжас су астынан жалғасатын үш арал тәрізді — қазақ құрлығының оқ бойы озып кеткен үш мәдениеті — физикадағы орталығы сыртқа ығысқан кеңістік есіме түседі, кеңістік — қазақ жұратағы, тысқары орналасқан үш орталық — Абай, Мұхтар және Олжас. Болашақта үш орталық серіппедей жиырылып, қазақтарды өз деңгейіне тартып алады. Олжасты сынауға болады. Бірақ қателігі үшін емес, оның құдайға айналып кетпес үшін.
Мұқағалиді тірісінде бесікке салмаған соң, қазір отау бөліп, оңаша шығарып жібергеннің пайдасы қане. Әлде адамның даму барысының логикасы солай ма: Христосты алдымен қиюластырған қос тақтайға асып өлтірді, кейін Ол — жәмиғаттың рухани ғүмырына қайтып келді де пенде аяғына жығылып, кешірім өтінерде қарап шоқынатын қасиетті бейне дәрежесіне дейін өзгерді. Көшпелі қазақтар дұрыс тұжырған: шеңбер бойымен жүру керек.
Шумерді іздеу тарихында әуелі сөз болды, ауыздағы әңгіме «Аз и Я» жайындағы сөз», — деп айтты.
Абайдан Олжасқа дейін: жүз жылдық жалғыздық — деп даналықпен айтылған ұлы сөз.
Бірінші: Қара сөз. Қазір дау туғызып жүрген үш нәрсе бар: жер, елдің аты және тіл. Сәл анығырақ айтсақ, Қазақтың Жері, Қазақ Республикасы және Қазақ Тілі. Бұл үш компонент ұлт ұғымын құрайды; яғни, тірлік кешкен территориясы, тарихи иеленген аты және даму барысында қалыптасқан тілі. Жеріміздің Қазақия емес, Қазақстан, өзіміз қойған ныспымыз — Қазақстан Республикасы; құжат толтыратын тіліміз — орыстардыкі. ¥лт қайда деп ойланамыз ба?
Халқымыздың екі алыбы Абай мен Олжас арасындағы мезгіл Алаш топырағына көп өзгеріс әкелді. Саяси миграция үйімізге ат шалдырып, төрімізге қонып жатты: орыстар, украиндар, немістер, кәрістер. Тізімді әрі қарай жалғап кете беруге болады. Олар да өз еріктерімен келген жоқ: не саясат ықпал етті, не қасірет душар қылды. Өз етек-жеңін жинай алмай жүрген қазақ сулы жерінен жайлау бөліп берді, таулы жерінен қыстақ салып берді. Біреу түсіндір десе мен алақанымды жаямын. Әр ұлттың артында кәдімгі адам тағдыры бар, осы атырапқа деген сүйіспеншілік, болашаққа ұмтылған мақсат, содаң соң қиын жылдар жайлы ауыр естелік.
Кез келген ұлт алдында қазір қазақ жауапты. Ешкімді ренжітпеуге тырысу қажет, жолдан шыққан қияңқылық — ертең бізге айтылатын арыз. Қазақтың ұлтжандылығы кейбір бауырымыздың көңіл-күйін бұзып кетеді, оның аяғы: бізге деген реніш, алыс жақтарға көз тігіп, кіндік қаны тамған туған жерін тастап кетуге деген құлшыныс.
Бірақ қазақтар резервуарға апарып тастайтын үндістер емес қой, олар да орыс, неміс, кәріс секілді қатардағы ел болғысы келеді.
Екінші: Аз. Жер, ел, тіл — қазақтың мәдениеті. Қазақ мәдениеті дегеніміз қазақ ғүмырын түсіндіру. Әдет-ғүрып, баяғыда-ақ ең әуелгі мағынасынан айырылса да ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан дәстүр, қаншама уақыт жиналған өнер қазынасы, тілдің сөздік қоры, уысымызда қалған жердің өзі мен тарихи, тұрмысымыз — қазақ ғұмырын түсіндіру формалары немесе қазақ мәдениеті. Соншама ғасыр сұрыпталған бұл үш категория, екінші жағынан, ұлтты шығарады.
Тіл — оңай шеше салатын мәселе емес. Қазақ тілі тікелей түркі тілінен дамыған, орыс тілінің славян тілінен оңашаланғаны сияқты. Сонда 15 ғасырға жуық ғұмырнамасы бар тілді жетілмеген деп кемсітуге бола ма? Сіздер Израиль мемлекеті қолданып жүрген иврит тілінің қайдан шыққанын білесіздер ме? Дүние жүзінен жиналған еврей халқы бірнеше диалектіге бөлініп үлгерген, соның бәрі ескеріле отырып және көне еврей тілін негізге ала отырып, қазіргі иврит тілі дүниеге келді. Қазақтың тілін сындырып, өзгерту қажеті жоқ, Маханбат пен Абай кезінен тап осы қалпы бар, тек техника өркендеуі ғана ағылшын, француз, неміс сөздерімен байытты, орыс тілін байытқаны тәрізді.
Социализм, коммунизм, капитализм орыс сөздері емес, оны түгел біледі. Енді Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабын ашайық («Жазушы», 1991 жыл, 193-бет): «Во многих индоевропейских за сравнительно короткий срок, в исторически обозримое время, коренным образом изменилась структура языков и морфология. Тюркские языки не изменились за это время, слово в них более сохранно, чем в индоевропейских, по нескольким причинам чисто технического свойства». Осы сөйлеммен парақ бітеді, оны аударып келесі бетті оқимыз: «1. Тюркское слово агглютинативно, т.е. корень и суффиксы не сплавляются… Корень — паровоз всегда впереди и не изменяется. Он влияет на суффиксы, а не наоборот… в тюркских агглютинативность -правило, фузия — исключение…» Агглютинация сөздің сақталуына көмектеседі де фузия сөздің бұзылуына себепкер болады.
«2. Место ударения, как правило, постоянно на последнем слоге.
- Нет предлогов (префиксов). Они влияют на корень в индоевропейском слове, создавая в развитии ложные основы.»
Ел деп тілге тиек қылғаным — қазақ жұрты. Ішкі жан сарайымыз келіссін, келіспесін бәрібір бізге Қазақстанда басқа ұлттармен қатар тірлік кешуге тура келеді. Оларды өз туған отандары күтіп отырған жоқ, мына алты алашқа олар сіңісіп кетті, міне, тап осындай жағдайда тұрмыс құра білгеніміз жөн. Қазақ ұлты кейбір даңғаза данышпан сымақтар толғағандай ацтек мәдениетінің дәрежесі емес, қазіргі қазақ — кешегі патша шенеуніктері полковник атағын бере салатын сатыдан биіктеп кеткен, біз мемлекеті бар болудың не екенін түсінеміз: курттарды қара, саны 40 млн. жетеді екен; шешендер не істеп жатыр; еврей қалай он сегіз ғасырлық мәселесіне нүкте қойды.
Оның бәрі алдымен жерден шығады. Кез келген ұлт өз мемлекетін құруға ұмтылады, мемлекет дегеніміз ұлттық идеяны біржола бекіту деген сөз. Ортегаи Гассет «Омыртқасыз Испания» атты эссесінде жазады: «…ұлттардың қалыптасуы мен дамуына болашаққа бағытталған ортақ бағдарды орындауға ұмтылу ғана әсер етеді».
Үшінші және Я. Қазір өкілі Қазақстанға қажет бай және қадірлі тұлға, ол өзге ұлттармен барлық жағынан тең, парызы мен құқығы өзге азаматтардың мүмкіншілігіндей, Қазақстан оған Отан, сүйікті туған жер. Қазына: барлық қазақстандықтар қазақ тілін білуі қажет (бұл жағынан, этикалық мәдениеттен туады: суын ішіп, нанын жеген соң тілін де білген дұрыс, екінші жағынан, егер орыс, не неміс қазақ тілін білетін болса, қазақ оны өзі-ақ тамыр деп туыс қылып алады) барлық ұлттардың мәдениеті бәрімізге тиесілі ортақ қасиет.
Болашақ: Қазақ ұлты мемлекеттігін сақтап қалады, ұлт ретінде қаншама ғасырлық аласапыраынан соң өркендеуге оның тарихи толық құқығы бар; өзге ұлттар өз тілі мен мәдениетін дамытады, тұлға ретінде жанжақты ашылады. Менің бүкіл халықтар алдында сұрайтын өтінішім бар: тағдырыңда қуаныштан гөрі қасіреті көп болған қазақтардың мемлекеттік сана-сезіміне түсінушілікпен қараса екен деймін, олар ешкімді жат деп танымайды, бауыр деп бауырына тартады, ұзақ-сонар бодандықтан кейін уысына түскен тәуелсіздікті олар қайтадан жоғалтып алмаймыз ба деп, қорқынышпен өмір сүреді.
Олжас Сүлейменов «Қасиетті латын» атты еңбегінде жазады: «Бәрімізге белгілі, сауатылықтан соң орнайтын заман табалдырығымызға таяды: көз алдымызда оқырман адамзат — тыңдаушы және көрермен адамзатқа айналып барады. Біздің балаларымыз «Соғыс және бейбітшілік», «Дон Кихот», «Моби Дикті» оқымады: олар осы бір топ туындыны экраннан тамашалады. Бүкіл Толстойды, Чеховты, Диккенсті, Дюманы, Шолоховты, Марк Твенді, Гюгоны экранға шығарып — тұтас ұрпақты рухани дүниесінен жұрдай қылдық. Он жыл бұрын КСРО кинематографистер съезінде кинорежиссерлерден классиканы өз жөніне қалдыруын сұрап едім. Неліктен қазіргі прозаның өзі ғана жетпейді: ол экран көмегімен тек қана жақсарады!
Кітап құрып барады. Цивилизацияның бастапқы себебі. Электроника — жай салдары ғана. Шекспирді тумаған мәдениет Ньютонды туа алмайды. Жазу қабілетіміз құлдырауда, өйткені оның мәні мен тарихын түсінбедік.
Гомо сапиенс түр ретіңде үш миллион жыл ғұмыр кешті. Тек соңғы отыз мыңжылдық көлемінде ол халықтарға айналды — тілін, мәдениетін жасады».
2.2.«Мәдениеттер қиылысатын кеңістіктер» — рухани салауаттылықты нығайтатын қызмет
Тәуелсіздігіміздің бір өрісі — тіл мәдениетіне орай. Ана тілі жанашырлары қазақ тілінің ойлау және сөйлеу мәдениетін арттыру, тілдесу дәстүріндегі төлнұсқа мен өркениетті ырықты ескеру, тіл табысудағы жаңалықты жетілдіру мәселелері төңірегінде өздерінің сауаттылығы мен зейінділігін танытуда. Ана тіліміз азаматтық және ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың бірден-бір тетігі, күнделікті тәжірибеде жүйеленген іс-әрекеттің тұтқасы екеніне көзіміз жетуде. Тіпті, саясат пен мәдениеттің мақсаткерлігін бағдарлай да, тұтастыра да түсетін құралына, билік пен беделді нығайтатын байланыс түріне, әлеуметтік және мәдени тарихымызды өзара жымдастыратын, ұлттық ділді үнемі нығайтатын қайнар көзіне айналуда.
Тілдің түрлі қызметі бірден қалыптаспағанына ешкім күмәнданбайды. Бірақ тіл практикасының қалыптасу кезеңі мен көрінісі туралы не біліп жатырмыз? Тілдің ұлттық көрінісі мен қызметі, сондай-ақ жалпы адамзаттық мәні мен заңдылығы да бар екенін мойындаймыз. Осы ерекшелікті дұрыс ұғыну және жөнімен қолдана білу -мәдениеттілік екенін ескерудеміз. Мәдениеттілік түпнұсқа мен елдік тұғырдан адастырмайды деп дұрыс ескеру қажет.
Олжас Сүлейменов былай деп жазады: «Мәдениет — толыққанды өмір сүрудің бірден-бір шарты. Түбірлей түссек, «Мәдениет — тіршілік ету жолындағы еңбек-бейнеттен туған, табиғатпен, адами ортамен үйлесімді өмір сүре білу өнері. Мәдениет — ол тарихи тәжірибе айтып берген дағдылы машықтардың, рұқсат етулер мен тыйым салулардың тұтас бір жүйесі. Мәдениет те тіл сияқты өзіндік сипатын сақтайтын ашық жүйе» /29/.
Тіл мен мәдениетті тарихи тұрғыдан қарасақ, екі жетістікті де жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтың жиынтығы, нәтижесі деп есептейміз. Ол дегеніміз тіл мен мәдениет даму заңдылығы бойынша біртұтас құбылыс және жетістік, ал қызметі мен ықпалы бойынша әртүрлі көрініс пен қарқын. Даму заңдылығының жүйесі жеке кезеңнен, ұлттық ерекшеліктен, салалық көріністен тұрады, бірақ олардың біреуімен де шектелмейді. Тұтас арна құрамдасты біржақты жұтып қоймайды. Онда сыңарлықтан гөрі, өзара ықпалдылық айқын, бірін-бірі байыту басым. Өмірдің осы ашық сабағы тіл практикасында қаншалықты орын алуда? — деген сауалға ұйытқы болған Олжас Сүлейменовтың «Пересекакущиеся параллели» — «Қиылысатын кеңістіктер» атты жаңа кітабы.
Тылсым табиғаттың күрделі жүйесінде, өрелі өркениеттің өрісінде қиылыспайтын кеңістіктер жоқ. Әңгіме тек сол қиылысудың уақытына, көрінісіне, сипатына және оларға деген көзқарастардың қызметіне байланысты. Осыған орай тілде не нәрсе, қалай, не үшін қиылысады деген сұрақтарға жауап іздеу адам болмысының сұранысынан, өмір талабынан туындайды.
Кітап көп жылғы тілтану ізденісінің ғылыми негізі іспетті. Олжас Сүлейменов осы кітабында өзінің рухани шабыты мен түркі тілдес мәдениеттің шебін анығырақ көрсетуге ықылас білдірген. Тілдің түбірін тарихпен, мәдениетпен, этностың өмір сүру ерекшеліктерімен қатар салыстыруы заңды. Түріктік славянистика идеясы автор ойын кеңірек, дәлірек, толығырақ, болжамы мол жүйелілікті алға тартуға мүмкіндік ашқандай.
Олжас Сүлейменовтің шығармашылық шабыты өзара түсіністік пен бірін-бірі байыту философиясынан нәр алады және оның мынандай шарттарына сүйенеді: тіл практикасы пәні мен мәселесін дұрыс, толығырақ ұғыну қажеттігі; өзара түсінісудің проблемалық аясын анықтау; адам мен ұлттық рухани құндылықтарын жаңарту арқылы тіл табысудың шеңберін кеңейту; мәдени сұхбатты қарқындату арқылы еуразиялық өркениеттің қайта өрлеуіне ұйытқылық жасау. Кешенді және көп салалы талап. Бұл мәселелер ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің ең жауапты және шешуші кезеңінде кездейсоқ қойылып отырмағандай. Оның үстіне осы бағыттағы түрлі көзқарастардың астарын үйлестіріп жатса, мұндай шығармашылықты қанағаттанарлық ізденіс пен ілгерілеу дейміз.
Автор өзінің ізденіс міндетіне білімдарлықпен, салыстырмалы тарихи түсінікпен қарайды, ұлттық мәдениеттің өткеніне мүқалмас патриоттық сезімталдық және сеніммен қайта-қайта оралады.
Кітапта тілдік қатынастың мағынасына кең тоқталған. Мамандар үшін, республикамыз үшін оның құндылығын немен өлшеуге болады? Тілдің даму заңдылықтарын анықтау, оның лексикалық қорын туралап толықтыру, мәдениеттің басқа түбірімен байланысын үйлестіру, танымдық және саяси-әлеуметтік қызметін қарқындату — күн тәртібінен, қоғам қажетінен түспей келе жатқан мәселелер. Бұл бағыттағы дұрыс шешімдер ұлттық егемендігіміз бен Қазақстан Республикасының еуразиялық кеңістіктегі әлеуметтік-мәдени негізін нығайтуға, сонымен ана тілінің өрісін кеңейтуге демеушілік етері даусыз.
Кітаптың мазмұндық ерекшелігі сол, онда екі ұстаным -модернистік — реформаторлық дискурс проблемасы және тілдің белгілік жүйесі бетке ұсталынады. Бұл автордың кәсіптік деңгейін айшықтайды. Алғашқысы — өткен ұрпақтардың мәдениеті мен тарихи санасынан үйлесімділік іздестіруге, ал екіншісі — тіл мәдениетінің тұтастығы мен терең мазмұнын ашуға мүмкіндікті арттырады.
Оған негіз — сөздің генетикалық коды /түпнұсқасы/ және мәдениеттің тілдік коды /түп тамыры, тегі, кілті/. Екі бірдей түбір — тіл мәдениетінің тұтастығын табуға дәнекер тетіктер /30/. Сөздің түпнұсқасы түсініктің тарихпен, халықтық тәжірибемен ұштасып, сіңісіп жатқан хаттамасына ұқсайды. Оны тілдің дискурсивті сипаттамасы деп те атайды. Тілдің түп тамыры арқылы әр дәуірдегі әлеуметтік-мәдени кеңістіктің проблемалық шеңберінің ауқымын және рухани шежіренің тағылымын анықтауға мүмкіндік ашылады. Сөз түп негізі мен тіл түп тамырларының өзіндік функциясын қалыптасқан жүйеде тілдік қатынас сараланады. Тіл қатынасының осы қос өрімін салыстыру арқылы сөз бен тілдің өзгермелі құрылымы ғана емес, сөздің лексикалық құрамы мен этимологиялық мәнінің мән-жайы ашылады. Кітапта осы екі тармақ қатар қарастырылады.
Сөздегі, тілдегі түпнұсқа қалайша адамзат тарихының практикасына, халық мәдениетіне енген? — осындай сұрақ туындайды. Түпнұсқа — адамзат тарихының, халық мәдениетінің және адам ойының төлтумасы, адамдардың өмір-салтының дәстүрлі түрі. Түпнұсқа -мәдениеттің тұтас негізі, тұрақтанған тамыры. Ол әлеуметтік-мәдени кеңістіктің түрлі деңгейінде қиылысқан, бір-біріне әрқалай ықпал еткен. Осыдан тіл эволюциясын тұтас кеңістік десек, осы кеңістікте тіл мен шаруашылық мәдениеті қалайша өзара қиылысып жатады, оған қандай ұстаным ұйытқы болды деген сауалдар алдымен мамандарды мазалайды. Түрік тіліндегі сөздің төлтумасы дегенде мал мен егін шаруашылығындағы, қол өнердегі материалдық құндылықтың әлеуметтік тәжірибенің алмасу нәтижесін және сол бағыттағы ақыл-парасаттың жетістігін алға тарту керек.
Шаруашылықта тіл практикасы қалыптасты. Кеңістіктегі көшіп қону тұрмыстың тұрақты және тұтас көріністері тілде бейнесін, белгісін және рәмізін тапты. Көне түріктерде жер өңдеу мәдениеті жетік қалыптасқан, оның өнімді технологиясы кеңірек қолданылған. Мұның өзі көне түрік тайпаларының өмір салты белсенді болғанын, тіл мәдениетінің жетік болғанын көрсетеді.
Онда тарихи, мәдени және тілдік үш деңгей-бір-бірімен ұласқан сайын түрік тілдес сөздің мазмұны ауқымдалынды, сөздіктің мән-мағынасына орай қолдану тәртібі деректелінді, біртіндеп төлтума жаңа тармаққа бөлінеді. Болмыс ортасына, тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық түріне орай дыбыс үйлесімі ықшамдалынды, сөз түбірі түрленді. Қарым-қатынас қажетінен сөздің лексикалық, этимологиялық дамуы өріс алған және осы заңдылықтарды өз бабымен қолдану тәсілдері орныққан. Бұл күрделі де ұзақ процесс туралы жалпы түсініктер аз болмады. Соңғы ғасырда ғана тіл табысу практикасына адамның танымдық қызметі шоғырлануда. Оның аяғы кеңіген сайын түпнұсқаға деген тар түсінік тарылуда.
Тіл практикасына дүниені қабылдау және ойластыру қалпы біртекті болмады. Тіл сындыру, тіл таныту, тіл дамыту — тіл практикасының мәдени өрістері. Оның үстіне күрделі сөздер қалыптасты, оның тәсіліне, талаптарына деген ережелер ойымызды иірді. Тілге түрткі болып отырған мәселе — сөз эволюциясы. Шаруашылық пен сөз эволюциясы тілдің түбірін сақтады, жұрнақтарын жетілдірді. Ол дегеніміз: а) сөздіктің функционалды қызметіне, құрылымдық элементтеріне, семантикалық мағынасына, сөзді қолданудың әлеуметтік-гуманитарлық деңгейіне ерекше назар аудару;
б) сөздің атаулы және заттық түбірін анықтау;
в) сөздегі етістіктің логикалық бір сарынға икемделіне бермейтін күрделі синкретикалық сипатына талдау жасау қажетіт арттырды.
Осыдан түркі тілдерінің қалыптасуы мен таралуын қарастыратын болсақ, онда көне этностардың тарихи, мәдени және тілдік өзгерістерінің бір-бірімен үйлесіп, кейде үйлесе бермейтінін аңғаруға болады. Көне түрік сөздерінің кейбір түпнұсқасы шумер, көне мысыр, латын, грек сөздерімен тамырлас деген О.Сүлейменовтың көзқарасы ақиқатқа жақын.
Мәселе осы өзгерістердің мәдениет негізі мен тіл түбірі ретінде ашық, бірде танырлық, бірде байқала қоймайтын түрде өзара астарласып, алмасып жатқанында. Тілдегі эволюция әрбір халықтағы салт-дәстүрдің психоэтнологиялық мазмұнын бұзбаудың, тіпті оны қалыптастырудың қажеттігі байқалады.
Әрбір термин мен диалектінің тарихын білу, сөздің синкретикалық табиғаты мен оның морфологиялық жүйесінің эволюциясын аша түсу қажеттілік. Не үшін? Алдымен әрбір сөздің мағынасын, стильдік-эстетикалық жүгін түсініп жұмсау үшін десек, онымыз сауаттыларға аян талап. Өйткені синонимді сөздердің әрқайсысын қосымша мағыналық реңкі бар екенін жоққа шығара алмасақ, онда тіл практикасындағы сөздің фонетикалық тұлғасын, дыбыс гармониясын, ассонанс құбылыстарын қалай түсіндіруге болады?
Олжас Сүлейменов былай жазады: «Сөздегі атау мен етістіктің қайсысының грамматикалық мағынасы алғаш калыптасты және басымдау болды немесе қосарланған тілде түбір мен суффикстің рөлін, олардың үндестігін айқындау керек. Тіл практикасының тарихында бұл бағытта әртүрлі сарындардың орын алғаны айғақ. Бірақ сөз түбірінде неге белгілі бір морфологиялық түр орнықты деген сұрақ мамандар үшін әлі де ашық мәселе» /31/.
Сүлейменовтың көзқарасының ерекшелігі — сөзге этимологиялық талдау жасай отырып, сөзді қалыптастырудың, сөз астарын анықтаудағы шығармашылық ереже мен тоқтам-түйінді саралап беруінде.
«Эффективность воссоздания пра-типа находятся в зависимости, прежде всего, от знания системы морфологических соответствий в живых и мертвых языках мира и лишь потом — фонетических… Полная этимология возможна только с восстановлением графического образного знака», т.е. с установлением ясной, родословной информации о первоисточнике. …Слова являются выражением морфологических систем (глагол + орудийный суффикс = имя существительное). В местном двуязычии часто встречается такое сочетание слов: тюркский корень и славянский суффикс. Это — особенность исторической ситуации времени; Систему лексических соответствий славянским словам древнейшего образования невозможно выстроить без учета данных тюркских словарей. Тюркское влияние на славянистику в фонетической зависимости слова от приставки. Качество звуков второго слова подчиняются качеству звуков начального; знание механизмов закономерных изменений тюркского слова в славянской речи: Закон Перестройки слога присущ всем языкам планеты и лежит в основе многих фонетических законов» /32/, — деп О.Сүлейменов жазады.
Шығармашылық ізденісте сөздің морфологиялық, функционалды, семантикалық түрлері мен астары қаралады, қалыптастырылады; термин мен диалектінің семантикалық даму ережесі, етістіктің — императивтің грамматикалық дамуы анықталынады; адамдық қарым-қатынастардағы ұмыт қалған бейнелік және белгілік деңгейін қабылдау дәстүрін жаңғыртады; дәстүрлік пен кешендік, нақтылық пен дәйектілік қағидаларын бір-бірімен үйлестіру арқылы, сол тапапты басшылыққа алады. Ізденіс сөз эволюциясын игерудің, иемденудің, иелік етудің өлшемдері мен өрісін ажарлайды.
Кітаптағы тіл мәдениет туралы тың ойлар аударманы төл жанрға айналдыруға ой тастайды. Республикамызда білім мен мәдениеттің дамуын жалпы адамзаттық деңгейге көтермелеу үшін немесе адамзат тарихындағы ірі рухани мұраларды ана тілінде оқып-білуге жол ашу үшін аударманың тигізер ықпалы өте маңызды.
Өйткені аударма рухани мұралармен тілдесудің, мәдени сұхбаттасудың кең таралған дәнекері /33/. Аударма — ұлттық тәуелсіздігіміз өрісінің, ұлттық тіл мәдениеті сапасының айғағы, ұлттық мәдениеттің әр салада халықаралық бағытта дамуының басыбайлы бір көрсеткіші, ғылыми байлығымызды дамытудың ең әсерлі жолдарының бірі. Аудармалық шығармашылықтың ұлттық мамандарды дайындаудың дәрежесін жетілдіруге тигізер ықпалы өз алдына. Қазақстандағы көп тілде сөйлесу және білім беру тәжірибесі елімізде жаңа ұлтаралық қарым-қатынастың қалыптасуына, оның мәдени құндылықтарын және жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын жандандыруға өтімді ықпал етері хақ.
Олжас Сүлейменов сияқты ана тілі жанкүйерлердің санатында түйінді мәселелер тамырлап қана қоймай, өз шешімін табуда. Одан сөз эволюциясын қабылдау, оны сөйлеу тәжірибесіне және білім беру аясына енгізу, содан тілдің рухани күш-қуатын толықтыру, ұрпақты тілдесу дәстүріне тәрбиелеу мүмкіндігі артпақ.
Жоғарыда көрсетілген қазақтың бір туар ұлы Олжас Сүлейменовтың шығармалары — сөзсіз тарихи дерек көзі болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Олжас Сүлейменов — Аллатағаланың Алашқа бере салған алтын айдарлы ұлы. «Жабағылы жас тайлақ, жардай атан болған жер, жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер, жарлысы мен байы тең, жары мен сайы тең; балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған (Қазтуған жырау) қайран қазақтың зұлымдық пен зобалаң атаулыға кеткен есесін қайтару үшін тәңірі осы Олжасты қарымтаға туа салған секілді!
XX ғасыр мен XXI ғасырдың өлі арасңнда иісі қазақтың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ауызына қарап отырған тұлғасының бірі осы — Олжас Сүлейменов! Тұлға дегеніміз — жаһан дүниеге жыланша ысқырып, қол астындағы бейкүнә елін билігімен арбаған қаһан Шыңғысхан, император Цезарь, фюрер Гитлер, генералиссимус Сталин де емес, француз Дидро, ағылшын Шекспир, американ Уитмен, неміс Гете, орыс Пушкин, қазақ Абай сынды, Қазтуған жырауша бейнелеп айтқанда: «Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі, қары ұрымы Сұлтандайын жүрісті, айдаса қойдың көсемі, сөйлесе — қызыл тілдің шешені, билер отты би соңы, буыршынның бұтар шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы, бұлт болып, Айды ашқан, мұнар болып Күнді ашқан» қасқалар болады!
Олжас — аңызға айналған тұлға.
Олжас Сүлейменов те қалың қазақ аманатын орындады. Ұлы Абай жерінде ядролық жарылысты тоқтатуға күш салып, дегеніне жетті. Соңынан АҚШ, Франция, Англия, Жапонияға сапар шекті, жақтастарын тауып, Жаңа Жер, Невада, Моруроадағы ядролық сынаққа мараторий жариялау мақсатында іске кірісті. Бұл істе Қарағанды кеншілері, Семей малшылары, Өскемен энергетиктері, Павлодар машина жасаушылары белсенділік танытты. Бұл қозғалысты түрлі мемлекеттердің бейбіт сүйгіш халықтары қолдап кетті. Халық мүддесі жолындағы О.Сүлейменовтың батыл ісін ұмытпауымыз керек.
Ол саяси бедел жинап, үлкен мансапқа қол созуға әуес емес. 1994 жылдың көктемінде Республика Жоғарғы Кеңесінің төрағалығынан бас тартуы соның кепілі. 1993 жылы «Қазақстанның халық конгресі» партиясы республика үкіметінің экономикалық реформа бағытына оппозицияға шықты. Жоғарғы Кеңестегі оның фракциясы әділ де батыл жұмыс істеді. Ол әрқашан «кім жеңілсе де, Қазақстан жеңілмесін» деген ұранды басшылыққа алды.
«Невада-Семей» халықаралық қозғалысы арқылы халқының сеніміне кірді. Үздіксіз күрес пен еңбектің арқасында полигон жабылды. Бұл ақ бас тарихтың еншісінде алтын әріптермен жазылып қалар ірі жеңіс еді.
Олжас Сүлейменов басқарған «Қазақстанның халық конгресі» партиясының кейбір экономикалық бағдарламасын республика үкіметі экономикалық реформада пайдаланды. Бұл да көрегендіктің белгісі.
Әлемдік өркениеттің бесігіне айналған Италиядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып Олжас Сүлейменов тағайындалып, екі елдің шынайы дәнекері болып жүрді. Дипломатиялық жұмыста табыссыз болмағанының көршісі шығар, Олжас ағамыздың бүгінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі.
«Саясатпен шұғылданған адам періште жанымен сайтандық іске араласқан кәсіпшіл тұлға. Саяси қайсарлық пен саяси надандықтың арасы тым алшақ. Ал, саяси мәдениеттілік пен саяси қажеттіліктің арасы шексіз», — деп О.Сүлейменов өз аксиомасын ұсынды. Саясатпен айналыса отырып, ақын өзінің шығармашылығынан қол үзген емес. Себебі Олжас Сүлейменовтың шығармалары — тарихи дерек көзі ретінде қазақ халқына қалдырылған мұра.
Сондықтан жазушы үшін ең үлкен бақыт — шын көркем шығарма жазу және туған халқына қызмет ету.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Сүлейменов О. «Таңба тілі»: бір томдық кіріспе; «Мың бір сөз»; үш томдық ғылыми еңбек. Сын: Төлеулиев Бектур. Теңдесі жоқ ғылыми еңбек: пікір. //Маңғыстау. — 2000. — 24 қараша. — 66.
- Сүлейменов О. Біздің мұратымыз тағы да сол: тауларды аласартпай, даланы асқақтау: (Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының біраз мүшелерінің Ашық хатына жауап) //Халық кеңесі. — 1994. -17 ақпан.
- Зікібаев Е. Ақын қайсарлығы: (Олжас Сүлейменов туралы толғаныс эссе). //Көкшетау. — 1996. — 21 мамыр — 23 мамыр.
- Отарбаев Ж. Жан азығы — жақсы жыр. (Жазушы О.Сүлейменовтің творчествосы туралы) //Лениншіл жас. — 1986. 17 мамыр.
- Құттықтаймыз! Қазақстан жазушылар одағы басқармасының секретариаты белгілі ақын О.Сүлейменовтың туғанына 50 жыл толуына байланысты құттықтауы //Қазақ әдебиеті. — 198-. – 16 мамыр. — 6-76.
- Қалиұлы Ж. Олжас тұтатқан ойлар: (Ақын О.Сүлейменовтің 60 жылдық мерейтойынан кейінгі ойлар) //Қазақ әдебиеті.- 1997. 8 сәуір №14.-12-136б.
- Кәрібаева Б. Сүйер ұлың болса…: Ақын Олжас Сүлейменов 60 жаста // Орталық Қазақстан. 1996. — 28 мамыр.
- Сүлейменов О. Мораторийді халық жариялады. Семей полигонынан Невада үлгі ала ма? («Известия» газетінен. №274) .// Семей таңы. — -9қазан.
- Сонда.
10.Сүлейменов О. Оқ дәрі қоймасының үстінде бостандық отын жақпайық… // Арқа ажары. — 1992. 20 тамыз.
11.Сонда.
12.Сонда.
ІЗ.Шойғара Ә. Олжас Сүлейменов қазақ халқына қарсы ма? // Арай. 1994.-№5-6.-4-56.
14.Н.Зікібаев Е. Ол жас па, Олжас па?: Олжас Сүлейменовтың 60 жасқа і; толуына орай толғаныс эссе // Ақиқат. — 1996. — №5. — 66-706.
15.Сүлейменов О. Сөз қадірін түсінген — оны босқа шашпайды: (Ақын, қоғам қайраткерлерімен сұхбат: әңг. Г.Дильдяев) // Азия. — 1993. — мамыр. — №18. — 6б.
16.Қоңыр Т. Сүйер ұлың болса… Ақын, қайраткер Олжас Сүлейменов 60 жаста // Сарыарқа самалы. — 1996. — 18 мамыр.
17.Садықов Ж. Қоғам қайраткері: (Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтың 60 жылдығына .орай жазушының поэзиясы туралы) // Арқа ажары. — 1996. — 18 мамыр.
18.Сүлейменов О. «Менің жылдарым — менің халқымның байлығы болсын» // Алматы ақшамы. — 1996. — 20 маусым.
19.Жағыпарұлы Ж. Олжас! (Халықтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері О.Сүлейменов 65 жаста) // Арқа ажары. — 2001. — 22мамыр. – 1б. 20.Төлепберген Б. Олжас қандай тағдыр іздеп жүр?: (Олжас Сүлейменов туралы) // Жас Алаш. — 2002. — 13 тамыз (№96). – 1б.
21.Сүлейменов О. Аз и Я Ізгі ниетті оқырман кітабы. (Ауд. С.Ақатаев). Алматы, Жазушы, 1992. — 299 б. /105/.
22.Сүлейменов О. Аз и Я Ізгі ниетті оқырман кітабы. (Ауд. С.Ақатаев). Алматы, Жазушы, 1992. — 299 6. /185/.
23.Сүлейменов О. Шовинизм мұзды мүхитын бұзған — «Аз и Я» / Әуезов Мұрат., Сүлейменов А., Момышұлы Б.., Симашко М., Мартынов Л., Толмачев Г., -Қодар Ә., Қосылбек Д. // Заман Қазақстан. — 1996. – 19 сәуір. (№14). -1-6 6.
24.Сонда.
25.Сонда.
26.Сүлейменов О. «Аз и Я»: (Кітапқа тағылған саяси және идеологиялық кіналарды теріс деген тұжырым жасалғандығы жөнінде автордың әңгімесі / Сұхбаттасқан Г.Дильдяев. Правда, 12 қазан, 1989. // Қазақ әдебиеті. — 1989. — 20 қазан. – 3б.
27.Сүлейменов О. Сүргін көрген кітапқа соңғы сөз: («Аз и Я» кітабы жайында) әңгімелескен А.Пелехацкий // Қазақ әдебиеті. — 1990. – 27 шілде. — 4-5б.
28.Аз и Я / Тәркімалаған: С.Ақатай // Жалын. — 1991. — №1. — 31-40б. 29.Молдабеков Ж. Мәдениеттер қиылысатын кеңістіктер: (О.Сүлейменовтың «Пересекающиеся параллели» атты жаңа кітабы туралы) // Қазақстан заман. — 2002. 19 шілде. (№29). – 4б.
30.Тұрсынов К. Өршіл өмір иесі: (Қазақстанның халық жазушысы О.Сүлейменовтың 60-жылдығына орай жазушының поэзиясы туралы) // Арқа ажары. — 1996. 18 мамыр.
31.Сүлейменов О. Енді не істеуіміз керек: (ҚХК партиясының 1999 жьтлдың 14 тамызында өткен съезінде сөйлеген сөзінен) // Дидар. — 1999. 14 қыркүйек. – 3б.
32.Сүлейменов О. «Мың бір сөз»: кітабынан тараулар // Жұлдыз. — 1997. №7.-3-186.
33.Сүлейменов О. Көшпелілер және мәдениет // Парасат. — 1996. №5. — 2-4б.