Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3
- САПА- БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
- «Сапа» категориясының түсінігі мен мазмұны…………………………………..6
- Өнім сапасының көрсеткіштері мен бағалау әдістері…………………………………………………………………………………………..10
- Сапаны басқару әдістері………………………………………………………………….25
- ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА
- Сапаны басқару бойынша халықаралық стандарттар жүйесінің құрамы мен құрылымы……………………………………………………………………………………..32
- Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында
сапа жүйесін енгізу……………………………………………………………………………….40
- ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖШС «ЖАҢАӨЗЕН СҮТ ЗАУЫТЫ» МЫСАЛЫНДА
- Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және өнім сапасын талдау……………………………………………………………………………………………..50
- Кәсіпорында өнім сапасын басқарудың жетілдіру жолдары……………..55
Қорытынды………………………………………………………………………………………………61
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….64
Қосымшалар……………………………………………………………………………………………..66
Кіріспе
Елдің ашық нарық экономикасына өту кезінде ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес нағыз бәсекеге қабілетті тауарларды жасау мен өндіруді талап етеді. Себебі фирмалардың табысқа жетуі фирма өндіретін тауардың бәсекеге қабілеттігіне тәуелді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтқандай, біз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз керек деген./1,1б/. Қазіргі жағдайда коммерциялық фирма өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шешуші факторларының бірі – сапаны көтеруге бағдарлау болып табылады. Тек қана тауардың (қызметтің) жоғарғы деңгейлі сапалы түрі ғана нарыққа шығарылады және өнімнің сапасын басқаруға, қамтамасыздандыру сауалдарына көп зейін аударатын фирмалар мен мекемелер ғана тіршілік етуге және табыс алуға мүмкіндігі бар.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, осыған жету тек парасатты басқару процесінің негізінде мүмкін. Сондықтан, бәсекелестік күрестің әліппесін танып жатқан отандық кәсіпорындар үшін сапаны тиімді басқару мәселесі көкейтесті мәселеге айналуда.
Нарықтың дамуы мен оның тауарларға деген талаптардың өсуі, ондағы сатып алушылар рөлінің күшеюі, ғылыми-техникалық себептер шарттарының рөлінің өсуі – осының бәрі кәсіпорындардың сапа мен бәсекеге қабілеттілігін, сапаны басқару механизімінің мәселесін шешу әдістері мен түрлерін жетілдіруді талап етеді.
Бұл жерде, өндірушілермен ішкі және сыртқы нарықта тауарға деген өзгеріп тұратын талаптарды жедел сезінуді, болашақта жаппай сапаны қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін стандарттау және сертификаттаудың әмбебап жүйесіне өту, сапаны басқаруда ұйымдастырушылық-экономикалық шараларынан күштірек шараларға қарай сапа бақылауда әкімшілік тұтқаның жылжуын, өндірушілермен нарық факторын толық ескеруді талап ететін сапа мәселесіндегі жаңа әдістемелердің қажеттілігі жөнінде сөз қозғайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты сертификаттаудың теориялық базасын, оның даму үрдісін, оның әдістері мен ұстанымдарын қолдануын, сол сияқты сапаны басқарудың механизмдерін зерттеу негізінде ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру және жету старатегиясының теориялық-әдістемелік негіздемесін беру және оны жүзеге асырудың ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі мәселелерді шешуге талаптанылды:
— қазіргі жағдайда өнімнің сапасын басқарудың жаңа тәсілнамаларының ұстанымдары мен ерекшеліктерін зерттеу;
— сертификаттаудың дамуы мен оның мүмкіндіктерінің ұстанымдарының және әдістемелік тәсілнамаларының ерекшеліктерін ашу;
- нарықтық өзгерістер жылдарда ұлттық сертификаттау жүйесінің ахуалын және дамуын зерттеу;
- сертификаттаудың даму стратегиясының тұжырымдамалық қағидаларын әзірлеу;
- өнімнің сапасын басқарудың ұлттық үлгісін жасау;
Қазіргі заманғы Қазақстандық экономиканың ерекшеліктері өнімді шығару көлемін төмендетуде ғана емес, басқа дамыған елдерге қарағанда, технология деңгейі мен құрал-жабдықтардың төменгі дәрежеде болуы. Егер шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетті және тұтынушыдан сұранысы болғанда жағдайда ғана, жаңа технологияларды құру, өндірісті қайта жабдықтауға инвестицияларды шақыру арқылы іске асуы мүмкін. Мұндай жағдайда мекеме-өндірушінің міндеті жоғары сапалы бұйымдардың өндірісін әзірлеу мен оны меңгеру болып келеді.
Өнім сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөлді кәсіпорындардың маркетологиялық қызметтері атқарады. Тұтынушыларға өнімді өткізудің негізгі шарты сапа болып табылады. Маркетинг қызметтері тұтынушылармен қарым-қатынаста кәсіпорынның мүдделерін қорғайды. Олар өнім және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша түрлі бағдарламаларды жасауда белсенді қатысуы тиіс. Содықтанда, сапаны басқару маркетингтен басталып, маркетингпен аяқталады.
Қазіргі заман маркетологы өнім сапасының маңызды құраушы, негізгі қағидалары мен сапаны тиімді басқару туралы білімдерімен таныс болуы қажет.
Қазіргі заманда сапаны басқару менеджменттің маңызды құрылымдық бөлшегінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан да білікті менеджерді дайындауда оның сапаны басқарудың негізгі әдістемелерімен, ұйымдастырушылық құралдар мен сапаны басқару жүйесін жетілдіру тәсілдерімен зерттеп білуін талап етеді.
Дамыған өндірістік елдердің үлгілеріне қарағанда, сапа мәселелерін шешу жалпыға ортақ сипатта болу қажет және оның салдары ретінде барлық қоғам қабаттарының – тауарды тұтынушыдан әртүрлі деңгейдегі басшыларға дейін оқыту мен дайындауды талап етеді. Әсіресе, дамыған елдерде сапаны басқарушы мамандар даярлауда көп зейін аударылады, себебі, бүкіл әлем бойынша сапаны басқарушы мамандарына сұраныс бірден тез өсуде. Мысалы, АҚШ мен Еуропада сапа бойынша менеджерлерді дайындау мәселесі екі бағытқа бөлінеді:
— екінші жоғарғы білімді (сапаны басқару бойынша) алу есебінен сапаны басқару мамандарын даярлау;
— қызметтер мен өнімдер сапасын қамтамасыз ететін барлық дәрежедегі қызметкерлерді үздіксіз оқыту жүйесін жасау.
Еліміздің мекемелерінің халықаралық нарыққа өнімдерді шығару жолындағы кедергі – ол сапаны басқару мамандарының тіптен жоқтығы. Осы уақытта Еуропада мұндай мамандарды даярлау сапа бойынша Еуропалық ұйымның Бас Ассамблеясының меморандумына (1993ж) сәйкес және сапа бойынша қызметкерлердің үш біліктілік деңгейде жүргізілу үстінде:
— сапа бойынша бас маман;
— сапа жүйесі бойынша менеджер;
- сапа бойынша аудитор.
Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта сапаны басқару облысының үздіксіз оқытуының бөлек элементтері ғана жұмыс істеуде.
Бұл дипломдық жұмыста өнім сапасын басқару жайлы негізгі түсінік аппаратының теориясы мен тәжірбиесі, осы процесті жүзеге асыру механизмі қарастырылған.
«Өнім сапасын басқару» бітіру жұмысы үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде «сапа» категориясының мазмұны мен мағынасымен таныс болуына, сол сияқты өнім сапасының негізгі көрсеткіштері мен бағалау әдістері және сапаны басқарудың әдістері жайлы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Екінші бөлімде өнім сапасын басқару Қазақстан Республикасы бойынша қарастырылады. Онда сапаны басқару бойынша халықаралық стандарттардың құрылымы мен құрамы, оларды отандық кәсіпорындарға енгізу жүйесі.
Үшінші бөлім өнім сапасын басқаруды тәжірибе жүзінде қолдану, яғни ЖШС «Жаңаөзен сүт зауыты» мысалында қарастырылады. Яғни бұл жерде осы кәсіпорынның жалпы жағдайы және өнім сапасының талдануы, кәсіпорында сапаны басқару жүйесін жетілдіру жолдары жайлы ақпараттармен қамтылған.
- САПА— БАСҚАРУ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
- «Сапа» категориясының түсінігі мен мазмұны
Тауар сапасы — әлемдік экономиканың ең үлкен категориясы, өсіп келе жатқан экологиялық дағдарыстағы оның келешектегі дамуының маңызды проблемасы. Өндіру кезіндегі оның жетілуі мен қамтамасыз етілуі баяғыдан бері адамзатты қызықтыруда.
Жер шарының көптеген аймақтарында оның дамуы табиғат пен адамның арқасында және оларға кейде кесірін тигізіп те жүзеге асу кезінде, қазіргі жаппай өндіріс заманында ерекше көкейтесті сипатына ие болды.
Сондықтан ХХ ғасырдың ортасынан бастап көптеген дамыған елдерде сапаны жоғарылату мәселесі жалпыұлттық ретінде қарастырылуда. Қазіргі заманда өнімнің бәсекеге қабілеттілігі негізгі фактор ретінде сапаны жоғарылатуға бағдарлау дүниежүзіндегі ірі фирмалардың ұзақмерзімді стратегиясы болып табылады.Сапаны басқару жөніндегі белгілі американдық маман Дж.Харингтон өзінің әйгілі «Американдық корпорацияларда сапаны басқару» кітабында «өнім сапасы — 80-ші және 90-шы жылдардың әлемдік нарығында негізгі күрес алаңы және осы күресте ұтылыстың құны – экономикалық апат» деп көрсеткен.
Сапалы өнімді шығару тұтынушы, әрі өндірушіге де экономикалық пайда әкеледі. Тұтынушы үшін пайдалы әсер өседі, яғни жоғары сапалы өнімді тұтыну және пайдалану кезіндегі шығындар азаяды деген сөз. Өндіруші үшін шығындар өскен жағдайда да өнім сапасын жоғарылатуы өткізудің кеңейіп және сату көлемінің көбеюі арқасында кіріс пен пайда арта түседі.
СӨ ↓ Кіріс — өзіндік құн = пайда , онда пайда ↓ (1)
СӨ ↑ Кіріс — өзіндік құн = пайда , онда пайда ↑ (2)
(2) Жағдайда көрініп тұрғандай, сапалы өнім (СӨ) шығарғанда, кіріс пен пайда артады.
Және, керісінше, өнімнің сапасы төмен болған жағдайда өндіруші үшін тұтынушының қанағаттанбағандығына байланысты болашақта өткізу көлемдері азайып, тікелей шығындарға, сондай-ақ ақаулықтарды түзетуге жұмсалатын шығындардың көбеюіне әкеледі. Ақырында, төмен сапалы өнімді шығару нәтижесінде бүкіл қоғам ұтылады.
Соңғы онжылдықтарда сапаны қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аудартуда. Бұл келесі жағдайлармен анықталады.
Біріншіден, соңғы жылдары әлемдік нарықта, ең алдымен, американдық және жапондық өндірушілер арасында, бәсекелестік күрестің қатаң болуы. Зерттеулердің көрсеткіштері бойынша, егер бұйымның сапасы әлемдік деңгейден 50% төмен болса, тәжірбиеде осы өнімді өткізу мүмкін емес.
Екіншіден, ғылыми-техникалық үдеудің дамуымен байланысты, себебі ол, бір жағынан, сапаның өсуін қамтамасыз етуіне мүмкіндік берсе, екінші жағынан – шығындар мен оған қойылатын талаптарды жоғарылатады (жетілдірілген техника білікті еңбекті де қолдануды қажет етеді).
Үшіншіден, дамыған елдерде өндірістің қоғамдық-экономикалық жағдайының өзгеруімен байланысты, дәлірек айтсақ, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жаппай өндірістен, бір ғана қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған тауарды саралап таңдауға мүмкіндіктерді туғызуы. Өндірістің күрделенуі жүзеге асып, мамандандыру тереңдетіліп, шағын мөлшерді өндірістердің бөлігі артып, сапаның көрсеткіштері «даралана» түседі, яғни әрбір бұйым талғамдары мен қаржы мүмкіндіктері ескерілген әртүрлі тұтынушылар үшін әртүрлі сапа көрсеткіштері бар түрлі нұсқаларға ие. Мысалы, «Филипс» корпорациясы теледидардың негізгі 25 үлгілерінің негізінде оның 500-ге жуық модификациясын шығарады.
Төртіншіден, тұтынушы және оның мәдениетінің өзгеруімен байланысты. Соңғы екі-үш онжылдықта өнім сапасына қойылатын талаптар маңызды өзгерістерге ұшырады. Инфляция кезінде тұтынушының жарнамаларға шалдыққыштығы азайып, сапаның сенімділік, жөндеуге жарамдылығы, энергияны үнемдеу, пайдаланудағы ыңғайлық пен қауіпсіздік, пайдаланудағы шығындардың жалпы дәрежесі сияқты көрсеткіштерге назар аударады.
Дамыған елдердің сапаны қамтамасыз етуге жұмсайтын шығындар өспелі ВНП бөлімін құрайды, өндіруші-фирма үшін сату көлемі құнының 10 және одан да астам пайызды құрайды. Тұтынушы да пайдаланудағы шығындардың өсуіне қатысты көп шығындалады, ал ол шығындар, кейде, бұйымның сатып алар кездегі бастапқы құнынан да асады. Көптеген компаниялар «толық шығындардың» есебінде құралған нарықтық стратегияларын құра бастады, яғни бұйымның өмірлік циклы бойында жобалау мен өндіру шығындарынан басқа тұтыну шығындары да кіретін шығындары. Сапаны кешенді басқару теориясының негізін қалаушы А.Фейгенбаум бір фирманың мысалында осындай стратегияның ұтымдылығын көрсетеді. Ертерек шығарылған бұйымдарға қарағанда модернизацияланған бұйымның сату бағасы өскенде және сонымен қатар сенімділікті көтеру мен пайдаланым шығындарын және, ең алдымен, еңбекке бұйымды жарамды қалыпта ұстауға кеткен шығындарды сапаны қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасын енгізу арқасында, зерттеліп жатқан фирманың сату көлемі 4 есе көбейді.
Бесіншіден, экологиялық мәселелердің асқынуы. Осыған сәйкес, қоғамның экологиялық таза, яғни сапалы өнім шығару талаптары өседі.
Бұл мәселе өндірістің және еңбек өнімділігі өсу темптері төмендеуі, құнсыздану, энергетикалық және экологиялық дағдарыс, жергілікті нарықта шетел өндірушілер жағынан бәсекелестіктің қатаңдауы жағдайында, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарына өскен талаптарға байланысты отандық кәсіпорындар үшін маңызды, көкейтесті болады.
Сапа мәселесі тәжірбиелік қана емес, теориялық та болып табылады. Сондықтан, сапаны басқарудың маңызын анықтаудан гөрі, «сапа» деген түсініктің өзін ашып алған жөн.
Стандарт ретінде Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның 1986 жылғы берген анықтамасы қабылданған. Кейінірек, 1994 жылы «сапа» түсінігі дәлірек анықталған. Осыған сәйкес, сапа – белгіленген немесе жорамалдағы қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттеріне қатысты нысан сипатының жиынтығы. Егер өнім сапасы жайлы айтатын болсақ, онда өнім жарамдылығына себепкер арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттеріне қатысты өнім қасиеттерінің жиынтығы деп түсінеміз. /2, 8 б/.
Сапа- фирма мәртебесі, пайданың өсуі, фирманың гүлденуі және сапаны басқару жөніндегі іс- шаралар басшыдан бастап нақты орындаушыға дейін барлық қызметкерлер үшін альфа мен амегаға айналады.
Өнім сапасы- кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші. Өнім сапасының жоғарылауы көптеген жағдайда нарық жағдайындағы кәсіпорынның өмір сүруге бейімділігі, ғылыми- техникалық прогресс қарқыны, өндіріс тиімділігінің өсуі, кәсіпорын қолданатын ресурстардың барлық түрін үнемдеуді білдіреді.
Өнім сапасының жоғарылауы- әлемнің барлық озық фирмалары қызметіне тән сипаты. Ол американдық, еуропалық, азиялық кәсіпорындар болсын бүкіл әлемді қамтыды. Және өндірілген өнім сапасы фирмалар арасындағы негізгі бәсекелестік болып табылады.
Сонымен, экономикалық тұрғыдан, өнім сапасы – бұл өнімнің тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруына жарайтын өнім қасиеттерінің жиынтығы деп білеміз (ГОСТ 15467-79). Егер өнеркәсіп іс-шараларының басты мақсаты пайда табу болса, бұл мақсатқа жетудегі сапа рөлі басты болып келеді. Сапа жүйесі – бұл, ең алдымен, тұтынушының талаптарына сәйкес өнімді тұтынушыға жеткізіп тұруды қамтамасыз ететін өнеркәсіптің жұмысын ұйымдастыру тәсілі болып табылады./ 3 ,155 б/.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе өнім сапасы күрделі түсінік екені анық. Ол басқалардан «еңбек сапасы» түсінігімен тығыз байланысты, себебі соңғы аталған, өнім сапасының басты себебі болып табылады.
Еңбек сапасы дегенде күрделілік, қиындылық пен еңбектің қоғамдық маңыздылығы сияқты өлшемдерін түсінеді. Жұмысшының біліктілігі жоғары болған сайын, еңбек сапасы жоғары болады. Бұл потенциалды мінездеме, жұмысты сапалы істеудің басты шарттарының бірі. Орындаушы сапалы және әсерлі жұмыс істеу үшін , ол бір жағынан, тапсырманы уақытында бітіруге қабілетті болу керек, ал екінші жағынан — тапсырманы максималды әсерлі және жоғары сапада орындауға ұмтылу керек. Бұл ұшін ол оның еңбегі дұрыс бағаланып ынталандыратынын сезіну керек.
Сапаны басқару саласындағы әйгілі жапон маманы К.Исикава сапа мәселесін кадрлар, оларды дайындау, ынталандыру еңбекке қатынасы мәселесінен бөлінбейтінін атап кеткен. Сапаны басқару оқытудан басталып, оқытумен аяқталады.
Жалпы айтқанда, «сапа» термині де белгілі өзгерістерге ұшырады. Оның өзгеруіне жоғарыда айтылып кеткен өндіріс және пайдалану құрылымындағы сапалы өзгерістер әсер етті.
Осы кезде сапа — өндірушінің ойындағы емес, тұтынушыға қажетті нәрсе.Тұтынушының алдында «сапа» түсінігі көбінесе «құндылық» категориясымен ассоциацияланады. Сатып алу кезінде таңдау жасаған ол: «Жұмсалған ақша үшін құндылыққа ие болу» қағидасын ұстанады. Егер бұйымның құны көтерілгенде соған сәйкес өнімнің сапасы мен беріктігі артпаса, оның құндылығы азаяды. Осыдан, фирмалар арасында функционал сипаттары мен сапасы сәйкестендірудің нарықтық стратегиясы, яғни өнімнің экономикалық құндылығы, оның бағасы, кеңінен таралды.
Жоғарыда айтып кеткендей, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның «сапа» категориясмен байланысты. Мұны бәсекеге қабілетті деген анықтаманың өзінен көруге болады. Тауардың нарық жағдайларына толық сәйкестігін анықтайтын, өндіруші мен тұтынушының мүдделері сақталатын, тұтынушы талаптары мен тауар сипаттамасының, қасиеттердің мұндай сәйкестігі бәсекеге қабілеттілік деп аталады.Мысалы, А.Н.Романов рынокта сәттілігін құрайтын тауардың пайдаланымдық әрі бағалық сипаттарының (соның ішінде бағасы, шығындар, пайда және т.б.) кешенін түсінеді, яғни бәсекеге түскен ұқсас тауарлардың кең ұсыныс жағдайындағы нақты тауардың басқа тауарларға қарағанда артықшылығы. Сонымен бірге, өнім сапасы сияқты, бәсекеге қабілеттілік тұтынушыға мақсатты қызығушық тудыратын оның қасиеттерімен анықталады (яғни осы қажеттілікті қанағаттандыратынына кепілдік береді).
Жоғарыда айтқанды қорытындылай келе, сапа тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторы ретінде оның өзегін құрайды. Жоғары сапалы тауар – бұл бәсекеге қабілетті немесе бәсекеге жоғары қабілетті тауар сияқты, төмен сапалы тауар бәсекеге төмен қабілетті болып келеді. Тәжірбиеде осығын қатысты ерекшеліктер тек жалпы қағидаларды растайды.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілік – тауардың нарық сұраныстарына,тұтынушынының нақты талаптарына өзінің сапалық (техникалық, экономикалық, эстетикалық және т.б.) әрі оны өткізудегі коммерциялық және тағы басқа себептері (бағасы, жеткізу мерзімідері, өткізу каналдары, сервис, жарнама) мен тұтынымдағы пайдаланым сипаттары бойынша сәйкес келуді анықтайтын жан-жақты түсінік.
Сонымен қатар, сапа мен бәсекеге қабілеттілік арасындағы принципиалды ерекшелігі – сапа тек нарықтық экономикаға ғана тән категория емес. Ал тауардың бәсекеге қабілеттілігі – нарықтың негізгі сипатын – бәсекелестікті ашатын нарықтық категория. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бәсекелстердің тауарларын салыстырғанда ғана анықтауға болады. Бұл нақты нарық пен сату уақытына қатысты түсінік. Және әрбір сатыпалушының өзіндік қажеттіліктерді қанағаттандыру тұрғысынан өзіндік тауарды бағалаудың критерийі болғандықтан, бәсекеге қабілеттілік өзіндік бояуға, динамикалық және өзгермелі қасиетерге ие болады. Тауардың сапалық қасиеттері өзгермей оның бәсекеге қабілеттілігі кеңінен таралып, конъюктураның өзгеруіне, бәсекелес-өндірушілердің іс-әрекеттері мен бәсекелес тауарларға, бағаның өзгеруіне, жарнаманың әсері мен осы тауарға әсер ететін басқа да факторларды елейді.
Осы категориялардың жоғарыда аталған ерекшеліктеріне қарамастан, тауардың бәсекеге қабілеттілік мәселесі тауарды сәйкес сапамен қамтамасыз етпей сәтті шешілмейді. Бұл – кешенді мәселе. Дамыған нарық жағдайында сапа мәселесі мен тауардың бәсекеге қабілеттілігі мәселесін әсерлі шешу құралы ретінде маркетинг болады, оған келгенде, оның мүмкіндіктерін кеңейтіп не азайтып тұратын сапа мен бәсекеге қабілеттілігінің қайта әсерін сезінеді. Өнімнің жоғары сапа мен бәсекеге қабілеттілігі маркетингтің бүкіл жүйесі – конструкторлау, тәжірбиелі және сериялық өндіруден бастап өткізу және пайдаланымдағы бұйымдарға қызмет көрсету, сол сияқты сапаны басқару және бақылаудағы басқа да құралдар мен әдістер, тасымалдау және сақтау тәсілдері, орнату (монтаж) және сатылғаннан кейінгі қызмет көрсетуімен қамтамасыз етіледі.
Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар. Сапаға әсер ететін көптеген негізгі факторлардың арасынан техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық, қоғамдық және мәдени факторларын бөлек қарастыруға болады.
Біріншіге дайындалып жатқан өнімнің түрі мен оның өндірісінің сериясын, техникалық іс-құжаттарының қалпы? Технологиялық қондырғылардың сапасы, жабдықтар, құралдар, сынау қондырғысының жағдайы,өлшеу және бақылау құралдарының сапасы, бастапқы материалдардың, шикізат, жинақтау бұйымдарының сапасын жатқызуға болады.
Ұйымдастырушылық факторларға материалдармен, шикізатпен қамтамасыз етілуі, қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, жұмыстың ырғақтығы мен жоспарлылығы, жеткізіп берушілермен жұмыстың ұйымдастырылуы, ақпараттың жеткізудің ұйымдастырылуы, еңбектің (жұмыстың ) ғылыми ұйымдастырылуы, өндіріс мәдениеті және т.б. жатады.
Экономикалық факторлар – бұл нарықтағы бәсекелестік, жалақының түрі мен көлемі, жоғары сапалы өнім мен еңбек үшін сылық берумен ынталандыру, жіберген ақаулықтар үшін айлықтан ұстап қалу, өнім сапасы, шығындар мен баға арасындағы ара-қатынасы, тиімділік және т.б. жатады.
Қоғамдық факторларға тәрбиелік жұмыстардың жағдайы, кадрларды таңдау, орын ауыстыру, тағайындау, оқуды ұйымдастыру және біліктілікті жоғарылату, ұжымдағы ахуал, жұмысшының тұрмыстық жағдайы, еңбек пен демалыстың ұйымдастырылуы және т.б./2, 13 б/.
1.2 Өнім сапасының көрсеткіштері және бағалау әдістері
Өнімнің сапа деңгейі онық салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде қалыптасады.Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет. /4, 77б/.
Сапаға қойылатын қазіргі заман талаптары. Егерде өнім арнайы талаптарға сәйкес келсе өнімді сапалы дейді.
Талаптар дегенде тауардың белгіленуі бойынша белгілі бір уақыт кезеңінде пайдалануға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету үшін, тауар сәйкес болуы тиісті ерекшеліктерді түсінеміз.
Тауарға қойылатын талаптар: ағымдағы және перспективті (болашақ), жалпы және арнайы болуы мүмкін.
Ағымдағы талаптар сатылымдағы өндірісі сериялы тауарларға қойылады және жасалады. Елдің экономикасының белгілі бір даму кезеңіндегі өндірістің техникалық әрі экономикалық мүмкіндіктері және тұтынушылардың сұраныстары ескеріліп жасалады. Бұл талаптар, әдеттегідей, мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттармен регламенттеледі.
Болашақ талаптары тауардың сапа көрсеткіштерінің дәрежесі кеңірек кешенін біріктіреді. Олар үшін ағымдағы талаптар негізін құрайды. Тауарға деген болашақ талаптарды жасау тұтынушылардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырылуы, өндіріс процестердің жетілуі, шикізаттың жаңа түрлерінің пайда болуы және т.б. факторларына тәуелді. Олар уақыт өте келе ағымдағы талаптар тобына өтіп, ГОСТ және техникалық шарттарда регламенттеледі.
Жалпы талаптар не жалғыз, не басым тауарлардың көпшілігіне бірдей дәрежеде қойылады. Оларға: тауардың өзінің белгіленуіне толық сәйкес келу және негізгі функцияларын (қызметтерін) атқару дәрежесі, пайдаланудың ыңғайлылығы, адам үшін қауіпсіз және ағзаның дұрыс, қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету, белгіленген мерзім ішінде пайдаланымдағы беріктілік пен сенімділік, жөндеуге келетін және жөндеу оңайлығы, эстетикалық, эргономикалық және басқа да талаптар.
Барлық осы талаптар пайдаланымның қай қырын сипаттайтынына байланысты өнім сапасының көрсеткіштерін қарастыруға болады. /2,19 б/.
1- кесте. ГОСТ 22851-77 және РД 50-149-79 стандарттары негізінде жасалған өнімнің сапалық көрсеткіштерінің жіктелуі
қатар саны |
Жіктелу белгілері |
Өнімнің сапалық көрсеткіштерінің жіктелуі |
1 |
Сипатталатын қасиеттері бойынша |
Бағытталу көрсеткіштері. Ресурстарды (ресурстарды қорлау) экономды қолдану көрсеткіштері. Сенімділік көрсеткіштері. Эргономдылық көрсеткіштері. Эстетикалық көрсеткіштері. Технологиялылығының көрсеткіштері. Көлікпен тасымалдаушылығының көрсеткіштері. Стандарттау мен унификациялау көрсеткіштері. Патенттік-құқықтық көрсеткіштері. Экологиялық көрсеткіштері. Қауіпсіздік көрсеткіштері. Экономикалық көрсеткіштері. |
2 |
Көрсетілу әдісі бойынша |
Табиғи бірліктерде бейнеленген көрсеткіштері. Жалпылау бірліктерінде бейнеленген көрсеткіштері. |
3 |
Қасиеттердің сипатталатын мөлшері бойынша |
Бірліктік көрсеткіштері. Кешенді көрсеткіштері (топтық, қорытылған, ықпалдастырылған). |
4 |
Бағалау үшін қолданылуы бойынша |
Абсолютті, салыстырмалы және базалық мәнді көрсеткіштері. |
5 |
Көрсеткіштердің мәндерінің анықтау сатылары бойынша |
Болжамдық, жобалық, өндірістік, пайдаланушылық көрсеткіштері. |
6 |
Қасиеттердің өлшемі бойынша |
Функционалды, үлестік, баллдық, келтірілген көрсеткіштері. |
7 |
Сапаны бағалаудағы мәні бойынша |
Негізгі және қосымша көрсеткіштері. |
8 |
Көрсеткіштердің құрылу сипаты бойынша |
Көрсеткіштердің регламенттік мәні. Көрсеткіштердің атаулы мәні. Көрсеткіштердің оңтайлы мәні. |
Осы 1-кестеде келтірілген және өнімнің сапасының көрсеткіштерінің жіктелуінің қысқа түсініктемелері жіктелудің сегіз белгісі бойынша қарастырылған көрсеткіштердің мазмұны мен құрамы жайлы мейлінше толық түсініктеме беріледі. Олар төмендегідей:
1.Өнімнің тағайындалу көрсеткіштері. Осы топтың көрсеткіштері тұтынушылар мен өндірушілерде алғашқы қатарлы қызығушылық тудырады, себебі әсіресе олар «өнімнің тағайындалуына сәйкестігінде белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруда өнімнің жарамдылығын көрсетеді». Тіптен осы көрсеткіштердің құрамы бұйымның тағайындалуы мен сипаты жайлы мейлінше түсінік алуға көмектеседі. Мысалы, егер бұйымға двигательқуаты, салон сыйымдылығы, қозғалыс жылдамдығы мен оны теру уақыты болса, әрине, ол жеңіл автокөлік жайлы әңгіме болуда, егер жұмыс режимі, жылдамдығы, естің сипаты мен сыйымдылығы, принтердің іс-әрекет қағидалары болса, әрине, компьютер жайлы екендігін байқауға болады. Мұндай мысалдарды шексіз жалғастыруға болады, бірақ олардың барлығы осы айтылған жағдайларды растайды.
Тағайындалу көрсеткіштері тобына мына келесі топшалар жатады.
— белгілі жіктелу тобына жататын өнімдерді сипаттайтын көрсеткіштер (мысалы, двигатель қуаты, экскаватордың салыным ыдысының сыйымдылығы, компьютердің процессорларының жылдамдығы өлшегіш құралдың дәлдігі, болаттағы көміртегінің мөлшері және тағы басқалары);
- пайдаланушылықтың пайдалы әсерін немесе өнімді тұтыну мен өнімге шешімдері прогрессивті ендіруді сипаттайтын функционалдылығы және әсерлілігінің көрсеткіштері (мысалы, машинаның қолдануының өнімділігі, транспорттық құралдың жүкті көтеруі, жарықтандырушы құралдың айқындығы, тағамдық өнімдердің калориялылығы және тағы басқалары)
- негізгі жобалық – құрастырмалық шешімдерді, монтаждың ыңғайлығы, өнім құрылғылары, оны агрегаттау мен өзара алмастыра алушылық мүмкіндігін сипаттайтын құрастырма көрсеткіштер (мысалы, бұйымның құрамының жиынтықтық сызбанұсқасы және тағы басқалары)
- өнімдегі химиялық элементтердің мөлшері немесе құрылымдық топтардың мөлшерін сипаттайтын құрылымдық және құрамдық көрсеткіштер(мысалы, бір заттағы бір заттың пайыздық мөлшері, ерітінділердегі қоспалардың концентрациясы, тағамдық өнімдердің құрылымдық құрамы және тағы басқалары)
Тағайындалу көрсеткіштері өнімді әзірлеуде, пайдаланушылының техникалық жағдайлардан, бұйымның құжатында техникалық міндетінде есепке алынады. Әрбір өнімнің класы, түрі мен типінің тағайындалу көрсеткіштерінің құрамы спецификалы, ол жоғарыда келтірілген мысалдарға сәйкес болады. Мұнда бәрібір де тағайындалу көрсеткіштерінің жинақтық сипаттамаларымен бұйымның типтік топтарын ажыратып көрсетуге болады.
Ең алдымен тағайындалу көрсеткіштері өндірілетін өнімнің нормативті құжаттарына сүйемелдеу, жарнама обьектісі мен алдыңғы қатарлы стандарттау болып келеді. Бұл көрсеткіштер сипатталатын қасиеттердің (сенімділігі, эргономикалылығы, эстетикалылығы, стандарттығы, және унификациялылығы, экономикалылығы, және тағы басқалары) басқа да топтар көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Ал тұтынушы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістері мен нұсқаларын негіздеу шешімін шеше алады.
2.Өнімнің сенімділік көрсеткіштері.Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын анықтауда сенімділік көрсеткіштері маңызды рөл ойнайды, себебі ең жетілдірілген бұйымның өзі тағайындалу көрсеткіштері бойынша белгіленген қызметтерді қажетті сенімділік деңгейімен жабдықталуын баса атқара алмайды. [8] – ге сай «сенімділік – техникалық қызмет көрсету, жөндеу, қолдану шарттары, сақтау мен көлікте тасымалдаудың белгіленген режимдерінде талап етілетін қызметтерді орындау қабілеттерін сипаттайтын барлық өлшемдердің белгіленген мән шектерінің уақытында сақтап отыратын обьектінің қасиеті». Сенімділік обьектінің тағайындалуы мен оны қолдану шарттарына тәуелді күрделі қасиет. Ол мына қасиеттердің: бас тартпаушылық, ұзақ мерзімді, жөндеуге жарамдылығы мен сақталу ұзақтығы сияқты қиылысуынан тұрады.
Нақты обьектілер мен оларды пайдаланушылық шарттары үшін бұл қасиеттер әртүрлі қатынастың мәнге ие. Мысалы, жөндеуге келмейтін обьектілердің негізгі қасиеті – бас тартпаушылық болса, ал жөнделетін обьектілердің ең маңызды қасиеттерінің бірі – жөндеуге жарамдылық. Талап етілетін қызметтерді атқару қабілетін сипаттайтын өлшемдерге, мысалы,, кинематикалық, динамикалық, электрлік, төзімділік, жылдамдық, дәлділік және тағы басқа өлшемдер жатады. Бұл өлшемдердің мәндері уақыт өте өзгеруі мүмкін. Обьекті өлшемдердің өзгерулері шектен асқанда, онда ол еңбекке жарамсыз жағдайға ауысады, бұл обьектінің тағайындалуы бойынша қолдану үрдісі жағдайында немесе өту кезіндегі жағдайда болуы мүмкін. Құбылыстарға әкелетін және негізгі жағдайлар сызбанұсқасы 1- суретте көрсетілген.
Негізгі жағдайлар мен құбылыстар сызбанұсқасы
Сурет— 1.
Мұнда ГОСТ 27.002-83 1-суретте көрсетілген құбылыстар мен жағдайларға келесі анықтамаларды береді.
Түзетілген жағдай – обьектінің нормативті-техникалық немесе құрастырмалық құжаттамалардың барлық талаптарына сай келетін жағдайды белгілейді.
Еңбекке жарамды жағдай- обьектінің бекітілген қызметтеріне қабілеттілігін сипаттайтын барлық өлшемдерінің мәндерінің нормативті-техникалық құжаттамалары мен құрастырмалық құжаттамалардың талаптарына сай келмейтін жағдайды белгілейді.
Шекті жағдай – обьектінің тағайындалуы бойынша ары қарай оны қолдануы ақылға сыйымсыздық немесе оны түзетілген немесе еңбекке жарамды жағдайға қайта құру мүмкін емес.Сенімділік көрсеткіштерін бағалау үшін принципиалды мән обьектінің қайта құруына болмайтын, жөнделетін және жөнделуге болмайтын деп бөлуді ұстанады. Қайта құруға болатын жәнне жөнделетін обьектілер үшін осы жағдайда нормативті-техникалық құжаттамалары мен құрастырмалық құжаттамалармен қарастырылған еңбекке жарамды жағдайды немесе жөндеуді қайта құруға сай жүргізілуі тән. Ал қайта құруға болмайтын және жөндеуге болмайтын обьектілер үшін мұндай іс-әрекеттер (жөндеу мен еңбекке қабілеттілікті қайта құру) нормативті-техникалық құжаттамалармен қарастырылмаған.
Сенімділік көрсеткіштері бір немесе бірнеше обьектілердің қасиеттерін сипаттайтын бірліктік немесе кешенді түрінде (сай көрсеткіштер деп түсінуге болады) сенімділікті шарттайтын бастартпаушылық, ұзақ мерзімділік, жөндеуге жарамды және сақтауға болатындығын мөлшерлік бағалауға бекітіледі.
- Өнімнің көлікпен тасымалдауының көрсеткіштері. Өнімнің көлікпен тасымалдануының көрсеткіштері өнімнің кеңістікте орын алмастыруына (транспорттауына), яғни, оны қолданумен немесе пайдаланумен ілестірілмейтін, сонымен бірге көлікпен тасымалдануымен байланысты даярлаушы және аяқтаушы операцияларға бейімделушілігін сипаттайды.
Көлікпен тасымалдануының көрсеткіштерінің тобына жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындауға шартталған шығындарын көрсететін көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштер көлікпен тасымалдаудың нақты түріне (автокөлікте, темір жолға, ауалық жолға, судағы жолға), кейде көлік құралының нақты түріне сүйене отырып анықталынады. Көлікпен тасымалдануының көрсеткіштеріне мыналар жатады:
— өнім бірлігінің көлікпен тасымалдауға даярлауға орташа еңбек сыйымдылығы;
— өнім бірлігін көлікпен тасымалдауға белгілі көлік құралын 1км-ге кететін орташа құны;
— белгілі типті көлік құралынан өнім партиясын жүктеуге кететін орташа жалғастырымдылығы;
- өнім бірлігінде (Nb) белгіленген көліктік құралдың сыйымдылығының (V) ең көп шекті мүмкіндігін қолданылуы;
- көлікпен тасымалдау уақыты кезіндегі өзінің алғашқы қасиетін белгілі шекте сақтаудағы өнімнің үлесі;
- көлікпен тасымалдаудағы рауалы температура;
- көлікпен тасымалдаудағы рауалы ылғалдылық;
— көлікпен тасымалдау үрдісін жылдамдатуға рауалы қайта жүктеу (әсіресе, авиациялық және космостық көлікпен тасымалдау құралдары үшін);
- көлікпен тасымалдаудағы рауалы дірілдеу деңгейі;
- көлікпен тасымалдаудағы рауалы ұзақтығы;
- бұйымның салмағы мен оның габариттік өлшемдері (ұзындығы, ендігі, биіктігі);
— бұйымды ораудың талаптары (дірілдеуге төзімділігі, ылғалдылыққа, әсіресе, теңіз сулары мен буларға, газданған жерге тұрақтылығы);
— көлікпен тасымалдаудағы өнімнің бейімдеушілік деңгейі (жүктеу үшін бейімдеушіліктердің болуы мен көлікпен тасымалдау кезінде қатыру деңгейі, қысқыш, тұтқалардың және тағы басқаларының саны мен қайта жүктеу мен алмастыру кезінде ыңғайлылығы және тағы басқалары)
Көлікпен тасымалдануының көрсеткіштерінің мәндерінің анықтамасы тәжірибелік, есептеу немесе сарапшылық әдістермен анықталынады.
Мысалы, қарастырылып отырған өнімнің партиясы үшін көлік құралының немесе ыдыстың сыйымдылығының максималды мүмкін қолдануының коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
V
КV=Nb ——— (1) V(1-I)
мұнда,
I – көліктік құралының сыйымдылығының нормативті ысырабының коэффициенті.
Көлікпен тасымалдану кезінде өзінің алғашқы қасиеттерінің белгілі шектерде сақталатын өнімнің үлесі мына формула бойынша анықталады:
KD=GP/GH (2)
мұндағы,
GH — көлік құралына сыятын өнім мөлшері;
GP — көлік құралынан жүктелген және рауалы шектерде сапа көрсеткіштері мәндерін сақтаған өнім мөлшері.
KD коэффициенті- көлікпен тасымалдау үрдісінде сақталатын өнімнің көрсеткіші болады.
Соңғы екі көрсетілген көлікпен тасымалдану көрсеткіштерін сарапшылық әдіспен баллдық жүйемен анықтауға болады.
- Стандарттау мен унификациялау көрсеткіштері. Стандарттау мен унификациялау көрсеткіштері өнімнің стандартын, унификациялылығын және түпнұсқалық құрамдық бөліктер мен қанықтығы, сонымен бірге басқа бұйымдармен унификация деңгейі, яғни, нақты бұйымдағы бұйым стандартталған бөлшектердің, нақты жинақталатын бірліктердің, блоктары және тағы басқа да құрамдық бөліктерін қолдану деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер бұйымның құрастырмалық бір түрлілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Олар бұйымның құрамды қажетті типтік-атаулы бөліктерінің ең аз шекті мөлшерімен өнімнің сапасын және өндірістің ықпалын жоғарылату мақсатында қолдану мүмкіндігі туралы куәландырады.
Стандартталған түріне бұйымның халықаралық, мемлекеттік, сапалық және аумақтық стандарттар бойынша жасалған құрамды бөліктері жатады.
Унификациялық түріне бұйымы мынадай құрамды бөліктері жатады:
- мекеме стандарттары бойынша жасалынады, екіден аз емес типтік-атаулыларда қолданылады немесе бұйымның берілген немесе ұқсас мекемелерден шығаратын түрлері жатады;
- мекеме дайын күйінде құрамды бөліктердің бірлесу қатарында жиынтығын алады.
- алдын ала нақты бұйымдар үшін түпнұсқалық түрде жобаланып, екіден аз емес тип-атаулыда немесе бұйым түрлерінде қолданылған.
Негізгі, аса көрнекті және көп қолданылатын стандарттау мен унификациялау көрсеткіштері ретінде стандартау Кст; унификациялау Кун; қолданушылығы Кпр; қайталанушылығы Кповт және тағы басқалары. Жоғарыда келтірілген стандарттау мен унификациялау көрсеткіштеріне мына формулалар бойынша анықталады:
Кст= Nст/ N0; Кун= Nун/ N0; Кповт=пповт/п0; Кпр= п0- пор/ п0 (3)
мұндағы,
N0 – бұйымдағы құрамды бөліктердің элементтерінің жалпы мөлшері.
Nст – бұйымдағы стандартталған элементтердің мөлшері;
Nун – бұйымдағы унификацияланған элементтердің мөлшері;
п0 — бұйымдағы тип элементтері атаулыларының жалпы мөлшері;
пти — бұйымдағы бір типті элементтерінің тип-атаулыларының мөлшері;
пор — бұйымдағы түпнұсқалық элементтерінің тип-атаулыларының мөлшері.
- Патенттік құқықтық көрсеткіштер. Өнім сапасының патенттік құқықтық көрсеткіштері Қазақстан Республикасында және шет елдерде бұйымның патенттік тазалығы мен патенттік қорғауды сипаттайды, ол, әсіресе, ішкі экономикалық байланыстар мен халықаралық қатынастарында кең дамыту шарттарында маңызды.
Патенттік қорғаудың көрсеткіштері бұйымның Қазақстан Республикасының патенттерімен болжанатын экспорттық елдерде немесе жергілікті жаңалықтар мен өнертабыстарын лицензия сатудың қорғау деңгейін көрсетеді. Ол бұйымдарға Қазақстан Республикасында және шет елдердегі өнертабыстармен мойындалған жергілікті техникалық шешімдерді ендіруі жайлы айтуға болады.
Патенттік тазалығының көрсеткіштері елдің ішінде ғана өткізуге арналған бұйымдарға ендіру деңгейін көрсетеді, мұнда техникалық шешімдер елдегі жан-жақты құқықты патенттерге тәуелсіз болады. Қазақстан Республикасында және шет елдердегі қорғау патентінің көрсеткішінің сүбелілік коэффициенті, ол былай анықталады:
Pиз=∑ m; +∑ mj Nj/Njo; (4)
ал, тазалық патентінің көрсеткіштері былай анықталады:
Pn.r=∑ nj+∑mj Njo-Ninr/Nio (5)
Қарастырылған көрсеткіштерге қосымша ретінде бұйымның патенттік тазалығының аумақтық таралу көрсеткіштері қосылады, ол мына формула бойынша анықталады:
Pτ=Cnr/Co (6)
мұндағы,
Cnr – бұйымның патенттік тазалығына ие елдер саны;
Co – бұйымдарды күтілген экспортқа шығаратын немесе лицензиясын сатуға ие елдер саны.
Патенттік тазалық пен патенттік қорғау көрсеткіштері өнімнің сапасын бағалау үшін ғана емес, оны шет елдерге сату сертификациясына қолданылады.
- Экологиялық көрсеткіштер. «Экология» (гректің «оікоs» — тұрғылықты мекені, ортасы дегенді білдіреді) түсінігінің анықтамаларының бірі — обьектілердің өзара және қоршаған ортамен өзара қатынастары жайлы ғылым ретінде сипатталады.
Өнімнің сапасының экологиялық көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе қолдану кезінде туатын қоршаған ортаға зиянды әсерлерінің деңгейін анықтауын сипаттайтын көрсеткіштер. Әрдайым экологиялық көрсеткіштерге мыналар жатады:
- өнімді қолданғанда (пайдаланғанда), көлікпен тасымалдауда, сақтауда қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттарының мөлшері (концентрациясы);
- қоршаған ортаға (суға, ауаға, жерге, жабық немесе желдетілетін бөлмелерге немесе ғимараттарға)зиянды заттардың шығару ықтималдылығы;
- өнімді жасауда, сақтауда, қолдануда, көлікпен тасымалдауда зиянды сәулеленуінің деңгейі (радиациялық, жарықтық, жоғары жиілікті және тағы басқалары);
- өнімнен шығатын шудың, дірілдеудің, зиянды әсер етудің адамға ықпалының деңгейі және тағы басқалары.
Көрсетілген көрсеткіштер көп жағдайларда есептелген, өлшенген болады, олар бойынша ақпараттар жүйеленіп, жинақталып, диаграмма, кесте түрінде көрсетіледі, оларды қолдана отырып рауалы шекті деңгейлер бекітіледі. Мұнда көрсеткіштердің берілген мәндері мөлшерінің жоқтығы практикада адам мен қоршаған ортаға зиянды әсерлерден қорғалуын бағалау үшін экологиялық жағдайлардың жанама бағалауға сапалық сипатталуы қолданылуы мүмкін – мысалы, экрандардың дыбысты жоғалтқышы, шаң сорғыштардың тазалағыш құрылғылардың, қорғаушы элементтерінің болуы.
Адам денсаулығы мен қоршаған ортаның қорғау талаптары мен нормалары халықаралық, мемелекеттік және қоғамдық ұйымдардың, халықаралық экологиялық регламенттер мен нормалардың кепілдемелерімен, ережелерімен, стандарттарымен анықталады.
- 7. Қауіпсіздік көрсеткіштері. Қауіпсіздік көрсеткіштері адамдардың өнімдердің (қызмет ететін қызметкерлерге) қолданылуы немесе пайдаланылуы кезіндегі қауіпсіздікті шарттайтын қасиеттерін сипаттайды, сонымен бірге оны өндіруде «айналысында» қолдануда және қайта құруды (жөндеу) кезінде қауіпсіздік жағдайлардан қамтамасыз етуімен байланысты қасиеттерін көрсетеді. Олар адамның апаттық жағдайында немесе өнімді қолдану ережелерінде қарастырылмаған кез келген қауіпті шараларда қорғауды қамтамасыз ететін талаптарды қамту керек.
Қауіпсіздік көрсеткіштеріне мыналар жатады:
- апаттың немесе штаттты емес жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы;
- өнімді қолданудағы орташа (регламенттелген) жағдайда белгілі уақыт ішіндегі адамның қауіпсіз жұмыс жасау ықтималдылығы;
- регламенттелген уақыт ішіндегі адамның (оператордың, қызметкерлердің) қауіпсіз еңбек ету ықтималдылығы;
- қорғаушы құрылғыларының жұмыс істеу уақыты;
- өнімнің электр тогы басқаратын бөліктің адамға әсерлесуге мүмкін жерінің қарсы тұрушылығы мен оқшаулаудың электрлік төзімділігі;
- жоғары вольттік шынжырлардың электрлік төзімділігі мен қол жеткізушілігі;
- қолдан жасаудан және тағы басқаларынан қорғау деңгейінінің мөлшері.
Көптеген осы көрсеткіштерінің барлығы статистикалық деректерді қолдана отырып есептелініп, өлшеніп қойылады. Өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері арқылы өнім сапасын бағалауда адамдардың талаптары мен қауіпсіздік нормаларынан негіз алу керек, олар мемлекеттік стандарттардан және қауіпсіздік ережелерінен, қауіпсіздік техника ережелерінен және нормаларынан, өндірістік санитария, өрттен қорғау, халықаралық ұйымдардың (ИСО, МЭК және тағы басқалары) ережелері, кепілдемелері, стандарттары арқылы анықталады және нормативті – техникалық құжаттамалармен сәйкес құрастырылады.
- Экономикалық көрсеткіштер. Экономикалық көрсеткіштер өнімді дайындау мен құруда, өнімді жоғарылату мен қамтамасыз етумен байланысты шығындарды сипаттайды. Олар және де өнімді қолданудың экономикалық әсерлілігін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер бұйымның экономикалық бағасын өнімнің өмірлік циклдерінің барлық сатыларына шығынды есептеу жолы арқылы көрсете алады.
Өнім сапасын бағалау мен жоспарлауда экономикалық көрсеткіштер ретінде мыналар кеңінен қолданылады:
- өнімнің өндірістік шығындар құрылымы (өзіндік құны) мен жалпы суммасы;
- өнімнің прайс-бағасы;
- өнімнің бағасын нарықтық тетікпен құру;
- өнім бірлігіне кеткен шығындар (жылдық және қызмет ету уақытында);
- өнім сапасының салыстырмалы экономикалық көрсеткіштері, бағаланатын өнімнің шығынының, соған сай базалық үлгінің шығынының қатынасы арқылы анықталады;
- өнімнің сапасының біріктірмелі көрсеткіштері, өнімді қолдану немесе пайдалану кезінде пайдалы әсердің суммасының өнідірісті құру, қолдану немесе пайдалануға кеткен шығындар суммасына қатынасымен анықталады;
- өнімінң негізгі өлшемдерінің (пайдалылығы мен еңбекке қабілеттілігін анықтайтын) бірлігіне келетін өнімнің құны немесе өзіндік құны.
Экономикалық көрсеткіштер өнім сапасын жоғарылату мен қамтамасыз етудегі оның барлық өмірлік циклдерінің сатыларында кететін шығындарды талдауда және анықтауда маңызды роль ойнайды.
Жалпы жағдайларда өнімнің сапасын қамтамасыз етудегі кеткен шығындар құрамына мекеменің шығындары келесідей енеді:
- өнім сапасына нарықтың әртүрлі сегменттеріндегі тұтынушыларының негізігі талаптарын анықтауға нарықтың маркетингтік зерттеулері;
- өнімнің белгілі түрлерінің негізгі сапалық көрсеткіштерінің беталысын болжау;
- өндірілетін өнімді нарық талаптарына сай сапасын жақсарту, қамтамасыз ету бағыты мен мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында ғылыми-зеттеулік жұмыстардың орындалуы;
- жоғары сапалы өнімдерді шығаруға қажетті құрастырмалық және техникалық құжаттамаларды жасау;
- жоғары сапалы өнімдерді өндіруде тізбектілік, параллельді немесе агрегаттық әдістермен игеруді ұйымдастыру;
- жоғары сапалы өнімдерді өндірудің үрдістері;
- өнімді өндіру кезінде жарамсыздығын, қолдану үрдісінде бас тарту мен ақауларының пайда болуының мүмкін себептерін талдау;
- жарамсыз өнімнің профилактикасы үйрету, ақаулар мен бас тартуларының пайда болуын ескерту;/5, 17б/.
Өнімнің сапасының экономикалық көрсеткіштерін қарастырылған сапаны бағалау мен қалыптастыруда дербес рөлін орындай отырып, өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне маңызды әсер беретін біріктірмелік қызметін де атқарады.
Қоғамның тауар және қызмет сапасына қоятын талаптарын көрсететін нормативтік көрсеткіштерді іс жүзіндегі көрсеткіштерді салыстыру негізінде өнім сапасын бағалау жүзеге асады. Өнім сапасын бағалау әдісі (ӨСБӘ) деп жеке өнім сапасының көрсеткішін қолдаудың логикалық және математикалық операцияларының жиынтығы және тұтынушыға сапа бойынша жақсырақ нұсқасын таңдау туралы шешімді қабылдау үшін алдымен ұқсас бұйым нұсқасын таңдау негізінде бұйымның жалпы сапасын анықтау үшін олардың нақты сәйкестіктерін айтады.
Сапаның жеке және кешенді көрсеткіштерінің абсолютты шамасын анықтау сапаны өлшеу деп аталады. Бұл көрсеткіштер таңдапалынған өлшемдер шкаласының бірліктерінде өлшенеді. Ол физикалық немесе шартты бірліктерден (бөлшектер, балдар және т.б.) тұрады. Көрсеткіш шамасын анықтауда келесі әдістер қолданылады:
- Эксперимент әдісі сапа шамасын құралдар не сезу мүшелері көмегімен тікелей өлшеу арқылы жүзеге асады. Мысалы, сапа параметрлері түрлі құралдармен өлшенеді: сандық, айырушы және т.б. Сапа белгілері сезу мүшелерінің көмегімен анықталады. Балама әдіс те жиі қолданылады: сапа көрсеткіштердің шамасы өлшенбейді, «жарамды-жарамсыз» ұстанымы бойынша сынама, үлгі-нұсқа, калибр көмегімен тексеріледі.
- Есептеу әдісі көрсеткіштердің шамасын есептеу арқылы жүзеге асады, мысалы, бірліктер шамасы бойынша кешенді көрсеткішті есептеу.
- Сарапшылау әдісі өнім сапасы жайлы сарапшы мамандардың ойын ескеруге негізделген. Оның бір түріне дегустация немесе қоғамдық әдістер жатады.
Толығырақ есептеу әдісіне тоқталайық.
Өнімнің сапасын басқарудағы тәжірбиедегі сұрақтарды шешу
кезінде (жаңа техника сапасы жобалау және жоспарлау, сапаны аттестациялау, техникалық бақылау және сынау және т.б.) сапаның жеке және кешенді көрсеткіштердің абсолютті шамаларын табу, яғни сапаны өлшеуден бұрын сапаны бағалау – нақты (бағаланып жатқан) өнімнің көрсеткіштерін негізгі көрсеткіштермен салыстыру.
Негізгі көрсеткіштер ретінде келесі көрсеткіштер болуы мүмкін:
- Техникалық тапсырмаға, алғашқы жоба, жаңа ілгері бұйымның техникалық не жұмыс жобасына салынған сапа көрсеткіштері;
- Бағаланып жатқан бұйымға ұқсас біздің елімізде не шетелде шығарылатын болмыстағы шынайы бұйымдардың көрсеткіштері (ең үздік отандық не шетелдік нұсқа);
- Отандық не шетелдік стандартқа енген көрсеткіштер.
Кәсіпорын үшін ертерек шығарылған ұқсас өніммен өзінің жаңа өнімін
салыстыру қызығушылық тудырады. Бұл жерде ұқсас өнім тым ескіріп кетпегені, яғни оның көрсеткіштері қазіргі заман талаптарына сәйкес келуі маңызды.
Барлық жағдайда негізгі нұсқа нақты станок, қыспақ және т.б. болу
қажет. Түрлі бұйым, жоба, стандарттардың ең үздік көрсеткіштерін таңдап «идеалды моделді» жасаудың қажеті жоқ. Мұндай бағалау алдын ала сәтсіздікке ұшырайды. Себебі, әрбір бұйым ұқсас бұйымнан бір жағынан ұтса, ал екінші жағынан ұтымсыз болады.
Негізгі көрсеткішпен бағаланып жатқан өнімнің сапа көрсеткіштерін салыстырудың нәтижесі өнімнің сапа деңгейі деп аталады. Өнім сапасының деңгейі техникалық және техникалық-экономикалық деп екі түрге бөлінеді.
Өнім сапасының дәрежесін дифференциалды әдіс, кешенді әдіс, аралас әдіс және сапаның интеграл көрсеткішін есептеу әдістерінің көмегімен анықтауға болады.
Дифференциалды әдіс бағаланып жатқан бұйым сапасының жеке көрсеткіштерін негізгі аттас көрсеткіштермен салыстырудан тұрады. Осы жеке қатысты көрсеткіштердің шамасымен сапа дәрежесі жайлы сөз етеді. Егер, олардың бәрі бірден жоғары не бірге тең болса, бағаланып жатқан бұйымның сапа дәрежесі негізгіден жоғары не оған сәйкес келеді. Егерде қатысты көрсеткіштер немесе оның көп бөлігі бірден кем болса, бұйымның сапа дәрежесі негізгі нұсқаның дәрежесінен кем.
Сапаның қатысты көрсеткішін (Q1) келесі формуламен анықтайды:
Q1 = P1/Pjb, i = 1, 2, 3 …, n, (7)
мұндағы,
P1, Pjb- бағаланып жатқан және негізгі нұсқаларына сәйкес j –сапа көрсеткішінің мәні.
n — өнім көрсеткішінің саны
Кешенді әдіс бағаланып жатқан бұйымның кешенді көрсеткіштерін негізгі кешенді көрсеткіштерімен салыстыруға негізделген.
Кешенді көрсеткіш (И) әдетте орта өлшеу арифметикалық көрсеткіштері арқылы беріледі және келесі формуламен есептеледі:
И = М1P1 + М2P2 + —-+ МnPn (8)
мұндағы,
М1, М2, …, Мn – сарапшылардың берген бағасы негізінде анықталған сапа көрсеткішінің ауырлық коэфициенттері.
P1, P2, …, Pn – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген сапаның қатыстық көрсеткіштері.
Бағаланып жатқан және негізгі бұйымдар сапаларының интегралды көрсеткіштерінің қатынасы бұйым сапасының техникалық-экономикалық дәрежесін анықтайды.
Тәжірбиелік нұсқаны жасау кезінде өнім сапасының техникалық дәрежесі өнім сапасының техникалық дәрежесі анықталуы тиіс: ол қоғам қажеттіліктеріне, ҰТК талаптарына, ең үздік отандық және шетелдік нұсқаларына сәйкес келе ме. Өнімнің техникалық дәрежесі мен сапа картасы жасалады. Оның көмегімен тәжірбиелік нұсқаны өндіріс өнеркәсібіне беру немесе модернизациялау қажеттілігі жөнінде шешім қабылданады. Сапа дәрежесін бағалаудың аралас әдісі дифференциалды және кешенді әдістерден тұрады. Бұйымның ең маңызды қасиеттерін дифференциалды әдіс бойынша, ал қалған қасиеттерін топтарға топтастырады да кешенді әдіпен бағалайды. Сапаны бағалауда аралас әдісті өнімді аттестациялау кезінде қолданады. Аттестацияланып жатқан өнімнің сапа дәрежесін анықтау нәтижелері бойынша сәйкес шешім қабылданады. Егер тәжірбиелік нұсқаның сапа дәрежесі бағаланса және осы дәреже негізгі көрстекіштен жоғары асып немесе оған тең болса, онда нұсқа өндіріске ұсынылады.
Кейбір авторлармен өнім сапасының әмбебап критерийін есептеуді (К) ұсынылады. Осы көрсеткіштің абсолюттік критерийі тауар сапасының дәрежесіне байланысты 0-ден 1-ге дейін интервал аралығында өзгеріп тұрады. Нөл – бұйымның тым сапасыз, ал бір – сапа дәрежесі бойынша идеалды екенін білдіреді.
Мысалы жаңадан жасалған бұйымның К =0,35-ке, ал осы тектес тауарлардың сапасының әмбебап критерийінің нақты шамасы 0,30 тең болса, онда жаңадан жасалған бұйымның сапасы жоғары, бірақ идеалды болудан әлде қайда төмен, себебі бірден біршама кем. Яғни, осы тауар түрінің сапасын көтеру үшін көп қорлар бар.
Өнімнің сапа дәрежесін бағалау осы процесті әсерлі басқару үшін қажетті шарт болып келеді. Сапаны жоғарылатуды жоспарлау және бұйымның сату бағаласын анықтау кезінде ерекше маңызды мәнге ие болады./2,24б/.Өнім сапасының қасиеттерін өлшеу үшін квалиметрия құралдық, органолептикалық және аралас әдістерді қолданады.
Құралдық әдістер өнім қасиеттерінің көрсеткіштерін бағалау үшін құралдарды қолдануға негізделген. Олардың үлкен ғылыми базасы бар және жобалау, өндіріс және өнімді қолдану кезінде кеңінен қолданылады.
Органолептикалық әдістер адам әсерлерін талдауда негізделген. Бұл әдістерді құрал мен аппарат көмегімен өлшеуге болмайтын өнім қасиеттерін өлшеуге болмайтын өнім қасиеттерін өлшеуге арналған (легустация негізінде астық сапасын бағалау, интерьер, бөлмелер және тағы сол сияқтылардың сапасын бағалау).
Аралас әдіс — өнім сапасын бағалаудың құралдық әдістері органолептикалық әдіспен бірге қолдану әдіс теориясы жеткілікті деңгейде әзірленбеген, бірақ оны практикада кеңінен қолданылады.
Органолептикалық әдісте өнім көрсеткіштерін бағалау нақтылығы (туралығы) бағалауды жүргізетін мамандардың қабілеттілігі, тәжірибелілігімен анықталады. Органолептикалық әдісте өнім көрсеткішін балл қою әдісімен анықтайды. Балл қою әдісінде 4 сапа бағасын қолдану ұсынылады: “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “нашар”. “Нашар” бағасына 0 балл сәйкес келеді, себебі бағалау мақсаты өнімнің жарамсыздық деңгейі емес, сапа деңгейін анықтау болып табылады. Балл қою әдісі құрылыс заттары мен құрылымдарды әрлеу сапасының көрсеткіштерін бағалауға қолдануға болады. Әлеуметтік әдістерді қолданғанда анкеталарды (сұрақ-жауап) құрастырып таратады да, өнім сапасының көрсеткіштеріне қатысты анкеталық мәліметтерді талдайды.
Бұл әдісті практикада қолдану ғылыми негізделген сауалдама жүйесін әзірлеу мен тұтынушыдан келіп түскен ақпаратты өңдейтін математикалық әдістерді жасау қажет. /6, 148б/.
ГОСТ 15467- 79 келесі өнім сапасын бағалаудың әдістерін қарастырады: дифференциальды, кешенді, аралас және статистикалық әдістер.
Дифференциальды өнім сапасын бағалау әдісі — өнім сапасының бір көрсеткішін қолдауға негізделген өнім сапасын бағалау әдісі. Бұл әдіс салыстыратын әрбір нұсқауға қатысты бір көрсеткіштің жиынтығының мәнін салыстырмалы таңдау мен жүйелеуге негізделген.
Дифференциальды өнім сапасын бағалау әдісі – органикалық болатын кешендерде келесі негізгі жағдайда жүзеге асырылады:
- алдыңғы қатарлы стандарттарға ену арқылы қол жеткізулері бойынша бірліктік бөлек көрсеткіштердің өзгеру тұжырымдамасымен кепілдемелерді талдауында;
- салыстырмалы қарапайым ұйымдардың сапасын бағалауда, оның бірінші көрсеткіштері олардың кең диапазонында мәндердің өзгермелі дискреттілігін көрсетсе, ал басқа көрсеткіштері орташа дискреттілігін көрсетеді;
- өнімді таңдауда нұсқаулығының болмауы, себебі көпшілік бірліктік көрсеткіштер есептемелерден алынып тасталынады;
- антропометрикалық параметрлер және т.б;
- бұйым көрсеткіштерінің оны қолдану шарттарымен немесе интерьермен бұйымды түрлі- түсті сәндеумен сәйкестігінің жіктелуінің қажеттілігі;
Өнім сапасын бағалаудың кешенді әдісі- бұл өнім сапасының көрсеткіштерін кешенді түрде қолдануға негізделген, яғни өнімнің бірнеше қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерге негізделген өнім сапасын бағалау әдісі болып табылады. Осы әдісті іске асырудағы негізгі мақсаты өнімнің үлгілерінің салыстыратын және бағаланатын бірліктерін кешенді көрсеткіштер түрінде құру болып табылады./5, 61б/.
Сапаны бағалау – бекітілген талаптарды обьект орындай алуын жүйелі тексеру. Тексерудің негізгі түрі- бақылау болып табылады. Кез- келген бақылау екі элементтен тұрады: обьектінің дәл қазіргі жағдайы туралы ақпаратты алу және сәйкестігін алу мақсатында, яғни екіншілік ақпаратты алу үшін бекітілген талаптармен алынған ақпаратты салыстыру.
Өнім сапасын бақылау- өнімнің сандық және сапалық сипаттамаларын бақылау. Сапаны бақылау процедурасына өлшеу, талдау, сынау сияқты операциялар енуі мүмкін.
Өлшеу- жеке процедура түрінде метрологияның обьектісі болып табылады.
Өнім, материалдар мен шикізаттардың құралы мен құрылымын аналитикалық әдіспен химиялық анализ, микробиологиялық анализ, микроскопиялық анализбен талданады.
Сынау- бекітілген процедураға сәйкес өнімнің, үрдістің немесе қызметтің бір немесе бірнеше сипаттамасын анықтауға арналған техникалық операция.
Кешенді процедура ретінде өнім сапасын бақылаудың суреттемесі мысалы, матаның сапасын бақылау болуы мүмкін. Оған сапа сипаттамасын бақылау (сыртқы ақау, бекітілген үлгіге, эталонға түсі, суреті бойынша сәйкес болу), жәй өлшеу жолымен сандық сипаттамасын бақылау (ұзындығы, ені, қалыңдығы), сынау( тозуға тұрақтылығы, жыртылу күші), химиялық анализ (талшықты құрылымды анықтау) жатады.
Сынау мәнін процедура түрінде қарастырайық. Сынаудың негізгі құралы- сынау қондырғысы. Сынау кезінде өнім мен қызметті сипаттаудың арнайы әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін- өлшеу, аналитикалық тіркеу, мүше сезгіш (сезім мүшелері көмегімен сипаттау). Сынақ өткізу орнына байланысты зертханалық, полигон, шынайы болуы мүмкін.
Сынақ өткізу сапасына қойылатын негізгі талаптар- нәтиженің нақтылығы және қайта өндірілуі. Осы талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауңа байланысты.Соңғы жылдары зертханалардың өздерін сынақта өткізу сапасына тексереді. Оны басқа зерханалармен салыстыру бір сынаманы немесе бұйымды бірнеше зертханаларда сынайды. Әрбір зертханалардың нәтижелерін стандартты обьектімен салыстырып, оның нәтижелерінің нақтылығы мен қайта орындалуын тексереді.Сынау сапасының талапқа сай екендігін растау үшін зертханалар аккредитациядан өтуі тиіс.
Зертханаларды аккредитациялау- сынау зертханаларының нақты сынақты және талдау типтерін жүзеге асыра алатынын ресми түрде орындау. Кез- келген өнімді сынауға тек аккредитацияланған сынақ зертханасының ғана құқығы бар. /7,14б/.
1.3 Сапаны басқарудың әдістері
Сапаны басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі көбінесе менеджерлердің осы басқару процесінде қолданып жатқан әдістеріне байланысты.
Ұлттық және халықаралық дәрежеде бәсекелестіктің асқынуы көпшіліктің статистикалық әдістеріне назар аударуын мәжбүр етті.
Статистикалық әдістер сапаны тиімді басқарудың маңызды шарты әрі өнімнің сапасын өндірістік процесстердің әсерлілігін көтерудің құралы ретінде мойындалады.
Сапа жүйелері қарастырылған ИСО 9001-ИСО 9003 стандарттарында: «Қажет жағдайда, жеткізуші технологиялық процестер мен тауар сипатының қолайлы болу мүмкіндіктерін тексеру үшін, қажетті статистикалық әдістерін таңдауын қамтамасыз ететін процедураларын жасау қажет» деп жазылған.
Статистикалық әдістерді пайдалануды қандай шаралар талап етеді? Бәрі бірдей. Өнімнің бүкіл өмірлік циклында (айналымында) – ең басында талаптарды айқындаудан соңында орындауға дейін. .
Қандай статистикалық әдістерді қолдану қажет? Бұл сұраққа жауап көбінесе мамандардың ойлары мен субъективтік шешімдеріне байланысты, бірақ статистикалық әдістің маңыздылығы оның математикалық потенциалын оны қолдану мүмкіндігіне көбейтілгеніне тең келетін принципі бар.
Яғни, әңгіме статистикалық әдістертердің кең қолданылуы жайлы болғанда, оның арасынан статистик емес адамдармен оңай қолданыла алатын әдістерді ғана қарастыру қажет.
Жапонияда 1949 жылы талдаудың статистикалық әдістері қолданыла бастады. Дәл осы жылы Жапонияның ғалымдар мен инженерлер одағы сапаны талдау бойынша зерттеу тобын құрды, олар өндірісте статистикалық бақылау мен статистикалық әдістердің қолданылуын талдаумен айналысты.
Исикава Каору статистикалық әдістердің қиындық деңгейіне қарай 3 категорияға бөлді.
- Элементарлы статистикалық әдіске «7 принцип» деп аталатандар енеді:
- Парето диаграммасы;
- Себеп- салдар талдауы;
- Бақылау парағы;
- Гистограмма;
- Стратификация;
- Сейілу диаграммасы (арнайы меридианалар арқылы корреляцияны талдау);
Сапаны бақылаудың құралдары
Сурет— 2.
Бақылау парағы (тексерулер кестесі) келесі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді: Белгілі жағдай жиі болып тұрады ма? Ойлар мен болжамдар неліктен өзгере бастайды? Бақылау парағын құру келесі қадамдардан тұрады:
1) қандай оқиға байқалатынын (әрбір адам 1 ғана затты байқау керек) дәлірек анықтау;
2) мағлұматттар жиналатын кезең жайлы келісу керек (ол сағаттардан басталып апталарға дейін созылу мүмкін) ;
3) толтыру үшін түсінікті және оңай болатын нұсқаны құру (нұсқада графалар мен бағаналар анық көрсетіліп, мағлұматтарды енгізу үшін орын жеткілікті болу қажет) ;
4) ешнәрсені өзгертпей мағлұматтарды үнемі және әділ жинау керек.
Мерзімді қатар (желілік график) белгілі бір уақыт ішінде бақыланып жатқан мағлұматтардың өзгеруін ең оңай әдіспен көрсету үшін қолданылады. Ол мағлұматтарды көрнекілік түрде көрсету үшін арналған, оны құрастыру және қолдану оңай болып келеді.
Себеп-салдар диаграммасы анықталған мәселелер мен жағдайлардың түрлі себептерін зерттеу және бейнелеп көрсету қажет кезде қолданылады.
Гистограмма әрбір категориядағы аймақтық бірліктердің арналасуын бағаналық графигі көмегімен зерттеу және ұсыну қажет кезінде қолданылады.
Сейілу диаграммасы екінші ауыспалы өзгерсе, бірінші ауыспалы шамамен не болып жатқанын және екі ауыспалы шамалардың ара-қатынасын тексеру қажет кезде қолданылады.
Бақылау картасы процесте кездейсоқ өзгерістердің себебінен болған қанша тербеліс жасайтынын және статистикалық реттеуде процесс бейімділігін анықтау үшін төтенше жағдайлар мен бөлек оқиғалардың мәнін анықтау үшін қолданылады.
Парето диаграммасы мәселелерді шешудің бастапқы нүктесін таңдау, мәселелердің себебін, негізін анықтау немесе нәтижелердің ізіне түсу мақсатымен мәселелер мен жағдайлардың қатыстық маңыздылығын анықтау қажет кезінде қолданылады./2, 34 б/.
Парето диаграммасы тік бағаналық график, оның көмегімен қарастырылып жатқан мәселелер мен оларды шешу кезегі анықталады.Диаграмманы құру келесідей кезеңдерден тұрады:
- Салыстыратын мәселелерді таңдау;
- өлшеу бірліктерін салыстыру үшін критерийлерді анықтау;
- зерттеу үшін уақыт периодын таңдау;
- мәліметтерді санаттарға топтастыру және әр топтың критерийлерін салыстыру ./5,123б/.
Парето диаграммасы
100%
Ақаулар жиналған ақаулар
саны Пайызы
Ақаулар
3— сурет.
Ақаулықтар парағы ақаулықтар мөлшері мен әрбір ақаулықта кездесетін кемістіктердің тізімдері енгізілетін кесте ретінде ұсынылады. Мысал ретінде 4-ші кестеде электр желдеткіштерінің ақаулықтарының шартты парағы берілген.
2- кесте. Ақаулықтар парағы
Ақаулықтың түрі |
Көрсеткіштер саны |
Өнімге сай емес дыбыс |
12 |
Негіздегі сықыр |
7 |
Көрпус негізіндегі сызаттар |
5 |
Шытынаған пласти |
3 |
Басқа да ақаулықтар |
14 |
Бақылау парағы бойынша басым ақаулығын анықтау үшін және ең бірінші кезекте сонымен жұмыс істеу мақсатымен Парето диаграммасы құрастырылды. Бұл кезде Парето диаграммасысының мағлұматтары ақаулықтардың максималды көрсеткіштерімен сәйкес болмауы мүмкін. Осы берілген мысалда жапондықтар жұмысты өнімге сай емес дыбыстан (басқа ақаулықтар басым бола тұра) бастау қажеттілігін анықтады. Дыбыс себебін талдағанда көптеген жағдайда пайда болатын сытырдың пайда болуы жайындағы мағлұматтар алынды.
Гистограмманы құрғаннан кейін олар диапозонда көрінген пайда болатын дыбыстың әдеттегі жағдайын анықтады. Нұсқаулық мүмкін болатын ауытқуларды ескерсе де, олар гистограммада детальдарда түзетілуі тиіс екі шиқылды анықтады әрі осы жайлы мағлұматтар негізінде стратификация құрылды және сейілудің соңғы нүкттелері бойынша құрылған, екі гистограмма негізінде бір нүктеде түйісетін сейілудің дәлірек мағлұматтары белгіленді. Есептеудің нәтижесінде алынған ақпарат себеп және салдар диаграммасын құруға негіз болды да онда шикізат, технологиялық процестердің орындалуы мен жұмысшылардың кәсіптік қасиеттері, құрылғыны пайдалану шарттары талданды. Себеп және салдар диаграммасын талдау сейілу диаграммасын құруды талап етті, оның көмегімен осы ақаулықты бақылаудың шаралары жасалды.
Осылайша, әрбір ақаулық талданады, ал осындай бақылаудың нәтижелері адамдарға «бір көргеннен» анық болатын мағлұматтар көбінесе сәйкес келмейді, яғни осылайша құрылған бақылау жаппай ақаулықтарды жай ғана байқаумен анықтаумен сәйкес келмейді де, көзге түсетін ақаулықтармен қатар негізгінің нәтижелесі ретінде пайда болған тағы да бірнеше ақаулықтарды жоюға жағдай туғызады. Осы мысалда жұмыс квалиметрия принциптеріне құрылғанын байқауға болады.
Жоғарыда аталған принциптердің барлығы өндіріс процесінің барлық қатысушылары – фирма басшылығынан бастап жай жұмысшыларға дейін қолданылады. Бұлар тек өндірістік бөлімінде ғана емес, сол сияқты жоспарлау, маркетинг, материалдық-техникалық жабдықтау және технология бөлімдерінде де қолданылады. Фирма мәселесінің 95% осы жеті принциптердің көмегімен шешілуі мүмкін.
- Аралық статистикалық әдіске:
- Іріктеп зерттеу теориясы;
- Статистикалық іріктеп бақылау;
- Статистикалық бағалауды өткізу және критерийлерді анықтаудың түрлі әдістері;
- Сенсорлық тексерулерді қолдану әдісі;
- Эксперименттерді есептеу әдісі;
Жапонияда сапаны басқару саласындағы инженерлер мен мамандар үшін арналған осы әдіс әсерлі қолданылады.
- 3. Озық статистикалық әдіс (ЭЕМ көмегімен) құрамында:
- Экспериментті есептеудің озық әдістері;
- Көпфакторлы талдау;
- Операцияларды зерттеудің түрлі әдістері бар.
Бұл әдіске шектеулі инженерлер мен техниктер санын үйретеді,
себебі, ол процестер мен сапаның өте күрделі анализдерін өткізу кезінде қолданылады. Бұл әдіс технологияның жоғарғы дәрежесін жасау және оны шетке шығару негізінде салынған. Жұмыстың бастапқы кезінде жиі қолданылатын екі әдіс бар: ми атакасы және процесс сызбасы.
Ми атакасы сапаға байланысты бір мәселе бойынша топқа аз уақыт ішінде көптеген идеялардың туындалуына көмек көрсету үшін қолданылады. Ол келесі 2 жолмен іске асады:
- ретке келген — әрбір топ мүшесі өз ойларын шеңбер кезегі тәртібімен айтады немесе келесі кезге дейін өз кезегін өткізеді;
- ретсіз – топ мүшелері ойларын ойға келген кезде айтады. Осылайша еркін жағдай пайда болады. Бірақ та, тиімділігі кемдеу олардың сөйлеп қалған иелері басым орын алады деген қауіп бар.
Процесс сызбасы (тізбекті операциялардың сызбасы, бағдар сызбасы) өндірістің нақты және ұйғарудағы бұйым не қызмет өткізетін кезеңдерін бақылау қажет кезінде қолданылады, келесі тізбек бойынша салыстырудағы ақаулықтардан ауытқулырды анықтау үшін:
Процесс сызбасы
4— сурет.
Өнімді шығарудың бастапқы кезіндегі сапаны бақылау. Өнімді шығарудың бастапқы кезіндегі сапаны бақылау өндірістің шарттары өзгерген кезде керекті сапа деңгейі сақталатынын қамтамасыз етуге арналған. Тәжірбиелік нұсқа өнімді сериялық өндіріске шығаруға дейін бақылау және жетілдіру қателіктерді тез табу және қоқысқа жіберу жағдайларын барынша азайтады. Сол сияқты бақылау реттеуші және оператор нұсқаулықты дұрыс түсінді ме, станок немесе технологиялық процесс дұрыс құралғалды ма және т.б. анықтайды.
Тексерудің пайдалылығы мен тереңдігі бірнеше факторларға байланысты:
- Егер бір-нәрсе дұрыс істелмесе, бұйымды қайта жасау және өндіріс шығындары;
- Бақылау шығындары;
- Техникалық шарттарға қалған партияның сәйкес келуіне бақылауды қамтамасыз ету.
Өндіріс процесіне бақылау жасау. Өндіріс процесіне бақылау жүйелері әртүрлі және күрделі болуы да мүмкін. Мысалы, егер, өндіріс процесі дәнекерлеу, металмен жабу, радиография, сияқты операциялардан тұрса, онда бақылау операторлар жұмысының сынама нұсқаларын алу немесе олар үшін арналған тест арқылы жүзеге асады. Мұндай кезде бақылаушыға қиындығы тест тек қана оператор өзіне қойылған талаптарға жауап бере алатындығы, бірақ бұл нақты өндіріс процесінде қателіктер болатынына кепілдік бермейді.
Жаппай өндіру немесе үзіліссіз (жартылай үзіліссіз) процестер процестің пайдаланымдық сипаттарына үзіліссіз «бақылайтын» іріктеме мен талдау процедураларының үнемі өндірісімен тығыз байланыста. Олар өнім сапасын сақтау мақсатымен процесті үзіліссіз күйге келтіру үшін тұйық басқару жүйесінің бөлігіболуы мүмкін. Аз сериялы немесе тұрақсыз жұмыстар үшін, іріктемелерді өндіру және процестің алдыңғы орнатылған дәлдік дәріжісі негізінде бақылау карталарын құрастыру негізіндегі, басқарудың басқа әдістемелері қолданылады.
Сапа өзгеруінің себептері.
- Кездейсоқ өзгерістер – ол көптеген «кездейсоқ себептердің» қосындысы, олардың ішіндегі әрбір жеке себептің әсері шамалы ғана, сонымен бірге біріккен өзгерістерді құрайтын әрбір ірі себеп үшін бөлек бір себепті анықтау мүмкін емес. Өндіріс пен бақылауға әрдайым тиянақты «кездейсоқ себептердің жүйесі» тән. Осындай тиянақтылықтардың салдарынан сапаның толқуы шарасыз болып келеді.
- Кездейсоқ емес өзгерістер – ол, әдетте, әрбір уақыт ішінде жұмысшылар, материалдар және жұмыс әдістердің арасындағы айырмашылықты сипаттайтын «кездейсоқ емес себептердің» салдарынан болған өзгерістер. «Кездейсоқ емес себептер» болған жағдайда, берілгендердің сапасының өзгерісі күткен сызбаларға келмейді, әдетте, процесс «басқаруға келмейтін» болып есептеледі.
Егер, бұрын бұйым сапасын бақылау дәстүрлі әдіс болып есептелсе, қазіргі кезде өндірілген сапасын да бағалауға мүмкіндік беретін технологиялық процестерді бақылауға талпыныс болып табылады./2, 62б/.
Өнім шығаратын кәсіпорындар белгілі стандарттардың талаптарына сай өнім шығарады. Стандарт- бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісушілік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік құжаты. Стандарттау- бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет. Стандарттаудың басты мақсаты-халық шаруашылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік- техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі мынадай нормативтік құжаттар бар:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (Гост);
- Салалық стандарттар (ССТ);
- Техникалық жағдайлар (ТЖ);
- Кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
- Ғылыми- техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары./8,19б/.
2 ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА
2.1 Сапаны басқару бойынша халықаралық стандарттар жүйесінің құрамы мен құрылымы
ИСO 9000 1987 жылы пайда болғаннан бастап өзін менеджмент сапа стандарттарының аса табыстыларының бірі екенін көрсетті. Ол BSI интитутында 57-50 нөмірлі атаумен құрылып, тарихқа ISO – international standart organization болып енді. ИСO грек тілінен аударылғанда «тегіс» дегенді білдіреді екен. Шын мәнінде ол көптеген ұжымдарда қолданылатын әмбебап стандарт болып келеді. ИСO 9000 табыстарының бірі сертификациялау үрдісінің стандарт талаптарына сәйкес ұжымға оның шаруашылық және өндірістік үрдістерін оптимизациялауға көмек беруімен түсіндіріледі. Қазіргі кезде ISO 9000 стандартын бүкіл әлем бойынша 500 мыңнан аса компанияларға енгізіліп, ол Гиннесс рекордтар кітабына ең көп таралған стандарт ретінде белгіленді./9, 14 б/.
Сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі 1987 жылғы наурызда Халықаралық стандартизация ұйымы қабылданған (ИСО) ИСО 9000 халықаралық стандарттар пакетіне шоғырланған еді.
Халықаралық стандартизация ұйымының (ISO) анықтамасы бойынша, стандартизация “қызметтік шарттар мен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жалпылай максималды үнемдеуге қол жеткізу үшін, қызығушылық танытқан барлық адамдардың қатысуымен осы салады пайданы реттеу мақсатында ережелерді бекіту және қолдану үрдісі”. Стандартизация келесі қызметтерді атқарады:
1.Әртүрлі елдерде адамдар құрған объектілерді (өнімдерді, қызметтерді, жұмыстарды, үрдістерді) реттеу;
- Реттелген объектілерге қойылған оңтайлы талаптарды нормативті құжаттарда бекіту;
- Осы нормативті құжаттарды пайдалану ережелерін бекіту.
Халықаралық стандартизация:
- күрделі өнімнің элементтерінің өзара орнын басуын қамтамасыз етеді.
- түрлі елдерде өндірілетін тауардың сапасының деңгейін шамалайды.
- ғылыми техникалық ақпараттың өзара алмасуына мүмкіндік береді.
- халықаралық саудаға қолғабыс етеді.
- халықаралық ұйымдар адамдарының ғылыми-техникалық прогресін жылдамдатады.
Халықаралық стандартизация саласында көптеген мекемелер жұмыс істейді, олардың қатарындағы Стандартизация бойынша Халықаралық ұйым (International Standart Organization) немесе қысқаша ISO (ИСО) ең беделді болып табылады. Ол 1946 жылы БҰҰ-ның стандарттарды координациялау комитетінің шешімімен құрылған, ресми түрде өзінің жұмысын 33 ел оның құрылуын бекіткен соң, 1947 жылдың ақпанында бастаған.
ИСО бейүкіметтік ұйым болып табылады және БҰҰ-ның кеңестік мәртебесіне ие. ИСО Жарғысында жарияланған оның негізгі мақсаты “әлемдік ауқымда стандартизацияға қолғабыс болу” деп көрсетілген.
Қазіргі күні халықаралық стандарттардың осы сериясының стандартизация объектілері кеңейіп, тек сапа жүйесінің элементтерін, оларды таңдау критерийлері мен сапаны қамтамасыздандыру жүйесінің модельдерін ғана емес, сондай-ақ іске асырылған сапа жүйесінің тексеру әдістерін, сарапшы-аудиторлардың мамандану сипаттамасының критерийлерін де қамтиды. Қызметтер сапасын басқару, өңделетін материалдар, программалық қамтамасыз етудің халықаралық стандарттары қабылданды. Көптеген жұмыс әдістемелік аспектіде орындалды: сапаны қамтамасыз етуші жүйелердің жеке құрамдарының мазмұнын түсіндіретін бірқатар басқару нұсқаулықтары қабылданды.
Осыған орай сапаны қамтамасыз етуші халықаралық стандарттарын енді ИСО стандартының 9000 сериясының “туыстығы” деп атайды. /10, 131 б/.
9000 сериялы халықаралық стандарттардың пайда болуы сапа жүйесінің дамуының логикалық салдары. Осы бағыттың даму үрдістерінде мына келесі сатыларды бақылауға болады:
— басқарудың жалпы үрдістерінде сапаны басқарудың бөлек элементтерінің тууы мен дамуы;
— бөлек элементтерінің интеграциясы мен сапаны кешенді басқаруға өту, барлық кәсіпорындарды басқару;
— сапаны кешенді басқару, мұнда сапа басты мақсат пен негізгі факторлар болып табылады, ол кәсіпорындардың іс- әрекеттерінің барлық бағыттарын, сонымен бірге сапаны қамтамасыз етуде барлық қызметкерлердің қатысуын анықтайды.
— өндірушілерге, сынама зертханаларға және өнімді және сапа жүйесін сертификациялау мен сынақтан өткізуге ауқымдық көзқарас.
Біздің елімізде ИСО 9001- ИСО 9003 стандарттары 1988 жылы «тысқап» әдісімен енгізілді. Яғни, түпнұсқалы аудару жолымен және кейін мемлекеттік стандартпен бекітіліп, енгізілген.
Стандарттардың жаңа түрлеріне сапаның келесі 4 негізгі аспектілері енгізілді:
- өнімге сұраныспен анықталған сапа;
- өнімдерді жобалауға қатысты сапа;
- өнімнің жобаға сәйкестігіне қатысты сапа;
- өнімнің тіршілік циклінде оны материалдық- техникалық қамтамасыз етуге қатысты сапа; /5, 132б/.
ИСО 9000 халықаралық стандартының үш нұсқасы бар: ИСО 9000-1 – нақты стандарттарды таңдау және қолдануды басқаратын нұсқаулықтар; ИСО 9000-2 – ИСО 9001, ИСО 9002 және ИСО 9003 стандарттарын қолдануға жалпы басқару нұсқаулықтары; ИСО 9003 – ИСО 9001 стандартын оның әзірлеу, жеткізу және қызмет көрсету кезіндегі программалық қамтамасыз ету үшін қолдануға басқару нұсқаулықтары.
ИСО 9000-4 стандарты сенімділік бағдарламасын басқару нұсқаулығы.
ИСО 9004 әдістемелік стандарты да осылай бөлшектенген: ИСО 9004-1 – бұл сапамен қамтамасыз ету жүйесінің элементтерін сипаттау, ИСО 9004-2 – қызмет сапасы жүйелерінің басқару нұсқаулықтары, ИСО 9004-3 өңделетін материалдар сапасы жүйелерінің басқару нұсқаулықтары, ИСО 9004-4 сапаны жақсартудың басқару нұсқаулықтары.
Осылай ИСО стандартының 9000 сериясы “туыстығының” әдістемелік бөлімі дамытылған.
Бұған 10000 шифрлі әдістемелік стандарттар қосылды, бірақ олардың біразы әлі жобалар.
ИСО 9001, ИСО 9002 және ИСО 9003 нормативті стандарттары өндіріс үрдістерінің түрлі сатыларында сапамен қамтамасыз ету жүйелерінің негізгі модельдері болып қала береді.
ИСО 9000-1 стандартында фирма немесе кәсіпорын ішінде сапамен қамтамасыз ету – жалпы басқару болып табылады делінген. Бірақ егер әңгіме келісім шартқа отыру туралы болса, онда экспорттаушының сапамен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы серіктестіктің сенімді екендігіне кепіл береді. Осыған орай келісімшартта оған қол қойғанға дейін экспорттаушының сапамен қамтамасыздануы ИСО 9001-9003 стандарттарының біреуіне сай екендігін тексеріп-бағалау жүйесі болуы тиіс.
Бағалауды импорттаушының өзі немесе екі жақ келісілген бейтарап ұйым жүргізуі мүмкін. Бағалау қажет емес, егер жүйе сертификатталған болса және қабылдаушы бұл сертификатты мойындаса. ИСО 9000-1 стандартының жаңартылған түрінде сапаның негізгі төрт аспектісі анықталған. Олар төмендегі төрт жайтпен негізділген:
- өнімге деген сұранысты анықтау;
- өнімді жобалау;
- жобаға сәйкестік;
- оның тіршілік цикліндегі барлық сатыларында өнім параметрлерін сақтау /10, 132б/.
Халықаралық стандарттар жүйесі
5- сурет.
Сапа жүйесінің стандартизациясы қалыптасып қалмауы тиіс әйтпесе ол кәсіпорындағы сапаны басқаруды дамыту жолын бөгейді. Мысалы, “Сапаны басқару – жаңашылдыққа ұмтылдырады” атты ұранмен өткен Сапаның Еуропалық ұйымының 40-шы конгресі ИСО стандартының 9000 сериясының кейбір қағидаларын қайта қарау керек деген шешімге келді.
Әсіресе маңызды болып сапа жүйесіне сәйкестік сертификатын алуға қажетті сапаны басқарудағы жеке ережелер мен процедуралардың тым қаталдығын жұмсарту қажеттігі маңызды болды. Сапаны басқарудың жүйесін енгізуге бел буған кәсіпорын (фирма) ИСО стандартының 9000 сериясы не істеу керектігін талқылайтын әдістемелік нұсқау екендігін түсінуі қажет, ал оны қалай іске асыруды басшылықтың өзі шешеді. Шетел мамандары атап көрсеткендей, қалыпта болу мақсатымен, “тұтынушыларға осы қағазды көрсетуге” ғана ИСО 9001 стандартын таңдаған фирма ИСО стандартының 9000 сериясын жоғарғы сапа кепілдігі деп танымайтындардың қатарына жатады. Егер фирма бұл нормативті құжаттардың кешенін стратегиясын ойлап таңдаса, онда ол сапаны басқару жүйесін тек өнімді ғана емес, сондай-ақ өзінің барлық жұмыстарын дамытатын құрал ретінде қарастырады. Мұндай идеяны қолдаушылар жетерлік.
Тәжірибе ИСО стандартының 9000 сериясын нақтылау және босату бағытында дамыту қажеттігін көрсетті. Бұл 1994 жылы іске асты (ИСО редакциясы 9000-94 сериялары), ал енді оның жаңа үлгісі даярланды – ИСО стандартының 9000 туыстығы 2000 жылғы нұсқасы. Мұндай шешім 1997 жылғы ИСО/ТК 176 күшімен өткен осы стандартты енгізген мыңдаған тұтынушы-компанияларды сұрастыру нәтижесінде қабылданды. Толтырылуға тиіс сұрақ-жауапта (анкета) міндетті түрде көрсетілуі тиіс жайттар мыналар еді:
- іске асырылған стандарттарға қатысы;
- стандарттарды қайта қарастыру талаптары;
- ИСО 9000 стандартының қоршаған ортамен байланысы.
Жауаптарды талдау нәтижесінде тұтынушыларды көпшілігі ИСО стандартының 9000 сериясын оның 14000 сериясымен біріктіру қажеттігін айтты; ИСО 9001 стандарты сапаны жақсартуды қамтамасыз ететін және тұтынушылардың сұранысына және таңдауына бейімделген талаптары болуы тиіс; ИСО 9004 стандарты кәсіпорынның жалпы жұмысының тиімділігін арттыруы және тұтынушылар, өндірушілер, көтеріп алушылар мен жалпы қоғам арасында өзара қызығушылықтың болуына себепкер болуы тиіс.
2000 жыл ИСО 9000 стандарттар жинағы қайта қарастырылды, оның нәтижесінде мына келесі стандарттар енеді:
— ИСО 9000: 2000. Сапа менеджментінің жүйелерінің негізгі ережелері мен сөздік.
— ИСО 9001: 2000 Сапа менеджменті жүйесіндегі талаптар.
— ИСО 9004: 2000 Сапа менеджменті жүйесіндегі іс- әрекеттерді жақсарту бойынша ұсыныстар.
ИСО 9001: 2000 сериялы стандарттар сапа облысында мақсаттарға жету үшін кәсіпорындарды басқару мен өнім өндірісінің үрдісін басқарудың 8 қағидасын бекітеді:
- кәсіпорындардың іс- әрекеттерінің барлығы клиентке бағдарлануы керек;
- қызметкерлерді ынталандыру;
- өндірістік іс- әрекеттердің барлық түрлерінің үрдістік көрінісінде негіздерін басқаруға арналған тәсілдер.
- басқаруға жүйелік тәсілдер;
- сапа менеджменті жүйесін үздіксіз жетілдіру;
- барлық басқарушылық шешімдер сенімді фактілі деректерге негізделу керек;
- жеткізушілермен өзара пайдалы қатынастарды бекіту;
ИСО 9001: 2000 келесі өзекті үрдістер үшін алты міндеттелген «құжатталған процедураларды» талап етеді:
- Сапа менеджменті жүйесінің жазулары мен құжаттамаларын басқару;
- Сапаны тіркеу;
- Ішкі аудит;
- Сәйкес емес өнімді басқару;
- Түзететін іс- әрекеттер;
- Ескертетін іс- әрекеттер;
ИСО 9001: 2000 мекемелерден әсерлі жұмыстарды және үрдістерді бақылау үшін «құжаттарды» талап етеді.
ИСО 9001: 2000 стандарттарына сәйкес талап ететін құжаттардың ең аз шекті терілімі:
- басшылықтың міндеттері. Сапа облысындағы мақсаттары мен саясаты;
- сапа бойынша басшылық;
- құжатталған процедуралар;
- сапа бойынша тіркеме жазулар;
Осы стандарттардың арнайы талаптары жалпы сипат алып, барлық мекемелер үшін қолданыла алады, ол олардың типінің, шамасының және жеткізіліп отыратын өнімнің түріне тәуелсіз болады. /5, 135б/.
ИСО 9001, ИСО 9002 және ИСО 9003 стандарттары қайта қаралған ИСО 9001 стандартына енгізіледі. Сондай-ақ оның құрылымы қазіргідей элементтерде емес, үрдістерде негізделеді. ИСО 9001 стандартының негізгі бөлімдері төмендегідей болады деп күтілуде:
- Басшылықтың жауапкершілігі (саясат, мақсаттар, жоспарлау, сапаны басқару жүйесі, басшылық тұрғысынан талдау);
- Қорларды басқару (адам, ақпарат, инфрақұрылым қорларын);
- Үрдістерді басқару (тұтынушылардың қанағаттануы, жобалау, сатып алу, өндіріс);
- Өлшемдер, талдау, жақсару (тексерулер, үрдістерді басқару, үнемі жақсару).
Жаңа ИСО 9001 стандартының аталуында “сапамен қамтамасыз ету” термині жоқ. Бұл стандарттың тұтынушылардың қалауын орындауға мүмкіндігін дәлелдейтін сапаны басқару жүйесінің талаптарына бейімделгендігімен түсіндіріледі./10, 147б/.
Халықаралық стандарттарды құруды көбінесе ИСО мен МЭК іске асырады. Олар жалпы күрделі 10000 жоғары стандарттарды бекіткен. Әр жыл сайын ИСО 250 түрге, ал МЭК 150 түрге жуық стандарттар тобы құрылады немесе қайта қарастырылады. Мұнда стандарттарды құру 1989 жылы бірлесіп қабылданып, «ИСО/МЭК техника жұмысы бойынша басшылығы» негізінде жасалады.
Халықаралық стандарттарын құру 5 сатыдан тұрады:
- жаңа жұмысшы жоба бойынша ұсыныс беру (ұсыныс беру сатысы);
- жұмыс жобасы (даярлау сатысы);
- техникалық комитет жобасы (комитет сатысы);
- халықаралық стандарт жобасы (бекіту сатысы);
- халықаралық стандарт (жариялау сатысы);
Халықаралық стандарттарды құрудың орташа ұзақтығы ИСО Кеңесімен белгіленген ол 90 ай уақытын құрайды. /5, 128б/.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапаны басқарудың әсерлі құралы сертификаттау болып табылдаы. Оның экономикалық мәні төмендегідей:
Демократия мен адам құқығының дамуы және ХХ ғасырда халықаралық сауданың дәуірлеуі нәтижесінде тұтынушы құқығын қорғау қажеттілігі пайда болды. Себебі «өндіруші-тұтынушы» қатынастарында «ассиметриялық ақпарат» деп аталатын тұтынушы тауар сапасы мен қауіпсіздігі жайлы толық хабардар болмаған жағдайында ол ең қорғансыз болып табылады. Осыған байланысты, мемлекет заңды түрде өндірушіге өнім сапасы жайлы оның сертификатталуы арқылы белгілі талаптарға, нақты стандарттарға немесе техникалық шарттарға өнімнің сәйкес келуі жайлы ақпаратты құжатты расталуы түрінде ұсыну міндетін артты. Әлемдік тәжірибеде сапаны басқарудың өзіндік жүйесін сертификаттау ерекше орын алады. Бұл шара жалпы нарықта фирма имиджін көтереді, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және кластерлік жүйеге енудің алғы шарты болып табылады. Кластерлік тәсілнамада басқа ортадағы компанияларға жетекші фирмалардың бәсекеге қабілеттілігінің «ену» құбылысы пайдаланылады. Бұл фирма кластердің негізін салушы болады. Сапа мен өндірісті басқаруды сертификаттаудың ерікті жүйесі құрылады. Бұл жүйеге кіру үшін басқа шектес компаниялар және тұтынушылар сапаны басқару жүйесін ендіреді де жетекші-кәсіпорын деңгейіне дейін «жиылыңқылайды», осымен бұлар өзінің де бәсекеге қабілеттілігін өсіреді. Осылай, кластерлік технологиялық тізбек пайда болады, бұл тізбек бойынша қатысушы-фирмалар келісімге отырумен байланысты сапа бойынша өзара міндеттемелерді қабылдайды.
Өнім сапасын басқару жүйесі
Сурет-6
Сертификаттау – өнімнің нақты стандарттарға және арнайы талаптарға сәйкестігін құжатты рәсімдеумен куәландыру. Бұл үшін фирмалар белгілі бір шығындармен байланысты белгіленген шаралар кешенін өткізуге барады. Сертификаттаудың негізгі қоғамдық функциясы жауапкершілікті өндіруші мен сатушыға тапсыру арқылы ішкі нарықты сапасыз және қауіпті өнімнен қорғау болып табылады. Нормативті түрде бұл арнайы құжат – «сәйкестік туралы сертификатты» берумен расталады. Сертификаттаудың нысанына тек қана өнім емес, сонымен қатар «сапаны басқару жүйесінің» өзі де болады. Сертификат компанияға заңмен реттелетін саланың нарығына шығуға құқық беретін құжат болып табылады.
Сертификаттау жүйесіне сынақ лабораториялары, сертификаттау жөніндегі орган және акрредитациялау жөніндегі органдары кіреді.
Өнім өндіретін фирманың өтініші бойынша өтініш сертификаттау жөніндегі органға келеді, онда ол тіркеліп, сынақ лабораториясына жіберіледі. Бүл жерде өнім сыналады, сынаудың хаттамасы рәсімделіп, сертификаттау органына тапсырылады. Бұл кезде лабораторияның сынақ мағлұматтарын таратуға және сынау нәтижелері бойынша қорытынды жасауға құқығы жоқ, хаттамада ол тек өнімнің белгіленген параметрлері бойынша көрсеткіштерін ғана көрсетеді. Одан соң, сертификаттау органы сынақ нәтижелерін стандарт немесе техникалық шарттардың талаптарымен салыстырады да олардың мүкіндігінше сәйкес келгенде тапсырыскерге сәйкестік сертификаты береді./11, 442б/.
Өнімді сертификаттаудың бірізді сызбанұсқасы
Сурет-7.
2.2 Қазақстан Республикасының кәсіпорындарына сапа жүйесін енгізу
Жекеменшік түріне және өнім шығару деңгейіне тәуелсіз барлық қазақстандық кәсіпорындар отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықта тұтынудың деңгейінің төмендеуіне байланысты жалпы мәселелерге жиі ұшырасады. Ол өндіргіш қондырғылардың құрылымы мен техникалық деңгейінің нашарлауына байланысты болады. Сондай-ақ осы жайттарға әлеуметтік факторлар да сипатты: халықтың төлеуге қабілеттілігінің төмендігі және мамандардың шеттелуі. Сарапшылар сондай-ақ өндіріс секторының жоғарғы тәуекел деңгейі, өндіріс салаларының көп болған өнеркәсіптік өндіріс құрылымының тұрақсыздығы. Қазақстандық индустрияның тағы бір мәселесі — өнім сапасының деңгейінің төмен болуы және оның номенклатурасының өте аз жаңаруы.
2001 жылдың 5 мамырында Қазақстан республикасы Үкіметінің № 590 Қаулысымен 2001-2005 жылдарға “Сапа” бағдарламасы бекітілді.
Бағдарлама мемлекеттік және жеке орындаушы органдардың, сондай-ақ басқа ұйымдар мен кәсіпорындардың сапаның деңгейін жоғарылатуы, тауардың және қызметтердің бәсекеге тұрақтылығының негізгі бағдарламаларын анықтайды.
Бұл үшін осы салада мемлекеттік басқарудың құқықтық қамтамасыз етілуін ғана емес, сондай-ақ басқарудың түрлері мен әдістерін де дамыту қажет. Оны жаңа технологияларды енгізу, ақпараттық қамтамасыз ету және стандартизация, метрология және сертификация саласында жоғары дәрежелі мамандар көмегінсіз жүргізу мүмкін емес. Бірақ бағдарламаның негізгі мақсаты — тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің сертификациялануынан сапа жүйесін сертификаттауға өту.
Отандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге тұрақтылығын арттыру үшін жобалау сатысында және өндіріс барысында болжанған сатып алатын нарықтың талаптарын ескере отырып, нақты тұтынушыға бейімделу керек. Шет елдермен сауда саттық қарым қатынаста техникалық кедергілерді жойғанда ғана қазақстандық өндірушілердің экспорттық потенциалын жоғарылатуға болады. Осылай біз республиканың әлемдік экономикаға интеграциялануына жәрдем береміз. Сонымен қатар сапасыз өнімнің өндірілуіне және сатылуына экономикалық жауапкершілікті арттыру қажет.
Жақын арада Қазақстанға тауарлар, қызметтердің сапасын арттыру үшін халықаралық стандарттарды міндетті түрде енгізу өзінің нәтижелерін береді. Сыртқы нарыққа шыққан қазақстандық өнеркәсіптер өзінің тауарларының бүкіл әлем таныған сапа жүйесіне сәйкес болуын қажет екендігін түсінді. 14000 сериясының ИСО стандарттары бақылауға алынған сенімді, тура және нақты қоршаған ортаны бағалаудың әдісін әзірлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар сауда-саттық кедергілерін жоюға көмектеседі, себебі өндірушілер қайта өңделу, өнімді қолдану және оның шикізаты туралы ақпаратты беруге міндетті болады.
Сапаның деңгейін көтеру алдыңғы қатар технологияларсыз, жаңа материалдарсыз, түсқаптың әрленуін жақсартусыз мүмкін емес. Ол үшін өндірушілерге алдыңғы қатардағы елдердің тауарға, қызметтерге қойған талаптары туралы ақпараттарды алуына кедергі болатын жайттарды болдырмау қажет.
Қаржылық бағдарламаларды тек иегер субъекттер ғана іске асырмайды деп күтілуде. Қаржы гранттар және заңға қайшы келмейтін түрде беріледі./12, 50 б/.
Жергілікті өндірушілер арасындағы импорталмасу бағдарламалары саласында алдын-ала шетелден енетін өнімге тапсырыс беру өте көп. Тапсырыс берушілер тапсырыс көлемін жоғарылатуға дайын, бірақ сапа мен бағасы сай болуы тиіс. Ал стандартты ұстанбай өнімнің сапасы туралы әңгіме қозғау мүмкін емес. Өткен жылы Қазақстан республикасы мемлекеттік стандартының Алматы қалалық мемлекеттік бақылау басқармасы стандарт талаптарын, метрологиялық нормалардың және сертификация ережелерін сақтау бойынша мыңдаған тексерулер жүргізді. Жартысына жуығы түрлі сәйкессіздіктерді анықтаған, олардың негізгілері – стандартизация және сертификация заң шығарушылық және нормативтік актілерін ұстанбауы жөнінен. Оның себебі басқарушы адамдардың сапаны бақыламауынан, нормативті және технологиялық құжаттардың болмауы және өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің қанағаттанбауы. Тексеру 16% отандық өндірушілер стандарт талаптарын сақтамай өнім өндіретінін көрсетті. Тексеру нәтижесі бойынша 3567 партия стандартқа сай емес, сертификатталмаған өнім (жалпы сомасы 290 миллион теңге) тәркіленді, 28 өнеркәсіпке өнім шығаруға тыйым салынды, осы ережелерді бұзған адамдарға 2млн. теңгеге жуық айыппұл салынды.
Республикада өндірістің дамуы мен экономикалық тұрақтануға байланысты сандық көрсеткіштер сапалық көрсеткіштерге тәуелді екендігі белгілі болды. Отандық өнеркәсіптердің 9000 сериясының ИСО халықаралық стандарттарының сапа менеджменті жүйесіне өтуі үкіметтік бағдарламада сапа қағидалары айқындалды. Еліміздегі орта және ірі бизнестің 400 кәсіпорындарының 24-і ғана 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарға сай сертификаттарын алды.
ИСО 9000 халықаралық стандарттарының жаңа түрі жаңа заман нарығының негізгі философиясы болған TQM концепциясына негізделеді. 2 жылға есептелген бағдарлама 11 ірі блоктардан тұрады. Онда қарастырылған жайттар: республикалық семинар-мәслихаттарды өткізу, әдістемелік материалдардың жинағын шығару, шетел ОС-мен бірге консалтингтік орталықтарды құру, өнеркәсіптердің басшылары мен мамандарын оқыту, салалық және аймақтықсапа жүйесін енгізу бағдарламаларын әзірлеу, сапаның жаңа жүйелерін енгізуші ұйымдарды мемлекеттік қолдау шаралары (үкіметтік деңгейде қолдау, “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” атты үкіметтік сыйақыға республикалық конкурс жариялау). Тек өндіру емес, сондай-ақ қайта өңдейтін өнеркәсіптері бар дамыған өндірістік потенциалы бар аймақтар сапа жүйесін әзірлеу және ендіру бағдарламасына қатысады. Қазақстан республикасының энергетика және сауда министрлігінің мамандары қазіргі кезде экономикалық белсендіру шараларын әзірлеуде, ал 2001 жылдың маусымында сәйкес қаулының үкіметке ұсынылуы жоспарлануда.
Қазіргі кезде “Сараптау мен сертификаттаудың ұлттық орталығы”ААҰ –ның алматылық бөлімі жаңа стандарттарға сай 35 астам өнеркәсіптерді сертификаттады.
Қазақстандық сертификатты шетел компанияларының тануы аса маңызды, ал бұған сапаны басқарудың әсерлі жүйесінсіз қол жеткізу мүмкін емес. Сараптау ұлттық орталығының алматылық бөлімімен берілген сертификаттары бар кейбір қазақстандық компаниялар (“Алматыпищереммаш” ААҚ, “Энергия” институты” ЖАҚ, “Железобетон” АЗМК” ААҚ және тағы басқалар.) шетел өнеркәсіптері немесе шетел өнеркәсіптерімен байланысты компаниялардан тапсырыс алды.
Қазақстандық сертификатқа қосымша мүмкіндіктер беру үшін осы облыстағы шетелдік беделді фирмалармен мысалы TUV, BORD, TOV RW, “Ресейлік теңіз кеме шаруашылық регистрі және тағы сол сияқты екі жақтамалы серіктестігін бекіту бойынша жұмыстарды жүргізу болып саналады.
Бүгінде қазақстандық өнеркәсіп негізінен бұрынғы КСРО стандарттары бойынша жұмыс істейді ол мемлекет аралық статусы бойынша қалыптасқан. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап жыл өзіндік стандарттарға өту үшін аса кіші мерзім. Бірақ та әлемдік стандарттар талаптарынан қалыспайтын отандық өнімнің болуы – мемелекеттің таза тәуелсіздігінің және оның өзіндік екендігінің тағы бір куәсі. Сондықтан стандартизацияның мемлекеттік жүйесінің негізін қалайтын стандарттарды үйлесімдеу мен қайта қарастыру үшін 30 техникалық комитеттері құрылған. Оның ішіндегі екеуі мемлекеттік деңгейде жұмыс істейді. Қазіргі кезде 500-ден астам ережелер, нұсқаулықтар және тағы басқа нормативтік құжаттар әзірленген. Өткен жылы “Сараптау мен сертификаттаудың ұлттық орталығы” ААҚ-ның алматылық бөлімі 200 аса техникалық шарттарды тіркеді, ал заңмен бекітілген кәсіпорын-өндірушілермен әзірленген талаптарға сәйкес болады.
Кеңес одағының уақытында техника-экономикалық ақпараттардың жүйесі тіршілігін дамытты. Онда 40 мыңнан астам әртүрлі құжаттардан тұратын, АСУ көмегімен оны құру мен өңдеуге мүмкіндік беретін, сонымен бірге деректер банкін құрайды. Бүгінде осы классификаторлар мен каталогтар өзінің көкейтестілігін жоғалтты, себебі көп уақыт бойы қайта жаңартылмаған. Өкінішке орай, республикада қазірге дейін қазақстандық өндірушілердің деректерінің өзіндік банкі құрылмаған, сол сияқты отандық өнімдер туралы мәліметтер мен жабдықталған басылымдар да жоқ.
2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап Госстандарпен Қазақстанда және оның өндірушілерімен өндірілетін өнім туралы ақпараттың таралу мен өңделуін, жиынтығының қағидаларын бекітетін өнімнің катологизациясы бойынша мемлекеттік стандарттар ендірілді.
Сонымен бірге Госстандарт өзіне деректердің жаңа банкін қалыптастыру міндетін жүктеді. Мұнда қазақстандық өндірушілер мен олардың шығарған өнімдері туралы барлық ақпараттар жиналады. Отандық кәсіпкерлер осы іске өзінің көмегін тигізуге міндетті. Оларға кәсіпорын мен шығарылған өнімнің арнайы каталогтары парақтар түрінде мәліметтерді жинақтайды. Тіпті егер өнімнің бір түрінің шығарымы тоқталса, сол өнім туралы мәліметтер тіркелуі қажет. Каталогтық парақтар тек тәжірибелік үлгілермен, нақты тапсырыс берушіге жеткізілетін біртіндеп шығарылатын өндіріс өнімінің, сыйлықтар мен әдеби көркемдік түрдегі бұйымдар, технологиялық қалдықтар көрсетілуін ғана қамтымайды.
Осы жиналған деректердің негізінде Қазақстан республикасының өнімдер Каталогы басылымы, өндірістен алынған өнімдер туралы деректер бюллетендері «Қазақстан республикасының өнімдерін өндірушілер» бюллетендері жоспарлануда./13, 47б/.
Берілген халықаралық стандарт тұтынушылардың олардың талаптарының орындалуына қанағаттануын жақсарту үшін сапа менеджменті жүйелерінің әзірленуі, енгізілуі және нәтижелілігін жетілдірудегі үрдістік көзқарасты қабылдауға көмектеседі.
Мекеменің әсерлі жұмысы үшін көптеген өзара байланысты үрдістерді анықтау және оларды басқаруды іске асыру қажет. Кірістің шығысқа айналуы үшін қолданылатын ресурстары бар кез-келген шығармашылық істерді «үрдіс» деп қарастыруға болады. Бір үрдістің шығысы келесі үрдістің кіруіне себепкер болады.
Мекемеде үрдістер жүйесін қолданумен қатар, олардың арасындағы байланысты анықтап, қамтамасыз етуді үрдістік көзқарастың іске асуы деп қарастыруға болады. Үрдіске көзқарастың артықшылығы – жүйенің жеке үрдістері арасындағы байланысты, олардың сәйкестігін және өзара әсерлесуін үнемі басқаруды қамтамасыз етеді..
Үрдістік көзқарасқа негізделген сапа менеджменті жүйесі
8- сурет.
Сурет-8.
8- суретте сызбанұсқада көрсетілген модель қазіргі халықаралық стандарттың барлық талаптарын қамтиды,
Кіріс талаптарын анықтауда тұтынушы маңызды роль атқаратынын көруге болады. Тұтынушының қанағаттануының мониторингі мекеменің оның талаптарын орындауы туралы ойларының ақпараттарын бағалауды талап етеді.
Стандарт талабы — өнеркәсіп сапаның 8 қағидасын қанағаттандыруы тиіс:
- Тұтынушыға бейімделуі. Кәсіпорынның бар болуы тұтынушының қанағаттануына тәуелді. Кәсіпорын клиенттің қажеттіліктерін анықтап, түсінуі қажет, оларды қанағаттандырып, күтілген нәтижеден асуға талаптануы керек.
- Көшбасшылық. Көшбасшылық — әкімшілік іс-әрекет емес: ол мақсаттың бәріне бірдей болуына, жұмыскерлер өздерін өнімді жұмысқа толық берілетіндей ортаны ұйымдастыруға қажет.
- Адамдардың қатысуы. Әрбір іске қатысушылар (жұмысшылар) арасында жақсы қарым-қатынас болмаса, жетістікке жету мүмкін емес. Жұмысшы өзінің маңыздылығын түсінуі және жалпы жетістікке жету үшін барынша ат салысуы тиіс.
- Үрдіске сияқты көзқарас. Тиімді нәтижеге жету үшін өндірісті үрдістер тізбегі деп қарастыру керек және осы ресурста басқаруды ұйымдастыру қажет.
- Жүйелік көзқарас. Мәселелерді шешуде компания бүтіндей, өзара байланысқан және кешенді жүйелік шешімдерді әзірлеп, орындағаны дұрыс.
- Әрдайым жақсару. Өнеркәсіп өзінің үрдістерін үнемі жақсартып отыруы тиіс. Осылай ол бәскеге тұрақтылығын және көшбасшылығын қамтамасыз етеді. Тек осылай ғана өнеркәсіп ұзақ әрі сәтті жұмыс істей алады.
- Фактілер негізінде шешім қабылдау. Әсерлі шешімдер негізінде фактілі берілгендерді логикалық және түйсінді сараптау.
- Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар. Екі жақты пайданың болуы сәтті қарым қатынастардың міндетті жағдайы.
Нәтижелер:
ISO 9001 талаптарына сай келудің негізгі шарты үрдістік көзқарастарды енгізу. үрдістік көзқарастарды енгізу жобаларында жетістікке жетудің негізгі факторы – ерік-жігер және басшылықтың стратегиялық шешімі.
Қазір консалтингтік қызметтер нарығында осындай жобаларды қолдайтын компаниялар бар. Кеңесшілерге үрдісті сипаттау және құжаттарды, жұмысшыларды үйреті, стратегиялық мақсаттарды анықтауға, үрдістерді оңтайландыру бойынша іс-шараларды жоспарлау мен іске асыруға және басқа жұмыстарға қатысуды тапсыруға болады.
Жобалардың ұзақтығы мен бағасы кәсіпорынның мөлшеріне, ерекшеліктеріне, жұмысшылар біліктілігіне, бар инфрақұрылым мен басқа параметрлерге байланысты. Жобаның түпкі мақсаты сондай-ақ оның бағасына әсер етеді, мысалы: сапа менеджменті жүйесінің сертификациясы, ақпараттық жүйелерді енгізу немесе реинжиниринг.
Мұндай жобаларды жоспарлауда олар бір сәттік пайдаға бағытталмағанын, бұл инвестициялар кәсіпорынның бәсекеге қабілетті болуын және соңғы өнімнің бағасын төмендете алатынын түсінуі қажет. Қазіргі нарықта үрдісті басқаруды қолдайтын түрлі әдістемелер мен құрал-жабдықтар бар. Оларды интернеттен оңай табуға болады. Тәжірибелі кеңесші сізге лайықты әдістемелер мен программалық жабдықтарды таңдауға көмектеседі.
Қандай тәуекелдер мүмкін:
- Басқарушының жеткіліксіз ерік-жігері. Көбінесе ерік-жігердің жетіспеушілігі алаңдатады. Басшылар жоба бойынша тынбай, үнемі және жігерлі жұмыс жасауы тиіс.
- Жұмысшыларды оқытып-үйретудің жеткіліксіздігі. Мұндай жағдайларда барлық жұмыс тек «қағаз бетінде» ғана қалып қояды, себебі жұмысшылар үрдістік көзқарастың мәнін түсінбей, оны басшылықтың қатардағы ермегі деп қабылдайды.
- Әдістемелікті және үрдісті басқару құралдарын таңдаудағы стратегиялық қателіктер.
- Қордың жетіспеушілігі. Егер жобаны орындаушыларға толық мәліметтер қоры берілмесе, жоба уақыт бойынша созылады, оған деген қызығушылық төмендеп, мақсатқа жетпейді.
ISO 9001 – сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты. Стандарт сапаны басқару жүйесінің талаптарын анықтайды. Стандартқа сай болуды сертификаттауды ішкі және сыртқы аудиторлар жүзеге асырады. Сыртқы аудиторлар тұтынушылардың көзқарасын ұстанады немесе ISO-да аккредитталған тәуелсіз сертификаттау орталықтары бола алады. ISO сертификаттарының болуы тұтынушы талаптарын қанағаттандыратын өнімді ұдайы өндіруге мүмкіндік береді. және оған қатысты нормативті талаптарға сай екендігін білдіреді. Көптеген жағдайда сертификаттардың бар болуы халықаралық немесе басқа жеткізулердің міндетті талабы болады (мысалы, ядролық энергетикада).
Өнім – тұтынушы тапсырыс берген және тұтынушыға арналған тауар немесе қызметтер./14, 18б/.
Кез-келген кәсіпорынның істерінің сәтті жүруі ең алдымен өнімнің сапасының сәйкес болуын қамтамасыз етумен байланысты. Бұл шындық жаңа емес, адамдар арасындағы сауда-саттық қатынастардың басынан-ақ белгілі. Бірақ «сапа» термині қазіргі жағдайларда кең мағынада қолданылады – бұл тұтынушы ұсынылған тауарды қандай түрде көргісі келетіні, қандай бағамен, қалай буып-түйілгені, сондай-ақ, тұтынушыға қалай қызмет көрсетілуі және тағы басқалар. Енді тек өнім сапасы ғана емес, кәсіпорынның жалпы сапасы, қажетті нәтижеге жетуі немесе басқа сөзбен айтсақ сапа жүйесі туралы сөз айтылады.
Жаңа заман, қоғамның жаңа қажеттіліктері, сауда шекарасын кеңейту сапа, қоршаған ортаны қорғау немесе еңбек қауіпсіздігі сияқты кәсіпорындардың жұмыс аспектілерін басқарудың біріңғай, бәріне ортақ ережелерін жасауды қажет етеді. Қазіргі кезде мұндай ережелер болып барлығы қолдаған ISO халықаралық стандарты саналады. Бірақ олар кез-келген жүйе сияқты өндірістің мықты негізінде қалануы тиіс.
Павлодар алюминий зауыты – металлургиялық глинозем өндірілетін бірден бір өнеркәсіп. Мұнда бірізді нұсқалы технологиялық сызбанұсқа – Байер-күйдіру іске асырылады. Өндірістің шикізат базасы көптеген органикалық қоспалары, хлорлы және сульфатты тұздары бар Солтүстік Қазақстанның жоғары кремнийлі сидериттелген бокситтері болып табылады.
1994 жылы Павлодар алюминий зауыты жобаланған шикізат мөлшері (Торғай және Краснооктябрьск кен басқармасының кондиционды бокситтері) 6-8 жылға ғана жетерлік қалған. Бокситтер қорының сарқылуы глинозем өндірісінің ары қарай дамуына кедергі болып, оның салдары зауыттың тіпті жұмыссыз қалуына дейін келтіруі мүмкін еді.
Бұл мәселені шешудің нұсқалары, оның ішінде өндіріс аймақтарын және қондырғыларды кеңейтіп-көбейту, сондай-ақ шетел шикізаттарына көшу сияқтылар да ұзақ мерзімді және қымбат болғандықтан қолдау таппады.
1994 жылы компанияны басқаруға келген басшылық инновациялық даму нұсқасын таңдады: кондициялық емес Красногор кен орнының төмен сапалы бокситтерін қайта өңдеуге бағытталған жаңа технологияларды әзірлеу және игеру. Бұл күрделі мәселені шешуге келешегі зор кәсіпорынның техникалық дамуы бағдарламасы әзірленді.
Сондай-ақ қызметкерлердің интеллектуалдық және ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалануға ең қолайлы жағдайлар жасалды. 1995-2004 жылдар аралығында бұл технология әзірленіп енгізілді. Бұл шикізат базасын кеңейтуге және оны пайдалану мерзімін 50 жылға созуға, сондай-ақ өндіріс көлемін азайтпай өнім сапасын кепілдеуге мүмкіндік берді.
Белсенді инвестициялық және инновациялық саясат “Қазақстан алюминийі” АҚ-ның техникалық деңгейі, өндіріс белсенділігі мен өнім сапасы бойынша алдыңғы қатарда болуына себепкер болды. Соңғы бес жылда қайта жаңарту мен техникалық дамуға жұмсалған қаражат мөлшері жылына орта есеппен санағанда 3-4 млрд. теңге құрады. Тек 2005 жылы технологиялық инновацияға бөлінген қаражат мөлшері 6650 млн. теңге болса, оның 100 млн. теңгесі ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрылыс жұмыстарына жұмсалған.
“Қазақстан алюминийі” АҚ-ның шығарған өнімнің сапасын төмендегілер арқылы кепілдеуге болады:
- әр өндіріс учаскесінде алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру;
- әр технологиялық сатыда физика-химиялық бақылау жүйесін дамыту;
- жоғарғы технологиялық тәртіп.
1998 жылдан бері өнімнің сапасын жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар тек жоғарғы сапалы глиноземді шығаруға мүмкіндік берді (Г-00 маркалы).
Нақты талаптарға өнімнің сәйкестігін кепілдеу өнім сапасының көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді. Өнімді өндіру үрдісінде оның қабылданған нормаларға сай екендігін нақтылау өндірісті аналитикалық бақылағанда жүзеге асады.
Өндірісті аналитикалық бақылау арқылы бастапқы өнімнің, өндірістің аралық өнімдерін, дайын өнім, қосымша заттардың химиялық құрамын анықтайды.
Өндірісті аналитикалық бақылауды жүзеге асыру технологиялық үрдістің жүрісін, оның қабылданған режімдерге сәйкестігін қолданылатын шикізаттың және дайын өнімнің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Аталған өндірісті бақылаусыз қабылданған нормаларға сәйкес өнімді өндіру мүмкін емес.
Сараптау нәтижелері негізінде технологиялық үрдісті жүргізеді, сұрыптары немесе маркасы бойынша өнімді жүйелейді және өнімді көтеріп алушылар мен тұтынушылар арасындағы қаржылай есептесуді жүзеге асырады.
“Қазақстан алюминийі” АҚ-да технологиялық үрдіс ОЗЗ-ТББ-ң (орталық зауыт зертханасының техникалық бақылау бөлімінің) арнайы қызметшілерімен бақыланады, олардың міндеттері — өнімді өндіру үрдісінің барлық сатыларында бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Зертхана соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған, мысалы Rigaku (Жапония) фирмасының “Simultix” рентген спектрометрі, “VG Elemental” (Англия) фирмасының сөнуші разряды бар VG-9000 масс-спектрометрі, экологиялық сынамаларды сараптауға арналған “Plasma Quad PQ 2 Turbo” атты индуктивті байланысқан плазмасы бар масс-спектрометрі, “Analizette” фирмасының (Германия) ірілікті анықтайтын лазерлік анализаторы және тағы басқалар. Осы құралдар үрдіс барысында берілгендердің жоғарғы нақтылығын және жеделдігін қамтамасыз етеді.
Жұмыс орындарына ақпараттарды автоматты түрде жинап-теру, өңдеу және жеткізу барлық технологиялық және басқару үрдістерін автоматтаудың дамытылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Өнеркәсіп құрамында бірлескен есептеуші желі бар, ол мыңнан астам ПЭЕМ-ді, бақылаушы және басқарушы ЭЕМ-ді біріктіріп, зауыттың жұмысшылары мен бөлімдерін дер кезінде және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз етеді. Бұл сапалы әрі жылдам басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, іске асырылған басқару жүйесі кен орындарынан тиелген бокситтің сапасы туралы ақпаратты жеткізеді (зауытқа жеткізілгенге дейін), бұл кеннің зауытқа түсірілгеніндегі технологиялық үрдісті іске асыру, технологиялық үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ТҮБАЖ) және ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүргізіледі. Осы жүйелер көлемінде технологиялық, энергетикалық, экономикалық ресурстардың жайы, сондай-ақ технологиялық үрдістің өнімдері мен жартылай өнімдерінің сапыс туралы ақпарат интегралданған.
Өнеркәсіптің экономикалық және бухгалтерлік жұмыстары да автоматандырылған. Жоғары сапалы глиноземді үнемі өндіру келесі мәселені көтерді – бар тұтынушылармен байланысты жақсарту және жаңалармен келісімшартқа отыру. Осыған байланысты өнеркәсіптің ары қарай дамуының стратегиясына өзгертулер енгізу қажет болды.
Қазіргі кезде тұтынушылар тұрғысынан өнеркәсіпті бағалаудың жалпыға бірдей жүйесі ISO халықаралық стандарттарының болуы болып табылады. Сапаны қамтамасыз ететін осындай стандарттардың бірі ISO 9001 болып саналады. Бұл стандарт әмбебап, себебі әртүрлі бағыттағы мекемелер үшін қолданылады. 2001 жылдан бастап “Қазақстан алюминийі” АҚ-на осы стандартты енгізу жұмыстары басталды. ISO 9001 стандарты негізінде сапа жүйесін әзірлеу және ендіру жаңа және белгісіз жайт емес. 1994 жылдың ISO 9001 стандарты бойынша өнеркәсіп сертификатталмаса да, Өнім Сапасын Басқарудың Кешенді Жүйесі (ӨСБКЖ) негізінде сапа жүйесі бар еді.
ӨСБКЖ-ның бірқатар әдістемелік қағидалары ISO сапа жүйесінің қоғадаларымен сәйкес болса да, оны сараптау жүйесі ешқашан толық кешенді болмағанын көрсетті, себебі басқарушының жауапкершілігі, маркетинг, сапа аудиті, сапаны сараптау мен оған кеткен шығын тағы басқалар сияқты негізгі элементтер болмаған. Ал бұл жайтсыз қазіргі нарық және бәсекелестік жағдайында тіршілік ету мүмкін емес./15, 5б/.
3 ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖШС «ЖАҢАӨЗЕН СҮТ ЗАУЫТЫ» МЫСАЛЫНДА
- Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және өнім сапасын талдау
«Жаңаөзен сүт зауыты» Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 2002 жылы 15 қыркүйек айында құрылды. Бұл завод осы қаладағы жалғыз ғана сүт өнімдерін шығару зауыты болып табылады. Ресейден әкелінген жаңа технологиялармен жұмыс істейді. Жаңаөзен сүт зауыты тәулігіне 10 т сүт өнімдерін шығарады. Өнімдердің ассортименті келесідей: кефир, қаймақ, сүзбе, йогурт, шұбат, сырок, қатық. Бұл өнімдер арнайы Тетра- Пак бумасында және стақандарда буып түйіледі. Сүт өнімдерін облыс көлеміне өткізеді.Сүт өнімдерін өндіру үшін шикізаттарды ЖШС «Тетра- Пак», ЖШС «Пластик- Евростандарт», ЖШС «Матрица- LTD», ЖШС «Тельнур», АҚ «Vita», ЖШС «Маслодел». ЖШС «Айс» атты фирмалардан және құрғақ сүтті Ресейден сатып алады. Бұл жерде өнім сапасын анықтау үшін баклаборатория және химлабораториясы бар. Баклабораторияда өнімге арнайы ұйытқылар дайындалады, ал химлабораторияда өнім құрамындағы майын, қышқылдылығын, көміртегін анықтайды.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
Сурет— 9.
Сүт өнімдерінің түрлері бойынша өнім сапасының көрсеткіштері
1.Органолептикалық көрсеткіш. Органолептикалық әдістер адам әсерлерін талдауда негізделген. Бұл әдістерді құрал мен аппарат көмегімен өлшеуге болмайтын өнім қасиеттерін өлшеуге арналған (легустация негізінде астық сапасын бағалау, интерьер, бөлмелер және тағы сол сияқтылардың сапасын бағалау). Яғни өнімнің сыртқы түрі, консистенциясы, дәмі және иісін білу үшін қолданады.
3- кесте. Қаймақ өнімі бойынша
Көрсеткіш атауы |
Қаймақтың майлылығы бойынша сипаттама |
||||
10% |
15% |
20% |
25% |
30% |
|
Сыртқы түрі және консистенциясы |
Беті жылтыр біркелкі қою қоспа. Аздаған түйіршікті ауаның жалғыздан көпіршіктері бар, аздап жабысқақ болып келеді. |
Беті жылтыр біркелкі қою қоспа |
|||
Дәмі және иісі |
Таза, қышқыл сүтті, бөтен дәмсіз және иіссіз. Пастерлеудің аздаған дәмі рұқсат етіледі. |
||||
Түсі |
Ақ сары түсті, барлық қоспа бойынша біркелкі |
4- кесте. Ірімшік өнімі бойынша
Көрсеткіш атауы
|
Ірімшік өнімінің сипаттамасы
|
Сыртқы түрі мен консистенциясы
|
өнімнің әрбір түріне сәйкестік біртекті, нәзік, шамасына қарай тығыз
|
Дәмі мен иісі
|
Таза қышқыл сүттік, бөтен дәмі жоқ, қантпен немесе тәттілеуішпен өндірген жағдайда шамасына қарай тәтті. Дәмдік хош иістендіргіш тағамдық қоспалармен өндірген жағдайда қоспаның сәйкес дәмі болады.
|
Түсі |
өн бойына бірдей тараған, енгізілген қоспаның болуымен және түсімен.
|
- Өнімнің тағайындалу көрсеткіші. Осы топтың көрсеткіштері тұтынушылар мен өндірушілерде алғашқы қатарлы қызығушылық тудырады, себебі әсіресе олар «өнімнің тағайындалуына сәйкестігінде белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруда өнімнің жарамдылығын көрсетеді». Бұл көрсеткіш өнімдегі химиялық элементтердің мөлшерін және майдың салмақтық үлесін, қышқылдылығын т.б анықтауға көмектеседі.
5- кесте. Шұбат өнімі бойынша
Көрсеткіш аталуы
|
Шұбаттың сипаттамасы |
||
Бәсең |
Орташа |
Күшті |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
Майдың салмақтық үлесі, кем емес |
4,0
|
4,0
|
4,0
|
Қышқылдығы
|
60-90
|
90-120
|
120-140
|
Спирттің салмақтық үлесі, % көп емес
|
0,5
|
1,0
|
1,2
|
Кәсіпорыннан шыққан кездегі температурасы
|
6 |
6 |
6 |
6- кесте. Қатық өнімі бойынша
Көрсеткіш аталуы
|
Қатықтың сипаттамасы |
||
1,0% |
2,5% |
3,2% |
|
Майдың салмақтық үлесі, кем емес |
1,0
|
2,5
|
3,2
|
Қышқылдығы
|
90-140
|
90-140
|
90-140
|
Кәсіпорыннан шыққан кездегі температурасы
|
6
|
6 |
6 |
- Қауіпсіздік көрсеткіштері. Қауіпсіздік көрсеткіштері адамдардың өнімдердің (қызмет ететін қызметкерлерге) қолданылуы немесе пайдаланылуы кезіндегі қауіпсіздікті шарттайтын қасиеттерін сипаттайды, сонымен бірге оны өндіруде «айналысында» қолдануда және қайта құруы (жөндеу) кезінде қауіпсіздік жағдайлардан қамтамасыз етуімен байланысты қасиеттерін көрсетеді.
7- кесте. Шұбат өнімі бойынша
Көрсеткіш аталуы
|
Шұбаттың сипаттамасы
|
||
Бәсең |
Орташа |
Күшті |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
Улы заттар, мг/кг көп емес: Қорғасын Кадмий мышьяк сынан мыс мырыш |
0,1 0,03 0,055 0,05 1,0 5,0 |
0,1 0,03 0,055 0,05 1,0 5,0
|
0,1 0,03 0,055 0,05 1,0 5,0
|
Микотоксиндер, мг/кг көп емес: Вi афлатоксині Мi афлатоксині
|
Рұқсат етілмейді 0,0005
|
Рұқсат етілмейді 0,0005
|
Рұқсат етілмейді 0,0005
|
Антибиотиктер жеке/г көп емес: Тетрацикилин тобының антибиотиктері пеницилин стрептомицин
|
0,01 0,01 0,5 |
0,01 0,01 0,5 |
0,01 0,01 0,5 |
- Экономикалық көрсеткіштер. Экономикалық көрсеткіштер өнімді дайындау мен құруда, өнімді жоғарылату мен қамтамасыз етумен байланысты шығындарды сипаттайды. Олар және де өнімді қолданудың экономикалық әсерлілігін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер бұйымның экономикалық бағасын өнімнің өмірлік циклдерінің барлық сатыларына шығынды есептеу жолы арқылы көрсете алады.
Өнім сапасын бағалау мен жоспарлауда экономикалық көрсеткіштер ретінде мыналар кеңінен қолданылады:
- өнімнің өндірістік шығындар құрылымы (өзіндік құны) мен жалпы суммасы;
- өнімнің прайс-бағасы;
- өнімнің бағасын нарықтық тетікпен құру;
- өнім бірлігіне кеткен шығындар (жылдық және қызмет ету уақытында);
- өнім сапасының салыстырмалы экономикалық көрсеткіштері, бағаланатын өнімнің шығынының, соған сай базалық үлгінің шығынының қатынасы арқылы анықталады;
- өнімнің сапасының біріктірмелі көрсеткіштері, өнімді қолдану немесе пайдалану кезінде пайдалы әсердің суммасының өнідірісті құру, қолдану немесе пайдалануға кеткен шығындар суммасына қатынасымен анықталады;
- өнімінң негізгі өлшемдерінің (пайдалылығы мен еңбекке қабілеттілігін анықтайтын) бірлігіне келетін өнімнің құны немесе өзіндік құны.
Экономикалық көрсеткіштер өнім сапасын жоғарылату мен қамтамасыз етудегі оның барлық өмірлік циклдерінің сатыларында кететін шығындарды талдауда және анықтауда маңызды роль ойнайды.
8- кесте. Йогурт өнімінің өзіндік құнын анықтау.
№
|
Атауы
|
1 тоннасы |
1 |
Шикізат (құрғақ сүт шырыны)1- тоннасына |
96600 |
2 |
Электр қуаты |
6652 |
3 |
Су |
8521 |
4 |
еңбек ақы |
13947 |
5 |
әлеуметтік салық |
2929 |
6 |
Негізгі қордың көнеруі |
3767 |
|
Бары: |
132416 |
7 |
өсу шамасы 10% |
13242 |
|
Барлығы: |
145658 |
8 |
ҚҚС- 15% есептелгені |
167507 |
|
1-литрінің шамасы |
168 |
|
ҚҚС есептелгендегі 0,5 литрінің құны |
84 |
- Барлығы: 96600+6652+8521+13947+2929+3767=132416
- Бұл жерде әлеуметтік салық еңбек ақыдан 21% (дифференцияланған) ұстағанға тең. 13947х 21% = 2929.
- Өсу шамасы 10%. Ол жалпы сомадан 10% шегергенге тең болады. 132416х 10% = 13242
- Барлығы: 132416+ 13242= 145658
- ҚҚС — 15% бұл жаңағы шыққан жалпы сомадан шегеріледі.
145658х 15%= 167507
- 1- литрінің құны ол осы ҚҚС есептелгендегі сома арқылы шығарылады.
167507/ 1000= 167,5= 168
7.0,5 литрінің құны: 168/2= 84
Өнім сапасын басқару әдістері
Кешенді әдіс бағаланып жатқан бұйымның кешенді көрсеткіштерін негізгі кешенді көрсеткіштерімен салыстыруға негізделген.
Кешенді көрсеткіш (И) әдетте орта өлшеу арифметикалық көрсеткіштері арқылы беріледі және келесі формуламен есептеледі:
И = М1P1 + М2P2 + —-+ МnPn
мұндағы,
М1, М2, …, Мn – сарапшылардың берген бағасы негізінде анықталған сапа көрсеткішінің ауырлық коэфициенттері.
P1, P2, …, Pn – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген сапаның қатыстық көрсеткіштері.
Йогурт өнімінің сапасының дәрежесін эстетикалық қасиеттерінің тобын: сыртқы түрі, пішіні, түсін анықтау.
9- кесте. Йогурт өнімінің сапасының дәрежесін анықтау
Көрсеткіш |
Ауырлық М параметрі, балдар |
Сарапшылардың бағасы Р, балдар |
Пішіні |
5 |
4,0 |
Сыртқы түрі |
3 |
4,5 |
Түсі |
4 |
4,0 |
Бағаланып жатқан модельдің кешенді көрсеткіші:
И = М1P1 + М2P2 + М3P3 + М4P4 = 5 х 4,0 + 3 х 4,5 + 4 х 4,0 = 49,5 балл
Иb негізгі нұсқасының эстетикалық қасиеттерінің кешенді көрсеткіші = 48 балл .
Бағаланып жатқан сапа дәрежесі
Сд = И/Иb=49,5/48,0 =1,03
Есеп. Майлылығы 9% сүзбе өнімін өндіру кезінде, оның құрамындағы қаймағы алынбаған сүтпен майсыз сүтті анықтау.
атаулары |
Мөлшері |
Майдың санына байланысты өндірістік жоғалтулардың мөлшері. (Пп) |
0,92 |
Нормаланған қоспадағы майдың жалпы үлесі.(Жсм) |
1,6 |
Сүттің құрамындағы майдың үлесі. (Жм) |
3,2% |
- 1 т сүзбеге кеткен қоспаның шығынын анықтаймыз (Рсм). Ол келесідей формуламен анықталады:
Рсм= 1000 x ЖТВ/ Жсм(1-0,01х Пп) (9)
мұндағы,
ЖТВ- сүзбенің құрамындағы майдың үлесі
Шешуі: Рсм= 1000 x 9/1,6 x 0,92= 9000/ 1,5852=5678
- Қоспа жасау үшін қаймағы алынбаған сүтті бүрынғы қалпына келтіруін анықтаймыз (Рм). Ол келесідей:
Рм= Рсм (Жcм- Ж0)/Жм-Жо (10)
Шешуі: Рм= 5678 (1,6-0)/ 3,2-0= 2839
- Қоспаны дайындау үшін майсыз сүттің массасын анықтаймыз (Ро). Ол келесідей формуламен өрнектеледі:
Ро= Рсм- Рм (11)
Шешуі: Ро= 5678- 2839= 2839
- Кәсіпорында өнім сапасын басқаруды жетілдіру жолдары
Отандық өндірушілердің өнім сапасын басқарудағы негізгі проблемалары мыналар болып табылады. Өнім сапасын басқару жүйесінде маркетингтің жоқтығы; кадрлардың біліктілігінің төмендігі; кәсіпорынның ұйымдастыру -техникалық және материалдық базасының шектелуі; статистикалық әдістерді пайдаланудағы тәжірибенің жеткіліксіздігі; технологиялық және басқару процестерінің артта қалуы;
Жоғарыда айтып өткеніміздей кәсіпорындағы проблемалардың бірі ол ұйымда маркетингтің жоқтығы. Маркетинг бөлімі маңызды болып табылады, яғни ол мынандай талаптарды орындайды:
- өнім қажеттілігін анықтау;
- нарық сұранысын және нарық секторын анықтау, себебі өнімнің шығару мерзімін, бағасын, санын, сортын анықтауда маңызды болып табылады;
- тұтынушылардың талаптарын келісім шарт бойынша анықтау;
- ұйымда тұтынушылардың барлық талаптары бойынша ақпарат тарату;
Сондай- ақ маркетинг бөлімі тұтынушылардан келген ақпараттарды қамтамасыз етіп, бақылау жасап отырады. Өйткені тұтынушылардан келген ақпараттар өнім сапасын жақсартуға және өнімнің жаңа түрлерін шығаруға көмектесуі мүмкін./16, 510 б/.
Маркетинг тұрғысынан сапаны бақылаудың негізгі өлшемі ретінде тұтынушының қанағаттану дәрежесі болып табылады. Егер фирманың тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі бәсекелестерге қарағанда жоғары немесе тез өспесе, онда бұл фирманың жағдайы ауыр. Басқа өлшем ретінде тауардың жаңа түрлерін енгізудің (мысалы, соңғы бес жылда) салдарынан пайда болған сату мен табыс көлемінің өсу пайызы болып табылады. Дәл осы фирманың инновациялық-еліктеушілік іс-әрекеті сәттілік өлшемі болып табылады және жаңа тауарлардың сапаны бақылаудың жаңа әдістерін қолдануды ұйғарады. Осы және тағы басқа да өлшемдер төменде сипатталады.
Жоғарыда айтып кеткендей, фирма үшін, өз жігерін тұтынушыға жинақтайтын бақылаудың ең негізгі және маңызды түрі болып тұтынушының жол қуушылығы мен қанағаттануын есептеу болып табылады. Бәсекелес нарықта тұтынушының бір ізділігі мен қанағаттануының дәрежесі болашақ сату көлемдерінің көрсеткіштері болып табылады. Егер тұтынушының қанағаттану дәрежесі түссе оның тауарға деген бірізділігі де өзгереді, яғни осы тауардың сату көлемі де түсуі мүмкін. Сондықтан, тұтынушылардың айырылып қалмау және сату көлемін азайту үшін, маркетологтар тұтынушының қанағаттану дәрежесін анықтайтын сұрастыруларды өткізеді. Осы кезде «риза» болған тұтынушылардың пайызы да анықталады. Риза болған тұтынушылар – бұл , 1) тауар сапасына толық қанағаттандық деп есептейтіндер, 2) осы тауарды достары немесе таныстарына міндетті түрде ұсынады деп есептейтіндер, 3) болашақта үнемі сатып алатын тұтынушысы болып қаламыз деп есептейтін тұтынушылар. Көптеген фирмалар 20-30% деңгейінде осындай көрсеткіштерге ие болуды армандайды.
Тұтынушылық қанағаттандырудың осындай қатал стандарттарының артықшылығы болып оның осы салада жетілдіру бойынша іс-әрекеттердің кең алаңын қалдырады, сол сияқты әсіресе жоғарғы басшылықпен оңай түсінуінің жеңілдігі болып табылады. Мұндай тұтынушыға бейімделген стандарт сапа өзгерістерін бақылауға өте пайдалы, сонымен бірге ол өзгерістердің қарқыны мен пропорцияларын талдау кезінде өте маңызды. Ол есептеудің бастапқы нүктесі мен қалған тұтынушылар неге наразы, тұтынушылық сегментінің қайсысы жақсырақ қанағаттандырылған, бұл сегменттің мәселелерін тұтынушылар риза тұтынушылар сегментіне өту үшін қалай шешу керектігіне мүмкіндік береді.
Сондай- ақ сапаны қамтамасыз ету мен басқарудың дамуы үрдістерінде мамандар сапаны тек дайын өнімде бақылау жолымен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жоғары сапаның кепілін ертерек қамтамасыз етілуі керек: нарық талаптарын зерттеуде, жобалық және құрастырмалық әзірленудің сатыларында, өнімнің жасалуын таңдауда және т.с.с.
Бұйымның мүмкін төменгі шығысында тұрақты жоғарғы сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті технологиялық және ұйымдастырушылық өлшемнің жиынтығы- сапа жүйесі деп аталады. Ол ұйымдастырушылық құрылымын, өкілеттілік шеңберін, өндірістің әдістері мен технологияларын, сапаны қамтамасыз ету құралдарын өзіне жинақтайды. Кешенді тәсіл тұйық үрдісті құру мүмкіндігін береді, оның бастапқы сатысы қажеттіліктерді анықтау болса, соңғы сатылары- шығындарын өнімді жетілдіру немесе жаңа өнімді әзірлеу, өндірісті даярлау, жасау, нарыққа өткізумен, сатылғаннан кейінгі қызмет ету болып келеді.
Өнім сапасын басқаруды жетілдіру бағытында отандық өндірушілер алдында келесі басты мәселелер тұр: өнім сапасын басқару жүйесіне маркетингтік қызмет механизмдерін қосу, сапаны басқару жүйесін барлық өндірістік қызмет секілді тұтынушыға бағыттау, сапаны басқару жүйесінің өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдеріне ықпал ету механизмін күшейту. Оларды ендірудегі шектеулердің қазіргі заманғы мәселелері әдістемелік емес, тәжірибелік сипатта болып келеді, оның себебі білікті мамандардың болмауы, кәсіпорынның ұйымдастырушылық- техникалық және материалдық базасының шектеулігі, статистикалық әдістерді жаппай қолданудың жеткіліксіз тәжірибесі, технологиялық және басқарушылық үрдістердің автоматтаудан қалыс қалуы.Сондай- ақ төмендегі мәселелерге де басты назар аудару керек:
- Отандық тауар өндірушілердің сүт өнімдерінің бағасы мен сапасы бойынша бәсекеге қабілетсіздігі;
- Кәсіпорындарды технологиялық қондырғылармен жабдықтаудың төмен деңгейі, оның моральдық және физикалық ескіруі, бұл еуропалық стандарттарға сәйкес келетін сапалы өнімді шығаруға және өндіріс шығындарының деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермейді;
- Шикізатты, әсіресе көліктік тасымалдау кезінде минималды партиялармен шектелетін және мерзімді сатып алу үшін өзіндік айналым қаражаттарының жетімсіздігі;
- Өндірістік кәсіпорындарды несиелеу кезіндегі жоғары пайыздық банк мөлшерлемесі;
- Шикізат пен материалды көтерме жеткізушілерінің жоқтығынын көптеген сүтөндіруші кәсіпорындар шеттен әкелген шикізат пен материалдарды қолданылады, бұл оның бағасының өсуіне, бәсекеге қабілеттілігінің төменделуімен сипатталады;
- Сүтті аз мөлшерде өндірудің басымдылығына байланысты сапалы шикізаттың жеткіліксіздігі. Қазіргі кезде сүт өндіруші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі өте көкейкесті.
Тәжірибе көрсеткендей, халықаралық стандарттарды ендіру материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру, қаржыландыру, бағдарламалық қамтамасыз етуге қатаң талаптар қоюмен шектелмейді, сонымен қатар ескіше ойлау стереотиптерінен пайда болған әлеуметтік- психологиялық мінез де кедергі келтіреді.
Стандарттарды енгізуші кәсіпорындар осы жұмыстарды қалыптасқан жағдайларда орындау қажет екенін көп жағдайда түсінбейді.
Қайта жасалған стандарттарда бекітілген шарттар, қағидалар мен талаптар іс- жүзінде толығымен орындалмағандықтан сапа міндеттерін шешудің жүйелік әдісіне қайшы келеді. Орындалмаудың себептері кәсіпорында жүретін өндірістік, өткізушілік, экономикалық үрдістердің тұрақсыздығынан басталады.
Маркетингтік қызметті ұйымдастыру және өнім сапасының қажетті деңгейіне болжам жасау үлкен қиындық тудырады. Сондықтан ішкі рынокта тұтынушының бекіткен немесе ұсынған талаптарын үнемі қанағаттандыруды қамтамасыз ететін өнім сапасына қол жеткізу және оны өз деңгейінде ұстап тұру мәселесін шешу қазір айтарлықтай қиын.
Сонымен қатар, дәл қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өндірістік кәсіпорындары, жабдықтайтын өнімнің көзделген сапасына қол жеткіздік немесе болашақта қол жеткіземіз деген тұтынушыларда сенімділік тудыра алмайды.
Алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік кәсіпорындардың сапа саласындағы қазіргі заманғы саясаты кәсіпорынның жалпы саясатымен өзара байланыстылыққа және ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға негізделген.
Техникалық, экономикалық және әлеуметтік саясат сапа мәселелерін сәтті шешудің құралы немесе нәтижесі деп саналады. Бұндай мәселелерге төмендегілер жатады:
- Жаңа нарықтарды кеңейту немесе жаулау;
- Озық кәсіпорындар деңгейінен артық болатындай өнімнің техникалық деңгейіне қол жеткізу;
- Өнім сапасының маңызды көрсеткіштерін жақсарту;
- Өндірілген өнімнің ақаулық деңгейін төмендету;
- Қызмет көрсету желісін дамыту;
Бұл міндеттерді сәтті шешу үшін негізгі бағыттарды бөліп алып және сапа саласындағы шаралардың жалпы қағидаларын анықтап алу қажет.
Жалпы алғанда сапа саласындағы бағыттар даму стратегиясы болып табылады, оны жасап шығару кәсіпорындарда өз жоспарларын жүзеге асыруда нақты мүмкіндіктерін таразылауға мүмкіндік береді.
Бағыттарды анықтау қызметтің басым бағыттарын белгілеуді және бұрын анықталған міндеттерді шешуге кәсіпорын жұмысшыларының күш- жігеріне түсетін екпінді дұрыс үйлестіруді білдіреді. Оларды жүзеге асырғанда пайданы есептеудің баламалы нұсқаларына, әр бағыт бойынша мүмкін болатын шығындар мен оң жағдайларды ескере отырып, оңтайлы таңдау жасауға негізделеді.
Сапа саласындағы саясат құжаттай, яғни сәйкес құжат негізінде рәсімделеді. Құжат сапасы және детальдау дәрежесі кәсіпорынның бұл мәселеге қаншалықты мән беріп және қандай қарым – қатынаста екенін хабар береді.
Кәсіпорын тұрғысынан сапаның нақты бір деңгейіне қол жеткізудің екі әдісі бар. Бірінші әдіс сапаның белгіленген деңгейіне қол жеткізу бір цикл немесе бір кезеңде мүмкін болады. Екінші әдіс ақша- қаражаттардың жинақталуына байланысты сапа деңгейінің жоғарылауын кезең бойынша қаржыландыру. Нарықтық экономика жағдайында қарастырылған әдістердің кез келгені анықталады. Бірінші әдісті жүзеге асыру болжамдау мен жоспарлаудың үлкен периодымен сипатталып және терең қарастыруды қажет ететіндіктен тәуекелді қажет етеді.
Әдетте кәсіпорын мұндай әдісті жергілікті рынокта өнімді жаңартқанда, сапа деңгейін біртіндеп жақсарту мақсатында құрылымға өзгеріс енгізілгенде және рыноктың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылымды өзгерткенде қолданады. Қаражаттың шектеулігі жағдайында кәсіпорын сапаны жақсартудың үлкен ауқымды акциясын өткізуге қажетті ресурстарды бөлуге шамасы келмейді.
Сондықтан тұтынушылардың белгілі бір тобының сұранысына ие сапасы төмен өнімнің белгілі бір көлемін рынокқа шығарады, тек уақытша көп емес табысқа қанағат етеді. Сапаның белгіленген деңгейіне кезең бойынша қол жеткізу қосымша уақыттық шығындармен байланысты, яғни ақша- қаражаттарын жинақтап және сапаның жаңа жоғары деңгейдегі көрсеткішіне қол жеткізу үшін уақыт керек. Бұндай стратегия сапаның қажетті деңгейін құруда «кешігу» элементінен тұрғандықтан үнемі қолданылмайды.
Соңғы жылдары бірінші әдіс өзекті болып келеді, өйткені оның бірқатар артықшылықтары бар:
Біріншіден, ол өнімді жобалау мен өндірудің барлық кезеңдерінің орталықтануы мен үйлесуін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, бұл әдіс кәсіпорын сапасының әлемдік деңгейге көтерілуіне немесе асып түсуіне әсер етеді. Осыған байланысты кәсіпорын жаһандық интеграцияның барлық артықшылықтарын пайдалана алады:
- Халықаралық еңбек бөлінісін пайдаланумен байланысты шығындардың төмендеуі;
- Рынокқа ендірудің жеделдеуі;
- Ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі;
- Шикізат көздерінің қол жетімдігі;
- Жетілген технология, өнертабыстарды т.б қолдану;
Үшіншіден, ұзақ уақыт аралығында кәсіпорынның жоғарғы деңгейдегі артықшылықтарын қамтамасыз ететін сапа деңгейінің көтерілуіне қол жеткізіледі.
Ірі фирмалар аралас стратегияны, яғни мүмкін болған жағдайда глобальды, керек кезде локальды стратегияны қолдана алады.
Мемлекеттік деңгейде несиелендіру мен қаржыландыру тиімділігі жоғары жобаларды таңдау, жаңа озық өнімді жасап шығару, тиімділігі жоғары өнімді өндірген жағдайда кәсіпорындарға бюджетке төлем жасағанда жеңілдік беру секілді қызметтерге бағытталуы керек.
Тәуекелділік дәрежесін төмендету және жұмсалған қаражат тиімділігін арттыру арқылы өндіріс шығындарының төмендеуімен сипатталатын жоғары сапа мен тұтынушының қанағаттануы қазіргі заманғы қаржыландырудың негізі болып табылады.
Сапа саласындағы саясаты сапаны басқару негізгі қызметі болып табылатын қалыптасқан сапа жүйесін құру арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорынға сапа жүйесін енгізу келесі артықшылықтарды береді:
— талаптарға сәйкес еместік пен әлсіз жерлердің ертерек айқындалуы;
— өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін және беделін жоғарылату;
— өнім сапасына деген жауапкершілігіне байланысты тәуекелділікті төмендету;
— қолданатын әдістерді жетілдіру мен жақсы тәжірибелердің жиналуы;
— жүйені орнату және кәсіпорынның алдына қойған мақсатына жету;
— өнім сапасын жақсарту және өнімге сәйкес келмейтін жоспарды алып тастау;
— тапсырыстарды орындауда уақытты қысқарту;
— тұтынушылардың қызығушылықтарын арттыру;
— кәсіпорынның корпоративтік мәдениетін жақсарту;
— кәсіпорын үшін маңызды ақпараттарды жинау;
Әрбір ұйым үшін сапаны жақсартуды мыналар маңызды болып табылады: сапаны қамтамасыз етуде жетекшіліктің стилін сақтау және стимулдау; сапаны жақсарту үшін әлемдік көзқарастарды және іс- әрекеттерді ескеру қажет; тиімді ақпараттармен қамтамасыз ету; ұйым қызметкерлерінің жетістіктерін қолдау, мамандардың біліктілігін жоғарылату үшін арнайы курстарда оқыту;
Сапаны басқарудың негізгі қағидалары келесідей: сапаны жақсарту бұл фирманың негізгі міндетті стратегиясына енуі керек, сапаны басқаруда ең бастысы дайын өнімге бақылау емес, яғни ақаусыз жұмыс. Барлық ақауы бар өнімдер өнім дайындап жатқан кезде қарау керек, жабдықтаушылармен серіктес болу керек, жұмысшылардың біліктілігін көтеру керек.
Қорытынды
Нарықтық қатынастар жүйесінде сапа мен бәсекелестікті зерттегенде
бәсекелеске қабілеттілік көрсеткіштерінің арасында нарықтық жағдайында сапа артықшылығы ең жоғары көрсеткіш ретінде – нарықтық жағдайда ұлттық экономиканың дамуының және оның әлемдік нарыққа енуіндегі ең маңызды факторы болып табылады.
Басқарудың мәні мен категориясын зерттегенде басқару саналы мақсатты іс-әрекет ретінде тек қана адам мен ұйымдастырушылық құрылымдарға тән екенін анықтадық. Сонымен бірге, егер, басқару нысаны өнім болса, онда басқару өнім сапасын басқару бойынша іс-әрекет түрі болып табылдады.
Өнімнің сапасын жүйелі басқару принциптерін (қағидаларын) зерттеу негізінде әлемдегі жетекші елдердің кәсіпорындарында әсерлі жұмыс істейтін сапа жүйелері халықаралық ИСО-9000 стандарттар немесе ТQМ философиясының негіздерінде, немесе сапа бойынша сыйлық алу санаттары бойынша, не болмаса осы үш тәсілнаманы ескерген сапаны басқарудың түрлі ілгерішіл түрлері мен әдістерінің негізінде құрылған деп қорытынды жасауға болады.
Өнім сапасын жоғарылатудың себептерімен механизмдерін талдап, біз сапаның сертификатталған жүйелерін ендіру кәсіпорынды жоғары сапалы бәсекелестікке қабілетті өнімді шығаруға ынталандырады және ішкі және сыртқы нарықта олардың бәсекелсітк артықшылықтарын өсіреді Сертификаттаудың мәні мен мазмұны, оның мақсаттары мен ұстанымдарын зерттеу сертификаттау міндетті растау мен сәйкестікті декларациялаудың түрі ретінде өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандырады және нарыққа сапасыз және қауіпті өнімінің түсуінің алдын алатынын көрсетеді. Сертификаттау жүйелерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік ұстанымдарының негізін өз елінің заңшығарушылық негізіндегі, бірақ халықаралық сертификаттау жүйелерінің жалпы ережелерін басшылыққа алған ақпараттық, нормативтік-техникалық қамтамасыздандыруын құрайды.
Халықаралық ұйымдастыру тәжірбиесін және олардың интеграциялық үрдісте мәнін зерттеу соңғы жылдары әлемдік нарықта қатаң бәсекелестіктің пайда болуы нәтижесінде стандарттарды үйлестіру бойынша халықаралық ұйымдардың қызметі мен сауда серіктестіктері үшін бірдей жағдайлар жасау өте маңызды екенін көрсетеді.
Республикамыздың экономикасындағы негізгі салаларындағы өнімнің сапасын зерттеу пайда болған қазіргі жағдайдың негізгі себептеріне өнімнің төмен сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі екенін көрсетеді. Қондырғылардың әбден тозуы, ескірген технологиялар, маркетингтің құралдары мен сапа менеджментін пайдалануда тәжірибенің жоқтығы жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға жол бермейді. Өндіруші назар аударуы тиіс сапаның негізгі құрам бөліктері:
- нарықтың қажеттіліктерін анықтау (сіздің тұтынушыңыздың таңдау сапасы);
- өнімді жобалау сапасы;
- өндіру үрдісінің сапасы;
- соңғы өнім сапасының жобаға сәйкестігі;
- сатудан кейінгі қызмет көрсету сапасы;
- сапа тұтынушыға сәйкестенуі тиіс;
- сапамен қамтамасыз ету бір бөлімшемен жүзеге асырылатын техникалық функция ғана емес, сондай-ақ компанияның барлық ұйымдасқан құрылымына енген жүйелі үрдіс;
- сапа мәселелері тек өндірістік үрдісте ғана емес, сондай-ақ өнімді әзірлеу, маркетинг, сатудан кейінгі қызмет көрсету және тағы басқа салаларда маңызды;
- өнім сапасын арттыру технологияны жаңартумен тығыз байланысты;
- өнім сапасын жалпы арттыру тек қызмет немесе өнімді өндіруге экономикалық қатысты барлық адамдардың көмегімен жүзеге асырылады;
- сапаны қалай өлшеуге болады.
Бұйымдар үшін сапаның негізгі параметрлері: қызмет көрсету сипаттамалары – бұйымның қолдануға сәйкестігі; сенімділігі – қызмет көрсету мерзімінде жөндеуді қажет ететін бұзылудың саны; ұзақ уақытқа жарамдылығы (қызмет көрсету мерзімі) – сенімділікке қатысты көрсеткіш; ақаусыздық – тұтынушы тапқан ақаулар саны.
Бұдан басқа жаңа үлгідегі бұйымдар үшін сапаның жаңа параметрлері пайда болды. Олардың жоғарыда көрсетілген сапа параметрлеріне қарағанда сандық бағамы үнемі анық емес. Бұйым сапасының мұндай параметрлеріне төмендегілер жатады: қауіпсіздігі; эстетикалық қасиеттері (дизайн); экологиялылығы; қосымша қызметтерінің болуы – сатуға дейінгі және сатудан кейінгі қызмет көрсету.
Ұсынылып жатқан өзгерістердің мәні жоғары сапалы өнімді өндіру арқылы ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарға жету стратегиясы басты жүйе құрайтын элементпен – сертификаттау қажеттілігінде.
Мемлекеттік реттеу мен ұлттық экономиканың тұрақты дамуын басқарудың міндеттері кластер құрайтын салалар мен сәйкестік туралы декларациялаудың негізгі ұстанымдарына негізделіп, өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған мемлекеттің сапа саясатының экономикалық иінтіректерді жетілдіру бойынша ұсыныстардың негізіне жатқызылу керек.
Сапа – бұл әрбір адамның және тұтас қоғамның жоғары өмір деңгейін қамтамасыз ететін шарт. Біздің еліміз стратегиялық мәселені шешкенде – отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп, әлемдік қоғамдастыққа шикізаттық қосалқы ретінде емес, жоғары технологиялық және әлеуметтік даму деңгейіндегі үйлесімді дамып жатқан жетекші ел ретінде енуі мүмкін.
Ұлттық сапа саясатының басты мәселесі Қазақстан республикасы халқының жоғары өмір деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Ұсынылған Концепция біздің кәсіпорындарға өнімнің сапасын басқару мен бәсекеге қабілеттілігі қамтамасыз ету стратегиялық мәселесін шешуге, сыртқы нарықта тұрақты экономикалық даму мен бәсекелестік артықшылықтарға жетуге мүмкіндік береді.
Сәйкестікті растау жүйесін жетілдіру және әзірленген Концепцияның қағидаларын жүзеге асыру, сәйкестікті растау жетілдіру кәсіпкерлікті, сыртқы сауданың дамуына жетілген құқықтық экономикалық ортаны қалыптастыруға, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қосарланушылықты жоюға, сәйкестікті декларациялаудың ары қарай жетілуіне көмектеседі.
Жалпы макроэкономикалық жағдайды жақсарту, отандық өндірушілер дің бәсекелестік артықшылықтарын арттыру және өнеркәсіптің тұрақтануы мен әрі қарай экономикалық тұрақты даму үшін жүйені құраушы элементтің – сертификаттау және стратегиялық маркетингті ендіру қажет.Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және ұлттық экономиканың бәсекелстік артықшылықтарын жасау мақсатымен ұлттық сапа саясаты Концепциясының негізгі қағидаларын жүзеге асыру ұсынылады.
Көп деңгейлі бәсекеге қабілеттілік мәселерін шешуде жүйелі тәсілнаманы іске асыру үшін өнеркәсіптің сапасын басқару және сертификаттаудың рөлін ескеру қажет.
Нарықты және отандық өндірушілерді қорғау, техникалық реттеу жұйесін қайта құру және республиканың әлемдік қауымдастыққа экономикалық интеграциясының әсерлі дамыту мақсатымен Қазақстан республикасының сәйкестікті растау жүйесінің жетілдіру Концепциясының негізгі қағидаларын жүзеге асыру ұсынылады.
Қазақстан республикасының тұрақты экономикалық даму стратегиясы мен макроэкономикалық бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асыру үшін сапаны басқарудың әзірленген ұлттық үлгісінің ұстанымдарын ендіру ұсынылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 01.03.2006 жыл. Астана.
- Нысанбаев С.Н. Урузбаева Н.А. Садыханова Г.А. Управление качеством. Учебное пособие. Алматы: Қазақ Университеті.2000. 111с
- Басаков М.И. Сертификация продукции и услуг с основами стандартизации и метрологии. Учебное пособие. Издание 2-е, испр и доп.- Ростов- на- Дону. Издательский центр «Март». 2002. -256 с.
- Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Ә. Кәсіпорын экономикасы.— Оқу қүралы.- Алматы:
- Поярков И.В. Квалиметрия. Управление качеством продукций. Учебное пособие. — Алматы: Қазақ Университеті, 2005.- 162 с.
- Гончаров А.А. Метрология, стандартизация и сертификация: Учебное пособие. — М: Издательский центр «Академия» 2005- 240 с.
- Лифиц И.М. Стандартизация, метрология и сертификация: Учебник.-М: Юрайт – Издат. 2002 — 296 с.
- Стандарттау туралы. Сертификаттау туралы.- Қазақстан Республикасының заңдары.- Жеті жарғы.- Алматы.- 1998 жыл.
- Технология управление. №3 (52). 03.2005г. Процессы и ISO 9001. 12-13 стр.
- Крылова Г.Д. Основы стандартизаций, сертификации, метрологий. Учебник для вузов.- 2- е изд. М: ЮНИТИ – ДАНА, 2002-711с.
- Под ред. К.Е. Кубаева. Теория и практика менеджмента.— Учебник.- Алматы: Қазақ Университеті, 2005г.- 486с.
- Промышленность Казахстана. 04.2001г. Петров А.Д. 50 с.
- Промышленность Казахстана. 6(33) 12. 2005г. Как добиться качества. Е. Аскаров. 51стр.
- 14. Технология управление. №1 (50). 01. 2005г. ISO эволюциясы. 18 стр.
- Мир качества. №1(20) 2006г
- Окрепилов В.В. «Всеобщее управление качеством».— Спб.- 1996 г.
- Сафронова Н.А. «Экономика предприятия»: Учебник для вузов.- Юристь.- Москва.- 1999 год.
- Ильенкова С.Д. «Управление качеством».— Москва.- 1998 год.
- Горфинкель В.Я. Купряков Е. М. Прасолова В.П. «Экономика предприятия»: Учебник для вузов.- Банки и биржи, Юнити.- Москва.- 1996 год.
- Колесник Михаил. Менеджмент. —М: «Издательство ПРИОР», 2001г.- 192с.
- А.Н. Романов, Ю.Ю. Корлюгов, О.А. Красильник. Маркетинг.— Учебник.- М: Банки и биржи: Юнити.- 1996г.- 560с.
- Транзитная экономика. 05.2004. Д. Абенова. 21 б.
- 23. Транзитная экономика. 2004. Т. Байкатов. 129 б.
- Полозов Ю.Е. Управление качеством продукции.- М. 1992г.
- Круглов М.И. Управление качеством продукции.- М. 1979г.
- Горленко О.А. Мирошников В.В. Создание систем менеджмента качества в организации.- М.2002г.
- Сергеев А.Г. Латышев М.В. Сертификация. Учеб. Пособие.- издание 2-е. М.2001г.
- Никитин В.А. Управление качеством продукции на базе стандартов ИСО 9000: 2000.- Спб: Питер: 2002г.
- Кәсіпорынның нормативтік құжаттары. 2006ж.
Қосымшалар
Кәсіпорынның 1 жылда кеткен шығындары.
Несеиге:
- Ғимараттардың жалдық төлемі- 50000т х 12ай= 600000т;
- Суды жерден шығару үшін құрал- жабдықтарға кеткен шығындардың көлемі- 70000т х 12ай= 840000т;
- Водовоз (2шт)- 30000т;
- Зил (3 шт)- 60000т;
- Жұмысшылардың жалақысы – 20 адам х 40000= 800000т;
800000 х 12 ай= 9600000т/г;
- салық 30%= 36000000т;
- электроэнергетика 300000т/ай х 12ай= 3600000т;
- су 500м3/ай х 180т= 900000т/ай х 12ай= 10800000т/жыл;
1 жылда кеткен к2с3порынны4 барлы0 сомасы: 29930000т;
10— кесте. 2004 ж. өндірілген өнім көлемі.
айлар
|
қаймақ |
сүзбе |
||
тонна |
мың.т |
тонна |
мың.т |
|
1 |
23 |
4211
|
1 |
213 |
2 |
26 |
4705 |
0,5 |
193 |
3 |
34 |
7240 |
0,4 |
155 |
4 |
29 |
5504 |
0,2 |
86 |
5 |
27 |
4755 |
0,3 |
20 |
6 |
17 |
2650 |
0,3 |
101 |
7 |
14 |
2284 |
0,2 |
63 |
8 |
15 |
2411 |
0,2 |
72 |
9 |
13 |
2079 |
0,1 |
45 |
10 |
23 |
3747 |
0,07 |
24 |
11 |
10,4 |
1758 |
0,03 |
11 |
12 |
9,3 |
1616 |
0,2 |
70 |
бары |
240,7 |
42960 |
3,5 |
1053 |