Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………………………………………
1 Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың
экономикалық маңызы…………………………………………………………..
1.1 Туризм экономикасының алғышарттары…………………………………
1.2 Туризмнің экономика саласына әсері………………………………………
1.3 Туризм индустриясы мен туристік нарықтың ерекшелігі…………
2 Туризмді экономиканың саласы ретінде дамытудың негізгі бағыттары………………………………………………………………………..
2.1 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу…………………………………….
2.2 Туризм инфрақұрылымын дамыту………………………………………….
2.3 Қазақстан туристік бейнесін қалыптастыру…………………………….
2.4 Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету…………………….
3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм
экономикасының дамуының алғышарттары…………………
3.1 Оңтүстік Қазақстан облысының туристік – рекреациалық ресурстары………………………………………………………………………………………..
3.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің жалпы Қазақстанға әсері ………………………………………………………………………………….
3.3 Оңтүстік Қазақстан облысының туризм экономикасына ықпалы …………………………………………………………………………………
Қорытынды…………………………………………………………………………………..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі …………………………………………..
Кіріспе
Бүгінде туризм әлемдік экономикада маңызды рөлдердің бірін атқарады. Және туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары, серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің бір түрі. Негізінен туризмнің өсіп, оның көркеюі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен дамиды. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға мүмкіндігі мол.
Негізінен туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, әрі экономикалық тиімді процесс. Оған себеп, шетел валютасының құйылуы, халықтың жұмыспен қамтылуы, елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетіні сияқты оң экономикалық нәтижелер негіз бола алады.
«Қазақстан 2030» стратегиясындағы мемлекеттің экономикасын дамыту туралы мәселенің бірі туризм және қызмет көрсету саласына да бағытталған.
Қандай жер болмасын, өзінің табиғи байлығымен және тарихи – мәдени құндылықтарымен ерекшеленіп тұрса, ол жер саяхаттаушыларды, ғалым зерттеушілерді, іскер адамдар мен жәй ғана демалушыларды өзіне тартып тұрады.
Оңтүстік Қазақстан облысының географиясына көз жүгіртсек, Қазақстанның туристік – рекреациялық мүмкіншіліктеріне кіретін көптеген тартымды, қызықты табиғи ресурстары мен тарихи-мәдени мұраларын кездестіруге болады. Аймақтағы туризмнің дамуының болашағын анықтау үшін терең, әрі жан-жақты зерттеулер қажет. Яғни, туризм мен демалыс үшін қолайлы жағдай деңгейіне отандық және шетел туристерін күтуге, табиғи және тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық ресурстарына рекреациялық баға беру керек.
Осыған байланысты, Оңтүстік Қазақстан облысының туристік- рекреациялық мүмкіншіліктерін экономикалық және шаруашылық қызметте пайдалануға болатындықтан, облыс туризмін дамытудың мүмкіндігі мол екендігін байқауға болады.
Бүгінгі күні облыстың зор мүмкіншіліктері аймақтың экономикасын дамытуға жеткіліксіз болып отыр. Мұның себебі, ғылыми дәлелденген ұсыныстар мен рекреациялық ресурстар, туризмнің дамуы туралы жалпы концепцияның болмауы.
Қазақстанда туризмнің күшті индустриясы мен туристік бизнестің халықаралық стандарттар деңгейінде дамуы мен қызметіндегі ғылыми және әдістемелік мәселелердің шешілуі, туризмді экономикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеуді, оны экономиканың болашағы деп қарау тақырыптың өзекті мәселесі болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының туристік шаруашылығы мен туристік рекреациялық ресурстары зерттеу объектісі болып табылады.
Аймақтағы туристік қызметтің дамуының алғышарттарының анықтамасы, болжамы және игерілу деңгейі зерттеудің тәсілі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан бойынша туризмнің даму алғышарттарына, дамытудың экономикалық маңызына тоқталып, мысалға алынған Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына кешенді түрде баға беру арқылы мүмкіншіліктері мен туризмнің даму болашағын анықтау және оның экономикадағы орны мен маңызын айқындап, аймақтағы туризмнің даму бағдарламасына ұсыныстар жасау. Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- облыс бойынша рекреациялық ресурстарға баға беру;
- облыс экономикасындағы туризм орны мен маңызын анықтау;
- облыс территориясында туризмнің дамуына мінездеме беру;
- туризмнің даму үшін рекреациялық ресурстардың пайдалану деңгейі мен жағдайын анықтау;
- облыстың туризмі дамуы үшін ғылыми дәлелдер мен ұсыныстар жасау;
Зерттеу жұмыстары оқу — өндірістік, дипломдық тәжірбие кезінде облыстың туризм департаментінде, облыстың кейбір туристік фирмаларымен жүргізіліп, арнайы облыстық бағдарлама қабылданған.
1 Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық маңызы
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек Жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО-ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстандағы туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аймақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші факторы болып табылады [1].
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.
Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту “Туризм туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508- XII Заңымен, Қазақстан Республикасының Президентінің “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек Жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы туралы” 1997 жылғы 30 сәуірдегі №3476 және Жібек Жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау “Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы” 1998 жылғы 27 ақпандағы №3859 жарлықтарымен қамтамасыз етіледі [1].
Осындай және өзге де құжаттар мен іс-шаралардың қабылдануы туризмнің қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етпей отыр. Мұндай құжаттар қағаз жүзінде ғана қабылданып, іс жүзінде жүзеге толық асқан жоқ. Өйткені, туризмнің қазақстандық нарығы әлі де әлсіз, бақылаусыз .
Сонымен қатар, туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі – Қазақстанның 1993 жылы толығымен Дүниежүзілік Туристік Ұйымына толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.
Қазақстандық туристердің неғұрлым көп баратын жерлері: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАЭ. Ал, елімізге Ресейдің, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиірек келеді. Бұған келесідей мәліметтер дәйек бола алады [1, 2 кесте].
Кесте 1. — 2005 жылғы облыстар бойынша туристік қызмет көрсеткіштері
|
Есеп берген кәсіпорындар, бірлік |
Қызмет көрсетілгентуристер, адам |
Келу адам-күні |
Сатылған жолдамалар құны
|
Турдың құнына кірмейтінвизалық экскурсиялық және өзге де көрсетілетін қызметтер көлемі мың теңге |
|
Мың теңге |
Мың АҚШ долл. |
|||||
Қазақстан Республикасы |
612 |
171427 |
429501 |
2055951 |
36,3 |
946239 |
Ақмола |
10 |
5231 |
2309 |
1039,5 |
— |
2750,6 |
Ақтөбе |
10 |
2058 |
12723 |
34528,5 |
— |
5477,6 |
Алматы |
18 |
14532 |
19136 |
22715,1 |
— |
1410,6 |
Атырау |
4 |
1395 |
4783 |
28532 |
— |
2820,9 |
Шығыс Қазақстан |
23 |
4313 |
41530 |
105131,6 |
— |
15191,6 |
Жамбыл |
5 |
2790 |
10206 |
79102,2 |
— |
17328,2 |
Батыс Қазақстан |
2 |
1762 |
2589 |
5342,5 |
— |
70,0 |
Қарағанды |
25 |
6500 |
36965 |
78659,7 |
— |
16540,9 |
Қостанай |
7 |
822 |
784 |
15684,0 |
— |
5558,5 |
Қызылорда |
2 |
497 |
1973 |
3525,7 |
— |
6633,2 |
Маңғыстау |
4 |
7336 |
29096 |
155039,3 |
— |
3176,3 |
Павлодар |
17 |
1351 |
5931 |
33762,4 |
— |
8607,6 |
Солтүстік Қазақстан |
4 |
2332 |
1781 |
5026,0 |
— |
3361,0 |
Оңтүстік Қазақстан |
4 |
2271 |
— |
— |
— |
4724,1 |
Астана қаласы |
23 |
38918 |
158783 |
570197,7 |
— |
14875,8 |
Алматы қаласы |
454 |
79319 |
100912 |
917628,3 |
36,3 |
837712,1 |
Ескерту: Қазақстан Республикасының статистика мәліметінен
Кесте 2. — Туризмді дамыту индикаторлары
|
2004 |
2005 |
2006 |
Туризм саласы қызметкерлерінің тізімдік саны (есепті кезеңге орташа), мың адам |
|||
Туристік агенттіктер қызметі |
2,1 |
2,2 |
2,7 |
Қонақ үйлер мен мейрамханалар |
26,6 |
21,9 |
23,4 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
241,0 |
246,5 |
257,9 |
Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру жөніндегі қызмет |
53,1 |
56,8 |
60,6 |
Туризм саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық атаулы есептелген жалақы, теңге |
|||
Туристік агенттіктердің қызметі |
13146 |
11648 |
14178 |
Қонақ үйлер мен мейрамханалар |
14548 |
23290 |
29205 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
3322 |
10906 |
12148 |
Мәдениет пен спортты ұйымдастыру жөніндегі қызмет |
11180 |
14103 |
15792 |
Шетелге шығып кеткен Қазақстан Республикасы резиденттерінің саны (тұрақты тұруға кеткен азаматтарды есепке алмағанда), адам |
2293728 |
2274702 |
2374021 |
Қазақстан Республикасына келген келермендердің-резидент еместердің саны (тұрақты тұруға келген азаматтарды есепке алмағанда), адам |
2692590 |
3677921 |
3236788 |
Туристік фирмалар мен агенттіктер саны, бірлік |
605 |
612 |
713 |
Қызмет көрсетілген туристер саны |
|||
Барлығы |
154502 |
171427 |
229014 |
Келу туризмі |
2507 |
29771 |
44990 |
Шығу туризмі |
37942 |
74728 |
94692 |
Ішкі туризм |
114053 |
66928 |
89332 |
Қонақ үй кәсіпорындарының саны, бірлік |
165 |
195 |
239 |
Негізгі туристік ресурстар, бірлік |
|||
Мұражайлар |
103 |
121 |
143 |
Театрлар |
44 |
47 |
48 |
Концерттік ұйымдар |
— |
90 |
72 |
Клуб үлгісіндегі мекемелер |
403 |
1891 |
2042 |
Кітапханалар |
3220 |
3312 |
3462 |
Ақыға көрсететін кино қсндырғылар саны |
— |
146 |
216 |
Ескерту: Қазақстан Республикасының статистика мәліметінен
Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың сыртқа ағылуына алып келіп соғады. 2003 жылы шетке көптеген ақша шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейіннен оны сату мақсатында баратын жоспарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету нарығының жай-күйін анық көрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірбиесінің және білікті мамандарының жетіспеушілігіне байланысты туристер мен “чартер ұстаушылар” арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі көмек көрсетті. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бірін “қапшықтау” бизнесі тауарлармен толтырады және тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мыңа жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы “қапшықтау” саудасының көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Сонымен, бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін көтеруге елеулі әсер ете қойған жоқ.
Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның өзі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру орындарының кадрлық қамтамасыз етудің жай-күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.
Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық әуежелілерінің дүние жүзінің әр бұрышына, атап айтсақ, Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Таиландқа және т.б. өзге мемлекеттерге ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Ішкі және Халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін “Эйр Астана”, “KLM”, “Lufthansa”, “Иртиш Авиа”, “Тюрк Хава Юллары” түрлі авиа тасымалдарды жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда әуе рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мұның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын әуе рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, әуебилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімінің құнын өсіреді және тиісінше оның халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін төмендетеді. Бұл орайда, айта кететін жәйт, еліміздің немесе өзге шет ел туристері көбіне – көп Қырғызстан Республикасындағы “Манас” әуежайы арқылы ұшуға, не шетелден ұшып келуге мәжбүр. Өйткені, мұндағы қызмет көрсету құны және әуе билет құны төмендеу. Осыған байланысты, қырғыз елінің әуе саласында жүргізіп отырған саясаты орынды. Бірақ, біздің елімізде ұлттық тасымалдаушы ретінде “Эйр Астанамен” бәсекеге түсе алатын басқа әуе компаниясының болмауы тарифтердің көтерілуіне әкеліп соғуда.
Және, елімізде соңғы уақытта көтеріліп отырған өзекті мәселенің бірі Алматы әуежайының халықаралық мәртебесін алып, оны Астана әуежайына беру. Бұл туризм саласы үшін жасалып отырған қастандық. Бұған байланысты еліміздің турфирмалары мен өзге де ұйымдары қарсылық білдірген. Бірақ Үкімет өз шешімін күшінде қалдырды. Осы шешімнен кейін, шетелдік әуе компаниялар өз тасымалдаушыларын кері қайтарып алатынын айтты. Өйткені, Астана жас қала болғандықтан, барлық бизнес көзі, туристік желілер Алматы қаласы арқылы өтетіндіктен бұл шетел компаниялары үшін өте пайдасыз, әрі тиімді емес. Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмді ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдардың жай-күйіне және туристік көлік құралдарына тиісті техникалық қызмет көрсетілуіне байланысты болады. Негізінен, автомобиль көлігін жалға беуді бірен-саран ұйымдар мен ірілі-ірілі 2-3 қонақ үйлер ғана жүзеге асырады. Өйткені, ішкі туризмде бұл әлі де үлкен сұранысқа қол жеткізген жоқ. Батыс Еуропа мен АҚШ сияқты алып елдердің экскурсиялары мен саяхаттарының 70 % автомобиль көлігін жалға алу арқылы жүзеге асады. Бізде осылайша қызмет көрсетілмеудің себебі, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының сын көтерілмеуі. Сондай-ақ, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары автобус паркі қараусыз қалған, сонымен бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы болатын. Бірақ, соңғы 2-3 жыл ішінде еліміздің туристік фирмалары өздеріне комфортты туристік автобустарды сатып алуда. Әрбір мекеме өздерінің көлік құралдарын, тасымалдауын жоғарғы деңгейге жеткізуде. Бірақ, бұл Қазақстанның Алматы, Астана сияқты қалалары мен бірен саран облыстарға ғана тән нәрсе. Әрине, бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік бермейді.
Негізгі темір жол тасымалдаушысы “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорны 20 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның, Түркіменстанның жолаушылар пойыздары өтеді. Сондай-ақ, Қазақстаннан Қытайға, Иранға және аталған мемлекеттерге пойыздар қатынайды. Негізінен, темір жол көлігі туризм саласында аса қолданылмайды. Өйткені, арнайы жететін жерге дейін пойыздың жете алмауы негізгі себебі. Сондай-ақ, темір жол желісінің бойында бірде-бір туристік объектілердің болмауы. Темір жол көлігі арқылы саяхат, экскурсиялар өткізу бұрынғы Кеңес елі кезінде жүзеге асырылған. Ол кездегі арнайы экскурсия поездары, маршруттары болған. Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет [2].
Қазіргі күні елімізден Иранға дейін бірнеше мемлекетті басып өтетін жолаушылар поезы бар. Сондай-ақ, Алматы-Астана бағытындағы “Тальго” испан поездары бүгінгі күнге нағыз қолайлы, әрі лайық. Өте комфортты поезд. Жылдамдығы да тез. Бірақ, бағасы қымбаттау. Ел Үкіметі осындай вагондарды көптеп сатып алуға Испан Корольдігіне ұсыныс білдіруде.
Орналастыру құралы. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендігі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің елу пайыздан астамын құрайды.
Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 50 %-ға ескірген қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары салынған. Тек халықаралық стандарттарға сай Астана және Алматы қалаларындағы қонақ үйлер ғана. Және турбаза, кемпингтердің ең көбі осы Алматы қаласының маңында шоғырланған. Әрине, мұндай объектілер ішкі сұраныстың төмендігінен шектеледі [2].
Кадрлармен қамтамасыз ету: Туризм дамуындағы түйінді мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік және жеке жоғарғы оқу орындары мен филиалдарын қосқанда, туризм менеджерлерін даярлайтын 50-ге жуық жоғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негізі 1992 жылы қаланғандығына қарамастан, туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету әлі күнге дейін қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр. Мұның басты себебі, Қазақстандағы туристік әлеует туралы оқытушылар құрамының білім және туристік саладағы жұмыс тәжірбиесі, деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр. Соның нәтижесінде, мамандарды даярлау отандық туристік-рекреациялық ресурстарды ұстау, туристерді қабылдау үшін оларды пайдалану технологиялары мен ықтимал клиенттер арасында туристік қызмет көрсетулерді атаулы жарнамалаудың әдістемесі жеткілікті түрде ескерусіз жүргізілуде. Сондықтан, жоғарғы оқу орындары түлектерінің едәуір бөлігінің туроператорлық қызметті толық атқаруға шамасы жетпей отыр.
Осыған байланысты, Үкімет туризм саласында кадр алмастыру, студенттерді шетелдік елдерге жіберу арқылы тәжірбиесін арттыру сияқты мәселелерді қолға алу қажет.
Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту мәселелерін, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрмайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге дейін игерілмеген тың күйінде қалып отыр. Және экономиканың саласы ретінде туризмді ғылыми қамтамасыз ету үшін оны болжауда және дамытуда тиісті Ғылыми құрылымдар қажет. Мәселені шешудің ықтималды шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады.
Сондай-ақ, туризм әлемдік экономикада маңызды рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның он бір пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың сегіз пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының отыз жеті пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс осы мыңжылдықтада сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациалық сыймдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей, толық мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның дем алуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымының туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ, мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар тоғыз тонна тас көмір немесе он бес тонна мұнай немесе екі тонна жоғарғы сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек (шетелдік экономистердің есебі бойынша). Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көзін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, жүз мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді экономикалық процесс.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді [3]:
- Шетел валютасының құйылымын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
- Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымы мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салалар да пайда болатын бестен тоғызға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
- Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына да белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм — жеке және ұйымдық жетілдіру құрал ретінде жоспарлануы және тәжірбиеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден-бір факторы болып табылады.
Бүгінгі күні елімізде туризмді экономиканың маңызды саласы ретінде дамыту қолға алынып жатқан алғашқы мәселелердің бірі. Осыған орай, Үкімет 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, елімізде шикізаттық емес саланы дамыту күттірмейтін мәселе екенін баса айтты. Туризмнің тез қарқынмен өсуі, дамуы әрбір облыс, елдімекендерге де байланысты. Осы орайда, мысалға алынып отырған Оңтүстік Қазақстан облысының туризмін дамытудағы экономикалық маңызын келесідей алғышарттарынан көруге болады.
Бұл аймақта туризмнің бірден-бір орталығы болады деуге негіз бар. Себебі, бұл өңірде туризмнің діни, танымдық, таулы, емдік, балық аулау және аңшылық сияқты түрлері кең таралған.
Оңтүстік Қазақстан облысында діни туризмге, әлде зиярат етуге Қожа Ахмет Яссаиу кесенесі, Арыстанбаб кесенесі мен Сайрам ескерткіштері жатады. Ал, табиғатына үңілсек, Талас Алатауының солтүстік-батыс тау бөктерінде Орта Азия және Қазақстандағы ең көне қорық Ақсу-Жабағлы орналасқан. Бұл қорықтың ішінен спелео туризмді дамытуға көп көңіл бөлінуде.
Балық аулау мен аңшылығына Сырдария өзенінің бойындағы ормандар қызығушылық тудырады. Мұнда ірі көлемдегі фазандар мен суда жүзетін құстар бар. Көлдерден жыланбас сияқты сүйегі жоқ, ауланған соң бірнеше сағат өмір сүретін балықтарды аулауға болады. Сондай-ақ, Шошқа көл, Отырар, Сайрам балық-аңшылық шаруашылықтары негіз бола алады. Қыраттардан көптеген аңның түрлерін кездестіріп, рұқсат қағазымен аңшылық құруға мүмкіндік мол.
Таулы туризм үшін Өгем каньоны, Қызыл-баш, Дружба, Сайрам биіктіктері себеп бола алады. Және Сайрам-су кемпингі орналасқан. Бұл жерлер альпинистер үшін өте қолайлы.
Бүгінгі Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше ірі санаториялық–курортты кешендерді кездестіруге болады. Олар: Сарыағаш, Манкент санаториясы мен Бұрғылық туристік сауықтыру кешені.
Міне, мұның барлығы туризмнің түрлеріне тұнған облыстағы ең негізгі объектілер. Осындай ғажап, мүмкіндігі мол аймақты туризмнің нағыз орталығы десек те болады. Облыс туризмін дамытудың экономикалық маңызы бар екенін осыдан байқауға болады. Тек қана бұл объектілер жергілікті халық пен шетел туристеріне сапалы қызмет көрсетіп, жоғарғы құрал-жабдықтармен қамтылса ел экономикасына айтарлықтай үлес қосар едік. Әрине, мұның барлығы өсіп, дамуы үшін облыс аумағында көптеген шаралар қолға алынып, жасалуда.
1.1 Туризм экономикасының алғышарттары
Қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әрқилы және қарама-қайшылықта болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп біле алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдында жеке заңдылық болса(өндіріс өнімділігін көтеру заңы, сұраныс және ұсыныс заңы, бәсекелік баға шығару және т.б.), екінші жағынан, туризм – бұл адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі және халық шаруашылығының айрықша бір сферасы. Осыған байланысты экономикалық дамудың жалпы заңдылығы туризм сферасында ерекше сипат алады.
Туризм экономикасының түйінді мәселелері мыналар [4]:
- адамдардың туристік қызметке қажетін тудыратын объективті факторлар;
- адамдардың туристік қажеттерінің мазмұны мен сипаты, сондай-ақ қажеттіліктің әр түрлі категориялы классификациясы;
- туристік өнімдерді пайдаланушы адамдардың экономикалық көзқарасы және олардың (туристердің) ынта-көңілі;
- туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері, туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау;
- қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері;
- мекеме және сала деңгейлеріндегі туризм жұмысының қаражат және экономикалық ерекшеліктері;
- микро- және макродеңгейдегі туризмнің экономикалық және әлеуметтік әсері.
Туризм экономикасын жетік түсініп-білу үшін оның арғы тарихына тоқталып өткен жөн. Туризм экономикасы қоғаммен, саяхатпен және туризммен бірге дамып отырды.
Ұлттық шаруашылықтың құрамының бір бөлігі ретінде, басқа өзгерістермен бірге туризмнің экономикасы мен әлеуметі де өзгеріп тұрды.
Тарихи жағынан қарасақ, туризм дегеніміз бұл сонау көне заманнан бүгінгі күнімізге дейінгі көп жылдардың нәтижесі. Ерте кезеңдерде туризм экономикасы саяхатшылардың басқа елдердің халықтарының әдет-ғұрпын, даму деңгейінің сипаттарын зерттеумен шектелсе, ал Рим империясының дәуірінде ертедегі туризмнің алғашқы экономикалық ресурстары ретінде мемлекеттік және жекеменшік керуен сарайлар болды.
Орта ғасырда христиан діні мен сауданың дамуына байланысты саяхаттаушы шіркеуге қызмет етушілер мен көпестер пайда болады. Біріншілер христиан дінін дамытуды мақсат етсе, екіншілерінің мақсаты – баю еді. Туристік ресурстар монастырь түріне көшеді, керуен сарайлары қайтадан дами бастайды.
Ұлы географиялық ашулар дәуірінде саяхатшылардың теңізде жүзушілер мен алғашқы өтушілердің мақсаты экономикалық мақсатқа айналады – жаңа территорияларды басып алу және оны игеру. Саяхат пен экскурсия экономикалық жаңа түрге көшеді, яғни туризм түріне. Осылайша, 1908 жылы Ресейде экскурсиялық білім беру комиссиясы құрылады, оның мақсаты – білімді адамдарды Батыс пен Шығыстың мәдениетімен таныстыру. Бұл комиссияға бірнеше министірліктер қолдау көрсетті.
Өндірістік төңкеріс дәуірінде ішкі және халықаралық туризмнің дамуының материалдық негізін құрайтын жаңа көлік түрлері пайда болады.
XX ғасырда туризм адам тұрмысының нақты бір факторына айналды. Ұйымдастырылған экскурсиялар көптеген халықтың өмір сүру дәстүріне енеді. КСРО-да Кеңес үкіметі кезінде туризм бұрын болмаған қарқынмен дамыды, жаңа әлеуметтік түрге жетті, халық үшін қызмет жасады. XX ғасырдың 90-шы жылдары халықаралық туризм кең дами бастайды. Туризм экономикасы жаңа сипаттарға ие бола бастады: көтерме туристік фирмалар, жеке турагенттіктер мен туроператорлар, дүниежүзілік, ұлттық және аймақтық әр түрлі туристік ұйымдар пайда болды.
Туризм жұмысының экономикалық механизмін түсіну үшін мынадай екі мәселені шешу керек: біріншіден, бұл механизмнің барлық жүйелерінің негізгі шеңбері туралы мағлұмат болу керек; екіншіден, бұл жүйенің жеке бөлшектерін терең зерттеп – білу қажет.
Қазіргі шақтағы туризмнің жалпы экономикалық механизмі келесідей ережелермен ашылуы мүмкін [4] .
- Қазіргі туризм нарықтық ортада мемлекеттің бақылауымен және реттеуімен, сонымен қатар басқа да қаражат, экономика институтымен және ұйымдармен жұмыс істейді. Мұны былай түсінуге болады, барлық туристік фирмалар мен ұйымдар үш негізгі экономикалық таралу қағидаларымен жұмыс істейді:
- біріншіден, олар басқарудың ерікті болуын және соған сәйкес бастамамен жауапкершіліктің бос болуын қалайды;
- екіншіден, олардың шаруашылық іс-әрекеттері объективті түрде туристік нарықтың заңдарына бағынады (құн заңына, сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік, ақша айналымы, баға құру заңына);
- үшіншіден, турист және табиғат үшін туризмге әлеуметтік және адамгершілік бастаманы енгізуге, мемлекеттік және қоғамдық институттар туризмдегі нарық процестерін реттеуге тырысады.
- Туристік фирмалардың нарық ортасында жұмыс істеуі туристік нарықтың ерекшеліктері мен заңдылықтарын объективті түрде оқып-білуді қажет етеді. Туристік нарықты оқудағы негізгі аспектілері келесілер:
- туристік нарықтың жұмыс істеу механизмі, оның сегменттері, маусымдық сипаты;
- туристік нарық пен оның сегменттерінің жұмысы;
- бағаның қалыптасуы және туризмдегі бағаның құрылуы;
- туризм сферасындағы сұранысқа әсерін тигізетін факторларды оқып білу және баға мен табыстың сұраныстың төлем қабілетіне әсері;
- туристік қызметке ұсыныс жасауға әсерін тигізетін факторларды оқып-білу, сондай-ақ құнды және құнсыз факторлардың әсерін қарастыру.
- Ұзақ мерзімді болашаққа, туристік нарықтағы экономикалық теңдестік, туристік индустрияға объективті қаражат- экономикалық талдау жасауды қажет етеді (оның құрылымы, даму тенденциясы мен жағдайы, функциялық рөлі мен бағыты). Туризмнің материалдық-техникалық базасына және ресурстарына талдау жасау, нақты іске асатын туристік ұсыныстарды шешуге, сондай-ақ туристік өнімдердің сапасы туралы көмек береді.
- Туризм экономикасының маңызды мәселесі- бұл салада жұмыс күшін пайдалану. Сондықтан да туристік іс-әрекеттің экономикалық әсері оның барлық көріністерінде терең талдау жасауды керек етеді. Еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығына талдау ерекше көңіл қоюды қажет етеді.
- Туризм экономикасы негізгі мәселе ретінде іскерлік іс-әрекет пен туристік фирмалардың нарықтағы тәртібі туралы тақырыптарды зерттейді. Бұл туризмдегі іс-әрекеттің айырықшылығына есеп жүргізу, коммерциялық есепті терең білу, бұл жұмысты жоспарлау, әсіресе, бәрінен бұрын бизнес-жоспар жасау, сондай-ақ бухгалтерлік және басқару есептерін білу.
Туризмдегі іскерліктің маңызды мәселесі — ол туристік фирманың шығынына, кірісіне, жалпы пайдасы мен табысының шегіне талдаулар жасау. Шығынның шегі мен табыстың шегін білу фирманың туристік нарықтағы тәртібі мен орнын шешуге мүмкіндік береді.
- Туризм экономикасының маңызды бөлімі – табыс факторларына талдау жасау: жұмыс ақысы мен еңбектің бағасы; капиталдың бағасы мен пайызы; туристік рента (пайыз түрінде түсетін табыс). Туристік рента мәселесі өнімдерге ерекше көңіл аудару керек. Бұл туризмді өзіндік қаржылаудың ішкі көздерін анықтауға мүмкіндік береді және туризм сферасындағы өндіру факторларының өнімділік шекарасын белгілейді.
- Туризм экономикасы өзіне қаржы мәселесін де енгізеді: турфирмалардың өзінің қаржы ресурстары, кредит алу мүмкіндіктері, банкімен және банк жүйелерімен өзара қатынасы, барлық деңгейдегі бюджетпен қатынас және салық салу.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, қазіргі туризмнің экономикасы маңызды экономикалық ғылымның біреуіне айналды, онсыз бүгінгі күні экономикалық ғылым жүйесінің өмір сүруі мүмкін емес.
1.2 Туризмнің экономика саласына әсері
Қазіргі экономикада туризмнің ролі үнемі өсіп және өзгеріп тұрады. Бұрын туризмде алдыңғы ролде болған елдер, қазір екінші және үшінші орындарға кетуде. Олардың орнына жаңа заттар келуде.
Экономикалық жағынан туризмді былайша қарастырады:
— өнімді өндіру, айырбастау және бөлу сферасындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір жинағы ретінде;
- белгілі бір өндіріс саласы мен экономикалық іс-әрекеттерді қосып, елдің халық шаруашылық кешенінің бір бөлігі ретінде;
- туризмді елдің немесе аймақтың шаруашылық саласы сияқты зерттейтін экономикалық ғылым ретінде;
- туристік өнімді өндіретін, оны қолданатын, бөлетін және айырбастауды зерттейтін қоғамдық ғылым ретінде;
- туристік экономика жүйесінің барлық деңгейіндегі адамның мінез-құлқын зерттейтін қазіргі экономикалық теория ретінде;
Фундаменталды экономика жағынан қарасақ, туризм дегеніміз ол экономикалық кешен, оның дамуы ішкі себептерден гөрі, көбінесе әлемдік шаруашылық процестер мен қатынастар арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар, туризм – торы. Өйткені туристер басқа елге дамалысқа барғанда басқа өндірісте өндірілген өнімнің бір бөлігін ғана апарып қоймайды, сонымен қатар онда жаңа жұмыс орнын да құрады [4].
Қазіргі туризм экономикалық құбылыс ретінде:
- индустриалдық түрде болады;
- туристік өнім мен қызмет түрінде көрінеді, оны жинауға және көлікпен тасуға болмайды;
- жаңа жұмыс орындарын құрайды және жаңа аудандарды игерудегі алғашқы қарлығаш, сонымен қатар ұлттық экономиканың жылдам дамуының катализаторы болады;
- туризмге мамандандырылған елдің пайдасына ұлттық табысты қайта бөлу механизмі ретінде кіріседі;
- ұлттық табыстың өсуіне, инфрақұрылымның дамуы мен жергілікті халықтың өмір деңгейінің өсуінде мультипликатор рөлін атқарады;
- жоғарғы деңгейдегі әсерлікпен және инвестицияның жылдам қайтарылуымен сипатталады;
- табиғат пен мәдени мұраны қорғаудың тиімді құралы ретінде жұмыс істейді, өйткені оның негізгі ресурстарының базасын осы элементтер құрайды;
- барлық шаруашылық салаларымен және адамның іс-әрекет түрлерімен сәйкес келе береді.
Сонымен, туризм аймақтың немесе елдің экономикасына белсенді түрде әсер ете алады, онда ол оның шаруашылық, әлеуметтік және гуманитарлық негізінде дамиды.
Нарық экономикасында өндірістік қорлардың заттық факторлар қозғалысы құндық қажеттілігін туғызады. Құнды және материалдық қажеттіліктер біртұтас болады. Бұл бірлік өндірістік қорлардың мәнімен анықталатын қажеттіліктің сипаттамасы болып табылады.
Заттық және құндылық формаларының бірлігін ескере отырып, өндірістік қорларға деген қажеттіліктерді анықтау дегеніміз ынтымақтастылығын техникалық және технологиялық шешімдерді таңдауда құндық параметрлер де қатысуы керек деген сөз. Олар құрастырушылардың техникалық тапсырмаларында болуы қажет.
Өндірістік жабдықтардың элементтерінің құнын жоғарылату жаңа өнімдер түрін (қызмет) игерудегі турфирмалардың қаражаттарына қатты әсерін тигізеді, ол игеруге келетін жоғарғы шығынмен байланысты, себебі олардың орны түскен табыспен әр уақытта тола бермейді.
Турфирманың қаражатының тұрақтылығы түсетін табыстың мөлшеріне түгелімен тәуелді. Табыс заттың бірлік бағасын (қызмет) оның таратылған санына көбейту арқылы анықталады. Табыс мөлшері барлық кетірген шығындарды өтеуі және табыс алуды қамтамасыз етуі керек. Осындай тапсырмаларды шешу үшін экономика ғылымы келесідей категориялы инструменттерді жасады:
- өтеу сомасы;
- өтеудің орташа мөлшері;
- өтеу коэффициенті;
- шығынсыздық нүктесі;
- табыс шегінің нүктесі;
- мықтылық беріктілік.
Бұл категорияларды рет-ретімен қысқаша қарастырып шығайық [3].
Өтеу сомасы деп табыс пен барлық ауыспалы шығынының арасындағы айырмашылықты айтады, яғни өтеу сомасы дегеніміз бұл өндірістің тұрақты шығыны мен табысының жиынтығы. Өтеу сомасы – ол тұрақты шығынды өтеуге және табыс алуға салынатын қаражат. Өтеу сомасын есептеу үшін табыстан барлық ауыспалы шығынды шегереді (кейде оны тікелей шығын дейді).
Өтеудің орташа мөлшері дегеніміз заттың бірлік бағасы мен орташа ауыспалы шығынның арасындағы айырмашылық. Өтеудің орташа мөлшері дегеніміз өнімнің бірлігінің тұрақты шығындары өтеудегі және табыс алудағы үлесі.
Өтеудің коэффициенті деп өткізуден түскен табыстағы өтеу жиынтығының үлесі және заттар үшін өтеудің коэффициентін айтамыз – бұл заттың бірлік бағасындағы өтеудің орташа мөлшерінің үлесі.
Шығынсыздық нүктесі бұл турфирманың белгілі мөлшердегі өндірісі және онан түскен табысы, ол оның барлық шығындарын және нөлдік кірісті де өтейді.
Табыс шегі (оны кейде сатудың критикалық мөлшері дейді) – бұл шығынсыз нүктеге сәйкес келетін табыс.
Мықтылық беріктілік – бұл нақты табыстың табыс шегінен пайыздық ауытқуы, яғни нақты және табыс шегінің айырмашылық қатынасының нақты табысқа пайызы арқылы шығарылады.
Жоғарыда көрсетілген категорияларды пайдалану барлық мекемелердің өндірістік іс-әрекеттерінде, оның ішінде турфирмаларда да бірқатар практикалық тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
1.3 Туризм индустриясы мен туристік нарықтың ерекшелігі
Турист энциклопедиясында туризм индустриясы туралы мынадай анықтама берілген: бұл – материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік рекреациялық ресурстарының пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтердің айырбасталуын, қолданылуын, материалды және материалды емес сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.
Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топқа бөледі [5]:
- Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар, кемпингтер; саяхат және экскурсия бюролары; арнайы көлік, туристік-экскурсиялық тасымалдау; демалу орындары мен туристік орталықтары туристерді сауықтыру орындарымен, сувенир мен басқа туристік тауарлар мен қамтамасыз ететіндер).
- Демалыс орындарындағы туристерге, жергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени-танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар).
- Материалдық техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп орталықтары және оларға еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь жеткізетіндер, сондай-ақ туризм сферасында біліктілігі жоғары мамандар дайындайтын мекемелер.
Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуындағы ресурстарға болжам; екіншіден, туристік қызмет көрсетудегі мезгілдік; үшіншіден, туризм инфрақұрылымының даму деңгейіне жоғары талап.
Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар айрықша ерекшеліктері бар, солар арқылы халық шаруашылығының басқа да салаларынан бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының жоқтығы, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) бұл жерде өндіріледі және бірден қолданылады. Екінші ерекшелігі – оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы – қызмет өндірісіне дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты – турист алған өнімдерді “өзімен алып кетеді”, яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күйі, жаңадан толтырылған білім, пікір, ақпарат арқылы.
Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің түрін білу керек. Туристік қызмет көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар алған кезде әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенді түрі келесі анықтауыштар арқылы анықталады:
- туристерге әр түрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі жағдайындағы қызметтер мен тауарлардың ұсынылуы;
- туристік қызмет көрсету материалдық-техникалық базаларда (қонақ үйлерде, мейрамханада, көлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау мекемерінде) орындалады;
- туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер әр түрлі іс-әрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері халық шаруашылығының салаларында: көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау саласында пайда болған;
- қызмет әр түрлі кәсіптік дайындықтағы және білім деңгейіндегі мамандармен көрсетіледі.
Туризмде ұсынылған қызметтер территория бойынша бөлінеді. Туристерге қызметтердің кейбіреулері тұрғылықты өмір сүретін жерлерінде көрсетіледі (ақпараттық қызмет). Басқаларын турист саяхат кезінде (ақпараттық, көліктік қызметтер) алады. Үшіншісін туристер туристік орталықтарда (орналасу, тамақтану, емдеу, көңіл көтеру, іс кездесу) алады.
Қызмет көрсетуді туристерге бағыттап, үлгі бойынша былай бөлуге болады:
- Қызмет пен тауарларға тарту.
- Олардың туристік өнімге қызығушылығын тудырады.
- Ұсынылған тауар мен қызметтерді пайдалануға қызығушылықтарын тудыру.
- Туристік қызмет пен тауарларды пайдалануда тура шешім қабылдауға көмектесу.
Туристік индустрия дегеніміз туристік өнім шығарушылар, солар арқылы халықтың туристік сұранысын өтейді, олар адамдардың рекреациялық қажеттіліктері арқасында құрылады.
Қандай бір фирма болмасын оның нарықтағы табысы шығаратын өнімдерінің тартымдығына байланысты. Бағасы да, нарықтағы өтімділігі және жылдам таралуы да соған байланысты.
Өнімнің экономикалық категория ретінде терең мазмұны бар, бірақ, осы уақытқа дейін жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің маркетинг профессоры, Американың маркетинг ассоциациясының белсенді мүшесі Ф.Котляр мынадай анықтама береді: “Өнім-өзіне тарту, алу, пайдалану және қолдану мақсатымен нарыққа және адамның ынтасы мен керегін өтей алатын қандай да болмасын зат”. Өнім физикалық объектілер, көрсетілетін қызметтер, ой-пікір және тағы басқалар бола алады.
Туризмде өнім болатыны көрсетілетін кешенді қызмет, яғни бір пакетте туристерге сатылатын қызметтер жиынтығы. Өндірушілерге қарағанда, туристер туристік өнімді кең түрде ұғынады. Туристік сапарға шыққанда, адамдар өзіне көрсетілетін қызметтерден басқа да ерекшеліктерді іздестіреді. Біреулері ұзақ демалысқа шығып, курортқа барып демалып, денсаулығын түзеп қайтса, басқалары командировкаға барып, іскерлік келіссөздер жүргізіп, шартты келісімдер жасайды. Демек, туристер туристік өнімдерге мұқтаж емес, олар жаңа сезімге, қызық оқиғаларға мұқтаж немесе өзінің бизнесін ұлғайтуға мүдделі.
Атақты ағылшын туризмологы В.Мидлтонның анықтамасы бойынша, кешенді туристік өнім дегеніміз “сезінетін және сезінбейтін компонентті пакеттер, оның құрамы туристік орталықтағы адамдардың іс-әрекеттерімен анықталады. Алған әсерлерінің бағасы ретінде пакетті туристер қабылдайды”.
Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлімге бөлінеді [5]:
- тур;
- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;
- тауарлар;
Тур дегеніміз клиентке біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір маршрутқа және мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі.
Турдың құрамы келесідей болады: 1) туристік пакет және 2) маршрутта көрсетілетін қызметтер кешені.
Туристік пакетті туроператорлар ұсынады және маршрутта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:
- туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып келу;
- трансфер;
- орналастыру және тамақтандыру;
- міндетті түрдегі экскурсиялық және мәдени бағдарламалар.
Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – нақтылы міндетті жағдайы. Төрт базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едәуір жеңілдікпен басқа да фирманың туристік өнімін алады, туроператордан оны басқа да қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады.
Туроператор туризмде маңызды роль атқарады. Өйткені ол әр түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т.б.) бір турпакетке жинап, тур өнімді шығарады; оны турагент арқылы таратады.
Турагент – туроператорлардың туристік өнімін іске асыратын, туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан турагенттің айырмашылығы – турагент турдың сапасын жауапты емес.
Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – туристік пакет туристік өнімінің бір бөлігі.
Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын келесідей бөлуге болады:
- тур – 50 %;
- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер – 30 %;
- тауарлар – 20 %.
Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз – бұл жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, прокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т.б. Қосымша қызметтерді туристер бөлекше өз ақшасына алуы керек.
Тауарлар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған жататындар: туристік карталар және қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристің тұрғылықты елдегі дефицит тауарлар және т.б.
Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім екі әдіспен бағалануы мүмкін:
- барлық өндірістің шығынының жинағы есебінде;
- туристердің барлық шығынының жинағы немесе туризмнен түскен кіріс есебінде.
Қандай бір әдіспен бағаланса да, сөз туристік индустрияда өндірілетін туристік өнімдердің жалпы табысы жөнінде болып отыр.
Өзінің арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа біріктіруге болады: көлік қызметі; туристердің туристік аудандарда болуымен байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану және т.б.); бір реттік қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сувенирлер және т.б.). Әрбір туристік қызметтер мен тауарлар тобы тағы да түрлерге жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтері көліктің түріне және комфорттылығына қарай жіктеледі [5].
Туристік сұраныс және ұсыныс туристік құрылыстың экономикалық элементі болып туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату сферасын құрайды.
Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүниежүзілік нарықта тауарлардың бағасына туристердің көлікке шығыны кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы, міне, осында.
2 Туризмді экономиканың саласы ретінде дамытудың негізгі бағыттары
Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраныс пен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.
Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық туристік өнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымының ұсыныстарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірбиенің негізінде, қазақстандық туристік өнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бай аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.
Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте игерілуі тиіс мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталады [1]:
- Іле аймағы (Алматы қаласы және маңы, Түрген селосы, Есік қаласы, Талғар қаласы, Қаскелен қаласы, Ұзынағаш селосы және Қапшағай қаласы);
- Солтүстік Тянь-Шань ауданы (Кеген селосы, Нарынқол селосы, Жалаңаш селосы, Шонжы және Көлжат селолары);
- Жаркент – Талдықорған аймағы (Жаркент қаласы, Көктал селосы, Басши селосы, Текелі қаласы, Талдықорған қаласы, Жаркент-Арасан курорты);
- Балқаш ауданы (Балқаш көлі, Балқаш өңірі селосы);
- Солтүстік Жоңғар өңірі (Достық селосы, Алакөл көлінің маңы, Лепсі селосы, Лепсі өзенінің маңы, Жарбұлақ селосы, Көктұма селосы, Саркант қаласы, Қапал-Арасан курорты);
- Жамбыл өңірі (Тараз қаласы, Мерке селосы, Мойынқұм ауданы және Билікөл көлінің маңы);
7.Түркістан жері (Түркістан қаласы, Тұрбат селосы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Баба-ата селосы, Кентау қаласы, Шаян ауылы);
- Сайрам-Шымкент аймағы (Шымкент қаласы, Сайрам ауылы, Арыс қаласы, Шардара қаласы, Сарыағаш курорты, Ленгер қаласы, Ванновка ауылы мен Ақсу-Жабағы қорығы);
- Жоғарғы Бұқтырма ауданы (Қотан-Қарағай селосы, Беріл ауылы, Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлінің маңы);
- Маңғыстау өңірі (Фетикова ауылы, Ақтау қаласы, Ералиев-Құрық ауылы);
Бұдан басқа, басымдықты игеру объектілеріне жатқызуға болатын қазіргі және құрылу жоспарланған мемлекеттік ұлттық табиғи парктері (МҰТП): “Іле Алатауы” МҰТП, “Алтын емел ” МҰТП (Алматы облысында), “Ақсу — Жабағылы” МҰТП (Оңтүстік Қазақстан облысында), “Баянауыл” МҰТП (Павлодар облысында), “Қарқаралы” МҰТП (Қарағанды облысында), Шучье-Бурабай курорты аймағы базасындағы “Бурабай және Көкшетау” МҰТП, “Қорғалжын” мемлекеттік табиғи паркі (Ақмола облысы) ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғарғы деңгейімен сипатталады. Бұл басымдықтарды игеру туризмдегі жеміс. Осындай елдегі ландшафтар арқылы шет елдік туристерді қызықтырып қана қоймай, жергілікті халықты жұмыстармен қамтамасыз етіп, еліміздің экономикасына зор үлес қосқан болар едік.
Орталық Азия аймағындағы туризмнің ерекшелігін ескеру қажет. Жібек Жолы және шытырман оқиғалы сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі ағыны барлық көрсетілген аймақтың ішінде: Қазақстан, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округі (ҚХР), Қырғыстан, Өзбекстан, Түркменстанның шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.
Сөйтіп, қазақстандық өнім тек қана кешенді Орталық Азия туристік өнімінің құрамында келесідей жағдайда тиімді ұсынуы мүмкін және төмендегідей қорытынды шығады:
1.Туристік өнімнің институционалдық элементтері үкіметаралық деңгейде келісілуі тиіс.
2.Қазақстандық туристік өнім біздің аймақтағы көршілеріміздің туристік өнімдерінен ең болмағанда баға, сапа қатынасында кем түспеуі тиіс [2].
Қазақстандық туристік өнімнің ерекше белгісі оның сипатының маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан басқа кезде нақты шаралар қабылдауды және туризмнің баламалы түрлерін дамытуды талап етеді.
Жоғарыда көрсетілген сегменттерге сәйкес инфрақұрылымның белгілі бір талаптары бар. Ол қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат та, үлкен де емес (25-100 орын шегінде) экологиялық таза жерлердегі бір орында клиенттер 2-3 күн болуға есептелген туристік бағыттарда орналастырылған объектілер болуы тиіс. Осындай қолайлы, жайлы жерлерде орналастырылған объектілер туристердің қажеттілігін қанағаттандырып, сол аймаққа деген сұраныстың артуына мол мүмкіндік туғызады.
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде діни, емдік туризм үшін алғышарттар жеткілікті. Қазір Түркістан қаласы ЮНЕСКО-ның назарындағы қала. Оның 1500 жылдық тойлануы ЮНЕСКО бойынша аталып өтті. Мұнда Түркістан қаласының болашақ макеті (жобасы) жасалды. Қалада жаңа мешіт, Хан Ордасы, Пантеон, Керей мен Жәнібек хандарының ескерткіші, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қорғаудағы аймағы мен оның төңірегіне салынатын құрылыс жобаларының көрініс үзінділері, “Шығыс қақпа кешені”, Этнобақ, Сауда-қолөнер орамы сияқты объектілер бой көтеріп, туризмнің қан базарына айнала алатындай негіз тудыруда.
Қазірдің өзінде бұл қалаға келушілер саны күннен – күнге артуда. Демек, зиярат етушілер немесе өзге де туристер есебінен қаланың діни туристік орталыққа айналуына аз қалып отыр [6].
Ал, емдік туризм Сарыағаш, Манкент қалаларындағы санаторийлер есебінен жүзеге асады. Мұндағы санаторийлер Қазақстанға өздерінің минералды су көздерімен танылған сауықтыру орталықтары. Және Бұрғылық туристік — сауықтыру кешені бүгінгі күні сұраныс тудырып отырған ең маңызды объект.
Сонымен қатар Алатаудың солтүстігінде орналасқан оңтүстік өңірдің ауа райы жанға жайлы, суы ем. Әсіресе, тау етектерінің қызығушылығы мол, тартымды жерлерді көптеп кездестіруге болады.
Ал бизнес-туризм және іскерлі-туризм сегментінде Алматы, Астана, Атырау қалаларының болашағы мол. Реосаяси жағдай мен табиғи шикізат-ресурстары және бизнес пен халықаралық конвенцияларға қатысу мәселелері бойынша Қазақстанға келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді (3 кесте).
Кесте 3. — Бизнес-іс бойынша келушілер мен кетушілер
адам
|
Іскерлік және кәсіби мақсаттар |
Емделу |
||||
|
2003 |
2004 |
2005 |
2002 |
2003 |
2004 |
Қазақстан Республикасы |
1224 |
8222 |
15814 |
— |
240 |
1 |
Ақмола |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Ақтөбе |
— |
1 |
— |
— |
— |
— |
Алматы |
2 |
7 |
— |
— |
— |
— |
Атырау |
— |
66 |
1 |
— |
— |
— |
Шығыс Қазақстан |
2 |
— |
133 |
— |
— |
1 |
Жамбыл |
— |
42 |
2 |
— |
— |
— |
Батыс Қазақстан |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Қарағанды |
17 |
5 |
9 |
— |
— |
— |
Қостанай |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Қызылорда |
3 |
13 |
— |
— |
— |
— |
Маңғыстау |
16 |
15 |
56 |
— |
— |
— |
Павлодар |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Солтүстік Қазақстан |
— |
212 |
— |
— |
— |
— |
Оңтүстік Қазақстан |
— |
17 |
— |
— |
— |
— |
Астана қаласы |
587 |
609 |
548 |
— |
— |
— |
Алматы қаласы |
597 |
7217 |
15065 |
— |
240 |
— |
Ескерту: Қазақстан Республикасының статистика мәліметінен
Жоғарыда көрсетілген орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға сай келеді. Алматы қаласы республика үшін стратегиялық маңызды (әуе, автомобиль, темір жол) қақпа болып табылады және негізі көші-қон осы арқылы өтеді. Әртүрлі жиындар, маңызды семинарлар мен конференциялар өткізуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерінен басқа, қалада ойын-сауық құрып, көңіл көтеру үшін барлық жағдай жасалған, сонымен қатар қала маңындағы радиусы 500 шақырым жердегі аумақта тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Ең маңыздыларына тоқталып өтсек: Шарын коньоны, Ай-хай құм, Тамғалы тас, Алтын-емел ұлттық бағы, Медеу, Алма-арасан, Үлкен Алматы көлі және тағы басқа көптеген табиғи объектілерді көруге болады. Бүгінде Астана қаласы Батыс пен Шығыстың архитектурасымен бой көтерген осындай стратегиялық аймақ болып келеді. Қазіргі кезде Астанада салынған кейбір ғажап туристік объектілерді Орта Азияның бас қалаларынан кездестіру қиын. Мемлекетіміздің жас ел ордасы ретінде өзіндік келбеті мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және ішкі туризмді жылдам дамытуға қызмет ететін болады.
Туристік өнімнің маңызды құрамының бірі көлік болып табылады. Туристерді Қазақстанға алып келуде авиа қатынас басты рөл атқарады. Сондықтан, рынокта ұлттық әуе тасымалдаушының жағдайын күшейту және дамыту мейлінше маңызды мәселе болып табылады. Ұлттық әуе желілерде осындай бағыттағы рейстер ашу арқылы бәсекелестік қабілеті төмендеуінің нәтижесін бейтараптандыру қажет.
Республика аумағының кеңдігін ескере отырып, нарықтың көрсетілген сегменттерінің көпшілік бөлігін құрайтын жеке туристердің автобустар мен поездарда еркін қозғалуға ұмтылатынын ескере отырып, сенімді автобус қатынасы мен темір жол көлігінің мәні зор.
Туристік жағынан дамыған көпшілік елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейінгі пайызын ішкі туристік нарық құрайды. Бұл ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен, бір мезгілде қазіргі кезде ішкі туризм негізінен бейберекет күйде екенін, ұйымдастырылмағандығын айтып өткен жөн.
Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы түрін дамытуға тиісті көңіл бөлінбей отырғандықтан, мемлекеттің бюджеті қыруар соманы ала алмайды, инфрақұрылымның бұзылуы жалғасуда, мәдени және тарихи ескерткіштердің жай-күйіне орасан зор нұқсан келтірілуде. Демалу құқығын пайдалануда халықтың аз қамтылған бөлігі ретінде әлеуметтік көмек көрсетілетін оқушыларға, жастарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне және өзге әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға саяхат жасау үшін жағдай жасау мақсатында мемлекет, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан, басқа да қайырымдылық ұйымдары мен қорлар әлеуметтік көмек көрсететін бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен қаражат бөлу арқылы әлеуметтік туризмді дамытудың экономикалық болашағы зор.
Бұл ретте, әлемдегі демалыс түрлері мен туризм өндірісін пайдаланушылардың неғұрлым қарасы көп тобын құрайтын мүгедектер мен қарттардың, сондай-ақ осы бір кеңейіп келе жатқан туризм индустриясы рыногының бір бөлігіне айналған балалы отбасылардың көптеген қонақ үйлерге, көлік құралдарына және туристік көрікті жерлерге қолын жете бермейді. Сөйтіп, туристік ресурстарға қол жеткізу туризмді дамытудағы неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Көптеген туроператорлар туристік ресурстар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізуге туристер санын көбейтуге мүмкіндік беретінін біле отырып, осыған қатысты шаралар қабылдау қажеттілігінің мәнін әзірге түсінген жоқ. Сондықтан, туристік қорларға қол жеткізудің стратегиясы мен саясатын жіті әзірлеу, туризм өндірісі қызметшілерінің арнайы даярлық деңгейін көтеру, мүгедек туристер талабы мен сұранысы туралы және әлеуметтік-экономикалық дамудағы туризмнің алатын маңызы жайында жұртшылықтың хабардар болуын арттыру қажет [1].
Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шағын бизнес кәсіпорындарына, оның ішінде әлеуметтік туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарға қолдау көрсету тәжірбиесін жалғастыру тиіс.Әлеуметтік туризмге қатысты қайырымдылық жебеушілік және демеушілік көтермеленуі тиіс.
Әлеуметтік туризмді, оның ішінде, өлкетану, спорттық, жеке, емдеу – сауықтыру, мәдени танымдық, экологиялық туризмді, отбасылық туризмді, қарттарға және мүгедектерге арналған туризмді, жастар және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың тәрбиелік және патриоттық маңызы зор.
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың стратегиясы-туризм саласын мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту шартына, жұмыстары туристік қызметтердің ішкі және сыртқы рыногының дамуына бағытталған туристік ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсетуге, туризмнің қазіргі заманға сай инфрақұрылымын құруға, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның мәдени-тарихи және табиғи-рекреациялық аймақтарын сақтау мен ұтымды пайдалануға негізделген. Облыстағы туризм дамуының негізгі міндеттері келесілер болып табылады [7]:
— туризмнің инфрақұрлымын дамыту, туризмнің материалдык базасын жаңғыртуға, жаңа объектілер кұрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
— туристік саланы жарнама-ақпаратпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау,туризм саласындағы кадрлар даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
— тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды ұтымды пайда-лану, туристік ресурстарға қол жетушілікті қамтамасыз ету, туристік кызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
— туризм саласындағы қауіпсіздік деңгейін көтеру;
— қазақстандық туристік өнімдерді әлемдік туристік рынокқа көтеру; облыстағы туризм және қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
— туристік саладағы субъектілерді кредиттендіру, инвестицияландыру және қаржыландырудың басқа түрлері үшін жағдайлар жасау болып табылады (4 кесте).
Кесте 4. — Оңтүстік Қазақстан облысының экскурсиялық обьектілерінің құрылымы (тарихи — мәдени ескерткіштер)
Тарихи – мәдени ескерткіштердің типтері |
Саны |
% |
|
|
1. Археологиялық ескерткіштер |
528 |
65,4 |
|
|
2. Қала құрылыс және архитектуралық ескерткіштер |
226 |
28 |
||
3. Тарихи ескерткіштер |
42 |
5,2 |
||
4. Монументтік өнер ескеткіштері |
11 |
1,4 |
||
БАРЛЫҒЫ: |
807 |
100 |
||
1 диаграмма Оңтүстік Қазақстан облысының экскурсиялық обьектілерінің
салыстырмалы диаграммасы (тарихи – мәдени ескерткіштер)
Ескерту: Автордың зерттеу жұмысынан құрастырылған
Облыс туризмінің дамуына қажетті тағы да қарастырылатын мәселелерге:
- туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау
талаптарына сәйкес туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру; - ішкі және сырттан келу туризмін дамыту, көші-қон, визалық
рәсімдерді, кедендік, шекара бақылауын барынша оңайлату мәселелері
жөніндегі заңдарды жетілдіруге негізделген; - туризм саласындағы статистикалық есепке алу және есеп беру
жүйесін жетілдіруге қатысу, оның ішінде туризм саласындағы
ұйымдар мен мекемелер жұмысының қаржылық нәтижелерін
сипаттайтын көрсеткіштерді пайдалану; ұлттық туристік өнімді экспорттау және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын әзірлеу; - ұлттық туризмнің қауіпсіздігін камтамасыз ету;
- әртүрлі әлеуметтік- демографиялық санаттар мен халық
топтарының арасында әлеуметтік туризм дамуына ыңғайлы жағдай
жасау; - ішкі және сыртқы рыноктағы туристік өнімнің жылжуын
жарнамалық ақпаратпен қамтамасыз ету; - әлемдік стандартқа сай конақ-үй қызмет көрсету кешендерін,
сондай-ақ этнографиялық мұражай және демалыс аймақтарын құру; - халықаралық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу,сонымен қатар жыл сайын Қазақстандық халықаралық туристік көрмелерді ұйымдастыруға атсалысу болып табылады.
Қаржыландыру көздері. Қаржылай камтамасыз ету осы бағдарламаны іске асыруға бөлінетін облыстық бюджеттен, сондай-ак Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыруға арналған бюджет қаражатына ең төменгі есептік қажеттілік — 195 550,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 2004 жылы— 44 300,0 мың тенге, ал 2005 жылға — 126 750,0 мың тенге, 2006 жылы — 24 500,0 мың теңге жұмсау жоспарланып отыр.
Күтілетін нәтижелер. Бағдарлама көзделген туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, қызмет ішкі және сырттан келу туризмінің дамуына бағытталған туристік бизнестегі субъектілер санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді, қазіргі заманға сай туризм инфрақұрылымының дамуына қолайлы жағдайлар жасап, туризм саласында жұмыс орнын көбейтеді. Бағдарламаны іске асыру — халықтың әр түрлі топтарына, оның ішінде ересек жастағы адамдарға, жастар мен оқушыларға сапалы туристік кызмет көрсетуге және демалыс орындарының жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Осы Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ішкі туризмдегі туристер саны 2004 жылы 200 000 адамнан, 2006 жылы 240 000 адамға, келу туризмінде шетел азаматтарының саны 5000 адамнан, 2005 жылы 10 000 адамға кебейеді деп күтілуде.
Негізгі ресурстар қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары болып табылады. Қаржыландыру көздері болып мына төмендегілер саналады:
- жекелеген инвестициялық жобаларды немесе мемлекеттік
мақсатта бағдарламаларды қаржыландыру шеңберіндегі
республикалық бюджет қаражаты; - облысты бюджет қаражаты;
- инвестициялық қаражат;
- екінші деңгейдегі банктер қаражаты;
- халықаралық ұйымдардан алынатын гранттар;
- туристік фирмалардан алынатын қаражат.
Қаражат ресурстарына деген қажеттілік іс-шараларының орындалу барысы ескеріле отырып, жыл сайын анықталып, түзетіледі. Көрсетілген өзгертулер жыл сайын жасалынатын бюджеттік өтініште көрініс табады.
Бағдарлама концепциясына сүйене отырып тарихи-мәдени мұралардың туристік рекреациялық ресурстарын халықаралық және республикалық маңызы бар ресурстар деп екіге бөлуге болады.Халықаралық маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың туристік-рекреациялық ресурстарына Жібек жолы бойындағы этномәдени арсеналдарды, Түркістанның орталықтарындағы бірегей тарихи-мәдени объектілер мен тарихи кешендер жатады.
Ұлы Жібек жолы мен оның тармақтарындағы орналасқан тарих, археология, этнография, архитектура, қала кұрылысы мен монументалдық өнер ескерткіштері ежелгі қазақ жеріндегі көшпенділік және отырықшылық-жер өңдеушілік өркениеттің материалдық және рухани мәдениетінің тарихи — мәдени мұраларының бірегей туристік-рекреациялык кешенін құрайды.
Сараптап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы басқа облыстарға карағанда көптеп туристердің ағылатын жағы, сондықтан да мұнда дұрыс саясат құрып іске асыруды қарастыру болып табылады. Туризмді дамыту облыс территориясында Шымкент қаласы мен Түркістан аймағының мүмкімшіліктерін пайдалану арқылы іс жүзіне асырылатыны осы дипломдық жұмыс барысында толықтай анықталды. Сондықтан да келесі беттерде Түркістан қаласына байланысты материалдарды сұрыптай отырып оның тарихи қоры негізінде әлемге танытқан тұлғалар соның ішінде Қожа Ахмет Иассауи тұлғасына назар аудардық. Экскурсиятану пәні негізінде жинақталған материалдарды кейінгі экскурсоводтарға көмекші материал болсын деген мақсатта «Түркістан қаласын әлемге танытқан тұлғалар» тақырыбын сөз ете отырып мәліметтер беруге тырыстым..
2.1 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу
Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға толық жауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдары мен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің рөлін арттыру қажет. Саланы орталықтандырып басқару Қазақстан Республикасының Сауда және Индустрия Министрлігіндегі Туризм департаментіне жүктеледі.
Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік тұрғыдан реттеу келесідей шаралармен бағытталуы тиіс:
Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарларды үйлестіру. Бұл өз кезегінде Қазақстанның әр түпкірінде, әсіресе өнеркәсібі дамымаған аймақтарда, шикізаттық емес өнеркәсіп-туризмді дамыту үшін өте қолайлы. Сондай-ақ, туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтіру мен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз етілуі тиіс. Сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау қажет. Өз кезегінде туристердің құқығын қорғауға байланысты қабылданған Заңдарды орындауды және оны сақтауға мұқияттылық таныту қажет. Алайда, елдің туристік бейнесін қалыптастыруға мүмкіншілігін арттырады.
Статистиканы және зерттеу қызметін жетілдіру керек. Бұл әрбір облыс аумақтарында туристік-ақпараттық орталықтарға, зерттеу орталықтарына, түрлі туристік нарықта маркетингтік жұмыстарды жүргізуге және туризмнің даму деңгейін, болашағын болжауға аса қажетті. Бүгінгі туризм саласы туризмді жан-жақты зерттеуді, оны ғылыми тұрғыдан бақылауды қажет етіп отыр. Себебі, ғылымсыз ол саланың дамуы, өсуі мүмкін емес.
Және білім мен оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау керек. Мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттық технологияларды білуіне, тілдік дайындауға негізінен иек арту негізгі мәселе болуы тиіс. Орта арнаулы оқу орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды ұйымдастырып, жалпы білім беретін оқу орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды ұйымдастыру қажет [1].
Туризм саласында мүдделі министірліктер мен ведомствалар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегі үйлестіруді қамтамасыз ету. Туризмді дамытудың нақты аудандарында жерді пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау.
Тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдаушылардың қызметін лицензиялауды, туристік объектілердің саласын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау мемлекеттік тұрғыдан реттеудегі ең маңыздысы. Себебі, көптеген ұйымдардың, оның ішінде көлік, түрлі қызмет көрсету ұйымдары шарттардың бұзылуына, келеңсіз жағдайлардың орын алуына алып келуде. Бұл туризмдегі алға басудағы кері қадам. Мұндай жағдайда батыстық тәртіп пен көптеген қажетті заңдарға сүйену қажет [2].
Ел беделін қалыптастыру, қазақстандық туристік өнімнің маркетингі және жылжытылуы жөніндегі басым шараларды белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді және басқа іс-шараларды ұйымдастырған жөн. Сондай-ақ, халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау жұмысымен айналасу керек. Бұл жұмыс республика территориясында мектеп деңгейінде, жоғары оқу орындарында, түрлі туристік мекемелерге жүктеу арқылы жүзеге асуы тиіс.
Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттары мен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Демалу құқығын пайдалануда халықтың аз қамтылған бөлігі ретінде әлеуметтік көмек көрсетілген оқушыларға, жастарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне және өзге әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға саяхат жасау үшін жағдай жасау мақсатында мемлекет, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан, басқа да қайырымдылық ұйымдары мен қорлар әлеуметтік көмек көрсететін бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен қаражат бөлу арқылы әлеуметтік туризмді дамытудың экономикалық болашағы зор.
Визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлатып, мемлекеттің туристік көрнекті орындарын құрып және оны қорғау да мемлекеттік тұрғыдан реттелуі тиіс. Және туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компаненттерін жасау керек. Көптеген ежелгі сәулет өнеріндегі объектілерді бүгінгі туристік объектілер деп қарап, оларға мейлінше көңіл бөліп, қадағалау қажет [2].
Бүгінгі таңда туристердің ұлттық мәдениеттің формаларына деген қызығушылықтары ұлғайып келеді. Мұны да біз туристерді қызықтыратын факторлардың біріне жатқыза аламыз. Этнографиялық мәдениетке халық сәулетшілігі, ұлттық үйлерді құру, тұрмыс жағдайлары мен халықтың көркем кәсібін, көркем өнері мен қолөнер кәсібі, еңбек құралдары мен шаруашылық формаларын, киімі мен әшекейлерін, салт-дәстүрі, ырымдар, мейрамдар, діни сенімі, фольклор, ұлттық тағамдарын, ойындар мен салт жоралары және басқаларын да жатқызамыз. Олардың барлығы дерлік халықтың мәдениет деңгейін көрсетіп, туристерді қарсы-алу қонақжай зонасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Туризм адамзат тарихы мен жеке халықтардың ең жақсы жетістіктерін өзіне сіңіріп алуға тырысатындығы мәлім. Бұған орналастыру орындарын өткен заман стилінде салу, қиын желілерді экзотикалық құралдар арқылы өту (қашыр, ат, түйе т.б.), дәстүрлі ұлттық тағамдарды қолдану мысал бола алады. Бұларды қолдана отырып, туризм көріністік пен көңіл көтеру элементтеріне жеке назар аударуда. Театрализациялау территорияның этнографиялық ерекшеліктерін көрсету мен туристердің халықтар мәдениетін түсіну құралы болса, көріністік эмоциялық жағынан туристердің қоғамдық көріністердің, мейрамдар мен ырымдар, салт-дәстүрлердің драматургиясына қатысуын қамтамассыз етеді.
Көшпелі мәдени-этнографиялық мәдениетті көрсету үшін ұлттық қолөнер кәсібі мен ұлттық декоративті-қоданбалы өнерінің даму базасы негізінде Ұлы Жібек Жолы бойында ежелгі кезеңнің ерекше мәдениетін бейнелейтін мәдени-көріністік фольклорлы-этнографиялы, театрленген және көңіл көтерушілік формаларды дамыту қажет [8].
Облыстың мәдениеті мен оның этнографиясы ежелгі кезеңдерден бастап бүгінгі күндерге дейін бұл территорияны мекендеген көшпелі және отырықшы тайпалардың мәдениеттеріне көрші этникалық топтар мен мемлекеттердің материалдық және рухани құндылықтарының өзара ауысып, сіңісіп кету процестері негізінде қалыптасқан. Мүмкін қазақ халқының басқа мемлекеттермн ашық қарым-қатынасқа түсуі мен интеграциялауы және де басқа мәдениеттерге деген қызығушылығы сол кездерден бері келе жатқан дәстүр шығар. Бүгінгі таңда Халықаралық Ұлы Жібек Жолының туристік трассаларын дамытудың басты идеясының негізі де осында жатыр.
Территорияның этнографиялық ерекшеліктері. Әрбір тарихи кезеңде этнографиялық даму барысында өзіндік ерекше бір мәдениет типі тән болады. Бұл негізінен сол тарихи кезеңнің ерекшелігімен тығыз байланысты. Мәдениеттің маңызды сипаттамасының біріне адам мен табиғаттың арасындағы ішкі бірліктің болуы жатады. әрқашан да кез-келген халықтың табиғи ресурстарды дәстүрлі қолдану жолын белгілі бір табиғи ресурстардың болуы мен олардың геоморфологиялық ерекшелігі анықтайды [8].
Халықтардың ерте даму сатыларында табиғи ресурстардың спецификасы еңбек құралдарының түрі, өндіріс күштері мен өндіріс қатынастарында көрініс тауып отырған. Топырақ жамылғысы, жер бедері және су ресурстары шаруашылық іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінің дамуына әсерін тигізген, әрі тигізіп те келеді. Ал пайдалы қазбалар мен энергия ресурстар индустриясының дамуына үлкен ықпалын тигізуде. Климат жағдайының табиғат компоненттерінің басқаларымен мысалы, флорамен үйлесуі халықтың тұрмыс ерекшеліктерін: үйлері, киімі, азық-түлігі мен ұлттық тағамдар, транспорт түрлерін, т.б. айқындайды.
Мекендеу ортасының ерекшеліктерімен қазіргі заман тұрмысына тән емес этнографиялық мәдениеттің әдеттері, дәстүр, ырымы, салт жоралары, ұлттық ойындары мен мейрамдары сияқты элементтері тығыз байланысты. Бұлар туристердің қызығушылықтарын арттырып келеді. Кейін су, тамақ және жылумен қамтамасыз ететін жергілікті халықтың мәдени ошақтары орналасқан табиғи-географиялық зоналардан өтетін миграция, соғыс, сауда мен дипломатиялық жолдар қалыптаса бастаған.
Облыстың тарихи қалыптасқан мәдени ортасының дамуы мен тарихи-мәдени мұрасының қалыптасуында Ұлы Жібек Жолының рөлі өте маңызды болды. Оның мемлекеттер арасында дипломатиялық және экономикалық қатынастарды орнатудағы рөлі В.В. Бартольд, Н.Я. Бичурин, Ш. Уалиханов, Л.Н. Гумилев, Ә.Мағұлан, А.Г. Малявкин мен басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан. Жібек Жолы тарихи коммуникациясының сипаттамасы Орта Азия мемлекеттерінің, Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркия мен Батыстың мемлекеттік және ұлттық мұрағаттарында сақталған [7].
Ұлы Жібек Жолы тарихы мен оның Қазақстанның оңтүстігіндегі халықтар мәдениетінің дамуына әсерін зерттеу қажет. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясымен барлық аудандарымен оның трассалары өтуде. Шұғыл оңтүстіктен бастап Жібек Жолы трассалары Сырдарияның сол жақ жағалауы мен Қызылқұмды бойлай өтсе, оң жақ жағалауында қазіргі темір жол бойымен Қызыләскер арқылы Ташкентке, Ташкенттен Сарыағаш пен Тұрбат арқылы Шарапханға. Жібек Жолы дипломатикалық және сауда қатынасы рөлін б.з.б. 11ғ. бастап, оңтүстіктегі халықтардың мәдениетін қалыптастыруда үлкен маңыздылыққа ие болған.
VI ғ. бастап облыс территориясы бойымен екі басты бағыт өткен: сырдариялық және тяньшаньдық. Бұлардың біріншісі Қытайда басталып, Қашғар арқылы Сырдарияның оң және сол жағалаулары бойымен Арал маңы Таяу Шығыс пен Византияға өткен. Бұл желінің маңызды бөлігіне Отырар жазирасы (Фараб) жатқан болатын. Себебі, Отырардан сауда керуендері Яссыға (Түркістан) оданары Шалаңқорған мен Таразға өткен. Оңтүстік территориясы бойынша керуен жолдарын таңдау негізінде көптеген факторлардың жатқандығы мәлім. Оларға: қай жерден және қандай мақсатты көздеп келгендік, яғни керуеннің бағыты жатқан. Мысалы, Қытай мен Үндістаннан немесе Таяу Шығыс мемлекеттері мен Византиядан және Батыс немесе Сібір мемлекеттерінен келген керуендер. Алайда, керуен жолдарының аудандық картасына анализ жасау арқылы, керуен бастаушысы үшін керуен жолын таңдауда ландшафт пен мәдени орталықтар негізгі фактор болғандығын аңғару қиын емес. Көптеген жылдар бойы, тарихи процесстің сан-алуан факторлары әсерінен кейбір территориялар құлдырауға ұшырап жатса, басқалары көркейіп немесе қайта жанданып жатқан. Алайда, керуен жолдарының негізгілері жазираларға бағытталып, олар арқылы тиімдірек тауарды сату немесе сатып алуға болатын табиғи ресурстарға бай, мәдениеті көркейіп тұрған мемлекеттерге өтетін.
Екінші бағыт Қаржантау жотасын бойлай ежелгі Испиджаб (Сайрам) пен Шымкент қалаларына, олардан Бадам, Ақдала, Арыс пен шәуілдер арқылы Яссыға өткен болатын. Испиджабтан ол бұтақтанып Ақсу мен Түлкібас арқылы Тараз бен Жетісуға жеткен. Облыстың тарихи территориясын керуендер тяньшаньдық бағыт арқылы Тараз, Жетісу және Қытайдан келетін. Бұдан басқа Испиджабтан Ақсу, Қызыләскер, Шаян, Шолаққорған арқылы Созақ, Жаңатөбе мен Шу аңғарына жететін және Сырысу өзенін бойлай солтүстікке кететін бағытта болған. Соғыс жылдары кезеңде керуенді Угам аңғары арқылы Испиджаб пен Таразға жеткізген. Сонымын қатар, Түркістаннан Қызылқұм шөлі арқылы ежелгі Хорезмге, ал одан оңтүстік-батысқа қарай өтетін жол да болған. Қаратау жотасының биік емес асулары, оның пайдалы қазбалары, көктемгі және күзгі жайлаулары, жер асты суларының жақын орналасуы Мойынқұм мен Бетпақдаладағы сайғақ, жейран, тарпан сияқты жануарлардың молдылығы керуеншілер мен саудагерлерді Сібірге барар жолдарын қысқартуға қызықтырған [1].
Жібек Жолы Батыс пен Солтүстіктің елдеріне қытай жібегін жеткізу үшін ғана емес, сонымен қатар Византия, Рим, Жерортатеңізі, Араб халифаты, Үндістан, Иран кейіннен Русь пен Европа мемлекеттерімен экзотикалық тауар алмастыру жүрген. Керуендер дәмдеуіштер, дәрілік заттар мен минералдар, маталар мен кілемдер, асыл тастар мен металдар, тері мен қару сатқан. Сату мен айырбас үшін Меврдан түйелер, Үндістаннан пілдер, Ферғаналық және араб жүйріктерін айдаумен қатар, хандар мен патшалар үшін Африка мен Үндістаннан экзотикалық аңдар мен құстарды алып келген.
Керуен жолдары арқылы мәдени өсімдіктер мен дақылдар, көкөністер, жемістер, бахчалы жемістер мен жүзім, татымдылықтар тараған. Тауарлармен бірге философиялық ойлар мен дін, сәулет және т.б. өнер түрлері тұрмыс заттар, әшекей бұйымдар, ким мен аспаптар да тараған. Көптеген атақты ғалымдар мен ақсүйектердің өмір баянын жазушылар мәліметтері бойынша олардың көбісі басқа экзотикалық жерлер мен мәдениеттерді танып білу үшін саяхат жасаған болатын. Ерте кездердің өзінде саяхат ұйымдастыру білімділіктің көрсеткіші болып саналатын. Мысыр, Мессапотамия, Араб халифаты, Қытай, Греция, Үндістан, Рим, Ресей және Европаға көптеген саяхаттар ұйымдастырылған. Олардың көбісі пошта даңғыл жолдары арқылы жүзеге асқан.
Көне аңыз бойынша, Оңтүстік Қазақстан террриториясы бойымен өтетін керуендер өздерімен жолға тамақ, су, ат пен түйелеріне мал азығын көп алмаған. Себебі, жергілікті халық керуеншілер мен саудагерлерді “құдай қонақ” деп қарсы алған. Осылайша қазақ халқының этикасына тән қонақжайлық дәстүрлері ғасырлар бойы қалыптасқан. Бірте-бірте саудагерлер үщін қажетті қызмет түрлері көрсетіле бастады. Яғни, олар үшін арнайы керуен-сарайлар мен қарсы алу үйлері салынған. Бұларда белгілі бір ақыға жататын орын, тамақ, жол көрсетуші жол серіктер, жол жүру құралдары, мал азығы, жол күзетшілері қызметі көрсетілген [1].
Облыстың қазіргі әкімшілік бөліну картасы мен Жібек Жолы трассаларының картасын салыстыратын болсақ, барлық темір жол мен автомобиль қатынастарының керуен жолдарының тарихи трассалары немесе олардың жанымен өтетіндігін аңғаруға болады. Олар облыстың барлық мәдени орталықтарын қамтып, тарихи және қазіргі заманның ұштастығын қамтамасыз етуде. Бұл облыстың туризм инфрақұрылымын дамытуға өте маңызды. Облыс территориясындағы Жібек Жолының трассасы Сырдария маңы, Отырар-Қаратаулық және тау етегі Батыс Тянь-Шаньдік этномәдени ареалдардағы көшпелі және отырықшы өркениеттердің ежелгі даму және байланыс процесін айқындайтын тарих пен мәдениет, археология, сәулет пен қала салу өнері ескерткіштерінің ғажап кешені [8, 9].
Көшпенділер мен отырықшылар әлемдерін зерттеу, табиғат пен этномәдени ландшафттардың тарихи түрлерін қалпына келтіру географ ғалымдары мен туризмді ұйымдастырумен айналысатын мамандардың басты мәселесі болып отыр.
Жібек Жолының арқасында облыс территориясында қала мәдениеті гүлдене түсті. Мұнда I-VIIғ.ғ. жататын 500 жуық қалашықтар мен елді мекендер бар. Сырдария маңы және Отырар жазирасының ерте урбожүйелері б.з. I ғасырында қаңлы тайпаларының негізінде қалыптаса бастаған. Алайда, халықтың бірталай бөлігі көшпелі өмір салты мен мәдени дәстүрлерді ХХ ғ. алғашқы он жылдығына дейін сақтап келген .
Еліміздің оңтүстігі этнографиялық мәдениетінің ерекшелігі мен туризм үшін қызықтығы көптеген мыңжылдықтар бойы мұнда Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің конверленция процесінің жүргендігінде. Алайда, бұл аймақтың этнографиялық мәдениетін жоймады, керісінше оның басқа халықтардың өмір салтының элементтерімен толықтырып байыта түсті.
Экзотикалық жол жүру құралдары, тамақтану, көңіл көтеру көріністілігі мен ұйымдастырудың жоғары мәдениеті мен үйлесе отырып, көптеген туристік ағымдарды қызықтыра алатын маңызды алғышарт бола алады.
2.2 Туризм инфрақұрылымын дамыту
Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристік салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.
Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін: жалпы пайдалану және туристік мұқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту:
Ілеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристік аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және қатты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;
Туристік кешендерді, этнографиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын кіру; тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мұражайға айналдыру;
Жыл бойы пайдалануын ескере отырып, туристік объектілер жобаларын оның ішінде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу:
Бүгінде елімізде ең қажетті – ол туризм инфрақұрылымын дамыту. Бұл өз кезегінде өз еліміздің азаматтарына, шетелдік туристерге сапалы қызмет көрсетуге, не туризм нарығында өзге мемлекеттермен бәсекелестік қабілет танытуға, еліміздің барынша шетелдерге туристік бейнесін қалыптастыруға мол септігін тигізеді. Әрине, инфрақұрылымда ең негізгі қаралуы тиіс міндет – көлік-жол қатынасы. Қазіргі күні елдегі туристік ұйымдардың және басқа туризммен айналысатын мекемелердің көліктері ауыстырылып, сапасы артуда. Және көптеген Алматы, Астана қалаларындағы туристік фирмалардан жоғары комфортты көліктерді де кездестіруге болады. Өйткені, қазақстандық турфирмалар бір-бірімен бәсекелестік танытып отыр деуге негіз бар. Сондықтан, әр туристік фирма өз көлігінің сапасының жоғарылығымен ерекшелінеді. Және жарнамалауға ықпалы мол. Ал, жол мәселесі өз түйінін таппай отырған күрделі мәселе болып отыр. Еліміздің әр түпкірінен дерлік туристік объектілерді (архитектуралық, мәдени, табиғи, тарихи т.б.) көруге болады. Бірақ, сол объектілерге жетелейтін жолдар сын көтермейді. Негізінен жол мәселесі мемлекеттік деңгейде шешілетін шаруа. Осыны мемлекет өз қаражатына алып, ертерек шешім шығару керек. Себебі, көптеген мәдени құндылықтарымыз көрусіз, танылусыз қалып жатыр. Батыста “мәдени құндылықтарды сақтау, қадағалау және бақылау” туралы арнайы заңы бар. Біздің елге де осы жолды ұстану қажет [1, 2].
Туризм инфрақұрылымындағы екінші бір міндет – ілеспе инфрақұрылым мәселесі. Яғни, көптеген туристік аймақтар әлі күнге дейін сумен, электрмен жабдықталмаған. Бұл осы аймақта туризмнің өсіп-өркендеуін, гүлденуін тежейді. Сондай-ақ, қалдықтарды жою мәселесін алға тарту қажет. Ішкі туризмді дамытуда бұл маңызды. Жаяу, демалыс күнгі саяхаттарда отбасымен серуендеген жергілікті халық әлі күнге дейін қоқыстарын, қалдықтарын шашып, не ластап кетуге жол беріп отыр. Бірішіден, табиғи объектілерде көптеген ескертпелер, екіншіден, қалдықтарды тастайтын арнайы жәшіктер болуы тиіс. Осындай қоқыс-қалдықтар тастайтын арнайы орын болмағандықтан жергілікті азамат немқұрайлы қарауда.
Келесі мәселе, туристік кешендерді, этнограиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын құруды қолға алу қажет. Сондай-ақ, тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіріп оларды мұражайға айналдыру лазым. Себебі, осындай объектілер арқылы біз еліміздің тарихын, құндылықтарын, рухани байлықтарын келер ұрпаққа, өзге шетел туристеріне таныстырып, өз еліміздің беделін өсіреміз. Және, кемінде әр үш жыл сайын рестоврация жасалып тұруы керек.
2.3 Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру
Жерлері Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге таныла қойған жоқ. Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.
Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттеріне халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде Дүниежүзілік Туристік Ұйым тарапынан өткізілетін игі істерге қатысуы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралардың ұйымдастырылуы тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы зор.
Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады [10].
Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірбиесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық әуетасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.
Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнамалық-баспа қызметі, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнамалық-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.
Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, туристік іс-шараларды өткізуге ықпал етеді.
Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.
Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарда қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қоса берілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.
Елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлекеттің туристік әлеуетінің әлемдік туристік нарықтағы тұсаукесерін өткізу жөніндегі жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы №1604 қаулысы мен бекітілген Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2003-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтиды. Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристік рынок жүйесіндегі елді интеграциялау кіреді.
Сондай-ақ, қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ, туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.
Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа, баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұсынуға көмектеседі.
Мемлекеттік органдар, туристік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттан, әлеуметтік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді. Осындай тосын жағдайларда туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыруға өз септігін тигізеді.
Келесі бір елеулі міндет – ол маркетинг стратегиясын әзірлеу. Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуетіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттігі бар. Маркетинг статегиясын іске асыру мақсатында мемлекет келесідей міндеттерді белгілеп отыр:
- сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
- Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
- қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;
- жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;
- Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және т.б. туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
- рыноктың жаңа сегменттерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;
- ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен объектілердің бүкіл ауқымын әлемдік нарыққа жылжыту;
- ғылыми негізделген өткізу әлеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;
- жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және базалық тәсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;
- ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;
- туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.
2.4 Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету
Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуір дәрежеде осы салада жұмыс істейтін кадрларды сапасына байланысты болатын қызмет- туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие. Өйткені, кадр мәселесі, олардың саласы жас туристік ел Қазақстан үшін ең қажетті қолға алынуы тиіс іс-шара. Осы салада жоғары мамндандырылған кадрларды даярлау, сапалы менеджрлерді, экскурсоводтарды және гид-нұсқашыларды дайындау жас еліміздің өзге елдермен туристік нарықта, түрлі қызмет көрсету саласында бәсекелестікке түсе білуі бүгінгі күні талап етіп отырған ең маңызды шешілуді күтіп отырған мәселе. Бүгінгі күні Қазақстан тек кадрларды даярлап қана қоймай, ғылыми тұрғыдан көптеген зерттеулерді жүргізетін орталықты қажет етіп отыр.
Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар әлеуетін қалыптастыру үшін [1]:
туристік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристік қызметтің әр түрлі қажеттілігі мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау керек;
мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттық технологияларды білуіне, тілдік дайындалуына тереңірек мән беріп, иек арту қажет;
жалпы білім беретін оқу орындарында туристік сыныптар, секциялар мен үйірмелер құруына көмектесу керек. Және әрбір жексенбілік демалыс уақытында осы үйірмелер арқылы тауға шығу, альпинизммен айналысу іс-әрекетіне баулу керек;
орта арнаулы оқу орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды ұйымдастыру қажет;
осыған дейін таратылған балалар мен жасөспірімдер туризмінің республикалық және аймақтық станцияларын қайта қалпына келтіру керек.
Ұлы Жібек жолының (1700 шақырым) қазақстандық жеріндегі туристік рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және түгендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.
Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту мәселелерін, туризм нарығы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрмайынша туризмді экономиканың саласы ретінде елестету, табыс көзі деп түсіну мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге дейін игерілмеген “тың” күйінде қалып отыр. Және туризмді экономиканың бір саласы ретінде қарастырып, зерттеп жүрген ғалымдарымыз азшылық етуде.
Әлі күнге дейін ұлттық экономика теориясында туризм халық шаруашылығының толыққанды саласы және ғылыми жағынан талданатын пән ретінде қарастырылмайды. Сол себепті республикада аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттер де аз шығарылды. Бұған қоса, Қазақстанда Кеңес кезеңінен бері “туризм” деген ұғым елеулі табыс түсіретін экономика саласынан гөрі спортпен және денсаулықты нығайтумен жиі байланыстырылды.
Қазіргі күні туризмге оң ықпал ететін игі-іс шаралар жасалуда. Атап айтсақ, көптеген жыл спортпен байланыстырылып соның құрсауында болған туризм бүгінде “Сауда және индустрия ” министрлігіне қарасты болып бекітілді. Сол министрліктің ішінен арнайы Туризм Департаменті құрылды. Ендігі қадам – туризмге оң ықпал ететініне, шикізаттық емес саланы дамытуға ел үкіметінің барынша назар аударатынына Елбасы өз жолдауында халыққа жеткізді. Онда, туризмнің оң қарқын алып дамуына басым бағыттары айқындалды. Арнайы реформалар мен мемлекеттік бағдарламалар қабылданатыны туралы айтылды.
Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын түгендеу және олардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Экономиканың саласы ретінде туризмді ғылыми қамтамасыз ету үшін оны болжауда және дамытуда тиісті Ғылыми құрылымдар қажет. Проблеманы шешудің ықтимал шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады. Республикада ғалымдар контингентін құруға және туризмді дамытудың ұйымдастыру мен басқарудың, дамытудың мәселелері мен проблемаларының бүкіл кешенін ғылыми зерттеуін қамтуға мүмкіндік береді. Және туристік мамандық пен мамандандыруды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарифтендіру анықтамалықтарымен сәйкестендіру қажет. Бүгінгі күні еліміздегі мамандар даярлау туралы мәлімет келесідей анықтамаларға негізделеді (5 кесте).
Кесте 5. — Туризм саласы бойынша мамандар даярлау
Туризм саласы үшін мамандар даярлаумен айналысатын жоғарғы оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындарының саны
|
2003 |
2004 |
2005 |
Барлығы |
|||
Жоғары оқу орындары |
33 |
44 |
51 |
Орта кәсіби оқу орындары |
8 |
9 |
10 |
Мемлекеттік меншік нысаны |
|||
Жоғары оқу орындары |
20 |
19 |
18 |
Орта кәсіби оқу орындары |
5 |
4 |
3 |
Мемлекеттік емес меншік нысаны |
|||
Жоғары оқу орындары |
13 |
25 |
33 |
Орта кәсіби оқу орындары |
3 |
5 |
7 |
Туризм саласы үшін жоғары білімі бар мамандар даярлау
(оқу жылы басына, адам)
|
2003/04 |
2003/04 |
2004/05 |
Барлығы |
|||
Студенттер қабылданды, барлығы |
838 |
798 |
1051 |
Олардың ішінен әйелдер |
464 |
533 |
779 |
Оқушылардың саны, барлығы |
3037 |
3105 |
3381 |
Олардың ішінен әйелдер |
1642 |
1943 |
2328 |
Мамандар шығарылды, барлығы |
281 |
454 |
445 |
Олардың ішінен әйелдер |
177 |
267 |
308 |
Мемлекеттік меншік нысаны |
|||
Студенттер қабылданды, барлығы |
618 |
366 |
388 |
Олардың ішінен әйелдер |
322 |
240 |
286 |
Оқушылардың саны, барлығы |
2182 |
1213 |
1307 |
Олардың ішінен әйелдер |
1101 |
672 |
861 |
Мамандар шығарылды, барлығы |
265 |
149 |
151 |
Олардың ішінен әйелдер |
170 |
67 |
67 |
Жеке меншік нысаны |
|||
Студенттер қабылданды, барлығы |
220 |
432 |
663 |
Олардың ішінен әйелдер |
142 |
293 |
493 |
Оқушылардың саны, барлығы |
855 |
1892 |
2074 |
Олардың ішінен әйелдер |
541 |
1271 |
1467 |
Мамандар шығарылды, барлығы |
16 |
305 |
294 |
Олардың ішінен әйелдер |
7 |
200 |
241 |
Туризм саласы үшін орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау, барлығы
(оқу жылы басына, адам)
|
2003/04 |
2003/04 |
2005/06 |
Барлығы |
|||
Студенттер қабылданды, барлығы |
286 |
234 |
399 |
Олардың ішінен әйелдер |
247 |
190 |
309 |
Оқушылардың саны, барлығы |
531 |
604 |
775 |
Олардың ішінен әйелдер |
460 |
508 |
634 |
Мамандар шғарылды, барлығы |
94 |
113 |
166 |
Олардың ішінен әйелдер |
75 |
89 |
139 |
Мемлекеттік меншік нысаны |
|||
Студенттер қабылданды, барлығы |
228 |
127 |
151 |
Олардың ішінен әйелдер |
195 |
99 |
116 |
Оқушылардың саны, барлығы |
424 |
315 |
330 |
Олардың ішінен әйелдер |
368 |
256 |
258 |
Мамандар шығарылды, барлығы |
81 |
96 |
100 |
Олардың ішінен әйелдер |
67 |
77 |
86 |
Жеке меншік нысаны |
|||
Студенттер қабылданды, барлығы |
58 |
107 |
248 |
Олардың ішінен әйелдер |
52 |
91 |
193 |
Оқушылардың саны, барлығы |
107 |
289 |
445 |
Олардың ішінен әйелдер |
92 |
252 |
376 |
Мамандар шығарылды, барлығы |
13 |
17 |
66 |
Олардың ішінен әйелдер |
8 |
12 |
53 |
Ескерту: Қазақстан Республикасының статистика мәліметінен
Бұл көрсеткіштер негізінде келесідей талдау жасалынады. Қазір елімізде туризм саласында мамандар даярлайтын 51 жоғары оқу орны, 10 орта кәсіби оқу орындары бар. 2001 жылы елімізде 33 жоғары оқу орны болған. Демек, елде туризм түсінігінің қалыптасуына және оған сұраныстың пайда болуына байланысты оқу орындар саны артуда. Сондай-ақ, 2003/04 жылдары Қазақстан Республикасы бойынша 1051 студент осы мамандыққа қабылданған. Ал, 2001/02 жылдары 838 студент болған. Бірақ, 2003/04 оқу жылдары 445 маман шығарылған. Бұл елімізде орта есеппен жылына 300-400 маман даярланатынын білдіреді. Әрине, бұл көрсеткіштер жергілікті жастардың жас туризм мамандығына қызығушылығы артып отырғанын көрсетеді. Және Білім, ғылым министрлігінің бұйрығымен грант пен несиелер көлемін көбейтуде. Мұның себебі, туризм саласына мамандар тарту, оларға сұраныстың артуы негіз болып отыр.
3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм экономикасының дамуының алғышарттары
Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы Сырдария өзені бассейінінің орта ағысында орналасып, 117,3 мың шаршы км жерді алуда. Облыс территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 км, ал батыстан шығысқа қарай 550 км созылып жатыр.
Халқының айтарлықтай тығыз орналасуы, транспорттық дамуы, бай тарихи-мәдени мұрасының бар болуы, әсем табиғат ресурстары мен өндірістік-экономикалық потенциалдың кеңдігі туризм саласын дамытуға мүмкіншілік туғызады.
Табиғаттың жеке компоненттеріне сипаттама. Табиғи ресурстардың бар болуы әрқашан да кез-келген аймақтың туристік саласын дамытуға алғышарт бола алады. Бұл ресурстардың негізінде біз территорияның туристік потенциалын анықтай аламыз. Яғни, аймақтың табиғаты мен табиғи жағдайлары негізінде территорияның туристік-рекреациялық мамандырылуы, белгілі бір туризм мен демалыс түрін дамыту мәселелері туындайды.
Туризм дамуындағы табиғи алғышарттарды анықтау үшін территорияның физикалық географиясына зерттеу жүргігу қажеттілігі пайда болады. Яғни, аймақтың географиялық орналасуымен қатар, оның климаттық жағдайын, гидролоғиялық және орман ресурстарын анықтау қажет [11].
Оңтүстік Қазақстан облысына келетін болсақ, бұл облыс Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан бес облыс қатарына кіре отырып, қалғандарынан ерекшелене түседі. Бұл облыс еліміздің ең оңтүстігінде орналасып, ерекше табиғи жағдайларымен бөлінуде. Оның солтүстік шекаралары Астрахань, Ростов, Будапешт, Женева қалалары орналасқан ендікте жатса, оның оңтүстігі Баку, Ереван, Неаполь, Мадрид қалаларымен бір ендікте жатыр. Облыс территориясы Орта Азияның солтүстік аудандарын ала отырып, 460 параллельдің оңтүстігіне қарай орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының рельефі өзінің алуандылығымен Батыс Тянь-Шань тау сілемдерімен шектеліп жатыр. Облыстың ерекшелігіне жазық және таулы рельефтің ауысып келуі, тау аралық жазықтардың және өзен аңғарларының кездесуі жатады, бұның барлығы облыстың туристік потенциалын анықтап, демалысты ұйымдастырудың жағдайларын сипаттайды.
Территорияның солтүстік бөлігі денудациялық типтегі рельефтің анық ерекшелігі мен сипатталады. Шу өзенінің солтүстігіне қарай және Сарысу мен Бақтықарын өзендерінің шығысына қарай орташа биіктігі 230-250 м жазықтық болып келетін Бетпақ Дала үстірті созылып жатыр. Үстірт рельефі жазық және аздап иреленген беткейлермен ауысып келеді. Бетпақ Даланың оңтүстігінде, шу өзенінің сол жақ жағалауын бойлай Мойынқұм шөлінің алып сілемі созылып жатыр. Бетпақ Дала үстірті Торғай иірімінің оңтүстік бөлігінде орналасқан көне столовті қалдық жазықтығымен салыстырғанда, айтарлықтай жас денудациялық жазықтықтар қатарына жатқызылады. .
Облысқа қарасты, Мойынқұм шөлінің оңтүстігіне қарай Батыс Тянь-Шань тау жүйесі басталуда. Батыс Тянь-Шань бұл алып тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі болып табылады. Бұл Орта Азия территориясын бойлай 1200 км созылуда. Батыс Тянь-Шаньнің орографиялық негізіне Талас Алатауы жотасы жатады. Бұдан оітүстік-батысқа қарай ауданның барлық басты жоталары бөлінуде. Қаратау жотасы облыс территориясын оңтүстік-шығысынан солтүстік-батысына қарай кесіп өтетін орта және төмен биіктікті массив болып табылады. Жотаның абсолютті биіктігі шығысында 1282 м (Байжансай шыңы) болса, батысында бұл көрсеткіш 1419 м тең. Ал жотаның ең биік бөлігіне 2176 метрлік Бассөз тауы жатады. Қаратаудың ерекшелігіне бүкіл ауданның 30 пайызын алып жатқан жазықтау жерлердің алмасуы тән.
Боралдай тау жотасы Қаратау тау жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұның ұзақтығы Арыс өзенінің аңғары мен Боралдай өзенінің жайылмасы арасында 90 км құрай отырып, ені 25-30 км болады. Жотаның ең биік нүктелері батысында карстті үстірті аумағында (15001650 м) және шығысындағы қырқа тәріздес су айырмасында (Бөкейтау 1813 м) орналасқан.
Қаратау жотасынан оңтүстікке қарай, солтүстік-шығысында Боралдайтау жотасымен, шығысы мен оңтүстік-шығысынан Қаржантау, Угам және Майдантал жоталарымен, оңтүстігінде Қазағұрт тауымен және батысы мен солтүстік-батысында Сырдария өзенімен шектеліп жатқан Арыс аңғары созылып жатыр. Бұл аңғар шығысында қатты бөлшектенген төбешіктер, тау сілемдері мен увалдардан тұратын иреленген жазықтық болып табылады. Қазығұрт жотасының ең төменгі көрсеткіші батысында592 м (Белтау тауы) құраса, ең биік нүктесі 1768 м құрайтын Қазығұрт тауы [11].
Тау етегі территорияларының аздап бөлшектенген рельефке ауысуы кейбір аудандарда мүлдем көзге байқалмай жүзеге асуда .
Арыс аңғары мен Қазығұрт жотасынан оңтүстік-шығысқа және Боралдайтау жотасынан оңтүстікке қарай Батыс Тянь-Шаньнің негізгі тау сілемдері аспанға шыңдауда. Бұлардың облыс территориясына Қаражантау, Угам және қысқа Майдантал аттыжоталары кіреді. Орографиялық жағынан бұл тау сілемдері негізінен ендік бойы жоталар мен тау ойпаттарының алмасып келуімен сипатталады (Угам жотасы және Угам аңғары). Ең оңтүстікке Угам және Майдантал жоталары орналасуда. Бұл екеуі Майдантал өзенінің арнасымен бөлініп, бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Айтарлықтай қысқа, тақтатас пен әктастардан құралған Майдантал жотасы үшкір жартасты шыңдармен сипатталса, ал ұзағырақ Угам жотасының құрылымында кристаллды жыныстар басым болғандықтан өзгеріске қатты ұшырап, жазықты рельеф тән. Бұл жотаның тек шығыс бөлігінде ғана Майдалы жотасыныкіндей альпілік типтегі рельеф, яғни тар әрі үшкір, кейбір жерлерінде мұз бен мұздақ қар басқан 60-70 градусты баурайлары бар қырқа байқалады.
Таулы ауданның ең биік нүктесіне Талас Алатауы территориясында бірнеше километрде орналасқан 4482 метрлік Манас тауы жатады. Угам жотасының Манас тауынан кейінгі екінші шыңы теңіз деңгейінен 4238 м биіктікте орналасқан Ақтүйемнің Сайрам шыңы. Талас Алатауының алып әрі жартасты жотасы Ақсу және Жабағлысу өзендерінің жоғарғы ағыстарында биіктігі 4000 м дейін жететін таулы аймақты құрайды. Бұл аймақтан Жабағлытау (ең биік нүктесі 2915 м), Алатау (4042 м), Бұғылытұртау (3926м) атты бірнеше сілемдер тарауда. Бұлардың салыстырмалы биіктіктері 2000-3000 м құрайды. Тау баурайлары өте биік болып, кейде 700 дейін жетеді. Алатау және Балдабректау жоталарының солтүстік баурайлары 1800-2500 м. Биіктіктерде жайпақ, горизонталды терассаларды құрайды. Бұлар Майдантал жотасы және Угам жотасының шығыс бөліктеріндегі альпілік рельефпен шұғыл ерекшелік туғызуда. Талас Алатауы жотасының оңтүстік баурайы Кіші Ақсу өзенінің аңғарына қарай шұғыл үзіліп, бірнеше жүз метр дейін баратын жартастарды құрайды. Кіші Ақсудың жоғарғы ағысынан оңтүстікке қарай алып, мұзды Бұғылытұр жотасы көтеріліп тұр. Бұның оңтүстік баурайы тік әрі жартасты болып келеді.
Туризм мен демалыстың алуан түрлерін ұйымдастыру мақсатында территорияны зерттеуде табиғи факторлар ресурс ретінде де, жағдай ретінде де бөлініп негізінен комфортты болуы тиіс .
Территорияның алуан –түрлі рельефі облыстың геоморфологиялық ескерткіштеріне жатып, туристер мен демалушыларды өздеріне тартады. Рельефтің таулы формаларының : жота, тау, жалпақтау және жазықтықтардың : ойыс, өзен аңғарлары, шұңқырлар мен шатқалдардың, сонымен қатар жел, су, мұздықтар әсерінен пайда болған рельефтердің бір-бірімен жәнебасқа да компонеттермен үйлесе отырып, туризм мен рекреацияның белгілі бір түрлерін ұйымдастыру мүмкіншіліктерін анықтайтын ерекше ландшафтарды құрайды.
Климаты. Территория туризм мен демалыстың белгілі бір түрлерін ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтайтын бірден-бір әрі өте маңызды шарттың бірі климат жағдайы болып табылады.
Климаттың рекреациялық сипаттамасын анықтау үшін көптеген көрсеткіштер пайдаланылады. Оларға: температуралардың суммасы, баламалы эффективтілігі және радиационды темпералар сияқты басқа да көрсеткіштер жатады. Бұлардың бәрі туризм үшін өте маңызды. Климаттық туристік-рекреациялық ресурстарға сипаттама бергенде комфортты кезеңнің ұзақтығы мен қайталануы мен ерекшеленетін территорияларда ерекше ескеру қажет. Оңтүстік Қазақстан облысының климаты шұғыл континенталдыға жатқызылады. Бұл негізінен мұхиттар мен теңіздерден біршама алшақ орналасуымен сипатталып, табиғи ресурстарды ерекшелендіре түседі. Жазықты жәен таулы рельефтің алмасуы, тау аралық өткелдердің болуы көршілес климаттық облыстар мен ауа массаларының алмасуына зор ықпалын тигізеді. Бұл территорияның географиялық орналасуының ерекшелігі оның алып тау жүйелерін солтүстікке қарай орналасуында. Яғни, тау жүйелері суық ауа массаларының өтуіне кедергі болуда. Осының салдарынан облыстың оңтүстігінде барлық градиенттердің және жел жылдамдығының төмендеуі байқалады. Сондықтан да, облыстың оңтүстігінде желсіз күндер солтүстікке қарағанда 5-9 есе көп болуда. Алайда, орографиялық және циркуляциялық жағдайлардың алуан-түрлілігі жел режимінің де әртүрлілігіне алып соқтырады.
Батыс пен солтүстікте орналасқан жазықтар ауа массаларының кедергісіз өтуіне жол ашады. Жалпы, жазықтықты және таулы рельефтің алмасуы, Батыс Тянь-Шань жоталарының созылуы мен олардың биіктіктері негізгі ландшафт зоналарының климаттық өзгешеліктеріне әкеледі.
Облыстың батысындағы суммарлы радиациясы 150 ккал/см2 асса, ал солтүстік-шығысында 120-130 ккал/см2 дейін төмендецді. Облыс бойынша күн сәулесінің орташа саны 2700-3000 сағат.
Аудан ең жоғарғы термалды фонмен ерекшеленуде. Қыс мерзімінде суық ауа массаларының өнуі мен оңтүстіктен жылы ауа массаларын ығыстыру процестерінің алмасуы негізінде температуралық режим тұрақсыздылыққа ұшырайды. Қаңтар айының орташа температурасы оңтүстігінде 13-140С дейін өзгеріп, минус 2-40 С құрауы мүмкін. Ал солтүстік пен солтүстік-батыста 19-210С өзгеріп, орта есеппен минус 12-14 0 С құрайды. Жаз маусымында циркуляцияның азайып, трансформация процессінің айқын байқалуы негізінде терминалдық режим тұрақтанады. Шілде айының орта температурасы облыстың солтүстігінде 280 С жылыны құраса, оңтүстігінде бұл көрсеткіш 29-300 С ыстыққа дейін жетеді. Ауа температурасының жоғарлығы, жаз маусымының ұзақтығы территорияның айтарлықтай термикалық ресурстарын қамтамассыз етеді.
Облыс территориясында құрғақшылық және кеңістік пен уақыт бойыша жауын-шашынның айырмашылықтары тән. Яғни, олардың маусымдылығы мен территорияның көп бөлігінде көктемдік максимумның басымдылығы байқалады. Климаттық құрғақшылықтық артуымен жауын-шашын түсуінің ұзақтылығы қысқарады. Жазық территорияның көп бөлігінде бұл көрсеткіш 3-5%, тау етегі зонасында 10% дейін, ал биік таулы аймақтарда 17-19% тең. Облыстың солтүстігіндегі жазық территорияларда жылына 150 мм, ал оңтүстігіндегі биік таулы аймақтарда 800 мм астам жауын-шашын көлемі түседі.
Бұнымен қатар, ерекшеліктерінің зерттеулері негізінде жағдайларының жағымдылығы мен оның экономикалық өсуге әсері бойынша Шымкентте климат қатаңдығының ең төменгі көрсеткіші байқалған. Ол 9,5 тең. Ал Қазаұ\қстанның барлық қалалары арасында Шымкент температуралық және жел режимдерінің қолайлығы бойынша алдыңғы қатарда тұр .
Туризм саласын дамытуда климаттың рөлі өте маңызды екені белгілі. Облыс территориясында жыл ішіндегі комфортты ауа-райы күндерінің саны 135 тең. Алайда, облыстың солтүстігі Бетпақ Даланың жазықты зонасында , Мойынқұм шөлі, Мақтаарал ауданының ең оңтүстігінде және Қызылқұмның оңтүстік-батыс зонасында шілде мен тамыз айларының тым ыстық ауа-райы салдарынан бұл көрсеткіш шұғыл төмендеуі мүкін. Бұнымен қатар, әртүрлі жылдары комфортты ауа-райы наурыз бен маусым айларының ортасынан басталып, қазан мен желтоқсан айларының ортасына дейін жалғасуда. Бұл мәліметтер негізінде облыстың оңтүстік аудандарыарасындағы жағымды кезеңнің ұзақтығының әртүрлілігі байқалады. Жағымды ауа-райы кезеңі 9 айға дейін жетіп, орта есеппен 270 күнді құрауда.
Рекреанттардың денсаулығына жағымды орта кезеңінің ұзақтығы климатқа медико-биологиялық баға беруінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Санаторий, демалыс орындары сияқты емдеу және сауықтыру туризмінің, санаторилы-курорттық емдеу саласының объектілері үшін таулы аймақтың климаты жағымды екені белгілі. Алайда, бұндай демалыс орындарын салалар алдында рельеф ерекшеліктері мен таулы аймақтың орналасқан ендігін есептеу қажет. Бұл мәселемен ауа-райының маңызды астрофизикалық және жалпы географиялық ерекшеліктері байланысты. Жоғары да айтылып кеткен мәліметтер мен облыстың туристік әлеуеті және жағымды климат жағдайларын ескере отырып, облыс территориясы қыс және жаз маусымдарда туризм мен рекреацияны демалуға қолайлы деп қорытынды шығара аламыз. Ал туризм мен деалыс үшін комфортты кезеңдерге республиканың солтүстік облыстары мен Евразия континентінің солтүстігінде ауа-райы рекреация мен туризм үшін қолайсыз болатын көктем-күз маусым аралығы жатқықызылады.
Сулар мен су ресурстары кез келген аймақтың маңызды туристік-рекреациялық алғышартына жатқызылады. Барлық гидрологиялық объектілер -өзендер, көлдер, минералды және жер асты сулары туристік ресурсқа жатып, нақты жағымды жағдайлардың ұйымдастырылуы негізінде туризмнің белгілі бір салаларын дамытуға мүмкіндік туғызады. Облыстың өзендері мен көлдері ландшафтқа ерекше көрік беріп, өте жағымды микроклимат орнату арқылы туризм мен демалыстың бірнеше түрін дамытуға қолайлы. Барлық туристік-рекреациялықобъектілер су немесе су қоймалары негізгі рекреациялық элемент болып табылатын территорияларда орналасатыны мәлім [12].
Облыс өзендер торабының негізгі ауданы оңтүстіктегі жазық аудандар мен оңтүстік-шығыстың тау етегі және таулы аудандарда тараған. Тау етегі және таулы аудандарда бұлар 0,4-1,8 шаршы км құраса, шөлді зонада бұл көрсеткіш күрт төмендеп кетеді.
Жазықтықтағы өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Ал жаңбыр мен жер асты сулары жылдық ағымның 5-15 пайызын құрайды. Көктемгі су тасуынан кейін өзендер бірнеше күннен 11 айға дейінгі кезеңге мүлдем құрғап қалады немесе сорлы жыымдардың бірнеше тармақтарына бөлініп кетеді. өзендердің бір бөлігі тек қар еріген кезеңде ғана суларын көлдерге дейін жеткізіп құйса, жаз мезгілінде құрғап, сорға айналып кетеді .
Облыстың орографиялық құрылысы туризм дамуына маңызды болатын келесі бассейндер мен өзендер топтарын бөлуге мүмкіндік туғызады. Гидрографиялық тордың орталық әрі маңызды орнын Сырдария өзені жатқызылады. Бұл өзен бассейніне ауданның қалған өзендері кіреді немесе соған қатысты болуда. Сырдария Орта Азия суының молдылығы бойынша екінші орында тұр. Бұның Шардара станциясына құятын жылдық орташа ағымы 21,5 млрд. куб. м. Тең болса, ал өзеннің орташа көп жылды шығыны 681 м3/сек тең. өзен арнасы фарватердің тұрақсыздығы мен қатты иілгіштігімен көзгке түседі. өзен суының молаюы сәуір айының аяғынан тамыз айына дейін созылады. Орталық Тянь-Шаньнің мұздықтар зонасында бастауын алатын бұл өзен жоғарыда айтылып кеткен кезеңге қар мен мұздықтардың еруінен туындайтын бірнеше су тасуына ұшырайды. Ең жоғарғы шығын маусым мен шілде айларында байқалады. Бұл кезеңде өзен қатты тасып, ені 5-8 км дейін жетеді. Жазықты аймақтарда өзен жұмсақ саз балшықты жыныстардан ағып, оларды қатты ағыспен шайып әкетеді де, суына 1 м3=2 кг балшық мөлшеріндегі бөлшектерді ағызып алып кетеді. Бұның салдарынан атырауында 12 млн. тоннаға дейін балшықтар жиналады. әрине, бұл фактор суда шомылуға қолайсыз. Облыс көлемінде Сырдария өзені алып су транспорты үшін қолайсыз. Алайда, су туризмін дамыту үшін қолданылатын кішігірім жүзу құралдарына жағымды.
Шардара су қоймасын рекреация жағынан игеру су, жағалаулық (пляжды) аң және балық аулаушылық туризм түрлерін дамытуға мүмкіншілік туғызады. Бұл су қойма облыстың ең оңтүстігінде 1966 ж салынған болатын. Алты километрлік платина өзен суын жаңа арнаға бұрып, сыйымдылығы 6 млрд. м3, ауданы 900 квадрат километр, ұзындығы 48 км., тереңдігі 26 м. Тең/16,24/ алып су массивін құрған.
Облыс территориясында 1700 км. Созылып жатқан Сырдария өзенінің үш құймасы – Арыс, Келес және Құрық Келес өзендері бар. Ең үлкен құймасына Арыс өзені жатады. Оның бассейніне 85 өзен кіріп, 2247 км жалпы ұзындыққа ие [11, 12]. Арыс бастауын 1150 м. биіктікте Қаратау мен Талас Алатауы жоталарының кезеңінен алып, батысқа қарай 375 км. ағады да Тимур станциясының маңайында Сырдарияға құяды. Бастауынан устьесіне дейінгі жалпы құлауы 925 м құраса, ең жоғарғы жылдық шығыны 46,9 м3/сек тең . өзен ағысы бойында оған мұздықтар және аралас қар, мұздықтар мен бұлақ суларымен қоректенетін көптеген өзендер құяды. Олардың арасында ең маңыздылары Ақсу, Жабағлысу, Машат, Боралдай мен Бадам өзендері. Ал екінші дәрежелі құймаларға Бадам өзені бассейніндегі Қошқарата мен Сайрам өзендері жатады. Бадамның ұзындығы 141 км., Боралдайдікі – 130 км., Ақсу – 131 км. құрайды. Жиде, қызыл тал, долана, тал және бұталы өсімдіктермен бірге өзендер ыстық кезеңнің дискомфортын жұмсартып, деалыс үшін қолайлы микроклиматты орнатуда. Аймақтың ірі өзеніне Шу да кіреді. Өзен облыс территориясынөзінің төмегі ағысымен шығыстан батысқа қарай кесіп өтіп,Мойынқұм мен Бетпақ Дала платосының шөлді ландшафтарын бөліп жатыр. Шу өзені өзінің орта және жоғарғы ағыстарында Оңтүстік Қазақстанның шаруашылығы үшін маңызды ірі өзеніне жатқызылса, сайдан шыққаннан кейін Жамбыл облысының территориясында 500 км. жерде оның ағысы біртіндеп әлсіреп, Оңтүстік Қазақстан оьлысы территориясында ол 150 м. абсолютті биіктікке ие. Ақжайқын көлдеріні тобында сор арасында жоғалып кетеді. Яғни, ол Сырдарияға 50 км. жетпей қалады. Республика деңгейіндегі маңыды жол тораптарының аң мен балық аулау үшін жағдайлардың болуына қарамастан, жаз маусымының дискомфорттылығы оның туристік-реккреациялық игерілуіне кедергі болуда. Тек көктем мен күз мезгідерінде ғана өзен жайылмасын, шөл мен құм ландшафтарымен үйлесімділікте туризмнің экзотикалық түрлерін дамыту үшін қолайлы деп қарастыруға болады. Алайда, облыс агломерациясынан алшақтығы шектеуші факторға жатқызылады.
Сарысу өзені де Ащыкөл ойпатының құмдарында жоғалып кететін өзендер қатарында. Орталық Қазақстандағы Қазақ Ұсақ шоқыларының аласа биіктіктерінен басталып, Сарысу тек еріген қар суларымен қоректенеді. Сәуір мен мамыр айларындағы су тасуы кезінде өзеннің орташа су шығыны 50куб. м/сек құраса, орташа жылдық су шығыны 7 куб. м/сек тең. Маусым айына таман жылдық ағыстың 96% өтіп, өзен су шығынын қысқартып, ағысынан мүлдем айырылады. Өзен арнасы оңтүстікке шұғыл бұрылып, Бетпақ Дала үстіртіндегі құмдарда жоғалып кетеді.
Шөл және шөлейт жерлермен ағатын Сарысу өзенін аң аулау туризмі мен демалыс ішін қолайлы деп қарастырады . Шектеу факторына қатаң ыстық кезең, облыстың солтүстігіндегі шөл мен шөлейт зоналарындағы жолдың жоқ болуы жатады. Шу өзені сияқты бұл өзен бойында да туризмді дамыту көктем мен күз мезгілдеріне сай келеді.
Қаратау жотасының солтүстік баурайының өзен торларына жалпы ұзындығы 1142 км. тең 57 өзен жатады. Ұзындығы бойынша Қарашасай өзені ең алдыңғы қатарда тұр – 87 км. Қаратаудың оңтүстік баурайында жалпы ұзындығы 2178 км. 68 өзен бар. Олардың арасында ең маңыздысына 212 километрлік Бөген өзені, 115 километрлік Шаян және 92 км. Арыстанды өзендері жатады .
Бұл территорияда өзендердің көп болуы қаратаулық аридті зонасының ғажап флора менфауна әлемін сақтау мен дамытуға жағдай жасап, рекреанттар мен туристерді тартатын әсем аласа және орта таулы ландшафтарды қалыптастыруға мүмкіндік туғыздуда. Гидрологиялық жағдай мен ғажап ландшафттар бұл территорияларда Түркістан қаласына қажылық немесе ғылыми сапарлармен келген шетел туристеріне арналған қала маңы демалыс зоналарын, жастарға арналтуристік лагерлер мен демалыс базаларын, емдеу және сауықтыру, санаторлы-курорттық орталықтарды салуға толық жағдай жасауда.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің молдылығы, Сырдария өзені мен Қаратау жотасының ғажап флора мен фауна әлемдері, аң мен балық аулау ресурстарының көптігі, негізінде халықаралық және республикалық маңыздылығы жоғары Түркістан-Кентау туристік-рекреациялық зонасы дамып келеді [6].
Келес және Қырықкелес өзендерінің бассейдері Қазығұрт пен Қаражантау жоталарының арасындағы территорияны алып, оңтүстік батысқа ашық. Келес өзені 2000м. биіктікте Қаржантау жотасының сілемдерінен басын алып, Шардара су қоймасына құймас бұрын оған 205 км. ағысы бар 11 өзен құяды. Ең басты өзені 44 километрлік Қарабұсай, ал ең кішкентайы 10 км. Қайнар-Бұлақсай. Келеске құятын өзендер негізінен Қаржантау жотасынан ағып, қар мен бұлақ суларымен қоректенеді.
Құрықкелес өзені Келестен бөлініп, Ынтымақ ауылының маңайынан бастауын алуда. Жазық зона бойымен 114 км ағып, өзен Шардара су қоймасына құяды. өзеннің 23 құймасы бар. Олар негізінен Белтау тауларының сілемдерінен басын алып, жаз мезгілінде құрғап қалады.
Бассейіннің өзендері рекреация жағынан жазғы ағызуға жарайды. Сонымен қатар, олар ерекше микроклимат орнатып, ландшафты көріктендіре балық және аң аулау туризміне қолайлы.
Қазақстанда Каспий мен Арал теңіздерінен басқа ааданы 1 га жоғары 48262 жылым көлдер, су қоймалары бар [24]. Оңтүстік Қазақстан облысында 120,6шаршы км. ауданға жалпы көлемі 502 шаршы км. 1049 көл келеді. Олардың 975 ауданы 1 шаршы км. аз кіші көлдерге және 74 ауданы 1 шаршы км. астам көлдерге жатады. Көлділік 0,41% немесе бүкіл Қазақстан көлдерінің жалпы акваторийінің 0,53 шаршы км. құрайды. Су қоймаларының негізгі массасы 124-325 м. абсолюттік биіктіктерде, жұмсақ кайназой жыныстарында орналасқан. Генетикалық типі бойынша көлдер экзогенді эрозионды және карст ойпаттыларға жатқызылады. Көлдердің негізгі массасын жайылмалы, атыраулы және қалдықты жылым көлдері құрайды. Карстты және тау аралық ойпаттардағы мұздықты көлдер саны аз. Ауданы 1 шаршы км. жоғары 74 көлдің 18 – Қызылқұмда, 15 – Мойынқұм мен Бетпақ Далада орналасқан. Олардың 53 құрғап бара жатқандар қатарына кіреді. Ақжайқын мен Ащыкөл негізгі көлдер тобтары облыстың солтүстік- батысы Мойынқұмда орналасқан. Бұлар ұсақ, сор, кейде тұнба тұздылары кездеседі, олардың ендері созылыңқы болып келеді. Бұлардан басқа, ірі көлдерге атыраулы Ақжар, Қызылкөл, Қалдыкөл жатқызуға болады.
Таулы аймақтарда көлдер жоқтың қасы. Бұл бүкіл Тянь-Шяньға тән көрініс. Ол аймақта бірнеше шаршы метрлік мұздықтар маңындағы мореналарда қалыптасқан көлшіктер бар. Олардың қатарында Қызылжар, Қызалгенкөл, Айнакөл тағы басқалары облыс терририясындағы қолдан жасалған су қоймалары табиғи көлдерге қараған рекреация үшін қолайлылау. Шардара, Бугунь, Бадам су қоймалары облытың шаруашылық зонасының орталығында орналасып, тек ирригационды мақсатта ғана емес, сонымен қатар балық пен суда жүзетін құстарды өсіруге пайдалануда. Бұлар ландшафты, туризм мен демалыс үшін жағымды жазғы мезгіл микроклиматын орнатады. Функционалдық жағынан бұлар пляжды-суда шомылу туризміне, желаяқ спортын дамыту мен демалыстың сулы-серуендер түрлерін дамытуға қолайлы. Балық және аң аулау туризмі ұйымдаспаған, “жабайы” қалып отыр.
Облыс территориясында көптеген артезианды ұңғымалары мен құдықтары орналасқан. Бұл экстрималды және экзотикалық туризм түрлеріне қатысушыларын ауыз суымен қамтамассыз етуге жол ашып, авторалли және түйе сафари туризмін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, көктем мезгілінде ботаникалық және флористикалық турларды ұйымдастыру әбден мүкін.
Минералды сулар. Облыстың минералды сулары елімізде кең танымал Сарыағаш, Темірлан және Манкент орындарымен атақты. Ең бай әрі танымалы 1948ж. ашылған Сарыағаш. Бұл ұңғыма негізінде уақытша бальнеологиялық татционар салынған болатын. Кейіннен, 1951 жылы 650 орынды курорт салынды. Ұңғыма суы бауыр, бүйрек, урологиялық аурулар , қорғалу апппарты, ас қорыту және алмасу процессінің бұзылу салдарынан туындайтын ауруларды емдеп, олардың алдын алуға өте шипалы. Химиялық компоненттерінің құрамы бойынша су кең танымал Трускавец курортындағы сулардың баламасы болып табылады.
Темірлан орны Бугунь ауданында, Темилановка поселкісінен жарты шақырымдай жерде орналасқан. Химиялық құрамы бойынша сулар Сарыағаштікімен бірдей болып, жәй ішумен қатар ас қорыту, зат алмасудың бұзылуы ауруларыны алдын алу мен емдуге қолданылады. Минералды сулардың жоғарғы сапасы мен табиғи-климаттық факторлардың үйлесімділігі санаторилер мен демалыс үйлерін салуға жағымды.
Жер асты минералды суларының Түркістан ұңғымасы Шымкент қаласынан 170 км. жерде Түркістан ауданында орналасқан. Бұл 1966 жылы ашылып, 1970 ж. бері онда 250 орынды гастролоиялық саноторий жұмыс істеуде. Пятигорстік курортология мен физиология бойынша Ғылымыи зерттеу институтының қорытындысы бойынша 3-Т ұңғымасының минералды сулары ішек-қарын жолдары, бауыр, өт жолының ауруларын, түрлі этилогиядағы барлық деңгейдегі семіру, қант ауруларының жеңіл түрін, буындар мен қозғалу аппараты, орталық және перийферилі нерв жүйелерінің, генекологиялық ауруларды емдеуге шипалы.
Манкент ұңғымасы 1962 ж. Шымкент қаласынан 25 км. жерде Батыс Тянь-Шаньнің тау етегі алқаптарындағы, Сайрам ауданында ашылған. Алайда, мұнда ертерек 1963 ж. “Манкент” атты демалыс үйі ұйымдастырылған болатын. Кейін, 1984 ж. ол емдеу пансионаты болып қайта құрылды. Бұл әсем, алып саябақ, оның 7 орналастыру құралы, 10 жазғы коттеджі бар. Жалпы сыйымдылығы 750 орын. Минералды сулар ас қорыту, бауыр мен өт жолдарының, орталық жүйке жүесінің, өкпе ауруларын, урология мен гинекологияқ ауруларды емдеу үшін қолданылуда. Су емханасының суы аз минералданған, термалды, хлоридті-сульфатты, натрилі болып келеді. Күніне 200 ауру адамдарды қабылдауда.
Облыстың су ресурстарының туристік-рекреациялық мүмкіншіліктері- не қорытынды жасайтынболсақ, олардың жағымдылық деңгейі маусымдылыққа, жергілікті жағдайлар мен табиғат көрінісінің ерекшеліктеріне қарай, емдеу мен сауықтыру бағалылығы, минералды суларының қоры бойынша бөлінеді. Бұнымен қатар, фауна әлемінің байлығы және жету қиындығы да спорттық туризм түрлерін дамытуға әсер ететін фактор. Осының негізінде алуан-түрлі туризм мен рекреация түрлерін дамытуға қолайлы негізі су ресурстарын бөлуге болады.
Емдеу және сауықтыру туризміне, санаторлы-курорттықемдеуге Сарыағаш, Темірлан, Түркістан, Манкент минералды сулары және Қызылкөл көлі ең жағымды болып табылады [11].
Спорттық, спорттық-сауықтыру туризм түрлерін дамытуға Сырдария, Арыс, Боралдай, Ақсу, Угам өзендері және Шардара су қоймасы жағымды. Облыстың барлық су ресурстары балық түрлеріне бай болғандықтан су жүзуші құстардың, қырғауыл, құр сияқты құстардың мекеніне айналған. Бұл фактор аң мен балық аулаушылықпен айналысуға адамдарды қызықтыруда. Демалыстың жағалаулық түрлерін де дамыту қажеттігі бар. Қала маңы демалыс зонасында мәдениеттендіру қосымша қаражатты қажет етеді. Қолдан жасалған пляжды құру және шардара мен сырдарияның табиғи құмды жағалауларын игеру керек [9].
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі табиғи орта жағдайы мен оның рекреациялық ресурстарының басты индикаторы болып табылады. өсімдіктердің алуан-түрлілігі мен түс ерекшеліктері табиғат көріністеріне ерекше көріктілік беріп, ландшафтың аттрактивті құндылығын жоғарлата түседі.
Бетпақ Даланың жазықтары саз және құмнан құралып, өсімдіктер түріне кедей бола отырып рекреациялық мақсаттарға қолайлыз болуда. Бұнда негізінен ылғалды аз ететін жусан тәріздес өсімдіктер өседі. Үстірттің ең оңтүстігін эфемерлі дәнді дақылдар алуда. Бұл аймақта бұталы өсімдіктер өспейді. Алайда, зонада интрозоналды өсімдіктер түрлері кездесіп, ландшафты көріктендіре түседі. Әсіресе, сексеуіл өсімдігі шөлді ландшафтқа ерекше экзотикалық көрік беруде.
Мойынқұм мен Қызылқұм шөлдері өсімдіктер түрлеріне әжептәуір бай. Бөл шөлдер ландшафтарын эфемерлі, эфемероидті, шөлді қияқ, шөл қарағыны, терескен, ақ және қара сексеуіл өсімдіктері құрауда. Көктемгі вегетация кезеңінде құмдар көркее түседі. Барқандарда түрлі өсімдіктер, гүлдер мен шөптер өссе, ал сәуір мен мамыр айларының басында Мойынқұм шөлінде көптеген саңырауқұлақтар түрлері өсіп, “жабайы” туристерді қызықтыруда.
Бетпақ Дала мен Мойынқұм экзотикалық жануарлардың миграция жерлеріне жатады. Тұяқтылардың арасында сайғақ, жейжан мен құландардың мекендейтін жерлері сақталып, сандары артуда. Сарысу, Шу және Сырдария өзендерінің тоғойларында жабайы қабан шошқа көбейіп келеді. Бұлармен қатар, шөл қояны Эверсман атжалманы, сарышұнақ және т.б. кеміргіштер саныкөп. Жыртқыш аңдарға келетін болсақ, мұнда ману атты барқанды мысық, түлкі мен қасқыр жиі кездеседі. Аңшылық маусымында лимит және лицензиялар негізінде аң аулау туризмін ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
Территория бауырымен жорғалаушылар көп кездеседі. Кесірткелер ішінде домалақ бас деген түрі құмды аймақтарда кең тараған. Кейде ұзындығы 2-2,5 м. дейін жететін варанда кездеседі. Бүкіл территорияда, әсіресе көктем маусымында далалық тасбақа көп. Жалпы, көктем кезеңінде эфа, дала сұр жыланы сияқты улы жыландар мен бүйі, фаланга, қарақұрт өрмекшілерінен және шаяннан байқау керек .
Облыс территориясына кіретін Батыс Тянь-Шань таулы аймағы өсімдіктер жамылғысы зоналдылықтың типі биіктік құрылымына байланысты болады. Бұның негізінде олар ландшафты зоналар мен зонашықтарға бөлінген: тау етегіндегі шөл (800-1300 м.) сұр жусан, эфемерлі жусан сияқты өсімдіктермен жамылған; тау етегіндегі шөлейт аймақ (1000-1600) қияқ сияқты эфемероидты өсімдіктермен жамылуда; орта таулы далалық аймақ (1400-2600) бетеге, ақ илеу, бұталар мен түрлі шөпті шалғындар; орта таулы орман шалғынды-далалы орта таулы жалпақ жапырақты зонашығы араласқан зона (1400 м.-2500м.) және орта таулы аршалы орман (2200-3000м.); биік таулы альпілік шалғындар, шалғынды дала мен бұталар зонашығы кездесетін биік таулы шалғынды және шалғынды далалы зона (2800-3300 м.), биік таулы альпілік шалғындар мен шалғынды далалар (3100-3700 м.); биік таулы гляциольды-нивальді аймақта (3500- 3700 м.) қар маңы өсімдіктер, санаулы гілді өсімдіктер, қына, мүк өседі [14].
Тау етегі және аласа таулы аймақтарда 60 аса өсімдіктер түрі бар. Тау етегі аймақтарда көктем кезеңгі демалыс пен туризм үшін ең қолайлы. Ақпанның аяғында, наурыз айының басында бәйшешек шықса, кейіннен қоқандық итмұрын, мамырда — ең әдемі әрі ғажап далалық және тау етегі аймақтарында ерекше көрік беретін Грейг қызғалдағы өседі. Сары, қызыл және қызғылт-сары қызғалдақтар әсем кілемдей жайылып, ерекше әсер қалдыруда. Бұл гүлдер жапырақтарының кейбіреулері 12-15 см. Дейін жетеді.
Тау етегі және таулы аймақтарда көптеген емдік шөптер кездеседі. Олардың қатарында: шайқұрай, түймедақ, киік шөп, бидайық ,корольковия Северцева, жебір шөп және т.б. бар. Мамыр,Маусым, кейде тіпті сәуірдің аяғында саңырауқұлақ теру басталады. Олардың молдылығы қала тұрғындары мен демалушыларды көптеп қызықтыруда. Бұл кезеңде дәрілік шөптерді жинап, түрлі ботаникалық және зоологиялық турларды ұйымдастырады.
Қалған жаз және күз мезгілінде өсімдіктер қурап, демалу жағдайын төмендетеді. Негізінен бұл кезеңдерде деалыс объектілеріне бақты бұталы өсімдіктері мен аңғар шалғыны көп өзен аңғарлары айналады.
Шалғынды белдеуге (1400-2600 м.) тек әртүрлі далалы және шалғынды кешендер ғана емес, сонымен қатар ағашты өсімдіктер де жатады. Бұл зонада негізінен 1300-200 м. биіктікте өсетін бидайықты, түрлі шөптесін өсімдіктері тән. Бұнда 85 түрге жуық өсімдіктер белгілі. Бұталы өсімдіктердің арасынан долана, тянь-шаньдік ырғай, қоқандық итмұрын, бадам және жеке зеравшан аршасының ағаштары ерекше көп [9].
Арша ормандары Оңтүстік-Батыс Тянь-Шань ландшафтының ерекше элементіне жатады. Бұлар таулы ландшафттарды көріктендіріп қана қоймай, сонымен қатар таза әрі денсаулыққа пайдалы ауаның табиғи генераторы болып саналуда. Арша шығаратын эфир майларының ұшпалы фракциялары жан-жағындағы барлық зиянды ағзаларды жояды. Арша орманында серуендеу физикалық күш-қуатты қайтарып, денсаулыққа өте жағымды. Алайда, арша ормандары негізінен Ақсу-Жабағлы қорығының территориясында орналасқан. Сауыр-арша қорықтың солтүстік-батыс жоталарында және солтүстік бөлігінде тарап, 3-4 м. дейін ғана жетеді. Биік бұталы зеравшандық қара арша 10-15 м., ал кейде 20 м. биіктікке жетіп, қорықтың оңтүстігінде тараған. Жалпы, қара арша ормандары 9000 га. Жуық жерді алып жатыр. Бұл аймақтарда 400 жылдық қара арша тараған, ал кейбір ағаштар 600 жылдық жасқа жеткен. Орманның ауасы өкпе ауруларына шипа болса, ағаштың ұрығы мен тікенегі көптеген ауруларға ем болатын дәрілік зат.
Угам мен Текелі жоталарының оңтүстік аудандарындағы жалпақ жапырақты аңғарлы орманның негізін грек жаңғағы құрайды. Боралдайтауда, Машат қонысында пісте, долана кең тараған. Ақсу өзенінің шатқалында және Жабағлы өзенінің төменгі ағысында кавказдық қарақас, Петунников бадамы таралған. өзенжағалауларында қайық, тал, қызыл тал, терек және доланадан тұратын аралас ормандар жайылуда. Ақсу, Бадам, Келес өзендерінің жоғарғы ағыстарында алма, бадам, долана және шетен араласып өсуде. Жидектерден қарақат, жабайы шие, құлпынай т.б. тараған.
Субальпілік белдеуді (2000-36000 м. ) жайылған арша, таулы герань сияқты өсімдіктер кең тараған субальпілік шалғындар құрайды. 2300-3000 м. биіктіктерде құрғақ, күн сәулесі жақсы түсетін баурайлды таулы ксерофиттер мен кейбір дала дәнділері алып жатыр.
3000 м. жоғары биіктікте жайылмалы арша жоғалып, бетегелі өсімдіктерден тұратын кедей шөп жамылғысы басталады. Аласа шөпті жамылғысынан тұратын кішігірім альпілік шалғындар еріп жатқан мұздықтар мен қарлар маңайында кездесуде. 3300 м. биіктікте, яғни қар бердеуінен биік жерде қатаң, қар мен мұз басқан, топырақ пен өсімдік жамылғысы жоқ белдеу басталады.
Жалпы, облыс территориясындағы ландшафтың алуан түрлілігі және геграфиялық орны, флора мен фауна әлемдерінің байлылығы, табиғат көрінісінің ерекше көріктілігін қалыптастырған.
Қазіргі таңда, облыс территориясында 3000 аса жоғары сосудисті өсімдіктер түрлері анықталған. Олардың 300 түрі сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнгендер қатарында. Облыс территориясы эндемдер мен реликтерге бай. Бұның өзі ғылыми туризм мен аймақтың флорасына тарихи анализ беру үшін өте маңызды. Тек Қаратау жотасының флорасында ғана 1700 жуық түр анықталып отыр. Олардың арасында 153 түрі эндемикалық. Ал Ақсу-Жабағлы қорығының 1400түрден тұратын флорасындағы 40 жуығы эндемикалыққа жатқызылған. Қазақстанның қалған ешбір облысына мұндай көрсеткіштер тән емес. Жалпы, республика бойынша эндемикалық түрлердің 40%жуығы облыс флорасының үлесінде. Олар тек осы облыс территориясында ғана өседі .
Облыс флорасы шаруашылыққа пайдалы өсімдіктер түрлеріне де бай. Дәрілік өсімдіктер түрі 60 асады. Долана, итмұрын, шай шөп, мың жапырақ, жебір шөп және т.б. өсімдіктер түрлерінің көлемдері жеткілікті. Алайда, дәрілік шөптердің көптігіне қарамастан олардың қорлары азаюда [17, 28].
Аридті зонаның территориясын ерте кездерден бері мал жайылымы үшін қолданылып келүі аймақтағы мал шаруашылығында қолданылатын өсімдіктер түрінің азаюына алып келді.
Облыста тиімді өсімдіктердің мәдениеттендірілгендерінің саны көп. Мысалы, оларға: қарбыз бен қауынның халықтық селекцияның сорты, жемісті, көкеністі және декоративті өсімдіктердің фонды т.б. жатады. Сирек кездесетін және бағалы түрлерді сақтау үшін әртүрлі жолдар қолдануда. Солардың бірі түрлі рангтағы резерваторды құру.
Облыс территориясында 1 қорық – Ақсу-Жабағлы, 4 қорықша – Задарьинский, Ақдала, Чалдар, Тимурский, ; 1 дендропарк. Сонымен қатар, 2 қорық жобасы – Қаратау және Қызылқұм; 4 қорықша – Пістелітау,Угам, Чаян және Шымкент қаласындағы ботаника бағының жобасы ұсынылған .
Табиғи климаттық жағдайының алуан -түрлілігі, ландшафтардың шөлдіден биік таулылыарға дейін алмасуы, өсімдіктер әлемінің байлығы облыста түрлі шаруашылық салаларын дамытуға (соның ішінде туризм) мүмкіншілік туғызады. Облыстың флора мен фаунасы туризмнің ғылыми және зерттеулік түрлерін дамытуға, ботаникалық, флористік, аң аулаушылық, балық аулау, терімшілік түрлерін ұйымдастырып, дамытуға мүмкіндік туғызады.
3.1 Оңтүстік Қазақстан облысының туристік – рекреациалық ресурстары
Оңтүстік Казақстан облысы аумағында рекреациялық ресурстардың жоғарғы тарауда айтылғандары толығымен кездеседі.Солардың ішінде Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі көне қалалардың, зиратханалардың. басқа да ертедегі тарихи және мәдени мұралар қалдықтары өте көп.. Осынау ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан өлке 2000 жыл бойы Ұлы Жібек жолы бойымен жүріп өткен түйе керуендерінің куәсі болған. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи, сәулет ескерткіштеріне бай. Олар-Қожа Ахмет Иассауи (Түркістан қаласы), Талих кожа, Әбділ Әзіз, Мірәлі баба, Қарашаш ана, Ибрагим ата (Сайрам селосында), мүражайлары Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз, Шаян селосындағы Аппақ Иман медресесі, Отрар ауданындағы Арыстан баб кесенесі және басқалар.
Оңтүстік Қазақстан орта Азияның нақ ортасына орналасқан, сол себепті онымен тарихи ғана емес, табиғи да ұқсастығы мол.
Оңтүстік Қазақстанда мекендеген адамдардың ұрпақтарына қалдырған материалдық байлықтары аз емес. Алайда бізге мұра болып қалған басты байлық-жер: аңызақ желмен есілген қүмдар, жиегінене ақ тандау соры шықкан кішкене көлдер, өзендер мен бұлақ бастаулардың жағасында иіле өскен сүмбі тал тоғайлары, сап-салқын тау ормандарымен, көк орай шалғын алаптарымен ерекшелінеді.
Оңтүстік Қазақстандықтар ата мекені ыждаћаттылықпен сақтап, өз еңбектерімен оның байлығын, мәртебесін арттыра түсіруде.
Республикадағы 10 қорықтың екеуі осы өлкеде орналасса, мұның өзі де табиғаттың Оңтүстік Қазақстан жеріне мейір шапағаттылығының белгісі, үлкен сыйы болса керек.
Қорық-ешкімнің қолы тимеген , әу бастағы табиғат аралы ғана емес. Ол-оның эталоны, өсімдік және жан-жануар организмдері генетикалық қорының қоймасы, табиғи лаборатория, табиғи ландшафтар ескерткіші.
Ақсу-Жабағлы-ЮНЕСКО биосфералық қорығының статусына ие болған Казақстан мен Орта Азиядағы бірден-бір және әлемдегі алғашқы қорықтың бірі. Мұнда дала өсімдігі көп. Олардың емдік қасиеті бар. Көптеген өсімдіктері- Грейг қызғалдағы, дәлірек айтқанда, оның баданасы- эскпорттық дүние ғана емес, ұлттық байлығымыз. Яғни Грейг қызғалдағы —»гүлдер патшасы».
Шайқурай шипалық өсімдіктер, ол тоқсан тоғыз түрлі ауруға ем, шытыр (қазтабан), қызыл киік оты бұдан фармолоктар дәрі дайындайды.
Жабағылыда неше түрлі шөптер, зығыр, жалбыз, көлбақа, Тян-Шань шиесі, көктікен, итошаған, жабайы қарақат т.б. кездеседі. Сонымен қатар құстары:Ерсылар, Байғыз, бүркіт, бозторғай, қарабас торғай, көктеке т.б. Аңдары қызыл кітапқа енген құрып бара жатқан Тянь-Шаньның қоңыр аюы, таутеке, арқар, марал, елік және жабайы шошқа, бұғы, ілбіс, т.б. қорғауға алынып мекендейді. Ақсу сайы да — табиғаттың бір керемет туындысы. Оңтүстік Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар ғажап әдемі жерлер көп ақ. Мүндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғатты көрікті жерлерде емдеу сауықтыру, демалыс мекен-жайлары салынған. Минералды сумен емдейтін Сарыағаш, шипалы балшықпен емдейтін Жаңақорған, және көптеген санаториялар Бұрғылық, Машат, жылы сумен емдейтін Ақ су, Қазығұрт т.б. емдейтін емдік жерлері өте көп.
Оңтүстік Қазақстан өлкесі ауа-райының қолайлығымен, байлығымен, қалалардың әсемдігімен, табиғатының сұлулығымен ауыздан ауызға тарады. Ұлы Жібек жолын басып өтіп, оның әсем табиғатын тамашалауды арман еткен қаншама жићанкездер болды.Оңтүстік Қазақстанның өткен шежіреге толы өлкенің күллі тарихын байлығын баяндап шығу мүмкін емес. Жібек жолының көптген қалалардың, сауда-кәсіптік елді мекендердің керуен сарайлардың пайда болуы экономикалық жағынан гүлденіп, көркеюіне жеткізген. Тарихты аша отырсақ жібек жолында Тас қала -Ташкенттің дәл өзі, Газгерд-Қазығүрт шәћары, Фарсаты біздің өлшемге аударсаңыз-жеті километр шамасы.Жайғана арифметикалық есептеу арқылы және Испиджабтың казіргі Сайрам, Тараздың Жамбыл екенін есте ұстай отырып ақ орта ғасыр қалаларының бүгінгідей Оңтүстік Қазақстандағы қай елді мекендер екенін атап бере салуға болады.
Бай елді мекен Мирки — бүгінгі Мерке. Мава мен Юран өзендерi дегені, сірә Машат пен Сайрам болса керек.
Жібек жолының басты кереметі екі құрлық арқылы Тынық мұхиттан Атлант мүхитына дейін созылған. Керуен тартқан сауданың сан ғасырлық даму барысында жолдың көп тармақгы, жақсы ретке келтірілген желісі жасалынған.
Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы шынында да бай. Онда ерте замандардағы керуен соқпақтарыньң да, халықтың азаттық жолындағы күресінің де, революциялық жаңарудың да қилы қилы шсжіресі жатыр.
Соның бірі Ащысай мен Дермене . Дермене жусан өсетін жерде «Дермене» емдік совхозында ботаникалық қорығы бар. Осы «Дерменеден» өзге еш жерде дермене жусаны табиғи жағдайда өсіп, өнбейдi. АҚШ-та және Жапонияда дерменені мәдени дақылға айнаддыру әрекеттері жасалынғанымен нәтижесіз аяқталды. Дермене жусан майы, тұндырмасы, дермене сығындысы (экстаркт) және жасыл сұйық ботқасы көптеген өсімдік қоспалардың құрамдас бөлігі ретінде ұсынылған. Жусанның иісі таңқаларлық өзгешелікке ие-ол адамдарды түсініксіз ,көбінесе толқығыш сезімге бөлейді. Ащысай қорғасын кені. Соғыс жылдарында Шымкент қорғасын заводын шикізатпен қамтыған. Қазір қорғасын кеніші жоқ. Кең байтақ қазақ елінде ата тарихымыздың ұйып қалған өлкелері аз емес. Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысымыздағы Отырар ауданы көне қаланың орталығы болған-Отырар төбеге шығып, айналаға көз жіберген адамға, ең алдымен көк майса алқаптың ортасында үлкенді-кішілі күмбездерімен, бұрыштағы мұнараларымен жалпы сымбат-бітімімен бағзының көзі екенін байқатып тұрған қоңыр сарғыш түсті ғимарат ілігеді. Бұл сәулетті кұрылыс — Арыстанбаб кесенесі, Ұлы қаланың бір жұрнағы ретінде оны бабалар тарихының ілкі куәсі деп түсінген адам қателеспейді. Күн демей, түн демей әулие қабіріне тәубе етуге күллі Кіндік Азия елдерінен ағылып келіп жатқан зияратшыларды көріп, Арыстанбабтың тарих төрінде алатын орны, сымбат-бітімі жағынан еш жерде қайталанбайтын кешенді кесене үлгісінің салыну шежіресі.
Түркістанда 14 ғасырдың аяғы-15 ғасырдың басында тұрғызылған және осы уақытқа дейін сақталған Ахмет Иассауи кесенесі бар. Сол кезден бастап қала түркі тілдес халықтарының діни орталығы болып келеді. 16 ғасырдан бастап Түркістан қаласы Сырдария өңірінің шаруашылық және мәдени орталығына айналады. Ол үнді, қытай сияқты Шығыс елдерінен Батысқа өтетін жолдың үстінде болғандықтан стратегиялық мәнге ие.
Оңтүстік Қазақстанның ежелгі калалары Сығанақ, Аркун, Отырар, Сайрам ескі жұртқа айналды. Қазақстанның оңтүстігі ірі сауда экономикасы және діни орталық Яссы қаласы болды. Орталық Қазақстан далаларынан Орта Азиядан, Жетісудан және Сібірден келетін сауда жолдары осында тоғысқан:»Солтүстік жақтағы қазақ жерлерінен және Әндіжанға апаратын жолдармен Қытай шекарасына дейін Ясыға (Түркістанға) тауарлар және сирек кездесетін заттар тасылады . Бұл әр түрлі елдердің көпестері үшін жүк түсіретін және дем алатын пункт, әр түрлі елдердің саяхатшылары үшін аялдайтын орын болғандығы аян.
Бүгінгі таңда Ахмет Яссауи мұралары өз ұрпақтарына қайта қауышуда. Қазір бүкіл әлем назары біздің Оңтүстік Қазақстанға ауып отырса, бұл ең алдымен ұлы баба Ахмет Яссауидің арқасы. 1990 жылы халықаралық конгресс Яссауиге арналып, Түркістанда өткізілді. Өзге де көптеген шаралар осында өтіп жүр.
Қожа Ахмет Иассауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармасы «Даналық жайындағы кітап» (Диуани Хикмат)». Бұл кітап терең мұхиттың түбінен нұр шашқан асыл қазынасы. Бұл кітапты қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, шаруашылығына қатысты бағалы мәліметтер бар. Көп жылдар бойы Санкт-Петербургте жатқан тайқазанның Түркістанға оралуы да үлкен оқиға болды. Қазір Түркістан қаласының қайта жандануы басталды. Ұлы бабамыз жатқан кесененің құрлысы қалпына келтіріп Түркістанның 1500 жылдығын атап өттi.
Оңтүстік Қазақстандықгар ата мекенді ыждаћаттылықден сақтап, өз еңбектерімен оның байлығын, мәртебесін арттыра түсуде.
Жерді, оның қойнауын, су ресурстарын, өсімдік және жануарлар дүниесін корғау тарихи, табиғи ескерткіштерді қорғау мен ғылыми негізінде тиімді пайдалану, ауа мен суды таза күйінде сақтау, жаратылыс байлығының өсіп өнуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны жақсарту талаптары Қазақстан конституциясында бекітілген.
Табиғатты бүлдірмей сақтап, келешек ұрпаққа тоздырмай, байлығын ортайтпай жеткізу үшін барлық адамдар бірігіп жүмыс істегені абзал. Себебі табиғат тағдыры-түптеп келгенде адам тағдыры.
Кең-байтақ Қазақстанның қай өңірін, қайбір аймағын алып қарасақ та, қасиетті, киелі. Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан атамекеніміздің даласы мен таулары тұнып тұрған тарих екендігі аян. Бабаларымыз елімізден құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі тақкан, халқымыз батқан күнге, туған айға бата ғып, жақсылық тілеген, көрешегін күйіттемей, келешегін күйіттеген.
Қазақстан Республикасының түңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1999 жылғы мамыр айында Ордабасы Тауында Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күндеріне байланысты сөйлеген сөзінде былай деген еді:
«Үш ұлы бабамыз сонау бір қилы кезенде осы Ордабасының биігіне шығып, шығыстағы Арыс пен Бөгенге, күн шығыстағы Қазығұртқа, Арқа жақтан мұнартқан Қаратауға қарап тұрып, ел бірлігі, халықтың ынтымағы туралы кезек-кезек ой толғаған екен. Осы Ордабасы биігінде киіз туырлықгы қазақ атаулы ауызбіршілікшіл болуға серттескен екен, Әбілхайырдай бас сардарды сайлап, аты жауға аттандырып салған екен. Кейін айбынды Абылайхан, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек, Есет, Бөкенбайлардай талай-талай мықты білек, түкті жүрек батырлар сонда айтылған армандарға түгел жетіп, қазақ даласының төрт торабын да басқыншы жаудан түгел арылтып алғанын білеміз. Енді сол бабалар алып берген кең-байтақ өлкемізді түгел көркейту-бүгінгі біздер мен ертеңгі жеткіншектердің үлесіне тиіп түр. Азаттық жетер жолдың оншалықгы ұзақ, қаншалықты тауқыметті екенін көрдік. Ал азаттықты баянды ете білудің де оңай шаруа емес екенін түсіне бастадық».
Иә, осынау күллі халқымыздың кие тұтқан Ордабасы тауы мен Қазығұртты, талай-талай алқалы кеңестер өткен, ел тағдырын шешкен Күлтөбесі мен Мәртөбесі, айтулы асыл Отырары мен түркіге түгел танымал Түркістаны Оңтүстік өлкесін обастан-ақ кара шаңырақ ретінде танытқан.
Орта Азия халықтарының ежелгі миграция жолдарында ауа-райы қолайлы, суармалы жерлерде орналаскан Оңтүстік Қазақстан ертеден бастап қалыптасқан құрылыс мәдениеті бар аймақ болып айқындалған. Облыс көлемінде жүргізілген археологиялық қазбалар біздің эрамыздың алғашқы ғасырларында осында қалалардың пайда болғанын айтуға мүмкіндіктер береді.
Біздің эрамызға дейін екінші ғасырдан бастап Орта Азия және Қазақстанның үлкен аумағы бойынша Үлы Жібек жолы болып аталатын саудалық керуен жолы салынды. Бүл ұзындығы жеті мың шақырымнан астам жол Шығыс пен Батыс арасындағы. сауда-экономикалық, дипломатиялық, мәдени қатынастарының бірегей транс-континентальдық қатынас жүйесі болды. Осы жол арқылы адамдар ғасырлар бойы, өзара достық қатынастарымен өркен ниетін дамытып отырған. Жібек жолы тек сауданың мәңгі жолы болып қалмай, бірінші кезекте мемлекет аралық саясат жолы болды. Ұлы жібек жолы қазіргі біздің бейбіт дипломатиялық қарым-қатынасымызда да зор рөл атқаруда.
Ұлы Жібек жолы экономикалық, саясаттық қатынастарға әсерін тигізіп қана қоймай, Қазақстан жерінде тұратын отырықшы және көшпелі халықтардың қоғамдық, рухани өміріне өзгерістер әкелді.
Археологиялық қазбалар бойынша Қазақстанның оңтүстігінде VII ғасырға дейін әміршілердің қорғаны-төрткүл және ауылдық мекендерді қамтитын 22 қалашықтар бар болғаны анықталды.VII ғасырдан IX ғасырға дейін олардың саны 61-ге көбейді.Ежелгі калашықтар Түркістанда, Сайрамда, Созақта, Иқанда, Шымкентте сақталған. Ауқымды аймақтардың орталықтары болып саналатын үлкен қалашықгар қатарына Отрар (Фараб), Баба-ата, Испиджаб(Сайрам), Түркістан қосылды. Деректер бойынша, 30-дан астам үлкен қалашықтар қытай және парсы жазбаларында көрсетілген.
Оңтүстік Қазақстан облысы респубикада тарихи-мәдени қорлары жағынан айрықша аймақтардың бірі болып табылады. Облыс шеңберінде 802 тарихи және мәдени ескерткіштер бар, соның ішінде 528 археологиялық ескерткіштер,42 тарихи ескерткіш, 11 монументалды ескерткіші. Сондай-ақ: Қ. А. Иассауи сәулеттік кешені; Ежелгі Сайрам кешені;Арыстан-баб мавзолейі, Отырар қалашығы, Қазығұрт ауданындағы
Ысқақ-ата, Исмаил-ата мавзолейі;Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек-ата, Домалақ ана мавзолейі;
Созақ ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштер және тағы басқалары ортағасырлық сәулет өнерінің белгілі қазыналары болып табылады.
Маңызды туристік объектілер ретінде юра дәуірі кезеңіндегі табиғаттың бірегей ескеркіштері — Қаратау және Қошқорған палеонтологиялык қорықтары болып көрсетіледі. Мыс дәуіріндегі ескерткіштер ареалының оңтүстік шегі Созақ, Алғабас, Арыс болып табылады. Оған дәлел Арқаөзен және Қойбағар шатқалдарының петроглифтері, Ақсу Жабағлы, Қасқабүлақ, Қошқаратадағы тасқа түскен өрнектер [13].
Оңтүстік Қазақстан қалаларының жүйесінде Жібек жолының қазақстандық бөлігінде аса маңызды орын Түркістан қаласына беріледі. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласы Сырдарияның оң жағасында Қаратау қырқасының оңтүстік бөктерінде орналасқан. Қаланың ескі аты-Яссы, 16 ғасырдан 19 ғасырға дейін Түркістан Қазақ хандарының резиденциясы, қазақ тайпаларының астанасы болды, барлық шетел мсмлекеттерінің дипломаттарын хандар Түркістанда қабылдаған.
Ұлы Жібек жолының тармағында орналасқан қаланың, Дешті-Қыпшақ және Орта Азия алқаптары (Хорезм, Шаш, Бұхара, Самарқанд) аралығында сауда жолы — қолайлы географиялық орналасуы, кешенге қажылыққа сапар шегу аймақтағы сауданың дамуына септігін тигізді.
Қаланың ортағасырлық орталығының сақталуы, монументальды ескерткіштердің барлығы, сәулеттік-кеңестік және этномәдениеттік айналаны қайта өркендету мүмкіндігі және туризм инфрақұрылымы объектілерін осында орналастыру ~ Түркістан қаласын Оңтүстік Қазақстанның туристік және қажылық ету орталығы болуына | мүмкіндіктер береді.
Тарихи-археологиялық мұралардың басқа Оңтүстік Қазақстан табиғаты әсем, таулы алқаптар қорларына өте бай, олар өз кезегінде аң аулаушылық. Демалыс және туризмді дамытуда үлесі зор. Батыс Тянь-Шаньның баурайында Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық Аксу Жабағылы орналасқан. Теңіз деңгейінен 1000 метрден 4238 метр биіктікке дейін орналасқан осынау бірегей таулы өңірдің табиғаты таң ғажайып.
Қаратау бөктерінде Оңтүстік Казақстанның ашық даласында орналасқан ерекше маржан көлі Қызыл көл өзінің қанатын жайған.
Бірегейлі болып Шардаралық және Бөгендік су қоймалары өзіндік демалысқа , туризмге қолайлы мүмкіндіктермен бағаланады.
Туристік маңызы бар табиғи объектілер ретінде Батыс Тянь-Шаньның етегінде «Қырық-қыз», «Ақ-Мешіт», «Біргөлік» демалыс орындары орналасқан. Төлеби ауданында Сайрам шыңының етегінде «Алыеке» спорт кешені, Түлкібас ауданындағы Машат баурайында-туристік лагерлер, Сайрам ауданында «Манкент» демалыс үйі орналасқан [12].
Өзбекстан Республикасымен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысының тиімді географиялық орналасу Оңтүстік аймағына келетін шетелдік туристер санын көбейту және жалпы туризм индустриясын дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Бірақ облыстық туризм жұмысында шет мемлекеттерге бару басты бағыт алған. Қазіргі уақытта туристік фирмалар мен ұйымдар отандастарын шетелге жіберумсн айналысуда, ал тек қана бірнешеуі ғана туристерді қабылдау жөнінде жүмыстар атқаруда. Бұл туризм инфрақүрылымы дамуының әлі төменгі дәрежеде екендігіне, сондай ақ туристік және қажылық ету объектілер туралы ақпараттың аздығына байланысты болып отыр. Қаржының жоқтығынан туризм инфрақұрылымына мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігінен туристік шаруашылықтың материалдық базасы төмендеп барады.
Сервистік қызмет көрсететін мейманханалық қордың аздығы байқалады. Қазіргі пайдаланып жатқан турбазалар, кейбір туристік мейманханалар 20-30 жыл бұрын ескірген жобалар бойынша салынған. Олардың қосалқы объектілері моральдық және материалдық тұрғыдан қарағанда тозғандығы байқалады.Туристерге кең ауқымда көліктік қызмет көрсету және автомобильдік жолдардың ахуалы өзекті мәселеге айналды.Осыған орай қазірден бастап облыста туризм инфрақұрылымын сақтау және дамыту, демалыс базаларды, туристік объектілсрді қайта құру, және құрылысының жасау жөніндегі шараларды қолға алу қажет. Осы бағдарлама қазіргі жағдайға қатысты экономикалық және қаржылық қиындығына қарамай бірінші кезектегі міндеттерді көздейді. Жасалған шаралар туризмнің бәсекеге қатыса алатын және тиімді саласын құру қажеттілігі Оңтүстік Қазақстанда туризм дамуы мынадай мүмкіндіктермен дәлелденеді:
Оңтүстік Қазақстан аймағынан өтетін Батыс және Шығыс арасындағы халықаралық туристік және саудалық ағынның өтуін қамтамасыз ететін қолайлы географиялық орналасуы; Жібек жолы трассасының урбанизация жүйесін құрайтын тарихтық сәулеттік қала құрылысының кешендер мен жолдарының барлығы. Ол өз кезегінде негізгі туристік орталыктардың кеңістік және этномәдениеттік саясатын қайта еркендетуге мүмкіндік береді. Қазақстанның көпұлттық мәдениетін көрсететін мұражайлық, мәдени ойын-сауық мекемелерінің және де фольклорлы-этнографиялық, халыктық дербес ансамбльдердің, шығармашылық бірлестіктердің барлығы.Танымдылық спорттық және экзотикалық турларды, аң аулауды, балық аулауды, дәрілік шөп, жидекті жинауды үйымдастыруға тиімді туристік-рекреациялық жерлердің, табиғи ландшафтардың флора мен фаунаның көп түрлілігі [1 сурет].
3.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің жалпы Қазақстанға әсері
Облыста қазіргі заманға сай, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туризм саласының құрылуы бірқатар мәселелердің шешімін табуына байланысты және облыс басшылығының саясатымен байланысты..
Облыстың туристік рыногі ретсіз дамыды. 1990 жылдардың 1-ші жартысында туризмнің негізгі түрі шоп-туризм болып есептелінді, яғни облыста, жалпы алғанда Республикада туризм сыртқа шығуға бағыттала отырып дамыды. Жұмыс істеп тұрған туристік ұйымдар мен фирмалардың басым көпшілігі өз отандастарын шет елге жіберумен, ал олардың ішінде тек бірен-сараңы ғана сырттан келу туризмімен айналысты. Бұл туризм инфрақұрлымының даму дәрежесінің төмендігімен, туристік және мінәжат ету объектілері туралы ақпараттың жоқтығымен, сондай-ақ олардың келушілерді күтіп алуға дайынсыздығымен түсіндіріледі. Туризм ннфрақұрлымының дамуына қаржының тапшылығы, мемлекеттік қолдаудың жетіспеушілігі туристік шаруашылық материалдык базасының одан әрі құлдырай түсуіне әкеліп соқты. Қажетті қызмет көрсету сервисі бар қонак-үй қорының жетіспеушілігі сезілді. Бірақ, жағдай оңға қарай бет алып, қазіргі таңда көптеген туристік ұйымдар ішкі және сырттан келу туризмінің дамуына өз күш-қуатын бағыттауда. Облыстың колайлы туристік имиджін қалыптастыру бойынша жүргізілген жүмыстардың нәтижесінде қонак-үй кешендерінің жұмысы жақсартылып, олардың толығуы арта түсті.
Туризм инфрақүрлымы объектілері мен туризм саласының дамуына облыстың жергілікті атқарушы органдарының көп септігі тиді. Облыста туристік имиджді қалыптастырудағы елеулі табысы — Оңтүстік Қазақстан облысының халықаралық туристік жәрмеңкелер мен көрмелерге белсенді қатысуы болды. Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы 2001 жылы Берлин туристік жәрмеңкесінің жүмысына, Москва және Ташкент туристік көрмесіне және 2001 жылғы қазанда және 2005 жылғы сәуірде Алматыда өткізілген «Туризм және саяхат» Қазақстандық халықаралық көрмелеріне қатысты.
2004 жылғы жағдай бойынша, облыста бас лицензиясы бар 19 ұйым мен фирмалар туристік қызметпен айналысады. Негізінен, бұлар туристік қызметпен бірнеше жылдар бойы айналысып келе жатқан туристік фирмалар. Егер 2001 жылғы көрсеткіштермен салыстырсақ, туристік қызметпен 36 туристік ұйымдар айналысқан, олар 527 шетел туристеріне қызмет көрсетіп, облыста 3807 азаматына шетел жолдамаларын үйымдастырған, туристік кызмет 8.820,7 мың теңгені кұраған және 3.038,0 мың тенге салық төленген. Ал 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының туристік үйымдары 314 шетел туристеріне қызмет көрсеткен және облысымыздың 1709 азаматына шетелге туристік жолдама ұйымдастырған. 2004 жылда облыста туристік ұйымдары көрсеткен туристік қызметтің жалпы көлемі 3.392,8 мың тенге құрайды және 1.500 мың тенге салық төленген.
Туристік рыноктың статистикалық талдамасы көрсеткендей, 2004 жылы 2001 жылмен салыстырғанда барлық көрсеткіштер орта есеппен 2 есе төмендеген. Сонымен қатар, ішкі туристік рынокта да бүл көрсеткіш екі мың адамға дейін төмендеген. Бұл облыста соңғы жылдары туризм көрсеткіштерінің тұрақты төмендеу тенденциясын көрсетеді. Себебі алуан түрлі.
Туризм индустриясының материалдық базасын жақсарту туристік бизнес дамуының ең маңызды бағыты болып табылады. Оларға -туристерді орналастыру құралдары, ақпараттық жаңа байланыс түрлері, көлікпен қамтамасыз ету, түрлі тағамдар ұсыну жатады.
Облыста қазіргі заманға сай қонақ-үйлер, турбазалар, кемпингтер және тағы да баска орналасу объектілерін, туристерге әртүрлі тағамдар мен демалыс ұсына алатын мейманханалар мен кафелер құрылысына және реконструкциясына көңіл бөлінуде. Қазіргі танда халықаралық әуежелілер түрлі мемлекеттерге ұшуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туристерге темір жол және автомобиль транспорттары қызмет көрсетуде. Демалыс және көңіл көтеру объектілері: диско-клуб, кинотеатр, шағын қонақ үйлер, бильярд клубы, казино, боулинг орталықтары және тағы басқалардың құрлысына көптеп көңіл бөлінуде (6 кесте).
Кесте 6. — Туристік — рекреациялық мекемелер мен обьектілердің
сандық динамикасы
Туристік — рекреациялық мекемелер мен обьектілер |
1991ж. (саны) |
2000ж. (саны) |
1. Туристік базалар |
2 |
1 |
2. Демалыс үйлер |
3 |
2 |
3. Курорт жэне курорттық қонақ үйлер |
2 |
1 |
4. Кемпингтер |
1 |
1 |
5. Қонақ үйлер |
34 |
12 |
6. Демалыс базалары |
16 |
11 |
7. Пионер лагерлері |
38 |
9 |
8. Санаториялар |
3 |
1 |
9. Профилакториялар |
5 |
1 |
10. Сауықтыру және емдеу санаториялары |
5 |
5 |
11. Саяжай массивтері |
14 |
14 |
12. Демалыс аймақтары |
10 |
11 |
Барлығы |
133 |
69 |
Ескерту: (Мамадияров М.Д. кестесі бойынша жасалған)
Облыста жүргізілген талдау негізінде, шетел және Қазақстан туристерін қызықтыратын туризм және мінәжат ету орталықтарын белгілеп көрсетуте болады. Оларға Түркістан, Шымкент қалалары, Отырар, Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Бәйдібек, Созақ аудандары және тағы басқалар жатады.
Көптеген туристер мен мінәжат етушілердің назарын аударатын тарихи-сәулет кешені — Қ.А. Яссауи кесенесі орналасқан Түркістан қаласы, жалпы Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан қалалары жүйесінде ерекше орын алады. Қалада туристердің орналасуына, тамақтануына және бос уақытты қызықты өткізуіне жағдай жасалынған.
Түркістан қаласының жүмыс істеп түрған 8 қонақ үйінің үшеуі тұруға өте ыңғайлы етіп жабдықталған. Қалада тамақтану объектілерінің желісі, оның ішінде қазіргі сүранысқа сай кафе, ресторандар жақсы дамыған. Сонымен қатар, әртүрлі қызмет көрсететін көлік-жол инфрақұрлымы (автожуу, жанар май станциялары және т.б) да дамыған. Туристерге көлікпен кызмет көрсету үшін автомобиль магистральдары, темір жолдар бар.
Отырар ауданында Отырар қалашығы жэне Арыстан-баб
кесенесі туристік кешені орналасқан. Мұнда қонақ-үй салынған,
салт-дәстүр бөлмесі, ескерткіштер дүкені, кітапхана бар. Туристерге
көлікпен қызмет көрстету үшін асфальттанған Түркістан-Арыстан-баб
автомобиль жолы салынған. Сайрам ауданында Ибрагим-Ата,
Қарашаш-Ана және т.б туристерді қызықтыратын мінәжат ету
объектілері орналасқан. Сонымен қатар, өңірде «Манкент», «Ақсу» демалыс орындары жүмыс істеуде. «Салют» конақ-үй кешені жүмыс атқарады. Қоғамдық тамақтандыру орындары, оның ішінде туристерге әртүрлі тағамдар мен демалыс ұсына алатын ресторандар мен кафелер бар.
Сайрам ауданының орталығы — Ақсу елді мекені облыс орталығы Шымкент қаласынан 18 км қашықтықта орналасқан. Туристерге көлік қызметін көрсету үшін негізінен автомобиль және темір жол көлігінің қызметі ұсынады.Әсіресе, Бәйдібек ауданының Бәйдібек-Ата, Домалақ-Ана, Зеріп Сыланды (Қос Ана) кесенелері және мӘппақ-Ишан» мешіті сияқты тарихи объектілер, сонымен қатар Созақ ауданының «Баба Түкті Шашты Әзиз», «Баба-Ата», «Қарабура» секілді тарихи-сәулет ескерткіштері туристер мен мінәжат етушілердің ерекше назарын аударады. Соған қарамастан, бүл аудандарда сапалы қонақ үйлер жоқ, жол бойында кемпингтер, тамақтану объектілерін және тығыз қабатты жол құрылысына назар аударылмай келеді [9].
Жасы 800 жылдан асатын, Республикамыздың ең ежелгі қалаларының бірі- Оңтүстік Казақстан облысының орталығы Шымкент қаласы болып табылады. Шымкент қаласы Оренбург-Ташкент халықаралық магистралі мен Түркістан-Сібір магистралінің өсінде орналасқан және Ташкент — Шымкент — Тараз — Алматы мен Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдарымен қолайлы байланысы бар. Қалада барлық бағытқа чартерлік рейстер ұсынатын автовокзал, теміржол вокзалы, халықаралық әуежай бар.Шымкент қаласында шетелдік және қазакстандық туристерді қабылдау үшін қонақ- үй бизнесі белсенді дамуда. Бүгінде қонақ-үй кешені қосымша қызмет түрлері секторын тұрақты дамытуда, оған дене шынықтыру емдік, медициналық, ақпараттық және арнайы байланыс түрлерінің қызметі; сонымен қатар мәдени-ойын-сауық іс-шаралары жатады. Қонақ-үйлердің көпшілігі өз инфрақұрлымен (ресторан, бар, түнгі клубтар, казино) қамтамасыз етілген және тұруға ыңғайлы. Шымкент қаласының жекеменшік 11 қонақ-үйінің жетеуінде күрделі ремонт жүргізілген. Қонақ-үй кәсіпорындарының күрделі бәсекелесі жићаздандырылған пәтерлер мен коттедждерді жалға беретін (оның ішінде кызмет бабымен келетіндерге) тұрғын үй секторы болып отыр. Жоғары кластағы отельдер мен конақ-үйлерге 4 жүлдызды «Сапар» отелі, «Кема», «СД», «Береке» қонақ-үйлері жатады. Қалада 50-ден аса тамақтандыру объектілері, олардың ішінде туристерге қазіргі заманға сай қызмет пен тағамдар үсына алатын ресторандар мен кафелер жүмыс істейді. Облыс орталығында мәдени-ойын-сауық желісі: облыстық мұражай театр, хайуанаттар паркі, аквапарк, технопарк, кинотеатрлар, боулинг орталығы, таулы оазистер, бильярд, казино, емдік-дене шынықтыру орталықтары дамыған. Оңтүстік Қазақстан тарихи-мәдени ресурстардан басқа табиғи ландшафттар мен таулы және далалы алқаптардың орасан зор әлеуетіне, бай аңшылық дәстүрлеріне ие және мұнда демалыс пен туризм үшін жағдайлар жасалынған.
Түлкібас ауданында — Батыс Тянь-Шань бөктерінде көне Ақсу-Жабағлы қорығы орналасқан, қорық аумағында «Дом Жени и Люды» ЖПІС және «Арғымак» экологиялық фирмасы» туристік фирмалары қызмет атқаруда, бұл жерде 50 орындық ыңғайлы жабдықталған және қызметтер сервисі бар қонақ-үй, коттедждер салынған. Аты аталған туроператорлар туризмнің орнитологиялық, экологиялық, ат және танымдық түрлерінің дамуы үшін туристердің, оның ішінде шетел туристерінің көпшілігін қызықтыратын 20 туристік бағыттар даярланған. Сонымен бірге, Түлкібас ауданында жоғары сапалы «Эль-Тур» туристік кешені мен балалар сауықтыру лагері орналасқан Машат шатқалы бар [13].
Төлеби ауданында — табиғи объектілер ішінде, маңызды туристік-рекреациялық мәні бар Батыс Тянь-Шань бөктерінде орналасқан «Ақ-Мешіт», «Біркөлік» демалыс орындарын, облыста жоғарғы нүктесі -Сайрам шыңының бөктеріндегі «Альтекс» спорттық-туристік кешенін атап көрсетуге болады.
Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданының ашық даласында Қаратау тауының бөктеріне жақын манда еркін төсін жайған, емдік қасиеті бар, оңтүстік маржаны — «Қызылкөл» көлі орналасқан.
Сарыағаш ауданында — «Арман» санаторийі, «Сарыағаш» курорты, балалар санаторийлері сияқты емдік-сауықтыру курорттары қызмет көрсетуде.
Өз алдына демалу және шомылу аймақтарын ашуға алдағы уакытта мүмкіндік бере алатын Шардара және Бөген су қоймалары өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді.
Бұл бөлімдерде корыта келгенде Оңтүстік Қазакстан облысындағы туризмнің қазіргі кездегі жағдайын қарап отырып балашағын байқауымызға болады. Сонымен қатар әр аудандарда өзіндік бір рекреациялық ресурстармен ерекшеленеді.
3.3 Оңтүстік Қазақстан облысының туризм экономикасына ықпалы
Қазiргi туризм-әлемдiк экономиканың құлдырауды бiлмейтiн ерекше саласы. Күннен-күнге туризмнің елімізде тез қарқынмен дамуы біріншіден,елдегі туристік потенциалдың молдығы, екіншіден халықтың туризмге бетбұрысы себеп болып отыр.Негізінен, Қазақстан туризмнiң болашағы айқын. Алғашында туризмнiң елiмiзде дамымай қалғанның ең басты себебiнiң бiрi-мемлекеттiк деңгейде,экономиканың саласы ретiнде мән берiлмеуi. Және де басты факторы ретiнде, жергiлiктi басқару органдарының туристiк қызметке көңiл бөлмеуi.
Қазақстан Республикасының туризм жөнiндегi агенттiгiнiң мәлiметтерiне сүйенсек, 2003 жылы елiмiзде 691 туристiк ұйымдар қызмет жасап, олар 177091 туриске (2002 жылы 126871 туриске) қызмет көрсеткен. Негiзiнен туристер Германиядан (19213 адам), АҚШ-тан (2106), Қытайдан (2190 адам), Ұлыбритания (1337 адам ) сияқты елдерден келген.
Сонымен қатар, шетелге шығуда өсіп келедi. 2002 жылы –54575 адам болса, 2002 жылы олардың саны-64764-ке жеткен. Қазақстан азаматтарының негiзгi баратын жерлерi Түркия (16952 адам), Қытай (16778 адам), Германия (9360 адам), БАӘ (2991 адам).
2003 жылы елiмiзден шет мемлекеттерге 57.1 млн. АҚШ долларын алып кеткен.
Ал, жалпы алғанда осы салада қызмет көрсеткен туристiк ұйымдардан кiрген кiрiс (2003 жылы ) 1690136000 теңгенi құраған.
Ал, Оңтүстiк Қазақстан облысына келер болсақ, қазiргi кезде 16 туристiк ұйым жұмыс iстейдi. Бiрақ 27 туристiк фирма тiркелген. Оның 5-уi шетел туристерiне қызмет көрсетуге құқығы бар. Солардың бiрi Қарашаш-Ана ЖШС, Президентi — А. Әшiмов. Бiз 2004 жылы 68 шетел туристiне қызмет көрсетiп 2 млн 500 мың пайда түсiрдiк- дейдi ЖШС президентi. Есептеп қарағанда, әр туриске — 36765 тенгеден келедi.
Жалпы алғанда, 2002 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 2271 туриске қызмет көрсетiлген. Оның 80 жуығы шетел азаматтары болса, қалғаны отандастар. Осы, 2004 жылы туристiк фирмалар мен агенттiктерден алынған қаражат — 4724100 тенге. Бұл Қазақстан Республикасына Оңтүстiк Қазақстан облысының туристiк ұйымдарынан түскен пайдасы ал, шығын- 9342500 тенгенi құраған [14].
Бұл аймаққа ең әуелi Орта Азия туристерi келедi. Мұнда бой көтерген киелi, екiншi Мекке аталатын — Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесi туристердi қызықтыратын және зиярат етушiлердiң орталығы.
Қазiр Түркістан қаласы ЮНЕСКО-ның назарындағы қала. Оның 1500 жылдық тойлануы ЮНЕСКО бойынша аталып өттi. Бұл тойға Араб, Түрiк және өз мемлекетiмiздiң басшылары бiрге отырып, Түркістанның болашақ макетi жасалынды. (макеттер келесi беттерде кәрсетiлген) Егерде Түркістан қаласында осы объектiлер бой көтерсе онда, Оңтүстiк Қазақстан облысының туризмнен түскен табысы 10 есе өсiп, Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы табыспен тең түседi. Және де аталып өткен 1500 жылдық тойдан кейiн бiр жылдан соң, осы аймаққа 26000 адам қоныстанған.
Негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысының облыс экономикасына әсері айтарлықтай.Оған себеп, аймақтағы туристік ресурстардың көптілігі және оларды туризм мақсатында пайдаланып отырған туристік фирмалардың жұмысы күн санап нәтижелі болуда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінде «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы» заңында туризмді экономиканың басым саласы ретінде көрсетілуі елімізде туризмнің өсуіне өз септігін тигізіп отыр.
Сондай-ақ, Елбасымыздың биылғы жолдауыңда инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту туралы, осының ішінде туризмді 5-7 кластарын жасау мен дамытудың жоспары болуы керек екенін және ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын баса айтты. Мұндай қадам – экономикалық дамуға жетелейтін даңғыл жол іспетті.
Негізінен, Қазақстан Республикасының туризмін дамытудың экономикалық маңызы өте зор. Себебі, Қазақстанның болашақта шет елдермен туристік нарықта бәсекелесуіне мүмкіншілігі мол. Ол үшін қажетті алғышарттардың барлығы осы жерден табылады. Және Қазақстанда туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи-мәдени мұрасын, рекреациялық ресурстарын, өзге де туристік объектілерді өркендетуге негіз қаланды.
Сондай-ақ, мысалыға алынып отырған Оңтүстік Қазақстан облысында туризмнің діни, танымдық, спорттық, аңшылық, экологиялық, шытырман оқиғалы, экзотикалық және басқа да түрлерін дамыту үшін қызықты туристік-рекреациялық ресурстары жетерлік.
Мұндай тартымды объектілердің бір аумақ төңірегінде шоғырлануы, туизмнің болашақта кең етек жаюына мүмкіндіктер туғызады. Және оларға рекреациялық баға беру арқылы облыстың туризм саласында болашағының өте зор екенін байқауға болады.
Негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының туризмнен алатын орны айтарлықтай үлкен емес. Себебі, туризмге осы уақытқа дейін кең көлемде ғылыми зерттеулер мен оны дамыту туралы мәселелер аз көтерілмеген. Және ішкі туризмдегі туристер саны 2003 жылы 200 мың адамнан, 2005 жылы 240 мың адамға, келу туризмінде шетел азаматтарының саны 5 мың адамнан, 2005 жылы 10 мың адамға дейін көбейеді деп күтілуде. Бұл көрсеткішті Қазақстанның туризмі мейлінше дамыған аймақтар мен салыстырсақ жоғары емес екендігін байқауға болады. Бірақ Оңтүстік Қазақстан облысында сырттан келетін және ішкі туристер ағының дамыту үшін 2003-05 жылдары туристік ұйымдар мен туристік бағыттарды жаңартуды және сапасын жақсартуды, сондай-ақ туризмнің жаңа түрлерін құруды жоспарлауда. Әрине, бұл туризмге жасалынып жатқан қадамдар – экономикалық дамуға, өрлеуге жетелейді. Осыған байланысты, Оңтүстік Қазақстан облысының туристік-рекреациялық мүмкіншіліктерін экономикалық және шаруашылық қызметте пайдалануға болатындықтан облыс туризмін дамытудың мүмкіндігі мол екендігін көреміз.
Бұл жұмыста облыс туризмін экономикалық тұрғыдан қарастырып, осы аумақты дамытуда түрлі талдаулар жасап, яғни облыстың қай бөлігін туризде пайдалану деңгейінің мол анықтап, келесідей кезек күттірмейтің ұсыныстар келтірілген:
— Шардара су қоймасы (Шардара ауданы), «Қызыл көл» көлі (Созақ ауданы) демалыс аймағын туризмде пайдалану;
— Боралдай өзенінде су туризмін дамыту;
— спорттық туризмге қолайлы Қызыл-баш, Дружба, Сайрам биіктерінде альпинизмді ұйымдастыру үшін пайдалану;
— Сайрам, Отырар аудандарында балық аулау және аңшылық туризмін дамыту;
Аймақтың туристік – рекреациялық ресурстары бойынша және жекелеген ұсыныстар бойынша карта жоба жасалынды.
Сондай-ақ, Түркістан қаласы ЮНЕСКО қарамағындағы қала. Бұл қалаға зиярат етушілер мен діни туризм мақсатында келушілер саны күннен күнге артуда. Және Түркістанның 1500 жылдық тойында Араб, Түрік және Қазақстан мемелекеттерінің басшылары бас қосып, Түркістанды туризмнің діни орталығына айналдыру туралы мәселе көтерді және сол бойынша қала макеті жасалынды. Оның бірі Сауда – қолөнер орамы, Шығыс қақпасы, Хан ордасы, қонақ үй, мешіт-медресе сияқты объектілердің тасы қаланды. Бүгінде сол объектілер күннен күнге бой көтеруде.
Міне, облыстағы осындай игі істердің нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының болашақта туризмнен алатын орнын көруге болады. Мұндай бастамалар, елімізде туризмнің тұрақты дамуына кепіл бола алады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- «Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы» Заң актілерініңі жиынтығы – Алматы: Юрист, 2008ж.
- Туризмді дамыту жөніндегі нормативтік құжаттар. – Астана, 2004ж. -17 б.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің туристік саланы дамыту жөніндегі шешімдерінің, материалдарының және нормативтік құқықтық кесімдерінің жинағы. – Астана, 2001ж.-16 б.
- Менеджмент туризма: Экономика туризма. — М-Финансы и статистика, 2001.
- Ердавлетов СР. География туризма: история, теория методы, практика. — Алматы, 2000.
- Проблемы развития туризма и возрождение Исторической значимости Щелкового пути. – Шымкент, 1998. 74 б.
7 Мелдебеков А. М. стратегия развития курортно-рекреационных хозяйств и объектов туризма в доль централъно-азиатского отрезма Шелкового пути в условиях рыночной экономики.
- Памятники культовой архитектуры. –Шымкент, 1985ж.-96 б.
- Свод памятников история и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область. – Алматы, 1994г. Главная редакция: «Қазақ баспасы»
- Методические подходы к разработке региональной концепции развития туризма (на примере Южно-Казахстанской области) Мамадияров М.Д. –Алматы, 2002. — 105 б.
- Оңтүстік Қазақстан облысы 60 жылда (1932-1992). – Шымкент қ, 1992 ж.
- К Сыздықов., С. Жолдасов «Ата қоныс» Шымкент.1992 ж.
- Аксу-Джабаглы. – Алма-Ата: Қайнар, 1988 ж. -54б.
- Қазақстан Республикасының статистика агенттігі
- Пыхарев А.Н., Жолдасбеков А.А., Мамадияров М.Д. Организационно-правовые основы туристской деятельности в Республике Казахстан. 86 б.
- 1992 ж, 2 шілдеде қабылданған «Тарихи мәдени мұраларды қорғау және пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Заңы».
энциклопедиясы.
- Ердавлетов С.Р. Основы географии туризма. Учебное пособие –Алматы.: Қайнар, 1991.
- Ердаулетов С.Р. География туризма Казахстана — Алматы. Ғылым.1992.
- Ким А. Г. Рекреационная оценка территории и развития туристко-рекреационного хозяйства в Казахстане. Алматы. Рауан. 1997.
- Орысша-қазақша сөздік. І-ІІ том. Алматы 1978.
- Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықгама I том және II том. Алматы 1973,1980 жж.
- Ата мұра (сборник статей, посвященный 75-летию Южно-Казахстанского областного историко-краеведчиского музея) Шымкент 1995.
- Ердаулетов С. Р. Казахстан туристский. – Алматы: Қайнар, 1989.-75б.
- Табиғи мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңы, Халық кеңесі. –Алматы, 1992ж. 4 тамыз.-23 б.
- Оңтүстік Қазақстан. Р.Насыров. -Қайнар, 1990 ж.-37 б.
- Квартальников В.А. Туризм экскурсии, обмены Современная практика – М, 1993.
- Александрова А.Ю. Международный туризм. – М: Аспект-Пресс, 2001.
- Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. – М.: Учебное пособие, 1996.
- Папирян Г.А. Экономика туризма. — М.: Финансы и статистика, 1998.
- Энциклопедия туриста. — М., 1993.
- Алиева Ж.Н. Экологический туризм. — Алматы, 2002
- Биржаков М.Б. Введение в туризм. — М. — СПб.: Издательский Торговый Дом «Герда», 1999.
- 1992 ж, 2 шілдеде қабылданған «Тарихи мәдени мұраларды қорғау және пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
- Зайцев Г.Г., Файбушевич СИ. Управление кадрами в организации: персональный менеджмент. — СПб.: Издательство Санкт-Петербургского университета экономики и финансов, 1992.
- 1997ж, 15 шілдеде қабылданған «Ерекше қорғалынатын табиғи территориялары туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
- Исследование возможностей развития ТРЦ КАСКА – СУ Ленгрского района Чимкентской областей СССР.: Сараево Октябрь, 1990 год. -124 б.
- Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. Человек, стратегия, организация, процесс. — М.: Издательство МГУ, 1995.
- Нұрын шашқан Оңтүстік. – Шымкент, 2001ж. -2 б, -98 б.
- Менеджмент туризма: Туризм и отраслевые системы — М.: Финансы и статистика, 2001.
- Вудкок М., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер: для руководителя-практика. Пер. с англ. — М.: Дело, 1991.
- Нұрмұхамедов Н. Қожа Ахмет Яссауи мовзолейi. 1980
- Дастанов О. Әулие жерлер туралы шындық. А, 1967
- Қожаев М. Әзiрет Сұлтанның үш мәрi.: — Жiбек-Жолы 1991
- Акишев К.А., Агеева Е. Древние памятники Казахстана, А 1958
- Воронина В.Л. Колонны из Отрара: — Древности Казахстана. А 1975
- Энциклопедия. Тараз- 2000
- Қазақ ССР тарихы. II- том А 1983
- С. Байхонов. Табиғат қорғау. Алматы. »Қайнар», 1991
- С.Қаженбаев, С.Махмутов. Табиғат қорғау. Алматы: Ана-тілі, 1992
- Е. Мәмбетқазиев, Қ. Сыбанбаев. Табиғат қорғау. Алматы:.
»Қайнар» 1990
- Ж. Жатқанбаев. Экология негіздері. Алматы: »Зият», 2003
2.3 Оңтүстік Қазақстан облыс рекреация ресурстарын туристік іс-әрекеттерде пайдалану және туризм дамуының тұжырымдамасы
Оңтүстік Қазақстан өлкесі көне қалалардың, зиратханалардың, басқа да ертедегі тарихи және мәдени мұралар қалдықтарына өте бай. Осынау ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан өлке 2000 жыл бойы ұлы Жібек жолы бойымен жүріп өткен түйе керуендерінің куәсі болған. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи, сәулет ескерткіштеріне бай. Олар Қожа Ахмет Йассауи (Түркістан қаласы), Талих қожа, Әбділ Әзіз, Мірәлі баба, Қарашаш ана, Ибрагим ата (Сайрам селосында), мұражайлары Созақ ауданындағы Баба Түкгі Шашты Әзиз, Шаян селосындағы Аппақ Иман медресесі, Отрар ауданындағы Арыстан баб кесенесе және басқалар.
Оңтүстік Қазақстан орта Азияның нақ ортасына орналасқан, сол себебі онымен тарихи ғана емес, табиғи да ұқсастығы мол.
Оңтүстік Қазақстанда мекендеген адамдардың ұрпақтарына қалдырған материалдық байлықтары аз емес. Алайда бізге мұра болып қалған басты байлық-жер: аңызақ желмен есілген құмдар, жиегінене ақ таңдау соры шыққан кішкене көлдер, өзендер мен бұлақ бастаулардың жағасында иіле өскен сәлебі тал тоғайлары, сап-салқын тау орманы.
Оңтүстік Қазақстандықтар ата мекенін сақтап, өз еңбектеріне оның байлығын, мәртебесін арттыра түсіруде.
Республикадағы 10 қорықтың екеуі осы өлкеге орналасса, мұның өзі де табиғаттың Оңтүстік Қазақстан жеріне мейір шапағаттылығының белгісі, үлкен сыйы болса керек.
Қорық-епікімнің қолы тимеген әу бастағы табиғат аралы ғана емес. Оның эталоны, өсімдік және жан-жануар организмдері гинетикалық қорының қоймасы, табиғи лаборатория, табиғи ландшафттар ескерткіші.
Ақсу-Жабағылы-ЮНЕСКО биосфералық қорығының статусына ие болған Қазақстан мен Орта Азиядағы бірден-бір және әлемдегі алғашқы қорықтың бірі. Мұнда дала өсімдігі бай. Олардың емдік қасиеті бар. Көптен өсімдіктері Грейг қызғалдағы, дәлірек айтқанда, оның баданасы- экспорттық дүние ғана емес, ұлттық байлығымыз. Яғни Грейг қызғалдағы -«гүлдер патшасы».
– Шайқурай шипалық өсімдіктер, ол тоқсан тоғыз түрлі ауруға ем, шытыр (қазтабан), қызыл киік оты бұдан фармолоктар дәрі дайындайды.
Жабағылыда неше түрлі шөптер, зығыр, жалбыз, көлбақа, Тян-Шань шиесі, көктікен, итошаған, жабайы қарақат т.б. кездеседі. Сонымен қатар, құстары: ерсылар, Байғұс, бүркіт, бозторғай, қарабас торғай, көктеке т.б.
Аңдары қызыл кітапқа енген құрып бара жаткан Тянь-Шаньның қоңыр аюы, таутеке, арқар, марал, елік және жабайы шошқа, бұғы, ілбіс, т.б. қорғауға алынып мекендейді. Ақсу сайы да — табиғаттың бір керемет туындысы. Оңтүстік Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар ғажап әдемі жерлер көп ақ. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу сауықтыру, демалыс үйлер салынған. Минералды сумен емдейтін Сарыағаш, шипалы балшықпен емдейтін Жаңақорған және көптеген санаторийлер Бүргілік, Машат, жылы сумен емдейтін Белые воды, Лешинск (Қазығүрт) т.б. емдейтін емдік орынға бай.
Оңтүстік Қазақстан өлкесі ауа-райының қолайлығымен, байлығымен, қалалардың әсемдігімен, табиғатының сұлулығымен ауыздан ауызға тарады. Ұлы Жібек жолы басып өтіп, оның әсем табиғатын тамашалауды арман еткен каншама жићан кездер болды.
Қызылорда облысында Арал теңізіндегі орналасқан тағы бір қорық-Барсакелмес деп аталады. Бұл топонимнің Қазақстандағы басқа да көптген атаулар секілді, өзінің аңыздық астары бар. Аралдың Барсакелмесі жөнінде мынадай сөз айтылады. Бір замандарда, өткен ғасырда, бәлкім, одан бұрын болар бейбіт жатқан қазақ аулына жау шауып, ел қысты күні Аралдың мұзы үстімен теңізге сұғына кіріп жатқан құланды түбегінің ұзын кайыр мүйісінен қарағанда ашық күндері анық көрінетін жерге ел үдере көшеді. Бас сауғалап келген халық жап-жақсы қыстап шығады: түгіне тұяқ тимеген жайылымда мал тойынады, қар мен жоталар арасындағы жылғалар ауыз суға жарайды. Осыны көрген түздіктер келесі мұз қатқанша осында қала тұруды көздейді. Бірақ жазда сұмдық қуаңшылық болып, тұщы су көздері қаңсып қалады да адам да, мал да шөлден қырылды. Ал мұндай жерлердің бәрі ежелден-ақ Барсакелмес деп аталған. Осыдан ба, Барсакелмеске іс күзінде ешкім қоныстана қойған жоқ. Барсакелмес оқшау жатқандықтан өз табиғаты алғашқы күйін сақтап калған. Ол қорық үшін таптырмайтын жағдай.
Арал маңы-күні күйдіріп тұрған құмдық аймақ. Көктемде жайқала шығатын мортық сынды өлең шөптен жазда ағара, қураған сабағы ғана қалады. Тіпті әбден оңып кеткен сисадай аспанның өзі де ағарып кетеді.
Арал жағалауының тұз қоры кәсіпшіл адамдардың назарын аударады. Барсакелмес аралы өзіне Қазақстанның әр аймағына неғұрлым тән қасиеттерді жинақтаған. Ботаниктер мұнда өсімдіктердің 165 түрі бар екенін анықтаған. Олардың арасында сортаң женрлерде өсетін, артық түзды бөліп шығаратын ерекше бездері бар бірегей франкения, дәрілік қылша, рауғаш, қызғалдақтардың алуан түрлері, қазтамақ, парсы райханы бар. Көктемде және жаздың алғашқы жартысында сегізсай, қарағал сайлары, үлкен және кіші тұздыкөл, тұщықұдық өңірлері айрықша көрікті. Аралдағы тіршіліктің өзі де сол төңіректерге шоғырланған. Сексеуіл мен шөл сирені-жыңғыл тоғайларының арасында жыл бойы дерлік құлаш қостары мен мүйізді ақ бөкендер, киік жайылып жүреді. Барсакелместі қарақүйрықтың аса бір көрікті тұқымы ғазал мекендейді. Ғазалдың әсемдігінде дау жоқ. Барсакелмес бірегей түкпір. Мұнда кей кездері өзге өлкелерде кездеспейтін «құрғақ жаңбыр кереметінің» байқауы болды. Арал үстіне будақтаған жауын бұлты орнайды, күн күркірейді, найзағай ойнайды, ал бірақ жаңбыр жоқ, құп-құрғақ.
Арал тағдыры – ел тағдырына айналды. Өйткені су бассейні тарылып, бұрынғы кеме жүзген айдындар солып қалды. Теңіз түбі жалаңаштанып тұзды шақ борауда. Ол ең алдымен тұрғылықты халықтың денсаулығына үлкен қауіп тудыруда. Балалар мен әйелдердің арасында аурулар көбеюде. Соңғы кезде Арал өңірі экологиялық апат ауданына айналды.
Оңтүстік Қазақстан өткені шежіреге толы өлкенің күллі тарихын байлығын баяндап шығу мүмкін емес. Жібек жолының көптеген қалалардың, сауда-кәсіптік елді мекендердің керуен сарайлардың пайда болуы экономикалық жағынан гүлденіп, көркеюіне жеткізген. Тарихы аша отырсақ жібек жолында Тас қала Ташкенттің дәл өзі, Газгерд-Қазығұрт шәћары, Фарсалты біздің өлшемге аударсаңыз-жеті километр шамасы. Жай ғана арифметикалық есептеу арқылы ақ және Испиджабтың қазіргі Сайрам, Тараздың Жамбыл екенін есте ұстай отырып ақ орта ғасыр қалаларының бүгінгідей Оңтүстік Қазақстандағы қай елді мекендер екенін атап бере салуға болады. Мәселен, Құланды, Луговой селосының түбінен, Аспараны бұрынғы «Победа» колхозының орталық мекен жайының қасынан іздеңіз.
Бай елді мекен Мирки — бүгінгі Мерке. Мава мен Юран өзендері дегені, сірә Машат пен Сайрам болса керек.
Жібек жолының басты кереметі екі құрлық арқылы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына дейін созылған. Керуен тартқан сауданың сан ғасырлық даму барысында жолдың көп тармақты, жақсы ретке келтірілген желісі жасалды.
Оңтүстік Қазақстан деп аталатын өлкенің тарихы шынында да бай. Онда ерте замандардағы керуен соқпақтарының да, халықтың азаттық жолындағы күресінің де, революциялық жаңарудың да қилы қилы шежіресі жатыр.
Соның бірі Ащысай мен Дермене бұтағы. Дермене жусан өсетін жерде «Дермене» емдік совхозында ботаникалық қорық қалдырды. Осы «Дерменеден» өзге еш жерде дермене жусан табиғи жағдайда өсіп, өнбейді. АҚШ-та және Жапонияда дерменені мәдени дақылға айналдыру әрекеттері жасалынғанымен нәтижесіз аяқталды. Дермене жусан майы, тұндырмасы, дермене сығындысы (экстракт) және жасыл сұйық ботқасы көптген өсімдік қоспалардың құрамдас бөлігі ретінде ұсынылған. Жусанның иісі таңқаларлық өзгешелікке ие ол адамдарды түсініксіз көбінесе толқығыш сезімге бөлейді. Ащысай қорғасын кені. Соғыс жылдарда Шымкент қорғасын заводын шикізатпен қамтыған. Қазір қорғасын кеніші жоқ. Кең байтақ қазақ елінде ата тарихымыздың ұйып қалған өлкелері аз емес. Яғни Оңтүстік Қазақстан облысымыздағы Отырар ауданы көне қаланың орталығы болған – Отырар төбеге шығып, айналаға көз жіберген адамға, ең алдымен көк майса алқаптың ортасында үлкенді-кішілі күмбездерімен, бұрыштағы мұнараларымен жалпы сымбат-бітімімен бағзының көзі екенін байқатып тұрған қоңыр сарғыш түсті ғимарат ілігеді. Бұл сәулетті құрылыс – Арыстан баб кесенесі, Ұлы қаланың бір жұрнағы ретінде оны балалар тарихының ілкі куәсі деп түсінген адам қателеспейді. Күн демей, түн демей әулие қабіріне тәубе етуге күллі Кіндік Азия елдерінен ағылып келіп жатқан зияратшыларды көріп, Арыстанбабтың тарих төрінде алатын орны, сымбат-бітімі жағынан еш жерде қайталанбайтын кешенді кесене үлгісінің салыну шежіресі.
Түркістанда 14 ғасырдың аяғы-15 ғасырдың басында тұрғызылған және осы уақытқа дейін сақталған Ахмет Йассауи кесенесі бар. Сол кезден бастап қала түркі тілдес халықтарының діни орталығы болып келеді. 16 ғасырдан бастап Түркістан қаласы Сырдария өңірінің шаруашылық және мәдени орталығына айналады. Ол үнді, қытай сияқты Шығыс елдерінен Батысқа өтетін жолдың үстінде.
Оңтүстік Қазақстанның ежелгі қалалары Сығанақ, Аркун, Отырар, Сайрам ескі жұртқа айналды. Қазақстанның оңтүстігі ірі сауда экономикасы және діни орталық Ясы қаласы болды. Орталық Қазақстан далаларынан Орта Азиядан, Жетісудан және Сібірден келетін сауда жолдары осында тоғысқан: «Солтүстік жақтағы қазақ жерлерінен және Әлдіжанға апаратын жолдармен Қытай шекарасына дейін Ясыға (Түркістанға) тауарлар және сирек кездесетін заттар тасылады . Бұл әр түрлі елдердің көпестері үшін жүк түсіретін және алатын пункт, әр түрлі елдердің саяхатшылары үшін аялдайтын орын.
Бүгінгі таңда Ахмет Яссауи мұралары өз ұрпақтарына қайта қауышуда. Қазір бүкіл әлем назары біздің Оңтүстік Қазақстанға ауып отырса, бұл ең алдымен ұлы баба Ахмет Яссауидің арқасы. 1990 жылы халықаралық конгресс Яссауиге арналып, біздің Түркістанда өткізілді. Өзге де көптеген шаралар осында өтіп жүр. 1991 ж. Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы университет ашылды.
Қожа Ахмет Йассауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармасы «Даналық жайындағы кітап» (Диуани Хикмат)». Бұл кітап терең мұхиттың түбінен нұр шашқан асыл қазына. Бұл кітапты қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, шаруашылығына қатысты бағалы мәліметтер бар.
Қожа Ахмет Йассаудің көзі тірі кезінде-ақ бүкіл Түркістан өлкесінің халқы оны қатты қадірлеп, құрмет түткен, аруақты киелі адам деп есептеген. Осыған орай Ақсақ Темірдің әмірімен оның басына осы күнгі ғажайып ғимарат тұрғызылған.
Ахмет Иассауи өз шығармасын түркі тілінде жазған тұңғыш ақын. Оның мұрасы тек қазақ халқына ғана емес түркі тілдес елдерге ортақ. Ақынның адамдарды рухани тазалыққа, шындыққа, хақ жолына адалдыққа өмір бойы жетіле түсуге, дін ережелерін қапысыз меңгеруге, дүние қызығына алданып, әділдік жолына тоймауға, мейірімділікке, қанағатшылдыққа шақыруы қай заманның адамдары үшін де пайдалы.
Көп жылдар бойы Санкт-Петербургте жатқан тайқазанның Түркістанға оралуы да үлкен оқиға болды. Қазір біздің облыстың Түркістан қаласында қайта жандануы басталды. Ұлы бабамыз жатқан кесененің құрлысын қалпына келтіріп көркейте түсу үшін күш мүмкіндіктер қарастырылуда. Шет жұрттардан, туыстас Түркия елі тойға көмек көрсетіп биыл үлкен тойға, яғни Қожа Ахмет Яссауидің 1500 ж. дайындалуда.
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың бірі — Тараз. Онда сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Қарахан мазары, Айша Бибі күмбезі және Биба әже ғимараты.
Айша бибі күмбезі әшекейлі, қабырғасының ішкі беті кірпіштен, сыртқы беті күйдірілген құйма тастармен өрілген, олардың арасы әк қосылған балшықтан жымдастырып, арша ағашымен ұстатқан. Ағаштар жер сілкінгенде құлатпай ұстап тұруға арналған. Түрлі оюлар қазақ қолөнерінің таңдаулы үлгісін, бұл ою-үлгілер қазақ халқының бүгінгі өнеріне де әсемдік беріп. Оны байыта түседі.
Оңтүстік Қазақстандықтар ата мекенді ыждаћаттылықпен сақтап, өз еңбектерімен оның байлығын, мәртебесін арттыра түсуде.
Жерді, оның қойнауын, су ресурстарын, өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау тарихи, табиғи ескерткіштерді қорғау мен ғылыми негізінде тиімді пайдалану, ауа мен суды таза күйінде сақтау, жаратылыс байлығының өсіп өнуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны жақсарту талаптары Қазақстан конституциясында бекітілген.
Табиғатты бүлдірмей сақтап, келешек ұрпаққа тоздырмай, байлығын ортайтпай жеткізу үшін барлық адамдар бірігіп жұмыс істегені абзал. Себебі табиғат тағдыры-түптеп келгенде адам тағдыры.
3 ОБЛЫС БАҒДАРЛАМАСЫН Ж‡ЗЕГЕ АСЫРУДАН К‡ТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
3.1 Облыс баәдарламасындаәы атқарылатын іс — шаралар
Бағдарламада көзделген туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, қызметі ішкі және сырттан келу туризмінің дамуына бағытталған туристік бизнестегі субъектілер санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді, қазіргі заманға сай туризм инфрақұрлымының дамуына қолайлы жағдайлар жасап, туризм саласында жұмыс орнын көбейтеді. Бағдарламаны іске асыру-халықтың әр түрлі топтарына оның ішінде ересек жастағы адамдарға, жастар мен окушыларға сапалы туристік қызмет көрсстуге және демалыс орындарының жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызады.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында, облысымыздың аумағында келесі туристік объектілерді іске қосу жоспарлануда:
— 2003 жылдың төртінші тоқсанында шаңғы спортын, туризм және демалысты дамыту үшін Толеби ауданындағы «Тау самалы» лагерінің аймағында инфрақұрлымы дамыған қанатты- бугельді жолдың құрылысын аяқтау;
— 2005 жылы сырттан келу және ішкі туризмді дамыту үшін, Ордабасы ауданы және Арыс каласы Арыс өзені жағалауындағы демалыс аймағының құрылысын аяқтау;
— 2005 жылы аңшылық және экологиялық туризмді дамыту үшін, «Шошқакөл» аңшылық аумағында қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау;
— сауықтыру туризмін дамыту үшін, Бәйдібек ауданында «Ақтас Әулие» профилакторийін 2005 жылға қарай ашуды қарастыру.
Осы Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ішкі туризмдегі туристер саны 2003 жылы 200 000 адамнан, 2005 жылы 240 000 адамға, келу туризмінде шетел азаматтарының саны 5000 адамнан, 2005 жылы 10 000 адамға көбейеді деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысында сырттан келетін және ішкі туристер ағынын дамыту үшін 2003-2005 жылдары туристік ұйымдар туристік бағыттарды жаңартуды және сапасын жақсартуды, сондай-ақ туризмнің жаңа спорттық, аңшылық, экологиялық, қызық оқиғалы, экзотикалық және басқа да түрлерін кұруды жоспарлауда. [8]
3.2 Облыс бағдарламасын жүзеге асу барысына бақылау жасауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының жүзеге асу барысына бақылау жасауды ұйымдастыру және қамтамасыз етуді туризм саласындағы мемлекетгік уәкілетті орган — туризм және спорт департаменті тиісті мемлекеттік оргаңдармен, қала және аудан әкімдерімен бірлесе отырып жүзеге асыратын болады.
Кесте 3
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2003-2005 жылдарәа арналәан баәдарлама
(Туризмді дамыту жөніндегі нормативтік құжаттар Астана 2004ж. бойынша жасаләан)
к/с |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Орындалуына жауаптылар
|
Орындалу мерзімі |
Көзделетін шығындар (мың.тенге) |
Қаржыландыру көздері
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Туристік қызметті мсмлекеттік рсттеу және қолдау жүйесін дамыту |
||||||
1 |
Туристсргс медициналық кызмет көрсету және медициналық шұғыл жәрдем көрсетуді ұйымдастыру, шұғыл медициналық қызмет көрсету талаптарына сай келетін медицина мекемслсрін анықтау және сертификаттау жөнінде кешенді шаралар әзірлеу және жүзеге асыру |
Қазақстан Рсспубликасының туризм және спорт Агснттігінс ұсыныс
|
Туризм жәнс спорт департаменті, денсаулық сақтау департаменті
|
Маусым 2003ж.
|
— |
талап етілмейді
|
6 |
¦лы Жібск жолының тарихи орталықтарын қайта жаңғырту, туризм инфрақұрлымын дамыту жөніндс халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу |
Ақпарат
|
Туризм және спорт департаменті
|
III тоқсан 2004 ж.
|
1500,0
|
облыстық бюджет
|
7 |
Туризм саласын дамыту мәселелері жәнс тәжірибе алмасу бойынша шетел мамандарының қатысуымен семинарлар мен кездесулер өткізу |
Ақпарат
|
Туризм және спорт департаменті
|
Жыл сайын
|
400,0
|
облыстық бюджет
|
8 |
Экзотикалық туризм түрін дамыту мақсатында ат жәнс түйе шаруашылығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу |
Есеп беру
|
Ауыл шаруашылық департаменті, Төлеби,Отрар, Созақ аудандарының және Түркістан қаласының әкімдері |
Тамыз жыл сайын
|
Жыл сайын бөлінетін қаржы шегінде
|
жергілікті бюджет
|
2 Туризм инфрақұрлымын дамыту |
||||||
10 |
Жібек жолының тарихи орталықтарының және Оңтүстік Қазақстан облысының туристік инфрақұрлымын дамыту (календарлық жоспарға және техникалық тапсырысқа сәйкес) жобасын әзірлеу |
Ақпарат |
Туризм және спорт департаменті, қаржы және коммуналдық меншік департаменті |
2004 жыл. 2005 жыл. |
800,0 1000,0 |
Облыстық бюжет |
12 |
Арыс өзенінің жағалауында демалыс аймағының құрылысы бойынша Мәселелерді (Арыс қаласы жәнс Ордабасы ауданы) шешу |
Есеп беру
|
Арыс қаласының, Ордабасы ауданының әкімдері
|
Жыл сайын желтоқсан
|
Жыл сайын Бөлінетін қаржы шегінде
|
облыстық бюджет
|
13 |
Аңшылық, экологиялық және т.б.б туризмді дамыту үшін, Отырар ауданындағы «Шошқакөл» аңшылық аумағында қайта орнына келтіру жұмыстарын жүргізу |
Ақпарат
|
Отырар ауданының әкімі, көлік және коммуникация басқармасы, саулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы, туризм және спорт департаменті |
Жыл сайын
|
Жыл сайын Бөлінетін қаржы шегіндс
|
облыстық бюджет
|
14 |
Ішкі жәнс сырттан келу туризмін дамыту үшін Түлкібас ауданындағы Ақсу-Жабағлы қорығын, Толеби ауданындағы «Альтекс» СТФ-сін жәнс Шардара ауданындағы Шардара суқоймасын қолдану |
Ақпарат
|
Түлкібас, Төлеби және Шардара аудандарының әкімдері, туризм және спорт департаменті
|
Жыл сайын
|
Жыл сайын белінетін қаржы шегігіде
|
жергілікті бюджет
|
15 |
Шардара суқоймасы (Шардара ауданы), «Қызылкол» көлі (Созақ ауданы) демалыс аймағының инфрақұрлымын дамыту үшін қаражат болу |
Есеп беру
|
Туризм жәнс спорт департаменті
|
2004 жыл
|
50000,0 50000,0
|
облыстық бюджет қаржысы
|
16 |
Қарнақ елді мекеніндегі туристік кешен, 6-19 ғ.ғ тарихи орталықтарын (қалашық, дәстүрлі құрылысы, ІІІамет Ишан мешіті) зерттеу, жөндеу және көркейту |
Ессп беру
|
Кентау қаласының әкімі
|
Қараша 2004 жыл
|
Жыл сайын Бөлінетін қаржы шегіндс
|
жергілікті бюджет
|
17 |
Сайрам елді мекеніндегі мүнәжат ету орталықтарын (6-19 ғ.ғ қалашық, кесене, мұнара, дәстүрлі құрылысы) қалпына келтіру жәнс көркейту |
Ессп беру
|
Сайрам ауданының әкімі
|
Желтоқсан 2004 жыл
|
Жыл сайын Бөлінетін қаржы шегінде
|
жергілікті бюджет
|
18 |
Қазығұрт ауданындағы «Исмаил-ата» кесенесін реконструкциялауды аяқтау жәнс оны «Жібск Жолы» бағдарламасы бойынша туристік объсктілер тізбесінс енгізу |
Акарат
|
Қазығұрт ауданының әкімі
|
Желтлқсан 2004ж.
|
Жыл сайын Бөлінетін қаржы шегінде
|
жергілікті бюджет
|
19 |
«Шымкент» қонақ үйін реконструкциялауды және күрделі жөндеуді аяқтау |
Ақпарат
|
Шымкент каласының әкімі
|
Қараша 2004ж
|
Жыл сайын Бөлінетін каржы шегінде |
жергілікті бюджет
|
20 |
“Саяхат” қонақ-үйін күрделі жөндеуді аяқтау |
Ақпарат |
Шымкет қаласының әкімі |
Желтоқсан 2005 ж. |
Жыл сайын Бөлінетін каржы шегінде |
жергілікті бюджет
|
21 |
Төлеби ауданының “Біркөлік” санаториясын реставациялау және күрделі жөндеу, оны Батыс Тянь-Шань бөліктеріндегі емдік-сауықтыру орталық ретінде қлдану |
Есеп беру |
Денсаулық сақтау департаменті, Төлеби ауданының әкімі |
Жыл сайын |
Жыл сайын Бөлінетін каржы шегінде |
жергілікті бюджет
|
22 |
Шымкент қалашығы облыстық мұражайының сәулет-археологиялық қорық аймағын зерттеу, реставрациялау, мұражайландыру және көркейту (Хурлук, б.э.д. 4-19 ғ.ғ.) |
Есеп беру |
Шымкет қаласының әкімі |
Желтоқсан жыл сайын |
Жыл сайын Бөлінетін каржы шегінде |
жергілікті бюджет
|
23 |
Шымкент – Алматы басты автотрассасынан туристік обьектке (Сталактит үңгірі) дейін 3 км автомобиль жол салу |
Есеп беру |
Түлкібас ауданының әкімі |
Қазан 2004 ж. |
Жыл сайын Бөлінетін каржы шегінде |
жергілікті бюджет
|
24 |
Бәйдібек ауданындағы “Ақтас-Әулие” профилакторийін салу және көркейту жөніндегі мәселені шешу |
Есеп беру |
Бәйдібек ауданының әкімі |
Жыл сайын |
Жыл сайын Бөлінетін каржы шегінде |
жергілікті бюджет
|
3. Туристік өнімге маркетииг жүргізу жәнс өткізу |
||||||
31 |
Стамбул қаласындағы (Түркия) СМІТТ Шығыс-Жерортатеңіздік туристік көрмеге қатысу |
Есеп бсру
|
Туризм және спорт департаменті |
Ақпан жыл сайын 2004ж. 2005ж. |
1000,0 2000,0
|
облыстық бюджет
|
32 |
Берлин каласындағы (Германия) ІТВ Халықаралық туристік биржасына Қатысу |
Есеп беру
|
Туризм және спорт департаменті
|
Наурыз жыл сайын 2004ж. 2005ж. |
1000,0 1200,0
|
облыстық бюджст
|
33 |
Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) «Туризм және саяхат'» Мәскеу халықаралық көрмесіне қатысу |
Есеп беру
|
Туризм және спорт дспартаменті
|
Сәуір жыл сайын 2004ж. 2005ж.
|
800,0 1000,0
|
облыстық бюджст
|
34 |
Алматы қаласындағы «Туризм және саяхат» Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысу
|
Есеп беру
|
Туризм және спорт департаменті
|
Сәуір жыл сайын 2003ж 2004ж. 2005ж.
|
500,0 600,0 700,0
|
облыстық бюджет
|
35 |
Ташкент қаласындағы ( Өзбекістан Республикасы) ТІТҒ халықаралық туристік жәрмеңкесінс қатысу
|
Есеп беру
|
Туризм және спорт департаменті
|
Қазан жыл сайын 2003ж. 2004ж. 2005ж.
|
100,0 400,0 500,0
|
облыстық бюджет
|
36 |
Мадридтік ҒІТІЛІ халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысу (Испания) |
Есеп беру
|
Туризм және спорт департаменті |
Қаңтар жыл сайын 2004ж. 2005ж. |
850,0 1000,0
|
облыстық бюджет
|
37 |
Лондон каласындағы (¦лыбритания) Дүниежүзілік туристік биржаға катысу |
Есеп беру
|
Туризм және спорт департаменті |
Қараша жыл сайын 2003ж. 2004ж. 2005ж. |
1200,0 1600,0 1700,0
|
облыстық бюджет
|
38 |
Туризм түрлері және ¦лы Жібек жолы трассасының Оңтүстік Қазақстан бөлігі туралы журналдар, жарнамалық буклеттер, проспекттер шығару. |
Ақпарат
|
Туризм және спорт департаменті
|
2003ж. 2004ж 2005ж
|
2000,0 4000,0 6000,0
|
облыстық бюджет
|
Бағдарламаның орындалу барысы туралы тоқсан сайын бір рет есеп беріледі. Есепте Бағдарлама іс-шаралары жоспарының орындалуы, сондай-ақ қарастырылған іс-шаралардың орындалмау себептері толығымен көрсетілуі керек.[8]
Сараптап айтсақ облыста туризмді дамытудың 2003-2005жж арналәан жоспарында бір қалыпты жүйе байқалады. Атап айтса Туристердің қажеттіліктерін байланысты көптеген мәселелер шешілген. Қызмет көрсету сапасын жоәаылату, облыста және облыстан тыс жерлерде оларды қабылдау туралы, туристерге медициналық көмек көрсету жақтары қарастырыләан. Сонымен облыста туризмнің бір қалыпты дамуына көптеген шаралар ұйымдастыру байқалады.
Кіріспе
Дипломдык жүмыстын өзекгідііі Тәуелсіз мемлекеттердің жаңа
экономикалық қарым-қатынаска түсуі Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің барлық салаларын дамытуға көмегін тигізді. Жаңа шартгар бойынша шаруашылық комплекстің құрылымы өзгерді, нарыктық принциптерге негізделген қызметтің әлеуметтік сферада мүмкіндігі кеңейді. Олардың бірі — соңғы кездері барлық елде дамып келе жатқан туристік сфера. Қазақстан Республикасында туризмнің біртүгас накты жүйесі әлі дүрыс қалыптасқан жоқ. Бүл негізінен, басқасын айтпағанда, мынадай үш себепке байланысты: біріншіден, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына туризм кірген жоқ. Екіншіден, осы уақытқа дейін мемлекетте туризмді дамытуға көмек беретін, ғылыми жағынан қамтамасыз ететін құрал болмады. Қазақстанның туризмді дамытуға қолайлы мүмкіндігі бағаланған жоқ. Үшіншіден, осы салаға байланысты кадрларды дайындаудың нақгы жүйесі болмады. Туризм, шаруашылықгың басқа салалары сияқгы, бірнеше өзіндік ерекше функцияларды атқарады. Олар: емдеу, спорттық-сауыктыру, танымдық және т.б. Оның әркайсысы табиғи ресурстарды пайдалануға, өзінің дамуында техникалық және әлеуметтік инфраструктураға, белгілі бір еңбек ресурстарының потенциалына бағдарланған, сонымен қатар олардың әрқайсысы шаруашылықгың белгілі бір саласына эсер етеді. Туризмнің әрбір жеке салалары бір-бірін толықгырып отырады. Туризм көне заманнан б.з.д. аралықга халықгың даму тарихындағы салалардың бірі болғаңдықтан, тарихи ескерткіштер,бабалар мүрасы және бертін келе салынған немесе салынып жатырған туристік обьектілер мен табиғат байлығын тиімді пайдалану халыктың, жалпы республиканың
әлеуметтік-саяси,экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
4Зерпеу объектісі.Казақстанның Оңтүстік аймағындағы туризмді дамытуда кездесетін кейбір мәселелер.
Зерттеудш, мяксаты мен міндеттері. Өркениетті елдерде туристік қызметке ерекше көңіл бөледі. Қазақстан Республикасының басқа аймақгарымен салыстырғанда оңтүстік аймағында туризмнің барлық түрлерін дамытуға мол мүмкіндіктер бар. Соны пайдалана отырып, ел экономикасын жақсартуға болады. Егер Қазақстан туристік елге айналса, шетелдік туристер елімізді үнемі қаржымен қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығының, тамақ, қағаз өндірісінің, күрылыс саласының дамуына, гүлденуіне ықпал ететін бірден-бір табыс көзіне айналар еді. Мысалы, Гималаи етегінде орналасқан Непал мемлекетінде ешбір өндіріс орындары жоқ. Табыс тек туризмнен келеді. Халқы да келген туристерге қызмет ету арқылы күн көреді.
Жалпы Қазақстанды туристік елге айналдыру үшін дипломдық жұмыста туризмді дамытуға қолайлы аудандар берілген. Соның ішінде Қазақстанның Оңтүстік аймағында тау, өзен, тарихи ескерткіштер бар. Тек осы байлыкты пайдалану үшін белгілі бір тиімді жоспар болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың алға қойған мақсатына қарай төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс:
— Қазақстанның Оңтүстік аймағында туризмді дамытудағы факторлар мен алғышарттарды, туризмнің қазіргі жағдайын анализдеу;
— Қазақстанның Оңтүстік аймағында туризмнің даму көрінісі бойынша үсыныстар жасау және мәселенің мәнін ашу. Зщіттеудің__жаңалътғь . Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы
туризмді дамытуда кездесетін мәселелерді шешуге болатындығы.
Зёрхгеудің__практикалътқ күндътлъттът. Қазақстанның Оңтүстік
аимағында туризмді дамытуда кездесетін кейбір мәселелер
5 J італқыланған кезде аса маңызды, қызықгы маршруттар ұйымдастыруға, туристік обьектілерді салуға ыңғайлы аудандарды талқылаған кезде кеңес ретінде қодданылады. Туризмді жоспарлау және туризм инфраструктурасы пәндерінен лекция оқыған кезде пайдалануға болады,
Зерце^ жүмътсътнътн___күрылымы, Кіріспеден, негізгі үш
тараудан, қосымшалар мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І-тарауда жалпы туризмнің даму тарихына шолу жасадық және туризм индустриясының ұлттық бағдарламасын негізге ала отырып, Оңтүстік Қазақстан аймағындағы негізгі туристік аудандарды кеңінен талқыладық. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан аймағындағы табиғи ескерткіштердің аттрактивтілігі сөз болады. II-тарауда Оңтүстік Қазақстанда туризмнің дамыған және дамытуға болатын түрлерін айта келіп, туризмді дамытудың негізі мен мәселелері , соның ішінде, туризмнің дамуына кедергі болатын және мүмкіндік туғызатын факторлар жеке-жеке қарастырылған. Ал III — тарауда туризмнің қазіргі жағдайын анализдей отырып, аддыңғы тарауларда қарастырылған мәселелерді шешу жолдары ұсынылады.