МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………
- МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Мелекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары………..
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы…..
- ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІШКІ САЯСАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ.
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы…………………………………………………………………………………………………..
2.2 Облыстағы оқу орындарының ахуалы……………………………………………………
- ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ДАМЫТУДЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ БАҒЫТТАРЫ.
3.1 Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау………..
3.2 Оқу орындағы келеңсіздіктерді тиімді шешу………………………………………….
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………….
КІРІСПЕ.
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы — тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын — ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? »Қорқамын кейінгі жас балалардан» деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол «ересектеріміздің» өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі — бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?
Осынау сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызықта таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз: қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. Дәл осы тұста оқырман назарын мынаған аудара кеткім келеді: XX ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған XXI ғ. — бүгінгі таңдағы жастар арасында, жер мен көктей демей-ақ қояйын, бірақ елең етерліктей айырмашылық еріксіз қайран қалдырады.
Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы жастар »жарқын болашақ» — коммунизмді орнату идеясына алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты айқындайтын біртұтас құндылықтың негізі мықтап орныққан-ды. Дәлірек айтқанда, ол заманда жас ұрпақтың рухани әлемі еңбек үстінде қалыптасты. Ұжымдық өмір қауымдастық қатынастың өзіне тән көрінісі, әрі сапалық белгісі, әрі принципі ретінде тек біріккен қоғамдық пайдалы еңбек жағдайында жүзеге асты.
Бір жағынан, жастардың алдыңғы қатарлы отряды, анағұрлым белсенді және саналы бөлігі комсомол маңына топтастырылды; екіншісі, әлеуметтік тұрғыдан енжар, әлі ұйым ықпалына түсе қоймаған азын-шоғыр жасөспірім жеткіншектер ержетіп келе жатты.. Ал әлгі енжар, сүлесоқ жастардың тұрақты қоғамдык тапсырмасы болмайтын және олар үшін қоғамдық-саяси өмірдің, бары да, жоғы да бірдей еді. Сол жылдардағы жастар өздерінің еңбегі неғұрлым жемісті болса, соғұрлым жақсы өмір сүретіндіктерін жанымен ұғынатын.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
- Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
- Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
- Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
- Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
- Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
- Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:
- • жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
- • өркендеу мен жаңашылдық;
- • тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
- • жалпыға ортақтық — барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
- • жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
- • жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.
Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заң –намалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
- Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
- Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
- Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
- Жас таланттарды қолдау мен шыңдау.
- Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
- Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Мемлекеттік жастар саясаты Конституцияда және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген жас адамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық, жеке құқықтары мен бостандықтарын толықтануға негізделеді.
Заңда белгіленген тәртіптен тыс жас азаматтың қайсыбір бостандықтары мен құқықтарына шектеулер енгізуге, өзге жастағы азаматтар міндеттерімен салыстырғанда қосымша міндеттер жүктеуге жол берілмейді.
18 жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған тұлғалар мемлекетгің айырықша қамқорлығында болуға тиіс. Бұл ретте мемлекет кәмілетке толмағандардың жастығына орай өз әрекеттеріне толыққанды баға бере алмайтындығын, мұның өзі олардың қосымша құқықтар мен заңдық жауапкершіліктер алу мүмкіндіктерін шектейтіндігін басшылыққа алады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық Әділет жүйесін (мамандандырылған соттар, жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу орындары т.б.) қалыптастыру қажет. Атқарушы билік жүйесінің барлық деңгейіндегі тиісті құрылымдар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, бетімен кетушілік пен өзге де тәртіп бұзушылықтың алдын алу, жетім балалардың, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жартыкеш және сәтсіз отбасылардан шыққан балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ауқымындағы кешенді шараларды үздіксіз жүзеге асырып отыруы тиіс. Ювеналдық Әділеттің қалыптасуы, жастарға арналған әлеуметтік қызмет мекемелерінің дамуы қоғам тұрақтылығын нығайтумен қатар, жастар ортасындағы түрлі шиеленісті төмендетіп, қоғамның жастар арасындағы құбылыстарға айтарлықтай белсенді ықпал етүіне мүмкіндік береді.
Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін дарытуды көздейді.
БІЛІМ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕПІЛДІКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ұйымдарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді; жазасын өтеу орнынан оралғандарды; сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын; запасқа шыққан әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын көздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде, жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруді талап етеді.
Мемлекет, меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың жас мамандарды жұмысқа алуы мен жұмыс орындарын өсіруге мүдделілігін арттыруда; оларды қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен өткізуде; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдықтарын ескере отырып, жастарға кәсіби тұрғыдан бағдар беретін мемлекеттік жүйені дамытуда қосымша ынтаны кеңінен пайдаланатын болады.
Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасу басымдығы олардың шағын және орта бизнес саласына белсенді араласуын, жас кәсіпкерлерді, әсіресе, фермерлерді, селолық өндірісшілерді оқыту мен қолдауды көздейді.
Жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекеттік сүйемелдеу саясатын, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді түрде жүргізу керек.
Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолданатын болады. Оқушы жастарға кәсіби бағыт беретін, қазіргі талаптарға сәйкес жастарды уақытша және қосымша жұмыспен қамтитын жүйе жасалатын болады.
ЖАСТАРДЫҢ КӘСІПТІК, РУХАНИ ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
Жастардың тән, жан саулығы — елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою — мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.
Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажет.
Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға — Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.
Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды материалдық қамтамасыз етуге, білімінің мектептерден, студенттік оқу мекемелерінен тыс жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу — әдіс-тәсілдемелік құралдарын, көркем әдебиеттер шығару, оқу орындарын компьютерлендіру, дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын жасау, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, қазақ тілін оқытып-үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады.
Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу ісінде оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт. Осы мақсатта жастар арасына діни-экстремистік көзқарастардың еніп кетуінен сақтау тетіктері жасалуы керек.
ЖАС ТАЛАНТТАРДЫ ҚОЛДАУ МЕН ШЫҢДАУ
Мемлекет дарынды тұлғаның аса зор қоғамдық маңызын, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай жасауды басшылыққа алады.
Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық қуатын сақтау мен дамыту, жастардың дербес шығармашылық дамуына жағдай жасау жас таланттарды қамқорлығына алған мекемелер мен кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға, қайырымдылық қорларына, өзге де қорларға, жеке тұлғаларға экономикалық жағынан қолдау көрсетуді, дарынды жастарға стипендиялар, жүлделер, жәрдемақылар тағайындауды; жастардың шығармашылық, жаңашылдық қызметіне мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Дарынды жастарды қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясаты елдегі жалпы адам ресурстарын дамытудағы саясатпен қанаттас жүргізіледі.
ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру мен соңыра толыққанды тіршілік жасауына жағдай жасаудан тұрады.
Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету женінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады.
Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық түралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын құру, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жәнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізу ұсынылады.
Қоғам мен мемлекет тарапынан жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша көңіл бөлінуге тиіс.
Жастарға әлеуметтік көмек көрсету балаларға, жастарға жұмысқа тұру, денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында, мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретіндегі жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, уақытын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған.
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін, оның ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құруды кеңейтеді.
ЖАСТАР МЕН БАЛАЛАР БІРЛЕСТІКТЕРІН ДАМЫТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ
Мемлекет қызметі жастардың қоғамдық — саяси процестердегі рөлін көтеруге, демократиялық, азаматтық қоғам құруға жәрдемдесетін үкіметтік емес жастар мен балалар ұйымдарын дамытуға және олармен ынтымақтасуға мүдделі.
Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын қолдау мен ынталандыру демократиялық мәдениет деңгейін көтеруге, отаншылдық сезімін, жетекші сапасын тәрбиелеуге жәрдемдеседі, жастарды әлеуметтендіру процесіне оң ықпал жасайды. Тек қоғамдық ұйымдар жүйесінде ғана жас ұрпақтың экономикалық, жаңашылдық, шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруы ушін барынша қолайлы жағдайлар қалыптасады.
Қолданыстағы заңдарда балалар мен жастар бірлестіктерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық қызметтің айрықша түрлерінің ұйымдары ретінде жастар мен балалар бірлестіктерінің мәртебесі айқындалатын болады.
Барлық жастар және балалар бірлестіктері мемлекеттік қолдауда тең мүмкіндіктерге ие. Балалар және жастар бірлестіктеріне мектептердің, мектептен тыс мекемелердің, мәдениет мекемелерінің үй-жайлары, спорттық және өзге де құрылымдар берілуге тиіс.
Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде өткізілетін шараларды қаржыландыруда жастардың әлеуметтік жағынан аса маңызды қоғамдық бастамаларына басымдық берілетін болады.
Жастар мен балалар бірлестіктерінің қызметін қолдау оларды халықаралық жастар ынтымақтастығына, халықаралық жастар алмасуына енгізуді көздейді.
Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын дамыту және көтермелеу үшін өкілетті орган жанынан Жастар ұйымдарының кеңесін құру жөн болады.
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жастар — Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары;
2) жас отбасы — ерлі-зайыптылардың екеуі де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесір әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтін толық емес отбасы;
3) мемлекеттік жастар саясаты — мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;
4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым — жастар тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеу, дене тәрбиесі, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі;
5) жастарға арналған әлеуметтік қызметтер — жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтік бейімделуіне және оңалуына жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;
6) жастар ұйымы — негізгі мақсаты әлеуметтік, мәдени, білім беру міндеттерін және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған өзге де міндеттерді шешу, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылатын, мүшелері (қатысушылары) жастар өкілдері болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бірлестік нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;
7) жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі -уәкілетті орган) — берілген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік жастар саясатын үйлестіруді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдары
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
- Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары, міндеттері және принциптері
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рүхани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, үйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру болып табылады.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты:
1) ерекше әлеуметтік — демографиялық топ ретінде жастардың мүдделері мен; қажеттіліктерін тану;
2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;
3) тән саулығын сақтау және нығайту;
4) адамгершілік және рухани даму;
5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
6) азаматтықты қалыптастыру;
7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру;
8) жастардың проблемаларын шешудегі жүйелілік пен кешенділік;
9) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға жастардың тікелей қатысуы принциптеріне негізделеді.
4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыреті
- Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік жастар саясатын әзірлейді;
2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды бекітеді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
3) уәкілетті органның функцияларын, өкілеттігі мен құрылымын бекітеді;,
4) мемлекеттік жастар саясаты саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органын құрады.
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіреді;
3) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
4) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органының қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Өзге орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
3) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді.
- Жергілікті өкілді атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
- жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың жай-күйі туралы есептерін тыңдайды.
Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
1) өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) жастар саясатының өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады және оларды қаржылаи қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
3) өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органдарын құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
5-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:
1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
4 ) жас отбасыларын мемлекеттік қолдау;
5) жастардың тегін орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
7) балалар үйлерінің мүгедек және тәрбиеленуші жастарының құқықтары мен әлеуметтік қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету;
8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тілді дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
11) әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;
12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау;
14) жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;
15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады.
6-бап. Жастардың әлеуметтік құқықтары
Қазақстан Республикасында жастардың:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік оқу орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін жоғары және орта кәсіптік білім алуға;
3) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;
4) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін қала аралық темір жол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңінде жеңілдікпен жүруге;
6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмаған адамдарға арналған арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлық, құмарлық, маскүнемдік дертінен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға;
8) білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік стипендия алуға;
9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кәсіби білім ақысын төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетін сатып алуға жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге мемлекеттік білім кредиті мен студенттік кредитті алуға әлеуметтік құқықтары бар;
10) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.
7-бап. Жастардың саяси кұқықтары мен бостандықтары
Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан
Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде көзделген Орталық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады.
8-бап. Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктері, олардың тұрғын үй проблемаларын шешуге жәрдемдесу
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты еңбек және жұмыспен қамту саласында:
1) жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту;
2) жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің қызметін ұйымдастырушылық жағынан қолдау;
4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жастардың еңбек бірлестіктерін құру және қызметін ұйымдастыру, соның ішінде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасының жастарына:
1) жұмысқа орналасуға, кәсіби даярлануға, біліктілігін арттыруға жәрдемдесуге;
2) мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге;
3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткізуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге кепілдіктер беріледі.
- Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік колдау
- Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледі.
- Қазақстан Республикасы жастардың кәсіпкерлік қызметін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөніндегі шаралар жүйесін белгілейді.
- Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік қолдауды пайдаланатын тұлғаларға:
1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жастар;
2) жастар ұйымдастырған шаруа (фермер) қожалықтары;
3) қызметкерлерінің жалпы санының кемінде жетпіс процентін өздерінің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар жатады.
- Жастардың кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік қолдау:
1) бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беруді іске асыратын оқу орындарының оқу-өндірістік базасында жастардың кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жәрдемдесуі;
2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын кәсіпкерлік қызметке тарту;
3) жастарға кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту, шарт негізінде оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
4) жастар кәсіпкерлігін қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
5) белгілі бір жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға келісімдер жасасу мақсатында мемлекеттік органдардың осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
- Мемлекет жастардың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердің, білім берудің, денсаулық сақтаудың түрлі салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге жәрдемдесетін кәсіпкерлерді көтермелейді.
10-6ап. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау
- Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді, бекітеді, іске асырады.
Жас отбасыларын мемлекеттік қолдау саласындағы салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастыру мен іске асыру жас отбасыларына қатысты мемлекеттік қолдау шаралары белгіленетін олардың әлеуметтік қажеттіліктерін талдау негізінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған шаралар жас отбасыларына әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиісті білім беру, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, консультациялық, соның ішінде балалардың денсаулығын сақтауды, оларды тәрбиелеуді және дамытуды, жастлрды әлеуметтік қорғауды, бейімдеуді және оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да қызметтер көрсетуге бағытталған.
- Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік қолдау:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына жеңілдікті кредиттер беру;
2) оқу орнының әкімшілігімен келісім бойынша студенттер мен оқушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшін оқу сабақтарына еркін қатысуға, баланың бір жарым жасқа толуы кезеңіне академиялық демалыс алуға құқық беру;
3) отбасылық өмірдің проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелері бойынша консультация беру жүйесін дамыту;
4) әлеуметтік қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың жүйесін дамыту;
5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесін сақтау және дамыту;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жас отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде білім беру ұйымының жатақханасында бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жай беру;
7) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
11-бап. Талантты жастардың мемлекеттік колдау
- Қоғамның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту, Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жастардың талантты және дарынды өкілдерін қолдау және олардың жемісті қызметі үшін жағдайлар жасау жөніндегі шаралар жүйесі жүзеге асырылады.
- Талантты жастарды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республика-сының мемлекеттік органдары көрсетеді және ол:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен талантты жастар үшін сыйлықақылар, стипендиялар белгілеу, мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім кредиттерін беру;
2) ғылымның, мәдениет пен өнердің аса көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық шеберханаларын, мектептері мен бірлестіктерін құруға жәрдемдесу;
3) жалпы білім беретін мектептерде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің қызметін ұйымдастыру;
4) аса дарынды және талантты жастарды анықтау жөніндегі орталықтарды құру және дамыту;
5) жастардың шығармашылық жетістіктерін анықтау және тарату мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдар, байқаулар, концерттер, симпозиумдар, оқулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу арқылы, халықаралық жастар алмасуларын ұйымдастыру;
6) дарынды және талантты жастардың шетелдердің білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқыту, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына конкурстық негізде қол жеткізуін қамтамасыз ету;
7) ғылыми-мәдени жұмысты жүргізу үшін жас ғалымдарға, мәдениет, өнер мен білім қайраткерлеріне жағдайлар жасау, жас ғалымдардың әзірлемелерін нақты қолданысқа енгізуге жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасынан шыққан зияткерлік кадр ресурстарын сақтау және дамыту;
8) спорт мектептерінің, клубтарының желісін дамыту, спортта дарынды жас спортшыларды қолдау, жастар арасында спорт жарыстарын өткізу;
9) талантты жастарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғаларды моральдық көтермелеу арқылы жүзеге асырылады.
12-бап. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары халықаралық жастар ынтымақтастығына:
1) халықаралық жастар алмасулары туралы келісімдерді жасасу және іске асыру, жастарды халықаралық бағдарламалар жүйесіне енгізу;
2) жастардың халықаралық ынтымақтастығы саласында халықаралық жастар алмасуларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ақпаратты алуға, құжаттарды әзірлеуге және әріптестерді іріктеуге көмек көрсету жолымен жәрдем көрсетеді.
- Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады.
3-тарау.
Мемлекеттік жастар саясатын калыптастырү және іске асыру
13-бап. Мемлекеттік жастар саясатын қаржымен қамтамасыз ету
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты:
1) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті мүліктік жарналары;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
- Республикалық және жергілікті бюджеттерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін жыл сайын қаражат көзделеді.
Қаржы қаражатының есептік көлемі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстарды есепке ала отырып айқындалады.
- Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберіндегі Іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.
14-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жасгардың қатысуы
- Жастар Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және жүргізуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды іске асыру, орталық және жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасау, жастар үйымдарының аталған органдармен өзара іс-қимыл жасауы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де нысандарда қатысады.
- Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнінде жастардың, жастар ұйымдарының мемлекеттік органдарға енгізетін ұсыныстарын мемлекеттік органдар өз өкілеттіктеріне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қарайды.
Егер аталған ұсыныстарды қарау үшін қаржы қаражатының есебі, ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзірлеу қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар ақпараттық көмекті жүзеге асырады және аталған ұсыныстарды енгізген жастар мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерімен консультациялар жүргізеді.
- Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру саласында консультациялар мен іс-қимылдарды үйлестіру үшін жастар ұйымдарын олардың келісімімен тартуға құқылы.
Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іс-шаралар жоспарлары шеңберінде белгілі бір жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық – кеңесші органдардың құрамына кіруге құқылы. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін консультациялық-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
- Жастарды мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тарту мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, екі жылда кемінде бір рет жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын -Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерінің форумын шақырады.
Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын өткізу тәртібі, өкілдік нормалары уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы туралы ережемен белгіленеді.
- Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы өз құзыреті шегінде жастарға үндеу қабылдай алады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру түралы ұсынымдар әзірлей алады.
15-бап. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер
- Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
- Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
- психологиялық — педагогикалық, медициналық — әлеуметтік, заңдық көмекті жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;
- өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;
3) жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
4) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
5) мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;
6) жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлықтан, құмарлықтан, маскүнемдіктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру (оңалту);
7) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
8) жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру, соның ішінде жасөспірімдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегі басқа да функциялар;
9) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.
- Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін көзделген мемлекеттік бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
- Әлеуметтік қызметтердің жастарға арнап мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметі шеңберінде көрсететін әлеуметтік қызмет көрсетулері тегін ұсынылады.
16-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастәр саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми негіздеу
- Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, денсаулығын сақтауға, білім алуға, әлеуметтік қызметке, кәсіптік бағдар алуға, жұмысқа орналасуға, демалуға, әлеуметтік оңалуға, жас отбасыларын қолдауға құқықтарын іске асыру мүмкіндіктері туралы, жастар ұйымдарымен ынтымақтастық нысандары және Қазақстан Республикасындағы ічемлекеттік жастар саясаты саласындағы басқа да құқықтарды іске асыру туралы жастарды хабардар ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Бұл мақсатта жастарға арналған ақпараттық жүйелерді, ақпарат орталықтарын құру арқылы жастарға ақпараттық қызмет көрсетуді кеңейту үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар жастарды, жастар ұйымдарын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жоспарланатын және жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге міндетті.
- Мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер ұйымдастырады. Аталған зерттеулер ұзақ мерзімдік негізде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу кезінде ескерілетін міндетті шарт болып табылады.
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы зерттеулердің нәтижелері негізінде уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тиісті шешімдер қабылдау үшін қарайды.
17-бап. Жастарға арналған әлеуметтік инфракұрылым
- Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
- Мемлекеттік органдардың жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешімдерді қабылдау тәртібі жастардың тіршілігін, білім алуы мен тәрбиесін, дене тәрбиесін, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшін мұндай шешімдерді қабылдаудың салдарын тиісті мемлекеттік органның немесе органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөніндегі іс-шараларды көздейді.
- Мемлекеттік меншік мүлкі болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлік (соның ішінде жер учаскелері, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жабдық) аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдаланылуы мүмкін.
Егер туындаған мән-жайларға байланысты аталған мүлікті жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында пайдалану мүмкін болмаса, оны өзге мақсаттарда пайдалану туралы шешімді тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің шығынын өтеуге бағытталған шараларды алдын ала қолдану шартымен қабылдайды.
- Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жастар ұйымдарына үйлерді, ғимараттарды және олардың жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де мүлікті өтеусіз пайдалануға беруге құқылы.
- Жастарға арналған мемлекеттің меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеу тәртібі, оны материалдық және қаржылай қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Қорытынды ережелер
18-бап. Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазакстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшан жауаптылық
Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
19-бап. Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану
Осы Заң күшіне енген кезде қолданылатын Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және ол қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде соған сәйкес келтірілуге тиіс.
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІШКІ САЯСАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕРДІ ШЕШУ
2.1 «Оңтүстік қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 акпандағы №113 қаулысымен «Оңтүстік Казақстан облысында жастар саясатын жүзеге асырудың 2004-2005 жылдарға арнажан «Жастар» бағдарламасы» қабылданған. Бағдарламаға облыстық бюджеттен «Өңірлік жастар саясатын жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2004жылы-12 млн. теңге бөлінген болса, 2005 жылы — 17 млн. теңге, оның Ішінде іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға 6 млн. 25 мың теңге (2004 жылмен салыстырғанда 1,4 есе өскен) қаржы бөлінді. Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламалар облысымыздын барлық аудандары мен қалаларында қабылданып, қаражаты карастырыған.
2005 жшідын 2-ші жарты жылдығында «Оңтүстік Қазақстан облысында жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» жобасын әзірлеуге барлық аудан, қалалардағы жас азаматтар белсене қатысып, өз ұсыныстарын енгізді. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «дөңгелек үстелдер», кездесулер ұйымдастырыльш, жастардың өздерінің катысуымен бағдарлама жобасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын
Жастар саясатын тиімді жүзеге асыру барысында облыс әкімі жанынан кұрылған жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Облыстың барлық аудан, кала әкімдіктері жанынан жастармен жұмыс жөніндегі кеңестері құрылған.
Әр түрлі мәселелер бойынша Кеңестің арнайы мәжілістері өттіліп, жастар саясатын жүргізудің барысы, аудан, қалаларда атқарыльп отырған жұмыстар сарапталып, талданып отырады.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті жанынан «Жастар Орталығы» мемлекетгік коммуналдық қазыналық кәсіпорын жұмыс істейді. Аталмыш кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны — 28. «Жастар Орғалығы» МКҚК облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастармен жұмыс жөніндегі комитеттерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді, сонымен қатар, оқу орындарындағы студентгік жатақханалармен, жастар қоғамдық бірлестіктерімен, аудан, қалалардағы жастар саясатымен айналысушы мемлекттік мекемелерімен үздіксіз байланыстар орнатып, жұмыстар жүргізуде.
Обысымызда 2005 жылмен жұмыспен камту органдарына жұмыс іздеу жөнінде 19 мың 949 азамат өтініш берген болса, оның 4 мың 892-сін жастар құрайды. Жұмыс іздеп келген азаматтардың 14 мың 245-і тұрақты жұмысқа орналастырылған. Жұмысқа орналасқандардың 3 мың 537-сін жастар
Жастар арасында жұмыссыздық мәселесін шешуге ықпал ету мақсатында білімді, жоғары кәсіби, белсенді жас азаматтарды мемлекетгік қызметке тарта отырып, «Алтын қор» кадрлар резерві қүрылған болатын. Жыл сайын жоғары оқу орын бастыларымен байланыса отырып. қоғамдык жұмысқа белсене қатысушы, оқуда үздік студенттер туралы мәліметтер жинақталып отырады. 2004 жылы оқу орындары резерв құрамына 1 мыңға жуық студенттер ұсынып, олардың ішінен 31-і іріктелініп алынған болатын. Қазіргі танда олардын басым бөлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет жөніндегі агентгігінің облыстық басқармасынан арнайы тесттен өтіп, мемлекетгік қызмет жақсаруда. Қалғандары әр түрлі салалар бойынша түрлі мекемелерде қызметте. 2005 жылы «Алтын қор» резервін жасақтау барысында мемлекеттік қызметткерлерді даярлау орталығынан 60 студент арнайы курстан тегін өтін, сертификаттармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, резерв студенттер облыстағы департамент пен басқармалардан, аудан, кала әкімдіктерінен өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, кәсіби тәжірибе жинақтады.
Елбасы Жолдауында арнайы аталып өткен студентгік құрылыс отрядтарын құру, олардың жұмысын жандандыру және студент жастарды «Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын» жүзеге асыру процесіне тарту мақсатында 2005 жылгы 8 сәуірде және 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі
Б.Жылқышиевтың стуенттік кұрылыс отрядтары командирлері және жоғары оқу орын басшыларымен 2- рет кездесуі ұйымдастырылып өткізілді.
Кездесу барысында құрылып жатқан студенттік кұрылыс отрядтары, ондағы негізгі пробемалар мен алдағы жұмыс жоспарлары талқыланып. Бірқатар мәселелер өз шешімін тапты. Аталмыш кездесуге сонымен қатар жүмыс беруші мердігер мекемелер мен осы саладағы құзырлы орган басшылары катысты. Кездесу барысында отряд мүшелерінің жұмыс мерзімі, жұмыс берушілер, жалақы мәселелері, жұмыс объектілері анықталды.
Жас құрылысшыларды жұмыска салтанатты түрде шығарып салу мақсатыңда 2005 жылғы 28 мамырда «Жастар сарайында» «Студенттік құрылыс отрядтарының облыстық слеті» өтті. Слетке облыс басшылығы, облыстық департамент пен басқарма басшылары, жоғары және орта арнаулы оку орындарының басшылары және студенттік құрылыс отрядтарының командирлері мен мүшелері қатысып, облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев отряд командирлеріне арнайы жолдама тапсырды.
Студенттік құрылыс отрядтарының Штаб төрағасына облыс әкімінің ауыспалы туы тапсырылды. Слет соңында жас кұрылысшылар облыс жастарына арнаған Үндеу қабылдады. 2005 жылгы 1 сәуірде Республикалық Штаб төрағасы Н.Кәрімбаевтың облыстағы студенттік құрылыс отрядтарының командирлерімен кездесуі өтті.
Кездесуден кейін Н.Кәрімбаев «Жастар сарайында» облыстағы жастар қоғамдық ұйымдарының төрағаларымен кездесіп, жастар ұйымдарының басшылары өз пікірлерін ортаға салды.
2005 жылы жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 619 мүше саны бар 29 отряд кұрылып, олардың 457-сі түрлі кұрылыс нысандарында жұмыс атқарды. Жас құрылысшылар Шымкент қаласындағы «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы тұрғын үй кұрылысы жұмыстарына, Төлеби ауданының «Бір көлік» Сарыағаш ауданында құрылыс нысандарындағы жұмыстарға белсене қатысып. атқарған жұмыс көлеміне қарай 13 мын теңгеден 25 мың теңге аралығында жалақымен қамтамасыз етілді. 2005 жылдың 21 қазанында құрылыс нысандарында өз белсенділіктерімен үздік деп танылған және «Жасыл ел» еңбек отрядтарының белсенді студенттері Астана каласында өткен студенттік қүрылыс және «Жасыл ел» еңбек отряд-тарынын республикалык слетіне қатысты.
Елбасы Жолдауында ерекше атап көрсетілгендей, студент жастарды демалыс кезінде көгалдандыру жұмыстарына тарту бастамасына сәйкес «Жасыл ел» багдарламасының аясында коғамдық жұмысқа белсене қатысатын студенттер қатарынан 507 адамнан тұратын студенттік жасақтар құрылған болатын.
Көгалдандыру жұмыстарына қатысқан студенттерге республикадан 12 мың теңге, жергілікті жерден 9 мың теңге, жалпы 20 мың теңгеден астам жалақымен қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасының аясьнда 2005 жылғы наурызда «Жасыл ел» атты сенбілік апталықтары ұйымдастырылып, ауқымды акция өтті. Студент жастардың қатысуымен Шымкент қаласының сыртқы аймақтарына 1000 ағаш көшеттері отырғызылып, бірқатар жерлер коқыстан тазартылды. Акцияға жоғары және орта арнаулы оку орындарыньң студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, 20 наурызда студенттік жасақтар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен Шымкент қаласындағы орталык көшелерде орналасқан 8 тұрғын үйлердің аулаларында сенбілік жұмыстары ұйымдастырлып өтті.
Облыстық ішкі саясат департаментінің қолдауымен жетекші жастар қоғамдық бірлестіктері облыстық, аймақтық және республикалық деңгейде бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ұлтаралық карым-қатынасты нығайту мақсатында «Вера» жастар клубының Шымкент-Алматы бағытарындағы «Жаяу жүру маршы», «Парасат» жастар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен табиғат апатындағы су тасқынына» зардап шегушілерге арналған «Қамқорлық» акциялары ұйымдастырылып, арнайы орнатылған жәшіктер арқылы жнналған қаржылар апат болған мекендерге жөнелтіліп отырды.
Жастар қоғамдық бірлестіктерінін; белсенділігін арттыру, инновациялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында 2005 жылдың маусым айында жыл сайьнғы «Әлеуметгік жастар жобалары» байқауы ұйымдастырылып еткізілдІ. 2005 жылы аталмыш байқауға келіп түскен үздік жобаларға 2 миллиоы 100 мың теңге каржы карастырылды.
Әлеуметтік жастар жобалары байқауына облыстың аудандары мен калаларынан 20 жұмыс ұсынылды, олардың ішінен 5 жоба үздік деп танылды. Олар:
- «Үміт» қоғамдық бірлестігінің «Жастар еңбек биржасын» ашу атты жобасы. Қаржы көлемі — 1 000 000 теңге. Жоба бойынша облыстың Сайрам ауданындағы жұмыссыз 20 жас азамат арнайы оқу курсынан тегін өтіп, жұмыспен қамтамасыз етілді;
- «Жалын» жастар коғамдық бірлестігінің «Жастардың жұмыс іздеу клубын» ашу жобасы. Қаржы көлемі — 500 000 теңге. Жобаны жүзеге асыру барысында Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласынан «Жастардың жұмыс іздеу клубы» ашылып, жұмыссыз жастарға әдістемелік, ақпараттық көмек көрсету қызметі ұсынылды, сонымен қатар, арнайы мамандармен жұмыссыз жастарға арналған даярлау курстары өтіп тұрады. Клубта тұрақты түрде 3 маман жұмыс істейді, арнайы кабинетпен, кұрал, жабдықтармен (компьютер, оқыту құралдары жэне т.б.) қамтамасыз етілген,
- Қазақстан Жастарының Конгресі ОКО филиалының «Ауыл жастарына арналған маркетинг қызметін, бизнестік мектеп және жастардың коммерциялык құрылымын құру» жобасы. Қаржы көлемі — 200 000 теңге. Жоба бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт, Отырар, Ордабасы, Сайрам, Төлеби. Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласында (жалпы 7 аудан мен 1 қалада) ауылды жерлердегі азаматтық бейімделу, жоспарлы бизнес, маркетинг салалары бойынша жылжымалы оқу курстары мен семинар тренингтер өткізілді.
- Ұлттық мәдени орталықтарының жастар канаты Одағыньң «Жастар және жас жеткіншектер арасындағы қылмыстың, нашақорлық пен алкоголді ішімдіктің алдын алу, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы. Қаржы көлемі — 200 000 теңге. Жоба бойынша спорттык ойын (футбол, волейбол, баскетбол) түрлерінен жастар арасында жолдастык кездесулер өткізілді. Сонымен катар, облыстағы танымал спорт шеберлерімен кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып өткізілді.
- «Республикалық Брейк Данс Федерациясы» қоғамдық бІрлесгігі Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының «Ауыл жастарының және студент жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру» жобасы. Қаржы көлемі — 200 000 теңге. Жобада көзделген іс-шараларды жүзеге асыру барысында, өнер мамандарынан жасақталған арнайы топ Оңтүстік Қазақстан облысынын Сарыағаш ауданы, Арыс, Түркістан, Кентау қалаларындагы талантты жас азаматтарды тауып, өнер жастары шоу бизнес бойынша оқу курстарынан тегін өтті. Сонымен қатар, ауындардағы өнерпаз жастардың фестивальдері мен жарыстары ұйымдасттырылып өтті.
Жастарды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру, жастар саясатының жүргізілуіне ақпараттық қолдау, жас журналистердің шығармашылық деңгейін көтеру максатында 2005 жылгы 1 сәуірде электронды және баспалык бұқаралық ақпарат құралдарының арасында дәстүрлі «Жастар айдары» байқауы ұйымдастырылып өтті. Байқауға жалпы 12 жоба ұсынылып, ең үздік деген 7 басылымның жобалары қаржыландырылды.
Олар: «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Жасын» қосымшасы 150 мың теңге, «Южный Казахстан» газетінің «Молодежка» қосымшасы 100 мың теңге, «Жастар дауысы» газеті 50 мың теңге, «Рухани қазына» газеті 50 мың теңге, «Аққиқат-Истина» газетінің «Жас қайың» косымшасы 75 мың теңге, Сайрам аудандық «Мәртөбе» газетінің
«Өркен» қосымшасы 50 мың теңге, Шардара аудандық «Шартарап-Шарайна» газетнің «Жастар бегі» қосымшасы 50 мың теңге қаржымен камтамасыз етілді.
Білім-ғылым саласында жастарға пікір-сайыс бағдарламасын кеңінен түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, 2005 жылғы қаңтар айында облыстың Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек, Шардара, Сарыағаш аудандарында пікір-сайыс теорияларын оқыту-семинарлары ұйымдастырылды.
Семинарға аудандардағы белсенді студент жастар қатысып, пікір-сайыс теорияларын, ел алдында еркін сөйлеу, шешендік өнер дағдысын жетілдірді.
Семинарға әр ауданнан 30-40 студент жастар, жалпы 190 адам қамтылды.
Облыс әкімінің қолдауы бойынша асыраушысынан айрылған мектеп бітіруші оқушыларға облыс әкімінің тегін гранты мен стипендиялар тағ айындалды.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықка қарсы күрес жүргізу мақсатында 2005 жылғы 25 маусымда Шымкент қаласының «Техно» саябағында «Нашақорлық — індет» атты акция өтті. Акцияға облыс басшылығы, департамент пен басқарма басшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орыңдарынын студенттері мен жастар қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысты. Ұлттық мәдени орталықтарының жастар қанаты концерт қойылып, студент жастардың ұйымдастырумен нашақорлыққа қарсы арнайы көріністер көрсетілді. Акцияның соңы дискотека мен ұласты.
2005 жылы 27 қазанда облыстық жастар форумы ұйымдастырылып өтті. Арнайы 2 бөлімнен туратын форум жұмысының 1-ші бөлімі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде секция жұмыстарымен басталды. «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Ауыл жастарының жұмысқа орналасуы». «Жастарды білім мен ғылымға ынталандыру» және т.б. маңызды тақырыптардан секция жұмыстарында жастардың көкейтесті мәселелері каралды.
Жастар өкілдері атынан қорытынды ұсыныстар мен талап-тілектер облыс әкіміне жолданып, қолдауларға ие болды. Форумнын 2-ші бөлімі С.Сейфуллин атындағы Халықтар достығы үйінде облыс әкімінің катысуымен жалғасты. Форумға қатысқан аудан, қалалардағы ауыл жастары мен студенттер өз ойларын ортаға салып, соңында облыс жастарына арнаған Үндеу қабылданды.
Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев 2005 жылғы казанда Оңтүстік Қазастан облысына жасаған сапарында жоғары оқу орындарындағы студенттермен кездесті. Кездесу барысында студент жастарды Астана қаласын тамашалауға өзінің ыстық ықыласын білдірді.
Осы орайда, жоғары оқу орындарыыдагы үздік, белсенді деген 500 студент жастардың кұрамы анықталып, Елордамыз Астана қаласына саяхат жасап қайтты. 500 студенттің «Астанаға саяхат» іс-шарасы облыс жастарының арасында зор әсер қалдырды.
2005 жылғы қараша айында облыс әкімдігінде ең белсенді деген 15 жас азамат ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болды. Елбасымен тікелей жүздесу арқылы өз ойларын білдіре отырьп, көптеген мәселелерді алға тартты.
2005 жылды корытындылай келе, жыл бойында облысымызда жастар саясатын жүргізуге ерекше үлес қосып, өздерінің іскер белсенділіктерімен танылған бірқатар жас азаматтар облысттық ішкі саясат департаменті және «Жастар сарайы» мемлекеттік кәсіпорнының басшыларымен қорытынды кездесуі өткізілді. Кездесу барысында белсенді жастар жетекшілері алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 25 қарашадағы №620 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облысында жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» қабылданьтп, облыстық мәслихатта бекітілді, бұл бағдарлама негізінде облыстың барлық аудан, қалаларында жергілікті жерлерде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша бағдарламалар қабылданған. Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 2005 жылы 17 млн. қаржы қаралған болса, 2006 жылға 21 млн. 021 мың теңге, оның ішінде іс-шаралар жоспарын іске асыруға 6 млн. 25 мың теңге қаржы бөлінді.
Оңтүстік Қазақстан облысында жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарында көзделген негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік жастар саясаты жүзеге асырылуда.
Жастар саясатын ақпараттық-сараптамалык қамтамасыз ету бағытында жастарға пікір-сайыс багдарламасын кеңінен түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, 2006 жылдың қаңтар айынан бастап, жергілікті «Қазақстан-Шымкент» жэне «Отырар» телеарналарында телевизиялық пікір-сайыс ойындары өтті. Пікір-сайыс ойындарының түсірілімі әр айдың жұма күндері облыстық телеарналарда жарыққа шығарылды.
«1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азядағы Ұлт-азаттык көтеріліске 90 жыл атты» ғылыми-теориялық конференция өткізу үшін 2006 жылғы наурыз айынан бастап жоғары жэне орта арнаулы оқу орындарындағы жас ғалымдардың еңбектері жинақталды. Қыркүйек айында жас ғалымдар өз еңбектерін қорғап, ең үздік авторлар арнайы басып шығарылған жинаққа ие болды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының 16-бабының 1 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысындағы БАҚ-да бірқатар жастарға арналған айдарлар мен бағдарламалар жұмыс істеуде. Олар, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жастарға арналған «Жасын» қосымшасы, «Южный Казахстан» газетінің «Молодежка» қосымшасы, «Жастар дауысы» газеті және т.б. аудандық, қалалық газеттерде, оқу орындарында жастарға арналған баспасөз басылымдары жарық көріп отырады. Бұдан басқа, облыс аумағында жастар мен жасөспірімдерге арналған жергілікті «Отырар» телеарнасында «Жас толқын», «На самом деле», «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» бағдарламалары эфирге шығуда.
Жастарды әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналасуына ықпал жасау мақсатында «Жас маман» атты жоғары және арнаулы орта оқу орнын бітіруші жастардың резюме кітапшасы шығарылды. Сонымен қатар, департамент тапсырысымен «Оңтүстік Қазақстан жастары» атты әдістемелік құрал шығарылып, жастар ұйымдарына, жоғары және орта оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларына және аудан, қалалардағы ішкі саясат бөлімдеріне таратылды.
2006 жылғы қарашада облыс әкімінің жастармен кездесуі өтті. Кездесу барысында жастар тарапынан айтылған ұсыныс тілектер назарға алынып, жүзеге асыру барысында жоспар — тапсырма түзілді. Түзілген жоспарға сәйкес, арнайы тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынған.
2006 жылдың мамыр айында жоғарьт оқу орындарын үздік бітірген, мемлекеттік қызметке орналасуға тілек білдіруші студенттер қатарынан «Алтын қор» кадрлар резерві жасақталып, 60 студент мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығынан арнайы оқу курсынан өтті. Оларға сертификаттар тапсырылып, облыстағы департаменттер мен басқармалардан, аудан, қала әкімдіктері және т.б. мемлекеттік мекемелерден іс-тәжірибеден өтті.
Жастардың жұмысқа орналасуына ықпал ету мақсатында қазіргі таңда жұмыс істейтін облыс әкімінің «Веб-сайтында» жастардың электронды еңбек биржасын ашу жоспарлануда. Сонымен бірге, жастарды бос жұмыс орындары туралы ақпараттандыруда «Южный Казахстан» газетінің «Ярмарка вакансий» қосымшасы жарық көруде.
Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында техникалық мамандықтарды оқуға деген немқұрайлылық бар екендігі жасырын емес. Міндетті түрде жоғары оқу орнын бітіру керек деген түсінік калыптасқандығы — ішкі саясат департаменті тарапынан жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталды.
Сауалнама қорытындысы бойынша мамандық таңдаушы жастардың басым бөлігі кәсіптік-техникалық мектептерде оқығысы келмейтіні, кәсіптік-техникалық мектептердің жағдайынан, оларда қандай мамандықтар дайындалатындығынан және жастардын еңбек нарығынан да хабарсыз екендігі анықталды.
Ішкі саясат департаменті бос жұмыс орындары жөнінде мэлімет жинақтап, жастарға бағыт-бағдар, құқықтық-психологиялық кеңес беретін жобаларға мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржы бөліп, бұл бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын ынталандыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат қүралдарында «Сіз қандай мамандық таңдайсыз» атты айдарлар, бағдарламалар ашып, дұрыс мамандық таңдау, техникалық мамандықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық материалдар циклін шығару көзделген.
Жастардың азаматтық қалыптасуына, оларға әскери-патриоттық жэне рухани-адамгершілік тәрбие беруге жағдай жасау бағытында 2006 жылғы 15 қыркүйекте облыстық ішкі саясат департаменті, «Қазақстан студенттерінің Альянсымен» бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай жастар арасында мемлекеттік рәміздерге деген құрметін насихаттау мақсатында Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңында «Бұл біздің Әнұранымыз» атты ауқымды акция ұйымдастырып өткізді. Акцияға жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, БАҚ өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 7 мыңнан астам студент жастары қатысты.
Ағымдағы жылы Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 18 жылдығына орай 5-15 ақпан аралығында «Ерлікке тағзым» атты акция ұйымдастырылды. Акция аясында барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында кездесулер, жатақханаларда бейне фильмдер көрсетілді. Ж.Шанин атындағы қазақ сазды драма театрында жазушы М.Байғұт пен режиссер Е.Оразымбетовтің «Бозтарғайдың ұясы» атты қойылымы студент жастарға ұсынылды. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-да арнайы фильмдер көрсетіліп, 2 жерге билборд орнатылды.
2007 жылдың 9 ақпанда «Қазақстан студенттер альянсы» мен «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, «Елтаңба — ел елдігі» атты мүшайра ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілді қолдау, оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында 2007 жылғы 21 ақпанда облыс әкімінің мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері — жастармен кездесуі үйымдастырылды.
Жастар мәселесі бойынша жастар қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп «дөңгелек үстелдер», іс-шаралар, облыстық ішкі саясат департаменті директорының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездесуі ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ облыс әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жөніндегі кеңесі бекітілген жоспарға сәйкес өз жұмысын жүргізуде.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, жастарға құқықтық тәрбие беру бағытында 2006 жылдың қазан айында мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасының аясында қоршаған ортаны қорғау, табиғи орындарды көріктендіру мен жер-жерде тазалық жүмыстарын жүргізу, жастардың Отанға деген патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында Шымкент каласының сыртқы аймақтарында және Сайрам ауданының Мәртөбе төбесінде экологиялық сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбіліктерге жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, ұлттық мәдени орталықтарының жастар қанаты Одағы және т.б. әр түрлі саладағы жастар қатысты.
Облыс аумағындағы БАҚ-да салауатты өмір салтын насихаттау барысында телеарналарда бейнероликтер, бағдарламалар дайындалып эфирге шығарылса, жергілікті БАҚ-ның осы тақырыпта мақалалар жариялануына ішкі саясат департаменті тарапынан сараптама жасалынып, бағыт-бағдар беріліп отырады.
Қоршаған ортаны қорғау, қаланы тазарту мақсатында Ішкі саясат департаментінің бастамасымен үстіміздегі жылы «Таза қала» акциясы ұйымдастырылып, акция аясында арнайы кұрылған топ 10 ақпан күні жұмысын бастады.
Топтың негізгі мақсаты — қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, тазалау жұмыстарын үйлестіру, ластанған және қоқыстанған аймақтарды анықтап, тиісті мемлекеттік органдарға мәлімет ұсыну. Топ құрамындағы студент жастар жобаға сәйкес айына 15 теңге еңбекақы мен, арнайы көлікпен, киіммен және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Жастар қоғамдық бірлестіктерін дамыту жэне оларға қолдау көрсету бағытында бірқатар мақсатты іс-шаралар қолға алынуда. Оңтүстік Қазақстан облысында әділет департаментінен тіркеуден өткен 36 жастар қоғамдық бірлестіктері бар. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеғе асыру мақсатында ақпан айында жастар ұйымдарының үздік жобаларына байқау жарияланды.
Облыстағы жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында департамент тарапынан «ОҚО жастар қоғамдық бірлестіктері» және «ОҚО жоғары оқу орындары» атты брошюралар шығарылды.
Талантты, дарынды жастарды қолдау бағытында түрлі салада қызмет жасайтын жастар арасында 8 номинациядан тұратын «Өз мамандығының үздігі» байқауы, қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында «Үлгілі жас отбасы» атты облыстык байқауы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты жас суретшілер арасында плакаттар байқауы, сонымен қатар, «Этнодизайн:Кеше және бүгін» атты этнодизайн көрмесі өткізіліп, жеңімпаз жас өнерпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
«Білімді жастар — еліміздің жарқын болашағы» атты Республикалық пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылып, турнирге қатысушылармен кездесу, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 18 ақпанда «Жасыл Ел» өңірлік бағдарламасының 3 жылдығына орай облыстық пікір-сайыс ойындары өткізілді.
Облыстық ішкі саясат департаменті тарапынан жүргізілген социологиялық зерттеулердің нэтижесінде жастар арасында тұрғын үй, жеңілдетілген жол жүру билетінің өзекті мәселе екені анықталған болатын.
Жастар арасында түрғын үй мәселесін шешуге ықпал ету үшін түрғын үймен қамтамасыз етуші құзырлы мекеме өкілдерімен кездесу өткізу наурыз айына жоспарлануда.
Бүгінгі таңда жеңілдетілген жолда жүру билетімен қамтамасыз ету мэселесі шешімін тауып, Шымкент қаласының бюджетінен 50 млн. қаржы бөлініп, 50 пайыз жеңілдікпен жүретін 40 мың дана билет шығарылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру облыстық ішкі саясат департаментінің бақылауында.
2.2 ОБЛЫСТАҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АХУАЛЫ;
Оңтүстік Қазақстан облысында 24 оқу орындары жұмыс істейді. Олардың ішінде 6 – ы мемлекеттік, 18 – і жекеменшік. Жоғарағы оқу орындарында білім алатын студенттердің саны – 95 248, күндізгі бөлімде – 44 928, сырыттай оқу бөлімде – 50 320.
Облыста 60 орта арнаулы оқу орны бар. Оның ішінде; 16 мемлекеттік, 44 жекеменшік. Жалпы орта арнаулы оқу орындарында 40 мыңнан астам оқушылар білім алуда. Күндізгі бөлімде – 31 943, сырттай оқу бөлімінде – 10 985.
Мемлекеттік кәсіптік мектептердің саны – 23. Жалпы, білім алатын оқушылар саны – 11 808. Облыста 521, 8 мың оқушы құрайтын 1011 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1,1 мың бала оқитын 7 жекеменшік мектеп бар.
Соңғы жылдары орта мектептер мен жоғарғы мектептердегі тәрбие күрт төмендеп кетті, қоғамдық жұмыстар жайында қалды, оқушылар, студенттер белсенділігі ең ақырғы орында тұр. Мектеп пен ЖОО арасында тәрбие жұмыстары жүйелі, кешенді түрде жүргізілмейді, мектеп пен курстағы кураторлардың аты барда заты жоқ. Студенттердің ішінде екі – үш айлап сабаққа келмейтіндері кездеседі, олардың жолдары да жеңіл. Студенттік емханаға барып, ауру деген бір тілім анықтама қағазын алып келеді, оныңда түк қиындығы жоқ, белгіленген ақшасы бар.
Сондай – ақ оқу орындарының қазақ бөліміне арналған оқулықтардың көпшілігі әлі де орыс тілінде. Дәрістер де орыс тілінде оқылады, әсіресе техникалық пәндер. Күні бүгінге дейін қазақ бөлімінің студенттері бүгінге дейін қазақ бөлімінің студенттері өздерінің конституциялық құқықтарын толық пайдалана алмай отыр. Орыс бөлімі мен қазақ бөлімі кейбір пәндерді бірігіп оқитын кездері болады.
Себебі қазақ тілінде дәріс оқитын профессор, оқытушылар жетіспейді. Күні бүгінге дейін қазақ бөлімдеріне арналған оқулықтарды орыс тілінен аудару жеткілікті дәрежеде жүзеге аспай келеді.Бағдарлама дегеннен шығадау, жыл сайын ЖОО – ның оқытушылары әлгі программаны кемінде бес – алты рет қайта жасайды: қысқасы, жыл аяқталғанша бағдарламаны толықтыру, түзету, өңдеу, қосып алудан қолдары тимейді.
Мұны жасап отырған министірлік пе, әлде оқу бөлімдері ме, оны ешкім анықтап біле алмай әбігерге түседі. Мектеп пен ата – ана арасында байланыс әбден әлсіреп кетсе, ЖОО – да ол орнатылмаған. Кейбір ата – аналар баласы оқудан шығып кеткенін кеш біліп жатады. Куратор мен деканның студенттің жеке өмірі қызықтырмайды.
Оқу министірлігі бекіткен студенттерге тәрбие беру бағдарламасы әлі күнге дейін жасалған жоқ, себебі, министірлік жанында тәрбие департаменті құрылмаған.
Менің бұл орайда айтпағым мектеп қабырғасы болсын, ЖОО болсын, ұлттық тәрбие беруді қолға алу керек. Сонда ғана ел, Отан секілді сөздердің түсінік аясы кеңейеді, ұят туралы ұғым тіреледі. Ұстаз – ұяттың ұясы.
Жоғарғы оқу орындар саны — 24
Мемлекеттік — 6 (қалалык, аудандық 4 филиалы)
Жекеменшік — 18 (аудандық 1 филиал)
ОҚО Жоғарғы оқу орындарындағы оқитын студенттердің
жалпы саны — 95248
Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттердің жалпы саны — 53264
Күндізгі бөлімде — 29917
Сырттай оқу бөлімінде — 23347
Грант бойынша — 7360
Ақылы — 41134
Кредит бойынша — 4770
2007 жылы бітіретін студенттердің саны — 12040
Жекеменшік жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттердің
жалпы саны — 41984
Күндізгі бөлімде — 15011
Сырттай оқу бөлімінде — 26974
Грант бойынша — 117
Ақылы бойынша — 39122
Кредит бойынша — 2753
2007 жылы бітіретін студентдердің саны – 8577
Мемлекеттік Жоғарғы оқу орындары
Күндізгі бөлімі — 29917
Сыртқы бөлімі — 23347
Жалпы саны — 53264
Жекеменшік Жоғарғы оку орындары
Күндізгі бөлімі -15011
Сыртқы бөлімі — 26974
Жалпы саны — 41985
Мемлекеттік арнаулы орта оқу орындары
Күндізгі бөлімі- 17746
Сыртқы бөлімі — 4099
Жалпы саны — 21825
Жекеменшік арнаулы орта оқу орындары
Күндізгі бөлімде -12293
Сыртқы бөлімде — 6197
Жалпы саны -18490
Мемлекеттік кәсіптік мектептер
Күндізгі бөлім — 10512
Жалпы білім алатын оқушылар саны -10512
Қорытынды:
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 29 жоғарғы оқу
орындары бар (қалалық, аудандық 4 филиал бөлімшелері).
Мемлекеттік — 10 Жекеменшік -19
Жалпы жоғарғы оқу орындарында білім алатын
студенттер саны — 95248
Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында 53264
Жекеменшік жоғарғы оқу орындарында 41984
2006 жылы бітіретін студенттер саны — 20617
ОҚО бойынша 47 колледж бар: Мемлекеттік -17 Жекеменшік — 30 Жалпы арнаулы орта оқу орындарында білім алатын
оқушылар саны — 40315
Мемлекеттік арнаулы орта оқу орындарында — 21825
Жекеменшік арнаулы орта оқу орындарында -18490
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша арнаулы орта оқу
орындары саны – 47
Мемлекеттік — 17
Жекеменшік — 30
Мемлекеттік арнаулы орта оқу орындарында оқитын оқушылардың жалпы саны — 21825
Грантта оқитын оқушылар саны — 7971
Ақылы бөлімінде оқитын окушылар саны — 12726
Несиеде оқитын оқушылар саны — 278
Күндізгі бөлімде — 17746
Сыртқы бөлімде — 4099
Жекеменшік арнаулы орта оқу орындарында оқитын оқушылардың жалпы саны -18490
Грантта оқитын оқушылар саны — 621
Ақылыда оқитын оқушылар саны — 12332
Несиеде оқитын оқушылар саны — 227
Күндізгі бөлімде -12293
Сыртқы бөлімде — 6197
ОҚО арнаулы орта оқу орындарында оқитын окушылардың
жалпы саны – 40315
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жұмыссыздық әлеуметтік дерт. «Мемлекет үшін мен не істеп жатырмын деп емес, мен үшін үкімет не істеп жатыр» — деген масылдық психалогияға бой алдырған кешегі кеңестік жүйе шекпенінен шыққандарды нарық қарық қыла қойған жоқ.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын, білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, мидицина мен экономика салаларын, сайып келгенде, қала мен даланың ажарын әрлендіре түсетін бүгінгі жастар, ертеңгі білікті мамандар екені даусыз. Сондықтан болашағымызды жарқын болуын қаласақ, жоғары білім алып шыққан жас мамандарды жұмыссыз қалдырмай, мемлекетіміз қамқорлыққа алғаны абзал. Сонда барып, халықтың әлеуметтік ахуалы жақсарып, экономикалық мүмкіндігіміз арта түспек.
Сарапшылар дерегіне сүйенсек, елімізде жұмыссыз жүрген жоғарғы білімді жастар – 12,9 пайызды құрайды екен. Бұл дегеніміз, 100,4 мың маман кәсіптік мамандықты иеленген жастардың 25,7 пайызы, яғни 200, 3 мың екі қолға бір жұмыс таба алмай, экономикамыздың белсенділігі бәсеңдетуде.
Мектеп бітіргендер соң не оқуға түсуге қабілеті жетпей, не жұмыс таба алмай жүргендер – 43,4 пайызды құрайды екен. Еңбек ресурсын пайдалана алмаған үкіметтің кейдейлене беретінін әлемдік тәжірбие әлде қашан дәлелдеп берді. Осы оқулықтың орны толмай, ойлаған мақсатымызға жетеміздеу – құр әурешілік. Күш қайратын мемлекеттің экономикалық тұрғыдан өсіп — өркендеуіне емес, темікі мен арақтың, есірткі мен ессіздіктің жіпсіз байлап тастайтын, нәпсінің арбауына жұмсайтын жастарымыз күн санап көбейюде.
Бұған дәлел — әр түрлі айықтыру орталықтар мен еңбек пен түзету абақтыларындағы жастар. Олар қатары да күн сайын арта түседі.
Олардың денін жұмыссыздық құрсауында жүрген ауыл жастары құрайды. Өз кезегінде білім алуға, не жұмыс істеуге мүмкіндігі болмай, санатта жоқтар қатарын толтырып жүрген жастарымыз қалталы азаматтардың бақшасын отап, егінін сауып, пешінен шауып, кесегін құйып дегендей қара жұмыстың, ашығын айтсақ жалдамалы жалшылықтың, басыбайлы құлшылықтың бұғауында жүр.
Ауылдағыларға қарағанда қаладағы жастар үшін жұмыс түрі жетерлік. Біліктілік пен білімділік, компьютерлік сауаттылық пен ағылшын тілін білу талаптар жұмыс іздеген азаматтардың алдын орайтыны мәлім. Қалалық жастардың көбісі әр түрлі компанияларда, туристік фирмаларда, жарнама агенттіктерінде, дүкендерде, қонақ үй мне сауналарда, мейрамхана, кафебарлар мен құмарханаларда жұмыс істейді. Қабілетіне қарай жұмыс беретін бизнес орталықтары қала жастарын жұмыссыз қалудан сақтап отыр. Дей тұрғанымен мұндай шағын кәсіпорындар азаматтарды жас мөлшеріне қарай қабылдайды. Тіпті бұл жерлерде сенің бет — әлбетің, қабілет – қарымың мен сымбатың да сынға түсіп, конкурстік сараптаудан сүрінбей өтуің қажет.
ОБЛЫСТАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Еліміздегі білім саласы жыл алмастырып реформалауға ұшыраған сайын мектеп, білім беру, тәрбие мәселесі, күн санап күрделеніп, шешілуі қиындап барады.
Облыс бойынша 2005 жылы қылмыс саны 222 болса, биылғы жылы 353, өткен жылмен салыстырғанда 131 – ге артып отыр. Оннан жоғарғы қылмыс орын алған қалалармен аудандар: Шымкентте – 148, Түркістанда – 53, Мақтаралда – 44, Кентауда – 17, Сарыағашта – 18, Сайрамда – 14, Түлкібаста – 13, Арыста – 11.
Мектеп, лицей оқушылармен жасалған қылмыс саны: Шымкентте – 30, Мақтаралда – 14, Түлкібаста – 10, Түркістанда -13 болып отыр. Колледж оқушылармен жасалған қылмаста өскен: 2005 жылы 3 қылмыс болса, биылғы жылы 22 – ге жетті.
Профилактикалық есепте – 724 жасөспірім, оның ішінде 6 – нашақор, 141 – маскүнемдер, 183 – токсикамандар және 657 – жайсыз отбасыларынан шыққандар есепте тұрады. Наркологиялық диспансерге стационарлық емдеу үшін 40 маскүнем, 3 нашақор және 76 токсикомандар мен насыбай ататын жасөспірімдер емделуге орналастыраған. Кәмелетке толмағандары уақытша оқшалау, бейімдеу және оңалту орталығына барлығы 1007 жасөспірім орналастырылған, оның ішінде 25 қылмыс жасағаны үшін сот үкімдерімен қылмыстық жауыпқа тартылғандар.
Ата – анасының қамқорлығына панасыз қалған 160 жасөспірімнің 54 балалар үйіне орналастырылса ал, 756 жасөспірім орталықта бейімделіп мекен жайларына қайтарылған. Дивиантты мінез – құлықты сегіз жасөспірім Тараз арнайы сот үкімімен 57 жіберілген.
Бірақ, жасөспірімдер тарапынан қасақана кісі өлтіру 5 тен 8 – ге, тонау қылмысы 33 тен 58 – ге, бұзақылық 29 дан 43 – ке дейін, басқаның мүлкін ұрлау 98 бен 171 – ге және жасөспірімдер мен жасалған қылмыстар 44 тен 92 – ге өсті.
ДІННІҢ ЖАСТАРҒА ЫҚПАЛЫ
Дін туралы заңымыздың солқылдақтағы мен қандастарымыздың діни сауытының кемшіндігінен туындаған сан қиындықтарға жиі – жиі тап болудамыз. Қазақ жастарының өзге дінді қабылдап жатқаны жайлы күн сайын айтылып та, жазылып та жатыр.
Әсіресе, өз діннен безіп түрлі сектарлардың берген азын аулақ тиын тебеніне малданып, көшедегі адамдарға кітап үлестергін қыздардың қылығы қынжылтады – ақ. Көрсең көркіне көз тоятындай қазақ қыздарының мұндай ерсі қылығына жұрттың еті әбден үйреніп кеткен, кітаптың сыртқы мұқабасына қарамай – ақ, тегін бұйым алғандай қалтасына сала салады.
Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі кезде 17 конфенцияға енетін 713 діни бірлестік ОҚО Әділет департаментінде тіркеуден өтіп, әрекет етеді. Оның ішінді 616 исламдық (87 %), 97 исламдық емес (13 %), бағытағы діни дірлестіктер болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, облыс көлеміндегі заңды тұлға белгісі жоқ, саны аз шағын діни топтар, намазханалар ОҚО Ішкі саясат департаментінде тіркелуде. Облыс аумағында діни ұйымдар көбірек шоғырлаған қала аудандар: Шымкент, Сарыағаш, Сайрам, Түркістан, Түлкібас, Қазығұрт, Бәйдібек.
Облыс көлемінде миссионерлік қызметті жүзеге асырушы шетелдік азаматтардың саны – 12. Олар: Оңтүстік Кореяның (протестанттық бағытта) 10, Аргентинаның (католиктік бағытта) 2 азамат.
Рас, Ислам діні ешкімді қатарына алдап – арбап қоспайды Сонысымен ерекшеленеді, соған қарамай қаймағы бұзылмаған қалың қазақ шоғырланған Оңтүстікте жастар неге басқа дінге өтіп жатыр. Мешіттердің көптігіне қарамастан өзгеге өзек болған жастардың діни сауаты азба дерсін. Көп адам тәуелсіздіктің алғашқы күрмеулі жылдары өз — өзімен арпалысып, қиналғаны шындық. Жан тебіренесі әйтеуір бір деңені іздеді. Осындай жандардың сезіміне миссионерлер тез жол таба қойды. Қысқасы, көз алдымызға уәжге де тоқтамайтын, үгітке көнбейтін ұрпақ өсіп келеді. Есіріткімен бірге әр түрлі діни ағымдар есігімізден еркін кіріп, төрде мығым отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында жұмыс жүргізетін діни бірлестіктердің сандық мәліметі
Р/с |
Қала, аудан атауы |
Діни бірлестіктер |
дін сандық мәліметі |
Жалпы саны |
|
|
Исламдық бағыттағы діни бірлестіктер |
Исламдық емес бағыттағы діни бірлестіктер |
|
1. |
Арыс |
15 |
2 |
17 |
2. |
Кентау |
5 |
6 |
11 |
3. |
Түркістан |
56 |
3 |
59 |
4. |
Шымкент |
43 |
39 |
82 |
5. |
Бәйдібек |
35 |
— |
35 |
6. |
Қазығұрт |
56 |
1 |
57 |
7. |
Мақтаарал |
35 |
13 |
48 |
8. |
Отырар |
18 |
— |
18 |
9. |
Ордабасы |
30 |
— |
30 |
10. |
Сайрам |
133 |
8 |
141 |
11. |
Сарыағаш |
90 |
8 |
98 |
12. |
Созақ |
15 |
1 |
16 |
13. |
Төле би |
40 |
7 |
47 |
14. |
Түлкібас |
34 |
7 |
41 |
15. |
Шардара |
11 |
2 |
13 |
|
Барлығы |
616 |
97 |
713 |
ЕСІРТКІГЕ ЕЛТІГЕНДЕР ЕСЕЛЕНУДЕ.
Оңтүстік Қазақстан облысың ішкі істер органдары 2006 жылы облыс бойынша криминогенді жағдайды сауықтыру және нашақорлықтың алдын – алу мақсатында бір қатар жедел іздестіру және профилактикалық шараларды ұйымдастырып, өткізді.
Осы мерзімге жалпы облыс бойынша 635 есірткі қылмысы анықталып, 2005 жылмен салыстырғанда 91 қылмысқа артып өсімі 16,3 пайызды құраған. Жалпы анықталған қылмыстардың ішінде 211 есіртікі контрабандасы, 345 есірткі сақтау, 53 есірткі өсімдіктерін егу және 1 есірткі притонын ұстау фактілері тіркелді.
Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 703 азамат ұсталса, оның ішінде 547 – сі қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 44 — әйел. Соңғы жылдары «Қара базардан» алынған геройнның көлемі артып келеді. Мәселен, 2006 жылы Республика бойынша айналымнан 150 келі геройн алынса оның 71, 5 келісі Оңтүстік Қазақстан облысынан ІІД есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәркілепті.
Облыста 2006 жылы айналымнан 2,5 тонна жуық есірткі заттары тәркіленген. 2005 жылмен салыстырғанда бұл 28,6 пайызға көбейген. Осы уақыт ішінде есірткі саудасына кәсіп еткен бес қылмыстық топ құрықталыпты.
Облыста 4250 нашақор есепте тұрады екен. Оның ішінде әйелдер, жасөспірімдер бар.
ОБЛЫСТАҒЫ 14 – 29 ЖАСТАҒЫ НАШАҚОРЛАРДЫҢ
ЕСЕПТЕ ТҰРУЫ, 2007 ЖЫЛ.
№ |
Қала, аудандар. |
Саны |
1 |
Арыс ауданы |
2 |
2 |
Бәйдібек ауданы |
0 |
3 |
Қазығұрт ауданы |
3 |
4 |
Мақтаарал ауданы |
46 |
5 |
Ордабасы ауданы |
8 |
6 |
Отырар ауданы |
1 |
7 |
Сайрам ауданы |
19 |
8 |
Сарыағаш ауданы |
6 |
9 |
Созақ ауданы |
3 |
10 |
Төле би ауданы |
53 |
11 |
Түлкібас ауданы |
16 |
12 |
Шардара ауданы |
26 |
13 |
Кентау қаласы |
58 |
14 |
Түркістан қаласы |
3 |
15 |
Шымкент қаласы |
1016 |
|
ОҚО бойынша барлығы: |
1260 |
ОБЛАСТАҒЫ ЖЕТІМДЕРДІҢ САТЫЛУЫ.
Енді ОҚО шетелге қанша баланы асырауға бердік дегенге келейік. 2002 жылы Қазақстан үкметі Қазақстан Республика азаматтары болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға беру ережесі бекіту туралы қаулы қабылдады. Бұл ережеге шетелдіктерге бала беру тәртібі жүйеге келтіретін құжат.
Ал, жалпы елімізде Қазақстандық жетім балаларды шетелдіктердің асырап алуына берудің құқықтық нормасы тұңғыш рет 1998 жылы қабылданған «Неке және отбасы» туралы заңда белгіленді. Дәл бүгінгі таңда біздің облыстан шетелге асқан жетімдіктердің саны 80 – ге жетті. Оның жиырмадан астамы – қаракөз қазақ балалары.
Біз Бельгияға үш бала, Туркияға бір бала, Германияға екі бала аттандырыппыз. Қалғандары бәрі Америкада. Әл — әзірге біз сексен баланы тағдыры жайлы ештеңе білмейміз. Сексеніміз сең соққандай сенделіп жүрме, қол – аяғына бауырына алып, бүк түсіп, бүрісіп, елеңдеп ұйықтап жүрме, екі ботадай боп көз жасын тия алмай жүрме, ол жағы белгісіз…
Қазақстанның шетелдегі елшілігінен балалардың жай – күйіне хабар беретін бірде – бір хат келмеген. Заң бойынша шетелге кеткен балалар 18 жасқа дейін Қазақстанның азаматы болып табылады. Ол ер жетіп есейген соң қай елдің азамттығын таңдайтынын өзі шешеді.
Биік мінбелерден құлаш – құлаш баяндама оқитын шенеуніктер Қазақстанның экономикалық жетістіктері туралы айтудан бір шаршамайды. Ендеше неге бей күнә тұл жетімдердің жағдайын жасауды мемлекет өз жауапкершілігне алмасқа? Не балаларды шекара асыруға қатаң тиым салмасқа?
ОБЛЫСТАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Мемлекет жастар саясатын жүзеге асыруда жастар қоғамдық бірлестіктердің алатын орны ерекше. ОҚО Әділет депертаментінен тіркеуден өткен 36 жастар қоғамдық бірлестіктері бар. Олар өздерінің дербестігі мен ешкімге де тәуелді еместігін алға тартуға құмар. Дегенмен, қазіргі Қазақстанның саяси жағдайында биліктегі не оппозициядағы аға – апалардың мүддесін емес, өскелең жас ұрпақтың мүддесін ойлап құрылған қозғалыстар некен саяқ.
ХХІ – ғасырда қай елде, қай қоғамда болса да, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірде жастар басты кейіпкер болады. Қазіргі жастар ұйымдарының идеологиялық бағыттары:
Консервативті:
Радикалды:
Реакцияшыл:
Ал, жастардың қоғамдағы белсенді топ екенін бұдан көрі терңірек қарастырғымыз келсе, оларды ортасына қарай жіктеуімізге болады.
Мәселен:
«Алтын жастар» немесе жастар элитасы.
Есірткіге әуес жастар.
Қылмыстық орта.
«Көгілділер» ортасы.
Жаңа фашистер немесе скинхедтер.
Сатанистер, футбол немесе өзгеде спорттық ойындардың фанаттары.
Жастардың оппозициялық мәдениеті.
ЖАСТАР — САЯСИ ҚОЛШОҚПАР МА,
ӘЛДЕ ДЕРБЕС САЯСИ КҮШ ПЕ?
Қазір Қазакстанда не көп, партия көп. Әрбіп партияның жанында жастар қанаты да жұмыс істейді. Қазірше партиялық жастар қозғалыстарының басты атқарған істері — майда-шүйде дөңгелек үстелдер мен үлкенді-кішілі дискотекалар. Сайлау алаыңда ақпарат құралдарынан: «Біздің үміткерді қолдаңдар» — деген сыңайда ұран тастап, төбесі керініп қалған партиялық қозғалыстардын жастар арасындағы РК акцияларын еске алсақ, жастар қанаттарының не үшін құрылғандығы аңғарылады.
Бірақ елімізде дербес жастар қозғалыстары ретінде жұмыс істеп келе жатқан ұйымдар да баршылық. Олар өздерінің дербесгігі мен ешкімге де тәуелді еместігін алға тартуға құмар. Дегенмен, қазіргі Қазақстанның саяси жағдайында биліктегі не оппозиииядағы аға-апалардың мүддесін емес, өскелең жас ұрпақтың мүддесін ойлап құрылған қозғалыстар некен-саяқ. Тіптен, Қа-зақстанда жүмыс істейтін 300-ден астам жастар қозғалыстарының не бары: 5-6-уы ғана еріксіз ауызға ілігеді. Қалғандарының не тындырып жатқаны бір Аллаға аян. Ауызға еріксіз ілігетін сол 5-6 ұйымды талдау арқылы жастар қоз-ғалыстарының мақсат-мүдделерін аңғаруға болады.
КЕШЕ — «ЖАСТАР ТЫҢҒА!»,
БҮГІН — «ЖАСТАР САЯСАТҚА!»
Қазіргі жастар ұйымдарының қатарында консервативті, радикалды және реакцияшыл қозғалыстар да бар. Онын ішінде комсомол және пионер ұйымдарының мұрагеріне айналған Қазақстан жастар одағы сияқты ұйымдар да жастар қозғалыстарының қатарында. Атақ-даңқ тумысынан берілмеген соң, кейбір жастар ұйымдары өздерін саяси науқандар кезінде танытуды әдетке айналдырғандай. Мәселен, «Елім-ай» жастар қозғалысы жоғары оқу орындарында оқу ақысы қымбаттаған кезде өздерін керсете білді. Тіпті, «бұрынғы Білім және ғылым министрі Құлекеевті орнынан мұрттай ұшырған біздің қозғалыс» деп мақтанады елімайлықтар. Қала автокөліктерінде студенттік жолақысы қымбаттаған кезде де елімайлықтар бір ту астына жұ-мылып, баспасөз мөслихатын өткізіп, студенттердің қалтасын тағы бір рет сақтап қалғандай болды. Бірақ атышулы саяси науқандардан кейін БАҚ-тар арқылы танымал болып үлгерген елімайлықтардың төрағасы Ерлан Қарабалаев төрағалығынан кетті. Дәл қазіргі танда «Елім-ай» қозғалысының қандай да бір шараларға қатысып, келелі мәселе көтеріп жатқандығы естілмейді. Қозғалыс кезінде атқарған шараларымен ғана шектеліп қалғаңдай.
«Қаһар» қозғалысы президент сайлауы алдында пайда болып, айналдырған бір жыл ішінде «революциялык қозғалыс» деген айдарға тап болды. Сарапшылар қаһарлықтардың пайда болуын ТМД елдерінде жүріп өткен революциялық толқынмен байланыстырады. Өз кезегінде қаһарлықтар да өздерін түрлі-түсті революциялар кезінде атағы жер жарған Грузияның «Кхмара», Украйнаның «Пора», Қырғызстанның «Кел, кел» жастар қозғалыстарымен бір бағанға қояды.
Екінші жағынан, қазақстандық «Қаһар» құпия жастар ұйымы ретінде құқық қорғаушылардың ерекше назарында болғандай. Әсіресе сайлау алдында қоғамдык резонанс туғызуға тырысып баққан «жасырын ұйым» билік өкілдерін де ойландырмай қоймаса керек. Кезінде оппозициялық партиялардың егіз сыңарлары пайда болғаны ел есінде. Дәл осы сценарий бойынша, «Қаһар» жастар қозғалысына қарама — қарсы күш ретінде көп ұзамай «Қайсар» жастар қозғалысы пайда болды. Мамандар билікке жақын «Қайсарды» — революциялық, радикалды «Қаһардың» қарсылас егіз сыңары деп түсіндіреді.
Президенттің ұсынысымен Дүниеге келген Қазақстан Жастар конгресін де тілге тиек етпеске болмайды. Бүгінде бұл ұйымның құрамына жүзден астам жастар қозғалыстары кіреді. Осының арқасында Жастар конгресі Қазақстаңдағы ең ірі жастар бірлестігі саналады.
Кейбір отандық сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы жастар бірлестіктерін тек қана пропрезиденттік және оипозициялык ұйымдар деп бөліп қарау дүрыс емес.
Олар жастар бірлестіктерінің тамыры әлдеқайда теренде жатқанын айтады. Атап айтсак, дәл бүгінгі тандағы жастар жобалары — революциялық («Қаһар», «Айбат»), реакмиялық. («Күшті Қазакстан үшін» блогы, «Қайсар»), реформистік («Елім-ай»), консервативті («Қазакстан Жастар конгресі», «Қазақстан Жастар одағы») деп бөлінеді. Бірақ жастар бірлестігінің бүгінгі қалпы айнаддырған 5-6 жыл ішінде тағы да өзгеруі мүмкіы/Саяси жағдайлардың артымен жүріп отырған жастар қозғалыстары уакыт өте әзгеріске үшырауда. Сондыктан жастар козғалыс-тарының үлкен саясатқа шын мәнінде әсер етуі — уақыт енішісіндегі мәселе болса керек.
«ЖАСТАР САЯСАТЫ» ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖАСТАРҒА НЕ БЕРЕДІ НЕМЕСЕ «БОЛАШАҚ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ
ЗАҢНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА НЕГЕ СЕНБЕЙДІ?
2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасы «Жастар саясаты» туралы заң қабылданды. Кезіңде бұл заңнын қабылдануына жастар да атсалысқан еді. «Болашақ» республикалык қозғалысы жастар қанатынын төрағасы Дәурен Бабамұратов бұл заңның орындалмай отырғанын қынжыла айтады: «Негізінен «Жастар саясаты» туралы заңмың бастапқы нұсқасы талқыланғанда, Ұлттык пікір-сайыс орталығының «Қоғамдык көмекші» атты акциясы шеңберінде мен де бұл заңға нақты өзгерістер енуіне қатысқан болатынмын. Меніңше, бұл заннын, қажеті жоқ еді. Қоғамды жасына карай, 29-ға дейінгі және 29-дан кейінгі адамдар деп бөліп-жарып карастыруға болмайды. Бұл зан жеке заңнан гәрі, баска заңнын құрамында кабылдануы керек еді. Өзіңіз де айтынызшы, осы заң орындалып жатыр ма? Жоқ. Онын орыңцалуы да қиын сияқты. Себебі өте ауқымды заң» — дейді.
Жағдай осылай болса, жастар козғалыстары жастар мәселесін калай шешіп келеді? Дәурен Бабамұратов өз басшылығындағы жастар қанатының қалалық мәслихатта да, Астана теріндегі Парламентте де депутаттармен байланыс гар барын айтады. Бірак күллі Қазақстандық жастардың Парламенттегі өкілі болып қабылданатын Тәңірберген Бердіоңғаровты болашақтыктар жастар өкілі деп санамайтындығын алға тартып отыр: «Бердіоңғаров — «Жас Отанның» төрағасы. Біз оны біздің Парламенттегі өкіліміз деп санай алмаймыз. Ол басқа ұйымнын өкілі. Біреудің атына кір келтіргім келмейді. Бірақ Бердіоңғаров қоғамда нақты жастарға байланысты бір істі көтеріп, тындырып жатыр дегенді естіген жоқпын. Мысалға, Жастар парламентін құрды дейді. Бірақ онда кім бар, жиналыстары қашан болғаны белгісіз.» — дейді, «Болашақ» республикалық козғалысының өкілі.
Казір өзге жастар жобаларыиа қарағанда, «Болашақ» қозғалысы Қазақстанда не әлемдік деңгейде болып жатқан окиғаларға байланысты жедел түрде өз пікірлерін білдіріп, үлкенді-кішілі акциялар да өткізіп келеді. Күллі әлемді шарпыған «карикатуралар соғысы» кезінде болашақтықтар Еуропарламент ғимаратының аідында наразылық акциясын өткізді. Таяуда Ресейде қазақ қызын скинхедтердің пышақтап кеткені белгілі болғанда, «Болашак» өкілдері Алматыдағы Ресей елшілігінің алдында фашизмге қарсы акиия өткізіп, РФ-ның президенті Путинге Ашық хат жолдады.
Айтпақшы, болашактықтардың Ресей елшілігінің алдына табаны бірінші рет тиіп тұрмаған екен. Мұның алдында скинхедтер Перу студентін өлтіріп кеткен кезде де жастар қанаты 100-ден астам адам жинап, елшілік алдында наразылық акциясын өткізіпті. «Болашақ» жастар канатының белсендісі Олжас Әбілов: «Әлемде болып жатқан окиғаларға да бейжай карай алмаймыз. Пәкістанды дүр сілкіндірген зілзаладан кейін біз қайырымдылық шарасын өткізіп, 1,5 тонна киім-кешектер мен ойыншықтар жинап, Пәкістан еліне жібердік. Бірак еліміздіңде проблемаларын ұмытпаймыз. Кезінде қарттар үйіндегі ата-апалар жылы төсекте үйықтасын деп 80-ге жуық комплект төсек орнын жібердік» — дейді. Олжас Әбіловтін, айтуынша, болашактықтар өзара тәжірибе алмасудан да қашқақтамайды. Оның айғағы жастар қанатынын Қырғызстан, Украина, Ресей жастар ұйымдарымен карым-катынас орнатып, өзара пікір алмастыруы.
Бір айта кетерлігі, күні бүгінге дейін аға буындағы пропрезидентгік және оппозициялык күштердін бір үстел басына жиналып, шын мәнінде конструктивті пікір-талас өткізбегені баршаға аян. Бұл орайда жастар өз ұстанымдарына қарсы пікірді естуден кашпайтынын жеткізеді. Президент сайлауынан кейін «Болашақ» жастар қанатының бастауымен билікке жақын және оппозициялық деп танылып жүрген жастар жобалары бір үстел басына жиналып, пікір алмастырыпты. Бұл жәйт те аға буын қозғалыстарына үлгі боларлықтай.
Бүгінде жастар қанатының өкілдері әсіресе ауыл жастарынын өз құқықтарын толыққанды білу қажеттігін айтады. Бұл орайда жоба ұйымдары ауыл аймақтарды аралап, ауыл жастары арасында тренингтер өткізу мәселесін жоспарлап койыпты. Бұл жобаның тағы бір белсендісі Әбей Әбдірасиловтің айтуынша, болашақтықтар бос уәде беруден ада. Студенттік жатақханалар арасында футбол бәйгелерін өткізудің басты мақсаты да — ауылдан келген жастарды спортқа баулу, қоғамға жақындату.
Осындай игі жобаларды жүзеге асырып отырған бірлестіктін демеушілерін білгіміз келгенде, жастар сұрактан жалтара бастады. Әдетте жастар ұйымдары өз демеушілерінің атын атап, түсін түстеуден қашады. «Болашақ» жастар қанатынық төрағасы Дәурен Бабамұратов: «Бізге кім демеушілік жасайды?» деген сауалыңызға келер болсақ, елімізде білім сапасынын, көтерілуіне мүдделі қаржылық топтар мен меценаттар және жалпы үлкен ағаларымыз бар. Бірақ біз ешқандай да қаржылық топтың қолшоқпары емеспіз. Қолшоқпар болсақ тек қазақ халкынын ғана қолшоқпары болуға дайынбыз» — дейді.
«Жастар саясаты туралы» заңнын орындалуынан гөрі өз күшіне сенетін жастар ұйымдары Қазакстанда көп-ақ. Бір екініштісі, қазірше ұлттық мәселені ту етіп, мемлекеттік тілдің сойылын соғып жүрген жастар қозғалыстары көрінбейді. Тіптен, жастар ұйымдары тарапынан мемлекеттік тіл проблемасын шешу жолында қандайда бір жоба-мақсаттар қарастырылмаған сиякты. Дін мен тіл мәселесі — мемлекеттен де, жастар саясатыиан да тыс калғандай. Бүгінде жастартүгілі күллі халықтың басын қосатындай идеология да жоқтың қасы. Бірақ жастардың, көбі «Қазақстандық ұлт» болғысы келмейді. Бірақ қазіргі жастар да аға буын сияқты қазақ тілді және орыс тілді болып екіге бөлінген. Сонда толыққанды қазақ ұрпағы қашан қалыптасады?
Жастар ұйымдары туралы пікір – сайысшылардың пікірі әр алуан. Десе де олардың бәрі жастар ұйымының қоғамға бәрібір қажет екенін айтады. Жастар ұйымдары арқылы жастар:
- өзіндік пікір қалыптарстырады;
- орта тәрбиесіне бой үйретеді;
- саясаткерлік тәжіриебені бүгіннен қалыптастырады;
- билікке жол ашады;
- қоғамдағы өздерінің рольін шамалауға үйренеді, т.с.с.
Жастар – қай қоғамда да өзіндік маңызы бар әлеуметтік жеке топ. Олардың өз бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырып, өз ұлттың мақсатын жоғары қоюы – сол елдің ертеңінің де жарқын болуының кепілі. Өкінішке қарай, біздің елде заң мен болсын, экономикалық — әлеуметтік жағынан болсын ең аз қорғалатын топ – жастар. Пікір сайысшылар осы мәселеге көбірек алаңдауда.
ОБЛЫСТАҒЫ АБОРТ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ – қызға қырық үйден тиым салып, өсірген халық. Өйткені, бүгінде ата – анасының ақ босағасында отырып – ақ жүкті болып қалу сияқты оқиғаларға құлағымыз үйреніп кеткені соншалық, оны немқұрайды, қабылдайтын дәрежеге жеттік. Біздің облыстағы 15 – 18 жастағы жүкті қыздардың 73,9 % — қазақ, 1,7 % -орыс, 5,9% -өзбек. Олай деуімізге жоғарыда өзіміз мысалы келтірген 15 – 18 жастағы жүкті боп қалған арулардың 61% — і колледж бен училищия түлектері екені себеп болып отыр. Ал, 38,9% — і не оқуда, не жұмыста жоқ жел өкпелер.
Қыздардың 20,3% — і бір рет.
22,9% — і екі рет, одан да көп аборт жасап үлгеріпті.
Керісінше, қыздардың гигеяналық жағынан соншалықты сауатсыз бола тұрып, жеңіл жүріске тым үйірлігі жанымызды ауыртып отыр. Әңгіме арқауына айналып отырғандар 5,3% — нің жеке баспанасы бар, 25,4% — і жатақананың бір бөлмесінде тұрады. Ал, 6,6% — і пәтер жалдап ілдалаумен күн кешіп жатқандар. 30,9% — і ата – анасымен бірге қысылып – қымтырылып, көз түрткі болып өмір сүріп жатса, 30,8% — і дәулетті отбасының «Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» еркетотойлары.
18 бен 29 жас қыздарымыздың жасанды түсік жасатушы әйелдер арасында әлеуметтік зерттеу жүргізіп, олардың осындай іске баруларына себеп болған жағдайларды төмендегідей жіктедік:
- Әлі үйленбеген және үй болуды әлі ерте деп түсінетіндер. Олар өздерін «Үй болуға әлі дайын емеспіз» — деп ақтайды.
- Әлеуметтік жағдайы көтерметіндер. Үйі жоқ, күйі жоқ, қала берді жұмысы жоқ жастар. Болсада бүгін бар, ертеңі жоқ қара жұмыс.
- «Жігіттеріне» алданғандар. Бір қызығы бұлардың ішінде 25 – 30 жас аралығындағы бойжеткендер де бар екен.
- Денсаулық жағдайына байланысты бала көтере алмайтындар. Немесе аяқтары ауырлағаннан кейін барып, бала көтеруге денсаулығы жарамайтындықтарын білгендер.
Шынында да ана сүті аузынан кеппеген қыздарымыздың көбінің өз қылығына есеп бермейтін, парықсыз болғаныма. Мұны қалай алдын – алуға болады? Мүмкін, бұрыннан тәжірбиеде бар әдіс мектептерде, ЖОО мен колледждерде «әйелдердің кеңесін құру керек шығар?» Қалай дегенде де бойжеткендеріміз «атың шықпаса жер өртенің» керін келтіріп, ұлтын ұятқа қалдырып отыр.
ОБЛЫСТАҒЫ ЖЕЗӨКШЕЛІК МӘСЕЛЕСІ
«Гүл өссе – жердің көркі,
Қыз өссе – елдің көркі» — деп атамыз қазақ қыз баласын ежелден – ақ алақанға салып аялап өсірген. Қыздарының тәлім – тәрбиесіне бесіктен мән берген. Ал, қазаіргі уақытта түнгі клубтарда торлаған, көше бойын жағалаған қазақ қыздары көбейіп барады.Былтыр ОҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тарапынан көңіл көтеру және өзге де орындарда жеңгетайлық пен жезөкшелік фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған басқармада қазіргі таңда 55 жеңгетай, 311 жезөкше есепте тұр. Оның ішінде 3 жеңгетай мен 153 жезөкше Өзбекстан азаматшалары жеңіл жүрістің иелері.Тән саудасын қыздырушылар көбіне көрші мемлекеттерден ешқандай кедергісіз өтіп келе береді.
Әсіресе, туу жасындағы әйелдер арасында ажырасқан жас келіншектер өте көп. Немесе ауылдан келген қыздар үлкен қалаға келіп, арамзаның қармағына түсіп алданып, өзінің бақытсыздыққа душар болғанын бірақ сезіп жатады. Сөйтіп жүріп жезөкшелікке түскенін байқамай қалады. 2006 жылы 15 – 17 жасар аралығында 453 жасөспірім сифилис және гоноряя мен ауырған. Менің ойымша түнгі көбелектермен күресудің бір жолы олардың көше жағалап тұруына қатаң тиым салуымыз қажет. Мемлекет тарапынан қадағаласа көшедегі кез –келген қара ысқыратын серілер азаяр ма еді деп ойлаймын. Күн өткен сайын қоғамға дендеп келе жатқан жезөкшелік көп болып күреспесек болмайды.
Білген кісіге өмірдің өзегімен денісау қоғамның ұрпағы сол серілердің ермегіне айналған қыздардан келмейме.! Неге біз қазақ қызының намысын аяғымызға таптап жүргенімізді аңғармаймыз.
ОБЛЫСТАҒЫ НЕКЕ МЕН АЖЫРАСУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ.
Қазақта «Үйлену оңай, үй болу қиын» — деген сөз бар. Қазір елімізде орда бұзар отыз жасқа таяп қалсада, отбасын құрмаған қыз – жігіттеріміз көп – ақ. Қазақстандағы әр бір бесінші жиырма үш жастан асқан әйелдер мен жиырма алты жастан асқан ерлер ресми түрде мүлдем некеге тұрмағандар. Дегенмен, біздің облысымыздың некеге тұрушылардың саны Республиканың басқа аймақтарына қарағанда айтарлықтай жоғары. 2005 жылы мен салыстырғанда 2006 жылы облысымызда некеге тұрғандардың саны әжептеуір өсті.
Мәселен, өткен 2006 жылы некеге тұрғандардың саны – 20466 адамды құрады. Ал, бұл көрсеткіш 2005 жылы – 17127 болатын. Өкінішке орай, ажырасқандардың саны да өсіп отыр. 2006 жылы 2466 – ажырасу тіркелсе, 2005 жылы 2029 – жұп ажырасқан.
2006 жылдың қаңтар – қарашасында 18,8 мың некелесу 2005 жылы қаңтар – қарашасында 2,3 мың ажырасу (119,5% тіркелді).
Ажырасудың жалпы коэффиценті халықтың әр мың адамына шаққанда 2006 жылдың 1,1% ажырасу құрады.
Облыста тұтас алғанда, некелесудің жалпы коэффиценті халықтың мың адамына шаққанда 9,3 % некені құрады. Некелесудің ең жоғарғы деңгейі мың адамға Түркістан – 10, 3 неке, Сайрам – 11,0 неке, Созақ – 11,3 неке, аудандарда, төмен деңгейі – Мақтарал – 7,9 неке, Түлкібас – 8, 2 неке аудандарда орын алды.
АРАЛАС НЕКЕ:
Өткен жылы 46 ұлт аралық неке тіркелді. Оның ішінде Туркияға – 15, Германияға – 8, Иранға – 4, Америкаға – 3, Бельгия, Біріккен Араб эмираттары, Сирия елдеріне екі – екі қызымыздан тұрмысқа шықты. Ал, 2005 жылы 31 ұлт аралық неке тіркелген болатын.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ:
Қазіргі заманда өмір адамның жеке басына және қоғамға күрделі талаптар қоюда. Ал әр адам бұл қойылған талаптарға төтеп бере алмай, жан дүниелерін сергелдеңге түсірді, бұған дейінгі ұстанған көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр болды. Көп адамдар ақыл – кеңес сұрап, түсінік іздеп, қоғамға әртүрлі талап қоюда. Өйткені, экономика дағдарысы қоғамды құрайтын адамдардың экономикалық материалдық өмір сүру жағдайын төмендетті, осыған байланысты адамдардың рухани мәдениеті төмендей бастады. Өкінішке орай, рухани деңгейі төмендеуге ұшыраған қоғамда оған төтеп беретін әдіс тәсілдер, ұйымдар мен қауымдастықтардың жұмысы аздық жасап, әр адамның жүрегінің түкпіріне жетпеуде.
Ал, қоғамның тірегі мен үміті жастар екені даусыз. Ал, жастарымызға Батыстың мәдениетін насихаттап отырғаны, иелемен қоғам мүшелерін мейірімсізділік пен жезөкшелік, адам жанын түршіктіретін сұмдық жағдайларға, қылмыскерлікке әкеліп, ұлттық тәрбиеміздің бей – берекетін кетіруде.
Демек, ұлттығымыздан айырылу деген, мемлекетіміздің әлсізденуі, қоғамның іштей ыдырауы деген сөз. Бұл мәселе, қоғамымызда мәдениет саясатының жоқтығын көрсетеді.
Дәлелге сүйенсек ОҚО 405 кітапхананың ішінде небәрі 10 кітапхана интернет желісіне қосылған. 28 ауылдық кітапхана күрделі жөндеуді қажет етсе, 24 кітапхананың жылу жүйесі істен шыққандықтан қыс мезгілінде мүлдем жылытылмайды.
Облыстағы 14 мұражайдың ешқайсысы типтік ғимаратта орналас-паған, оның ішінде 6 – ы күрделі жөндеуді қажет етсе, 5 – і мұражайдың жылу жүйелері істен шыққан.
ЖАСТАРДЫҢ ЖАРГОНЫНА ЖАҢЫЛАСЫҢ
Адамды иліктіретінде, ибалы ететінде иман. Қазір жастардың арасында екі сөздің бірі балағаттау мен біреудің намысына тию жиі кездеседі ішімдікке тойып алып, айықтырғыштың табалдырығына тоздыруымен жүргені де көп.
Қазақтың 42 әріпінен құралатын қасиетті сөздері бүгінде ұлтымыздың көне сөздері секілді өз мағынасын жойылып бара жатқандығына көзімізді жеткізуге болады. Мұның бірден – бір себебі қазіргі жастардың көпшілігі «жаргон» сөздерді шектен тыс қолданатыны болса, тіпті ер жеткен азаматтар мен қыз – келіншектердің арасында үйреншікті сөз болып қалыптасып кеткен. Бұл сөздерді кез – келген жерден ести аласыз. Мысалы «базар жоқ» бұл сөздің тікелей мағынасына көңіл бөлсек, сауда орынның немесе базар жоқтығын, болмайтындығын білдіреді.
Ал, жастар бұл сөзді өзіне келісетіндігі жайлы мағынада қолданады. Кез – келген жастардың жанына жақындай қалсақ «қумайсың», «сындырдым», «жынды», «тентек», «зың», «шелек болмашы» – деген сөздер құлаққа бірден ілігеді. Бір қызды немесе жігітті ұнатып қалдым дегенді «сындыр» деп айтқандарына таң қаласың.
Сонда-ақ қыз-жігіттердің сулулығын «жынды» деген бір сөзбен тындырады. Дәл осы мәселе турасында жастарды әңгімеге тарта қалсаң «заман талабынан шыққан сөздер», «заманға байланысты ғой», «оның өзі де бізге бедел әпереді» деген пікірлермен шектелетіндігін байқадық. Бір қызығы «заман талабы» деп заманға жабатындар да табылады.
«Оқыған білер әр сөзді, надандай болмас ақ көзді» – деп Абай атамыз айтқандай, ақ көзді надандай сөз шырқын бұзатын жастар легінің көбейіп келе жатқандығы қынжылтады.
Кезінде ата – бабамыз «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» — деп дөп басып айтылыпты десем қателеспеймін. Онсызда қазақ тілінің қауқарсыз күн кешіп жатқандығы аздай жастарымыздың асыл қасиетке толы туған тіліміздің мағнасын жоғалтып, қайдағы жоқ құбыжық сөздерді күнделікті өмірде айтуды әдетке айналдырғаны өкінішті – ақ.
ОБЛЫСТАҒЫ ТРАФФИК САУДАСЫ
Ғылым мен техниканың қаншама қарыштап дамып,хх – ші ғасырға аяқ бассақ та жұмыр басты пенде мал емес, бірін – бірі шімірікпей тауар ретінде сатудан тыйылар емес. Осындай сорақы қылмыс түрімен көзге түскендердің ішінде біз де бармыз. Орта Азияның ортасында кең көсілген жеріміз «адам саудасына», яғни траффике қолайлы болып шықты. Жыл асында обылыста 370 адам жоғалған. Ішкі істер басқармасының із кесіп, індете іздеуінің нәтежесінде 282 жан отбасына қайта оралған. 88 адамнан ешбір хабар – ошар жоқ. Расында да адамдардың жоғалу көбінесе көктем айында басталатын көрнеді.
Сондай – ақ, отбасылық түсінбеушіліктің салдарынан көп ретте 16 – 18 жас арасындағы жас өспірімдер үйді тастап кете барады. Мамандардың сараптауынша өмірде көп ретте ер – азаматтар жоғалады екен. Облыс бойынша Шымкент қаласының тұрғындары тым «жоғалғыш» болып келеді.
Осыдан 3 жыл бұрын Шымкент әуежайында Сауд Арабиясынан ұшқалы тұрған 21 қызды жеңгетайлармен қосып полиция тұтқындаған еді. «Несін айтасың, араб елінде үлде мен бүлдеге оранып, қамсыз қарекетсіз өмір сүресіңдер» — деп жап – жас қыздарды алдап – сұлдап әкетіп бара жатқан сұм тілектердің сол жерде жол кесілген.
Біз көтеріп отырған мәселені мәнділігіне болса керек, осы «Сана сезім» құқықтық орталығына өткен жарты жылдың өзінде – ақ 960 адам шағымданған. Ерлердің өзінен 450, әйелдерден 510 арыз түсіпті.
3 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ДАМЫТУДЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.
Экономика қоғамның жүрегі болса, кәсіпкерлік оның күре тамыры. Шағын және орта кәсіпкерлік кез – келген мемлекет экономикасына негізі. 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың кәсіпкерлік бастамашылықтарын мемлекеттік қолдау – ертеңгі биік экономикалық көрсеткіштерімізді бүгіннен қалыптастыру деген сөз.
Елбасы былтырғы халыққа жолдауында «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын одан әрі күшейтуді жалғастыра беруіміз керек» — деген болатын. Кәсіпкерлік – ел экономикасын негізі десек, оны алға жылжытушы – жастар екндігі даусыз. Сондықтанда, мемлекеттік органдар болсын кәсіпкерлік қауымы болсын, жас кәсіпкерлерге мейлінше қолдау көрсеткен абзал.
Осыған орай екі ұсынысымыз бар.
Біріншіден, жастарды заң мен экономикаға толық әрі нақты біліміне қамтамасыз етуге тиіспіз. Мектептерде арнайы «Кәсіпкерлік» сынды курстарды Білім және ғылым министірлігі тарапынан тегін түрде ашуымыз керек. Және білім әр түрлі жас деңгейіне сәйкес түрде берілгені жөн.
Екіншіден, Жоғарғы оқу орындарында негізінде «жас кәсіпкерлер» орталығын құру қажет. Бұл орталықтың ғылымдағы соңғы жаңалықтар мен мүмкіндіктер, техналогия, нарықты маркетингтік зерттеудің нәтижелері, сыртқы және ішкі рынок, бәсекелестер туралы ақпараттық базасы болады және жас кәсіпкерлерді осында ақпараттар мен тегін қамтамасыз етеді. Сондай – ақ әр ЖОО – ның өз техно парктері өздерінің инновациялық жобаларын жүзеге асыра алады. Біз ұсынып отырған орталық, сонымен бірге, жастарға семинарлар өткізу, кеңестер беру, есеп жүргізу жұмыстарына көмектеседі.
Мәселен, орталықта бас қосқан жас кәсіпкерлердің өздері банктерден берілетін несие үстем ақыларын төмендету, мемлекеттік салықтан жеңілдіктер жасау жөніндегі ұсыныстарын әзірлеп, оны мемлектке ұсынатын болады.
Әлемде өз ісін енді бастаған жастарға салықтан босату тәжірибесі бар. Біздің ұсынысымыз – жастарды ең кемі үш жыл салықтан босатуымыз керек. Сонымен қатар орталық ЖОО мен кәсіпорындар арасында байланыс орнатуы тиіс. Себебі, болашақ мамандар теория мен практиканы қатар ұштастыруы тиіс.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ.
Жұмыс іздеуші жас мамандарға маркетингтік және менеджменттік институттар ұсынған тиімді тәсіл.
жұмыс орнын оқу орны арқылы іздеу;
туыс, дос – жаран, таныс – тамыр арқылы;
бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарландырулар арқылы;
интернет арқылы;
жеке меншік фирмаларға тікелей бару арқылы;
Сондай – ақ қазіргі кездегі кірпияз жекеменшік фирмалар жұмыс іздеушілерден төмендегідей қабілеттеріне баса назар аударады;
көпшілікпен тіл табыса білу;
тиімді шешімге тез келе алушылық;
шығармашылық шабыты болу;
ақыл – ой, талдау қуаттылығы;
тез арада іс тындыра білу;
еңбек тәжрибиесі болу;
Міне, осы талаптарға жауап бер алатын жас мамандарға жеке фирмалар мен компанияларды жұмыс істеу мүмкіндігі зор болып келеді. Осындай сорақы қылмыс түрімен көзге түскендердің ішінде біз де бармыз. Орта Азияның ортасында кең көсілген жеріміз «адам саудасына», яғни траффике қолайлы болып шықты.
Жыл асында обылыста 370 адам жоғалған. Ішкі істер басқармасының із кесіп, індете іздеуінің нәтежесінде 282 жан отбасына қайта оралған. 88 адамнан ешбір хабар – ошар жоқ. Бұл орталықтың ғылымдағы соңғы жаңалықтар мен мүмкіндіктер, техналогия, нарықты маркетингтік зерттеудің нәтижелері, сыртқы және ішкі рынок, бәсекелестер туралы ақпараттық базасы болады және жас кәсіпкерлерді осында ақпараттар мен тегін қамтамасыз етеді.
Сондай – ақ әр ЖОО – ның өз техно парктері өздерінің инновациялық жобаларын жүзеге асыра алады. Біз ұсынып отырған орталық, сонымен бірге, жастарға семинарлар өткізу, кеңестер беру, есеп жүргізу жұмыстарына көмектеседі. Ал, тәуелсіз сарапшылар зерттеулеріне қарағанда, мансап жолында өсу мен жұмысқа тұру үшін келесі талаптарға назар аударғаны жөн:
жетекші университеттің дипломы болу;
байланыс орната білу және бірнеше шет тілдерінде еркін сөйлеу;
бір командада жемісті еңбек ету және көшбасшылық қабілетке ие болу;
қиын жағдайлардан ақылымен шыға білу;
ұжымдық бірлікке бағыну;
Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының жұмыспен қамтылу
КӨРСЕТКІШІ
|
Аудан, қалалар |
Ауыл шаруашылығнда |
Медицинада |
Білім беру саласында |
Әскери және құқық қорғау |
Мемлекет-тік қызметтер
|
Кәсіп керлік саласында |
Өнер кәсіпте |
Құрылыста |
Әр түр лі сала ларда |
1 |
Арыс қаласы |
3753 |
126 |
328 |
315 |
27 |
722 |
116 |
290 |
2800 |
2 |
Сайрам ауданы |
16450 |
1300 |
3200 |
650 |
165 |
6700 |
5300 |
9250 |
11200 |
3 |
Созақ ауданы |
3550 |
195 |
585 |
82 |
55 |
1320 |
1100 |
120 |
2221 |
4 |
Қазығұрт ауданы |
5129 |
141 |
432 |
96 |
47 |
307 |
106 |
235 |
894 |
5 |
Отырар ауданы |
2186 |
94 |
695 |
75 |
54 |
620 |
377 |
174 |
2525 |
6 |
Түлкі бас ауданы |
2830 |
71 |
263 |
90 |
21 |
299 |
161 |
513 |
1516 |
7 |
Төлеби ауданы |
5553 |
306 |
773 |
182 |
73 |
1507 |
210 |
825 |
8212 |
8 |
Бәйдібек ауданы |
3523 |
151 |
5203 |
207 |
176 |
876 |
160 |
909 |
1027 |
9 |
Сарыағаш ауданы |
17081 |
5603 |
1982 |
394 |
108 |
4327 |
1161 |
489 |
12569 |
10 |
Шардара ауданы |
6497 |
124 |
483 |
80 |
17 |
98 |
105 |
51 |
827 |
11 |
Түркістан қаласы |
202 |
279 |
1612 |
22 |
27 |
660 |
660 |
5 |
864 |
12 |
Ордабасы ауданы |
17243 |
33 |
598 |
113 |
25 |
455 |
347 |
65 |
744 |
13 |
Мақтаарал ауданы |
27193 |
372 |
2284 |
148 |
172 |
1932 |
918 |
864 |
7937 |
14 |
Шымкент қаласы |
— |
4394 |
5321 |
341 |
572 |
11104 |
7445 |
3170 |
114279 |
15 |
Кентау қаласы |
2378 |
248 |
983 |
45 |
164 |
53 |
256 |
118 |
246 |
|
Облыс бойынша |
113568 |
13437 |
24742 |
2840 |
1701 |
30980 |
18422 |
17078 |
167861 |
Жалпы -390 629
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі шамамен 21,2 пайызды құрайды.
3.2 ОҚУ ОРЫНДАҒЫ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДІ
ТИІМДІ ШЕШУ.
Қазақстан мектептеріне ер мұғалімдерді көптеп тарту бүгінгі күннің басты мәселесі. Орта мектептің директоры, мұғалімдердің көпшілігі әйел адам, ер балдардың мінез құлқына жүріс тұрысына әсер етпей тұрмайды. Ол үшін ер мұғалімдердің еңбек ақысына белгілі бір мөлшерде тиын — тебен қосып мектеп директорларын түгелдей ер азаматтардан тағайында, тәрбие жұмысының жедел жақсаруына, екінші жағынан, ер балдардың ер жүрек батыл болып қалыптасуына септігін тигізеді.
Менің ойымша, мемлекеттік оқу орындарының бір сыпыра беделділеу дегендерін бөліп алып, тек мемлекет есебінен қаржыландыратын кез жетті. Сонда оқитын студенттердің сапасы жақсарады.
Алдымен 2007 жылдан бастап ЖОО, еңбек биржасы, студенттік контингент тізбегі жүзеге аса бастауы керек. Яғни, ЖОО тек қана білім берудің ошағы емес, сондай – ақ өз түлектеріне жұмыс тауып беруші құзіретті де қатар атқаруы тиіс.
Сонымен қатар, қазіргі таңда өзекті проблема болып отырған тұрғын үй мәселесі. ҚР мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2007 жылға дейін 12 млн шаршы метр тұрғын үй салыну керектігі жоспарланып отыр. Осы бағдарламаның аясында және жастарға деген мемлекеттің қолдауының арқасында әр аймақ бойынша жас мамандарға 100 үй беру бағдарламасын осы жылдан бастап жүзеге асыруды қолға алу керек.
Біз шикізатқа емес, соңғы өнімге негізделген эканомикаға бағыт бұрып келе жатқан қазіргі тұста, жастардың тың идеясы жаңа, жобалары өте маңызды болып отырғаны баршамызға белгілі. Сондықтан осы тың идеяларды жүзеге асыру мақсатында оны өнер кәсіп пен өндіріске енгізу үшін жас ғалымдарға 100 грант бағдарламасын қарастыруымыз қажет. Осы арқылы жаңалық ашқан және оны өндіріске енгізуге атсалысқан жас ғалымдарға бәйге жариялау арқылы өзіміздің эканомикамызға елеулі түрде әсер ете аламыз.
ҚЫЛМЫСТЫҢ ӨСУ СЕБЕПТЕРІ:
Біріншіден, облыс орталығында жас өспірімдерге жасалынған қылмыстардың өсу себебі; Шымкент қаласы тығыз орналасқан, көңілді көтеру орындары (кафе, барлар) мен ойынханалардың (дискотека, түнгі клубтар), сонымен қатар ірі сауда орындары мен базарлардың шоғырланған жері.
Екіншіден, сонымен бірге жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың өсу себептеріне ықпал етіп отырағн жағдай, ол жасөспірімдердің мінез – құлқына қалыптасар тұсында отбасының әлеуметтік дейгейі басты рөл атқарады және отбасының мәдениетінің төмендігі ата – аналарының баланы тәрбиелеуіндегі келіспеушілігі, сонымен қатар ата – анасының толық болмауы, ақыр соңында жасөспірімдердің үйлерінен қашып қаңғыбастыққа шалынып қылмысқа баруына себеп болады.
Үшіншіден, сонымен қатар жасөспірімдердің заң талаптарын жетік түсінбегендігінен қылмысқа баруда, атап айқанда кәмілетке жасы толмағандардың жас шамасы ескеріліп бас жарасы қамауға алынбаған себептерін жете түсінбегендіктен, өзге де жасөспірімдер құқық бұзушылыққа барып жатады.
Төртінші, ата – аналардың өз балаларына қымбат ұялы телефондар алып береді, соның салдарынан олардың тонау обьектісіне айналуы.
Бесіншіден, мектеп басшылығы және мұғалімдер құрамы ішкі істер органдарына, мектеп ішіндегі жағдайды, онда өздерін «көшбасшы» ретінде ұстайтын және жүйелі түрде тәртіп бұзушылармен сабаққа келмейтіндерді дер кезінде хабарламауы.
Алтыншыдан, жасөспірімдермен топталып қылмысқа бару себептерінің бірі, ата – аналары тарапынан бақылаудың және тәрбиенің жоқтығы, отбасының әлеуметтік төмендігі, балалардың өз еркімен өмір сүруге бейімделуі ықпал етеді.
Жетіншіден, ересек адамдармен бірігіп қылмысқа бару себептерінің бірі, ересек тұлғалар жасөспірімдердің жастығын, құқықтық сауатысыздығын және отбасындағы әлеуметтің жағдайларын пайдаланып оларды қылмыс жасауға тартады.
ЖАСТАРДЫҢ ИМАНДЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ АРТТЫРАМЫЗ.
Елімізге ағылып жатқан миссионерлер алдымен елдің жағдайын, әлеуметтік жағдайын, ділін зерттеп, соған арнайы бағдарлама жасап келеді. Сол секталардың жетегінде 500 мыңдай қазақ жастары жүр. Мәселе, жастардың діни сауатының төмендігінен, шындығында бізде исламның насихаты аз.
Жалпы осы мәселелердің шешілу жолдары.
«заңы әлсіз елдің – зары көп» дегендей, 1992жылы қабылданған «Діни сенім және ар ождан бостандығы» заңына өзгеріс керек.
Халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсарту, мәдени және медициналық проблемаларды шешу, жалпы хылықтың тұрмысын түзету.
Жастар мен балалардың тәрбиесіне оқуына көңіл бөлу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсулеріне жағдай жасау керек.
Діни және ұлттық құндылықтарды үйрету үшін мектептерде дін сабақтарын жүргізу, мемлекеттік университеттерде «Дін тану» факультеттерін ашу.
Діни және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын газет – журналдар шығару, радио және теледидар бағдарламаларын енгізу.
Бүркеншек атпен келіп ойына келгенін жасап жатқан миссионерлерді елден алыстату немесе олардың әрекеттеріне және солардың ұясы болып отырған шіркеулерді қатаң бақылауға алу.
Қорытынды
Жастар біздің болашағымыз, ата-бабаларымыздап бізге мұра болып қалған ел болып қалған ел байлығы мен жер байлығының ертеңгісі де солар. Қазақ елінің егемендігі мен тәуелсіздігі сол жастардың қолында.
Республикамызда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалардың тағдыры да жастарға байланысты.
Қазіргі жастардың арасында елінің ертеңін ойлайтын, қоғамымызда орын алып отырған әлеуметтік-экономиканы дағдарыстан шығу жолында өздерімің білімі мен кәсіби шеберлігін аянбай еңбек етіп жатқандар да баршылық. Адал өмір сүруді, барлық нәрседе әділ болуды, тілін, дінін, халқының салт-дәстүрін, қадір-қасиетін тұтатын жастар-қандай құрметке болса да лайық. Алла тағала оларға екі дүниенің де шапағатып нәсіп етсін.
Шет елдік білім орталықтарында оқып, еліміздің маңдай алды зиялылары болуға, келешекте республикамыздың саясатын, экономикасын басқару тізгінін өз қолдарына алуға даярланып жатқан жастарымыз қанша. Олар Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша қолдауы мен қамқорлығында. Бұл туралы Ақмолада өткен жастар форумында Президент егжей-тегжейлі баяндап берді. Таяуда ғана қабылдаған «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жолындағы шаралар туралы» Президенттің арнайы өкімі, «жастар туралы» жаңа заңның жобасып әзірлеу-осының барлығы жаңарған жастарды қалыптастырудағы кезең деп бағаласақ болады.
Жаңарған Қазақстанды көркейтіп, даму болашағын қамтамасьп ету үшін біздің жастарымыз осы заманға парықтық экономикаға сай келетін білім мен өнерді табанды түрде меңгеруге тиіс. Ұлы данышпан Сократ Хакім: «Өнерден жақсы нәрсе, білімнен үлкен, ұяттан сүлу нәрсе, қызғаншақтан асқан дұшпан жоқ» — деген екен. Олай болса бүгінгі жас ұрпақ барлық ақыл-қайратын, күш-жігерін, бар мүмкіндігін өнер мен бІлімді меңгеруге жұмсауға тиіс. Кімге болса да өмір сүрудің мән-мағынасы осында деп ұғуымыз керек.
Адам ілімді жастық, жігіттік шағында үйренгені абзал. Адамның жас шағында ақыл-қайраты мол болады.
Соған орай өнер мен білімді меңгеруде салыстырмалы түрде айтқанда оңайға түседі.
Ұлы Абайдың:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
Пайдасын көре-тұра тексермедім,
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды кеш мезгілінен сермедім, — деген ұлағатты ойын әрбір саналы жас естен шығармауы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты
туралы заңы.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар
саясаты туралы тұжырымдамасы.
- Айнүр Ілиясқызы. «Өз күніңді өзің көр…» //
Алтын орда 11.10. 2002ж, №23.
- Нұридін Балқия. «Білім жолындағы жастарға-бір ауыз сөз»//
Оңтүстік Қазақстан. №12,2.02.2002ж.
- Ыспандияр Ақайұлы. «Бұл-күрделі іс, бірақ шешілетін іс»//
Түркістан №10.11.04.2005Ж.
- Раушан Баударбек. «Дерт дендеп, делбешіні ауыстырдық…»//
Шымкент келбеты, №45,13.08.2004ж.
- Динара Мыңжасарқызы. «»Болашақтан»үміткерледің бақталасы»//
Жас алаш, №25,12.10.2007.
- А. Дадабаев. «Студенттер 50 пайыздық жеңілдікпен жүретін болды»// Жастар дауысы №3,12.05.2003ж.
- Қалиолла Маджанов. » Жастар мәселесі» //
Рухани Қазына №34(48) 15 мамыр 2007ж.
- Рахат Қыстаубаева. «Бізге жанып тұрған жастар керек» //
Оңтүстік Қазақстан №183-184, 2 желтоқсан, 2006ж.
11.Ақмарал Әбдезова. «Әркім ақылы жеткенше армандайды»//
Жас Алаш №140. 22 Қараша 2003.
- М. Сатаева «Ел Жастарды ұмытты» //
Алтын орда №16(222) 23 сәуір-29 сәуір 2004ж.
- Гулбиғаш Омарона «»Болашақтың «қызьнын батыс көріп отыр» // Түркістан. №75,08.03.2004Ж.
- Ғаділбек Әкімов «Жастар-ХХІ ғасырдың басты кейіпкерлері» //
Жас алаш.
№ 185,06.08.2000ж.
- Серік Талғатұлы «Жастар-саяси қолшоқпар ма, әлде дербес саяси күш пе» // Түркістан. №170,25.11.2003ж.
- Есенгүл Көпқызы «Білім-ұлтқа қызмет етуі керек»//
Түркістан. №180,30.08.2005ж.
- Роза Әлқожа «Жеті жастан жетпіс жасқа дейін ілім үйрен»//
Ақ жол №05,5.02.04
- Қырықбай Алдабергенов «Мәселе ушығып тұр…» //
Жас қазақ. №152,19.02. 2006ж.
- Әзімбай Галм «Демократия құрбамы ұлттық құндылықтар ма?» // Жас қазақ. №14.12.05.2002ж.
- Т. Дөрбетханұлы «Қазақ мәдениетінің дамытудың ерекшелігі мен болашағы»// Нөмір тақырыбы. № 13,28.12.2004ж.
- Әнуарбек Бейсен «Басты нысап-Білім нысандары» //
Оңтүтік таңы. №07,26.02.07.
- Кәмшат Әбілқызы «Жастар ұйымдары» //
Жас қазақ, №16,28.04.2006ж.
- Нүрсейтов Даурен «Жастарға жағдай жасау» //
Түркістан, №7,18.03.2004ж.
- Жамалбек Ақылбайұлы. «Болашақ бүгінен басталады» //
Егемен Қазақстан, №266, І5.09.2002Ж.
- Гулбиғаш Омарова «»Болашақтың»болашағы» //
Түркістан, №09,25.02.2001ж.