АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық –географиялық жағдайы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

           Кіріспе……………………………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

   Оңтүстік Қазақстан ежелден өнеркәсібі ерекше дамыған өңір саналады. Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Дипломдың жұмыстың негізгі мақсаты облыс шаруашылығына сипаттама бере отырып, оның қазіргі кездегі даму жағдайын қарастыру. Еліміз егемендік алып, экономикамыз ілгерілеген сайын облыстың экономикасының өркендеп келе жатқанын байқауға болады.

    Облыстың өнеркәсібі әлемнің 37 еліне экспортқа шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдері-43,3%, металлургия өнеркәсібі-14,5 %,минералдық өнімдер-17,2 %,мал және өсімдік өнімдері-17,3 %,химия өнімдері-4,3 %.Ал импорт құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар мен аппараттар 42,8%, химия өнімдері -18,8 % құрайды. Облыста қазіргі таңды «Оңтүстік Қаазсқатн облысының индустриалды-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жасалған. Өнім сапасын халықаралық стандартқа сай ету жұмыстары жан-жақты жандандырылуда.

         Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен орныдары және уранның Республика бойынша 50 пайызы бар. Қолайлы ауа райы мен ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің молдығы ауыл  шаруашылығының барлық салаларын дамытуға жағдай жасайды. Соңғы 15 жылда ірі өнеркәсіп орындарының тоқырауына қарамастан облыс индустриалды-аграрлы өлке болып табылады. Бүгінгі күнде Қңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша трансформатордың 98 пайызын, дәрі-дәрмектің 70 пайызын, республикады өндірілетін минералды сулардың жартысына жуығын, мотор майлары мен бензиннің 40 пайызын, республика бойынша мақта және оның өнімдерінің барлығын береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық –географиялық жағдайы

 

1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы мен табиғи жағдайы

 

   Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шарша шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері жазықты, негін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен |Сырдарья, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған.

      Оңтүстік Қаазақстан облысының көп ғасырлық тарихы бар. Мұнда Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлке ертедегі мәдениет пен цивилизацияның орталығы. Ертедегі Оңтүстік Қаазсқатн облысында көне түрік қағанаты заманында көне мәдениет ошақтары- Исфиджаб (Сайрам),Отырар, Сығанақ, Яссы, Әулие-Ата қалалары дамыған. Мұнде әлемдік маңызы бар ғылыми және білім орталықтары болған.

   Саяси-әкімшілік тарихы бойынша Оңтүстік Қаазақстан облысы 1932 жылы жеке әкімшілік облысы болып құрылған. Оның жеке облыс болып даму тарихы Алматы, Қарағанды, Шығыс Қаазақстан, Батыс Қазақстан облыстарымен байланысты.

    Оңьтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10-наурыз күні құрылғаннан бастап, атауын сан мың өзгерткен. 60-жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында Шымкент деген атаумен еніп, егемендік жылдарынан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталды.

 

1.2. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтікдемографиялық сипаты

 

         2005  жылдың  басына  облыстағы  халықтың  саны  2193, 6  мың  құрап,  2004  жылмен  салыстырғанда  оңтүстік  қазақстандықтардың  саны  2 %  артты.

        Халық  санының  көбеюі  негізінен ,  бүгінгі  таңға  облыс  халқының  59,9 %    1312,9  мың  адам   бөлігін  құрап  отырған,  ауыл  тұрғындары  санының  өсуі  есебінен  болып  отыр.  Оңтүстік  қазақстандықтардың  80,7  мыңы  ( 40,1 % ) – қалалықтар.

        1994  жылдан  2004  жылға  дейінгі  кезенде  облыс  бойынша  туылғандардың  жалпы  саны  545,8  мың  адамды  құрады,  барлық  туылғандардың  67,0 %  ( 365, 9  мың  адам)  ауыл  халқына  жатады. Гендер  белгісі  бойынша,  жаңа  туылғандардың  48,5 %  ( 264, 8  мың  адам)  әйелдер  және  51,5 %  ( 281, 0  мың  адам) – ерлер.

         Қазақ  халқы  арасында  туу  жоғары  деңгейде  қалып  отыр,  оның  үлесіне  1994-2004  жылдары  туылғандардың  —  71,5 %  (390,3  мың  адам )  тиесілі.

         Туылғандардың  жалпы  коэффициентерін  әр  1000  адамға  шаққанда  1994  жылғы – 29,0 –ден  2004  жылы  — 26,9-ға  дейін  кеміді,  алайда  Республиканы  тұтас  алғанда  бұл  көрсеткіш  жоғары  күйінде  қалып  отыр.  2004  жылы  әр  1000  қалалық  тұрғынға  орта  есеппен  26,4  туылғаннан  келсе,  1000  ауыл  тұрғынына  27, 2  туылғаннан  келді.

        1994-2004  жылдары  өлгендер  саны  161,7  мың  адамды  құрады,  1994-2004  жылы  өлім  деңгейі  халықтың  1000  адамына  шаққанда  6,9  өлімнен  келді.  Қалалық  елді  мекенде  77,0  мың  жалпы  өлім  санының  47,6 % )  ауылдық  жерде – 84,8  мың  өлім  (52,4 % )  тіркелді.

        1994-2004  жылдары  өлім  себептерінің  ішінде  анықтаушы  орынды  қан  айналымы  жүйесі  аурулары  ( жалпы  өлім     санының  47, 6 % )  алды.

Осы  мезгіл  ішінде  тыныс  органдары  ауруынан  өлгендер  саны  18,5  мың  адамды  ( 11,4 % )  адамды  кездейсоқ  оқиғалардан,  улану  басқа  да  сыртқы  әсерлерден  17, 8  мың  адам  ( 11,0 % ),  жаңа  ісік  ауруларынан  16, 9  адам  ( 10, 5 % )  қайтыс  болды.

        Сәбилердің  шетінеу  деңгейі  төмен-түсті.  Мәселен,  бір  жасқа  дейінгі  өлген  сәбилер  өлімінің  коэффициенті  1000  туылған  балаға  шаққанда  1994  жылғы  27, 4-тен  2003  жылы  14, 6-ға  дейін  кеміді.  Жаңа  туылған  сәбилер  өлімінің  жоғары  деңгейі  тыныс органдарының  ауруына – 4,9  мың

оқиға  (1994-2004  жылдар  аралығында  өлгендердің – 43, 0 % )  және  перинаталды  кезеңде  пайда  болған  жағдайға – 2,8  мың  оқиғасы  (24,6 %)  тиеді.  1994-2004  жылдары  бір  жасқа  дейінге  11,4  мың  сәби  өлді.

         1994  жылдан  2004  жылға  дейін  облыс  бойынша  152,7  мың  неке  тіркелді,  оның  95,2  мыңы  (62,3 % ) – ауылдық  жерде  некелескендер.  Аумаққа  қарай  бөлгенде,  бұл  кезеңде  ең  аз  некелесу – 4,2  мың  көрсеткішпен  ( оның  жалпы  санының  2,8 % )  Арыс  қалалық  әкімшілігінде  тіркелген  болса,  некелесудің  көбірек  саны  — 30,4  мың

  (19,9 % )  көрсеткішпен  Шымкент  қалалық  әкімшілігіне  тән  болды.

            Облысты  тұтас  алғанда,  некелесудің  қалпы  коэффициенті  халықтың  1000  адамына  шаққанда  1993  жылғы – 8,1 – ден  2004  жылы – 7, 9-ға  дейін  кеміді.

           1994-2004  жылдары  23,6  мың  ажырасу  тіркелді,  оның  17,9  мыңы  (75,8 % ) – қалалық  елді  мекенде  тіркелді.

          Ажырасудың  жалпы  коэффициенті  халықтың  әр  1000  адамына  шаққанда  1994  жылғы  1,4 – тен  2004  жылы – 0,9 – ға  дейін  кеміді.  1993  жылы  1000  некелесуге  173  ажырасудан  келсе, 2004  жылы  оның  саны  115-ке  дейін  азайды.

         1994-2004  жылдары  облысқа  105,5  мың  адам  келді  ( облыс  аумағындағы  қоныс  аударушыларды  есепке  алмағанда ). Келгендердің  ішінде  37,7  мың  —  Қазақстанның  басқа  облыстарынан,  64,8  мыңы – ынтымақтастық  елдерден,  2,9  мың  адам – қиыр  шеттегі  елдерден  келгендер.

         1994-2004  жылдары  облыстан  шетке  кеткендердің  саны  96,2  мың  адамды  құрады.  Кетушілердің  ішінде  69,5  мың  адам —  Қазақстанның  басқа  облыстарынан,  23,8  мыңы  —  ынтымақтастық  елдерден,  2,9  мың  адам  —  қиыр  шеттегі  елдерден  кетушілер.

         Көші-қон  айырымының  абсолюттік  ауытқу  1999-2004  жылдары  9291  адамды  (оң )  құрады.

        Облыстың  барлық  аудандары  мен  қалалық  әкімшіліктерінде  халықтың  жалпы  өсімінің  артқандығы  байқалды.  2004  жылы  облыста  барлық  халықтың  жалпы  өсімі  43,3  мың  адамды  құрады.

        2005  жылдың  1  шілдесіне,  алдын  ала  деректер  бойынша,  облыс  халқының  саны  2213,9  мың  адамды  құрады  ( 2004  жылдың  1  шілдесіне  —  2173, 0  мың  адам ).

        2005  жылдың  қантар-маусымында  халықтың  табиғи  өсуінің  абсолюттік  көрсеткіші  21,5  мың  адам  болып  ( 2004  жылдың  қантар-маусымында  —  102,2 % ),  29,8  мың  —  туу  ( 103,7 % ), 8,3  мың  —  өлім  оқиғасы  ( 107,9 % )  тіркелді.

       Туу  коэффициенті  1000  адамға  шаққанда,  2004  жылдың  қантар-маусымында  26,9-дан  2005  жылдың  қантар-маусымында  27,4-ке  дейін  өсті. Қалалық  жерде  әр  1000  адамға  —  28,6  туылғаннан  келсе, ауылдық  жерде  1000  адамға  —  26,7  туылғаннан  келеді.

       Өлім   коэффициенті  1000  адамға  шаққанда,  2004  жылдың  қантар-маусымында  7,2-ден  2005  жылдың  қантар-маусымында  —  7,6-ға  дейін  өсті.  Қалалық  жерде  әр  1000  адамға  орта  есеппен  9,8  өлгеннен  келсе, ауылдық  жерде  1000  адамға  —  6,2  өлгеннен  келеді.

       2005  жылдың  қантар-маусымында  7,3  мың  некелесу  ( 2004  жылдың  қантар-маусымында  —  96,7 % ), 1,0  мың  — ажырасу  ( 101,1 % )  тіркелді.

Облысты  тұтас  алғанда,  некелесудің  жалпы  коэффициенті  халықтың  1000  адамына  шаққанда  2004  жылдың  қантар-маусымында  —  7,1-ден  2005  жылдың  қантар-маусымында  — 6,7-ге  дейін  кеміді. Әсіресе, оның  едәуір  өсуі  Қазығұрт  ауданында  ( 7,3-тен  8,7-ге  дейін )  орын  алды.

       Ажырасудың  жалпы  коэффициенті  2005  жылы  қантар-маусымында  халықтың  әр  1000  адамына  шаққанда – 0,9-дан  2004  жылдың  қантар-маусымында  — 0,9  деңгейінде  өзгеріссіз  қалды.  Ажырасудың  ең  жоғары  деңгейі  —  Шымкент  қ. ә.  ( 1,9  ажырасу ),  ең  төмен  деңгейі —  Шардара  ауданында  ( 0,3  ажырасу )  орын  алды.

       Көші-қонмен  2005  жылдың  қантар-маусымында  облысқа  келген  халықтың  саны  5,9  мың  адамды  құрап  ( облыс  ішіндегі  көші-қонды  есепке  алмағанда ),  ал  облыстан  шетке  кеткен  халықтың  саны  7,1  мың  адам  болды,  көші-қон  өсімі  -1,2  мың  адамды  құрады.

Халықтың  атаулы  ақшалай  табыстары  ( бағалау  бойынша ).

   Атаулы   ақшалай  табыстары  —  бұл  халықтың  ағымдағы  тұтынуларына,  өндірістік  қызметтеріне  және  қорлануға  бағытталған  ( табыс  салығын  есепке  алғанда )  ақшалай  қаражаттары.  Олардың  көлемі  макродеңгейде  есептеу  әдісімен  анықталады,  оған  халықтың  жалдамалы  және  өз  бетінше  жұмыспен  қамтылудан  түскен  ақшалай   табыстарын  бағалауы

 ( статистикалық  есеппен  толық  алынбаған  жұмыспен  қамтылған  халық  санын  және  жасырылған  еңбек  ақыны  қоса  есептегенде)  және әлеуметті к

трансферттер  төлемдері  кіреді.

Нақты  ақшалай  табыстар  —  бұл  тұтыну  баға  индексіне  түзетілген  ақшалай  табыстар.

2005  жылдың  қантар-маусымында  халықтың  орта  есеппен  жан  басына  шаққандағы  атаулы  ақшалай  табыстары  ( бағалау  бойынша )  41099  теңгені  құрады,  бұл  2004  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  6,2 % өсті .

 

Халықтың  тұтынуға  пайдаланған  табыстары.

 

Тұтынуға  пайдаланған  табыстар,  шығыстар  және  жеке  шаруашылықтарда  өндірілген  өнімдерінің  тұтыну  құны  негізінде  есептелінген  ақшалай  табыстардың  сомасы  болып  табылады.

Халықтың  тұрмыс  деңгейін  сипаттайтын  аса  маңызды  көрсеткіштердің  бірі  —  үй  шаруашылықтарының  түрлі  тауарлар  алуға,  қызмет  пайдалануға  мүмкіндіктерін  айқындайтын  кіріс  көрсеткіші  болып  табылады.

        Облыстың  үй  шаруашылықтарын  іріктеп  зерттеудің  мәліметтері  бойынша,  халықтың  тұтынуға  пайдаланған  табыстары  жан  басына  шаққанда  2005  жылдың   II  тоқсанында  айына  орта  есеппен  6025  теңгені  құрады  және 2004 жылдың  тиісті  тоқсанымен  салыстырғанда  12,8 % артты

     Жұмыспен  қамтылу.     Экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халық     ( жұмыс  күші )  —  тауар  және  қызмет  көрсету  өндірісі  үшін  жұмыс  күшін  ұсынуды  қамтамасыз  ететін  халықтың  экономикалық  тұрғыдан  белсенділігін  өлшеу  үшін  белгіленген  жастағы  халықтың  бөлігі. Экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халықтың  санына  экономикалық  қызметтің  барлық  салаларында  жұмыспен  қамтылғандар  мен  жұмыссыздар  кіреді.  Еңбекке  қабілетті  жастағы  адамдарға  16  жасқа  толған  азаматтар  және  63  жасқа  дейінгі  еркектер, 58  жасқа  дейінгі  әйелдер  жатады  ( «Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  туралы»  және  «Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  туралы» ҚР заңдарына сәйкес).

Экономикалық  белсенділік  деңгейі  —  пайызбен  өлшенген  15  жас  және  одан  жоғары  жастағы  халықтың  жалпы  санындағы  экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халық  санының  үлесі.

Жұмыспен  қамтылған  ( жұмыс  істейтін )  халық  —  бір  аптаға  тең  қысқа  мерзім  ішінде  өз  жағдайы  бойынша  мына  санаттардың  біреуіне  жатқызуға  болатын  тиісті  жастағы  барлық  адамдар;

а)  ақы  төленетін  өз (жалдамалы )  қызметкер;

б) өз  бетінше  жұмыспен  қамтылған  қызметкер.

Зерттелген  аптада  демалыста  болған  ( еңбек  демалысында, ақысыз  демалыс, жүктілігі  мен  босануы  бойынша  демалыс  немесе  баланы  күтуге  берілетін  демалыс )  немесе  ауырып  қалған  адам  да  жұмыспен  қамтылған  болып  есептеледі,  өйткені  ол  өз  жұмысына  ресми  тіркелген. Жалдамалы  ( ақы  төленетін )  қызметкерлер – қызметақы, сыйақы, үстемеақы  және  с.с.  немесе  заттай  еңбек  ақы  ( сыйақы )  төлеу  көзделетін  жалдау  шарты  бойынша  жұмыс  істейтін  адамдар.

Өз  бетінше  жұмыспен  қамтылу  — бұл  сыйақы  мөлшері  тауар  өндіру

 (өткізу )  және  қызмет  көрсетуден  алынатын  табысқа  тікелей  байланысты  

болатын  жұмыспен  қамтылу  ( бұл  жерде  өзінің  тұтынуы  табыстың  бір  бөлігі  ретінде  қарастырылады).

Жұмыссыздарға  халықтың  экономикалық  белсенділігін  өлшеу  үшін  белгіленген  жастағы,  қаралып  отырған  кезеңде  бір  мезгілде  үш  негізгі  өлшемге  жауап  берген  адамдар  жатады;

а) жұмыссыз  ( табысты  жұмысы  болмаған )  болған ;

б) оны  белсенді  іздеумен  айналысқан;

в) белгілі  уақыт  кезеңі  ішінде  жұмысқа  кірісуге  дайын  болған.

Жұмыссыздық  деңгейі  — экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халықтың  санындағы  жұмыссыздар  санының  пайызбен  өлшенген  үлесі.

Экономикалық  тұрғыдан  енжар  ( әрекетсіз)  халық  — қаралып  отырған  кезең  ішінде  жұмыспен  қамтылғандарға  жатпайтын  немесе  жұмыссыздар  болып  табылмайтын, халықтың  экономикалық  белсенділігін  өлшеу  үшін  белгіленген  жастағы  адамдар.

        Халықтың  экономикалық  тұрғыдан  енжарлық  деңгейі – 15  жас  және  одан  жоғары  жастағы  халықтың  жалпы  санындағы  экономикалық  тұрғыдан  енжар  халық  санының  пайызбен  өлшенген  үлесі.

        Іріктеп  зерттеу  сауалнамасының  мәліметтері  бойынша  ( алдын  ала  мәліметтер ),  облыстағы  экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халықтың  саны  2005  жылдың   2  тоқсанында  1010,7  мың  адамды  құрады  ( 15  және  одан  жоғары  жастағы  жалпы  халық  санының  69,1 %),  олардың  92,6 %   — экономика  салаларында  жұмыспен  қамтылғандар,  7,4 % — жұмысы  жоқтар, дегенмен  олар  жұмысты  белсенді  түрде  іздестіруде,  жұмыс  табылған  жағдайда  оған  кірісуге  дайын.

   Облыс  экономикасында  жұмыспен  қамтылғандар  санының  47,2 % — жалдамалы  қызметкерлер, 52,8 % — өз  бетінше  жұмыспен  қамтылғандар.Олардың  басым  көпшілігі  (73,4 %)  ауылдық  жерлерде  еңбек  етті. 2005  жылдың  II  тоқсанында  жұмыссыздар  саны  74,7  мың  адамды  құрады, олардың  57,0 % — қала  43,0 % — ауыл  халқы.

     Осы  кезең  ішінде  облыста  экономикалық  тұрғыдан  енжар  халық  саны  452,6  мың  адамды  ( 15  және  одан  жоғары  жастағы  жалпы  халық  санының  30,9 %)  құрады.

 

Халықты  жұмысқа  орналастыру.

 

        2005  жылдың  маусымында  13,6  мың  адам  жұмыс  іздеп,  ОҚО  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар  департаментіне  өтініш  білдірген,  оның  ішінде  ауылдық  жерде  тұратындары – 5,3  мың  ( 39,1 % )  адамға  жеткен.  Облыстың  еңбек  басқармасы  есебіндегі  жұмыссыздардың  саны  2005  жылдың  маусым  айының  аяғында  9,7  мың  адамды  құрады  ( 2004  жылдың  тиісті  кезеңіндегі  санынан  4,6 %  кем ),  оның  4,5  мыңы-ауылдық  жердің  тұрғындары  ( барлық  жұмыссыздар  санындағы  үлесі —  46,7 % )  және  2004  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  1,0 %  кеміді.

       2005  жылдың  қантар-маусымында  облыс  бойынша  9,0  мың  адам,  немесе  өтініш  білдіргендердің  —  66,1 % ,  оның  ішінде  ауылдық  жерде  тұратындардан  —  3,8  мың  адам,  немесе  70,8 %  жұмыспен  қамту  органдарының  жәрдемімен  жұмысқа  орналасты

Жалақы

     Жалақы  —  еңбекке,  оның  күрделігіне,  мөлшеріне  және  сапасына  сәйкес  берілетін  сыйақы  ( табыс ).  Бір  қызметкердің  орташа  айлық  жалақысы  есептелген  жалақы  қорының  сомасын  жұмыс  істеушілердің  нақты  санына  және  есепті  кезеңдегі  айлардың  санына  бөлу  жолымен  анықталады.  Нақты  жалақының  индексі  орташа  атаулы  жалақы  индексін  тұтыну  бағасының  индексіне  бөлу  арқылы  анықталады.  Екі  индексте  бір  және  сол  уақыттық  кезеңге  жатады.  Халықтың  табысының  едәуір  дәрежеде  өсуі  жалақының  деңгейіне  байланысты.

      2005  жылдың   қантар-маусымында  кәсіпкерлікпен  айналысатын  шағын  кәсіпорындарды  есепке  қоспағанда  бір  қызметкердің  орта  айлық  жалақысы  20327  теңгені  құрап,  2004  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  8,4 %  өсті.

      Үстіміздегі  жылдың  басынан  бергі  орташа  айлық  жалақы  қалалық  жерде  —  15844  теңгені  құрады. Атаулы  жалақының  едәуір  өсуі  облыстың  барлық  қалалық  әкімшіліктері  мен  аудандарында  байқалды. Әсіресе,  бұл  көрсеткіштің  жоғары  деңгейі  Созақ  ( 17,7 % ), ал  төменгі  деңгейі  Бәйдібек  ауданында  ( 0,2 % )  орын  алды.

 

Зейнетақы.

Зейнетақы  —  заңдар  ретімен  тағайындалған  зейнетақы  төлемдерінің  жиынтығы. Белгіленген  айлық  зейнетақының  орташа  көлемі  белгіленген  жалпы  айлық  зейнетақы  сомасының  әлеуметтік  қорғау  мекемелерінде  есепке  тұратын  барлық  зейнеткерлер  санына  қатынасымен  есептплпді.

       Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  филиалының  Зейнетақы  Төлеу  жөніндегі  Мемлекеттік  Орталығының  деректері  бойынша,  2005  жылдың  II  тоқсанында  белгіленген  айлық  зейнетақының  орташа  көлемі  8139  теңгені  құрады,  бұл  2004  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  7,4 %   артық.

Күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасы.

Күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасы  —  ең  төмен  деңгейдегі  тұтын  қоржыны  құнының  шамасына  тең,  бір  адамға  қажетті  ең  төмен  ақшалай  табыс.  Ең  төмен  деңгейдегі  тұтын  қоржыны  азық-түлік  қоржынынан  және  азық-түлік  емес  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтерге  жұмсалған  шығыстардан  тұрады.  Ол  ең  төмен  деңгейде  қажетті  азық-түлік  емес  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтерге  жұмсалған  шығыстардың  белгіленген  үлес  қосылған  ең  төмен  деңгейдегі  азық  түлік  қоржынының  құнынан  алынып  есептеледі.  Азық-түлік  емес  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтерге  жұмсалған  шығыстардың  белгіленген  үлесі  қазіргі  кезде  ең  төмен  деңгейдегі  тұтыну  қоржыны  құнының  30  пайыздық  мөлшерінде  белгіленген.

      Халықтың  тұрмыс  деңгейін  бағалау  үшін, Қазақстан  Республикасының  заңдылықтарына  сәйкес,  абсолютті  кедейлік  өлшемі  болып  табылатын  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейі  қолданылады.

      Күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасына  әсер  ететін  негізгі  факторлар  тамақ  өнімдерін  тұтыну  нормалары ,  яғни  осы  тамақ  өнімдерінің  бағасы  және  азық-түлік  пен  азық-түлік  емес  шығыстары  арасындағы   белгіленген  арақатынасы  болып  табылады.  Тамақ  ұлттық  Институтының  физиологиялық  деңгейде  негізгі  ас  заттарын  тұтыну  және  энергетикалық  бағалылықты  қамтамасыз  ету  тұжырымдамасы  арқылы  өңдеген  тамақ  өнімдерінің  тұтыну  нормалары  Республика  халқы  үшін  бірдей.  Ең  төмен  деңгейдегі  азық-түлік  қоржынының  құны  тамақ  өнімдерінің  тұтыну  нормаларын  инфляция  деңгейін  ескере  алатын ,  облыстағы  айдың  ортасына  келген  орта  бағаларға  көбейту  жолымен  есептелінеді.

      2005  жылдың  маусымында  негізгі  азық-түлік  тауарларын  пайдаланудың  ең  төменгі  деңгейімен  есептелінген ,  жан  басына  шаққандағы  кұнкөрістің  ең  төмен  деңгейі  орта  есеппен  5356  теңгені  (азық-түлік  тауарлары – 3749  теңге,  азық-түлік  емес  тауарлар  және  ақылы  қызмет  —  1607  теңге)  құрап ,  өткен  аймен  салыстырғанда  2,2 %    өсті.

      Облыс  бойынша  жан  басына  шаққандағы  ең  төмен  күнкөрістің  орташа  шамасынан  жоғары  көрсеткіш  Мақтаарал  (5473  теңге)  ауданында  қалыптасса,  төменгі  көрсеткіш  Ордабасы  ауданында  —  4789  теңгені  құрады.

       2005  жылдың  маусымында  2004  жылдың  маусымымен  салыстырғанда  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейі  облыс  бойынша  16,2 % — ға  өсті.  Аудандар  бойынша  айтарлықтай  баға  өсімі  Түркістан  қ.ә. – 16,0 %,  Сайрамда – 15,4 %  ,  Кентау  қ.ә. – 14,7 %   және  Созақ  ауданында  14,5 %  — ға  байқалды.

      1998  жылдың   Қазақстан  Республикасының  еңбек  және  халықты  әпеуметтік  қорғау  Министрлігінің  еңдеген  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейін  және  кедейлік  белгілерін  сипаттайтын  әдістемелік  ұсынысына  сәйкес,  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасы  облысты  тұтастай  алғанда  облыс  орталығындағы  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасымен ,  ал  аудан  бойынша  аудан  орталығындағы  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейімен  анықталады.

Табыстарды  бөлудің  әркелкілігі.

       2003-2005  жылдардағы  Қазақстан  Республикасының  кедейлікті  төмендету  бойынша  бағдарламада  кедейлікке  анықтама  беріледі ;

«Кедейлік  — бұл  әлеуметтік-экономикалық  құбылыс ,  қоғам  өміріне  конституциямен  бекітілген  құқығы  мен  еркіндігі  шегінде  толық  қатысу  мүмкіншілігінен  айырылуымен ,  өмірге  деген  құқығын  пайдалануымен  байланысты  алғашқы  кезектегі  физиологиялық  қажеттілігін  қанағаттандыру  қиыншылығын  сезген  анықталған  халықтар  тобы»

       Жыл  бойына  халықтың  кедейлік  деңгейі  маусымдылыққа  қарай  өзгеріп  тұрады. Кедейлік  деңгейі  қыс  мезгілінде  көтеріледі ,  ал  жазда  төмендейді.  Халық  табысының  жаз  айларында  өсуі  жұмыспен  қамтылумен  түсіндіріледі.

      Кедейліктің  таралуы  көптеген  факторлармен  анықталады. Үй  шаруашылығының  көлемі  —  маңызды  фактордың  бірі , өйткені ,  үй  шаруашылығы  мүшелерінің  саны  көп  болса , кедейлікке  ұшырау  тәуекеліне  әкеледі.  Үлкен  үй  шаруашылықтарында  табысы  аз  (немесе  мүлде  табысы  жоқ)  көп  мүшелерден  құралады , ал  қарауындағы  жандарға  салмақ  салу  үй  шаруашылықтарының  тұрмыс  деңгейін  төмендетеді.

      Үй  шаруашылықтарын  іріктеп  зерттеудің  нәтижелері  бойынша , Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  үй  шаруашылықтарының  орташа  көлемі  республика  бойынша  ең  жоғары  көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады.

 

Халықтың  ауруға  шалдығуы.

 

Ауру  сырқаулық  деңгейі  — бірінші  рет  диагноз  қойылған  аурулар  санының  тұрақты  халықтың  орташа  жылдық  санына  қатынасымен  анықталып ,  шыққан  сан  100 000  көбейтіледі.

Халықтың  кейбір  жұқпалы  ауруларға  шалдығу  саны  —  халықтың  амбулаториялық-емханалық  мекемелерге  кейбір  ауру  түрлерімен  баруының  жалпы  санымен  анықталады.

Облыстық  санитарлық – эпидемиалогиялық  бақылау  басқармасының  деректері  бойынша , 2005  жылдың  қантар-маусымында  облыс  аумағында  2004  жылдың  қантар-маусымымен  салыстырғанда  халықтың  ауру-сырқаулығы  тіркелген  инфекциялардың  біразы  кеміді , вирусты  гепатит  ауруымен  ауырғандар , адам  иммунитетінің  тапшылық  вирусын  жұқтырғандар , қышымамен  ауырғандардан  басқасы  (тиісінше  19,8 % , 

9,8 % , 10,0 % ).  Халықтың  паротит  індетімен  ауруы  —  61,8 % , тұмау  ауруы – 59,6 % , жоғары  тыныс  алу  органдарының  асқынған  жұқпасымен  ауырғандар – 5,9 % ,  тыныс  жолдарының  туберкулезімен  алғаш  рет  ауырғандар – 9,3 % .  Диагнозы  алғаш  қойылған  бруцеллез – 10,2 % , педикулезге  шалдыққандар – 46,7 % , мерез  — 15,1 % -ге  кеміді.

Білім  беру.

     Тұрақты  мектепке  дейінгі  мекемелер  (жылына  кем  дегенде  10  ай  жұмыс  істейтін)  бір  жастан  алты  (жеті)  жасқа  дейінгі  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуды ,  олардың  дене  және  психикалық  денсаулығын  қорғауды  және  нығайтуды ,  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  жеке  қабілеттерін  дамытуды  және  оған  мұқтаж  балаларға  қажетті  түзету  жасауды  жүзеге  асырады.

     Күндізгі  жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқушыларына  бастауыш ,  негізгі ,  орта  мектептерде ,  гимназияларда ,  лицейлерде ,  ақыл-ой  және  дене  дамуында  кемшілігі  бар  балаларға  арналған  мектептерде  оқитындар  жатады.

     Кәсіптік –техникалық  мектеп  —  жалпы  орта ,  кәсіптік  бастауыш  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  және  еңбек  қызметінің  түрлі  бағыттары  бойынша  білікті  еңбек  қызметкерлерін  даярлауды  қамтамасыз  ететін  орта  оқу  орны.

     Колледждер —  орта  кәсіптік  білімі  бар  мамандар  даярлаудың  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  оқу  орындары.

     2004  жылы  облыс  бойынша  103  мектепке  дейінгі  мекемелер  (балалар  бақшаларды ,  ясли  мен  мектеп – балалар  бақшаларын  қоса  алғанда)  жұмыс  істеді ,  оның  79 – қалалық ,  24 – ауылдық  жерлерде  орналасқан.

     2004-2005  оқу  жылының  басында  облыста  542,2  мыңнан  аса  оқушы  қамтитын  1025  күндізгі  жалпы  білім  беретін  мектеп  жұмыс  істеді.

     Мұғалімдердің  жалпы  саны  2004/2005  оқу  жылының  басында  52,0  мыңнан  аса  адамды  құрады ,  2003/2004  оқу  жылымен  салыстырғанда

 2,5 %  артты. Бір  мұғалімге  10,4  оқушыдан ,  ал  2003/2004  оқу  жылында – 10,8  оқушыдан  келді.

      2004/2005  оқу  жылының  басында  облыс  бойынша  мамандар  әзірлеумен  28  кәсіптік-техникалық  мектептер  айналысты ,  барлық  оқушының  саны  11,3  мың  адам.

     Облысты  тұтастай  алғанда  2003/2004  оқу  жылының  басындағымен  салыстырғанда  кәсіптік-техникалық  мектептердегі  талапкерлер  қабылдау  —  22,8 %   артты.

     2004  оқу  жылы  облыстың  кәсіптік-техникалық  мектептері  4,1  мың  маман  даярлады ,  бұл  2003  жылғыдан  47,6 %  арттық.

     2004/2005  оқу  жылында  облыста  дербес  орта  кәсіби  білімді  мамандар  даярлаумен  3,1  мың  адам  оқушыларды  қамтыған  37  колледждер  және  7  филиалдар  айналысты.

     2004  жылы  колледждерге  18,0  мың  адам  қабылданды ,  бұл  2003  жылмен  1,9  есеге  артық  және  5,4  мың  маман  даярланып ,  бұл  2003  жылмен  салыстырғанда  2,0 %  кем.

      2004  жылы  облыстың  жоғары  оқу  орындарына  26,8  мың  адам  қабылданып , немесе  2003  жылмен  салыстырғанда  119,6 %.

      2004  жылы  жоғары  оқу  орындары15,6  мың  адам  маман  дайындады , бұл  2003  жылмен  салыстырғанда  41,9 %   артық.

Қылмыстылық.

Қылмыстылық  —  белгілі  уақыт  кезеңі  ішінде  нақты  аумақта  жасалған ,  сандық  және  сапалық  көрсеткіштермен  сипатталатын  қылмыстар  жататын  әлеуметтік  —  құқықтық  құбылыс.

Тіркелген  қылмыс  —  ашылған  және  ресми  түрде  есепке  алынған ,  оған  қылмыстық  заңнамада  жауапкершілік  көзделген  қоғамға  қауіпті  іс-әрекет.  Қылмыстардың  ашылуы  — қылмыс  ісінің  қозғалуы  мен  тіркеу  уақытына  қарамай , жалпы  ашылған  және  ашылмаған  қылмыстар  санына ,  есепті  кезеңде  тергеуі  аяқталған ,  істер  санының  қатысы. 

Құқықтық  статистика  және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі  Комитетінің  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша Басқармасының  деректері бойынша ,  2005  жылдың  қантар-маусымында  облыс  аумағында  Оңтүстік-Шығыс  көлік  прокуратурасының  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  мәліметін  есепке  алғанда ,  4720  қылмыс  тіркеліп ,  2004  жылдың  қантар-маусымына  қарағанда  15,8 %  кеміді.  Тіркелген  қылмыстар  саны  Сарыағаш ,  Отырар  аудандарынан  басқа  барлық  қалалық  әкімшіліктер  мен  аудандарда  кеміді.

      Облыс  өңірінде  меншікке  қарсы  қылмыстар  кең  өріс  алды.  2005  жылдың  қантар-маусымында  мұндай  2746  қылмыс  тіркелді.  Алайда ,  бұл  2004  жылдың  қантар-маусымында  көрсеткіштен  17,1 %  кем.  Қылмыстардың  жалпы  құрылымында  олардың  үлесі  58,2 %  құрады.

       2004  жылдың  қантар-маусымында  жалпықылмыстық  қылмыстардың  ашылуы  (Оңтүстік-Шығыс  көлік  прокуратурасының  ОҚО  бойынша  мәліметін  есепке  алғанда)  67,8 %  болды , ал  2004  жылдың  қантар-маусымында  — 66,4 %   құраған.

 

Білім деңгейі. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде реформалар жүйелі жүргізіліп келеді. «Қолданбалы экономика», «Азаматтану» курстары, көркем-өнер түрлеріне және саз салаларына байланысты игілікті істер жарасымды жалғасын табуда. Түрлі салаларға бағытталған мектеп-гимназиялардың, мектеп-лицейлердің т.б. тәжірибелері, «Дарын» мектеп-интернаттарының ізденістері жақсы мәлім. «Жас лидер» халықаралық бағдарламасы, қазақ тіліндегі тапқырлар клубтары жанданып, кеңінен өpic ала бастады.

Облыстың білім беру жүйесінде 52879 педагог еңбек етеді. Олардың 39596-сы жоғары білімді, 10054-і арнаулы орта білімді. Әрбір екінші ұстаздың жоғары немесе бірінші санаттары бар. Қазір қашықтықтан оқытылатын базалық мектептер саны 65, телефон желісі қосылған мектептер 713, интернетке қосылған мектептер 672-ге жетті. Олардың саны барған сайын арта түсуде. Облыстағы 227 мұғалім ордендермен және медальдармен марапатталған. Екі мыңдай ұстаз — ҚР білім беру ісінің үздігі.

Облыстағы жоғары оку орындарында білім алып жатқан студенттер 78,6 мыңнан асады, олардың 38,3 мыңы немесе 48,7%-ы күндізгі бөлімдерде окиды. Облыс аумағындағы аса ірі жоғары оқу орны — М.Әуезов атындағы ОҚМУ. Түркістан қаласында Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ, оның Шымкент бөлімі, ОҚМА. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары да нығайып келеді.

Кәсіптік білім саласы. Облыста 22 кәсіптік мектеп бар, онда 11342 оқушы білім алуда. Оның ішінде мемлекеттік тілде оқитындар саны-6475, орыс тілінде-3893, өзбек тілінде-974 оқушы оқиды. 52 мамандық бойынша мамандар даярланады, олардың бір-біріне жақын мамандық топтары бойынша үлес салмағы: ауыл шаруашылығы-30%, құрылыс-23,8%, тұрмыстық қызмет көрсету-14,3% және басқа салаларда-21,9%-ды құрайды. Оқу бітірген оқушының барлығы дерлік мемлекеттік, мемлекеттік емес кәсіпорындарға, құрылыс мекемелеріне және шаруашылықтарға жұмысқа жіберілді. Бітірген оқушылардың 412-сі жоғары разряд алды, 189-ы үздік дипломмен бітірді, 1248-і бірнеше қосалқы мамандықтар алып шықты.

Республика Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы «ҚР-да бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыста бірқатар жұмыстар атқарылды.

Шымкент, Арыс, Кентау, Шардара қалаларында, Төле би, Түлкібас аудандарында әр түрлі салада кәсіптік мектептер жұмыс істейді. Облыста 16 мемлекеттік емес колледж бар. 30 мемлекеттік емес колледж облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Облыстық білім департаментінің құзырындағы 12 мемлекеттік колледжде 10992 окушы білім алуда, оның ішінде күндізгі бөлімде-8171, сырттай оқыту бөлімінде-2821 бала оқиды. Колледждерде күндізгі және сырттай оқу нысанында қазақ және орыс тілдерінде   70   мамандық   бойынша   мамандар   даярланады.   Шымкент  экономика және құқық колледждерінде, Түркістан гуман.-тех. колледжінде қосымша өзбек тілінде оқитын топтар ашылған.

Ғылымы. Бүгінгі таңда бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына елеулі үлес қосып отырған, елімізге және шет елдерге танымал ғалымдар мен ғылыми ұжымдар химия және химия технологиясы, металлургия, құрылыс материалдары мен конструкцияларын құрастыру, көмірсутек шикізаттары мен полимерлерді қайта өңдеу, өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына қажет машиналар, аппараттар мен механизмдер құрастыру, өнеркәсіптік және тұрмыстық салалардың экологиялық проблемаларын шешу, аймақ экономикасының мәселелері, биотехнология, медицина салаларының мәселелері, ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру, өсімдік және мал өсіру салаларындағы селекция мен генетика, түркітану, этнопедагогика, археология, тарих және саясаттану салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Облыста Ұлттық Ғылым академиясының, ҚР инженерлік академиясының бөлімдері жұмыс істейді.

Бұл күнде ғылыми зерттеулер мен ізденістердің басым Бөлігі М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ, ОҚМА секілді жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Ғалымдар қазіргі кезде ғылыми ізденістер негізінде құрастырылатын әлемдік рынокта бәсекелесе алатын импорт алмастырушы өнімдер, материалдар шығаруға, жаңа үлгідегі техника мен жабдықтар құрастыруға, жаңа түрдегі әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуге, білім беру жүйесіне инновациялық технологиялар енгізуге бет бұрған.

20-ғасырдың орта кезінде бой көтерген химия өнеркәсібі алыптарының жұмысын ғылыми тұрғыдан жетілдіріп отыру мақсатында құрылған фосфор өнеркәсібінің жобалау ғылыми-зерттеу институты (қазіргі кезде «‘Каз НИИХимпроект» АҚ) осы саладағы кәсіпорындарда минералды қышқылдар, тұздар, тыңайтқыштар, тұрмысқа қажетті өнімдер алуға арналған көптеген жаңа техника мен технологиялық енгізді.

Тағы бір ірі ғылыми мекеме «Ауыл шаруашылығының Оңтүстік-Батыс ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын. Бұл мекеме кезінде оңтүстік және батыс облыстарында ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, су шаруашылығы, өсімдік өсіру сала­ларында жұмыс істеген 8 ғылыми-зерттеу мекемесінің негізінде құрылған. Мекеме ұжымы аталған салаларда мал түрлері мен өсімдіктер геноқорын сақтап, жаңартып отыруда, сумен қамтамасыз етуді жетілдіруде көптеген елеулі ғылыми нәтижелерге жетті. Мекемеде қазіргі кезде 3 ҚР ҰҒА академигі, 13 ғылым докторы мен 80 ғылым кандидаты қызмет істейді.

Облыста Оңтүстік аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесі қауымдастығы аясында шығатын «Оңтүстік Қазақстанның ғылымы мен білімі», сондай-ақ «Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ-нің жаршысы», «ОҚМА-ның жаршысы», М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми еңбектері» секілді республикаға танымал ғылыми басылымдар жарық көреді.

Денсаулық сақтау ісі Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйымдары, оның ішінде 542 фельдшерлік және фельд.-акушерлік пунктттері, 131 отбасы дәрігерлік амбулаториялары, 60 ауылдық учаскелік ауруханалары, 12 орталық аудандық және 5 аудандық ауруханалары жұмыс істейді.

Облыс емдеу-профилактикалық ұйымдардың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілген. Бұл жүйе 925 мемлекеттік және 240 мемлекеттік емес құрылымдардан, медицина академиясынан және үш медициналық колледжден тұрады. Шымкент қаласында республикадағы бірден-бір бароорталық жұмыс істейді. Денсаулық сақтау ісін бүкіл әлемдік деңгейге көтеру мақсатында бағытталған арнайы кешенді бағдарламалар қабылданып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Олардың ішінде аймақтық бағдарламалар да бар. Соңғы үш жылда ауылдағы медициналық қызмет үшін ондаған арнайы машиналар сатып алынды. Бірқатар аудандарда жаңа ауруханалар мен диспансерлер құрылысы жүргізілуде. Шымкент қаласындағы онкология диспансері жанынан радиологиялық орталық ашылды. Шымкент қалалық ауруханасының негізінде осы заманғы құралдарман жабдықталған ғылыми-тәжірибелік, оқу-әдістемелік гепатогастроэнтерологиялық орталық ашылды.

Қазір облыс бойынша 5667 дәрігер жұмыс істейді. Бұл әрбір 10 мың адамға 26,4-тен келеді деген сөз. Ауылдық жерлерде 1607 дәрігер еңбек етуде, яғни әрбір 10 мың адамға 12,2-ден келеді. Облыстық наркология диспансерінің құрылысы, кардиоорталықтың емдеу корпусы, біраз жаңа нысандар салына бастады. Алдағы уақытта медицина мекемелерінің басым бөлігі күрделі жөндеуден өткізілмек. Облыс аумағында көпшілікке кеңінен белгігі «Сарыағаш» курорты, «Арман» санаторийі, «Манкент» санаторий-профилакторийі, «Біркөлік» емдеу-сауықтыру орны, т.б да шипажайлар мен сауықтыру мекемелері жұмыс істейді.

Әдебиет және өнер. Онтүстік өңірінің әдебиеті мен өнерінің ежелгі тарихы әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иасауи сынды данышпан тұлғалар мұраларынан бастау алады. Қос алыптың тұсында өмір сүрген тұлғалар Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки, Атан, олардан бертіндегі өнер тарландары Майлықожа, Мәделіқожа, Нұралы мен Құлыншақ, Орынбай мен Манат, Ергөбек сынды дүлдүлдер халық мақтанышы.

Қазақ әдебиетінің классиктері Т.Әлімқұлов, С.Адамбеков, А.Сүлейменов, сондай-ақ аса көрнекті қаламгерлер С.Бақбергенов, Ө.Тұрманжанов, Т.Бердияров, Қ.Мүсірепов, Д.Исабеков, М.Шаханов, Қ.Тұрсынқұлов, С.Асанов, Т.Тоқбергенов, Қ.Найманбаев, Р.Райымқұлов, О.Малқаров, Т.Медетбек, И.Сапарбай т.б. осы өңірдің өрендері. Ән өнерінде біртуар талант, ұлы композитор Ш.Қалдаяқовтың орны айрықша екені баршаға аян. Бірнеше жылдан бері Шымкент қаласында композитордың құрметіне арнап Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық фестиваль өткізіліп келеді. Облыс орталығында Ж.Шанин атындағы қазақ сазды драма театры, орыс драма театры, облыс әкімдігінің Ш.Қалдаяқов атындағы концерттік бірлестігі, Түркістанда сазды драма театры, Жетісай қаласында Қ.Жандарбеков атындағы сазды драма театры жұмыс істейді. Қазақстанның халық артистері А.Абдулина, А.Қалмырзаев, Р.Сейітметов, өнер қайраткерлері С.Өтемісов, О.Рахимов, Ж.Қарғабаев т.б, талант иелерінің есімі баршаға аян.

Бейнелеу өнерінде де небір дарын иелері Т.Тоғысбаев, Е.Төлепбай, Б.Түлкиев сынды суретшілердің туындылары қазақ бейнелеу өнерінің үздік мұраларына жатады. Әсіресе, Е.Төлепбай сынды қылқалам шеберінің аты, оның классикалық тың тынысты туындылары әлімге әйгілі болып отыр. Қазақ гобелен өнеріндегі өзіндік өзгеше орны бар Қ.Тыныбеков пен Б.Өтен сияқты қос өреннің ерен еңбектері де ел игілігіне қызмет етуде.

Облыста Жазушылар одағының облыстық филиалы, Суретшілер ұйымы, Дизайнерлер мен сәулетшілер және композиторлардың ұйымдары, сол сияқты айтыс ақындарының бірлестіктері құрылған. Сәулетшілер Ғ.Садырбаевтың, Б.Әшірбаевтың қол таңбалары Шымкент пен Түркістан шаһарларының құрылыстарынан, соңғы жылдары жаңадан салынған және қалпына келтірілген кесенелер мен күмбездерден айқын аңғарылады.

Күні кешегі К.Омаров пен Т.Әбуова ұстаздық еткен айтыс ақындары Ә.Қалыбекова, М.Құралов А.Леубаева, К.Оралова. Б.Шойбеков т.б. өнердің осынау айрықша түрін ілгері дамытып, аға ұрпақтар аманатын абыроймен арқалап келеді.

Облыста 365 кітапхана, 9 мұражай, 6 кинотеатр, ондаған концерттік ұйымдар, сурет галереясы, хайуанаттар паркі, дендрарий паркі, 366 мәдениет және демалыс мекемесі жұмыс істейді. Республикадағы ең байырғы кітапханалардың бірі А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана жүз жылдығын, облыстық сазды драма театры 70 жылдығын атап өтті. Облыс кітапханаларындағы кітап қоры 20 млн. данадан асты.

Мәдени ескерткіштер және cәyлет өнері. Туризм. Ұлы жібек жолының облыс арқылы өтетін бөліктері бойында көнеден сыр шертетін қалалар мен кенттердің, қорғандардың түрлі мәдени ескерткіштердің ғажайып сәулет өнерінің баға жетпес үлгілері, тұтастай және жартылай сақталған қалдықтары, аз ғана бөліктері, жұрнақ-жұқаналары жойылуға шақ тұрған қирандылары көп-ақ. Қ.А.Иасауи кесенесі — орта ғасырлық сәулет өнерінің ерекше ескерткіші. Ол ең алып, зәулім және тарихи-мәдени мән-маңызы жағынан ешқандай теңдесі жоқ құрылыс болып саналады. Кесененің ені 46,5 м, ұзындығы 12,5 м, ал биіктігі 40 м. Симметриялы тік бұрышты кешен өзара басқыштар мен дәліздер арқылы байланысқан әр түрлі 35 бөлмеден тұрады. Дәліздер ғимаратты бір-біріне тәуелсіз 8 бөлікке бөліп тұр. Бұл оның жер сілкінісіне төзімділігін арттырмақ мақсатта жасалған. Диаметрі 18,2м болатын орталық күмбез Орта Азияда сақталған ескерткіш күмбездерінің ішіндегі ең үлкені. Түркістанның 1500 жылдығы қарсаңында кесенені қалпына келтіру мен жаңарту бағдарламасының жетіжылдық кезеңі аяқталды. Иасауи тұлғасы мен оған арнап салынған алып кесененің де құпия қасиеттері аз емес.

Отырар өңірі — тұнып тұрған шежіре, таусылмас тарих. Ежелгі қаланың орны әр кезде қазылып, зерттелуде. Отырар өңіріндегі Арыстан-баб кесенесі де бірегей мәдени, діни, тарихи ескерткіш болып табылады. Оның манайында соңғы жылдары жаңа, кешенді құрылыстар салына бастады. Созақ ауданының Бабаата ауылындағы Бабаата кесенесі мен мешіт-медресені қалпына келтіру қолға алынды.

Қазір облыста мәнәжат, зиярат жасау орындары және сәулет ескерткіштері бойынша алғанда жеті түрлі туристік маршрут белгіленген. Олардың бағдарламалары мен ұзақтығы да әр түрлі, бір немесе үш күндік болып келеді. Ол бағдарламаларға Сайрам ауданындағы Ыбырайым ата мен Қарашаш ана кесенелері, Отырар ауданындағы Арыстанбаб әулие кесенесі, Түркістан қаласындағы Әзірет Сұлтан мұражай-қорығы, Қ.А.Иасауи кесенесінің тарихи-мәдени сәулет кешені, Ордабасы ауданындағы Қ.Мұңайтпасұлы мұражайы, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек баба мен Домалақ ана кесенелері және Созақ ауданындағы Қарабура әулие кесенесі енгізілген. Сондай-ақ осы маршруттар бойынша халық қолданбалы өнерінің ежелгі дәстүрлерімен танысу мақсатында қолөнер шеберханаларында болу да қарастырылған. Бұларға қосымша тарихи орындарға бес бағыт белгіленген, олар Ақсу-Жабағылы, Машат демалыс аймақтары, Қырыққыз, Біркөлік, Ақниет туристік базалары, Қызылкөл.

Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін тарихи-мәдени, киелі-қасиетті әулиелі орындар, кесене-күмбездер қалпына келтіріле бастады Қ.А.Иасауи кесенесін күрделі түрде қалпына келтіруге Түркия мемлекеті көмектесті. Республика және облыс бөлген қаржымен, әсіресе, жеке азаматтардың демеуімен, жұртшылықтың жұмылуымен көптеген кесенелер жөнделді. Соңғы жылдар ішінде Арыстанбаба, Ұзыната, Баба Түкті Шашты Әзіз, Жабайата, Саңғыл би, Бабаата, Қарабура әулие, Ысмайыл ата, Бәйдібек баба, Домалақ ана, Бес ана, Өзбекстандағы Төле би, Шымыр баба кесенелерінің кейбіреулері қалпына келтірілді, бір қатарлары жаңадан салынды. Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында, көнеден келе жатқан Кәлен баб мазары маңында сәулет өнерінің бұрынғы және соңғы үлгілерін үйлестіре ұштастырған Жаныс баба кесенесі бой көтерді.

Қаратау жотасының беткейіндегі ертедегі керуен жолы бойындағы Актөба 4-6 ғғ., Қошқарата 6-8 ғг., Созак 10-18 ғғ., Майтөбе 11-16 ғғ., Шолаққорған 13-18 ғғ.,т.б. көне қорғандар мен ескерткіштер, тасқа түскен таңбалары бар Арпаөзен, Жүнісата, Қойбағар шатқалдары туристер қызыға көретін орындарға айналып отыр.

Облыс көлеміндегі православиелік ғибадат орындарының ішінде ерекше көзге түсетіні — Шымкенттегі Никольск шіркеуі. Ол орыс мәнері аталатын үлгіде салынған және Түркістан епархиясының ең тамаша шіркеулерінің бірі болып есептеледі. 1993 жылғы мамыр айында Ордабасы тауында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды ұлы бабаларды еске алуға арналған ұлы жиын өткізілді.

Онда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің Президенттері атақты Тутөбе биігіне көтеріліп, Ордабасы Декларациясын қабылдады. 18-ғасырдағы жоңғар  шапқыншылығына қарсы  күрес  пен  елді  азат  ету майдандарындағы ұлы ерліктер еске алынды.    Аталмыш   жиынға    150 мыңнан  аса  адам   қатысты.   Сол  жиынның белгісі   ретінде   Ордабасы  тауының   биігіне «Бірлік   монументі орнатылды. Оны 1998 ж. қыркүйек  айында   Елбасының өзі келіп ашты. Қазір Бірлік   монументі   де елеулі  ескерткішке,  жастар жиі келетін қасиетті орынға айналған. 2004 ж   облыстың   туристік     ұйымдары 5731 адамға туристік қызмет көрсетті.

Оның ішінде 391    шетелдік туристер болды.

 Бұқаралық   ақпарат  құралдары.    Жалпы   облыс   бойынша   315  бұхаралық ақпарат құралдары тіркелген. Олардың 10 пайызы мемлекеттік, ал қалғандары жеке меншіктегі аппарат құралдары. Қазір  шығатын газеттердің жалпы саны-174. Олардың 142-сі қазақ тілінде, 25-і  орыс, 7-еуі өзбек тілінде. БАҚ саны жөнінен облыс республика бойынша   Алматы қаласынан кейінгі екінші орында.

Облыс көлеміндегі ең байырғы газет-облыстық «Оңтүстік Қазақстан»    газеті  болып  саналады.   Ол  «Ақ  жол»  деген   атпен   1924   жылғы   26 қарашадан шыға бастаған. Кейіннен «Еңбекші қазақ», «Ленин жолы» деп аталған. Облыстық «Южный Казахстан» газеті 1925 жылғы мамыр айынан шыға бастаған. Өзбек тіліндегі облыстық «Жанубий Қозогистон» газеті 1991 жылғы наурыз айынан шығып келеді.

Облыс орталығында «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттері шығады. Сондай-ақ облыстың өзге қалалары мен аудандарында «Арыс ақиқаты», «Кентау» және «Кентау шұғыласы», «Түркістан» және «Туркистон», «Алғабас», «Қазығұрт тынысы», «Мақтаарал», «Ордабасы оттары», «Отырар», «Мәртөбе», «Сайрам садоси», «Пульс Сайрама», «Молшылық үшін», «Сарыағаш», «Төлеби туы» және «Знамя Толеби», «Шамшырақ», «Өскен өңір» газеттері жарық көреді.

Тәуелсіз жекеменшік басылымдар қатарында «Айғақ». «Замана». «Ар-Дақ», «Ақиқат-Истина», «Рабат», «Сана және нарық», «Своя газета», «Евразия Kz» т.б. газеттері бар. Газеттер мен журналдар және кітаптар. сондай-ақ өзге де баспа өнімдерін шығаратын ірілі-ұсақты 26 баспа-полиграфия орны бар. Олардың неғұрлым ірілері «Принтекс-А», «Асқаралы», «Кітап», «Замана» ЖШС-лары және «Шымкент келбеті» баспаханасы, «Жебе» баспа үйі. сондай-ақ Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспаханаларын атауға болады.

Спорт. Облыс республика спортының дамуына ерекше үлес қосып келеді. Оңтүстіктен түлеп ұшқан спорт жұлдыздары аз емес. Олардың қатарында Ә.Нұрмаханов, М.Жақсыбаев, Қ.Ордабаев, Л.Тәжиева, Б.Саттарханов, М.Ділдәбеков, Н.Ким, Г.Лалиев, Ә.Юсупова сынды ондаған, жүздеген саңлақтарды атауға болады.

Шымкент қаласында 2003 жылы жаңадан салынған бірегей спорт сарайы пайдалануға берілді. Бүгінде облыс орталығында жүзден аса спорт залы, 7 стадион, 5 жүзу бассейні, жүзге тарта спорт алаңы, 3 спорт кешені, жеңіл атлетика манежі жұмыс істейді. Көптеген аудан орталықтарында, ірі-ірі елді мекендерде жаңа спорт залдары мен алаңдары жабдықталды. Кентау, Түркістан, Жетісай калалары бұл жөнінде алда келеді. Түркістан қаласында Б.Саттарханов атындағы спорт сарайы ашылды.

Облыстағы төрт кешенді балалар мен жасөспірімдер мектептері, олимпиада резервтерін даярлау мектебі жас спортшыларды тәрбиелеумен айналысады. Жекеменшік спорт секциялары мен клубтарының қатары молая түсуде. Шымкент қаласындағы ипподромда балалардың ат спорты мектебі ашылған. Жалпы облыс бойынша 2865 спорт-сауықтыру орындары бар.

Облыс көлемінде 1718 спорт шеберлігіне кандидаттар, 318 спорт шебері даярланған. Әлемдік, халықаралық, республикалық алуан түрлі жарыстарда оңтүстік спортшылары әрқашанда биіктерден, жүлделі орындардан көрініп келеді. Мәселен, Кореяда өткен 15 Азия ойындарында облыстың 43 спортшысы 5 алтын, 14 күміс, 16 қола медаль алып қайтты. Бұл республиканың құрама командасы иемденген барлық медальдардын 45 пайызын құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылығына жалпы сипаттама

 

2.1.Шымкент қаласының экономикасы

 

Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі қалалардың бірі. Облыстың әкімшілік орталығы (1932). Тұрғыны 453,1 мың адам (2003). Жерінің аумағы 300 шаршы шақырым, облыс жерінің 0,3%-ын құрайды. Облыстың шығысында Өгем жотасының тау алды жазығымен ағатын Бадам мен Сайрам өзендерінің аралығында, теніз деңгейінен 506 м биіктікте орналасқан. Ол Қазақстандағы тұрғындарының саны, экономикасы және мәдени маңызы жағынан Алматы, Астана, Қарағанды қалаларынан кейінгі республиканың 4-қаласы.

«Шымкент» (түрікше «шым» — алқап, қойнау  және иранша «кент» елді   мекен)  —  «Жасыл   қала»   деген   мағынаны  білдіреді.   12-ғасырда Еуропадан Ресей, Сібір, Орта Азия, Жетісу мен Қытайға баратын маңызды сауда-керуен (Ұлы Жібек жолы) жолдарының тоғысында қыстақ болып қаланған.

Шымкент туралы алғашқы жазба деректер Ақсақ Темірдің 1365-66 жж. әскери жорыктары туралы жазылған парсы тарихшысы Шараф әд-Дин Әли Йозидін (1415) «Зафар наме» (Жеңістер кітабы) кітабында жазылған. Қала Қокан хандығының, моңғолдар мен жоңғарлардың шапқыншылығына жиі ұшырап отырды. 1864 ж. патшаны Ресей қарамағына өтті. Қала 1914-21 жж. «Черняев» (1914 ж. Ресейге қосылуының 50 жылдығына орыс генералы Черняевтің есімі берілді) аталды. 19 ғ-дың аяғы мен 20-ғ-дың басында Шымкентте сантонин (қазіргі «Химфарм»), шағын мақта тазалау, сыра қайнату кәсіпорындары болды. Қаланың экономикасы тез қарқынмен өсіп, ірі өнеркәсіп орталығына айналуына Түркістан-Сібір т.ж. магистралі,    Қаратауда   шоғырланған   қорғасын-мырыш  (полиметалл) кендерінің игерілуі, облыстағы мақта егісінің ұлғаюы әсер етті.

Қала орналасқан өңірдің климаты қоңыржай континенттік. Жазы ыстық, қысы біршама жылы. Жылдық орташа температурасы шілдеде 24-26°С, каңтарда -4-6°С. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 187 күнге созылады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400-500 мм. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20 см. Шымкент тау етегі аймағындағы қуан, сұр топырақты агроклиматтық белдеуде орналасқан.

Шымкент қалалық әкімдік аумағында 11 елді мекен, 1 кенттік, 10 ауылдық округке біріктірілген: Тұрлан кенті, Бозарық, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Қатынкөпір, Куйбышев, Ленин, Ақтас, Жиделі, Ынтымақ, Қызыләскер ауылдары. Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты аумақтың тұрғындары 513,1 мың адам. Шымкент — көп ұлтты халық мекендеген қала. Мұнда жүзге жуық ұлт өкілдері тұрады. Халықтың негізгі бөлігін қазақтар -54,5%, орыстар-21,6%, өзбектер -14,5%, татарлар—2,3%, әзербайжандар-1,9%, украиндер-1,3%, кәрістер-1,3% құрайды.; 19 ұлттық-мәдени орталықтар бар. Қаладағы тұрғын саны — 92,2%. Халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 1710,3 адамнан келеді. Жарты миллион тұрғыны бар Шымкентте 40-тан астам өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.

Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және жеңіл тамақ өнеркәсіптері жақсы дамыған. Мұнай-химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары: «Петро-Казахстан Ойл Продакшн» АҚ (бұрынғы ШНОС) мұнай өнімдерін өңдейді. «ИнтерКомШина»АҚ женіл, жүк, ауыл шаруашылық машиналары үшін пневматикалық шиналардың импорт алмастырушы үлгілерін шығарады. «Химфарм» АҚ жаңа технологиялармен жабдықталған; 160 түрлі дәрі-дәрмек шығарады. «Южполиметалл» АҚ -қымбат реагенттер мен реактивтерді өңдеу технологиясын меңгерген. Нәтижесінде металл, мырыш өндіру іске қосылды. «Казфосфат» ЖШС. «Шымкент-фосфор» CMC цехы-төмендетуші ст-ларда құрал-жабдықтарды жөндеу, қосу-үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Машина жасау өндірісінде «Карданвал» АҚ — Қазақстан мен Орта Азиядағы УАЗ, ВАЗ, РАФ, «Москвич» жеңіл автомашиналары, «Белорусь» тракторлары үшін кардан біліктері мен айқастырғыштар т.б. қосалқы бөлшектер шығаратын жалғыз кәсіпорын. «Южмаш» АҚ ұстаханалық-престеу машиналарын, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар шығарады. «Электроаппарат» АҚ-жоғарғы вольтты аппаратура т.б. халық тұтынатын тауарлар өндіреді. Жеңіл өнеркәсіп орындарынан жетекші орын алатындар: «Восход» АФ АҚ-жүн және жартылай жүннен ерлер мен әйелдер сырт киімдері, әэскери күш құрамдары үшін форма-киім, мұнай өңдеуші кәсіпорын қызметкерлеріне арнаулы киімдер тігеді. АҚ жанында «Восход және ЮГ» ЖШС ұйымдастырылған. «Эластик және К» АҚ мақта-мата, жартылай жүн, махрадан шұлық шығаратын кәсіпорын. Құрылыс материалдарынан «Шымкентцемент» АҚ («портлэнд» маркалы цемент) және т.б. ұсақ кәсіпорындар шығарады. «Шымкентмай»‘» АҚ   өсімдік майын, тропиктік  стеарин, кір сабын шығарады. «Шымкент сыра» АҚ шетел шикізаты негізінде жоғары сортты сыра ашытады. «Визит» АҚ салқын сусындар, «Шымкент макарон фабрикасы» АҚ әр түрлі ұн, макарон өнімдерін береді. «Теріден аяқ киім тігу зауыты» ЖШС-ірі қараның терісін өңдеумен айналысатын жаңадан дамып келе жатқан кәсіпорын. Қала шаруашылықтарының түрлі салаларында басқа да орта және ұсақ кәсіпорындар жұмыс істейді. Қала әкімдік аумағындағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді 33 ӨК, ЖШС және 21 шаруа қожалықтары жүзеге асырады.

Қалада жалпы білім беретін 77 мектеп бар: 65 орта, 7 орталау, 5 бастауыш; 5 кәсіптік-тех. мектеп, 9 жеке меншік мектеп, 48 мектепке дейінгі мекеме, сурет мектебі, жас техниктер ст., оқушылар үйі, 2 оқу-өндірістік комбинаты бар.

Шымкентте 3 мемлекеттік М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМА, М.Сапарбаев атындағы ОҚ гуманитарлық институты) 8 мемлекеттік емес жоғары оқу орындары, 6 кәсіби орта білім беру оку орны — колледждер білім береді. Денсаулық сақтау мекемелерінен 10 емхана, 7 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 әйелдер босанатын үй, диспансер, жедел дәрігерлік жәрдем көрсету ст., диагностикалық орталықтар т.б. қызмет көрсетеді. Мәдени және спорт мекемелерінен Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормания, 3 мәдениет үйі, С.Сейфуллин атындағы Халықтар достығы үйі, 3 кинотеатр, 28 кітапхана т.б. демалыс орындары жұмыс істейді. Қалада 100 спорт залы, 7 стадион, 5 жүзу бассейні, 3 спорт кешені, 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Шымкент ірі әуе, темір жол, автомобиль жолдарының тоғысындағы, ірі жол тораптарының бірі. Қала арқылы Бұхара-Шымкент-Алматы газ құбыры өтеді. Омбыдан Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры тартылған. Шымкент қаласынан Астанаға дейінгі арақашықтық 1458 км.

 

2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының қалалық әкімшіліктерінің экономикасына сипаттама

 

 Шымкент қалалық әкімшілігі

Әлеуметтік-демографиялық сипаты. Қала әкімшілігінің алып жатқан ауданы 0,3 мың шаршы шақырым, облыс территориясының 0,3%. Қала әкімшілігінде тұратын халықтың саны 2004 жылдың 1-қаңтарындағы мәлімет бойынша 520,7 мың адам. 1 шаршы шақырым жерге 1395,3 адамнан келеді. Қала халқы 90,4%-ы құрайды. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар — 49,5%, орыстар — 24,6%, өзбектер — 15,0%, азербайжандар -2,1%, украиндер — 1,8%, кәрістер — 1,4%. Білімдік құрылымы бойынша Шымкент қалалық әкімшілігі ерекше көзге түседі. Бұл ауданда облыс халқының басым бөлігі тұрады, мұнда жоғары білімді 57856 мың адам, аяқталмаған жоғары білімді 3788 мың адам, арнаулы орта білімді 73297 мың адам, орта білімді 98555 мың адам, негізгі білімді 45759 мың адам, бастауыш білімді 57922 мың адам, сауатсыз 5902 мың адам, қалғаны білімді игермегендер қатарында. Әкімшілік орталығы — Шымкент қаласы, Астанадан 1493 км қашықтықта орналасқан. Шымкент қаласы ірі индустриялды-өнеркәсіптік орталық болып есептелінеді. 90-жылдардың басында мұнда өнеркәсіптік өнімнің 68,0%-ын өндірілді. Қазіргі уақытта өнеркәсіп өнімдерінің 70,6%-н берсе, оның 64,4%-н «ШНОС» ААҚ құрайды. Бүгінгі күнде өнеркәсіп орындарының тоқыруына қарамастан өнеркәсіп орындары тұрақты жұмыс беруші орындарға айналған. «ШНОС» ААҚ-да 1991 жылы 1587 адам жұмыс істесе, қазіргі кезде 2382 адам жұмыспен қамтылған.

Өнерәэсіп өнімінің 5,2%-ын «Южполиметалл» ЖАҚ береді. Ірі таратылған өнімі ЖАҚ «GTI CENTA ASIA» темекі өнімдері, 2000 жылы 1488,0 млн дана темекі шығарды. Негізгі май өндіретін кәсіпорындар «Шымкентмай» АҚ, «Сана» ТОО, «Достар» ТОО.  Химия өнеркәсібінің ең ірі орталығы ААҚ «Химфарм». Мұнда 1276,7 млн теңгеге 160 түрлі дәрі-дәрмектер өндіріледі. Сонымен бірге өндірісте этил (сірке) спирті мен шарап-ликер өнімдері шығарылады. Бірден-бір сабын шығаратын өндіріс орталығы «Шымкентмай-Эль-Дос» ЖАҚ.

Қала әкімшілігінде 76,2% жарма өнімдері (ААҚ «Шымкент жарма фабрикасы), 99,8%-сыра («Шымкентсыра» ЖАҚ), минералды сулар -10,9%, сусындар — 87,3% («Визит» ЖАҚ), мақта-жіп — 9,1% («Шымкент-Мақта» ААҚ, «Джин-Текс» ТОО), шұлық-нәски өнімдері — 84.3% («Эластик» ААҚ), цемент 99,9% («Шымкентцемент» ААҚ). «АЦК» ААҚ облыс көлемінде дайындалатын барлық асбестцемент листтерін, труба және муфттарды өндіреді. Қаладағы жеңіл өнеркәсіп ошақтары ТОО «Восход и К», ТОО «Восход — ЮГ». ТОО «Қыз-Жібек», АҚ АФ «Восход» 520,5 млн теңгенің өнімдерін шығарған.

Шымкент қалалық әкімшілігінде 15 ауылшаруашылық өндірісі және 20 шаруашылық қожалықтары бар. Әкімшілік инвестициясы 55,4%-ын осында орналасқан өндіріс орындары мен қалалық әкімшілік орталықтары береді, оның   68,3%-н құрылыс саласының инвестициясы құрайды.

Арыс қалалық  әкімшілігі

Территориясы мың шаршы

6,3

 

Халқы мың адам

520,7

 

Жан басына шаққандағы табысы /теңге

7145

 

Кедейшілік деңгейінде өмір сүретін жанұя саны

322

 

Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі млн. Теңге

1399,9

 

Діни ұйымдар

Саны

 

Ислам

11

 

Христиан 

2

 

  Басқа

0

Халықтың этникалық құрамы

Пайызбен

Қазақтар

87,85

Орыстар

8,21

Өзбектер

0,97

Татарлар

1,57

Азербайжандар

0,24

Басқа ұлттар

1,16

 

Әлеуметтік-демографиялық  сипаты

Қала әкімшілігінің ауданы 6,3 мың шаршы шақырым, облыс территориясының 5,4%-н алып жатыр. 2004 жылдың 1 -қаңтарындағы мәлімет бойынша мұнда 62,7 мың адам тұрады, 1 шаршы шақырым жерге 9,7 адамнан келеді. 57,8% адам қалада тұрады. Халықтың негізгі құрамын қазақтар құрайды — 92,4%, орыстар — 5,0%. Қала әкімшілігінде сонымен қатар татар, өзбек, азербайжандар және басқа ұлт өкілдері қоныстанған.

Арыс қалалық әкімшілігі облыс өлкесіндегі дамып келе жатқан аймақ болып табылады. Аймақта 2059 мың жоғары білімді, 73 аяқталмаған жоғары білімді, арнаулы орта білімді 4399 мың, орта білімді 10053 мың негізгі білімді 3634 мың, бастауыш білімді 5061 мың адам және сауатсыз 687 адам тұрады.

Әкімшілік орталығы — Арыс қаласы, осында 35.2 мың адам тұрады. 1956 жылы темір жол станциясы ретінде құрылған, Облыс орталығынан 60 км қашықтықта орналасқан.

Экономикалық сипаты 1991 жылы өнеркәсіп өнімдерінің 80,2%-ін 390 адам жұмыс істейтін Арыс тігін фабрикасы берген. Қазіргі кезде негізгі өндіріс орындары ТОО «Арысшпалзавод», ТОО «Адам». 2000 жылы ТОО «Арысшпал-завод» қала әкімшілігінде өндірілетін өнімнің 22,9% , яғни 109,1 млн теңгенің өнімін өндірген. 2000 жылы құрылған ТОО «Адам» қысқа уақыттың ішінде 18,7 млн дана темекі өнімдерін шығарған.

Қала әкімшілігі ауылшаруашылық өнімдерінен: 30,6% — ет, 8,6 — сүт, 12,4% — мақта өнімдерін, 2,3% — жеміс, 10,1% — бақша дақылдарын өндіреді. Соңғы жылдары мақта, жеміс-жидек және бақша дақылдарының егістік аудандарының көлемі ұлғайған. Мал шаруашылығы да біршама дамыған. Қазіргі таңда ірі қара — 2,8%, қой және ешкі — 11,2%, қаракөл қойлары — 21,9%, жылқы — 3,3%, түйе — 2,8% өсіріледі.

Түркістан қалалық әкімшілігі

Территориясы мың шаршы шақырым

7,4

 

Халқы мың адам

184,1

 

Жан басына шаққандағы табысы /теңге

5835

 

Кедейшілік деңгейінде өмір сүретін жанұя саны

1392

 

Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі млн. теңге

2949,1

 

Діни ұйымдар

Саны

Ислам

48

Христиан

4

Басқа

0  

Халықтың  этникалық құрамы

Пайызбен

Қазақтар

53,93

Орыстар

1,40

Өзбектер

42,71     

Басқа ұлттар

1,96

       

 

Әлеуметтік-демографиялық сипаты Қала әкімшілігінің алып жатқан ауданы 7,4 мың шаршы шақырым, облыс территориясының 6,3%-ын құрайды. Қала әкімшілігінің халқы 2004.1.01 көрсеткіш бойынша 184,1 мың адам болған. 1 шаршы шақырым жерге 24,1 адамнан келеді. Қала халқының саны — 49,3%, ауыл халқы — 50,7%. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар — 53,9%, өзбектер — 42,7%, орыстар — 1,4%, татарлар — 0,7%. түріктер — 0,6%. Түркістан қалалық әкімшілігінде 9244 мың жоғары білімді, аяқталмаған жоғары білімді 1980 мың, арнаулы орта білімді 19886 мың, орта білімді 26705 мың, негізгі білімді 10386 мың, бастауыш білімді 13092 мың адам тұрады.

Әкімшілік орталығы Қазақстандағы көне қалалардың бірі -Түркістан. Қала туралы мәлімет 15-ғасырдан белгілі. Қаланың маңызды мәдени-тарихи нысаны 15-ғасырда салынған Қожа-Ахмет Яссауи мавзалейі. Түркістан, Самарқан, Бұхара және Хиваны Солтүстік Қазақстанмен жалғастырған керуен жолының бойында пайда болған көне қала. Шымкенттен 225 км қашықтықта жатыр. 2000 жылы қала өзінің 1500 жылдық мерейтойын тойлады. Осы мерей той қарсаңында қаланы жөндеу жұмысына 1271,3 млн теңге, оның ішінде 483,8 млн теңге құрылыс пен көлік жолдарын жөндеуге жұмсалған.

1991 жылы қалалық әкімшілікте орналасқан өндіріс орындары жалпы өнімнің 3,5%-н ғана берген. Қала әкімшілігінің территориясында Түркістан махникалық-ремонт зауыты, МП «Бірлік», технологиялық зауыт, кузнечно-пресс құралдарын шығаратын машина жасау зауыттары, Түркістан мақта зауыты және Түркістан тігін фабрикасы секілді жеңіл өнеркәсіптер, Пищеком-бинат тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіретін Түркістан темір бетон өнімдерін шығаратын комбинат, Түркістан КСД и К, биохимиялық комбинат (антибиотик кормовых зауыты). Осы өнеркәсіп орындары жалпы өндіріс өнімдерінің 75%-н береді.

Қазіргі кезде қала әкімшілігінде тігін және тоқыма өндіріс орындары көп шоғырланған. ААҚ «Яссы», К.Х. «Тұран, ТОО «Корпорация Ақ-Алтын», ТОО «ШТФ-Түркістан». Өнімнің 48,1%-н құрайды. Минералды бейметалл өнімдері -5,8%. ТОО «Ақжол», ЖАҚ «Түркістанқұрылыс», ТОО «Бастау-ХХГ, АҚ «Марсан». Ауданда насос шығаратын «Түркістан-насос ААҚ, табиғи құм мен гравит өндіретін ТОО «Тасжол», ТОО «Ақжол», Түркістан КСИ ААҚ коғамының филиалы. Қала әкімшілігінің территориясында 94,5% табиғи құм, 61,1% гравит өндіріледі (облыс бойынша).

Тоқыма өнеркәсібі мақта жібінің облыс бойынша 8,7% береді.

Ауылшаруашылык өнімдерінің жалпы мөлшері 6,7%-ы құрайды. Оның құрылымында мақта өнімдері — 33,8%, ет — 20,2%, сүт — 15,6%, жеміс-жидек — 8,9%. Соңғы кездері ауданда мақта егістігінің ауданы өсуде, 2000 жылы оның ауданы 49,5% жерді құрады (бүкіл егістіктің). 1991 жылмен салыстырғанда ірі қара 7%-ға өскен. Қаракөл қойлары — 23,3%, ол жалпы ауданда өсірілетін қойдың 86,3%-ын құрайды.

 

Кентау қалалық әкімшілігі

Әлеуметтік-демографиялық сипаты Қалалық әкімшілік ауданы 0,6 мың шаршы шақырым, облыс территориясының 0,5%-ын құрайды. 2004.1.01 жылғы көрсеткіш бойынша халық саны 81,4 мың. адам. Халық тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 137,7 адамнан келеді. Қала халқының саны 85,8%. Халықтың негізгі құрамы: қазақтар — 63,3%, өзбектер — 22,2%, орыстар — 9,2%, татарлар — 2,5%, украиндер — 0,6%. азербайжандар — 0,6%, фектер — 0,4%. 1999 жылғы санақ бойынша аймақта 63,34% — қазақтар, 22,18% — өзбектер, 9,15% — орыстар, 2,49% -татарлар, 2,84% — басқа ұлт өкілдері тұрған. Кентау қалалық әкімшілігінде 4355 мың жоғары білімді, 368 мың аяқталмаған жоғары білімді, арнаулы орта білімді 9960 мың адам, орта білімді 26705 мың, негізгі білімді 10386 мың бастауыш білімді 22733 мың адам тұрады. Ал сауатсыздар саны 1254 адам.

Территориялық-географиялық сипаты. Әкімшілік орталығы Кентау қаласы 1955 жылы құрылған. Қаратау өзенінен басталатын ұсақ өзендер жүйесінде орналасқан. Жауын-шашынның аз түсуімен ерекшеленеді. Топырақ жамылғысы оңтүстіктің ашық сұр топырағы. Агроклиматты бойынша таулы зонаға жатады. Территорияда фосфор, барит, бағалы, түсті және сирек металдар, қорғасын, мырыш секілді пайдалы қазбалардын кен орындары кездеседі. Экономикалық сипаты бойынша 1991 жылы ауданда ТЭЦ-5, Кентау электр торабы энергетикалық орындары, «Ачполиметалл» түсті металлургия комбинаты, Трансформатор және эксковатор машина жасау зауыттары, Кентау тігін-тоқыма фабрикасы жеңіл өнеркәсібі секілді өндіріс орындары болған. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің 7,5%-н берген.

«Ачполиметалл» комбинаты ірі түсті металлургия комбинаты, мұнда 7 мыннан астам адам жұмыс істейді. Комбинатта қорғасын-мырыш металы, облыс бойынша өндірілетін бірден-бір барит концентраты, қорғасын концентраты, қорғасын концентраты, кадмий қорғасын концентраты өндіріледі. Кентау ТЭЦ-де 5,3% электр энергиясы, 8,4% -жылу энергиясы өндіріледі. 90-жылдардың басында 23% өнеркәсіп өнімдерін екі машина жасау өнеркәсіптері Экскаватор зауыты (жылына 618 экскаватор), Трансформатор зауыты (жылына 17,4 мың трансформатор).

Қазіргі таңда өнеркәсіп өнімдері 84,5%-ы құрайды: ААҚ «Кентау трансформатор зауыты» (электрлі трансформаторлар шығарады). ЖАҚ «Южполиметалл» №1 филиалы (барит концентраты, қорғасын концентраты). «Эластополимет» ЖАҚ (резина-пластмасса өнімдері), ААК «Экскаватор» (Экскаватор) Қала әкімшілігінің ауылшаруашылық өнімдерін 38,4%- бақша өнімдері, 19,9%-картоп, 17,9%-астық құрайды. Ауылшаруашылық өнімдерінде бақша өнімдерінің 52,1%, картоп 11,8%, ет 9,0% маңызы жоғары.

 

2.3. Оңтүстік қазақстан облысының  аудандарының экономикасына сипаттама

 

          Бәйдібек ауданы

Облыстың орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік жерінің аумағы 7,2 мың км2, облыс аумағының 6,1%-ын қамтиды. Тұрғыны 52,9 мың адам (2003ж). Аудан жерінде 52 елді мекен, 11 ауылдық округ бар. Орталығы — Шаян ауылы. Іргесі. 1928 ж. бұрынғы Шаян болысының негізінде Шаян ауданы болып қаланды. 1965 жылға дейін Шаян, 1996 жылға дейін Алғабас ауданы болып келді. Жері Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде, қырқалы жазықта жатыр. Оңтүстік-шығысын Боралдай жотасы, Үлкентұра тауы (1425 м) алып жатыр. Жер койнауынан полиметалл кені (Байжансай), әктас, құрылыс материалдары барланған. Климаты континентті. Қантар айындағы жылдық орташа температура — 4-6°С, шілде айында 25-25°С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері жазық бөлігінде 250-300 мм, таулы өңірде 400-500 мм. Аудан аумағынан Шаян, Арыстанды, Бөген, Боралдай, Бестоғай, Сасық-өзен өзендері және олардың салалары Үлкен Бөген, Бала Бөген, Қошқарата, Құтырған т.б. ағып етеді. Қазақта Бәйдібек ауданы тұсында Шаян өзенінде Қапшағай бөгеті салынған. Аудан жерінде Арыстанды өзенінің бойында әйгілі Арыстанды -Қарабас желі соғады.

Ауданның батысындағы шөлдің ашық сұр, сұр топырағында боз жусан, баялып, бидайық, күйреуік, шығысындағы таудың сұр-қоңыр топырағанда Қаратау жусаны, нарғия т.б. шөптесіндер мен бұта аралас долана, тобылғы, жабайы алма, өрік: өзен бойларында тал, терек, жиде, қамыс өседі. Жануарлар дүниесінен тауда арқар, елік, қасқыр, жазығында коян, қарсақ, саршұнақ: құстардан кекілік, бөдене, көкек т.б. мекендейді.

Елді мекендер негізінен өзен аңғарларының бойында орналасқан. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 7,3 адамнан келеді. Халықтың негізгі бөлігі — қазақтар 98,1%, күрдтер 0,8% т.б. 18 ұлт өкілдері тұрады. Ірі елді мекендері Шаян ауылы (8,6 мың адам), Ақбастау (3,4), Боралдай (3,0), Шақпақ (2,7), Мыңбұлақ (2,0), Кеңестебе (1,8) т.б.

Ауданның шығыс бағытында 1139 агроқұрылым, өндірісте 117 ОҚ, 128 ЖШС, 975 шаруа қожалықтары тіркелген. Батыс ауданында 2003 ж. егіс көлемі 80 мың гектарға жетіп 20,7 мың сиыр, 248 мың бас қой мен ешкі: 9,5 мың жылқы, 0,5 мың түйе болды.

Аудаңда жалпы білім беретін 54 мектеп (30 орта, 21 орталау), 2 музыка, өнер, спорт, кәсіптік — техникалық мектептері бар. Аудан тұрғындарына 5 мәдениет үйі, 22 клуб, 19 кітапхана, Шаян халық театры, «Шаттық» көркемөнерпаздар ұжымдары қызмет көрсетеді. 1935 жылдан аудандық «Алғабас» газеті шығады. Денсаулық сақтау мекемелерінен 10 аурухана, 5 емхана, 41 фельдшерлік-акушерлік пункт, сан.-эпидемиол. Ст., тубдиспансер жұмыс істейді. Аудан аймағы әулие, батырлар көп шыққан қасиетті жер. Көне тарихи мұралардан Домалақ ана, Бәйдібек ата, Қазата, Шақпақ ата, Қошкар ата, Бес ана, Зеріп, Сыланды ана кесенелері. Ғайып ата бесік бейіті, Теректі, Ақтас әулие, Ақмешіт, Жеті отау үңгірлері. 19-ғасырдың тарихи мұра ғимараты — Аппақ Ишан мешіті бар. Қазақ өнері мен мәдениетіне, әдебиетіне, ғылымына үлес қосқан академик, профессорлар: Ө.Жолдасбеков,  Н.Төреқұлов, М.Үркімбаев, М.Құдайқұлов, К.Нәдіров, ақын-жазушылар: Е.Тұрысов, А.Нысаналин, Б.Бекетова, әнші Е.Әбілдаев т.б. осы өңірдің түлектері.

Қазығұрт ауданы

Облыстың онтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 ж. Қаратас ауданы болып құрылып, 1963-1993 жж. Ленин ауданы аталып келді. Жерінің аумағы 4,5 мың шаршы шақырым, облыс аумағының 3,5%-ы. Тұрғыны 95,9 мың адам (2003). Аудандағы 61 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы — Қазығұрт ауылы.

Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қаржантау (2000-2800 м), Өгем (3000-3600м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700 м) созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігі қырқалы жазық. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барланған. 21,4 мың т. әктас пен ғаныш өндірілді.

Климаты континенттік, қысы жұмсақ, қысқа, қаңтар айының орташа жылдық температурасы -3-4°С, жазы ыстық, шілденің орташа температурасы 22-25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, шөптесіндерден: қоңырбас, нарғия, жыңғыл, т.б: батысындағы шөлді аумағында қозықарын, жусан, бетеге, ебелек өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ: құстардан қырғи, көкек, бөдене т.б. кездеседі.

Халқының құрамы көп ұлтты, көпшілігі қазақтар — 94,1 %, одан басқа орыс, өзбек, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 шаршы шақырым жерге 23 адамнан келеді. Көбіне тау бөктерлері, өзен аңғарлары, автомобиль жолдары бойында қоныстанған, Ірі елді мекендері: Қазығұрт (14,5 мың адам), Қақпақ (5,2), Қаржан (4,7), Шарапхана (4,0), Рабат (4,1), Тұрбат (3,8), Қызылқия (3,6), Шарбұлақ (3,3) т.б.

Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың га. 2935 агроқұрылым бар. Оның ішінде 2 мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 19 ЖШС, 81 ОК, 2266 шаруа қожалықтары, 6 АҚ тіркелген. Соңғы жылдары аудан шаруашылығында бидай егісінің көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. 2003 ж. аудандағы егістік жердің 36,4%-ына бидай, 22,4%-на мақсары егілді. Аудан жерінің ауыл шаруашылығына қатысты 9,0 мың га жерін Үлкен Келес каналы суландырады. 2003 ж. аудан кәсіпорындары 1338,4 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімін шығарды. 24,9 мың т. дәннен және өсімдіктен ұн; олардың майда қоспасы алынды. Ұн мен ұн өнімін шығаруда Амангелді ЖШС-нің үлесі зор. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің 27,1%-ет, 18,7%-сүт, 16,7 — астық. Аудан шаруашылықтарында сиыр — 9,8%, қой мен ешкі — 11,8%, жылқы — 13,3% өсіріледі.

Жалпы білім беретін 66 мектеп, 7 аудандық аурухана мен емхана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт, мәдениет үйі, кітапханалар, клубтар т.б. мекемелер бар. Аудан жері жер асты суына, бастау мен бұлақтарға (Суықбұлақ, Жылыбұлақ, Ащыбұлақ, Ақбастау т.б.) бай. Көктөбеде «Ембұлақ», Сенбіде «Ақбұлақ», Кекібелде «Майбұлақ», Тұрбатта «Қотырбұлақ» шипалы сулары шығады. Қақпақ ауылы маңында «Шымған» курортында қымызбен емдейді. Қазығұрт тауындағы Кемеқалған шыңында ескерткіш тақта қойылған. Қазығұрт маңында Ақбура әулие мазары, «Ғайып ерен қырық шілтен» тарихи-қасиетті кешені, «Ақпан батыр» монументі (1995) орнатылған. Аудан жерімен Алматы-Ташкент халықаралық автомобиль жолы етеді.

Мақтаарал ауданы

Облыстың қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың шаршы шақырым, облыс аумағының 1,5%-ы. Тұрғыны 254,3 мың адам. Аудан жеріндегі 183 елді мекен, 1 қалалық, 3 кенттік және 20 ауылдық округке біріктірілген. Орталағы-Жетісай қаласы. Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 ж. 3-қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 ж. 24-сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы — Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды.

Аудан Мырзашөл құмды жазығының солтүстігінде, Сырдария өзенінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 м төбелі. белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені   (1974)   арқылы   Сарыағаш,   Шардара   аудандарымен   шектеседі.

Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-205 мм. «Достық» каналы — ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар.

Аудан жерінде эфемерлі өсімдіктер жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі.

Ауданда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар — 82,5%, тәжіктер — 6,8%, өзбектер — 3,8%, орыстар — 2,3% т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге шаққанда 141,3 адамнан (облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан) келеді. Тұрғындардың 27,1%-ы қалада, 72,9%-ы ауылда тұрады. Ірі елді мекендері: Жетісай қаласы (30,5 мың адам), Атакент (14,0), Асықата (10,7), Мырзакент (10,2) кенттері және Минералды сулар (4,5), Алғабас (4,3), Жалын (3,7), Бескетік (3,3), Қызылқұм (3,0), Сәтбаев (3,0) т.б. ауылдары.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты — шитті мақта өндіру. Оның үдесіне ауданның ауыл шаруашылық өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. 1997 жылға дейін аудандағы 11 ұжымшар және 19 кеншар мақта өсіріп, өңдеуге маманданып келген, оның негізінде қазір ауданда 5 мақта тазарту, 3 мақта майын, медициналық  мақта жасау зауыты жұмыс істейді. Ірі кәсіпорыңдарына «НИМЭКС» ЖШС-ның мақта өңдеу, «ЮТЕКС» — мақта тазарту зауыттары, «Ақ алтын», «Мақтарал», «Мақташы», «Ынтымақ», «Мырзакент» ААҚ-дары, «Жұлдыз», «Жалын» шаруа қожалықтары, «Ақ май», «Жетісаймай» ЖШС-тері. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Аудан республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. «Молчанов және К» спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, «Мақтарал тәжірибе станциясы», «Оңтүстік су шаруашылығы» мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімінің 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Бұлардан басқа ауданда 15871 агроқұрылым, 15846 шаруа қожалығы құрылған. Ауданда қосымша сала ретінде дән, бақша, көкөніс, мал азықтық жемшөп өсіріледі. Шаруашылықтарда сиыр — 12,2%, қой мен ешкі — 4,4%, қаракөл -қойы — 9,8%, шошқа — 6,1 %, жылқы — 6,8%, түйе — 10,1 % өсіріледі.

Білім беру мекемелерінен «Сырдария» университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық — экономикалық агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулық сақтау мекемелерінен «Диагностикалық орталық», 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықаралық маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік «Тәуелсіздік» көпірі пайдалануға берілді.

Жетісай қаласында «Отаным менің — Қазақстан» атты монументті стелла орнатылған. Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ музыка драма театры, аудандық мәдениет үйі, аудандық кітапхана, мұрағат, мақта тарихы мұражайы бар. 1934 жылдан аудандық «Мақтаарал» газеті шығады. Кейінгі жылдары тәуелсіз «Мырзашөл айнасы», «Аймақ», «Нарық әлемі», «Керуен басы» газеттері шыға бастады. Аудан орталығы Жетісай қаласынан ІІІымкентке дейінгі қашықтық — 232 км.

Ордабасы ауданы

Аумағы 2,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 83,3 мың адам. Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы -Темірлан селосы.

Жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 м). Жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген. Оның үстін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Мезозойға дейінгі жер қыртысы 1000-1500 м тереңдікте. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.

Ауданның климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -3-5°С, шілдеде 26-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 мм. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 м/сек. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4), ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Аудан арқылы Арыс және оның салалары — Боралдай (он саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу т.б. өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген бөгені салынған. Одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс каналы жүргізілген. Жер асты суы девон, таскемір қабаттарында және ол 30-50 м тереңдікте жатыр. Грунт сулары 3-8 м, кейбір жерлерде 8-12 м тереңдіктегі палеогеннеоген қабаттарында кездеседі.

Топырақ жамылғысында карбонатты сұр, сортаңды бозғылт сұр топырақ басым. Өзен аңғарларында шалғынды сұр топырақ қалыптасқан. Өсімдігі қияқ, қоңырбас, солтүстігінде бозжусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік есімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп т.б. кездеседі.

Аудан халқы көп ұлтты. Оның басым бөлігін 94% қазақтар құрайды. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге шаққанда 30,9 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Темірлан (12,7 мың адам), Төрткөл (6,3), Бадам (5,1), Бөген (4,2), Қайнар (3,5), Қарааспан (3,4), Шұбар (3,4), Қарақұм (3,2) т.б.

Ордабасы ауданының бұрынғы аумағында 1996 жылға дейін 6 мақта, 1 көкөніс-сүт, 2 жүзім, 4 қой, 1 дәрілік өсімдік өсіретін кеңшар, 3 кұс фабрикасы, ауданаралық мал бордақылау бірлестігі болған. Ауданның нарық экономикасына өтуіне байланысты олардың негізінде ауыл шаруашылығымен айналысатын 1600-ден астам жеке шаруа қожалықтары, 30-дан астам ЖШС, 130-дай ӨК және 2 АҚ жұмыс істеуде. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 246,5 мың га. Ауданның өнеркәсіп саласында 35 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеп өндіреді. 2003ж. ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері 5482,1 млн. теңгенің өнімдерін шығарды. Бұл облыста өндірілетін өнімнің 6,6%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің құрылымында шитті мақтаның үлесі 8,9%-ды құрайды. Егіс аумағының құрылымында дәнді дақылдар мен бұршақ (37,0%) басым. 24,8%-ы мақтаға тиесілі. Ауданда облыстағы барлық мүйізді ірі қараның 7,3%-ы, қой мен ешкінің 5,9%-ы, жылқының 6,6%-ы, құстың 9,1%-ы өсіріледі. 2003 ж. ауданда өнеркәсіп өнімдері 1013,7 млн. теңгеге, соның ішіңде 29,8 мың м3 табиғи құм және қиыршық тас, 15,6 мың м3 қыштан құйылған құрылыс кірпіштері өндірілді.

Ауданда 2003 ж. 5 аурухана, 42 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 ауылдық отбасылық амбулотория жұмыс істеді. Жалпы білім беретін 60 мектеп, мектеп жасына дейінгі 2 бала-бақша бар. Аудан орталығы Темірлан ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық 45 км. Ауданы аумағы арқылы Шымкент-Қызылорда темір жолы және Шымкент-Түркістан-Қызылорда автомагистралі өтеді.

Отырар ауданы

Облыстың батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1935 ж. құрылған. Жер аумағы 18,1 мың шаршы шақырым, облыстың 15,4%-ын қамтиды. Тұрғыны 55,2 мың адам. Аудандағы 43 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Шәуілдір ауылы.

Аудан жері негізінен жазық. Оның басым бөлігін Қызылқұм құмды алқабы және Сыр өзенін бойлай жатқан Шардара даласы алып жатыр. Ауданның биік жері Қарақтау жотасында (Қарамола тауы 388 м). Ол онтүстіктен солтүстікке қарай доғаша иіліп 50 км-ге созылған. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет, Дүйсенбай, Дәуренбек т.б.) мен мал жайылымына қолайлы қоныстар (Алтынжал, Үрме т.б.), қыстаулар (Есенгелді, Босаға, Орынбай т.б.) көп. Қарақтаудың батысын және Қызылқұмның шығысын сексеуілді тоғай көмкерген.

Ауданның жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген. Оның бетін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Ауданның қысы жұмсақ, қысқа. Қантар айының жылдық орташа температурасы -3-5°С, шілдеде 27-29-С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 170-300 мм. Аудандағы желдің басым бөлігі оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соғады. Оның жылдық орташа жылдамдығы 4-6 м/сек. Аудан арқылы Сырдария және оның оң саласы Арыс өзендері ағып өтеді. Ауданның солтүстігінде жазда құрғап қалатын шағын тұзды көлдер (Ұзынқұдық, Арыстанды т.б.) мен батпақты Шошқакөл жерлер кездеседі. Арыс өзенінен Арыс каналы және бірнеше шағын тоғандар жүргізілген. Жер асты және грунт сулары 2-5 м тереңдікте (Сырдария, Арыс өзендері аңғарында), Қызылқұм өңірінде 5-8 м, кейде 8-12 м тереңдікте кездеседі. Артезиан сулары палеоген-неоген қабаттарында, олар 30-50 м, кейде 80 м тереңдікте жатады.

Ауданның топырақ жамылғысы негізінен сұр топырақты. Сыр және Арыс өзендері аңғарында шалғынды сұр, Қызылқұмда құмдауытты сұр топырақ қалыптасқан. Оларда шөлге тән баялыш, күйреуік, теріскен, көкпек, құмды өңірлерде сексеуілді тоғай, өзен аңғарларында шілікті-жиделі тоғай қалыптасқан. Құмтөбелер арасындагы грунт суы жақын жатқан жерлерде шұраттар кездеседі. Дәрілік өсімдіктерден дәрмене жусаны, қара меңдуана, тұмаршөп өседі.

Аудан халқының негізін осы өңірдің байырғы халқы — қазақтар 99,7% құрайды. Халық негізінен Сыр бойы және ауданның шығысындағы Арыс өзенінің аңғарында қоныстанған. Тұрғын халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 3,0 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шәуілдір (8,8 мың адам), Темір (4,3), Көксарай (4,2), Арыс (3,0), Балтакөл (2,9), Маяқұм (2,6).

Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған, 1996 жылға дейін ауданда етті-сүтті 8 кеңшар, 1 асыл тұқымды мал зауыты болған. Бұрынғы кеңшарлар негізінде аудандағы барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 3420-ға жетті. Оның ішіңде заңды тұлғалар саны 487, жеке тұлғалар саны 2933, шаруа қожалықтары 2569, жеке кәсіпкерлер 364. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1692 мың га. Оның ішінде жыртылатын жер 15,8 мың га көп жылдық ағаштар 256 га. Шабындық 15,5 мың га. Жайылым 16,48 мың га болды. Ауданда өнеркәсіп өндірісінде 13 ауыл шаруашылығында 590, құрылыста 1, көлік және байланыс саласында 3, саудада 180 және басқа кәсіпкерлікпен айналысатын 16 шаруашылық субъектілер тіркелген. Аудан өнеркәсібі 2003 ж. 1191,0 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда 4,4 есе көп. Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2003 ж. егіс аумағы 15,8 мың га болды: оның басым бөлігін мақта 7905 га мен жүгері 3269 га құрайды. Ауданда 2004 жылдың 1-қаңтарында 19,1 мың бас ірі қара, 163,5 мың қой мен ешкі, 5,4 мың жылқы, 1264 түйе болды. Жалпы, 2003 ж. ауданда 496,3 млн. теңгенің күрделі қаржысы игерілді. Осы жылы ауданда тораптық су құбыры толығымен іске қосылды, Арыстан баб мешіті қайта жөнделіп пайдалануға берілді. Халыққа білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелері бойынша ауданда 1 кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін 45 мектеп, 11 клуб, 1 мәдениет сарайы, 1 музей, 1 мектеп-интернат, 15 кітапхана, 9 аурухана, 28 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 ауылдық  амбулатория   болды.   Аудан   аумағында   көне   қалалар   мен   қорғандар орындары көптеп кездеседі. Әйгілі «Арыстан баб» кешені осы аудан аумағында орналасқан. Шәуілдір ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық 142 км-ді құрайды.

Сайрам ауданы

Облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік аумақтық бөлік. 1928 ж. құрылған. Жерінің аумағы 1,7 мың шаршы шақырым, облыс жерінің 1,4%-ы. Тұрғын саны 241,8 мың адам. Аудан аумағындағы 73 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Ақсу ауылы.

Аудан жері негізінен оңтүстіктен солтүстікке қарай көлбеу жатқан тауетектік жазық: кей жері төбелі, сайлы-жыралы келеді. Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Ауаның орташа температурасы қаңтарда 3-4°С, шілдеде 24-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-350 мм-ді құрайды. Аудан жерімен Арыс, Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында құрылысқа қажетті материалдардың кен орны бар. Жерінің басым бөлігі сұр, сұр-қоңыр топырақты. Аудан жерінің көп бөлігі жыртылған. Табиғи өсімдік егістік, сай-жыралардың беткейлерінде ғана сақталған, жусан, жантақ, жыңғыз өзен бойында кездеседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, саршұнақ, қырғауыл, бөдене, кекілік мекендейді.

Тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халқының негізгі бөлігі өзбектер 64,1%, қазақтар — 26,2%, түріктер — 3,3%, әзербайжандар — 1,2%-ды құрайды. Орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 шаршы шақырым жерге 135 адамнан келеді (облыстағы халқы ең тығыз орналасқан ауданның бірі). ірі елді мекендері: Ақсу ауылы (26,4 мың адам), Қарабұлақ (32,8), Сайрам (28,3). Қарасу (8,1), Базаркақпа (5,8), Көлкент (5,5), Қаратөбе (4,9), Қожақорған (4,7), Тассай (4,3), Ақсуабат (3,9), Көмешбұлақ (3,9), Бадам (3,9), Қарабастау (3,8), Ақбұлақ (3,5), Бадам (3,1), Мәртебе (3,0) ауылдары. Ауданда сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, мал азықтық дақыл, астық, көкөніс, жеміс, жүзім, сүт өндіруге мамандандырылған 7 ұжымшар, 5 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы болған. Олардың негізінде ОК, ЖШС, АҚ және 4739 шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Аудандағы ірі кәсіпорындар: «Манкентсельмаш» АҚ — ауыл шаруашылық машиналарын, «Жер-Ана» ЖШС — жеміс-көкөніс консервілерін, «Арай» ЖШС — өсімдік майын, «Оңтүстік құс» АҚ — жұмыртқа, жұмыртқа ұнтағы, құс еті, құс етінен жасалған шұжық, «Ақсу» ӨК — ауыл шаруашылық өнімдерін өндіреді. Кірпіш зауыты жұмыс істейді. 2003 ж. ауыл кәсіпорындары 4316,6 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдерін, соның ішінде 117 т ет және құс еті өнімдері, 4797 т өсімдік майы және тоң майын, 35,8 мың т дәннен және өсімдіктен алынған ұн, 41,4 мың т мал үшін дайын жем, 38,6 мың л  жүзім шарабы, 73,6 мың л шырындар өндірді. Аудан ет-сүт өндіру, шошқа, құс өсіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылық тауарын өндіруде облыс бойынша 8,4%-ы құрайды. Облыстағы ірі қара малдың 18,4%, сиырдың 14,7%, кой мен ешкінің 6,4%, шошқаның — 30.1%, жылқының 13,4% өсіріледі. Ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің  44,1%-ын ет, сүт, жұмыртқа өндірісі құрайды. Ауданда облыстағы бидай егістігінің 15,1%, арнаның 10,65%, қант қызылшасының 87,0%, мақсарының 14,5%, картоптың 17,3%, көкөністің 14,8%, жеміс-жидектің 21,2%, жүзімдіктің 17,8% орналасқан. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құрылымындағы 19,5%- көкөніс, 12,9%-дәнді дақыл, 6,6%- картоп өндірісінің үлесіне тиеді.

Білім беру, ағарту салаларында жалпы білім беретін, спорт, музыка, кәсіптік-техникалық мектептері, бала-бақшалары жұмыс істейді. Мәдени мекемелерден драма театры, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау саласынан 2 облыстық аурухана бөлімшелері, аудандық емхана, амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер бар. 1932 жылдан қазақ, орыс, өзбек тілдерінде аудандық газет шығарылды. Минералды сумен емдейтін «Манкент» санаторийі жұмыс істейді. Көне Сайрам екі мың жыл бойы Ұлы Жібек жолының бойында жатты. 8-12 ғғ. болған Сайрам қаласы ұлы ғұлама Қ.А.Иассаудің кіндік қаны тамған жер. Қаланың орны тарихи ескерткіш ретінде сақталған.

Сарыағаш ауданы

Облыстың оңтүстік белігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік 1928ж. Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы- Сарыағаш қаласы.

Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбай молда жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда -2-3″С, шілдеде 24-28-С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі.

Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі казақтар-86,9%, одан басқа өзбектер-4,1%, тәжіктер-2,7%, әзербайжандар-1,2%, орыстар-1,1%, татарлар 0,9% т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 шаршы шақырым жерге 29,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендер: Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек (10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қабыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжар (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0), Таскескен (3,0), Көктерек кенті (2,6). Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс. бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеншар, мемлекеттік сұрыптау станциясы болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында «Сарыағаш шипажайы» АҚ, «Арман», «Алтын бұлак-Р» демалыс орындары, балалар шипажайы бар. «Алекс» ЖШС — Қазақстан — Польша бірлескен кәсіпорны, «Демеу», «Әсем-ай», «Курорт-Барс-2030» ЖШС-тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, «Мырзакент» АҚ, «Айша бибі» ӨК-мақта тазарту зауытында мақта талшығын өндіреді. «Сенім» ЖШС-тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Ауданда жүзім шаруашылығын өркендету үшін «Жүзім» бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта «Қабыланбек» шарап жасайтын компаниясы, «Дербісек-Бахус» ЖШС, «Назико» ЖШС, «Ақжол» АҚ-ның шарап зауыттары, жүзім өндейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3% мақта, 31,1% жүзімдік егіледі. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің —  9,5%, жүгерінің — 26,5%, күнбағыстың — 36,5%, картоптың 30,5%, көкөністің — 26,4%, жемістің — 24,5%, жүзімнің — 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан шаруашылығында облыстағы мүйізді ірі қара малдың — 10,4%, оның ішінде сиырдың — 12,5%, қой мен ешкінің — 13,7%, шошқаның — 3,7%, жылқының — 8,4%, шоғырланған: түйе — 180, құс — 75,3 мың басты құрайды. Келес өзенінің бойында «Келес» ӨК-нің су электр станциясы электр энергиясын өндіреді.

Жалпы білім беретін 137 мектеп бар, оның 94-і орта, 15-і орталау, 28-і бастауыш және 2 спорт, музыка мектептері. Мәдени мекемелерден 290 мәдениет орталықтары мен 36 кітапхана бар. Денсаулық сақтау саласында 2 емхана, 4 аурухана, 24 отбасылы дәрігерлік амбулатория, 104 фельдшерлік-акушерлік пункт, туберкулезге қарсы диспансер жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шымкент-Термез халықаралық автомобиль магистралі, Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.

Созақ  ауданы

Облыстың солтүстігіндегі әкімшілік аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың шаршы шақырым, облыс жерінің 35,0%-ын қамтиды. Тұрғыны 50,0 мың адам. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Шолаққорған ауылы. Аудан 1928 ж. қантар айында Теріскейді мекендеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды. Аудан жерінің көпшілік бөлігін тасты-құмды шөлді жазық (Бетпақдала, Мойынқұм) алып жатыр. Оңтүстік және оңтүстік-батысын ала Қаратау жотасы орналасқан. Солтүстік-батысында Ащыкөл ойысы, Тамғалы соры, орталық бөлігінде Тамғалынұра қонысы мен сор жерлер орналасқан. Ауданның ең биік жері

—   Бессаз (Мыңжылқы 2176 м). Климаты тым континенттік. Қысы солтүстігінде суық, оңтүстігінде біршама жылы. Жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Қаңтар айының орташа температурасы -7-12°С, шілдеде 24-27°С.    Жауын-шашынның    жылдық    орташа    мөлшері    150-250    мм.

Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жылыбұлақ т.б. шағын өзендер басын алады. Қызылкөл, Акжайқын, Айдын т.б. көлдері бар.

Ауданда уран кентасы, таскөмір өндіріледі. Жерінің басым бөлігі сұр топырақты, сор, сортанды, құмды. Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл; таулы өңірде киік оты, тобылғы, қызылқайың өседі. Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, жабайы шошқа, киік, күзен, борсық, бауырымен жорғалаушылар мекендейді.

Ауданның тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халқының 90,7%-қазақтар, 6,4%-өзбектер, 2,0%-орыстар қалғаны басқа ұлт өкілдері. Орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 1,2 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Шолаққорған (8,9 мың адам), Созақ (4,1), Теріскей (4,0), Таукент (3,5), Қыземшек (2,6), Шақырық (2,3), Қарақұр (2,2), Құмкент (2,0) ауылдары.

Ауылда қаракөл қойын, түйе, жылқы, биязы жүнді қой, етті-сүтті ірі қара, астық өндіруге маманданған 10 кеңшар болған. Олардың негізінде 329 шаруашылық нысаны құрылды: 8 өнеркәсіп нысаны, 321 агроқұрылым. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстағы тау-кен өндірісінің негізгі (87,5%) өндірушілері. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы — ет, ауыл шаруашылық өнімінің 58,8%, сүт 17,2% өндіру болып табылады. Облыстағы ірі қараның — 3,2%, қой мен ешкінің — 9,6%, қаракөл қойының — 24,7%, жылқының — 5,8%, түйенің — 50,1%, құстың — 2,1% өсіріледі.

Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінен 40-тас астам жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік-техникалық мектеп, музыка, спорт мектептері, кітапханалар, аудандық мәдениет үйі, халық театры, клубтар, аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, фельдшерлік-акушерлік пункттер тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан жерімен Шымкент-Шолаққорған, Шолаққорған-Түркістан, Шолаққорған-Жуантебе автомобиль жолдары етеді.

 

Төлеби ауданы

Облыстың оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың шаршы шақырым, облыс территориясының 2,6%-ы. Тұрғыны 107,2 мың адам. 1932 ж. құрылған. 19-91 жылға Ленгер ауданы деп аталған. Негізінен сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, астық, картоп, жібек құртын өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеңшар болған. Аудан жеріндегі 70 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы -Ленгер қаласы.

Жер бедері таулы, денесті жазық. Ең биік жері — Сайрам шыңы (4338 м). Шығысында Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500м), Қазығұрт (1200м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-90С, шілде айында 24-26°С. Жауын-шашынның  жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда коңыр сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде т.б.: тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын т.б. өседі. Жануарлардан: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін т.б.: құстардан — бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтеді.

Аудан тұрғындарының орташа тығыздығы 1 шаршы жерге 34,6 адамнан келеді. Халқы көп лтты, негізгі бөлігі қазақтар — 68,5%, өзбектер — 13,4%, орыстар — 7,5%, түріктер — 3,1%, курдтер — 2,6%, әзербайжандар -2,1%-ды құрайды. Ірі елді мекендері: Ленгер қаласы (19,4 мың адам), Первомаевка (5,2), Көксәйек (6,7), Сұлтанрабат (4,2), Қамшақ (4,0), Тоғыс (3,8), Ақжар (2,8), Зертас(2,6) т.б. ауылдар.

Ауданның ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Мақсары 13,3%, арпа 3,1%, көкөніс 2,3%, картоп 1,9% өсіріледі. Облыстағы жеміс-жидектің 18,0%-ын береді. Аудандағы жалпы өнімнің 30,0%ын ет өндірісі, 17,5%-ын дәнді дақыл, 15,0%-ын сүт, 9,6%-ын көкөніс құрайды. Мал шаруашылығында ірі қара 32 мың, қой мен ешкі 150 мың, жылқы 11 мыңнан астам. Ауданда 53 ОК, 9 ЖШС, 2000-нан аса шаруа қожалықтары бар. «Фудмастер-Шымкент» компаниясы — сүт өнімдерін, «Акмаржан» АҚ-ұн, жем, нан өнімдерін шығарады. Ұйық, тоқыма, тігін фабрикалары, машина жасау зауыты, «Оңтүстік мұнай-газ» ААҚ, Ленгер мұнай барлау скважиналарын сынау экспедициясы жұмыс істейді.

Ауданда 45 орта, 11 негізгі, 11 бастауыш мектел, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 8 балабақша, 2 музыка, 2 спорт мектебі, 1 көркемсурет мектебі, аудандық оқушылар үйі бар. Көксәйек ауылында аудандық аурухана, Ленгер қалалық ауруханасы, СЭС, отбасылық  дәрігерлік емханалар мен 37 фельдшерлік-акушерлік, 16 фельдшерлік пункттер қызмет көрсетеді. Ауданда 6 мәдениет үйлері, 10 клуб, 1 сурет галереясы, 1 тарихи өлкетану мұражайы, 4 халық ансамблі және 32 кітапхана жұмыс істейді. Балалардың «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығы ашылып, республикалық кіші Артекке айналды. Аудан жерімен Ленгер-Шымкент темір жолы өтеді.

 

Түлкібас ауданы

Түркібасы ауданы — облыстың оңтүстік — шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 2,3 мың шаршы шақырым, облыстың 2,0%-ын қамтиды. Тұрғындар саны 90,0 мың адам. Орталығы — Т.Рысқұлов ауылы. Аудан 1928 ж. құрылған. 5-8 ғғ. мұнда Түркі ханының ордасы болған. Жаугершілік заманда түркілердің бас қолбасшысы мерт болып, төбенің басына жерленіп, Түлкібасы төбесі аталып кетті. Ауданның аты Түлкібасы сөзінен шыққан. Түлкібас (Түркібасы) ауданындағы 63 елді мекен 2 кенттік, 12 ауылдың округке біріктірілген.

Аудан Алатау мен Қаратаудың қауышқан жерінде жатыр. Солтүстігін Қаратаудың    Боралдай    (1700-1800    м)    жотасы,    онтүстігін    Талас Алатауының (1500-2500 м) Қарақұс, Алатау, Тасқара, Кіші Ақсу таулары, орталық бөлігін тау етегінде жазық алып жатыр Ауданның жер қойнауында ванадий, темір рудасы, Састөбеде цемент, карбонат шикізаттары, әктас, мәрмәр кен орындары бар.

Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ. Қантардың жылдық орташа температурасы -2-3°С, шілдеде 25-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700-800 мм. Өзен жүйесін Арыс өзені және оның салалары — Жабағылы, Дауылбаба, Манат, Құлан, Үлкен Көкбұлақ т.б. құрайды. Жерінде қоңыр-қошқыл, сұр, таудың коңыр топырағы тараған. Жазығында, өзен бойларында шалғынды шөптесіндер, тау беткейінде итмұрын, тобылғы, долана, жеміс ағаштары, тау пісте, кайың, тал, үйеңкі, арша т.б. өседі. Жануарлардан аю, қасқыр, түлкі, арқар, елік, жабайы шошқа, қоян, суыр т.б.: құстардан ұлар, шіл, бөдене, кекілік мекендейді.

Халқының орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 39,1 адамнан келеді. Ауыл халқы 83,0%-ды, Састөбе мен Түлкібас кенттерінде қоныстанған қала халқы 17%-ы құрайды. Ауданда 25 ұлттың өкілдері тұрады, қазақтар-70,8%, орыстар-9,6%, өзбектер-4,3%, әзербайжандар-3,6%. Ірі елді мекендері: Т.Рысқұлов ауылы (15,7 мың адам), Түлкібас (11,3), Састөбе (7,0), Балықты (5,0), Жаскешу (4,1), Азаттық (3,9), Шақпақ баба (3,0) ауылдары.

Ауданда ет, сүт өндіріп, астық, жеміс-жидек, көкөніс, жүзім оөіруге мамандандырылған 10 ұжымшар, 2 кеңшар, құс өсіру шаруашылықтары болған. 1997 жылдан бастап ондаған акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, шаруа қожалықтары құрылды. Олар «Тұрар», «Еңбек», «Көкбұлақ», «Қоссарай», «Тәжірибе», «Жолдас», «Ақбиік», «Седенал» ӨК. «Үміт», «Ақтас» АҚ, «Қызыл-жар», «Құрылыс» ЖШС, «Медет С», «Сарытор», «Көктерек-Агросервис» ЖШС, «Майлыкент» ЖШС, Мичурин шарап зауыты шарап, коньяк, «ТКЗ» ЖШС-жеміс-көкөніс консервілерін, «Көктерек» АҚ-ұн, жарма, «Түлкібас сырасы» ЖШС- «Машат» сырасын, «Састөбе Цемент» ЖШС-цемент әк өндіреді.

Түлкібас ауданының кәсіпорындары 2003 ж. 49,8 мың мэ мәрмәр, 20,9 мың т әк, 5,4 мың т дәннен және өсімдіктен алынған ұн, 115,9 мың л шырын, 238 мың л коньяк, 25,1 мың л сыра шығарды. Мал шаруашылығы негізгі салалы етті, сүтті мал және биязы жүнді қой өсіреді. Ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі мал шаруашылығының үлесі 49,9%, егістік. бау-бақша өнімінің улес салмағы 37,9%. Аудан аумағы 233,8 мың га, оның 17,8 мың га, суармалы, 64,3 га тәлім жер, 96,8 мың га жайылым, ауданның аумағында республикадағы алғаш ұйымдастырылған (1926) «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік қорығы орналасқан. Туризм объектілері: Шақпақата әулие үңгірі, Әулиесайдағы Майлықара, Акбиіктегі «Сталактит» үңгірі, Түркібасы тауы, Састөбе тауы, Машат аңғары, Дәубаба шатқалы, Қара-үңгір тұрағы т.б. Аудан жерімен Ұлы Жібек жолының негізгі желісі етіп, ежелгі Шараб, Бадухкет, Тамтадж, Абаггаж. Тамтадж қалаларын, керуен бекеттерін байланыстырған.

Білім беру саласында 54 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 40-ы орта, 7-орталау, 7 бастауыш және 1 сырттай оқу мектебі. Аудан орталығында «Түлкібас» афобизнес және туризм» колледжі, ауыл шаруашылығын механикаландыру, Агроөнеркәсібі кешенінің менеджменті, туризм т.б. мамандарын дайындап шығарады. МӘуезов атындағы мемлекеттік университеттің филиалы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында 5 аурухана, 12 ауылдық амбулатория, 40 фельд. Акушер жұмыс істейді. Ауданда 40-тас астам мәдениет мекемелері халыққа қызмет көрсетеді. Олар: 1 аудандық мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйлері, 12 клуб, 22 кітапхана, 2 халық театры. Г.Рысқұлов мұражайы. Аудан жері арқылы Трансазиялық темір жол және Алматы-Термез автомобиль жолы өтеді.

 

Шардара ауданы

Облыстың оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың шаршы шақырым, облыстың 11,1%-ын құрайды. Тұрғын саны 70,0 мын адам. Орталығы — Шардара қаласы. Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылған. Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және ауылдық округке біріктірілген.

Аудан жері негізінен Сырдария өзенінің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысын ала, аллювийлік жазықта орналасқан. Қызыл-құм өніріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958ж. «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар, жоғары білімді мамандар осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 ж. 15-қазанда Мемл. Комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м3 Шардара бөгені мен су электр станциясының құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды. Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзындығы 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды. Климаты айқын континенттік.           Қысы біршама жұмсақ, қантардың жылдық орташа температурасы -4-6°С. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің орташа температурасы 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-200 мм. Аудан аумағында құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды. Сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жида өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырымен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді.

Ауданның тұрғындарының негізгі бөлігі қазақтар — 93,9%, орыстар -4%-ын құрайды, қалғаны өзбек, әзербайжан, украин т.б. ұлт өкілдері. Тұрғындарының 60,7% ауылдық елді мекендерде тұрады. Орналасу тығыздығы 1 шаршы жерге 5,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шардара қаласы (25,5 мың адам), Көксу (6,1), Шардара (4,8), Қоссейіт (4,5), Ұзыната (4,3), Қазақстан (4,3), Целинное (3,5) ауылдары. Ауылдарда күріш, қаракөл қойы, оған қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 14 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған «Қазақстан», «Целинный» біріктіріліп, «Жиделі», «Аққала», «Байырқұм» кеңшарлары Арыс ауданына берілген. Олардың негізінде ауданда ӨК, ЖШС, 4186 шаруа қожалықтары құрылған. Елді мекендер Қызылқұм каналы мен Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемінің 67,7% мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 58.8%   немесе 30,2 мың гектары мақта егістігі, қой басының 23,69 % -ын қаракөл қойы құрайды. Ауыл шаруашылығының негізін «Талапты» ОК, «Қызылқұмда ауылым» ОК, «НИМПКС» корпорациясының зауыты. «Мырзакент» АҚ, «Игілік» ЖШС т.о. құрайды. Денсаулық сақтау саласында 43 мекеме жұмыс істейді. Олар аудандық аурухана, 3 ауылдық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 9 фельд.-акушерлік пункт, аудандық туберкулезге қарсы диспансер, сан.-эпидемиол. ст., стамотол. емхана қызмет көрсетеді. Білім беру, мәдениет салаларында 30 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 35 кітапхана, 10 мәдениет үйі, клубтар, халық театры, 1 кинотеатр, «Шардара толқындары» ансамблі жұмыс істейді. 1969 жылдан аудандық «Өскен өңір» газеті шығады. Аудандағы Ұзыната ауылынан 8 км жерде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі — Ұзыната кесенесі орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  Қорыта келгенде облыс ауқымды өндірістік-экономикалық әлеуетімен, еңбек ресурстарының көптігімен ерекшеленетін аумақ. Республикады шығарылған трансформаторлардың – 96,8 %, фармацевтикалық препараттардың – 70,1 %, минералды және газды сулардың -51,5 %, мотор майының – 38,9 %, оның ішінде бензин, рафинатты қорғасынның -23,6 %, сыраның – 23,6 %, цементтің -17,9 %, экскаватор, мақта талшығы, мақта майы түгелдей дерлік облыста өндіріледі. Сонымен бірге облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон бұйымдарын көптеп өндіретін, әрі жеткізіп беретін аймақ болып табылады.

     Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен орныдары және уранның Республика бойынша 50 пайызы бар. Қолайлы ауа райы мен ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің молдығы ауыл  шаруашылығының барлық салаларын дамытуға жағдай жасайды. Соңғы 15 жылда ірі өнеркәсіп орындарының тоқырауына қарамастан облыс индустриалды-аграрлы өлке болып табылады. Бүгінгі күнде Қңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша трансформатордың 98 пайызын, дәрі-дәрмектің 70 пайызын, республикады өндірілетін минералды сулардың жартысына жуығын, мотор майлары мен бензиннің 40 пайызын, республика бойынша мақта және оның өнімдерінің баплығын береді.

      Оңтүстік Қаазақстан облысы экономикалық дамуы жөнінен 2004 жылғы мәлімет бойынша тұрақты дамыған, кризистен шыққан облыс болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда өнім 110,8 пайызға артқанын байқауға болады. Яғни, облыс экономикасы жыл сайын өркендеп келе жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. С.Р. Ердавлетов. Экономическая и социальная география Казахстана А.,1998
  2. Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы Алматы,1998
  3. Ш.М. Надыров. Нефть: вчера, сегодня, завтра Алматы, 1997
  4. Қазақстан Республикасы. Ақпараттық төлқұжат. Алмаьы.,1998
  5. М.Ш.Ярмухамедов. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алматы.,1997
  6. К.Б.Ахметова. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. —  Алматы,1994
  7. Е.А.Ахметов и др. Экономическая и социальная география Казахстана Алматы.,2004
  8. Е.А. Ахметов и др. География современного мира. Алматы.,2003
  9. Е.А. Туркебаев. Рыночная экономика Алматы.,1998
  10. Регионы Казахстан. Ежеквартальник.
  11. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география. Под ред. Увалиева Т.О.- Алматы,1998
  12. Нұрын шашқан Оңтүстік. Энциклопедия. Шымкен,2004
  13. Казахстан и его регионы. Ежеквартальник. Алматы,2005 № 1
  14. Ковда В.А. Биосфера, почвы и их использование. М.1974. 124 стр.
  15. Боровский В.М. Что нас ждет завтра. Газ.Вечерняя Алма-Ата. 22/11-1975.
  16. Урланис Б.И. Народонаселение. Исследования, публицистика. М. Статистика. 1976. 356.
  17. Смаилов К. Қазақстан, ХХІ ғасыр. Егемен Қазақстан. 25.05.1996.
  18. Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз — демографияда. Алматы. Жеті жарғы. 1999. 264 б.