АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Оңтүстік Қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………

 

І. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ

   ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-

   ТАРИХИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1.1. Оңтүстік Қазақстанның топонимикалық жүйесінің

        қалыптасуының тарихи негіздері …………………………………………..

1.2. Табиғат жағдайлары мен жер бедері негізінде қалыптасқан

       атаулары ………………………………………………………………………………..

 

ІІ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ЛАНДШАФТТЫҚ

     ТОПОНИМИКАСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Оңтүстік Қазақстан аумағы ландшафттық топонимикасын

       зерттеудегі туындайтын теориялық мәселелер …………………….

2.2  Оңтүстік Қазақстан аумағының ландшафттық

       топонимикасы ………………………………………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………….

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР …………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ жерінің оңтүстік өңірі табиғат жағдайлары мен ресурстары алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Осы кезге дейін Оңтүстік Қазақстанның топонимиялық жүйесі география ғылымдары тұрғысынан арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан, ең алдымен өңірдің топонимиялық жүйесінің физикалық-географиялық негіздеріне қатысты зерттеулер жүргізудің қажеттілігі ұсынылып отыр.

Бүгінгі күні география ғылымының алдында қойылып отырған міндеттер ҚР «Тіл туралы заңы» (11.07.1997 ж.), басқа да әкімшілік, құрылыс, елді мекендер мен физикалық-географиялық обьектілерді қайта атау туралы ережелік жарлықтар мен қаулыларға және ҚР президентінің 2007 ж. 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында қойылған мемлекеттік тілге қатысты талаптарға сәйкес келеді.

Оңтүстік Қазақстандағы атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып білу, әртүрлі карталар мен ғылыми әдебиеттерде атаулардың жазылуын бірізге келтіру қажеттілігінде болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде топонимикалық талдаудан өткізу және ландшафттық топонимикасы ерекшеліктерін саралау.

Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатына сәйкес, төмендегі міндеттерді шешу жүзеге асырылды:

  • нақты деректерге сүйене отырып, Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайларының топонимдерде бейнелену заңдылықтарына талдау жасау;
  • аумақта кең қолданыста жүрген, географиялық атаулар құрамында жиі кездесетін халықтық географиялық терминдердің мағынасын талдап, таралу жиілігі мен белсенділігін анықтау;
  • Оңтүстік Қазақстанның ландшафттық топонимдерін зерттеу;
  • Өңірдегі табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулар жиынтығына арнайы талдау жасау.

Зерттеу пәні – Оңтүстік Қазақстанның топонимдері қалыптасуының физикалық-географиялық негіздерін тарихи-географиялық зерттеулер тұрғысында талдау мәселелері.

Зерттеу нысаны – Оңтүстік Қазақстандағы табиғат жағдайларын бейнелейтін халықтық топонимдер жүйесі мен ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері.

Зерттеу әдістері – статистикалық, этимологиялық, лингвистикалық, картографиялық, жүйелік талдау, географиялық, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қорытындыланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу барысында төмендегідей ғылыми нәтижелер алынды:

— өңірдегі географиялық атауларда алғаш рет табиғат жағдайларының ерекшеліктерінің бейнелену заңдылықтары анықталды;

— Оңтүстік Қазақстандағы географиялық нысандардың атаулары жөнінде ақпарат жинақталып, оларды лексикалық-семантикалық, статистикалық тұрғыдан өңдеу жүзеге асырылды;

— өңірдегі халықтық географиялық терминдер негізінде жасалған топонимдер топтарының қалыптасу және таралу заңдылықтары анықталды;

— Оңтүстік Қазақстандағы табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулардың жиынтығы сипатталды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Зерттеу барысында анықталған Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде болашақ география пәні мұғалімі ретінде қызмет барысында пайдалану болып табылады.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-ТАРИХИ

АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

 

1.1. Оңтүстік Қазақстанның топонимикалық жүйесінің қалыптасуының тарихи негіздері

 

Қазақстан Республикасындағы топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелерді талдау, географиялық атаулардың зерттелуі, облыс топонимиясының қалыптасу тарихи негіздері мен облыс топонимиясындағы тілдік қабаттары қарастырылады. Өңірдегі көне атаулар антик дәуірінен бері жазба әдебиеттерде бар, олар бұрмаланып берілген. Қытайтанушы ғалым Иакинф Бичурин – Ежелгі ортаазиялық көрсеткіші деген еңбегінде қытай жазбаларында Оңтүстік Қазақстан туралы мәліметтер бар. Ірі мемлекет құрылымы болған Қаңға атауы негізінде көптеген тарихи атаулар түзілген. Қаңға тұңғыш рет б.з.б. І – ІІ ғ.ғ. ежелгі ирандықтардың зорастриялық дінінің қасиетті кітабы – Авестада аталады. ХІ ғ. Түркі мәдениетінің озық туындысы деп бағаланған М. Қашғаридың «Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегінде Сайрам, Сығанақ, Қарнақ, Фараб, Қарашық атаулары туралы деректер келтірілген. Кейбір сөздер мен терминдердің (өл, ой, өкұз, ашақ, өзүк, құрт, таң, татыр, чал, және т.б.) мағынасына берілген түсініктемелер өңірдегі этимологиясы түсініксіз болып келген атауларды талдауға негіз болады деп есептейміз. Өңір аумағындағы сырттан енген топонимдер қабатын иран, араб, монғол, орыс тілдеріндегі географиялық атаулар құрайды.

«Физикалық география» — ғылымы Жердің географиялық қабығының әр түрлі учаскелері — өлі (таужыныстары, су, ауа) және тірі (өсімдік, жануарлар дүниесі) табиғаттан шыққан күрделі табиғат түзілісі екенін анықтайды. Мұның үстіне құрлықтағы топырақ та әлгі  екеуінің  қатысуымен  түзіледі.

Тау жыныстары мен олардың бетінің жер бедері, су, ауа, өсімдік, жануарлар дүниесі және топырақ табиғат компоненттері деп аталады. Жердің беткі жағында осы компоненттердің бәрі бір-бірімен тоғысады және бірінің ішіне бірі еніп, мысалы, су мен ауа литосфераға бірқатар тереңдеп  кетеді, ал литосфераның  бөлшектері (тозаң түрінде) мен  су (бу түрінде) атмосфераға араласады, өсімдіктер  мен  жануарлар организмдері Жердің бетінде, топырақ пен грунтта (топырақ астындағы жыныста), гидросферада, атмосфераның төменгі қабаттарында  тіршілік  етеді.

Табиғат компоненттері бір-бірімен ұштаса отырып, бедері әр түрлі комплекстер түзеді. Сөйтіп, әрбір жер үлкенді – кішілі территорияны қамтитын табиғат компоненттерінің белгілі бір комплексі болып табылады. Сондықтан да, оларды территориялық табиғат комплекстері деп атайды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанның табиғат компоненттері бір-бірімен ұштаса отырып жер бедерінде әр түрлі комплекстерді немесе ландшафтарын түзеді. Өңір территориясын зерттегенде ең алдымен оның, көбінесе, табиғат жағдайларының жалпы сипатын анықтайтын географиялық орнын  білу қажет. «Территорияның географиялық орны» деген ұғымға мыналар жатады:

  • территория орналасқан жердің аты,
  • оның экватор және нольдік меридианмен салыстыра қарағандағы алып жатқан орнын анықтайтын ең шеткі нүктелерінің географиялық координаттары,территория  шектесетін елдің  аты,
  • мұхиттарға, теңіздерге, тау ғимараттарына, Жердің жылылық белдеулеріне алыс- жакындығы,
  • территорияның теңіз  деңгейінен  биіктігі,
  • қандай болсын, әйтеуір, бір географиялық  зонаға  жататындығы.

Географиялық орын картаның  және глобустың  көмегімен анықталады. Оңтүстік Қазақстан өңірінің физикалық-географиялық картасына талдау жасалынды.

Кейбір сөздер мен терминдер елді мекендердің аттары мен жер, су атаулары мағынасына берілген түсініктемелер сырттан енген топонимдер қабатын иран, араб, парсы және монғол тілдеріндегі географиялық атаулардан алынған. Сонымен бірге, Ұлы Жібек жолы бойымен өтетін сауда жолының маңында қоныстанған елді мекендердің картаға сурет түрінде сызба деректер көзімен түсіндіріледі.

Оңтүстік Қазақстан өңірі – Тұран ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 ж. 10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4,3% бөлігін құрайды. Халқының саны 2,17 млн. Терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал түстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінген. Орталығы – Шымкент қаласы.

Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал, жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.

Облыстың айтарлықтай өндірістік — экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды.

Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша – үшінші орын алады.

Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.

 

1 сурет. Оңтүстік Қазақстанның физикалық картасы

 

Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаваторлар, трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.

Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралық Орынбор – Ташкент және Түркістан – Сібір магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан – Самара автомагистральдары өтіп жатыр.

Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны, Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сияқты таулары, өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған /4/.

Географиялық орны жағынан Еуропа мен Азия арасындағы елшілік және миссионерлік маршруттардың, керуен жолдарының қақпасы болған Оңтүстік Қазақстан аймағын географиялық тұрғыдан танып білудің ұзақ тарихы бар. Дипломдық жұмыста аймақты зерттеудің тарихын бізге дейінгі зерттеулер негізінде 3 кезеңге бөліп қарастырып, жеке кезеңдердегі саяхатшылар маршруттары бейнеленген карталарды құрастырылған.

Біз тарихи-географиялық жазба еңбектерді, аймақтағы географиялық объектілер мен топонимдердің тарихи кезендерде өзгеру дәрежесін анықтауға негіз болатын құнды акпарат көзі деп бағалаймыз. Сол себепті зерттеу жұмысымызда бұл мәселеге айрықша назар аудардық. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы географиялық объектілер мен олардың атаулары жайлы антик дәуіріндегі ғалымдар еңбектерінен бастап, XX ғасырдың екінші жартысына дейінгі зерттеулердің нәтижелерін талдау негізінде мынадай қорытыңдылар жасадық:

а) аймақ географиялық орнының ерекшеліктері мен жазықты сулы өңір тәрізді айрықша табиғат объектілерінің болуына байланысты зерттеушілер назарына ерте іліккен; бұл көне географиялық атаулардың жазба нұсқаларының сақталып, осы күнге дейін жетуіне себепші болған;

ә) Ресей мемлекетінің негізгі отарлау аймағы болғандықтан, орыс географтары тарапынан жан-жақты зерттелді; байырғы топонимдердің этимологиясына қатысты болжамдар жасалды; осы кезеңде құрастырылған карталар мен ғылыми еңбектерде аймақтың макро-микротопонимдері көптеп кездеседі;

б) кеңес дәуірінде жүргізілген арнаулы комплексті зерттеулер нәтижесінде аймақтың табиғат жағдайлары мен ресурстары жөнінде нақты мағлұматтар жинақталып, қомақты ғылыми еңбектер, тақырыптық карталар жарық көрді; осы кезеңде аймақтың байырғы географиялық атауларының кейбірі жойылып, бұрмалануға ұшырады;

в) аумақтың тарихи кезеңдерде географиялық зерттелуіне қатысты жазба және картографиялық деректерді аймақ топонимдерінің қалыптасуы мен өзгеруіне қатысты зерттеулерде пайдалануға болады.

Қазақ тіліндегі топонимдердің қалыптасуын, жергілікті табиғат жағдайларын дәстүрлі дүниетаным мен шаруашылық қажеттерге орай бейнелеумен байланысты жүрген тарихи құбылыс деп бағалауға болады. Сол себепті, зерттеудің осы бөлімінде аймақтың жаратылыс жағдайына, топонимдердің пайда болуына, қалыптасу зандылықтарына және ғылыми терминдер мен ұғымдарды жүйелі талданды. Қазақстанның атауларына тарихи себептер тұрғысынан зер салсақ, елді мекендер атауларына қарағанда табиғи объектілер атауы көбінесе тұрақты келеді. Мұны елді мекен атауларының түрлі тарихи оқиғаларға байланысты әрбір қоғамдық формацияның ауысу, өзгеруіне орай жойылып отыруымен түсіндіруге болады. Зерттеу барысында аймақ топонимдерінің қалыптасуына географиялық, этнографиялық, тарихи-әлеуметтік факторлар әсер ететіні анықталып, оларға талдау жасалынды.

Қазақстанның атауларына тарихи себептер тұрғысынан зер салсақ, елді мекендер атауларына қарағанда табиғи объектілер атауы көбінесе тұрақты келеді. Мұны елді мекен атауларының түрлі тарихи оқиғаларға байланысты әрбір қоғамдык формацияның ауысу, өзгеруіне орай жойылып отыруымен түсіндіруге болады. Зерттеу барысында аймақ топонимдерінің қалыптасуына географиялық, этнографиялық, тарихи-әлеуметтік факторлар әсер ететіні анықталып, оларға талдау жасалынды.

Оңтүстік Қазақстанның топонимиялық жүйесі – осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды «жадында» сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеудін маңызы зор.

 Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдык қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келб.ін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география «топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды».

Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің тарихи негіздерін зерттеу барысында аумақтың халқына қатысты тарихи деректердің барлығымен танысып шығу қажет болды. Өйткені, белгілі бір аумақта қай кезеңде қандай халықтар мекендегенін және олардың қандай тілдерде сөйлегендігін білудің топонимикалық зерттеулер үшін маңызы аса зор. Көне замандардан бері игерілген өркениет ошағы болған облыс жерінде қазіргі тілдер тұрғысында түсіндірілмейтін реликт және архаикалык топоүлгілер бар. Кейбір көне топоүлгілердің аумақтық шоғырлану заңдылығы анықталды. Мұның өзі сол аудандағы осы атаулар қалыптасқан кезеңдегі нақты тарихи жағдайларды қалпына келтіру негізінде ғана мүмкін болды.

Өлке тарихы көне замандардан бастау алады. Ғалымдардың болжамы бойынша, мұнда адамның өмір сүруіне қолайлы экологиялық жағдай осыдан 3-5 млн жылдай бұрын қалыптасқан. Қаратау өңірінен табылған алғашқы адамдардың палеолиттік қоныстары осының айқын дәлелі. Бұл маңда сол кезеңде өмір сүрген орман пілі, алып түйе, мүйізтұмсық, бұлан, құлан мен тарпанның да сүйектері табылған. Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Қошқорған ауылы маңында палеолиттік (б.з.б. 500 мыңжылдық) Қошқорған тұрағы табылған.

Өңір аумағындағы неолиттік петроглифтер облыс аумағын мекен еткен ежелгі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін ғана бейнелеп қоймай, осы өңірге тән жануарлар дүниесінен де хабар береді. Географиялық атауларда петроглифтер кездесетін аудандар айрықша атаулармен (Тамғалынұра, Тамғалытас, Таңбалы тас және т.б.) белгіленген. Шымкент қаласынан солтүстік-шығыска қарай 43 км жерде табылған Қараүңгір неолиттік тұрағы өзі аттас өзеннің бойында орналаскан. Үңгірді қазу барысында тас құралдар табылған. Ал Отырар ауданындағы Қожатоғай кеңшарынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км жерде ежелгі неолиттік коныс орны анықталған. Бұл жерді жергілікті халық Тасқотан деп атайды. Археоним өз атауының мағынасын толығымен растайды: бұл жерден 3 мыңға жуық тас кұралдары мен тас жаңқалары табылған. Кейінгі мәдениеттің үлгілерін археологтар Арыс және Сырдария алаптарындағы алғашқы егіншілік ошақтарынан, Қаратаудағы кен ісі өркендеген аудандардан кездестірген.

Географиялық орнының ерекшеліктеріне орай, облыс аумағы тарихи кезеңдерде Орта Азия аймағында жүрген саяси, экономикалық окиғалардың аренасы болды. Бұл өңірдің тарихи тағдырында Сырдария өзенінің маңызы ерекше болды. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы ежелгі отырықшы өркениеттің ошағы болған бұл ұлы өзеннің аңғары суармалы егіншілік пен қолөнердің, сауда мен қала мәдениетінің орталығы қызметін атқарды. Сырдария бойында ежелден бері Орталық Қазақстанда тұрған көшпенділердің қыстаулары орналасатын. Сыр бойындағы шұраттар мен қалалар олардың жолдарында ешқашан бөгеп тұрған жоқ, сол себепті көшпенділер мен отырықшы халықтың арасында өзен жағалауындагы жер дауы туындаған жоқ.

Дала мен отырықшы егіншілік өркендеген аудандар аралығында орналаскан Оңтүстік Қазақстан қалалары шаруашылық, мәдени, этностық құрылымы жөнінен айырмашылық жасайтын аймақтарды жалғастырып жатты. Қалалар түркі халықтары мекендеген, егіншілік дамыған шұраттарда пайда болды. Ең ежелгі қалалар Отырартөбе, Құйрықтөбе, Марданкүйік, Оксус, Бұзықтөбенің орнында жатыр.

Ұлы жібек жолы арқылы аймақ Орта Азия, Үндістан, Иран, Қытай және басқа елдермен мәдени, саяси және экономикалық қарым-қатынаста болды. Азия мен Еуропаны жалғастырған осы ұлы керуен жолының бойында тұрған Созақ, Қарашық, Түркістан, Қарнақ, Отырар, Сығанақ, Баласағұн және т.б. ежелгі калалар арқылы сауда керуендері оңтүстік пен солтүстікке, батысқа ағылып жатты. Археолог ғалымдар аймақтың қоныстануы мен шаруашылық игерілуіне, мәдениетіне қатысты құнды деректер тапқан. Марданкүйік қалашығының орнынан сазбалшық күйдіретін бірнеше пеш, қыш көзелер табылған. Қалашық атауындағы «күйік» сөзі оның шаруашылығындағы маңызды сала болған балшық күйдіру ісінен хабар беріп тұр.

Зерттеулер барысында заттық мәдениет үлгілерімен қатар, жергілікті халықтың рухани мәдениетінен хабар беретін жәдігерлер табылған. Бабаата қалашығының орнында анықталған таза күл қабаты бұл маңда отпен байланысты көне салт-дәстүрдің болғандығынан хабар береді, ал Сыр өңірінен табылған қыш құмыраларда бейнеленген қойдың бейнелері мен қоймүйіз өрнектер көне зорастризм элементтері болып табылады.

Оңтүстік Қазакстанның тарихы мен мэдени өмірінде, шаруашылық дамуында Сырдария аңғарының орны ерекше болды. Гректер Яксарт деп атаған осы ұлы өзен орта ғасырларда Сейхун, Кангар, Йинчу-үкуз болып бірнеше рет атауын өзғертіп, тек XVI ғ.. бастап өзінің бастапқы Сыр атауын қайтып алды. XI ғ.. парсы сөздіктерінде өзен атауы «Сайхан» түрінде берілген.

 Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында бұл өңірде Қанғюй (Қаңлы) мемлекетінің орталығы орналасты, ал орта ғасырларда қала мәдениетінің аса ірі орталықтары қалыптасты. Сырдария бойында сан ғасырлар бойы мал шаруашылығы мен егіншілік, қолөнер қатар дамыған. Орта ғасырларда Сыр алабын мекендеген халықты араб саяхатшылары оғыздар (гуз) деп атаған. XII ғасырда өмір сүрген араб саяхатшысы әл-Идриси өзінің «Нузхат әл-муштак» деп аталатын еңбегінде оғыздар мемлекеті Тәңіртаудың батыс сілемдері, Шу өзені, Сырдария бойы мен Қаратау аралығын алып жатқандығы туралы деректер бар. Қаңлылардың тарихи мұрагерлері болған оғыздар көршілес мемлекеттермен экономикалык, мәдени байланыстар орнатқан аса ірі мемлекет құрған.

Оңтүстік Қазақстан аумағындағы қазба жұмыстары жүргізілген Көкмардан, Бұзықтөбе, Пышақшытөбе, Шойтөбе (Шауғар), Құйрықтөбе (Кердер), Қауғаната, Күйікмардан сияқты археологиялық нысандардың атаулары нақты елді мекендердің тарихи топонимдері болып табылады. Бұл археонимдердің қалыптасу кезеңі, этимологиясы мен лингвистикалық құрамының түп-төркінін анықтау үшін осы атаулар қалыптасқан кезеңдегі экономикалық және мәдени дамудың сипатын жете білу қажет. Бұл істе әсіресе жазба мұралардағы тарихи деректердің маңызы аса зор.

Зерттеу барысында облыстағы географиялык атауларға қатысты жазба әдебиеттер мен картографиялық еңбектерде тіркелген мәліметтермен жете танысуға тырысқанымызды атап өткіміз келеді. Өйткені бастапқы дерек көзі ретінде мұндай еңбектер ұмытылып, мағынасы немесе айтылып-жазылуы бұрмаланып жүрген кейбір тарихи атаулардың мәнін түсінуге көмектеседі. Тарихи-лингвистикалық зерттеулер нәтижелеріне сүйену аймақтағы географиялық атаулардың шыгу тегі мен тілдік құрылымын географиялық шындықпен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мұның барлығы қосыла келіп, ақыр соңында облыстағы кең тараған топонимдердің типтері мен олардың пайда болу ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасайды. Осы аталған мәселелерді облыс аумағындағы географиялық атаулардың қалыптасуына тарихи тұрғыдан талдау барысында ескеруге тырыстық.

Жалпы алғанда, бұл өңірдің мәдени және шаруашылық дамуына арабтардың Орта Азияны жаулап алуы үлкен ықпал етті. Арабтар қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шойтөбе қалашығының орнында болған Шауғарға дейін, ал солтүстік-шығысқа қарай Құланға дейін ғана жеткен. Бұл қала халқы мен көшпенділер арасында исламның кеңінен таралуына себепші болды. К.М. Байпақовтың зерттеулері бойынша, орта ғасырларда қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағында қалалық мәдениеттің аса ірі төрт орталығы болған:

  1. Талас Алатауының бөктері мен Арыс өзенінің жоғарғы ағысындағы Испиджаб Сайрам аймағы.
  2. Арыстың орта ағысындағы Кенжиде қалалық аймағы.
  3. Сырдарияның орта ағысындағы ортағасырлық Фараб Отырар аймағы.
  4. Түркістан шұратындағы Шауғар аймағы.

Талас Алатауының бөктері мен Арыс өзенінің жоғарғы ағысында, Сайрамсу аталатын өзен жағасында орналаскан, ІХ-ХІІ ғ.ғ. Оңтүстік Қазақстанның орталығы болған Испиджаб қаласы туралы 629 ж. қытай саяхатшысы Сюань Цзянь «Ақ өзенде тұрған қала» деп жазған, бұл Испиджаб жөніндегі алғашқы жазба дерек болып табылады. 

Кейінірек, М. Қашқари «Сайрам Испиджаб деп аталатын ак қаланың атауы. Оны кейде Сайрам деп те атайды» деп жазған.

Қала тек XI ғ. бастап қана Сайрам атала бастаған. Жалпы қала сол кезеңдерде 28 га аумақты алып жатқан. Сайрам атауы осы күнге дейін жеткен, сол себепті осы маңдағы қала үйіндісін ортағасырлық Испиджабқа телімеуге ешқандай себеп жоқ. Сайрам қаласының орны қазіргі Сайрам кентінің оңтүстік-батысында, Шымкент қаласынан 12 км жерде орналасқан.

Испиджаб маңында Манкент, Газгирд және т.б.қалалар орналасқан. Манкент қаласы жөнінде араб географы Иақұт «Испиджаб маңындағы қала» деп көрсеткен. Ортағасырлық (ҮІІІ-ХП ғ.ғ.) Манкент қаласының орны Ақсу өзенінің сол жағалауындағы жаркабақтың үстінде жатқан Бұлаққоба қалашығы болып табылады. Сол маңда, Манкент ауьтлы орнласқан, яғни қала атауы осы күнге дейін сақталған. Ал ортағасырлық Газгирд қазіргі Шарапхана ауылы маңындағы VІІ-Х ғғ.. болған қала үйіндісіне сәйкес келеді. Аңыз бойынша, Газгирд маңында 712-713 жж арабтар қытайлықтарды жеңіп, сол кезден бастап кала атауы «Шарапхана – жеңіс үйі» деп аталған. Қазіргі Қазығұрт атауының шығу тегі көне Газгирд атауымен байланысты.

Испиджабтан шығысқа қарай Ұлы жібек жолының бойында Шараб, Будухкет, Тамтадж және Абартадж қалалары орналасты. Соңғы екеуінде ірі керуен сарайлары болған. Ғалымдар Тамтадж қаласын ежелгі Түркібасы шаһарының орнына сәйкес келеді деп есептейді. VI ғасырда түркілердің ұлы қағаны – түркібасы Византиядан келген Земарх бастаған елшілерді қос өркешті Екітаудың (казіргі Түлкібас) бірінде қабылдағаны туралы деректер бар. Түркібасының ордасы болған мекен Арыс өзенінің Қүлан өзені құяр жерінде орналасқан. Сол кезден бастап бұл жер Түлкібас атанған. Ал Абаржадж қаласы тұрған жер «айналасында мың бұлақ бар үлкен төбе» ретінде сипатталған. Мыңбұлақ атауы қазірге дейін сақталып қалған. Қалалардың тарихи көне атаулары жазба ескерткіштері арқылы осы күнге дейін келіп жеткен.

Арыс өзенінің орта ағысы мен Боралдай өзені бойын Кенжиде қалалық аймағы алып жатты. Орта ғасырларда түркі тайпаларының қоныстанған мекені болған. Қазіргі кезде Ордабасы ауданындағы Көлтабан ауылының солтүстік-шығысында Жуантөбе деп аталатын қала орны бар. Археологтар Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич Жуантөбені Кенжиде аймағының астанасы болған Арсубаникет қаласының орны деп есептейді. Қала атауы Ибн Хаукаль, әл-Истахри, әл-Макдиси сияқты араб саяхатшыларының еңбектерінде кездеседі. Көптеген атаулардың араб тілінде бүрмаланып жазылғанын ескерсек, қала атауын көне Арыс потамонимімен байланыстыруға болатын сияқты. Әдетте, түркі тілдерінде ірі қала атаулары өзен атауларымен тығыз байланысты болған. «Қала» мағынасында қолданылған соғдылық кент термині ортағасырлық қала атауларында кет үлгісіне ауысқан. Олай болса, Арсубаникет атауы «арыс бойындағы қала» деген мағынаны білдіреді деп топшылаймыз.

Сырдарияның орта ағысын ортағасырлық Фараб аймағына сәйкес келетін Отырар шұраты алып жатыр. Сырдарияның мол суы оның аңғарында суармалы егіншілікті дамытуға мұмкіндік берді. Ортағасырлық араб саяхатшысы әл-Масуди Фараб аумағында Сырдария суы тасыған кезеңде 30 фарсах жерге дейін су басатыны туралы жазған. Жазба деректерде Отырар атауы VIII ғ. бастап атала бастады. Дәл осы кезеңде қаланың екінші атауы – Фараб та белгілі болды. Қала тарихын жазба деректер бойынша XIX ғасырға дейін бақылауға мүмкіндік бар. Отырар топонимін К. Байпақов оғыз тіліндегі тұрақты қоныстарға қатысты колданылатын отырар түсінігімен байланыстырады. X ғ. Кедер деп аталатын жаңа қала Фараб аймағының басты қаласына айналады. Қазіргі кезде Құйрықтөбе аталатын осы өңірдегі қала үйіндісі жатқан жер бұрынғы Кедердің орны болғандығы жөнінде нақты деректер бар. Шамамен 1-2 ғасыр ғана бұл қала мен оның айналасы гүлдену кезеңін басынан кешіріп, құлдырауға ұшыраған. Өйткені, XI ғ. бастап бұл қаланың ортағасырлық жазба деректерде аты аталмай қалған. XII ғ. басында астана қайтадан Отырарға көшеді.

Орта ғасырларда Сырдария бойында Отырардан төменіректе Шауғар аймағы орналасты. Оның орталығы осы аттас қала болған. Қала орны казіргі Түркістан қаласынан 8 км қашықтықта орналасқан Шойтөбемен байланыстырылады. «Фархангалар» деп аталатын көне парсы түсіндірме сөздіктерінде Шауғар туралы түсініктемелер жеткілікті. XI ғ. түсіндірме сөздікте Шауғар жөнінде «Мауреннахр шекарасындағы аймақ, онда құмды шөл бар, ал құмның ар жағында кәпірлер мекені» деген түсінік берілген. Мүнда Шауғар тұрғындарының негізінен мата тоқумен айналысатыны айтылады. XV ғ. сөздікте де осы мәліметтер қайталанған. Айрықша назар аударатын нәрсе – соғды тілінде Шауғар «Қара тау» дегенді білдіреді.

Шындығында да қаланың Қаратау баурайында орналасқанын ескерсек, Шойтөбенің бұрынғы Шауғардың орны екендігі кұмэн тудырмаса керек.

Шауғардан басқа бұл аймақта Қарнак қаласы да орналасты. Қарнақ атауы басқа да оғыз қалаларының қатарында М. Қашқари еңбектерінде аталған. Қала түсті метал қорытудан айрықша көзге түскен. Бұл көне атау қазіргі кезде калпына келтірілген: Қаратау жотасының оңтүстік баурайында орналасқан ауыл 1996 ж дейін Атабай аталып, қазіргі кезде Қарнақ делінеді.

Түркістаннан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде ежелгі Сауран қаласының орны табылған. Тарихи деректер бойынша, VII–XVIII ғғ. Аралығында дамыған бұл қала XIII ғ.. орта шенінде Ақ орда астанасы болған, ал XIV ғ. соңына қарай Әмір Темір оны әскери қамалға айналдырған.

IX–XIII ғғ. қалалық мәдениеттің күрт өркендеуі байқалды: қала саны өсті, қалалық аумақтардың ауданы артты, халық саны көбейді. Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстанда Манкент, Арсубаникет, Кедер, Иасы, Сығанақ, Шағылжан, Қарашық, Сүткент, Берукет сияқты жаңа қалалар пайда болды. Қала құрылысында мешіттер, көпшілік моншалары, мұсылман кесенелерін салу етек ала бастады. Қала халқының саны отырықшылыққа көше бастаған көшпенділер есебінен тез арта бастады. Қарлұқтар Отырар мен Сүткентте басым болса, Қаратау бөктеріндегі және Сырдарияның орта ағысындағы қалалардың басым көпшілігінде оғыздар тұрды. Қыпшақтар Сығакақ пен Барышкент тұрғындарының басым бөлігін құрады. Облыста Қыпшақ оронимінің болуын осымен түсіндіруге болады. Ортағасырлык қалалар тұрғындарының тілдік құрамын білудің топонимикалық зерттеулер үшін маңызы өте зор. Өйткені көптеген қала атаулары осы күнге дейін сақталып қалған, сонымен қатар осы қалалар маңындағы табиғи нысандардың атаулары болған микротопонимдер әлі де қолданыста жүр.

Жалпы алғанда, топонимдерді аумақтық шоғырлану, яғни ареалдық тұрғысынан зерттеудің ғылыми маңызы зор. Бұл тұрғыда әсіресе, жергілікті географиялық терминдер мен жекелеген сөздердің топонимдерде қайталану заңдылығы айрықша көңіл аударуға түрарлық. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында кұрамында «қытай» этнонимі бар географиялық атаулар тобы анықталды және олардың таралу ареалы шектеулі аумақты ғана қамтиды. Олардың арасында Қаратау өңіріндегі Үлкен Қытай жотасы, Қытай бұлағы, Қытайөзек құрғақ арнасы, Қытайсай деген сай атауы бар. Ортағасырлық зерттеушілердің еңбектеріне жүгінсек, қазіргі Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағын түркі тілді халықтармен қатар, ХІІІ ғасырда маньчжур тілдеріне туыс тілде сөйлейтін қарақытайлар мекен еткен.

Жетісу аумағында қоныс теуіп, өз мемлекетін құрған қарақытайлар қараханидтер билігін әлсіреткен, бірақ жергілікті халықтың діні мен мәдениетіне елеулі ықпал етпеген. Олай болса, жоғарыда аталған топонимдерді және осы облыстағы Қарақытай қонысының атауын қаракытайлар мекендеген аумақтың ареалына енетіндіктен, этноним негізінде қалыптасқан атаулар тобына жатқыза аламыз. Жалпы этнонимдер құрамында қара сөзі халықтардың географиялық орналасу ареалына байланысты койылған деген болжамды белгілі түркітанушы ғалым А.Н. Кононов ұсынған болатын. Ғалымның айтуынша, Шыңғысхан жорығынан бір ғасырдай бұрын Қытайдың солтүстігіне қоныс аударған қидандарды түркі халықтары қарақытайлар деп атаған. Осы болжамға сүйенсек, қарақытайлар солтүстік қытайлары, яғни қидандар болып шығады.

Оңтүстік Қазақстанның ірі қалаларының барлығы дерлік 1219-1220 жж Шыңғыысхан шапқыншылығы кезінде қирап, тоналды. Гүлденген калалар мен жайқалған егістіктер мен бау-бақшалар жаулап алушылардың табанының астында қалды. Қиратылып, қаңырап қалған қалалар бірнеше ғасыр бойы қалпына келе алмады. Олардың кейбірінің ғұмыры осылай аяқталды да, атаулары жазба ескерткіштерінде сақталып қалды. Бірақ отырықшы мәдениет өміршеңдігін тағы да дәлелдеп шықты: Оңтүстік Қазақстанның XV-XVI ғғ. тарихында қала мәдениетінің қайта өркендеуі айқын байқалды. Бұл кезеңде қазақ хандығы құрылып, XVI ғ. Иасы оның тұрақты астанасына айналды. Қала осы кезеңде Түркістан деп атала бастады. Осы аумақта Ақсүмбе, Арыс, Күлтөбе, Қаратау, Сайрам сияқты гүлденген қалалар болған.

Осы кезеңдерде облыс аумағында өмір сүрген қазақ рулары мен басқа халықтардың шоғырланған аудандары географиялық атауларда «бекітілген». Облыс аумағында елді мекендер атаулары арасында Жалаңтөс, Теке (Түркістан қ.ә.), Бағаналы, Бөке (Қазығұрт ауд.), Қоңырат (Мактаарал ауд.), Шапырашты (Сайрам ауд.), Әлімтау (Сарыағаш ауд.), Керейіт (Түлкібас ауд.) және т.б. этнотопонимдер тіркелді. Микротопонимияда да бұл құбылыс айқын көрінеді. Сунак, Найман, Шағатай, Сарыүйсін аталатын арықтар, Арғынсай, Қоңыраттөбе, Өзбектөбе, Қыпшақадыр сияқты оронимдер, Ақша, Қалмаққұлаған, Ноғайқора, Ноғайарык, Жалайыр ойконимдері, Шапырашты гидронимі бар.

Кейінгі ғасырларда қазақ жері жоңғар шапқыншылығынан зардап шекті. 1726 ж. казақ билеушілері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы жерінде бас қосыл, басқыншыларға карсы бірігіп күресу жоспарын қабылдаған. Осылайша қазақ халқының азаттық күресінің тағдыры шешілген тарихи мекен Ордабасы болды. ХУШ-ХІХ ғғ. қазақ жерін патшалық Ресей отарлау саясатын жүзеге асырды. Осы мерзім ішінде облыс аумағы Қоқан хандығының езгісін де басынан кешірді. Көптеген қалалар жаудан қорғану мақсатында биік қабырғалы бекініс – қорған салуға мәжбүр болды. Қазірге дейін кейбір елді мекендердің атауларында сақталып қалған қазақтың қорған сөзі – осының дәлелі. Бабайқорған, Көшқорған (Түркістан қ.), Бесқорған, Қожақорған, Нұржанқорған, Ханқорған (Сайрам ауд.), Шолаққорған (Созақ ауд.), Ескіқорған (Сарыағаш ауд.) атаулары осы топқа жатады.

Қазан революциясына дейін қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы Черняев және Шымкент уездері деген атпен Түркістан өлкесіндегі Сырдария облысының құрамында болды. 1867 жылы Шымкент Сырдария облысы құрамындағы уездік қала болып бекітілді. 1914 жылы Ресей сенатының бұйрығымен қала Черняев деп аталды, тек 1921 жылы ғана қала өзінің тарихи атауын қайтып алды.

Кеңестік дәуірде Қазақстан аумағы жаңа әкімшілік бөлініске ұшырады. 1932 жылы құрылған алты облыс қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы да болды. 1938 жылы оның құрамынан Қызылорда облысы, ал 1939 жылы Жамбыл облысы бөлініп шықты. 1962-1964 жылдар аралығында бұл үш облыс қайта біріктіріліп, Оңтүстік Қазақстан өлкесі деген ат алған болатын. 1964 жылдан бастап бұл өлке таратылып, Шымкент облысы бұрынғы атауымен қалды. 1992 жылы 6 шілдеде ҚР Жоғары Кеңесінің каулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы атауы қайтарылып берілді. Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге, тарихи атауларды калпына келтіру бағытында көптеген жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде облыс аумағындағы ондаған атаулар қалпына келтірілді.

Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы ұзақ тарихи уақыт аралығында сан алуан тарихи оқиғаларға куә болды. Аумақтың тарихи тағдырына аркау болған өркениеттің гүлдену мен құлдырау кезеңдері, саяси сахнада бірін-бірі алмастырып отырған мемлекеттер мен халықтар табиғи ортаны, шаруашылық кұрылымын, мәдениет бағыттарын ғана өзгертіп қоймай, сан мыңдаған географиялық атаулардың қалыптасып, тұрақтануына да әсер етті. Әр тарихи кезеңнің өзіне тән атаулар жүйесі қалыптасты.

 

1.2. Табиғат жағдайлары мен жер бедері атаулары

 

Топонимиканың физикалық-географиялық негіздері теориялық тұрғыда қарастырылып, облыс топонимдерінде жер бедері мен геологиялық құрлысының, климат пен ішкі сулардың, органикалық дүниенің көрініс табуы нақты материалдар негізінде талданады.

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайлары алуан түрлі, мұнда шөлдер мен шөлейттер, төбелер, тау жоталары мен қыраттар кездеседі. Жер бедері бойынша оны үш ауданға бөлуге болады: таулы, төбелі және жазық дала.

Облыстың таулы ауданы оңтүстігінде Батыс Тянь-Шань жоталарынан, орталығында Қаратаудан, ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының сілемдері болып табылатын Қаржантау және Өгем жоталарынан тұрады.

Өгем жотасы оңтүстік-батыс бағытта 120 км-ге созылып жатыр және кескінінің тегістігімен сипатталады. Оның суайрық жоталары әдетте жазық келеді, көптеген карст шұңқырлары бар. Оңтүстік-батыс бөлігіндегі басты суайрық жотасы солтүстік-шығыс бөлігінде көтеріле отырып, 2800-3200 м. биіктікке жетеді. Жекелеген шыңдарының биіктігі 3700-3800 м. дейін жетеді. Жотаның құрылысы ассиметриялық, ол түгел дерлік ізбестен тұрады. Жотаның солтүстік-батыс баурайлары көлбеу және ұзын келген. Суайрық жоталары тегіс формаларымен ерекшеленеді. Ағын су мұнда бірқатар тар, жартасты, жүру қиын шатқалдар түзген.

Өгем жотасының суайрық басы солтүстік-шығысқа қарай өзінің жазық пішінін жоғалтып, сүйірленген және тілімделген. Жотаның баурайларын Өгем және Піскем өзендерінің көптеген салалары алып жатыр. Бұл салалардың аңғарлары тасты шатқалдар болып келеді.

Қаржантау жотасы Өгем жотасынан батысқа қарай орналасқан. Оның жалпы ұзындығы 80 км-ге жуық.

Жотаның шығыс бөлігін Өгем жотасынан Өгем өзенінің аңғары бөліп жатыр. Батысында Келес өзені орналасқан Келес ойпаты жатыр.

Жотаның басты су айрығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр, баурайлары тік, қысқа келген, көптеген аңғарлармен бөлінген. Жотаның орташа биіктігі 1700-2000 м. Ең биік нүктесі — Мыңбұлақ тауының биіктігі – 2834 м.

Қаратау жотасы Талас Алатауынан Шоқпас асуы тұсында бөлініп шығып, солтүстік-батысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр. Ол Солтүстік-батыс (Үлкен) Қаратау мен Шығыс (кіші) Қаратауға бөлінеді. Қаратау жүйесіне негізгі жотамен бірге Боралдайтау, Үлкен Ақтау сынды оған қатар орналасқан бірнеше жота кіреді.

Жотаның көлденең қимасының құрылысы ассиметриялық – оңтүстік-батыс баурайы көлбеу, ұзын келген, ал солтүстік-шығысы тік, салыстырмалы қысқа. Оңтүстік-батыс баурай Қарашық, Баялдыр т.б. өзендердің аңғарларымен күшті тілімделген. Жоғары бөлігінде 100-400 м, орта бөлігінде 500-600 м. және етегінде 60-250 м. тереңдікке дейін жетеді. Өзен аралықтарында құрылымдық қырқалардың рельефі тән. Суайрық жоталардың бойында кейде үстірт тәріздес учаскелер кездеседі.

Оңтүстік-Батыс Қаратаудың ізбестен, құмнан, алеврометтен және интрузивтік жыныстардан тұратын солтүстік-шығыс баурайына тар өзен аңғарлары бар тік баурайлар тән, мұнда төбелі учаскелер сирек кездеседі.

Қаратау жотасы солтүстік-батысында біртіндеп төмендеп, жекелеген шоқыларға ауысады және Қызылқұм мен Бетпақдала шөлдерінің шекарасы маңында көрінбей кетеді.

Кіші Қаратау үшін төбесінің жайпақ болып келуі және солтүстік-шығыс баурайының айтарлықтай тілімденуі тән.

Осы сипатталып отырған аумақта байқалатын тектоникалық қозғалыстар таулардың геоморфологиялық құрылысы мен қатпарлы құрылысында өз ізін қалдырған. Жас көтерілулер тау рельефінің әртүрлі сатыларын жасады, ал тау етегі мен тау аралықтарында аккумулятивтік рельеф қалыптасты. Осыған байланысты аумақта рельефтің үш генетикалық типін бөліп көрсетеді: денудациялық — тектоникалық таулар, эрозиялық — денудациялық пласты жазықтар және аккумулятивті жазықтар.

Денудациялық-тектоникалық таулардың рельефі мұздықты – нивальдық биік тау белдеуін, эрозиялық — денудациялық орта тау белдеуін және аридті – денудациялық тау бөктерін біріктіреді.

Мұздықты-нивальдық биік тау белдеуі биіктігі 2500 м. асатын Өгем, Майдантал, Талас жоталарында дамыған. Рельефте мұздық денудацияның және аязды желден мүжілудің іздері бар. Мұнда аспалы мұздықтар мен күртік қар басқан карлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналық шөгінділер және адам аяғы жете бермейтін жартасты аңғарлар кең таралған. Трог аңғарларының көбінде ежелгі мұз басудың іздері қалған, тек кейбірінде ғана қазір аңғар мұздықтары кездеседі. Қардың көптігі мен тік баурайлар қар көшкінінің жүруіне себепші болады. Мұнда шұңқырлар мен үңгірлер түрінде ежелгі және қазіргі карстар кездеседі. Шөгінді және опырынды материалдардан аңғарларда түрлі бөгеттер түзіліп, тоғандар пайда болады.

Эрозиялық-денудациялық орта тау белдеуі Қаратау, Талас және Қаржантау жоталарында кездеседі. Рельеф 1800-2500м. биіктікпен сипатталады. Суайрық жоталардың үштары сүйір, дегенмен жайпақтары да кездеседі. Аңғарлардың кескіні Ү-тәріздес, баурайларының тіктігі әртүрлі, олар қиыршық тастармен және қой тастармен көмкерілген. Шұңқыр түріндегі карстар, сайлар кездеседі, олар болуы мүмкін сел ошақтары болып табылады. Көлбеу келген баурайларда эрозияның интенсивтілігі әлсірейді. Орта тау белдеуі рельефінің түзілуі альпі тектогенезімен байланысты.

Аридті денудациялық төменгі тау белдеуі Қаратау тауының негізгі рельефі болып табылады және 700-1500м аралығындағы биіктікпен сипатталады.

Мұндағы рельеф эрозиялық тілімденуімен және беткейдің тегістелу кескіндерімен ерекшеленеді. Суайрық жоталардың тегістелген беткейлерін аңғарлар кесіп өтеді. Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай және Құлан таулары орналасқан. Мұндағы, суайрық жоталар шошақ келген, ал жекелеген шыңдар үшкір пішінді. Тау аңғарлары тар, жартасты ал олардың ұзына бойы кескіні сатылы келген. Баурайлардың жартасты сипаты мен карст құбылысының дамығандығы тау жасаушы ізбестердің кең таралуымен анықталады. Төменгі тау белдеуінің рельефі тектоникалық және одан кейінгі денудациялық-эрозиялық процестердің өзара әрекет тесуімен түзілген.

Эрозиялық-денудациялық пласттық жазықтар Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайының бойында таралған. Толқын тәріздес жер бедері мезозой және кайназой шөгінділерін сайлар мен аңғарлардың тілімденуі нәтижесінде пайда болған. Мұнда мезозой және кайназой дәуірлерінде опырынды материал жинақталған. Кейіннен тектоникалық қозғалыстардың нэтижесінде тау жыныстары көлбеу қатпарлы құрылымдарға айналған. Осыған байланысты рельеф солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған қысқа тау тізбектерімен сипатталады. Литологиясы жағынан әртүлрлі жыныстардың эрозиялық мүжілуі рельефтің төбелі және үстелді -тау жұрнақты типін анықтады. Рельефтің осы типі жыралық эрозия процестерінің әлсіз байқалуымен сипатталады.

Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрлі – пролювиальдық еңіс және аллювиальдық террасаланған жазықтар.

Пролювиальдық еңіс жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайларын, Қаратаудың оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс баурайларын және Қаржантау жотасының солтүстік баурайларын түзген. Олардың биіктігі 300-800 м аралығында ауытқиды. Тау етегінде бірқатар көтеріңкі учаскелер түзілген, бұл жазықтарға әлсіз толқынды сипат береді. Эрозиялық аңғарлар кең таралған, олар әлсіз байқалатын террасаланған кертпелер түзеді. Көбінесе жас эрозиялық ойықтар ежелгі кең аңғарларға сұғынып жатады. Аңғарлардың ойығының тереңдігі тау етегінде 20-30м жетеді, ал таудан алыстаған сайын біртіндеп азайып, тегістеліп кетеді.

Еңіс жазықтардың рельефі тектоникалық, денудациялық және негізінен, аккумулятивтік процестердің өзара әрекеттесуінен қалыптасқан.

Аллювиальдық террасаланған жазықтар Ақсу, Арыс және т.б. өзендердің бойында кездеседі. Жазықтардың түзілуі өзендердің аккумулятивтік әрекетіне байланысты. Жазықтардың беті террасалармен бұрырланған. Төрт терраса бөліп көрсетіледі: өзен жайылмасы және жоғары жайылма, екінші және үшінші жайылма үстіндегі террасалар.

Жайылма (жоғары жайылмамен бірге) барлық өзендердің бойында кездеседі. Олардың ені 0-600 м аралығында ауытқиды. Жайылма өзен бастауларында қиыршықты — малта тасты шөгінділерден құралған, бұл шөгінділер өзеннің орта ағысында қиыршықты – құмды және саздақты құрылымға ауысады. Өзен сағасына қарай құмды-саздақты құрылымдар басым болады.

Бірінші жайылым үстіндегі террасаның ені 0,2-ден 2-4 км-ге дейін өзгереді және жайылмадан 0,6 — 2,5 метрлік кемермен бөлініп тұрады. Террасаның беті тегіс болады, тек өзен жаққа қарай болмашы ғана еңіс келеді.

Екінші жайылма үстіндегі террасаның су бетінен биіктігі 5-10 метрдей болады. Оның беті тегіс, террасаның ені 0,5-2 км-ден 15-20 км-ге дейін ауытқиды.

Үшінші жайылма үстіндегі терраса кең таралған. Оның беті лай тәріздес саздақ топырақтан тұрады, жыралармен тілімденген. Жыралар ойығының тереңдігі 10-30 м-ге жетеді, ал террасаның биіктігі 5-7 — ден 20 — 40 м-ге дейін өзгереді. Террасаның ені кейде 20 км-ге дейін жетеді.

Аймақты геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша аудандастыру қарастырылып отырған аумақта үш негізгі геологиялық – құрылымдық элементті бөліп көрсетуге болады: денудациялық, пласттық және аккумулятивтік жазықтар.

Денудациялық – тектоникалық тарауларға Талас Алатауы, Өгем, Майдантал, Қаржантау, Жабағылы, Үлкен және Кіші Қаратау сияқты бірқатар тау жоталары жатады.

Өгем мен Майдантал жоталары – биіктігі 4000 м асатын таулар. Мұнда аспалы мұздықтары бар Карлар, Трог аңғарлары, цирктер, мореналар, тік жартасты аңғарлар кең тараған.

Қаржантау жотасының ұзындығы қысқа ғана – 50 км-ге жуық, биіктігі 1800-2000 м суайрық жоталарының пішіні негізінен жұмыр, жазықтан 900-1000 м биіктікте көтеріліп тұрады.

Жабағылы тауы солтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр. Тау биіктігі 4000 м-ден асады. Ең биік нүктесі – Ақсукент шыңы (4027 м.). Оның солтүстік баурайында мұздық бар. Таудың оңтүстік және солтүстік екі тармағы бар.

Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының ұзындығы – 420 км, биіктігі 1500-1800 м, орта және аласа тауларға жатады. Ең биік нүктесі – Бессаз тауы (2176 м.). Баурайлары ассиметриялы, солтүстік-шығыс баурайы тік, жартасты, оңтүстік-батыс баурайы көлбеу және өзендері мен жылғалар көп шығады. Терең өзен аңғарлары жота баурайларын жекелеген өзен аралық массивтерге бөледі. Өзен аңғарлары каньон тәріздес. Рельеф макро-пішіндері оны жасаушы жыныстардың литологиясымен байланысты: суайрық кеңістіктер ізбестерден тұрады, төбелі рельеф аргиллиттер ауданында дамыған. Эрозиялық-денудациялық – пласттық Қаратау жотасының оңтүстік-батысында таралған. Бұл толқынды рельефтің кей жердегі биіктігі 50 м-ге дейін жетеді.

Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрмен – пролювиальдық еңіс жазықпен және аллювиальдық жазықпен берілген. Ақсудың төменгі ағысы және Арыс сияқты ірі өзендердің бойында таралған. Пролювиальдық еңіс жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайларында және Қаратаудың оңтүстік-батыс баурайында кездеседі

Жер бедерінің оң пішіндеріне қатысы бар 300-ден астам атауды құрамындағы индикатор-терминдер бойынша топтастырғанда, ең үлкен топты «төбе» терминінің қатысуымен жасалған топонимдер 60 атау құрады. Олардың көпшілігі жазық бөліктегі биіктігі 400 м-ден аспайтын төбелердің немесе тауалды аудандардағы кішігірім таулардың атаулары болып табылады.

Көбінесе мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді халықтарда байқалатын құбылыс ретінде оронимдерде фитонимдердің, зоонимдердің гидронимдік терминдердің жиі кездесуін айтуға болады.

 

Кесте 1. Оңтүстік Қазақстан өңірідегі су атауларының топтары

Гидронимдермен байланысты  атаулар

Ақсуат (тау), Астамбұлақ (тау), Бірбұлақ (сай), Көкбұлақ (тау), Кішіақсу (тау), Кішісу (тау), Қайнар (тау), Мибұлақ (тау), Талдыбұлақ (тау), Тоғансай (жыра), Төбеқұдық (жота), Шошқабұлақ (тау).

Фитонимдермен байланысты атаулар

Аршалы (сай), Дерменесай (жыра), Жусантөбе (төбе), Жыңғылдысай (сай), Итмұрынды (тау), Кекірелісай (сай), Кескентерек (тау), Көктерек (сай), Қарағайлы (жыра), Қоғалысай (жыра), Өлеңтөбе (төбе), Пішентөбе (тау), Раң (асу), Талдыбұлақ (тау), Шілікті Ақсу (асу), Ырғайлы (тау).

Зоонимдермен байланысты атаулар

Айғыржал (тау), Айғыришан (тау), Ақтүйеқұлаған (тау), Арқарлытау (жота), Есекбел (тау), Ителгі (тау), Кіші Сауысқандық (тау), Қабанжелкетау (тау), Қабанқұлақ (тау), Қаратайынша (жота), Қошқартөбе (төбе), Құлжалықара (тау), Қызылқабан (тау), Сазантөбе (төбе), Үлкен Сауысқандық (тау), Шошқабұлақ (тау).

 

Оңтүстік Қазақстанның жер бедері сипаты қоныс атауларында да айқын көрінген. Жинақталған 452 қоныс атауларының 91-і яғни 20 пайызы жер бедері терминдері негізінде жасалған топонимдер болып табылады.

Ойконимдер құрамындағы оронимиялық терминдердің әрқайсысының үлес салмағы есептелінді. Номинациялау барысында жергілікті жердегі жыныстардың сипаты мен түсі, литологиялық құрамы топонимдерде өзіндік көрініс тапқан. Мұндай атаулар қатарына «құм», «саз», «тас», «сор», «қотыр», «тақыр» терминдерінің негізінде жасалады.

  • Жер бедері күрделігі мен табиғи ерекшеліктері бойынша облыс аумағын алты бөлікке бөлуге болады.

Физикалық географиялық объектілерді атауда халық ең алдымен табиғат жағдайларының шаруашылық үшін маңызына айрықша мән берген. Өйткені, географиялық атаулар халықтың сан ғасырлық шаруашылық әрекетінін нәтижесінде қалыптасатын табиғатқа деген көзқарасын бейнелейді. Оңтүстік Қазақстан топонимдерінде табиғи ортаның бейнеленуі географиялық атаулардың «салыстырмалы негативтілігі» туралы заңдылықта жүзеге асқанын байқадық. Бұл заңдылық бойынша, географиялық атауларда жергілікті жерге тән емес, ерекшелік жасайтын табиғат құбылысы бейнеленеді.

Табиғат жағдайларын бейнелейтін географиялык атауларды топтастырудың топонимикалық, тарихи-географиялық зерттеулер үшін маңызы зор. Қазақстан топонимикасында бұл мәселе тіл мамандарының зерттеулерінде де қозғалған. Географтар тарапынан табиғи ортамен байланысын көрсететін топтамаларын жасаудың үлгілері келтірілген. Бұл зерттеулерде тұжырымдалған мәселелер біздің жұмысымыздың келесі бөлімінде қарастырылатын мәселелерге теориялық-әдістемелік негіз болады.

Шөлейт және шөл зоналарындағы топонимдер жиынтығы.

Қазақстандағы кең тараған ландшафт болғаньшен, шөлдердің топонимиясы әлі терең зерттелмеген. Шөл топонимиясы қайталанбас айшықка ие, өйткені қазақ халқының ғасырлар бойы қатал табиғат жағдайына бейімделуінің, шетсіз-шексіз құрғақ кеңістіктерді шаруашылық мақсатта игеруінің нәтижесі болып табылады. Қазақ халқының жайыльшдарды ауыстырып отыруы және шаруашылық әрекетінің ырғақты сипаты қүрғақ экожүйелердің табиғат ресурстарын мүмкіндігінше игеру мен пайдаланудың неғүрлым өнімді варианты болған.

Шөлдер мен шөлейттер әсіресе күз бен қыста және ерте көктемде мал жайылымы ретінде пайдаланылған. Шөл зонасының өсімдік жамылғысы негізінен 4 өсімдік тобынан (сораңды, жусанды, эфемерлі өсімдіктер мен көп жылдық қатты жапырақты астық дақылдары) тұрады, олардың азықтық маңызы да түрліше болады.

 Географиялық атауларда өсімдіктердің аталған топтарының кейбір маңызды өкілдерінің атаулары көрініс тапқан. Сұр топырақтар тараған жусанды шөлдерде күз бен қыс мезгілінде мал алабота, майқара, изен, бұйырғын, күйреуік, көкпек, жусанды азык етсе, ерте көктемде раң, ебелек, бетегені қорек етеді. Қүмды шөлдерде су жер бетіне жақын жатады. Сол себепті мұндай шөлдер көбінесе қыс мезгілінде пайдаланылады. Мұндағы негізгі мал азықтық өсімдіктер көде, шағыр, жусан, жиде, жүзгін, ши болып табылады. Шағырлы, Изенді, Жиделі, Жусанды ойконимдері арқылы халық осы өсімдіктердің мол өсетін аудандарын белгілеген.

Шөлді аудандардағы әрбір нысанның атауында көшпенді халыққа қажетті барлық географиялық ақпар берілді. Оңтүстік Қазақстандағы ірі шөлдердің атауында, олардың жеке бөліктерінің атауларында жергілікті жердің географиялық сипаттамасы «жинақталған» десе де болғандай. Облыс аумағындағы аса ірі шөлді алқаптарға Қызылқұм, Мойынқұм және Бетпақдала жатады. Морфологиялық сипаты және генезисі жөнінен айырмашылық жасайтын осы шөл ландшафттары жағдайында географиялық атаулардың қандай топтары қалыптасқанын қарастырайық.

Шөлдің облыс аумағына енетін шығыс шеті ең төмен бөлігі болып табылады; Сырдария аңғарына қарай біртіндеп көлбеу тартқан Қызьтлқұмның абсолютті биіктігі 150-200 м шамасында ғана болады. Қызылкұмның бұл өңірдегі жер бедері біркелкі келеді, мұнда құмды жалдар, ежелгі құрғақ арналар кең тараған. Кейбір бөліктерінде қалдық таулардың тұқылдары кездеседі. Сонымен қатар, Балтакөл, Шардара сияқты жайпак белдер, Арыс және Келес науалары бар. Жер бедерінің аталған ерекшеліктері және жергілікті халықтың шаруашылық дәстүрлері Қызылқұм топонимиясында өзіндік көрініс тапқан.

Қызылқұм өңірі – талай тарихи оқиғаларға куә болған, қатал табиғат жағдайларымен ерекшеленетін шөл. Мұндағы, топонимдердің басым көпшілігі қазақ тіліндеғі атаулар болып табылады. Қызылқұм ежелден бері мал жайылымы ретінде пайдаланылған. XX ғасырдың басында осы өңірді арнайы зерттеген орыс ғалымдары Шымкент уезі қазақтарының Қызылқұмда қыс пен күзде, кейде тіпті ерте көктемде мал жаятындығы туралы жазған. Малшылар жазық жер бедерімен сипатталатын осы шөлде көшу және жайылым таңдау барысында ерекше географиялық объектілерді бағдар ретінде пайдаланған. Бұдан келіп сол нысандарды атаудың қажеттілігі туындаған. Шөлдегі маусымдық тұрақтар жыл сайын белгілі бір орында орналастырылған. Сол себепті, ландшафтың бағдарлаушы нүктелерін атау барысында олардың алдымен көзге түсетін белгілері ескерілген.

Қызылқұмның қазақстандық бөлігіндегі көлемі жөнінен де, биіктігі жөнінен де салыстырмалы түрде ірі массив Қарақтау деп аталады. Оның ұзындығы 50-55 км, ал ені шамамен 5-8 км. Абсолютті биіктігі 388 м-ге тең Қарақтаудың айналасын биіктіктері 200 м шамасындағы жазық қоршап жатыр. Осы таудан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан төбе де Қарақтау аталған. Қарақтау өңірі ежелден қыстық жайылым ретінде пайдаланылады. Аталған тұқыл төбелердің Қарақтау аталуын да оның теп-тегіс жазықта қарауыл қарап, бағдар алу үшін пайдаланылғандығымен түсіндіруге болады.

Жалпы алғанда жазықтардан ерекшеленіп тұратын кішігірім қалдық массивтердің атауларында «тау» термині жиі кездеседі. Мысалы, жазық жер бедерімен сипатталатын Батыс Қазақстанда орналасқан Орал тауының жеке нүктелері Қарғалытау (310 м), Қоңыртау (296 м), Жыландытау (262 м) деп аталған. Керісінше, биік таулы аудандардағы орташа биіктіктегі таулардың өзі «төбе» терминімен белгіленеді. Осы айтылғандар негізінде халықтық географиялық терминдер нақты ландшафт ерекшеліктеріне орай мағыналық «ығысуға» ұшырайды деуге болады.

Қарақтаудың биік нүктелерінің бірі Бесшоқы, оған көршілес дөңес Күлшоқы деп аталған. «Шоқы» терминіне Ғ. Қоңқашпаев (1951) «үшкіл пішіндегі дөңес немесе таулардың ерекшеленіп тұратын үшкір шыңы» деп түсінік берген. Қазақ жерінде бүрын-соңды болған орыс зерттеушілері де шоқының үшкір басты шыңдарға қатысты қолданылатын термин екенін жазған. Осы тұрғыдан алғанда, Күлшоқы мен Бесшоқының осылай аталуы пішінімен және кеңістіктегі орнымен анықталған деуге болады.

Қызылқұм топонимдерінің құрамында құм, үрме, қобы терминдері жиі кездеседі. Тұтас құм басып жатқан шөлдің басым бөлігінде құм атаулары оқшауланып берілмеген. Құм атаулары көбінесе Сырдария аңғарына жақын маңдағы жекелеген құмды массивтерге қатысты алғанда неғұрлым жіктелген сипатқа ие болған. Мүнда Айымқұм, Айырқұм, Аққұм, Базарқұм, Бәйбішеқұм, Қарақұм, Қоянқүм, Төбеқұм сияқты қоныс атауларын тіркедік. Құмды ландшафттар облыстың әсіресе Отырар, Шардара аудандарына, Арыс қалалық әкімдігінің аумағына тән. Осы аудандарда елді мекендердің атауларында да құм термині кездеседі. Атаулардағы термин құмдардың сипатын айқындай түсетін анықтауыштармен толыққан. Мұндай атаулар қатарына Аққұм, Маяқұм (Отырар ауд.), Жаушықұм, Қызылқұм (Шардара ауд.), Байырқұм (Арыс қ.э.) ауылдарының атауы жатады.

Әдетте аққұм халықтық географиялық термин ретінде «өсімдік жамылғысы жок, сусыма барқанды құмдарға» қатысты қолданылады. Өсімдік жамылғысының деградациясы шамадан тыс мал тұяғымен тапталу және отын дайындай әсерінен болған деп болжаймыз.

Терминнің Э.М. Мурзаев көрсеткен ақ/ағу етістігіне ешқандай байланысы жоқ деп есептейміз. Себебі, қазақ халқы бұл етістіктерді тек сұйық заттарға қатысты ғана пайдаланады. Ал ақ сөзі көбінесе «таза» деген мағыналық жүктемеге ие, олай болса, жергілікті халық өсімдік жамылғысынан айрылған «таза» құмды осылай атаған деп қорытынды жасаймыз. Ал Отырар ауданының Маяқұм ауылы орналасқан бөлігі Сырдария аңғарына жапсарлас жатыр. Бұл маңда тұтас құмды массивтер жоқ. Тек жал-жал болып үйілген жекелеген кұмды алқаптар кездеседі. Қазақтарда пішенге шабылған шөпті мая деп атайтыны белгілі. Маяқұм ауылының атауы ұқсастыру негізінде қойылған атау болып табылады.

Байырқұм атауына байланысты бірнеше пікір бар. Оңтүстік Қазақстанда байыр термин ретінде басқа атауды қалыптастырмаған. Батыс Қазақстанда байыр деп көлбеу төбелер мен жондарды, тегістелген қыраттарды атайды. Ал түрікмен тілінде баир («қия беткей», «шөл»), парсы тілінде байр («өңделмеген жер», «тақыр шөл»), түрік тіліндегі bауіr («төбе») терминдері бар. Ғ. Қоңқашпаев (1951) бұл термин түрікмендерден енген болуы тиіс деп болжайды. Байырқұм орналасқан жердің сипатын ескере отырып, құмды төбелер жиі кездесетін бұл аумақ Байырқұм деп аталған деп есептейміз.

Жалпы алғанда, облыс аумағында кұм терминінің қатысуымен жасалған атаулардың лексикалық-семантикалық топтарын, қандай географиялық нысандарға қатысты екендігін анықтау барысында олардың басым көпшілігінің Қызылқұм аумағында таралғаны белгілі болды.

Қызылқұмның ірі бөліктерінің бірі Үрме деп аталады. Әдетте оңтүстік қазақтары үрме терминімен дефляция күшті жүретін, сусымалы құмды шағылдарды атайды, шындығында да Үрме Қызылқұмның эолдық әрекет басым, барқандар шоғырланған бөлігі болып табылады. Бұл термин құдық атауларында да жиі ұшырасады: Бесқалпеүрме, Өтегенүрме, Райсүрме, Садықүрме, Сәрсенүрме, Үрме. Бұл кұдықтардың эолдық әркет күшті жүретін сусыма құмдар тән шағын ауданда топтасуы ландшафт ерекшелігіне қарай атаулардың шоғырлану заңдылығына сәйкес келеді. Осы маңдағы Үрлей құдығының атауы да аталған терминмен үндес болып келеді.

Қобы термині оңтүстік казақтарында «тақыр, шөп шықпайтын жалаңаш» құмды жерлерге қатысты қолданылады.

 М. Қашқаридың «Түрік сөздігінде» қобы терминінің мағынасы «қуыс, кеуек» деп түсіндірілген. Біз шөлді өңірлердегі құдық атауларына талдау жасағанда бұл терминнің гидронимдерге қатысты мағынасын Э.М. Мурзаевтың пікірі тұрғысынан түсіндірген болатынбыз. Ал ойконимдер (Қобылы) құрамындағы қобы жергілікті географиялық термин ретінде көрінеді және көне түркілік мағынасына жақын келеді деп есептейміз.

Қызылқұмдағы ірі қоныстардың бірі Құлантақыр деп аталады. Тақыр термині бұл атаудың құрамында сазды жыныстар таралған, өсімдік өспейтін жерге қатысты қолданылған. Тақырлар сирек кездесетін бұл құмды шөлде халықтың осындай ат беруі аталған ландшафт ерекшелігін айрықша бөліп көрсету мақсатынан туындаған деген болжамға келдік.

Шөл гидронимдері де өте күрделі жіктелуімен көзге түседі. Қызылқұмның су көздерінің атауларына талдау жасау барысында олардың өзіндік номинация заңдылықтарына бағынатынын анықтадық. Кезінде осы өлкенің табиғатымен танысқан орыс ғалымы В.И. Масальский Қызылқұмның Қарақұмға қарағанда сумен әлдеқайда жақсы қамтамасыз етілгенін атап өткен болатын. Мұны, Қызылқұмдағы құдықтардың орналасу жиілігі дэлелдей түседі.

Тарихи-археологиялык деректер көшпенділердің шөлді аудандардағы шүраттарды игере бастауы қола дэуірінің соңына қарай болғанынан хабар береді. Шұраттардағы басты су көзі құдықтар болған. Құмды шөлдерде қазақ малшылары жаз кезінде кеуіп қалатын өзен арналарында қазылған қүдықтардың суын пайдаланған. Бұл туралы деректерді 1839 жылы қазақ жеріне саяхат жасаған Е.П. Ковалевский де келтірген.

Шөлде көп кездесетін атаулар тобын әдетте құдық атаулары құрайды. Жалпы алғанда, Қызылқұмның облыс аумағындағы бөлігінде құдықтардың орташа тереңдігі 15-25 м, көпшілігінің суы тұщы. Тұщы құдықтардың атауларында «тәтті», «қандым» сөздерін кездестіруге болады. Терең құдықтардың атауларында «құлаш» сөзі (Бесқұлаш, Алтықұлаш, Жетіқұлаш, Тоғызқұлаш және т.б.) бар. Әдетте құлаш қазақтардың ұзындықты өлшеу бірлігі ретінде белгілі. Олай болса, құдық атауларында берілетін құлаш саны туралы дерек құдықтың тереңдігі жөнінде мәлімет береді.

Сонымен қатар, құдық атауларында «кұдық» терминімен қосарласқан күйде «үрме», «қара», «шабыр», «қобы» терминдері, фитонимдер мен антропонимдер жиі кездеседі. Қазақстанның басқа өңірлерінде оронимдер құрамында ғана кездесетін «қара» (төбе, биік жер деген мағынада) термині Қызылқұмда басқа мағыналық жүктемеге ие болады, яғни айналасында өсімдігі мол құдықтарға қатысты қолданылады. «Қобы» терминімен оңтүстік өңірде жалаңаш жерлерді, ойпаң құмдарды атайды. Осылайша Қобылы, Қобыащы құдықтары орналасқан жердің ерекшелігі құдық атауларында көрініс тапқан.

Нұра термині негізінде қалыптасқан атаулар тобы бар. Бегажаннұра, Нұра, Тастынұра, Төртқұдық, Нұрасы ойконимдері ландшафттық шоғырлану заңдылығына с»йкес, облыс бойынша тек Бетпақдала мен осы Қызылқұм өңірінде топтасқан. Нұра термин ретінде Ғ. Қоңқашбаевтың (1951) анықтауынша, қазак тілінде «ұзыншақ келген сай» немесе «тік беткейлі өзек» дегенді білдіреді. Бұл терминнің монғол тіліндегі түбірі «опырылым», «ойылым» мағынасын береді. Қызылқұм нұраларының сипаты нұра терминінің осы аталған мағыналық жүктемесіне толығымен сәйкес келеді, яғни салыстырмалы түрде тегіс жер бедері жағдайында опырынды түрінде төмен түскен ұзыншак өзектер болып табылады. Нұралар бойымен құдықтардың жиі орналасуына карап, бұл аумактар бұрын өзен арналары болған деген болжам айтуға болады.

Қазақстанның басқа өңірлерінде кеңінен таралған «шабыр» термині екі құдық атауында тіркелді. Бұл термші монғол тілінде «саз», «батпақ» деген мағына береді. О. Нақысбеков бұл терминнің Орталық Қазақстанда «қырқа» мағынасында қолданылатынын және чыбыр түрінде Шу бойында кең таралғаны туралы жазады. Бірак, күдық орналасқан жер бедерінің қыркалы емес, жазық екендігін ескерсек, микрогидроним жергілІкті жер жағдайын сипаттайтын монғолдық терминнің негізінде қалыптасқан деп топшылауға болады.

Қызылқұмның негізгі өсімдік жамылғысын эфемерлермен аралас өсетін жусанның түрлері, сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, бұйырғын кұрайды. Жыл бойы Қызылқұм мал жайылымы ретінде пайдаланылады, әсіресе жылдың салқын мезгілінде жайылымдық маңызы зор. Сондықтан Қызылқұм топонимдерінің айрықша тобын жергілікті өсімдік аттарынан қалыптасқан топонимдер қүрайды. Қызылқұм микротопонимдерін жинау барысында біз анықтаған Ақшеңгел, Ащықамыс, Ебелек, Ерменғара, Жантақсай, Жантақты, Жиделі, Жусанды, Жыңғылды, Жыңғылдыапан, Көделі, Қаңбақты, Талды, Талдықұдық, Тоғайқұдық, Шағырлой деген қүдық атауларын, Жусандық, Қоянсүйек, Пішентөбе ойконимдерін осы топқа жатқызуға болады. Бұл атауларға негіз болған фитонимдер арасында әсіресе қоянсүйек атауы айрықша. Қоянсүйек «бұршақ тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұталар, кейде ағаштар» ретінде сипатталынатыны және оның құм тоқтату үшін пайдаланатындығы туралы деректер таптық.

Фитонимдер негізінде қалыптасқан атаулар арасында елді мекендердің де атаулары бар. Арыс қалалық әкімдігінің аумағына енетін Қызылқүмның бөлігінде Шағыр, Шөгірлі, Отырар ауданында Шеңгелді, Шілік, Шардара ауданында Ақшеңғелді ауылдары белгілі бір өсімдІктің таралу сипатын ғана емес, жалпы ландшафт ерекшелігін көрсетіп тұр.

Жалпы алғанда, Қызылқұм топонимдерінің жүйесі жергілікті табиғат ерекшеліктерімен және шөлді аумақты шаруашылык игеруге қатысты қойылған атаулардан тұрады. Біз зерттеу жұмысымыздың мақсаттарына сәйкес, антропонимдермен байланысты географиялық атауларға тоқталған жоқпыз. Аумақта халықтың сирек қоныстанғанын және көптеген аудандарда тұрақты қоныстардың болмауын, сондай ақ жарты ғасырдан астам уақыт бойы микротопонимдердің картаға түсірілмей келе жатқандығын ескерсек, Қызылқұм топонимиясының біз келтірген тізімнен әлдеқайда көп екендігіне күмән тумаса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ЛАНДШАФТТЫҚ

ТОПОНИМИКАСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1. Оңтүстік Қазақстан аумағы ландшафттық топонимикасын зерттеудегі туындайтын теориялық мәселелер

 

Топонимиканың физикалық-географиялық негіздері теориялық тұрғыда қарастырылып, өңір топонимдерінде жер бедері мен геологиялық құрлысының, климат пен ішкі сулардың, органикалық дүниенің көрініс табуы нақты материалдар негізінде талданады.

Зерттеу барысында географиялық атауларда табиғаттың құрам бөліктерінің бейнеленуі аймақтық және жергілікті ерекшеліктерге, географиялық нысандардың шаруашылық маңызына тікелей байланысты болатыны анықталды. Аумақтағы жер бедері терминдерінің қатысуымен жасалған топонимдердің сандық көрсеткіштері карта түрінде берілді.

Жер бедерінің оң пішіндеріне қатысы бар 300-ден астам атауды құрамындағы индикатор-терминдер бойынша топтастырғанда, ең үлкен топты «төбе» терминінің қатысуымен жасалған топонимдер 60 атау құрады. Олардың көпшілігі жазық бөліктегі биіктігі 400 м-ден аспайтын төбелердің немесе тауалды аудандардағы кішігірім таулардың атаулары болып табылады.

Оңтүстік Қазақстандағы таулы аудандардың негізгі орографиялық бірліктері қатарына Қаратау жотасы мен оның оңтүстік-шығысындағы тау сілемі болып табылатын Боралдай, Батыс Тянь-Шаньдағы Өгем және Қаржантау жоталары, Қаржантаудан солтүстік-батысқа қарай орналасқан Қазығүрт тауы жатады.

Қаратау – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысындағы тау жотасы. Жалпы алғанда, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан бұл таудың Оңтүстік Қазақстан аумағына орталық тізбектері енеді. Биік нүктесі болып табылатын Бессаз тауы (2175 м) осы облыстың аумағында орналасқан. Қаратау палеозойлық әктас, құмтас және конғломераттардан түзілген. Бұл тауда ежелгі тегістелу беттерінің қалдықтары кең таралған. Жалпы алғанда, тау төбелері жайдақтау болғанымен, беткейлері шатқалды, тік жартасты болып келетін оқшау орта таулы массивтер кездеседі. Мұндай бөліктерінде жер бедеріндегі биіктік амплитудалары 200-500 м-ге дейін жетеді. Жер бедері мен геологиялық құрылысының осы ерекшеліктері топонимиялық жүйесінде өзіндік көрініс тапқан.

Ежелгі түркілер мекендеген Еуразияның орталық белдемінде Қаратау аталған таулар көп. Олардың барлығы дерлік аласа немесе орта биіктіктегі таулар болып табылады. Жаз айларында да басында қар жататын, көбінесе биік болып келетін Алатау аталған таулармен салыстырғанда, Қаратау деген тауларда жаз мезгілінде қар тұрақтамайды. Осы себепті олар Қаратау атанған.

Қаратаудың солтүстік-шьтғыс беткейіндегі бірқатар оронимдерде жергілікті жер бедерінің нақты сипаты бейнеленген. Тау алдындағы белдемде орналасқан Ашылған тауының (701 м) атауы жазықтан тауға қарай біртіндеп биіктеп бара жатқан, яғни арғы жағынан салыстырмалы түрде биік жоталар «ашылатын» жер бедерін дэл сипаттайды. Осы беткейдегі Қызылсеңгір тауының (786 м) атауы «тік жарқабақты жартас» деген мағыналық жүктемеге ие сеңгір халықтық географиялық терминіне қызыл анықтауышының қосылуынан пайда болған. Қызылсеңгір тауы шындығында да Қаратаудың күрт биіктейтін бөлігінде орналасқан. Бұл тау жер бедері жазыққа қарай біртіндеп төмендейтін көршілес Ашылған тауына қарағанда, тауалды бөлігіне қарай тік жартасты беткей жасап жалғасады. Сол себепті бұл таулардың атауларында жер бедерінің сипаты нақты көрініс тапқан деуге болады.

Қаратаудың солтүстік-шығыс сілемі болып табылатын Босаға тауының (1373 м) атауы шығысында орналасқан аласа Ашылған тауы мен батысында жатқан Көксай ойысының аралығындағы географиялық орнымен және жер бедері сипатымен анықталады. Қазақтың халықтык географиялық терминологиясындағы ұқсату негізінде қалыптасқан босаға термині жазық пен тауаралық ойыстар аралығындағы жер бедері салыстырмалы түрде биік орографиялық нысандарға қатысты пайдаланылады. Олай болса, бұл аппелятив негізінде қалыптасқан жалқы атау өзі тиесілі орографиялық нысанның жер бедері сипатын нақты бейнелейді деуге болады.

Босаға тауы оңтүсгікке қарай биіктеп, Қараадыр тауына (1327 м) ұласады. Жалпы адыр терминінің мағынасы «әуелде өте берік жыныстардан түзілген, бірақ уақыт өткен сайын әбден мүжілген. төңірегінен щоқтығы биіктеу және оқшау жеке тұратын аласа тау немес шоқы» дегенді білдіреді, ал кей жағдайда бұл терминмен «тау сілемдерінің етегіндегі тілімделген бөктерлік өңірлер, жазық аймақтардағы шоқылы, белес-белес төбелер мен жондарды» атайды.

Біздің пікірімізше, Қараадыр орониміне қатысты алғанда, терминнің алғашқы мағынасы географиялық шындыққа сэйкес келетін сияқты. Өйткені Қараадыр тауы осы төңіректегі биіктіғі арқылы айрықшаланып тұратын және оқшау орналасқан тау болып табылады. Таудың батысында құрғақ арналармен тілімделген тауаралық ойысы, оңтүстігінде әлдеқайда аласа Жолтимес тауы (988 м) орналасса, шығысында тауалды бөктерлеріне ұласады. Тау атауында қара анықтауышының болуы жыныстардың түсімен тығыз байланысты, осы маңдағы сай Қарасай деп аталады.

Қаратаудың орталық білігіндегі тау атауларында да жер бедерінің сипаты бейнеленген. Қызылорда облысымен шекаралас бөлікте орналасқан Қарынжарық тауының (1138 м) атауы ағынды эрозияның күшті шаю әрекетіне ұшыраған, жыралармен тілімделген жер бедеріне қатысты қолданылатын жарық терминінің негізінде қалыптасқан. Шындығында да, таудан басын алатын көптеген бұлақтар бар, осы төңіректе Қарынжарык жылғасы ағып жатыр. Осы ағын сулардың онсыз да қарқынды шаю әрекетін биіктіктердің елеулі айырмашылық жасауы күшейте түседі. Осылайша, ағын су әрекеті «қарны жарылған», яғни күшті тілімделген жер бедерін калыптастырады. Айта кететін жайт, Қарынжарық атауы Ақтөбе, Қарағанды облысында да осы тектес жер бедеріне қатысты қойылған.

Қазақ тіліндегі метафоралық атаулардың бір тобын көшпенді халықтың заттық мәдениетінің элементтеріне ұқсату негізінде қойылған топонимдер құрайды. Бір-бірімен торкөз түрінде бекіп, киіз үйдің тұтас қабырғаларын құрайтын кереге көптеген географиялық атауларға негіз болған. Қаратауда бір-бірінен биіктіктері мен географиялық орны жөнінен айырмашылық жасайтын екі бірдей Керегетас таулары (1000 м және 1508 м) бар. Оларға ортақ белгі – екеуінің де біртіндеп биіктеп, ендік бағытта созылыңқы түрде орналасқан жота құрайтындығы. Алғашқы Керегетас Табақбұлақ бұлағы мен Суындық өзені аралығын алып жатыр, ал соңғысы Қошқарата бұлағының оңтүстігінде орналасқан. Кереге халықтық географиялық терминологияда тұтас кабырға түзей орналасатын орографиялық нысандарға қатысты қолданылатындығын және тас термині оқшау, бөлектеніп тұрған таулардың атауларында кездесетіндігін ескерсек, бұл таулардың атаулары жер бедерінің сипатын нақты бейнелейді деуімізге әбден болады. Осы ретте тас термині негізінде қалыптасқан Буратас және Күлтас оронимдерін атап өтуге болады.

Қаратаудың орталық бөлігіндегі жер бедерінің әрқилы сипаты қатпар терминінің қатысуымен жасалған Қатпарсақ (1311 м) және Тегістік (1443 м) оронимдерінен айқын көрінеді. Мағыналық жағынан антонимдік сипат алатын бұл екі атау Қаратаудың өздері орналасқан бөлігіндегі жер бедерін өте дәл бейнелейді. Қазанбұзар өзеніның аңғары мен Жылағаната бұлағының аралығындағы Қатпарсақта қатпарлану процесінің салдарлары айқын байқалады, мұнда биіктіктер баспалдақ жасап орналасады. Ал Тегістік тауына екі беткейі күрт биіктеп барып, тау төбесі тегіс сипат алатын жер бедері тән болады. Осылайша, жергілікті жер бедері ерекшеліктеріне сәйкес биік тау Тегістік деп, ал одан біршама аласа тау Қатпарсақ деп аталған.

Тегістік тауы оңтүстік-шығысқа қарай біртіндеп биіктеп, Талмас тауына (1500 м) ұласады. Қаратаудың осы бөлігінда тау төбесі кеңейіп, жазық сипатқа ие болады, сол себепті көшу барысында басқа аудандардағы сияқты шаршап-шалдығу болмайды. Таудың жер бедерінің осы қолайлы тұсы оның атауында нақты көрініс тапқан.

Қаратауда Аққұз (1475 м) және Қаракұз (1726 м) оронимдері екі реттен тіркелді. Әдетте құз терминімен тік жартасты беткейді белгілейді. Қаратаудың жеке бөліктері тік жартасты болып келетін оқшау орта таулы массивтер екендігін ескерсек, географиялық атаулар жергілікті ландшафт ерекшелігін дэл бейнелеп тұр. Атаулардағы ақ және қара анықтауыштары бұл жағдайда тау жыныстарының түсін емес, биіктігінен хабар беріп тұр: Қарақұз Аққұзға қарағанда 251 м биік.

Қаратауда Оңтүстік Қазақстанда сирек кездесетін жергілікті доңгал терминінің қатысуымен жасалған Мақымдоңғал тауының (844 м) атауы бар. Реликтілік сипат алатын доңгал термині Ғ. Қоңкашбаевтың (1951) түсіндіруінше, кең таралған дөц терминінің неғұрлым ірі орографиялық бірліктерге қатысты қолданылатын баламасы болып табылады. Әдетте бұл терминмен бір бағытта созыла орналасқан ірі қыраттарды белгілейді.

Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейі мен орталық білігіндегі тау атауларында жер бедерінІң сипаты Ортаайрық (1364 м), Итмұрын (740 м) атауларында да бейнеленген. Айрық әдетте гидронимдер құрамында өзеннің екіге айрылуын білдіретін термин ретінде кездескенімен, қазіргі казақ терминологиясында өзен алаптары арасындағы шекара (суайрық) мағынасында да қолданылады. Айрық ауызекі сөзде екіге айрылған пішінге ие болатын кез келген орографиялық нысанға қатысты айтылады. Е. Қойшыбаев бұл сөз «екі айыр, тарау» және «асу, бел» аттары болып табылады. Олай болса, тау басы екіге айрылып тұрған пішіндегі бұл таудың атауы өзінін ерекшелігін дәл бейнелеп тұр.

Ырғайлы (1336 м) оронимі – таудағы малазықтық маңызы бар ырғай өсімдігінің көп өсуіне байланысты қойылған атау. Қаратауда фитонимдермен байланысты Бүлдіргенсай (жылға). Жиделі (жылға), Көкпекті (жылға), Құрақты (жылға), Сарымсақсай (жылға), Теректі (жылға), Ырғайлысай (жылға) гидронимдері, Алмалы, Қарағашты, Сарымсақты ойконимдері тркелді.

Боралдай жотасының Оңтүстік Қазақстан облысы аумағына ендірек келген солтүстік-батыс бөлігі енеді. Тау палеозойдың тас көмір дәуірінің әктасты, гранитоидты және интрузивті жыныстарынан түзілген. Боралдай атауы кейбір зерттеушілердің еңбектерінде монғол тіліндегі жусан атауымен байланыстырылатын. Орта Азия тауларының атауларын жете зерттеген профессор А.П. Горбунов монғол сөздіктерінен бұл терминді таппағандығын жазады.

 Ғалымның пайымдауынша, тау атауы түркілік «бұрылу» сөзімен байланысты болуы мүмкін. Боралдай тауы негізгі тау сілемдерінен оқшаулау орналасқандығын ескерсек, осы түсіндірме шындыққа жанасады.

Боралдайдың жеке бөліктері Бекейтау (1813 м), Үлкентұра (1434 м), Көкбұлақ (1263 м) деп аталады. Облыс аумағына енетін бөлігінде Шіліктіасу (мамыр және қараша аралығында өтуге болады) асуы орналасқан. Асу атауында фитонимнің кездесуі – қазақ тіліндегі номинациялау заңдылығына сәйкес келеді. Қазақстанның басқа аудандарында да, асу атауларында фитонимдердің жиі кездесетінін бізге дейінгі зерттеушілер атап өткен. Таудың салыстырмалы түрде биік бөліктерінде шетен, арша, алша, пісте, жеміс ағаштары топтанып өседі. Осыған сэйкес, коныс атауларында (Алмалы, Аршалы, Қараалма, Пістелі және т.б.) олардың таралу ареалы белгіленген.

Қаржантаудан солтүстік-батысқа қарай орналасқан әйгілі Қазығұрт тауы Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілемдеріндегі аласа жота болып табылады. Қазығүрт тауы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 55 км созылған. Жергілікті халық қасиетті деп пір түтатын осы таумен байланысты аңьтздар да көп. Соның бірі жер жүзін топан су басқан кезде Нұқ пайғамбардың тіршілік иелерін тиеген кемесінің осы таудың басында тоқтағаны туралы аңыз. Мүнда Қазығұрт әулие жерленген деп есептеледі. Қазығұрт атауының шығу тегі фитоним болып табылады. Осы маңда қазығүрт аталатын өсімдік өседі. Т.Жанұзақовтың жаңа зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, А.П. Горбунов бұл атаудың қазы және қүрт (ауызекі сөзде ғүрт болып айтылады) этнонимдерімен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасайды.

Алатау, Қарақұс, Аршалы, Тасқара, Қазығұрт тауларынан басталатын көптеген бұлақтар тау бөктерінде орналасқан елді мекендерге шағын өзендер күйінде келіп жетеді. Тау бөктерінде орналасқан бұл өңірдің бұл ландшафттық ерекшелігі географиялық атауларда көрініс тапқан. Әсіресе, Сайрам, Қазығұрт, Төле би және Түлкібас аудандарында орналасқан елді мекендердің атауларында бастау, бұлақ, қайнар, су терминдері жиі кездеседі. Олардың қатарында Ақбастау, Ақбұлак, Ақсу, Көмешбұлақ, Қайнарбұлақ, Қарабастау, Қарабұлақ (Сайрам ауд.), Ақбастау, Ащыбұлақ, Бақабұлақ, Батпақбұлақ, Жаманбұлақ, Жылыбұлақ, Қарабастау, Қарағашбұлақ, Қызылбұлақ, Майбұлақ, Молбұлақ, Сасықбұлақ, Талдыбұлақ, Текшебұлақ, Терісбұлақ, Ұзынбұлақ, Үшбұлақ, Шарбұлақ (Қазығұрт ауд.) Ақбастау, Алтынбастау, Қайнар, Қасқасу, Майбұлақ, Текесу (Төле би), Иірсу, Кемербастау, Күмісбастау, Қарабастау, Қызылбастау, Үрбұлақ, Шүкірбұлақ (Түлкібас ауд.) ауылдарының атаулары бар.

Облыс аумағының оңтүстік-шығысын алып жатқан Талас Алатауының сілемдерінде орта және биік тауларға тән (облыс аумағындағы абс.б. 4299 м) ландшафттар қалыптасады. Жер бедерін қалыптастыруда өзен ағынының эрозиялық әрекеті қарқынды сипат алады. Сол себепті тау өзендері терең, тік жарлы, тар аңғарлар түзеді. Қазақстанның басқа да таулы өңірлеріндегі сияқты, мұнда да өзен атауларында сай термині басым кездеседі. Бұл аумақта біз Амансай, Аюсай, Байбарақсай, Жетімсай, Киікбайсай, Қалпесай, Қарасай, Қорғансай, Қүрсай, Мыңжылқысай, Сарымсақсай сияқты өзен, жылға атауларын тіркедік. Сонымен, сай терминінің шөлді өңірлердегі мағыналық жүктемесі «құрғақ арна» болса, таулы аудандарда ағыны қатты, түптік эрозия басым болатын өзендердің атауларында ландшафт ерекшелігіне байланысты семантикалық ығысудың болатыны анықталды.

Зерттеулер барысында Оңтүстік Қазақстанның таулы жер бедерімен сипатталатын қиыр оңтүстік-шығыс бөлігінде бас сөзінің қатысуымен жасалған атаулардың айрықша ареалын анықталды: Қарабас, Түлкібас, Сәуленбас. Жалпы алғанда, бас қазақ тілінде дене мүшесі ретінде көптеген туынды сөздерге (басты, басшы, бастық, бастау, бастапқы және т.б.) негіз болған. Халықтық географиялық терминологиядағы «бас» ұғымына Ғ. Қоңқашбаев (1963, 1970) «жоғары, биік шың» деген мағыналық жүктеме берген.

Қазақтың жер-су аттарындағы бас сөзінің терминдік мәні «жоғарғы», «биік» мағыналарына байланысты анықталады деп есептейміз. Оған дәлел ретінде Қазақстанның басқа өңірлеріндегі оронимдердерді алып қарасақ болады. Мысалы, Тарбағатайдың биік шыңдарының бірінің Бастау (абс.б. 2404 м), Қарқара тауының биік нүктесі Басқарқара (абс.б. 4059 м), Жоңғар Алатауы жүйесіндегі Бежінтауда орналасқан кішігірім көлдің Баскөл аталуын келтіруге болады. Терминдік мағынасында негізінен оронимдерде (Басадыр, Басбақай, Басқағыл, Басқарауыл, Бас Сарытау) және гидронимдерде (Басбұлақ, Басқайнар, Баскарасу, Басқарғалы) кездеседі деп топшылауымызға болады. Қазақ тіліндегі бас терминінің осы мағынасын талдау барысында басқа халықтарда ұқсас атаулардың бар екендігін байқадық. Мысалы, түркмендерде тоголок «жеке тұрған, дөңгеленген тау басы» дегенді, монғолдарда тол ғой («бас») «тау шыңы, төбе, шоқы» дегенді білдіреді.

Географиялық нысандарға ат қою үшін халық ерекшелеп алған белгілері бұл нысанды басқаларынан айқын ажырататындай болуы шарт, яғни топонимдердің өзі осы айырмашылықтарды ажырату үшін қойылады. Сондықтан, бас сөзі «басты», «негізгі» деген мағынада да топонимдер құрамында кездеседі. Біздің пайымдауымызша, жергілікті жердегі бір тектес нысандардың ішіндегі ең ірісін, негізгісін, шаруашылық үшін қолайлысын айрықша көрсету, белгілеу мақсатында да бұл сөз пайдаланылған. Мысалы, Мойынқұмда Аяқкөкше, Ортакөкше, Баскөкше деп аталатын төбелер бар. Баскаларына кдрағанда Баскөкше биігірек. Сонымен, «бас» халықтық географиялық термин ретінде географиялық объектілердің орналасу ерекшелігін («жоғарғы»), биіктігін («басты»), шаруашылық маңызын («негізгі») сипаттайды.

Қазақстандағы тау алды жазықтары мен биік жазықтардың аттарында дала термині жиі кездеседі. Кейбір зерттеушілер бұл заңдылықты халықтың тау мен жазықтың арасындағы жер бедерінің айырмашылықтарын нақты көрсету мақсатын қөздеуімен түсіндіреді. Жетісудағы Ақдала, Сексеуілдала тау алды жазықтары болып табылады. Облыс аумағының солтүстігіндегі Бетпакдала атауындағы дала термині аса үлкен кеңістікті алып жатқан жазық болғандықтан жоғарыда аталған мағынасына сәйкес колданылған. Ал Сырдарияның сол жақ жағалауындағы Ақдала, Сарыдала, Арыс бойындағы Ақдала коныстарының атауларында дала термині жергілікті ландшафт ерекшеліктеріне қарай, басқа семантикалық жүктемеге ие болған деп топшылаймыз. Өйткені, бұл қоныстар онсыз да жазық аумақтардың кішігірім бөліктері болып табылады. Олай болса, бұл жағдайда термин жер бедері ерекшелігін емес, топырақ-өсімдік жамылғысындағы, шаруашылық тұрғыда игерілу сипатын айқындай үшІн пайдаланылған. Елді мекендер атаулары арасында да дала терминінің қатынасуымен Ақдала (Отырар ауд.), Жаңадала, Тыңдала (Мақтаарал ауд.), Қызылдала (Қазығүрт ауд.) комонимдері жасалған.

Сонымен, Оңтүстік Қазақстанның ландшафттық топонимиясына қатысты мәселелерді талдап, жергілікті топонимиялык материалдарды саралау нәтижесінде төмендегідей ойлар түйіндедік:

– Оңтүстік Қазақстан аумағында таралған ландшафт түрлеріне байланысты географиялық терминдер мен атаулардың шоғырлану құбылыстары тіркелді. Соның, нәтижесінде белгілі бір ландшафттың өзіне тән топонимдер жиынтығы болатындығы анықталды.

– Жергілікті географиялық терминдердің ландшафт ерекшелігіне байланысты мағыналық жағынан ығысуға ұшырайтындығы нақты деректер негізінде дәлелденді.

– Топонимдерде географиялық ландшафттын барлық бірдей элементтері емес, тек шаруашылық және әлеуметтік өмірде маңызы бар ерекшеліктері ғана бейнеленетіндігі анықталды.

Физикалық географиялық объектілерді атауда халық ең алдымен табиғат жағдайларының шаруашылық үшін маңызына айрықша мән берген. Өйткені, атап көрсеткендей, географиялық атаулар халықтың сан ғасырлық шаруашылық әрекетінің нәтижесінде қалыптасатын табиғатқа деғен көзқарасын бейнелейді. Оңтүстік Қазақстан топонимдерінде табиғи ортаның бейнеленуі географиялык атаулардың «салыстырмалы негативтілігі» туралы зандылықта жүзеге асқанын байқадық. Бұл зандылық бойынша, географиялық атауларда жергілікті жерге тән емес, ерекшелік жасайтын табиғат құбылысы бейнеленеді.

Табиғат жағдайларын бейнелейтін географиялық атауларды топтастырудың топонимикалық, тарихи географиялық зерттеулер үшін маңызы зор. Қазақстан топонимикасында бұл мәселе тіл мамандарының зерттеулерінде де козғалған. Географтар тарапынан топонимдердің табиғи ортамен байланысын көрсететін топтамаларын жасаудың үлгілері келтірілген. Бұл зерттеулерде тұжырымдалған мәселелер біздің жұмысымыздың келесі бөлімінде қарастырылатын мәселелерге теориялық-әдістемелік негіз болды. Оңтүстік Қазақстан бақтарында сирек  кездесетін және жергілікті табиғат жағдайында өсетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысымен айналысады. Қазір бақта ашық тұқымдылар, басқа аймақтан әкелінген жалпақ жапырақтылар, жергілікті флора, жеміс-жидек, шырмауық, гүлді-сәндік өсімдіктер, жем-шөп дақылдарының жаңа түрлері бөлімдері жұмыс істейді. Ботаника бағының негізгі ғылыми зерттеу бағыттары басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру, қолайсйз климат жағдайында түрлердің өсуі мен олардың биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтау, интродуценттерді күтіп-баптау, өсімдік өсірудің агротехникасы мен олардың көбеюі заңдылықтарына  бақылау жүргізу.

 

2.2  Оңтүстік Қазақстан аумағының ландшафттық топонимикасы

 

Қоғам мен табиғат арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттеудің географиялық-топонимикалық аспектілері әсіресе, географиялық ландшафттар топонимиясына қатысты ізденістерде айқын ажыратылады.

Ландшафттың басты ерекшелігі ретінде табиғат компоненттерінің ұзақ уақыт бойы өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын табиғи тепе-теңдікті атауға болады. Сол себепті, «ландшафттың өзін оны игеру процесіне әсер ететін фактор ретінде қарастыруға болады».

Географиялық атаулардың кеңістікте таралу заңдылықтарының катарына «топонимдердің ландшафттар бойынша шоғырлануы» деп атауға болатын құбылысты жатқызуға болады. Мұның мәнісі ұқсас ландшафттарда белгілі бір топонимдердің қайталанып келетіндігіне негізделген. Мысалы, Э.М. Мурзаев Азияның шөл зонасында Қарақұм атауының, ал басын таудан алатын, шөлді аумақтар арқылы ағатын өзендердің атауында Ақсу гиронимінің жиі кездесетіні туралы жазады.

Қоршаған ортаны танып-білу барысында адам оның жеке нысандарына, бөліктеріне жалпылама ат қояды. Біртіндеп ұқсас нысандардың жеке ерекшеліктері екшеленіп, жалқы есімдер пайда болады. Жалпы есімдерді ономастика ғылымында аппелятив (латынша appellativum – жалпы есім) деп атайды. Географиялық атаулардағы басты сөздер топонимиялық аппелятивтер болып табылады. Аштелятивтерді ономастикалық қатарға қосылған кезден бастап, мағыналық, тілдік, аумақтық өзгерістеріне хронологиялық талдау жасау ретроспективті сипат апу қажет. Топонимдерді ретроспективті талдаудың географиялық аспектілері атау пайда болған кезеңдегі табиғат жағдайларын қалпына келтіруге қатысты анықталады.

Белгілі-бір аумақтағы табиғат жағдайларын нақты бейнелеуге топонимдер құрамында болатын халықтық және жергілікті географиялық терминдер себепші болады. Индикатор-терминдер деп аталатын мұндай сөздер тобы географиялық нысандардың типін, ландшафтық-зоналық ерекшеліктерін, морфологиялық сипатын, шығу тегін (генезис) сипаттайды.

Географиялық жағдайлар, табиғи орта, шаруашылық саласы, заттық мәдениеттің элементтері халықтық географиялық терминологияның өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырып, оның жіктелу сипатына ықпал етеді. Батпақтар кеңінен тараған аумақтарда тұратын славян халыктарының тілдерінде батпақтарға қатысты терминология өте бай.

 Ал ғасырлар бойы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан түркі-монғол халықтарында – жайылым түрлерінің атаулары мен жазықтарда бағдар алатын жер бедері пішіндеріне қатысты терминология, шөлді аумақтардың тұрғындарында су көздерінің жіктелу сипатын білдіретін терминология жақсы дамыған.

Халықтық географиялық терминдер физикалық-географиялык нысанның немесе құбылыстың тарихи қалыптасқан атаулары ретінде қазіргі ғылыми қолданысқа кеңінен енгізілген. Жергілікті географиялық терминдерге қарағанда олардың қолданылу аясы кең. Ғалымдардың атап көрсеткеніндей, халықтық географиялық терминдердің физикалық география саласына кеңінен енуіне мынадай себептер болды:

– ғылыми терминология халықтық терминология кеңінен қолданыста жүрген кезде қалыптасты;

– әрбір табиғат зонасының өзіне тән табиғи ландшафттары мен процестері болғандықтан, олардың әрқайсысын атау үшін қайталанбайтын, бірегей сөздер қажет болды; мұндай терминдерді ойлап табудан гөрі, табиғат ерекшеліктерін дәл бейнелейтін, бұрыннан қалыптасқан халықтық терминдерді пайдалану әлдеқайда дұрыс деп есептелінді.

Халықтық географиялық терминдердің Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таралу сипаты төмендегідей етіп анықталды:

1) Республика аумағы бойынша географиялық атаулар құрамында жиі кездесетін терминдер. Олардың қатарында бұлақ, көл, құдық, сор, тас, төбе терминдері бар. Әсіресе жер бедері мен су көздеріне қатысты терминдер жиі қолданылады, климатқа қатысты терминдер атаулар құрамында өте сирек кездеседі. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында құдық терминінің қатысуымен 195, бұлақ терминінің қатысуымен 200-ден астам атау, төбе термині негізінде 100-ге жуық топоним жасалғанын анықтадық. Жалпы алғанда, бұл терминдердің таралу ареалы республика жерімен шектелмейді, көршілес елдердің аумағында да олардың жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты баламалары кездеседі. Бұл құбылысты халықтардың көші-қонымен, тілдердің ортақ негізімен түсіндіруге болады.

2) Республика аумағында кең таралған, бірақ топонимдер құрамында сирек кездесетін терминдер. Оларға кезең, қақ, қия, шалқар терминдері жатады. Бұл терминдердің топоним құрау белсенділігінің төмендігін географиялық нысандардың шаруашылық манызы тұрғысында түсіндіруге болады.

3) Қазақстанның белгілі бір аудандарындағы атаулар құрамында ғана кездесетін терминдер. Бұл табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен, тарихи-географиялық факторлармен түсіндіріледі. Біз зерттеп отырған аумақта мүндай терминдер (айрық, ой, төрткүл, шығанақ және т.б.) негізінде жасалған топонимдерге кейінірек нақты тоқталатын боламыз.

4) Атаулар құрамында ғана сақталып калған терминдер. Облыс аумағында мұндай терминдер қатарына қобы, шабыр жатады. Кей жағдайда мұндай атаулардың этимологиясы мен семантикасын анықтау қиынға түседі. Термин ретіндегі мағынасын аумақтық, лингвистикалық тұрғыдан толык анықтап алмайынша, атаудың ландшафттық шоғырлануына қатысты қорытындылар жасау мүмкін емес.

Географиялық терминдердің кейбіреулерінің таралу ареалы бірнеше зонаны қамтитындықтан, жергілікті ландшафт ерекшеліктеріне байланысты өзіндік мағыналық жүктемеге ие болады. Оңтүстік қазақтарының диалектілерін лингвогеографиялық талдаулар барысында анықталғанындай, терминдерде жергілікті табиғат ерекшеліктеріне, табиғат ресурстарын пайдалану сипатына қарай семантикалық ығысулар болған. Бұл әсіресе «таулық» және «өзендік» аппелятивтерге көлдечеңінен (синонимдер) және тігінен (омонимдер) талдау жасау кезінде айқын байқалады. Облыс аумағында шағын ауданның өзінде бір мағына беретін бірнеше синоним-термин (өзен, су) катар қолданылатыны анықталды. Мұны жеке сөздер мағынасында семантикалық ығысудың көп болуымен түсіндіруге болады. Э.М. Мурзаев семантикалык ығысуларды табиғи ландшафттардың, шаруашылық жүйесінің, елді мекендер типінің алмасуына байланысты түсіндіреді.

 Керісінше, кейбір термин (тау) әртүрлі ландшафт жағдайында түрліше мағыналық жүктемеге ие болатыны да тіркелді. Мүндай омоним-терминдерден жасалған атаулардың мағынасын жергілікті физикалық-географиялық жағдаймен тІкелей байланыста ғана талдау қажет.

Өз кезегінде топонимдер де ландшафт типтеріне қарай «шоғырланады». Таралу ареалы шектеулі терминдер негізінде қалыптасқан топонимдер эндемик сипатында болады. Ландшафттық топонимдер таралу ауқымына қарай 3 категорияға ажыратылады:

1) локальды топонимдер; олар ландшафттың бір типіне ғана сәйкес келеді;

2) тип аралық топонимдер; олар ландшафт типтерінің аралық зоналарында таралады;

3) ортақ топонимдер; олар ландшафттардың көптеген типтеріне тән болады.

Атаулардың белгілі бір ландшафттарға шоғырлану ерекшелігін аумақты игерудің тарихымен де байланыстыруға болады. Жеке ландшафттық бірліктерді игеру процесі жіктелген сипат алды. Басқа табиғи нысандарға карағанда, өзен аңғарлары көбірек өзгеріске ұшырады. Сол себепті, өзен аңғарларының топонимиялық жүйесі де неғұрлым жіктелген сипат алады.

Ғылыми әдебиетте географиялық ландшафттың топонимдер қалыптастырудағы рөлі әлі толық ашылмаған, ландшафттар негізінде топонимикалық аудандау мәселесі қойылмаған. Осы бағытта алғашқы арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар топонимикалық ландшафттың қалыптасуына табиғи ландшафттардың күрделі үйлесуі өзіндік ықпал ететінін атап өткен.

Ландшафттық топонимияны зерттеу бірқатар ғылыми мәселелерді қоюға мүмкіндік береді. Біріншіден, табиғи ортаның тұрғын халықтың тұрмысына ықпалы және оның топонимияда көрініс табуын зерттеу аса маңызды. Екіншіден, белгілі бір ландшафт түрлеріне тән географиялық терминдер тобын анықтап, олардың жергілікті диалектідегі мағынасын талдау қажет. Үшіншіден, белгілі бір ландшафт аясында шоғырланған географиялық атаулардың жиынтығын анықтау олардың таралу ареалын көрсететін топонимикалық карталар жасауға мүмкіндік береді. Қазақстандық географтар топонимиканың ландшафт туралы ғылымдармен тығыз байланысы болу керектігін атап көрсеткен.

Ландшафттық құрылымы күрделі, шөлді аумақтар басым болатын, табиғи ортасының игерілу тарихы сан ғасырларды қамтитын өңірдің бірі – Оңтүстік Қазақстанның микротопонимдері де белгілі дәрежеде зерттеуші назарын аударатыны сөзсіз. Әдетте, ландшафттармен байланысты топонимиялық зерттеулерде барлық топонимикалық және ландшафттық-лексикологиялық материал алдымен геокешендер бойынша шоғырландырылады және ландшафттық ерекшеліктер мен адамның табиғатқа ықпалы тұрғысында талданады. Зерттеу барысында көптеген атаулар белгілі бір ландшафтқа немесе оның морфологиялық бірлігіне сәйкес келетіні анықталды.

Облыс аумағына ландшафттардың алуан түрлі типтері тән. Жазық аудандарда ойпатты-жазықты және көтеріңкі жазықты-шөлді, Тәңіртаудың солтүстік беткейі мен Қаратаудың тауалды жазықтарында тау алды-шөлді, облыстың Қаратау, Қаржантау және Өгем жоталары бөктерлеріне жапсарлас жатқан орталық және оңтүстік-батыс бөліктерінде тауалды-шөлейтті, Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерінде аласа таулы-шөлейтті, Өгем жотасының солтүстік беткейі мен Қаржантаудың биік бөліктерінде орта таулы – орманды, орманды далалы және далалы ландшафт таралған.

Жазық ландшафттарда жер бедерінің кез келген оң пішініне ат қойылады. Қызылқұмдағы кішігірім төбешіктердің атауларында тау, төбе терминдерінің қатысумен жасалған атаулардың көптігін осымен түсіндіруге болады. Керісінше аласа таулы бөлікте төбе атауларының құрамында төбе терминімен қатар, нысанның әлеуметтік және экономикалық маңызын, физикалық-географиялық сипатын айқындай түсетін қосарлы сөздер кездеседі.

Ландшафттық топонимиканың тағы бір қыры тарихи-географиялық зерттеулерде топонимикалық мәліметтерді пайдаланумен байланысты ашылады. Жергілікті топонимикалық мәліметтерді байырғы ландшафтарды қалпына келтіру ісінде пайдалану мүмкіншіліктері топонимдердің белгілі бір ландшафт аумағында «шоғырлану» заңдылығына және топонимдердің көп жағдайда табиғат ерекшеліктерін дәл бейнелейтіндігіне негізделген.

Ғалымдар байырғы ландшафттарды қалпына келтіру ісінде топонимикалық әдістерді пайдалану тәжірибесі өзін-өзі ақтайтынын айрықша атап көрсетеді.

 Белгілі-бір географиялық нысанға немесе аумаққа қатысты палеогеоғрафиялық деректер мен топонимикалық мәліметтерді салыстыру арқылы атаулар құамындағы термин арқылы тарихи кезеңдердегі ландшафттың жай-күйін анықтауға болады.

Тарихи география саласындағы белгілі ресейлік ғалым В.С. Жекулиннің еңбектерінде топонимикалық әдістің мәні топонимикалық және ландшафтық-лексикалық деректердің геокешендер бойынша таралуына байланысты ашылды. Ғалым өз зерттеулерінде ландшафт ерекшеліктері мен адамның табиғатқа әсеріне қатысты да терең талдаулар жүргізген. Бұл бағыттағы зерттеулердің құндылығы жеке топонимдерді ғана емес, атаулар тобының да қамтылуымен және ландшафтық-топонимикалық карталардың құрастырылуымен анықталады.

Қазақстанда аталған бағыт жеке зерттеулерде ғана көрініс тапқан және әзірше жалпылама сипат алады. Аймақтық топонимикалық зерттеулер үшін бұл бағыттың аса кұнды екендігін ескерсек, мүның өзі болашақ зерттеулер үшін үлкен зерттеу көкжиегін ашады.

Жалпы алғанда, табиғат жағдайларын сипаттайтын топонимдерде жергілікті жердің ландшафтық келбеті бейнеленіп, халықтың географиялық білімі жинақталды деуге болады. Бұл бағыттағы зерттеулер ландшафттық-топонимикалық карталарды қүрастырумен қоса жүреді. Мұндай карталар аумақтың ландшафттык картасы негізінде жасалады. Ландшафттық негізде шоғырландырылған географиялық атаулар табиғатты пайдаланудың тарихи ерекшеліктері жөнінде мәлімет береді.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық және әлеуметтік географиясында Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарының ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының алатын орны ерекше екенін атап көрсеттік.

Зерттеу мақсатына сәйкес облыстың физикалық-географиялық тұрғыдан арнайы жеке зерттелді. Атап айтсақ, облыстың жеке физикалық картасы, жер бедерлерінің ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасалынды, яғни:

  • тарихи географиялық жағдайлары мен географиялық орнына анықтаулар жасалынды.
  • облыстың экономикалық-әлеуметтік жағдайына жалпылама сипаттама жасалынды (халқы, ауыл шаруашлығы, өнеркәсіп салалары және т.б.).

Жұмыстың өзектілігі мен жаңалығын және де теориялық, практикалық бағасын анықтайтын негізгі қорытындылардан төмендегіше тұжырымдама жасалды:

– Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының қалыптасуына географиялық және тарихи алғышарттардың өзара күрделі ұштасуы ықпал еткен. Оңтүстік Қазақстан аумағынның табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оның көне замандардан бастап игерілуіне әсер етсе, игерілу деңгейі географиялық атаулардың өте күрделі жүйесін қалыптастырған.

– Оңтүстік Қазақстан аумағындағы физикалық-географиялық жағдайдың алуан түрлілігі, аумақтың табиғи ортасының өте ежелден игеріле бастауы аса күрделі топонимиялық жүйені қалыптастырғаны анықталды.

– Оңтүстік Қазакстан аумағында таралған ландшафт түрлеріне байланысты географиялық терминдер мен атаулардың шоғырлану құбылыстары белгілі бір ландшафттың өзіне тән топонимдер жиынтығы болатындығын көрсетті.

– Жергілікті географиялық терминдердің ландшафт ерекшелігіне байланысты мағыналық жағынан ығысуға ұшырайтындығы нақты деректер негізінде дәлелденді. Салыстырулар облыс аумағындағы әртүрлі ландшафттарды ғана емес, республиканың басқа өңірлеріндегі атаулар мағынасына қатысты да жүргізілді.

– Оңтүстік Қазақстан аумағындағы топонимдерде географиялық ландшафттың барлық бірдей элементтері емес, тек шаруашылық және әлеуметтік өмірде маңызы бар ерекшеліктері ғана бейнеленетіндігі анықталды.

– Облыс аумағындағы географиялық атауларды зерттеудің қолданбалы маңызын талдау арқылы тарихи атауларды қалпына келтірудің маңыздылығы, Қазақстанда топонимиканың аймақтық зерттеулер бағытын дамыту кажеттілігі негізделді.

Жалпы алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті географиялық терминдер мен атауларды талдау негізінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің кеңістіктік-уақыттық сабақтастығы оның мәдени мұраларында, соның ішінде географиялық атауларында тіркеліп, сақталып қалғандығы жөнінде қорытынды жасауға болады. Бұл сабақтастық облыс аумағында өзіндік жалғасын тапқан, бұл құбылыс отырықшы және көшпенді қоғамдардың әлеуметтік-экономикалық негіздерінің бірлігі мен заттық мәдениеттің ғажайып үйлесімінің ғана емес, жалпы қазақ дүниетанымының тілдік көрінісі болып табылады.

Жоғары оқу орындарының типтік оқу жоспарында «Қазақстан физикалық географиясы» курсы тек жалпылама түсінік беріліп оқытылады, сондықтан, мен өзімнің дипломдық жұмысымда осы аймақтың физикалық-географиялық ерекшелігіне зерттеулер жүргізе отырып, оның топонимикалық жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға өз үлесімді қостым. Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында бұл өңірдің топонимикалық жүйесінің қалыптасуының географиялық-тарихи алғы шарттары негізделіп, қалыптастырушы факторлар зерттелді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі

 

  1. Әбдірахманов С. Қазақстандағы жер-су атауларының топонимикасы. Алматы, Ғылым, 2009
  2. Базарбаев Қ. Қазақстанның топонимикалық зерттеулері. Алматы, 2009
  3. Бартольд В. Физическая география Казахстана, 2007
  4. Жамишев Қ. Қазақстанның өзендері, Алматы: Баспа, 2006
  5. Жекулин В.С. Ландшафты Казахстана, Алматы, 2001
  6. Каймулдинова К.Д. Қазақстанның топонимикасы, Атырау, 2000
  7. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. Алматы, 1999
  8. Қоңқашбаев Ғ. Қазақстанның жер-су атаулары. Алматы, 2000
  9. Мурзаев Э.М. Қазақстанның жер-су атауларының тарихы, Алматы, 2004
  10. Омарбекова А.С. Қазақстан торонимикасы. Алматы, Жетісу баспасы, 1999
  11. Нұрбеков Ж.Н.  Нұрын шашқан Оңтүстік, Алматы, «Эфект», 2003
  12. Аяған Б.Ұ. ОҚО энциклопедиясы, Алматы, «Қазақ энцклопедиясы», 2005
  13. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана, Алматы, Мектеп, 2008
  14. Абдрахманов А. Қазақстан топонимикасының кейбір мәселелері, Алматы, 2004
  15. Поспелов Е.М. Топонимика и историческая география // Топонимика и историческая география, М., МиФ, 2006
  16. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. – М., Наука, 2004
  17. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2005
  18. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (VI -нач. XIII в.в). – Алматы: Наука, 2006
  19. Керимбаев Е.А. Лексико-семантическая типология оронимии Казахстана, Алматы, 2008
  20. Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. – М.: Мысль, 2004
  21. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. – Алматы, Ғылым, 2005
  22. Рысбергенова К. Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана. – Алматы, Ғылым, 2000
  23. Конкашпаев Г.К. Общие особенности тюрко-язычной географической терминологии Средней Азии и Казахстана // Вопросы географии, 2000
  24. Бейсенова Ә.С., Каймулдинова К.Д. Жер-су аттарын географиялық-экологиялық ғылымдар тұрғысында зерттеудің қазіргі мәселелері // Географические основы устойчивого развития Республики Казахстан. – Алматы: Ғылым, 1998
  25. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. – Алматы, Ғылым, 1992
  26. Байпаков К. Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы: Аруна ltd, 2005