АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Оңтүстік Қазақстанның ландшафт экологиялық аудандары және ландшафты қорғау

МАЗМҰНЫ

 

кіріспе…………………………………………………………………………………………..

 

1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖАЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА………………………..

1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы………………………………………………………………………………………….

1.2  Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайына сипаттама……..

 

2.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ ЖӘНЕ ЛАНДШАФТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ………………………………………………………………….

 

3.Оңтүстік Қазақстанда геоэкологиялық мәселелерді шеші жолдары………………………………………………

 

қорытынды…………………………………………………………………………………

пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………

ҚОСЫМША……………………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 Оңтүстік Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық жағдайы облыс территориясындағы ландшафт түрлерінің өзгеруіне және жаңа антропогендік ландшафтардың пайда болуына әкеліп соқты. Соның әсерінен облыс территориясын ландшафтық-экологиялық аудандастыруда көптеген күрделі мәселелер туындап отыр.

Облыс жері негізінен жазық көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 — 300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетбақ  дала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында  Қызылқұм және Шардара датасы. қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, онтүстік шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр.

Ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі — Өтем жотасында облыстың ең биік нүктесі — Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өтем мен Келес өзендерін бөліп жатқан  Қаржантау. Оның  орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі — Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м).

Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.

Жоғарыда аталып отырған әртүрлі жер бедерінде шөл,шөлейт және таулы ландшафт түрлері тараған. Осы рефератта осы ландшафт түрлеріне сипаттама берілген және олардың экологиялық жағдайы қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы физикалық-географиялық сипаттама

 

   1.1. Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы.

 

   Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен |Сырдарья, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған.

   Саяси-әкімшілік тарихы бойынша Оңтүстік Қаазақстан облысы 1932 жылы жеке әкімшілік облысы болып құрылған. Оның жеке облыс болып даму тарихы Алматы, Қарағанды, Шығыс Қаазақстан, Батыс Қазақстан облыстарымен байланысты.

    Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10-наурыз күні құрылғаннан бастап, атауын сан мың өзгерткен. 60-жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында Шымкент деген атаумен еніп, егемендік жылдарынан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталды.

 

 

1.2. Оңтүстік Қазақстанның табиғи жағдайына сипаттама

 

Облыс жері негізінен жазық көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 — 300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетбақдала шөлі, Шу анғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында  Қызылқұм және Шардара даласы. қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, онтүстік шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр.

Ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі — Өтем жотасында облыстың ең биік нүктесі — Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өтем мен Келес өзендерін бөліп жатқан  Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс әлемі болып табылады. Қаржантаудың  орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі — Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м).

Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы күрт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.

Қазақтар осыдан мындаған жыл бұрын Қазығұртты кие тұтып. дүниенің тұтқасы тұтып: Басына Қазығұрттың кеме қалған, Болмаса кереметі неге қалған?! — деп басталатын ғажайып дастан тудырған.

Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.

Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары авто және темір жолдар кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.

Геологиясы және кен байлықтары. Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы — протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс  Қаратау карбонның әктас, кұмтас конгломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермен дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы  қазбаларға бай: подиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, от төзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәр-мәр түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау койнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан  жұмыс істейді.  Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінін орны ерекше.

Облыста республика уран ресурстарынын жартысына жуығы орналаскан, олар әлем-дегі ен ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және Абайыл кеніште-рінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мүнай-газ кен орындары бар. Боралдайдан, Тас-көмірсайдан, Келтемашатган және Ленгер кеніштерінен мезозойлык коңыр кемір өн-дірічеді. Облыс аумагындагы Қаратау фос-форит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтгі.

Ал Тәңіртаудың ен батыс  Қаржантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.

Кентау қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті кеніштерінде резина, қағаз бояулар дайындалады, газ-мұнай бұрғылау жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат — бариттің ірі ресурстары бар.

Түлкібас өңіріндегі Құлантау және Иірсу кенорындарында жеңіл бетон дайындауға, оттан, дыбыстан қорғауға, жылу сақтауға, ғарыштық техникаға аса қажетті вермикулит бар. Бессазда габброперидотиттер құрамында от төзімді заттар, қағаз резина, парфюмерияға кажетті шикізат — тальктің ірі қоры барланып, зерттелген. Төле би ауданында орналасқан  Жоғарғы Бадамда жоғары сапалы керамика, минерал талшығы, фарфор, фалнс, диэлектрлік керамика, бояу, қағаз, резина өндірістеріне аса қажетті техникалық шикізат — волдастониттің мол қоры ашылған.

Сары жылға,  Қызылкөл және Дарбаза кеніштерінде кварц құмының ірі қоры бар. Ал Түлкібас, Корнштов кеніштерінің әктастары бұрыннан қант өндірісінде карбонаттық шикізат ретінде қолданылып келеді.

Облыстағы құрылыс материалдарының минералды шикізат базасы әр түрлі цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің шикізаттары, құм-тас минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі, Күбірексай минералдық бояулары, Ленгер оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-ұсақты ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.

Облыс аумағынын географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орнхтасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты куаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыла  отырады.  Жазы ұзақ облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай — қаңтардың  орташа температурасы -2 — 9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (—4РС).    

Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы 19 — 29°С. Ең ыстық кезен Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230 — 320 тәулікке созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 — 170 мм, тау етектеріше 300 — 450 мм. ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20 — 40 см аралығында жазыкта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоксанның басында түсіп  наурыз айында ери бастайды.

Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антидиклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұтылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстікпен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15 — 20 күнге дейін азаяды. Міне осылардың нәтижесінде жиынтық радианның мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1.9 — 3.9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы — Аксораң онда желдің жылдамдығы 5.1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.

Облыстың киыр онтүстігі жылу мең ылғалдың жыл бойы таралуына  т.б. метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелігі — жауын-шашынның негізгі мөлшері (62 — 67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезенінің ұзақтығы 245 — 260 тәулік. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300 — 4600°С.

Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа — 90 күндей. Жазы ұзақ — 160 — 170 күнге дейін созылады./1/

Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге жуық су келіп осыншама мөлшерде су кетіп отырады.

Облыстағы ең ірі және ұзын өзен — Сырдария өзені басқа мемлекеттерден басталып. Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км).

Машат (60 км). т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км). Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.

Облыстағы ең үлкен суқойма — Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға берілген. су сыйымдылығы 5.2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3/с. Одан су алатын Қызылқұм (106 км). Шардара (10 км) каналдары арқылы 71.5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқоймасының сыйымдылығы 37 млн. текше метр. ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.

Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336 шақырым су арналары. 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды ұнғышалар. 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.

Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Шошқа көлде (көлемі 8,6 млн. м3) аң ауланады, Сарыкөлден (10,2 м) балық ауланады, Қызылкөл суының (5.9 м3) ем үшін пайдасы зор.

Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай. Талас-Ақсу. Икансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауыддарында арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.

Облыс аумағындағы гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен        нан астам гектар жерді алып жатыр. Олар бастау алады. Жалпы облыс өзендері Сырға Бадам, Бөген, Шардара. Қапшағай. т.б. дария және Шу өзен алаптарына жатады./3/

Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің облыстағы негізгі саласы — Арыс өзені, ол Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарынын беткейлерінен басталады. 1961 жылы Арыс — Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52,8-ден 31 м-ус-ка азайды.

Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан Жиделі. Бесарық Ермексу, Қарашық, Арыстанды және Шаян өзендері басталады.

Облыстың қиыр солтүстігі Бетпақдаланың батысында Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысын қамтиды.

Негізінен Сырдария. Шу өзендерінің сағаларында орналасқан. Олар тасыған өзен суларымен, ал ұсақ көлдер жер асты суларымен толығады. Облыс аумағында 43 кел бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың ға. Облыстың солтүстік аймағында Шу өзенінің төменгі ағысында Ақжайық, Қарқын тұзды көлдері, Құмкент елді мекені жанында тұйық жер асты суымен қоректенетін Қызылкол жатыр.

Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр, Хантағы. Иқансу Көкқиясай өзендері Қарашык, Қалдыкөл, Шүйнек көлдеріне құяды.

Сырдария өзенінің аңғарында Тұздық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл, т.б. ірілі-ұсақты көлдер көп кездеседі. Бұл көлдердің көпшілігі ащы, тұзды.

Облыстағы су желісінің бір ерекшелігі: тақырларда жауын-шашын суларынан түзілетін көлшіктер мен көлдер пайда болып, кейінірек кеуіп кетеді.

Сонымен қатар облыстағы 22 жасанды су қоймаларының жалпы қөлемі 98 мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Оларға Бадам, Бөген, Шардара, Қапшағай. т.б. бөгендер жатады.

Облыста шамамен тәуліктік ресурсы 3000 м-Утоулік болатын 30-дан астам жер асты суларының көздері белгілі. Ішуте жарамды сулардың болжамдық ресурсы тәулігіне 4000 м-тан астам мөлшерге бағаланады.

Облыста Арал, Сырдария және Ташкент (солтүстік жақ бөлігі) ойыстарынан тұратын Сырдария артезиан алабы барланған. Сырдария және Келес ойысы аумақтарының палеоген жер қыртыстарында ойыстың шеты бөлігінде 90 — 170 м. ортаңғы бөліпнде 1100 — 1200 м тереңдікте жататын сульфат-хлоридті натрийлік суларының көздері табылған. Су көзінің тәуліктік қор мөлшері 10 — 15 және 165 м аралығында. Минералдануы 2—12 г/дм. Жоғарғы бор дәуірі жер қыртыстарында бұл сулар Сырдария ойпанының оңтүстік-батысында көптеп кездеседі және 170 — 600 м тереңдікте жатады. Судың температурасы 20 — 40=С.

Түркістан ауданында (Түркістан минералды сулары) және «Манкент» шипа-жайында (Манкент минералды сулары) емдік мақсаттарда колданылатын сульфат натрий су көздері ашылған. Манкент минералды жерасты су көзінің тереңдігі 1143 — 1181 м. минералдылығы 2.1 г/дм\ судың температурасы 40°С. Судың құрамында күкіртсутегі бор, бром, кремний қышқылы кездеседі./4/

Сырдария және Келес ойысы аумақтарындағы жер қыртысында 400 — 500-ден 2000 м терендікте жататын және температурасы 20 — 90°С болатын аз минералданған азот сілтілік термальды сулар мол. Олар палеоген жеке бор дәуірлері жер қыртыстарының құмды бөліктерінде кездеседі.

Темірлан ауылынын оңтүстік бөлігінде (Шымкент минералды сулары) 792 — 840 м тереңдікте мирокарбонатнатрий құрамына кіретін аз минералданған азот сілтілік су көздері ашылған. Су жоғары қысымды, минералдылығы 0,8 г/дм\ температурасы 39″С.         

Келес ойысының ортаңғы болігінде содалық сулар көп кездеседі. Сарыағаш жерінің зерттелген минералды су көздері негізінде »Сарыағаш» курорты жұмыс істеуде. Судың құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонаттар, натрий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және әр түрлі микроэлементтер бар екені анықталған. Судың температурасы 49 — 53°С, тәуліктік шығымы 5 млн.тәулік.

Бөгендері мен тоғандары. Облыста 27 бөген мен тоған бар. Шағын бөгендер мен тоғандар Түркістан ауданында көп кездеседі. Облыстағы суқоймалар 1927 — 92 жылдар аралығында салынып, іске қосылған. Олардың ең үлкені — Шардара бөгені 1965 жылы іске қосылған. Ол Сырдария өзенінің алабында орналасқан, көлемі 5200 млн. м- ұзындығы 6000 м, терендігі 28,2 м.

Көлемі және халық шаруашьшығындағы маңызы жағынан екінші орында тұрған Бөген суқоймасы 1967 жылы іске қосылған. Арыс өзенінің алабында орналасқан, көлемі 370 млн. м\ ұзындығы 5400 м.

 

Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын алъпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырактарға жалғасып, терістік және терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сүрқұба, ескі аллювиалды ойыс жазықтарды тақыр және тақыр түстес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. ҚР Ғылым академиясының О.Оспанов атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардын комбинациялары кездесетіндігі анықталды. Жалпы облыс жерінің топырағы екі топқа бөлінеді: 1. Тау топырақтары. 2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тау боктеріндегі, т.б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары.

     Таулы аймақтар облыстың біраз жерін алып жатыр. Осы таулы аймақтың бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге жақындайтындықтан топырақ климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын алады яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп ауа райы суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіңдегі шөлді-дала белдеуінен (теңіз деңгейінен 250 —350 м) таудың биік 3500 — 4000 м деңгейіне дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырақ өсімдік жамылғылары да  жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Былайша айтқанда, табиғаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын сонау терістік тундрадан оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін мыңдаған шақырым қажет болса облыс аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шындарына дейінгі 3 — 4 шақырым қашықтықтағы биіктікте көпшілік белдемдердің кездесуі ғажап дүние, табиғаттың осындай ерекшелігін түсіне білген ғалым, Орта Азия университетінің профессоры А.Л. Бродский 1920 жылдардың басында осы аймақга Мемлекеттік қорық ұйымдастыру мәселесін алға қойған. Бұл ұсыныс сол кезде Мәскеуде Орталық органдарда қызметке араласа бастаған Т.Рысқұловтан қолдау тауып, 1926 жылы Қазақстанда алғаш Аксу — Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. Сонымен осы таулы белдеуде таудың шалғындыдалалы альпілік, субальпілік, таулыдалалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалғанды  роморфты субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі. Бұл топырақтар 132 мың гектарды, яғни облыс жерінің 1,1 пайызын алып жатыр. Орта таулы аумақтарда таулы орманды, таулы-бұталы белдеулерде күнгірт қоңыр, таудың ашық қоңыр, сұр қоңыр топырақтары 575 мың гектар, облыс жерінің  4,7 пайызы болады. Ал аласа таулар мен оларға жалғас етектерінде таудың сүр топырақтары түзілген. Олардың көлемі 186,8 мың гектар, облыс жерінің 1,7 пайызы. Сонымен жалпы таулы аймақтағы топырақтар көлемі 894,8 мың гектар жерді алып жатыр, ол облыс жерінің 7,5 пайызы.

     Таулы аймактарға қарағанда бұл топырақтардың түрлері мол. Бұл топтағы топырақтар ішінде осы аймақтарға тән зоналық топырақтар кездеседі. Тау етектерінің биіктеу жазықтарының қара коңыр, қоңыр және сұр қоңыр топырақтарының көлемі 78,4 мың гектар, облыс жерінің 6,6 пайызы. Тау етектерінің орталық бөлігіндегі жазықтарының оңтүстік және терістік сүр топырақтарының көлемі 1021,4 мың гектар, облыс жерінің 8,4 пайызы. Тау етегіндегі төменгі жазықтардың оңтүстік және терістік ашық сүр топырақтары, көне аллювиалды жазықтар мен биік өзендер террасаларының шалғынды-сүр топырақтары, биік шөл жазықтарының сүр құба топырақтары 2390,7 мын гектар — 19.5 пайызы, оның ішінде біршама ойпатты жерлерде тақырлар мен тақыр түстес топырақтар және шалғынды. шағынды-батпақты топырақтар кездеседі. Біраз жерлерді белдемаралық топырақтар жатыр. Оның ішінде сұр топырақ белдемдегі сортан топырақтар көлемі 193.Д мын гектар, облыс жерінің 1,6 пайызы: ел зонасындағы сортаң топырақтар, көлемі 539.7 мың гектар — 4.5 пайыз, ал екі белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 45.3 мын гектар — 3,8 пайыз. Өзен  бойларының топырақтары 300,9 мын гектар — 2,7 пайыз, сұр топырақтар белде міндегі құмды топырақтар 1047,1 мың гектар — 9,5 пайыз болса, шөл белдеміндегі құмды топырақты жерлер 2486,1 мың гектар — 20,6 пайыз. Сонымен жалпы екінші топтағы, яғни облыстың жазық аумактарындағы топырақтар көлемі 11108,7 гектар жерді қамтып, облыс жерінің 91,5 пайызын алып жатыр. Облыстың біршама жерлерін топырақ емес құрылымдар: биік таудағы мәнгі қарлар мен тұздар, қатты тау жыныстары, көп мен өзендер алып жатыр. Олардың жалпы көлемі 150 мын гектардай — 1,2 пайыз. Ал бұл топырақтар орналасу жағдайларына, табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуіне немесе қолдан суару мүмкіншілігіне қарай ауыл шаруашылығының салаларына пайдаланылады. Мысалы таудың биік альпілік, субальпілік белдеулері малдың жазғы жайлауы болса, орта және аласа таулы белдеулерде жер бедерлерінің ыңғайына қарай жайылым, шабындық жеміс ағаштар, тағы басқа дақылдар өсіруге болады. Ал аласа таулы аумақтардың етектеріндегі ылғал жеткілікті болғандықтан бұл белдеулер тәлімі (богара) егістерге пайдаланылады. Таулардың төменгі етектеріндегі жазықтарда ылғал жеткіліксіз, негізінен суармалы егістіктер үшін ыңғайлы. Бұл аймақтарда су көздері жеткілікті болған жағдайларда мақта дақылы, бау-бақша жемістері, көкөніс, матазығындық шөптер, т.б. өсірідеді. Ал өзен бойларындағы көне атлювиавды шөл белдеміндегі жазықтарда жоғарыда аталған дақылдарға қоса күріш етіледі. Жашы облыс көлеміндегі жартылай шөл, шөлді алқаптар негізінен жайылым ретінде пайдаланылады./5/

Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратау мен Батыс Тәңіртауда кең тараған.  Ал шөллі жазықтарда, тұзды сортанды жерлерде, өзен анғарларында қалың шеңгел кездеседі. Тауларда өз алдына калын болып шие, ұшқат, тобылғы, итмұрын, зірік, куриль шайы, ырғай, қара арша, тобылғы гүл мен қылшалар кездеседі.

Фриганоидтар немесе таулықыраттық ксерофиттер Қазақстанда тек қана онтүстікте мейлінше толық кездесетін тікенекті бөстек тәрізді, ксерофильді тікенекті шөптесін өсімдіктер қауымдастығы. Олар теніз денгейінен 1000 — 2700 м биіктікге таралған. Фриганоштардың айқын өкілдерінің көпшілігі реликт, әрі сирек түрлер болып табылады да, «Қызыл кітапқа» кірген. Олар — Культиасов шренкиясы, тікен жапырақ, әулие-аталық трихантемис, Қаратау лепидолофа қоғасы, таспажапырақты  лепидолофа, мыңжылдық көбен құйрығы, таусағыз және т.б.

Батыс Тәніртаудың қыраттарында теңіз денгейінен 1700 — 2400 м аралығында таулы шалғындар. одан жоғарырақ (2300 — 2800 м) субальпілік шалғындар, 2800 3500 м аралығында — криофитті альпілік шалғындар таралған. Таулы шалғындарда кең тараған түрлер — шалғындық түлкі-құйрық бидайық, кәдімгі тарғақ шөп, шалғындық атконақ шалғындық қоңырбас, т.с.с. Субалыгілік шалғындар жатаған аршалар белдемінде тараған. Шалғындык астық тұқымдастарға жататын түрлер шалғындық беде, Гельцер қалампыры, бұйра қымыздық маралоты және т.с.с. қосылады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген Қоқан моринасы мен іріжапырақты медиазия субальпілік шалғындардың құрамында. Альпілік шалғындардың тұр құрамы бөлек, олар негізінен аласа бойлы, криофитті шөптесін өсімдіктерден тұрады. Әдетте, доминант болып келетіндері — жіңішке кобрезия немесе күйген бас, доңызсырт, сарғалдақтар, тасжарғандар, көкгүлдер және т.б.

Батыс Тәніртаудың ең биік жерлерінде (3500 — 4200 м) криофитті бөстектілер мен кармаңайлык — субнивалды белдемдік топтар кездеседі. Ен жарқын өкілдері болып табылатындары — үш сала вальдгеймия, желайдар шөмішбас, аяздық семіз от және т.б.

Облыс жері өте көне мәдениет және өркениет ошағы болып табылады. Бұл әрине өсімдіктер дүниесіне тікелей әсер өткен, әсіресе Қаратаудығ күнгей беткейіндегі, Сырдарияның бойындағы қалың орман, тоғайлар сиреп қалған. Өсімдік дүниесі көптеген мәдени дақылдардың отаны болып табылады. Облыстың жер аумағы Н.Вавилов айқындап кеткен «Орта Азиялық мәдени өсімдіктер ошағының» қомақты белігі болып табылады. Ондай дақылдарға қызыл бидай, арпа, күріш, алма, өрік, жүзім және т.б. жатады. Облыстын өсімдіктер дүниесінен «Қызыл кітапқа» 176 түр енгізілген  бұл Қазақстандағы сирек өсімдіктердін 45%-ы.

Облыстын табиғи флорасы — олі де пайдалы өсімдіктердің кайнар көзі болып отыр. Мұнда жемшөптік (малазықтық), дәрілік, азык-түліктік, эфирмайлық және т.б. пайдалы өсімдіктер көп-ақ. Олардың ішіндегі дәрмене жусан, жабайы алма, жабайы өрік, алша, тау пісте, жабайы жүзім сияқты түрлердің табиғи популяциялары ғаламдық маңызды генофонд деп танылып отыр./6/

    Жануарлары. Облыстың кеңбайтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуықтүрлері кездеседі. Ал балықтардың 8 түрі. қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240-тан астам түрі, сүткоректілердің 8 отрядына жататын 50-ден астам түрлері мекендейді.

Жоғарыда айтылғандай, күстардың 128 түрі облыс жерінде үялайды, ал 38 түрі тұрақты мекендейді, 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде кездеседі.

Балыктар класы бойынша оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар, сазан, майшабақ, табан балық жылан балық, үкішабақ сияқты сирек түрлері кездеседі. Қосмекенділер класы бойынша шөлді-далалы жерлерде құрбақа, сулы жерлерінде жасылкөл балықтары кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800 м биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. Құрбақалар «Қызыл кітапқа» енген. Жорғалаушылардың 9-ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ сығыркөз, сүр кесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке. Жыландардың 6 түрі кездеседі: оның ішінде оқжылан, карашұбар жылан, далалық сұржылан, жолақты шұбар жылан — улы жыландарға; қалқанбас шұбар жылан, сарыбас жылан, сарықарын жылан улы емес түрлеріне жатады. Сарлан, оқ жылан, төрт жолақты шұбар жылан, сарықыран шұбар жыландар «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Мұнда құстардың 240-тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Қазақстан «Қызыл кітабына» енгізілген. Олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт, жылан жегіш, ителті, лашын, ақ дегелек, кіші құған, жамансары сияқты жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүт қоректілердің 8 отрядына жататын 50-ден аса түрлері мекендейді. Көпшшігінің кәсіптік мәні бар, 1996 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелгендері де кездеседі. Кеміруші отрядынан «Қызыл кітапқа» енген көк суыр Батыс Тянь-Шань тау жотасында шағын аймақта тараған. Жұптұяқты сүткоректілер отрядының күйіс қайырмайтындар тобынан жабайы шошқаны таулы беткейлерден «Қызыл кітапқа» енген күйіс қайыратын арқар, тау ешкі, елік және маралдарды жоғары ендіктер мен бұталы ағашты алқаптардан кездестіруге болады. Казіргі таңда аркар, марал, еліктердің саның сақтап қалу және көбейту мақсатында трансплантациялау әдісін (қолдан ұрықтандыру) пайдалану жұмыстары жүргізілуде.

Жыртқыштар отрядынан Батыс Тянь-Шаньдық қоңыр аюдың 60 — 70-ке жуығы мекендейді. Бұл аю Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысық тұқымдастары мен қар барысы — ілбістін шамамен 10—15 жұбы мекендейді. Ілбіс халықаралық табиғатты қорғау орталығының «Қазақстан Қызыл кітабына» тіркелген. Түркістан өпеусінін де, бұталы, ағашты атқаптардан сусар тұқымдастарынан күзен мен борсықты да кездестіруге болады.

Далалы, шөлді жерлерде қарсақ шие-бөрі, қасқыр, түлкі, т.б. андардың саны артуда атады. «Бұрыңғы Мырғалымсан» (Кеңтау), Ашысан өңірінен түсті метал шығады, ол  Шымкент қорғасын зауытына тасымалдап ол өнімдерден қорғасын өнімін және кездейсоқ бөлек үсті металдардың түрлерін алады. Қаратау өнірінен Созақ ауданйныа территориясынан Сайрам ауданынан және Отырар ауданындағы Қызылкұм шөлінен уран рудасы өдіріледі,

Туркістаннан гипс, Ақтастан қабыршақтар құрылыс материалдары өндіріледі. Сазтөбеде  түсті әк, цемент өнімдері өндірілгеді. Ленгірден қоңыр көмір, Дарбаза мен Жылғадан саз балшық өнімдері шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ ЖӘНЕ ЛАНДШАФТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

        Ландшфат  қорғаудың  ең  жоғарғы  формасы  қорықтар   ұйымдастру.  Бүкіл  дүние  жүзілік   тәжиербиелерге  сүиенсек  жер  шарының  жекелеген   елдерінде  қорық   ұиымдастру  19 ғ басқы  кездерінен  бастап  жүзеге  аса  бастады.  Халық  санының  өсуне  байланысты    барлық  табиғи  бірлестіктердің  бөліктерін  бастапқы  күиінде  сақтап  қалу  дың  маңызы  артып  отыр.    Мұнда  жүзеге  асырудың   екі  дұрыс  жолы  қорықтар  мен  ұлттық  парктерді  ұиымдастру  болып  табылады. Негізнен  ландшфаттарды   қорғау  дың 10  категориясы  бар: қорықтар,қорыққорлары,  биосфералыққорықтар,   микроқорықтар, табиғи  обьектлері  және  көп  мақстатты  қорғауға  алынған  жерлер.   Қазіргі  кезде    қорықтың  териториясы  жер  шарының  шамамен  1,6- 2%  ын құраиды.  Ол  Қазақстан  Республикасын   б/ша  10  мемлекеттік  қорық,  8  ұлттық  парк,  66 дан  астам  қорыққорлар  бар  әрине  біздің  аумақтың    көлеміне  шатқамда  қорғалатын  жерлер  барлық  жердің  3%  ін  қамтиды  мұның  өзі  табиғат  қорғау  проблемасы  ның  өз  шешімін  таппай  отыр  ғанын  көрсеисе  керек.   Дегенімен  республикамызда  қорықтар  ұиымдастру  соңғы  жылдары    қолға  алына  бастады     мәселен  соңғы  жылдары  Батыс  Алтаи  мен  Ала  көл  қорығының  ұиымдаструды  Алтынемен,  Орда  басы,  Қарқаралы,  Іле  алатауы  ұлтық  парктерінің  құрылуы  осының  аиғағы  болса  керек.  Егемен Қазақстан   жері  жақын  жылдары  Қаратау,  Бетпақдала,  кент,  қапланқыр  Балқаш  Ереилентау  Торғай  т.б.  көптеген  қорықтар  мен  ұлттық  паріктердің  отанына  аймалары  сөзсіз.

    Қазақстан  жері  жасыл  өсімдіктер  әлемімен  жабайы  жануарлар  дүниесі  өкілдеріне  бай  өлке  өздеріңізге  белгілі,  олардың  арасында  туған  өлке  топырағына  ғана  тән  хайуанаттар  мен  өсімдіктердің  эмдемикалық  түрлері  мен  қатар,  сонау,  муздану  дәуірінен  бері  бізге  жеткен  реликт  және  толып  жатқан  себептерге  байланысты  азайып  кеткен  түрлері  аз  емес.  Айтамыз  жайылып  кетуі  қаупы  бар  және  сиреп  кеткендер  тізіміне  хайуанаттардың  87түрі  өсімдіктердің  306 түрі  ілікен  екен  қайткен  күнде  де  олардың  жеріміздің  ғайып  болып  кетуіне  жағдай  жасау  мол  міндеттер  жүктеиді .   Қазақстанда  жүзден  астам  ерекше  қорғалатын   аймақ 17 млн  гектар  жерді  алып  жатыр  оның  ішінде  10  мемлекеттік  қорық,  8  ұлттық  табиғи  саябақ  26  табиғи  ескерткіш  3  ботаникалық  бақ  бен  табиғи  аумақтар  бар  аталған  аумақтарды  қоғауға  жыл  саиын  бюджеттен  2 млт  теңгеге  жуық   ақша  бөлінді.  Бөлінген  қаржы  аумақтың  құрлыс  жұмыстарына жануардың  қорегіне  жұмсалады   мң  баитақ  еліміздің  табиғи  қорлары  өзге  елдерден  кемде  емес.  Алайда  тәуелсіздікке  қолжеткізгенге  дейін  бізде  ұлттық  саябақтар  мәселесі  өз  деңгейінде  көтерілмей  келеді.  Тек  1990  жылы  киін  жабаиы  табиғатты  қорғаитын  ұиымдар құрыла  бастады.  Қәзіргі  таңда  қазақстанда  «жасылдарды  қорғау»  атты  адамдардың  экологиялық  және  табиғат  құқығын  қорғайтын  ұйымдар  жұмыс  істеиді.  Осы  1997  жылы  ҚР-ың  «ерекше  қорғалатын  тероториялары  туралы»  заңынын  «мемлекеттік  ұлттық  табиғи  бақтар»  деген  8 тарауының  39 шы  бабында  ұлттық  бақтар  туралы:  «Мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябақ —  ерекше  экологиялық  эәне  ғлыми  құнды  табиғи  және  тарихи —  мәдини  кешендер  мен  нысандарды  қайта  қалпына  келтрумен  сақтау  үшін  арнаиы  қорғалатын  табиғи  тероториялар  деиінген қазіргі   таңда  Қазақстан  да рессеилік   эколог  мамандардың  зерттеуінше  ұлттық  саябақтардың  белгісіз   күиде  қалуын   жарнаманың  жетіліуі  нен  болады   екен.  Расында  біздің  қорықтармен  табиғи  саябақтардың  кереметтігін  жарнамалап  оны  туристік  бағытта  дамту  әлі  қолға  алынбай  келеді  қазақстанда  жалпы  аумағы  2978,9  мың  гектар  жерді  алып  жатқан  табиғи  қорықтардың  23%  орманды  алқап   10,4  % ін су  қорылары  құраиды  осы  ерекше  қорғалатын   мекендерде  2108  адам  қызмет  етеді  екен.  Жалпы  табиғи  қорықтармен   ұлттық  саябақтардың  басым  билігі  Алматы  обылысында  Аламаты, Алакөл мемлекеттік  табиғи  қорықтармен  «алтын  емен»     «Іле  алатау»  мемлекеттік  ұлтық саябақтары  сондай-ақ           аталған  тереторияларды  туризмнің  түрлері  енеді  ғана  дамып    жатқан  көрінеді.   Істің   көзін  білетін  адамдарға  туризм  секілді  саиадан  түсетін   қаржыыны    қорықтар  мен   табиғи  саябақтардың  негізгі  табиғи  көзіне    айналдруға  болады.  Мысалы  келтірсек  2030 ж  келген  231,8    мың  туристерден  15млн  2015,7 мың  тенге    паида  түскен.   Демек  ұлттық  саябақтардың  мүмкіндіктерін     пайдалана  отырып    туризмді  дамытуға  толық  негіз  бар  деген  сөз./7/

    Қорыта  келгенде  қорықтар  тек  саны  азайып  жойыдып   кетуге    жақын  тұрған   хаиунаттар    мен  аса  бағалы   өсімдіктер    ғана  қамқорлыққа  алынып    қоимаи  сонымен   қатар  өлкеміздің    көрікті  табиғат    ландшфаттарын  ж/е    оларды  сол    қалпында   сақтау  үшін  қызмет  етеді.   Міне  сондықтан  да  болашақ  ұрпаққа  табиғат  баилықтарын  кемеліне  келтре    көркеиген  қалпында  табыс  ету  сіз бен  біздің  қолымызда.

 

                                  Ақсу-жабағылы  қорығы

       Талас  Алатауының  солтүстік – батыс  сілмдерін    және  оған  іргелес  жатқан  Өгем  жоталарын  қамтыған  Ақсу  жабағылы  қорығы  1926  жылдын  14  маусымында  ұиымдастрылды.  Бұл  қорықты  ұиымдаструдағы  басты  мақсат – Батыс  Тянь – Шань  тауының  өзіндік  еркшелегі  бар  табиғат ландшфаттарын,  табиғи  комплекстерінін  даму  заңдығын    жанжақты  зерттеу        үшін  сақтап   қалу  еді.    Бастапқыда  қорық  аумағының  ауданы  30  мың  гектар  шамасыда  болса,  қазіргі  оның  алып  жатқан  көлемі  74 416  гектар. 

Ақсу-Жабағылы қорығы-Батыс Тянь-Шаньның солтүстігіндегі табиғи комплекстерді қорғау және зерттеу үшін құрылған.қорық 1926 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған,еліміздегі ең ірі қорықтардың бірі.Шымкент қаласының шығысында 90 км жерде,Талас Алатауының батыс және солтүстік батыс сілемдерін алып жатыр.Атап айтсақ,Төлеби және Түлкібас

аудандарының территориясында орналасқан,көлемі 75043 га.Қорықтың

құрамына,сондай-ақ Бәйдібек  ауданының Қаратау жоталарынан 226 га жері енеді.Бұл жер негізінен қорықтан шетте орналасқан.Бұл шағын ғана жердің қорыққа енгізілуінің себебі неде?

    Қорықтың бұл шағын жері Қарабастау және Әулие деп аталынатын екі учаскіден құралады.Мұнда жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары,қаңқалары мен сүйектері,олардың тастағы таңбалары мен іздері

қалған.Шағын қорық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу орны болып саналады.Қаңқалар мен сүйектердің сақталу мерзімі ғалымдардың

дәлелдеріне қарағанда,150 млн. жылдан бұрын басталған.Бұл мерзімді юра кезеңі деп атайды.Өйткені мұндай қазбалар тұңғыш рет Францияның юра тауында табылған.

    Қорықта өсімдіктердің 1200(дәрі-дәрмектік шөптерден:сасыр, қылша, иманжапырақ, түйе жапырақ, сарыағаш, шайқурай, бәрпе; гүлді өсімдіктерден:қызғалдақ,шырыш,қараған, т.б. жемшөптік өсімдіктерден:жусан, селеу, итқонақ, көде ) түрі бар.Мұнда ағаштың 25 түрі –талас терегі, қайың, тал, шырша, өрік, алма; бұталы өсімдіктердің 65 түрі-арша, ырғай, итмұрын, долана, қарақат т.б. өседі.Батыс Тянь-Шаньның бауырынан теңіз деңгейінен  1000 метрден 4238 м биіктікте орналасуына байланысты,қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр.

     Тау алдындағы бидайықты,түрлі шөпті,бозды жусанды далада дуадақ,безгелдек,қызғылт қара торғай,қосаяқ мекендейді.Одан жоғары емдік арша орманы,субальпі және алпь, шалғыны өседі.Одан биігіректе мұздықтар мен көп жылдық қар жатады.Жануарлардың 53 түрі (елік, марал, қабан, арқар, барыс, сібір тауешкісі, ақ тырнақты аю, жайран, т.б.) кездеседі.Құстардың 238 түрі-бірқазан, қырғауыл, сары шымшық т.б. тіршілік етеді.[12]

       Арша біздің республикамызда тек осы қорықта,сондай-ақ аудан

аумағындағы таулы өңірде ғана өседі.Арша шын мәнінде «өмір ағашы»-деп

те аталады.Мысалы,1 гектер  арша алақабы бір күнде 30 кг айналаға ұшпалы фитонцидты шығарады. Фитонцид дегеніміз-өсімдіктерден бөлінетін ұшпалы зат.Ол адам,жан-жануарлар организміне  зиян клетін микробтарды жояды және олардың таралуына жол бермейді.30 кг ұшпалы фитонцид үлкен

қаланың әуе кеңістігін  микробтардан тазарта алады екен.

Ақсу-Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің  тереңдігі 500 м-ге жететін көрікті каньоны жарып өтеді.Ол каньон Төлеби ауданы бөлігінде орналасқан.Мұнда Орта Азияның тауларының табиғи күйде сақтауға және

жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға бағытталған жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Қорық-туристер мен өлкетану әуесқойларының саяхат орны.

 

Сайрам-Өгем (табиғат заказнигіне және Қасқасу шатқалы қорықтық аймағы.

«Сайрам-Өгем» табиғи ұлттық паркі  Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы  №52 қаулысымен бекітілген парк. Табиғи ұлттық парк Төлеби,Түлкібас аудандарының территориясын алып жатыр.

Табиғи ұлттық паркті құрудағы басты мақсат-Батыс Тянь-Шань өңіріндегі ерекше экологиялық және ғылыми құндылығы бар табиғи аймақтар мен  нысандарды сақтау,қалпына келтіру және оларды ел иелігіне жарату болып табылады.

       Табиғи ұлттық парк орманды-дала белдеулігінен биік таулы белдеулікке дейінгі 7 аймақты қамтиды.Мұнда өсімдіктердің 1635 түрі,аңның59 түрі,құстың 300 түрі кездеседі.Парк аумағындағы Бадам,Өгем,Қасқасу,Сайрамсу өзендерінің алабында мензбир суыры жабайы шошқа мен аю,арқар мекендейді.Сайрамсу өзенінің алқабындағы қалың арша

орманы айырықша қамқорты күтеді.

       Ұлттық парк құрамына үш аймақ-қорықтық аймақ,туристтік аймақ және

шектеулі шаруашылық аймағы кіреді.Қорықтық аймақ бұл текқана ғылыми-

зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет.Оған сырттан ешкім кіре алмайды, аң мен құс ауланбайды, шөп дәрі жиналмайды,тіпті,алма да терілмейді.Аң атылса ғылым мүддесі үшін арнайы рұқсатпен ғана атылып алынуы мүмкін.    Екінші аймаққа туристтер жіберіледі,бірақ,олар сол аймақтың ішінен белгілі

бір бағытқа тіке өтіп кететін болады. Ары-бері бұрылып,от жағуға,демалуға рұқсат жоқ. Түристтік аймақтағы бағытағы бойында уақытша шатырлар мен киіз үйлер тігіліп қойылады,тұрақты түрде жұмыс істейтін мейрамханалар,

кафелер,демалыс орындары ашылатын болады.

        Ұлттық парк құрамында бүгінгі таңда 106 қызметкер жұмыс істейді. Әрине,149 мың гектар жерге 106 маман аздық етеді.Биыл 44 миллион тенге бөлінсе,келесі жылға 200 миллион теңге бөлінеді.Бұл бізге қосымша қызметкерлер жалдауға,жаңа техника алуға мүмкіндік беріп отыр.

106 маманың 94-мемлекетік инспектор,атының өзі айтып тұрғандай үстінде арнайы киімі, қалтасында күәлігі,қолында қаруы бар инспектордың парк аумағында жүрген кез-келген адамды,көлік тоқтатуға,тексеруге, қажет болса,акт толтыруға да хақысы бар. 149 мың гектар  жердің табиғатын қорғау  осы инспекторлардың күшімен атқарылады. Әр инспекторға мың жарым  гектар шамасында аумақ бекітіліп берілген.Әрине, таулы аймақта бір адамның осыншама аумақты қамтуы қиын.Біздің басты міндетіміз-жергілікті халық арасында  үгіт-насихат  жұмыстарын жүргізу.[14]

        Парк  құрамында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі ғылыми-зерттеу институтының міндетін атқарады.Ол өз бағдарламасы бойынша да өзге ғылыми мекемелермен бірлесіп те жүргізеді.2006-2011 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстардың тақырыптары министірлікте

бекітіліп,Білім және Ғылым министірлігінде тіркелген.Оларға енді мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді.Ұлттық  парк ғылыми қызметкерлерінің негізгі  міндетері жаңалық ашу емес, қолданыстағы бар нұсқаулар мен әдістемелерді

пайдалана отырып,жаналықтарды өндіріске енгізу. Одан ары қарай дамыту.Мысалы аршаны жасанды жолмен көбейту мақсатында бұған дейін нақты еш  нәрсе жүргізілмеген.Ғылыми жұмыс- парк аумағындағы барлық өсімдіктер мен жануарға баға беру деген сөз.аз қалган фауна мен флораны

қорғау шараларын ұйымдастыру,құрып бара жатқандарын қайта қалпына

келтіру,ол үшін өсімдіктерді қолдан өсіру деген сөз.қолдан өсіру үшін өсімдіктің биологиясын толық зерттеу қажет.Кейін оны питомниктен апарып, 

өзінің табиғи өсетін өңіріне жеткізу қажет.

Аңдарды қолдан азықтандыру,көктемде тұз беруді қамтамасыз ету де аз жұмыс емес.«Қызыл кітапқа»енген аңдарды  қорғау-манызды шаруаның бірі.Оларды атып алған адам жауапқа тартылады.

     Паркты айнала 2 шақырым шеңберінде «қорғаныш аймағы»белгіленіп бекітілді. «Қорғаныш аймағы»-бұл парктың жері емес.Бірақ парк осы жердің иесімен келісім-шартқа отырады.Оларға осы 2 шақырымдық белдеуде ұлттық паркке зардабы тимейтіндей шаруашылық ісімен айналасуына рұқсат бар.Мысалы,егін егіп, мал өсіре алады.Бірақ, ауаны,суды былғайтындай өндіріс ошағын салуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

       Сайрам-Өгем тауларындағы орман негізін арша ағашы құрайды.Арша дәнінің қабығы өте қатты болып келеді де, топырақ астында бірнеше жыл жатып та өне береді.Бірақ жылына бірнеше сантиметр ғана өсетін аршаның табиғи өсіп-жетілу мерзімі ұзақ жылдарға созылады.Сондықтан,парк қызметкерлері де оны көшет түрінде егіп, көбейту ісін қолға алмақ.Ол үшін тал,терек секілді аршаның шыбығын тамырландыру қажет.Әзірге көшет өсіретін питомниктің аумағы 4-5 гектар ғана.Питомникте тек орман ағаштары ғана емес,әсемдік-декоративтік өсімдіктер де егіліп,сатылатын

болады.[14]

           Төлеби ауданының аумағынан 25 гектар жер парк құрамына берілетін болады.Өйткені,Ұлттық парк аумағында ағын су баратын соншалықты теп

тегіс жер табу қиын.Ал,питомник өз міндетін ойдағыдай атқару үшін техника қолдануға болатындай көлемді жер қажет.

Соның салдарынан тегіс жердің бәрі ауыл шаруашылығы мен  аудан

әкімдігінің  арнайы жер қорына алынған.«Парк құрылады екен» деген сөз шыққанда Өгемде 40 гектар аумақ коммуналдық шаруашылықтың құзырына өтіп кетіпті.Тіпті Үкіметтің қаулысы шыққаннан кейін де паркке

бұйырмай жалға беріліп кеткен жерлер бар…

     Ландшафтық-экологиялық аудандардағы өсімідіктерді қорғау мәселелері Әулие  және  қарабастау   палеотнологиялық  учаскілері  бар.    Осыдан   150  млн  жыл бұрын  тіршілік  еткен  жануарлар  мен  өсімдіктердің  тасқа  айналған  қалдықтар шоғырланған   Әули  сайы  Қошқар  ата  өзені    аңғарының    сол  жағалауында   типі     қылқан  жапырақты  ағаштардың  көптүрі  шоғырланған.   Әсіресе  бағалы    самырсын,   маи  қарағаидың    орны  ерекше.      Биік  таулы    тундра   2000-2200 м   биіктіке    жатыр

    Бұл  белдемде   жатаған   бұталы   өсімдіктер    альпі  мүгі,  қырық   буыны,  альпі   сүттегіні  моиыл,  тағы   басқа   өседі.   /10/

    Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1 — 1.5 мындайы — балдыр. 2,5 — 3 мындайы — санырауқұлақ, 200-ге жуығы — қына, 500-ге жуығы — мүк тәрізділер және 3 мыннан астамы — жоғары сатыдағы өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің шамамен 250 түрі тек қана облыс жерінде кездесетін эндемиктер. Қазақстанға тән 10 — 12 эндемик тұқымдастардың жетеуі осында өседі: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ жалған шандра, бочанцевия. Тобылғы гүл, канкриниелла, Онтүстіктің қазіргі флорасы ежелгі флоралардың негізінде қалыптасқан. Сол флораларлың өкілдері бүгінгі флораның құрамына реликг түрінде кездеседі.

Облыс аумағындағы өсімдіктердің таралуы, түрлері мен эндемиктердің топтасуы биологиялық экологиялық эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Облыс жерінде құрғақ субтропикалықтан (Жетісай, Сарыағаш) бастап мұздықтарға (Ақсу-Жабағылы) дейінгі Солтүстік жарты шардағы барлық табиғи аймақтардың сарқыншақтары кездеседі.

Облыстың жазық бөлігі Иран-тұрандық ботаникалық-географиялық аймақтың 2 провинциясының құрамына кіреді (жоңғар-солтүстік тұрандық және оңтүстік тұрандық. Жоңғар-солтүстік тұрандыұ шелдер Созақ ауданы жерінде. Облыстың терістігіндегі Бетпақдаланың өсімдіктері алуан түрлі. Тастақ жерлерге петрофюті сериялар тән болса, кейбір саз балшықты топырақтарда шөлдік фитоценоздар кең тараған. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар — сұр жусан. бұйырғын қара баялып тасбұйырғын, көкпек, сонымен қатар тұран жусаны мен майкара жусан, күйреуін, қара сексеуіл және т.б. Оңтүстігінде Бетпақдала Шу өзенінің жарқабақты алабымен шектеседі. Бұл жазықта аса тұзды-гипергалофитті шөлдер мен сорлар көп кездеседі. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар — жалмаюсұлақ, жапырақты сорканбақ төбесораң, қызыл соран, сарса-заң сонымен қатар жынғыл мен көрмектің түрлері де кең тараған. Шу өзенінің сол жағалауында тек өзіне тән өсімдіктері бар Мойынқұм жатыр. Мұндағы негізгі доминанттар — жүзгіндер, қоян сүйек, ақ сексеуіл, қысқа мүйізді астрагал, теріскен, мал жайылатын құмдарда жусаннын түрлері, ебелек пен изен өседі.

Онтүстік тұрандық шөлдер Қаратаудың күнгей беті мен Батыс Тәңіртау аралығындағы Түркістан ауданынан Сарыағаш ауданына дейінгі кеңістікті алып жатыр. Бұл шөлдерді үлкен 3 топқа бөлуге болады: жазықтық, тау етегі мен бөктерлеріне тән адырлық шөлдер мен тықыр шөпті эфемерлі эферероидты жартылай саванналар, сонымен қатар өзен анғарларына тән өсімдіктер. Жазыктық шөлдерге Қызылқұм жатады. Мұндағы негізгі эдификаторлар (өсімдік жамылғысындағы басым түрлер) — ақ сексеуіл, рай басты жусан, жоңғарлық жусан, түк жемісті мавзолея және бірқатар эфемероидтар. Адырлық шөлдерде эфемерлер мен эфемероидтар, астық тұқымдастар болады. Бұл шөлдерге тән негізгі өсімдіктер толық қияқ өлең, қаудың түрлері және қызғалдақ мерендера, шырын, шикылдақ, шөлмасақ фломис, көбен құйрық сияқты эфемероидты шөптесін өсімдіктер. Олардың ішіндегі ерекшесі — Ақдала жазығындағы дәрмене жусаны. 100 шаршы метр жерде 18 — 20 түрі кездеседі. Тықыр шөпті жартылай саванналар немесе эфемеретум едәуір жерді алып жатыр. Өсімдік жамылғысының негізін қалайтындар жуашықты қоңырбас, қоңырөлен мен раң, олармен қатар кездесетіндері — бозшағыл. салалы карашағыр бессаусақ сор ажырық түкті бидайық және  жаман арпа. Мамыр айының екінші жартысында эфемероидтар толысады да жаздың ортасында күйіп кетіп топырақ жаланаштанып қалады./11/

Өзен аңғарларына тән өсімдіктер тұқымдастығын шалғындық және тоғайлық экологиялық қатарлар түзеді. Сарысу мен Шудың төменгі ағысында қалың тоғай жоқ. Бұл жерлерде — жынғыл қамыс, шеңгел мен ажырық өседі. Кейбір тұзды жерлерде қарабарақ, төбесораң, сарсазан кең тараған. Қалын тоғай Сырдарияның анғарында көп. Судың жағалауы торанғыл талдар, жиде, итмұрын тұнып тұрған ну тоғай. Ағаштардың бұтағында шырмалған лианалар — шығыстық жібілген, шырмауық бар. Тоғайдың шетінде ірі астык тұқымдастар — қамыс, баттауық және кендір, жантақ және қызыл мия қалың өскен. Облыстағы таулар Батыс Тәніртау мен Қаратау жүйелеріне жатады. Таулық жер бедерлерінің өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мыналар:

  • әр түрлі шөптесін — ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна;
  • ксерофильді сирек ормандар мен бұташіліктер (бадалдар);
  • жапырақты жемісті орманлар:
  • су бойындағы бұталар мен ормандар (тоғайлар);
  • арша ормандары мен сирек ормандар:
  • таулық балалар;
  • бұта-шідіктер — розарийлер, тобылғы және шиешіліктер;
  • тікенекті қатты шөпттер мен бұталардан тұратын фриганоидтар;
  • әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулық шалғындар, т.б.

Бұл экожүйелердің көпшілігі жазык жерлерде кездеспейді.

Таулық әр түрлі шөптесін — ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна теніз деңгейінен 600 м-ден жоғарыда кездеседі. Шөптердің биіктігі 1 м-ден асады. Фитоценоздардың доминанттық негізін түкті бидайық, жаман арпа, бозшағыл және кәдімгі тарғақшөп, қызыл от, бидайық сияқты шалғындық астык-тұқымдастар құрайды. Өсімдік жамылғысының жоғарғы деңгейін әдетте сасырдың түрлері, штубендорфия, жүрек жапырақты рауғаш, жалаң гүлді айдаршөп, андыз, шырыштың түрлері түзеді. Екінші деңгейді түзетіндер — жұпаргүл, астрагалдар, самаркандық салаубас, өлмесшөп, көбенқұйрықтың түрлері және т.б. Төменгі денгейдің түр құрамы эфемеретумге ұқсас. Бұл өсімдік тұқымдастарына — итмұрындар, тәңіртаулық ұшқат, алмұрт жапырақты түйесіңір, шиелер жатады. Бұл тұқымдастың түрі өте көп — 100 шаршы метр жерде 50-ден асады. Субальпілік белдемде (2000 м-ден жоғарыда) — жіңішке сасыр, кәдімгі тарғақдөп, қызыл-от, андыз, таран, рауғаш, итмұрын, шие және бадам кездеседі.

Ксерофильді сирек ормандар мен бұталар (бадалдар) Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың аласа бөктерлерінде (Машат, Дәубаба, Боралдайтау, Қазығұрт) шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең сайлар мен адам аяғы баспаған, өзіндік микроклиматы бар жерлерде сақталған. Негізгі формация — Сары долананың сирек ормандары. Өз алдына жеке бірлестік түзетін тағы бір түрі — тау пісте. Бадалдың ең ксерофильді нұсқасы — тікенді бадам топтары. Бұдан басқа Түркістан доланасы, регель алмұрты, семенов үйенкісі, ұшқаттар, итмұрындар, шиелер, парсы шетені немесе қызыл қайың, гультемия, қылша кездеседі. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгендері де бар, олар — жабайы алма, жабайы өрік, жабайы жүзім, Шренк тобылғы гүлі, темірағаш, Кавказ таудағаны немесе көтреңкі. Бадалдың флористикалық қанықтығы (тұр құрамының байлығы) 100 шаршы метрде 75 түрі кездеседі. Шөптесін өсімдіктерінің құрамында жартылай саваннамен ортақ түрлер көп. Осы екі өсімдіктер қауымдастығы түрлерінен «Қызыл кітапка» енгені — Регель рафидофитоны, марскеуек немесе лепидолофалар, піскем жуасы, грейг қызғалдағы, көкшіл цикылдақ ақ, жолақты сасыр.

Жапырақты жеміс ормандары әдетте беткейлерде, сайлар мен жыралардың табанындағы сулы немесе құрғақ арналарда өседі. Негізгі орман түзуші түрлер — түркістан доланасы мен жабайы алма. Олармен бірге өрік, жоңғар доланасы, сары долана, семенов үйеңкісі, жабайыланған қара тұт, жаңғақ және алша кездеседі.

Су бойындағы бұталар мен ормандар (тоғайлар) Қаратау мен Батыс Тәніртаудың сайжыраларында ағып жатқан үлкенді-кішілі өзен-сулардың бойында болады. Ен алдымен бұл таңшіліктер: ак тая, кирилов талы, блек талы, іле талы, сонымен қатар талас терегінің ормандары. Тау өзендерінің бойында бірқатар сирек, реликт түрлер кездеседі. Боралдай, Ақсу. Дәубаба өзендерінің бойында соғды шағанынын ормандары, ал Қаратау мен Машат тауларынын кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған. Батыс Тәңіртаудағы өзендер аңғарында Тянь-Шань қайыңы мен талас қайыңының ормандары кездеседі./12/

Арша ормандары мен сирек ормандардың үш түрі бар: қызыл арша немесе зеравшан аршасы, сауыр арша және кдра арша немесе Түркістан аршасы. Кең тарағаны — қызыл арша, ол 1200 — 2000 м биіктікке дейінгі белдемде  тараған. Қаратау мен  Машаттағы кішкене «арша аралдары» бұл түрдің бұрын кең тарағанын көрсетеді. Сауыр арша теңіз деңгейінен 1600 — 2500 м биіктіктегі белдемде, ғы Қара арша 1700 — 3000 м биіктікте тараған.

Таулық далалар Кдратау мен Батыс Тәңіртаудың көптеген белдемдерінде кең тараған. Негізгі фитоценоз түзушілер — қау мен боз және бетеге. Еркекшөптің түрлері де елеулі рөл атқарады. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген сайын бетегелі-бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі.

Қаратаудың далалық формациялары құрамы мен құрылымындағы өзіндік ерекшелік жартылай саванналық фриганойты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың — тобылғы, бал қарағаны, тобылғы гүлдің болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

     Геоэкологиянның  дамуы  география  мен  экологияның  ғылыми  тәжірибелік  жетістіктері  мен  мүмкіндіктеріне  байланысты.Болашақта  экологиялық  дамуы  біріңғай  қоғам  мен  табиғат  қарым –қатынастарын  шешумен  байланысты  болды.

     Мұнда  оның  үлесіне  адам  өмір  сүретін  ортаның  біріңғай  жағдайының  кеңістік уақыттық  заңдылықтарын  глобальдық  және  региондық  деңгейдегі  жүйелер  шегінде  тану  тиеді.

     Осы  ғылыми  пәннің  теориялық  және  қолданбалы  негіздерін  тереңдетіп  жасаудымақсат  етіп  қойған  геоэкологиялық  зерттеулердің  негізгі  даму  бағыттарын  атап  өтейік

-Қоғам мен  табиғат  қарым-қатынасы  мәселесін  зерттеу  саласындағы  болашағы  бар  ғылыми  бағыт  ретіндегі  геоэкологияны  теоретикалық  негіздеу:зерттеу  обьектісі  мен  пәнін  нақтылау;негізгі  геологиялық  ұғымдар  мен  терминдерді  қалыптастыру  және  унификациялау.

-Географиялық  жүйелер  компоненттерінің  «тізбекті»байланыстары  туралы  түсініктерді  дамыту :техногенез  процесі  нәтижесінде  геожүйелерді  болатын  эволюция  заңдылықтарын  анықтау

— Әртүрлі  уақыт  аралығындағы  қоршаған  ортаға  әсер  ететін  антропогендік  ықпал  салдарын  бағалау  критерийлерін  нақтылау;геоэкологиялық  болжам  қағидалары  мен  әдістерін  жасау  және  унификациялау

— Адамдардың  өндірістік  қызметінің  жекеленген  түрлері  мен  олардың  табиғи- техникалық  жүйелер  түріндегі  бірлестіктердің  табиғи  ортаға ықпалын  ескере  отырып , геоэкологиялық  шараларды  жүйелендіру; антропогендік  геологиялық  жүйелерге  ықпалын  интегралдық  критерийлерін  жасау.

-әртүрлі  өндірістік  және  ауылшаруашылық  өнеркәсіп  түрлерінің  рангтағы  геожүйелер  құрылымына-зоналарға , провинцияларға , аудандарға(ландшафтар)ықпалының  масштабы  мен  интенсивтілігін  зерттеу;антропогендік  ықпал  көздері  мен  табиғи  ортаның  өзгерістері  арасындағы  функционалдық  тәуелділікті  анықтау

-Қоршаған  ортаның  экологиялық  дестаблизациясын  сипаттайтын  критерийлерді  унификациялау;антропогенезге  байланысты  эколоргиялық  бұзылған  орта  табиғи  ортаның  экологиялық  тұрақтылығы  және  деструкциясы

—  Қоршаған  ортаның  қалалық  агломерациялар , табиғи  техникалық  жүйелер  шегіндегі  экологиялық  тұрақтылығы  бойынша  шаралар  жобалары  мен  кешенді  схемалар  құрылымдарын  жасау.

— Қоршаған  ортаның  экологиялық  дестаблизациясы  салдары  экономикалық  бағалауға  қатысты  критерийлер  мен  әдістемелік  бағыттарды  унификациялау.

—   Табиғи –антропогендік  жүйелерді  зерттеудің  геоэкологиялық  әдістерін  жасау және  нақтылау.

—   Экологиялық   дестаблизацияланған  геожүйелер  жағдайында  адамзат  қоғамы  тіршілігі  мен  табиғи  орта  сапасының  экологиялық  нормативтігін  нақтылау.

—      Қоршаған  ортаның  экологиялық  дестаблизациясы  мен  деструкциясының  адам  үшін  медициналық –биологиялық  салдарларын  зерттеу;адамдардың  денсаулық  жағдайын  антропогенез  ықпалының  салдарларын  болжау.

-Табиғи антропогендік  геожүйелерді  геоэкологиялық  картографиялау  қағидаларын  нақтылау  және  жасау.

— Әртүрлі  масштабтағы  геоэкологиялық  аудандастыру  қағидалары  мен  әдістерін  жасау

—  Аталған  ғылыми  мәселелер  шегінде  тұрғындарды  экологиялық  оқыту  және  тәрбиелеу  маңызды  болып  табылады.

                Республикамыздың  табиғатын  қорғау  аясында  қоршаған  ортаны  деградация  мен  ластанудан  қорғауға  бағытталған  күрделі  және  ғылыми –техникалық  мәселелерді  шешу  қажет.Адамзат   алдында  тұрған  глобальды  экологиялық  мәселелердің  басым  бөлігі  Қазақстан  территориясында  да  көрініс  табуда.Олар  тек  әлемнің  дамыған  елдері  ғалымдарын  біріктіретін  көптеген  ғылыми  ұғымдардың  зерттеулері  генізінде  ғана  шешілуі  мүмкін.Негізгі  глобальды  экологиялық  мәселелер  тізімін  Қазақстан  табиғатын  қорғау  аясындағы  ғылыми  зерттеулердің  басты  бағыттары  сипаттайды.  

Табиғат  бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  — бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады./14/

  Жоғарыда  аталған  мәселелерге  байланысты   адамды  қоршаған  ортаны  қорғау   және  табиғатты  қорғау  жайлы  пікірлер  туындады.

 Адамды  қоршаған  орта  адамға  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  табиғи , табиғи – антропогендік  және  антропогендік  обьектілер , құбылыстар  мен  процестердің  жиынтығын  қамтиды, адам  олармен  өз іс  әрекетін  жүзеге  асыру  процесінде  өзара  қарым –қатынасқа   түседі. Бұл  ұғымға  адамдар  өмірінің  қамсыздандырылуы   мен  өнім  өндіру   әрекетінің  аясы  кіреді.

    Қоршаған  ортаның   тұрақты  жағдайы  қамтамасыз  ету ,  оны  антропогендік  әрекеттің   жағымсыз  ықпалдарынан  қорғау  табиғатты  қорғаудың  маңызды  міндеті  болып  табылады.

     Табиғатты  қорғау  бұл  адам  әрекеті  мен  қоршаған  табиғи   ортаның  өзара  әрекетін  қолдауға  бағытталған , табиғи  ресурстардың  сақталуы  мен  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ететін , қоғам  қызметінің   нәтижесінің  табиғат пен  адам   денсаулығына  тікелей  және  жанама  әсерін ескертетін  шаралар  жүйесі.

    Қазіргі  кезеңде қоршаған ортаның  жағдайына  екі  түрлі  факторлар  тобы   шешуші  түрде  ықпал  етеді. Олардың   біріншісі  ғылыми-техникалық  революцияны  және  оның  негізінің  адамзат  қоғамының  өндірістік  қызметі  алғысындағы  көрінісін  қамтиды. Екіншісі  демографиялық  аспектілерді  қарастырады  және  жер  бетіндегі  тұрғындар  санының  көбеюі  мен  урбанизацияны  ( қала  тұрғындары санының  өсуі)  қамтиды. Бұл  факторлар  бірге  алғанда   өндіргіш  күштердің даму  қарқынына  тікелей  ықпал  жасайды, ол,  өз  кезегінде, табиғи  ресурстардың  интенсивті  түрде  азаюына  және  онымен  байланысты  қоршаған  ортаның  ластануына  әкеліп  соғады

Қоршаған  ортаны  қорғау  негізгі  факторларының  схемасы

 

   Геожүйелердің  экологиялық  тұрақтылығының  бұзылуы  адамның  өмірлік   қажеттіліктері  мен  өндірістік  технологиялардың  мүмкіндіктері  арасындағы  динамикалық  тепе-теңдіктің  өзгеріске  ұшырауының  нәтижесі  болып  табылады. Қоғам  мен  табиғат  арасындағы  қарым-қатынас  негізіндегі  біртұтас  жүйеге  келтірілген  табиғатты  регионалды  пайдалану   ережелері  мен   қағидалары  жатуы  тиіс. Олар  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  табиғи  ресурстардың  әртүрлерін  мақсатқа  сай  пайдалануға  бағытталған  ғылыми-тәжірибелік  ережелердің  жиынтығын  білдіреді.

   Табиғи  ресурстар     бұл  адамдарға  адамзат  қоғамының  өмір  сүруі  мен  тіршілігі  үшін   қажетті  табиғи  денелер  мен   табиғат  құбылыс тары.

    Басқаша  айтсақ, табиғи  ресурстар   дегеніміз   өндіргіш   күштердің  даму  деңгейіне  сәйкес  өндіру  және  тұтыну  құралдары  ретінде  пайдаланатын  табиғи  компоненттер, табиғи  ресурстардың  классификациясы  оларды  олардың  таусылуы  және  қалпына  келтірілуіе  сипаттайтын  көрсеткіштер  мен  белгілер  тобы  бойынша  бөлінуін, экономика  салаларында    пайдаланудың  шегін  білдіреді.

    Таусылатын  табиғи  ресурстар  қорлары  өндіру  әрекетінің  нәтижесінде  таусылуы  мүмкін  табиғи  ресурстар  түрлерін  қамтиды. 

Таусылатын табиғи  ресурстар үш  түрге  бөлінеді:

1)Қалпына  келтірілмейтін   жердегі  ұзақ  эволюция  процесінің  нәтижесінде  қалыптасқан  рудалы  және  рудалы  емес   пайдалы  қазбалар, минералды  шикізат  ресурстары

2)Салыстырмалы  түрде  қалпына  келтірілетін – қалпына  келуі  үшін  ұзақ  уақыт аралығы  қажет  ресурастар: оларға  сондай –ақ  жойылып  бара  жатқан   жануарлар мен өсімдіктер  популяцияларын  қалпына  келтірудің  шектеулі  мүмкіндіктері  кіреді  

3)Қалпына  келтірілетін  ресурстарға  тірі  табиғат  элементтері, өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемі, минералдық  шикізаттың  жекелеген  түрлері  кіреді

Таусылмайтын  ресурстар   жерге  қатысты  алғанда  сыртқы  болып  есептелетін  табиғи процестермен   байланысты  табиғи  ресурстар

түрлерін  қамтиды.

    Таусылмайтын  ресурстар  үш  түрге бөлінеді:

  • Климаттық  ресурстар —  жер  мен  күннің  өзара   қарым – қатынасына  байланысты: күннің  энергиясы, жел  энергиясы, атмосфералық  ауа.
  • Су ресурстары – дүниежүзілік  мұхит  сулары
  • Космостық ресурстар – жердегі  тау  жыныстары, космостық  сәулелер  мен  метеоиттер  энергиясын  қамтиды

         Табиғи  ресурстарды  пайдалану  процесінде  олардың  көпшілігі  ресурстық  цикл  деп  аталатын күрделі  айналымға  түседі. Ресурстық  цикл  дегеніміз  белгілі  бір  заттардың   немесе  заттар топтарының  өзгеруі  мен  оларды  адам  пайдалануының   барлық  кезеңінде  өтетін  кеңістікте  орын  ауыстыруы. Қолданбалы  экология  әдістемесінде  ресурстық  цикл  концепциясы  маңызды  болып  табылады. Ол  неғұрлым  толық ( қалдығы  аз)  өнеркәсіптік  өндірісті  және  осы  кезде  пайда  болатын   қалдықтарды  қайтадан   пайдалануға  тартуды  білдреді. ( мысалы  техникалық  суды   өнеркәсіпті  кәсіпорында  бірінші  рет   пайдалану).Жабық  өндірістік  цикл  дегеніміз  өндірістік  қалдықсыз   немесе  қалдығы  аз  түріне  ұмтылу.

     Өндіріс  қалдықтарын   қысқарту, табиғи  ресурстарды  үнемді  пайдалану  табиғатты   регионалды  пайдалану  стратегиясын  іс  жүзіне  асыру  процесінде  жүзеге  асырылады.  /15/

   Адамзат  қоғамының  минералды – шикізат  ресурстарын  пайдаланбай  өмір  сүруі  мүмкін  емес. Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

    Қазақстан – жердегі  минералды – шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

    Мұнай  мен  табиғи  газ   қорлар  бойынша  республика  әлемі  елдерінің  бірінші  ондығына  кіреді, мұнда  тас  және  қоңыр  көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б. табылған.

    Аталған  пайдалы  қазбалардың  түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу  және  байыту  процесінде  литосфера  мен  тұтас  қоршаған  орта  жағдайына  неғұрлым  мұнай, табиғи  газ  концентраттарын  өндіру  ықпал  етеді.

Республикамызда  197 мұнай  және  газ кен   орындары, олардың  ішінде 102  мұнай, 29  газ  конденсаты, 30 мұнай –газ  конденсаты, 6  мұнай –газ,   11 газ  конденсаты  және  12  газ  кен  орындары  ашылған. Мұнайдың  ашылған  кен  қорлары  3млрд. тоннасы, ал  газдың  анықталған  қорлары 

3 трлн. Текше  метрді  құрайды. Негізгі  мұнай  мен  газды  өндіру  Батыс Қазақстанда  жүзеге  асырылады. Онда  мұнайдың  90,4% және  газ  конденсатының  100% өндіріледі. Бұл регион  Қазақстан   территориясындағы  неғұрлым  ластанған   және  экологиялық  жағдайы  нашар  аудандар қатарына  жатады. Тау – кен  өндіру  өнеркәсәбәнің  мұнай  өндірі  саласы  жеке  тұрғыдыан алғанда  да басымдық  маңызға  ие  ( 2030 жылға  қарай  мұнай  өндіруді  жылына  қарай   150 млн.т – ға  дейін  жеткізу  болжамын  есепке  алғанда).( 13 сурет

Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

                         Сондай ақ темір , марганец , хром , қорғасын , мырыш мыс  рудаларын ,алтын , фосфориттер , құрылыс тастары , мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер  табиғи ортаға  жағымсыз  әсер  етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын  қорғау  жөнінде  тиімді  шараларды  қолдануды талап  етеді.

 Жер  қойнауларын  қорғау  мәселесі  литосфера  қабаттарынан  минералды шикізатты  рудалы  және  рудалы  емес  пайдалы  қазбалар  түрінде  неғұрлым  толығымен  айырып  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың  жиынтығын  қамтиды. Жер  қойнауларын  қорғау  жөніндегі  шаралар  кешені  сондай – ақ  рельеф  формасының  сақталуын,  геодинамикалық  процестердің  көрініс  табуда  жоюын  қамтиды.

 Осыған  байланысты  пайдалы  қазбалардың  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу , минералды  шикізатты  өндіру , өңдеу , және  тасымалдау  кезінде  шығынды  жан–жақты  жоюға  ұмтылу  жер  қойнауын  эксплатациялаудың  басты  қағидасы  болуға  тиіс.Бұл  шығындар  неғұрлым  аз  болған  сайын, соғұрлым  көп  пайдалы  қазбалар  болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жер  қойнауында  қала  береді                    Тау–кен  өндіру  өнеркәсібі   қоршаған  ортаға   жан–жақты  әсерін  тигізеді .бұл  рельефтің  өзгеріске  ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың  пайда  болуынан  және  тау  жыныстарының  құлауынани  көрінеді.Пайдалы  қазбаларды  өндіру  топырақ , атмосфера , су  бөгендері  мен  жерасты  суларының  сулық  режимінің  жағдаййына  әсер  етеді.Мұның  үстіне  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігінің  мән  жайлы  түбірімен өзгереді.Пайдалы  қазбалардың  кен  орындарынөңдеу  тікелей  ландшафтардың  геохмиялық  жағдайына , техногендік  аномалиялардың  пайда  болуына  әсерін  тигізеді.

   Өндіру  және  қайта  өңдеу  процесінде  пайдалы  қазбаларды  шала  алу  минералдарды–шикізат ресурстарын  эксплутациялаудағы  басты  кемшілік  болып  табылады.Технологиялық   дамымаудың  нәтижесінде  түсті  металлургияда  өндірілген  рудаларды  байыту  кезінде  алынған  шикізаттың  10-20%  ғана  пайдаланылатыны   ал80-90%  лақтырылатынымәлім  болды    Бұл  қалдықтар  химиялық  реагенттер  сіңген  тау  жыныстарының  ұсақталған  түрін  білдіреді.Концентраттарды  балқыту  процесінде  материалдың  пайызына  жуығы  шлаққа  айналады.   Байыту  фабрикаларында  өңдеу  процесінде  минералды  шикізат  көп  жұмсалады.Руданың  гегізгі  компоненттерін  айыру  кезінде  қосалқы  лақтырылып  тасталады  да ,  су  мен  жел  эрозиясы  нәтижесінде  жойылып  кетеді.Қосалқы  пайдалы  компоненттердің  жалпы  құны  көбінесе  негізгі   түрдің  құнынан  жоғарғы  болатынын  ұмытпауымыз  тиіс. Өндірістік  қалдықтарды  қайтадан  эксплутациялау  үлкен  экологиялық  және  басқа  да  қиыншылықтармен  жалғасады  және  барлық  уақытта  мүмкін  бола  бермейді.Нәтижесінде  қалпына  келтірілмейтін  табиғи  ресурстар  үлкен  шығынға  ұшырайды

      Қалдықсыз  кен  қалдығы  аз  өндірісті  жасау  жер  қойнауының  байлықтарын    неғұрлым  толық  пайдалануды  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етеді.

     Жер  қойнауы  ресурстарын   рационалды  пайдалану  және  қорғау  негізінде  келесі  басымдықтар  жатқызылуы  тиіс:

  • пайдалы қазбалар  өндіру  технологиясын  жетілдіру;
  • бос, өңделген жынысты  пайдалану  арқылы  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу;
  • пайдалы қазбалар  кен  орындарын  үнемдеп  пайдалану  олардың  іске  жарау мерзімін  ұзартуға  ұмтылу;
  • қажетті жағдайларда  сирек  кездесетін  минералды  шикізаттардың  орнына  басқа  нәрсе  қолдану;
  • тау –кен орындары  игерілген  жерлерді   кеңінен  рекультивациялаужәне  т.б.

     Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  тәртібі  мен  мән  жайларын  реттейтін  және  олардың  рациональды , кешенді  пайдаланылуына және  экологиялық  зардаптың  алдын  алуға  бағытталған  құқықтық  нормалар  бар.Табиғатты  қорғау  аясындағы  тау –кен  игеру  қызметі  Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы  Қ Р заңымен  реттеледі.

    Жердегі  атмосфералық  ауаның  қорлары  тұрақты  және таусылмайды.Атмосфералық  ауаның  ластануы  деп  ауа  құрамының  қалыпты  жағдайын  ауытқуын  айтады.Қалыпты  жағдайда  ауа  құрамында  азоттың  78 ,03 пайызы, оттегінің 20,99 пайызы , көмірқышқыл газының  0,04 пайызы және  сутегі  мен  инертті  газдардың  1,0 пайызы  болады

Атмосфералық  ауаның  құрамы  мен  құрылысының  антропогендік өзгеріске  ұшырауы   ландшафттардың  барлық  табиғи  компоненттеріне  ,атап  айтқанда , жергілікті  климатқа,жер  беті  және  жерасты  суларына  ,топырақ және  өсімдік  қабатына  күшті  әсер  етеді.Әсіресе  атмосфералық  ауаның  ластануы  адамдардың  денсаулық  жағдайына  аса  күшті  әсерін  тигізеді.

     Атмосфералық  ауаның  құрамы  мен  құрылысының  антропогендік  өзгеріске  ұшырауы  ландшафттардың  барлық  табиғи  компоненттеріне  , атап  айтқанда , жергілікті  климатқа,жер беті  мен  жерасты  суларына  ,топырақ  және  өсімдік  қабатына  күшті  әсер  етеді .               Атмосфералық  ауаның  тазалығын  қорғау  мәселесінде  2 маңызды  аспектіні  бөліп  көрсетуге  болады:

             1 гигиеналық– адамдардың  денсаулығы  үшін  ауаның  қалыпты  құрамын  сақтау

             2  экономикалық – өндірілген  шикізат  пен  оның  өндірістік  өнімдерін  қайта  өңдеу  және  пайдалану процесінде  ауаға  ұшып  жатқан  пайдалы  компоненттерді  жоғалтудың  алдын  алу.

             Атмосфераны  ластаушы  көздер:

  • атмосфераға жанартау  атқылау, шаңды  борандар, жергілікті  өрттер  нәтижесінде  келіп  түсетін  бөлшектермен  табиғи  ластану;
  • тұрмыстық , өндірістік , трансрорттық мақсаттар  үшін , соның  ішінде  автокөлік  двигательдеріндегі  отынның  жану  өнімдерімен  ластану;
  • техногенез процесінің  нәтижесінде  өндірістік  кәсіпорындардың  қалдықтарымен  ластану;
  • техногендік авариялардың  және  т.б. нәтижесінде  атмосфераның  радиактивті  ластануы;

Жердегі  атмосфераның  негізгі  ластаушы  көзі  өнеркәсіптің , әсіресе  энергетикалық  құрылғылар  мен  көлік  құралдарының  қызметі  болып  табылады.Атмосфераға  келіп  түсетін  барлық  қалдықтардың  жартысынан  астамы  соңғы  аталғандардың  үлесіне  тиеді.Қазақстанның  көптеген  өнеркәсіптік  қалалар  ауасының  құрамында  әрқашан  CO, SO, HS, CI  сияқты  зиянды  және  улы  газдар  және  т.б. бар.Олар  адамдардың  денсаулығына  жағымсыз  әсер  етеді, соның  өсуіне  кедергі  келтіреді, өнеркәсіптік  ғимараттар  мен  тұрғын  үйлердің,олардың  құрылыстарының  ерте  бұзылуына  әкеп  соғады.

     Қалалар,ірі  тұрғылықты  бөлімдер  орналасқан  ландшафттарды  атмосфералық  ауаның  ластануына  байланысты  тікелей  күн  радиациясының  интенсивтілігі  азаяды, ол  өз  кезегінде  ауаның  орташа  тәуліктік  және  жылдық  температурасын  төмендетуге  әкеліп  соғуы   мүмкін  еді , алайда  ол  отынның  әртүрлі  түрлерін  жағу  және  басқа  да  факторлар  арқылы  ауаны  жылыту  нәтижесінде  қалпына  келтіріледі.Қалалық  және  индустриялдық  ландшафттарда  көптеген  жерлері асфальтпен  жабылған  топырақ  қабатының  табиғи  сулы  режимінің  бұзылуы  нәтижесінде    ауаның  абсолютті  және  қатысты  ылғалдылығы  төмендегені  байқалады.

Өнеркәсіптік  кәсіпорындар  мен  қала  кварталдары  дұрыс  орналавстырмау  нәтижесінде  ауаның  табиғи  церкуляйиясы  жиі  байқалады,соның  кесіріәнен  атмосфера  одан  әрі  ластанады.Басқа  да  литеорологиялық  элементтерге , атап айтсақ  , бұлттылық  атмосфералық   жауын–шашын  ,тұманға  да  антропогендік  факторлар  әсер  тигізеді

   Қазақстанның  ірі  19   қалаларындағы  атмосфералық  ауаның  ластану  жағдайы «Казгидролит» РГП –ның   2000 ж  бақылауларының  негізінде  сипатталады.Бұл  кезеңдегі  Қазақстан  қалаларының  атмосфералық   ауасындағы  зиянды  заттар  өте  жоғары  дәрежеде  деп  бағаланады.Формальдегидтің  орташа  жылдық  концентрациясы   3 ПДК –ден  , фенолдікі   2 ПДК –ден, шаң–тозаң мен  азот диоксидінікі  1ПДК –ден  жоғары

     Қазақстан  қалаларының  ауа  бассейнін  ластаушы  көздер:формальдегид,фенол , азот диоксиді , көміртегі  оксиді , хлорлы  сутек , күкіртті  сутек  және  шаң–тозаң .Бұл  заттардың  орташа , кейде жоғарғы  концентрациялары  ПДК –ден  15 есе  артық  болып  отырады.адамдардың   денсаулығы  үшін  экологиялық  қауіптілік  дәрежесін  осы  заттар  туралы  қысқаша  мәліметтер  сипаттайды.  Азот  диоксиді (NO2) –азто  қышқылының  жарықта  ыдырау  процесінде  пайда  болады, түсі–қызыл–қоңыр , тыныс  алу  жолдары  мен  көру  органдарын  тітіркендіреді.

 Көміртегі  оксиді,ыс газы (СО) –өнеркәсіптік  кәсіпорындардың  көптеген  түрлерінің  негізінде  жатқан  ,автокөлік  құралдарын  пайдаланукезінде  де  пайда  болатын  қосылыс.

 Формальдегид, метанол( СН2О) –өткір       иісті , жанғыш түссіз газ, смола  және  пластиктер , дәрілік  заттар  мен  бояқтар  өндіру  кезінде  қолданылады.Тыныс  алу  жолдарын  тітіркендіреді.

      Фенол,карбол  қышқылы (С6Н5ОН) –хош  иісті  спирт  формальдегидтік  смолаларды , әртүрлі  бояғыштар  мен  пестициттерді  өндіру  кезінде   қолданылады.Теріні  күйдіреді,ішкі  органдарды  зақымдандырады.       Хлорлы  сутек(НСI) –өткір  иісті  түссіз  газ , тұз  қышқылы  деген  атпен  мәлім. Атмосфераға  хлорлы  металдар , органикалық бояғыштар  өндіру , терілерді  қаптау  мен  бояу  кезінде  келіп  түседі.

Тыныс  алу  жолдарын  тітіркендіреді және  теріні  күйдіреді.

 Күкіртті  сутек (Н2S) –жүйкеге  өте  күшті  әсер  ететін  газ.Күкірт  қышқылын , ауылшаруашылық  зиянкестеріне  қарсы  химикаттарды  өндіру  кезінде  пайда  болады.  Шаң–тозаң  –дисперстік  фазаның  қатты  бөлшекті  аэрозольдары. Шаң–тозаң  әртүрлі  жағдайларда  пайда  болады, кәсіптік  ауруларда  туындайды.

Аталған  заттар  Қазақстан  қалалары  мен  өндірістік  орталықтарының  атмосферасының  неғұрлым  зиянды  ластаушылары  болып  табылады, олардың  Қазақстанның  бірқатар  қалаларындағы  атмосфералық  ауасындағы  концентрациясы  ПДК  жиілігін  1─5 есе  арттырады.  Түсті  металлургия ,  көмір  өндіру  өнеркәсібі , құрылыс  материалдары  мен  автокөлік  құралдарын  өндіру  өнеркәсібі  атмосфералық  ауаны  ластауда  басты  роль  атқарады.

Қазақстан  қалаларының  ауа  бассейнінің  ластауы  әртүрлілікпен  сипатталады,ол  қала  көлемдерімен , оның  табиғи  климаттық  жағдайларымен  өнеркәсіп  концентрациясының  дәрежесімен , өнеркәсіптік  өндірісі  көлемімен  анықталады. Бұл  белгілер  қалалар  мен  ірі  елді  мекендердегі  ауа  бассейндеріндегі  қосылыстардың  сипаты  мен  көлемін  сипаттайды.

     Қалалар  мен  елді  мекендердің  ауа  бассейнінің  ластану  дәрежесін  атмосфераның  ластану  индексі  бойынша  есептеу  қабылданған. Атмосфераның  экологиялық  бұзылу  дәрежесін  сипаттайтын  атмосфераның  ластану  индексі  заттардың  қауіптілік  класын , атмосфераны  ластаушылардың  биологиялық  әрекеті  мен  ПДК  – дан  асып  кету  жиілігін  қосу  арқылы  ПДН –нен   асып  асып  кету  жиілігі  бойынша  анықталады.Әдетте  ол  бақылау  орындарында  жиі  кездесетін  5 түрлі  ластаушыларға  арналған(АЛИ5)

     Қазақстан  территориялары  бойынша  Өскемен  қаласында  ауа  бассейндерінің   ластану  дәрежесі  жоғары  болып  табылады.Бұдан  басқа  өндірістік  кәсіпорындардың  қалдықтарының  нәтижесінде  Лениногорск , Шымкент , Ақтөбе  қалаларында  және  автокөліктердің  атмосфераны  ластау  нәтижесінде  Алматы  қаласында  ауа  бассеині  ластанған.ауаның  неғұрлым  тозаңдануы  Жезқазған  қаласында , Шымкент және Ақтау  қалаларында  байқалады.Қазақстанның  көптеген   қалаларында  формальдегидридтің , азот диоксидінің  фенолдың ПДК–дан  орташа  асқаны  байқалады.

  Тұтасымен  алғанда ,  берілген  мәліметтер  Қазақстанның  ірі  өнеркәсіп  орталықтары  бойынша  АЛИ  көрсеткішінің  өсіп  келе  жатқандығын  сипаттайды.Көптеген  қалалар  мен  өнеркәсіп  орталықтары  ауа  бассейнінің  ластануының  басты  себебі  автокөлік  құралдарының  қызметімен  байланысты.

    Атмосфера  ластануының  алдын  алу  көптеген  шаралардың  өткізілуімен  байланысты. Олардың  ішінде  барлық  өндірістік  кәсіпорындарын  тазалау  құрылғыларымен  жабдықтауды, атмосфераға  зиянды  заттардың  қалдықтарын  тастауды  жоятын  немесе  төмендететін  жаңа  экологиялық  құрылғыларды  жетілдіру  және  оларды  өндірістік  кәсіпорындарға  енгізуді  атап  өтсе  болады.

Қалалар  мен  өндірістік  орталықтардағы  атмосфераны  таза  ұстауда  жасыл  өсімдіктер  маңызды  роль  атқарады.Атмосфераның  ластауына  қарсы  тұратын  өсімдіктерге  ақ  акация , тал , американдық  клею  және  т. б. Жатады. Бұл  ағаштарды  жасыл  қорғаныш  зоналарын  жасау  кезінде  ұсынған  жөн.

Атмосфералық  ауаны  қорғаудың  міндеті  Қазақстандағы  климат  глобальды  өзгеру  процестерімен  тығыз  байланысты  үлкен  мәселелерді  шешу  болып  табылады.Оларға  мыналар  жатады:

–парник эффектісі  мәселесі

–қышқылдық  жауын–шашын  мәселесі 

–озоносфераның  бұзылу  мәселесі

–космостық  апаттарды  ұшырумен  байланысты  атмосфераның  бұзылу  мәселесі  және т.б.

Парник эффектісі.Атмосфераның  күн  радиациясын  жіберу және  оның  кері  сәулеленуін  космос  кеңістігінде  ұстап  тұру  құрылымымен  сипатталады , соның  нәтижесінде  жер  беті  жылынып,климаттың  өзгеруіне  әкеп  соғады.Атмосфераның  жерге  жақын  қабатының шектен  тыс  қызып  кетуіне  өнеркәсіптік  кәсіпорындарының  өндірістік  қызметімен және  көлік  құралдарының  жұмысымен  байланысты  көміртегі  қышқылы , метан  және  парниктік  газдардың  концентрациясы ықпал  етеді.

Жер  атмосферасының  техногенді  ластануы  жоғарылауына  байланысты  климат  өзгеруініңтенденциялары  бекітілді.Ғылыми  тұрғыдан  техногенезбен  байланысты  жердегі  климаттың  жылып  кету  мәселесі  шешілген  жоқ.

Қышқылдық  жауын – шашын  – сутегі көрсеткіші РН–3,5 –4,5 –мен  сипатталатын  атмосфералық жауын–шашын, отынның әртүрлі  түрлерінің  жану  нәтижесінде  пайда  болатын  күкірт  және  азот  оксидтері (SO2NO) конденсацияларының  атмосфераға  келіп  түсу  нәтижесінде  пайда  болады.Химиялық  реакциялардың  нәтижесінде  атмосферада  күкірт  және  азот  қышқылдары  пайда  болады,олар  адамдардың  денсаулығына , сондай–ақ биотаға өте  күшті зиянды  әсер  етеді.

Ауаның  ластануына  аймақтық  мониторинг  жүргізу , өндірістік  кәсіпорындардың  жұмысын  бақылау табиғатты  қорғау  шараларына  жатады.

    Атмосферадағы  азон  қабатының  азаюы.Жердегі адамдардың  өмірін  сақтауда  азондық  экран  өте  маңызды  роль  атқарады.Ол  жер  бетіне   ультракүлгін  сәулелерінің  өтуінің  алдын  алады. Озонның(О2)жоғарғы  концентрациясы  20–25 шақырым  биіктікте   болады.Мұнда  азот  қышқылы(NO4)  мен фреондардың  әсерінен  озонның  экранының  бұзылуы  байқалады.Қазақстан  территориясында  озон  қабатының  техногенез  бұзылуы  байқалмайды.

Ғарыштық  аппараттарды  нәтижесінде  атмосфераның  ластануы.Ракета  двигателдерін  сынақтан  өткізу  және  «Протон» сияқты  ғарыштық  аппараттарды  ұшыру  жер  атмосферасының  жоғарғы  қабатының  бұзылуына  әкеп  соғады.Ол  жер  режимінің  ,ауа  ылғалдылығының  өзгеруі  сияқты  ауа –райы  режимінің  жекелеген  параметрлерінің  ракетаның  ұшу  траекториясына  жақын  жерде  уақытша  (2-3күн) бұзылуынан  көрінеді.Алайда ,Қазақстан  территориясындағы  «Байқоңыр» космодромынан  ластануында  қандай  да  болмасын  мәнді  бұзылулар  байқалмайды.

         Қазақстанда  жергілікті  деңгейдегі  климат  өзгеруінің  жағымсыз  экологиялық  салдарлары  өндірістік  технологияны  жетілдіру  және  өндіріс  пен  көлік  құралдары  қалдықтарының  көлемін  қысқарту  негізінде  шешілуі  тиіс.

    Су  ресурстарын  қорғау және  рационалды  пайдалану  мәселесі  адамзат  үшін  өмірлік  маңызды  мәселе  болып  табылады.табиғаттағы  су  айналымының  арқасында  жердегі  су  ресурстары  таусылмайды.Алайда  планетамыздың  кейбір  бөліктерінде  табиғи  жағдайлардың  жағымсыз  болуына  байланысты  тұщы  су  ресурстары  жеткіліксіз.бұған  қазақстан  Республикасы  территориясының  басым  бөлігі  кіредіжәне  сондықтан  аридтік  және  семаридтік  климат  жағдайларына  су  ресурстарының  өте  тапшылығымен  сипатталады.

    Қазақстан  біздің  планетамыздағы  су  ресурстары  жетіспейтін  азғана  региондардың  қатарына  жатады. Ол  тұщы су  қорлары  бойынша  ТМД  елдері  бойынша  сумен  аз  қамтамасыз  етілген  елдердің қатарына  жатады.

Бұл  территорияда  су  ресурстары  әркеркі  орналасқан  және  бастаулары   республика  шекарасынан  тыс  жерде  жатқан  транзиттік   өзендерден тұрады.Оңтүстік –шығыс    Қазақстанның  таулары  және  таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған.

   Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің  және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады.

    Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай  өзендері. Қазақстандағы  сегіз  мың  өзен  ғана   он  шақырымнан  ұзын.ірі  өзендердің  көпшілігі  (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу)  трансшекаралық  өзендер  болып  табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі. Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673 ,9 шаршы шақырым ауданда мүздық бар.

    Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді.

  Қазақстандағы  жер  беті  суларының  көлемі  жылына  89,5  текше  метр  шақырымды  құрайды.Соңғы  жылдары    оның  көлемі  көрші мемлекеттердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің суы 19,8-ден  9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы  жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің  экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.1

   Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары  15,8 текше шақырымды құрайды, оның  2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан  және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.

  Жерасты сулары  Қазақстанда пайдаланылатын су  мөлшерінің 8  пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің  25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының  63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде  жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың  60 пайызының  16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты  суларының 52 пайызы  шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы  жайылымдарды  суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады.4   

     Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың

7, 5пайызын құрайды.5

Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына  жан-жақты әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның  қалдықтары су ресурстарына  негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін  тұрмыстық   және техникалық мақсаттарға  паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы  өзгеріске  ұшырыайды., жағымсыз дәм  мен иіс  пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді. Суды ластайтын химиялық қосылыстардың, әсіресе мұнай өнімдерінің өз-өзінен ыдырап кетуі қиын болғандықтан, су бөгендерінің өзін-өзі тазалау процесі ақыырын жүреді.

   Тазаланбаған ағын суларды тастау олардың құрамында өндірістік құндылықтар болуы себепті үлкен эеономикалық залал әкеледі. осыған байланысты су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізілуі  тиіс. Мысалы, «Қазақмыс» Балқаш АҚ-да  бұрын Балқаш көлін ластаған өндірістік сулардан 90 пайызға дейін мыс алуға мүмкіндік беретін  арнайы қондырғылар жасалған. Жезқазған қаласында  «Қазақмыс» АҚ-на  айналмалы сумен қамсыздандырылған, жергілікті су  бөгендеріне  лас өндірістік ағын суларды ңжіберілуін жоятын жабық өндірістік циклдер  енгізілген. Осы сияқты мысалдарды айта берсе болады. Сонымен қатар. Қазақстанның су ресурстарын пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының катастрофалық немесе қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзылушылықтар байқалады.

    Концентрациялардың шекті  көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық  көрсеткіштері басты  критерийлер  болып   табылады. Мұның үстіне ПДК  көрсеткіштері  әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және  коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су  бөгендеріне арналған.  Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын  талаптары да  әртүрлі.

    Өзендердің, көлдердің   және  су  қоймаларының  ластану  дәрежесі  көбінесе судың  ластану  индексінің (СЛИ) көрсеткіші  бойынша бағаланады. Ол   судың  құрамында  мынадай  зататрдың  болуын сипаттайды: оттегі, 5 тәулік ішінде  оттегіні  биохимиялық  пайдалану  бойынша анықталған  органикалық  заттар  және  ПДК  дәрежесінен  біршама артып кеткен  заттар. 

Ластану  индексі    осылайша әртүрлі  су  бөгендерінің  су  сапасының  жағдайын  сипаттайды..Ол  су  бөгендерінің  ластану  динамикасын   анықтауға , біріңғай  көрсеткіштер  бойынша  әртүрлі  су  обьектілерінің  ластану  дәрежесін  анықтауға  мүмкіндік  береді. СЛИ  көлемі  бойынша  жер  беті  сулары  сапасының  критерийлері   су  сапасының  класын  сипаттайды: өте  тазадан  бастап  өте  ластанғанға дейін . Жер  беті  суларының  сапа  класын  анықтау  үшін  СЛИ  көлемі  көрсеткіші  басты  белгі   болып  табылады, ол  су  бөгендерін  ластайтын  заттардың  ПДК  дәрежесі  бойынша  есептеледі.

Қазақстан  өзендерінің , көлдері  мен  су  қоймаларының  жер  беті  суларының  құрамында  біршама  мөлшерде  токсиканттар  ,яғни  улы  заттар  бар. Олардың  ішінен  адамдардың  денсаулығына  неғұрлым  қауіптілігін  сипаттайық.

     Хром(CR)   және  оның  қосылыстары.Бұл  металдың  үш  алты  валентті  қосылыстары  неғұрлым  улы ,  олар   адамдардың  тыныс  алу  органдарын  зақымдандырады.Концентрогендік  және  мутогендік  ықпал  ететін  алты  валентті  хром  қауіптірек . Тау –кен  игеру , химия  өнеркәсібі  кәсіпорындарының  қызметі  процесінде  қоршаған  ортаға  құрамында  хромы  бар  ағын  сулар  және  хромдық  қосылыстардың  газ  қалдықтары  келіп  түседі.

    Темір(FE) .Темірдің  хлорлы  және  сульфатты  қосылыстарды  асқорыту  органдарын  жалпы  уландырады.Қоршаған  ортаға  қауіп  төндіру  дәрежесі  бойынша   үшінші  орында  тұр.

    Мырыш(ZN ) .Мырыш   қосылыстары  улы  емес, алайда  мырыш  хроматы  концероген  болып  табылады.Элемент  адамдардың  жануарлар  мен  өсімдіктердің  денсаулықтары  үшін  маңызды. Сулы  ортаға  тау –кен  игеру  өнеркәсібі  және  түсті  металлургия  өнеркәсібі   кәсіпорындары  қызметі  процесінде  тап  болады.

   Сынап (Hg) Сынап  қосылыстары  қауіптіліктің  бір  класына  жатады , аурулардың  өте  күшті  түрлерін  туғызады.

Фунгициттерді  өндіру, теріні  өңдеу  және  жасау  кезінде  пайдаланатын  органикалық  сынап  қосылыстары    неғұрлым  зиянды  болып  табылады.

   Кадмий(Cd)- 2-класты  қауіпті  металл.Сулы  ортада  мырышпен  бірге  тау  кен  игеру  және  түсті  металлургия  өнеркәсібі  кәсіпорындардың  жұмысы  кезінде  келіп  түседі . Сумен  қосып  пайдаланған  кезде , ас  қорыту  органдарында  улану  процесі  жүреді.

  Мышяк(As). Бұл  элементтің  суда  еріген  барлық  қосылыстары  өте  улы.Олар  тератогендік  өзгерістер  және  басқа  да  аурулар  тудыруы  мүмкін.Қауіптіліктің  екі  класына  жатады.

Бор(3+).Бұл  элементтің  көптеген  қосылыстары  (бор  оксиді , бор  қышқылы , және т.б.) улы .Сулы  ортада  борлы  тыңайтқыштар  арқылы  түзеді.Қауіптіліктің  екі  класына  жатады.

 Мыс(2+)  Қауіптіліктің  3  класына  жатады .Мыстың  барлық  қосылыстары  ул, ас  қорыту  органдарын  уландырады.Сулы  ортада  түсті  металлургия  ,тау- кен  игеру  ,химия  өнеркәсібі  кәсіпорындарының  қалдықтарымен  бірге  келіп  түседі.

БПК (оттегінің  биохимиялық  пайдаланылуы) оттегі  мөлшерімен  сипатталатын  ластану  көрсеткіші  әдетте  ол  5  тәулік  ішінде  анықталады.Оның  жоғарғы  көрсеткіштері  табиғи  сулардың  ластанғандығын  білдіреді(ағын  судағы  БПК5-тің  қалыпты  көрсеткіші  0,5 -2 мг /л-ге  тең )

Фенол (карбон  қышқылы) –хош  иісті спирт,әртүрлі  бояғыштарды, пестициттерді  өндіру  кезінде  қолданылады.Ішкі  органдарпды  ауруға  ұшыратады..Қауіптік  класы-4.

Мұнай  өнімдері.Сулы  ортаға  мұнай  өнімдерін   өндіру тасымалдау  және  қайта  өңдеу  кезінде  келіп  түседі.Өсімдіктер  мен  жануарлар  әлеміне  ихтифаунаға,грунттарға  зиян  келтіреді.Ауыз  су  сапасын  нашарлатады. Қауіптік  класы-4.

Фториттер(F) .Ауылшаруашылығы  зиянкестерімен  күресте  ,бояғыштарды  дайындау  кезінде , ауызх  суды  фторлау (байыту) үшін  қолданылады.Фторлы  натрий()  шамадан  тыс  артып  кеткен  жағдайда  орталық  жүйке  жүйесіне  залал  келтіреді.

 Нитриттер(NO2) .Азот  қышқылының  улы  тұздары (HNO2) .Натрий  нитраты (NaNO2)    және  калий  нитраты  (KNO2) қантамыр  қызметін  бұзады.

Нитрат  (NO3) .Азот  қышқылының  тұздары  өндірісте  кеңінен  қолданылады , ауылшаруашылығы  тыңайтқыштары  өндірісінің  өнімі  болып  табылады.Суда , топырақта , азық түлікте  жиналады, Улануға  ұшыратады. Қауіптіліктің  3  класына  жатады .

Тұзды  аммоний(NH 4).азот  қышқылы  аммоний  кристалдары  ауылшаруашылығында  тыңайтқыштар  ретінде  қолданылады.Улануға  ұшыратады.

Гексахлоран ( C6H6Cl6)  -омыртқасыздар  үшін  күшті  органикалық  ерітінділерде  жәндіктермен  күресу  үшін  инцекцитер   ретінде  қолданылады.     Қауіптіліктің  4  класына  жатады .

Линдон(гексахлорциклогексан)  ( C6H6Cl6) .Пестицид,жәндіктер мен  сүтқөоректілерге  арналған  күшті .Сулы  ортада  инсекцидтерді  қолдану  кезінде  келіп  түседі, Қауіптіліктің  1  класына  жатады

Қазақстан  өзендерінің  жер  беті  суларының  гидрохимиялық  жағдайы  әралукандылықпен  сипатталады. Қазақстан  өзен  бассейндерінің  шекарасынан  келесідей  маңызды  геоэкологиялық  айырмашылықтарды  бөліп  көрсетуге  болады. Ертіс  өзенінің  бассейні  неғұрлым  ластанған  су  обьектісі  болып  табылады. Ертіс  өзенінің   өзі  және  оның  салалары  Бұқтырма  мен  Оба  суының  сапасы  бойынша  3 класқа  жатады.Кенді Алтайдың  тау –кен  игеретін  аудандары  арқылы  ағатын  оң  жақтағы   салалары  (Үлбі , Глубочанка , Красноярка ) «лас»судың  5 –класына  жатады және  СЛИ  дәрежесі  мен  ПДК  көрсеткіштерімен  бірнеше  есе  асып  түсетіндіктерімен сипатталады.Ертіс  өзені  бассейнінің  өзендері  су  ластану  дәрежесінің  жоғарылылығымен , су  құрамында  ауыр  металдар  тұздарының  болуымен  сипатталады.

Орал  өзенінің  бассейнінде  су  таза  ,бұған  суы  хроммен , бормен , фенолмен , өте ластанған  Елек  өзені  қосылмайды(5 –класты  су «лас»)

Сырдария  өзенінің бассейнінде  су   сапасының  3 –класы  басым.Іле  өзенінің  бассейніндегі  су  да  3 –класқа  жатады.

     Қазақстандағы  ірі  өзендер ,ішінен  салыстырмалы  түрде  ластанған  өзендерге –Ертіс,Нұра, Іле, Кіші Алматы,Сырдария өзендері, таза  өзендерге  (2 -класс) –Орал,Тобыл,Есіл,Үлкен алматы,Талас,Шу өзендері, лас өзендерге (5 -класс) –елек өзені ластанған  өзендерге (4 -класс) –Үлбі,лас және тым  лас өзендерге (5 — 6 -класс) –Кенді Алтайдағы  Глубочанка, Красноярка , Тынық және  Брекса  өзендері  жатады.  

Ірі  көлдердің   және  су  қоймаларындағы  су  сапасының  анализі  белгілі бір  қызығушылық  туғызады.Казгидрометрдің  2000 ж мәліметтері  бойыншы  Балхаш  көліндегі  су  ластанған (4 -класс),Вечеслав  су  қоймасындағы  (Есіл  өзеніндегі)су  таза  (2 -класс),Самарқанд су  қоймасындағы (Теміртау  қаласындағы) су  ластанған  (4 -класс) деп  сипатталады.

Су  ресурстарын   региональды пайдалану  мәселесі  санитарлық –гигиеналық  және  экономикалық  маңызды  болып  табылады.Ол  өзара  тығыз  байланысты  мынадай  шаралар  қатарын  өткізу  арқылы  шешілуі  тиіс:суды  тұқрмыстық  және  өндірістік  мақсаттыр  үшін  үнемді  пайдалану , оны  өнеркәсіпте  бірнеше  бет  (жабық  және  айналымдық  )пайдалану.Су  үнемдеудің  үлкен  резерктері  өндірістік  және  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  шығару  кезінде  су  пайдалануды  қысқарту  мақсатында  әртүрлі  өндірістердің  технологияларын  жетілдірумен  байланысты. Ауыз  судың  санитарлық  -гигиеналық  сапасына  үлкен  мән  берілуі  тиіс.

     2000 жреспублика  бойынша  микробиологиялық  көрсеткіштер  бойынша  гигиеналық  нормативтерге  сәйкес  келмейтін  ауыз  су  сапасы 

4

-10 пайызды  құрады . Алайда  кейбір  аудандарда  (Қостанай, Павлодар  облыстары) судың  сапасы  бұдан  да  төмен  болады.

    тәжірибеде  өндірістік  және  тұрмыстық  суларды  механикалық  ,химиялы, және  биологиялық  тазалау  қолданылады.Өкінішке  орай  тазалау  құрылғыларын  жүйесін  жетілдірілмегендігіне  олардың  қайтадан  шығып  қалуына  және  басқа  да  себептерге  байланысты  су  бөгендеріне  көп  мөлшерде  зиянды  заттар  келіп  түседі.

     Тұрмыстық  ағын  сулар  суландыру  және  фильтрация  егістіктерінде   тазартылады.Мұнда  олар  микроағзалар  мен  күн  радиациясының  ықпалына  ұшырайды.Су  буланғаннан  кейін  егістіктер  жыртылып, ол  жерлерге  ауылшаруашылығы  дақылдарға  егіледі. Су  ресурстарын  рационалды  пайдалану  және  қорғау  қағидалары:

  • өзендер мен  көлдердің  ағын  сулармен  ластанудың  алдын  алу
  • жер беті  суларын  прогрессивті  су  қорғау  технологияларына  негізделген  үнемді  пайдалану
  • айналымдық су  пайдалану  және  сумен  қамсыздандыру  технологияларын енгізу
  • тазаланбаған өндірістік  және  комуникалдық-тұрмыстық  ағын  сулардың  келіп  түсуін  болдырмау  үшін  прогрессивті  технологиялар мен  тазалау  құрылғыларын  енгізу
  • ауылшаруашылығында суды  пайдалану  нормаларын  қысқарту
  • жерасты суларын  үнемді  пайдалану
  • термалды,минералды сулар мен  батпақтарды  өндірістік  және  радиациялық  мақсаттарға  кеңінен  пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Қазақстанның  қоршаған  ортасының  болашағы  көп  жағдайда  табиғи  ортаның  сипатын  түбірімен  өзгерте  алатын  және  құратын  үлкен   шаруашылық  шараларын  жүзеге  асыруға  байланысты.осылардың  кейбіреулері   бірқатар  табиғи  аумақтың   кешендердің  құрылымдарын  өзгеріске  ұшыратты. Оңтүстік Қазақстан облысынды да ланшафтардың экологиялық жағдайы нашар деп айтуға болады.і. 

     Республикады жоғары  экологиялық  тәуекел  аудандары: Солтүстік және  Оңтүстік  Балхаш  маңын, Маңғыстау, кенді Алтай, Ертіс  маңын, Қарағанды –Теміртау  өнеркәсіптік  ауданын , Каспий  маңы  ойпатын, Тянь Шань  тауының  солтүстік  аудандарын, Орал, Сырдария, Шу, Іле , Ертіс, Нұра, Есіл және  т.б. өзендердің   алаптарын  зерттеу  маңызды  болып  табылады. Осыған  байланысты  территориялардың  геоэкеологиялық  ерекшеліктерін  зерттеу  актуальды  мәселе  болып  табылады.

         Қазақстан  табиғатын  қорғаудағы   күрделі  мәселелерді   шешу  кезінде  геоэкологияның  рөлі  аудандардың  жергілікті  табиғи  жағдайлары  мен  жоспарланған   экономикалық  шаралар  арасындағы  қарым –қатынасты  дұрыс  орнатудан  көрінеді.

         Қоршаған  ортаның  экологиялық  жағдайы   көбінесе  табиғатты  қорғау   және  табиғатты  пайдалануды   рационализациялау   жөніндегі  шаралардың  тиімділігімен  анықталады, олар  ҚР   экологиясын  тұрақты  дамыту  стратегиясының   шегінде  жүзеге  асырылады.

      Мұнда  қоршаған  ортаның  экологиялық  дестаблизациясының  катастрофалық  және  критикалық  дәрежесі   аудандарындағы  табиғатты  қорғаудың  мемлекеттік  және  мемлекетаралық  бағдарламасы  нысанында  орындалатын  ұзақ  мерзімді  экологиялық  шаралар  кешені  ерекше  орын  алады.Сондықтан ландшафтарды қорғау іс-шараларын ұйымдастырып, оларды жүзеге асыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Джаналиева Г.М. и др. Физическая география Казахстана. Алматы, 2002 С. 125-136.
  2. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 2006,- С. 175-181.
  3. Файзуллина А.Х., Жамалбеков Е.У. Почвенно-географическое районирование и проблемы использования пустынной территроии Мангышлакской области  // Тез. докл. Ү Всесоюз. конф. по освоению пустынь. -Ашхабад,    — Т. 3.  — С. 170-172.
  4. Асанбаев И.К. Современный антропогенез, экологические состояние и пути востановления нарушенных почв аридных территорий Казахстана (на примере Прикаспия и Приаралья): Дис…д-ра с-х. наук. — Алматы, 1999. — 280 с.
  5. Қалекенұлы Жиенғали. Өсімдіктер физиологиясы. -Алматы: Қазақ университеті, 1996. — 451 б.
  6. Өтемағамбетов М. Қазақстанның физикалық географиясы. -Алматы: Мектеп, 1967. -181 б.
  7. М.Ш.Ярмухамедов. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алматы.,1997
  8. Шардара аудандық статистикалық комитетінің мәліметтері
  9. Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жылдық есебі. Астана, 2005.
  10. К.Б.Ахметова. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. —  Алматы,1994
  11. Нұрын шашқан Оңтүстік. Энциклопедия. Шымкен,2004
  12. http/www. uko.kz. Официальный сайт Южно-казахстанской области
  13. С.Халимов., А. Эргашев Проблемы развития рыбной промышленности в Чардаринской водохрналище. Шымкент., 2002