АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс.Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы

1.3. Оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі

 

ІІ.  ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСЫ

2.1. Оқу үрдісінде сабақта экологиялық  білім мен тәрбие беру әдістері

2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру

2.3 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижесі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа  парадигмасын туғызды.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл — ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен,  Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан  — 2030» жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі  атап айтылған. Онда: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 %ға артуына  себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың  үштен бірі  сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеліп соғады» — деді [2].

Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері — аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауынның пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып және улы қалдықтардың қолданылуы  қоршаған ортаға  зиянын тигізуде.  Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым — қатынасты дұрыс жолға қойып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны тиімді пайдалану керек. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің  апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төменгі дәрежеде болуынан.

Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заңдарда көрсетілген. [7,8,9,10].

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан тұратын заңның 15 — тарауында мынадай қағидалар көрсетілген:

  1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз жүргізілуі;
  2. Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншік нысанасына қарамастан, оларға экологиялық пәндерді міндетті түрде оқытудың көзделуі;
  3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндеттілігі;
  4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы «Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» деп аталады. 74-бап оқу орындарында «Экологиялық білім берудің» мәселесіне, 75-бап «Қоршаған ортаны қорғау» саласында зерттеулердің  мәселелеріне арналған. Осылармен қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында – табиғат байлықтарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану керек екендігі көрсетілген  (6,38 баптар) [11].

Экологиялық мәселелердің кешенді ғылым аралық сипаты оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында барлық оқу пәндерін экологияландыруды талап етеді.Заңдарды орындау бағытында соңғы жылдары «Экологиялық білім бағдарламасының» (1999), ҚР «жалпы орта білім беру жүйесінде үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасын» (2001) т.б. экологиялық тұрғыдағы маңызды құжаттар жарық көрді [12,13].

 Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен – күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға белгілі. Экологиялық білім берудің өмір талабынан туындайтын негізгі — жеке экологиялық тәрбие беру істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау іс-әрекеттерін бір тізбекке біріктіру. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір бөлігі экологиялық оқу – ағарту  қажетті білім, тұжырым, түсінік, сенімді қалыптастыруға бағытталады.

Экологиялық мәселелердің кешенді ғылым аралық сипаты оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында барлық оқу пәндерін экологияландыруды талап етеді. Әрбір пән өтілетін сабақ мазмұнына сай экологиялық мәліметтерді өз тұрғысынан түсіндіруі тиіс.

Қазіргі кезде пәнаралық байланыс оқыту принципі және оның әдістемелік шарты ретінде дидактиканың кешенді проблемасы болып табылады, ол көп аспектілі жолдарды пайдалану арқылы шешімін табады. Пәнаралық байланыс оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпы мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әрбір оқу пәнінің мазмұны мен құрылымына байланысты, оқытудың әдісі, форма мен құралдары, оқушыларға тәрбие беру тәсілдерінде көрініс береді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық әдістемелік жағынан ғалымдар В.В.Давыдов, С.Л.Рубенштейн, Р.Г.Лемберг, Ө.Мұсабеков, М.Ә.Құдайқұлов, И. Н.Нұғыманов, А.Д.Болтаев және т.б. зерттеген .

  Қазіргі мектептерде, тәжірибелік — педагогикалық жұмыстар көрсеткендей, әсіресе жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларында оқу-тәрбие үрдістерінде  әр түрлі оқу технологиялары туралы  материалдар  пайдаланылады. Мәселен, экологиялық білім берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен мазмұндары әлі де болса толық айқындалмайды, проблеманың теория жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, ізденіс тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді. Сонымен оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің ролі арта түсуде. Жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде бүгінгі өмір талабына сай оқушыларға педагогикалық, ақпараттық, модульдік,инновациялық  технологиялар арқылы экологиялық білім берудің ғылыми тұрғыда негіздеудің қамтамасыз етілмеуі, бұл мәселенің педагогика теориясы мен практикасында зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықтар байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табуға ықпал ететін инновациялық оқыту технологиясын іздестіру, зерттеу жұмысымыздың проблемасын белгілейді. Бұл проблема әлі де болса педагогика ғылымында шешімін тапқан жоқ.

  Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім-тәрбие  беру Республикамыздың атақты        педагог ғалымдарының Н.Д.Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б.Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Қ.Б.Бөлеев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді.

  Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіп зерттеулер жүргізген ғалым – педагогтар И.Д.Зверьев, А.Н.Захлебный, Н.С.Сарыбеков, И.Г.Суравегина, Н.А.Гладков, П.В. Иванов, Б.Г. Иоганзен, И.С.Матрусов, Н.А.Рыков, А.П.Сидельковский, В.Н. Скалон, Е.С.Сластенина, А.С.Бейсенова, Н.Е.Ильинская және т.б. ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылды. Қоршаған ортаны, табиғатты және оның байлықтарын қорғау, табиғатпен адамдардың қарым — қатынасы мәселелері жөнінде бір қатар ғалым – экологтар В.Бранн, К.А.Благосклонов, А.Д.Бондаренко, А.Р.Банников, В.П.Горощенко, А.А.Гаев, Я.И.Гептнер, Н.И.Деленковский, А.А.Горелов, Ю.В.Новиков, З.Новрузов, И.Н.Родзевич, Н.Б.Здорик, Я.И.Габеев және т.б. өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Ғылыми – техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен санаспауы салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептері, қазіргі кездегі еліміздің экологиялық жағдайын түзеу кезек күттірмейтін мәселе екендігі жөнінде Т.Төлендиев,  Қ.Құрманов, Е.Қонақбаев, С.Қаженбаев, Б.Шайкенов, С.Ысқақов, Е.Мамбетқазиев, В.Дежкин, Ю.Жданов, В.М.Песков және т.б. еңбектерімен шығармаларында өз пікірлерін білдірген.

Сол сияқты экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін  зерттеуде Республикамыздың танымал ғалымдарының —  А.С.Бейсенова, А.Б.Бигалиев, М.Н.Сарыбеков, А.Г.Сармузина, Г.К.Длимбетова, Э.А.Тұрдықұлов, Ж.Ж.Жатқанбаев, К.А.Сарманова, Н.Т.Торманов, Ж.Б.Шілдебаев және т.б.  қосқан еңбектері зор.

Мен осы дипломдық жұмысымды орындау барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтар И.Д. Зверев, М.Н.Сарыбеков, Н.Е.Ильинская тағы басқалардың ой-пікірлерін басшылыққа алдым[7].

 

Зерттеу объектісі: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың алған экологиялық білімі мен тәрбиесі. Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру

Зерттеудің мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің теориялық тұрғыдан мүмкіндігі және педагогикалық  эксперименттік жұмыста тиімділігін сынақтан өткізу арқылы әдістемесін жасап, практикаға ендіру. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.

Зерттеу міндеттері:

  • экололгиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау
  • Мектеп оқушыларына педагогикалық, ақпараттық,инновациялық оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім берудің теориялық негізін айқындау;
  • Педагогикалық, ақпараттық, модульдік, инновациялық оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім берудің түрлерін жетілдіру;
  • Педагогикалық эксперимент арқылы оқу үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Жалпы орта білім беретін мектептерде  оқу үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жолдарын пайдаланса тиімді болады.

Сонымен қатар 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:

  • орта мектепте оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе;
  • сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың бірлігі мазмұндық, ұйымдастыру және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе;
  • экологиялық тәрбие мазмұны туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарымен толықтырылса,
  • Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім беру үшін әрбір оқушының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескерілсе;
  • Әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы артса;
  • Мектепте жүргізілетін жұмыстардың тиімді жақтары көрсетілсе.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

            —     Компьютерлік және ақпараттық технологиясы арқылы оқушыларға   үздіксіз, жан-жақты экологиялық білім береді;

  • Жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдары ендірілген қосымша бағдарламалар жасау;
  • жоғарғы мектептерде биология пәні негізінде экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-практикалық ұсыныстары.

Зерттеу кезеңдері:

  • Бірінші кезең (2013 жылы). Дипломдық жұмысының тақырыбы алынып, осы тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.
  • Екінші кезең (2013 жылы). 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.

Зерттеу жұмысының негізгі базасы:

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Алматы қаласы №48 орта мектепте өткізілді.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тарудан,4кестеден және 4 суреттен,қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері

 

Адамның даму тарихы, ғылыми прогрестің қоршаған орта мен табиғат арасындағы қатынасты байланыстыруда және дүниежүзілік табиғат байланысының кілт өзгеруіне әкеп соқты. Адам, қоғам табиғат заңдылығымен санаспауы нәтижесінде пайда болған  экологиялық қайшылықтардың дамып, әлемдік дәрежеге жеткен, ең негізгі  мәселенің бірі болды.  Табиғат пен қоғамның дамуы бір-бірімен байланысты.

Қазіргі кезде балалардың санасына қоғамдық байлығы мен даму негізіндегі сезімдерін тәрбиелеп, оларға экологиялық білім беру мұғалімдердің міндеті.

Экология – грекше «oikos»– үй, мекен — жай  және «logos»–ғылым деген мағынаны береді. Экология —  тірі ағзалар мен қоршаған ортаның   бір – бірімен байланысын зерттейді. Бұл ғылымды негізін ұсынған неміс ғалымы Эрнест Геккель [22].

Экологиялық тәлім-тәрбие мен білім беру мәселесін қарастыруда, ғалымдардың  табиғат пәніндегі ой-пікірлері өзгеше. Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоции, Ф. Дистерверг баланың табиғатпен байланысы негізінде ой санасын қалыптастыру, білім мен тәрбие беру заңдылықтарын негіздеді.  Оқушының санасын дамытушы “табиғат сезіміне” үйрету жайында айта келіп, оның  эстетикалық мінез-құлқының дамуындағы маңызын ашты. Ж.Ж.Руссо(1981) оқушылардың жан-дүние тәрбиесін табиғатпен өткізуін ұсынады. Ғалымның ойынша, табиғатқа деген жақсы көзқарасқа үйрету, баланың ой-санасын іштей  дамыту арқылы  табиғатты танып, қабылдау сезімдерінің әсерімен жүзеге асады деп тұжырымдайды [23,24].

Педагогика ғылымының негізін қалаушы ғалымы Я.А.Коменскийдің(1955) тұжырымдарына назар аударсақ, ол дұрыс тәрбие берудің жан-жақты көзқарасымен табиғаттың байланысуы керек деген ой айтады.  Сол себептен табиғаттың бір бөлшегі – адам деп қарап, адам мен табиғат тәрбиесінің арасындағы заңдылықтарын дәлелдеуге әрекеттенді [25]. 

И.Г.Песталлоции(1981)  табиғатпен тәрбиенің байланысы жөнінде баланың ақыл-ойы және  күш – жігері ең өзекті мәселесі деп есептеді.

А.Н.Герцен (1954) жас баланың психологиясын  қалыптастырудағы табиғаттың негізін тұжырымдай отырып, «Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік» – деген ой айтқан болатын [26].

Ал орыс педагогы  К.Д.Ушинский(1948) табиғатты психологиялық тәрбие құралы деп білуде, адам мен табиғат арасындағы негіздерін қарастырып: «Табиғат даусын ата-аналар да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпенен ерегісу жақсы емес адамға тек оның бұл заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады».   К.Д.Ушинский  сонымен қатар ой ұрығы “ұлы тәрбиеші”- деп атады. Ол баланың табиғатпен  жақын өсуін кең көлемде жүргізілуін айтып «Педагогикада табиғаттың тәрбиелік құралы болар-болмас дәрежеде бағаланғаны таңқаларлық нәрсе» —   деп қапа болады [27].

В.А.Сухомлинскийдің (1975) психологиялық, эстетикалық тәрбие негізінде пайдалану туралы тұжырымдары мол. Ол интелектуалдық қажырлы еңбекке жігерлендіріп  тәрбиелеудегі табиғаттың ролін аша түсу міндетін қояды. «Мұндай өмір үшін табиғатпен байланыс жасаудың мүмкіндігі ұшан –теңіз» – деп көрсетті. Ғалым табиғаттың бала жанына жақындығын және табиғат сырына балалардың құштарлығын байқаған. Балаларды табиғат негізінде тәрбиелеу оның  ғылыми жұмысының негізі болған. Ол: «Табиғаттың әдемілігі адам жанының тазалығын тәрбиелеуде үлкен орын алады» – деп көрсеткен. В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде қоғамды өз еңбегімен өркендетуге  ат салысқан  баланың табиғатқа деген көзқарасы қалыптасқаны және бұл көзқарасын  табиғатқа деген  сүйіспеншілігін  дамытуды,  тәрбиенің ең  негізгі мәселелерінің бірі деп білді. Сондықтан да ол, осы мәселеге байланысты: «Туған жер табиғаты – бұл жәй кішкентай адамның өсетін жерге қадамдарын жасайтын орта ғана емес, он мыңдаған өте жіңішке тамырлары қуат алып, шырын бұтақтары мен жапырақтарына тарататын құдіретті адам – ағаштың өркен жаятын ортасы» дейді [28,29].

Ал, Г.Афанасьев, В.В.Журавльев, А.Г.Спаркин, Г.С.Смирнова, А.Қасабеков, Ж.Алтаев т.б. атақты философтар  оқушыларға экологиялық білім беруде «қоғам – адам – табиғат» арасындағы мінез — құлықтың  сана  көлем-пішіндерін жіктеу тұрғысынан қарастырды [30].

 Н.В.Скалон, Б.Г.Ионгазен т.б. педагог ғалымдар оқушыларға табиғатты қорғау үшін  адамгершілік, эстетикалық, патриоттық шарттарын ұсынды [25,29].

Шығыстың екінші ұстазы атанған, ғұлама ғалым Әл — Фарабидің Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан ғайыр  мұра қалдырғанын бүгінгі ұрпақ  мақтан тұтады. Соның ішінде адам,  білім,  тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге қоғамды  табиғат құбылыстарын танып – білуге баулу керек деп тұжырымдайды. Табиғатты аялау, ізгілікке баулу бала тәрбиесі де ұлттық тамырдан нәр алып, бүгінгі таным –түсініктермен баюы, жаңғыруы заңды құбылыс. Педагогикада   табиғат арқылы экологиялық білім қалыптастыруды философиялық ой – тұжырымдармен байланысты түсіндіреді. Ғалым философияны меңгерудегі  адамның алғышарттары тазалығы, әдет – ғұрпы, дүниетанымы деп көрсетеді. Олай болса, педагогикалық тұжырымның  дамуының философиялық бастауы Әл – Фараби мұралары  деп білеміз [3]. 

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 18-ші қара сөзіндегі табиғатқа деген  философиялық тұрғыдан, сонымен қатар   табиғатқа байланысты көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың байлығын адам баласының таусылмас азығы екенін көрсете келіп, «Кім өзіне махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз» – деп жасөспірімді табиғат – ананы аялап сүйіп, құрметтеуге  үндейді. Баланың дүниетанымы бесіктен басталады дей келіп, оның ой-санасының  бастысы,  білуге құштарлық деп санайды. Өсе келе  үйрету құралдары арқылы  жақсы іс — әрекетке, ішкі сезімдерінің қалыптасуына,  адамгершілікке тәрбиелеу болса, ал баланың мінез — құлқын  қалыптастырудың ең маңыздысы  ұстаздарының, достарының үлгі — өнегелері қажет деп түйіндейді [17].

Еліміз мақтаныш тұтатын ұлы  ғалымы Ш.Уәлиханов елінің әдет –ғұрпын, салт — дәстүрін зерттей келіп, өз ұрпағын табиғатпен айналысуға жетелейтін педагогикасын жоғары бағалайды. «Табиғат ғажап, табиғаттан құпия тіршілікте не бар?» — дей отырып, халқы киеліге аса көңіл аударған. Олар айналадағы және күнделікті тұрмысқа  қажетті саймандарды киелі деп құрметтеген. Осы киелілерді қастерлеп, ырым  жасау  қазақ баласына құт-береке,  байлық әкеледі.

Қазіргі таңда жасөспірімдерді табиғатты қорғау үйретуші құрал Шоқан Уәлихановтың осы тақырып жөніндегі бай мұрасы болып табылады. Уәлихановтың табиғат пен халықтың қатынасындағы зерттеулері қазақ халқының арасындағы  жағымсыз сезімдердің  «Табиғатты шексіз қадірлеуінен туған» – деген ой айтады [19].

Қазақтың ұлы  ағартушысы Ы. Алтынсарин жастарды ата-ананың тәлім-тәрбиесін, ақыл-кеңесіне көңіл түюге шақырып «Ақыл-кеңесті алмасаң анау тұрған қисық ағашқа ұқсап өсесің» — деп өзінің тәрбиеге деген көзқарасын айтады.  Сонымен қатар ақын ағарту және қоршаған орта мәселелерін сараптап арнаған шығармаларында дүниеге өзіндік көзқарасын көрсетеді.

Ағартушының өміріндегі ерекше орын алатын мәселелері мәдениеттілік пен әдет – ғұрыптың көзқарастары және маңызы. Мысалы: аққан судың сылдырауы, шалғынды көкорайдың көркі т.б. табиғат қозғалыстары «Жаз», «Өзен» деген өлеңдерінде суреттеледі. Бұл өлеңдер жастарды  табиғатты қастерлеуге тәрбиелейді [18].

Экологиялық білім мен тәрбиенің тамыры отбасы мен бала – бақшадан нәр алып, дамуы керек. Ата – бабаларымыз экологиялық тәрбиені ұлттық дәстүрде наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз беріп отырған. Мысалы, «Көк шыбықты сындырма, көктей соласың», «Аққуды атпа, киесі ұрады», «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін ашып жүр, өзіңді қалдыр — бақша өсіріп жаса нұр» деген ата – баба өсиетінде не деген көрегенділік, ақылдылық бар десеңізші!  Ата-бабаларымыз қазақ жол жүріп келе жатып, аға алмай жатқан бұлақ көрсе көзін ашқан екен. Қазіргі таңда  жас жеткіншектерге  ата – бабалардың нақыл сөздерін жеткізіп, оны ұғындыру және осыған байланысты экологиялық білім беру бұл мұғалімнің міндеті болып табылады.

Қай заманда болсын қазақ халқы дәстүрінде табиғатқа тағылықпен қарау деген болмаған. Аң — құстардан бастап өсімдіктерге дейін жанашырлықпен қарап, табиғат тұнығын  «обал»  деп санады. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдікі, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп санады.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебитеттермен танысу  жалпы білім беретін  мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің іс – қимыл білігінің нәтижесіндегі жетістіктің  кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы – бұл бағыттағы оңды нәтижелерге тек жоғары сынып оқушыларымен жүйелі түрде жүргізілген экологиялық – туристік — өлкетану қызметі арқылы   ғана қол жеткізуге болады.

Мектептер қызметі мен мектептен тыс мекемелердің өзара байланысы қажеттілігін осы бағыттағы әдебиеттерге  жасаған талдауларында көптеген  көрнекті оқымыстылар, алдыңғы қатарлы, озық ойлы, халық ағарту ісінің ұйымдастырушылары В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, С.Т.Шацскийлер  дәлелдеп берді [12,13].

Мектеп оқушыларының бойында шығармашылық қабілеттер мен қызығушылықтарды дамытуда, мектептен тыс мекемелер негізгі нысана болады. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметтерінің ұжымдық түрлері, әсіресе табиғат пен қоршаған ортаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында тығыз байланыста бола алады Мектеп оқушыларының экологиялық білімділігі мен тәрбиелілігі олардың экологиялық санасына байланысты, яғни олардың барлық қызметі мен мінез – құлықтарын, бұрынғы ой – пікірлері мен көзқарастарына өзгеріс енгізудің қалыпқа келтіруші құралы деп түсінуге болады. Мектеп оқушыларының экологиялық білім мен тәрбиесінің педагогикалық үрдісі психологиялық, педагогикалық қайшылықтарды шешу мен ғылыми болжамдарды салыстыру әдістері, осы негізде қоршаған орта мен туған өлкенің, табиғи ортаны сауықтыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Атақты шетелдік педагогтардың табиғатқа деген көзқарастарына сүйенер болсақ, табиғатқа деген сенімді көзқарас  қалыптаса қойған жоқ. Қуатты тәрбие күштеріне сүйене отырып, олар адам мен табиғат бірлігінің тиімді жолдарын іздестірді, ал егер осы бағытта тапқан жаңалықтары болса, оны тәрбие мақсатына пайдаланып отырды.

Б.Т.Лихачев жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мәселесін қарастыра келіп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Коменскийдің өсиет етіп кеткен тәрбиенің табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесінің жетекші құралы деп түсіндірді.

Жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың экологиялық білімі мен тәрбие үрдісіндегі негіз ретінде мектеп оқушыларының қоршаған ортамен байланысы, бірлігі алынған. Қазір балаларға санасы мен көзқарасына әсер ететіндей тұтас экологиялық білім мен тәрбие жүйесін бере отырып, табиғаттағы, космос кеңістігіндегі және қоғамдағы барлық құбылыстарға адамның қатысы бар екендігін ұғындыру қажет.

А.А.Остапец-Свешников өзінің көптеген зерттеулерінде экологиялық білімге, әсіресе, сынып сабақ жүйесінде жоғары мән берілетіндігін, бірақ бұл білімдердің күнделікті өмірде қолданыла бермейтіндігіне тоқталып өтті.

Н.С.Дежникова экологиялық білім мен тәрбиені балалардың рухани дамуына әсер ететін, олардың  экологиялық көзқарастарын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Оның ойынша, экологиялық тәрбиенің деңгейі оқушылардың қоршаған ортаға құнды деген көзқарастары туралы қалыптасқан білім жүйелерімен анықталады. Сондай– ақ жоғары сынып оқушылары И.Мучириннің «Адам- табиғаттың бір бөлшегі, ол табиғата биологиялық жағынан ғана емес, рухани жағынан да тәуелді, табиғаттағы барлық байлықты дұрыс жолмен ғана пайдалануға болады, табиғаттан адам үйлесімдік пен тұтастықты, сұлулықты үйренуі керек» деген қағидасын тиісті дәрежеде түсіндірулері қажет [14].

Экологиялық білім  мен тәрбие балалардың рухани жетілуіне үлкен әсер етеді. Осы білімді меңгеру барысында балалардың қоршаған орта, оның қалыптасуы мен маңыздылығы туралы түсінігі қалыптасады.

Экологиялық білім беруді енгізуде адамдардың қоршаған орта мен қарым-қатынас жасауды қалыптастыруда мектепте оқылатын әр пәннің тәрбие жұмыстарының қоғамдық  мүмкіншіліктерінің бәрін ТМД елдері бойынша П.В. Иванов «Оқушылардың табиғат қорғау жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өз туған өлкесінің табиғатын оқып үйренуді», И.Д.Зверев «Экологиялық білім берудің теориялық негізін, табиғат қорғаудан білім беруде пәнаралық байланысты», Л.П.Салеева «Төменгі сынып оқушыларының табиғатқа жанашырлық қатынасын қалыптастыруды», Б.Г.Иоганзен «Оқушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауға дағдылану әдістерін», Я.И.Габев «Табиғат қорғау туралы білімнің теориялық негізі» туралы зерттеген. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруге байланысты экологиядан А.С.Бейсенова (1991), А.Г.Сармузина (1996),  К.Сарманова(1996), А.Б.Бигалиев, Ж.Шілдебаев(2000), физикадан М.К.Хакимова(1987), Э.А.Тұрдықұлов(1982), М.И.Уралов(1988), А.Д.Болтаев(1994), Ғ.К.Длимбетова, географиядан И.Н.Родзевич(1986), С.В.Васильев(1987), Т.В.Кучер(1990), Ұ.Ә.Есназарова(1996), Р.Төлегенова(1997), қазақ – тілі мен әдебиетінен Ө.Т.Танабаев(1992), биологиядан Ш.Қарамергенов(1980), И.Г.Суравегина(1986), Т.В.Машарова(1992), С.Орынбеков(1996), табиғатанудан Л.П.Салеева(1978), М.Н.Сарыбеков(1984), Е.А.Гринева(1985), Д.І.Жангельдина, химиядан В.М.Назаренко(1985), математикадан Қ.Н.Сарыбекова(1999) және  сыныптан тыс жұмыстар негізінде экологиялық тәрбие беруден Қ.Ж.Бұзаубақова(1997) т.б. жазды  [31].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеген ғалымдар

Сабақтар

Авторлар

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеген ғалымдар.

 

 

Ғалымдардың басым бөлігі экологиялық білім беру жайлы жеке адамның іс-әрекетінде байланысатын, табиғатқа деген моральдық жауапкершілік деңгейінің қалыптасуы экологиялық сезімі болатынын көрсетеді.

Е.М.Кудрявцева(1980) экологиялық тәрбиенің психологиялық табиғатын қарастырып, оны іске асырудың қажеттілігіне ерекше назар бөлді. Ол табиғатты қорғауға  адам бойындағы сенімге  мән беріп, оның негізгі  компонентіне баса назар аударды. Олар бірнеше компоненттерге бөлінеді.

  1. Интеллектік (ойлылық) компоненті: сенім негізіндегі экологиялық білімді дүниетанымдық сипаттағы интеллектік іскерлікті себепті ойлау тәсілдерін меңгеруі.
  2. Жеке даралық компоненті: қатынас пен бағалаудың себебі табиғат қорғау әрекетіне мақсат қою және себептің дәлелі, моральдық бағыттылығы, табиғатты қорғау қажеттілігін ұғыну.
  3. Ішкі дайындығы: субъектінің өзіндегі бар біліміне сәйкес ниеттенуге байланыстылығын ұстанған жолының әрекетке дайындығы [15].

Осы компоненттердің әр қайсысының өзіндік мәнін ұғыну, олардың органикалық бірлікте болуын қамтамасыз ету, табиғатқа жауапкершілік  қалыптастыруда оқушының қасиетін ескере отырып жүргізуге негіз болды.

Экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері А.Н.Захлебныйдың еңбектерінде байқалады.

А.Н.Захлебный(1981) жалпы білім беретін мектептегі екі әлеуметтік мақсатқа жетуге бағыттауды ұйғарды. Олар мыналар:

  1. Оқушылардың мінез-құлқында және әр түрлі іс-әрекетінде қоршаған ортаға жауапкершілік нормаларын сақтауға тәрбиелеу.
  2. Қоршаған ортаны көркейтіп қорғауда оқушылардың ұқыптылықпен пайдалану дағдысына үйретуді ұсынады [31].

Ғалым – педагогтар мен ғалым — әдіскерлер экологиялық білім мен тәрбие берудің мәнін ашқанда табиғатқа саналы қарым – қатынас жасап, оны қорғайтын, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланатын, туған жерін сүйетін жастарды адамгершілікке тәрбиелеуді талап етеді.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып, экологиялық білім берудің мақсаты – жастарды айналадағы табиғи ортаға жауапкершілікпен қарау керек екендігін анықтадық.

Зерттеушілер қазіргі  педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық анықтауға  ұмтылады.

Қазіргі заман талабы тұрғысынан алып қарастырар болсақ, бүгінгі мектеп оқушыларының жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткіздік. Ендеше оқушыларға ақпараттық, компьютерлік, модульдік және инновациялық оқыту технологиялары негізінде экологиялық білім беру идеясын олардың қолдап шығатынына сенімдіміз. Оқушылардың қолдауына ие бола отырып, оның  қажеттілігіне сене отырып, біз енді нақты қай технология негізінде жүргізуді, оның тиімділігі қандай болады, қиыншылық неде деген мәселелер төңірегінде ойлануды жөн көрдік.

Педагогикалық қызметте енгізілген жаңалықтың қандай жағымды жақтары бар, ол қандай табысқа жеткізу мүмкін, кемшіліктері жоқпа, оның салдары қандай болуы мүмкін деген сияқты сұрақтар туындайды. Білім беру үрдісінде педагогикалық инновация басқаша түрде қарастырылады. Олар:

1.Дәстүрлі алты күндік жұмыс аптасы сақталатындай жүйе енгізу.

2.Сабақ берудің әдісі мен әдістемелері өзара сабақтаса отырып, сабақ

   пен сабақтан тыс жұмыстардың мазмұнын байыта түсу.

3.Білім берудің халықаралық стандарттарына сай ізденісін арттыру.

 

Білім беру үрдісіндегі оқущыларға білім беруді төмендегідей суреттен көруге  болады:

 

 

Білім беру үрдісі

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

арқылы

Ішкі факторлар

арқылы

Жаңалықтар нәтижесі

Сыртқы факторлар

арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет Оқушыларға білім берудің үрдісі

 

 Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин(1989) «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолдарындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», деп анықтайды [31].      

Көптеген педагог ғалымдардың еңбектерінде оқу үрдісін «технологияландыру» бағдарламалап оқыту тәрбиесінде іске асатын білім технологиясы, дамытып оқыту конспектіндегі педагогикалық технология, жаңа ақпараттық технологияның мәні, мазмұны, оларды оқу үрдісіне енгізу т.с. мәселелері ашып қарастырылған (Б.С.Гершунский, В.М. Монахов, Н.Ф.Талызина, В.В.Давыдов, Т.И.Ильина, Г.И.Щукина, Ж.А.Қараев, Е.И.Машбиц т.б.) .

 Педагогикалық технология дегеніміз – мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдараламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс-тәсілдер, амалдар, дидактикалық талап секілді психолого-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірбиесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім.  Атап айтқанда: иллюстрациялы түсініктемелі оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, компьютерлік және ақпараттық технологиясы, жобалап оқыту технологиясы және т.б. Осы технологиялардың жіктелуін  3-кестеде көре аламыз.

         Педагогикалық технологиялардың мынадай міндеттері бар:

  1. Педагогикалық қызметінің өзекті мәселелерін білу.
  2. Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру.
  3. Оқу модулін құрастыру.
  4. Оқушыларға арналған тапсырмалар құрастыру.
  5. Оқушылардың жаңа материалдарды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау.

Осы педагогикалық міндеттерді орындау үшін төмендегідей әдістер қолданылады:

  • Проблемалық-іскерлік ойын;
  • Рефлексивті-рольдік ойын;
  • Педагогикалық шеберханалар;
  • Лекция;
  • Семинар;
  • Практикалық сабақтар;
  • Педагогикалық идеялар;
  • Сынақ мерзімін өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- кесте

Қазіргі кездегі оқыту технологияларының жіктелуі

 

Оқыту технологиялары

Философиялық негізі

Психолого-педагогикалық негіздері

Оқушының іс-әрекеті

1. Иллюстрациялы түсініктемелі оқыту технологиясы.

2.Лекция — семинар сынақ жүйесі.

3.Ірі блокпен оқыту технологиясы (П.Э.Эрдниев).

4.Перспективті дамыта оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова).

Д.Ж.Локк

«Бала тақтайдай таза жанмен туылады».

Рефлекторлық теория И.М.Сеченов, И.П.Павлов,

Я.А.Коменский педагогикасы

ХVIIғ. қағидалары:

оқытудағы ғылымилық, көрнекілік, табиғат-тәнділік, кезектілік, белсенділік.

Оқушы үлкендердің қалай ойлап, қалай орындайтындығына еліктеп солай орындауға тырысады, қайталайды.

Оқушы әрекетін жандандыру және қарқындату негізіндегі оқыту технологиялары

5.                 Проблемалық оқыту технологиясы.

6.                 Ойын арқылы оқыту технологиясы.

 

 

 

7. Оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде қарқынды оқыту технологиясы.

 

Ассоциациясы іс-әрекет (қабылдау, есте сақтау қолдану қорыту жүйелеу және іс-әрекет).

 

 

Оқу-тәрбие үрдісінде экология сабақтарында инновациялық оқыту технологияларын қолдануда оқушылардың бойында төмендегідей қабілеттер қалыптасады:

  • ізденушілік;
  • зерттеушілік;
  • шығармашылық;
  • қызығушылық;
  • біліктілігін арттыру.

Осы экология сабақтарында инновациялық оқыту технологияларды қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты болса, ал оқушылар өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игереді. Экология сабақтарында модульдік оқыту, компьютерлік және ақпараттық, деңгейлеп саралап оқыту технологияларын ың ерекшеліктерін 4-  кестеден көре аламыз.

 

 

 2-кесте

Экология сабақтарындағы инновациялық оқыту технологияларыдың ерекшеліктері

 

Оқыту технологиясы

Инновациялық оқыту технологиясының ерекшеліктері

Педагогикалық оқыту технологиясы

—                     Мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдараламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі.

—                               Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс-тәсілдер, амалдар, дидактикалық талап секілді психолого-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланады.

Модульдік оқыту технологиясы

—                     Өз бетінше орындалатын жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық танымдық қабілеттерін арттыру.

—                     Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру.

—                     Оқушылардың өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін дамыту.

 

 

Компьютерлік және ақпараттық технология

— Оқыту — бұл оқушының компьютермен

   қатынасы;

— Оқушының жеке қасиетіне қарай компьютерге

  бейімдеу;

— Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру;

— Жоғары сынып оқушыларына үздіксіз,

   жан-жақты экологиялық білім беру.

 

Қорыта келгенде, қазіргі мектептердегі экологиялық білім мен тәрбиенің төмен дәрежеде жүргізілетіндігі, оны күшейту үшін зерттеу жұмыстарын, жобалау – зерттеу, қоғамдық пайдалы қызметті экономикалық даму деңгейімен байланыстыру керек. Мектептегі экологиялық білім авторлық бағдарлы – тұжырымдамаларға толы, соған қосымша білім беру мекемелерінің жүйесіндегі инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жоғары сынып оқушыларының кейбір ерекшеліктерін ескертетін бағдарламалар және оқу-әдістемелік құралдармен  қамтылу керек.

 

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы

 

Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі – бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде «әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.

Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп оқушылары десек, оларға тыңғылықты тәрбие, тиянақты білім беруді неғұрлым нақтылап, соған негізделіп оқыту бүгінгі заман талабы. Сондай нақтылаудың бір жолы сабақ барысында оқушыларға экологиялық білім беру.

Мектептерде факультатив сабақтар арқылы  экологиялық білім беру және  инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану болашақтың азаматын даярлаудағы оқыту процесін барынша ізгілендіру. Яғни оқу құралдары оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекет жүргізе алатындай және қазіргі өзгермелі жағдайға бейімдеп қолданылатындай болу керек.

Экологиялық білім берудің мақсаты – жеке адамның бойында қазаққа тән ізгілік пен әдет — ғұрыптарын дарыта отырып, «адам – қоғам —  табиғат» арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Экологиялық білім беру әрқашанда жеке адамның тәрбиесін экологиялық мәдениетін дамытудан бастап, көпшілікке экологиялық білім беру деңгейіне көтерілді. Сондықтан, экологиялық білім беру өте күрделі процесс. Оны «дайын» күйінде ұсынуға болмайды. Ол үшін оқушылардың санасына, ой — өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып беру керек.

1968 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның биокеңестік қорын қорғау және оны тиімділікпен пайдалануға байланысты Үкіметаралық конференция болып, онда “Адам және биосфера” деп аталатын бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламада алғаш рет экологиялық білімнің жалпы мазмұны көрініс тапты. 1971 жылы желтоқсан айында Швейцарияда табиғат қорғауда жұртшылықты ағартуға байланысты 1-Еуропалық жұмыс конференциясы өтіп, онда ең алдымен “Қоршаған ортаны қорғау” және “Табиғатты қорғау” түсінігі егіз ұғым ретінде танылды.

ЮНЕСКО–ның ЮНЕП–пен (“БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы”) 1977 жылы Тбилисиде бірлесе өткізген қоршаған орта жөнінде білім беруге байланысты бірінші Үкіметаралық конференциясы өтуі экологиялық білім беру жүйесін одан әрі жетілудің елеулі кезеңі болды.

Экологиялық білім беру жүйесіндегі Халықаралық өзара байланыс Найроби (1982), Беч (1983), Москва (1987), Рио-де-Жанейро (1993), Орхус (1999), Кейптаун (2003) және басқа да конференцияларда одан әрі жалғасын тапты [34].

Осы жоғарыда аталған халықаралық ғылыми конференцияларда халыққа экологиялық білімді үздіксіз беру арқылы жүзеге асатыны баса айтылады. Олар:

  • -биосфера тұрақтылығын сақтау үшін ағарту жұмыстарын
  • ұйымдастыру арқылы;
  • -адам баласының туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім
  • беру;
  • -халық арасында экологиялық пікір-талас өткізу.

Жоғарыда аталған  өзекті бағдарламаны жүзеге асыруда Елбасының «Қазақстан — 2030» бағдарламасымен «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясы» және Білім мен Ғылым министрлігі бекіткен «Экологиялық білім бағдарламасы» құжаттарының міндеттері бойынша экологияны жеке пән ретінде мектептерге енгізу көзделген. Аталған мемлекеттік құжаттарды жүзеге асыру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.

Аталған құжаттарға сәйкес үкіметтің қауылысы (3.03.1998ж. №137,8б.) экологиялық білім берудегі негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың көкейкестілігі Қазақстанның көпсатылы  оқу жүйелерінде экологиялық білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа мәдени тұрғысынан қарастырылады. Осыған орай, 1987 жылы проф. А.С.Бейсенованың «Оқушыларға экологиялық білім беруді жақсарту туралы тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасында эколог мамандарды даярлау» туралы еңбектері шықты. 1988 жылы ҚР Білім министрлігінің қаулысымен «Ландшафтар экологиясы және табиғат қорғау» лабораториясы ашылды [35,36].

Аталған зертханада  үздіксіз экологиялық білім берудің шетелдік, ТМД және отандық іс – тәжірибелері сарапталынды. Әсіресе, Ресей мемлекеті оқу жүйелерінде көпшілікке экологиялық білім берудің үздіксіз жүйесі жақсы жолға қойылғанын аңғартты. Онда жалпы және кәсіби білім беретін оқу жүйелеріне арналған экологиялық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтар және оқу құралдарының кешендері жарық көрген. Экологиялық білім берудің тұжырымдамасы жасалған. Осы жағдайлардың бәрі Қазақстанда экологиялық білім берудің ғылыми–теориялық негіздерін жасауға  бағыт берді.

Зерттеу қорытындылары бойынша экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері, педагогикалық принциптері және экологиялық білім  тұжырымдамасы мен мемлекеттік стандартының алғашқы жобалары жасалды. Үздіксіз экологиялық білім беруде ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу жұмыстары аяқталды. Үздіксіз экологиялық білім берудің алғашқы І-ХІ  сыныптарға арналған оқу бағдарламалары жасалынды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты бойынша экологиялық білім беру «Биология» пәндерінің мазмұнында және вариативтік сағаттарға негізделген. Шын мәнінде дүниежүзілік және отандық тәжірбиелер көрсетіп отырғандай, көпшілікке экологиялық білім беру экология курсын жеке пән ретінде оқыту ғана бұл проблеманы шеше алады [37, 38].

Экологияны пән ретінде оқыту  ғылыми-теориялық педагогика  психологиялық   оқу — әдіснамалық  тұрғыдан   да  негізделіп, нормативті – құжаттарға сүйенеді. Егеменді  Қазақстан Республикасы Конституциясы  мен  экологиялық  зандарында  үздіксіз  экологиялық   білім  мен  тәрбие  беру  туралы   мемлекет  деңгейінде  бірнеше  құжаттар  қабылданды. Қазақстанда экология  пәнінің  авторлық  бағдарламалары, оқу-әдістемелік  нұсқаулар  мен  оқу —  құралдары  да  жарық  көрді.

Экологияны пән ретінде оқытудың біршама тәжірбиелері Абай атындағы КазҰПУ — нің география – экология факультетінде жинақталған. Профессор А.С.Бейсенованың ұсынысымен құрылған «Экология оқу әдістемелік зертханасы» 1987 жылдан бері Республика бойынша мектептерде экологиялық білім беру жүйесін үйлестіріп келуде. Зертхана қызметкерлері экология курсын оқытудың әдіснамалық, ғылыми – педагогикалық және оқу-әдістемелік негізін жасады.

Экологияны пән ретінде оқыту тәжірибелері Ресейде жақсы жолға қойылған. Ресейде 1990 жылдан бастап экологияны пән ретінде оқытудың аймақтық аспектілері жақсы дамыған.

Экологиялық білім мен тәрбие беруде көрнекті педагогтар А.Н.Захлебный, И.Д.Зверев, И.Г.Суравегина, П.Р.Абаргаджиева, В.А.Пирова т.б. еңбектері баршылық. Аталған педагогтар экологияны пән ретінде оқыту проблемаларын мемлекеттік деңгейде көтере отырып оны практикада қолданған әрі оларды алғашқы  әдіскер – педагогтар деуімізге болады.  

ЮНЕСКО- ның Бас директоры Ф.Майор экология мәселесін барлық оқу бағдарламасына өзек ете отырып, оны мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін оқыту, мұғалімдер мен басқару аппаратын бұған дайындау экологиялық проблеманы шешудегі ең маңызды фактор болуы тиіс деп есептейді. Прогресс стратегиясы жалпы және экологиялық білім берудің қауымдастығына келіп тіреледі. Оның: «Егер де біздер,  адамдар – табиғаттың бөлшегі, біз өз ағаштарымызбен өздерімізді, егістік пен орманды жанымыздай сүйе беруге тиіспіз деген қарапайым да сенімді сөздерді әрбір бүлдіршіннің ойына сіңіре  білмесек, онда қоршаған ортаны қорғаудағы қазіргі қол жеткізіп жүргеніміз тек жәй түсінік болып қала береді.

Мектептерде әрбір пәннің оқу бағдарламасына талдау жасаудың маңызы өте зор. Оның себебі оқу бағдарламасын зерттеп, талдау арқылы жоғары сынып оқушыларына (9-10-шы сынып) экологиялық білімінің элементтерін үйрету біздің негізгі мақсатымыз. Әсіресе бірі-бірімен өте тығыз байланысты болып келетін биология, география, химия, физика оқу бағдарламаларына талдау жасағанда оқушыларға берілер білім міндетті түрде экологиялық мәселелерімен түйісетіні белгілі. Мысалы  оқушылар  биология  курсын  оқу барысында экологиялық білімнің  мынандай элементтерін  игеруге  тиіс:

Биология:  Бұл оқулықта экология негіздері бойынша төмендегідей тақырыптарға тоқталған: Тірі ағзаларды қоршаған орта факторлары, табиғи бірлестіктерінің, экожүйелердің және популяцияның экологиясы, биосфера және адам, табиғатты қорғау және үнемі пайдалану.     

География:  Географиялық  қабықтар — өмір  сүретін  орта  және адамның ондағы  қызметі. Адам әрекеті  арқылы  нәтижесінде табиғи ортаның  өзгеруін бағалау. Сонымен бірге өндіруші  күшпен өндірістік  қатынастың даму денгейі.  Енді осылардың ішінде ең негізгісі экологиялық мәселерге де ерекше көңіл аударылады. Мысалы дүние жүзіндегі экологиялық проблемалардың болу себептері және шешу салдары қарастырылады.

Химия пәнінің оқу бағдарламасына  зерттеу жүргізу барысында экологиялық  білімінің мынандай элементтерін оқушылар химия сабағында игеруге тиіс  екендігі анықталды.

 Химия:   Қоршаған табиғи ортаның  химиялық  өлшемдерінің  нормасы, адам санының күн сайын өсе түсуі салдарынан шаруашылықтын қажеттіліктері артуының нәтижесінде  өнеркәсіптен  шығатын химиялық қалдықтардың қоршаған ортаға тигізер зардабын бақылау т.б.

Физика пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізу барысында экологиялық білімнің төмендегідей элементтерін игеруге тиіс екендігі анықталды.

Физика: Адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері. Олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруіне бақылау: шудың болу себептері және денсаулыққа әсері, электромагниттік сәуленену, шаңмен ластану және т.б.

Енді  қазіргі уақытта жаңадан жасалынып жатқан оқу жоспары мен бағдарламаларыға  төмендегідей  ескертпелер айтылып жүр:

  1. Пән бағдарламаларында экологиялық түсініктемелер анық берілмеген.

   Оқулықтарда мәліметтер жеке фактілер жинағы ретінде  ғана сипатталып    отыр. Бұл оқушыларға тиімсіз болып табылады.

2.Егер оқулықта жаңа ұғымдар мол болып, оның есесіне, кейбір   мұғалімдердің жауапсыздығы әсер етеді.

3.Бүгінгі күні теледидар, радиолардан беріліп жүрген түрлі ғылыми             жаңалықтар мектеп бағдарламаларына қосылмаған. Оның  үстіне біздің негізгі міндетіміз оқушылардың табиғатты қорғауға деген психологиясын  қалыптастыру болып отыр.

4.Ақпараттық технологиялар (видео — аудио материалдар,электрондық оқулықтар) енбеген.

Мектептегі әрбір  пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы тәрізді биология, химия, физика, география сияқты пәндердің өзіндік байланысы арқылы оқушыларға экологиялық білім беруге және сол бағытта  тәрбие берудегі маңызы бар. Мәселен пәнаралық байланыс арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген география сабақтарына тоқталайық. 9-шы сыныпқа арналған география сабақтарындағы «Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы», «Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарын бағалау» тақырыбына тоқталатын болсақ, мұнда Қазақстанның жер көлеміне, географиялық орнына, табиғат  жағдайлары мен табиғат  байлықтарына тоқтала келіп, Қазақстанның  табиғи ортасын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Енді  бұл тақырыпты басқа пәндермен салыстыра  қарайтын  болсақ, мысалы биологиядағы кейбір табиғи ортада өмір сүретін жануарлар мен өсімдіктерге антропогендік әрекеттің тигізер әсеріне байланысты тақырыптарды байланыстыра отырып, түрлі көрнекіліктерді пайдалансақ, тақырыптың  мазмұны ашыла түсері сөзсіз.  Біздің  міндетіміз  мектеп  оқушыларының бойында экономикалық білім мен біліктілерін қалыптастыру болғандықтан қоғам мен адам ортасындағы байланысты ашып көрсете білуіміз қажет. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жоғары оқу орындарының бағдарламасына халық  педагогикасы пән ретінде енгізілді. Бұл пәннің негізгі міндеттерінің бірі яғни мақсаты әрбір баланы ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар халық дәстүрлігін  педагогикалық  тұрғыдан жан-жақты зерттеп, әсіресе табиғатты қорғау мәселесін бір жүйеге келтіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу болып отыр.  Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский «Ақылды-ақыл, арды-ар  тәрбиелейді»- деген екен.  Халқымыздың дана өкілдерінің өз туындыларының  бірі-табиғатты қорғау дәстүрлері, іскер, парасатты, арлы адам тәрбиелеуге көмектеседі. Қазақ халқының асыл мұраларының бірі — табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген қамқорлық жеткіншектер  қасиеттерді тәрбиелейміз.

Дегенмен ХХ ғасырдың  соңғы он жылдығында  шиеленісе түскен экологиялық мәселелер бүгінде бүкіл адамзат баласын толғандырып отыр. Әрбір ел өз табиғатын қорғау үшін түрлі шаралар қолдануда. Ал, біз үшін халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында оқушыларға көбірек білім беру керек.  Мұны бабалардан қалған асыл сөз, ғибратнама, мақал – мәтелдер арқылы оқушы санасын қалыптастыруымыз қажет.

Мектеп оқулықтарындағы әсіресе географиядан түрлі тақырыптарды жаңа сабақ ретінде өткізгенде халқымыздың бай тәжірибесін қолдануға болады. Мысалы «Биосфераның қазіргі кездегі жағдайлары» тақырыбында атмосфера, гидросфера, литосфера компоненттерінің қазіргі жағдайына тоқтала келіп, халқымыздың «Жұпар ауа — дертке дауа» — деген нақыл сөзінен бастап, оқушыларға қазақ халқы өзі өмірге әкелген ауа тазалығын сақтау қажеттілігі жайында нақылдарын тиянақты іске асыра білгенін түсіндіру керек. Осы арқылы оқушылар адамдардың кейбір жөнсіз іс — әрекеттерінің негізінде ауаның ластанып, топырақтың су мен жел эрозиясына ұшырайтындығын анықтайды. Сабақ соңында оқушылардың назарын су мен жел эрозиясына қарсы қандай шаралар жүргізілуі қажеттігі айтылады.                   

Қоршаған ортаны ғылыми жаратылыстық жағынан түсінудің маңызды теориялық негізін қалаған  В.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфера туралы ілімі болатын. Бұл ілім «адам-қоғам-табиғат» жүйесіндегі қарым-қатынастың әдіснамалық негізін құрайды [149]. Ол экологиялық білім беру саласында кешенді пәнаралық тәсілді қалыптастырады, қоршаған ортаның проблемаларын біріктіре қарастыруды ұсынады. Арнайы экологиялық пәндер енгізумен бірге дәстүрлі пәндердің де мазмұнын жердің біртұтастығы, ол барлық тіршілік етушілердің ортақ мекені екендігі жөніндегі идеямен толықтыру керек.

     Мақсатына қарай экологиялық білім беру үш сатыда өтеді.

  • -Алғашқы саты – мектепке дейінгі және бастауыш мектеп;
  • -Екінші саты – орта мектеп және колледж;
  • -Жоғары саты – жоғары оқу орындары.

Алғашқы саты мектепке дейінгі және бастауыш мектепті қамтиды. Мұнда қоршаған ортамен танысу, адам мен табиғаттың бірлігі, өз үйінде, аулада, сыныпта, жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық, салауатты өмір салтының негіздері қалыптасады. Бұл сатыдағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық негізіндегі  дамытушы ойындар.

Екінші саты – жалпы және арнайы білім беретін орта мектептерде жүзеге асады. Мұнда бастапқы экологиялық білім беріледі, ол стандартты әдістер мен стандартты мәселелерді шешуге алгоритмі бар қарапайым модельдерді пайдалану білігіне негіз болады. Оқыту элементтерін, компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жаңа оқу пәндерін енгізу қолданыстағы оқу жаспарлары мен бағдарламаларды қайта қарап қысқартулар жасауды қажет етеді.

Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше бағытты   жасауды қажет етеді. Олар:

  • Оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және техникалық құралдар жасау, табиғат музейлерін, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Бұлардың бәрінде мұғалім әзірлігінің деңгейі, оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастырудағы білімі мен біліктілігі шешуші роль атқарады.
  • Биология, химия, география және басқа пәндердің, солардың ішінде гуманитарлық пәндердің мұғалімдері оқу жоспарларын, техникалық құралдарды пайдаланады, табиғат музейлеріне, зоопаркке, табиғат аясына топсеруендер ұйымдастырады. Сондықтан, мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың білімін анықтайды, тіршілікке деген пікірін қалыптастырады.

Қоршаған орта жайында білім беру  — сол ортаның күйін және онымен байланысты проблемаларға жауапкершілікпен қарау және оларды шешуге қамқорлық жасау процесі. Ол үшін күнделікті туындайтын проблемаларды шешетіндей білім және ұжымдық жұмыстардың дағдысы болуы керек.

Бұл міндеттерді және табиғат қорғаудан жан-жақты әзірлігі бар мұғалімдер ғана атқара алады. Сондықтан эколог мұғалімдерді әзірлеу – ең маңызды міндеттердің бірі. Оларға біріншіден, экологиялық факторлар және әлеуметтану мен адам экологиясының өзара байланысының негіздері туралы білім беру қажет. Екіншіден, мұғалімдер қоршаған ортаның проблемаларын сын көзімен қарап, оны сақтай білудегі оқушылардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу тиіс. Үшіншіден, табиғат қорғау мәселелері мен экологиядан сабақ беретін мұғалімдердің  білімін жетілдіру және қайта даярлау институттары арқылы арнайы курстарды өткізу. Төртіншіден, қазіргі техникалық құралдар, оқытуды компьютерлендіру және оқытудың жаңартылған әдістерін өмірге енгізуді қамтамасыз ету. Тәжірибе оқу — құралдары және оқу материалдарының алмасуы үшін ақпарат жинақтау орны керек.

Қоршаған орта саласындағы мектеп мұғалімдері үшін жасалған халықаралық бағдарламаларды мынадай мәселелер ескерілуде.

Болашақ мұғалімдер үшін қоршаған орта туралы білім аса қажет. Олар білім беру әдістерінің, әсіресе оқушыларды қоршаған табиғи ортаның негізгі заңдылықтарын түсініп бағалай білетіндей болуы керек. Биологтар, экологтар және барлық пән мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдарды оның проблемалары мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуы тиіс.

Мұғалімдер оқыту процесінде психолого — педагогикалық білімді игеріп, қолдана білуі, ақпараттың алынуы мен жинақталу процесін, және оның адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсерін және мүмкіндіктерін пайдаланып қоғам мен мектептің өзара байланысы, білім берудің тенденциялары мен қоршаған ортаның шешу проблемаларын түсінуі, құндылықтарды қастерлеп, даулы мәселелерді шеше білуі керек.

Қоршаған орта саласындағы экологиялық білім табиғатта жұмыс істеу  арқылы беріліп отырады. Мұғалім қоршаған орта туралы берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, оқыту әдістері мен амалдарын, ақпарат көздері оқу жоспарын және мемлекеттік экологиялық саясатты жетік білуі керек.

Экологиялық білім беруді жүзеге асыруды оның ең негізгі міндеттеріне көңіл бөлу керек. Атап айтқанда:

  • экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;
  • қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу;
  • экология саласындағы білім жетістіктері мен нормативтік құжаттарды білу.

Жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін, формаларын және әдіснамаларын қолдану керек. Олар:

1.Оқушылардың  қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы жетілдіріп отыру (семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, әңгімелесу, диспуттар, КВН, викторина т.б. ).

2.Оқушының творчествалық ойлау қабілетін дамыту, адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның болашақтағы зардаптары туралы алдын-ала ойлау мен біліктілігін арттыру (табиғаттағы өзгерістерге талдау жасай білу, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, бағалау және болжау).

3.Іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгеру, экологиялық мәселелерді шешуде батыл әрі дұрыс шешім қабылдау және өз беттерінше білімін көтеру (оқу және оқыту барысында шешім қабылдау).

4.Жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың практикалық іс-әрекеттерін дағдыландыру (туған өлкесінің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру, экологиялық ұйым мен үйірмелер құру, экологиялық соқпақ ұйымдастыру, табиғат ресурстарын жоспарсыз пайдалануға жол бермеу, экологиялық білімді үгіттеу – лекция, көгілдір экранды, газет-журнал басылымдары т.б.).

Жоғары саты кіріктіру принциптері мен пәнаралық байланыстарға  негізделеді және іргелі ғылыми білімге сүйенеді. Бұл сатыда жекелеп оқыту, икемді оқу жоспарлары және арнайы бағдарламалары мен оқыту қолданылады.

Экологиялық білім берудің жоғары сатысы тұрғысынан жоғары оқу орындары бес категорияға бөлінеді:

  1. Бітірушілерінің қызметі табиғи ортаға тікелей әсер етуімен байланысты емес жоғары оқу орындары (гуманитарлық саланың мамандары, өнер қайраткерлері және т.б.). Бұларға экологиялық сауаттылық беріледі.
  2. Көп салалы мамандар, солардың ішінде мұғалімдер даярлайтын университеттер. Бұлар оқушыларға табиғат қорғау жөнінде білім беретіндей әзірлік алады.
  3. Бітірушілерінің қызметі табиғи ортаға немесе адам денсаулығына тікелей әсер ететін жоғары оқу орындары (технологтар, жобалаушылар, жоспарлаушылар, құрылысшылар, тау-кен инженерлері, агрономдар, орманшылар, дәрігерлер және т.б.).
  4. Ғылыми және практикалық мекемелер үшін экологиядан, табиғат қорғаудан және табиғатты тиімді пайдаланудан мамандар даярлайтын оқу орындары.
  5. Жоғары білімді адамдардан айналадағы ортаны қорғайтын мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары.

Жоғары оқу орындарының бәріне қойылатын ортақ талап – студенттерге қоршаған орта туралы білім, олардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатты тиімді пайдаланудағы әлеуметтік пікірін қалыптастыруға, экологиялық немқұрайлылығын жоюға бағытталуы тиіс.

Жоғары мектеп өзінің кәсіби қызметінің әлеуметтік, экономикалық, саяси, адами және есепке алатын мамандар даярлауы қажет. Сонымен бірге жоғары білімді мамандар алуан түрлі құралдарды пайдаланып, адамгершілік, елжандылық, мемлекетаралық экологиялық саясатты жүргізе алатындай болуы керек. Экологиялық  білімді жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар оның негізгі принциптерін сақтау керек. Олар негізінен – ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік принциптері.

Ғылымилық принциптері негізінен оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар  негізінде берілуі және пайдалануы тиіс.

Байланыстылық принципі негізінен табиғаттағы тірі организмдер, орта факторлары, өсімдіктер мен жануарлар арасында тығыз байлыныстың бар екені тәжірибелер  мысалдар арқылы беріледі.

Тепе-теңдік принципі табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер ондағы организмдердің жиынтығы мен өлі табиғат арасында тепе-теңдік сақталады. Олардың бір компоненттерінің құрып кетуі немесе өзгеруі, екінші және үшіншілері үшін қауіпті құбылысқа айналып табиғат тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғады.

Қызығушылық принципі оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен формалары оқушылардың бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ынтасын арттыру.

Үздіксіздік принципі оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Жалғастырушылық принципі оқушылардың білім қорын бала-бақшадағы сәбилік кезінен бастап, бастауыш сынып одан жоғары сыныптарға көтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту.

         Жоғары сыныптарға экологиялық жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте-бірте жеткізу.

Интеграциялау принципі экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (биология, химия, география, физика т.б.) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих т.б.) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге көтеру көпшілікке үздіксіз экологиялық білім  мен тәрбие беруді жүзеге асыру.

Көрнекілік принципі оқушыларға экологиялық білім беруде оқу процесінде көрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттері, коллекциялар, бейнекөріністер, индекаторларды пайдалану.

Қабылдаушылық принципі негізінен мұғалімнің экология ғылымының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып жатық, әрі түсінікті тілмен берілуі.

Өлкелік принципі оқушыларға экологиялық білім беруде оқушылардың тұрмыстық салт-дәстүрлері, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру.Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық проблемаларды көтеру оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана сезімін ояту.

         Жоғарыдығы принциптерді жүзеге асыру комплексті түрде бір-біріне байланысты, әрі гармониялық үйлесімдік жағдайда өміршең болатынын ұстаздар білуі қажет [30].

Оқушыларға экологиялық білім беру қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі. Сондықтан, экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы — сабақ болып табылады. Сабақ арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы барлық оқу-тәрбие жұмыстары арқылы жүзеге асады. Дидактика принциптеріне сәйкес сабақ типтерінің қалыптасқан түрлері: көп салалы, аралас, жаңа білім беру, материалдарды қайталау және оқушылардың білім деңгейін бағалау сабақтары бар. Аталған сабақ типтерінің бәрі де экологияны  оқытудағы орталық алаң болып табылады.

Осы мақсатта оқушылар экология сабақтарының әрбір тақырыптарын өткен кезде, оқулықтардан тыс әдебиеттерді пайдаланып, қосымша материалдар жинақтауға дағдыланады.

         Экологиялық білім беру көп сатылы үрдіс. Оны кешенді тұрғыдан қалыптастыру қажет. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден,  жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымдылығын тәрбиелеу. Үшіншіден, сарамандық іс- әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру.

       Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім берудің үш үлгісі бар:

Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарына, экологиялық мәселелердің жеке білімі, жекеленген тақырыптар енгізіледі және бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.

Екіншісі – бір пәнді үлгі. Орта мектептердің экологиялық оқу жоспарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс – жүзінде асады.

Үшінші аралас сабақтар үлгісі. Мұнда жоғарғы сынып оқушылары үшін экологиялық білімінің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Ол сабақтарды  біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі.

Экологиялық білім беру табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру.

Сондықтан зерттеуге негіз етіп отырған 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруге, қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенін, оны іске асырудың қазіргі хал-жайын анықтаудың үлкен маңызы бар. Әр түрлі оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім беру қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенімен, оны іске асырудың қазіргі жағдайын анықтаудың үлкен маңызы бар.

Тақырып бойынша Алматы қаласы №48 орта мектебінде жүргізілген тәжірибелік — эксперименттік жұмыстар мына міндеттерді шешуге бағытталды:

     -Жоғары сынып оқушыларына экологиялық білімді факультатив сабақтар арқылы беру, оны жүзеге асыру тиімділігін анықтау;

  • оқушыларға экологиялық педагогикалық оқыту технологиясы арқылы білім беру жолдарын қарастыру;

     -Компьютерлік және ақпараттық технологиясы арқылы жоғары сынып оқушыларына үздіксіз, жан-жақты экологиялық білім беру;

  • Модульдік оқыту технологиясы ар0ылы оқушылардың экологиялық танымдық   қабілетін арттыру;

   Аталған міндеттерді шешуге іс жүзіндегі педагогикалық процесті зерттеу әдістері, бақылау, сұрақ-жауап, бағдарламалар, оқулықтар мен құралдарды талдау қолданылады.

         Білімді терең меңгеруге оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру әр түрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасалды. Әрбір сабақта, әр түрлі оқу әдістерін, оқыту құралдарын пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары олардың рефераттар және қысқаша баяндамалар және т.с.с. ұйымдастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, оқу белсенділіктерін іс-әрекеттерін дамытады.

Аталған мектепте жоғары сынып оқушыларына экологиялық білім беру үшін  факультатив сабақ ретінде өткіздік. Факультативтік сабақтарда жоғары сынып оқушылардың экология ғылымына қызығушылығы үнемі дамып отырады. Оқушылардың экология сабақтарында еңбек етуге талпыну, экологиялық ойлау әрекеті мен ерекше шығармашылық  қабілеті байқалады, жұмыстарының нәтижесі жақсарады.  Бұл істің бәрі де уақыты шектеулі сабақта емес, факультативтік сабақтарда, экология ғылымын терең оқып үйрену процесінде жүзеге асырылады.

Мектепте факультативтік сабақтарда экология ғылымының жетістіктері мен даму болашағы, проблеманың мазмұнын әлдеқайда толық ашып көрсету мүмкіндігі бар.

Экологиялық білім көздері арқылы практикалық жұмыстар жүргізу, статистикалық материалдарды, жүйелі бақылауларды пайдалану, экологиялық ойындарды өткізу, факультативтік сабақтардың оқу-тәрбиелік мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ өлкетану материалын кеңінен пайдалану, туған өлке табиғатының еркшеліктері мен шаруашылық іс-әрекетін оқып-үйрену негізінде көптеген экологиялық, географиялық, экономикалық түсініктер нақтыланады. Факультативтік курс бүгінгі оқушының жалпы білім мен болашақтағы мамандығының аралығында өткел қызметін атқарады [35].

Экология пәні республикамызда орта мектептің бағдарламасына мемлекетік компонент ретінде кірмегендіктен, жеке пән болып  оқытылмайды. Оқушылар экологиялық білімді орта мектептің жаратылыстану пәндері арқылы алады. Дегенмен әлемдік іс-тәжірбиеге сүйенсек (Ресей, Украина, Германия, т.б.) экология мектептерде жеке пән болып оқытылып жүр.  Осы мәселені шешудің бір жолы ретінде біз «экология» пәнін орта мектептерде факультативтік сабақ түрінде өткізуді ұсынамыз.

Экологиялық проблемалар қазіргі таңда ең өзекті мәселелерінің бірі. Республикадағы экологиялық жағдай қатты шиеленіп жатыр. Көптеген  аймақтарда тұрғындардың, әсіресе балалардың денсаулығы нашарлап, экологиялық қолайсыз аймақтар аумағы кеңейіп барады.

БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференция шешіміне, ҚР «Экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында, және «Қоршаған ортаны қорғау» заңдарына сәйкес экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін одан әрі жетілдіре беру қажет.

Жалпы қорыта келгенде оқушыларға білім мен тәрбие беру, оның интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық еңбек циклды оқу пәндерінің барлығында дәрежеде бейнелеуін қамтамасыз етеді.

Көптеген ғалымдар, оның осы ерекшелігін негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әр түрлі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік, эстетикалық құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін қандайда болмасын бір ғана мектеп пәні арқылы шешілуі мүмкін емес, тек мұны пәнаралық байланыс арқылы қарастырылады.

Мектептегі экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы мен мектеп тәжірибесінде жаңа сала ретінде қазіргі кезде дамып келе жатқандығын байқатады. Бұл саладағы теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін дәлелдейді. Менің ойымша, қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты тәрбиеге оқушыларды дайындауды қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі – экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі табиғи ортаның бағалылығы көпшілігінде пайдакүнемдік негізде түсіндіруі, экологиялық мазмұндағы білімдерінің өзара тығыз бірлігінің болмауы деп саналады.

 

1.3. Оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі

 

Қазіргі кезде халықаралық экологиялық білім беру жүйесінде педагогикалық теориясы мен практикасында қалыптасқан үш жағдайы бар.

Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарына экологиялық мәселелердің жеке бөлімі, жекелеген тақырыптар енгізіледі және бұрынан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.

Екіншісі – бір пәнді үлгі. Мұның бір ерекшелігі орта мектептердің экологиялық оқу топтарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс-жүзінде асады.

Үшіншісі – аралас сабақтар үлгісі. Мұнда 9-шы сынып оқушылары үшін экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Содан соң, ол сабақтардың бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі.

Біз, ендігі кезекте оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мақсат, міндеттері, ұстанымдары мен мазмұндарында І тарауда айтқанбыз.

Экологиялық мақсат, міндет және ұстанымдар жайлы ұғым, түсініктерге байланысты ойымызды келтіруді орынды деп санаймын. Экологиялық тәрбие берудің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға байланысты жауапты және аяушылық сезімде болып, іскерлік қарым-қатынас жасайтын ғылыми білім көзқарастар мен сенімдер жүйесінің біркелкі қалыптасуын айтамыз.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі негізгі міндеттер:

  1. Экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді іріктеп саралай біліп, білім құрамын көбейту, табиғат заңдылықтарын ұғыну;
  2. Табиғат – ресурстардың, өндірістік өнімдерді және адамзат мәдениеттерін дамытудағы негізгі көз екендігін білу, оларды пайдаланудың ғылыми-техникалық немесе ғылыми-экономикалық технологиясынан хабардар болу;
  3. Табиғатты ұтымды пайдаланудың жолдарына байланысты қолданбалы білім, практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеру;
  4. Қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарап, оның бүгінгі жағдайы мен болашағы жайлы бағалай білу, зиянды құбылыстардың алдын алу, оны жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдап, өндіретін және қоғамдық еңбектердің әсерлерін түзету;
  5. Табиғи ортаға зиян келтірмейтін, ластамайтын, бұзбайтын нормаларды саналы түрде сақтап, табиғатты қорғау идеяларын насихаттау;
  6. Әрбір оқушының табиғатпен қарым-қатынас жасауға десек рухани қажеттілік дамыту, оның адам жандүниесінің экологиялық, талғам-сезімдерін қалыптастырудағы ықпалын ұғыну.

Жалпы, эколог-ғалымдардың «экологиялық тәрбие беру» ұғымына берген анықтамаларынан туындайтын және өзіміздің пікірімізше экологиялық тәрбие берудің мәні – табиғатқа сыншы қарым-қатынас жасайтын, қоршаған табиғи ортаны қорғайтын, табиғи қорды тиімді пайдаланып, әсемдігін көрсететін қасиеттер адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан ұғындырып, оқушылардың экологиялық-лирикалық серпін тудыру арқылы мақсат, міндеттерге жетумен мінезделінеді.

         Сонымен, 9-шы сынып оқушыларында экологиялық білім мен тәрбие берудегі мазмұна кіретін оқыту материалдары төмендегідей ұстанымдардағы негізделіп құрылды:

  1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің бір жүйелілігі және үздіксіздігі;
  2. Оқу мазмұнында әлемдік, ұлттық және туған өлке мәселелерінің өзара байланыстылығы;

 3.Оқушылардың экологиялық дүниетанымдарын қалыптастырудағы пәнаралық бірлігі;

  1. Табиғи ортаны қорғау жайлы білім алып, оны аялау, сақтау, көркейту туралы интелектуальдық және эволюциялы адамгершілік негіздегі іс-әрекеттерінің бірлігі.

Жоғарыда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсат, міндеттері, оларды іс-жүзіне асыруға ұйымдастырғанда басшылыққа алынатын ұстанымдарды атап шықтық. Енді, мектептегі 9-шы сынып оқушыларына берілетін экологиялық тәрбие оқу-тәрбие процесінде екі бағытта жүргізілуі керек:

  1. Оқушылардың мінез-құлқында және әртүрлі іс-әрекеттерінде, қызметтерінде табиғи ортаға деген жауапкершілік қатынас нормаларын қажеттілігіне тәрбиелеу;
  2. Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, табиғат байлығын ұқыптылықпен пайдалану, ысырапшылық пен немқұрайлыққа төзбестей күрес жүргізуге тәрбиелеу.

Бұл бағыттар негізінде оқушылардың экологиялық білімін танымдық іскерліктері мен әдет-дағдылары, айналасымен адамгершілікті имандылық қарым-қатынастарда болып, сана-сезімдері көзқарастары, мінез-құлықтары ізгілікті түрде қалыптастыруға жағдай жасайды.

Жеке пән «экологиялық» «арнайы» курс 9-шы сынып оқушылары үшін Алматы қаласындағы №30 мектепте жүргізілді.

Ал, енді сол арнайы курстың мазмұнын қарауға келгенде қиындықтарға  кездестік, сонда да экологиялық тәрбие берудің мазмұндарының қисынды құрылымдық жүйесін жасауға талпындық.

Экологиялық курстың бірінші мазмұны – қоғам мен табиғаттың өзара байланысы, экологиялық құндылықтар, адамдар мен табиғат қарым-қатынастарындағы ережелер мен шектеулер, табиғаттан үйрену және қорғау жайлы іскерліктер мен дағдылар болып табылады. Мұнда оқушыларға адам мен қоғам және табиғат қарым-қатынастарының әлеуметтік мәні, бір-біріне тәуелділігі мен ықпалдарының тарихи қалыптасуы, әр қоғамдық формациялардың ерекшелігіне тәуелділігін әлеуметтік ғалымдар тұрғысынан ұғындырылады.

Табиғат туралы деректер, ұғымдар мен заңдарды жаратылыстану ғылымдары береді. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа ықпалын ұтымды шектеп, оны үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін түсінеді.

Үш фактордың өзара байланысы заттардың биохимялық айналым арқылы жүзеге асырылу жаратылыстану ғылымы негізінде экологиялық ұғымдар жүйесі құрылады. Олар: тірі ағза, экологиялық жүйе, факторлар, биосфера және басқалары. Тірі ағза, зат алмасу және тірі материяны сипаттайтын белгілерімен ерекшелінеді.

Жер бетіндегі тіршілік жасайтындар биологиялық жүйе биосфера құрайды.

Экологиялық тәрбие берудің екінші оқушылардың мінез-құлықтарына экологиялық құндылықтарды қалыптастыру, соның негізінде экологиялық сананы тәрбиелеу. Өйткені, табиғат – қоғамның сондай-ақ әр адамның қажеттілігін өтейтін қазына байлық негізі екені белгілі. Адамның қажеттілігі материалдық, рухани және парктикалық тұрғыда болуы мүмкін. Практикалық қажеттілігін өтеу арқылы адам өмір сүріп, тіршілік етеді, ал материалдық қажеттілігін өтеу барысында өндірісті, ғылымды, техниканы қамтиды. Ал, рухани қажеттілігін өтеу негізінде ақыл-ойын және адамгершілік, эстетикалық талғам-сезімін қалыптастырып, дамытады.

Экологиялық тәрбие берудің үшінші мазмұны – оқушылардың бойында экологиялық этиканың қалыптастырумен анықталады. Ұзақ жылдар бойы қоғамның, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, тек тұтыну жағы басым болғандықтан, пайда табу мақсатында алып құрылыстар, өндірістік орындар ысырапты игерілуде, соның барысында Арал қасіреті, Семей полигоны, Лабнор полигоны, Чернобыль АЭС-ң жарылуы туындады. Мұның салдарын адамзат түсінгендіктен, өлкелік мәселелер әлемдік проблемаға ұласты.

Экологиялық тәрбие берудің төртінші мазмұны оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты әрекеттерді түсіндіру, оны қорғау мен сақтауға практикалық іс-әрекеттермен қаруландыру болып табылады. Олар, табиғаттағы заттармен құбылыстарды жәй-күйін бақылау, экология жайлы білімді жетік меңгеріп, оны жұртшылық арасында кеңінен насихаттау.

Жоғарыда көрсетілген оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұндары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар арқылы іс-жүзіне асырылады[24,25,26].

Баршамыздың елімізде ұстайтын жәй – экологиялық тәрбие беру үздіксіз және жүйелі жүргізу барысында ғана өз нәтижесін береді. Ал, экологиялық нәтиже болса, оқушылардың әдет-дағдыларында, іскерліктерінде байқалынады.

Сонда, оқушылардың табиғатты қорғау, аялау, сақтау, жетілдіру қатынастарын, іскерліктерін есепке алуды мынадай ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек:

  • оқушының табиғатқа деген қатынасын бағалау;
  • табиғатты қорғауды, аялауды және жетілдіруде қосқан үлесіне, нәтижесіне талдау беріп, әр оқушының еңбек санасының қорытындысын шығару;
  • табиғат объектілерін зерттеп, оның құбылыстарын тану, оған сипаттама беру;
  • оны жақсартуды жетілдіруде дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін есепке алу;
  • табиғи ортаны қорғауға байланысты нормаларды сақтау;
  • табиғатқа қамқор болу идеяларын насихаттау.

Егер де аталған іскерліктер табиғатқа деген жауапкершілік, жанашырлық, сүйіспеншілік т.б. қасиеттер балалардың мінез-құлықтарында болып, былайша айтқанда, адам-қоғам-табиғат арасындағы алуан түрлі диалектикалық байланыс және бір-біріне тәуелділік деңгейлерді бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштер сұрыпталып, оларға ғылыми-әдістемелік сипаттамалар жасаймыз.

Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғылымдар экологияландырылып, экологиялық туындаған мәселелерді әлеуметтік-экономикалық, техникалық, технологиялық мәселені психологиялық, педагогикалық жағынан зерттеу барысында бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты. Олар «экологиялық білім», «экологиялық сауаттылық», «экологиялық мәдениет», «экологиялық этика», «экологиялық сана», «экологиялық ойлау», «табиғатқа экологиялық қатынасы» т.б. Бұлардың мазмұндарына қарай ортақ құрамдас түсініктер, бір бірімен байланысқан, бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар. Осылар оқушылардың көзқарастарында, мінез-құлқында, табиғатқа қатынастарында қандай орын алады.

Соның мазмұнын анықтау үшін аталған ұғымдарға қысқаша мінездеме берсек.

         Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатқа өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.

Экологиялық ойлау – табиғаттағы алуан түрлі өзгерістердің бір-бірімен экологиялық факторлар мен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылысының күрделі анықталып, жаңа заңдылықтарды игеруге жол ашады.

Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру 1970 жылдардан бастап, бұл мәселе барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту процесінде назар аударылып келеді.

Экологиялық этика – айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынастағы мінез-құлық нормалары мен ерекшеліктерін білу және оны сақтау.

Экологиялық мәдениет  күрделі ұғым болғандықтан ғылыми жағынан да, оның мазмұны, кешені әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге түспей келеді.

Экологиялық мәдениет – экологияның білім беру жүйесінің міндетті бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін қамтиды. Екіншіден, экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты, іс-әрекет түрлерінің негізі.

Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялау талабына сай келетін білім, іскерлік және дағдысы, іс-әрекете әзірлігі мен оны жүзеге асыруы жатады.

Ал, экологиялық мәдениет пен этиканың құрамына: табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің пайдасын болжамай білу, табиғатпен қарым-қатынасында заңды, ережелерді сақтау.

Сонымен, анықтамада берілген ұғымдар экологиялық сана, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық тәрбиенің нәтижесінде оқушылардың мінез-құлықтарында қалыптасады.

Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатымен әрбір сыныптың қабілетін ескере оқытудың барынша жаңаша әдістері мен тәсілдерін таңдау сабақ арқылы экологиялық тәрбие беру ісін сыныптан тыс жұмыстарымен тығыз байланыстыра оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра, әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамушылық міндеттерін шеше отырып, оқытудың нәтижесінде тәрбие берудің адамгершілік эстетикалық сипаты артты. Экологиялық тәрбие беру ісінің тәрбиенің басқа салаларымен өзара бірлікте және бірін-бірі толықтыру бағытында жүргізілді, әрбір оқушының жеке басы және жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың мектептегі қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің табиғи бірлігінің қамтамасыз етілуі, әртүрлі пән мұғалімдерінің арасындағы байланыстың сақталуы экологиялық тәрбиеліктің нәтижесін айқындайтын міндетті[29,30]. Шарт болып оқушының табиғатпен қатынасында өз іс-әрекетіне өздері талдай жасай білу дағдысын қалыптастырады. Жоғарыда айтылғандар зерттеп отырған проблемаларымызды түгелдей қамтымаса да, біздің ойымызша – экологияны оқыту процесінде 9-шы сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі тәжірибелік-педагогикалық жұмысымыздың тиімділігіне арттырудың басты жолдары болып табылады.

Педагог (А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев, Е.М. Кудревцева) педагогикалық процесс арқылы табиғатқа жауапкершілік қатынасының қалыптасуы оқушының «табиғат пен орталық элементтік факторлары туралы білім мен оны әсерленушілікке жетелейтін сөзім арқылы қабылдануының және табиғатты жақсарту үшін парктикалық үлес қосуға ұмтылыс тудыруының органикалық бірлігі болған жағдайда ғана іске асады»- деп қортындылайды[20]. Сондықтан, тәрбиенің салаларын зерттеуде қолданылып жүрген дәстүрлі жіктеулер:

  • интеллектілік;
  • эмоциональдық;
  • практикалық өлшеулерді негізге ала отырып, жасаған анықтамаларыңызға сүйендік.

         Атап айтқанда: интеллектілік өлшем – экологиялық білімнің болуына, оны игеріп, меңгеру арқылы практикада қолдана алуын, өз пікірін қорғап, басқаларға бере білуін анықтайды.

Эмоционалдық өлшем – экологиялық білімге қызығушылығын, табиғат пен оның әлемдік бейнелеуіндегі үйлесімділікті сақтауды, оны сұлулық заңымен жақсарта түсуі, табиғатты адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан ұғына отырып, қоршаған ортаның қасіретке ұшырауына бірге күйзеліп, оны қорғауға ұмтылысын бағалайды.

Практикалық өлшем – табиғат қорғауға байланысты практикалық іс-шараларға қатысуын, бұл істі қажетті деп санауын, оған қатысу себепті (мотив) дәлелдерін сөзбен іс бірлігін анықтайды. Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының деңгейін анықтап, тексеру мақсатында №30 мектебінде тәжірибелік-эсперимент жүргізілді. Олардың экологиялық деңгейін зерттеу, жекелей және жаппай сауалнамалар, анкеталар, тест әдістер арқылы іске асырылды.

Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының интеллектілік, эмоциональдылық, практикалық өлшемдері бойынша жоғары, орта, төмен деңгейлерін зерттей отырып, жасаған тұжырымдаманы пайдаландым.

Жоғары деңгей: экологиялық білімді жақсы меңгерген, оның күнделікті өмірде қажеттілігін, сонымен түсінеді, теория жүзінде алған білімін өмірмен ұштастыра алады, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді эмоциональды тұрғыда қабылдайды, табиғи орта қорғауға арналған іс-шараларға белсене араласады, өздігімен ізденеді.

Орта деңгей: экологиядан білімі бар болғанымен оны күнделікті өмірмен байланыстыра бермейді, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді байқаған, эмоциональдық сезіммен тұрақты қабылдай алмайды, табиғи ортаны қорғауға арналған іс-шараларға қатысу барысында ішінара белсенділігін көрсетіп отырады.

Төмен деңгей: экология білімін нашар меңгерген, оны өмірде қажеттілігін түсінбейді. Табиғат пен қоғамдағы өзгерістерге мән бермейді.     Тірі ағзалардың өзара және бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызамыз.    Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлар, абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып жіктеледі.

Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз – олардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің циклді үрдісі болмақ.

Табиғаттың өзіндік дамуына байланысты айтылған жүйелер арасында биохимиялық айналымның жылжымалы тепе-теңдігі орнығады.

Адамның табиғат заңдарын ұстамауы өндірістік іс-әрекеттерінің әсерінен экожүйе бөліктері арасында тепе-теңдік бұзылар.

Яғни, жер климатының біртіндеп, жылынып, озон қабатының тесілуі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің азаюы т.б. мысалы болады.

Әрбір мектептің міндеті оқу бағдарламасынан тыс әртүрлі тәрбиелік білімділік мәні бар сабақтардан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қажет.                         Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларға дүние жүзінде болып жатқан экологиялық мәселелерді ұғындырып, болу себептерін айқындап, экологиялық білімін арттыру. Сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастырып өткізу жолдарын және әдістемесін ғалымдар Н.И.Болдырев, В.И.Фурсов Р.Сәтімбеков және т.б өз еңбектерінде атап көрсеткен [31,32,33].

Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері:

1.Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, экологиялық материалдарды тереңінен меңгеруге көмектесу;

2.Сыныптан тыс жұмысты  өткізуде оқушыларға көп материалдарды іздеуге көмектесу;

  1. Экологиялық мәдениет пен саясатты және экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру;

4.Оқушылардың бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру.

Сыныптан тыс экологиялық жұмысты іске асыру үшін төмендегідей талаптар ескерілу қажет:

1.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне және оқушыларды еркіне қарай топтастыру;

  1. Қандай да жұмыстың түрі болмасын, оның қоғамдық және қолданбалы маңызын түсіндіру;
  2. Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта — ықыласын, талабын, қабілеті мен құштарлығын ескеру;

4.Ұйымдастырылған қандай бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болу керек;

5.Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде экологиялық бағыт бағдар басым болғаны дұрыс. Осы жұмыстар нәтижелі болу үшін нақты белгіленген күні, мерзімі айқын белгіленген график болу қажет;

6.Осы сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға барлық оқушыларды қатыстыру керек. Бірақ жас ерекшеліктерін ескерген жөн.

Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарда экологиялық білім беру ісі жоғарғы сынып оқушыларын өзі туып өскен тұрғылықты жердің табиғатын тануға, аялап қорғауға және экологиялық проблемаларды шешуге үйретеді [34].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСЫ

 

2.1. Оқу үрдісінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру әдістері

 

Егемендік алған республикамыздың келешегі және ұрпақтарды тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны бүгінгі талапқа сай жаңартылуы тиіс. Сонымен бірге білім байлығын, табиғаттың ерекшелігін терең оқып білу арқылы өз халқының дүние жүзілік мәдени мұраға орны мен үлесін білуін, әр оқушының қабілеттік дамытуға, әрбір ұлттық мектептің ішкі мазмұнының атына сай болуын қамтамасыз ету – қазіргі өмір талабы.

Осыған байланысты мектептегі экологиялық білім негізін құрайтын жаңа пән – экология курсы болуы керек. Бұл ғылым жаратылыстану ғылымдарымен қатар әлеуметтік бағыт – бағынқы қамтуы (№3-Сурет).

Экология курсының алдына қойған негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:

  • оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып, айнала қоршаған орта туралы көзқарастарын қалыптастыру;
  • экология ғылымы туралы алғашқы түсініктерді дамыту;

   — табиғат, қоршаған орта, зат аламсу, табиғатындағы қарым-қатынастарға ғылыми-тәрбиелік деңгейде талдау жасауға үйретуі.

 

№3-сурет

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің үлгісі

 

Экологиялық  білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктері

Мектептен тыс жұмыстар: танымжорық, наурыз мерекесі

 

Сыныптан тыс жұмыстар (апталық, үйірме  және т.б.)

Факультатив

«Этноэкология»

Биологиялық курс

 «Экология»

Экологиялық білім және тұлғаның адамгершілік қатынасы: табиғат, қорғау, аялау және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология ғылымының зерттеу облыстары – популяция, биоценоз және экожүйе туралы табиғаттану, география, ботаника, зоология, химия, физика пәндерінен алған білімдері негізінде биосфераның деңгейінде оқып-үйренуге баулу.

Айтылып отырған мақсат-міндеттерге байланысты экология курсы бойынша әрбір оқушы меңгеруі тиіс оқу материалдары төмендегідей мәселелерді қамтиды:

— Айналаны қоршаған ортаны кез-келген өзгерістеріне ластануына бақылаужәне оның себеп-салдарын ашып, ғылыми тұрғыда баға беруін дағдыландыру;

— Табиғатты қоршаған орта, ондағы қарым-қатынастар, зат алмасу процестерінің жүру заңдылықтары;

 — Табиғат ресурстары, тірі организмнің биологиялық және геохимиялық ролі;

 — Экологиялық және антропогендік факторлар, экожүйенің өзгеруі, оны қалпына келтіру жолдары;

— Биосфера шегіндегі геохимиялық заңдылықтар, оны реттеудің қазіргі заманғы бағыттары;

— Жергілікті аймақтардың және жер шарындағы экологиялық проблемаларды түсініп, оны шешу жолдарын өз бетінше іздестіру[27,28].

Жоғарғы тұжырымдарды ескере отырып, биология, химия, география, физика оқу бағдарламаларына анализ жасауға болады.

Биология пәнін оқу бағдарламасын зерттеу барысы, экологиялық білімнің мынадай элементтеріне оқушылар биология курсында игеруге тиісті екені анықталды.

Биология – адамның денсаулығы және табиғи ортаның көрсеткіштері. Биосфера – тіршілік бар шекарадағы біртұтас деңгейдегі жүйе. Биосферадағы тірі табиғаттың қызметі, биологиялық жүйке, табиғи, антропогендік фактордың әсер етуі табиғи орталық байлығы адам денсаулығының кепілі: практикалық, эстетикалық, танымдық, адамгершіліктің қоршаған табиғи ортаның құндылығы.

География пәнінің оқу бағдарламасында зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар география курсында игеруге тиіс екендігі анықтайды.

География. Географиялық ортада өмір сүретін орта және адамның қызметі өндірістің территориялық комплекстері – қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесуінің саналы жаңа кезеңдері. Адам қызметінің табиғи ортаның өзгеруін бағалау. Адам қоғамының дамуының табиғат жағдайларына ықпалы. Мемлекет табиғи-әлеуметтік жүйе: өндіруші күшпен өндірістік қатынастың даму деңгейі. Табиғи және экономикалық потенциал. Қала экологиясы. Экологиялық мәселелер: глобальды, аймақтық, жергілікті. Табиғатты қорғауда шара қолданудың экономикалық тиімділігі. Табиғи ортаны бағалау және бақылау.

Химия пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар химия курсында игеруге тиіс.

Химия: ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы. Олардың адамның химиялық іс-әрекетінің нәтижесін өзгеруінің шегі мен бағасы. Химия өндірістерін экологияландыру: қалдықтарды тазалау және залалсыздандыру, металдарды тотығудан сақтау. Қоршаған ортадағы химиялық заттарды нормаға келтіру. Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау.

Физика пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар физика курсында игеруге тиіс.

Физика: адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері, олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруін бағалау: шудың деңгейінің жоғарылылығы, радиация, электромагниттік сәулелену, шаңмен ластану және т.б. Қоршаған ортаға тасталынған физикалық қалдықтар нормасы.

Физика, биология, химия, география пәндерінің оқу бағдарламаларының барлық мүмкіндіктерін оқып, зерттеу оқушылардың пәнаралық байланысты экологиялық білім мен тәрбие берудің зерттеуші моделінде комплексті түрде жүзеге асырудың кестесін жасауға мүмкіндік берді.

Оқушылардың экологиялық тәрбие беруде мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы сияқты, пәнаралық байланыс арқылы биология, химия, география, физика т.б. сабақтарында өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта дәстүрге айналуды. Биология, география, химия, физика т.б. пәндерде оқушы бойына табиғатты қорғауға баулитын сан түрлі тсезімдері оятудан гөрі табиғат туралы білім фактілерін жинақтап беру басым.

Мәселен, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген физика сабақтарына тоқталайық. 9-шы сынып оқушыларына физика курсының «Газдардағы, сұйықтардағы, қатты денелердегі диффузия» тақырыбына өткізілетін сабақты қарастыруға болады. Бұл сабақта физикасына көп көңіл бөлінбей диффузия құбылысы арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында, оның экологиялық мазмұнына басқа пәндермен, табиғатпен байланысына, оны қорғауға баса көңіл бөлінеді. Бұл сабақта өсімдіктерге, жануарларға және топырақ қалай ластанатынын көрсету керек. Мысалы, географиядан «Атмосфералық таза ауаны сақтау тәсілі», «Биосфераға адамның ықпалы», биологиядан «Клеткаға заттардың түсуі», «Өсімдіктердің өмір сүру жағдайы».

Осы тақырыптарға байланысты оқушыларға көрнекілік жасап, соны жетік түсіндіру керек.

Соңғы кезде көп пайдаланып жүрген дәстүрлі емес сабақ түрлері (лекция, конференция, пікірталас, семинар, т.б.) мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеудің көптеген мүмкіндіктерін ашып берді.

Семинар сабақта оқушылар алған білімінің тиянақты екенін көрсетіп, берілген сұрақтарды шешуге белсене қатысады.

Экологиялық тәрбие беру практикасында ойын әдістері көп қолданылуда

Экологиялық ойын – экологиялық білім берудің бір формасы. Ұстаздық тәжірибеде және түрлі жарияланымдарда ойынға қатысты көптеген термин түсініктер бар: (ұйымдық, іс-қимылдық, ойын, оқыту ойыны, педагогтық ойын, еліктеу ойыны, іскерлік ойын, рөлдік ойын, т.с.с.).

Экологиялық рөлдік ойын – экологиялық іс-әрекеттердің әлеуметтік мазмұнын, моделдеуге негізделген экологиялық ойын түрі. Ойынға қатысушылар белгілі бір рөлдерде ойнайды. Бұл ойынға қатысушыларды шын өмір жағдайына жақындата түседі. Рөлдік ойынды өткізу арнайы дайындықты талап етеді. Өйткені, болашақ мамандар өздерінің мамандықтары төңірегінде білімдерін жетілдіруі тиіс. «Космостық экспедиция» ойынын жүргізуге болады. Яғни, белгісіз ғаламшардан келген ғылыми топ біздің планетамыз туралы есеп беруге тиісті. Оған қоса экспедиция мүшелерін жердегі адамдармен қандай да бір байланыс жасауға тыйм салады. Экспедиция құрамына зоолог, ботаник, геолог, физик, химик, океанолог, палентолог кіреді.

  1. «Сот процесі» ойыны экологиялық құқықтану білімін игеруге бағытталған ойын түрі. Бұл ойын экологиялық апатқа жол бергенге завод әкімшіліктердегі сот процесін көрсетіп, ойналады. Қатысатындар: прокурор, қорғаушы, кінә тағушы, куәгерлер, эксперт. Көрсетілген ойын сөзсіз жоғары сынып оқушыларын оқытуда қолдануға болады.
  2. «Табиғат қаласы» ойынына жоғарғы және орта сынып оқушылары, сондай-ақ мұғалімдер қатыса алады. Қалада төмендегідей мекемелер құрылады:
  3. Ботаникалық бақ. Өсімдіктер туралы викториналар.

 2.Зоопарк. Жануарлар туралы викториналар, суреттер галереясы.

  1. Табиғат тақырыптарына арналған карталармен танысу.
  2. Ертегілер әлемі. Табиғат туралы жұмбақтар шешіледі.
  3. Концерт залы. Табиғат тақырыбына арналған шумақтар.
  4. Көркемдік салоны. Сурет көрмесі.
  5. Кітапхана. Табиғат туралы кітаптар көрмесі.

 8.Табиғат үсті. Плакат, фотографиялармен иллюстрацияланған табиғат тақырыбындағы баяндамалар. Ойын соңында қорытындысы айтылып, мерекемен аяқталады.  

 Сонымен қатар, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейге қойылып, «Қазақстан -2030» даму стратегиясында басты орын алған.

Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді:

1.Табиғатпен қоғам арасындағы қарым – қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми жүйесін беру.

2.Тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу.

3.Экологиялық мәдениетті дамыту.

4.Қоршаған ортаны қорғауда белсенде бағытты ұстау және алған білімді тәжірбие жүзінде іске асыру.

Қазіргі уақытта дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі – оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Оқу экологиялық соқпақ дегеніміз – табиғатты қорғау ісінде экологиялық білім мен тәрбиеге оны насихаттауға бағытталған әрі ақпаратқа толы, ұйымдасқан және белгіленген маршрут. Оқу экологиялық соқпақтың басты мақсаты – табиғат аясында  оқушы, білімгерлер т.б. келушілерге табиғат аясындағы экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқу экологиялық соқпақтың көптеген тиімді жақтары бар. Мысалы экологиялық соқпақ арқылы демалушылардың ағынын реттеп, табиғатқа зиянсыз бағыттарды меңгеруге мүмкіндік болады. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық соқпақтар қорықтардың, табиғи бақтар мен ландшафтың қорықшалармен жанаса жатқан аралық зонада өтеді. Оқу экологиялық соқпақтар туристік маршруттарға ұқсас ұзындық (сызықтық), айналмалы  (сақиналы) және тарамдалған (радиальды) болады. Бұлайша жіктеу маршруттардың ұзақтығын және қатысушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып   жасалады. Сонымен қатар соқпақты жіктеудегі негізгі критерийі  — оның атқаратын міндеті, яғни танымдық серуендеу, танымдық туристік және оқу  экологиялық болып ажыратылады. Бұлардың өзіне тән ерекшеліктері болады.

Табиғи танымдық серуендеу соқпағы, ұзындығы 4-8 шақырымға созылады. Бұл маршрут қала және курорттық демалыс орталықтарының маңынан өтеді. Көбіне жылдың жылы кезеңдерінде ұйымдастырылады.  3-4 сағаттың жаяу жүріп аралатылады  да демалушыларды топ жетекшісі табиғат ерекшеліктерімен, мәдени — тарихи ескерткіштерімен таныстырады.

Танымдық туристік соқпақ. Оның ұзындығы бірнеше ондаған шақырымнан бірнеше жүздеген шақырымға жетеді. Бұл танымдық – туристік соқпақтар халық санының тығыздығы аз белсенді демалыс аймақтарының және сонымен қатар қорықтар мен ұлттық табиғи бақтардың жақын маңдарынан өтеді. Қоршаған табиғи ортамен, мәдени және тарихи ескерткіштермен танысу, адам баласының табиғатқа тигізетін әсерін бағалау, алған экологиялық білім мен тәрбиені тәжірибе жағдайында қолдану және үйрену.

Танымдық — серуендеу және  танымдық туристік табиғи соқпақтар негізінен ғылыми — ақпараттық құндылығы  жағынан  экологиялық, ботаникалық, географиялық болады

Оқу экологиялық соқпақ. Мұндай соқпақтар қаланың рекреациялық зоналарынан бақтар, орман бақтары, елді мекендердің жасыл  — желекті зоналарынан өтеді.

Бұл табиғатты  арнаулы оқытуға мақсатталған негізгі келушілер оқушылар мен білімгерлердің ұйымдасқан топтары ұзындығы 2км –ден аспауға тиіс соқпақтардан өтеді.

Оқу экологиялық соқпақтар, бірінші кезекте, әртүрлі оқу орындарында оқитын келушілерге: мектеп, училище, колледж және жоғары оқу орындарының білімгерлеріне арналған.  Маршрутты ұйымдастырудың артықшылығы оқытушы – педагог немесе экскурсия жетекшінің басшылығында болады. Жол сілтегіш бағаналарға және ақпараттық қалқандарға қарай отырып, соқпақты өз бетімен жүріп өтуге болады. Рекреация зонасына кіргенде, сол жердің жалпы картасымен сызба нұсқасын ілу керек [36].

Табиғи оқу экологиялық соқпақты салу – көрсетілетін табиғат объектілерінің әр түрлілік және ақпараттық нысандарына негізделеді, ал олардың келушілерге әсер етуі экскурсия жетекшісінің бақылайтын фактілерді  сенімді әрі қызықты етіп баяндау тікелей экскурсия жетекшісіне байланысты. Мысалы Қырғыз  Алатауын алайық. Қырғыз  Алатауында орындалатын негізгі мәселелер, бұл – табиғи оқу экологиялық соқпақтардың тиімді етіп жүргізілуі және көпшілікке білім беру проблемасының шешілуі.

          Оқушылар үшін табиғат аясында болу олардың бойында экологиялық білімді тереңдете түсуге мол мүмкіндік береді. Олар осы арқылы сыныпта оқыған, көрген өсімдіктер мен жануарлар дүниесін өз көздерімен көріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра түседі. Экологогиялық тәрбие берудің мұндай түрлеріне – мектеп жанындағы тәжірибе участоктері, ботаникалық бақтар, зоопарктер мен табиғи және тарихи ескерткіштер т.б. жатады.

Жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап табиғатты қорғауға, табиғат аясында өзін қалай ұстау қажеттігіне баули білу қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып отыр.

   Қорыта айтқанда, оқушылардың пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін мектептен және сыныптан тыс тақырыптық кештер, конференциялар арқылы тереңдетуге ерекше көңіл бөлінеді.  Оқушыларға экологиялық білім берудің бүгінде зор мәнге ие болып отырғаны белгілі. Сондықтан, бұл бағытта жұмыс жасау кезек күттірмес мәселе. Мектептен және сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттарын ұтымды ұйымдастыру біріншіден уақытты мүмкіндігінше тиімді пайдалануға септігін тигізсе, екіншіден оқушылардың әрбір сабаққа қызығушылығын, ынта-ықыласын, пәндердің өзара байланыстылығын білуге құштарлығын арттыруға көмектеседі. Соның нәтижесінде оқушылардың жан-жақты әрі сапалы тиянақты білім алуын қамтамасыз етеді.

 

2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру

 

Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру деп отырмын. Ол үшін оқушылардың экологиялық білімді игеруі мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілетіні анықталып отыр.

Біріншіден сабақ оқытудың барысында экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстырылған ғылыми негізінде қабылдаса, екіншіден сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде, олар табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ету жөніндегі нақты білім мен практикалық тәжірибені, іскерлік пен дағдыны меңгереді.

Сондықтан экологиялық білім беруге әр түрлі әдістерді пайдаланамыз: олар табиғатқа экскурсия, экологиялық үйірме, факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары: экологиялық білім беру және тәрбиелеудің мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаның жай күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімдері мен біліктерін қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, оның жалпы кәсіби білімі мен сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Осының бәрі бір-бірімен үйлесімді жүруі оқушылардың экологиялық білімдерінің дамуына жол ашады.

Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері:

 

Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері:

1.Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, экологиялық материалдарды тереңінен меңгеруге көмектесу;

2.Сыныптан тыс жұмысты  өткізуде оқушыларға көп материалдарды іздеуге көмектесу;

  1. Экологиялық мәдениет пен саясатты және экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру;

4.Оқушылардың бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру.

Сыныптан тыс экологиялық жұмысты іске асыру үшін төмендегідей талаптар ескерілу қажет:

1.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне және оқушыларды еркіне қарай топтастыру;

  1. Қандай да жұмыстың түрі болмасын, оның қоғамдық және қолданбалы маңызын түсіндіру;
  2. Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта — ықыласын, талабын, қабілеті мен құштарлығын ескеру;

4.Ұйымдастырылған қандай бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болу керек;

5.Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде экологиялық бағыт бағдар басым болғаны дұрыс. Осы жұмыстар нәтижелі болу үшін нақты белгіленген күні, мерзімі айқын белгіленген график болу қажет;

6.Осы сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға барлық оқушыларды қатыстыру керек. Бірақ жас ерекшеліктерін ескерген жөн.

Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарда экологиялық білім беру ісі жоғарғы сынып оқушыларын өзі туып өскен тұрғылықты жердің табиғатын тануға, аялап қорғауға және экологиялық проблемаларды шешуге үйретеді [34].

Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғалми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарды жаңа материалдардағы өзгерістерді кең түрде қолдануға болады.

Осыған байланысты сыныптан тыс оқушыларға экологиялық білім беру факультатив сабақтар мен табиғи ортадағы жұмыстар жүргізілуі керек.

Қазақ халқында табиғат пен адам арасындағы байланыс өте ертеректен келе жатқаны бәрімізге мәлім. Табиғаттың сансыз сыры мен құбылыстарын түсіндіруге ұмтылу, халықтың бойында ақыл санасында табиғат жайындағы танымды табиғатты аялаудың қажеттілігі жайында ұғымдарды белгілі жүйемен жинақтауға талпынған. Халқымызда «табиғатым-тағдырым» деген нақыл сөз бар. Ежелгі дүниеде халқымыз табиғатқа, туған жерге, суға, өзі өмір сүріп отырған ортасына көп көңіл бөле білген.

Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдік бұзылмаған, халқымыздың ауыз әдебиетінде де осы табиғат, жер, су, өсімдік, жануарлары бар дүниесіне де өте мән берілген. Ата-бабамыздың  өмірлік тәжірибесінен жинақталған, аңыз, әңгіме, нақыл сөз, мақал-мәтелдернен халық даналығын танып білуімізге болады. Мысалы:

         Жаздың бір күні

         Қыстың мың күніне татыр –

деп жаздың жайма шуақ, елге сондай жайлы екендігін тілге тілек етсе, ал мына бір мақалында:

         Тау мен тасты су бұзар,

         Адамзатты сөз бұзар

дейді, яғни адам мен табиғатта болатын өзгерістермен байланыстыра отырып атады. Жер қадірін жете түсінген, жаз – жайлауда, қыс – қыстауда жүргенде, жайлық жерін тоздырып алмауды ойлаған.

         Тау кезеңсіз болмайды,

         Өлке өзенсіз болмайды –

деп өмірі көшіп-қонудан басталған халқымыздың даналығының бастауы болған табиғат сырын игеріп, оның сан-алуан құбылыстарын түсінуге ұмтылды, табиғатпен тіл табысу, оның әр бөлшегін мал жанындай сақталуы өмір заңына айналдырылған. Асыл қасиетті мұраларын кейнгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Ал біздің халқымыздың дәстүрді іске асыру, оны жалғастыру ата-бабамыздың асыл мақсаттарының орындалғаны, осы тұста негізгі тәрбие беру орталығы әрбір отбасы, бала-бақша, негізгі тәрбиенің жалғастырушы мен жандандырушы арнаулы орта мектептегі тәрбие мен білім беру сапасы екендігі белгілі.

Сондықтан да, мектепте экологиялық мәселелер бойынша оқу-тәрбие процесін белгілі бір жүйеге келтіріп, этноэкологиялық бағытта дұрыс жолға қойып, салт-дәстүрге жетелейтін бағытта бағдарламалар құру қажет.

Сондықтан сыныптан тыс өткізілетін жұмыстарға жете мән беріп, әртүрлі бағдарламалар шығарып, жаңа арна тәсілдер іздестіру қажет, өйткені, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар жас жеткіншектерге оның ықпал әсері ерекше болмақ(№3-кесте).

Биология сабағында оқушылардың білімі мен икемділігіне қоятын талаптар.

№3-кесте

Білімі

 

Кіріспе

Икемділігіне

Табиғатты қорғаудағы халық дәстүрі

Табиғаттың сансыз, сыры мен құбылыстарын түсінуге, табиғатты аялаудың қажеттілігі жөніндегі түсінушілік.

Қазақ халқының табиғатты қорғауға арналған дәстүрлері

Табиғатты қорғауға арналған дәстүрлерді игере білу.

Ауа-райының құбылыстарын бақылауға байланысты халық дәстүрлері

Ауа-райының құбылыстарын бақылауға арналған іс-шараларды білу.

Су қорғауға байланысты халық дәстүрлері

Өзен-көл суларына тиімді пайдалану, ластанудан сақтау

Өзен суларының ластану себебін анықтау, су қорын тиімді пайдалануды білу. Өзен туралы мақалдарды есте сақтап, әртүрлі іс-шараларға қатысу, табиғатты қорғау.

Пайдалы қазбаларды қорғауға арналған халық дәстүрлері

Адамдардың жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды игеруде және шаруашылық қызметінің әсерінен өзгеріске ұшырауы. Жер қойнауын пайдаланып, оны қорғаудағы халық дәстүрі

Жер қойнауының адам баласы үшін ашылмаған сырларының көптігін білу. Жергілікті жердегі негізгі тау жыныстары мен минералды заттарды ажырата білу.

Топырақты қорғауға байланысты халық дәстүрлері

Топырақ эрозиясы, оны бақылауға арналған іс-шаралар, қазақ халқының топырағын аялап қорғау дәстүрлері

Қазақ халқының арасында эрозияға ұшыраған топырағын қорғаудың, қалпына келтірудің, құнарлығын арттырудың біреше тәсілдерін ажырата білу.

Табиғат аясына экскурсия

Туған өлке табиғатын тиімді пайдалануға және қорғауға арналған іс-шараны ажырату

Табиғаттың ережелерін сақтау, табиғат қорғауға арналған жұмыстарға қатысу.

 

Мектеп өміріне кеңінен орын-тепкен сыныптан тыс көп жұмыстың біден-бір түрі  үйірме. Үйірменің түрлері көп.

  1. Пән үйірмесі — әдебиет, тіл, тарих, физика, математика, химия, биология т.б.
  2. Драмалық үйірме: көркем саз, би, фотосурет, радио үйірмесі.

Оқушыларға экологиялық білім беруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың үйірме жұмысының алар орны өзгеше. Себебі, экологиялық білім беру жүйесінде үйірме жұмыстары ерекше міндеттер атқарады. Ол мынадай міндеттер:

  • сабақпен салыстырғанда сыныптан тыс уақытта экологиялық теория мен практика мәселелерін оқып, үйренуге мүмкіндік туғызады;
  • оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруге экологиялық және табиғи қорғау мәселелерін дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру;
  • оқушылардың экологиялық қабілетін жетілдіре түсу үшін олардың әрқайсысының жеке мүдделеріне сәйкес көзқарастарын іс-әрекеттерін іске асыруға мүмкіндік жасау.

Сонымен қатар экологиялық үйірме арқылы оқушылардың экологиялық жұмыстарға белсенділігін өз бетімен сапалы ұғынуға, табиғи орта дүниетанымын қалыптастыратын экология курсына деген құштарлығын айтуға болады.

Мектепте өткізілетін үйірме жұмыстарының барысында «табиғатты аялаушылар» жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларға экологиялық білім беру, оны тереңдету, күнделікті өмірмен табиғи ортаны тікелей байланыста жүзеге асыруда біршама жұмыстар іске асырылады.

  1. Үйірме отырыстарында күнделікті өмірмен, табиғи ортамен тікелей байланыста жүзеге асыру.
  2. Жерді тиімді пайдаланумен, оның сапасын сақтауға көңіл бөлу.
  3. Ауаның тазалығын сақтауын дағдыландыру.
  4. Жаңадан отырызылған балауса шыбықтарды қорғауға үйрету.

Оқушыларға табиғат қорғауға баулу жұмыстары ішінде экологиялық мүмкіндіктерінің өзіндік орны бар, оқушылардың экологиялық қорғау әдет дағдылары табиғи ортада іске асырылмақ.

         Экологиялық мүмкіндік оқушыларға не бермек?

  • жаратылыстану ғылымдарынан алған білімдерін тиянақтауға;
  • табиғатқа деген сезім құштарлығын арттыруға;
  • табиғатпен тікелей байланыста болу нәтижесінде дұрыс мінез-құлықтың, сапалы қарым-қатынастың қалыптасуына;
  • табиғат байлығын күтіп, баптауға, бақылаулар жүргізуге, ұқыпты қарауға баулиды.

Қазіргі уақытта біздің елімізде үйірмелер аз емес. Осы үйірмелер оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижелер беріп отыр[29,30].

Ал, биология пәні бойынша пәндік апталықтар өткізуге болады. Біз «Табиғатым – тағдырым» атты апталық өткізуге тырыстық.(№4 –кесте)

 

Бағдарламасы

         «Табиғат – тағдырым» атты экологиялық апталықтың жоспары

№4-кесте

Күні, уақыты

Экологиялық апталық бағдарламасында жүргізілетін, іс-шаралар, жұмыс түрлері

1.

6.02.02

сағ. 14:00

Апталық ашылу салтанаты, оның бағдарламасымен таныстыру, апталыққа қатысушы қонақтардың тілегі мен пікірлері

2.

7.02.02

сағ. 14:00

«Халық жүрегінде–табиғат тағдыры» халқымыздың ақын-жазушыларының әңгімелерін, өсиет сөздерін сахнада көрініс түрінде бейнелеп, мағынасын түсіндіре отырып, өнеге алу бағытында өткізу

3.

8.02.02

сағ. 14:00

«Ата-бабам айтқан сөз» халықтың мақал-мәтелдерін, қасиетті сөздер, көркем сөздері

4.

9.02.06

сағ. 14:00

«Табиғат адамның алтын бесігі» табиғат пен адамның біртұтастығын айту

5.

10.02.02

сағ. 14:00

«Табиғатты қорғау» КВН етіп өткізуге болады

6.

11.02.02

сағ. 14:00

«Табиғатым – тағдырым» қорытынды кеш:

1. Кеш қонақтарының пікірі

2. Озық нөмірлер жеңімпаздары

3. Викториналық сұрақтар «Алтын сандық» ойыны

4. Музыкалық сәлемдемелер /2-4 нөмір/

 

1.1. Сахналық көрініс: «Жер-Ананың күңіренуі» сахнада жердің құрғап, тілім-тілімі шыққан көрінісі. Аударылған қайық, өлген балықтар. Қара жамылған жер ана қайғылы күйде отыр. «Қорқыттың күйі» бүкіл залда мұңды зарымен күңіреніп тұр. Еңкейген кәрі шал-жолаушы таяққа сүйеніп келе жатыр, елдің барлығы туған жерін, үйін тастап кеткен, жолуашы жер анаға кездесуге келе жатыр.

Бастаушының сөзі: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар, өзен-көлді суалтып, қу-тақырға, жасыл шалғынды орман-тоғайды күйдіріп, өртеуге, тау мен даланы тескілеп шаңын аспанға шығарып,тірі организмдердің барлығын улап, оның тіршілігін жер бетінен жойып жіберуге әзір тұр. Соның ең қатерлісі ядролық соғыс пен ядролық қаруды сынау болып отыр.

Жолаушы күңіреніп отырған жер анаға кездесті.

Жолаушы: О, жер ана неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарлайсың? Саған не болған, сенімен бірге бүкіл ғалам түнеріп тұр.

Жер ана: Мен неге күңіренбеймін, неге мен зарланбаймын? Қарашы мына байтақ даланы не болып жатыр, нені көрмеді, жерімде, елімде жазды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалай шалқақтаған шағаларым қайда, теңізді қақ жарып, өтіп жатқан кемелерім қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр.

Адамдардың көпшілігі ауруға шалықты. О, Адамзат не ойың бар?

Жер ана: Иіліп, отырып, қалды.

Жолуашы: Көкжиекке қарап, ойланып қалды. Залда мұңлы күй жайлап өрби отыра қатыңқы ойнап тұрады.

Көрініс: «Теңіз неге ашулы?»

Автор –  Қожатаева Зарина

Дауыл – Жамалбеков Нұрдос

Арал –   Момбаева Мөлдір

Күн –     Нұрлыбекова Ақерке

Бұлт –    Жүсіпов Бақыт

Автор: Кешегі бар байлықтың мекені аталған қайран Арал.

Міне, қазір шаршаған, қамыққан күйде сырын шашып сырласатын, мұңын шағып, мұзданатын ешкім жоқ. Жан-жағына елеңдей қарайды. Осы уақытта уілдеген дауыс естіледі. Бұл ескі дауыл екен.

Дауыл: Ау, Арал! Қалың қалай? Неге мұңайып отырсың?

Арал: Дауыл достым-ау! Мұңаймай қайтейін, маған ешкім соқпайтын болды, бұрын сен де жиі келуші едің, толқындарымды тасытып, көңілімді көтеруші ең. Сенде соқпайтын болдың.

Дауыл: мұңайма достым. Бізге де күн туар, толқының қайта тұрар, байлығың қайта толар.

Арал: Әй, қайдам! Ондай күн көзімнен бұл-бұл ұшты ғой.

Дауыл: Сені осындай күйге түсірген адамдар ғой, сен олардан кек алуың керек. Сені олар аямады, сен де оларды аяма.

Арал: Сонда сен маған не дейсің? Адамдарға қатігездік жаса дейсің ба?

Дауыл: Иә, достым. Олар сені аямады, сен де оларды аяма!

Арал: сонда не істе дейсің?

Дауыл: «Маған ерік бер. Мен жағалауыңдағы тұз бен сорды оларға шашамын. Көрсін қандай екенімізді!

Арал: Ендеше бердім рұқсатымды. Өзің біл не істесең де!

Автор: бұлардың сөзін тыңдап тұрған күн-ана мен бұлт-апа сөзге араласты.

Күн: Әй, Арал, алдандың ба? Ана құтырған дауылға неге еркіндік бердің? Әй, бұлт бердеңе десейші, Дауылға!

Бұлт: Ол дауыл мені тыңдамайды ғой.

Арал: Мен бе алжыған. Алжыған, адасқан адамдар. Бізді олар аямады, бізде аямаймыз оларды.

Автор: Міне, кешегі ару Арал тағдыры мынандай.

Сондықтан табиғатты қорғау бәрімізге ортақ іс. Табиғат туған үйіміз. Оны қорғау біздің бәріміздің абыройлы борышымыз, парасатты парызымыз!

         Ән: «Аралдан ұшқан аққулар»

         Сөзі: Ш. Сариевтікі     

         Апталықтың 3 күні:

         «Ата-бабам айтқан сөзі

         Бізге келіп жеткен сөзі» атты тақырыпта өтті. Онда 9 –шы сыныптан бір-бір бала шығып, табиғат, туған жер туралы мақал-мәтелдер, қасиетті үлгі боларлық дүниелер сөзін келтіріп, ақын-жазушылар шығармаларынан көрген сөздер оқыды.

         Мысалы,

         «Жер тоймай, ел тоймайды»

         «Жер – ана, ел – бала» деп айтып шықты.

         Апталықтың соңғы күні:

  1. апталықты қорытындылау:

Мектептің 9-шы сынып оқушыларымен өткізілген «Табиғатым–тағдырым» деп аталатын экологиялық апталықтың оқушыларға берері мол болды.

Біріншіден, қазақ халқының бар өмірі, тіршілігі табиғатпен етене байланысты екендігіне көздері жетті.

Екіншіден, көптеген мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, тақпақтар жаттап, жан-жақты білімдерін арттырды.

Үшіншіден, түрлі көріністер арқылы олардың табиғат алдында деген қамқорлық пейілі мен сүйіспеншілік сенімдері қалыптасты.

Сондықтан жас өспірімдер арасында жүргізілетін халқымыздың болашақ ұрпақтарын жақсылыққа жетелеп, ел қамын ойлайтын жақсы азамат болып шығуына көмектеседі.

         ІІ. Табиғи ортадағы жұмыстар (Танымжорық)

Табиғатқа танымжорық жүргізбей экологиялық білім беру мүмкін емес. Экологиялық танымжорық (лат. еxeurcio – жол түрі мағынасын білдіреді) табиғатқа және мәдени орындарға білім алу мақсатында топталып қатысатын экологиялық білім формасы.

Белгілі педагог, әдіскер К.Т. Ягодовский ХХ ғасырдың басында-ақ танымжорық жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол «танымжорықтың негізгі мақсаты – тірі заттардың аттарын жаттау емес, табиғатты бақылауға үйрету».

Танымжорықтың негізгі объектісі – табиғат құрам бөліктері. Танымжорық өлкетану негізінде экологиялық проблемаларды оқып үйренуге, айналадағы ортаны қорғауға, зерттеп білуге, дүниетанымды қалыптастырудағы мүмкіндіктер береді.

Педагог-әдіскер мұғалімдер үшін төмендегідей бірнеше бағыт-бағдар ұсынылады:

  1. Табиғатқа танымжорық жасау серуендеу емес, экологиялық білім берудің тиімді түрі екенін есте ұстау.
  2. Танымжорық мәселелерін ертерек анықтау, алдын-ала жергілікті жермен танысып, маршрутын құру.
  3. Танымжорық кезінде көзге көрінетін құбылыстар мен көріністер жөнінде әңгімелесу.
  4. Оқушыларды шамадан тыс жаңа атаулармен таныстырудың қажеті жоқ, олар көпшілік жағдайда ұмытып қалады.
  5. Табиғатта білімгерлердің зейінін табиғи объектілерге аудара білу.

 6.Оқушылардың шаршағанын уақытында байқап, танымжорықты дер кезінде аяқтай білген жөн.

Танымжорыққа шығар алдында оқушыларға не көретін және қалай бақылау керек екені түсіндірілді. Оларға жергілікті жерді бағдарлау үшін маршрут жобасын көрсетіп, табиғатта өздерін ұстау, мінез-құлық ережелері жөнінде нұсқа беріледі.

Мұғалім табиғат жөнінде ақын-жазушылардың, суретшілер мен сазгерлердің шығармаларымен жете танысып, оқушылардың ұғым, түсініктерін арттыратын ақпараттық материалын дайындауға тиіс.

Мысалы, А. Құнанбаевтың «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» деген өлеңдерінде қазақ табиғаты толық және әсем суреттелген. Ұлы ақын әдеби тілмен табиғаттың өзгерісін, өсімдіктердің әсемдік және жануарлардың мінез-құлқын шебер суреттейді.

Танымжорықта қазақ сазгерлерінің әндері мен шығармаларын кең пайдалануға болады. Әсем ән мен тәтті күй оқушының түсінігіне жақсы әсер етеді. Әсіресе, Құрманғазы Сағырбаевтың «Ақсақ киік», «Сарыарқа» күйлерінің мәні, мазмұны ерекше.

Танымжорықтың барысы оқушылар Талас өзенінің жағасына барып, ондағы өсімдік, жануарлар дүниесімен танысты. Өзен суының лайлану себебіне мән берді. Танымжорық барысына экологиялық түсініктерге сипаттама берілді.

Өзен жағасына бақылау жасау барысында оқушылар өзен экологиясымен танысты. Өзен жағасындағы адам әрекетінен болған өзгерістерді көріп, оның себептерін түсінді.

Оқушылар өзен жағасын бақылап, көргендерін айтып, ой өрісінің дамуына мүмкіндік алды және табиғатты сүюге, оның әсемдігін түсінуге үйренді.

Табиғатқа танымжорық – оқушыларға экологиялық білім берудің, тәрбие берудің бірден-бір табиғи жолы.

Қорыта айтқанда өткізілетін апталықтар мен кештер табиғат байлығын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ашудың ыңғайлы тәсілі болып табылады. Олардың негізгі мақсаты – табиғатты қорғаудың басты нұсқасын насихаттау, бұл іске деген оқушылардың ынта-жігерін ояту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау.

 

2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижесі

 

Тәжірибе – эксперимент жұмысы Алматы қаласындағы №48 қазақ орта мектепбінде өткізілді.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің биология сабақтарындағы тәжірибелік жұмыс кезеңі бақылаудан өтті. Бұл арнайы жасалған тәжірибелік жұмыс 2011-2013 оқу жылдары аралығында өткізілді.

Бұл дипломдық жұмыс болғандықтан осы тәжірибе жұмысына негізінен Алматы қаласының №48 қазақ орта мектепбінің 9-шы сынып оқушылары қатысты.

Бірінші кезеңде 9-шы сыныптарды биология сабақтары арқылы экологиялық білім беру деңгейі сарапталды. Бақылау жұмыстары мен тест алынды. Бұл әдістер арқылы оқушылардың күні бүгінге дейін экологиялық мәселелер бойынша практикалық қолданбалы дағдыға үйренбегендіктерін анықтадық.

Зерттеу бойынша оқушылардың экологиялық білімдерін, дағдыларын үш деңгеймен анықтадық. 1.3.бөлімде қарастырылған.

 Жоғарғы деңгейі: экологиялық білімі берік, теория, сапалы, жүйелі түрде, «табиғат-қоғам» қалыптасу, даму диалектикасын талдай алады, табиғаттың экологиялық жағдайларының себеп-салдарын аша біледі. Табиғатты қорғауға арналған іс-шараға белсене араласып, ұйытқы болады.

Орташа деңгей: табиғатқа қамқорлық керек екенін түсінеді, бірақ оны қорғауда барлық уақытта белсенділік көрсетпейді.

Төменгі деңгей: экология білімін нашар меңгерген. Табиғатты қорғау керектігін түсінеді, бірақ оны іске асырмайды.

Алған білімдер көмегін тексеріп, қорытындысын таңдаған уақытында тәжірибелік жұмысының бас кезінде 9-шы сыныптарындағы оқушылардың 20,7%-тен аспады, яғни олардың білімі тек түсініктер деңгейінде ғана болды. Оларды табиғаттағы экологиялық апаттардың себептерін, заңдылықтарын түсіндіруде табиғаттанудан, биологиядан, географиядан алған білімдерін қолдана алмады. Бұның себебі бұл пәндердің мазмұнына экологиялық мәселелерді шешуге толық бағытталмаған еді.

         Тәжірибелік жұмыстарды өткізу барысында 9-шы сыныпардағы оқушыларға экологиялық білім берудің әдістемесі, жүйесі тексерілді. Сабақты жүргізу арқылы экологиялық білім беру ісін сыныптан тыс жүргізген жұмыстармен тығыз байланыстырдық, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра отырып оқытудың нәтижесінде білімдік, тәрбиелік мәселелерін шешіп соның негізінде экологиялық білім берудің деңгейі жоғарлағандығын байқадық.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыста оқушыларға анкета таратып, «Бізді қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы арасында қандай өзара байланыс бар деп ойлайсың?»- деген сұраққа бірнеше дәл жауаптар алдық, яғни, оқушылардың 58,4%.

Арал, Балқаш, Семей апатымен адамдардың денсаулығы 37,8% зиянды химиялық заттардың адам ағзасына әсері жөнінде дұрыс түсініктерін білдірді. Бізде талдау жасауға алынған жауаптарды іріктеуге әрбір тақырыптардан соң жалпы экология бойынша оқушылардың білімдерін талдау үшін тест сұрақтарын пайдаландық.

 

Тест мынадай сұрақтардан тұрады:

  1. Экология деген терминді алғаш рет ғылымға енгізген қай ғалым?

А. Геккель

В. Рулье

С. Гумбольдт

Д. Трамбле

 

  1. Экологияны зерттеу әдістері неше топқа бөлінеді?

А. 3

В. 4

С. 2

Д. 5

  1. Ірі географиялық аймақтарды қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттейтін қандай ғылым?

А. Ландшафтық экология

В. Аутэкология

    С. Синэкология

    Д. популяциялық экология

 

  1. 500-ден астам жануарлардың түрін айқындап,қоршаған ортамен байланыстыра зерттеген қай ғалым?

А. Павлас

В. Дарвин

С. Аристотель

Д. Гумбольдт

 

  1. «Зоология философиясы» деген еңбекті кім жазған?

А. Линней

В. Рулье

С. Дарвин

Д. Ламарк

 

  1. Неше экологиялық факторлар бар?

А. 3

В. 2

С. 1

Д. 5

 

  1. Абиотикалық факторлар неше топқа жіктеледі?

А. 2

В. 1

С. 3

Д. 5

  1. Эдовикалық факторларға не жатады?

А. Жер қыртысы және рельеф

В. Тау жыныстары, рельеф

С. Жер бедері мен топырақ

Д. Су ағыстары, ылғалдық

 

  1. Антропогендік факторлар дегеніміз не?

А. Адамның іс-әрекетінен болатын өзгерістер

В. Табиғаттың әсерінен болатын өзгерістер

С. Табиғат пен қоғам арасындағы өзгерістер

Д. Табиғат ресурстарын пайдалану кезіндегі болатын өзгерістер

 

  1. Оптимальды жағдайлар не деп аталады?

А. Организмдердің тіршілік етуі үшін қолайлы жағдайдың тууы

В. Организмдердің бір ортадан екінші ортаға көшуі

С. Организмдердің тіршілік етуі үшін қолайсыз жағдайдың тууы

Д. Организмдер климаттық әсерінен өзгерістерге ұшырауын айтамыз.

 

  1. Смогтық негізгі қосылыстары не?

А. Хлорфторкөміртектер

В. Көміртектер

С. Фторкөміртектер

Д. Хлор тотығы

  1. Экология қандай ғылымның саласы болып табылады?

А. Биология

В. Зоология

С. География

Д. Геоэкология

 

  1. Биосферадағы ластану процесін неше топқа бөлеміз?

А. 3

В. 2

С. 4

Д. 1

 

14.Смогтың неше түрі бар?

А. 2

В. 1

С. 3

Д. 4

 

  1. Фотохимиялық смог алғаш рет қай жылы байқалады?

А. 1945

В. 1930

С. 1950

Д. 1940

 

  1. Табиғи ластану не жатады?

А. Вулкан

В. Өндірістен шығатын газ

С. Транспорттан шығатын түтіндер

 

 

  1. Озонның жұқырауы қай ғасырда байқалады?

А. 19-ғ

В. 16-ғ

С. 18-ғ

Д. 17-ғ

 

  1. Фотохимиялық қай қалаларда байқалады?

А. Токио,Сеул, Лос-Анжелес

В. Улан-Батор, Пекин, Нью-Йорк

С. Токио, Пекин, Ұлыбритания

Д. Египет, Нью-Йорк, Сеул

 

  1. «Ойкос» қандай мағынаны білдіреді?

А. Үй

В. Табиғат

С. Орта

Д. Ғылым

 

  1. Ауаның ластануы неше топқа бөлінеді?

А. 2

В. 4

С. 5

Д. 3 

9-шы сынып оқушылардың жалпы саны 23. Тест сұрақтары бойынша 23 оқушы жауап беріп, соның ішінде, 5оқушы- «5», 10оқушы- «4», 8оқушы- «3» бағаланды. Ал (толық) процентпен шаққанда тестке толық жауап берген 55%, дұрыс толық жауап берген 35%, дұрыс емес жауап берген 15%. Оқушылардың білім деңгейлері №4- суретте көрсетілген.

 

Оқушылардың білім деңгейлері    №4- сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесі мынадай қорытында жасауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталып көрсетілгендей еліміздегі экологиялық жағдайлар кейбір жерлеріміздің экологиялық апат аймағына айналуы, экологиялық тәрбиеге байланысты, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әр түрлі табиғат қорғау туралы заңдарға талдау жасау, бұл мәселенің бірден пайда болмағанын, оның қоғам дамуы барысында адам мен табиғаттың қатынасы негізінде пайда болып, қазіргі кезеңде аса маңызды, дүние жүзіндегі мәселеге айналып отыр.

Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мүмкіндіктерін шешуде жалпы орта білім беретін пәндердің алатын орны ерекше. Барлық пәндерді экологиямен байланыстырып, пәнаралық байланыста жүргізілуі керек. Солардың ішіндегі экологиялық білім мен тәрбие беруде биология пәнінің орны ерекше.

Тақырып бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмысымызда жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің жәй күйі зертттеліп мына міндеттерді шешуге бағытталды:

  • жоғары сыныптың бағдарламалары, оқулықтары, әдістемелік құралдардың оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі қазіргі жағдайын қарастыру;
  • мұғалімдермен экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу;
  • экологиялық білім мен тәрбие үлгерімінің көрсеткіштерінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау.

Жоғары аталған міндеттерді шешу үшін биология пәнінен өткізілген сабақтардың, сыныптан тыс өткізілген жұмыстар негізінде, оқушыларға және мұғалімдерге сауалнама, КВН, оқушылардың шығармалары арқылы жүзеге асты.

Сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы мына бағыттарда жүргізілді:

  1. Экологиялық апталық, факультатив сабақтар, экологиялық тақырыптағы әңгімелер.
  2. Табиғи ортадағы жұмыстар: қоғамдық пайдалы еңбектер және «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру.

Осы бағытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тәрбиелігін қалыптасытыруға мүмкіндік беретініне зерттеу жұмысымның барысында көз жеткіздім.

Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде экологиялық апталықтың орны ерекше, себебі экологиялық білім беру жүйесінде апталықтар ерекше міндеттерді атқарады да оқушылар ат салысып қатысады.

«Сабақ беру – үйренуші жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» — деп ғұлама ғалым Ж.Аймауытов айтқандай, әрбір жүргізілген жұмысқа сараптама жасаған кезде педагогикалық технологиямен үздіксіз жүйелі жұмыс істейтін мұғалімдердің көресткен нәтижелері жақсы деңгейде екені байқалады.

Мектептің оқу тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім  беру әдістері  көрсетіліп, жан-жақты ашылып меңгере отырып, нәтижесін өз дәрежесінде көру әр пән мұғалім үшін ең басты мәселе.

Экологиялық тапсырмалар беру арқылы біз оқушының өтілген тақырып бойынша білімін саралап, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылықпен айналысуға, сабақ кезінде пайдалануға мүмкіндік бердік.

Мектептің оқу – тәрбие үрдісінде жүргізілген эксперименттің нәтижелері сараланып көрсетілді. Зерттеу барысында оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың экологиялық білім үлгеріміне, білімдерінің сапасының артуына жол ашатындықтары дәлелденді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша
    1. түсіндірмелері) оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2000
  2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. //Егеменді Қазақстан, 1997.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995- А: Жеті Жарғы, 1998 6бап -8б
  4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А: Білім, 1997
  5. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А: Ана тілі, 1995.-6б.
  6. Ә.С.Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. -555б.
  7. Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996.-45с.
  8. Руссо Ж.Ж. Педагогические сочинение т. 2-М.,1977.-465с.
  9. Белинский В.Г, Чернышевский А.И, Добролюбов Педогогические наследие. – М., 1954.-25с.
  10. Герцен А.Н. Диалетизм в науке. Письмо об изучении природы (1842-1846) собр. Сочин в 30-томах.-М.,1954.-24с.
  11. Писарев Д.И. Педагогика –М., 1977.-46с.
  12. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – А: Ер Дәулет, 1994.-84б.
  13. Люблинская А.А. Формирование нравственной позиции начинается в детстве. М: Начальная школа, 1982.-85с.
  14. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. –Алматы: Қазақстан, 1980.-72б.
  15. Тихонова А.Е. Дидактические и методические основы экологического образования и воспитания школьников. Хабаровск, 1984.-81с.
  16. Дарвин Ч. Происхождение видов.- М: Госсельгиз, 1952. -98с.
  17. Геккель Э. Естественная история мировозрения Лейпциг: соб. 1908 1т.- 274 с
  18. Ушинский К.Д. Собр. Соч. Том 10-М.-Л:1950.-87с.
  19. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. А: Рауан, 1992.-82б.
  20. Зверев И.Д. Экология в школьном обучении. М.: Изд-во Знание, 1982-82с.
  21. Құрсабаев А.Р. Атамекен тәлім тәрбие бағдарламасы, А: Жалын, 1991.
  22. Балтабаев М.Х. Кәусар бұлақ //Қазақстан мектебі, №4, 1999.
  23. Балтабаев М, Ұзақбаева С, Қышқышбаев П, Быковский М, Әлмұхамбетов Б, Жолымбетов К, Елім-ай ән-күй пәнінің бағдарламасы. – А: Рауан,1991.-36б.
  24. Бозжанова К.Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. А., 1991.
  25. БолдыревН.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы А: Мектеп, 1987.-32б.
  26. Жалпы білім беретін мектепте табиғат қорғау жұмысын күшейту туралы (әдістемелік хат) мектептегі тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.-55б.
  27. Сәтімбекова Р. Табиғат қорғау. А: Рауан, 1992.-92б.
  28. Нұғыманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің
    1. педогогикалық негізі. //Қазақстан мектебі, 1996.-127б.
  29. Жарықбаева Қ.Б. Психология А: Білім, 1993.-69б.
  30. Ильина А.Н. Педогогика А: Мектеп, 1977-175с.
  31. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Жоғары оқу орны білімгерлеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2003. 43 б.
  32. Бұзаубақова К.Ж. Жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдары. «Ұстаздарды дайындаудағы педагогикалық инновациялар» атты халықаралық ғылыми – практикалық конфернция 7 – 8 сәуір, Алматы2005 55б.
  33. Чилдебаев Д. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының ғылыми педагогикалық негіздері. Пед. ғыл. Докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация А, 2005 35б.
  34. К.Салпынова Экологиялық тәрбие берудің қазіргі жағдайы //География Казахстана и экология №3 2004 8б.
  35. Бейсенова А.С. Мектептерде оқушылардың экологиялық білімін жақсарту туралы тұжырымдамасы. Алматы, 1987. 7 б.
  36. Бейсенова А.С. Қазақстан Республикасында эколог мамандарын даярлау А,1987.
  37. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б. Үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Эколгия / 9 – сыныпқа арналған бағдарлама/. Алматы,2000,21б.
  38. Сарыбеков М.Н. Методика работы с младшими школьниками по воспитанию у них бережного отношения к природе: Автореф.дисс.канд.наук. –М.,1984 –20с.
  39. Гринева Е.А. Формирование экологических знаний учащихся на межпредметной основе в курсе природоведение /4класс/.Дисс..канд. пед. наук.М., 1985-4с.
  40. Жангельдина Д.І.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.Пед.ғыл-ның канд..дис-ның авторефераты. –Алматы,1996. –25б.