М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ………………………………………………………………………………. 5
1.1 Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негіздері
Білім беру жүйесінің басты сипаты…. ………………………………………………….
1.2 Саралап оқыту технологиясы………………………………………………………………
1.3 Дамыта оқыту технологиясы…………………………………………………………….
1.4 Деңгейлеп оқыту технологиясы………………………………………………………….
1.5 Ақпараттық технолоиялар…………………………………………………………………..
1.6 Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары…………………………….
1.7 Сын тұрғысынан ойлау………………………………………………………………………..
- ЭКСПЕРИМЕНТТІК Б¤ЛІМ…………………………………………………………………..
- «Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы»
тақырыбында интерактивті әдістерді пайдаланып сабақ өту…………………..
2.2 «Бейметалдардың периодты жүйедегі орны және электрондық
құрылысы» тақырыбында кубизм әдісі элементтерін пайдалану…………..
2.3 «Білім стратегі» атты педагогика — психологиялық ойынды
пайдаланып «Бейметалдар» тақырыбында сабақ өткізу…………………..
- Химия сабақтарын өткізуде пайдаланған интерактивті әдіс тәсілдердің
зерттеу нәтижелері…………………………………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………………………………….
К І Р І С П Е
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» стратегиясы жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның эканомикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл –ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жарияланған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық техналогияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. ¤йткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс — әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру оқу – тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендіру міндеттейді. Жаңа педагогикалық технологиялар — бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі – Англиядан шыққан оқытудың интерактивті әдісі. Интерактивті әдіс – диалогтық әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді:
Жұмыстың мақсаты: Орта мектептің химия курсын оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру және оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру.
Міндеттері:
- Химияны оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақытын үдемдеу және химияны оқытуда тиімді пайдалану.
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Білім беру жүйесінің басты сипаты
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, эканомикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, де белсенді адамдар. «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фирмалар, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады» (Қазақстан -2030 бағдарламасы). Әрине, «келешектің иесі – жастар». Жастар өзінің ата – анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді». (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді [1]. Білім беру саласында жаћандану да бірқатар үрдістермен сипатталады. Гордон Драйден мен Джанет Востың “Білім беру революциясы “ кітабында (2003ж) білім беру саласында осы заманғы әлемнің көптеген елдеріне тән проблема тамаша баяндалған: “Әлем сондайлық жедел өзгеруде, ал білім жүйесі сондайлық оралымсыз да жігерсіз, ол бейнебір уақыттың торына түсіп қалғандай, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет көрсетуін жалғастырып келеді.” Бұл біздің атымызға айтылған секілді.
Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім, инновациялар мен оларды нақты қолданудың әдістері барған сайын пайда көзі ретінде көрінуде.
Экономикалық дамудың жаңа тұрпаты қызметкерлер үшін өз өмірінде бірнеше рет мамандығын ауыстыру, өз біліктілігін үнемі арттыру қажеттілігін туғызады. Білім беру саласы ақпараттық қоғамда экономикалық саламен елеулі түрде астасады, ал білім беру қызметі ақпараттық қоғамның экономикалық дамуының аса маңызды құрамдасына, артта қалушылықты еңсерудің факторына айналады.
Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады.
Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.
‡здіксіз білім беру, ересектердің білім алуы барған сайын үлкен мәнге ие болуда. Жақсы жазу қарттыққа дейінгі тыныш та қамсыз өмірдің кепілі болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соңғы онжылдықтарға адам қызметінің түрлі салаларындағы технологиялар мен білімнің жаңару жеделдігі тән. Бүгінде тіпті жоғары білімнің өзі көпке жетпейді.
Дженерал Моторс корпорациясының президенті бұл туралы былай дейді: “Бізге төрт және тіпті алты жылдық емес, қырық жылдық білімі бар мамандар қажет.“
Ақыр соңында, білім берудің халықаралық интеграциясы жүріп жатыр. Білім беруді дамытудың маңызды белгісі оның жаћандылығы болып табылады. Бұл белгі осы заманғы әлемде интеграциялық үдерістердің орын алуын, қоғамдық өмірдің түрлі саласында мемлекеттер арасындағы интенсивті өзара ықпалдастықты бейнелейді. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік басымдық категориясына өтуде.
Аталған үрдістер Қазақстанда ғылым мен білім беру жүйесін дамытудағы негізгі бағыттарды анықтауы тиіс.
Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы ақпараттық технологиялар мен білім беру үдерістерін жаппай ендіру болуы тиіс. Бұл кезеңде негізгі назарды оқытушыларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру қажеттігіне аударған жөн. Бұған қоса оқу бағдарламаларын олардың халықарарлық стандарттар мен осы заманғы әлемнің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қайта қарастыру керек.
Бәсекеге қабілеттілік мәселесі – бұл, ең алдымен, сапа мәселесі.
Қандайлық жақсы және кәсіби болса-дағы бір де бір оқытушы егер оқушының өзі білімге ұмытылмаса, егер оқушының өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды.
Білім — қоғамды әлеуметтік, мәдени – ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, творчествалық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді [2].
Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты,білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.б. – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принцптері.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми – техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген [3].
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. ¦лттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан – дүниесінің байуына, саяси көзқарасының, творчествалық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, ХХI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой — өрісі кең, жан – дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез – келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі — жоғары білімде. ¤йткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет [4].
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен баий түсуде. Атап айтқанда:
- Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ой дамытатын оқуға көшу;
- Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл – ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
- Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына көшу [5].
Кез – келген елдің экономикалық қуаты, халқның өмір сүру деңгейінің жоғарлылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқанды дамуының екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз [6].
1.2 Саралап оқыту технологиясы
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды, талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғарғы қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Ассоцацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда да жүріп жатыр. ( « Болашақ » бағдарламасы, «Дарын» орталығы.) Ғалымдардың есептеуі бойынша әрбір жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайызға дейін өте талантты оқушылар болады. Бірақ олардың барлығы мадақтала бермейді. Дүние жүзінде болып жатқан мұндай құбылыстан Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау керек» делінген. Танымал француз педагогы дұрыс атап көрсеткеніндей: «Оқыту, дегеніміз – екі есе оқу». Шын мәнінде, мұғалімдердің үздіксіз оқу және дайындалуынсыз жақсы нәтиже күтуге болмайды. Сондықтан да үстіміздегі жылдан бастап оқытушылар өздері оқытатын пәнге қатысты білім деңгейі бойынша тестіден өткізіледі. ¤йткені тек солардың біліктілігі – білім жүйесіндегі нақты анықтауыш. Егер сөзде, істе, әрбір әрекетте сенімділік пен нақтылық болмаса, онда көз алдаудың орын алары сөзсіз. Ал мұғалім қызметіндегі көз алдау орын толмас өкінішке ұрындырады. Себебі ол – бұл дүниедегі ең құнды материалмен жұмыс істейтін тұлға.
Бүгінгі ұлдарымыз бен қыздарымыз жылдар жылжып өткен кезде қандай болатыны тікелей оқытушыға байланысты. Сондықтан да билік – қоғам – мұғалім үш бұрышы ырғақты, түсіністікпен жұмыс істеп, жалпыұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі Қазақстанның оқытушысы жан-жақты, терең білімді тұлға болуы керек. «Бір салада құнсыз болған адам келесі бір салада айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес» деп Мераб Мамардашвили бекерге айтпаған. Бұл, әсіресе, әлемнің бәсекелестікке қабілетті 50 елінің сапында болуды мақсат тұтқан біздің жас мемлекетіміздің білім беру жүйесі үшін ерекше маңызды. ¤йткені білімді жастарсыз, талантты топ-менеджерлерсіз мақсат еткен биік асуды алу мүмкін емес. Ал оларды даярлау еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарына жүктелген.
Данышпан ұстаз Ыбырай Алтынсарин бұдан ғасырдан астам уақыт бұрын «Бір Аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық» деген екен. Бұл сөзді бүгін қайталаушы біздер жас бүлдіршіндерге: «мемлекет сендердің жақсы білім алуларыңа қолайлы жағдай туғызды, енді сіздер сол қамқорлыққа жақсы оқуларыңызбен жауап беріңіздер» демекпіз. ¤йткені білімділер ғана бар мақсатына жетеді [7].
Республикада «Дарын» ғылыми — практикалық орталығы құрылған. Мақсаты — еліміздегі талантты да дарынды балаларды тауып, сапалы білім беру. Көптеген авторлық мектептер, гимназиялар, лицейлер және жекеменшік мектептер ашылуда. Ең таңдаулы жастар шет елге оқуға жіберіліп тұрады. Балаларды саралап оқытуда тестік жүйе кеңінен тарап келеді. Білім беру саласында әлемде болып жатқан үрдіске қосылуымыздың өзі егемендік алуымызбен тікелей байланысты. Саралап оқыту идеясы әлемде 30 – жылдардан басталса, Қазақстан мектептері үшін инновациялық (жаңаша) бастамалардың оң нәтижелері аз зерттеліп отыр
Саралап оқытудың басты бағытының бірі — толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау. Толықтыра оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту.
Мектепшілік саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету үшін мынандай мақсаттар қою керек:
- нақтылы бағдарлама жасау:
- педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда саралаудың теориясы мен
әлем педагогикасының іс – тәжірибесімен қаруланған болуы;
- материалдық базаның жеткілікті болуы [8].
Қазақстан мектептерінің осы бағытта қандай жетістіктерінің толық зерттелмегенімен, аз – кем жұмыстар істелініп жатыр деуге толық негіз бар. Сондай – ақ Қазақстанда білім берудің мемлекеттік емес саласы да кеңейе түсуде. Қазіргі таңда мемлекеттік емес мектептерде 15 мың бала оқып жүр. Білім жөніндегі қызмет рыногы құрылды, кез келген рынок сияқты ол да бәсекелестік заңдарымен дамып келеді. «Білім туралы» жаңа заң, «Білім» атты мемлекеттік бағдарлама, осы көкейкесті мәселе бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданады. Осы арқылы білім беру жүйесін нарық ұстанымдарының талаптарын ескерте отырып дамытуға жаңаша жағдайлар жасалды.
Саралап (дифференциалды) оқытудың тағдыры:
* Мектептік оқулықтарға;
* әдістемелік оқу құралдарына;
* ұстаздардың білімі мен шығармашылықпен еңбек етулеріне;
* шәкірттердің даярлықтарына, талаптарына;
* оқыту әдістемесінің жүзеге асырылуына байланысты
Мектептерде үздік, дарынды оқушылар бар, олардың үміт талабын, бағдарын дамытуда саралай оқыту — бүгінгі күннің алға қойған міндетін шешудің негізгі жолы. Саралай оқыту екі кезеңнен тұрады:
- дайындық кезең;
- негізгі кезең.
Дайындық кезеңнің басты міндеттерінің бірі – шәкірттер ішінен талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын қанағаттандырып, белсенділіктерін арттыру.
Негізіг кезең — оқушыны ынталандыратын пәндерді айқындап, ондағы оқуға қажеттілерді тереңдете оқытуға назар аудару. Қазіргі кезде жарияланған бағдарламалар ішінен оқушы талғамына сай келетін түрін таңдап алу қажет.
Таңдап алынған бағдарламаға сай әрбір пәндерге бөлінетін сағат пайдалы әсер коэффициенті жоғары дәрежеге жеткізе еңбек етуді мықтап ойластырған жөн. Бұл арада мұғалім оқулықтар, оқу құралдары, зертхана, кабинет жабдықтарын кеңінен пайдаланып, уақытпен санаспай, шәкірт уақытын аялап, жалықпай, жауапкершілікпен еңбектенсе ғана көздеген мақсат жүзеге асады [9].
- Дамыта оқыту технологиясы
Бұл технология – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін — өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым – қатынас сипатында, танып – білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б [10].
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ оны жалпы білім беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда.¤йткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр [11].
Дамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым – қатынаста,мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және тәжірибе, т.б) поэзитивті өзгерістер енеді Даму дегеніміз – материалдық және идеялық объективтілердің қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынаста ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады [12].
Прфессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп – білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүниеге және оны тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдайында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі — дамыта оқыту педагогикасын не қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру». В.С.Лазаре ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес , ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет [13].
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім–сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес.Дегенмен,әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылау үйренеді [14].
Осындай негізде құрылған іс — әрекеттер бір – бірімен тығыз байланысты: «Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу мақстақа жету үрдісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару». Сонымен, жалпылап айтқандап, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
- оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
- оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
- оқу материалын игеруде және іс — әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;
- белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;
- көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті – зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді (стандартқа сейкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
- дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
- жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау жәнеп т.б. дамыту жаттығулары ).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
- мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалімдер мен оқушылардың күш – жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы (өзара сыйласу, түсіну, әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы );
- оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс — әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдайымен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
- оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті бірітінділеушіліктің болуы (оқыту жылдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру стандарттарына сәйкес, т.б. ) ;
- оқу материалы бөлек – бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану,әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және т.б. ) ;
- оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігінп тудырып, қабілеттерінің жан – жақты дамуына ынталандыруы көздеген әр түрлі әдіс – тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог – сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б. ) ;
- оқушылар әжептеуір уақыт аралығында мысалы, (бір, не бірнеше жыл) белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша (бір, не бірнеше сабаққа) қызыметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
- балалардың эмоционалды – сезімділік және абстрактілігі, логикалық ой құрастырылуын дамытуға ықпал етілуі;
- үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
- оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
- оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалауы;
- оқушыларидың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы [15].
Қазіргі біздің елдің мектептерінде осындай бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б. Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұсаздықпен жалықпайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни демократиялық әулеті жете дамыған мұғалім қажет. «Бала ұрпақты баулу,тәрбиелеу–аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа» — деп, ақылшы ақын М.Әлімбаев айтқандай, әрбір еремек адамның сана – сезіміне салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғы шарт болып табылады [16].
1.4 Деңгейлеп оқыту технологиясы
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы
гуманизм идеялары,еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымда негізгі құндылық – оқушы және оның жеке тұлғасы. Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. ¤йткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушылаға ғылым негізін меңгертудің негізі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді [17].
Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет [18].
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес. Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті ол оны қызықтырмаса да) ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме, ол туралы әрі қарай өздігінен іздене ме, өз тарапынан жаңа пікір қоса ала ма, өмірде іске асыра ма, міне негізгі мәселе осында жатыр.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: I деңгей (төмен) – эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; II деңгей – түсініктерді жүйелеу деңгейі. 70 % ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; III — деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді [19].
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар — өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік,грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі. Оқушыны деңгейіне бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. ¤з бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғары сыныптарда оқыған кездерде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, түсініп оқып, аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді, естігені бойынша сұрақтарға жауап береді.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлесуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері індетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлесу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен , ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды іздеп өз бетімен орындайды. Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижесіне жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды [20].
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды. Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты — әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
- Денгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырыпбілім алуына жағдай жасап, мүмкідік береді.
- Денгеилеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш денгеиі қарастырылады: ең төменгі денгеи (минималды базалық),бағдарламамалық, күрделенген денгей.
Базалық денгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
- Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.
Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара білуіне);
Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып,көңіл бөлу керек [21].
1.5 Ақпараттық технологиялар
Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар» деген ұғым «ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырылуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі — қарқынды күшейте (интенсивті) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдану. Бұл жүйелер оқушыға өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру төмендегідей шарттарды орындаған ғана мүмкін болады:
* Оқыту үрдісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан – жақты есепке алу:
педагогикалық ортаның мазмұндық сипатын студенттердің білім, білік,
дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен және формаларымен анықталады;
* Оқыту үрдісінің студент жеке тұлғасына қатысты бейімделу
принципінің ұсталуы: бұл приннцип практикада студенттің пәнді игеруінің
тармақталған бағдарламасын жасау арқылы іске асады (пәннің ішкі және
сыртқы модульдерін құрастыру);
* Студенттің жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде,
базалық білімдер берілген пәннің « логикалық конструкциясын» жобалау
арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі [22].
Пәннің жалпылама логикалық конструкциясын жобалау алгоритмі төмендегідей процедуралардан тұрады:
- Мазмұнды бөлек элементтер жүйесі түрінде елестету, қарастыру;
- Базалық білімдерді бөліп қарастыру үшін элементтердің өзара байланысының матрицасын жобалау;
- Базалық білімдерді символдық, графикалық т.б. түрлерде модельдеу;
- Базалық білімдерін неғұрлым жалпы ұғымдар мен олардың арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау үшін қайта жасақтау;
- Ғылыми білімнің берілген бөліміне тән танымдық қызметтің жалпы құрылымын қалыптастыру;
- Жалпы әдіс – құралдармен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін жасау.
1.6 Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары.
Оқыту — білім алудың және шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырудың мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылған үрдісі, ал білім беру – бұл тұлғаны оқытудың нәтижесі.
Қашықтан оқыту — бұл оқытушы мен оқушы бірге бола алмаған жағдайда белгілі бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ қашықтан оқыту бұрын сырттай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл – байланыс каналдары арқылы байланысатын аудио. Бейне және компьютерлік жүйелерді қолданатын оқыту құралдары.Күндізгі және сырттай оқу формалары сияқты қашықтан оқыту да білім беру процесінде оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларына негізделген ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады.
Қашықтан білім беру — қашықтан оқытумен тығыз байланысты. Қазіргі күнгі ғылымда қашықтан білім беру — бұл білімді қолма – қол беру процесі (ол үшін оқу орталығы мен оқытушы жауапты), ал, қашықтан оқыту – бұл білімді қабылдау процесі ( бұған оқушы жауапты) деген ұғым қалыптасқан. Қашықтан білім беру — жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде күндізгі, сырттай және кешкі оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіретін, ерекше, жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық және электрондық басылымдар құралдары дәстүрлі оқыту формаларының жағымды жақтарын сақтай отырып, олардың жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіндік береді [23].
Қашықтан білім берудің ерекшеліктері:
Икемділік. Оқушылар көп жағдайда лекция, семинар түріндегі сабақтарға қатыспайды. Әркім өзі таңдап алған мамандықты қажетті деңгейде игеру үшін өзіне ғана керекті мөлшерде білім алады
Модулділік. Қашықтан оқыту бағдарламасының негізіне модулдік принцип салынады. Оқушылар игеретін әрбір пән немесе пәндер жүйесі белгілі бір ғылым саласы туралы тұтас ұғым қалыптастырады. Ал, мұның өзі бір – біріне тәуелсіз оқу курстарынан жеке немесе топтық талаптарға жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.
Параллелділік. Оқыту процесі негізгі кәсіби қызметтің оқумен қатар жүруіне мүмкіндік береді,яғни , өндірістен қол үзбеуге жағдай жасайды.
Алыстан қызмет көрсету мүмкіндігі. Оқушы мен білім беретін мекеме арасындағы қашықтық (байланыс жүйелері жұмысының сапалылығы жағдайында) тиімді білім беру процесіне кедергі болмайды.
Қамту. Бұл ерекшелікті кейде «көпшілікті қамту» деп атайды. ҚОЖ жүйесінде оқитындар саны шектеулі параметрге жатпайды. Олардың көптеген оқу ақпараттары көздеріне (электрондық кітапханалар, ақпарат базалары) ену мүмкіндіктері бар, сондай – ақ олар бір – бірімен және оқытушымен байланыс жүйелері немесе басқа да ақпараттық технологиялар құралдары арқылы байланыса алады.
Рентабелділік. Қашықтан оқытудың бұл ерекшелігі оның экономикалық тұрғыдан тиімділігімен айқындалады. Шетелдік қашықтан оқыту жүйелерін бағалау олардың дәстүрлі жүйеге қарағанда 10 – 50 % — ға арзанға түсетіні көрсетіп отыр. Бұл, әдетте, оқу алаңдарын және ақпараттық технологиялардан техникалық құралдарын тиімді қолдану, сондай – ақ, оқу материалдарының неғұрлым шоғырландырылған және бір жүйеге келтірілген мазмұнын қолдану, ҚОЖ технологиясының өте көп тыңдаушылар санына бағытталғандығымен түсіндіріледі [24].
Жаңа ақпараттық технологиялар. Қашықтан оқыту жүйесінде басым түрде жаңа ақпараттық технологиялар (компьютерлер, аудио – бейнетехника, телекоммуни-кациялардың жүйелері мен құралдары т.б.) қолданылады.
Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары.
Қашықтан оқытудың білім берушілік үрдісінде келесі оқыту құралдары қолданылады.
- Баспалық шығарылымдар;
- Электрондық басылымдар;
- Кәдімгі және мультимедиалық варианттардағы компьютерлік оқытушы жүйелер;
- Оқу – ақпараттық аудиоматериалдар;
- Оқу – ақпараттық бейнематериалдар;
- Қашықтан жүргізілетін лабораториялық практикумдар;
- Тренажерлер;
- Алыстан қол жеткізілетін білімдер мен ақпараттар базалары;
- Электрондық кітапханалар;
- Эксперттік оқыту жүйелеріне негізделген дидактикалық материалдар;
- Геоинформациялық жүйелерге негізделген дидактикалық материалдар;
- Компьютерлік жүйелер.
Қашықтыққа ақпараттар жеткізу технологиясы бойынша қашықтан оқытудың мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- Баспалық материалдарды почта арқылы тарату (дәстүрлі сырттан оқыту формасына тән);
- Аудио – бейнентаспаларды және СD – ROM жүйелерін тарату;
- Интерактивті ТВ мен бейнеконференциялар арқылы тарату;
- Телеконференциялар, IRC, MOO, MUD (Internet жүйесі базасында ) арқылы;
- Электрондық почта және тарату қағаздары арқылы (Internet жүйесі базасында) тарату;
- W W W арқылы тарату.
Соңғы кездерде Internet технологиясы басқа формаларды ығыстырып шығаруда. Бұл құбылыс үш жағдайға байланысты:
- Кез – келген оқу моделін неғұрлым арзан және ыңғайлы құралдармен бейнелеуге мүмкіндік беретін Internet – технологиялардың техникалық тұрғыдан дамуы;
- Internet жүйесіне қосылудың қарапайымдылығы;
- Жүйеге қосылу құнының төмендігі.
Кейбір жүйелер оқу ақпараттарын алу тәсілдері бойынша ажыратылады:
- синхронды оқу жүйелері;
- асинхронды оқу жүйелері;
Синхромды оқу жүйелері оқу процесіне оқушы мен оқытушының бір мезгілде қатысуын қарастырады. Бұл жүйелерге:
- интерактивті теледидар;
- бейнеконференциялар,
- IRC;
- MUD;
- MOO жатқызылады.
Асинхронды оқу жүйелері оқушы мен оқытушының оқу процесіне бір мезгілде қатысуын талап етпейді. Оқушы сабақтың уақыты мен жоспарын өзі таңдайды. Қашықтан оқытуда мүндай жүйелерге баспалдық материалдар негізіндегі, аудио-және бейнетаспалардағы, электрондық почталардағы, WWW, FTR курстары жатады.
Қашықтан оқытуда,сондай-ақ, синхрондық жүйенің де, асинхрондық жүйенің де элементтерінін пайдаланатын аралас жүйелер де қолданылады [25].
Телеконференциялар —бұл екі немесе одан да көп қатысушылардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін байланыстың электронды каналдарын пайдалану процесі. Телеконференция процесінде дыбыс, бейне немесе компъютерлік ақпараттар жеткізіледі. Телеконференцияға жіберілетін хабарлар оның барлық қатысушыларына бірдей жеткізіледі де, сол арқылы бұл процесті дөңгелек стол айналасындағы сұхбат алмасуға ұқсатып отырады.Әрбір конференцияға тематиканың, этикетінің бұзылмауын қадағалап отыратын координатор басшылық етеді. Телеконференциялар – аудиоконференция, бейнеконференция және компьютерлік конференция сияқты түрлі технологияларға қатысты айтылатын жалпы термин.
Аудиоконференциялар — қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі. Аудиоконференцияларды сандық, сонымен қатар аналогтық байланыс жүйелерінде ұйымдастыруға болады. Аудиоконференциялар біржақты бейнеқатынастарда, спутниктік телевидениеде, сондай – ақ селекторлық кеңестер ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
Бейнеконференциялар – бұл қажетті аппараттық – бағдарламалық кешендермен қамтамасыз етілген екі немесе одан да көп нүктелер арасында бейнекөріністермен немесе дыбыстық ақпараттармен алмасу әдісі. Оған қатысушылар бір – бірін шынайы уақыт аралығында көре және ести алады, Сондай – ақ, ақпараттар алмасып, оларды біріге отырып өңдей алады.. Мынадай жүйе оқушылардың оқытушымен тікелей қарым — қатынас кететін шығындарын болдырмайды, жұмысының нәтижесін жоғарылатады. Іс жүзінде кез – келген ақпаратты тез және оңай түрде жеткізе алу мүмкіндіктерін ескеріп, бейнеконференцияларды қашықтан білім беру жүйесін ұйымдастырудағы ең тиімді технология ретінде қарастыруға болады.
Компьютерлік телеконференцияларға – жүздеген және мыңдаған Internet жүйесін пайдаланушылар қатыса алады. Конференцияға қатысу технологиясы өте қарапайым – адресін теріп алсаңыз болды. Конференцияға қатысушының компьютері экранында оған қатысушы өзге мүшелердің пікірлері мен айтқан сөздері көрініп тұрады. Хабарлар мен пікірлер экранда өте тез пайда болғанымен телеконференцияларды синхронды құралдар қатарына толықтай қосуға болмайды. Бұл технология өте үлкен көлемді хабарландырулар тақтасын еске түсіреді. Сол хабарландырулар тақтасындағыдай мұнда да ақпарат көздері біраз уақыттар бойына сақталып тұрады. Керек болған жағдайда оған қайтып оралып, хабарламаларды қарап отыруға болады [26].
Интерактивті әдіс, тәсілдерді келесі сызба – нұсқа ( сурет 1) бойынша жеке – жеке сипаттама беріп, анықтамаларын айтар болсам олар мыналар:
* Ойлан, жұптас, пікірлес- оқушыларға қандай да болмасын сұрақ тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойларымен пікірін берілген уақыт ішінде (2-4 минут) қағазға түсіреді.
Сурет 1 – Интерактивті әдістердің түрлері
Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды пікірлеседі. Оқытушының екі үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл аудитория жарияларуын сұрауына болады. Бұл тәсілді шағын топтарда ғана емес сонымен бірге оқушылардың саны көп лекциялық лектерде (100 және оданда көп) қолдануға тиімді.
* Атаулар туралы үш сұрақ — бұл тәсіл «алдын –ала берілген атаулар» тәсіліне ұқсас. Оқытушы сабақ барысында 3 терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты жазбаша жауап беруді тапсырады:
- Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай контексте кездестіріп едіңіз?
- ¤з тәжрибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
- Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен ауызша не жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін оқытушы бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Оқытушының сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақты тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді [27].
1.7 Сын тұрғысынан ойлау
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» — педагогикалық технолгияның бір саласы болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбегі. Бұл технологияны жүйеге келтірушілер: Джинни Стил, Курт Мередит, Чарлз Темпл.
Мақсаты. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастарды тепе-теңдікте ұстап зерттеу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау тек ересек адамдарға немесе жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән емес. Яғни, жас балардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз (СТО) — ақпартты қабылдаудан бастау шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.
СТО оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрімен қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған педагогикалық тәсіл.
Чарлз Темпл бойынша мектепте оқытудың белсенді түрлерін қолданудың дәлеледері.
Белсенді түрде ойлау мен сыни тұрғыдан ойлау өмірде қолданыс табатын білім береді. Көп жылдар бұрын филососф Алфред Норт Уайтхэд (1910-1957) жазғандай, ал бұл тұжырымды кейініректе психолог Ховард Гарднер (1991) дәлелденген, тәжірибе жүзінде көрсеткен, білімнің ырықсыз, пассив күйде қабылданатын түрін (мектептік білім) тәжірибеден ойланбай алынатын білім (интуитивтік білім), және әлемді түйсініп, ақпаратты алумен қатар оны игеру арқылы проблемаларды шешуді меңзейтін ғылыми түрде дәлелденген тұжырымдамалар мен ойлау процесте құралған ( жүйелі білім мен ойлау) білім түрін ажырату керек.
Жүйелі ойлау тек қана белсенді түрде ғана сіңіріледі. Ал егер де оны игермесек, онда біз күнделікті проблемалар туралы тек интуитивтік білім
(оның кемшіліктерінің баршылық екендігін мойындауымыз керек) арқылы ғана ойланатын боламыз да, мектептік білім негізінде емтихан мен тесттерді тапсырып, жаңа таныстарымыз алдында сол білімімізбен мақтанатын боламыз. Жүйелі білім мен ойлау дегеніміз ғалымдар, әдеби сыншылар мен әлеуметтік философтар қолданатын ойлау түрі, ол жоғарғы білім беру жүйесінің ең ылайықты және үйлесімді мақсаты болып табылады. Біз оқушыларымыздың тек жеке пәндердің негізгі тұжырымдарын біліп қана қоймай, сонымен бірге алған ақпарат негізінде жүйелі түрде ойлай білетін дағды алуын қалаймыз, яғни олар осындай терең тұжырымдамаларды құрастыруға әкелетін білікті меңгеруі керек: кейініректе бұл дағды оқушыларға бұдан да көлемді жаңа білім құрастырып, бүгінгі күні оқытушылар болжап біле алмайтын проблемалардың шешімін табуға мүмкіншілік туғызады [28].
Парасаттық (интеллектуалды) дамудың ең танымал сипаттамасы Жан Пиаженің қаламынан туындаған. Ол оқушылар парасаттық дамуының шегіне мектептің соңғы сыныптарында ( 16-18 жаста) жетеді деп тұжырымдаған. Алайда мектеп оқушылары парасаттық өсуін жалғастыра береді және де тек білім алу тұрғысынан емес – олар ақиқатқа қол жету жолдарын кеңейтіп, парсатты ізденістерін тереңдете түседі.
Сын тұрғысынан ойлау оқыту тәсілінің бір ерекшелігі бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің модельі. Білімнің болашақта пайдаға асуы қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.Бұлар оқушылардың өздері оқытудың мақсатын анықтауға, ақпаратты іздеуге белсенді кірісуге және алған білімдері туралы ойлануға мүмкіндік береді. СТО бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.
I ҚО – қызығушылықты ояту.
‡йрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысында тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Оған мысалы ретінде ой шақыруды алуға болады.
II МА – мағынаны ашу – бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады. Тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушылар арасында оқуға жеңіл желпі қару салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Бұл инсертті ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден бір кепілі. ‡йренушілер білетінін анықтап, білмейтінін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға ұмтылады.
III ОТ Кесте 1– ой толғаныс.
Қызығушылықты ояту |
Мағынаны ашу |
Ой толғаныс |
Ой шақыру |
INSERT |
Бес жолды өлең, Т-кестесі, Эссе, дөңгелек үстел, Пікірталас және т.с.с |
Ой шақыру немесе жұптағы ой қозғау ( brainstorming) – оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін уақыт өте (2-4минөт), оқушылар өз жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.
( Бұл тәсіл R.Vassa. Content Area Reading. New York: Harper Colins, 1989.кітабында келтірілген).
Белгі қойып оқу немесе INSERT ( Interaktive Nothing System for Effective reading and thinking – тиімді ойлау мен оқуға аранлған белгілеудің итербелсенді жүйесі) – жаңа мәліметтерді игерудің интербелсенді тәсілдері.
Білемін, білгім келеді, білдім – бұл тәсіл Жұптағы ой қозғауға ұқсас. Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың бастапқы бөлімінде орындалады. Оқытушы сабақ басында оқушылардың жаңа тақырып бойынша білгендерін жазбаша айқындауын сұрайды: оқушылар алдымен жекеше, содан кейін жұптасып білгендерін келтіреді. Оқушылардың жазбалары талқыланғаннан кейін, оларға «Осы тақырып бойынша не білгіңіз келетінді жазыңыздар!» деген келесі жазба тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырма да осының алдындағыдай орындалады.
Сабақ барысында оқушылар жазғандарын тақырып мазмұнымен салыстырып, «Менің сабаққа дейін білгенім дұрыс\бұрыс па екен? Менің білейін дегенім сабақта қарастырылды ма?» деген сұраққа жауап беріп отырады. Сабақ аяқталысымен оқушылар «Мен не білдім?» деген сұраққа жазбаша жауап береді, жауаптарын жұптасып немесе топ ішінде талқылайды. Оқытушы бүкіл аудиторияның пікірін білгені дұрыс. Егерде оқушылардың білейін деген сұрақтары сабақта қарастырылмаса, оқытушы оларды бұ мәселелерді өздігімен игеруі сұрауы мүмкін.
Оқушылар сонымен сабақ барысында келесідей кестені толтырып шығуы қажет (оның оң жағына олар өз ойларын келтіреді):
БББ-кестесі Кесте — 2
Білемін |
Жаңа ақпаратты айқындауға дейін |
Білгім келеді |
Жаңа ақпаратты айқындауға дейін |
Білдім |
Лекциядан кейін |
Бес жолды өлең
- не? 1 зат есім
- қандай? 2 сын есім
- Не істейді? 3 етістік
- Синоним 1 синоним
- Идея 4 сөзден тұратын бір сөйлем
* Еркін жазу — оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға
түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазу керек. Еркін жазудың ережелері:
- толассыз жаза беруі керек ;
- егер ой келмесе, не жазарымды білмей отырмын деген сыңайда жаза беру керек;
- қате туралы ойламау керек, өйткені мұнда оқушылар өзінің ойлау процесінің хатшысы іспеттес болу керек.
Жазу жұппен немесе шағын топ ішінде талқылау мен пікірлесумен жалғасады. Сабақтың соңында жазбаға қайта оралып, оған түзетулермен толықтырулар енгізу орынды. Оқушылар осы әрекет арқылы сабақ басында және соңында ойларын салыстыру мүмкіндігіне ие болады [29].
* Кең ауқымды лекция — лекцияны 6-15 минуттық бірнеше бөлімге бөліп олардың арасындағы үзліссіздері (2-5 минут) оқушылардың жаңа ақпарат жайлы ойлану, пікірлесу, талқылау сияқты белсенді толықтыратын дәріс оқу тәсілі.
Зерттеулер адам зейін 6 минуттан кейін сейлі бастап, 15 минуттан кейін 2 есе азайяатындығын дәлелдейді. Сол себепті лекцияны бөлімдермен оқу (әр лекцияны 3-4 бөлікке бөлген тиімді) оқушылардың зейінін әлсіріетпей, жаңа мағлұматқа деген қатынасыменнен қызығушылығын жоғары деңгейде ұстап тұру мүмкіндігін береді.
* Бірін –бірі оқыту —«үйрете отырып, үйренемін» қағидасын жүзеге асыратын тәсіл. Әдетте біз біреуді үйрету арқылы өзімізде үйренеміз, екіншіден көп жағдайда оқытушыдан гөрі оқушылардың бір-біріне түсіндіргені тиімдірек: олар жолдастарының айтқанна тереңірек иланады, тезірек түсінеді.
Лекция алдында оқытушы оқушыларға олардың кішігірім топтарға
(2-4 адамдық) бөлініп, кезекпен ұстаз ролін орындайтындығымен оның қандай әрекеттер орындайтыны оның қандай әрекеттер атқаратындығы туралы айтып кетуі керек. Лекцияның әр бөлігінен кейін оқушылар алдын –ала белгіленген кезекпен мұғалімның ролін келесідей амалдарды орындайды:
- мұғалімнің роліндегі оқушы лекция бөлігі ақталғаннан кейін лекцияда айтылғанды қасындағыларға қортындылап шығады;
- одан кейін мұғалімінің роліндегі оқушы қасындағы оқушыларға лекция мазмұны бойынша 2-3 сұраққа қояды, оның бұл жерде оқушылар ақасында кішігірім пікірталас тудыруыда ықтимал;
- мұғалімінің роліндегі оқушы өз тобындағы оқушылардың сұрағына жауап беріп, лекцияның қиын жерлерін түсіндіреді.
- Соңында мұғалім роліндегі оқушы лекцияның келесі бөлігі не туралы болатындығы туралы өз болжамын қасындағыларға кетіреді.
* Жигсо — көлемді мәліметтермен мағлұматтарды оқушылардың өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл. «жигсо» деп 50 жылдары балаларға арналып шыққан құрастырмалы ойыншықты атаған: оның әр бөлігі өз орнын тапқанда ғана ойыншық бүтін болып шыққан.
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке -жеке шағым топы ішінде оқып шығуы керек. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір оқушы бар жаңа топтар (сарапшылар тобы) тобы құралады. Сарапшылар тобында оқушылар мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана жан-жақты талқылайды. Енді олардың осы бөлік бойынша білімі басқалармен салыстырғанда анағұрлым жоғары болғандықтан, олар аталмыш бөлімнің сарапшысы аталады. Осыдан кейін сарапшылар бастапқы топтарына қайта оралып өзгелерді кезекпен өз бөлімдеріне үйретеді.
Бастапқы топтар Сарапшылар топтары Бастапқы топтар
(Құрамында №1, (құрамында тек №1 → (Құрамында №1,
2,3,4 → оқушылар бар) 2,3,4 оқушылар бар) оқушылар бар)
* Дөңгелек үстел — шағын топ ішінде (3-5 адам) студенттердің қарастырыдып отырған тақырыбы (сұрақ, проблема, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша кезекпен сағат тіл бойынша белгіленген уақыт аумағында (1-2 минут) өз ойларын ауызша ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде келесі ережелерді ұстаған жөн:
- біреудің сөзін бөлуге болмайды;
- басқаның пікірін силау керек: келіспегенімізді сөз, мимика, ишарат, интонация арқылы білдіруге болмайды;
- берілген уақыт шеберінен аспау керек;
- сұрақтар туындайтын болса, оларды дөңгелек үстел аяғында ғана қоюға болады.
Дөңгелек үстелде сөз бір студенке бірнеше рет айналып келу мүмкін. Келесі сөйлегенде оқушылар алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыру және басқалардың пікірінде ескере отыру қажет.
*Болжау — дегеніміз жаңа тақырыпты өткенге дейінгі білімі және ой болжамдары, өмірден жиған – тергені.
*Т–кестесі–бір-біріне қарама–қарсы (“ия/жоқ”, “келісемін/ келіспеймін”, “қарсымын/жақтаймын”, “ішкі/сыртқы”, “басы/аяғы”, “маңызды/маңызды емес”, “себебі/салдары”секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі объект) ақпаратпен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп, жеке жұмыс жасайды, содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4 – 6 адам) кестелерін салыстырып пікірлеседі. Жазғандарын толықтырады.Осыдан кейін тақтада оқытушы бүкіл сыныпқа ортақ кесте құрастыруына болады. Әр топ бұл кестеге екі үш пікірін ұсынады. Т–кестесі оқытушыға екі жақты тапсырмаларды шығармашылық тұрғысынан түрлендіруге жан – жақты мүмкіншілік береді.
*Аялдамамен оқу — бұл оқушылардың үлкен тақырыпты тез меңгеруіне көмектеседі, яғни аялдамамен оқуда тақырыпты тақырыпшаларға бөле отырып оқиды. Ол жерде оқып шыққан мәтініне оқушының өзі тақырып қойып, түсінгенін көршісіне түсіндіреді.
*Кластер – (“жүзімнің шоқтары” деген мағынада) идеялармен ақпараттар арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындағын тақырыпшалар оның жан – жағына жазылып шеңберленеді, оқушылар оларды бірі – біріне сызықтармен қосада да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді. Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта жалғасады.
* Эссе – оқушылардың сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Әдетте сабақта эссе 5 – 10 минөттік уақыт аралығында жазылады. Бұл алайда эссенің шағын көлемді жұмыс екендігін аңғартпайды: бірнеше беттен тұратын көлемді эссе үй тапсырмасы немесе өздік жұмысының үлгісі ретінде берілуі де ықтимал. Эсседе бірінші мезетте оқушының өзіндік «Мені» көрініп тұру керек. Эссе арқылы оқытушы оқушының ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасалғандығын бағалайды. Эссе — ағымдағы бақылаудың тиімді тәсіл.
Эссені түрлендіруге де болады. Мәселен, сабақ аяғында оқушылар параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Немесе эссе оқушының сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Эссенің сабақта қарастырған (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір оқушыға да жазуға болады [30].
Пікірталас-қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі. Пікірталас өткізудің түрлері баршылық. Жалпылама олардың негізгі әрекеттері төмендегідей:
Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргенннен кейін, оқытушы оқушылардың осы мәселе төңірегіндегі өз ойларын қағазға түсіріп алып, өз көзқарасын айқындауын сұрауы керек. Осыдан кейін оқушылар үш үлкен топтарға бөлінеді: бірінші пікірді, екінші пікірді жақтағандар және «мүмкін» деген көзқарасты ұстанғандар.
Оқушылар бір пікірді ұстанғандар тобында өз көзқарастарын дәлелдейтін тұжырымдарды талқылап, олардың тізімін жасайды. Әрбір топ атынан сөйлейтін спикерді таңдайды.
Осыдан соң топ спикерлері кезекпен өз дәлелдерін аудиторияға белгіленген уақыт ішінде (мәселен 2-минөт) жеткізеді. Спикер сөйлеп болған соң, қарсы жақтардың сұрақ қоюына болады, оларға жауапты тек спикер ғана бермей, топтың басқа да мүшелері қайтаруына болады.
Бұл стратегия бойынша ақпартты түйіндеп айту терең ойды, сезімді қысқа сөзбен қамту. Бұл іс-әрекет тақырып туралы толғаныстың терең бай түсініктің негізінде болуын талап етеді. Бес жолды өлеңді айтардан бұрын, өлеңді жазудың негізгі шарттарын айту керек.
- тақырып беріледі
- өлең жазуға 5-7 минөт уақыт беріледі, жеке жазылады, топта талқыланады. Бұл іс-әрекет басқаны тыңдауға үйретеді және басқаның идеясынан дұрысын тауып екеуі бірдей келісетін әсерлерді көруге бағыттайды.
СТО тудыру үшін төмендегі шараларды орындауымыз қажет:
- СТО-ны тудыру үшін уақыт керек
- Оқушыларға ойланып толғануға ойын ашық айтуға рұқсат беру
- Әр-түрлі идеялар мен терминдерді қабылдау
- үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
- Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайды әжуаға айналдырмау.
- Оқушылардың бір-бірінің жауаптарына жасаған сындарын дәлелді,
дәйекті болуын талап ету.
- СТО-ды бағалау
Ал оқушылардың осыған байланысты
- Сенімділікмен жұмыс жасау
- Бар ынтасымен оқуға берілу
- Пікірді тыңдау, құрметтеу
- ¤з пікірін ашық білдіруді талап етеді [31].
Кубизм.
Кубизм тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сөздерді қоданады. Кубикті қағаздан 15-20см шенінде жасау керек. Оның жан-жағын алты көмекші сөзбен толтырамыз:
- Суреттеңіз
- Салыстырыңыз
- Ойға байланыстырыңыз
- Қолданыңыз
- Талқыласыңыз, дауласыңыз
Мұғалім тақырып бойынша оқушыларды өткізіп 2-4 минуттай жазылады. Бұл іс әрекет төмендегіше өтеді. Біріншіден тақырып беріледі, содан соң оқушыны сол тақырып туралы ойлануға және оны суреттеуге бағыттайды. Басқаша айтқанда пәнге тақырыпқа жақынырақ қарап, өздерінің көргендерінен, түсінгендерінен суреттеу керек. Бұл іс-әрекет кубиктің алты жағындағы көмекші сөздерді түгел қамтып біткенге дейін жалғасады.
Суреттеңіз – ойыңызша тақырыпқа жақынырақ келетін түсінігіңізді суреттеңіз, түсін, формасын, көлемін.
Салыстырыңыз — неге ұқсас, басқалардан қандай айырмашылығы бар.
Ойыңызбен байланыстырыңыз – неі айттрады, ойыңызға нені келтіреді. ¦қсас заттар ма, жерлер ме? Ойыңызбен шолыңыз, нәрселерге байланысты қандай заттар бар.
Саралаңыз – қалай жасалғанын айтыңыз.
Қолданыңыз – онымен не істеуге болатынын айтыңыз, қалай қолданатынын айтыңыз.
Қарсыласыңыз және талқыласыңыз — өз ойыңызда тұрыңыз, өзіңіздің дәлеліңізді логикалық дұрыс оймен бұрыс ойдың ортасынан туындаған бір пікірді айтыңыз.
Жазған кезде оқушылар кубиктің алты жағындағы сөйлемге жауап беруі керек. Алқашқыда өз көршісімен ой алмасып өз ойын ортаға салады. Әр адам кубиктің үш жағын таңдап алып, сол туралы жазғанын серігіне оқып береді. Ойды ортаға салған кезде оған жазылған бірде бір ереже жоқ. Бір ғана мақсат ол ұтымды талқылап ой алмасып жүргізу керек.
Бірақ, бұл кубиктің алты жағындағы сөздер қатып қалған нәрсе емес. Әр пән мұғалімі бұл сөздерді өз ыңғайына қарай алмастыра алады. Бұл жерде тек бір мысал келтірілген. Сонымен қатар келесі стратегияларды қолдануға болады:
Алдын ала берілген атаулар — оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау ( терминдер) жазып қойып, оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін оқытушының бірнеше лқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Бұл тапсырманы күрделендіруге болады. Ол үшін алдын ала берілген атаулардың ішінен сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады.
Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7минөт) тоқтамай жазуы керек. Еркін жазудың ережелері:
- толассыз жаза беру керек
- егер ой келмесе, «не жазарымды білмей отырмын» деген сыңайда жазуы
керек;
- қате туралы ойламау керек, өйткені мұнда оқушылар өзінің ойлау процесінің хатшысы іспеттес болуы керек.
Жазу жұппен немесе шағын топ ішінде талқыласу мен пікірлесумен жалғасады. Сабақтың соңында Жазбаға қайтып оралып, оған түзетулер мен толықтырулар енгізу орынды. Оқушылар осы әрекет арқылы сабақ басында және соңында өз білімдері мен ойларын салыстыру мүмкіндігіне ие болады.
Топтастыру және жинақтау — оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағыттап қолдайтын оқыту стратегиясы. Бұл идеаларды жинақтап бір-бірімен сабақтастырып, біріктіріп ойды дамытып жетілдіруге қажетті құрылымдарды тудырады. Жаңа тақырыпқа байланысты ой тудырады күшейту үшін қолданылады.
- Жасалынатын іс әрекеттерді және топтаудағы сатыларды суреттеп
алыңыз.
- Қатысушылардың қызығушылығына байланысты тақырып алыңыз
және топ болып істелінетін іс-әрекеттің модельін жасату.
- Топтың қызығушылығын ескере отырып екі тақырыпты алыңыз және
адамдарын тақырып туралы жинақтап ойлап сөйлеуге уақыт беріңіз.
- Топтың ішінде 4-5 адамға өз топтастырған ойларын ортаға салып
айтуға уақыт беріңіз.
- Әр класс деңгейін немесе жұппен жұмыс жасау кезіндегі мазмұнды
талқылап қолданыла алатындығын байқаңыз.
- Орфаграфиялық және басқа ерекшеліктерге мән бермеу, уақытты
шектемеу [32].
- ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
- «Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы» тақырыбында интерактивті әдістерді пайдаланып сабақ өту
Қазақстан Республикасыныңң “Білім туралы” заңыныңң 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өөз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасыныңң “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Тәуелсіздік алуымызға байланысты, өз ултымыздың кәсіби шебер, ұлттық мамандар даярлау ісі-өкіметіміздің алдындағы үлкен міндет. Сондықтан да соңғы жылдар білім реформасын жүргізу мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр. Орта мектепте химия пәнін сапалы өткізу барысында елімізде кәсіби шебер мамандар: инженер, технолог, коструктор, ауылшаруашылық мамандар көптеп шығып жатыр [33].
¦стаз міндеті – оқушыға кез келген білім саласын меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету. Кезінде педагог ғалым « Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы » деген болатын. Пән мұғалімі оқулық көлемінде ғана шектелмей, тың жаңалықтарды қолдана білсе, сабақтың қызықты да тартымды болуы сөзсіз. Сабақта әр түрлі карточкалар, көрнекіліктерді тиімді пайдалану, газет-журнал жаңалықтарын, теледидар көріністерін дұрыс қолдану арқылы оқушыларға көп нәрсені үйретіп, талдай білуге тәрбиелей аламыз. Уақыт өткен сайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда. Мәселен саралап оқыту, даралап оқыту, деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту. Соның ішінде менің тоқталып кететінім « Орта мектептерде бейметалдарды интербелсенді тәсілмен оқыту әдістемесі ». Интерактивті сабақтарды өткізуді дәстүрге айналдыру қажет. Оларға жаңашыл ұстаздар, танымал ғалымдар, белгілі мәдениет пен өнер қайраткерлерін қатыстыру керек болып отыр. Орайы келгенде, біздің елімізде таяуда ғана пайда болған интерактивті тақталар жайлы мағлұмат бере кетейін. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер аралық бірлескен сабақ өткізу үшін пайдаланылатын ерекше жүйе. Осы интерактивті тақта арқылы пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады. Интерактивті тақтаның бұдан да басқа пайдалы жағы толып жатыр.
¦лыбританиялық Promethean компаниясы жасап шығаратын интерактивті тақтаның беткі қабаты пайдалануға төзімді, арнайы қабылдағышпен жабдықталған. Ол мұғалім мен оқушыларға оңай әрі қатесіз жазуға, сызуға және басқа қызметтерді атқаруға көмектеседі. Мұндағы қуатты кітапханалық қор кез келген пәнге қатысты толып жатқан қосымша материалдарды қамтыған. Содан алған ақпараттарды сабақ кезінде жедел пайдалануға қолайлы [34].
¦лы ойшыл Плутарих кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Әр педагог мектептегі моральдік-психологиялық ахуалға жауапты екенін түсіну керек, одан көбінесе алдында отырған жасөспірім қалай өсіп шығатыны байланысты. Бүгін ол- бала, ертең- біздің еліміздің азаматы.
Мұғалімнің қызметі ең қайырымды мамандықтардың бірі. ¤зінің күнделікті көп еңбегінің арқасында адамгершілік негіздегі жеке тұлғаны қалыптастырады, оған біздің ертеңіміз тәуелді.Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
- Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
- Сабақты түрлендіріп өткізу;
- Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
- Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
- Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Сабақ жүргізу барсында интерактивті әдіс, тәсілдердің бірнеше түрлерін пайдаландым. Ерекшелігі: оқушылар сабақ мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып байланыстырады. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды.
Сабақтың бастапқы кезеңінде (мақсатты айқындау) қолдануға болатын тәсілдер байланыстырады. Оқытушының бұл кезеңдегі басты мақсаты-оқушыларға жаңа білім қабалдауға және игеруге белсенділендіру. оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «не білемін?», «не білгім келеді?», «жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. Сабақ жүргізу барсында интерактивті әдіс, тәсілдердің бірнеше түрлерін пайдаланылды. Ерекшелігі: оқушылар сабақ мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып байланыстырады. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды [35].
Қазіргі кезде педагогика саласында тың үрдіс белең алып, сабақ жүргізу түрлері әр қилы болып өткізілуде. Соның бір түрі интербелсенді әдіс.
- Интербелсенлді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларға бағыт –
бағдар беру;
- адамдардың арасындағы қатынас өмірдің басты қажеттілігі екенін
мойындау;
- барлық оқушыға тең мүмкіндік жасау;
- әлеуметтік – психологиялық кезеңдерде тиімді әдіске топтың даяр болуы;
- топпен жұмыс істей білу;
- оқу материалын игеруде және іс — әрекеттерінде жете ұғынуға
талпындыру;
- белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін
ұйымдастыру.
Төменде осы әдіспен өткізілген бір сабақтың үлгісін жіберіп отырмын.
«Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы» тақырыбында өткізілген бұл сабақта оқушылар бейметалдардың периодтық жүйеде жоғары дәрежеге ие екенін дәлелдейді.
Тапсырма:
- Оқушылар периодтық жүйедегі бейметалдардың орны, құрылысы туралы білімдерін жүйелейді, бейметалдардың ерекшеліктерін анықтайды.
- Ең негізін анықтап, талдау жасайды, топтастырады,салыстыруды үйренеді.
3.Табиғатқа деген сүіспеншіліктерін арттырады, бір – бірін сыйлауға
тәрбиеленеді. ¤з ойларын ашық айтуға дағдыланады.
Бағалау: Мәтінді талдау арқылы бейметалдар туралы білімдерін пайдаланып, кестедегі тор көздерді толтырады, топтастырады, Венн диаграммасын толтыру кезеңін жасайды.Топпен, жұппен жұмыс істегенде «СТО» әдісі қолданылады.
Қолданған стратегиялар — ой қозғау, Венн диаграммасы, «СТО» стратегисы INSERT, химиялық лото ойыны т.б.
Сабақтың барысы.
I кезең. Ой қозғау.
Кесте 3 — «Кім тез, кім жылдам»
Элементтің аты |
Сипаттамасы, физикалық қасиеті |
Химиялық қасиеті |
Алу әдісі |
Маңызы |
Оттек |
|
|
|
|
Сутек |
|
|
|
|
II кезең. INSERT ( АҚПАРАТТЫ ТАҢДАУ ) СРАТЕГИЯСЫ.
Бұл кезеңде оқушылар бейметалдар жайлы білгендерін өз беттерінше жеке-жеке толтырады. Берілген мәтінді түсініп, негізгі ойын жазады. Алғашқы қатарға бұрыннан білгендерін жазады, жаңа ақпаратқа өз түсінгендерін толтырады. «Білгім келеді» қатарын толтырғанда оқушылар бір-бірінен білмегендерін сұрайды, кейін ол қатарды мұғалімімен толықтырады.
Кесте 4- INSERT ( АҚПАРАТТЫ ТАҢДАУ ) СРАТЕГИЯСЫ
V |
+ |
— |
? |
“Бұрыннан білемін” Мұнда оқушылар сабақта кездескен бұрыннан білетін мәліметтерді келтіреді.
|
“Жаңа ақпарат” Бұл жерде оқушылар осы сабақта жаңадан білгенін жазады. |
“Менің ойлағаныма қайшы” Мұнда оқушылар бұрынғы білімдеріне қарама-қайшы сабақта келтірілген мәліметтерді келтіреді. |
“Білгім келеді”
Бұл бағанда оқушылар өздері келіспейтін немесе түсініксіз болған, тағы да білгісі келетін мәліметтің тұстарын жазады. |
Сызба сурет 1 — Химиялық лото ойыны
- Парларын тап ? Бос торкөздерге әрбір реакция теңдеуі дұрыс құрылатындай берілген карточкалардағы (үлестірме) химиялық қосылыстарды дұрыс орналастыру.
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
Жауаптары: CaC2 N2 CaCN2 C
2NaCl 2H2O Cl2 2NaOH H2
SO2 2C 2CO S
- Бос торкөздердегі сұрақ белгісінің орнына тиісті реактивтерді жазу. Бейметалдарды алу қасиеттеріне құрастырылған [36].
III кезең. Рефлексия. Текшенің 2- қырына оттегі мен күкіртті жазылып, периодтық жүйенің үлгілесі ілініп, «салыстырыңдар» деген тапсырма ұсынылады. Бұл жерде Венн диаграммасы толтырылады.
Сурет 2 – Венн диаграммасы
|
Топтар бір-бірін толықтырады. Текшенің 3-қыры – «иә», «жоқ». «Егер оттегі болмаса адам тіршілік ете алар ма еді?» Бір топ «иә», екінші топ «жоқ» деген пікірлерді дәлелдейді. Сабақтың соңында оқушылардың іс-әрекеттері, білімдері бағаланады. ‡й тапсырмасы беріледі. Жаңа оқыту технологияларын пайдалану оқушылардың белсенділігін, білім сапасын заман талабына сай арттырады. Оқушының талдап, салыстыруға, танымдық қабілетін танытуға, ұмтылдырады.
2.2 «Бейметалдардың периодты жүйедегі орны және электрондық құрылысы» тақырыбында кубизм әдісі элементтерін пайдалану
- Кубизм әдісі
- Қызығушылықты ояту әдісі
- Топтастыру әдісі
- Эссе жазу әдісі (Еркін жазу)
- Инсерт әдісі және түртіп алу әдісі
- РАФТ әдісі
- Танымдық сұрақтар
1.Кубизм әдісі «Сутек»
- Суреттеу 4. Саралау
- Салыстыру 5. Қолдану
- Ойынмен байланыстыру 6. Талқылау
Суреттеу. Сутек химиялық элемент, жай зат, молекуласы екі атом, сутектен тұрады, өте жеңіл, суда ерімейді. Салыстырмалы атомдық массасы- 1,008, валенттілігі- 1.
Салыстыру. Оттек пен сутекті салыстырып сипаттау.
Ойынмен байланыстыру. Оттекке ұқсаз газ, түссіз, иіссіз, дәмсіз, ауада жанады, жануды қуаттайды. Оттек пен сутектің химиялық қасиеттері Венн диаграммасын сызу.
Саралау. Сутек ерекше жеңіл газ, қопарылыс беріп жанады.
Қолданылуы. Сутекті металдарды кесуде, пісіруде, аммиак, азот қышқылын алу, ауа шарын толтыру да қолданылады.
Талқылау. ¤те жеңіл улы емес, қопарылыс береді. А
- Қызығушылықты ояту әдісі
Тапсырма: «Галогендер» деген сөздің мағынасын ашу.
- Топтастыру әдісі
Сызба сурет 2-Галогендер
- Эссе жазу әдісі (Еркін жазу)
Оқушыларға тақтадағы топтастыру әдісінде жазылған сөздерді бір – бірімен байланыстырып эссе жазады.
Кесте 5 — Инсерт әдісі немесе түртіп алу әдісі
«V» білемін |
«+» жаңа мәлімет |
«-» білмеймін |
«?» сұрақ туды |
|
|
|
|
Бұл әдісте жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, әр абзацқа белгі қойып отырады. Оқып болған соң дәптерлеріне кестені толтырады. Галогендер туралы бұрыннан білетіндерін «V» — қанатша белгісі бар қатарға жазады, ал «+» қосу белгісі бар қатарға бұрыннан біледі, сонда да қазір оқығаннан толықтырған білімін жазады, «-» алу және «?» сұрақ белгісі қойылған қатарға білмейтін мәліметтер мен термин сөздер немесе сұрап білгісі келген мәліметтерді жазады.
- Дәптерлеріне жазып болған соң тақтадағы, кестені толтырып, ондағы «-» алу және «?» сұрақ белгісі тұрған қатарға жазылған мәліметтер жайлы мұғалім түсінік береді. Мысалы: Вром табиғатта сұйық түрінде кездесетін элемент. Қоңыр түсті болады. Иісі өте нашар сасық болады. Фото, кино пленкаларын жасағанда және жүйке ауруларын емдеуге қолданылады [37].
- РАФТ әдісі.
Р – рөл, А – аудитория, Ф – форма, Т – тақырып
Мұғалім рөл ретінде тақырыпты айтады, әр топ өз тапсырмасын орындайды
1-топ – аудитория, яғни тақырыпқа сипаттама.
2-топ – форма, сол тақырып бойынша өлең, хат, шығарма т.б. жазып оқиды.
3-топ – тақырып, берілген тапсырмаға тақырып қойып, соны қорғап шығады.
- Танымдық сұрақтар.
Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
- топқа:
- Бейметалдардың металдардан негізгі қандай ерекшеліктері бар?
- Галогендер қай периодтың қатарына жатқызылады?
- Қазақстанда бейметалдарды қандай жерлерде кездестіреміз?
2 – топқа:
- Инертті газдарға жататын элементтерді қазақша қалай атаймыз?
- VI топ бейметалдарының қандай ерекшеліктері бар?
- 2 периодтың IV тобына қандай бейметал жатады?
3 –топқа:
- Күнделікті медицинада қолданылатын бейметалдар?
- V топ бейметалдардың бір-бірінен айырмашылығы?
- I, H, O, P, N, S, Ne, Ar бұлар қандай элементтер?
Сабақ басталғанда әр топқа бағалау парағы таратылып беріледі. Сол бағалау парағына оқушылар өздерін бағалап мұғалімге береді. Бағалау парағына қарап мұғалім оқушыларды бағалайды. Бағаларға мұғалім келіспесе, бағасы төмен немесе жоғары оқушыларға сұрақ қою арқылы толықтырады.
- Осындай ізденіс сабақтары оқушылардың білімін шыңдауға көп септігін тигізеді [38].
2.3. «Білім стратегі» атты педагогика — психологиялық ойынды
пайдаланып «Бейметалдар» тақырыбында сабақ өткізу
Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат — жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында әрбір сабақта қолданылатын оқытудың жаңа формалары мен технологиялары оқушылардың пәнге қызығуын, ізденімпаздығын байқау, қабілеттерін жетілдіруге, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл технологияның негізгі мақсаты — баланың қабілетін ашу, дамыта оқыту белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру, қосымша материалдарды жүйелі түрде пайдалану. Осы мақсатпен 9-сыныпта «Бейметалдар» такырыбында «Білім стратегі» деген психологиялық ойын сабағы өткізілді. Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, сабақ кесте бойынша жүргізілді.
|
Сызба сурет 3.
|
|
|
|
Оқушылардың колында сигналды белгілер болады.
Қызыл – көмек керек, түсінбеген.
Жасыл – тапсырманы орындап дайын болған.
Кесте 6- Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні |
Пролог эпилог |
Экспликация |
Коррекция
|
Рефликация |
Жалпы бион саны |
Баға |
|
I |
II III |
ІV |
V |
VI |
VII |
|
|
|
|
|
|
|
■
- ПРОЛОГ, ЭПИЛОГ. а). ‡й тапсырмасын тексеру кезеңі. «Сен білесің бе?»
б). ‡й тапсырмасын бекіту. «Ішкі сәуле» ойыны
«Сен білесің бе?» бөлімінде оқушылар бейметалдардың сан алуандығы жөнінде мәліметтер жинақтап, өз ойларын ортаға салады. ‡й тапсырмасы «Ішкі сәуле» ойыны арқылы бекітілді. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы сұрақ қояды. Бұл ойынның басты мақсаты — сұраққа нақты жауап беру.
- ЭКСПЛИКАЦИЯ II — оқушылардың даму динамикасын, ынтасын, есте сақтауын арттыру мақсатында оқушыларға лездік сұрақтар қойылады. Сол сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді.
- ЭКСПЛИКАЦИЯ III — кесте сурет арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі
- Жаңа сабақтың жоспары:
а) Бейметалдарға жалпы сипаттама (кесте, суретті плакат арқылы түсінік беру);
ә) инертті газдардың сан алуандығы. (сурет арқылы түсінік беру);
б) галогендердің тіршіліктегі маңызы. (тірек-сызба, суреттер арқылы түсінік
беру) [38].
А. Кесте 7- Жалпы сипаттама.
Бейметалдар туралы біліміңізді пайдаланып кестедегі торкөздерді толтырыңыз. Ерекшелеп жазылған атом топтары қалай аталады.
Бейметалдар атауы |
Таңбалануы |
қосылыстары |
Сәйкес қышқыл немесе тұздарының атауы |
|
Формуласы |
валенттігі |
|||
|
F
|
|
|
|
Азот |
|
HNO3 |
V |
Нитрат |
|
Si
|
|
|
|
Хлор |
|
NaCl |
|
хлорид |
|
C |
|
II |
|
|
|
H2S |
|
сульфид |
Фосфор |
|
|
III |
|
Ә. Инертті газдардың сан алуандығы. Бұл бөлімде инертті газдардың сан алуандығы және олардың басқа газдардан айырмашылығы туралы сабақ түсіндіріледі.
Б. галогендердің тіршіліктегі маңызы. Сабақтың бұл бөлімі тірек-сызба арқылы түсіндіріледі.
Кесте 8- галогендердің тіршіліктегі маңызы
Маңызы
|
F-жетіспесе тіс ауырады
Br-жүйке ауруларында қол-
Данылады, I-жетпесе бұ-
ғақ ауруына ұшырайды.
Медицинада адамның өсуін
тездететін гармон түзеді,қал-
қанша безде болады.
- Жаңа сабақты бекіту.
а) периодтық кестемен жұмыс (H, O, C, P, B, S, Cl- таңбалары беріліп, сұрақтарға жауап беру)
б) дидактикалық үлестірмелер 3 топқа тапсырмалар беріледі.
І топтың тапсырмасы.
Сутектің, оттектің химиялық қасиеттері туралы түсінік беру.
ІІ топтың тапсырмасы.
Азоттың, күкірттің, фосфордың тіршіліктегі маңызы, зияны туралы туралы түсінік беру [39].
ІІІ топтың тапсырмасы.
Бор, көміртектің қосылыстары, физ-химиялық мағынасын ашу.
- КОРРЕКЦИЯ IV. Зертханалық жұмыс.
Мақсаты: Кипп аппаратымен сутекті алу, оның құрылысы, козғалысы және қолданылуы.
Бұл бөлімде зертханалық жұмыс арқылы оқушының оқу материалын қалай қабылдап, оны мән бере ұғынып есте сақтауын, білімді шебер қолдана алуын түсінуге мүмкіндік табылады. Оқушыдардың білімі мен икемдігін тексеру кезінде, оқу-танымдық әрекеті шыңдалады.
- РЕФЛЕКСИЯ V. Сабақты қорытындылау кезеңі. Сабақтың нәтижесін сараптап, талдау. Жалпы бейметалдар санын жинақтап, бағалау. Бұл сабақтың нәтижесін семантикалық карта арқылы оқушының кай жерде қате жібергенін білуге болады.‡йге тапсырма ретінде оқушыларға сурет дәптерлеріне зертханалық жұмыста байқаған құбылыстарды салу. Жекелеген оқушыларға тест құрастыру тапсырылады.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруда сабақтың берері мол болады [40].
2.4 Химия сабақтарын өткізуде пайдаланған интерактивті әдіс тәсілдердің зерттеу нәтижелері
9«а» және 9«б» сыныптарға химия сабақтарын жүргізу барысында 9 «а» сыныптарын бақылау, ал 9«б» сыныптарын зерттеу сыныптары ретінде алынды. Бақылау сыныптарына дәстүрлі әдістермен сабақ өтілсе, тәжірибе сыныптарына интерактивті әдістерді қолдану арқылы сабақ жүргізілді. ¤тілген интерактивті сабақтардың жалпы көрсеткіші мынадай нәтижиелер көрсетті. Бейметалдар тақырыбын күнделікті сабақ жоспары бойынша өткізу әдісі.
Пән аты: Химия
Сабақтың тақырыбы: Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және
электрондық құрылысы.
Сабақтың мақсаты : Бейметалдармен танысу, оларға жалпы сиипаттама. Нағыз бейметалдар негізгі топша элементтері болады,сыртқы электрондық қабаттары аяқталуға жақын және атомдық радиустері кіші болып келеді.бейметалдардың жалпы саны қазіргі таңда 22-болып келеді.
Білімділік: Бейметалдар қандай түрде кездеседі? Олардың қосылыстарының
Тәрбиелік: Химия пәні талап ететін ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу
Дамыту: Бейметалдардың күнделікті өмір мен қоршаған ортада қолданылуы, оқушыларды қосымша әдебиеттермен таныстыру жұмысын жетілдіру. Жалпы химия, Химия мектепте, Химиялық элементтер әлемінде.
Сабақтың көрнекілігі: Менделеевтің таблицасы, карточка, схема, өлең, оқулықтар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: биология, медицина, тарих, география,физика ж\е т.б
Сабақтың барысы
- ¦йымдастыру кезеңі: ( 1-3 ) мин.
Оқушылармен сәлемдесу, кезекші оқушымен жұмыс және қалған оқушыларды түгелдеу.
- ‡й тапсырмасын сұрау : ( 15-мин )
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау, алдынғы сабақты қалай түсінгенін байқау.
- Жаңа сабақты түсіндіру ( 20-мин )
Жаңа сабақты өмірмен байланыстыру, бейметалдардың қандай қоспалары бар ? Не себепті бейметалдар деп аталады ? олардың периодтық жүйедегі алатын орны қандай екенін түсіндіру. Бейметалдардың жер бетінде таралуы, табиғатта қолданылуы. Қазақстандағы кен байыту орындары [41].
Кесте 9-Бейметалдардың Қазақстан аймақтарында таралуы.
Элемент |
таралуы |
|
Қазақстанның қай аймақтарында кездеседі? |
C |
Алмаз,графит, карбин |
Карбонаттар мен гидрокарбо -наттар. Мұнай,тас көмір,газ |
Маңқыстау, Екібастұз, Қарағанды
|
N |
Ауаның 78 % N2 |
Селитраларда, нәруызда, нуклейін қышқылында |
Ақтауда |
P |
Қызыл фосфор P4 |
Фосфорит Ca3(PO4)2 Апатит Ca5(PO4)3OH Нуклейін қышқылдарында |
Ақтөбе, Қаратау, Шымкент |
S |
Вулкан газдарында |
Сульфидтер FeS, Cu2S ZnS Сульфаттар CaSO4*2H2O, MgSO4*7H2O,Na2 SO4*102O, |
Балқаш,Шығыс Қазақстан,Маңғыстау,Қостанай,Павлодар |
Si |
Жер қыртысында |
SiO2 (кварц)силикаттар |
Қостанай,Жетіқара. |
- Жаңа сабақты бекіту: ( 5- мин )
Бейметалдар әр түрлі агрегаттық күйде кездеседі. S, P, C қатты күйде кездеседі. O2, H2, N2, Cl2 газ күйінде жүреді.олардың кей біреуі бос күйінде кездеседі, ал көпшілігі қосылыстар күйінде жүреді [42].
- Сабақты қорытындылау. (2-мин )
‡йге тапсырма беру. Сұрақтар мен жаттығулар
Кесте-10 Бейметалдарды сабақ жоспары бойынша өткізілген 9-сынып оқушыларының үлгерімі
№ |
Оқушылар тізімі |
Белсенділігі бойынша бағалануы |
Жаңа сабақты игеруі бойынша бағалануы |
Қорытынды баға |
1 |
Молқараева Гүлзира |
3 |
3 |
3 |
2 |
Мұхиев Еркебулан |
3 |
3 |
3 |
3 |
Ортаева Назгүл |
4 |
5 |
5 |
4 |
Нұртіллә Нұрсұлтан |
4 |
4 |
4 |
5 |
Рыскелдиева Бибізада |
4 |
4 |
4 |
6 |
Самбетова Перизат |
5 |
5 |
5 |
7 |
Сарбасова Асима |
4 |
5 |
5 |
8 |
Сарбасова Жанерке |
4 |
4 |
4 |
9 |
Ташенова Жанерке |
5 |
4 |
4 |
10 |
¤скенбек Сержан |
3 |
3 |
3 |
|
Сыныптың орташа үлгерімі |
3.9 |
4.0 |
4,0 |
Оқушылардың алған білімдерін бағалап кестеге толтырып, оның нәтижесімен диограмма тұрғызылды. Диаграмманың нәтижесі төмендегідей:
Диаграмма 1
Бейметалдарды сабақ жоспары бойынша өткізілген 9-сынып оқушыларының үлгерімі
Кесте 11 Бейметалдар тақырыбын интерактивті тәсілмен өткізген 9-сыныбының оқу-үлгерімі
№ |
Оқушылар тізімі |
Белсенділігі бойынша бағалануы |
Жаңа сабақты игеруі бойынша бағалануы |
Қорытынды баға |
1 |
Байжанов Жолдыбай |
3 |
4 |
4 |
2 |
Бохаев Ердос |
4 |
4 |
4 |
3 |
Елубаева Нұрила |
4 |
5 |
5 |
4 |
Ержанов Мұқағали |
5 |
5 |
5 |
5 |
Қашқарбек Олжас |
4 |
4 |
4 |
6 |
Жылқайдаров Медет |
5 |
5 |
5 |
7 |
Қалдыбаев Нұрдәулет |
4 |
4 |
4 |
8 |
Қалмұханов Фараби |
5 |
4 |
4 |
9 |
Құлмахантегі Абылайхан |
4 |
5 |
5 |
10 |
Малқараева Гүлмира |
5 |
4 |
5 |
|
Сыныптың орташа үлгерімі |
4.3 |
4.4 |
4,5 |
Кестеде толтырылған оқушылардың интербелсенді әдіс-тісілдерді өткенде алған білімдерінің нәтижесін диаграммаға салып, екі диаграмманы салыстырамыз.
Диаграмма 2- Бейметалдар тақырыбын интерактивті тәсілмен өткізген 9-сыныбының оқу-үлгерімі
Кестеден көріп тұрғандай бақылау сыныптарында ешбір өзгеріс болған жоқ. Ал, тәжірибе сыныптары айтарлықтай нәтижелік көрсеткіштер берді.
Нәтижесінде 95-100 % — дық көрсеткішке жетпеуінің бірден бір себебі алғашында оқушыларға интерактивті тәсілдерді үйрену оларға күнделікті дәстүрлі сабаққа қарағанда біраз ерекшеліктері мен қиыншылықтары болды. Дегенмен сынып
оқушылары интерактивті тәсілдерді меңгергеннен кейін, енді олар жан – жақты жұмыс істеуді үйренді және олармен жұмыс істеу оңайланды. ¤йткені бұл жерде оқытушының жұмысы сабақта оқушыларға тек бағыт бағдар беруші, ал оқушы өзі талпынып іздеуші болып табылады. Болашақта бұданда тиімді интерактивті тәсілдердің басқа да бірнеше түрлерін меңгеріп, белсенді оқушылардың санының пайыздық көрсеткіштері артады деп сенемін.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. ¤йткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Осы заманғы әлемде білім мен дағдылардың өмірлік циклі өте қысқа. Осы себепті білімнің үздіксіздігі мен біліктілікті үздіксіз жүйелі арттыру барған сайын маңызды бола түсуде. АҚШ-тың ғылыми әдебиетінде, мысалы, маманның ескірген білімінің айрықша өлшем бірлігі « біліктіліктің жартылай ыдырау кезеңі» деп аталатын өлшем бірлігімен көрсетіледі.
Ақпараттық қоғамда компьютерлер немесе байланыс сызықтары емес, станоктар да емес, қайта білім мен творчествалық ойлау әулеті шешуші мәнге ие болады.
Сонымен қатар оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің есте сақталуы А.Маслоу және Б.Блум таксономиясы ( ойлау әрекеттерінің, оқу тапсырмалары мен сұрақтарының түрлері ) әдетте біз ақпаратты есте сақтауға ұмтыламыз, өйткені оны білім деп түсінеміз. А.Маслоу бойынша айтар болсам, қосымша – 1, 2. А.Маслоу таксономиясы бойынша лекция тыңдай отырып сынып оқушыларынан белсенді оқушылар бастапқы кезде 5 % көрсеткіште болады. Олар өздері мәтінді оқығанда 10 % өседі. Сабақта аудио – видео құралдарын қолдану барысында 15 %– ға, жобалар мен кестелерді т.б. көрсете отырып 30 %– ға, енді оқушылар тыңдап, оқып, қолданып, көргеннен кейін олар бір – бірімен пікірталасады ол кезде 50 %-қ көрсеткіште болады. Енді практикалық іс – әрекерттер жасау барысында 75 % көрсеткішке жетеді. Нәтижесінде оқушылар оқытушының бағытымен өздері үйренген білімдерін қолданады және қасындағы жолдастарына үйрете бастайды, сонымен қатар қорытынды көрсеткіштері 90 % жетеді. Б.Блум таксономиясы бойынша әрбір оқушы көрген, естігендерін есте сақтайды, оны түсінеді бұл кезде төмен бағамен бағаланады. Осылайша есте сақтағандары мен түсінгендерін қолданып оған талдау жасайды ондай уақытта орта балмен бағаланады. Енді оқушы әрбір ісін синтездейді, нәтижесінде бағалайды осылайша жоғары балмен бағаланады (1,2,3-косымшалар).
Сонымен, «Маған айтып берсең — ұмытып қалармын
Көрсетіп берсең –есте сақтармын
¤зіме жасатсаң – үйреніп алармын»
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға үлкен жол көрсетуіміз керек. Қазір мектепте берген білім әрбір баланың санасында қалып қояды, олар оны орындауға барынша тырысып бағады. Сол үшін интерактивті тәсілдің маңызы өте зор. Оны әрбір оқытушы өз ісімен, шеберлігімен оқушыға жеткізе отырып, оны жан – жақты тәрбиелеп санасына құйып отыруы қажет. Міне сонда ғана қазақтың туын көкте желбіретіп, биіктерге асқақтатады және де білімді де білікті жастар саны артады деп сенемін.
Химия пәнінде оқушыға интерактивті тәсілдерді меңгерту үшін стандарттық бағдарламаны игеруде оқушыны қалыптастырып, оны қызықтыру үшін сабақ берудің оңай жолдарын тәсілін табу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Химия пәнінде интерактивті тәсілдермен өтудің мақсаты оқушылардың қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға экологиялық сауаттылығын дамыту кезінде ішкі сезімін оятып, өзін танып біліп, кез келген әрекетке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарау деңгейіне жеткізу.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін интерактивті әдіс,тәсілдердің тиімді пайдасы бар. Бұл сабақтардың, дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушылар жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып, өткізілген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі толықтыруға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.
- Химияны оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыратындығы дәлелденді;
- Интербелсенд әдіс-тәсілдер оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттырды;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдер нәтижесінде дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу қабілетін меңгеруге мүмкіндік беретіндігі анықтылды;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақыты үдемделеді және химияны оқытуда қолданғанда өте тиімді.
Жалпы интерактивті тәсілдерді пайдалана отырып 9 «б» сыныбында және
9 «а» сыныбында сабақтар өтілді. Оның нәтижесінде оқушылардың сабақ үлгерімінің бағасы 4,0-тен 4,5-ға дейін артты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар интерактивті әдіс, тәсілдің оқушы үшінде және оқытушы үшінде бұл қоғамда маңызы өте зор. Келтірілген оқытудың интербелсенді тәсілдерін әр сабақта тиімді пайдалану арқылы білімді де білікті маман шығады. Интербелсенді оқыту тәсілдерінің стратегияларын әр сабақта бөлек-бөлек қарастыруға болады. Стратегиялардың барлығын бір сабақта қолдану міндетті емес. Оқытушы өзінің тақырыбына ыңғайлы стратегияны таңдауына болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- «Химия мектепте» жураналы сәуір-мамыр 2003ж
- Жалпы білім берудің мектептің ұлттық моделінің қалыптасу
жағдайындағы дамуы. Ғылыми басылым, І бөлім. А.: ЖШС Мерсал 2003
- Шаталов В. Ф. Баршаны да, әркімді де оқыта білейік. // Педагогикалық
ізденіс.- А.:- 166 б.
- К.¤стеміров, А.Айтбаева // Қазіргі білім беру технологиялары.
Алматы.2006 ж. 1560 б
- «Химия мектепте» жураналы 2007ж. №4.
- « Химия мектепте » журналы 2006ж-5. 31 бет.
- « Химия мектепте » журналы 2006ж-2. 44 – 64 бет.
- Жұматаева Б.Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. // Биология және
салауаттылық негізі-2005.-№2.- Б.34-44.
- Ж. Мұханбетов «Топқа бөліп оқыту» Алматы №5 2005ж. 16 – 18б.
- Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы: Кітап, 2000. – 87б.
- К.Ж.Бұзаубақова // Жаңа педагогикалық технология.
Алматы. 2004 ж. 208 б.
- Кобдикова Ж.У. Орта мектепте білім алуды технологияландыру.
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика .- А.: — 2000.- 206-207-208 б
- «Химия мектепте» жураналы 2007. №4 54 бет.
- Омарова Р.С. Оқу процесінде студенттердің ізденімпаздығын
қалыптастыру. Алматы – 1998
- Баженова И.Н. құрастырушы. Педагогикалық ізденіс — А; Рауан, 1990
- А.Мырзабайұлы. химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық
негіздері. – А.: Білім, 2004.- 224 бет.
- Педагогический поиск. Москва: Педагогика. 1987.
- И.Б.Жексенбаева «Балалардың дарындылығын диогностикалау»
// Әдістемелік құрал. Алматы. «Радиал» 2005 ж
- Махмутов М.М. Проблемное обучение. Основные теории.
Москва:Педагогика.1975
21.« Химия мектепте » журналы 2005ж-4. 69 – 70 бет.
22.М.М.Жанпейісова // Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
құралы ретінде. Алматы. 2002 ж
- « Химия мектепте » журналы 2006ж-3. 25 бет.
- Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. Москва:
Педагогика. 1981
- Интернет желісі www. google.ru. «Интерактивное обучение»
- Шамова Т.И. Активизация учения школьников. Москва: Педагогика. 1982
- Караев Ж.А., Жадрина М.Ж. Теоретические основы развития школьного
образования в Казахстане. Алматы: РИК, 1999
- «Мектеп және жоғары оқу орындары: Ой қозғағыштар, ізденістер,
табыстар» // Алматы. «Кәсіби даму мектебі» 2005ж
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар. №1, 2, 3, 4. 1998
- Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау- 2006. — №1-21-21б.
31.«Химия мектепте» жураналы 2004 – 5
- « Химия мектепте » журналы 2007ж-3.
- Назарбаев Н. Жаңа ғлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан халқына жолдауы.
Астана. 2007 ж. 28 ақпан.
- Химия мектепте 2004 № 1
- Химияны оқыту әдістемесі. Пединституттар мен университеттердің
студенттеріне арналған оқу құралы. – А.: Рауан, 1993. – 320 бет.
- П.А.Глориозов., В.Л.Рысс. Химиядан 7-8 кластарға арналған тексеру
жұмыстары. Дидактикалық материал: — А.: Мектеп, 1986.- 49 бет.
- Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов. Жалпы химия. – А.: Рауан, 2001.
- М.З.Қамалов, М.Д. Джусубалиева. Химиялық элементтер қасиеттерінің
энциклопедиялық анықтама таблицасы.- А.: Қайнар, 1993.-49 бет.
- Жұмағұлова «Суретті – идеографиялық жазуды пайдалану әдістемесі»
Алматы.№4.2005ж.1213б.
- Г.А.Сүлейменова «Қазақстан физикалық географиясын оқытуда тест
тапсырмаларын қолдану» // Білім берудегі менеджмент. Алматы №4.
- Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов. Жалпы химия. – А.: Ана тілі, 1992.
317 бет.
- Химия. Орта мектептің 8-10 кластарына арналған оқулық. КазГ,
1961.- 429 бет.
ҚОСЫМША-1
Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің
есте сақталуы
( А. Маслоу бойынша)
Лекция 5 %
Оқу 10 %
Аудио – және видео
құралдары қолдану 15 %
Көрсету
(жобалар, кестелер) 30 %
Пікірталас 50 %
Практикалық іс әрекеттер 75 %
‡йренген білімді дереу қолдану,
басқаларды үйрету 90 %
ҚОСЫМША-2
Б. Блум таксономиясы
( ойлау әрекеттерінің, оқу тапсырмалары мен сұрақтарының түрлері )
Бағалау Жоғары
Синтез
Талдау
Қолдану
Орта
Түсіну
Есте сақтау
Төмен бағамен
Әдетте біз ақпаратты есте сақтауға ұмтыламыз, өйткені оны білім деп
түсінеміз. Алайда «білім ≠ ақпарат»
Біз мына нәрселерді білуіміз керек:
— Түсіне білуді
— Қолдана білуді
— Талдай білуді
— Синтездеуді (ақпарат негізінде жаңа ақпаратты құрастыруды)
— Қандай да болмасын ақпаратты бағалай білуді (ол туралы өзіндік пікір қалыптастыру)
ҚОСЫМША-3
Блум таксаномиясы
Бағалау
|
Қолдану
|
|