Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Орталық Қазақстан көлдеріне жалпы шолу
- Орталық Қазақстанның физикалық географиялық орыны. Гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі.
- Орталық Қазақстан көлдерінің шығу тегі
- Орталық Қазақстан көлдерінің су режимі
- Орталық Қазақстан көлдерінің суының химиялық қасиеттері
ІІ тарау. Орталық Қазақстанның көлдеріне аймақтық шолу
2.1. Қарағанды облысының солтүстік және солтсүтік-шығыс бөлігінің көлдері
2.2. Қарағанды облысының орталық және шығыс бөлігінің көлдеріне шолу.
2.3. Орталық Қазақстанның батыс бөлігінің көлдеріне шолу
2.4. Орталық Қазақстанның су қоймалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Орталық Қазақтанның аумағында табиғаттағы маңызы зор нысандардың бірі табиғи су қоймалары көлдер болып табылады.Олар Теңіз-Қорғалжың сыяқты өзіне тән бірегей органикалық дүниесі бар ірі көлдер Сарыарқадағы жылу мен ылғалдың таралуында, ерекше орын алады.
Аридті аймақ болып табылатын Орталық Қазақтанның аумағының халқын балық өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар жазғы демалыс орыны болып табылатын көлдерді жан-жақты оқып үйреніп оларды бірегей табиғи нысан ретінде қорғаудың маңызы
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Орталық Қазақтанның аумағындағы көлдердің түзілу жолдарын, қоректену режимдерін, табиғаттағы маңымен оларды қорғаудың маңызын ашып көрсетуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты: Орталық Қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарын;
- -гидрологиялық режимдерін, динамикасы мен су балансын;
- -қоректену ерекшеліктері мен физикалық-химиялық қасиеттерін
- -органикалық дүниесімен табиғаттағы маңызын ашып көрсетіу.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- Орталық Қазақтанның физикалық географиялық орыны мен көлдердің гидрологиялық тұрғыдан зерттелуін айқындау;
- Сарыарқадағы көлдерінің шығу тегіне қарай топтастыру;
- Орталық Қазақтанның аумағындағы көлдердің су режиміне температура мен жауын– шашынның таралуыныңы, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктерінің әсерін анықтау;
- Көлдердің су режимідерінің ерекшеліктері мен қасиеттерін Ашып көрсету;
- Орталық Қазақтанның көлдері мен су қоймаларының гидрологиялық режимдерін, қоректенетін су көздерімен балансын , органикалық дүнйесін және оларды қорғау мәселелерін айқындау.
Бітіру жұмысының әдістемелік – методологиялық негіздері:Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В.М.Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған жұмыстағы жазба деректерді география мамандығының студенттері, өндірістің жеке салаларының мамандары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігіғ мақсаты мен міндеттері ашып көрсетілген.
Бірінші тарауда Алматы облысының аумағындағы көлдердің зерттелу тарихы, көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарыі гидрологиялық режимдеріне талдау жасалған. Екінші тарауда Балқаш-Алакөл ойыстарындағы ірі және шағын көлдердің су режимі мен органикалық дүниесімен шаруашылықтық маңызы қарастырылған.
І тарау. Орталық Қазақстан көлдеріне жалпы шолу
1.1. Орталық Қазақстанның физикалық географиялық орыны. Гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі
Сарыарқаның физикалық – географиялық орнының ерекшеліктері. Қазақтың ұсақ шоқылы аласа таулы аймағы Сарыарқа Тұран Солтүстік Қазақстан, Ертіс, Құйынды жазықтары мен Тарбағатай тауларының аралығында орналасқан. Оңтүстік шекарасы 47 — 78° солтүстік ендігі ұлы таудың оңтүстік сілемдері мен Балқаш көлінің солтүстік жағалауымен шектесетін шыбыр тау арқылы өтеді. /1/
Солтүстік шекарасы 53° солтүстік ендіктегі Есіл, Тобыл даласы солтүстік шығыс орта Ертіс аңғарындағы ескі арналы Сілеті теңіз, Жалаулы, Шүрексор көлдері арқылы өтеді. Батыс шекарасы Ұлы тау жыланшық таулары арқылы өтіп, біртіндеп солтүстік Торғай ойысы мен Торғай қаласына ұлысады.
Шығыс шекарасы 80° шығыс боилықтағы Сарыарқаның Қалблба, Тарбағатай тау жоталарына ұлысатын бөлігі болып табылатын Аягөз, Шар өзендерінің аңғарлары арқылы өтеді. Қазақстан мен Ресей ғалымдарынын Қазіргі кездегі зертеулерінің деректеріне сай Орталық Қазақстан геотектоникалық құрлысы жағынан тау түзілу кезендері палеозой эрасынын каледон, герцин қатпарлығында аяқталып кайназой эрасының неогентөрттік дәуірдегі неотектоникалық қозғалыстардың әсері баяу жүрген, ұсақ шоқылар мен олардың аралығың бөліп жатқан қабатты денудациалық жазықтардан тұратың эли палеозойлық платформа болып табылады.
Материктің ішкі аймағындағы құрлықтың сектордағы орнына сай климаты шұғыл, континентті қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігіндегі дала, шөлеит және шөл зонасына тән аумақтың табиғат кешендері таралғаң ежелден мал шаруашылығы дамыған аймақ болып табылады. 61 — 85° шығыс бойлықтар аралығында аймақ 1500 шақырымға, батыс бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке 95° шығысында 350 — 400 шақырымға созылып жатыр. Қазақтын ұсақ шоқылары Сарыарқаның аумағы 700 мың шаршы шақырым. Сарарқа аумақтың тұрғыдан жербедері аталған аймаққа сәикес келетін ірі орографиалық бірлік болып табылады. Аталған аумақта қатпарлы негіздегі денудациалық жазықтармен аласа таулы алқаптар кен таралған./2/
Орталық Қазақстанның көлдерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. Орталық Қазақстанның көлдерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды.
Орталық Қазақстанның көлдерін зерттеуде географ ғалым белгілі климатолог А.И.Воейковтың еңбектерінде (1884 жылғы) жан-жақты сипаттама берілген. Ол алғаш рет Сарыарқаның көлдерінің суының деңгейінің ауытқу себептерін, су балансы мен оның деңгейінің теңесуін зерттеп, оған әсер ететін орта жағдайын ашып көрсетті. А.Красовскийдің, М.Лемпицкиидің, И.Солавлевтің, В.Граменаның, Н.Игнатевтің, М.Жилинский, А.Козлов басқада ғалымдардың арнайы экспедициялары мен саяхаттарының барысында орталық Қазақстанның көлдері жөнінде мол мағлұмат жиналды.
Орталық Қазақстанның көлдерін зерттеудің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың 90 жылдары мен ұлы қазан төңкерісінің аралығын қамтыды. Бұл кезеңде көлтану ғылымының теориялық-әдістемелік негіздері қаланды. Жалпы зерттеулермен қатар биологиялық, гидрохимиялық арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Д.Н. Анучин “Воды суши озера” атты (1896ж) еңбегінде өзі жүргізілген гидрологиялық бақылаулардың нәтижелерін кеңінен қолданды. Ол өзі сипаттаған көлдері ландшафтның негізгі компонентінің бірі ретінде қарастыра отырып олардың қоршаған ортамен байланысын табиғаттағы маңызын шаруашылықтық мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін анықтайды /1/.
Бұл кезеңде көлдер гидробиологиялық тұрғыдан зерттеу тек танымдық сипатта болды. Орталық Қазақстанның көлдерін зерттеудің үшінші кезеңі ұлы қазан төңкерісінен кейін басталды. Бұл кезеңде көл суларын шаруашылықтың мақсатта пайдалану, ірі су қоймалары мен су электр станцияларын салу, көл суларының 1920-30 жылдардың аралығында қорғалжың Балқаш көлді аудандарында арнайы кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізіліп, шаруашылықтың мақсатта пайдалану мүмкіндіктері анықталды.
1930 жылдары КСРО ғылым академиясының Галургия институты мен тұз зертханасы Қазақстан көлдеріндегі тұздың қорларын анықтап оны тиімді пайдалану мәселелері зерттелді. 1928-1931 жылдар аралығында П.Ф.Дормачевтің басшылығымен алғаш рет Балқаш көліне кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізілді.
Үш жылға созылған зерттеулер нәтижесінде батиметриялық өлшеулер жүргізіліп көлтабанын түзетін жыныстардың құрамы, судың термикалық және химиялық құрамы, плангтондары мен бентостары туралы деректер жиналып, кешенді сипаттама берілді /2/.
1932 жылы құрылған КСРО ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінің құрамына кірген зоология, ботаника секторлары Орталық Қазақстанның көлдерінің флорасы мен фаунасын жоспарлы түрде оқып үйрену бағытында кешенді жұмыстар атқарды.
Сарыарқаның көлдерін зерттеуде 1931 жылы басталған КСРО-ның су кадастры маңызды роль атқарды. Г.В.Никольскийдің 1940 жылы жарық көрген “Арал теңізінің балықтары” атты монографиясында Қазақстан көлдерінде мекендейтін балықтардың 20 түріне сипатта беріп, олардың қоректенуіндегі плагтондармен бентостың алатын орынын ашып көрсетті /3/.
Сарыарқаның тұзды көлдерін 1941 жылы Е.В.Пасхов зерттеді. 1941-1943 жылдардың аралығында қорғалжың теңіз, зайсан көлдерін В.А.Догальдың, С.С.Печниковтың, Т.А.Сениннің және К.В.Смирновтың басшылықтарымен жүргізілген гидрологиялық экспедициялар аталған көлдердің фито, зооплангтодары мен бентостарын зерттеп, олардың балық қорын арттырудағы алатын орындарын анықтады. Зерттеу нәтижесінде Теңіз – Қорғалжың, Зайсан көлдерімен қара ертісте балық шаруашылығын дамытуды қайта жаңғырту жөнінде ұсыныс жасады. К.В.Смирнов Алакөл мен Балқаштың паразит жәндіктерін зерттеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Сарыарқа мен Оңтсүтік Қазақстанның көлдерінде С.А.Зернов, Н.Н.Воронин, В.А.Доволь, В.И.Жадин, Я.Я. Цееб, Н.А.Акатова, В.Я.Понкратова, Г.Х.Шарогнинова сынды биолог-гидролог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Орталық Қазақстанның көлдерін КазКСР ғылым академиясының зоология институты айланысты. Орталық Қазақстанның аквофаунасы мен олардың санын арттыру мен гидрологиялық режимін белгілі ғалымдар: Н.П.Серов, А.С.Машковская, А.И.Горюнова, С.К.Тютенков, В.И.Ерещенко, В.А.Киселева, П.Ф.Мартехов, В.Я.Пильчук, И.К.Иванов зерттеді.
1945-1950 жылдар аралығында балық шаруашылығын тиімді пайдалану мақсатында Орталық Қазақстан көлдерінде В.В.Селезнев, А.П.Селезнева, Н.А.Әмірғалиев, Н.Ш.Қайыровалар зерттеу жүргізді.
1965-1969 жылдар аралығында КСРО ғылым академиясының көлтану зертханасы А.В.Шнитныковтың орталық және солтүстік Қазақстанның көлдерін зерттеді /3/.
Ұлы Отан соғысынан кейін Балқаш Теңіз-Қорғалжың Арал, Алакөл сияқты ірі көлдермен қатар Сарыарқаның шағын көлдерін зерттеу ісі қолға алынды. Бұл бағытта КСРО-ның мемлекеттік гидрология институты көп жұмыс атқарды. 1954-1956 жылдар аралығында А.П.Богордницкидің басшылығымен зерттелді.
1954 жылдан бастап Қазақстан мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің) физикалық география кофедрасы Г.Г.Муравлеваның басшылығымен Орталық Қазақстан көлдерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1957 жылдан бастап Қазақ КСР-ның ғылым академиясының география секторының ғылыми қызметкерлері Т.Р.Омаров, Е.А.Казанская, Т.М.Тимофеева, П.Н.Кравченко бүгінгі таңға дейін зерттеу жұмыстарын зерттеп келеді.
1.2 Орталық Қазақстан көлдерінің шығу тегі
Орталық Қазақстан көлдерінің морфологиясы мен таралу ерекшеліктері. Орталық Қазақстанның аумағында аумағы бір гектардан астам көл бар. Олардың ішінде аумағы 1км2 аспайтыны 97,3% шаруашылықтық маңызы бар көлдер небары 2,7% құрайды /4/.
Орталық Қазақстан жауын-шашын аз түсетін шөлді-шөлейтті, далалы зонасының шегінде орналасқандықтан аумақтың көлдігі небары 0,23. Орталық Қазақстан дала, шөлейт және шөл зонасының шегінде орналасқандықтан көлдердің басым бөлігі дала ландшафтлық зонасында көп кездеседі. Онда аумағы беткі ауданы 100 га асатын 23 көл бар, олардың жалпы ауданы 108 км2. Булану артып жауын-шашынның кемуіне байланысты аймақтың оңтсүтігінде ірі көлдер жоқ. Облыс аумағындағы 23 ірі көл аймақтағы көлдердің 71% құрайды. Олардың барлығы Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде шоғырланған.
1 кесте
Орталық Қазақстанның көлдігі
Облыстың ауданы мың км2 есебімен |
Ауданы |
Барлығы |
Жалпы ауданы км2 есебімен |
Көлді Ғ1 % есебімен |
|
1км2 аспайтын |
1км2 асатын |
||||
Көлдердің саны |
|||||
398,8 |
17779 |
131 |
1910 |
926 |
23 |
Орталық Қазақстанның көл қазан шұңқырлары шығу тегі жағынан тектоникалық және экзогендік ойыстар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Көлдер тереңдігі, мөлшері, жағалау сызықтарының ерекшеліктері гидрологиялық режимі жағынан алуан түрлі болып келеді. Сарыарқаның көл қазан шұңқырларының түзілуі геологиялық (жаңа тектоникалық қозғалыстарға, геологиялық құрылымына, сейсмикалық, тау жыныстарының литологиялық құрамы) және экзогендік (өзен эрозиясының әрекеті, желдің, карстылы, суфозиялық гравитациялық үрдістер) сонымен қатар климаттағы өзгерістер мен адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді.
Орталық Қазақстанда көл қазан шұңқырларының бірнеше генетикалық типтері бар.
Тектоникалық ойыстарда түзілген көл қазаншұңқырлары. Сарыарқада тектоникалық көлдердің екі түрі бар олар тектоникалық бөгенді көлдер және тектоникалық тақталардың иініндегі түзілген көлдер.
Тектоникалық бөгенді көлдер тектоникалық қатпарлардағы қысымы төмен шағын өзен аңғарларды шоңғалдардың немесе ысырынды жыныстардың бөгеп қалуынан түзіледі. Аталған көл қазаншұңқырына Сарыарқаның шығысындағы Қара сор көлі жатады оған Талды, Қарасу сияқты шағын өзендер келіп құяды. Көл аталған өзен аңғарын биіктігі 23 метрге жететін төбесі текшелі дөң бөгеп тұр. Ол төрттік дәуірдегі жаңа қарқаралы қатпарлығында жүрген көтерілулер нәтижесіндегі солтүстік-шығысқа бағытталған тектоникалық жорықтың бойында түзілген. Көл жас болғандықтан жағалық текшелері әлі қалыптаспаған. Қоянды ауылының маңында өзен әрекетінен түзілген 1,5 және 6 метрге жететін екі текше бар /5/.
Тектоникалық тақталардың иінінде түзілген көлдің қатарына қазақ қалқанының тегіс иінінде түзілген теңіз-қорғалжың көлдер жүйесі жатады. Ол іргетасы 2-2,5 метр тереңдікте орналасқан палеозой иіні болып табылады. Ағынды Қорғалжың тұйық теңіз көлі қалыптасуы төрттік дәуірде басталды. Орта төрттік кезеңде ойыстың иілуі күшейіп оның шығыс бөлігіндегі жіңішкерген иінді Нұра өзенінің аңғары қамтып, жоғарғы төрттік кезеңінде Қазан шұңқырды Нұра өзенінің суы толтыра бастады. Көп Қазан шұңқыры жас болғандықтан жағалық текшелер жоқ.
Орталық Қазақстанның экзогендік көл Қазаншұңқырлары. Орталық Қазақстанда эрозиялық сорлы – дефляциялық, суфозиялық және гравитациялық үрдістердің әсерінен түзілген қазаншұңқырлары басым олар көбінесе жерасты суы жер бетіне жақын жатқан өзен аңғарлары мен ойыстарда кең таралған.
Орталық Қазақстанның көл Қазан шұңқырларын шығу тегіне қарай топтастыру
Эрозиялық ойыстар қазан қалқанындағы жылға тәрізді ұзыннан ұзақ ежелгі ескі өзен арналарын бойлай созылып жатады.
Эрозиялық көлдердің екінші тобына Сарыарқада кең тараған шағын көлдердің қатарына Нұра, Сарысу, Терісаққан, Құланөтпес өзендерінің аңғарында түзілген эрозиялық-денудациялық көлдерді жатқызуға болады.
Эрозиялық көлдердің үшінші тобына Сарысу, Нұра өзендерінің жайылмаларында түзілген ескі арналы көлдер жатады олар шағын күшті минералданған тұзды болуы-суфозиялы көлдер Сарыарқаның лесті жынысты беткейлерінде бос жыныстарды және үрлеу нәтижесінде түзіледі.
1.3 Орталық Қазақстан көлдерінің су режимі
Орталық Қазақстанның көлдері су алмасуының жағдайларына қарай суы белгілі бір кезеңмен алмасатын ағынсыз тұйық және тұрақты үздіксіз алмасатын ағынды көлдер болып екіге бөлінеді. Сарыарқада көбінесе ағынсыз тұйық ащы көлдер басым. Суының көлемінің аздығы мен ағынсыз болуы ұсақ шоқылы жер бедерімен, құрғақ климатымен, сирек әрі аз сулы өзен торлары мен тығыз байланысты /6/.
Орталық Қазақстанның тұйық көлдері негізінен суық кезеңде жауған жауын-шашынның еруінен қоректенеді. Наурыздың аяғымен сәуір айында қыстай жауған қардың қарқынды еруінің нәтижесінде көл суларының деңгейі жете көтеріле бастайды. Ол 10-15 күнге созылады. Сарыарқаның көлдерінің суының деңгейі орта есеппен тәулігіне 1-2 сантимертге жауын-шашын мол түскен жылдары 5-10 сантиметрге дейін көтеріледі. Көл суларының деңгейін көктемде орта есеппен 20-30 саниметрден 60-80 сантиметрге дейін жетеді. Шағын тұйық көлдердің деңгейі тәулігіне 40-60 сантиметрге дейін көтеріледі. Кейбір көлдердің табанына судың сіңіуіне байланысты көктемде деңгейі 10-20 сантиметрге төмендейді. Орталық Қазақстан көлдерін көп зерттеген белгілі гидролог А.В.Шнитников көлдің деңгейінің маусымдық ауытқуымен қатар көп жылдық ауытқуын бөліп көрсетеді. Көл деңгейінің көпжылдық ауытқуы құрғақшылық және ылғалды жылдармен алмасып отыруымен тығыз байланысты. А.В.Шиткаков ғасыр ішілік көп жылдық циклының көл деңгейінің көтерілетін кезеңдері деңгейі төмендейтін кезеңіне 2,5 есе төмен болып 19-47 жыл аралығында ауытқитынын анықтаған.
Қорғалжың, Теңіз, Балқаш сияқты ірі көлдерде ауа температурасы жауын-шашынның түсуі, өзен ағыны мен көл деңгейінің циклында байқалады.
Температура мен жауын-шашынның түсуінің кіші циклі 4-9 немесе 4-7 жылда қайталанады. Температураның ең жоғарғы циклінің шегі жауын-шашын аз түсетін жылдарға сәйкес келеді. Жауын-шашынның басты бөлігі циклдің бірінші жартысында түседі. Температура режимінің үлкен циклі 17-21 жылға созылады. Ол бірін-бірі алмастыратын үш іші циклдан тұрады. Үлкен циклда жауын-шашынның ең көп мөлшері оның соңында байқалады. Бұл кезеңде жауын-шашынның ең жоғарғы шегімен өзен ағынының мол суы кезеңінің ең жоғарғы шегінде бір бірімен сәйкес келеді /7/.
Көл танушы ғалымдардың ұзақ мерзімді тұрақты зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып өзен ағынының ауытқуының кіші үлкен және ғасырлық циклын анықтаған. Өзен ағынының үлкен циклы бірін-бірі алмастыратын төрт кіші циклдан тұрады. Үлкен цикл 17-21 жылға созылады. Өткен ғасырда орталық Қазақстанда өзен ағынының үш үлкен циклы байқалған. Біріншісі 1906-1908 –1926-1927 жылдардың аралығын, екінші үлкен циклі 27-28-1943-1945, үшінші үлкен циклы 1944-1946-1962-1963 жылдар төртінші үлкен цикл 1963-1965-1985-1987 жылдардың аралығын қамтыды.
Орталық Қазақстан көлдерінің су балансы. Орталық Қазақстандағы судың беткі ағыны жауын-шашын, жерасты еспе сулары, инфильтрация (жерастына сіңу) және буланудың жыл ішіндегі және көпжылдық өзгерістерге ұшырауы байқалады.
Орталық Қазақстан көлдерінің суының таяздығымен ауданының шағындығы су балансының тұрақсыз болуына әсер етеді. Сондықтан аймақтың таяз шағын көлдері жазда буланудың әсерінен таязданып кеуіп, қыста қатып қалады. Кейбіреулері жауын-шашын аз түскен жылдары кеуіп қалады.
Көп суларының кіріс бөлігін өзен суының беткі ағыны, жауын-шашын мен жер асты еспе сулардың ағыны құрайды. Су жинайтын ауданы біршама ірі Теңіз-Қорғалжың сияқты көлдердің суының 50% астамын беткі ағын құрайды. Жекелеген жылдары көп жылдық орташа көрсеткіштен 5-10 есе артуы мүмкін. Жерасты еспе суларының ағыны көлдердің су балансының 5-20% құрайды.
Ағынсыз тұйық көлдердің шығыс бөлігін судың бетінен жүретін булану құрайды.
Қорғалжың, теңіз, Балқаш көлдерінің бір жылда бетінен буланатын судың қалыңдығы 700-1200 мм аралығында ауытқиды. Орталық Қазақстан көлдерінің шығынының 10-15% жер астына сіңуге (инфильтрацияға) жұмсалады.
Көл суын өндірістік мақсатқа пайдаланғанда жылдық буланудың бірнеше пайызынан асыруға болмайды.
Орталық Қазақстан көлдерінің физикалық қасиеттері. Сарыарқаның көлдерінің көбі ұсақ шоқылардың аралығындағы ойыстарда түзілген шағын болғандықтан аумағы 1км2 аспанды сондықтан олардың суының мөлдірлігі 0,3-18 метр аралығында ауытқиды. Мөлдірлігі қыста көктемге қарағанда жоғары болады /8/.
Тұщы әрі лай суға күн сәулесі баяу тұзды суға қарағанда онша терең енбейді.
Жоғары өнімді органикалық дүниесіне бай көлдерде судың мөлдірлігі төмен болумен ерекшеленеді. Оны плонгтондармен бентостардың, нейстондар мен пектондардың қарқынды дамуымен түсіндіруге болады.
Көлдерінің түсін фотометриялық әдіспен анықтайды. Сарыарқа көлдерінің суларының табиғи түсі көгілдір-жасыл мен сарғыш қоңырдың аралығында ауытқиды. Дәміне қарай тұзды, қышқыл, ащы, тәтті болып бөлінеді.
Орталық Қазақстан көлдерінің температура режимі. Географиялық орнының ерекшелігіне метеорологиялық факторларға, теңіз деңгейінен биіктігіне өсімдік өсу дәрежесіне және судың физикалық –химиялық қасиетіне байланысты көл суының температурасының маусымдық ауытқуы байқалады. Егер күшті минералданған болса температура –200 немесе оданда төмен түскенде қатпайды.
Көл сулары жылуды баяу сіңіріп, баяу суынады, сондықтан көл суы атптап ыстық құрлықтың бетіне қарағанда 6-100 дейін төмен болады. Көп бетіндегі ең жоғағы температура кешке ең төменгі таңертең ерте байқалады. Орталық Қазақстандағы көл суының температурасының маусымдық ауытқуының жоғары болуы онда мекендейтін ағзалардың тіршілігіне күшті әсер етеді.
Сарыарқа көлдеріндегі жылы кезең 180 күнге созылады. Жыл ішіндегі температура ауытқуының амплитудасы 300 шамасында. Қар ери бастағанда мұз астындағы көл су 2-30 дейін қызып төмен түсіп терең қабаттардағы біршама салқын сулармен араласады. Нәтижесінде көл бетіндегі мұз толық ерігенде судың температурасы +3+3,50С дейін жетеді. Мамыр айының соңында көл суының температурасы +7…+200 дейін көтеріледі. Терең көлдерде табанына жақын су қабаттарында +6 … +100 аралығында ауытқиды. Саяз сулы көлдерде ауа температурасымен шамалас болады.
Жазда көл суының әр 10 метр қабатында температураның өзгеруі айқын байқалады. Тамыздан бастап орталық Қазақстан көлдерінің суларының біртіндеп суына бастауы айқын байқалады /9/.
Тамызда көл суының беткі температурасы +10…+150 дейін төмендейді. Қазанда көл суының беткі қабатының температурасы 00 шамасында болады. Қыста мұз қатқаннан кейін терең қабаты жел әрекетінен қозғалысқа ұшырауы тоқтайды. Қыста көл суының сұз астындағы беткі температурасы 00 табанындағы температура +40 болып кері стратификация қалыптасады.
Орталық Қазақстан көлдерінің мұз режимі. Орталық Қазақстанда қыс қары жұқа аязды болып келуімен ерекшеленеді. Мұзды көлдерде температура 0-20 қатады. Таяз көлдердің бетінде мұз бір түрде қатады желді толқынды күнері бірнеше күн кеш қатады. Көлдердің бетінде мұз қату Сарыарқаның солтүстігінде қарашаның басында ал оңтүстігінде ортасынан басталады.
Мұз қату көл суының температурасының барлық қабаттарында +40 жеткенде ғана басталады. Кеш қату тұзды терең әрі ірі көлдерге тән. Суық аязды жылдары мұз шеті жағалаудан бастап бір түнде қатып біртіндеп ортасы қатып бір-бірімен тұтасады. Орталық Қазақстандағы Теңіз Қорғалжың сияқты ірі көлдердің тұтас қатуының ұзақтығы 1-3 күннен 35-40 күнге дейін созылады. Қарқынды қалыңдауы қарашамен ақпанның соңына дейін созылады. Көл бетіндегі мұздың қалыңдығы 120-кейде 170 сантиметрге дейін жетеді.
1.4. Орталық Қазақстан көлдерінің суының химиялық қасиеттері
Көп суларының химиялық құрамы мен табанына шөккен шөгінділер оны қоректендіретін жер бетіндегі және жерасты еспе сулардың құрамына, қатар көл қазаншұңқырларының морфологиясымен су жинайтын ауданының литологиялық құрамы мен топырақ қабаттарының тұздану дәрежесімен тығыз байланысты. Сонымен қатар көлде жүретін биологиялық үрдістер мен су жинайтын ауданының физикалық-географиялық жағдайыда ықпал етеді.
Көлдің минералдық және химиялық құрамының қалыптасуына тереңдігі мен ағынды немесе тұйық болуының маңызы зор. Ағынды көлдер тұщы, тұйық көлдер тұды болады.
Орталық Қазақстан көлдерінің минералдануы. Минералдану дәрежесіне қарай 1 литр суда 1 0/00 ғана еріген минералды заттар (тұз) болатын тұщы 1-250/00 дейінгі тұздылау 25-470/00 дейін еріген минералды заттар болатын тұзды көлдерге топтастырылады. Құрлықтың су қоймалары көлдерде минералдануы 0-10/00 аралығында органикалық заттар қарқынды түзіледі. Тұздылығы артқан сайын көл суының өнімділігі мен булануы киім мөлдірлігі артады. Құрамында ағзаға зиянды заттар болмай минералдану 120/00 аспаған жағдайда көп суы ішуге жарамды болып саналады.
Малдар үшін минералдану дәрежесі 30/00, түйе үшін 100/00 дейінгі көл сулары суғаруға жарамды болып саналады.
Орталық Қазақстанның көл суларынан қоректендіретін қатты және сұйық күйінде түсетін жауын-шашын мен бұлақ суларының минералдануы 5-95 мг/л мен 17-420мг/л аралығында ауытқиды.
Көктемгі су тасудан кейін өзендер мен көлдер минералдануы 400мг/л жететін жерасты еспе суралымен қоректенеді. Көктемгі су тасу кезеңінде өзен суларының минералдануы 0,31 ден 1,70/00 аралығында шөлді шөлейтті жерлерде 0,4-5,20/00 (г/л) дейін жетеді. Орталық Қазақстанның көлдерін қоректендіретін Нұра, Сарысу, Кеңгір, Терісаққан құланөтпес өзендерінің сулары көктемгі су тасу кезінде жұмсақ болып келеді. Жалпы қаттылығы 0,3-5,4 мг*экв/л (Сарысуда 36 мг*экв/л) рН 7 шамасында болады.
Орталық Қазақстан көлдерінің суының минердануы 0,023 тен 335,8 г/кг жауын-шашын аз түсетін көктемде қар етуі ұзаққа созылатын жазы құрғақ болатын жылдары Сарыарқаның көлдерінің минералдануы күрт артады. Көл суларындағы еріген минералды заттардың ең аз мөлшері көктемгі қар еруінің соңында, ал ең көп мөлшері шілде-тамыз айларындағы деңгейі төмендейтін кезеңде байқалады.
Көл суының минералдануының көп жылдық циклы болады оған климаттық ылғалды немесе құрғақ болуы әсер етеді.
Көл суының химиялық құрамына табиғи жағдайда еріген газдардың иондардың минералды заттардың каллойдтары мен органикалық заттар жатады.
3 кесте
Орталық Қазақстан өзендерінің химиялық құрамы
Өзендер |
Тексеру алынған күн |
рН |
Йод |
Фтор |
Бром |
Бор |
мырыш |
мыс |
марганец |
қорғасын |
Шерубай-Нураның Ертіс- Қарағанды каналымен қиылысында |
06.07.76 |
7,5 |
100 |
800 |
1000 |
Не об. |
7,5 |
<2,5 |
20 |
<5 |
Қаракеңір су қоймасына құяр жерінде |
20.06.67 |
|
20 |
1000 |
270 |
— |
40 |
<2,5 |
10 |
<2,5 |
Шерубай-Нұра Топар құяр сағасында |
28.06.67 |
|
50 |
1200 |
130 |
— |
20 |
<2,5 |
10 |
<2,5 |
Орталық Қазақстанның көлдерінде Менделеев кестесіндегі еріген барлықэлементтер кездеседі. Әсіресе хлор (Cl), сульфат (SO4) гидро корбанат (HCO3), карбонат (CO3), натри (Na/), кали (К/), кальций (Са//), магни (Mg//) иондары және оттегі (О2), көмірқышқыл газы (СО2), күкіртсутек (H2S) сияқты газдар кездеседі. Көлдегі тіршілік үрдістеріне азоттың, фосфордың кремнимен темірдің қосылыстарынан тұратын биогенді заттардың маңызы зор. Орталық Қазақстан көлдерінде кездесетін аниондардың үш сыныпқа бөлінеді. Олар гидрокарбонатты немесе карбонатты (HCO3+CO3), сульфатты (SO4) және хлоридті (Cl) әрбір сынып басым катиондарына қарай үш топқа бөлінеді. Олар кальций, магний және натрилі. Орталық Қазақстанның көлдері химиялық құрамы жағынан әркелкі. Көктемгі еріген қар суында HCO3 пен SO4 аниондары, Са мен Na катиондары басым болады.
Қарастырылатын аумақтың өзендері гидрокарбонатты сыныпқа жатады. Катиондарының құрамы жағынан олар натрийге жатады (3 кесте). Көл сулары химиялық құрамына қарай үш сыныпқа бөлінеді. Олар сульфидті, карбонатты және хлоридті.
Орталық Қазақстан көлдерінің микроэлементтері.
Көл суларындағы адам өмірін, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін реттеуде ерекше орын алатын микроэлементтермен судың химиялық құрамының арасында тығыз байланыс бар. Қоршаған ортадағы микроэлементтердің шоғыры мен тірі ағзалардың өсіп дамуының арасында тәуелділік бар. Олардың жетіспеуі мен артық болуы өсімдіктердің ауруына әкеп соқтырады. Өсімдік өнімінің құрамында микроэлементтердің мөлшерінің жетіспеуі мен олардың судың құрамындағы мөлшерінің ауытқуы жануарлар мен адам өміріне өз әсерін тигізеді.
4 кесте
Орталық Қазақстан көлдерінің суының құрамындағы микроэлементтердің мөлшері мкт/л есебімен
Микроэлементтердің түрлері |
Орталық Қазақстанның бөліктеріндегі микроэлементтердің мөлшері мкт/л есебімен |
|
Сарыарқаның батыс бөлігі |
Сарыарқаның шығыс бөлігі |
|
Иод |
3-300 |
10-700 |
Фтор |
500-10000 |
1000-10000 |
Бром |
130-53500 |
130-272400 |
Бор |
10-10000 |
100-60000 |
Мыс |
1-25 |
1-25 |
Цинк |
2-40 |
<2-150 |
Мырыш |
10-40 |
10 |
Молибден |
1-12 |
1-12 |
Кобальт |
— |
— |
Темір |
100-200 |
100-200 |
Свинец |
1-13 |
1-13 |
Никель |
Сл. |
Сл. |
4 кестенің деректеріне талдау жасайтын болсақ Орталық Қазақстанның көлдерінің суының құрамында морганецтің, кобальттің, молибденнің мыспен иодтың мөлшері аз екенін, байқауға болады. Ал кейбір көлдерде фтордың мөлшері артық екенін сонымен қатар тұздылығы артқан сайын металдардың концентрациясы кешетінін, бордың иодтың, бромдыкі керісінше аратыны айқын байқалады.
Сарыарқа көлдерінде кейбір микроэлементтердің мөлшерінің аз болуын климатының аридтілігімен, суының таяздығымен және жерасты еспе сулар мен қоректенуімен түсіндіруге болады.
Орталық Қазақстан көлдерінің табанындағы шөгінілер көл Қазаншұңқырларына еріген қар, жаңбыр, өзен сулары тасмалдаған қиыршық тас, малтатас, құнды сазды жыныстар үздіксіз шөгіп отырады. Оның шөгуіне белгілі дәрежеде соқпа толқындардың абразиялық әрекетінен бұзылған шөгінділер де белгілі дәрежеде әсер етеді. Көп табанына тау жыныстарының минералды бөлшектері көктемгі су тасу кезінде жиналады. Көл түбіне шөккен тау жыныстарының бөлшектері судың динамикалық, термикалық, химиялық, биологиялық күрделі әсеріне ұшырайды. Орталық Қазақстанның бір көлінде органикалық екіншісінде минералдық, үшіншісінде минералданған шөгінділер жиналады.
Жылдың жылы мезгілдерінде көл табанына өсімдіктер мен жануарлардың бір шама ірі қалдықтары мен кристалданған шөгінділер жиналады. Жылдың суық кезеңдерінде ұсақ түйіршікті эолдық жолмен түзілген шөгінділер жинақталады. Күзбен көктемде көп мөлшерде қоңыр-сұр сұрғылт-жасыл түсті құм қайраңдар мен ылайлардың қалың қабаты шөгеді. Ал қыс пен жазда қара түсті лайлардың жұқа қабаты түзіледі. Орталық Қазақстан көлдеріне шөгетін органикалық шөгінділер екі ірі топқа бөлуге болады. Олар: сипропеш және шымтезек немесе гуминді ылайлар. Олардың қалыңдығы бірнеше метрге дейін жетеді.
Сарыарқаның көлдерінің басым бөлігі көктемгі еріген қар суымен қоректенетіндіктен қатты кесек шөгінділер мен еріген минералды заттар көктемде жинақталады. Олардың көбі гидродинамикалық үрдістер әсерінен көл табанының әртүрлі бөлігіне тасмалданып шөгеді. Көл табанына шөгетін жыныстардың таралуына жағалау сызығы мен табанының морфологиясының ерекшеліктері де судың химиялық құрамында әсер етеді. Көл Қазаншұңқырларының табанынан алынған шөгінді жыныстарға жасалған талдаулардың қорытындысы ылайлы шөгінділердің құрамының 11,54 тен 88,54% дейінгі мөлшері кремнийдің қос тоғы табиғатта кремний бос күйінде де кездеспейді. Ол кварциттің, аморфты кремнозеземнің сазды минералдардың құрамында болады.
0,7-11,68% дейінгі мөлшерде темірдің тотығы, 0,7 ден 29,4% дейінгі мөлшерде кальций тотығы болады. Кальций табиғатта әктастың, бордың, мәрмардың, доламиттің, гипстің, фосфорит пен тавин шпатының құрамында кездеседі. 0,65, 5,48% мөлшерінде натри тотығы болады. Көл түбіндегі шөгінділердің құрамында ең көп мөлшерде тас тұзы кездеседі. Ол алюминий сеткатының, семикаттардың құрамына енеді. (1,93% шамасында) 6,55-4,46% шамасында кали тотығы құрайды. 0,03-15,38% дейінгі мөлшерде магний болады. Ол табиғатта магнезиттің, дуниттің, доломиттің, бишофиттің, карнезиттің, құрамында болады. 0,11-22,58% мөлшерінде титанның қос тотығы болады. Титан алпысқа тарта минералдың құрамында кездеседі. Бұдан басқа фосфор, күкірттің үш тотығы, тағыда басқа элементтер кездеседі.
Орталық Қазақстанның байлықтары мен оны пайдалану. Көл суларында балықтың, бағалы түрлері азық қорын арттыруға мүмкіндік береді. Көл жағалауындағы өсімдіктерді қағаз талшық магазықтық ашытқы, құрылыс материалдары ретінде қолдануға болады. Теңіз, қорғалжың сияқты кейбір көлдердің органикалық заттарға бай ылайлы қайраңдарын тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.
Орталық Қазақстанның көлдеріндегі су қоры сол жылдық және бұрынғы өткен жылдардың сулылығына тәуелді болады. Жауын-шашын мол түсетін көп сулы жылдары көлдің деңгей жылдан жылда артып отырса аз сулы жылдары төмендейді. Кейбір саяз көлдер құрғап қалады.
Қазақстанның халық шаруашылығы үшін Сарыарқаның тұщы және аз минералданған ауданы 1км2 асатын минералдануы 3 г/л аспайтын көлдердің маңызы зор.
5 кесте
Орталық Қазақстанның ірі көлдерінің ресурстары
Көлдің аты |
Ауданы км2 есебімен |
Тереңдігі метр есебімен |
Суының көлемі мен м3 есебімен |
Пайдалануға болатын судың мөлшері мен м3 есебімен |
|
|
|
|
|
Шаруашылықтың маңызы бар көлдердің тереңдігі 2 метрден кем болмауы тиіс. Олардың суларын балық өсіруге, мал суаруға, егістіктермен жайылымдарды суғаруға, бағалы терілі ондатра өсіру мақсатында қолдануға болады. Орталық Қазақстанда Балқашты теңізбен қорғалжыңды есептемегенде аумағы 1км2 асатын 8 көл бар, олардың жалпы ауданы 75,81 км2. орташа тереңдігі 3,1 метр суының жалпы көлемі 104 млн м3. Жауын-шашынды мол сулы жылдары көктемгі –жазғы кезеңде толығу дәрежесін ескере отырып 1-5% дейінгі мөлшердегі суын шаруашылықтық мақсатта қолдануға болады (1,04-5 мин м3 мөлшерінде). Қазіргі кезде орталық Қазақстанның көл суларын көбінесе мал суару мақсатында ғана қолданады, мал көл жағалауын бұзып ластануына әсер етуі оның шаруашылықтық маңызын жоғалтады.
Орталық Қазақстан көлдерінде сазан табан балық, алабұға және басқа да бағалы түрлері таралған.
Орталық Қазақстан көлдерінде балық өсіруді дұрыс жолға қойған жағдайда жалына 1-2 мың тонна балық аулауға болады. Сарыарқаның аридті климат жағдайында ауа температурасының жауын-шашынның, өзен ағыны мен көл деңгейінің көп жылдық ауытқуының жоғары болуы тән. Сондықтан балық өсіруді әлсіз минералданған (32/ласпайтын) ауданы 1км2 тереңдігі 2 метрден асатын Қаракөл, Тоқсуақ, Батпақкөл, Құмкөл, Сасықкөл, Қоскөл, Барақкөл, Көктенкөл сияқты көлдерінде дамытуға болады.
Орталық Қазақстандағы балық өсіруге болатын 24 көл бар, олардың жалпы ауданы 116 км2. Аталған көлдердің көбін балықпен қолдан өсіріп толтырылады. Көктемде көл суының деңгейі, артқанда балықтың мөлшері де артады. Балықты қолдан өсіріп көбейткен көлдерде жыл бойы аулауға болады. Ауданы шағын болғандықтан әр гектарынан 50 кг дейін балық аулауға болады. Шағын көлдерді өндірістің лас суынан қорғап, тазалап тереңдетіп отырғанда балықтың өнімділігін арттыруға болады.
Орталық Қазақстан көлдерінің жоғары сатылы өсімдіктері. Целмолоза –қағаз өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде ағаш сүрегімен қатар қамыс пен қоғаны пайдалануға болады. Ылғалдану дәрежесіне қарай Сарыарқаның көл жағалауларындағы саздармен өзен жайылмаларында жылдам өсіп жетілетін гидрофитті қамыс пен қоға сияқты өсімдіктер кең таралған. Қоңыржай белдеудің шөлейтті-шөлді және дала зоналарының шегінде кәдімгі қамыс өседі. Олардың жекелеген шоғырының биіктігі 8-10 метрге жуандығы 30-40мм дейін жетеді. Орташа биіктігі шамамен 2-3 метр бір шаршы метрде жуандығы 8-12 мм асатын 40-50 өсімдік кездеседі. Қамыстың ең өнімділері көлдің саяз жағалаулары мен өзен жайылмаларында өседі. Қамыс пен құрақтар көл тіршілігінде маңызды роль атқарады. Олар қыста қардың мол жиналып су қорының артуына, органикалық заттардың жиналуына, көл жағалауының бұзылуынан сақтайды. Кейбір химиялық элементтердің жиналуына әсер етіп, су құстары мен жануарларының қорғануына мүмкіндік бер еді. Қамыс пен құрақ маңызды малазықтық өсімдік болып табылады. Оның жас өркендерін жылқы, ірі-қара, бұғы қоректенеді. Орталық Қазақстаннан жылына 25-30 мың тонна құрақ табуға болады. Сабағының беріктігімен тұйықталған ауа қуысының болуы құрылыс материалы ретінде қолдануға үмкіндік береді. Қамыс пен құрақ бағалы химиялық шикізат болып табылады. Одан 90 жуық әртүрлі өнім алуға болады. Олардың ең негізгілері целлюлоза, этил спирті, мал азықтық ашытқы, фурфурол, органикалық қышқылдар. Орталық Қазақстан көлдерінің кәсіптік маңызы бар жануарлары Орталық Қазақстанның көлдерінің жағалауындағы қамыс пен қоғаның арасында қамыс мысығы, қабан, қарсақ, су тышқаны, ондатра, су құстары көп кездеседі.
Орталық Қазақстан көлдерінде кең таралған бағалы терілі су жануары ондатра. Сарыарқада кәдімгі ондатра (ondatra zibethicusl) түрі жерсіндірілген. Ол ірі кеміруші су жануары. Ересектерінің ұзындығы 35 см ірілерінің салмақтары 1,5 кг. Ондатраның терісі су өткізбейтін тығыз қара қоңыр болып келеді. Таяз кеуіп бара жатқан көлдер ондатра өсіруге жарамайды. 1935-1963 жылдардың аралығында Қазақстанның көлдеріне жыл сайын 67 ден 4839 дейін ондатра жіберіліп отырылды. Барлығы 41807 ондатра жіберілді. Соның ішінде орталық Қазақстан көлдеріне 8000 астам ондатра жіберілді. 1964 жылы Қазақстан аумағындағы көлдерден 24 млн дана ондатра терісі жиналды. Ондатр терісін жинау 1950 жылдан бастап біртіндеп аза бастады. Қазіргі кез де 30% дейін кеміген оны ондатраның өсіп өнуіне қолайлы көлдердің азаюы мен түсіндіруге болады. Орталық Қазақстандағы шайтан көл сияқты көптеген көл қорықшалар мен аң шаруашылығын дамытуға қолайлы көпшілігінен құрылысқа қажетті тұз құн мен емдік саз өндіріледі. Олардың жағалауында туристік демалыс, сауықтыру орындары ретінде қолдануға болады. Сарыарқаның шағын көлдерә саяз әрі жазда жылы құрғап. Қыста түбіне дейін қатып қалатындықтан олардың ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері шектеулі.
- Орталық Қазақстанның көлдеріне физикалық-географиялық шолу.
2.1 Қарағанды облысының солтүстік және солтсүтік-шығыс бөлігінің көлдері
Қаракөл. Көл Қарағанды облысының солтүстік-шығыс бөлігінде бұрынғы Молодежный ауылының солтүстік батысында 20 шақырым қашықтықта орналасқан. ОЛ Няз тауының шоқы аралық ойыстарында түзілген. Көл солтсүтік-батыстан оңтсүтік шығысқа созылып жатыр, ұзындығы 4, ені 2,3 шақырым. Беткі ауданы 7,15 шаршы шақырым. Теңіз деңгейінен 512,3 метр биіктікте орналасқан тұйық көл болып табылады. Батыс және Оңтүстік жағалуы биіктігі 10-15 метрге жететін тік жар қабақты болып келеді. Жағалауында бетегелі бозды-жусанды өсімдіктер бірлестігі таралған. Көл жағалауында қызыл түсті қиыршық тастар кең таралған. Көлдің табанына қара түсті шөгінділер шөккен көл жағалауының ылғалды бөлігін бойлай қамыс пен қоға, қоңырбас сияқты ылғал сүйгіш өсімдіктер өседі. Көлдің су жинайтын ауданы 160 км2. Оның 20% жыртылған. Көл негізінен еріген қар мен жерасты еспе сулармен қоректенеді. Ең терең жері 3м. Мөлдірлігі 1,5 метр. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде ең төменгі деңгейі қазанда байқалады түсі қоңыр-сары. Деңгейінің ауытқу амплетудасы 1 метр. Көлде шамамен 15 млн м3 су бар. Суы тұщы, қаттылығы қалыпты. Химиялық құрамы жағынан әлсіз алтілі гидрокорбанатты сыныпқа жатады.
Микроэлементтерден мырыш, мыс, марганец және темір кездеседі. Оттегінің мөлшері 6,55-6,04 мг/л, бос көмір қышқылы 2,6-4,8 мг/л көл суындағы тұздың құрамының формуласы:
Плангтондардан көл суында китрцистис, спирогира, вольдокс балдырлары, зооплангтондардан ескек аяқты шаяндар, ветвистоустар, колевраткалар кездеседі.
Бентостардан хирономидтар, қандалалар, сүліктер, инеліктің дер нәсілдері таралған көл табанының жәндіктерінің орташа мөлшері әр м2 175 дана биомассасы 6,04 г/м2.
Ихтиофаунасы. Көлде күміс тәрізді табан балық, алабұға таралған тиімді пайдаланған жағдайда жылына 350ц балық аулауға болады.
Тоқсымақ көлі. Қазіргі Қазыбек би ауылының батысында 10 шақырым қашықтықта орналасқан көл ағыны, ауданы 6,5 км2 ұзындығы 3,2 ені 2,8 шақырым теңіз деңгейінен 440 метр биіктікте орналасқан. Жағалауы тегіс. Сары түсті құмды сазды жыныстардан құралған. Көлдің солтүстік жағалауындағы көлді Ералы ауылдарының аралығында көктемгі еріген қар суын ұстап қалу үшін саздан бөгеп тұрғызылған. Көлдің табаны сары сазды қайраң араласқан құмды болып келеді. Ені 35-150 метрге жететін көлдің жағалық бөлігін қамысты қоғалы өсімдіктер белдеуі алып жатыр. Көлдің су жинайтын ауданы 68 км2 су жинайтын ауданының тең жартысынан астамы жыртылған. Көл еріген қар, жаңбыр және жерасты еспе суларының есебіен қоректенеді. Ең терең жері 2,8 метр. Мөлдірлігі 2 метр, түсі сарғыш-жасыл. Түбіне дейін жылынады. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуір, ең төменгі деңгейі қазан айларында байқалады. Деңгейінің жылдық ауытқуы 1 метр шамасында. Тоқсұмақ көліндегі судың көлемі 12 млн м3 суы тұщы, қаттылығы қалыпты, әлсіз сілтілі, химиялық құрамы жағынан хродиті сыныпқа, натрилі топқа жатады. Суының құрамында натри, мырыш, марганец, микроэлементтері бар. Оттегі 4,9-6,1 мго г/л тұз құрамының формуласы: .
Планктондары. Бұтақты мұртты және ескекаяқты шаяндардан тұратын зооплангтондар басым. Олардың орташа саны 33-34 дана/л.
Бентос. Омыртқасыздардан құрттар, момоскалар, буын аяқтылар қабыршақ қапаттылар, көбелектердің жұлдыз құрттары кездеседі. Биоттардың орташа саны 1785 дана/м2.
Иктиофауналары. Көлде күміс тәрізді табанбалық, алабұға, сияқты циптік балықтар мекендейді. Қолдан жасалған бөгеннің есебінен көктемде жиналған судан 240 гектар егістік суғарылады. Тоқсымақ көлін демалыс орыны ретінде пайдалануға қолайлы.
Батпақкөл. Қарағанды облысының Павлодар облысымен шектесетін шекарасында бұрынғы Улянов ауданының солтүстік батысында теңіз деңгейінен 467,2 метр биіктікте орналасқан. Ауданы 1 км2 ұзындығы 3,6 ені 2,5 шақырым. Жағалау сызығының ұзындығы 9,4 шақырым су жинайтын ауданы 84км2. негізінен ұсақ жоқылы төбелі болып келеді. 20% жуығы жыртылған. Мал жайылымы ретінде кеңінен қолданылады. Көлдің пішіні эллипсойдтәрізді. Шоқы аралық ойыста орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталып созылып жатыр. Көлдің табаны тегіс, жағалауын бойлай табанына сазды лайлы қайраңдар шөккен. Онда қамыстармен құрақтар өскен. Орталығы мен оңтүстік бөлігінде екі шағын арал бар. Оның біріншісінің ауданы 1,5га екіншісінікі 3га.
Көлдің жағалауы тегіс, тек солтүстік жағалауына биік оңтүстік-шығыс және оңтүстік жағалауы солтүстік құмды-сазды шөгінділерден тұрады.
Жағалауындағы жалдардың ені 5-10 биіктігі 1,5 метр. Батыс жағалауы жыртылған.
Батпақкөл негізінен еріген қар жерасты еспе суларымен қоректенеді. Ең терең жері 2,2 метр, мөлдірлігі 1,5 метр, түсі қоңыр-сары. Табанына дейін қызады. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуір, ең төменгі деңгейі қазан айында байқалады. Суының деңгейінің ауытқу амплитудасы 0,7 метр. Көлде 10 млн м3 су шоғырланған. Химиялық құрамына қарай хлорлы сыныпқа, нарий топқа жатады. Суының құрамында микроэлементтер аз (темір, марганец, мырыш, мыс) суының тұздылық құрамының формуласы
Көлде күміс тәрізді табан балық алабұға мекендейді. Көлді мал суғару мақсатында қолданады.
Талдыкөл. Қазыбек би ауданының солтүстік-батысында орналасқан. Беткі ауданы 2,9 км2 ұзындығы 2,8 ені 1,5 шақырым, жағалау сызығының ұзындығы 7 шақырым. Көл теңіз деңгейінен 466,8 метр биіктікте орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа созылып жатыр. Жағалауы тегіс саздақты болып келеді. Көл жағалай бетеге, боз, жусан өскен. Талдыкөлдің қазаншұңқыры толқын тәрізді болып келеді. Табанына күкірт сутегінің әлсіз иісі бар сұр түсті ылайлы қайраңдар шөккен көлдің 100 гектардай бөлігіне қамыс пен құрақ өскен. Талдыкөл көктемгі еріген қар мен жерасты еспе суларының есебінен қоректенеді. Ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Су жинайтын ауданы 37 км2. Онда млн м3 су жиналған. Суының деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы 0,7 метр тереңдігі 1,5 метр көл суы мөлдір болғандықтан табанына дейін көрінеді.
Суы тұщы қаттылығы қалыпты тотығуы 12,6 мг ог/л кремнидің мөлшері 2,6 мг/л, темір кездеспейеді.
Химиялық құрамына қарай хлорид сыныбына, натри тобына жатады. Тұз құрамының формуласы:
Судың құрамында аз мөлшерде мырыш, пен мыс кездеседі. Талдыкөлде күмісжәне сарғыш түсті табан балық, үйрек, шағала, қаз мекендейді.
Қайыңды көл. Бұрынғы Улянов ауданының солтүстік-шығысында орналасқан. Оның оңтүстігінде Көлді ауылы бар. Ауданы 2 шаршы шақырым, ұзындығы 1,8 ені 1,4 шақырым, жағалау сызығының ұзындығы 4,9 шақырым. Теңіз деңгейінен 663,3 метр биіктікте, Сарытау тауының шоқы аралық ойысында орналасқан. Солтүстік және оң түстік беткейі тік биіктігі 38 метрге жететін келерлі, батыс жағалауы жатық болып келеді. Шығыс жағалауында биіктігі 2 метрге дейін жететін сұр құлтастан мұратын жағалық жол бар. Көл Қазаншұңқыры тостаған тәрізді, табаны тегіс ылайлы тұнба қайраңдар жиналған және қамыс пен қоға өскен. Жағалауында бетегелі – бозды – жусанды өсімдіктер бірлестігі таралған.
Қайыңды көл негізінен еріген қар, жаңбыр және жерасты еспе суларымен қоректенеді. Тереңдігі 1,3 метр түбіне дейін көрінеді және табанына дейін жылынады. Түсі қоңыр-сары. Көл суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Деңгейінің ауытқуының жылдық амплитудасы 0,6 метр. Көлде 1,6 млн м3 су жиналған. Суы әлсіз тұзды қаттылығы қалыпты, әлсіз сілтілі. Онда микроэлементтер мырыштың, мыстың, марганец пен темірдің мөлшері аз. Тұздылығының формуласы:
Көлде күміс және сары түсті табан балық мекендейді. Саяз болуына орай табанына дейін қататындықтан балықтардың қатып қалуы байқалады. Көл суы мал суғаруға қолданылады.
Кендікөл. Қарағанды облысының солтүстік шығысындағы Семіз бұғы ауылының маңында орналасқан. Беткі ауданы 6,56 шаршы шақырым, ұзындығы 4,2 ені 2 жағалау сызығы 15 шақырым. Теңіз деңгейінен биіктігі 671,1 метр. Көл Сарытау, Ақбел, Жамандолба, Қараадыр тауларының аралығындағы ойыста орналасқан. Су жинайтын ауданы 30 шаршы шақырым, қатты тілімделген, 10% жыртылған, бетегелі, бозды, жусанды өімдіктер бірлестігі таралған. Солтүстік және оңтүстік жағалауы жар қабақты болып келеді. Жарлардың биіктігі 3-11 метрге жетеді. Негізінен қызыл түсті қиыршық тасты, саздақты жыныстардан тұрады. Қалған жағалауы саздақты жыныстардан құралған жатық болып келуімен ерекшеленеді. Көл батыстан шығысқа созылып жатыр, пішіні сопақ тереңдігі 7-8 метр, табаны қатты құмды, орталық бөлімінде ылайлы –тұнбалы қайраңдар шөккен. Солтүстік-батыс жағалауында сирек өскен қалыс пен құрақ кездеседі. Көл негізінен еріген қар жаңбыр, жерасты еспе суларымен қоректенеді. Мөлдірлігі 2-2,5 метрге дейін көрінеді. Түсі сарғыш –жасыл. Ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қыркүйекте байқалады.
Химиялық құрамы жағынан хлоридті сыныпқа, натри тобына жатады. Судың құрамындағы микро элементтер мырыш, мыс, марганецтің және темірдің мөлшері шамалы. Тұз құрамының формуласы:
Көлде шортан мен алабұға бар.
Шалқар көлі. Бұрынғы Улянов ауданының солтсүтік-шығысында орналасқан беткі ауданы 3,09 шаршы шақырым, ұзындығы 2,1 ені 1,9 жағалау сызығы 10,5 шақырым. Теңіз деңгейінен 671,2 метр биіктіктегі Сары тау, Ақ бел, Жаман далба, Қара адыр тауларының аралығындағы ойыста орналасқан. Су жинайтын ауданы 33 шаршы шақырым қатты тілімдеген ішінара жыртылған, бетегелі –бозды жусанды өсімдіктер бірлестіктері өскен.
Оңтүстік-батыс оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалаулары жарқабақты кейбір жарлардың биіктігі 6 метрге дейін жетеді. Жағалауы қызыл түсті, ірі түйіршікті құмды, құмды-сазды жыныстардан тұрады. Көл табаны құмды әрі қатты. Шалқар көл еріген қар, жерасты суымен қоректенеді. Тереңдігі 3,5 метр. Мөлдірлігі 1,2 метр суының түсі сарғыш-жасыл табанына дейін қызады. Деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы 0,6 метр.
Көлде 4 млн м3 су жиналған. Суы аздап тұзды өте қатты әлсіз сілтілі. Химиялық құрамына қарай хлоридті сыныптың натрий тобына жатады. Микроэлементтер мырыштың, мысытың, марганецпен темірдің мөлшері шамалы. Тұздың құрамының формуласы:
Көлде шортан мен алабұға мекендейді.
Маржан көл. Бұрынғы Осокаров ауданының Оңтүстік-батысында Балықшы ауылының шығысында теңіз деңгейінен 439,3 метр биіктікте орналасқан. Беткі ауданы 2,87 шаршы шақырым, ұзындығы 2,2 ені 1,5 жағалау сызығы 6,5 шақырым. Су жинайтын алабы 64 шаршы шақырым, басым бөлігі жыртылған. Жер беделі төбелі белесті, топырағы ши, бетеге, боз жусан өскен саздақты.
Жағалауы қызыл түсті саздан тұратын тегіс. Көлді жағалай бетегелі – бозды жусанды өсімдіктер өскен. Табаны тегіс екіден бір бөлігін қамыс пен құрақ алып жатыр. Тұнбаларының түсі қара, құрамында өсімдік қалдықтары бар. Күкірт сутектің күшті иісі байқалады. Тееңдігі 2,2 метр, саяз болғандықтан түбіне дейін көрінеді. Суының деңгейі көктемде көтеріліп қыста төмен түседі. Көл суының деңгейінің ауытқуының жылдық амплитудасы 1 метр. Көлде 2,8 млн текше метр су жиналған. Суы тұщы, қанты әлсіз сілтілі. Химиялық құрамына қарай хлорид сыныбына натрий тобына жатады.
Құрамында микроэлементтер – бор, мырыш, мыс, марганец пен темірдің мөлшері аз. Оттегінің мөлшері 7,48-7,6 мг/л, тотығуы 8,7-11,4 мг ог/л шамасында.
Тұздылығының формуласы:
Плангтон. Жіпше тәрізді балдырлар, вольвонстың, динбориндердің шоғырлары, көкжасыл балдырлар сияқты фитоплангтондар өседі. Зооплангтондардан ұсақ шаяндар, масалардың дернәсілдері мекендейді.
Бентос. Сүліктер, молюскалар мекендейді көл табанында мекендейтін жәндіктердің орташа тығыздығы 368 дана /м2. Олардың биомассасы 11,86 г/м2.
Ихтиофаунасы. Көлде сары және күміс түсті табан балықшар мекендейді. Өсімдіктерден тазалағаннан соң көлден жылына 100ц балық аулауға болады.
Ағашты көл. Бұрынғы Осокаров ауданының оңтүстік шығысында, теңіз деңгейінен 376,6 метр биіктікте орналасқан. Көлдің солтүстік жағалауында ағашты көл ауылы орналасқан. Беткі ауданы 2,75 шаршы шақырым, ұзындығы 2,8, ені 1,4 жағалау сызығы 7,3 шақырым.
Көл шоқы аралық түзілген ойысқа солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Су жинайтын ауданы 96 шаршы шақырым, оның жартысы жыртылған. Жер бедері, төбелі, топырағы бетеге, боз ақ жуан өскен саздақты. Кейбір ойпаңдарында сортаң шөп өседі.
Көлдің жағалауы сары түсті саздан тұратын тегіс. Көл табаны толқын тәрізді табанындағы тұнбаның түсі қара күкірт сутектің иісі бар. Ағашкөл көктемгі еріген қар суымен қоректенеді. Тереңдігі 2,7 метр. Мөлдірлігі 1,5-2 метрге дейін көрінеді. Суы түбіне дейін қызады. Ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Көлде 4 млн текше метр су жиналған. Химиялық құрамы жағынан хлоридті сыныбына натри тобына жатады. Фтор, бром, мырыш, мыс, марганец, темір сияқты микроэлементтердің мөлшері аз. Тұздың құрамының формуласы:
Гидробиологиялық құрамы жағынан Ағашты көл Маржан көлге ұқсас. Көл жағалауындағы қамыстың ауданы 155га. Мұны жылына 500 тоннаға дейін шөл даярлауға болады.
2.2. Қарағанды облысының орталық және шығыс бөлігінің көлдеріне шолу.
Қарасор көлі. Егіндібұлақ ауданының оңтүстік батысында орналасқан Қарағанды облысыныдағы ең ірі көл. Оның беткі ауданы 155 шаршы шақырым, ұзындығы 43,5 ені 7,3 жағалау сызығының ұзындығы 103 шақырым. Тереңдігі 2,5 метр. Көл теңіз деңгейінен 621 метр биіктікте орналасқан. Көлдің пішіні S тәрізді иін. Ол Қарасор ойысының ең терең бөлігінде орналасқан. Шығу тегі жағынан жартылай бөгелмелі тұйық көл болып табылады. Биіктігі 1-2, 7-8 метрге жететін жар қабақты, құмды төбелі, құмды-сазды жартасты болып келуімен ерекшеленеді. Оңтүстік жағалауындағы кейбір жартастардың биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Бағзы заманда көлдің теңіз деңгейінен биіктігі 640 метр болған.
Қарасор ойысындағы Саумалкөл мен Қатынкөл көлдері де сондай биіктікте орналасқанын көрсетеді. Гумитті климатты болған бағзы замандарда Қарасор көлінің ауданы 740 шаршы шақырым, тереңдігі 22-25 метр болған. Оның суымен Нұра өзені қоректенген қарасордың су жинайтын ауданы 8750 шаршы шақырым. Жекелеген бөліктері жыртылған. Су жинайтын алабының басым бөлігінде бетегелі –бозды, жусанды қарағанды өсімдіктер бірлестіктері алып жатыр. Көл еріген қар және өзен суының есебінен қоректенеді. Оған уақытша ағынды 14 бұлақпен өзен келіп құяды.
Шығысында көлге Қарасу (55 шақырым) мен Талды өзендері (159 шақырым) келіп құяды. Талды көлге келіп құятын ең ірі өзен болып саналғанымен құрғақшылық жылдары көлге жетпей кеуіп қалады. Көлдің шығыс бөлігі саяз батыс бөлігі терең. Тереңдігі 2,5-2,3 метр. Деңгейінің жылдық ауытқуы 0,5 метр. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Қарасор көлінде 126,4 млн текте метр су шоғырланған.
Басқа көлдерден айырмашылығы минералдану деңгейі жоғары. Минералдануының жылдық ауытқуы 40-75 г/кг аралығында ауытқиды. Өте қатты әлсіз сілтілі. Мөлдірлігі 1,5-1,8 метр, түсі жасыл. Құрғақшылық жылдары таяз шығыс бөлігінің минералдануы жоғары болады. Онда иод, фтор, бром, бор сияқты микроэлементтердің мөлшері жоғары, мыс, мырыш, марганецтің мөлшері аз. Суы химиялық құрамына қарай хлорид сыныбына, натри тобына жатады. Көлдің орталық бөлігінің мұздық құрамының формуласы.
Көлдің табаны шығысынан батысына қарай көлбеу. Шығысы мен батысының екі арал бар. Көл табаны қалың тұнбалармен толған. Бетіндегі күкірт сутекті қара тұнбаның қалыңдығы 10-15, кей жері 25-30 сантиметр. Қара тұнбаның астында сұр түсті күкірт сутекті тұнба шөккен. Тереңде она қара қалыңдығы сұр түсті 70 сантиметрге жететін серпілмелі тұнба алмастырады. Тұнбалардың ең қалыңы көлдің шығысындағы Барақ пен Еесенаман өзендерінің аралығында, сонымен қатар солтүстік жағалауында шоғырланған.
Емдік минералды саздың қатарына қара және сұр күкіртті тұнбаларды жатқызуға болады. Шөгінді тұнбалардың граноментриялық құрамы әркелкі тұнбалардың 70% ұсақ түйіршікті сазды шөгінділер құрайды. Тұнбадағы күкірт сутектің мөлшері 2 г/кг емдік сазды тұнбалардың жалпы қоры 1,3 млн тонна. Оны жүйке жүйесі, бүйрек, асқазан ауруларына ем ретінде қолдануға болады.
Саумал көл. Қарқаршы ауданының солтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 532,2 метр биіктікте орналасқан. Оның беткі ауданы 13,2 шаршы шақырым, ұзындығы 5,2 ені 4, жағалау сызығы 16 шақырым. Көл Қарасор ойысының батыс бөлігіндегі Қарағанды тауында орналасқан. Солтүстік –батыс жағалауы тегіс, жағалауында биіктігі 3, ені 15-20 метрге жететін жал бар. Солтүстік жағалауы негізінен сұр түсті құмнан құралған жар қабақты болып келеді. Құмның құрамында ақ гранидтің түйіршіктері бар. Мұнда да биіктігі 1-2 ені 7-15 метрге жететін жал бар.
Оңтүстік және Оңтүстік – батыс жағалауы тегіс. Ондағы сұр қиыршық тастан тұратын жал бар. Көл жағалауындағы жалдарда шы, сүттіген, рауғаш, сортаңшөп өседі. Су жинайтын ауданы 307 шаршы шақырым, құмды-сазды топырақтарда бетегелі –бозды жусанды өсімдіктер бірлестіктері таралған.
Көл негізінен еріген қар және жерасты еспе суларының есебінен қоректенеді. Солтүстік шығысында көлге екі шағын бұлақ келіп құяды. Саумалкөлде 13млн текше метр су шоғырланған. Тереңдігі 1,75 метр. Мөлдірлігі 1 метр, түсі сары, суы табанына дейін қызады. Ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Көл табанына шөккен тұнбаның түсі қара, күкірт сутектің иісі бар. Суының деңгейінің жылдық ауытқуы 1 метр.
Көл суы тұзды, өте қатты, әлсіз сілтілі. Химиялық құрамына қарай хлорид сыныбына, натри тобына жатады. Құрамында мырыш, марганец пен темірдің мөлшері шамалы. Тұз құрамының формуласы:
Бағзы заманда Қарасор көлінің суы саумал көл арқылы Нұраға қосалып жатқан.
Қатын көл. Қарқаралы ауданының солтүстік-батысында теңіз деңгейінен 628,2 метр биіктікте орналасқан. Беткі ауданы 9,5 шаршы шақырым, ұзындығы 5,5 ені 2,3 жағалау сызығы 16,3 шақырым. Қарасор ойысының Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан ағынсыз тұйық көл болып табылады. Оңтүстік-батыстан солтүстік шығыс бағытқа созылып жатыр. Қазаншұңқыры онша терең емес. Жағалауы тік биіктігі 2-5 метрге жететін жар қабақты, келерлі болып келеді. Қарағанды облысындағы ең ірі Қарасор көліне жақын орналасқан. Су жинайтын ауданы 364 шаршы шақырым. Жер бедері қатты тілімделген. Саздықты топырақта бетегелі жусанды, бозды өсімдіктер бірлестіктері таралған. Көл табанына шөккен тұнбалардың түсі сұр, ұсақ түйіршікті құм араласқан. Табаны тегіс. Қатынкөлдің суы еріген қар мен жерасты еспе суларының есебінен қоректенеді. Солтүстік-шығысында жазда кеуіп қалатын бірнеше бұлақ, оңтүстігінен Қарқаралы тауының солтүстік беткейінен басталатын жарым өзені келіп құяды.
Көлдің тереңдігі 3,2 метр. Мөлдірлігі 1 метрге дейін көрінеді. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Химиялық құрамы жағынан хлоридті сыныпқа натри тобына жатады. Тұздың құрамының формуласы:
Балықтыкөл. Егіндібұлақ ауданының оңтүстігінде қоянды ауылының оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 645,8 метр биіктікте орналасқан. Беткі ауданы 26,5 шаршы шақырым, ұзындығы 6,8 ені, жағалау сызығы 25,5 шақырым.
Көл Қарасор ойысының шығыс беткейінде орналасқан. Су жинайтын ауданы 540 шаршы шақырым, біраз бөлігі жыртылған. Топырағы саздаңты. Көлдің солтүстік-батыс және шығыс жағалауы тегіс, қалған бөлігі тік, басым бөлігі жылданбаған. Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауында сұр құмтастан тұратын тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр Оңтүстік шығысында ұзындығы 2,5 ені 0,7 шақырымға жететін түбек көлге терең еніп жатыр. Көл жағалауында бетеге, боз жұсан мен қараған өседі. Көл Қазаншұңқырымның пішіні күрделі, табаны толқын тәрізді, құмды-тұнбалы болып келеді. Батыс жағалауында қамыс пен қоға өседі. Көлдің ішінде спирогира балдырының шоғыры да кездеседі. Көл жағалауы тегіс, тең оңтүстік жағалауы ғана биік. Жарқабақты болып келеді. Қызыл түсті құмдысазды жыныстардан тұрады. Солтүстік жағалауында тау жыныстары жер бетке шығып жатыр.
Көлдің табаны тегіс, қара түсті тұнбалар шөккен. Көл айдынында қалың қамыс пен құрақ өседі. Қамыстың ауданы 50 гектар.
Көл суы көктемгі еріген қар жерасты еспе суларының есебінен қоректенеді. Су тасу кезінде көлге Суықсу өзенінің суы келіп құяды. Тереңдігі 3,6 метр, табанына дейін қызады, әрі толық көрінеді. Суының ең жоғарғы сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Көл деңгейінің ауытқуының жылдық амплитудасы 0,9 метр. Көлде 2 млн темпеметр су шоғырланған.
Көл суы тұщы, қаттылығы қалыпты, әлсіз сілтілі. Химиялық құрамына қарай гидрокорбанаттылар сыныбына, натрий тобына жатады.
Құрамында тор сияқты микро элементті жоғары, мыс пен мырыштың мөлшері төмен. Тұздылық құрамының формуласы:
Көлде күміс түстес табан балық мекендейді. Шайтан көл Қарқаралы тауында 824,7 метр биіктікте орналасқан. Беткі ауданы 2,23 шаршы шақырым ұзындығы 2,3 ені 1,5 жағалау сызығы 6,3 шақырым.
Көл Қарқаралы тауындағы пішіні сопақ ойыста пайда болған. Су жинайтын ауданы 24 шаршы шақырым. Қылқан жапырақты орман өскен таулы болып келеді. Теңіз деңгейінен ең биік жері 1113 метр. Көл жағалауы тегіс. Сары түсті құмтастардың қорындарынан тұрады. Оңтүстік жағалауы таулы көлден жарты шақырым қашықтықта оның салыстырмалы биіктігі 155 метрге жетеді. Мұндағы Қарағайлы орман алқаптарында туристік базалар орналасқан.
Көл Қазаншұңқыры төңкерілген пирамида тәрізді. Жағалауының табаны қатты қиыршық тасты құмды. Орталық бөлігі тұнбалы шығыс жағалауын бойлай қамыс пен қоға өскен.
Көл еріген қар және жер асты еспе суларының есебінен қоректенеді. Тереңдігі 4,6 метр мөлдірлігі 1,2 метрге дейін көрінеді. Жазда көл табанының суының температурасы бетіне қарағанда екі есе төмен. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі тамызда байқалады. Деңгейінің жылдық ауытқуы 1 метрге жетеді. Көлде 6 млн текше метр су шоғырланған. Көктемде қар ерігенде көлден Қараөзен өзені ағып шығады. Суы тұздылау қаттылығы қалыпты, әлсіз сілтілі. Химиялық құрамы жағынан гидро карбонатты сыныбына, натрий тобына жатады. Суының құрамында мырыш, мыс, марганец, темір сияқты микроэлементтердің мөлшері аз болғанымен фтор көп. Ол ішуге қажетті мөлшерден он есе артық. Тұздың құрамының формуласы:
планктон. Көлде пирифит, тип тәрізді және көкжасыл балдырлар көп. Зооплангтоннан ұсақ шаяндар мен ветвистоустар кездеседі. Олардың орташа мөлшері 10 дана/л.
Бентос. Көл табанында сүлік, инеліктің дернәсілдері, хирономиндалар, құрттар мекендейді. Олардың мөлшері 2905 дана/м2, биомассасы 46,59 г/м2.
Ихтиофаунасы. Көлде сары және күміс түстес табан балықтар бар. Қарқаралы қаласына жақындығы, маңайын қоршаған таулардың көріктілігі, жеміс жидек пен саңырау құлақтың көптігі көлді демалыс орыны ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қорғанкөл. Бұрынғы Улянов ауданының солтүстігіндегі шоқы аралық ойыста теңіз деңгейінен 570,6 метр биіктікте орнасласқан беткі ауданы 2,9 км2 ұзындығы 2,9 шаршы шақырым. Ұзындығы 2,3 ені 1,8 жағалау сызығы 6,8 шақырым су жинайтын ауданы 69 шаршы шақырым. Көлдің жағалауы тегіс әрі ашық ши, алабота, жусан, өскен саздақты болып келеді. Ойпайдарда сортаң шөптің шоғыры кездеседі. Көл табаны қатты, тегіс, жағалауын бойлай қамыс, қоға, құрақ өседі. Оның ауданы 5га, биіктігі 2 метр. Қорғанкөл көктемгі еріген қар, жерасты еспе суларының есебінен қоректенеді. Тереңдігі 3 метр. Ең жоғарғы деңгейці сәуірде ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Деңгейінің ауытқуының жылдық ауытқуы 0,7 метр. Көлде 5 млн текше метр су жиналған. Суы тұздылау, қатты әлсіз сілтілі. Химиялық құрамы жағынан хлорид сыныбына натрий тобына жатады.
Марганец, мыс, мырыш, темір сияқты микроэлементтердің мөлшері аз. Тұздық құрамының формуласы:
Планктондары. Көлге сарғыш-жасыл түс беретін қаратиум, асфанизомекон, балдырына бай.
Зоопланктондардан ескек аяқты ұсақ шаяндар, циклоп пен диантомустар, триартра, аспаланхна кездеседі. Зоопланктондардың саны 46 дана /л. Бентосы бір текті. Негізінен бауыраяқты молюскалар, хирономидтің дернәсілдері таралған орташа саны 1947 дана/л, биомассасы 42 г/м2.
Ихтиофаунасы. Көлде күміс түстес табан балық пен алабұға мекендейді. Көлден жылына 150-200ц балық ауланады.
Құмкөл. Нұра ауданының орталық бөлігінде 400,5 метр биіктікте орналасқан Қарағанды облысының орталығындағы ең ірі көл болып абылады. Оның беткі ауданы 9,1 шаршы шақырым. Ұзындығы 4,9, ені 2,5 жағалау сызығы 2,3 шақырым. Көл жағалауы ашық тегіс, сарғыш қоңыр түсті сазадақты жыныстардан тұрады. Шығыс жағалауы биік, құрамында гипс бар қыз түсті саздан тұрады. Жағалауында бетегелі-жусанды өсімдіктер, өскен көл айдынының басым бөлігінде қамыс мен құрақ алып жатыр. Көлдің орталық бөлігінде 1,5 шаршы шақырым аумақ. Жағалауында қара түстіұсақ түйіршікті құмбармен араласқан сазды тұнбалар басып жатыр. 60 гектарға жететін қамыстың биіктігі 2,5 метрге жетеді. Жылына 3000 тоннаға дейін шөп даярлауға болады.
Құм көл. Көктемгі еріген қар, жаңбыр, жерасты еспе суларымен қоректенеді. Су жинайтын ауданы 107 шаршы шақырым. Ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Тереңдігі 3 метр. Мөлдірлігі 0,8 метр. Суының деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы 0,6 метр. Көлде 15 млн текше метр су шоғырланған. Суы тұщы, қаттылығы қалыпты. Әлсіз сілтілі. Химиялық құрамына қарап гидрокорбанаттылар сыныбына, натрий тобына жатады. Мырыш, мыс, марганец, темір сияқты микроэлементтер аз. Тұздың құрамының формуласы:
Көлде сары түсті табан балық, ондатра, қабан мекендейді. Жылына 70ц дейін балық ауланады. 1965 жылдан бастап көлге Карп балығы жіберілген.
Сарыала көл. Нұра ауданының шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 434,6 метр биіктікте орналасқан солтүстіктен оңтүстік не бағытталып созылып жатыр. Ауданы 2 шаршы шақырым. Ұзындығы 2,5 ені 1,9 жағалау сызығының ұзындығы 7 шақырым. Жағалауы тегіс, ашық сұр түсті саздақтан құралған. Жағалауында бетеге мен жусан өскен. Ойпаңдарда сортаңшөп кездеседі. Көл айдынының 80% қамыс, құрақ, қоға алып жатыр. Биіктігі 2,5 метр, ауданы 200 гектардан астам. Көлтабанына қалың батпақты –сазды тұнбалар шөккен.
Көл көктемгі еріген қар, жаңбыр жерасты еспе суларының есебінен қоректенеді. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Тереңдігі 2,6 метр. Деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы 1 метр. Суының түсі сарғыш-жасыл көл ағынсыз тұйық. Онда 3 млн текшеметр су шоғырланған. Суы тұщы, қаттылығы қалыпты, әлсіз сілтілі, химиялық құрамына қарай гидрокарбонат сыныбына натрий тобына жатады. Мырыш, мыс, марганец, темір сияқты микроэлементтердің мөлшері аз, оттегі 4,12 мг/л. Тұздың құрамының формуласы:
Планктондары. Диатомды басқа да балдырларға бай. Зоопланктондары ескек аяқты және втвистоус шаяндарынан тұрады.
Бентостары. Көлде молюска, сүлік, үкеліктің дернәсілдерінен, бұлақ жамбас-құрттары мекендейді.
Ихтиофаунасы. Көлде сары және күміс түстес табан балықтар мекендейді көлді тазартқан жағдайда жылына 80ц дейін балық аулауға, 1000 тонна шөп дайындауға болады.
2.3 Орталық Қазақстанның батыс бөлігінің көлдеріне шолу
Қоскөл. Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тауаралық ойыста теңіз деңгейінен 444 метр биікте орналасқан. Оның оңтүстік-шығыс жағалауында өзі аттас ауыл бар. Көлдің беткі ауданы 5 шаршы шақырым. Ұзындығы 2,8 ені 2,2 жағалау сызығы 8 шақырым. Көл Қазаншұңқыры тостаған тәрізді, табаны қатты, әрі тегіс, құмды-тұнбалы болып келеді.
Жағалауы саздақты жыныстардан тұрады. Оңтүстік шығыс жағалауы биіктігі 3 метрге дейін жететін жар қабақты, қалған бөлігі тегіс болып келеді. Су жинайтын ауданы 56 шаршы шақырым. Қатты тілімделген. 10% жуығы жыртылған. Қалған бөлігін қараған, тал бетегелі –бозды өсімдіктер бірлестіктері жауып жатыр. Тереңдігі 2,3 метр. Мөлдірлігі 1,2 метр. Түсі сарғыш-жасыл. Суы табанына дейін қызады. Жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қыркүйектің соңы ме қазанның басында байқалады. Көлде 6 млн текшеметр су шоғырланған. Көктемгі еріген қар, жаңбыр, жерасты еспе суларымен қоректенеді. Суы тұщы қаттылығы қалыпты, бейтарап, гидрокарбонат сыныбына натрий тобына жатады. Мыс, мырыш, темір, марганец сияқты микроэлементтер аз. Оттегімен қанығуы 4,98 г/л бос көмір қышқылы 3,5 г/л тотығуы 39,1 мг ог/л.
Судың тұздық құрамының формуласы:
Планктондары. Көлде суға қоңыр-сары түс беретін пирофитті балдырлар-цератиум кең таралған. Планктондардың саны 1 литр суда 341 ағза. Зоопланктондардың орташа саны 68 дана 1л.
Бентос. Көл табанында сүліктері, молюскалар, әртүрлі бунақ денелер басым. Олардың биомассасы 1,56 г/м2.
Ихтиофаунасы, Көлде сарытүсті табан балық мекендейді. Жылына 80-100ц дейін балық ауланады.
Көл табанында қамыс, құрақ, қоға және қарақұмық өскен. Қамыс пен құрақтың ауданы 350 гектар, биіктігі 1,5 метр. Жылына 1000 тонна шөп даярлауға болады. Қазіргі кезде тек жағалаудың құрақтары ғана шабылады. Көл жағалауында жазда су құстары ұя салады. Көл суының деңгейін көтеріп, еріген қар суын ұстап қалу үшін солтүстік жағалауына бөгет салу қажет.
Барақ көл. Жақсы арқанаты тауының шығыс беткейіндегі теңіз деңгейінен 590 метр биіктіктегі онша терең емес ойыста орналасқан. Беткі ауданы 12,5 шаршы шақырым. Ұзындығы 4,3 ені 3,5 жағалау сызығы 12,5 шақырым. Көлдің пішіні шеңбер тәрізді. Солтүстік жағалауы жатық, ашық әрі құрғақ. Қалған жағалауы бекімеген, биіктігі 1 метрге жететін жарқабақты. Оңтүстік жағалауындағы тік беткейлі кемерде көл деңгейінен 15 метр биіктікте-қызыл түсті саз қабаты бар. Көлдің тереңдігі шетінен ортасына қарай біртіндеп артады. Тереңдігі 2 метр. Табаны жағалауында құмды қамыс-қоға өскен бөліктерінде құмды-сазды тұнбалы болып келеді. Батыс жағалауында шығыны 100 л/с жететін тұщы бұлақ бар. Су жинайтын ауданы 82 шаршы шақырым. Жер бедері қатты тілімделген. Бетегелі-бозды, жусанды өсімдіктер жауып жатыр. Жазда жылғалары мен сайларында шөп даярланады, мал жайылымы ретінде қолданылады.
Барақ көл негізінен еріген қар, жаңбыр, жерасты еспе суларының есебінен қоректеніп толығады. Тереңдігі 2,9 метр. Суының деңгейінің ауытқуының жылдық амплитудасы 0,5 метр мөлдірлігі 1 метр. Көл суының көлемі 20 млн текше метр. Суы аздап тұзды. Қатты, әлсіз, сілтілі. Химиялық құрамы жағынан хлорид сыныбына натрий тобына жатады. Микроэлементтер-мырыштың, мыс пен марганецтің мөлшері аз, оттегінің мөлшері шамалы (4,18 г/л) тотығуы 10,5 мг ог/л тұздық құрамының формуласы:
Көл мал суғару мақсатында қолданылады.
Планктондары. Көлде диатомус, балдырлары басым. 300 планктондардан кладоцер шаянының үш түрі, коперодтың, коловратоктың екі түрі кездеседі.
Бентос. Көл бентосқа бай, жамбас-құрттар, молюскалар сүліктер мекендейді. Бентостың биологиялық өнімділігі көп бөлігінде 1,6 г/м2.
Көп қазаншұңқырының жағалауының ені 35-100 метрге жететін бөлігінде қамыс пен құрақ өскен оның ауданы 60 гектар, биіктігі 2 метр. Жылына 180 тоннаға жуық құрақ шөбін даярлауға болады.
Көлде үйрек, қаз, қасқалдақ басқада су құстары мекендейді.
Ащыкөл. Коскөлдің оңтүстік-шығысындағы теңіз деңгейінен 595 метр биіктіктегі жақсы арқанаты мен зортүлкі сасық бастау тауларының аралығындағы ойыста орналасқан. Ол Қарағанды облысының батысындағы ең ірі көл болып табылады. Беткі ауданы 16 шаршы шақырым. Ұзындығы 6,2 ені 4 жағалау сызығы 19,6 шақырым.
Көл солтүстіктен оңтүстікке бағытталып, созылып жатыр, пішіні слпақ-трапеция тәрізді. Жағалауы ашық, сарғыш саздақтан тұрады. Оңтүстік және шығыс жағалауы биіктігі 2-2,5 метрге жететін жарқабақта кеперлі болып келеді. Солтүстік және батыс жағалауы тегіс. Шығыс жағалауының кейбір жерлерінде жер бетіне гипс шығып жатыр. Батыс жағалауындағы құлзан қорылының маңында шығыны 500 л/сағатқа жететін болақ бар. Көл қазаншұңқыры таяз. Онда онға тарта шағын аралдар бар.
Шетінен ортасына қарай біртіндеп тереңдейді. Тереңдігі 1ғ4 метр табанындағы қалың тұнбаның беті сары қалған қабаттары көгілдір түсті.
Су динайтын ауданы 117 шаршы шақырым. Жер бедері тілімделген бетегелі-бозды және жусанды өсімдіктер білкестіктері таралған. Мал жайылымы ретінде қолданылады. Негізінен еріген қар, жерасты еспе суларымен қоректенеді. Суы табанына дейін көрінеді, түсі сарғыш-жасыл. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қыркүйектің соңында байқалады. Суының деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы 0,5 метр. Суы аздап тұзды, қатты әлсіз сілтілі. Химиялық құрамы жағынан Ащыкөлде 12 млн текше метрге тарта су бар.
Бүршіктікөл. Жезқазған ауданына қарасты бұрынғы қызыл кммуна солтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 596 метр биіктікте орналасқан. Оның ауданы 5,9 шаршы шақырым. Ұзындығы 4, ені 1,8 жағалау сызығы 9,3 шақырым.
Көл шоқыаралық ойыста түзілген жағалауы тегіс ашық жусанды-бозды өсімдіктер өскен саздақты болып келеді. Көл қазаншұңқыры қалың тұнбалар шөккен саз. Тұнбаның түсі қара күкірттің иісі бар. Көлдің басым бөлігінде қамыс пен құрақ өскен оның ауданы 400 гектар. Жылына 1000 тонна жамасында шөп айындалады.
Көл көктемгі еріген қар, ішінара жерасты еспе суларымен қоректенеді. Су жинайтын ауданы 76 шаршы шақырым. ОРташа тереңдігі 0,6 метр деңгейінің ауытқуының жылдық амплитудасы 0ғ7 метр. Мөлдірлігі түбіне дейін көрінеді. Суы тұщы, жұмсақ әлсіз, сілтілі, тотығуы 12,6 мг 0г/л химиялық құрамына қарай гидрокарбонатты сыныпқа, натрий тобына жатады. Суының құрамында микроэлементтер-темірдің, мыстың, мырышпен марганецтің мөлшері аз тотығуы 12,6 мг 0г/л құрамында 7,8 мг/л кремний 0,01-1,0 мг/л нитрат бар.
Тұз құрамының формуласы:
Көлде үйрек, қаз, қасқалдақ көп. Муы мал суғару мақсатында қолданылады.
Қабыршақты көлі. Жезқазған ауданындағы Қызылжар теміржол бекетінің солтүстік-батысында теңіз деңгейінен 353 метр биіктікте орналасқан. Беткі ауданы 5,8 шаршы шақырым, ұзындығы 4 ені 2 жағалау сызығы 14,3 шақырым. Жағалауы ашық сазды, сортаң шөп, қоға, құрақ қоңырбас өскен. Олардың ауданы 30 гектар шамасында.
Көлге ұзындығы 105 шақырымға жететін құрғақшылық жылдары кеуіп қалатын сарыөзен келіп құяды. Қабыршақтың табаны тегіс, қатты тереңдігі 1,3 метр. Су жинайтын ауданы 916 шаршы шақырым, жер бедері төбелі сирек бетегелі. Бозды, жусанды өсімдіктер бірлестігі таралған.
Көп Сарыөзеннің суымен қоректенеді. Ол әсіресе көктемгі су тасу кезінде мол су әкеліп деңгейін көтереді.
Негізінен еріген қар суымен қосымша қоректенеді. Суының ең жоғарғы деңгейі сәуірде ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Көл суының деңгейінің жылдық ауытқуы 0,7 метр. Құрғақшылық жылдары деңгейі күрт төмендейді.
Мырыш, мыс, марганец сияқты микроэлементтер аз болғанымен фтордың мөлшері жоғары. Химиялық құрамы жағынан хлорид сыныбына, натри тобына жатады. Тұздың құрамының формуласы:
Көктем мен жаз кезінде мал суару мақсатында қолданылады. Көлде балық жоқ. Онда үйрек шағала басқада су құстары мекендейді.
Көктемкөл. Шет ауданының оңтүстік батысында теңіз деңгейінен 540,5 метр биіктіктегі Шоқы аралық ойыста орналасқан. Беткі ауданы 13,2 шаршы шақырым, ұзындығы 4,4 ені 3,7 жағалау сызығы 16,2 шақырым. Батыс жағалауы құмды сазды жыныстардан тұратын биіктігі 2 метрге жететін жар қабақты келерлі болып келеді. Солтүстік, Солтүстік шығыс жағалауында саздан үйілген бөгет бар. Көл қазаншұңқырының табаны тегіс. Жағалауын бойлай құрақ, қамыс өскен орталық бөлігінің табаны күкірт сутектің иісі бар құмды тұнбасы болып келеді.
Оңтүстік жағалауында сортаңшөп өскен. Солтүстік және шығыс жағалауы су басатын шалғындар мен егістеріне ұласады. Көлдің деңгейі толығымен көктемде 2548 шаршы шақырым аумақтан еріген қар суын жинайтын жақсы Сарысу өзенінің ағынына тәуелді.
Көлдің тереңдігі 2,5 метр мөлдірлігі 18 метр, түсі сарғыш-жасыл. Түбіне дейін қызады. Көл суының ең жоғарғы деңгейі сәуірдің соңында мамырдың басында ең төменгі деңгейі ақпанда байқалады. Деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы 1,5 метр.
Көктенкөлде 13 млн текше метр су шоғырланған. Көктемгі су тасу кезінде жақсы сарысу толығымен дерлік жайылымдарды, егістіктерді суғаруға жұмсалатындықтан аздаған бөлігі ғана көлге келіп құяды.
Көктемкөлдің суы аздап тұзды химиялық құрамы жағынан хлорид сыныбына, натрий тобына жатады. Құрамында мырыштың, мыс пен марганецтің мөлшері аз болғанымен фтор көп.
Тұздың құрамының формуласы:
Планктондары. Зоопланктондардан ескекаяқты шаяндар, коловраткалар тіршілік етеді. Олардың саны 135 дана/л. Бентосы жағалауында жақын жатқан көл суында хирономидтерден басқа ұсақ молюскалар кездеседі. Олардың биомассасы 0,7-33 г/м2.
Ихтиофаунасы: Көлде күміс түсті табан балық, алабұға, шортан тағыда басқа балықтар мекендейді. Оларды қыста аздап аулайды. Мұз түбіне дейін қатқанда балықтардың қатуы да байқалады. Көктем мен жазда көптеген суда жүзетін құстар ұя салады.
2.4. Орталық Қазақстанның су қоймалары
Орталық Қазақстанның өндіріс орынына қажетті тұщы су мәселелерін шешуде жасанды су қоймалары ерекше орын алады. Орталық Қазақстанның аумағында жалпы ауданы 275,5 шаршы шақырым аумақты алып жатқан 11 су қоймасы бар ондағы судың жалпы көлемі 1,24 текше шақырым.
6-кесте
Орталық Қазақстандағы ірі су қоймалары
Су қоймаларының аты
|
Салынған өзені |
Беткі ауданы км2 есебімен |
Ұзындығы км есебімен |
Ені км есебімен |
Тереңдігі метр есебімен |
Көлемі текше шақырым (км3) есебімен |
Салынған жылы |
Кеңгір |
|
|
|
|
|
|
|
Жезқазған |
|
|
|
|
|
|
|
Жартас |
|
|
|
|
|
|
|
Қылыш |
|
|
|
|
|
|
|
Самарқан |
|
|
|
|
|
|
|
Жастар |
|
|
|
|
|
|
|
Шерубай-Нұра (топар) |
|
|
|
|
|
|
|
Ботақара |
|
|
|
|
|
|
|
Тұзды |
|
|
|
|
|
|
|
Есіл |
|
|
|
|
|
|
|
Еңбекші |
|
|
|
|
|
|
|
Орталық Қазақстандағы су қоймаларының минералдануы 0,13 тен 1,7 г/кг аралығында ауытқиды. Ондағы су негізінен жұмсақ, қаттылығы қалыпты әлсіз сілтілі немесе бейтарап. Олардың басым өлігі гидрокорбанаттығы (89%) сульфадты (7%) хлоридті (4%).
Аймақтағы су қоймаларының суын тек өндірістік-тұрмыстық мақсатқа ғана емес, балық өсіру, туристік-рекреациялық мақсатқа қолданылатындықтан экономикалық тиімділігі жоғары.
Су қоймаларында балық өсіру үшін олардың деңгейін тұрақтандыру, табиғи жолмен уылдырық шашуын реттеу, жыл сайын уылдырық салатын балықтарды қабылдау, су қоймаларын ластанудан сақтау, балық өсіретін арнайы шаруашылықтар құру шараларын жүзеге асыру қажет.
7 кесте
Орталық Қазақстандағы су қоймаларының суының химиялық құрамы мг/л есебімен
Су қоймалары
|
РН |
Йод |
Фтор |
Бром |
мырыш |
Мыс |
Марганец |
Қорғасын |
Молибден |
Кобальт |
Никель |
Темір |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1934 жылы басталып, Самарқанд су қоймасы 1938 жылы құрылысы аяқталған су қоймасы қарағанды облысындағы Самарқанд ауылының маңында Нұра өзенінің аңғарында салынған жасанды су қоймасы Қарағанды қаласының Солтүстік батысында орналасқан. Қойманы суға толтыру 1939 жылы басталып, 1941 жылы қазан шұңқыры қайта өңделген соң 1941 жылы пайдалануға берілді. Су қоймасы ауылдың құрметіне Самарқанд аталды. Нұра, үлкен Қарағанды, Теміртау су қоймасы деп те аталады. 1935-1938 жылдар аралығында су қоймасының базасында Қарағанды СЭС салынды. Қарағанды мен Теміртауды байланыстыратын теміржол тармағы салынған. Су қоймасы Теміртаудағы Қарағанды металлургия комбинаты, басқада өндіріс орындарын сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Ол шығыстан батысқа 15 шақырымға созылып жатыр ең енді жері 7 шақырым, орташа тереңдігі 3,25, ең терең жері –12 метр, беткі ауданы 82 шаршы шақырым суының жалпы көлемі 267 млн текше метр.
Су алты метір қақпа арқылы ағызылады. Жалпы су өткізгіштігі 1200 м3/с. Аталған су қоймасы Нұра өзенінің жайылмасында орналасқан облыстағы ең ірі су қоймасы болып табылады. Табаны қалың сазды саздақты, құмды-малтатасты жыныстардан тұрады. Шығыстан батысқа еңіс. Су қоймасының солтүстік жағалауы тегіс, жағалай ені 200-300 метрге жететін орман алқаптары егілген. Солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік батыс жағалауы тік. Теміртау қаласының тұрғын үй және өндірістік ғимараттары салынған. Оңтүстік-шығыс және шығыс жағалаулары тегіс, тілімделіп батпақтанған. Самарқанд су қоймасы Нұра өзенінің суымен атмосфералық жауын-шашынның Ертіс-Қарағанды каналының есебінен толығады. Нұра өзенінің жылдық ағынының 90% көктемде ағып өтетіндіктен гидрологиялық режимі өзгергіштігімен және жыл ішінде әркелкі таралуымен ерекшеленеді. Теміртау қаласының маңындағы орташа шығыны 6,5 м3/с. Жылдық ағынының көлемі 200 млн текше метр. Су қоймасының бетінде 260 мм жауын-шашын түседі.
Самарқандтың деңгейі Нұраның ағысының көлеміне, шаруашылықтың және техникалық қажеттілікке жұмсалуына және айдынынан буланатын судың мөлшеріне (736мм) тығыз байланысты. Деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы 2 метр. Мөлшерлігі 1,5 метр, түсі сарғыш-жасыл. Минералдануы 0,71 г/кг суға тең.
Химиялық құрамы жағынан хлорид сыныбына натри тобына жатады. Қаттылығы қалыпты, әлсіз сілтілі. Нитраттың мөлшері 0,01 мг/л фосфаттар 0,01-0,02 мг/л шамасында. Суда 6,7-6,11 мг/л мөлшерінде оттегі бар. Тотығуы 8,5-9,0 мг 0г/л. Темір, марганец, мырыш сияқты микроэлементтердің мөлшері аз. Тұздың құрамының формуласы:
Планктондары. Фитоплнактондардан көк-жасыл және диатомды балдырлар бар. 200 планктондардан ескекаяқты шаяндар, коловраткалар және ветвистоусты шаяндар мекендейді.
Бентосы алуан түрлі –мұнда меноскалар, хирономидтің дернәсілдері, бұлақ жамбас құрттар, қоңыздар тіршілік етеді.
Ихтиофаунасы. Самарқан су қоймасында балықтың 13 түрі мекендейді. Олар кәлім, алабұға, табанбалық тағыда басқалар.
Шерубай Нұра су қоймасы. Топар кентінің маңында Шерубай Нұра өзенінде Қарағанды өнеркәсіпті ауданын сумен қамтамасыз ету және жер суғару мақсатында 1960 жылы салынған. Оның ауданы 38,8 шаршы шақырым көлемі 274 млн текше метр. Ол оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа 11 шақырымға созылып жатыр. Ені 4,2 шақырым орташа тереңдігі 7, ең терең жері 24 метр. Жылына 60 млн текше метр су жібереді. Жағалауы тегіс. Оңтүстік-батысында солтүстік жағалауын бойлай орман алқабы созылып жатыр.
Аталған су қоймасы Шерубай Нұра өзенінің және ауынына жауған атмосфералық жауын-шашынның есебінен толады. Деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы бірнеше метр. Көктемде су қоймасына көп мөлшерде еріген қар суы жиналады. Мөлдірлігі 1,5 метр. Түсі көгілдір жасыл, су құрамындағы оттектің мөлшері 7,97-9,92 мг/л оттегі бар. Суы тұщы. Химиялық құрамы жағынан гидрокарбонатты сыныпқа натри тобына жатады. Құрамында мырыш, мыс, марганец, микроэлементтер бар.
Суының тұздық құрамының формуласы:
Планктондары. Су қоймасында диатомды және көк-жасыл балдыр, спирогира вольвонс, цитоптар, диаптомустар, ратгулустар кездеседі.
Бентостары. Молюскалар инеліктердің дернәсілдері, құрттар кездеседі.
Ихтиофаунасы. Нәлім, алабұға, табанбалық, шортан мекендейді.
Кеңгір су қоймасы. Жезқазған қаласында Кеңгір өзенінде орналасқан. Ол қала мен мыс өнеркәсібін сумен қамтамасыз ететін маңызы зор.
Кеңгір су қоймасының құрылысы 1942 жылы басталып, 1952 жылы пайдалануға берілді. Ұлы Отан соғысы жылдары құрылысы тоқталып, 1946 жылы қайта басталды. Жезқазған өнеркәсіпті ауданында суға деген сұраныстың артуына байланысты 1961-1965 жылдары қайта жөндеуден өткізіліп беткі ауданы 37,5 шаршы шақырым, суының көлемі 319 млн текше метрге жеткізілді.
Бөгеннің іргесі ұсақ түйіршікті саздақты және алювиальды жолмен түзілген сазды жыныстардан тұрады. Сазды жыныстарды шайылудан қорғау үшін қалыңдыңы 1,5 метрге жететін малта тасты құм төселген судың жерастына сіңуін су қоймасының темір қақпақтары 2500 м3 су өткізе алады. Өндіріс орындарына су жіберу үшін табанынан диаметрі 2,3 метрлік бетон құбыр жүргізілген. Су қоймасының пішіні ұзын. Басым бөлігі каньон тәрізді өзен аңғарында орналасқан. Ұзындығы 33, ені 1,6 шақырым орташа тереңдігі 8,6 метр.
Жылына 50 млн текше метр суды өндірістік-тұрмыстық мақсатқа қолануға болады. Кеңгір өзенінің гидрологиялық режимінің көпжылдық ауытқуы жоғары болуымен ерекшеленеді. Су жинайтын ауданы 12500 шаршы шақырым. Еріген қар суымен қоректенетіндіктен жылдық ағынының 80-90% көктемде ағып өтеді. Су қоймасының жағалауы мергель текті құмтастардан құралған тығыз.
Сол жақ жағаауының өр жағы көптеген шағын аңғарлармен тілімделген тік су қоймасының орталық және басты жағындағы бөлігі көтеріңкі кей жері жар қабақты, жыралы болып келеді. Табаны қатты тасты болып келеді. Су қоймасы кеңгір өзенімен су қоймасының бетіне жауатын жауын-шашынның есебінен қоректенеді. Жаз бен күзде деңгейі қатты төмендеп, көктемде тез көтеріледі. Деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы бірнеше метр.
Басқа су қоймаларынан біршама минералдануы мен ерек ол әсіресе қыста артады.
Суы тұщы, қатты әлсіз сілтілі. Химиялық құрамына қарай сульфидті сыныпқа, натрий тобына жатады.
Тұздың құрамының формуласы:
Планктондары. Су қоймасында балдырлар, коловраткалар тіршілік етеді.
Бентос. Су қоймасының табанында 66 түрі жәндік бар. Олар: қылтанақты құрттар, инеліктің дернәсілдері, бұлақ жамбас құрты, қандалалар мен басқа да жәндіктер.
Ихтиофаунасы: 1955-1957жылдар аралығында қазақ КСР-ның ғылым академиясының зоология институты балықтың 15 түрінің 86 мың шабағын жіберді. Олар кары алабұға, шортан, сазан, тағыда басқалары.
Су қоймасының жағалауы жақсы демалыс орыны болып табылады.
Ботақара су қоймасы. Қарағанды облысының бұрынғы Улянов ауданының аумағында орналасқан. Су қоймасы Ботақара көлінің шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс жағалауларындағы бірнеше жерден сазды бөген тұрғызу арқылы Нұраға құрын тоттату арқылы салынды. Бұрынғы көлдің аумағы 7,3 шаршы шақырым болса, су қоймасы салынғаннан кейін оның аумағы 25 шаршы шақырымға дейін ұлғайды. Ұзындығы 8, ені 4 шақырым тереңдігі 8 метр. Жағалауы жатық, саздақты. Оңтүстік, батыс және Солтүстік-батыс жағалауы судың деңгейінен 100 метр көтеріліп тұрған төбеге тіреледі. Оңтүстік-шығыс жағалауын бойлай 500 метр қашықтықта Қарағанды-Қарқаралы тасжолы өтеді. Солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауында қалың қамыс өскен. Солтүстігінен суқоймасына құрғақ кезеңде кеуіп қалатын бірнеше бұлақ келіп құяды. Оңтүстік-шығысында бұлақ суымен қоректенетін өткелсіз өзені құяды. Көктемде еріген қар суының есебінен қоймада 53 млн текше метрге дейін су жиналады. Суының еңжоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Деңгейінің жылдық ауытқуы 3 метр. Мөлдірлігі 2 метр. Түсі қоңыр-сары. Суы тұщы, жекелеген жылдары деңгейі төмендегенде минералдану 2,5 т/кг жетеді. Химиялық құрамы жағынан хлорид сыныбына, натрий тобына жатады. Мырыш, мыс, темір, марганец сияқты микроэлементтердің мөлшері шамалы. Судағы еріген оттегінің мөлшері 11,14 мг/л, тотығу 21,7 мг 0г/л тұздылық құрамының формуласы:
Планктондары. Фитопланктондардан аздап көк жасыл балдырлардың шоғыры, 300 планктондардан ескек сияқты шаяндар таралған.
Бентос. Су қоймасының табанында алуан түрлі олигохеттер, гамарустар сияқты молюскалар бұлақ жамбас құрттары, инеліктің дернәсілдері мекендейді.
Ихтиофаунасы. Сары және күміс түстес табан балықтар алабұға, мекендейді. Су қоймасы жер суғару, мал суғару мақсатында қолданылады. Ботақара су қоймасының суының есебінен 2000 гектар жер суғарылады.
Қылыш су қоймасы. Жаңаарқа ауданының аумағында Қаражал қаласының оңтсүтік-шығысындағы Атасу өзенінің орта ағысында орналасқан. Ол Қаражал марганец кенін игеруге байланысты 1960 жылы бұрынғы атасу кең шарының қылыш бөлімшесінің маңында салынған. Қойманың суы техникалық және мал суғару мақсатында қолданылады.
Ұзындығы 7 шақырым беткі ауданы 4 шаршы шақырым. Су қоймасына негізінен көктемде Атасу өзені тасығанда жиналатын суды ұстап қалады. Бұл су қоймасынан ауданы 1 шаршы шақырым тереңдігі 7 метрге жететін екінші су қоймасына суды сорып алады. Қойманың суының ең жоғарғы деңгейі сәуірдің соңында, ең төменгі деңгейі ақпанда байқалады. Деңгейінің ауытқуының жылдық ауытқуы бірнеше метр. Суының мөлдірлігі 1-2,25 метр. Еріген оттегінің мөлшері 7,46-7,93 мг/л тотығуы 8,5-9,0 мг 0г /л. Химиялық құрамы жағынан хлорид сыныбына, натрий тобына жатады. Мыс, мырыш, марганец сияқты микроэлементтер аз болғаны мен фторың мөлшері жоғары. Тұздылық құрамының формуласы:
Планктондары. Фитопланктондары аз, зоопланктондардан ескек аяқты шаян тәрізділер кең таралған.
Бентос. Су қоймасының табанында молюскалар, жамбас құртар, мекендейді.
Ихтиофаунасы: табан балық, алабұға, шортан тіршілік етеді.
Қорытынды
Бітіру жұмысын қорыта келе Орталық Қазақстанның аумағындағы көлдердің қалыптасуына құрылықтың ішкі бөлігінде орналасқан физикалық -географиялық орынының, геологиялық құрылысымен жер бедерінің, климаты мен оларды қоректендіретін өзендер мен жерасты еспе сулары әрекетін анықтап, су байлықтарын пайдалану барысында туындайтын қоршаған ортаның табиғи тепетендігінің бұзылуының шешуді қажет ететін бүгінгі тақырыптың ең өзекті мәселелерінің бірі екеніне көз жеткіздім.
Қазақстанның халық шаруашылығы үшін Орталық Қазақстанның тұщы және аз минералданған ауданы 1км2 асатын минералдануы 3 г/л аспайтын көлдердің маңызы зор .Атап айтсақ Сарыарқаның аумағындағы Балқаш, Теңіз бен Қорғалжыңды есептемегенде ауданы 100гектардан асатын 23 көл бар, олардың жалпы ауданы 108 км2. орташа тереңдігі 3,1 метр Олардың суларын балық өсіруге, мал суаруға, егістіктермен жайылымдарды суғаруға, бағалы терілі ондатра өсіру мақсатында қолдануға болады. Қазіргі кезде Алматы облысының көл суларын көбінесе балық аулау,мал суару және рекреациялық мақсатында ғана қолданады, малдың көл жағалауын бұзып ластануына әсер етуі оның шаруашылықтық маңызын жоғалтады.
Көл суларының физикалық-химиялық қасиеттері оларды қоректендіретін су көздерімен, аридті климат жағдайында буланудыу жоғары болуы, Нұра, Терісаққан Қарасу Түндік өндіріс қалдықтарымен ластануы әсер ететінін анықтадық. Қазіргі кезеңде сазан, жайын сыяқты кәсіптік балықтардың шектен тыс аулануы Орталық Қазақстанның і көлдердің ихтиафаунасының кеуіне осыған орай олармен қореектенетін су құстарының азаюына тікелей өсеретуде. Қазіргі кезеңде облыс аумағындағы ірі көлдердің ихтиофаунасын сақтау үшін Балықты қолдан өсіріп көбейткен жағдайда е жыл бойы аулауға болады. Алматы облысының көлдерінің жоғары сатылы өсімдіктері қамыс пен қоғаны целлюлоза –қағаз өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде пайдалануға болады. Ылғалдану дәрежесіне қарай Орталық Қазақстанның көл жағалауларындағы саздармен өзен жайылмаларында жылдам өсіп жетілетін гидрофитті қамыс пен қоға сияқты өсімдіктер кең таралған. Сарыарқадағы көлдерінде кең таралған бағалы терілі су жануары кәдімгі ондатра (ondatra zibethicusl) түрі жерсіндірілген. Ол ірі кеміруші су жануары. Ересектерінің ұзындығы 35 см ірілерінің салмақтары 1,5 кг. Ондатраның терісі су өткізбейтін тығыз қара қоңыр болып келеді. Таяз кеуіп бара жатқан көлдер ондатра өсіруге жарамайды. 1935-1963 жылдардың аралығында Қазақстанның көлдеріне жыл сайын 67 ден 4839 дейін ондатра жіберіліп отырылды. Барлығы 41807 ондатра жіберілді. Соның ішінде Алматы облысының көлдеріне 8000 астам ондатра жіберілді.
Қазіргі кезенде Нұра Кеңгір, Сарысу өзендердінің аңғарында суармалы егіншіліктің дамуымен қатар тау-кен өндірісінде кеңінен қолданылуы аталған өзен суларының химиялық заттардың еріген концентрациясының мөлшері шектен тыс артып кетуі Балқаш пен Теңіз-Қорғалжың жүйесіндегі көл суларының ластануы олардың биологиялық байланыстарын орасан зор нұқсан келтіруде.
Осыған орй ортаталық Орталық Қазақстан аумағындағы өзен суларын үнемдеп пайдаланып суды көп қажет ететіндақылдардың егіс көлемін азайтып өзен суларының Балқаш пен Алакөлг жеткілікті мөлшерде құйылуын қамтамасыз етіп қазіргі денгейін сақтап қалу мәселесін шешу қажет.