ҚАЗАҚ СТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Алматы — 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….
|
4 |
І. ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
|
1.1 Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне теориялық шолу………………………………………….. |
18 |
1.2 Отбасылық қарым -қатынастың жеткіншек тұлғасының дамуына психологиялық әсері……………………………………………. |
31 |
1.3 Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас стилдерінің ерекшеліктері………………………………………………………………………… |
41 |
ІІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ……………………………………… |
41 |
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері …….. |
42 |
2.3. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен барысы ………………………. |
45 |
2.4. Зерттеу мәліметтерінің сандық өңделуі мен сапалық талдауы……………………………………… |
57 |
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….. |
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………………………….
|
|
ҚОСЫМША |
|
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әртүрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктермен шартталған: балалардың көбісі күннен күге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалармен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы орта баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірибеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдайаттар мен төтенше ахуаларда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.
Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г Харчев, А.Н Антонов, З.И Файнбург оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзендері (критерйй) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қарым-қатынас адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдардың арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындғы мәміле үрдісі іске асады. (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ.Б. Жарықбаев, Ж. Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов.).
Теориялық маңыздылығы — отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М. Свердлов және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г. Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – «отбасы –бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады». Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы жүйе — деп берген анықтамасы А.Г Харчевтің отбасы ұғымына жалпылама болып табылады.
Практикалық маңыздылығы. Қазіргі кезде отбасы мәселелерінің арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері» деп анықтадық.
Тақырыбы: Отбасындағы ата ана мен бала қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Мақсаты – Отбасындағы ата ана мен бала қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Болжамы — Отбасындағы тәрбиелеу стилдері мен жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктері арасында тығыз байланыс бар.
Зерттеу міндеттері:
- Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың ерекшеліктері туралы ғылыми-теориялық әдебиеттерге талдау.
- Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
- Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін айқындау экспериментін жүргізу.
- Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшіліктеріне жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістемелері:
- Ата-ана жеткіншек қарым-қатынасын анықтау әдістемесі (А.Н. Варга, В.В. Столин).
- Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі
- Дж Мореноның социометриялық сауалнамасының модификациялық нұсқасы
Зерттеу мерзімі: 20 наурыз – 25 сәуір 2013 жыл.
I . ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Отбасылық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне теориялық шолу
Отбасылық қарым- қатынастың маңызы. Өмір есігін ашысымен кез-келген адам қандай да бір қоғамға келіп түседі. Ол сол қоғамда өсіп, өркендеп, қалыптасып әрі сонда өледі. Адамның дамуына көптеген факторлер оның ішінде биологиялық және әлеуметтік факторлер әсер етеді. Тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды фактор ол — отбасы. Отбасыда қанша адам бар екеніне, отбасыдағы адамдардың қарым-қатынасына байланысты т.с.с. отбасылар әртүрлі болады. Отбасыда адам өзінің әлемге өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Отбасыдағы қарым-қатынас адамның болашақ өмірін қалай жасайтынын, қай жолмен жүретінін айқындайды.
Әрбір баланың өмірінде ата ананың орны ерекше. Олар балаға жүріс тұрыстың жаңа үлгісін береді. Солардың көмегімен ол өзін қоршаған әлемді таниды. Ол барлық іс әрекетінде соларға еліктейді. Бұл тенденция баланык ата анасымен арасындағы жағымды эмоционалды байланыстардың арқасында күшейе түседі. Бала әкесі мен анасына ұқсауға тырысып бағады. Балаға үйреткісі келетін барлық адами қасиеттерді өз әрекеттерімен тырысатын болады. Бұндай тәрбие процессін саналы деп айтуға болады. Себебі басқа адамдармен қарым қатынас кезінде өзін өзі қадағалау отбасыға үлкен мән беру баланы қолайды жағдайларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осындай отбасыда бала жан жақты болады.
Отбасы ересектерге бала тәрбиелеу арқылы ғана ықпал етпейді. Отбасыда әртүрлі ұрпақ өкілдерінің ара қатынасы үлкен роль атқарады. Отбасы кішкентай әлеуметтік топ болғандықтан, өзінің мүшелеріне ықпалын тигізеді. Олардың әрқайсысы жеке ерекшеліктерімен өздерінің жүріс тұрыстарымен отбасы өміріне әсер етеді. Бұл кішкентай топтың жекелеген мүшелері, оның басқа мүшелерінің рухани құндылықтарының қалыптастыруына және бүкіл өмірлік қағидаларымен мақсаттарының қалыптасуына ықпал ете алады.
Отбасы тұлғаның дамуында үлкен маңызы зор. Оған туысқан, жақын адамдардан тұратын кішкентай топтың өміріне араласа алмайтын бала яғни отбасысы жоқ бала көп нәрсені жоғалтады, әсіресе бұл отбасыдан тыс балалар үйінде немесе сол сияқты жерлерде тәрбиеленіп жатқан кішкентай балаларда қатты байқалады. Бұл балаларда тұлғалық даму отбасыда тәрбиеленіп жатқан балаларға қарағанда өзгеше болады. Бұл балалардың ақыл-есімен әлеуметтік дамуы кешігіп жатады, ал эмоциялық дамуы тежеліп қалады. Ересек адаммен де дәл осындай жағдай болады. Жекелеген қатынастардың аз болуы жалғыздықтың болмысы болып келеді. Ал бұл көптеген теріс құбылыстардың көзіне айналып тұлғаның күйреуіне әкеліп соғады [1].
Көптеген адамдардың жүріс тұрыстарына басқа адамдардың қатынасы әсер ететіні бегілі. Көптеген адамдар басқа адамдардың көзінше өздерін жеке қалған кездегіден өзгеше ұстайды. Егер адам достық қатынасты сезетін болса, ол адамда осындай әрекеттерге деген стимул пайда болады. Ал ол өз алдына қоршаған адамдардың қолауын тауып оған жақсы жағынан көрінуге көмектеседі. Егер адам қастық қатынасты сезетін болса, ол адамда қасарысушылық пайда болады. Ол бар күшін салып қасарысатын болады. Жақсы тәрбие көрген адам бұндай қастықты саналы күрес арқылы жеңеді.
Достық қарым-қатынас орнаған кішкентай топтарда, коллективтің тұлғағаға үлкен ықпалын тигізеді. Бұл әсіресе рухани құндылықтардың қалыптасуында, жүріс-тұрыс үлгілерінің, адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуынан көрінеді. Отбасы кіші топ ретінде өзінің ерекшелігінің арқасында өзінің мүгешелерінің эмоциональді қажеттіліктеріне жағдай жасайды. Ол адамның қоғамға қажет екенін сезінуне, сол арқылы басқа адамадарға көмек көрсеткісі келетін сезімдердің оянуына көмектеседі.
Ата-ананың ролі жан-жақты. Ата-ана баланың өмірлік позициясын таңдауына ықпалы зор болғандықтан, үлкен жауапкершілікке ие. Баланың дүниеге келуі және оның дамуына қажетті заттармен қамтамасыз ету отбасылық өмірдің қандай да бір ұйымдасқандығын талап етеді. Баланы асыраудан басқа, ата-ана баланың тұлға болып қалыптасуында да ролі жоғары. Баланың гармониялық дамуы тек ата-ананың әрқайсысы белсенді әрекетімен және қатысуына ғана байланысты емес. Олардың тәрбиелеу кезінде бір-бірімен бір келімге келулеріне байланысты.
Ата-ана бір ымыраға келмей баланы әрқайсысы өз жақтарына тартқылайтын болса, бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай есі шығады. Онымен қоймай ата-ана арасындағы ымыра бұзылып, ұрсысып жатса, оның үстіне бұның бәрі соның кесірінен болып жатқан күнде естіп жүретін болса, ондай бала өз өзіне деген сенімділікті жоғалтып алады. Бұндай жағдайда ол өзін қауіпсізмін сезінбейді. Бұдан келіп балалық үрей туады. Бала қорқақ болып, тіпті жүйке ауруна шалдығуы мүмкін. Бала үшін отбасы мүшелерінің ара-қатынасы өте маңызды. Әсіресе ересектердің оған деген қарым-қатынасы қандай екенін сезіну ерекше маңызды [2].
Ата-ананың балаға деген эмоциональді қарым-қатынасының сипатын ата-аналық позиция деп атауға болады. Бұл фактордың басымдықтан бастап толық бей-жайлыққа дейін бірнеше вариациялары бар. Оларды балаға үнемі телу де, балаға мүлдем қармай қою да балаға зиян. Бала саған өз тарапынан жылылық көрсеткісі келген ата-анаға баламен қатынасты дұрыстап алу өте маңызды. Баланы тым еркелетіп те, тым өзіңнен алыстатып та қажеті жоқ. Баламен арадағы қарым-қатынас еркін болу керек. Бала шынымен нені қалайды соны түсінуге тырысу қажет. Және сол қажеттіліктерді беруге ұмтылу керек. Балаға тек бұйрық беріп, немесе тек оның айтқандарын істей бермеу қажет. Белгілі бір деңгейде оған еркіндік яки тәуелсіздік беріп, дұрыс емес жақтарын көрсетіп отыру қажет. Баламен ортадағы қатынастың бұзылғанын шамадаг тыс агрессивті болудан немесе баланың мінез-құлқын толық түзеуге күш салудан байқауға болады.
Өте ерте жастан бастап баланың даму прцессінің дұрыс болуы бірінші орында ата-ананың мейіріміне байланысты. Кішгкентай бала ата-анасынан ойлауды, сөйлеуді, түсінуді, өзінің реакцияларын қадағалауды үйренеді. Ата-анасының тұлғалық үлгілерінің арқасында ол басқа отбасымүшелерімен қалай араласк керек екенін үйренеді. Қалай жақсы көру керек, кімнен аулақ болу керек, кіммен санасу керек, кімге өзінің симпатиясын я болмаса антипатиясын көрсету керек, қай кезде өз реакцияларын ұстап қалулары керек деген сияқты қатынастарды бала бірінші орында ата-анасынан үйренеді.
Отбасы баланы қоғамда болашақ жеке өмір сүруге дайындайды. Ол рухани құндылықтарды, моральді нормаларды, жүріс-тұрыс үлгілерін, салт-дәстүр, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның мәдениетін дәл осы отбасыдан үйренеді. Ата-ананың келісіліп жасалған тәрбие тәсілдері баланы аламгершілік қасиеттерге сай өзінің сезімі мен әрекеттерін басқара алуға үйретеді. Балада құндылықтар әлемі қалыптасады. Бұнлай жан-жақты дамудың барысында ата-ана өздерін үлгі ретінде көрсету арқылы балаға үлкен көмек көрсетеді. Алайда кейбір ата-ана өздерінің балаларының жүріс-тұрысын қиындатып, тежеп, тіпті бұзылуына себеп болып жатады [3].
Тұлғалық үлгі ата-ана болған отбасыда тәрбиеленген бала келесі әлеуметтік рольдерге дайындық алады: әйелдер немесе еркектер, әйелі неме күйеуі, ана немесе әке. Онымен қоймай әлеуметтік қысым өте күшті. Балаларды әдетте оның жынысына қарай мақтайды, ал ұрсіанда қарсы жынысқа зиян тигізгенде даттап, ұрсады. Дұрыс жыныстық тәрбие, өзінің жынысына тән сезімнің қалыптасуы тұлғаның ары қарай дамуының бірдін бір негізі болады. Дұрыс мақтау, қолпаштаулар көрсету арқылы адамды тұлға ретінде тез қалыптасуына себеп болуға болады. Егер балаға жазалау керек болатын болса онда оның намысына тиіп кетпейтіндей әділ жазалау қажет. Бала ата-анасы жазадап жатқан кезде не үшін жазалап жатқанын өзі түсінуі қажет. Егер баланы тым қатты жазалап қойса балада қорқыныш немесе ашу сияқты сезімдер пайда болуы мүмкін. Балаға қол жұмсалатын болса онда балада кез келген ұнамсыз нәрсені күшпен жеңуге болады екен деген теріс пікір қалыптасуы мүмкін.
Баланың жүріс-тұрысы көбіне үйдегі көрген тәрбиесіне байланысты болады. Осылайша, ересектер тарапынан көретілегн теріс яки дұрыс қатынас балада өзін өзі бағалауы қалыптасады. Өзін өзі бағалауы төмен балалар өздеріне көңілі толмай жүреді. Бұл ата-ана көп ұрсып баласының алдына тым жоғары мақсаттар қоятын отбасыларда болатын жағдай. Онымен қоймай ата-анасының бір-бірімен тіл табыспай жүргендерін көрген бала, оған өзін кінәлайды.
Нәтижесінде өзін өзі бағалауы төмендеп кетеді. Бұндай бала өзін ата-анасының қалауына мүлдем сәйкес келмейтін сияқты сезінеді. Бірақ тым тәкәппарлық деген де проблема бар. Әдетте тәкаппар балалар не бүлдірсе де бәрән аузына тосып, мүлдем жазаламайтын отбасылардан шығады. Өзін дұрыс бағалай алмайтын бала кейін өзіне де маңайындағыларға да қиындық тудырып жатады. Сондықтан да ата-ана өз балаларының бойында қалыпты бағалаудың қалыптасуына тырысу керек. Бұд жерде жазадау мен мақтауда сақтық танытқан жөн болады. Баланың көзінше таң өалып тым мақтауға болмайды, және тым қатал жазаны да қолдануға да болмайды.
Өзін өзі бағалаумен қатар ата-ана талаптану деңгейін де береді. Талаптың жоғары деңгейіне ие, өзін өзі бағалауы тым жоғары балалар тек жеңісті ғана көздейді. Ал егер жеңіліп қалса ол оларға үлкен психикалық соққы болады. Ал талабы төмен оған өоса өзін өзі бағалауы да төмен балалар болашақта да осы шақта да ешнәрсене ұмтылмайды. Олар алдарына жоғары мақсаттар қоймайды. әрдайым өздерінің мүмкіндіктеріне күмәнданып жүреді. Жеңілісті оңай қабылдайды, бірақ сөйте тұра өмірде көп жетістіктерге қол жеткізеді.
Әрбір отбасыда тәрбиенің қандай да бір түрі қалыптасады. Көбінеки отбасыларда әлі толық жетілмеген тәрбие жүйесі қалыптасқан. Тәрбиенің мақсатын түсіну , тәрбиенің түрлерін түсіну, баланы тәрбиелегенде не нәрсе болады не нәрсе болмайтынын білу керек. Ол үшін отбасыдағы тәрбиені төрт тактиға бөлуге болады . Сонымен бірге отбасылық қарым-қатынасқа жауап беретін төрт типке бөлеміз: диктат яғни артықшылық, қамқорлық, «араласпау», серіктесіп бірігіп істеу.
Балалардың беделі мен ынтасын үнемі түсіре беруі отбасыда диктатты бар екенінің белгісі. Әрине ата-ана тәрбиелеу мақсатында өзінің баласына әртүрлә талаптар қоюы керек. Алайда ол талаптардың ішіндегі асыра сілтеушілікке бала екіжүзділікпен, өтірік айтумен, дөрекілік көрсетумен, тіпті кейде ащық түрде жек көретіні көрсетумен қайтаруы әбден мүмкін. Бірақ қарсыласу әлсіз сипатта болса онда ол баланың бойындағы өз өзіне деген сенім, ынталылықтың жойылуы, дербестік сияқты барлық жақсы қасиеттердің де жойылып кету қаупі төнеді. Бұл жағдай тұлғаның сәтсіз қалыптасуының кепілдігі болады [4].
Отбасыдағы қамқорлық дегеніміз ата-ананың баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс істеп, баланы қандай да бір болмасын қиындықтардан қорғап бала үшін жанын беруге даяр қарым-қатынас жүйесін айтады. Тұлғаның белсенді түрде қалыптасуы туралы мәселе екінші орынға кетеді. Ата-ана балаларының үйдің сыртындағы шындыққа дайындық процесін гектен тыс қамқорлығымен жауып тастайды. Бұндай шектен тыс қамқорлық, тығыз эмоциональді қатынаста шектен тыс баланы қадағалау гиперқамқорлық деп аталады. Ол баланың енжар, тұйық, өздігінен еш нәрсе істей алмайтын болып өсуне жағдай жасайды. Бұған қарама-қарсы гипо қамқорлық деген ұғым бар. Ол дегеніміз атаөананың бала тәрбиесіне қалай болса солай қарап, өз бетімен жіберуі. Бала ойна келгенді істеп жүре беруге мүмкіндік алады. Нәтижесінде өскен кездерінде ондай балалар ешкімді силауды білмейтін, өздері силауға татымайтын өзімшіл, міншіл онымен өоймай, өзінің тілегін орындауды талап еткіш болып шығады.
Балалардың ата-анасыз, ата-ана балаларсыз дербес өмір сүуге болады деген отбасыда тұлғааралық қатынас жүйесі «аралспау» тактикасынан пайда болуы мүмкін. Бұл жерже екі әлем болуы мүмкін деп қарастырылады. Яғни бала және ересек әлемі. Екеуі бір бірінің шекарасынан аспау керек. Ара қатынастың бұл типінің негізінде ата-ананың тәрбиеші ретінде енжар болуы жатыр. Бірлесіп, ақылдасып істеу деп отбасыда тұлға аралық қарым-қатынаста ортақ мақсат пен міндеттер қойып оны ұйымдастыруды айтады. Дәл осындай жағдайда ғана баланың өзімшілдігін жеңуге болады. Ара қатынастың ең жоғары типімен тәрбиелеп жатқан отбасы өте жоғары деңгейде дамыған топ болады.
Көптеген ата-ана балаларының өтпелі кезеңін қорқынышпен күтеді. Кейбір балаларда бұл кез мүлдем білінбей өтіп кетеді, ал біреулерде кәдімгідей қиындықтар туады. Жақында ғана тіл алып тып-тыныш жүрген бала аяқ астынан ашуланшақ, маңайындағылармен қақтығысқа түсе беретін болып кетеді. Бұл ата-ана мен мұғалімдерде ойланбай теріс әрекет жасап қоюына түрткі болады. Олар балаға дегенімізді істетеміз деп қатты қателеседі. Егер күшпен көндірмек болсаңыз жағдай мүлдем ушығып кетеді. Бала бұндай жағдайда ересектерден қашып кеткісі келеді. Өтпелі кезеңде бала ата-анадан оның таусылмас қамқорлығынан құтылғысы келеді. Ата-ананың махаббаты мен қамқорлығына мұқтаж болса да дербес болғылары келеді. Бұл қиын кезең өткеннен кеін қарым-қатынас ары қарай қалай дамитыны дұрыс тәрбиеге байланысты. Ата-ана баласының ересекпін деген сезімін қабылдауы керек [4].
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады.Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасы – ежелден қалыптасып ғана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды.Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады. Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б зерттеу.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психолгияның, педогогиканың, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады.Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады.Әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады.Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік тпотың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдалықтарын зерттейтін әлеуметтанудың саласы [5].
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады.Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметініңотбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбы арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылуы негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануыны кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру,Осы себеп, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен отбаасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасы- адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасымен байланысты емес, ол- ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. Кулик Л.А., (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы- неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жаупакершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер Э.Г, В.В Юстицский, 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті өз зерттеу жұмысында [6,21].
Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағыналық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелері арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді. Л.А.Кулик берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» болып табылады. Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға Г.М. Свердлова және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
А.С. Золотнякова өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады: шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени репродукциялық, отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық-тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады [7].
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б. П Парыгин, А. Г. Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда С. Голод, З. Янкова т.б зерттеді. З.И. Файнбург отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы, отбасының тұрақтылық жағдайы турлы Ю.Г. Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М Уматинов және т.б. зерттеді. 70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рөлдерді бөліп беруді», З.И. Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды, зерттегендер мысалға А.А Бодалев, Н.Н. Обозов және т.б [8,9].
Соның қарым-қатынасындағы негізгі объект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді. Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең. Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн, Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон, Дубровина зерттеді, ал жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Г.П. Гаврилова, Т.В. Драгунова, ал танымдық эмоциялық- еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы В.В Баруалкина, тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Е.Г. Дозорцева сияқты ғалымдар зерттеді [9].
Отбасына тарихи көзқарастың басы швейцар ғалымы И. Бахофеннің «Ана құқығы» (1861ж) еңбегі деуге болады. Бұл еңбегінде ол қоғамның дамуының бастапқы сатыларына жыныстық қатынастардың ретсіздігі немесе жыныстық еркіндіктің кең тарауы тән деген болжам айтты. Бұдан кейін қоғамның дамуында басты рөл әйелге тиесілі болды. Кейінірек еркектердің басымдығы бекіді. И. Бахофен өз еңбектерінде мистицизмді бағалады. Оның ойынша, тарихтағы негізгі қозғаушы күш – дін. Бұған қарамай И. Бахофеннің еңбегі – ежелгі гректерде, сондай-ақ Азия халықтарында моногомияға дейін топтасқан неке болғанын негіздеп беруінде. Топтасқан отбасы басым болған және баланың әкесі кім екенін анықтау мүмкін болмаған сол алғашқы кезеңнің көріністерін И.Бахофен діни жезөкшеліктен көрді. Тайпа көсемі, шіркеу қызметшісі немесе басқа билік өкілі қалыңдықпен алғашқы неке түнін өткізуге құқылы болды.
Бүкіл әлемде, әсіресе Англияда, шотланд ғалымы Дж. Мак-Леннонның еңбектері зор резонанс тудырды. Ол некенің үш түрін анықтады:
- Көп әйел алу (полигиния);
- Көп күйеу болу (полиандрия);
- Моногамия;
Оның ойынша, ежелгі адамдар жаңа туған қыздарды өлтіріп отырған, соның салдарынан тайпада еркектер басым болып, әйелдердің бірнеше күйеулері болған, яғни көп күйеу болу осылайша туындаған. Осыған байланысты әкелікті анықтау мүмкін болмаған соң, ананың құқығы қалыптасты. Кейбір тайпаларда экзогамды неке тән болса (еркек өзіне басқа әйелді басқа тайпадан іздейді), ал басқа тайпада – зндогамды тайпа тән болды (еркек өзіне әйелді тек өз тайпасынан алды).
Отбасы туралы жаңа ілімге сын айтқан ағылшын заңгері, психолог, тарихшы Г. Мэн қоғамның дамуында матриархаттың болғанын жоққа шығарды. Американдық зерттеуші, тарихшы, этнограф Л. Морган отбасының дамуына қатысты басқа көзқарасты ұстанды. Ол 200-ден астам қоғамдық топтың неке – отбасы қатынастарын зерттеді. Олардың әрқайсысы өзіндік қоғамдық институттары мен өнердің түрлерін жасады. Ч. Дарвин ілімінің тікелей әсерімен отбасының даму теориясын сомдады. Л. Морганның іліміне сәйкес отбасы мынадай кезеңдерден өткен:
Л. Морган топтасқан неке туралы айтса да, оның шын мәнінде болғаны туралы ол білмеді, тек некенің кейінгі түрлерін саралай отырып, теория жағын айқындады. Отбасына деген нақты пікірді Ф. Энгельс негіздеп берді. Ол бірінші болып мәдениеттіңе, яғни тағылық пен варварлықтың алғы тарихын ғылыми тұрғыдан сипаттады. Әр кезеңді ол төменгі, орташа және жоғары сатыларға бөлді. Ол өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің туындауы» атты еңбегінде отбасыа оның тарихи даму барысында талдау жасайды. Алғашқыда неке топтары ұрпақтарға бөлінгенде, яғни ата-аналар мен балалары арасында жыныстық қатынасқа жол берілмегенде, бұл қандас туыс отбасы болды. Онан кейін оны пуналуалды отбасы алмастырды, ол апа мен бауырлар арасындағы жыеыстық қатынасқа жол бермеді. Ал кейініректе жұптан тұратын отбасы пайда болды, онда еркек пен әйелден бір-біріне қатысты жұбайлық адалдықты талап етті, ал көзге шөп салу қатаң жазаланады. Өркениеттің табалдырығын аттарда туындаған отбасының соңғы түрі моногамия болып табылады [9].
Жеткіншектердің зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның қалыптасуы жайлы Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғаның дамуындағы өзіндік сана сезімді зерттеген концепциялары Э. Берннің трансактілік талдауы.
Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің теориялық мәнділігін негіздеді. Оларға Н.Д. Левитов, Л.И. Божович және т.б. Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады.
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, С.Б. Елубаева «қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық сәкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері зерттелінген.» Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толықын жеткіншектердің өзіндік бағалауымен салыстырғанда этностық сәйкестіктің компонеттері мәнді түрде азаятыны анықталады, өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі «өзін білу» және «ұйымдасқандық» сияқты сапалар бірінші орныға шықты [10].
Т.К. Күнсламова өз зерттеу жұмысында жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты өзіндік сана сезімдерді құрайтын негізгі компонеттері өзіндік бағалау және өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған. Педагогикалық-психологияда көп қолданылатын психокоррекциялық жұмыстарға негізделген топтық оқыту әдісі, яғни психологиялық педагогикалық тренингтер арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу жұмысында белгілі ғалым Э Берннің трансактілік талдау концепциясы арқылы жеткіншектердегі эго күйлердің белсендірудің негізінде олардағы агрессиялық мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.
Қ.А. Айдарбеков ( Развитие диалогической структуры самосознания у подростков во внутрисемейных взаимодействия) зерттеу жұмысында жеткіншек жастағы тұлғалық жекелік-варияциялық даму механизмдерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мәнділік жеткіншек жастағы тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының ісдестіру мен үлгісін жасау болып табылады, ал жеткіншектердің жаңа әлеуметтік қатынастарының жаңа деңгейге өтуін қамтамасыз етеді. Олардың пікірінше жеткіншектерді осы тұлғалық жаңа құрылымдардың даму жағдайлары мен механизмдерінің тиімді жолы индивид енген отбасылық жүйенің қызмет атқару ерекшеліктері назарға алынып отыратын бағыт болып табылады.
Т.М. Шалғынбаев «мінез-құлқы дезадаптивтік жасөспірімдердің кісілік қасиеттері мен кісі аралық қатынастар ерекшеліктері мен оларды келтіру атты жұмысында» мінез-құлқы бұзылған жасөспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктерін және олардың кісі аралық қатынастар жүйесінде көріністерін кешенді түрде психологиялық зерттеулер, сондай-ақ психологиялық көмек көрсету мазмұнын жасау болып табылады.
Зерттеу барысында тәрбиеленуі қиын жас өспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктері анықталған.
М. Кузембаева «Тұлғалық алаңдаушылықтың көріну механизмдері өзгеруіне әртүрлі фактордың әсері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Зерттеу объектісі адамның тұлғалық алаңдаушылық деңгейінде көрінетін эмоциялық күй. Зерттеу пәні ретінде тұлғалық алаңдаудың эмоциялық күйі ретіндегі көріну ерекшелігі жасөспірім шақтан жиырма сегіз жасқа дейін оның көріну механизмдерінің өзгеруі алынады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы, тұңғыш рет тұлғалық алаңдаушылықтың жағымды сипаттамасы зерттелінді. Бұл жұмыста тұлғалық алаңдаушылық бағдарлаушы іс -әрекеттің эмоциялық құраушы екендігі көрсетілді.
С.М. Өмірбекованың «жасөспірімдік және ерте балауса жас кезіндегі өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері» атты жұмысының мақсаты мектептегі оқыту жағдайындағы әртүрлі факторлардың жасөпірімдік және ерте жастық кездегі өзіндік бағалауға әсер ету ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында өзін-өзі бағалаудың деңгейлері мен құрылымдық бөліктерінің ерекшеліктері айқындалады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынадан тұрады: өзін-өзі бағалаудың құрылымдық құрауыштарын, оның жасөспірім кезден ерте жастық кезге дейінгі оқушыларда қызмет етуі зерттелінді, жасөспірімдер мен ерте жастық шақтағылардың қала мен ауылдағы әлеуметтік даму жағдайына байланысты өзін-өзі бағалауының танымдық және эмоциялық бөліктерін зерттеу, қала мен ауылдық оқушылардың осы жас аралықтарындағы өзін-өзі бағалауының даму ерекшеліктеріне жыныстық факторлардың әсерін анықтаудан тұрады. Зерттеуде келесі тұжырымдар дәлелденді: қала мен ауылдың жас өспірімдер мен баланың жас кездегілердің өзін-өзі бағалау арасындағы айырмашылықтар өзін-өзі бағалаудың эмоциялық, сондай-ақ танымдық бөліктерінде көрінеді деп көрсетті.
Қарым-қатынас стилі шет елдерде және ТМД елдерінде жоғары дәрежеде талданған, соның ішінде әлеуметтік психологияда. Ұстаздың оқушылармен қарым-қатынас стилін дамытуда айтарлықтай зерттеу жұмысын жүргізген Ю.П. Ахзаров, А.А Бодалев, Н.Г Михайлов, А.В Петровский, және т.б. Олардың тұжырымары бойынша оқушыларға тек қана білім мен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу жеткіліксіз, сонымен қатар тікелей және жанама түрде қарым-қатынас жасау қажет екендігі белгілі. Ұстаздың бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынасын оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды зерттеулер бар. Кейінгі жылдарда мұғалім мен бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасы және оны қалыптастыру механизмін қазақстан ғалымдары да зерттей бастады. Олар: Қ.Ж Қарақұлов, Елеусізова С.М., С.И Қалиева, В.К. Шабельников және т.б.
Солардың ішінде Г.К. Шолпанқұлова «гумандық қарым-қатынас» адам бойындағы адамгершілік, түсінік, сезім және мінез-құлықтың тұтастығымен, бірлігімен анықталады деп келтірген. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың оқыту үрдісіндегі қарым-қатынас стилінің тәрбиелік негізін дәлелдеді.
А.И. Шужебаева «отбасы тәрбиесі жағдайына балалардың қарым-қатынас қиындықтарындағы психологиялық-педагогикалық зерттеу» атты жұмысында: балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді мәселелердің бірі қарым-қатынас проблемасы. Тұлғааралық қарым-қатынас сферасындағы сәкессіздіктер психологиялық-педагогикалық бағытта болады, ондай балалар тобын проблемалары бар деп анықтауға болады. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау, психологиялық-педагогикалық ғылымда қажетті деңгейде.
Зерттеу жұмысында отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың ересектермен өзара қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық негіздері, бала мен ата-ана қарым-қатынасының құрылымы зерттелінген бала мінезіндегі қиындықтарды жеңу механизмдері жасалынып, балалар мен ересектердің қарым-қатынасының дербес бағытталған мәдени сәйкес жүргізудің әдістері мен тәсілдері анықталған. Зерттеу барысында толық емес отбасы жағдайындағы балалардың қарым-қатынастары зерттелген.
Э. Берн теориясының мәнін, қарым-қатынасындағы эго күйлерді белсендіру ерекшеліктерін, оның ішінде қарым-қатынас үшін «Ересек» позициясының жағымды болатынын түсінді. Жеткіншектердің өзіне және айналасындағыларға жағымды, позитивті қатынасты орната білу, эго күйді белсендіру конфликтілі адекватты шешуге, агрессияны азайтуға нақты көмек беретіні анықталды.
Қ.А. Айдареков «отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде жасөспірімдердің өзіндік санасының диологиялық құрылымдардың дамуы» атты зерттеу жұмысында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын факторларды зерттеуге арналған.
Өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық құрылымдары екені туралы болжам өзінің растаулығын алып қойылған. Дәл осы жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңа құрамының талдауы жастағы тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды механизмдерінің деңгейіне жеткізілген. Ішкі отбасының құндылықтары өсіп келе жатқан буынға берілуіне, дамуына және сақтандыруға бағытталған және отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы комуникативтікпен эмоционалды қарымөқатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін, отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік санасының диалогиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді
Психологиялық ілімдер жүйесіндегі басты орныды таным үрдісі алады. Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мәселелері бойынша ғылыми пікірталасты ұйымдастырушы және оның бастамшысы А.А Бодалев олған еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970, 1973 жылдары Ленинград қаласында «Адамдар арасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының әлеуметтік-психологиялық және лингвистикалық сипаттамалары» және «қарым-қатынас теориялық және қолданбалы психология симпозиумдары өткізілді»
Отандық психологтардың көбісі мысалы: Д.Б. Эльконин, Т.В. Драгунова жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді. Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В.В. Давыдов өз пікірін ұсынды: «жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі» [15].
Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я.Л. Коломинский және А. Березовин мынадай пікірін ұсынады: баланың шағын ортасы негізгі екі әлеуметтік-психологялық астарлы жүйе бірлігінен тұрады алғашқысында бұл «ересек бала» қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі-бір кезеңде бұл жүйеге «бала-бала» қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға түрткі алады, ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр. (2007)
Жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша, жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В. Петровский сонымен қатар мынаны ескертеді, «жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әрі бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей, тұлғааралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді» (2007).
Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды: жеткіншектердегі қлыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субъективті позициямен байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де, субъективті көзқарасқа келгенде қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көзқарасы арқылы сындырмауы деген пікірде бар.
Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен сипатталады, қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыспен қақтығыстық жағдайлардан шыға білмеуі арасына қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Т. Шалғынбаев. «Дезадаптациялық мінез-құлқы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық жұмыста қолдану» атты зерттеу жұмысында. Баланың әлеуметтік дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдайымен анықталады. Жас ерекшелік құрылымдар сенімді кезекпен қалыптаспайды.
Бұдан біз бала мен ата-ананың арасындағы өте тығыз байланысты көруге болады. Бұл қатынасты Хоментаус экологиялық қатынас деп атайды. Көп жағдайда отбасыдағы балалар екі жыныс өкілдері болғанда олардың арасында онша қайшылық болмайды.
Ер баланың өзінің оны күштілігі, тәуелсіздігі ашушаңдығы үшін мадақтайды, ал қыз баладан болса, нәзіктік, сезімталдықты талап етеді. Бұндай отбасыдағы қайшылықтың себебі көбіне ата-ананың қандайда бір жынысқа басымдылықпен қарауымен болып келеді. Мәселен: ер балаға ұрпақты жалғастырушы жеке тұлға, дене күш иесі деп қарайды. Осының салдарынан қыз балада жетіспеушілік сезімі пайда болады. Кейде ол ата-ананың көңілінен шығу үшін ер адамның мінез қырларын қабылдауы мүмкін. Сонда қарап отырсаң ата-ананың балада мұндағы орны ерекше екеніне көз жеткізуге болады. Жоғарыда біз тұңғыш бала мен екінші бала қатынастар сипатын қарастырдық және де бір отбасыдағы балалар еліктеп әр түрлі мінезді болады деген сұраққа жауап бердік. Көп әсер ететін фактор олардың даму жағдайларының әртүрлілігінде болып отыр.
А. С. Выготский бұл жөнінде “әлеуметтік даму жағдайы” деген ұғым арқылы түсіндірген. Баланың әлеуметтік ортамен өзара әрекеті оның дамуының негізін анықтайды. Ол баланың әлеуметтік даму жағдайын талдағанда оның екі бірлігін бөледі, іс әрекет және бастан кешіру [16].
Екінші баланың даму жағдайының жақсы болуы ата-ананың түсінікпен қарағанына байланысты. Ал отбасыдағы кіші және ортаңғы баланың даму жағдайына шолу жасасақ олардың даму жағдайлары мүлдем басқа. Кіші бала ұзақ уақыт бойы ата-анасымен кіші бала ұстанымда болады. Ол белгілі бір әрекет орындағанда әрқашан үлкендер қадағалап көмек береді. Нәтижесінде ол көп жағдайларда өмірге дайын болмайды. Бұл жерде де кенже баланың қалыптастырудағы ерекшеліктерді байқаймыз.Ал ортаншы бала көбіне әділетсіздікті сезінеді және өзін көптеген жағдайларда өкпелі сезінеді. Оның белгілі бір шешім қабылдауда үлкендердің көмегін күтеді. Ал жалғыз бала туылғаннан бастап өте ерекше жағдайда өседі. Психологтар бұған сенімсіздікпен күмәндана қарайды.
С. Холл бойынша отбасыдағы жалғыз бала ерке бала болып өседі. Жалғыз бала дамуындағы ерекшелік ол ұзақ уақыт бойы үлкендермен өте жақын қарын-қатынаста болады. Бұл бала үшін оңай емес. Бала көп жағдайда өзінің әлсіздігін пайымдауы мүмкін.
Нәтижесінде өзіне деген сенімін жоғалтады. Жалғыз бала ата-анасының көз алдында өседі. Егер оның қолынан бір нәрсе келмей жатса оған тез арада көмек береді. Ал егер үлкен отбасыда бала түймені қадай алмаса он рет немесе бірнеше рет қайталу барысында үйренеді. Отбасыдағы жалғыз баланың бір ерекшелігі олар өзімен жасты балалармен жақын араласа алмайды. Және де өзінде қайталанбас құнды деп санайды [9].
Олар өзімен құрдас балалармен қалай сөйлесу керектігін біле бермейді. Отбасысының суретін салғанда туысқан апа інілерін салып қояды. Бала ата-аналарының өзіне деген қатынасын сезінеді. Көп балалар көмек беріп, серік болып өседі. Бірінің білмегенін бірі айтып, қол ұшын беріп, қолынан келгенін аямайды, өзінен үлкеннен үлгі -өнеге алып, соған ұқсауға тырысып бағады. Ал үлкендері кішіге ізет көрсетіп оларды жетелейді. Өзін бауырлары үшін жауапты сезінеді. Осындай даму жағдайында белгілі бір мінез қырлары өмірге деген көзқарасы қалыптасады.
1.2 Отбасылық қарым -қатынастың жеткіншек тұлғасының дамуына психологиялық әсері
Хронологиялық тұрғыдан жеткіншек жас 10-12- жастан 14-15 жасқа дейін анықталады. Бұл жеткіншек жастың негізгі ерекшелігі жан-жақты дамудың жылдам, тез сапалы өзгеруі. Яғни, анатомо-физиологиялық жағынан қайта өзгерулер кезінде, психологиялық дағдарыс (кризис) жүріп жатады. Бұл жас әртүрлі қайғырулармен (переживания), қиындықтармен және ауыр дағдарыстармен бай. Бұл кезеңде жүріс-тұрыстың тұрақты формалары, мінез-құлықтың қырлары, эмоционалды әсер етудің тәсілдері қалыптасады.
Жеткіншек жастың тағы бір ерекшелігі, білімін одан әрі өсіруге деген талпынысы, әлеуметтік позицияны қабылдау, сонымен қатар өзінің «Менінің» қалыптасуы болып келеді. Жеткіншек жасты, жиі дамудың диспропорция кезеңі деп атайды. Жеткіншек жас кезеңінде өзіне деген көңіл аудару өседі, өзінің физикалық ерекшелігіне де, қоршаған орта пікірлеріне қайшыласу (обостряться) реакциясы да пайда болады, және өзіндік абыройлық сезімі жоғарылайды сонымен қатар тез ренжігіш те болып келеді. Жеткіншектің психофизиологиялық дамуындағы ең маңызды жағдай, ол жыныстық жетілу болып келеді.
Психофизиологиялық деңгейде жеткіншектер ыңғайсыздық сезімін бастан кшіруі мүмкін:
- Эмоционалды сферасының тұрақсыздығы
- Жүйке жүйесі іс-әрекетінің жоғарғы ерекшелігі
- Қобалжушылық ахуалының жоғарғы деңгейі
Жеткіншектердің танымдық даму қабілетінің ерекшелігі, мектепте білім алуындағы қиындық жағдайы болып келеді, яғни үлгермеушілік, мінез-құлқына сәйкес емес іс-әрекеті. Жеткіншектің психикалық даму маңызы, өзіндік сана сезімнің орнауында. Ең бір жеткіншек тұлғасының маңызды сипаттама қыры, ол өзінің «менімен» өзін-өзі бағалаудың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жеткіншектің өзіндік санасының маңызы-өзінің физикалық «мен » кейпі, бейнесі, яғни денелік кейпі, ер азаматтық және әйелдік эталонмен өзіне баға беру, салыстыру көзқараста болады.
Физикалық ерекшелігінің дамуының төмендеуі өзін-өзі бағалаумен өзін сыйлау қасиетінің төмендеуі, және де қоршаған ортадан төмен баға аламынба деп қорқады, яғни тек сыртқы келбет жағынан.
Жеткіншектер көбінесе құрдастарының ой-пікіріне сүйенеді. Егер де кіші мектеп жасындағы оқушыларда үлкен танымайтын адамдармен қарым-қатынаста қобалжуды сезінсе, ал жеткіншектер өз құрдастары мен ата-аналарының алдында қобалжиды екен [8].
Өзінің идеалымен өмір сүруге талпынса, жеткіншек мінез-құлқының өзгеруінен ата-ана мен құрбы-құрдастары арасында конфликт жағдайы пайда болуы мүмкін. Жеткіншектің қарқынды биологиялық дамуы мен байланысты және дербестік талпынуы өз құрдастары арасында өзара қатынас кезінде қиындық туғызуы мүмкін.
Өжеттілік, келеңсіздік, ренжігіштік және агрессиялық жеткіншектер үшін, сенімсіздігіне эмоционалды реакция әсер етеді.
Жеткіншек өзге жастарға қарағанда педагогтармен тиісті әдебиеттерде көп әңгіме болып жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл – кеңесінен құтылғысы келеді. Жеткіншектің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы ( жыныс т.б. жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал, жалпы алғанда, жеткіншек тым өзгеше сипатта келеді. Мысалы: жеткіншек төменгі сыныптарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жеткіншек жастағылар осы кезеңде бұрынға қалпынан үлкен адамдармен қарым – қатынаста болғанда, мейірімді, сыпайы келсе,енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді.
Л.С. Выготскийдің пікірінше жеткіншек жас екі процесс қатарын көрсетеді:
- Табиғи – ағзаның биологиялық жетілу процесі, сонымен қатар жыныстық даму.
- әлеуеметтік – кең түрде қарым – қатынас, тәрбие, әлеуметтену процестерінің дамуы жатады.
Бұл процестер әрқашан бір – бірімен байланысты, бірақ синхронды емес:
- Әртүрлі балада физикалық және психикалық дамудың жолы ( мысалы бір бала 14-15 жаста ересек болып көрінсе, ал бір бала керісінше әлі жас бала болып көрінеді.)
- Іштей биологиялық жүйе мен психика дамуының сәйкессіздігі де кездеседі.
- Физикалық дамудың әлеуметтік дамудан ертерек болуы. ( физикалық жетілу ерте іске асады, әлеуметтікке қарағанда. Яғни әлеуметтік ол – мектеп бітіруі, мамандықты таңдауы, экономикалық жағынан еркін болуы т.б.) [16].
Жеткіншектік жас биологиялық мағынада өтпелі кезең болып саналады. Жеткіншектің әлеуметтік статусы жас баладан айырмашылығы жоқ деуге болады. Жеткіншек – әлі мектеп оқушысы және ата-ана қарамағында болады. Олардың негізгі іс — әрекеті – оқу болып табылады.
Биологиялық факторға жыныстық жетілуді жатқызады. Сонымен қатар, қарқынды даму мен барлық ағзаларының қайта жетілулері, терімен ағза жүйесінің де өзгеруі кіреді. Жыныстық жетілу басты биологиялық фактор ретінде мінез – құлыққа тікелей емес, жанама әсер етеді.
Жеткіншектердің мінез – құлқының лезде өзгеруі, ол жыныстық жетілудің басталуымен, қанда жаңа гормондардың пайда болуымен, және олардың орталық нерв жүйесіне әсер етуі болып табылады.
Жеткіншек жаc – бұл талапты ақыл, бір нәрсені тануға деген тойымсыз ұмтылу, энергияның тасып қайнап тұрған кезі, сонымен қатар іс — әрекетке деген қарқынды белсенділікпен ұмтылу жасы болып келеді. Бұл жаста әрбір бала – мақсатқа жету жолында табандылық, өжеттілік танытады, сонымен қатар алдынан шыққан кедергі қиыншылықтарды жеңуге деген ынтаның болуы, яғни еркін іс — әрекетке деген қабілеттілік. Жеткіншек іс — әрекеттің бір түрінде табандылық көрсетсе, ал екінші бір іс — әрекетінде дәл сол табандылықты қолдана алмауы мүмкін.
Жеткіншек жас өзінің албырттығымен танымал. Эмоционалды жағы өте қарқынды және оны басқару қиынға соғуы мүмкін. Жеткіншектердің танымдық іс – әрекеті өте қарқынды дамиды. Олардың зейін аударулары тек үлкен көлеммен тұрақтылықпен ғана сипатталмайды, сонымен қатар, ерекше талғампаз болып келеді. Бұл кезеңде зейін ниетті болып келед. Сонымен қатар осы жаста жеткіншектің қабылдауы да ерекше, мақсатқа бағытталған болып келеді. Есте сақтау көлемі де үлкейеді, яғни тек бір затты есте сақтауы ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлауы да өте жақсы дамиды. Жеткіншектердің интеллектуалды іс — әрекетінде нақты өзгерулер пайда болады. Оның негізгі ерекшелігі 10-15 жаста абстрактілі ойлау қабілеті әрбір жылда үдейі өсіп отырады. Бұл жастың маңызды ерекшелігі – белсенді, өз бетінше творчестволық ойлауының қалыптасуы.
Жеткіншек пен ата – ана қарым – қатынасының өзекті мәселесі тәрбие болып келеді. Қазақ халқының ата тәрбиесі, ана, әже, ене тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Әсіресе, әже деп құрметтеп атап, қарт шешесін сыйлайтын дәстүр бар. Әжесінен тәрбие алған бала ертегі, әңгіме, өлең – тақпақты көп біледі. Бауырмал, сезімтал болып өседі, үлкенді сыйлағыш келеді. Өйткені әже әлдиі олардың құлағына жас кезеңнен сіңіп қалады [17].
Ана әкелік сезімнің жедел қалыптасуына себепші болады. Ол баланы «Әкең айтты» деп сендіреді. Шыныменен бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жонғыш бар тәрізді.
Отбасылық тәрбие стратегиясының көптеген классификациялары бар. Олардың бірі Санкт – Петербургтегі Т.М. Трапезникованың кешендік зерттеулер институтында (әлеуметтік) дамыған. Ол отбасылық тәрбиенің келесі стратегияларын бөліп көрсетеді:
- Қатаң қадағалау, жазалау (жазғыру, талап ету, сөгіс айту және т.б.). Ата – ананың ойынша, бала ең алдымен тәртіпті болуы керек, бұл жағдайда ата – ана мен баланың қарым – қатынасы бастық – бағынушы стилінде;
- Немқұрайдылық. Кейбір көп балалы отбасына, ата – анасы ішімдікке салынған немесе жұбайлар отбасынан тыс құндылықтарға көңіл аударатын, қайталама некеде тұрған отбасына тән;
- Өзара қамқоршы. «Назар балаға аударылған». Бала отбасының құндылығы ғана емес, отбасын сақтау құралы, әйел мен еркектің түйісетінортақ нүктесін табу құралы;
- Қарама – қайшы талаптар. Ата – ананың бірі қатал, талап қойғыш, қадағалауды, жазалауды ұнатады; екінші – жұмсақ, либералды, «баланы басына шығарады». Жұбайлар келіспеушілігі туындайды;
- Достық стилі. Бала көмек алады, оның қызықты қабілеттері ескеріледі.
Бұл стратегиялар баланың туа біткен белгілі бір қасиеттерін басады. Бұл қасиеттер түпкі қасиеттер болып табылады, олардың отбасылық тәрбие стратегияларымен әрекеттесуі салдарынан басқа қасиеттер қалыптасады. Түпкі қасиеттер қатарына жүйке жүйесінің қасиеттері (темперамент), жалпы зияткерлік қабілеттерінің ұшқындары жатады.
Отбасылық тәрбие стратегиялары осы қасиеттерге әсер етеді деген нәтижесінде жаңа қасиет пайда болады. Қатаң қадағалау стратегиясының жүйке жүйесінің әр түріне (мықты немесе әлсіз жүйкеге) әр түрлі әсер етеді, нәтижесі де әр түрлі болады. Мықты жүйке жүйесіне қатысты алсақ, баланы үнемі басу, тыйым салу, жазалау, қатаң қадағалау, бала тек қана шабуылдаушылық қасиеттің қалыптасуына әкеп соғады. Керісінше әлсіз, нәзік, эмоционалдық жүйке жүйесі тән балаға қатыстықатаң қадағалау және жазалау стратегиясы әлсіздік, сенімсіздік, тұйықтық, адамдармен байланыс жасаудан қорқу сезімін, байланысқа түсуден қашқақтауды қалыптастырады, әлеуметтік қорқақ адамның пайда болуына, яғни өз мүмкіндіктеріне сенбейтін тұлғаның қалыптасуына әкеп соғады[18].
Әр жастағы адамдардың көңіл-күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары бірдей болып келмейтіндігі жөнінде де қызықты пікірлер айтқан. Халқымыз тәрбиесі кем балаға жаны ашып: «Әдепсіз бала – сорлы бала», деген ебедейсіз балалардың келешегінен күдіктенеді де, ата-анасының айтқанын екі етпейтін, тіл алғыш зерек, әр нәрсені танып, білуге құмар, елгезек, ықыласты, тәртіпті балаларды басқаларға үлгі етеді.
Бала біткеннің бәрі де ес білгеннен бастап білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам деп әрекет етуге ұмтылады. Ол өзін қоршаған ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуді қалайды. Бұл баланың өзін қоршаған өмірді терең де толық білуге табиғи құштарлығы. Олар үшін жай нәрсенің өзі жаңалық. Бұлар әуесқой, тынымсыз зерттеуші. Көптеген мақал-мәтелдердің мән-мазмұны осы айтылған идеяны да бейнелейді. Ата-ана өз баласын өнегелі сөзбен, жеке басының үлгісімен тәрбиелейді. Оның баласында үлкендердің сөзіне, қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік басым.
Халық ұғымында адамның негізгі өмір кезеңінің бірі – жасты кезең – бозбала шақ. Жастық шақтың басты белгісі – адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да елеулі өзгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, оның сана – сезімі өседі, психикасы шыңдала қатая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады, зін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу, жеке басындағы ойлар, адамгершілік идеялар кемеліне келе бастайды. Халық даналығы жастарға мол, қайтып оралмайтын, кейін іздесең де таптырмайтын адам өміріндегі ең қызықты кезеңді бос өткізсең – оның орнын еш уақытта толтыра алмайсың деп бұл кезде адамда ғылым-білімді, өнердің сан алуан түрлерін меңгере алуға мүмкіндік мол болатынын, сол себепті көп оқып, үйреніп, біле берудің керектігін әдейілеп ескертеді, оларды еңбек сүйгіш, көпшіл, белсенді, өнегелі болуға шақырады. Жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеу жайында да небір сындарлы пікірлер айтқан. «Баланы сүйсең, тәрбиесін сүй». Жас бөбектерге шынайы тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын, жас өзгешелігін, мінез-құлқының өзіндік ерекшелігін айрықша ескерту қажет – дейді мақалдар.
Бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі рөл атқаратындығын аңғарған. Ойынның маңызы жөнінде мақал-мәтелдердің түйетіні мыналар: ойында бөьектің ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсе, мінез-құлқы қалыптаса түседі. Бала ойынының түрі де, мазмұны да сан алуан. Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке баулынады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын балалық шақтың басты ерекшелігі. Халық даналығы адамның психологиясы негізінен іс-әрекет үстінде қалыптасатынына ерекше мән бере келіп, тәлім-тәрбие процесі үшін баланың кейбір туыстан берілетін қасиеттерімен де санасып отырудың қажеттілігін ескертеді [19].
Тәрбие ісі – «ой шұңқыры», қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл, әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Бұл жерде, осы айтылғанның бір жағына ғана, яғни тәрбие негізгілерінің бірі – тәрбиеленушілерге талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалап отыру мәселесіне тоқталмақпыз. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған іс уақытында қадағаланбаса, біртіндеп берекесіздік пайда болады. Сондықтан балаға кішкентай кезінен бастап шамасы келетін талаптар қойып, міндеттер жүктеп, олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас өскінді жауапкершілікке, өз борышын дұрыс түсіне білуге машықтандыру қиын. Талап қою, міндет жүктеу, бала мектепке барғаннан кейін ерекше мәнге ие болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзі мүмкін емес. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің үйге берген тапсырмаларын орындап тұруға біртіндеп машықтануы қажет, ұстаздың талап-тілектерін орындау оқушы үшін – заң. Оқушыға міндет алу, тәрбиешінің талабын мүлтіксіз орындап шығу үлкен жауапты әрі жанды жадырататын іс. Бұл жәйт шәкірттің психикасына зор салмақ салып, оның психологиясын біртіндеп өзгертуге себепші болады өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәніндегі талап қоюшылық, міндет алушылық болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздың беделін онан сайын арттыра түседі.
Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбірленбей, қолайлы көңіл күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса, бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырыпта қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейдк оқушылардың теріс қылықтарын көре-тұра оны жазаламаудың да кесірі аз болмайды. Шәкірт оқыс қылықтарды кейде әдейі жасамай, оны балалығымен, білместік аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына қарай істейді. Мәселен, бір бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. Бұл жерде, осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі, өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеуден басталуы қажет, өйткені, әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, кісінің теріс қылықтарын айыптап, тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұлардың кейбір мына төмендегілер: біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, адамның кінәсіне лайықталып берілуі қажет. Екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтіндей етіп берілетін болсын. Үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтықтың өзіндік ерекшелігіне қарай қолданылуы қажет. Төртіншіден, шәкірттің теріс қылығының ақ-қарасы нақты тексеріліп, оның бұрыннан белгілі ерекшеліктері (білімі, қабілеті, жалпы мінез-құлқы, т.б.) ескеріліп отырылсын. Бесіншіден, мұғалім бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтін түрде ұйымдастырылғаны абзал. Тәрбие тәсілдері мен тетіктерінің осы айтылғаннан басқа да сан алуан түрлері болатыны әркез ұстаз бен шәкірттің есінде болуы тиіс [20].
Әрбір адам өмірінің туылғанынан бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелеу процесіне тап болады. Басында тәрбиелеу процесі, баланың ата-аналарымен іске асады, кейін бала ұжымға түскенде тағы тәрбиелеу процесі жүріп отырады. Бала өседі, енді ол қоғамда өмір сүруді үйренеді. Ал қоршаған орта бала тұлғасының қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.
Тәрбиелеу — әрбір өсіп келе жатқан адамның мақсатқа бағытталған дамуы, яғни жеке индивидуалдылық және тұлға ретінде өсуі. Тәрбиелеу процесі кезінде әрбір ата-ана өз баласының қоршаған ортадан бөліп тұратындай, қайталанбас қырын дамытуға талпынуы қажет. Міне осыдан тұлға қалыптасады. Әрбір тәрбиеленуші баланың өнегелі және шығармашылық күштерін дамытуға, іске асыруға міндетті. «Тәрбиелеу» түсінігін сенімділікпен айтуға болады – бұл адамның ішкі субъективті әлемін дамыту болып табылады. Әрбір педагог – тәрбиелеуші өсіп келе жатқан балаға көмектесуге міндетті, яғни әлеуметтік даму жағынан, сонымен қатар бірегей және дербестік жолының дамуына да көмектеседі.
Тәрбиелеуді былай сипаттауға болады: «Баланың рухани және физикалық дамуының мақсатқа бағытталған әсерімен жүйелеген процесс, яғни баланы өндірістік, мәдениеттік қоғамдық іс-әрекетке дайындау». Тәрбиелеу процесінде екі әртүрлі жағын бөліп қарастыруға болады – тәрбиелеу процесс ретінде және тәрбиелеу нәтиже ретінде. Көбінесе жақсы және жаман тәрбиеленген адамдарды жиі салыстырады, яғни жамандарды жақсы білім алмаған немесе жақсы тәрбиеленбеген деп айтады. Тәрбиелеудің негізгі түбірі басынан бастап баланың тумысынан басқа адамға деген қажеттілігі. Балаларды тәрбиелеу маңызды талаптардан құралады:
Ата-аналар балаларының алдында эмоционалды болулары керек, анық және нақты түрде өздерінің эмоциаларын барлық нәрсеге тиісті көрсете білулері керек, яғни оның қабылдау объектісі болуы мүмкін. Бұл баланың ортаны бағалауының өзіндік жеке жүйесінің қалыптасуына өте керек.
Әрбір бала өзіндік тәжірибеден өткізу керек, яғни қоршаған ортаны тану мүмкін екенін өзі заң шығара алады екенін, сезінуі керек. Иә сонымен біз білеміз, тәрбиелеу туылғаннан бастап, өмірінің соңына дейін болатынын. Бірақ бұл тәрбиелеу күшінің әсері, жас ерекшелігіне, әлеуметтік орнына тәуелді болады. Әрбір тәрбиелеу жүйесі жас ерекшелігіне байланысты құрылу керек, бірақ бұл балалардың «ертеңгі күніне» бағдар болуы керек, яғни біз балалардан не күтетінімізде.
Жеткіншекпен сөйлесу өте қиын. Бала өсу процесінде өзіне деген дербестікті таныту керек. Жеткіншектерді тәрбиелеуде лекция оқуға болмайды. Ең жақсы жол, серуендеуге шыққанда немесе ұзақ жол жүргенде әңгімелескен тиімді, ол кезде баланың көзіне тіке көп қарамайсың. Тағы бір жеткіншекпен сөйлесудің эффективті тәсілі – ол сізді қобалжытатын сұрақтарды қою болып табылады. Мысалы: «Ал егерде?…» деген сұрақ.
Егер сен бір жігітпен кездесуге барсаң, саған тиісетін болса, не істейсің? Бұл қылығы саған мүлде ұнап тұрған жоқ, бірақ ол әлі тиісуін жалғастыруда. Сен не істейсің?
Егер досың сені үйге өз машинасымен жеткізіп тастаймын деп уәде берсе, өзі мас немесе анаша шегіп алған болса, бірақ сондада бәрі жақсы деп тұрса? Сен осы жағдайда өзіңді қалай ұстар едің?
Сонымен осы сізді қобалжытатын сұрақтарды басу үшін, жеткіншекке өз тәжірбиеңізде болған жағдайды айтып берген жөн болады. Сонымен қоса өзіңіздің пікіріңізді айтуға асықпаңыз. Жеткіншекке бұл жағдайды біраз ойлануына мүмкіндік беріңіз. Ал лекция оқығанды тек жеткіншектер ғана емес, сонымен қатар үлкен кісілер де, жақтыра бермейді [22].
Тағы бір әдіс мынадан тұрады. Әрбір ата-ана баласы қандай болмасын уақытта сізге сенуіне және сіз оның сенімін ақтайтынына. Мысалы жеткіншек бір отырысқа барғанда, егер ол жерде жеткіншекке бір жағдай ұнамай қалса, ол сізге түн ортасы болса да хабарласады, ал сіз оған ешқандай артық сұрақ қоймай алып кете алуыңыз керек.
Көптеген жеткіншектер өздеріне әртүрлі рөлдерді эксперимент жасайды, яғни бұл ата-анаға ұнамайды. Дәл осы уақытта ата-ана жеткіншекті түсінуі керек, осылай балалар қоршаған ортада өз орындарын табатынын. Мүмкіндігінше ұсақ-түйектерге көңіл аударып ұрыс шығармауға көңіл аударып ұрыс шығармауға көңіл бөліңіз, егер де ол жеткіншектің денсаулығына ешқандай әсері болмаса.
Жеткіншекке басың жуылмаған, шалбарың жыртық немесе неге бөлмеңе сурет жабыстырып қойғансың деп те көңіл бөлмеңіз. Көбінесе жеткіншектер талас-тартыстарда мына сөзді қолданалды, «менің ешқандай досым бұлай жасамайды немесе ешкім оларды мәжбүрлемейді» немесе «егер мені мәжбүрлесеңіздер, онда мен өлемін»т.б. Осындай тәсілдермен олар сіздің жол бергеніңізді қалайды, бірақ мұндай қақпанға түсіп қалмаңыз.
Есіңізде сақтаңыз, сіз оның досы емес, ата-анасысыз, егер сұрақ шын мәнінде маңызды болса, онда жол беріңіз, сонда оның көзіне жақсы болып қала бересіз. Ал, егер басқа жағынан қарасақ, онда сіз баланың өтінішіне «жоқ» деп жауап бермеңіз. Өзіңіздің «тиым салу» құқығыңызды сақтаңыз. Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор.
Адам дамуындағы тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның қоршаған орта мен нәсілдік әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды. Бұл процесте жеке адамның өз белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-әрекетінің маңыздылығын ескерту қажет. Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие- сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерімен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы — ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны [23].
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Қоршаған орта тәрбиелейді немесе Отбасы тұрмысы тәрбиелейді деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экокномикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.
Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және педагогі Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегенбіз».
Тәрбие- бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Тәрбиенің астарлы терең заңдылықтарын білместен, оны жетілдіруге ұмтылудың өзі бос әрекет. Өмір шындығы заңдылықтары мен жеке адамның дамуы және кемелденуіндегі қайшылықтарды тану ғана белгілі бір дәуір тәрбиесіндегі күнделікті шараларды іске асырудың және сол процесті ғылыми тұрғыдан басқарудың теориялық-әдіснамалық негізін бере алады. Сонымен тәрбие заңдылықтары деген не? Бұл түсініктің мәні: орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар. Мұндай заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын-ала болжауға және ол іске терең мазмұндық, әрі әдістемелік мән-бағдар беруге болады [24].
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары:
- Барша тарих кезеңдерінде тәрбие объективтік-қоғамдық қажеттіліктен туындайды және ол қоғамға қызмет етеді.
- Тәрбиенің мақсаты, мазмұны және тәсілдері біотұтас байланыста, бір-бірінсіз нәтиже бермейді.
- Біртұтас педагогикалық процестегі оқу мен тәрбие өзара кіріге ұштасқан
Келтірілген заңдылықтар тәрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды, ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей тәрбиелік процесті іске асырудағы құрал ретінде танылуы тиіс. Олардың қатарына кіретіндер:
- Дамушы жеке адамның тәрбиесі сол адамды тікелей іс-әрекетке қосу барысында орындалады.
- Тәрбие – ұйымдастырылған іс-әрекеттегі жеке адамның белсенділігін арттыруға ықпал етуші фактор.
- Тәрбие барысында тәрбиеленушіге деген жоғары гуманизм мен сый-құрмет орынды талаппен ұштасуға міндетті.
- Тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып, табыс қуанышына ере білуге көмектесу.
- Тәрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану қажет.
- Тәрбиелеуде оқушылардың жастық және даралық ерекшеліктерін ескеру орынды.
- Тәрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы іске асырылуы қажет.
- Тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісімі қажет.
Мектептегі оқу жұмысы да, оқушылардағы жеке адамдық сапаларды тәрбиелеу де осы заңдылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне оның демократиялық сипатына, экономикалық мүмкіндігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты. Тәрбие процесі – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі. Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрдел жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады. Тәрбие бұл тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесі. Бұл сонымен қоса, қоғамға қажетті әрі пайдалы тұлға қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ұйымдасқан, басқарылған, бақыланатын бірлескен өзара әрекеті [24].
Отбасыдағы тәрбие өсiп келе жатқан жеткіншектің тiршiлiк iс-әрекетiмен ұштасып жатады. Отбасыда жеткіншек өмiрге қажеттi барлық әрекетке қатысады. Интелектуальды танымдық еңбек, қоғамдық, суреткерлiк, ойын, еркiн қарым-қатынас орнату сияқты әрекеттер. Оның үстiне олар қарапайым әрекеттен әлеуметтiк және тұлғалық жүрiс-тұрыс формасына дейiн барлық этаптан өтедi. Отбасылық тәрбие қарапайым әрекеттен әлеуметтiк және тұлғалық жүрiс-тұрыс формасына дейiн әсер етудiң кең уақыт диапозонына ие. Ол адам өмірінің барлық кезiнде, кез келген сағатта, кез келеген уақытта жалғасып келедi.
Отбасыда пайда болған бауырмалдық қарым-қатынас оның адамдармен ара- қатынасының болашағының негізін құрап қана қоймай жеткіншекте пайда болған жаңа немесе стрессогенді кездерде қауіп сезімін азайтуға көмектеседі,осылайша бірқатар авторлардың пікірінше отбасының негізгі функциясы жеткіншекке сыртқы әлеммен әрекет ету кезінде қауіпсіз болады деп кепілдік беріп қауіпсіздік сезімін қамтамассыз ету. Жеткіншектің сол қауіпсіздікті сезініп, сыртқы әлемді зерттеуге жаңа тәсіл таба алуына жағдай керек. Өсе келе жеткіншек өзін ересектермен теңестіре бастайды.Ата анасының жүрыс тұрысымен өзара ұатынасын өзінің бойына сіңіре бастайды. Жеткіншектер ата анасының әдеттерін тез қабылдап алады, әсіресе жестпен сөйлеулеріне, жүрістеріне, сөйлеу мәнерлеріне қатты еліктейді. Дегенмен де басқа авторлардың пікірінше, ата ана жүрыс тұрыс моделінің әдет қалыптастыру процессінде ғана емес, стрессті жеңу тәсілін қалыптастыруда ролі маңызды. Егер ата ана қиын жағдайларда өзін пассив жағынан көрсетсе онда жеткіншек да басына қиын іс түскенде тура сондай мінез құлық көрсетеді [25].
Тұлғааралық қатынаста да дәл осындай ықпалы болады. Мысалға ер жеткіншек әкесінің анасына жасаған қарым қатынасына байланысты оның қыздармен қатынасы айқындалады. Егер отбасыдағы қарыс қатынас моделі жылы болса, яғни өзара сыйластық болса, онда ұлдың жүріс тұрысы осыған сәйкес болады. Әкесінің шешесін жек көрсе, онда бұл жағдай ұлының қыздарды жек көруі мүмкін. Жеткіншектер қалай жүріп тұру керек екенін ата аналарынан үйренеді. Көбінеки олардың айтқандарына қарап емес, істегендеріне қарап үйренеді. Мысалға ата ана өтірік айтпа деп өзі өтірік айтса тағы сол сияқты .
Басымдылық арасындағы байланысты анықтауға тырысты, яғни отбасыдағы бір ата ананың басымдылығы,басшылығы және жеткіншектің белсенділігімен байланасты ажыратқысы келді. Оның ойынша жеткіншекте жауапкершілік сезімі отбасыда жеткіншектің жынысындағы ата ана басқаратын болса сол кезде ғана қалыптасады. Ұл жеткіншек егер әкесі үйде тәртіпті қадағалайтын болса ғана тәртіпті болады. Қыздар егер үйде ананың салмағы күшті болатын болса, қыздар басқа қыздарға қарағанда белсенді болады.
Ата анасының екеуі де тәрбиеге араласқан жағдайда жақсы дамиды. Бірақ мінез құлықтары әртүрлі болады. Жеткіншекке қарым қатынас қатты қажет екені белгілі, алайда жеткіншектің ересек адаммен қарым қатынас орнатуы оның психикалық дамуына және оның толықанды тұлға болып қалыптасуына аздық етеді. Қарым қатынастың көлемімен сапасының маңызы зор. Ересектермен қарым қатынастың ақ болуы жеткіншектің психикалық жамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Жеткіншекті өз құрбыларының қатарынан қалдырмай, білімге құштар, өнерге әуес, белсенді өмірлік ұстанымы, шекке шығару ата–ананың абзал борышы, шындығында да жеткіншектердің ата-анамен қарым-қатынасы жақсы болмауы олардың психикасының дамуына әсер ететіні белгілі жайт. Жеткіншектің ана мейірімін сезінбеуі оның келешектегі ақыл-ой дамуында кенжелеп қалуымен мінез-құлқының нашар болуына негіз қалайды [26].
Отбасының жеткіншекке әсері өзіндік ерекшелігі мен көзге түседі жеткіншек өз үйінде ғана шын мәнінде еркін сезінеді, дамиды, ойнайды ересектерден жылы сөз, мейірім күтеді. Басқа жерде байқала бермейтін шығармашылық қасиеті байқалады. Жеткіншектің азаматтық абзал саналары бойына сіңіруіне үй-іші қарым-қатынасының ықпал өлшеусіз маңызды.
Отбасы мүшелерінің үлкендерімен кішілерінің арасындағы сыйласымдығы, жеткіншектердің өз құрбыларымен, ересектермен мектепке және одан тыс жерлерде инабатты араласуы олардың тәрбиесіне және жан-жақты өсіп жетілуіне игі ықпалын тигізеді. Отбасындағы тәрбиенің нәтижелі тартымды болуы, көп жағдайда ата-ананың білім дәрежесіне байланысты.
Отбасылық қарым-қатынас жеткіншектің тұлғасының қасиет саналарымен шығармашылық қабілетін жеке тәуелсіз дербес ойлау білу іскергін қалыптастырудағы ең басты және әлеуметтік фокторлардың бірінен саналады. Ата-анамен және отбасының басқа мүшелерімен өзара жағымды қарым-қатынас орнауы жеткіншек бойында болашақта өз ой пікірімен кәзқарасы дербес ойлауға бейім және творчестволық әрекетке қабілеттіліктің қалыптасуы үшін маңызы өлшеусіз зор. Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап жеткіншек шешесіне жақын болады. От басының жеткіншек әсері өзіндік ерекшелігімен көзге түседі, жеткіншек өз отбасысында ғана шын мәніндегі еркіндікті сезінеді, дамиды, ойнайды.
Жеткіншекті өз құрбыларының қатарынан қалдырмай, білімге құштар, өнерге әуес, белсенді шығармашылық қабілетке ие белсенді өмірлік ұстаным алдыңғы шепке шығару ата-ананың ұрпақ алдындағы абзал борышы десек, жеткіншекрдың ата-анамен өзара қарым-қатынасының жақсы болмауы, тәрбие стилінің кемшіліктері — жеткіншектің психикалық дамуына кері әсер ететіні белгілі жайт. Жеткіншектің өз отбасысының мейірімін сезінбеуі, оның келешектегі тұлғалық калыптасуына теріс ықпал жасайды.
Отбасындағы тәрбиемен қарым-қатынастың тартымды, нәтижелі болуы, көп жағдайда ата-ананың білім дәрежесіне де байланысты. Көбінесе, ата-ананың жеткіншектеріне деген үлкен сүйспеншіліктің нәтижесінде жеткіншек психикасының даму заңдылықтарын білмеуден қарым-қатынаста бірқатар дөрекі қателіктер жеберіп алады. Ата-аналар оны өзі байқай бермеуі де мүмкін. Алайда мұның бәрі қалыптасушы дамушы жеткіншек психикасына әсері мол [27].
Осыған орай отбасылық қарым-қатынастағы және тәрбиелеу стиліндегі білімдердің жетіспеушілігінен жеткіншектің жалпы дамуы мен қарым-қатынас қабілеттерінің қалыптасуына кері әсер бірнеше факторларды бөліп шығаруға болады:
- Ата-аналар өз жеткіншектерінің психикалық және тұлғалық дамуындағы жас ерекшеліктері қиындықтармен күресуде әлсіздік танытады.
Бұл жеткіншектің табиғи дамуы мен жастық дағдарыс кезеңдеріне байланысты. Мұнда ата-аналар тарапынан жеткіншектің жасына сай мүмкіндіктеріне деген жоғары талаптылық, шыдамсыздық, шектеп тию табандылық, түбегейшілік жатады. Бұл факторлардың жағымсыз нәтижелердің екі жағдайда шиеленесіп кетуі мүмкін.
а) Отбасының қарым-қатынаспен тәрбие стилінің бір жақтылығы яғни жеткіншек тәрбиесімен тек әйел адамдардың айналысуы бұл ер жеткіншек үшін өте жағымсыз болып табылады.
б) Ананың бұл тәрбиесінде “әке ролінде” ойнау бұл жеткіншекке қарым-қатынастағы шектен тыс талапшылдық жазалаудағы қаталдық ұштасады.
ІІ. Отбасының қарым-қатынас пен тәрбие стиліедегі ұстамдылық көзқарасының басым болуы, яғни моральдық ұстанымдар мен талаптардың жоғарылығы. Мұндай формальді қарым-қатынас жеткіншектің табиғи дамуына кері әсерін тигізеді.
Мұндай тәрбие орын алған жерде жеткіншектің қиялы мен ойлау икемділігі және шығармашылық қабілеттеріне аз көңіл бөлінеді. Бұл жеткіншектер құрдастарына қарағанда әлеуметтік ортада өзін қалай ұстау әңгімелесу тақырыбын таңдауда моральдің нормалардан ауытқымау үшін өз жеке басының қызығын ойлауы сонымен қатар мұнда отбасыдағы ұл мен қыз жеткіншектер тәрбиесінің орташылығы олардың өзіндік табиғи ерекшелігіне көңіл бөлмеу жатады.
ІІІ. Жеткіншек дамудағы психикалық дағдарыстар табиғатын жеке түсіну жеткіншектің өзіндік табиғатымен ерекшеліктерімен санаспау.
- Жеткіншек мен қарым-қатынастағы қабылдамаушылық. Әдетте бұл жеткіншек арақатынастағы қабылдамаушылық. Әдетте бұл жеткіншек ата-ана үшін күтпеген келелі мәселе туындатушы және кәсіби өсуге кедергі ретінде саналған жағдайларда кездеседі.
- Тәрбиелеу стиліндегі икемсіздік, стандартты көзқарас.
- Жеткіншек тәрбиесіндегі қызбалықық қатынастың теңсіздігі.
- Тәрбие мен қарым-қатынас стилінің тұрақсыздығы мен жүйесіздігі. Бұл жеткіншек бойына өзіндік “мен” образы өзіне сенімділікті қалыптастыруға кедергі келтіреді.
ІV. Ата-ана тұлғасындағы жағымсыз саналардың басымдылығымен сипатталады.
а) Отбасылық қарым-қатынастағы қызбалық жан күйзелісі, жақтырмау және қанағаттанбаушылық әдетте бұл айқай — ұрыс, болжау, қорқыту болып табылады.
б) Жеткіншектің қарым-қатынастағы басынушылық билікшілдік сапалықлық және пікірдің нұсқау беру, жеткіншекті өзіне бағындыру мен үнемі тыңдатуға тырысу.
в) Жеткіншекмен қарым- қатынаста өмірдің мүмкіндігі мен қабілеттеріне сенбеу дербес әрекеттері мен ойларына күмән келтіру.
- Тәрбиелеу мен қарым-қатынастың негізгі сипатттары жатады.
а) Қайырымдылық . Мұнда жеткіншекке ата-ананың біреуі тарапынан шектен тыс қайырымдылық көрсетіледі.
ә) Әсіресе қамқорлық. Бұл жеткіншек болашағы өміріне қауіп жалғыздықты мойындауға деген мазасыздықтың көрінісі.
б) Жеткіншекке деген сүйіспеншілік. Ана өз жеткіншексының табиғатын толығымен емес, оның идеалды образдарымен қылықтарына деген ерекше сүйіспеншілігі.
в) Отбасының қарым-қатынас пен тәрбие барысындағы бақылау қадағалау. Бұл жағдай жеткіншекті өз бетінше ойлап шығармашылық қабілеттерінің көрінуі мен жүзеге асыруы, ойлау икемділігі жолындағы басты кедергі болып табылады. Жеткіншек әрекетінің барлығы дерлік ата-ана бақылауынан өтіп қадағалағандықтан жеткіншек бойында дербесшілдікпен өзінің шығармасын жүзеге асыру мүмкін болмайды.
г) Оқыту. Жеткіншек дамуы мүмкіншіліктеріне сай немесе жеткіншекті ерте жастан оқыту біден-бір іскерліктерге үйрету жеткіншекке кейде жағымсыз ықпал етуі мүмкін. Танымның даму табиғи дамуымен астарласа жүргенде ғана оң нәтиже беретіні назардан тыс қалады. Жеткіншек мектепке барғаннан кейінде отбасылық қарым-қатынастың әсерінің күші кемімейді. қайта түрлене түседі [28].
Тұжырымдай келгенде дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым-қатынас жеткіншектің тұлғалық психологиялық дамуының ғана емес, оның шығармашылық қабілеттері мен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады.
- Ата-ана мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынас стилдерінің ерекшеліктері
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықтарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелей және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады.
Жеткіншек кезеңде ер балаларда да, қыз балаларда да, бір проблемамен кездеседі: ол ата-анамен, құрдастарымен, мұғалімдермен өзара қатынасы, сонымен қатар, алғашқы махаббат, мамандық таңдау т.б.
Жеткіншектерде кездесетін негізгі проблема- бұл «ата-аналармен» өзара қатынасы болып келеді. Жеткіншек жаста бала «балалық шақта» (детской) арылады, яғни олар өзара сенімді, сыйлауды және өзіне ата-анамен тепе-тең қарым-қатынасқа түсуді қажет етеді.
Жеткіншектік жас- отбас мүшелерін әлеуметтік, тұлғалық жағынан тексеретін уақыт болып келеді. Бұл жас дағдарыс және конфликтті болып өтеді. Осылай жеткіншек балалар өз ата-аналарынан бөлінеді, тіпті оларға қарсы да тұрады. Бала осы жаста дөрекі, қатыгез, өз ата-аналарын және басқа да үлкендерді сынайтын да болып кетеді.
Жеткіншек балаларды, ата-аналары кей кездері түсінбей де қалады, өйткені ата-аналар бұл балағанеге тиым салып, неге рұқсат ету керек екенін білмей қалады.Мұның бәрі оңай жағдай тудырмайды.
Осындай жағдайлардан кейін отбасы түрлерін бес топқа бөліп қарастыруға болады:
- Ата-аналар мен балалар арасында өте жылы, достық қатынас бар отбасы. Бұл атмосфера барлық отбасы мүшелері үшін жағымды, өйткені бұл отбасының ата-аналары балаларын түсінеді, қолдайды, сенеді. Мұндай отбасының ата-аналары балаларының заманға сай тыңдайтын әндерін, замани сәндерін оңтайлы қабылдайды. Ал балалар өздерінің жақын туысқандарына өте жақын. Бұл отбасындағы жеткіншектер белсенді, тәуелсіз, достық қатынаста болады.
- Тілектестік отбасы. Бұл отбасы ата- аналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығущыаналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығушылық танытады. Бұл отбасында да конфликттер болып тұрады, бірақ бұлар ашық түрде өтіп, тез шешіледі. Бұл отбасындағы жеткіншектер ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, оларға сенеді. Мұндай отбасында үлкендер мен кіші арасында белгілі арақашықтық сақталады. Балалар мейірімді,ашық жүзді, тіл алғыш, болып өседі. Өздерінің тәуелсіздіктерін кейдк айтып та қояды.
- Көптеген отбасында ата-аналар балаларының оқуына, күнделікті өміріне көбірек зейін аударады. Тек осылармен ғана шектеледі. Мұндай отбасындағы балаларға өмірде керекті барлық заттары бар: киім, аудио-видео, құрал жабдықтар т.б. Және өздерінің бөлек бөлмелері, қымбат жиһаздары бар. Бұл отбасындағы бөлмеде кір жатпау керек. Мұндай отбасы ата-аналарының ұрандары мынадай: «басқалардан кем емеспіз». Мұнда анық ата-аналар мен жеткіншек арасында конфликт көрінеді. Мұндай отбасында балаларды материалдық қамту жеткіліксіз, оларды қанағаттандырмайды. Балаларға ең керегі өздеріне деген «үлкен зейін» аудару болып келеді.
- Балаларының соңынан аңдитын, оған сенбейтін, балаларына қол көтеретін отбасыларда бар. Мұндай отбасыларында өсіп келе жатқан жеткіншек пен ата-ана арасында конфликт болады. Кейде ол жасырын түрде де болып өтеді. Мұндай отбасындағы жеткіншектер ата-анасына деген өшпенділікті, үлкен адамдарға деген сенімділікті жоғалтады, сонымен қатар өз құрдастарына, қоршаған ортаға сенімсіз болады.
- Бұл отбасындағы атмосфера өте тығыз (критический). Үйде қысым өте көп, әлеуметтікке қарсы, мұндай отбасы ата-аналарының бірі ішкіш болып кетеді. Мұндай отбасының күйі, көбінесе жеткіншектердің қылмыс жасауына себеп болады [29].
Сонымен жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, көбінесе жеткіншектердің жүріс-тұрыстары отбасындағы атмосфераға байланысты екен. Егер жеткіншек ата-ананың өзіне деген махаббатын сезінсе, оған деген зейін аударуды да сезінсе, онда бұл жеткіншектік кезең оңай өтпек. Егер жеткіншек үйде ешкімге керек емес сезімін, зейіннің жетіспеушілігін сезінсе, онда бала, өзімшіл, дұшпаншыл, балаларға деген агрессияны сезініп өседі екен.
Жеткіншек жастағы балалар мен олардың ата-анасының арасындағы конфликт қиындықтың болуы, яғни жеткіншектер өз бетімен әрекет еткісі келеді, ал ата-аналар бұрынғы кішкентай кездегідей біздің айтқанымызды бұлжытпай орындаса екен дейді. Міне осыдан барып қиын конфликттер пайда болады.
Жеткіншектер үшін болған проблемалар, олардың ата-аналары үшін түк емес, өйткені олар бұл проблемаларды кезінде бастан кешіріп, тіпті ұмытып та кеткен болатын. Жеткіншектер үшін жастық шақ, проблемасыз сияқты, яғни «идеалды уақыт» сияқты, бәрі оңай секілді болады. Ал, ата-аналар үшін маңыздысы, яғни балаларына алдын-алу, ескерулерін айтқысы келеді, ал балалар үшін бұл маңызды емес болады. Жеткіншектер мұндай 35-45 жастық жауапкершіліктен, тәжірибеден, үміттен әлі алыста еді.
Үлкендер мен жеткіншектер арасында, кіммен дос болу керек екендігін, қандай мамандықты таңдау керек екендігін, заманға сай (совреманная) әндер, кино, сән үлгілеріне келгенде пікірлері сай келмейді. Балалар өздерін шамданып ұстайды. Ата-аналарының заманға сай емес талғамдары, жеткіншектерді тітіркендіреді.
Нәтижесінде қатынас пен сыйластық жоғалады. Бәріне бұл жағдай жағымсыз тиеді. Кім болса да, бірінші болып қадам жасау керек. Көптеген жағдайда ата-аналар қарым-қатынасты жақсарту үшін бірінші болып қадам жасайды. Өйткені олар данышпан, сонымен қатар қарым-қатынаста да тәжірибелі болып келеді. Және де проблемаларын шешуге өзіндік сананың көмектесетінін ұғынуы олып келеді.
Көбінесе жеткіншек жастағы ер бала үшін де, қыз бала үшінде өз проблемаларын үлкендердің көмегімен шешкенді ұнатады. Ата-аналардың алдында өзінің әлсіз, қорғаусыз екенін жасырмайды, егерде отбасында эмоционалды қысым жоқ болса. Егер де қысым бар болса, онда конфликтіден бас тарта алмай қалады.
Ата-аналар!
- Естеріңізде болсын, сіздерде адамсыздар. Өздеріңізге де демалыс жариялаңыздар.
- «Өте жақсы» жасаймын деп әрқашан талпынбаңыз. Бұл неге алып келетінін ойланыңыз.
- Әрқашан мейірімді болыңыз; өзіңізбен қатынасқа түскенде ортақтықты табуға көмектесіңіз.
- Бір-біріңізді жақсы көріңіздер. Ұялмаңыздар өз махаббаттарыңызды сөзбен айтуға үйреніңіздер.
Барлық нәрсе бірге болу керек: қуаныш, күлкі, қайғы. Үміт күту, арманымыз қобалжуларымызды бірге бастан кешірсек, онда отбасын оданда жақсы тығыз қарым-қатынас болады. Жеткіншек отбасында шешім қабылданатын барлық кеңестерге тең құқылы қатысуы керек. Сонымен қатар, оның яғни, баланың да жүріс-тұрысы талқыланады.
Ата-аналар шешім қабылдағанда тек өзінің көз-қарастарын ғана ескермеу керек, яғни балалары үшін тиімді жағын қарастыру керек.
Ата-аналар мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынаста мынадай прициптер шығады:
- Баланы қабылдау, яғни бала қандай болсада, дәл солай қабылданады.
- Эмпатия- ата-ана проблемаларға баласының көзімен қарайды, яғни баланың позициясын қабылдайды.
- Конгруэнтность. Болып жатқан жағдайға бала адекватты қатынаста сияқты ата-аналар үшін.
Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғыз басты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық [28].
Отбасы нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметтік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Шындықтың бейнеленуінің әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-құлқына ғылыми негізделген түрде енудің жаңа мүмкіндіктеріне қоғам алдында аша алады. Отбасын әлеуметтік психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену процесінің негізінде жатқан және де отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас –адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға әрекет жасаудың нұсқасы ретінде әлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан әсер ету үстемділігі мен нәтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақта әсер етеді, көп жылдар бойына жалғасады, байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалды қарым-қатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тәрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасызданыдырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатынын сезінуі туралы айтылады. Отбасы балалар өмір сүретін негізгі орта болып табылады. Отбасылық қарым-қатынас барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі, сезім мәдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі [8].
Ата-ананың міндеті-ескі өмірлік таптауырындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптауырындар жасау. «Жекеше » қаралатын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең маңыздысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының әсерін бәрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың әлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едәуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тәрбиеден басқа балаға отбасы ішілік атмосфера да әсер етеді. Бұл әсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.
Баланың кез-келген жастағы мінез-құлқындағы әлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі және өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Әрине, бұл тәуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі (өткен уақытта) және оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі әсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты әсер етеді.
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның , мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы (информационное богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алсау кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету, нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарымқатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын аса маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген [30].
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық-жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады. Жоғарыда айтылып кеткендей отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас түрін қарастырамыз. Яғни, жас ерекшелік жағынан жеткіншек пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас.
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуына маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудыратын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесіндежеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік дастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталады, ол өз кезегінде рсы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буынында оқумен сәйкес келеді.
Жеткіншектік жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып табылады. Бірақ жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы кезеңді бастан өткізеді және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше орындауға тырысады.
Жеткіншектік кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған.
Біз жеткіншектің «мен» деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына тоқталсақ. Қайшылық жеткіншектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады. Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын білмеуді білдіреді.
А.Г. Ковалев дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді. Осылай деу дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін. Демек, жеткіншектің үлкендермен қатынасы жақсы болып келсе, онда дағдарыс кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын: біріншіден, дағдарысқа ұшырайтын үлкендеремес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің оған қатынасына риза болмауданкездессе де, мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер А. Г Ковалевтің айтқаны дұрыс болса, дағдарысқа ұшырауы 7-10 немесе 16-18 жастарда да кездесуі ықтимал болар еді [31].
Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен, өзбеттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киде немесе өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен, орындағысы келеді. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенімбілдіргісі келмегеннен емес, оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр», -дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік болып, бала ызаланып, ерегісуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.
Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді дегенде, жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан, сол жеңеді деуге болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К. Левин «ойлық бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет слынған соң енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес.
Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жан-жалға, не сергелдеңге апарып соғады. Мұндай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі отбасыларда жиі кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсаты үлкендердің абыройын төкпей, тіпті осылардың өзі жауапты болғанда да, қайткенде де арашалау болып табылады.
Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмірбаянын мысал ретінде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік…» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе, қателескен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген, не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді.
Бала ересектермен қарым-қатынастың белгілі бір кезеңінде жағымды эмоциялық қатынаста тапшылықты сезінсе немесе осында й қатынаста қандай да, бір ауытқулар байқалса, оның дамуында тежеушілік пайда болады. Бұл Н.М. Аксаринаның, Е.К. Когбериннің т.б. зерттеулерінде дәлелденді.
Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа шетел психологтары дамытуда. Олар жеткіншектердің ерекше бір «суб мәдениеті» бар дегенді, яғни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. Информацияның орасан зор тасқыны, көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастармен қарым-қатынастың жедел дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы [9].
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әртүрлі және әрбір бағыттың көптеген түрлері болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең басты кітап пен білім болады, қалғанының бәрін де ол әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллетуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақты түк бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнінен бастап ең шеңбер шаштараз туралы мәселеге дейінгі барлық жайлар жөнінде әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді артық көреді: үшінші бір «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға келегенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады, да бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреу үшін маңыздылық енді бірге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмей, қауырт сипат алады деп көрсетті. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің өзінде әртүрлі елеулі субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ол екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің, ықпалына көне қоймайды,, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әртүрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) деген түсінік берді Б.Г. Ананьев [32].
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез-құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды, олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу да шамданғыш, әртүрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз басқаның ықпалына оңай көнгіш келеді. Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды үрдістері жүріп жатады. Жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектіктің қалыптасу үрдісі көзге бірден түспецді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатта және сан алуан. Ересектіктің алғашқы өркендері оның дамыған формаларынан өте-мөте айрықша болып, кейде жеткіншектің мінез-құлқын ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерді салыстырғанда жеткіншекте жаңаның көп болуының нақ өзі дамитын болады және жеткіншектегі дамудың жаңа бағдарларын білмесе және олар ескерілмесе тәрбиелеудің пәрменділігі аз болып шығады. Ал жеке адамның қалыптасуы оның дамуының осы жауапты кезеңінде стихиялы түрде өтуі мүмкін.
Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда
болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзіне балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса, деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды. Ересектік сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшілігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірлік көз-қарасын білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, аффективтік ықпалдардың жүйесін анықтайды.
Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады. Жеткіншектің жаңа құқыққа ие болмақ тілегі ең алдымен ересектер мен қарым-қатынастың бүкіл санасын қамтиды.
Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала сенімді» қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанағ оның мүдделерімен, көзқарастарымен, пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемістуге, дербестікке деген құқығынан айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады.
Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәкес келмейтін болады. Ол ересектердің құқықтарын шектейді де, өз құқықтарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін яғни ересектермен айқын тең құқықтылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің қарсылығымен бағынбауының әртүрлі формалары ересектермен қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектігі сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы құқықтарының мүлдем жаңа мәселені туғызады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын баланың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Салыстырмалы түрде жеке болатын бірқатар психологиялық механизмдер бар, олардың көмегімен ата-ана өз балаларына әсер етеді [33].
Біріншіден, қолдау: ересектер жеткіншектердің дұрыс деп санайтын әрекеттерін марапаттап, ал белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жазалау арқылы баласының санасына ережелер жүйесін ендіреді, оларды сақтау біртіндеп бала үшін әдетке сай әрі ішкі қажеттік болып қалыптасады. Екіншіден, идентификация: бала ата-анасыныңүлгісін байқап, оларға еліктейді, сондай болуға тырысады. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі дүниесін біле тұра, оның проблемаларына көңіл бөліп, ата-ана баланың санасы мен коммуникативтік қасиеттерін қалыптастырады.
Ата-ананың нұсқамасы немесе көзқарасы – бұл ата-ана бала қарым-қатынасының едәуір зерттелген аспектілерінің бірі. Ата-ананың нұсқамасы дегеніміз- ата-ананың балаға деген эмоционалды қатынасының жүйесі немесе жиынтығы, ата-ананың баланы қабылдауы және онымен қарым-қатынас тәсілдері. Ата-аналық нұсқаманың синонимі- ата-ананың стилі. Ата –ана тәрбие практикасының екі стилін бөліп көрсетеді: демократиялық және қадағалаушы.
Демократиялық стиль келесі параметрлермен анықталады: ата-ана мен баланың арасындағы тікелей сөзбен қарым-қатынас жасаудың жоғары деңгейі; баланы отбасы мәселелерін талқылауға тарту; ата-ананың баласына көмек беруге даярлығы;
Қадағалаушы стильде ата-ана баласының әрекеттерін едәуір шектеп отырады; балаға шектеудің мәнін анық түсіндру, ата-ана мен баланың арасында жаза шаралары жөнінде келіспеушіліктің болмауы;
Тәрбиелеудің демократиялық стилі қолданылатын отбасындағы балалар лидерлік қабілеттерінің байқалуымен, шабуылдаушылығымен, басқа балаларды қадағалауға ұмтылуымен сипатталады, осы балалардың өзі сырттан қадағалауға қиын көнеді, алайда оларға альтруизм, эмпатия тән емес.
Тәрбиеледің қадағалаушы стилі қолданылатын балалар көнбіс, қорқақ, шабуылдаушы емес болып келеді.
Отандық педагогтар ата-аналық тәрбие стилінің келесідей классификациясын ұсынады: босаң (либералдық), авторитарлық және демократиялық. Біріншісі қандайда бір қарым-қатынастың жоқтығымен сипатталады: отбасы мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы, бөлектенуі, бір-бірінің сезімдеріне немқұрайды болуы. Келесі екеуі- авторитарлық және демократиялық стилдер- өзіндік шкала құрады, оның бір жағында қатаң авторитарлық сипат басым болады, яғни отбасы мүшелерінің шағымдануға жатпайтын, ешкіммен санапайтын қарым-қатынасы, қатігездігі, шабуылдаушылығы, екінші бөлігінде- ынтымақтастық, өзара көмек, сезім мен эмоция дамыған мәдениет, сондай-ақ отбасылық отдақтың барлық мүшелерінің шын мәніндегі толық тең құқықтылығы орын алатын алқалық демократия. Авторитарлық стиль- баланың отбасында мәнсіздігі мен керексіздігі салдарынан ол ата анасынан алшақтайды.
Авторитарлық стиль қатынас түрлеріне: Әрқашанда дұрыс. Отбасында ата-ананың бірі билік етеді. Тәкәппар, өрескел, үстірт, ресми, кейде дөрекі сөзбен де қатынасады. Отбасылық тәрбие стратегиясына: Қатаң қадағалау, жазалау, «бастық бағынушы» стратегиясы қолданылады.
Демократиялық стилдегі қатынас, ол отбасында баланың дербестігі дамиды. Мейірімді, сыпайы, әдепті, баланың қабілеті, мүддесі ескеріледі. Отбасылық тәрбиесә стратегиясы: Достық. Кейде өзара қамқорлық. Назарбалаға аударылған: бала отбасының құндылығы ғана емес, отбасын сақтау құралы, әйел мен еркетің түйісетін ортақ нүктесін табу құралы.
Либералдық стилде бейтарап қатынас, индефференттілік тән. Отбасылық тәрбие стратегиясына: Немқұрайдылық. Кейбір көп балалы отбасында, ата-ана ішкіш, немесе жұбайлар отбасынан тыс құндылықтарға көңіл аударады, қайталама неке болып келеді.
- Эксперименттік зерттеу бөлімі
- 1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
Мақсаты – Отбасындағы жеткіншектер мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Болжамы — отбасындағы тәрбиелеу стилдері мен жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктері арасында тығыз байланыс бар.
Зерттеу әдістемелері:
- Ата-ана жеткіншек қарым-қатынасын анықтау әдістемесі (А.Н. Варга, В.В. Столин).
- Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі
- Дж Мореноның социометриялық сауалнамасының модификациялық нұсқасы
Зерттеу объектісі — Отбасындағы жеткіншектер мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктері
Зерттеу пәні — Отбасындағы жеткіншектер мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктерінің көріну жағдайлары
Зерттеу мерзімі: 20 наурыз – 25 сәуір 2013жыл
Зерттеу міндеттері:
- Әдістемелер арқылы жеткіншектерге зерттеу жүргізу
- Әр зерттеушінің индивидуалды мәліметтерін өңдеу
- Математикалық-статистика әдістері арқылы мәліметтер арасындағы өзарабайланысты анықтау, болжамды дәлелдеу
- Зерттеу нәтижелерін талдау, қорытындылау
- 2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
- Ата-ана — бала қарым-қатынасын анықтау әдістемесі
(А. Н. Варга, В.В.Столин).
Ата-ана жеткіншек қарым-қатынасын анықтауға арналған сұрақнама тестін ұсынған А. Н. Варга және В.В.Столин. Бұл сұрақнаманы жасауда МГУ факультеті жанындағы отбасыға көмек көрсетудегі кеңес беру орталығына жеткіншек тәрбиесі және Отбасылық қарым-қатынас мәселелері бойынша көмек көрсетуді өтінген ата-аналарға зерттеу жүргізілген. Мұнда зерттеушілер 2 топқа: эксперименттік яғни жеткіншектермен қарым-қатынасына психологиялық көмек көрсететін топ; бақылау тобы жеткіншек тәрбиесімен Отбасылық қарым-қатынаста сырттан көмек қажетететін ата-аналар тобын топтастырды.
Негізгі шкалаларға сипаттама:
1.“Қабылдау – шеттету” шкаласы. Бұл шкала ата-ананың жеткіншекке эмоционалдық интегралды қатынасын бейнелейді. Шкаланың жоғарғы шегіндегі мәліметтер ата-ананың жеткіншек табиғатын, жетістігімен кемшілігімен қоса қабылдайтынын көрсетеді. Ата-ана жеткіншектің жеке тұлғалық қасиеттерін мойындай отырып оның көзқарастары мен ойларымен санасады. Уақыттың көбін баламен өткізуге, оның қызығуларымен шығармашылық көзқарастарын құптап қолдау жасап отырады. Жеткіншектің бойындағы шығармашылық қабілеттерді ерте байқап оны дамытуға бірден бір салаға бейімдеуге тырысады. Шкаланың келесі полюстік шегінде ата-ана жеткіншекті тек нашар, жағымсыз және сәтсіздіктер жағынан ғана қабылдайды. Ата-ана жеткіншекті өмірге бейімсіз жолы болмайтын және өмір сүруге қажетті қабілеттерінің төмендігінен ешқандай табысқа қолы жетпейтін ақыл-ой қабілеті төмен субьект ретінде қабылдайды. Мұндай ата-ана жеткіншектің қабілетімен мүмкіндіктеріне күмән келтіретінін тұлға ретінде силамайды.
- Кооперация немесе ата-ана қатынасының әлеуметтік қалаулы образы. Бұл шкаланың мазмұны ата-ана жеткіншектің творчестволық әрекеттерімен индивид жоспарларына қызығушылықпен ат салысып көмек көрсетеді. Ата-ана жеткіншектердің шығармашылық әрекеттерімен жеке тұлға жоспарларына қызығушылықпен ат салысып көмек көрсетеді. Ата-ана жеткіншектердің интелектуалды шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалап өзіне мақтаныш тұтады. Ол жеткіншектің дербестігі мен бастамасына қолдау көрсетеді және өзімен тең ұстауға тырысады. Ата-ана өз баласының мүмкіндігі мен творчестволық қабілеттеріне сеніммен қарайды. Көзқарастары мен ой-пікірімен санасып отырады.
- Симбиоз — жеткіншектермен қатынастағы жеке адам аралық арақатынасты сипаттайды. Жоғары мәліметтер ата-ананың жеткіншектер мен симбиотикалық қатынасқа ұмтылатынын көрсетеді. Бұл бағыттың мазмұнына ата-ана өзін жеткіншекпен бір тұтас организм ретінде сезінеді барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Ата-ана жеткіншек үшін үнемі мазасызданады. Бұл мазасыздану жеткіншекте автономиялыққа, дербестікке ұмтылу байқалғанда үдей түседі.
- Өктемшіл гиперсоциализация — жеткіншек жүріс-тұрысымен әрекетін бақылаудың бағытымен формаларын бейнелейді. Бұл шкала бойынша жоғары мәліметтер ата-ана жеткіншек қатынасындағы өктемдігін көрсетеді.
Ата-ана өз баласынан бағыну мен тыңдауды талап етеді. Ол өз көзқарастарымен идеяларын жеткіншек тұлғасына қайтадан жасауға бейім келеді. Жеткіншек өз талабынан кез-келген дербес бастама үшін жазаланып отырады. Ата-ана өз жеткіншектердің әлеуметтік жетістіктері, дағдылары, ойлары, сезімдері мен индивидуалды ерекшеліктерін үнемі қадағалап отырады.
Отбасылық қарым-қатынастың мұндай типі орын алғанда жеткіншек творчестволық қабілеттерінің қалыптасуы немесе дамуы туралы сөз қоз-ғаудың өзі артық екені белгілі.
- “Жолы болмаушылық” мұнда ата-ананың жеткіншекті қабылдау мен түсіну ерекшеліктерімен сипаттайды. Бұл шкала бойынша жоғары мәліметтер ата-ана мен жеткіншек қатынасындағы өзінің тұлғалық және әлеуметтік қауқарсыздығын жеткіншекке жапсыруға ұмтылуды көрсетеді. Ата-ана өз баласына табиғи жасымен салыстырғанда кішкентай деп қарайды. Жеткіншектің қызығулары ой-пікірі, сезімі, ата-анаға жеткіншектік мазасыздық болып көрінеді. Ата-ана өз жеткіншектердің ақыл-ой мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттеріне күмәнмен қарайды. Жеткіншектің әлеуметтік “әлсіздігіне” қарай кез—келген іс-әрекетте бақылап қадағалап отырады.
Бұл жағдайлар жеткіншектің творчестволық қабілеттерінің дамуы мен жүзеге асуына бірқатар кедергі келтіреді, кейде тіпті шығармашылық қабілетінің табиғатын тұншықтыруға әкеп соғады.
- Дж. Мореноның социометрия әдісінің негізінде құрастырылған модификациялық сауалнама
Бұл сауалнаманың нұсқасы жеткіншек зерттелушілерге сұрақтар қою арқылы Отбасылық қатынас пен тәрбие жайлы мағлұмат алу көздейді. Сұрақ реті төмендегідей құрастырылды.
- Көңілсіз кездеріңде бірінші кезекте кімнен қолдау күтесің?
- Саяхатқа кіммен барғанды қалар едің?
- Отбасылық бақыт дегенді қалай түсінесің?
- Саған “отбасы” ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің?
- Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге бірінші айтар едің?
- Сен қателік жібергенде көбінесе кім жазалайды.
7.Сен кейін өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің?
- Сенің ойыңша бақытты бала деген кім?
Социометриялық сауалнама әр жеткіншекпен индивидуалды түрде өткізіледі.
- Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі
Зерттелушілерге өз отбасысының мүшелерін салу тапсырмасы беріледі. Бұл проективті әдіс негізінен ойын ретінде жүзеге асырылады .
Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Ескерту: Мұнда жеткіншекке артық түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі ол түсіндірулер жеткіншек шығармашылық әрекетіне белгілі бір бағдар жүзінде әсер етуі мүмкін.
Зерттеу кезінде негізінен мына жағдайларға көңіл аударумен тіркелді:
а) дене бөліктерін салу жүйелігі
ә) үзіліс
б) детальды өшіру
в) суретке ауызша түсініктеме беруге ұмтылыс
г) суреттегі бейнеде эмоционалды реакция көрінуі
Жеткіншек шығармашылық іс-әрекетін толық аяқтағаннан кейін қосымша түсініктеме алу мақсатында әңгіме өткізіледі.
Жеткіншекке төмендегідей сұрақтар реті қойылды:
- Суретте кім бейнеленген?
- Ол қай жерде оқиды немесе жұмыс жасайды?
- Отбасы мүшелері не шаруамен айналысуда?
- Үйде Отбасылық міндеттер қалай белгіленген?
- Олар өзара көңілді ме? Неге?
- Суреттегі ең бақытты жолы болғыш кім? Неге?
- Суреттегі ең бақытсыз, жолы болмайтын кім? Неге?
Бұл әдістеменің басты мақсаты — зертелініп отырған жеткіншектің өз отбасы мүшелерінің әрқайсысына және отбасылық тәрбие стиліне нақты қатынасы мен отбасы мүшелеріне эмоционалдық жақындығын анықтау.
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі
Зерттеу барысы: Зерттеудің алғашқы кезеңінде Отбасылық тәрбие стилінің жеткіншектің ата-анамен қарым-қатынасының қалыптасып, дамуына әсерін анықтау мақсатында жеткіншектерге зерттеу жүргізілді. Мұнда әр жеткіншекпен жеке жұмыс барысында сенімді байланыс қатынасын орнатуға көп мән берілді. Зерттеу индивидуалды түрде өткізіледі. Зерттеу мәселесінің күнделігіне байланысты эмпирикалық зерттеу жұмысы бірнеше кезеңге бөліп жүргізілді.
Зерттеудің бірінші кезеңінде Дж. Морено әдісінің негізінде құрастырыл ған социометрия әдісінің модификациялық нұсқасы қолданылды. Мұнда жеткіншекға сұрақтар қою арқылы Отбасылық қатынас пен тәрбие жайлы мағлұмат алу көзделді. Мұнда сұрақ реті төмендегідей болды.
- Көңілсіз кездеріңде бірінші кезекте кімнен қолдау күтесің?
- Саяхатқа кіммен барғанды қалар едің?
- Отбасылық бақыт дегенді қалай түсінесің?
- Саған “отбасы” ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің?
- Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге бірінші айтар едің?
- Сен қателік жібергенде көбінесе кім жазалайды.
7.Сен кейін өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің?
- Сенің ойыңша бақытты бала деген кім?
Социометриялық сауалнама аяқтақтағаннан кейін зерттелуші жеткіншектерге Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі қолданылды. Жеткіншектерге бұл проективті әдіс ойын ретінде жүзеге асырылады. Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Ескерту: Мұнда жеткіншекға артық түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі ол түсіндірулер жеткіншек шығармашылық әрекетіне белгілі бір бағдар жүзінде әсер етуі мүмкін.
Зерттеу кезінде негізімен мына жағдайларға көңіл аударумен тіркелді:
а) дене бөліктерін салу жүйелігі;
ә) үзіліс;
б) детальды өшіру;
в) суретке ауызша түсініктеме беруге ұмтылыс;
г) суретттегі бейнеде эмоционалды реакция көрінуі.
Жеткіншек шығармашылық іс-әрекетін толық аяқтағаннан кейін қосымша түсініктеме мәліметін алу мақсатында әңгіме өткізілді.
Жеткіншекке мұнда төмендегідей сұрақтар қойылды:
- Суретте кім бейнеленген?
- Ол қай жерде оқиды немесе жұмыс жасайды?
- Отбасы мүшелері не шаруамен айналысуда?
- Үйде Отбасылық міндеттер қалай белгіленген?
- Олар өзара көңілді ме? Неге?
- Суреттегі ең бақытты жолы болғыш кім? Неге?
- Суреттегі ең бақытсыз, жолы болмайтын кім? Неге?
Бұл кезде жеткіншектің отбасы мүшелерінің әрқайсысына деген нақты қатынасы эмоционалдық жақындығын анықтауға ұмтылыс жасалды.
Бұл әдістеме мәліметтерін талдау барысында Отбасылық қарым-қатынастың 5 түрлі симптомокомплекстерін бөліп шығаруға болады.
- Жағымды Отбасылық қарым-қатынас
- Мазасыздану
- Отбасылық конфликт
- Отбасылық өзін кемсіту ситуациялары
- Отбасылық дұшпандық ситуациялары
Жеткіншектерге жүргізілген проективті әдістерді жүргізу барысында Отбасылық қарым-қатынас типі мен тәрбие стиліне деген жеткіншектің өзіндік жағымды немесе жағымсыз қатынасы болатыны анықталды. Бұл туралы мәліметтерді жұмыстың сапалық талдау бөлімінде кеңірек баяндалады.
Екінші кезең — ата-ана жеткіншек қатынасын анықтауға арналған (ОРО) әдістеме көмегімен жоғарыда зерттеу жүргізілген жеткіншектердің ата-аналарына индивидуалды зерттеу жүргізіп топтың орталық мәліметтері кестеге орналастырылады.
№ 1 кесте Ата-ана жеткіншек қатынасын анықтауға арналған (ОРО) әдістеме бойынша ата-аналардың топтың орталық мәліметтері
№ |
Шкала атаулары |
||||
Қабылдау шеттету |
Кооперация |
Симбиоз |
Авторитор-лық |
Жолы болмаушы |
|
1-жұп |
10 |
7 |
5 |
6 |
3 |
2-жұп |
15 |
4 |
2 |
4 |
2 |
3-жұп |
16 |
9 |
4 |
5 |
6 |
4-жұп. |
8 |
6 |
4 |
3 |
0 |
5-жұп. |
20 |
14 |
16 |
12 |
0 |
6-жұп. |
6 |
8 |
1 |
5 |
6 |
7-жұп |
7 |
8 |
1 |
5 |
6 |
8-жұп |
17 |
9 |
2 |
1 |
1 |
9-жұп |
6 |
1 |
1 |
5 |
6 |
10-жұп. |
12 |
8 |
2 |
3 |
2 |
11-жұп. |
6 |
2 |
1 |
5 |
6 |
12-жұп |
7 |
3 |
2 |
5 |
5 |
13-жұп. |
22 |
9 |
4 |
2 |
0 |
14-жұп |
24 |
8 |
6 |
1 |
0 |
15-жұп |
24 |
9 |
6 |
2 |
1 |
Ендігі кезекте мәліметтердің статистикалық өңдеуін жеңілдету үшін алынған мәліметтерді стандарттық процентилді ранг нормаларына сай кестеге орналастырамыз.
№ 2 кесте Ата-ана жеткіншек қатынасын анықтауға арналған (ОРО) әдістеме бойынша стандарттық мәліметтер
№ |
Шкала атаулары |
||||
Қабылдау-шеттету |
Кооперация |
Симбиоз |
Авториторлық |
Жолы болмаушы |
|
1 |
92,40 |
80,93 |
92,93 |
13,86 |
99,37 |
2 |
90,50 |
19,22 |
74,97 |
31,13 |
96,83 |
3 |
53,79 |
31,19 |
57,96 |
83,79 |
99,37 |
4 |
12,02 |
48,82 |
74,97 |
53,87 |
84,81 |
5 |
98,73 |
48,82 |
19,53 |
95,76 |
14,55 |
6 |
0,63 |
9,77 |
86,63 |
83,79 |
84,81 |
7 |
3,79 |
48,82 |
19,53 |
95,76 |
84,81 |
8 |
93,67 |
48,82 |
39,06 |
13,86 |
45,57 |
9 |
3,79 |
9,77 |
19,53 |
83,79 |
84,81 |
10 |
77,21 |
5,67 |
39,06 |
53,87 |
14,55 |
11 |
3,79 |
9,77 |
74,97 |
83,79 |
96,83 |
12 |
3,79 |
9,77 |
39,06 |
83,79 |
14,55 |
13 |
99,36 |
48,82 |
39,02 |
32,13 |
70,25 |
14 |
99,36 |
80,93 |
92,93 |
95,76 |
99,37 |
15 |
92,40 |
80,93 |
19,53 |
69,30 |
14,55 |
№ 3 кесте Жеткіншектердің Р.Ф. Беляускайте әдістемесі бойынша отбасылық қарым-қатынасының көрсеткіштері
№ |
Жағымды Отбасылық қатынас |
Мазасыздану |
Конфликт |
Өзін кемсіту сезімі |
Дұшпандық |
1 |
0,10 |
0,9 |
0,10 |
0,5 |
0,8 |
2 |
0,9 |
0,6 |
0,8 |
0,6 |
0,6 |
3 |
0,10 |
0,7 |
0,5 |
0,10 |
0,7 |
4 |
0,8 |
0,8 |
0,8 |
0,5 |
0,8 |
5 |
0,5 |
0,8 |
0,8 |
0,10 |
0,8 |
6 |
0,8 |
0,5 |
0,6 |
0,10 |
0,9 |
7 |
0,8 |
0,8 |
0,8 |
0,8 |
0,5 |
8 |
0,6 |
0,8 |
0,5 |
0,6 |
0,8 |
9 |
0,8 |
0,5 |
0,8 |
0,7 |
0,5 |
10 |
0,5 |
0,4 |
0,6 |
0,8 |
0,8 |
11 |
0,9 |
0,5 |
0,7 |
0,8 |
0,8 |
12 |
0,5 |
0,5 |
0,8 |
0,9 |
0,5 |
13 |
0,7 |
0,5 |
0,8 |
0,5 |
0,4 |
14 |
0,10 |
0,8 |
0,9 |
0,8 |
0,5 |
15 |
0,5 |
0,9 |
0,5 |
0,7 |
0,8 |
Эксперименттік зерттеу мәліметтерінің алғашқы өңдеу барысында зерттелуші жеткіншектер мен олардың ата-аналарының жауаптарындағы шкалалық көрсеткіштер арасында өзара тұрақты байланыс бар ма деген сауал туындайтыны анық. Осыған орай эксперименттік зерттеу болжамы анықталды.
Болжам:
Нo – Отбасылық тәрбиелеу стилдері мен ата-ана мен жеткіншек
қарым-қатынас көрсеткіштері арасында өзара байланыс жоқ.
Н1 – Отбасылық тәрбиелеу стилдері мен ата-ана мен жеткіншек
қарым-қатынас көрсеткіштері арасында өзара байланыс бар.
Анықталған зерттеу болжамын дәлелдеу үшін рангілік-корреляция коэффициенті әдісі қолданылды. (Ч.Спирмен).
№ 4 кесте Отбасылық тәрбие стилі мен ата-ана жеткіншек қарым-қатынасы ның шкалалық көрсеткіштері арасындағы байланысын анықтау
№ |
Демократиялық |
Ранг |
Жағымды Отбасылық |
Ранг |
d |
d |
1 |
92,93 |
14,5 |
0,10 |
14 |
0,5 |
0,25 |
2 |
74,97 |
11,5 |
0,9 |
11,5 |
0 |
0 |
3 |
57,96 |
10 |
0,10 |
14 |
-4 |
16 |
4 |
74,97 |
11,5 |
0,8 |
8,5 |
3 |
9 |
5 |
19,53 |
3 |
0,5 |
2,5 |
-0,5 |
0,25 |
6 |
86,63 |
13 |
0,8 |
8,5 |
3,5 |
12,25 |
7 |
19,53 |
3 |
0,8 |
8,5 |
-5,5 |
25,25 |
8 |
39,06 |
7,5 |
0,6 |
5 |
2,5 |
6,25 |
9 |
19,53 |
3 |
0,8 |
8,5 |
-5,5 |
42,25 |
10 |
39,06 |
7,5 |
0,5 |
2,5 |
5 |
25 |
11 |
74,97 |
11,5 |
0,9 |
11,5 |
0 |
0 |
12 |
39,06 |
7,5 |
0,5 |
2,5 |
5 |
25 |
13 |
39,02 |
7,5 |
0,7 |
6 |
1,5 |
2,25 |
14 |
92,93 |
14,5 |
0,10 |
14 |
0,5 |
0,25 |
15 |
19,53 |
3 |
0,5 |
2,5 |
0,5 |
0,25 |
S |
|
120 |
|
120 |
|
137,5 |
а) Ч.Спирменнің рангілік корреляция коэффициентін есептейміз:
6×S(d) 6×137,5 825
Rs = 1- ———- = 1- ————- = 1 ——- = 1- 0,24 = 0,76
(n×n-1) 15×(15-1) 3360
ә)Таблица бойынша Rs-тің критикалық мәнін анықтаймыз.
0,52 (р ³ 0,05)
Rs = { Rsэмп > Rsкр , (р ³ 0,01)
0,66 (р ³ 0,01)
яғни, Но теріске шығарылып Н1 қабылданды.
Жауап: Отбасылық тәрбие стилі мен ата-ана жеткіншек қарым-қатынасының шкалалық көрсеткіштері арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статистикалық жоғары мәнділік деңгейіне еркін жетеді.
№ 5 кесте Отбасылық тәрбие стилі мен ата-ана жеткіншек қарым-қатынасы ның шкалалық көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты анықтау.
№ |
Жолы болмаушы |
Ранг № |
Өз-өзін кемсіту сезімі |
Ранг № |
d |
d |
1 |
13,86 |
1 |
0,5 |
2 |
1 |
1 |
2 |
31,13 |
3 |
0,6 |
4,5 |
-1,5 |
2,25 |
3 |
83,79 |
10 |
0,10 |
14 |
-4 |
16 |
4 |
53,87 |
5,5 |
0,5 |
2 |
3,5 |
12,25 |
5 |
95,76 |
14 |
0,10 |
14 |
0 |
0 |
6 |
83,79 |
10 |
0,10 |
14 |
-4 |
16 |
7 |
95,76 |
14 |
0,8 |
9,5 |
4,5 |
20,25 |
8 |
13,86 |
3 |
0,6 |
4,5 |
-1,5 |
2,25 |
9 |
83,79 |
10 |
0,7 |
6,5 |
3,5 |
12,25 |
10 |
53,87 |
5,5 |
0,8 |
9,5 |
-4 |
16 |
11 |
83,79 |
10 |
0,8 |
9,5 |
0,5 |
0,25 |
12 |
83,79 |
10 |
0,9 |
12 |
-2 |
4 |
13 |
32,13 |
3 |
0,5 |
2 |
1 |
1 |
14 |
95,76 |
14 |
0,8 |
9,5 |
4,5 |
20,25 |
15 |
69,30 |
7 |
0,7 |
6,5 |
1,5 |
2,25 |
S |
|
120 |
|
120 |
|
126 |
а) Ч.Спирменнің рангілік корреляция коэффицентін есептейміз
6×S(d) 6×126 756
Rs = 1- ———- = 1- ————- = 1- ——- = 1- 0,22 = 0,78
(n×n-1) 15×(15-1) 3360
ә)Таблица бойынша Rs-тің критикалық мәнін анықтаймыз
0,52 (р ³ 0,05)
Rs = { Rsэмп > Rsкр , (р ³ 0,01)
0,66 (р ³ 0,01)
яғни, H0 теріске шығарылып, H1 қабыданады.
Жауап: Отбасылық тәрбие стилі мен ата-ана жеткіншек қарым-қатынасының шкалалық көрсеткіштері арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статистикалық мәнділіктің жоғары деңгейіне жетеді.
№ 6 кесте Отбасылық тәрбие стилі мен ата-ана жеткіншек қарым-қатынасы ның шкалалық көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты анықтау.
№ |
Авториторлық |
Ранг |
Мазасыздану |
Ранг |
d |
d |
1 |
92,40 |
11 |
0,9 |
14,5 |
-3,5 |
12,25 |
2 |
90,50 |
10 |
0,6 |
7 |
3 |
9 |
3 |
53,79 |
8 |
0,7 |
8 |
0 |
0 |
4 |
12,02 |
7 |
0,8 |
11 |
4 |
16 |
5 |
98,73 |
13 |
0,8 |
11 |
2 |
4 |
6 |
0,63 |
1 |
0,5 |
4 |
-4 |
16 |
7 |
3,79 |
4 |
0,8 |
11 |
-7 |
49 |
8 |
93,67 |
12 |
0,8 |
11 |
1 |
1 |
9 |
3,79 |
4 |
0,5 |
4 |
0 |
0 |
10 |
77,21 |
9 |
0,4 |
1 |
8 |
64 |
11 |
3,79 |
4 |
0,5 |
4 |
0 |
0 |
12 |
3,79 |
4 |
0,5 |
4 |
0 |
0 |
13 |
3,79 |
4 |
0,5 |
4 |
0 |
0 |
14 |
99,36 |
14,5 |
0,8 |
11 |
-3,5 |
12,25 |
15 |
99,36 |
14,5 |
0,9 |
14,5 |
0 |
0 |
å |
|
|
|
|
|
171,5 |
а) Ч.Спирменнің рангілік коореляция коэффицентін есептейміз
6×S(d) 6×171,5 1029
Rs = 1 ———- = 1 ————- = 1 ——- = 1- 0,30 = 0,70
(n×n-1) 15×(15-1) 3360
ә)Таблица бойынша Rs-тің критикалық мәнін анықтаймыз. (В.Ю.Урбах,1964)
0,52 (р ³ 0,05)
Rs = { Rsэмп > Rsкр , (р ³ 0,01)
0,66 (р ³ 0,01)
яғни, H0 теріске шығарылып H1 қабылданады.
Жауап: Отбасылық тәрбие стилі мен ата-ана жеткіншек қарым-қатынасының шкалалық көрсеткіштері арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статистикалық мәнділіктің жоғарғы деңгейіне жетеді.
Мәліметтерге сапалық психологиялық талдауды зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде жүргізілген Р.Ф. Беляускайте “Менің отбасым” суретінің нәтижелерінен бастаймыз. Әдістеменің мақсаты — жеткіншектермен ауызша жүргізілген социометриялық проективті интерьюде жіберілген, байқаусыз қалған ақпараттарды алуға бағытталады. Р.Ф. Беляускайте әдістемесі бойынша алынған мәліметтерге талдау жасау барысында жеткіншектердің отбасылық қарым-қатынаспен отбасы мүшелеріне деген субьективті қатынасы туралы вербалды әдістерге қарағанда проективті әдістер арқылы біршама толық мағлұмат алуға болатынын байқауға болады. “Отбасы” әдістерінің нәтижелерін сапалық таңдауда суреттеу формальды және мазмұндық ерекшеліктерінен өзге, маңызды екі аспектіні бөліп шығаруға болады.
а) Отбасы суретінің құрылымын талдау, яғни отбасының реалды мүшелері мен суреттегі бейнелер санының өзара теңдігі және суретттегі отбасы мүшелерінің бейнелену орны мен өзара әрекеттестік дәрәжесі мектеп жасына дейінгі жеткіншектердің салған суретін талдау барысында осы аспектіге байланысты мынанадай заңдылығы анық байқалады. Жеткіншек мынандай өз отбасысының мүшелерін толық салмайды. Әдетте бұл жеткіншекмен эмоционалдық немесе шиеленістегі адамды тастап кетеді.
Сонымен қатар жеткіншек суретіндегі отбасы мүшелерінің орналасуына қарап отбасылық өзара байланыс пен өзара қарым-қатынас табиғатын анықтауға болады. Мұнда жеткіншек отбасы мүшелерін субьективті түрде бірден-бір қашықтықта орналастырады. Кейбір суреттердегі отбасы мүшелері арасындағы кездейсоқ обьектілерді салу байқалады. Ол өз кезегіндегі жеткіншектің осы отбасы мүшесіне деген эмоционалдық жағымсыз қатынасын қарастырады.
Жеткіншек суретіндегі ортақ іс — әрекетпен айналысып жатқан отбасы бейнелері бұл отбасындағы ата-ана жеткіншек қарым-қатынасының жағымды психологиялық ахуалын көрсетеді. Кейбір суреттерде ортақ іс-әрекетке біден-бір адамдар бейнесі ғана салынады. Бұл жайтты Отбасындағы микротондық қалыптасу көрінісі деп түсіндіруге болады.
б) Жеткіншек отбасы мүшелері арасындағы өзі жақсы көретін әрі жеткіншек үшін беделді саналатын бұл тұлғаны басқаларына қарағанда азырақ салатыны және ауызша түсіндірмемен толықтыратыны байқалады. Керісінше жеткіншек үшін жағымсыз тұлғаны толық емес, кейде дене мүшелерін де түгелдей салмайды.
Сонымен қатар мұнда суретті өшірумен бастыра салуды да айқын байқауға болады. Жеткіншектердің берген жауабы мен проективті “Отбасы” суретін талдау барысында алған мәліметтердің өзара сәйкестйлігін өте жоғары деп бағалауға болады. Сонымен бірге жеткіншек отбасы мүшелерін салуда бейнелеу сызықтарын қолдануда ер адамдарды бір түрде, әйел адамдарды бір бір түрде бейнелеуі де кездесіп қалады.
Отбасылық қарым-қатынасты анықтауға жеткіншектің осы салған суретіндегі өзін орналастыруына қарап, жеткіншектің отбасындағы орны және жалпы отбасылық қарым-қатынаспен тәрбие стилі туралы толыққанды мәлімет алуға болады деген тұжырымдауға тығыз негіз бар. Себебі жеткіншек суретінде авторитарлық стиль басым болса беделді тұлға үлкен, ал жеткіншек өзін қағаздың төменгі бөлігінде кішкентай етіп белгілейді.
Отбасылық қарым-қатынас типі мен тәрбие стилінің жеткіншек коммуникативтік қабілетіне әсерін зерттеу жүргізу нәтижесінде “Ата-аналар қатынасы” (ОРО) әдістемесінің нәтижелеріне сандық — статистикалық өңдеуден алынған мәліметтерді шкалалық көрсеткіштер бойынша талдау жүргізілді.
Осы зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі – жеткіншектерге проективті әдістемелер арқылы зерттеу жүргізіліп ата-ана қатынасымен тәрбиелеу стиліне жеткіншектің қатынасы анықталды. Енді осы жүргізілген проективті зерттеудің нәтижелерінің сапалық психологиялық талдау.
Бірінші кезеңде жеткіншекмен өткізілген проективті интервью сұрақтарынан алынған жауаптарға талдау жасаймыз.
- Саяхатқа кіммен барғанды қалар едің? Бұл сұраққа жауап бергенде жеткіншектің отбасы мүшелері ішінен өзіне ең жақын адамы (әкесі, шешесі, аға-іні, әпке, сіңлі) немесе Отбасындағы беделді тұлғаны атайтыны байқалды. Көп балалы отбасыларда отбасы мүшелерін атап шығуда ең соңғы кезекте жеткіншек үшін жағымсыз тұлғаны әдейі атамай кететіні де байқалады.
- Саған отбасы ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің? (әке-шеше, жеткіншек; шеше-жеткіншек-әке; жеткіншек-әке-шеше) т.б. мұнда көбінесе жеткіншектер өз жынысының яғни, ұл-әке, қыз-шеше, ролін ойнауға бейім екенін байқауға болады.
- Көңілсіз кездеріңде бірінші кезекте кімнен қолдау күтесің? Бұл жерде ана ролі айқын басымдылықпен көріне түседі. Себебі: ана қамқоршылығында болып, оған эмоционалды түрде етене жақын болуы әсер етеді.
- Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге айтар едің? Не үшін? Мұнда Отбасындағы ата-ананың ролі анық байқалады. Жеткіншек үшін Отбасындағы кімнің беделі жоғары екенін көруге болады. Ал жеткіншекдан ешКімге айтпаймын деген жауап алу — отбасы мүшелері арасындағы эмоционалдық сенімді байланыстың жетіспеушілігін байқатады.
- Сені қателік жібергенде кім жазалайды? (Әке-шеше, аға-іні, әпке). Бұл сұрақтың тиімділігі сол отбасыда жазалаудың қандай түрі орын алғанын анықтауға болады. Жеткіншектердің көбі бұрышқа тұрғызу, денелік жазалау немесе ойынға шығармау сияқты жаза түрлерін қолданылатынын айтады.
- Сен кейін өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің?
Мұнда ұл жеткіншек үшін әке, қыз жеткіншек үшін шеше ролінің маңызы қандай дәрәжеде екенін байқауға болады. Келесі маңызды мәсәлелердің бірі жеткіншек өзі тәрбиеленіп жатқан отбасындағы тәрбие стилі мен қарым-қатынас табиғатына деген көзқарасын ашық білдіреді. Олар өздері үшін не жағымды, не жағымсыз екенін жеткіншеклық шынайы көңілмен дәл жеткізеді.
- Өскенде кім боласың? Жеткіншек өзі үшін Отбасындағы беделді тұлғаның мамандығын, айналысатын кәсібін айтады. Сұрақты кей жағдайда жеткіншек ұғымына сай бейімдеуге болады. Себебі, зерттеу барысында кейбір отбасыда жеткіншектер әке-шешесінің мамандығы немесе айналысатын кәсібі жайлы бейхабар болатыны байқалады.
Басқаша айтқанда, отбасыда демократиялық стиль басым болса ата-ана мен жеткіншек өзара тең позицияда, әрі арасында ешқандай кедергісіз бейнелейтіні анық.
Симбиотикалық — қолдаушы стилі басым болғанда жеткіншектің өз бейнесі ата-ана бейнесіне өте жақын әрі образдары етене араласып, жеткіншек өзін әдеттегідей кемсітіп бейнелейді.
Зерттеу нәтижелерін сапалық талдау барысында жеткіншек суретімен проективті интервьюге жауаптары бойынша болжанған Отбасылық қарым-қатынаспен тәрбие стилі ата-аналарға жүргізілген зерттеу нәтижелерін өзара жоғары сәйкестікте болатыны анықталды.
Бұдан шығатын қорытынды жеткіншектер бойында Отбасылық қарым-қатынас пен тәрбие стиліне деген жағымды немесе жағымсыз эмоционалдық қатынас қалыптасады. Ал бұл қатынас өз кезегінде жеткіншек коммуникативтілік қабілетіне қолдаушы немесе кедергілік сипатта ықпал етеді.
Жеткіншектердің қарым-қатынас қабілеттерінің дамуына ең тиімді қарым-қатынас типі “қабылдау-шеттету” және “кооперация” типі, ал тәрбиелеу стилінде демократиялық стиль ең қолайлы ретінде көрінеді.
Керісінше, жеткіншекке “жолы болмаушы” (неудачник) деп қарау, тәрбиелеу кезінде диктаторлық немесе шектен тыс қамқорлық көрсету стильдері –жеткіншек бойындағы коммуникативтік қабілетінің дамуына кедергі болады. Бұл жеткіншектің тұлғалық психологиялық белсенділігінің қажетті дәрежеде дамуын тежеумен бірге, жеткіншектің ойын әрекетінен байқалатын тұлға аралық қарым-қатынас пен дербестікке қабілеттерінің қалыптасып, дамуына зиян келтіреді.
Отбасылық тәрбие стилінің жеткіншек қарым-қатынасының дамуына әсері туралы сөз қозғағанда бала тәрбиесіне қатысты ата-аналардың 3 типі ажыратылады.
1 –өктемшіл-үстемшіл ,
2 — әсіресе қамқорлық (гиперопека),
3 – ымырашыл-демократиялық.
- Өктемшіл-үстемшіл. Бұл Отбасылық тәрбие типі бала дамуына өте жағымсыз болып табылады. Бұл жерде балаға деген өктемшілдік көзқарас, яғни бала қызығулары мен құндылықтары және оның тұлғалық ерекшеліктері есепке алынбайды. Баланы әлеуметтік жағдайға бейімсіз, әлсіз тұлға ретінде қарау бала тұлғасының шығармашылық дамуындағы ең басты кедергі болып табылады. Мұндай балалар үшін егер отбасыда ата-анасының сүйіктісіне айналған басқада іні-қарындастары болуы жағдайды қиындата түседі.
Ата –аналар өздері тарапынан бала жүріс-тұрысын үнемі қадағалап жазалау шарасына көбірек жүгінеді. Мұндай тәрбие салдарынан баланың невроз ауытқуларына шалдығуы мүмкін. Зерттеулер кезіеде қоғамдық тәртіп бұзушы жас өспірімдер арасында ата – анасы тарпынын агресивті қатнас зардабын жиі шеккендер өте көп екені анықталған.
Осы бағыттағы ғылыми зерттеулер бала тәрбиесіндегі үстемшілдік стильдің бала бойында шығармашылық невротикалық бұзылулар дербессіздік, әлеуметтік мешелдік жеке өзіне деген жоғарғы деңгейдегі агрессиялық көзқарас қалыптасатынын анықтады. Сонымен қатар кіші шәкірттік шақта балаға әкеден гөрі ана тәрбиесінің ықпалы басым болады.
Егер анасы өз баласының табиғатын жоққа шығарып және оны балаға авторитарлық жолмен көрсетіп отырса, бала бойында өзін шарасыз қабылдау, ешкімге керегі жоғын сезіну қалыптасады. Мұнда қыздарға қарағанда ұлдардың ана бағалауына өте сезімтал келетінін байқауға болады. Келесі маңызды мәселе егер отбасыда шешесі өктемшілдік тұлға болса, балалары әкелерінің ролін мойындамайды. Олар әкесіне шешесі көзқарасымен қарап, бағалауға бейім болады. Қыз балалар тәрбиесінде керісінше қатал өктем әкені қабылдамайды. Мұндай отбасыда қайшылықтық негізгі ой қалыптасады.
- Әсіресе қамқорлық (гиперопека). Бұл тәрбиенің басты белгісі отбасы өмірінде бала тәрбиесіне шектен тыс көңіл бөлу. Бала тәрбиесін назарда ұстайтын ата-аналар қатынасына жатады. Бұл тәрбие екі түрде көрініс беруі мүмкін. Басымдылық және әсіресе қамқорлық тәрбиеде баланың әр қадамына бақылау жасау ойлары мен идеяларына деген қатаң талап, тйымдар мен бақылаулар айқын орын алады.
А.Я. Варга зерттеулерінде мұндай тәрбиенәң авторлы бақылаулардан өзгесі баламен жағымды өте жақын қарым-қатынаста болатынын анықтаған. Бұл баланың шығармашылық дамуына біршама жағымды әсер етеді. Егер баланың қажеттілігімен ата-ана мүмкіндіктерінің салдары бала тұлғасында тәуелді, шабытты, бағынушылық ережелерді қатаң сақтау, көнбістік т.б. қасиеттер қалыптасанын анықтады.
Өктемшілдік селбесіп қатынас жасау аналар жағынан тәрбие барысында мейірімділік, кшілік, тәуелділік қалыптастырады. Мұндай типті тәрбие көбінесе ұлдарға көп әсер етеді. Жұмсақтық әлемге тән қаттылық ер адамдарға тән қасиетін қарастырсақ, өктемшіл симбиотикалық ана баласын өзіне жақындата отырып, оның табиғатын тежейді. Нәтижесінде мұндай ер балаларда әйел адамға тән нәзіктік қалыптасады.
- Ымырашыл-демократиялық тәрбие стилінде бала ата-ананың басты назарында болады және қажеттіліктердің барлығы дерлік барынша жоғары деңгейде қанағаттандырылады. Мұндай ата-аналар балаларын кез-келген қиындықтармен мен сәтсіздіктермен қорғау және баласы үшін өздері өмір сүреді. Отбасылық тәрбие стилінің мұндай түріне баладан стимулдық пен жауапкершіліктің төмендігі, ата-ана және қарым-қатынасындағы өзара серіктестігінің болмауы және баламен шектен тыс жақындыққа ұмтылу байқалады. Бұл бала бойындағы шығармашылық пен дербес ойлау дағдыларын басып отырады.
Отбасылық қарым-қатынастың бұл түрімен жағымсыз салдары баланың әлеуметтік өмірге бейімсіздігі жоғары өзіндік бағалау реалды және “мен” арасындағы алшақтық бала қоғамдық ортадағы топ мүшелерімен қарым-қатынастағы басты кедергі болып саналады. Бұл қиыншылық бала тұлғасында жағымсыз саналар бір беткейлік, агресивтілік, күмәншілдік сенімсіздік т.б. қалыптасуына әкеледі.
Отбасындағы тәрбиемен қарым-қатынастың тартымды, нәтижелі болуы, көп жағдайда ата-ананың білім дәрежесіне де байланысты. Көбінесе, ата-ананың балаларына деген үлкен сүйспеншіліктің нәтижесінде бала психикасының даму заңдылықтарын білмеуден қарым-қатынаста бірқатар дөрекі қателіктер жеберіп алады. Ата-аналар оны өзі байқай бермеуіде мүмкін. Алайда мұның бәрі қалыптасушы дамушы бала психикасына әсері мол.
Тұжырымдай келгенде дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым-қатынас баланың тұлғалық психологиялық дамуының ғана емес, оның шығармашылық қабілеттері мен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы адамзат баласын толық қанды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек жеткіншектердің тұлғалық коммуникативтілік қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым-қатынас, отбасының психологиялық ахуалы мен тәрбиелеу стилінің маңызы зор екені даусыз.
Әртүрлi әлеуметтiк факторлардың арасында тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн ең маңызды факторлардың бiрi ол отбасы. Дәстүрлi отбасы- тәрбиенiң негiзгi институты. Отбасыдан үйренгенiн адам өмiр бойы санасында сақтайды. Отбасының бұлай маңызды болу себебi адам өмiрiнiң бiршама уақытын отбасыда өткiзедi.
Жеткіншектер күнделікті өмірде өзінің коммуникативті мүмкіндіктерін пайдаланып, қарым-қатынас серігін тануға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде оның өзін өзі тануға да қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Қоршаған ортамен қарым-қатынас нәтижесінде жеткіншекте адамгершілік қасиеттері. «Мен» деген ұғым қалыптасуына түрткі болады. Сонымен бірге өзара бағалау әрекетіне қол жеткізеді.
Жалпы және жас ерекшелік психология ғылымындағы зерттеу тақырыбына байланысты зерттеулер мен ғылыми-көпшілік әдебиеттердің теориялық талдаулары мен жүргізілген дербес эмпирикалық зерттеу болжамдарын дәлелдеу нәтижесінде бірнеше тұжырым жасауға болады.
- Жеткіншектердің қарым-қатынасында дамудың осы кезеңіне ғана тән өзіндік (ата-ана, құрдастар, гендерлік т.б.) ерекшеліктері болады
- Жеткіншектердің қоршаған ортадағы қарым-қатынасының сипаты олардың коммуникативті қабілеттердің дамуының алғышартын құрайды.
- Жеткіншектердің коммуникативті қабілеттерінің даму деңгейі Отбасылық тәрбие жағдайы мен қарым – қатынас стильдеріне біршама деңгейде тәуелді болады.
- жеткіншектердің бойында қоршаған ортадағы қарым-қатынас пен Отбасылық тәрбие стиліне деген жағымды немесе жағымсыз эмоционал дық қатынас қалыптасады. Ал бұл қатынас өз кезегінде жеткіншек коммуникативтілігіне қолдаушы немесе кедергілік сипатта ықпал етеді.
- Жеткіншектердің қарым-қатынас қабілеттерінің дамуына ең тиімді қарым-қатынас типі “қабылдау-шеттету” және “кооперация” типі, ал тәрбиелеу стилінде демократиялық стиль ең қолайлы болып табылады.
- Жеткіншектермен қарым-қатынаста оған “жолы болмаушы” (неудачник) деп қарау, тәрбиелеу кезінде диктаторлық немесе шектен тыс қамқорлық көрсету стильдері –жеткіншек бойындағы коммуникативтік қабілетінің дамуына кедергі болады.
Қорыта келгенде, бұл жайттардың барлығы да өз кезегінде жеткіншектің тұлғалық психологиялық белсенділігінің қажетті дәрежеде дамуын қамтамасыз етеді немесе керісінше, тежейді және жеткіншектің тұлға аралық қарым-қатынас пен дербестікке қабілеттерінің қалыптасып, дамуына зиян келтіреді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Возрастная и педагогическая психология /под ред. А.В. Петровского), М., 2009
- Титаренко В.Я. Семья и формирование личности, М., 1987, 351с.
- Семья и формирование личности //Под ред. А.А. Бодалева, М., 1989.
- Буренкова Е.В. Изучение взаимосвязи стиля семейного воспитание личностных особенностей ребенка и стратегии поведения значимости взрослого .:Дис. канд. психол. наук.- Пенза, 2000 — 237с.
- Спицин «Хроника семейного общение » М. 1987.
- Кулик Л.А., Берестов Н.И. «Семейное воспитание «. М: 1990.
- Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии /под ред. И.И.Ильясова, В.Я. Ляудис . М.,2000.
- Золотнякова А.С. «Проблемы психологии общения», Ростов-на-Дону 2006г.
- Кулагина И.Ю. «Возрастная психология», М., 2006 г.
- Мұқанов М.М. «Жас ерекшелік және педагогикалық психология», М., 2006 ж.
- Кон И.С. Открытие «Я». — М., 2008.
- Рубинштейн С.Л. Принципы и пути развития психологии. — М., 2000.
- Немов Р.С. «Психология», ІІ том, М., 2003 г.
- Ломов Б.Ф. Проблема общения в психологии М., Наука, 2001. – 278 с.
- И.А. Зимняя Педагогикалық психология. Алматы, 2005 436 б
- Смирнова Е.О. Проблема общения ребенка и взрослого работах Л.С Выготского и М.И Лисиной. // Вопросы психологии., — 1996 -№ 6
- Лисина М.И. Развитие познавательной активности детей в ходе общения со взрослыми и сверстниками // Вопрсы психологии – 1982 — №4 — С.35
- Галигузова Л.Н., Смирнова Б.О. Общение со взрослыми как условие осознания детьми своих собственных действий //Проблемы возрастной психологии. — 1989 — С.21-22 .
- Годовикова Д.Б. Влияние общение со взрослыми на общение со сверстниками //Иследование по проблемам возрастной педагогической психологии — М., 1980. — С 78-79.
- Мухина В.С. Возрастная и дифференциальная психология.- М., 2000.
- Шерьязданова Х.Т Учите детей общению — Алма-Ата, 1992.-234с.
- Карандашев Ю.Н.» Как дети понимают взрослых » М, 1985.
- Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и о психологическом общении. М, Просвещение. 1987 — с 189-413.
- Реан А.А., Коломинскиий Я.Л. Социальная педогогическая психология.- Спб ., 1999 — 428 с.
- Кон И.С. «Ребенок и общество » М, 1989.
- Бодалев А.А. Психология общение «Избранные психологические труды» М., 1896-16с.
- Буева Л.П Человек деятельности и общение .М. » Мысль» 2007-216 с.
- Варга .А.Я. Структура и типы родительских отношения.
- Буренкова Е.В. Изучение взаимосвязи стиля семейного воспитание личностных особенностей ребенка и стратегиии поведения значимости взрослого .:Дис. канд. псих. Наук.-Пенза, 2000.-237с.
- Мухина В.С. Возрастная и дифференциальная психология .-М., 2000.-388.
- Ковалев. Психология личности .М: Просвещение 1970-391с.
- Ананьев Б.Г. Педагогические приложения современной психологии // Хрестоматия по возр. и пед. психологии. /Под. Ред. И.И. Ильясова, В.Я. Ляудис. М., 1981.
- Годовикова Д.Б.Влияние общение со взрослыми на общение со сверстниками \\ Иследование по проблемам возрастной педагогической психологии.-М., 1980.-С 78-79.
- Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.М., 1972 — 574с.
- Выготскии Л.С. Избранные психологические труды — М., 1999 — 367с.
- Ломов Б.Ф. Проблема общение в психологии — М., 1981 — С.3-34.
- Андреева Г.М. Социальная психология. — М.: Изд-во МГУ, 1980 — 429с.
- Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общение.- М., 1986.-143с.
- Ломов Б.Ф. «Проблемы общение в психологии «. М., 1981-218с.
- Хрещева Н.Ю. Социально–психологические проблемы общение Ленинград. 1986 – с .43.
- Шестопалов Р.А. Общение возможность и действительность.- Фрунзе. 1985. — С.3.
- Мудрик А.В. Современнный старшеклассник: Проблемы самоопределения. – М., 1977. — 186 с.
- Кон И.С. Психология юнешского возраста – М.: Просвещение, – 176 с.
- Анастази А. Психологическое тестирование / под ред. К.М. Гуревича. В.И. Лубовского. М. 2002.
- Измайлов Ч.А., Михолевская М.Б. Измерение в психологии 1983г.
- Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии. Санкт-Петербург 1996г.
- Готтсданкер Роберт. Основы психологического эксперимента.- М.: Изд-во МГУ, 2000.
- Мельников В.М., Ямпольский Л.Т. Введение в экспериментальную психологию личности. — М., 2005.
- Общая психодиагностика / Под ред. А. Бодалева, В. Столина — М.,
- Психологическая диагностика: проблемы и исследования / Под ред. К.М. Гуревича — М., 2001.
- Түңлікбаева Э.М. Психологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі ықтималды-статистикалық әдістер.- Алматы, 1999.
- Суходольский Г.В. Основы математической статистики для психологов.- Л.: Изд-во ЛГУ, 2002.