ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Өзіндік бағаның оқу үлгеріміне ықпалын анықтау
Алматы — 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тұлғаның өзін-өзі бағалау мәселесінің теориялық мазмұны.
1.2 Мотивация психологиялық категория ретінде
1.3 Өзін-өзі бағалау мотивациясын анықтаудың психологиялық маңыздылығы
- ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МОТИВАЦИЯСЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕЛУІ.
2.1 Тұлғаның өзін-өзі бағалау мотивациясын анықтау.
2.2. Тұлғаның өзін өзі бағалау мотивациясын жетілдіру жолдары.
2.2. Зерттеу нәтижесін жинақтау.
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Тұлғаны қалыптастыру, қоғамдық қатынастар жүйесінде мақсатты бірлескен іс-әрекеттер жолымен жүргізіледі. Мұны дәлеледейтін оқыту мен тәрбие берудің өзара үйлесімді байланысын реттейтін психологиялық жүйелеу әдісі. Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда дамуы, ұлттық құныдықтарымызды жаңғырту, жақсы қасиеттерімізді үйрену, оны түгелдей қайталау, керісінше, оны қоғам мен уақыт сипатына қарай анықтау болып табылады. Мұндай көзқарасты жүзеге асыру педагог-психологтардың негізігі кәсіби міндеті. Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім беруде – оқушы тұлғаларының білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген тұлғаны тєрбиелеу мен қалыптастырудан бастағанның маңызы өте зор. Ал тұлға көбінесене ұжымда (сыныпта), еңбекте, іс-әрекет барысында ашылады.
Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері мен іс — әрекетінің бағалануы. Кез-келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу сезімдері болады. Бұл “ Мен — концепциясы” негізінде орындалады. Өзін — өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі. Тұлғаның өзін — өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасуы негізінде болады. Өзін — өзі бағалау – адамның өзінің психологиялық сапалары мен қылықтарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін, кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалауы.
Тұлғаны зерделей отырып, оның психологиялық ерекшеліктерін: бағыттылығын, мінездегі басты ерекшелігі – табындылығын, темпераментін, қабілетін, танымдық іс-әрекетінің дамуын анықтап алу керек.
Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңірек айтар болсақ, барша адамдардың өзара түсінісуіне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қолданылады: бітіс тану, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі.
Жеке тұлға алдымен белгілі қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, белгілі дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары мінезі, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін тізгіндей алатын кісі. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін — өзі таниды. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай, сондай – ақ өзін де танып білуді талап етеді.
Өзін-өзі бағалау — тұлғаның адамдар арасындағы орны, өзіндік мүмкіндігі және қарым – қатынас сапасы . Өзіндік баға тұлға қалыптасуының барлық этаптарына және іс — әрекетінің нәтижелілігіне ықпалын тигізеді. Сондықтан адамның өзінің өзіне қатынасы оның тұлғалық дамуындағы ең маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады.
Адам өмір сүруі мен қимыл-қозғалысы арқылы өзінің әрекетін бағалауға үйренеді, адамгершілік нормаларын меңгереді. Өзіндік баға тек адамның тұлғалық даму ерекшеліктерінің деңгейін анықтап ғана болып қоймай, оның барлық іс-әрекеті мен білім сапасының нәтижесін бағалаушы. Тұлғаның өзіндік бағалауы мектеп психологының жеке балалардың және ұжымның психологиялық жас ерекшелігі мене білім деңгейінің сәйкес даму өрісінің құнды көрсеткіші. Осыған қоса, өзіндік бағалау ұжымның психологиялық ахуалын, оқушылардың қарым – қатынасын және жеке оқушылардың психологиялық мәселелерін анықтауға көмектеседі.
Қазіргі таңда тұлғаның өзіндік бағалауы оның болашақ жемісті іс — әрекетінің нәтижесі.
Зерттеу мақсаты – тұлғаның өзін-өзі бағалау мотивациясының психологиялық ерекшеліктерін теориялық негізде қарастырып, оның даму деңгейін тәжірибе арқылы анықтау және жетілдіру.
Зерттеу нысаны – тұлғаның өзіндік бағасының оқу үлгеріміне ықпалының ерекшеліктері.
Зерттеу пәні — тұлғаның өзін-өзі бағалау мотивациясын дамыту процесі.
Зерттеу болжамы – егер тұлғаның құндылықтары, мінез-құлық ерекшелігі, іс — әрекеті мен қабілеті бағаланса, қолданылатын әдістемелер оның қызығушылығына әсер етсе, онда тұлғаның өзіндік бағасының психологиялық ерекшелігін анықтап, жетілдіру жолдары арқылы :
Зерттеу міндеттері —
- Тұлғаның дамуында өзін-өзі бағалау мотивациясына сипаттама жасау және іс-әрекеттік ықпал ету тиімділігін қарастыру.
- Тұлғаның өзін — өзі бағалау деңгейін анықтау мен жетілдіру жолдарын тәжірибеде зерттеу.
- Эксперименттік зерттеу нәтижелерін сараптау мен ұсыныстар беру.
Зерттеудің теориялық—әдіснамалық негізі – тұлғаның өзін-өзі бағалауы туралы И.В.Дубровина, Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, Г. У. Оллпорт, Л.С.Выготский, А.А.Бодалев, С.М.Жақыпов зерттеулеріндегі тәжірибелік еңбектері мен тұжырымдамалары.
Зерттеу әдістері — зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау, саралау, психокоррекциялық жаттығулар, сауалнама, тест.
Зерттеудің теориялық мәнділігі — Өзін-өзі бағалау мәселесіне жан-жақты теориялық талдау жасалынып, оны анықтау мотивациясының психологиялық ерекшеліктері көрсетілді. Бұл мәліметтер тұлғаның өзін-өзі бағалауын көтеруге ықпалы жайлы ақпаратты қамтиды және психологиялық сауаттылықты жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы – Зерттеу нәтижелері тұлғаның өзін–өзі бағалау мотивациясын жетілдіруге үлес қосады. Зерттеуде қолданылған әдіс – тәсілдер тұлғаның өзін-өзі бағалау деігейін анықтаудың психологиялық маңыздылығын нақтылайды.
Зерттеу базасы – Алматы қаласы. ……………………………………… колледжі.
Зерттеу кезеңдері –
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.
Зерттеудің екінші кезеңінде тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейі анықталынып, түзету – дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытындысы берілді. Тұлғаның өзіндік бағалау деңгейін арттыру мақсатында ұсыныстар енгізілді.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы — Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі , қорытынды және қосымшалардан тұрады.
1 ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тұлғаның өзін-өзі бағалау мәселесінің теориялық мазмұны.
Адамды тұлғалық даму деңгейінде сипаттаудың өзі де өз тілектері мен мүмкіндіктері, қылықтарын танып – білу деп түсінбеу қажет. Бұл – айналадағы адамдарды, жақын туыстарының да тілектерін, мүліктерін, қылықтарын танып – білу деп түсінбеу қажет. Бұл – айналадағы адамдарды жақын туыстарының да тілектерін аңғару, өзінің қызығулары мен мүдделерін, талғамы мен көңіл – күйі, әдеті мен дүние танымын, қарым – қатынас ерекшеліктерін ескере білу.
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жасаған жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, еліміздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қадам басуы жолындағы негізігі міндеттерінің бірі жан – жақты дамыған тұлға қалыптастыру» — деді [1]. Нарық экономикасының талабына сай, өркениет қоғамның ерікті, өз бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары, адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез құлқы қалыптасқан, жаңаша ойлау қабілеті дамыған, нарық еңбегімен белгілі, бәсекелік қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына жауапты ғасыр тұлғасынан тәрбиелеу тәуелсіздігіне ие болған Қазақстан Республикасының дәуірлік міндеті.
Өзіндік баға тұлғалық білім беру мен оның өзіндік дамуының күрделі негізі. Мұнда адамның басқалардан өзі туралы біледі, өзінің әрекетін белсенділігінің неге бағытталғанын және жеке тұлғалық сапаларын ұғынады. Бірақ, осыған қарамастан тұлғаның дамуында өзіндік бағалау ерекше орын алады.
Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік сөйлеу, өзіндік бағалау, өзіндік ұғыну арқылы өзін — өзі таниды. Адам өзінің сыртқы дүниесін ғана танып қоймай, сондай – ақ сол арқылы әрекет жасауға тырысады. Адам обьективті шындықты бейнелендіре отырып, сол процестерді ғана емес, сонымен бірге сезіне алатын және ойлай білетін тіршілік иесі ретінде өзін — өзі, өзінің мұрат – мүдделерін, адамгершілік бет – бейнелерін де саналы түрде түсінуге шақырады.
Өзін — өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Тұлғаның тұрақты өзін — өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасу негізінде жатыр. Өзін — өзі бағалау адамның мінез – құлқы ғана емес, оның тұлғалық сипатына да әсер етеді. Тұлғаның жас өспірім шақтағы қалыптасуы тек ол өскен орта ғана емес оқушының өз талаптарына жауап бере алуына да байланысты [2].
Неміс психологы К.Левиннің және оның шәкірттерінің еңбектерінде тұлғаның қажеттіліктері, оларды қызықтырушылар деңгейі зерттелген. Зерттеу нәтижесінде алынған деректер бойынша өзіне баға беру тұлғаның берілген тапсырманы орындау жетістіктері немесе кемшіліктеріне, топтағы мәртебесіне тәуелді екендігі көрсетіледі. Тұлғаның қалыптасуы мен өзіне баға берудің маңыздылығы американ психологы К.Роджерс еңбектерінде айтылған. Ол тұлға құрылымында өзін өзі тану мен өзін бағалау маңызды екенін зерттеген. Өзіндік бағалау Роджерс пікірінше, қоршаған әлеуметтік ортада бейімделуге, оның ішкі талаптары мен сыртқы психологиялық жағдайларының үйлесіміне әсер етеді және өзіне баға беруге икемділік бұрынғы құндылықтарды жаңадан бағалауға мүмкіндік береді. Бірақ Роджерс тұлғаның қоршаған ортаны, өзара қатынастарымен қатты байланыстырып жіберген, осы қатынастарды нақты «мен» және идеалды «Мен» арасындағы қатынастық жалғыз факторы ретінде көрсеткен.
Әлуметтік-психологиялық құзіреттіліктің «Мен тұжырымдама» теориясына тікелей қатысы бар. «Меннің»психофизиологиялық психикалық, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық түрлері бар.Әлуметтік-психологиялық « Меннің» кең тараған теорияларына әлеуметтік салыстыруды, өзін қабылдаудыбілдіретін айналық «Мен» теориясы жатады. Әлуметтік бағалардың қайтарымынан ( басқа адамдар пікірінен) жиналған әлеуметтік-психологиялық «Мен» тұлғаның мінез-құлқын және іс-әрекетін реттейді.Басқаша айтқанда «сыртқы ішкі арқылы сынады» деген белгілі схема сыртқы әсер нәтижесінде тұлғаның когнитивті сферасының қлыптасуын білдіреді, содан соң оның мінез-құлық пен іс-әрекетін реттеудегі ролін көрсетеді. Сыртқы әсерлерден қалыптасқан когнитивті сфера өзіндік мәнге ие болады және реттеуіш ретінде көрінеді. Ішкі бейне тек дүниенің ғылыми сұлбасына ғана емес, сондай-ақ «Меннің» әлеуметтену процесіндегі шығынына, психикалық жарақаттануына да тәуелді [3].
Өзін бағалау мен өзін сыйлау – «Меннің» ең маңызды регулятивті функциялары. Демек, адамның өзін-өзі қалай қарастыруының, өзі туралы басқалардың не ойлайтындығының қайтарымы болуы тиіс, бірақ та олардың дәл осылай ойлануы тіпті міндетті емес.
Әлеуметтік-психологиялық құзіреттілік «Меннің» деформациялануының алдын алады да, сол себепті тұлғаның өзін бағалауына, кәсіби қызметінің реттелуіне, дүние сұлбасының жоғары болған сайын «Меннің» деформацялану ықтималдығы жоғары болады. Мысалы, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, азаматтардың тәртіп бұзушыларға қатысты қоғамдық пікіріне, екіншіден, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамды, қылмыс әлемін және кәсіби ортаны сезінуіне байланысты болады.
Кәсіби «Мен-тұжырымдама» тұлғаның көзқарасынан тұрады. Оны үйрену және өзара байланыс процесін ұйымдастырады, яғни субьектінің әлеуметтік-психологиялық құзіреттілігіне әсер етеді [4].
Баланың бойында қоғамнан аластатылған, ешкімге керек емеспін, еш нәрсемен ісім жоқ деген ойлар болады. Куперсмит «Өзін өзі бағалау шарттары» деген кітабында өзін — өзі бағалаудың психологиялық сипатын көрсетті. Куперсмиттің ойынша өзіне баға беру – жеке тұлғаның өз бағаасын білу сезімінде, ал өзгелерге тұлғаның кейбір әрекеттерінен білінеді. Адамның бойында қолдау тапқан өзін өзі бағалау тек сол тұлғаға ғана тең және сол адамның дара психологиялық жағдайы, ішкі дүниесі. Осындан оның пікірінше, өзін — өзі бағалауды зерттеп білуге, оқып –тануға болады, себебі адамның іс -әрекетінен өзіне берген бағасы көрініп тұрады.
Көптеген ғалымдар баланың өзіне баға беруін үш түрлі фактор әсер ететіндігін анықтап берді. Олар: жазалау, қадағалау және психологиялық қолдау. Олардың ойынша, өзін — өзі бағалау көбіне әкесіне қарағанда , анасының іс — әрекетіне қатысты. Ата – аналардың мінез – құлқы қыз балаға қарағанда ұл балаға қатты ықпал ететіндігінде. Бұл зерттеуге ана баланың өзіне баға беруі арасында байланыс бар екендігі тіркелген. Ана балаға қамқор болып, қолдау көрсетіп отырса және кінасы үшін қатаң жазаламаса, баланың бойында өзіне — өзі бағалауға жағдай жасалады. Егер бала анасының қамқорлығын сезінсе, ол өзіне де сондай баға береді [5].
Осы орайда К.Хорнидің пікірінше, тұлғаның бойындағы қиын ішкі дағдарыстар өзіне артық баға беруден, өзімшілдіктен туындайды. «Мен» деген өзімшілдіктен нақты «Мен» қақтығысы болатындығын тұжырымдаған. Г.Салливен өзіне баға беру адамның мінезіне бақылау жасайды деп көрсетеді. Өзіне баға берудің атқаратын қызметі адамды ішкі толғаныстардан сақтау. Өзін бағалау қоршаған ортаға ыңғайлану, қоршаған ортамен қатынасқа түсу арқылы біржақты баға беріледі.
Сонымен жоғарыдағы ғалымдардың зерттеулерінен өзін өзі бағалау қоршаған ортаның қатынастарынан, оның әлеуметтік ортаға бейімделуі, оның сыртқы талаптарының сыртқы жағдаймен үйлесуі екендігін көреміз.
Кеңестік кезеңдегі зерттеулер (Б.Г.Божович, Л.И.Ананьев, С.Л.Рубинштейн) өзіндік бағалауды тұлғаның өзін тануының, оның қалыптасуының өмірдегі іс -әрекетінің нәтижесі деп түсіндірді. Өзіне баға берудің қоғамдық сипаты бар және әлеуметтік құбылыстардың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Өзін өзі бағалау еңбектің, қарым – қатынастың қиын өнімі, мінезді үйлестіру және қоршаған ортаға қатынас әрекетінен туындайды.
Л.И.Божовичтің өзгені тану өзіңді танудан бұрын қалыптасады және оның негізі мен тіреуі болып табылады, Өзіңді басқалармен салыстыру, теңеу өзіне баға берудің алғы шарты екендігін тұжырымдаған. Адам өз әрекетінде өзін өзгелермен салыстырып, басқалардан байқаған қылықтарды өз бойынан іздеп, кемшілігін түзетуге ұмтылыады. Тұлғаға тән кейбір қасиеттерді қайталап, өзіне алуға тырысады [5].
Б.Г. Ананьев адамның өзі туралы пікір қалыптасуға ұжымдық өмір, жағдайлар мен әрекеттерге дұрыс баға беру шешімі маңызды орын алатындығын айтқан [6].
Ал, В.С.Мерлин: «… өз әрекетіңді бағалауда ұжымның Берген бағасы, әлеуметтік бағалау маңызды қызметке ие болады» — деген. Әлеуметтік баға толық және Жан – жақты болған сайын, бала оны терең таниды және бұл тұлға қалыптасуына үлкен әсерін береді [7].
А.А.Бодалев адамды адамның тану ерекшеліктерін, жасқа және жеке дара ерекшеліктеріне бөле отырып, неғұрлым жасы үлкейген сайын олардың қабілеті, танымы мен сенімі туралы пікірлері өзгере түседі, олардың еңбекке көзқарасын, адамның еркі мен өзіне тән ерекшеліктерді жақсы ажыратады [8]. Адамның өзіндік сипат белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндегі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы тәжірибе алмасатындығы .
Қазіргі кезде психологтар жеке тұлға бірнеше Мен-концепциясын иемденуі мүмкін дейді, олардың біреуі –жақсы, екіншілері-нашар, үшіншілері-жеке тұлғаның қазіргі шағы, төртіншілері-болашақ мүмкін болатын мен-концепциясы.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: «… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе — білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында үлттық жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік — адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті [9]. Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда.
Әлеуметтендірудің сыншылдық тұжырымдасының басты теоретиктері өз еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды. Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович.) Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. Қазіргі қоғамда бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағалауын әлеуметтік тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі эрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағасын анықтауға арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (Қ.Жарықбаев, Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, А.Н Леонтьев, А.Ф.Лурия, М.Н.Скатин, Д.Б.Эльконин) еңбектерінен көрініс тапты. Сонымен бірге, әлеуметтік педагогикалық бағалаудың мэнін анықтайтын бағалау әрекетінің құрылымы мен жүйесі тұжырымдалған қағида бойынша бағалау әрі үрдіс, әрі іс-әрекет, әрі әлеуметтік біліктілік жиынтығы және қызмет ету аясы ретінде қызмет көрсетеді. Мектептің келешекке жылысуы үшін одан да маңызды мәселелер, әлеуметтік психологиялық қиындықтар туындайды. Яғни, біріншіден, баланың жеке басы мен жас ерекшелігіне, екіншіден, оқу үрдісіндегі қиындықтар мен оқу мәліметінің ерекшелігіне байланысты.
Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым – қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері , іс-әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Іс — әрекеттің белсенді болуы жағдайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екенін дәлелдеді. А.Кординер, Е.Фромм. К.Хорни т.б. көзқарастары адамның дамуындағы іс-әрекетке жан – жақты сипаттады.
Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері мен іс — әрекетінің бағалануы. Кез-келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу нсезімдері болады. Бұл “ Мен — концепциясы” негізінде орындалады. Өзін — өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі. Тұлғаның өзін — өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасуы негізінде болады. Өзін — өзі бағалау – адамның өзінің психологиялық сапалары мен қылықтарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін, кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалауы [10].
Өзіндік бағалау — тұлғаның адамдар арасындағы орны, өзіндік мүмкіндігі және қарым – қатынас сапасы. Өзіндік баға тұлға қалыптасуының барлық кезеңдеріне және іс — әрекетінің нәтижелілігіне ықпалын тигізеді. Сондықтан адамның өзіне деген қатынасы оның тұлғалық дамуындағы ең маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. К.Левин тұлғаның қажеттіліктері, оларды қызықтырушылар деңгейінің өзіне баға беруі оның топтағы мәртебесіне тәуелді екендігін көрсетсе, әлеуметтік орта тұлғаның бейімделуіне, ішкі талаптары мен сыртқы психологиялық жағдайлары үйлесімінің ықпалының өзіне баға берудегі маңыздылығын американ психологы К.Роджерс еңбектерінде айтылған.Ал, К.Хорни тұлға бойындағы қиын ішкі дағдарыстардың өзінің «Мен» қасиеттеріне ықпал болатындығын тұжырымдаған.
Оқушылардың өзіндік бағалауы мектеп психологының жеке балалардың және ұжымның психологиялық жас ерекшелігі мене білім деңгейінің сәйкес даму өрісінің құнды көрсеткіші. Осыған қоса, өзіндік бағалау ұжымның психологиялық ахуалын, оқушылардың қарым – қатынасын және жеке оқушылардың психологиялық мәселелерін анықтауға көмектеседі. Жеткіншек жас туралы Л.И.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович, Д.И.Фельдштейн, И.С.Кон, Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготскидің және тб. еңбектерінен көреміз.
Л.И.Божович жеткіншек шақтағы дағдарысты, өзіндік сананың жаңа деңгейінің пайда болуы, оның өзін тұлға ретінде тануға және өзінің қажеттілігін ажырата алу мүмкіндігінің бар екендігін тұжырымдаған [12]. Мұндай қасиеттер баланың өзіндік реттелуге, құнды деп санаған сапаларын жеткізуге және өзін-өзі тәрбиелеуге көмектесетінін ерекше атаған. Жеткіншек шақта өзіндік бағалаудың жағымсыз жиынтығы оның сыныппен ұжымдық қарым – қатынасы және оқу әрекетінен туындайтын мәселелер көбіне осы топтағы өзара статустың сай келмеуі.
Ойын, оқу, еңбек — адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет түрлері. Әрекет – түрлі қажеттерді өтеуге байланысты көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік туғызатын процесс. Адамның психикалық өмірінің жан – жақты дамуы белгілі әрекетпен байланысты. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс — әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс -әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты шарты. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, сананың күрделене түсуіне ықпал жасайды. Мұны С.М.Жақыпов былай тұжырымдайды: “Бірлескен іс-әрекет-жалпы мақсаттың болуы , ал жалпы мақсат –бірлескен іс-әрекеттің жүйе құраушы факторы.Өзінің құрылым жасаушы функцияларының арқасында қарым-қатынас жүйе құраушы факторы бола алады.” [13].
Іс — әрекет мақсаты мен түрткісі – қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туғзады. Іс — әрекет мақсаты мен мазмұнының түрткісі – қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез келген іс — әрекет субьект арқылы мақсат, құрал, үрдіс нәтижеде көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс — әрекет оның санасын бейнелейді. Жеке адамның дамуында іс — әрекет еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек – материалдық құндылықтар, ал ой еңбегі – рухани құндылықтар жасайды. Адам үшін ең маңыздысы — іс — әрекетке үйрену. Тұлға іс — әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды. Іс — әрекеттің жетекші – түрі бала өмірінің нақты мерзіміндегі психикалық дамуына мүмкіндік туғызатын іс — әрекет, мұндай іс — әрекет дамытуға жетелейді [14].
Өзін — өзі қалыптастыру адамның тұлғасын жан – жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Өзін — өзі қалыптастыру ережесі:
- асқан сабырлылық;
- сөзбен іс — әрекетте жауапкершілік;
- іс — әрекетті жан – жақты ойластыру;
- батылдық;
- санасыз уақыт өткізбеу;
- өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау;
- әуесті пен құмарлыққа емес, қажеттілік және жетістікке ұмтылу;
- күнделікті өз істері туралы есеп беру;
- болғанды, болатынды мақсатсыз мақтанып айтпау [15].
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс – қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті – дағдылары, іс — әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады. әсіресе өзінің іс — әрекетін қадағалап, жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Өзін өзі бағалау арқылы іс -әрекетінің нәтижесін қадағалайды. Дағды, ептілік, ниет, әдет адамның өзіндік бағалауының алғы шарттары.
Дағды – адамның белгілі іс — әрекетті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Дағдының қалыптасуы қимыл – қозғалысьар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады. Адамның әрекетіндегі ептілік /бейімділік/ — белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікке жадамның өз білімін, дағдысын өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның өз білімін қажет болған жағдайда қолдана білу әрекетінен анық байқалады.
Әдет – адамның іс — әрекетіндегі мінез – құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс — әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене отырып жүзеге асырылады. Әдет – адамның қажеттілігін өтеуге сәйкес қайталанып отыратын әрекет. Ол адамның кез келген іс — әрекетінің түрінде кездеседі. Ниет — адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс — әрекетіне байланысты психологиялық көңіл – күй. Қажеттілік – адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш, ал ниет – сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады. Қызығу – адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың айқын түрде түсіндіруге жан дүниесінің сілкінісі. Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қилы белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді. Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөнінідегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс — әрекет жасайды. Ұмтылу – адамның іс — әрекетті атқаруға талаптанып, белсенділігін қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдып, көз алдына елестете алмаса да көздеген мақсатына жету үшін қуатын жұмсап, талаптанады. Адамның жеке бағыт – бағдары, бір іс — әрекетті орындауға талпынысы, сол әрекет негізінде туындаған арманы, құмарлығы, әр түрлі мақсаттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер [14].
Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Іс — әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді. Оқу, еңбек, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері. Сол әрекеттердің жас ерекшелігіне сай орындалуы да өзіндік іс -әрекетті бағалаудың нәтижесі. Өзін өзі бағалау арқылы орындалатын әрекеттің мақсаты мен міндетіне байланысты.
Адамының іс — әрекетін тиімді ұйымдастыру оның өз ісіне қызғу мен жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Адам психикасының дамуында іс — әрекет маңызды және сананың дамуына ықпал жасайды. Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен педагог мамандар, ұстаздар мен ата – анлардың жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі – баланың күнделікті іс — әрекетін тиімді ұйымдастыру [15].
Осындай мәселенің байыбын барлап оның тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Мақсатсыз ұйымдастырылған іс — әрекет болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал етуі мүмкін. Ойын мен оқу және еңбек адам әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей.
Бұл мәселенің өзектілігі қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекетінің ұжымдық ерекшелігінің артуымен байланысты, тәжірибенің талаптарымен байланысты және адамдарды ұйымдастырудың, басқарудың тиімділігінің өзекті мәселелерімен, олардың араларындағы қарым-қатынастың күшеюін реттеу, тәрбиелік және психотерапиялық әсерлерді қолдану мәселеріне байланысты. Сондықтан, баланың іс — әрекетін ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады. Ол баламен оған бағыт беруші ата-ана, педагог немесе үлкендердің ықпалымен іске асады.
Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы іс -әрекет тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі туындайды. Топтық іс-әрекетті орындау барысында жеке бағалау мен топтық бағалау қасиеттері қалыптасады.
Өзін–өзі бағалаудың психологиялық сипаты төмендегі деңгейде болады:
- Өзіндік бағалаудың дамуы – жағдайға байланысты іс — әрекет. Бұл деңгейде адам өзінің қылықтары мен тұлғалық сипаты арасында байланыс тудырмайды. Ол өзіндік «менді» іс — әрекеттің сыртқы нәтижесіне қарай бағалайды. Осыған байланысты бұл нәтижелер адам мүмкіндіктеріне сәйкес байланысты болуы қажет. Сыртқы жағдайлардың бірден болуы өзіндік бағаны тұрақсыз етеді.
- Жағдайға байланысты сапалы бағалау. Бұл деңгейде адам өз қылықтары мен әрекетіне есеп береді. Тұлғаның қадір қасиеті толық көрінеді. Адамның мінез – құлқы мен дара қасиеттері арасында байланыс туындайды. Адам өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін саралап, өзін өзі тәрбиелеудің маңыздылығын байқайды. Өзін өзі бағалаудың тербелісте болуы өзін — өзі дамытуда жағдайға байланысты қарасытрылады.
- Сапалы консервантты деп аталады. Мұнда тұлғаның қылықтары мен қасиеттері арасындағы тура байланыс бұзылады. Тұлғаның қасиеті нақты қылыққа байланысты оның танымына обьективті шындық түрде бейнеленеді. Нақты іс — әрекет тұлғаның қасиетін толық көрсетпейтінін таныған тұлғаның ішік таным дүниесі оның іс әрекетінен бөлінеді. Өзін — өзі бағалау толық емес болады, жеке қылықтар арқылы жетістікке жету. Өзін — өзі қалыптастыру деген сенімі азаяды. Өзін — өзі тәрбиелеп дамытуға күш салмайды.
- Сапалы динамикалық. Тұлға қасиетімен қылығы арасындағы күрделі байланыс барлығымен сипатталады. Ішкі дүниенің қылықтан алшақтығы кедергіні жояды. Өзін — өзі бағалау обьективті адамның ішік танымының өзгеруіне сәйкес тұлғаның қасиеті қалыпты өсу деңгейінде. Өзіндік бағалау өзін — өзі тәрбиелеу қатынасымен есептеледі [15].
Өзін — өзі тану мен өзін — өзі бағалау дың пайда болуы тұлғаның белсенді әрекетіне, қоғам мен табиғатына, өзін танудың мақсатына байланысты. Өзін — өзі тану тұлғаның іс — әрекетіні танудың бір бөлігі ғана. Тану мен бағалау тұлғаның өзіндік мүмкіндіктерін білуге тұлға қоғамдық әрекет нәтижесінде, ішкі мүмкіндіктерін сезіну нәтижесінде болады. Өзіндік бағалау іс -әрекет нәтижесі мен жетістіктеріне, кемшіліктеріне баға беру.
Өзін — өзі құрметтеу мен өзін -өзі бағалаудың қалыптасуына жеке тұлғаға тән психологиялық сипаттама үлкен маңызға ие. Олар адамның жетістіктері мен талаптары. У.Джеймс өзі — өзі құрметтеуді жетістіктің талапқа қатынасы ретінде көрсетеді. Адам өзін құрметтей түсетініне себеп – оның жетістіктерінің көп болуына байланысты. Талп пен жетістік бір – бірімен тәуелді байланыста. Талап көбейген сайын жетістік те көбейеді. Әдетте адамның талабы оның жеткен жетістіктерінің нәтижесімен тексеріледі, ал өзін өзі бағалау талап пен жетістіктің қатынасымен анықталады.
Адамның өзіндік бағалауының қалыптасуына отбасының да орны ерекше. Ата – ана мен бала қарым – қатынасының ерекшеліктерін үйлесімді ұйымдастыру балаға жағымды әсер етеді. Ол өзін отбасы мүшесі ретінде сезініп, өз ойын ортаға салуға, ата – анасымен санасуға, әр іс -әрекетінде үлкендерге еліктеп өсуге үйренеді.
Қазіргі таңда әлеуметтік – психологиялық белгіде «сана» психикалық саулық деп қаралуда. Психикалық саулық дегеніміз – субъект ретінде адамның бастапқы қабілетімен қоршаған ортаға өзара қатынасын санасы түрде меңгеруі, сол арқылы ортадағы ақпараттан ішкі қасиеттерін дамытуда тұрақты және үйлесімді мүмкіндіктерін жекелік және қоғамдық деңгейде қолдану. Адамға қажетті психикалық саулық өзіндік әлеуметтік психологиялық көмектен қалыптасады. Оның өзіне көңіл бөлуі, жеке тұлғаның жетілуі толғандырады. Оны өзіндік сапасын дамыту арқылы өзін бейнелейді, әр түрлі білім алады, өзінің қайталанбас ерекшелігіне уайымдайды [16].
Әлеуметтік психологиялық контексте өзіндік сана «Мен» қасиетіне қатынасында, оған ниеті, ойы, сезімі және қимылы жатады.
Адамға өзіндік санада ғана жоғары деңгейде, өзін қабылдау және өзін дамыту түсінігі қарастырылады. Өзіндік сана қалыптасуы өзіндік мазмұн, өзіндік жетілу қажеттілігін меңгеруден және өз өміріне жауапкершілік алудан тұрады.
Өзіндік сана дамуы өзіндік сенім, (өзіндік бақылау, өзіндік талдау) өзіндік баға (эмоционалды құндылыққа қатынас), өзіндік реттелу жатады.
В.Сатир «Өз құндылығымның декларациясы» деп, барлық адамдарды есте сақтауға шақырады, «Мен – ол мен» бар әлемде маған ұқсайтын адам жоқ. Менің барлық жеңісім менің қателігім өзімдікі. Мен өзіме жеткіліктімін, мен өзімді жасай аламын [17]. Мен өте тамаша адаммын.
Оның тұжырымдауысынша өзіндік бағаны «Адамдағы барлық ауру, өмі сүру мәселесінен, кейде қылмысынан — өзін бағалау төмендеп, одан сапалы меңгерумен өзгертуді керек етпегендіктен.
Өзіндік реттеу өзінде шыдамдылықты дамыту, ерік – күш еркіндігі, толық жауапкершілік, ақыл – ойын сараптау, онда өмірді ашық, көңілді жеңісті ету үшін ережені сақтау:
- Өзіне сену – ары таза болу
- Жауапкершілікті қорықпай алу
- Өз көңілін көтеріңкі ету
- Өз қателігіне, құнды тәжірибе деп қарау
- Өзіңде болып жатқан жағдайға құрметпен қарау [18].
Зерттеулер негізінде жеке тұлғаның психикалық саулығына көптеген әлеуметтік жағдайлар әсер етуіне байланысты әлеуметтік психологиялық қызмет көрсету қажет.
Негізгі бағыттары бойынша: психодиогностикалық, психокоррекциялық, психологиялық кеңес беру болып табылады. Әрбір жеке тұлғаның құндылығы ескеріліп, өмірдегі кез – келген әлуметтік жағдайда дайындау қазіргі заман талабы.
Бала үнемі жақсы әлеуметтік психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез келген баланың жақсы жағдайға, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. И.Кон «Мен» бейнесі элементтерінің когнетивтік күрделілігі мен жіктелуі кіші жастан ересек жасқа қарай біріншіден, елеулі үзіліссіз және дағдарыссыз артады. Ересектер жасөспірімдерге, ал жасөспірімдер жеткіншектерге қарағанда өзіндегі қасиеттерді көбірек ажыратады. «Мен» бейнесінің тізбектілігінің және тұтастығының даму үрдісі артатындығын, бірақ мұнымен бірге тартымдылық деңгейінің және сыртқы бағалаудан өзін — өзі бағалауға қайта бағдарланудың қиындықтарының белгісі болмауы кейінгі дамудың көзі болып табылатын өзін — өзі білудің бірқатар ішкі мазмұндық қайшылықтарын туғызады деп тұжырымдайды.
Кез-келген мәдениетті ортада адам өзін «Мен»-тұжырымдамасының негізінде басқарады, яғни оның өзі туралы көрінісіне сәйкес.
Ішкі бейімделу ішкі өзгерістермен байланысты. ішкі өзгерістер «Мен» түжырымдамасының өзгеруі немесе өзіне деген қарым-қатынасыныі қондырғысының нэтижесінен болады [19].
«Мен»-тұжырымдамасы — бұл адамның өзі туралы немесе өз бейнесі яғни өзінің денсаулығы, сыртқы көрінісі, мінезі, айналасындағыларға әсері, қабілеттері мен кемшіліктері туралы көзқарасы. «Мен»-тұжырымдамасының ең негізгі аспектілерінің бірі — өзін-өзі бағалау: өзін жоғары бағалайтын адам өзі жағымды түрде қабылдайды, «Мен»- тұжырымдамасы төмен өзіндік келеңсі: теріс мінез көрсетеді.
«Мен» түсінігінің мықты екпіні тек батыс-европалық жэне солтүсті американдық мәдениетке тән. Көптеген елдердің мәдениетерінде топ және жалпы құндылықтарға басты көңіл аударылады. Бұл елдердің мәдениеттерінде адам үшін оның отбасы мүшелері немесе әріптесте қамқорлық жасау керек деп есептелінген. Бұл мәдениеттердің өкілде американдақтардың көзқарастарын үнемі өзімшілдік деп санайды. Батыс мәдениетінің негізінде, реттеуді зерттеген кезде, оларда адамның «Мен»-тұжырымдамасының мықты біржақтылығы байқалды.
Сыртқы көрініс — бағалау қиынға түспейтін, «Мен»-тұжырымдамасының аспектісі. Өзінің сыртқы көрінісіне әр адам әртүрлі қарайды.
Негізінде, адамның өзі туралы пікірі басқа адамдардың оған деген қарым-қатынасынан негіз алады. «Мен»-тұжырымдамасының қалыптасу үрдісі балалық шақтан басталады. Мәселен, ата-анасы баласына ат қойғанда, баланың болашағынан үлкен үміт күтіп, соны тосуына байланыстырады. Бір нәрсе белгілі, баланың ата-анасы қойған аты ғана емес, қолдау көрсету; сүйіспеншілік, мадақтаулар және ата-анасының баласына деген қызығушылықтары, балада жағымды «Мен»-түжырымдамасы мен жоғары өзін -өзі бағалауын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Егер балаға үнемі үрсып оған кейде ғана жылы сезім білдірсе, онда балада жағымсыз «Мен» түжырымдамасы мен төмен өзіндік баға қалыптасады. Темен өзіндік бағадағь балалар өзіне сенімді емес және оларда өзіндік ар-намысы, қадір -қасиеті әлсЬ нашар дамыған. Олар басқа балалармен тіл табысуда, қарым-қатынас жасауд қиналады. «Мен»-тұжырымдамасы жағымсыз қалыптағы балалардың міне: құлқында, достарымен, мұғалімдермен басқа да топтардың мүшелерімен қарым-қатынасында үнемі тауқымет болып отырады. Бұл жағдайлар мұндай балаларда өзіндік бағасына одан сайын кері әсер етеді. Баланың бірінші сыныптағы «Мен»-тұжырымдамасының тауқыметінен өмір бойы зардап шег келген жағдайлар да кездеседі [20].
Өсе келе, дами келе, балалар өздерін басқалармен салыстырып, «Мен, Әлия сияқты әдемімін емес пе?» немесе «Мен Дина сияқты жақсы қызбын «Мен де Ғабит сияқты жақсы жұмыс істей аламын» — деген пікір білдіреді. Бозбалалық кезеңге жақындай келе, балаға ата-анасының көзқарасынан гөрі достарының ой-пікірлері шешуші мәнге ие болады.
Әрбір адам өзінің қандай болғысы келетініне байланысты, арман-мүратындағы «Мен» бейнесін тудырады. Ереже бойынша, армандағы «Мен» ата-аналары, мұғалімдері, достары мен абыройлы адамдардың көзіндегі қүндылық сапаларына ие болады. Адамның «Мен» бейнесі айналадағылардың әсерінен өзгеруі мүмкін.
Лавануэя мен Уалидің зерттеулері жағымды «Мен»-тұжырымдамасы баш адамдардың айналасындағыларға шыдамдылықпен қарауға бейім екендігіа көрсетіп берді. Олар өздерінің сэтсіздіктерін де жеңіл қабылдайды, олардьщ сәтсіздікке үшыраулары өзіндік бағасы темен адамдарға қарағанда сирек кездеседі. Жоғары өзіндік баға, әдетте, өз бетімен, дербес және адалдық сияқты сапалармен сәйкес келеді. Өзі туралы жағымды пікірдегі адамдар ең алдымен өз дегеніне сүйеніп, содан барып қана басқалардың кеңестері мен сындарын қабылдайды .
Әлеуметтік құндылықтары, (болашақтан үміт күтуі) |
Кесте 1. «Мен» — тұжырымдамасы.
Басқалардың баланы қабылдау (ата-ана, достары т.б) |
Мен
Өзіне — өзі талдау жасауы (жеке басының беделі мен кемшіліктеріне талдау) |
Әлеуметтік мінез-құлық тәжірибесі |
Сыртқы деректер, ден-саулығы мен күшін сезінуі |
Кей-кездерде «Мен»-тұжырымдамасы жағымды адамдарға да өзін басқару қиынға түседі. Бейімделу үшін критерийлерді табу қиынға түскенімен, «Мен»-тұжырымдамасы жағымды адамдар «Мен»-тұжырымдамасы жағымсыз адамдарға қарағанда, тез бейімделеді. Реттегіштің амал-тәсілдері мәдениет ортасы мен нақты жағдайға байланысты. Адамға қолданылған бейімделудің жекеше әдістері оның жеке тұлғасының бөлігі болып табылады. Жеке тұлға, жеке адамға берілетін анықтамалардың көптігіне қарамастан, соның ішінде көбі қоршаған орта жағдайына бейімделу аспектісін сызып көрсетеді. Жеке тұлға адамның мінез-құлық, ойлау, сезім, қажеттіліктерін қоса алғанда, яғни сыртқы көрінісі жоқ аспектілерінің барлық жиынтығын көрсетеді. Кейбір мінез-құлы және сезім түрлері жиі қайталанады, ал енді біреулері — сирек қайталанады.
«Өзім», «ұқсастық, бірлестік» сияқты терминдер жалпы қолданысқа ене бастады: бұл ұғымдардың астарында жеке адамның өз-өзіне деген қарым-қатынасы туралы нұсқама, түсініктер жатыр. Бұл нұсқамалардың пайда болуына не көмектеседі?, деген сұрақтар туындайды. Олар қалай сақталадьад Осыған байланысты көптеген күрделі теориялар бар.
Нәрестелер басында өзі мен қоршаған ортаның арасындағы қырларың анықтауға қабілетсіз. Бірақ, оларда біртіндеп өзіндік «Мен» дамып, дене бітімінің, денесінің тек өзіне ғана тэн екенін, оның қоршаған ортадан тәуелсіздігін сезіне бастайды. Нәрестелік кезеңнің үлкен бөлігі балада тек осымен ғана шектеледі.
Кейіннен кішкентай балалар өздерін ата-аналарымен, достары мен туған-туыстарымен салыстыра бастайды. Олар өздерінің аға,әпкелерінен кішкентаі екенін, олардың шаштарының түсі ашық немесе қоюлығын біле бастайды.
Олар біртіндеп өздерінің неге қабілетті, сондай-ақ, өздерінің жеке меншік ұйғарымы мен құқықтарының бар екендігінен қыр көрсете бастайды. Бастауыш мектеп жасы кезеңіне қарай олардың өздері туралы білімдері кеңейіп, өзінің жеке сапаларына баға бере бастайды. 5-сынып оқушысі достарының арасында сыйлы, көмегін аямайтын, мектепте, спортта үлгеріъ жақсы сияқты қасиеттердің өзіне тэн екендігін жеткізіп бере алады. Бұл өзінді ерекше белгілер бір жүйеге негізделіп, ұйымдастырылған.
«Мен»-тұжырымдамасы бүтін мәнді жеке адамның қалыптасуында өте маңызды рөл атқарады. Адамның өзі туралы жеке көрінісі тіпті балаль шақтың өзінде-ақ (өмірдің ересектер кезеңін айтпағанда) келісімді түрде болу керек, әйтпеген күнде, жеке адам рөлдердің араласуынан зардап шегеді. «Мен тұжырымдамасы шындықтағы жэне арман-мұраттағы «Мен» бейнесін қамтиды шындығында адам өзі қандай жэне қандай болуы керек туралы көріністерді елестетеді. Осы 2-түрдегі «Мен» бейнесін қабылдаған адам, өзін шындықтағы «Мен» бейнесін армандағы «Мен» бейнесінен әлдеқайда тем ұстайтын адамдарға қарағанда олардан бұрын өмірге ыңғайланып, толысып кемелденеді [22].
«Мен»-тұжырымдамасы соншалықты кең болып, адамның мінез-құлқы анықтай бастағанда, ол әлеуметтендірудің факторына, сондай-ақ, оның өніміне айналады.
«Мен»-тұжырымдамасы өзіне өзін-өзі кінәлау тенденциясын қосуы мүмкін. Өздерін жолы болмайтындар қатарына жатқызатын адамдар, бүрынғы бейнесін сақтау үшін өз күштерін жағдайды жөндеуге, түзетуге жұмсауы мүмкін. Бейненің бірден тез өзгеруі-жақсы жаққа өзгерген күнде ғана адам оны өте ауыртпашылықпен қабылдайды.
Балалар өскен сайын, жасы есейген сайын, оларда өздерінің және басқа адамдардың жеке басының физиологиялық, интеллектуалдық сапа, қасиеттер туралы нақты, толық көріністері қалыптасады. Олар өздерінің және басқа адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеленетін барлық қасиеттерін өздерін алады. «Мен» бейнесінің кемелденуі, аяқталуы 2-деңгейде өтеді — жалпы жән өзгешелік — яғни, күш жүмсалатын, әлеуметтік жэне оқу облыстарында. Балалар осылай өзін достарымен, жолдастарымен салыстырып қорытынды шығарады: «Мен спортта Нұрболдан мықтымын, бірақ математикадан Ғалым сияқты мықты емеспін» немесе «Мен Ғалия сияқты жақсы емес шығармын, бірақ менің достарым өте көп».Түсіндірілген «Мен»-түжырымдамасы, өз кезегінде, балалард айналадағылардың элеуметтік мінез-қүлқы мен өзінің әлеуметтік қалпынь мінез-құлқы арқылы бағалайтын «сүзгі» ретінде жабдықтайды. Бастауыш мектеп жасы кезеңіндегі «Мен»-тұжырымдамасы ылғи да дәлдігімен айрықшалана бермейді. Мысалы: бірінші сынып оқушылары бозбалалар қарағанда, спортта делік, өздерінің қабілеттерін жағымды түрде қабылдау бейім келеді [18].
- Мотивация психологиялық категория ретінде
Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде, ең алдымен, оларды осындай байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына көпті мөлшерде саналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды». Ең жалпы түрде түрткі – бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші, анықтаушы [23].
Мотивация отандық және шет елдік психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілігі оның мәнін, табиғатын, құрылымын түсінуде және де оны әр тұрғыдан зерттеу әдістерінің көп болуымен шартталады ( Б.Г. Ананьев, С.Л.Рубинштейн, К.Левин, З.Фрейд. ). Отандық психологияда мотивациялық аясын зерттеуді анықтаушы негізгі әдіснамалық принцип мотивацияның динамикалық пен мазмұндық-мағыналық жақтарының бірлігі жайлы ереже болып табылады. Осы приципті белсенді жетілдіру адамның қатынастар жүйесі (В.Н.Мясищев), мән мен мағына арақатынасы (А.Н.Леонтьев), түрткілер ықпалдасуы және олардың мәндік контексі (С.Л.Рубинштейн), тұлға бағыттылығы мен мінез-құлық динамикасы (Л.И.Божович, В.Э.Чудновский), іс-әрекеттегі бағдар (П.Я.Гальперин) сияқты т.б. проблемаларды зерттеумен байланысты.
Отандық психологияда мотивация адамның өмірлік іс-әрекетінің, оның мінез-құлқының күрделі, көп деңгейлі реттеушісі ретінде қарастырылады. Осы реттеудің жоғарға деңгейі саналы-еріктік деңгейі болып табылады. В.Г.Алексеев көрсеткендей, адамның мотивациялық жүйесі берілген мотивациялық тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие. Ол тек кең аямен сипатталады, оған автоматты түрде жүзеге асырылатын ұстанымдар да, ағымды өзекті ұмтылыстар да, идеалды аясы да жатады. Соңғысы дәл қазір өзекті болмағанымен де, бірақ оның түрткілерінің ары қарай дамуының мәндік болашағынберетін адам үшін маңызды функцияны атқарады. Мұның барлығы, бір жағынан, мотивацияны қажеттіліктердің күрделі, біркелкі емес көп деңгейлі жүйесі және қажеттіліктерді, түрткілерді, қызығушылықтарды, мұраттарды, ұмтылыстарды, ұстанымдарды, эмоцияларды, нормаларды, құндылықтарды және т.б. қамтитын жүйе ретінде анықтауға, ал келесі жағынан, адамның іс-әрекетінің, мінез-құлқының көп мотивтендірілуі жайлы және олардың құрылымындағы үстемдеуші түрткі жайлы айтуға мүмкіндік береді, «Мотивациялық аяның бағыныштылық құрылымы өз мазмұны мен құрылысы бойынша қай түрткілер үстем болса, соған байланысты түрлі сипатқа ие».
Мотивация белсенділік бастауы ретінде және кез келген іс-әрекеттің түрткілер жүйесі түсініле отырып, түрлі аспектілерде зерттеледі, осыған байланысты оны әр автор түрліше түсіндіреді. Зерттеушілер оны бір нақты түрткі ретінде де және де қажеттіліктерді, түрткілерді, мақсаттарды, қызығушылықтарды және олардың күрделі шырмалынуы мен өзара әрекеттесуін қамтитын ерекше аясы ретінде де қарастырады. Түрткіні түсіндіру бұл түсінікті не қажеттілікпен, не осы қажеттілікті бастан кешіру және оның қанағаттануымен (С.Л.Рубинштейн), не қажеттілік затымен теңестіріледі.
А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы контексінде «түрткі» термині «қажеттілікті бастан кешіруді не нәрсеге бағытталатынын білдіруші ретінде қолданылады» [24].
Түрткіні «затталған қажеттілік» ретінде түсіну А.Н.Леонтьев бойынша, оны іс-әрекеттің өзінің құрылымына енетін ішкі түрткі ретінде анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтейік [24]. Түтркіні зерттеудегі жетекші зерттеушілерінің бірі — Л.И. Божович берген анықтама неғұрлым толық болып табылады [12].
Л.И. Божович бойынша, түрткі-іс-әрекет сол үшін асырылатын нәрсе, түрткі ретінде сыртқы дүние заттары, елестетулер, мұраттар, сезімдер мен уайымдар болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, қажеттілік өзінің іске асуын тапқан нәрсенің барлығы. Түрткінің мұндай анықтамасы энергетикалық, өзгермелік және мазмұндық жақтары бірігетін оның түсіндірілуіндегі көптеген қарама-қайшылықтарды шешеді. Сонымен бірге, атап кетейік, «түрткі» түсінігі енді «мотивация» түсінігі, ол «іс-әрекеттің нақты формаларының пайда болуын, бағытын және де іске асырылу тәсілін анықтайтын тұлғаның өз мінез-құлығының ішкі және сыртқы факторларын байланыстыруының күрделі механизмі ретінде болады». Ең кең болып табылатын тұлғаның аффективтік, еріктік аяларын да Л.С.Выготский бойынша [25], қажеттіліктің қанағатталуын бастан кешіруді де қамтитын мотивациялық аясы түсінігі.
Жалпы психологиялық контексте мотивация – күрделі бірлестікті, субьектіге қажеттіліктер, қызығушылықтар, құмарлықтар, мақсаттар, мұраттар түрінде көрінетін және де тікелей адамзат іс-әрекетін детерминациялаушы мінез-құлықтың қозғаушы күштерінің бірлігін білдіреді. Сөздің кең мағынасында, мотивациялық аясы немесе мотивация осы көзқарас тұрғысынан, тұлға өзегі ретінде түсініліп, оған бағыттылық, құндылық бағдар, ұстанымдар, әлеуметтік күтімдер, тартылыс, эмоциялар, еріктік сапалар сияқты және тағы басқа әлеуметтік-психологиялық мінездемелер топталынады. Осылайша, әр түрлі тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, мотивацияны көптеген авторлар адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын детерминациялаушы психологиялық әр текті факторлардың жүйесі, жиынтығы ретінде түсінеді деп бекітуімізге болады.
Мотивацияны зерттеуде (В.Г.Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И.Божович, А.Маслоу, Е.К.Савонько) оны белгілі бір иерархияланған құрылымдар енетін күрделі жүйе ретінде түсіну дұрыс. Бұл жерде, құрылым элементтердің, олардың қатынастары мен обьектінің тұтастығының салыстырмалы тұрақты бірлігі ретінде, жүйе инварианты ретінде түсіндіріледі. Мотивация құрылымын талдау В.Г.Асеевке, оның ішінен а) процессуалдық және дискреттік мінездемелердің бірлігін және б) қос модальді, яғни, оны құраушылардың жағымды және теріс негіздерін бөлуге мүмкіндік берді.
Зерттеушілердің мотивациялық аясы құрылымы қатып қалған, статикалық емес, керісінше, білім берудің өмірлік іс-әркеті процесінде дамитын, өзгермелі деген ережелері де маңызды. Мотивация құрылымын зерттеу үшін, маңыздысы, Б.И.Додонов бөлген оның төрт құрылымдық компоненті: іс-әрекеттің өзіне қанағаттану, оның тікелей нәтижесінің тұлға үшін маңыздылығы, іс-әрекет үшін сыйлаудың «мотивациялық» күші, тұлғаға мәжбүр еткізетін қысым. Бірінші құрылымдық компонент шартты түрде мотивацияның «гедоникалық» құраушысы деп аталған, қалған үшеуі- оның мақсаттық құраушылары. Сонымен бірге, бірінші мен екінші іс-әрекетке қатысты ішкі бола отырып, оған бағыттылықты, бағдарды (оның үрдісі мен нәтижесі) анықтайды, ал үшінші мен төртінші әсер етудің сыртқы факторларын (іс-әрекетке қатысты теріс және оң) белгілеп отырады. Тағы бір маңыздысы, марапат пен жазалаудан қашу ретінде анықталған соңғы екеуі Дж. Аткинсон бойынша, табысқа жету мотивациясының құраушылары болып табылады. Мұндай мотивациялық құраушылардың құрылымдық түсініліуі, оқу іс-әрекетінің құрылымы мен теңестіру – төменде көрсетілгендей, оқу мотивациясын талдауда өте өнімді болды. Мотивация мен оның құрылымдық ұйымдасуын интерпретациялау адамның негізгі қажеттіліктері терминдерінде де жүргізіледі (Х.Мюррей, Дж. Аткинсон, А.Маслоу және т.б.).
Тұлғалық мотивацияны зерттеулердің алғашқыларының бірі Х.Мюррейдің (1938) жұмысы екені белгілі. Ол көптеген мінез-құлықты тудырушылардың ішінен төрт негізгі қажеттіліктерді : жетістікке, үстемдікке, дербестікке аффилиацияға бөлген. Кең контексте қарастырылған осы қажеттіліктерді М.Аргайл мотивацияның (қажеттіліктердің) жалпы құрылымына енгізген:
1) әлеуметтік өзара әрекеттесуді тудыратын әлеуметтік емес қажеттіліктер (суға, тамаққа, ақшаға деген биологиялық қажеттіліктер);
2) көмекті, қорғанысты, басқаруды қабылдау сияқты тәуелділікке деген қажеттілік, әсіресе беделді және билігі бар адамдардан;
3) аффилиацияға деген қажеттілік, яғни басқа адамдардың ортасында болуға, достық үндесуге, топпен, құрбыластарменқабылдануға ұмтылу;
4) үстемдікке қажеттілік, яғни басқалардыңнемесе топтың өзін ұзағырақ сөйлеуіне, шешім қабылдауына болатын лидер ретінде қабылдауы;
Адамның қажеттіліктер саласының құрылымын құрастыру тұрғысынан А.Маслоудың «қажеттіліктер үшбұрышы» үлкен қызығушылық тудырады, мұнда бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивті тәуелділігі, екінші жағынан- оның өзін-өзі өзектендірумен байланысты танымдық, когнитивті табиғаты айқын көрінеді. Адамның мотивациялық саласын жүйелік түрде көрсету зерттеушілерге түрткілерді жіктеуге мүмкіндік береді. Жалпы психологияда мінез-құлық түрткілерінің түрлерін түрлі негіздер бойынша шектейтіні белгілі. Осындай негіздер ретінде болатындар:
а) іс-әрекетке қатысу сипаты (түсінікті, белгілі және шынайы жүретін іске асатын түрткілер, А.Н.Леонтьев бойынша);
б) іс-әркетке себепші болу уақыты (алыс-қысқы мотивация, Б.Ф.Ломов бойынша);
в) әлеуметтік мәнділік (әлеуметтік-жеке тұлғалық, П.М.Якобсон бойынша);
г) оларды іс-әрекеттің өзіне араласу немесе одан тыс болу фактісі (кең әлеуметтік түрткілер- жеке тұлғалық түрткілер, Л.И.Божович бойынша);
д) іс-әрекеттің белгілі бір түрі, мысалы, оқу мотивациясы және т.б.
Жіктеу негіздері ретінде Х.Мюррейдің, М.Аргайлдың, А.Маслоудың және т.б. сызбаларын қарастыруға болады. Түрткілерді қарым-қатынас сипаты бойынша шектеу еңбегі П.М.Якобсонға тиесілі. Зерттеудің осы желісін жалғастыра отырып топтық ықпалдасу мен қарым қатынасты анықтаушы әлеуметтік қажеттіліктерді А.Леонтьев бойынша үш негізгі қажеттіліктерге бөлуге болады олар мыналарға бағытталады:
а) өзара әрекеттесу обьекті мен мақсатына;
б) коммуникатордың өзінің мүддесіне;
в) басқа адамның немесе тұтастай қоғам мүддесіне [24].
Қажеттіліктердің бірінші тобының көрінуіне мысал ретінде өндірістік топ мүшесінің жолдастарының алдында өзінің өндірістік іс- әрекетінің өзгеруі жайлы сөз сөйлеуін келтіруге болады. Әлеуметтік тұрғыдағы қажеттіліктер, түрткілер «…тұтастай қоғамның мүддесі және мақсатымен байланысты…» Түрткілердің бұл тобы адамның мінез-құлқын топ мүшесі ретінде шарттайды, қоғам мүддесі тұлға мүддесіне айналады. Осы түрткілер тобы, мысалы, тұтастай оқу үрдісін сипаттай отырып, оның субьектін де: педагогті, оқушыларды алыс, жалпы, түсінікті түрткілер тұрғысынан сипаттауы мүмкін екені анық.
Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін мотивациялардың деке түрі ретінде анықталады. Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс-әрекеті жүзеге асатын білім беру мекемесімен анықталады; екіншіден, білім беру процесін ұйымдастырумен; үшіншіден, оқушының субьектілік ерекшеліктерімен (жасы, жынысы, интеллектуалдық дамуы, қабілеттері). Оқу мотивациясы, оның басқа түрлері сияқты жүйелі болып табылады. Ол бағыттылығымен, тұрақтылығымен және өзгермелілігімен сипатталады. Мысалы, Л.И.Божович және оның әріптестерінің жұмыстарында мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін зерттеу материалдары негізінде келесі жайт көрсетілген: оқу мотивациясы түрткілер бағыныстылығымен анықталынады және де олардың ішінде осы іс-әрекет мазмұнымен және оның орындалуымен байланысты ішкі түрткілер немесе баланың қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға ұмтылуымен байланысты кең әлеуметтік түрткілер үстем болуы мүмкін. «…Оқу мотивациясы үнемі өзгеріп отыратын және бір-бірімен жаңа қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады» [12]. Сондықтан мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға деген жағымды қатынастың өсуі немесе теріс қатынастыңтереңдеуі емес, ал оның артында тұрған мотивациялық аясы құрылымының, оған енетін түрткілердің күрделенуі, олардың арасында жаңа, неғұрлым кемелденген, кейде қарама-қайшы қатынастардың пайда болуы. Осы оқуға қатысты аясын қарастыра отырып, А.К.Маркова оның құрылысының бағыныстылылығн атап өтеді. Сонымен, оған оқуға деген қажеттілік, оқу маңызы, оқу түрткісі, мақсат, эмоциялар, қатынас пен қызығу енеді.
Жалпы психологиялық анықтауда қызығушылық — бұл танымдық қажеттіліктерді эмоционалдық бастан кешіру. Оны оқу мотивациясының компоненттерінің бірі ретінде сипаттай отырып, күнделікті, тұрмыстық, тіпті кейде кәсіби педагогикалық қарым-қатынаста «қызығушылық» термині жиі оқу мотивациясының синонимі ретінде пайдаланылатынына назар аудару қажет. Бұл туралы «оның оқуға деген қызығушылығы жоқ», «танымдық қызығушылықты дамыту қажет» деген сияқты айтулар куә болады [26]. Түсініктердің мұндай ығысуы, біріншіден, оқу теориясында дәл қызығушылық мотивация аясында бірінші зерттеу обьекті болуымен байланысты (И.Герберт). Екіншіден, ол қызығушылық өз бетінше – күрделі бір текті емес құбылыс болуымен түсіндіріледі. Мұғалімге, оқуға қызығушылықтың пайда болуы үшін жаңдай жасаудың және қызығушылықтың өзінің қалыптасуының маңыздылығын көтеген зерттеушілер атап көрсеткен.
С.М.Бондаренко жүйелілік талдау негізінде оқушы үшін қызықты болуын ықпал ету факторларды атады.Осы талдауларға сай, оқуға қызығушылықты тудырудың маңызды алғышарты ретінде іс-әрекеттің кең әлеуметтік түрткілерін тәрбиелеу, оның мағынасын ұғыну, өз іс-әрекеті үшін зерттеп отырған үрдістерінің маңыздылығын түсіну болады. Оқуға қызығушылықты қалыптастыруда проблемалық ситуация жасау – оқушылардың өздерінде бар білім қоры мен орындай алмайтын қиындықтарды қақтығыстыруда үлкен рөл атқарады; қиындықпен кездесе отырып, олар жаңа білім алудың немесе бұрынғы білімдерді жаңа жағдайда қолданудың қажеттілігіне көздері жетеді. Үнемі қауырттылықты талап tntny жұмыс қана қызықты.
Ақыл-ойдың қысылуын қажет етпейтін жеңіл материал қызығушылық тудырмайды. Оқу іс-әрекетіндегі қиындықтардан өту – оған деген қызығушылықтардың пайда болуының маңызды шарты. Оқу материалы және оқу жұмысының тәсілдері жеткілікті түрде сан алуан болуы керек. Әр түрлілік оқушылардың оқу барысында түрлі обьектілермен қақтығысуымен ғана емес, сондай-ақ, бір обьектіде жаңа жақтар ашылу мүмкін болуымен қамтамасыз етіледі. Осы жағдайлар арнайы қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған оқу процесін ұйымдастырудың белгілі бағдарламасы ретінде қызмет ете алады [27].
Қызығушылықтың әр түрлері, мысалы, нәтижелі танымдық, процессуалды, оқу-танымдық және т.б. мотивациялық бағдарланумен байланыстырылуы мүмкін. Б.И.Додоновтың зерттеулерін жалғастыра отырып, бұл авторлар жоғарғы оқу орнында шет тілді меңгерудегі мотивацияны зерттеу материалы бойынша төрт мотивациялық бағдарды айқындады (процеске, нәтижеге, оқытушының бағалауына және келеңсіздіктерді туғызбау), олар оқу мотивациясының басқа компоненттерімен қатар оқу іс-әрекетінің бағытын, мазмұнын және нәтижесін анықтайды. Олардың пікірінше, мотивациялық бағдарлар арасындағы байланыстардың ерекшелігі олардың екі маңызды сипаттамаларын бөлуге мүмкіндік береді: біріншіден.
Процесс пен нәтижеге деген бағдарлар арасындағы байланыстың тұрақтылығы, бұл бір жағынан және келесі жағынан, «оқытушының бағалауы» мен «келеңсіздіктерді туғызбау» деген бағдарлар арасындағы, яғни олардың оқу шарттарынан салыстырмалы түрде тәуелсіздігін; екіншіден, байланыстардың оқу шартына, оқу бағдарламаларының ерекшелігіне, соның ішінде, оның мақсаттық ұстанымдарына байланысты вариабелдігі.
Іс-әрекеттің операциялық-техникалық аспектілерін қарастыр-ғаннан кейін біз келесі сұрақтарға жауап іздеуіміз керек: неге белгілі әрекет жүзеге асады, мақсат қайдан пайда болады? Осы сұрақтарға жауап беру үшін қажеттілік және мотив түсініктеріне жүгінуіміз керек.
Қажеттілік – тірі организмдердің белсенділігінің алғашқы формасы. Қажеттілікті тірі организмдердің денесінде әрдайым пайда болатын шиеленіскен күй деп сипаттауға болады. Адамда аталмыш күйдің пайда болуы организмде бір заттың жетіспеушілі-гімен немесе индивидке керекті нәрсенің жоқтығымен түсіндіріледі [28].
Адам қажеттіліктерін биологиялық, органикалық(суға, оттегіге, тамаққа деген қажеттілік) және әлеуметтік деп бөлуге болады. Әлеуметтік қажеттіліктерге ең әуелі адамдармен қарым-қатынасқа, танымға және сыртқы әсерлерге деген қажеттіліктерді жатқызамыз. Бұл қажеттіліктер адамның бойында жастайынан пайда бола бастайды да, бүкіл өмір барысында сақталып келеді.
Қажеттілік пен іс-әрекеттің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұраққа жауап беру үшін әрбір қажеттіліктің даму процесінде екі кезеңді бөліп қарастыру керек. Бірінші кезең – затпен бірінші кездесуге дейінгі кезең. Екінші кезең – осы кездесуден кейінгі кезең.
Әдетте, бірінші кезеңде субъект үшін қажеттілік жасырын болады. Адам қысылып-қымтырыла тұра бұл күй немен байланысты екеніне өз-өзіне есеп бере алмауы мүмкін.
Мотив қажеттіліктің пәні болып айқындалады. Мотив арқылы қажеттілік нақтылана түседі, субъектке түсінікті болады. Қажеттілік пен мотивтің пайда болуымен адамның жүріс-тұрысы шұғыл өзгереді. Егер бұрын жүріс-тұрыс бағытталмаған болса, онда мотивтің пайда болуымен ол өзінің белгілі бағытын алады. Өйткені, мотив – әрекеттің пайда болу себепшісі. Әдетте, бір мақсат үшін адам бірнеше әрекеттер жасайды. Бір мотивке негізделген осы әрекет-тердің жиынтығы іс-әрекет деп аталады, дәлірек айтсақ, ерекше іс-әрекет немесе іс-әрекеттің ерекше түрі. Осылайша, мотивтің арқасында біз А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теория құрылы-мындағы жоғарғы деңгейге келіп жеттік – ол ерекше іс-әрекет деңгейі [24].
Іс-әрекет тек бір ғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез келген ерекше іс-әрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірі әрдайым жетекші, ал екіншісі тұрлаусыз болады. Осы тұрлаусыз мотивтер ынталан-дыру-мотиві болып келеді.
Мотивтер мақсаттың қалыптасуымен әрекеттерді туғызады. Біз атап кеткендей, мақсат әрқашанда саналы болады, ал мотивтің өзін екі үлкен класқа бөлуге болады: іс-әрекеттің саналы және санасыз мотивтері. Мысалы, саналы мотивтерге өмір мақсаттарын жатқызуға болады. Бұл мақсат-мотивтер. Мұндай мотивтердің болуы үлкен адамдардың көпшілігіне тән. Келесі класқа мотивтердің көпшілігі жатады. Белгілі жасқа дейін кез келген мотивтер санасыз болып келетінін айта кету керек [29].
Осылайша, біз бірнеше қорытынды жасай аламыз. Біріншіден, адамның психикасы мен іс-әрекеті өзара байланысты, сондықтан психиканы зерттеу және оның заңдылықтарын тұжырымдау іс-әрекет принциптеріне негізделеді. Екіншіден, адам айналысатын іс-әрекет оның өмірлік құндылықтары мен мотивтерінің дамуын және субъектің жалпы бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да іс-әрекеттің ерекше түрлері адамның психикалық дамуының заңдылықтарына әсер етеді.
Іс-әрекет құрылымын А.Н.Леонтьев анықтаған және жалпы түрі ретінде былайша көрсетуге болады [24]:
Қ (қажеттілік) → М (мотивация) → Ә (әрекет)
Қажеттіліктер – организмнің бір нәрсеге керекті кескінін ұсынатын және іс-әрекетке талаптанатын субьективті құбылыс болып табылады. Барлық қажеттіліктер екі негізгі топқа бөлуге болады:
- биологиялық (виталды)
- ақпараттық (әлеуметтік қажеттіліктер негізінде жататын)
Биологиялық қажеттіліктер жылдам және тез толуы болып табылады. Биологиялық қажеттіліктердің реттейтін функциялары шектеулі, олар мінез-құлықты қажеттіліктерді қанағаттандыруды салыстырмалы қысқа уақыт ішінде анықтайды. Егер адам немесе жануарлар осы қажеттіліктердің әсерінен әрекеттенсе, онда олардың белсенділіктері шектеулі болар еді.
Ақпараттық қажеттіліктер танымдық және әлеуметтікке жататын, биологиялық қажеттіліктерге қарағанда толуы емес немесе одан да аз толуы болып табылады.
Қажеттілікті түсіну, обьективті қажеттілік ретінде, адам іс-әрекетінің соңғы алғы шарты болып табылады. Қашан адам өзінде қандай қажеттілік туындағанын саналы түрде түсінсе, сонда ғана мотив пайда болады.
Мотивті А.Н.Леонтьев адамды іс-әрекетке талаптандыратын және онымен басқаратын, қажеттіліктің нақты пәні ретінде анықтайды. Қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, эмоциялық күші жағынан әр түрлі сәйкестену кейде аффектіге (қызулы түрде болатын күйзеліс) әкеліп соғады. Ол не үшін қауіпті? Адам аффект жағдайында қалса, сана жағынан бақылауды жоғалтады, тіпті тұлға күйзелісіне әкелуі мүмкін.
Адамның іс-әрекеті бір мотивпен ғана емес, олардың жиынтығымен бағытталады. Осының салдарынан ішкі және сыртқы мотивтер болып бөлуге болады. Ішкі мотив негізінде адамның қажеттіліктері, оның эмоциясы, қызығушылықтары жатыр. Сыртқы мотивке жағдайлардан шығатын, мақсаттар жатады (орта факторлары). Ішкі және сыртқы мотивтердің жиынтығы тұлғаның мотивациялық аймағын құрайды және ұйымдастырылады. Басты қатынас, тұлғаның мотивациялық саласымен мінезделеді, — мотив иерархиясының қатынасы.
А.Н.Леонтьев бұл иерархияның құрылымын сәтсіз деп санады. Оның ойы бойынша мотивтер арасындағы иерархиялық қатынас релятивті болып табылады деген және субьектінің іс-әрекетінің байланысымен анықталады. Осыдан келе, мәнқұрайтын мотивтер мотивтер иерархиясында жоғарғы орын алады [24].
А.Н. Леонтьев жетекші қажеттіліктер ұғымын енгізеді, ұзақ уақыт бойы адамның негізгі қажеттілігі басқалардың барлығын қанағаттандыратын бір қажеттілік болуы мүмкін. Бұл жағдайды онтегенездегі адам дамуы мысалында қарастырайық: 1,5 айға дейін туылған балада витальді қажеттілік ұйқы болады, 1,5 айдан кейін балада жетекші қажеттілік танымдық қажеттілік және қарым-қатынас қажеттіліктері пайда болады. 1 жаста танымдық қажеттіліктердің дамиды, тіл дами бастайды, сөйлеу жетекші іс-әрекет болып саналады; 5 жаста қарым-қатынас қажеттіліктері танымдық кезеңмен ауысады («Неге?») және т.б.
А.Н. Леонтьев актуалды қажеттіліктер ұғымын енгізді. Актуалды қажеттіліктер адамның психофизиологиялық кейпімен анықталды, адамның орны мен уақыты, қай жерде болғанына байланысты. Қажеттілік мәнін психологиялық феномен ретінде ұғыну үшін, олардың пайда болуын анықтау керек.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жағдайларында ақпаратты жалпылау және абстракциялау, білімдерді талдау және жинақтау жүзеге асырылады. Осы арқылы индивидуалды ойлаудың өзінде де ішкі диалогты жеңіл байқауға болады. Тұлғаның ойлау әрекетін дамыту арқылы оның дүниетанымдық білімі мен көзқарасын өрістетуге болады. Ойлау туралы қазақтың белгілі ғалымы Ә. Алдамұратов «Жалпы психология» атты оқулығында былай деген: «… ол – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі» [25, 11 б]. Олай болса бұл бейнелеу адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады.
Мотивацияны дамыту мен қалыптастыруда зейін маңызды орын алады. Зейін-барлық интеллектуалды функциялары өткізетін және интеллектуалды іс-әрекеттің нәтижелі болуын қатамасыз ететін,өзгермейтін психикалық процесс.Көп жағдайда зейіннің даму деңгейі мектептегі баланың жетістіктерін анықтауда орындалады.Мектеп жасына дейінгі балада еріксіз зейін болады;бала өзінің зейінін дұрыс бағыттай алмайды да,өзінің ішкі әсеріне жиі бағынады.Бұл бір нәрсе көңіл аударудан,іс-әрекетте жинақтама алмаудан пайда болады.
Мектепке қадам басар шақта балада біртін-біртін ерікті зейін қалыптасады.Егер улкендер балаға көмек берсе,ол едәуір қарқында дамиды.Ерікті зейіннің дамуы жауапкершіліктің дамуымен тығыз байланысты,олар кез-келгентапсырманың (қызық,сонымен бірге қызық емес)орындалуын мұқият қадағалайды.
Ерікті зейіннің жеке көлемі,бөлінуі мен қайта қосылуы және тұрақтылығы сияқты қасиеттері даму өлшемі бойынша бояу дамиды.
Зейіннің әр түрлі қасиеттері-оның топталуы,көлемі,бөлінуі мен қайта қосылуы,тұрақтылығы-белгілі бір мөлшерде бір-біріне тәуелсіз:зейі кейбір қарым-қатынаста жоғарылау көрінер,ал енді бірінде онша маңызды болмауы да мүмкін.
Зейіннің әр түрлі мінездемелерінің бұзылуы оқудағы әр түрлі қиындықтарға да себепші болады.Алайда,зейіннің барлық мүмкін болатын мінездемелерін қамти отырып,балалар зейіннің туындауы мен толықтыру жағдаын жоғарлататын жаттығу функцияларын «кең маңдайд»өткізу қажет.Ерікті зейін-бұл белгілі бір іс-әрекет талаптарының бір обьектіге танымды түрде жинақталуы.Ерікті зейінніңпсихалогиялық мазмұны іс-әрекеткеерікті түрде күш салу мақсатын қоюмен байланысты.Зейіннің дамуында эмоцияналды факторлардың дамуы мен ойлау процесінің ролі айқын көсетіледі.Мұны тусіну зейіді шынықтыру мен зейінді дамытуда ерекшк маңызды болып табылады.Әрине,зейіннің барлық қасиеттері жаттығу нәтижелерінде тарамдалып көрсетіледі.
Зейін психикалық функциялар тәрізді көзге көрінбейді,қолмен ұстатпайды,сонымен қатар адамның барлық психикалық белсенділігінен өтеді.Зейін барлық жерде де,ешқандай да болмауы мүмкін.Зейін-қажеттіліктен құралады,туындайды.
К.К. Платоновтың ойы бойынша, фило және онтогенетикалық қажеттіліктер эмоциямен бірге пайда болады. Еметін балада кислород, тағам,жылулық пен тыныштық қажеттіліктері ғана туындайды. Адам өсе келе,организмнің жетілуінде биологиялық қажеттіліктер пайда болады. Тыныштық қажеттіліктері қозғалыс қажеттіліктеріне көшеді, содан соң ойын қажеттіліктері, танымда, еңбекте пайда болады. Эндокриндік желез жетілу процесінде жыныстық қажеттіліктер пайда болады. Организмнің қартайуы жыныстық қажеттіліктермен қоса, қозғалыс, танымдық қажеттіліктердің әлсіздігіне әкеледі.
А.Н.Леонтьев адам қажеттіліктерінің даму жолдарын сызба ретінде суреттеді: алғашқыда адам өзінің витальді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әрекет етеді, содан соң әрекет жасау үшін өзінің витальді қажеттіліктерін қанағаттандырады. Қажеттіліктерді дамыту заттың мағынасын дамытуына, адамның нақты мотивтер іс-әрекетіне байланысты болып келеді.
Мотивация концепциясының көптеген саны бар. Шартты түрде оларды үш негізгі бағыттарға бөлуге болады.
Биологиялық талаптану теориясы. Ағзаның балансінің бұзылуы биологиялық импульстің пайда болуына және сәйкес келетін қажеттіліктерінің пайда болуына әкеледі.
Оңтайлы белсенділік теориясы. Организм белсенділіктің оптимальді деңгейін қолдауға тырысады, оған тиімді қызметтенуіне көрсетеді.
Когнитивті теориялар мотивацияны мінез-құлықтың белгілі бір формасын таңдау механизмі ретінде қарастырады. Таңдау үшін, ойлау процесіне үңілу керек.
Мектеп оқушыларының оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың оған деген қатынасының сипаты маңызды. Мысалы, А.К.Маркова қатынастардың үш түрін анықтай отырып, теріс, бейтарап және жағымды қатынастарды, оқушының оқу үрдісіне араласуы негізінде, соңғы қатынастың нақты саралап жіктелінуін келтіреді. Бұл мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін басқару үшін өте маңызды. Автор оқуға деген жағымды қатынасты төмендегідей бөледі:
а) жағымды, айқын емес, белсенді мектеп оқушысының оқуға кірісуге дайындығын білдіретін;
б) жағымды, белсенді,танымдық;
в) оқушының қарым-қатынас субьектісі ретінде, тұлға және қоғам мүшесі ретінде араласуын білдіретін дағымды, белсенді, тұлғалық-әуестік, басқаша айтқанда, оқу іс-әрекеті субьектінің мотивациялық саласы немесе оның түрткілері тек қана көп компонентті емес, сондай-ақ әр текті және әр деңгейлі, мұның өзі тағы да оның қалыптасуы мен есепке алынуына ғана емес, барабар талдауының өте маңызды екеніне көз жеткізеді.
Оқу танымдық іс — әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, ұжымдық танымдық іс — әрекеттің өзіндік және біріккен іс — әрекеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:
- бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
- бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс — әрекетін басқарудың, оқушылардың ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
- ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;
- іс — әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;
- бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің барлық іс — әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
- жалпы нәтижелердің болуы.
Е.И.Савонько. И.П.Именитова. З.И. Хизроеваның зерттеулерінде мотивациялық құрылымның тұрақтылығы мен оның динамикалығының байланысы оның құрылымындағы компоненттердің сараланып жіктелінуінде, олардың тұрақтылық беталысына қарай тәртіптелінуінде екені көрсетілген.Сонымен бірге, мотивациялық құрылымның құрылым ішілік өзгерістерінің жылдамдатылған өзгермелілігі, ішкі мотивация компоненттерінің тәртіптелуге қарай қозғалысы, сараланып жіктелінуге деген айқын беталыс сияқты сипаттамалары үрдіске қарай мотивациялық бағдарланған құрылымдардың тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады. Зерттеушілер (Е.И.Савонько, З.М. Хизроева) тұрақтылықтың психологиялық детерминанттарына жататындарды белгіледі, олар: мотивациялық құрылымның бастапқы түрі, оқу тапсырмасының түрі. Тағы да неғұрлым күшті мотивациялық бағдардың үстемдігі, құрылым ішілік динамикасының ерекшелігі және мотивациялық құрылымның психологиялық мазмұны сияқты ішкі факторлар екені анықталды.
1.3 Өзін-өзі бағалау мотивациясын анықтаудың психологиялық маңыздылығы
Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде өзін — өзі бағалауда ерекше орын алатын іс-әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар – мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстнктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерінен туындап, оны қанағаттандыру, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады. Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс-әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материялдық рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады.
Өзін-өзі бағалау – ойлау әрекеті өлшемдерінің бірі, күрделі динамикалық, жеке тұлғалық құрылым. Өзін-өзі бағалау ең алдымен реттегіштік қызметті атқарады [29].
Өзін-өзі тәрбиелеу өзі-өзі бағалаудан басталады. Адам өзін тәрбиенің қандай сапаларына тәрбиелеу керектігін нақты білуі керек. Өзіндік баға — өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы және өзінің талаптану деңгейін өзінің іс-әрекетінің нәтижесімен салыстыру арқылы қалыптасады. Тепе – тең өзіндік баға өзін — өзі тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді.
Өзін-өзі бағалау – субьект отбасында, оқу орындарында, басқа да жерлерде адамдармен қарым-қатынасқа түскен жағдайда және өзгелер өзі туралы көзқарастарын білдірген кезде қалыптасады. Ол өзін айналасындағылармен салыстырады, егер бұл байланыстардың нәтижесі төмен өзіндік бағаны көрсетсе, адам өзінің әрбір ісінен кедергілер мен тосқауылдар тауып отырады. Ол өз-өзіне деген сенімін жоғалтады. Оған жұмыс істеу қиындай түседі, айналасындағы адамдармен байланыс жасау да қиындық туғызады.
Өзін-өзі бағалауы төмен адамдар ақылды, жолы болғыш адамдармен әділетсіз сипатта болады.
Ұлғайған немесе өзгерген өзіндік баға адамды достарынан, ұжымынан бөлектеп, алыстатып, айналасындағылармен қалыпты әрекеттік байланысқа түсуіне, жағымды моральдық-психологиялық климат құруына кедергі жасайды. Барабар өзіндік баға өзін-өзі тәрбиелеуде қажеттілік туғызады. Басқадай болуы мүмкін емес, себебі, егер адам шыншыл болса, ол ешқашанда өзіне көңілі толмас еді. Адам өзінің мүмкіндіктерін білген кезде, өзін-өзі тәрбиелеудегі қажеттілік ерекше ұлғаяды. Олар шындығында шектеусіз.
Өзіндік бағалау – жеке бастық қатынастардың өмірлік құрылымдарын таратудағы белсенділікті шарттандыратын тұлғаның сипаттамасы. Өзіндік бағалау — әлеуметтік құбылыс, яғни ол тұлғаның өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктерімен, талаптарымен байланысты. Жалпы өзіндік бағалаудың жеткілікті жоғарғы деңгейі – еңбек пен қоғамдағы белсенділіктің маңызды шарты. Өзіне деген жағымды қатынас тұлғаның рухани жағымды белгісі болып табылатын өзіндік бағалауды зерттеу маңыздылығы осында. Әлеуметтік психологиялық зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның өзі жайлы пікірі оның іс-әрекеті мен істерін реттеудің негізі болып табылады [30].
Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады:
1) оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
2) игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
3) жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы.
Әрбір жас шағы психкалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оны жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кең өзіндік көрініс табуымен анықталады [31]. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысында қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Жас ерекшеліктері көптеген жағдайларың жиынтығымен анықталады. Бұл — әрі балаға оның өмірінің осы кезенде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі. Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері. Кез-келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу сезімдері болады. Соның негізінде өзіндік бағалау пайда болады. Бұл “ Мен- концепциясы” негізінде орындалады. Мен-концепциясы әлеуметтік байланыс салдары [32]. Бұның құрамына:
1). Физикалық Мен –дене тізбегі
2). Шынайы Мен – дәл қазіргі уақыттағы өзіндік мен
3). Динамикалық Мен – субьектінің болашақта өзгеруі
4). Әлеуметтік Мен — әлеуметтік интеграция сферасымен байланыс
5). Экзистенциялды Мен — өмір мен өлімді бағалау
6). Ерекше Мен – субьектінің өз пікірі бойынша қалай болуы, не істеуі керек, әлеуметтік нормаларды бейнелеу
7). Қиялдық Мен- субьектінің егер мүмкін болса өзгергісі келуі
Қазіргі кезеңде жаңа қоғам адамын тәрбиелеудегі басты нысана-адамның адами тұлғалық қасиетін сақтап қалу. Ол ең алдымен адам өзінің іс — әрекетін бағалаудан басталады. Демек, жаңа тұлғаны тәрбиелеуде, ең алдымен, әрбір жеке адамның дамуы үшін оның өзіндік табиғи табиғатын танып білу, сонымен қатар барлық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту негізгі қағида болуы тиіс. Ежелден адамзат мәдениетінің тарихи дамуында адамды адамдық дәрежеге көтеру (Әбунасыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашқари, Қадырғали Жалайыри, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати және тб.) қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік идеяларынан басты орын алған. Мәселен, Әбунасыр әл-Фараби өзінің «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», «Философиялық трактаттары», «Бақытқа баратын жолды көрсету» атты және тб. трактаттарында «Адам баласы жаратылыстың бүкіл жан иесі атауының биік деңгейі, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп адамды оқып үйренуге, тынымсыз ізденуге, өзін-өзі жетілдіруге , бағалау қасиетін арттыруға шақырады».
Қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа бет алған кезеңіндегі туындағын экономикалық, әлеуметтік қиындықтар тұлғаның адамгершілік қадір-қасиетінің төмендеуіне, салаутты өмір сүру ережелерінің бұзылуына өз әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда тұлғаның қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ықпал жасайтын адамгершілік адами қасиеттердің құндылықтарын бағалаудың қоғамдық-мәдени ортаның ролі ерекше. Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеуметтік жағдайларға тәуелділігі ертеден-ақ дәлелденген. Бұл туралы Л.С.Выготский өзінің зерттеулерінде ерекше мән берген. Ол адам әлеуметтік ортаның негізгі құрамды бөлігі деп есептейді [31]. Өз тарапынан орта мүлде өзгермейтін, қатып қалған. Ешнәрсе әсер етпейтін дүние емес, ол үнемі адамдық ойлы қарым-қатынаста болатындығын айта келіп, орта, сайып келгенде адам үшін әлеуметтік орта болып есептеледі де, адамға әлеуметтік тәжірибесі мен табиғи ықпал жасайды деген пікірді ұсынады.
Л.С.Выготский әлеуметтік ортаны шартты түрде адамдар қарым-қатынасының жиынтығы деп есептей келе, әлеуметтік ортаның ерекше өзгермелі жаңа мазмұны, түрлері тәрбиенің өте икемді, қажетті құралы бола алатындығын дәлелдейді.
Жеке тұлға обьектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Өмір сүретін ортасына қоғамдық (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Бұны жеке тұлға өз сөзімен “Мен концепциясы” деп атайды. Мен — концепциясы қабылдаудың бір бағытта жүруі. Қазіргі кезде психологтар жеке тұлға бірнеше Мен-концепциясын иемденуі мүмкін дейді, олардың біреуі –жақсы, екіншілері-нашар, үшіншілері-жеке тұлғаның қазіргі шағы, төртіншілері-болашақ мүмкін болатын мен-концепциясы. А.Адлер “жеке тұлғаның әлеуметтенуі қоғамға деген қарым-қатынас арқылы көрінеді, бұның негізінде әлеуметтік байланыс ұғымы жатыр”. Э. Эриксон әлеуметтену процесін талдады. Ол «әлеуметтену, норма ережелерден тұрады»-деді.
Мақсат жеке тұлғаның өз мотивінің көздеген мақсатына алаңсыз бағыттауы, мұны өзінің ұстаған бағыт- бағдар позициясына, танымы мен сеніміне бағындыра алуы.Белгілі саяхатшы Михлуко–Маклай “адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек”деген.]Жеке тұлға қоғамдық ортадан қажеттілігін Мен –концепциясымен ішкі келісім арқылы жасалған әрекет арқылы игереді. Ішкі келісім түсінігін Лики енгізген. Лики көзқарасы бойынша жеке тұлға ішкі қажеттіліктерін өтеуде, Мен-концепциясы құрылымын сақтауға тырысады. Жеке тұлға өз іс-әрекетін Мен – концепциясына сәйкес болатындай етіп бағыттайды. Мен – концепциясының реттелуі эмоциялық еспен байланысты. Эмоциялық ес жөнінде орыс сахнасының шебері К. С. Станиславский жақсы айтқан: “егер сіз бастан кешіргеніңізді есіңізге түсіргеніңізде бозарып және қызаратын болсаңыз, сіз ертеде басыңыздан өткен бақытсыздық туралы ойлауға қорқатын болсаңыз – сізде сезіну есі немесе эмоциялық естің болғаны”.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі-әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі-сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологиядағы айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады [33].
Биологиялық фактор-адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор-адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі-оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі-Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинкті ерекшелгіне, соның ішінде жыныстың еліктеуі мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинктерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдениқажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
Адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен-бірі жоғары бірнеше формалар кіреді; құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік, наным, көзқарас тб. Аталған формалардың қысқаша мәні:
- Құмарлық — бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;
- Ниет — саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;
- Ұмтылыс – ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болады;
- Қызығу – бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуындағы танымдық форма;
- Көзқарас – қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалық, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану;
- Наным – адамды өз танымы, принципі, көзқарастарына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы [34].
Адам бағыт-бағдардың басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсінулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының беогілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның басты түйіні, іргетасы ғана іспеттес. Осы іргетас негізінде адамның өмірлік мақсаты қаланады. Жеке тұлғаның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы темперамент. Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой тапшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темпераментіне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыратылады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Ф.М.Грановская «Жағдайға орай жауап-әрекет, бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан-оқу тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді» деген.
Жеке тұлғаның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы мінез. Мінез нақты, тұлғаның шыншыл, адал, аққкөіңлділігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар-әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке тұлға қасиеттері. Мінез адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары нерв қызметінің тума типтерімен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндіреді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды «… адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады» [35].
Адам мінезіне тән қасиеттердің бірі құмарлық болып саналады. Құмарлық күшті, ауқымды күйреткіш немесе әлсіз болып келеді. Әдетте бала жаны құпияны білуге құмартып тұрады. Егер балаға бірдемені істемесе, бүлдірме десең әдейі бүлдіруге, істеме дегенді істеуге тырысып бағады. Жалпы, адам баласына тән құмарлық, білмегенді білуге, табиғи жасырын сырдың құпиясын ашуға деген ынталылық адам физиологиясының ішкі сырына тән қасиет. Адамның құмарлығы дегеніміз-адамның бойындағы қарама-қайшылық сырларды ашуға кілт болып табылады. Ол білмегенді білуге талпыныс жасауға, іс-әрекетке итермелейтін ішкі фактор. Әр адамға өзіндік жасырын сырға толы жұмбақ тұлға деп қарасақ, сонымен бірге басқалардың мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі жұмбақты, ішкі сырын білуге деген құмарлық та, әр тұлғада әр түрлі болады. Мысалы, біреу өз жолдасынан жақсылықтың шетін естіп сезсе-ақ соны тәптіштеп сұрап білуге құмартады. Ал екінші біреу өзі айтпаса, оған өліп-тіріліп ерекше назар аудармайды.
Адам өзінің өмір сүру шекарасынан, одан арғы жаратылыс құпиясын білуге үш түрлі жолмен талпыныс жасайды. Біріншіден – ол өзінің өмірде бар екенін , осы өмірдегі тіршілік иесі басқаларға білдіртуді мақсат етеді. Адамның өмірді өзін-өзі нығайтуының, өз мүмкіндігін іске асыруының жолдары алуан түрлі: ол сурет салу, кесте немесе өрме тоқудан, таңертеңгілік жаттығудан басталып, спорт пен көркемөнердің, саясат пен ғылымның алуан түрлерімен айналысу, түрлі қызмет атқару арқылы іске араласады. Сөйтіп адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруда басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысып бағады. Мысалы, шебер ұсталар соққан пышақты немесе қанжарды, тоқымашылар тоқыған алаша, кілемдерге қарап отырып оның кімдікі екенін бірден айтуға болады. Адам өрімде де бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мінез-құлық ерекшелігімен дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен даралануға тырысып бағады. Мұны адамдардың өмірде өз бойындағы қабілеті мен талантын танытуды, ерекшеленуі дейміз.
Екіншіден – адамдар өзінің бұл өмірде бар екенін айқындауды қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-қатынастың алғашты түрі «мен» және «сен» деп бөлуден басталады да, әр адам өзінің «менің» басқалармен қарым-қатыныста танытуға тырысады. Ал басқа адам сол сияқты қарым-қатынасты өзінің бойындағы қасиеті мен іскерлігін танытуға тырысып бағады. Сөйтіп әр адамның өмірдегі қабілеті мен іскерлігі адамдар арасындағы қарым-қатынаста ашылып, белгілі бола бастайды.
Үшіншіден — адам баласының өзі өмір сүріп отырған ортадан ары шығуға талпынуы, өзінің іс-әрекетін өзінен жоғарғы, үлкен өмірге қатыстыру арқылы іске асыру [36].
Адам өз бойындағы мүмкіндігі мен қабілеті басқалармен қарым-қатынас арқылы іске асыратын болса , ол бұл жерде өзіне идеал тұтатын, үлгі-өнеге алатын озық ойлы қайраткерлерді пір тұтып , бас иеді. Ол тілдік шеберлікке табыну, ақынға, шешендерге немесе асыл ойдың иесі-кемеңгер ғалымдарға табыну,ұйымдастыру қабілетімен,ерекше іскерлігімен көзге түскен, халыққа танылған көсемдерге (лидерге) табыну, халыққа асқан өнерімен танымал болған артистерге табыну, соларды идеал тұту сияқты болып келеді. Жастардың мектепте оқып жүргенде атақты батырлардың немесе актерлердің, суретші, футболшылардың өнерін көгілдір экраннан көріп, олар жайында кітаптарды оқып, сондай болуды армандауы осы идеал тұтудың, табынудың нәтижесі. Яғни, өзінен жоғары тұрған ұлыларға табыну, соларға ұқсап бағу,солардың жолын қууды армандау да адам баласына тән табиғи қасиет. Бұны ғылым тілінде адамның өмірге деген ынта,ықыласының саналы түрде іске асуы деп қарайды. Әр адам өзінің менін өмірге саналы түрде ендіру арқылы оны (өмірді) өз үйіме айналдырам деп есептейді. Неміс философы М.Хайдеггер (1889-1976) адамның қоғамдағы өмір сүруін тұрмыстық үй деп қараған.
Адам өмірі материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Рухани өмірдің қажеттерін өтеудегі адамзат қоғамының ең жоғарғы құндылықтары-шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінің бірлігінен тұрады. Осылардың нәтижесінде қол жеткен табыстарды біз жоғарғы рухани құндылықтар дейміз.
Махаббат пен сүйіспеншіліктің өзін-өзі бағалауда алатын орын ерекше. Адам баласының жер бетінде өмір сүруіндегі аса зор жоғары құндылық қунышты немесе қайғылы уақиғаларды туғызатын махаббат болып саналады. Сүйіспеншілік адамның өмірге деген құштарлығынан туындайды. Яғни , ол құшақ жетпесті құшуға, өмірден бақыт табуға ұмтылушылықты, өмірге деген құштарлықты туғызады. Адам материя мен рухтың бөлігінен тұратын,жер мен көктің,жаратушы мен жын-шайтанның арасында өмір сүретін тіршілік иесі. Шынайы сүйіспеншілік арқылы адам жан мен тәнді біріктіріп, жеке бастың рухани мұратына жетуін мақсат етеді. Сондықтан да ол кейде адамды бақытсыздыққа да ұшыратып, жан азабын тарттырады.
Өзін өзі бағалаудың жас өспірімдік шақта екі тәсілі бар:
- өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру. Олардың ұстанатын принциптері «Қиын жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кеттім, орындап шықсам қабілетті болғаным». Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлық, дөрекілік – көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі, өзінің батылдығын, өжеттігін т.б. сынайды.
- әлеуметтік жарыс, өзі туралы жаныныдағылардың пікірлерін салыстыру. Жаныныдағылардың өзі туралы пікіріне өте – мөте сезімтал қарайтын өлшемдерінің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Сыныптастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім тарапынан жалған жолдастық деп айтады. Осыдан келіп таңдау, өздігінен ойлану қажет болады [37].
Өз «Менінің» бейнелері күрделі әрі мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда
- нақты «мен» (қазір қандай болсам, сондай) де,
- динамикалық «мен» де (қандай болғым келсе, сондай), мұраттағы «мен» де (өзімнің моральдық принциптерім негізінде сондай болуға тиістімін),
- қиялдағы «мен» де (бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді).
Жас өспірімдік кезеңде өзін — өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Баланың жас өспірімдік кезге жалпы алғанда рефлексияның өсуі, өзіне барынша ден қою тән. Мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуынан да (жасөспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиеттегі кейіпкерлерді өздері деп елестетеді, олардың қылықтарының мотивтері мен толғаныстарына көңіл бөледі.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті тек білімге, оқуға ғана бағытталмай, үлкендердің, өзімен бірге жүретін достарының ерекшелігін тануға, мәдениеттік өрісін кеңейтуге жолдайды. Жас өспірімдік кезеңде үлкен психикалық өзгерістерге ұшырасады. Біріншіден жас өспірім «Мен» дәрежесіне көтерілсе, екіншіден өмірге басқаша көзқарас танытады. Өз бетімен шешім қабылдап, тұжырым жасайды, өзіндік бағалау қасиет пайда болады. Осыған орай, танымдық іс-әрекетінің мотивациялық өрісі де өзгереді. Соңғы жылдары ғалымдар психология ғылымының әр түрлі саласында, әсіресе өзін — өзі бағалауға қарым –қатынастың ықпал ету мәселесіне үлкен қызығушылық туғызып отыр. Бұл ең бірінші тілдік қарым-қатынас және біріккен іс-әрекеттің өзектілігімен байланысты. В.Н.Носуленко біріккен іс-әрекет пен қарым-қатынастың сенсорлық процеске әсерін тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдесе [38], А.Л.Журавлев қарым-қатынастың жеке тұлғалық аспектілері, мұнда басқарушы тұлғалардың қарым-қатынас шеберліктерінің ұжымға маңызды әсер ететіндігін сипаттаған.
Ал, А.Кольцов психикалық процеске қарым-қатынас ықпалының деңгейі мен өзіндік ерекшелігін талдап, зерттелушінің танымдық іс-әрекет мәселесіне ерекше тоқталған [39].
Адам өмір сүруі мен қимыл-қозғалысы арқылы өзінің әрекетін бағалауға үйренеді, адамгершілік нормаларын меңгереді. Жас өспірімдердің қарым-қатынасын екі жақты сипатта қарастырып, анықтама беруге болады. Бірінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі, жеке интимдік мінез; қарым-қатынас заты басқа адам-құрдас, ал мазмұны-онымен қатынас құру және қолдау жасау. (Эльконин Д.Б., Драгунова Т.В.). Екінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі және қоғамдық мінездемесі бар, оның үлкендермен, құрбыларымен өзара қатынасында түрлі жағдайларды меңгеру арқылы өзінің іс — әрекетін бағалау (Фельдштейн Д.И.).
Өзін-өзі бағалауды тұлғаның әлеуметтік дамудың басты көрсеткіштерінің бірі деп санаймыз. Өйткені жас ұлғайған сайын әлеуметтік тұлғаның өзін-өзі танудың басқада құраушылары сияқты жылдам орныға бастайды.
Б.Ананьев өзін-өзі бағалауды оқыту үрдісінде жүзеге асатын тұлғалық білім алу, белсенді қалыптасу ретінде қарастырады, оның оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпалы бар екендігін айтады [6]. Оның пікірінше, оқу үрдісінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы, педагогтердіщ сыныптағы және отбасы тұрмыстық ортаның ықпалымен жүзеге асады.
Бұл ұстанымдардың А.Липкина зерттеулерінде әрі қарай
дамытылғанын көреміз. Автор бастауыш мектеп оқушысының өзін-өзі бағалауының қалыптасуына ықпал ету оқу пәндерінің мазмұны мен оқыту әдістерімен, оқыту» үрдісінде оқушылар арасында орнатылған қарым-қатынастар жүйесімеңі анықталатындығын айтады. Бастауыш мектеп оқушысының өзін-өзі бағалауың қалыптастыру негізіне оқушының әрекетке қосылуы ғана емес, сондай-ақ, оның нэтижелерінің бағалануы қажет деп есептейді.
Ш.Амоношвилидің пікірінше, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үшін жеке бағалаушылық пайымдауда оқушы бетке үстайтын ерекше бағалау өлшемдері құрылуы қажет. Ол «белгілі бір үлгі өлшемдерді, олармен жұмыс істеу жолдарын меңгерген бағалаушылық пікірлер үлгілерін, жолдастарынык жұмыстарына қатысты мазмүнды бағалау тәжірибесін игерген оқушы өзінің жеке оқу-танымдық әрекетіне бағалау бөлігін белсенді енгізе алатындығын атап көрсетеді.
М.Львов зерттеулерінде — бастауыш мектеп оқушысының өзіндік бағалауын қалыптастырудың маңызды қыры ашылады. Оның пікірінше, оқушыны әрекер субьектісі ретінде қалыптастырудың келесі міндеті мынадай шарттармен қамтамасыз етіледі:
- сыныптағы еркін хал ахуал;
- мұғалім тарапынан оқушыларға сенім білдіру және құрмет;
- жаңа білім алуда оқушыларға дербестік берілуі;
- мұғалімнің әрбір оқушының оқуға көңіл-күйін, қызығуын, қабілеттеріі назарға алуы;
- жалпы мәдени жағдай, мұғалім мен оқушылар дамуының жоғары деңгейі.
Н.Калашникова мен Ю.Иванов өзіндік жұмыс үрдісінде және мектеп оқушыларының оқытуда жеке компьютерлерді қолданып, оқу әрекеті қалыптастыруды зерттей келе, өзіне-өзі баға беруді күрделі ерекше 6қ әрекетіне айналдыру үшін мұғалімнің оқу міндеттерін белгілеу жеткіліксі деген тұжырымға келген.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиетке талдау жасай келе тұжырымға келуге негіз болады, өзін-өзі бағалау оның бастауыш мектеп оқушысының оқу-танымдық рөлі тұрғысынан екі аспектіде қарастырылады.
- Өзін-өзі бағалау оқыту үрдісінде белсенді қалыптасатын тұлғалық білім алу ретінде алға шығады және ігіші мектеп оқушысының оқ танымдық әрекетінде маңызды ықпал жасайды.
- Өзін-өзі бағалау — оқу әрекеті тұтастай құрылымының ерекше бөлігі оның қызметі. мектеп оқушысы осы әрекет субьектісі ретінде оқу міндеттерін шешуде оның қаншалықты алға жылжығанын анықтай білу болып табылады [40].
Баланың жеке тұлғасы қалыптасуында өзін-өзі бағалаудың пайда болуы мен дамуы мәселесі негізгі мәселенің бірі болып табылады. өзін-өзі бағалау -өзін-өзі тануды дамуда қажетті құрамдас бөлік, яғни адамның өзін, өзінің дене күшін, ойлау қабілетін, қылықтары мен дәлелдерін, мінез-құлық мақсатын сезінуі, қоршаған ортаға, адамдарға және өзіне деген көзқарасын, қатынасын білдіреді.
Өзін-өзі бағалау отандық психологияда өзін-өзі танудың қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне байланысты оқытылды. Бұл зерттеулер екі топтағы сұрақтар төңірегінде
топтастырылған. Бір жағынан, жеке тұлғаның дамуындағь
жалпы мәселелерді қарайтын контексте өзін-өзі танудың қалыптасуын байланысты сұрақ жалпытеориялық және методологиялық алғышарттард;
талқыланды. Аталған сұрақ бойынша Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев
С.С.Рубинштейн, М.Н.Скаткин секілді педагог-психологтар еңбектерін бөліп
көрсетуге болады.
Келесі топтағы зерттеулерде, өзін-өзі бағалау ерекшелігі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен өзара байланысы қаралатын арнайы сұрақтар айтылды.
Л.С.Выготский баланың өзіне жеке тұрғыдан көзқарасы қалыптасуы жеті жастағы кезеңнен басталады, өзін-өзі бағалау жағдайға тәуелсіз, орнықты деп есептейді. өзін-өзі бағалау баланың өзіне көзқарасын қалыптастырад басқа адамдармен қарым-қатынас әрекетінің тәжірибесін біріктіреді [31]. Бұл өзінің жалпы мінез-құлқын әлеуметтік қалыптарға сай құратын, өз әрекетін қалыптарға өлшем тұрғысынан бақылауға мүмкіндік беретін маңызды тұлғалық саты Р.Бернс американдық авторлардың көптеген зерттеулерін талдай кел мектепке дейін жэне мектеп жасы шегінде өзін-өзі бағалаудың дамуыщ сапалы секіріс болатынын айтады.
Д.Б.Эльконин мен оның тобы жүргізген ғылыми-тәжірибелік зерттеулер темендегідей ғылыми болжамдарға сүйенеді [40]:
- Ерте «мен бейнесі» «жеті жастағы дағдарыспен» байланысты пайда болады
осы жаста баланың қалыптасуының когнитивті алғышарттары жетіледі. Нақ осы жасындағы бала өзін біртұтас тұлға ретінде сезінеді. Оның өзіне деген көзқарасы өз-өзінен сол оратаға қалыптасып кетеді.
- Ерте «Мен бейнесі» танымдық айқындаушылық түрден гөрі таңқалу, сүйсінуге жақын.
Балаларда оқу жылы бойы өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы байқалады. Өзі туралы мағыналы түсінікке қатысы жоқ өзін-өзі бағалау «Мен тұжырымдамасынан» ерте пайда болады. Алайда, өзін-өзі бағалау «Мен тұжырымдамамен» байланысты болғанда әлдеқайда орнықты бола бастайды әрі олардың арасындағы мағыналық үйлеспеушілік те байқалмайды. Оқу жыл бойында «Мен бейне» екі есеге ұлғаяды.
Өзін-өзі бағалау өлшемі мағыналас емес. Жеке тұлға өзін екі түрлі тәсіл арқылы бағалайды. Бірінші, өз ісінің объективті нәтижесін өзінің үміт ету деңгейімен салыстыру арқылы, екінші, өзін басқалармен салыстыру арқылы. үміттену деңгейі жоғары болған сайын, оны қанағаттандыру қиындай түседі [41].
Жеке тұлғаның өз қабілетін бағалауында іс-қимылдарына сәттілік пен сәтсіздік айтарлықтай әсер етеді. Сәтсіздік үміттену деңгейін төмендетсе, табысты болу оны көрсетеді. Салыстыру сәтінің маңызы да айтарлықтай: өзін бағалау отырып, жеке тұлға өзінің дара табыстарын ғана ескермей, сонымен бірге барлық әлеуметтік жағдайды ескере отырып, ерікті немесе еріксіз түрде өзін басқалармен салыстырады. Жеке тұлғаның жалпы өзін-өзі бағалауына оның жеке басының ерекшеліктерімен бағаланатын белгі әрекеттің ол үшін қаншалықты күшті әсер етеді. Өзін-өзі бағалаудың жекеше түрі шексіз көп. Адамның жеке құндылығының жүйесін білмей тұрып, ол туралы шешімге келу оның ісінің қандай саласы ол үшін негізгі болып есептелетінін айту мүмкін емес.
Өзін-өзі бағалауы жоғары балалар белсенді, сергек, тапқыр, қателіктерін өз бетімен таба алады, мүмкіндіктерін сай тапсырмаларды таңдай алады, дұрыс шығарылған есептен соң, дәл сондайын немесе одан қиынын таңдайды, сәтсіз орындалса, өзін тексереді немесе орындалуы оңай тапсырманы алады. Бұл балалар өзін-өзі бағалауын көтеруге болатынын қолпаштауға тағы басқа әрекеттерге өте сезімтал.
Өзін-өзі бағалауда балада оның болашаққа құрған жобасы, мейлі ол іске аспаған болса да, бірақ оның жалпы мінез-құлқының дұрыс қалыптасуында және соның ішінде жекелей оқу әрекетінде маңызды рөл атқаратын ұсыныс көрініс табады [42].
Өзін-өзі бағалауда баланың басқалардан өзі туралы білуі және оның өз қимылы арқылы жеке қасиеттерін білуге бағытталған белсенділігінің өсуі байқалады. Балалардың өздері жіберген қателіктерге әртүрлі қарайтыны белгілі.
Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауындағы көрсеткіш тек оқуда жіберілген ғана емес мінез-құлқындағы жіберілген кемшіліктеріне де көзқарас. Бұрын айтылғандай, баланың өзін-өзі бағалауында оның тек жеткенжетістіктерге көзқарасы ғана емес, сонымен бірге оның қандай болғысыкелетіні, алға үмтылуы, үміті де көрінеді. Өзін-өзі бағалау — адамның нет талаптануымен тығыз байланысты.
Баланың өзін-өзі бағалауынан ғана емес, сонымен бірге ол басқалардыд жетістігіне қалай қарайтындығынан да байқалады. Өзін-өзі бағалауы жоғары оқушылар байқау көрсеткендей, өз істеріне мақтанбайды, есесіне басқалардың істерінің бәрінен кемшілік тауып отырады, керісінше, өзін-өзі бағалауы төмен оқушылар жолдастырының жетістігін артық бағалауға бейім.
Өзіне сынмен қарамайтын балалар, әдетте, басқаларға сынмен қарайды. Өзін-өзі бағалауы жоғары балалар оқуда, қоғамдық тапсырмаларды орындауда, ойында да табысқа жетуге ұмтылуда белсенділіктерімен ерекшеленеді.
Өзін-өзі бағалауы төмен балалар өздерін мүлде басқаша ұстайды. Олардың негізгі ерекшелігі-өздеріне сенімсіздік. Олар барлық бастамалар, істерінен тек қана сәтсіздікті күтеді. Баланың өзін-өзі бағалауы мен отбасының материалдық қамтамасыз етілуі арасында ешқандай байланыс жоқтығы байқалды. Есесіне отбасының беріктігінің маңызы зор, себебі бүлінген отбасындағы балалардың өзін-өзі төмен бағалайтыны кездесті.
Баланың өзін-өзі бағалауы мен ата-анасының онымен бірге өткізген уақытының арасындағы байланыс айқындалмады. Өзін-өзі: бағалауы жоғары балалар тәрбиеленген отбасыларында ата-аналар отбасының әртүрлі мэселелерін шешуде балаларын да кірістіріп тартып отырған. Баланың пікірін мұқият тыңдап, үлкендердікімен сәйкес болғанда оған құрметпен қарап отырған.
Өзін-өзі бағалауы төмен балалар тұратын отбасында мүлдем басқаша жағдайлар қалыптасқан. Мұғалім өзін-өзі бағалауы төмен оқушы оған кері түсінік бермейді деп, қорғанбастан пайдалана алатын әрекет элі қалыптаспаған. Бұл әрекеттің басқа балалар көзінде дұрыс бағытта қалай көрінетіні бұған мұғалім қаншалықты шын пейілін жұмсайтыны маңызды емес, бала қай жағдайда болсын кері қабылдауы мүмкін. Міне, сол себепті баланың өзі туралы жақсы пікірлері өте ерте кезден қалыптасуының маңыздылығы өте қажет .
Бастауыш мектеп оқушысының өзіндік сана-сезімінің дамуы баланың өзіне талар қоя білуі, өзіне сын көзбен қарай бастауының біртіндеп өсуі арқылы байқалады. Бірінші сынып оқушылары өздерінің оқу әрекетін оң бағалайды, сәтсіздіктерін объектілік жағдайлармен байланысты деп есептейді. Ал, екінші — үшінші сынып оқушылары оқудағы табыстарын ғана емес, сәтсіздіктерін бағалауда да әлдеқайда сыни көзқараспен қарайды [43].
Бастауыш мектеп жасында өзін — өзі нақты-жағдайлық бағалаудан (өз әекетін, қимылын бағалау) әлдеқайда жинақталған бағалауға көшеді және бағалаудың дербестігі де өседі. Балаларда белгілі кезеңде өзін-өзі бағалауда орнықтылық және соған негізделген үміттену деңгейі қалыптасуы, бұл тек айналасындағылардың талап ету деңгейінде ғана емес, өзіне талап қою деңгейінде де болуы жаңа қажеттіліктердің тууына әкелді.
Л.И.Божович: «Айналасындағылардың талабын игере келе, ортаның бағалауы мен өзін-өзі бағалауын жетілдіре келе балалар жағдайдың тікелей ықпалынан біртіндеп тәуелсіз бола бастайды. Олардың жасына қарай санасының дамуындағы негізгі себеп — айналадағы ортаның қолдануына ұмтылу ғана емес, сонымен бірге алдына қойған міндеттер деңгейіне сай болу және өзіне қойған талапты орындауға қажеттілік», — деп жазды [44].
М.М.Мұқанов бойынша, тұлғаны (білімгерді) оқуға итермелейтін күш, негізінде, мынадай екі түрлі түрткіден құралады. Біріншіден, сыртқы түрткіден; бұл жағдайда бала өзгелерден сескенетіндігінен оқитын болады, бала тікелей талпынбайды, жанама түрде, өзгелердің оған қолданған шарасынан өзін аман сақтап қалудың амалы деп түсіну керек. Екіншіден, оқуға іштей талпыну түрткісінен; мұндағы түрткі баланың өзіндік ықыласы мен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан болады [45].
Оқытушы білімді бағалай отырып, бір мезгілде жеке тұлғаны, оның мүмкіндігін, басқалардың арасындағы орнын бағалайды. Бағаны балалар дәл осы қалпында қабылдайды. Оқытушының бағалауына сүйене отырып, балалар өзін және өз жолдастарының ішіндегі үздік, орташа, нашар, алға ұмтылатын, ұмтылмайтындарды реттеп біледі. Өздері туралы қалыптасқан пікірлерінің деңгейіне қарап, балаларды 3 топқа белуге болады.Олар:
Бірінші топтағылар, үлкендердің бағалауынан гөрі, өзіндегі білімге сүйенеді, әрі өзін-өзі бақылау дағдысын тез жетілдіреді.
Екінші топтағы оқушылардың өздері туралы пікірлері орнықсыз, барабар еместігімен ерекшеленеді. Оларда өз қимылдарына талдау жасап, өздерінің мәнді қасиеттерін бөліп көрсетуге біліктіліктері жетіспейді.
Үшінші топтағы балаларға өздері жайлы пікірдің қалыптасуы басқалардың, әсіресе, үлкендердің өзіне берген мінездемесіне байланыстылық тән. Оларда өздерінің ішкі жан-дүниесіне үңілуге ынталары жоқ, өздері туралы пікірлері орнықсыз, өзін-өзі бағалауы барабар емес.
- ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МОТИВАЦИЯСЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕЛУІ.
2.1 Тұлғаның өзін-өзі бағалау мотивациясын анықтау.
Эксперименттік сынақта психодиагностикалық жұмыстар ұйымдастырылып, барлық қорытындылары есепке алынды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін сынаққа қатысушылармен анықтау іс-шараларын жүргіздік. Сыналушылармен жүргізілген психодиагностикалық жұмыстың негізгі көрсеткіші төмендегідей:
- психофизиологиялық жетілудің гармониялылығы;
- өзін өзі бағалау деңгейлері;
- жағымды қатынасы оқуға, еңбекке, оқудан тыс іс-әрекеттке мақсаттылығы;
- құрбы—құрдастарының арасында лидерге жағымды әреуметтік көз қарасы, колледжде дұрыс мінез құлқымен көріну;
- жағымды емес әсерге тұрақтылығы;
- өзінің іс — әрекетін ұйымдастыру сапалары;
- көздеген мақсатқа жету жетістігі;
Психодиагностиканың міндеті білм алушылардың өзіндік бағаларының деңгейі туралы нақты мәліметтер алу. Жас өспірім жастағы оқушылармен ең бірінші өздері туралы жалпы мағлұмат алу үшін «Менің дене күшім» деген тест алынды. Мұнда дене көрсеткіштерімен қатар өздеріне қаншалықты мән беретіндігі анықталды. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы алдын ала дайындалған кестелерді толтыру ұсынылды. Сұрақтар:
- Сіз өзіңіздің денеңізді білесіз бе?
- Қашан соңғы рет өлшедіңіздер?
- Салмақтарыңыз қанша?
Бойы |
|
Салмағы |
|
Көзінің түсі |
|
Шашының түсі |
|
Көкірек көлемі |
|
Бел көлемі |
|
Боксе көлемі |
|
Аяқ киім өлшемі |
|
Киім өлшемі |
|
Бас киім өлшемі |
|
Қолғап өлшемі |
|
Нақты сандарды білмегендері шамалап жазды. Барлығына 5 минут уақыт беріледі. Алдын ала қатысушы санына сәйкес кестелер дайындалады, қатысушыларға таратылып, 2 рет оқылды. Барлығы толтырылып болған соң, дөңгелек столға саллды. Тек дене өлшемін ғана емес, кесте толтыру барысындағы сезімді де жеткізе білу. Қатысушылардың көбі осы жаттығуды орындағанда қиыншылыққа соқтығысуы мүмкін, кейде өз мөлшерлерін білмейді. Егер 11 сұрақтың 7– жауап алсынса жақсы, 5- орташа, 3 – төмен деңгейді көрсетеді.
Екінші кезекте осы шақтағы өзіндік бағаның даму деңгейін «Өзіндік баға» әдістемесі арқылы тексерілді. Бұл әдістемеде оқушылар «иә» (+) немесе «жоқ» (-) деп жауап береді. Сұрақтар төмендегідей:
- Сіз алдыңызда тұрған қиынтытарға қарамастан қабылданған шешімді жүзеге асыра аласыз ба?
- Бағынудан көрі өзіңіз жетекшілік етіп бұйрық беруді қалайсыз ба?
- Басқа адамдармен салыстырғанда сіз өзіңізді қабілетті және зерек деп ойлайсыз ба?
- Сіз өзіңіздің алған тапсырмаңызды өзіңіз қанағаттанатындай толық орындай аласыз ба?
- Сіз әрқашан бірінші болуға ұмтыласыз ба?
- Егер сіз болшақта ғылыммен айналыссаңыз профессор дәрежесіне жетесіз ба?
- Сіз құрдастарыңызға қарағанда сіз жоғары жетістікке жете алатыныңызға сенімді сіз ба?
- Сіз тілегіңіз орындалмайтын болса да жоқ деп айту қийын болар ма еді?
- Басқалармен салыстырғанда сіз көп іс — әрекетті орындау аласыз ба?
- Егер сізге қайтадан жаңа өмірден бастау керек болса істелінбей қалған көп нәрселерді қайта орындап, жоғары жетістікке жетер ме едіңіз?
Нәтижені өңдеу:
«+» санынан
6-7 – жағымды жауаптар, жоғары өзіндік бағалау.
3-5 – адекватты орташа бағалау деңгейі
2-1 – төмен бағалау деңгейі.
Зерттеу нәтижесі:
деңгейі топ |
Төмен |
Орта |
Жоғары |
Тәжірибе тобы |
6 |
5 |
1 |
Бақылау тобы |
5 |
6 |
1 |
Барлығы |
11 |
11 |
2 |
Оқытудың бұл кезеңінде дамытушы іс-әрекеттің негізгі мақсаты – білімгерлерге әлеуметтік психологиялық жағдайлар туғызу, бұл мақсатқа жету үшін мынадай тапсырмалардың жүзеге асуы қадағаланды:
- Білімгердің когнитивтік іскерлігі мен қабілеттілігін дамыту, бастауыш мектепте оқытудың табыстылығын қамтамасыз ету үшін білімді меңгеру мен дағдылануға психологиялық кешенді түсініктер қалыптастыру.
- Білімгердің әлеуметтік және коммуникативтік іскерлігін дамыту арқылы педагогпен, құбыларымен қарым-қатынас жасауындағы психологиялық қажеттіліктерді қалыптастыру тапсырмасын орындау.
- Оқыту мотивациясының тұрақтылығын қалыптастыру — Білімгердің “Мен – концепциясы” позитивтік орталығында өзін-өзі бағалауы, тапсырмаларды дұрыс орындауы.
Кез-келген баланың мотивациялық жүйесінде оқу мотивациясы маңызды орын алады. Болашақ маман иегерінің кәсіби іс-әрекетті игеруі оның жалпы интеллектуалды және арнайы қабілеттерінің дамуына, сонымен қатар қызығушылығы және мотиві, мінез-құлқы, темпераменті, тұлғаның бағыттылығы, оның өзіндік санасына және т.б. байланысты. Ал осы қабілеттердің барлығы дерлік қарым-қатынас қажеттілігінің бірі болып табылады. Өзін өзі бағалауда қарым-қатынас процесінде тұлға басқаларды танып қана қоймай, сонымен қатар өзін және әлеуметтік өмір тәжірибесін меңгереді. Қарым-қатынас мотивациясы әр түрлі байланыстардың орнауына (іскерлік, достық, серіктестік т.б.) ықпал етеді және білім мен тәжірибе, көңіл-күй мен уайым, пікір алмасуын ынталандырады.
- Тұлғаның өзін өзі бағалау мотивациясын жетілдіру жолдары.
Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты.
Өзін–өзі бағалау мотивациясын көтеруге арналған психологиялық түзету жұмыстарының ерекшелігі – адамның ішкі жан дүниесіне жағымды әсер ету, өзінің жағымды қасиеттерін аша білу, қарым –қатынас үйлесімділігін орнату, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, қызықтыру, танымдық процестері, өздерін іс-әрекетке итермелеу арқылы жүзеге асады. Эксперименттер арқылы психодиагностика жасалғаннан кейін жеке тұлғаның жас ерекшелігін ескере отырып, нақты коррекциялық жаттығулар, әдістемелерді іріктедік, психологиялық тренингтер ұйымдастырдық.
Бірлескен іс–әрекетте өзін–өзі бағалауына психологиялық қолдаудың тиімділігі келесі негізгі интегралды көрсеткіштер болуы мүмкін:
- Тұлғаларды позитивті адекватты Мен–тұжырымының қалыптасу дәрежесі;
- Тұлғалардың барлық даму кезеңдерінде өздерінің бірлескен іс– әрекетте қанағаттануы;
- Өзіндік бағаны анықтау мәселесін шешу. Тұлғаның болашақ өмір қойылымдарына жағымсыз ықпал ететін эмоциялық жабырқауды жою;
- Бірлескен іс– әрекеттің барлық субъектілерінің бірлігі. Бірлескен іс–әрекетте бірігу тәжірибесі мен әлеуметтік дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету.
Өзін–өзі бағалауды коррекциялау және дамыту жұмыстарын келесі бағыттар бойынша іске асыруға болады:
- Психологиялық ағарту – өзін–өзі бағалау ерекшеліктері жайлы ақпарат беру;
- Психотренинг – түрлі жаттығулар арқылы білім алушылар бойында өзіне деген сенімділік дағдыларды қалыптастырып, олардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту;
- Психопрофилактика – болашақта өзінің іс–әрекетін бағалау мен оны дамытудың тиімді жолдары ұсынылады.
Психокоррекциялық жұмыстың тиімді өтуіне әсер ететін жағдайлар:
Біріншіден, жұмыс мазмұнының жүйелілігі. Кез келген жұмыстың дұрыс жоспарланып, ұйымдастырылуы тиімді нәтиже алуға кепілдік береді. Қолданылатын әдістемелердің нұсқаулары және сипаты түсінікті әрі қарапайым немесе «қарапайымнан күрделіге» деген принципке негізделгені жөн.
Екіншіден, техникалық база. Топтық кездесулер арнайы техникамен жабдықталған, кең, жылы әрі жарық бөлмеде өтуі керек.
Үшіншіден, жас және дербес ерекшеліктерді ескеру. Әдістемелерді сыналушылардың жас ерекшелігін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып іріктеген жөн.
Төртіншіден, сыналушылардың жағымды мотивациясы. Топтық коррекцияға қатысушылар өзіндік ниет білдіріп, қызығушылық танытып, жақсы нәтижеге жетуге ұмтылса, коррекциялық және дамыту жұмыстарының тиімді өтері сөзсіз.
Бесіншіден, зерттеушінің кісіби білімі мен тәжірибесі. Аталған талаптарды тиісінше іске асыру үшін, коррекциялық және дамыту жұмыстарын тиімді іске асыру үшін тренердің кәсіби білімі мен тәжірибесінің маңызы зор.
«Менің сүйікті есімім» атты жаттығу жүргізіледі. Білім алушыларға қаламсап тартылады. Олар өздерінің қысқартылған, еркелеткен есімдерін жазып қояды. Соның ішінде біреу таңдалады. Егер қажет болса ол есімдер толықтырылады. Егер ол білім алушы үшін жаңа есім болса ол да алдын ала ескертіледі.
Сіздің есіміңіз қандай мағына береді:
А) барлығы үшін – мысалы, аудармасы, осі есіммен байланысты аңыздар, тарихи дәлелдер ….
Б) ата – анңыз үшін – неге бұлай атады, кімнің құрметіне, отбасының басқа мүшелері қалай қарады….
В) өзіңіз үшін — өз есіміңізге қалай қарайсыз, оны не үшін жақсы көресіз, ол сіздің мінезіңізге сәйкес келе ме?
Өзіңіз жасаған тізімнен өзіне ұнайтын есімді атайды. Психогимнастика жаттығуларын орындағанда, жалпы қолайлы немесе қолайсыз жағдайларда өзіңізді осы есіммен атаңыз – бұл сізге өзіңізді құрметтеуге және жақсы көруге көмектеседі.
Оқушылардың сабақ арасында, азанда тұрғанда сергіту, бастаған істі аяқта және жалпы өзіне деген жағымды қасиеттерді орнату мақсатында психогимнастикалық жаттығулар жүргіу ұсынылды. Барлығы айнаға қарап «мен сені жақсы көремін» деп айтады. Сол жаттығудан кейін оқушылар басқа жағымды көзбен өздеріне қайта айтады.
Келесі жаттығу жауырын астымен, иықты қатты – қатты құшақтап дауыстап «Мен қандай тамаша адаммын» деген сөздерді айтқызады. Қолды түсіріп, қайтадан бірнеше рет қайталанды. Содан кейін менің қай жерім тамаша деген сұрақ арқылы ақылды, қайырымды, дарынды тб сөздер арқылы өздеріне комплимент жасату. Осы сөздерді сабақ барысында, азанда тұрғанда, сабаққа келгенде қайта – қайта айтуды қадағалау ұсынылды. Оқушылар ең алдымен қысылды, бірақ кейін олар әдетке айналдырды.
Тапсырма «Еңбек ағашы»
Қазір сіздерге (мұғалмдерге) үш түрлі қағаз қиындылары таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып, әрқайсысын өз орнына ілесіздер.
- Бұталарға – мұғалім қандай болу керек?
- Жапыақтар – мұғалімнің түпкі мақсаты, мұраты
- Гүлдер – мұғалім еңбегінің нәтижесі
- Жемістер – шәкірт қандай болу керек?
- Міне сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы емес пе?
“Сиқырлы орындық”. Мақсаты: Қиын тапсырманы орындағаннан кейін топтағы қысымды шығару; ортада жаттығуды орындауда назар аудартқан қатысушылардың жетекшілік деролизациясын жүргізу.
Ортада жаттығуды орындауда аса назар аудартқан қатысушыны сиқырлы орындыққа отырғыздық. Орындықтың сиқырлығы мынада: орындыққа отырған адамның еш кемшілігі жоқ. Тек мінезінде жағымды қасиеттері бар.
Барлық топ мүшелеріне өздерінің білетін, осы адам туралы ойлайтын пікірлерін – барлық мейрімділігін айту ұсынылады. Егер жаттығу баяу, нашар жүрген жағдайда, жүргізушінің өзі белсенділік көрсету керек.
Содан кейін, бәріне ризашылығын білдіріп, орындықтағы адам басқалар ойларын айтқан кезеңде өзі не сезгені жайлы айтып беруді сұрау тапсырылады. Егер өз еркімен отырғысы келетіндер бар болса, жаттығуды жалғастыруға болады. Соңында ол адамға да қалай әсер еткені жайлы сұрау қажет. Осы тренингті жүргізгенде жас өспірімдер өте жағымды эмоцияларға ие болды. Талқылауда әр баладан бұл жаттығу не үшін жүргізілгені сұралды.
«Болашақ». Келешекте өздерінің қол жеткізгілері келетін негізгі мақсаттарды топтастырды.
- Болашақта сізді не күтіп түр?
- Сіздің жаныңыз неге құштар?
- Мүмкін сізді өте маңызды жұмыс күтіп тұрған шығар?
- Сонымен, сіздің нақты және анық болашақ мақсаттарыңыз:
№ |
Менің негізгі мақсаттарым: |
1. |
|
2. |
|
3. |
|
4. |
|
Әрбір қатысушы өзінің неге қабілетті екендігі толық аңғарады. Соңында бекіту сұрақтары қойылды.
- Ал енді ең маңыздысы – ойланыңызшы сіздің осы мақсаттарға жетуіңіз үшін қандай нақты қадамдар жасау қажет?
- Нені тек сіз ғана жасай аласыз?
- Көмекке кімге сүйену керек?
Осы жаттығуға 10 минут берілді. Жай қарапайым мысал арқылы қатысушыларға мақсат пен оған жетудің айырмашылықтары ашып түсіндірілді.
«Мейірімді сөздер» әдісі. Қатысушылар мейрімді сөздерді еске түсіріп, қандай жағдайда бұл сөздерді қолданатындығын анықтады. Мейірімді сөздерді жиі қолдана білу іскерлігін қалыптастырды және де мынадай сұрақтарға жауап іздестірілді. Қандай уақытта мейірімді сөздерді қолданасыз?
А) сізге бір нәрсе қажет болған жағдай ма?
Б) көңіл – күйіңіз жақсы болған кезде ме?
Қаншалықты жиі қолданасыз? Адамдарға мейірімді сезімді көрсете білуге не кедергі болады? Адамдар мейірімді есімдермен атағанда не сезінесіз? Сіз мейірімді қатынас жасаған адамдар сізге қалай жауап береді?
«Құпиялы қасиет» ойыны. Оның мазмұны бойынша барлық қатысушылар бір шеңберге отырып, қолдарын алдына қарай, алақандарын бір-біріне тигізіп соғады. Олардың әрқайсысының алақанына мейірімділік белгісі ретінде тиін салғандай алақан тигізілледі де, әр баланың аты аталып шығады. Мысалы, «Алма мейірімді», «Азат мейірімді» т.б.
Содан соң қатысушылардың әрқайсысы өзінің алақанына тиінді салғандай алақандарын жауып отырады. Қатысушылардың біреуіне білдірмей тиін салынған. Тиін кімде екенін білу үшін қатысушылардың аттары аталып «өте мейірімді» деген тіркес қосарланады. Мысалы, «Алма өте мейірімді». Сонан кейін сол қатысушы алақанын ашады да тиін бар ма, жоқ па екенін көрсетеді, тиіннің кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.
«Өтініш» Жүргізуші жұмыс барысында қатысушылардан өтініш жазуды сұранады. Өтінішке өзінің өмір баянын және іскерлік қаситеттерін кіргізеді. Жұмыс біткен соң қатысушылар шеңбер құрайды. Әрбір топ мүшелері өздерінің өтініштерін оқиды (өтініш құрауға 5 минут уақыт беріледі).
Ал қалған қатысушылар оның негізгі қасиеттерін, іскерлігін, есімін есте сақтау үшін «жаңа әріптестің» өтінішін мұқият тыңдайды. Содан соң әрбір қатысушы өз тренингтік есімін қояды. Есім таңдау қалауынша орындалады. Ол анық үлкен әріптермен жазылады «Болашақ» топ мүшелері тек осы есіммен қарым-қатынас жасайды. Алдын ала қағаз (өтінішке, есімге арналған), қалам, қыстырғыштар дайындайды. Егер топтың мүшелері бірдей есім таңдаса, онда жүргізуші босқа бірнеше есімдер ұсынады.
Психологиялық түсіндірме: бала өзінің өміріне қысқаша талдау жасай алса, онда болашақта оны үлкен және мағыналы жұмыс күтіп тұр. Қатысушылар жаттығудың емес, тренингте іскерлік қасиеттерді қажет екендігін сезінулері тиіс.
«Мен сізге жазамын» әдісі. Қатысушыларға бір парақ қағаз алып, бір-біріне хат жазу ұсынылады. Парақтың соңына өз атын жазып, қағазды қасында отырған келесі қатысушыға беріп, кез-келген әр қағазға өз тілегін жазу нұсқауы берілді. Әр қатысушы өз қағазын қолына алғанша осылай жалғаса береді. Әр парақ қағазында қатысушылардың әртүрлі тілектері жинақталып, жазылады. Соңында қатысушылараға осы парақ қағазын сақтап қойып, қиын жағдайларда алып оқуға болатыны жайлы ескертілді.
«Ішкі сәуле». Жаттығу аоқушылармен жеке-жеке орындалды. Мақсаты: ішкі тынышытықты қалыпна келтіріеді және шмамдан тыс шаршаудан көмектеседі. Жаттығуды орындау үшін оқушыларды ыңғайлы етіп орналастырдық. Ережесі: Егер партада отырса аяқты еркін созып, басты артқа түсіріп, қолды алдыға қою керек. Қатысушылар толық ыңғайлы жағдай жасағаннан кейін оларға көзді жұмып жаттықтырушының айтқанын сезінуді талап етеміз. Жүргізуші: «Сіздің басыңыздың ішінде, жоғары жағында жарық сәулесі пайда болды. Жарық сәуле жарқырап басыңыздан төмен асықпай қимылдап барады. Өзінің қоғалысымен беттің барлық бөліктерін, мойын, қол, йық және т.б. мүшелерді жылы және жайлы жағдайға түсіріп жарқыратып кетіп барады. Жарық сәуле жүріп өткен жердердің қыртыстары жазылды, көздің жарығы ашылды,йық кеңейді және т.б.» — деген сөздерменқатысушылардың бойына жаңа талпыныс күшін ұялатып, шаршауды басады, рахаттану сезімін орнатады. Қатысушыларға жаттығуды орындағаннан кейін мына сөздерді айтқыздық: «Мен жаңа адам болдым! Мен күшті, шыдамды адам болдым! Мен барлық істі жақсы орындаймын!».
«Пресс». Жаттығу қатысушылардың жағымсыз эмоциясын шығаруға, ыза, ашулану, қобалжудың алдын алуға көмек беру. Қиын тапсырмадан шаршағанан кейін, кез келген психологиялық қысымды жағдайдан кейін, балаларымен ерекше әңгіме жүргізер алдында өзіне сенімділікті тудыру үшін жүргізуге ұсындық. Ол өзінің көкірек деңгейіне дейін іштей қатты прессті сезінеді. Пресс арқылы жағымсыз эмоциясын басады және ішкі қысымды шығарады. Жаттығуды орындау барысында денеде іштей физикалық ауыртпалықты нақты сезіну қажет. Бірақ жаттығуды жүрек ауыратындарға орындатуға болмайды.
Тиімді қарым-қатынас деңгейін дамытуға арналған «Туған күн» жаттығуы. Бұл жаттығуды тілек айту ауызша (вербальды) түрде, ал сыйлықтар мимика, жест, жұмбақ түрінде берілгендіктен қатысушылардың қиялы, ойлау деңгейі және қарым-қатынастағы бір-біріне тәуелділігі анықталды. Олардың бір біріне деген сенімдері күшейді.
«Кастинг» жаттығуы. Бұл жаттығу контакт орнату және «алғашқы әсерді» қалыптастыру тақырыбына көпір бола алды. Сондай-ақ өзіндік презентацияның дағдысын қалыптастыру ретіндежүргізілді .
Сипаттау: Барлық қатысушыларға тапсырма берілді. Әр қайсысы өзі жайлы, уақыты екі минуттан аспайтын, «жарнама ролигін» жасауы қажет. Барлық жетістіктері мен артықшылықтары, т.б. тізбектеу керек.
Талқылау: топ кімнің ролигі едәуір қызық және неліктен қызық екендігін талқыланды. Талқылау кезінде тренер қатысушылардың вербаликасына ғана емес, вербалды емес сигналдарға да көңіл аударды. Уақыт. 15-20 минут.
«Қожайын». Әрбір жеке тұлға — өз ісінің қожайыны. Кәсіпкер, басшы, директор және т.б. қызметтер де қожайын болудың бір саласы. Адамның қожайын сезімін ояту үшін, тренингке қатысушыларға жаттығу жасауту қажет. Жүргізуші топ мүшелерінің ішінен бір қатысушыға қожайын ролін ойнау ұсынады. Барлығы оны қожайын ретінде санауы керек. Ол барлығына бұйрық береді.
Дауыс ырғағы көтеріңкі, жуан аудитория еститіндей темпте болуы міндетті. Ол қатысушыларға кез-келген әрекетті бұйрық беру арқылы орындата алады. Соңында топ оның рольді қалай ойнағандығын бағалайды (0-9). Егер қатысушы 0 балл алатын болса онда жаттығу қайталанылады. Қожайын қызметіне түсу үшін қатысушыға өзіндік ішкі дайындық, ойын тиянақтауға уақыт беріледі. Содан кейін ғана дайын қатысушы ортаға өз еркімен шығады
«Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.
Жаттығу қатысушылардың бір-бірімен вербалды емес формада қатынас жасауды қажет етеді,бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады.Қатысушылар жұптарға бөлініп,бір-біріне арқасын қаратып орналасады.Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет.Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме,жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе,оны әр жұп өзі шешеді.Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады).Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек.Жаттығу оңай бола салмайды,біреулерге ыңғайлы болады,ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін. /30/
Психопрофилактика бағыты бойынша, өзін-өзі тану мен бағалау барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін келесідей ұсыныстар берілді:
— Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.
— Қызықты түрде информацияны жеткізуге тырысыңыз. Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады.
— Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің негізі ол «төменнен жалғай салу» ситуациясы.
— Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам.
— Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын.
Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз.
— Өзіңізді ашық- жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді. Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншвл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі.
— Әңгімелесушіңіздің ашық- жарқын, емін- еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.
Әр бір жаттығу өзіне деген сүйіспеншілігін дамытуға, өзін сыйлауға, өз бағасын жоғарлатуға арналды. Берліген әдістемелерді жүргізу барысында оқушыларға берілген уақытта ойлануға, әңгімені айтуға, аяқтауға көңіл бөлуге. Ойын нақты толық жеткізуге, ойын жаттығуларын аяғына дейін орындап шығуға мүмкіндік туғыздық.. Оқушылардың өзіне деген сенімділік деңгейі бізді қанағаттандырды. 10 оқушыдан жақсы нәтиже көрдік. Бұл нәтижеге келер бұрын тағы бірнеше ойын түрлерін қолдануды мақсат еттік. Тапсырманың құрылымына байланысты оқушылар өз іс — әрекеттеріне баға бере отыру арқылы дамытуға мүмкіндік алды.
2.2. Зерттеу нәтижесін жинақтау.
Адамның күнделікті дамуы мен қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп қарым-қатынас жасаудың қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Ата-аналар, тәрбиеші-мұғалімдер, психологтар балалармен тілдесіп, оларға жеткізетін мағлұматтарды доғаратын болса балалардың өсіп жетілуіне, рухани жағынан толыққанды дамуына өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әр қилы өзгеріске ұшырар еді.
Өзін-өзі бағалау адамзат үшін әр түрлі деңгейде, әр түрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс. Жеке адам өзін — өзі бағалау процесінде ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, еліктеу арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді.
Білімгерлердің күнделікті дамуы мен қоршаған ортаны тануында оқуға деген мотивацияның қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Психологиялық түзету жұмыстарының ерекшелігі – адамның ішкі жан дүниесіне жағымды әсер ету, өзінің жағымды қасиеттерін аша білу, қарым –қатынас үйлесімділігін орнату, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, қызықтыру, танымдық процестері, өздерін іс-әрекетке итермелеу арқылы жүзеге асады.
Эксперименттер арқылы психодиагностика жасалғаннан кейін жеке тұлғаның жас ерекшелігін ескере отырып мамандықты жұрыс таңдау мен өзіндік бағалауын жоғарылатуға арналған нақты коррекциялық жаттығулар, әдістемелерді іріктедік, психологиялық тренингтер ұйымдастырдық.
Түзету-дамыту жұмыстарынан кейін қайта бақылау мақсатында қарпайым ойын-жаттығу ретінде білімгерлердің оқуға мотивациялық дайындығының қаншалықты өзгерені тексерілді.
Жүргізілген эксперименттердің нәтижесінің тиімділігін тексеру мақсаты қалыптастыру шараларының өнімділігін анықтау болып табылады. Сондықтан «Өзіндік баға» әдістемесін қайталап жүргізу ұсынылады.
Бақылау эксперименті: осы шақтағы өзідік бағаның дамуының психологиялық ерекшеліктерін анықтаудан кейін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы алынған нәтиженің тиімділігін тексеру. Сыналушы және бақылау топтарында жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесі дамыту шараларының сыналушы топқа жағымды әсер еткенін байқадық. Осыдан олардың өздеріне деген сенімділігі артып, әр – бір әрекеті арқылы өзін бағалауға, қорытынды жасай білуге белсенділіктерінің артып, қарым-қатына үйлесімі орнығып, бір біріне қамқорлық, өзіне және құрбысына деген сыйластық көрсеткіші жоғарылағанына көз жеткізді.
Дамыту жұмысынан кейінгі зерттеу нәтижесі:
деңгейі топ |
Төмен |
Орта |
Жоғары |
Тәжірибе тобы |
3 |
6 |
3 |
Бақылау тобы |
6 |
5 |
1 |
Барлығы |
9 |
11 |
4 |
Осы жастағы тұлғалармен өздері туралы жалпы мағлұматты бақылау экспериментінде қайтадан «Менің дене күшім» деген тест алынды. Мұнда дене көрсеткіштерімен қатар өздеріне қаншалықты мән беретіндігі біршама жоғарланғаны бақыланды. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы алдын ала дайындалған кестелерді толтыруда олар өздері туралы толық ақпарат бере алды.
Қыздар мен ер балалардың тұлға қасиетін бағалауда айырма бар. Қыздар құрбыларын адамгершілік қасиеттерімен бағаласа, ер балалар бірі бірін топ арасындағы беделі, мареиалдық мүмікндігі жағынан қарайды. Оны бір жағынан қазіргі заман талабынан деуге де болады. Сонымен Тұлғаның өзін — өзі бағалау деңгейін бақылаудан кейін мына тұжырымдарға келдік:
- жас өспірім жетістіктері мен кемшіліктерін мойындау, мақсаттарын белгілеу;
- ұялу мен кінәлі сезімі оны жетісттікке жеткізбейтінін ұғындыру;
- кейбір жеңіліс болашақтағы жеңістік басы болуы мүмкін;
Анықтау эксперименті көрсеткен көрсеткіштердің деңгейі жоғарлаған. Тұлғаның өзіндік бағасының даму деңгейі диаграмма арқылы берілді.
Зертелген мәселе бойынша әдебиеттерді талдай келе, колледж білім алушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда біз оқытушылар үшін төмендегідей ұсыныстарды қарастырдық:
- Әлеуметтік психологиялық көмек көрсету.
- Әлеуметтік-педагогикалық қолдау жасау.
- Әлеуметтік педагог пен мұғалім бірлесе отырып, білім алушының үрейінің алдын алу.
- Баға, басты мақсат, білім алушының оқу-танымдық әрекетін дамытуға әлеуметтік психологияда жағдай жасап, бағыт беруге қызмет ету керек. Оқытушының білім алушының еңбегін бағалау маңызды болуы керек. Баға – оқу-танымдық әрекеті.
- Білім алушының жеке әлеуметтік психологиялық ерекшелігін ескеру қажет.
- Баланың зейіні мен қабілетін ойын арқылы анықтап, оның нәтижелерімен жұмыс жасау.
- Өзін-өзі бағалауы төмен оқушыға әлеуметтік психологиялық ерекшелігін ескере отырып, белсенділігін арттыру.
- Өз еңбегінің ерекшелігін сапалы сезіну міндетін қоятын, баланың өзін-өзін бағалау белсенділігін арттыратын жағдаяттарды енгізу.
- Әлеуметтік шаралар (мадақтауды ұтымды пайдалану, т.б.) арқылы өзін-өзі бағалау деңгейін көтеруге ықпал жасау.
- Жеке тұлғаның қалыптасып дамуында әлеуметтік педагогтың ықпалы зор.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кездегі білім беру орындарында (мектеп, гимназия, лицей, колледж т.б.) жеке тұлғаны қалыптастыру маңызын арттыратын шарттардың бірі –өзін -өзі бағалау мәселесі. Кеңес Одағы дәуірінде жұмыс істеген Қазақстан мектептерінде психологиялық қызмет атқару штаты болған жоқ. Тек тәуелсіз жас Қазақстан болған соңғы жылдары ғана психологиялық мәселелерге жан-жақты ғылыми талдау жасалынып, тәжірибе жүзінде қызмет көрсету шаралары жүргізілуде. Мұндай процестер оқушылардың өзіне деген сенімділігінің артуына көмектеседі.
Жұмыс қорытындысында ескеретін жайт – білм алушылардың өзіндік бағасын дамыту-тәрбиелеу олардың жеке басының, психологиялық сапаларының қалыптасып жатқанын білдіреді. Ол үшін алдымен жалпы оқытып – тәрбиелеу жұмысының жоғары мәдениеттілігі қажет. Оның құрамына оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы, оқытуда белсенді әдістердің қолданылуы, оқушыларда жауапкершілік сезімінің қалыптасуы, өзінің іс — әрекетіне баға беру, есеп бере білу, сабаққа саналы қатынасы, білімнің қажеттілігін түсіну, білім алуының еркін тәрбиелеу және еңбекті жүйелі жоспарлауға дағдылану жатады. Мұның барлығы мектептің алдында тұрған міндеттерді шешумен тығыз байланысты – балаларға тек білім беріп қана қоймай, оларды оқуға, жұмыс істеуге үйрету қажет.
Қоғамда адамға деген қатынасты білдіретін өзінідік баға мінездің бір қыры ретінде жоғары бағаланады. Тұлғаның өзіндік бағалау сапасын жетілдіруде, дұрыс ұйымдастыруда, қалыптастыруда мұғалімнің, ата-анасы мен психологтың жеке басының үлгі -өнегесінің де маңызы зор екенін ескерілсе, онда оқушылардың өзіндік балау ерекшелігін білу әрбір мұғалім- тәрбиеші үшін міндетті. Тақырыпты ашу барысында белгілі зерттеушілердің И.В.Дубровина, Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, Г. У. Оллпорт, Л.С.Выготский, А.А.Бодалев, С.М.Жақыпов еңбектеріне сүйеніп ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды.
Психодиагностикалық нәтиже көрсеткіштеріне қарай түзету жаттығуларын қарастырдық. Тұлғаның өзін — өзі бағалауын жетілдіру мақсат ете отырып түзетуді психокоррекциялық жаттығулар ( психотренинг, арт, қарым-қатынас тренингі) жүргізу арқылы ұйымдастырдық.
Қалыпқа келтіру экспериментке 12 білім алушы қатысты. Іріктелінген әдістемелер, психологиялық тренингтік жаттығулар, ойындар жас өспірімдердің күнделікті іс — әрекет жағадайында негізгі сабақты бекіту мен жаңа тақырыпты қабылдау, сергіту, қорытындылау мақсатында және оқу процесімен, тәрбие сағаттарында сабақтаса жүрді. Ата-аналар, мұғалімдер, балалар үшін жүргізілген тәжірибе оң нәтиже берді. Колледж білім алушыларымен жүргізілген түзету жұмыстарында біз төмендегі ұстанымдарды мақсат еттік:
- өзін өз бақылау ,
- өзіндік сананы көтеру,
- жеке табиғатының жүйесін түсіну,
- өз отбасы мен құрбы құрдастарымен қарым-қатынас жүйесін жақсарту,
- өзіндегі болып жатқан өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасау,
- әр бір іс — әрекетіне ерекше көңіл бөлу,
Бақылау экспериментінде «Өзіндік баға» әдістемесі жалпы сыныпқа қайта жүргізіліп, өзгерістері өңделді. Нәтижесінде сыналушы топ дамыту жұмыстарының әсерін бақылай алдық және жас өсіпірмдердің өзіне деген қатынасының кеңейіп, жоғарылай түскенін байқадық.
Қорытындылай келе, өзіндік бағалаудың адам өмірінде алатын орнын, әр түрлі жас шамасындағы өзін — өзі бағалаудың маңыздылығы, соның ішінде жас өсіпірмдердің іс-әрекет нәтижесінің артып, тиімділігінің маңызды екені зерттелді.
Жұмыстың соңында біз ата-аналар, мұғалімдер мен тәрбиешілерге жас
өспірімдердің өзіндік бағасының деңгейін үздіксіз жоғарлатып отыруда қандай қасиеттерін есепке алу мақсатында төмендегі нұсқаларды ұсындық:
- білім, ептілік дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру;
- өзін өзі жетілдіруге бағыт беру және т.б.
- тиімді қарым-қатынасқа машықтау (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);
- эмпатиялық дамыту, сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;
- тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;
- өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру;
- өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі бағалаудағы тепе-теңдікті, өз күшіне сенуді қалыптастыру;
- тұлғаның өзін-өзі бекітуіне жағымды жағдай туғызу;
- ашықтық сезімді, адамдарға деген сенімді дамыту;
- өзіне деген жағыды қатынасқа машықтану.
- өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту
- өзін-өзі және басқаларды толық тану
- жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР