АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Парақорлық қылмыстарын саралау

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Парақорлық қылмыстарын саралау

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….3

 

  1. ПАРАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОБЪЕКТІСІ МЕН ЗАТЫ ……………..……………………………8

 

  1. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ…………………………16

 

III. ПАРА АЛУДЫҢ СУБЪЕКТІСІНІҢ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІК   ЖАҒЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ   СИПАТТАМАСЫ…………40

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….…….49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ…………………………..…..50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.  Мемлекеттік билік органдарында парақорлық проблемаларын ғылыми түрде зерттеу міндеттері қашанда өзекті, келелі мәселе болып қала бермек. Зерттеудегі негізгі мәселелердің бірі парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік алғы шарты, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық құрамымен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету болып табылады.  Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнін терең ашу үшін парақорлыққа жуаптылықты белгілеген заңдар тарихының даму кезеңдерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді. Зерттеуде парақорлықтың жекелеген түрлері: пара алу, пара беру және парақорлыққа делдалдықтың объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасалумен бірге парақорлықтың ұқсас қылмыстардан өзгешелігі, парақорлықтың басқа қылмыстармен жиынтығы, парақорлыққа қатысудың ерекшеліктері, пара берушіні қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары, парақорлық қылмыстарының саралаушылық белгілеріне теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қазіргі қолданылып жүрген заңдардың парақорлыққа арналған нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының мақсаты. Казіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған парақорлыққа қарсы қылмыстық заңдарының негізінде сол қылмысқы қарсы тұра алатын ғылыми негізделген жаңа құқықытық құрал жасақтаудың қажеттілігіменанықталады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің нарық экономикасына өту кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің өте күрделі мәселе екенін айта келе: “ заңның үстемдігін белгілеуге және заңды орындйтын азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек”- деген.[9Б.127]

Жұмыстың міндеті.Парақорлық – сыбайлас жемқорлықтың қауіпті бір түрі болып табылады. Қылмыстың бұл түрі мемлекеттік қызметтің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтікөкілеттігін өзі немесе басқа адамдарға немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немемсе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз.

Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық мәні өте зор. Демек, объектіні анықтау қылмыстың мәнін анықтауға қылмыстық-құқықтық нормалардың жұмыс істеу шекарасын табуға, әрекетті дұрыс сипаттауға көмегін тигізеді, сонымен қатар оларды ұқсас құрамдардан ажырартуға көмектеседі. Қылмыс объектісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің жүйелерін құрастыру негізiне алынған.

Осыған орай, қылмыстық құқық ғылымында объект мәселесі әрдайым көңілден тыс қалған емес. Бірақ осыған қарамастан көптеген мәселелер бойынша қарама-қайшы қорытындылар мен ұғымдар бар. Біз қылмыс объектісінің күрделі теориялық мәселесіне тереңдеуді, мұның бізге белгілі бір қиындық келтіретінін ескере отырып, және соған байланысты жеке зерттеу тақырыбы болуы мүмкіндігін ескере отырып олай жасамай отырмыз. Біріншіден, қылмыс объектісінің кейбір мәселелері бойынша өзіміздің көзқарасымызды белгілеп алумыз өте маңызды болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ПАРАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОБЪЕКТІСІ МЕН ЗАТЫ

 

Парақорлық – сыбайлас жемқорлықтың қауіпті бір түрі болып табылады. Қылмыстың бұл түрі мемлекеттік қызметтің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтікөкілеттігін өзі немесе басқа адамдарға немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немемсе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз.[8Б.172]

Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық мәні өте зор. Демек, объектіні анықтау қылмыстың мәнін анықтауға қылмыстық-құқықтық нормалардың жұмыс істеу шекарасын табуға, әрекетті дұрыс сипаттауға көмегін тигізеді, сонымен қатар оларды ұқсас құрамдардан ажырартуға көмектеседі. Қылмыс объектісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің жүйелерін құрастыру негізiне алынған.

Осыған орай, қылмыстық құқық ғылымында объект мәселесі әрдайым көңілден тыс қалған емес. Бірақ осыған қарамастан көптеген мәселелер бойынша қарама-қайшы қорытындылар мен ұғымдар бар. Біз қылмыс объектісінің күрделі теориялық мәселесіне тереңдеуді, мұның бізге белгілі бір қиындық келтіретінін ескере отырып, және соған байланысты жеке зерттеу тақырыбы болуы мүмкіндігін ескере отырып олай жасамай отырмыз. Біріншіден, қылмыс объектісінің кейбір мәселелері бойынша өзіміздің көзқарасымызды белгілеп алумыз өте маңызды болып табылады.

  1. Кеңестік одан кейін Қазақстан қылмыстық құқық теориясы өзінің өмір сүрген кезінен бастап қылмыс объектісі әрқашан да белгілі бір қоғамдық қатнастар болып табылады деген ұғымды ұстанып келді Көптеген авторлар қылмыс объектісі жайлы осындай ұғымның принципиальды маңыздылығының астын сызып, олардың кез келген қылмыстық қол сұғудың әлеуметтік мәнімен қоғамдық қауіптілігін дұрыс түсінуі үшін ерекшелігін атап көрсетеді.

 Бұның маңызы өте зор, себебі қазіргі кезде қылмыс объектісінің басқа анықтамасын беруге тырысушылық орын алып отыр. Атап айтқанда, Г.П.Новоселов қылмыс объектісі деп бір немесе көп адамға қарсы жасалған қылмыс деп түсіндіреді. В.В.Наумов кейбір жағдайларда қоғамдық қатынас қылмыс объект теориясы ретінде жұмыс істемейді. Бірақ бұл мәселе жөнінде біз пікір талас жасамай қылмыс объектісі анықтамасын қоғамдық қатнас ретінде қараған жалпы қабыдданған көзқарасқа қосыламыз.

2.Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісін үш сатылы жүйелеу кең таралды. Қылмыстық құқық теориясында  қылмыс объектісін 4 сатылы жүйелеуге көшуге бірнеше рет ұсыныс жасалды.  Сонымен қатар қылмыс объектісін 3 сатылы жүйелеу ерекше бөлімі тек тарауларға бөлінетін қылмыс кодекстерінің құрылымына сәйкес келді.

Үш деңгейлеп бөлу – Ерекше бөлім – Ерекше бөлім тарауы -қылмыс құрамы-қорғау объектісінің үш деңгейлігі: жалпы объект, топтық объект – тікелей объект» деуге сәйкес келеді. Бірақ Ресей Федерациясының ҚК 1997 жылғы жаңа құрылымы Ерекше бөлімде тек тарауларға ғана емес, сонымен қатар бөлімдерге  бөлінумен төрт сатылы жүйеге, оның барысында түрлі объекті бөлініп, ол топтық объектіге бөлім ретінде толығымен немесе басқаша айтқанда , топтық түрі ретінде бөлінетін төрт сатылы жүйеге өтуге мүмкіндік берді. Бұл жағдайда топтық объект болып қылмыс қол сұғатын қоғамдық қатынастар болып табылады, ал оларды жасағаны үшін жауапкершілік туралы нормалар бір бөлімде келтірілген. Осыған сәйкес бөлімдерді тарауларға бөлу негізінде түрлі объект алынған». Қ Р Қылмыстық Кодексінде Ерекше бөлім тек тарауға бөлінген. Осыған орай ҚР Қылмыстық заңы бойынша      топтық, тікелей  объект түрлері ғана болады. Біздің кодекс бойынша түрлік объект жоқ. Қылмыс объектісінің осы жүйесін біз келешектегі зерттеуде негізге аламыз.

Ғалымдардың өткен жылдардағы еңбектерінде  парақорлық объектісіне толық мінездеме берілген еді. Осы кезде қылмыс объектісі мазмұнын ашудағы өте біркелкі емес пайымдаулар көңіл аудартады: »идеалды қоғамды игілік», »қызметкерлердің қызметтік борышын, міндетін бұзуы», »өз қызметтік борышын орындауды бұзу», »Кеңестік мемлекеттік аппарат» оның »бөлінбейтін саласы» және  тағы басқалар.

Қылмыстық-құқықтық әдебиетте бұл көзқарастарға толық талдау жасалғанын және олар әділ түрде сыналып отырғанын ескерте отырып, бұл мәселе бойынша тек өз пікірімізді білдіруді дұрыс деп санаймыз.

  Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық кодекс құрылымы бойынша парақорлықтың  топтың объектісіне мемлекеттік биліктің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жиынтығы деген анықтама беруге болады. Қазақстан Республикасы бұрынғы Қылмыстық кодексінің 13-ші бөлімінен шығатын бұл анықтама, біздің пікіріміз бойынша толық емес, себебі онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты қызметі қамтылмаған.

Бұл жерде мәселе мемлекеттік билік пен жергілікті өзін басқару органдарының арақатынасы жайлы, нақты айтқанда – жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық табиғатын анықтауда болып отыр.

Заң әдебиетінде жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің бір бөлігі болып табылады деген көзқарас бірте-бірте  бекіп келеді. Атап айтқанда М.В. Баглай бұл көзқарасты жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттен шығады, себебі олар конституциямен заңға сәйкес жұмыс істейді деп негіздейді. Бұл егеменді билік емес және ол оның шегінен шығып кете алмайды. Әрбір азамат жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға қатысады, бірақ бұл азамат бүкіл Қазақстанның конституциялық құқығының субъектісі болып табылады, ол оның субъектілерінің мемлекеттік билік органдарын құруға, бүкіл халықтық сайлауларға қатысады. Сондықтан да, М.В.Баглайдың пікірі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің дербес бөлігі болып табылады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару органы мемлекеттік биліктің бір бөлігі бола отырып, ол сонымен бірге халықтық биліктің өзінше жеке нысаны болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастар топтық объектінің бір бөлігі болғандықтан, бұл қылмыстардың түрлік объектісі көлемі бойынша топтық бөлшегі ретінде қарастырылады.

Осылайша, қарастырылып отырған қылмыстардың топтық объектісі болып  мемлекетік  аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

1997 жылғы Қазақстан Республикасында Қылмыстық кодексін қабылдаудан бұрын лауазымдық қылмыстардың топтық объектілері болып, сонымен бірге қоғамдық аппаратының дұрыс жұмысы да есептелінетін еді. Қазіргі қолданыстағы қылмыстың заң бойынша қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, сонымен коммерциялық ұйымдардың заңды, қалыпты қызметі коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс объектісі болып табылады.

Парақорлықтың топтық объектісі болып, мемлекеттік аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастар болып табылады.

Осыған байланысты мемлекеттік аппаратпен жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымын анықтау ерекше теориялық және практикалық маңызға ие болады. Бұл біріншіден мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздеріне жүктелген функцияларын орындау бойынша қызметінің шегі мен көлемін анықтауға мүмкіндік беретіндігінен мағызды болып табылады, себебі қылмыстық реформа мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық қатынастарға ықпал ету механизмін өзгертіп және оның шегін қысқартып, жеке меншіктің және еркін сауда үшін жағдай жасады. Мемлекеттік аппарат және өзін-өзі басқару аппараты анықтамаларын белгілеу аппарат қызметкерлерінің, лауазым иелерінің, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің практикалық қызметінің саласын айқын анықтап алуға да мүмкіндік береді. Бұл қызметтік міндетті бұзғаны үшін аталған адамдардың жауапкершілігінің шегі жайлы мәселені шешкенде маңызды роль атқарады. Ғылыми және оқу әдебиеттерінде мемлекеттік аппарат деген ұғымға әр түрлі анықтама беріледі. Екі түрлі көзқарас бар. Бірінші жағдайда »мемлекеттік аппарат» деген термин көмегі арқылы мемлекеттік билік жүзеге асырылып, негізгі функциялар орындалып, мемлекет алдында оның әр түрлі даму кезеңінде алдағы тұрған мақсаттары мен міндеттеріне жетуге арналған органдар жүйесі деп тар мағынада түсіндіріледі. Ал екіншісі кең мағынада. Соңғы жағдайда мемлекеттік апппарат ұғымы мемлекет механизмі ұғымымен теңестіріледі және ол мемлекет атынан іске асырушы мекемелер мен қызметкерлер органдары жүйесі ретінде анықталады .

Біздің пікіріміз бойынша, соңғы көзқарас дұрыс сияқты. Парақорлықтың топтық объектісін анықтау барысында біз мемлекеттік аппаратты кең мағынада түсінуді басшылыққа аламыз. Осылайша мемлекеттік аппаратта: а) мемлекеттік билік органдары; б) мемлекеттік мекемелер; в) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлері мен әскери бөлімшелері бар.

Жергілікті өзін-өзі басқару аппарпаты ұғымы да дәл осылайша анықталады. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымына Қазақстан Республикасы Қарулы күштері кіргізілмеген және басқа да әскерлер әскери бөлімшелер кіргізілмегендігі ерекшелік болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында парақорлықтың тікелей объектісіне  әр түрлі сипаттамалар берілді. Кейбір авторлар мұнда топтық және тікелей объектілері өзара сәйкес келеді деп ойлайды. Бірақ көптеген авторлар бұл қылмыстың топтық және тікелей объектілерін бөлшектеп дұрыс анықтайды. Бұл объектінің жалпы қабылданған сипаттамасына және олардың ара қатынасына сәйкес келеді. Тікелей объект әрқашанда топтық объектінің тек бір бөлігін құрайтын қоғамдық қатынас болады. Тікелей объектінің мазмұнын анықтау барысында – деп көрсетеді Б.В.Здравомыслов- әрбір жеке қылмыс белгілі бір нақты қоғамдық қатынасқа қол сұғады және оны әрбір нақты жағдайда анықтауға мұмкіндік туады. [6Б.189]

Осы көзқарас бойынша парақорлыққа делдалдықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік апараттың немесе жергілікті өзін-өзі басқару аппараттарының мемлекеттік  органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қарулы күштердегі басқару аппараттарының Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлер мен әскери бөлімшелердің жеке бөлімдерінің бір қалыпты заңды қызметінің мазмұнын құрайтын осындай нақты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Парақорлықтың заты. »Пара» белгісі мазмұнын анықтамас бұрын, ең біріншіден, пара тұсінігін парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерімен айналысып жұрген ғалымдармен немесе қылмыс объектісі жайлы жалпы зерттеулер жүргізушілер арасындағы түсінік бірдей емес екенін есте ұстау керек. Кейбіреулер параны қылмыс заты, ал басқалары қылмыс құралы деп есептейді.  Ғалымдардың көпшілігі »пара заты» жайлы айтады, шын мәнінде, оны қылмыс заты ретінде түсінеді. Пара табиғатын екі түрлі түсіну де орын алып отыр: пара беруші үшін материалдық байлық мақсатқа жету құралы болып табылса, ал пара алушыға – пара заты болып табылады .

Біз бұл мәселені жан-жақты талдауды алдымызға мақсат етіп қоймаймыз, себебі біздің пікіріміз бойынша бұл дау біз үшін принципті емес және мұның практикалық мәні жоқ. Осы мәселе бойынша тек өз көзқарастарымызды білдіреміз. Паралық заңдық табиғатына қатысты қарама-қайшы көзқарас, біздің ойымызша, қылмысты әртүрлі түсіну нәтижесі, сонымен қатар »қылмыс заты» деген ұғымымен »пара заты» деген терминнің сәйкес келуінен туындайтын болып табылады.

Егер қылмыс заты деп тікелей қылмыстық ықпал жасалатын және ең бірінші кезекте зиян шегетін заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас элементтерін түсінетін болсақ, онда пара даусыз түрде қылмыс заты болып табылмайды, себебі ол қоғамдық қатынастар құрамына кірмейтіндіктен қылмыс объектісінің материалдық көрінісі болып таныла алмайды.

Бұл мәселені дұрыс шешуге қылмыс заты мен объектісі жайлы қолданыстағы теориялық зерттеулер негізге алынуы тиіс. Қылмыс затымен объектісінің мәні және олардың ара қатынасын біздің ойымызша, толық және дәйекті түрде В.Я.Таций зерттеген. Ол негізделген түрде заттың үш түрлі сипатын бөледі: қорғалатын қоғамдық қатынас заты, қылмыс заты және қылмыстық ықпал заты. Бұл кезде, қылмыс заты деп автор белгілі бір қасиеті бар материалдық дүниенің кез келген затын түсінеді, ал ол заттарды қылмыстық заң адамның нақты қылмыс құрамындағы әрекеттерімен байланыстырады.

Осы позицияға қарап, параны қылмыс затына қосуға болады. »Пара» объектінің өмір сүруінің индексаторы болып табылады, себебі бұл жағдайда қоғамдық қатынас лауазым иесін паралап сатып алу жолымен бұзылады, яғни пара алу жолымен бұзылады. Тек параға байланысты,кінәлі өзінің қызметтік өкілеттілігін пара беруші ұшін жұмсайды.

»Пара заты’  терминініне келетін болсақ, оның қолданылуы онша дұрыс емес. Егер біз параны қылмыс заты ретінде қарайтын болсақ, ал қылмыс заңда пара алу ретінде аталады. Осы кезде оны пара алу мәселесі немесе »парақорлық мәселесі»  деген терминді қолдану логикалық тұрғыдан  дүрыс болған болар еді. »Пара тәсілі» деген терминді тек қана , егер »пара» сөзі арқылы тек белгілі материалдық игіліктерді ғана емес, ол сонымен қатар лауазым иесіне оның қызмет бабы бойынша жасаған қандай да бір әрекеті үшін берілетін материалдық игіліктерді тұсінген жағдайда қолдануға болады. И.Я.Козаченконың »пара» термині бір адамның екінші бір адамға не бергеніне бағдарланбайды, ал ол не үшін беріледі және ол қалай орындалады дегенге бағдарланған деген пікірі дұрыс.

Парақорлық заты мазмұнының теориялық және практикалық маңызы зор. Қылмыстық заңда ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлікке құқығы, мүлік сипатындағы пара алуы жайлы айтылған. Осылайша, заңда бұл қылмыстың заты біршама нақтыланған. Мұның, бұрынғы қолданыстағы қылмыстық заңнан айырмашылығы,парақорлық затының мүліктік сипатының асты айқын сызылып көрсетілгендігінде. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі  қылмыстық құқық теориясымен сот практикасындағы параны мүліктік сипаттағы пайда түрінде көрінеді дейтін позицияны ұстанды. Бұл жағдайда тек ақша, бағалы заттар, құнды қағаздар және материалдық байлықтарды түсінбеу керек, сонымен қатар материалдық сипаттағы қызмет пен құқықтарда түсінілуі тиіс. Мұнда, лауазым иесінің алған заттары, ең соңында өзінің мүліктік сипатын жоймауының маңызы зор. Мұнымен қатар пара заты болып мүліктік емес сипаттағы игіліктер танылуы мүмкін дейтін тағы бір көзқарас бар. Ең бастысы пара алушының көзіне бұл заттардың құнды болып көрінуі керек және сол үшін де сол өзінің қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануға дайын болуы керек.

 1884 жылы өзінің »Паралап сатып алу жайлы» атты еңбегінде неміс ғалымы А.Фейербах пара затына »жалпы сезімді қанағаттандыруға және өз пайдасына қызмет ететін, ерекше атап айтатын болсақ, орден берем деп уәде беру, қызметі үшін төлем ретінде сұраушының өз денесін беруі сияқтылардың бәрі жатуы мүмкін» — деп пікір айтқан болатын. Осындай пікірлер бұрынырақ кеңес ғалымдары арасында айтылған.

Қазіргі ғалымдардың арасында параны кең мағынада түсінуде  А.К. Квициния дәйекті көзқарас ұстанды. Оның пікірі бойынша »пара заты лауазым иесін паралап сатып алуға болатын және оған кез келген қызмет, байлық (олардың материалдық немесе материалдық емес қасиетіне қарамастан) беру арқылы ықпал етуге жататын тәсілдердің бәрі де жатады». Соңғы көрсетілгенге қызметте өсу, наградаға ұсыну, жақсы рецензия, мақала немесе монография жазу, авторлыққа қосу және т.б. жатады. А.К.Квициния пікіріне сәйкес, қылмыстық әрекет түрлерінің кейбіреуінің қоғамдық қауіптілігі бағасын едәуір төмендетіп және шын мәнінде парақорлық болып табылатын көптеген әрекеттерді қылмыстық жауапкершілік шегінен тыс қалдырады.

Парақорлық затын осылайша кең түсінуді ең басында көптеген ғалымдар, сот практикасы, ал қазіргі кезде қылмыстық заң қабылдамай тастады. Принципиалдық тұрғыдан алғанда бұл қолдауға тұрады, себебі бұл мәселенің басқаша шешімі қылмыстық құқықтық процессуалдық және криминологиялық сипаттағы көптеген шешімі қиын мәселелерді тудыруы мүмкін еді. Осылайша, көптеген мамандар және сот практикасы, дәйекті түрде, парақорлықтың затының мүліктік сипатын тар мағынада түсінуді ұстануда. Бірақ, кейбір ғалымдар мүліктік пайда ұғымының өзіне де кең мағына береді. Атап айтсақ, параны кінәлінің алған пайдасы деп түсіну қажет, егер олар ең соңында мүліктік сипатқа ие болады деген пікір қалыптасты. Осыған байланысты негізсіз пәтер алу, мемлекеттік саяжай алу, лауазым иесіне пайдалы жұмыс беру, жалған диплом немесе жалған еңбек кітапшасын беру және тағы басқаларды жекелеген жағдайларда пара заты ретінде қарау практикасы мақұлданып және дұрыс деп танылды.

Осындай позиция әдебиетте негізделген қарсылық тудырады. Берілген пара түсінігінің анықтамасында нақтылық жетіспейді. Пара, егер ол ақша немесе зат түрінде болса, оның нақты мүліктік пайдасы болу керек, яғни материалдық түрінде болу керек. Лауазым иесі соңғы жағынан алатын мүліктік сипаттағы пайда мұндай нақтылыққа ие болмайды. Парақорлық үшін  келтіретін мысалдар бұған байыпты қарсылық тудырады. Кезексіз пәтер алу, саяжай алу пара болып танылуы мүмкін емес себебі, бұлардың ешқайсысын нақты материалдық зат түріндегі пайдаға келтіруге болмайды. Кейбір авторлар параның осындай кең мағынадағы түсінігін сынай отырып, бұл жағдайда пара алумен лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану арасындағы айырмашылық жойылып кетеді деп негіздеп көрсетті. Лауазым иесінің лауазымдық өкілеттілігін пайдалана отырып көретін пайдасының көпшілігі лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану сипатына қатысты болады.

Сонымен қатар пайдалы жұмысқа орналасуды парақорлық ретiнде қарауда әдебиетте негізделген қарсылық тудырып отыр. Біріншiден, мұндай жағдайдың шындыққа жанаспауы салдарынан мұнда бір адам пайдалы жұмыс беретін екінші бір адамның мүддесі үшін өзінің қызметтік дәрежесін пайдалануы керек. Екіншіден, егер пайдалы жұмыс деп ақша көп төленетін қызметті түсінетін болсақ, онда тұлғаның мамандығы мен қызметі арасындағы сәйкестікті практикалық жағынан анықтау мүмкін емес., демек пара затын да анықтау мүмкін емес.  Егер адам үшін беріліп жатқан беделді немесе пайдалы қызмет жайлы сөз болса және ол өкілеттікті асыра пайдалану арқасында жүзеге асырылса, мұнда да пара заты жоқ.

Нәсіпқұмарлық қызметті пара заты ретінде тану жайлы мәселе қылмыстық құқық теориясында көптеп қойылып келді. А.Приградов — Кудриннің пікірі бойынша, егер лауазым иесі әйел мүддесі үшін онымен жыныстық қатынас жасау мақсатында кез келген бір әрекет жасаса, (немесе жасалмаса), онда бұл әрекет пара беру-алу деп қаралуы тиіс, себебі жыныстық қатынас пара ретінде көрсетілген жағдайда, онда материалдық құндылық пайда болуы мүмкін.

Мұндай көзқарасты көптеген ғалымдар мен сот практикасы теріске шығарды. Бірақ, қазіргі жағдайда бұл мәселені осылай шешу дұрыс бола ма? Мұның дұрыс шешім болуы үшін нәсіпқұмарлық қызметті мүліктік пайда ретінде қаралу немесе қаралмауына байланысты.

Ақылы жыныстық қатынас (жезөкшелік) қызмет көрсетудің бар екені ешкімде де күдік тудырмаса керек. Бұл жанама түрде әкімшілік заңында жезөкшелікпен айналысуға тиым салудан көрінеді. Сондықтан да, егер жыныстық қатынас қызметіне ақы төленген болса, онда олардың материалдық сипаттағы қызмет болатыны даусыз. Егер осындай қызметті лауазым иесі оның бағасын біле тұрып қабылдаса, онда оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодекс 311 бабы бойынша сараланады. Ал делдалдың әрекеті Қылмыстық кодекс 313 бабымен бағаланады. Мұнда қызметтің бағасы оған төленген ақша төлемі болып табылады. [9Б.82] Егер жезөкшелікпен үнемі айналысып жүрген адам қызмет бабында өсу мақсатында  лауазым иесімен тегін жыныстық қатынасқа түскен жағдайда, бұл мәселе алдыңғыдай шешілуі  тиіс деп есептейтін авторлардың пікірлерімен келісуге болады.

Біздің пікіріміз бойынша, бұл жерде параның көлемі жайлы немесе нақты айтқанда, оның ақшалай көрінісі жайлы мәселе де маңызды болып табылады. Бұрынырақта әдебиетте параның қылмыстық жазалауға тартуға негіз болатын төменгі көлемін белгілеу жайлы бірнеше ұсыныстар түсті. Негізінен, мұнда бір төменгі еңбек ақы жайлы айтылды. Бірақ, 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде параның осындай төменгі мөлшері қарастырылмады, әрине, мұны қолдауға тұрады. Парақорлықтың қауіптілігі параның көлемінде емес, ал оны лауазым иесінің өз қызмет дәрежесін пайдаланғаны үшін алғанында. Мұндай жағдайда, пара көлеміне байланыссыз қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне қол сұғу орын алады.

Сонымен қатар, заңсыз сыйлық көлемінен толық ауытқуға болмайды. Пара алу пайдакүнемдік көздейтін лауазымдық қылмыс екенін есепке ала отырып, лауазым иесінің 100-200 теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталуын негізді деп тануға  болмайды. Бірақ, параның өте аз мөлшерін істің басқада жағдайлармен қатар есепке алу қажет. А.А.Аслахановпен принципінде заңның жалпы ережелеріне сәйкес әрекетітің белгілері формальды болып, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мекемеге зиян келтірген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Әдетте »заң жүзінде ауыр қылмысқа жатқызылатын әрекет, негізінен оның барлық объективтік-субъективтік белгілерінің дәрежесінің жиынтығына бағынышты болады». Бірақта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабының ескертуінде  сыйлықтың құны 2 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, лауазымды адамның бірінші рет сыйлық ретінде пара затын алуы, егер бұл жөнінде алдын-ала уағдаластық болмаған жағдайда, маңызы аз екендігіне байланысты қылмыс болып табылмайды, мұндай іс-әрекет тәртіптік ретпен қудаланады. [9Б.169]

Формальды түрде пара алу белгісіне жататын маңызы аз әрекетті анықтаудың өз ерекшеліктері бар. Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі бәрінен бұрын мемлекеттік қызмет мүдделеріне зиян келтіру болып табылады, ал бұл әрекеттің маңызының аздығы ең біріншіден, қандай маңызы бар мүддеге зиян келді немесе зиян келтіру қаупі туды деген мәселелерді ескере отырып анықталады. Осылайша, кінәлінің әрекетінің маңызы аздығын анықтау барысында параның көлемі ғана емес, ол лауазым иесінің жасаған әрекетінің барлық жағдайларының жиынтығы арқылы есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. II. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ

 

Пара алудың объективтік жағының мазмұнын анықтаудың теориялық және практикалық маңызы зор. Атап айтқанда бұл келесі жағдайда көрінеді:

а) қылмыстың объективтік жағы осы қылмыс пен оның белгілері ұғымын анықтау үшін қызмет етеді;

б) объективтік жақ қарастырылып отырылған қылмыстың ерекшелігін береді және оны басқада ұқсас қылмыстардан ажырату белгілерін айқындайды;

в) көптеген жағдайларда қарастырылып отырылған қылмыс тәртіптік құқық бұзушылықтан объективтік жағының белгісі бойынша ерекшеленеді;

г) кейбір жағдайларда объективтік жақ іс-әрекетті саралауға ықпал етеді және сонымен қатар іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі дәрежесін бағалауға да ықпал етеді.

Объективтік жағы қылмыстың сырт жағын сипаттайтын белгілерін құрайды. »Қылмыстық объективті жағы дегеніміз сырт жағынан уақиға мен құбылыстардың даму дәйектілігі тұрғысынан қаралатын заңмен қорғалған мүддеге қоғамдық қауіпті және заңсыз қол сұғу процесі болып табылады және бұл субъектінің қылмыстық әрекетінен басталып, қылмыстық нәтижеге жетумен аяқталады». Демек, қылмыстың объективтік жағы келесі белгілерді қамтиды: іс-әрекет, қылмыстық салдар және қылмыс пен салдар  арасындағы себепті байланыс. Парақорлық құрамының объективті жағының міндетті белгісі оның қоғамдық қауіпті іс-әрекетiнiң болуы.

Осыған орай, зерттеліп отырылған қылмыстың, қылмыстық заң берген қоғамдық қауіпті іс-әрекет ерекшелігін анықтау қажеттілігі туады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабында мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, егер мұндай іс-әрекет мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берсе пара алу болады делінген. [10Б.82]

Пара алудың заңдық құрамы бұрынғы заңдарға қарағанда едәуір жетілген, бірақта оның кейбір мәселелері қылмыстық құқық теориясында, сот тәжірибесінде әлі күнге даулы болып табылады. Пара алу құрамынан объективтік жағынан бірнеше белгілерi бір жүйеге келтірілген онша дау туғызбайды, соның бірі –параны адамның осы   делдал арқылы алу. Соның бірі парақор адамның  өзі неемсе делдал арқылы алу. Бұл екі жағдайда да “іс-әрекетте қылмыс құрамы орын алады. Сондай-ақ пара субъектісі болатын адамның пара үшін жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі деген ұғымда онша даулы емес, сот тәжірибелерінде бұл мәселеде көп қиындығы жоқ, яғни әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғым лауазымды адамның пара алуға байланысты белсенді немесе енжарлық қимылын бейнелейтінін түсінеміз. Параны алудың  ашық немесе көмескі түрлерді  де онша қиындық туғызбайды. Параны ашық алу деген бір қолдан екінші қолға пара затын тікелей өткізу, ал параның көмескі түріне сырттай қарағанда заңды болып көрінетін, бірақ пара алу субъектісінің көрсетілген қызметі үшін істеліп отырылған заңсыз іс-әрекеттер    (мысалы, картадан өтірік ұтылу, жақсы демалыс ұйымдастыру, қайтарымсыз қарыз   беру және т.б.)

Заңның лауазымды мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның параны »пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті » ережесі де онша дау туғызбайды. Мұндай пара берушінің тікелей өз мүддесі, туыстары, таныстықтарын мүддесі сондай-ақ заңды тұлғалардың мүддесі туралы сөз болып отыр.

Пара алудың объективтік жағынан басқа белгілері туралы теорияда да, сот тәжірибесінде де біркелкі түсінік жоқ. Оның бәрі пара үшін жасалатын іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің мәні мен мазмұнына байланысты болып отыр.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 1 бөлігінің диспозициясында көрсетілгендей  мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адам немесе соған теңестірілген адам (пара алу субъектісі) параны өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып    төмендегі жағдайларға байланысты алады:

а) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінің қызметтік  өкілдігіне кіретін іс-ірекеттерді жасау;

б) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінен қызметтік өкілеттігіне кірмейтін іс-әрекеттерді өзінің  лауазымдық жағдайын пайдалана отырып жүзеге асыру;

в)жалпы қамқоршылығы мен қызметі бойынша  жол беру.

Қылмыстық құқық теориясында ұзақ жылдар бойы »қызметтік жағдай пайдалану» деген түсінік жөнінде әртүрлі көзқарастар болғаны анық. Бұл заңдылық белгі туралы екі түрлі көзқарас болды. Оның біріншісі бұл түсінікке кең мағына беру, екіншісi тар мағынада түсіну туралы болды. Бірінші түсінікке сәйкес қызметтік жағдайын пайдалану деп мемлекеттік қызметкердің немесе оған тексерілген адамның өзінің қызметтік өкілдігі шеңберінде, өзіне берілген құқық, жүктелген міндет аясында, оның шегінен шықпай іс-әрекет жасауды білдіреді. Көптеген криминалист ғалымдар бұл мәселеде басқа да көзқарасты білдірді. Бұлардың пікіріне қызметтік жағдайын пайлануда қызметтік өкілдік  шеңбері көлемінде емес, кеңмағынада түсінуді ұсынады. Яғни қызметтік өкілдікті пайдалану деп тұлғаның қызметтік құқы мен міндеттерінен тыс, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өз беделін, мүмкіндіктерiн, байланыстарын пайдалануды  да жатқызады. Мұндай тұжырым СССР Жоғарғы Сотының 1962, 1977, 1990 жылдардағы парақорлықпен күрес жөніндегі сот практикасы үш түрлі қаулысында да қуатталған болатын.                                                                                                                                              

1990 жылы СССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында егер »адам өзінің қызметтік жағдайына байланысты пара берушінің мүддесіне пайдлы іс-әрекеттерді, өз қызұретіне жатпаса да, басқа адамдар арқылы жүзеге асыруын пара алу деп тану керек деп анық айтылды. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 13-тарауында да »Қызметтік жағдайын пайдалану» деген ұғымды кең мағында пайдалану негізгі заңдылық ттұрғыда берілген. Осы тарауда заң шығарушы екі түрлі түсінікті қолданады »Қызметтік өкілетті пайдалану», »Қызметтік жағдайын пайдалану». Осы екі терминдік  атаудың мазмұны бірдей еместігі өзінен-өзі көрініп тұр емес пе. Қызметтік өкілеттікті пайдалану деп заң шығарушы өз қызмет шеңбері шегінде іс-әрекетті жүзеге асыруды айтса, қазіргі қолданылып жүрген ҚР Қызметтік Кодексіне »Қызметтік жағдайын пайдалану» деген түсінікке кең мағына берді. Ол дегеніміз: а) қызметтік өкілеттік шеңберіне кіретін іс-әрекеттерді жасау немесе жасамау; б) қызметтік жағдайына байланысты іс-әрекеттерді жасауға немесе жасамауға мүмкіндік жасау. Міне осы жерде тағы да бір проблемалық мәселе туындайды. Бұл жерде қызметтік жағдайына байланысты іс-әрекетті жасауға немесе жасамауға мүмкіндік дегенді қалай түсінуге болады және оның шегі, шекарасы қалай болады деген сұраққа жауап іздеген жөн. Қылмыстық заңда (ҚР ҚК-ның 311 бабы) және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының осы мәселеге арналған қаулысында пара берушінің немесе оның өкілінің пайдасына қызметтік жағдайына байланысты іс-әрекет жасау немесе жасамау мүмкіндігі туралы дәлелді көрсетілген. Бұл жерде қызметтік жағдайына байланысты белгілі бір іс-әрекетті жасау, не жасамау мүмкіндігі объективтік мәнге ие болып отыр. Мұндай объективтік мүмкіндік пара алушының жеке қызметіне немесе байланысына, сондай-ақ қызметтік жағдайына тікелей байланысты. Мұндай объективтік мүмкіндікке мысалы әртүрлі ұйымдарда қызмет істейтін адамдардың бір-біріне қызметтік тәуелді болмаса да, басқадай әкімшілік, қаржылық, шаруашылық жөнінен, бақылаушылық немесе қадағалаушылық тұрғыдан тәуелділігі негіз болды. Мысалы бақылау-тексеру органдары қызметкерлерінiң басқа мекеме басшыларына айтып, өзінің алған парасы үшін пара берушінің немесе оның өкілінің пайдасына белгілі бір пайдалы іс-әрекеттерді жасауы, немесе басқару, билік органдарында қызмет істейтіндердің өзінің беделін пайдаланып басқа ведомства, мемлекеттік өкімет немесе басқару органдарының, лауазымды адамдары арқылы жоғарыдағыдай іс-әрекеттерді жүзеге асыру және т.б.

Сонымен қызмет жағдайына байланысты мүмкіндік дегеннің мағынасын дұрыс түсіну үшін нақты жағдайларға байланысты адамдардың өзара қызметтік арақатынасын, бағыныштылығы, байланысын жан-жақты, объективті түрде еске алу қажет. Бір ғана »Жоғарғы пост», »лауазым» атағын иемденіп іс-әрекетке бару барлық уақытта объективтік мүмкіндік туғызбайды.

1980 жылдарға дейін қылмыстық құқық теориясында және сот практикасында парақорлық үшін ғана қылмыстық жауаптылық тек қана нақты іс-әрекет үшін ғана туындайды, ал лауазым адамына өзін болашақта ыңғайсыз жағдайлардан сақтандыру үшін, жалпы қамқорлық қатынасқа байланысты болуы үшін материалдық сыйлықтар беруі парақорлыққа жатпайды деп түсіндірілді.  Бұл теорияны жақтаушылар ескі қылмыстық кодекстегі пара алуға байланысты көрсетілген »қандай да бір әрекет» істегені үшін деген түсінікті басшылыққа алды. А.Я.Светловтың пікірі бойынша әрекет әруақытта нақты болуы керек, жалпы қамқорлық үшін лауазымды адамға пара беруге болмайды, мұндай іс-әрекет парақорлыққа жатпайды» делінді. Мельниковтың пікірі бойынша пара беруші адам әрқашан өзінің мүддесін нақты және айқын анықтайды және осы мүддеден пара алушының әрекетінің мазмұны туындайды, бұлар әрине нақты болулары тиіс. Егер лауазым иесі нақты емес мазмұндағы әрекетпен мүліктік пайда табатын болса – деп қорытындылайды автор, мысалы, жалпы жақсы қатынастағы адамнан заңсыз мүліктік пайда тапса, онда мұндай пайда пара болып есептелінбейді .

Сот практикасында да ұқсас жағдайлар осылайша сараланған. Бұл бағыт бағыт өте қатаң ұсталды. Бірақ ол нақты түрде қалыптасып келе жатқан және бәрінен бұрын экономикалық қатынастар талабына сай келмеді. 1980 жылдардың ортасынан бастап, ССРО Жоғарғы Соты арқылы нақты әрекеті үшін емес, ол көмек көрсеткені, қамқорлық жасағаны және жұмыста қолдағаны үшін, яғни пара беруші адамдармен жақсы қарым-қатынасы үшін пара алушы ретінде сотталған ірі басшылардың бірнеше істері қаралды. Бұл қағида сәл кейінірек ССРО Жоғарғы Соты Пленумының 30.03.90 жылғы №3 басшы қаулысымен бекітілді, мұның өзі сот, тергеу практикасында мәнді бетбұрыс болды. [12Б.161]

 Мұнда бірінші рет қылмыстық құқық кодекс тарихында соттар парақорлық ретінде »лауазым иесінің ақшалай қаражат немесе басқа да бағалы заттарды өзіне бағынышты немесе қаруындағылардан қамқорлық жасағаны немесе қызметтік жол бергені үшін, өз құзіретіне кіретін мәселелерді тиімді шешу үшін алуы пара алу ретінде сараланды. Бағалы заттарды алу немесе қызмет көрсетулерді пайдалану шарттары алдын ала әдейі келісілмесе де, бірақ қылмысқа қатысушылар параның оны берушінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында берілгенін түсінген ретте кінәлілердің әрекеті пара алу, пара беру деп танылуға тиіс делінді. Осындай шұғыл бетбұрысқа қарамастан сот практикасы бұрын қалыптасқан тәжірибені жалғастыра берді. Бұрынырақ ғалымдардың еңбектерінде парақорлық ретінде параны лауазым иесіне берушінің мүддесі үшін, оның жұмысының жалпы жақсы бағытына бола беру кезін тану мүмкіндігін қарастырылды. Бұл көзқарасты жақтаушылар осындай жағдайлар пара алушымен, пара берушінің арасында қызметтік қарым-қатынас болған жағдайда ғана болу мүмкін деп мұндай іс-әрекеттер көлемін едәуір шектеді.

ССРО Жоғарғы Соты Пленумының қабылдаған шешімдеріне қарамастан, қылмыстық құқық  теориясында даулы мәселе жалғаса берді. А.К.Квицинияның пікірі бойынша Жоғарғы Сот пленумы бұл мәселеде қарама-қайшылығы бар екіұшты ұсыныстар берген. Бір жағынан, соттарға »лауазым иесінің пара берушінің мүддесі үшін қандай әрекеттерді орындағаны немесе орындамағаны үшін пара алғанын анықтауы ұсынылса», ал екінші жағынан Пленум жалпы қамқоршылық үшін заңсыз  сыйлық алуды парақорлық деп танып »мүдделерді қанағаттандыру мақсатында пара алу » ретінде саралау туралы екі ұшты айтып өтеді». Осындай қарама-қайшылықтар, біздің ойымызша, Қазақ ССР-нің  1959 жылғы Қылмыстық кодексінде онша сәтті емес түрде жазылған »пара алғаны үшін орындалатын әрекеттер» мазмұнының нәтижесі болып табылады.

Қолданыстағы қылмыстық заң – бұл мәселені біраз шешті. ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабы пара алушының пара алғаны үшін жауапкершілігі, »пара беруші немесе оның өкілi болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі), жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол беру», деп қарастырылады. Осылайша,жалпы қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берушілік үшін пара беруші пайдасына жасалатын әрекеті (әрекетсіздік) мазмұнынан аздап ерекшеленген. Бұл қызмет жағдайын пайдаланудың жеке бөлек нысаны “Біраз авторлардың жалпы  қамқоршылық” арқылы біреудің қызметінен жоғарылату, негізсіз сыйлық беру, кезексіз демалыс беру, сұранысы жоғары товарларды босатуды, ал қызметі бойынша жол беруге қарамағындағылардың заңсыз, қылмысты әрекетін, жұмысқа мас болып келгенін, өрескел бұзғанына шара қолданбағандығын пара алуға жатқызу ұсынысымен келісуге болмайды- дедi. 

Бұл жерде қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берушілік пара беруші пайдасына нақты әрекет жасау немесе жасамаумен теңестіріледі. Егер қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берушілік пара субъектісінің нақты әрекет жасауынан көрінсе, онда ол параны осы нақты әрекеті үшін алғанына жауап береді. Басқа жағдайда пара беруші пайдасына әрекеті (әрекетсіздігі) үшін пара алу қамқоршылығы мен қызметі бойынша жол бергендігі үшін пара алудың арасындағы айырмашылық жойылып, бұл заңның соңғы нұсқасында көрсетілгендей пара субьектісінің мінез — құлқын әрине, мағынасыз етеді.

Біздің пікіріміз бойынша, субъектінің пара беруші пайдасына қандай да болмасын нақты әрекет жасауы жайлы әңгімені тек олардың мүмкіндігі мен ықтималдығы тұрғысынан ғана айтуға болады. Мұндай әрекеттерді жасау туралы тараптар арнайы келісім жасамайды. Пара беруші тек қажет жағдайда, оны қызықтыратын мәселелерді шешу барысында, лауазым иесі оған пайдасы тиетін әрекет жасайды, немесе қажетсіз әрекет жасаудан бас тартады-деп сенеді. Осындай жағдай пара алушының санасында қамтуы тиіс.

»… осындай жағдайда бағалы заттар пара алушыға жай әншейін, »сүйкімділігі» үшін және »жалпы абстракциялық жақсы қатынас» үшін емес, ол оған нақты пара беру кезінде оның болашақта жасайтын нақты әрекеті үшін, келісім екендігін және оны екі жақта айқын түсінеді»-деп пайымдаған Б.В.Волженкин пікірімен келісу керек.

Бұл жағдайда да мемлекеттік аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты жұмыс істеуіне қол сұғу орын алады. Одан басқа »осындай парақорлық жүйелі сипатқа ие болғандықтан, пара беруші әр кезде пара алушыға сыйлық беріп , өз мүддесі жайлы оның есіне салып отырады, ал бұл жағдайда пара алушы пара берушіге белгілі бір тәуелділікке енеді». Бұл жерде біз параға тікелей сатып алудың ең қауіпті жағдайына кездесуіміз мүмкін. Мұның  мәні қызметті сатып алуда емес, ол пара алушыны  пара беру ақылы , соңғының мүддесіне толық бағынышты етуінде болып отыр.

Осылайша, қамқорлық немесе қызметі бойынша жол берілгендігі үшін пара алу төмендегі жағдайда айқын болады:

  1. пара алушының пара беруші пайдасына немесе оның өкілдерінің мүддесіне қандай да болмасын әрекет жасауға немесе жасамауға мүмкіндігі болуы керек.
  2. бұл мүмкіндік осы адамдар арсындағы бағыныштылық пен бақылаушылық қарым-қатнастарын туындауы керек.
  3. пара беруші параның »жәй әшейін» берілмейтін, пара алушы арқылы келешекте өзінің мүдесін немесе келешекте таныстырылатын басқа адамдар мүддесін қанағаттандыру мақсатында берілетінін түсіну керек.

Пара алушы лауазым иесінің белгілі әрекетінің қажеттілігінің  пайда болуы немесе пайда болмауы мүмкін. Кез келген жағдайда параны »жалпы қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол бергені үшін» алу қылмыс құрамы болады.

Өте  маңызды және сонымен қатар теориялық тұрғыдан өте даулы мәселенің бірі, бұрынғыша, лауазым иесінің әрекетінің парамен шартталуы міндетті болып табыла ма, немесе парақорлық қылмыс құрамы үшін мұндай шарттың қажеті жоқ па?- деген мәселелерді сипаттап шешу болып табылады. Осыған байланысты »пара – сатып алу» мен »пара – сыйлықты» бірдей саралау дұрыс па деген мәселеге де баға беруді қажет етеді. Бұл туралы қылмыстық құқық теориясында қарама-қайшы пікірлер айтылды, сот практикасындағы сипат та бірдей емес.

Осы қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдардың жартысы пара алушының әрекеті парамен шартталған кезде де, оның болмауы кезінде де, пара алу, беру болса ол орын алады деп көрсетеді. Осы пікірді негіздеу мақсатында олар ұқсас тұжырымдар келтіреді: ҚР ҚК-інде пара алушы әрекетінің парамен шартталуы жайлы сілтеме жоқ, параны »паралап сатып алу» және »сыйлық» деп бөлу де жоқ.

»Пара – сыйлық ретінде берілгенде парақорлық объектісі болып табылатын мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңызды шарттарының бірі болып табылатын қызметтік әрекеттің ақысыздық қағидасы бұзылады деп»,- жазды В.Н.Ширяев. А.Эстриннің пікірі бойынша »ешқандай міндеттерді бұзбаған парақордың қауіпі аз немесе мүлде қауіпсіз» – деп ойлауға болмайды. Белгілі бір адамнан пара алу фактісінің өзі осы адамға бағыныштылықты бір жағынан туғызса, ал екінші жағынан пара алушы өз қызметін сатуға қабілеті бар адам деп сипатталады. Бұл мәселеге Кеңес құқығы ешқандай негізгі анықтама бермеді – Патша Уложениесіндегі пара алғаны үшін жазалау пара сатып алуға қарағанда, сыйлық алғаны үшін жұмсақтау болды. Лауазым иесіне жеке адамның өткендегі жасаған әрекеті үшін берген сыйлығы, әрқашанда, пара берушінің пікірі бойынша келешекте де пара алушының пара берушіге »жақсы» көзқарасын қамтамасыз етуге есептелген, ал пара беруші, егер пара алушы оның пікірінше осындай »сыйлық алуға тұратын» болса, онда тағы да оған пара беруі мүмкін.

Қылмыс құрамы тек субъектіні сатып алу жағдайында ғана болмайды, сонымен қатар оның пара берушінің мүддесіне қызметі бойынша әрекет жасағаны үшін және бұл туралы алдын ала келісім болмаса да сыйлық алуына байланысты болады,- дейді осы ұстанымды жақтаушы ғалымдар. »Пара сыйлық» алған кезде, бұл пара деген сезім кінәлінің санасында болуы керек. Мысалы, лауазым иесі басқа бір лауазым иесінің, туыстарының, таныстарының сұраулары бойынша, қызметі бойынша қандай да бір әрекет жасап  (оқуға қабылдауға көмектесіп, ауруханаға кезексіз жатқызуға, мамандығын арттыруға, жалақысын көбейтуге),  осы әрекеті үшін ақша немесе басқа да құнды заттарды »сыйлық» ретінде алса, бұлардың барлығын қызмет ету  жағдайын пайдалану арқылы жасаған әрекеті үшін алынғанын айқын сезінеді. Бұл пікірді жақтаушылардың ең дәйектілерінің бірі Б.В.Волженкин болып табылады. Оның бұл мәселе бойынша бір жақты, табанды позициясы бұдан бұрын айтылған. »Парақорлық кезінде қылмыс объектісі болып мемлекеттік басқару аппаратының қалыпты жұмысының мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар табылады»- деп көрсетті ол. Бұл  қоғамдық қатынастардың элементтерінің бірі болып лауазым иелерінің қызметінің құқықтық төлем сипаты, яғни қызметі үшін сыйлықты тек заңмен бекітілген тәртіп бойынша ғана және сол мөлшерде алуы, олардың жария қызметінің ақысыз болуы болып табылады. Егер лауазым иесі заңсыз сыйлық алып, оның белгілі бір қызметтік әрекет үшін берілгенін алдын ала түсінсе, онда бұл жерде көрсетілген қоғамдық қатынасқа қол сұғу орын алады және субъект парақорлық үшін жауапкершілік жазаға тартылуы тиіс». Бұл жағдайда Б.В.Волженкиннің пікірі бойынша  »сатып алу сипатындағы пара, әдетте, пара сыйлықтан  әлдеқайда қауіпті» .

Осылайша, Пленум пара алу құрамы үшін лауазым иесінің әрекетінде параның алдын ала келісілуінің маңызы жоқ деп есептейді. Осы пікірмен қатар басқа да пікір бар. Ол субъектінің параны алдын ала келісіп алуы талданып отырған қылмыс үшін қажетті жағдай және оны әрбір нақты іс бойынша анықтау міндетті. Олай болмаған басқа жағдайда осы істі лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану немесе басқадай лауазымдық қылмыс деп қарау керек деп ұсынылады. Кейбір авторлар мұндай іс-әрекетті жеке қылмыс деп қарауды ұсынады және бұл үшін жеке бөлек норма қарастырылуы қажет дейді .

Пара сыйлық ретінде алынса, пара алушы мен пара берушінің алдын ала келісімі болмауы себепті, сонымен бірге мұндай іс-әрекеттің мемлекеттік аппарат қызметіне қол сұғу ретінде қаралуы мүмкін емес деген пікірді жақтаушылар да бар.

А.Я.Светловтың пікірі бойынша »параның негізгі қауіптілігі» – ол лауазым иелерін сатып алу, мемлекеттік аппаратты іріту. Пара беруші лауазым иесіне өзі үшін  жақсы әрекет жасауынан бұрын немесе кейін материалдық игілікті беруі лауазым иесін тікелей сатып алумен байланыстырады. Ол берді – ал ол үшін бірдеңе жасалды. Сонан соң автор ойын әрі қарай дамытып былай жалғастырады »лауазым иесі пара алу жөнінде алдын-ала келіспей басқа адам мүддесі үшін қандай да болмасын заңды әрекет жасаса, ал сонан соң ол адамнан »ризашылық» ретінде әртүрлі заттар, құнды заттар, ақша алса, онда бұл жерде пара жайлы сөз болу мүмкін емес» .

Жоғарыда келтірілген Пленумның түсіндірмесіне келсек, онда авторлардың, ғалымдардың пікірі бойынша, парақорлық үшін жауапкершілік пара берушінің пайдасына әрекетті бұрын не кейін жүзеге асыруына байланыссыз параны алған уақытына қатыссыз орын алады деген қағида даусыз болып табылады.

Түп мағынасында »пара – сатып алу» мен »пара – сыйлық» бірдей қылмысты құрайды. Түсіндірменің пара алдын ала келісілді ме жоқ па, оған қарамай қылмыс құрамы орын алады деп есептелінетін екінші бөлімі, олардың қарсылықтарын туғызды. »Алдын-ала келісілмеген сыйлықты алу, – деп көрсетеді. А.К.Квициния – лауазым иесін сатып алу болып саралануы мүмкін емес, себебі әрекет сыйлыққа байланыссыз жасалды және оны алу қызметтік әрекетті пайдаланумен ешқандай байланыста емес».

Осылайша, жоғарыда аталған авторлардың бәрі де лауазым иесінің әрекетінің парамен шартталуы парақорлықтың міндетті белгісі болып табылады – деп есептейді.

Талдап  отырған белгіге осылай тұжырым жасау біздіңше толық негізді болып көрінеді, ал оны қолдаушы авторлардың дәлелдері ақылға сиярлық. Осыған байланысты, Пленумның келтіріліген түсіндірмесінің, біздің ойымызша, дұрысы тек пара алу қылмыс құрамы үшін пара затын алған уақыттың маңызы жоқ — деген қағидасы ғана дұрыс болып табылады. Қызметтік жағдайды пайдалануда параның шарттылығы қажет етілмейді деген ғалымдардың көзқарасы, біздің пікірімізше, негізсіз.  Пара алудың заңдық сипаттамасының нашар берілуіне қарамастан, одан пара алушының әрекеті пара алумен тікелей байланысты деген қорытынды жасауға болады. Бұл қылмыстың мәні дәл осыған сай келеді.

Демек, пара алушының әрекеті әрқашанда парамен шартталған болуы тиіс. Алдын-ала келісілмеген сыйлықты өзінің қызметтік өкілеттілігінің арқасында әрекет жасағаннан кейін алу ретінде қарауға болмайды. Осындай жағдайда қызмет бойынша әрекет сыйлық алуға есептеліп жасалмайды және оны алу үшін қызметтік өкілеттілікті пайдаланудың ешқандай қатысы жоқ.

Біздің көзқарасымызда бөлісушілер пара алушы мен пара берушінің арасында ол туралы егжей–тегжейлі шарт  жасалуының қажеті жоқ — деп негіздеп көрсетті. Бұл жағдай бағыныштылық, бақылаушылық қатынасынан туындайды, ал ол арнайы келісімді  қажет етпейді. Осындай жағдайда пара берушінің пара алушыдан бағыныштылығы көрінеді, ал соңғысының функциясы пара берушіге белгілі. Сондықтан да параның субъектінің әрекетімен шартталуы әрқашанда болады.

Басқаша айтқанда, пара оны алушының керек бағытын анықтайды, заң мәтіні бойынша оның өзі әрқашанда лауазым дәрежесімен, ең соңында пара алушының қызметтік әрекетімен шартталған болады. Осылайша парақорлық сияқты осындай қылмыстың арнайы ерекшеліктерінің бірі параның екі жақтық шартқа бөлінбеуі, себептік тәуелділігі және пара алушының белгілі әрекеті болып табылады. Осыдан мынандай қорытынды шығады: егер лауазым иесі өз әрекетін жасау барысында, осы үшін ризалық ретінде сыйлық алса мұны пара алу ретінде сипаттауға болмайды. Бұл жағдайда сыйлық объективті түрде адамның қызметтік іс-әрекетімен байланысы жоқ және субъективті түрде сыйлық оны осындай белсенділікке, итермелейтін фактор болып табылмайды. Қандай да жағдайда болмасын мұны пайдакүнемдік ниет пен пайдакүнемдік мақсат деп санауға болмайды. Лауазым иесі әдеттегі жағдайда әрекет етті. Мұндай жағдайларда, Жуков Л.А дұрыс атап өткендей, парақорлық жайлы өзін-өзі толықтыратын екі субъективтік факторлардың жиынтығы орын алған жағдайда атап айтқанда:

— лауазым иесі үшін берілетін сыйлық пара беруші мүддесіне қажетті әрекет жасаудың бірден-бір стимулы болып табылса;

 — ол осы әрекет іске асқаннан соң силық алуды мезгесе соған есеп жасаса жүзеге асады. Осындай есепке әртүрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін (мұндай еңбек бекер істелмейді, бұраудың да сұрауы бар, бұрында бірдеме беріп еді т.б.).

Айтқанды қорытындылай келіп, парақорлық әрқашанда субъектінің белгілі қимылымен, мінез-құлқымен шартталған болуын қарастырады дегенді тағы да атап өту қажет. Шартталған деп біз, пара беру-алу субъектілері арасында алдын-ала вербальды, либеральды, конклюдентті екі жақты келісімінің болуын, егер осындай келісім болмаса келешектегі сыйлыққа субъективтік есеп бөлмеуiн айтамыз.

Басқа жағдайда лауазым иесінің әрекеті әкімшілік тәртіптік құқық бұзу шегінен шықпайды. Көңіл аударуға тұратын тағы бір мәселе, осы қылмыстың аяқталу кезеңі жайлы мәселе және осыған сәйкес, оның аяқталу сатысының шегімен мүмкіндігі жайлы мәселе болып табылады.

Ғалымдардың көпшілігі және сот практикасы қарастырылып отырған қылмыстың аяқталу кезеңін кінәлінің пара алу фактісімен, немесе оның бір бөлігін алумен байланыстырады. Осылайша, өзінің заңдық құрылысы бойынша пара алу – формальды құрамдағы қылмыс. Бұл мәселе ССРО Жоғарғы Сотының 30.03.90 жылғы »Парақорлық жайлы іс бойынша сот практикасы жайлы» атты Пленумы қаулысында нақты және біркелкі шешіліп, онда пара алу оның бір бөлігін лауазым иесінің алу кезеңінен бастап аяқталды деп түсіндірілді. Егер лауазым иесі оның еркіне бағынбайтын жағдайларға байланысты пара алмаса, онда бұл әрекет пара алуға оқталған болып саралануы керек. Демек, қылмыстық құқық теориясында бұл мәселе бойынша жалпы қабылданған көзқараспен қатар басқа пікірде бар. Бұл көзқарастың мәні – пара  алуды аяқталған қылмыс деп оны алған кезінен бастап емес, ал осыған байланысты қызметтік өкілеттілікті пайдалану арқылы тиісті әрекеттердің жасалуы кезеңінен бастап есептеу керек – деп мәлімдеуінде. Бұл жердегі негізгі дәлел жалпы қабылданған қағидаға сәйкес емес: қылмыс құрамы аяқталды деп адам пара алғаны үшін ешқандай әрекет жасамаса да, және материалдық байлықтарды қайтып берсе, ол пара алған болып табылады. Қылмысты аяғына дейін алып барудан өз еркімен бас тарту мүмкіндігі толығымен болмайды.

А.К.Квицинияның пікірі бойынша »мемлекеттік аппарат қызметіне қол сұғу кінәлінің заңсыз сыйлық алу фактісінің өзімен ғана іске аспайды, ол пара берушінің мүддесі үшін өз қызметтік дәрежесін пайдаланумен іске асады… Және егер сыйлық алу барысында да қызметтік өкілдікті пайдалану орын алмаса, онда мұны мемлекеттік аппарат қызметін бұзу нысаны ретінде қарастыруға негіз болмайды».

Заң әдебиеттерінде пара алу пара беруші мүддесі үшін қандай да болмасын әрекетті орындауымен немесе орындамауымен тығыз байланысты. Егер пара берушінің мүддесі үшін осындай әрекет болмаса – онда пара алу да болмайды. Мұнан басқа, Жуковтың Л.А. пікірі бойынша, лауазым иесін парақорлық үшін, егер ол параны қандайда болмасын әрекетті орындағаны немесе орындамағаны үшін алып, сонан соң ойланып, одан айнып қалса, ешқандай парамен шартталған әрекет жасамаса және алған материалдық құнды заттарды пара берушіге қайтып берсе немесе пара берген адам белгісіз бір себептерге байланысты пара алушының »қызметінен» бас тартып және одан материалдық бағалы заттарды қайтарып беруді талап етсе, онда оны жазалау дұрыс емес. Бұл факторлар – деп есептейді автор, суреттелген әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін өте төмендетеді, олар қылмыс емес, тәртіптік құқық бұзу шегінде тұрады.

Осылайша, Жуковтың Л.А. пара алушыға »өзі жасаған іске өкінуге» мүмкіндік берудi ұсынып және сол арқылы олардың жасаған әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігінің елеулі деңгейін жоюды ұсынады. Әрине тұжырымдалған көзқарас көңіл аударарлық, бірақ бізге ол жеткілікті дамымаған болып көрінеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабына параны әрекет (әрекетсіздік) үшін алу  жайлы сөз болады, ал нелермен байланысты пара алыну әрекеті жайлы сөз болмады. Бұл өте дұрыс, қорғалатын объектіге қол сұғу пара беруші пайдасына әрекет (әрекетсіздік) жасау фактісімен іске асады — деп көрсетеді А.К. Квициния . Бұл әрекеттер (әрекетсіздіктер) заңсыз болуы мүмкін және осылайша, мемлекеттік, өзін-өзі басқару аппаратарының қалыпты қызметіне қол сұғуға болады. Осылай қол сұғу пара алу фактісінің өзімен ғана іске асады. [13Б.123]

Жуковтың Л.А. пікірі бойынша пара алудың қоғамдық қауіптілігін көп төмендететін факторларға келсек, онда біздің көзқарас біраз жіктеледі. Егер пара алған адам өз қалауы бойынша пара алуды келісілген әрекеттерден бас тартып және пара берушіден алған материалдық құндылықтарды қайтарып берсе, онда бұл әрекеттің қоғамдық қауіптілігі шын мәнінде біраз төмендейді. Бірақ, қылмыстық құқық қорғау объектісіне қол сұғу орын алды. Субъектінің бұл әрекеті тек жаза қолдану барысында есепке алынуы мүмкін. Мұндай ретте пара алушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату жайлы норманың қолдануы жайлы сөз болмауы керек.

Егер ұсыныс пара беруші тарапына шықса, онда пара алған субъектінің материалдық құнды заттарды қайтарып және парамен келісілген әректтерді орындаудан бас тартудан  басқа лажы қалмайды, бұл жағдайда субъектінің осындай »мәжбүрлік» әрекеті оның пара беруші пайдасына әрекет (әрекетсіздік) үшін пара алудан көрінетін, әрекетінің қоғамдық қауіптілігін азайта алуы мүмкін емес. Егер лауазым иесі параны өзінің болжамдалған қызметтік өкілеттілігін пайдаланғаны үшін алса ол  П.Н.Гришаев пен Б.В.Здравомысловтардың пікірлері бойынша – оның келесі әрекетіне қарамастан мемлекеттік аппаратың беделі мен қызметіне қол сұғады, оның беделін пара берушімен басқа адамдардың алдында түсіреді. Бұл жағдайда лауазым иесін сатып алу жүзеге асады.

Осылайша, әрекет немесе әрекетсіздік парақорлық құрамындағы объективі жағының белгісі болып табылады. Бірақ, әдебиетте дұрыс аталып өткендей- заңда оларды қылмыстық- құқық нормада қарау кездейсоқтық емес, себебі лауазым иесі алатын сыйлық белгілі бір іс-әрекетке байланысты пара алу ретінде саралануы мүмкін, яғни мұндай ретте сыйлық үшін пара алушылық  қызметтік жағдайды пайдаланып белгілі бір әрекетті жүзеге асырумен тығыз байланысты. Мұндай шарттардың болмауы парақорлық құрамын жоққа шығарады .

Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың аса қауіпті түрі, оның құрамдас бөлігі пара алу қазіргі кезде ең қауіпті құбылысқа айналды. Қылмыстық заңда пара алу әртүрлі тәсіл арқылы жүзеге асырылды. Пара алудың объективтік жағының белгілерін зерттегенде осы қылмыстың істелу тәсіліне мән берудің теориялық маңызы ерекше. Қазіргі қолданып жүрген қылмыстық заңда пара алу үшін  жауаптылық істелу тәсіліне, қоғамдық қауіптілігіне және мәніне қарамастан бір ғана (311 бап) заң нормасында қарастырылған.  Әрине бұл құбылыспен күресте өмір талабына сай келмейді. Жүргізілген теориялық зерттеудің нәтижесі пара алыну мерзіміне, пара үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің мәніне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: пара–сиақы; параға-сатып алуы;  лауазым, қызмет бергейі үшін пара алу; параны қорқытып алу. Бұл көрсетілген пара алу тәсілдерінің қоғамға қауіптілік дәрежесі және мәні бірдей емес. Сондықтанда мұндай тәсілдерді бір ғана ҚК-тің 311 бабын біріктіріп жауаптылық пен жаза белгілеу әділеттілік қағидасына сай келмейді. Осыған орай қазіргі қолданып жүрген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311 бабына жетілдіріп, пара алу құрамын төмендегі түрде жеке қылмыс құрамы ретінде, заң нормасында көрсету керек сияқты.

  1. Пара сияқты. Бұл пара алу субъектісінің пара беруші пайдасына белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасау арқылы сол үшін алдын-ала келісілмесе пара затын алуы, яғни пара субъектінің қызметтік жағдайын пайдаланып пара берушінің немесе оның өкілінің мүддесіне жасалқан іс-әрекеті үшін ақы ретінде алынады.
  2. Параға сатып алу. Мұнда пара алу субъектісі пара берушінің немесе оның өкілінің мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекетті үшін өз қызметтік өкілдігін пайдалана отырып, алдын-ала келісілген белгілі бір ақша, бағалы затты, басқада мүлікке, мүліктік құқығы немесе мүлікті пайдалануға бола жүзеге асырады, яғни мұнда өкілеттікті пара затына сату орын алады.
  3. Лауазымды қызмет бергені үшін пара алу. Яғни пара алу субъектісі мемлекеттік қызмет орын немесе лауазымдық қызметті пайдаға сатады және бұл алдын-ала келісім мемлекеттік қызмет жүйесi саласында жүзеге асырылады.
  4. Параны қорқытып талап ету. Пара алудың бұл өте қауіпті түрі, субъект өз қызметін, лауазымдылық жағдайын пайдаланып, адамды пара беруге ықтиярсыз, қорқыту арқылы көндіреді, пара беруге мәжбүр етеді, соған қажетті барлық шараларды қолданады. Осы көрсетілген құрамдар заңдылық тұрғыда жеке–жеке бапта, негізгі сараланып, ерекше сараланатын белгілері бойынша көрініс тапқаны дұрыс болар еді. Қазіргі қолданыстағы заңда пара алу мен пара берудің сараланататын белгілері және оларға тағайындалатын жаза түрлері әртүрлі: пара берудің (ҚК-тің 312 бабы) 2-бөлігі сараланатын белгілері тізбегінде пара алудың (311 бабы 4-бөлігі) сараланатын белгілеріне жататын адамдар тобы алдын-ала сөз байланысып немесе ұйымдасқан топ, Немесе ірі мөлшерде деген қылмыстық ұғымдар жоқ.

Жалпы параны бермесе ешкім оны тартып алмайды. Осыған байланысты пара алумен пара берудің сараланатын белгілерінде тағайындалатын жаза түрі мен  мөлшерінде айырмашылық болмағаны жөн. Осыған орай ҚК-тің 311 және 312 баптарының сараланған белгілерін бір қалыпқа келтіріп, іс-әрекеттері үшін тағайындалатын жаза мәселесін бiрдей ретке келтіру керек.

Бұрынғы Кеңестік жүйеге кiретін барлық Республикаларда пара алудың сан түрлі тәсілдері мен түріне қарамастан пара алу үшін жауаптылық бір ғана бапта көрсетілді.

Қазақстан Республикасының (1997 ж) Қылмыстық  кодексі төменде көрсетілген қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер үшін пара силық (ҚР ҚК 310-б), пара сатып алу (ҚР ҚК 311-б), лауазымдық қызмет беру үшін пара алу (ҚР ҚК 312-б), пара беруге мәжбүрлеу (ҚР ҚК 313-б), пара беру (ҚР ҚК 314-б) жауапкершілік қарастырылған.

Қылмыстық сипаты бойынша пара–сыйлық лауазымдық қылмыс арасындағы ауыр емес қылмыс түріне жатқызылған бір құрам болып табылады. Параға сатып алу, лауазымдық қызмет бергені үшін пара алу және пара беруге мәжбүрлеу. Ауырлататын жағдайлар болып саналатын ауыр және өте ауыр қылмыс түрінде жатқызылған.

Қазақстан Республикасында жаңа қылмыстық кодексті қабылдау кезінде осы пара алу сияқты қылмыс құрамының негізін бөлгенде лауазым иесінің әрекетінің парамен шарттылығына байланыстылығы алынып және онда қылмыстың: пара–сыйлық және пара сатып алу сияқты құрамдары аталды.

Егер өткен жылдардағы сот практикасына жүгінсек, онда осы мәселенің күн тәртібінен түспегенін көреміз және ССР Жоғарғы Соты Пленумында »пара алғаны үшін жауапкершілік параның қай уақытта берілгеніне әрекет жасаудан бұрын немесе кейін сол белгілеріне байланыссыз және  пара алуға алдын-ала келісілді ме жоқ па деген мәселеге қатыссыз күшіне енеді»- деп түсіндіреді. Бұл шарт бұрынғы Кеңестер Одағының бүкіл аумағында қолданылып келді. Бірақ, қылмыстық құқық теориясында пара–сыйлықты қылмыстың бөлек құрамына жатқызу ұсынысы осы қылмыстық әрекеттердің қоғамдық қауыптiлiгiнiң өз дәрежесіне байланысты көптеген ғалымдар ұсынған болатын. Оған және де қомақты негізде бар еді. Бұл мәселені ерекше ұстанған А.К.Квициния болды. Оның пікірінше лауазым адамның алдын-ала келісілменген, бірақ сыйлық беруші адамның мүддесіне тиімді болған іс-әрекеттерді істегені немесе істемегені үшін қаражат сыйлықтар немесе басқа да пайданы қабылдағаны пара сыйлық ретінде қарастыру керек деген. Бірақ лауазым иесінің бұл әрекетін А.К.Квициния парақорлықтың бір түрі деп санамайды.

Б.В.Волженкин керісінше »лауазым иесінің заңда қарастырылмаған белгілі бір әрекет жасату үшін берілген немесе жасалған әрекет  үшін берілген төлем-сыйлық — дегеніміз –бұл парақорлықтың сыбайлас жемқорлық сияқты бір көрінісің түрі. Қызмет бабы бойынша жасалған әрекет үшін, алдын ала келісім алынбаған әрекет үшін материалдық сыйлық алған лауазым иесінің қимылындада пара алудың барлық қажетті элементтер құрамы осы сыйлықты беруші адамның әрекетінде де пара беру құрамы бар» деп атап айтады. Басқа позицияны ұстанған Р.С. Ибрагимов: »шарттыланбаған сыйлық алу жағдайлары, біздің пікірімізше, қызмет бабын асыра пайдаланудың  бір түрі болып табылады. Олар сонымен қатар аппараттың құқықтық тәртібі қызметіне қол сұғып, оған зиянды әсерін тигізіп, лауазым иелері пайда табу мақсатында өз қызметінен қосымша пайда көзін табады. Бұл өз кезегінде нағыз парақорлық әрекетiнiң бірінші кезеңі. Сондықтанда, осындай әрекеті үшін Қылмыстық кодекстің »лауазымдық қылмыстар» атты тарауында парақорлық үшін берілетін жазадан жеңілдеу жаза берілетін ерекше жауапкершілік қарастырылуы керек» деп атап өтеді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексіне жүгінейік. Осы Кодекстің  310-бабында пара-сыйлық алғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл жағдайда пара –сыйлық деп лауазым иесінің жеке өзінің немесе біреу арқылы алдын-ала келісілмеген параны – ақша, құнды қағаздар түрінде немесе басқа да заттай немесе заттық сипаттағы пайда ретінде пара берушінің немесе оның өкілдерінің пайдасына жасалса, онда егер бұл әрекет лауазым иесінің қызметін өкілеттілігіне кірсе немесе ол өзінің лауазымдық дәрежесі арқасында осындай әрекетке көмектескені үшін алатын болса бұл пара–сыйлық деген ұғым береді. Осы құрам лауазым иесінің пара берушінің әрекет жасап болғаннан соң пара берушімен алдын-ала келісілмеген сыйлықты алуды қарастырады.    

Пара-сыйлық лауазым иесіне сыйлық, алғыс ретінде белгілі бір қызметі үшін беріледі. Әрине, пара-сыйлық мемлекеттік аппараттың беделіне белгілі бір нұсқан келтіреді, бірақ қылмыстың осы құрамының пара беріп сатып алу сияқты адамдар арасында алдын-ала »келісім» жасалынған қылмыс құрамынан қоғамдық қауіптілігі аздау болып саналады. Егер пара-сыйлықтың қоғамдық қауіптілігін қарасақ онда біз лауазым иелерінің үнемі сыйлық ретінде пара алу олардың белгілі бір дәрежеде моральдық азғындауына әкеліп соғатынын есте сақтауымыз қажет. »Олар әрбір жағдайда сыйлық алуға үміт бар ма деп ойлана бастайды, ал бұл болса олардың қызмет санасына әсерін тигізеді және пара беруге мәжбүр  етудің алғашқы жолы болып табылады».

Алғыс ретінде қандай да болмасын материалдық құндылықтарды беруші адам лауазым иесіне өзі үшін орындаған қызмет ақысын береді.

Пара-сыйлықта лауазым иесі өзінің қызметін өкілеттілігіне кіретін әрекетті орындағаны үшін заңсыз сыйлық алады. Лауазым иесінің өкілеттілік шеңбері оның функциональдық  міндеттерімен бұйрықпен немесе нормативтік актімен белгіленеді. Пара-сыйлық қылмыс құрамының аяқталуы лауазым иесінің оның әрекетімен келісілмеген заңсыз сыйлықты алу кезінен басталады.

Жоғарыда көрсетілгендей, бүгінгі күнде парақорлық және мемлекеттік қызмет ұғымына қолданылып жүрген жағдайы талдай келіп, біз парақорлық табиғатына қарауда бұрынғыға қарағанда өзгеріс болған деген қорытындыға келдік. Егер бұдан бұрын парақорлық фактісі лауазым иесінің кез-келген сыйлықты және басқа затты алуы танылса, ақшаны айтпағанда, ал бүгінгі таңда заң мемлекеттік қызметкерлердің орындау барысында сыйлық алуын белгілі бір заңдастыру қарастырады.

Б.В. Волженкиннің пікірі бойынша осындай сыйлық алу ешқандай қылмысқа, не тәртіптік жауапкершілікке апармайды және моральдық тұрғыданда айыптауға жатпайды. Бірақ мемлекеттің мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуын заңдастыру жөнінде ұстанған позициясын ғалымдардың бәрі бірдей қолдамайды және осындай сыйлық алу пара алудың таза түрі деп есептейді [14Б.201].

Заңмен рұқсат берілген сыйлықпен Қылмыстық Кодекс тиым салған параның арасындағы шекара  қайда деген сұрақ туады Қазақстан Республикасының  азаматтық кодексінің 509-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер он айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы сыйлықтарды алуға болмайды. Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексі 575-бапта мемлекеттік қызметкерлерге, муниципальдық мәселе қызметкерлеріне және басқа да адамдарға бес төменгі еңбек ақыдан асатын сомадағы сыйлықтарды беруге тиым салды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 511-бабында:»жай сыйлықтан басқа, құны он төменгі еңбекақыдан аспайтын заңмен белгіленген еңбекақы көлеміндегі сыйлықтарды мемлекеттік қызметкерлерге және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлеріне олардың қызметін міндеттерін атқаруға байланысты сыйлауға болмайды» деп көрсетеді. Осыдан Ресей Федерация үшін  бес, Қазақстан, Қазақстан Республикалары үшін он төменгі еңбекақы – бұл сыйлықты пара-сыйлықтан келешекте пара-сыйлықтың бір белгісі ретінде қолдануға болатын шекара- деген қорытындыға келуге бола ма?

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы параның төменгі шегін белгілемейді. Осылайша, парақорлық  үшін төменгі шек бұл Азаматтық кодестен шығатын сыйлық түрінің жоғарғы көлемі болып табылады.

Осыған байланысты А.И.Кирпичников: »Ұрланған заттың көлемі ұрының жауапкершілігіне әсер ететіні түсінікті. Бірақ, парақорлықтың қоғамға қауіптілігі шенеуніктің баюына емес, ал мемлекеттік апараттық тегін қызметінің приципінің бұзылуында. Бұл принцип шенеуніктің аз көлемде немесе қомақты пара алуына тәуелсіз түрде бірдей бұзылады. Себебі бір шенеунікке пара көлемді басқа шенеулікке аз болуы мүмкін» деп атап өтеді.

Сонымен бірге қылмыстық заңда параның төменгі көлемі жайлы ешқандай нұсқау болмағандығы, лауазым иелеріне алғыс ретінде берілген бір қорап конфет, бір шыны коньяк, бір флакон әтір су т.б. пара есебінде қаралып қатаң жазаға ұшыратылып, күлкілі жағдайға әкелді. Бұл кезде Қылмыстық Кодекстің ережелері қолдану мүмкіншілігі ұмытылып, оның мәнсіздігі себебінен, оның қоғамдық қауіптілігі дәрежесінің болмауы есепке алынбады.

Осы мәселе, 1995 жылғы 17-ақпанда ТМД қатысушы мемлекеттерінің Парламентариялық Ассамблеясында қабылданған. Тәуелсіздік мемлекеттердің Қылмыстық Кодексін дайындау барысында пайда болды. Онда істің мәнінің аздығына байланысты қызметкерлердің зат алуы, затқа құқықты болуы немесе сыйлық түрінде басқа да заттай пайдаға ие болуы, олар алдын-ала келісілмеген жағдайда ол адамның қызметтік  міндетін бұзбайтын әрекет болуын, егер сыйлықтың құны заңда көрсетілген бір айлық төменгі көрсеткіштен аспайтын болса, онда оны қылмыс деп танымау ұсынылды .

Осы ТМД үшін ұсынылған модельдік үлгі кодексінің шарты, біздің пікірімізше, көңілге қонымды және мәселені осылай қою барлық түсініксіз сұрақтарды жояр еді.

Ю.А.Ляпунов: »Азаматтық заңның көрсетілген шартын лауазым иесіне берілетін  материалдық сыйлықтың төменгі деңгейінің жоғарғы шегі жайлы мәселені шешкенде негізге алу қажет, егер ол көлемінен асатын болса қылмыстық жауапты пара беру-алу фактісі деп танылуы қажет… Бұл жағдайда біз, егер солай аталған »сыйлық» жоғарғы шекте көрсетілген материалдық сыйлықтан төмен болса, ол лауазым иесіне оның тарапынан болған пара беруге мәжбүр ету нәтижесінде іске асса, онда бұл әрекет пара алу фактісі деп қаралып, саралануы қажет» деп ойлайды .

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңында  да »Мемлекеттік қызметкер  жеке немесе заңды тұлғалардан алғыс ретінде өздерінің қызметтік өкілеттілігін пайдалануға байланысты сыйлықтар, ақша немесе қызмет алуға құқығы жоқ» деп көрсетілген. Демек, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлері этикасы жайлы Ережеде  де мемлекеттік қызметкерлер сыйлығы жайлы мәселеде жан-жақты талданып қаралмады.

Егер лауазым иесіне оның құқықты және шартсыз сыйлықты төлемейтін әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін оған он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемінде сыйлық берілсе, онда бұл сыйлық  ҚР Азаматтық кодексінің 509 бабына сәйкес пара-сыйлық болып есептелінбейді, демек, қылмыстық іс емес, тек қана азаматтық құқықтық реттей және рұқсат еткен сыйлық болып табылады. Б.В.Волженкин бұл жөнінде: »алдын-ала келісімсіз лауазым иесіне оның қызметі үшін берілген сыйлықты, сыйлық немесе пара деп тануда оның көлемі шешуші роль атқарады» деп атап өтті.

Заң азаматтық кодексте мемлекеттік қызметкердің өзінің қызметтегі міндеттерін орындауына байланысты алуына болатын сыйлығының мөлшерін көрсетіп, ол үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмайтынын айта келіп, осы әрекеттің заңдылығы жайлы қосымша шарттар жайлы айтпайды. Осы тәртіп, біздің ойымызша, лауазым иесі тарапынан пайдакүнемдік мақсатты заң шеңберінен шықпай пайдаланылып кетуі мүмкін.

Біз бір жағынан параның әрбір бөлігі заңмен бекітілген сыйлық шегінен аспайтын көлемде бөлшектеніп берілу жағдайын да естен шығармауымыз қажет. Екінші жағынан, осы сыйлықты мемлекеттік қызмет жүйесінде тіркеу керек пе?- деген сұрақ туады.

Қылмыстың жалғасу жағдайында есте сақтауыңыз қажет. Онда параның әр бөлігі он төменгі есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде бөлшектеніп беріледі. Әрине, бұл жағдайда лауазым иесіне берілген бірнеше »жай сыйлық», бір қылмыс болып кетуі мүмкін.

Б.В.Волженкин пара алған лауазым иесі және пара берген адам жауапқа тартылмайтын »жай сыйлық» парадан тек аз мөлшері арқылы өзгешеленеді – деп есептейді. Лауазым иесінің қандай мөлшерде пара алуына тәуелсіз және оған лауазымдық дәрежесіне байланысты немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты берілген заңсыз сыйлықты төмендегі жағдайларда парақорлық деп бағалау керек: 1) Егер осы сыйлықты беруге мәжбүр ету орын алған болса. 2) Егер сыйлық (немесе ол туралы келісім) сатып алу сипатын алып, лауазым иесінің сәйкес құқықтың қызметтік әрекетімен шартталса. 3) Егер сыйлық лауазым иесіне оның заңсыз әрекеті үшін немесе әрекетсіздігі үшін берілсе.

Осылайша, пара-сыйлыққа байланысты қылмысты қараған әрбір жағдайда параның мөлшерін анықтау және қылмысты әрекетті сипаттайтын белгілерінің объективті жақтарын, сонымен қатар пара – сатып алу және пара беруге мәжбүрлеу белгілерінің болу болмауын анықтау қажет.

Пара беріп сатып алу. Қылмыстың құрамының пара беріп сатып алу сияқты түрлері қоғамға аса зор қауіп туғызады. Лауазым иесінің сыйлық беру фактісі немесе ол туралы келісім оның сәйкес әрекетін (әрекетсіздік немесе әрекет) шарттандырады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабы пара беріп сатып алу құрамын қарастырады. Лауазым иесінің тікелей өзінің немесе басқа біреу арқылы алдын ала келісілген параны ақша, құнды қағаз немесе зат немесе заттық пайда түрінде пара берушінің пайдасына немесе оның ұсынған адамдары мүддесі үшін әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) байланысты алған болса, онда егер осы әрекет (әрекетсіздік) лауазым иесінің қызметтік өкілеттігіне кірсе немесе ол қызметі дәрежесі күшімен сондай әрекет етуге көмектессе (әрекетсіздік), бұл жалпы қамқоршылыққа, қызметтік жол берушілікке жатады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында қолданылып жүрген негізгі ұғымдар анықтамасы да пара беріп сатып алу дегеніміз пара берушінің мүддесі үшін белгілі бір әрекет етуден бұрып (әрекет жасаудан қашу) берілген (алынған) пара болып табылады. »Пара беріп сатып алуды» ұғымын қарастырған осы жағдайда тек бір жақты көзқарас іске асқан, соның нәтижесінде пара беріп сатып алудың қылмыс құрамы ретіндегі барлық объективтік белгілер көрінбейді.

ҚР Қылмыстық кодекстің 311 бабының »пара беріп сатып алу» мағынасы бұл лауазым иесінің алдын ала келісілген материалдық құндылықты немесе басқа заттық сипаттағы пайда алуы және бұл әрекет лауазым иесінің алдын-ала келісілген әрекеттен (әрекетсіздіктен) бұрын пара берушінің немесе ол ұсынған адам мүддесінің пайдасы үшін жасалады. Лауазым иесі және пара беруші лауазым иесіне келісілген әрекетті (әрекетсіздікті) орындағаннан соң оған берілетін белгілі бір сыйлық жайлы алдын-ала келісу жағдайын да естен шығармаған жөн. Бұл жөнінде В.Е.Мельникова: »Параның мөлшері мен түріне байланысты шарттар алдын-ала келісілген болса, ал параның өзі пара берушінің мүддесі үшін әрекет жасалып біткеннен соң берілсе де бұл бәрібір пара беріп сатып алуға жатады, бірақ мұндағы айырмашылық лауазым иесі затқа айналған парамен сатылып алынбайды, ал ол туралы шартпен сатылып алынады» деп атап өтеді.

Олай болса, пара беріп сатып алу төменгі белгілермен сипатталады: біріншіден, берілетін пара жайлы алдын-ала шарт жасалынады, демек, партнерлер »келісімнің» шарттарын талқылайды. Екіншіден, лауазым иесі параны, пара беруші мен пара алушы арасындағы келісілген әрекеттен бұрын, немесе кейін алуы мүмкін, ал бұл оның қызметтік өкілеттілігіне кіруі мүмкін, немесе өзінің лауазымдық дәрежесі күшімен сондай әрекетке (әрекетсіздікке) көмектесуі мүмкін.

Лауазым иесі параны тікелей өзі немесе біреу арқылы алуы мүмкін. Параны жеке өзі алуы иесінің параның тікелей алуы – деп қарастырылады, сонымен қатар оның жақын адамдарының алуы лауазым иесінің өзінің келісімі арқылы қарастырылады.

 Қызмет үшін пара алу. Адамдардың күнделікті өмірінде жұмысқа орналасу мәселесін шешетін немесе айлығы көп төленетін жұмысқа орналастыруға құқығы бар адамдарға пара беру практикасы орын алған. Мемлекеттік органдағы анау немесе мынау қызметке немесе жұмысқа орналасу үшін мынандай қаражат төлеу керек деген айтылмайтын сөздер бар. Бұл ақша берілетін орынның »майлылығына» қарай өзгеріп отырады. Демек, берілетін қызмет неғұрлым жоғары болса, берілетін пара да соғұрлым жоғары болады. Ең қауіптісі сол, ол адамдарда барлығы сатылады және барлығы сатып алынады және оның негізгі шешімі қажетті ақшаны тауып беру деген пікір қалыптасқан.

Практикада мемлекеттік органда белгілі бір лауазымдық орын босаған кезде, ол орынға айтылмайтын »аукцион» өткізіліп, ең соңында сол орынға ең көп ақша берген адам орналасу сияқты жағымсыз жағдайлар ұшырасып отырады. Осылайша, мемлекеттік органдарға лауазымдық қызметке қабылдаудың критериі, кейбір жағдайларда қызметкерлердің тәжірибесі, біліктілігі, кәсібилігі есепке алынбай, оның қажетті ақшаны төлеуге қабілеті есепке алынады.

Осы мәселені қарастыру барысында сыртқы сипатты осыған ұқсас қоғамдық қауіпті сайлаушылардың дауыстарын сатып алу әрекетімен параллель жүргізу болады. Мұнда да сайлаушылардың сайлау барысында белгілі бір кандидат үшін дауыс беруге төленген ақшасы арқылы жұмысқа орналасу мәселесі байқалады. Бірақ қылмыстың бұл құрамының лауазымдық қызметке орналасу үшін пара алудан ерекше спецификалық белгілері бар. Сайлаушылардың даусын сатып алу Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 146 бабының 2 бөлігінің »а» тармағында қылмыс ретінде қарастырылып жазаланады.

Неге осындай көріністер орын алып отыр деген заңды сұрақ туады? Демек, мемлекеттік органдар жүйесінде анау немесе мынау қызметке орналасудың белгілі бір заңсыз теріс тәжірибесі орын алған, осыған орай адамдар алдарына осы орындарға қандай да болсын заңсыз жолдармен орналасуды мақсат етіп қояды.  Осындай әрекеттерге барудың себебі неде? Ол келешек лауазымдық қызметтің оның өзіне не беретіні немесе келешеке лауазымдық қызметте оған жүктелетін міндеттер болуы мүмкін. Осылайша, осы қызметке орналасу үшін белгілі қаражатты бере отырып, оның осы қаражатты екі немесе үш есе етіп қайтарып алуына өте сенімді болуы. Демек, мемлекеттік билік органына осындай жолмен »алынған» қызметкердің алдында тұратын ең бірінші мақсаты – оның кәсіби қызметін қоғаммен мемлекет игілігіне арнауы емес, оның өз бюджетінен шыққан шығынды қалпына келтіруге бағытталып, қарамағындағылардан пара алу жолымен толтыру болады.

Ең қызығы сол, лауазымдық қызметке орналастыру мәселесін шешетін лауазым иесі осындай қызметке орналасуға талап қылған бірнеше адамнан қажетті параны алып, бірақ сол орынға басқаларынан ең көп ақша берген адамды орналастырады.

Бұл жағдайдағы парадокс сол ақша алған лауазым иесі »конкурсқа» түскен кандидаттардың ақшаларын олар осы орынға орналаспаса да қайтармайды. Бірақ берген ақшаларын қайтарып беруін олар талап ете алмайды, себебі олар пара берген адам да, алған адам да қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біледі. Демек, қызметке орналасуға ақша беріп ол орынға орналаса алмаған адам, өз әрекеті заңсыз болғандықтан, ақшасын қайтаруға ешқандай шара қолдана алмайды.

Демек, парақорлықтың барлық құрамының ерекше сипаты болып табылатын осындай қоғамдық қауіпті әрекет жоғары латенттілікпен сипатталады.

Біздің пікірімізше, бұл жағдайды В.В.Лунев өте жақсы талдаған. Ол лауазым иелерінің қылмысқа баруының алғы шарты ол, олардың »мемлекеттік қызмет уақытша, сондықтанда онда орналасқан адам келешекте жақсы өмірін қамтамасыз ету үшін оны айлық түрінде ғана пайда табу мақсатында емес, сонымен қатар пара алу, ұрлық істеу және қызмет бабын пайдалану арқылы пайда табу үшін тиімді пайдалану керек» деген пікір деп атап өтті. Халықтың кейбірінде басым түрде қалыптасқан бірдеңе алу мәселесі жоғары лауазым иелері туралы пікірмен қабыспайды, үйлеспейді. Сондықтан да басқарушы органдардың жаңа және қауіпті нақты криминалдың жағы биік билікке көп ақшаның көмегі арқылы қол жеткізуден өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне әртүрлі жақсы жағдайлар жасау болып табылады.

Осының бәрі сайып келгенде адамдардың мемлекеттік билік органдарына және жергілікті басқару органдарына деген сенімін азайтып, олардың барлық қызметінің беделін түсіреді.

Ал енді осы қылмыс құрамы сипатын қарастырайық.

Қызмет беру мақсатында пара алудың объективтік жағына әрекет түрінде қылмыстық қол сұғудың сыртқы сипаты көріністерін анықтау да кіреді. Пара қызметке тағайындау мәселесін тікелей шешетін лауазым иесіне беріледі.

Қызмет беру мәселесін шешу міндетін атқармай, бірақ өзінің қызмет бабын басқа бір лауазым иесіне ықпал ету мақсатында пайдаланып, пара алуға келіскен лауазым иесінің әрекетінде тек пара алу ғана орын алмайды (ҚК 311 бабы). Егер лауазым иесі қызметке тағайындау құқығы бар басқа бір лауазым иесіне пара берсе, осылайша ол делдал ролін атқарса, онда оның әрекеті ҚР ҚК, 311 және 312 баптарына келеді. [10Б.181]

Бұрын атап өтілгендей, қызметке орналастыру үшін пара алу, оның басқа да пара-сыйлық және пара – сатып алу сияқты құрамдарына қатысты арнайы құрам болып табылады. Аталған қылмыс құрамының өзіндік ерекшелігі сонда, онда лауазым иесінің мемлекеттік орган жүйесіне бір адамды қызметке орналастыру үшін пара алуға қатысы бар ма немесе жоқ па деген сауалға дәлелді қажет етпеуі болып табылады.

Егер қызметке орналасу үшін пара беру фактісі орын алса, онда пара алу келісілген бе жоқ па деген фактіні анықтау қажеттілігі кінәліге жаза тағайындаған жағдайда ғана маңызды болады. Демек, лауазым иесімен пара беруші арасындағы әрекет алдын-ала келісілген бе немесе пара мемлекеттік орган  жүйесінде қызметке тағайындағы үшін алғыс ретінде берілді ме деген сауалдарға жауап беру керек. Осы жағдайда сот қызметке орналастыру мәселесін шеше алатын лауазым иесіне жаза тағайындалғанда есепке алуы керек;  егер пара беру мәселесі алдын ала келісілген болса, онда жаза да соған сәйкес ауырлау болу керек, ал егер пара адам қызметке тағайындағаннан кейін алғыс ретінде берілсе жаза да жеңілдеу болады.

Егер лауазым азамат басқа біреуді жұмысқа орналастыру ережелерін бұзу арқылы оны қызметке орналастырып, сол  үшін одан пара алса онда оның әрекеті қызмет бабын асыра пайдаланудың және жұмысқа орналастыру үшін пара алу  қылмыстардың жиынтығы ретінде сараланады.

Демек, лауазым иесінің пара берушіге немесе оның ұсынған адамына пара бергені үшін мемлекеттік органдар жүйесінде қызмет берудегі қылмыс құрамының объективті сипаты, оның осы әрекетінен көрінеді. Конструктивті құрамы бойынша қызметке орналастыру  үшін пара алу  формальды құрам. Осылайша, қылмыстық жауапкершілік лауазым иесінің параның белгiлi бiр бөлiгiн  іс жүзінде алған уақытынан басталады.

Бүгінгі таңда қызметке орналастырғаны үшін пара алған  бірде  бір лауазым иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылған оқиға болған емес. Осындай қоғамдық қауәпті әрекеттер іс жүзінде орын алғандықтан заң осындай әрекеттердің алдын алудың барлық шараларын қарастырғаны жөн. Осындай шаралардың бірі мемлекеттік органдар жүйесінде қызметке орналастыру үшін пара алғаны үшін қылмыстық жауапкешілік туралы арнаулы бапта Қазақстан Республикасы  Қылмыстың кодексінде арнайы көрсетіп, жаза тағайындауды заңдылық тұрғыдан шешу қажет. Дәл осындай арнаулы заңдылық норма туысқан Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 312 бабында арнайы жеке бап ретінде көрсетілген. Бұл өте құптарлық мәселе болып табылады. 

Пара беруге мәжбүрлеу. Парақорлық қоғамдық қауіпті әрекет ретінде үкімет органдарымен басқару органдарының жұмысын тежеп, сонымен бірге адамдарда өзінің құқықтарын қорғау  жіне іске асыру парасыз  мүмкін емес деген ұғымды қалыптастырады.

Пайдакүнемдікті қөздеген лауазым иелері адамдарға әртүрлі айла-тәсілдер  арқылы әсер етіп, оларды пара беруге мәжбүр етеді.

Пара беруге мәжбүрлеу құрамының ерекшелігі сол, ол осы қылмысты атқарудың инициаторы адамдарға ықпал етудің »құралы» ретінде олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне қол сұғулы болып отырған лауазымдық дәрежесi болып табылуында.

Осылайша, лауазым иесінің мәжбүр етуiнің нәтижесінде адам санасында оның құқықтық мүддесіне зиян келтіретін жағдайларды болдырмау үшін заңсыз сыйлық  беру керек деген ұғым қалыптасады.

Егер »пара беру- пара алу » қылмыс құрамын қарастырсақ, онда бұл әрекет пара беруші мен  алушының субъективті жағынан »еркімен келісу » болып сипатталады. Демек, еріктілік – пара берудің басты сипаты және пара берушінің қылмыстық жауапкершілігінің субъективті негізі болып табылады. Бірақ бұрынғы қылмыстық заң бойынша лауазым иесінің мәжбүрлеу арқылы материалдық игіліктерді алуы оның пара берушінің құқықтың мүддесіне зиян келтіруі арқылы қорыту, демек лауазым иесінің тарапынан оған психикалық қиянат жасау деп қаралуы мүмкін еді. Бұл жағдайда ол жоқ. Осыған байланысты біз  пара беруге мәжбүрлеуді пара алудың  сипаты түрінде, ал материалдық игіліктерді мәжбүр ету нәтижесінде берген адамды пара беруші ретінде қарастыру дұрыс емес  деп есептейміз. Демек, ол адамға жәбірленуші ретінде қарастырылуы керек, себебі ондай адамдар ҚР ҚК 312 бабының ескертпелерінде сәйкес қылмыстың жауапкершіліктен босатылады. Қылмыстың құқық теориясына сәйкес пара алу лауазым иесінің пара алған уақытынан бастап бітті деп, ал пара беруге мәжбүрлеу кезінде қылмыс лауазым иесінің пара талап еткен уақытынан бастап аяқталды  деп есептеледі және лауазым иесінің пара алу фактісін дәлелдеуді қажет етпейді. Біздің ойымызша, заң осындай қоғамдық қауіпті қылмыстарды дұрыс бөліп көрсетеді. Демек параны ерікті түрде алумен материалдық игіліктерді психикалық зорлық  жасау арқылы алуының құқықтық табиғатының принципиальды айырмашылықтарын көруге болады.

Пара беруге мәжбүрлеу лауазым иесінің жәбірленушінің алдына қоятын ультиматумы: пара беруге мәжбүрленушіге заттық талаптарын орындау немесе өзінің заңды құқықтарымен мүдделеріне қауіп төндіруге көну болып табылады.

Пара беруге мәжбүрлеудің объективтік жағы екі нысанда сипаталады.

— Адамның құқықтық мүделеріне зиян келтіру қаупін тудыру арқылы пара талап ету.

— Пара берушіні өзінің құқықтық мүдделеріне келетін зиянның алдын алу үшін пара беруге мәжбүр ету.

Бірінші нысан екіншіден өзінің ашық талап сипатымен, яғни істі адамды жұмыстан шығару немесе төменгі жалақы жұмысқа ауыстыру сияқты қорқыту әрекетімен сипатталады.Бұған қарағанда екінші нысанға көмескі сипат тән. Бұл жерде пара ашық талап етілмейді және істі адамның заңды құқықтарынының бұзылу қаупі жоқ, ал мұнда лауазым иесі адамды оған қажетсіз жағдайлардың тууының алдын алу мақсатында пара беруге мәжбүр ететін жағдайға әдейі алып келіп, оның санасында пара беру әрекетін қалыптастырады. Мұндай жағдайлар өмірлік қажетті мәселелерді шешуде сөзбұдайлыққа салу (ал оның қаралуына істі адамның заңды құқығы бар). Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін лицензия алуды тоқтату, мекемені тіркеу үшін қажетті материалдардың жетпеуін сылтау ету. Кейбір жағдайлардың дұрыс немесе бұрыстығына қателестіру тағы сондайлар. Бірақ іс жүзінде, бұнда талап ету және қорқыту да бар: лауазым иесінің әрекеті немесе әрекетсіздігі істі адамға егер оған сыйлық берілмесе оның құқықтық мүдделеріне зиян келеді дегенді айқын көрсетеді. Пара беруге мәжбүрлеу кезінде лауазым иесінің өкілеттілігiне кіретін азаматтардың заңды мүдделерін шешуге байланысты мәселелерді шешу барысында, бұл екі жағдайда лауазым иесі өзінің қызметтік жағдайын, өзінің заңды құқығын іске асыруды мақсат еткен азаматтың тәуелділігін пайдалануы айқын көрінеді.

Лауазым иесінің пара беруге мәжбүрлеу кезінде жеке адамға қандайда болмасын қорыту түрін ашық көрсетпеу жағдайлары болуда мүмкін.

Пара беруге мәжбүрлеуші әдейі өз қызметін орындамауы немесе болашақ пара берушінің іске асырылуына мүдделі ісін жүзеге асырмауы немесе орындауға міндетті әрекеттерді істемеуі мүмкін. Лауазым иесінің осындай әрекетінің арқасында азаматтың заңды құқықтық мүдделері бұзылады, ал ең соңында бұл оны пара беру арқылы өз мүддесін қорғауға мәжбүр етеді.

Лауазым иесі әр түрлі талаптар қоя отырып, істі азаматқа белгілі бір психологиялық қысым жасайды, ал бұл істі азамат оның талаптарын орындамаған жағдайда қиындыққа кездесетінін айтып қорқытумен көрініс табады.       

Заң әдебиеттерінде пара беруге мәжбүрлеу фактісін пара берушінің заңсыз мүддесін іске асыруда жасаған пара беруге мәжбүрлеушілеушінің заңсыз әрекеттерінінің жағдайларында  тануға болады деген пікір жиі кездесіп тұрады. Пара берушінің мүдделерін құқықтық қорғалған немесе құқықтық қорғалмаған деп бөлу пара беруге мәжбүрлеу ұғымынан тыс және оның компоненті, конструктивті белгісі бола алмайды. Демек, А.М.Медведев: »Пара беруге мәжбүрлеу деп лауазым иесінің оған пара берушінің мүддесі немесе пайдасы үшін заңды немесе заңсыз әрекеттерді, пара берушінің мүддесі құқықтық қорғалған немесе заңсыз екеніне тәуелсіз түрде пара беруге, егер бермеген жағдайда қиындыққа кездесетін ескертіп қорқыту әрекеттерін» – айтады.

Осындай позицияны, пара беруге мәжбүрлеудің тек қана тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделері зиян шеккенде ғана емес, сонымен қатар пара берушіге тиімсіз кез-келген қорқыту әрекеті мен байланысын да қарастыру қажет дейтін кейбір ғалымдар бар. Олардың пікірінше, пара беруге мәжбүрлеудің сипатын шектеу кінәлілердің қылмыстық жауапкершілігінің әлсіреуіне әкеліп соғады.

Авторлардың қарастырып отырған позициялары қызықты да, бірақ та талассыз емес. Осы жағдайды қылмыстық кодексте көрсету барысында бұл міндетті түде белгілі бір толықтырулармен және түсіндірмелермен берілуі тиіс. Егер пара беруге мәжбүрлеу кезінде азаматтың заңды мүдделері бұзылып ол өзінің заңды құқығын қорғау үшін лауазым иесіне пара берсе, онда бұл жағдайда заң осы азаматты жасалған қылмыстан жәбір көруші ретінде қарауы тиіс.

Біз оны жәбірленуші деп қарасақ, онда біз оған пара ретінде берілген материалдық игіліктерді қайтаруымыз керек. Ал енді лауазым иесі қорқытып заңды әрекет жасап, азаматтың заңсыз мүддесіне зиян тигізіп пара беруге мәжбүр ету жағдайын қарастырайық. Бұл жағдайда ол азаматты жәбірленуші деп қарамай, оны пара беруші деп қарап, пара берген кезде, ол лауазым иесіне берген материалдық игіліктерді пара есебінде мемлекет қазынасына өткізу керек.

Бірақ көптеген ғалымдар басқа пікірде. Мысалға, Б.В.Здравомыслов: »Егер кінәлі азамат пара берушіден, оған заңды әрекет қолданамын деп қорқытып пара беруін талап етсе (жасалған қылмыс жайлы материалдарды прокуратураға беру, бірнеше рет жұмыстан қалғаны үшін жұмыстан шығару немесе оның пайдасы үшін заңсыз әрекеттер (мысалы, материалдық игіліктердің жетіспеуін көрсетпеу, қылмыстық істі оған негіз болмаса да тоқтату) жағдайларында пара беруге мәжбүрлеу фактісі болмайды»- деп есептейді [6]. Біздің пікірімізше, осы көзқарас дұрыстау болып көрінеді, себебі заң тек қана азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды, демек азаматтардың заңсыз әрекеттерін заң қорғай алмайды.

Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық мәні өте зор. (1) Демек, объектіні анықтау қылмыстың мәнін анықтауға қылмыстық-құқықтық нормалардың жұмыс істеу шекарасын табуға, әрекетті дұрыс сипаттауға көмегін тигізеді, сонымен қатар оларды ұқсас құрамдардан ажырартуға көмектеседі. Қылмыс объектісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің жүйелерін құрастыру негізiне алынған. 
Осыған орай, қылмыстық құқық ғылымында объект мәселесі әрдайым көңілден тыс қалған емес. Бірақ осыған қарамастан көптеген мәселелер бойынша қарама-қайшы қорытындылар мен ұғымдар бар. Біз қылмыс объектісінің күрделі теориялық мәселесіне тереңдеуді, мұның бізге белгілі бір қиындық келтіретінін ескере отырып, және соған байланысты жеке зерттеу тақырыбы болуы мүмкіндігін ескере отырып олай жасамай отырмыз. Біріншіден, қылмыс объектісінің кейбір мәселелері бойынша өзіміздің көзқарасымызды белгілеп алумыз өте маңызды болып табылады. 
Кеңестік одан кейін Қазақстан қылмыстық құқық теориясы өзінің өмір сүрген кезінен бастап қылмыс объектісі әрқашан да белгілі бір қоғамдық қатнастар болып табылады деген ұғымды ұстанып келді 
Көптеген авторлар қылмыс объектісі жайлы осындай ұғымның принципиальды маңыздылығының астын сызып, олардың кез келген қылмыстық қол сұғудың әлеуметтік мәнімен қоғамдық қауіптілігін дұрыс түсінуі үшін ерекшелігін атап көрсетеді. Бұның маңызы өте зор, себебі қазіргі кезде қылмыс объектісінің басқа анықтамасын беруге тырысушылық орын алып отыр. Атап айтқанда, Г.П.Новоселов қылмыс объектісі деп бір немесе көп адамға қарсы жасалған қылмыс деп түсіндіреді. В.В.Наумов кейбір жағдайларда қоғамдық қатынас қылмыс объект теориясы ретінде жұмыс істемейді. Бірақ бұл мәселе жөнінде біз пікір талас жасамай қылмыс объектісі анықтамасын қоғамдық қатнас ретінде қараған жалпы қабыдданған көзқарасқа қосыламыз. 
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісін үш сатылы жүйелеу кең таралды. Бұл жүйені ең бірінші 1938 жылы В.Д. Меньшагин ұсынды және көптеген жылдар бойы ешқандай күдік тудырмады. Бірінші рет оны Б.С.Никифоров сынады, ал кейінірек басқа да кейбір ғалымдар осы сынға қосылды. 
Қазақстан Республикасындағы ҚК құрылымы бойынша парақорлықтың топтың объектісіне мемлекеттік биліктің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жиынтығы деген анықтама беруге болады. Қазақстан Республикасы ҚК бұрыңғы 13 бөлімінен шығатын бұл анықтама, біздің пікіріміз бойынша толық емес, себебі онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты қызметі қамтылмаған. 
Бұл жерде мәселе мемлекеттік билік пен жергілікті өзін басқару органдарының арақатынасы жайлы, нақты айтқанда – жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық табиғатын анықтауда болып отыр. 
1997 жылғы Қазақстан Республикасында ҚК қабылдаудан көп бұрын лауазымдық қылмыстардың топтық объектілері болып, сонымен бірге қоғамдық аппаратының дұрыс жұмысы да есептелінетін еді. Қазіргі қолданыстағы қылмыстың заң бойынша қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, сонымен коммерциялық ұйымдардың заңды, қалыпты қызметі коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс объектісі болып табылады. 
Парақорлықтың топтық объектісі болып, мемлекеттік аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастар болып табылады. 
Осыған байланысты мемлекеттік аппаратпен жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымын анықтау ерекше теориялық және практикалық маңызға ие болады. Бұл біріншіден мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздеріне жүктелген функцияларын орындау бойынша қызметінің шегі мен көлемін анықтауға мүмкіндік беретіндігінен мағызды болып табылады, себебі қылмыстық реформа мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық қатынастарға ықпал ету механизмін өзгертіп және оның шегін қысқартып, жеке меншіктің және еркін сауда үшін жағдай жасады. Мемлекеттік аппарат және өзін-өзі басқару аппараты анықтамаларын белгілеу аппарат қызметкерлерінің, лауазым иелерінің, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің практикалық қызметінің саласын айқын анықтап алуға да мүмкіндік береді. 
Парақорлықтың топтық объектісін анықтау барысында біз мемлекеттік аппаратты кең мағынада түсінуді басшылыққа аламыз. Осылайша мемлекеттік аппаратта: 
а) мемлекеттік билік органдары; 
б) мемлекеттік мекемелер; 
в) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлері мен әскери бөлімшелері бар. 
Жергілікті өзін-өзі басқару аппарпаты ұғымы да дәл осылайша анықталады. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымына Қазақстан Республикасы Қарулы күштері кіргізілмеген және басқа да әскерлер әскери бөлімшелер кіргізілмегендігі ерекшелік болып табылады. 
Қылмыстық құқық теориясында парақорлықтың тікелей объектісіне әр түрлі сипаттамалар берілді. Кейбір авторлар мұнда топтық және тікелей объектілері өзара сәйкес келеді деп ойлайды. Бірақ көптеген авторлар бұл қылмыстың топтық және тікелей объектілерін бөлшектеп дұрыс анықтайды. Бұл объектінің жалпы қабылданған сипаттамасына және олардың ара қатынасына сәйкес келеді. Тікелей объект әрқашанда топтық объектінің тек бір бөлігін құрайтын қоғамдық қатынас болады. 
Осы көзқарас бойынша парақорлыққа делдалдықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік апараттың немесе жергілікті өзін-өзі басқару аппараттарының мемлекеттік органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қарулы күштердегі басқару аппараттарының Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлер мен әскери бөлімшелердің жеке бөлімдерінің бір қалыпты заңды қызметінің мазмұнын құрайтын осындай нақты қоғамдық қатынастар болып табылады. 
Парақорлықтың заты. »Пара» белгісі мазмұнын анықтамас бұрын, ең біріншіден, пара тұсінігін парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерімен айналысып жұрген ғалымдармен немесе қылмыс объектісі жайлы жалпы зерттеулер жүргізушілер арасындағы түсінік бірдей емес екенін есте ұстау керек. Кейбіреулер параны қылмыс заты, ал басқалары қылмыс құралы деп есептейді. Ғалымдардың көпшілігі »пара заты» жайлы айтады, шын мәнінде, оны қылмыс заты ретінде түсінеді. Пара табиғатын екі түрлі түсіну де орын алып отыр: пара беруші үшін материалдық байлық мақсатқа жету құралы болып табылса, ал пара алушыға – пара заты болып табылады. 
Біз бұл мәселені жан-жақты талдауды алдымызға мақсат етіп қоймаймыз, себебі біздің пікіріміз бойынша бұл дау біз үшін принципті емес және мұның практикалық мәні жоқ. Осы мәселе бойынша тек өз көзқарастарымызды білдіреміз. Паралық заңдық табиғатына қатысты қарама-қайшы көзқарас, біздің ойымызша, қылмысты әртүрлі түсіну нәтижесі, сонымен қатар »қылмыс заты» деген ұғымымен »пара заты» деген терминнің сәйкес келуінен туындайтын болып табылады. 
Егер қылмыс заты деп тікелей қылмыстық ықпал жасалатын және ең бірінші кезекте зиян шегетін заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас элементтерін түсінетін болсақ, онда пара даусыз түрде қылмыс заты болып табылмайды, себебі ол қоғамдық қатынастар құрамына кірмейтіндіктен қылмыс объектісінің материалдық көрінісі болып таныла алмайды. 
Бұл мәселені дұрыс шешуге қылмыс заты мен объектісі жайлы қолданыстағы теориялық зерттеулер негізге алынуы тиіс. Қылмыс затымен объектісінің мәні және олардың ара қатынасын біздің ойымызша, толық және дәйекті түрде В.Я.Таций зерттеген. Ол негізделген түрде заттың үш түрлі сипатын бөледі: қорғалатын қоғамдық қатынас заты, қылмыс заты және қылмыстық ықпал заты. Бұл кезде, қылмыс заты деп автор белгілі бір қасиеті бар материалдық дүниенің кез келген затын түсінеді, ал ол заттарды қылмыстық заң адамның нақты қылмыс құрамындағы әрекеттерімен байланыстырады. 
Осы позицияға қарап, параны қылмыс затына қосуға болады. »Пара» объектінің өмір сүруінің индексаторы болып табылады, себебі бұл жағдайда қоғамдық қатынас лауазым иесін паралап сатып алу жолымен бұзылады, яғни пара алу жолымен бұзылады. Тек параға байланысты,кінәлі өзінің қызметтік өкілеттілігін пара беруші ұшін жұмсайды. 
»Пара заты’ терминініне келетін болсақ, оның қолданылуы онша дұрыс емес. Егер біз параны қылмыс заты ретінде қарайтын болсақ, ал қылмыс заңда пара алу ретінде аталады. Осы кезде оны пара алу мәселесі немесе »парақорлық мәселесі» деген терминді қолдану логикалық тұрғыдан дүрыс болған болар еді. »Пара тәсілі» деген терминді тек қана , егер »пара» сөзі арқылы тек белгілі материалдық игіліктерді ғана емес, ол сонымен қатар лауазым иесіне оның қызмет бабы бойынша жасаған қандай да бір әрекеті үшін берілетін материалдық игіліктерді тұсінген жағдайда қолдануға болады. И.Я.Козаченконың »пара» термині бір адамның екінші бір адамға не бергеніне бағдарланбайды, ал ол не үшін беріледі және ол қалай орындалады дегенге бағдарланған деген пікірі дұрыс. 
Парақорлық заты мазмұнының теориялық және практикалық маңызы зор. Қылмыстық заңда ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлікке құқығы, мүлік сипатындағы пара алуы жайлы айтылған. Осылайша, заңда бұл қылмыстың заты біршама нақтыланған. Мұның, бұрынғы қолданыстағы қылмыстық заңнан айырмашылығы,парақорлық затының мүліктік сипатының асты айқын сызылып көрсетілгендігінде. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі қылмыстық құқық теориясымен сот практикасындағы параны мүліктік сипаттағы пайда түрінде көрінеді дейтін позицияны ұстанды. Бұл жағдайда тек ақша, бағалы заттар, құнды қағаздар және материалдық байлықтарды түсінбеу керек, сонымен қатар материалдық сипаттағы қызмет пен құқықтарда түсінілуі тиіс. Мұнда, лауазым иесінің алған заттары, ең соңында өзінің мүліктік сипатын жоймауының маңызы зор. Мұнымен қатар пара заты болып мүліктік емес сипаттағы игіліктер танылуы мүмкін дейтін тағы бір көзқарас бар. Ең бастысы пара алушының көзіне бұл заттардың құнды болып көрінуі керек және сол үшін де сол өзінің қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануға дайын болуы керек. 
1884 жылы өзінің »Паралап сатып алу жайлы» атты еңбегінде неміс ғалымы А.Фейербах пара затына »жалпы сезімді қанағаттандыруға және өз пайдасына қызмет ететін, ерекше атап айтатын болсақ, орден берем деп уәде беру, қызметі үшін төлем ретінде сұраушының өз денесін беруі сияқтылардың бәрі жатуы мүмкін» — деп пікір айтқан болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.ПАРА АЛУДЫҢ СУБЪЕКТІСІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

Мемлекеттік қызметпен мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметі мүддесіне қарсы қылмыстың ерекше белгісі болып оларды арнайы субъектілердің жасауы, яғни жалпы субъектімен салыстырғанда белгілі ерекшеліктерімен сипатталатын  адамдардың жасауы болып табылады. Арнайы субъект белгісінің ерекшелігі төмендегі мәселелерден көрінеді:

Олар қылмыс құрамының негізгі белгісі болып көрінеді, бұларсыз осы құрам болмайды;

Қылмысты саралау немесе ауырлату жағдайында қылмыс құрамын құрайтын саралау белгісі болып көрінеді.

Пара алу құрамын талдау осы қылмысчтық субъектілері болып қызметкерлердің төрт санаты болуы мүмкін деген қорытындыға келуге негіз бар. Олар:

Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдар;

Мемелекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға теңестірілгендер;

Лауазымды адамдар;

Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар;

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі заңымен Қылмыстық кодекстің 13 тарауында елеулі өзгерістер, толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты тараудың аты мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар деп аталады. Осы тараудағы көптеген қылмыстық баптардың диспозициясы өзгеріске ұшырады. Соның ішінде парақорлықтың ұғымының белгілері, оның субъектісіне байланысты тың жаңалықтар орын алды. Бұрыңғы осыған дейінгі уақытта пара алу субъектісі тек лауазымды тұлға болса, жаңа өзгерістерге сәйкес пара алу субъектісінің қатары өсті, енді парақорлық субъектісіне мемлекеттік қызмет атқарға өкілетті адамдар не оған теңестірілген адамдар келіп қосылды. Қылмыстық  заңда мұндай тұлғалардың түсінігіне заңдылық анықтама ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабынан ескертуінде берілген. Осыған орай мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті адамдарға лауазымды адамдарды, Парламент мәслихаттарының депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекет қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға: жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Респуликасының Президентінің, Республика Парламенті мен мәслихаттарының депуттатығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдардың мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы мемлекеттік бюджеттік қаражатынан төленетін қызметшілер, мемлекеттік органдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарды басқару қызметін атқаратын адамдар теңестіріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізілген осы жаңалыққа сәйкес бұдан былай барлық мемлекеттік қызметшілер, басқа да қызметшілер парақорлық субъектісі болып табылады. Демек, парақорлық субъектісінің саны бұрынғы заңға қарағанда едәуір ұлғайды. Лауазымды адамдар ендігі жерде парақорлықтың ауырлататын белгісінің субъектісі болды. Бұрынғы заңда парақорлық субъектісі тек лауазымды тұлға болса, енді пара алудың негізгі құрамының субъектісі болып мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті және соған теңестірілген адамдар табылады. Осы заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің түсініксіз жақтары да бар. Біріншіден бұл қылмыстық заңға енгізілген өзгеріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңда көрсетілген субъектілер тізімін өзгертпестен енгізген Мемлекеттік қызметші мен лауазымды тұлға деген түсініктердің арасы жойылып кеткен. Екіншіден осы заңда мемлекеттік қызмет атқаруға өкіллетті адамдарға – лауазымды адамдар жатады деп тікелей айтылған. Сонда осы ҚК-тің 307-бабының ескертуінің бірінші бөлігінде көрсетілген лауазымды адамдардың, осы ескертудің үшінші бөлігінде айтылған лауазымды адамдардан қандай айырмашылығы бар екендігі түсініксіз болып қалған. Осыған орай қылмыстық заңда лауазымды адамдардың түсінігі екі топқа бөлініп берілген. Болашақта мұндай қарама-қайшылықтар заңдылық тұрғыда түзелуі тиіс. 

Жалпы алғанда парақорлық субъектісі көбінесе лауазымды адамдар болады.  Бұрын айтын өткеніміздей »лауазым адамы» деген термин 1926 жылғы РСФСР ҚК пайда болды, бірақ осы ұғым заңда берілген жоқ. Лауазымды қылмыстардың арнайы субъектісі жайлы теориялық мәселенi зерттеу қылмыстық-құқықтық әдебиетте практика талабынан туындады. Бірақ бұл процеске заң оперативті  жедел түрде көңіл бөлмеді.

ССРО Жоғарға Сотының Пленумының шешімдеріндегі кімдерді лауазым иесіне жатқызу керек деген мәселе бойынша көптеген түсіндірмелерге қарамастан сот практикасында біраз қателіктер орын алды. Қылмыстық құқықта лауазым иесі ұғымын анықтаудағы қиындық екі түрлі жағдаймен түсіндіріледі. Біріншіден бұл ұғымның белгісін айқын көрсетудің және оған түпкілікті анықтама берудің қиындығы соңғы кезде ерекше байқалды. Елде жүріп жатқан жалпы өзгерістер билік құрылымдарында өзгеріске ұшыратып, осы кезге дейін белгісіз лауазымдарды туғызды және бұрынғы өмір сүргендерінің біразын жойды. Екіншіден, лауазымдық тұлға түсінігін ғылымда да және заңда осы санаттағы адамдарға жатқызуға салалық көзқарастың үстем болуы жағдайды қиындата түседі.  Әдетте, салалық заң ғылымы өкілдері лауазымдық тұлға ұғымын құқық саласының ерекшеліктерімен байланысты қарады (әкімшілік, еңбек, конституциялық және т.б.).

Заң әдебиетінде лауазымдық тұлға ұғымына оның салалық ғылымда жасалған әртүрлі анықтамаларды сараптау негізінде толық жан-жақты толыққанды анықтама беруге қадам жасалды. Бірақ осы әрекеттерді сәтті деп айтуға болмайды. Осыны есепке ала отырып, кезінде Панченко П.Н.  қылмыстық кодексте лауазымдық тұлға ұғымы анықтамасын беруден мүлде бас тартуды ұсынды. Біздің заңымыз бұл жолмен жүрмеді, себебі бұл сот практикасындағы әртүрлілікке және лауазымдық тұлға ұғымын әртүрлі түсіндіруге әкеліп соғар еді.

 Сонымен ҚК 307 бабына түсіндірмесінде, ескертуіне сәйкес: тұрақты немесе уақытша арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда жергілікті өзін-өзі басқару органдарында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде ҚР басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады. 

Бұл жағдайда лауазым адамы белгісін анықтаушы ұғым болып заңда көрсетілген қызметтердің мәні, ол адамның заңда көрсетілген  қызметті атқаруы оның орындайтын міндеттерінің сипаты көрсетілген.

Демек, заң субъектілерінің бірінші санатында:

а) Үкімет өкілін атқарушы адамдарды;

б) Ұйымдастырушылық — әкімшілік немесе әкімшілік – шаруашылық қызметтерді заңда көрсетілген құрылымдарда атқарушы адамдарды жатқызады.

Әрине, қылмыстық заңда қылмыстың арнаулы субъектісі ретінде лауазым адамының маңызды және субъект ретiндегi жалпы белгілері қарастырылған. Қызмет мәнінің, олардың мазмұнын ашу арқылы адамды лауазымды адам қатарына қосуға мүмкіндік туады.

Заң әдебиетінде барлық көрсетілген адамдар тобын лауазымдық қылмыс жайлы жалпы ілім контекстінде де, және олардың жеке түрлерін зерттеу барысында да қарауға көп көңіл бөлінді. Бірінші рет аталған қызметтердің мазмұны ССРО Жоғарғы Сотының 30.03.90 жылғы Пленумының №4 »Билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық және лауазымдық жалғандық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» қаулысында толық ашылған . Үкімет өкілі ұғымы біздің заңға қашаннан белгілі. 1997 жылы ҚР ҚК қабылданғанға дейін оның мазмұны ССРО Жоғарғы Сотының Пленумының жоғарыда атлған қаулысында ашылды. Ол қаулыға сәйкес, өкімет өкілі дегеніміз өз қызметінің түріне қарай оларға бағынышты қызметкерлерге қатысты ғана емес, сонымен бірге олардың әкімшілік бағынысында  оларға қызметтік бағынышты емес азаматтарға қатысты да өкіметтік функцияларды жүзеге асыру өкілеттілігі берілген адамдар.

Пленум бұл шешімімен негізсіз өкімет өкілдерінің шеңберін тек мемлекеттік қызметкерлермен шектегенін атап өту қажет. Үкімет өкілі өкілеттілігі мемлекеттік  қызметте тұрмайтын адамғада заңмен берілуі мүмкін. Мұндай адамдарға, И.Клепицийдің пікірі бойынша алыс жүзу сапарларда жүрген теңіз кемелерінің капитандарын және присяжный және халық заседательдерін және басқаларды жатқызуға болады.

Бірінші рет өкімет өкілі ұғымының түсінігін Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы атап берді. ҚР ҚК 320 бабының ескертуінде өкіметтің өкілдігі деп оған қызмет жағынан тәуелсіз адамдарға қарсы қатысты заңмен белгіленген тәртіпте өкім ету өкілеттілігі берілген мемлекеттік органның лауазымды тұлғалар айтылады. Принципінде өкімет өкілі ұғымына келтірілген анықтамасының мәнді өзгерісі жоқ. Дегенмен Б.В.Волженкиннің ескертуі логикалық тұрғыдан дұрыс болып есептелінеді. ҚР ҚК берген анықтамаға қатысты, ол »бұл анықтаманы лауазым иесі анықтамасымен салыстырғанда оның айқын еместігі және тавтологиялығы көрінеді: өкімет өкілі болып лауазым адамы танылады, ал лауазым адам – бұл өкімет өкілі функциясын іске асырушы адам, яғни басқаша айтқанда лауазым адамы функциясын атқаратын адам» .

Жоғарыда айтылғандай, өкімет өкілінің қызметі оған қызметтік бағынышта болмайтын адамдармен қарым-қатынаста болады. Көптеген өкімет өкілдерінің мүлде қызметтік бағынышты адамдары болмайды, бірақ олардың азаматтардың кең, белгісіз шеңберіне қатысы бар өкімет өкілеттілігі болады. Демек адамды өкімет өкілі деп тану үшін оның лауазымдық дәрежесі шешуші роль атқармайды, ал оған берілген мемлекеттік өкімет органдарына тән билік өкілеттілігінің нақты берілуі шешуші роль атқарады. Үкімет өкілі ықпалының сферасы мемлекеттік орган шегімен шектелмейді, ал оның сыртында жатады. Сондықтанда, өкімет өкілі нұсқаулы фнукциясын өкімет органы шегінде немесе одан тыс іске асыруына қарамастан ол лауазым иесі болып танылуы керек.

 Сонымен бірге өкімет өкілінің өкілеттілігі тек ведомствалық мәселелерді шешуге байланысты белгілі шектеулерде ғана мәнді күшінде болады. Демек, балық қорғау, мемлекеттік заң қорғау инспекциясы қызметкерлері өздерінің осы функцияларын іске асыруға байланысты өкімет өкілдері ретінде көрінеді.

Үкімет өкілеттілігі функциясы биліктің үш тармағында – заң шығарушы, атқарушы және сот билігінде, мемлекеттік деңгейде де жергілікті өзін-өзі басқару органдары деңгейінде де іске асырылады. Заң шығарушы билік саласында өкімет өкілі болып Парламент депутаттары танылады. Жергілікті құрылымдарда жергілікті халық атынан міндетті шешім қабылдауға құқығы болатын, белгілі құрылым аумағында қызмет ететін жер, жергілікті мәслихат депутатары да іске асыра алады.

Атқарушы билік саласында өкімет өкілдері болып ҚР Ікімет мүшелері және басқа да өкімет органдарының атқарушы билік өкілдері мен әкімият атқарушы билік өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары басшылары, сонымен қатар құқық қорғау және бақылау органдарының лауазым адамдары танылады.

Сот билігі саласындағы өкімет өкілдері болып ҚР Жоғарғы Соты судьялары, барлық деңгейдегі судьялар жатады.

Сот, тергеу, прокуратура органдарының  техникалық қызметкерлер және әкімшілік құрамының белсенді емес құрамы, өкімет өкілдері болып таныла алмайды, олардың кейбіреуі лауазым иесі болып табылса да, бірақ өкімет өкіліне қатысы болмайды.

Мамандардың пікірлері бойынша »ішкі істер бөлімдері әскерлерінің әскери қызметшілері олар өздеріне жүктелген ҚР ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауда, қоғамдық қауіпсіздік пен төтенше жағдайда  құқықтық режимді қамтамасыз етуде, мемлекеттік маңызды объектілерін күзетуде, арнайы жүктерде қорғауда, түзеу мекемелерін қорғауда, сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды конвоймен алып жүруде, мемлекеттік күзет органдары қызметкерлерін, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары бақылаушыларын және тағы басқаларды билік өкімет өкілдері деп есептеуге толық негіз бар».

Жалпы пікір бойынша, өкімет өкілдері болып, сондай функцияларды уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша атқарушы адамдар да танылады. Соңғыларға жеке алғанда, әртүрлі инспекторлардың, ревизорлардың, бақылаушылардың қызметке тағайындалмай тұрып өкілеттілікті орындауға тартылуы, сонымен қатар полицияның штаттан тыс қызметкері және басқа адамдардың тартылуы жатады. А.газетте аудармашы сонымен бірге  полицияның штаттан тыс инспекторы болып жүріп, лауазым иесі болып танылып және пара алғаны үшін сотталған. Кейбір шет мемлекеттердің де қылмыстық құқығында  »өкімет өкілі» ұғымына түсінік беріледі. Жеке алғанда, ҚР ҚК бойынша  өкімет өкілі дегеніміз бұл герман құқығына сәйкес:

а) шенеунік немесе судья, б) басқа мемлекеттік құқықтық қызметтік қатынаста тұрады немесе в) өкімет органында немесе басқа мекемеде оның нұсқауы бойынша мемлекеттік басқару мәселелерін шешу үшін  арнайы тапсырыспен тағайындалған.

Ұйымдастырушылық-әкімшілік функциялары ұжымды басқарудан, басқа қызметкерлердің қызметтік немесе өндірістік жұмысын ұйымдастырудан (жұмысқа алу, одан  шығару жұмысты жоспарлау жұмысты ұйымдастыру, еңбек тәртібін қадағалау, шешімінің орындалуының бақылау және т. б.) тұрады. Мемлекеттік мекеменің кез келген қызметкерлердің қызметін тексеріп және жұмыстарын бағыттап ұйымдастырушы адам ұйымдастырушылық-әкімшілік функцияны атқаратын лауазым иесі адам болып табылады. Мұндай функцияларды, атап айтқанда министрліктер, комитеттер департаменттер ведомоства басшылары және ғылым мәдениет білім мекемелері басшылары іске асырады.

Үкімет өкілдері функциясын атқарушылардан бұл аталған адамдардың қызметі өздері қызмет  ететін ведмство немесе оның құрылымдық бөлімшелерімен шектеледі. Әкімшілік-шаруашылық функциясы – бұл дегеніміз мемлекеттік мүлікті басқару және жұмсау; оның сақталу тәртібін белгілеу қайта өңдеу, өткізу тәртібін белгілеу, материалдық байлықтың жұмсалу есебін алу, ақша қаражаты мен құжаттарды алу және беру және т. б. өкілеттік болып табылады. Осындай өкілеттіліктерді әртүрлі деңгейдегі жоспарлау – шаруашылық жабдықтау, қаржы бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары және т.б. жүзеге асырады.

Жаңа ҚК мұндай заң жоқ. Бірақ аталған функцияларды іске асыру адамның белгілі бір қызметте болуын көрсететіні айқын.

Атап өткеніміздей лауазым иесі деп – мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік мекемелерде, сонымен қатар ҚР қарулы күштерінде басқа да әскерлермен әскери бөлімшелерде сәйкес функцияларды атқарушыларды түсіну керек.

Аталған қылмыстар субъектісі болып осындай функцияларды қоғамдық бірлестіктерде, партияларда, коммерциялық құрылымдарда біріккен кәсіпорындар атқарушылар танылмайды. Адамдардың бұл категориясы үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР ҚК 8-інші тарауында коммерциялық және басқа да ұйымдар қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар да қарастырылған.

Мемлекеттік орган деп мемлекеттік механизмінің жеке белгілі бір функцияны іске асыру үшін мамандандырылған және соған сәйкес құзіретке бейімделген бөлігін түсінеміз. Мемлекеттік органдар жүйесі заң шығарушы, атқарушы және сот билігін құрайды.

ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды туралы заңға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органы деп сайланатын және жергілікті мәселені шешуге өкілеттілігі бар басқа да мемлекеттік өкімет органдары жүйесіне кірмейтін органдар танылады.

ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелерге жекеменшік иесінің басқару әлеуметтік, мәдени немесе басқа да коммерциялық емес тұрғыдағы және өзі толық немесе жартылай қаржыландыру үшін құрған ұйымдар жатады. Бұл жағдайда мемлекет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрған мекемелер жайлы әңгіме болып отыр. Оларға мемлекеттік мәдениет мекемелері, ғылым, денсаулық сақтау және т.б. жатады. Бұл мекемелердің қызметкерлерін лауазым иелеріне егер олардың заңға сәйкес билік жүргізуге құқығы болса ғана жатқызылады. Сондықтан атап айтқанда мемлекеттік нотариалдық  кеңседе жұмыс істейтін нотариус лауазым иесі болып табылады.

»Қорғаныс туралы» заңға сәйкес ҚР Қарулы Күштеріне әскери басқарманың орталық органдары, құрылымдар, бөлімдер әскери құрама түрлеріне және Қарулы Күштеріне кіретін әскери бөлімдер мен ұйымдар жатады.

Басқа әскер мен әскери бөлімдерге ІІБ ішкі әскерлері, мемлекеттік байланыс әскері, жол бойы әскері, ҚР төтенше жағдайы агенттігі әскері, әскеридендірілген таудан қорғау бөлімдері, ҚР шекара әскерлері жатады. Қорғаныс саласында жекелеген мәселелерді шешу үшін инженерлік-техникалық органдардағы атқарушы билік органдарының жол құрылыс әскери бөлімшелері тартылады.

Белгілі бір қызмет бойынша міндетті орындаушы адам лауазымдық қылмыс субъектісі болып егер, көрсетілген міндеттер ол адамға белгілі тәртіп бойынша берілсе танылады. Мұның болмауы осы қылмыс үшін жауапкершілікті жою керек.

ҚР Қылмыстық Кодексі өкімет өкілі функциясын немесе ұйымдастырушылық әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық функциясын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша орындалу мүмкін деп атап көрсетті. Заң әдебиетінде арнайы өкілеттілік деп адамға қызметке тұрмай тұрып ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық сипаттағы әрекеттерді арнайы құқықтық акт негізінде уақытша бір реттік тапсырмаларды орындау мақсатында жасауға құқық беру танылады. Демек, »арнайы өкілеттілік» үшін бірнеше белгілердің болуы қажет: а) аталған функцияларды орындау үшін қызметке тұрақты тұрудың қажеті жоқ; б) арнайы өкілеттілік керек, яғни заңдық күші бар арнайы өкілеттілікті белгілейтін акт керек; в) арнайы өкілеттілікті, әдетте бір реттік немесе қысқа мерзімдік сипат алады (18. 337-380). Мұндай адамдар қатарына присяжной заседательдері, мемлекеттік органдар өкілеттілік берген қоғамдық контролерлер мен ревизорлар, медициналық шақыру комиссиясы мүшелері тағайындалған дәрігерлер және басқалар жатады. Аталған әрекеттерді жасауға құқығы бар ұйымдар немесе адам арнайы өкілеттік бере алатынын есте сақтау қажет.

Заңға сәйкес, арнайы өкілеттілік бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды, оларды уақытша орындаудан ажырата білу қажет. Біз екіншімен салыстырғанда біріншінің кейбір жағдайларда қатаң заңдық зерттелуін талап ететінін қысқа мерзімділік немесе бір реттік сипатын және ең соңында қызмет орнына орналаспай-ақ тапсырманы орындайтынын келтірдік. Егер қызметке белгілі бір мерзімде тұру немесе белгісіз мерзімге тұру орын алса, онды сөз тек уақытша тапсырма жөнінде ғана болады, ал ол арнайы өкілеттілік бойынша міндетті орындауға жатпайды.

Қарастырылып отырған қылмыс тобы субъектісін анықтау барысында, адам өз жұмысына байланысты тек мерзімді уақытта ғана ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық сипаттағы жұмыстарды орындау жағдайында белгілі бір қиындықтар туындайды. Бұл жерде мұғалімдер, дәрігерлер, тәрбиешілер және басқа да адамдар жайлы әңгіме болып отыр.

Мысалы, дәрігер пациенттің жұмысқа жарамсыздығын анықтай отырып, оны жұмыстан босататын құжат бере отырып мүгедекті анықтайтын, ҚР Қарулы Күштеріндегі қызметтен босататын комиссия мүшесі болып табылса, ол лауазым адамы функциясын орындайды.

Басқа жағынан алғанда, бұл адамдар таза өндірістік кәсіптік функцияны да орындауы мүмкін: дәрігер ауруға диагноз қояды, емдеу курсын белгілеп, орындайды, операцияларды іске асырады және басқалар.

Осы екі адамға қатысты мынадай тәртіп бар, ал ол бойынша олар пара алу субъектісі болып тек заңда көрсетілген ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық сипаттағы функцияларды орындау кезінде ғана болуы мүмкін. Кәсіби немесе өндірістік міндеттерді орындау жағдайында олардың лауазымдық функциясы болмайды және пара алу субъектісі болып танылмайды. Олардың іс-әрекетінде басқа қылмыс құрамы болса сол үшін жауап беруі мүмкін.

Сот тәжірибесінде прақорлықтың субъектісі әртүрлі салада істейтін лауазымды тұлғалар болып отыр. Оны мына төмендегі сот тәжірибесі ашып көрсетер.

Парақорлық — коғамымыздын өткен ғасырдағы басынан кешірген кенестік дәуірдін, сонымен катар казіргі уакыттағы мемлекетіміздің экономикалык, саяси дамуы кезіндеі және алдағы уакыттағы дамуына бірден-бір кедергілер қоғамдағы кара дақ болып отыр. Үткен ғасырдың аяқ кезінде кеңестік дәуірдегі қоғамдық катынастардың кең көлемде бұзылуынан басталып, мүліктерді мемлекет меншігінен алып, жекешелендіру жаңаша дамып одан әрі күкықтық мемлекет құру барысында мемлекетіміздегі қоғамдық радикалды өзгерістерді іске асырушылар мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдардың заң жолымен жүруіне дүрыс қамқорлык жасамады. Қоғамымыздың бір кезеннен екінші бір кезеңіне өту кезінде етек жайған кылмыстың бір түрі — паракорлық, әсіресе :оның аса қауіптісі мелекеттік қызмет саласындағылары қылмыстар. Паракорлық посткомунистік аймақтың барлығында да өсті, ал бұл дегеніміз — кімде-кім пайдалы ресми л отырса, кызмет бабын пайдаганып баюды мақсат тұтты. Қызылорда калалық сотында өткен жылы парақорлык жөнінде 11 кылмыстык іс түсіп өз шешімін тапса, ал биылғы жылдың алты айында 4 қылмыстык іс каралып отыр.

Мүның өзі осы аталған келеңсіз кылмыстьщ әлі де болса біздің коғамымызда орын алып отырғандығын керсетеді.

Осы кылмыстық істер бойынша шолу жасайтын болсак, 2003 жылдың 21 наурызында Қызылорда облыстық салык комитетінің арнаулы салык режимдері бөлімінің бастығы -Ж.Сүйірбаев үйымдық-өкімдік лауазымды кызмет аткарып жүріп, кәсіпкерлікпен айналысуға күкық беретін патентті дайындап беру оның қызметтік өкілдіпне кіретін болса да, пара берушінің пайдасына жалпы қамқоршылық, мүмкіндік жасап, өзінің карамағындағы қызметкерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға күкык беретш патентті жылдам дайындап беруге тапсырма беріп, орындаттырып, осы жасаған әрекеті үшін азаматша М.Кимнен берген 5000 теңгесін пара ретінде алған.

Қызылорда калалык сотының 2003 жылдын 5 маусымында үкімімен Ж.Сүйірбаев ҚР ҚК-нін 311-бабы 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыруға жаза Тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63-бабы колданылып тағайындалған жаза шартты деп саналып, оған 1 жылға сынак мерзімі тағайындалған.[16Б.94]

Субъективтік жақтың мазмұнын зерттеудің теориялық және практикалық маңызы зор. Қылмыстық жауапкершілік негізінің құрамдас бір бөлігі ретінде ол қылмыстық мінез-құлықты, қылмыстық емес мінез-құлықтан бөліп қарайды.

Қылмыстың субъективтік жағы қылмыстың қоғамдық қауіптілігі деңгейін анықтауға әсерін тигізеді және осының себебінен жазаның даралануына да әсер етеді. Сонымен қатар оның маңызы басқа белгілері бойынша ұқсас қылмыс құрамдарын бір-бірінен бөліп қарауға мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.

Пара алу құрамы диспозициясында кінәнің нысанын атап көрсетпейді, бірақ құрамның объективтік жағын талдаудан іс-әрекеттің заңдағы сипаттамасынан, сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексінің 20 бабының 2 бөлігін басшылыққа ала отырып, осы қылмыс тек қана тікелей қасақана бойынша жасалуы мүмкін деп сеніммен айтуға болады.

Тікелей қасақаналықты анықтау үшін, кінәнің басқа да кез-келген түрі сияқты, заң психиканың интеллектуальдық және еріктік элементтерінің мазмұнын қолданады.

Қарастырылып отырған құрамның интеллектуальдық сәтіне кінәлінің өзінің заңсыз мүліктік пайданы ала отырып, сол үшін қызметін пайдаланып пара берушінің немесе оның өкілінің мүддесіне бола белгілі бір іс-әрекеттер жасауы немесе жасамауы, немесе оларға қамқорлық жасау я болмаса қызметі бойынша беруі жатады.

Пара алушының интеллектуальды сәтіне талдау оның санасында біз жоғарыда қарастырған пара алудың барлық объективті белгілері көрініс беруі тиіс деп айту үшін мүмкіндік береді. Бұлар мынаны түсіну болып табылады: а) алыған материалдық сыйлықтың заңсыз екендігі; б) пара алу, пара беруші немесе оның өкілдері пайдасына әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін алынатынын; в) бұл әрекеттер (әрекетсіздіктер) лауазым адамының қызметтік өкілеттілігіне кіреді, немесе ол өзінің лауазымдық дәрежесі арқылы осындай іс-әрекеттерге көмектеседі, немесе пара жалпы қамқоршылық немесе лауазымдық қызметі үшін жол бергендігі үшін алынады. Барлық объективтік белгілерді сезіну арқылы қол сұғылатын игіліктің қандай объектіге бағытталғанын түсінуге болады. Лауазым адамы пара ала отырып мемлекеттік аппарат немесе жергілікті өзі басқару аппаратының қалыпты заңды қызмет жасауына қол сұғып отырғанын және осының нәтижесінде оларға ұйымдастырушылық келуі басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келуі мүмкін екенін түсіну қажет.

Лауазым адамының санасындағы еріктілік сәті оның еркінің бағытын сипаттайды. Бұл ретте тікелей қасақаналықтың заңдық белгісі материалдық құрамы бар қылмысқа бағыт жасалғанын есепке алу қажет. Формальды құрамы бар қылмысты жасау барысында еріктілік сәті болып өзінің объективтік қасиеті бойынша қоғамдық қауіптілік белгісі болатын зиянды нәтиженің болу фактісіне тәуелсіз әрекет (әркетсіздік) болып табылады. Демек лауазым адамының еріктілік сәті оның пара беруші немесе оның өкілдерінің  пайдасына пара алып, белгілі бір әрекеттерді орындау тілегінен көрінеді. Лауазым адамының жұмыс барысындағы әрекеті (әрекетсіздігі) үшін материалдық игілік алып оларды орындау ниеті болмауын парақорлық деп тануға болмайды, себебі бұл жағдайда еріктілік сәті болмайды.

Материалдық пайданы пара ретінде беру фактісін түсіну лауазым адамы тарапынан да осы пайданы беруші адамда оны пара ретінде (заңсыз сыйлық) санайды деп түсінуге әкеліп соғады. Бұл кезде лауазым адамының пара алу әрекетін анықтау үшін пара алушының интеллектуальды және еріктілік сәтінің мазмұнының жиынтығы есепке алынады дегенді естен шығармау қажет, ал бұл ретте пара берушінің мүліктік құндылықты белгілі бір әрекет (әрекетсіздік) үшін пара ретінде беру тілегі  және түсінуі шешуші роль атқармайды.

Сондықтан да, мысалы, егер лауазымды адам оған берілген мүлікті пара ретінде қабылдаса, ал бұл уақытта оны беруші адам қарызды қайтарып отырмын, немесе айыппұл, салық және тағы басқаларды төлеп отырмын деп есептесе, онда ол пара алуға оқталғандық үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің нарық экономикасына өту кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің өте күрделі мәселе екенін айта келе: “ заңның үстемдігін белгілеуге және заңды орындйтын азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек”- деген.

Парақорлық – сыбайлас жемқорлықтың қауіпті бір түрі болып табылады. Қылмыстың бұл түрі мемлекеттік қызметтің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтікөкілеттігін өзі немесе басқа адамдарға немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немемсе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз.

Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық мәні өте зор. Демек, объектіні анықтау қылмыстың мәнін анықтауға қылмыстық-құқықтық нормалардың жұмыс істеу шекарасын табуға, әрекетті дұрыс сипаттауға көмегін тигізеді, сонымен қатар оларды ұқсас құрамдардан ажырартуға көмектеседі. Қылмыс объектісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің жүйелерін құрастыру негізiне алынған.

Осыған орай, қылмыстық құқық ғылымында объект мәселесі әрдайым көңілден тыс қалған емес. Бірақ осыған қарамастан көптеген мәселелер бойынша қарама-қайшы қорытындылар мен ұғымдар бар. Біз қылмыс объектісінің күрделі теориялық мәселесіне тереңдеуді, мұның бізге белгілі бір қиындық келтіретінін ескере отырып, және соған байланысты жеке зерттеу тақырыбы болуы мүмкіндігін ескере отырып олай жасамай отырмыз. Біріншіден, қылмыс объектісінің кейбір мәселелері бойынша өзіміздің көзқарасымызды белгілеп алумыз өте маңызды болып табылады.

Мемлекеттік билік органдарында парақорлық проблемаларын ғылыми түрде зерттеу міндеттері қашанда өзекті, келелі мәселе болып қала бермек. Зерттеудегі негізгі мәселелердің бірі парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік алғы шарты, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық құрамымен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету болып табылады.  Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнін терең ашу үшін парақорлыққа жуаптылықты белгілеген заңдар тарихының даму кезеңдерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді. Зерттеуде парақорлықтың жекелеген түрлері: пара алу, пара беру және парақорлыққа делдалдықтың объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасалумен бірге парақорлықтың ұқсас қылмыстардан өзгешелігі, парақорлықтың басқа қылмыстармен жиынтығы, парақорлыққа қатысудың ерекшеліктері, пара берушіні қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары, парақорлық қылмыстарының саралаушылық белгілеріне теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қазіргі қолданылып жүрген заңдардың парақорлыққа арналған нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Н.А. Назарбаев. Казахстан–2030 (Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, гүлденуі және қауіпсіздігі. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы). Егемен Қазақстан, 11қазан, 1997 жыл

2.Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу мәселелері. Алматы. ҚазМЗУ,Хабаршы, заң сериясы,№3 2000ж.

  1. Ағыбаев А.Н. Уголовно-правовые и криминологические меры борьбы с коррупцией. Алматы, »Қазақ Университеті» 2003 ж. 117 б.
  2. Г.П.Новоселов Уголовное право. Ч.1, Москва. 2004г.
  3. В.В.Наумов Уголовное право, Общая часть. 2002г.

6.Б.В.Здравомыслов Б.В. Должностные преступления понятие и квалификация. М., 1975 г 21б.

  1. Таций В.Я. Объект и предмет преступления по советскому уголовному праву. Харковь,1982
  2. Фролов Е. А. Спорные вопросы учения об объекте преступления//Сборник научных трудов. № 10. Свердлов, 1969
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы.1998ж, Юрист.2005ж. (12,13)
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсініктеме. 1999ж.
  5. СССР Жоғарғы Соты Пленумының жаршысы. 1990ж.№8
  6. ССРО Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулысы.30.03.90 ж. №3
  7. Жуков Л.А. К вопросу о коррупции. //Материалы научно-практической конференции, 18-19 апреля 1995 г.//Выпуск 2, М., 1995 г
  8. Волженкин Б.В. Коррупция. СПБ, 1998 г
  9. Панченко П.Н. Уголовно-правовая характирестика коррупций. /(Материалы научно-практической конференции, 18-19 апреля 1995 г.). М., 1995 г
  10. Информационно-аналитические материалы за 2003г. //выпуск №2, Астана, 2004 г
  11. Волженкин Б.В. К вопросу о субъекте коррупционных правонарушений. //Актуальные проблемы борьбы с коррупцией и организованная преступность в сфере экономики (Материалы научно-практической 18-19 апреля 1995 г.). М, 1995 г

18.Забарчук Е.Л. Некоторые вопросы правового обеспечения  борьбы с корупцией //Вестник МГУ, Право, 1993 №1.

19.Кожаниязов А.Т.  Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық. № Автореферат. Ал. 2004ж

20.Қазақстан Республикасының Конститутциясы  Алматы, 1995ж

21.Егемен Қазақстан газеті 13 қыркүйек,2003ж.

22.Карпец И.И. Преступность: иллюзии и реальность. М, »Российское право», 1992 г.

23.»Мысль» №4, 2003 г. 46 б.

24.Серебрянников В.В. Политическая безопасность. »Свободная мысль. №1, 1997 г.

25.Ағыбаев А.Н. Уголовно-правовые и криминологические меры борьбы с коррупцией. Алматы, »Қазақ Университеті» 2003 ж.

26.Лунеев В.В. Объективизация криминологических показателей в системе контроля преступностью. //Криминологические и  уголовно-правовые идеи борьбы с преступностью. М,1996 г.

  1. Практические меры борьбы с коррупцией. Руководство, подготовленное секратариатом ООН., май, 1990 г.
  2. Кузнецова Н.Ф. Коррупция в системе уголовных преступлений //Вестник МГУ, право №1, 1993 г.
  3. Криминология. Учебник /под общей пер. А.И.Долговой. М. 1997 г.
  4. Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией. // Вестник МГУ, право №1, 1993 г.

31.Гальперин Г.И. Организованная преступность, коррупция, уголовный закон. //Социалитическая законность, №4, 1989 г.

32.Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. Алматы, Жеті жарғы, 2004 ж.

33.Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы; Жеті жарғы, 1998, — 163б.

34.Сапаргалиев Г.С., Основы Государства и права Республики Казахстан: Алматы. Жеті жарғы, 1999, — 204б.