АЛТЫНОРДА
Главные новостиНовости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1  БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

1.1. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттардың ұлттық-мәдени негізі

  • Қазақ тіліндегі ым мен ишараттардың гендерлік сипаты
  • Балалар тіліндегі ым-ишараттар

 

2  ЫМ-ИШАРАТТАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ

2.1 Синоним мәнді ым-ишараттар

2.2 Омоним мәнді ым-ишараттар

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

КІРІСПЕ

 

    Сөйлеу- адам баласына тән ерекше құбылыс екендігі белгілі. Ал осы сөйлеу тілін, яғни вербалды амалдарды толықтырып, өзінше нәр беріп тұратын, қарым – қатынас кезінде өте көп ақпарат беретін бейвербалды амалдар болады. Осы бейвербалды қатынас амалдарын зерттейтін лингвистиканың жаңа саласы паралингвистика болып табылады. Пралингвистика гректің «para» -«қасындағы», «маңындағы» деген мағынаны білдіреді. Паралингвистика коммуникацияның бейвербалды құралдарының жиынтығы. Ол айтылған хабарға ілесе информацияның белгілі көлемін, ауқымын білдіреді /1,162/. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып, дамуы-арнайы сөз етуді қажет ететін маңызды мәселе. Тіл ғылымының бұл саласы адамдар арасындағы қарым- қатынастың бейвербалды түрін қамтиды.

     Қарым- қатынастың бір түрі- бейвербалды амалдарды ғылыми тұрғыдан қарастыру соңғы жылдары қолға алынды. Бұл бағыттағы ғылыми еңбектер тілдік емес қарым- қатынастың әр түрлі қырларын сипаттайды.

     Бейвербалды амалдардың қолданылу ерекшеліктері, білдіретін мағыналары, олардың ұлт мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты талданып, жүйеленген деп айту қиын. Қарым-қатынастың бейвербалды түрін, оның жасалу жолдары мен қарым-қатынастағы табиғатын ашып көрсету, көркем әдебиеттегі көрінісі мен алатын орнын талдап, жүйелеу жаңа ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал етеді.

      Бейвербалды амалдарды өз орнымен қолдану, шығарманың танымдық мәнін күшейтіп, әсерлілігін арттыра түсетіндіктен, бұл мәселені зерттеу тілдік және тілдік емес қатынастарды түсінуге, меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан, бүгінгі таңда тіл білімі саласында қарым-қатынас барысында қолданылатын бейвербалды амалдардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, оның көркем әдебиеттегі мәні мен мазмұнын ғылыми тұрғыдан зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

    Бітіру жұмысының теориялық маңызы. Бітіру жұмысы паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас мәселесінің теориялық негіздерін дамытуға септігін тигізеді.

    Бітіру жұмысының практикалың мәні. Бітіру жұмысының материалдары мен нәтижелерін паралингвистика саласына қатысты сөздік құрастыруда пайдалануға болады.

    Бітіру жұмысының жаңалығы. Зерттеу нысаны бойынша келесі мәселелер шешімін тапты: 

  • бейвербалды амалдар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының ажырамас бөлігі екендігі көрсетіліп, жазушылар шығармаларындағы қарым-қатынастың бейвербалды түрінің халықтың рухани мәдениетімен (салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы) байланысы дәлелденді;
  • жазушылыр шығармаларындағы ым –ишараттар қолданылу ерекшеліктеріне қарай топтастырылды;
  • шығармалардағы синоним мәнді, омоним мәнді ым-ишараттар қатары анықталып, білдіретін мән-мағынасы көрсетілді.

   Бітіру жұмысының дерекнамалары.  Бітіру жұмысының дерекнамалары ретінде қазақ жазушыларының шығармаларынан кинемалар жинақталды, сөздіктер, анкета материалдары пайдаланылды. 

     Паралингвистикалық амалдар біріншіден, қарым-қатынасқа қосымша мағына береді; екіншіден, кейбір тілдік амалдардың орнына қызмет атқарады; үшіншіден, вербалды компоненттермен бірге коммуникативтік актіні жалғастырады. Бұл терминді 1940 жылы ұсынған американ ғалымы А.Хилл болды.

      Бейвербалды амалдарды зерттеу алғаш С.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин еңбектерінен бастау алады. Профессор Бердвислл адамдар қарым-қатынасында жеткізілетін хабардың 38% сөзбен, 65%бейвербалды амалдардың көмегімен берілетіндігін тұжырымдайды /2,13/.

      Бұл  ғылым саласы XX ғасырдың елуінші жылдарынан бастап қарқынды зерттеле бастады. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар елуінші жылдардың басында қолға алынды. Бұл мәселе Дж.Трейгер, Т.Сибеок, Ч.Хоккет, М.Уэст, Р.Бердвислл т.б лингвистердің еңбектерінде,  А.Шефлен, М.Уэст, К.Л.Пайк т.б психологтардың еңбектерінде зерттелді. 

     Өзге  тілдерде бұл ғылым саласы айтарлықтай жақсы зерттелген деуге болады. Мысалы, орыс тіл білімінде ым-ишараттарды Г.В.Колшанский, Н.И.Смирнова,  А.А.Акишина, Т.М. Николаева, А.В.Филиппов, Е.В.Красильникова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Т.Т.Железанова, Л.Н.Капанадзе, ағылшын тіліндегі ым-ишараттардың зерттеушісі А.Пиз, армяндардың тіліндегіні-А.А Хачатрян, Р.М Тохмонян, ал татарлар мен башқұрттар тіліндегі ым-ишараттардың бірден-бір зерттеушісі – Ф.Ф.Султанова.

       Қарым-қатынастың бұл түрінің арнайы зерттелуі қазақ тіл білімінде тек соңғы жылдары ғана қолға алынғанына қарамастан, бейвербалды амалдардың қызметі туралы ойларды, тұжырымдарды ертеден кездестіруге болады. Атап айтқанда, бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Жұбановтың еңбегінде кездеседі: «Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толады.Тіпті бірінің тілін бірі білмеген, я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, ыммен ылаждап түсінісуге болады, оның үстіне, сөз- сөздің жігін дыбыс сазымен бірде айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша байқалмайды»/3,148/.

      Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдарды Ә.Қайдар, М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова, К.Қажығалиева, С.Бейсембаева, М.Ешимов сынды ғалымдар әр қырынан зерттеген. Сонымен қатар Қ.Қажығалиеваның, Ж.Өмірәлиеваның, Э.Оразаливаның мақалаларын, ой-тұжырымдарын да атап өтуге болады. Сондай-ақ Б.Момынова мен С.Бейсембаеваның авторлығымен жарық көрген ым  мен ишараттың түсіндірме сөздігі де осы мәселені зерттеуге арналған еңбек.

       Адамдар өмірде тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Олар кейде шартты белгілерді қолдану арқылы бір-бірімен оңай түсініседі. Шартты белгілерді қолдану да адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Семиотикалық таңбалардан басқа адамдардың өзгеше ыммен түсінісуі және көздің, қабақтың, ауыздың қимылымен, қозғалысымен ұғынысуы секілді көптеген белгілер бар. «В живое речевое общение вплетено множество обстоятельств, сопровождающих как целое высказывание, так и его фрагменты, причем неязыковые факторы лишь сопутствуют речи. Все неязыковые факторы играют вспомогательную роль в общении, язык же –главную, причем для него всегда открыта возможность использовать для сообщения толко собственные средства /4,6/. Сөйлеуші айналасындағылармен сан түрлі ым-ишара, белгі, иек қағу, бас шайқау, қол бұлғау, бас изеу арқылы да өзінің ойын жеткізіп, түсінісе алады.

      Бейвербалды амалдар арқылы алуан түрлі ақпарат алуға болады. Мысалы, алдыңыздағы сөйлеушінің бет-жүзіндегі өзгерістерге, қимыл-әрекетіне қарай оның мінезі, көзқарасы , көңіл-күйі туралы хабар ала аламыз. Ғалымдардың зерртеулерінің нәтижесі бойынша адамға бейвербалды сигналдар вербалды сигналдарға қарағанда бес есе күшті әсер етеді. Себебі адам әрқашан естігенінен гөрі көргеніне сенеді екен. Кейбір ғалымдар ым тілін жүйесі мен қызметі жағынан дыбыстық тілге жақын деп есептейді. Тілдегі паратілдік амалдарды қолданудан алынатын мәліметтерді бірнешеге топтастыруға болады:

  • индивидтің жеке белгілері;
  • әлеуметтік-топтық сипаттамасы;
  • сөйлеушінің ұлттық немесе территориялық атрибуттары /5,5/.

   Бейвербалды амалдардың көркем шығармада берілуінің бірнеше жолдары бар:

  • бейвербалды амалдар бір сөзбен беріледі. Мысалы, құшақтасу, тізерлеу, ыржию т.б.
  • бейвербалды амалдар еркін сөз тіркесімен беріледі. Мысалы, қолын бұлғау, иегін көтеру, бетінен сүю т.б.
  • бейвербалды амалдар фразеологизмдермен беріледі.

  Фразеологизмдердің жасалуына бет, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, қол, аяқ т.б. денемүшелері қатысады. Ғалым Г.Смағұлова жалпы дене қимылына негізделіп жасалған тұрақты тіркестер түрін «кинетикалық» фразеологизмдер деп атап, оларға табанынан тік тұру, қол қусыру, зыр жүгіру, елбек қағу, құрақ ұшу т.б. секілді мысалдар келтірген /6,62-63/. Мұндай тұрақты тіркестер қатарына бармағын тістеу, қабағынан қар жауу, екі көзі шарасынан шығу, мұрнын көкке көтеру, мұрнын тыржиту, теріс қарау, білегін сыбану, тісін қайрау т.б. сияқты адамның іс-әрекетін, қимылын бейнелейтін фразеологизмдерді жатқызуға болады.

Тіл білімінде бейвербалды амалдар төмендегідей жіктеледі:

  • фонациялық (тембр, темп, дауыстау, кідіріс, әуен, диалектілік айтылу ерекшеліктер);
  • кинесикалық (қимыл, бет қимылы, ым, поза);
  • графикалық ( жазу, почерк, символдар т.б. )

      Кинесикалық амалдар әдетте ым, ишарат, дене қалыбы (поза) секілді ұғымдардың жиынтығы ретінде қарастырылады.

     Адамның түрлі дене мүшелерінің қатысуымен жасалатын ым-ишараның көркем шығармада алатын орны ерекше. Мимикаға әдетте адамның бет әлпеті қатысады. «Бет-әлпет» ұғымының ауқымына маңдай, көз, қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл, тіс, таңдай сияқты мүшелері қатысады. Ым (мимика) ұғымына Ж.Нұрсұлтанқызы өз еңбегінде анықтама береді: «мимика дегеніміз-  көз, қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл, тіс, таңдай т.б дене мүшелерінің көмегімен орындалып, белгілі бір ақпарат беретін бейвербалды амалдар жиынтығы»/7,10/.

    Тіл білімінде А.В.Филиппов, Т.М.Николаева, Р.П.Волос, Л.А.Капанадзе, Е.В.Красильникова, Г.В.Крейдлин, С.Татубаев, С.Бейсембаева секілді ғалымдар ишараларды мағынасына, құрылысына, таңбасына, қызметіне, қолданылу ерекшеліктеріне қарай классификациясын жасаған. Қазақ тіліндегі ишаралардың ішінде ең көп кездесетіні бас,көз, иық, қол (алақан, саусақ), тізе, аяқ т.б. дене мүшелеріне қатыстылары. Ишара-адамның ішкі көңіл-күйінен хабар ету мақсатында жасалатын, дене мүшелерінің (аяқ, бас, қол т.б.) әр түрлі қимыл-қозғалысына негізделген мағыналық әрекет,- деп анықтайды /7,12/. Ым да ишара да паралингвистиканың кинесика деп аталатын саласына тән. Тілдегі  осындай  құбылыстарды зерттеудің бірден-бір қайнар көзі жазушылардың  шығармалары болмақ.

 

1  БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

 

1.1. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттардың ұлттық-мәдени негізі

 

     Қарапайым тіл әр халықта әр түрлі болатыны секілді, ым мен ишарат тілі де әр халықта түрліше болады. « Культура человека- это не только определенный склад мышления и чувствования народа, это также знание языка и свободное владение невербальными кодами, принятыми в данном обществе, это следование выработанным нормам и правилам коммуниктивного поведения, заставляющим людей чувствовать и осознавать свою принадлежность к данной культуре, в непременном сочетании вниманием и уважением к чужой культуре и ее носителям» /8,151/

     Бір ишират бір елде бір мәнде жұмсалса, өзге елде ешнәрсені білдірмеуі де мүмкін, немесе мағынасы мүлде басқа болуы мүмкін. Мысалы, көптеген халықтарда бас изеу «иә» дегенді , келісушілікті білдірсе, болгарларда, керісінше, «жоқ» деген келіспеушілікті білдіреді. Европа және бірқатар Америка елдерінде бас бармақты көрсету «өте жақсы», «бәрі жақсы» дегенді білдірсе, Грецияда бұл кинема – сақтандыруды, Шығыс Африкада – масқаралауды білдіреді. Бейвербалды амалдар барлық халықтарға ортақ сипат болғанымен, әр ұлттың бейвербалды амалдар жүйесі түрліше  болады. Мұндай айырмашылық сол елдің тұрмысының, әлеуметтік, қоғамдық өмірінің, ұлттық дүниетанымының әр түрлілігімен түсіндіріледі.

        Әдетте өзге тілді білмейтін адамдар осы ым-ишараттарға қарап түсінісуге тырысады, алайда ұлттық ерекшеліктерден бейхабар  болса бұл түсініспеушілікке әкеп соғады. Бейвербалды амалдардың қолданысына қарап адам қай ұлттың өкілі екендігін де анықтауға болады. Яғни, «бейвербалды компоненттер тілдік амал-тәсілдер секілді ұлттық феномен. Олар этностың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының негізгі элементтерін бойына сіңіреді»/9,143/.

        Әр елдің өзіне ғана тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы халықтың тұрмыс-салтындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігі мен дүниетанымының сипаты көрінеді. Осыған орай қазақ жазушыларының шығармаларындағы бейвербалды амалдар қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпына қатыстылығымен сипатталады. М. Мұқанов  психолог ретінде  сарқыт беру, аң байлау, ауыз тию, ерулік, келген адамға ішек-қарын беру, жездеге төс беру, жолаушының түсуі, ақ байлау сияқты дәстүрлерді ұлттық-мәдени негіздегі бейвербалды амалдар қатарына жатқызады. Сонымен қатар жиырма сегіз бейвербалды тәсілді сипаттап, олардың жиырма екісін қазақ халқының өмірімен байнаныстырса, қалған алтауы өзге шығыс елдерінен еніп, діни сипатта болғандығын атап көрсетеді /7,13/.

      Танымал этнограф С.Кенжеахметұлы  ұлттық сипаттағы ым-ишаралар жөнінде келесі пікірде: « Туған халқымыздың ежелден қалыптасып келе жатқан әдет-ғұрып, дағдысында көңіл аударарлық психологиялық іс-әрекеттер көп кездеседі. Соның ішінде сезімді, көңіл-күйді, іс-қимылды сөзді тауыспай-ақ ыммен, ишарамен, еппен сездіретін және оны дәл бейнелейтін ойлы, қызықты әрі сесті ұғымдар бар. Мұны әдет-ғұрып ишарасы дейді…  Біздің ел, жұртымыз іспен, күшпен, ірі іс-қимылмен немесе пәтуәлі сөзбен ғана емес бет пішінімен, дене қимылымен үнсіз отырып-ақ ойды, пікірді айқын танытып, ірі істі бітіре салатын болған…. Қазақтың бұл әдеті бүгінде қолданылады. Дегенмен тұрмыс пен салттың, өмір мен тіршіліктің, қоғам мен дәуірдің өзгеруіне байланысты мұндай әдет пен дағдының кейбіреулері ұмыт қалды» /10,161/.

      Халқымыздың ерте заманнан келе  жатқан салт-дәстүрлерінің бірі – бата беру. Батаның  қазақ халқының түсінігінде екі түрі бар – оң бата және теріс бата. Әдетте адам оң бата бергенде екі алақанын алға қарай жайып, жақсы тілектер айтады, содан соң бетін сипайды. Бұл процесс қаақ жазушылары шығармаларында былайша көрініс табады:  — Ендігі кезек сенікі,- деді ол Кенесарыға қарап, содан соң алақанын жайып батасын берді,- әумин! /11,438/.

      Батаның екінші түрі –теріс бата. Теріс батаны қатты ренжіген адам екі алақанын теріс жайып, ауыр қарғыс сөздер айтады. Халықтың сенімінде «теріс бата алған адамның жолы болмайды» деген ұғым қарғысқа ұшыраудан, лағнет айтудан туындаған. Екі алақанды теріс жайып теріс бата беру әдетте ер адамдардың қолданысында кездесіп отырған.  Талып жатқан күйінен есін жаңа жиып атасына қараған Әмірге Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Намаздағыдай мінәжат қимылын, суық тілек қимылын жасады. Әмір мен Абайға қатар қол созды. Бұл –теріс батаның, қарғыс батаның белгісі. Нұрғаным мен Ызғұтты екеуі екі жақтан ұлардай шулады. – Я, құдай, қабыл етпе! –Жаратқан, елең алма! Не сұмдық! Қарғыс айтқалы жатыр ғой өз балаларына!- десіп, үркіп үн салды. Бірақ Құнанбай енді оларды пәруәйіне де ілген жоқ. Жүгініп алып, көлдедең жатқан немересінің кеудесінің үстіне теріс батаның алақанын жайып тұр. Абайға да қатал қолдарын жиі нұсқайды /12,237/.

      Дәл осы секілді әйелдер қолданысындағы қарғыс мәнді ишара – омырауын көкке сауу. Халқымызда ананың ақ сүтінің киелілігі ұғымына сәйкес,  мұндай іс ең ауыр жаза, кешірілмес күнә болып саналған. Мұхамед-Шайбани мен Махмұд-Сұлтанға бірінші боп шоқпар сілтемеймін деп екеуміздің алдымызда ант беруін өтінем. Егер бұл арманымды орындамаса, ақ сүтімді көкке сауып өтем /11,200/.

       Артынан топырақ шашу (көне) – қатты жек көрген, ат құйрығын кесіп кетіп бара жатқан адамдарға әбден көңілі қалған кісілер оның артынан бір уыс топырақ шашатын әдет бар. Ол «енді көрмейміз», «қараң батсын» деген қарғыс ишараты.

       Мойнына бұршақ салу (көне) – жалына тілеу, жалбарыну мәнінде қолданылған ишараны бір түрі. Баласыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып, құдайдан ұрпақ тілеуі ертеден келе жатқан әдет. Бұл тағдырға мойын ұсынып, тәңірге шын беріліп, оның барлық әміріне көнудің және ақ тілеудің белгісі. Олай болса, алла тағала, жолыңа ақ сары бас айтып, мойныма бұршақ салып тілеймін. Қаһарыңды өзге балаларымнан аулақ ет /11, 435/.

        Осы тәріздес құдайға жалбарынып, мінәжат тілеу, аруақтарға бағыштап құран оқу, дұға оқу, бата беру жағдайларында қол жаю, бет сипау кинемалары қолданылады. –Бата жаса, сұлтаным! – деді Төбет бір тізерллей отыра қалып, бірі бүтін, бірі оқтаудың басындай шолтиған екі қолын қатарынан жайып /13,86/. Бізге көрші Сарқыт деген кемпір болды, төбені қойып маңдайдан, мұрынның үшінен қан ала  беретін жарықтық жақсы адам еді, жатқан жерің жаннат болсын (Нүрке бетін сипады) /14,43/. Марқұм болған ата-бабаның, туған-туыстарының басына барып дұға оқып, еске алу- қазақ халқы үшін парыз, сондықан жолаушы жолда кездескен молаларға дұға оқып, бетін сипап өтуі шарт болған. Жылқышы жігіт өзі білетін дұғасын оқыды. Омардың қос қызы беттерін сипап, әке рухына тәуап етті./15, 219/.

      Қол ұстатар, шаш сипар (көне)- қалыңдықты ең алғаш рет күйеу жігітке ертіп әкеліп таныстыру мағынасында жасалатын бейвербалды амал. Асының артынан екі жеңге ақырын күлісіп кеп, Абай мен Ділдәнің алдына қарсы отырып,  екеуінің де оң қолдарын алып, бір-біріне ұстаттырды. Қол ұстату, шаш  сипау деген атақты ырымдар осы /12, 239/.

       Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келе жатқан дәстүрінің бірі – қонақ күту . Сол Қаратан міне, бізді аттан түсіріп, қарсы алды /14,522/. Қонақты аттан түсіру, күле қарсы алу, төрге отырғызып, шынтағына жастық төсеу, сусынды қос қолдап ұсыну, кетерде қолтығынан демеп аттандыру – барлығы сый-құрмет бейвербалды  амалдары болады. Қызылы таймаған екі бетіне күлкі үйіріле, бізге беттеген Ақтайдың жары – Гүлсара, менің кластасым еді…күле амандасты /14, 553/

       Қазақтың көңіл айту дәстүрінде вербалды амалдармен қатар бейвербалды амалдар қатар жүрген, әрі ерекше қызмет атқарған. Көңіл айтушылардың «ой бауырымдап» ат қойып, көрісуі, дауыс салып келуі, аза тұтушылардың көңіл айтушылармен құшақтасып көрісуі, аза тұтушы әйел адамдардың үй ішінде дауыс айтып жоқтауы көңіл айту дәстүріндегі бейвербалды амалдар болып табылады. Жуантқан аттан домалап түсіп, бәтес шымылдықтың ішінде сұлық жатқан Үмітке тура ұмтылып еді, былайғы жұрт  әрең ұстап қалды. Бұдан соің ол Ағажай мен Зарлықты кезек құшақтап, дауыс шығара сұңқылдай көрісті-ай кеп. Бар пейілі, аңқылдақ жанның ардақты зары да – осы /14,69/.

         Аяғына жығылу – кешірім сұраудың және кішіреюдің ең ауыр түрі болып саналады. Мұнда айыпты жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті адамның үйіне барып кешірім сұрайды. Егер іс қиындап кетсе айыпкер қарсы адамның алдына жығылып, аяғын құшып, жылап кешірім сұрауы керек . Ақыл айтып, мәслихат беруден бұрын тартынып келсе де,  қазір Абай ойдағысын айтпақ болды. – Арыз бармас үшін, жауығып отарған ағайынның көңілін табу керек қой! Құнанбай бұған суық қарады да, жақтырмады. –Аяғына жығыл демісің? –Жоқ. Бірақ алғанды қайта орайлап, есесін түгендеу керек. Сонымен көңілін тауып тоқтатпаса, арызды тоқтатар басқа еш шара жоқ. Құнанбай мұның сөзінің төркінін ұқты да, өзгелер не дер екен дегендей, үндемей тосып қалды /12,207/.

       Кинесикалық амалдар қатарына белгілі бір заттың қатысымен орындалатын ишаралар да жатады. Себебі айтушы сол заттың көмегімен өзінің айтайын деген ойын, сөзін нақтылай түседі. Мұндай көмекші заттар қатарына қазақ халқының қолданысындағы қамшыны жатқызуға болады.

        Қамшы тастаубұл ұлттық салт-дәстүр, әдет заңының жолы бойынша шешендер мен билердің, талапкердің дау-шар кезінде сөз сұраған ишараты. Мұны төбе би бақылап отырып, сөз кезегін береді. Мысалы, Бөгенбай қамшысын алдына тастай салды да, енді Абылайға бұрылды. – Шүршіт көргенінде қан жылап жатқан Шығыс Түркістандағы бауырымызды құтқаруға біз неге аттанбадық, Абылай сұлтан? Соған жауап берші! /11,325/.

      Қазақ тіліндегі ым-ишараттардың мәдени-ұлттық негізін ашатын дәстүрлі ишаралар кездеседі, солардың бірі ант беру.  Қазақ халқының қолданысында ант беру ишараты түрлі сипатта өткен:

    Екі қолын төбесіне қою— ант беру ишаратын білдіреді. Бұрнағы жылы жәкем де маған: оқуды тастайтын болсаң, жота теріңнен таспа тілмесем неғылсын, онда екі қолымды төбіме қойып беземін сенен деп ант су ішуші еді /116,58 /.

        Құранды кеудесіне басу. Бұдан соң бұл жаппаға қайдан келгенін кім білсін, ақ орамалмен мұқият түйіншектелген қалың құранды  алып, жігіттер жаппай кеудесіне басты. Бұл-«құран ұстайын» дейтін анттың белгісі еді /17,192/.

       Тілден қан шығару.- Мә,  мәгәрәкім, ауыздан шығар болса, тілім кесілсін, антымды бұзсам, үрім-бұтағымның қаны осы тілімнің қанындай судай ақсын деп антыңды бер, -деп қасындағы Ожымбайға ұсынды. Ант-су ішудің мұндай жолын білетін жігіттер бөгелген жоқ, Нұртаза айтқан сөзбен ант алып, шетінен пышақтарын суырып, тілдерінен қан шығарып бүрікті /17, 192/.

         Нан ұстау. –Жарайды, Сұлтанмұрат. Расында да сенің мына көкжөтелмен бүкіл керейді бөріктіресің, -деп, Нұртаза босағада сыры кеткен ескі кебежеден алдырған қатқан жарты күлшенің бір үзімін өзі аузына салды. –Наннан қасиетті ештеме жоқ. Егер сыр сақтай алмасам, мені де дәмнің қасиеті атсын. Сен де же ақи! – Бір үзім нанды поштабайдың қолына да ұстата салды /17,192/.

         Қылышты маңдайына тигізіп, содан соң жүзінен сүю ишараты да ант беруді білдіреді. Жоғарыда аталған құранды кеудесіне басу ишаратына синонимдес. Кенет ол орнынан атып тұрып, бір тізерлеп шешесінің алдына отыра қалды да , беліндегі наркескенін қынабынан суырып ап, екі жағынан ұстап маңдайына тигізді де, қылшылдаған жүзінен сүйді /11,20/. 

     Шығармаларда осы тәріздес әйелдер қоланысында кездесетін де ант беру  ишарасы бар. Мысалы, « Сенің олжаң болып қасыңа жатпасқа ант етемін»,-деді кенет күбірлеп жоңғар әйелдерінше екі қолымен көкірегін басып /11,324/.

      Бейвербалды амалдардың мағынасын түсінуде олардың жасалуына негіз болатын уәждерді білу маңызды. Бүкіл бір этностың дүниетанымдық көзқарасы мен дәстүрі, мәдениеті бейнеленген бейвербалды амалдардың  танымдық табиғатын ашу үшін оларға мағыналық, құрылымдық жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Мысалы жоғарыда келтірілген шашын жұлу, артынан топырақ шашу, екі қолын төбесіне қою, мойнына бұршақ салу т.б.  секілді кинемалардың барлығы ұлттық негізде пайда болған. Сондықтан олардың мән-мағынасын тереңірек түсіну үшін қазақ халқының салт-дәстүрін, өмірінен жақсы хабардар болу керек.

     Сайып келгенде әдет-ғұрып, ым-ишара ежелгі ата-бабаларымыздың салт, сана, әдеп, үлгі, тәрбие, тағылым, таным саласындағы  ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге енген және қалыптасқан халықтық, ұлттық бай қазыналарының бір тармағы болып қаралады /10,161/.  Адам қарым-қатынасының тілдік формаларымен қоса қолданылатын коммуникацияның бейвербалды компоненттері қоғамдық-мәдени нормаларды, шарттылықтарды белгілі бір жүйеге келтіруге көмектесетін, аса қажетті құбылыстар қатарын құрайды. Олар әр халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктерін танытатын этникалық сипаттағы халықтық рухани салт-дәстүрді сақтауға, бүкіл дүние жүзінде мәдениетаралық байланысты нығайтуға, адамдардың бірін-бірі түсінісу қабілетін арттыруға ықпал етеді /18, 39-41/.

         Ата-бабаларымыз міне осылайша тіл қатпай-ақ,  әр түрлі ыммен, ишарамен көп нәрсені шеберлікпен жеткізе білген.

 

  • Қазақ тіліндегі ым мен ишараттардың гендерлік сипаты

 

    Тілдегі бейвербалды амалдарды жас, жыныс ерекшеліктеріне қарай ажыратуға болады. Қазақ тілінде тек ерлерге тән, (қамшымен көзге шұқу, төс қағыстыру, арқаға қағу) тек әйелдерге тән (бет жырту, бетін шымшу, шашын жайып жіберу т.б) және аралас қолданатын ым-ишараттар бар. Мұндай ишаралар қатарына бас изеу, қол бұлғау, бет сипау, басын шайқау т.б. жатқызуға болады.  Қ.Жұбанов күшығыс пен Кавказ халықтарының әдет-ғұрыптарындағы айырмашылықтарының қатарына әйелдердің «ым тілін» атай отырып, осындай үлгілердің қазақ ұлтында да кездесетінін атайды: «…Мұндай, әйелдерге ғана арнаулы, жүйелі болмаса да, әйел тілінің өзгешелігі қазақта жоқ емес. Сол өзгешелктің бірі-әйелдерде ғана болатын «ернін шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), «аузын шылп еткізу» (таңданғанда), «аузын быртылдату» (кекеткенде). Бұлар әйелдердің специфик тілі болып табылады»-дейді /3,41/.  

      Жыныстарға қатысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым- гендерлік лингвистика деп аталады. Грамматикалық категория болып табылатын ағылшын тіліндегі «gender» сөзі жыныс деп аударылады, дәлірек айтсақ – тұқым, түр дегенді білдіреді. Ғалымдар 70-80 жылдары ғылыми зерттеу объектісі етіп адам тәніне қатысты «жыныс» түсінігінен басқа «гендер» ұғымын енгізді. Бұдан жыныс- биологиялық түсінік, гендер- жыныстар арасындағы табиғи емес , әлеуметтік, мәдени жағын білдіреді. Жыныс – «әйел» және «ер» түсінігінің табиғи белгілерін, биологиялық мәнін берсе, қоғам мен мәдениет өзгертіп отыратын мәдени белгілерді – гендерлік ерекшеліктер анықтайды. Р. Бердвислл өзінің « Мужское и женское в жестовой коммуникации» атты мақаласында американ мәдениетіндегі ым-ишараттардың гендерлік ерекшелігі туралы былай дейді: « Мои занятия кинесикой привели меня к выводу, что у человека, а возможно, и у некоторых других биологических видов с необходимостью проявляются половые различия, которые обнаруживают себя в позах, телодвижениях и выражениях лица» /8, 90/.

        Бейвербалды қарым-қатынас жасау процесі ерлер мен әйелдер арасында ерекшеленеді. Жыныс арасындағы бейвербалды амалдардың қызметі ұлттық, мәдени, салт-дәстүрлерімен, олардың психологиялық, биологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне орай жеке әйелдерге тән және жеке ерлерге тән әдет, дағды, ым-ишаралар өмір сүреді. Бұлардың жыныстар арасында орны ауысып келуі салт-дәстүр, тәртіптерге қайшы келіп отырған. Мысалы, «әйелдерге тән ым—ишараны ерлерге қолдану ұят болып есептелген де, ерлерге тән кинемаларды әйелдерге қолдануға тыйым салынған. Осындай ұлттық себептерге байлансты ым-ишара жыныстар арасында бөлініп отырған» /19,127/.

      Әйел адамдар қолданысына тән ым-ишараларға тоқталайық.  Жоқтау —  тұлдау, аза тұту секілді өте көне салт. Бетіне бес саусағын салу, шашын жайып жіберу сияқты о баста иесіз, адыра қалғандықтың белгісі болған жоқтау да бертін келе қаза болған ер азаматтың ерлігін мадақтауға, тіріде істеген жақсылығын дәріптеуге, кейінгі ұрпақ есінде мәңгілік атын қалдыруға қызмет еткен.  Жоқтауды тек әйелдер айтады. Ауыр қайғыға түскен әйелдер жоқтауды айтқанда бет жырту, шашын жаю, шашын жұлу, екі бүйірін таяну секілді бейвербалды амалдарды қолданған.

     Шашын жаю. Бұрынғы кезде қазақ әйелдерінің шашын бұрым қылып өріп жүретіндігі белгілі. Ал ері қайтыс болған кезде бұрымын тарқатып, шашын бей-берекет жайып жіберетін болған. Міндетті түрде екі бүйірін таянып тұрады. Беттеріне тырнақ салып, күніне екі-үш рет жоқтау айтып, аза тұтқан әйел-қыздардың шашын ауыл әйелдері тарқатып, жайып жіберіп, сол әйелдер жетісі өткен соң қайтадан өріп беретін болған /20,131/. Ылдиға қарай ентелей құлаған көштің бір бүйірінен жал-құйрығы күзеулі тайға мінген, екі бүйірін таянып алып, «Елім-ай» әнін салған он төрт- он бес жасар қара торы қыз бала көрінді /11,118 /. Күнімжан басындағы үкілі сәукелесі мен күлгін торғын мәсісін жұлып алып, қара шашын жая, екі белін таянып жоқтау айта жөнелді /11,234 /.    

       Бет жырту. Күйеуі өліп, қаралы болған әйелдер басына түскен қайғының ауырлығын білдіру үшін бес саусағын бетке салып, бетін жыртып, барынша қан шығарады. Тарихи деректерге жүгінсек, тек аза тұтқан әйелдер ғана емес, о баста еркектердің де бетінен қан шығарғанына куә боламыз /20,135/. Аза тұтқан әйелдердің ерін жоқтап, ертелі-кеш дауыс салып жылайтын әдетін жасамаса да, өз бетін өзі тырнап, жосадай қылған Әлима миғұла адам секілді /17, 234/.

      Бетін шымшу— ұялу; біреудің ісін жаратпау. Кенет бір әйел Ақбаланың әңгімеге араласпай, оқшау шетте қоңырайып отырғанын көріп, бір әйелді түртіп қалды. Ол арғы жағындағы бір әйелді түртіп, қайсысы қайсысын кінәларын білмей бір-біріне қарап, беттерін бір-бір үзіп алды /21,267/.

    Саусағымен бетін сызу- бұл ишара  жоғарыда келтірілген кинемаға синонимдес, ұялуды білдіреді. –Ұят-ай!… бала-шағаңның көзінше сен де қайдағыны айтасың-ау, Жақа!-деді Ханбибі сұқ саусағымен бетін сызып /22,68/.

    Ернін тістеу— «Үндеме!»  дегенді білдіреді. Мосқалдау бір әйел Қарақатынды түртіп қалды. Төр жақта отырған Еламанды ымдап, ернін тістеп, «қой» дегендей ишара етті / 21,22/. Әлиза сыртта жүрген Еламанның құлағына шалына ма деп, Балкүміске ернін қысып ымдап еді, онысы қайта отқа май құйғандай болды /21,463/. 

      Ернін шығару— мысқылдау.Сәлден соң-ақ ішкі бөлмеден     «қор-р» ете қалған дыбыс естілді. Қаусырма ернін шығарып: түнімен қарауыл қараған ба өзі? –деді /22,115/.

      Бұл келтірілген мысалдар  тек әйелдерге тән бейвербалды амалдар болатын енді, ерлерге тән бейвербалды амалдарға тоқталайық:

       Арқаға қағу— 1) достық, мейірбандық белгісі. Халел Едігені бір қолымен қаусыра құшақтап, арқасынан қақты. – Мен сені өзімнің бірге туған бауырымдай жақсы көрем /23, 124/.

2) еркелету ишараты. Дәрмен сол үшін Асанды қасына шақырып, еркелетіп, арқаға қақты /12,128 /.

3) ризашылық білдіру, қостау ишараты. – Болады, әбден болады. Бұл, бик ғажап ақыл. Мұндай ақылды ақшаға сатып ала алмайсың,-деп Темірке жүзі жайнап отырды да, — шүші матур… бик матур жігіт,- деп ол Тәңірбергенге ырза боп, арқасынан қағып-қағып қойды /21,168/. Бұл  ишаратты ер адамдар көп жағдайда өзінен жасы кішілерге мейірбандық көрсетуде қолданады.

       Бөркін аспанға атубұл ишарат фразеологизмдік тіркеспен беріліп,  әдетте ер адамдардың қолданысында жиі кездеседі. Қатты қуанған сәтте әйелдер жылайды, не қасындағы адамды құшақтайды, ал ер адамдар мұндайда қатты айқайлап, бөркін аспанға атады.  Біреу бөркін аспанға лақтырса-ақ  болды, оның артынан сары ала қаздай ала тақиялар, бүркіттей сеңсең тымақтар, аққудай айыр қалпақтар аспанға ұшады /24,67/.

       Кеудесін соғу, кеудесін қағу – қуанышты, жеңісті білдіретін кинеманың бір түрі. Әдетте ерте кездері жаулармен болған ұрыста жеңіске жеткен батырлар, палуандар кеуделерін соғып, мақтанған, жеңістің белгісін білдірген, қуанған. Кейбір ерлердің қолданысында бұл кинема мақтаншақтық белгісін білдіреді.

       Бармағын шығару, қолын шығаруәдепсіздік ишараты, қатты ашуланғанда жасалады. Мәһ, шығады!- деп әкем маған қолын шығарды /25, 95/.

    Жұдырық түю – ер адамдарға тән  сес көрсету ишараты. Ә, бәлем-ай, тұра тұр, көрсетермін, -деп Қажырбеттің, Ержанның үйіне қарап, Дүйсенбай жұдырығын түйді /26, 136/.

     Ер адамдар  обьектіден жақсы әсер алса, немесе оған сол болған құбылыс қатты ұнаса, өзінің әсерін бас бармағын көрсетіп, « мінекей», кейде «во» деп өзінше бағалау арқылы білдіреді. Соншалық мол бақыт, батпан бақыт алақанға өзі келіп қона қалар деп күтпеген жігіт енді сол бақытын жұрттан да жасыра алмады. Жағдайың қалай деп мысқылдай сұраған құрдастарына : «несін айтасың, во!»- деп оң қолының бас бармағын көрсетіп, қасқиып тұрғаны /27,37/.

     Кеңірдегін шерту ишараты ішімдік ішуге шақыратын ишарат. Бұл орыс халқының қарым-қатынасында қолданылады, кейінгі кезде қазақ тілінде де қолданыс тапқан. Яғни, тілдік тұрғыдан бұл қимылды кірме  қимылдардың қатарына жатқызуға болады.

     Ер адамдардың қолданысындағы ым-ишараттың толығырақ түрі 1-кестеде көрсетілген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ым-ишарат

 

Білдіретін мағыналары

амандасу

ашулану

«бәрі жақсы»

 

 

еркелету

достық,

мейірбандық

қуану

қастық

күш 

көрсету

немқұрай-

дылық

өзімшілдік

ойлану

риза болу

сөз сұрау

таңдану

ішімдік

белгісі

шақыру

ыза болу

Арқаға қағу

 

 

 

+

+

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

Бармағын шығару

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бас бармағын көрсету

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөркін аспанға ату

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жағадан ұстау

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұдырық түю

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұдырығымен өзін соғу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

Кеңірдегін шерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

Кеудесін соғу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

Қабырғаны жұдырығымен ұру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

Қамшыны кеудеге ұстау

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қамшы сілтеу

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

Қамшысын білемдеу

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қамшыны алдына тастау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

Маңдайын жерге ұру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

Сақалын шошайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

Сақалын саумалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

Төс соғысу

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тымағын бұлғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

1-кесте .  Ер адамдар қолданатын ым-ишараттар

 

    Бұл кестеде әрбір ым-ишараттың  білдіретін мағынасының жанына «+» белгісі қойылған. Көлденеңінен тұрған «+» белгісі бір ишараттың түрлі жағдайлардағы білдіретін мағыналарын көрсетсе, «+» белгісі тігінен қойылған жердегі ым-ишаратар синонимдер қатарын түзеді. Мысалы, Болған іске қатты өкініп, қапаланғанда, қателескенде ер адамдар әйелдер секілді жылап, мұңаймайды. Бірақ олар өз сезімдерін ым-ишаралар арқылы білдіреді. Осындай өкінішті жағдайларда ерлер  жұдырығымен өзін соғады, маңдайын жерге ұрады, кейде  қабырғаны жұдырығымен ұрады. Ал ерлерге тән төс соғыстыру, қамшыны кеудеге ұстау ишаралары амандасу салтын білдіріп, синонимдес болғанымен, әрқайсысының қолданыстағы өз реті бар.

      Ым-ишараттарды бұлайша бөлгенмен, ер адамдар әйелдерге тән, ал әйел адамдар ерелрге тән ым мен ишаратты қолдана алмайды деген сөз емес. 

     Бейвербалды амалдардың  гендерлік сипаты туралы айтқан кезде ерлер мен әйелдер қолданысындағы амандасу және қоштасу ишараларының бір-бірінен айырмашылығы болатындығын да естен шығармаған жөн.  Әдетте ер адамдар әйелдерге қарағанда ұстамды болатындықтан, олардың эмоцияларын сыртқа шығаратын ишаралардың да өзіндік  ерекшелігін атап өту керек. 

 

  • Балалар тіліндегі ым-ишараттар

 

     Балалардың сөйлеу әрекетіндегі тілдік амалдар табиғи болып келеді. Олардың жасаған әрбір қимылы туа біткен қасиетке ие. «Общением является все, и информация извлекается из всго. Для ребенка несловесная информация более понятна, потому что он невербальный текст читает безошибочно, а смысл слов и подтекстов улавливает похуже» /23, 26/.  Балалардың қарым-қатынасындағы ым тілін зерттеуші Н.А.Лемяскина мен И.А.Стерниннің бақылауы бойынша балалар (мектеп оқушылары) бейвербалды амалдарды орташа жиілікте қолданады екен. Атап айтар болсақ, жасы кіші мектеп оқушыларының 37% бейвербалды амалдарды — жиі, 56% кей кездері қолданады. Бірінші сынып оқушысы өз анасымен (балалардың 48%) , әжесімен (37%), достарымен (37%) сөйлеу барысында ым-ишараттарды жиі пайдаланады. Ал әкесімен (18%), ағасы және әпкесімен (12%), іні-қарындастарымен (6%) пікір алмасу кезінде аталған сынып оқушылары қимылды аз қолданады екен. Іскерлік әңгімеде (оқытушымен, үлкен адамдармен) балалар бейвербалды амалдарды аз қолданып, ұстамдырақ болады /29,84/.

      Кішкентай балалар әңгімеге қосылып өзінің айтатынының бар екендігін және өзіне назар аударғысы келетін кезде вербалды амалдармен қоса бейвербалды амалдардан қолынан ұстап, өзіне тарту қимылын қолданады. Ал әңгімені, сұхбатты тоқтатқысы келетін кезде әңгімелесушіден бетін теріс бұрады.

    Кейбір ишараттардың жасалу жылдамдығы оны жасаушының жас ерекшелігіне байланысты болады. Жас бала өтірік айтқанда қолымен аузын басады, жасөспірім аузын саусағымен көлегейлейді, ал ересек адам өтірік айтқанда оның миында бала кезіндегі аузын қолымен басу ишараты сақталып қалады, бірақ, соңғы сәтте ол қолын аузына емес, мұрнына апарады екен. «Данные показывают, что по мере того как человек стареет, многие жесты его становятся более утонченными и менее очевидными для окружающих. Поэтому всегда гораздо труднее разгадать жесты пятидесятилетнего человека, чем человека молодого» /2,19/.

        Балалар қолданысындағы ишаралар өзіндік ерекшелігмен сипатталады. Олардың серттесу, ант беру кезінде қолданатын ишараттары ересектердікінен өзгеше. Бірнеше ишараны бірінен соң бірін қолданатындығымен өзгешеленеді. Мысалы, Сұлтан екеуміз қол алыстық, шынашақ ілместірдік. Сұлтан оны сол қолының алақанымен қырынан бір қойып үзді де:

  • Тоқта, біткен жоқ,-деп, шөпшек ағашпен жерге дөңгелек сыза бастады.
  • Бұл не?
  • Бұл қызыл ошақ. Кімде-кім сертті бұзатын болса, о дүниеде дозақта шыжғырылады.

Дөңгелек ортасын айқастыра Сұлтан сызықтар жүргізді. Сонан соң етпетінен жата қалып, сол сызықтардың түйіскен жеріне маңдайын тигізді. Бұл ырымды мен де істедім /30,60/

Бұл мысалдағы қол алысу, етпетінен жата қалу, маңдайын жерге тигізу алақанымен бір қойып үзу  ишараттары ересектердің қолданысында да кездеседі, ал шынашақ ілместіру  ишараты тек балаларға ғана тән деуге болады.

        Кеудесін бұраң еткізу— баланың бір нәрсені қаламаған кезде қолданатын ишараты. Былай таман барған соң: — Тау алыс, сен жете алмайсың. Одан да қал. Біз саған мол етіп қымыздық, рауғаш әкеп береміз, — дедім. Қали «м м!» деп, кеудесін бұраң еткізді. Онысы қалмаймын дегені /15,224/. Балалар бұл ишаратты бүкіл кеудесімен орындайтын болса, ересек адамдар мұндайда иығын қиқаң еткізеді. Бұл білмегендікті немесе келіспеушілікті білдіретін ишарат.

       Иығын қомпаң еткізу білместікті білдіретін ишарат. Жүк поезымен жүргені үшін соттайтын указ бар, сендер соны білесіңдер ме? Біз иығымызды қомпаң еткіздік /16, 273/.

       Тілін шығару, аузын қисаңдату секілді мазақтауды білдіретін кинемалар да балалар қолданысында жиі кездеседі. Екі бала ауыздарын қисаңдатып, Дәмеләге тілдерін көрсетіп отырды да үйден ата жөнелді /30, 141/. Балалардың қолданысында бұл ишарат әжуалау, келекету мағыналарында жұмсалады. Ересек адамдар бұл ишаратты өтірік айтқанда көз қысу ишаратымен қатар, немесе өзінің айтып тұрғанына сенімсіздеу болғанда қолданады (әсіресе жастар). Бұл ишараттың жасалу қалпы балалардың қолданысындағы тіл шығарудан  жылдамдығымен ерекшеленеді. Үлкендер өтірік айтқанда тілінің ұшын ғана шығарып, тез тартып ала қояды.

       Санын шапалақтау (қуану) кинемасын  үлкен адамдар өте сирек қолданады. Бұл көбінесе балалардың қолданысына тән ишарат. Мысалы, кішкентай бала бөтен адамдардың арасында отырса, сырттан анасы немесе күнде көріп жүрген таныс адамы кіріп келгенде санын шапалақтай қуанады. Бұл тек нәрестелерде ғана емес, есі кірген балалардың қолданысында кездесетін ишарат.

        Бастауыш сыныпта оқитын немесе жасы кіші балалар күнделікті әңгімеде, амандасу мен қоштасу кездерінде ым мен ишаратты көп пайдаланады. Балалар амандасқан сәттте қолын жоғары көтеріп бұлғайды. Ал қоштасқан кездерінде бір-бірінің арқасынан қағады (ер балаларға тән), кейде қол бұлғайды.

        Балалардың ым-ишараттары олардың үлкендермен қатынасы кезінде көбірек көрінеді. Әдетте, балалар өздерін еркелеткенде үлкен адамдардың басынан сипағанын, арқасынан қаққанын, әлпештегенін жақсы көреді. Ал ересек адам балаға  ұрысқанда, тыйым салғанда балалар бетін теріс бұрады, құлағын қолымен жабады. Яғни осылайша тыңдағысы келмейтінін білдіреді.  

        Балалардың тіліндегі ым-ишараттарға сонымен қатар, сан түрлі балалардың ойындарындағы кинемаларды да жатқызуға болады.  Ойын барысында қолданылатын кинемалар үлкендерде де пайдаланылады, бұған мысал ретінде спорт ойындарын алуға болады.

        Ым-ишараттарды «жас ерекшелігіне» қарай бөлгенде коммуникацияға қатысушы екінші жақты ескеру қажет. Себебі ересек адамның тек ересектерге қатысты қолданатын (әдепсіз ишаралар), ересектердің тек балаларға қатысты қолданатын (саусағын безеу- «тыйым» салу мағынасында), балалардың өзі секілді балалармен қарым-қатынасында қолданатын («қолын шығару»), балалардың тек ересектерге қатысты қолданатын (баланың өзін көтерту үшін ересек адамға «қолын созуы») ишаралының да кездесетінін ескеру керек.

       Балалардың қолданысындағы ым мен ишараттардың қай түрлерін жиі, қандай жағдайда пайдаланатындығын анықтау мақсатында олардың арасында анкета жүргізілді. Мектеп жасындағы балалар сұрақтарға жауап берді.

 

Анкета сұрақтары:

 

      1 Сабақ айтып тұрған кезде қол қимылдарын пайдаланасың ба?

          а) иә

          ә) жоқ

          б) кейде

      2 Анаңның, жақындарыңның өзіңді қалай еркелеткенін ұнатасың?

          а) басымнан сипағанын

          ә) құшақтағанын

          б) арқамнан қаққанын

      3 Өзіңмен жасты ұл балалармен қалай амандасасың?

          а) қол беріп

          ә) бас изеп

          б) қол бұлғап

      4 Сенің ойыңша, балалар бірін-бірі мазақтағанда қандай қимылды жиі 

         пайдаланады?

          а) мұрнын тыржитады

          ә) аузын қисаңдатады

           б) тілін көрсетеді

      5  Жасы үлкен адамдармен қалай амандасасың?

          а) қол беріп

          ә) бас изеп

          б) қол бұлғап

      6 Қыз балалармен қалай амандасасың?

          а) қол бұлғап

          ә) бас изеп

          б) бетінен сүйіп

     7 Жолдасың сенің айтып жатқан әңгімеңе құлақ аспаса, оның назарын өзіңе

        аудару үшін не істейсің?

           а) қолынан түртіп өзіме қаратамын

           ә) ешнәрсе істемеймін

           б) иығынан түртіп өзіме назарын аударамын

     8 Ұл балалармен қоштасқанда қанда қимылды жиі пайдаланасың?

           а) қолынан аламын

           ә) басымды изеймін

           б) қол бұлғаймын

     9 Біреудің айтып жатқан сөзін тыңдағың келмесе не істейсің?

           а) бетімді теріс бұрамын

           ә) құлағымды қолыммен жауып аламын

           б) ешнәрсе істемеймін

     10 Қыз балалармен қоштасқанда қандай қимылды жиі пайдаланасың?

           а) қол бұлғаймын

           ә) басымды изеймін

           б) бетінен сүйемін

     11 Мұғалім сыныпқа ортақ сұрақ қойды, ол сұрақтың жауабын біліп тұрсаң не

          істейсің?

           а) қолымды көтеремін

           ә) қолымды көтермей отыра беремін

           б) орнымда отырып айта беремін

     12 Жасы үлкен адамдармен қоштасқанда қандай қимылды жиі пайдаланасың?

           а) қол алысамын

           ә) басымды изеймін

           б) қол бұлғаймын.

 

    Анкета нәтижелері 2-кестеде көрсетілген:

 

 

 

 

 

 

2-кесте

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

А

А

А

Ә

А

Б

А

А

А

Б

А

А

2

Б

Ә

А

А

А

Ә

Ә

А

Ә

Ә

А

А

3

Ә

Ә

Б

Б

А

Ә

Б

Б

Б

Ә

А

А

4

Ә

Ә

А

Б

Ә

Ә

Б

А

Ә

Ә

Ә

Ә

5

А

А

А

Б

Ә

Б

А

А

А

Б

Б

Ә

6

А

Б

А

А

Ә

Б

А

А

А

Б

А

Ә

7

А

А

Б

А

Ә

Б

А

Б

А

Б

А

Ә

8

Б

Б

Ә

Ә

А

А

Ә

Ә

Б

А

Ә

А

9

Б

Б

А

Ә

Ә

А

Ә

А

Б

А

Ә

Ә

10

Ә

А

Б

Б

Ә

Ә

Б

Б

Ә

Ә

Б

Ә

11

Ә

Ә

Б

Б

А

Б

Б

Б

Ә

Б

Б

А

12

Ә

Б

Б

А

Ә

Ә

А

Б

А

Ә

А

Ә

13

Б

Б

А

Ә

Ә

А

А

А

А

А

А

Ә

14

Б

Б

А

Б

А

А

Ә

А

Б

А

А

А

15

Ә

Ә

А

Б

А

А

Ә

А

Б

А

А

А

16

А

А

Б

А

А

А

Б

Б

А

А

А

А

17

А

Б

А

Ә

Ә

А

А

А

А

А

Ә

Ә

18

Б

Б

Б

Ә

Ә

Б

А

Б

А

Б

Б

Ә

19

Б

Ә

А

Б

А

Б

Ә

А

Ә

Б

Ә

А

20

Б

А

Б

Б

А

Ә

Ә

Б

Б

Ә

Б

А

21

Б

А

А

А

А

А

Б

А

Б

А

А

А

22

Б

Б

А

Б

А

А

А

А

А

А

А

А

23

Б

Б

Б

Б

Ә

Ә

Б

Б

А

Ә

А

Ә

24

А

Ә

А

Ә

Ә

Б

А

А

Б

Ә

Ә

Ә

25

А

Б

А

А

А

А

Ә

А

А

А

А

А

26

Ә

Б

А

А

А

А

Ә

А

А

А

А

А

27

Ә

Б

А

Б

Ә

Ә

Б

А

Б

Ә

Б

Ә

28

А

Б

А

Б

Ә

Ә

А

А

А

Ә

Ә

Ә

29

А

Ә

А

Б

А

Б

А

А

Ә

А

А

А

30

Ә

А

А

А

А

А

Б

А

А

Б

А

А

31

Б

А

Ә

Ә

А

А

Б

Ә

А

Б

Ә

А

32

Б

Б

Б

Б

Ә

А

А

Б

Б

Б

Б

Ә

33

Б

Б

А

Б

Ә

Б

Ә

А

А

А

Б

Ә

34

Б

Б

А

Б

А

Ә

Б

А

Ә

А

Б

А

35

Б

Б

Б

А

А

Ә

Б

Б

Б

Б

Ә

А

36

Б

Ә

А

Б

А

Ә

А

А

А

А

Ә

А

37

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Б

А

Б

Б

Ә

38

Б

А

Б

Ә

Ә

Б

Б

Б

Ә

А

А

Ә

39

Ә

Б

А

Б

А

А

А

А

Б

А

А

А

40

Б

Б

А

Ә

А

А

Ә

А

А

А

А

А

41

А

Б

А

Б

А

Ә

А

А

А

Ә

Б

А

42

Б

Ә

Б

Б

А

А

А

Б

А

А

Ә

А

43

Б

А

А

А

Ә

Б

А

А

Б

Б

Ә

Ә

44

А

Б

А

Ә

Ә

Б

Б

А

Б

Б

Ә

Ә

45

Б

Б

Б

Б

А

А

А

Б

А

А

А

А

46

Б

Б

Б

Ә

А

Ә

Ә

Б

А

Ә

А

А

47

А

Ә

А

Б

Ә

Б

А

А

Ә

Б

А

Ә

48

Ә

А

Ә

Б

А

А

А

Ә

А

А

А

А

49

Б

А

А

А

А

Ә

Б

А

А

Ә

А

А

50

А

Б

Б

Б

А

Ә

А

Б

А

Ә

А

А

 

 

     Анкетаға барлығы 50 оқушы қатысты, соның ішінде 10 сыныптан -9 оқушы, 9 сыныптан – 15 оқушы, 8 сыныптан -10 оқушы, 6 сыныптан -16 оқушы қатысты. Анкета нәтижелері көрсеткеніндей, мектеп жасындағы оқушылар қол ишараттарын орташа жиілікте қолданады екен. Сұрақтарға жауап берген ұл балардың 90%- өздеріндей ұлдармен, жасы үлкен ер адамдармен қол беріп амандасады екен. Жоғары сыныптардың кейбір оқушылары қазіргі кезде жастардың арасында кең таралған бетінен сүйіп амандасу (қыздармен) ишаратын пайдаланатын көрінеді. Жасы кіші балалар бірін-бірі мазақтап ойнаған кезде көбінесе тілдерін көрсетеді, ал өздеріне біреудің назарын аудару  үшін қолынан түртеді, өздері тыңдағысы келмегенде бетін теріс бұрады, кейде назарын басқа жаққа аударады. Қоштасу ишаратын да балалар амандасу ишараты секілді адресаттың жас ерекшелігіне қарай қолданады. Балалар қолданысындағы ым-ишаралар о баста табиғи, туа біткен сипатқа ие болғанымен, ер жете  келе бұл ым-ишараттардың қатары толысып, жетіліп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  ЫМ-ИШАРАТТАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ

 

    Ғалымдар бейвербалды амалдарды мағыналық түрлеріне қарай жіктеп, олардың арасында тіл білімінің лексика саласына қатысты терминдерін кинесикада қолданады. «На лексическом уровне  здесь наблюдается наибольший и несомненный параллелизм, жесты являются аналогами слов… Почти все основные термины лесикологии могут быть привлечены кинесистами» /31,25/. Ғалым Г.Е. Крейдлиннің өз еңбегінде анықтағанындай: « Каждый человек обладает своим языком, отражающим определенные особенности той или иной культуры. Однако у него может появиться  и особый жестовый «акцент» — географический, этнический, социальный и т.п. /8,86/

     Көркем шығармаларда қоғамның өзгеруіне қарай тұрмыста сирек қолданылып, біртіндеп қолданыстан шығып қалған бейвербалды амалдар да кездеседі. Олар архаизм-бейвербалды амалдар болып саналады. Мысалы, артынан топырақ шашу, бетіне күйе жағу, ат құйрығын кесу, есекке теріс мінгізу т.б.

     Кәсіби-бейвербалды амалдар-белгілі бір кәсіп, мамандық аясында қолданылатын бейвербалды амалдар. Мысалы, дирижер ишаралары, әскери адамдардың сәлемдесуі, спорт ойындарының ишаралары, радио, теледидар қызметкерлерінің ишаралары.

       Вариантты-бейвербалды амалдар. Мысалы, қол бұлғау-орамалын бұлғау-бас киімін қолына алып бұлғау т.б.

       Тұрпайы ишаралар. Этикет бойынша мұндай ишараттарды қолдануға болмайды, алайда мұндай амалдар  көркем шығармаларда кейіпкердің эмоционалды күйін, болмысын ашуға көмектеседі. Мысалы, тілін шығару, бармағын шығару, етегін ашып күлу, қолын шығару  т.б.

       Табу ишаралар. Қазақ тіл білімінде табу ишаралар туралы С.Бейсембаеваның еңбегінде айтылады. Табу- тілдік қана құбылыс емес, ол сонымен қатар бейвербалды компонеттерді қамтиды. Табу ишараларды анықтау әр халықтың өзіндік ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді /5, 47/. Мысалы, тіліңді шығарма, адамға қарап керілме, адамға қарап қолды шошайтпайды т.б., этикет бойынша бұл ишараларды жасауға болмайды.

       Диалект-бейвербалды амалдар-жергілікті ерекшеліктерге байланысты қолданылады. Көркем  шығармалардағы мұндай  ишараттар халықтың жергілікті ерекшеліктерінен хабар береді. Қазақ халқында шайға, сусынға қанғандықты аңғартатын кесені төңкеру, кесенің үстіне қасықты төңкеріп қою, дастарқанның шетін қайырып қою, секілді кинемалар қоланылады.    

        Осылайша, бейвербалды амаладардың арасында моносемантикалық, полисемантикалық, синонимдік, антонимдік, омонимдік, паронимдік, вариантты, окказионалды, архаизмдік, ұлттық, кәсіби, диалектілік, тұрпайы, басқа халықтардан ауысқан кірмелері т.б. болады /31,26/. 

 

 

 

2.1 Синоним мәнді ым-ишараттар

 

     Синоним – гректің synonymous (бір мәнді) деген сөзіне шыққан, яғни айтылуы әр басқа, мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Тілдегі синонимдер лексиканың күрделі саласы.

        Синоним туралы түсінік өте ертеде пайда болған. Антика дәуірінің ғалымдары Демокрит, Аристотель, Гермоген т.б синонимия мәселесімен айналысқан, және алғаш рет «синоним» (synonymous) терминін қолданған. 

        Синоним сөздер-кез келген тілдің қаншалықты дамығанын, оның оралымдығын көрсететін сөз байлығының құнарлы бір бөлігі. Ә.Болғанбаев синонимдерге келесі анықтама берген: «синонимдер дегеніміз- әр түрлі айтылғанымен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз табынан болған сөздер» /32,108/.

       Қазақ тілінде синонимдер саны өте көп екені белгілі. Бұл вербалды амалдар арқылы берілетін синонимдер.          Лексикалық қордың маңызды бөлігі болып табылатын бейвербалды амалдар қарым-қатынас барысында омонимдік, антонимдік, синонимдік қимылдар тізбегін құрай алады.     

      Бейвербалды синонимдер туралы К.У.Геворкян «В жестикуляции одинаковые или близкие понятия можно выразить двумя или более различными кинемами, группировкой которых и составляются синонимические ряды. Причем в выполнении кинем одного и того же ряда могут принимать участие различные части тела-голова и рука, зубы и кулаки, глаз и локоть, все тело или руки, все тело или ноги и т.д. Поэтому источниками синонимов могут быть разные средства проявления двигательногго языка – жест и мимика, телодвижения и жест, поза и походка и другие сочетания » /7,15/.

         Бір кинеманы шығармада қайталап қолдана беру, айтар ойдың өңін қашырып, шығарма тілін жұтаңдатады. Өзара мағына жуықтығы болғанымен, синонимдерді бірінің орнына бірін қойып айтуға бола бермейтін де жайы бар… /33, 609/.  Өзара мәндес бейвербалды амалдардың да мағыналық реңктерінде белгілі бір айырмашылықтар болады. Сондықтан жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы басты мақсатының бірі осындай бейвербалды синонимдердің арасынан орындысын табу.  Бейвербалды синонимдер жекелеген сөзбен- «иә», «жоқ» мағынасындағы бас изеу; сөз тіркесімен- қол алысу; фразеологиялық тіркеспен- көзі шарасынан шығу берілуі мүмкін. Бейвербалды амалдар жекелеген сөзбен берілген кезде сол ым-ишараттың қалай орындалатынын сипаттап беретін сөз болуы мүмкін (жымию), ал кейде ишарат формасын сипаттамай, тек беретін мағынасын  білдіреді («иә», «жоқ» деген сөздер «бас шайқау», «бас изеу»). Кинемалар еркін сөз тіркесімен берілгенде сөз тіркесінің компоненттері қабылдаушыға ым-ишараттың білдіретін мәнін сипаттап береді. Фразеологиялық тіркестер мәтінде ым-ишаратты берудің ең кең таралған тәсілі. Олардан әдетте адамның ым-ишарат жасауға қай дене мүшесінің қатысқандығын  білуге болады.

Көркем шығармаларды зерттеу арқылы біз халық қолданысындағы кинемалардың ерекшеліктерінен көптеген қызықты мәліметтер ала аламыз. Әр халықтың амандасу рәсім-салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жапон, қытай халықтарында қос қолын қусырып, бас иіп тағзым ету, үнді халықтарында екі алақанды түйістіріп, қолды маңдайға тигізу, славян халықтарында бір-біріне қол беру  т.б. амандасудың түрлері бар. Ал, Орта және Кіші  Азия мен Африкадағы мұсылман халықтар ертеде оң қолын жүрегінің тұсына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Қазақ салтында амандасудың өзі адресаттың жас, жыныс әлеуметтік ерекшеліктеріне қарай талдап, таңдап жұмсалып,  синонимдер қатарын құрады:

 

                    қол алысу

бас изеу

қол бұлғау

құшақ айқастыру

                              Амандасу                        иек қағысу

           қос қолды кеудеге қою

бас ию

екі қолды кеудеге апарып, бас ию        

бір тізерлеу

 төс қағыстыру

                                              маңдайынан сүю, иіскеу

 

Мысалы:1) Қасындағы қыз орысша білмегендіктен ескі Арқа дәстүрімен екі қолын кеудесіне апарып, басын иді /11,367/.

2)Аламандар тобы есік пен төрдей қалғанда тежелді.-Алла жар!-деді бірер аттап барып, оза тоқтаған Қоянақ бахадүр екі қолын кеудесіне айқастырып, басын болмашы ғана изеп /13,256/.

3) –Арсыз ба, Бұқар-еке!-деді Науан ұста қос қолын кеудесіне қойып /11,299/. 

4)  Зеңбірекшілердің сәлемін бас изеп қана, салқындау алған Скориковте ашу барлығы байқалады /21,562/.

5) Жасақты бастап келе жатқан Иман аттан түскенде, қазақтың дәстүріменен құшақтарымен құшақтарын айқастырып, төстеріне төс тигізіп амандасқан /11,138/.

6) Аттарының тізгінінен жетектеген қалпы, үлкендерін алға сап, қатарласа келіп, сұлтанға оншақты қадам қалғанда бастарын сәл еңкейте, қол қусыра, сәлем рәсімін жасасты /13,289/.

7) Атаман, Сырым, Торғын үшеуі келеді. Торғын-губернаторға тізе бүгіп сәлем етеді. Губернатор тез тұрып келіп Торғынды тұрғызып Сырым екеуімен қол алысты /30,384/.

8)Жүгірген бойы, төсек үстінде тас құдайдай жүрелеп отырған атасының мойнына асылды. Аспан «құлыным» деп бауырына басып, маңдайынан мейірлене иіскеді /34,243/.  Жас балалар өздерімен амандасқан кезде үлкен кісілер осылайша өз мейірімдерін білдіретін болған.

         М.Балақаев « Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» деген кітабында: « Сөзерді қалай болса солай жұмсай бермей, саралап, талғап жұмсау жаңа сөздерді жазушының талғампаздық ой елегінен өткізіп орынды жұмсау ақын- жазушының шеберлігімен байланысты. Синоним қатарына енетін сөздер жазуда да, ауызекі сөзде де аздап болса да стильдік өң алып тұруға тиіс»-дейді /35,36/. Аталған пікір бейвербалды синонимдерге де қатысты. Себебі ым-ишараттардағы синонимдердің де жұмсалу орны, реті бар. Жоғарыда келтірілген мысалдарда сәлемдесуге қатысты қолданылатын амалдар қарастырылды. Амандасу рәсімі көбінесе шығармаларда түрліше жұмсалып, ұлттың, халықтың дәстүрі мен мәдениетіне ұласып жатады. Қазақ халқындағы қол алысып амандасу – бар ықыласыммен сәлемімді қабыл алыңыз дегенді білдіреді. Шығармаларды сонымен қатар амандасуды білдіретін бас қимылдары да кездесіп отырады. Әдетте бір біріне онша жақындығы жоқ адамдар бас изеу, иек қағысу ишараттарын қолданса, керісінше ағайын-туыс, дос-жарандар, аға-інілер құшақтасып, арқаларынан қағып  амандасады. Сонымен қатар коммуниканттар бірін –бірі ұзақ уақыт бойы көрмегендіктен сағынышын білідіру үшін құшақтасу, төс қағыстыру кинемаларын қолданады.  Ал қос қолды кеудеге қойып бас ию,  бір тізерлеу секілді ишараттар салттық болып табылады, ұлт мәдениетінен хабар береді.

         Халық дәстүрінде қазақ келіншектері қайын аталары мен енелеріне, қайнағалары мен жасы үлкен абысын-ажынға қырындап тұрып, тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем беруі кездеседі. Келіннің осылайша сәлем етуі әдептіліктің белгісі ретінде қабылданып, үлкендер оған бата беретін болған. Мұндай бейвербалды амалдар әдептіліктің, инабаттылықтың, ізеттілік пен кішіпейілдіктің шынайы белгілері болып табылады.

          Шығармаларда жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа да сәлемдесу  рәсімінде кездесетін бейвербалды амалдар бар. Ондай мысалдар қатарына жастар арсында жиі кездесетін қол алысып, иықтан, арқадан қағу, қол көтеру, қол бұлғау т.б. жатқызуға болады.

           Қазақ жазушыларының шығармаларынан қоштасу рәсіміне қатысты да әр түрлі ишараттарды кездестіруге болады:

 

                                                                   бас изеу

                                                                    қол бұлғау

                              қоштасу                        қол алысу                                                                                     

                                                                    орамал бұлғау

                                                                    қолын ұсыну, созу, беру     

 

1) Ол қалта сағатына қарады да,- «көбірек отырып қалыппын ғой, кетейін» деп түрегелді… –Ал, бала, қош!- деді ол маған басын изеп,- менің берер батам – большевик бол! Адамқұл шығып кетті /25,126/.

2) Содан соң соншалықты бір жарасымды қылықпен қолын бұлғап, қоштасты /15,243/. Бұл бейвербалы амал коммуниканттардың арасындағы қашықтыққа байланысты қолданылады.

3) –Ал, қош, ата!- деп қолдасып жүре беріп едім, аздан кейін Жұмекен: -Әй, бала!- деп дыбыс берді /25,127/.

4) Қабанбай Көкдауылын тебініп қап, «Гәуһар!.. Гәуһар!..»-деп күбірлей солтүстікке қарй жөнеп берді. Ұзап бара жатып, артына бұрылып қарады. Қыз әлі орнында тұр екен. Ол ақ орамалын алып, жігітке « сау қайтыңыз!»- деп екі-үш рет бұлғады /11,347/. Орамалын бұлғау ишараты әйел адамдардың қолданысына тән.

5) –Сау бол,- деп жұп-жұмсақ қолын ұсынды, алақаны әрі майда, әрі жып-жылы екен /15,291/.

Бұл мысалдардан бейвербалды амалдар соған қоса,  коммуниканттардың әлеуметтік жағдайы, дәрежесі, жас ерекшелігі,білімі, жасы, мінез сипаты  жөнінде қосымша ақпарат беретінін аңғаруға болады. Амандасу, қоштасу рәсіміне байланысты бейвербалды амалдар қай ұлттың болмасын мәдениттілігінің белгісі болып табылады.

         Ым мен ишараттар адам сөйлемей-ақ оның ішкі ойын, мінезін, дәл сол қарым- қатынас кезіндегі эмоциясын айқындауға мүмкіндік беретін құрал. Бейвербалды амалдар дербес тұрып та, вербалды амалдармен бірігіп қолданылып та қажетті ақпаратты жаткізе алады.

         Адамның бір эмоциясын сыртқа шығарудың өзі түрлі бейвербалды тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. В.А.Лабунская: « Невербальное поведение- это внешняя форма существования и проявления психического мира личности» /36,6/ деп анықтаса, А.А.Леонтьев : «К экспрессивной функции эквивалентом языка являются различные паралингвистические явления, т.е. выразительные движения –мимимка, жестикуляция » /37,41/. 

        Адам баласына қуаныш, қорқу, ашу, уайымдау, өкіну, қайғыру т.б. сияқты эмоциялар тән. Мұндай эмоциялардың барлығы адамның бет әлпетінен, қимылынан, қозғалысынан, ишарасынан, дене қалыбынан, даусынан білініп отырады, олардың қолданысы сөйлеушінің әдет-дағдылары мен темпераментіне байланысты болады.   Мысалы, адам таңырқағанда – көзі шарасынан шығуы, желкесін қасуы, басын шайқауы, таңдайын қағуы мүмкін:

1)Әуелі көзі шарасынан шыға таңырқады, артынан миығынан күлді. «Үрерге иті жоқ деуші еді, рас екен ғой…» /38,36/

2) Әбілқайыр бұралаң тау жолымен бүлкектеп бара жатқан шұбардың соңынан таңдана қарап тұрып қалды. Жарғақ талды шұбалаң шұбар атты… Енді бұл желкесін қасыды /38,48/.

3) Осындайда кісі қиялиланып, қайдағы бір оғаш ойдың қайдан келгеніне таң қалып, басын шайқады /21, 128/.

      Ал ашулану процесі ең алдымен адамның бет-пішінінен байқалады.    Ашуланған кезде адамдар –қабағын түйеді, ернін жымқыра тістеп алады,  қабағын түкситеді, отының басын сабалайды, бармағын шығарады т.б..

1) Ол кісі қабағын түйіп, ернін жымқыра тістеп алған. Қатты ашулы тәрізді /21, 78/.

2)– Көмейімде қара халықтың мұқтажына қиналағн запыран тұр,- деді Ожар қабағын түкситіп. –Одан бөтен не болушы еді менде /11,382/.

3) Оны естігенде жұрт шамданып, «мыстан кемпірдің жағы қарыссын, қара басына көрінсін» деп доланып, өз отының басын өзі сабалады /34,214/. Бұл ишаратқа  белгілі этнограф С.Кенжеахметұлы былайша түсінік береді: « Ел ішінде қиянат, зорлық-зомбылық болай тұрмайды. әлі келгендер әлсіздердің немесе жетім-жесірлердің малын тартып алатын кездері де болған. Осындай жағдайларда есесін алуға шамасы келмейтін әлсіздер зорлық қылғанның ауылына барып, оның үйін сабайды, от басын сабап, күлін шашады. Есесі кеткендер бұған қанағат тұтып, өшін алғандай сезімде болады» /10,167/.  Қуанған сәтте де адам баласы эмоцияға беріліп, әр түрлі кинемаларды қолданады (санын шапалақтау, бөркін аспанға ату, секіру, қолын шапалақтау т.б.). Бұл амалдардың мағыналық реңктері әр түрлі болғанымен, білдіретін мағыналары  өзара жақын, мәндес болып келеді.     

 Г.В.Колшанскийдің анықтауынша «… всякое высказывание в принципе может быть двуслойным, состоящим из основного, предметно-логического содержания и оценочного- эмоционального; если первое передает некоторую информацию, то второе выражает отношение говорящего субъекта к этой информации. При этом принято считать, что для передачи некоторого сообщения о предмете, явлении используются основные полнозначные средства языка, а для передачи всех видов эмоционального содержания привлекаются и все подсобные, околоязыковые, т.е. паралингвистические средства » /4,27/. Яғни, зат, құбылыс жайлы хабар беру үшін толық мәнді тілдік бірліктер қолданылса, айтылғанның эмоционалды жағын жеткізу- паралингвистикалық амалдар арқылы жүзеге асады.   Мысалы:

 

                                          қас-қабағымен нұсқау

бағытты көсету                иегімен сілтеу

                                           қолымен нұсқау

                                           қамшымен нұсқау

 

 1) Адай биі қасындағы бір серігіне иегімен тас жақты сілтеді /38,49/

 2) Бөжей де шынымен шіміркенді. Зерені құшақтап, қысып тұрып, қатты күрсінді де, қолымен ишарат қып орнына апарып отырғызды /12,132/.

3) — Әне, Ақшоқы деген атақты тау,-деді Бати қамшысымен нұсқап /15,218/.

 

                                                            қол бұлғау

                                                            иек қағу

                    шақыру                          алақанын шапалақтау

                                                            саусағының ұшымен ишарат 

                                                            қылу

                                                            саусақтарын ербеңдете бұлғау

 

1) Кенесары кейінірек қалған Қараүлекті қолын бұлғап шақырып алды да беліндегі күміс кездігін суырып: -Ұшын жоғары қаратып мынаны ана жерге көм,- деді /11,426/.

2) Еламан үн- түнсіз жөнеле берді. Кетіп бара жатып Райға «жүр» дегендей иек қақты /21,62/.

3) Хан енді басын көтеріп алды, қоңырау орнына алақанын шапалақтады /11,85/.

4) Адымдай нық басып, есікке жете бере бұрылды да, оң қолының сұқ саусағының ұшымен ишарат жасап, Едігені шақырды /23,67/.

5) Қара ит син дэ кил әлі!-деді молда Оразалыға, даусын қаһарландыра қалыңдатып, маған көтерген сол жақ қолының саусақтарын түгел жазып, ербеңдете бұлғап /25 61/.

 

 

 

                                                             тізерлеу

                  тағзым ету                         бас ию

                                                              қол қусыру

 

1) Сұлтанның көзқарасынан именді ме, әлде жуылып кеткен айыбының салмағын мастығы тарқаған соң ғана сезінген бе, Тоқтар көк жусанның үстіне тізерлеп сылқ түсті:-Ақ ханым!.. Жебеушім өзің! Жәрдем ет. Босағамнан Ұмай-Ана болып атта! /13,54/.

2) Әмір, сұлтандар: «Мәртебелі болыңыз, ұлы баһадүр!» деп бастарын иіп тәжім етеді /11,136/

3) Қымыз ұсынған бек орнынан тұрып, қол қусырып құрмет көрсетеді де, шара толы қымызды сол арада, дем алмастан, түбіне дейін төңкере ішеді /13,79/.

 

                                                              аузын қисаңдату

                  мазақтау                             тілін шығару

                                                              танауын тыржиту

 

Екі бала ауыздарын қисаңдатып, Дәмеліге тілдерін көрсетіп отырды да, үйден ата жөнелді /30,141/. Бұл ишарат балалардың қолданысында жиі кездеседі.

 

                                                              тізесінен алақанымен басу

                   тоқтату                              сол қолын көтеру

                                                              оң қолын көтеру

 

1)Абай да әке қолынан тұруға ыңғайланып еді, Құнанбай бұны тізесінен алақанымен ақырын басты да:- Жә, тапқаның мен таңдағаныңды сен мәлім етші, балам!-деді /12,10 /.

2) Түсіне ашу, көзіне жас толған Айғыз дірілдеген үнмен:-Қарашығым, балапаным-ай, сормаңдай жетімегім-ай, не қарғысқа ұшырап туып ең! — дей беріп еді, Құнанбай сол қолын шұғыл көтеріп қап, «доғар!» дегендей ишарат қылды /12,168/

3) Қамшының бүлдіргесін саусағына ілген күйде оң қолын шұғыл көтеріп қап: «Тоқтасаң нетті?» дегендей, өтініш айтқандай. /12,187/.

 

                     кекету                               езу тартып күлімсіреу

                                                                мұртынан күлу

                                                                басында жоқ шляпасын көтеру

 

1) Абылайдың езу тартып кекете күлімсірегенін Мүлік көрген жоқ. Қолындағы шиті мылтығын алып, орда қабырғасына сүйеді. Қарусыз қолбасшы дәретке барғанында соңынан еретін күзетшінің де қарусыз болуы ежелден келе жатқан тәртіп /10, 258/.

2) Болыс ағам қызық. Жоғының ізіне мені сала береді,- деп Тәңірберген төмен қарап мұртынан күліп отырды да, — мал жоғалса ұрыдан іздемеуші ме еді, осы,-деді /21,254/.

3) – Пардон,- деді Едіге басында жоқ шляпасын көтергендей қимыл жасап. –Қожайын идет. Кеме келсе қайық судан шығады деген. Кеттім /23,208/. Европалықтар қолданысында әйелдермен амандасқанда бас киімді шешу (сәл көтеріңкіреу) дәстүрі бар. Қазақ халқының қолданысында бұл ишара кездеспейді деуге болады, алайда шығармада аталған ишара ізет көрсету мәнінде емес, мүлде керісінше қолданыс тапқан.

 

                     не айтарын білмеу                     қол  жаю

                                                                          кекілін ( шашын) тарағыштау

 

Ораз- Мұхамед не айтарын білмей  қолын жайды. – Жас ханым сөйлесін /13,51/. -Ә…-ә- деді Кенжек. Қызарып кетті. Сөз таба алмай, қолымен кекілін тарағыштай берді /21,63/.

    Үндеме, тыныш! -деген белгіні келесі кинемалар білдіреді: 

  1. ернін қысу
  2. көзін қысу
  3. ернін тістеу
  4. тақымынан басу

 

1) Әлиза сыртта жүрген Еламанның құлағына шалына ма деп, Балкүміске ернін қысып ымдап еді, онысы қайта отқа май құйғандай болды /21,463/.

2) Солай  ма? деп әлгі жігітке дүрсе қоя берген боп «тыныш» дегендей көзін қысып қойды /  39,446/.

3) Мосқалдау бір әйел Қарақатынды түртіп қалды. Төр жақта отырған Еламанды ымдап, ернін тістеп, «қой» дегендей ишара етті /21, 168/.

4) Сол-ақ екен, Нағымет, сен «үндемей тұра тұр» дегендей тақымынан басып қойды /21,556/.

           Сүйсіну мағынасын білдіретін ишаралар сөз тіркесімен берілген:

 

                                          қамшымен нұқу

                                          басын шайқау 

 

1) -Рас, біздікінің мінезі шатақ. Бәріміз де бір-бір аю асырап отырмыз ғой. -Уаһ!-деді зоотехник қарқ етіп күліп, — біздің үйдегі аю кісі жейді ғой, кісі жейді. Әй, осы сенің таппайтының жоқ. Аю асырап отырмыз дедің, ә. Қамшысымен Қойшыны нұқыды, сүйсінгені білем / 33,72/.

2) Аң серкесінің мынау қапия қазасына өкінгені екені де, әлде құралайды көзден тигізетін өз өнеріне сүйсінгені екені де белгісіз, Әбілқайыр басын шайқап қойды /38,47/.

     Сабырға шақыру мәнін білдіретін кинемалар сөзбен де сөз тіркесімен де беріліп, синонимдік қатар түзеді:

 

                                           иығына қолын салу

                                           құшақтау

 

1) -Сұлтан…-деді Ай-Шешек сабырға шақырған баяу үнмен, Ораз-Мұхамедтің иығына қолын салып /13,69/.

2) Бөжей де шынымен шіміркенді. Зерені құшақтап, қысып тұрып, қатты күрсінді де, қолымен ишарат қып орнына апарып отырғызды /12,132 /

     Әдетте, сөздер белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға бөлініп, топтастырылады. Лексикалық жағынан өзара синонимдес сөздер сөйлемде көбінесе бірдей синтаксистік қызмет атқарады. Кейде бір сөйлем мүшесі де болады. Ал бейвербалды синонимдерді сөз таптарына тек мағынасына қарап қана шартты түрде топтастырады.

     Мұндай бейвербалды синонимдерді саралап өз орнымен қолдану  тек адамның эмоциясын білдіру үшін ғана емес, уақытты үнемдеу үшін, ақпаратты барынша түсінікті жеткізу үшін де тиімді. Алайда лексикалық синонимдер секілді ым-ишараттардағы синонимдердің де мағыналық реңкінде айырмашылық болатындықтан олардың қолданылу ретін де білген дұрыс. Барлық бейвербалды амалдар тіл білімі үшін вербалды амалдардың бір бөлігі ретінде ғана маңызды.

     

2.2 Омоним мәнді ым-ишараттар

 

      Ым-ишараттардағы омонимия құбылысының болатындығы жөнінде Г.В.Крейдлин, А.В.Филиппов, С.Б.Бейсембаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Паралингвистика саласында бйвербалды омонимдердің қатарына жасалу қалпы бірдей, бірақ беретін ұғымдары әр түрлі амалдар жатады..  Г.В.Крейдлиннің «Невербальная семиотика»  еңбегінде мәдениетаралық бейвербалды омонимия жөнінде, яғни орындалуы жағынан біркелкі немесе жақын формалардың әр елдің мәдениетінде түрліше қабылданатындығы туралы айтылған. Ғалымның ойынша, осындай бейвербалды омонимдерді білу ұлтаралық қарым-қатынас үшін ерекше маңызды болмақ /8,134/. Ал А.В.Филиппов ым мен ишараттарды классификациялай келе, олардың арасында омонимдес түрлерінің кездесетінін де атап өтеді: «…жесты могут быть… омонимическими ( поднять руку, приветствуя на расстоянии и точно так же поднять ее среди потока людей как знак «я здесь», кивок в значении «да» и кивок –приветствие) /31,26/. Тілдегі басқа да сөздер сияқты омонимдер, әдетте, сөйлем ішінде белгілі контексте қолданылады. Омонимдік сөздердің қай сөз екендігі, қандай мағынаны білдіретіндігі сөйлемде анықталады. Бейвербалды омонимдердің де мағынасы тек ситуацияда, қарым-қатынас барысында ғана анықталады. Жесты обладают фиксированным означеним, которое выявляется именно в сочетаемости определенного жеста с определенными текстами. Синкретизм значения жеста не исключает, по-видимому, и таких случаев, когда сочетаемость слов именно с этим, а не с другим жестом может служить разгрничению тонких семантических оттенков слов /40,478/, яғни белгілі бір ым-ишараттың мағынасы тек вербалды амалдардың көмегімен ажыратылады.   Мысалы, қарапайым бас шайқау ишаратын алатын болсақ, бұл ишараттың әр түрлі жағдайда түрліше мағынада қолданылатындығын аңғаруға болады:

1) таңдану. Осындайда кісі қиялиланып, қайдағы бір оғаш ойдың қайдан келгеніне таң қалып, басын шайқады /21,267/.

2) тамсану. Шығай ханның, тіпті Хақ-Назар ханның өз қолынан қымыз ішкенін қай мәжілісте қазір аты аңызға айнала бастаған қандай батырлар мен билардің болғанын тамсана, бас шайқай отырып еске алысады /13, 47/.  

3) Ұрысу және аяу мағынасында. Ақ халатты қыздар ұрысқаны әлде аяғаны белгісіз, әйтеуір «ай-ай»,- деп басын шайқап жүріп жарақатын жуды /21,504/.

4) өкіну немесе сүйсіну мағынасында. Аң серкесінің мынау қапия қазасына өкінгені, әлде құралайды көзден тигізетін өз өнеріне сүйсінгені белгісіз, Әбілқайыр басын бір шайқап қойды /38, 48/.

5) шошыну.  Оның жүзін барлап қарап отырған Есбол қария қанша қатты болғанымен осы тұста бір босаңсымағанына шошынғандай боп, басын шайқады /21,322/. Шығармаларда бұл ишараттардың мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын тірек сөздер, тіркестер болады. Келтірілген  мысалдардағы мұндай сөздер  таң қалу, ұрысқаны әлде аяғаны, т.б. — бас шайқау ишаратының қандай себепке қатысты қолданылғанын анықтап тұр.

        Қарым-қатынас барысында кең таралған ишараттың бірі —бас изеу. Бұл кинема да әр түрлі мағына береді. Біріншіден, адамдар күнделікті қарым-қатынаста бір-бірімен бас изесіп амандасады. Екіншіден, құптау, мақұлдау мағынасын білдіреді. Үшіншіден, кінәлау мағынасыда. Төртіншіден, бір нәрсені жасауға рұқсат ету мағынасын білдіретін кинема. 1) амандасу. Зеңбірекшілердің  сәлемін бас изеп қан , салқындау алған Скориковте ашу барлығы байқалады /21,514/.

2) Құптау, мақұлдау. Есбол кәрия да Еламанның сөзін қостағандай, кеудесіне түскен басын изеп қойып:-Я, осы кездегі ел жақсысы деп жүргендердің пиғылы бұзылып болаған /21,25/.

3)   кінәлау. Ол тек баласына басын ғана изеп, «бар сенгенім сен едің. Сенен де қол жудым. Тым құрыса анаңның бетін жапқаанша күрсең қайтеді»- деді әлгі қылығын кінәлағандй /21,313/.

4) рұқсат ету. Хан тағы да басын изеп, «рұқсат» деген ишарат көрсеткен /11,138 /.

       Жоғарыда аталған кинемалар тәріздес кең қолданылатын кинеманың бір түрі- түкіру. Бұл кинеманың  да беретін мағынасы әр түрлі. Мысалы, біріншіден- жұмысқа құлшына кірісу үшін жасалатын кинема. Көбіне ер адамдардың қолданысында кездеседі. Сонымен қатар ер адамдар бұл кинеманы күреске шығар алдында жиі пайдаланады. Екіншісі- ашуланған, ыза болған кезде қолданылатын кинема. Салт-дәстүр, наным-сенімдермен байланысты «түкіру» кинемасы күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылады. Бұл әйел адамдар қолданысында кең таралаған — жақсы затқа, жақсы адамға көз тимес үшін жасалатын ырым. Бұл «түкірудің» түрін А.Д.Шмелев «символиклық» деп атай келе былай дейді: « Мағыналы» түкіру ренжігенде, қиналағанда жерге шын түкіру арқылы жүзеге асса, «символикалық» түкіру де осы мақсатта, тек шырт түкірмей, «тфу» деген ұйыспалы дыбыс арқылы жасалады»,-дейді /7,17/. Ғалым Р.П.Волос орыс халқының қарым-қатынасында кездесетін 100-ге тарта кинеманы зерттей келе, «түкіру» кинемасын «ғұрыптық ишаралар» қатарына жатқызады /41,79/. Қазақ тіліндегі түкіру кинемасының ерекшеліктерін қарастырайық:

1) құлшыну. Қара жұмыс адамды адам атып жатқан соғыс емес қой, жігіттер ал дегенде-ақ қолдарына түкіріп, үлкен жігіттермен кірісіп-ақ кетті /34,106/.

2) күреске дайындық. Шыдай алмадым. «Жығылсам жер көтерер»,- деген тәуекелмен ортаға атып шығып, алақаныма түкіріп ұстаса кеттім  /34,118/.

3) Ыза болу. Бірақ тұлан тұтып, шарқая қатындарша бетін тырнап шаптықпай, сол міз бақпаған қалпында тісінің арасынан темір пешке шырт еткізіп түкірді; түкіріп алды да. Тістене зілмен сөйледі /14,205/.  Жоғарыда келтірілген мысалдар ер адамдардың қолданысында жиі кездеседі.

4) Көз тимес үшін жасалатын ырым. Шешемнің «елден аулақ қара тасқа көрінсін» деп күніне үш уақ тәубасын айтып, тфәлайтыны осыдын да /34,205/. Түкірудің бұл түрі әйелдер қолданысына тән, бірақ кейде ер адамдар қолданысында да кездесіп тұрады:  .. Жете беріп состиып тұрып қалды. Ат жақты, қыр мұрын, томаға көз… «Күшік, шешесіне тартыңқырап кеткен бе, қалай?»-деп ойлады Әбілқайыр. Иіліп маңдайынан сипады. –Тфу!Тфу! Тіл-ауызым тасқа! Үп-үлкен жігіт бопсың ғой өзің! Бала үндемей төмен қарады /38,24/.

5) Қорлау, масқаралау. Өзім тауып алсам да қызғанып  тұрсың-ау.

-Тфу! 

-Тфу! 

-Тфу! 

           — КІм-кімнің түкіргенін білмеймін, есімде жоқ, әйтеуір апай төс         

     Мұхтар ағам көз алдымда өз-өзінен кішірейіп бара жатты /14,260/. Жазалаудың бір түрі- бетке түкіру. Бұл- масқаралау, қорлау кинемасы.  

    Қазақ халқының күнделікті қолданысындағы қолын сілтеу (сермеу, сілку) ишараты келесі  мағыналарда жұмсалып, омонимдік қатар құрады:

 

  1. айтқысы келмеу
  2. қабылдамау, «жоқ» дегенді білдіру
  3. немқұрайдылық
  4. түсінгендікті білдіру ишараты.

 

Арғысын қайтесің, сол, шырағым? Кетті ғой әйтеуір, қым-қуыт, шым-шуыт боп! –деп Сүйіндік қолын бірақ сілтеді де айтпай қойды /12,146/. Қазанға ас салайын…-деп Ақбала жасқана тіл қатты. Сүйеу ырай бермей, қолын сілкіп қалды /19,364/. Тәңірберген бетін сырт салып отырған суық қалпынан жібімеді. Сауда досына қарамай, «кете бер» дегендей қолын сілтеді /21,531/. Профессор қолын болмашы ғана сілтеп, айтпағыңды түсіндім дегендейишарат білдірді /23,13/.

 

 

                                                бағыт көрсету, нұсқау

                иек қағу                  шақыру

                                                түсінбегенді сұрау ишараты   

 

1)Осы топтың ішіндегі ендігі қалған кісілердің өзінен аруақтысы жоқ екенін сезгендей, жанында тұрған екі жас жігітке иек қақты: -Құдыққа түсіңдер /21,238/.

2)Еламан үн-түнсіз жөнеле берді. Кетіп бар жатып Райға «жүр» дегендей иек қақты /21,62/.

3) Жұрт қозғалақтап бір-біріне қарасты, «бұ не сөз» дегендей бір-біріне иек қағысты /17,299/.

 

                                                  не айтарын білмеу

             қолын жаю                  бата беру

                                                   қайыр сұрау

 

Ораз-Мұхамед не айтарын білмей, қолын жайды.-Жас ханым сөйлесін /13,51/. Бата жаса, сұлтаным!- деді Төбет тізерлей отыра қалып, бірі бүтін, бірі оқтаудың басындай шолтиған екі қолын қатарынан жайып /13,86/.

    Жоғарыда аталған ым-ишаралар секілді қолданыстағы бас ию ишараты да омонимдік қатар құрады:

                                                      құрмет тұту

                                                      тәжім ету

                бас ию                           мойынсұну

                                                       кешірім сұрау

 

1) Едіге, достым, мен саған бұрын бас июші едім.  Енді күмәнім жоқ. Сен керемет адамсың! Қандай тамаша! /23,55/.

2) Әмір, сұлтандар: «Мәртебелі болыңыз, ұлы баһадүр! Деп бастарын иіп тәжім етеді /11,86/. Айтты –болды. Басың болса ие бер, тізең болса бүге бер /30,68/. Осы мысалдағы басың болса ие бер, тізең боса бүге бер кинетикалық тәсілдер шығармада басқа қызметте қолданылған.

3) – Ғапу етіңіз, хан оғлы, жолыңыздан кездесіп қалғаныма!- деді ол басын иіп, -бұл ара сіздің ойнайтын жеріңіз емес еді… /11,102/.

 

                                                       қорқу

           бетін басу                          қайғыға бату

                                                       ұялу

 

1)Алла, алла! Сбухан алла!-деп Ғабидолла бетін басты. –Аллай, Ақан түсің қалай өзгеріп кетті…/17,60/.

2) Аяқ-қолы кісендеулі сүйретіліп келе жатқан туған інісін көргенде, Әбді-Саттар бір мезет екі қолымен бетін басып тұрып қалды/13,81/.

 

                                                        сүйіспеншілік, қуаныш

             құшақтасу                         жұбату, сабырға шақыру

 

1)Шамнан бұрын топырлап кіріп жатқан жұртқа араласа жасы мен шамалас, кескіні де маған ұқсастау, бірақ бойы мене сұңғағырақ, мұрын мене гөрі қырлырақ бір жас жігіт « кәне, нағашым?» деп қуана кірді де, ешкім «мынау» демей-ақ, менімен құшақтаса кетті /25,86/.

2) Отырған әйелдердің алдына жылап келген еркектер тізе бүгіп, отыра кетіп, құшақтасып көрісіп жылайды /12,193/. Бұл жердегі құшақтасу-бір сөзбен беріліп тұрған салттық ишарат. Жақыны, туысы қайтыс болған адамды жұбату, көңіл айту мақсатымен істеледі. Көбінесе «көрісу», «көрісіп құшақтасу» деп те аталады /42,115/.

        Бір тізерлеп отыру ишараты 1) сыйлау, құрмет тұту; 2) құдайға жалбарыну; 3) сәлем беру мағыналарында жұмсалып, омонимдік қатар құрайды.

1) …Ол сәлем беріп, есік алдында ханға кішіпейілдік ишарат көрсетіп, бір тізерлеп отыра қалды /11,140/.

2) Бұқар жырау атынан түсті. Мойнына белбеуін салып, бір тізерлей отырып, Алласына « ақсарбас» айтып,  жалбарына бастады /11,153/. 3)Есеней үйінің айналасы қаз-қатар отырған адам екен. Алты ауыл Сибанның еркек-әйелі түгел жиналыпты. Айтолқын арқан бойы алдырақ келіп, Есеней үйіне қарап сәлем етті. – Сен мен не істесем соны істе!-деді Ұлпан Шынарға сыбырлап. Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізерлеп, сәлем етті. Шынар да соны істеді. Ұяла-ұяла бетін… бетін жаулығымен бүркемелеп, сәлем етті. –Көп жасаңдар… Құтты қадам тілейміз /30,87/. Бір тізерлеп сәлем беру  қазақ келіндеріне тән салттық ишарат болып табылады.

    Санын шапалақтау ишараты  бірде қуануды білдірсе, енді бірде өкінішті білдіреді:

1)–Үш күн! Содан бері қайда жүрсіңдер. Қап, ендігі ұрылар қарасын үзіп кетті-ау! Қап! Ой-бо-ой, малдыбір жайлы қылды –ау! –деп Мәті бай санын шапалақтап, әйелдерше ойбайын салды /17,21/.

2) –Болды қызық,- деді Данилов, қуанып санын шапалақтап, көрерсіңдер. Ол салт аттылар- бандиттер, айдап әкеле жатқаны коммунистер /25,399/.

 

 

                                                              мақұлдау, ризалық

                     арқасынан қағу              еркелету

 

1)-Болады.. Әбден болады. Бұл бик ғажап ақыл. Мұндай ақылды ақшаға сатып ала алмайсың,- деп Темірке жүзі жайнап отырды да, -шүші мату… бик матур жігіт,-деп Тәңірбергенге ырза боп, арқасынан қағып-қағып қойды /21,239/.

2) …Үйдің іші енді сезіп, ду күлісті. Соңғы өлеңнің тұсында әжесі де түсінген. Ол үні өшіп, сүйсініп күліп, баласын арқаға қағып, маңдайынан иіскеді /12,13/. Бұл сөз тіркесімен берілген бұл   ишаратты  сонымен қатар ер адамдар көп жағдайда өзінен жасы кішілерге мейірбандық көрсетуде қолданады.

           Бауырына басу ишараты  амандасуды, еркелетуді білдіреді:

1) Абай да мол құшағын кең жайып, Әбішті бауырына алды. Әке мен бала екеуінде, осындай сағынышты құшақтан басқа бір ауыз сөз болған жоқ /12,106/.

2)–Қаршығым, жылымы, шошыма! Түк те етпейді,-деді Рахымтай басынан сипап, бауырына басты. Дәркембай атаға жаны ашып тістене жылап отырған екі жетімек жастарды да бастарынан сипап, қолтығына тартты /12,226/.

          Ішін тарту – 1) шаттануды; 2) таңдану, шошынуды білдіреді. 1)Тобықты ішінде, Жігітек пен Ырғызбайға аралық жайда отырған елдің барлыға, жер қозғалғандай, дүр сілкінді. Біреулер ішін тартып, сүйсініп құлақ салды /12,187/.

 2) –Мына Бәтжанға не болған, жасынан жылқы бағып, көзі шыққан қазақ баласының мініс атының мынадай сиқын алып, күзегенін көрсем көзім шықсын,-деп бурыл аттың қара жалын түбіне дейін тып типыл күзеп, қою құйрығын көтеншегінен бір сүйемдей ғана қалдыры шолтитып, шұнақ ешкідей шорт кесіп тастағанына таңырқады да, түйенің құмалағындай түйіп, ұшын қиған кекіліне көзі түсе бергенде ішін тартты. –Сұмдық-ай, мынау тұлданған ат қой. Жаным-ау Бәтжан қайда, аман ба өзі қарағым! /17,214/.

 

             теріс қарау                          ренжу, келіспеу

                                                          өкпелеу

 

-Ә, қойшы,-деп Боржабай теріс қарады да. – Жә, ендеше айта бер!- деді /25,36/.

      Қамшыны алдына тастау 1)  сөз сұрау; 2) сайысқа шақыруды білдіретін қадақ халқының ұлттық-мәдени болмысын аша түсетін салттық ишара. Мысалы:

1) Бөгенбай қамшысын алдына тастай салды да, енді Абылайға бұрылды. – Шүршіт көргеніне қан жылап жылап жатқан Шығыс Түркістандағы бауырымызды құтқаруға біз неге аттанбадық, Абылай сұлтан? Соған жауап берші! /11,268/.

2) –Жалайыр ауылдарына қайтадан шап. Тезірек жетсін де. Егер дер кездерінде келмесе, Қоқан ұрысынан кейін, Қоқанға туған кеп, Жалайырбилерінің де басына туып жүрмесін! Соны ескерт! – Ал  егер жауап қайырмаса ше? – Мә мнің қамшым… Жауап қайрмайтын болса алдарына таста да, өзің кейін шап! /11,290/.

         

             жағасын ұстау                        шошыну

                                                              таңдану

 

1) -Алла, алла, атама,Ақан! Мынауың сұмдық қой. Ел естімесін мұныңды,- деп Мұхамметтің көзі шарасынан шыққанда, Рамазан да жағасын ұстады: -Қойыңыз, Ақан аға! Мұныңызды мен де құптамаймын /17,56/.

2) –Тобықты ішінде, , Жігітек пен Ырғызбайға аралық жайда отырған елдің барлыға, жер қозғалғандай, дүр сілкінді. Біреулер ішін тартып, сүйсініп құлақ салды /12,187/.

     Ым-ишараттардағы  омонимдердің   дәл қай қимылды білдіріп тұрғандығын  білу үшін оның жанындағы сөздерге назар аудару керек. Себебі  көркем шығарма мәтініндегі сөздер ишараттың қалай іске асқандығын сөзбен бейнелеп бере алады.

     Бейвербалды амалдарды саралай келе ым мен ишараттардың  сөз, сөз тіркестері, фразеологизмдер сияқты тілдік бірліктер көмегімен берілетіндігін аңғаруға болады. Соның ішінде фразеологиялық тіркестермен берілген ишараттар санының едәуір көп екендігін атап өтуге болады.  Сонымен қатар бейвербалды амалдар коммуникацияға қатысып отырған екі жақтың эмоциясы мен сезімін анықтаудың бірден-бір құралы, олардың қатысуымен ойды жеткізу әлдеқайда тиімді, әрі жылдам жүзеге асырылады, бұған қоса бейвербалды синонимдер және бевербалды омонимдер тізбегін құрай алатынына көз жеткізуге болады.

     Ым тілін толықтай сөйлеу тіліне аударуға болады. Ым-ишараттар әрқашан да сөзбен (сөйлеммен) беруге болатын ой мен сезімдерді жеткізеді. Кез келген тілдегідей ым тілінің де өзіндік сөйлемдері мен тыныс белгілері болады, кез-келген ым-ишараның сөз секілді  білдіретін бірнеше мағынасы болуы, тіпті тұтас бір сөйлемнің орнына жұмсалуы да  мүмкін. Оның беретін мағынасын тек ситуацияда анықтауға болады.  «Огромное число фраз, самых простых, тем более формулировки с отвлеченными терминами нельзя удовлетворительно передать общепринятыми жестами, очевидно, это зависит больше всего от малого объема кинетического словаря и от крайней неразвитости грамматической системы языка жестов» /31,19/. Яғни  адамның айтайын деген сөзінің барлығын ым тілімен жеткізуге бола бермейді екен.

     Все сопровождающие речевой акт формы общения, включая прежде всего паралингвистические, являются факультативными. Языковое общение без этих форм вполне возможно, как возможно и полное развертывание в чистую языковую форму любого коммуникативного акта /4,77/.

     Синоним және омоним мәнді ым-ишараттар қалай анықталады деген сұраққа жауап беретін болсақ, ең алдымен ым-ишараттың қандай жағдайда және оны басқа қимылдармен қоштағанына байланысты қабылданады. Яғни, ым-ишаратты дұрыс түсініп, талдау үшін осы кезде жасалған барлық қимылдарды есепке алу керек, өйткені олар да сөйлемдер секілді жасалып, адамның көңіл-күйін, қарым-қатынасын дәл бейнелейді. Байқампаз адам ым-ишараттың адамның сөйлеген сөзіне қаншалықты сәйкес келетіндігін салыстыра алады.

    Тілдік амалдар дербес тұрып қарым-қатынас қызметін атқара алады, ал паралингвистикалық  амалдар сөйлеу әрекетінің қосымша формаларының бірі ғана. Сол  себепті тек паралингвистикалық амалдар арқылы қарым-қатынас жасау мүмкін емес. Ым тілін толықтай сөз арқылы беруге болады, ал керісінше, тілдік амалдардың барлығын бейвербалды амалдар арқылы жеткізуге бола бермейді. Ғалымдар мұны бейвербалды амаладар санының аздығымен, олардың грамматикалық формаларының дамымағандығымен түсіндіреді.

       Омоним мәнді ишараттарды сөйлем ішінде анықтау үшін сөйлемнің ішкі мазмұнына үңілу керек. Мысалы, омоним мәнді ішін тарту ишаратын алатын болсақ, ол бірде шаттану мен сүйсінуді білдірсе, енді бірде таңдану мен шошыну секілді мағыналар береді. Келтірілген мысалдарға назар аударатын болсақ, екінші мысалдағы кейіпкердің таңдануы әрі шошынуы қазақ халқының салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Себебі ер адам қайтыс болғаннан кейін оның аты тұлданып, бір жылға дейін мінілмей, жыл өткен соң марқұмның асына сойылатын болған. Мұндай тұлданған атты міну қазақ халқына жат қылық. Шығарма кейіпкерінің  әрі шошынған, әрі таңданған күйге түсуінің себебі де осы. Екі ишараттың да кинемалық негізі бір болғанымен, түрлі жағдайда қолданыс тапқан. Аталмыш кинемаларды өз  мағынасында түсінуде контекстің атқаратын ролі зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Бейвербалды амалдар қарым-қатынас кезінде тілдік амалдармен қатар қолданылып, адамдар арсындағы қарым-қатынасты жеңіл іске асырып, біреудің ойын екінші адамға түсінікті, жан-жақты жеткізуге ықпал етеді.

      Ұлттық-мәдени айырмашылықтарына байланысты бейвербалды амалдар да  бір-бірінен ажыратылып отырады. Ұлттық ерекшелік этностың салт-санасына, дәстүрінен, әдет-ғұрпынан байқалады. Әр елдің өзіне ғана тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы халықтың тұрмыс-салтындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігі мен дүниетанымының сипаты көрінеді. Осыған орай қазақ жазушылырының шығармаларындағы бейвербалды амалдар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін терең білуге мүмкіндік береді, адам танымын кеңейтеді. Көркем шығармаларды зерттеу арқылы біз халық қолданысындағы кинемалардың ерекшеліктерінен көптеген қызықты мәліметтер ала аламыз.

     Бейвербалды амалдар соған қоса,  коммуниканттардың әлеуметтік жағдайы, дәрежесі, жас ерекшелігі,білімі, жасы, мінез сипаты  жөнінде қосымша ақпарат беретінін аңғаруға болады. Амандасу, қоштасу рәсіміне байланысты бейвербалды амалдар қай ұлттың болмасын мәдениттілігінің белгісі болып табылады

       Ерлер мен әйелдер арасында бейвербалды қарым-қатынас жасау процесі  ерекшеленеді. Жыныс арасындағы бейвербалды амалдардың қызметі ұлттық, мәдени, салт-дәстүрлерімен, олардың психологиялық, биологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне орай жеке әйелдерге тән және жеке ерлерге тән, аралас қолданылатын әдет, дағды, ым-ишаралар өмір сүреді. Бұлардың жыныстар арасында орны ауысып келуі салт-дәстүр, тәртіптерге қайшы келіп отырған. Балалардың сөйлеу әрекетіндегі тілдік амалдар табиғи болып келеді, сондықтан өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады

      Бейвербалды амалдарды саралай келе ым мен ишараттардың  сөз, сөз тіркестері, фразеологизмдер сияқты тілдік бірліктер көмегімен берілетіндігін аңғаруға болады. Ым-ишараттардың  арасында моносемантикалық, полисемантикалық, синонимдік, антонимдік, омонимдік, паронимдік, вариантты, окказионалды, архаизмдік, ұлттық, кәсіби, диалектілік, тұрпайы, басқа халықтардан ауысқан кірмелері т.б. болады. Ым-ишараттар лексикологиялық тұрғыдан сөздерге өте ұқсас. Олар  сөздер секілді құбылыстардың, түсініктердің атауларын беріп, адамның эмоциясын, көңіл-күйін білдіре алады.

     Сонымен қатар бейвербалды амалдар коммуникацияға қатысып отырған екі жақтың эмоциясы мен сезімін анықтаудың бірден-бір құралы, олардың қатысуымен ойды жеткізу әлдеқайда тиімді, әрі жылдам жүзеге асырылады, бұған қоса бейвербалды синонимдер және бевербалды омонимдер тізбегін құрай алатынына көз жеткізуге болады  Мұндай бейвербалды синонимдер мен омонимдерді саралап өз орнымен қолдану  тек адамның эмоциясын білдіру үшін ғана емес, уақытты үнемдеу үшін, ақпаратты барынша түсінікті жеткізу үшін де тиімді. Ым-ишараттардағы синонимдердің ерекшелігі, лексикалық синонимдер секілді мағыналық реңктерінде. Оларды кейде бірінің орына бірін алмастырып қолдана беруге болмайды. Ал бейвербалды омонимдерге келер болсақ, олардың білдіретін мағынасы тек контексте, ситуацияда ғана анықталады.

       Ым-ишараттар теориялық тұрғыдан әлі толық зерттеле қоймаған қазақ  тіл білімінің дербес, жаңа ғылым саласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  • Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы: Сөздік-Словарь, 1998.-304.
  • Пиз А. Язык жестов. Увлекающее пособие для деловых людей. –Ворорнеж: НПО «МОДЭК», 1992.-218.
  • Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1999.-581б.
  • Колшанский Г.В. Паралингвистика. –Москва: Наука, 1974.-81.
  • Бейсембаева С.Б. Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке. дисс. к. филол. наук. –Алматы, 2002.-119.
  • Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. –Алматы: Ғылым, 1998.-196.
  • Нұрсұлтанқызы Ж. О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар.филол.ғыл.канд.автореф. –Алматы, 2006.-28.
  • Крейдлин Г.Е. Невербальная семиотика: Язык тела и естественный язык.-Москва:Новое литературное обозрение, 2002.-592.
  • Сейсенова А.Д. Лингвистикалық мәдениаттану: этикет нормаларына салыстырмалы талдау. Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 1998.-183.
  • Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі. –Алматы: Санат, 1998.-256.
  • Есенберлин І.Көшпенділер: тарихи трилогия. –Алматы: І.Есенберлин атындағы қоры, 1998.-584.
  • Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. –Алматы: Жазушы, 2006.
  • Мағауин М. Аласапыран: тарихи роман. –Алматы: Жазушы, 1988.-832.
  • Бөкей О. Ұйқым келмейді. – Алматы: Жалын, 1990.-558.
  • Бөкей О. Өз отыңды өшірме. –Алматы: жазушы, 1981.-383.
  • Соқпақбаев Б. Менің атым-Қожа: Повестер. –Алматы: Жазушы, 2001.-208.
  • Жүнісов С. Ақан сері. –Алматы:Жазушы,1981.-268
  • Оразалиева Э.Н. Бейвербалды коммуникация негіздерінің функционалды ерекшелігі // ҚазҰУ Хабаршысы. № 37. 2000. -209.
  • Мамаева Г.Б. Ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстары. филол.ғыл.канд.дисс. – Алматы , 2003.-153.
  • Қалиев С., Оразов М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы: Рауан,1994.-222.
  • Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. –Алматы: Жазушы, 1977.-815.
  • Нұрмағамбетов Т. Дарияның арғы беті. –Алматы: Жалын, 1981.-216.
  • Мағауин М. Көк мұнар. – Алматы: Раритет, 2004.-224.
  • Арыстанов Ж. Таң жұлдызы: Роман. –Алматы: Жазушы, 1979.-464
  • Мұқанов С. Өмір мектебі. –Алматы : Жазушы, 1970.-487.
  • Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы.Т1. –Алматы: Қазығұрт, 2004.-378.
  • Тарази Ә. Қорқау жұлдыз. –Алматы :Жазушы, 1989.-246.
  • Ильин З.Н. Искусство общения. –Москва, 1991.-33.
  • Ешимов М.П. Ым семантикасы: универсалды және ұлттық табиғаты.Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы. 2004.-140.
  • Мүсірепов Ғ. Ұлпан. –Алматы: Атамұра, 2003.-264.
  • Филиппов А.В. Звуковой язык и «язык» жестов // Лингвистический сборник. МОПИ им.Н.К.Крупской.Вып.3. –Москва: МОПИ, 1975.-с14-34.
  • Болғанбаев Ә. Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.: Оқу құралы. –Алматы: Санат, 1997.-256.
  • Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы, 1977.-712.
  • Бөкей О. Таңдамалы. –Алматы: Жазушы, 1994. -495.
  • Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. –Алматы, 1971.-152
  • Лабунсакая В.А. Невербальное поведение (Социально-перцептивный подход). Издательство Ростовского университета, 1986.-321.
  • Леонтьев А.А. Язык, речь, речевая деятельность. –Москва: Просвещение, 1969.- 234
  • Кекілбаев Ә. Үркер: Роман. –Алматы: Сөзік-Словарь, 1999.-584.
  • Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалар.Т1.-Алматы: Жазушы, 1993.-496.
  • Капанадзе А.А., Красильникова Е.В. Жест в разговорной речи. В.сб. Русская разговорная речь. –Москва: Наука, 1973.-485.
  • Волос Р.П. Введение в изучение невербальнрй коммуникации русского языка // Старноведение и преподавание языка иностранцам.сб.статей. –Москва: издательство Московского университета, 1972.-с 74-82.
  • Момынова Б.,Бейсембаева С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. Казахско –русский толковый словарь мимики и жестов в казахском языке. –Алматы: Атамұра, 2003.-136.