АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Педагог мамандарға қойылатын талаптар

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

ДИПЛОМДЫҚ    ЖҰМЫС

 

Педагог мамандарға қойылатын талаптар

 

 

Алматы- 2010

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………… 2

 

1 ТАРАУ.  БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1.1.   Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау  ………………………………………………….4

1.2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің

педагогикалық қызметі…………………………………………………………………………………19

1.3. Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері ……………………………………………..24

 

2 ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ПЕДАГОГ МАМАНДАРҒА

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2.1. Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы

мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру…………………………………………………….34

2.2. Білім берудегі ақпараттық технологиялар……………………………………………….50  

2.3. Білім беру сапасын бағалаудың  ұлттық жүйесі ………………………………………70

 

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………………….77

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………………….79

 

ҚОСЫМША……………………………………………………………………………………………….81

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысының көкейтестілігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін ең алдымен білім беру жүйесінің реформалау қажет. Қоғамның даму деңгейін, елдің экономикалық қуаты, ұлттық қауіпсіздік білім беру жүйесінің қалыптасуына маңызды рол атқарады.

Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны білім беру саласында жаңарту қажет. Қазіргі таңда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр. Оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штатт санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер тигізіп отыр.

Әлемнің алдындағы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европалық көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда.

Көптеген педагогика ғылымдары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек тәжірибелік жағында көптеген кемшіліктері бар екендігін көруге болады. Сондықтан біз зерттеп отырған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін педагогикалық қызметті дамыту үшін мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық,мәдени және жаңа технологияларды қалыптастыратын механизімдерді іске асыру қажет

Диплом жұмысының мақсаты: осыған орай біз өз дипломдық жұмысымызда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму тенденциясын жан – жақты талдауды, оның тәжірибеде алатын орнын мақсат етіп қойдық.

Зерттеу міндеттері:

—  білім беру жүйесінің жай-күйін аңықтау;

—  қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің педагогикалық қызметін зерттеу;

— мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін арттыру;

—  білім берудегі ақпараттық технологияларды іске асыру.

Диплом жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің динамикасы болып табылады.

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары, білім беру технологиялары, типтік бағдарламалар және оқу жұмыс жоспарлары.

Дипломды зерттеудің  әдіснамалық негіздері:

Білім беру жүйесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері:

М.В Лебедева, О.Н.Шилова, Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова,

А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер, В.А.Каймин, А.П.Шестаков т.б.

Қазақстан Республикасының білім жүйесінің реформалауға үлесін тигізген ғалымдардың еңбектері Қ.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Н.Д.Хмель, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бержанов т.б.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім беру технологиясы

Зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістері: салыстырмалы, ғылыми-теориялық, аналитикалық, статистикалық, тәжірибелік педагогикалық әдістерді кеңінен қолдану.

Диплом  жұмысы: кіріспеден; екі бөлімнен; қорытындыдан; пайдаланған әдебиеттерден; қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ТАРАУ.  БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

  • Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау

 

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы  мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы  болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі  бағыт  алған білімнің, дағды-біліктің  жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың  өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның  әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді\2\.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінде ғана емес (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің білім берудің жалпы бюджетінен 9,5 %, 1999 ж.), сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуіне негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да айқын көрінеді: міндетті аналар мектептері, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.

Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны  12 бірлікке  (1%),  ал  олардағы  балалардың  контингенті 25 421 балаға (18,7 %) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1-кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен   130-ға   дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектепалды бағдарламаларымен қамтылуға тиіс.

1-кесте

Жылдар

Желі

Контингент

2000

1144

135287

2001

1167

146375

2002

1162

153965

2003

1156

160708

 

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педагогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғары педагогикалық білімі және   2,1%-ының  орта білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің  40 %-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2 %-ының  санаты жоқ.

Мектепке дейінгі тәрбиенің нормативтік құқықтық және оқу-әдістемелік базасы құрылуда. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 82 атаудан тұратын      19 оқу-әдістемелік кешен әзірленді, сынақтан өткізілді және 2003/2004 оқу жылында алғаш рет енгізілді. \5\

1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы енгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасымен қамтуға әсер етті (1-сурет).

 

Сурет-1

Балаларды мектепалды дайындықпен және мектепке дейінгі оқытумен қамту көрсеткіштері (%)

 
   

Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беруде де бірқатар проблемалар бар. Қазіргі таңда мектепалды дайындықтағы тек 40%-ға жуық бала ғана жергілікті бюджет есебінен оқулықтармен қамтамасыз етілген. Жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы жиһаздар, спорттық мүкәммал, кітапхана қоры, ойыншықтар, оқытудың көрнекі құралдары моральдық тұрғыдан ескірген және табиғи тозған. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің 58%-ы ғана мектепке дейінгі тәрбие  мамандарымен жасақталған.

МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар) мәртебесіне ие мектепке дейінгі ұйымдарды қалдық қағидаты бойынша қаржыландыру балалардың балабақшада болу ақысының өсуіне әкеліп соқты және мектепке дейінгі ұйымдарға  аса мұқтаж халықтың табысы аз және әлеуметтік жағынан шетін  жіктеріне ауыр тиді \6\.

Тұтас алғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бір жастан алты жасқа дейінгі балалардың балабақшалармен қамтылуының төмендігін көрсетеді (19,1%). Мектепалды дайындықтағы міндетті бағдарламаны бес жастағы балалардың 40%-ы және алты жастағы  60% бала ғана алады.

Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін  енгізуді көздейді.

Қазақстанның  жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингентінің азаюымен сипатталады (2-кесте).

 

2-кесте

Жалпы білім беретін мектептер саны

Оқу  жылы

Мектептер саны

Оқитындар  контингенті

2000/2001

8109

3043,3

2001/2002

8171

3019,5

2002/2003

8164

3095,6

2003/2004

8260

3026,2

 

Республикада 4272 жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп (бұдан әрі- ШЖМ) жұмыс істейді (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың  бала  (жалпы оқитындар  контигентінің 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нің бір оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңірлерге байланысты) 30 – 100 %-ға жоғары. Мектептердің тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда 3687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың контингенті ұлғайып келеді. Егер 2000 жылы оқушылардың  52,1%-ы   мемлекеттік тілде оқыған болса, ал бүгінгі таңда 54,8%-ы оқиды.  Өзбек, ұйғыр, неміс, тәжік, украин және басқа  да ана тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істейді.

Республиканың    жалпы   білім   беретін   мектептерінде 270  мыңнан астам    педагог   жұмыс  істейді,  оның    ішінде 195,8  мыңының  жоғары білімі,  60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі бар. 36,5 мың педагог жоғары санатты, 67 мыңы бірінші санатты. Шағын жинақталған  мектептерде 64 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді \8\.

Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне  оқушы-жетім балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз етілетін 1-8 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары енгізілген. Кәсіптік мектептерде (лицейлерде), колледждерде  арнайы пәндер бойынша отандық оқулықтар енгізілуде.

“Білім” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың саны 27 бірлікке артты, бұл арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Республикада 614 интернат мекемелері жұмыс істейді, оларда мемлекет есебінен 75 мыңға жуық жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мінез-құлықты балалар тұрады;  18 балалар интернат-үйлері жұмыс істейді, оның ішінде біреуі дене бітімінде кемшілігі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде.

5 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және 17 жасөспірімдер үйлері ашылды, онда өмір сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие берудің патронаттық нысаны даму үстінде.

2000 жылдан бастап мектептен тыс ұйымдардың саны 25 бірлікке, оқушыларды қамту 1,6 %-ға артты  (3-кесте).

 

3-кесте

Мектептен тыс ұйымдардың саны

Оқу жылы

Мектептен тыс ұйымдардың саны

Контингент

2000/2001

568

219126

2001/2002

598

251684

2002/2003

617

266547

2003/2004

629

291545

 

Сонымен қатар жалпы орта білім беруде өз шешімін күткен проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжірибесінің, авторлар мектептерінің, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудің қаржылық тетігін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер қауымын қанағаттандырмай отыр \5\.

Ескіргендерді пайдалану және қазіргі заманғы оқу жиһаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсіресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттары талаптарын толық көлемде орындауға мүмкіндік бермей отыр және балалар мен жасөспірімдер денсаулығына кері әсерін тигізеді.  Республиканың әрбір үшінші мектебінде пән кабинеттері: химия, физика, биология, математика және т.б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.

256 мектеп авариялық жағдайда тұр.  2 мыңнан астам мектеп күрделі жөндеуге мұқтаж.  Еліміз бойынша оқушы орнына тапшылық  500 мыңға жуық орынды құрайды.

Пәндік көзқарасқа негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары оқушылардың өмір жолын таңдауына, мүдделері мен перспективаларын  нақты  белгілеуіне оң   негіз бола   алмайды.  Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіптік   қызметті      саналы    түрде таңдайды.   Болашақ  мектеп түлектерінің 70 %-ының өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен және өз бетінше өмір сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейінді оқытудың жетіспеушілігінен еңбек нарығында мектеп бітірушілерге деген сұраныс жоқ.

 

 

Кешенді тестілеудің нәтижелері талапкерлердің білім деңгейлерінің жоғары еместігін көрсетеді. Қанағаттанарлық емес баға алғандар үлесі 5 жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр және олар  28-30%-ды құрайды. 2004 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындылары мектеп бітірушілердің  24,2%-ы жинауға болатын 120 балдың 40 балдық өту деңгейін жинай алмағанын, оқушылардың тек 0,7%-ы 101-120 балл жинап, үздік бағаларын дәлелдегенін көрсетеді.

120 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалардың үштен бір бөлігі ғана түзеу ұйымдарында арнайы білім берумен қамтылған. Арнайы білім берудің нормативтік құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік базасы, түзеу мекемелері үшін педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жетілдіруді және жаңартуды қажет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды орталықтандырылған есепке алу жүйесі жоқ. Инклюзивтік білім беру нашар дамуда \9\.

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процесіне қатысу үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын (біліктілікті беру мен қуаттау ұлттық орталықтары) реттеудің институционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды.

Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307 кәсіптік мектеп (лицейлер) пен 415 колледжден тұрады.

Кәсіптік бастауыш  білім беретін оқу орындарында оқитындардың контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.

 

4-кесте

Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарындағы оқитындардың контингенті

Оқу жылы

 

КМ (КЛ) саны

Оқитындардың контингенті

 

Мембюджет қаражаты есебінен  оқитындардың саны

2000/2001

306

88,3

75,4

2001/2002

312

88,1

72,1

2002/2003

312

89,6

82,3

2003/2004

307

98,7

91,3

 

2000 жылмен  салыстырғанда   колледждер   саны   жекеше  оқу орындарын ашу есебінен 101 бірлікке өсті.   Колледждерде оқитындардың контингенті  86,5 мың адамға артты (5-кесте).

5-кесте

Колледждерде оқитындардың контингенті

Оқу жылы

Колледждер саны

Оқитындардың контингенті

Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны

2000/2001

314

156,1

43,8

2001/2002

349

189,8

45,7

2002/2003

382

207,9

54,8

2003/2004

415

242,6

63,3

 Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында 28,1 мың педагог жұмыс істейді. Оның ішінде  2231 адамның жоғары білімі бар,                5647 адамның кәсіптік орта, қалғандарының техникалық орта білімі бар.            7580 адам жоғары санатқа, 6989 адам бірінші санатқа ие. Колледждерде               5 ғылым докторы және 96 ғылым кандидаты жұмыс істейді \10\.

 Сонымен қатар, тез өзгеріп  отырған  экономикалық жағдайда білім беру  қызметтерінің реттелмеген нарығының  дамуы,  жұмыс  беруші мен  бастауыш және  орта  кәсіптік  білім беру  жүйесі арасында әлеуметтік серіктестіктің болмауы білім беру  деңгейі  және  экономика секторлары бойынша  кадрлар  даярлаудағы тепе-теңдіктің болмауына  әкеп соқты. Тұрғындардың 10 мыңына шаққанда техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың саны жоғары білім беру саласына қарағанда едәуір төмен және ол колледждерде — 162 оқушыны, кәсіптік мектептерде — 66 оқушыны, ал жоғары оқу орындарында 439 студентті құрайды. Қызмет көрсету саласы және өндірістік емес сектор үшін кадрларды даярлаудың артуы байқалады, ал техникалық, құрылыс және ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс қанағаттанарлықсыз күйде қалып отыр.

 

Сурет-2

Кәсіптік мектептерде оқушылардың контингенті

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-3

Колледж оқушыларының  контингенті

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Жұмыс берушілер мен басқа да әлеуметтік серіктестер және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау тапсырысын түзуге нашар тартылған. Кәсіптік білім беруді және кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың жекеше секторының қаражаттарын тарту тетігі жоқ.  Кәсіптік мектептердің 122 ғимараты (45%)  күрделі жөндеуді, 115 ғимарат (42,1%) ағымдағы жөндеуді  талап етеді, кәсіптік циклдегі 153 кабинет, жалпы білім беру цикліндегі   146  кабинет,   108 оқу зертханасы, 78 оқу шеберханасы,  33 асхана, 72  медициналық пункт жетіспейді.

Өндірістік оқытуды ұйымдастыруға, оқу материалдарын, құралдар мен жабдықтарды сатып алуға, кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қаржы қаражаты бөлінбей отыр.

Бөлінген қаржы қаражаты, негізінен, жалақы мен әлеуметтік салық төлеуге (54%), тамақтануға, киім-кешекке және стипендияға (23%), коммуналдық қызметтер көрсетуге (10%), үй-жайларды күтіп-ұстауға және қызметтер көрсетуге  (3%)  жұмсалады.

Кәсіптік мектептер мен колледждердегі кадр тапшылығы  арнайы пәндердің  934 оқытушысын  және өндірістік оқыту шеберін құрайды. Кәсіптік мектептер мен колледждердегі кадр құрамының қартаю, неғұрлым білікті оқытушылардың шағын және орта бизнеске кету үрдісі  сақталып отыр.  Жас мамандардың еңбекақының және педагогтің әлеуметтік мәртебесінің төмендеуінен кәсіптік мектептер мен колледждердегі жұмыс істеуге деген ынтасы жоқ.

Облыстық деңгейде кәсіптік білім беру және кадрларды даярлайтын оқу орындарының  басқару мен оқу-әдістемелік қамтамасыз ету құрылымы осы оқу орындарының  басқару және қаржыландыру функциялары жергілікті өкілді орындарға  және  атқарушы  билік   органдарына   берілген   сәттен  бастап (1996 жыл) нығайтылмаған \12\.

Кәсіптік білім беру мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегі кадрларын даярлаудың құрылымы мен білім беру бағдарламалары біліктілік деңгейлері бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру туралы ұсынымдарына (ЮНЕСКО, 2001 жыл), Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу бағдарламасының өлшемдеріне (БХСЖ, 1997 жыл) сәйкес келмейді, бұл кәсіптік  білім беру жүйесінің ұтқырлығын, икемділігін азайтады және әлемдік білім  кеңістігінде танылу ықтималдығын  төмендетеді.

Жоғары білім беру. Әлемнің  алдыңғы  қатарлы елдерінде  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйесінің  дамуын  талдау онда  кредиттік  білім беру  жүйесіне  негізделген, кадрлар  даярлаудың  үш сатылы  моделінің  кең  тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- Ph.D докторантурасы. Бұл  модель АҚШ университеттерінде  және Еуропаның  көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді  болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек  нарығының  тез  өзгеріп  тұрған  шағында  түлектерге деген  сұранысты қамтамасыз  етеді.

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекші университеттің ерекше мәртебесі бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін  жетілдіру  мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық

 ЖОО-ы ашылды \13\.

Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингенті және мемлекеттік білім беру тапсырысы өсіп отыр (6-кесте).

 

6-кесте

Жоғары оқу орындарында оқитын контингент  саны

Оқу жылы

Жоғары оқу орындары саны

Оқитындардың контингенті

Мемлекеттік тапсырыс (оқуын жалғастырушылардан басқасы)

2000/2001

181

440715

21970

2001/2002

182

514738

25265

2002/2003

173

590982

25465

2003/2004

180

656561

26465

 

Жоғары  оқу  орындарының  41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты.  10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001  оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан.

2000 жылы қабылданған “Білім” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында  жоғары білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген.  Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламаларымен қоса жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғары білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді \21\.

Кәсіптік жоғары білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу немесе  ұлттық  бірыңғай  тестілеу жүргізу және конкурстық негізде  мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.

Кадрларды даярлау жүйесін әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделіне көшірудің негіздері қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркіндік берілді. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түсті. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде оқиды, оның ішінде 16,4 мыңы  Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ”  халықаралық стипендиясының иегері болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқиды \3\.

Сонымен қатар жекелеген жоғары оқу орындарының және олардың көптеген филиалдарының зияткерлік, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетінің жетіспеуінен талапкерлердің және студенттердің даярлық деңгейіне қоятын талаптарының төмендеуі мамандарды даярлау сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге және олардың материалдық-техникалық  базасына қойылатын талаптарды күшейту бағытындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін туындатады.

Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе,  өңірлік деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы   оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50 %-ы жаңартуды талап  етеді \12\.

Қазақстандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын, білім туралы құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетіктерін әзірлеу процесі баяу жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын тежейді.

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Бюджеттік негіздегі аспирантура 48 мемлекеттік жоғары оқу орнында, 5 мемлекеттік емес жоғары оқу орнында және 66 ғылыми ұйымда, докторантура 15 мемлекеттік жоғары оқу орнында және 23 ғылыми ұйымда жұмыс істейді.

Соңғы жылдары   аспирантураны   ғылыми дәреже алып бітірушілер 18%-дай ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазіргі жүйесінің тиімділігінің төмендігін көрсетеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары  ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың сапасын басқаруға мүмкіндік бермейді. Ғылыми жетекшілердің (консультанттардың), білім және ғылым ұйымдарының аспиранттар мен докторанттарды оқыту нәтижелері үшін  жауапкершілігі төмендеген.

Бірқатар бағыттар, оның ішінде медицина мамандықтары (трансплантология және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдік дене шынықтыру, спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми кадрларға деген тапшылық бар, бұл республикада тиісті ғылыми мектептердің болмауына байланысты. Ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында кадрлардың “қартаюы” орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым докторларының орташа жасы 56 жасты құраса, ал қазіргі уақытта  62 жасты құрайды, ғылым кандидаттарының жасы  тиісінше – 44 және 47 жас \5\.

Ғылыми ұйымдардың жоғары оқу орындарының білім беру процесіне қатысуы болмашы. Білім берудің мазмұны мен ғылымның қазіргі жағдайының арасындағы алшақтық маман даярлаудан жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, жаңа технологияларды алға апарушы және қазіргі заманғы технологиялық процестерді басқара алатын зерттеуші маман даярлауға толыққанды көшуді  жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Педагогика ғылымдары бойынша жүргізілген көптеген зерттеулердің практикалық мәні төмен. Соңғы жылдары педагогика ғылымдары бойынша 140-қа жуық докторлық және 600 кандидаттық диссертация қорғалғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың әдістері мен нысандары өзгеріссіз қалып отыр, дайын білімнің   көзі ретіндегі педагогтің міндеті туралы ескірген түсінік сақталған.

Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167   мың   адамнан   астам және жылына 22  мыңнан  астам  мұғалім    шығаратын 34 жоғары оқу орны 19  педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді.

Педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы:  2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін  өсті.

Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп келеді: 2001 жылы — 42784 мұғалім, 2003 жылы – 48157.  Алайда бұл әрбір мұғалімнің біліктілік арттыру курстарынан  кемінде бес жылда бір рет өтуін міндеттейтін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының ережелерін іске асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.

Бейіндік сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерін, информатиканы оқытуды көздеу, кәсіптік мектептердің желісін кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізуді талап етеді \9\.

Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту және орнықтыру тетігін әзірлеу қажет.

Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар.

 

 

1.3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің

педагогикалық қызметі. Білім беруді ақпараттандыру

 

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептерді 100 пайызға компьютерлендіру аяқталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратының торабы және облыстық білім департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулық басылымдары  мектеп пәндерінің 25%-ын  қамтиды. Қашықтан оқытудың спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебі қосылған (8,7 %).

Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникациялық  технологияларды (бұдан әрі — АКТ) дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіктен  әлдеқайда артта қалуда.

Қазақстанда бір компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі                    54 оқушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі (Ресейде — 59). Сонымен қатар  2002 жылы  Экономикалық  ынтымақтастық және даму ұйымы  елдері бойынша бұл  көрсеткіш 13-ке теңелді,  Латвияда, Венгрияда және Чех Республикасында  бұл  тиісінше 5, 9 және  15-ті  құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерінде 1 компьютерге 5 оқушыдан келген,  АҚШ-та – 4.

Қазіргі   таңда   Интернет   желісіне  қосылуға Қазақстан мектептерінің  44%-ы ғана қол жеткізген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан астам мектеп, 2000 жылы Эстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада, Исландия мектептерінің  80 %-ы, Венгрияда 58%, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша мектептердің орташа есеппен 52%-ы  Интернет желісіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізген \25\.

Кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде бір компьютерге тиісінше 31 және 25 оқушыдан келеді. Интернет желісіне кәсіптік мектептердің (лицейлердің) 39%-ы және колледждердің 51%-ы қосылған.

Сурет-4

Интернет жүйесіне қол жеткізген мектептер саны % облыстар бөлінісінде

Жоғары білім беру деңгейінде ақпараттық жүйемен келісілген интерфейсі жоқ оқу процесін басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс істейді.

Жекелеген жоғары оқу орындары ғана қашықтан оқытудың технологиясын енгізген, кейбірінде аталған технология эксперименттік режимде іске асырылуда \11\.

Білім беруді қаржыландыру. Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік берді  (7-кесте).

 

7-кесте

Білім беруді қаржыландыру (млн. теңге)

 

2000

2001

2002

2003

2004

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

2975

3322

3880

4553

5742

Жалпы орта білім беру

60007

67224

81744

98906

124979

Кәсіптік бастауыш білім беру

2693

3018

3910

5299

6540

Кәсіптік орта білім беру

2662

2528

2989

3495

5001

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

8120

9344

11783

12763

15506

Басқа да бағдарламалар

4959

17640

14671

24505

33547

Жиынтығы

81416

103076

118977

149521

191315

ІЖӨ-ге  %

3,1

3,1

3,2

3,4

3,8

 

Білім беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолютті артып қана  қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өсті.

Білім беру сапасын бағалау. Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі — ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі — МАБ) енгізілуде.

Дегенмен білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі нақты жай-күйін толыққанды көрсете алмайды және басқару үшін кері байланыстың объективті құралы бола алмайды.

Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, объективті мониторинг жоқ. Білім беру сапасын басқару компоненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты мен міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы зерттеулер жөніндегі халықаралық бағдарламаларға Қазақстан қатыспайды. \4\

Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы статистика жүйесі қазіргі заман талабына мағыналық та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес келмейді. Мазмұнды әрі  оралымды  емес,  халықаралық стандарттарға сай келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қажетті бірізді статистикалық ақпараттық ағын әзірленбеген. Білім беру көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады,  олар пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.

Білім беру жүйесінде қалыптасқан ахуалдың негізгі себептері:

білім беру сапасын бағалауда объективтілікті қамтамасыз етпейтін рәсімдердің басымдығы;

білім беру жүйесінің жаңадан  еніп жатқан  жайларға ден қоймауы, білім беру құрылымының мазмұны мен қалыптасуының ескірген қағидаттарына  бейілділігі;

педагог кадрларды даярлау деңгейінің төмендігі, таңдаулы кадрлардың тұрақтамауы, ұстаз еңбегінің  материалдық жағынан нашар ынталандырылуы;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтудың жеткіліксіз қаржыландырылуы;

оқу-зертханалық, дене шынықтыру, ойын жабдықтарының, оқу және әдістемелік әдебиеттердің қазіргі заманғы  талаптарға сәйкес келмеуі;

білім беру қызметтерінің нарығында сұраныс пен ұсыныстың ғылыми негізделген ұзақ мерзімді болжамының болмауы;

сабақтас мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларына арналған бағдарламаларды, олардың мониторингінің тетігін жасау және іске асыру кезінде әдіснамалық  қағидаттардың үйлесімсіздігі;

кәсіптік оқытуды және мамандар даярлауды ұйымдастыру процесіне жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестерді тарту тетіктерінің болмауы;

білім беру саласындағы құралдардың, әдістердің және бағалау қызметі технологияларының жеткіліксіз әзірленуі;

педагог, ғылыми-педагог кадрлардың және өндірістік оқыту шеберлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің нашар дамуы;

білім беруді басқару жүйесін қамтитын бірыңғай ақпараттық білім беру инфрақұрылымының болмауы \22\.

Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ “Білім” бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда,  білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Алайда мұның өзі білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіктеріне сәйкессіздігін жою үшін   жеткіліксіз.

Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғары елдердің озық тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды  қажет етеді.

 

  • Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері

 

 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің бағдарламасы кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Бірінші кезең (2005-2007 жылдар). Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың бірізділік жүйесі құрылатын болады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде әйелдерге жұмыс істеуге мүмкіндік  беретін  және әлеуметтік жағынан қорғалмаған  әрі  тұрмысы  төмен отбасыларға қолдау көрсететін әлеуметтік институт ретінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын  дамыту жөніндегі  нормативтік құқықтық база және ғылыми-әдістемелік негіздер әзірленетін болады.

Кәсіпорындарға  жеңілдікпен салық  салу,  ауылдық мектептерде көп  функциялы білім беру  ұйымы  ретінде  “мектеп – балабақша” кешендерін құру мақсатында оларды қайта құрылымдау жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірленетін, сондай-ақ “Мектепке дейiнгi балалық шақ” республикалық ғылыми-практикалық орталығы  құрылатын болады.

Балабақшалар салу және білім беру ұйымдарының базасында мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісі кеңейеді \15\.

Арнаулы бiлiм беру жүйесiнде:

мүмкiндiктері  шектеулi балаларды қамту кеңейтіледі;

арнаулы түзеу бiлiм беру ұйымдарының желiсi сақталады және  кеңейтіледі;

мүмкiндiктері шектеулi балаларды есепке алудың бiрыңғай нысаны жасалатын болады;

мүмкiндiктерi шектеулi балалардың кәсiпке дейінгі және кәсiптiк даярлыққа қол жеткізуі кеңейеді.

Қосымша бiлiм беру жүйесiнде:

кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  сабақтан  бос  уақытта  іспен шұғылдануы  артады;

оқушылардың  қызығушылықтарына қарай бірлестіктерге қатысуы артады;

жат  мінез-құлықты балалардың саны азаяды.

Орта білім беруде:

12 жылдық оқытуға көшудің нормативтік құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлары жасалады;

“Оқулық” ғылыми-әдістемелік орталығы құрылады;

сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесі құрылады;

оқытуды ұйымдастыру қағидаттары мен оқушының білім-білікті және дағдыны енжар “алушы” рөлі білім беру процесінің белсенді субъектісіне өзгереді;

мектептегі оқытудың күтілетін нәтижелерін және мониторинг деректерінің негізінде оларға қол жеткізу жолдарын талқылау процесіне күллі жұртшылықты тарту жүйесі құрылады;

аудандық білім бөлімдері жанындағы әдістемелік кабинеттерді қалпына келтіру арқылы әдістемелік қызмет жетілдіріледі;

оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологиялары енгізілетін болады.

Жыл сайын 54 мың  педагог, оның ішінде 31 мыңы мемлекеттік бюджет қаражаты  есебінен біліктілігін арттырудан өтетін болады.

Ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ауыл мектептерін салу жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа,  республикалық бюджет   қаражаты    есебінен  қалалық жерлерде қосымша 2005 жылы  7 мектеп, 2006 жылы 8 мектеп және 2007 жылы 11 мектеп салу жүзеге асырылатын болады \23\.

Көру қабілетінде ақауы  бар балаларға арналып  2005-2007 жылдары екі мектеп-интернат салынады, бұл 500 мұқтаж баланы оқытумен қамтуға мүмкіндік береді.

2005 жылы — 780, 2006 жылы — 880, 2007 жылы — 970 білім беру объектісін жөндеу көзделеді.

2010 жылға дейін 6238 білім беру ұйымы лингафон және мультимедиа кабинеттерімен қамтамасыз етілетін болады, бұл оқушылардың тіл дайындығын жақсартуға ықпал ететін болады.

Түзеу білім беру ұйымдары мүгедек балаларды оқыту үшін арнайы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Мектептен тыс ұйымдардың желісін ұлғайту балаларды қосымша бағдарламалармен қамтуды 20-25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай шара кәмелетке толмағандардың сабақтан тыс бос уақытында іспен шұғылдану проблемасын шешуге және жат мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдердің санын азайтуға көмектеседі \6\.

Кәсіптік білім беруде:

кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың нормативтік құқықтық негізі жасалады;

еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін кәсіптік білім берудің қол жетімділігі мен беделі өседі (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыратын мектеп бітірушілердің үлесі кемінде 30%-ды құрайды);

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс берушілермен әрі шағын және орта бизнес субъектілерімен байланысы нығаяды, әлеуметтік серіктестік субъектілерінің ынтымақтастығының тиімділігі  артады;

жұмыс берушiлер мен МЖБС-ның қазiргi талаптарына сәйкес келетiн жаңа оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиет, оқыту құралдары жасалады;

кредиттік оқыту жүйесі енгізіледі, техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жоғары білім бағдарламаларымен үйлестіру қамтамасыз етіледі;

бiлiм беру процесiнде АКТ-ны қолдану кеңейеді;

техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында  компьютерлер саны 25 оқушыға 1 компьютерден келу арақатынасына дейін жеткізіледі;

жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оларды қайта даярлау (мақсатты келісімшартпен даярлауды дамытуды қоса алғанда),  кәсіптік жолын өзі таңдауына, оның ішінде жеке ісін ашуға дайындықты қалыптастыру жүйесі жасалады;

техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады;

жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызмет көрсету еңбегі  мамандарының кәсіптік даярлығын бағалауды, оларға  біліктілікті  беру және қуаттаудың тәуелсіз жүйесі құрылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде Қазақстанның Болон процесiне қосылуына жағдай жасалатын болады.

Жоғары оқу орындарының кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қойылатын біліктілік  талаптарын көтеру нәтижесінде  азаматтық жоғары оқу орындарының және олардың филиалдарының желісі ретке келтіріледі \14\.

Жыл сайын жоғары оқу орындары үшін саны 100-ге жететін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар және оқу-әдістемелік кешендер әзірленетін болады (әрі оның 30 %-ға жуығы мемлекеттік тілде), 300–ден астам шетелдік оқу әдебиеттері, оның ішінде магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларының пәндері және Ph.D докторлық бағдарламалары бойынша сатып алынады. Оқу әдебиеті  неғұрлым басыңқы, ең алдымен техникалық, технологиялық, аграрлық, ветеринарлық және педагогикалық мамандықтарға бөлінетін болады.

Аспирантураны, дәстүрлі докторантураны Ph.D докторантурасына кезең-кезеңімен өзгерту және кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесіне (бакалавриат – магистратура — докторантура) толығымен көшу жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламалар бойынша магистратураға жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен қабылдау  2500-ден астам адамды құрайтын болады,  Ph.D докторантурасына – 100 адам. Аккредиттелген докторлық бағдарламалары бар жетекші  шетелдiк жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынаста Ph.D докторларын даярлау жөніндегі 5 жоғары оқу орнының базасында орталықтар құрылатын болады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жыл сайын Қазақстанның 3 мың азаматы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілетін болады.

Мыналар:

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары жаңартылады, пәндік білімнің іргелілігі, кең бейінділігі, оларды меңгеру мен қолданудың шығармашылық деңгейі қамтамасыз етіледі;

студенттердің белсенді өзіндік жұмысы, оқыту бағытын жеке таңдауы, оқитындардың, оқытушылардың  академиялық ұтқырлығы үшін жағдай қамтамасыз етіледі;

сапа менеджменті жүйесі енгізіледі, жоғары оқу орындарының кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін жағдай жасалады;

жұмыс берушілердің және басқа да әлеуметтік серіктестердің жоғары білім беру проблемаларын шешуге, оның ішінде қазіргі заманғы біліктілік талаптарымен сәйкес келетін білім стандарттарын әзірлеуге, мамандар даярлауға тапсырысты түзуге, студенттердің өндірістік практикасы мен тағылымдамасын  ұйымдастыруға қатысуы қамтамасыз етіледі;

неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында студенттер контингентін қалыптастыру тетігі жетілдіріледі;

білім беру гранттарының санын ұлғайту және студенттерді оқытуды  кредиттеудің жаңа моделін жасау арқылы жоғары білімге қол жеткізу деңгейі арттырылады;

сабақтастықты күшейту, үздіксіздікті қамтамасыз ету,  сондай-ақ білім беру және ғылыми компоненттерін, магистратураның және  Ph.D докторан-тураның білім беру бағдарламаларын оңтайлы ұштастыру арқылы жоғары білікті ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың тиімділігі артады, сапасы жақсарады, мерзімі қысқаратын болады, олар жастардың ғылымға келуіне жағдай жасайды;

жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға қойылатын лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу талаптарына, оның ішінде Ph.D  дәрежесiне ие кадрлардың болуы  мiндеттi саналатын бөлiгіне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi \23\.

Ғылыми ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа қызметшiлері лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi;

ғылым кандидаттары мен докторларының дәстүрлi дипломдарының және Ph.D дипломдарының қатар танылуына кепілдік беретін тетiк жасалады;

таңдаулы (элита) жоғары оқу  орындарын дамыту  үшін  жағдай  жасалады.

Жетекші университеттердің базасында жоғары оқу орнының  оқытушыларын қайта даярлау және  біліктілігін арттыру орталықтары жұмыс жасайтын болады. Осы орталықтарда біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 10,3 мыңнан астам педагог қамтылады.

Бағдарламаның орындалуы нәтижесiнде бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық ортасының негiздерi қаланатын болады, ол:

бiлiм берудi дамытуды ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiнің негiздерiн қалыптастыруға;

бiрыңғай көлік ортасы негiзiнде бiлiм беру объектiлері мен процестерiн тиiмдi басқару үшiн  салалық ақпараттық жүйе құруға;

ауыл мектептерiн қоса алғанда, бiлiм беру ұйымдарында аталған мекемелердің жалпы бiлiм беру ресурстарына қол жеткізуін ұйымдастыру, жоғары бiлiктi педагог кадрларды ұтымды пайдалану, әрбiр бiлiм беру ұйымы үшiн жаңа АКТ саласында мамандарды даярлау арқылы бiлiм беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыруға;

2005 жылдың соңына дейін республика мектептерiнің 75%-ын Интернетке қосуға;

2007 жылы мектептердегi компьютерлер санын 35 оқушыға  1 компьютер арақатынасына дейін жеткізуге;

қазiргi заманғы электрондық оқулық басылымдарын әзiрлеуге және оқу процесiне енгізуге, жалпы бiлiм беретiн мектептiң негiзгi пәндерi бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыруға және оларды дәстүрлi оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыруға;

республиканың жоғары оқу орындары мен өңірлерінде  бiлiм берудiң ақпараттық ресурстар орталықтарын құруға;

барлық деңгейдегi бiлiм беру мекемелерiнiң оқытушыларын әдiстемелiк қолдау жүйесiн құруға, жаңа АКТ саласында педагог, әкiмшiлiк және инженер-техник кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүргізуге;

қашықтан оқыту технологиялары мен АКТ-ны қоса алғанда, ашық бiлiм беру саласында стандарттау жөнінде нормативтiк құжаттар базасын құруға мүмкiндiк бередi \14\.

Бiлiм беру статистикасын жетiлдiру статистикалық деректерге, білім беру сапасы туралы ақпаратқа негізделген Қазақстан Республикасында бiлiм беру  мониторингiнiң жаңа жүйесiн құруға ықпал етеді.

Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi бiлiм сапасын кешендi емтихандар арқылы бағалауға, бiлiм беру сапасы мониторингiнiң ұлттық жүйесiн әзiрлеуге мүмкіндік береді. Бiлiм беру сапасын сыртқы және iшкі бағалаудың объективті құралдары жасалып, бiлiм беру ұйымдарын кезең-кезеңімен дәрежелеу енгiзiлетiн болады. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық  жүйесі білім беру жүйесінің  тиімділігі туралы нақтылы  ақпарат  алуға, білім беруді дамыту стратегиясын жоспарлауға, жергілікті  атқарушы органдардың, білімді  басқару жергілікті  органдарының оқыту  нәтижелері  үшін жауапкершілігін арттыруға, білім  беру процесіне қатысушыларды  үздіксіз оқытуға  негізделуін  қамтамасыз етуге, жағымсыз  нәтижелерді болдырмау  жөнінде  шаралар  қолдануға  мүмкіндік  береді. Әрбiр оқу жылының нәтижелері  бойынша бiлiм берудiң жай-күйі туралы ұлттық баяндама жарияланатын  болады.

Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Сертификаттау, сапа менеджментi және консалтинг орталығы, Республикалық бiлiктiлiктi беру және қуаттау орталығы өз қызметтерiн бастайды.

Екiншi кезең (2008-2010 жылдар). Бағдарламаны толық ауқымда iске асыру, жинақталған тәжiрибенi, еңбек нарығы мен елдегі әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып, оны түзету басталады.

Балаларға үш жастан бастап мiндеттi бiлiм беруге бiртiндеп көшу есебiнен мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың барлық нысандарына ортақ қол жеткізу үшін жағдайлар жасалатын болады. Мектепке дейiнгi тәрбие жүйесінің әлеуеті мен ресурстары:

  • 23 мың орындық 164 мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы;
  • білім беру ұйымдарының базасында 20 мың орындық 800 мектепке дейінгі шағын орталықтар құру;
  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тарту үшін 380 түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерін ашу есебінен артады.

Бес жастағы балалардың 75 %-ы жақсартылған оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық-техникалық базасы бар “мектепалды” институтымен қамтылатын болады \19\.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрмысы  төмен  отбасыларын білім беруде қолдау жүйесі балалардың 30 %-ын мектепке дейінгі бағдарламалармен қамту есебінен құрылатын болады.

Орта білім беру жүйесінде:

12 жылдық орта бiлiм беруге көшу жүзеге асырылады;

нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары әзiрленеді;

кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың заңнамалық базасы жасалады;

кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны өзгереді;

техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарының жеткілікті желісі құрылады және модельдері жетілдірілетін болады.

Дамуында ауытқулар бар балалардың бiлiм алуына, оларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеуге қолдау көрсетуге және олардың қоғам өміріне  етене араласуына басқалармен тең жағдайлар жасалады, кәмелетке толмағандардың оқудан бос уақытта іспен  шұғылдану проблемалары шешiледi, балалардың шығармашылық мүмкiндiктерін iске асыруға жағдайлар жасалады \22\.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде бакалаврлық, магистрлік, докторлық бағдарламалар және оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жоғары білікті кадрларды даярлауға толығымен көшу жүзеге асырылатын болады. Басымдықты мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға арналған білім беру гранттарының саны артатын болады. Профессор-оқытушы құрамының дәреже иеленуінің орташа көрсеткіші 40%-ға жетеді. Тұтас  алғанда, бұл кезеңде жоғары білім берудің желісі кеңейіп, көрсеткіштері тұрақталады.

Жоғары оқу орындарында сапа менеджментi жүйесiн, институционалдық бағаны және шетелдiк жетекші аккредиттеу агенттiктерінiң талаптары деңгейiнде кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын аккредиттеуді енгiзумен Болон декларациясының негiзгi қағидаттарын iске асыруға және Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттарына сәйкестікке қол жеткізіледі.

Қазақстан PISA, TIMSS, CIVIC, SITES, LES халықаралық зерттеулер шеңберінде оқитындардың нақты жетістіктерін салыстырмалы талдауға, жоғары білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі ENQA, INQAAHE және басқа да агенттіктердің халықаралық желілеріне қатысатын  болады.

Мониторинг деректерінің, бiлiм берудің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманың, бiлiм беру ұйымдарын дәрежелеу нәтижелерінің негiзiнде түрлі  кәсіптерге  сұраныс,  әр түрлi бiлiм беру ұйымдарында, өңірлерде білім  беру қызметтерінің  болуы және оның сапасы туралы қоғамды  хабардар ету жүйесі құрылатын болады, білім  беруді  дамыту  стратегиясы  әзірленеді.

Біліктілікті арттыру институттары білім беруді дамыту орталықтарының мәртебесіне өтеді.

2010 жылдың соңына қарай мектептердегi компьютерлердiң саны                     20 оқушыға 1 компьютерден келетін арақатынасқа  жеткiзiлетiн болады.

Білім  беруді  қаржыландырудың  жаңа  тетіктері  әзірленетін  болады.

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2010 жылға дейiнгі мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде бiлiм берудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазiргi әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалы биiк деңгейiне қол жеткiзілетiн болады.\15\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ТАРАУ.  ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ПЕДАГОГ МАМАНДАРҒА 

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

2.1. Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

 

Мұғалiмнің ақпараттық — коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа ақпараттық — коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар    дегенiмiз — бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл  процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер — бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге  деЙін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды \25\.

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi — aқпараттық  коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуншсациялық құзырлылығын «оку, тұрмыыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлетгiлiгi» деп анықтайды.

Авторлар мақалада ақпараттық  коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.

Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин  «компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы» деп aнықтама бередi.

Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.

Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

  • Ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда оқып — үйрену;
  • Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып — үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;
  • Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз — адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет — адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi — ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және  практикалық қолдану  бойынша жетiлу деңгейi» \8\.

Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа  созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау процесi. Бұл процсстің күрделiлiгi сонда — ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр \13\.

Жалпы, педагог – кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет сияқты.

Бiрiншiсi — педагогикалық бiлiм беретiн орта кәсiптiк және жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру .

Педагогикалық оқу орындары студенттерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

Факторлардрдың бұл тобындағы негiзгi фaктор ретiнде педагогикалық бiлiм беретiн оқу орындарындағы aқпараттық — коммуникациялық технологияларды оқьтуға арналған пәндiк курстарды  атап өpcетy қажет. Бүгiнгi таңдағы бiлiм беру жүйінде бұл пәндiк курстардың мазмұнын жаңарту және сол пән бойынша сабақ беретiн оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру — кезек күттiрмейтiн мәселе. Мысалы, педагогикалық орта кәсiптiк оқу орындарында жүргiзiлетiн «ОТҚ, қолдану әдiстерi» пәндiк курсының мазмұны ескiрген және бұл пәндiк курсты оқытуға бөлiнген сағат саны да ете мардымсыз.

Факторлардың екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы педагог-кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жатады.

Бұл факторлар жүйесiнде негiзгi үш факторды жеке атап көpcетy маңызды.

Бірінші – педагогтардың  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндiктерiн, ақпараттық мәдениетiн дамытуда бағытталған бiлiктiлiк көтеру курстары. Мұндай курстардың арнайы бағдарламасы жасалып, сол бағдарлама бойынша бiлiм беру ұйымдарының өзiнде жұмыс бағдарламалары жасалып, облыстық, республнкалық Мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институттарында жедел түрде тақырыптық курстар ұйымдастырылуы қажет. Ол курстарды ұймдастырушылар мен онда дәрiс оқитын педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру — ол өз aлдына бөлек әңгіме.

Екiншiсi — бiлiм беру ұйымдарындағы педагог — кадрлapға әкiмшiлiк тарапынан қойылатын талантар. Талан қaтaң, дұрыс қойылған жағдайда педагогтардың компьютерлiк — библиографиялық сауаттылығы мәселесi, ұйымдағы педагогикалық қауымдастық, педагогикалық қызмет пен педагогикалық процестi модернизациялауға деген ұмтылыc, aқпараттық — коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық кедергiлердi жою, қызығушылық мәселелерi де өзiнiң оң шешiмiн табары сөзсiз. Тағы бiр айта кeтeтін мәселе –педагог-кадрларды мерзiмдi аттестациялауда оларға қойылатын талаптар жүйесiне aқпараттық мәдениет деңгейiн есепке алуға негiзделген талаптарды белгiлеп, енгiзу қажет \16\.

Үшінші – білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы. Республикадағы білім беру ұйымдарында компьютерлік база бірітіндеп қалыптасып келеді. Бірақ осы уақытқа дейінгі шетелдік және отандық тәжірибе көрсеткеніндей, білім беру ұйымдарын компьютерлермен толық қамтамасыз ету ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және дамыту мәселесін толық шеше алмайды. Сондықтан дәл қазіргі таңда ең маңыздысы-алдыңғы екі фактор.

Сонымен, aқпараттық — коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде қолдануға байланысты педагог – кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру қазiргi кезеңде бiлiм берудi aқпараттандырудың маңызды міндеттерiнiң бiрiне айнальш отыр. Бұл маңызды мiндеттi шешпейiнше, бiлiм беру ұйымдарының техникалық базасын нығайтy, компьютерлердi желiлерге қосу, электронды оқу құpалдарын дайындау ешқандай нәтиже бермейдi. Бұл -өте  күрделi, ауқымды мәселе, сондықтан оның нормативтiк, ұйымдастырушылық, гылыми — әдiстемелiк және оқу — әдiстемелiк жақтарына тоқталып өтпеске болмайды.

Педагогикалық бiлiм берудiң нормативmiк базасы (бiлiм берудiң мемлекеттік стандаpттары мен оқу пәндерінің типтiк бағдарламалары) бiлiм берудi дамытудың қазiргi заманғы басым бағыттарын белгiлi бiр дәрежеде бейнелей алуы тиiс \14\.

Стандарттағы бiтiрушiлерге қойылатын бiрыңғай талаптар жүйесiн болашақ педагог-мамандардың aқараттық — коммуникациялық құзырлылығына қойылатын талаптармен толықтыру қажет.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қарастырғанда:

— орта және жoғары кәсiптiк оқу орындарында педагогикалық бiлiм алып жатқан стyденттердің ақпараттық — коммуникациялық технологиялар жайлы жалпы бiлiммен қатар, педагогикалық қызметiне байланысты кәсiби бiлiм мен дағдыларды игеруiне;

— бiлiм беру ұйымдарындағы педагог — қызметкерлердің қазiргi заманғы бiлiм берудiң қажеттiлiктерiне сай aқпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдануға байланысты бiлiктiлiктерiн көтерулерiне мүмкiндiк берiлiп, барлық жағдай жасалуы керек.

Мәселенің ғылыми-әдістемелік жағы педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылғының қажеттi деңгейiн анықгаумен және сол деңгейге жетyдi қамтамасыз eтeтiн негiзгi (студенттер үшiн) және қосымша (мұғалiмдер үшiн) бiлiм беру бағдарламаларын жасаумен байланысты.

Мұнан басқа, бiлiктiлiктi көтеруге, мұғалiмдердiң өз бiлiмiн көтepyiне, оларды кәсiби қайта даярлауға арналған бағдарламаларды жасауға негiз болатын оқу-әдістемелік  базаны құру мен дамытудың да маңызы зор \5\.

Зерттеулерде мұғалiмдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңi атап көрсетілген:

1) Компьютермен, түрлi коммуникациялық жүйелермен алғашқы танысу;

2) Ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың  жеке түрлерiн терең, зерттеу, жұмыc iстей бiлу дaғдыларын қалыптастыру;

3) Ақпараттық — коммуникациялық технологияларды мұғалiм қызметiнде, жеке пәндердi оқытуда қолдана бiлyдi меңгеру.

Әрине, отандық бiлiм беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.

Компьютердің жүйелік блогында iшкi, сыртқы құрылымдарымен  байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрі порттары бар. Олар тiзбектi жене параллель қосылатын болып екіге белiнедi. Осы порттар apқылы әр түрлi құрылғылар aрасында ақпараттарды тасымалдауға (жiберуге жене қабылдауға) болады. Егер eкi немесе бiрнеше компьютердi порттары apқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердiң арасында алмасу жұмысын жүргiзуге мүмкiндiк туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлiк желi құрады \10\.

Компьютерлік желі дегенiмiз — ресурстарды (дискi, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиiмдi пайдалану максатында бiр-бiрiмен байланыстырылған компьютерлер. Желi жұмыс жасау үшiн арнайы аппараттық жене программалық жабдықтар болуы қажет. Желi арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.

Күнделiктi өмipдe кездесетiн компьютерлiк желiге мысал реде өздерің оқитын компьютерлiк кластағы бiрнеше компьютердің  желiге бiрiктiрiлyiн айтуға болады. Сондай-ақ бiр мезгiлде жүздеген тiптi мыңдаған компьютердiң қатысуымен ұйымдастыған темiржол және әуе қатнасы билет сату жүйесiн де желіге мысал peтiндe келтiре аламыз. Бұл пайдаланушылар санын білу мүмкiн емес ғаламдық акпараттық Интернет желiсi. Қазiргi кезде компьютерлiк желi кез келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебi желiге қосылмай өндipicтiк, немесе қаржылық қызметтердi тиiмдi жүзеге асыру мүмкін емес \12\.

Компьютерлiк желiлер масштабы мен мүмкiндiгi бойынша ерекшеленедi. Ең шағын желiлер жергiлiктi деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады.Мұндай ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер жене басқа қымбат қурылрылар) тиiмдi пайдалану мақсатында құрылады.

Компьютер желiге желiлiк тақташа, модем немесе жоғары жылдамдқты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. компьютердi желiге телефон желiсi apқылы қосу үшін желiлiк тақша емес модем қажет.

Жергiлiктi есептеуiш желiлер — саны шектеулi (әдетте 100 дейiн) компьютерлердi бiр ұйым немесе мекеме iшiнде біріктіру үшiн қолданылады. Жергiлiктi есептеуiш желi шектеулi аймақтағы (бiр бөлмеде, бiр мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлердi бiрiктiредi. Мекемелердегi жергiлiктi желі әр түрлі бөлiмдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық технологиялық байланыс орнату үшiн құрылады \22\.

Жергiлікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. ақпараттың берілуі сапалы болу үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.

Телекоммуникациялық есептеуіш желілер үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілер деп аталады. Телекоммуникациялық  желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерденқұралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндік бар \28\.

Телекоммуникациялық желiлердiң аппараттық қамтамасыз eтiлуі әр түрлi типтегi компьютер, байланыс құрылғыларыры, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бiрдей немесе әр түрлi деңгейде желiлер жұмысын үйлестiруге арналған адаптерлiк құылғлардан тұрады. Телекоммуникацияльщ желiлерде ақпаратты жiберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық жене спутниктiк жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректердi аналогтық жене цифрлық кодтау қолданылады.

Телекоммуникациялық желiлердiң ақпараттық қамтамасыз етiлуi — желi шешетiн меселеге бағытталған бiртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер житығы. Онда бiлiм базасы, автоматтандырылан деректер базасы (жергiлiктi жене тарқатылған, қоғамдық және дepбес пайдалануға арналған) қамтылған \25\.

Интернет желiсi әр түрлi масштабтағы желiлердің өзара бiрiктiрiлyi мүмкiн. Мысалы, кабельмен жаластырылған  жергiлiктi желi аймақтық желiге, ал әр түрлi аймақтық желiлер телефон желiсi арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желiаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдiк желiлердi пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио релелiк байлaныс,  талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды cepіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.

Әр түрлi желiлердi түйiстiру шлюз деп аталатын apнaйы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз eтледі.. Шлюздер бiр желiден қабылданған деректер форматын баcқa желiдегi деректер форматына түрлендiредi. Әр түрлi масштатағы желiлердi бiрiктiру нәтижесiнде қалалар, елдер және континттер apacында өзара aқпарат алмасу мүмкiндiгi берiледi. Aқымды желi немесе Интерпет – адамзаттың  ақпараттық технология саласындағы жеткен жетiстiктерiнiң бiрi.

Интернет — (aғылшынша Internet — желiаралқ байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желiлер жиынтығы.

Мысалы: жергiлiктi желi арқылы жiберiлген хабар, басқа континентте пайдаланушығa жетпес бұрын бiрнеше корпоративтік және аймақтық желілер арқылы өтуі мүмкін.

Интернетке байланыстың кең мүмкiндiгiн қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпоративтi желiге рұқсат етiлмеген сырттан қосылудан қрғау меселесi туындайды. Осындайда шлюздiк компьютер желi әкiмдiгi рұқсат берген ақпаратты ғана өткiзудi қамтамасыз eтетін бранмауэр рөлiн атқарады.

Интернет — компьютерлiк желiлердің iшiнде жаппай қолданылатыны болып табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көpceтeтiн 2 млн-нан астам тораптық, компьютерлердi қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсiп отырады .

Жергілікті желі — компьютерлердi бiрiктiру үшiн қолданылады. Компьютерлiк желiлер компьютерлерден басқа да желiлiк құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желi арқылы жiберуге арналған ақпаратты түрлендiруге мүмкiндiк бередi \1\.

Ақпарат — желiлер арқылы берiлетiн сигналдарғa түрлендiрiледi (кодтау процесi), осыдан кейiн сигнал қайта түрлендiрiледi (декодтау процесi).

Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақша деп аталатын интерфейстiк блок — желiлiк адаптер арқылы қосылады.

Желiлiк адаптер – компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн қамтамасыз ететін  құрылғы.

Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтерi жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тарату жене желiмен қатынасудың нақты бiр технологиясына сейкес келедi.

Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде берiледi.

Байланыс желiсiнiң сымды жене сымсыз түрлерi бар.

Желiлік құрылғыларға — концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене дepeктepдi таратудың әр түрлi стандартын қолданатын желiнiң әр түрлi бөлiктерін бiрiктiредi.

Кабельді тікелей жалғау екі компьютердi желiгe қосудың Direct СаЫе Connection (DCC) — тiкелей кабельдiк жалгау деп аталатын қарапайым әpi тиiмдi тәсiлi бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажетi жоқ: компьютерлер бiр-бiрiнe параллель немесе тiзбектi порттары арқылы қосылады \3\.

Тiкелей жалғауда компьютерлердiң бiрi — жетекшi, екiншici жетекте болады. Жетекшi компьютерден жетектегi компьютердiң бумаларына, дискiсiне, принтерiне қатынacы қамтамасыз етiледi. Жетектегi компьютердiң дискілерi мен оған қосылған принтері жетекшi компьютерге қатысты желiлiк болып қалады. Жетекші компьютерден дepeктepдi бiр компьютерден екiншi компьютергe жiберудi басқаруға болады.

Тiкелей кабельдік жалғаудың кемшiлiгi — дерек тасымалдау жылдамдығьның баяулығы. Сол себептi тiкелей жалғау мекемелерде  сирек қолданығранымен, ұурмыстық жағдайда қолдануға ыңғaйлы. Ткелей жалғау арқылы бiрнеше адам қатысып ойнайтын көптегeн компьютерлік ойындар жұмыс iстейдi.

Eкiдeн көп бiрнеше компьютердi бiр-бiрiмен байланыстыру үшін тiкелей жалғау жеткiлiксiз. Бұл Жағдайда әрбiр компьютерге желiлік тақша орнатылуы қажет, оларды бiр-бiрiмен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердiң бiрлескен жұмысые басқаруға арналған арнайы программаларды iскe қocy керек. Егер компьютерлер бiр-бiрiнен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желiлік жабдық пайдаланылады да, олар бiр программалық қамтамасыз ету дecтeciмeн басқарыла бередi. Осындай желіні жергілікті желі  деп атайды.

Жергiлiктi желiнiң eкіi түpi бар: клиент-сервер жене бiр деңгейлі (бiр рангiлi), яғни тең дережелi желi. Егер желiде оны басқаруға арнайы бөлiнген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-сервер түрiнe жатады. Клиент-сервер желiсiндегi серверден басқа компьютерлер — жұмыс стaнциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады \7\.

Сервер — opтақ пайдалануға арналған барлық pecypcтapды қамтитын компьютер. Opтақ ресурстарды пайдалану үшiн сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, оpтақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желiдегi жұмыстың көп бөлiгiн сервер aтқарады. Клиент-сервер типiндегi желiлер қамтылан ресурстарды толығырақ қолдануға мүмкiндiк бередi. Әдетте, сервер жұмыс өнiмдiлігімен жене қатты дискiдегi aқпарат көлемiнiң үлкендiгiмен ерекшелeнеді.

Мұндай желiде барлық ресурстар — дерек жинақтаушы дискiлер (накопители), принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілер серверге қосылады. Сол себептi opтaқ  ресурстармен жұмыс жасау үшiн алдымен сервермен байланысу қажет.

Бiр деңгейлi желiде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мғрынасында басқалары үшiн сервер қызметiн aтқapaды. Олар ортқтастырылған желi ресурстарын бiрдей қолдана алады және ресурстарды бөлудi бақылап отыратын қyaтты ортақ сервер компьютер болмайды. Бiр деңгейлi желiлердің маңызды ерекшелiгi — онымен жұмыс iстey үшiн арнайы программалық жабдықтың қажетi жоқ.

Деңгейлерi бiрдей жергiлiктi желiлерде әрбiр жұмыс станциясы басқалары үшiн cepвepдiң қызметiн атқара бередi. Мысалы, бiр компьютерге принтер, басқасына компакт- диск орналастыруға арналған дискжетек (дискiнi айналдырып мәлiмет алатын құрылғы) қосылуы мүмкiн. Егер мұндай желi Windows 2000 операциялық жүйесi арқылы басқарылса және шалғай құрығры ортақ ресурс ретiнде анықталса, онда желiдегi әрбiр тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана бередi. Бiрақ принтер қосылған компьютер iскe қосылмай тұрса, онда желi арқылы басуға мәлiмет шығара алмаймыз. Бiрдей деңгейлi жергiлiктi желiнi құру өте жеңiл және  осындай тәсiлмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселенi тиiмдi түрде шеше алады. \11\

Windows 2000 операциялық жүйесi оpтақ пайдалануға арналған дepeктepдi кез келген компьютердi пайдалануына толык мүмкiндiк бередi. Мұндай басқаруды — жүйелiк саясат немесе жүйелiк ереже деп те атайды. Жергiлiктi желiдегi жұмыстарды басқаруға жауапты және жүйелiк саясатты реттейтiн маманды — жүйе басқарушысы немесе жүйелiк әкiм (администраторы) деп атайды \16\.

Жергiлiктi желi топологиясы жергiлiктi желiдегi компьютерлердiң бiр-бiрiмен геометриялык байланысу тәсiлi топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бiрнеше түpi бар:

  1. Ең қарапайым топология түpi — шина . Мұндай желiде барлық компьютерлер тiзбектi түрде бiр кабельге жалғанады.
  2. Caқинa топологиясы деп аталатын желi байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түрiндегi кабельге жалғанады
  3. Файлдық серверлерге негiзделген желiде компьютерлер бiр-бiрiмен жұлдыз схемасы түpiндe жалғанады.
  4. Құрылғандардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желi топологиясын мекеменiң қажетiне қарай таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке cepвepiн байлaныстыратын бүкiл мекемеге ортақ бiр сервер берiлiп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбiнесе осы топологияны пайдалaнған тиiмдi.

Жергiлiктi желi атқаратын қызметі мекемеде Windows 9х, Windows 2000 Profesional жене Windows NT W orkstation операциялық жүйелерi орнатылған бiрнеше компьютер болса, олардыжергiлiктi желiге коскан орынды.\21\

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

— Ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушылардың қандай да бір дерекупен жұмыс істеуі;

— Бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

— Электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

—    Желілік принтерлерді бірлесіп пайдалау;

—    Интернетке қосылу мүмкіндіктері;

—    Ақпараттың резервтік көшірмесіналу және орталықтандырылған қорғау.

Бiр рангiлi желi құру үшiн жоғарыда aйтылған операциялық жүйелерi бар стандартты программалық жене желiлiк жабдықтар (кабельдер, желiлiк адаптерлер) қажет. Тек MS- DOS операциялық .жүйесiнде жұмыс iстейтiн компьютерлердi Workgroups Add-On for Dos программасын орнатқаннан кейiн желiге қосуға болады.

Бiр-бiрiне жақын орналасқан бiр рангiлi желiге қосылған бiрнеше компьютер жұмыс топтарына бiрiктiрiледi. Жұмыс топтарын құру барысында мекеменің құрылымын ескеру қажет, мыcлы, бухгалтерия бөлiмi компьютерлерiн «Бухгалтерия тобына» т.с.с. Жұмыс тобындағы барлық компьютерлер сервер немесе тұтынушы (клиент)қызметiн атқара алады. Жұмыс тобының мүшелерi өз компьютерлерiне қосылған ресурстарды өздiгiмен ортақтаса пайдалануға бередi. Жұмыс тобына арналғFан тіркеу жұмыстары жүргiзiлмейдi, себебi мұнда пайдаланушыны тіркеу және компьютерлердi орталықандыpлған басқару атқарылмайды. Windows 2000 Professional операциялық жүйесi басқаруымен жұмыс iстейтiн әрбiр компьютер өзiнiң қорғану саясатын және жеке тіркеу жазбаларын жүзеге асырады \23\.

Желiдегi компьютерлер санының артуына (10 apтық) қарай мәлiметтердi тасымалдау қиындaй түceдi. Мұндай жағдайда cepвepi бар желi құрып, компьютерге ресурстар мен тұтьшушыларды орталықтан басқару мүмкiндiгiн беретiн қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесiн орнатқан абзал.

Ортақ деректер базасының каталогi, желiлiк ресурстар мен бiрыңғай қорғаныс саясатын бөлiсудiң орталықтандыpлған тәсiлi бар компьютерлер тобының домен атауы болады.

Әрбiр дoмeнгe жеке ат берiледi. Доменнің деректер базасы каталогi домен бaқылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбiр доменде тек бiр ғана негiзгi бaқылаушысы болады. Mүмкiндiгiншe бiр немесе бiрнеше резервтiк домен бақылаушы болғаны дұрыс.

Windows 2000 Professional операциялық жүйесi әр түрлi қызмет көpceтeтін бiр пайдаланушығa арналған станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген. Компьтер желiге қосылғаннан кейiн бiрiншi рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) cepвepiн іздейді. Мұндай типтегi серверлер компьютерлерге желiде бiрiн-бірі табу үшiн адрес меншiктейдi. Егер желiде DHCP cepвepi онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан компьютерлердi анықтай алатын режiмге ауысады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесi орнатылған компьютерлер кейiнiрек қосылса, олар автоматты түрде жұмыс тобына кіреді. Мұндай механизмдi IР-адрестеу (Automatic IP-addressiing) деп  атайды. \18\

Желiдегi компьютерлер жұмысын программа басқарады, барлық компьютерлердiң бiр-бiрiне жiберетiн және қабылдайтын ақпараттары араласпай, тиянақты жеткiзiлу үшiн, олар бipтілмен – ортақ ережемен байланыс жасауы керек. Компьютерлердің бiр-бiрiмен байланыс жасау ережесi желілік хаттама деп  аталады.

Windows 2000 Professional операциялық жүйесi aқпарат тасымалдау жылдамдығы жоғары желiмен жұмыс істeyгe мүмкіндік бередi. Транспорттық хаттаманы таңдау желi топологиясына байланысты. Мicrosoft фирмасы мекеме iшiнде желiмен жұмыс істеу үшiн TCP/IP хаттамасын қолдануды ұсынады. NetWare бар жергiлiктi жeлiлерде пакеттердi желi белiктерi және тор арасында маршрутизациялау мүмкiндiгiн беретiн IPX/SPX (Internet Packet ExchangejSequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады. Мicrosoft фирмасының 3Соm компаниясымен бірігіп құрғaн Point-to-Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы: арқылы ceнiмдi байланыc құpy мүмкiндiгiн бередi. РРТР тутынушылардың Интернет арқылы корпоративтi байланысқан кезде «туннельдi» ұйымдастыру үшiн қолданылады. Мекеме aқпаратты жоғалтып алмау мақсатында ayқымды инфрақұрылымды құру қажеттiлiгiнен құтылады. жуырда корпорация осы хаттаманың бірқатар кеңейтүлерiн шығарды \17\.

Windows 2000 — корпоративтiк жеке меншiк ұйымдастыpуға арналған бірқaтар жаңа хаттамаларды қамтамасыз етедi: L2TP (Layer 2 Tunneling Protocol — екiншi деңгейлі туннельдiк хаттама), IPSec (Internet Protocol Security –Интернеттегі қayiпсiздiк хаттамасы) жане EAP(Extensible Authentication Protocol —  аутентификацияны кеңейту хаттамасы).

Active Dirесtoгу — үлкен жергiлiктi желi әкімнің (администратор) жұмысын жеңiлдетедi, пайдаланушының бар eкeнiн (аутентификация) құрылғылары және ресурстарра қатынасты басқару есебiнен ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Active Directory — ақырғы пайдаланушының дербес iздеу, қажеттi аппараттық ресурспен және желiге бiр рет қосылу процесi шеңбеpiндe қосымшалармен қатынас құруын жеңiлдетедi. Ол қосымшалар мен жүйенiң аппараттық бөлiмiндегi конфигурацияларда қолданылатын жұмыс үстелiнiң баптау параметрлерi жөнiнде деректердi сақтайды. Осылай пайдаланушылар айқындылығын, түci, қағаз пiшiмi, екiжақты баспаға шығару мүмкiндiгi сияқты белгiлi бiр қасиеттерi бойынша принтерлердi iздей алады. Мысалы, PowerPoint программасында дайындалған көп беттен тұратын таныстыру кiтапшасын баспаға шығару қажет болса, активтi каталог желiге қосылған жылдам басатын түрлi түcтi принтердi iздеу мүмкiндiгiн бередi. Iздеудi жылдамдату үшiн Active Directoryде әрбiр объектiнiң бiрқатар атрибуттары кipeтiн ауқымды каталог (Global Catalog) к.олданылады. Желi әкiмi (администратор) ауқымды каталогке сақтау үшiн өз атрибуттарын бере алады. Атрибуттардың типтерi iздеудi жеделдету мақсатында индекстеледi. Ауқымды каталогпен қатынас құру мүмкiндiгi шектеулi кезде, әкім доменi тобына кiрмейтiн пайдаланушылар желiге тiркеле алмайды \12\.

Қала, облыс, ел iшiнде орналасқан желiлер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бiр ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корnоративтiк деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнiң желiсi — Banknet, негiзгi банктiң компьютерлерiн оның барлық филиалдарының компьютерлерiмен (аудандық бөлiмшелерiн қоса) бiрiктiредi .

Одан үлкен көлемдегi, бүкiлелдерге, құрлықтарға тapaғaн желiлер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтiк те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкiндiктерi бар.

Компьютерлердi желiге олардың ресурстарын бiрлесiп пайдалану үшiн және ақпаратпен алмасу үшiн бiрiктiредi \6\.

Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлiнедi. Ақnараттық  ресурстарға программалар және деректер , ал техникалықтарға — nринтерлер, модемдер, сканерлер, график салгыштар кiредi. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық pecypcтapғa кiредi. Олар программалар және деректерi бар қапшықтар peтiндe қаралады. Оларға қосылу логикалық дискiге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерiнен ғанa қол жеткiзуге болатын ресурстар жергiлiктi деп аталады. Желiнiң басқа компьютерлерiне де ашық компьютер ресурстары оpтақ немесе желiлiк деп аталады. Жергiлiктi және ортақ; ресурстар түсініктері шартты. Бұл — жергiлiктi ресурсты ортақ етуге болады және, керiciнше, ортақ ресурсқа жергiлiктi мәртебесiн беруге болады (яғни басқа пайдаланушыларға жолды жауып тастау) деген сөз.

Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегi акқаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желiлерi желілік операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негiзгi желiлiк операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кiредi. Windows 95, 98 операциялық жүйелерiнде құрамдас желiлiк құралдар бар \24\.

Желiлiк ОЖ пайдаланушыларға желiнiң бiр компьютерiнен басқасына файлдар көшiруге, желiнiң бiр компьютерiнен басқасында орналасқан деректердi өңдеуге, ал кейбiр жағдайларда басқа компьютер жaдындa орналасқан программаны қосуға мүмкiндiк бередi.

Компьютерлiк желiлердi қолдану мыналарды жүзеге aсыруға мүмкiндiк бередi:

  • ақпаратты өңдеу процесiнiң нақты бiр компьютерден тәуелсiздiгi;
  • желiнiң бiр ДК -сында сақталу есебiнен бiр ақпаратты қосарлау мүмкiндiгiнiң жойылуы;
  • ақпарат сақталуы сенiмдiлiгiнiң жоғарылауы;
  • ақпаратты рұқсат етiлмеген енуден қорғауды жақсарту:
  • ұйымның бөлiмшелер және қызметкерлерi мен apacындa жылдам, қағазсыз а қпарат алмасу мүмкiндiгi.

 

 

2.2. Білім берудегі ақпараттық технологиялар

 

Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

—         дидактикалық бағыт;

—         бағдарламалық ұсыныс;

—         техникалық ұсыныс;

—         пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық бағыт бойынша классификация

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады.  Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер \6\.

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі  үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:

—         компьютерлік оқулықтар;

—         оқытылатын мәліметтер қоры;

—         үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:

—         қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

—         компьютерлік тренажерлер (КТ);

—         зертханалық практикумдер;

—         ойындардың бағдарламалы;

—         үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына  (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар \7\.

Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жұйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Сондықтан педагогикалық инновация бiлiм беру жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С Бургин (2), Н.Д Молахов, Н.И, Лaпин, А.И. Пригожин (5) «инновация», «инновациялық құбылыс» түciініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский (1), В.А. Сластеннв (6), В.С Лазерев, С.,Ц Поляков(4), М.М Поташнвк, от. Хомерики (9) бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды. Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И Антошок, в.г Зазыкнна., Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, Н.Р. Юсуфбекова (10) зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн \4\.

Fылыми әдебиеттердегi инновациялық мәселелердiң теориялық негiздерiнiң жеткiлiктi зерттелуiне қарамастан бiлiм беру саласын ақпараттандыру iciнe жасaлған тандаулар көрсеткендей, жаңалық мектеп басшылары тарапынан үнемi түciнicтiк табыла бермейдi, кейде педагогтар тарапынан табанды қарсылықтар да кездесiп қалады. Бiлiм ұйымдары басшылары педагогтар тарапынан қалыптасып қaлған кәсптiк стереотип жаңалықты шеттеушілік, жаңашылдыққа ұмтылудың болмауы сиякты кедергiлердi кездестірiп жүp. Бұл бағыттa төмендегідей көптеген қайшылылықтарға тап болуда.

Олар:

       бiлiм беру жүйесiне деген қоғамның объективтi талaптaры мен жүйенiң жaғдайлары арасындағы;

       мектеп жүйесiне енгiзiлiп жатқан өзгерiстер мен оның қалыптасуын дәстүрлi өмip салтын сақтауы арасындағы;

      инновация жағдайында мектептi басқару қажееттіліг мен бiлiм  беру саласындағы инновациялық үpдicтi басқару теориясының жоқтығы;

      басқару қызметiнiң дәстүрлi деңгейiн жүзеге асыру мен мектеп пен қоғамның қазiргi қажеттiлiгiне сай жаңашыл шығармашылықпен  ойлай алатын басшы-нпаваторлар арасындағы сәйкессiздiк.

Бұл қайшылықтарды тек бiлiм бөлiмдерiнiң арнайы ұйымдастырған жұмысы арқылы ғaнa шешуге болады \23\.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiне қарасақ онда «жаңалық» сөзiнiң төркiнiнде өмiршендiк немесе тиiмдiлiк тyралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгiсiз, өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .

Мектеп басшылары бұл берiлген анықтамаларды сараптай келе жаңалықтың барлығы ылғи да жағымды нәтиже бере бермейдi деген тұжырымға келдi:

—         кез келген жаңа дүние мектептiң көкейкеcтi мәселесiн шешуде басты құрал бола бермейдi;

—         әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады;

—          жаңалықты пайдаланушьшар санының көбеюi, жаңа тәжiрибелердiң пайда болуы және оларды игеру жаңалықты меңгерудiң тиiмдi жағдайларын қиындата түceдi.

Әрбip жаңа педагогикалық әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк әсер eтyi.\16\

Қазiргi педагогикалық сөздiктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық ic-әрекеттiң жаңару үрдiсiн, оның принциптерiн, зандылықтарын, әдic-тәсiлдерiн зерттейтiн сала ретiнде қарастырады, ал педагогикалық инновация деп тәрбие мен бiлiм берудiң тиiмдiлiгiн артгыру мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері. Бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту болып  табылады.

 

 

Бағдарламаның  негізгі міндеттері: халықтың барлық жіктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметтеуге тәрбиелеу;

мемлекеттік тілді басым дамыту;

отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту;

12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу;

БХСЖ өлшемдеріне сай кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау;

оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртұтас үш сатылы моделін жасау (бакалавриат – магистратура – докторантура);

экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру;

әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу;

білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;

білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру;

білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;

білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;

білім берудің сапасын арттыру үшін экономика секторларының ресурстарын тартудың тетіктерін жасау;

педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру  менеджерлерін даярлау;

көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі алға қойған міндеттерді іске асыру үшін:

білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзыретті» білімге өзгерту;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, пәндік-кеңістіктегі ортасын және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және оқу-тәрбие процесінің талаптарына сәйкес келтіру \2\;

оқитындардың  тілдік, ақпараттық, экологиялық, экономикалық және құқықтық даярлығын күшейту;

білім берудің барлық деңгейлеріндегі кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымын және мазмұнын жетілдіру;

білім беру деңгейлерінің мазмұны мен оқудың ұзақтығы жағынан сабақтастығын қамтамасыз ету қажет \21\.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгі бағыты балалардың жеке бас мәдениетінің негіздерін, мектепте оқытуға қажетті дағдыларды, мемлекеттік тілді үйренуіне, зияткерлік және эмоциялық дамуына, олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай  жасау  болып табылады.

Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтеріне деген артып келе жатқан қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында:

түрлі бейінді (дене тәрбиесі-сауықтыру, гуманитарлық, спорттық, эстетикалық, лингвистикалық, экологиялық, ата-аналарды оқыту жөніндегі, мектепке дейінгі жастағы дарынды балалар үшін, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін т.б.) мектепке дейінгі орталықтарды;

отбасылық балабақшаларды;

түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерін;

қысқа мерзімде болу топтары бар жалпы білім беретін мектептер базасындағы  мектепке дейінгі шағын орталықтарды;

балалар бөбекжайын, балабақшаларды, бөбекжай бақшаларды;

“мектеп-балабақша” кешендерін;

білім беру ұйымдарының базасында мектепалды топтары мен сыныптарын ашу және олардың материалдық-техникалық базаларын жаңарту үшін нормативтік құқықтық және қаржылық жағдайларды  жасау қажет.

Жергілікті жерлерде мектепке дейінгі тәрбие беруді басқару және әдістемелік қамтамасыз етуді тиісті мамандар білім беруді басқару органдарының құрамында жүзеге асыруға тиіс \24\.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қоғамның өзекті және перспективалы қажеттіктеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін “Мектепке дейінгі балалық шақ” республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылады. Орталық мектепке дейінгі білім беруді  дамыту стратегиясын әзірлейді және іске асырады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің қызметін зерделейді және талдайды, мемлекеттік стандарттарды, инновациялық жобаларды әзірлейді, оқу-әдістемелік құралдарына, ойыншықтарға, ойын құралдарына және т.б. сараптау жүргізеді.

Жұмыс берушілердің мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамытуға, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың жанынан балабақшалар ашуға үлестік қатысуын  ынталандыру тетіктерін жасау қажет.

Мектепте оқу үшін тең бастапқы жағдайлар жасау үшін  бес жастағы балалар жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар базасында мектепалды даярлық бағдарламаларымен қамтылады \17\.

Орта білім беру. Орта білім берудің мазмұны мынадай білім беру өрісін қамтиды: тіл және әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі.

Жалпы орта білім беруде үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.

І саты – жалпы бастауыш білім беру, оқыту ұзақтығы – 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған.

Білім беру мазмұны  шетел тілін және информатика негіздерін  ертерек (2-сыныптан бастап) оқытумен толықтырылатын болады \18\.

І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен   өзін-өзі    көрсетуді, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиена және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған.  І сатыдағы оқыту оқушылардың білімін аралық бақылаумен  және оқу жетістіктерін ішінара мониторингтік бағалаумен аяқталады.

ІІ саты – негізгі жалпы білім беру, оқыту ұзақтығы – 6 жыл,                           5-10 сыныптар. Оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруі, олардың бойында адамдар арасындағы және этносаралық қарым-қатынастағы биік мәдениетті, өзін-өзі тануды және кәсіби бағдарды қалыптастыру негізгі мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары болып табылады. Осы сатыда әрбір пәннің мазмұны негізгі базалық білім беру көлеміне қисынды түрде енеді. Оқу пәндерін таңдау бойынша зерделеу үшін оқу жоспарының вариативтік  (өзгермелі) бөлігі кеңейтіледі, бейіналды даярлық енгізіледі.[20]

ІІ саты аяқталғаннан кейін орта білім берудің ІІІ сатысында оқудың одан арғы бейінін таңдау үшін оқушылардың қабілеті және дайындық деңгейі анықталады. ІІ сатыдағы оқыту оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін және өткен материалдарды игеру деңгейін анықтау үшін олардың білімін орталықтандырылған тестілеу түріндегі аралық бақылаумен аяқталады.

ІІІ саты – жалпы орта білім беру, бейінді оқыту, оқыту ұзақтығы – 2 жыл, 11-12-сыныптар.

Жалпы орта білім берудің ІІІ сатысының бағдарламалары білім берудің мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде әзірленетін болады. Оқушыларды кәсіпке дейінгі тереңдетілген даярлауды жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізу ІІІ сатының қағидатты жаңалығы болып табылады.

ІІІ сатының оқушыларына шығармашылық қызметке және жеке қабілетін дамытуға ерекше орын бөлінетін жеке білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігі беріледі. Білім алу деген нұсқаудан  гөрі әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсінікті игеруге, оларды өз бетінше және шығармашылық тұрғыдан пайдалана, кеңейте әрі тереңдете білу мен оған ұмтылуға көшу  қамтамасыз етіледі \22\.

Жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеру ұлттық бірыңғай тестілеумен аяқталады.

12 жылдық білім беруге көшу  кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылы бірінші сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша   оқи   бастайды.  2009-2010  жылдан бастап 5 және 11  сыныптарды 12 жылдық білім беруге көшіру басталады.

Орта білім беруде:

12  жылдық оқытуға көшудің нормативтік құқықтық базасын жасау;

білім беру бағдарламаларының базалық және бейіндік мазмұнын жетілдіру, эксперименттік оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу және сараптау;

оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеуді және басып шығаруды әдістемелік қамтамасыз ету, 12 жылдық мектепке арналған оқу әдебиетін сараптауды ұйымдастыру міндеті болатын “Оқулық” ғылыми-әдістемелік орталығын құру;

оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологияларын енгізу;

оқитындардың  оқу жетістіктерін сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесін құру;

оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының білім-білікті, дағдыны енжар “алушы” рөлін танымдық процестің белсенді субъектісіне өзгерту;

облыстық және аудандық (қалалық) білім басқармалары туралы ережені әзірлеу арқылы басқару буындары мен олардың бағыныстылық функцияларының ара жігін нақты ажырату;

мектепте оқытудың күтілетін нәтижелерін және оларға жету жолдарын мониторинг деректерінің негізінде талқылау процесіне күллі жұртшылықты тарту жүйесін құру;

жалпы білім беретін мектептерді салу қажет \25\.

Оқу процесі:

өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі  түрде баулуға;

оқушыны жеке тұлға және қызмет субьектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға;

ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан  нәр алуын  бойында қалыптастыруға;

нарықтық экономика мен сапаның негізгі түсініктерін және оларды практикада қолдана білуді қалыптастыруға;

жалпы негізгі білім беру сатысында бейіналды даярлықты және жалпы орта білім беру сатысында бейінді оқытуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты түлектердің базалық құзыреті түріндегі нәтижеге бағытталған білім берудің ұлттық мақсаттары жүйесін орнықтыратын  болады.

Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған, дарынды балалармен жұмыс нысандары мен әдістері жетілдірілетін, білім беру  жүйесінде  халықаралық байланыстар дамытылатын болады \27\.

Ауылдық мектептерді дамытуға ерекше көңіл аударылатын болады. Шағын жинақталған мектептерде оқу процесін толыққанды және сапалы өткізу үшін негізгі және аға буындағы біріктірілген сыныптар бірте-бірте қысқарады. Ауылдық жерлерде  шағын жинақталған мектептердің балалары үшін бейінді мектеп-интернаттар салу және ашу көзделіп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшін оқу процесін ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрі басқа инновациялық нысандары кеңінен енгізілетін болады.

Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі сақталып,  кеңейтілетін болады,  мүмкіндіктері шектеулі балалардың кәсіпке дейінгі және кәсіптік даярлыққа қол жеткізуі кеңейтіледі, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды ықпалдастыра оқытуды мемлекеттік қолдау, бұрын оқыту мүмкін емес деп саналған балаларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар әзірленеді, арнаулы білім беруді кадрмен қамтамасыз ету жетілдіріледі \28\.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан түзей-дамыта оқытатын бағдарламаларды іске асыру осы санаттағы балалардың елеулі бөлігін қалыпты жалпы білім беретін мектептерде оқыту үшін жағдай жасайды.

Қосымша білім беруді дамыту үшін  сол ұйымдардың желісін нығайту мен дамыту, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің балалары мен девиантты мінез-құлыққа бейім балаларды сабақтан тыс жұмыспен мейлінше қамту, мүмкіндіктері шектеулі балалардың қосымша білім беру ұйымдарына баруы үшін жағдай жасау көзделеді.

Арнаулы және қосымша бiлiм берудi дамытуға қатысуға халықаралық, үкiметтiк емес ұйымдар, жекеше сектор тартылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру. Кәсіптік бастауыш білім беру мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бөлігі орта білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және адамды жаңа  технологиялар мен еңбек  нарығы талаптарының деңгейіндегі тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертілетін болады  \29\.

Техникалық және кәсіптік білім беру кадрларды даярлау және кәсіптік білім беру жүйесінің базалық деңгейі болады әрі білікті жұмысшы кадрларды және қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтің барлық негізгі түрлері бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлауға бағытталады.

Техникалық және кәсіптік білім беру іске асырылатын кәсіптік білім беру бағдарламаларының күрделілігіне қарай мыналарға бөлінеді:

1) терең теориялық және кәсіптік даярлықты талап етпейтін техникалық және қызмет көрсететін еңбектің күрделі емес көпшілік кәсіптері бойынша жұмыстарды орындаудың білік-дағдыларын игеруді көздейтін техникалық және кәсіптік білім берудің бірінші сатысы.

Бірінші сатының білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді ойдағыдай игеру және кәсіптік дағдыларды алу  үшін бейінді болып табылатын жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша біріктірілген курстарды зерделеуді көздейді. Оқу аяқталғаннан кейін нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряд, дәреже, санат) беріледі. Оқытудың ұзақтығы негізгі жалпы білім беру базасында кемінде 2 жылды құрайды;

2) неғұрлым күрделі (аралас) мамандықтарды және жоғары технологиялармен әрі кәсіптік қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларындағы техникалық және қызмет көрсету еңбегі жұмыстарын орындаудың практикалық дағдыларын игеруді көздейтін техникалық және кәсіптік білім берудің екінші сатысы.

Бұл сатының білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді және кәсіптік дағдыларды игеру мен бекіту жөнінде практикалық жұмыстарды орындауды көздейді. Оқыту аяқталғаннан кейін нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің көтеріңкі деңгейі беріледі (техник-механик, техник-құрылысшы және т.б.). Оқытудың ұзақтығы негізгі жалпы білім  беру базасында кемінде 3 жылды құрайды \29\.

Осы сатының бағдарламаларының мазмұны  білім берудің келесі сатыларының бағдарламаларымен үйлестіріледі.

Мәдениет және өнер мамандықтарының білім беру бағдарламаларын іске асыру кәсіпке ертерек баулу қағидатын және кәсіптік бағдарламалар мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Жалпы орта білімі бар адамдар үшін бағдарламалар таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметті айқындайтын жалпы кәсіптік, экономикалық және арнайы пәндерді зерделеуді көздейді. Оқытудың ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігіне және берілетін біліктілік деңгейіне байланысты.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру. Кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын іске асыру жаңа деңгейге —  орта білімнен кейінгі білім беруге көтеріледі. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру экономика, құқық, экология, медицина, ақпараттық технологиялар және инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегі орта буын мамандарын басымдықпен  даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлаудың  қазақстандық жүйесінің бөлігі ретінде көзделеді және  жалпы орта білім беру базасында ғана қамтамасыз етіледі. Орта  білімнен  кейінгі кәсіптік білім беру  бағдарламаларының  тізбесін білім беру  саласындағы орталық атқарушы  орган еңбек  нарығындағы  қажеттіктерге  сәйкес айқындайтын болады. Оқытудың ұзақтығы  кемінде 2 жыл, техникалық және кәсіптік білім беру базасында – кемінде 1 жыл.

Осы сатының білім беру бағдарламаларының мазмұны (кәсіптікпен қатар) жоғары оқу орындары бакалавриатының 1-2 курстарының білім беру бағдарламаларымен үйлестіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы пәндерін қамтитын біріктірілген білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді \22\.

Оқу аяқталғаннан кейін экономика, құқық, әлеуметтану, психология, медицина және ақпараттық технологиялар саласындағы қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші маманы деңгейінде біліктілік беріледі.

Техникалық кәсіптік және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беруді дамыту үшін:

кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін құрылыс салу арқылы дамыту және кеңейту, жергілікті бюджеттер және жекеше сектор қаражаты есебінен материалдық-техникалық базасын нығайту;

өңірлік деңгейде кәсіптік білім беру мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлауды және аса тапшы, стратегиялық мәні бар кәсіптер мен мамандықтар бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыруды арттыру;

жеңілдікпен салық салу жүйесі есебінен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсіптік бiлiм беру саласында жекеше сектордың инвестицияларын ынталандыру тетiгiн жасау;

нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;

арнайы пәндердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және енгізу;

техникалық және кәсiптік, орта бiлiмнен кейінгі кәсiптiк білім беру ұйымдарын  ақпараттандыру;

мемлекеттiк жалпыға бірдей мiндеттi кәсiптiк бiлiм беру стандарттарын Бiлiм берудi халықаралық стандартты жiктеумен / БХСЖ, 1997 жыл/ үйлестiру;

оқытудың  кредиттік  жүйесін  енгізу, жоғары білім  беру  бағдарламаларын    техникалық және  орта  білімнен  кейінгі  кәсіптік  білім берудің бағдарламаларымен үйлестіру;

Республикалық және өңірлік біліктілікті беру және қуаттау орталықтарын құру арқылы кәсіптік даярлықтың сапасын, біліктілікті беру мен қуаттауды тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу көзделеді.

Жоғары  сапалы техникалық және  қызмет  көрсету  еңбегінің білікті  мамандарын  даярлау Қазақстан  Республикасы Президентінің  2003 жылғы              17  мамырдағы № 1096 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан Республикасының  Индустриялық-инновациялық дамуының  2003-2015 жылдарға  арналған стратегиясын табысты  іске  асыру  үшін жағдай  жасауға  мүмкіндік  береді және тұтас  алғанда, өнеркәсіпті,  құрылысты, шағын  және  орта  бизнесті, қызмет көрсету мен экономиканы дамытуға серпін болады.

Орта  білімнен  кейінгі кәсіптік  білім беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдары  тиісті оқу  және  материалдық  базасы мен  лицензиясы  болған  жағдайда бейіндік  оқыту және  техникалық кәсіптік  білім  беру бағдарламаларын  іске  асыра алады \25\.

Жоғары білім беру. Жоғары білім беруді дамыту үшін:

кадрларды даярлауда бөлшектеуді, бір бейінділікті, теңдестік бұзылуын және артық қосарлануды жою үшін жоғары білім беру мамандықтары жіктемесін одан әрі жетілдіру;

оқытудың озық жүйелері мен технологияларын, оның ішінде кредиттік және қашықтан оқытуды әзірлеу мен енгізу;

магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге ауыстыру;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді үш сатылы модельге өзгерту: бакалавриат-магистратура-докторантура;

құрылымы және мазмұны жағынан халықаралық бағдарламалармен үйлестірілген бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

білім беру гранттарының санын ұлғайту, студенттерге кредит берудің жаңа үлгісін жасау арқылы жоғары білімге  қол жетімділікті арттыру;

кәсіби кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты елдің таңдаулы жоғары оқу орындары арасында бөлу тетігін енгізу;

әлеуметтік серіктестікті дамыту, жұмыс берушілерді студенттердің кәсіптік практикаларын, тағылымдамаларын ұйымдастыруға, түлектерді жұмысқа орналастыруға тарту;

жоғары білімді мамандар даярлау үшін ғылыми ұйымдардың әлеуетін тартудың нормативтік құқықтық актілерін және ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеу;

жоғары оқу орындарының қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;

жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базасын нығайту мен жаңарту;

жоғары оқу орындары мен филиалдарға кадрмен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасы бөлігінде қойылатын талаптарды күшейту;

стратегиялық жоспарлауға, сапа менеджменті жүйесіне және дербестікті арттыруға негізделген жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа қағидаттарын қалыптастыру;

жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының дәреже иеленуінің өсуі;

шетелдік жетекші аккредиттеу агенттіктерінің талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарының кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындау үшін жағдайлар жасау;

Қазақстан Республикасының 2003-2015  жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму  стратегиясын іске  асыруды қамтамасыз ететін техникалық мамандықтар  бойынша  жоғары  білікті   кадрларды  басымдықпен даярлау үшін  жағдайлар  жасау;

сырттай  және  қосымша кәсіптік  білім берудің  мазмұны  мен  құрылымын ретке  келтіру  көзделеді \29\.

Оқу процесін ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесінің орнына оқытудың кредиттік жүйесі енгізіледі, ол оқитындардың өз бетінше белсенді жұмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын, ұтқырлығын, бакалаврлардың, магистранттардың және докторанттардың академиялық еркіндігінің үлкен дәрежесін қамтамасыз етеді, білім туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігінде танылуына әсер етеді.

Бакалавриаттың алғашқы екі курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмұны мейлінше біріздендіріледі, ал бакалавриаттың келесі курстарында даярлық базалық пәндер бойынша жүзеге асырылатын болады. Жоғары оқу орнының құрамдас бөлігі шеңберінде бейінді даярлық іске асырылатын болады.

Бакалавриатта оқытудың нормативтік мерзімі, медицина және зооветеринар    мамандықтарынан   басқа,  барлық    мамандықтар        бойынша 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесі берілетін қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады.

Одан кейін бакалаврдың 1-2 жылдық магистратурада білімін жалғастыруға мүмкіндігі болады \21\.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратурада дайындық екi бағытта жүргiзiледi:

бейіндік тереңдетiлген даярлық;

ғылыми-педагогикалық даярлық.

Магистратураның бiлiм беру бағдарламалары іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетілген зерделеуді  көздейдi.

Магистратурада мамандар даярлауға бөлінетін қаражаттың көлемін едәуір ұлғайту, сондай-ақ олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет.

Магистратураны бiтiрушiлерге “магистр” академиялық дәрежесi берiледi. Магистрлердің докторантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми-педагогикалық және өзге де еңбек қызметімен айналысуға құқығы бар.

Докторантура жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы бiлiм беру деңгейi болады.

Докторлық бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жыл.

Докторантура бағдарламасын игерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға философия докторы (Ph.D) академиялық дәрежесi, бейіндік докторантураны игерген кезде – бейіні бойынша (медицина, музыка, бiлiм беру, құқық  және т.б.) доктор дәрежесi берiледi.

Ph.D докторантурасына аспирантура, адъюнктура, iзденушiлiк, шығармашылық демалыстар беру, дәстүрлi докторантура және ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлаудың барлық басқа да  нысандары қамтылады \15\.

Докторлық бағдарламалар оқу мен зерттеу қызметi арасындағы оңтайлы теңдестікті, кең ауқымды ғылыми, білім беру және әдiснамалық даярлық алуды, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердiң академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етеді.

Бiлiм мен ғылымның ықпалдасуы мынадай бағыттарда жалғастырылады:

ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру;

жоғары оқу орындарында оқу-ғылыми ұйымдарын, ғылыми  зертханаларды және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орындары кафедраларының филиалдарын, технопарктерді  құру;

ғылыми бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылатын жоғары  оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулерді бiрлесіп жүргiзуі.

Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру. Педагог кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгін арттыру және  қайта даярлау саласында:

жетекші университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан әрі дамыту;

педагог мамандықтарының білім беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, білім берудің вариативтік (өзгермелі) үлгілерін жасау;

педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдары бойы үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгiзу;

екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша, оның iшiнде мемлекеттiк тіл, шетел және ана тiлдерi, информатика, психология бойынша пән мұғалiмдерiн қайта даярлау;

болашақ мұғалімдер үшін олардың даярлық деңгейін тәуелсіз кәсіби бағалаумен қоса үш айдан бір жылға  дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;

12 жылдық мектепте  және мектепке дейінгі, арнаулы,  жалпы қосымша және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін педагог мамандықтар бойынша  мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

педагогтерді және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу;

педагогтердің еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілікті жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру;

бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру;

білім  беру ұйымдары басшыларын білім  берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды  жүзеге  асыру;

жоғары  оқу  орындары арасындағы,  халықаралық шарттар мен бағдарламалардың  негізінде  мемлекеттік жоғары оқу  орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта  даярлау  көзделеді.\22\

Мектепке дейінгі ұйымдар үшін педагог кадрларды даярлау кезінде қосымша мамандандыру мүмкіндігі көзделетін болады: мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жөніндегі педагогика-психология, мектепке дейінгі білім беру менеджменті, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін шетел тілі, қосымша білім беру педагогикасы.

Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімді даярлауға бағдарланатын болады \19\.

Білім беруді ақпараттандыру. Ақпараттандыру блогын іске асырудың негізгі бағыттары:

АКТ-ны оқу процесіне енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштеріне  қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;

орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу;

білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу;

өңірлерде білім беру ақпараттық ресурстар орталықтарын және министрліктің білім беру порталын құру;

орта білім беру ұйымдарын білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету;

мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік  ортасы  негізінде порталды және өңірлердің ресурстар орталықтарын біріктіру;

білім беру ұйымдарының мониторинг, талдау және басқару ақпараттық жүйесін енгізу.

Аталған бағыттарды іске асыру оқу процесіне ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және білім беру жай-күйінің мониторингі мен оны талдаудың дәйекті деректері негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау есебінен білім беру сапасының деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді \22\.

 

2.3. Білім беру сапасын бағалаудың  ұлттық жүйесі

 

Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнің (бұдан әрi – БСБҰЖ) міндеттерін iске асыру үшiн:

білім беру сапасын институционалдық бағалау оның барлық деңгейлері бойынша жүзеге асырылады;

бiлiм беру сапасын,  оқитындардың  оқудағы жетістіктерін  iшкi және сыртқы бағалау рәсiмдері енгізіледі;

білім  беру индикаторларының  жүйесі  әзірленеді;

оқитындардың оқудағы жетiстiктерінің деңгейiн анықтайтын стандартталған бағалау құралдары мен аспаптары жетілдіріледі;

бiлiм беру сапасын бағалауды жүзеге асыратын инфрақұрылым құрылады;

білім  беру  ұйымдарының басшы лауазымдарына  қойылатын біліктілік талаптары  көтеріледі.

Бiлiм беру ұйымдарын сыртқы бағалау үшiн лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, дәрежелеу, орталықтандырылған тестiлеу және тікелей мониторингтік зерттеулер рәсімдері  көзделеді.

Iшкi бағалау өзiн-өзi бағалау (өзiн-өзi аттестаттау), үлгерiмдi ағымдағы бақылау, бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылатын, оқитындардың  оқудағы жетiстiктерiн бағалау нысанында көзделеді.

Оқитындарды орталықтандырылған тестiлеу бiлiм берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттiк жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзiрленетiн стандартталған тапсырмалардың базасында өткiзiлетiн болады.

Оқитындардың оқудағы жетiстiктерiн орталықтандырылған тестiлеу нысанында мемлекеттiк бақылау жалпы орта бiлiм берудің әрбiр сатысын        (4 сынып, 9 (10) сынып, 11 (12) сыныптар) аяқтағанда, колледждер мен жоғары оқу орындарының бiтiрушi курстарында өткiзiлетiн болады \25\.

БСБҰЖ-ның жұмыс істеуіне  тиісті  инфрақұрылым қолдау көрсететін болады.

Білім  беру  мен  тестілеудің  мемлекеттік  стандарттары  ұлттық орталығы (БТМСҰО) оқитындардың  оқудағы жетiстiктерiн барлық бiлiм беру деңгейлерi мен сатыларында орталықтандырылған тестiлеу нысанында сыртқы бағалауды жүргізеді, әдiснамалық, технологиялық, техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етедi, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын және бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады, бiлiм беру стандарттарының мазмұнын әзiрлеу үшiн ғылыми, әдiснамалық және әдістемелік база құрады.

Білім  беру сапасын  бағалаудың ұлттық орталығы (БСБҰО) бiлiм беру жүйесi жай-күйiнiң мониторингiн жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында бiлiм беру саласын дамыту стратегиясын әзiрлеуге қатысады, сапаны талдауды және бағалауды жүзеге асыру үшiн статистикалық дерекқор жасайды, ақпараттық ресурстарды бiлiм беру саласының бiрыңғай мониторингі жүйесiне бiрiктiредi және Қазақстан Республикасында бiлiм берудің жай-күйі туралы  жыл  сайынғы  ұлттық баяндаманы дайындайды \22\.

Ұлттық  аккредиттеу орталығы (ҰАО) жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеуді және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүргізеді, сапаны бағалауды Болон процесiнiң шарттарымен үйлестіру үшiн аккредиттеудiң келiсiлген өлшемдері мен рәсiмдерiн әзiрлейдi, шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификаттау рәсiмдерiн жүзеге асырады, сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық бағдарламаларға  қатысады.

Сертификаттау,  сапа менеджменті  және  консалтинг орталығы (ССМКО)  9000 және 14000 сериялы ISO  стандарттарының негiзiнде сапа менеджментi жүйелерiн жоғары оқу орындарына енгiзуді және сертификаттауды, сапа менеджментi саласында оқу-әдiстемелiк және нормативтiк құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады \21\.

Республикалық біліктілікті беру  және  қуаттау орталығы (РББҚО) жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегі мамандарының кәсiби даярлығын, олардың бiлiктiлiгін беру және қуаттауды бағалауды тәуелсіз жүргiзеді.

Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын Mүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Креативтiк компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.

Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.

Әдiстемелiк оқудың соңында инновацию, «педогогикалық инновация деген түсініктерді зерделей келе аудан мектеперiнiң басшылары, оқу ісінің меңгерушiлерi инновациялық жағдайда жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн төмендегі маңызды шарттар қажeт деп тоқталды:

—         Педагогтар бiлiктiлiгiн  жетiлдiре отырып    мектептi     басқарудағы

басымдылықтарды анықтау;

—         өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру;

—          басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi технологияларды қалыптастыруға бағыттау.

Әдістемелік семинардың бiр сабағы бiлiм саласындағы инновациялық кедергiлердiң басты себептерін анықтауға арналды. Ф.М.Русинов, В.И.Антонюк сияқты зерттеушiлер психологиялық кедергiлер дегенiмiз әрекеттердiң, түнiктердiң, ой қорытулардың, күтудің жиынтығы дейдi, жаңалықтарға қарсы қызметкерлердiң саналы немесе ойланбай, ашық немесе жасырын, әдейi немесе кездейсоқ бiлдiретiн тepic әлеуметтiк-психологиялық көңiл күйлерi деп түсiндiредi.

Әрекет ету және оны түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда болуы белгiлi бiр жағдайларды объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.

Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің  жандануына түрткі болады, қалыптасқан «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi \28\.

Инновациялық кедергiлердiң анықтауыштары ретiнде мына параметрлердi қарастыруға болады:

  • Кедергілердің құрамы, яғни қызметкерге кері әсер етyшi нақты факторлар;
  • Кедергілер дәрежесі, теpic пікірлердің қызметкерлердiң санымен анықталады;
  • Кедергілердің сипаты, яғни теpic пiкiрдегi қызметкерлердiң қарсылық бiлдiруiнiң формалары;

Жеке топтарда жұмыс iстей отырып басшылар инновациялық кедергiлердiң жaғымды да, жaғымсыз да жақтары бар екедігiн анықтады. Кедергiнiң оңды жақтары, бiрiншiден ол жете ойластырылмaған және шапшаң күштеумен енгiзілетiн инновациялық шешiмдердiң жүзеге асуына бөгет жасайды, өйткенi оған әлi объективтi жағдайлар пiсiп жетiлген жоқ, екiншiден, ол инновациялық үpдicтe қоздырушы күш рөлiн атқарады, жаңашылдардың қызмeтiн жандандыра отырып, олардың қол жеткенге тоқтап қалмай, iлгерiлеуi үшiн күш жұмсауын талап eтeдi, үшiншiден, кедергi әрқашан да индикаторлық қызметтi аткарады, жаңашылдарға оперативтi, тұрақты, нақты хабар бере отырып, қабылданған шешiмдердiң осал жақтарын көрсетiп бередi және инновацияның әлi де толық жұмыс жасамаған элементтерiн анықтап, аса қажеттi түзетулер жасайтын негiзгi бағыттарды көрсетедi.

Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру

Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi.

Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп отырған қоғамда өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылыктарға байланысты өзгеpicтep болып отырғанын бiлу қажет.

Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi — aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмip сүpeтiн адам бастауыш мектептің өзiнде-ақ өзiн-өзi шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс.

Осыған орай бастауыш сыныпта «Ақпараттық меәениет негiздерi» пәнiн енгiзу мынадай мақсаттарды көздейдi:

  • сезiмдi ынталандыру;
  • бiлiм, бiлiк дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
  • жауaпкершiлiгi мен мiндеттерiн қалыптастыру:
  • есеп пен талдау жасау дaғдыларын үйрету;
  • логикалық және ақпараттық ойлау қабiлеттерiн дамыту.

Сезiмдi ынталандыру деген бiлiм беруге жағдай жасау, сабақ кезiнде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерiн тиiмдi пайдалану, алға қойған мақсатты  жүйелеу болып табылады.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта айтқанда  Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. — А., 1997.
  2. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. —А., 2004.
  3. Жалпы білім    беретін    мектептің    бастауыш    сатысындағы    білім мазмұнының тұжырымдамасы. — А., 1997.
  4. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2003.
  5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 -2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы. Астана , 2004.
  6. 7. Матрос Д.Ш., Полев Д.М., Мельникова Н.Н.. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001; 30-33 бб.
  7. 8. Лебедева М.В., Шилова О.Н.. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать. Информатика и образование; 2004; № 3; 96-100 бб.
  8. 9. Каймин В.А.. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31 бб.
  9. 10. Зимин А.Л., Хеннер Е.К.. Повышение квалификаций работников образования в области информационно-коммуникационных технологии. Информатика и образование; 2004; №12; 1-4 бб.
  10. Хеннер Е.К., Шестаков А.П.. Информационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб.
  11. 12-жылдық білім. Журнал. № 8 2006-2007, 18-33 бб.
  12. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Алматы 2003 ж.
  13. Өстеміров К., Шәметов Н. Кәсіптік педагогика Алматы 2006.
  14. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Алматы. 2006.
  15. Құтпанбаев Ә. Кәсіпке оқытатын орта мектептер мен кәсіптік білім беретін бастауыш мектептің бағдарламасы. (Жоба) Мектептегі технология

№ 7 – 8. 13 -25 бет.

  1. Климов Е.А. Психолого – педагогические проблемы профессиональной ориентации и професиональной консультации. М. Знание 1983.
  2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Алматы, 1999.
  3. Мүсілімов Ә., Сиымова А. Кәсіптік бағдар беруде мектептен тыс жұмыстардың түрлері. Қазақстан Жоғары мектебі. № 3 2002. 89-91 бет.
  4. Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруду ұйымдастыруды ұйымдастыру құрылымы. Алматы, 2005.
  5. Лебедев Н.А. Білім берудегі менеджмент. Алматы, 1998.
  6. Баймолдаев Т.М. Менеджмент – басқару тәсілі. Алматы, 2001.
  7. Вазина К.Я., Петров Ю.Н. Педагогический менеджмент. Москва., 1991.
  8. Мектеп басшыларына арналған көмекші құрал. Алматы. 2003.
  9. Ақылбекова А. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарының мазмұны мен негізгі бағыттары. Алматы, 2006.
  10. Симонов В.П. Педагогический менеджмент. Учебное пособие. Москва, 1999.
  11. Хмель Н.Д. Особенности управления педагогическим процессом в общеобразовательной школе. Алматы 1998.

28.Әбенбаев С. Педагогика. Астана. 2003 ж.

  1. Подласый И.П.. Педагогика. 1 том. Москва 2000 г.
  2. Харламов И.Ф.. Педагогика. Москва 2000 г.

31.Қазақстан мектебі. Журнал. Алматы  № 9   2006 ж  11 бет; № 10  2006 ж. 21 бет; № 11  2006 ж. 33 бет.

  1. Білім. Журнал. Алматы № 3 2006 ж. 70 бет;  № 5  2006 ж.  57 бет.
  2. Бастауыш сынып мұғалімі. Журнал. Алматы. № 9 2005 ж    41 бет; № 10  2006 ж 27 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

 

Педагогикалық қарым – қатынастың маңыздылығын ескере отырып отандық ғалымдар  «Сыныпқа кіруші педагогқа өсиеті» енгізді.

  1. Өзіңіздің балалармен қарым – қатынасыңыз жайында ойланыңыз, оларды тұрғызыңыз.
  2. Педагогикалық әңгіме жүргізу барысында педагогикалық мақсат пен міндет шеберлігінен ғана шықпаңыз, баланың қызығушылығын жоғалтпаңыз.
  3. Өзіңіздің сөзіңізді нақты балаға немесе балалар тобына акценттеңіз.
  4. Жеке өзіңіздің ақпаратыңыз бен шектеліп қалмаңыз, балалармен қарым – қатынас ұйымдастырып, белгілі бір дәрежеде әсер етіңіз.
  5. Қарым – қатынастың «жоғарыдан – төменге» түрін құрмаңыз. Мынаны есіңізде ұстаңыз, өзара әрекетте тіпті кішкентай бала да өзі — өзімен болуға ұмтылады. Осы жерде сіздің статусыңыз А.С. Макаренконың мына сөзімен анықталады: «керемет тұлға».
  6. Бала ұйымындағы психологиялық атмосфераны түсінуге тырысыңыз. Бұл сізге балалармен қарым – қатынаста керек болады.
  7. Балаларды тыңдай біліңіз.
  8. Сізбен әңгімеде балалардың көңіл – күйін сезе біліңіз.
  9. Мынаны ұмытпаңыз, өзіңіздің педагогикалық пікіріңізбен қарсы тұрғанда, балаларда келіспеушілік туындауы мүмкін.
  10. Балалардың қателігін түсіндіруде тактикалы болуға тырысады.
  11. Тұйыққа тірелетін күрделі жауаптардан қашу үшін сұрақтарды «не үшін?», «қалай?», «неге?» дегеннен бастаңыз.
  12. Әңгімеде инициативті болыңыз.
  13. Әңгіме барысында қыздардың ерекшелігіне назар аударыңыз. Олар эмоционалды, өкпелегіш…
  14. Балалармен жұмыс жасағанда манерадағы жоспардан аулақ болыңыз.
  15. Кейбір балалармен жағымсыз қарым – қатынасты болдырмаңыз.
  16. Құрылымсыз бастамада тек қана сын айту пайдасыз.
  17. Балаларға қарап жиі күлімдеңіз.
  18. Сізді құптаушылар, мақтаушылар, көп болуына тырысыңыз.
  19. Балалар сіздің оларға қандай қарым – қатынас жасап жатқаныңызды білуі керек. Оның мінезіне берген сіздің бағаңыз оның сізге деген қарым – қатынасын анықтайды.
  20. Өзіңіздің әр балаға деген қарым – қатынасыңызды есте ұстаңыз. Сіздің қарым – қатынасыңыздың өзгергені, балалардың жағымсыз мінез – құлығын тудырады.
  21. Әр әңгіме – дүкенге дайындалған дұрыс, әңгіменің стратегиясын жасаңыз.
  22. Балалардың өсіп, алғашқы мінез – құлықтарын жаңарттып естен шығармаңыз.
  23. Мұғалім мен сынып, тәрбиелеуші мен топ арасында пайда болатын барьерлердің болуы мүмкін. Бұл жерде топтың әлеуметтік – психологиялық жағдайын, сыныптағы балалар арасындағы қарым – қатынасы естен ұстаған жөн.

Ұстаз  бен  оқушының қарым – қатынас процесіне қойылатын талаптар:

— есімділік таныту;

— баланы тыңдай білу;

— өзара түсінікшілкті негізге алу;

— іскерлік қарым – қатынас;

— ықпал еруден бірігіп іске көшу.

Білім берудегі педагогикалық шеберліктің элементтеріне мыналар жатады:

  1. Гуманистік бағыт – адамзатқа деген махаббат, түсінікті, парасаттылық.
  2. Профессионалдық білім – педагогикалық шеберліктің негізгі элементі болып табылады. Өз пәнін жетік білу, сабақ берудің методикасын жетік меңгеру, жалпы педагогика мен  психологияны білу.
  3. Педагогикалық талаптар:

А) коммуникативтік, яғни адамдармен тіл табыса білу, жылы жүзілік таныту.

Б)  професионалды талаптар – педагогикалық интуиция, яғни ішкі түйсік, адамның ішкі жан – дүниесін түсіну және оның орнына өзін қоя білу. Оқушының ішкі жан – дүниесін ұғыну.

В)  эмоционалды тұрақтылық — өзін — өзі ұстай білу.

Г)  оптимистік бағыт – болашаққа деген сенімділік.

Д)  креативтік (шығармашылыққа деген талабы).

Е)  адамдарды басқару білу – күш – жігермен әсер ету және логикалық ықпал.

Білім берудегі педагог қызметінің деңгейлері:

  1. Репродуктивтік (бұл жас маман, ұстаздарға тән) – олар өз ұстаздарына еліктейді.
  2. Адаптивтік – ұстаз біреудің тәжірибесін жаңа ситуацияларға бейімдейді.
  3. Жүйелік – модельдеу деңгейі – педагог жалпы оқу процесіне көңіл бөле отырып, тәрбие саласына көңіл бөлмейді.
  4. Жүйелік – модельдеу кәсіби – ұстаз бастан – аяқ оқу және тәрбиелік жұмыстарына барынша ден қояды.

 

Кесте  1

Білім берудегі педагогикалық шеберлікке жету кезеңдері

Р/с

Кезең

Игерулер

Көрсеткіштер

1

1 – ші кезең

Теориялық игеру

Оқу материалдарын толық игеру

2

2 – ші кезең

Зерделеу, талдау

Сабақтарды игеру

3

3 – ші кезең

Болжам жасау

Оқу материалдарын шәкірттерге сапалы үйрету

4

4 – ші кезең

Бақылау, байқау, игеру

Оқу материалдарын игеру белсенділігі

5

5 – ші кезең

Іс – тәжірибеде пайдалану

Шәкірттердің үлгерімдері

 

Кесте  2              

Үлгі — өнеге талаптары

Р/с

Үлгі — өнеге

Шарттар

1

Өзіңіздің балалармен қарым – қатынасыңыз жайында ойлаңыз.

Үлгі

2

Педагогикалық әңгіме жүргізу барысында педагогикалық мақсат пен міндет шеберлігінен ғана жоғалтпаңыз

Өнеге

3

Өзіңіздің сөзіңізді нақты балаға немесе балалар тобына акценттеңіз

Міндет

4

Жеке өзіңіздің ақпараттыңызбен шектеліп қалмаңыз, балалармен қарым – қатынас ұйымдастырып, белгілі бір дәрежеде әсер құрамңыз.

Қарым – қатынас

5

Қарым – қатынастың жоғарыда төменге түрін құрасыңыз.

Түсініктік

6

Балалар ұйымындағы психологиялық атмосфераны түсінуге тырысыңыз.

Еңбек ету – оқу, пысықтау

7

Балаларды тыңдай біліңіз

Сапа

 

Кесте  3                   

Тұлғаның сапасы және ерекшеліктері

Р/с

Тұлғаның сапасы және ерекшеліктері

Бағалау шарқы

1

Балаларға сүйіспеншілік

 

2

Ізгіліктік

 

3

Талап қоюшылық

 

4

Педагогикалық құралдар

 

5

Педагогикалық мәселелерді шешудегі

 тапқырлық

 

6

Шығармашылық, ойлау

 

7

Тәртібі, икемділігі , әдебі

 

8

Ұстамдылық, салқынқандылығы

 

9

Біліктілігі

 

10

Оқытудың жаңа технологияларын игеруі

 

11

Парасаттылық

 

12

Озық инновацияларды игеру

 

13

Білім сапасын арттыру

 

 

Педагогикалық шеберлік – кәсіби педагогикалық қызметті өзінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ететінін маманның кешенді қасиеттері, оның элементтері:

  1. Ізгіліктік бағыт: мүдде, құндылықтар, үміт.
  2. Кәсіби білім теориялық, практикалық білім және оқыту әдістемесі
  3. Педагогикалық қабілет: қарым – қатынас саясатты, экономика әлеуметтік жағдайды білуі, жауапкершілік.
  4. Педагогикалық техника: оқу – тәрбие қызметін басқару, өзара байланыс, біліктілігін жетілдіру.