АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Пробиотикалық тағамдардың микрофлорасын зерттеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Биология факультеті

Микробиология кафедрасы

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

 

 

Пробиотикалық тағамдардың микрофлорасын зерттеу

 

 

 

Орындаған:                                                                            Мамытова М.Д.

 

 

Ғылыми жетекші:

б.ғ.к., доцент                                                                            Абдиева Г.Ж.

 

 

 

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі,

б.ғ.д., профессор                                                                      Жұбанова А.А.

 

 

Норма бақылаушы:                                                                Сарсекеева Ф.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011 жыл

 

 

 

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….3

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ……………………………………………………………….4

1.1 Функциональды пробиотикалық тағамдардың сипаттамасы және қолданылуы………………………………………………………………………………………………..4

1.2 Сүт қышқылды бактериялардың қасиеттері мен табиғатта таралуы…………………………………………………………………………………………………….11

 

2 МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕР……………………………….……15

2.1 Зерттеу объектілері…………………………………………………….15

2.2 Зерттеу әдістері…………………………………………………………15

2.2.1  Пробиотикалық тағамдардың жалпы микрофлорасын зерттеу және

 таза дақылдарды бөліп алу әдістері……………………………………………….17

2.2.2 Сүт қышқылды бактериялардың морфологиялық және

 культуральдық қасиеттерін анықтау әдістері……………………………19

2.2.3 Сүтқышқыл бактериялардың физиология — биохимиялық

қасиеттерін  анықтау әдістері……………………………………………..20

2.2.4 Сүтқышқыл бактериялардың антагонистік қасиеттерін  анықтау

 әдістері………………………………………………………………………21

2.2.5 Сүтқышқыл бактериялардың антибиотиктерге сезімталдық

 қасиеттерін  анықтау әдістері……………………………………………..22

 

3 НӘТИЖЕЛЕР МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР………………………………23

3.1 Imunele және Lacta+лактулоза пробиотикалық тағамдарының жалпы

микрофлорасын зерттеу және таза дақылды бөліп алу………………….24

3.2 Сүтқышқыл бактериялардың морфологиялық және культуральдық

 қасиеттері………………………………………………………………………….27

3.3 Сүтқышқыл бактериялардың физиология – биохимиялық қасиеттері…………………………………………………………………………………………………29

3.4 Сүтқышқыл бактериялардың антоганистік қасиеттері  және

антибиотиктерге сезімталдық қасиеті…………………………………………………32

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………..33

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………….34

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Казіргі медицинада актуальды проблемалардың бірі адамзаттың денсаулығын жақсартуда про және преобиотиктердің қолдану маңызды факторлардың бірі. Дамыған мемлекеттердің тұрғындары мен дәрігерлердің осы проблемаға қызығушылығы біріншіден, осы өнімдердің құрамында денсаулықты жақсартуда және әртүрлі мүшелер мен жүйелердің жұмысына қажетті факторлардың болуымен байланысты. Екіншіден, про және пребиотиктерге қызығушылық классикалық медицина мен классикалық фармако терапияның мүмкіншіліктері дұрыс нәтиже бермей, адамдардың көпшілігі профилактика және емделуде дәстүрлі емес дәрілік әдістерді қолдануда. Пробиотиктерді зерттеу кезінде олардың сүт өнімдерімен қанша байланысты болсада, оларды пробиотикалық және сүт қышқылды  өнімдер деп бөлген. «Пробиотик» терминін алғаш рет 1965 жылы Lilly және Stillwen «басқа микроорганизмнің өсуін жеделдететін зат» ретінде қолданған. Кейінірек, 1989 жылы Fuller пробиотиктер «организмнің денсаулығын жақсартатын тірі микробты қоспа» деп анықтаған. 1998 жылы Гуарнер мен Чафсма пробиотиктерге «адамдарға қолданғанда денсаулығына жақсы әсер ететін тірі микроорганизмдер» деп сиппаттама берген.

Микроорганизмдерді пробиотиктерге жатқызу үшін бірқатар талаптарға сай болуы керек. Дәлірек айтсақ, пробиотикалық бактериялар ішекте колония құрып өмір сүре алуы керек, асқорыту ферменттерінің жұмысына тұрақты болуы керек.

Пробиотиктерді екі топқа бөлуге болады: бактериальды препараттар және пробиотикалық тағамдар.

Бактериальды препараттарға: 1) құрамында бифидобактериялары бар монопрепараттар, лактобактериялар (лактобактерин, ацилакт, линекс), патогенді емес эширихи (комбактерин) немесе олармен байланысты (бификол, примадофилюкс, бифиформ); 2) тірі микроорганизмдермен қатар сорбенттер мен иммунопротекторлар жатады.

Пробиотикалық тағамдарға: балаларға арналған гипоаллергиялық сүттік өнімдер жатады. Мысалы, пробиотикалық сүт қышқылды «бифидок» тағамы. Бифидок- ерекше тағамдардаң бірі. Құрамында организмге қажетті пробиотикалық бифидо және лактобактериялар бар, олар әртүрлі дәмді ароматикалық қоспалармен байланысқан. Лас экология,стресстік жағдайлар, дұрыс тамақтанбаудың барлығы адам организмінің қалыпты жағдайын өзгертеді. Сол үшін пробиотикалық тағамдарды пайдалану, организмдегі негативті әсерлерді жою үшін қолданудың өзектілігі көптеген ғалымдар көрсеткен.

Жұмыстың мақсаты — Пробиотикалық сусындардың құрамына кіретін сүт қышқылды бактериялардың қасиеттері мен жалпы микрофлорасын зерттеу. Imunele және Lacta+лактулоза сусындарынан белсенді пробиотикалық штамдарды бөліп алу.

 

 

1 Әдебиеттерге шолу

 

  • Функциональды пробиотикалық тағамдардың сипаттамасы және қолданылуы

 

Адамның организіміне жақсы әсер ететін жаңадан сүт қышқылды өнімдер шығарылуда. Осының нәтижесінде тағам өндірісінде жаңадан бір түсінік, тамақтанудың адам организміне қажетті жақсы әсер ететін жаңадан сүт қышқылды өнімдер шығарылуда. Нәтижесінде тағам өндірісінде жаңадан бір түсінік пайда болды — «тамақтанудың функциональдық өнімдері». Функциональдық тағам өнімдері келесідей талаптарға сай болуы қажет:

  • табиғи заттардан алынған және кең көлемді биологиялық активті заттардан тұрады;
  • адамның күнделікті тағамына айналуы мүмкін және тиісті;
  • қолдану арқылы организмдегі жүріп жатқан процестерді қалыптастырады (иммундық реакцияларды, аурудың дамуын тежеу және тағы сол сияқты).

Адам организмінің қалыпты микрофлорасының бұзылуы әр түрлі ауруларға әкеледі. Пробиотикалық тағамдарды – организмдегі микрофлоралық әртүрлі ауытқулар мен дизбактериоздарды емдеу мен алдын алуда қолданудың тиімділігі жоғары..

Функциональдық өнімдерді белгілі компоненттерден тұратын шикізатпен және оны өңдіруде нутриенттермен байытылған өнімдерді қолдану арқылы алуға болады[1].

Емдік – профилактикалық қасиетке функциональдық сүттік өнімдерді қолданғанда олардың құрамы пробиотикалық және пребиотикалық екендігі белгілі болды. Антибиотиктер микрофлораға қажеттілерді бұзса, ал пробиотиктер адам организміндегі микробтық баланстарды қалыптастырады.

Жапондық зерттеушілер функциональды өнімдерді 3 негізгі параметрге бөліп қарайды: тағамдық құндылығы, дәмдеуіш қасиеті және физиологиялық әсері. Соңғысы функционалдық өнімнің құрамында қалыптасады. Сүт қышқылды өнімнің құрамында толықтай тамақтануға қажетті заттар жеткілікті мөлшерде болады. Яғни, олар ауыстырылмайтын амин қышқылы (ферментирленген сүттің құрамында бос амин қышқылдар 7-11 немесе одан да жоғары), А, D, Е витаминдері қатысып, тұз, фосфор, кальций, магний адам организіміндегі зат айналымына қатысып, иммунитеттің активтілігін жоғарылатады. Сүт қышқылды өнімдерді күнделікті қолдану, әсіресе жас балалардың сүйектерінің мықты болып өсуіне және остеопарозға қарсы тұруына кепілдік береді [2].

Баланың физикалық және интеллектуальды дамуында маңызды бір факторлардың бірі – тамақтану.

Отанымыздың ғалымдарының фундаментальды зерттеулерінде тамақтанудың оптимальды концепциясы жасап шығарылады, бұл дегеніміз адамның энергетикалық, пластиналық және тұрақты байланыстарды максимальды түрде қамсыздандырады және созылмалы, қатерлі аурулардың болуын алдын алады. Осы концепцияның негізгі элементтерінің бірі — функциональды тамақтану өнімдері. Функциональды тамақтанудың концепциясы Европада 90 жылдардың ортасынан бастап жақсы жүрген. Соңғы жылдары функциональдық тамақтанудың негізгі өнімі ретінде пробиотикалық өнімді айтуға болады[3].

Сүт қышқылды өнімдер организмге қажет оңай сіңетін қор заттардан тұрады, сонымен қатар олардың түрлері өте көп және соңғы кезде өндірістік масштабта өндірілуде.»Пробиотик» термині екі сөздің аудармасынан «про» және «био» мағынасы «өмір үшін» дегенді білдіреді. Пробиотиктер — адамның денсаулығына оң әсер беретін, асқазан-ішек жолында түзілетін микроорганизмдер. Пробиотикалық өнімдер — пробиотикалық дақылдардан немесе солармен байытылған өнімдерден жасалатын ферментирленген өнімдер. Пробиотикаллық өнімдердің құрамына микроорганизмдер мен табиғи жағдайда енгізгенде адам организміне физиологиялық функциясына және биохимиялық реакцияларына оң әсерін көрсететін өнімдерден тұрады. Соңғы жылдары сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен әртүрлі жастағы адамдардың адаптациясының төмендеуінен, пробиотикалық өнімдердің өндірісі тез дамып келе жатыр. Пробиотикалық сүт қышқылды өнімдер адамның асқазан — ішек жолындағы микрофлорасының микроорганизмдерін қолдану арқылы жасалады. Оларды қолдану организмнің жағдайын жақсартып жазылуына көмектеседі және кей жағдайларда дәрілік заттарды қолданбауға болады. Пробиотикалық сүт қышқылды өнімдердің биологиялық бағалылығы құрамындағы шикізаттар ғана емес, сонымен бірге қажетті микрофлорадан тұрады[4].

Йогурт- ең жақсы табиғи дәрі. Иогурт әсіресе Индияда және Кавказ елдерінде жақсы қолдану арқылы ұзақ өмір сүруде. Зерттеулер мен талқылауларға қарағанда Россия және Азия елдерінің 100 жас және одан да көп өмір сүруінің себебі, осы иогуртты күнделікті қолданудан деп тапқан И.И.Мечников болатын. Йогурт – организмнен зиянды заттарды шығарып, ас қорытуды қалыптандыру қабілетіне ие. Эпидемиологиялық зерттеулерге қарағанда, ішек рак ауруының қазіргі күнде азаюы күнделікті осы йогуртты пайдаланудың нәтижесі[5].

Қазіргі күндегі зерттеулердің нәтижесінде йогурт құрамына кіретін ашытқы бактериялары асқазан жарасы мен он екі елі ішек ауруларын тудырушы бактарияларды жоятындығы белгілі болды. Зерттеулер нәтижесінде йогурттың көптеген пайдалы қырлары мен қасиеттері ашылды. Осы қасиеттеріне кейбір мысалдар:

  • тоқ ішектегі тамақтың дұрыс қорытылмауынан асқазан ауруы пайда болады, ал сүт қышқылынан жасалған йогурт осы ауруды тудырушы бактерияларға қарсы тұрады;
  • йогурт – сүт ақуызы. Құрамында Lb.bulgaricus бактериясы бар йогурт тез қорытылады, яғни, ол организмде сүтке қарағанда тезірек сіңеді. Сонда 1 сағатта сүт 32% қорытылса, ал йогурт сол уақытта 91% қорытылады екен.
  • йогурт ішек бактерияларына олардың сүйікті тағамы – лактозаны береді. Сондықтан да ішектің микрофлорасы антибиотиктерден бұзылса, соған дәрігер йогурт ішуді ұсынады.
  • йогурт табиғи антибиотик болып табылады. Ол кейбір амебаның түрлерін және қауіпті деп саналатын таяқшаларына қарсы тұра алады[6].

Сүт қышқылды пробиотикалық тағам — «Actimel» пробиотикалық активтілігі бар жаңа ғасыр өніміне жатады. Оны «Danone» компаниясы әлемде тек 3 заводта: Бельгияда, Испанияда, Польшады шығарады.

«Actimel» екі стандартты йогуртты культура Lb.bulgaricus және Streptococcus thermophilus — штамдарынан тұрады, адамның қалыпты ішек микрофлорасының облигатты мүшесі емес, бірақ ішек қарын жолында бактериальды лактозаны өндіруге қабілетті, бұл организмнің лактозаға төзуіне оң әсер береді. «Actimel» арнайы пробиотикалық штамм Lb.casei DN 114001 – коммерциялық аты casei DEFENSIS тұрады. Бұл штамм «Actimel» құрамына жоғары активтілікке ие болған соң таңдап алынды. Ол асқазанның қышқылдық ортасында және он екі елі ішекте өттің қатысында басқа штамдарға қарағанда өмір сүруге қабілетті[7,8].

«Actimel» өнімінің басқа пробиотикалық сүт өнімдерінен артықшылығы

  • casei DN 114001, тағамның құрамында тірі күйінде болады және оны мерзімінің соңына дейін стабильді концентрацияда болатынына кепілдік берген;
  • «Actimel» — дің бактериялық флорасы асқазан сөлінің әсеріне, он екі елі ішектің секреттері мен ферменттеріне тұрақты.
  • пробиотиктер микрофлораның регуляциялануына қажетті бактериялық метаболиттерден тұрады.
  • лактозды активтілікке ие, яғни, лактозаның оңай сіңірілуі мен енуіне көмектеседі.
  • ішек – қарын жолында ферменттік аппаратқа ауыртпашылықтарды азайтады, яғни, майдың мөлшері азаяды.
  • колориясы көп емес, яғни, май басу мен басқа аурулардың алдын алады.
  • құрамында консерванттар жоқ.

Осы қасиеттерді анықтау үшін бірнеше жұмыстар жүргізілген.

Жұмыстың мақсаты: сүт қышқылды өнім «Actimel» — дің қолдану эффективтілігі мен ішектің микробиоценозына әсерін зерттеу. Зерттеудің нәтижесінде: • асқорыту жүйесінің қолайсыздықтары азайған; • созылмалы аурулардың, соның ішінде ішек- қарын ауруларының болмауы; • сиыр сүтінің белоктарына аллергияның болмауы.

Бақылаудағы балалардың ешқайысысына қарсы көрсетілімдер байқалмаған. Олардың тамаққа тәбеті жақсарған, қандағы гемоглобин мен эритроциттерінің мөлшері қалыпты жағдайдан ауытқып отырған. Сонымен зерттеулерден алынған нәтижелер, сүт қышқылды өнім «Actimel» күнделікті функциональды тамақтануда эффективті екенін көрсетті[9,10].

Сүт қышқыл өнімдердің қасиеттерінің қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүт қышқылды сусындар әр түрлі органолиптикалық көрсеткіштермен сипатталады. Сыртқы бейнесі және концистенциясы бойынша біртекті. Кефирде газ тәрізді түрде болады, қалыпты микрофлорадағыдай. Ацидофильді дақылдар мен дайындалған сусындарға сұйық концистенция тән. Қымызға белоктың кішкентай бөліктері бар газдалған, көпіретін концистенция тән. Дәмі мен иісі сүт қышқылды өнімдерге тән таза болады. Кефирде – аздап қышқылды дәм, ряженкада – пастеризацияның дәмі сияқты дәм, қымызда – ашытқының дәмі сияқты. Жеміс – жидектері бар толықтырғыштардан жасалатын сусындарға тәтті дәм тән[11].

Сүт қышқылды сусындардың органолиптикалық қасиеті құрамындағы шикізатқа – сүтке, кілегей және сүт өнімдеріне, сонымен бірге әр түрлі тағамдық қоспаларға байланысты. Сонымен қатар пайдаланылатын құрылғылар мен технологиялық процестердің параметрлеріне де байланысты. Сүт қышқылдық сусындардың технологиялық процестер кезінде түзілетін консистенциясы көптеген факторларға байланысты. Сүт қантын сүт қышқылына дейін ашытатын сүт қышқылды бактерияларының өміршеңдігінің негізі сүт қышқылын түзеді[12].

Сүттің жоғары сапалықа ие болуы – ондағы патогенді микоорганизмдердің дамуын және бактериальды зақымдануын алдын алу. Сүт қышқылды сусындарды алуда жүретін негізгі биохимиялық процесттер: сүт қантының сүт қышқылды және спирттік ашуы казеиннің коагуляциясы және гель түзілуі, осы процестердің арқасында консистенция, дәмі мен иісі түзіледі. Казеиннің коагуляциясы сүт қышқыл ашу кезінде лактозаның сүт қышқылына айналуына әсер етеді[13].

Сүттің негізгі ерекшеліктерінің бірі, сүт- белок көзі болып табылатын құрамы бойынша поликомпонентті, сыртқы орта факторларының өзерістеріне биологиялық активті, яғни қасиеттерін өзгерте алады. Сүттің жаңа заманғы өндірістік технологиясы, бірінен кейін бірі орындалатын күрделі комплекстен тұрады. Сүттің белогі қышқыл мен сілтіні қосады, химиялық және басқа да зиянды өндірістерде жұмыс істейтін адамдардың асқазан-ішек жолына түскен улы металдар мен басқа да зиянды заттарды нейтралдайды[14].

Барлық сүт өнімдерінің ішінде 3-5 ғ. Греция мен Италияда сүт қышқылды өнімдерді ешкі мен қойдың сүтінен дайындаған.Біздің елде сүт қышқылды өнім 20 ғасырдын басында И.И.Мечников алғаш рет адамның тамақтануындағы маңыздылығын зерттегеннен кейін қолдана бастады. Ол, сүт қышқылы бактериялар ішекке түсе отырып, тамақтың құрамындағы белок мөлшері түсіп, индол, скатол сияқты улы заттардың түзілуіне әкелетін гнеосты бактериялардың дамуына кедергі келтіретін қышқылды ортаны түзетінін анықтады.Бұл улы заттар қанға сіңіп организмнің өмір сүруін бұзады[15].

Пробиотикалық қасиетке ие негізгі бактериялар. Пробиотикалық қасиетке ие негізгі бактериялар, олар лактобациллалар және бифидобактериялар. Бифидобактериялар – анаэробты, пішіні бойынша вариабельді, грам-оң, спора түзбейтін майысыңқырақ келген таяқшалар. Клетка соңы екі еселенген, жіңішкереген немесе жуандау болады. Клеткалары жеке немесе қос, V- тәрізді, кейде цепочка бойымен немесе тізбектеле орналасады. Бифидобактериялар көбіне тоқ ішекте болады. Балаларда жас ерекшелігіне қарай ішек микроорганизмдерінің көп бөлігін құрайды[16].

Бифидобактерияларды – созылмалы ішек ауруларында, аллергиялық, иммундық жетіспеушілік және басқа да ауруларды емдеу үшін емдік профилактикалық препараттар жасап шығаруда қолданады[17].

Лактобациллдер – грам-оң, спора түзбейтін таяқшалар, әдетте дұрыс пішінді, ұзын, кейде кокка тәрізді, кіші цепочка бойымен немесе жеке орналасады. Лактобациллдер жаңа туған нәрестенің организімінде ерте постнатальды кезеңде пайда болады. Бұлар түрлі асқазан – ішек бөлімдерін, ауыз қуысынан бастап тоқ ішекпен аяқталған жерлерде мекендейді. Лактобациллалар адам және жануар сүтінде кездеседі [18].

 

Кесте 1. Сау адамның тоқ ішек микрофлорасының сандық және сапалық құрамы(КОЕ/г нәжісте)

 

Микроорганизмдер

Ерте кезеңдегі балалар

Үлкен кісілер

Қарт адамдар

Бифидобактериялар

>109

109-1010

108-109

Лактобактериялар

>106

107-109

106-107

Бактериодтар

1010-1011

109-1010

109-1011

Фузобактериялар

108-109

107-1010

108-109

Эубактериялар

109-1010

107-1010

109-1010

Пептострептококкалар

109-1010

109-1010

109-1010

Клостридиялар:

лецетиназонегативті

лецитиназопозитивті

 

>107

>105

 

106-108

105-106

 

108-109

105-107

Энтерококкалар

106-107

107-108

 

106-107

E.coli:

қалыпты

гемолитикалық

лактозонегативті

 

107-108

101-102

<105

 

106-108

103

<105

 

107-108

103

106

Шартты патогенді энтеробактериялар

<104-106

<104-105

<105

Стафилококкалар

Аэробты бациллалар

104-106

<103

104

103

<104

103

Pseudomonas spp. Acinetobacter spp

<103

<108

<103

<106

<104

<106

Candida тұқымдас ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар

<105

104

<105

 

Лактобациллалардың биологиялық қасиеттеріне қазіргі күні көп назар аударуда, нақтырақ, адгезивті, антоганисті, иммуномодульдеуші, ісікке қарсы тұру қасиеттеріне. Лактобациллалар сүт және сүт өнімдерінің спецификалық микрофлорасы болып табылады. Сүт және сүт өнімдерінде , Lb.fermentum, Lb.brevis, Lb.delbuckii, Lb.lastis кездеседі[19].

Организмдегі физиологиялық процестерге лактобациллалардың қатысуы біріншіден қанттарды сіңіру кезінде күшті антисептика сүт қышқылының түзілуіне байланысты. Лактобациллалар мен бифидобактериялар 7 штаммын ісікке қарсы активтілігі ертеректе лабораториялық тыщқандардың сарнама мен нарциономысында көрсетілген лактобацилалардың иммуногенді қасиеттері бойынша оларды пробиотиктер ретінде алуға болады. Бифидобактериялар — адам мен жануарлардың асқазан-ішек жолдарында тіршілік ететін, спора түзбейтін, анаэробты бактериялар. Бифидобактерияардың систематикалық жүйеде және практикалық маңызы зор.

Бұларды созылмалы ішек ауруларында, аллергиялық, иммундық жетіспеушілік және басқада ауруларды емдеу үшін емдік препараттар жасап шығаруда қолданылады [20].

 

Пробиотиктердің әсер ету механизмі және олардың клиникалық әсері. Пробиотиктердің әсер ету механизмін көптеген зерттеулерден кейін олардың келесідей әсер ету нүктелерін көрсетуге мүмкіндік берді.

  • ішек микрофлорасының құрамын реттеу;
  • иммундық жауаптың жоғарылауын (иммуноглобулин А мен цитокиндердің және гранулациттердің фагоциттерге активтілігін жоғарылату);
  • мутагенез бен канцерогенездің қауіпсіздігін микробты ферменттердің ( в-глюкуронидаза, в- глюкозидаза, нитроредуктаза және тағы басқа) активтілігін басу жолымен төмендетеді;
  • лактозаны сіңіруі жақсарады [21].

Сонымен, пробиотиктердің бірінші және белгілі әсер етуі ішек микрофлорасының жағдайын реттейді. Пробиотиктердің осы әсерінің әртүрлі механизмдерін, соның ішінде патогенді және патогенді емес микроорганизмдерге қарсы тұру қабілетін бөліп көрсетуге болады. Басқа механизм ретінде сүт қышқылды өнім бифидо және лактобактериялардың есебінен ішектің рН төмендеуі және осының көмегімен қысқа тізбекті май қышқылдарының түзілуі жатады. Сүт қышқылды пробиотиктер спецификалық антимикробтық заттардың бөлінуіне әсер етеді.

Қазіргі таңда сүт қышқыл бактериялар мен бифидобактерияларды пайдаланып жасалған препараттар мен өнімдер, адамның функциональды тамақтануының негізі және бірқатар аурулардың профилактикасы ретінде қолдануға болатыны қарастырылған. Оң нәтиже – лактобактериялардың тірі клеткаларын адам организміне енгізу және осы микроорганизмдерді тағам өндірісінде, соның ішінде сүтке қосу арқылы қол жеткізуге болады[22].

Пробиотикалық қасиеттері бар сүт қышқылды өнімдерді пайдалана отырып адам организімінің жақсаруына ғылыми тұрғыдан қарау, медицинада жаңа перспективті бағыт болып табылады. Бұл сұрақтар көптеген шет елдік зерттеушілер мен фирмалардың стратегиясы болып табылады, бұл дегеніміз әлем халқының денсаулығын белгілі бір деңгейге дейін тұрақтандыруға болатынын айтады[23].

Япониялық зерттеушілердің айтуынша, құрамында сүт қышқылды бактериялар мен бифидобактериялары бар препараттар мен өнімдерді қолдану XXI ғасырдың жартысынан басталды және бұл рынокта химиялық емдік препараттарды азайтуға болады деген сөз. Пробиотикалық өнімдердің тірі клеткалары асқорыту жолына үнемі түсіп тұруы, ішектің эпителиальды клеткаларына патогенді микроорганизмдердің енуін болдырмайды. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі таңда адам организмінің микрофлорасының прафилактикасы мен биотерапиясына пробиотикалық өнімдерді пайдалануға болады. Қалыпты микрофлораны қайта қалпына келтіруде пробиотикалық өнімдер жоғары эффективтілік көрсетеді. Олар қолайсыз экологиялық жағдайлардың әсерінен организмдерді қорғай алатын маңызды құрал болып табылады. Қазақстандағы қолайсыз факторларға адам организмінің асқорыту жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне әсер етіп, экологиялық факторлар, стресстік әсерлер, антибиотиктерді көптеп қолдану және дұрыс тамақтанбау жатады [24].

Қазіргі таңда пробиотикалық өнімдердің дәлелденген эффектілерінің бірнешесін бөліп көрсетуге болады:

  • бактериальды бета – галактозидазаның активтілігінің арқасында лактозаны көтере алмау симтомының азаюы;
  • ішек микрофлорасына оң әсер көрсетуі, токсикалық метаболит өнімдерінің азаюы, антибактериальды заттарды өңдеу;
  • лейкоциттердің фагоцитарлы активтілігін жоғарылату жолымен иммундық жүйеге әсері, Ig А өнімінің стимуляциясын антиген спецификалық иммундық жауаптың күшеюі, Th1/Th2 балансының және цитокиндердің синтезінің реттелуі;
  • канцерогендердің профилактикасы;
  • холестерин деңгейінің төмендеуі, антиоксидантты әсері[25].

Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының анықтамаларынан, әлемдегі денсаулықтың нашарлағанын байқауға болады. Әр түрлі аурулармен ауыратындардың саны көбейіп келе жатқанын көруге болады. Бұл біріншіден, адам организмінің қоршаған ортаның факторларына: техногенді факторлардың әсері, стресстер мен басқа да зиянды әсерлерге адаптацияның төмендеуі. Өкінішке орай, иммунитеті төмен адамдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп келеді, бұл шартты – патогенді микроорганизмдер мен байланысты туындайтын созылмалы аурулардың көбеюіне әкеледі[26].

Дисбактериоз – организмнің микробиологиялық құрамының бұзылуы. Адамның микрофлорасы негізі 5 түрлі негізгі бифидобактериялардан тұрады. Бүгінгі таңдағы бифидок, бифилон және осы сияқты өнімдердің құрамында тек белгілі бір бифидобактериялардың түрі бар. Нағыз көмекті бізге тек сүт қышқылды өнім ғана бере алады, себебі біздің организмізге қажетті бифидобактериялардан тұрады. Бұл бифилайф, ол емдік — профилактикалық жағынан сапасы өте жоғары. 

Пробиотикатерапия эффективтілігін жоғарытылуда және лактофлараның қажетсіз дамуын алдын алу үшін пробиотикалық штаммдардың селекциясына және емдік – профилактикасына басқа жағынан қарастыруда. Осының  негізінде микрофлора егесінің микроорганизмдердің трансплантациясы жатыр. Пробиотиктерді таңдау негізінде олардың пробиотикалық микроорганизм штаммдарының болашақ реципиенттің индегенді лактобациллалары мен қарым қатынасын қарау керек[27].

Жақында шет елде Lactococcus Lactis негізінде жасалған, функциональды цитокиндердің өнімдердің және басқа реттегіш протеиндерді детерминирлейтін құрылымына эукариоттық клеткалардың гені енгізілген генномодифицирлеген пробиотик жасап шығарылған. Жануарларға жасалған эксперименттер мен химиялық бақылаулардан оның крон және язва, колит ауруына жоғары эффективтілік көрсеткенін байқаған. Тек қана 2010 жылы АҚШ та пробиотикалық препараттар мен өнімдердің мөлшері 1,1 млрд АҚШ $ көрсетеді[28].

 

  • Сүт қышқылды бактериялардың қасиеттері мен табиғатта таралуы

Cүт қышқыл бактериялары табиғатта кең таралған. Өсімдіктермен бірге сүт қышқыл бактериялары адам мен жануарлардың асқазан – ішек жолдарына түсіп, жалпы микрофлорасын құрайды. Сүт қышқыл бактериялары үшін элективті орта сүт және сүт өнімдері болып табылады. Bifidobacterium бактериялары емшек еметін балалардың ішегінде кездеседі, себебі бұл бактериялар көмірсуды талап етеді. Сүт қышқыл бактериялары ересек адамдардың ішегінде де табылған. Сүт қышқыл бактерияларының микроорганизмдердің үлкен тобына біріктіретін негізгі қасиеттерінің бірі – сүт қышқылының түзілуінде. Сүт қышқылының ашуы бактериальды организмдерді туғызады, морфологиясы бойынша гетерогенді: Lactobacillus, Leuconostoc, Bifidobacterium, Pediococcus, Streptococcus, Lactacoccus туысына жататындар. Сүт қышқылды коккаларды систематикасын зерттеу барысында олар  Streptococcus тобына жататын микроорганизмдерден бөлініп алынған және патогенді формаға ие және «Lactacoccus» деп аталып  «GRAS» категориясына кіреді. Бұл категорияға жататындар адам мен жануарларда инфекциялық ауруларды туғызбайды[29].

Сүт қышқыл бактерияларының клетка морфолгиясы. Сүтте немесе сүт өнімдерінде өсіп шыққан сүт қышқыл бактерияларының морфологиясын зерттеу үшін (микроскоптау) фиксирленген препараттар пайдаланылады. Сүт қышқыл бактериялары қозғалмайды, спора, капсула түзбейді. Сүт қышқыл бактериялары клеткасының формасы бойынша сфералы және элипс формасындағы коккалар және әр түрлі ұзындықтағы таяқшалар бола алады. Клетканың формасы және ұзындығы әр түрлі культурада қоректік ортаның құрамына, оттегінің болуына және культивирлеу әдісіне байланысты болады.  Lactacoccus бактерияларының түрлері домалақ және кішкене дөңес клеткалар, біреуден, екеуден немесе тізбектеле орналасады. Осы топтың өкілі Lb.lactis subs. Lactis— ті кейбіреулер таяқша тәрізді деп ойлайды, себебі, клетка еніне қарағанда ұзындығы үлкен, ал ашытылған қоймалжың сүтте диплококк тәрізді болады. Lb.lactis subs cremoris алдыңғыдан клетканың ұзын тізбек тәрізділігімен ерекшелінеді. Көптеген термофильді стрептококктардың штамдары Streptococcus thermophilus  ұзынан тізбектеле орналасады. Lactobacillus туысы морфологиясы бойынша кішкене кокка тәрізділерден үлкен айырмашылығы бар, жіп тәрізді таяқшаға дейін ұзындығы 0,7-1,1 ден 3,0-8,0 мкм, біреуден немесе тізбектеле орналасады. Lactobacillus клеткасының ұзындығының өсуі В12 витаминінің жетіспеушілігінде, этил спирті антибиотик мөлшері жоғары ортада культивирлегенде клеткаға лизоцима мен ионмен сәулелегенде байқалады[30].

Сүт қышқылы таяқшалар өздерінің қасиеттері бойынша термофильді, мезофильді, газ түзуші болып бөлінеді. Streptobacterium туысына жататын мезофильді таяқша кішкене және термофильдіге қарағанда жіңішке, ал газ түзуші (Betabacterium) морфологиясы бойынша мезофильді стрептобактерияларға ұқсас.

Cүт қышқыл бактерияларының продуценттері: Сүт қышқылын өндірістік жолмен алған кезде тек гомоферментативті сүт қышқыл бактериялары қолданылады. Бактериялар қозғалмайтын кокка және таяқша тәрізді формада болады, спора түзбейді(Sporolactobacillus түрінен басқалары);

Бактериялардың жалпы ерекшеліктері:

  • ашу кезінде сүт қышқылы пайда болады (1,5% с.қ сақтай алады, кей түрлері одан да жоғары);
  • қышқылға төзімділігі жоғары, рН 5,5 жағдайда тіршілігін сақтайды;
  • спиртке төзімділігі (16% этанолды сақтай алады);

Басқа ерекшеліктері: гемнің жоқтығы, қышқылды фосфорильдеу кезінде ЦТК болмауы, қышқылды қайта қалпына келтіру кезінде флавиндерді кеңінен қолдану. Көптеген лактобациллаларды көп мөлшерде 2 валентті Mn болса, Fе мүлде болмайды. Мысалы, Lactobacillus plantarum Fe деген қажеттілігі болмайтын организмдердің бірі болып келеді. Mn қызметі аэротолеранттылық пен қатар және оттегінің жойылуы метаболизм процесімен байланысты деп болжау жасады. Сүт қышқыл бактериялары екі туысқа бөлінеді: Lactobacillaceae және Streptococcaceae, екеуінде де гомо және гетерофер ментативті бактериялар кездеседі. Өндірісте сүт қышқылын алуда тез өсетін және аз уақыт ішінде көптеп сүт қышқылын туғызатын термофильді талшықты штамм түрлері Lb.delbuckii, Lb.bulgaricus, Lb.leuhmanii қолданады. Бактерияларды 500С температурада культивирлейді. Егер, пентозаны субстрат ретінде пайдаланса, соған сәйкес Lb.pentosus штамын қолданады. Сүт сарысуының ашуы үшін Lb.bulgaricus, Str.lactis және Lb.casei керек. Малеинді қышқылдан лактат алу үшін Lb.casei пайдаланылады[31].

Сүт қышқылының ашуы және Lactobacillaceae туысы. Сүт қышқыл бактериялары Lactobacillaceae туысына біріктіріледі. Бұл топ бактериялары энергия көзі ретінде көмірсуларды пайдаланып, сүт қышқылын бөледі. Лактат түзетін Enterbactericea айырмашылығы, сүт қышқыл бактериялары ашуға ғана қабілетті: бұларда гомопротеиндер (цитохром мен каталаза) болмайды. Бұған қарамастан Lactobacillaceae ауада оттегінің қатысуында өсуі мүмкін: болашақ анаэробтар сүт қышқылды аэротолеранттылар. Егерде қандай да бір бактерия анаэробты жағдайда өсетін болса, каталаза түзбейтін болса, онда оны сүт қышқыл бактерияларына жатқызуға болады.

Сүт қышқыл бактерияларының тағы да бір ерекшtлігі – бұл өсуіне қажетті өсу факторларын талап етуі. Бұл топтың өкілдері глюкоза мен аммоний тұзы бар ортада өсе алмайды. Көпшілігі витаминдер (лактофлавин, тиамин, пантотен) және амин қышқылы пурин және пиримидинді қажет етеді. Бұл бактерияларды құрамында ашытқы экстрактісі, томат шырыны, сүт сарысуы және қаннан тұратын күрделі ортада культивирлейді. Құрамында қаны бар ортада өскен сүт қышқыл бактериялары цитохром түзіп және тыныс алу тізбегінде фосфарильдену жүруі мүмкін. Сүт қышқыл бактериялары порфиринді синтездей алмайды; егер порфирин қоректік ортаға енгізілсе бактериялардың кей түрлері геминді пигменттер туғызуы мүмкін[32].

Сонымен сүт қышқылы бактериялары — «метаболиттік инвалидтер», өзінің специализациясында (қор және өсу заттарына бай және басқа да ортада сүттің өсуі) көптеген метаболиттердің синтезіне қабілеттілігі болмайды. Басқа жағынан, бұл басқа микроорганизмдерде жоқ қабілеттілік: бұлар қант сүтін(лактоза) пайдалана алады. Бұл жағынан олар ішек (E.coli) бактерияларымен ұқсас. Лактоза өсу тапшылығында кездеспейді, ол сүт қоректілерде пайда болады, сүтпен бірге бөлініп, сіңеді. Осыдан, лактозаны пайдалану мүмкіндігі ену қабілетімен сипатталады. Лактоза – дисахарид, гексозаның катобализм жолына түспес бұрын еруі керек:

     Лактоза + H2O_ галактозидаза«Дглюкоза + Дгалактоза

Галактоза фосфорилденгеннен кейін глюкоза фосфатқа айналады. Сүт қышқылы көп мөлшерде өндірілуі кезінде қоректік орта алдын ала дайындалады. Бұл мақсатта кальций карбонатын қосады. CаСо бар агарлы ортада қышқылдың түзілуін колонияны айнала орналасатын мөлдір ореалдардан байқауға болады[33].

Сүт қышқылының қолданылуы және тіршілік ету ортасы. Сүт қышқылы тағам өндірісінде кең қолданылады. Ол жоғары дәрежедегі тазалықты қажет етеді. Сүт қышқылы лимонад, сироп, мармелад, жеміс – жидек сусындары алуда қолданады. Сүт қышқылы антимикробтық қасиетке ие, кей тағамдарды консервілеуде пайдаланылады, сонымен қатар эфирлері жақсы эмулсификатор ретінде қызмет етеді. Са — лактаты фармацевтикада Са көзі ретінде пайдаланылады. Қайта қалпына келетін субстраттардың негізінде биотехнологиялық жолмен алынған сүт қышқылы лактонитргия арқылы жүретін химиялық синтез үшін потенциальды шикізат ретінде және лактидті полимерлерді, акрилді қышқылын алуда пайдаланылады[34].

Гомоферментативті сүт қышқылды бактериялар қанттардан СО2 ала алмайды, көмірсулы субстрат спирттік ашу процесі кезінде пайда болады.

Табиғатта сүт қышқылы таралуын олардың қор заттары мен энергия қабылдау қабілетімен анықталады. Күнделікті жағдайда олар кездеседі:

а) сүтте, сүт өнімдерінде және оларды өндіретін жерде(Lb.bulgaricus, Lb.casei, , Str.lactis, Lb.fermentum, Lb.brevis).

б) өсімдік және өсімдік қалдықтары кең таралған жерлерде(Lb.delbuckii,Lb. Plantarum, Lb.fermentum, Leuconostoc mesenteroides).

в) адам мен жануарлардың ішектері мен шырышты қабаттарында(Lb.acidophillus, Str.bovis, Str.preymon).

Str.faecalis – адамның ішегінде тіршілік етеді. Көптеген стрептококктар жыныс мүшелері, тыныс алу және зәр шығару жолдарында, шырышты қабатта тіршілік етеді. Сонымен қатар кейбір стрептококктарда және қанда тіршілік ететін паразиттерде – ауру тудыратын вируленттілік қабілеттілігі бар. Сүт қышқылын көп мөлшерде өндіруінің арқасында, олар белгілі бір деңгейде толерантты сүт қышқыл бактериялары қолайлы орта жағдайында басқа микроорганизмдерді ысырып шығарып, көптеп көбейе алады. Осы себепке байланысты оларды элективті ортада оңай культивирлеп, оңай бөліп алуға болады [35].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Материалдар мен әдістер

 

2.1 Зерттеу объектілері:

Бітіру жұмысында зерттеу объектілері ретінде пробиотикалық сүт қышқылдық сусындардың микрофлорасын зерттеу мақсатында пробиотикалық сусындар  – Imunele мен Lacta + лактулоза алынды.

«Imunele» — құрамында шие дәмі бар, пробиотикалық сүт қышқылды сусын. Құрамы: қалыптандырылған сүт, қант, су, концентрленген алма және шие шырыны, тұрақтандырғыштар (пектин), табиғи шие ароматизаторы, құрғақ ұйытқы, сүт қышқылды пробиотикалық дақылдар (Lb.casei, Lb.rhamnosus) қосылған.

Өнімде сүт қышқылды микроорганизмдердің мөлшері 1х106КОЕ/г; пробиотикалық дақылдар 1х106КОЕ/г дан кем емес.Сақтау температурасы +20-160С. Өнімді өндіруші: Ресей

 

Сурет 1. Пробиотикалық сүт қышқылды сусын- Imunele

 

«Lacta+ лактулоза» — құрамына лактулоза қосылған емдік – профилактикалық сүт қышқылды сусын. Құрамы: майы алынбаған сүт, майсыздандырылған сүт, сүт қышқылды және бифидобактерияларының дақылдары, лактулоза, қант тұрақтандырғыш (E 1422, E 406, E 440), 100г өнімнің құрамында ақуыз — 2,9г, май – 2,5г, көмірсу – 8,5г. Жалпы құнарлығы – 68,1Ккал. Сақтау температурасы – 4 ±20C.

«Lacta+ лактулоза» — сүт өнімдерінің ішіндегі пайданы күшейткіш болып табылатын лактулоза қосылған сүт қышқылды емдік – профилактикалық өнім. Лактулозаның арқасында «Lacta+ лактулоза» ағзаның табиғи микрофлорасын қалпына келтіреді және кальций мен минералды заттарды сіңіруіне көмектеседі. Өнімді өндіруші: Қазақстан Республикасы, Фуд Мастер компаниясы

 

Сурет 2. Lacta+ лактулоза емдік – профилактикалық сүт қышқылды сусын.

  1. сүт қышқылды бактериялар: Lactobacillus және Lactococcus туыстары

Жұмыста қолданылған материалдар:

  1. қатты қоректік орта жасау үшін кеңінен пайдаланылатын зат агар – агар.

Агар – агар теңіз балдырларынан дайындалады, құрамы күрделі полисахаридтерден тұрады. 1000С температурада балқиды, 450С – де өзінің сұйық күйін сақтап қалады, ал 400С – те қатады. Қатты қоректік орта дайындау үшін 2,0 – 2,5% мөлшерде агарды қосады.

Медициналық консервіленген өт.

Антибиотиктер: ампициллин, оксацаллин, неомицин, доксоцаллин.

 

 

Гидролизденген сүтті агарлы орта

 

Гидролизденген сүтті агарлы орта – бұл қоректік орта сүт қыщқыл бактериялары мен лактоза ыдыратушы ашытқылар үшін өте қолайлы орта болып саналады. Гидролизденген сүтті агарлы қоректік ортасын дайындау үшін гидролизденген сүтті дайындап алады. Майсызданған сүттің бір бөлігіне екі бөлік су қосып қайнатып, 450С дейін салқындатылған майы алынған сүтке алдын – ала азғана мөлшерде жылы суда ерітілген 1г құрғақ панкреатинді, біраз уақыт өткеннен кейін 5мл хлороформ қосады. Колбаны тығындап 400С термостатта 72 сағат ұстайды. Алғашқы тәулікте колбадағы қоспадан хлороформ буын кетіру үшін колба аузын ашып қойып, бірнеше рет шайқап араластырады. Тиісті уақыт өткен соң қоспаны сүзеді, рН — 7,6 — 7,3 – ын анықтап алып, агар (100мл-ге 2г агар) қосады. Кейін колбаға құйып, 1200 ыстық бумен 15 минут уақыт автоклавта залалсыздандырады.

 

MRS қоректік ортасы — (1 литр суға дайындалады)

Глюкоза – 20г;

Пептон – 10г;

Сіркеқышқылды натрий – 5г;

Ет экстрактісі – 10мл;

Ашытқы экстрактісі – 5г;

Аммоний лимон қышқылы – 2г;

Калий фосфор қышқылы 2зам — 2г;

Күкіртті магний қышқылы — 0,6г;

Хлорлы марганец — 0,14г;

Темір күкірт қышқылы — 0,04г;

Твин – 80мл;

 

Ет – пептонды агар

 Ет – пептонды агар дайындау үшін бір литр ет пептоды сорпаға 2-3% мөлшерде ұсақталып кесілген агар – агарды қосады да, 1200С- да 30 минуттай залалсыздандырады.

 

2.2 Зерттеу әдістері

 

2.2.1 Пробиотикалық тағамдардың жалпы микрофлорасын зерттеу және таза дақылдарды бөліп алу әдістері

 

Микроорганизмдердің санын анықтау үшін әр түрлі әдістер қолданады. Мұндай әдіске кеңінен қолданбалы Кох әдісі жатады. Бұл әдіс микроорганизмдердің түрлері мен жеке топтарының өкілдерінің санын анықтау үшін қолданылады. Бұл әдістің мәні зерттеліп отырған белгілі микроорганизмдер суспензиясын қатты қоректік ортаға егу болып табылады. Кох әдісі тек клеткалардың санын санауға ғана  емес, сонымен бірге бөліп алуға да кеңінен қолданылады. Кох әдісі үш сатыдан тұрады: 1.үлгілерден сұйылтулар дайындау. 2.үлгілерді қатты қоректік орталарға егу. 3.қатты қоректік орталарда өсіп шыққан колонияларды санау.

Сұйылтулар дайындау әдістері. Сұйылту жекеленген колонияларды алу үшін қолданылады. Ол үшін микроорганизмдер бар материалды сұйылтады. Сұйылтуды дайындау үшін залалсызданған құбыр суын 9 мл – ден залалсызданған құрғақ пробиркаларға құямыз. Кейін зер заттың 1мл – ін залалсызданған пипеткамен алып 9мл суы бар пробиркаға енгіземіз. 1 – ші сұйылтуды жаңа залалсызданған пипеткамен араластырады. Осы пипеткамен 1мл алынған сұйылтуды 2 – ші пробиркаға енгіземіз. Бұл 2 – ші сұйылту деп атайды. Осылайша қалған сұйылтуларды дайындайды. Нәтижесінде сұйылтылған зер заттын аламыз. Беттік егу әдісімен егіледі. Ол үшін қатты қоректік ортасы бар петри табақшасына 0,05мл сұйылтылған суспензияны тамызып, қалақшамен біркелкі жаймалап егіледі (сурет 3).

 

M=а•10n/v

М – 1мл – дегі микроорганизм клеткаларының саны;

а – Петри табақшасындағы микроорганизмдер колониясының орташа саны;

10 – сұйылту коэффиценті;

n – егу жүргізілген сұйылтудың реттік саны;

v – егуге алынған суспензияның көлемі;

 

Сурет 3. Кох әдісінің сызбасы.

 

Cүт қышқыл бактерияларының таза дақылын бөліп алу әдісі.  Кеңінен тараған әдістердің бірі- тығыз қоректік ортаның бетіне егіп, бөлек калонияларды бөліп алу. Ол үшін екі әдістің біреуін қолданады: реттік сұйылту және қатты ортаның бетіне сиректетіп егу әдісі.

Реттік сұйылту әдісінде бастапқы субстраттан алынған сынаманы ретімен он еселеп сұйылтады. Одан соң бірнеше сұйылтымнан 0,05мл- ден алып, оны Петри табақшадағы тығыз қоректік ортаның бетіне егеді.Колониялар өскеннен кейін Петри табақшасын ұқыпты ашып, егу материалын залалсыздандырылған ілмекшемен, көрші орналасқан колонияға тигізбей алып, пробиркадағы қиғаш ЕПА ортаға егеді.Егер де микроскоппен қарағанда, дақыл таза болмаса, процесті бірнеше қайталайды.

Сиректетіп егу әдісінде бір ілмек сынаманы алып бірнеше Петри табақшасына қатты қоректік орталардың бетіне сол ілмекпен сиректетіп немесе Дригаль әдісі бойынша шыны шпательмен жағып егеді. Тығыз қоректік ортаның бетіне өсіп шыққан колониялардың мынадай қасиеттерін сипаттауға болады:

Колонияларды сипаттағанда Петри табақшасының қақпағын ашпайды, олардың консистенциясын егу барасында анықтайды. Алынған дақылдардың тазалығын, клетка морфологиясын микроскоппен қарап сынайды

Таза дақылдарды алуды жеңілдету үшін қоректік ортаға антибиотиктерді қосады. Эукариотты микроорганизмдерді бөліп алу үшін қоректік ортаның құрамына бактериялардың өсуін тежейтін пенициллин қосады. Нистатин, керісінше эукариоттардың өсуін тежеп, бактерияларға әсер етпейді.

 

2.2.2 Сүт қышқылды бактериялардың морфологиялық және культуральдық қасиеттерін анықтау әдістері

 

Cүт қышқылды бактериясының морфологиясын зерттеу микроскоптаудың түрліше әдістерін қолданады. Бұл үшін оқшауланған колонияны сипаттап, сол колониядан үлгі алып, бекітілген, жай және Грам әдісімен боялған препараттар дайындалды. Микроскопиялық талдау әдістері мен бояу тәсілдері зерттеудің мақсатына байланысты орындалады. Бұл әдіске бактериялардан препараттар даярлау, фиксациялау және бояудың кейбір әдістері жатады. Микроорганизмдерден препараттар даярлау үшін ең бірінші жұғындыны дайындап алады да, одан кейін бөлме температурасында кептіріп, фиксациялайды және бояу ерітінділерімен бояйды. Ал микроорганизм клеткаларын тірі күйде зерттеуде «жаншылған тамшы» препаратын қолданады. Микроорганизмдердің морфологиялық қасиетін анықтауда олардың клеткаларының пішінін, мөлшерін, клеткалардың орналасуын, қозғалғыштығын, споралардың болуын, грам әдісімен боялу ерекшелігі ескеріледі.

Клетка пішінін анықтау. Клетканын пішінін тірі немесе боялған препарат жасап микроскоп арқылы көреді. Тірі препараттарды фазалы-контрасты құрылғымен, боялған препаратты иммерсионды жүйемен көреді. Кейбір микроорганизм клеткаларының пішіні даму барысында өзгеріп отырады, мысалы микобактериялар. Сондықтан тәуліктік дақылдармен бірге 10-12 сағаттық және 3-5 тәуліктік дақылдардың клеткаларын көру керек.

Клетка көлемін анықтау. Клетка көлемін микроскоп арқылы микрометр көмегімен анықтайды. Кокктарды диаметрін, ал басқа формаларда-клеткалардың ұзындығы мен енін өлшейді. Клеткалардың көлемі микрометрмен (мкм) өлшейді. Өлшеу үшін тірі клеткаларды пайдаланған жөн, себебі бекіту мен бояу олардың көлемін өзгерте алады. Егер клеткалар қозғалмалы болса препаратты аздап қыздырады немесе бір тамшы 0,1% агар-агар сулы ерітіндісін құяды. Микроскоп окулярына окулярлы линейканы орналастырады. Ол үшін окулярдың линзасын алып тастайды, диафрагмасына окулярлы линейканы орналастырып линзаны қайта орнына қояды. Бірақ окулярлы микрометрдің бөлімдерімен клетканы дәл өлшеуге мүмкін емес, себебі линейканың бөлімдерін окулярдың жоғарғы линзасы арқылы, ал клеткаларды обьектив пен окуляр арқылы қарайды. Сондықтан окулярлы микрометрдің бөлімдерінің өлшемін анықтап оны мкм-ге айналдыру керек. Оны обьективті микрометр көмегімен жасайды. Обьективті микрометр-ортасында тесігі бар, онда әйнек орнатылған металды пластина. Әйнекке ұзындығы 1мм линейка сызылған, ол тура 100 бөлшекке бөлінген, сондықтан бір бөлімі 0,01 мм немесе 10 мкм-ге сәйкес келеді.

Окулярлы линейканың бөлімдерінің өлшемін анықтау үшін микроскоп столына препараттың орнына обьективті микрометрді орналастырады. Екі микрометрдің шкалалары бір-біріне паралелль орналасу керек. Окулярлы линейканың бір бөлімі обьективті микрометрдің қанша бөлімін құрайды, алынған санды 10-ға көбейтеді. Осылай окулярлы микрометрдің бөлімінің өлшемін микрометрда алады.

 

2.2.3 Сүтқышқыл бактериялардың физиология — биохимиялық қасиеттерін анықтау әдістері

 

Сүт қышқылды бактериялардың физиологиялық – биохимиялық қасиеттерін келесі белгілері бойынша анықтаған: ас тұзына, фенолға, сілтіге тұрақтылығы, оптимальды температурада қыздырудан кейін тіршілік етуі, каталазаның әр түрлілігі, қышқылдарға төзімділігі, өтке тұрақтылығы, антоганистік белсенділігі, антибиотиктерге сезімталдығы.

Каталазды белсенділік. Көптеген аэробты микроорганизмдерге тєн. Облигатты анаэробтар және көптеген микроаэрофильдер каталаза түзбейді. Каталаза оттегі түзіп сутегінің асқын тотығын ыдыратады. Каталазды белсенділікті келесідей анықтайды. Зерттелетін микроорганизмдерді қатты қоректік ортада өсіреді. 10% Н2О2-ң бір тамшысын колонияға тамызылады немесе микроорганизм клеткасын осы ерітіндіде сұйылтады. Егер оттегі түзілсе клеткада каталаза бар. Оттегінің түзілуін газ көпіршіктерінің пайда болуынан көруге болады. рН-7 болу керек.

Сүт қышқылды бактериялардың ас тұзына тұрақтылығы. Әр түрлі концентрлі NаCl(2,4,6%) гидролизденген сүтте анықталады. Зерттелінетін культураны  петлямен 8-10мл гидролизденген сүтке егеді(рН6,8-7,0). Бұны 370С температурада 48 сағат термостатта ұстайды. Культураның өсуі және өспеуін шайқаудан кейін болатын тұнықтықпен анықтайды.

Сүт қышқыл бактерияларының өтке тұрақтылығы. Сүт қышқыл бактерияларының өтке тұрақтылығын гидролизденген сүтте, өттің (20,30,40%)  концнетрациясында анықтайды. Культураны петлямен 8-10мл гидролизденген сүтке егеді(рН6,8-7,0). Бұны 370С температурада 48 сағат термостатта ұстайды. Культураның өсуі және өспеуін шайқаудан кейін болатын тұнықтықпен анықтайды.

Қышқыл түзу энергиясын анықтау. Қышқыл түзу белсенділігімен 17 сағатта майсызданған сүтте сүт қышқыл бактерияларда жинақталған сүтқышқылының мөлшерімен анықтайды. Ол үшін 10 мл сүтке 0,1 мл мөлшерде егіледі. Пробиркаларды 37 оС температуралы термостатта  48 сағат дақылданылады. Кейін Тернер әдісімен қышқыл түзу энергиясын анықтау жүргізеді. Ол үшін 1 мл үлгіде 20 мл дистелденген су қосып, 1 – 2 тамшы фенолфталейн индикаторы тамызады. Тұрақты қызғылт түс пайда болғанша 0,1 н  NaОН  ерітіндісімен титрлейді. Нәтижелерді Тернер градусымен мына формула бойынша анықталынады:

К = Х х 10

Мұндағы:

К – қышқыл түзу энергиясы;

Х – титрлеуге жұмсалған   NaОН мл мөлшері;

10 – мл  — ді Тернер градусына ауыстыру коэффициенті.

 

2.2.4 Сүтқышқыл бактериялардың антагонистік қасиеттерін анықтау әдістері

 

Сүт қышқылды бактериялардың антогонистік қасиетін анықтауды Р. А. Дубинский агарға антибиотикті диффузиялау әдісін ұсынған(2001).Сүт қышқылды бактерияларға арналған қоректік орта ретінде MRS және 10 пайдаланды. Тәжірибелерде оптимальды температурада өсірілген 1 тәуліктік дақылдар қолданылады. Тест — культура ретінде M.rubrum, St.aureus, E.coli, Candida, Proteus, Sarcina  микроорганизмдері қолданылады. Тест- культураны дақылдау үшін МПА және органикалық қоректік орталар пайдаланылады. Тест- культураларды 370C температурада өсіріледі. Егу үшін бактерияның 1 тәуліктік дақылы қолданылады. Петри табақшаларына 0,1мл бір күндік дақылдың суспензиясы егіледі, кейін диаметрі 5мм болатын лункалар кесіп оларды 0,1мл болатын сүт қышқыл бактериялармен толтырылады. Егілген бактерияларды 2 тәулік бойы 370С температурасында инкубацияланады. Бақылау варианты ретінде тест- объектілері егілген лункалары жоқ бір петри табақшасы болса, екінші табақшада сиерильді ортамен толтырылған лункалар болады. Сүт қышқылды бактериялардың антибиотикалық активтілігін тест — микробтың өсу зонасының көлеміне қарай лунканың шеткі мм- ден бастап тест — дақылдың өсу орнына дейінгі аралықта есептелінеді.

 

 

2.2.5 Сүтқышқыл бактериялардың антибиотиктерге сезімталдық қасиеттерін анықтау әдістері

 

Сүтқышқыл бактериялардың антибиотиктерге сезімталдық қасиеттерін анықтау қағаз дискі әдісі бойынша анықталады. МRS қоректік ортасы бар Петри табақшасына сүт қышқылды бактерияларын егіп, оның үстіне залалсызданған қысқышпен антибиотиктердің белгілі концентрациясы сіңірілген дискілерін белгілі ара қашықтықтарын сақтап егіледі. Егілген Петри табақшаларын 370C температурада 48 сағатқа қойылады. Сүт қышқылды бактериялардың антибиотикке сезімталдығын, сол антибиотик маңындағы пайда  болған зонадан көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Нәтижелер мен талқылаулар

 

3.1 Imunele және Lacta+лактулоза пробиотикалық тағамдарының жалпы микрофлорасын зерттеу және таза дақылды бөліп алу

 

Пробиотикалық тағамдар — пробиотикалық дақылдардан немесе солармен байытылған өнімдерден жасалатын ферментирленген өнімдер. Пробиотикаллық өнімдердің құрамына микроорганизмдер мен табиғи жағдайда енгізгенде адам организміне физиологиялық функциясына және биохимиялық реакцияларына оң әсерін көрсететін өнімдерден тұрады. Соңғы жылдары сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен әртүрлі жастағы адамдардың адаптациясының төмендеуінен, пробиотикалық өнімдердің өндірісі тез дамып келе жатыр [4].

Сондықтан жұмыста Imunele мен Lacta+лактулоза сусындарының микрофлорасы анықталды. Нәтижесінде пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+лактулоза – микрофлорасында сүт қышқылды бактериялардың мөлшері, бифидобактерияларға қарағанда басым болып келді (2-кесте).

 

Кесте 2. Imunele мен Lacta+ лактулоза сусындарының жалпы микрофлорасы

 

Жалпы КТБ

СҚБ(%)

Бифидобактериялар(%)

Бөгде микроорганизмдер(%)

Imunele

92

7

1

Lacta+

88

12

0

 

Мәселен, 2-кестеде көрсетілгендей Imunele сусынының микрофлорасының 92% лактобактериялар 7% бифидобактериялар құрайтындығы анықталып, бөгде микроорганизмдердің өсуі байқалды. Lacta+лактулоза сусынында 88 % лактобактериялар 12% бифидобактериялар болатындығы анықталған. Пробиотикалық сүт қышқылды өнімдердің биологиялық бағалылығы құрамындағы шикізаттар ғана емес, сонымен бірге осындай пробиотикалық штамдардың қасиеттерімен де байланысты болады. Imunele мен Lacta+лактулоза сусындары сияқты құрамында лактобактериялар мен бифидобактерия бар өнімдердің қатары көп. Actimel, Активиа, Био- с, Бифидок т.б. Бифидок құрамындағы прбиотикалық культуралардың деңгейі халықаралық стандартқа сай: 1г. өнімдегі бифидобактериялардың саны 1х106 КОЕ тіршілікке қабілетті клеткалардан аз емес, сүт қышқылды бактериялар саны- 1х107 КОЕ.

Пробиотикалық сүт қышқылды өнімдер адамның асқазан — ішек жолындағы микрофлорасының микроорганизмдерін қолдану арқылы жасалады. Оларды қолдану организмнің жағдайын жақсартып жазылуына көмектеседі және кей жағдайларда дәрілік заттарды қолданбауға болады [4].

Жұмыстың барысында Imunele мен Lacta+лактулоза сусындарынан сүтқышқыл бактериялардың 4 дақылы бөлініп алынды. Пробиотикалық тағамдардан бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялардың морфология-культуралдық және физиология-биохимиялық қасиеттері зерттелінді.

 

3.2 Сүтқышқылды бактериялардың морфологиялық және культуральдық қасиеттерін зерттеу

 

Сүтқышқыл бактерияларын бөліп алу мен әртүрлі табиғи және жасанды субстаттарда мөлшерін есептеу қиынға соғады. Олар өсу үшін әр түрлі витаминде көзі, амин қышқылдарды, пуриндер мен пиримидиндерді, ет және ашытқы экстракттарын, сүт сары суын, белокты гидролизаттары бар күрделі қоректік орталарды қажет етеді.

Жоғары әдебиеттердегі мәліметтерге сүйене отырып, Imunele мен Lacta+лактулоза жалпы микрофлорасымен танысу үшін және оларды бөліп алу үшін Кох әдісін пайдаландық.  Кох әдісі бойынша зер заттан әртүрлі сұйылтулар арқылы беттік және терең егу әдістерін пайдалана отырып, гидролизденген сүтті агар мен MRS қатты қоректік орталарына егу арқылы Imunele мен Lacta+лактулоза жалпы микрофлорасының құрамында сүтқышқыл бактериялар мен ашытқылар, бифидобактериялар сонымен қатар, бөгде микроорганизмдер кездеседі. Оны мына 4; 5 суреттер арқылы көруге болады.

 

 

Сурет 4. Lacta+лактулоза сусынындағы микроорганизмдердің өсуі

Суреттегі микроорганизмдердің өсуі бойынша ашытқы колониялары ақшыл, түсі жылтыр, шетті тегіс дөңгелек болса, сүт қышқылды бактериялар ақшыл, нүктелі, шеті тегіс болып келеді.Жұмыстан алынған көрсеткіштер бойынша пробиотикалық сусындардың үлгілерінде сүт қышқылды бактериялардың ашытқылардан басым болуы, әдебиеттегі көптеген мәліметтерде келтірілген ашытқылар сүт қышқылды бактериялардың өсуіне қарқындатушы әсерімен түсіндіріледі.

 

 

 

Сурет 5. Imunele- сусынындағы микроорганизмдердің өсуі

 

 

 

Өйткені, ашытқылар сүт қышқылды бактериялардың тіршілігінің негізгі өнімі — сүт қышқылын қолданып, ортаның қышқылдылығын төмендетеді, бактериялардың өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар, ашытқылар сүт қышқылды бактериялардың өсуіне қажетті витаминдер мен амин қышқылдарының көзі болып табылады болып табылады.

Сонымен қатар, пробиотикалық тағамдардан бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялардың морфологиясы зерттелінді. —

Пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+лактулоза сүтқышқыл бактериялардың морфологиясын зерттегенде, барлық зерттелеген штамдар клеткалары қозғалмайтын, споралары жоқ, Грамм бойынша оң  боялатындығына көз жеткіздік (сурет 6-7).

 

 

Сурет 6. Lacta+лактулоза сусынынан бөлініп алынған сүтқышқылды бактериялардың морфологиясы

 

Сүтқышқыл бактерияларының клеткалық пішіні таяқша тәрізді, ал олардың орналасуы орналасуы  жеке, шоқталып. Осы белгілер бойынша сүтқышқыл бактерияларына жататындығы анықталды.

 

 

Сурет 7. Imunele- сусынынан бөлініп алынған сүтқышқылды бактериялардың морфологиясы

Пробиотикалық сусын Imunele мен Lacta+лактулоза сүтқышқыл бактериялардың 4 дақылы бөлініп алынды. Бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялардың морфологиялық және культуралдық қасиеттерін зерттеу нәтижесінде 4 дақылдың барлығы  Lactobacillus туысының өкілдері екені анықталды.

 

3.3 Сүтқышқылды бактериялардың физиология – биохимиялық қасиеттері

Пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+лактулоза бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялардың физиология – биохимиялық қасиеттерін зерттеу келесідей белгілермен NaCI – дың, өттің әртүрлі концентрациясында, 37оС  температуралық қыздырудан кейінгі тіршілігін сақтап қалуы мен өсуіне байланысты тұрақтылығы, каталазды және қышқыл түзу белсенділік қасиеттері анықталынды.

Каталазды белсенділік

3% H2O2 – ні бір тамшы заттық шыныға, үстіне бөлініп алынған дақылдарды бактериальды тұзақпен енгізгенде, мынадай нәтижелер байқалды. Каталазаға реакция қою нәтижесінде бөлініп алынған сүт қышқылының дақылдарында каталаза ферменті болмай шықты, себебі, дақылдарды енгізгенде көпіршік түзеді. Сүт қышқылы бактериялары каталазаға негативті.

NaCl мен өттің әр түрлі концентрацияларына тұрақтылығын анықтау. Жұмыс барысында NaCl мен өтке тұрақтылығын анықтау үшін, NaCl – дың  2, 4, 6% және өттің 20, 30, 40% концентрацияларын дайындап, анықтадық.

Кесте 3. Сүт қышқыл бактерияларының физиология-биохимиялық қасиеттері

 

 

Физиология биохимиялық қасиеттері

Штамм атаулары

Lb.casei

Lb.rhamnosus

Lactobacillus spp3

Lactobacillus .spp4

Өттің әр түрлі концентрация

сында өсуін бақылау, %  

20

+

+-

+

+

30

+

+

+

+

40

+

+

NaCI – дың әртүрлі концентрациясында өсуін бақылау, %  

2

+

+

+

+

4

+

+

+

6

+

+

+өсу қарқыны жоғары, -өсу қарқыны төмен, +-өсу қарқыны орташа

 

Lb.rhamnosus және Lactobacillus .spp4 дақылдары зерттелуге алынған NaCl – дың  2, 4, 6% барлық концентрациясында және өттің де жоғары концентрациясында жақсы өскен, яғни олар NaCl –дың жоғары мөлшеріне және өтке Lb.casei, Lactobacillus spp3 штамдарына қарағанда төзімді екендігі анықталды.

Организмде өт қышқылының тұздары мен ас тұзы сияқты экстремальды фактолардың болуы пробиотиктерді организмге енгізгенде симбионт микроорганизмдердің өміршеңдігі қиындай түседі. Сонымен қатар, өттің болуы бактериялардың бірқатар антибиотиктер мен сульфаниламидтерге тұрақтылығы төмендейтінін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде жазған. Мысалы, өттің болуы бифидобактерияларда аминогликозидке, пенициллинге, тетрацилинге, амфениколдарға, макролидтерге, линкозамидтерге жоғары сезімталдық көрсететіні анықталған.

Бұл кестеден  пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+лактулоза дан бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялардың өздеріне тән физиология — биохимиялық қасиеттерімен ерекшеленетін белгілерін көруге болады. Қорытындылай келсек бөлініп алынған сүт қышқылды бактериялардың штаммы да ас тұзына мен өттің әр түрлі концентрацияларына төзімді болып келді. Мұны штамдардың өсу қарқындылығынан көруге болады. Пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+лактулоза бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялардың ас тұзына мен өттің әр түрлі концентрацияларына төзімділігі, осы өнімдердің пробиотикалық қасиетін қамтамасыз етеді.

Қышқыл түзу энергиясын анықтау. Сүт қышқылы микроб синтезінің сүт қышқыл бактерия көмегімен алынған бірінші өнім болып саналады. Сүт қышқылын тамақ өнімінің сапасын жақсартуда, концервілеуде, қоректік орталардың рН — ын реттеуде, қышқылдандыру мақсатында, тағамдық қоспа ретінде, әсіресе десерттік және диеталық сусындарды алуда кеңінен қолданады. Ал өнеркәсіпте сүтқышқылын алу үшін тек қана гомоферментативті сүт қышқылды бактерияларды қолданады .

Пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+лактулоза дан бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялардың  17 сағаттық және 1 апталық қышқыл түзу белсенділігі майсызданған сүтте дақылдау арқылы сүтқышқыл бактериялардың жинақтау арқылы сүтқышқылының мөлшерін Тернер әдісімен анықталды. Imunele мен Lacta+лактулоза дан бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялардың қышқыл түзу белсенділігін зерттеу нәтижелері 1– ші диаграммадан көруге болады.

Сурет 8. Сүтқышқыл бактерияларының қышқыл түзу белсенділігі.

 

Қорытындылай келсек, 17 – сағаттық бақылаудан кейін Lactobacillus .spp4 штаммы, ал 7- тәуліктік бақылаудан кейін Lb.casei мен Lactobacillus .spp4 штаммдары жоғары қышқыл түзу белсенділігін көрсетті. Пробиотикалық сусындардың үлгілерінен бөлініп алынған сүт қышқыл бактериялардың қышқыл түзу белсенділігін майсызданған сүтте  бір күндік және жеті күндік аралығында Тернер әдісімен анықталынды. Пробиотикалық сусындардың үлгілерінен бөлініп алынған сүт қышқыл бактериялардың ішінен қышқыл түзу белсенділігінің жоғарғы активтілігі Lb.casei және Lactobacillus .spp4 210 -220 Т0

3.3.4 Сүтқышқыл бактериялардың антагонистік қасиеттері және антибиотиктерге сезімталдығы

Сүт қышқылы және бифидобактериялардың өздерінің жоғары антоганистік қабілетімен патогенді микроорганизмдерге резистенттілігін жоғарылатады. Организмде сүт қышқыл және бифидобактериялардың аздығы, организмнің минералды алмасуын және асқорыту процестерінің бұзылуына әкеледі. Сонымен бірге бифидо және сүт қышқылды бактериялардың ішек таяқшаларына әсері бірқатар ғалымдардың жұмысында келтіріпген. Сүт қышқылды бактериялардың антоганистік белсенділігін агарлы қоректік ортада диффузиялы әдіспен тест-дақылды тежеу аймағын өлшеу арқылы анықтау. Тест дақылдары ретінде Proteus, E.coli, St.aureus, Sarcina, Mycobacterium, ашытқы түрінен Candida алынды.

 

 

 

 

 

 

Сурет 9. Сүтқышқыл бактерияллардың антагонистік қасиеті.

 

Қорыта келгенде, пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+лактулоза дан бөлініп алынған Lb.rhamnosus және Lb.spp4 штаммдары Protus, E.coli, St.aureus, Sarcina, Mycobacterium бактериялардың өсуін тежеп, жоғары антоганистік активтілік көрсетті. Бұл штамдардың жоғары антоганистік белсенділігі олардың жоғарыда айтылып кеткен белсенді қышқыл түзу қасиетімен түсіндіруге болады.

Медицинада әр түрлі ауруларды емдеу үшін антибиотиктер кеңінен қолданады. Ал антибиотиктерге ересектер мен балалар жқғары сезімталдық көрсетіп, организімнің қалыпты микрофлорасына зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда антибиотикке төзімділік көрсететін сүт қышқылды бактериялар штаммдары бар өнімдер алу кеңінен қолға алынуда.

 

Кесте 4. Сүт қышқыл бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығы

 

Антибиотиктер

Өсуі тежелген аймақтар (мм)

 

Lb.casei

Lb.rhamnosus

Lactobacillus spp3

Lactobacillus .spp4

Ампициллин

10 мкг

4

3

3

4

Неомицин

30 мкг

5

5

7

5

Оксацаллин

10 мкг

2

3

2

6

Доксацаллин

10 мкг.

4

5

6

7

             

          Пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+лактулоза дан бөлініп алынған Lb.rhamnosus және Lb.spp4 бета лактамды ампицилин және оксацаллин антибиотиктеріне аз сезімтал, яғни осы препараттарға төзімді деп айтуға болады. Неомицин және доксацаллин антибиотиктері сүт қышқыл бактерияларының өсіуін 5-7 мм көлемінде тежеген. Пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+лактулоза дан бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялар неомицин және доксацаллин антибиотиктеріне төзімділігі төмендігі анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Пробиотикалық сусындар Imunele мен Lacta+ ның жалпы микрофлорасы зерттеліп, олардың сандық көрсеткіштері және түрлік құрамы анықталды.
  2. Imunele және Lacta+лактулоза сусындарынан белсенді пробиотикалық сүтқышқыл бактерияларының 4 штамы бөліп алынып, олардың морфология-культуралдық және физиология-биохимиялық қасиеттері зерттелінді.
  3. Imunele және Lacta+лактулоза сусындарының құрамындағы сүтқышқылды бактериялар NaCl – дың 2, 4, 6% және өттің 20, 30, 40% концентрацияларына төзімді екенділігі анықталды.
  4. Imunele және Lacta+лактулоза сусындарынан бөлініп алынған сүтқышқылды бактериялар қышқыл түзу қасиетінің шектік мәні 170 – 220 Т0 аралығында болатындығы көрсетілді.
  5. Пробиотикалық сусындардан бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялар Prоtеus, E.coli, St.aureus, Sarcina, Mycobacterium бактериялары мен Candida ашытқысына қатысында жоғары антагонистік белсенділік көрсетті.
  6. Сүтқышқыл бактериялар ампицилин және оксацаллин антибиотиктеріне сезімталдығы төмен, неомицин және доксацаллин препараттарына төзмділігі төмен екендігі анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Квасников Е. И., Нестеренко О. А. Молочнокислые бактерий и их пути использования. М. :Наука 1975. С. 20 — 23, 290 — 360.
  2. Флейшман В. Молоко и молочное дело. Вологда. Москва 1927. С. 430 – 433.
  3. Кигель Н. Ф. Новые бактериальный препарат на основе молочнокислых бактерий и его биологические свойства // Микробиология. 2000. № 3. С. 49 – 55.
  4. Научно – популярный журнал // Женское здоровье. № 3 – 4. март –апрель. 2004.
  5. Шигаева М. Х., Оспанова М. Ш. Микрофлора национальных кисломолочных напитков. Изд. Наука КазССР. Алма-Ата. 1983. С. 128 — 131.
  6. Алмагамбетова К. Х. Биологические свойства лактобацилл // Биотехнология. Теория и практика. 2001. № 1 – 2. С. 27 – 31.
  7. Банникова Л. А. Селекция молочнокислых бактерий и их применение в молочной промышленности. М. : Пищ.пром. 1975. С. 143.
  8. Новик Г. И., Астапович Н. А., Богдановская Ж. Н., Рябая Н. Е. Получение лечебно – профилактического препарата энтеробифидин на основе Bifidobacterium adolescentis МС – 42 // Прик. Биохимия и микробиология. 2000. том 36. № 1. С. 104 –110.
  9. Коваленко Н. К. Биология молочнокислых бактерий пищеварительного тракта человека и животных // Автореф. Дис. Киев. 1981. С. 29.
  10. Квасников Е. И. Место и значение молочнокислых бактерий в биосфере // Микробио. 1992. Т. 54. С. 3 – 10.
  11. Воробева Л. И. Промышленная микобиология. Изд. Московского универ. 1989. С. 218 – 219.
  12. Шлегель Г. Общая микробиология. Москва “ Мир ”. 1987. С. 272 – 280.
  13. Кисриева Ю. С., Серебренников В. М., Энейская Е. В., Загустина Н. А., Безбородов А. М. Выделение, очиска и изучение свойств ацетолактатсинтазы из культуры Lactococcus  lactis  // Прикл. биохимия и микробиология. 2003. Т. 37. № 2.
  14. Баяқышева К. А., Ратникова И. А., Габилова И. И. Кислотообразующая активность молочнокислых бактерий и бифидобактерий в зависимости от состава питательной среды // Биотех. Теор и прак. 2001. № 3 – 4. С. 23
  15. Серебренников В. М., Кисриева Ю. С.,  Загустина Н. А.,  Гаврилова Л. Н., Семенихина В. Ф. Образование диацетила и ацетоина производственными штаммами лактококков в различных условиях выращивания //Прикл. Биохимия и микробиология. 1998. том 34. №3. С. 276-280.
  16. Тулемисова Ж. К., Касенова Г. Г. и др. Антогонистическая активность и чувствительность к антибиотикам молочнокислых бактерий из различных молочноных продуктов // Биотех. Теор и прак. 2001. № 3 – 4. С. 26 – 29
  17. Жубанова А. А., Чижаева А. В., Абдиева Г. Ж., Тулемисова Ж. К. Изучение механизмов антимикробного действия молочнокислых бактерий, выращенных на различных средах // Вестник КазГУ. Серия биол. 2001. № 1. С. 111 – 116.
  18. Золошко М. В., Анисимов Н. И., Барткевич Л. Г. Антимикробные и иммуномоделирующие свойства Lactobacillus acidophilu Ке – 10 // Прик. биохим. и микробиол. 1997. Т. 33. № 3. С. 305 – 309.
  19. Шевелева С. А. Пробиотики и пробиотические продукты. Современное состояние вопроса // Вопросы питания. 1990. № 2. С. 14 – 18.
  20. Шигаева М. Х. Селекция дрожжей. А. Наука. КазССР. 1975. С. 24.
  21. Скородумова А. М. Дрожжи молока и молочных продуктов и их производственное значение. М.: Пищ. Пром. 1969. С.117.
  22. Скородумова А. М. Дрожжи молока и молочных продуктов и их производственное значение. М. : Пищ. Пром. 1969. С.117.
  23. Елисева С. С., Нагорная О. Е. Биологические понижение кислотности вин с помощью молочнокислых бактерий и дрожжей // Прик. Биохим. и микобиол. 2001. Т. 37. № 4. С. 487 – 493.
  24. Максимов А. К. Микрофлора закваски один из факторов влияюших на ее качество // М. П. 1973. №2. С. 34 — 40.
  25. Бавина Н. А., Рожкова М. В. Количественный состав микрофлоры грибковой закваски и кефира в различные природы года // Мол. Пром. 1973.
  26. Габрмлова Н. Б., Диханбаева Ф. Т., Жунусова Г. С., Смаилова Ж. Ж. Организация производства продуктов профилактического штамма в Кызылординской облости//Экол. Тех. И Экономическии аспекты производства продуктов питания. Материалы конференции. Семей. 2000.
  27. Шигаева М. Х., Цзю В. Л., Сағындыкова С. З. Сүтқышқыл бактериялары мен ашытқы саңырауқұлақтаының қасиеттері. Алматы. 1996. б. 79.
  28. Воробьева Л. И., Витовская Г. А., Елинов Н. Г., Синицкая И. А. Исследование кефирных зерен // Микробиология. Вып. 1. Т. 60. 1991.
  29. http://subscribe.ru/archive/sciene.healt./200402/html
  30. htpp://yandex.ru/201051/html
  31. Бондаренко В.М, Чупринина Р.П., Воробьева М.А. Механизм действия пробиотических продуктов. 2003. №3. С. 2-5
  32. Новик Г.И., Астопович Н.И., Самарцев А.А., Рябая Н.Е. //Микробиология. 1997. T. 66. №5. C. 621-627
  33. Каширская Н. Ю. Значение пробиотиков и пребиотиков в регуляции кишечной микрофлоры // Руский мед.журнал. – 2000. — №13-14. –C.12-17
  34. Ратникова И.А. Исследования микроорганизмов на способность к антиинтерфероновой активности // Известия АН РК, сер.мед. и биол. – 2000. №1.- C. 78-80
  35. Егоров Н.C. Основы учения об антибиотиках. – M.: Наука, 1986. – 273c.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетінің микробиология кафедрасының 4- курс студенті М.Д. Мамытованың «Пробиотикалық тағамдардың микрофлорасын зерттеу» тақырыбына жазған бітіру жұмысына

 

 

ПІКІР

 

Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының анықтамаларынан, әлемдегі денсаулықтың нашарлағанын байқауға болады. Әр түрлі аурулармен ауыратындардың саны көбейіп келе жатқанын көруге болады. Бұл біріншіден, адам организмінің қоршаған ортаның факторларына: техногенді факторлардың әсері, стресстер мен басқа да зиянды әсерлерге адаптацияның төмендеуі.

Қазіргі уақытта сүт қышқыл бактериялар мен бифидобактерияларды пайдаланып жасалған препараттар мен өнімдер, адамның функциональды тамақтануының негізі және бірқатар аурулардың профилактикасында  қолданудың маңызы зор.

М.Д. Мамытованың бітіру жұмысының негізгі мақсаты- пробиотикалық сусындардың құрамына кіретін сүт қышқылды бактериялардың қасиеттері мен жалпы микрофлорасын зерттеу. Қойылған мақсатты орындау үшін автор пробиотикалық сүт қышқылды бактериялардан тұратын Imunele және Lacta сусындарының микрофлорасын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде осы сусындардың құрамындағы сүт қышқылды бактерияларының морфологиялық- культуральдық қасиеттері зерттелініп, олардың  Lactobacillaceae туысына жататындығын анықтады. Дақылдардың физиология – биохимиялық қасиеттерін зерттеп, олардың ас тұзына, өтке төзімді екендігін анықтады.Сонымен қатар антибиотикке сезімталдығы төмен және антоганистік қасиетке ие екендігін көрсеткен.

М.Д. Мамытова бітіру жұмысының барысында тақырыбына сәйкес әдебиеттерге толық шолу жасап, көптеген микробиологиялық дәстүрлі әдістерді меңгерді.

М.Д. Мамытованың «Пробиотикалық тағамдардың микрофлорасын зерттеу» тақырыбына орындаған бітіру жұмысы «өте жақсы» деген бағаға лайық деп санаймын.

 

 

Ғылыми жетекшісі,

Микробиология кафедрасының

доценті, б.ғ.к.                                                                            Г.Ж.Абдиева