МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
|
5-7 |
|
І.
|
АЗАМАТТЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГI ПРОКУРАТУРАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТI. ПРОКУРОРДЫҢ ІСКЕ ҚАТЫСУЫ.
|
……………8 |
1.1 |
Прокурордың азаматтық iске қатысу негiздерi мен нысандары. |
……….8-22 |
2.1 |
Талап арыз беру арқылы азаматтық iстi қозғау.Iс бойынша қорытынды беру.
|
………23-30 |
ІІ. |
ПРОКУРОРДЫҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫ СОТТАРЫНДА ІСТІ ҚАРАУҒА ҚАТЫСУЫ.
|
………….31 |
2.1 |
Прокурордың апелляциялық наразылық беру арқылы іске қатысуы. Соттың I сатысының шешiмiнiң заңдылығы және негiздiлiгiне байланысты қорытынды беру. |
………31-34 |
2.2 |
Прокурордың азаматтық істерді қадағалау тәртібімен қарау сатысына және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысына қатысуы.
|
………35-38 |
ҚОРЫТЫНДЫ
|
………….39 |
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ |
………40-41 |
КIРIСПЕ
Қазiргi жағдайда Қазақстан Республикасындағы жүрiп жатқан экономикалық өзгерiстер, нарықтық қатынастың дамуы, жаңа туындаған құқықтық қатынастарды реттейтiн заңдардың қалыптасуы азаматтық сот iсiн жүргiзуде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуына прокурорлық қадағалау жұмысын күшейтудi талап етедi.
Осыған байланысты прокуратураның ролi елеулi түрде өсуде. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетiлгендей, прокуратура мемлекет атынан республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Осы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура органдарының құқықтар мен мiндеттер жүктелген. Сол құқығының бiрi сотта қаралып жатқан азаматтық iстерге қатысуы. Бұл прокуратура органдарының қызметiнiң бiр бағыты ғана. Прокуратура органдары азаматтық iс жүргiзiудiң барлық сатыларына қатыса алады. Оның соттағы азаматтық iс жүргiзуде қатысуына басты себептердiң бiрi болып азаматтың, ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, сондай-ақ сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру болып табылады.
Азаматтық iс жүргiзу бiрнеше сатыдан тұратынын бiлемiз. Бұл сатылардың барлығы азаматтық iс жүргiзуде алатын орындары ерекше және әрқайсысы өзiнше маңыздылығымен ерекшеленедi. Осы жалпы азаматтық iс жүргiзуге прокурордың қатысуы менiң бiтiру жұмысының зерттеу объектiсi.
Азаматтық iс жүргiзуге қатысатын прокурордың процессуалдық жағдайы қандай? Бұл сұрақ бұрыннан берi процесуаллист ғалымдардың арасында пiкiр талас тудырып келе жатқан мәселелердiң бiрi.
Прокурор азаматтық iс жүргiзуге қатысушы ретiнде оның процессуалдық жағдайы қандай екендiгi, басқа қатысушылардан айырмашылығы қандай, оның азаматтық iс жүргiзудегi қатысу ерекшелiктерi, iске қатысу нысаны менiң осы жұмысымда зерттелiп қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі. Прокуратура органдарының қызметі кез келген саладағы заңдылықтың сақталуын қадаалау болып табылады. Сол себепті прокуратура органдарының қызметін жетілдіру жалпы заңдылықтың сақталуын дамытуға, құқық қолдану процесін барынша тиімді етіп ұйымдастыруға көмектеседі. Жұмыс барысында прокурордың заңдылықты қадағалау мақсатында азаматтық іс жүргізуге өз бастамасымен немесе тараптардың иалап етуі бойынша қатысуыныңы өзара айырмашылықтары, ерекшеліктер және ұқсастықтары қарастырылған. Сондай-ақ, прокрордың ІІ сатыда, апелляциялық негізде және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс қарауға қатысудың құқықтық қажеттілігі, негіздері, іс бойынша шешім шығаруға тигізетін әсері баяндалған.
Істі қозғаған прокурордың процессуалдық жағдайы туралы мәселе азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымында даулы сұрақтардың біріне жатады. Себебі істі қозғаған прокурордың процессуалдық жағдайы талапкердің процессуалдық жағдайына анологиялы боып келеді. Осыған байланысты ғылымда ұш көзқарас қалыптасқан:
а) С.Н.Абрамов, А.Ф.Козлов көзқарастары бойынша істі қозғаған прокурор – процесте тараптың құқықтық жағдайын иеленеді.
ә) А.А.Догбровольский, М.С.Шакарян пікірлері бойынша прокурор «процессуалдық мағынадағы талапкер», өйкені ол даулы құқықтық қатынастың субъектісі емес.
б) К.С.Банченко-Любимова, Ю.И.Лутченко көзқарастары бойынша – прокурор азаматтық іс жүргізу қатынастарының дербес субъектісі. Прокурорға заңмен тек өзіне тән өкілеттіктер берілген. Прокурор азаматтық сот өндірісіне мемлекеттің өкілі ретінде қатысады.
Үшінші көзқарас дұрыс деп есептеледі, себебі прокурор істі қозғап талапкер болғанымен ол іс бойынша басқа тұлғаның құқығын, заңды мүддесін қорғайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысында прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу принциптеріні жалпы сипаттама берілген. Сондай-ақ прокурордың азаматтық істер бойынша өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері жан-жақты баяндалған. Жұмыстың мақсаты азаматтық іс жүргізудегі прокурордың атқаратын ролін, қоғамдық маңызын, құқықтық негіздерін және әлеуметтік, құқықтық қажеттілігін көрсету, соған байланысты прокурордың іске қатысу қызметін жетілдіруге көмектеседі деп есептелетін бірқатар ұсыныстар беру.
Жұмыстың міндеттері:
- прокурордың азаматтық іс жүргізугн қтысу приниптерін, маңызын, қоғамдық және құқықтық қажеттілігін көрсету;
- прокурордың азаматтық іс жүргізудегі өкілеттігін, құқықтары мен міндеттерін сипаттау;
- прокурордың азаматтық іс жүргізуде бірінші, екінші сатыларда, апелляциялық тәртіппен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарауға қатысу негіздерін, тәртібін көрсету;
- азаматтық іс жүргізуге қатысу баысында прокурор шығаратын актілердің ұғымы, мзмұны, қолданылу жағдайлары жөнінде сипаттама беру;
- прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу процесін жетілдіруге байланысты бірқатар ұсыныстар беру.
Бітіру жұмысы екі тараудан және төрт бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда прокурордың азаматтық іс жүргізге қатысу негіздері, прокурор шығаратын актілердің мазмұны, олардың құқықтық қажеттілігі, сонымен бірге прокурордың азаматтық істерді соттың бірінші инстанци тәртібімін қарауға қатысу тәртібі баяндалады. Екінші тарау прокурордың екінші саты деңгейінде, апелляциялық тәртіппен, қадағалау тәртібімен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау барысында іске қатысу тәртібі, ерекшеліктері баяндалады.
Жұмысты жазуда нормативтік-құқықтық актілерді логикалық талдау, ғылыми негіздерге салыстырмалы сараптама жасау, баяндау әдістері қолданылды.
Жұмысты жазуға отандық ғалымдардың, шетелдік мамандардың, атап айтқанда ресейлік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының заң актілері, заңастылық нормативтік-құқықтық актілері, ҚР Бас прокурорының бұйрықтары т.б. актілер пайдаланылды.
І. АЗАМАТТЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГI ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ МIНДЕТI МЕН МАҚСАТЫ. ПРОКУРОРДЫҢ ІСКЕ ҚАТЫСУЫ.
1.1 Прокурордың азаматтық iске қатысу негiздерi нысандары.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге нарзылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайды, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттiк қызметтiң бiр нысаны болып табылады, оның мақсаты Қазақстан Республикасының Президентiнiң 21 желтоқсан 1995 жылғы Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заң күшi бар Жарлығында көрсетiлген (әрi қарай ІҚР прокуратурасы туралыІ жарлық).
Бұл органның қалыптасу тарихына қысқаша тоқталып өтейiк.Прокурор ұғымы латын сөзi ІprocuroІ — қамтамасыз ететiн, алдын аламын деген ұғымды бередi. Осы органды құрудағы мақсат әдiлеттiлiк пен заңдылықты қамтамасыз ету. Ең алғаш тарихта прокуратура органы Греция мен шығыс елдерiнде пайда болды, ал XIV ғасырда Еуропа елдерiнде, соның iшiнде Францияда пайда болды, Ресейде XVI ғасыр аяғы мен XVII ғасыр басында Петр-I құруымен пайда болды және жергiлiктi жердегi әкiмшiлiкке қадағалауды жүзеге асырушы орган болды, Ал сотта айыптау немесе талап қою қызметi қадағалау функциясына қосымша ретiнде қарастырылды және аса мән берiлмедi. 1864 жылғы сот реформасынан кейiн прокурорлық қызмет коцепциясы қайта қарастырылып, оның негiзгi функциясы сот өндiрiсiне ауыстырылды. Революциядан кейiн бiрiншi кеңестiк АIЖК құрастырушылар В.И.Лениннiң белгiлi пiкiрiн негiзге алды. Оның пiкiрi бойынша мемлекеттiң Іжеке құқықтық iстерге, азаматтық iстергеІ араласуын күщейтудi жалғастыру қажеттiлiгi туралы айтылады. Бұл дегенiмiз мемлекеттiң азаматтық — құқықтық дауларына араласуы үшiн барынша толық мүмкiндiкке ие болуы тиiс.
Осы идеялардың ықпалы нәтижесiнде прокуратураның азаматтық процеске қатысу концепциясы қалыптасады. 1923 жыл-ғы АIЖК-нi 52-бабына сәйкес прокурор iстi бастауға да, процестiң кез-келген сатысында iске қатысу құқығы берiлдi, егер оның көзқарасы бойынша бұл мемлекеттiң немесе жұмысшы таптың мүддесiн қорғауды талап етсе. 1933 жылғы қаулыға сәйкес сот прокуратураның қадағалауына берiлдi.
Осындай жолымен 30-шы жылдардан бастап прокуратураның азаматтық процеске қатысуы азаматтық iстердi соттарда қараудың заңдылығына қадағалау бойынша мақсаттарды жүзеге асыруына байланысты болды. 80-шы жылдар мен 90-шы жылдардың басында прокуррлық қадағалау қайта қаралуға ұшырады. Басшы сот қызметкерлерi соттардың iс қарауындағы заңдылығына прокуратураның қадағалауына қарсы шықты. Демократиялық құқықтық мемлекеттi құруда билiк органдарын бөлу, тәуелсiз сот билiгiн құру басты орын алады. Бiрақ сот прокуратураның қадағалауында болатын болса, сот тәуелсiз бола алмайды.
1990 жылдардың басында мемлекет пен қоғам өмірінің барлық сфераларының реформалануының нәтижесінде прокурордың сот өндірісіне қадағалау концепциясы сынға ұшырай бастады. Құқықтық мемлекетті құру міндеті және тәуелсіз сот билігі тармағын қалыптастыру қажеттілігі мемлекеттік деңгейде прокуратураның рөлі мен міндетін қайта қарауға негіз болды. Прокуратура тарапынан сотқа бақылау жасау 1994 жылғы ҚР-ғы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасымен түбегейлі тоқтатылды. Құқықтық реформаның бағдарламасы прокуратура қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады деп бекітті:
- істі сотта қарауға қатысу;
- мемлекеттің мүдесін білдіру;
- сот актілерінің заңдылығын қадағалау.
Қр Конституциясының 83 бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан республика аумағындағы заңдардың, ҚР Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық келтіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіріп, заңмен белгіленген тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. Прокуратура өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан тәуелсіз жүзеге асырып, республика Президентіне ғана есеп береді. Республиканың Бас прокуорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды.
1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы барлығын орнына келтiрдi. ҚР Конституция-сының 77-бабына сәйкес заңға бағынатын сот әдiлдiгiн жүзеге асыратын сот тәуелсiз орган ретiнде қарастырылған. Сонымен қатар ІҚазақстан Республикасының прокуратусы туралыІ Жарлық мұны нақтыландыра түседi. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекетiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган. Прокуратураның сотта iс жүргiзуiне қатысуы заңдардың, жарлықтардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына қадағалаудың бiр нысаны ретiнде қарастырылады. Прокуратура кез-келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасау, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру нысанында болады.
Прокуратура туралы Жарлық конституцияның ережелерін нақты айқындап көрсеткен. Жарлықтың 4 бабы прокуратура органдары қызметінің мынадай негізгі бағыттарын бекіткен:
- конституцияның, заң актілерінің, ҚР Президентінің жарлықтарының бұзылуын анықтап, оларды жою бойынша шаралар қолдану;
- жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру;
- сотта мемлекет мүддесін білдіру;
- ҚР Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен актілерге наразылық білдіру;
- қылмыстық қуғындауды жүзеге асыру.
Прокуратура органдарының берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруы заң талаптарын сақтай отырып орындалуы тиіс. Прокурордың әрекеттері мен актілері жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға жатады.
Прокуратура туралы жарлықтың 28 бабына сәйкес прокурорлық қадағалаудың міндеттерін мыналар құрайды:
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
- органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың әрекеттері мен актілерінің заңнамаға сәйкестігін қаматамасыз ету;
- заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтап, оны жоюға шаралар қабылдау және бұызлған құқықты қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Прокуратура соттың өз міндеттерін судъялардың тәуелсіздігі және олардың тек қана заңға бағынуы қағидасын қатаң сақтай отырып жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Прокурор өз құзіреті шегінде азаматтық істер бойынша біріншіден, істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер бойынша және жалпы істің мәні бойынша қорытынды жасайды; екіншіден, — соттың заңсыз және негізсіз актілеріне наразылық келтіреді. Прокурор өз құзіреті шегінде заңды күшіне енген және заңды күшіне енбеген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы. Егер наразылық келтіру оның құзіреттерінің шегінен тыс болса, наразылық келтіру туралы ұсыныспен жоғары тұрған прокурорға жүгіне алады.
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау, сот өндірісіндегі заңдылықты қамтамасыз ету прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуының негізі болып табылады.
Азаматтық сот өндірісінде заңдардың дұрыс әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан Республиканың Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады. Соттың заңдарды дұрыс әрі біркелкі қолдануына жоғары қадағалауды жүзеге асыру дегеніміз бұл : 1-ден, прокурордың сот актілеріне наразылық келтіру мүмкіндігі; 2-ден, сот актілерінің орындалуын тоқтата тұру мүмкіндігі.
Ескере кететін жағдай прокурордың наразылық келтіруі бұл тек қана сот актісінің дұрыс еместігі туралы оның пікірі ретінде қарастырылады, ал сот актісінің заңдылығы мен негізділігін тексеру жоғарғы инстанция соттарының құзіреті болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың ерекшелiгi мынада: ол оны басқа мемлекеттiк қызмет түрлерiмен, әртүрлi кәсiпорындар, мекемелердiң қызметтерiмен тығыз байланыста жүзеге асырылады, бұл жерде қадағалауды жүзеге асыру мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң қызмет етуiне кедергi келтiрмейтiндей етiп құрылуы тиiс. Прокурордың азаматтық процеске қатысуы осы прокурорлық қадағалау арқылы жүзеге асырылады.
Осы прокурорлық қадағалауды В.Д.Лановскийекi түрге бөлiп көрсеткен: жалпы және арнайы, осылардың арасында тиiсiнше жалпы қадағалау, қылмыстық-процесуалдық және азаматтық процесуалдық нысандар болып бөлiнедi.[1] Жалпы қадағалауды прокурорлық қадағалау қызметiнiң басты бағыты және бiр мезгiлде оны жүзеге асырудың негiзгi нысаны ретiнде қарастырған. Әрине мұнымен келiсуге болады, өйткенi көп жағдайда көптеген прокурорлық қалдағалаудың құқықтық нысандары – бұл жалпы қадағалаудың нысандары, ал прокурор құқықбұзушылықтар кездестiрген жердiң барлығында, қылмыстық және азаматтық сот өндiрiстерiнiң өзiнде де қолданылады. Жалпы қадағалаудың материалдары көп жағдайда қылмыстық iс қозғауға, сотқа азаматтық талап қоюға негiз болып табылады, Осы арқылы ол азаматтық және қылмыстық-процесуалдық мәнге ие болады. ІҚР прокуратурасы туралыІ жарлыққа сәйкес прокурордың жалпы қадағалауды жүзеге асыруында нұсқау беру, наразылық келтiру және тағы басқалармен қатар талап қою негiзгi құралы болып табылады. Осы жарлықтың 23 бабына сәйкес пркурр заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, заңды және жеке тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптың өтiнiш жасауға құқылы.
Прокурордың азаматтық iс жүргiзудегi басты мiндеттерi – бұл азаматтық iстердi қарағанда заңдардың қолданылуына және орындаушылық iс жүргiзуге прокурорлық қадағалау – азаматтар ме мемлекеттiң құқықтарының, бостандығының және заңды мүдделерiнiң қорғалуын, әдiлқазылықты жүргiзудiң конституциялық принциптерiнiң мүлтiксiз орындалуын, азаматтық заңдардың негiзгi бастауларын қамтамасыз етуге мiндеттi. Прокурор осы мiндеттерiн орындалуын қамтамасыз етсе, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстем тұруын қамтамасыз ету, азаматтардың құықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырса, азаматтық iс жүргiзуде өз мақсатын орындады деп тануға болады. Прокурор осы өзiне жүктелген мiндеттердi заңда көрсетiлген әдiстер арқылы жүзеге асырады. Яғни, прокурор азаматтық процеске заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру негзiнде пркурор азаматтық процесуалдық нысанды, ол iске қатысушы тұлғаға айналады. Ол басқа iске қатысушылар сияқты құқықтарды иеленедi және мiндеттердi алып жүредi. Прокурордың азаматтық сот өнiдiрiсiне қатысуы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу мақсатына жетудегi маңызды кепiл ретiнде табылады.
Прокурор азаматтық процеске қатысқан кезде қандай процессуалдық жағдайға ие болады деген мәселе туындайды. Бұл жерде мәселе талап қойып iске қатысып отырған прокурордың процесуалдық жағдайы, өйткенi ол көп жағдайда процестегi талапкердiң жағдайына ұқсас және сонымен қатар прокурор бiр мезгiлде заңдылықты қадағалау функциясын жүзеге асырады. Бұл мәселе бойынша әр авторлар әртүрлi пiкiр айтады.
Бiр авторлар Н.Н.Полянский, М.С.Строгович және т.б. талап қоюшы прокурор процесте тараптар жағдайына ие болады деген, ал екiншi авторлар М.С.Шакарян, К.С.Аргунов жоғарыда аталған пiкiрдi нақтылай отырып, талап қоюшы прокурорды бiр мезгiлде заңдылықты қадағалау функциясын атқаратын процесуалдық мағынадағы тарап ретiнде қарастырған. Үшiншi бiреулер М.А.Викут, К.С.Юдельсон прокурор процесте ешқашан тарап бола алмайды және әрқашанда заңдылықты қадағлауды жүзеге асырушы мемлекеттiң өкiлi жағдайында болады деген пiкiр айтқан.
Осы пiкiрлердiң iшiнде М.С.Шакарян, В.Н.Аргуновтың пiкiрлерiмен В.А.Мусин, Н.А.Чечина, Д.М.Чечот iшiнара келiсе отырып Іпроцесуалдық мағынада талапкерІ терминiн сәтсiз қолданғандарын айтады. Олардың пiкiрi бойынша ІталапккерІ терминi (талап ұғымы мен талапқа құқықтан айырмашылығы) материалдық құқыққы белгiсiз дейдi, сондықтан процесуалдық мағынадағы талапкер деп айту бос сөз болып табылады.
Прокурор азаматтық процестiң айрықша қатысушысы ретiнде, оны сипаттау үшiн орыстың процесуалдық ғылымында қалыптасқан ІпавозаступникІ терминiн ұсынады. Правозаступник қоғамның тiлегi үшiн жеке тұлғаның жеке құқықтарын қорғайтын тұлға.
Бұл мәселенi шешуде заңдарды басшылыққа ала отырып, өз талдауымды жүргiзейiн.
ҚР АIЖК-нiң 44-бабына сәйкес прокурор азаматтық iс жүргiзуге қатысушы тұлға ретiнде көрсетiлген. Осы бапқа сәйкес прокурормен қатар iске қатысушы тұлғалардың құрамына тараптар (талапкер және жауапкер) дау нысанасына дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар
АIЖК-нiң 56 және 57-баптарында көзделген негiздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен қарайтын iстер бойынша мәлiмдеушiлер мен мүдделi адамдар енгiзiлген. Бұл қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi АIЖК 47-бабында көрсетiлген. Сондай-ақ олардың процестегi алатын орындарына қарай ерекше құқықтарды иеленедi.
Прокурор да азаматтық iске қатысушы болып табылады және бiр мезгiлде заңдылықты қадағалаушы мемлекеттiк орган ретiнде қатысады. Жоғарыдағы туып отырған пкiр таластың себебi егер прокурр азаматтық iске талап қоя отырып қатысса, талапкердiң жағдайында бола ма деген мәселе. Егер ҚР АIЖК 55-бабының 5-тармағына жүгiнсек, талап қойған прокурор, бiтiмгершiлiк келiсiм жасау құқығынан басқа талап қоюшының барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Бұл жерде заң нормасын сөзбе-сөз түсiнбеу қажет. Әриен, егер прокурор талап қойса, дәлдемелер ұсынса, жарыссөзге қатысса, яғни қойған талабын қолдаса, талап арыздан бас тарта алса, талаптың негiзiн немесе пәнiн өзгерте алса, онда ол талапкердiң процесуалдық жағдайында деуге болады. Сондай-ақ прокурор талап қоюдың процесуалдық тәртiбi шегiнен шыға алмайды.
Қазақ КСР Жоғарғы сотының Пленумының N18 ІАзаматтық iстердi сотта қарауға әзiрлеу тәжiрибесi туралыІ қаулысына сәйкес, егер талап арыз АIЖК 150 бабының талаптарына жауап бермейтiн болса, судья iстi сотта қарауға әзiрлеуге кiрiсуге құқығы жоқ және мұндай талап арыздар АIЖК 249 бабына сәйкес қараусыз қалдырылады, бұл ереже прокурормен басқа тұлғаның мүддесiнде берiлген талап арызына да қатысты.
Бұл өзiнiң процесуалдық жағдайы бойынша талап қоюшы прокурордың жағдайы талапкерге ұқсас болып табылады. Бiрақ талапкер сот арқылы өзiнiң талапқа құқығын танытуға ұмтылады. Н.В.Ченцовтың айтуынша, прокурор мемлекеттiң мүддесiне талап қойса, ол мемлекеттiң өзiне тиесiлi талапқа құқығын иеленбейдi, онда тек талап теру құқығы ғана болады деген. Сәйкесiнше азаматтың немесе ұйымның мүддесiнде талап берген жағдайда талапқа құқықты осы азамат пен ұйым иеленедi де, ол прокурор тек қана талап беру құқығын иеленедi.[2]
Әрине мұнымен келiсу өте қиын, өйткенi мұндай жағдайда прокурор әрқашанда сондай құқықты иеленедi және оның құқық субъектiлiгiнен ешнәрсемен айырмашылығы жоқ. Сонымен бiрге прокурордың әрбiр талап арызы өндiрiске қабылдана бермейдi, сот оған iс қозғаудан бас тарта алады.
Процессуалдық ғылым үшiн материалдық-құқықтық мағынадағы талапқа құқық ұғымы жеткiлiксiз, сондықтан ол процессуалдық мағынадағы талапқа құқықпен толықтырылуы қажет. Процесуалдық мағынада талапқа құқық деп талап беру арқылы сотта қорғау үшiн жүгiну түсiнiледi, яғни сотқа талап беру арқылы сотта iстi заңiға сәйкес шешудi сұрау. Талап қою құқығы бұл конституциямен бекiтiлген сотта қорғану құқығының бiр нысаны. Талапқа құқық талап беру құқығымен өте тығыз байланысты. Кез-келген жағдайда талапқа құқық болмаса, онда прокурормен сотта жасалатын әрекеттерiнiң: талап қою, талабын дәлелдеу және тағы басқа мәнi неде? Сондықтан прокурор өзiне заңменен жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талапқа құқықта, талап беру құқығы да болуы қажет.
Прокурор процесте талап беру кезiнде өзiнiң позициясымен де, құқығы және бостандығы бұзылған тұлғалардың мүддесiмен де байланысты емес. Ол тек заңды басшылыққа ала отырып, өз қызметiн жүзеге асыруы тиiс.
Азаматтық iс жүргiзуде прокурордың құқықтық жағдайына ең алдымен ұйымдастырушылық қағидалар ықпал етедi, атап айтқанда сот әдiлдiгiн тек қана соттың жүзеге асыруы. Бұл прокурорды азаматтық процесте билiктiк құқықтармен бөлу мүмкiндiгiнен айырады. Ол сотқа қандай да бiр нұсқа бере алмайды, оған сол немесе басқа жүрiп тұру ережесiн белгiлей алмайды. Оның барлық талаптары арыз, өтiнiш, өтiнiм нысанында болады.
Сондай-ақ прокурордың азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық мәртебесiнiң қалыптасуына мына қағидалар: диспозитивтiк, сайыскерлiк, тараптардың кең құқықтылығы және т.б. мақсатталған ықпал етедi. Диспозитивтiк процессуалдық және материалдық құқықтарға билiк ету мүмкiндiгi ретiнде анықталады. Диспозитивтiк қағидаға сәйкес iске мүдделi тұлғаларға өзiнiң мүдделерiн сотта қорғауға мүмкiндiк беретiн құқықтар берiледi, ал прокурорға азаматтық процесс шегiнде әр түрлi құқық бұзушылықтармен күресуге, бұзылған мүдделердi қалпына келтiруге, яғни мүдделi тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн құқықтар берiледi. Диспозитивтiк қағидаға сәйкес iске қатысушы тұлғалардың барлығының, прокурорды қоса алғанда құқықтық жағдайы анықталады. Олардың әрқайсысының құқықтық мәртебесiн жекелеу қарсы мүдделердi бар субъектiлердi көрсететiн сайыскерлiк қағидасымен байланысты. Бiр тұлға басқа тұлғамен бұзылған құқығын қорғау туралы талап қойса, басқасы түсiнiк беру үшiн шақырылады және жауапқа тартылу мүмкiндiгi үшiн шақырылады. Бұл субъектiлер – азаматтық процестегi тараптар және тұлғаның өзiнiң немесе бөтен бiреудiң мүддесiн қорғамаудың ешқандай мәнi жоқ. Тұлғаның сотқа жүгiнiп заңды бұзушыға мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сұрау маңызды. Сайыскерлiк қағидасына сәйкес талап қоюшы тұлға белсендi жақ жағдайында болады, ал жауапқа тартылатын жақ — бәсең болып табылады. Азаматтық iс жүргiзудiң берiлген бастамасының негiзiнде прокурордың құқықтық мәртебесi қалыптасады. Iстi қозғай және оны қарауға қатыса отырып, прокурор тарапқа айналады, басқа жағдайда қатыса алмайды, өйткенi сайыскерлiк қағидасы бұзылады. Прокурор талапкер сияқты өзiнiң талаптарын негiздейдi, оны куәландыратын дәлелдемелердi ұсынады және т.б.. Ол белсендi тарап жағдайында тек қана талап өндiрiсiнде ғана емес, сондай-ақ ерекше талап өндiрiсiнде де ерекше өндiрiсте де де болады. Мұндай жағдайға апелляциялық өндiрiстерде де ие болады.
Сайыскерлiк қағидасы негiзiнде тараптармен процессуалдық әрекеттер жасау ретi анықталады. Сот iстi қарау кезiнде ең алдымен белсендi тарап түсiнiк бередi, содан барып – бәсең тарап түсiнiк бередi. Осындай ретпен сот жарыссөзiнде iске қатысады. Олар аяқталғаннан кейiн талап қоюшы жақ өзiнiң қандай да бiр ойын айта алмайды және iс бойынша қорытынды бере алмайды, өйткенi бұл жауапкердiң қорғауға құқығын бұзады және азаматтық процестiң сайыскерлiк сипатына қайшы келедi.
Тараптардың тең құқықтық қағидасы бойынша тараптар құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша бiрдей мүмкiндiктердi иеленедi. Егер прокурормен талап қойылса, жауапкер өзiнiң мүддесiн қорғаса, прокуро нашарлау жағдайда қалдырылмау керек. Осы жерде мынадай сұрақ туындауы мүмкiн: тараптардың тең құқықтық қағидасы тұрғысынан алғанда прокурорларға iс жүргiзудiң басқа жақтарынан гөрi үлкен iс жүргiзу құқығы берiлуi заңды болып табыла ма? – деген сұрақ туындауы мүмкiн. Бұған жауап ретiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын Кеңесiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы 3 қаулысына сәйкес ІҚазақстан Республикасы КонституциясыныңІ 14 бабы 1 тармағында баяндалған норманы адамның және азаматтың заң мен сот алдындағы теңдiгiнiң жалпы қағидасы деп түсiну керек. Сот алдындағы теңдiк тұрғысындағы бұл қағида тараптардың сот процесiндегi құқық бiрдейлiгiн бiлдiрмейдi. Конституцияның аталған нормасы ІАдам және азаматІ бөлiгiнде, сондықтан барлығы деген ұғым адам мен азаматты қамтиды және әркiмнiң Қазақстан Республикасы аумағында заңмен сот алдындағы теңдiгiн бiлдiредi.
Процеске тараптар болып тек азаматтар ғана емес, өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн орындай отырып, Тараптардың немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қамтамасыз ететiн лауазымды тұлғалар да қатыса алады. Мұндай лауазымды тұлғалардың бiрi сотта мемлекет мүддесiн бiлдiретiн прокурор болып табылады. Прокурор тараптардың бiреуi және соттағы мемлекет мүддесiн бiлдiрушi өкiлi ретiнде Конституция негiзде қабылданған iс жүргiзу заңы бойынша iс жүргiзу құқығын иеленедi.
Конституцияның 14 бабы 1 тармағында ккөрсетiлген норма iс жүргiзу заңында бекiтiлген прокурордың iс жүргiзу өкiлеттiлiгi аумағын айқындамайды. Конституцияның 83 бабы 1 тармағы прокурорға сотта мемлекет мүддесiн бiлдiру мiндетiн жүктейдi, бұл оның iс жүргiзу өкiлеттiлiгi аясын кеңейтедi.
Мен бұл жауаппен келiспеймiн, өйткенi қандай да болмасын қағида кез-келген заңның, құқықтық актiнiң негiзгi бастамасы. Осыған сәйкес заң, құқықтық актi қалыптасады. Осы қағидалардың негiзiнде кез келген құқықтық қатынас субъектiсi өзiнiң құқығын жүзеге асырады. Қағиданы бұза отырып жасалған әрекет заңсыз болып табылады. Бұл қағиды тек қана адам ман азаматты қамтып қоймай басқа да мемлекеттiк органдарды қамтуы қажет, сонымен бiрге бұл қағида прокурордың өкiлеттiлiгi аумағын анықтамайды деген, кез-келген қағиданы басшылыққа ала отырып, мейлi ол мемлекеттiк орган болсын, мейлi ол прокурор болсын, олар мiндеттi түрде өз құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруы тиiс. Осы қағидалар негiзiнде прокурордың өкiлеттiлiктерi қалыптасады.
Прокурор iске қатыса отырып, iске қатысушы басқа тұлғалардан тәуелсiз қатысады, өйткенi онда тiкелей сот қорғауымен қамтамасыз етiлетiн оның құдiретiне туындайтын процеске деген өзiнiң мүддесi бар.[3]
Өзiнiң мазмұны бойынша прокурордың мүддесi – мемлекеттiк, бiрақ бәрiн тегiс қамтитын сипаты жоқ, ол бiр ғана мемлекеттiк функция — заңдылықты қадағалауды жүзеге асыруға шоғырландырыл-ған. Өзiнiң функционалдық мақсаты бойынша прокурордың мүддесiнiң мемлекеттiк функцияны жүзеге асырушы басқа органдардың мүдделерiнен айырмашылығы бар. Сондықтан әрбiр мемлекеттiк органның өзiне тән функционалдық мүдделерiн ажырата бiлген жөн. Прокурордың мүдделiлiгi мынада: соттардың азаматтық және қылмыстық iстердi қарауда заңдылықтың сақталуын қадағалау. Ол сот органдарының қызметiнде заңдылық қатаң сақталуына, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерiн, процессуалдық нормаларды бұзылуына мүдделi. Прокурор өзiнiң құзiретiнiң күшiне қарай кез-келген азаматтық iсiн қарауға мүдделi. Осы жерде оның мүддесiнiң басқа мемлекеттiк органдардың мүддесiнен айырмашылығын көруге болады. Бұл органдардың мүдделерi өзiнiң негiзi бойынша мемлекеттiк, бiрақ оның функционалдық мазмұны прокурордың мүддесiнiң мазмұнынан айырмашылығы бар, өйткенi ол қана олардың қызметiнiң аясын ғана қамтиды.
Азаматтық процестегi прокурордың мүддесi дербес болып табылады, осыған байланысты оған азаматтық процестiң қозғалысына ықпал ету мүмкiндiгiн беретiн процессуалдық құқықтар берiлген және iске қатысушы тұлға болып табылады. Бiрақ прокурордың процестегi дербестiгi оның мүддесiн бұзылған немесе заңменен қорғалатын мүдденiң субъектiлерiнiң мүддесiне қарсы қоюға болмайды. Ол тек субъектiсiнiң мүддесiн қорғауға ғана мүдделi, Осыдан туындайтын процессуалдық әрекеттерi бұзылған құқық немесе заңменен қорғалатын мүдде субъектiлерiне көмек көрсету мақсатында жасалады.[4]
Прокурордың азаматтық iс жүргiзуге қатысқан кездегi құқықтары мен мiндеттерiн үш түрге бөлуге болады:
Бiрiншiсi – iске қатысушы тұлғалардың барлығы үшiн жалпы құқықтар мен мiндеттер, бұлай алу себебiмiз нақты азаматтық iстi сотпенен шешу бойынша, прокурор iсте осындай тұлғалардың жағдайында болады. Атап айтқанда, ол материалдармен танысуға, дәлдемелер ұсынуға, сотқа жазбаша немесе ауызша түсiнiктемелер беруге, iске қатысушы басқа тұлғаларға сұрақ қоюға, сот процесi кезiнде туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдемелерiн мәлiмдеуге құқылы.
Екiншiсi – сотта азаматтық iс қозғауды бастаушы тұлға тiистi құқықтар мен мiндеттер, атап айтқанда, азаматтық iс қозғау туралы сотқа талар арыз беруге және сот талқылау кезiнде өзiнiң талабын қолдауға құқылы. Ол талаптың негiдемесiн немесе нысанын өзгертуге, талар қоюдан бас тартуға, талар қою талабының мөлшерiн ұлғайтуға не азайтуға құқылы.
Үшiншiсi – ерекше прокурорлық құқықтар мен мiндеттер. Қадағалау функциясын жүзеге асыруына байланысты сот iстi қараған кезде туындайтын сұрақтардың брлық сатысында iстiң негiзi бойынша қорытынды беруге, заңды күшiне енбеген соттың шешiмi мен ұйғарымына апелляциялық және жеке наразылық беруге, қадағалау тәртiбiнде заңды күшiне енген со актiлерiне наразылық келтiруге, сондай-ақ оларды тоқтатуға құқылы. Прокурордың процессуалдық құқықтары мен мiндеттерiнiң көлемi өндiрiс түрiне және процесс сатысына байланысты болады.
Сондай-ақ прокурор iс қозғаған кезде жалпы тәртiпте талап арыз бередi. Прокурор басқа да iске қатысушылармен қатар заңменен бекiтiлген сотқа жүгiну тәртiбiн сақтауы тиiс. Прокурор Қазақстан Республикасының ІМемлекеттiк баж туралыІ Заңының 9 бабына сәйкес Ісоттарда мемелекеттiк баж төлеуден барлық талаптар бойынша босатыладыІ және сот шығындарын алып жүруден мүлдем босатылады.
Прокурор басқа бiреудiң мүддесiне сол мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша iс қозғалса, сот сол мүдделi адамға пайда болған процесс туралы хабарлайды және ол мұдделi тұлға сотқа талап қоюшы ретiнде қатысады (АIЖК 48-бап), ол мүдделi тұға прокурордың қойып отырған талабын қолдамай жаңа талап қоюға құқылы.
Прокурормен қозғалған iстер бойынша шығарылған соттың шешiмiн материалды-құқықтық салдары прокурорға тарамайды, одан ешнәрсе өндiрiп алуға болмайды, өйткенi жоғарыда айтқанымыздай, прокурор материалды-құқықтық қатынастың субъектiсi болып табылмайды.
Сонымен бiрге прокурор азаматық iске тек процессуалдық талапкер ретiнде ғана қатысып қоймайды, сондай-ақ процессуалдық тұрғыдан дау нысанасына дербес талап мәлiмдейтiн тұлға ретiнде, сонымен бiрге процессуалдық жауапкер ретiнде, егер оған қарсы талап қойса қатысады. Бұл жерде қарсы талап бiр жағынан алғанда прокурорға қойылмауы тиiс, өйткенi материалды-құқықтық қатынастың субъектiсi емес, ал басқа жағынан алсақ басқа бiр тұлғаның өтiнiшi бойынша оның мүддесiн сотта қорғайды, бiрақ кез-келген жағдайда қарсы талап прокурорға емес мүдделi тұлға- талапкерге қойылуы тиiс.
Прокурор азаматтық iс бойынша бiтiмгершiлiк келiсiм жасауға құқылы емес, өйткенi бiтiмгершiлiк келiсiмге келу iстегi нақты тараптың ерiк бiлдiру негiзiнде жүретiн әрекет.
Сонымен жоғарыдан көрiп отырғанымыздай прокурордың процесуалдық жағдайы тараптардың немесе үшiншi жақтардың жағдайына теңестiрiлмейдi және де прокурор азаматтық процестiң айрықша қатысушысы болып табылады, оны сипатау үшiн Іпроцессуалдық мағынадағы талапкерІ деген терминдi қолдану оған сәйкес келмейдi. Мен жоғарыдағы бiрқатар авторлардың пiкiрлерiмен келiсемiн.
Талапкер және жауапкер ұғымдарын бөлiп алу үшiн процессуалдық ғылымда материалды-құқықтық критерий қолданылуда: олардың материалды-құқықтық қатынасқа қатынасулары соттың қарауының пәнi болып табылады.Осыған байланысты прокурор материалды-құқықтық қатынастың қатысушысы болмағандықтан, оның процессуалдық құқықтары мен мiндеттерi iс бойынша тараптардiкiнен ұқсас болғанының өзiнде де ол iс бойынша талапкер немесе жауапкер бола алмайды.
Азаматтық iс жүргiзуге қатысушы прокурорға сипаттау үшiн ешқандай да терминдi қолданудың қажетi жоқ, прокурор әрқашанда қадағалау функциясын жүзеге асыратын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары қорғауды жүзеге асыратын мемелекеттiк сотта мүддесiн бiлдiретiн мемлекеттiк орган болып қала беру қажет.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, проурордың iске қатысушы тұлғалардан айырмашылығын айтуға болады. Бұл айырмашылықтар келесiде: өз мүдделерiн немесе талап қойылған мүдделердi көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады (АIЖК 48 б. 1 т.), ал прокурор басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамның мүдделерiн қорғау туралы сотқа жүгiне алады, сондай-ақ азаматтық iс жүргiзуде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiретiн тұлға. Осыған байланысты прокурорға ерекше құқықтар берiлген: кез-келген iс материалдармен танысу және iске қатысуына қарамастан, iс бойынша наразылығын келтiруге құқылы, сот актiлерiнiң күшiн тоқтата тұруға құқылы, iс бойынша туындайтын барлық сұрақтар бойынша қорытынды беруге құқылы, кез-келген азаматтық iстi қарауға өз бастамасымен немесе соттың бастамасымен қатысуға құқылы. Сонымен қатар мемлекеттiң мүддесiн сотта бiлдiруге құқылы. Прокурорға шешiмнiң материалды-құқықтық салдары таралмайды, одан ешнәрсе өндiрiп алуға болмайды. Сот жарыссөзiнде әрқашанда соңғы болып сөз сөйлейдi. Азаматтық iске қатысқан кезде мемлекеттiк баж төлемейдi және де сот шығындарын алып жүруден босатылған, берiп отырған талабы бойынша бiтiмгершiлiк келiсiм жасауға құқығы жоқ.
Жоғарыда аталған мiндеттер мен құқықтарды прокурор азаматтық iс жүргiзуде қалай қолданылатындығын келесi тарауларда қарастырамыз.
ҚР АIЖК-нiң 55 бабының 2 тармағына сәйкес, прокурордың азаматтық сот iсiн жүргiзуге қатысуы мұның өзi заңмен көзделген немесе осы iске прокурордың қатысу қажеттiлiгiн сот таныған жағдайларда мiдеттi. Осыған байланысты прокурордың азаматтық iске қатысуын iстi сотқа дайындау кезiнде судья шешедi.
Осы жерде судья прокурордың iске қатысу керектiгiн анықтаған кезде келесi жайттарды ескере отырып шешедi:
Азаматтар мен ұйымдардың мәндi құқықтарын қозғайтын дауларды қарау кезiнде прокурордың қатысуын тиiмдi деп тапса.
Мемлекеттiң, халықтың әлеуметтiк қорғалатын тобының, оның iшiнде кәмелетке толмағандардың материалдық мүдделерiн қорғауға байланысты iстер бойынша, азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрушi мемлекеттiк басқарушы органдары мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiне шағымданған iстер бойынша прокурорды қатыстыру қажет.[5]
Жоғарыда аталғандардан шығатыны кез-келген жеке және заңды тұлғаның мәндi құқықтарын қозғайтын iс болса, процесте кәмелетке толмағандардың мүдделерiн қорғауға байланысты iстер қаралса, мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде азаматтың құқықтарына нұқсан келтiрiлуi туралы iстер қаралса, үлкен қоғамдық мәнi бар iстер қаралса, күрделi iстер қаралса, судья прокурорды iстi қарауға қатыстыруға тиiс.
Прокурордың ерекше өндiрiстегi кейбiр санаттағы iстердi сот қараған кезде қатысуы мiндеттi болып табылады. Атап айтқанда, азаматтық хабар-ошарсыз кеттi деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау iстерi бойынша. Сонымен бiрге ерекше талап қоюмен iс жүргiзу өндiрiсiндегi кейбiр iстер: азаматтардың нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай даулары туралы прокурордың жүгiнуi; сайлау iс жүргiзу өндiрiсiндегi кейбiр iстер: азаматтардың нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай даулары туралы прокурордың жүгiнуi; сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын туралы iстер бойынша прокурор қатысуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы ІНеке және отбасы туралыІ заңның 68 бабына сәйкес ата-ана құқығынан айыру тәртiбi кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында ІҚазақстан Республикасының прокуратурасы туралыІ Жарлықтың 1 бабында прокуратураға Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасау құқығы берiлген. Прокурор осы құқығын жүзеге асыру барысында нормативтiк құқытық актiнi заңсыз деп тану туралы сотқа арыз бере алады.
ҚР АIЖК-нiң 282 бабында прокурордың нормативтiк құқықтық актiнi заңсыз деп тану туралы сотқа арыз бере отырып жүгiнуi негiзделiп көрсетiлген. Осыған сәйкес заңсыз актiнi шығарған орган немесе лауамзымды адам, не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам заңға сәйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiге прокурордың наразылығын қабылдамаған жағдайда ғана прокурор наразылық келтiрiлген актiнi заңсыз деп тану туралы сотқа арыз бере отырып жүгiне алады. Бұл прокурордың сотқа жүгiнуiне негiз болып заңсыз актiнi шығарған лауазымды тұлғаның немесе органның осы себепке байланысты берiлген прокурордың наразылығын қабылдамауға болып табылады, яғи прокурор сотқа жүгiнер алдында заңсыз актiнi шығарған лауазымды тұлғаға немесе органға гығарған атiсiмен заңға сәйкес еместiгi турлы наразылық беру тиiс, егер олар прокурордың наразылығын қабылдамаса ғана прокурор сотқа жүгiнедi.
Осы жерде құқықтық актi болып атап айтқандай, лауазымды тұғалармен және органдармен қабылданған нормативтiк немесе жеке актiлер табылады.
Егер жеке құқықтық актi нақты тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн бұзса, iстi қозғаушы прокурор сот алдында жәбiр шегушi тұлғаны талапкер ретiнде қатыстыру туралы, ал құқық бұзушыны жауапкер ретiнде қатыстыруы туралы мәселе қойылуы тиiс. Бұл жағдайда iс талап тәртiбiнде қатыстырылуы тиiс.
Прокурордың сотқа жүгiнуi наразылық келтiрiлген актiнiң күшiн сот қарағанға дейiн тоқтата тұрады (286-бап, 2-тармақ).
Сот прокурордың арызын он күн мерзiмде қарайды.
Iстi қарауға сот мәжiлiсiне прокурор және наразылықты қбылдауы туралы шешiм шығарған орган, лауазымды адам немесе оның өкiлi шақырылады.
Бұл iстерге прокурордың қатысуы мiндеттi.
Осы iстердi қараудың елеулi процессуалдық ерекшелiгi, жалпы ереже бойынша iстiң нақты мән-жайларын анықтау, осы мақсаттарда сот дәлелдемелерiн жинау және зерттеу талап етiлмейдi. Соттың мақсаты құқықтық актiнi заңға сәйкестiгiн тексеру. Сондықтан iстiң мәнi бойынша қарау ең бастысы прокурордың ой-пiкiрiн тыңдау, сондай-тиiстi актiнiң заңға сәйкестiгi туралы лауазымды тұлғаның оның өкiлiнiң түсiнiгiн тыңдаумен шектеледi.
Сондай-ақ прокурор азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану iстерi бойынша қатысуы мiндеттi. Бұл ҚР Азаматтық кодексiнiң, жалпы бөлiмiнiң 28-бабында былай деп көрсетiлген. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп таниды. Бұл iстiң маңыздылығын мына фактiлер куәландырады: жыл сайын елде он мыңдаған адам iс-түссiз кетуде, олардың тағдыры белгiсiз болып қалуда. Азаматты хабар-ошарсыз еттi деп соттың тануы, елеулi құқықтық салдар туғызады: қысқартылған тәртiпте АХАТ органдарында некенi бұзу мүмкiндiгi, қорғаушы белгiлену мүмкiндiгi, асыраушысын жоғалту оқиғасы бойынша зейнетақыға құқық және т.б.
Азаматты қайтыс болды деп жариялау үшiн негiздер ҚР АК-нiң 31 бабында былай делiнген, егер азаматтың тыңғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларға алты ай бойы хабар-ошарсыз жғалып кетсе, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлдi деп жариялайды. Азаматты қайтыс болды деп жариялау физикалық бөлiмдегi сияқты құқықтық салдар туғызады: неке тоқтату, мұраны алу, оның асыырауындағы тұлғалардың зейнетақыға құқығы және т.б. Сондықтан судя iстi дайындау тәртiбiнде прокурорға хабарлауы тиiс және iстi оның мiндеттi түрде қатысуымен қарастырылуы тиiс.
Сондай-ақ ҚР Неке және отбасы туралы заңның 68 бабында көрсетiлгендей, ата-ана құқығынан айыру iстерi соттәртiбiмен жүргiзiледi. Ата-ана құқығынан айыру туралы iстер олардың бiреуiнiң, кәмiлетке толмаған балаларының құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе үұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмiлетке толмсағандардың iстерi жөнiндегi комиссияның жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнлаған мекемелердiң және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы iстi прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органдарының мiндеттi қатысуымен қаралады. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы iстi қарау кезiнде олардың iс-әрекетiнен қылмыстық жазаланатын әрекеттi байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткiзуi мiндеттi. Сонымен қатар осы заңның 70-бабына сәйкес ата-ана құқықтарын қалпына келтiру iстерi қорғаншы және қамқоршы органдардың және прокурордың мiндеттi қатысуымен қарастырылады.
Ал азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекет қабiлетсiз деп тану iстерi бойынша (АІЖК 32 тарау) бұрынғы ҚазССР АIЖК 258 бабына сәйкес прокурордың қатысуы мiндеттi болса, қазiргi кодексте ол көрсетiлмеген. Сондықтан оның көрсетiлуi, көрсетiлмеуiне қарамастан прокурор судья прокурорды мiндеттi түрде iстi қатыстыруы керек.
Жоғарыда көрсетiлген iстерден басқа прокурор тағы басқа iстерге заңда көрсетiлуiне сәйкес немесе соттың шақыруы бойынша қатысуы мiндеттi.
Заңдылықтарды қадағалау барысында қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң мүдделерiн қорғау қажеттiлiгi туса, прокурор азаматтық процеске қатысуға құқылы. ІАзаматтық iстердi қарағанда заңдардың қолданылуына және орындаушылық iс жүгiзуге прокурордың қадағалау жасау туралыІ Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 26 сәуiр 1996 жылғы №13 бұйрығына сәйкес, iстердi қарағанда қатысу, сот шешiмдерiнiң заңдылығын апеляциялық мерзiмде және қадағалау тәртiбiнде тексеру, орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау – азаматтық сот iсiн жүргiзуде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуына прокурорлық қадағалау жасаудың негiзгi нысаны деп танылсын.[5] Бұл жерде мәселе жалпы қадағалау жүргiзу кезiнде прокурордың қадағалау жасауының жалпы нысандары көрсетiлген. Бiзге керегi нақты азаматтық iстi қарау кезiнде прокурор iске қандай нысанда қатыса алады деген мәселе.
Егер шетел мемлекеттерiнiң азаматтық процесiнiң қысқаша экскурсия жасасақ, қазiргi француз азаматтық процесi үкiметтiң көз қарасын бiлдiрушi әкiмшiлiк билiктiң өкiлi ретiнде прокурордың iске қатысуының екi нысаны қарастырылған: прокурор азаматтық iсте ең басты тарап ретiнде немесе жалғаушы тарап ретiнде қатысады. Жалғаушы тарап ретiнде прокурор тек қорытынды бередi. Ал сот жарыссөзi тек талапкер мен жауапкер арасында өтедi. Ол iске қатысады, бiрақ белсендiлiк танытпайды. Басты тарпа ретiнде қатысушы прокурор тарап талап беру, дәлелдеме ұсыну құқықтарын иеленедi және процесте тарап ретiнде қарастырылады. Осы басты тарап ретiнде iске қатысушы ретiнде прокурор процеске азғана шеңбердегi көпшiлiк мүддесiн қозғайтын iстерменен ғана қатыса алады. Талап қою, дәлелдемелер ұсыну құқығын иеленушi тарап ретiнде прокурор некенiң жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы неке iстерi бойынша, қамқордағы тұғалардың iстерi бойынша хал жағдайы құқығына қатысты iстер бойынша қатысады. Бұл жерде прокурор некенi қорғаушы болып табылады.
Прокурордың азаматтық процеске қатысуының екi түрi де Албания және Шығыс Еуропа елдерiнiң заңдарына белгiлi. АҚШ прокуратурасы – атторнейлiк қызметi АҚШ-тың азаматтық процесiнде аса елеулi орын алмайды және нормативтiк актiлермен ұсынылған мүмкiндiктердi әрқашан пайдалана бермейдi. Атторней қарапайым процестерге тараптарға қолдау көрсету үшiн ғана сирек қатысады. Мемлекеттiң мүддесiн қозғайтын iстер бойынша аудандық атторнейлер талап қоя алады немесе үкiмет атынан жауапкер ретiнде қатыса алды.[6]
Ресей Федерациясының азаматтық процесiнде прокурордың азаматтық iске қатысуының екi формасы қарастырылған.[7] М.К.Треушнеков прокурордың азаматтық процесiне қатысуының екi түрлi ұсынған мiндеттi және факультативтi. Мiндеттi қатысу, егер заңменен көрсетiлсе, екiншiден сотпенен танылса. Факультативтi қатысуы прокурордың өзiнiң басиамасы бойынша жүредi.[8]
Бiздiң пiкiрiмiзше, АIЖК 55 бабын басшылыққа ала отырып прокурордың азаматтық iс жүргiзуге қатысуы нысанын келесiдегiдей түрде алдық:
Прокурордың iске қатысу сәтi бойынша:
- іске iс бойынша өндiрiстi қозғау үшiн;
- басқа тұлғалардың бастамасы бойынша басталған процеске қатысу;
Прокурордың еркiне байланысты:
- прокурор азаматтық сотiсiн жүргiзуге заңды тiкелей көзделген немесе осы iске прокурордың қатысу қажетiлiгiн сот таныған жағдайларда қатысуға мiндеттi,
- прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында iс бойынша қорытынды беру үшiн және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн өз бастамасы бойынша қатысуға құқылы.
Әрине бұлай жiктегенiм шартты болып табылады, өйткенi прокурор өз бастамасымен де, заңда көрсетiлген реттерде де, сотың бастамасымен де iске талап қоя отырып қзғау арқылы немесе басқа тұлғаның талабы бойынша басталған iске қатыса алады.Сондықтан, прокурордың I сатыдағы сотқа қатысуының екi нысанын қарастырамыз: прокурор кез-келген азаматтық iстi азаматтық сот өндiрiсiнiң кез-келген түрiнде (талап өндiрiсi, ерекше талап өндiрiсi, ерекше өндiрiс) қозғай алады немесе мүдделi тұлғалармен басталып болғанкез-келген процестiң, оның кез-келген сатысына қатыса алады.
Прокурор азаматтық iс жүргiзудiң II сатысына, соттың I инстнциясында шығарған шешiмiне апелляциялық наразылық келтiру арқылы және осы соттың шешiмi бойынша қорытынды беру арқылы қатысады. Сонымен қатар прокурор азаматтық iс жүргiзудiң қадағалау сатысымен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi қайта қарау сатысына да қатысады. Бұлар бiрыңғай қадағалау функциясын атқарады. Олар прокурор мен заңда көрсетiлген процессуалдық құралдардың көмегiмен қолданылады. Прокурор олардың қайсысысын таңдау керек екенiн, әрбiр нақты жағдайда өзi шешедi.
1.2 Талап арыз беру арқылы азаматтық iстi қозғау.
Iс бойынша қорытынды беру.
Прокурордың азаматтық iс жүргiзуге қатысуының бiр нысаны – талап арыз бере отырып, iс қозғау болып табылады.
ҚР АIЖК-нiң 55-бабының 3-тармағына сәйкес, прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, ұйымдардың құқықтарымен заңды мүдделерiн, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердiң қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтiнiш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерiн қорғау туралы: егер адам дәлелдi себептермен өзi сотқа жүгiне алмаса, тек мүдделi адамның өтiнiшiмен ғана прокурор талап қоя алады.
Бұл жерден көрiп отырғанымыздай, прокурор екi шарт болған жағдайда ғана талап қою жолымен iс қозғай алады. Бiрiншi шарт мүдделi тұлғаның өтiнiшi болуы қажет, екiншi шарт азамат әрекет қабiлетсiз болып табылса. Осыларға жеке-жеке талдау жасайық.
Бiрiншi жағдайда, егер мүдделi тұлға дәлелдi себептермен өзi сотқа жүгiне алмаса және бұл туралы мүдделi тұлға прокурорға өтiнiш бiлдiрсе ғана, прокурор азаматтың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерiн қорғау туралы талапты бере алады. Бұл жерде дәлелдi себептер ретiнде мүдделi тұлғаның жасы, денсаулық жағдайының нашар болуы (ауыр науқаспен ауыратын болса, мүгедек болса және т.б.), материалдық жағдайының нашар болуы, тағы басқа себептер болып табылады. Осы жағдайда мүдделi тұлға прокурорға сотта iс қозғау туралы өзiнiң еркiн бiлдiруi қажет (өтiнiш түрiнде). Ал егер прокурор мүдделi тұлғаның еркiнен тыс өздiгiмен талап арыз беретiн болса, мүдделi тұлға бұл прокурормен берiлген талапты қалдырмайтын болса, сот талап арызды қараусыз қалдырады. Сот және прокурор мүдделi тұлғаның өзiнiң еркiн ерiктi түрде бiлдiргендiгiне, оның өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiнетiндiгiне көз жеткiзулерi тиiс. Мұндай жағдайда мүдделi тұлғаның мүддесiне қайшы шешiм қабылдау диспозитивтiк қағидаға қайшы болар едi, ол қағида бойынша Іешкiмде өзiнiң еркiне қарсы талап қоюға мәжбүрлене алмайдыІ — nemo invitus agire coqitus. Сонымен, прокурор мұндай iстердi қозғай отырып, бұған мүдделi тұлғаның келiсiмiн алу қажет.
Екiншi жағдайда, прокуро азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғау туралы талапты, мүдделi тұлғаның келiсiмiнсiз-ақ бере алады. Бұл жерде мүдделi тұлғаның әрекет қабiлеттiлiгi жоқ болуы қажет. ҚР АIЖК 46 бабына сәйкес, сотта құқықтарын өз iс-әрекеттерiмен жүзеге асыру және мiндеттерiн орындау, iс жүргiзудi өкiлге тапсыру қабiлеттiлiгi (азаматтық iс жүргiзу әрекет қабiлеттiлiгi) 18 жасқа толған азаматтарды және ұйымдарда толық көлемде болады.
Азаматта әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп сотпен танылуы мүмкiн. ҚР АК-нiң 26 бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн. Бұл жерде көрiп отырғанымыздай сот өзiнiң шешiмiн келесi екi белгiге сүйене отырып шығарады:
медициналық-психикалық аурудың немесе ақыл-есiнiң кемдiгiнiң болуы;
Психикалық-азаматтың өзiнiң әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмауы немесе оларды басқа алмауы.
Сонымен қатар, ҚР АIЖК-нiң 46 бабында көрсетiлген жасы 18 толмаған азаматтар әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп санайды, бiрақ кейбiр заңда қрастырылған жағдайларда азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтiк, әкiмшiлiк және басқа құқықтық қатынатардан және кәсiпкерлiк қызметтен алынған табысы немесе жалақысына билiк етуiмен байланысты мәселелерде туындайтын iстер ьойынша 14 жасатан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға сотта өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi қорғау құқығы берiлген. Осы жерде туындайтын мәселе: егер прокурор iшiнара әрекет қабiлеттiлiгi бар мүдделi тұлғаның келiсiмiнсiз талап арыз берiп iстiң түрiне қарай бұл мәселенi сот шешуi қажет. Сондай-ақ АIЖК-де әрекет қабiлеттiлiгi шектелген тұлғаға қатысты прокурор талап арыз берген жағдайда, оның келiсiмi қажет пе, жоқ па көрсетiлмеген, бiрақ АIЖК-нiң 46 бабының 2-тармағына сүйенсек, бұл мәселенi шешуге болады, яғни ондай тұлғалардың атынан прокурор талап арызды сотқа берсе, ол мүдделi тұлғалардың келiсiмiнiң қажеттiгi жоқ екенi көрiнедi. Қорыта айтқанда, әрекет қабiлеттiлiг жоқ, әрекет қабiлеттiлiгi шектелген мүдделi тұлғалар атынан прокурор талап арыз берсе, ол мүдделi тұлғалардың келiсiмi қажет емес, ал ерекше жағдайларда кәмелетке толмағандардың атынан прокурор талап арыз берсе, ол мүдделi тұлғалардың бұған келiсiмi болмаса, мұндай мәселелердi сот шешуi тиiс.
Прокурор талап қою арқылы iс қозғаған кезде заңмен бекiтiлген сотқа жүгiну тәртiбiн сақтау қажет. Бiрақ бұл жерде кейбiр ерекшелiктер бар: талап қойған кезде прокурор iс бойынша мемлекетiк баж төлемейдi және ешқандай соттың шығындарын алып жүрмейдi. Прокурор талап арыздың барлық талаптарын сақтап (АIЖК-нiң 150 б. 1 т.) берiлуi қажет, сонымен бiрге осы баптың 4 тармағында көрсетiлгендей, прокурор мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдденiң неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негiздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де ормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме жасауы тиiс. Прокурор азаматтардың мүдделерi үшiн өтiнiш жасаған жағдайда талап арыздар азаматтың өзiнiң талап қоюы мүмкiн еместiгiнiң себептерiн негiзге алуы керек; Арызға, әрекетке қабiлетсiз адамның мүдделерi үшiн арыз беретiн жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюының жүгiнуiне келiсiмiн бастайтын құжат қоса тiркелуге тиiс.
Басқа тұлғалардың мүддесiнде iс қозғау үшiн прокурордн арнайы құқықтар талап етiледi. Көрiп отырғанымыздай, адамның және азаматтың құқытары мен бостандығының сақталуына қадағалау жүргiзу тәртiбiнде басқа тұлғалардың мүдделерiн қорғауды талап қою прокурордың лауазымды мiндетi. Прокурордың талап арызы бойынша қозғалған iске қай тұлғаның мүддесiнде қозғалды, сол тұлға оның мүддесiнде басталған iс туралы және онда талапкер ретiнде қатысу керектiгi туралы хабар берiлуi тиiс. Егер мүдделi тұлға iске қатысса, онда прокурордың талап арызы бойынша шығарылған шешiм ол үшiн мiндеттi болып табылады.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, прокурор тлап қойған кезде өзiнiң көз қарасында бостандық пен құқы.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, прокурор тлап қойған кезде өзiнiң көз қарасында бостандық пен құқығы бұзылған мүдделi тұлғаның көз қарастарымен де байланысты емес. Тек заңды басшылыққа ала отырып, өзiнiң берiлген талап арызды заңсыз және негiзсiз деген қорытындыға келе отырып прокурор тек қана құқылы емес, сондай-ақ заңды сақтаушы ретiнде талаптан толығымен немесе оның негiзсiз бөлiгiнен бас тартуға мiндеттi. Бiрақ мұндай бас тартуы мүдделi тұлғаның iстi мәнi бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды (АIЖК-нiң 55 б. 5 т.).
Талап қойған прокурорға заңмен дәлелдеу және нақтылау жүктеледi (АIЖК-нiң 65 бабы), сондай-ақ тараптардың сайсушылық және теңдiк қағидалары негiздеуге прокурор өз бастамасымен қозғаған iстердiң сотта қарауына қатыса отырып, талапқа дәлел блатыны материалдар ұсыуға, екii тарап ұсыған дәлелдемелердi зерттеуге белсендi қатысуға мiндеттi (ҚР Бас прокурорының ғ13 бұйрығы 3-бөлiм). Сондықтан жалпы қадағалау тiртiбiнде талап бере алдында прокурор қажеттi дәлелдемелiк материалдар жинауға, iстiң фактiлерiн талдап алуға, осы арқылы дәлелдемелердi анықтауға, оған өзiнiң құқықтық бағасын беруге тиiс. Прокурор өзiнiң талаптарын дәлелдеуге және жауапкердiң дәлелдемелерiне қарсылық бiлдiруге құқылы. Прокурор iстi қозғай отырып, iс бойынша өзiнiң түсiнiктемелерiн бередi және талқылауға соңғы болып қатысады. Тараптар талап қойған прокурорға сұрақ қоюға құқылы. Талап қойып отырған прокурорға қарсы талап қоюға болмайды, өйткенi ол дауласып отырған материалды-құқықтың субъектiсi болып табылмайды, қарсы талап iс бойынша талапкерге қойылады. Прокурор талап құқытың немесе iс жүзiнде негiзсiз болса, одан бас тарта алады, бiрақ ол iстi бiтiмгершiлiк келiсiмiн аяқтауға құқылы емес (АIЖК-нiң 55- бабы). Iс кiммен қозғалғанына қарамастан қойылып отырған талаптардың заңдылығы туралы қорытынды беруге құқылы (АIЖК-нiң 213-бабы). Iс қозғаған прокурорға сот шешiмiнiң заңды күшi тарамайды.
Қарастырылып жатқан iсте материалдық мағынада прокурор мен талапкердiң iс жүзiнде қатысуы жоғарыда айтқандай мiндеттi болып табылады, өйткенi қарсы жағдайда нақты азаматтың iстi қарау барысында заңдылықты қадағалау функциясын тиiстi түрде жүзеге асыра алмайды. Сот прокуродың қатысуынсыз iстi қарай алмайды, егер прокурор талаптан бас тартпаса.
Материалдық мағынада тлапкердiң iс бойынша дәлелдеме болып табылады. Талапкер оның пайдасына шешiм шығарған жағдайда даудың затын орындау бойынша шаралар қолданады. Жоғарыда айтып өткенiмiздей, прокурор талаптан бас тартса, мүдделi тұлға iстiң негiзi бойынша сотта қарауды талап ету құқығынан айырылмайды. Сәйкесiнше, бiр жағынан алып қарасақ, материалдық мағынада талапкердiң iс жзүзiнде сот талқылауына қатысу қажеттiлiгi процесуалдық сипаттағы себептерге байланысты – iс бойынша барлық дәлелдемелердi зерттеу үшiн, ал басқа жағынан – материалды-құқықтық себептерге байланысты. Қажеттi жағдайларда оның даудың пәнiне қатыстылығын анықтау үшiн. Бiрақ кез-келген жағдайда мұндай қажеттiлiк сотпен анықталады. Егер сот мүдделi тұлғаның қатысуынсыз iстi қарау мүмкiн емес деген қорытындыға келсе, мұндай мүдделi тұлғаның келуi мiндеттi болып табылды. Жоғарыда көрсеткенiмiздей, прокурор мүдделi тұлғаның еркiнен тыс iстi қозғай алады, бiрақ бұл мүдделi тұлға осы талапты қолдамаса, онда сот егер үшiншi жақтардың құқықтарын, бостандықтарын, мүдделерiн қзғамаса талап арызды қараусыз қалдыра алады. Әрине прокурордың талап арызы бойынша қозғалған iсте мүдделi азаматтың немесе заңды тұлғаның қатысқаны дұрыс болар едi.
Осы АIЖК-нiң 150-бабы 4-бөлiмiнде көрсетiлгендей прокурор өзiнiң талап арызында талап неге негiзделiп берiлгенiн көрсетiлуi тиiс. Бұл прокурор үшiн айрықша маңызды мәнге ие. Прокурор сенiмсiз iстердi қозғамауы тiс. Сотқа жүгiнер алдында прокурор өзiнде бар материалдарды мұқият тексеруге тиiс, Iстiң мән-жайларын өзi үшiн анықтап, сотқа ұсыну үшiн қажеттi дәлелдемелер жинауы тиiс. Iстi қозғаған прокурор өзiнiң талаптарын негiздейтiн мән-жайларға сүйенуi тиiс. В.Н.Аргуновтың айтуынша, прокурордың түсiнiктемесi тараптарлың түсiнiктемесiнен айырмашылығы дәлелдеу құралы болып табылмайды дейдi.[9] Ал М.Н.Зубовтың пiкiрi бойынша талап қоюшы прокурордың түсiнiктемесi дәлелдеу құралы ретiнде сотпен қолданылады дейдi. Прокурордың талабы бойынша қозғалған iстi дұрыс тез аралықта шешу талпкердiң сот талқылауының қатысуына тәуелдiлiкте болмауы қажет. Сондықтан прокурор iс бойынша барлық мән-жайлардың дәлелдеуiн қамтамасыз етуi тиiс.
Прокурорлар талап арызды жалпы қадағалау материалдары бойынша бередi, сондай-ақ азаматтардың шағымы және арызын тексеру нәтижелерi бойынша, қылмыстық және азаматтық iстер материалдары бойынша бередi. Прокурор өзiне заңыменен берiлген жалпы қадағалау құқықтарын пайдалануы тиiс. Бiрақ жалпы қадағалау тәртiбiмен алынған барлық мән-жайларды азаматтық процессте дәлелдеме ретiнде қолдануға болады. Прокурормен алдыртып алынған бұйрықтар, ережелер, шешiмдер, қаулылар және т.б. актiлер, содай-ақ құжаттар және мәлiметтер прокурормен жазбаша дәлелдемелер ретiнде берiлуi мүмкiн. Прокурор азаматтар мен лауазымды тұлғалардан заң бұзушылыққа байланысты ауызша және жазбаша түсiнiктемелер талап ете алады. Жалпы ереже бойынша азаматтар мен лауазымды тұлғалардың жеке түсiнiктемелерi дәлелдемелiк күшке тек оларды сот заңда бекiтiлген тәртiпте жауап алған кезде ғана ие болады.
Сондықтан iстiң iс жүзiндегi мән-жайлар азаматтардың немесе лауазымды тұлғалардың ауызша түсiнiктемелерiмен куәландырылса, соңғыларынан сот мәжiлiсiнде iс бойынша куәлар ретiнде жауап алынуы тиiс. Прокурордың қойылып отырған талабының негiздiлiгiн дәлелдеу бойынша қызметi талапкерге берiлетiн құқықтар шегiнен шықпауы тиiс. Сонымен бiрге, айта кету қажет, прокурор талап өндiрiсiнде, сондай-ақ ерекше талап өндiрiсiнде, ерекше өндiрiсте қозғай алады. ІҚР Прокуратурасы туралыІ жарлықтың 23-бабына сәйкес прокурор заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, заңды және жеке тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасауға құқылы. Бұл жерде заң шығарушы өтiнiш терминiн азаматтық процестi қозғаудың әр түрлi әдiстерiне қатысы бойынша тектiк термин ретiнде қолданған. ҚР АIЖК баптарына сәйкес талап өндiрiсi iстерi бойынша талап өтiнiш, ерекше талап өндiрiсi, ерекше өндiрiс iстерi бойынша өтiнiш берiледi.
Iс бойынша қорытынды беру. Прокурордың I сатысындағы сотта iс қарауының қатысуының тағы бiр нысаны. Прокурор басқа тұлғалардың бастамасы бойынша қозғалып басталған азаматтық процеске қатыса алады. АIЖК-нiң 55 бабының 2 тармағында көрсетiлгендей, прокурордың азаматтық сот iсiн жүргiзуге қатысуы мұның өзi заңмен көзделген немесе осы iске прокурордың қатысу қажеттiлiгiн сот таныған жағдайларда мiндеттi. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында iс бойынша қорытынды беру үшiн жәнее азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердiң қорғау үшiн өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.
Осы жерден көрiп отырғанымыздай, басталған iске қатысуы прокурордың өз бастамасы, соттың бастамасы бойынша, сондай-ақ заңда тiкелей көрсетiлген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.
Заңды күшi бар заңдрға сәйкес тiкелей заңда көрсетiлген ждағдайларды прокурордың қатысуы мiндеттi iстерден басқа iстерге қатысуын сот шешедi не болмаса прокурор ҚР Бас прокурорының ғ13 бұйрығын басшылыққа ала отырып шешедi.
Нақты азаматтық iстердi қарағанда прокурордың қатысу қажеттiлiгiн iстiң мемелекеттiк маңыздылығына және өзектiлiгiне қарай прокурор өзi анықтайды.
Жоғарыда айтқанымыздай, азаматтық iс қозғау мақсатында талап қоюшы прокурор және басталған iске қатысушы прокурор бiрыңғай қадағалау функциясын атқарады.
Басталған iске қатысушы прокурор әрқашанда ол iс бойынша қорытынды бередi. Прокурормен қарсы тарап қою немесе дербес талап қоятын үшiншi жақтың мүддесiнде талап қоюы прокурормен талап арыз қою арқылы азаматтық iстi қозғаған жағдайда туындайтын процессуалдық салдармен ажыратылады. Бiрiншi жағдайда сот талқылауының пәнi болып табылатын материалды-құқықтық қатынатардың ажырамас байланысы нәтижесiнде бiр iске бiрiктiрiлген екi iстiң жиынтығы туралы сөз жүредi. Сонымен қатар, қарсы талап қоюы да, дербес талап қоятын үшiншi жақтың талабы да бастапқы талапты жоққа шығармайды. Бұл жағдайларда прокурордың сот жарыссөзiне қатысқанына қарамастан, iс бойынша қорытынды беруi қажеттi болып табылады. Екiншi жағдайда бiр iс қралады. Және процессуалдық мағынада оның бiр тарабы ретiнде талап қойып отырған прокурорды санауға болады. Айтып өткенiмiздей, мұндай жағдайда прокуррдың қорытынды беруi қажеттi емес, өйткенi прокурордың позициясы анық көрсетiлген. Бiрақ осы жадайларда және кейбiр басқа жағдайларда прокурор iстiң негiзi бойынша қорытынды беруге тиiс. Мұндай қорытынды бiздiң көз қарасымыз бойынша азаматтық iстi қозғаған прокурор берген талабынан бас тартқан немесе сот мәжiлiсiнде прокурормен бiрге мүддесiне талап берiлген мүдделi тұлға қатысып отырса және оның талабы, оның позициясы прокурордың позициясына қайшы келген жағдайда берiлуi мүмкiн.
Iс бойынша қорытынды берушi және оған iс қозғалғаннан кейiн қатысушы прокурор талап қоюшы прокурорға қарағанда ауыр жағдайда болады. Талап қоюшы прокурордың позциясы азаматтық iс қозғалғанға дейiн әрқашан қалыптасып қойылады. Ал басталған iске қатысушы прокурор өзiнiң позициясын сот талқылау процесi кезiнде сот мәжiлiсiнде қаралатын материалдардың негiзiнде қалыптастырылады. Прокурор iстiң анықсыздығына немесе заң актiлерiнiң толық еместiгiне сiлтеме жасай отырып қорытынды беруден бас тарта алмайды.
Прокурордың басқа тұлғалардың бастамасы бойынша басталған процеске кірісу нысанының ерекшелігі – мұнда прокурор істі сотта қарау кезінде пайда болған жеке процессуалдық сұрақтар бойынша және жалпы істің мәні бойынша қорытынды беру үшін қатысады. Прокурор азамттық істі қозғау нысанында қатысқанда іске қатысушы тұлғалар оған сұрақ қоюға құқылы. Ал екінші нысан бойынша прокурор іске қатысқан уақытта іске қатысушы тұлғалар оған сұрақтар қоя алмайды. Прокурор іске қатысу нысанына тәуелсіз процестің кез-келген қатысушысына сұрақ қоюға құқылы.
Қолданыстағы заңнамаға сай прокурордың азаматтық сот өндірісіне қатысуы мынадай жағдайларда міндетті болып табылады:
- егер прокурордың іске қатысуы тікелей заңмен көзделсе;
- егер сот прокурордың іске қатысуын міндетті деп таныса;
- егер де жоғары тұрған прокурор төменгі тұрған прокурорға белгілі-бір іс бойынша қатысу қажет деп нұсқау беретін болса.
Жоғарыда көрсетілгендей прокурор бірінші сатыда іс жүргізуге істі қозғау жолымен және басталып кеткен процеске кірісу нысандарында қатысады. Прокурордың кез-келген инстанция сотында істі қарау кезіндегі өкілеттіктерінің көлеміндегі ерекшеліктер оның іске қатысу нысанымен байланысты.
Егер азаматтық іс прокурормен қозғалған болса ол істің мәні бойынша қорытынды бере алмайды/АІЖК-213б/. Басталып кеткен процеске кіріскен және іс бойынша қорытынды беру үшін қатысатын прокурор АІЖК-нің 47 бабына сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Апелляциялық, қадағалау сатыларындағы өдірістерге прокурор наразылық беру жолымен немесе сот актілеріне шағым келтіруге құқығы бар тұлғалардың шағымы бойынша басталған процеске кірісу нысанында қатысады.
Прокурордың наразылық келтіруі сотпен жіберілген заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған құқықтық құрал болып табылады. Егер прокурордың наразылығы бойынша апелляциялық немесе қадағалау өндірісі қозғалған болса наразылық бойынша істі қарауға прокурордың қатысуы міндетті. Прокурор мынадай жағдайларда істі қарауға қатыса алмайды және ол істен шеттеттіріледі:
- осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;
- іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;
- істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар орын алса прокурор іске қатысудан өздігінен бас тартуы тиіс \самоотвод\. Өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру дәлелді болыпісті мәні бойынша қарау басталған уақытқа дейін жариялануы тиіс. Бұл мәселе жөнінде шағымдануға жатпайтын сот ұйғарымы шығарылады.
ҚР АIЖК-нiң 213-бабына сәйкес, iс тарап болып табылмайтын және осчы кодекстiң 55-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерiнен кейiн жалпы iстiң мәнi бойынша қорытынды бередi.
Сотта iс қарауда iстiң мән-жайлары барлығы толық және дұрыс зерттелсе, әрбiр мүдделi тұлға iске қатысуға қатыстырылса және iстiң мәнi бойынша әрқайсысы өзiнiң түсiнiктерiн беру мүмкiндiктерiне иеленсе ғана прокурордың iстiң мәнi бойынша жиналған дәлелдемелердi талдау мағынасында ол мазмұнды болуы тиiс.
З.К.Абдуллинаның пiкiрiнше, прокурордың қорытындысында мыналар мазмұндалуы тиiс:
- егер iсте азаматтардың конституциялық және басқа да елеулi құқықтары мен мүдделерi(еңбектiк, тұрғын үй) қозғалса, осы соттағы қаралып жатқан iске берiлген қоғамдық және саяси баға;
- сотпенен зерттелген дәлелдемелiк материалдарға объективтiк баға;
- даулы құқықтық қатынасты реттеушi құқықтық нормалар мен анықталған фактiлер негiзiнде берiлген қорытындыдылар;
- іс қалай шешiлуге жатады, қандай заңға сәйкес шешуге, талап толық немесе iшiнара қанағаттандырылуы немесе талаптан бас тартуға байланысты оның пiкiрi.[10]
Бұл жерден прокурордың қорытындысының мемлекеттiк басқару органдары берген қорытындысынан, сондай-ақ сарапшы немесе маманның қорытындысынан елеулi айырмашылығын көруге болады.
Прокурордың қорытындысы дәлелдеме болып табылмайды, сондықтан азаматтық процесуалдық заңдарда сот прокурордың қорытындысын қалай бағалау керек, онымен келiсе ме немесе келiспей ме ол туралы ережелер жоқ. Бiр тұрғыдан алсақ, мұдай арнайы ережеде қажеттiлiк бар.Ол сотпенен iстiң мән-жайларының барлығын толық және дұрыс анықтауына, материалдық және процесуалдық құқық нормаларын дұрыс түсiндiруiне және процесуалдық құқық нормаларын дұрыс түсiндiруiне және қолданылуына көмектеседi.
Басқа тұрғыдан алсақ Ідәлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалауІ қағидасы бұзылады, атап айтқанда ол қағидаға сәйкес Ісудья iсте бар дәлелдемелердi олардың жиынтығымен әдiл жан-жақты және толық қарауға негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа аладыІ. Бұл жерден көретiнiмiз, судья дәлелдемелердi өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, оған прокурордың қорытындысы қажет емес, бiрақ шешiм шығарған кезiнде прокурордың қорытындысын ескерiп кетуi қажет, яғни прокурордың қорытындысы судьяға көмекшi құрал ретiнде қарастырылуы тиiс.
ІІ. ПРОКУРОРДЫҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫ СОТТАРЫНДА ІСТІ ҚАРАУҒА ҚАТЫСУЫ.
2.1 Прокурордың апелляциялық наразылық беру арқылы іске қатысуы. Соттың I сатысының шешiмiнiң заңдылығы және негiздiлiгiне байланысты қорытынды беру.
Жоғарыда байқалғандай азаматтық iс жүргiзудегi соттың шешiмдерiнiң заң дылығын және негiздiлiгiн анықтау мақсатында, прокурор соттың бiрiншi сатысына қатысу арқылы, сондай-ақ сот шешiмiне наразылық келтiру арқылы өзiнiң қадағалау функциясын жүзеге асырады.
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсiндiрiлуiнiң дұрыстығын, сондай-ақ қарау мен шешу кезiнде азаматтық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын тексередi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының шешiмдерiнен басқа, бiрiншi сатыдағы сот шешiмдерiне апелляциялық тәртiппен шағым немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Осы апелляциялық наразылық келтiруге iске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғалар құқылы. Апелляциялық тәртiпте наразылық келтiру, iс қарау кезiнде соттың бiрiншi сатысына қатысқан прокурорға тиесiлi. Сондай-ақ наразылық келтiру Қазақстан Респуликасы Бас прокуроры мен оның орынбасарлары және басқа да төмен тұрған прокурорлар мен олардың орынбасарларымен келтiрiлуi мүмкiн.
Сотта апелляциялық наразылықты келтiрудiң объектiсi болып заңды күшiне енбеген бiрiншi саты сотымен шығарылған шешiмдер жатады. Апелляциялық наразылық келтiрiлген кезде шешiмнiң тек бiр бөлiмiне ғана келтiрiлуiде мүмкiн.
Апелляциялық және жеке наразылықты келтiру, сот шешiмдерiнiң қателерiн түзеуге бағытталған басты прокурорлық қадағалау форасы болып табылады, сонымен қатар заңда көрсетiлген ерекше жағдайларда заңды күшiне енген сот шешiмдерiне де наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Заңды күшiне енген шешiмдерге шағым келтiрiлген жағдайларда, бұл iстер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша және қадағалау тәртiбiмен қаралады. Сот шешiмдерi мен ұйғарымдарына прокурор апелляциялық наразылық келтiре отырып, тек қана бiр iстiң заңдылығының бұзылуын жоюға бағытталмай, сондай-ақ келешекте сот органдарымен осындай қателiктердiң немесе заң бұзушылықтардың қайталанбауын ескередi.
Апелляциялық шағым немесе наразылық келтiру iстi апелляциялық тәртiпте қарауға негiз болады. Апелляциялық сатыда, сот алқасымен наразылықтың немесе шағымның себептерiне қарамастан сот шешiмiнiң заңдылығы және негiздiлiгiн тексередi. Келтiрiлген апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды, аудандық және оған теңестiрiлген соттардың шешiмдерiне – облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы қарайды. Ал облыстық және оларға теңестiрiлген I сатыдағы соттар шығарған шешiмдерге — ҚР Жоғарғы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасы қарайды. Прокурордың I сатыдағы сот шешiмдер келтiретiн наразылығы АIЖК-де көрсетiлген талаптарды сақтай отырып беруi тиiс.
Шағымдар, наразылықтар шешiмiмен қаулы шығарған сот арқылы берiледi және ол iске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшiрмелермен қоса берiледi. Егер сотпен қажет деп табылса, апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген жазбаша айғақтардың iске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшiрмелерiн беруге мiндеттi. I сатыдағы сот түпкiлiтi түрдi шешiм шығарғананкейiн, шағым немесе наразылықтар 15 күн iшiнде берiлуi қажет. Бұл дегенiмiз I сатыда шығарылған сот шешiмi заңды күшiне енбей тұрып берiледi. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта, осы наразылық қай сотқа жiберiлiп отырғаны, кiммен келтiрiлiп отырғаны және шағым жасалатын немесе наразылық келтiретiн шешiм және сол шешiмдi қай сот шығарғаны, сондай-ақ iс қараудың дұрыс еместiгi неде екенi көрсетiлуi тиiс. Прокурор наразылық келтiре отырып, заңдарға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және материалдарына сiлтеме жасай отырып, шешiмнiң заңсыздығы немесе негiзсiздiгi неге екенiн, шағымды немесе наразылықты толық немесе бiр бөлiмiне келтiретiндiгiн және қандай өзгерiстер енгiзудi талап ететiндiгiн көрсетедi. Шағым немесе наразылық, олармен бiрге тағы да басқа құжаттар тiркеледi. Мұнда шағымның берiлетiн күнi, оны берiп отырған тұлғаның қолы, мемлекеттiк баж төленгендiгiн растайтын құжаттар, егер шағымды өкiл келтiретiн болса сенiм хатпен бiрге берiледi. Апелляциялық немесе наразылықта, айғақтары бойынша дау айтылатын кәуларды шақыру турлы өтiнiм, бiрiншi сатыдағы сотқа табыс етiлмеген жаңа айғақтарға сiлтеме жасауына тек оны бiрiншi сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкiндiгi болмауы негiзделген жағдайда ғана жол берiледi.
I сатылық соты iстiң мән-жайларын толық және жан-жақты қарай отырып, материалды-құқықтық нормаларды қолдану кезiнде қате жiбергенi туралы анықталса және iс бойынша дәлелдемелердi жинақтау немесе қосымша тексеру жүргiзудi қажет емес деп тапса, онда прокурор сот шешiмiнiң өзгертiлуiн немесе жаңа шешiм қабылдауын, iстi жаңа сотқа жiбермей-ақ сұрайды.
Сот шешiмiне апелляциялық шағым келтiру құқығынан бас тартуға жол берiлмейдi. Бiрақ наразылық келтiрген тұлға одан бас тартуға құқылы. Наразылық бас тартқан жағдайда ол заңға қайшы немесе басқа бiреулердiң құқықтарын бұзатындығы байқалса, сот ол наразылықты қабылдаудан бас тартады. Апелляциялық шағым берген тұлға сот қаулы шығарғанға дейiн одан апелляциялық сатыдағы сотта бас тартуға құқылы. Апелляциялық наразылық келтiрген прокурор немесе одан жоғары тұрған прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейiн наразылықты керi қайтарып алуға құқылы. Наразылықпен керi қайтарылып алынғаны туралы сот iске қатысушы адамдарға хабарлауға мiндеттi. Егер апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарып қойған болса, онда прокурор келтiрiлген наразылықты қолдаудан ғана бас тарта алады.
Сотпен азаматтық iс жүргiзу барысында шешiммен қатар ұйғарымда шығарылады. Прокурорлық наразылық осы ұйғарымдардың барлығына да келтiрiле бермейдi. Сот ұйғарымына жеке наразылық тек заңда көрсетiлген жағдайларда келтiрiледi.
Сот ұйғарымы iстiң әр қарай iлгерiлей мүмкiндiгiне бөгет болатын жағдайларда I сатыдағы соттың ұйғарымына ҚР АIЖК-нiң 332-бабында аталған тұлғалар жеке шағым, наразылық беруi мүмкiн. Егер ұйғарым iске қатыспйтын тұлғалардың мүдделерiне қатысты болса, онда олар да сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы.
Апелляциялық тәртiпте шағым немесе наразылықтарды қарау, iстi I сатыда қараудан бiрнеше айырмашылығы бар. Соттың II сатысында iстiң мән-жайы бойынша шешкен, I сатылы соттың шешiмiн тексередi. Сонымен қатар апелляциялық сотта iс қарау кезiнде, дәлелдемелердi I сатылық сотқа беруге мүмкiндiгi болмағаны негiзделген жағдайда ғана тексерiп iске қатыстырады. ҚР АIЖК-нiң 355-бабының 2-бөлiмiнде көрсетiлгендей, тараптардың түсiнiктемелерiнен кейiн сот iсте бар және тараптар жаңадан табыс еткен дәлелдi себептермен олар I сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған, дәлдемелердi тексередi. Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелердi табыс ету қажеттiгi қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi. Сондай-ақ апелляциялық сатыда iс қараудың мерзiмдерi ҚР АIЖК-нiң 349-бабында былай көрсетiлген. Апелляциялық сатыда ол I сатыдағы соттан келiп түскен күннен бастап бiр айлық мерзiмiнен кешiктiрiлмей қаралуы тиiс.
Апелляциялық сатыда iс қарау тәртiбiнде, I сатыдағы iс қарау тәртiбiнен айырмашылығы болмайды деп айтсақ болады. Iс толығымен және жан-жақты қаралып болғаннан кейiн iске қатысушы прокурор шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгiне байланысты өзiнiң қорытындысын бередi. Бұл ҚР АIЖК-нiң 350 бабының 2 бөлiгiнде көрсетiлгендей, апелляциялық сатыдағы соттың отырысына iс бойынша қорытынды беретiн прокурор мiдеттi түрде қатысуы қажет.
Соттың I сатысының шешмiнiң заңдылығы және негiздiлiгiне байланысты қорытынды беру. Жоғарыда көрсетiлгендей прокурор азаматтық iс жүргiзудiң I сатысында қорытындысын iстiң мәнi бойынша беретiн болса, ол азаматтық iс жүргiзудiң II сатысында өэiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн, сондай-ақ заңдылықты және басқа да құқық нормаларын дұрыс қолданылуын қадағалай қоймай, соттың I сатысының шешiмiнiң заңдылығы және негiздiлiгiне байланысты өзiнiң қорытындысын бередi. Прокурор апелляциялық сатыға I саты сотының шешiмiнiң заңдылығына және негiздiлiгiне байланысты өзiнiң наразылығымен жүгiнедi. Яғни Прокурор соттың II сатысында қорытынды беру кезiнде жаңа шешiмнiң немесе I саты соты шығарған шешiмнiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту кезiндегi заңдылығына және негiздiлiгiне байланысты өзiнiң қорытындысын бередi.
Прокурордың II саты сотында азаматық iске қатысуы – бұл прокурордың азаматтық iске қатысуының ерекше ІпрокурорлықІ нысаны. Прокурор басқа бiреудiң бастамасы бойынша басталған iске қатысқан кезде iстi шешу барысында туындайтын жеке мәселелер бойынша да, сондай-ақ соттың сұрауы бойынша да қорытынды бере алады. Ол процессуалдың нормалардың сақталуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, iстiң шындыққа сәйкес мән-жайларын анықтауға ұмтылады. Осы мақсатта ол iстiң материалдармен танысады, iске қатысушы тараптарға және басқа да қатысушыларға, сондай-ақ куәлерге, сарапшылгрға және аудармашыларға сұрақ қояды, жазбаша жiне заттай дәлелдемелердi зерттеуге қатысады, өтiнiштер бередi. Жоарыда көрсетiп кеткенiмiздей, прокурор сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде заңдылықты бұзу анықталған жағдайда заңменен көрсетiлген және кез-келген қжеттi прокурорлық назар аудару құралдарын қолдануға мiндеттi. Сондықтан прокурордың қорытындысы бұл оның iске қатысуының процессуалдық нысаны, прокурордың назар аудару құралы және бiр мезгiлде оның азаматтық процесуалдық құқығы, сондай-ақ мiндетi. Осы берiлген нысан кезiнде прокурордың процеске қатысуындағы қызметi iстiң шындыққа сәйкес мән-жайларын анықтау, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтауға бағытталған.
Заңи әдебиеттерде прокурордың беделiн және азаматық процестегi маңыздылығын өсiруге бағытталған iстiң мәнi бойынша прокурормен берiлетiн қорытындысына арнайы мәртебе беру туралы ұсыныстар бар. Заңда прокурордың қорытындысымен келiспеушiлiгiн дәлелдеп көрсетуi туралы ереже қарастыруы қажет деген ұсыныс бар.[11]
Сонымен қорыта келгенде, прокурордың II сатыдағы қорытындысы, бұл сол iстiң шындыққа сәйкес мән-жайларын зерттеу бойынша, iс бойынша сотқа жiберiлген дәлелдемелердi прокурордың жан-жақты және толық қарауы бойынша берген нәтижесi.
2.2 Прокурордың азаматтық істерді қадағалау тәртібімен қарау сатысына және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысына қатысуы.
I саты сот шешiмдерi әдетте апелляциялық тәртiпте қаралуы керек. Бiрақ кейбiр жағдайларда оған жол берiлмейдi. Сондықтан заңды күшiне енген сот шешiмдерiнiң заңдылығын және негiздiлiгiн қадағалау тәртiбiмен қарау заңда тiкелей көрсетiлген. Осындай тексеру тәртiбi азаматтар мен заңды тұлғалардың, құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың бiр негiзгi нысаны болып табылады. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiн қадағалау тәртiбiнде тексергенде, сот шешiмiн дұрыстау ғана емес оны кейiн де сот органдарының жiберiлмеуiнiң алдын-алу болады. ҚР Жоғарғы соты қадағалау алқасының қаулыларынан басқа, ҚР барлық соттарының заңды күшiне енген қаулылары қадағалау тәртiбiмен қарауға жатады.
Қадағалау тәртiбiнде iс қарау апелляциялық тәртiптен бiрнеше ерекшеленедi. Бiрiншiсi – I саты соты шешiмiмен қатар апелляциялық соттың шешiмдерi де жатады және қадағалау тәртiбiне кез-келген азаматтық iстiң шешiмдерiн келiп түсуi мүмкiн. Екiншiсi – заңды күшiне енген сот шешiмдерiн тексередi. Қадағалау тәртiбiнде iстi қозғау тек қана судьялардың және прокуратура органдарының ұсынысымен ғана қаралады. Сондай-ақ сот шешiмiне қадағалау наразылық келтiру мерзiмi көзделмеген23. Соттың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына және сот бұйрықтарына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар iске басқа да қатысушылр iстi қадағалау тәртiбiмен қарауға өкiеттi сотқа тiкелей шағымдама алады. Заңды күшiне енген сот актiсiне, ҚР Бас прокуроры – облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, ҚР Жоғарғы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасымен қадағалау алқасына; ҚР Бас прокурорының орынбасарлары – облыстық және оған теңестiрiлген сотың қадағалау алқасына және ҚР Жоғарғы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасына; Облыстардың прокурорларымен соларға теңестiрiлген прокурорлар – облыстық және оларға теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына наразылық келтiруге құқылы.
Заңмен прокурордың азаматтық сот өндірісіне қатысуының екі нысаны көзделген:
- сотқа талап арыз, арыз беру жолымен;
- өзге тұлғалардың бастамасы бойынша басталып кеткен процеске кірісу жолымен.
АІЖК-нің 55 бабының 3 тармағына сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, арызбен жүгінуге құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы арызбен прокурор тек қана егер мүдделі тұлға дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тиісті адамның өтініші негізінде жүгіне алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады. Прокурордың сотта азаматтық істі қозғау нысанының ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- ҚР Салық Кодексіне сәйкес прокурор мемлекеттік бажды төлеуден босатылады;
- прокурор өз талап арызын тиісті фактілермен ғана негіздемей, заң нормаларына негіздеп, сілтеме жасауы тиіс;
- мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау туралы прокурордың аразында қоғамдық немесе мемлекеттік мүдденнің негіздемесі болуы тиіс;
- істі прокурор өзге тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін қозғайды, сондықтан берген арызынан прокурор бас тартатын болса, бұл мүдделі тұлғаны істі негізінен қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Мұндай жағдайларда талапкер мемлекеттік бажды төлеуден босатылмайды;
- прокурор талаптың пәнін, негізін өзгерте алады. Талаптың мөлшерін ұлғайтуға, кемітуге құқылы және прокурорға қарсы талап қоюға жол берілмейді;
- прокурор бітімгершілік келісімін бекіте алмайды және сот шешімінің материалдық құқықтық салдары оған таратылмайды.
Талапкер прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер бұл талап үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысы болмаса сот талап арызды қараусыз қалдырады.
Қадағалау тәртбiмен iс қарауға құқылы сот сатылары тiкелей заңда көрсетiлген. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасы, аудандық және оған теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген шешiмiне және облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық қаулыларына наразылықтары, ұйғарымдары бойынша iстердi қарайды.
ҚР Жғарғы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасы. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының апелляциялық тәртiпте қаралмаған, iстердi I саты бойынша қарау кезiнде шығарылған шешiмдерiне және осы соттардың қадағалау алқасының қаулыларына қадағалау наразылықтары және ұсынымдары бойынша iстердi қарайды.
ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасы. ҚР Жоғарғы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының iстi бiрiнш сатыда қарау кезiнде шығарған шешiмдерiне және осы сотың апелляциялық және қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде шығарған қаулыларына, сондай-ақ осы соттың қадағалау алқасының заңда көрсетiлген негiздер бойынша қаулыларының қадағалау наразылықтары мен ұсынымдары бойынша iстердi қарайды.
Қадағалау тәртiбiнде iстердi талап етудiң және заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қараудың себептерi мен негiздерi болып, материалдық нормалардың не iс жүргiзу құқығының едәуiр бұзылуы соттық заңдық күшiне енген шешiмдерiн, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртiбiмен қайта қарау және заңды күшiне енген сот шешiмдерiн, қаулыларын егер ҚР Конституциялық кеңесi оларды шығаруды негiзге алынған акт конституцияға қайшы деп танылғаг жағдайда олар қадағалау тәртiбiмен қаралуы тиiс.
Қадағалау тәртiбiмен iстi қарау мерзiмi тiкелей заңда көрсетiлген. Соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап 1 жыл iшiнде қдағалау шағымын беруге болады.
Наразылық келтiру жоғарыда аталған прокурор себептер мен негiздер болған жағдайда наразылық келтiрiп, оны iспен және өтiнiммен бiрге тиiстi сотқа жiбередi.
Наразылықтың мазмұнында наразылық қай сотпен жiберiлiп отырғаны, келтiрiп отырған сот актiлерi, сот актiлерiн шығарған iстiң мәнi баяндалуы керек.
Қадағалау сатыда жалпы заматтық iс жүргiзу қағидалары қолданылады. Бiрақ та кейбiр жағдайларда толық көлемде қолданылмайды деп айтуға болады. Мысалы, диспоитивтiк, сотта iс қараудың жариялылығы, тараптардың айтысуымен тең құқықтық және т.б. қағидалары.
Ресей оқулықтарында және заңдылығында қадағалау тәртiбiмен iстi қарау мерзiмi ол келiп түскен күннен бастап 20 күннен кешiктiрiлмей қаралуы қажет деп көретiлген (РФ АIЖК-нiң 328 б.).[7, 371 б.]
Ал ҚР заңдары бойынша қадағалау сатысындағы iс келiп түскен күннен бастап 1 ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуы тиiс. Жоғарыда айтылғандай қадағалау тәртiбiмен iстi қарау кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi болып табылады. Прокурор iске қатысу кезiнде қадағалау тәртiбiмен наразылық келтiру арқылы, қадағалау сатысында iстi қозғайды деп айтуға болады. Сонымен қатар прокурор соттың барлық сатыларындағыдай iстi мәнi бойынша қарап болғанан кейiн iс бойынша қорытындысын бередi. Прокурордың беретiн қорытындысы сот ұйғарымын шығару кезiнде көмекшi құрал ретiнде қолданылады. Прокурордың беретiн қорытындысында жалпы iс жүргiзу кезiндегi заңды қолдануы және шығарылған ұйғарымы заңдылығына және негiздiлiгiне байланысты берiледi.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi қарау мақсаты заңды күшiне енген сот шешiмдерiнiң заңдылығын және негiздiгiн тексеру болып табылады. Осысымен бұл қадағалау сатысымен ұқсайды, бiрақ осыдан басқа бұлардың ұқсастығы жоқ. Егер қадағалау тәртiбiмен iстi қарау жоғары тұрған сотпен жүзеге асырылса, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi қарау сол шешiмдi шығарған сотпенен қайта қаралады. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша кез-келген iске қатысушы тұлға iстi қайта қарауға шағымдануға құқылы. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстерде I саты сот шешiмдерi және апелляциялық, қадағалау тәртiбiндегi сот ұйғарымдары iстi мәнi бойынша қараса және жаң шешiм шығарған жағдайда қарауға жатады.
Егер қадағалау тәртiбiнде сотқа кең құқық берiлсе сот шешiмiн тексеруге байланысты, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстердi қараудағы соттарға шешiмдi өзгертуге немесе оны заңды күшiнде қалдыруға байланысты құқықтар ғана берiледi.
Заңды күшiне енген шешiмдер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшiн арыз берушiге белгiлi болмаған және белгiлi бола алмаған iс үшiн елеулi мән-жайлар, заңды күшiне енген сот үкiмiмен белгiленген, заңсыз не негiзсiз шешiм шығаруға әкеп соққан, куәнiң көрiнеу жалған жауаптары сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы, дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердiң жалғандығы, тараптардың және iске қатысушы басқа адамдардың не олардың өкiлдерiнiң қылмыстық әрекеттерi немесе судьялардың сол iстi қарау кезiнде жасаған қылмыстық әрекеттерi және белгiлi бiр шешiмдi немесе қаулыны шығаруға негiз болған сот шешiмiнiң, үкiмiнiң немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшiн жою негiздер болып табылады.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi қозғау шешiмдi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды iске қатысқан адамдар немесе прокурор шешiм шығарған сотқа бередi. Мұндай арызды iске қатысушы адамдар қарау үшiн негiз болатын жаңадан ашылған мән-жайлар анықталған күннен бастап 3 ай мерзiм iшiнде бере алады. Iс үшiн елеулi маңызы бар жаңадан ашылған мән-жайлар анықталған күннен басатап есептеледi.
Бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енген шешiмiн жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша осы шешiмдi шығарған сот қайта қарайды.
Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн өзгерткен немесе жаңа шешiм шығарған апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы ұйғарымдардың, шешiмдердiң жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды шешiмдi өзгерткен немесе жаңа шешiм шығарған сот жүргiзедi.
Заңмен арыз берудiң формасы белгiленбеген. Бiрақ арызды қай сотқа арыздың жiберiлуi, арызды жiберушi, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстердi қарауға негiздер анық көрсетiлуi және арызда негiздер қай уақытта және қайдан белгiлi болғандығы көрсетiлуi керек.
Сот жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шешiмдi, ұйғарымды немесе қаулыны қайта туралы арызды қарай келiп, не арызды қанағаттандырады және шешiмiн, ұйғарымын немесе қаулының күшiн жояды, не қайта қараудан бас тартады.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шешiмдi, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды қанағаттандыру туралы сот ұйғарымына шағым беруге, наразылық келтiруге жатпайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Прокуратура органдарының жаңа Конституция бойынша жұмыс iстегенiне 10 жылдан астам уақыт болды. Конституция Республикамызды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырып оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтар мен бостандығы деп жариялады. Дәл осы Конституциялық баптарды жүзеге асыру үшiн негiзгi заңда заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарының, басқа нормативтiк актiлердiң дәл және бiркелкi орындалуына қадағалау жүргiзу прокуратураға бекiтiлген. Конституцияға сәйкес прокуратура, сонымен қатар, қандай да болсын заңдылықтың бұзылғанын ашып, оны жою үшiн шара қолдануға мемлекет мүддесiн сотта бiлдiруге заңда белгiленген тәртiпте жүзеге асырады. Осы өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындау барысында, әрi қазiргi заман талаптарына сай прокурор сотта азаматтық iс жүргiзуге қатысады. Оның азаматтық iс жүргiзудегi алатын орны ерекше бiр тұрғыдан заңдылықты қадағалаушы орган ретiнде, екiншi тұрғыдан азаматтық iстi қозғаушы ретiнде. Әрине прокурорды iске қатысушы басқа тұлғалармен салыстыруға болмайды, жоғарыда айтып кеткенiмiздей оның олардан ерекшелiктерi болады, бiрақ бұған қарамастан диспозитивтiк қағидалар сақталуы тиiс. Прокурорға әртүрлi атауларды берудiң қажетi жоқ, ол iске заңдылықты қадағалаушы мемлекеттiк орган ретiнде, өзiнiң мүддесiн көздемейтiн тек заңның мүддесiн көздейтiн тұға ретiнде қатысады. Сонымен бiрге кейбiр iстер бойынша ҚР АIЖК-нiң 25-тарауында, 33 тарауында көрсетілген iстер бойынша прокурор мiндеттi түрде судьяның шақыруынсыз-ақ қатысса деймiн. Өйткенi бұл тарауларда азаматтың ең басты құқықтарына қатысты iстер қаралады. Сонымен қатар ҚР прокуратурасы туралы заң күшi бар жарлықтың бiрiншi бабында көрсетiлген, ҚР прокуратурасы Республика аумағында заңдардың, ҚР Президентi Жарлықтарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болғандықтан. Осыған сүйене отырып прокуратура органдары азаматтық процестiң барлық сатыларына және онда қарастырылатын iстердiң барлығына қатысса дұрыс болар едi деп ойлаймын.
Сот пенен прокурор әрқашанда бiр-бiрiнен тәуелсiз түрде өз қызметтерiн жүзеге асырады. Сот iстi прокурордың қорытындысына шектелiп қоймай, өздiгiмен жан-жақты объективтi түрде өзiнiң iшкi сенiмiмен iстi, дауды шешуi тиiс.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.
- В.Д. Лановский. Стадии прокурорского: понятие,значение, система. Прокурорский надзор и укрепление социалистической законности в советском государстве. Свердловск 1981 г.
- Н.В. Ченцов. Проблемы защиты государственных интересов в гражанском судопроизводстве. Томск. 1989 г.
- Р.Я. Гукасян Проблема интересов в советском гражданском процессуальном праве. Саратов 1970 г.
- В.А. Мусин, Н.А. Чечина, Д.М. Чечот. Гражданский процесс. Москва 1997 г.
- Азаматтық iстердi қарағанда заңдардың қолданылуына және орындаушылық iс жургiзуге прокурормен қадағалау жасау туралы ҚР Бас Прокурорының бұйрығы. 26.04.1996 ж.
- В.К. Пучинский. Гражданский процесс США. Москва 1979 г.
- М.К. Треушников. Учебник гражданского процесса. Издательство
ІСпаркІ. Москва 1996 г.
- М.К. Треушников. Гражданский процесс. Москва 2000 г.
- В.Н Аргунов. Участие прокурора в гражданском процессе. –М., 1991 г.
- З.К.Абдуллина. Производство гражданских дел в суде первой инстанций. Алматы 1998 г.
- С.Б. Бацанов, Г.К. Ефимов и др. Словарь международного права. –М., 1986 г.
- Л. Нициевский, С.Карамов. Прокурор в гражданском процессе.// Советская юстиция. 1989 г.
- М.А. Викут. Правовое положение прокурора. Предъявившего иск в интересах другого лица// Вопросы теории и практики прокурорского надзора. Саратов 1974 г.
- Н.Н.Полянский, М.С. Строгович, В.М. Савицкий, А.А. Мельников. Проблемы судебного права. Москва 1983 г.
- М.С. Шакарян. Гражданское процессуальное право России. –М., 1996 г.
- М.С. Шакарян. Субъекты гражданско-процессуалного права. –М.,1970 г.
- В.Н. Щеглов. Субъекты судебного процесса. Томск 1979 г.
- К.С. Юдельсон. Советский гражданский процесс. Москва 1956 г.
- Вестник Верховного Суда СССР. 1991г.N
- З.Х.Баймолдина. Гражданское процессуальное паво Республики Казахстан. –А., «Жеті жарғы» 2001 г.
- ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж.
- ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi.
- ҚР Азаматтық Кодексi
- «ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР Президентiнiң заң күші бар Жарлығы. 21.12.1995 ж.
- «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы 17.12.1998 ж.
- «Мемлекеттiк баж туралы» ҚР Заңы 31.12.1996 ж.
- ҚР Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы ҚР Конституциялық Кеңесiнiң Қаулысы.
6.03. 1997 ж.