АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Психологияның ежелгі таным екендігін эксперименталды зерттеу

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Психологияның ежелгі таным екендігін эксперименталды зерттеу

 

 

Алматы — 2011

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………….……………………….…..

 

І БӨЛІМ. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАНЫМ РЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

1.1. Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы…………………………………………………….…

1.2. Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері …………………………………………………………..……

1.3. Батыс елдері психологтары мектептерінің психологиялық құндылығы……

 

ІІ  БӨЛІМ.  ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАНЫМ ЕКЕНДІГІН

ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.

2.1. Адамның ішкі жан қуатының қайнар көзі ретіндегі эзотерика…………….….

2.2. Медитация-жаңа оқыту технологиясының үлгісі……………………..……….

2.3. Психологияның ежелгі таным екендігі туралы авторлық нұсқаулар………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..….

ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………………….…..…..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

           Диплом жұмысының өзектілігі.

Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. ҚР-сы Президентінің 2004 жылғы 11 қазанда №1459 жарлығымен бекітілген  «Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың  2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»  әлемдік тәжірибе мен тұрақты дамуы  қағидаттары негізінде  білім берудің мазмұны мен  құрылымын жақсарту басты міндеттердің бірі деп қарастырды. Бағдарламада білім беру процесінің оқу әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру туралы сөз болды. Ал елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әдемдегі жаңа Қазақстан» (28.02.2007ж.) атты халыққа жолдауында осы заманғы білім  адамзаттың  сана сезімін дамытып, жаңа күш-қуат беретіндей болуы қажет екенін атап өтті.

Қазақ халқы бұрыннан   «Жан бар жерде қаза бар»,  «Тән ауырса, жан ауырады»,  «Тәні саудың, жаны сау», «Жан кеудеге қонақ» деп жан дүниесініңсыры жайлы пікірлер білдірген.  «Психология –ежелгі таным. Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың ерекшелігі» атты жұмыста да жоғарыда көрсетілген мәселелер  қарастырылған. Онда  барлық адамзаттың жан  дүниесі мен тәнінің құпия –сырлары, адам тәнінің күш-қуат көздері, адамның  медитация арқылы өз ішкі әлемін тануы біздің қоғам үшін жаңа ақпараттар болып табылады. Ұмыт болған эзотерика ғылымы мен өмірде жиі қолданатын экзотерикалық ілімдердің психологиямен байланыстылығы қарастырылды.

Жұмыс барысында астрология ілімінің  адам психикасына  ықпалы; Друнвало Мельхиседектың адам чакрасының жүйесі; Лобсанг Рампаның тән аурасына  қатысты  мәселелері мен тәжірибелік нұсқасы; ежелгі Шығыс шеберлерінің адамның ішкі жан дүниесін тазартуға бағытталған  медитациялық әдістері; Үнді философы Раджниш Ошоның  психология ғылымына сыни пікірлері мен салыстырмалары, жаңа білімге ұсыныстары;  ежелгі және қазіргі таңдағы Батыс  философтары мен психологтарының жан мен тәнге қатысты көзқарастары мен зерттеулерінің мән-мағынасы ашылды. Сонымен қоса Американ психотерапевті Мильтон Эриксонның  емдік гипноздық техникалары мен әдістері;  жаңа заманғы  медитацияның   технологиялары кеңінен пайдаланылды.

Қазіргі кезде Қазақстанның жан-жақты ғылым саласында дамуының басты себебі адам білімінің нәтижесі екенін көруге болады. Адам білімін жетілдіру барысында  өзін-өзі дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады.   Бүгінде   эзотерика  адамзат біле бермейтін құпия сақталған адам жаны мен тәнінің сырларын  психологиялық тұрғыда ашқалы отыр. Мұндай көне ілімді меңгеру әсіресе психология мамандығында оқитын студенттерге өте қажетті әрі өзекті мәселе болып табылады. Өйткені адамның күш-қуаттарының көзі чакралар арқылы психолог адамның күй -жағдайын, өзін-өзі жетілдіруінің деңгейін анықтай алатын болса, адам тәнінен шығатын аура арқылы  оның эмоционалды  көңіл-күйін, денсаулығын, өзін тұлға ретінде қалыптастырған деңгейін білуге мүмкіндік алады.    

Диплом жұмысының мақсаты.    

Психология ғылымының ежелден келе жатқан танымдық ғылым екендігін ғылыми эксперименталды  жолмен дәлелдеу  және қазіргі таңдағы  дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың  әдіснамалық- теориялық аспектілерінің мәнін ашу.

           Дипломдық зерттеу жұмысының міндеттері.  

  1. Психологияның ежелгі таным екендігін және дәстүрлі емес ғылым салаларымен байланыстылығын сипаттайтын шет елдік, Отандық әдебиеттерге  терең талдау жасау.
  2. Астрологиялық, эзотерикалық ғылымдардың мән -мағынасын саралап талдау.
  3. Шығыстық медитация, Эриксондық гипноз сияқты психотехни-калардың үлгілеріне сипаттама беру және оны іс жүзінде қолдану.
  4. Медитациялық жаттығулар кешенін іріктеп талдау және қазақ тіліне бейімдеп аудару.

           Зерттеу әдістері.

  1. Мильтон Эриксонның гипноздық трансқа кіру алдындағы вербалды паттерндері мен гипноздық әдістердің қолданылу жолдары.
  2. Шығыстық медитацияларға арналған бірнеше әдістердің орындалу тәсілдері.

     Диплом жұмысының әдіснамалық негізі.

    Әдіснамалық негіз   ретінде    А.Маслоудың    қажеттіліктер   иерархиясы, ежелгі дзен  шеберлерінің  медитациялық әдістері, Шығыстың ұлы  шебері Лобсанг Рампаның  психологиялық бағытқа негізделген «аура түстерін» тәжірибеде пайдалануының жолдары; әлемге әйгілі Үнді философы Раджниш Ошоның психологиялық көзқарастары мен еңбектері; Эриксонның  гипноздық әдістемелерінің элементтері алынды.

     Дипломдық зерттеу жұмысының  ғылыми болжамы.

Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастарды терең қарастырған жағдайда  ғылыми -әдістемелік тұрғыдан дұрыс басшылыққа алғанда, адам жаны мен тәнінің  арасындағы тығыз байланыстың болатындығын дәлелдеуге болады.

          Диплом жұмысының  теориялық құндылығы мен  ғылыми жаңалығы.

  1. Психологияның ежелден келе жатқан танымдық ғылым екендігі теориялық әдебиеттерге сүйене отырып талданды.
  2. Адам тәні мен жанының құпия-сырлары жайында дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың аспектілері айқындалды.

          Зерттеу жұмысының практикалық мәні.

Қазіргі заман талабына сәйкес  адамның өзін-өзі тануна бағытталған эзотерикалық ілімдерді, астрологияны, адамның жан дүниесі мен тәнінің күш-қуаттарына қатысты әдіснамаларды терең басшылыққа алатын құнды материал болмақ.

   Зерттеудің объектісі.

Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастар.

             Зерттеудің пәні.

Адамның беймәлім құпия сырлары мен қырларын ашуда эзотериялық ілімдердің психология ғылымдарында орын алуы.

            Дипломдық жұмыстың құрылымы.

       Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 51–бет, қолданған әдебиеттер тізімі 65-әдебиеттер қатарынан тұрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І БӨЛІМ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАНЫМ РЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

  • Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы

 

Психология нені зерттейді? Ол қандай ғылым?  деген сұрақтарды  қарапайым адамдарға қойсақ, мынадай жауап алар едік: « сезім мен ойды», «адам мінезін»,  «адамның ішкі әлемін зерттейтін ғылым» т.б. Егер нақты терминологиясына мән бермесек, алынған жауаптарды шындыққа жанасымды  деп есептеуге болады. Шын мәнінде  де психология жоғарыдағы аталынғандарды  және т.с.с. көптеген мәселелерді қарастырады.

Тарихтың ежелгі кезінен-ақ қоғамдық жағдайлар  адамдардың бір-бірінен ерекшеліктерін айыра алуға, мінез-құлқын түсінуге мәжбүр еткен. Қай кезеңді алып қарасақ та, психология ғылымы адамдардың ішкі және сыртқы әлемімен қатар жүріп отырған. Оған мысал ретінде екі адамның бір-бірімен танысуын алайық. Мұнда бір адам мен  екінші адамның бір-бірін қабылдауы, ол туралы өзіндік ойы, сөйлеуі арқылы пікір  алмасуы, эмоция мен сезімі,  мінезі мен адами қасиеттерінің кейбір жақтары алғашқы танысудан-ақ байқалады. Бұл жағдайды тұтасымен алғанда психикалық құбылыстардың элементтері  құралады. Бір қарағанда қарапайым ғылым сияқты көрінгенімен  психологияның  дербес ғылым болуына қаншама ғасырлар қажет болған. Алғашында адамдар  « мен кіммін?», «мені кім жаратты?»,  «жан дегеніміз не?», «ол қай жерде орналасқан?»  секілді философиялық  сұрақтардан  бастаған. Бұл мәселелерді психология философиядан дербес ғылым ретінде  бөлініп шыққаннан кейін тереңдете зерттей бастаған. Психология өз дамуында  ұзақ жолды жүруіне қарамастан, нақты объекті мен пәнін, мақсатын қаншама рет өзгерткен.      

Бірінші кезеңде  психологияға жанды зерттейтін ғылым деген атау шамамен  екі мың жыл бұрын  берілген. Адамдардың  өміріндегі  түсініксіз жағдайларын  жан арқылы түсіндіруге тырысқан.

Екінші кезеңде психология сана туралы ғылым деп аталынған. Оның  басты себебі CVII  ғасырдағы жаратылыстану пәнінің  дамуына байланысты. Ол заманда сезіне алу, ойлау қабілеттерін ойлау процестерін санаға жатқызғандықтан,  зерттеу әдісі ретінде  адамның өзін-өзі бақылауы мен  фактілерін  жүйелеп баяндауын негізге алған.                                 

Ал үшінші кезеңде CC ғасырда пайда болған  психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым деп қарастырған болса,төртінші кезеңде психология объективті заңдылықтар мен психика механизмдерінің көрінуін зерттеген.

Бүгінгі таңда психология –жан құбылыстарының  сыртқы және ішкі дүние заттарының  әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналған. Жалпы алғанда «психология» ұғымы  ортағасырдағы  еуропалық- діндарлардың ықпалынан туындағанымен, оны  XVIII ғасырда неміс ғалымы Христиан Вольф ғылымға алғаш енгізген [1,6].  Психология  термині  гректің екі сөзінен (psyche- жан,  logos- ілім)  алынған, бұл «жан туралы ілім”  деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінуі мынадай. Оның біріншісі –шамамен  2500 жылға  созылған, көш басы Аристотельден басталған жан  дүние жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді.  Оның екінші  тарихы 1879 жылдан  басталады. Осы жылы неміс ғалымы  В.Вундт (1832-1920) Лейпцигте  тұңғыш  лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына  себепкер болды. Психологияның даму тарихы көптеген ғұлама ғалымдардың, атап айтқанда, Эразестрат, Герофил, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд, Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер, т.б.  есімдермен  тығыз байланысты. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған айналадағы сыртқы және ішкі заттардың  мидағы  әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, қиял, сезім, ерік қабілет, дағды, икем, бейімділік, қызығу, мінез, әдет т.б.)  көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім,  тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.  Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсысымыз  тез ажырататын да,  білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың  мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені  ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын  айқындауы сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология -ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. Ерте замандарда пайда болып,  ғасырлар бойы әр заман  ғұламаларының  көз-қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда  тәннен тәуелсіз «жан»  болады, мәңгі бақи  жасайтын  жан адамның  барлық психикалық  тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай түсініктердің пайда болуына  алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше  бір күш бар,  ал жан болатын болса, соның бір көрінісі,  мәселен, ұйқы кезінде ол  денеден уақытша  шығып кетеді де  адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, өледі деп  тұжырымдаған. Жан туралы осындай  анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік ) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының(Филиппин) тұрғындары  тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны  басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан  мен көлеңкенің ұғымы  бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лао-каль» деген сөзі арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес  қарапайым түсініктердің  пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің  толысуын олардың бірімен-бірінің байланысын дұрыс ажырата алмай,  жан өлгеннен кейін  денеден шығып кететін, мәңгі  бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың  нәтижесі еді.  Қазіргі кезеңде  тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде  психиканың дамуы  мен  функцияларының атқару заңдылықтары туралы ғылым деп те айтады. Нейрофизиология мен биологияның жетістіктері нәтижесінде психологияның өз ғылыми- санаттық аппараты дамыды да эксперименттік жұмыстың  өрістеуі арқасында философиядан да, физиологиядан да оқшаулана бастады, өйткені лабораторияларда анықталған психика заңдылықтары анатомиялық-физиологиялық заңдылықтармен  үйлеспейтін болып шықты. Тұлғаның сыртқы ортамен әрекеттестігінің өнімі  болып табылатын психикалық үрдістердің  өздері мінез-құлықтың белсенді себепші факторы болатындығы көрсетілді. XIX  ғасырдың  ортасында физиологиямен  аралықта эксперименттік психология (психофизика,  психофизиология және т.б.) қалыптасты. 1870-1880 жылдары психологияның  физиология мен философиядан бөлінуі аяқталып, психология дербес пән болып қалыптасты. Қазіргі уақытта психологияның зерттеу  салалары 40-тан асады. Оның негізгі салаларына: психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология, әлеуметтік психология, балалар психологиясы, педагогикалық психология, жас ерекшелігі психологиясы, еңбек психологиясы, шығармашылық психологиясы, медициналық психология, патопсихология, нейропсихология, инженерлік психология, психолингвистика, этнопсихология, практикалық психология, дифференциалды психология, эксперименттік психология және т.б. жатады.            

Жоғарыда көрсетілген психологияның салалары дәстүрлі тұрғыда қолданылатын болса, ал төмендегі психологияға қатысы бар ғылымдар дәстүрлі емес түріне мысал бола алады. Солардың бірі эзотериялық  ілімдер. Эзотериялық  мұралармен танысу біздің ойлауымызды өзгертеді.Ол біздің   материалисттік бейнедегі  ойлауымызға қарсы тұрып, болашақта кездесетін көкейкесті мәселелердің  шешімін табуға  көмектеседі. Сол себептен бұл көне білім әмбебап және әрқашан  түрлі уақыт кезеңі мен мәдениетінде анық көрініс тауып отырған. Мұндай ішкі білім шеңберіне тәуелсіз болу, яғни адамның  өзіндік бостандығы негіз бола алады.

Соңғы жылдары көне білім өзіне жаңа формадағы ұғымдарды, әдістерді тез қалыптастыруда. Демек, осы тақырыптарды тақырыптық шеңберге  кірістіруге кез келді деген сөз.

Эзотерика — бұл адамның жеке санасы, әлемдік білім мен адам тәнінің, денсаулығының нәтижесін, ақыл мен жанның жиынтығын белгілі тәсілмен тегіс қамти алатын  әдістер болып табылады. Грек тілінде «эзотерика» арнаулы адамдарға пайдалануға болатын  немесе «құпия ілім» деген ұғымды  білдіреді. «Эзотерика» қарама -қарсы ұғымда, яғни құпиядан жалпыға  хабарлауға болатын білім ретінде де қарастырылады. Қазіргі таңдағы эзотерика ұғымына кең көлемдегі мәселелер: оккультизм, мистика, альтернативті  медицина, шекаралық ғылымдар, кешенді ойлау, метафизика, сананы кеңейту т.б. мысал бола алады.

Эзотерика адамның іс-әрекетін, ойлау бейнесін, емдеу тәсілдері мен шығармашылық энергияның  байланысын анықтайды. Ол өзінің түсіндіруінде  тек рационалды  анализ, логикалық ойлау, адам мен әлемді материалисттік тұрғыда  қабылдауға негізделмейді. Эзотерика сол жақ жарты шарының  қызметінің көмегімен жоғары білімге жетуге болатынын айқындаумен қатар, оң жақ жарты шарлары  аймағының да « икемді» қасиеттерге ие, яғни жасырын өмірлік процестерді –интуиция, аналитикалық және  интуитивтік ойлауға  мүмкіндік беретінін  көрсетеді. Ақиқат жолы мен тегіс қамтитын ұғымға жету тек жарты шарлар қызметіне  қатысты болмаған  кезде ғана нәтижесін беретініне сүйенеді. Бүгінде эзотерика ақыл орнын басуға, қандай да бір ғылымның, қоғамның алдында жауапкершілікте болуға тырыспайды. Керісінше, біздің көзқарасымызды, білімімізді жетілдіруге, қабілетімізді  дамытуға, өзіміз туралы білуге, өз түсінігімізді  тереңдету үшін  иррационалды, әмбебап  тәжірибе арқылы  таным әдістерінің  көмегімен кеңейтуге ықпал жасайды. Қандай кезеңді алып қарасақ та,  қоғамға көмегі тиер  физикалық және рухани адамды дамыту актуалды мәселелердің бірі. Сол үшін басты мақсат ретінде эзотериканы  жаңа жолдар арқылы  түсіндірілуі қажет. Мысал ретінде мына сұрақты алайық. Біз, адамзат әлі күнге дейін өзімізді құпияның  бір бөлігі екенімізді  түсінбесек немесе танымасақ, өмір құпияларына қалай сенеміз? Жауап: мұндай жағдайда  әрбір  адамның өзін-өзі тануы, өзіндік жетілдіруіне тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамдағы  адамзаттың көкейкесті мәселе ретінде қарастыратын сұрақтары  көне эзотерика  шеңберінде  бұрынғы заманнан орын алған. Оған мысал; әлем мен  жеке тұлға  арасында қандай байланыстар бар? өзін-өзі тану дегеніміз не ? Бұл ең басты өзімізге қоятын  негізгі сұрақтар. Сұрақтарға ғылыми –жаратылыстану, рационалды-философиялық,  әлеуметтік және эстетикалық тұрғыда  жауап табу  ыңғайлы, бірақ рухани, эзотериялық, интуитивті әдістер де құнды. Себебі эзотерика — адамның жаны мен жердегі тіршілік иелерінің үйлесімділігін зерттейтін ежелгі ғылым. Ол рухани ішкі күшті материядан жоғары қоятындығымен ерекшелінеді.  Эзотерика гармонияны қалыптастыру үшін рухани тәжірибеге  сүйенеді. Әсіресе адамдардың  өзінің ішкі қабілеттерін, өзін-өзі тануына мүмкіндік береді. Адамдардың барлық эволюциялық даму жолында эзотериялық білімдер құпия білім деп  саналған. Оның құпияда сақталынуының себебі қоғамның санасы оны қабылдауға дайын еместігі мен оны дұрыс пайдалана алмауында еді. Бұрынғы, мейлі қазіргі заманғы адамдар болсын,  олардың әлемді өзіне бағындыру үшін бағытталған эзотериялық білімді дұрыс пайдаланбауы өздеріне зардабын тигізуде.  Кез келген білімді  дұрыс пайдаланбау, адамдарға қауіп төндіреді. Сондықтан эзотериялық білімдер өте күрделі болғандықтан, оны бұрынғы, қазіргі заман адамдары да аз қолданады. Олардың көпшілігі  бұл ілімді жоққа шығарады. Себебі ол адамдар  өзінің  өмірінің терең мағынасы неде жатқанына мән бермейді.   

Қазіргі  кезде эзотериялық білімдер қоғамда көптеп кездеседі. Олардың құпия болмауының  себебі неде деген сұраққа, ол адам жаны туралы әлем деп жауап беру орынды. Эзотерика мен психологияның  тікелей байланысты екені өмірлік жағдайлардан  жиі көрініп отырады. Бүгінгі қоғамдағы адамдардың  жан туралы толық мәлімет алуына  санасы толық жететіндіктен,  психология мен эзотериканың  айырмашылығын еркін  түсіндіруге болады. Мәселен, психология адамдарға темпераменттік түсіндіру барысында, сіз – меланхоликсіз, ал сіз-холериксіз. Сіздің үйлесімді немесе  неврозға  түспей өмір сүруіңіз үшін өз бойыңыздағы кемшіліктеріңізді мінезіңіздің  ерекшелігі деп қабылдап, табиғи болмысыңызбен  өмір сүруіңіз оңтайлы деп  жауап қайтарғанмен,  ол адамның бойында не себепті  деген сұрақ қалып қояды. Ал эзотерика бұл сұраққа  оңай жауап бере алады.  Мәселен, сіздің меланхолик болуыңыздың басты себебі-сізде «инь» энергиясы басым,  «инь» күш- қуатына  пассивтік, тежеулік, тұрақтылық жатады. Ал сіздің  холерик болуыңыз «ян» энергиясында қозғалыстың, белсенділіктің, жаңаны жасап шығару мен бұзу  өте мол болуынан деп түсіндірсе, адам жауапқа қанағат тұтар еді. Сондықтан эзотерикада  барлық мәселе   терең себептермен түсіндіріледі. Эзотерика адамдардың өзін-өзі басқаруы мен  дамытуына жол ашады. Бірақ бұл жол оңай емес. Себебі адамдардың жанын зерттеу – біздің әлеміміздегі ең нәзік білім. Эзотерика адамның кемшіліктерін жоюына жол сілтеумен қатар, адамды еркін әрі саналы әрекет етуіне үйретеді. Адам неғұрлым өзінің жан дүниесін танып білген сайын, жанды зерттеу  өте қиын екенін түсіне бастайды. Ол өзге адамның кемшіліктерін көре тұра оған кедергі жасамауға  тырысады. Керісінше, оған түсінушілікпен қарайды. Өзіндік сапаларын  қалыптастырып қойған үйлесімді адамда әлсізге сөз ету,  оған ауыр тиетін  мәселелерді  қозғау, агрессия көрсету  деген ниет болмайды. Ол әлемді тұтас етіп және өзін оның бір бөлшегі ретінде қабылдайды.Жалпы эзотериялық білімдер адамдардың өзіне көмектесуі мен аса маңызды қажеттіліктеріне қол жеткізуіне  мүмкіндік бере отырып, мынадай жеке мәселелермен  шектеледі. Біреу үшін эзотериялық жолмен  байлықты табу және оны пайдалану басты мәселе болса, екінші адам үшін  жаңа ғылымды ашу, ал үшіншісіне отбасындағы жылулықты сақтау басты болып табылады. Яғни әр адам табиғи болмысы мен  сана сезіміне қатысты эзотериканы түрлі жағдайларды шешу үшін пайдаланылады.

Астрология (гр. аston –жұлдыз және logos-ілім) –аспан денелерінің жердегі тіршілікке, адамның мінез- құлқы мен  тағдырына әсер  ететінін зерттейтін ежелгі  ілім. Бұл іліммен хиромантия тікелей байланысады. Астрологияны әсіресе ассириліктер, египеттіктер, гректер, арабтар пайдаланған. Кейінірек астрологияның бір бөлігі экзотерия көпшіліктің  қолдауына тиімді болып бөлінсе, ал екінші бөлігінің кілті құпияда сақталынып, кейбірі жойылып та кеткен. Жалпы адамның жоғары дамуына Ежелгі Қытай мен Үндістан қол жеткізген. Ал Еуропаға астрология  ортағасырларда  үнді адамдарының бір түрдегі модификациясы арқылы таралған. Қазіргі таңда оны  дәстүрлі астрологияға жатқызады. Астрология ежелгі идеяға сүйене отырып, макрокосм мен микрокосмның ішкі логикалық жүйесін көрсетеді. Оған  бірнеше базалық принциптегі аксиомалар кіреді.  Ең негізгілеріне: циклмен орындалатын ұстаным, циклдық бейнелерлеулер немесе  объекттердің даму фазасы, резонанс ұстанымының өзара байланысқан түрлі циклдарын бейнелейтін заңдылықтары жатады. Астрология Жер мен Ғарышты ұштастыратын ғылым болғандықтан, адамның денсаулығына, психиканың биоритмдік белсенділігіне ғарыштық циклдардың қалай әсер ететіндігіне тоқталады. Астрология тірі табиғаттың  Ғарышқа  эзотериялық әсерін    зерттейді.  Ол физикалық денелер  заңдылықтары жоғары  ақыл –парасатпен басқарылатын концепцияларына сүйенеді.  Бұл бағдарламалар физикалық жасағыш  принциптері деп аталынады. Адам физикалық  және әлемнің толық бөлігінің  ең аз бүтін бөлігін құрайды. Адам мен жануардың құлқының  аса жоғары деңгейі интуиция болып  табылады.  Интуиция әр минут сайын өзгеріп отырған  сыртқы жағдайда қолайлы, икемді шешім қабылдауға көмектеседі. Сол себептен қарапайым адам  логикасы арқылы интуитивтік шешім қабылдауды  түсіндіру қиынға соғады.  Интуиция арқылы өмір сүру барлық жануарларға тән болса,  ал 90%-і адамға тән. Жануарлар физикалық модель, ал адам физикалық және рухани модель. Оның индивидум  ретінде өмір сүруге күресі, машақаты тек бір  мақсатты көздейді. Ол өзін-өзі  жетітдіру, ал астрология  өзінің пайда болуынан бері адамның өзін-өзі жетілдіру жолына бағыттайды. Адамды бүкіл әлем қоршайды. Сол  үшін  әрбір индивидум  өзін әлемнің орталығы  ретінде қарауына болады. Жалпы бұл ой-пікір  кез-келген табиғаттың  тірі объектілеріне  тән. Себебі әрбір адамда  Ғарыштық әсері  бар. Адам  микрокосм болғанымен, онда барлық макрокосмның элементтері бар. Астрологтар  адамның физикалық  денесіне жеті сезімтал  дене сияды және олар Ғарыштың  жеті сезімтал деңгейіне  сәйкес келеді деген. Жалпы  алғанда астрологияны  мынадай бөліктерге бөлуге болады.                      Астрометеорология (жаратылыстық немесе физикалық) планеталардың  атмосфераға, ауа-райына әсері.

Мунданды (әлемдік немесе заң шығарушылық); халықтар астрологиясы, экономикалық және саяси циклдар.

Натальды немесе генетикалық астрология адамдарды жеке тұлға ретінде қарастырады.

Хоральды астрология адам өміріндегі жағдайларға нақты  уақытта қойылған сұраққа  жауап беру тәсілімен зерттелінеді.

Медициналық астрология.

Ал балалық шаққа қатысты  астрология  ол баланы гороскоп бойынша  тәрбиелеуге, кәсіби бағыт беру мен төтенше жағдайдан  шығаруға бағыт береді. Қазіргі қоғамымызда адамды табиғат емес, әлеуметтік жағдайлардың әсер етуі жеке адамның бостандығын бұзуда.  Адам тірі, ойлағыш материя  ретінде жердің шегінен  шыға алмайды. Ол дүниенің бір бөлшегі болғандықтан физикалық, биологиялық және ақпараттық деңгейде қатынаста болады. Бүкіл адамзаттық сана әлемдік сананың бір бөлшегі. Мұнда қазіргі ғылымның қалыптастырған  әлемдік бірлігі, антропты, фундаменталды принциптері көрінеді. Ұстанымның басты элементі  адам болғандықтан, дүние жүзі антропты принципін пифагорлықтар жариялаған. Қазіргі кездегі ғылым оны қайта дамытқан.

      Астрологтар адам өмірін жеті жылдық циклға бөлген.

Бала жеті жасқа дейін органикалық деңгейде өседі. Ол сыртқы ортаға, отбасына адаптацияланады. 7 -ден 14 жасқа дейін жекелік бейнесі қалыптасуымен қатар өз күші мен қабілеттерін сынай бастайды. 14 пен 21 жас аралығында өзін өзгерту кезеңі. Мұнда бала сексуалдық, агрессивтілік пен  ата-ана  рөлдерін қайта қарап, жаңа қарым –қатынасқа түсетін ортаға шығуға  талпынады. Балалық шақта көптеген планеталар әсерін тигізеді. Мысалы: Меркурий ойлауға жауап  беретін болса, ал  Шолпан ақыл-ойдың  дамуына, Ай рухани, эмоционалды,психологиялық тұрғыда қалыптасуына, ата-аналары мен құрбыларының эмоционалдық қатынаста байланысуына  ықпалын тигізеді. Әрине бұл кезеңде баланың жан дүниесін, құлық мотивін анықтау тек ата-ана үшін ғана емес,бала үшін де түсініксіз болып келеді.Сондықтан астрология көмегімен баланы тәрбиелеу абстрактты идеал адамды қалыптастыру емес, керісінше бала бойындағы тума  қасиеттерін ашуға көмектеседі.  Егер тәрбиелеушілер өзіне бағынушылардың  және өзінің тәжірибесі мен интуициясына сенсе, барлық мәселелер қателіксіз шешілер еді. Себебі бір ғана педагогикалық білімге сүйену  аздық етеді. Психологиялық немесе гуманисттік  астрология өзіне мынадай сұрақтар қояды: Адам жанында қандай күштер бар, оны үйлесімді күшке қалай әкелуге болады? Мұндай түрдегі астрологияны қазіргі уақытта ғалымдар игеруде. Оған адамның өзін жекелік еркін және салыстырмалы түрде ұжымның бір бөлшегі ретінде сезіне бастауы  мысал бола алады.

 

  • Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері.

 

Дзен ілімінің адам өмірінде үлкен рөл алатын бір себебі дзен ұстаздары күнделікті және діни өмірдің арасындағы айырмашылықтарды емес, керісінше олардың қатынастарын қарастырған. Жалпы  дзен Үндістанда пайда болып, Қытайда өсіп, дамуының  көркеюі Жапония елінен көрініс тапқан. Сондықтан Жапония Шығыс медицинасы мен Батыс ақылының түйісетін жері болып саналады. Бүгінде дзен дін, догма, ақиқатты іздеуші және философияға қатысты ілім емес. Ол барлық құбылыстарды шындықта қандай болса, дәл сол қалпында қабылдауға негізделеді. Оның мақсаты «осында және қазір»басқа еш жерде болуы мүмкін емес. Дзен үшін ешқандай  «ертең» сөзі тіршілік етпейді. Басты шындық нақ осы шақтағы  сәтке сәйкес келеді.  Сол үшін дзен әдістер мен тапсырмалар, құралдар мен мақсаттар арасында айырмашылықтар жасамайды.

Дзен сөзінің этимологиясы санскриттің «дхъяна» сөзінен шыққандықтан ол «медитация » деген мағына береді. Барлық  будда  мектептері  адамның рухани дамуы үшін медитация техникаларын қолданғандықтан Қытайда оны «чань», ал Жапонияда  медитацияны-«дзен» терминімен  атаған.[37,34]

                 Дзеннің дәстүрлі қарастыратын мәселелері мынадай.

  1. Адамдардың ұғымдарды дұрыс қолданбауына байланысты дзен түзетулер енгізіп, оны дұрыс пайдалануға үйретеді және логикалық ойлау параметрлерін анықтайды.
  2. Батысқа қарағанда Шығыстағы дзен «даналық» туралы терең мағынада зерттеген.

Дзен негіздерінде өмір қозғалыс пен тыныштық балансынан құралған.Ал қозғалыс пен тыныштық арасындағы үйлесім әсерінен  адам өзінің тіршілігінің орталығына жақындайды. Ол үнемі оның ішкі әлемінде және  қимыл мен тыныштық, сергектік пен ұйқысына байланысты болады. Сонымен қатар дзен ілімінде  жадырау нәтижесіне  жету өте қиындықтар  тудырып отырған. Ол үшін эгоисттік  сананы ментальды және физикалық деңгейде көрсету аса қажетті болған. Өзіндік сананың қалыптан тыс ұлғаюын дзен ойлау формасын табиғи емес  деп санаған. Себебі сананың қалыптасуын сыртқы жағдайлардың әсер етуінен жүзеге асатынын байқаған. Адам өзінің эгосының  жасанды екенін түсінгенде ғана, табиғи қалпы мен шындықты қабылдау тәсілдері мен интуициясын түсінетінін аңғарған. Сана табиғи және интуитивті  болғанымен көп жағдайда эгоцентрлік концептуалды ойлаудан басымдық көреді.  Адам өмір процесіне қатысушы болудың орнына үнемі концептуалды ойлаудың әсерінен өз-өзіне махаббат пен жауапкершілік сезімін, өзінің қатынасын бағалау арқылы құндылықтар шкаласын құрайды. Мұндай әрекеттерден  ақиқат сезімі ой мен сезім хаосында жоғалады. Осыдан қалай саналылық күйіне жетуге болады?  деген сұрақ туындайды. Нәтижеге жету үшін  дзеннің әдістері мен техникаларын пайдалануға болады. Бірі Риндзай, екіншісі сото әдісі.Дұрыс  шешімін табу үшін Риндзай адептері  төмендегідей тәжірибе жасаған. Олар дәстүрлі ойлауға  қарсы шығып, кенеттен пайда болатын интуицияға жүктелген. Ал сото –дзен мектебінің өкілдері  медитацияның дзаден яғни отырып орындалатын әдісін пайдаланған. Жүргізілген әдістердің мақсаты адамдардың  эгоисттік  санасын жалпы әлемдік санаға қосу болып табылған.

Мыңдаған жылдар бойы Үндістан медитация жолымен жүргендіктен, кез-келген ойдан босанып, таза сананы сақтауға үйренген. Дзен әдісін көптеген тарих беттерінде есімдері қалған монахтар қолданған. Солардың бірі Бодхидхарма. Ол рухани мәдениет тарихының дамуына үлкен іс жасап, Үндістан мен Жапонияға қарағанда Қытайды тепе-теңдік ұстайтын ел деп қарап, өзінің ілімін осы жерде қалаған. Себебі Конфуцийлік өнеге қандай жағдай болмасын орталықты, тепе-теңдікті сақтай алатын болған.

— Үнді монахы Бодхидхарма «чань» (дзен) дәстүрінің негізін б.э. 520ж. Қытай елінде салған. Бодхидхарма патриарх-ұстаздардың арасында тұңғыш медитацияны қолданушылардың бірі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ол қатал мінезді және қадала қарайтын,сұсты адам болған. Өз өмірінде жаңа білім ашуға аса назар аударып, медитацияның жаңа әдістерін  өңдеп, мектептерде тәжірибе жасаған. Оның басты мақсаты адамдардың өзіндік табиғатын тану және оны ашу.

— Созанның өмірбаянында ол қай жерде туылып, қай жерде дүние салғаны туралы деректер  көрсетілмеген. Шығыс түсінігі бойынша адамның өмірі туралы дәлелі емес,  керісінше не  істегені  аса  қажетті. Созан өз әдісінде  өзгенің шындықтағы бейнесін көру  қандай болса, ақиқаттағы бейнесін дәл солай қабылдау керектігін айтқан. Егер сіз ақиқатты көргіңіз келсе, әрбір пікірден бас тартыңыз. Сана адамның  ұнамды болуы,  оның көрінуінің  арасындағы күрестің бар болуынан азап шегеді деген. Оны қалай жеңуге болады? Оның қандай да бір тәсілі бар ма?  деген сұраққа Созан: Сіз ақиқатты сезгеніңізде  ауру сізден арылады. Себебі бұл ауруға дәрі-дәрмек жоқ.  Сондықтан біз дәріні  қабылдаған сайын оған үйреніп қаламыз. Сонда ауруды ұмытып, тек дәріні ойлай бастаймыз. Енді аурудың өзі емес, дәріні қолдану біздің ауруымызға айналады  деген.

— Риндзай «айқай» ұстазы ретінде  танымал. Ол кенеттен айқайлау әдісін адамдардың үндемеуі үшін пайдаланған. Адамдар оған аспан әлемі, философия мен теологияға қатысты  сұрақтарды қоя бастағаннан, Риндзай кенеттен айқай салатын болған. Себебі сол сәтте сана естен танып, бірнеше уақытқа дейін тыныштық күйде болып, тек айқай ғана қалған. Осы кезде адам санасы сөніп,  уақыт тоқтаған секілді сәт орын алатын болған. Бұл медитацияның құпиясын пайдалану арқылы Риндзай адамдардың ылғи таусылмайтын ойлауы мен қажетсіз сұрақтарына шек қойып, әрбір адамның өз-өзіне концентрациялануына мүмкіндік берген. Себебі сол уақытта адам өз ішкі  орталығын табады. Айқай болса орталыққа шоғырландырады. Бұл әдісті әлемдегі көптеген  мистиктер  қолдануға тырысқанымен, бірақ олардың іс-әрекеттері жасанды болып көрінген. Риндзай өз әдісін  таңқаларлықтай қолдана білгендіктен, оның айқайы  адамға қылыш секілді шаншылып, адамның тіршілік ету орталығына дейін жеткен. Риндзайдың тағы бір ерекше қасиеті ол үнемі адамдарға медитацияның қолдану техникасын қарапайым сөзбен түсіндірудің арқасында адамдарға үлкен өнеге көрсеткен. Әсіресе медитация туралы түсіне бермейтін адамдарға ерекше көңіл аударған. Сонымен қоса Риндзай ақиқаттың ескі және жаңа болуының маңызы жоқ. Негізінен шындық үнемі жаңа, себебі адамның санасы өсуде және көптеген кеңістікті жаулап алуда деген. Риндзай үшін дзен бұл тірі дәстүр. Шебер тірі кезде оның сөздері де маңызға ие, ал ол дүниеден өткенде –шеберден берілетін  тәжірибесі де тоқталады. Ол  қазіргі заманғы болу үшін өз уақытында орындалуы тиіс деген.

—  Джалаладдин Румидің айналу әдісі орталықты табуға бағытталады. Егер адам бірнеше сағат айналатын болса, бірте –бірте  ішкі әлемінде орталықтың бар екенін  байқап, оған тәжірибелік жұмыстар  жасаған. Олар өзін орталыққа қою әдісін тапқан және  өмірде әдіс ретінде пайдаланған.

— Махакашяпа мен Бодхидхарма адам орталығын табуда тәжірибе жасаған. Олар адам санасында ештеңке қалмайтын, таза қатысудың нүктесін табуды көздеген. Бұл ықпал Чуань Цзы, Ли Цзы мен Лао Цзыдың ұлы мұраларының бірігуі мен  одан бетер көркейе түскен. Бұл тұлғалардың барлығы  да  адамның ішкі әлемін зерттей отырып, өзін-өзі табуға тырысқан.

— Доген дзен әлеміне  ішкі революция мен толық үнсіздікті, ішкі тыныштық орталығын енгізді. Мына көзқарасында Доген : « Өмір жолын зерттеу -өзін-өзі зерттеу» деген.

—  Нансен рухани өмірдің материалдық өмірден бөлінбейтінін  айтқан. Ол: «Адам жан дүниесін тазалау үшін тәнін қинаудың қажеті жоқтығын» ескерген.      

—  Ма-Цзыны –өз заманында «бос айна» деп атаған. Ол «жауап қайтармау» ілімін ұсынған. Тек «осында және  дәл қазір» күйін пайдаланған.  Ма-Цзы адамды шексіздік таңбасының орталығы етіп алған және ол арқылы аспанның, әлемнің, адамның ішкі дүниесінің тереңдігін түсіндірген.

 Жоғарыда берілген медитациялық әдістер  б.э. 400-1000жж.   Дзен шеберлерінің қолдануының әсерінен біздің заманымызға жеткен. Бүгінгі таңда осы ілімнің кейбір әдістері психология ғылымында да жиі пайдаланылады. Әсіресе медитацияның сан алуан түрлері Үндістандық философ Раджниш Ошо еңбектерінде көптеп кездеседі.    

Раджниш  Ошо 11желтоқсан 1931 жылы туылған. Сагар университетіндегі философия факультетін  үздік бітірген. Студенттік кездің өзінде ол ораторлық шеберлігі үшін  Үндістанда  алтын медаль алған. Джабалпур университетінде 9 жыл бойы  философия пәнінің мұғалімі  болып қызмет атқарған тұлғалардың бірі. Әсіресе психология ілімінің барлық тақырыптарына : жас ерекшелік психология, медициналық психология, әлеуметтік психология , нейропсихология т.б. терең түсінік берген.  Ол Зигмунд Фрейд, Карл Густав Юнг, Чжуан Цзы, Георгий Гурджиев т.б. ғұламалардың еңбектеріне қатысты сын мен салыстырмалар жасаған. Әрбір жүйеден қазіргі заманға  лайықтысын тек теория жүзінде емес, өз тәжірибесінен де мысалдар алған. Бүгінде оның психологиямен байланысты кітаптары дүние жүзіне таралған және үлкен сұранысқа ие. Олардың ішіндегі психологияға қатыстылары мыналар: «Эмоциялар. Ашудан, қызғаншақтықтан, үрейден босану». «Медитация- бірінші және соңғы бостандық», «Жан үшін дәрумен», «Ақыл», «Қуаныш», «Шығармашылық», «Интуиция», «Саналылық», «Медицинадан медитацияға дейін» т.б. ғылым салаларына қатысты кітаптары кеңінен таралған.  Бұл кітаптарында ОШО  махаббатта «Мен» жоқ, күш салу мен босаңсу, депрессия, стресс, тән, қартаю, күлкі мен денсаулық, эзотерика, дзен, медитацияның тәжірибеде қолданатын сан алуан тәсілдеріне қатысты тақырыптарды аша білген. Раджниш Ошо кітаппен шектеліп қоймай, сұрақ –жауап әдісін көп қолданған. Мысалы оқырманнан келген : Адам бұрынғы мінезінен арылу үшін  оны тек түсіну  ғана жеткілікті ме немесе  оны саналы тұрғыда  қабылдау керек пе?  -деген сауалына Ошо былай жауап берген: Бұл сұрақ Батыс психологиясы мен Шығыс мистицизміне байланысты.  Батыс психологиясы адамның бұрынғы мінезінің  түбірін ұғынуға  негізделеді, бірақ ол ешкімге одан арылуға  көмектеспейді. Сіз нормадағы қалыпқа келіп, сіздің ақыл –ойыңыз шашыраңқы болып көрінгенімен, әрбір мәселе  сол қалпында дами түседі. Сіз өз қызғанышыңызды, ашу-ызаңызды, амбицияңызды түсінесіз, бірақ бұл түсінушілік  қорытынды шығарып қана қою  бола береді. Сондықтан Батыстың ұлы психологтары Шығыс мистиктерінен қалып қойған. Он мың жылдай уақытын Шығыс тапжылмай, зейінін адам санасын зерттеуге  арнады.  Ол ешқандай психологияға, психоанализге, психосинтезге  жүктелмеді және оны он мың  жылдай уақыт пайдаланбады. Шығыс сананы түсінудің орнына басқаша ықпал етті. Ол: «мен- сана емеспін» бағытын ұстанды.  Ақыл күшінің  пайда болуы  әрбір адамның  онымен сәйкестендіргеніне  қатысты. Сондықтан себебін табу, көрген түсті анықтау, анализдеу, интерпретациялауды Шығыс азаматтары  мақсатсыз деп қарастырды. Бірақ Шығыс ақылды айналып өтті. Ол ақылдың шығу  себебін, түбірін іздеудің орнына, ақылдың қай жерден  күш алатынын, күш-қуаттың оған қалай келетінін анықтады. Саналы түрде меңгеріп алу мен толық түсіну үшін « Мен тән де, ақыл да емеспін. Мен тіптен жүрек те емеспін- мен тек таза  санамын» деген қағидаға негізделді. Бұл саналылық терең болған сайын қатая түседі де ақыл  бірте- бірте  көлеңкеде өмір сүре  бастайды. Оның адамға ықпал ету күші жойылады. Егер  сана 100% -айқындалса, онда ақыл жойылады. Ошоның ойынша  Батыс психологиясының  жетістікке  жетпеуінің бір себебі мыңдаған адамдар психоанализ, терапевттік әдістер арқылы өтеді. Олардың біреуін, тіптен ол мектепті ашқан адамның өзінің шешілмеген мәселесі  немесе үрей, қайғысы жоқ деп  айту мүмкін емес деген. Жоғарыда көрсетілгендердің  барлығы сізде де бар. Сіз саналы тұрғыда өмір сүре бастаған күннен –ақ ақыл-ойдан босанасыз.  Сонда сізге қызғаншақтықтың қайдан пайда болатындығын  іздеу сіз үшін қажетсіз болады. Осы күнге дейін Батыс психологиясында медитацияға  орын жоқ, Сол үшін бір шеңберді айналып, шешімін таба алмауда. Ал Шығыс жоғарыға көтерілу – сана, ақыл-ой үстіндегі күй- медитация деп қарастырған. Олар ақылды  объект ретінде  және өткен  тәжірибегі  негізделіп, жауабын табуды  айна тәрізді етіп пайдаланған. Мысалы адам айнадан өзін ғана  көреді, онда ес жоқ. Медитацияны қолдану да дәл айна тәрізді. Кез келген жағдай бейнеленетін болса, ол нақ осы шаққа  сәйкес жауап береді. Адам өмірінде әрбір жағдай бір-біріне ұқсас болмайды. Бұрынғы жағдайлар мазмұны  жағынан ұқсас болғанымен, шешілу жолы әртүрлі тәсілден  құралады. Медитацияны пайдаланатын адамда  ситуацияның өзі  бір шешімге  келуге  ықпал жасайды.және  алдын ала жауап  дайындалмайды. Үнсіздікте және саналылықта ақыл жойылады. Саналылық адамның өзінің ақиқатын көруге  негіз болады.Батыс психотерапияны қолданбаған. Олар тіптен психология немесе ақыл туралы тақырыпты қарастырмаған. Шығыстықтар  ақыл мәселесін  шешуді емес,  керісінше ақылдан  шығудың амалдарын іздестірген. Ақыл сіздің ең басты мәселеңіз, басқалары жай ақыл көлеңкесі. Медитация оны түбірімен жояды. Бүгінде гештальт терапияны, дауыс диалогын медитацияға әлі кірмеген адамдарға  қолдануға болады.

Батыс еліндегі адамдардың ойлары әлі  күнге дейін санаға аударылған. Сондықтан олар үшін материя шындық, ақыл қолданбалы өнім, ал ақылдан кейін ештеңе жоқ. Ал Шығыста материя иллюзия, ақыл қолданбалы өнім. Шығыс ақиқатына сүйенсек ол 3-ке бөлінеді.Сұрақ қоюшыға  материя ең сыртқы, жан ең ішкі, ақыл екеуінің арасында орналасқандығын түсіндірген.

Раджниш Ошо өзінің табиғи болмысы мен ішкі пікірін ешқашан жасырмайтын болғандықтан, жаңа бағыттарды ұсынудан бас тартпаған, Ол білім жүйесіне қатысты мынадай ақпарат берді. Шығыста әрбір ойшылдардың білімі университеттегі біліммен тең келген. Ал оның мыңдаған  шәкірттері  нағыз өмірге  тәжірибе жинақтағанға дейін дәріс алып, білімін толықтырған. Білім- көрсеткіш пен  шама  арасындағы  көпір. Білім сізге кім болуыңыз керектігіне  көмектеседі және өз-өзіңізді  өмірге дайындауыңызға  ықпал жасайды.  Әрбір адам  қайталанбас  ерекшелік болғандықтан, өзге адамның қасиеттерін көшірме ретінде  қайталауының қажеті жоқ.  Жалпы білім сөзі екі мағына береді. Бірі тәжірибеде   қолданылмаса да кеңінен қарастырылады. Оның мақсаты адамның ішкі әлемінде бар  қасиеттер мен потенциалдарды сыртқа шығару. Ал екінші мағынасы тереңірек  қарастырылғандықтан  онда: « қараңғылықтан жарыққа шығару» деген ұғымға ие болады. Адам қараңғылықта, санасыздықта өмір сүреді, бірақ ол өмірін  жарықпен қамтамасыз етуге  қабілетті. Әрбір адамда  сана бар, оны тек ояту қажет екенін түсіндірген.

Ошо қазіргі таңдағы  білім берудің  бес өлшемін былай   бөліп көрсеткен.

Бірінші этапқа ақпараттық, бұған көптеген пәндерді енгізумен  қатар теледидар мен компьютерлік қызметті қосқан.

Екінші бөліміне, теледидар мен компьютерді іске қосумен қатар  гидтің көмегінің  аса қажеттілігін  айтқан. Дәл осы этапта ғылыми дисциплиналар оқытылуының себебі  мұнда ақиқаттың жартысы мен  оның сыртқы  бөлігі терең қарастырылады.

Ошо үшінші этапқа қазіргі таңдағы оқу жоспарына  енгізілмеген, яғни өмір сүру  өнері пәнін енгізу керектігін айта отырып, оған күлкіні жатқызады. Себебі білім адамды  салмақты және мұңды етіп көрсетеді деген. Егер  адам күлкі тілін  ұмытса, өмірде көп нәрсені  жоғалтады, деген.

Төртінші деңгейде өнер мен шығармашылық, бейнелеу өнері, музыка, тас қашау т.б. жатқызған. Ошо оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетінің  кез келгенін өз қалауы бойынша  таңдауына  еркіндік  беру нәтижелі болатынын аса  қажетті дей келе, тек кейбір пәндерді міндетті түрде:  халықаралық тіл, шығармашылық, ақша табу өнері  оқытылса адамдар  өмір сүруде қиыншылық  көрмес еді дейді.

Бесінші деңгейде  жер бетіндегі миллиондаған адамдардың қабылдауына қиын соғатын өлім туралы мағлұмат беру және   оны түсіндіру үшін арнайы   медитация курстарын  пайдалану керектігін айтады. 

Қазіргі таңда Ошоның ілімдері әмбебап. Ол мистикадан бастап, адам үнемі ізденісте болған барлық сұрақтарға жауап тапқан. Ошоның кітаптары қағаз бетіне жазылмаған. Олар аудио- видеожазбаларда жазылып, дүние жүзі таңдаушыларына ауызша әңгімелеу әдісі ретінде қолданған.  Ошо  есімі революционер сөзімен қатар жүргеніне қатамастан,  оның қазіргі заманға лайықты «Белсенді медитациялары» бүкіл әлемдегі адамдарға стрестен шығып медитация күйіне өтуге ықпал жасаған. Ошоның бұл дүниеде жоқ  болуына қарамастан, оның есімі ел есінде мәңгілікке қалған. Бүгінде Үндістанның  Пуна қаласында Ошоның халықаралық коммунасы құрылған. Ол жер қазір жаңа рухани лабораторияға айналды. Бұл орталыққа мыңдаған адамдар медитациядан семинарлар, терапиялар, шығармашылық қабілеттері мен өз тәнін түсіну үшін келеді. Ошо коммунасы университетінде  10 факультет ашылған. Онда:

  • Орталықтандыру мектебі мен дзен өнері.
  • Ошо шығармашылық өнер мектебі
  • Ошо шипалық өнердің халықаралық академиясы
  • Ошо медитациялық академиясы
  • Махаббат пен саналылық академиясы
  • Ошо мистицизм мектебі
  • Тибеттік пульстік диагностикалар мен шипалық институттар
  • Ошоның трансформация орталығы
  • Ошо медитациялық клубы ашылған.

Бұдан медитацияның адам өміріне өте маңызды екенін байқаймыз.    

 

 

1.3 Батыс елдері психологтары  мектептерінің психологиялық         құндылығы

 

Алғашқы психика туралы ұғым анимамен (лат.«анима»-рух, жан)-байланысты. Ол барлық тіршілік иелерінде жан бар деп қарастырған. Уақыт өте келе  ежелгі философиялық ілімдерде психикалық аспектілерді идеализм немесе материализм тұрғысынан анықтай бастағандықтан, ежелгі материалист- философтар Демокрит, Лукреций, Эпикур адам жанын шар тәрізді майда және қозғалыссыз атомдардан құралады деп тұжырымдаған. Ал ежелгі грек идеалист философы Платон (б.э,д, 427-347жж.)  жан мәңгілік, ол тән мен жан бір-бірімен тығыз байланысады. Өзінің жаратылысынан  жан -тәнді басқарады деген. Ұлы философ Аристотель «Жан туралы» трактатында психология ілімінің өзіндік ерекшелігі бар саласы ретінде қарастырып, алғаш рет жан мен тәннің бөлінбейтіндігі туралы ой қозғаған.

Психологиялық ілімнің дамуының жаңа кезеңі  CVIIғ.  бастау алғандықтан, жаратылыстану ғылымдарының  көмегімен тәжірибелік –эксперименталдық әдістер арқылы адам санасының заңдылықтарын зерттеу қолға алынған. Ол кезеңде   ойлай алу мен сезіну қабілетін сана деп қарастырғандықтан, психология сана туралы ғылым ретінде  дами түскен.Ал өз пікірінде Р.Декарт (1596-1650) адам жаны мен тәнінің арасында өзгешеліктер бар деген қорытындыға келген. Сонымен қоса тән де  қозғалыс жасай алатынын  айтқан. Ол заманда мұндай көзқарастар қарама-қарсы дуалисттік ілімдер көкейкесті мәселелер туындатқан. Адамдарды  тәндік (физиологиялық) және психикалық (ішкі сезімдік) процестер қалай байланысатындығы туралы сұрақтар қатты мазалаған. Өз өмір сүру барысында Декарт механикалық модель негізінде құлықты түсіндіретін теорияны жасап шығарған. Ол құлықтың детерминистік концепциясын сыртқы физикалық әсерден ағзаға қимылдық заңдылық арқылы  жауап қайтаратын зерттеген. Сол себептен «жан» ұғымы «ақыл», кейінірек «сана» ұғымына  ауысқан. Тән мен жанды қайта байланыстыруға Голландия философы Спиноза (1632-1677) әрекет жасады. Ал неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716) Декарттың қалыптастырған психика  мен сананың теңдігіне қарсы шығып, санасыздық психика ұғымын енгізді.

        Психология өзіндік ғылым ретінде CIC ғ. 60-шы жылдары бөлінгендіктен, ол арнайы ғылыми зерттеу мекемелері мен психикалық лабораториялардың жоғары оқу орындарында кафедралардың, психологиялық құбылыстарын эксперименттік тұрғыда зерттеген. Бірінші нұсқалы  эксперименттік  психологияны  неміс ғалымы В.Вундт(1832-1920) Лейбцигте ашқан.

          Функционалисттік бағыт

Американ психологы  У.Джеймс адамның сана қызметі мен оның қызметінің рөлін зерттеуге аса мән берген. Ол адам санасының түрлі жағдайларға үйренуі мен жаңа әрекетті игерудің гипотезасын жасаған. Жалпы функционалисттер үшін  психология сана  қызметін зерттейтін  ғылым. Олар интроспекция,  тапсырманы орындау уақытын пайдалану әдісін қолданған.

Ресей психологиясының тарихында  Г.И.Челпанов (1862-1936) үлкен рөл алады. Оның басты үлесі Ресейде психологиялық институтты (1912) құруында. Психологиядағы эксперименталды бағыттағы объективтік әдістерді зерттеуде  В.М.Бехтерев (1857-1927) зор ықпал жасады. Ал И.П.Павлов еңбектері ағза бөлшектерінің шартты –рефлекторлық байланысын зерттеуге бағытталады. Оның еңбектері психолоиялық іс-әрекеттердің  физиологиялық негіздерін  түсінуге бағытталды.                                                    

Бихевиористтік бағыт.

Американ психологы Уотсон 1913 жылы психология объективті  эксперименталды әдістерді зерттегенде  ғана ғылым ретінде аталынуы құқылы деген.  Сондықтан ол әрбір жағдайға сәйкес келетін құлықты анықтайды және оны объективті белгілейді. Бихевиористтік бағытты ұстайтындар үшін  психология  мінез-құлық туралы ғылым, ал  санамен байланысты ұғымдарды психологиядан алып тастау керектігін айтады.       

Гештальт  психология.

Германияда Т.Вертгеймер, В.Келер мен К.Левиннің психологияны тұтастық құрылым ретінде зерттеу бағдарламасынан бастау алған. Гештальт туралы ұғымы (немістің«форма») сенсорлық ілімдерді зерттеуден туындаған. Гештальттықтардың психология ғылымына  қосқан үлесі психологиялық бейне ұғымын өңдеу мен психологиялық құбылыстарға  жүйелі ықпал етуінде.

CC ғ. басында психология ғылымында  психоанализ немесе Фрейдизм  бағыты пайда болды. Зигмунд Фрейд психологияға қажетті тақырыптарды: санасыз мотивация,  психиканың қорғаныс механизмдері, сексуалдылықтың рөлі, балалық шақтағы  психологиялық жарақаттың ересек шақтағы мінез-құлқына әсер етуі т.б. енгізді.

Адамның психикасының санасыз табиғатының орталығын әлеуметтік жағдаймен байланыстырғандар К.Хорни, Г.Салливен, және  Э.Фромм. Бұлардың барлығы  Фрейдтің психоанализ реформаторлары (неофредистер).

Психологияның аса маңызды  артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивті психология болды. 60-шы жылдардың  аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористтердің әрекет-қылық талдауында  психологиялық элементтерді елемеуі мен  танымдық дамуды ескермеуіне  қарсылық білдірумен  ғылым сахнасына келген еді. Когнитивті психологияның көрнекті өкілдері –Дж. Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Когнитивті психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер — ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму.[50,46]

Гуманисттік психологияның  негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты-бихевиоризм мен  психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист психологтар салауатты, шығармашыл жеке  адам түсінігін таңдады. Гуманисттік бағыт көрнекі өкілдерінің бірі Абрахаам Маслоу еді.  Ол жеке адам психологиясының есі ауысқандарды зерттеумен білу  мүмкін еместігін қадап айтқан.  Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының  негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен  өз мүмкіншіліктерін  ашуға деген  ынта-ықыласында  деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға (самоактуализация) деген қажеттілік  бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік адамға, қоғамға тек   жақсылық келтіруге ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды). Ч.Дарвиннің  теориясын өзінше түсіндірген Маслоу, тек жыртқыш та  күшті хайуанаттар өмір сүруге  бейімді деген  Ч.Дарвиннің ұйғарымымен келіспей, бұл жануардың негізгі инстинкті еместігін дәлелдеуге тырысты. Маслоу жануардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген  инстинкті адамдағыдан бірде кем еместігін, ал сол инстинкт  оларды бір-біріне көмектесуге мәжбүрлейтінін талай баса айтқан. Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адамның өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген  жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарда  туындайды. Есі кеткендер мен  жүйке сырқатына шалдыққандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды.  Сырқаттың өзі де адамның осы мүмкіншіліктерінен  дұрыс та толық пайдалана алмай, қанағаттану рахатына бөленбегенінен болып отыр.  Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында  алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің  бәрін жүзеге шығаруы тиіс. Өз мүмкіншілігін ашудың  (самоактуализация) мәні не?  Маслоу пікірінше, бұл тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке  деген қажетсінумен дүниеге келеді. Бұлардың бәрі адам өзегінде, оның міндеті осы гуманисттік қажеттіліктерді іске асыруда белсенділік көрсету.

Маслоу бірінен -біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1. Физиологиялық қажеттіліктер. 2. Қорғаныс қажеттіліктері. 3. Қорек тағамдық қажеттіліктер, осылардың бәрінен жоғары –адамгершілік қажетсінулер, яғни 4.  шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Міне, осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына  байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.

Трансперсоналды психология адамды рухани ғарыштық тіршілік иесі ретінде және әлеммен, ғарышпен, адамзатпен тікелей қатыстығын қарастырады. Сонымен қоса ақпараттық ғарыштық алаңға кіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол адамның санасыз психикамен байланысты болатынын, оған адамзаттың «санасыз ұжымының» ғарыштық ақпараттық «әлемдік санасымен» байланысты  болатынын   жатқызуға болады.

Кеңестік дәуірдегі психология өз пәнінің  диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамытты. Психология пәнін материалисттік тұрғыдан  түсінудің негізгі үлкен идеялық –теориялық күрес барысында қаланып, әдістері белгіленді. Аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының  бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.А.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запарожье, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов, Б.М.Смирнов, Д.Н.Узнадзе және басқалар болды.  Бүгінгі таңда Ресей мемлекетінде  психологияның сан түрлі саласында қызмет ететін ғалымдардың саны шексіз.Әсіресе эзотерикалық ілімдерді, парапсихологияны,трансперсоналды психологияны  зерттеуде жаңа ғылыми ақпараттарды ашуда. Солардың ішіндегі шығу тегі эзотерикадан бастау алған ежелден бері келе жатқан психологиялық техникалардың бірі гипнозды айтуымызға болады. Бүгінде оның түрлі әдіс-тәсілдерін мына психотерапевттер қолдануда: Е.Н.Довбня, Ф.Е.Рыбаков, В.Н.Коротко, П.П.Подъяпольский, А.И.Яроцкий, А.Ф.Лазурский, Ю.В.Каннабих, В.М.Нарбут, Ф.Д.Неткачев, В.А.Гиляровский, М.П.Кутанин, М.В.Стрельчук, Д.В.Кандыба т.б. Жалпы гипноздың кең тараған жерлері ретінде Батыс Еуропа мен Американы мысалға келтіре аламыз. Ал Шығыс елдері болса, ежелден келе жатқан медитациялық әдістерді пайдаланады.     Ендігі кезекте Америкалық гипноздың қалай дамығанына көшейік.

Адамзат тарыхында көп жылдар бойы күмәнді әрекетке қызығушылық танытқан гипнозды зерттеген ғалымдардың  мансапқа(карьера)жетуіне  кедергі жасады. 1875 жылы Францияда Месмердің талабын зерттеу үшін арнайы жиналған  корольдік комиссия қорытындысы Месмердің жақсы атағының күл талқанын шығарды. Гипноз және  гипнозға қатысты құбылыстарды зерттеуге бел буған Шарконы құрметтеушілердің көпшілігі  осы кезден бастап онымен қатынастарын тоқтатты. Керемет мінездеме алған доктор  Джеймс Эсдэйлге  (1847) гипнозды хирургияда қолданғаны үшін қызметтік өсуіне тиым салынды. [18,337]

Зигмунд Фрейд гипнозды зерттеу процесінде  кездескен көптеген кедергілер мен қиындықтардың нәтижесінде гипнозды зерттеуден бас тартты. Оның шәкірті К.Г.Юнг гипнозға қызығушылығын жоғалтты. Өйткені ол  бұл құбылысты қадағалай алмағандықтан, оның әсерін түсіне алмады. Осы салаға қатысты жазылған және мұра етіп қалдырылған Джеймс, Жане т.б.гипноз туралы  еңбектері  ғалымдардың арасында сенімге ие бола алмады.Себебі ол медициналық ғылым мен тәжірибелік парадигмалық негіздеріне сәйкес келмеді. 20-шы жылдары гипнозды зерттеуді шындап ізденуді және оның теориялық оқытудың  әйгілі маманы болып Кларк Л.Халл(1933) саналды. 1923 жылдардың соңында Висконсинаның түлектеріне гипноз саласындағы  өзіндік жетістіктерінің қыр-сырын көрсету үшін, Халл Эриксонға гипноздан  семинар өткізу жөнінде ұсыныс  жасады. Халл гипноздың әсер ету әдістерін бірыңғай стандартқа сәйкестендіріп  келтіруге ұмтылған болса, ал Эриксон оған ұмтылыс көрсетпеді. Қайткенде де олардың өзара қарым-қатынасы жалғасын таппады. Эриксонның ерекше қабілетті адам жөніндегі даңқы кеңінен тарады. Ол Мендота мемлекеттік емханасының  медициналық қызметкерлерімен психологтарына гипноздан сеанс өткізуге шақырылды.

Мильтон Эриксон 1901 жылғы желтоқсан айының 5-і күні Невада штатына қарасты  алтын іздеушілер  елді мекенінде дүниеге келді. Эриксонның ерте балалық шағы өте ауыр өтті. Оның есту қабілеті бұзылған және  толық түсті көру  қабілеті зақымдалған. Оның есту қабілетінің бұзылғаны соншалықты  ән айтуды айқай-шу ретінде қабылдады. 17 жасында Эриксон  полиомиелитпен ауырып, соның әсерінен жартылай сал (паралич) болып қалды. Оған өмір бойы төсек тартады деген болжам жасаған. Бірақ ол он жылдық үздіксіз  жаттығулардың нәтижесінде, жүру қабілетін қалпына келтірді. Осындай өмірлік тәжірибесі оның байқағыш қабілетін ерекше дамытты. Ол вербалды емес белгілерді, ым-ишараларды, дене қимыл белгілерін тез қабылдап, дұрыс талдай алатын деңгейге жетті. Эриксон өзінің дарындылық қабілетінің арқасында  дұрыс диагноз қоюды дамытты және науқастарды жоспарлы түрде емдеу жолдарын жетілдірді. Висконсина университетінде дипломын қорғаған Эриксон Колорадодағы медициналық университетінің колледжіне түсіп, 1928 жылы медицина ғылымының докторы атағын алды. Интернатурадан кейін ол алғашында Колорадодағы  психиатриялық емханасында Роуд-Айлендегі мемлекеттік емханасында, содан соң    Ворчестердегі (Массачусетс) штатындағы  мемлекеттік емханасында жұмыс істеді.Ворчестерде Эриксон өзінің тәжірибелік  және клиникалық зерттеулерін жалғастыра отырып, немесе психиатрияның түйінді мәселелері жөнінде көптеген қызықты мақалалар жариялады. 1934 жылы Мичиган штатына  қарасты Вейн  аумағындағы Элоизедегі орталық әскери госпитальға ғылыми зерттеулер жөніндегі директор қызметіне шақырылып, психиатрия жөнінде дәріс берді. 1948 жылдың шілде айында  ол 46 жасында  бірнеше жылдық ауру мен аллергиядан кейін, ол университеттік  мансапты қойып, Аризона штатына қатысты Фениксте жеке  тәжірибемен айналысты.Сонымен қатар Мичиган мемлекеттік университетімен  Вейн мемлекеттңк университетінің аколледжінде  қызмет атқарды. 1953 жылы52 жасында Эриксонның полиомиелит дерті қайталанды. Ол өмір бойы мүгедек арбасына тәуелді болды. Бірақ жоғарыдағы аталынған қиыншылықтарға қарамастан,  Эриксонның гипнозға деген қызығушылығы жойылмады. Қайтыс болғанға дейінгі соңғы 28 жылдар аралығында ол жұмысқа деген белсенділігін жоғалтпай, шығармашылық ізденістермен қатар лекциялар оқыды, түрлі кеңес беріп емдеді. Тәжірибелік зерттеулер жүргізіп психотерапиямен көбірек айналысты. Эриксон гипноз арқылы  танымдық процестердегі өзгерістерге сонымен қатар елестетушілік (галлюцинация) түстерді көрудің себептерін  анықтады. Өзінің зерттеулерінде  ол гипноздың әсеріне баға беру барысында  көпшілікке танымал Ишихараның түстік соқырлық тестін қолданды. Бұл тестте зерттеушілерге бірнеше топ әртүрлі түстік дақтармен бейнеленген сандар ұсынады. Сандарды дұрыс оқып шығу үшін адамға дұрыс түстік көру қабілеті қажет. Ишихараның стандарттық тестінде 3 деген сан қызыл түспен бейнеленген. Қызыл түске деген соқырлықты сендіру арқылы қызықты жайттарды анықтады. Осыған байланысты зерттелушіге қолындағы саусақтардың санын санап беруін  ұсынған кезде, олар 3 деп атап бере алмады және қызыл түсті сезінбеді, көрмеді. 

Эриксон өзінің  клиникалық зерттеулерінің барысында гипноз арқылы таңдамалы жартылай немесе толық саңыраулыққа (глухота) сендіру мүмкіндігін көрсетті. Гипноз арқылы саңыраулыққа сендіру үшін  ол өз тәжірибелерінде  классикалық шартты рефлекстер әдісін қолданды. Баршамызға мәлім электр тоқтың әсерінен адамның бұлшықеттері жиырылады. Сондықтан ол  электр тоқтың орнын дыбысты қоңыраумен алмастырады. Өзінің зерттеулерінде  зерттеушілерге гипноз арқылы  саңыраулыққа  сендіріп, қоңырау шалған кезде  шартты рефлекстер тежелініп,  бұлшықеттердің  жиырылуы  байқалмайды.  Зерттелушілердің есту қабілетін қалпына келтірілгеннен кейін,  олардың  тітіркену қабілеті орнына келетінін байқауға болады. Гипноз тәсілдерін қолдану арқылы физиологиялық процестердің өзгеруін байқаған ол  тәжірибелік зерттеулер барысында  сілекей шығару реакциясын қоздыру немесе тежеу, созылмалы конфеттерге теңдестіруге сендіру, қолдарын ыстық немесе салқын суға батыруға сендіру арқылы  қолдың температурасын жоғарылатуға немесе төмендетуге болатынын дәлелдеп көрсетті. Өзінің өмірінде түрлі аурулардан қатты қиналған ол гипнотерапияға  үлкен жауапкершілікпен талдау жасады. Сондықтан ол ауруды сезінбеуге сендіру  мен реттеуге бағытталған көптеген әдіс –тәсілдерді жетілдірді. Өзінің гипноздық тәсілдерін қолдану арқылы уақытты қысқарту   және ұзарту  арқылы емделушілердің іскерлік қабілетін арттыруға негізделген тәжірибелер жүргізді. Мысалы: зерттелушілерге 10 минут аралығында қаптағы мұз кәмпиттерін (леденцы) санын есептеу тапсырмасы берілді. Әдеттегі  есептеу жылдамдығы  минутына 59 мұз кәмпиті болса, гипноздың әсерінде  болған бір адам 10 секунд аралығында 401 мұз кәмпитін есептеп шыққан. 1933жылы Эриксон әйгілі антрополог Эдвард Сепираның  семинарында күнделікті психопатологиялық әдістерін гипноз арқылы қолданылуын көрсетті. Мысалы: бір ер азаматқа гипноз арқылы неміс ұлт өкілдерінің ерлері өздерінен екі дюймнан жоғары әйелдерге үйленетіндігі жөнінде сендірілді. Гипноз ұйқысынан тұрған соң оның көзқарасының, сенімін өзгертуге бағытталып қолданылған барлық   айла-тәсілдер нәтижесіз аяқталды.  Ол көпшілікті неміс ұлт өкілдерінің ерлері өздерінен биік әйелдерге  үйленетіндігін дәлелдемек болды. Тек қана гипноз арқылы  зерттелінушіні қайтадан өз сенімінен  бас тартуын сендірді.    

Американдық гипноздық емдеу техникалары. М. Эриксонның әдістері.

М.Эриксонның пікірінше  гипнозға берілмейтін адамдар болмайды. Кейбір гипнозшылар  барлығына  бір ғана шаблонды әдісті қолданады. Себебі олар  гипноздың басқа тәсілдері мен техникасын меңгермеген. Эриксонның тәжірибелерінде әр түрлі әдістер мен комбинацияларды теру арқылы  және  емделушілердің  жеке  ерекшелігіне сәйкес  тиісті әдіс қолданған.

  1. Ауызша икемдеу және жүргізу –вербалды қозғалыс пен емделушінің вегетативтік реакциясын  бақылау.
  2. Вербалдық емес икемдеу және жүргізу гипнозшы мен гипнотиктің –тынысын синхронизациялауы, сөз бен тыныс  ырғағын,  қозғалысын  сәйкестендіру содан соң  гипнотикті  сирек ырғаққа ауыстырады.
  3. Жүйелі түрде сенсорлы –репрезентативтік жүйені қондыру (« сіз сезесіз», «сіз менің даусымды жақсы естесіз»т.с.с.).
  4. Алдыңғы транстық жағдайын еске түсіру  жаңадан кәдімгі қалпымен кездесетін  транстық хал — жайын  еске түсіріп жасау және бекіту(мысалы жағажайдағы дем алыс кезіндегі, көлікте жүрген кезде т.с.с.).

     5.«Якорь» әдісінде гипноздың бірінші сеансында  транстық жағдайындағы санасы мен  шартты түрде қалыптасқан сыртқы себепшімен байланысты. Кейінірек  себепшіге  еске түсіру  жеткілікті болады (мұнда бір дыбыс, орындыққа жайғастыру, емделуші денесінің  белгілі бір жеріне қолмен жанап өту т.с.с.).Трансқа  нысаналау .

  1. 6. Кәдімгі трансқа ену кезеңінде байқалатын реакцияларды баяндау.
  2. Тетікті нысаналау- гипноздалушыға- қолдарын өз денесінің алдына созып, ақырын қолын түсіруін трансқа енумен байланыстырады.
  3. Шаблонды ажырату – автоматтандырылған іс-әрекетіне жүргізілген мақсатты үзіліс  шоктық транс жағдайына  алып келеді.
  4. Ақпараттық шамадан тыс жүктеу  әдісі. Оның негізі адамның бір сәттегі саналы түрде 7+ — 2бірліктен артық ақпарат қабылдай алмайды. Шамадан тыс жүктеу кезінде  транстық жағдай пайда болады.
  5. Бір уақыттағы ретсіздік жүктеу сенсорлы презентативтік жүйесі (мысалы: адамға жүйелі түрде 343 –тен 7 санға дейін алуды немесе бір бейнені елестетуді ұсынады.) Гипнозшының  тиянақты тапсырмасын орындалуының келесі нұсқасы. Жылдам ырғақта бір-біріне қарама-қарсы  нұсқауларды  орындау.

          Милтон Эриксон гипноз барысында  нысаналы түрде  ауызша арбауды пайдаланған.          

  1. Себепті пресубпозициялық -күдікті тудырмайтын алдын ала болатын реакцияны болжап, баяндау. Мысалы: «Қолыңызды түсіргіңіз келмес пе екен. Сонда сіз транстық күйге ене бастайсыз».
  2. Пресубпозицияны жалған талдау: «мүмкін сіз таң қаларсыз, денеңіздің қай бөлігі бірінші болып босайды. Оң жағы ма, әлде сол жағы ма».
  3. Бос жіберілген пресубпозицияның шарттары: «сіз денеңізді босаңтуыңызға болады».
  4. Тізбектелген бұйрықтар : «сіз әлде де транстың зор мәніне көзіңізді жұмғыңыз келеді ме». Тізбектелген бұйрықтарды интонациямен үзіліспен, дене қимылымен белгілеуге болады.
  5. Негативті бұйрықтар:  «әсерлі дене сезіміне толығымен еніп кетуге талпынбаңыз».
  6. Сөйлесу жорамалдары: «көзіңізді жұма аласыз ба» дәл осыған сәйкес «иә» немесе « жоқ» деген сұрақтарға негізделген.
  7. Синтаксистік бұлдырлық: «жақын арада сіз толығымен  өзіңізге ыңғайлы жайда отырғаныңызды  сезінесіз, менің дауысымның дыбысын естисіз, терең трансқа енуге икемделіңіз». Гипнотик арбаушының бұлыңғыр синтаксистік сөздерін естиді саналы түрде қабылдап, трансқа енеді.
  8. Семантикалық бұлдырлық- 4-ші тармақта тікелей мағынада қолданған «көзіңізді жабыңыз» сөздің астарлы аталуы. «Гипноз күйіндегі адам жаңа тәжірибемен  білім алуды қажет етеді. Олар оны өмірлік қиындықтардан шығу жолдарын табуға пайдалану үшін үйренгісі келеді. Ол сіздің қолыңыздан келеді». Эриксон мақсатты түрде  осындай ауызша сөздерді трансқа икемдеу үшін пайдаланады.
  9. Мөлдір метафоралар- гипноздалушыға қажетті реакциясы жансыз денелер мен заттарға, басқа адамдарға айтылған нәрсені соған арналған деп қабылдауы. Мысалы: «сіз ұстап отырған кітабыңыз оқырмандардың Эриксон гипнозының негізгі қағидаларын үйреніп алуға ұмтылғандарға  түсіністікпен қарайды».
  10. Жазбаша мөлдір метафоралардың қорытындысын тырнақшаға алу: «сіз  трансқа икемдеу әдістемесін үйреніп болмайынша, гипнозбен айналыса алмайсыз» осы сөзді оқығандар  гипнозды сәтті игере алады, алайда гипноздың көптеген қыр –сырлары оған беймәлім болып қалады.

Сонымен біз М.Эриксонның қолданған әдістерінде тек қана қарапайым, өз пікірін басқаға жүктемеуге арналған, баршаға белгілі ауызша психологияляқ гипноз элементтерінің техникасын пайдаланғанын көреміз.Сондықтан Эриксонның гипноздағы тәсілі орыстардың психотехниктері мен  салыстырғанда мүлдем адамның эмоциялық жайын ескермейді. Гипнозшы қалыптаспаған бұлыңғыр сөздерге бейімделген. Эриксон  гипнотикалық трансты емдік фактор екендігіне  сеніп, емделушінің өзін-өзі емдеудің психофизиологиялық  механизмі екеніне  күмән келтірмеген. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін гипнотерапевттің көмегі қажет. Ол қатаң гипнозға қарағанда қарапайым емдік сөздер қолданады. Эриксон өз сөзінде: «әр адам дәлірек айтсақ оның миы өзінің түйінді мәселелерін шешу жолдарын біледі, керек десеңіз шешімін білмегеннің өзінде де» адамның ішкі психикалық және  физиологиялық ресурстарына байланысты  болдады деген.

Эриксон жиі «ресурстар қазынасы » әдісін пайдаланған. Сіз есікті ашасыз, сіздің алдыңызда кең бөлме тұр, мұқият қараңыз,  бөлмеде сізге қажетті заттар немесе адамдар болуы мүмкін. Олардың сіз қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмегі тиіп қалуы ықтимал. Мұқият болыңыз және есіңізде сақтаңыз. Сізге не пайдалы болуы мүмкін. Бұл бөлмеде қанша уақыт қажет болса да қалыңыз. Ал егер сіз жеткілікті білім мен тәжірибе жинақтасаңыз оң қолыңызды асықпай көтеріп  белгі беріңіз.

Келесі Эриксонның қолданған әдістерінің бірі «уақытқа саяхат» немесе «хрустальды шарлар». Бұл әдістердің негізі төмендегідей :адамнан «бейне жетістігін  елестетуге сұранады  содан соң оны гипнотикалық трансқа енгізеді. Доға тәрізді орналысқан жеті хрустальды шарларды және өз мақсатына жеткісі келген талапкердің өзін орталық шарға елестетуін ұсынады. Содан соң гипнотикпен бірте-бірте,  шардан –шарға  оң жаққа жылжу барысында қойылған мақсатқа жету жолындағы орын алған кері тартпа оқиғаларды  еске түсіреді. Бірінші төрт бейнесін салыстырудан кейін гипнотикке ұқсастықтар мен айырмашылықтарын айқындаған соң сол жақтағы ең шеткі шардағы жетістік бейнесінде өзін қойып,   алтыншы шарда  қойылған мақсатқа қалай жеткендігін, ал жетінші шарда мақсатқа жету жолындағы жасалған іс-әрекетін елестетуі. Бір шардан екінші шарға қадамдап көшу  тек қана  алдын ала гипнотикпен келісілген белгілер (басын изеу, қолын көтеру т.с.с.) немесе орындалғандығы жөніндегі нұсқаулары арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс гипнотикке төмендегі ұсыныспен аяқталады. 7 шарды кемпірқосақпен немесе алтын лентамен  бір-бірін қосу және транс кезінде сезілген нәрселерді санасынан алып тастап, ұмытуды ұсынады.   

                                                              1

  • 7

                                          6

                                                        5

                                    «Маятник немесе сағат тілі» әдісі.

Бұл әдіс негативтіктен, позитивті синтезге ауысуына көмектеседі. Мысалы: өз іс-әрекетіне  сенімсіз адамға сезім. Дыбыс және белгілермен байланысты  екі тізім құрастыруды ұсынады. Бірінші тізімде сәтті орындалған іс-әрекет  барысындағы уайымы, екіншісінде  іс-әрекетті орындай алмауы  барысындағы  сәтсіздіктен кейінгі уайымы.    Гипнозшы  денесін сәл еңкейтіп бірінші тізімін адамның сол жағынан оқиды.  Содан соң екінші тізімдегі сөздерді  сәл еңкейіп оң жағанан оқиды. Үшінші қадам  тура отырып кез келген ретте  екі тізімдердегі сөздерді оқиды.

Жұмыс барысында М.Эриксон өзінің емделушісіне әртүрлі  әңгімелер айтып, кірістірілген хабарламалар мен  бұйрықтарды қолданған. Кейбір жерлерін  дауыстың ырғағымен  қолдың қимылымен  белгілеген. Эриксон 1980 жылдың 25-ші наурызында жұқпалы аурудан қайтыс болды. Оның теориялық ізденістерін шәкірттері жалғастырды. 1988 жылдың шілде айында Эриксонға және оның мектебіне   арнайы  шыққан журнал басылып шықты.  Оның көптеген еңбектері мен мақалалары жарияланды. Доктор Зайгтың Эриксон психотерапиясы жөніндегі екі томдық еңбегі жарық көрді. Эриксонның түсінігі бойынша  гипнотикалық транс –бұл психиканың әр түрлі өзгерістер мен жаңа білімді қабылдауға бейімделу кезеңі. Психотерапевт өзін емделушіден жоғары қоймайды. Өзіне бағындырмайды. Емделуші өзі-өзін  бақылау қасиетін сақтайды. Ол адамның  транстық жағдайда  санасыз түрде  оқуға бейім болатындығын атап көрсетті. Эриксон әр түрлі техникаларды  қолданудан гөрі жеке адамға ерекше мән берді. Трансты ол екі адамның арасындағы өзара  тең қатынас деп есептеген. Ешкімді ешкім басқармайды. Сіздер естіген шығарсыздар адамды ұйқыдан айыру, тамақтың, судың, дәрумендердің физикалық қозғалыстардың жетіспеушілігі неге әкеліп соғатындығын, транстың қажеттілігін біз түсінбейміз. Бірақ біздің санамыз  транс кезінде ішкі психикамызды қайта құрып қажетті іс- әрекетке бейімдеп өзгертеді. Трансқа ену қабілетімізді  қайта қалыптастырып, біз өмірдің  әр түрлі өзгерістеріне бейімділігімізді қалыптастырып, өтпелі кезеңнен жаңа кезеңге оп-оңай өтеміз. Трансқа ену барысында біз ежелгі емдеу дүниесіне қосыламыз. Эриксоннан гипноз не екенін түсіндіріп беруін сұранған кезде ол: «гипноз бейнелерді тасымалдау » деп жауап берген. Бейнелер біздің өмірімізді басқарады. Карл Прибрам  әйгілі ғалым нейропсихолог «Бейнелер жетістігі »деген терминді енгізді.   Адам психикасы  терең бейнелер жетістіктері арқылы өзін қайта құрып, адам өмірінің жаңа  бағыттарын айқындайтындығын дәлелдеді.Бұл ережеге сәйкес терең бейнелер өзінің тұрақтылығымен ерекшелінеді. Д.Н.Узнадзе бұны құрылым деп атады. Олар екі жағдайды өзгертуі мүмкін.

1-сі адамның релаксация кезінде қимылсыз отырып өзінің ішкі дүниесіне үңілу.

2-сі  бұл бейнелерді өзгерту үшін ритмикалық қозғалыстарды қолдану кезінде (билеу, жүру, жүгіру) стресс кезінде адамның көңілі солғын, бұлшықеттеры босаңсиды, тыныс ырғағы өзгереді, тарығады, қысқа мерзімге тоқтап қалуы да мүмкін.Адамның миына оттегі де, аз мөлшерде жеткілксіз беріледі. Осы кезеңде адамдар жаңа бір бейнелердің жетістіктеріне мұқтаж болады. Жаңа армандар мен  мақсаттарға сәйкес өз өмірлерін бағыттауға адам физиологиясы бұл бейнелерді құруды мүмкінсіз етеді. Адамның санасы стресстің қиыншылықтарын жеңілдетуге тырысады. Ол жаңадан  шеңберлерді жасау төңірегінен шыға алмай, жаңадан қиындық жағдайларын туындатады. Адамды белгілі бір траекториямен ұшырылған ракетамен салыстыруға болады. Ол өзіне «маған не қажет?» деген сұрақ қоюға қабілетсіз болады. Сондықтан транстың бір мақсаты  адамға физиологиялық жағдай жасау арқылы  адамды стрестен шығару үшін жаңа бейнелерді қалыптастырады, өз өмірін басқа бағытқа бейімдейді. Адам транс кезінде өзімен өзі түйінді мәселесі жөнінде пікірлеседі. Бұл түйінді мәселені шешу барысында ол бір диалогты қайталай береді. Бірақ белгілі бір кезеңде адамның санасы өзінің ішкі ресурстары мен  тәжірибесіне үңіліп, өз көңілін  шектеулі алаңмен  «түйінді мәселелер»  жүйесін тарылтады. Осы түйінді мәселені шешу үшін сіз осы жоғарыда аталынған тұйық шеңберге қосылып, оның шешімін  табу жолдарын өзіңіздің емделушіңізбен бірге іздейсіз. Әр адам өзінің  қажеттілік тәуелсіздігін  сақтағысы келеді. Сіз басқа адамның ішкі дүниесіне  оның түйінді мәселеріне қосылдыңыз. Емделушімен бірге үйлесімді қызмет барысында сіз оның санасын, көңілін  оның ішкі дүниелік тәжірибесіне үңіліп оның санасын  ішкі ресурстарға жетелейсіз. Сіз ешқандай нұсқау ұсынбайсыз. Милтон Эриксон өз әріптестеріне қарым-қатынас формуласын  шығарды, ол : «Қосылыңыз, бекітіліңіз, жүргізіңіз» . Сіз кез келген аданың сырттқы әрекетіне қосыла аласыз ол үшін сіз  өз даусыңыздың  ырғағын әріптестің тыныс ырғағы мен сәйкестендірсеңіз болды. Сөзіңіздің ырғағын өзгертсеңіз, әріптесіңіз де соған ереді. Дәл сол сияқты өзіңіздің қолқимылдарыңызды  әріптестің  тыныс ырғағымен сәйкестендіруге болады. Келесі әдістің бірі  -вербалдылық әріптесіңіздің қазіргі кездегі уайымына қатысты оған қосылу. Мысалы: «Сіз маған қараған кезде күлімсірейсіз, сіз мен сөйлеген кезде менің даусымды естисіз »  бірте-бірте  ауысу  адамды бір күй жағдайдан өзгерген жағдайға ауысуына мүмкіндік береді. Адамның дүниені танып білудің 5 тәсілі бар. Біз көреміз, сеземіз, естиміз, иіскейміз, дәмін татып көреміз. Осы жолдар арқылы алынған, кодталған ақпараттарды миымызда бейне, дыбыс, сезім, иіс, дәм ретінде  сақталуы  репрезентативтік  жүйе деп аталынады. Егер сіз адаммен сөйлесіп, оны түсіне білсеңіз оның репрезентативтік  жүйесін пайдаланып,оның тілін тапсаңыз сіз оның сенім жолын табасыз. Әріптесіңіздің көңіл-күйін, уайымын, анықтасаңыз оның репрезентативтік жүйесін ойлау қабілетінің түрін білсеңіз  сіз оған «енуге болатын  кілтін»  таба аласыз. Әдетте ол «кілттер» санадан тыс қабылдау шеңберінде орналасады. Бұл белгілер немесе «енуге болатын кілттер» таңдап алынған сөздерді іске қосады. (предикаттар), көз қимылдары (каттерн), және тыныс паттерні  терісінің түрі, бұлшықеттерінің босаңсуы, сөздің ырғағы. Осы «кілттер» адамның қалай ойланатынын және қандай реттілікте репрезентативтік жүйені қолданатынын көрсетеді. Бұл жүйе басқалардан гөрі жиі адамның артығырақ көретін репрезентативтік  жүйесі деп аталынады.  Сондықтан бір адамдар анық бейнелер мен суреттерді бейнелейді. Ондай адамдарды визуалист деп атайды. Басқа біреулер  өзі-өзіне іштей түсінік беріп, басқаларды тыңдағанды жақсы көреді. Оларды аудиалист деп атайды. Ал өзінің  іс-әрекеттерін көп жағдайда өзінің ішкі сезімімен байланыстыратындарды кинестетиктер деп атайды. Өз зейініңізді адамның таңдаған предикаттарына сәйкес сіз ақпарат жинайсыз алдыңызда отырған адам ол визуалист, аудиалист немесе кинестетик  па. Визуалисттер өз сөздерінде төмендегі предикаттарды пайдаланады  «мен сізді не мазалап тұрғанын көремін. Мен  оны көз алдыма елестете аламай  тұрмын». Аудиалисттер төмендегі предикаттарды қолданады: «Бұл дұрыс айтылған,  сіз мені мұқият тыңдап, қызметке шыңдап кірісуге көңіл аударыңыз». Кинестетиктердің қолданатын предикаттары «менің жаныма ауыр тиюде», «қазіргі уақытта  салықты аяқтан басқа дейін сыпырып алады», «тәтті естеліктер жағымды сезімдер ұялатады» т.б.

Өмірінің соңғы жылдарында Милтон Эриксон өзінің тәжірибесінде өзгеріс процестерін жеңілдету үшін ежелгі билік тарихын пайдаланды. Тарихтарды  айту, оқыту мен емдеудің негізгі тәсіліне айналды. Біз бір нәрсе туралы әңгіме айтқан кезде тыңдаушылар өздерінің естерінде  тарихи батырлардың бастарынан өткізген уайымдарымен сәйкес кезеңдерді іздей бастайды. Осы феноменді Эриксон әртүрлі психикалық механизмдерді белсендендіру арқылы  қажетті жерге кіруге рұқсат алды.Эриксонның түсінігі бойынша адамға тікелей оның түйінді мәселесі жөнінде айтудың қажеті жоқ деп есептеді. Мысалы: егер адам бір нәрсені естен шығарса, Эриксон  әдеттегідей   естен шығарған адамдар жайында тарихтарды айтып, өзінің есімдерін естен шығарған, үйінде бір заттарды естен шығарып қалдырған  немесе  жұмысқа қажетті заттарды естен шығарғандарды, өздері уәделесіп кездесулерді естен шығарғандар жайында айтатан. Осыған  сәйкес келетін тарихи оқиғалар естен шығарған психикалық механизмдердің белсенділігін арттыруын қажет етті. Арнайы тәсілдерді қолдану барысында  әңгімеңізге әзілді, қайғыны, шиеленушілікті қосыңыз.  Бірақ әңгіменің  соңында қорытынды жасамаңыз. Қорытындыны тыңдаушының өзі жасасын. Немесе: «осыдан қорытынды шығарыңыз»- деп әңгімеңізді аяқтаңыз. Өзіңіздің әңгімеңізге қосалқы сенім элементтерін қосыңыз. Психотерапевтикалық тарихтар 60 минуттық  ұзақтыққа созылуы мүмкін. Сонымен қатар әңгімеңізге 3 модальдық сезімдерді (визуальдық, аудиальдық және кинестетикалықты) қосыңыз. Психикалық механизмдерді белсендіруге  Эриксон үлкен мән берген. Адамның әртүрлі жағдайына байланысты  соған бейімделіп өзгеретін адамның үйренуге деген қабілетін арттырады. Мысалы:  «баланың алғашқы әріптерді үйренуі туралы тарихы. Бала мен үлкен адамның  компьютерде жұмыс істеуді үйренуі». Эриксон қисық-қыңырлық іс әрекеттерді  таңдауларды құттықтап өзінің  терапевтикалық айла-тәсілі ретінде қолданды. Мысалы: Егер емделуші мен бұны істемеймін, маған оның қажеті жоқ десе, Эриксон оның пікірімен келісіп, қажет болған жағдайда  орындамауын талап ету арқылы түйінді жағдайды қалыптастырып, серіктестікте жұмыс істеуге шақырған.

Медицина ғылымының докторы жаңашыл, тапқыр зерттеуші Мильтон Эриксонның  пікірлері гипноз жайындағы қазіргі  кезеңге сәйкес көзқарастарды қалыптастырып, дүниежүзілік психотерапевттердің тәжірибелік қызметіне үлкен із қалдырды.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II БӨЛІМ  ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАНЫМ ЕКЕНДІГІН         ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ

 

       2.1 Адамның  ішкі жан қуатының қайнар көзі ретіндегі эзотерика

 

          Адам тәнінің айналасы мен ішкі  энергиясының жұмыс істеуін  түсіну үшін  чакра жүйесін жақсы білу қажет.

Чакра— бұл адам тәнінің ішкі қуатының нүктесі(орталығы), әрі ерекше қасиеттерге ие болатын  орны. Егер адам қандай да бір  нақты чакраға тұрақталса, бүкіл әлем ол адам үшін  чакраның қуатымен  боялғандай сезімді ұялатады. Себебі барлық тіршіліктің талдауы осы линза арқылы жүреді. Чакралар бір-бірімен  ерекшелініп отырғанымен,  кейбір күш-қуаттарының аспектілері бірдей. Сонымен қоса барлық чакралардың негізі болатын  және олар арқылы  өтетін, бір-бірін біріктіретін  қуаттары да бар. Адамның чакралық жүйесі 8-ден құралады. Олар омыртқаны бойлай тізбектей орналасады.  Жалпы чакралардың толық жүйесі 13-тен құралады. Тағы да басқа кіші чакралар: қолда және аяқта көп кездеседі. Оған шығыстың  нүктелік массажы мысал бола алады. Күш-қуат екі негізгі тәсілмен бірі-әйелдік, екіншісі-еркектік чакра арқылы  тән бойына  көтеріледі. Ол үнемі спираль тәрізді  қозғалады. Егер энергия тәнді  сағат тіліне қарсы айналса ол еркектік, ал қарама-қарсы  сағат тілінде  айналса-әйелдік деп аталынады. Мысалы: жұлдызды тетраэдр әлемге белгілі  Леонардо да Винчиінің суретінде  көрсетілген туынды. Сурет екі өлшемді жазықтық болып көрінгенімен, оны  көлемді етіп қарастыратын болсақ, терең ақпарат алуға болады.  Әсіресе, адам тәнінің осінен өтетін  түтікке зейінімізді аударсақ, өмірлік күш-қуат көзінің  бар екенін байқаймыз. Жоғарыға, яғни  Күнге қарап тұрған тетраэдр- еркектік, ал жерге қарап тұрған -әйелдік. Сонымен еркектік тетраэдрды «күн», ал әйелдіңкі «жер» болып саналады.

Егер чакра болмаса  ДНҚ-ны белсендендіру  жүзеге аспас еді. Чакра –дөңгелек тәрізді айналып тұратын  күш-қуат көзі. Ежелгі халықтар,  шығыс ұстаздары және бүгінгі елшілер көне ілімді  пір тұтып өмірде кеңінен қолданған. Медициналық ғылым енді ғана чакралармен танысып жатқандығынан, оны  әлі аса қажетті деп санамауда.

Бірақ кез келген адам тәнінде 7 чакралық жүйе бар. Олардың әрқайсысы айналып тұрады және түрлі түстермен сипатталады. Әрбір чакраның өзіндік ерекше қасиеттері бар. Мәселен: бірінші чакра  омыртқа негізінде орналасқандықтан, ол  адамның  аман қалуын қамтамасыз етеді. Екінші чакра кіндіктен төмен жерде орналасқандықтан, оған құмарлық пен сексуалдылық, ұрпақ көбейтушілік қызметі жатады. Үшінші чакра жекелік күштің  орталығы бола отырып, адамның ерік-күшін басқарады. Ал төртінші чакра жүрекке жақын жерде болғандықтан, мейірімділік пен махаббаттың орталығы  болып саналады. Бесінші чакра мойында орналасады, ол дыбыстың шығуына ықпал жасайды. Алтыншы чакра  екі қастың ортасында орналасқандықтан ол жоғары интуиция мен шығармашылықты қамтамасыз етеді. Жетінші чакра  бастың төбесінде болады және рухани орталыққа жол ашады.

Бірінші чакраға толық мәлімет беретін болсақ,ол жаңа ақиқатты интерпретациялайтын линза тәріздес. Бұл интерпретация адамның зейінінің толық шоғырлануын талап етеді. Өмір сүруде адамның аман қалуын қамтамасыз ететін, тіршілікте өмір сүретін иесімен қатынаста болуға интенсивті тұрғыда қажет етеді. Егер бала  нәрестелік шақта болса, онда оның  анасымен қатынасы биологиялық тұрғыда болады. Өсе келе ондағы қатынас  өзге тіршілік иелерімен  физикалық тұрғыдағы жыныстық қатынасқа көшеді. Сол себептен  екінші чакраны сексуалды деп атайды. Адам аман қалып, қарама-қарсы жыныстағы  адаммен қатынасқа түскеннен кейін,  жаңа шындық кілтін ашып, оны басқаруға негізделеді. Бұл үшінші чакрадағы ерік-күшке тән қасиет. Адам өмірінің қалай қалыптасқандығы, оның заңдылықтары мен физикалық объектілері жайлы білуге құштарланады. Ол ерік –күшті қолданудың әсерінен физикалық әлемді бақылай алады. Көптеген адамдар әлі күнге дейін  жоғары орталықтардың бар екенін білмегендіктен, алғашқы үш чакрада қалыптасады. Бастапқы кезде адам өсіп, дамып келе жатқанда төменгі үш чакралардан өтеді. Кейде барлық чакраларды бірдей немесе олардың ішіндегі біреуін ғана пайдаланады. Тәннің төменгі чакралары үшке, ал жоғарғы бөліктері төртке бөлінеді. Егер адам бірінші жарты қадамға  қол жеткізсе, бұрынғы қалпында қалғысы келмес еді. Себебі ол өз өмірінің деңгейін жоғары орталықтарына дейін көтеруге талпынады.  Күндердің  күнінде  бірінші  жарты  қадамды  өткен  адам  немесе  жоғары   бөлікке,  яғни – жүрекке, дыбысқа,  табиғаттың  рухани  және  геометриялық   құбылыстарына  жоғарылайды  да,  төмендегі  чакраларға  қызығушылығы  жоғала  бастайды.  Ол  өзінің  физикалық  жағын  дамытуға  күш  салмай  кетеді.  Оның  есесіне  табиғаттағы  жоғары  орталықтарды  тануға ақпарат алуға қызығушылық танытады. Мысалы:     «Ескі»  қалалар   әдетте  физикалық  тұрғыда  қиратылған  боғанымен ,   ол  ел  ақиқаттың жоғары деңгейін  құрауы мүмкін оған Үндістан елін айтуға  болады.  Егер   қандайда  ел  7- ші   чакраға  жетсе,   оны   тек  өлімнен  кейін  не  болады  деген   сұрақ  қызықтыра   бастайды.  Ежелгі  Египет  осыған   мысал  болады.

 Келесі  кезекте  адамның  психоделикалық  құралдарын  қолдануына  тоқталамыз. Психоделиктер –бұлар нашақорлар емес. Олардың опиум, героин ұстайтын нашақорлардан айырмашылығы бар, олар психоделиктерге қарама-қарсы әсер етеді. Нашақорлық заттар  төмендегі чакралардың қызметін күшейтеді де жағымды сезім қалдырады. Ал психоделиктерде болса, басқаша әсер етеді.1960 жылы  АҚШ-да көптеген адамдар ЛСД көмегімен жоғары чакраларды өткен. 20000000  американдықтар  бұл әдісті пайдалана отырып, жоғары нүктелерге жеткен. Олар 5-ші чакраға көтерілу үшін музыканы пайдаланған. Сонда психоделиктерді тоқтатуға ешнәрсе көмектесе алмаған. Себебі музыка автоматты тұрғыда 5-ші чакраға көтерген Егер адам 6-шы чакраға  жетсе, ол әлемді сакральді геометриялық формада қабылдар еді. Жер бетіндегі адамдардың санаулы бөлігі ғана 7-ші чакраға жол табулары  мүмкін. Бұған жоғары руханилық жатады. Олардың  мұндай  деңгейге көтерілуіне  түрлі медитациялар көмектеседі. Шын  мәнінде негізгі чакралармен байланысатын 5 түрлі каналдар мен 4 қосымша чакралардың каналдары жүзеге асырылады. Олардың  үшеуі негізгі,  екеуі  сыртқы  және  біреуі орталық,  ал екеуі екінші деңгейлікке жатады. 1;3 және 5 типтері бірліктегі сана болса, ал 2; 4-дисгормониялық санаға қатысты.  Жалпы чакра мен хара бір-бірімен тығыз байланысып тұрады. 
         Хара – тәннен  жанның  кететін  өлім  орталығы. Ол жапонның «Хара» сөзінен шыққан.  Аталынған  орталық   адам кіндігінен  6 см төменде  орналасады.  Бұл  орталықтың  өте   қажетті  екенін  барлық  адамдар  сезінеді.  Бірақ  жапондықтар  ғана  оның  құпия сырларын    терең  зерттеп  ашқан.  Хара  сексуалдық  орталыққа  өте  жақын  жерде.  Егер  адам  жоғары  чакраларға  көтерілмесе,  ол  өмір  бақи  сексуалды  ортада  қалып  қояды.  4-ші  орталық махаббат.  Онда  үлкен  қанағаттану  сезімі  ұялайды.  Ал 5-ші  орталықта  тамақ, 6- шы орталықта интуиция орналасқан. 7-ші орталық бастың төбесінде. Барлық орталықтар әртүрлі тәжірибеден өтеді. Егер махаббат  сезімі  бесінші  орталыққа  жылжып  келсе,  барлық  ерекше  қабілеттерге жол ашылады. Бұл шығармашылықтың орталығы болғандықтан  тек музыкаға емес, кез келген шығармашылыққа тән  қасиет болады. Хара- өлім орталығы болғандықтан,  оған күш қуаттың хара арқылы сыртқа шығуына мүмкіндік бермеу қажет. Өмірде  түрлі қарама-қайшылықтағы адамдарды білеміз. Кейбіреуінің жанымызда болуы көңілімізді көтеріп,  мұңаюымызды тарқатып, ашуымызды  басады. Бұл адамдарды  күш қуаты жоғары орталықтарға көтеріліп жатқандар  қатарына жатқыза аламыз. Мұндай адам өз тіршілік етуі барысында  жақын  адамдарды таңдайды.  Мысалы; саналы, өз күш- қуатын көтере алатын  достар мен компанияларды  таңдайды. Кейде  керісінше,  адамдар  энергияны  жұтып  алатын  қасиетке  ие  болады. Ол адамдардың харасы өте қауіпті болғандықтан,  сіздің де хараңызды ашуы ықтимал.  Олардың  харалары  ашық  болғандықтан  энергияны  жұтып   алатындай  сезімде  болады.  Бүгінде  бұл  мәселені  психология  аса  қажетті  деп  санамайды.  Бірақ,  психикалық  ауруға  шалдыққандарға  көмектесу  үшін  бұл  қажетті  болар  еді. Дәл  осыны  бүкіл  әлемде істейді. Психикалық ауруларды психатриялық емдеу  орталықтарында  ұстайды.  Бұл  дұрыс  емес.  Себебі  адам  онсыз да  психикалық  ауру,  ол  адамды  өздері  секілді компанияға  қосады.  Соның  салдарынан  аурулардың  энергиялары  ең төменгі  деңгейге  түседі. Бұл   жағдайдан  шығу  үшін энергияны  көтеретін хараны  жабатын медитациялық әдістерді пайдалануға болады.

Аура – адам денесінің  орталығынан  шығатын түрлі түсті сәуле.  Ол эфирді  дене  секілді электромагниттен  шығады. Адамда тыныс алуынан  басқа  ойлау  мен сезімді  байланыстыратын  энергетикалық  өріс  бар .  Әр адамның  ойы  электромагниттік өрісті  құрайды. Эмоцмялар да  дәл  солай. Ол өрістер шындықта бар болғанымен көп  адамдар  оның  бар  екеніне  сене бермейді. Аура  адамның  не ойлағанына және  сезімдеріне қарай өзгеріп отырады.  Ережеге  сай  аура  адам басының  айналасында  оның  ойын  білдіретін  түстерден  құралады. Ал  төс  пен   арқа бөлігіндегі  аура  сезімдер  мен   эмоцияларға  жауап  береді.  Сонымен   қатар  3-ші  қосымша  аураға  адамның  денесіндегі  физикалық  мәселелері   мысал  бола  алады.  Егер   адамның   қандай  да  бір  жері  ауыратын  болса,  ол  аурада  түспен  белгі беріп тұрады. Адам ойы өзгерген сайын  оның  аурасының  түсі де өзгеріп,    эмоциялық  аурасы  қозғалыста  бола  алады.  Өмір-  тәнді  қоршап тұратын күш-қуат. Сондықтан тек адамның ғана тәні емес, барлық  өсімдіктердің, жануарлардың  өзіндік аурасы болады.  Түрлі жағдайларға байланысты ол сығылады және кеңейеді. Мысалы: Шығыста ғасырлар  бойы адамның  дүниеден  өтуіне 6 ай  қалғанда  өз  мұрнының  ұшын көре алмай қалатыны тәжірибеде байқалған. Себебі адамның көзі жоғары қарай көтерілген сайын, ол өзінің мұрнының ұшын көре алмайтын жағдайға жетеді. Бұдан адам аурасының  бастапқы  қалпына  келе  жатқанын  байқауға болады. Йогада аураны 5000жыл бойы  фототехниканың көмегінсіз  көруді үйренген.  Қазіргі кезде ол ғылыми  бағытта  жиі  қолданылып  зеріттелінеді. Егер сау  адам  ауру  адамның  қасында  отырса, жағымсыз әсер алады.  Себебі  ауру  адамның  аурасы  әлсіз  болғандықтан ,  ол сау  адамның  аурасын  санасыз  тұрғыда  ала  бастайды.  Бұл  адамдардың  тікелей қатысынсыз  жүретін  процесс   болғандықтан, көпшілік  адамдар    оның  не  себепті  әлсіз  немесе  күшті  сезінуін  терең  қарастыра  бермейді.

Адам  денесі эфирмен  қоршалған.  Аура да  дәл  сол сияқты. Аура  мен  эфирлі  дененің бір-бірі мен  ұқсастық  жері электромагниттік  шығу  тегінің  бар  екендігінде.  Аура  адамдағы Жоғарғы – Мен  түстер  арқылы  көрсетіп  отырады.  Ол  адамның  рухани  дамыған,  не  дамымағанын,  денінің     сау  немесе  ауру  екенін түстердің көмегімен  бейнелейді. Жоғарғы – Мен  индикаторы  аурадан  байқалады.  Әрине,  Жоғарғы – Мен  және жан екеуі  бір мағынаны  білдіреді.  Аурадан  жетістіктер  мен  сәтсіздіктерді,  махаббат  пен қызғанышты  көруге мүмкіндік туады.  Оның  себебі  Жоғарғы – Мен  вибрацияларынан  адамдардың  ойын  бейнелеуінде.  Ежелгі  қытайлықтар:   « Бір ғана  сурет 1000 сөзге  татырлық»- деп аура  туралы  мағыналы  көзқарас  білдірген . Сол  себептен  аураның  шын  мәнінде  бар  екенін светофилтрлі  көзілдірік  арқылы  адамға  көрсетуге  болады.  Бірақ  олар  көзге  зиянды  әсер  етеді.  Сондықтан  аураны  табиғи  жолмен  тәжірибеде  дағдыланып  үйренген дұрыс.

Егер аураны  көрмейтін  адам,  аураны  көретін  адамның  алдында  өтірік   айтса,  оның  аурасы  өзгеріп,  жалған   айтқаны  сезіліп  қалады.  Мұндай  жағдайда  адамнан  көгілдір  немесе  сары  түс  шығады. Егер  ол  алдаса  «галода »  жасыл -сарғыш  от  пайда  болады.

Кейде адамдар:  «Ол адам бұл түстегі киімді кимеуі керек немесе оған бұл түс жараспайды деп айтып жатады. Себебі олар инстинктивті  тұрғыда  ол түстің адам аурасына  сейкес келмейтінін  сезеді. Көптеген адамдар аураның  бар екенін сезгенімен, өз сезімдеріне қарсы  шығатын кездері де болады. Өйткені адамды бала кезінен  бұның барлығы жалған» деген  көзқараспен  тәрбиелейді. Соның салдарынан адам өзіне сенімсіз болады.  Бірақ күнделікті өмірде  тәжірибе жасау арқылы аураны көруге үйренуге болады. Әрбір музыкалық нотаның үйлесімді әсерлері бар. Егер музыканы қате ойнаса адамға жағымсыз әсер етеді. Сондықтан музыканттар шығарма ойнағанда  адамдарға жағымды әсер қалдыруға тырысады. Түстегі секілді –музыканың да өзіндік вибрациялық спектрлары болады. Бірақ олар адамдардың  спектрды қабылдауының  басқа жағынан өтеді. Біз әдетте түстерді жағымды, жағымсыз, тітіркендіретін, жүйке жүйеге әсер ететін  деп бөліп жатамыз. Адамдардың аурасы да дәл сондай. Оны дағдыланған адам ғана көре алады.   Ендігі кезекте  түстердің  ішіндегі ең негізгілеріне  талдау жасаймыз.  Адамның негізгі аураларының  түстері  оның өз-өзін дамытуына  байланысты. Адам неғұрлым  рухани дамыған сайын, оның түстері жақсарады, ал  керісінше  келеңсіз жағдайларға тап бола берсе,  оның аурасының түсі өзгереді.  Адам аурасының түстері  басынан бастау алып, спираль тәрізді тәнді аяққа дейін қоршайды. Оның ішіне кемпірқосақтан да  көп түстер кіреді.

                                                 Қызыл түс.

Қызыл түс әдетте  басшының жақсы қасиеттерін көрсеткен. Мәселен: генералдардың, көсемдердің ауралары таза  қызыл  түсте болған. Егер таза қызылдың жан-жағын ақшыл-сары түс қоршаса, онда ол адамның кез-келген уақытта қол ұшын беретіндігі анықталған. Бірақ оны қылмыскер аурасымен  шатастырып алуға болмайды. Өйткені қылмыскерлердің аурасының қызыл түсі қоңырлау өңді береді. Кей жағдайларда адам  бет-әлпетінен оның аурасы мен денсаулығының қандай  екенін  байқауға болады. Оған тілдің, беттің қызыл болуы жатады. Егер жағымсыз қызыл түс –кір өңдес болса, онда адамның мінезінің ашушаң  екенін байқатады. Күңгірт қызыл аура әдетте жүйке қозушылықты  бейнелейді. Нашар қызыл түстегі адам аурасы физикалық тұрғыда күшті, дені сау  болғанымен, ол адамның қасиетінің нашар болуын көрсетеді. Қызыл түс неғұрлым  ашық түске жақын  болған сайын, адамның жүйкесі тозған, тұрақсыз екенімен қатар, тез қимылдайтын, тыныштықта отыра алмайтындығымен ерекшелінеді. Адам ағзасындағы аура  оның денсаулығының күй-жайын көрсетіп отыратындықтан, ағзадан шығатын күңгірт  қызыл  немесе қоңырлау  түс, адамдардың ісік аурумен ауыратынын байқатады. Мұндай науқас адамның аурасын көру үшін болашақта арнайы «ауратерапияны»  ғылымға енгізуге болады.

Алқызыл түстегі адамның  аурасынан оның өзін тым қатты сүйетінін, өзіне сенімділігінің шексіздігін байқаймыз. Бірақ мұндай адамдар  өзінің жалған көкіректігін байқатып қояды. Әйелдердің бел жағындағы қызыл түсті аура, оның ақша үшін «махаббатын» сататынын байқатады. Қызыл түстердің қатарына қызғылт түс те кіретіндіктен,  бұндай түстегі адамдардың аурасынан оның әлі кемелденбегендігін көре аламыз. Әдетте қоңыр түсті аурасы бар адамдар сәтсіздік әкелетіндер қатарына жатады.   

                                           Қызыл сары.

 Қызыл сары түс –қызыл түстің бұтағынан  бастау алады. Әсіресе Шығыс елдерінде  оны Күнге теңеп, оған табынып өткен. Бұл түстегі адамдар әдетте өте ақылды, адамдарға қол ұшын беруімен ерекшелінеді. Сары  -қызыл-сары  түстер де жақсы қасиеттерге ие. Ол адамның өзін-өзі қадағалауы мен басқа да ашық қатынасын көрсетеді. Қоңыр түсте  қызыл-сары түсті аура еріншек, немқұрайтындылықпен  қарайтын адамға тән. Бұл да бүйрек ауруына шалдыққандарды көрсетеді. Егер қызыл сарыда жасыл рең беретін адамның аурасы  ол ұрысқақтықтың белгісі. Мұндай адамдар қандай мүмкіндік болса да,  ұрыс іздеп тұрғанды қалайды.

 

                                            Сары  түс.          

Алтын-сары аура  рухани даму көрсеткіші. Барлық қасиетті адамдардың  басының айналасын сары  «гало» қоршаған. Олардың  рухани дамуының  қаншалықты жоғары болғанына қарай, алтын түс жарқырай түскен. Егер адамдардыңурасында сары түс болса, онда ол рухани және  моральды сау  екенінің айғағы. Олар дұрыс жолда. Мұндай адамдарға  толығымен сенім артуға болады. Егер сары түстің төменгі түсі (бұзылған сыр түстес) адамда кездессе –оның қорқақ екені байқалады. Әдетте қызыл-сары аура  физикалық, моральдық және ақыл-ойын, өз пікірін  айта алмайтын адамдарда кездеседі. Бұл адамдар өмірінің жартысын  үнемі іздеумен өтеді және таба алмайды. Егер адамның шашы сары және аурасында сары түс көп болса, ол төбелескіш, кез келген ескертулерді  жекелік қасиетіне қарсы келу деп  қабылдайды. Сары түсте  қызылдың интенсивті түсі кездессе,  онда ол адамның  толыққанды еместігі және  комплекстері бар болуын көрсетеді.  Қызыл түстің неғұрлым көп болғаны, соғұрлым  комплекстің басымдығын байқатады. Қоңырлау –сары аура ойы таза емес, рухани дамуы төмен жандарда байқалады. Өмірден қажыған, ішімділікке салынған  адамдардың аурасы  қызыл-қоңыр  -сары  түстерден құралады. Ал егер олар өте  нашар болса, ондай адамдардың аурасынан  жағымсыз- лимонды –жасыл ұшқындар  көрінеді. Қоңырлау- сары  аура  адам  ойының  таза еместігінде. Ал денсаулыққа қатысты жасыл- сары аура адамның бауырының ауыратын белгісін көрсетеді. Әдетте адам өз санасын екіге бөлгендіктен  оның аурасы да екіге бөлініп тұрады. Бірі көкшіл сары, ал екінші жағы қоңырлау және жасыл-сары. Бұл комбинация жағымсыз әсер   қалдырады.

                                                          Жасыл түс.

Физикалық  дамуға қолайлы түс. Ұлы дәрігерлерде, хирургтарда жасыл   түспен қатар  қызыл түс те  кездесіп отырған. Адам өмірінде жасыл мен қызыл түсті үйлесімсіз деп  қабылдаса,  аурада оны қабылдауға  мүмкіндік бар. Жасыл түстегі аурада қызыл рең болса, онда ол жоғары  білімді, маман хирург екенін көрсетеді. Қызыл рең қосылмаған жасыл түс  адамдардың  өз ісін толық меңгерген, ұлы дәрігер болуын байқатады.  Жасыл түс  көгілдір  өңнен құралған адам аурасы мқғалімдік қабілеттері бар  жандарда болады. Ұлы  ұстаздардың  аурасы түс көгілдір жолақтардан құралады. Кейде жасыл түс пен көгілдір түстің  арасынан  жұқа алтын  жолақ жүріп отырса, ол мұғалімнің  өз оқушыларына қадірлі, сыйлы  екенін көрсетеді. Егер  адамда жануарларды, адамдарды емдеу  қасиеті маман иесі болмаса да  кездесетің болса,  онда оның  онда оның аурасында жасыл түстер көп кездеседі. Жасыл аура доминантты түске жатпайды, ол  ылғи қандай да бір түспен қатар жүреді.  Сондықтан  қосымша түстер  оның досжандығын, достарын сүйетіндігін байқатады. Бірақ адамдардың аурасында  сарғыштау-жасыл түс кездессе,  онда ол  сенім артуға тұрмайтын жан. Сарғыш жасыл түс «сиқыршыларда» жиі көрінеді. Ал егер жасыл аура бірте-бірте  көгілдірге айналып, жағымды көгілдір  өң берсе, онда  ол адамның ең сенімді екенін аңғарамыз.

                                                      Көк түс.

Адамдар көк    түсті рухани  әлемнің бөлшегі ретінде қарастырады.   Ол адамның ақыл-ой  мүмкіндіктерін  көрсетеді. Дұрыс реңді көк түс  өте сәтті деп есептелінеді. Көк түс  неғұрлым ашық болған сайын,  ол адамның сергек әрі дені сау екенін көрсетеді. Реңсіз көк түс адамның шешімтал емес адамға тән. Көк түстің күңгірттеу  түсі  адамның жетістігі мен  даму көрсеткіші. Қою –көк түс миссионерлерде кездеседі.

                                                    Индиго.

Индтголы  аурасы бар көптеген адамдар дінге  терең енгендер.Оның қаншалықты енгендігін индигоның түсінен білуге болады. Егер адамның индиго жолағында  алқызыл тозаң  көрініп тұрса, ол адам туралы бағынушы адамдар  өкпелегіш, жағымсыз деп қабылдайды. Индигодағы алқызыл тозаң  деградация көрсеткіші. Ол аураны тазалығынан айрылтады. Кейде индигода күлгін түсті аурасы  бар адамдардың   асқазан немесе жүрек  ауруларымен ауыратынын білуге болады.

                                                       Сұр түс.

Сұр түстегі аура түстерді жұмсартады. Адамның киім киіп тұрған  кездегі аурасына қарағандағы  сұр түс ешқандай  маңызға ие болмайды. Себебі аурада дақтар  мен сұр жолақтар бар. Егер ол адам шешінсе,  оның денсаулығының әлсіз екені байқалады.Егер сұр түстер адамның өте қажетті  дене мүшелерінде  жолақ ретінде  көрінсе-бұл дене мүшесінің  зақымдалып жатқанын көруге болады. Ол адамға медициналық көмек  қажет болады. Адам басының  үнемі ауыруы  сұр түтін тәріздес аураның болуына қатысты.

[45,26]

 

2.2  Медитация- жаңа оқыту технологиясының үлгісі.

 

Медитация ( лат. – ойлану, толғану) –сананың терең ойға, зейінін  қандай  да бір затқа тұрақтауы. Медитация кезінде сыртқы зейіннің бөлінуі  (жарық,   дыбыс) мен ішкі  әлемге  (физикалық,  эмоциалдық  т.б.)  кедергі  келтірмеуі  тиіс. Медитацияның психологиялық жаттығуларын түрлі  формада,  адамның  мәдени –тарихи тұратын жеріне байланысты қолданады. Көптеген  куәгерлердің айтуынша  медитация  шығыс  еліндегі  Үндістан  мен  Қытайда  көне  заманнан  бері  сақталған.

Ал ХХ ғасырда медитация әдістерін кейбір психоанализ,  психофизиологиялық жаттығулар,  терапевтік  эффекттер  үшін   мектептерде  пайд     аланған.Ал Шығыста  медитацияны  адам  өмірінің  бір  бөлшегі  ретінде  қарастырады. Медитацияның  ешқандай  іс-әрекетке  қатысы  жоқтығын,  оны  алу  мүмкін  еместігін шығыс медитациясымен айналысатын адамдары ескерткен. Себебі ол зат емес, ол әрбір адамның өзі. Медитация  өз  мүмкіндіктерін саналы  қабылдауға,  адамдардың  кім  бола  алатынын,  неге  қол жеткізетінін, нені аяқтамай  қалдырып  кеткендігін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Писхологтардың  зерттеулерінде  адам  өз  мүмкіндіктерінің  5%- ін  ғана  өмір  сүру  барысында  пайдаланады  екен.  Ал   95% — ін  әлі  ашып  қолданбаған.  100 %-ң  ішінен  5%-і  аз  көрсеткіш. Тек  медитация  ғана  адамның өз-өзінің ішкі әлеміне апаратын, дамытатын  жол. Ол  эзотериканың  ең негізгісі. Қазіргі кездегі адамдардың пайдаланып жүрген медитацияларының  барлығы   Шығыста  пайда  болып,  өркен  жайған.  Сондықтан  адамдар  нағыз  медитация  мен  ойды    образдың  қабылдауы  мен шатастырмауы қажет. Медитация ең алдымен    отбасындағы,  ұжымдағы  ішкі үйлесімді  сақтайды.  Біздің    тілімізде оның  екі  ағымы  бар:  сенсорлы  және  моторлы.   Моторлы  ағымда  тәннің  барлық  еріксіз  қызметтері:  тыныс  алу,  қан  айналу  т.б.  жауап  береді  және  тәннің  өміріне  қолдау  жасайды.  Сенсорлы  ағым    болса  —  бұл  сана.  Ол  сезім  мүшелері  арқылы,  яғни  ой,  арман,  сезімдердің  сыртқа  шығуына  бағытталады.  Бүгінде  біздің  сезіміміз,  ойымыз,  денсаулығымыздың  барлығы  бір-бірі  мен  тығыз  байланысқан.

Тыныс  алу  медитациясы  адамның  саналы  болуына  көмектеседі.  Сол  себептен  бұл  күйге  түскен  адам  одан  шыққысы  келмейді .  Егер  адамның  медитацияға  кіргісі  келсе,  уақытқа  шек  қоймауы  тиіс.  Себебі :  тыныс  алу  медитациясы  адамның  белгілі  сана  деңгейіне  қол  жеткізеді.

Егер  медитацияны    батыстық  ойлауы  қалыптасқан  адам  жасаса,  оған  тұрлі   иллюзиялар  әсерін  тигізеді.  Ойлау  процесі  мен  ақыл – ой   логикасы  оның    басынан  кетпейді.  Егер  адам  өз  миынан  шыға  алмаса,  жүректің  кеңістігін  сезіне  алмайды.  Сол  үшін  мыңдаған  жылдар  бойы  ақыл  жүрекке  жол  ашпауда.  Адамзат  өз  тәніндегі  жанның  қозғалмалы  екенін  білуі  тиіс.

  Сұрақ:  Медитация  адамның  ұйықтап  қалуына  кедергі  жасай  алады  ма  және  ұйқы  мен  медитацияның  айырмашылығы  неде  ?

 Жауап:  медитацияда  біз  қандай күйде болсақ,   түсте  дәл  солай.  Ең  басты ерекшелігі түсте адам еш нәрсені  саналы  қабылдамайды,  ал медитацияда  толық  саналы  күйде  болады.  Адам  ұйқымен,  түспен  тікелей  байланысады.  Себебі  адамның  ұйқысына  қарап,  оның  қалай  өмір  сүріп  жатқанын  білуге  болады.  Егер   адамдар нашар  ұйықтаса,  оның  өмірі  босқа  айналады. Оның барлық байланыстары шиеленіске түседі.  Ал  керісінше   жағдайда  түс  адамды  сана  асты  күйіне  алып  барады. 

Американ  психологтары  түсті  үлкен  құпияға  жатқызады.  Бірақ  түс  толық аяқталған ойға жатпайды. Себебі  онда  ұйқы  мен  сергектік  арасындағы  күй  қозғалыста  болады.    Сондықтан  сергектік  пен  ұйқының   арасынан  түс  орын  алады.  Адамның уайымшыл  ойы  бір   орында  тұра  алмайды.  Тіптен  түнгі  ұйқы  кезінде  де  ол  тәнге  тыныштық  бермейді.  Ішкі  тынымсыздық  тәннің  уайым  кешуіне  ықпал  жасайды.Сол үшін  ой  мен  түстің  арасында  аз ғана  айырмашылықтар  бар.  Ой  түске  қарағанда  мәдениеттілеу.  Мәселен:  абориген  тайпаларының    балалары  сөз  жүзінде  емес,  сурет  немесе  бейне  арқылы  ойлай  алады.  

Адам  ұйқы  кезінде  барлық  күндізгі  қасиетін  жоғалтады.  Ол  өзінің  ғалым,  жоғары  білімді  адам  екенін  ұмытып  кетеді. Түнде  сөздің  барлығы  суретке  айналады.  Түс  адамның   ұйықтауына  маза  бермесе,  ал  ойлар  оянуға  мүмкіндік  бермейді.  Егер  түс  жойылса,  ұйқы  толық,  егер  ой  жойылса,  ояну  жеңіл  соғады.

Адам -бұл толған  ауыртпашылық,  онда  көкейкесті  мәселелер аурудың  түрлері,  уайым-қайғы,  кедергілер  өте  көп.  Оның  даму  эвалюциясында  «ауру »көп болғандықтан ол өзінің  табиғилық  қасиетін  қабылдай  алмайды.  Осының  барлығы  оның  тынымсыз  болып  қалуына  әсерін  тигізген.Бұл  жағдайдан  шығару  үшін  адамға  2 әдісті  қолданған.   Біріншісі – медицина,  ал  екіншісі —  медитация.  Медицинаның  әрбір  ауруын   және  қарастыратын   болса,  ал  медитация   адамды  ауру  ретінде  қабылдайды.  Бірақ  әр  адам  әртүрлі  ауырады.  Оның   басты  себебі  ауруда  емес,  адамның   өзінде.

Сол  себептен  медитация  адамның  ішкі  әлемін  тереңірек   ашады.  Бірақ  медицинадан медитация,  медитациядан  медицина  бөлек   жүре  алмайды. Оның кілті  адамның  тән  мен  жаннан  құралуында.  Мың  жылдар  бойы  адамдар  тән  мен  жанды  бөлек  қарастырған.  Сондықтан   медицина    мен медитацияны  бөлек  бөлек деп санаған .  Бірақ  қазіргі  заман  адамдары  тән  адамның  көрінетін,  ал  жан  көрінбейтін  бөлігі  деп  қабылдайды.

Біріншіде  медитация  адамзат  тіршілігінің  екінші  жағынан  қарайтын   дәрумені. Әрине,  дәрілер  материядан және  химиялық  заттардан  құралады; Ал медитация  санаға тәуелді  болады.  Медитацияға  арналған  дәрі  жоқ.  Бірақ адамзат медициналық әсер ететін дәрі — дәрмектер  шығаруда.  Мәселен; меоналин,   марихуана т.б. Бұл  жасалған  дәрілердің   барлығы  да  адамның  өзін-өзі  алдауына  әкеліп  соқтырады.

Қашан  адамның  санасы  іштей  сау  болады?.  Ең  бастысы  ол  өзінің  ішкі әлемін саналы сезінгендігінде ғана. Себебі  саналықтың  екі  жағы  бар;  Егер  тәжірибе  жасап  көретін  болсақ  бірі  сыртқа ,  ал  екіншісі  ішке  бағытталғанын  байқаймыз. Медитацияның басты негізі адамның тәнінің  және  өзін  сезіне  бастауында. 

Сұрақ:  Ауру  мен    денсаулықтың  байланысы  неде? 

Жауап: Адамның 70% ауруы  ақылға  бағытталған.  Бұл  аурудан  құтылу  үшін гипноздың көмегімен жазуға болады.  Бірақ  адамдардың   70%  ауруы  психикалық  болып  табылады. Олар  тәнде,  ақылда  тудындайды.  Егер  адам өз санасында аурудың жоқтығын  айтатын  болса,  онда  ауру  жоғалады. Себебі ақыл тәнде  билік  етеді.  Адамның    70% ауруын  ақылдың  көмегімен  жазуға  мүмкіндігі  бар.  Ал  30% -ті  ғана  тәнге  тәуелді  болады.

Қазіргі  кезде  Шығыстың басты елдері — Қытай, Жапония, Үндістан, Корей  және тағы  басқа  транстық  емдеу  техникалары  медициналық  трансқа  негізделіп  құрылған. Ол  елдерде  ежелгі медитацияның дәстүрлі түрлерін әлі күнге дейін  қатаң тәртіппен  сақтаған.  Шығыс  шеберлері    (Судзуки  және  т.б.)  медитациялық  транс  пен  гипноздың  арасында  өзгешеліктер  бар  деп  қарастырмайды.  Қайта  гипнозды  медитациялық  транстың  психотехникалық  әдісінің  бірі  деп  санайды.

Ал Д.В. Кандыба ( 1990 ), Л.П. Гримак ( 1991 ) және  т.б.  үлкен  гипнотерапевттер медитациямен  гипноздың  арасында  психофизиологиялық  күйдің ерекшелігі бар екенін, ал  медитацияда  ешбір  нейрофизиологиялық  және  психологиялық  көрініске  ие   болмайтынын  дәлелденген.[18,313]

Медитациялық транс (медитация) —  бұл  психофизиологиялық  күйдің  құрылымдық өзгеруі.  Егер  гипнозда    тыныштықтағы  гипноз  ұйқы,  альфа-ритмнің  көбірек  немесе  азырақ  сөнуі  бета – ритмнің   амплитудалары  мен   тазалығының төмендеуі, дельта толқындарының төменгі  тазалығына ауысуы  т.б.  әсер ететін болса,  сонымен   қатар  гипноздық  күйде  дәл  сергектік  кұйдегі  секілді  қандайда  бір  белсенді  әрекетті,  ми  блогын  жазып  алуға  мүмкіндік  болады. Ал медитациялық күйдегі адамдарда үнемі  альфа —  ритмі  (тыныштық  күйі ), кейін  оның  тазалығы  бірте — бірте төмендейді  де,  тета – ретм  пайда  болады.

Жалпы  «  медитация  »  сөзі  латынның   meditatio  (орталыққа  жылжу)  деген сөзінен шыққан. Дәл  осы  медитацияда  орын  алатын  секілді  күш – қуатты  пайдаланбастан,  адам  өз — өзінің  ішкі  орталығында  болады.  Сол  кезде  адамда  жоғарылау  сезімімен  қатар, болып  жатқан  жағдайды  анық  көріп,  саналы  қабылдау  процесі  жүреді.  Кризистік  жағдайда  тыныштық  сақтау  қабілеті  қалыптасады. Адам осы бақылау пунктінен өзі  туралы,  өзге  адамдар туралы көп түсінік алады.  Өзге  адамдардың  өмірінің  сценарилері  немесе  тағдыры  неліктен  олай  болғанын  түсінеді.  Мәселен,  ол  адамды  ата-анасы  баласы  ретінде  қабылдамады  ма?  Егер  жауап «иә »  болса,  оның  өмірлік  жағдайына  әсер  етті  ме?  Анасы   үлкен    ұлына   өте  үлкен  мейірімділікпен  қараса,   ал  кіші  ұлы  анасының  алдында  жақсы  көріну  үшін үлкенімен үнемі күресте болды ма?  Бұл  адам  қорқынышта  өмір  сүрді  ме?  т.с.с.  Осының  барлығы  адамға  біреу  үшін   жазылған  сюжеті сияқты болып көрінеді де, оның  ескірген  эмоциялық «жарақаттары »  жазыла  бастайды.

Ендігі кезекте медитацияның дұрыс орындау ережелерімен  танысамыз. Медитацияны күніне бір  мәрте тамақтан кейін  1-2  сағаттан  соң  пайдалануға болады. Мүмкіндігінше  ешқандай  адам  кедергі  жасамайтын  кезде  қолдану тиіс.  Медитация  15  минуттан,  бірнеше  сағаттарға  да  созыла алады.15 минуттық  медитациялар  нәтижелі  болады.  Медитацияның   шектеулі  уақыты  жоқ  болғандықтан,   оны   әрбір   адам  қай   кезде  аяқтайтынын  өзі  сезінеді.

Мамандардың  айтуынша   медитацияны  орындамас  бұрын  ешкім  кедергі  келтірмейтін  жерді  таңдап  алу  керек.  Таңдалып  алынған  жер  жылы,  ыңғайлы  болуы  тиіс.  Ал  позаға  тоқталар  болсақ,  ол  сан түрлі  мәселен; үндістер «лотос», жапондықтар  өкшеде  отыру  позасын  пайдаланады. Бұл позалар балалық шақ кезінен  үйренген  адамдарға  қиындық тудырмайды. Ал  батыс  адамдарында  әсіресе  отыздан  асқандарға  ыңғайсыз  келетіндіктен  денені  ауырлық  сезімі  ұялайды.  Бірақ  ғалымдар   үстелде  отырып,  денені  тік  ұстайтын  позаны  жөн  көреді.  Медитация  кезінде  бүкіреймей,  денені  бос  ұстап,  аяқты  жерге  қойып,  екі   қол  тізеде  еркін  жатады.

 Медитация  алғашқы  деңгейде  адамдардың  концентрациялауын  қажет   етеді. Мысалы;  иттің  өзін  қоян  орнына  қоюы,  мысықтың  құсты  аулауы  секілді,  медитация  кезінде  де дәл  осындай  сезімдер  кездеседі.

Концентрациялау әдісін үйренген адам күнделікті  өмірде  де,  тіршілік  ететін не тіршілік ептейтінді  ажыратады,  күрделі  тапсырмаларды  нәтижелі  орындайды,  стрестік  жағдайларда  ұстамдылық  танытады,  жүрек  және  артериалды  қысымы  төмендейді.

         Медитацияны  бастау  үшін:

1)  Медитативті  позаны  пайдалану;

2)  Арқаны  тік  ұстау;

3) Өз эмоциялары мен көкейкесті мәселелерін сырып қою,   

     медитациялық  күйге  ену;

4) Көзді  жұму;

5) Кез-келген  талқылаулар  мен  қиялдан  арылу;

  • Бет және жақ бұлшықеттерін босаңсыту;
  • Денені еркін  ұстау;
  • Тыныс алуды  реттеу;

Танау  тесігі  арқылы  тыныс  алып,  қанша  дем  алғандығы  мен  дем  шығарғандығын  санау.  Тыныс  алу  барысында  іш  томпаяды,  ал  көкірек  кеңейеді.Медитация кезінде   біраз  уақытқа    дейін  қозғалыссыз   күйде  болып,  онан кейін дем  шығару.  Тыныс  алу  жеңіл,  әрі  естілмейтіндей  болуы  керек және бірқалыпқа түскеннен  кейін  медитацияға  кіруге  болады.

                          

                             Медитацияның кейбір әдістері.

  1. Затқа сырттай қарау.

Қандайда бір  затты  таңдаңыз.  Ол  бұтақ, тас,  ағаш,  шамның  алауы,  сіріңке  қорабы,  кактус,  немесе т.б. болуы ықтимал.  Сол  бір  затқа  бар  зейініңізді  аударыңыз.  Оған  өміріңізде  одан   басқа  нәрсе  жоқ  секілді  қараңыз.  Көзіңді  жұмып, мүмкіндік болса оны қолыңызбен жанаңыз. Онан  соң  қайта   затыңызға қараңыз. Сіз  әр  кезде  зейіннің  жан – жаққа  тарауын  және  сол  затқа  қайта  оралуын  байқайсыз.  Бірнеше  уақыттан   соң  сіз  сол  заттың  өміріне  кіріп,  сіздің  санаңыз  бен  зат  бірігіп  кеткендей  сезімде  боласыз.

  • Тыныс алу  есебі.

Терең  әрі  бірқалыпты  дем  алып,   тыныс  алу   циклын  санаңыз:  «Тыныс  алу –1,  Тыныс  алу-2»  т.с.с.  Өзіңізге « тыныс алуда »  дем  алу,  ал  сан  болғанда  дем  шығаруды  айтыңыз,  Кейде  медитациялық  әдістерде  үнемі  сандар  пайдаланылады. Бірақ бұл  нақты санға  жетуге  деген  ниет  пен адамда  сандар  кедергі  жасауы  ықтимал. Ең жақсысы нақты   сандарды,  яғни 5- тен  10-ға  дейінгі  сандарды  қолдану  (он  санын  дзен  ұстаздары   пайдаланған).

  • Тыныс алу  медитациясы.

Медитативті  позаны  таңдаңыз.  Денені  босатыңыз.  Тыныс  алуға  тұрақталыңыз.Табиғи  тыныс  алу   ритмін  өзгертпеңіз,  тек  оны  бақылаңыз.  Тыныс алуды  ойша  мынадай  сөздермен   қолдануға  болады: «  Мен  өз  дем  тартуымды  сезіп  тұрмын…  еркін   дем   шығаруды  сезіп  тұрмын…»  т.б.

Өз  назарыңызды  тыныс  алуға  тұрақтатып  болғаннан  соң,  мынадай  медитативті  сөздермен   толықтырыңыз:

«Мен  демімді  тартамын…

Мен  дем  шығарамын…

Кеуде  жасушаларым  басыңсыған… (бір  тыныстық  цикл)

Мен  демімді  тартамын…

Мен  дем  шығарамын…

          Менің  денем  босаңсыған… (бір  тыныстық  цикл)

Мен  демімді  тартамын…

Мен  дем  шығарамын…

Мен  тыныштық  пен  босаңсуды  сезінемін… (бір  тыныстық  цикл)

Мен  демімді  тартамын…

Мен  дем  шығарамын…»

Жағымды  әсер…(дем  тарту)

     Жағымды  әсер…(дем  шығару)

Жағымды  дем  алу…(демді  тарту) жағымды  дем  алып… (дем  шығару).  Мен  жылулықты  сезінемін … (демді  тарту) Мен  жылулықты  сезінемін … (демді  шығару).  Барлығы  босаңсыған.. (дем  тарту) Барлығы  босаңсыған.. (дем  шығару)  Тыныштық  пен  жым-жырттылық… (дем  тарту) Тыныштық  пен  жым-жырттылық… (дем  шығару).

  • Бірнеше сағаттық  саналылық.

Өзіңіз жалғыз қалатын бірнеше  сағатты  таңдаңыз.  Бұл  уақыт  кезінде  қарапайым  істерді;  үйді  жинау,  бақшада  жұмыс  істеу,  ас  әзірлеу,  кір  жуу т.б.жайлап орындаңыз. (Күнделікті жылдамдықты  бәсеңдетіңіз);  әрбір  жұмысты  саналы  жасаңыз.  Мысалы:  «Мен  қазір  сәбіз  тазалап  отырмын,  енді  оны  жуып  жатырмын,  суды  өшіремін,  сәбізді  тураймын» т.с.с.  Шеттен келген ойды бақылауда  қандай  іс-әрекет   жасасаңыз  да,  толық  саналылықта  болуыңыз  қажет.  Сонымен  қатар  басқа  келетін  әрбір  ойды  ой  елегінен  өткізіңіз.  Бұл  өзін-өзі  бақылаудың  ең  күшті  құралы.

4) Санаға  тұрақталатын  медитацияның  бұл  бағыты  Найкан-терапия  (  Жапон  тілінен  —  өзіндік  рефлекция,  өзін-өзі  бақылау )  негізіне  жатқан.  Мақсаты:  экзистенциалды  сананың  адамның  өзін  кінәлі  санауы  мен  бір  уақытта  өзгелерден  қолдау  табатыны  мен  махаббат  сезімін  ұялату  болып  табылады.  Нейкан-  терапия  Жапонияда  бұрынғы кәсіпкер  мен дін қызметкері Ишим Йошимотының  өңдеуінен пайда болған.  Найкон  орталығына   келген   адам  психотерапевттен  психотерапиялық  қатысу  туралы мағлұматты  магнитафон  жазбасынан  тыңдай  алады.  30  минуттан  кейін Найканды бастар   алдында пациентті  қабырғаға қаратып,  ширмамен  қоршап  отырғызып  қояды.    Пациент  өзіне   ыңғайлы  кез-келген  жағдайда  орналаса  алады, тек жатудан  басқа  (ұйықтап  кетпеу  үшін).

Пациент (найканша)  өзі  бастан   кешірген  бұрынғы  өмірі  туралы   ойлауын  психотерапевтке («сенсей»)  айтып  отыруы  қажет.Бірінші  тапсырмада —  төменгі  сыныпта    анасына  деген  қатынасы мен  сезімінің   қандай  болғанын еске түсіреді.  Анасының  ол  үшін  не  істегенін   (20%),  қандай  кезде  қапа  болу  мен  қамқорлық  жасады (60%).  Бұның  барлығы  өткен  кездегі  мінез-құлқын  еске  түсіру  үшін  жасалынады.  1-2  сағаттан  соң  психотерапевт   келіп  ширма  алдында  сәлем  береді,   оны  ашады,  тағы да сәлем беріп  пациенттен  не  туралы   ойланғанын  сұрайды.  Пациент  бұл  медитациядан  кейін  не  алғанын  және  орнына  не  бергенін  айтып  береді.  Қорытынды  бөлімде  оның  ересек   кездегі  (  жоғары  сыныптағы  кезі )  анасымен  қарым-қатынасын  еске  түсіруі  үшін   тапсырма  ретінде  беріледі.Егер  сұрақ  туындамаса  әңгіме  аяқталып,  бір-біріне  сәлем  береді.

Әрбір  әңгімелесу  барысында  психотерапевт  пациентті  зер   салып   тыңдайды  да,  оған  келесі  тақырыпты  беру  арқылы  сұрақтарға  жауап  алады.Әдетте  рефлексия   өмірдің  3  кезеңдік  бөліктерін  алады.  (  Үлкен  жастағы  пациенттер  мен  5 және  10,   тіптен  нақ  осы  шаққа  дейін).Келесі  медитация  обьекті  әкесі  болады.  Оны да  ерте  балалық шақтан,  осы  кезге  дейінгі   бастан  кешіргендерін  еске  түсіреді.  Дәл  осындай  ойлау  тәсілімен  көкесі  мен  әпкесі,  ұстаздары  мен  басшылары, ұжымы, жора-  жолдастары,   т.б. өмірлік жағдайларын  еске  түсіреді. Арасында өтірік айту,     ұрлық,  тәртіп  бұзу,    азартты  ойындар  мен  ішімдікке  салынуға  қатысты  арнайы  сұрақтар  қойылады.

Әдетте  найкан-медитация  бірнеше аптаға   бөлініп,  күн  сайын  сағат  5  тен  21-ге  дейін қызмет көрсетеді.

  • Музыкалық медитация. 

Бұл  медитация  отырып  немесе  жатып  орындалатын болғандықтан,  көзіңізді   жұмып,  денеңізді  бос  ұстаңыз.  Музыканы  алғаш  естігеннен-ақ  барлық естігеніңізді немесе  түрлі түсті формадағы фигураларды « аударып » отырыңыз ( 1- ші  баспалдақ).Бұл  қарапайым  нәрсе  бірнеше  уақыттан  соң  ассоциативті  ойлау,  интеллекттің  логикалық  қабылдауын  дамыта  түседі.  Музыканы  дұрыс  тыңдау  барысында әуен әдемілігін  және  үйлесімділігін,  әлемнің қатынасын сезінесіз.  Дәл осы медитация  интуитивті   тұрғыда    «алтын  пропорцияға » — жататын   әдемілік  формуласына  жетуге  ықпал  жасайды. Терапевтік мақсаттарда бұл  медитация  таңғы  уақытта  сенімсіздік  пен  қорқыныш  сезімі  үшін  қолданылады.

Медитацияда алдын ала   геометриялық  образдарды  салуға  болады. (2 – ші  баспалдақ).  Әуенді  тыңдау  кезінде  жабық  көзбен  ішкі  «экранға»  көлемді  геометриялық  картинаны,  музыканы  тыңдау  арқылы  салыңыз.  Медитация  барысында    дөңгелек,  ұшбұрыш  т.б.  фигуралардың  айналып  жатқанын  көресіз.  Әрбір  әуен   динамакалы  болғандықтан,  сіз  құрған  суреттерде  динамика  элементтері  кездеседі. Квадрат,  шеңберден  басқа  да  тар,  катеноид,  жай  және  қисық  геликоид, конус, гиперболаның және эллипстық параболоид, астройд  т.б. да  кездесуі  мүмкін.

Медитация  кезінде  1  немесе  2  ғана  әуенді  пайдаланған  тиімді.  Ал  өзге  әуендерді  1-ші  әуен  жақсы  меңгерілгеннен  кейін  ғана  қолдануға болады.  Содан  соң  екінші  баспалдақты біріншімен  байланыстырып,  тұтас  етіп  көріңіз.Үшінші  баспалдақта, назар аударудан кейін айқындауға  тырысыңыз.

  • Ұқсастықтары уақыт  пропорциясы,  шығармашылық  ұқсастығы.
  • Қандайда бір  әуеннің  вариациялары.
  • Вибрацияны қалыптастырудың  нақты  тәсілі,  кейбір  ноталарды  өзгерту,   әуен  ұзақтығындағы  өзгеріс,   ноталарды  ауыстыру  т.б.
  • Жануарлар, айналымдар  бейнелеу,  инверсиялар,  олардың  естілу  ұзақтығы  мен  интервалы;
  • Барлық әуеннің  такт  саны,  ұқсас  бөліктері,  вариациялары т.б.
  • Тембр бойынша  ең  жоғары  және  ең  төмен  бөліктері,  олардың  орналасуы;
  • Шығарманың бітуі  мүмкін  жерлерінің  толық  естілуі  немесе  оның  мазмұнының  өзгеруі. (  папуриді  еске   түсіріңіздер)
  • Қойылған музыкалардың нотаға  айналуы (қосымша  дыбыстардың  озып  немесе  қалып  кетуі).

5) «Мен  кіммін»  медитациясы.

Алдымен ұқсас жаттығу жасаңыз. Одан соң  өзіңізден  сұрай  бастаңыз:  «мен  кіммін?»  жауап  беруге   асықпаңыз,  жақсылап  ойланыңыз.  Бірнеше  жауаптарды  тапқан  соң,   сұраңыз: «жауап  беруші  адам  ол  қандай?» Өз басыңызды  бақылап  көріңіз.  Содан  кейін  қайта  сұраңыз;  «Ойлап  тұрған  кім  өзі?»  Әрбір  жауап  жаңа  сұрақ  туындатуы  тиіс.  Егер  жауап : « Мен  психотерапевтпін»  болса,  онда  байқаңыз:«Психотерапевт – бұл мамандық. Мен деген кім,  адам  жанын  емдеуші? » Егер  жауап: « Адамды сүйетін,  адам» болса,  былай  жауап  қайтаруға  болады.  «Бұл — белгі,  қасиет.  Адамдарға  махаббат  сезімін  сезінуші  адам  кім? т.с.с. Мен  деген  кім,  бүгін  бақытты, бірақ кеше мұңайған? Мен деген кім көңіл  күйінің  өзгеруін  бақылайтын? Мен деген кім,  тән ұйықтағанда түс көретін?  Мен  деген  кім,  «мен білмеймін»  секілді  сұрақтарға  жауап  берудің  арқасында  медитацияға түсуші адам, өз  бойындағы  қызметтерін  бақылай  алады.

 

2.3 Психологияның ежелгі таным екендігі туралы авторлық                                                                       нұсқаулар

        

Адам қажеттіліктерінің пирамидасы (иерархиясы) А. Маслоу бойынша.

 

 

1.      

Өзіндік өзекті қажеттіліктер.

Өз мақсаттарын, өзіндік тұлғалық қасиеттерімен мүмкіндіктерін қалыптастыру.

 

2.      

Эстетикалық қажеттіліктер.

Үйлесімділік, симметрия, тәртіп, әсемдік.

 

3.      

Танымдық қажеттіліктер.

Білу,түсіну, ептілік, зерттеу.

 

4.      

Сыйластық (қастерлеу) қажеттіліктер.

Жетік жетістіктерге жету, мақұлдату, мойындату,бедел.

 

5.      

Махаббат пен жарақтарға қажеттіліктер.

Адамдардың ортасында болу, танымал, мойындалған, жалпылық.

6.      

Қауіпсіздік қажеттіліктер.

Өзіңді қорғалғандай сезіну, агрессиялық іс-әрекеттен, қорқыныш пен сәтсіздіктен құтылу.

 

7.      

Физиологиялық (органикалық ) қажеттіліктер.

Шөл, аштық, жыныстық қатынастар.

 

 

Сананың шеңберлері.

 

7 чакра адам денесіндегі энергетитакалық энергиялардың орталықтары. Адамның денесін айналу барысында (циркуляция) олар адамды өмір энергиясымен қамтамасыз етеді  және адамның санасын тазартады.

 

1-ші чакра.

 

«Негізгі іргетасы» Кундалини энергиясын сақтау орны. Омыртқаның аумағында орналасқан. Реңдік түсі- қызыл. Нышаны Ар-Айравата пілі-өз иығына бар ауыр жүкті іліп алған, жұмысқа бейім адамды бейнелейді. Чакра дене мен жер арасындағы    байланысқа, ұрпақты сақтау және жалғастыру үшін жауап береді. Бұл чакрамен жұмыс істеу жеткіліксіз қорқыныштардан, үрейді сезінуден арылтады.

2-ш чакра.

 

«Мен» тұрағы. Бел аумағындағы орналасқан. Реңдік түсі-қоңыр. Нышаны қолтырауын (крокодил)  2-ші чакра адамның сезімтал табиғатын бейнелейді. Чакра шығармашылықты, сүйсінушлікті іздеуге жауапты. Чакрамен жұмыс өзіңнің сүйкімді екендігіне сезіну қабілетін арттырады, қызғаныш пен ашушаңдықтан босатады.

3-ші чакра.

 

 «Асыл тастар қаласы». Нышаны қой. Реңдік түсі-сары. Адамның физикалық күші мен кедергілерді бұза алатын мүмкіндігін көрсетеді. 3-ші чакра – рухани күштің негізі, сенімділігі. Бұл чакра интеллект принциптерін қалыптастырады. Чакрамен жұмыс адамның өзімшілдіктен арылтады, ұйымдастыру қабілетін арттырады.

4-ші чакра.

 

«Соқпаққа ұрылмаған» жүрек аумағында орналасқан. Нышаны бұғы. Тазалық пен пәктіктің белгісі. Реңдік түсі-жасыл. Махаббат, еркек пен әйелдің энергиясының тепе-теңдік орталығы. Чакрамен жұмыс ішкі және сыртқы әлемінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді, қоршағандарға махаббат пен қайрымдылыққа үйретеді.

5-ші чакра.

 

«Мөлдір» «Таза» тамақ аумағында орналасқан . Нышаны «Гаджа пілі» .Жер мен өсімдіктер туралы білімдердің  негізі. 5-ші чакра организмнің тазарту орталығы. Адамның тілі мен шығармашылығына жауап береді. Чакрамен жұмыс  жасырын дарындылық пен қайталанбас даралықты бейнелейді.

6-шы чакра.

 

«Үстемдік». Екі қас аралығында орналасқан. Нышаны Шива-Шакти құдайы Жартылай ер, жартылай әйел. Екі бастаманың негізі. Реңдік түсі-көк. 6-шы чакра- ақыл –ойдың , сана мен интуицияның орталығы. Онымен жұмыс барысында парапсихологиялық қабілетті дамытады. «үшінші көзді» ашуға көмектеседі.

7-ші чакра.

 

«Мың жапырақтылы» «Тіреусіз тұрақтанушы».Ол  денеден тыс, бастан жоғары,бастың төбе алумағында орналасады . Нышаны ішкі гуру. Реңдік түсі –сия түсті. Онда Кундалини энергиясы таза санамен қосылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Психология- ежелгі таным. Ол ұзақ ғасырлар   бойы қалыптасқан ғылым болып табылады.Психология жанды зерттейтін ғылым болғандықтан, ол адамға қатысты барлық ғылым  салаларымен тікелей байланысады. Бүгінгі таңда психологияның зерттелмеген салалары өте көп. Оған ғарыштық психология, трансперсоналды психология, парапсихология, эзотерика ілімі мысал бола алады.

Эзотерика – адамның іс-әрекетін, ойлау бейнесін, емдеу тәсілдерімен шығармашылық энергияның байланысын анықтайды. Эзотериканың психология ғылымымен тікелей байланысуының бір себебі: ол кешенді ойлау, сананы кеңейтуді зерттейді. Ал астрология болса, аспан денелерінің жердегі тіршілікке, адам мінез-құлқы мен тағдырына әсер ететінін қарастырады.Оның адамға қатысты саласы натальды немесе генетикалық астрология, ол адамдарды жеке тұлға ретінде зерттеуге алады. Ал б.э 400 — 1000жж өмір сүрген Шығыс шеберлері адамның ішкі жан қуаттарына түрлі медитациялық әдістер мен жаттығуларды пайдаланған.

«Психология –ежелгі таным. Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың ерекшелігі» атты жұмыста  жоғарыда көрсетілген мәселелер  қарастырылған. Онда  барлық адамзаттың жан  дүниесі мен тәнінің құпия –сырлары, адам тәнінің күш-қуат көздері, адамның  медитация арқылы өз ішкі әлемін тануы біздің қоғам үшін жаңа ақпараттар болып табылады. Ұмыт болған эзотерика ғылымы мен өмірде жиі қолданатын экзотерикалық ілімдердің психологиямен байланыстылығы қарастырылды.

Жұмыс барысында астрология ілімінің  адам психикасына  ықпалы; Друнвало Мельхиседектың адам чакрасының жүйесі; Лобсанг Рампаның тән аурасына  қатысты  мәселелері мен тәжірибелік нұсқасы; ежелгі Шығыс шеберлерінің адамның ішкі жан дүниесін тазартуға бағытталған  медитациялық әдістері; Үнді философы Раджниш Ошоның  психология ғылымына сыни пікірлері мен салыстырмалары, жаңа білімге ұсыныстары;  ежелгі және қазіргі таңдағы Батыс  философтары мен психологтарының жан мен тәнге қатысты көзқарастары мен зерттеулерінің мән-мағынасы ашылды. Сонымен қоса Американ психотерапевті Мильтон Эриксонның  емдік гипноздық техникалары мен әдістері;  жаңа заманғы  медитацияның   технологиялары кеңінен пайдаланылды. Жоғарыда аталған психологияда қолданыста жүрген әдістер мен тәсілдер адамзатқа тек қана  білім емес сонымен қатар адамды емдеуге, адамның мінез -құлқын, әсіресе ашылмаған көптеген қажеттіліктер  мен мүмкіндіктерін дамытуға үлкен үлесін қосады.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Айсмонтас Б.Б. Общая психология. Схемы. Москва Владос. 2003.
  2. Артамонов Анатолий. Астрология. Для любознательных. КСП+.ИЧП .Медков. Москва 2001.
  3. Адлер А. Понять природу человека. СПб.,1997.
  4. Бейли А. Эзотерическая психология. М.,1994.
  5. Брунер Д.Психология познания. М.,1977.
  6. Батаршев А.В, Тестирование. Москва.1999.
  7. Вульфинг Фон Рор. Экзотерика. Для начинающих. Москва 2001.
  8. Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. СПб.,1994.
  9. Годфруа Ж. Что такое психология. В2т. М.,Мир,1992.
  10. Гроф С. За пределами мозга. М.,1993.
  11. Гроф С. Области человеческого бессознательного. М.,1992.
  12. Готвальд .В.,Ховальд В. Помоги себе сам. Медитация. М.,1992.
  13. Годфруа Ж. Что такое психология. М.,1997.
  14. Гроф С. Космическая игра: исследование рубежей человекского сознания. М., 1997.
  15. Кішібеков Д., Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы. Ғылым. 2005.
  16. Крайон. Не думай как человек. Ченнелинг-ответы на насущные вопросы .София.2006.
  17. Канке В.А.. Философия. Исторический и систеатический курс. Москва.Логос.·2001.
  18. Кандыба Виктор. Мировые техники лечебного гипноза. Санкт-ПетербургМосква·Краснодар 2003.
  19. Кошелева А.Д., АлексееваЛ.С. диагностика и коррекция гиперактивного ребенка. М.,1997.
  20. Кон И.С. В поисках себя. М.1984.
  21. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-том. Қазақ ССР-нің. Ғылым баспасы. Алматы.1985.
  22. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі. 3-том. Қазақ ССР-нің. Ғылым баспасы. Алматы.1978.
  23. Леей В.Л. Нестандартный ребенок.М., 1983.
  24. Леонтьев А.Н. Проблемы развитя психики. М.,1987.
  25. Люшер. Цвет вашего характера. М.,1997.
  26. Маккена Т. Истые галлюцинации. М.,1996.
  27. Мельхиседек Друнвало. Живи в сердце. Как войти в священное пространство сердца. Книга-3. София. 2005.
  28. Мельхиседек Друнвало. На пороге перемен. Лекции и беседы. Книга-4. .София. 2006.
  29. Мельхиседек Друнвало. Древняя тайна Цветка жизни. Том-1. София. 2006.
  30. Мельхиседек Друнвало. Древняя тайна Цветка жизни. Том-2. София. 2006.
  31. Михайлов Ф.Г. Сознание и самосознание. М.,1991.
  32. Намазбаева Ж.Ы., Сангилбаев О.С. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. Алматы. 2005.
  33. Немов Р.С. Психология. Т.2.М.,1998.
  34. Ошо. И здесь и сейчас. О жизни, смерти и прошлых воплощениях. София. 2007.
  35. Ошо. Внутреннее путешествие. Эксперименты с медитацией. Санкт-Петербург Издательская группа.Весь. 2006.
  36. Ошо. Неведомое путешествие. За переделы последнего табу.Весь. 2003.
  37. Ошо. Дзен. Его история и учения. Москва АСТАСТРЕЛЬ. 2004.
  38. Ошо. О женщине. София. ИД .Гелиос. 2003.
  39. Ошо О детях. София. ИД .Гелиос. 2003.
  40. Оша Раджниш. От медицины к медитации. София. 2003.
  41. Подводный Авессалом. Психология и астрология. 2-том. Эволюция Личности.Москва. 2001.
  42. Петровский А. В., Ярошевский М.Г. Психология. Словарь. Издательство политической литературы. 1990.
  43. Психология и психоанализ характера. Саратов, 1997.
  44. Психология познавательных прцессов. Самара,1992.
  45. Рампа Лобсанг. Ты вечен. София 2004.
  46. Рампа Лобсанг. Главы жизни. «София 2004.
  47. Рампа Лобсанг. Мудрость Древних. София. 2004.
  48. Рубинштейн С.А. Человек и мир. М.,1976.
  49. Стоялеренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. Феникс. Ростов-на-Дону.2007.
  50. Стоялеренко Л.Д. Основы психологии. Феникс. Ростов-на-Дону.2001.
  51. Сахаров Б. Телепатия.Самара,1992.
  52. Столин В.В. Самосознание личности. МГУ, 1984.
  53. Собчик Л.Н. Характер и судьба. М.,1996.
  54. Трансцендентальная медитация. Сыктывкар, 1993
  55. Тат Эль. Психическая саморегуляция. Часть 1. Начальные эзотерические навыки обретения внутренней гармонии. Невский проспект. Санкт-Петербург.2002.
  56. Томпсон Мел. Восточная философия. Москва 2002.
  57. Тайна характера. Психологические типы. Харьков, 1996.
  58. Фрейд З. Толкование сновидений. М., 1992.
  59. Хорни К. Собр. соч. Т.З. Наши внутренние конфликты. Невроз и развитие личности. М.,1997.
  60. Чеснокова И.И. Проблемы самосознания в психологии. М., 1977.
  61. Шерток Л. Непознанное в психике человека. М., 1990. Штерн В. Умственная одаренность: психологические методы испытания умственной одаренности в их применненнии  к детям школьного возраста. СПб.,1997.
  62. Эзотерика. Парапсихология. Т.1-3. М., 1992.
  63. Эйдемиллер Э.Г, Добряков И.В., Никольская И.М. Семейный диагноз и семейная психотерапия. Санкт-петербург.2006.
  64. Юнг К. Проблемы души нашего времени. М., 1994
  65. Якобсон П.М. Психология чувств и мотивация. М.,1998.