АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Рапс өсімдігіне жалпы сипаттама

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………5

І тарау.    Әдебиеттерге шолу. ………………………………………………………………………..8

1.1.Рапс өсімдігіне  жалпы сипаттама……………………………………………………………..8

1.2.Өсімдік майлары және оның биологиялық құндылығы…………………………….14

1.3.Рапс мол өнімді тағамдық, малазықтық дақыл………………………………………….24

1.4. Рапстың халық шаруашылығындағы маңызы………………………………………….29

 

II –тарау.  Рапстың агробиологиялық және агротехникалық ерекшеліктері…….33

2.1. Рапстың систематикадағы орны мен морфобиологиялық ерекшелігі……….33

2.2 . Рапстың агробиологиялық ерекшелігі…………………………………………………….35

2.3.  Рапстың агротехникалық ерекшелігі………………………………………………………37

 

ІІІ тарау.  Рапстың маңызы, өсірілетін аудандары өнімділігі сорттары…………..42

3.1. Жамбыл облысының топырақ-климаттық жағдайы…………………………………42

3.2. Топырақты өңдеу, Рапсты себу мезгілі, мөлшері, әдісі және тереңдігі…….46

3.3 . Егістікті күтіп – баптау, фенологиялық зерттеу жасау……………………………47

 

ІV тарау. Зерттеу нәтижелері………………………………………………………………………..50

4.1. Жалдап егу технологиясы бойынша егілген Рапс өсімдігінің

өнімділігі мен су режимдері…………………………………………………………………….50

4.2. Әр түрлі технология бойынша өсірілген күздік рапстың

топырағының сулық режимінің динамикасы…………………………………………….54

 

Қортынды…………………………………………………………………………………………………….58

Әдебиеттер…………………………………………………………………………………………………..60

 

Кіріспе

 

Егіншілік шаруашылығы саласының алдындағы негізгі міндеттердің бірі

Республика тұрғындарын жеткілікті мөлшерде өсімдік майымен қамтамасыз ету. Ол үшін, майлы дақылдардың егіс көлемін кеңейтумен қатар, олардың жоғары өнімді түрлері мен сорттарын пайдаланып, тұқым шаруашылығын жақсартып, ғылыми негізделген интенсивтендірілген өсіру технологиясын кеңінен қолдана отырып, өнімділікті және оның сапасын жоғарылату керек.

Бүгінгі таңда мал басының кемуі мен  мал өнімдерін оның ішінде жануар майын пайдаланудың азаюы, өсімдік майына деген сұранысты арттыра түсуде. Елімізде өсімдік майына деген сұраныстың тек қана 15% өзімізде өндірілсе, 85% сырттан әкелінеді. Сондықтан бұл өнім түрінен мемлекеттік азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.

 Қазіргі таңда Республика халқының өсуіне байланысты азық-түлікке сұраныс қажеттілігі тез қарқынмен артуда. Сондықтан ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жаңа технологияны, жоғары және тұрақты өнім беретін,  өнімділік потенциалы жоғары дақылдар сорттарын аудандастырып, өндіріске енгізу өте қажет. Бұл бағытта  соңғы жылдары облыс көлемінде бұрын егілмеген немесе жете зерттелмеген дақылдарды егу қолға алына бастады. Сондай дақылдардың бірі рапс өсімдігі.

  Республикада рапс өсімдігі негізінен екі бағытта, яғни май алу үшін және мал азығы үшін пайдаланылады. Осыған байланысты майлы дақылдардың ғылыми негізделген өсіру технологиясын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Республикада өсірілетін майлы дақылдардың өнімділігі мен май шығымы (24-60% аралығында) топырақ-климат, агротехника, сорт ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Алынатын өсімдік  майы химиялық құрамына, биологиялық қасиеттеріне және тауарлық сапасына қарай әртүрлі мақсаттарда пайдаланылады. 

Жамбыл облысының топырақ климаттық жағдайына бейімделген май алынатын өсімдіктердің бірі Рапс (Brassica oleifera). Oleifera Metzger-шаршы гүлділер тұқымдасына жататын майлы және малазықтық дақыл, ол әлем ауыл шаруашылығында  негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда. Облысымыздың топырақ-климат жағдайларына бейімделген майлы дақыл түрлерінің тиісті дәрежеде зерттелмеуі және өндіріске енгізілмеуі салдарынан еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын дәрежеге жету үшін егіс дақылдарының құрамын оңтайландыру, егіншілікті биологияландыру, экологиялық тазалығы мен экономикалық  рентабельдігі жоғары технологиялар жасап өнімділігі мен қоршаған ортаға бейімділігі жоғары майлы дақылдардың жаңа түрлері мен сорттарын өндіріске кеңінен енгізу қажет. Осыған орай майлы рапс дақылының халық шаруашылығы үшін құнды белгілері мен қасиеттерін, тұқымның өнімділігі мен сапасын нақты топырақ-климат жағдайларына бейімділігін бағалап Жамбыл облысының таулы-дала аймағында өсіруге лайықты диверсификациялық түрлерін ұсынуға және жалдап егу технологиясының агробиологиялық заңдылықтарымен су режимдерін зерттеу ғылыми жұмыстың көкейтестілігін білдіреді.

 Қазіргі кезде Қытай, Канада, Индия, Еуропалық одақ елдерінің рапсты өсіру егістігі әлемдегі рапс өсіру егістігінің  90 пайызын құрайды. Оның өндірісі Азияда – 46,8%, Еуропада – 30,36%, Солтүстік Америкада – 19,2% құрайды.  Рапс Ресей Федерациясында да қарқынды түрде өсіріле бастады, олар жыл сайын 0,11 млн тоннадан астам рапс өнімін алады. Рапстың мұндай қарқынды таралуына оның майының азықтық және техникалық  қажеттіліктер үшін қолдануы мен климаттық жағдайға тез бейімделе алатындығы себеп болуда. Қазақстанның Бүкілодақтық сауда ұйымына кіруіне байланысты ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасына қатал талап қойылуда. Сондықтан жаңа жағдайдағы бәсекелестікке сай болу үшін әлем нарығында сұранысы бар ауылшаруашылығы өнімдерін шығару қажет. Осыған сәйкес еліміздегі АҚ «Продкорпорацияның»  рапс өндірісін дамыту бағдарламасына сәйкес Республика  облыстарында рапстың перспективті күздік және жаздық сорттарын өсіру танаптары көбейтілуде.

Капуста тұқымдас майлы дақылдардың ішінде майының мөлшері (46-50%) мен сапасы жөнінен күздік рапс бірінші орын алады. Рапс майының тағамдық және техникалық маңызы бар, ол бағалы мал азығы болып табылады. Шаруашылықта рапстың күздік және жаздық сорттары егіледі. 

      Ал біздің елімізде рапс жалпы егістік алқабының 12,5 пайызын құрап, күнбағыс, мақтадан кейінгі орында тұр. Қазіргі кезде рапс Солтүстік Қазақстан, Қостанай, сонымен қатар Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстанда облыстарында  өсіріледі. Рапсты пардан, дәнді, дәнді бұршақ, отамалы дақылдардан кейін арамшөптерден тазартылған құнарлы, суармалы жерлерге орналастырған дұрыс. Суармалы жерлерде топырақ өңдеу терең  жыртудан басталады. Көктемде беті қопсытылып себу алдында культивация мен топырақ бетін тегістеу, зиянкестермен күрес, кең қатарлы егістікте қатараралықты өңдеу, суару жұмыстарын жүргізу қажет.

Күздік рапстың климатқа талабы мықты, суыққа төзімділігі төмен, олар құрғақшылық пен қысқы айларда жылының көп болғанын да қаламайды. Жаздық рапс климаттық жағдайларды онша талап ете қоймайды, бірақ күздік рапсқа қарағанда майлылығы төмен. Қәзіргі кезде әлем ауылшаруашылығында рапс негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда, сонымен қатар ол тамақтық, жемдік және техникалық  мақсаттарға  да қолданылады.

 Зерттеу нысаны: Рапс өсімдігінің  күздік «Rоhаn»  сорты мен гибридтік Ливиус (Livius) және Династи (Dunnastiе) сорттары.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Рапс майлы дақылының күздік сұрыптарының Жамбыл облысында бейімделушілігін анықтау және оны өсіру мен жоғары өнім алу агротехникасын зерттеу,  рапстың биологиялық ерекшелігі мен шаруашылықтағы маңызын анықтау. Жалдап себу технологиясы бойынша суармалы жерге егілген күздік рапс сортының өнімділігін анықтау.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

рапс дақылының шығымдылығын лабораториялық жағдайда анықтау;

-рапс дақылының күздік сортының биоморфологиялық ерекшелігін анықтау;

— Жамбыл облысына Рапс майлы дақылының бейімделушілігін бақылау;

— рапс майлы дақылының тиімді өсіру  агротехнологиясын  зерттеу;

 -рапс майлы дақылының жоғары өнімділігін арттыру мен халық                                     шаруашылығындағы маңызын  зерттеу;

— рапстың құнды белгілері мен қасиеттерінің және өнім мөлшері өзгеруінің агробиологиялық заңдылықтарын анықтау.

—   Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы: рапс өсімдігінің күздік сорты мен гибридінің тұқымы Германия мемлекетінен әкелініп Жамбыл облысында Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында бейімделушілігі бірінші рет сыналып жатыр.

 Рапс майлы дақылының Жамбыл облысы жеріне бейімделушілігін анықтау барысында 6 гектарға отырғызылды. Оның 80 қатары гибрид, 52 және 45 қатары сорт. Топырақты жалдап қырына себу технологиясымен егілген күздік рапс сортының өнімділігін арттыру және су ресурстарының тапшылығы жағдайында оны тиімді пайдаланып, суды үнемдеу маңызды мәселе болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау.    Әдебиеттерге шолу.

  • Рапс өсімдігіне жалпы сипаттама.

     Raps-Paskul Рапс -өте бағалы майлық және мал азықтық дақыл, ол жоғары сапалы өсімдік майы мен белок көзі. Рапс сөзінің  шығуы Ерте Египет тұрғындары  Күн құдайы Ра-ға байланыстырады. Сондықтан Рапс –Күн өсімдігі деген мағынаны білдіреді. Рапс өсімдігін өсіру экологиялық экономикалық және агрономиялық көрсеткіштері жөнінен тиімді:

  1. Экологиялық жағынан – бір гектар күздік рапс егістігі 10,6 млн.л. оттегін бөліп, қант қызылшасынан кейін 2-ші орынға иелік етеді. Бір гектар орман алқабы бар болғаны 4 млн. л. оттегін бөледі, бұл рапс егістігінің бір гектары бөлетін оттегінен 2,5 есе аз. Сонымен қатар топыраққа төгілген Рапс майы 7-күн ішіеде 95% -ға дейін өздігінен ыдырап қоршаған ортаны ластамайды, ол минералдық майлар осы уақыт (мерзім) ішінде бар болғаны 16% -ғана ыдырап қоршаған ортаны ластайды. Бір литр минералдық май 1 млн. литр суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға жарамсыз етіп, топырақты ластап оны өсімдік өсіру үшін көп жылдарға пайдалануға болмайтын жағдайға келтіреді. Органикалық заттардан алынған  бензин мен дизелдік жанармай тракторлар мен автомашиналардың двигательдерінде жанып қоршаған ортаға көптеген зиянды заттарды бөледі, ал рапстық жанармай жанғанда экологиялық таза газдарға айналады. Сондықтан рапс майынан алынған  жанармайға экологиялық тиімділігі жағынан тең келетін жанармай жоқ. 
  2. Агрономиялық көрсеткіші –потенциалдық өнімділігі жоғары, ауыспалы егістікке жақсы алғы дақыл ретінде өзінен кейінгі егілген бидай мен арпаның өнімділігін 10-15%-ға арттырады, топырақты органикалық заттармен байытып, оның сулық және ауа өткізгіштік қасиетін жақсартады, шикізат ретінде биожанармай мен биомоторлық май шығаруда және өте бағалы мал азықтық жем ретінде қолданылады.
  3. Экономикалық тиімділігі –рапсты өсіру рентабельділігі 50 %-дан кем емес, сату бағасы тиімді болғандықтан ішкі және сыртқы рынокта техникалық шикізат ретінде транспорт пен өнеркәсіпте кең түрде қолданылады. Тағамдық және техникалық өсімдік майы ретінде әлемдік рынокта жоғары сұранысқа ие.

       Рапс – майлы дақылдарға жататын бағалы өсімдік. Оның дәнінде 43 пайыздан (жаздық рапс) 50 пайызға (күздік рапс) дейін май болады. Рапстың майын тағам үшін және техникалық мақсатта пайдаланылады, сонымен қатар сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері өндірісінде қолданылады.  Рапстың 100 кг. көк балаусасында 15,7 кг. малазықтық өлшем бар және ол витаминдерге (әсіресе А,С) өте бай, жақсы қорытылады, жасұнығы онша көп емес (11-13%). Шауып алғаннан кейін және мал жайған соң да көтеріліп өсуге қабілеті бар өсімдік.[ 4,6,9,14-18,24-31]

       Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген рапс малға күз айларында, немесе ерте көктемде жақсы жайылым. Осы қасиеттері жағынан рапс жақсы мал азықтық дақыл. Май зауыттарында өңделгеннен кейін қалған күнжарасы малазықтық қасиеті жағынан сұлыға тең келеді, бірақ ондағы қорытылғыш протейін мөлшері сұлыдағыдан үш есе көп. Рапс күнжарасын малға таза күйінде емес, құрамалы азықтардың қоспасы ретінде берген дұрыс. Егіншілікте  рапс көптеген  өсімдіктерге  жақсы алғы дақыл болып есептелінеді. [1-4,6,9-11]

       Күздік рапс  —  күзде себілгенде ғана май алынатын  негізгі дақыл. Оның  өсуіне  қысы  қарлы  әрі  жылы  болатын  ,  әсіресе қыстың  соңы  мен  ерте  көктемде  ауа  райы  ерекше  құбылып  өзгермейтін  аудандар  қолайлы. Еліміздегі  күздік  рапстың  жалпы  егіс  көлемі  50 – 60 мың  га.  шамасында. Алынатын  өнім  көк  балауса  300 – 400 ц, тұқым  өнімі  әр  гектардан 15- 20 ц. Кең таралған сорттары – Кубанский – 1 , Дублянский  және т.б.

      Күздік рапс –жасыл жапырақты, жоғарғы жапырақтары  сабақтарын жартылай орап алады. Гүл шоғыры –шоқ . Климатқа қоятын талабы жоғары.  Маусымның басында гүлдеген рапстың ашық сары түсі араларды өзіне тартады, олар рапстан шырын мен тозаңды жинайды. Басты шоғырындағы гүлдеу төменнен басталып, жоғары көтеріледі. Басты шоғыр гүлдеген соң , екі жағындағы шоқтары гүлдейді. Тозаңдары гүл ашылған соң ашылады.  Тозаң қабығының тозаң шығатын жағы күздік рапста  әрбір аталығының қарсы бетінде қызыл нүктемен танылады. Тозаң жарық ретінде жоғарыдан өте тар- майда  екі ұзынша тесік арқылы енеді. Қиылыса тозаңданады, төрт ұзындау келген аталықтар тозаң қапты айналып, тозаңдаушымен бір биіктікте көтеріліп  аналыққа түседі. Кешке қарай жапырақтарының үстіңгі бөлігі анық көрінген гүлдері таңертеңгі мезгілде ашыла бастайды. Одан әрі жапырақ үсті таралып, олардың арасында аналық пайда болады. Гүл бұл кезде қоңырауға ұқсас болады.  Күздік рапстың гүлдеуі 25-35 күнге созылады [ 24-26]

       Көп жылғы  зерттеу нәтижелері көрсеткендей, рапс гүлінде шамамен 0,7 мг шырын, бар,  ол 0,3 тен 0,9 мг аралығында ауытқып отырады. Қанттылығы 12-14 пайыз. Рапстың шырындылығы мен қанттылығы қолайлы табиғат жағдайларында ұлғаяды. Бұған табиғат жағдайлары, агротехника деңгейі, калий тыңайтқыштары ықпал етеді. Рапстың бал өнімділігі 1 га жерден 50 кг анықталады. Деректер бойынша бір бал  ара ұясы рапстан бір күнде 3-4 кг шырын жинайды. Рапс балы ақ түсті, кейде сары түсті, өте тәтті, рапс гүлінің иісі бар. Ол тез кристалданады, суда еруі қиын, қоспасы қою болады, сондықтан оны ара омартасында қысқа қалдыруға болмайды.  Рапсты ара ұяларының жанына себу тозаңдануына көмек береді.[ 8-11]

       Күздік рапсты сепкенде, омарта жанындағы көктемде гүл жарғанда өсімдіктің жоғарғы сабақтарын кесу қажет. Сонда оның жанындағы сабақтары жақсы жетіледі, гүлдеуі ұзаққа созылады.  Күздік рапс Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. [14,17-23,37]

      Жаздық рапс Азияда кеңінен таралған  дақыл.  Үнді  елінде  ол 3,4  млн, Қытайда  —  2,5 млн , Пакистанда – 500 мың  га  жерге егіледі.  Азия  елдеріндегі  әр  гектардан  алынатын  рапс  өнімі  —  5,5 – 6 ц, рапс тұқымын  көптеп  өндіретін  Канада елі. Жаздық  рапстың  әр  гектарынан 10  ц. өнім  алынады. Оның сорттары: «Юбилейный, галант, ратник, ритм, визит, липецкий, рубеж, герос, золотоновский». Осының ішінде ең жоғары сапалы «Липецкий» сорты болып табылады.  Жаздық рапс (кольза) бал беруі  күздік рапстан қалыспайды. Ол шырын мен тозаң бөледі.    Жаздық рапс   Ресейдің орталық және солтүстік аумақтары үшін маңызы бар, бұл жерлерде жаздық рапс өсіріледі. Оны Сібірде, Оралда, Солтүстік Қазақстанда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында  өсіруге болады.  [4,6-11,15,17-18,20-32]

      Жаздық рапс өнімділігі жөнінен күздік рапспен салыстырғанда, қалыс қалады, бірақ климат пен топырақ таңдамайды. Оны әдетте күздік рапстан кейін себеді. Рапсты кеш себуге болмайды, себебі зиянкестер шыққанша рапс топыраққа бекуі қажет. Рапс тұқымын аралығын 15 см етіп, кең қатарлы әдіспен  1га. жерге шамамен 12-16 кг. есебінен шашады, 2-4 см. тереңдікте себеді, себу үшін жақсы дәндер алу керек, бірақ сыртында тозаңы болуы тиіс.

Генетиктер үшін рапстың пайда болуы  ерекше қызығушылық тудырады. Бұл өсімдіктің жабайы түрі кездеспейді. Дақылдар арасында б. э. дейінгі IV ғасырдан белгілі. Рапс бақшалық капуста мен қыша бастың  шағылысуынан пайда болған.[ 6,10,31]

Рапстың шыққан тегі  туралы біртекті пікір жоқ. Ботаниктердің көбісі  Brassica  туыстастарға жатқызған, нақтылап айтқанда рапс, Жерорта теңізінің жағалауларында пайда болған мәдени өсімдіктерге жатады. Рапстың жабайы өсетін түрі белгісіз, бірақ көптеген елдерде  Европада, Азияда, Америкада және Солтүстік Африканың далаларында рапс жабайы түрде арамшөп ретінде кездеседі.  [3]

Е.Н. Синскойдің пікірі бойынша,  рапс Еуропадан шыққан. Оның отаны – Англия мен Голландия, ол жақтан ХVІ ғасырларда Германияға тараған, одан Польша мен Батыс Украинаға жеткен. Ресейде оны майлы дақыл ретінде XIX ғасырда  өңдей  бастады.

Көптеген елдерде «рапс» деген атпен рапсты қышаны, сизияны біріктіріп бір туыстас өсімдіктерге жатқызады.[1-3,10-11]  Рапс —  қыша (2 n = 20, геном АА) және капуста (2 n = 18 геном СС) қатысқан бірден бір амфидиплоид.

ХІХ ғасырдың ортасына қарай өзгеде шаршы гүлділер өсімдіктері секілді  Еуропада кеңінен тарады. Германияның өзінде оның аумағы 300 мың га. жетті. Оның бұндай таралуына  майының техникалық  қажеттіліктер үшін кең түрде қолдануы себеп болды. Ол кезде әліде мұнай өнеркәсібі жетіле қоймаған болатын. [4,10-11,30,34,36]

1870 жылдары Ресейде рапс егу 25 мың га жетті, одан кейінгі 30 жылда 357 мың га жерді қамтыды. Алайда халықаралық рынокта арзан мұнай өнімдерінің пайда болуы, әсіресе Еуропада рапс өңдеу  көлемін төмендетті, рапс егетін  жер аумағы 178 мың га –дан 92 мың га –ға кеміді. Азияда рапс  өсіру біршама деңгейді ұсталды. [10]

ХІХ ғасырда орыс бидайына деген сұраныстың ұлғаюына байланысты рапс егетін жер кеми түсті. ХІХ ғасырдың 50 жылдарында Ресейде рапс өсіру тоқтатылды. Мұның негізгі себебі – күнбағыс өсірудің жедел дамуы болды, онымен экономикалық бәсекелестікке  рапс түсе алмады. Рапс өсіру  1980 жылдары қайтадан қолға алына бастады, 1990 жылдары оның аумағы 258 мың  гектарға жетті.

В.Н  Степанов еңбегі бойынша, майды тазарту әдістерінің жетілдірілуі, оның қоректік зат ретінде пайдалануды дамытты. Әсіресе бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде  Орта Еуропада оған сұраныс ұлғайды. [18]

ХХ ғасырдың 30 жылдарында рапс Ұлыбританияда, АҚШ, Жаңа Зеландияда, кейінірек Батыс және Шығыс елдерінде, Қытайда кеңінен таралды.  Оны мал азығы ретінде пайдаланды, бұл 1999 жылдары рапстың  дүниежүзілік өндірілуін 42,5 млн тоннаға жеткізді. Қытайда, Индияда, Канадада мол өнім алынды. [9-11,34]

Қазіргі таңда рапсы өсіруден Канада мен Индияны артқа тастап, жетекші орында Қытай болып отыр,  бұл үш ел әлемдік өнімнің 57 пайызын береді. Келешекте Қытай, Индия, Канада рапс өсіруді ұлғайтады, Шығыс Еуропада рапстан мол өнімді Чехия мен Польша алуда. Рапс дақылын өсірудің  басты аймақтары –Азия  үлесіне  46,8 %,  Еуропаға -30,3 %,   Солтүстік Америкаға -19,2 %  үлес тиеді.

ТМД елдерінде жылына 0,16 млн тонна өндіріледі, Ресейде — 0,11, Украина — 0,02, Белоруссияда — 0,02 млн тонна. 1989 жылдан бастап Ресейде рапс себу аумағы қысқарды. Бұған себеп — өнімді өңдейтін материалдық техникалық базаның жоқтығы. [1,3,4-6,10]

Бүгінгі таңда рапс майлы дақыл ретінде кеңінен өңделуде, әсіресе мұндай дақылдар  көп өнім бере қоймайтын табиғи зоналарда кеңінен таралуда.  Екпе дақыл ретінде жаздық рапс немесе Кольза және күздік рапс түрінде кездеседі. Май беретін шаршы гүлділер өсімдіктерінің ішінде рапс тұқымы майының көптігімен ( 45 – 50 % ) және сапасы жөнінен бірінші орын алады.

Күздік рапстың климатқа талабы мықты, аязға төзімділігі төмен, олар құрғақшылық пен қысқы айларда жылының көп болғанын да қаламайды. Жаздық рапс климаттық жағдайларды талап ете қоймайды, бірақ күздік рапсқа қарағанда майлылығы төмен.

Мысалы, Канадада жаздық  рапс себу кең тараған, ал Еуропа елдерінде күздік рапсты өңдейді, олардың өнімділігі жоғары. Швецияда рапстың екі түріне де үлкен көңіл бөлінеді.

Шығыс Еуропаның континенталды климатында күздік рапс өсіру үлкен тәуекелдікті талап етеді. Ресейдің, Украинаның және өзге де ТМД елдерінде жаздық рапс өсіріледі.

Рапсты экспорттаушы басты елдер – Еуропа, Канада, Австралия. Импорттаушы елдер – Қытай, Мексика, Жапония, Бангладеш, Пакистан және өзге де елдер.[ 34 ]

Солтүстік Қазақстанда ерте пісетіндіктен жаздық рапс өсіріледі. Аймақта соңғы жылдары оның егістігі 45 – 48 мың гектарға дейін өсті, ал тек қана Көкшетау мен Қостанай облыстарының әрқайсысында ол жыл сайын 18 – 20 мың га жерге себіледі. Сонымен қатар рапс Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстанда да өсіріледі. [14-17,19,20-23,37]

Т.А Аубекеров [21 ] пікірі бойынша, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде өсімдік майларының маңызды орын алатыны мәлім. Елімізде май дақылдарының өндірісі өсуде. Бірақ оның үлес салмағы 2000-шы жылғы 73,8 пайыздан өткен 2009-шы жылы 48,9 пайызға төмендеді. Өндіріс рапс өндіруден -28,7 есе, шашақты зығырдан – 6,7; қытай бұршақтан – 3,4; мақсарыдан (сафлор)– 2,2 есе өсті. (1-кесте)

 

1-кесте. Республикада май дақылдарын өндіру (мың тонна)

 

Жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Барлығы

257,1

436,3

395,8

439,8

458,9

459,4

433,3

578,8

Күнбағыс тұқымы

189,8

292,6

265,6

267,4

 

268

205,8

 

185,8

282,9

 

Рапс тұқымы

4,5

7,4

4,2

64,8

76,3

131,2

114,6

129,2

 

Мақсары тұқымы

37,9

94,8

76,1

61,7

45,7

43,9

51,2

82,2

 

Қытайбұршақ тұқымдас ірі бұршақтар

22,5

37,8

46,7

42,7

62,1

72,9

74,8

77,4

 

Шашақты зығыр тұқымы

0,8

0,8

0,9

1

4,66

5,3

5,3

5,4

Қыша тұқымы

0,9

2,9

1,3

1,1

1,1

0,53

0,53

0,53

 

Өндіріске жаңадан қосылған май дақылдарының ішінде мақсары (сафлор) өсіру артып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша республика дүние жүзінде 4-5-ші орында. Мақсары күтімді аса қажет етпейді және сортаң топырақта да өсе береді. [21-23]

2010 жылы Ресейде Рапс өсімдігі 878,04 мың гектарға егілсе, бұл көрсеткіш 2009 жылы 688,1 мың гектар болған, яғни рапс егістігінің көлемі 27 %-ға өскен. Соған қарамастан Ресейдегі рапстың өнімділігі дәстүрлі түрде жоғары емес –орта есеппен 10-15-ц/га — дан аспайды. Мұның негізгі себебі ауа райы факторларының тұрақсыз болуы. АПК-информ информациялық агенттігінің мамандардың бағалауы бойынша Ресейдегі рапс өнімділігі  2010-2011 жылы 743,3 мың тонна болып, орташа өнімділігі 11,7 ц/га – ны құрады.  Бұл жағдайда жалпы өнімділіктің өсуі тек қана егістік алаңының көлемін ұлғайту есебінен жүзеге асырылды. Сонда да бұл өнімділік 2009-жылмен салыстырғанда  төмен болды — ол жылы 12 ц/га өнім алынған. Ресейдің табиғи климаттық жағдайына байланысты негізінен рапс өсімдігінің жаздық сорттарын өсіру қолайлы. 2010 жылы жаздық рапстың жалпы жиналған мөлшері 374,6 мың тонна, бұл 2009 жылға қарағанда 16 мың тоннаға артық. [10-11,13,24-31 ] 

       Россияда рапс өсімдігінің жаздық сортын өсіруде 1-ші орында Татарстан алады. 2010 жылда қуаңшылық болғандықтан, мұнда барлық жиналған өнім 8 мың тонна болды, ал 2009 жылы бұл регионда 75,5 мың тонна рапс өнімін алған.

   Ал 2010 жылы күздік рапстың жалпы жиналған өнімі 368,7 мың тонна бұл 2009 жылмен салыстырғанда 20 %-ға жоғары.    Күздік рапстың жоғары өнімі егістіктің жылдан-жылға өсуімен қатар, агротехниканың жетістіктерімен байланысты.

Күздік рапс негізінен Ресейдің оңтүстік  федеральдық округінде өсіріліп, сол жердегі өнеркәсіп орындарында шілде-тамыз айларында өңделіп май алынады. Бұл кезең яғни шілде-тамыз айларында күнбағыс әлі жиналмағандықтан бос болып, оның орнына рапс өсімдігін өңдеп, май алатын цехтардың қуаттылығын тиімді пайдалануға мүмкіндік туады, яғни сезон-аралық мерзімде күнбағыс майының жетіспеушілігі мен өнеркәсіптің босаған қуатын пайдалануға көмектеседі.

Ресейден өндірілген рапстың жалпы мөлшері көбейгенімен оны шет елге шығарып сату көлемі бұрынғы жылдармен салыстырғанда азайған. Рапс дәнін қыркүйек айында Ресейден экспортқа шығару 14,278 мың тоннаны құрады. Оны негізінен сатып алушы елдердің ішінде Германия, Белгия, Англия, және басқа да елдермен бірге Қазақстанда бар. (2-кесте)

 

2-кесте Ресейден экспортқа шығарылған Рапс тұқымы (шілде-тамыз2010)

 

Экспорттаушы елдер

Көлемі

Үлесі

Бағасы

АҚШ $

1

Германия

15.913

50%

443

2

Белгия

6008

19%

445

3

Англия

3500

11%

379

4

Литва

2984

9

511

5

Турция

2014

6

325

6

Иран

1314

4

320

7

Қазақстан

10

1%

569

 

Барлығы

31744

100%

 

 

 

       Украинада рапс дақылы негізінен қызылша өсірілетін оңтүстік аумақтарында себіледі, солтүстік жақтарда ол өліп қалады. Украинаның басты аумағында өсірілген күздік рапстың бал шаруашылығы үшін маңызы бар.

      Рапс өте жақсы бал беретін өсімдікке жатады, 25-30 күннің ішінде бал арасы әр егілген гектардан 90 кг дейін бал жинайды.

      Агротехникалық жағдай бойынша рапс өсімдігі көптеген дақылдарға өте жақсы алғы дақыл болып саналады, егілген егістікті ерте босатып, топырақ құрылымы мен құнарлығын жақсартып, алқаптың  ластануын азайтады. Рапстан кейін егілген дәнді дақылдардың өнімділігін 10-15%- ға арттырып еш қосымша материалдық шығынысызақ өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырады.

         Бүкіл дүние жүзінде майлы дақылдардың ішінде рапс өсімдігі өсірілетін көлемі жағынан соя дақылынан кейін екінші орын алады (Бочкарев 2006). Рапс дақылы өсімдік майы мен мал- азықтық белок көзі болып табылады, өйткені оның дәнінде күнбағыс дәніндегідей 40-48% және 50-55% май бар (Палий 1961).  Ал  дәндегі белок  мөлшері жөнінен күнбағыстан 5-17 % артық өнім береді.(Суханов,Нарижний т.б.1987 Федотов, Коломейченко және т.б. 1998 ). Бұл дақылдың эруковтық және төмен глюкозинолатты сорттары жоғары биологиялық бағалылығы мен сапасы және дәмдік қасиеттері жөнінен оливкалық (зәйтүн) майына өте жақын. (Гареев,1996).

      Соңғы жылдары Украина егіншілері бидайдың орнына Рапс өсімдігін көптеп егуде, өйткені оның рыноктағы құны көп пайда әкелуде. 2010 жылы шілде айында рапстың бір тоннасы 330-350 доллар тұрса, 2011жылы бұл баға 640-650 долларды құрады. (М.Колесник -2010). Бұған рапс өсімдігінің әлемдік рынокта биожанармай өндіруде зор сұранысқа ие болып отыруы себеп болуда. Оның бағасы мұнай бағасының өсуімен байланысты өсуде.

         АҚШ-ауылшаруашылық министірлігінің мәлімдемесі бойынша 2010-2011 жылы барлық әлем елдері 57,2 млн. тонна рапс өндірген, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 3,2 млн. тонна аз, оның басты себебі қуаңшылық. Рапсты ең көп мөлшерде Еуроодақ елдері өндіруде, оның үлесіне әлемдегі өндірістің  34%  келеді.  Одан кейінгі орындарда Қытай, Индия, Австралия, ал Украйна 6- шы орында. Немістің  аналитикалық агенттілігі OiL World-ың мәліметі бойынша 2011 жылы рапстың өнімділігі 19,5 млн. тоннаға дейін кеміген (2010ж-20,59млн. тонна болатын). 2012жылы бұл аналитикалық орталықтың болжамы бойынша ЕО-та рапсты өсіру бұдан да аз болады деп күтілуде. Бұл алдағы уақытта осы техникалық дақылға деген сұраныстың өсуімен оның бағасының тым жоғары болатындығын көрсетеді.[34-36]

 

1.2.Өсімдік майлары және оның биологиялық құндылығы

 

Ш.Н. Илялетдинов пікірі бойынша, өсімдік майлары үшглицерид пен май қышқылдарының қоспасы мен өсімдіктердің май алу кезіңде қосылатын заттар жиынтығында тағамдық және биологиялық құндылығын  өсімдік майларының  үшглицеридтер /98-99%/ айқындайды, олар майдың түріне тән және өсімдік майының түрін анықтағаңда пайдаланылады. Әртүрлі майлардың май қышқылдары әртүрлі. Сұйық өсімдік майларының /соя, күнбағыс, жүгері, мақта/ ерекшеліктері болады. Олар да алмастырылмайтын май қышкылдарының /линол және линолен 50-ден 60 мг %/ көп мөлшерде болып, организмде көптеген зат алмасу процесіне қатысып, соның ішіңде организмнен артық холестеринді шығарып адамның иммунитетін жоғарылатады. [25]

И.М Ващенко еңбектерінде сұйық өсімдік майларының (соя, күнбағыс, кокос, мақта) ерекшеліктері:төменгі молекулалық май қышқылының (капрон, каприл) майдың құрамында болуы кокос немесе пальмоядро майларының қосылғанын көрсетеді, өйткені бұл май қышқылдары аталған майларда көп мөлшерде кездеседі. Арахис (жер-жаңғак) және мақта майларында қаныққан жоғары молекулалы май қышқылдары (18 және 24%) көп мөлшерде соған байланысты 10-12°С-та  майланады, ал 0-5°С-та тұнба түзіп қатады, бұл майдың сапасыздығын көрсетеді. [27,33-34]

В.Н. Степанов пікірі бойынша, салаттық мақта майы, тазартылған сұйық фракциясын кұрайды, ол майды 7,5-8°С-та салқыңдатқаннан кейін алынады, сол себептен салқыңдатқаңда тұнба түзілмейді. Рапс майының басқа майлардан өзгешелігі құрамында 30% эрук қышқылы бар,  осыған байланысты май организмде нашар ыдырайды да қиын сіңеді, сол себептен тағамдық бағалылығы және шын қауаттылығы да төмен.[18]

Пальма және пальмоядро майларының құрамында /тіпті жаңа өндірілген/ көп мөлшерде бос май қышқылдары бар, ол сақтау мерзімі ұзартылған сайын қөбейе береді, сол се­бептен майдың жағымсыз дәмі болады. Ал майдың өздігінен гидролиздену қасиеті глицеридтердің ыдырауына қатты әсер ететін заттар.

Осыған байланысты сақтауға шыдамдылығын көтеру үшін тағамдық пальма және пальмоядро майына ангиоксидант, синергистер және басқа тағамдық қоспалар қосады. [13]

Ш. Әбдірашев  еңбегінде өсімдік майларының биологиялық қасиетін сипаттайтын факторлардың бірі, оның құрамындағы фосфатидтер /глицериннің, май қышқылдарының және фосфор қышқылы мен азоттық негіздердің күрделі эфирі /фосфатидтер маңызды физиологиялық роль атқарады: торшааралық зат алмасу, нерв және ми ұлпаларының құрылуына қатысады, адамның қаны мен ішкі ағзаларының құрамына кіреді, қан тамырларының кабырғаларында холестериннің қабаттануын қамтамасыз етеді. [23]

П.П. Вавилова өсімдік майларында фосфатидтердің  мөлшері 0,02 ден 4,5%, ал алу рафинадталу тәсіліне байланысты одан да көп болады, әсіресе тазартылмаған майларда көп екенін анықтады.[28].

Фосфатидтердің болуы, майдың лай сияқты болуын көрсетеді, тұнбаның пайда болуына әсер етіп, өнімнің тауарлық түсін төмендетеді. Фосфатидтер ауадағы оттегімен тез тотығады, қатты күңгірттенеді, ол майдың тұтыну қасиетін төмеңдетеді және бұзылуын тездетеді. Соңдықтан, сапа көрсеткіші тұнба белгілі бір шамадан /0,1-0,2%/ асырылмайды. Фосфатидтерден тазарту үшін майды  гидратациялайды. Барлық өсімдік майларының ішінде стериңдер /жоғары молекулалы циклды спирттер/ бар, бірақ олар азғантай мөлшерде /0,1-0,4%/.[13,16,25,33-34]

      Май- организмге қуат береді, ол белоктарды, минерал тұздарды, майды ерітетін витаминдерді организмнің қалыпты сіңіруіне қажет. Тамақтың рационында майдың болуы әр түрлі тағамдардың дәмділігін жақсартып, тәбетті арттырады. Оның біраз бөлігі адамның денесіндегі май қорын жасауға жұмсалады. Организмнің майды қажетсінуін қанағаттандыру майдың түрі мен сапасына байланысты. Мал майы мен өсімдік майының бір-бірін толықтыра түсетіні белгілі.

       Биологиялық  жағынан алғанда тәулігіне аспен бірге қабылданатын майдың 70 % -ы мал майы, 30 %-ы өсімдік майы болғаны қолайлы. Майды артық пайдалану нерв жүйесіне, қан айналымына кері әсер етеді, тәбетті төмендетіп, тамақты сіңіруіде нашарлатады. Тамаққа әр түрлі мал майын, сүт майын, сондай-ақ өсімдік майын пайдаланады.

       Тамақ рационы құрамына май тектес заттар –Холестерин және лецитин кіреді. Холестерин –организмнің тіршілік қызметі, атап айтқанда, нерв жүйесі үшін маңызды роль атқарады. Ол мал  майында,  жұмыртқаның сары уызында, уылдырықта, бауыр, бүйректе едәуір мөлшерде болады. Бірақ мұндай азық-түліктерді көбірек тұтыну бауырдың қызметінің нашарлауына әкеліп соғады, өтке тас байлана бастайды, атеросклероз ауруын асқындырады.

        Лецетин – организмнің дамуына, қан құрылымына жәрдемдеседі, нерв жүйесінің, бауырдың қызметіне пайдалы әсер етіп, организмнің уландырғыш заттарға қарсыласуын күшейтеді, майлардың сіңімділігін жақсартып атеросклероздың өріс алуына кедергі жасайды. Лецитин жұмыртқаның  сары уызында, балықтың уылдырығында, қарақұмықта, салат түрлерінде едәуір мөлшерде болады. Соя, асбұршақ, басқада бұршақ дәнді өсімдіктерде лецитин көп болады.

        Майлы дақылдардың дәндері: Біріншіден өсімдік майын алуға шикізат ретінде және олар азық-түлік өндірісінде, жеңіл өнеркәсіпте, лак, краска өндіруде, фармацевтік өнімдерді пайдалануда қолданылады.Екіншіден өсімдік майы органикалық жанармайды ауыстыратын таза экологиялық биодизель өндіруде шикізат ретінде қолданылады. Үшіншіден майлы дақылдарды өңдеуден кейін  қалдық ретінде қалатын күнжара  белоктық компанент ретінде малшаруашылығының рационына қосылатын қоспа жем ретінде өте бағалы болып есептеледі. 

       Қазақстанда соңғы жылдары дәстүрлі өсірілетін майлы дақылдар-күнбағыс, мақтамен қатар активті дамып келе жатқан соя, рапс, сафлор т.б. өсімдіктер егілгенімен олардың өсірілетін  жер көлемдері өскеніне қарамастан халықтың тұтынуымен өндірістің қажеттілігін толық қанағаттандыра алмауда. Сондықтан өсімдік майы мен дәндерінен алынатын май мөлшері жөнінен Қазақстан  импортер елге жатады.

        Майлы өсімдіктер әр түрлі тұқымдастарға жататын көптеген  дақылдар тобынан тұрады. Олар бір-бірінен сыртқы құрылысымен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады. Қазақстанда май алу үшін кеңінен өсірілетін өсімдіктердің негізгі сорттарын қарастырайық ;

  1. Күнбағыс-(Helianhus annus) бір жылдық күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдік, ол вегетативтік мүшелелерінің қуатты өсуімен ерекшеленеді. Тамыры кіндікті 2-3 м-ге топырақ тереңдігіне бойлайды. Сабағы тік, майлы сорттары бұтақты, биіктігі 1,5-2,5 м-ге дейін жетеді. Жемісі шекілдеуік, қысыңқы жұмыртқа пішінді, жеміс қабығы мен тұқымнан тұрады. Майлы сорттарында 1000 шекілдеуіктің салмағы 40-80г. ал шағылатындарында 170 г-ға дейін болады.

        Қазақстанда күнбағыстың ең көп жақсы өсетін жерлері Шығыс Қазақстан, және Павлодар облыстары онда жалпы жиналатын май алынатын сорттарының 90% орналасқан. Ауылшаруашылық  министірлігінің ұсынысымен бұл майлы дақылдың әр түрлі сорттары. Ақмола, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанда  өсірілуде.                                   

        Күнбағыс майының иісі кетірілген, қоспадан тазартылған түрлері шығарылады. Иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған майлар мөлдір, сары, ашық сары түсті болып келеді. Оның құрамында организм үшін өте бағалы, толық қаныққан қышқыл зат (60-70) % болады. Оны тағамдық және салаттарға қосуға пайдаланылады.

  1. Рапс— біржылдық шөптесін өсімдік капуста тұқымдас. Оның жаздық және күздік сорттары өсіріледі.  Жаздық формасы біржылдық өсімдік-Brаssia napus oleifera annua Мetzg.  Күздік рапс –Brassia napus oleifera biennus metzg-биіктігі 100-130 см жапырағы күлгін- жасыл түсті, сыртында воскілік қатпары бар. Гүлдері-ақшыл-сары. Жемісі тұмсықты бұршаққын ұзындығы бұршаққынның 1/5 -1/6 бөлігін құрайды. Тұқымы шар тәрізді, сырты ұсақ торлы, қара, қара-сұр, күңгірт қара. Тұқымның диаметрі 1,5-2,5 мм,  1000 тұқымының салмағы 3-7 грамм.  Рапс майын тазартылған түрінде тағамдық өсімдік майларының бірі ретінде пайдаланылады. Майлы және азықтық дақыл ретінде өсіріледі. Жаздық рапс –Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан,  Павлодар облыстарында, ал күздік рапс Оңтүстік облыстарда өсіріледі.
  2. 3. Қыша (Brassica)-біржылдық шөптесін өсімдік –капуста тұқымдас. Кіндік тамырлы, сабағы бұтақты. Жемісі –жіңішке бұршаққын, ұзындығы 3-5 см, ұзынша біз тәріздес тұмсықты.Тұқымы шар тәріздес, диаметрі 1,2-1,8 мм., 1000-дәнінің салмағы 2-4 грамм.

 Майлы крестгүлділердің ішінде қыша мен рапстың атқаратын рөлі орасан зор. Қышаның өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: сареum қышасы, қара қыша, ақ қыша.

Сареum қышасы бір жылдық шөп тектес өсімдік. Оның отаны Оңтүстік-Батыс Азия. Одан май алу үшін Ресейдің Волгоград, Саратов, Ростов және басқада  Оңтүстік облыстарда өсіріледі. Қыша майы ұзақ уакытқа дейін сақталынады, құрамы бұзылмайды, тағамдық сапасы жоғары келеді.Қыша майы маргарин, парфюмер, консерв жасау және фармацевтика өнеркәсібінде кең қолданылады. Қыша дәнінде 35-47 процент май бар оны суық қысу түрінде өндіріп алады.

Жмықтар майын алғаннан кейін қалатын қалдық. Оны ақ ұнтақ етіп ұсақтап тағамға қажетті қыша жасайды. Неше түрлі горчичниктерді шығарып, ауырған жерлерге басады. Жмықтарын аздап кана малға беруге болады. Өйткені жмықтардың қүрамында глюкозид синтрим кездеседі. Ол ас қорыту органдарын тітіркендіріп қолайсыз жағдай туғызады.

Қара қышаны біздің елімізде аз өсіреді. Ақ қышада онша көп өсірілмейді. Ол кара топырақты аймақтарда егіледі, одан май алынады. Ақ қыша бал араларының жайылатын өсімдігі. Жақсы бал береді. Бір гектар жерге егілген ақ қышаның көлемінен 100 кг бал алынады.

        Қазақстанда өсірілетін жері –Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары. Қыша майын оның дәнін престеу арқылы алады, түсі сары –көкшіл, өзіне тән жағымды дәмі мен иісі болады. Оны нан пісіру өнеркәсібінде  нан, бөлкелер, пряник, печенье т.б. тағамдарын әзірлеу мақсатында пайдаланылады. Өзіне тән дәмімен түсінің тым айқындығы оны кулинарияда кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді. Оны салат майы ретінде аздаған тағамдарға (винегрет, ашыған капуста) пайдалануға болады, себебі ол көп қосылса көптеген азықтардың дәмін бұзады және түсін сарғайтып өзгертеді.

  1. 4. Соя –біржылдық шөптесін өсімдік, бұршақ тұқымдас –майлы дақыл. Соя майын экстрациалық тәсілмен соя бұршағынан алады, тағамға тек қоспасынан тазартылған түрін пайдаланылады. Тазартылған соя майы ақшыл-сары түсті, өзіне тән дәмі мен иісі болады, онда 50-75% линоль қышқылы бар. Кулинарияда күнбағыс майының орнына пайдаланылады. Қазақстанда өсірілетін аймағы –Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары.
  2. 5. Мақсары –Carthamus linctorius L-күрделі гүлділер немесе астра тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік, биіктігі 40 -90 см., түксіз бұтақтары әр түрлі биіктікте пайда болады. Жемісі тұқымша, 1000 тұқымының салмағы 40-50 грамм. Оның 13 түрлері бар негізінен Жерорта теңізі мен Азияда дамыған. Қазақстанда өсірілетін аймағы Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
  3. 6. Зығыр— біржылдық өсімдік, тік сабақты, биіктігі 1м-ге жетеді, сабағы тегіс, цилиндр тәрізді жіңішке, жапырағы ланцет тәрізді, үшкірлеу,  түксіз кезекпен орналасқан. Жемісі жұмырлау, ұшы үшкірленген  қауашақ. Қаушағы бес ұялы, әр ұясының өзі екі бөлікке бөлінген, әр ұяда бір дәннен болады. Сонда қаушақта барлығы 10-дән тұқымы бар. Тұқымы –жұмыртқа тәріздес, құс тұмсықты, тегіс жылтыр сусымалы, диаметрі 3-6 мм, 1000 дәннің салмағы 9-22 гр. Зығыр майын дәнін престеу немесе экстракциялау арқылы алады, оның майы мөлдір сары түсті, иіссіз болады. Құрамында өте қаныққан қышқылдың мөлшері 60-80 %, оның 30-60%-і линоль қышқылы тамақ әзірлеу үшін пайдаланылады. Ұзақ сақтағанда және ұзақ қыздырғанда тез тотығады, тұтқырланады. Олиф иісі шығып дәмі күйік  татитындықтан кулинарияда пайдаланылмайды.
  4. 7. Мақта –Gossupium-көпжылдық және біржылдық дақыл ретінде өсірілетін тамыры -1,5-2 метр тереңдікте бойлайтын кіндік тамырлы, жақсы бұтақталатын өсімдік. Жемісі әртүрлі, домалақ жұмыртқа кескінді 3-4-5 ұяшықтардан тұратын қауашақ. Қаушақтың әр ұяшағында 5-11 тұқым болады. Мақта дақылы өсімдігі 50-ге дейін жақсы дамыған қауашақ бере алады. Тұқымы жұмыртқа немесе алмұрт тәріздес, ұзындығы 2 ені 6-8 мм. Оның тұқымында 30-35% май болады, 1000-дәннің салмағы 60-125 грамм. Казір мақтаның  21-түрі белгілі, соның тек бес түрі мәдени, ТМД елдерінде кеңінен тараған екі түрі өсіріледі. Мақта майын оның дәнінен алады. Тағамға оның тазартылған түрі пайдаланылады, өзіне тән дәмі мен иісі болады, түсі сары болып келеді.

       Мақта майы шамамен 0ºС-та қата бастайды, қыздырғанда ериді де,  мөлдір түс береді. Оның құрамында 33-55% линоль қышқылы болады. Кулинарияда күнбағыс майының орнына пайдаланылады. Орта Азияда, бізде Оңтүстік  Қазақстанда өсіріледі. Сонымен өсімдік майлары өсімдіктердің тазартылып, ұнтақталған майлы дәндері мен жемістерінен еріткіштердің көмегімен немесе престеу жолымен алынады. Олар тазартылған (рафинирование) және тазартылмаған  (нерафинирование)  түрінде шығарылады. Тазартылмаған майда әр түрлі ілеспе қоспалар мен заттар болады. Тағамға қоспалардан ажыратылған тазартылған май пайдаланылады. Өсімдік майларын  салқын жерде, мерзімі 6-айға дейін сақтауға болады.

        Қазақстанда майлылығы жөнінен күнбағыс, рапс, және қышаның көрсеткіштері жоғары.(3-кесте).

 

3-кесте.  Кейбір майлы дақылдардың дәндеріндегі майдың мөлшері

 

 Дақыл  түрі

    Май

Белок

Май мен белок қосындысы

1

Күнбағыс

51-63

15-23

66-86

2

Рапс

35-50

19-31

54-81

3

Қыша

43-45

24-27

67-72

4

Соя

20-24

37-43

57-67

5

Талшықты зығыр

32-34

23-25

55-59

6

Софлар

29-32

19-20

48-52

7

Мақта дәні

15-19

22-25

37-43

 

Күнбағыс дақылын бір егілген жерге қайтадан егу 7-8 жылдан кейін ғана жүзеге асыруға болатындықтан, ауыстырып егетін  егістік жерлерді көп қажет етеді. Өнімділігі жөнінен суармалы егіншілікте егілетін соя өсімдігінің  көрсеткіштері жоғары.

        Соя  майлық, азықтық   және тағамдық бағытта қолданылатындықтан оны табиғи-климаттық жағдайға сәйкестендіріп рыноктағы өтімділігіне және пайдалылығына байланысты өсіреді.      Өздерінің пайдаланылу көрсеткіштері жөнінен соя майы-1%-пен жүгері майы 4,9 % аралығында жатыр. Отандық өндірілген өсімдік майларының сапалары жақсартуды қажет ететіндіктен, сапалы майлар импорт түрінде басқа елдерден әкелінеді.  

         Қазақстанда күнбағыс майын 95,4% халық тұтынатын болғандықтан,ол басқа өсімдік майларына қарағанда кең түрде өсіріледі. Халық жүгері, зәйтүн және соя майларын өте аз мөлшерде пайдаланылады.(4-кесте).

 

Кесте-4   Қазақстан тұтынушыларының  өсімдік майларын  қолдануы

жылдар

2004

2005

2006

2007

2008

Өсімдік майлары

159271

167547

212711

237268

188903

Күнбағыс

123438

113854

141091

155563

117218

Мақта

28504

38395

38269

27914

27338

Сафлор

5861

3745

1352

1748

620

Рапс

26

926

12201

22918

20673

Соя

490

9525

17534

25704

20816

Жүгері

697

500

786

1167

743

Басқада майлар

255

602

1478

2254

1495

 

      Өсімдік майын қай елден көп аламыз десек 1-ші орында Ресей олардан келетін  май-барлық импорттың 70% -ын құрайды, 2-ші орында тұрақты түрде Украина содан кейінгі орында Малайзия (1-сурет, 5-кесте)

  Сурет-1    Әлем елдеріндегі өсімдік майын импорттау құрылымы

   Бүкіл әлемдегі өндірілген өсімдік майлары бұл дақылдарды өсірудің тұрақты түрде өсіп  келе жатқанын көрсетеді. Соңғы 10-жылда олардың өндірісінің  дамуы 54%-ға өскен, бұл өсім  әлі де жалғасуда. Мұның себебі азық-түліктік және тағамдық түр ретінде оларға сұраныстың өсуі және өнеркәсіп саласында мұнайдан алынатын органикалық жанармайдың орнына оған конкурент ретінде өндірілетін биодизельдік жанармайдың кең түрде сұранысқа ие болуында. 2005-2006 жылдары әлемде дәндік майларды өндіру 402,9 млн тонна болды. (2-cурет)

 

 

 

 

              Сурет-2    Әлемдегі өндірілген дәндік майлар

 

 

Кесте-5  Әлем елдері бойынша импорт мөлшері.

 

2005

2006

2007

2008

2009

 

Елдер

 

Өндіру мөлшері, т

Құны, мың долл.

Өндіру мөлшері,т

Құны

мың долл.

Өндіру мөлшері,т

Құны, мың

долл.

Өндіру

мөлшері,т

Құны,

мың  долл.

Өндіру мөлшері,т

Құны,

мың долл.

Россия

20427,4

14756,5

30361,9

22164,5

34339,7

42043,4

72704,0

119998,6

80814,8

71657,4

Украина

12897,2

9585,8

11918,2

9344,7

16227,9

16544,9

31178,8

44242,0

13192,5

11311,6

Малайзия

6369,8

4321,6

7207,2

4978,4

4986,5

4708,0

7577,6

10375,5

8681,1

9022,5

Индонезия

13103,7

9657,9

1546,0

1049,9

2234,7

2319,7

4724,5

6137,2

1761,6

1846,9

Иран

3692,9

999,6

2794,3

760,6

1887,9

796,2

3169,3

2034,5

515,0

410,8

Испания

123,9

167,9

173,2

256,3

252,9

369,7

245,2

1054,8

347,4

1368,1

Молдова

4249,0

3529,0

2857,7

1775,1

1446,8

1197,3

720,4

1324,8

180,2

199,8

Турция

2087,8

725,3

220,9

202,1

259,5

234,1

274,2

578,0

144,7

236,4

Китай

647,5

423,7

418,6

293,0

679,8

637,3

171,3

254,1

57,0

46,7

Италия

5,1

27,5

10,4

63,0

37,7

221,4

24,7

182,4

45,6

262,5

Венгрия

5344,2

2445,3

1325,4

597,1

14,3

5,2

28,3

13,2

41,2

19,7

Өзбекістан

4533,1

2381,8

6427,5

3336,2

2084,7

1264,9

 

 

 

Сонымен қатар әлемдегі өсімдік майларын өндірудің динамикасын қарасақ оның оң динамикалық өсуде екенін көреміз. Соңғы 16-жыл ішінде соя майын өндірудің орташа жылдық өсімі-8%-ды құрады, бұл жағдайда өсу үлесінің көлемі 2006 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 228,7 % болды, ал пальма майының өсімі осы кезеңде  327,8% болды. (6-кесте)

 

Кесте-6    Әлемдегі  өндірілетін негізгі өсімдік майлары

 

Өсімдік май

түрі

1990     1     2006

1990ж.салыстырғанда 2006ж.% мөлшері

1990ж.жалпы өндірістегі үлесі,%

2006ж.жалпы өндірістегі үлесі,%

Соя майы

15,7

35,9

228,7

27,3

29,2

 

Пальма майы

11,5

37,7

327,8

20,0

30,6

 

Рапс майы

8,2

18,2

222,0

14,2

14,8

 

Күнбағыс майы

8,1

10,7

132,1

14,1

8,7

 

Арахис майы

3,7

5,0

135,1

6,4

4,1

 

Мақта майы

3,8

4,7

123,7

6,6

3,8

 

Кокос майы

3,4

3,3

97,1

5,9

2,7

 

Пальмоядролы майы

1,7

4,6

270,6

3,0

3,7

 

Зәйтүн майы

1,5

3,0

200,0

2,6

2,4

 

Барлық өсімдік майлары

57,6

123,1

213,7

100,0

100,0

 

                       

 

         Майлы дақылдардың ішінде ең көп көлемде өндірілетіні және импорттық түрде әкелініп халықтың ең көп қолданатыны  бұл күнбағыс майы, 2-ші орында пальмалық май –ол негізінен тамақтық өнеркәсіпте кеңінен  қолданылады.           

       Әлемде соя майын өндіруде алдыңғы орында Бразилия мен АҚШ алуда,  Ресей -6 орында,Қытай-8 орында. (7 кесте)[13]

 Қазақстанның сырт мемлекеттермен жасаған сауда-саттық нәтижесінде 2009-жылы сырттан әкелінген өсімдік майының мөлшері 105,9 мың тонна болса, сыртқа шығарылған экспорт өнім -25 мың тонна. 2004-2009 жылдар аралығында  импорттың мөлшері 2,2 есе өскен (3-сурет).

Ал 2004-2009 жылдар аралығында  өсімдік майын сыртқа шығару 1,8 есе өскен. Сыртқа шығарылған майлардың мөлшері кең көлемде ауытқып тұрғандықтан 2009-жылы 2008-жылға қарағанда экспорт 5-еседен астам өскен. Бұл ауытқу сауда-саттық жасайтын тұрақты кәсіпкерлердің жоқ екенін немесе өндірілген өнімнің сапасының тұрақты емес екендігін көрсетеді. (4-сурет) 

 

 

 

 

 

 

                3 сурет.   2004 жылға қарағанда 2009жылғы импорт мөлшері.

 

 

 

 

 

     4 сурет.   2004-2009 жылдар аралығындағы экспорт көрсеткіштері.

 

 

Кесте-7  Әлемдегі елдер бойынша соя майын экспорттау мөлшері

                                                2006

2007         

                          2008

                      2009

Елдер 

Мөлшері мың,т

Құны млн.$

Бағасы

долл/т

Мөлшері мың,т

Құны млн.$

Бағасы долл/т

Мөлшері

мың.т

 

Құны млн.$

 

Бағасы долл/т

Мөлшері

мың,т

Құны

млн.$

 

Бағасы долл/т

Әлем елдері

11764,3

5871,5

499,1

12416,5

8904,0

717,1

12084,9

12580,9

1041,0

Бразилия

2419,4

1228,6

507,8

2342,5

1719,7

734,1

2315,8

2670,7

1153,2

1593,6

1233,9

774,3

АҚШ

601,3

360,3

599,1

881,1

726,8

824,9

1847,0

1368,8

741,1

1253,6

1036,0

826,4

Германия

323,2

205,8

636,8

198,4

175,2

883,4

299,2

396,1

1324,0

328,4

288,9

879,8

Парагвай

189,4

88,6

467,7

287,0

207,0

721,2

416,9

488,7

1172,2

254,7

204,6

803,1

Боливия

223,8

118,8

530,8

198,5

138,5

697,6

147,7

172,4

1167,3

195,8

155,7

794,9

Россия

1,2

1,0

824,7

5,2

4,2

798,7

40,4

36,7

908,7

161,9

123,4

762,2

Малазия

720,8

83,8

116,2

457,1

125,2

273,9

176,5

166,1

940,8

113,4

120,7

1064,3

Китай

117,7

72,2

613,0

65,7

57,4

872,7

133,9

184,9

1380,7

69,2

75,9

1095,7

Бельгия

211,4

135,9

642,9

266,2

229,8

863,4

89,4

123,2

1377,8

58,7

63,2

1076,2

Норвегия

81,1

46,5

572,8

73,2

56,5

771,1

69,4

82,5

1188,0

69,1

54,8

793,8

Португалия

56,1

39,8

709,4

67,6

64,9

960,9

68,3

105,5

1544,2

37,9

41,8

1103,2

Канада

17,8

13,3

746,4

29,4

26,8

911,1

51,4

62,4

1212,7

44,8

36,7

820,4

 

  • Рапс мол өнімді тағамдық, малазықтық дақыл

 

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге және еліміздің азық – түлік қауіпсіздігі мәселелеріне аса мән берілген. Бұл мәселелерді табиға қорымызды дұрыс пайдалану және ғылыми негізделген тұжырымдамалар мен ұсыныстарды өндіріске енгізу негізінде шешуге болады делінген. Осыған байланысты сапалы өсімдік майын және құнды малазықтық дақыл ретінде еліміз аймақтарының топырақ – климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, рапс өсіру технологиясын өндіріске енгізу қажеттігі туындайды.

        Рапс — Brassica oleifera.  Oleifera Metzger – шаршы гүлділер тұқымдасына жататын майлы және малазықтық дақыл. Қазіргі кезде әлем ауыл шаруашылығында рапс негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда. Қазіргі кезде Қытай, Индия, Канада, Еуропалық елдері әлемдегі рапс өсіру егістігінің  90 пайызын құрайды. Майлы рапс Қытайда, Канадада, Индияда, Еуропа елдерінде кең тараған. Өсірілу аумағы бойынша қытай бұршақ, мақта дақылдарынан кейін, ал күнбағыстың алдында тұр. Оның өндірісі Азияда – 46,8, Еуропада – 30,36, Солтүстік Америкада – 19,2 пайызды,  ал қалған 3,64 пайызы басқада әлем елдері  құрайды. Рапс Ресей Федерациясында да қарқынды түрде өсіріле бастады.  Олар жыл сайын 0,11 млн тоннадан астам рапс өнімін өндіреді.[13,34]

        Ал біздің елімізде рапс жалпы егістік алқабының 12,5 пайызын құрап, күнбағыс, мақтадан кейінгі орында тұр. Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында өсіріледі.  Сондай – ақ еліміздің оңтүстік шығысында да рапс өсіру технологиясын зерттеуді Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ – ның ғалымдары жүргізуде. Рапстың осылай кең таралуы оның климат жағдайына тез бейімделе алатындығында жатыр.

Қазақстанның 2006-2010 жылға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту концепциясында рапс егістігін 700 мың гектарға ұлғайту жоспарланған, яғни өсімдік майына деген сұранысты қанағаттандырып, биожанармай өндірісінің шикізатқорын жасауға негіз қалануда. Осыған сәйкес еліміздегі азық – түлік корпорациясының рапс өндірісін дамыту бағдарламасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстарында рапс егістіктері көбейтілуде. [10]

А.Б.Абуова Солтүстік Қазақстан  жағдайында жаздық рапсты майға және мал азығы үшін өсіру ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен 2004 жылдан бері жұмыс жүргізді. Рапс дақылының биологиялық ерекшеліктерін аймақтың топырақ климаттық жағдайларымен ұштастыра отырып, эксперименттік зерттеулерді  ЖШС –гі «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтында»  жүргізді.[ 14]

А.Б.Абуованың жүргізген зерттеу аймағының климаттық жағдайы шұғыл континентальды, қыста қар аз түседі және жазы ыстық құрғақ, 10 градустан жоғары қолайлы орташа тәуліктік температураның жиынтығы 2200-2500 градус құрайды. [14] Тәжірибе танаптарының топырағы – сілтісіздендірілген оңтүстік қара топырағы, қарашірік қабаты (А+В) 32-35см-ге тең. НСІ-дан қайнауы 82см, карбонаттардың бөлінуіде де осы қабаттан. Қарашірік мөлшері -3,0-3,2%,          0-100см топырақ қабатындағы пайдалы ылғал қоры 215,7мм. Жеңіл гидролизденетін азотпен қамтамасыздығы орташа, жылжымалы калиймен – жоғары. Тәжірибеде рапстың алғы дақылы ретінде таза пар алынды. Топырақ өңдеу Солтүстік егіншілігінде қолданылатын топырақ қорғау жүйесімен жүргізілді. Негізгі өңдеу күзде 12-14см тереңдіктерінде сыдыра жыртқыштармен жүзеге асырылса, көктемде ылғал жабылып, себу алдында культивация және топырақ бетін тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Жаздық рапсты себу қатардағы әдіспен СН-16 тұқым сепкішпен іске асырылды. Тұқымның сіңірілу тереңдігі – 4-5см. [14-15,8-9,11,32]

Рапс өнімдерін, әсіресе майын қолдану жыл сайын 1 млн тоннаға өсіп отыр. Демек, рапс экономикалық жағынан тиімді дақыл болып табылады.

 А.Абуованың [14] зерттеулерінде Солтүстік Қазақстан жағдайында тыңайтқышпен, тыңайтқышсыз бірнеше мезгілде әртүрлі себу мөлшерімен жүргізілген осы болашағы зор дақылдың жоғары экономикалық тиімділігі дәлелденді. Жаздық  рапсты майлы тұқымға өсіру нәтижесінде ең жоғары экономикалық баға тәжірибенің мына нұсқаларын алды: мамырдың екінші онкүндігінде гектарына 2,8 млн өнген дән себу мөлшерімен егілген рентабельділік деңгейі 57%, мамырдың үшінші онкүндігінде гектарына 2,5 млн өнген дән себу мөлшерімен егілген рентабельділік деңгейі 115%, ал маусымның бірінші онкүндігінде гектарына 2,8 млн өнген дән себу мөлшерімен егілген 85%. Таза пайда гектарына 7606-14993 теңге құрады. Экономикалық көрсеткіштер себудің екінші мезгілінде анықталды. өнім салыстырмалы түрде жоғарылығымен түсіндірілді. [14]

Сидорик И.В.,Слабуш В.И., Мельникоа В.А. еңбектерінде  2006 — жылдан бастап Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының майлы дақылдар бөлімінде рапсты өсіріп, зерттеді. Сондай-ақ шет елдің ғылыми-зерттеу институтында рапс дақылының ондаған сорттарына сынақ жасады. Тәжірибе сүрі жер танабына жасалып, аймақтық технология қолданылды. Егу алдындағы өңдеуде тырмалау және қопсыту жүргізіліп, осыдан кейін егісті шығыршықты катокпен таптады. Себу қолайлы, мерзімде — мамырдың соңғы бес күндігінде СЗП-3,6 сепкішімен орындалды. Себу нормасы 1 гектарға 3 млн. өнген дән, қайталануы 4 рет, мөлдек аумағы 40 м2. [15]

Өсіп-өну кезеңінде рапс егістігіне Арома гербицді 1,5 л/га және конфидор (20% в.к.) 0,07 л/га мөлшерінде зиянкестерге (топырақ бүргесіне, гүл жемірге, ақ көбелекке, егеушыбынға т.о.) химиялық өңдеу жүргізді. Рапс сабағының «жасыл-сары» кезеңінде пісуін тездету, тұқымының ылғалдылығын кеміту үшін Реглон препараты 2 л/га молшерінде қолданылды. Тәжірибе учаскесіндегі қа­ра топырақтың құнарлығы шамалы. Қарашірік қабатының құнарлылығы 41-45 см (А+В), тұз кышқылының (НСL) қайнауы және карбонаттың бөлнуі 85 см. Қарашірік мөлшері 3-3.2%, жалпы азот (0-20 см қабатта) — 0,15-0,16%, фосфор), 10-0,13%. Кальций едәуір қаныққан магний шаманы сіңірілген, натрий мен калийдің алмасу формасы — шамалы мөлшерде. Су суспензиясынын реакция топырақтың бір метр тереңдігінде шамалы, сілтілі, ал топырақтың ылғалдылығы — 24,6 мм, ылғалдың жеткілікті диапазоны — 134,4 мм. [15]

 И.В.Сидориктің пікірінше, зерттеу жүргізілген аймақтың кли­маты континанталды, қысы суық, қары аз түседі, жазы қуаңшылық. Көктемдегі суығы ұзаққа созылады, күзде суығы ерте түседі. Қостанай облысының климаты басқа қуаңшылық өңірден едәуір айырмашылығы бар. Онда күндізгі және түнгі температурадағы едәуір айырмашылығы, ауа ылғалдылығының төмендігі және желдің жиі соғатындығы ылғалдың тез булануына әсер етіп, атмосфералық жауын — шашын жиынтығынан 2,5 есе асып түседі. Әсіресе 2006 жылы мамырдың соңында және маусым айының көпшілік қуаңшылық болды. Мамыр айындағы жауын-шашын 16,9 мм, мау-сымда —22,3 мм, шілдеде — 12,4 мм, Тамызда— 9,2 мм нормадан кем болды, мұның өзі өсімдіктің өсіп-өну кезеңінде ылғалдың жеткіліксіз екендігін көрсетеді.[ 15]

Рапсты сепкеннен кейін бір ай өткен соң 26 маусымда алғашқы жаңбыр жауды, алайда мұның өзі өсімдіктің бірден ,қаулап өсуіне ықпал етпеді. Осы деректерде рапс сорттарында едәуір айырмашылық (70-76%) байқалды, жинаған кезде Ли­пецкий, Ратник жэне Юбилейный сорт­тарында өсімдіктің сақталуы — 75-78%, басқа сорттардан 8-14 % басым болды. Сыналған он сорттың ішінде ең қысқа осіп-өну кезеңі (97 күн) — Кубанский және Талант сорттары. Осындай өсіп-өну кезеңі (99 күн) Липецкий, Рубеж сорт­тарында жөне Золотонивский аудандастырылған сортында байқалды. Өсіп-өну кезеңі аяқталған сәтте (собығының жа­сыл — сары фазасында), Золотонивский, Кубанский жэне Визит сорттарының жапырылуы болды (бес балдық шкала бойынша тиісінше 3;2;1). [15]

В.А.Мельников зерттеуінде Липецкий сортын экологиялық сорт сынағынан өткізгенде түсімі 20,8 ц/га және гектарынан жиналған майы 8,2 ц болды. Золотонивский сорты стандартынан басым болды, осы корсеткіштері бойын­ша 48 және 55%-ға жетті. Ритм, Юбилейный, Герое және Рубеж сорттары тұқымының түсімі біршама жоғары болып (18,0-19,0 ц/га), 6,9-7,4 ц/га май жиналды.

Кубанский және Золотонивский сорттарының түсімі де (15,5 жоне 14,0 ц/га) майлылығы да (39,8 және 42,9%) шамалы болып, гектарынан жиналған майы тиісінше 5,4 және 5,3 ц. Қостанай облысында Золотонивский сорты 24 мың гектардан астам алқапқа егілді. Бүл сорт негізгі шаруашылық — құндылық белгілері бойынша аудандастырылған сорттан басым. Алдағы уақытта рапс сортын экологиялық сынау тәжірибесінде Хантер, Адина, РЖ-405-05, РУ-105, СИБНИИК 198, Сиеста, Хидалго, Русич, Абилетти сорттарын егуді ұлғайтуды жоспарлап отыр.[15]

   Рапс майлы дақылының күнжарасы мал шаруашылығы үшін таптырмайтын азық. Қазіргі таңда Германияда рапс күнжарғасының әрбір тоннасын фермерлер 100 АҚШ долла рына сатып алуда. Бұл рапс егілген жерде мал шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндік береді, өйткені құрамы қышқылдарға бай рапс күнжарасымен жемделген мал тез семіріп бордақыланады. Сондықтан Қазақстанда алдағы бес жылда бір миллион гектарға рапс себілу жоспарлануда.

     Рапс шаруашылығын дамыту мал шаруашылығын арзан, жоғары ақуызды құрама жеммен қамтамасыз ететінін әлемдегі тәжірибелер дәлелдейді. Рациондағы ақуыздың тапшылығы малдың өнімділігі ғана емес оның төл беру қабілетіне де кері әсерін тигізеді. Сондықтан жоғары ақуызды рапсты қолдану арқылы бұл мәселені шешуге болады. Өйткені бір-тонна рапс күнжарасы 7-8 тонна жемдік дақылдарды ақуыз бойынша теңестіруге ықпал етеді, ал ол өнімділігін 10-15%-жоғарылатады.

        Рапс ақуызы аминқышқылдық құрамы бойынша Қытай бұршақ ақуызына жақын, бірақ оның құрамында зиянды биологиялық белсенді заттар: глюкозинолаттар, эрук қышқылы тонин, полифенол, фитин қышқылы бар. Глюкозинолаттар мен эрук қышқылы рапстағы ақуыздың қолданылуын төмендетеді. Осыған байланысты елімізде мал, құс шаруашылығында рапс жанама өнімдерінің жемдік биологиялық құндылығын  жоғарылату және рапс күнжарасының сіңімділігі нашар заттары мен химиялық құрамына тигізетін зиянды әсерін азайту қажет. Ол үшін 120-130 ºС- температурада экструдерлеу мен автоклавтау әдістері қолданылады.

       Күздік рапстың көк балаусасында протейн мөлшері, минералды заттар мен витаминдер (әсіресе А.С) өте бай және аз мөлшерде жасұнығы (клетчатка ) (11-13%)  бар. Бір киллограмм рапстың көк балаусасында 20 г қорытылатын протейн, 2,58 г. калий, 0,75 г. фосфор, 0,28г-магниий, 0,96г күкірт, 0,23г-натрий, 4,46г-калий, 0,75г-хлор және 0,16 азықтық бірлік өлшемі бар. Рапстың көк балаусасының бір азықтық өлшемінде 180-190г. протейн болады. Сондықтанда Рапс өсірілетін алқап бүкіл дүние жүзі бойынша май алынатын өсімдіктердің ішінде алдыңғы орында, өйткені бұл рапс майының тағамдық және техникалық бағытта кең түрде қолданылуынан.[ 6,9-10,12-14,24,30,32,35]

 

 

1.4. Рапстың халық шаруашылығындағы маңызы

 

    Рапс  май шығару үшін қолданылады.  Рапс майы тамақ әзірлеуге, маргарин өндіруге, металлургия, сабын шығару, тері және  тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылады.  Күнжара құрамында 32 пайыз белок, 9 пайыз май, азотсыз экстра активтік заттар 30 пайыз, мал азығы ретінде құнды. Рапс қалдығы ( жом ) мал азығы ретінде пайдаланылады. Отын бағасының өсуіне байланысты рапсы майының негізінде биодизель өндіріледі.

 Oil World  мәліметтері бойынша, 2008-2009 жылдары рапс өндіру 58 млн. тоннаны құрады.  Рапс өсірудің   ЕО-қа -19 млн. тоннасы, Канадаға -12,6 млн тоннасы, Қытайға 11,5 млн тоннасы тиесілі. БҰҰ деректері бойынша 2003-2004 жылдары 36 млн тонна рапс дақылы жиналған. 2005 жылы рапс өсіруге 264 мың кв. км жер бөлінген, бұл барлық  жыртылған жердің  шамамен 2 пайызын құраған. [3,11]

Баяу кебетін, йодтық саны 94 – 112 болатын  рапс  майының  тағамдақ та, техникалық  та  маңызы зор. Көбіне рапс көк шөптік  мал азығы  (  әр гектардан  250 – 300 ц )  және көк  тыңайтқыш  ретінде пайдаланылады.

       Рапс майының құрамы азықтық сапасы жоғары зәитүн майына жақын болғандықтан, оған халықаралық рынокта сұраныс көп. Сонымен қатар, соңғы жылдары әлемде мұнай қорларының азаюына байланысты,  ғалымдар рапстан алынатын экологиялық  таза биоотын болашақта көмірсутегінің орнын алмастырып энергия көзі болады деп есептеуде.

       Сонымен қатар рапс майы биологиялық жанармай ретінде соңғы кездерде кеңінен қолданыла бастады.   Биологиялық жанармай ретінде қолданылған рапс майы кезінде бөлінетін көмірқышқыл газы көп мөлшерде азаяды, яғни бір литер .дизель жанармайын қолданғанда 3 кг  СО2 бөлінсе, ал биологиялық жанармайды қолданған кезде бар болғаны 0,5кг СО2 ауаға тарайды. Бұл әдіс дәнді дақылдардан алынатын биологиялық жанармайдан қалыспай жер қойнауындағы мұнайдың қорын үнемдеуге көмектеседі.(Buchholz, Robberlen1986, Ketschere1992 ,Wnaаp1999).

      Еуроодақ елдерінде 2010 жылы   жанар-жағар майдың 5,7 %-ын рапстан алынған биоотын құрады.  Сондықтан рапс майлы дақылы Еуропа фермерлері үшін мол пайда көзі болып табылады.

        Астық өндіруден дүние жүзінде жетекші орын алатын Канаданың өзінде барлық егістік алқаптың 37 % -на бидай, 16 % на рапс егіледі. Германияда бұл көрсеткіш барлық егістік алқаптың 20%-ын алып отыр. Еуропа рыногында рапстың тапшылығы кәзірдің өзінде сезілуде.  Бұл дақылды енді ғана егуді қолға алып отырған Қазақстанда рапстың әр тоннасының бағасы 200 АҚШ долларынан кем емес, бұл  бидайдың бүгінгі бағасынан екі есе қымбат. Халықарлық рыноктағы сұранысты зерттесек, сыртқы сауда-саттық пен импорт Қазақстанда экспортқа қарағанда 4 есе артық.(2-3 сурет).  Сонымен қатар, ауыспалы егісті дамыту үшін де рапс өте қолайлы дақыл.

       Қазіргі күнде Республикалық бюджеттен астық өндіру бағдарламасы үшін бөлінген қаржыдан бидай егісінің әр гектарынан 660 тенге, ал рапс дақылының әр гектарына 1220 тенге субсидия беріліп отыр. Қазақстанда рапс дақылын өндіруге инфрақұрылымдық  жағдайларының бәрі де бар, бірақ бізде Еуропа елдеріне қарағанда ылғал барлық жерде бірдей мол түспеуі салдарынан, ылғал тапшылығы елеулі қиындықтар туғызады. Сол үшін рапсты өзімізде өсіруге лайықты ылғал үнемдегіш технологияны ойластырып, қолдану арқылы мол өнім алуға болады.

       Тазартылған рапс майы ХХІ ғасырдығы биожанармайының негізгі компоненті болып табылады. Биожанармай дизельдік жанармайға альтернатив ретінде, экологиялық таза және жыл сайын қайта өсіріліп май алуға болатын шикі зат. Тазартылмаған рапс майын бір мәрте ыстық престеу және Германия мен Ресейде шығарылған май сыққыш агрегаттар арқылы алады. Бірінші рет майды тазалау ВНП – 30,20 фильтірінде жүзеге асырылады.

       Белоруссия өнеркәсібі соңғы 15 жыл қатарынан 00-дік сортты рапс дәнін өндіруде. Рапс майын өздерінің ішкі рыногына және сыртқа  Германия, Недирланды, Польша, Балтика елдеріне автомабиль немесе темір жол цистерналары арқылы шығаруда. Өзінің сапалық көрсеткіші жөнінен дайын май барлық нормативтік құжаттармен сертификаттарға сай келеді.[ 3,6,34]

      Еуропа  елдерінде органикалық  жанармайдың экологиялық стандартына деген талаптардың қатаңдатуына байланысты  биожанармайдың бағасының өсуіне себеп болуда. Барлық елдер рапс өсімдігінің өсіру егістігін көбейтуде.  Мысалы Белоруссия 2015 жылы рапс өндіруді жылына миллион тоннаға жеткізуді жоспарлауда, 2011 жылы жоспар бойынша 700 мың тонна өндірілген. Қытайдың China Grain Reserves Corp, корпарациясы мемлекеттік резервке өз фермерлерінен 2 млн. тонна рапстың әр тоннасын 710 долларға сатып алуды жоспарлауда, егер бұл болжамдар расталса онда келешекте рапс өніміне деген сұраныс пен бағасы өте жоғарылайды деп күтілуде.

       Рапс биожанармайын қолданғанда қоршаған ортаға автомабильдердің бөлетін көмір қышқыл газын (СО2) азайтады. Биожанармайды қолданғанда кәдімгі солярканы қолданғанда бөлінетін СО2-ден 6-есе аз СО2 бөлінеді. Сондықтан Германияда 2000 жылдары биожанармайын құятын 300-автозаправкасы болса, 2004жылы олардың саны 2000-ға жеткен.

       Өнімділігі 30ц/га рапстан 1300л биодизельдік жанармай алуға болады, Германияда оның мөлшерін 1,1 млн тоннаға жеткізу үшін 750 мың га. рапс егістігі қажет етілуде.

        Әлемде майлы дақылдарды өндіру үрдісі тұрақты түрде өсуде. Оған сұраныс азық-түлік ретінде пайдаланумен қатар, өндірістік қайта өңдеп биодизельді отын шығарумен түсіндіріледі. Бұл экологиялық таза жанармай мұнайдан өндірілетін кәдімгі органикалық дизельді отынды сәтті алмастырып, бәсекеге қабілеттілігін жыл сайын дәлелдеуде. Рапс майы –шетел нарығында аса өтімді өнім.[34]

        Рапс майының бағалылығы сонда оның құрамы полиқанныққан май қышқылдарына бай. Ол жүрек қан тамыр қабырғаларын бекітуге және қан құрамындағы холестериннің –деңгейін азайтуға тамыр жүйесінде тромбоның пайда болу қауіптілігін азайтуға көмектеседі, артериалдық қысым деңгейін қалыптастырып диабетиктермен, гипертониктерге оң әсер етеді. Сонымен қатар рапс майында линолеиндік қышқылдарының мөлшері көп, оның аздығы жетіспеушілігі ағзадағы тамыр жүйелерінің тарылуына және қан айналуының бұзылуына әкеліп соғады. Бір ғана ас қасықтық рапс майының салаттық соусқа қосылуы, ағзаның Е-витаминге деген тәуліктік сұранысының  30%-ын қамтамасыз етеді.

       Францияда дәрігерлер рапс майын ең маңызды компонент ретінде антиатеросклеротикалық диетаға қарсы дәрі ретінде береді. Рапс майы косметикада өте кең түрдегі сұранысқа ие. Сонымен қатар рапс майы ұзақ уақыт бойы өзінің мөлдірлігі мен дәмділігін сақтап, ауаның әсерінен иістенбейді және маргарин, олиф, металлургия, сабын шығару, тері-тоқыма өнеркәсібінде кең түрде қолданылады.

        Рапс күнжарғысында 32% протеин, 9%-май, 30 %-азотсыз экстративтік заттар бар болғандықтан мал және құс шаруашылығында таптырмайтын бағалы концентрлік жем түрінде қолданылады.[12,14,16,32,35]

        Ресейде қазіргі кезде жалпы өндірілетін өсімдік майлары  1300-2700 мың тоннаны құрайды,  осы жалпы өнімнің 87-90% -күнбағыс майы, 5-6 % рапс майы,  4-5% соя майы . (кесте-9) .  Халықтың өсімдік майын қолданылуы  адам басына шаққанда 17- кг –ға жетті, осы тұтыну құрылымының 65 %-ға жуығы күнбағыс майы, 6-7% соя майы және 19-20% пальма майы. 2006 жылы өсімдік майын импорттау 880 мың тоннаны құраса, экспорттау 676-мың тонна болды, яғни Ресей кәзіргі таңда өсімдік майын таза импорттаушы елге жатады. Осы импорттың  65%-пальма майы, 13 % -күнбағыс майы, 11% –кокос майы, 4%–соя майы.

       Ресейдегі өсімдік майларын пайдалану тенденциясына сараптама жүргізсек онда жуық арада Қазақстан  май өндіру мөлшері жағынан,  Ресейдін ішкі  рыногына кіре алмайды.  Сондықтан алыс-жақын шетелдердің өсімдік майын тұтыну мөлшеріне сараптама жүргізгенде Қазақстан тек Иранға өсімдік майын шығара алады.

    Әлемде рапстың ең жоғарғы өнімі Қытайда ал Шығыс Европа елдерінде Чехия мен Польшада өндірледі, ал Канадада негізгі майлы дақыл ретінде өсіріледі. Әлемдік май өндірісінде рапс, ол соя мен мақтадан кейін 3 орында. Бұл оның экономикалық пайдасының зор екенін көрсетеді. Рапстың бір – гектары  1100 кг май  берсе, күнбағыстың  бір гектары 600 кг, ал соя дақылы 290 кг май береді. Салат соусына қосылған бір қасық рапс майы адам ағзасының Е витамининіне қажеттілігінің 30%-ын қанағаттындырады.

       Өзінің азықтық қоректік бірлігі және қорытылатын протейн мөлшері жөнінен рапс бұршақ дақылдары, горох, жүгеріден 2,5 есе жоғары. Рапстың бір киллограмм дәнінде 2 азықтық бірлік, 190 грамм қорытылатын белок, 33 грамм май болады. Оған аминқышқылдарының мөлшері жөнінен тең келетін ауылшаруашылық дақылдары жоқ. Бірақ құрамында эруктық қышқыл көп болғандықтан оны азықтық жем ретінде қолдану қиын (eruca-жабайы қыша(горчица)-органикалық құрам, бір негізгілік қанықпаған қышқыл), оның майының құрамында 50%-ға дейін эруктық қышқыл болады.[4,6,9-10,16,25]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II –тарау.  Рапстың агробиологиялық және агротехникалық ерекшеліктері

 

2.1. Рапстың систематикадағы орны мен морфобиологиялық ерекшелігі

 

      Рапс– біржылдық капуста тұқымдас, кіндік тамырлы шөптесін өсімдік, тамыр жүйесі топыраққа 1,5-3,0 м тереңдікке дейін бойлайды. Кіндік тамыры жақсы дамыған. Тамыры жіңішке, бұрандалы, жоғары жағы жуандау, тамырланған. Тамырының негізгі бөлігі жерде  20…. 45 см тереңдікте жатады, жетілген кезінде дәндері көлденең бағытта тарала береді. Тамырының жуандығы 3 см болады. Рапстың жемісі ортасынан екіге бөлінген жаңқашақ, бұршақ сияқты қос қабықты. Жемісінде орналасқан 40 – 50 дөңгелек қара – қоңыр  тұқымдары бөлмешікке екі жағынан бекиді.

     Бүйір тамырларының диаметрі 60-80 см. Сабағы тік өсетін, қатты бүршіктенген, биіктігі 1,1-1,8 м. жететін, балауыз тұтымен көмкерілген өсімдік, сабағының жуандығы 0,8-3,5 см. Жапырақтары көкшіл-жасыл түсті, балауызбен қапталған, төмендегілері сағақты, ал жоғарғылары сағақсыз болып келеді және үлпілдектері бар. Жапырағы көп және жапырағы аз түрлері де болады.  Гүл шоғыры-болбыр шоқ гүл, гүлдері қос жынысты, ашық сары түсті. Жемісі –ұзын мұрыншасы бар бұршаққын. Тұқымдары ұсақ, диаметрі 1,5-2 мм шар тәрізді, беті  ұсақ- ұялы, қоңыр,  қара-сұр түсті, 1000 тұқымның массасы 3-7 грамм шамасында.

      Рапс суыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімсіз өсімдік. Тұқымдары 1-2 ºС жылылықта өне бастайды, ал 14-16 º С температурада жақсы өседі. Көктемгі минус 4-5ºС, күзгі минус 8ºС  үсікті жеңіл көтереді. Өсіп-өну кезеңінде белсенді температура жиынтығы 1600-1800ºС, ылғал сүйгіш, әсіресе қауыздану мен гүлдену кезеңдерінде ылғалды көп қажет етеді, транспирация коэффиценті 550-620 бірлікке тең. Күздік вегетация кезеңінде активті температураның жиынтығы 750-800ºС болса жеткілікті. Қыстан 6-8 жапырақтар түзілген кезде жақсы қыстап шығады. Басқа майлы дақылдарға қарағанда топыраққа қажетсінуі жоғары қара, қоңыр топырақтарда жақсы өседі.

Крестгүлділер тұқымдасы. Шөп тектес өсімдік. Бұта түрінде өте сирек кездеседі. Жапырақтары жай, кезектесіп орналасады. Клеткаларында мирозин бар. Вегетативті органында ерекше клетка (идиобластылар) бар. Гүлдің жабындық жапырақшалары болмайды.

Гүлдері масақ, кейде сыпырғыш тәрізді келеді. Гүлдері жапырақ шығарғанша алынады. Гүлдерінде екі қабатты гүл жапырақшалары жетіледі. Ол екі шеңбер болып орналасады. Күлте жапырақшалары төртеу бір шектерде орналасады. Андроцей көптеген жағдайда алты тычинкадан тұрады. Екеуі сыртқы шеңберде болады да, төртеуі ішкісінде жетіледі. Ішкісіндегі тычинкалары екі-екіден жұп болып орналасады. Гинецей әрқашанда ценокарпты, жатыны үстіңгі жағында, ұрықбүршіктері бірнешеу. Кейбір систематиктердің ұйғаруы бойынша крест гүлділердің жеміс жапырақшалары кейде төртеу болып келеді

Гүлтабанында гүл жапырақтарының астыңғы жағында нектарниктері жетіледі. Қысқа тычинкаларының астында да синтезделінуі мүмкін. Жемістер-қауашықтар, стручочкалар, жаңғақшалары өте сирек кездеседі.

Крестгүлділердің гүлі әр килы болып келеді. Түрі мен көлемі жағынан, барлық түрінде бірдей емес. Түсі ақ, сары, қызғылт болып боялады және кездеседі. Гүлдері зигоморфты келеді. Тычинкалары кейбір крестгүлдің алтаудың орнына төртеу болуы мүмкін. Кейде екеу ғана болады. Крестгүлділердің  гүлдерінің формуласы Р2 + 2С2 х 2А2 + (2×2) У(2). Бұл гүл формуласы көкнәр гүлділердің формуласына дәл келеді. Крестгүлділер бір келкі гүл құрылысын сақтай келе жемістерін қатты өзгерткен, ұзын қауашықтан қысқа қауашыкқа қарай өзгерген. Стручоктары екі түрлі болады. Біріншісі дөңес келеді пісіп жетілгеннен кейін ашылады, екіншісі ойыстау келеді. Дәні пісіп жетілгенше ашылмайды, тек мүшеленген жерінен үзіліп, дәндері жерге түседі. Кейбір крестгүлділердің жемістері жаңғақшаға айналған. Дәндері біреу-ақ. Дәндерінде эндосперм түзілмейді. Зародыш иіліп келеді. Зародыштарына қарай крестгүлділер ұсақ бөлімдерге жіктеледі де түсіп қалады. Жаңғақшаларда бір ғана ұрық дамиды. Крестгүлділердің өсімдік әлемін де атқаратын рөлі орасан зор. Бірақ олардың көпшілігі  аулы аймақтарда, теғіс жерлерде өседі. Жер орта теңіздерінің аудандарында, Азияда көп дамиды. Көптеген түрлерінің адамзатпен жан-жануарлардың тіршілігінде орасан зор роль атқарады. Халық шаруашылығының бір қатар саласында найдаға асады. [12 Рапс майын техникада, қара металлургияда қолданады. Жмықтарын жем ретінде малдарга беруге болады. Улы қосылыстары жоқ.

Рапс өзін-өзі тозаңдандырады, тозаңы көбнесе жәндіктер арқылы тасылады. Апомиксис барлық сұрыптарында кездеседі, гүлінде жұмыртқа жетіледі. Бұл кезде тозаңы гаметогенез сатысында болады. Рапста екі ядролы жетілген тозаң, вегетатив және генератив ядродан тұрады. Тозаңдық дәннің жетілуі кезінде генеративтік ядро бөлініп екі сперма  түзіледі. Тозаң түтікшесі қыныпқа 20-30 минутта жетеді, гаметтердің қосылуына 2-3 сағат қажет.[1-4, 9, 24,30]

Гүлдеуі таңертеңнен басталады,әсіресе ылғалды күні-күн бойы жүреді. Жұмыртқасы гүл ашылған кезеңнен бастап тұқымсалу қабілетін 4-7 тәулікке дейін сақтайды. Тозаңның тіршілік қабілеті өте жоғары, таза және төменгі температурада бір жылға дейін сақталады. Құрғақшылық пен жоғары температурада және суық шалғанда тіршілік қабілеті төмендейді. Гүлі ашылғанда бүршіктер пайда болады, содан соң жапырақ тостағандары мен жапырақтары ұзарады, сөйтіп бүршігі гүл ішінде қалып қояды. Рапстың көптеген түрлерінде селективтік тұқымсалғыштық кездеседі, ол тозаң түтікшелерінің жетілу жылдамдығына байланысты.

Көктемде отырғызылғаннан кейін 2 апта өткен соң, өскін пайда болады. Бүршік салу кезеңі 20 — 25 күнге созылады, гүлдеуі 20 — 30 күн. Гүлденуден дән  жетілуге дейін 25 — 35 күн кетеді.  Күздік рапстың   вегетациялық кезеңі 290 — 300 күн, жаздық рапста —  80 — 120 күн. Күздік рапстың кеш пісетіні — 310 күнде, орта пісетіні  — 280 — 310 күн,  ерте пісетін – 280 күнге дейін деп бөледі. Жаздық рапстың – кеш пісетіні — 110 күнде, орта пісетіні – 90 — 110 күн, ерте пісетіні – 80 күнге дейін деп бөледі. Өскіндері сепкеннен соң 4 — 6 күнде пайда болады, гүлдеуі 40 — 50 күнде. Дәннің шығуы үшін қажетті температура 1800….2100º С,  вегетациялау кезеңінде рапс 1,5… 2 есе суды қажет етеді. Сондықтан құрғақшылық жылдарында өнім  беруі төмендейді, жақсы өнім алу үшін  қоректік заттары мол, қышқылдау орта қажет. Рапс  жер асты сулары жақсы орналасқан өте ылғалды жерлерге төзімсіз. Рапс ауыр саздақ және жеңіл құмдақ топырақтардан басқа жерлердің бәрінде өсіп, өнім бере алады. Рапстың зиянкестері рапс  кеміргіштері, капуста жегіштер. Рапста кең таралған ауру түрлеріне альтернариоз, қара аяқ, тамырларының шіруі жатады. [5,7,11]

Крестгүлділердің еңбасты өкілдерінің бірі капуста (Brassica oleraсеа) болып есептелінеді. Капустаның жабайы түрі Жерорта теңізінің жағауларында өседі.     Жабайы капустаға жақыны жапырақты капуста. Онда кочан құралмайды. Сол себептен оны жем ретінде пайдалануға болады. [12,15,32]

 

2.2  Рапстың агробиологиялық ерекшелігі

 

 Қазіргі кезде рапстың 12 түрі бар. Олардың ішінде кең тарағаны – италика, россика және корамза сорттары. Екпе дақыл ретінде жаздық рапс немесе  Кольза және күздік рапс түрінде кездеседі. Рапс майын техникада, қара металлургияда қолданылады.  Жем ретінде малдарға беруге болады, улы қосылыстары жоқ. [1-10,12-16,24-25,30-32]

Рапс өзінің биологиялық ерекшеліктерімен де өте құнды:

     -майлы тұқымында 40-50% май, 21% ақуыз бар. Қолайлы жылдары рапс егістігінің бір гектарынан 10ц май, 5ц ақуыз алуға болады. Рапс ақуызы аминқышқылдарының құрамы бойынша қытайбұршақ ақуызына  жуық. Алайда рапс құрамында зиянды биологиялық белсенді заттар: глюкозинолагаттар, эрук қышқылы, танин, полифенол, фитин қышқылы бар. Глюкозинолагаттар мен эрук қышқылы рапстағы ақуыздың қолданылуын төмендетеді;

     -рапс майы майқышқылтымды құрамы жағынан күнбағыс майынан қалыспайды және сапалы жағынан зәйтүн майына жақын. Ол өзінің мөлдірлігін ұзақ уақыт бойы сақтап жоғары эмульсиялы төзімділігіне байланысты маргарин, мойонез, балық консервілерін дайындауда пайдаланылады. Рапс майы техникалық мақсаттарға – резеңке, лак, нейлон өндіруге, сабын қайнату, полиграфия, тоқыма, былғары өндірісінде қолданылады және соңғы уақытта биологиялық жанармай өндіру қолға алына бастады.  Қазіргі кезде рапстың  сұрыптарының шығуына байланысты оның маңыздылығы өсе түсті. Бұл сұрыптардың құрамында эрук қышқылы жоқ және глюкозинолагаттар мен клетчаткалар аз;

     -рапс айналадағы орта жағдайына тез бейімделе алады, суыққа төзімді, жоғары тұқымдық және малазығындық  өнімділігімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта 28 елде негізгі майлы дақыл ретінде таралған;[34]

     -рапс ауыспалы егісте көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін жақсы алғы дақыл. Жаздық рапс агротехникасының маңызы өте зор. Бұл дақыл көкөніс, көкөніс – картопты және малазықтық ауыспалы егістіктерде танапты арамшөптерден  қорғап, жинап алғаннан кейін қалатын органикалық заттары есебінен топырақ құнарлығын көтеруге де көп әсерін тигізеді. Ал астық дақылдары үшін топырақ фитосанитары болып табылады;

     -рапс егістігі – бал араларының ерте және ұзақ уақыт бал жинайтын танабы. Рапстың гүлдеу кезеңінің ұзақтығы 25-30 күн. Оны әр түрлы мезгілде сеуіп, бал жинау кезеңін ұлғайту есебінен ара шаруашылығының өнімін көтеруге болады;

      -рапсты май алу үшін өңдеу барысында алынатын жанама өнімдер жоғары ақуызды жем болып табылады. Рапс тұқымында алмастырылмайтын аминқышқылдары көп болғандықтан малазындық қасиеті жоғары, 1кг ұнтақталған дәнінде 380г ақуыз бар, бұл бидайдан 260г көп. [1-12,16]

 

2.3  Рапстың агротехникалық ерекшелігі

Күздік рапсты мұқият тыңайтылған таза танапқа, сондай – ақ беде, дәнді бұршақтар көктей шабуға арналған жүгері егілген парға егеді. әр гектарға 40-60 т көң, әсіресе оның 20-30 тоннасына фосфорлы калий тыңайтқыштарын қосып енгізудің әсері ерекше. Беде мен рапсты бірге себу де нәтижелі. Рапсты жинап алғаннан кейін сол жылдың тамыз айында бедене көк шөпке жинайды.

Рапс тұқымы өте ұсақ болғандықтан  топырақ тыңғылықты өңделуі қажет. Күздік рапсты көп аудандарда 15-20 тамызда, күздік бидайдан бұрынырақ себеді. Кешігіп себілген рапс зиянкестермен қатты зақымданады.

Рапсты дән себетін сеялкалармен жаппай немесе кең қатарлы, арақашықтығы 45 см әдіспен 3 – 4 см тереңдікке егеді.Әр гектарға себу мөлшері 6-дан 10-12 кг мөлшерінде.

Ылғалдылығы жоғары топыраққа кең қатарлы әдіспен егілгенде, күздік рапстың бусанып немесе үсімеуі үшін егістікті күзде нығайтады. Күзде суперфосфотпен, көктемде толық тыңайтқыштармен қоректендірудің әсері өте жоғары. Көктемде рапс егістігін тырмалап, арамшөптерді отайды. Кең қатарлы әдіспен егілгенде 1-2 рет қопсытады.

Рапсты ұсақ тұқымды дақылдарды оруға арналған комбайнмен бөлектеп жинайды. Тұқымның шашылып қалмауы үшін рапсты орып бастыруды толық пісіп жетілгенінше аяқтау керек.

Жаздық рапсты отамалы және күздік дақылдардан кейін, ерте себілетін дәнді дақылдармен қатар немесе сәл кеш егеді. Тұқымды топырақтың ылғалды қабатына 4 – 5 см тереңдікке себеді. Тұқымды себу нормасы күздік рапспен  бірдей.Жаздық рапсқа N30 P30 K40  мөлшерінде минералды тыңайтқыш сіңіреді. Көктей шабуға арналған рапстың қатар аралығы 15 см болса, әр гектарға себілетін тұқым нормасы 12 – 15 кг, тұқымдыққа арналғанда қатар аралықтары 30 – 45 см, нормасы 6 кг шамасында болады.

Рапс тұқымын СЗЛ-3,6 және СЗТ-3,6 сеялкаларымен 2 – 3 см тереңдікке себеді. Ерте көктемде әр гектарға 90 – 105 кг әсерлі заттары бар азот тыңайтқыштарымен қоректендіреді. Рапстан мол өнім алу мақсатында, оның жақсы тозаңдануы үшін, әр гектар егістікке төрт бал арасы семьясын шығарады.

      Рапс-ылғалды өте жақсы көретін өсімдік. Вегетациялық кезең кезінде дәнді дақылдарға қарағанда ылғалды 1,5-2 есе көп қажетсінеді. Бірақ басқада жер асты суы жақын жатқан жерлерде жақсы өспейді. Сондықтан бұл дақыл үшін өте ылғалды, батпақты жерлер, су жиналатын төменгі ойыс жерлер мен ерте аязға ұрынатын жерлер жарамайды. Бұл дақылдан жоғары өнім алу үшін оның өсу жағдайына талабы өте жоғары. Бір центнер негізгі өнімін алу үшін азот, фосфор және кальий элементтерін 2 есе, ал кальций, магний және бор мен күкіртті дәнді дақылдарға қарағанда 3-4 есе көп қажетсінеді. Тұқымының өнімі 20ц болғанда өсімдік топырақтан 110кг- азот, 60кг- фосфор және 100кг- калийді алып кетіп отырады.

      Рапс бағалы биологиялық қасиетке ие, ол фитосанитарлық және алғы жақсы дақыл болып саналады. Рапсты сидерат ретінде қолдану топыраққа көңді бергенмен бірдей, бұл кезде шығын 1,5-2 есе аз жұмсалады. Топырақтың биологиялық активтілігі 10-15%-ға өсіп, қоректік заттардың нифильтрациялық сулармен шайылып кетуі 50%-ға азаяды. Рапстан кейін егілген бидайдың ауруға шалдығуы- зақымдануы 30-50%  азайып, өнімділігі 5-10ц/га-ға артады. Сонымен қатар рапс өсімдігін егу топырақ эрозиясын азайтуға көмектеседі.

         Рапсқа жақсы алғы дақыл болып дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптер саналады. Топырақты зябқа аудару 10-20см тереңдікте жүргізіледі. Көктемде топырақ физикалық пісіп жетілгенде топырақ бетін түзулеп диск жібереді, тыңайтқыштар береді.  Рапс  тұқымын егер алдында топырақты 4-6 см тереңдікке культивация жүргізеді, тұқым себілгеннен  кейін міндетті түрде сулы салмағы бар катокпен нығыздайды.

      Рапс өсімдігінен дән алу үшін сәуір айының аяғы мен мамыр айының басында, ал көк балауса алу үшін маусым айының соңы мен шілде айының басында егеді. Рапстың қалыңдығы 1м2 жерде 200-250 өсімдік болса оптимальды деп есептеледі, бір гектарға    3,5- 4,0 млн. дән (12-15 немесе 6-8 кг/га) егіледі. Дәннің егілу тереңдігі 1,5-2,5 см, қатараралық ені 15 см. Рапс тұқымын себер алдында топырақты азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіріп, зиянкестерге қарсы күрес шараларын жүргізу қажет. Тыңайтқышты 6ц/га нормасымен тук бойынша  N120  Р80  К80 дозасымен береді

       Рапсты піскен фазасында негізгі діңгектегі жапырақтардың басым көпшілігінің түсі  қоңырлы -көк түске енген  кезде бастайды, бұл фазада тұқымның ылғалдылығы  30-33% болады, 15-20см биіктікте бұтақтарды кесіп жинай бастайды. Жиналып біткен соң тұқымды 8%–дық ылғалдыққа дейін кептіреді. Тұқымды тазарту мен сортировка жасау үшін “Петкус-Селектра” тұқым тазалағыш машиналарды пайдалануға болады.

      Рапс тұқымдарын көп уақытқа сақтау үшін ылғалдылық 8%-дан аспауы керек. Ылғалдылығы одан жоғары тұқымдарды температурасы 25-37ºС-та кептіргіштерде кептіреді, бұл температурадан артық температурада тұқым өзінің өнгіштігі мен майлық сапасын жоғалтады. Сондықтан рапс тұқымдарын 4-5ºС-температурада 50кг қаптарға салып сақтайды.   

      Рапс өсімдігінің фитосанитарлық қасиеттері бар, сондықтан ол топырақты активті түрде сауықтырып-қоректік элементтермен байытады. Оның барлық (жер асты- жер бетіндегі ) мүшелерінде эфир майлары бар болғандықтан зиянкестермен ауруларға қарсы профилактикалық қорғану құралы ретінде әсер етеді. Топырақ құрамында осы қалдық мүшелер шіріген кезде ондағы өмір сүретін жауын құрттары мен топырақ микроарганизмдерінің қоректенетін азығы  ретінде  жұмсалып олардың өмір сүру жағдайларын жақсартады. Бұл өз кезеңінде өсімдіктің түрлі аурулармен ауыруын төмендетіп ( азайтып) өнімділікті арттыруға көмектеседі.

       Күздік рапсты өсіру үшін оған алғы дақылды жақсы таңдап ауыспалы егістікті тиімді пайдалану қажет. Ауыспалы егістікте рапстың меншікті максимальды алатын мөлшері 20-25% болуы тиімді және бір жерге қайтадан егілу мерзімі 4-6 жылдан кейін. Алдыңғы қатарлы шауашылықтарда тиімді қолданылып жүрген 5-6 ротациялық ауыспалы егістіктің схемасы мынадай:

      5-танапты ауыспалы егіс; — 1.Жаздық арпа, 2.Күздік арпа, 3. Рапс, 4.Күздік бидай, 5.Жүгері-картоп.

      6-танапты ауыспалы егіс;- 1.Отамалы дақылдар (картоп, қызылша, жүгері)  2. Жаздық арпа+жоңышқа, 3.Жоңышқа, 4.Күздік арпа, 5.Күздік рапс, 6.Күздік бидай.

      Неміс ғылымдарының пікірінше Рапсты кез-келген ауыспалы егістік схемасында қолдануға болады. Оны қант қызылшасы енгізілген ауыспалы егістікке де қолдану тиімді, бірақ қант қызылшасы мен рапстың ауысып егілу жылдары ең кемінде 3 жыл, немесе 4-5 жылдан кейін егілгені дұрыс.

     Рапс топырақ тыңайтқыштарына өте талапты, сондықтан мол өнімді негізгі қоректік элементтер жеткілікті кезде береді. Мұның себебі рапс вегетациялық кезеңде өсіп-жетілу барысында топырақтан негізгі керекті қоректік элементтерді көп сіңіреді. Рапс дақылының 1 килограмм тұқымын алу үшін топыраққа 3,9кг- азот, 1,8кг- фосфор, 1,1кг- калий, 0,6кг- магний тыңайтқыштарын беру қажет. Рапс пісіп жетілгенше топырақтан 4,7кг азотты, 2,2кг фосфорды, 4,4кг калийді, және 0,95кг магнийді өзімен бірге сіңіріп алып кетеді. Ең көп қоректік элементтерді вегетация кезеңінің басынан гүлдену фазасының аяғына дейін қажет етеді. Егер бұл кезеңдерде қоршаған ортаның температурасы төмен болғанда әсіресе ерте көктемде көп қажетсінеді. Бұл рапстың қыстық тыныштық (ұйқы) күйінің ерте аяқталатындығымен түсіндіріледі.

       Рапс дақылының мол өнім беруі топырақтағы фосфор мен калий элементтерінің мөлшеріне байланысты. Фосфор-негізінен тамыр желісінің жақсы дамуына әсер ететіндіктен топырақтан басқа да қажетті қоректік элементтерді сіңіруіне көмектеседі. Қысқа дейін ол өзіне қажетті норманың жартысын сіңіріп пайдаланып қояды, ал калийді (1гектарға шаққанда) 70тен 100кг дейін пайдаланады.    Барлық вегетация кезеңінде рапс 400кг дейін калийді сіңіреді, оның 75%-ға жуық мөлшері өсімдік сабағымен бірге жерде қалады. Бұл элементтің ең көп қажетсінуі вегетация басынан гүлдену фазасына дейін (12-15кг тәулігіне)

       Калий элементі рапстың көп мөлшерде тұқым салуына, массасының көбейуіне, майдың құрамына кіріп, өсімдіктің жатып қалуына және саңырауқұлақ ауруларымен ауыруына беріктігін арттырады.

       Кальций-топыраққа негізінен әктік материалдармен бірге келіп түседі. Вегетация кезеңінде 200кг дейін кальцийді сіңіреді. Рапс бұдан басқа да қоректік элементтерді жақсы сіңіреді.

       Рапс тұқымының әрбір 10 центнеріне шамамен 15-20 киллограмм күкірт қажет етіледі. Күкірт мөлшерінің ең көп интенсивті сіңірілуі өсімдік сабағының пайда болуы фазасында басталып ең соңғы гүлдерінің түсуінен бір апта бұрын аяқталады. Бұл кезеңде рапс әр тәулік сайын топырақтан егістіктің әрбір гектарына шаққанда 0,5-1кг күкіртті шығарады. Күкіртті пайдалану бірінші қабықтың пайда болуымен аяқталады.

        Бор- микороэлементі өсімдік жасушаларының пайда болуы мен беріктігін және ассимиляттардың қозғалуы мен су балансын  қамтамасыз ету үшін қажет. Бор өсімдік қабығы мен дән қауыздарының пайда болуында негізгі роль атқарады. Бордың жетіспеушілігі дән қабығының жетіспеушілігі мен дәннің санының аздығына әсер етеді. Топырақ құрамында бордың жетіспеушілігін қалпына келтіру арқылы әр гектар егістіктен 5-7 центнер дән өнімділігін арттыруға болады. Бордың жетіспеушілігін жою үшін рапс  тұқымын себер алдында топыраққа 2-3 центнер бор суперфосфатын немесе Гранубор препаратын беру қажет. Тамырдан тыс өсімдікті үстеп қоректендіру үшін Солюбор ДФ-борлық тыңайтқыш қолданылады.

Рапстың дәні қоңырланып, ылғалдылығы 35 – 40% болғанда тұқымға бөлектеп жинайды. Дестедегі тұқымдардың ылғалдылығы 10 – 12% жеткенде бастырады. Бастыру кезінде шығын болмас үшін ПКК-5 құрылғысымен жабдықталған «Нива» комбайнын саңылаусыз етіп әзірлейді. Сақталуға арналған рапс тұқымының ылғалдылығы 7% аспауы тиіс. [6]   

      Күздік рапс оған берілетін органикалық тыңайтқыш мөлшеріне де өте сезімтал. Қоректік элементтермен орташа деңгейде қанағаттандырылған топыраққа бір гектарға орта есеппен 150-170кг азот, 60-80кг фосфор, 80-120кг калий минералдық тыңайтқыштарын беру қажет. Ал органикалық тыңайтқыштарды (көң) көректік элементтермен жеткіліксіз қамтамасыз етілген жеңіл құмдақ топырақтарға әр гектарға 25-30 тонна дозасында беру тиімді. Күзде берілген минералдық тыңайтқыштар рапс дақылының жақсы өсіп дамуында маңызды роль атқарады. Топырақтағы жеткілікті мөлшердегі қоректік элементтер өсімдіктің жақсы қыстап шығуын қамтамасыз етіп, дақылдың ауруға ұшырауын азайтады.

       Профессор Норберт Маковскийдің (2000ж) жүргізген тәжірибе нәтижелері бойынша бір гектар рапс өсімдігінің қоректік элементтерді пайдалану көрсеткіші 2.1-кестеде берілген  

 

2.1-кесте  Күздік рапстың бір гектар егістігінде қоректік элементтерді пайдалану көрсеткіші.

 

Өнім

ц/га

Қоректік элементтер

N

P

К

Ca

Mg

25

150

30

120

100

15

30

180

35

145

120

18

35

210

40

170

140

20

40

240

45

190

160

24

 

 

        Рапстың кәзіргі күздік сорттарында 50%-ға дейін май болады. Рапс өсімдігінің майы бірнеше май қышқылдық қатардан тұрады. Эруктық және ликолендық қышқылдың азаюы мен тұқымдағы олейіндік және линолевтік қышқылдық көбеюі рапс майының тағамдық сапасын жоғарылатады. Осы бағытта барлық әлем селекционерлері  жұмыс атқаруда, оларды бір нолі бар сорттар (0)  немесе бір нольдік сорттар деп атайды. Шаруашылықтың тәжірибелік танаптарында екі нольдік (00) сорттары сыналуда, бір ноль (0)  дәндегі эруктік қышқылдың мөлшерін және екінші (00)-глюкозинолаттың мөлшерін көрсетеді. Рапстың осындай екі нольдік (00) сорттарының дәнінен алынған май -өте жақсы тағамдық май тобына жатқызылады. Оның құрамында пайдалы олейндік және линолевтік қышқыл мөлшері көп болады. (2.2-кесте)

 

2.2-кесте Әлемдегі майлы дақылдар мен рапстан шығатын таза май мөлшері.

 

Дақыл түрі

Май мөлшері,%

Майдағы линолевтік қышқыл,%

 Шрот   мөлшері,%

Соя

17-18

54

78-79

Күнбағыс

40-44

65

35-37

Рапс

39

20

57

Арахис

44

31

56

Оливе

20

8

Кокос

64

35

 

     Дәннің сапасы бірдей бұл сорттар өнімділігі, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы, өсімдіктің өсу периодының әртүрлі кезеңі мен қоршаған ортаның қолайсыз факторына төзімділігі жөнінен және оптимальды өсіру жағдайына, ең көп тараған ауру түрлеріне, әртүрлі генетикалық табиғаты мен төзімділігі жағынан әртүрлі болады.

       Профессор Маковскидің пікірінше күздік қопсыту қатарарлықтарды бақылауға қарағанда 8%-ға өнімділікті өсіреді, көктемдегі қопсыту өнімділікті 12%-ға, ал күздік және көктемдегі қопсыту өнімділікті 12%-ға, ал күздік және көктемдегі қопсыту өнімділікті 18%-ға өсіреді. Бірақ агротехникалық әдістер рапс өсімдігі өсірілетін егістіктің толық таза болуына кепілдік бере алмайды, сондықтан химиялық күресу әдістері де қажет.

       Өнеркәсіп көптеген химиялық препараттарды шығарады. Көпжылдар бойы арамшөптерге қарсы универсал гербицид ретінде Симазин дәрісі қолданылып келді. Бұл препарат басқа ауылшаруашылық дақылдар үшін зиянсыз әсері жоқ, ал рапс өсімдігіне өте қатты әсер етеді, оның ең аз мөлшердегі дозасы (0,2кг 80%-ерітінді порошогы бір гектарға) рапс өсімдігін солдырып, көбісін өлтіріп те жібереді. Симазиннің мұндай кері әсері негізінен механикалық құрамы жеңіл топырақтарда тез жүзеге асып,  өсімдік тамырына тез жетіп оны зақымдайды.

        Германияда арамшөптерді жою үшін 0,5 литр/га дозада «Талант» гербициді қолданылады. Сонымен қатар ‘’Фюзилад-супер’’ препаратын рапс өсімдігінің 4-5 жапырағы пайда болғанда қолданса тиімді әсер етеді.

     Күздік рапстың ең қауіпті арамшөбі иіссіз ромашка (ромашка непахучая), бұл арамшөп күзде және ерте көктемде көрінбей, дән толыса бастаған кезде тез өсіп, рапс өсімдігін тұншықтырып басып тастайды және өнімді жинаған кезде әлі көк балауса түрінде болып орып- жинауды қиындатып, шығынды көбейтеді, тұқымның ылғалдылығын артырып қосымша энергия шығынын қажет етеді. Сондықтан  бұл арам шөппен күреспей жақсы өнім алу мүмкін емес. Неміс ғалымдары бұл арам шөпке қарсы “бутизан- С” гербицидін қолданғанда оның тиімділігі өте жоғары болған. Бұл препарат негізінен тамыр жүйелері арқылы әсер етеді. Егер бұл препаратты арам шөп өсіп кеткенен кейін пайдаланса, онда ол жапырақ арқылы әсер етіп оны жояды, негізінен бұл препарат топырақ арқылы әсер ететін препаратқа жатады. Гербицид “бутизин С,” өте қымбат препарат сондықтан оны аздап экономдап пайдалану қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тарау.  Рапстың маңызы, өсірілетін аудандары өнімділігі сорттары

 

3.1. Жамбыл облысының топырақ-климаттық жағдайы

 

Қазақстанның табиғи – климаттық жағдайы рынокта сұранысқа ие әр түрлі майлы дақылдарды – рапс, соя, күнбағыс, зығыр, мақсары т.б.өсіруге өте қолайлы. Майлы дақылдар облысымызға аудандастырылған өнімдік потенциалы жоғары сорттарды өсіруде үлкен резерв болып табылады.

Қазақстанда қазіргі таңда барлық егілген майлы дақылдардың 50 % -ы жеке                                                                  шаруа қожалықтарына тиесілі болғандықтан оларды өсіруге қолайлы агротехнологиямен әдістерді қолдануда біраз мәселелер туындайды, яғни керекті ауыспалы егістіктер сақтала бермейді. Сонымен қатар өндіруші кәсіпорындардың қуаттылығы да толығымен пайдаланылмайды.(сурет-3.1)

Тәжірибе жүргізілген мөлдектің топырағының химиялық сараптамасы көрсеткендей гумустың максимальдық мөлшері жоғары 0-20 см қабатта болып оның мәні 1,44 пайыз құрды. Топырақ гумусы өсімдік тамыры таралатын 50-60 см тереңдікте 0,40 пайызға дейін кеміді, осындай заңдылық фосфор мен жалпы азот мәндерінде де байқалды. (3.1 кесте)

 

3.1 кесте Топырақтағы қоректік элементтердің жалпы формасы мен гумус мөлшері

 

Горизонттар,

          см           

гумус

Жалпы формасы %

СО2 карбонаттары

%

т/га

азот

фосфор

0-10

1,44

21,9

0,158

0,122

5,10

10-20

1,09

17,0

0,176

0,118

5,08

20-30

0,87

13,9

0,167

0,118

5,36

30-40

0,75

12,1

0,078

0,065

9,00

40-50

0,64

10,4

0,057

0,050

8,74

50-60

0,40

6,6

0,042

0,041

7,40

0 — 30

1,13

52,8

0,167

0,119

5,18

0-60

0,87

81,9

0,113

0,086

6,78

 

 

Беткі 0-20 см қабаттағы тұздың мөлшері 0,326 пайыз болып тереңдеген сайын топырақ тұздылығы кеміп 50-100 см тереңдікте тұздардың мөлшері 0,117 пайыз болды.

Катиондардың ішінде  кальцидің мөлшері басым ол топырақтағы сіңірілген  негіздердің  қосындысының (11,818 мг – экв/100 г.) 63,4 тен 67,4 пайызын, ал натрий катионы катиондардың қосындысының 2,4% құрады. Магний  катионы оның рұхсат етілген мәнінен асып (30% ТСК) топырақ сіңіру комплексі қосындысының       36 пайызын құрады.

Сонымен зерттеліп отырған тәжірибе алаңының топырағының физико-химиялық қасиеттері жылжымалы фосфордың аз мөлшерде, ал топырақ сіңіру комплексіндегі магний катионының жоғары мөлшерде екендігін көрсетті.

Өсімдіктер ылғалды топырақтан тамыр жүйелері арқылы алады. Топырақтағы ылғалдың негізгі көзі – атмосфералық жауын-шашын. Біз тәжірибе жүргізген Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш аулында жер асты суы 5-20 м аралығында тереңдікте орналасқан, суының тұздылығы 0,03 – 0,05 г/л. Учаскенің топырағы кәдімгі сұр топырақты эрозияға ұшыраған түрлерімен бірлескен жағдайда түзілген. Табиғи су қоры мүмкіндігін атмосфералық жауын –шашын мөлшеріне қарай болжап анықтауға болады.

Қуаңшылық жылдары өсімдіктің өніп-өсу кезеңі басталар кездегі топырақтағы ылғал қоры көктемгі ылғалымен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады. Болашақ өнімді түзуге пайдаланылатын да, міне, осы ылғал.

Көп жылдық бақылаулар көрсеткендей, жауын-шашын өніп -өсу (наурыз-тамыз) кезеңінде күз және қыс мезгілдеріне қарағанда мол түседі (жылдық мөлшердің 56,2%). Бұл аймақтағы жауын –шашынның орташа көп жылдық көрсеткіші 309,12 мм болса, оның 21,3 пайыз –қыс, 35,6 пайызы – көктем, 20,6 пайызы – жаз және 22,5 пайызы күз мезгілдерінде түседі. Бұл жердің климатының басты ерекшелігі — әр жылдары түсетін жауын –шашын мөлшерінің өте өзгермелілігі .

Жамбыл облысының климаты күрт континентальды және өте қуаң. Өйткені ол мұхиттардан алыс орналасқан. Соған байланысты атмосфералық жауын –шашын аз, ал күн қызуы мол. 

Қыс қазан айының аяғында түсіп, температура төмендеп, қыс мезгілінде 66 мм жауын –шашын түседі. Қар жер бетін желтоқсан айында тегіс жауып, ең жоғары қалыңдық қаңтар айының аяғында 18,6 см болады. Жел көбіне шығыстан және солтүстік шығыстан соғады, желдің орташа жылдамдығы қаңтар айында 29 м/сек жетеді. Көктемгі ауа райы тұрақсыз. Мамыр айында ауа температурасы 33,20С –қа дейін жоғарылайды. Сөйтіп, булану үрдісі күшейіп, топырақ ылғалын тез жоғалтады. Осы үш айда 110 мм жауын –шашын түседі. Жаздың бірінші жартысында жауын аз жауады. Жаңбыр көбінесе нөсерлі болады. Осы маусым –тамыз кезеңінде 63,6 мм жауын –шашын түседі.

Бұл аймақта аязсыз мезгіл орта есеппен 165 күнге созылады. Қолайлы температура жиынтығы 3400-36000 құрайды, ал жауын –шашын  жиынтығы осы мезгілде 130-135 мм –ге жетеді. Күз кеш түседі. Жауын –шашын жиынтығы күзде 69,5 мм болады. Күзде бірінші үсік 5 – қазанда, ал күз ерте түскен жылдары қыркүйектің 19 –күні соғады.

Булану көбіне түскен жауын –шашын мөлшерінен асып, гидротермиялық коэффицент 0,7-1,0 түзеді. Күн энергиясының молдығы, өніп-өсу кезеңінің ұзақ, оң температура жиынтығымен өтуі, көктемнің ылғалды, күздің жылы және құрғақ болуы сораның өсуіне және жетілуіне қолайлы жағдай туғызады.

Тәжірибе учаскесінің топырағы механикалық құрама бойынша жеңіл құмбалшықты. Мұндағы кәдімгі сұр топырақтың қарашірінді қабатының қалыңдығы аздау -35-40 см тереңдіктен аспайды және қоректілігі де (0,15-0,60%) төмен. 0-10 см қабаттағы карбонат құрамы (0,06-0,26%) аралығында.

     Топырақтың N1 кескінінде 30-40 см  тереңдеткенде карбонаттар 0,33% көтеріледі, ал топырақтың N 2 кескінінде (10-20 см  тереңдіктегі) ол  0,72%  болса, қабаттың 20-35 см тереңдігінде карбонат қайтадан төмендейді (0,15%).

Топырақ ерітіндісінің реакциясы – сілтілігі шамалы, топырақ сортаң тартпаған, айдалатын үстіңгі топырақ қабатында тұздар жиынтығы бар болғаны 0,157 -0,20% аспайды.

Агрономиялық бағдарлама туралы әдістемелік нұсқауға сәйкес, тәжірибе учаскесінің топырағы кәдімгі жеңіл саз балшықты сұр топыраққа жатқызылып, жалпы азотты сақтауы жөнінен төмен-жеткіліксіз   (100 г топыраққа шаққанда 0,14-0,35 мг), жылжымалы фосфор тұрғысында орташа жеткілікті (1,04-2,4мг/100 г топырақта), кальций мен магний бойынша жеткілікті деп танылады.

 

 

Сурет-3.1.  Негізгі май өндіретін шаруашылықтардың көрсеткіші

 

 

 

3.2-кесте. Тәжірибе учаскесі топырағының механикалық құрамы

 

Гори

зонт,

см

Содержание(%) размер фракции (мм)

Грануло-метриялық құрамы бойынша түрлері

(>0,01мм)

Топырақ атауы

құм

шаң

балшық

1,0-0,25

0,25-0,05

0,05-0,01

0,01-0,005

0,005-0,001

0,001-ден төмен

0-10

0,45

18,99

41,60

9,36

12,08

17,52

38,96

Орташа суглинок

10-20

0,19

14,45

52,16

6,48

10,56

16,16

33,20

20-30

0,06

21,86

45,20

4,96

11,28

16,64

32,88

30-40

0,06

14,82

47,36

10,24

11,68

15,84

37,76

40-50

0,08

17,36

50,64

5,04

10,4

16,48

36,92

50-60

0,32

16,32

49,20

4,8

12,72

16,64

34,16

60-70

0,37

14,67

48,96

6,72

13,84

15,44

36,00

70-80

0,66

16,38

47,44

7,04

11,36

17,12

35,52

90-100

0,19

14,61

46,72

8,16

12,24

18,08

38,48

 

3.3-кесте.   Тәжірибе учаскесі топырақ суының физикалық көрсеткіші

 

Горизонт, см

Қатты фаза тығыздығы,г/см3

Тығыздық,

 г/см3

Қуыстылық, %

Ең төмен ылғал сыйымдылығы,%

0-10

2,7

10,4

61,48

20,07

10-20

2,7

1,39

48,52

20,06

20-30

2,7

1,46

45,93

19,44

30-40

2,7

1,5

44,44

19,51

40-50

2,7

1,41

47,78

18,93

50-60

2,7

1,46

45,93

18,17

60-70

2,7

1,54

42,96

19,17

70-80

2,7

1,6

40,74

18,5

80-90

2,7

1,56

42,22

18,6

90-100

2,7

1,65

38,89

18,31

 

Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар. Рапс суыққа төзімді өсімдік. Оның тұқымы +1-30С жылылықта өніп — өсе бастайды. Бұл дақылдың жас өркені – 3-50С суыққа үсімейді.

Рапстың ылғалға талғамы жоғары, сондықтан құрғақшылыққа төзбейді. Ылғалды ең көп керек ететін мезгілі – гүлдену мен дәнінің толысып пісу кезеңі.

Барлық майлы дақылдардың ішінде күздік рапс айрықша топырақ талғайды. Қоректік заттары мол, бейтарап не болмаса шамалы қышқылдау ортасы бар топырақта жақсы өнім береді. Ал жаздық рапстың топыраққа қоятын талабы онша емес. Ол ауыр саздық және құмдақ топырақтардан басқа жерлердің бәрінде өсіп, өнім бере алады. [914-15,24,26,31-32]

 

 

3.2. Топырақты өңдеу, рапсты себу мезгілі, мөлшері, әдісі және тереңдігі

 

Рапс өзінің өсіп дамуы үшін топырақтан қоректік заттарды көп мөлшерде пайдаланатындықтан, ол егілетін танапты тыңайтқанда  ғана мол өнім алуға болады, әр гектарға  30-60 тонна  көң және оған  қоса  әсерлі заттар есебімен  45-60 кт фосфорлы – калийлі минералдық тыңайтқыштарды сүдігер жыртқанда топыраққа сіңіреді. Рапс азот сүйгіш өсімдік. Сондықтан рапс егісінің әр гектарына әсерлі заттар есебімен 120 кг азотты минералдық тыңайтқышын берген жөн. Оның төрттен үш бөлігін егін себер алдындағы қопсыту кезінде, ал қалған төрттен бір бөлігін үстемелеп қоректендіру арқылы беріледі.

Топырақ өңдеу жүйесі рапстың себілу мерзіміне байланысты. Күздік рапсты мал азығы үшін өсіріп, оның көк массасын жазда және күзде пайдаланатын жағдайда алғы дақылды жинап алғаннан кейін танапты сыдыра жыртқыштармен қопсытады, содан соң соқамен жыртады. Егін себер алдында топырақты қопсытады.

Егер жаздық рапсты ерте себетін болса, онда негізгі топырақ өңдеу жүйесінің күзгі рапсты себуге арналып жүргізілген топырақ өңдеу жүйесінен айырмашылығы жоқ.  Ал жаздық рапс топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр жерлерде кеш себілетін болса, күзде дайындалып, қыста нығыздалып қалған танапты қайталап жыртады.

Ерте көктемгі топырақ өңдеу танаптарды ылғал жабу үшін оларды  тырмалаудан басталады. Тұқым себер алдында жер қопсытылады. Қуаңшыл аймақтарда себілген тұқым біркелкі көктеп шығуы үшін егін себудің алдында танапты катоктармен нығыздайды. [17-18,20-23]

Күздік рапс жақсы қыстап шығуы үшін оны ерте, яғни күздік дәнді дақылдардан екі – үш апта бұрын себеді. Жаздық рапстың қолайлы себу мерзімі ерте көктемде жаздық дәнді дақылдарды себумен қатарлас. Рапс себілгеннен кейін топыраққа бір жылдық және қос жарнақты арамшөптермен күресу үшін Бутизин 400 КС (2,0-2,5кг/га) бүркіледі.

Себу мерзімі кешеуілдеп қалса, онда рапстың жас өркені айқышгүлдер битімен күшті зақымданады. Сондықтан себу мерзімін дәл анықтай білудің үлкен өндірістік мәні бар.  Рапсты негізінен кәдімгі жай қатарлы әдіспен себеді. Себу мөлшері әр гектарға 12 – 15 кг. Кең қатарлы әдіспен сепкен жағдайда тұқым себу мөлшері екі есе азайтылады, яғни әр гектарға 6 – 8 кг тұқым себіледі.  Тұқым сіңірілу тереңдігі 2 — 3 см, ал топырақтың беткі қабаты құрғап кетсе, онда 4 – 5 см тереңдікке себуге болады.  [17-24,29-32]    

Рапсты  жақсы  алған  дақылдан  кейін ( парға  егілген  дәнді  дақылдар, дәнді бұршақ ,  отамалы  дақылдар )  құнарлы ,  арамшөптерден тазартылған  жерлерге  орналастырған  жөн , суармалы  жерлер  — тіпті  дұрыс.  Ақмола және  көршілес облыстар жағдайында рапсты  суармасыз  жерлерде  тұқымға өсіру  сенімсіз, өйткені  ол қуаңшылыққа  төзімсіз  және  одан  қатты  зардап  шегеді     ( В.А. Кудрявцев , 1982 ).

Суармалы  жерлерде топырақ  өңдеу  терең сүдігер  жыртудан  басталады , көктемде   беті  қопсытылады  ( ылғал жабылады )  және  себу  алдында  культивация  және  сырғылау  мен топырақ  бетін  тегістеу  жұмыстары  жүргізіледі. Рапсты   суарылмайтын  жерлерде  өсіргенде  топырақты   негізгі  өңдеу  күзде  терең   қопсытқыштармен  жүргізіледі.

Биологиялық  ерекшеліктері  бойынша   жаздық  рапс  ерте   себілетін  дақыл  деп  есептелінеді, алайда  Солтүстік  Қазақстан жағдайында  мамырдың  20 – нан  әрі  қарайғы  мерзім  қолайлы  болып  табылады ,  ерте  мерзімде  себілген  рапс  зиянкестермен  қатты зақымданады  және  арамшөппен  тұншықтырылады, соның  нәтижесінде  тұқымның  өнімділігі  кемиді.

Жаздық   рапсты дәстүрлі ( 15, 23 см ) және  кең  қатарлап  та ( 45, 46 см )  себуге  болады.  Қатардағы  әдіспен  сепкенде  рапс  біркелкі  піседі,  бөлектеп  жинауға  жақсы  жағдай  жасалады.  Себу  нормасы  қатардағы  әдіспен  10 – 12 кг/га,  ал  кең  қатарлап  себілгенде  7 – 8 кг/га.  Тұқымның  сіңірілу  тереңдігі 3 – 4 см.

Егістікті  баптап  —  күту  себілгеннен кейін  топырақты  тығыздау,  зиянкестермен  күрес, кең  қатарлы  егістікті қатар аралықты өңдеу,  суармалы  егістікте  суару  жұмыстарын  қарастырады.

Бір  өсімдік  шеңберінде,  бүкіл  егістік біркелкі  піспеуінен  бөлектеп  жинау әдісін  қолданған  жөн.  Төменгі жапырақ  қурап,  негізгі  сабақтағы  бұршаққын  сарғайған  мезгілде  рапсты  дестеге  шаба  бастайды да  8 – 12  күннен соң тұқым ылғалдылығы 18 – 20 %   дейін  төмендегенде дестелерді  жинап  үгітеді. [20]

 

  • 3 . Егістікті күтіп – баптау, фенологиялық зерттеу жасау
  •  

 Егер рапс себілгеннен кейін топырақ қабыршағы пайда болса, онда өскіндердің жер бетіне көктеп шығуын жеңілдету үшін, оны жеңіл тырмалармен жояды.

Рапс кең қатарлы әдіспен себілсе, өсу кезеңі бойына өсімдіктердің қатараралығын  екі рет қопсытады. Қатар аралықты бірінші қопсыту өсімдіктің 2 – 3 жапырақшасы пайда болған кезде 5 – 8 см тереңдікке, ал екінші рет керек болған жағдайда 10 – 12 см тереңдікке жүргізеді.

Рапстың зиянкестеріне қарсы өсу кезеңінде әр гектар егістікті 0,6-0,8 литр 50%-тік карбофоспен өңдейді.[5-7,11]

Рапс жинаудың өз қиындығы бар. Біріншіден, оның дәні  бір мезгілде пісіп жетілмейді, ал екіншіден, дәннің қауызы тез ашылады да, уақытында жиналмаса дәні  көп шығын болады. Сондықтан дәнге арналған рапсты оның төменгі жапырақтары қурап түсе бастағанда, негізгі сабағындағы бұршақтары сары, ал олардағы дәндері қоңыр немесе қара түске жеткен мезгілде ЖНН-6А, ЖРБ-4,2А жаткаларымен бөлектеп орады. Дестедегі дәндерді ылғалдылығы 10 – 12%-ке жеткенде ПКК-5 құрылғысымен жабдықталған астық бастыратын комбайндармен жинап алады. Бастыру барабанының бір минутындағы жылдамдығы 700-800 айналыс болуы керек.

Күздік рапсты көк балауса алу үшін сепкенде оны екі рет шабуға болады. Бірінші рет өсімдіктің биіктігі 50 – 60 см. болғанда, ал келесі жолы бірінші рет шапқаннан бір жарым ай өткеннен кейін орады. [6-9]

Рапс майлы дақылының күздік сорты мен гибридінің тұқымы Германия мемлекетінен әкелініп, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында «Қазақ – Су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтына» қарасты жерге 10.09.2010ж егілді.

Рапс  майлы дақылының Жамбыл облысы жеріне бейімделушілігін анықтау барысында 6 гектарға отырғызылды. Оның 80 қатары гибрид, 52 және 45 қатары сорт. Қарашірік мөлшері –1,0-1,5%. Топырақты өңдеу 12-14см тереңдікте сыдыра жыртқыштармен жүзеге асырылса, себу алдында культивация және топырақ бетін тегістеу жұмыстары жүргізілді. Рапсты себу тұқым сепкішпен іске асырылды. Тұқымның сіңірілу тереңдігі – 4-5см.

Зерттеу барысында рапстың даму кезеңдерін фенологиялық бақылаулар жүргізілді.(3.4-кесте). 17.11.10 жылғы зерттеуге сүйенсек сортқа қарағанда гибридтің өсу жылдамдығы 2-4 см жоғары. Гибрид жапырағының түсі – жасыл, ал сорт жапырағының түсі сарғыш – жасыл. Сорттың жапырағы майдалау. Бір көргенде кәдімді капуста өсімдігі тәрізді. 

 

3.4-кесте. Рапстың фенологиялық бақылау кезіңіндегі биометриялық көрсеткіштері

 

Күні, айы, жылы

 

Рапс

 

Қатар саны

Қатар ұзыды

ғы, м

Бойы

ның ұзынды

ғы, см

Жапырақ ұзынды

ғы, см

Жапы

рақ ені, см

Тамырұзын

дығы, см

17.11.10

Сорт

Гибрид

52+45

80

380

19

24

12

19

6

11

6-7

8-9

21.01.11

Сорт

Гибрид

52+45

80

380

28,5

36

18

27

10

16

30.04.11

Сорт

Гибрид

52+45

80

380

74

85

12

14

6

7

16

19

 

21.01.11 жылғы зерттеуде өсімдіктің қар астында қалғанын көрдік. Гибрид 30см ұзындықпен, ал сорт 26см ұзындықпен қар астында қалды. Бірақ қардың еру қарқыны екі аптада болды. Қар астында қалған өсімдік жерге жатып, яғни жалпайып өседі. Сонымен қар астында қалған өсімдіктің өсу қарқыны 3,5 пайызға жиілейді екен. Күннің суығына байланысты топырағының беті құрғақ және қатты. Өсімдік бетіне түскен қардың көлемі 7-8см. Рапстың гибриді 1 айда 12-15 см-ге өсті (гибрид), ал сорт 10-12 см-ге өсті.

30.04.11 жылғы зерттеуде рапстың гүлдегенін көрдік, яғни 12-14 сәуірде рапс гүл ашты. Түсі сары. Көктем басталысымен рапстың өсу жылдамдығы қарқынды жүргенін бақылыдық. 1) культивация жасалды, яғни қатар аралары ашылды; 2) тыңайтқыш гектарына 200кг силитра берілді; 3) зиянкескерге қарсы инсектоцип ЭНЖИО, арамшөптерге (ромашкаға) қарсы гектарына 1,5кг лонтрел себілді. Алқап әлі суғарылмаған.

Рапс бойының ұзындығы өте жылдам, яғни 1 айда 20см –ге өсті, қазір ең ұзыны 85см – ге дейін жетеді. Ал жапырақ көлемі керісінше кішірейген, яғни жапырақ енінің көрсеткіші 6-7см. Бақылау барысында рапс гүліне ара және қоңыздардың пайда болғанын көрдік. 

Фенологиялық бақылау рапстың вегетациялық кезеңі біткенше жүргізілді.

 

 

ІV тарау. Зерттеу нәтижелері

4.1. Жалдап егу технологиясы бойынша егілген Рапс өсімдігінің

өнімділігі мен су режимдері

 

Жалдап себу технологиясы бойынша егілген күздік рапстың өнімділігін зерттеу су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Жамбыл облысы  Жамбыл ауданында орналасқан «Бесағаш» тәжірибе-өндірістік участкесінде жүргізілді.

2010-2011 жылдардағы вегетациялық кезеңдегі күздік рапс егілген жердің метеорологиялық жағдайы 4.1-4,2. -кестеде берілген. Вегетациялық кезеңдегі метеорологиялық жағдай орташа көпжылдық нормаға сәйкес келді, бірақ  қыс  кезеңіндегі суықтығы нормадан минус 10С –қа суық болып, қаңтар айындағы температураның орташа мәні минус 5,3 0С-қа төмен болды.

4.1-кесте. Жамбыл облысының климаттық жағдайы (метеостанция Тараз)

Мінездеме

Айлар                                                     

Жыл   

І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

 

 

 

Темпера-

тура, t0C

Орташа

-5,1

-3,2

3,2  

11,3

17,2

21,7

23,4

21,2

15,7

9,1

2,4

-2,6

9,5

Абсолюты

максимум

20

21

33

34

42

42

43

41

40

35

27

25

43

Абсолютты

минимум

-41

-40

-26

-10

-3

1

5

1

-5

-15

-37

-41

-41

 

Ылғал, мм

Орташа

21

22

37

44

36

21

9

6

8

30

30

23

287

Жоғары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

522

Төмен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

86

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,%

Орташа

68

67

60

49

41

35

31

30,7

32

43,7

59

67,7

48,7

>80%,күн

 

 

 

1

1

0,3

0,20,

20,3

3

 

 

 

 

<30%, күн

 

 

 

6

9

14

18

18

15

10

 

 

 

Күн саны

Шаңды боран

 

 

0

0

0,2

0,3

0,6

0,7

0,7

0,9

 

 

 

Желдің

жылдамдығы

>15м/с

3

5

6

6

6

5

4

3

2

4

3

4

51

                               

 

 

 

 

 

4.2 -кесте   Зерттеу танабындағы метеорологиялық көрсеткіш және булану деңгейі

 

 

 

Көрсеткіштер

 

Айлар

Осы аралықта

 

1V

 

 V

 

V1

 

V11

 

V111

                        Cәуір-1X        қазан

Ауа температурасы, 0С

Орта көпжылдық

11,3

17,2

21,7

23,4

21,2

15,7

9,1

17,1

Орташа  2008 жыл

13,1

20,8

25,4

26,5

25,1

17,2

11,9

20

Орташа  2009 жыл

10

16,6

21,9

25,3

23,4

17,9

11,3

18,1

Орташа  2010 жыл

12,6

17,3

23

24,6

24,5

17,2

12,1

20,4

Жыл бойының орташа температурасы

11,9

18,2

23,4

25,5

24,3

17,4

11,8

18,75

2008 жылдан ауытқуы

1,8

3,6

3,7

3,1

3,9

1,5

2,8

2,9

2009 жылдан  ауытқуы

-1,3

-0,6

0,2

1,9

2,2

2,2

2,2

1

2010 жылдан ауытқуы

1,3

0,1

1,3

1,2

3,3

1,5

3,0

1,65

Көпжылдық ауытқу

0,6

1,0

1,7

2,1

3,1

1,7

2,7

1,8

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

Орта көпжылдық

49

41

35

31

30,7

32

43,7

37,5

Орташа    2008 жыл

56

49

36

34

32

42

65

44,9

Орташа    2009 жыл

76

64

44

34

40

54

55

52,4

Орташа     2010 жыл

66

55

48

40

40

51

54

50,6

Жыл бойының орташа көрсеткіші

66

56

42,7

36

37,3

49

58

49,3

2008 жылдан ауытқуы

7

8

1

3

2,3

10

21,3

7,4

2009 жылдан  ауытқуы

27

23

9

3

9,3

22

11,3

14,9

2010 жылдан ауытқуы

17

14

13

9

9,3

19

10,3

13,08

Көпжылдық ауытқу

17

15

7,7

5

9,9

17

14,3

11,8

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

жалғасы

Көрсеткіштер

Айлар

Осы аралықта

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Сәуір — Қазан

Атмосфералық ылғал, мм

Орта көпжылдық

44

36

21

9

6

8

30

154

  2008 жылғы орташа көрсеткіш

24,6

14,6

25,1

8,5

0

11,7

29,3

113,8

  2009 жылғы орташа көрсеткіш

49,7

37,3

23

20,7

9,5

19

1,5

160,7

  2010 жылғы орташа көрсеткіш

58,4

21,9

24,4

17,3

9,0

13,5

20,1

164,6

Осы үш жыл бойыша орташа көрсеткіш

44,2

24,6

24,2

15,5

6,2

14,7

16,9

146,3

2008 жылдағы ауытқу

-19,4

-21,4

4,1

-0,5

-6,0

3,7

-0,7

-40,2

2009 жылдағы ауытқу

5,7

1,3

2,0

11,7

3,5

11,0

-28,5

6,7

2010 жылдағы ауытқу

14,4

-14,1

3,4

8,3

3,0

5,5

-9,9

10,6

Көпжылдық ауытқу

0,2

-11,4

3,2

6,5

0,2

3

-12,4

-7,7

Булану көрсеткіші, мм

Орта көпжылдық

96,8

151,2

204

232,8

212,8

162,4

94,4

1154,4

  2008 жылғы орташа көрсеткіш

92,0

154,1

234,1

252,1

245,8

148,7

68,6

1195,34

Орташа  2009 жыл

42,3

89,7

177,4

240,5

202,4

121,9

85,4

959,58

Орташа   2010 жыл

69,2

115,9

172,5

212,6

211,7

125,7

89,7

997,31

Жыл бойы-

ның орташа көрсеткіші

67,8

119,9

194,7

235,0

220,0

135,3

77,0

1050,7

2008 жылдағы ауытқу

-4,8

2,9

30,1

19,3

33,0

-13,7

-25,8

40,94

2009 жылдағы ауытқу

-54,5

-61,5

-26,6

7,7

40,4

-40,5

-9,0

-194,82

2010 жылдағы ауытқу

-27,6

-35,3

-31,5

-20,2

-4,4

-36,7

-4,7

-157,1

Көпжылдық ауытқу

29,0

31,3

9,3

-2,2

-3,2

-35,8

-27,5

-103,7

 

Қыс кезіндегі ылғал көп жылдық нормадан 20%-ға аз болып, практикалық түрде рапс өсімдігі егілген егістік қар жамылғысыз болды.

Өндірістік танаптың сұр түсті топырағының гумустық қабатының қалыңдығы 0,25-0,30м, механикалық құрамы жағынан орташа (суглинкам)  сазды болып тасты қабаттарының орналасуы терең емес (0,6-0,8м). Бір метрлік топырақ қабатының тығыздығы γ100 = 1,57 т/м3. Топырақтың метрлік абсолютті құрғақ қабатының ең аз су сыйымдылығы βНВ = 18,03%. Топырақтағы су өткізгіштігі жоғары, бірінші сағаттағы судың сіңімділігі 21см/сағ, ал тұрақталған кездегі су сіңімділігі 1,1см/сағ. болды.

Далалық тәжірибелер бойынша жалдап себу технологиясы бойынша егілген күздік рапстың өнімділігін зерттеу 6 га жерге  жүргізілді.

Тәжірибе қолданылып жүрген белгілі әдістеме (Доспехов В.А., Константинов Г.К. – 1970) бойынша қойылды. Тәжірибе схемасы 1-суретте келтірілген.

Күздік және гибридтік рапс сорттары 27 қыркүйек 2010 жылы жалдап себу және кәдімгі бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі технология бойынша егілді.

Rоhаn сортының себілу нормасы 4кг/га, ал Livius және Dunnastiе гибридтік сорттарының себілу нормасы 3,5кг/га болды. Бұл сорттардың дәндерінің егілу тереңдігі 1,5-2 см. Бірінші суару 1100м3/га нормасы бойынша 28 қыркүйекте жүргізілді. Рапс өсімдігінің көгеріп, көктеп шығуы 5-6 күннен кейін пайда болды.

Күздік рапс өсуі мен дамуы бірінен кейін бірі келетін органогенез кезеңдеріне байланысты өтеді. Бастапқы суару топырақ ылғалын қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі, рапстың толық көктеп шығуы 5-6 күннен кейін, ал 3-жапырақ 19-21 қазанда пайда болды. (кесте-4.3)

 

Кесте- 4.3  Тәжірибелік-өндірістік танаптағы күздік рапстың дамуының органогенездік кезеңдері

 

Фенологиялық кезеңдер

Жасыл жемге

Дәнге

Егілу мерзімі

Толық көктеп шығуы

2-3 жапырақ

6-8 жапырақ

Вегетация кезеңінің аяқталуы

Көктемдегі вегетацияның басталуы

Бұтақтардың пайда болуы

Көктемдегі бутенизация

Гүлденудің басталуы

Толық гүлдену

Дәннің қамырланып пісуі

Дәннің толық пісуі

27.09.2010

3.10

21.10

15.11

қараша-желтоқсан

 

ақпан-наурыз

20-25.03

30.03-5.04

5-10.04

15-20.04

27.09.2010

3.10

21.10

15.11

қараша-желтоқсан

 

ақпан-наурыз

20-25.03

30.03-5.04

5-10.04

15-20.04

30.05-5.06

10-15.06

 

Қараша айының 3-декадасында рапс өсімдігінің вегетациялық өсіп-өнуі 6 және 8-жапырақтан кейін тоқтады. 2010-2011 жылдың қысында қар өте аз болып, өсімдік қар жамылғысыз қалды. Өзінің биологиялық ерекшелігіне сәйкес  жақсы  бұтақтанып  дамыған 8-жапырақты күздік рапс қарсыз  минус 16-210С температураға үсімей шыдады. Олардың қыстан бұтақтанып оянуы ақпан айының аяғы мен наурыз айының басында +20С-те басталып,  көктем айының 10 сәуірінде гүлдену фазасы басталды. Гүлдену фазасы 15-20 күнге созылып, қамырланып пісуі 5 маусымға сәйкес келіп, толық пісуі 15 маусымда толық аяқталды.

 

4.2. Әр түрлі технология бойынша өсірілген күздік рапстың

топырағының сулық режимінің динамикасы

 

Рапс өсімдігі егілген күннен кейін 2-күні 1100м3/га нормамен суарылып және табиғи ылғалдың арқасында гүлдену фазасына дейін топырақтың оптималды ылғалдылығы (72%) қамтамасыз етілді. Бірінші вегетациялық суару есептелген норма бойынша 900м3/га нормада 15 сәуірде жүргізілді.

Жалдап себу технологиясы бойынша  А  вариантына себілген күздік рапс айнымалы суару ағысымен боразда бойынша күздік бидайды суару тәжірибесіне ұқсас суарылды.

Ал Б вариантында дәстүрлі технология бойынша егілген күздік рапс кәдімгі суару технологиясы (полоса) бойынша суарылды. Барлық тәжірибелерде топырақтың ылғалдылығы ең аз су сыйымдылығы 71-72%-тен төмен түскен жоқ.

Бесағаш ауылындағы өндірістік тәжірибе танабындағы (ӨТТ) борозда және полоса (жазықтық) бойынша суарудың техникалық элементтері: жердің ылдидығы – 0.007  топырақ жақсы суды өткізеді – су өткізу коффиценті К-12-15см\сағ. Борозда бойынша  суғарылған судың шығыны 0,5-0,25 л\с. Пайдалы әсер коэффиценті 0.88, ал полоса (жазықтық) бойынша суарғанда судың шығыны 1м2 ауданға 2л\с жазықтықтың ені 20м болғанда п.ә.к. 0,64 болды.

Тәжірибе варианттары бойынша жүргізілген вегетациялық суаруға кеткен су шығындары мен сол варианттарда әр түрлі технология бойынша өсірілген күздік рапстың өнімділігі 4. 4- кестеде келтірілген.

 

4.4-кесте. Әр түрлі өсіру технологиясы бойынша өсірілген күздік  рапсқа кеткен судың шығыны мен өнімділігі.

Өсіру технол

гиясы

Суару саны

Суару нормасы, м3\га

Суаруға кеткен барлық судың шығыны м3\га

Өнім ц\га

Суару

Вегетациялық

 

 

Күздік  рапс    Rohan-сорты

Нетто

Брутто

 

Нетто

Брутто

Нетто

Брутто

Дәстүрлі себу

1+1

1100

1700

900

1400

2000

3100

20,5

Жалдап себу

1+1

1100

1250

900

1050

2000

2300

25,4

Артық өнім, су айырымы

 

-450

-350

-800

+4,9

 

Суармалы жерге егілген күздік рапстың суды эффективті түрде  пайдалануын білу үшін су режимінің су балансы есептелді. (4.5-кесте)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ

ІІ

І

А

Б

А

А

Б

Б

 

 

 

 

 

 

 

 

1                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

1 – Рапстың «Rohan» сорты

2 – Рапстың «LOVIUS» гибриді (ливиус)

3 – Рапстың «DYNNASTIE» гибриді (династи)

 

А

Б

 

    Жалдап егу технологиясы                          Тәжірибенің  қайталануы

ІІІ

ІІ

І

 

 

 

 

    Дәстүрлі егу  технологиясы

 

 

4.1-сурет.  Тәжірбие варианттарының схемасы

 

4.5-кесте.  Әр түрлі өсіру технологиясы бойынша егілген күздік рапстың су режимі

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Өсіру технологиясы

Айырымы

Жалдап себу

Дәстүрлі

себу

 

1.Суару нормасы

Берілген су нормасы

 

 

-800

м3\га

 

2300

3100

2.Атмосфералық ылғал

м3\га

 

1530

1530

3. Жер асты су

м3\га

450

510

-60

4.Топырақтағы судың қоры

м3\га

420

460

-40

Барлығы

м3\га

4700

5600

-900

Жұмсалған су шығыны

Эвопотранспирация

м3\га

4150

4000

+150

Инфильтрация

м3\га

250

650

-400

Бетке тасталған су

м3\га

280

1050

 

Барлығы

м3\га

4680

5700

-770

Айырмашылық

м3\га

-20

+100

-80

4.5-кестедегі мәліметтерден көрінетіні эвопотранспирацияға, инфильтрацияға және беткі су шығынына кеткен су шығындарының қосындысы дәстүрлі суару нормасы жалдап себу технологиясына кеткен су шығынынан 1020 м3\га яғни 21%-де артық жұмсалған.

Күздік рапстың бірлік өнімін алу үшін кеткен су шығыны әр түрлі өсіру технологиясы бойынша 4.6-кестеде берілген.

 

4.6-кесте.    Әр түрлі технология бойынша егілген күздік рапстың

бірлік өнімін алуға кеткен су шығыны

Өсіру техноло

гиясы

Суаруға кеткен су шығыны м3/га

Жалпы су шығыны, м3/га

Өнімділік, ц/га

Су тұтыну коэффициенті, м3

Су шығыны, м3

Алынған артық өнім, ц/га

Күздік рапс «Rоhаn» сорты

Жалдап егу

Дәстүрлі

2300

2100

4680

5700

25,4

20,5

 

1842

2780

906

1512

+4,9

Күздік рапс «Livius» гибридтік  сорты

Жалдап егу

Дәстүрлі

2300

2100

4680

5700

28,2

22,6

1660

2522

816

1372

+5,6

Күздік рапс «Dunnastiе» гибридтік сорты

Жалдап егу

Дәстүрлі

2300

2100

4680

5700

27,5

22,0

1702

2590

836

1409

+5,5

Орташа өнім Жалдап егу Дәстүрлі егу

 

 

 

27,03

21,7

 

 

+5,33

4.6-кестедегі нәтижелер бойынша қорытынды жасайтын болсақ күздік рапстың әр түрлі сорттарының бір тонна өнімін алу үшін кеткен су шығыны жалдап себу технологиясы бойынша 1842, 1660 және 1702 м3/т құрады, ал дәстүрлі бұрыннан қолданылып жүрген технология бойынша су шығыны 2770, 2522 және 2590 м3/т болды, яғни 938; 862 және 888 м3/т-ға көп су жұмсалды.

Алынған өнім жалдап егу технологиясында дәстүрлі егу технологиясына қарағанда орта есеппен 5,33ц/га артық болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

  1. Жамбыл облысының топырақ климаттық жағдайына бейімделген май алынатын өсімдіктердің бірі рапс — шаршы гүлділер тұқымдасына жататын майлы және малазықтық дақыл, ол әлем ауыл шаруашылығында  негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда. Май беретін шаршы гүлділер өсімдіктерінің ішінде рапс тұқымы майының көптігімен ( 45 – 50 % ) және сапасы жөнінен бірінші орынды алып отыр. Жартылай кебетін рапс майының тағамдақ және техникалық маңызы бар. Рапс бағалы мал азығы болып табылады. Соңғы жылдары рапстан май алу өнеркәсібімен қатар мал азықтық дақыл ретінде көңіл аударуда.
  2. Рапс майы майқышқылтымды құрамы жағынан күнбағыс майынан қалыспайды және сапалы жағынан зәйтүн майына жақын. Ол өзінің мөлдірлігін ұзақ уақыт бойы сақтап жоғары эмульсиялы төзімділігіне байланысты маргарин, мойонез, балық консервілерін дайындауда пайдаланылады. Рапс майы техникалық мақсаттарға – резеңке, лак, нейлон өндіруге, сабын қайнату, полиграфия, тоқыма, былғары өндірісінде қолданылады және соңғы уақытта биологиялық жанармай өндіру қолға алына бастады.
  3. Егістікті  баптап  —  күту  себілгеннен кейін  топырақты  тығыздау,  зиянкестермен  күрес, кең  қатарлы  егістікті қатар аралықты өңдеу,  суармалы  егістікте  суару  жұмыстарын  қарастырады.
  4. Рапс  май шығару үшін қолданылады.  Рапс майы тамақ әзірлеуге, маргарин өндіруге, металлургия, сабын шығару, тері және  тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылады.  Күнжара құрамында 32 пайыз белок, 9 пайыз май, азотсыз экстра активтік заттар 30 пайыз, мал азығы ретінде құнды. Рапс қалдығы ( жом ) мал азығы ретінде пайдаланылады. Баяу кебетін , йодтық саны 94 — 112 болатын  рапс  майының  тағамдақ та, техникалық  та  маңызы зор. Көбіне рапс көк шөптік  мал азығы  (  әр гектардан  250 – 300 ц )  және көк  тыңайтқыш  ретінде пайдаланылады.
  5. Рапстың  бал  жинайтын  ( әр гектардан  90 кг ) дақыл ретінде  де  маңызы зор.
  6. Отын бағасының өсуіне байланысты рапсы майының негізінде биожанармай, биодизель өндіріледі
  7. Рапс майлы дақылының күздік сорты мен гибридінің тұқымы Германия мемлекетінен әкелініп, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында «Қазақ – Су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтына» қарасты жерге 10.09.2010ж егілді.
  8. Рапс майлы дақылының Жамбыл облысы жеріне бейімделушілігін анықтау барысында 6 гектар жерге  отырғызылды. Оның 80 қатары гибрид, 52 және 45 қатары сорт. Қарашірік қабаты (А+В) 32-35см-ге тең. Қарашірік мөлшері –0,9-1,5% Топырақты өңдеу 12-14см тереңдікте сыдыра жыртқыштармен жүзеге асырылса, себу алдында культивация және топырақ бетін тегістеу жұмыстары жүргізілді. Рапсты себу арнайы тұқым сепкішпен іске асырылды. Тұқымның сіңірілу тереңдігі –1,5-2 см.
  9. Зерттеу барысында рапстың даму кезеңдерін фенологиялық бақылаулар жүргізілді. 17.11.2010 жылғы зерттеуге сүйенсек Rohan сортына қарағанда гибридтік «Livius»  және «Dunnastiе» сорттарының өсу жылдамдығы 2-4 см жоғары. Гибрид жапырағының түсі – жасыл, ал сорт жапырағының түсі сарғыш – жасыл. Сорттың жапырағы майдалау.
  10. Rоhаn сортының себілу нормасы 4кг/га, ал Livius және Dunnastiе гибридтік сорттарының себілу нормасы 3,5кг/га болды. Бұл сорттардың дәндерінің егілу тереңдігі 1,5-2 см. Rоhаn сортының себілу нормасы 4кг/га, ал Livius және Dunnastiе гибридтік сорттарының себілу нормасы 3,5кг/га болды. Бұл сорттардың тұқымдарының егілу тереңдігі 1,5-2 см.
  11. 2010-2011 жылдың қысында қар өте аз болып, өсімдік қар жамылғысыз қалды. Өзінің биологиялық ерекшелігіне сәйкес жақсы бұтақтанып дамыған 8-жапырақты күздік рапс қарсыз минус 16-210С температураға үсімей шыдады. Олардың қыстан бұтақтанып оянуы ақпан айының аяғы мен наурыз айының басында +20С-те басталып,  көктем айының 10 сәуірінде гүлдену фазасы басталды. Гүлдену фазасы 15-20 күнге созылып, қамырланып пісуі 5 маусымға сәйкес келіп, толық пісуі 15 маусымда толық аяқталды.  
  12. Далалық тәжірибелерде жалдап себу технологиясы бойынша егілген күздік рапстың өнімділігін зерттеу 6 га жерге жүргізілді.
  13. Бесағаш ауылындағы өндірістік тәжірибе танабындағы (ӨТТ) борозда және полоса (жазықтық) бойынша суарудың техникалық элементтері: жердің ылдидығы – 0.007  топырақ жақсы суды өткізеді – су өткізу коффиценті К=12-15см/сағ. Борозда бойынша  суғарылған судың шығыны 0,5-0,25 л/с. Пайдалы әсер коэффиценті 0.88, ал полоса (жазықтық) бойынша суарғанда судың шығыны 1м2 ауданға 2л\с жазықтықтың ені 20м болғанда п.ә.к. 0,64 болды.
  14. Дәстүрлі суару технологиясында эвопотранспирацияға, инфильтрацияға және беткі су шығынына кеткен су шығындарының қосындысы жалдап себу технологиясына кеткен су шығынынан 1020 м3/га-ға яғни 21%-ға артық жұмсалған. Күздік рапстың бір тонна өнімін алу үшін кеткен су шығыны әр түрлі сорттар бойынша жалдап себу технологиясы бойынша 1842, 1660 және 1702 м3/т, ал дәстүрлі бұрыннан қолданылып жүрген технология бойынша су шығыны 2770, 2522 және 2590 м3/т, яғни 938; 862 және 888 м3/т-ға көп су жұмсалды. Алынған өнім жалдап егу технологиясында дәстүрлі егу технологиясына қарағанда орта есеппен 5,33ц/га артық болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

1   Скакун А.С. Бурда И.В, Брауэр Д. Рапс-культура масличная. Минск-1994

  • Анахин А.Н. Справочник агронома Уроджай. Минск,1982
  • Федотов В.А, Гончаров С.В, Савенков В.П. Рапс Россий . Минск 2008
  • Шпаар Д. Рапс и суперица. Вырашивание,  уборка  исследование.,         Минск 2007

5 Левин И.Ф. Рапс культура 21-века. Казань, 2005-185с

6 Палий В. Ф. Современные состояние и новые методы защиты растений. Ужгород, 1969г., с. 33-33

7    Макаров И.Л. Болезни рапса и методы их учета Ж. «Защита растений», М.1991 №6., с. 55-60

  • Нарижный И.Ф. Шевченко А.В, Рябов В.Г. и др.. Справочник по интенсивной технологий возделывания ярвого рапса Воронеж-Липецк. 1999.,49 с.
  • Буряков Ю.П, Москотин В.А, Ревкин Е.А, и.др. Рапс озимый и яровой. М. 1988.45 с
  • Федотов В.А, Гончарев С.В, Савенков В.П. Рапс в Росий-монография. М.Агролига Росии, 2008.336 с.
  • Солдатова В.В. Перспективный исходный материал ярвого рапса для селекции сортов, устойчивных к фузариозу. Рапс-культура 21-века: сб.научных докл. Всеросс. совещания-семинара по рапсу. Липецк 1985,        с. 55-59
  • Андреева Н.В., Ратошный А.Н., Курдова Н.В. Спирулина и рапсовый в комбикормах –стартерах для телят. Материалы МНПК. Актуальные проблемы кормления с/х-х животных,-к 70 летию профессора М.П.Кирилова. Дубровицы, 2007 г.,с.71-73
  • Аналитический обзор АТФ Банка ‘’Подсолнечник Казахстана’’2010г.11с
  • Абуова А.Б. Рапс-мол өнімді тағамдық, малазықтық техникалық дақыл //Жаршы №3/2006ж. 22-26 б.
  • Сидорик И.В. Слабуш В.И. Мельников В.А. «Жаздық рапсқа экологиялық сорт сынау» //Жаршы №6/2007ж. 19-21 б.
  • Байбатыров Т.А. Рапс күнжарасын экструдерлеу процесінің оптималды параметрлерін негіздеу. Пищевая технология и сервис. А.2009ж.№6. 33-36.б
  • Жаңабаев Қ.Ш. Арыстанғұлов С.С. Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы, Астана 2007., 315 б.
  • Степанов В.Н. Киселев А.Н. Основы агрономии, Москва «Колос» 1967 г, 305с.
  • Карентаев А. Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы 1991-2006 жылдарда, Тараз қаласы 2006 ж, 33 б.
  • Степанов В.Н. Киселев А.Н. Третьяков Н.Н. Агрономия негіздері. Алматы., »Мектеп» 1992ж, 304 б.
  • Аубекеров Т.А. Жұмағұлов Ж.Ж Өсімдік щаруашылығы және селекция, Алматы «Қайнар» 1988, 129 б.
  • Әрінов Қ., Нағымтаев А.,Ысқақов М.,Серікпаев Н., Жұмағұлов И. Агрономия негіздері «Филиант» баспасы, Астана. 2007ж, 241б.
  • Сейітов И. Саудабаев Т. Әбдірашев Ш. Агрономия негіздері. Алматы «Ана тілі» 1991ж.
  • Гортлевский А.А. Макеев В.А. Озимый рапс Москва, Россельхоз 1983г. 73с.
  • Илялетдинов Ш.Н. Масличные культуры. Қайнар.,1976г., с.99
  • Шевченко В.П. Агротехника сельскохозяйственных культур на осушенных землях. Москва «Агропромиздат» 1985 г, с.222
  • Ващенко И.М. Основы сельского хозяйства. Москва «Просвещение» 1987г.,с.321
  • Вавилова П.П. Растениеводство. Москва «Колос»1975г.. с: 362-365
  • Косинский В.С. Никляев В.С Ткачев В.В. Сучилина А.А. Основы земледелия и растениеводства. Москва «Алропрмиздат» 1990г.,с: 345
  • Гольцов А.А. Рапс, суперица. М. Колос 1983.
  • Липашенко И.З., Абрамов В.Р. Технология вырашывания и использования рапса и суперицы М. Агро. 1989.
  • Кудрявцев В.А. и др. Выращивание ярового рапса и сурепицы на кормовые цели и семена (рекомендации). Алма – Ата , «Кайнар», 1982.
  • Джингильбаев С.С. Май дәнін сығуда шнекті майсыққыштың
    қолайлы тәсілін ұсыну. //Жаршы. №3/2006ж.
  • Лищенко В.Ф., Лищенко В.В., Лищенко О.В. Мировое производство, потребление и торговля жирами и маслами в 1999-2000г.г. -Масложировая промышленность. — №2/2002, 5с.
  • Ізтаев Ә.І.,Жиенбаев С.Т., Байбатыров Т.А. Рапс күнжарасы-бағалы азық. Материалы юбилейной междунар.науч.-практ-конф. АО « Казахский агротехнический университет»им. С.Сейфуллина. А.2008.№13.11-12 б.
  • Жиенбаев С.Т., Байбатыров Т.А., Малдыбаева Н. Әлем нарығындағы рапстың рөлі. Пищевая технология и сервис. А. АТУ, 2008.№3., 6-8 б.
  • Есқали Ө. Рапс осында өсіріледі. Егемен Қазақстан газеті.,№ 533-534 (26926).,   9    қараша. 2011 ж..
  • Артемов И.В. Расп / М: Агропромиздат, 1989.44с.
  • Захарова А.А. Рапс выгодная культура // Земледелие. №3. 1998. 16-17с.
  • Захаренко В.А. Система защиты рапса. Защита растений / В.С. Захаренко, П.В. Никонов 1998, 140 с.
  • Зыболов В.С. Применение рапса для очистки почвы от сорняков /В.С. Зыбалов // Земледение №3 2002, 21с.
  • Карпачев В.В. Основные задачи научного обеспечения отрасли рапсоводства в Россий /В.В. Карпачев // Кормопроизводство. №12. 2007, 17-19 с.
  • Константинова И.С Повышение качества продуктов переработки семн рапса // Кормопроизводство №4, 2003г, 19-21 с.
  • Кухнецова Р.Я. Рапс высококоурожайная культура / Ленинград: Колос, 1975. -84 с.
  • Курбанов С.А. Режим орошения и урожайность озимого рапса в равнинной зонеДагестане. Ислаилов И.Н. // Мелиорация и водное хозяйство №2. 2007г, 42-43 с.
  • Лукомец В.М. Биопотенциал возделывания масличных культур в России. Бочкарев Н.И. // Доклады Российской академии сельскохозяйственных наук.-2005г. №2, 7-10 с.
  • Мазитов Н.К. и др. Ресурсосберегающая технология и техника возделывания рапса. //Доклады РАСХН. №4.,2008., с.60-62
  • Мазяркина Т.В., Денисова Э.В. Улучшение качества рапсового масла по составу жирных кислот.//Кормопроизводство.2003 №7., с.10-11
  • Минкевич И.А. Масличные культуры. Борковский В.Е. Москва /Сельхозгиз, 1952. 580 с.
  • Милащенко Н.З. Технология Выращивания и использования рапса и сурепицы / абрамов В.Ф. Москва-1989г. 67 с.
  • Новоселов Ю.К. Факторы стабильности урожая ярового рапса. Ян Л.В.

     // Кормопроизводство-2002г. №17, 17-20 с.

  • Оробченко В.П. Рапс озимый. М.1959.,159 с.
  • Орманджи К.С, Стефанский В.В., Марценко М.Н., Майстренко Г.С Интенсивная технология производства рапса. / Москва: Агропромиздат, 1990г, 160 с.
  • Пилюк Я. Э. Култура рапса в Беларуси // Земледелие №2, 1998г, 42 с.
  • Рекомендации по интенсивной технологии возделывания рапса / Общ. Редакция В.В Щугорева. Липецк 1987г, 70 с.
  • Савенков В.П. Урожай рапса зависит от технологий возделывания и погодных условий.. //Кормопроизводства. №2., 2008., с.19-21
  • Яама Э.О. О возможности возделывания рапса в Эстонии // зерновые и масличные культуры №6, 1969г. 40-42 с.