АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ревматойдтық артритте қолданылатын емдік дене шынықтыру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

Ревматойдтық артритте қолданылатын емдік дене шынықтыру

 

 

 

 

 

 

Автор

4 курс студенті ,  ОСФ 4-3                                   Г.Д. Тлекова 

 

Ғылыми жетекші :           

аға оқытушы  ________________________Молдағалиева Ш. Б

 

 

 

 

 

Алматы, 2015

Мазмұны

 

Қысқартулар мен анықтамалар………………………………………………3

Нормативтік сілтемелер………………………………………………………………5

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………6

 

  1. Ревматойдтық артритте емдік дене шынықтырудың теориялық негіздері……………………………………………………………………….8

1.1.  Ревматойдтық артриттің жіктелуі, клиникалық  көріністері………………….8

1.2.   Ревматойдтық артриттің емдеу шаралары………………………………………….10

1.3.   Ревматойдтық артритте қолданылатын емдік дене шынықтыру………….12

1.4   Ревматойдтық артритке арналған емдік дене шынықтыру кезеңдері……13

 

  1. Зерттеуді ұйымдастыру және зерттеу әдісі………………….15

2.1 Зерттеу әдісі………………………………………………………………………………………..15

2.2  Ревматоидтық артритте тізе буыны зақымданғандағы зерттеу әдісі……..16

2.3 Зерттеуді ұйымдастыру………………………………………………………………………..18

 

  1. Ревматойдтық артритті емдік дене шынықтырумен кешенді емдеу…………………………………………………………………………………19

3.1 Ревматойдтық артритке арналған жаттығулар кешені…………………………..19

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………….24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………..25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтамалар

Буын синдромы — сүйек бұлшықет және дәнекер тіні жүйесі ауруларының негізгі көрінісі болып табылады. клиникалық симптамокомплекс, буынның анатомиялық құрылымының әртүрлі этиология аурулар есебінен және тікелей жарақат әсерінен зақымдалуы

Ревматойдтық артрит – көбінесе шеттік ( синовиялық ) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы. Ревматоидтық артрит көптен белгілі ауру болғанымен оның клиникалық көрінісіне алғаш толық суреттеме берген Гарро ( 1863 ж ). Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді: ген ерекшеліктері.

Фелти синдромы – нейтропения, спленомегалия, гепатомегалия және инфекциялық асқынулардың жоғарғы қаупімен  көрінетін симптамокомплекс

Ересектердің Стилл ауруы – қайталанатын фебрильді қызба, артритпен, макулопапулезді бөртпемен, жоғарғы лабораториялық  белсенділікпен және серонегативтілікпен көрінетін ауру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқартулар

 

РА— ревматойдтық артрит

ТМД — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ОЖЖ — Орталық жүйке жүйесі

ЕДШ — емдік дене шынықтыру

Г— грамм

ЭКГ— электрокардиография

 

 

Нормативтік сілтемелер

Осы  диссертацияда төмендегі стандарттарға сілтеме жасалды:

  1. ГОСТ 7.32-2001. Отчет о научно-иследовательской работы. Структура и правила оформления;
  2. ГОСТ 7.1-2003: Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления;
  3. ГОСТ Р 52024-2003: Услуги физкультурно-оздоровительные и спортивные. Общие требования, Астана 2003.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Күнделікті өмірде буын аурулары жиі кездеседі. Бірақ қарапайым халық буыны ауырса болғаны оны «ревматизм» дейді. Әрине, бұл қате. Өйткені буын ауруларының (артриттің) түрлері көп. Оның бірқатары (ревматизмді қоса) ескіден келе жатқан созылмалы кабыну процесінің және кейбір жұқпалы аурулардың асқынуынан да болады. Әсіресе тұмау-сүзек, баспа, туберкулез және басқа аурулар буынға жиі әсер етеді, ауру тобына жататын буын ауруларын жұқпалы артриттер дейді. Организмде қоректік заттар алмасуының бұзылуы, нерв жүйесінің зақымдануы және ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуы нәтижесінде буындарда екінші түрлі аурулар басталады. Артриттін бұл түрінде буындардағы қоректік заттар алмасуы және олардың тіршілік әрекеті бұзылады, сондықтан буын қабынуының бұл тобын дист-рофиялық артрит дейді. Түрлі жарақаттар мен денеге түскен ауыр салмақ та артритке ұшырата береді. Көптеген адамды буын ауруы қатты азапқа салады. Егер кезінде жете емделмей, ауру асқынып кетсе, оның салдары адамға ауыр соғады.

Зерттеу мақсаты. Медициналық тәжірибеге қарағанда, артриттен алдын ала сақтануға, ал адам науқастана қалса одан емдеп жазуға да болады. Артриттерден қалай емделуге, бәрінен бұрын олардан қайтсе сақтануға болады? Негізгі мәселе осында. Практикада мынадай жағдай да жиі кездеседі: адам тұмау-сүзектен жазылып ыстығы қалпына түсіп, оның енді жұмыс істеуіне болады, «жазылды» деп жүргенде бірнеше күн немесе апта өткен соң күтпеген жерден адам-ның қолы не аяқтары қатты ауыра бастайды. Ауырған аяқтың буындары домбығып ісінеді, соның зардабынан адам аяғын қозғаудан қалады. Дене қызуы қайтадан көтеріліп, 38—39 градусқа жетеді, терлей беретін болады. Бұл жете емделмеген тұмау-сүзектің асқынып, буынға шапқан түрі. Мұны дәрігерлер ревматизм ұстамасы дейді. 7—10 тәуліктен кейін ыстығы басылып, буынньщ ауырғаны да қояды.

Зерттеу нысаны. Медиктер «ревматизм буынды жалайды, жүректі қабады» деп босқа айтпаған. Өйткені ревматизмнен кейін жүрекке ақау туседі. Басқа артриттер жүректі ауыртпайды, бірақ буынды домбықтырады, пішінін бұзады, оның бүгіліп-жазылуы нашарлап, адам жақсы жүре алмайтын болады. Осы айтылған жағдай болмасын десеңіз, буын ауруына соқтыратын кеселдерден сақтана білген жөн. Оның үшін жеке. бастың тазалығын сақтап, кезінде алдын ала егу шараларын жүргізіңіз, организмде қабынған ескі процестерді мұқият емдетіңіз. Денедегі қабынған ескі ауру — артриттің көзі. Сондықтан ескі аурудың қозуын күтпей, ауру адамды, әсіресе балаларды әбден емдетіңіз.

Зерттеу міндеттері. Аурудан сақтануда организмнің жақсы шынығуының маңызы зор. Салқын ызғарына үйренген, ылғалға көнбісті организм сыртқы ауаның құбылысына төзімді болатыны әркімге-ақ мәлім. Әрине, ондай адам ыстық суықтан қорықпайды, ауру оны тез жеңе алмайды. Сондықтан денсаулықты күйрететін ауруларға қарсы тұратын адамның сенімді досы бар. Ол — дене шынықтыру. Бұл мақсатқа жеткізетін түрлі су процедуралары, ауа ваннасы, спорттың кейбір түрлерімен туристік жорықтар. Дистрофиялық буын ауруларынан сақтану үшін нерв жүйесі, эндокриндік ішкі секреция бездер жүйесі мен қоректік заттардың дұрыс алмаспауынан болатын ауруларды мезгілінде жете емдеп жазу керек. Буын ауруынан сақтанудың тағы бір жолы — семіз адамның салмағын кемітуге қолданғаң шара. Семірудің басқа зиянын айтпағанда, буынға түскен дене салмағының өзі артриттің пайда болуына жағдай туғызады. Дистрофиялық және подагралық (белоктық зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандауы) артриттен сақтанудың басты бір жолы — тамақ режимін дұрыс сақтау. Еттен, әсіресе бүйректен, мидан, ұннан пісірген жәңе тәтті тағамды аса көп жеу адамды буын ауруына шалдықтырады. Артриттің басты досының бірі — ішкілікке салыну. Буын ауруларына сүттен және өсімдіктен жасалған тағамдардың шипалық әсері болады. Буындар қабынуына бірнеше әдісті біріктіріп қосарлы ем жасайды.

 Зерттеу жұмысының әдістері. Аурудың алғашқы қатаң кезінде дәрі-дәрмек беріледі, халі нашар болған күнде науқасты жатқызып қойып емдейді. Дерттің беті қайтқан соң, сондай-ақ созылмалы буын процестерінде дәріден басқа физиотерапиялық әдістер, сылау (массаж) және емдік гимнастикалар қоса жүргізіледі. Кейде көптеген адамдар емдік гимнастика жасаудан қашады. Бірқатары ауырған буынын қозғағысы келмей, жанаярлыққа салынады. Уродан және басқа түрлі дәрі ішіп емделіп, жазылғысы келеді. Әрине, бұлай ету түсінбегендік. Қозғалтпаса ауырған буын түгіл, сау буын да біраздан кейін бүгілмей сіресіп, қатып қалады немесе зорға бүгілетін болады. Қозғалыссыз денеде, оның буындарында қоректік заттар алмасуы бұзылады, тағам бойға дұрыс тарап-сіңбейді, мұның өзі дене буындарына майдың және минералдық тұздардың шорланып артық жиналуына жағдай туғызады.

Зерттеу қорытындыларының нақтылығы мен негізділігі. Мұндай ауру адамның денсаулығы барған сайын нашарлай түседі, мінез-құлқы бұзылады, көңілсіз жүреді. Сондықтан буындары ұзақ ауырғаи адамға айтар кеңесіміз (әрине, дәрігермен ақылдасып), буынның шамалы ауырғанына қарамастан мін-детті түрде қозғалтып емдетіңіз дейміз. Ол емге мыналар жатады: гимнастика жасау, суда жүзу, қайық есу, жаяу жәке шаңғымен серуендеу, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ревматойдтық артритте ЕДТ-нің теориялық негіздері

 

1.1.  Ревматойдтық артриттің жіктелуі, клиникалық  көріністері  

 

Буын синдромы  сүйек бұлшықет және дәнекер тіні жүйесі ауруларының негізгі көрінісі болып табылады. клиникалық симптамокомплекс, буынның анатомиялық құрылымының әртүрлі этиология аурулар есебінен және тікелей жарақат әсерінен зақымдалуы.

Ревматойдтық артрит – көбінесе шеттік ( синовиялық ) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы. Ревматоидтық артрит көптен белгілі ауру болғанымен оның клиникалық көрінісіне алғаш толық суреттеме берген Гарро ( 1863 ж ). Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді: ген ерекшеліктері.

Клиникалық көрінісінен ревматойдтық артрит екіге бөлінеді.

 Біріншісі – буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездеседі. Оның басты белгісі – буындардың қабынуы мен деформациясы.

Екіншісі – буын – висцеральды түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады.

Буындық белгілер: буында ісіну, ауырсыну, деформациясы, буын шығуы және анкилоздар. Таңертеңгілік құрысулар бір сағаттан артық болуы.

— ауырсыну физикалық күш түскенде, түнде, демалғанда, буын палпациясында;

— құрысу 30мин аспайтын таңертеңгіолік не демалыстан соң пайда болуы;

— қозғалыс шектелуі;

 — байлам бекіген жерде ауырсыну, крепитация;

— буын маңы бұлшықеттер атрофиясы;

— деформациялар (тізелердің варусты деформациясы, «квадратты алақан», Геберден, Бушар түйіндері);

Ревматоидтық артритте ауырсыну түрлері

— «механикалық ауырсыну» – ең жиі кезедседі, күндізгі жүктемеде артып, түнде басылады

— үздіксіз қақсаған түнгі ауырсынулар түннің бірінші бөлігінде мазалайды, сүйек субхондралды бөлігінде венозды стаз, сүйекішілік қысым артуы

— «старттық ауырсыну» – демалған соң 15-20 мин кейін мазалайды

— үздіксіз ауырсыну (бұлшықеттің рефлекторлы спазмы, синовит дамуы)

— старттық не басқа ауырсынулар.

— жүктемеде не тік тұрғанда артуы

— тік тұрғанда ауырсыну синовитте кездеседі

— буын ісінуі сұйық жиналуы не синовий қабаты қалыңдауы

— 30мин кем таңертеңгілік құрысу

— буын белсенді қозғалысында крепитация, сықыр естілуі

— буында активті және пассивті қозғалыстар шектелуі

— буын маңы бұлшықеттер атрофиясы

— соңында қол-аяқ деформациясы дамиды (тізелердің варусты деформациясы, «квадратты алақан», Геберден, Бушар түйіндері)

Буыннан тыс белгілер:

-ревматойдты түйіндер,

-жайылған амиотрофия,

-миопатия,

 -Анемия

-терілік васкулит

-нейропатия

— плеврит

-перикардит

 -жайылған лимфоаденопатия,

 -гепатоспленомегалия

-Гломерулонефрит

-құрғақ синдром

-Рейно синдром

Ревматойдтық артриттің жіктелуі

Функционалды класстар

— І кәсіби және  кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін өзі күту сақталған

— ІІ кәсіби  еңбекке жарамдылық және өзін өзі күту сақталған

— ІІІ кәсіби және  кәсіби емес еңбекке жарамдылық шектелген және өзін өзі күту сақталған

— IV кәсіби және  кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін өзі күтуі шектелген

Ревматойдтық артрит басталған кезінде ең алдымен  өзінің » сүйікті » буындарын зақымдайды: алақан-саусақ, проксимальды флангааралық, кейіндеу – табан-бақай және тілерсек буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән. Жүре бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігінің, дистальды саусақаралық. Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге артриттерден айыруға көмектеседі. Ревматодиты артритпен зақымдалған буын Диагноз осы ауруға тән клиникалық, рентгендік және лабораториялық белгілерге негізделеді.[1, 123 б].

Ең негізгі клиникалық белгілері:

 — алақан саусақтық, проксимальды фалангааралық және табан бақайлық буындардың симетриялы қабынуы

— буындардың таңертенгілік сіресуі,

— жаңа буындардың біртіндеп зақымдануы,

— теріастылық ревматоидтық түйіндер.

 Ерекше клиникалық формалары:

-Фелти синдромы – нейтропения, спленомегалия, гепатомегалия және инфекциялық асқынулардың жоғарғы қаупімен  көрінетін симптамокомплекс

-Ересектердің Стилл ауруы – қайталанатын фебрильді қызба, артритпен, макулопапулезді бөртпемен, жоғарғы лабораториялық  белсенділікпен және серонегативтілікпен көрінетін ауруДиагнозды қоюға диагностикалық критерийлерді пайдаланады.

 

1.2.   Ревматойдтық артриттің емдеу шаралары

Ревматойдтық артрит кезіндегі ем бағдарламасы:

— тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер.

— базистік дәрмектер.

— иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен шаралар.

— жергілікті ем және дәрмектерді буын ішіне енгізу.

— физиотерапия.

— емдік дене шынықтыру, массаж, еңбекпен емдеу. санаторлық

— курорттық ем.

— реабилитация.

— диспансерлеу.

 Буын синдромы басым түрлерінде қабыну процесін тез қайтаратын дәрмекті және «базистік» аталатын дәрмектердің біреуін қолданады. Қабынуды тез қайтарса қабыну ошағынан бөлінетін антигендердің мөлшері азайып, аутоиммундық процестің өрістеуі баяуланады. Осы мақсатта стеройдтық емес қабынуға қарсы дәрмектер ( СҚҚД ) және глюкокортикоидтар қолданады.

СҚҚД – ревматоидтық артриттің еміндегі бірінші қатардағы ем шарасы. Бұлардың қабынуға қарсы әсерінің негізі – қабыну простогландиндердің де синтезін тежеу. Бірақ, сонымен бірге, асқазан кілегей қабығының қорғаныс қасиетін қамтамасыз ететін простогландиндердің де синтезін тежейді.

СҚҚД–ді  ұзақ қолданғанда, гастропротекторлық простогландиндердің азаюынан, гастропатия дамиды.

Ең жиі қолданатындар: напроксен ( 0,75-1 г тәулігіне ), вольтарен, индометацин ( 150 мг тәулігіне) және ибупрофен ( бруфен ) – ( 1,2-1,6 г тәулігіне). Вольтарен синовий қабығы мен сұйықтығында биік концентрацияда жиналады, сондықтан оның артриттегі қабынуға қарсы әсері басқаларынан күштілеу. Осыған байланысты вольтарен ревматоидтық артриттің емінде ең тиімді қабынуға қарсы дәрмек саналады. Ревматоидтық артриттің емінде СҚҚД-дің әсері ұзартылған түрлерін тәулігіне бір рет, буындардың ауыруы мен сіресуінің ырғағына сәйкестеп қолданған жөн. Түнгі мезгілдегі және ертеңгілік сіресу мен ауырсыну аса қатты болғанда дәрмектің екі түрін уақытша қолданып көруге болады: күндіз- қысқа әсерлісін, түнге қарай — ұзақ әсер ететінін. СҚҚД асқазан мен ұлтабардың жарасында, эрозиялық гастритте, бронхтық астмада, геморрагиялық диатездерде, тромбоцитопения болғанда қолданбайды.СҚҚД-ді қолданғанда бұлардың жанама әсерлерін ескеру қажет. Жанама әсерлері: зрозиялық гастрит, асқазан, ұлтабардың жаралары, тері бөртпелері, есекжем, Квинке ісінуі, бронхтық астма, тромбоцитопения. Бұл дәрмектер глюкоза-6-фосфатде-гидрогеназа тапшылығынан болатын гемолиздік анемияда жедел тамыр іші гемолизін және бүйректің жедел шамасыздығын дамытуы мүмкін. Базистік дәрмектер [2, 71 б.].

Базистік дәрмектер ревматоидтық артриттің өрістеуін бөгейді.

Базистік дәрмектердің қатарына жататындар:

— цитостатиктер.

— Д-пеницилламин.

— аминохинолин туындылары.

— сульфаниламидтер.

— циклоспорин және тенидап,

-цитокиндерге және лимфоциттік антигендерге моноклондық антиденелер.

— метациклин.

 Базистік дәрмектер әсерінің жалпы ерекшеліктері:

— баяу, 2-4 айдан кейін емдік әсер етуі.

— кеселдің иммундық, лабораториялық, клиникалық көріністерін едәуір қайтаруы.

— буынның деструкциясын баяулатуы.

— организмде қордалануынан, емді тоқтатқаннан кейін де, әсері бірнеше ай сақталуы.

Базистік дәрмектердің емдік қуаты шамамен теңдес, бірақ кесел өрістей келе олардың әсері біртіндеп төмендейді. Базистік дәрмектер, активті ревматоидтық артрит нақты анықталысымен, уақыт оздырмастан қолданылуы тиіс. Емнің базистік дәрінің организмде жиналып, емдік әсері әбден білінгенше оны СҚҚД–мен немесе глюкокортикоидпен қосып қолданады. Дәрмектің әсер етуі не етпеуі тек 3-4 айдан кейін білінеді. Базистік ем стационарда басталып, одан әрі емханада жалғастырылады. Дәрмек әсер етпесе немесе жақпаса оны басқасына ауыстырады. Базистік дәрмектерден болатын ремиссияның уақытшалығынан, оларды тұрақты қабылдау қажет.

Иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен ем шаралары.

Бұларды шартты түрде екі топқа бөледі:

А. Иммундыдепрессиялық әсері басым дәрмектер мен шаралар:

— антилимфоциттік глобулин.

— кеуделік лимфа түтігінің дренажы.

— лимфоцитоферез.

— лимфа тінін сәулелеу.

Б. Иммундымодуляциялық әсері басым дәрмектер мен шаралар:

— гемосорбция.

— плазмаферез.

— каскадты плазмафильтрация.

— криоферез.

— иммундық стимуляторлар.

— канды тамыр ішінен лазер сәулесімен сәулелеу.

— гипербариялық оксигенация.

Бұл ем әдістерін базистік ем әсер етпегенде қолданады.

Дәрмектерді буын ішіне енгізу және жергілікті ем.

Бұл емнің артықшылығы:

— емнің патологиялық ошаққа тікелей әсер етуі.

— жалпы әсерлі дәрмектерді үнемдеуге мүмкіндік беруі.

— дәрмектер жағымдылығының жақсаруы.

— дәрмектердің жанама және бір бірімен әрекеттесуінен болатын зиянды әсерлерін төмендетуі.

— дәріні буын қуысына енгізу.

Глюкокортикоидтарды буын ішіне енгізу.

Көрсетпелері:

— ревматоидтық артриттің моно -, олигоартриттік түрі. өзге дәрмектерден буындарда оң динамиканың болмауы.

— контрактураның дами бастауы.

-ортопедиялық шаралардан кейін ауырсынуды тез басып, реабилитацияны тездету мақсаты.

 Буынға салу үшін гидрокортизонның суспензиясы, кеналог, дексон, метипред, трикорт, флостерон, дипрофос қолданылады.

 

1.3.   Ревматойдтық артритте қолданылатын ЕДШ

Ревматойдтық артриттің емінде физиотерапияға көп мән берілуі тиіс.

 Ең жиі қолданатын әдістер: парафиннің, бишофиттің аппликациялары, түрлі дәрмектерді буынға фонофорез немесе электрофорез әдісімен енгізу т.б.

Емдік дене шынықтыру және массаж.

Бұл елдің кеселдің өткір белгілері басылғаннан кейін бастайды.

Негізгі мақсаттары:

— зақымданған буын маңындағы бұлшықеттердің қуатын арттыру.

— буын қабының, буын маңы тіндерінің бүрісуіне, тартылуына жол бермеу.

 — жаттығулар көмегімен буындардың деформациясына жол бермеу, шинаны, лонгетаны пайдалануды үйрету.

Бұл емнің басты ережесі – буындарды үнемі қимылдату. Ревматоидтық артритте қимылсыз қалу өліммен теңестіріледі. Сондықтан дене жаттығуларымен бірге күніне 3-4 рет 15-45минут шамасында, әсіресе қол ұшының буындарын қимылдататын жұмыс жасау қажет. Буындардың III дәрежелі функциялық бұзылысында науқасты өзін — өзі күтуге үйрету қажет. Буындардың бүгілген, қисайған күйінде «қатып» қалмауы үшін ортопедиялық ем жүргізеді, мысалы алмалы-салмалы шиналарды, лонгеталарды қолданады. Шиналар немесе лонгеталар түнде және күндіз, жұмыспен айналыспайтын уақытта салынады. Бұл ем үзілмелі иммобилизация аталады. Сонымен бірге, науқастар бас жағы аласа, қатты төсекте жатуы тиіс. Отырып жұмыс жасайтын адамдар жиі — жиі  тұрып, буындарын жазып жүруі керек [3, 10 б.].

Санаторлық  — курорттық ем.

Бұл ем ревматоидтық артриттің буындық түрінде, активтілігі минимальді немесе активті емес кезінде ғана жүргізіледі. Буындары аса қатаң зақымданбаған науқастарды родондық суы бар курорттарға – Арасан Қапалға, Алма – Арасанға, ал пролиферациялық процесі басым, деформация мен контрактуралар қалыптасқан науқастарды балшығы бар курорттарға жолдайды–Жаңақорғанға, » Атырау», » Мойылды » т.б. санаторийлерге. Санаторлық курорттық емді висцерит немесе псевдосептикалық синдром болғанда қолданбайды.

 

1.4   Ревматойдтық артритке арналған ЕДШ кезеңдері

ЕДТ аурудың 1 кезеңінде, яғни ауру сезімі басылып, экссудат әлі тарқалмаған кезде, бұлшық ет атрофиясы мен қозғалыстар шектелген кезде қолданылады.

Бірінші  кезеңдегі ЕДШ міндеттері:

— буындағы қан және лимфа айналымын белсендіру, ұлпалар ісігін қайтару, буындағы экссудатты басу

— бұлшық ет атрофиясы мен буындардардың функционалдық өзгерісінің алдын алу

— ОЖЖ тонусын қалпына келтіру

— зат алмасуын реттеу

ЕГ сабақтарында зақымданған ұлпаларға енжар жаттығулар қолданылады. Ауру буынды белсенді, енжар жаттығуларға дайындау үшін емдік массаждың маңызы зор, ол қан және лимфа айналымын күшейтеді,ұлпалардағы ісікті басады, ауру сезімін төмендетеді.

Екінші кезеңдегі ЕДШ міндеттері:

— қалған экссудаттарды тарқату

— ауырған буынның қимыл-қозғалысын арттыру

— уақытша пайда болған жеткіліксіз, қимыл-әрекеттің орнын толтыру

Бұл кезеңде енжар, енжар-белсенді жаттығулар орындалады.  Жаттығулар қарқыны орташа, қайталануы 12-14 рет, ұзақтығы 35-40 минут.

Үшінші кезеңдегі ЕДШ міндеттері:

— қимыл амплитудасын қалыпты жағдайға келтіру

— зақымданған аймақтағы бұлшық ет белсенділігін арттыру

— тұрмыстық және еңбек процесіне буындарды дайындау

 

Сурет -1. Зақымдалынатын буындар

 

Сурет – 2. Ревматойдтық артрит көріністері

 

 

 

 

 

  1. Зерттеуді ұйымдастыру және зерттеу әдісі

2.1 Зерттеу әдісі

Зерттеудің алдына қойған міндеттерін шешуде төмендегідей әдістер қолданылады:

Физикалық тексеру. 

Пациентті жатқызып және тік тұрғызып қарау, анықтау қажет:

— буын контуры ісінуі және біркелкілігі

— буыніші сұйық болуы

— дефигурация мен деформация

— бұлшықет атрофиясы

— байлам аппараты тұрақсыздығы

— патологиялық қалпы мен қол-аяқ қысқаруы  

Пальпацияда анықталады:

— буын және периартикулярлық тіндер ауыруы

— буында крепитация не сықыр болуы

— буында бос сұйық болуы

— гипертрофияланған синовий қабаты

— байлам және бұлшықет жағдайы  

— буын функциясын анықтау – буынның активті және пассивті қозғалыстар көлемін зерттеу.

Лабораторлық зерттеулер (мақсаты).

— дифференциалды диагностика (ҚЖА-де қабыну болуы, РФ, несеп қышқылы концентрациясы)

— ем алдында ( ҚЖА, ЗЖА, креатинин, трансаминазалар) дәріге қарсы көрсеткіш болмауын қадағалау үшін

— синовий сұықтығында ОА кезінде қабынусыз (тұнық, қою, цитоз 5000 куб. мм, лейкоцит концентрациясы 2000 кл.куб.мм).

Буын жағдайын бағалау әдістері

— буын шеміршегі: УДЗ; рентгенография;  компьютерлік томография; МРТ0; биопсия;

 — шеміршек асты сүйек, шеттік өсінділер: Симметриялық буындар рентгенографиясы;

Сүйек сапасы: Денситометрия (СМТ анықтау);

-Бұлшықет пен байламдар: УДЗ;

-Сүйек және шеміршек заталмасуы: ҚБХА, синовий қабаты анализі

-Ревматоидтық артриттің рентгенологиялық симптомдары: буын қуысы тарылуы (< 3 мм – айқын тарылу) субхондралдық остеосклероз остеофитоз ( гонартроз — шеттік остеофиттер) кистозды қайта құрылу (субхондралды кисталар)

Ревматоидтық артриттің  рентгенологиялық кезеңдері

0 кезең — Рентгенологиялық өзгеріс жоқ

1 кезең күдікті өзгерістер — аздап буын тарылуы, остеофитткр дамуы

2 кезең Минималді өзгерістер — аздап буын қуысы тарылуы — кішкентай остеофиттер

3 кезең шамалы өзгерістер: шамалы буын тарылуы, көптеген остеофиттер, аздаған субхондралды остеосклероз, буын беті деформациясы;

4 кезең. Айқын өзгерістер: айқын буын тарылуы көп ірі остеофиттер, айқын субхондралды остеосклероз, сүйек эпифизі деформациясы.

Аспаптық зерттеу әдістері:

Жаңа әдістер: УДЗ, остеосцинтиграфия, КТ, МРТ, артроскопия

Дифференциалды диагностикада буын компоненттерінің зақымдалу сипатын зеттеу үшін жүргізіледі .Ең анық және сезімтелтал әдістер: артроскопия және жоғары сапалы МРТ.

 

2.2  Ревматойдтық артритте тізе буыны зақымданғандағы зерттеу әдісі

Тізе буынның  ревматоидтық артритін анықтауға қазіргі кезде әр түрлі инструментальды зерттеулерді қолданады: рентгенография ,артроскопия, ультрасонография,компьютерлік томография, сцинтиграфия. Оңтүстік өңірде соңғы жылдары жаңа заманауи медициналық құралдардың пайда болуының есебінен,  алғашқы белгілерін анықтаудың  мүмкіншіліктері артып отыр.

Ревматоидтық артриттің рентгенологиялық сатыларын анықтауға Келлгрен  мен Н.С.Косинскийдің  классификациясын қолданады, берілген классификация буынаралық саңылаудың тарылуына, субхондралды остеосклерозға және сүйек  басының  шетіндегі өсінділер  симптомдарының  қандай дәрежеде көрсетілгенін бағалауға негізделген және ол төрт сатыдан тұрады.Тізе буынының зерттеудегі рентгенография ауруының горизантальды жағдайдағы проекциясынан басқа, ауруды вертикальды жағдайда зерттеу методикасы бар. В.А.Попованың (1986)тұжырымы бойынша аурудың горизантальды жағдайдағы проекциясынан тізе буынындағы рентгенологиялық өзгерістер толық мәлімет бермейді,вертикальды бір буынға салмақ салған проекциясында рентгенологиялық өзгерістер шынайы байқалады . Messich (1990) тұжырымы бойынша тізе буынының   ревматоидтық артритін анықтаудағы ең жақсы жағдайы, тізе буынының вертикальды проекцияда  28° бүгуі болып табылады [4, 340 б.].

Биомеханикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша,  сан сүйек айдаршығының артқы гиалинді шеміршектің алғашқы зақымдануы тізе буынының вертикальды проекцияда  28° бүккенде жақсы байқалады. Тізе буынындағы алғашқы өзгерістерді байқауға рентгенологиялық буынаралық саңылаудың тарылуы (РБСТ) патологиясы кезінде  рентгенологиялық буынаралық алаңының латералды және медиалды бөлімі деген түсінік енгізілді. РБСТ жоғарғы және төменгі шекарасын анықтауға буын беттерінің контурының гиалинді шеміршекпен қапталған анатомиялық бөлігі алынды.

Буын шеміршектерінің көлемінің кішірейуі сонымен қатар рбст  ревматоидтық артриттің  патологиялық белгілері болып табылмайды,  мұндай өзгерістер ревматоидті артриттерде, инфекцияда т.б.ауруларда кездеседі. РБСТ  диагностикалық ревматоидтық артриттің     негізгі белгісі болып табылатын  деректер,қосымша остеофиттер, шеміршек склерозы, субхондралды киста симптомдары . Остеофиттер ревматоидтық артрит  кезінде рентгенограммада алғашқы белгілердің бірі болып жақсы анықталады. Остеофиттер патологиялық процесстен басқа сүйектің физиологиялық қартайудың    белгісі, әсіресе 50-жастан кейін сүйекте остеофиттер көбейеді. Диагностикалық  маңыздылығы тек шеткі сүйек остеофиттері, үлкен жіліншіктің сүйегінің айдаршық аралық аймақтың пролиферациясымен, жуандауы диагностикалық маңызы төмен, өйткені 50-жастан кейін бұл құбылыс жиі кездеседі, клиникалық белгілер бермейді.

Ревматоидтық артриттің  рентгенологиялық классификация Келлгрен бойынша:

I стадиясы   сүйек структурасының кисталық өзгерістері, сызықты остеосклероз шеміршек асты бөлімінде, сүйек шетіндегі кіші остеофиттердің пайда болуы.

II стадиясы – I стадиядағы патологиялық белгілерден басқа, үдемелі остеосклероз және буынаралық саңылаудың тарылуы.

III стадиясы – үдемелі шеміршек асты остеосклероз және буынаралық саңылаудың тарылуының күшейуі, сүйек шетіндегі үлкен остеофиттердің пайда болуы.

IV стадиясы- сүйек шетіндегі үлкен массивті остеофиттер, буын аралық саңылаудың тарылуы күшейіп, байқалуы қиындайды, буын құрайтын сүйек эпифизінде деформация пайда болады. [4, 55 б.].

ТМД елдерінде Н.С. Косинскаяның  гонартроз кезінде рентгенологиялық классификациясы жиі қолданылады.

I стадиясында – сүйек шетіндегі  остеофиттердің, буынаралық саңылаудың аздап тарылуы   байқалады.

II стадиясында – буынаралық саңылаудың  тарылуы күшейеді, шеміршек асты остеосклероз.

III стадиясында – буынаралық саңылаудың тарылуының күшейуі, сүйек структурасының кисталық өзгерістері, буын беттерінің жұқаруы.

Көрсетілген жұмыстың материалдары 98 пациентті зерттеулерінің қор ытындысы, соның ішінде 80-і гоноартозбен, 18-і бақылаудағы топ. Жалпы клиникалық зерттеулерге пациенттің шағымдары, анамнез, зертханалық көрсеткіштер  және рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысы   алынды. Тізе буынының зерттеу дәстүрлі рентгенография арқылы жүргізілді.

ДОА диагностикасы шеміршек асты остеосклероз және буынаралық саңылаудың тарылуымен оның дәрежесіне, сүиек шетіндегі остеофиттердің пайда болуы, буын құрайтын сүйек эпифизінде деформация негізделді. ДОА сатыларын J. Kellgren классификациясын пайдаландық. Дәстүрлі рентгенографияның көрсеткіштері бойынша ДОА тұрақты рентгенологиялық белгілердің бірі тізе буынының рентгенологиялық буынаралық саңылау мен биіктігінің төмендеуі(100% ДОА барлық сатысында) байқалады. Келесі рентгенологиялық симптомдардың бірі шеміршек асты остеосклероз(72%  1 стадиясында және 100%  қалған стадияларында).

Сүйек шетіндегі  остеофиттер(61% 1 стадиясында және 100%  қалған стадияларында). Зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйене отырып ДОА рентгенологиялық алғашқы белгілері болып рентгенологиялық буынаралық саңылаудың таралуы мен биіктігінің төмендеуі  және бұл рентгенологиялық симптом рентгенографияны дұрыс жасаған кезде байқалады. Тізе буынның функционалды рентгенографиясы ауруды тік тұрған жағдайда алдынан тік проекциясында зерттеуге алынған буынға салмақ салу арқылы жүргізіледі. Бірінші рентген түсірілімі тізе буынның тік ұстаған жағдайда, екінші түсірілім тізе буынның 30° градусқа игенде  түсірілді. Рентгенограмманың планиметриясы түзелді және ол келесі алгоритмде жүргізілді:сүйек элементтерінің контуры, буынаралық саңылаудың  құрылымы, рентгенограммадан қағаз бетіне түсіріліп сканер арқылы рет-ретімен  компьютерге енгізілді. Белгілі алгоритмді қолдану арқылы  буынаралық саңылаудың аумағының ара-қашықтығын анықтаймыз.Тізе буындағы медиалды және латералды алаңдағы қарым-қатынастары буынаралық саңылаудың обьективті шынайы көрсеткішті көрсетеді, рентгенограммадағы гиалинді шеміршектің өзгерістерін көрсетеді. ДОА стадиялары латериалды және медиалды  рентгенологиялық буынаралық саңылау алаңындағы қарама-қарсы қатынастарда 30° тізе буынын бүкенде байқалады. Қалыпты жағдайда 0,05±0,007, 1 стадияда- 0,13±0,006,2стадияда- 0,18±0,011,3 стадияда-0,18±0,011. Қалыпты жағдаймен 1 стадия арасындағы көрсеткіш (Р<0,001),1, 2 стадия арасындағы нақты алшақтық (Р<0,05),2,3стадия арасында алшақтық (Р<0,001).  Көрсетілген мәліметтер тізе буынның рентгенопланиметриясы функциональды рентгенографияда ДОА обьективті шынайы өзгерістерін көрсетеді. Функциональды рентгенография  тізе буынға жүктеме тәсілі 10 пациентке, дәстүрлі рентгенографияда байқалмайтын патологиялық өзгерістері анықталды, рентгенолгиялық буынаралық саңылаудың тарылуының алғашқы белгілері анықталды. 6 пациентке ДОА ауыр дәрежесі табылды. Қорыта келе 14 пациенттің диагнозы өзгеріске ұшырады. [6, 11 б.].

 

2.3 Зерттеуді ұйымдастыру

Көрсетілген жұмыстың материалдары 98 пациентті зерттеулерінің қор ытындысы, соның ішінде 80-і гоноартозбен, 18-і бақылаудағы топ. Жалпы клиникалық зерттеулерге пациенттің шағымдары, анамнез, зертханалық көрсеткіштер  және рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысы   алынды. Тізе буынының зерттеу дәстүрлі рентгенография арқылы жүргізілді. ДОА диагностикасы шеміршек асты остеосклероз және буынаралық саңылаудың тарылуымен оның дәрежесіне, сүиек шетіндегі остеофиттердің пайда болуы, буын құрайтын сүйек эпифизінде деформация негізделді.

  1. Ревматойдтық артритті ЕДШ- мен кешенді емдеу

 

3.1 Ревматойдтық артритке арналған жаттығулар кешені

Саусақ буындары зақымданғанда қолданылатын ЕДШ: Әр жаттығуды (тұрып не үстелде отырып) 10-20 рет жасаңыз және әрдайым мөлшерін арттырып отырыңыз. Әр жаттығудан кейін буындарыңыз бен саусақтарыңызды босаңсытып, сілкіңіз. Жаттығуларды жасап біткеннен кейін саусақтарыңызды ұшынан бастап білезігіңізге дейін уқалап, массаж жасаңыз  [7, 64 б.].

 

Саусақтарыңызды жұдырыққа бүгіп, қолыңыздың буынымен оңға қарай, кейін солға қарай айналма қозғалыс жасаңыз. Әр бағытқа 10-20 реттен.

 

Қол буынын астыға-үстіге бүгіңіз.

 

Бір дегенде – бар күшіңізбен саусақтарыңызды жұдырыққа түйіңіз, екі дегенде – жан-жаққа тарбитыңыз.

 

Саусақтарыңызды жазып, бас бармағыңызбен алдымен оңға қарай, кейін солға қарай айналма қозғалыстар жасаңыз.

 

Саусақтарыңызды жайыңыз. Саусақтарыңыздың бастапқы екі бөлігін алма-кезек бүгіп, жайыңыз.

 

Шынашақтан бастап, әрбір саусағыңызды кезекпен жұдырыққа бүгіңіз. Кейін бас бармақтан бастап, сол жаттығуды қайталаңыз.

 

Жұдырығыңызды түйіңіз. Әр саусағыңызды бүгіп, ашыңыз. Басқа саусақтарыңыз жұдырыққа түюлі болғанын қадағалаңыз.

 

Қолыңызды үстелдің үстіне қойыңыз да әр саусағыңызды кезекпен көтеріңіз. Бір саусақты көтергенде, басқа саусақтарыңыз қозғалыссыз жатуын қадағалаңыз.

 

Бас бармағыңыз білекке жеткенше буыныңызды бүгіңіз. Оң және сол қолмен алма-кезек жасаңыз.

 

Қол буындарыңыздың саусақтарын алақандарыңыз жанаспайтындай етіп бір-біріне қысып ұстаңыз. Саусақтарыңыз бір-бірінен алшақтап кетпейтіндей серіппе қимылдар жасаңыз.

 

Оң қолыңызбен сол қолыңыздың саусақтарын ұстап, ақырындап тартыңыз. Басқа қолыңызбен қайталаңыз.

 

Сурет -3. Ревматойдтық артритке арналған жаттығулар

Сурет -4. Тізе буыны зақымданғанда қолданылатын ЕДТ

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Дерттің беті қайтқан соң, сондай-ақ созылмалы буын процестерінде дәріден басқа физиотерапиялық әдістер, сылау (массаж) және емдік гимнастикалар қоса жүргізіледі. Кейде көптеген адамдар емдік гимнастика жасаудан қашады. Бірқатары ауырған буынын қозғағысы келмей, жанаярлыққа салынады. Уродан және басқа түрлі дәрі ішіп емделіп, жазылғысы келеді. Әрине, бұлай ету түсінбегендік. Қозғалтпаса ауырған буын түгіл, сау буын да біраздан кейін бүгілмей сіресіп, қатып қалады немесе зорға бүгілетін болады.

Қозғалыссыз денеде, оның буындарында қоректік заттар алмасуы бұзылады, тағам бойға дұрыс тарап-сіңбейді, мұның өзі дене буындарына майдың және минералдық тұздардың шорланып артық жиналуына жағдай туғызады. Мұндай ауру адамның денсаулығы барған сайын нашарлай түседі, мінез-құлқы бұзылады, көңілсіз жүреді. Сондықтан буындары ұзақ ауырғаи адамға айтар кеңесіміз (әрине, дәрігермен ақылдасып), буынның шамалы ауырғанына қарамастан мін-детті түрде қозғалтып емдетіңіз дейміз. Ол емге мыналар жатады: гимнастика жасау, суда жүзу, қайық есу, жаяу жәке шаңғымен серуендеу, т.б. Тізе буынның  ревматоидтық артритін анықтауға қазіргі кезде әр түрлі инструментальды зерттеулерді қолданады: рентгенография ,артроскопия, ультрасонография,компьютерлік томография, сцинтиграфия.

Оңтүстік өңірде соңғы жылдары жаңа заманауи медициналық құралдардың пайда болуының есебінен,  алғашқы белгілерін анықтаудың  мүмкіншіліктері артып отыр . Ревматоидтық артриттің рентгенологиялық сатыларын анықтауға Келлгрен  мен Н.С.Косинскийдің  классификациясын қолданады, берілген классификация буынаралық саңылаудың тарылуына, субхондралды остеосклерозға және сүйек  басының  шетіндегі өсінділер  симптомдарының  қандай дәрежеде көрсетілгенін бағалауға негізделген және ол төрт сатыдан тұрады.

Тізе буынының зерттеудегі рентгенография ауруының горизантальды жағдайдағы проекциясынан басқа, ауруды вертикальды жағдайда зерттеу методикасы бар. В.А.Попованың (1986)тұжырымы бойынша аурудың горизантальды жағдайдағы проекциясынан тізе буынындағы рентгенологиялық өзгерістер толық мәлімет бермейді,вертикальды бір буынға салмақ салған проекциясында рентгенологиялық өзгерістер шынайы байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Е.С.Товстуха Фитотерапия. — Киев «Здоров’я» 1990 г.
  2. В. Петкова Современная фитотерапия.- София «Медицина и физкультура» —

1988г.

  1. А.И. Воробьев Справочник практического врача. — Москва «Баян» 1992г.

Издание четвертое переработанное.

  1. А.И. Воробьев Справочник практического врача. — Москва «Медицина» 1982г.

Издание второе стереотипное.

Внутренние болезни / Под. ред. проф. Г. И. Бурчинского.

5  Косинская Н.С., Рохлин Д.Г. Рабочая классификация и общая характеристика поражений костно-суставного аппарата. — Л.: Медгиз, 1961.

6   Попов В.А. // Клинико-рентгенологическая диагностика деформирующего артроза коленного сустава. — М.: 1986. — С. 4—15.

7      Messich S.S., Fowler P.J., Munno T. // J. Bone Joint. Surg. — 1990. — V.72. – N4. — P. 639—640.