АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы

Реферат

 

 

Жұмыстың тақырыбы: Роза Мұқанованың шығармашылық  лабораториясы.

 

Жұмыстың  көлемі: 

 

Жұмыстың  негізгі мақсаты:  Р.Мұқанованың шығармашылық лабораториясына ене отырып, оның дүниетанымын, шығармашылық процесін,  жазу  кезеңін,  әңгімелеріндегі  кейіпкерлерінің  прототипі мен  образдарын талдау, идеялық астарларын ашу.

 

Жұмыстың құрылымы:  Кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Жұмыстың мазмұны: 

Кіріспе бөлімінде әдебиет пен жазушы туралы айтылып, қаламгердің қазақ әдебиетінде алатын орны баяндалды.

Негізгі бөлімінің I- тарауында  Р. Мұқанованың шығармашылығын, дүниетанымын, шығармашылық процесін, шығармаларына шолу жасай отырып, ондағы өмір шындығының көркем туындыға айналуын сөз етіледі.

II-тарауда қаламгердің шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірдегі прототипін мен олардың  ерекшеліктерін аша отырып, өмірдегі адамның образға айналуын көрсетілді.

 

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек  сөздер: жазушы, дүниетаным, шығармашылық шеберхана, прототип, әдеби бейне, қазақ прозасы, ұлттық характер, өмір шындығы, ұлттық сана т.б.

 

Мазмұны

 

 

 

 

 

Кіріспе:          Әдебиет және жазушы

 

I-тарау:    Шығармашылық әлем сырлары

 

1.1.  Жазушы дүниетанымы

1.2. Шығармашылық процесс

1.3. Жазу кезең

 

II-тарау:   Адам жаны-жұмбақ арал

 

2.1.   Образдар жүйесі

  • Прототип мәселесі

 

 

Қорытынды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Әдебиет және жазушы

 

       Кез-келген адамзаттың өмірінде терең әрі көлемді  орын алатын  мәдениет — өнер мәдениеті. Фидияның мүсіні, Рафаэльдің суреті, Шекспирдің трагедиясы, Бетховеннің  симфониясы, Пушкиннің лирикасы, Әуезовтің роман — эссесі, Қастеевтің суреті, Абайдың лирикасы  ғасыр бойы өмір сүріп келеді әлі де сүрмек. Бұл әлемдік өнердің біртумалары адамзат мәдениетіне қаншама үлкен әсер еткенін өлшеу қиын.

       Адамның игерген осындай көптеген өнерінің ішінде айрықша орын алатыны, ол — сөз өнері. Қазақтың академигі З. Қабдоловша айтсақ, “Әдебиет су да емес, от та емес. Әдебиет— өнер. Әдебиет— сөз өнері. Өнердің көп салаларының  ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет.” /1.9./

       Әдебиет — кез-келген өнер сияқты өзінің алдында шындықтың шығармашылық тұрғыда басқаша өзгеруі.. Шындығында болған нәрсе өз бетінше өнерді құра алмайды. Орыстың жазушысы М. Горький бұл тұрғыда “Ақиқат — ол әлі шындық емес, ол тек өнердің нағыз шындығын  құрастырып, жапыстыратын шикізат қана. Тауықты қауырсынымен қуыруға болмайды. Бізде кездейсоқтық  пен жеңіл-желпі мардымсызды араластырып шындықты таба алмайды. Ақиқаттың жеңіл-желпі мардымсыз қауырсынын жұлып, ақиқаттан  мән-мағына жасап шығару керек.” /2.11/   Ал, Гончаровтың айтуынша “өнер шығармасындағы  өмірден алынған оқиға ақиқаттың шындығын жоғалтып алады да, көркем шындық бола алмайды. Суреткер табиғат пен өмірден тікелей алып жазбайды, шындыққа ұқсас қылып жазады. Сол үшін көркем шығармашылықта “жалаңаш” шындықты таппай , соған ұқсастықты табуымыз жөн /2.11/  Әдеби шығарма — өмір шындығынан туады. Өмір шындығынан өнер туындысын, көркем әдебиет үлгісін жасау — инемен құдық қазғандай қиын, тіпті азапты еңбек./3.3/

       Әдеби шығарма әдебиетпен келеді. Ал, “әдебиет —ықшамдалған әлем” (Салтыков-Шедрин), бұл әлемге бәрі сияды, өмірдегі құбылыс та, адам тағдыры да. Ал, әдеби шығарма — сол нұрлы дүниенің сырлы бөлігі.. Ол — өмірдің өзі секілді күрделі, бұралаңы көп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық.. Әдебиет оқушыны аспандағы қиялмен өмір сүргізбей, тіршілікпен  бетпе-бет келтіртіп, қоян-қолтық араластырып өмір сүруге үйретуші.

     “Әдебиет — үлкен процесс. Жазушының өзі қоян-қолтық араласып, бетпе-бет келіп жүрген жайларын көркемдік қазынаға салып, нәр-сөлі, тұз-дәмі татып шыққан рухани азыққа айналдыру оңай шаруа емес. Сезіну, түйсіну, іздену, тер төгу , т.б. толып жатқан процесстің өзі де шынайы талант күшінсіз бейшара күйде қалары мәлім.”/4.89/

        Қазақ әдебиеті.. “Осы сөзді ауызға алғанда ең алдымен көз алдымызға үркердей бөлек топ жұлдаздары елестейді. Алдында Абай, жанында Жамбыл бар, сахарадағы салқар көшбастаушылардай  соңында ілескен  сарабдал  сарбаздары бар, киелі Әуезов елестейді.” /5.94./  Елес қана емес, нақтылы көрінісіне ішің жылыйды, көңіл түндігі желпілдеп, жүректі мақтаныш пен қуаныш сезімі керіп кетеді.

       Әдеби туынды — адам еңбегінің  нәтижесі, автор  санасы мен танымының, ойы мен қиялының, айналаға, қоршаған ортаға көзқарасының, қарым-қатынасының жемісі. Яғни, әдеби шығарманы жазушы  ол- жазушы. Әдебиетке әрбір қаламгер әртүрлі көркемдік мұраттармен келеді. Олардың ішінде күн-түн қатып, қан мен жанды қинап туар көркем шығармашылықты мәңгілік өмірге ұштасуын ойламайтын, армандамайтын кемде-кем./5.14/  

        Көркем шығарма оқып отырып оның авторына деген қызушылық пайда болады.

       Менің сүйіп оқитын жазушым, ол есімі әдебиет сүйер қауымға өте таныс  жазушы-драматург —  Роза Мұқанова.           

Роза Мұқанова.  Көрнекті жазушы.  Адам психологі.

Осы үш тіркес бір-бірімен үйлесіп жатқандай.

Біріншісіне келсем, Роза Мұқанованың есімі кез-келген оқырманды елең еткізбей қоймайды. Егер адамның тағы бір қырын көргіңіз келсе, ең алдымен Роза Мұқанованың шығармаларын тауып оқыған жөн.

Екіншісіне келсем, көрнекті жазушы дегенім жазуды өнерім деп түсінген, жазушылықты кие санаған (ақша табудың жолы деп емес) жазушылардың бірі Роза Мұқанованың көркем туындылары проза әлемінде айрықша орын  алады. Бір “Мәңгілік бала бейнесінің” өзі қаншама оқырманды таң қалдыртпады.

Үшіншісіне келсем, Роза Мұқанова адам жанына терең бойлап, қатпар-қатпарын аралап небір құпияларды тауып, соны   түсіне біледі. Адам жаны әртүрлі, тағдыры да әртүрлі. Бүкіл әңгімелерінде адам өмірі арпалыс үстінде, жан тебіренісінде, күйзеліс шайқасында жүреді. Ешқандай кейіпкер жан азабынан құтылып рахат өмір кеше алмайды.

 Роза Мұқанованың ойынша, “әдебиет — мұхит. Тереңдеген сайын қауіп-қатері де күшті. Деміңнің шамаңның жете алған жерін ғана меңгересің, түбіне бойлай алмаған жұмбағың қаншама. Көркем дүние жасау үшін ұйқысыз таңдар атыратын интеллектінің қауқары керек. Жүректен шығатын тіл, сезім мен қиялдың ақыл, ойға қозғау салар жүйріктігі қажет”/6./

Р.Мұқанованың шығармаларындағы басты ерекшелік — ол кейіпкерлерінің жан дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуға ден қоюында және сол алған бетінен қайтпай келе жатуында. “Адам жанынан жұмбақ, адам жанынан  түпсіз не бар? Әр адам жаны  — ашылмаған бір-бір жұмбақ аралы. Өзгені қойып адам өмір бойы өз-өзін зерттеп бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс-бұлтарыстарына құлыптаулы жатқан құпияларына кез келесіз”. /7./ Роза да әр әңгімесінде кейіпкерлерінің мінез-құлқын бұрын кездестірмеген бөлекше әдет, бөтен мінез көре білді, соны оқырманға да кестелі тілмен жеткізе білді. “Розаның ет қызумен қолына қалам ұстап, сонсоң сол қарқынмен, әйтеуір жазып, жарияланып жүре беретін бірталай қатарластарынан тағы бір айырмашылығы — ол әдебиетке іштей мол дайындықпен, дүние танымдық тәжірибемен келген” /8./ Оның ішкі қуаты мол шығармаларында бірден көзге ұрмайтын, көңілмен ғана сезілетін философиялық мұң, трагедиялық  дүниетаным бар.

Жазушының жанына үңілу үшін, оның шығармашылық лабораториясын зерттеу қажет. Ең алдымен шығармашылық лабораторияға тоқталсақ, шығармашылық лаборатория — ол кең ұғым. Ол көркем шығармаға табылған тақырып пен жазылып аяқталған шығарманы оқырманың қабылдауына дейінгі аралықты қамтиды.

Фортунатовтың өз тілімен айтсақ, “творческая лаборатория писателя — понятие, сохраняющее известную долю метафоричности, хотя содержание его совершенно ясно для вас. В таких случаях речь идет не о конечном результате писательской работы, а процесс его достижения” /9.3./  

Жазушы лабораториясын зерттеу- күрделі процесс. Күрделі болатыны – көркем шығарманың тақырып райында ойға оралуынан материал жиналып, жазылып аяқталуы, оқырмандық аяда қабылдануына дейін болжам жасап, байлам айтасың.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау.   Шығармашылық әлем сырлары

 

1.1.  Жазушы дүниетанымы.

 

Тікелей жазушы лабораториясына үңілу, шығармашылық процессті түрлі аспектіде зерттеу – ғылымның саласына айналғаны көп болғаны жоқ.. Жазушы лабораториясын неден бастау зерттеу керек? деген сауалға, мен қаламгердің дүниетанымынан бастау жөн деп жауап берер едім. Өйткені, қандайда бір шығарма – жазушы дүниетанымының жемісі. Жазушы дүниетанымындағы қайшылықтар көбіне оның қоғамға қатынасынан туындап жатады. Белгілі эстет М. Бахтиннің  “Автор — өз қоғамы, өз заманының тұтқыны. Оны бұл тұтқыннан келер дәуірлер құтқарады. Әдебиеттану жазушыны дәуір тұтқынынан шығуына жәрдем  етуге міндетті” деген сөзі бар /10. 541./

Ал Белинскийдің айтуынша “ақын – ең алдымен ол адам, содан соң өз елінің азаматы, өз уақытының перзенті, халық рухы мен уақыты басқалардан гөрі оған аз әсер етпейді. Сондай-ақ, ақын  адам  санасының аумағында аса маңызды қызмет атқаратын әдебиет қайраткері”.

Жазушының дүниетанымын қарастырғанда жазушының балалық, жастық шағы, жеке өмірі, білім алған ортасы, дос-жолдастары, қоғамдық істері туралы деректерді білу қажет.

Роза Қажығалымқызы Мұқанова 1964 жылы қазан айының 14–ші күні Семей облысы, Үржар ауданы, Аксакова селосында дүниеге келді. Балғын балауса балалық шағы бақытты өтті. Үлкендердің әңгімелерін құпия-сырларын білгенді ұнататын. “Еңлік-Кебектегі” Кебек пен Еңлікті түсінбеген Кеңгірбаймен Есенді сондай жек көретін. М..Әуезов жазған Еңліктің монологтарын жатқа айтып үй артында тығылып, жылап отыратын. Роза Мұқанованың сұлулықты, тазалықты, табиғилықты пір тұтуы оның әдебиетке келуіне әсер еткен болар. Ақжүніс, Тоғжан, Еңлік образдары оны әдебиетке  әкеліп, жазушылық әлеміне жол ашты. Бала кезінде әдеби кейіпкерлерге еліктеп өсті.. Өсе келе кейіпкерлерді сомдайтын жазушы-ақын, актерлер болатынын ұқты. Жазушыны ең құдіретті күш деп танып, жазушы болғысы келді. Кәсіби жазушы болуды армандады. Сондықтан болар 1976 жылы,  яғни 6-шы сыныбында “Менің үкім” атты жазған төл шығармасын “Қазақстан пионері” газетіне жариялайды.  1981 жылы Үржар аудандық Абай атындағы орта мектебін бітіріп, осы жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түседі. Осы кезде оқумен қатар Алматыдағы  № 126 –шы балабақшада жұмыс істеп, 1983 жылы ҚазМУ-дың ішкі бөліміне ауысып, 1987 жылы оны тәмамдады. Студент кезінде алғашқы әңгімелері жарық көре бастады. 1984 жылы болашақ жазушының “Менің үкім” атты алғашқы тырнақ алды туындысы жарық көреді. 1987 жылдың қазан айында Қазақтың Мемлекеттік Орталық, Архивінде әдебиет- өнер бөлімінде қызмет атқарды. Осы жылы “Жалын” журналында “Жарық сәуле” атты әңгімесі жарық көріп, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты болады. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының жанынан құрылған “Әлем” альманағына аға редакторлық қызмет атқарды. Осы жылдары “Шықпайтын есік”, “Құдірет – кие”, “Тіршілік үшін жанталас” атты әңгімелері оқырман қауымына ұсынылды. Газет, журнал беттерінде көптеген шығармалары басылып дүниеге келіп жатты. 1990 жылы “Мәңгілік бала бейне”, “Мұң” деген әңгімелері әдебиет сүйер оқырманның қолына түседі. 1991 жылы “Дүние — кезек”, “Соқыр көзден шықан жас”, “Қаралы төбе” шығармалары Мұқанованың әдеби қорын кеңейтеді.. “Монастырь” 1992 жылы жазылса, 1993 жылы “Сормаңдай”, “Шерменде”, “Күнә” туындылары жарық көрді. 1994 жылы Роза Мұқанованың  “Жарық дүние” атты тұңғыш  әңгімелер кітабы бысылып шығады. Осы жылы “Композитор” атты әңгімесі шықса, 1997 жылы “Патша қатын У” әңгімесі мен “Дүние – кезек” атты екінші әңгімелер жинағы шығып, оқырманды қуантты. 2000 жылы “Сен”, “Тұл”,  2003 жылы “Тұтқын” әңгімелері дүние есігін ашады.  

Шығармашылық лаборатория құпиясын ашуда кілт боларлық тағы бір кез — жазушының ағымдағы баспасөз тілшілерімен сұхбаты, сын мақалалары. Роза Мұқанова  тек әңгіме жазумен шұғылданбай, мақалаларды да газет бетіне жариялап жүрді. 1994 жылы Ілияс Жансүгіров күнделігі жайлы “Жан қайығын жанға ұрдым”, Абайдың даналығы туралы “Мендей ғаріп қу болса” атты мақалалары, 1996 жылы өзінің сүйіп оқитын жазушысы Тәкен Әлімқұлов жайлы  “Тәкен тағлымы”атты мақаласы, қазақтың М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында қойылған “Кебенек  киген арулар” атты сын мақаласы, 1998 жылы  “Абылай хан” атты мақаласы, 1999 жылы қазақ әдебиетінің жағдайы туралы “Әдебиет жынысқа бөлінбейді” атты мақаласы, 2001 жылы “Жастардың шығармашылығымен мақтанғым келеді” атты мақаласы,  сүйікті жары Әкім Тарази туралы “Тек Таразидің құттықтағанын қалаймын” деген мақақаласы, 2003 жылы “Ұлттық сана уланып жатыр” атты мақаласын оқырмандарына ұсынды.

Жазушының қоғамдық келбеті  ол — жазушының білімі өмірлік тәжірибесі. Жазушының дүниетанымында жазушының адамзатқа, қоғамға, тарихы өткен уақыт пен осы заманғы уақытқа деген көзқарасын көре аламыз. Жазушының дүниетанымы — ол тек оның неге сенетіндігі емес, оның суреткер ретінде шындықты қабылдауы және оның өз шығармасында көрсете білуінде.

Жазушының саяхаты. Жазушы тек өз жерінен басқа жерді шарласа, шетелге кетсе, бір сөзбен айтқанда көп саяхат жасаса көп нәрсе көріп, дүниетанымы кеңейеді. Роза Мұқанованың жасаған  саяхаты оның шығармаларына арқау болды. Әсіресе таулы аймақтарда, көне жерлерде саяхат жасауды ұнатады. Табиғаттың сұлу әлемі — жазушы әлеміне әсер етпей қоймайды.

Фольклор мен көркем әдебиет. Сәтті шығарма жазу үшін жазушыға тек білім қажет емес, жазушыға халық ауыз әдебиетін де жақсы білуі қажет. Халық ауыз әдебиеті кез-келген жазушыны елеңдетпей қоймайды, сондай-ақ ол неғұрлым халық ауыз әдебиетке жақын болса, оның болмысында түсінеді. Горькийше айтсақ, фольклор білімін игермеген жазушы – нашар жазушы. Халық шығармашылығында шексіз байлық тұнып жатыр, адал ниетті жазушы осының бәрін игеру қажет. Роза Мұқанованың барлық шығармалары ауыз әдебиетінен бастау алған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Шығармашылық процесс

 

Жазушы лабораториясы — шығармалар тарихы. Белгілі бір қаламгердің шығармасының тарихын қарастыру — тақырыптан басталуы заңды. Өйткені, тақырып — шығарманың алтын қазығы. Тақырып — жазушының бүкіл тақырыбы. О. Бальзак шығармалары шоғырып “адам комедиясы” атау, М. Шолохов туындылары тұтастырып “Адам тағдыры” деп бағалау тақырыптың — жазушы тағдыры екенін пайымдайды.

Кейде түсінгін келетін шығарманы қанша оқысаң да шытырман ойдың шыңырауына батырып, суреткердің соқпағы еңсеңді езіп, ақыры мынау дүние қашан бітер екен дегенге саясың. Ал, Роза Мұқанованы оқып отырып, адам жанына терең үңілесің. Әңгімені басынан оқи отырып, аяғы немен аяқталуын жори да алмайсын. Одан әрі ынтыға оқи бересің. Мұқанованың кез-келген әңгімесін оқып, ешқашан жадырап күле алмайсың, өйткені әрбір әңгімесі мұң мен шер, жалғыздық, жетімдік, өкініш пен үміт, сағыныш пен жеккөрушілік толып жатыр. Осы адамның небір күйлері адам тағдырына байланысты. Осыдан барып Роза Мұқанованың бүкіл шығармаларын топтастыра келіп, тақырыбын “Адам тағдыры” немесе “Жан азабы” деуге болатын сияқты.

Осыған орай, өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары — өз шығармасының тақырыбы екенін түсінесің.

Тақырып — шығармашылық әрекеттің басы. Жазылмақ шығарманың кіндік мәселесі, демі, түйіні — тақырып. Тақырып жоспарға да қатысты. Тақырып идеяға тартылған жол. Ал тақырып табу — бір күннің не бірер әрекетің шаруасы емес, жазушының бүкіл қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, шығармашылық процесстің барлық кезеңдерінде бірдей ортақ жұмыс. Егер шығармашылық процесстің үш түрлі (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады. /1. 159./

Үлкен мағынадағы тақырып — ой түрткіден басталады. Ойтүрткі

К. Паустовский өзінің “Алтын раушан” повесінде жарқ ете түскен найзағайдың жарқылына балайды. Ал Л..Н..Толстой “ойтүрткіні — шығарманың сиясы” деп бағалайды.

Ойтүрткі  жазушыға ойламаған жерде келеді.. Роза Мұқанованың “Күнә” (1993 ж.) атты әңгімесінін ойтүрткісі ойламаған жерде келген. Жазушы бір күні нағашы апасының үйіне келіп, қонақ болады. Жазушы мен нағашы апасы бір бөлмеде жатады. Таң атқанша апасы күрсініп, дөңбекшіп шығады. Сонда жазушы неге күрсінетінін апасынан сұрағанда, ол таңды жек көретінін айтыпты. Сұрастыра келе, апасы осыдан елу жылдан бері сақтаған  күнәсін ашыпты. Ол күнәсі жастық шағындағы жаңа туған сәбиді амалсыздан ел-жұрт білмесін деп өлтіруі. Осы бір сюжет алдына келгенде, жазушыға үлкен идея келеді. Бұл идеясын ойға асыру үшін жазушының үлкен еңбегі керек. Көп кешікпей дүниеге “Күнә” шығармасы келеді.

Енді ойтүрткі жазушының бүкіл санасынан өтіп болған соң, жазушы материал жинауға кіріседі.

Материал жинамас бұрын идеяға келсек. Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді, ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеясы жататыны сөзсіз. Себебі  “Әдебиетші — таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының көңіл-күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырыда, суреттейді” (М. Горький)./11.53/

“Жазушы өз шығармашылдығымен өмірге үн қосады, үн қосқанда өз табының мақсат-мүддесіне сай үн қосады. Көркем әдебиеттің жұрт үшін әншейін көңіл көтеру, бой сергіту, рахаттану құралы емес, адам тіршілігінің заңды жағдайларының бірі ” (Л. Толстой) болатын себебі де осында жатыр. Міне, осылайша, өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының шығармасының идеясы тумақ.. Бұған мысал ретінде, Роза Мұқанованың жоғарыда аталған әңгімесінің идеясына келсек, нағашы апаның өз дүниетанымы, өмірде алатын орнын қарастырамыз. Нағашы апасы — қандай адам деген сұрақ туады. Әрине осыдан елу жыл бұрын уақытта, ол уыздай жас қыз. Біреудің отауына жас келін болып түседі. Ақылды. Өз жарына адал жан. Бірақ жаңадан туылған нәрестені өлтіруге оны не итермеледі? Одан басқа амал жоқ па еді? Адам өлтіруге қоғам кінәлі ма әлде өзі ма? Міне, идея осылай туады. Идеясыз шығарма болмайды және болуы мүмкін емес. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып , тақырыпсыз идея болу мүмкін емес. Дүниетанымы бір, әлеуметтік көзқарастары ортақ бірнеше суреткер бір тақырпқа жаза қалса, әрине, олар да идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы қажет, әрқайсысы өзінше тың, нұсқалы идея туғызуға тиіс.      Мәселен, С.Мұқановтың “Ботагөзі”, Есенжановтың “Ақ  Жайығы”, Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тері” — бір тақырыпқа — тарихи- революциялық тақырыпқа  жазылған романдар. Яғни, тақырыбы бір болғанымен әр суреткер әр түрлі идеяда жазады. Мысалы, ұлы жорықшы Шыңғысхан туралы көптеген шығармалар дүниеге келген. Шыңғысханға әлемнің түрлі тілдеріндегі көлемді әдебиеттер де арналғаны бәрімізге белгілі. 1922 жылы  Б. Я. Владимирцов  “Чингиз хан”, 1973 жылы Е. М. Кчанов “Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир” атты туындылар осыған куә.

Бір Ілияс Есенберлиннің Шыңғысхан туралы тарихи тақырыптағы туындыларына не жетсін! 1982 жылы І. Есенберлин Шыңғысхан мен оның ұрпақтары және XIII ғасырдың 75-80 жылдар аралығындағы Алтын Орданың хандығының құрылуы жайлы “Алтын Орда”  атты тарихи трилогиясы, 2002 жылы өзі құрастырған  “Шыңғысхан  — әлем сілкіндіруші деген туындысын дүниеге әкелді. Әрине бұл шығарма тарихқа сүйеніп жазылғандықтан, мұнда ұлы ханның өмірі, жорықтары, елге істеген жақсылықтары баян етіледі. Шыңғысхан туралы тақырыпта  Р. Мұқанова да 1989 жылы “Құдірет-кие” атты дүниесін өмірге алып келеді. Тақырып бір болғанымен, идеясы мен сюжеті басқаша. Әңгімеде Өлең шешей және оның ұлдары Шыңғыс пен Хасардың бір-бірімен жауласуы, Өлең шешейдің зары туралы сөз етіледі.

Тағы бір тарихи тақырыпта 1997 жылы жазылған “Патша қатын У” атты әңгімесінің тақырыбы Таң патшалығы кезінде, яғни көшпенді түріктердің қытай империясы мен жауласу кезеңі, Қапаған ханның билеген уақыты туралы болса, идеясы қытайдың қуыршақ У атты әйел патшасының жан дүниесі, көшпенді түріктерде қалып қойған ащы кегі, өмірге деген өшпенділігі суреттеледі.

Р.Мұқанованың тарихи тақырыпта 1993 жылы жазылған келесі бір “Шерменде” атты әңгімесі бар. Сонау 1930 – 1933 жылдар аралығында ауылшаруашылығын ұйымдастырудың кесірінен болған ашаршылықтың зардабынан Қырғызстан, Батыс Сібір, Қарақалпақстан, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия, Иран, Қытай асып кеткен қазақ бауырларымыз, кейін келе туған мекеніне қайта оралғаны баршамызға мәлім. Р. Мұқанованың “Шерменде” әңгімесі осы тақырыпта жазылған. Ал, идеясы, қытайдан көшкен қазақтардың кейбіреулерін қазақ жерінде жүрген азаматтары оларды қашқындар деп қайта қытай еліне қайтарып жіберу жайында. Осы үш шығарманың бәріде тарихқа сүйеніп жазылған. Тарихтан көркем шығарма тудырылған.

Ендігі кезек Р. Мұқанованың әйел тақырыбына жазылған бірнеше әңгімелері бар: “Жұмбақ сезім”, “Жан азабы”, “Кешір мені”, “Қаралы төбе”, “Мәңгілік бала бейне”, “Монастырь”, “Соқыр көзден шыққан жас”, “Күнә”, “Сормаңдай”, “Сен”, “Тұтқын”. Бұл әңгімелердің идеясы да, кейіпкерлерінің тағдырлары да әртүрлі. Барлығы да өмірдің алуан түрлі соқпағына кезігіп, жан азабымен арпалысып жатады. Ешқайсысыда өзін бақыттымын деп сезіне алмайды.

 Жазушылық процесстің тағы бір кезеңі ол — материал жинау.   Жазушы өз шығармасымен жұмыс жасап отырғанда ең алдымен ақиқат пен шындық арасын арашалап алуы тиіс. Өйткені өмірдегі шындық материал жинау кезінде керек болады.

Кез – келген ғимарат керекті материалсыз тұрғызыла алмайды, сол сияқты көркем шығармада жазушы өмірлік материалды жинамаса, оны қолданбаса көркем дүние тумайды.

Шындығында, “жазушының өмір материалдарынан өнер туындысын жасау процесінің басты, сатыларын, қиын, нәзік иірілімдерін, көпшілікке беймәлім қырларын анықтауға талпынып, оның қайсы бір жайларының мәнісін ұққан сайын, шығармашылық өнердің шын сырларының құпия, жұмбақ сипаты айқындалып, арта түседі.” /10.13/

Қазақтың атақты классик жазушысы С. Мұқанов өзінің әйгілі “Мөлдір махаббат” (“Адасқандар”) романын жазар алдында мынандай материалдар жинаған: 

  1. “Оқиғаға тікелей қатысы бар адамдармен жеке-жеке сөйлесу. Мысалы: Абақтыда жатқан сұлтанбек Әбеуовпен (Бүркіт) сөйлесу, қара жамылған Бәтима Мақашқызымен ( Бәтес) сөйлесу.
  2. Сұлтанбек Әбеуовтің жеке заттары: күнделік дәптер, хаттар, өлеңдер
  3. Ағымды баспасөз материалдары.
  4. Архив.”/12.75/

Міне осындай 1928 жылы апрель айында болған оқиға желісімен өмірлік материалдарды жинап, саралап, көркемдеп, 1931 жылы қазақ даласына “Адасқандар” келеді. Материалды өмірден алу дегеннің өзі оңай шаруа емес. Оған да  көре беретін көз, шындықты жалғандықтан айыра  алатын зерде қажет.

Тарихи тақырыпта жазылатын шығармаға материал жинау да қиын іс. Тарихи шығарма жазар алдында жазушы ең алдымен:

  • ойтүрткіге жүгінеді;
  • жазушы басқалар білмейтінді көбірек білу керек;
  • оқиғаның  болған уақыты мен  жерін білу қажет;
  • кейіпкердің өмірін жетік білу қажет;
  • архив беттерін саралау керек.

 Осыдан кейін барып жазушы өз қиялына қанат бітіріп, өмірден көркем шығарма тудырады.

Роза Мұқанова “Құдірет-кие” атты тарихи әңгімесін жазар алдында, Шыңғысханның өмірбаянына, жорықтары, қоршаған орта мен адамдар, мінез-құлқы, жайлы материалды том-том болып жариялаған тарихи деректер, энциклопедиялар мен аңыздарға көз жүгіртті.. “Шыңғысхан ( шын аты – Темүжін) 1162 жылы, кейбір деректер бойынша 1155 жылы дүниеге келген. Өзі де, анасы  Өлең де, інісі Хасар да тарихта болған адамдар. Шыңғысханмен інісі Хасардың жауласуы туралы да деректер бар. Олар тек бір-бірімен емес, тоқалдан туған қандас бауырлары Бектер мен Белгітай мен тату-тәтті болмаған екен. Деректерге сүйенсек, жазушының алып отырған кезеңі шамамен 1209 – 1210 жылдар болуы мүмкін.” /13.4/.

Р. Мұқанова осы деректерді ала отырып, Шыңғысхан мен інісі Хасар арасындағы жайласуды “Құдірет-кие” әңгімеснде арқау етеді. Р. Мұқанова “Шерменде” әңгімесін жазар алдында мынадай оқиға болған: Қытайдан көшіп келген қазақтардан қалып қойған Зухар деген ер адам  Қытайдан қазақ жеріне қашып келеді. Оны бір қазақ ұстап алып екі көйлектік мата мен үш тас шайға бола Зухарды қайта Қытайға қайтарып жіберген екен. Бұл оқиға кейін газет бетіне жарияланған, бір-екі адамнан естігеннен соң, көз алдына жаңа сюжет келгендігінен оны көркем шығарма етіп жазады. Бірақ бұл шығарма ешқендай материал жинамаған. Автордың айтуынша, бұл шығармада тек тұлғаға ғана сүйеніп жазған. Қазіргі тақырыпта жазған кезде де Павленко айтқандай жазушы жазғанынан да көп білуі керек.

Жазушы жазар алдында өз кейіпкерінің егжей-тегжейіне дейін біліп, оқиғаны өрбітіп,  уақыт пен болған жер туралы мәлімет білу керек.  Кейде жазушы өзінің кейіпкері жайлы газет-журналдардан оқи алады. Кейіпкерінің күнделіктерін, хаттарын пайдалануға болады.

Роза Мұқанованың келесі “Дүние кезек” (1991 ж.) және “Мұқағали” (2004ж.) атты әңгімелерінің кейіпкерлері- орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин мен қазақтың ұлы ақыны М. Мақатаев.  Жазушы бұл жерде А. С. Пушкиннің және М. Мақатаевтың лирикаларын, өмірбаяндарын, қоғамдық істерін, жеке өмірін,  хаттары мен күнделіктерін қарастыра отырып, архивтерге үңілген.    1991 жылы “Жалын” баспасынан Шолпан Мұқағалиқызы ұсынған М.ақатаевтың “күнделігі” жарыққа шықты. “Мұқағали” әңгімесіне керекті деректерді осы күнделіктен алған. Онда  ақынның әдебиетке, оның ішіндегі поэзияға деген махаббатын, адамдарға, өмірге деген наразылығын оқуға болады.

Жазушы Роза Мұқанованың есімі 1990 жылы жазған “Мәңгілік бала бейне” атты әңгімесімен әйгілі болды. Бұл әңгіме өмірдің желісінен алынған, адамзатты қасіретке ұшыратқан тажал Семей атом полигоны және оның қасіретін шеккен адамдар жайлы.  Жазушы семейде тұратын  мүгедек Еңлік деген қыз туралы естійді. Өмірлік материал семей атом полигоны мен Еңлікке сүйене отырып  адам жанын елжірететін “мәңгілік бала бейнесі” дүниеге келеді.

“Сормандай” (1993) атты хикаят әңгіме жазу үшін автор  Ілияс Жансүгіровтің  күнделігін оқыған. Бұл әңгімедегі Мұстафа — Ілияс, Бану — Ілиястың әйелі Фатима, Болатхан — Фатиманың бұрынғы күйеуі— Біләл Сүлеев болатын.  Ілиястың күнделегін оқысан болды, Роза Мұқанованың “Сормандай” әңгімесімен үндес, саралас екенін түсінесін. Өмірлік материал —  шикізат. Ол әлі тұтас шындық емес, нағыз өмір шындығын  содан құйып шығаруда. Жазушы зерттеген оқиға, құбылыс әбден жіктеліп, сұрыпталып қаламгер жанына мейлінше етене сіңісіп кетпейінше ол шығарма болып лықылдап құйылуы қиын. Жазушы көзбен көрген, естіген оқиға, құбылысты ойша талдап қиалдай қорытады. Ойға қорытқанын әдемі туынды етіп оқырманға ұсынады.

Шығармашылық процесстің  тағы бір кезеңі ол — жоспарлау. Көптеген жазушылар шығарманың жосапрын құруға көп уақыты мен күшін кетіреді.  Мысалы: “Фадеев  “Последнй из удэге”  романын жазар алдында жоспар құрған. Оның ойынша егер шығармаға жоспар құрмаса,  роман мәнсіз де болуы да ықтимал. Ал, Достаевский “Идиот” романын жазар алдында да, осы шығармаға байланысты жоспарын үш айы бойы құрастырған. Ал, М. Горький ешқашан өз шығармасына жоспар құрмайды екен. “Жоспар шығармашылық процесс кезінде өзінен өзі құрылады /  2 . 2 9/

Талантты Роза Мұқанова да ешқашан өз шығармасына жоспар құрмайды екен. Оның айтуынша жоспар  шығармашылық процесспен біртіндеп туады. Өйткені құрылған жоспар ойтүрткімен дамып, ойтүрткімен өзгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.  Жазу кезеңі

 

Жазушының ойтүрткі, идея, өмірлік материал, сюжетпен жұмыс істеуін сипаттап алып, енді жазушының жазу кезеңіне көшуге болады.

 Кез-келген жазушының тек  өзіне тән  шығармашылық әдеттері мен дағдылары бар емес пе? Кейбір жазушылар үлкен қаладан аулақ шулы емес жерлерде жазғанды ұнатады, мысалы: А.С Пушкин өзінің деревниясынан басқа жерді ұнатпайды екен. “ Таза ауа, жап-жасыл, тыныштық  Пушкиннің жанына рахат, санасына небір сұлу лирикаларды алып келеді екен.”/2.504/

Ал, бұған керісінше Диккенс басқалар сияқты емес, Лондон көшелерінің шуын ұнатады екен. Көшедегі шу мен адам бейнелері Диккенс көңіліне жұмыс жасап отырғанда көп әсерін тигізеді екен. Сол сияқты Гоголь да  деревнияның тыныштығын сүймеді екен.   Л .Толстойдың айтуынша “ой жүрген қауымда пайда болып, оңашада қорытылып,  дүниеге асуы керек” екен. 

Үлкен бе, кіші ме, әрбір жазушының өзіндік шығармашылық құпиясы, мінезі, әдеттері бар емес пе?  Соған лайық оның қызғанышы да болады. ”Адамзат комедиясын” ойша жоспарлап кілтін тапқан  О. Бальзактың данышпандыққа бастайтын төте жолды таптым деп жаһанға жар салуынан, әр шығармасын он, он екі  рет көшірген  Л. Толстой  төзімділігіне, әйтпесе оқушының жазушы чирновигінде шаруасы қанша, біткен бітімді шығарманы  оқысса жетпей ме деп қолжазбасын жыртып тастайтын Ғ.Мүсірепов мінезіне дейінгі аралықта қаншама жазушылық тағдыр жатыр десеңші! “ Роман жазуға үш рет бел шешіп отырып, үшеуінде  де жаза алмай, роман менің қолым емес деп тастап кететін  А. П, Чехов,  операция үстінде тәнімді тіліп, етімді кесіп жатқан болатты сезінерлік  балама сөз іздеп жаттым дейтін И.С. Тургенев мінезі, әйтпесе өзінің бар қолжазбасын   сақтауы өз алдына — өзіне  жолдаған  бірде-бір  үлкенді-кішілі жазбаны  қағыс қалдырмай жинайтын С. Мұқанов дағдысы да өзінше қызық қайталанбас тағылым ғой.”/12. 30/ Шығармашылық кілтін табу, жазу үстіндгі жазушы қиналысы бәрі-бәрі әдебиетші үшін қызық.. Ал жазушы үшін азапқа, әрі ләззәтқа толы ол сәттердің қайсысы да талғам. Әр шығарманың дүниеге келуі — қайталанбас тағдыр.

Р. Мұқанованың да өзіне тән әсіресе әйел затына тән мінез-құлқы, әдеті бар. Кез-келген әйелге тән қасиет ол — бастаған ісіне тиянақты, орта жолда тастап кетпей аяғына дейін жеткізу. Әйел сонымен қатар еңбекқор болып келеді. Бір істі бітіре сала, келесі іске тез көшеді.

Р.Мұқанованың бойында осындай қасиет бар. Ойына бір сюжет келсе, оны жүзеге асырмай  қоймай тынышталмайды.  Бірақ жазар алдында үлкен дайындықпен келеді. Бар ойын қорытып, жинаған материалын дұрыс пайдалана отырып, қиялына да ерік береді. Өйткені “жазушы жинаған материалдарының көлемінен аса алмай қолында барымен ғана қанағаттанса, одан ойдағыдай шығарма тумайды. Көркем әдебиетше  қорыта білмеген  материал  көркем шығарма емес.”/14.154/ Сондықтан  Р. Мұқанова  белгілі бір керекті материалды меңгеріп алғаннан соң, шикілігі жоқ –ау дегенде өз қиялына ерік беріп шарықтайды.

Табиғат сүйгіш Р.Мұқанова  тау-таста, табиғаттың аясында жүргенді ұнатады. әрине бұл жазушыға тән қасиет. Таулы жер, көне жер жазушыны ойландырып, сол ойларын өз шығармаларына арқау етеді. Ал жұмыс жазып отырғанда тыныштықты сүйеді.  Әсіресе түн ішінде қиял мен қаламға ерік беріп, жазушы әлеміне ұшып кетеді. Шығарманы тек үйінен басқа  жерде жаза алмайды, адасып отырғандай берекесі кетеді. “Өз үйім — өлең төсегім” деген осы емес пе?

 Жазушы өмірдегі тосын оқиға болсын, құбылыс болсын оның шығармаларына әсер етпей қоймайды. Р. Мұқанова “Тұтқын” әңгімесін жазу барысында  Әумәсірдің  әйел деген атаулыны жек көргізіп келді.  Бірақ жазушының анасы қайтыс болып, ол бұл райынан қайтады. Оқиға күтпеген жерде басқаша аяқталады. Басқаша жүйемен кетеді.

Жазу процесінде  өмір шындығы көркемдік шындық  дәрежесіне көтеру үшін  пайдаланған  материал көзі қайда?  Әрине  бұл жерде ең басты мәселе — суреткердің ойы,  қаламгершілік   байқампаз көзі, дарына, табиғатына байланысты. Бар көрген-білгенін өмір құбылысына  құл болып қалмай, оны көтере типтендіріп, толтыра таразылап өнерлік құбылысқа айналдыратын суреткерлік болмыс емес пе?

Улы суреткер Ф. М. Достаевскийдің “ И запомните мои совет: никогда  невыдумайте ни фабулы, ни интриг. Берите то, что дает сама жизнь. Жизнь куда богаче всех наших выдумак! Никакие воображение придумает вам того, что дает иногда самая обыкновенная заурядная жизнь, уважайте  жизнь.”/2. 367/ деп айтуы тегін емес.

 

Міне, бірінші тарауда жазушының әдебиетке қалай, қашан, не себепті келгенін біліп, оның дүниетанымы мен шығармашылық процесінің егжей-тегжейін ашып, жазу процесі қалай өтетініне көз жеткіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ІІ-тарау. Прототип.

 

        Көркем шығармасы қызықтырған жазушы атаулыға оқырман тарапынан ұдайы қойылар бір сауал бар. Ол кейіпкерлерінің өмірде болған, әйтпесе, ойдан шығарылған жөніндегі сұрақ. Көркем шығарма шынайы өмірге айналып кете ме, әлде көркем шығарма өмірдің көшірмесі деп ойлайтын оқырман аңғалдығы ма, әйтеуір елеулі шығарма жазған қандай да бір қаламгерге осы бір сұраққа жауап беруге тура келеді. Мұндай сұрақтарды М. А. Шолохов, Ш.Т. Айтматовқа да сан рет қойған оқырмандар. Ал, әдебиетші қауым бұл орайда, жазушыға қояр сауалын  “кейіпкеріңіздің прототипі кім”- деген ыңғайда жұптайды. Прототип хақындағы оқырманның осындай сұрағына Ш.Айтматов: “Меня часто спрашивают, кто послужил прототипами Джамили и Данияра. Трудно ответить на такой вопрос. Это живые, реальные люди, с которыми я жил и работал в колхозе, и для меня они существуют в самой жизни, я сталкиваюсь с ними каждый день,”-()жауап беріпті.

         Ал, М. Шолохов болса, “Лепить характеры-не значить делать слепки с    людей,   существовавших в действительности. Все образы в моих романах собирательные, но есть в них черты людей, с которыми я жил, обшался, разговаривал или просто наблюдал за ними со стороны,”()- деген зерттеуші В. Гурамен әңгімесінде.

         Әдебиетші В. Шкловский: “Увлечение поисками прототипов методологически непрвильно и часто не стольно проясняет, сколько запутывает вопрос о творческой истории произведения”()

        Қандай да бір жазушы кейіпкері түптұлғасының ақи-тақи анықтала бермейтінінің де сыры бар. Ал, бұл мәселені  жазушы шеберлігіне қатысты қарамасаң қаламгерді да арзандатып, өзің де **технизмге түсіп кетуің әбден мүмкін.

        Әдебиетші айтқандай, белгілі бір шығарма кейіпкерінің түптұлғасын іздеу, табу, зерттеу қажетсіз деген ойдан аулақ болғанымыз жөн. Негізінен алғанда, бұл жазушы шеберлігіне басьтайтын басты мәселенің бірі. Кейіпкер түптұлғасы хақындағы  әңгіме әрі нақты, әрі терең. Сол себепті де, кейіпкер мен оның өмірдегі түптұлғасын іздестіру, іздеу қажет-ақ.

         Біз қаламгер шығармаларындағы  кейіпкерлердің түптұлғасы деген мәселені жазушының өмір шындығын көркем дүниеге айналдыру шеберлігі, характер жасау ұсталығы сияқты мәселермен ұштастыра, сабақтастыра, әрі соларды терең зерделеу үшін алып отырмыз. Осы орайда Академик Зәки Ахметов:

         “Образ жасауда прототиптің жекелеген белгілері  мен іс-әрекетін творчестволық тұрғыдан пайдалануды, мәселенің сыртқы сипаты ғана болғандықтан, әсірелей беруге болмайды. Өйткені, ақиқат өмірден алынған көптеген кейіпкерлердің творчестволық тұрғыдан қорытылып кететіні соншалық, ол шын мәніндегі ойдан шығарылған образға айналады,”-() деген пікіріне ден қойған дұрыс.

          Роза Мұқанованың өмірлік шындықты жинақтап типтендіруі хақында әңгіме прототип мәселесінен бастау аларын ұмытпаған жөн. Белгілі бір жазушының шығармашылық шеберханасын зерттеуші кім-кімнің де негізгі әңгімені көркем образдың алғашқы табан тірері мен тиянағы болып табылады. Ал, Түптұлға дегеніміз не?

            Әдебиеттану терминдер сөздігінен бастап, сөздік атаулы бұл мәселеге тоқталмай өтпейді. Бәрінің анықтамасы бір арнаға саяды. Ол көркем образға  таяныш болған өмірдегі бір тірек-түптұлға. Алайда, түптұлға жөніндегі әңгімеде айтыс туындайтын сәттер бар. Ол суреткер көркем образ жасауда  түптұлғаны көшірді ме, әлде, көркейтіп бейнеледі ме ?  деген сауалға академик З.Қабдоловтың сөзімен жауап беруге болар еді.

         “Ойдан шығару- образға барар жол.”

         Әрі қысқа, әрі нұсқа. Демек,  ойдан шығару жоқ жерде –көркем образ да жоқ. Бәлкім, осы тұрғыдан алғанда, зерттеуші А.П. Чудаковтың “Проблема в другом. Какие черты прототипа берет писатель? Какие момент прототипической  ситуации? Что из деталей предметного ареала? И какким особенностям его поэтики этот выбор отвечает,”()-деп жазушының түптұлға бойындағы қандай қасиетті алғанын анықтау талабын қоюы орынды. Өйткені, бұл сұрауларға жауап беру –суреткерліккөзді, қаламгерлік шеберлікті талап   етеді және соларды айқындаудың кілті болып табылады.

         Академик З. Қабдолов: “Әр жазушының творчестволық лабораториясын зерттеген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау, яки, әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті көбіне  әр типке прототип табудан басталғанын байқар  еді.”()

         “Проблема образа герое и его прототипа, проблема портрета, как  мы видим,- категория историческая, связанная с ними тенденциями развитие культурыи человеческой индивидуальностии,”()- деп жазады осы проблеманың арнайы зерттеушісі М.И. Андроннова.

          Роза Мұқанованың түптұлға таңдау, оны көркем образға айналдыру тәжірибесіне ден қойсақ, нендей жайлардың куәсі боламыз деген сұрақ төңірегінде біраз толғанып көрелік.

         Біздің байқауымызша, алдымен, түптұлға- Роза Мұқанова үшін материал жинаудың көзі.  Образды бейнелеуде де жазушы көбіне өмірдегі нысанасынан алшақтап кетпейді.

        “Ақын образ арқылы ойлайды, ол шындықты дәлелдемейді, көрсетеді,”()-деп   ұлы  сыншы  В. Г. Белинский  айтқан екен.

    “Жарық  дүние”  атты  әңгімесіндегі  Сағит  Сабырұлы  шешесіне айтқан мына  сөздерге  назар  аударыңызшы:  “Сіз  жазыласыз. Мен  кеше  дәрігермен  сөйлестім.   “Сіз  жазыласыз. Мен  кеше  дәрігермен  сөйлестім.  Бірақ  уақыт қана  еш  нәрсені  ойломай,  уайымдамай  денсаулығыңызды  қалпына   келтіріңіз.  Сосын  тағы да  біраз  қан  қояды.  Әлі-ақ  жеңілденіп,  тұрып  кетесіз,  апа”.  Сағит шешесін  жазылып  кетесің  деп  алдап  отыр.  Шешесі  ешқашан  жазылмайды.  Оның   жарық  дүниесі, күндері  санаулы  қалды.  Бұл  жерде   Сағит  шешесін  алдады    кінәлаймын  ба?  Жоқ, ол  амалсыздан  апасының  көңілін  аулау  үшін   үміттеніп  айтып  отыр  емес пе?  Қазақтың  “Жылы  сөз  жарым  ырысы”  деген  сөзі  асыған  дәлел  екен.  Яғни,  Сағит ашқандайда  өтірікші емес.   “Апа,  сенің  өнің бұрынғыдан  жақсарып  келеді.  Енді  қан  кетпесе  жүруге  де  жарап  қаласың”.  Мұнда  Сағит  апасын  жұбата  отырып,  өзін-өзі  де  іштей  алдап,  үмітті  етеді.  Солсәт  өз сөзіне  сеніп   көңілі  өсіп  қалады.  Сағит  сенгіш  әрі  ақкөңіл  жан.  Ішкідүниесі  нәзік  адам.  “Апыр-ау,  сонда  қалай?  Шешем  байғұс  тағы да “ұлым,    қан  құйғыз”  дегенде    мен не айтар екенмін. Дәрігер  енді   сірә  да  қан  құймас”.  Сағиттың  жүрегі  лүпілдеп,  тағы бір  қатер   күткендей  қорқып тұр.  Маңдайынан  шыққан тер,  бүкіл дүниесіне  жайылып,  Сағиттың  жотасы  су болып  кетті.  Қорқақ.  Бұл  әңгімеде  өмірмен  арпалысқан  Сағиттың   апасының  образы  жақсы  сандалған.  “Құлыным аман болшы”  деп  апа байғұс  мына  өмірде  баласын  жалғыз    тастап  кетіп  бара  жатқанына  жаны  қиналып,  азаптанды.   Тағы бір  осыдан  өмірдің  қадірі  туралы  “Жан азабы”  атты  шығармасындағы   Дариға да   өлім мен  өмірдің  арасында   азап  шегеді.  Аурухананың  ат  шаптырды  ұзаннан-ұзақ  созылған   дәлізінен  босағаны  жағалап,  аңырап  жылжып   келе жатқан  әйел  бейнесі  үрей  туғызады.  Әйнек  есіктің  ар  жағында  тұрған  көңіл  сұраушы жекжаттар  жаққа  өз  аяғымен  жүріп  келгенді  жөн  көрді.  Жүдеу  тартқан  олардың  кейпіне  өз  күші  мен  барып,  бір сәт  қуаныш  үміт  сыйлағысы  келді.  Жаны  қиналып  тұрса да, аурумен   күресіп  іштей  арпалысып келеді.  “Сен  жеңілесің. Мен  жеңемін.  Жендет.  Әлсіретпе,  жібер.  Тым   болмағанда өз  аяғыммен  бір барып,  көрінейін  оларға”.  Не деген   қайратты  әйел! Өзін  сендіргісі   кеді ме,  әлде  туыстар   алаң  болмасын  деп  соларды  аяды ма,  әйтеуір  бала-шаға,  туып  үшін  өзі-өзі  қинай  орнынан  тұрып,  оларға көрінуге  келеді. “Таң ба, түн бе?  Мені  әкетіңдерші.  Бүгіннен бастап,  мен мына  емханада  жатпай-ақ  қояйыншы.  Жалықтым,  жанымды, менің   шыбын  жанымды  емхананың  түні мен таңы  қысқартып  бара,  жатқандай”. Дариға   үйіне  жеткенше  асықты.   Не  деген  шыдамсыздық!    Бірақ оны да  түсінуге   болады.  Оның кеудесін  аналық  сағынашы  кернеп келеді.     Әр баласының   қылығын  есіне  алып,  үйіріне  қосылуға  соншалық  құмартты  емес пе?    Не  деген  елжіреген  ана  жүрегі!  “Айдын,  кергі  жоқ.  Мен сенен  қалмаймын.  Үйге қайтайыншы.  Менің  тіпті,  жәй  емделуге  де  қалғым  келмейді.  Жаңа  өзім  солай  шештім.  Қажеті  жоқ.  Бала-шағаның  көз  жасына  тірі  қалармын.  Үйге қайтайықшы”.  Бұл  сөзді  Дариға  бәрі-бір  ауруды  жеңе  алмай  өлетінін  сезіп  айтты.  Сезімшіл.  Өлетінін  қайдан  білген?  Мүмкін,  ана  жүрегі  сезген  болар.  Ана –  не деген  жұмбақ  арал   десеңші!  “Құдай-ау,  ес білмейтін  кенжемнің  де  маған  бола  қабырғасы   қайысып,  қасірет  шеккенін  көргім  келіппе еді?  Менің  науқасым  осыған дейін  салмақ салғаны ма?”   Мына  дүние  не  деген  шексіз  қатыгез еді?  Мына  сөздер мен-ақ  Дариғаның  образы  ашылып  тұр  ғой.  Дариға —  өзі  үшін,  бала-шаға,    күйеуі үшін  өмір мен  өлімнің   арасындағы  арпаласына  түскен   аянышты  ауру  әйел.  Әңгіме  де  Дариғаның  күйеуі Айдынның да    образы  айқын  көрінеді. “Неге  ренжимін?  Мынандай  жағдайда  жүрген   саған ренжіп,  мұсылман  болмай  кетті ғой  деймісің?”   Нағыз  мұсылман  адам екен.  “Жоқ, жоқ  айтқан  өтінішіңді  қолымнан  келгенше  жасар ақ  едім.  Тек,  тірі  жүрсең екен ”.   Нағыз  жан  ашыр,  нағыз  әйелін  сүйген  нәзік  жан.  “Неге  ренжіп  барасың?  Мен сені  бәрібір  жақсы  көремін,  Дариға.  Сенімен  жүруге  намыстансам …  ол не  дегенің?” Адамды  шын  сүйетін,  шын  құрметтеп,  шын  сыйлайтын адам.  Егер Айдын  орнына  басқа  адам  болса,  Айдынның  жүрегіндей  нәзік   болмаса  ол адам  ауру  әйелін  тастап  кетер ме еді?   Яғни,  адамның  көңілі  үшін  өмір  сүрген  дұрыс сияқты.

Тіршілік.  Арпалысқан  адуынды  өмір,  қысқа  уақыт.  Таң.  Түс. Кеш. Бірін-бірі  қайталаған  осы  ағайынды  үшеу   адамның  ғұмырын  жалмап  алып,  күннен-күнге   қысқартып  алып  бара  жатқанын   сезе  тұра,  біле  тұра,  білмеген  күй  кешеміз.

Тіршілік.  Өмір  сүруге  соншалық құмартасың,  соншалық  сүйенесің. Тіпті  оның  уақытша  арқалатқан  сәбиді  сәтті,  сәтсіз  жүгінің  өзі  саған  бір де  қуаныш,  бірде  жұбаныш  әкелсе де  бәрі бір   қымбат.   Өмір  сүрген  ешқашан  да  безгім  келмейді.  Солай  болса  керек.  Жан біткеннің  бәрі  осынау  тіршілікті,  арпалысқан,  аласапыран  уақытты  қимаса  керек.   Қорыта  келсек , Р. Мұқанованың   осы  екі  әңгімесін  оқи отырып  әрбір  кейіпкерімен   қиналасың,  жылағың  келеді.  Әрине,  мұндай  халге  жеткізген – осы  шығарманың  шебер  авторы.

         “Образ  жазушы үшін тек материал емес, ол өмірдің түсініп-білу үшін спецификалық лидер” ()      Суретші  сөзді құрастырмайды, ол образды жасайды.

         Орыс жазушысы А.П. Чеховтың айтуы бойынша, оның басында бір әскер адамдары сыртқа шыққысы келіп бұйрық күтіп тұрады екен. Бұл әскерді сыртқа шығару үшін жазушы қандай амал-тәсілдерді қолдануы керек?   Оқырмандар осы образдарды есту, көру үшін не істеуі қажет ? Бұның бәрі, айналып келгенде, жазушы міндеті және қаламгердің қалам машығынан көрініс табады. Бірақ, қиялдағы образды дұрыс жасамаса,  жазушыға сөз өнерінің шеберіне үлкен сынақ болары да даусыз. Осы тұрғыда, М. Горькийдің  мынандай керемет тұжырымы бар:

         “Әдебиет ол  адамтану,  Ал,  өнер –авторды ұмытып, автор көрсеткен адамдар мен шығармадағы оқиғаға бел шешіп араласып, көзбен көруден басталады.”  М. Горький өз кейіпкерлерін аямайтын, олардың өмірін сүймейтін әрі білмейтін жазушыларды ұнатпайды.  Оларға ол: “Білесіз бе? Жазушылықты тастаңызшы. Бұл сіздің ісіңіз емес  екен. Сіз адамдарды тірідей бейнелей алмайсыз,  ал бұл дегеніңіз ең маңызды мәселе  ,”- деп айтып тастайды екен.  Нағыз көркем өнерге деген шын  жаны ашығандықтың, оны аялаған жанның сөзі мен ісі емес пе?

         Образ түсінігіне тек қана кейіпкер емес, сонымен қатар, табиғат,  метафора немесе теңеу,  суреттеу  секілді көркем  амал-тәсілдердің образ табиғатын ашып көрсетудегі қызметі де кіріп кетеді. Бірақ, көп жағдайда, жазушылардың назары шынайы адам образына ауысып кетеді де, осылардың барлығын сол мақсатта қолданады.   Жазушы кейіпкерлермен жұмыс істеп отырғанда, мынадай жайттерді есінен шығармағаны абзал.

  1. Образдың осы немесе  басқа өмірлік адаммен байланысы. (прототип)
  2. Образдың ішкі мазмұны (характер)
  3. Оның сыртқы келбеті (портрет)
  4. Оның өмірдегі мінезділігі (тип)

Жазушының өмірі өзінің қиялымен жасалған адамдардың арасында өтіп жатады.                          

Тургеневтің образдары оны кінәлап, қинап, аңдыса, Гончаровқа да тыныштық бермейді екен. Ал, Писемскиге олар түсіне енеді де, ұйқы бермейді екен.

 Образ Бетховен айтқандай, туылады, өседі, өркендейді. Ал, Роза Мұқанованың кейіпкерлері өзінің айналасындағы күнделікті көріп жүрген адамдар, олармен автор күнде кездесіп, сұқбаттасып, әңгімелесіп жүрген адамдар.  Кейбір жазушылар өзінің кейіпкерлерімен бірге күледі, солармен бірге жылап, сары уайымға салынады, өмірден түңіледі немесе өмірді өлгенше сүйеді.

Р. Мұқанованың көптеген образдары ол -өзі. Сондықтан да әр образы  қиналған сайын, оның да жүрегі  ібрге ауырып, жаны жай таппайды. Кез-келген кейіпкердің өмірі кез-келген жазушыны шығарма жазылып біткеннен кейін де мазаламай тұрмайды. Менің ойымша, Роза Мұқанова  жазушы ретінде өзінің негізгі айтар ойы мен басты идеясын осындай шынайы кейіпкерлері арқылы береді екен.

 Ойымызды қорыта келгенде, “прототип –образ жасаудағы алғашқы түрткі шығармашылық импульс немесе ол шынайы бейне, құбылыс, өмірдің ақиқаты мен өмірдегі адамның мінез-құлқы мен сыртқы келбетінің көркем образға айналған әдеби көрінісі,”()-десек, Р. Мұқанованың да шығармашылық жолындағы көптеген шығармаларының кейіпкерлері табиғилығымен дараланып, шынайылығымен нанымды және күнде өзің көріп жүрген адамың, айналаңдағы бір танысыңа ұқсайды да тұрады. Бұл жазушы үшін ең басты нәрсе екенін жоғарыда айтып өттік.   Өз шығармашылық машығымен өзгелерге ұқсамайтын қолтаңбасы бар қаламгердің  әрбір шығармасы тартымды, қызықты оқылады, идеясы де терең және оқушыны өзінің шым иірімдеріне тартып әкетіп, өзі күнде байқай бермейтін өмір қырларынан сыр шертеді.  

 

                     

 

Характер.

    Әрбір қаламгер үшін образдың өмірдегі көрінісі мен оның ішкі мазмұнының да соншалықты маңызды, қажет екенін айтып өттік. Прототипке сүйене отырып, өзінің сомдаған кейіпкерінің ішкі жан дүниесінің қаншалықты жарқырай ашылатыны ең алдымен жазушыға байланысты. Өйткені, өзінің негізгі айтайын деген ойын, басты мақсатын ойдағыдай жүзеге асырудағы бірден-бір күш осы кейіпкерге түсетіні даусыз. Көркем бейнені  тура шынайы адам секілді сөйлетіп, психологиялық тебіреністерге түсіру, ішкі сезім сырларының  терең ашылуына үлкен мән беріп, аса ыждаһаттылықпен қарайтын жазушы ретінде Роза Мұқанова да даралық қолтаңбасымен ерекшеленеді. Осы орайда, Роза Мұқанова да кез-келген кейіпкерлерін сомдағанда оқырман оны кітаптан көріп қана емес, бетпе-бет сөйлесіп отырғандай әсерге бөлену үшін барын салады. Бұл тұрғыда, қаламгер көркемдікке байыппен қарай келе,  көркем құралдарды  мейлінше шынайы қолдануға тырысады. Яғни, көркем шығармадағы  басты идеялық мақсатқа толықтай  жетудің негізгі кілті- кейіпкердің  келбетінің  табиғи сомдалып, психологиялық ахуалдарының терең аылып берілуі десек қателеспегеніміз.

Р. Мұқанова өз шығармаларында осыған жете мән бере келіп, оқушыға кейіпкерінің сезімін, ішкі дүниесін, тіпті оның дем алысы мен исіне дейін сезілуіне күш жұмсайды.

Образдың  ішкі  мазмұнының шығарма көркемдігі мен идеялық құрылысындағы орнына үлкен байыппен қарағаныңи куәсі бола отырып, біз жазушының кез-келген көркем туындысының идеялық мақсаты терең, әрі шынайы шабыт, табиғи талантпен қоса шын мәніндегі шебер жазушының  қолынан шыққандығын аңғарамыз.

“Көркем  бейне ,  яки   әдеби  қаһарман  дейік, я болмаса, шығарма геройы не кейіпкері немесе персонаж ы дейік, бәрібір осылардың бәрі- бір-ақ, ұғым-образ. ”(1,107)

    Бейнелеу  образдылық болса, бейне –образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармадағы өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардыңи бәрінің сарқып құяр  сағасы біреу, ол образ.

 Ал, “образ-эстетикалық мәні бар, ондай шығарма арқылы  әрі нақты, әрі жинақтап жасалған  адам өмірінің әсем суреті.”()

“Образ жасау –талантыға ғана тән әрекет.  Ал, талантты жазушыны әр образы  -тип”,-дейді Белинский. Ал, Қ. Жұмалиев  сөзімен айтсақ, “образ –көркем шығармада  жеке адамға тән мінез-құлық, наным –сенімі , іс-әрекеттер арқылы   бейнеленсе, характер белгілі бір адамның сипатын ғана көрсетіп қоймайды., сол адамның өмір сүрген  перне, өскен ортасына дәл келетін көп адамдарға тән іс-әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдердің ең керектілерін ғана теріп алып, бір адамға тән қасиет етіп көрсетеді. ”

Роза Мұқанованың шығармаларындағы образдар, оның күнде көріп, кездесіп, сөйлеп жүрген адамдарынан алынған.

 Адамның ішкі тұңғиық тереңін, адам психологиясынның көзге көрінбес нәзік қалтарыстарын, адамға тән құштарлықтың жан түсінбес қиын құпиясын жарқ еткізіп ашып, қопара көрсеткен. Бұл- орасан қиын тәсіл.   Бұл   терең білім мен шынайы таланттылықты талап етеді.   Роза Мұқанова   талантты жазушы. Өйткені, ол әдеби образды оқырманның жан-жүрегін  баурап,  құдіретті күшке ие болады.  Ал, Р.Мұқанованың шығармаларындағы образдардың өзінде табиғи толқыныс, жан құбылыстары болмай шықпайды.

 Әдебиетте адамның ішкі бітімі тек мінездеу немесе жанама мінездеу   я болмаса күйінйш-сүйінішін суреттеу жолымен ғана жасалмайды. Оның бүкіл ішкі болмысы, өзіне ғана тән психологиялық өзгешелігі арқылы, ойы, сезімі, бүкіл танымы тұнып тұрады. Бұған дәлел айтсақ, Роза  Мұқанованың   “Сормаңдай әңгімесіндегі”  Үрияның: 

“ Бану деген еркек  атаулыны  сұлулығымен жаулап алған адам ғой. Ал, өзі мәңгі ешкімге ғашық болып көрмеген, жаны елжіреп, ешбір жанды сүйе білмейтін адам ” деген ащы сөздерінен образдың ішкі жан-лүниесіндегі арпалыс, қиналыс, т.б. сезіліп тұрады

 

Ал, мына  “ Сен ” әңгімесіндегі  суретші  Халмыковтіың   “ Өнердің нақсүйері болғым келеді.  Ол сайқал мені қабылдаса, өңіріне қол салып,    тәннің қызығын бөліссем деп арман еттім, ”-деген сөзінен оның өмір бойы  сурет өнері үшін арпалысып, жеңе алмай келеді.

“Қараңызшы, суықтан үсіген жапырақты  бүрісіп қалатын түрі бар. Мұндай сұлулықты ешқайдан көре алмаймыз. Сарғыш қара тат басқан, қызыл-сары …нәзік  рең ептеп жасыл  бояудың түсі білінеді.  Тәңіріден асқан суретші жоқ. Бояуына дейін талғап, төгілтіп жасағаны-ай !()”-деп Халмыков дүниеге сәби әкелегн ананың бусанып, буырқанып, қызылшақа шаранаға мейірлене қарағанындай елжіреуі оның жанының нәзік екендігі   көрсетіледі.

“Монастрь” әңгімесінде әйелдің :

“Кешіп. Сен менің өзімшілдігімді кеш. Саябыр таппай, өрекпіген  соқыр сеніміме  тыныштық  бер. Жаныма,  ластаған    көңіліме,  бұлқынған  сезіміме сабыр   бер. Өзінде  тазару  үшін, ақталу үшін келдім” деген сөзі оның   жан дүниесін  ашып отыр.

Бұл жерде, Роза Мұқанова мүсәпір әйелдің  образын  жақсы ашқан.  Р. Мұқанова  бұл әңгімесін жазып болғаннан  кейін газет басу үшін   “Қазақ әдебиеті” газетінің редакциясына өңдеп келгенде  онда жазушы Оралхан Бөкеевпен кездесіпті , сонда одан әңгіменің атының нег осылай айтылғанын қызыға сұрапты. 

 

Портрет.

    Көркем образдың ішкі дүниесіне оның сыртқы келбеті сай болып сомдалуы тиіс. Кейіпкердің мінез-құлқы оның портретімен тығыз байланысты. Кейіпкердің сыртқы келбеті, киім киісі жас мөлшері, аты-жөніне дейін оның жасалуы мен оқырманға толыққанды көрінуіне жағдай жасайды да поэтикалық образ жасалуын қамтамасыз етеді.

 Классиктерге өз кейіпкерлерінің сыртқы келбеті көп толғандыра бермейтін. Роман жазушылар болса, бұл мәселеге көп мән беріп,  небір ірі қадамдар жасап, сәттіліктерге қол жеткізе алды.

Бұл тұрғыда, М. Горький:  “Жазушы көбінесе адамның сары, қаралығына, қимылына, жүрісіне, отырысына  қарамайды.  Жазушы  өз кейіпкерлеріне тірі адам ретінде қарауы тиіс ”()

 Бұл тұрғыда да, Р. Мұқанованың шығармашылық лабораториясында талай жайттарға қанығып, үңіле аламыз.  Жазушы бұл ретте характерге қатысты, соған лайық портрет таңдап алады, немесе керісінше портретке лайық ішкі астар-характер жасайды. Үлкен жазушыларға  тән хас белгі-қасиет  ретінде Роза Мұқанова да бұл екеуінің ішкі байланысына жете мән беріп, ара қатынасын сақтап қолданады.

Енді осы айтылғандарымызды жазушы шығармаларынан алынған нақты мысалдармен көрсетіп, ойымыздың дұрыс-бұрыстығын сарапқа салып көрелік. Прототип деген де біз жазушының тарихи тақырыпқа жазылған, осы сипаттағы шығармаларын басты назарға аламыз. Ең алдымен   “Құдірет-кие” әңгімесіндегі үш кейіпкер де: Шыңғыс хан, Хасар, Өлең өмірде болған адамдар. Шығармада олардың есімдері де өзгертілмеген.

Шыңғыстың әкесі-Есугей батыр. Оның бірінші, әрі басты әйелі Оэлун, бұдан Шыңғыс, Хасар, екінші  әйелінен Бектер, Белгітай деген ұлдары бар. Ағайындар  тату болмайды.  Жиі-жиі жоқтан өзгеге өзара керісіп жүреді. Есугей 1165-жылы дүние салады. Сақтық үшін Тайшуыттардан кек алуды ойлаған  Оэлун, әкесі мен өзін  ренжіткендерден болашақта кек алушы ағайындылардың басын қосып, мықтап ұстауға әрекеттенді. Сонда да татулық ұзаққа созылмады.  Есейе келе 1180-жылы күш қуаты толысқан 25 жасар Шыңғыс хан сайланады. 1206 жылы Темүжінді- Монғолия  билеушісі етіп жариялап, оған   “Хан Шыңғыс” деген ат қояды.

Шыңғыстың қол астындағы  Көкеш деген адам оның билігіне қызығады. Сөйтіп туған екі адамды бір-біріне таыстырып, іріткі салу үшін Шыңғысқа өтірік түс айттырып, Хасарды тұтқындайды. Оэлун шешесі босат деп шырылдайды. Босатқанымен оған әлі де Шыңғыстың өшігулі екенін байқаған  Оэлун қапалықтан қайтыс болады.  Көкешті өлтіреді.

Бұл дерек тарихта жазылған. Ал, Р. Мұқанова осы сюжетті кеңірек ашып, оған психологиялық сипат беріп, кейіпкерлерді жан тебіреністерін ашып көрсетеді.

Тарихта болған Шыңғыс хан мен әңгімедегі  Кейіпкер екеуі екі түрлі ме, әлде, ұқсас па деген сұрақ туады. Әрине, тарихтағы біз білетін Шыңғыс хан туылғанда оң қолының алақанында бір түйір ұйыған қанды қысып дүниеге келген. Және оның үлкен ел билеуші болатыны сол кезде-ақ белгілі болған. Бүкіл мемлекетті басқаратын адамның күші алып аюдың, арыстанның күшімен тең емес пе?  Өте қаһарлы, сұсты адам. Ал, Хасар   болса,бет-тұрпаты мықты болғанымен, кек сақтамайтын, қарапайым жан болатын. Оэлун шешей өте ақылды, қайратты, әрі қамқоршы адам ретінде бейнеленген. Әңгімеде Шыңғыс хан да өте қаһарлы әрі батыр ретінде көрінеді. Намысқой. Шешесі өз  омырауын ағытып жіберіп, иынаны кезегімен емген сендер қалайша жауластыңдар, жауласасыңдар деп ренжігеніне іштей намыстанып, анасынан сескеніп қалады. Туған інісінен тақты қызғанған өте қызғаншақ, менменшіл жан. Сондай-ақ, оның бойынан мейірімді де көре аламыз. Шешесінің айтуы бойынша, ол жорықта жүргенде  талай жетім балаларды бауырына салып, аялап, қамқорлығына алған екен. Оның үстіне соншалықты тасжүрек болса, ол өз шешесінің сөзін жерге тастап, інісін өлтіретін еді. Ол түсінде анасын көріп, сөзіне зер салып, істеген ісі тек қара басының ғана қамы екенін біліп, ақылға келеді. Бұдан біз Шыңғыс ханның өте ақылды жан екенін аңғарамыз.  Сол асқан ақылымен, қасиетімен ол талай жорықтарда жеңіске жетіп,  жауларын тізе бүктірді, бір мемлекетті билеумен қатар, бүкіл әлемге танымал болды.   

Шыңғысхан Көк тәңіріге қатты сенеді. Өйткені, өзіне дарыған ақыл мен күшті  соның сыйлығы деп түсінеді.

Өмірдегі Шыңғыс хан мен әңгімедегі Шыңғыс хан  екеуінің бір қарағанда, айырмашылығы жоқ сияқты. Р. Мұқанова өмірдегі Шыңғысты алып, оның барлық жан дүниесін ала отырып көркем бейне жасады.

Роза Мұқанованың келесі “Мәңгілік бала бейне” атты әйгілі әңгімесіндегі Ләйлә да өмірден алынған бейне. Р. Мұқанова 1989- жылы Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағындағы аударма коллегиясында істеп жүргенде Семейдің Қарауыл деген тауылында тұратын Еңлік деген мүгедек қыз туралы естиді. Еңліктің жасы шамамен  13-14те болса керек. Бірақ, жан жарамыз Семей полигонының зардабынан сегіз жасар қалпында қалып қойған. Әке-шешесі бар, бірақ тағдыр берген мүгедек бейнесі үшін өзін-өзі төмендетіп, елдің көзіне түспеуге тырысады екен. Түні бой нан пісіріп, күндіз оны басқа біреулер сатады екен.

Жазушы ешқашан Еңлікті көрмеген, көрмесе де осындай қасіреті бар қыздың тағдыры толғандырып, оның жан-дүниесін айнытпай түсінеді.  Жазушының да  бір құдіреті сол- адам жанына үңіліп, оның қыр-сырларын ашып көрсете алуында. Әңгімедегі Ләйлә қыздың жеке тағдырынан ұлтымыздың трагедиясына ұласып отырған Семей полигонының зардаптарын сезіп, қынжылып жүрген жазушы бұл шығармасында Ләйлә арқылы осы мәселені тереңдете көрсетеді. Ләйлә қыздың небір психологиялық иірімдерін, сезім дүниесін барынша шынайы әрі терең көрсете білген автордың бұл әңгімесінің ішкі айтар ойлары тарам-тарам. Ғасыр қасіретіне айналып отырған полигонның бір ғана Ләйлә қыздың ғана өмірін өксітпей, мыңдаған жандардың өзегін өртеген өкініші мен қайғы- қасіретіне айналып отырғанын айтады.

Осы мақсатына жету үшін автор көркемдікке байыппен қарай келе, Ләйлә қызды көктегі Аймен тілдестіреді. Табиғат пен қыз жанының нәзік  сабақтастығын сақтаған жазушы ның бұл ізденісі зор қызмет атқарып тұр.

“Домбыраның үстіңгі ішегіндей қоңыр әуезбен іштей үндесіп, бір-бірін ыммен түсінеді. Дөп-дөңгелек Ай толықсып…”

“Мәңгілік бала бейне”-өмірде болған оқиғаның көшірмесі деген ұғым туғызбайды. Демек, шығарма  өмір шындығына табан тіреп жазылғанмен жазушылық ой мен қаламгерлік қиял қосылып, көркем шындыққа айналып, көркем бейнелеудің амал-тәсілдерін пайдаланған жазушы типтік образ сомдай алған.

Жазушының “Сормаңдай” атты әңгімесінің сюжеті өмірден алынған. 1993-жылы жазушының қолына І. Жансүгіровтің күнделігі тиеді. Сарғайған сары ала дәптер соншалықты құнды болар ма? Құндылығы Ілиястың өрнектеген өлеңі ғана емес, өзінің жан дүниесін жанын салып, ақ қағазға түсіре бергені. Сонау 30-жылдардан бері беті ашылмай, сақталып келген дәптерді ашып оқиды. Алпыс төрт жыл өткеннен кейінгі ұрпағының Ілияс ақын жайлы әлдеқайда тереңірек білгісі келетінін, өзінің ғасырлар бойы жасай беретінін ұрпағы білмеген де болар. Киелі қара өлеңнің  қабырғасын күйрете сөгіп, көзден жас ағызып, жүректерді жылатып жазған “Құлагерді”, “Күйшіні” жазған ақынның сырына, тағдырына жанына үңілмеске, оқымасқа жазушыда жол қалмайды.

Пушкиннің, Толстойдың, Чеховтің, Достоевскийдің, Бальзактің күнделіктін оқып отырып, олардың ұлылығына ешкім күмән келтірмеген. Оларды да Құдай жаратқан, олар да ғашық болған, күлген, жылаған, ренжіген. Біреудің әйеліне есі кетіп ғашық болған  екі аяқты пенде  екеніне көзің жетеді. Бір кездегі өзіміз тамсанып оқыған туындылардың бастауынан, тұнығынан сусын ішкендей рахаттанасың. Ілияс  күнделігі де  дәл осындай.

Күнделік беттерін парақтаған сайын жиі кездесіп отыратын бір есім бар. Ол- Фатима есімі. Ақын-аға он жыл бойы ғашық болып, сезім дертіне шалдыққан жан жары. Он жыл бойы жазылған өлеңдері де осы Фатимасына арналады.  Фатима Ғабитова ол кезде Біләл Сүлеевтің жары, балалы-шағалы. Ақынның сезім шырғалаңына түскенін, өзіне әбден ғашық болғанын сезген Фатима бұл сезімнің мүлде мүмкін еместігін ашық жазып, әлденеше рет ашық айтса да, неше рет тойтарыс беріп, теріс қараса да өз махаббатына қарсы тұра алмаған Ақын-аға дертке шалдығады.  Оның осындай ғашықтығы менжүрегінен шыққан өлеңдері  Фатима Ғабитованы да бей-жай қалдырмағаны Фатима апайдың Ілияс Жансүгіров жайлы   “Өмір ертегісі” деп аталатын естелігінен кездестіреміз:

“Біләлға бұл туралы ауыз айтады. Жазар, шаршар, қояр  деп айтады.  Бірақ, ұзаққа созылған  сезім сергелдеңі ушыға түспесе кетпесе, басылмайды, үндемесе  тоқтамайды. 1930-жылы Біләл Сүлеев қамауға алынады. 1932-жыл ақынның аласұрған асыл махаббатына қолы жетіп, бақытқа мас болған жылдары болды.  Осы жылдың 7-қыркүйегінде екеуі загске барады. Фатима Біләлмен заңды түрде ажырасып, екеуі қосылады.  Бірақ,  небәрі бес жыл бірге тұрыпты. 43 жасында Ақын аға дүниеден өтеді. ”

Бұл І. Жансүгіров жайлы өмір шындығы.   Роза Мұқанова І.Жансүгіровтің сырға толы күнделігін пайдалана отырып, дүниеге осындай шығарманы алып келді.

“Сормаңдай” әңгімесіндегі аққудай иілген жас келіншек Банудың прототипі- Фатима.. Ал, І. Жансүгіровтің бейнесі Мұстафаның бойында болса, Біләл Сүлеевтің бейнесі- ол Болатхан болатын. Осы кейіпкерлер өмірдегі прототипімен сай келе ме ?

Әрине, әрбір кейіпкерлерін жазушы өмірдегі тұлғасына  ұқсатып, мінез-құлқын да соған үйлестіріп алады.

Ілияс-Мұстафа. Екеуінің жаны да, ойы да үндес. Ілияс Фатимасын шын сүйсе, Мұстафа да   Бануына ғашық.  Банудың Мұстафаны ұнатуы Мәскеудегі  Мұстафаның  хаттарына жауапты Болатханның  Бануға жаздырунан басталады. Мұстафа:

Өте еңбекқор, әрі оқымысты адам. Дүниеге көзқарасы кең. Жары мен балалары үшін аянбай еңбек етуден жалықпайды. Сөзге берік. Онау Мәскеудегі  Бану үшін келіп, оны өзімен бірге алып кетемін деген сөзінде тұрып алып кетуі  осының айғағы. Өте мейірімді. Өз баласы болмаса да Банудың бірінші күйеуінен туған баласы Азаматты  өз ұлындай көріп, аялайды, тәрбиелейді. Мұстафаның алғашқы әйелін, ұлы Арманмен тастап кеткенін кінәлап, кейде жек көресің.  Бірақ, сезім күшіне ие бола алмайтының мен өмір тізгініне кейде ие бола алмай қалатыныз есіңе түсіп, кешіріммен қарайсың. Неге Мұстафа бірінші әйелі Сәлимамен бақытты бола алмады деген сұрақ тіліңнің ұшына келіп, оған жауапты шығармадағы автор ойларынан табасың. Өйткені, Ақынның сезімтал жүрегі Фатиманы тек жар ретінде ғана емес, өмірлік сыңары ретінде таныды. Оның жанынан Ілиястың жаны нұрға толып, құшағынан жылулық тапқан еді.

Фатима-Бану.

І.Жансүгіровтің күнделігінен Фатиманың барлық қырларын көре алмайды екенбіз. Р. Мұқанованың әйелдік түйсігі мен ұшан-теңіз қиялының арқасында, бұл әңгімеде  Бану  шынайы сомдалған Ең алдымен, Әңгімені оқып отырып, Бану кішкентай Тұңғышын тастап кеткенде, оны шын мәнінде жек көресің. Ары қарай оқи отырып, бұған итермелеген не жағдай деген сұрақ жетегінде отырып, қанығасың. Өйткені, неше жыл отасса, Болатханның құшағы мен сезіміндей сезім Бануда болмағаны ақиқат. Басында отбасын ойлап, қаншама теріс қарағанмен, өзі де іштей ұнатып қалған Бануда Мұстафаға деген аяныш сезімінің де болғаны анық. Осындай сезімдерге бөленген Бану өз махаббаты жолында отбасын, балаларын тастап, Мұсиафаның етегінен ұстайды. Өмірлері осылай тоғысқаннан кейін аз-кем уақыттан кейін оны екі қыздары Үрия мен Жазирамен тастап,  Ілияс о дүниелік болады.  Уақыт өте келе, ол Ғалымжанмен күн көру мақсатында қосылады. Сол үшін кәрілік уақытына дейін Үрияның  ащы сөздері мен кінәлауынан айырылмайды. Өмірінің соңында, бақытсыздыққа ұшырайды. Ешкім оны анам деп іздеп келмейді. Мүмкін оның кезінде өлген Қаныбектің көз жасы жібермеген болар. Өмірінің соңында Бану бар  көңіл мен ықыласты Мұстафадан туылған Арманнан көреді. Оған хат жазып, қолыма кел дейді. Мүмкін Үрия айтқандай, Бану өмірде ақымақ болған да шығар.

Әңгімедегі Үрия образы да толыққанды осы шығарма желісінде ашылады. Балғын сәби кезінде әкесінен айырып, әке бақыты мен жылуынан айырған шешесіне оның өкпесі қазандай. Өмірі кешірместей көреді.  Отыз жасқа келгенше не бауырларының не шешесінің, не әкесінің жылуына жылыны алмаған Үрия өз өміріне бірден-бір кінәлі-шешесі деп біледі де, оны еркек атаулыны сұлулығымен жаулаған адам деп жек көреді.

“Шешесі деген еркек атаулыны сұлулығымен жаулаған адам ғой. Ал, өзі ешкімге  мәңгі ғашық болып көрмеген, жаны елжіреп, ешбір жанды сүйе білмейтін әйел,”-деп қатал тұжырады. Шешесін төсек жылулығын аңсағандықтан Ғалымжанға күйеуге тиді деп шала топшылаған Үрия  оның балаларының қамын жегендігін, келешекте солардың білімді,  әрі дұрыс азамат болуын ойлағандығын ол ешқашан түсінбейді.

Роза Мұқанова жазушылық жолындағы келесі бір шығармасы- “Дүние кезек ” деп аталатын әңгімесі. Бұндағы ақынның прототипі орыстың ұлы ақыны Пушкин болса,   “Мұқағали” әңгімесіндегі басты кейіпкердің атынан көрініп тұрғандай, ақиық ақын Мұқағали.

“Мұқағали ” әңгімесі ақынымыздың  “Бір келіншек” және “Муза” өлеңдері мен күнделігі бойынша жазылған. Күнделігі толған сыр, өмірге деген, адамдарға деген наразылығы айтылған. Роза Мұқанованың басқалардан бір ерекшелігі-ол прототипі бар кейіпкерлерін тура өмірдегідей қалыпта сомдап, бейнелеуге тырысады. Бұған мысал. Пушкин де, Мұқағалидың бейнесі де өз өмірлеріндегідей үнемі толғаныс, уайым, сезім жетегінде жүреді. Өмірдегі ең асылы да, бар қазынасы да ақынның өз өлеңдері екені көрінеді.

“Ол адамның өзі, сыртқы сүлдері емес, мінез-құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге тырысады.  Адамдарды түсінеді, олардың да оны түсінгенін қалайды. Оның бүкіл поэзиясының мәні-міне осы. Поэзия- Мұқағали үшін жанының шырылы.. Басқа ештеңе де емес…”

Мұқағалидың жанын күйзелтетін   өзінің жырларының  толықтай адам жүрегіне жол тауып, өз тереңдігінде  мойындалмауы, жарыққа шыға алмай жатқандығы. Екінші жағынан оның өз денсаулығы да мәз болмай, жанын ауыртады. Мұқағалидың күнделігі  болса, 1976-жылы он екінші ақпанда жазылған : “Ескі  ауру. Аурухана. Емделу.  –қаңтардан 5-ақпанға дейін. Ауруым менің оңай болмаса керек. Егер диагнозды дұрыс қойған болса, онда мені тек бір сиқырлы күш қана сақтап қалады. Бұл жолы шышында да ауру екенімді мен өзім де ұғындым. Қатты жүдедім. Көңіл-күйім нашар. Шаршадым, бүкіл өне бойым сырқат.”()

Роза Мұқанова Мұқағали туралы әңгімені  шамамен осы күнделіктен алған болу керек. Мүмкін бұл шығарма ақынның өлер шағындағы  ауырып жүрген сәттерінен алынды ма екен?

Бұл шығармада Роза Мұқанованың жұмсақ та нәрлі тілімен Ақын образы ерекше бейнеде сомдалған.  Емхананың тар бөлмесінде  ақынның тәні тұмшаланғанымен жаны шартарапты шарлап, қиялымен дүниені кезіп жүріп жетім құлынды іздейді. Жетім құлын дегені жетімсіреген көңілі ме, әлде өзінің жетімдігі ме… Көзін жұмса болды, көз алдында жетім құлын желдей есіп жүреді де қояды. ()   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта  келсек,  біз  бүгінгі  зерттеу  жұмысымызда  Роза Мұқанованың  шығармашылық  лабораториясына  үңіле отырып,  оның бүкіл  шығармалары  өмірден  алынғаны  өмірдің  ащы мен  тұщысын  өз  шығармаларына  арқа  еткенін  байқаймыз. Әдеби шығарманың  өзі өмірден  туады.  Өмір  шындығынан  өнер туындысы,  көркем  әдебиет  үлгісін  жасау  —  инемен  құдық  қазғандай қиын.

Сонымен қатар,  шығармашылық  лобораторияның  көркем  шығармағы  табылған  тақырып пен   жазылып   аяқталған  шығарманы  оқырманның   қабылдануына  дейінгі   аралықты   қамтитынын  да  түсіндік.  Қаламгер шеберханасының  сырына  бойлай  келе  аңғарғанымыз,  жазушы ойына  алғаш  ой  түрткінің  келгенінен  бастап,   материал  жинау,  өмірлік  материалды көркем  шығармаға  айналдыру,  тік  тұлғаны  ұштап,  типтендіріп  көркем  обзарға  айналдыру,  ойдың  қорытынын   қағазға түсіріп,  әңгіме  болып  жарыққа  шығуына  дейінгі  аралығы  күрделі де  жұмбақ  екен.  Оның  жұмбақтылығы  ол  өзінің  әрбір  кейіпкерінің  жанына  терең  үңіліп,  оны  саралай ашып,   мінезін  тура  жеткізе  отырып   дәл  образын  ашады.  Кейіпкер образын  көрсете  отырып  адамның  неше  түрлі   құбылыстарын  береді.  Әрбір  әңгімесіндегі  кейіпкері  әртүрлі.  «Сормаңдайдағы»  Бану  үш адамға  үйленсе де  бақытсыз болуы, «Күнәдағы»  Баянның  істеген  сәби  өлтіру  күнәсі, «Жан азабындағы» Дариғаның  жарық  өмірімен  арпалысы,  «Сендегі»  Кальмыковтың  өнермен  әйелдермен   арпалысы,   «Бройлердегі»   Радиктің  әкесін   түсінбеушілігі,  «Кешір мендегі»  наркиздің  жалғыздықпен арпалысын  ашып  көрсеткен  қаламгер  Р.Мұқанова адам тағдыры  әртүрлі екенін  дәлелдейді.  Жазушының   «Мәңгілік  бала  бейнесіндегі»   полигонның  зардабынан  өспей,  жетілмей қалған  Ләйлә  қыздың  ауыр тағдыры  қандай  шеберлікпен  өлген.   «Қаралы  төбе»  реквиімі  қазақтың  бүкіл  мұңын,  қайғысын  көз алдына  қандай  сенімді  әкеледі.  Р. Мұқанованың  әрбір  жаңа  әңгімесінде  бұрын айтылмаған  жағдай,  ашылмаған сыр,  көрінбеген  характер  алдынан   шығып отырады. Және  осының  бәрін  ол мен  мұндалатып  көзге  ұрмай  сол  өзінің  лирико-психологиялық  пландағы  сырбаз,  сырпайы,   жайма – шуақ  жазу  стилімен  жеткізеді.  Ол не нәрсме туралы  айтқысы,  қандай  жағдайда  көрсеткісі,     нендей  шындықты  ашқысы  келседе  қамырдан  қыл суырғандай  баппен,   байыппен    жазады.  Сондықтан Р. Мұқанова прозасының  табиғаты  тау өзеннің  тасып аққанынан  гөрі,  туба бұлақтың бір  қалыпты  біркүлінен  туатын   күміс сылдырды  еске  түсіреді.  Тіпті оның  жан сезімінде  жаңалықтары  мол образ,  характерлері де  есіктен  кіре  төрге  ұмтылмайтын  жайлы,  қайырымды да  қарапайым болып келеді.

Роза Мұқанованың  әрбір әңгімесіндегі  суреттелетін  өмір шындығына  көңіл  аударып,  адамдарының  мұңы  мен  мұратына  орталасқан сайын  біздің  ойымызға  халық  әндеріндегі  қайталанбас   мұңды  әуен,  сағынышты  саз,  ререң  тұлғамыз  ойлы,   ойнақы наз,    қимас сезім  орала береді.  Біздің ше,  мұның  өзі  жазушы  шығармашылығындағы  халықтың  сипаттық  жақсы  әсері де болуы керек.     Осы сипат  оның  әдеби  кейіпкерлерін  бізге    ет жақынымыздай  жақындатты.                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған   әдебеттер тізімі:

 

 

  1. Қабдолов З. “Сөз өнері”   Алматы,          366 бет
  2. Цейтлин А.Г. “Труд писателя” Советский  пиатель, Москва, 1968, 564  стр.
  3. Дадебаев Ж.. “Жазушы еңбегі”
  4. “ Уақыт және қаламгер” Жазушы,  Алматы, 1986, Мәдібаева  Қ.. “Уақыт пен үндестік талабы  тұрғысынан.”
  5. Әшімбаев С. “Парасатқа  құштарлық”, Жазушы, Алматы,1985,      248 бет
  6. Ергөбеков Қ. “Жан жылуы”,Жалын, алматы, 1991,
  7. Ахметжан Т. “Адам жаны –жұмбақ арал” //Халық кеңесі, 1994, 20 шілде
  8. Бөпежанова Ә. “Мәңгілік бала бейне  немесе Атабаев — Мұқанова көркемдік тандемі”, //Қазақ әдебиеті, 1997, 29-сәуір.
  9. Фортунатов Н.. “ Творческая лаборатория Льва Толстого”, Современный писатель, Москва, 1983,
  10. Бахтин М..М.. “Литературно- критические статьи”, Художественная литература, Москва, 1986, 505 стр.
  11. Белкина Н.. “В творческой лабораторий М . Горького”,            Москва, 1940,
  12. Ергөбеков Қ. “Сәбит Мұқанов”, Алматы, Мектеп, 1989, 144 бет
  13. Есенберлин І.. “ Шыңғысхан- әлем сілкіндіруші”, Алматы, Көшпенділер,2002 ,304 бет
  14. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар.14 том, Алматы, 1978, 194 бет
  15. Айтматов Ч. В соавторстве  с земелю и водою.   Фрунзе ,  1979 , 75 с.
  16. Гура В. Как  создавался  “Тихий Дон”  Москва: 1980, 121 с
  17. Шкловский В. Избранное В 2 т.  Москва: 1983 1. 639 ч.
  18. Ахметов З. Поэтик   эпопей    “Путь  Абая”  в свете  истории  ее  создание г. Алматы:  Наука.
  19. Чудаков А.П. Поэтика и прототипа  Москва:  182 с
  20. Кабдолов З. Таңдамалы шығармалар 2.  Алматы:  Жазушы,  1983  2 том  455 б
  21. Андроникова М.И. От прототипа к образу Москва:  Наука,  1974, 200 с
  22. Мұқанова Р. Жарық  дүние  Алматы:   Жалын,  1994 , 208 б
  23. Мұқанова Р. Мәңгілік  бала  бейне  // Қазақ  әдебиеті,  1990, 2 наурыз
  24. Мұқанова Р. Құдірет -кие   Алматы:  сөздік  — словарь,  2001, 320 б
  25. Мұқанова Р. Жан қайығын  жарға  ұрдым. //  Қазақ  әдебиеті, 1994 ,  27 мамыр      
  26. Мақатаев М. Күнделік.  Алматы:  Жалын,  1991, 47 б
  27. Тарази Ә. Розаның екі  әңгімесі  жайында  // Жұлдыз,  1988,   № 10
  28. Мақашұлы Қ.  Қобызбен  қалам // Қазақ  әдебиеті, 2001, 26  қаңтар
  29. Мақанова Р. Әдебиет жынысқа  бөлінбейді. // Егемен  Қазақстан,  1999, 6 ақпан