АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Сайрам ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайы

МАЗМҰНЫ

 

 

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………..

4

 

 

 

1

 

 

Әдебиеттерге шолу…………………………………………………………………….

5

 

 

1.1

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи – экологиялық

жағдайы………………………………………………………………………………………

 

5

 

 

 

1.2

Оңтүстік Қазақстан облысының топырақтары, олардың

cипаттамасы……………………………………………………………………………….

 

8

 

1.3

Сайрам ауданының орналасуы, оның табиғи

экологиялық жағдайы………………………………………………………………….

 

9

1.4

1.5

Сайрам ауданының өндіріс орындары………………………………………….

Ауыр металдардың қоршаған ортада таралуы………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

12

2

2.

 

Зерттеу нысаны мен әдістері……………………………………………………..

 

17

 

2.1

Зерттеу нысаны ………………………………………………………………………….

17

 

2.2

 

Топырақ үлгісін алу және анализге дайындау………………………………

 

18

 

 

2.3

 

Топырақтағы гумус мөлшерін анықтау………………………………………..

 

19

 

2.4

 

 

Ауыр металдарды анықтау әдісі…………………………………………………..

21

 

 

2.5

Ауаның сапасын анықтау және анықтауда қолданған приборлар……………………………………………………………………………………

 

 

23

 

 3

 

Зерттеу нәтижелері……………………………………………………………………

 

25

 

3.1

 

 Сайрам ауданының егістіктегі  топырақтарының құнарлылығы………………………………………………………………………………

 

25

 

3.2

 

Топырақтағы, су және ауадағы ауыр металдар мөлшері………………………. …………………………………………………………….

 

 

27

  ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                        32      

 

  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                           33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі күнде Қазақстанда да, барлық елдерде сияқты экологиялық жағдай күрделенуде. Ауаның, судың ластануы, топырақтардың құнарсыздануы  әлемдік экологиялық проблемаларға айналды.  Оның себептері негізінен  адамның шаруашылық әрекеті әсерінен болуда.

Қазақстан Республикасында экологиялық саясатты жақсартуға көңіл бөлінуде. Бірақ оған жетуге өндірістік және ауылшаруашылық өндірістерінде қалыптасқан тенденциялар кедергі болуда. Пайдаланатын табиғи қорлардың үлесі үрдіс ұлғаюда, ластағыш заттардың шығуы көбеюде, ауаның, топырақтың, су қоймаларының ластану деңгейі жоғарлауда, республиканың көптеген аймақтарында ауыз су тапшылығы байқалады.

Сондықтанда адамзат қоғамының қоршаған ортамен қарым-қатынасын түсіну үшін экологиялық зерттеулердің маңыздылығы артуда. Әсіресе табиғи-экологиялық жағдайлары алуан түрлі Қазақстан үшін. Республика территориясының ірі көлемімен (272,4 млн га), биоклиматтық, орографиялық жағдайларымен, топырақ түзуші тау жыныстарының әртүрлілігімен сипатталады  [1,2,3 ].

          Сол себептен қазіргі таңдағы Оңтүстік Қазақстан облысы  Сайрам ауданының қоршаған ортасының жалпы экологиялық жағдайын бағалау, топырақтардың құнарлылығын арттыру мен өсімдіктердің өнімділік потенциалын көтеруге бағытталған зерттеулер маңызды мәселе болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Сайрам ауданының  қоршаған ортасының экологиялық жағдайын көрсету.  Зерттелген аймақтың экологиялық жағдайына жалпы сипаттама беріп, соның ішінде табиғи компоненттердің құрамдарының сапасын анықтап, топырақтардың құнарлылығын зерттеу болды.

Жұмыстың міндеті: Топырақтың құрамындағы ауыр металдарды, гумус мөлшерін анықтау әдістерін игеріп, талдау жасап, алынған нәтижелерді талқылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Әдебиеттерге шолу

 

  • Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи экологиялық жағдайы

 

Оңтүстік Қазақстан облысының жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 – 300 метр болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Оның басым бөлігін Сырдария өзенінің орта ағысымен Қызылқұм құмды алқабы алып жатыр. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет, Дүйсенбай, Дәуренбек), қыстаулар (Есенгелді, Босаға, Орынбай) бар. Қаратау жотасының батысын және Қызылқұмның шығысын ала сексеуілді тоғайлар көмкерген. Сырдария аңғары мен Қызылқұмда Балақарақ, Мұрынқарақ, Қарақ, Қыл, Тастөбе ежелгі тау жұрнақтары сақталған. Олардың кейбіреуінің пішіні төрткүлді келген. Қызылқұмның орта тұсында сусымалы шығыр құмнан тұратын Үрме өңірі орналасқан. Бұл өңірдің жер қыртысы бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың  магмалық шөгінді жыныстарынан құралған. Қабаттар өз кезегінде Қызылқұм өңірінің палеозойлық  табанын жаңартып, өте жалпақ белдерге (Кемпір, Балтакөл, Босаға, Шөл-Шардара), науаларға  (Жауғаш, Арыс, Келес) бөлген. Жер асты суы жоғарғы бор шөгінділерінің құмды қатқабатында. Палеоген – неоген сулы кешендегі су қабаттары 800 – 1000 метр тереңдікте кездеседі және оның температурасы 50 – 75°С. Литологиялық тұрғыдан қабат құмды – саздақты. Бор қабатындағы (1800 – 2900м) су температурасы 100°С, Юра қабатында (2900 – 3200м) 150°С – қа жетеді. Суы кремнийлі – термальді, минералды суларға жатады. Жер асты сулары Арыс, Қызылқұм және Оңтүстік Қаратау артезиан алаптарына тиесілі. Суының кермектілігі: Қызылқұмда 3 – 5 г/л, Арыс – Сырдария аралығында 5 – 8г/л. Жер асты грунт сулары 2 – 5м тереңдікте (Сырдария, Арыс өзендері аңғарларында), Қызылқұм өңірінде 5 – 8м, кейде 8 – 12м тереңдікте кездеседі. Артезиан сулары негізінен палеоген – неоген қабаттарында (30 – 50, кейде 80 – 105м) [4,5,6].

Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік – шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс шетіндегі – Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі – Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь – Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі – Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан солтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі [7].

Зонашасы мен биіктік белдеуіне келетін болсақ, тау етегі мен бөктерінің – шөлді далалы белдеу. Ауданы – 16,8 млн га. Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.

Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.

Облыс климатына келер болсақ, климаты қоңыржай континенттік. Қары аз, қысы жұмсақ. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы ауданның солтүстігінде — 5 -7°С, оңтүстігінде -3 -5°С, жаз айлары барлық өңірінде +26 — +28°С. Қыс айларындағы төменгі температура -38°С, жаз айларында +52°С. Күн радиациясының жылдық жиынтық мөлшері 3200 – 3400 сағ/жыл. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 170мм – ден 300 мм – ге дейін. Қыстағы желдің басым бөлігі (45%) сотүстік – шығысқа, жазда солтүстікке (45%) келеді. Облыстағы Қаратау жотасынан  әйгілі Арыстанды – Қарабас желі тұрады. Ол Арыстанды өзенін бойлай оңтүстік батысқа қарай бағытталған. Желдің күші 30 – 35 м/секундқа дейін жетеді және кемінде 6 – 8  күн бойы қатарынан соғады. Қыста ауа температурасын тез төмендетіп жібереді. Ал жазда соққан бұл жел аңызақты келеді. Нәтижесінде қуаңшылық болып, шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді. Бұл желдің күштілігін осы салада зерттеу жүргізген ғалымдар Х.Ахмеджанов пен С.Төребаева: “ Біріншіден, ауа ағыны Қызылту мен Шақпақ аралығындағы тау асуынан өткенде жылдамдығы артады, екіншіден, Арыстанды өзенінің арнасында  тау – аңғар ауа циркуляциясының әсерінен оның екпіні одан да күшейеді. Арыс маңындағы ауа қысымы Мойынқұм үстіндегі қысымнан артық болған жағдайда жалпы атмосфералық циркуляция заңдылығы бойынша жел оңтүстік – батыстан солтүстік – шығысқа қарай соға бастайды. Бұл бағытта жел түнге қарағанда күндіз күштірек соғады” деп түсіндіреді [8,9].

Топырақ жамылғысы негізінен сұр, сортаңды сұр топырақты. Сырдария өзенінің аңғары шалғынды – аллювийлі сұр топырақты. Сол жағалық аңғарында (Қызылқұм өңіріне қарасты) құмдауытты сұр топырақ қалыптасқан. Сыр бойындағы топырақ негізінен саздақты келген. Облыстың кей аудандарының аумағында баялыш, күйреуік, теріскен, көкпек, құмды өңірлерде сексеуілді тоғай, өзен аңғарында шілікті – жиделі тоғайлар бар. Құмтөбелер аралығында грунт және кермек суы жақын жатқан жерлерде шұраттар (оазистер) кездеседі. Бұдан басқа (жалпы аумағы 36 мың га) Майлытоғай, Қанттоғай, Топшақтытоғай, Қожатоғай, Байтоғай, Көтенарал, Қарабұлақ, Кертен, Қарасу, Алағұс, т.б. аумағы шағын оншақты орманды – тоғайлы жерлер кездеседі. Бұларда негізінен тораңғы, жиде, қаратал, ешкітал, жыңғыл, шеңгелдер өскен. Қызылқұм өңірінде аумағы 820 мың га болатын сексеуілді тоғай бар. Сонымен қатар, аудан жерінде көпшілігі малдың азықтық қоры саналатын қаражусан, изен, балықкөз, атқұлақ, мия, қарасора, майсора, алабұта, қурай, құмай, кекіре, тарақбоз, сүттіген, рам, түйе, қарын, қоянсүйек, киікоты, өседі. Арыс өзені бойында дүние жүзіне белгілі дермене дәрілік – шипалық  шөбі өседі. Одан басқа адыраспан, меңдуана, үшойық, жалбыз, жыңғыл, қырықбуын, қоңырау, тұмаршөп және  дәрілік өсімдіктер өседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі кездегі экологиялық ластанған аумақ туралы үш географиялық ауданға бөлемiз. Бiрiншi, экологиялық дағдарыс алдындағы жағдай аумағына Арыс (Арыс қаласын қоса алғанда),   Отырар, Созақ, Шардара аудандары мен Түркiстан қаласы кiредi. Бұл аумақтарда жылдан – жылға шөлейттену процесiнiң өсуi, топырақтың құнарсыздануы белең алып барады. Ал, Созақ ауданының жер асты суларында және табиғи ортаның нысандарында радионуклейдтердiң құрамы көбеюде. Екiншi, Шымкент және Кентау қалаларының аумағы күштi техногендi әсерге ұшырауда. Мәселен, Кентау қаласы тұрған аймақтың жер қыртысы ауыр металдармен ластанған. Ал, Шымкент қаласында жер қыртысы қорғасын, мырыш, қалайының шоғырлануымен, яғни шектен тыс қалдықтардың тасталуымен, атмосфералық ауаның ластануымен сипатталады. Облыста басқа аумағы бiрыңғай антропогендi жағдайда деп бағалауға болады. Жалпы, Оңтүстiк Қазақстан облысы елiмiздегi экологиялық қалдығы мол алты аймақтың бiреуi болса, Шымкент ластанған қалалардың қатарында үшiншi орынды алады. Бұл жерде ауаны ластап жатқан iрi кәсiпорындардың үлесі мол. Осы жерде мынадай мәлiмет келтiре кетейiк. 2008 жылдың маусым айында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң тарапынан “Шымкентцемент” АҚ – на кешендi тексеру жүргiзiлiп, оның нәтижесiнде аталмыш кәсiпорынның атмосфераны шектен тыс қалдықтармен ластап отырғаны анықталған. Бұл – Шымкент қаласының ауасын едәуiр мөлшерде ластауға үлес қосып отырған [10].

Оңтүстiк Қазақстан облысы аймағының 75% бөлiгi Арал – Сырдария бассейнiнiң шекарасында орналасқан. Оңтүстiк Қазақстан облысының аймағында орналасқан Арал – Сырдария бассейнi Қазақстандағы бiрден – бiр ең iрi аймақтық өндiрiстiк кешен болып табылады. Бұл бассейннiң қоршаған ортаға техногендiк және антропогендiк ықпалы өте мол деп айтуға болады. Егер қысқаша сипаттай кетсек, осы бассейнде қазiргi таңда 1,0 млрд. тоннадан астам өндiрiстiк қалдық жиналған. Негiзiнен өндiрiстiк қалдықтардың полигоны “Южполиметалл”, “Химфарм”, “Оңтүстiк құс” АҚ – ларында, “ПетроҚазақстан Ойл Продактс”, “Су ресурстары және маркетинг” ЖШС – терiнде орналасқан. Ал, Шымкент қаласы тұрмыстық қатты қалдықтардың “отаны” десе де болады. Тұрғындар санының өсуi, өндiрiс пен техникалық прогрестiң дамуы қаланың экологиялық жағдайын күрт қиындатып жiбердi. Ластанудың техногендiк жағдайлары ауыл шаруашылығы саласында да жеткiлiктi. ҚР Заңына сәйкес Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет аумағы – экологиялық апат, экологиялық дағдарыс, экологиялық дағдарыс жағдайындағы аймақтар болып үшке бөлiнген екен. Бiздiң облыстың Арыс, Отырар, Шардара, Созақ аудандары мен Түркiстан, Арыс қалалары экологиялық дағдарыс жағдайындағы аймақтарға кiредi. Міне, осы аймақтардың экологиялық жағдайын жақсарту шаралары қазіргі таңда ұйымдастырылу үстінде [7].

 

1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы, оның сипаттамасы

 

Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 – 300м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Облыс аумағының орналасуына (яғни атмосфералық ылғалдылықтың негізгі көзі  мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедеріне байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан.

Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтар жалғасып жатыр [10].

Жалпы бұл аймақтағы топырақтар 12,1 млн гектарды, Батыс Тянь – Шань тау бөктерінің едәуір бөлігін, Тұран ойпатын және Бетпақдала шөлін қамтиды. Оңтүстіктегі кең шөлді аймақ бірте – бірте таулы биік, биік таулы шалғынды, далалық сирек аршалы таулы аймақ, тоғайлармен ірі шөпті жартылай саванна және тау бөктеріндегі майда шөпті жартылай саванналы аймақтарына ауысады. Негізгі топырағы: таулы – шалғынды альпілік және субальпілік биік таулы, таулы күрең, сұр күрең орта таулық (575 мың га), қара күрең жоғары тау бөктерлік (782 млн га), қалыпты сұр орта тау бөктерлік (1 млн га), ашық сұр топырақ төменгі тау бөктерлі (167 мың га), ежелгі аллювиальдік жазықтың шабындық сұр топырағы (636 мың га), жоғары шөлдік жазықтың сұр қоңыр топырағы (2,4млн га), сор, сортаңдар (2,1 млн га) және құмдар (3,4 млн га). Таудың сұр күрең топырағы бұта және шөп өскен қалың жыныс астында пайда болады [11,12].

Шірінділі А+В қабатының қалыңдығы 70-100 см. А1 қабаты (0 – 10 см) күрең сұр, кесекті (0 – 10см) күрең сұр, кесекті сұр, жаңғақты – түйіртпекті, А2 (12 см) – күрең сұр, жаңғақты – түйіртпекті, В1 (23 см) – ашық күрең, түйіртпекті – жаңғақты, В2(16 см) – ашық күрең, жаңғақты, 45 – 61 см тереңдіктен бастап тасиды, карбонаттардың дақтары 95 – 100 см тереңнен кездеседі. Топырақ орташа қара шірінділігімен ерекшеленеді (4,2 – 6,2%), азоттың мөлшері көбірек (0,20 – 0,35%). Топырақтың реакциясы бейтарапқа жақындау, pH 6,4 – 7,5 топырақ жайылым мен шабындыққа пайдаланылады. Таудың қара сұр топырағы Солтүстік Қаратаудың бөктерлерінде болады.

Шірінділі А+В қабатының қалыңдығы 30 — 60 см. А1 қабаты (10см) – сұр, қабат–қабат, А2 (10 см) – күрең сұр, тозаңды – кесекті түйіртпектер кездеседі; В қабаты (35 см) сұрлау күрең, шіріндісі 2,0-1,0%, жалпы азот 0,13 – 0,6%. Бұл топырақ тау жайылымы ретінде пайдаланылады. Оңтүстіктің қалыпты сұр топырағы Қаражантау, Оғам және Боралдай жоталарының орта бөлігіне, қысқа рең шөптері аралас жартылай саванналы жерде дамыған. Шірінділі А+В қабатының қалыңдығы 55 – 65 см; А қабаты (20 см) сұр, құба дақты, 5см тереңдікке дейін ашық қабат – қабаттау, одан төмен – кесекті-түйіртпекті, В қабаты құба сұрлау, карбонаттардың талшықтары бар, арасында жауын құрттардың іздері байқалады. Қарашіріндінің мөлшері 2,0 – 1,3% және азот 0,13 – 0,08%. А қабатындағы суға төзімді агрегаттардың мөлшері – 35 – 40%. Ашық сұр топырақ Батыс Тянь – Шань жоталарының бөктерлері мен Шардара жазығының оңтүстік бөлігінде раңды және жусанды шымды балшықты топырақ дамиды [13,14,15].

Шірінділі А+В қабаты 50-60 см. А қабаты құбалау сұр, қабатты– кесекті, түйіртпекті. Шіріндінің мөлшері 1,5 – 1,2% және жалпы азот – 0,10 – 0,06%. Микроагрегаттардың мөлшері – 30 – 45%. Шөлдің сұр қоңыр топырағы (6,4 млн га) Бетпақдалада, Қаратаудың сырт бөктеріндегі жазық шөлейтті бөлігінде, Қызылқұм мен Мойынқұмда жусанды өсімдіктер өсетін жерде дамыған.

Шірінділі А+В қабатының қалыңдығы 30-60 см. А1 қабаты (0 – 6 см) ашық сұр тозаңды – қабыршақты-кесекті қыртыс; А2 (6 – 16 см) құба сұр, борпылдақ, қат – қабат тозаңды – қабыршақты; В – қара қоңыр,  карбонаттардың дағы бар, кесекті – жаңғақты. Топырақтағы шірінді мен азоттың мөлшері өте аз. Топырақтың реакциясы сілтілі – pH 8,3 – 8,7. Жылжымалы формалардың мөлшері (мг/кг), гидролизденетін азот – 34 – 38, фосфор – 3 – 5 және калий 237 – 488. Қалыпты сұр топырақтың құнарлы тәлімді жерлері дәнді – дақыл өсіруге пайдаланылады. Олар суарған кезде (240 мың га) мақта, техникалық, жеміс – жидек, бақша дақылдарын өсіруге пайдаланылады. Көң төгіп азотты – фосфорлы тыңайтқыш енгізіп және эрозияға қарсы агротехниканы сақтағанда мол өнім алуға болады.

 

1.3 Сайрам ауданының орналасуы, оның табиғи

экологиялық жағдайы

 

 

 

Сурет 1. Сайрам ауданының орналасуы

 

Сайрам ауданы — Оңтүстік Қазақстан Облысындағы аудандардың бірі. Шымкент қаласының біраз шекарасы осы ауданмен шекаралас жатыр. Сайрам ауданына қарасты Шымкент орталығындағы елдімекендер де бар. Сайрам ауданының орталығы — Ақсукент (бұрынғы Белые Воды) елдімекені. Ол Шымкент қаласынан Алматыға қарай бағытталған тас жол бойында, қаладан 30 км. қашықтықта орналасқан. Сайрам ауданы 1928 жылы құрылды. Қазіргі таңда ауданның жер аумағы небары 1700 шаршы км, жер ауданы (территориясы) жөнінен Оңтүстік Қазақстан Облысындағы ең кішкентай аудан. Бірақ жерінің кішкентайлығына қарамастан ауданның барлық аймағын ауылшаруашылы саласы мен өндіріс саласы үшін өте қолайлы деп айтуға негіз бар. Сайрам аданының табиғаты таулы аймақтардағыдай өте сұлу болмағанымен, жазықты жерлерге тән ерекше табиғаты бар шұрайлы жерлер баршылық. Ақсукентте Ақсу өзені, ауданның шығысында Машат өзені, солтүстігінде Арыс өзені ағады [10].

Климаты. Осы аумақтыңың географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, аудан түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай – қаңтардың орташа температурасы — 2 — 9°С. Жазы ыстық:  шілде айының орташа температурасы + 20 — + 30°С. Вегетация кезеңі 230 – 320 тәулікке созылады. Ауаның жылдық орташа Т° 7,0 – 12,0. [15]

Тау етектерінде болғандықтан 300 – 450 мм, құбылады. Жауын – шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20 – 30 см аралығында, 2 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында, тіпті одан ерте ери бастайды.

Алатау мұздықтарынан басталып, жол – жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км),  Машат (60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Ақсу өзенінің арнасы ешкімді де бей – жай қалдырмайтыны анық.

 Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам – Сайрам, Мырғалымсай, Талас – Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады. Шу – Сарысу артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылдарында арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген. Санаторийлік демалыс пен емдеу орындары, сондай–ақ Сайрам ауданындағы «Манкент» шипажайы келушілер санын арттыра түсуде.

Топырақ түзуші факторлар. Топырақ түзуге негізгі алты фактор: ауа райы, тау жынысы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші әсер етеді. Топырақты мекендейтін, онда өсіп – өнетін организмдердің молдығы топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай, олардың қасиетіне зор әсер етеді. Сайрам ауданы шөлейт зонасында орналасуына байланысты, топырақтың құрамының әрбір граммында мыңдаған, миллиондаған микроорганизмдер кездеседі. Олар да өнеді, өседі, өледі. Топыраққа түскен бүкіл органикалық заттарды ірітіп – шірітіп, ыдыратып, оларды әртүрлі газдарға, минералды заттарға бөлетін, органикалық заттардан күрделі топырақ шіріңдісін түзетін де осы – микроорганизмдер. Топыраққа тек микроорганизмдер ғана емес, сонымен қатар онда мекендейтын көптеген зоофауналар, қарапайымдылар, жоғары және төменгі сатылы жануарлар, өсімдіктер, құрт – құмырсқалардың пайдасы көп. Негізі топырақ  түзілу құбылысының жылдамдылығы ғарыштан келетін күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты, Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзу жылдамдығы күні жылы, ылғалы мол аймақтарда өте жоғары жүреді, ал Сайрам ауданында керісінше ылғал аз, күні ыстық аймақ болғандықтан бұл құбылыстардың белсенділігі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей байланысты. Осы жердің геологиялық жасы көне. Сонымен қатар адамдардың  да тигізетін ықпалы зор. Бұл аймақ  Қазақстанда халық саны бойынша  ең көп және   тығыз шрғырланған жер [16].

 

1.4 Сайрам ауданының өндіріс орындары

 

Ауданда жылдан жылға өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар және оларды күрделі жөндеуден өткізу, оларға керекті қосалқы бөлшектер шығару, көкөніс түрлерінен консервілер дайындау, шарап өнімдерін, түрлі үлгідегі электродтар жасайтын, спирт өндірісі, құс еті, жұмыртқа өндірісі және басқа да өнеркәсіп тауарларын шығаратын, қайта өңдейтін өндіріс орындары жұмыс істейді.

2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен, шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қосқанда 3 миллиард 518 миллион теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдың 6 айымен салыстырғанда 590 миллион теңгеге артық немесе 120%  — ды құрады. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 1 млрд. 856 млн. теңгенің, шағын және қосалқы кәсіпорындарда (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 1 млрд. 662 млн.теңгенің өнімі өндірілді.

2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өнім өндіретін 44 – тен аса түрлі меншіктегі ірі, орта және кіші кәсіпорындар жұмыс атқарып, аудан халқының 33 пайызға жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр  [7].

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006 – 2008 жылдарға арналған іс шаралар жоспары туралы» №609 қаулысына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының 2006 – 2008 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Тассай ауыл округіне қарасты Қызылсай елді мекенінде айына 45 тонна макарон өнімдерін шығаратын «Арай-астық» ЖШС-і іске қосылып, 79 жаңа жұмыс орны ашылса, маусым айында бұл мекеме 18 жаңа жұмыс орнына кеңейтіліп отыр. Сайрам ауыл округінде жылына 25 мың дана жылыту жүйелеріне және су құбырларына арналған полипропилен трубалар шығаратын «ПАМИР-С» ЖШС-і іске қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданда көптеген кәсіпорындар жұмыс істейді. Мысалы Сайрам ауданы, Ақсукент селосындағы «Тері өңдеу» зауыты, «Аллюминий өңдеу» зауыты, «Мақта өңдеу зауыты», кондитерлік цехтар, т.б. жұмыс істейді. Яғни бір кішігірім селоның өзінде көптеген өндірістік орындары іске қосылған. Сонымен қатар бұлардың барлығы тұрғылықты мекенжай маңында орналасқан. Осы өнеркәсіптің барлығының атмосфералық ауаға, жер бедеріне,соның ішіндегі егістікке және одан алынатын өнімнің нашар болуына, флора мен фаунаға тигізетін әсері қаншама. Ең басты адам денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Айта кетер болсақ, адамның тыныс жолдарының қабынуына, тері аурулары, сүйек кемігінің қабынуына, көздің мөлдір қабатының қабынуына алып кеп соғады. Сайрам ауданы, Қарасу елдімекеніндегі «Сүт өнімдерін» шығартын, Тассай елдімекеніндегі «Цемент зауыты», Қазығұрт ықшамауданындағы «Қорғасын зауыты» бар. Бұл зауыттардың да аудан экологиясының бұзылуына қосатын үлестері өте зор. Экожүйенің ауыр металдармен ластануына алып келеді. Сайрам ауданы шағын болса да онда өнеркәсіп орындары өте көп. Мұның жақсы жағы адам қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр, ал кері әсері қоршаған ортаны өзінің түтіндері мен қатты, сұйық тағы басқа да қалдықтарымен ластауда.

 

1.5 Ауыр металдардың қоршаған ортада таралуы

 

Қазір ғылыми – техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай әсіресе біздің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайлы қарауымыздан анық байқалады. Өндіріс орындарынан бөлінетін экотоксиканттар метериологиялық фактордың әсерінен атмосферада, суда және топырақта кең таралып тірі организмдердің тіршілік әрекетіне кері әсер етуде. Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуі, жиналуы мен миграциясын зерттеу олардың тірі организмдерге әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде барлық табиғи ортада бақыланып отыратын ластаушы химиялық заттардың негізінің бірі – ауыр металдар [17]. Бұл бір жағынан металдардың биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар олар органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады. Қазіргі уақытта ауыр металдардың қоршаған ортаға, яғни топырақ пен тірі организмдерге әсері күннен күнге күшейіп келеді.   Менделеевтің периодтық кестесінің 40 – тан астамы ауыр металдар. Олардың атомдық салмағы 50 – ден жоғары. Алайда бұлардың барлығы қоршаған ортаға зиянын тигізе бермейді. Қасиеттері бойынша, яғни өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер мен адамдарға тигізетін зиянды элементтері 1  кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1

Ауыр металдар сипаттамасы

 

Элементтің аты

Атомдық номері

Атомдық салмағы

Сынап

80

200,59

Қорғасын

82

207,19

Кадмий

48

112,40

Мышьяк

33

74,9216

Мыс

29

63,54

Ванадий

23

50,942

Мырыш

30

65,37

Сурьма

51

121,75

Молибден

42

95,94

Кобальт

27

58,9332

Никель

28

58,71

 

Бұлардың ішіндегі 3 элементтің улағыш қасиеті өте жоғары. Олар – сынап, қорғасын, кадмий [18,19].

Сынап өндірістік кәсіпорындарынан таралғаннан кейін топыраққа тез сіңіп таралатын элемент. Сынап және оның қосындылары әсіресе топырақтың беткі қабатында көп мөлшерде жиналады. Қазіргі кезде еліміздің көптеген өңірлерінен осындай көрсеткіштер орын алып отыр.

Қорғасын тірі организмдер дүниесіне өте күшті әсер ететін консерогенді зат. Қорғасынды зауыттарда өндіру барысында өндірілген өнімнің әр тоннасында 20 – 25 кг осы элемент қоршаған ортаға таралады. Бұл таралған қорғасын топырақ қабатының 10 – 15см деңгейінде жинақталады. Ал бұл ондағы өсімдіктер мен микроорганизмдерге әсерін тигізбей қоймайды.

Кадмийдің тіршілік үшін зияндылығы да артық болмаса кем емес. Әсіресе оның өсімдіктер тіршілігіндегі улағыш қасиеті басты орын алады. Мысал келтірелік, топырақ құрамындағы судың немесе жер суаратын судың 1 литрінде аталған элемент 10 мг болса өсімдіктің өсу қарқыны тежеліп 50% — ға кемиді. Ал оның мөлшері 100 мг – ға артса өсімдіктің тіршілігі тоқталады немесе өліп қалады. Кадмий топыраққа негізінен ауылшаруашылығында фосфор тыңайтқыштарын көп мөлшерде пайдаланғанда, Жылу Электр Станциялары жұмыс істегенде, пайдалы кен байлықтарды балқыту кезінде таралып, топырақтың беткі қабатында жинақталады [17].

Қазақстан аумағанда қоршаған ортаға тұрақты ластағыш көздерден жылына 5 млн. тонна әртүрлі ластағыш заттар бөлініп шығады. Бұлардың ішінде қорғасын мен мышьяктың қосындысы 2 мың тоннадан, мыс тотықтары 1,8 мың тоннадан, 11 мың тоннадан артық қаракүйе және мыңдаған тонна газ қоспалары (күкірт, азот, көміртегі тотықтары және органикалық газ қоспалары) [3].

 

 

Кесте 2

Ауыр металдардың залалсыз шекті мөлшері, мг/кг

 

Ауыр металл

шекті мөлшері, мг/кг

Қорғасын

32,0

Марганец

1500

Сынап

2,1

Мышьяк

2,0

Мыс

33

Никель

4,0

Мырыш

55

Кадмий

0,5

Сурьма

4,5

Бор

25

Кобальт

50

Қалайы

50

Селен

10

Молибден

4

Фтор

200

 

Ауыр металдар топырақ қабатына көбіне атмосфера арқылы түседі. Жауын – шашын арқылы қорғасын, кадмий, мышьяк, сынап, хром, никель, мырыш және тағы басқа элементтер түседі. Атмосферадан келетін ауыр металдардың 48% — ы автокөлік (автобустар мен жүк көлігі), 31% — ы құрылыс материалдарын өндіретін және жасайтын кәсіпорындар, 21% — ы өндіріс және энергетика кәсіпорындарына тиесілі [18,21].

 

 

 

Сурет 2. Атмосферадан келетін ауыр металдардың үлесі

 

 

 

Кесте 3

Ауыр металдардың ауадағы ең жоғарғы залалсыз мөлшері, мг/м³

 

Элементтер, оның қосындылары

Елді мекендерде, мг/м³

Өндірістерде ең жоғарғы,бір жолғы, мг/м³

Қауіптілік класы

Ванадий (+5 тотығы)

0,002

0,03

1 (өте күшті)

Кобальт (метал түрінде)

0,001

0,17

1

Марганец(тотық қосылысы)

0,01

0,1

2 (күшті)

Мышьяк (орг. емес қосылыстар түрінде)

0,003

2

Никель (тотығы)

0,001-0,003

0,003

1

Қорғасын және қосындылары

0,0003

0,003

1

Қорғасын күкірті

0,0017

1

Хром (‡І-валентті) тотық түрінде

0,0015

1

Мырыш тотығы

0,15

2

3 (орташа)

 

Ғылыми деректерге қарағанда соңғы 10 жылда түсті металды өндеу мен өндіру арасында 1 шаршы км жерге орташа есеппен 30кг қорғасын, 80 кг-нан мыс пен мырыш таралады. Көмір, мұнай, газ және т.б. жер қойнауынан алынған отындарды жаққанда түтінмен бірге ауаға осы отын ішіндегі элементтер тарайды. Тас көмірді жаққанда одан цезий, хром, қорғасын, сынап, күміс, қалайы, титан, уран, радий және т.б. элементтер бөлініп шығып атмосфераға тарайды. Қоршаған ортаны күшті ластайтын антропогендік факторлардың бірі аса қуатты Жылу Электр Станциялары (ЖЭС). Мысалы, осындай бір станцияның өзінен жылына 300 – 360 тонна микроэлементтері бар қалдықтар шығарады екен.

Ауыр металдардың топыраққа минералды тыңайтқыштар арқылы түсуі:  ауыр металдар агрорудалар құрамында болғандықтан табиғи қоспа түрінде минералды тыңайтқыштарда кездеседі. Сондықтан тыңайтқыш құрамындағы олардың мөлшері шикізаттан және оны өндеу технологиясына байланысты.

Мысалы, фосфар тыңайтқыштарына жататын суперфосфат құрамында кадмий көп кездеседі. 1 кг суперфосфатта 50 – 170 мг кадмий, 66 – 243 мг хром, 10 – 90 мг мыс, 7 – 92 мг қорғасын, 7 – 32 мг никель, 70 – 180 мг ванадий, 50 – 430 мг мырыш анықталған.

Фосфор тыңайтқыштарымен бірге топыраққа тұрақты түрде стронций да түседі. Кейбір пестицидтер өз құрамында сынап, мырыш, мыс, темір сияқты ауыр металдар пайдаланылады.

Ауыр металдардың топыраққа өнеркәсіп қалдықтары арқылы түсуі: ауыл шаруашылығында мелирант түрінде қолданылатын өндіріс қалдықтарына әртүрлі шлактар, тас көмір күлдері, фосфогипс, цемент шаңы жатады.

Фосфогипс тыңайтқыш жасайтын кәсіпорындардың қалдығы. Ол ортофосфор қышқылын алу үшін аппатит концентратына қоюланған күкірт қышқылымен әрекет етуінен түзіледі. Фосфогипс құрамында 2 % — дан артық стронций кездеседі. Бұл элемент өсімдіктер мен жануарлар организмінде кальцийді алмастырып, қалыптасқан зат алмасу процесін бұзады. Стронций көп геохимиялық аймақтарда адамдар мен жануарларда ерекше ауру пайда болып олардың сүйектері майысып, қисайып сынғыштығы артады. Буындар ісіп қабынып қозғалтқыштығын жоғалтады. [22]

Фосфогипс қолданылған жерде өсімдік құрамының сапасы едәуір өзгеретіндігі байқалады. Мысалы, бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибеде стронций мөлшері 4 есе артса, ал кальций мөлшері 1,4 есе ғана артқан.

Ауылшаруашылыққа пайдаланып жүрген жерде ең көп және аса қауіпті зиян келтіретін топырақтағы ластандырғыш заттар есебіне бірінші кезекте фтор, бор және нитраттар саналынады. Кейбір жерлерде суармалы егістікті көбейту мақсатында көкеніс, бақша, картоп танаптары өндіріс кәсіптерінің және қаланың лас суларын пайдаланады. Мұның әсерінен суармалы жерлер зиянды заттармен ластанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Зерттеу нысаны мен әдістері

 

2.1 Зерттеу нысаны

 

          Зерттеу нысаны – Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының қоршаған ортасының компоненттері.  Зерттеу үшін екі нүктеден топырақ үлгілері алынды:  Қорғасын зауытының маңы;  Ақсукент елдімекен территориясы; егістік жерлерден. Сонымен қатар қорғасын зауытынан шыққан қалдықтар сынаққа алынды. Ауа, су туралы мәліметтер Сайрам ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының есебінен алынды [23]

          Климат жағдайлары. Осы ауданның географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, аудан түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай – қаңтардың орташа температурасы – 2 – 9°С. Жазы ыстық:  шілде айының орташа температурасы +20 — + 30°С.  Вегетация кезеңі 230 – 320 тәулікке созылады. Ауаның жылдық орташа Т° +7,0 —  + 12,0 [15].

Тау етектерінде болғандықтан жауын-шашың мөлшері 300 – 450мм аралығында құбылады. Жауын – шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20 – 40 см аралығында, 2 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында, тіпті одан ерте ери бастайды.

           Зерттеуге  алдынған осы ауданның  топырақтың түсі ашық, карбонатталған. Тығыздығы – орташа тығызды. Орташа кесектелген. Топырақ түйіршіктері майда болғандықтан, ол балшықты – сазды, топырақ  қабаттарының морфологиялық көрсеткіштері бойынша бір – бірінен айырмашылығы байқалды. Қабат тереңдеген сайын топырақтың түсі ашық түске қарай өзгеріп, майда тастар байқалады. Кескін төмендей бере топырақтың тығыздығы да артты. Яғни топырақтың түсінің ашық болып кете беруі, неғұрлым кескін төмендеген сайын, соғұрлым топырақтың гумусы да азаяды деген сөз [12].

Гумус топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіші. Оның мөлшері  топырақтың беткі қабатында 2 – 3 %  құрады,  C:N 7 – 9. Топырақтың қатты фазасының тығыздығы – 2,45 г/ см³. Ал құрылымдық коэффиценті 1,7–ге тең, PH – 8.0. Топырақтан бөлініп шыққан СО2 мөлшері – 12%.  Қара шіріндісі аз, құрғақ және шөлейтті топырақтарға тән. Ылғал режиміне келетін болсақ, ауданның климаты құрғақ болғандықтан, ылғал сіңіру процесі мен транспирация  процесі жылдам жүреді. Кейде құрғап кеткен жағдайда, ылғал режимін суару арқылы өзгертеді. Осы оңтүстік баурайдағы топырақ, солтүстік  баурайдың топырағына қарағанда жылуды жақсырақ сіңіріп, жылдам жылынады. Топыраққа берілген жылу оның бөлшектерімен, су және ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақтың қатты бөлшектері су, жылуды жақсы өткізеді. Ал түнде топырақ бетінен бастап салқындайды. Сайрам ауданының топырағының сапасы төмендеу болғандықтан, сол топырақты тиімді пайдалану үшін оны алдын ала өңдеп, мелиорация шараларын жүргізіп, сапасын жақсарту керек.

Егістікте пайдаланылатын Сайрам ауданынының суармалы алқабында суармалы жерді игеру өткен жылдармен салыстырсақ  60 – 70 %-ға өскен, бірақ кейбір шаруашылықтарда алынған өнім сапасы төмен. Өндірілген өнім аз әрі сапасыз болған. Оған бірінші себеп қаржы тапшылығы. Екіншіден жерді ауыспалы егіске ауыстырудың баяу қолға алынуы. Үшіншіден – жердің құнарлылығын арттыратын шаралардың толығымен жүргізілмеуі, керекті органикалық немесе минералды тыңайтқыш түрлерін енгізуде көптеген кемшіліктерге жол берілгендігін аңғардық [14].   

Жоғарыда айтылған кемістердің салдарынан қатарынан екі жыл өнім берген жер биылғы жылы сол жылдарда алынған өнімнің жартысында бермеген. Атап айтсақ, жоғарыда айтылған кемшіліктерге жол бермесе ол суармалы жер табыс көзіне айналары сөзсіз. Оған арнап биылғы жылы кейбір шаруа иелері жүгері, пісте, тары, жоңышқа сияқты дақылдардан жақсы өнім алып қаржыланды.

Ал топырақпен көтерме етіп соғылған бас немесе кіші су жүйелерінде тазалау болмаған десе де болады. Ондағы су тоспаларын әр түрлі қоқыстардан тазарту, өткелді қайта қалпына келтіру жұмыстары бүгінгі таңда қолға алынбай отыр.

Суару жүйелерінің техникалық жағдайы. Сайрам ауданының суармалы алқабында негізінен жер бетінде топырақпен көтерме етіп су жүйелері соғылған. Онда өткел және су тоспалары болған. Аудан бойынша 14 мың га-ға жуық жерлер инженерлік тегістеуден өтіп, ондағы жоғарыда атап өткен заттардың бүгінгі таңда 60%-ы істен шыққан. Канал бойындағы қондырғылар, яғни су айдайтын заттардың көпшілігі істен шыққан, көтерме етіп соғылған канал домбылары отырған, ішкі беттері жел-жер эрозиясы құбылыстардың әсерінен көміліп қалған және әр түрлі өсімдіктер өсіп су жүру мүмкіншілігі төмендеген [24].

Инженерлік тегістеуден өткен жерлерге қойылған ашық-жабық су қашыртқылары толығымен істен шыққан. Осының салдарынан жер асты су деңгейі көтерілуде. Осыдан барып, жер асты суының тұздануы жылдан жылға ұлғайып бара жатқандығын байқауға болады.

 

2.2 Топырақ үлгісін алу және анализге дайындау

 

Далалық жағдайда топырақпен танысу үшін зерттейтін территорияны зер салып қарап шығып, оның беткі құрылысының қандай екендігін байқау керек. Себебі әртүрлі жер бедерінде қалыптасқан топырақтар әртүрлі болады. Топырақтың қасиетін білу керек жерде топырақ шұңқырын қазу керек. Шұңқыр мөлшері мынандай: көлденеңі 80 см, ұзындығы 150 – 200 см. Ең терең алдыңғы беті.

Шұңқыр адам түсе алатындай етіліп, басқышталып қазылады. Шұңқырдың терең бөлігін оңтүстікке қарай орналастыру керек. Сонда топырақтың сипаттама жасалатын алдыңғы қабырғасы көлеңке жаққа қарайды. Көлеңкеленген топырақ баяу құрғайды және бүкіл күн бойынша сәуле біркелкі түседі.

Шұңқырдан шығарылған топырақты оның ұзынына қарай екі жағына тастау керек. Ал, терең бөлімінің қабырғалары шығарылатын топырақтан таза болуы тиіс. Қара гумусы бар топырақты бір жаққа, терең қабаттарынан шыққан топырақты екінші жаққа тастау керек.

Шұңқыр дайындалғаннан кейін оның сипаттамасын жазуға кіріседі. Ең алдымен шұңқыр қазылған жерге қандай дақыл егілгенін жазады.

Топырақ сипаттамасын жазып болғаннан кейін оны шұңқырдың қабырғаларын дұрыстап қарап, жырту қабатының, оның астындағы гумусы бар қабаттың және басқа төменірек жатқан, бірінен бірі жақсы ажыратылып тұрған қабаттардың қалыңдығын өлшеп жазып қою керек. Қабаттарды жақсы байқау үшін пышақпен одан шамалы кесіп алып, оны саусақпен уқалап көру керек. Әрбір горизонттың ылғалдығын, түсін, механикалық құрамын, тығыздығын, құрылымын көрсету керек [25,26].

Егер топырақ қабаттарында  тамыр, жертесер, құрт және шіріген тамыр жолдары, тас не тұз қоспалары болса, мұны да көрсету керек. Одан кейін барлық қабаттардың НСl дан қайнайтынын немесе қайнамайтынын тексереді. Ол карбонаттың барын немесе жоғын сипаттайды. Бұл үшін әрбір қабаттан алынған топыраққа өте сұйық ерітілген тұз қышқылды тамызып көреді. Егер бұл қышқыл болмаса кәдімгі сірке суын пайдалануға да болады. Қышқыл тамызған топырақтан көпіршіктер бөлініп, шыжылдайтын болса, топырақ қышқылдан қайнайды деп жазады. Бұл онда әктің көп екендігін көрсетеді. Қайнау топыраққа қышқыл тамызған кезде әктің бұзылып, бөлінген көмір қышқыл газының көпіршіктеніп шығуынан болады.

Егер топырақпен толығырақ танысу керек болса, анализ жасау үшін шұңқырдан үлгілер алады. Үлгілер жырту қабатынан және басқа бірінен бірі жақсы ажыратылатын қабаттардан алынады. Пышақпен салмағы жарты кг не одан да көбірек топырақты текшелеп кесіп алады. Оны құрғақ қағазға мұқият орап, жіппен байлап қояды. Орама қағаздың ішіне үлгіні қай жерде, қашан, қандай терендіктен, кім алғандығы жазылған қағаз салады. Осындай жазуды үлгінің орама кағазының сыртына да қайталап жазады.

 

2.3 Топырақтағы гумус мөлшерін анықтау

 

  Қарашірік немесе гумус – топырақ құнарлылығын анықтайтын басты агрохимиялық көрсеткіштердің бірі. Қарашірік негізінен өсімдіктердің және топырақты мекендейтін микроорганиздер мен жәндіктердің қалдықтарының қоспасынан тұрады. Гумустың түзілуіне жергілікті жердің климат ерекщеліктері, топырақ микроорганизмдері, адамдар іс-әрекеттері әсер етеді. Түрлі топырақта қарашірік мөлшері түрліше болады. Кейбір топырақта оның мөлшері топырақ салмағының жүзден бір бөлігіндей болса, екінші біреулерінде оннан бір бөлігіндей болады. Мысалы, шөлді аймақта топырақта гумус 0,5-1% болса, шалғынды-далалы қара топырақты аймақта оның мөлшері 10%-ға дейін жетеді [27,28,29].

Топырақ қарашірігінің қоректік маңызы зор. Ол негізінен көміртек, сутек, лигнин, белокты заттар, май және смоладан тұрады.  Сонымен қатар, оның құрамында өсімдіктерге қажетті негізгі қоректік элементтер азот, фосфор, күкірт және басқалар бар. Топырақтағы микробиологиялық процестердің нәтижесінде гумус құрамындағы бұл элементтер босайды да, онымен өсімдіктер қоректенеді.

Топырақ құрамындағы гумусты анықтау әдістері топырақ құрамындағы қарашірікті калий бихроматының күкірт қышқылында дайындалған ерітіндісімен тотықтандыруға негізделген. Хром қышқылды калийдің артық мөлшерін Мор тұзының ерітіндісімен титрлейді.

Жұмыс барысы: 0,25 мм-лік елеуіштен өткізілген топырақтың үлгісін аналитикалық таразыдан 0,1- 0,5г дейін қарашіріктің топырақтағы мөлшеріне қарап өлшеп алады (өсімдіктің ұсақ тамырларын теріп алып тастайды).

Өлшеп алынған топырақты 100 мм-лік колбаға салып, 10 мл-лік бюреткадан 0,4н K2Cr2O7 – ның 1/1 күкірт қышқылымен араластырып жасалған ерітіндісін құяды. Колбаның аузына кішкене воронка қояды, ол тоңазытқыштың ролін атқарады. Колбаны плиткаға немесе су моншасына қояды да 5 минуттай ақырындап қайнатады. Қыздырған кезде қарашірік қышқылданады да СО2 бөліне бастайды. Бұл жағдайда 2 хром қышқылды калийдің бөлігі қарашіріктің тотығуына жұмсалатынын мына реакция бойынша көруге болады:

 

2K2CR2O7 + 8H2SO4 = 2K2SO4 + 2Cr2(SO4)3 + 8 H2O + 3O2

3O2 + 3C(гумус) = 3CO2

 

Содан кейін колбаның ішіндегі сұйықтықты суытады да, индикатор ретінде 5-8 тамшы финилантронил қышқылын қосып, колбаның ішіндегі сұйықтықты 0,2н Мор тұзының ерітіндісімен (FeSO4(NH4)2SO4•6H2O) қаракөк ерітіндінің түсі күлгін және көкшіл түс арқылы лас жасыл түске айналғанша титрлейді. Ерітінді көк түске боялған кезде титрлейтін ерітіндіні жақсылап араластырып, Мор тұзын тамшылатып қоса отырып абайлап титрлейді. Гумустың тотығуынан соң қалған екі хром қышқылды калиймен Мор тұзының арасындағы реакция 2 хром қышқылды калийдің хром тотығуына тотықсыздануымен аяқталады да, реакция мына теңдікпен жүреді:

 

K2Cr2O7 + 6FeSO4 + 7H2SO4 = Cr2(SO4)3 + K2SO4 + 3Fe(SO4)3 + 7H2O

 

Бұл мезгілде K2Cr2O7 мен Мор тұзы арасындағы қатынасты анықтап алады. Ол үшін 100 мл-лік колбаға бюреткадан 10 мл 0,4н K2Cr2O7 ерітіндісін қыздырылған сары топыраққа қоса отырып (бір қалыпты қайнау үшін) 5 минуттай қайнатады. Мор тұзының ерітіндісімен K2Cr2O7 қатынасын қалыптастыруға жұмсалған ерітінді арасындағы айырмашылық және гумус тотыққан соң қалған дихроматты титрлеуге жұмсалған сол ерітіндінің мөлшері алынған топырақ үлгісінің қарашіріктің тотығуына жұмсалған хром қышқылының мөлшеріне сәйкес Мор тұзының мөлшерін береді.

1 мл 0,2н Мор тұзының ерітіндісі 0,0010362 г қарашіріктің немесе 0,0006 г көміртегінің тотығуына үйлеседі.

Гумустың құрғақ топыраққа проценттік мөлшерін мына формуламен есептейді:

 

X = (a — b) • 0.010362•100K/C                              [27]

 

Мұнда:

а – Мор тұзы ерітіндісінің бос титрлеудегі / паралельді анықтау саны/;

в – Мор тұзы ерітіндісінің зерттелетін ерітіндіні титрлеуге жұмсалған саны, мл;

К – Мор тұзы ерітіндісінің нормалығы 0,2 н тура болмаған жағдайдағы түзету 100гр топыраққа аудару коэффициенті;

к – құрғақ топыраққа есептеу коэфициенті;

С – анализге алынған топырақтың салмағы,

 

2.4 Ауыр металдарды анықтау әдісі

 

Ауыр металдарды анықтау атомдық-абсорбциялық әдіс бойынша жүргізіледі [30,31,32]. Аналитикалық әдіс бойынша ауыр метладардың мөлшерін бос атомдардың сәулені сіңіруіне негізделіп анықтайды. Топырақ үлгісін (0 – 25 см) горизонтынан 0,5 – 1 кг салмақта алады. Топырақты тастардан, өсімдік тамырларынан, әйнек сынықтарынан және т.б. кірмелерден тазартады. Оларды бөлме температурасында кептірген соң келіге салып майдалайды. Топырақтың өлшенген  1 г топырақ үлгісін термотөзімді шыныдан жасалған сыйымдылығы 100мл конус тәрізді колбаға салып, үстіне 100 мл дистилденген су құямыз. Оған 5 мл концентрленген азот қышқылын қосып,  қайнағанша қыздырамыз. Ертіндіні 2,5 мл-ге дейін буландырамыз. Одан соң оған 5 – 10 мл дистилденген су қосып,  тұз ерігенше қыздырамыз да ішіндегісін өлшейтін 15 мл-лік колбаға салып, межеге дейін жеткенше дистильденген су құяды. Градирленген график бойынша ертіндідегі ауыр металдарды анықтаймыз.

 Ауыр метал концентрациясы мына формуламен анықталады:

С%=

 

 

мұнда, n – металды ерітіндіден табылған концентрациясы (мкг/мл);

V – ерітінді көлемі (мл);

Р – үлгінің салмағы (мл);

 

 
 

2              3

 

 

 

                        1                           Жалын                                                                                                                                                                                                                                                                                            

 

       
     
   
 
 
   
 
   

 

 

                                                                      4

                                    

           
     
   
       
 
 

 

 

 

 

 

 

 

                           11                                     

                                                                     7              6            5

     9                                                 

 

 

 

                                10

      8                    

 

 

       
     
 
   

 

 

 

 

 

 

 

                                                               Үлгі

                               
     
 
                 
 
           

 

 

 

Cурет 3. Атомдық – абсорбциялық спектрометр сызбасы

 

  • резонанс сәуле шығаратын сызық көзі, 2 – монохроматор, 3 – детектор, 4 – күшейткіш, 5 – стрелкалы прибор, 6 — өзі жазғыш, 7 – санды басатын құрылғы, 8 – тотықтырғышты енгізу, 9 – отын енгізу, 10 – шашыратқыш, 11 – шашырату камерасы.

Атомдық – абсорбциялық спектрометр – еркін атомдардың жарықты сіңіруіне  негізделген, элементтер құрамын анықтайтын аналитикалық прибор (3-сурет).

Атомдардың әртүрлі формадағы энергиямен қарым-қатынасы үш спектроскопиялық құбылыстардың бір – бірімен тығыз байланысында айқындалады. 1802 жылы Валластон алғаш атомдық сіңіруді бақылады. Ол күн спектірінен қарақышқыл сызықтарды анықтаған, сонынан бұл фраунгофер деген атқа ие болды. Атомдық – абсорбциялық әдіс, екі арнаулы қолданудан бастап, нақтырақ айтқанда атмосфералық жұлдыздарда кейбір элементтерді ұқсастыру және лабораториялық жағдайларда сынап буларын анықтағаннан басқа іс жүзінде 1954 жылға дейін қолданыс таппады. Аспаптарды жетілдіру айтарлықтай сенімді резонанстық сәулелну өздерін жасау, айтарлықтай ыстық жалында бақылау периодтық жүйедегі барлық дерлік элементтерді анықтайтын талдау техникасын жаппай таратуға мүмкіндік жасады.

 

2.5 Ауаның сапасын анықтау және анықтауда қолданған приборлар

 

Атмосфера ауасын және топырақты ластаушы көздердің бірі – автомобиль транспорты. Автомобиль бөліп шығаратын ластағыш заттардың құрамында 200-ге тарта улы заттар кездеседі. Сонымен қатар ластаушы көздердің бірі – өндіріс орындары.

Сайрам ауданындағы ұзақ жылдар бойы қорғасын өндірісінен бөлінетін зиянды қалдық заттармен ластануда. Олардың негізгілері – қорғасын, мыс, мырыш, кадмий. Сайрам ауданының оңтүстік батыс бөлігінде қала территориясына етене еніп орналасқан. Ауданның гидрометериологиялық орталықтарының мәліметі бойынша жыл бойы есетін желдің 30-35%-ы батыстан және оңтүстік батыстан соғатынын ескерсек, қорғасын зауытының қалдық заттары шығысқа және солтүстік шығысқа қарай қанат жайған қала территориясын айтарлықтай ластайтынын аңғаруға болады.

          Ауа құрамын арнайы құрылғылармен анықтайды. Олар:

Аспиратор «ОП – 442ТЦ» — ауаның құрамындағы ауыр металдарды анықтауға арналған құрылғы. Бұл тек арнайы электр тогына жалғағанда ғана іске қосылады. Құрылғының арнайы фильтр орнатылған ауа сорғыш түтікшелері болады. Фильтр ауадағы шаңдарды ұстап қалады. Ауадағы ауыр металдарды жеке – жеке өзінің шкаласы арқылы көрсетеді [30].

 

 

 

Сурет 4. Аспиратор «ОП – 442ТЦ» — ауаның құрамындағы ауыр металдарды анықтауға арналған құрылғы

 

 

 

 

 

 

Сурет 5. Атмосфералық ауа құрамындағы ауыр металдарды зерттеу барысы

 

 

 

  • Зерттеу нәтижелері

3.1 Егістіктегі Сайрам ауданының топырақтарының құнарлылығы

 

Зерттеу жұмысында егістікте пайдаланылып жүрген топырақтарда негізгі топырақтың құнарлылығының көрсеткіші – гумустың мөлшері анықталды.  Жалпы топырақ құнарлылығы зоналық топырақтарға сәйкес келеді. Бірақ көп жылдар бойы суармалы егістікте пайдаланылып жүрген топырақтардың құнарлылығы төмендегені байқалды. Оны егістіктегі және егістікте пайдаланбаған топырақтармен салыстырғанда байқауға болады.

 

 

Кесте 4

Егістіктегі топырақтардың гумус, азот мөлшері

Вариант

Тереңдігі,см

Гумус, %

Жалпы азот, %

Егістікте пайдаланбаған  топырақ

0-10

1,9±0,35

0,13±0,03

10-20

1,5±0,15

0,07±0,02

20-30

1,0±0,10

0,06±0,01

Егістікте

пайдаланған

топырақ

0-10

1,5±0,20

0,08±0,03

10-20

1,2±0,15

0,07±0,02

20-30

0,8±0,05

0,07±0,01

Ауыспалы егіс жүйесіндегі топырақ

0-10

2,4±0,50

0,15±0,03

10-20

2,1±0,35

0,10±0,02

20-30

0,9±0,015

0,08±0,02

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6. Егістіктегі топырақтардың гумус мөлшері, %

 

 

 

Сурет 7. Егістіктегі топырақтардың азот мөлшері, %

 

Сайрам ауданының егістіктегі топырақтарында гумус пен азот мөлшерінің төмендегені анықталды. Бұл көрсеткіштер топырақтың негізгі құнарлылығын қалыптастыратын элементтер. Егістікке пайдаланбаған топырақта гумус мөлшері 1,9% тең болды; егістікке пайдаланған жерде гумус мөлшері 1,5 %; ауыспалы егістікте гумус пен азот мөлшерінің  жоғарлағаны байқалады.

       Сондықтан да ауыспалы егістік жүйесін топырақтың құнарлылығын арттырудың бір шарасы деуге болады.   

 

3.2  Топырақтағы, су және ауадағы ауыр металдар мөлшері

 

Сайрам ауданының орталығы Ақсукенттен, Сайрам ауданында орналасқан “Қорғасын өңдеу” зауытының маңынан және зауыттан шыққан қалдық сынаққа алынды. Олардың құрамындағы мына ауыр металдар: Pb, Cd, Cu, Zn, Fe, Ni, Co, Mn анықталды. Олардың көрсеткіштері шекті рауалы концентарцияларымен салыстырылды [33]. Зерттеу нәтижелері, анықталған металдардың мөлшері төмендегі кестеде көрсетілген.                                                           

 Кесте 5 

Топырақтағы ауыр металдар мөлшері, мг/кг

Сынақтар

Ауыр металдар мөлшері (орташа мәні), мг/кг

Pb

Cd

Cu

Zn

Ni

Co

Зауыттан шыққан қалдық

96,50±3,01

7,21±0,02

120±4,12

28500±38,55

35,25±2,39

24,23±1,33

Зауыт жанындағы топырақ

66,50±3,36

3,11±0,08

5,02±0,68

138±18,96

45,32±1,35

7,54±0,09

Ақсукент

19,50±0,14

 

1,92±0,07

 

4,25±0,08

74,53±1,24

97,54±5,34

4,53±0,04

 

 

        Қалдықтар және топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшері анықталды. Ең жоғары көрсеткіштер келесідей болды.

Зауыттан шыққан қалдықта:

                                                мырыш (Zn) мөлшері – 28500±98,55 мг/кг;

                                                мыс (Cu) мөлшері – 120±4,12мг/кг;

                                                қорғасын (Pb) мөлшері – 96,50±3,01 мг/кг;

                                                никель (Ni)мөлшері – 35,25±2,39мг/кг;

                                                кобальт (Co) мөлшері – 24,23±1,33мг/кг;

                                                кадмий (Cd) мөлшері – 7,21±0,02мг/кг.

З ауыт маңайындағы топырақта зауыт маңайындағы топырақта:

                                                мырыш (Zn) мөлшері – 138±18,96мг/кг;

                                                қорғасын (Pb) мөлшері – 66,50±3,36 мг/кг;

                                                никель (Ni)  мөлшері – 45,32±1,35мг/кг;

                                                кобальт (Co)  мөлшері – 7,54±0,09мг/кг;

                                                мыс (Cu) мөлшері – 5,02±0,68мг/кг;

                                                кадмий (Cd)  мөлшері – 3,11±0,08мг/кг.

Ақсукент топырағында:

                                                никель (Ni) мөлшері – 97,54±5,34 мг/кг;

                                                мырыш (Zn) мөлшері – 74,53±1,24мг/кг;

                                                қорғасын (Pb) мөлшері – 19,50±0,14мг/кг;

                                                кобальт (Co) мөлшері – 4,53±0,04мг/кг;

                                                мыс (Cu) мөлшері – 4,25±0,08мг/кг;

                                                кадмий (Cd) мөлшері – 1,92±0,07 мг/кг.

 

Бұлардың барлығы да ШРК – дан бірнеше есе асқан.

 

 

Сурет 8. Топырақтағы ауыр металдар (Pb, Cd, Cu, Zn, Ni, Co) мөлшері, мг/кг

 

 

 

Сурет 9. Зауыт қалдығындағы ауыр металдар (Pb, Cd, Cu, Zn, Ni, Co) мөлшері, мг/кг.

        Сайрам ауданының топырағының ауыр металдармен ластану деңгейін көрейік. Зерттеу орындарынан алынған топырақ орындарын тексергенде, топырақтың ауыр металдармен көп мөлшерде ластанғаны анықталды. Барлық зерттеу орындарында басқа металдармен салыстырғанда қорғасын мөлшері жоғары. Жылдық орта мөлшері  қорғасын – 1146,11+7,04 мг/кг (37 ШРК). Мырыш ШРК — дан 2 есе жоғары. Мыс 69,16±3,05 мг/кг (1,2 ШРК), кадмий 14,71±1,79 мг/кг (14 ШРК).

 

Кесте 6

Ауыр металдардың жылдық орта мөлшері, мг/кг

 

Ауыр металл

Орта мөлшері, мг/кг

Қорғасын (Pb)

1146,11+7,04

Мыс       (Cu)

69,16±3,05

Кадмий    (Cd)

14,71±1,79

 

 

Сурет 10. Сайрам аудынынан (зауыт маңайы) алынған топырақтағы ауыр металдардың жылдық көрсеткіші.

 

Кесте 7

2 – зерттеу орнындағы көрсеткіште, мг/кг

 

Ауыр металл

Орта мөлшері, мг/кг

Қорғасын (Pb)

418,23±11,74

Мырыш  (Zn)

41,50±4,05

Мыс       (Cu)

37,12±2,23

Кадмий    (Cd)

6,55±0,60

 

Одан әрі зерттеу орындарында бұл көрсеткіштер біртіндеп азая береді.

Сурет 11. Сайрам ауданы Ақсукент елдімекенінен алынған топырақтағы ауыр металдар мөлшері.[23]

 

Кесте 8

Атмосфералық ауа құрамындағы ауыр металдар мөлшері, мг/м³

 

 

Элементтер, оның қосындылары

Ақсукент елдімекенінде, мг/м³

 

Қорғасын зауыты,  мг/м³

Марганец (тотық қосылысы)

0,03

0,8

Мышьяк (орг. емес қосылыстар түрінде)

0,001

0,002

Никель (тотығы)

0,002

0,01

Қорғасын және қосындылары

0,0008

0,18

Хром (‡І-валентті) тотық түрінде

0,0023

0,1

Мырыш тотығы

0,38

4

Ванадий (+5 тотығы)

0,01

1,3

Кобальт (метал түрінде)

0,03

1,2

 

Сурет 12. “Қорғасын” зауытының ауасының құрамындағы ауыр металдар                           мөлшері, мг/м³

        

Сурет 13. Ақсукент елдімекенінің ауасының құрамындағы ауыр металдар мөлшері, мг/м³

 

          Анықталған зерттеу орнындарында атмосфералық ауа құрамындағы ауыр металдар мөлшері ШРК – дан шамалы ғана асқан. Себебі атмосфералық ауаның ластаушы көзі Сайрам ауданында орналасқан “ Қорғасын ” зауыты болып отыр. Ақсукент елдімекенінің де атмосфералық ауасы ауыр металдармен ластанған [23].

 

Кесте 9

Сайрам ауданындағы ауылдардың су сапасы, мг/л

 

Көрсеткіштер атауы

Анықталған үлгілер

Ақбұлақ ауылы

Манкент ауылы

Қарасу ауылы

Тассай ауылы

Ақсукент ауылы

Қарамұрт ауылы

рН (6-9)

5,0

5,5

4,0

4,5

4,5

4,6

Қалдық хлор (0,3-0,5)

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Аммиак азоты (2,0)

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Нитриттер азоты  (3,0)

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Нитраттар азоты (45,0)

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Жалпы кермектік (7,0)

4,4

5,0

4,6

4,6

6,0

4,6

Құрғақ қалдық (1000)

401,6

529,9

360,9

365,8

375,3

413,7

Хлоридтер (350)

60,35

42,3

88,75

63,9

67,45

60,35

Сульфаттар (500)

40,72

92,3

41,7

53,4

70,9

40,72

Темір (0,3)

0,0

0,0

0,0

0,0

Мыс (1,0)

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Мырыш (5,0)

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Қорғасын (0,03)

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

 

          Сайрам ауданындағы ауылдардан алынған  судың сапасының көрсеткіштері нормативтік көрсеткіштерден аспаған [23].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  1. Сайрам ауданының қоршаған ортасының сапасына әсер етуші — аймақтың өндіріс орындары. Қорғасын зауыты жанындағы топырақтары ауыр металдармен ластанған. Олардың ішінде ең жоғарғы мөлшердегі элемент мырыш — 138±18,96мг/кг болды.

 Зауыттан шыққан қалдықтардың құрамындағы элементтердің мөлшері өте жоғары. Олар: мырыш (Zn) мөлшері – 28500±98,55 мг/кг; мыс (Cu) мөлшері – 120±4,12мг/кг;қорғасын (Pb) мөлшері – 96,50±3,01 мг/кг; никель (Ni)мөлшері – 35,25±2,39мг/кг;кобальт (Co) мөлшері – 24,23±1,33мг/кг; кадмий (Cd) мөлшері – 7,21±0,02мг/кг.

  1. Ауыз су сапасы нормативтік көрсеткіштерге сәйкес.
  2. Егістікте пайдаланатын топырақтарда гумус — 1,9±0,35%; азот – 0,13±0,03% құрайды. Ауыспалы егіс жүйесіндегі топырақтарда гумус – 2,4±0,50%; азот — 0,15±0,03%. Топырақтардың құнарлылығын сақтап тұруда осындай жүйелер қолдану керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Биғалиев А.Б., Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Қазақстан топырақтары және оның экологиясы. Алматы: Санат; 1995, 132б.
  2. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә.Саинова. Экология. Жоғарғы оқу орындарына

арналған оқу құралы. Алматы, 2003

  1. Колумбаева С.Ж. Білдебаева Р.М. Жалпы экология 2006. Қаз.ҰУ, оқу құралы.2006, 126 б.
  2. Қазақстан Ұлттық энциклопедия. Том 7. Алматы 2002, 480-483б
  3. Оңтүстік Қазақстан (энциклопедия) Алматы. ҚЭ Бас редакциясы,Алматы 2005., 558 б.
  4. Искаков Н.А, Медеу А.Р Казакстан. Природа экономика,экология Алматы 2007., 216 б.
  5. Регионы Казакстана Статический сборник под ред К.Абдиева Алматы , 2004. 420б.
  6. Национальный атлас РК т.1. Природа условия и ресурсы. Алматы.2006.,125 б
  7. Национальный атлас РК т.3. Окружающая среда и экология.Алматы 2006., 154 б.
  8. Сайрам (энциклопедия). Алматы «Арыс», 2005-456б.
  9. Жамалбеков Е.Ч. Білдебаева Р.М. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, ҚазҰУ. 2006
  10. Тазабеков Т.Т. Қазақстанның топырағы – Алматы: Қайнар, 1974, 140 б.
  11. Тазабеков Т.Т. Тазабекова Е.Т. Топырақтану түсіндірме сөздігі. Алматы.Рауан 1993.448 б.
  12. Тазабеков Т., Тазабекова Е. Топырақ құнарлылығы. Оқу құралы. Алматы: Білім, 1995, 230 б.
  13. Чигаркин А.В. Региональная геоэкология Казакстана. Алматы КазҰУ , 2000 , 224с.
  14. Демографический ежегодник Казакстана статический сборник под ред. К.Абдиева 2005.448 с.
  15. Добровольский В.В Основы биогеохимии. 2003.Москва: Академия, 400с.
  16. Панин. М.С Химическая экология. Семипалатинск 2002., 206 с.
  17. Худолей В.В. Мизчеров И.В. Экологически опасные факторы

1996,186с.

  1. Маршал В.Основные опасности химического загрязнения

производства. Мир,1989.,627с.

  1. Неменко Б.А., Грановский Э.И. Загрязнение окружающей среды тяжелыми металлами и здоровье населения.А.КазНИИТИ, 1990,С92
  2. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М., Ақашева Ә.С. Жер қорларын экологиялық және экономикалық жағдайларымен байланысты бағалау. Алматы. Қазақ университеті, 2008, 82б
  3. Сайрам ауданының санитарлық – эпидемиологиялық сараптау орталығының мәліметтері;
  4. Мейірманов Т.П. және т.б. Қазақстандағы суармалы жер және оның тиімділігі. Алматы: “Қайнар”, 1982ж. 167 б.
  5. Елешов Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия, Алматы: Қайнар; 1989.
  6. Кауричев И.С. Практикум по почвоведения. Колос, 1973
  7. Орлов Д.С., Гришина Л.А., Ерошичева Л.Н. Практикум по биохимии гумуса. МГУ, 1969
  8. Пономарева В.В., Плотникова Т.А. Гумус и почвообразование. Ленинград, 1980г.
  9. Елешов Р.Е., Смагулов Т. Агрохимия практикумы. Алматы, 1995-265 б.
  10. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. Москва, ВЛАДОС, 2001, 288с.
  11. Славин У. Атомно-абсорбционная спектроскопия. Л.:Химия, 1971.269с
  12. Брицке М. Атомно-абсорбционный спектрохимческий анализ. М.:Химия, 1982, 223 с.
  13. Беспамятов Г.П.,Кротов Ю.А.,Предельно допустимые концентрации химических вевдеств в окружающей среде. Справочник-Л:Химия,1985-528с.