АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық-географиялық сипаты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                          

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

 

Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық-географиялық сипаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2009

МАЗМҰНЫ

 

     КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………..

 

         І.ТАРАУ. САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ТОПОНИМИЯСЫ.

             1.1 ”Сарыағаш” атауының топонимикасы…………………………………

             1.2  Тасқа айналған сарыағаштың қалдығына сипаттама……………

             1.3 ”Сарыағаш” туралы ел аузында қалған аңыз- әңгімелер………

         ІІ.ТАРАУ. САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЛАНДШАФТЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ.

             2.1  Сарыағаш ауданының жер бедері………………………………………

             2.2  Геологиясы мен тектоникалық құрылымы…………………………

             2.3  Климаты…………………………………………………………………………..

             2.4  Ішкі  сулары……………………………………………………………………..

             2.5 Топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі………

          III. ТАРАУ. САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫСЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ӨЗГЕРІСІ.

             3.1  Ауданның бүгінгі күніг ландшафтысы және оған антропогендік

              факторлардың әсері………………………………………………………………….

             3.2  Қазіргі Сарыағаш ауданы……………………………………………………

 

     ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Облыстың оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 ж. Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы – Сарыағаш қаласы.

Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы, жазықты келеді. Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм,  бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты конти-ненттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа темпера-турасы қаңтарда –2-3°С, шілдеде 24-28°С. Жауын-шашынның жылдық  орташа мөлшері 200-300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі. / 2, 86 б./.

Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар-86,9%, одан басқа өзбектер-4,1%, тәжіктер-2,7%, әзербайжандар-1,2%, орыстар-1,1%, татарлар 0,9% т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 шаршы шақырым жерге 29,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендер: Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек (10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қапыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжар (4,7), Жылға  (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет  (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0),  Таскескен (3,0), Көктерек кенті ( 2,6).

Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс, бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеңшар, мемлекеттік сұрыптау станциясы болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында “Сарыағаш шипажайы” АҚ, “Арман”, “Алтын бұлақ-Р” демалыс орындары, балалар шипажайы бар.  “Алекс” ЖШС – Қазақстан — Польша бірлескен кәсіпорны, “Демеу”, “Әсем-ай”, “Курорт-Барс–2030” ЖШС–тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, “Мырзакент” АҚ, “Айша бибі” ӨК-мақта тазарту зауытында мақта талшығын өндіреді. “Сенім” ЖШС-тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Ауданда жүзім шаруашылығын өркендету үшін “Жүзім” бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта “Қапыланбек” шарап жасайтын компаниясы, “Дербісек-Бахус” ЖШС, “Назико” ЖШС,  “Ақжол” АҚ-ның шарап зауыттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3% мақта, 31,1% жүзімдік егіледі. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің — 9,5%, жүгерінің — 26,5%, күнбағыстың — 36,5%, картоптың — 30,5%, көкөністің — 26,4%, жемістің — 24,5%, жүзімнің – 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан шаруашылығында  облыстағы мүйізді  ірі қара малдың — 10,4%, оның ішінде сиырдың —  12,5%, қой мен ешкінің – 13,7%, шошқаның — 3,7%, жылқының — 8,4%,  шоғырланған:  түйе — 180, құс – 75,3 мың басты құрайды. Келес өзенінің  бойында  “Келес” ӨК-нің су электр станциясы электр энергиясын өндіреді.

Жалпы білім беретін 137 мектеп бар, оның 94-і орта, 15-і орталау, 28-і   бастауыш және 2 спорт, музыка мектептері. Мәдени мекемелерден 290 мәдениет орталықтары мен 36 кітапхана бар. Денсаулық сақтау саласында   2 емхана, 4 аурухана, 24 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 104 фельдшерлік-акушерлік пункт, туберкулезге қарсы диспансер жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шымкент-Термез халықаралық автомобиль магистралі, Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді./ 4, 183-185 б./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.ТАРАУ. САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ТОПОНИМИЯСЫ.

 

             1.1 ”Сарыағаш” атауының топонимикасы.

 

 ‘’Келеске келсең күй мен саз шертiледi, Сарыағашқа оралсақ сыр мен шежiре ақтарылады”- деген халық арасында нақыл бар. Тарихты еске алсақ, жерұйықты iздеген Асанқайғының көрегендiк сөзi көкейге оралады. Сулы Келес, Құркелестi көрiп, “Әттең ат сауырына сыйса өңгерiп-ақ әкететiн жер екен” деп Сарыағаш өңiрiне тамсанған көреген бабамыздың дуалы сөзi ел аузында мәңгi аңыз болып қалды. Тiптi Сарыағаш атауына негiз болған сары ағаштардың тасқа айналған белгiлерi Әлiмтауда, Шеңгелдiде, Жылға жазықтарында қазiргi күнде де керемет құпиялар мен қасиеттерiн сақтап жатыр./ 9. 8 б./.

     Ауданның тарихы жайлы көптеген мәліметтерді жергілікті жазушы Жақып Аяш өзінің тарихи ғылыми еңбектерінің нәтижесінде “Оңтүстік қақпасы”, “Киелі Келес, аңыз болған “Сарыағаш” атты еңбектерінде дәлелденген.                                                                                                                             Әр жердiң, өзен-сулар, тау-тас, сай-саланың атаулары әншейiн қойыла     салмаған. Әр аттың өзiне лайық тарихи шындығы бар. Оған ақиқат негiздер  себеп болған. Сол сияқты Сарыағаштың “Сарыағаш” аталуына да осындай  дәлел бар.

Негiзiнде бұл атаудың сыры Жер-ана мен адамзат тарихының тереңiнде жатыр. Ертеден келе жатқан аңыз-әңгiмелердiң бiрi. Нұх пайғамбар мен оның кемесi туралы.

… Нұх  пайғамбар кеме жасауға кiрiскенде гофер ағашын пайдалануды ұсынған. Қазiргi ғалымдар гофер дегенiмiз — кипаристiң ескi аты деп айтады.

…Бiз көп iзденiп, тарихи және географиялық деректерге мән бергенiмiзде, шалшық суда өсетiн кипарис — гофертаксодидтердiң тұқымдас ұрпағы, қылқан жапырақты ағаштардың көп өскен жерi — Шеңгелдi, Сарыжылға жазығы, Бөгенәлi, Әлiмтау төңiрегi екенiн анықтадық.

…Ерте бор дәуiрiнде бұл аймақта көптеген iрiлi-ұсақты өзендер мен көлдер болған. Оларды тригоноидтер, су тасбақасы, ал жағалауларында динозаврлар өмiр сүрдi. Өзендердiң бiр бөлiгiнiң суы көлдерге, бiр бөлiгi бұл аумақтың оңтүстiк-батысындағы теңiзге құйылды. Тау бөктерiнде iрi материал, тауда гравелиттердiң, құмдауыттар мен лайдың шөгiндiлерi жиналды. Оларда сол кездегi өсiмдiктер мен аңдар қалдығының iзi бар.

Динозавр негiзiнен, өсiмдiктермен қоректенген. Ал, мұнда тамаша жайқалып өскен өсiмдiктер болғаны рас. Оны бiрнеше рет көтерiлген теңiз сулары бұзған. Сарыағаш төбелерiнде тек iрi ағаш дiңгектерi мен тасбақа, динозавр қалдықтары кездеседi. Тасқа айналған ағаштарды Өзбек ССР Ғылым академиясының Х.М.Абдуллаев атындағы геология және геофизика институтының және ботаника институтының ғалымдары жинады./ 7, 235-237 б./.

… Бор дәуiрi кезеңiнде қылқан жапырақты ағаштар күштi гүлдеп, өлкенi алтын түстес реңге бояп, дүниенi құлпыртып жатқаны туралы кейбiр көне жазбаларда аталған жылдың 7-8 ай кезеңiн сары түске бояп, сарғайып жатқан  атырап Сарыағаш  аталмасына кiм кепiлдiк бере алады?

Әр жердiң, өзен-сулар, тау-тас, сай-саланың атаулары әншейiн қойыла     салмаған. Әр аттың өзiне лайық тарихи шындығы бар. Оған ақиқат негiздер  себеп болған. Сол сияқты Сарыағаштың “Сарыағаш” аталуына да осындай  дәлел бар.

Бiздiң заманымыздан бұрын Бор дәуiрiнiң екiншi кезеңiнде осы аймақта  қылқан жапырақты ағаштар өскен. Арадан 90 миллион жылдай уақыт өткенде бұл ағаштар түсi сарғыш тартып тасқа айналған. Тасқа айналған Сары ағаш осы күнi Жылға мен Шеңгелдi темiржол бекеттерiнiң аралығында   кездеседi. Оның ұзындығы  алты, он екi метрге дейiн жететiнi бар. Сондай-ақ бөлшек-бөлшек, ұсақ-ұсақ, кiшкене майда тастары “Әлiмтау” жоталарында, “Сөк-сөк” аймағының әртүрлi қыраттарында жиi ұшырасады./ 12, 4 б./.

Мұны — тасқа айналған Сары ағаш тегiн зерттеп, ғылыми жолмен алғаш ағылшын ғалымы Penhollow, екiншi ашқан Жапон ғалымы Шимакики.

Сарыағаш өлкесiнiң тағы бiр  кереметi мынау.

Орыс геологтары “Сөк-сөк ата” құдығынан үйрек тұмсықты динозаврдың қаңқасын “склетiн” түгелдей тапқан. Табылған бұл қаңқа қазiр Мәскеудегi Ресей Ғылым Академиясының Палеонтология институтының музейiнде  сақтаулы тұр.

Дәл осы үйрек тұмсықты динозаврдың қаңқасының көшiрмесi Өзбекстан Республикасының орталық Геология  музейiнде (Фурхат даңғылы, 4) сақтаулы тұр.

Мұнда жазылған анықтамада динозаврдың жасы К2, бұл Бор дәуiрiнiң  екiншi кезеңi деген сөз, яғни тасқа айналған Сары ағашпен жасты. /8, 146-147б./.

           

              1.2  Тасқа айналған сарыағаштың қалдығына сипаттама. 

 

        Ташкент маңынан табылған тасқа айналған ағаштың заттық құрамы.

Академик В.И.Вернадский қазып алынған қалдықтардың тасқа айналуына, негiзiнен ағаштарға үлкен мән берген және ол жыныстардың шоғырлану ерекшелiгiн көрсетушi өзiндiк индикатор болуы мүмкiн деп есептейдi.

Тасқа айналудың характерi мен заттық құрамын зерттегенде шөгiндiлердiң  қалыңдық құралуының палеографиялық жағдайын анықтауға болады.

Осы мақсатта бiз Ташкент маңынан табылған дiңгегiнiң ұзындығы (дiңгек-сабақ) 12-метр, диаметрi 92 см дейiнгi тас ағаштың (тасқа айналған) заттық құрамын тексердiк. Ол Сарыағаш селосының 46 шақырым солтүстiк батысындағы Бор дәуiрiндегi шөгiндiлердiң құмдақ, iзбес тас, конгломераттардың  арасынан табылған.

Е.В.Ивановтың алғаш атауы бойынша “динозавр көкжиегi” деп аталған жыныс қалыңдығында жер бетiндегi бауырымен жорғалаушылардың, ағаш   дiңгектерiнiң және жоғары Бор дәуiрiндегi теңiз фаунасы өкiлдерiнiң тасқа айналған сүйектерi көп мөлшерде болды.

Н.Е.Минакова Ташкент маңының барлық бор қабаттарын үш — Азатбас,  Шанақ, Дарбаза кен қабаттарына бөледi. Шанақ кен қабатының жоғары  бөлiгiн ол  “динозавр көкжиегiне” жатқызады.

Кейбiр геологтар “динозавр көкжиегiн” турне дейдi, өйткенi ол айтылған   тас ағаштың жасына дұрыс келмейдi. / 20, google. Kz/.

Б.А.Борнеманның анықтамасы бойынша Ташкент маңы шөгiндiлерiнiң   өзгешелiгi — атыраулық. Бор дәуiрiнде теңiз айтылған ауданға бiрнеше рет    көтерiлiп,  лагуноконтинентальды шөгiндiлердiң теңiз және қызылқұмдыққа   ұқсас шөгiндiлерiмен кезектесiп алмасып отыруын тудырған. Туронда теңiз суы тағы да Ташкент маңына жайылған. Сол уақыттағы қабаттардың арасында динозаврлардың сүйегi мен қылқан жапырақты ағаштар дiңгегiнде қызыл түстi құмдардың көп мөлшерде кездесуi. Ағаштар осы ауданда өскен, құлаған кезде терригендiк материалдармен келiп, қалған болуы да мүмкiн. Жақсы сақталған сыртқы түрiне, құрылымдық ерекшелiгiне қарап, сондай-ақ ағаш клеткаларының қалдықтарын тексерiп көрiп Р.Х.Худойбердиев зерттелiп жатқан тас ағашты Goniffales — қылқан жапырақты (хвойный), таксодидтер — Taxodickylon albertense Penhollow Shimakura — тұқымдастарға жатқызды. Қылқан жапырақтардың гүлдеуi Бор дәуiрiнiң соңында күштi болды. Қазiргi күнде таксодид тұқымдастар жойылу жағдайында. Бiрдi-екiлi түрi ғана қазiрде Солтүстiк Америка, Қытай, Жапонияда бар.

Зерттеулердiң нәтижесiнде тас ағаштың доломит, аздап болса да қоңыр  темiр рудасының орнын басады деген псевдоморфоща анықталды. Орын басу процесiне ағаштың барлық ткандары ұшыраған. Дiңгектiң көлденеңiнен  кесiлгенде қабық, бiр жылдық сақинасымен  механикалық ткань, өзек сәулесi   анық көрiнген өзек айқындалып тұр.

1-сурет. Сарыағаш маңынан табылған тас ағаштың көлденең кесiлген  суретi (масштабы 1:16). 1. Сыртқы зона қабық. 2.3. Аралық зона — аралық  ткань.  4. Орталық зона — өзек.

Ағаштың үстiңгi жағы да жұқа құмдақ материал қабатымен жабылған,  онда қоңыр түстi қабық учаскелерi көрiнiп тұр. Дiңгекте бұтақтардың iзi де бiлiнедi. Ағаштың құрылысына сәйкес тас ағашты көлденең кескенде үш зонаны  анықтауға болады.

Осы мақсатта бiз Ташкент маңынан табылған дiңгегiнiң ұзындығы (дiңгек-сабақ) 12-метр, диаметрi 92 см дейiнгi тас ағаштың (тасқа айналған) заттық құрамын тексердiк. Ол Сарыағаш селосының 46 шақырым солтүстiк батысындағы Бор дәуiрiндегi шөгiндiлердiң құмдақ, iзбес тас, конгломераттардың  арасынан табылған.

Е.В.Ивановтың алғаш атауы бойынша “динозавр көкжиегi” деп аталған жыныс қалыңдығында жер бетiндегi бауырымен жорғалаушылардың, ағаш   дiңгектерiнiң және жоғары Бор дәуiрiндегi теңiз фаунасы өкiлдерiнiң тасқа айналған сүйектерi көп мөлшерде болды.

Н.Е.Минакова Ташкент маңының барлық бор қабаттарын үш — Азатбас,  Шанақ, Дарбаза кен қабаттарына бөледi. Шанақ кен қабатының жоғары  бөлiгiн ол  “динозавр көкжиегiне” жатқызады.

Кейбiр геологтар “динозавр көкжиегiн” турне дейдi, өйткенi ол айтылған   тас ағаштың жасына дұрыс келмейдi.

Б.А.Борнеманның анықтамасы бойынша Ташкент маңы шөгiндiлерiнiң   өзгешелiгi — атыраулық. Бор дәуiрiнде теңiз айтылған ауданға бiрнеше рет    көтерiлiп,  лагуноконтинентальды шөгiндiлердiң теңiз және қызылқұмдыққа   ұқсас шөгiндiлерiмен кезектесiп алмасып отыруын тудырған. Туронда теңiз суы тағы да Ташкент маңына жайылған. Сол уақыттағы қабаттардың арасында динозаврлардың сүйегi мен қылқан жапырақты ағаштар дiңгегiнде қызыл түстi құмдардың көп мөлшерде кездесуi. Ағаштар осы ауданда өскен, құлаған кезде терригендiк материалдармен келiп, қалған болуы да мүмкiн. Жақсы сақталған сыртқы түрiне, құрылымдық ерекшелiгiне қарап, сондай-ақ ағаш клеткаларының қалдықтарын тексерiп көрiп Р.Х.Худойбердиев зерттелiп жатқан тас ағашты Goniffales — қылқан жапырақты (хвойный), таксодидтер — Taxodickylon albertense Penhollow Shimakura — тұқымдастарға жатқызды. Қылқан жапырақтардың гүлдеуi Бор дәуiрiнiң соңында күштi болды. Қазiргi күнде таксодид тұқымдастар жойылу жағдайында. Бiрдi-екiлi түрi ғана қазiрде Солтүстiк Америка, Қытай, Жапонияда бар.

Зерттеулердiң нәтижесiнде тас ағаштың доломит, аздап болса да қоңыр  темiр рудасының орнын басады деген псевдоморфоща анықталды. Орын басу процесiне ағаштың барлық ткандары ұшыраған. Дiңгектiң көлденеңiнен  кесiлгенде қабық, бiр жылдық сақинасымен  механикалық ткань, өзек сәулесi   анық көрiнген өзек айқындалып тұр.

1-сурет. Сарыағаш маңынан табылған тас ағаштың көлденең кесiлген  суретi (масштабы 1:16). 1. Сыртқы зона қабық. 2.3. Аралық зона — аралық  ткань.  4. Орталық зона — өзек.

Ағаштың үстiңгi жағы да жұқа құмдақ материал қабатымен жабылған,  онда қоңыр түстi қабық учаскелерi көрiнiп тұр. Дiңгекте бұтақтардың iзi де бiлiнедi. Ағаштың құрылысына сәйкес тас ағашты көлденең кескенде үш зонаны  анықтауға болады.

  1. Сыртқы зона — қабық (3 см дейiн) — темiр тотығы әбден сiңген. Сыртқы бөлiктiң түсi сұр және ақ сұр, ал iшкi бөлiгi қызыл қоңыр сұлба. Микроскоппен қарағанда ағаштың толық доломит орнын басқан қалдық құрылымы анық көрiнедi. Доломит дәндерiне темiр тотығы әбден сiңген.
  2. Қабық пен өзек арасындағы 35 см радиусты аралық немесе механикалық ткань алып жатыр. Ол темiр тотығының қызғылт және қызыл түсiне боялған. Бұл зонада микроскопта ғана көрiнетiн концентриптi зоналық текстура (1-сурет) құратын жылдық сақиналар (75 дана) бiлiнедi. Ткандардың барлығына өзектен тараған өзек сәулесi сiңген. Жылдық сақина бойлап темiрдiң жиналғаны байқалып тұр.

Микроскоппен қарағанда шлифтердiң көпшiлiгiнде доломиттiң ұсақ дәндi оолит секiлдi агрегаттары көрiнедi. Ол центрлес — зоналды құрылыммен  ерекшеленген доломит пен қоңыр темiрдiң шартты ауыспалы келуiмен көрiнiп отыр.

Көбiне шлифтерде ағаш тканiнiң қалдық құрылымы 4 мм дейiнгi өзектi  клеткалар және трахейдтердiң өзек сәулесiмен айқын көрiнедi. Аралық  зонада жiңiшке сызықтар, сондай-ақ қоңыр темiрдiң линза секiлдi томпақтанып жиналуы да байқалады. Олар шеттен орталыққа қарай жылдық сақиналарға перпендикуляр жатыр.

Қоңыр темiр рудасының екi генерациясы бөлiнiп тұр. Бiрiншiсi   доломитпен алмасып отырушы центрлес — зона агрегаты да. Мұнда доломит пен қоңыр темiр рудасының жасы бiрдей, оны екi минералдың (оолит) центрлес зоналды орналасуынан да көруге болады. Бұл генерацияға қоңыр темiр рудасы бүкiл доломит массасында жайылып жатыр, сондықтан да доломит қызыл  қоңыр және қоңыр түске енген.

Екiншi генерация қызыл қоңыр темiр рудасының жiңiшке сызықтары  түрiнде доломиттi қоңыр темiр рудада орналасқан (1-сурет). Олар линза түрiнде және томпақ формада (2-сурет).

Тас ағаш шлифтерiнiң микроплойчатая текстура, шартты түрде қоңыр  темiр рудасы доломиттi алмастырған  (14 шлиф), ортада  доломит пен қоңыр  темiр рудасының ағашты центрлес — зоналды орнын басуы (11-а шлиф), оң  жақта кварц сынықтары қоңыр  темiр  рудасымен  цементтелген  (11-шлиф).

  1. Орталық зона немесе үгiлмелi заттан құрылған 15-17 мм диаметрлi өзек, ол үгiлiп жоқ болып кетуде.

Дiңгектiң қабырғасынан алынған шлифте аздап құмдық материал  кездеседi, онда карбонатты жыныстар және қоңыр темiр рудасымен қатар сүйiр бұрышты кварц дәндерi бар. Кварцтың сынықтары қоңыр темiр рудасымен цементтелген (2-в сурет). Өзектегi қуыс терригендiк материалдың  қосылуымен механикалық түрде толған болуы ықтимал. Олай болса тасқа айналу процессi коллоидты су ерiтiндiлерi қоңыр темiр рудасы және доломиттiң ағаш тканьдерiмен химиялық орын алмасуы жолымен, сондай-ақ терригендiк материалдық  үгiтiлуi нәтижесiнде пайда болған.

Тас ағашқа бiз термо, химия, рентген және спектрлi анализ жасадық. Тас  ағаштың әртүрлi зонасынан алынған жылу қисығының үлгiсiне қарап  термограмманы екiге бөлуге болады.

  1. Түрлi характердегi гидрогетиттен судың шартты бөлiнуi, сондай-ақ магнезит типтегi карбонаттың ыдырауымен тиiмдi үш эндотермиялық термограмма (3-сурет, 6 және 9 үлгi). Мұндай құрама аралық зона  үшiн де характерлi.
  2. Гетит пен доломиттiң қатысуы шартты болған үш эндотермиялық тиiмдi термограмма (3-сурет, 21.1 үлгi).

Барлық термограммада гетиттi судың бөлiну температурасы мен  доломиттiң ыдырауы өте ұқсас (3-сурет).

Термограмма үлгiсiнде қабықтан лепидокриттiк аздап қоспасы бары   анықталды, ол экзотермиялық тиiмдiлiкпен түсiндiрiледi. Қоңыр темiр   рудасының мөлшерi сыртқы зонадан орталыққа қарай кемидi, кейбiр жерлерде олар  жоқ болып кетедi.

Тас ағаштың құрамында (85-88%) доломит, (8,5-6,88%) қоңыр темiр рудасы (6,5-4,12%) кварц бар. Ондағы доломит пен гидрогетиттiң барын  рентгонометриялық анализ анықтап отыр.

Көмiр қышқыл газдың ұшып кетуiнен көп мөлшердегi судың пайда болуы химиялық анализбен анықталды. Көмiр қышқыл газ сумен қосылып углекислота түрiнде шөккен, сондықтан судың мөлшерi артқан болуы мүмкiн.

1-кесте. Тас ағаштың химиялық анализiнiң қорытындысы.

Тас ағаштың құрамынан 25 химиялық элемент  (3-кесте) табылды. Оны бiз   үш топқа бөлдiк:

Бiрiншi топқа, доломит, қоңыр темiр рудасы мен кварцтың құрамына енетiн кремний, темiр, марганец, кальций, магний кiредi.

Екiншi топ — ағаштың барлық зонасындағы секiлдi қоспа элементтердiң  (алюминий, натрий, барий, ванадий, титан, мыс, қорғасын, мырыш, никель,  бериллий және галлий) болуымен ерекшеленедi. Олардың мөлшерi жекелеген  зоналарда 1-ден 3-балға дейiн ауытқып тұрады.

Үшiншi топқа — жекелеген зоналарға характерлi элементтер енедi. Сөйтiп күмiс пен цирконий тек сыртқы зонада (қабық), ал мышьяк, скандий және фосфораралық зонада кездеседi.

Табылған элементтердiң саны сыртқы зонадан өзекке қарай бiртiндеп  кемидi; сыртқы 18,  (орташа 2 анализден) аралықта 16 (орташа 13-тен), өзекте   15 (орташа 5-тен). Бұл дегенiмiз — кейбiр зоналардың сiңiргiш, сондай-ақ бұл зонаның құрамына енетiн материалдың сорғыш қасиетiне байланысты.   Сондықтан сулы ортамен тiкелей байланысты болғандықтан сыртқы зонада көп  мөлшерде элементтердiң кездесуi де табиғи.

Тасқа айналудың өзiндiк (спецификалық) жағдайын ескере отырып, көп   элементтер әсiресе галлий, скандий, цирконий, кобальт, бериллий, никель, мышьяк, күмiс сияқты элементтер тас ағашта механикалық қоспалар түрiнде  кездесiп, сорғыш болып қалып отыр.

Ағаштың доломит және кейбiр жерлерiнде қоңыр темiр рудасымен  алмасып отыруы ағаштың ткандарында магний, кальций, темiрдiң мөлшерден  тыс болуына байланысты (6).

2-кесте. Рентгонометриялық анализ Д 660, Д 0,5, Си-сәулелену қорытындысы.

Тасқа айналу процесi өте аз зерттелген. А.Н.Криштофовичтiң айтуына   қарағанда өзiнiң алғашқы құрылысын минерализацияға жетпей тұрып   өзгерiссiз сақтап қала алатын iрi ағаштар ғана негiзiнен тасқа айналады.   ағаштағы доломит пен қоңыр темiр рудасының псевдоморфозы көл  лагунды  жағдайда пайда болған болуы да мүмкiн. Карбонатты кальцийдiң гелiне және  магнийге бай  су, сондай-ақ темiр тотығы өзара коагулияланғанда доломит пен   гетит түзiледi. Магний жiңiшке талшықты жыныстарға оңай енушi өте  жылжымалы элементтердiң бiрi болып есептеледi. Ағаштың метасоматика-лық доломитациясы осымен түсiндiрiлсе керек. Доломит ағаштың сыртқы   формасын өзгерiссiз сақтай отырып, оның барлық ткандерiнiң орнын басады./ 8, 147-154 б./.

1.3 ”Сарыағаш” туралы ел аузында қалған аңыз- әңгімелер.

 

“Сарыағаш” атауының қойылу себебi — Жабай атаның руы Батыр   (Алыбай). Батыр 3 атаға бөлiнедi: Есболай, Есназар, Ескене. Сарыағашты (Шеңгелдi атырабын)  Есназар бабаның ұлы Шорман ата (Шорман шолақ деп те атайды) ұрпақтары мекендеген. Шорман шолақ мұнда келiп мекендегенде Майбұлақ, Шетбұлақ, Шеңгелдi бұлақ, Дәрет бұлақ, Кезең, Босаға, Жетiсала бойы тұнып тұрған ну-орман, тоғай екен. Iшiнде сары түстi ағаш көп болған. Сондықтан Сарыағаш атанған. Жорамалдың бiрi осы.

Екiншi түрi мынадай: “Шеңгелдi” станциясының айнала төңiрегi (бұрынғы Сарыағаш) қыратты, төбелi жерлер. Әсiресе, жетi қыраттың ортасында түстiгi Ақтау, шығысы Кезең тас. Осы қырат, жон, бел, тау-жоталарда кiсi бойы, одан да биiк, адам құшағы жетпейтiндей, дүниеге  қашан және қайдан келгенi белгiсiз сап-сары тасқа айналған дөңбектердiң, бөренелердiң сұлбасы тәрiздес тастар көп болатын. Оны алыстан қарағанда сары ағаш деп, жақындағанда ағаш тектес тас екен деп қалатынбыз. Кейбiр құшақ жетпес тас ағаштардың уақыт лебiмен ұшқан жаңқалары шабылған ағаштың жаңқасындай айналасында пырдай боп шашылып жататын. Қариялар сол ағаш тастарды баяғы сары ағаш қалдығы деп түсiндiрушi едi.

Ел аузында жүрген аңыздарға қарағанда, патша өкіметі әскерлері Сарыағаш ауданының кейбір жерлерінде өте сирек кездесетін тек осы жерге тән керемет пайдалы ағаштарға көздері түсіп, оны Ресейге алып бару үшін бір түп ағаш қалдырмай, тамырымен жұлып алып кеткен. Қаңырап бос     орнына  «орыс ағашы» деп аталатын ағаштарды отырғызып кеткен екен. Әскерлер осы ағаштарды Ресейге алып барып сол жерге отырғызып, жақсылап қарағанымен ағаштар еш түп алып, көгермеген. Ағаштар күн өткен сайын солып, діңі мен тамыры сарғыш түске боялып, қурап қала берген.   Бұған таң қалған патша әскерлері ағаштың құдіреттілігіне және  тек пайда болған жерінде ғана өсетіндігіне таң қалып, осы ағаштар өсетін өлкені Сарыағаш деп атап кеткен екен

Ертеде  қазіргі Сарыағаш ауданының жерінде далалы жерде жалғыз ағаш өскен екен. Осы тұста заманның қиын кезеңі болған. Халықтың басына түскен зар-заман десек те болады. Білегінің күші, бойының қайраты бар еркек кіндік атаулысы соғыстан көз ашпай, аяулы ана мен бесіктегі сәби, еңкейген қариялар жалғыздық пен жоқшылықтың тауқыметін тартып, халықтың басынан мұң-қайғы кетпеген заман болған. Қиындықты көтере алмай қиналған халықтың сырласар, мұңымен бөлісер демеуші сол даладағы жалғыз ағаш екен.Жапа шеккен әйелдер мен қарттар сол ағаштың жанына барып, мұңын, сырын, қайғы-қасіретін ағашқа айтып, бойлары жеңілдеп, иыықтарынан зіл жүк түскендей күй кешіп, көңілдері көт еріліп қалатын болған.Ағаш осындай қасйетінің арқасында  ұзақ уақыт бойы халықтың бдарлық уайым-қайғысын өзіне сіңіріп алып, уақыт өте келе діңі сарғайып кеткен екен. Сондықтан аудан Сарыағаш деп аталып кеткен деген аңыз бар.

        Басқа да бір аңызға қарағанда, сары діңді ағаштар халықтың аузында өте әмбебап ағаш болған екен. Ағаш өте берік, иілгіш және мықты болып, оны халық шаруашылығында кеңінен пайдаланып күн көрген. Уақыт өте келе ағаштардың жергілікті тұрғындарға көп қажет болғаны сонша, ағаштың тамырларын да қажеттеріне жаратқан екен. Әрқашан ағашты тамырымен жұлып алған кезде орнынан емдік қасиеті бар шипалы су атқылап шыға берген екен.  Сол су сарыағаштың атымен аталып, қазіргі таңда шипалы «Сарыағаш» суы деп аталып келеді екен. /21/. 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.тарау. Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық-географиялық сипаты.

 

             2.1  Сарыағаш ауданының жер бедері.

 

          Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы, жазықты келеді. Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм,  бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған.Сарыағаш ауданының рельефінің түзілуі әр уақытта геологияляқ- геоморфологиялы факторлардың әрекет етуінен қалыптасқан. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, беткейлердің көрінісі, еңістігі жатады.Шеңгелдi, Сарыағаш темiр жол стансаларының территориясы әкiмшiлiк  түрде Оңтүстiк Қазақстан облысына қарайды. Оның көпшiлiк жерi төбелер   мен тау етегi жазықтығынан құралған. Ол бiртiндеп батысқа және оңтүстiк  батысқа қарай теңiз деңгейiнен 250-400 метрге дейiн төмендейдi. Шығысында бұл төбелер 600-800 метрге дейiн көтерiледi. Ол солтүстiгiнде Қазығұрт тауларына, ал батысында Жаушы құмға дейiн созылып жатыр. Геологиялық әдебиеттерде бұл үлкен алаң Ташкент маңы деп аталған шөлдiң құрамына  енгiзiлдi. Мұндай төбелердi ботаниктер “адырлар” деп атады.

Бұл жердiң рельефi бор және палеогендi дәуiрден кейiн бiздiң эрамызға   дейiнгi 90-60 млн жыл бұрынғы күштi шөгiндiлерден құрылған. Олар  геологиялық көненiң көзi өткен тарихи оқиғалардың сақтаушысы болып  отыр.

Кейбiр жекелеген учаскелерiнде онан да ерте палеозой жыныстары   Мансұр ата, Бөгеналы, Әлiмтау таулары сияқты кiшкене биiктiктер кездеседi.

Бұл шөлейт жерлердi 1873-жылдан бастап көптеген геологтар зерттей  бастады. Олардың арасында Н.А.Северцов, Г.Д.Романовский, И.В.Мушкетов

-терды атасақ болады. Н.Е.Минакова және Г.А.Беленькийлер дәл, нақты  геологиялық зерттеу, суреттеу жүргiздi және қазiргi күнде геологтар қолданып жүрген стратиграфиялық схема дайындады. Г.А.Беленький бұл аймақтың  әртүрлi жерiнен табылған сүйектi қатпарларды бiрыңғай динозавр көкжиегiне бiрiктiрдi. Н.Е.Минакова бұл аймақтағы барлық бор шөгiндiлерiн үш: (төменнен жоғары қарай) Азатбас, шанақ Дарбаза кен қабатына бөлдi. Динозавр көкжиегiн ол Шанақ кен қабаты, Қызылат, Ақдашын, Жаушықұм, Сөк-сөк қабатына бөлдi. Сөк-сөк кен қабатының төменгi бөлiгiнде динозавр сүйектерiнiң қалдығы бар. Бұл кен қабаттарының шөгiндiлерi оңтүстiк-батыс ағынынан теңiз бассейндерiне құйылатын өзен-көл суларының ағызып  келуiнен  пайда болған. /4, 186-191б./.

Бұл ауданды 1964-жылы КСРО Ғылым Академиясы палеонтология  институтының Г.Г.Амртинсон бастаған бiр топ палеонтологтары зерттедi.  Олар Шеңгелдi, Әлiмтау, темiр жол стансалары мен Бөгеналы таулары, Сөк-сөк құдығы маңынан динозаврлардың сүйегiн, тасбақалар панцирiнiң палеонтологиялық үлгiлерiн жинады. Палеонтологиялық материалдар жинағанда бұл  топ Ташкент геологтарының бiрыңғай динозвар көкжиегiн бөлудi дұрыс емес деген шешiмге келдi. Динозавр сүйектерi разрездiң әртүрлi бөлiгiнде кездесетiн. Кейбiр нүктелерде олардың саны артып отырды. Олар төменгi және жоғарғы континентальды, сондай-ақ теңiз қатпарында кездесетiн. Кездескен динозавр сүйектерiне талдау жасау бұл жануарлардың ұзақ жылдар бойы осы территорияда өмiр сүргенiн дәлелдеп отыр. Бұл кеңiстiктердiң теңiз суының астында қалуы динозаврлардың өмiр сүруiн тоқтатты.

Ерте бор дәуiрiнде бұл аймақтағы үлкен тегiстiкке көптеген iрiлi-ұсақты   көлдер мен өзендер болды. Оларда тригоноидтер, су тасбақасы, ал жағалауларында динозаврлар өмiр сүрдi. Өзендердiң бiр бөлiгiнiң суы көлдерге, бiр  бөлiгi бұл территорияның оңтүстiк-батысындағы теңiзге құйылды. Тау бөктерiнде iрi материал, ары қарай тауда гравелиттердiң, құмдауыттар мен лайдың шөгiндiлерi жиналды. Оларда сол кездегi өсiмдiктер мен аңдар қалдығының iзi бар. Динозаврлар негiзiнен өсiмдiктермен қоректенген. Ал мұнда тамаша жайқалып өскен өсiмдiктер дүниесi болғаны рас. Оны бiрнеше рет көтерiлген теңiз сулары бұзған. Бұл өсiмдiктердiң қалдықтары территорияға көршiлес жатқан аудандардан табылған. Сарыағаш төбелерiнде тек iрi ағаш дiңгектерi мен тасбақа, динозавр, моллюскалардың ракушкалары ғана кездеседi. Бұл  аймақтағы бор шөгiндiлерiнен аңдардың сүйегi жинап алынып, КСРО Ғылым Академия-сының палеонтология институтында зерттелдi. Тасқа айналған ағаштарды Өзбек ССР Ғылым академиясының Х.М.Абдуллаев атындағы геология және геофизика институтының және ботаника институтының қызметкерлерi  жинады. /8, 153-156 б./.

                 2.2 Геологиясы мен тектоникалық құрылымы.

Кешегi бор дәуiрiнде Ташкент маңы шөлi — қазiргi аймағының едәуiр  бөлiгiн Тетис теңiзi алып жатты.

Қазiр Атлант мұхитының жағалауынан Жерорта теңiзi, Кавказ, Орта   Азия, Гималай арқылы Үндiқытайға дейiн кең жайылып жатқан су бассейнi  осылай аталды. Теңiздiң шекарасы солтүстiгiнде Мұғалжар тауларынан өттi. Теңiз үстiнде Орталық Қызылқұм, Нұр-ата-Түркiстан-Зарафшан тау сiлемдерi көтерiлдi. Теңiздiң солтүстiк-шығыс жағы Орталық Қазақстан қыраттарымен (Солтүстiк Тянь-Шань қыраты) шектестi.

Бор дәуiрiнде жер қыртысында күштi жылжулар болып тұрды. Сондықтан Тетис теңiзi де бiрнеше рет өзiнiң аумағы мен тереңдiгiн, көрiнiсiн өзгерттi. Ол солтүстiгiнде көршiлес үлкен теңiз, мұхиттарға қосылды, кейде кiшiрейдi, ал оңтүстiгiнде жойылғанға дейiн Үндi мұхитымен су байланысы болды (Б.э.д. 6   млн жыл бұрын)./ 5, 364-367б./.

Тұран ғасырында 90 млн жыл бұрын трансгрессияланумен бiрге  құрылықтың шөгуi басталды. Бұл кезде теңiз өзiнiң максимальды дамуына  жеттi. Қазiргi Қызылқұм, Сарыағаш төңiрегiнiң көпшiлiк бөлiгi су астында қалды. Көне Тұранның соңында және кеш Тұранның бас кезiнде құрылықтың  жайлап көтерiлуi Ташкент маңызы шөлiнiң шығыс бөлiгiнен басталды. Соның  нәтижесiнде Орта Азияның жарты территориясын Тетис теңiзi алып жатты. Орталық Қызылқұм тау сiлемдерi қатты кiшiрейдi. Мұнда Тетис теңiзiнде жылы экваторлық ағым пайда болды. Ол тропиктiк және субтропиктiк  флораның жылылықты сүйетiн элементтерiнiң болуына жақсы әсерiн тигiздi. Өсiмдiктер әлемiмен қатар бұл жерде су тасбақалары, моллюскалар,  динозаврлар өмiр сүрдi. Қазiр Сарыағаш-Шеңгелдi темiр жол стансасы, Сөк-сөк құдығы, Әлiмтау маңынан табылған сүйектердiң қалдықтары солардың сүйегi. /13, 6-7 б./.

         Сарыағаш өлкесінің жер беті литогенді құрамы жер асты және топырақтағы судың режимін, топырақ қабатының тұздылығы, механикалық құрамын түрлендірген. Сондықтан ол жерлердің жер беті жыныстарының литогенді құрамы саздақты және құмды келеді.Соған орай онда сазды жынысты ландшафтысы сор, құмды жынысты жерде әсіресе өзен жағалауларында шағылдар ерекше көп кездеседі.

        Бұл жердің тек қана құрылымы мен геологиялық құрылысы өте күрделі болып келеді. Батыс бөлігі ежелгі палеозойға дейінгі плиталық платформада, орталық бөлігі жас эмигерциндік плиталық платформаларда, орталық бөлігі жас эмигерциндік плиталық платформаларда, Шығыс бөлігі палеозойлық қатпарлы – жақпарлы. Орогендік құрылымда орналасқан. Жер бетін түгелдей мезокайнозойлық шөгінді жауып жатыр. Олар теңіз табанды және континентті ортада жинақталған. Қазіргі жер бедері мен ландшафт түзуші жыныстардың литогендік  құрамдары әр түрлі болып келеді. Жер бедері теңізтабанды, көлтабанды, аллювийлі тегіс ойпатты, эолды, аридты – денудациялық қат қабатты және тұғырлық  жазықтан тұрады.Жер бедерінің пішіні мен топырақ қабатын түзуші жыныс саз балшықты, саздақты, кесек,  тасты және қиыршық тасты болып келеді. /5, 92-93 б./.

 

 

2.3 Климаты.

 

   Сарыағаш ауданының климаты қатаң континентті. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм-ден аспайды. Жауын шашынның көбі көктемде жауады да, жазда жауған жаңбыр тамшылар кейде жерге жетпей кезіп кетеді.  Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда -2-30С, шілдеде 24-280С, болады. Кейде әсіресе  құмды шөлді аймақтарда 40-500 С-қа дейін барады./ 4, 187 б./.                                       

 

2.4 Ішкі сулары.

 

       Келес – Сырдария алабындағы өзен. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара аудандары арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 241 км, су жиналатын алабының ауданы 3310 кмҚаржантаудың батыс беткейімен Қазығұрт тауынан бастау алады да, Шардара бөгеніне келіп құяды. Жоғары ағысында арнасы тар және тік шарлы келген, төменгі ағысында арнасы кең. Суы тұщы. Қар және жер асты суымен толығады.Қапыланбек ауылының тұсындағы көп жылдық орташа аз ағымы 5,9 м3/с шамасында. Өзен суы бау бақша егін суларға пайдалынылады. Жанарық  ауылының тұсында. Оның ірі салаларының бірі- Тасбұлақ өзеніне құяды. /2, 91 б./.

     Келес артезиан алабы – Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік шығысында, Келес ойысында орналасқан орында жер асты суы бар өңір. Солтүстік Қазығұрт, шығысында Нұратау, Шатқал таулары мен батысында шөл және Шардара дөңестерімен шектеседі. Жалпы ауданы 2мың км2. Алаптағы грунт сулары. Өзендердің аңғарларында қалындығы 20-30м-ден аспайтын төрттік кезеңнің аллювилік кұм, кесектасты кабаттарында, тау етегіндегі ысырынды  конустарда шоғырланған. Минералдығы 0,3-1г/л. Арыны күшті артезиан сулары бар кезеңінің сенон, тұран сеноман, альб қабаттарында қалыптасқан. Олардың қалындығы 20-дан 100м-ге, тереңдігі 1300-1700м-ге дейін жетеді. Минералдығы 0,3-1,5 г/л, температурасы 15-500 . Ұңғымалардан өздігінен атқылап шығатын судың өнімділігі 1,5-50л/сек. Келес артезиан алабының суы елді мекендерді, мал жайылымы, шабынды сулары. Әйгілі Сарыағаш курорттық шипалы су көздері осы Келес артезиан алабына негізделген./6, 372 б./.

        «Сарыағаш» минералды суы- Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 120 шаршы шақырым жерде, Сарыағаш қаласының оңтүстік-батысыны қарай 10 шақырым жерде, Келес өзенінің сол жак  бетінде ұңғымалардан шығатын су. Бұл су орны жоғары бор (сеноман) сулы қабатын бұрғылау кезінде ашылған (1948). Бастапқы кезде аса пайдалы, тым жылы (47-51 С градус) су 867-1053 метр тереңдіктен жер бетінен 80-100 метр биіктікке көтерілген. Қазіргі өнімді 300-720 метр куб. Оның құрамында көптеген микроэлементтер(м/л есебімен): йод (0,01-0,05), фтор (0,4-2,5), бор (1,0-2,6), фосфор (0,05-0,1), әртекті металдар Al, Ag, Mo,Zn,Pb,Cu, Mn, Ti, Cr,Zr,Nb, тағы басқалар кездеседі. Судың шипалық қасиетін (мг/л): карбонат (410), сульфат (72), хлор (58) натрий (225), кремний қышқылы (14-20) құрайды. Минералды судың газдық құрамы : азоттан 85-87%), оттектен (13-15%) , аздаған аргон, криптон, ксеноннан тұрады. Су қоры шомыцлуға және арнайы салынған екі су құю зауытында құтыға құю үшін пайдаланады.Курорттың минералдық суының қасиеті елімізде ғана емес,ТМД көлемінде белгілі. Сарыағаш минералды суы «Трусковец»( (Украйна) суына өте ұқсас. Оның құрамы аты әлемге белгілі «Горячий ключ», (Ресей), «Цхалтубо» (Грузия), «Қызыл тепе»(Өзбекстан), «Янский Лазне» (Чехия) тағы басқа куороттарыцныцң суының құрамымен бірдей ас қорыту, бүйрек, қимыл мүшелерін тағы басқа мүшелерді емдеуге өте пайдалы.

      Сарыағаш шипажайы-емдеу орны. Сарыағаш ауданында орналасқан бальнеологиялық “Сарыағаш шипажайы” АҚ. Ол 1953-1956 жылдан бері емдеу орны болып келеді. Сарыағаш шипажайы ұңғымалардан тәулігіне 84  метр куб су алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ..  Емге пайдаланылатын  минералды суының температурасы 49-52 С градус. Құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар. Ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері,әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді.Бұл шипажай әлемнің өзге елдерне де белгілі сауықтыру орны. /2, 94 б./.

 

                   2.5 Топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі.

 

       Сарыағаш өлкесінің жер беті литогенді құрамы жер асты және топырақтағы судың режимін, топырақ қабатының тұздылығы, механикалық құрамын түрлендірген. Сондықтан ол жерлердің жер беті жыныстарының литогенді құрамы саздақты және құмды келеді.Соған орай онда сазды жынысты ландшафтысы сор, құмды жынысты жерде әсіресе өзен жағалауларында шағылдар ерекше көп кездеседі.

        Бұл жердің тек қана құрылымы мен геологиялық құрылысы өте күрделі болып келеді. Батыс бөлігі ежелгі палеозойға дейінгі плиталық платформада, орталық бөлігі жас эмигерциндік плиталық платформаларда, орталық бөлігі жас эмигерциндік плиталық платформаларда, Шығыс бөлігі палеозойлық қатпарлы – жақпарлы. Орогендік құрылымда орналасқан. Жер бетін түгелдей мезокайнозойлық шөгінді жауып жатыр. Олар теңіз табанды және континентті ортада жинақталған. Қазіргі жер бедері мен ландшафт түзуші жыныстардың литогендік  құрамдары әр түрлі болып келеді. Жер бедері теңізтабанды, көлтабанды, аллювийлі тегіс ойпатты, эолды, аридты – денудациялық қат қабатты және тұғырлық  жазықтан тұрады.Жер бедерінің пішіні мен топырақ қабатын түзуші жыныс саз балшықты, саздақты, кесек,  тасты және қиыршық тасты болып келеді.

           Сарыағаш ауданында тұратын адамдар өзен жағасын, құдық маңын мекендеген. Бұл аймактың топырақ жамылғысы солтүстігі мен шығысын және оңтүстік шығысын қоңыр топырақ, оның құнарлы қабатының қалындығы 15-25 см, болып келеді. Жергілікті тұрғындар тыңайтқыштар  сеуіп, суландырып ауыл шаруашылығымен көптеп айналысады. Аймақтың оңтүстігі, орталығы және батысы саздақты, сұр қызыл және тасты топырақ көптеп кездеседі.

        Өсімдіктердің таралуы сирек әрі селдір келеді. Өсімдіктер құм төбелерінде, ойпаттарда, беткейлерде, адырларда қалың өседі. Онда жүзген, мыңжапырақ, түймедағы, аласа келген еркекшөп өседі. Ойпаң, қарашұңқырлы, топырағы тұщы грунт суларымен шайылған жерлерде бұталар, тап, қызылтал өседі. Ұсақ шоқылы жерлерде табылған, райхан, изен, сүтінен өседі. Өзен жағаларында жатаған, бидайық, өседі. Сондай-ақ жазықты жерлерде құм қараған, қияқ, еркекшөп, жусан, раң, торғай оты, адыраспан, жантақ, селеу өседі.

       Жануарлар дүниесі алуан түрлі. Ондай сүтқоректілерден саршұнақ, секіргіш қосаяқ, ақбөкен, қарақұйрық, тез ұшатын құстар, торғай, кесірткелер, сарыбауыр жылан, сұр жылан, қалқан тұмсық жылан т.б. көптеп кездеседі. /5, 99-100 б. 4, 188 б./.  

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. тарау. Сарыағаш ауданының ландшафтысының антропогендік өзгерісі.

 

3.1  Ауданның бүгінгі күніг ландшафтысы және оған антропогендік

факторлардың әсері.

 

           Сарыағаш ауданының антропогенді ландшафтысы  табиғи ортамен үйлесетін шағын  географиялық кешен болып табылады. Оған жергілікті жердің геологиялық, геоморфологиялық процестері, микроклимат пен жер бедері, жер асты және жер үсті суларының режимі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.                

       Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет көптеген факторлардың әсерімен  қалыптасады, дамиды. Қалыпты жағдайда Ландшафты құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафты құрайтын құрамдас бөліктері бір бірімен үйлесім тауып, динамикалық тепе теңдік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлардың, ауа ылғалдылығы, температуралық режимі, жауын-шашынның жылдық көрсеткіштерінен ауыртқымаса да, ландшафт өзгерістерінен  төтенше құбылыс байқалып қалады. Мысалы, 1990 жылдарының соңында Сарыағаш ауданындағы жүзім бойында өнім бермеген кездері болған. Бұған себеп, сол жылдары жемістер гүлдеп, тозаңдар ауа райының қолайсыздығынан жәндіктерде дер кезінде ұшпай қалып, гүлдеген жеміс бақтары ұрықтанбай өнімсіз өседі екен. Сондықтан да жәндіктерді ұрықтандырушы әрекеттері жемістердің өнім беруіндегі шешуші фактордың  рөлін атқарады./ 20. /.

     Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекеті әр уақытта да күрделі  бір ғылыми проблема болып қала бермек. Адам әрекеті техникалық прогрестің артуына байланысты  соңғы кезде ландшафтыны өзгертуге алып келді. Қазір Сарыағаш ауданында адам әрекетінің тікелей және жанама әсерлері тимеген  бірде бір жер қалмаған.  Көптеген аймақ ландшафтысы  адамның шаруашылық әсері нәтижесінде  өзқгеріп, антропогендік ландшафтысын қалыптастыруда. Адам әрекетіне байланысты  негізінен ландшафтының өзен жүйесі, жылу мен ылғал балансы, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзгереді.

      Антропогендік фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафт құрамдас бөліктерінің тұрақтануы ортаның экологиялық жағдайынан үйлесім тапқанда ғана байқалады.

     Сарыағаш ауданының ландшафтысының өзгеруіне жергілікті халықтардың машиналы техникалық көлік байланысы , егістік, жайылымдық, шабындық жерлерді өңдеуі әсер етіп отыр. Осы факторлар ауданның ландшафтық  түзіліс құрылымының қайта түзілуімен бірге ауа, су, жер беті жыныстары, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, жылу, ылғал алмасу процесі т.б  материалдық заттар баланысының  аймақтық өзгерісіне себепші болып отыр.

          Халық шаруашылығын химияландыру  барысында егіншілікте минералды тыңайтқыштармен тыңайтылып,егістік дақылдардың өнімділігі артты. Пестицидттер. Гербициттер, химиялық заттар армашөптер мен зиянкестерге  қарсы  күрес үшін пайдаланылады. Осылайша Сарыағаш аумағының ландшафтысы химиялық және  биохимиялық процестердің ырғағына күрделі өзгеріс енгізді. / 15, 8-10 б./.

 

3.2 Қазіргі Сарыағаш ауданы.

 

Сарыағаш ауданы облыстың оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928-жылы Келес ауданы болып құрылды. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы Сарыағаш қаласы.

Халқы көп ұлтты. Басым көпшілігі қазақтар (86,9), одан басқа өзбектер (4,1), тәжіктер (2,7), әзірбайжандар (1,2), орыстар (1,1), татарлар (0,9) т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда бір шаршы шақырым жерге 29,4 адамнан келеді. Ірі елжі мекендері: Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай ауданы (18,00 мың адам), Дербісек (10,3 мың адам), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қапыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжаррр (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1).

 Аудан аумағынан мемлекетаралық Шымкент-Термез автомобиль трас-сасы өтедi. Асфальтталған жолдың жалпы ұзындығы 631 шақырымға тең. Ал, аудандағы темiр жолдың ұзындығы 54 шақырым шамасында.

Қазiргi кезде аудан Оңтүстiк Қазақстан облысының Қазығұрт, Шардара, Мақтарал және Отырар аудандарымен және Өзбекстан Республикасымен  шекаралас.

Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм. “Сарыағаш шипажайы” АҚ, “Арман” санаторийi мен “Ана мен бала” шипажайы сияқты демалыс аймағы да бар. Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 54 термальды сулар скважинасының 36-ы аудан мекемелерi мен тұрғындарына қызмет көрсетуде.

 Елдiң ел болмағы — береке мен тiрлiкте. Жердiң жер болмағы — сол өңiрде  өмiр сүрiп жатқан адамдар атқаратын тiрлiкте. Береке мен бiрлiк тұтқасы шынайы  тiршiлiк.

Аудан негiзiнен елiмiздiң халық шаруашылығында маңызды роль атқаратын дәндi-дақыл, мақта, жүзiм өсiрумен, айналысады. Бүгiнгi таңда ауданымызда 7634 шаруа қожалығы, 8 акционерлiк қоғам, 466   шаруашылық серiктестiктерi, 5 мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар мен 3577  жеке кәсiпкерлер қызмет етуде. 

Кеңестер Одағы кезiнде тек “Сарыағаш”, “Арман” шипажайлары  жұмыс iстеген болса, бүгiнгi таңда оларға қоса “Жетiсу”, “Алтын бұлақ Р”,“Ана мен бала” шипажайлары халыққа қызмет көрсетiп отыр.

Аудан өнеркәсiбiн дамыту, шағын кәсiпкерлiктi жетiлдiру және ауыл  шаруашылығын көтеру барысында да едәуiр iлгерi басушылық бар.  Аудан  бойынша  9  айдың  нәтижесi бойынша, бюджеттiң  iшкi  кiрiсiне  468,8  млн  теңге түсiрiлiп, жоспар 100,7 пайызға орындалды. Инвестициялық саясат та өрiстеп келедi. Өткен жылдың 9 айында аудан бойынша бюджеттiк  мекемелер мен ұйымдардың және барлық меншiк түрiндегi кәсiпорындардың есебiнен 607,9 млн теңгенiң қаржысы игерiлiп, инвестиция көлемi 4,3 пайызға артты.

Дана халқымызда  “Не ексең соны орасың” деген аталы сөз бар. Ауыл шаруашылығында  2004-жылдың 9 айы көлемiнде 200331тонна астық,  12000 тонна жүгерi, 23000 тонна картоп 683500 тонна көкөнiс пен 61800 тонна бақша өнiмдерi жиналып алынды. Жоспарда берiлген 27,0 мың тонна мақта орнына 29,4 мың тонна мақта жиналды. Мал шаруашылығында да табыстарымыз жаман емес. Қазiргi таңда 64038 бас iрi қара мал, 381260 бас қой-ешкi, 10670 бас жылқы, 261 бас түйе, 520 бас доңыз, 85935 бас құс және азаматтар қолында өсiрiлуде./20/.

Әлеуметтiк жағдай, әрине, осы экономикалық жағдайға тәуелдi. Әйтпесе, “жомарттың қолын жоқтық байлайдының” керi келедi. Ауданымыздың жоғарыдағы көрсетiлгендей экономикалық потенциалының өсуi аудан тұрғындарының әлеуметтiк қорғалуына да оң ықпалын тигiзуде. 2004-жылдың үш тоқсаны барысында мұқтаж 2140 отбасылардың 10280 мүшелерiне 63,3 млн теңге атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлдеi.

Кедейшiлiктi төмендету бағдарламасына сәйкес, жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан 41 мұқтаж отбасыға жер ажыратылып берiлдi, 22 отбасыға мал берiлдi және 17 мұқтаж отбасыға 1,0 млн теңге көлемiнде бюджеттен несие берiлдi. “Ауылым-алтын бесiгiм” корпоративтiк даму қоры атынан 21 мұқтаж отбасыға 432,0 мың теңгелiк көмек көрсетiлдi. Нәтижесiнде 2004-жылдың басында 9427 азамат кедейлiк деңгейiнде болса, қазан айының басында олардың саны 7542 азаматқа азайды.

Түрлi деңгейдегi өндiрiс ошақтары аудан экономикасының күре тамыры саналады. “Асем-Ай”, “Курорт-Барс-2030”, “Алекс” сияқты кәсiпорындарда  жаңа цехтар  мен линиялар  iске қосылып, өндiрiс көлемi ұлғайып келедi.

Аудандағы өнеркәсiптiң негiзiн минералды су құю кәсiпорындары құрап отыр.

Ең iрi өнеркәсiп нысандары бұрынғы керамзит зауыты, Дарбаза карьерi  болатын. Керамзит зауытын қайта тiктеу мүмкiндiгi жоқ, ал Дарбазадағы  бектонит балшығынан әйнек шығаратын зауыттың меншiк иелерiмен келiсе  отырып, аз бөлiгiн iске қостық.

Аудан көлемiнде ауыл шаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеумен  айналысатын 44 кiшi цехтар мен зауыттар бар. Соның iшiнде, жүзiм өнiмдерiн өңдейтiн жылдық қуаты 14 мың тонналық 5 кiшi цех,  жылына  11 мың тонна астық өңдейтiн 18 диiрмен,  530 тонна өсiмдiк майын сығатын  10 кiшi цех, 2000 тонна темекi жапырағын кептiретiн 3 кiшi цех, 100 тонна алма кептiретiн 1 цех  бар.

Ауданның даму бағдарламасына сәйкес, 2005-жылдың аяғына дейiн  Жүзiмдiк ауылдық округi аумағында томат ұнтағын шығаратын және сүт өнiмдерiн өңдейтiн цехтар, Ақжар ауылдық округi аумағында сүт өнiмдерiн  өңдейтiн цех ел игiлiгiне қызмет ететiн болады.

— Аудан тұрғындарын арзан электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында “Қошқар–ата” шағын ГЭС-i құрылып, бүгiнгi таңда Келес  өңiрiнiң Абай ауылы мен “Бешқұбыр”, “1-май”, “Сарыүйсiн”, “Коммуна”, “Ұшқын”, “Аққорған” елдi мекендерiн электр қуатымен тұрақты қамтамасыз етiп отыр.

Алдағы уақытта,  “Ауданды дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған”  бағдарламасына сәйкес, “Дархан” шағын  ГЭС-iн  iске қосу көзделуде. Осы шағын су электр станциясының құрылысына бөлiнетiн 30 млн теңге  қаржының 10 млн теңгесi берiлiп, құрылыс жұмыстары басталып кеттi.

— Сарыағаш ауданына көшiп келген отбасылардың  саны 7387  немесе  35327 адам. “Дастан”, “Атамекен”, “Береке” деп аталатын ауылдарда  оралман отбасылары тұрады. Сарыағаш қаласының iргесiнен 130 га жер  бөлiнiп 1300 отбасына жер телiмдерi бөлiп берiлген. Биыл сол аумақта 65  үйдiң құрылысы басталмақ. Квотадан тыс келген бауырларға да үй  тұрғызу үшiн жер бөлiп берiлуде. Өткен жылы Қызылжар ауылында 50  отбасына жер телiмi бөлiнiп, 15 үйдi асар жолымен салып бердiк. Ал,  оларды мемлекеттiк қызметке тарту мәселесiне келсек, қолда бар мәлiметтер бойынша,  аудан мектептерiне 48 мұғалiм, аудандық  ауруханада 8 дәрiгер, 16 мейiрбике болып iстейтiн оралман бауырларымыз  бар.  Басқа да мекемелерде жұмыс iстейтiндерi де кездеседi.

Әрине, бауырларымызды жатырқамай қабылдап, емiн-еркiн араласып кеткен аудан жұртшылығы қолдан келгенше жәрдем жасап, бар қиыншылықты бiрге бөлiсуде. Ағайынның ауыз бiрлiгi, осындайда сыналады.

— Бiздiң ауданда әскери шекара бөлiмi орналасқан. Өткен жылдың қараша  айында тиiстi мекемелердiң жұмыстарын үйлестiру кеңесi құрылып, заңсыз  саудаға және көшi-қонға тыйым салу бойынша бiраз жұмыс iстелдi. Жiбек жолы ауылындағы “Дача” деп аталатын жерде, Жартытөбе ауылындағы “Қоңырат” кеден бекетiнде заңсыз түрде ұн өткiзумен  айналыстындардың әрекеттерiне тосқауыл қойылды. Шекара бойынша  заңсыз тауарлар өткiзу үшiн құрылған бiраз өткелдер бұзылды. Шекараны бекiту аяқталған соң, халықаралық стандарттауға жауап беретiн инженерлiк құрылымдар жасалып, шекара арқылы өтудiң өркениеттi мемлекеттерге тән тәртiбi қалыптаспаса, мұндай келеңсiздiктер  жалғаса бермек.

-Бүгiнгi таңда жарық және жылу мәселесi шешiлдi деп айтуға болады.

-Ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеудiң қаржылық негiзi қаланды.

Парламентте кезiнде болған депутаттарымыз Ж.Тұяқбайдың  ықпалымен ауданға 4  млрд теңге инвестиция тартылды. Соның басым бөлiгi ауыз су мәселесiн шешуге, жолдарды жөндеуге, мектептер мен  денсаулық сақтау мекемелерiн салуға жұмсалып жатыр. Мәселен, типтiк  үлгiдегi екi мектеп биыл, екi мектеп келесi жылы пайдалануға берiледi. Абай ауылында жаңа аурухана ғимаратының құрылысы басталады.  Сарыағаш пен Абай  ауылы  арасындағы, “Сарыағаш” шипажайына баратын “Қапыланбек” ауылымен өтетiн жолдар күрделi жөндеуден  өткiзiлдi. Биыл Ақжар-Жемiстi, Сарыағаш-Әлiмтау жолдары жөнделедi. “Ынтымақ” және “Жас кешу” елдi мекендерiнде көпiр құрылып,  пайдалануға берiлдi. Сарыағаш пен Абай кентi аралығындағы 8 ауылдан  басқа Келес, Ошақты, Ғ.Мұратбаев топтама су құбырларының құрылысы басталмақ. Қызылжар ауылында алып су скважинасының құрылысы жүрiп жатыр. Ақжар ауылының аумағындағы жер астындағы мол тұщы су қорынан Дербiсек, Жемiстi ауылдарымен бiрге Қазығұрт ауданының да бiрқатар елдi мекендердi су алатын болады. Сарыағаш қаласынан тартылған құбыр арқылы Дарбаза, Жылға ауылдары ауыз сумен қамтамасыз етiледi.

Егiншiлiктi дамыту мақсатында iшкi канал, құбырларды тазалауға 15 млн теңге жұмсалды. Осының нәтижесiнде суармалы жерлер толық игерiлдi. Былтыр егiстiк көлемi 3,5 мың га-ға артса, биыл бұл көрсеткiш  10000 га болып отыр. Азық-түлiк бағдарламасы толық орындалып келедi.  Мақта егетiн жердiң  көлемi өткен жылғы 6 мың гектардан биыл 12800  гектарға артты. Бұл елдiң әлеуметтiк жағдайының жақсаруына ықпалын  тигiзiп отыр. Мәселен, былтырғы жылы Ақтөбе ауылы диқандарының  мақтадан алған табысы 2 млрд  теңгеден асты.

Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң көрсеткiштерi жылдан-жылға өсiп, 2001-2004 жылдары тиiсiнше 18494,9 және 29782,4 теңгенi  құрады. Құрылыс салатын осы жылдар iшiнде 25491 теңге инвестиция  тартылды./20/.

Орта және шағын бизнесті дамытуға мүмкіндігі жеткілікті. Өзбекстан асатындар, ол жақтан бізге келетіндер Сарыағаш ауданының  аумағын аттап өте алмайды. Табиғи байлықтары мол. Қазір ауданда “Сарыағаш” минералды суын шығаратын зауыт көп. Олар бүкіл республика халқын, шет елдердің біразын шипалы сумен қамтамасыз етіп отыр. Айта берсек, Сарыағаш ауданының артықшылықтарын тауыса алмауымыз мүмкін. Дей тұрғанмен аудан экономикасы әлі де болса әлсіз. Сарыағаш не суырылып алға шығып кетпейді, не артта қалып қоймайды, бел ортада жүреде де қояды.

Алдын-ала айтып қоямыз, “артта қалып қоймайды” деуімізге негіз жоқ емес. Сарығаш ауданы өткен жылы да биылғы алғашқы тоқсанда да бюджетке түсетін кіріс жөніндегі жалыпы жоспарын сәл-пәл артығымен орындады.

Дегенмен, шындықтың аты шындық. 2005-жылдың бюджетіндегі деректер Сарыағаш ауданы өзін-өзі 33-ақ пайыз қаржыландыратынын айғақтайды.

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ауданда 154,5 миллион салық жиналған. Оның 61,6 миллион теңгесі облыстық бюджетке аударылған. Кеңес үкіметі кезінде “бәрі керемет” еді деп кейде қателесетін сияқтымыз. Сол керемет кездің өзінде-ақ көптеген аудандарда, әсіресе, шалғай ауылдардың басым бөлігінде жоспарланып, арнайы салынған типті мектептер, ауруханалар, емханалар, тұрмыстық қызмет көрсету үйлері, кітапханалар жоққа тән болатын. Олардың барлығы дерлік арнайы салынбаған, ыңғайластырылған. Көпшілігі еденсіз жер тамдарға орналасқан.

Міне, осы жоқтық бәрін түгендеу, түзеу, салу бауырын енді көтерген жас мемлекеттің мойнына түстіп отыр. Алғашқы 7-8 жылдағы уайым мемлекетті сақтап қалу болды. Соңғы 4-5 жылда облыс орталығында ғана емес, барлық аудандарда дерлік жаңа мектептер салу, аурухана-емханаларды, кітапхана, мәдениет сарайларын салу, клубтар қайта ашу міндеті алға қойылып, ол ерекше қарқынмен жүзеге асуда.

Бүгінгі таңда Сарыағаш “Жаңа құрылыс” және “Самал” мөлтек аудандарының бой тіктеуімен өз аумағын кеңейтуде. Биылғы жылдан оралмандар үшін қала маңынан бөлінген 130 га аумақта жаңа үйлер бой тіктей бастады. Аталмыш мөлтек ауданда бүгінгі заманғы қала құрылысы талаптарына сай қалыптасып қалғандықтан оларға коммуникациялар жүйесін тарту оңайға түспек.

Қаланы дамытудың 2003-2010 және 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламалары қабылданған. Бас жобаны жасауға 2,63млн. теңге жұмсалды. Жобаны іске асыру бойынша осы бастан қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі Сарыағашқа келген адам алып құрылыс алаңына келгендей әсерде болады. Қызылорда мен Астанаға поезд бағыттары белгіленуіне байланысты кеден терминалы темір жол торабын кеңейту көзделуде. Тоқтап қалған цех, зауыттарын жүргізу қолға алынған. Үлкен мәдениетті Ташкент қаласының іргесіндегі Сарыағаш ауданы Қазақстанның үлгісін көрсететін, мынау Қазақстан дегізерлік абырой беделін бағалы сапада танытарлық көрікті аудан болуы шарт.

         “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша ескіден келе жатқан кесенелерді жаңарту туристік орталықтар да ашуда ойда бар. Сарыағаш тарихи жәдігерлерге толы аймақ, оның бәрін жуық арада игеріп кету мүмкін болмағандықтан, түрлі сайттар арқылы мәліметтер енгізіп, инвесторлар тарту жүргізілуде. Тұрғын үй бағдарламасы, спорт сарайларын салуда оң шешімдерін тауып келеді. Қысқасы ауданның әлеуметтік-экономикалық қарқынын арттыру үшін оңтайландыру бағыттары майда шағын объектілерді ірілендіру, жол, мектеп салу кезек күттірмейді. Сонымен қатар соңғы жылдары ғана қолға алына бастаған жүзім шаруашылығын жүргізу сияқты басым бағыттарға да қолдау көрсетілетін болды. Ең бастысы экономикасын көтеріп, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, қарышты қадамдай беру берік байламмен сенімге жетелейді.

Қазiр аудан орталығы саналатын қаланы тоқсан жолдың торабы десе де болғандай. Қала арқылы Орта Азия жолы, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Шардара автомобиль трассалары өтедi, Өзбекстан Республикасының астанасы — Ташкент қаласымен тiкелей автобус қатынасы орнатылған. Облыстың оңтүстiгiнен, Өзбекстан Республикасынымен жалғас орын тепкен қала жылдан-жылға кеңейiп, сәулеттене  түсiп келедi. Қаланың Қазақ ССР Жоғарғы Советi Президиумының 1984 жылғы 7-майдағы Бұйрығымен облыстық бағыныстағы қалалар қатарына  жатқызылуы да үлкен қуаныш деп бiлемiз. Бұл саялы қала Сарыағаштың өскелең өнеркәсiбi, транспорт, құрылыс, байланыс жүйелерi мен қала шаруашылығының күрделiлене түсуiне байланысты туып отыр.

Өткенге көз жүгiртпей алдағыға болжам жасай алмаймыз. Сарыағаштың аудандық қала атанғанына да он жылдан аса уақыт болыпты. Осы мерзiм iшiнде бiр кездегi ойлы-қырлы алқаптарда көп қатарлы тұрғын үйлер сан  түзедi, жаңадан екi микроаудан пайда болды. Онда көптеген озат  жұмысшыларға, құрылысшыларға, дәрiгерлерге, инженер-техник қызметкерлерге жаңа үйлердiң  кiлттерi  берiлiп, қоныс тойлары жасалды. Соңғы бесжылдық iшiнде қалада Мәдениет сарайы, аудандық универмаг, колхозаралық құрылыс мекемесi мен аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының әкiмшiлiк үйлерi, темiр жол станциясы, 107 кәсiптiк-техникалық училище, тағы басқа да көптеген мәдени-тұрмыстық бағыттағы  объектiлер бой көтердi. Керамзит заводы iске қосылды.

Бiр кездегi саусақпен санарлықтай ғана өндiрiс орындары бар қалада қазiр 6  завод, фабрика, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 7 құрылыс ұйымы, 5 автотранспорт кәсiпорындары бар. Көптеген байланыс, мәдени-тұрмыстық, сауда нүктелерi қала тұрғындарына игi қызмет көрсетiп келедi. Қапланбек зоотехникалық-малдәрiгерлiк техникумында, кәсiптiк-техникалық  екi училище, жалпы бiлiм беретiн бес мектепте, балалар спорт мектебi мен музыка мектептерiнде және 10  мектеп жасына дейiнгi балалар  мекемелер-iнде он мыңдаған болашақ мамандар мен жасөспiрiмдер тәлiм-тәрбие алуда.

Қаланың өсiп, көркеюiмен қатар еңбекшiлердiң мәдени-тұрмыстық жағдайы, әл-ауқаты да нығайып келедi. Олардың жыл өткен сайынғы осы бағыттағы талап-тiлектерiнiң молая түсуi де заңды нәрсе. Бұл — өмiр талабы. Осы ретте аудандық партия комитетi мен аудандық Советтiң атқару комитетi бiршама игi жұмыстарды жүзеге асыруда.  Дегенмен, қала экономикасының  жайын, халықтың талғамын жете ойластырсақ, әлi де шешiлмей жатқан  көптеген проблемалар бар екендiгiн айту керек. Әсiресе, бұл ретте жалпы бiлiм беретiн мектептер мен балалар бақшасын көбейту, орталық спорт комплексiн салу басты орын алады.

Қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту бағытында да бiрқатар  шаралар жүзеге асырылмақ. 250 орындық аудандық аурухананың iргесi  қазiрдiң өзiнде қалана бастады.  Алдағы кезде басқа да игi жұмыстар қолға алынатын болды. Атап айтқанда, сауда орталығын, универмаг, “Балалар дүниесi” магазин, ресторан, кафе, 2-тұрмыстық қызмет көрсету  кәсiпорын, неке үйiн, 400 орындық кинотеатр салу жоспарланып отыр.

Қаланың әу баста ретсiз, жүйесiз, бас жоспарсыз салынуы көптеген игi iстердiң бiрден өрiс алып кетуiне қол байлау болып отырғандығын  жасырмаймыз. Қаланы онан әрi көркейте, көгалдандыра түсу, өскелең  талапқа сай тәртiпке келтiру үшiн бiрқатар ескi құрылыстарды жөндеуге, қайта салуға тура келедi.

Коммуналдық құрылыс саласында тұрған мiндеттер де көп. Үлкен қысымды тазарту қондырғылары бар бiр орталықтағы канализация жүйесiн  салу қазiр ең зәру iстердiң бiрi болып отыр. Сол сияқты су жүйелерi құрылысын да тездетiп аяқтау қажет. Қазiргi коммуналдық кәсiпорындар  комбинаты қала тұрғындарының барлық қажеттерiн қанағаттандыра алмайтындығы белгiлi. Көп жағдайда олардың қаланы көркейтуге,   көгалдандыруға қажеттi қаржысы мен техникасы жетiсе бермейдi. Ал  бұларды реттеу үшiн қыруар қаржы керек.

Көп болып қолға алған жерде жұмыстың өнiмдi, тұрмыстың көңілдi болатындығын өмiр дәлелдеп отыр. Осы ретте қала еңбекшiлерiнiң,  құрылысшыларының, тұрғындардың көлемдi жұмыстарды қолға алып, жақсы iстердiң жанашырлары болуына тура келедi. Олардың  Сарыағашты  үлгiлi қалаға айналдыру бағытындағы iрiлi-уақты жұмыстарға белсендi түрде  араласуы қажет. Халық депутаттары қалалық Советiнiң атқару комитетi алдында да аса көлемдi мiндеттер тұрғандығын айтпасқа болмайды. Қала болашағы, оны өскелең талап негiзiнде қайта құру,  ең алдымен,  қала  тұрғындарының өз қолында. Қала тұрғындарының жиi-жиi сенбiлiктерiн ұйымдастырып, құрылыстарға жәрдем беру, көшенi ретке келтiру,  арықтарды тазартып, саялы ағаштар отырғызу да алда тұрған абзал борыштардың бiрi деп санаймыз.

Сарыағаштың облысқа бағынатын қала болып  құрылуы бүкiл қала мен  аудан жұртшылығының бiр-бiрiне сiлтемей, өз мекендерiн көркейту үшiн  жұмыла еңбек етуiн талап етедi”.

Мiне, жоғарыда келтiрiлген мақала үзiндiсiнен бiз Сарыағаш қаласының   даму,  өрлеу жолын айқын  аңғара түсемiз.

Қазақстан   СРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1988-жылғы 9-шы маусымдағы жарлығымен Келес ауданы Сарыағаш ауданының құрамына қосылды.

 Ендi Сарыағаш қаласының 90-жылдардың бас кезiндегi тыныс-тiршiлiгiн бейнелейтiн мына мақалаға зейiн бұрайық. Мақала “Сарыағаштың болашағы ойландырады немесе қалаға облыстық бағыныстағы статус неге қайтарылмай отыр?” деп аталады. Ол облыстық “Оңтүстiк Қазақстан”  газетiнiң тоқсаныншы жылдар басындағы нөмiрлерiнiң бiрiнде жарық көрген, авторы 1990-1992 жылар аралығында қалалық атқару комитетiнiң төрағасы қызметiн атқарған Садыр Омаров.

“Сарыағаш ауданы, сол сияқты Сарыағаш елдi мекенi iргесiн  20-шы  жылдары  қалаған болатын. Жыл өткен сайын оның көркiне көрiк қосылып  дегендей, шаруашылығының гүлдене түскен жайы да болды. Сочидегi  денрарий паркiнiнiң елесiн берiп тұратын “Қапланбек” совхозының өзiн айтса ауыз, көрсе көз тойғандай. Қазiр аудан орталығы – Сарыағаш  қаласының халқы 30-мыңға жуықтап отыр. Бұған алпысыншы жылдары қала  аты берiлген болатын.

Сарыағаш қаласының территориясы арқылы Орта Азия темiр жолы өтедi. Облыстың Ленин, Келес, Сарыағаш аудандарының жүктерiн  вагондарға тиеу, түсiру Сарыағаш қаласындағы Сарыағаш болат жолы  станциясында iске асырылады. Жыл сайын 156220 тонна жүк вагондарға тиелiп, 7300 тонна жүк вагондардан түсiрiлiп жатады. Бұдан тыс қаланың  өндiрiспен шұғылданатын бес кәсiпорнының меншiгiне ұзындығы 2,2 шақырымға созылып жатқан  шойын жолы тағы бар.

Одаққа белгiлi Сарыағаш курорты мен “Арман” санаториi Сарыағаш  қаласынан  небәрi  15 шақырымдай ғана жерде. Демалыс орнына одақтың  түкпiр-түкпiрiнен келген тынығушылар Сарыағаш  қаласына  соқпай  өтпейдi  десе болады. Өкiнiштiсi сол, жер-жерлерден саяхаттап, демалуға келген сол адамдарды мынау Сарыағаш қаласы дегiзiп селт еткiзерлiктей көрiктi де,  көңiлге қонымды жақсы орынның жоғы қынжылтады. Тiптi, өлкетану музейi  жоғының өзi өкiнiштi-ақ. Қазiр оны айтасыз, Сарыағаш қаласы осыдан бiраз бұрынғы жылдардағы сәнiнен, сәулетiнен, көркiнен айрылып бара жатқан  жайы  бар.

Тағы да айтамыз, қаланың тұрғындары жыл сайын  арта түсуде. Қалада  15 оқу орны — жалпы бiлiм беретiн 6 орта мектеп, қала ортасына орналасқан  екi Агроөнеркәсіптік және Т.Спатаев атындағы кәсiптiк-техникалық училище, “Қапланбек” зоотехникалық малдәрiгерлiк техникумы жұмыс iстейдi. Аталған оқу орындарында жүздеген жастар,  мамандар оқып, бiлiм алады. Осы аталған оқу орындарынан басқа пионерлер  үйi, музыка, көркемөнер мектептерi, жас техниктер станциясы, тағы басқа осындай жастар тәрбиесiмен айналысатын орындар  бар.

Қалада жылына 27 миллион сомның өнiмiн шығарып тұрған 7-кәсiпорын, жылына 245850 мың тонна километр жүк тасымалдайтын 4-автотранспорт кәсiпорыны, 1 жолаушылар автотранспорт кәсiпорыны жұмыс   iстейдi. Сол сияқты 5-жылжымалы механикаландырылған колонна да қала  территориясында орналасқан. Жылдық  сауда айналымы 87 миллион сомды  құрайтын. Келес, Сарыағаш, Шардара аудандық тұтынушылар  кооперацияларын тұтыну товарларымен қамтамасыз етiп отыратын  ауданаралық база, сол сияқты жанар-жағар май өнiмдерiнiң, агроөнеркәсiп техникасының, жемiс-овощ мекемелерiнiң базалары да қала территориясына  орын  тепкен.

Қала халқының жыл сайын өсе түсуiне байланысты тұрғын үй  құрылысына да баса назар аударылуда. Тек соңғы екi жылдың iшiнде ғана  үй  саламын деген жеке адамдарға 80 гектар жер бөлiндi. Өмiр iлгерi жылжыған сайын халықтың талғамы, талабы артып, қала әлеуметтiк-экономикалық, мәдени-тұрмыстық жағынан дами түсуi  керек. Осыған орай қаланың алдағы  перспективалық даму процесiне де көз жiберейiк. Таяу жылдар iшiнде 800 жұмыс орны бар, құны 19 млн. сомдық иiру-тоқыма фабрикалары iске  қосылады деп белгiленуде. Оның құрылысы 1991-жылы басталады. 1992 жылы жылына ондаған миллион шөлмек шығаратын, Сарыағаш кәусар суын  құятын завод  құрылысын бастау да көзделiп отыр.  Сол сияқты 1992-жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн қайта өңдейтiн консервi заводының екiншi кезеңi iске қосылады. Кәсiпорындар қаржысы есебiнен құны 1,2 миллион сомдық спорт-сауықтыру кешенiнiң құрылысы да алдағы жылдардың кезегiнде. Бұдан басқа да бiрқатар мәдени-тұрмыстық объектiлер жоспарлануда.

Мiне, осы аталған құрылыс объектiлерiнiң басталуы және белгiленген мерзiмде аяқталуы, уақтылы iске қосылуы қаладағы жұмыссыздар қатарын азайтуға, халықты тұтыну заттарымен, мәдени-тұрмыстық қажеттермен қамтамасыз етуге үлкен ықпалын тигiзер едi. Ал қазiр қала тұрғындарының бiразы көршi Ташкент қаласына қатынап, жұмыс iстейдi. Қазiр қаланың және ауданның өзiнде 5261 жұмыссыз адам бар. Жоғарыда аталған объектiлердiң қатарға қосылуы қала өмiрiндегi көптеген проблемаларды шешетiндiгiнде сөз жоқ.

Сарыағаш қаласы киелi жерге орналасқан. Бұған шүбә келтiре  алмаймыз. Ауданымызда аты аңызға айналған Қыңырақ, Күлтөбе, Қаратөбе,  Ақтөбе, Мыңтөбе, Жартытөбе т.б. ата-бабаларымыз киелi санаған жерлер бар. Осы өңiрде өмiр сүрiп, ұрпақ өсiрген қасиеттi азаматтар болған. Солардың  арасында дараланып тұрғандары — Шаймерден — Ер Дәуiт әулие, Иса ата (Ысық) Қошқар ата,  Шопан ата, Сек-сек ата, Ақ бура, Бурахан, Аққұс  әулие, Пәрпi ата, Жабай ата Жалмырзаұлы, Қапыланбек т.б. туралы бүгiнгi ұрпаққа қаншама танымдық аңыз-әңгiмелер қалды.

Тiршiлiк  тынысы Сарыағаш жерiмен тағдырлас болған талай  азаматтар бұл жерде өмiр кешiп, қызмет еттi. Сондай азаматтардың бiрi Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың ағасы Ахмет болатын.

Ол Сарыағаш қаласының кiшi Алматы көшесiнде №4 үйде тұрды.  Ахмет атаның жұбайы Халима әжемiз Абай Құнанбаевтың Тұрағұл деген   баласының қызы.

Ахмет ағаның көп асыл армандары бар едi. Соның бiрi кейiнгi ұрпаққа   Мұхтар Әуезов туралы естелiк кiтабын жазып қалдыру болатын. Ахмет  ағаның бұл тiлек арманы Сарыағаш жерiнде орындалды. Мұхтар Әуезов  сынды ұлы ойшылдың Оңтүстiк сапарында болған жерлерi, басқан iздерi кѕнi  бүгiнге дейiн сайрап жатыр. Бұл жолмен жүрiп өткен кеудесiнде оты бар азамат толғанбай, тебiренбей қала алмас.

Асылдың тұяғы Ахмет Әуезов, Халима Тұрағұлқызы Сарыағаш  қаласында бақытты ғұмыр кешiп, дүниеден өттi. Сарыағаш азаматтар  зиратында ол екi кiсiге құлпы тас орнатылған.

Ахмет Әуезовпен көршiлес кiшi Алматы көшесiнде Ұлықбек  Мұхаметжанов тұрған. Ол Мұхтар Әуезовтың “Абай” романындағы басты кейiпкердiң бiрi – Мәкен Тұрағұлқызының  жұбайы. Ұлықбек ағамыз  бiлiктi заң қызметкерi. Аудандық халық сотының бiрнеше жыл үзбей  төрағасы болып қызмет еткен. Сарыағаш қаласының бұрынғы Ленин атындағы, қазiргi Хамид Юсупов атындағы көшенiң тұрғыны Мирон   Сергеевич  Оганьян. Бұл — ұлы көсем В.И.Лениннiң  көзiн көрген адам.  Көшенiң 17-шi үйiнде ескерткiш тақта қойылған. Тақтаға “Бұл үйде Сарыағаш қалалық кеңесiнiң депутаты, В.И.Ленин Ұлы Октябрь социалистiк революциясының басталғандығы туралы сөз сөйлеген броневиктiң жүргiзушiсi Оганьян Мирон Сергеевич 1963-жылдың 24  мамырынан 1968-жылдың 1-тамызына дейiн тұрған” деп жазылған.

Қалада Социалистiк Еңбек Ерi Ермеков, Кеңес Одағының Батыры  Сыдық Исмаилов, айтулы ақын Төлеген Айбергенов, Қазақстанның Бас прокуроры Өтегенов, Сарыағаш ауданын 11 жыл басқарған Ұлтубай Бейсенбаев тұрған үйлердi қаз-қалпында сақтап, ескерткiш тақта орнату лазым сияқты.

Сарыағаш қаласында екi саябақ бар. Оның бiрiншiсi 1930-жылдары пайда болған. Сол кезде жергiлiктi тұрғындарының күшiмен сенбiлiк ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылады да, қалалық саябақтың негiзi қаланады.

Аудан әкiмшiлiгi жанындағы саябақтың жалпы көлемi 2-гектарды алып  жатыр. Ол Ұлы Отан соғысына дейiнгi кезеңде Сарыағаш селосындағы ең  көрнектi халыққа мәдени қызмет  көрсететiн орынға айналған болатын.  Ал,   соғыстан кейiнгi тұста едәуiр уақыт қараусыз қалып қойды. 1960-1975 жылдары аудандық пионерлер үйiнiң қарамағына берiлдi. 1977-жылдан  бастап Сарыағаш қалалық балалар мен мектеп оқушыларының саябағы   болып қайта жаңартылды. 1993-жылы сол кездегi  аудан әкiмiнiң шешiмiмен балалар  саябағы  қалалық орталық саябақ болып қайта құрылды. Соңғы жылдары қаржы тапшылығына қарамастан, саябақ қызметкерлерi қолда бар мүмкiншiлiктердi қарастыра отырып, қал-қауқарынша өзiн-өзi қаржыландырып келдi. 1999-жылдан бастап саябақ аудандық мәдениет бөлiмiнен қаржыландырылып  отыр.

Сарыағаш қаласындағы орталық саябақтың жолдарына толықтай  асфальт төселген. Су жүйесi реттелiп, электр жарығымен толық қамтамасыз етiлген. Саябақта екi үлкен ойын аттракциондары, үш кiшi формадағы ойын аттракциондары жұмыс iстейдi. Онда жыл сайын түрлi мәдени шаралар өткiзiлiп тұрады. Атап айтар болсақ, 2002-жылдың өзiнде  саябақта 20-дан астам үлкендi-кiшiлi мәдени iс-шаралар ұйымдастырылады.

Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күнi мерекесiнде  саябақтағы ойын аттракциондары балалар мен бүлдiршiндерге тегiн  қызмет көрсетедi. Орталық саябақтың материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға ұлғайып келедi. Мұнда келiп демалушылар үшiн жаңа  орындықтар орнатылды. Жас көшеттер отырғызылды. Алдағы уақытта  жастарға мәдени қызмет көрсету үшiн би алаңы, салқын сусындар сататын кафе, шахмат-дойбы клубын ұйымдастыру көзделiнiп отыр. Барлық мерекелiк iс-шаралар саябақтың ашық сахнасында өтедi. Мерекелiк шараларды өткiзуде аудан әкiмшiлiгi, аудандық мәдениет бөлiмi мен  Сарыағаш қалалық әкiмшiлiгi тiкелей көмек көрсетiп, оның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ат салысады.

Қаладағы екiншi саябақ аудандық мәдениет бөлiмiнiң iргесiне  орналасқан. 1982-жылы Бүкiлодақтық сенбiлiкте 5,5 гектер алаңға ағаш көшеттерi отырғызылды, содан 1984-жылы ол қалалық саябақ болып ашылды. Сол жылдары саябақта 6 үлкен формадағы аттракциондар орнатылып, аумағы толық қоршалған болатын. Алайда, өтпелi кезеңдегi  нарық қыспағының салдарынан аттракциондар мен қоршаулар талан-таражға түсiп, жоғалып кеттi. Қазiргi  уақытта саябақ  “Оңтүстiк-құс”   акционерлiк қоғамына жалға берiлдi. Олар саябақты халыққа мәдени қызмет көрсететiн көрнектi де көрiктi орынға айналдыруға әрекеттенуде. Жаңа ойын аттракциондары мен саябақ қоршауларын қалпына келтiрудi де өз мiндеттерiне алған.

Егемендiк алған жылдың алғашқы кезеңiнде қаладағы мәдениет ошақтары одан сайын тоқырап, көпшiлiк мәдени-демалыс орындары бей-берекетсiздiкке ұшырауда. Қазiргi жағдай басқаша өрiс алды. Демалыс орындары күрделi жөндеуден жан-жақты өтiп, қолға мықтап алынды. Аудандық мәдениет бөлiмi және мәдениет үйi ұжымы да қиындығы шаш етектен оралған iстi жеңiп, көпшiлiктiң көңiлiнен шығуға зор қам-қаракет жасап отыр.

Сарыағаш қаласының мәдениет саласын Қалымбетова Әлия көп жыл басқарып, қыруар жұмыстар атқарған. Оның iзбасарлары Ережеп Пазылов,  сазгер Ә.Жаншуақовтар айтулы үлес қосқан. Ә.Жаншуақов басшылығымен  1997-жылы мәдениет үйiнiң жанынан “Саялы Сарыағаш” ұлт-аспаптар  ансамблi құрылды. Жақсылық Нұрбеков жетекшiлiк ететiн бұл ансамбль көптеген облыстық байқаулардың жүлдегерi деп танылып, қала халқының ыстық ықыласына бөленiп жүр.

“Төле баба” хақында сөзi Нұрыш Дәулетов пен Әбiләзiм Жаншуақов ән жазылып, бүкiл Қазақстан бойынша орындалуда.

Мәдениет үйiнен ұйымдастырылған “Наркескен” дуэтi, “Думан” триосы, “Серi жiгiттер” квартетi облыс көлемiнде кеңiнен танымал. Жетекшiсi Зебо Шарипова басқарған “Назерке” бишi қыздар тобы да көзге түсiп жүр.

Сарыағаш қаласы халқына мәдени қызмет көрсетудi аудандық мәдениет үйiнiң алатын орны ерекше. Директоры Темiрбеков Қонысбек көптеген мәдени iс-шараларды жүзеге асыруда.

Осы салада жемiстi еңбек етiп келе жатқан Гүлжаһан Жылқыбаева мен Майра Ормолдаевалар халық  арасында кеңiнен танымал.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995-жылғы 25-желтоқсандағы қаулысына байланысты 1997-жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне қарасты жылжымайтын мүлiк орталығы өз жұмысына кiрiскен болатын. Содан берi бес жарым жылдай өттi. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгi “Тiркеу қызметi комитетi “Жылжымайтын мүлiк орталығы” Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Сарыағаш бөлiмi болып аталады.

Бұл мекеме аз уақыт аралығында қыруар жұмыстар атқарып, ең бiр үлкен және танымалы да, бюджет көзiн толықтырушы мекеме болып отырғандығы бәрiмiзге мәлiм.

Сарыағаш қаласында жылжымайтын мүлiктерге 96 пайызы төлқұжаттары дайындалып құқығы тiркелген. Бұл — қаламызда үлкен жетiстiк болып саналады.

“Сарыағаш” телеарнасы ұжымы iскерлiгiмен, шығармашылық  iзденумен аудан тұрғындарының көңiлiнен шығуда. Мәдени, әдеби, спорт пен өнер жаңалықтары жиi берiлiп келедi. Мұнда Сырлыбай, Бауыржан, кәсiпқой журналист Рахматулла Қаржаубаев iстейдi. Бейнефильмдердiң  эфирге шығуын қамтамасыз ететiн монтаждаушы Қасымбек Шаншаровтың еңбегi де орасан. Сондай-ақ, операторлар Б.Бақыт, К.Мәмбетов, диктор қыз Жазира Адасханова да осынау iстерге сүбелi үлестерiн қосып келедi.

Сарыағаш ауданында ондаған жылдардан берi санитарлық-эпидемиологиялық станса қызмет жүргiзiп келуде. Ол алғаш 1953-жылы құрылды. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансаға 1953-1956 жылдары И.Ильясова, 1956-жылдан 1960-жылға дейiнгi мерзiмде  А.Жақсыбаев, 1960-1997 жылдар аралығында М.Абдуалимовтар басшылық жасап келдi. Санитарлық-эпидемиологиялық стансасы 1997-жылдан бергi уақытта А.Шажаев дейтiн азамат басқарып келедi. А.Шажаев басқаратын аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станса қызметкерлерi қала мен аудан тұрғындары арасында жұқпалы аурулардың алдын алу, қаланың  санитарлық жұмыстарын ретке келтiру, асхана мен басқа да қоғамдық тағамдандыру орындарының, көпшiлiк жиналатын жерлер мен мекеме, ұйым, өндiрiс ошақтарының санитарлық норма мен ережеге сай жұмыс iстеуiн жiтi қадағалап келедi.

1968-жылы Сарыағаш ауылдық Кеңесiнен  қалалық Кеңеске өткен кезде, қалада 6 асхана, 13 дүкен, 1 шағын базар болған. Базар қазiргi М.Әуезов атындағы орта мектептiң орнында жайғасқан-тұғын. Оқу орындарынан Қапланбек ауылшаруашылық-малдәрiгерлiк техникумы, 1 кәсiптiк-техникалық училище, 1мектеп-интернат (балалар үйi), 2 орта мектеп, 4 балабақша, 1аудандық орталық аурухана жұмыс iстеген. Осы аурухана  iшiнде туберкулез бен терi-венерологиялық кабинет және науқастарды емдеу палатасы болған. Сонымен бiрге қалада жүзiмдi өңдеп, шарап шығаратын цех та жұмыс iстеген.

Рамадан және Кескен каналдарының бойларында тұрғын үйлер мен қоралар салынбаған, каналдар жыл сайын тазаланып отырған. Халыққа қызмет көрсету саласында бiр монша үздiксiз iстеп тұрған.

Бүгiнгi таңда Сарыағаш қаласының аумағы үлкейiп, 53 асхана, 47 дүкен  мен дүңгiршектер, 6 базар жұмыс жүргiзуде. Сондай-ақ оқу орындарының  саны да артқан. 7 жалпы бiлiм беретiн орта мектеп, 1кәсiптiк-техникалық мектеп, 1 мектеп-интернат, 3 балабақша, 2 колледж, 250 орынды типтiк жобадағы аудандық орталық аурухана, консультативтiк-диагностикалық емхана, 3 қалалық емхана, 2 стоматологиялық емхана, дәрiхана, 1 туберкулез диспансерi  мен 90 орындық аурухана, 1көздi емдеу ауруханасы  iстейдi. Олардың қай-қайсысы болмасын, iшкi тазалығы, санитарлық жағдайы тұрғысынан ұдайы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансаның қадағалауында болып келедi.

Рамадан  мен Кескен каналдарының бойларына тұрғын үйлер тұрғызылып, қала территориясы неғұрлым кеңейе түсуде. Аудандық мешiт, аудандық аурухана, аудандық және қалалық әкiмшiлiктердiң ғимараттары,  прокуратура ғимараттары салынып, олар бiраз уақыттан берi жұмыс iстеп жатыр.

Ауданымызда аты аңызға айналған Қыңырақ, Күлтөбе, Қаратөбе,  Ақтөбе, Мыңтөбе, Жартытөбе т.б. ата-бабаларымыз киелi санаған жерлер бар. Осы өңiрде өмiр сүрiп, ұрпақ өсiрген қасиеттi азаматтар болған. Солардың  арасында дараланып тұрғандары — Шаймерден — Ер Дәуiт әулие, Иса ата (Ысық) Қошқар ата,  Шопан ата, Сек-сек ата, Ақ бура, Бурахан, Аққұс  әулие, Пәрпi ата, Жабай ата Жалмырзаұлы, Қапыланбек т.б. туралы бүгiнгi ұрпаққа қаншама танымдық аңыз-әңгiмелер қалды.

Дәрілiк суымен мәшқұр болған Сарыағаш, киелi құс, келбеттi қыз жарастығын тапан Келес өңiрлерi дарын мен талант иелерiне ешқашан кенде болған емес.

Бүкiл Қазақстанда тұңғыш коммунарлар осы Келесте ұйымдасып, оны Тасбау Борашев және Зиябек Рүстемов сынды аптал азаматтарымыз басқарған. Ал, Кеңес дәуiрiндегi тұңғыш ақындардың бiрi, осы Зиябек Рүстемов болғанын Сарыағаш елi мақтаныш етедi. Тоқаш Бердияров ақынымыз осында мәңгiлiк мекен тапқан.

Сонымен бiрге бұл өлкенiң топырағы қоғам және мемлекет қайраткерлерiнiң, журналистердiң, ғалымдардың жарық шоқ жұлдыздарын дүниеге әкелдi. /4. 189-191 б. 20. Google. Kz., Rambler. Ru./.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

       Сарыағаш ауданының физикалық географиялық жағдайын қарастырудағы басты мақсатымыз- “Үлкен мәдениетті Ташкент қаласының іргесіндегі  Сарыағаш ауданы Қазақстанның үлгісін көрсететін , “Мынау Қазақстан” дегізерлік  абырой- беделін бағалы сапада танытарлық анық көрікті аудан болуы шарт”- деп, М. Әуезов атамыз айтпақшы, Сарыағаш ауданын сол мақсатта жан-жақты көркейтіп, дамыту үшін өзімнің туған жерімді зеріттеуді жөн көрдік.

    Осы аудан аумағы, жер бедері, топырағы, климаты, су көздері, жалпы табиғи жағдайы негізінен ауыл шаруашылығы,егіншілікті, мал шаруашылықтарын дамытуға қолайлы.  Сондықтан осындай жолдар мен ауданның экономикасын  дамытуға мол мүмкіншілігі бар.

     Біз Сарыағаш ауданының табиғи жағдайын, шаруашылығын, экономикасын зерттей келе, мынадай қорытындыға келдік. Өз ойымызды ұсыныс ретінде білдіруді жөн көрдік.

      Біріншіден,   ауыл шаруашылығында заман талабына сай қажетті индустриялды техниканы пайдаланып, экстенсивті даму жолымен  мақта, бидай, жеміс- жидек, көкініс шаруашылығын дамыту.

     Екіншіден, 1990 жылдары жабылып қалған ауыл шаруашылық  өнімдерін өңдейтін өндіріс орындарын, зауыттарды, концеріндерді  жаңа техникамен жабдықтап, қайта ашу керек. Атап айтсақ, мақта кластерін, жеміс- жидек, көкініс шәрбатын консервлейтін өндіріс орындарын, жіп иіру, мата тоқу фабрикаларын және бидайды өңдейтін дейірмендщер мен наубайханалар ашу керек.

      Үшіншіден, мал шаруашылығы, құс шаруашылығын дамытудың маңызы өте зор. Себебі, ауданда жайылым жерлер жетерлік. Онда әсіресе ірі қара мал, қой, ешкі шаруашылықтарын дамытуға қолайлы. Сол орайда ірі фермерлік шаруа қожалықтарын, құс фабрикаларын ашу керек.

      Төртіншіден, Сарыағаш ауданы бәрімізге белгілі, “Сарыағаш” шипалы минералды суымен, көрікті шипажайларымен атақты. Сарыағаш шипажайларын әлемдік стандартқа сай  ірі сауықтыру және туризм комплекісіне айналдырып, жарнамаларды пайдалану арқылы  дүние жүзі халықтарының назарын аударып, туристтерді тарту керек.

      Бесіншіден, Дарбаза, Жылға елді мекендерінде  палеозой дәүірінен қалған табиғи ескерткіштерді, киелі әулиелі жерлерді толық зерттеп, ғылыми- тарихи кешенге айналдыруға болады. Менімше, сол жерлерде археологиялық зерттеулер жүргізілсе, көптеген мәліметтер жиналары анық. Оған нақты дәлелдемелер де бар. Сондай-ақ,  ауданды ғалымдар жан жақты зерттеп, Сарыағаш ауданының жеке энциклопедияысын шығарса деген ниетім бар.   

      Бұдан басқа да ауданды көркейту, абаттандыру, экологиясын жақсарту, мәдениет ошақтарын, демалыс орындарын, жәнесаябақтар салу  басты назар аударатын мәселе болып табылады.

         Өз сөзімізді қорытындылай келе, президентіміз Н. Назарбаев өзінің 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” деген жолдауында “Қазақстан” деген еліміздің қарқындап дамып, әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енуіміз керек деген болатын. Сол мақсатта әрбір Қазақстан Республикасының азаматы бар білімімізді, күш- жігерімізді пайдаланып, бәріміз бірге  жұмыла іске кірісуіміздің кезі жетті, Дамыған елулікке ену мақсатында еліміз бізге, жастарға сенім артуда. Сол үшін мемлекетіміз бізге барлық мүмкіндікті беріп,жоғары әрі сапалы білім алуымызға жайғдай жасап отыр. Жастар, Біз Қазақстанның келешегіміз, олай болса тек қана алға деп, іске кірісейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

                1)  Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Алматы.2005. 7 том. 239-

                  259 б.

2)Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы.Шымкент.2004.86-97 б.

3) Б.Тасболат. Р.Кенжебаева.”География”.Шымкент 2006. 183-191 б.

                4)“Артезианские бассейны Южного Казахстана”.

                Академия наук  Казахской СССР. Алматы. 1989. 364-378 б.

                5)Н. Молдағұлов. “Лндшафттану негіздері.”  Алматы. Рауан.1994.

                  98-102 б.

 6)Конкашпаев Г.К. «Словарь географических названий  Казахстана.» А-А, Академии наук Казахской ССР, 1963г.  197-209 б-б.

 7)Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. М, Наука, 1974г. 235-237 б.

 8)Абдуллаев Х.М. Изследование в Сарыагаче. Тошкент, Институт        геологий и геофизики. 1958г.146-154 б.

 9)М. Бекей. «Оңтүстік Қазақстан» // 2004ж. 12 маусым. 8б.

 10)Ш. Молдабек. «Қазақстан Zaman» // 2006ж.11 тамыз.5 б.

 11)«Шымкент келбеті» //2003ж. 1 тамыз.5 б.

 12)“Қазақстан- Zaman” //2006.18 тамыз. 4 б.

 13)“ Ақиқат”//2007.15 қазан. 6-7 б.               

14)”Оңтүстік Қазақстан” //1997. 11 б.

15)”Ақиқат”№8.28.04.2003. 8-10 б.

16)”Егемен Қазақстан”//16.07.2005жыл. №22.

17)“Егемен Қазақстан”// 31.07.2001. 4б.

18)”Шымкент келбеті”// 01.08.2001 3-5 б.

19)Интернет.( суреттер, кескіндер)

20)Интернет. Қазақша рефераттар сайты, Google. Kz., Rambler. Ru.

                21)Жергілікті халық ауыз әдебиетінен аңыздар, әңгімелер.