АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК Университеті

 

 

 

 

 

Мырзалиева Д.Т.

 

 

 

ОҚО «Манкент» өндірістік кооператив шаруашылығындағы сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері

 

 

 

 

 

Дипломдық  жұмыс

 

 

050802- «Зоотехния» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент, 2013 ж.

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК Университеті

 

«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасы

 

 «Қорғауға жіберілді»

 Кафедра меңгерушісі

 ________а.ш.ғ.к., доцент Теңлібаева А.С

 “ _ ”  ______   2013ж.

 

 

 

Дипломдық  жұмыс

 

 

Тақырыбы: ОҚО «Манкент» өндірістік кооператив шаруашылығындағы сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері

 

 

 

050802- «Зоотехния» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

Орындаған:                                                                          Мырзалиева Д.Т.

                                                                                               Тобы: АП-09-7к1

 

 

Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы                                                                              Абдуалиева Ә.Ә.

 

 

 

 

 

 

Шымкент, 2013 ж.

Мазмұны

 

 

   

 

Нормативтік сілтемелер

 

 

АнықтамаЛАР

 

 

белгілер ЖӘНЕ қысқартулар

 

 

Кіріспе

 

1

Әдебиетке шолу ……………………………………………………………………

11

1.1

Мал азықтарының қорының жағдайы, ауыл шаруашылық  малдарын  азықтандыру деңгейі мен  үлгілері………………………………..

11

2

Негізгі бөлім……………………………………………………………………………

19

2.1

Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайы………………

20

2.2

Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі ……………………………………………….

21

3

Зерттеу нәтижелері ……………………………………………………………..

30

3.1

Қолда бағылатын кезде берілетін азықтар мен табиғи жайлымдық   шөптердің құрамы мен жұғымдылығы…………………………………………..

30

3.2

Мал азықтарын дайындау технологиясы………………………………………..

31

3.3

Пішен дайындау……………………………………………………………………………

32

3.4

Сүрлем дайындау………………………………………………………………………….

35

3.5

Пішендеме дайындау…………………………………………………………………….

39

3.6

Біртекті мал азығын дайындау………………………………………………………

42

3.7

Шөп ұны мен туралған шөп дайындау…………………………………………..

45

3.8

Мал азықтарының қосымша көздері…………………………………………..

47

3.9

Жүгеріні  өңдеу а) химиялық  тәсілдер;  б) биологиялық  тәсілдер….

48

3.10

Дәнді малға беруге дайындау……………………………………………………….

52

3.11

Мал азығын консервілеуде қолданылатын бактериялы ашытқылардың түрлері…………………………………………………………………

54

3.12

Бактериялы ашытқылардың сүрлемдегі микробиологиялық процестерге тигізетін әсері……………………………………………………………

60

3.13

Жүгері балаусасын «Силобактерин» ашытқысымен сүрлеу………….

60

3.14

Жүгеріні «Лактокалдарин» ашытқысымен сүрлеу………………….

61

3.15

Сүрленетін азықтарға бактериялы ашытқыны қосу тәсілдері…………

63

4

ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ…………………..

64

5

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ………………….

65

6

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ………………………………………………………….

67

7

БИЗНЕС ЖОСПАРЛАУ………………………………………………………………..

74

 

Қорытынды……………………………………………………………………………..

75

 

Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………..

76

 

 АННОТАЦИЯ

 

 

«Сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері» атты дипломдық жұмыстың зерттеудегі ғылыми жаңалығы Оңтүстік Қазақстан облысының «Манкент» өндірістік кооператив шаруашылығында табынды ұйымдастырудың ең басты факторларының бірі — оның структурасы мен дұрыс ұдайы өсірілуі анықталды. Зерттеу нәтижесінде әр түрлі бактериялы ашытқыларды көк балауса өсімдіктерден алынған шөптер мен дәнді дақылдардың қалдықтарынан алынған жүгеріға қосып дайындалған сүрлемдер мен пішендемелер жақсы сақталып, құнарлылығын арттыру.

Негізгі бөлім тақырыптары: Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайы. Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі. Қолда бағылатын кезде берілетін азықтар мен табиғи жайлымдық шөптердің құрамы мен жұғымдылығы. Мал азықтарын дайындау технологиясы. Пішен дайындау. Сүрлем дайындау.Пішендеме дайындау. Біртекті мал азығын дайындау. Шөп ұны мен туралған шөп дайындау. Мал азықтарының қосымша көздері. Жүгеріды өңдеу а)химиялық тәсілдер; б) биологиялық тәсілдер. Дәнді малға беруге дайындау.Мал азығын консервілеуде қолданылатын бактериялы ашытқылардың түрлері. Бактериялы ашытқылардың сүрлемдегі микробиологиялық процестерге тигізетін әсері. Жүгері балаусасын «Силобактерин» ашытқысымен сүрлеу. Сүрленетін азықтарға бактериялы ашытқыны қосу тәсілдері, жүгеріден даярланған сүрлемдерді сауын сиырлар рационына пайдаланудың экономикалық тиімділігі көрсетілген.

Дипломдық жұмыс 72 бетке компьютер арқылы теріліп берілген, 17 кестемен және 4 суретпен көркемделінген. Құрылымы бойынша кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу нысаны мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері бөлімдері және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64 еңбекті құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНықтамалар

 

 

Рацион – бір  тәуілікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік заттары бір күндік нормаға сәйкестендіріледі.

Азық қоректілігі — мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіруге қажетті қоректік зат жеткізу қасиетін айтамыз.

Мал азығын  нормалау — мал организміндегі қоректік заттарға қажеттілікті толықтыру.

Азықтың қорытылуы – ас қорыту органдарына енген азықтардың құрамындағы қоректік заттардың (протеиндер мен майлар, көмірсулар) микроорганизмдер, инфузориялар және асқазан сөлдерінің әрекеті арқылы амин, май қышқылдарына, моносахаридке тез еритін тұздарға ыдырап тез сіңіп, қан, лимфа арқылы организмге тарау процесін айтады.

Азықтық өлшем – азықтардың жалпы қоректілігін энергетикалық қуатын өлшеу, яғни барлық қоректік заттардың малға қуаттылық байламы немесе сіңімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

 

Дипломдық жұмыста келесі стандарттық нормаларға сілтемелер жасалынды:

  1. Мемлекет аралық стандарт ГОСТ 7.32-2001.
  2. МЕМСТ 7.32-2001 Стандарт жүйесінің мәліметі, кітапханалық және баспалық ғылыми — зерттеу жұмыстың есебі, құрылымын және ережесін аудару.3. Республиканың мал шаруашылығын өркендетудің жағдайы мен келешегі 2001-2005 жылдар, Астана, 2001.
  3. Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» жөніндегі заңы, 2001 жыл.
  4. МЕМ СТ 2, 104 – 68 ЕСКД Негізгі жазулар.
  5. МЕМ СТ 2. 601 – 95 ЕСКД Пайдалану құжаттары.
  6. МЕМ СТ 2. 6304 – 81 Сызба шрифтері.
  7. МЖБМС 2. 321 – 84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.
  8. МЕМ СТ. 2. 701 – 84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері орынға қойылатын жалпы талаптар.
  9. МЕМ СТ 2.104-68 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.

11.СТ ОҚМУ 7.04-08.Университет стандарты.Сапа менеджменті жүйесі, құжаттарын  түзу, мазмұндау мен  ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

12.СТ ОҚМУ 7.11-2008. Университет стандарттары. Оқу әдістемелік процестерді басқару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

белгілеулер мен қысқартулар

 

 

Дипломдық жұмыста келесі анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылды:

ӨК        – өндірістік кооператив

ТМД      – Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы

АҚШ     – Америка  Құрама Штаттары

ЦЛБ       – целлюлоза ыдыратушы бактериялар

ПКБ       – пропион қышқыл бактериялары

АМС       –  амиллиттік сүт қышқылы стрептококкасы

ҚЗ           –  құрғақ зат

ШП         – шикі протеин

ШМ         – шикі май

АЭЗ          – азотсыз экстративті заттар

ҚП            – қорытылған протеин

АЭ             – алмасу  энергиясы

ЖҚ            – жиынтық қуат

кДж          – килоджоуль

мДж          – мегаджоуль

%               – процент (пайыз)

см              – сантиметр

кг               – килограмм

г                – грамм

ж.ж.         – жылдар

га              – гектар

а.ө.            – азық өлшемі

мм             – миллиметр

>,<, ±        – үлкен, кіші, плюс-минус

мкм           – микрометр

мг/л           – милиграмм литр

гр/л            – грамм литр

гр/%          – граммның процентке қатынасы

ц                – центнер

тн             – тенге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Кіріспе

 

 

Тақырыптың өзектілігі. Мал азықтандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және тәжірибелік материалдардың басым бөлігі мал шаруашылығы, оның ішінде ірі қара шаруашылығы саласына қызмет етуі тиіс.

Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде меншік түрлері, еңбек ұйымдастыру, өндірістік қатынастар, мал басын өсіру, күтіп-бағу, азықтандыру жағдайларында түбегейлі өзгерістер болды. Әрине сүт және ет бағытындағы ірі қара және қой шаруашылықтарында қарқынды, өнеркәсіптік негізде дамыту технологиясында алдыңғы қатарлы ұстанымдардан ауытқушылықтар да байқалды.

Мал иелерінің басым көпшілігі зоотехникалық ілімді меңгермеген, малды қажетті деңгейде күтіп-бағуға іс жүзінде дағдыланбаған, мал азығының физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері жайлы айтпағанның өзінде, тіпті олардың тұқымқуалаушылық қабілетіне сай өнім беру деңгейін ескере отырып толыққұнды азықтандыру ісін ұйымдастыра алмайтын жандар болып отыр.

Мұның барлығы тауарлы мал, сондай-ақ асыл тұқымды ірі қара, қой, ешкі, жылқы, шошқа, түйе, марал, қоян және нутри шаруашылықтарына да бірдей дәрежеде қатысты болып, сүт өндіруді арттыру, олардың сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді шешуді күрделендіріп жіберді.

Мал азықтандыру жөніндегі ғылымның қазіргі кезеңдегі даму деңгейі олардың ас қорыту физиологиясы, зат алмасу, жасушалық деңгейде жүретін биохимиялық процестер саласындағы жетістіктерге негізделген және мал азығын тиімді пайдалануға, ірі қара денсаулығын жақсартуға, өнімділіктің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге, мал басының өз төлі есебінен ұдайы және қалыпты өсу қабілетін сақтауға бағытталған.

Қазіргі кезде мал азықтарындағы, құрама жемдердегі, жетіспейтін қажетті элементтерін қосып дайындаған азықтардағы қоректік заттардың мал ағзасымен өзара әрекеттестігін мейлінше нақтылы зерттеу негізінде оларды қуат, протеин мен амин қышқыддары, көмірсутектер (талшық, қант, азотсыз шырынды заттар), майлар, алмастырылмайтын майлы қышқылдар, макро-микроэлементтер, витаминдер, гормондар, ферменттер, сол сияқты 18-30 көрсеткіш бойынша мөлшерлеп азықтандыру және бақылау мүмкіндігі белгілі болды.

Дегенмен малдың шыққан тегі, өнімділігі, денсаулығы тұрғысынан алғанда біртектес болмауы шаруашылық субъектілерінің оларды нақтыланған мөлшерде азықтандыру негізінде ірі-ірі топтарға бөліп, мөлшерлеп азықтандыруға мүмкіндік бермей отыр.

Әйтсе де сүт өнімдерін өндірудің тиімділігін арттырудың қозғаушы күштері бұрынғысынша қалды. Бұл – ең алдымен, ірі қараның тұқымқуалаушылық қасиетіне қарай азықтандырудың ғылыми негізделген жүйесі есебінен толық жүзеге асыру қажеттігі. Сонымен бірге казіргі кезеңде де мал саласының жағдайын жақсартуда азықтандыру ісі әлі де болса үлкен роль атқарады. Өйткені сүт өнімдердің өзіндік құнындағы материалдық және қаржылық шығындардың 60-75 пайызы жемшөптің үлесінде.

Қазақстанның мал өсіру саласындағы қазіргі жағдайды тұрақты деуге болады.

Мал басының 10 жыл бойы жаппай азаюынан кейін, 2000 жылдан бастап сүт  бағытындағы ірі кара санының өсуінде де, олардың өнімділігінің артуында да белгілі бір оң ілгерілеушілік бары байқалады. Алайда, олар түбегейлі тиімді деп айта қоятындай, қандай да бір салмақты өзгерістер емес. Бұл жағдайдағы басты тежеуші ықпал – мал азығы қорының аздығы мен мерзімдік азық үлесі құрамында олардың түрлерінің жеткіліксіз болуы.

Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығының одан әрі ұдайы және қарқынды дамуы мал азығы қорының нығаюына, мамандандырылған мал азығы өндірісінің қалпына келтірілуіне, ірі, шырынды және құнарлы мал азықтарының толыққұнды жиынтығы болуына, сондай-ақ, оларды ұтымды пайдалануға байланысты болмақ.

Белгілі бір аймақтың табиғаты мен ауа райы жағдайларына бейімделген, мейлінше мол өнімді азықтық дақылдарды таңдап алу, оларды қарқынды агротехникалық тәсілдерді қолдана отырып өсіру, қоректік заттары бойына мейлінше көп жиналған мерзімде және қысқа уақытта жинап алу, сүрлем, пішендеме, пішен дайындау кезінде негізгі шикізаттың жұғымдылық қасиеттерін барынша сақтап қалу мақсатында, сондай-ақ сүрлеу кезінде алдыңғы қатарлы қарқынды әдістерді қолдану – мал азықтандырудың ұтымды жүйесін ұйымдастыру мүмкіндігіне қол жеткізу жолындағы ауыл еңбеккерлерінің алдында тұрған мәселелердің тізімі әзірге осындай.

Сауын сиырды жүгері сүрлемімен азықтандыру жөніндегі бұл жұмыс ауыл тұрғындарына сүт бағытындағы ірі қара азықтандыру жүйесін ғылыми негізде ұйымдастыруға көмектесетін құрал болады деген сенімдеміз.

Республика ауылшаруашылығындағы қолға алған экономикалық реформа тығырыққа тірелген шағында нарық жүйесінің қалыптасып дамуы үшін экономика саласындағы ең тиімді жолдарды таңдап алуды талап етеді. Әрине, бұл мал шаруашылығын дамытудағы басты мәселенің біріне айналып отыр. Мал азығының берік қорын жасауда оның құнарлылылығын арттырып, өнімділігін көбейтіп, сапасын жақсарту үшін, азық дайындаудың алдыңғы әдістерінінң жетілдірілген технологиясын мейлінше қолдану басты шарт болып есептеледі.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты –

жүгеріні «Лактокалдарин» ашытқысымен сүрлеу. Жүгері — астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Алғаш Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Мексикада біздің заманыздан бұрынғы 5200 жылы шамасында ертедегі майя мен ацтектер өсірген. Дәнінің құрылысына қарай үлпекті, кремнийлі, тіс тәрізді (сүйір дәнді), крахмалды, қантты, крахмалды-қантты, бадынақ (жарылғыш), балауыз түстес, жұқа қабықты жүгері түрлеріне бөлінеді. Қазақстанда 15 сорты аудандастырылған. Сабағы тік, биіктігі 0,5-6 м, кейде бұдан да биік, жуандығы 2-7 см. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді, сабақтың әрбір буынынан бір-бірден екі жағына жайыла өседі. Дара жынысты, бір үйлі, айқас тозаңданады. Аталық гүл шоғыры (шашақ) сабағының ұшында, аналық гүл шоғыры (собық) жапырақ қолтығында орналасқан. Жемісі — дәнек. Собығында 500-1000 дән болады. Дәнінің құрамында 1,3 азық өлшемі, 65-70% крахмал, 7-12% белок, 3-6% май бар. Жүгері сүрлемі — мал үшін құнарлы азық. Жүгері – жылу және жарық сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді жаздық дақыл. Өсіп-өну кезеңі 100-180 күн. Жүгері дәнінен жарма, ұн, крахмал даярланады, спирт, сыра, қант, глюкоза, т.б. дайындау үшін пайдаланады. Негізгі зиянкестері: сымқұрт, жалған сымқұрт, кеміруші жұлдызқұрт, т.б.; аурулары: бөртпе және тозаңды қаракүйе, бактериоз, фузариоз.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

  • өсімдіктермен дәнді егіс қалдықтарының барлық түрлерін сүрлемдеу үшін, бірқатар биопрепараттармен анықтау;
  • жүгері сүрлемінің құрамын анықтау;
  • бактериялары белокқа бай бұршақ тектес өсімдіктерден сүрлем және пішендеме дайындау;
  • мал организмінде қуат көзі ретінде пайдаланылатын азық қоспасының ерекшеліктерін анықтау;
  • сауын сиырды жүгері сүрлемімен азықтандыру ерекшеліктерін зерттеу;
  • бактериялы ашытқылардың сүрлемдегі микробиологиялық процестерге тигізетін экономикалық тиімділігін анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан облысының «Манкент» өндірістік кооператив шаруашылығында табынды ұйымдастырудың ең басты факторларының бірі — оның структурасы мен дұрыс ұдайы өсірілуі анықталды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Мал азықтандыру — зоотехния ғылымының төлдердің дұрыс өсіп-жетілуін, сақа мал мен құстан тұқым қуалау қасиетіне сай келетіндей мол да сапалы өнім алынуын, мал азығындық заттарды тиімді пайдалану жолымен мал денсаулығын сақтау мен олардың өз төлдері, өнімдері есебінен қалыпты және ұдайы өсіп отыруын қамтамасыз ету мақсатында ұтымды азықтандырудың негіздерін, әдістерін, технологиялық тәсілдерін зерттейтін саласы. Яғни мал азықтандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және тәжірибелік материалдардың басым бөлігі, оның ішінде ірі кара шаруашылығы саласына қызмет етуі тиіс. Малды дұрыс азықтандыру мақсатынды сүт  өнімділігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

1 Әдебиетке шолу

 

 

1.1 Мал  азықтарының  қорының  жағдайы,  ауыл  шаруашылық  малдарын  азықтандыру  деңгейі  мен  үлгілері

 

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ежелгі салаларының бірі. Оның даму тарихының тамыры көшпелі кезеңнен бастау алады және ол жиырмасыншы ғасырдың басына дейін халық тіршілігінің бірден – бір көзі болып келеді.

Өткен жылдар ішінде жағдай түбегейлі өзгерді. Мал шаруашылығы саласын шоғырландыруда, мамандандыруда және қарқынды дамытуда кеңшарлар мен ұжымдардың ұйымдастырылуы дұрыс атқарылды. Бұл үрдіс жиырмасыншы ғасырдың 50-жылдарының орта шенінен бастап, тың және тыңайған жерлерді көтергеннен кейін, егістік алқаптар ауыл шаруашылығы жерлерінің 15%-ын құраған кезеңде шапшаң қарқынмен жүрді. Астық өндірісінің өсуімен қатар, сол кезеңдерде ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 52%-ға дейінгі деңгейге жеткен қоғамдық мал шаруашылығының негізі болып табылатын егістік мал азығы өндірісі де қарқынды дамыды.

Қазақстанның 272,5 млн. гектарды құрайтын жалпы жер көлемінің 222,5 млн. гектарын ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатыр. Оның 187,5 млн. гектары маусымдық өріс пен жайылымға пайдаланылады. Көктемгі-күзгі жайылым көлемі 63 млн. гектарды құрайды, ал жазғы жайылым 44 млн. гектар шамасында. Н.Ә. Жазылбеков, А.Ә. Төреханов, М.А. Кенеев еңбектерінде мәлімделген [1].

Өнімділігі төмен жайылымдарда, 8-10% ет және сүт бағытындағы ірі қара, жайылады А.Г.Богданов еңбектерінде [2].

Омарқожаев Н, Әкімбеков Б, Махмұтов С. зерттеушілерінің пайымдауынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымда азықтандыру және күтіп-бағу болашақта еліміздің өркендеп келе жатқан экономикасындағы сыртқа шығарылатын тауарлардың ішіндегі маңызды саласы бола алатын ең арзан, экологиялық тұрғыдан таза және биологиялық жоғары бағалы сиыр, бұзау, қой, жылқы, түйе еттерін, сүт, қымыз және шұбат алуды қамтамасыз етілуін білдіреді. Осыдан біраз жылдар бұрын (1990ж.), Қазақстан қой саны бойынша Ресейден кейінгі екінші орында, ірі қара саны бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында [3].

А.Ә. Төрехановтың хабарламасы бойынша (2005 ж.) республикадағы табиғи жайылымдардың 26,6 млн.га тақырланған және 4,5 млн.га улы, мал жемейтін өсімдіктер болып кеткен. Соңғы 7-10 жылда жайылымдық жерлердің өнімділігі гектарына далалық жерлерде 4,5-5,5; шөлейттерде 3,0-3,5 және шөлейт жерлерде 1,6-2,5 ц құрғақ шөптен ғана келеді [4].

А.Г. Денисованың (1985) деректеріне сүйенсек, протеиннің деңгейі төмен (1 азық өлшеміне 80 грамнан аз) болса, ол сиырлардың сүт өнімділігін төмендетеді. Шикі протеин мерзімдік азық үлесіндегі органикалық заттың 14-24% көп мөлшерленеді [5].

Е.А. Новиковтың мағлұматтарына қарағанда сауын сиырлардың 300 күн ішіндегі орташа тәуліктік сауылатын сүт мөлшерін қабылдасақ, сауым маусымын 450 күнге ұзартқанда сауылатын тәуліктік орташа сүт мөлшері тек 85% болады, сауын уақытын өте ұзартқан жағдайда сүтті 15% кем аламыз [6].

Анықтамалық бойынша, альвеолалық және цистералдық сүттің арақатынасы сауым маусымының бірінші жартысы шамамен бірдей, ал екінші жартысында альвеолалық үлесі шамасы едәуір артады. Альвеолалық үлестегі сүт майының мөлшері  цистералдық үлестегі сүт майының мөлшерінен 8-9 есе артық болады [7].

И.Ю. Беляевский  деректері бойынша ірі қара малын азықтандырудың нақтыланған мөлшерін жасауға арналған зерттеу жұмыстарының көпшілігі олардың мерзімдік азық үлестерінің 25-30-дан кем емес мөлшерлеу көрсеткіші, ал қарапайым қарынды мал мен құсты мерзімдік азық үлестерінің 70-80 көрсеткіші бойынша бақылануы тиіс екендігін көрсетіп берді [8].

Ә Байжұманов азықтық, белок құрылымына жасалған талдау, мал азығы қорларының 90-95%-ы өсімдік азықтар екенін, олардың 50-60%-ы қолдан егілген азықтық астықтар мен дақылдар үлесіне, ал 40-50%-ы табиғи шабындықтар мен жайылымдар үлесіне тиетінін көрсетті [9].

Б.К.Бердібекова мәліметі бойынша мал шаруашылығын өркендетудің басты негізі – жынысы мен жасы әртүрлі мал топтарын теңестірілген толыққұнды азықпен қоректендіруді қамтамасыз ететін тұрақты азық қорын жасау [10].

Р.Ескендирова пайымдауынша шаруашылықта қара мал табынын құру тарихы 1959 жылы бұрынғы «Победа» колхозына Түлкібас ауданынан алғаш әртүрлі классты 200 бас қашарлары әкелінуінен басталады [11].

Егеубаев, Н.О., Омарқожаев, А.Ә (1998) мүйізді ірі қара малмен жүргізген арнайы респитаторлық тәжірибелерінде қоректену деңгейі өскен сайын көміртегі мен энергияның метанмен, ал көміртегінің зәр және тыныстанумен шығарылатын үлесі азайып, желінген көміртегінің игерілуі жоғарлайтыны көрсетілген [12].

Богданов Г.А. (1990) сиырлардың тірілей салмағы жоғары, сүтінің майлылығы айтарлықтай жақсы, сүті мол болуы, жануарлардың сүт өнімділігі олардың физиологиялық жағдайына, азықтандыруы мен жануарларды пайдалану қарқынына байланысты [13].

Жазылбеков Н.А., Мырзахметов А.Н. (2005) Республика ғалымдары ауыл мамандарымен ынтымақтаса отырып, 70 жыл ішінде сүт және ет бағытындағы ірі қараның, қой мен ешкінің, жылқы мен шошқаның 15 отындық жаңа тұқымын шығарды. Әр түрлі табиғи – экономикалық аймақтарда түрлі бағыттарда өнім беретін ірі қараның сүт, ет-сүт бағытында өнім беретін шетелдік тұқымдары өсірілді [14].

М.А.Кинеев және басқа да ғалымдардың (2006) мәліметтері бойынша, Қазақстанның солтүстістігі жағдайында сауын сиырларын сүт беру өнімділігі маусымдық сипат алады да, мұның өзі көп жағдайда оларды витаминдермен қамтамасыз етумен байланысты болады. Қыста азықта каротиннің және организмде А витаминінің жетіспеуі салдарынан организмде меловитаминдердің, каротин А және С витаминдері алмасуы бұзылып, малдың сүт беру функциясы кемиді [15].

А.И. Ашанин, А.Ә. Жазылбеков, А.А.Төреханов (2008) еңбектерінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы сүт және ет бағытындағы ірі қара шыруашылықтарының 2001-2005 жылдар аралығында жұмсаған мал азығына жасалған талдау бір бас ірі қараға, орта есеппен алғанда, құрамында 11,5-14,6 кг қорытылатын протеин бар, жалпы жұғымдылығы 17,0-22,4 ц азық өлшемі болатын 21-22,7 ц ірі азық, 3,0-3,5 ц сүрлем және 2,2-3,0 ц құнарлы азық берілгенін анықтайды [16].

Анықтамалықта сауын сиырларына жүргізілген зерттеулерде, рациондағы құрғақ заттардың ішіне күкіртті 0,12-0,18% деңгейінде жануардың қоректік мұқтаждығы ретінде пайдалануға болатыны ескертілген [17].

Дюсембин Х.Д. Базанова Н.У. (1973) мәліметтеріне сүйенсек, сауын сиырларына 20кг  гүлтәжі көк балаусасын бергенде әдеттегі өсімдіктердің осынша мөлшердегі көк балаусасын бергендегімен салыстырғанда, күнделікті сүт мөлшері 1,8кг немесе 12%, майы 0,21%, және белогы 14%  артқан [18].

Әубәкіров Қ., Атақұлов Т., Ахмет А., Нұрғалиев Қ.  өз зерттеулерінде, сүт өндіру барысында, сүт құрамындағы А витаминнің белсенділігін арттыру үшін, қыс мезгілінде өнімділігі төмен сиырларға тәулігіне 600-1000 мг, ал өнімділігі жоғарыларға 900-1500 мг каротин беру қажеттігін көрсетеді [19].

Күйісті малдың азықтық мұқтаждығын алмасу энергиясымен бағалауды ұсынған ағылшын ғалымы Әубәкіров Қ. топшылауынша, мал азығының игерілу тиімділігі малдың тірілей салмағына, өнімділігі мен рацион құрғақ затында алмасу энергиясының шоғырлануына тәуелді өзгереді [20].

А.Ә.Егеубаев, Н.О. Омарқожаев, М.А.Байтурин,  Қ.Құсайнов, А.Ахметов (1998) анықтамалығында сүтті сиыр шаруашылықта  қалыптасқан  11-12 айлық өндірістік айналымға сәйкес азықтандырылады делінген. Өндірістік айналым сиырдың бұзаулаған, яғни сауымы басталған аралығын қамтыды. Айналым боиында сиыр азықтандырылуы физиологиялық  ахуалына қарай өзгертіліп отырады (сауым басы, ортасы, аяғы, буаздық басы, соңына сәикес). Айналым барысында сиырдың  физиологиялық ахуалы бір-бірімен қабаттасып отырады. Мысалы, сиыр сауымы аяқталмаи буаздығы басталатыны белгілі. Осыны ескере отырып, сүтті  сиырды жеткілікті  де үнемді (1кг сүтке 1,2-1,3 азық өлшемі, 100-400 г жем жұмсалатындай етіп) азықтандыру қажет [21].

А.П.Дмитриченко мен П.Д.Пшеничныйдың (1975) еңбектеріне зер салсақ сауын сиырларына сондай-ақ йод, темір, кобальт, мыс, кей кездері күкірт пен калий жетіспеушілігі байқалады. Сауын сиырларында натрийға деген мұқтаждықты ас тұзын беру арқылы қамтамасыз етуге болады. Әдетте, сиырларға азық өлшемінде  5грамм ас тұзын, немесе 1 г құрғақ затқа 5-8 грамм ас тұзын беру жеткілікті. Сауын сиырларында ас тұзына деген қажеттілік, шамамен көк азықтармен және сүрлеммен азықтандыру барысында 2 мәрте байқалады [22].

Өрістегі сауын сиырдың жайылым шөбіне мол отығуына таза ауада серуендеп, шөпті еркінше таңдап жеуі әсер етуі мүмкін. Егеубаев, А.Ә (1998) тұжырымдауынша, жайлымдағы азық қоректілігінің сіңімділігі мынадай болады екен: азық рационының құрғақ заты- 66 –76%, белок- 65 –75%, май- 35–50%, клечатка- 70–75, АЭЗ- 70–80% [23].

Г.Ж Әбдрахманов, И.Т. Жақыпов сауын сиырларына жасаған тәжірибелерінде оларды қоректендіруді көбейту және азайтуды алмастыру жемшөпті қолдануға тәжірибе жасалынып отырған жануарлардың жағдайына және осыдан кейінгі олардың өнімділігіне жағымды әсер етті [24].

И.С.Попов (1957) жас малдың тез өсіп жетілуне, олардың келешектегі өнімділігінің артуына, жақсы пайдалы қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа беру қасиетттерін толық сақтап қалуына тек қана азықтандыру деңгейі ғана оң ықпал ететінін көрсетті [25].

Н.Б.Мұқанов, Б.А.Мыханов (2007) сынды беделді ғылыми қызметкерлердің еңбектерін салаласақ, еліміздегі өсірілетін ірі қараның басым бөлігін өнімділігі төмен жергілікті сиырлар, олардың зауыттық тұқымдармен арадағы әртүрлі сатыдағы ұрпақтарды құрайды. Қазіргі уақытта саланың барлық мүмкіндіктері толық пайдаланылмай, сауын сиырлардың өнімділіктері тұрақты бір деңгейге қалып келеді. Бұл жағдай сүт өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігін шектеп отыр. Кез келген мал тұқымының ерекшеліктері барлық өнімдік қасиеттері оның өсіп жетілуі барысында дұрыс, қалыпты азықтандырылуынада негізделеді. Сол сияқты, сауын сиырлардың да сүт өнімділігі оларды тірілей салмағымен қоса, нормалап азықтандыруына байланысты [26].

Әйгілі ғалым Богданов Г.А. (1990) азықпен азықтандыру мал организміне оның тұқымымен шығу тегіне әлде қайда күштірек әсер ететінін атап өтті. Жас малдың тез өсіп жетілуіне азықтандыру деңгейі тікелей шешуші роль атқарады [27].

Б.Қ.Қожалиевтың (1989) еңбектеріне сүйенсек, сауын сиырлардың рационында минералды заттардың жеткілікті мөлшерде болуы, олардан мол өнім алу кепілі. Малдан көп өнім алынса, оның денесінен минералды заттарды сыртқа соншалықты көп шығарады. Мәселен сиырдың сүттілігін төмендетпеу үшін, оның орнын минералды азықтармен күнделікті толықтырып отыру қажет. Демек, сиырдың әрбір литр сүттілігімен бірге 1г Са, сол мөлшерді Р бөлініп шығады. Жылына 8 мың кг сүт шығатын сиыр, сүтпен бірге 65кг минералды заттар шығарады екен [28].

Шумилина И.С (1986) еңбектерінде қоректік заттарға деген мұқтаждық: тіршілік ету, сүт өндіру, қосымша салмақ қосу үшін қажет қоректік заттар мөлшері, азықтандыру нормасы, фермерлік шаруашылықтарда рациондар,бұған қажет азықтар,мал азықтандыру тәсілдері, сиыр-құнажындарды сау кезеңінде, суатарда, сауылғаннан кейін нормалап азықтандыру, сауын сиырларды жаз айларында азықтандыру, көп жылдық мәдени және табиғи жайылымдарды пайдалана отырып, рациондар құру, теңестіру ерекшеліктерін алға тарту керек және сүтті сиырларда азқтандыру, азық және сүт сапасына мән беру үшін сүт фермасының теңгерімі есептелу шарт [29].

Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы сөздігі бойынша, мал азығы, жемшөп — мал азығына, яғни жемшөп қорына, мал жайылуына пайдаланылатын табиғи және екпе жайылымдар мен мал азықтандыруға жұмсалатын, яғни жемшөп қорын толықтыратын, табиғи және екпе шөп шабыстар, сонымен қоса мал азығын дайындауға пайдаланылатын азықтық дақылдар мен олардан дайыңдалатын азықтар мен түрлі азықтық қалдықтар мен қосыңдылар жатады. Жайылым оты (шөбі) оларға малды жайғаңда немесе орып, алдарына салынып көк азық түріңде пайдаланылса, шөпшабыс көгі шабылып, пішенге кептіріліп, жиналып, сақталып, қысқы ірі, яғни қатайып іріленген азық ретінде пайдаланылады. Ірі мал азығына орылып, дәні алынған жүгері, топан да жатады. Көк жүгері, күнбағыстың шырынын, яғни сөлін сақтау үшін оларды сүрлемге, ал қиын сүрлемделетін бұршақ тұқымдастар (жоңышқа, беде, т.б.) көгін пішеңдемеге салады. Осылай дайындалған шырынды азыққа азықтық тамыр-түйнек жемістілер (қызылша, сәбіз, картоп) мен бақшалық дақылдар (асқабақ, әңгелек) жатады [30].

Сауын сиырлардың азықтағы азотты пайдалану дәрежесі әр қилы және оның сүттілігіне де байланысты екені белгілі. Баканов В.Н., Менкин В.К. (1989) мәліметтеріне қарағанда оты жақсы өрісте жайылған сауын сиырлары сол жерден, орташа есеппен  40-50%-ға дейін қорытылатын протеин қабылдай алады екен [31].

Біздің елімізде Егеубаев А.А. және басқалар (1993) көрсетуі бойынша Оңтүстік облстардың жайылым шөптерінде молибденнің мөлшері 1кг азықта 5-10мг-ға жетеді екен. Азықта молибденнің көп болуына ірі қара өте сезімтал келеді. Мұндайда малдың бауырындағы мыстың қоры азаяды. Молибденнің көптігінен, азықта мыс жеткілікті болса да, ол бойға сіңбей ас қорыту жолдарымен сыртқа шығарылып тасталады [32].

Қожалы Б., Байтореев К. балғын көк шөпті консервілеудің технологиясын жетілдіру ондағы қоректік заттардың толық сақталуын және республика жағдайында экологиялық жағынан таза мал азығын дайындауда бактериялы ашытқылар (АМС, ПМБ,ПКБ) және олардың қоспасы «Силамп» (АМС+ПМБ), «Амилопентозин (АМС+ПМБ), «Казахсил» (АМС+ПКБ+ПМБ) деп аталатын препараттардың алғашқы тобы және «Силоплант-34», ЦЛБ-«Калдарин», «Силобактерин» (Силоплант+ПКБ), «Лактокалдарин» (АМС+ЦЛБ) деп аталатын препараттардың екінші тобы кеңінен қолдануда [33].

Ғылыми-шаруашылық тәжрибелердің нәтижелері, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Б.Қ.Қожалының мәліметтері бойынша бұрынғы КССРО кезіндегі өндірістік шаруашылық жағдайына енгізіліп, тексеруден өткізілген еді. Мысалға айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты «Қазығұрт, «Сейфуллин», «Абай» атындағы және «Болшевик» Төлеби ауданының шаруашылықтарында көк балауса, жүгері дәнінің қалдығына «Силобактерин», «Лактокалдарин» және беде пішендемесіне «Силоплант-34», Түлкібас ауданына қарасты «Мичурин» және «Киров» атындағы, «Алғабас» және «Түлкібас» шаруашылықтарында беде шөбінен сүрлем және пішендемеге «Силоплант-34» ашытқысын, Алматы облысына қарасты «Көктал» және «Ақдала» шаруашылықтарында «Лактокалдарин» ашытқысын пайдаланып қамыстан сүрлем дайындалды. Сол сияқты, Қазақстан республикасы Жамбыл облысының шаруашылықтарында, Қырғыз Республикасы Ыссықкөл, Соқкөл, Прежевальский атты аудандардың шаруашылықтарында бұл тәсіл енгізіліп, өндірістік тексеруден өткізілді [34, 35].

Лебедев М.М. және басқа ғалымдардың пайымдауынша, бактериялы ашытқылар пайдаланып қамыстан сүрлем дайындалды, сол сияқты, Прежевальский атты аудандардың шаруашылықтарында бұл тәсіл енгізіліп, өндірістік тексеруден өткізілді [36].

Қ.Н.Бегімбеков., А.Ә.Төреханов., Ә.Б.Байжұманов (2006) мәліметтері бойынша, сауын маусымы ішіндегі сауым мөлшеріне бірқатар физиологиялық факторлар әсер етеді, олар сүт өнімділігінің сауын маусымы басында күрт төмендеу болады. Әдетте сүттің тәуліктік ең жоғары мөлшерін сауын маусымының бірінші айының соңында және екінші айында анықтайды [37].

Н.Омарқожаұлының (2005) мәліметтеріне сүйенсек, сауын сиыр рационын сиырдың сүтейтуіне оң ықпал ететін шырынды азықтарға негіздей отырып, құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы қоректілігінің 45-55% жеткізіледі. Шырынды азық ретінде жазда көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер жұмсалады. Рационға енгізілген құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен шектеледі [38, 39].

Д.Қ.Найманов пен Н.Ә.Жазылбековтың (2006) дәйектемелерінде, бұзаулаған соң сиыр суды көп қажетсінбейтіндігі айқындалған. Бұзаулағаннан 30-40 минуттан кейін сиырды сумен суарады. Майда, жұмсақ сапалы пішен беріледі. Сиырды толық азық нормасына, күн сайын азықты біртіндеп отырып, 8-10 күнде жеткізеді [40].

Н.Б.Мұханов мен Б.А.Мыхановтың (2007) мақалаларында сипаттағандай, сиыр сүтінің желінінде болатын қанның құрамдас бөліктерінен түзілетіні белгілі. Сондықтан, сүттің құрамы мен мөлшері олардың қандағы ара қатынасына байланысты. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сауын сиырларының қан құрамындағы жалпы белок мөлшері жаз мезгілінде, қыс айларына қарағанда мол болады [41].

Т.С.Садықұлов пен Т.К.Бексейітовтың (2011) деректеріне сүйенсек, қоректендіру деңгейі жануарлардың дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі екендігі анықталған. Мұның өзінде қоректендірудің жалпы деңгейін оның толық құндылығын, рацион құрылымын, онтогенездің жекелеген кезеңдері бойынша құнарлы заттарды бөліп таратуды білу қажет [42].

К.М.Солнцев еңбектері бойынша, егер сүрлем салу өте баяу жүргізілсе және шөптің нығыздалған кабаты күніне 20 см-ден аспаса, онда салынған шөп жоғары температураға дейін қызып үлгіреді. Сүрлемге салынып жатқан шөптің қызуы 60ӘС жеткенде, коректік заттар шығыны 30%-ға, белок шығыны 31,9%-ға дейін артады, ал қоректік заттардың сіңімділігі күрт төмендейді [43].

Д.А.Дәрібаев., Ж.С.Әткешов мәліметтері бойынша жүгерінан азықты өңдеу жылы жайда жүргізіледі. Туралған шөпті әк суымен дымқылдап өңдейді. Бұл шөпті әк суына батыру немесе себу (шашу) жолымен жүргізіледі. Әк суын 3 кг құрғақ немесе 9 кг қоймалжың әкті 250 л суға ерітіп жасайды. Себу үшін осы мөлшердегі әкті 80-100 л суға ғана ерітеді [44].

Е.Демеуғалиев (2000) деректеріне сүйенсек, жүгеріның корытылу деңгейі мен қуаттық жұғымдылығын сұйытылған аммиак және аммиак суының көмегімен де арттыруға болады [45].

М.А.Смурыгин (1977) деректері бойынша оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыстың 1 кг жоңышқа пішенінде шикі протеин 129,8 г, қорытылатын — 83 г, жоңышқа пішендемесінде шикі протеин 73 г [46, 47].

А.М.Венедиктов (1983) пайымдауынша, Қазақстанның орталық, солтүстік, батыс, солтүстік-шығыс аймақтарындағы 1 кг ірі азықта қуаттың ең көп шоғырлануы еркекшөп пішенінде: жиынтық қуат (ЖҚ) — 11,59 МДж, қорытылатын қуат (ҚҚ) — 12,95; алмасатын қуат (АҚ) – 8,31 МДж; эспарцет пішенінде, тиісінше: 16,94; 8,79 және 6,97 МДж болатыны байқалған [48, 49].

Н.В.Баканов., К.В.Менькин (1989) деректері бойынша сиырлардың қажетін қамтамасыз ету үшін, сүт өнімділігі мейлінше жоғары болатын алғашқы сүтену кезеңінде олардың мерзімдік азық үлесі құрамына малазығындық дәнді дақылдардан дайындалған пішендемені жалпы жұғымдылығының 55 пайыздан аспайтындай, ал сүттенуінің ең соңғы кезеңдерінде 70%-ы мөлшерде қосуға болады [50].

П. А. Калашникова (1986) деректері бойынша жоғары сапалы сүрлем алудың технологиялық тұрғыдан маңызды тәсілі — азықты ұқыпты түрде қымтап жабу. Сүрленіп жатқан шөпке ауаның баруы толық тоқтатылса, қоректік заттар шығыны мүлдем азаяды. Сүрлемдік шөптерді сақтау орнына салып болған бойда, дереу жабу керек. Жабуды 2-3 күнге кейінге калдырса, сүрлемге салынған шөптердің шіруі, көгеруі, сондай-ақ қызып кетуі салдарынан азық шығыны 7-10%-ға артады [51].

Бегучев А.П. (1969) деректері бойынша рациондар сауын сиырлардың өнімділігін арттыруға бағытталған нормалық көрсеткіштерге барлық қоректік, минералды және витаминді заттар бойынша сәйкестендіріледі. Сонда ғана сауынның алғашқы кезеңіндегі 4-7 айда жоғалатын сиыр салмағын толықтырып, жоғары сүт өнімділігін қамтамасыз етуге болады [52].

Төреханов А.Ә. (2004) еңбектерінде көрсетілгендей, сүтті сиыр барлық аймақта ұсталғанымен бір жоспар бойынша жұмыс істеуге болмайды, өйткені әр аймақтың ауа райы, топырағы, өсетін өсімдіктерінің құрамы әртүрлі.Сауын сиырларды жайылымда ұстағанда олардың өнімділігі 14,4% артып, 1кг сүтке жұмсалған шығын қолда ұстағанға қарағанда 8,7%-ға азаяды. Сауын сиырлардың жайылымда майының мөлшерінің 8-9 есе артық болды [53].

Көптеген зерттеу жұмыстары арқылы жоғары температураның ірі қара малының сүт өнімділігіне сауу бойынша да, сондай-ақ сүттің майлылығы бойынша да өнімділігін төмендететіндігі анықталған. Ж.Төлеуіш ғылыми еңбегінде сүт өнімділігінің төмендеуі жоғары температура кезінде негізі, асқа деген тәбеттің төмендігі деп көрсетілген [54].

Можаев Н.И және тағыда басқа ғалымдардың (2011) зерттеулері бойынша, көлемді, ірі азықтарды сауын сиырларына жекелеп бергеннен гөрі, араластырып, толық рационды құрама азық түрінде пайдалану жақсы нәтиже береді.Толық рационды құрама азық жақсы желініп, құрамындағы қоректік заттары жақсы қорытылады. Оны дайындау үшін әр азықтың ерекшелігін, химиялық құрамын ескеріп, арнайы рецепт жасау қажет.  Толық рационды құрама азық жемшөп қорын тиімді  пайдалануға мүмкіндік береді, малдың жеуіне де өте қолайлы, сонымен қатар малдың (соның ішінде, сауын сиырларының) организміне сіңімді келеді, мол өнім беруге ықпал етеді [55].

А.Росляков., М.Байтурин., М.Кенеев (1980) жинақтарында республиканың Солтүстік – Шығыс өңіріндегі шаруашылықтар үшін сауын сиырларларға рацион құрылымдарын ұсына отырып, шырынды және құнарлы азықтармен қатар, сауын сиырдың рационына азықтардың да кіретіндігі ескертілген. Табиғи шабындықтармен екпе шөп пішендерімен қатар ірі азық ретінде жаздық дақыл жүгері беруге болады [56].

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері, (2010) бойынша бүгінгі таңда, республикада ауыспалы егіс жүйесінде жем-шөп дақылдарының көлемі ғылыми негізделген 32 пайыздың орнына 11,8 пайыз ғана құрайды. Сондықтан, суармалы жерлерде егілетін жем-шөп дақылдарының көлемін 2-2,5 есеге көтеріп 200 мың гектардан 500 мың гектарға дейін ұлғайту керек. Ол тұқым шаруашылығын дамытуды, оның көлемін де 2-3 есеге көбейтуді керек етеді. Бүгінде республикада өнідірілетін 70 мың тонна мал азығы дақылдарының ұрығы өндіріледі. Республика көлемінде мал азығы дақылдарын тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін оның көлемін 200-250 мың тоннаға жеткізу керек. Сол үшін, қосымша тұқым шаруашылықтарын ашып, оларды қолдауға субсидия беру мәселесін шешу керек [57].

Н.А Жазылбековтың (2006) мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі экономикалық жағдайда сүт өнімін арттыру сауын сиырлардың сүттілігін көбейтуге тікелей байланысты. Сүт өнімінің артуына оларды толық түрде азықтандыру, олардың денсаулығына, көбею қабілетіне және сүттің технологиялық сапасына әсер етеді. Сауын сиырларға берілетін азықтардың сапасы, оған кеткен шығынына байланысты, алынған өнімнің соңғы нәтижесін анықтайды [58].

Солтүстік МШжВҒЗИ-нің мәліметтері бойынша, тұмса қашарлардың мерзімдік азық үлесіне сүттеніп-балауызданып піскен кезеңінде жинап алынған аралас егілген сұлы-бұршақ шөп қоспаларынан түйіршіктеліп жасалған құнарлы көк азық енгізу олардың сүт өнімділігін 8,1% арттыруға мүмкіндік берген [59].

С.Ж.Арынғазиев., Д.Қ.Ахметжанов (2006) ауыл шаруашылығы ғылымдарының саласына белсене үлес қосқан ғалымдардың бірлесіп жазған анықтамалық құралындағы деректер көзі ретінде, сауын сиырлардың жақсы және қолайлы теңестірілген мерзімдік азық үлестерінде, әдетте күкірттің жеткіліксіз екендігін байқауға болатындығын, және оның  үлесі құрамындағы құрғақ заттың 0,14-0,18% көлемінде мөлшерленуі тиіс екендігін ерекшелеген жөн [60].

Сауылым сүттің жас ерекшелік өзгерісі мал тұқымының ерекшелігіне, оның азықтануына, күтіп-бағылуына байланысты. Мысалы, Шумилина И.С. көрсеткендері бойынша, қара ала тұқымына жататын сиырларды жеткіліксіз азықтандырса, жоғары сауылым 7% сүт түзілуіне сәйкес келеді. Бірінші төлдеген құнажыннан шыққан сауылым сүт 60-65% көлемін құрайды [61].

C.Т.Төлегеновтың (1995) деректері бойынша қазіргі нормалар бойынша, сауын сиырлары өз денесінің тіршілігін қамтамасыз етуі үшін, шамалап алғанда, 100 кг тірілей салмағына бір азық өлшемін, ал өндірілетін әрбір кг сүтіне 0,5 /4,8/ азық өлшемін қажет етеді. Демек, 500 килограмдық сиырдан тәулігіне 12,14,16,18,20,25,30 кг сүт сауылса, оның өз тіршілігін қамтамасыз ететін 5 азық өлшеміне /500:100/, жоғарыдағы сүт өнімдеріне сәйкес 6,7,8,9,10,12,5,15 азық өлшемі қосылады да, сиырдың қоректік заттарға тәуліктік мұқтаждығы, сүттілігіне сәйкес, 5+6=11; 5+7=12; 5+8=13; 5+9=14;  5+10=15;  5+12,5=17,5; 5+15=20 азық өлшеміне тең келеді, ал азықтың әр түрлеріндегі сіңімді протеиннің, қанттың, крахмалдың, майдың, ас тұзының тағы да басқа микроэлементтер мен витаминдердің көрсеткіштері бойынша, осы малға қажетті барлық қоректік заттардың  мөлшері оңай есептелініп шығарылады /тәуліктік нормасы/ [62].

Р.Ескендированың (2011) мақаласындағы тың деректерге сүйенсек, азықтандыру технологиясы, мол сауын мен сиырлардың денсаулығын қамтамасыз ететін басты фактор болып табылады. Сауын сиырлары үшін арнайы жасалған рациондар концентранттардың жоғары үлесімен ерекшеленеді. Рациондағы құрылымдық азық малдың күйсеуін арттырып, нәтижесінде асқорыту жүйесінің бұзылуының алдын алады. Жақсылап араластырылған азық сиырлардың тек өзіне ұнаған ингредиентті таңдап алуына жол бермейді. Бұл үшін кешендерде вертикальды азық араластырғыштар орналастырылған, ол – тамаша азық қоспаларын дайындап, оның сиырларға таратылуын жеңілдетеді [63].

Н.Омарқожаұлы (2005) деректері бойынша шикізаттың өте ұсақталып туралуы коспаны мейлінше нығыздап салуға және ондағы ауаны тез шығаруға көмектеседі.  Ұсақтап туралған қоспа тиеуге, түсіруге және малға үлестіруге ыңғайлы. Егер жеткіліксіз дәрежеде ұсақталған болса, онда қоспаны нығыздау қиындайды, қажетсіз микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай туады және сүрлемнің қышқылдану процесі баяулайды [64].

 

 

 

 

 

 

 

 

2 негізгі бөлім

 

 

2.1 Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайы

 

Өндірістік кооператив «Манкент» Оңтүстік Қазақстан обылыстық орталығы Шымкент қаласынан 45-50 км теріскей шығыс жағында Ташкент – Алматы автожолының бойында Сайрам ауданының орталығы «Ақсукент» елді мекенінен 10-15 км, тау етегінде орналасқан.

Ең жақын темір жол бекеті «Манкент» 10-15 км қашықтықта, «Састөбе» темір жол бекеті 20-25 км, орналасқан, бұл бектерге тұра баратын асфальт автожолдары бар. Бұлардан басқа аудан орталығы Ақсукент обылыс орталығы Шымент қаласы мен асфальт жолдары арқылы шаруашылық өкімдері (сүт, ет, май, жеміс-жидек, далалық егістер тағы басқа өнімдерді тасып  әртүрлі мемлекеттік мекемелерге және орталық базарларға сатады.

Аудан орталығымен және обылыс орталығымен, сонымен қатар ТМД мемлекеттерімен телефон, интернет басқа да байланыс көздерімен тығыз байланысып отырады.

Қазіргі уақытта ӨК «Манкент» асылтұқымды–сүт қара мал шаруашылығымен және өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік гидрометрологиялық аймақтық станцияның берген ақпараты бойынша Сайрам ауданына қарасты ӨК «Манкент» асылтұқымды шаруашылығында метрологиялық көрсеткіштері 1 кестеде берілген.

Келтірілген кестеде көруге болатындай, шаруашылық аймағында ауа райының бірқалыпты емес екені байқалады. Жауатын жауын азықтық шөптердің дәл өсіп  жетілетін кезіне сәйкес келеді.

Жаңбырдың ең көп жауатын кезі көктем – мамыр айларына, дәл өсімдіктердің мейлінше өсетін уақытына сәйкес.

Бұл уақыт өсімдік азықтардың  (табиғи немесе суарылмалы жерде өсетін шөптер) егу кезіне тиімді.

Облысымызда таулы және қала жанындағы шаруашылықтарды ауа райы жауынсыз кейде құрғақ жылдар болады. Тек қана мал азығына астық дайындау «Ақсукент» өзенмен алынатын су арқылы суарып жіптен пішендеме және әртүрлі сүрлемдер дайындап үлгереді.

Шаруашылықтың ауа райы, климаты күрт континенталді, тәуліктік және жылдық ауа температурасының үлкен амплитудалық ауытқулардан тұрады. Ең суық жылдың айы каңтардағы орташа температура минус -7,4-тен минус 11,3 градусқа дейін ауытқиды. Жылдың ең ыстық айы шілдеде орташа температура плюс +23,3 °градусқа тең. Жылдық аяз болмайтын күндер саны орташа 268-306. Абсолютті ауаның температурасы +42 ° градусқа жетеді. Жылдық ылғал  қысымдысы 500-600 мм шамасында. Тұрақты қар 105-тен 114 күнге дейін жетеді. Орташа максималь декадалық қар калыңдығы қыста 30 см-ді құрайды. Жауған қар қалыңдығы қаңтар-ақпан айларында (17-24) және наурыздың басында көбіне қар қалмайды. Топырақтың тоңы орташа 33 см-ге дейін жетеді, ең көбі — 80 см-ге дейін, ең азы -10 см болады. Топырағы тауға дейінгі, ашық — каштанды топырақтан тұрады, ондағы гумус қабаты жоғарғы, гумус қабатында 1,3-тен 3,6%-ке дейін, горизонт қалыңдығы 30-60 см. Топырактың тайлы түйіршіктері орташа-суглинисті (30 — 45% лай). Топырақта өсімдікке зиянды тұздары жоқ. Тұщы грунт сулары өте терең орналасқан. Топырақ түзілуге әсер етпейді.

 

1- кесте

Метрологиялық көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

Ай, күні

І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жыл

Абсолютті жоғары температура

16,0

15,0

30,0

37,0

38,0

40,0

41,0

43,0

38,0

32,0

26,0

18,0

43,0

Абсолютті төменгі температура

— 41,0

— 42,0

— 30,0

2-14

— 11

— 2

— 6

— 2

— 7

— 19

— 39

— 40

— 42,0

Жауын – шашын, мм

17

19

29

37

44

27

22

12

19

31

40

26

323

 

Табиғи-климаттық және топырақ-мелиоративтік жағдайлар бұл жерде көптеген ауылшаруашылық егін түрлерін егуге мүмкіндік береді, олардан жоғары, тұрақты өнім алынады, мал шаруашылығына мықты мал азықтың база жасауға мүмкіндік береді және өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Жер байлығын «Манкент» Өндірістік коперативі пайдалану 2 кестеде көрсетілген. Мал азығы қорын жақсартуда жер қойнауын дұрыс пайдалану маңызды орын алады.

 

2-кесте

Жер көлемінің структурасы (га)

 

1. Жер түрі

2011 ж.

%

2012 ж.

%

Барлығы

4535

100

18771

100

2. Ауылшаруашылық

4217

93

18409

98

   а) жыртылатын

4126

91

7002

38

   б) жайылым

11393

61

   в) басқа

91

2

14

00,8

Суармалы жер

3020

67

3727

20

 

Жердің негізгі бөлігі ауылшаруашылығына пайдаланады (48,0%) Оның 38%-і жыртылатын жер. Мал жайлымы бар жердің 61%-і құрайды. Табиғи шалғынның болмауын екпе шөптер толтырады. Оған көп жылдық шөптер егіледі. Суармалы жерлер бар жердің 20%-ін құрайды.

 

 

2.2 Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі

 

Тәжірибе жұмыстары 2011-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы «Манкент» Өндірістік  кооперативі Шымкент қаласынан теріскей шығыс жағында Ташкент – Алматы автожолының бойында Сайрам ауданының орталығы «Ақсукент» елді мекенінен 10-15 км, тау етегінде ораналасқан шаруа қожалығында жүргізілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкерімен бірігіп жүргізілді.

Зерттеудің зерзаты ретінде Сайрам өңірінде дайындалатын жүгері сүрлемі алынды.

Шаруашылықтағы далалық азық өндірісі барлық малдың жем-шөбін толыққанды орындап асырайды. Тек қана аздап қана сырттай құнарлы азықтар түрі, оның ішінде минералды қына заттармен азықтар сатып алынады.

Жылда алынатын ауылшаруашылық (егіс) өнімдерінен төмендеу тенденциясы байқалады. Бұл кей жылдары болатын құрғақшылық және агротехникалық жүйелердің бұзылуынан болады, (су тасқыны, тыңайтқыштың тапшылығы). Егістердің шығындылығы 3 кестеде келтірілген.

 

 

3- кесте

Егістердің шығындылығы 

 

Егістік дақылдар

(суландыратын)

Шығындылығы

2010 ж

2011 ж

2012 ж

Күздік  бидай

42

39

45

Жүгері дәні

3/2

377

40,5

Жүгері, сүрлем

237

210

254

Арпа

38

41

42

Сұлы

38

35

39

Көпжылдық шөп суғарылмайтын жерді

310

340

360

Күздік  бидай

17

20

Арпа

19

16

21

 

Жоғарыда келтірілген кестеде көргеніміздей соңғы үш жылда алынған өнімдердің шығыны көңіл толтыратындай еместігі байқалады. Себебі, суғарылмалы жерде өскен азық өсімдіктерінің шығыны әлдеқайда жоғары болуға тиісті. Сондықтан «Манкент» ӨК-гі шаруашылық азық өндіру, оны жеуге дайындағанда шаруашылықта өнім шығынын арттыра отырып, барлық өнім қорын үдету керек, оның барлығы сүттен алынатын қосымша қаржы арқылы теңестіріп отыру керек.

Келген 2013 жыл шаруашылықта алынған өнімнің шығындылығын арттыру үшін және осы зооөнеркәсіптік өндірісте бар мал басын аман сақтап, олардан алынатын өнімдер (сүт) ұлғайту үшін, ірі қара малының азықтық қорын толық қанды қанағаттандыру үшін төмендегі 4 кестеде келтірілген нақты көрсеткіштер ұсынылады.

 

4 — кесте

«Манкент» ӨК шаруашылығындағы асылтұқымды ірі қара малын азықпен қамтамасыз ету үшін төмендегі азық түрлері дайындалады.

 

Көрсеткіштер

Өлшем  түрі

Қажеттілік

Дайындалады

% қамсыздандыру

1. Ірі азық

    Пішен

    Жүгері

    Пішендеме

 

Ц

Ц

Ц

24200

 

24620

5640

27200

 

24620

5640

100%

 

100%

100%

2.Шырынды  азық:

   Сүрлем

  Тамыр  түйнектері

2.Көк  шөптер

4. Құнарлы  дәнді  дақыл

 

Ц

Ц

Т

Т

 

 

7050

3525

21150

2115

 

 

7050

3525

21150

1105,3

 

100%

100%

100%

75,8%

Барлығы

Ц

6370

5570

87,44

 

Келтірілген нақты көрсеткіштер, шаруашылық бойынша мал азықтарын дайындауда қажетті 87,44% болып отыр. Оның себебі құнарлы дәнді азықтардың бір жылдық қажеттілігі 75,8% пайыз болғандықтан, ал қалған ірі азықтар және шырынды азықтардың қамсыздандыру 100% болып тұр. Жетпейтін құнарлы дәнді дақылдары сатылып алынды.

Мал шаруашылығында өнім өндіруге кеткен еңбек динамикасынан көрінгендей мал шарушылығына әлі де толық қанды қолмен жасалған еңбек құрап отыр. Бұл сауын кезінде, бұзауды емізгенде, азықты үлестіргенде қиды тазалағандағы еңбек. Осыған қарамастан өндіріс, әсіресе сүтті мал шаруашылығы жоғары деңгейде тұрады. 5 кестеде көрсетілген.

Азықтағы химиялық заттар құрамы өсімдіктің түрі мен сортына тәуелді болады және тікелей өсуіне,  дайындау кезіндегі агротехникалық және технологиялық шараларға, азықтандыру алдында азықты сақтау және дайындауға байланысты болып келеді.

 

5- кесте

«Манкент» ӨК шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің деңгейі

 

Өнім аттары

2010ж.

2011ж.

2012ж.

1адам/

сағ

Орт.1ад.

1 жыл

1адам/

сағ

Орт.1ад.

1 жыл

1адам/

сағ

Орт.1ад.

1 жыл

Дән

0,6

1246

0,6

1246

0,6

1038

Жоңышқа пішені

0,6

1246

0,6

1246

0,6

1036

Жүгері сүрлемі

2,7

5607

2,2

4569

2,3

4777

Сүт

0,13

270

0,02

42

0,02

42

Қосымша салмақ (ірі қара)

0,01

21

0,02

42

0,02

42

 

Осыған байланысты азықтың хмиялық құрамы өзгіріп отырады. Әрбір азықтың химиялық құрамы: қоректік және минералды заттар, әсіресе витаминдердің нақтылық сапасы анықатамалық кітаптардағы және жарыққа шыққан арнайы нұсқаулардағы көретілген азықтарды химиялық құрамына сай келе бермейді. Профессор Вернигор В.А (1974) анықтамалығындағы химиялық көрсеткіштермен нақты зерттелген зертханалық көрсеткіштердің айырмасы 30-40% болады.

Бұл рационның қате теңсіздіктен құрылуымен қатар, азық шығынын дұрыс анықтауда және оның өзіндік құнын қате шығаруға алып келеді.

Шаруашылықта азықтардың  химиялық  құрамы  және  құндылығын зерттеу барысында көрсеткіштерді пайдалану керек. Малға арналған азыктық рационның құрамын сол обылыстың ауданындағы азықтың құндылығы мен азықтың химиялық құрамын білу арқылы құрастыру керек. Бұл үшін міндетті түрде қан анализдерін бақылау керек. 2011-2012 жылдары біздің азықты зерттеу қорытындысы бойынша «Манкент» ӨК мал шаруашылығындағы азық құндылығы жайындағы  анықтамалық әдебиеттен  бөлектеледі. Анықтамадағы көк жүгерінің құндылығы 100г азыққа 19 азықтық өлшем, ал оның нақты құндылығы 14,4 азықтық өлшемге тең. Жүгері сүрлемі 16 және 14 азық өлшемге, арпа дәні 113 және 101 азық өлшемге, балық ұны 83 және 72 азықтық өлшемге тең. Қорытылған протеин құрамына да сондай жағдай кездестіні (6 кестеде) көрсетілген. Бұл азықтағы протеиннің биологиялық құндылығын төмендетеді, яғни  малға  керекті амин қышқылдарының жетуіне соқтырып, протеиннің  және  жалпы  азықтың ысырап болуына апарады.

Сонымен бірге протеиннің биологиялық толықтылығын есепке алу және баланссыз болуы азықтағы протеиннің шығындалуына алып келеді.

Шаруашылықтағы азықтарды саралау қорытындысы көрсеткендей, онда кобальт пен мыстың жетіспеушілігі білінеді.

 

 

 

6-кесте

Азықтың химиялық құрамы және құндылығы

 

Азық

 

 

Ылғал

Про

теин

Май

 

 

Клет

чатка

АЭЗ

 

 

Күл

1 кг

100 кг

100 кг

ВИЖ

Кальций, гр

Фосфор,

гр

Каротин,мг

Азық өлшем, кг

Қорыт. протеин

Азық өлшем

Қорыт. протеин

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Көк жоңышқа

66,0

6,4

1,2

10,8

п,з

3,9

5,1

0,6

55,0

18,0

3,3

15,0

3,4

Көк жүгері

87,0

1,0

0,5

3,8

6,3

1,1

1,0

0,5

11,0

14,4

0,7

19,0

1,4

Жүгері

сүрлемі

71,6

2,8

Ы

10,0

5,4

0,8

0,3

18,0

17,0

1,9

24,0

1,7

Жоңышқа пішендемесі

50,0

8,0

2,0

13,0

22,5

4,5

11,6

4,6

40,0

40,0

3,5

Жоңышқа

пішені

17,0

14,0

2,2

25,3

33,0

8,5

17,0

2,0

35

35

5,5

40

10,0

Дән қалдық

17,5

8,8

3,7

18,5

41,9

9,9

2,3

3,7

61,2

5,2

66

8,2

Қой дәні

11,0

12,2

3,9

14,2

54,7

4,0

1,7

2,4

97,0

9,6

100

8,5

Арпа дәні

18,0

11,7

2,5

9,6

51,3

7,5

2,9

2,4

101

8,2

113

8,0

Жүгері дәні

15,5

10,5

5,4

4,0

62,8

1,8

1,1

28

127

7,6

132

78

Фураж.бид

13,0

16,0

1,9

2,2

65,3

1,8

1,0

4,0

118

10,8

119

12,0

6-кестенің жалғасы

Соя дәні

10,3

35,3

18,2

5,4

26,1

4,7

5,1

6,9

131,1

31,1

131

29,2

Гидролизді ашытқы

14,5

36,1

3,0

1,0

37,2

8,2

5,0

1,1

109

32,2

106

40,0

Обрат

91,1

3,4

8,1

4,7

0,7

1,2

1,0

16,7

2,9

19,7

3,1

Патока

20,3

2,9

69,3

7,5

3,4

0,6

100,9

2,9

76,0

5,0

Сүйек ұны

9,2

34,8

14,5

51,5

316

130

79,0

16,8

44,0

12,4

Ет- сүйек ұны

14,6

43,0

12,4

24,0

120

58

102,5

31,3

90

34,0

Балық ұны

18,0

50,9

2,1

4,0

25,0

67,2

31,8

72,2

45,8

83,0

53,5

Азықтық қызылша

89,6

1,9

0,2

0,7

6,7

0,9

4,0

4,0

12,5

1,3

12,0

1,0

Толықтырыл ған  сүт

88,6

3,2

3,8

3,7

0,7

1,2

1,0

31,0

3,0

31,0

3,3

Асқабақ

89,3

0,9

0,7

1,1

7,3

0,7

0,3

0,4

13,7

0,7

12,0

1,0

Бор

 

 

 

 

 

 

 

360

 

 

 

 

 

Фторлы фосфат

 

 

 

 

 

 

 

240

136

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Малға берілетін азық рационында кобальттың жетіспеушілігінен әртүрлі аурулар:  тәбеттің нашарлауы, қанның аздығы, сүттің  кемуі  немесе  тоқталуы мүмкін,  мал  арықтап  тұралмай  қалады.

Осының бәрі өмірге қажетті элементтер, ол көптеген ферменттерге, организмнің өсуіне, керекті гормондар және витаминдермен тығыз байланысты. Азықта жетіспеушілік болғанда ол зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі ауруларға және организмнің тұрақты температурасының төмендеуіне, жұқпалы аурулардың пайда болуына алып келеді. Ірі қара мал рационында 1 кг құрғақ зат құрамында 1,2 мг кобальт, 9,0 мг мыс болуы керек.

Шаруашылықтағы  мүйізді ірі қара малды азықтандыруда жеке азықтар бойынша жетіспеушілігі 0,8- ден 1,189 мг/таза кобальтқа  дейін болады.

Сүтті ірі қара мал шаруашылығы ең бір маңызды және өте  қиын мал шаруашылығының саласы. Оған «Манкент» ӨК – інде аса жоғары көңіл бөлінуде, ірі қара мал шаруашылығы асылтұқымды сүт шаруашылығы:

— мал  басы құрамы жылдан – жылға  жақсаруда

— жануар өнімділігі  артуда.

Бұл іс-шаралар саласының азық базасын жақсарту мен малды ғылыми негізделген  жолмен  азықтандыру бағытында жүргізуде. Көп  және сапалы мал  азығы – жоғары өнімді мал шаруашылығының  кепілі екені белгілі.

Екі бөлімде де мыналар бар:

  1. Сиырханалар.
  2. Сүт сауу бөлмелері.
  3. Бұзауханалар.
  4. Сиыр туу бөлмелері.
  5. Мал серуендейтін алаңдар.
  6. Қолдан сиыр ұрықтандыратын пунктер

Әрбір бөлімшелер технологиялық жобалау нормаларына сәйкес келеді, барлық гигиеналық, ветеринарлық — санитарлық талаптарға және микролиматқа сай. Шаруашылықта табынды ұйымдастырудың ең басты факторларының бірі — оның структурасы мен дұрыс ұдайы өсірілуі. Табынының структурасы деп шаруашылықтағы немесе фермадағы жануарлар топтарының жынысы мен жасына байланысты проценттік арақатынасын айтады. Шаруашылықта қабылданған табын структурасынан малды ұдайы өсірудің қарқыны анықталады. Сондай-ақ, олардан алатын сүт пен ет мөлшері анықталады. Асылтұқымды мал шаруашылықтарында табындағы сиырлардың үлесі асылтұқымды жас төлдерді сатып өткізу мерзіміне байланысты. Жас төлдерді қаншалықты ерте жасында сататын болсақ, соншалықты табында сиыр басы көп болады. Асылтұқымды жас төлдерді 12 айлығында сатқан жағдайда табында 50%-ке дейін сиыр қалдыруға болады. Табынның сапасын жылдам жақсарту үшін ремонттағы жас төлдер санын көбейткен тиімді. Ол үшін сиырлар тобын жылына 20-25 % қашарлармен толықтырып отыру керек. Солай еткенде өнімділігі нашарлау сиырларды бірінші лактациядан кейін-ақ жарамсыздыққа шығарып отыруға  болады. «Манкент» ӨК-нің табын  структурасы  7  кестеде  көрсетілген.

7- кесте

«Манкент» ӨК мүйізді ірі қара структурасы

 

Жануар топтары

2011ж.

%

2012

%

Сиырлар

1271

41,2

1147

48,8

Бордақыдағы жануарлар

30

1,3

Қашарлар

161

5,30

270

11,5

2 жастан жоғары қашарлар

856

28,40

207

8,8

2010 жылғы тайыншалар

120

3,98

3,98

 

2010 жылғы бұқалықтар

102

3,38

3,38

 

2011 жылғы тайыншалар

266

8,82

256

10,9

2011 жылғы   бұқалықтар

270

8,92

 

2012 жылғы тайыншалар

389

16,6

2012 жылғы бұқалықтар

50

2,1

Барлық қара мал

3016

100

2349

100

 

Кестеден көрініп тұрғандай мүйізді ірі қара малының 2012 жылы саны азайған, ол (77,9%) құрайды. Бұндай мал басының қысқаруы барлық жыныс – жас топтары бойынша байқалған. Әсіресе, ол сиырлар мал басына қатысты. Ол топта мал басының азаюы 94 басқа жеткен, ол 7,57% — құрайды. Бұл фактор толыққанды ремонттық мал басының болмауынан болады. Мысалы 2011 жылы қашарлар саны 100 сиырға 130 келген. Ол көрсеткіштің нормада 25 — 30% — ды құрау керек. Сонымен бірге қашырымға түсетін 100 сиырға келетін қашарлар саны 69% — ды құрайды. Бұл келер жылы негізгі (2000) сиырлар табының (1200) басқа жеткеруге мүмкіндік береді.

Тұқымдағы селекциялық басты мақсаты табында аса жоғары өнімді беретін, ол өнімге энегрияны аз жұмсайтын және осы қасиеттерін ұрпақтарына бере алатын сиырлар шығару.

Сүт бағытындағы сиырлар табынында бонитировкаға аса жоғары маңыз беріледі. Қазіргі кезде бонитировка деп асыл тұқымды жануарларды белгілер комплексі бойынша оларды келешекте қандай бағытта пайдалануды анықтау үшін жүргізілетін бағалауды айтады. Жануарларды шығу тегі бойынша, экстерьері, тірілей массасы, сүт өнімділігі, көбебге  қабілеті және өз қасиеттерін ұрпағына бере алуы бойынша бағалайды. Бонитировка кезінде сиырлардың әр белгісіне, не белгілер комплексіне балл қойылады. алған баллдары суммасы, қосындысы арқылы жануарлардың қай классқа жататыны анықталады. Бонитьировка зоотехникалық есепке – асылтұқымдылығы мен көбею көрсеткіштері бойынша әрбір жануардың тіркеу жүйесі арқылы бағаланып, барлық шаруашлықтарда бірдей жүргізіледі.

Қазіргі кездегі сиырлардың сүт өнімділігі бойынша жеке есебінің басты міндеті – табынды пайдаланудың пайдалылығын арттыруда. Әрбір сиырдың сауылған сүтін тартып, анализден өткеру, азық жұмсау есебін алып, ақшалай қанша пайда түскенін анықтау.

Осы ақпаратты селекциялық мақсаттан басқа, өнімділігі төмен сиырларды жарамсыздыққа  шығару үшін және жоғары өнімді жануарларды оптимум азықтандыру деңгейін анықтау үшін пайдаланылады. Зоотехниканың «Жұмыс әрбір жануар үшін жеке жүргізілу керек» деген тәртібін бұлжытпай орындау керек.

Заманауи информациялық технология осы тәртіпті орындауға мүмкіндік береді. Әрбір жеке сиыр мен бұқаның өнімділігін анықтау үшін  бонитировканы меншіктің түріне қарамай барлық шаруашылықтарда жүргізу керек. Бонитировка нәтижесі келесі кестеде беріледі.

 

8-кесте

Сиырлардың комплексті классы

 

Мал тұқымы

Барлығы

Сауын сиырлары

Класстары

Эл. рек.

Элита

1 класс

2 класс

Әулиата

741

374

115

146

192

14

Қара — ала

983

496

152

201

124

10

 

Кестеден көрініп тұрғандай барлық бонитировкаланған сиырлар – таза тұқымды, әулиата сиырларынан 30,7% көрініп элита – рекорд  классты құрайды, 39,0% — элита, 26,5% — 1 класс, 3,7 – 2 классқа жатқызылған. Қара – ала сиырлар тұқымынан тиесілі 30,6% — элита – рекорд, 40,5% — элита, 25% — 1 класс, 3,6% — 2 классты құраған.

Асыл тұқымды ірі қарамал сүт шаруашылығы «Манкент» ӨК  шаруашылығындағы ірі қарамалды тұрақты қарада және жартылай жайылымда ұстап күтіп бағады. Сондықтан өсімдік жайылымды екі ауданға бөліп бағады:

  1. Терістік – шығыс тау аймағы және орталық ферманың жартысында жусанмен өркен шөп қоспалары өскен.

Бұл жерде қой бетеге ала бетеге жусанның бірнеше түрлері кездеседі. Әртүрлі жабайы шөптерден: қой бетеге, ала бетеге, теңге жапырақ қоңырбас, ала арқабас, тамыр дәрі доңыз, өлең көңгүл өседі.

  1. Оңтүстік батысқа қарай әртүрлі таулы шөптер: өлең, ұлпабас, айрауық түлкі құйрық, қоңырбас, көде, қырық буын, жатаған, бидайық, сарыбас, жоңышқа т.б.

Бірінші аймақта көкшөптің шығымдылығы 6 – 8 ара, (оңтүстік батыс) – 12 – 16 ара. Мұндағы өсімдік – азықтар көктемгі – күздік жайылым үшін пайдаланылады.

Барлық жер көлемі «Манкент» ӨК – дегі 18771 га (2012ж)  соның ішінде ауылшаруашылық есебі – 18409 га.

  • 7002 га (барлығы 3727га суғарылатын), жайылым – 11393га, пішен алу
  • 14 га соның ішінде көпжылдық бекрешөп – 15 га

«Манкент» ӨК – нің негізгі шаруашылығы асыл тұқымды ірі қара малын өсіру және оларды жем – шөппен тағыда басқа азықтармен қамтасыз ету.

Соңғы жылдары шаруашылықта төмендегі келтірілген егістермен айналысады:

  1. Күздік бидай – 2340 га
  2. Арпа – 1549 га
  3. Сұлы 150 га
  4. Жүгері дәні 570 га
  5. Қызылша (азық) 60 га
  6. Жүгері (силос) – 410 га
  7. Көп жылдық шөп – 1015 га соның ішінде жоңышқа – 395 га
  8. Азықтар, — 26 га

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Зерттеу нәтижелері

 

 

3.1 Қолда  бағылатын  кезде  берілетін  азықтар  мен  табиғи  жайлымдық шөптердің  құрамы  мен  жұғымдылығы

 

Мал азықтарының қуаттық құндылығы, химиялық, амин қышқылдық құрамы мен жұғымдылығы — көптеген ықпалдарға, бірінші кезекте, әр аймақтың ауа райы мен топырақ жағдайларына және малазығындық дақылдарды өсіру мен оларды жинаудың агротехникалык, тәсілдеріне тікелей байланысты болатын мейлінше әсерлі, өте құбылмалы белгілер (көрсеткіштер).

Мысалы, Қазақстанның орталық, солтүстік, батыс, солтүстік-шығыс аймақтарындағы 1 кг ірі азықта қуаттың ең көп шоғырлануы еркекшөп пішенінде: жиынтық қуат (ЖҚ) — 11,59 МДж, қорытылатын қуат (ҚҚ) — 12,95; алмасатын қуат (АҚ) — 8,31 МДж; эспарцет пішенінде, тиісінше: 16,94; 8,79 және 6,97 МДж болатыны байқалған.

Шырынды азықтардың арасында сүттеніп-балауызданып піскен жүгері сүрлемінде қуат мөлшері өте жоғары болып,  ЖҚ — 4,98 МДж; ҚҚ — 3,47 және АҚ — 2,35 МДж-ға жеткен.

Түрлі шөптесінді және бозды-бетегелі-жусанды пішендердің де қуаттық құндылығы жақсы. Оның 1 килограмында, тиісінше: 6,78 және 6,47 алмасатын қуат болса, арпа жармасында АҚ — 10,91 МДж немесе құрама азықпен салыстырғанда айтарлықтай артықшылық бар. Бозды-бетегелі-жусанды шөп қоспасында жиынтық және қорытылатын қуаттардың шоғырлану деңгейі ондағы құрғақ заттың мөлшеріне байланысты болатыны анықталды.

Бұл аймақтардағы мал азықтарының көпшілігі протеинге, алмасатын қуатқа, фосфорға, күкірт пен каротинге кедей. Мәселен, оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыстың 1 кг жоқышқа пішенінде шикі протеин 129,8 г, қорытылатын — 83 г, жоңышқа пішендемесінде шикі протеин 73 г, ал ЛаБАШҒА-ның 1985 ж. мөліметтері бойынша [М.А.Смурыгин, т.б., 1977; А.М.Венедиктов т.б., 1983], осы аттас азықтарда бұл көрсеткіштер орта есеппен алғанда, тиісінше: 1,2 және 21,5%-ға артық.

Мұндай заңдылық басқа ірі және шырынды азықтар құрамындағы фосфор, күкірт, каротин мөлшерлеріне байланысты да байқалып отыр. Шырынды азықтар, әсіресе, жүгерінің кепкен сабақтарынан жасалған сүрлем азық теңдестігінде айтарлықтай орын алады. Оның 1 килограмында 0,14 азық өлшемі, 16,8 г-ға дейін шикі және 9,5 г-ға дейін қорытылатын протеин, 0,2 г фосфор, және 7 мг каротин бар, ал бүл балауызданған кезінде дайындалған жүгері сүрлемімен салыстырғанда 2,5-5 есе аз.

Алғаш өсіп-жетіле бастаған кезіндегі (мамыр-маусым айларында) табиғи ылғалдылықтағы 1 кг түрлі шөптесінді-құрақты шөптер құрамында 0,26 азық өлшеміне дейін, шикі протеин — 32,6 г, қорытылатын протеин — 24,4 және қант 59,9 грамға дейін, ал жайылым кезеңінің аяғына таман (қыркүйек айында) тиісінше: 0,17; 25,1; 16,0; 10,2 г және қазан айында: 0,19; 27,3; 19,6 және 11,3 г болады. Қазан айында бұл шөптердегі жекелеген негізгі қоректік заттардың артуы кейбір астықтұқымдас шөптерді шауып алғаннан кейін, күзгі жаңбыр есебінен олардың орнына жаңадан алшын шөп шығуына байланысты.

Масақтану кезінде орылған табиғи ылғалдылықтағы 1 кг құрақ пішеннің құрамындағы амин қышқылдарын анықтау нәтижесі онда: 1,17 г лизин, 1,12 г треонин, 1,36 г лейцин және 10,3 г алмастырылмайтын амин қышқылдары, ал сондай кезінде орған түрлі шөптесінді-құрақты шөптер құрамында бұл элементтердің, тиісінше: 1,3; 1,3; 1,7; және 10,9 г болатынын көрсетті.

Арпа жармасындағы протеин өзіне лизин (43,6%), валин (25,7%) және фенилаланин (39,8%) сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдарын шоғырландыруы жағынан жүгері жармасының протеинінен асып түседі. Алмастырылмайтын амин қышқылдары жиынтығының, тіпті кейбір жекелеген қышқылдардың мейлінше шоғырланатын кезінің олардың дамуының ерте кезеңіне сәйкес келуі оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы және оңтүстік-батыстағы табиғи жайылым шөптеріне (түрлі шөптесінді-құрақты, қамысты, көделі-құрақты) ғана тән.

Қазақстанның орталық, солтүстік, батыс, солтүстік-шығыс аймақтарындағы аттас шөптермен салыстырғанда протеиннің, фосфордың, күкірттің және қанттың біршама аз денгейде болуы республиканың оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы және оңтүстік-батыстағы мал қолда бағылатын кезде берілетін және жайылымдық шөптеріне тән жалпы ерекшелік болып табылады.

Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы жануарларының мерзімдік азық үлесін жасағанда, жергілікті жемшөптердің нақты жұғымдылығы жөніндегі мәліметтерді пайдалану керек.

Жоғарыда аталған аймақтардағы жемшөптермен салыстырғанда, ботаникалық құрамы, жұғымдылығы, егу, пайдалану жағынан оңтүстіктегі, жемшөптер ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мерзімдік азық үлестерінде аймақтық ерекшеліктер бар.

Оңтүстіктегі жемшөптердің, соның ішінде 1 кг құрғақ пішенінің қуаттык, құндылығын зерттеу нәтижесі жиынтық қуаттың (ЖҚ) шоғырлануы оның өсу кезеңіне (жапырақтанудан шашақтануға дейінгі) байланысты 14,6-дан 16,1 МДж-ға дейін, қорытылатын қуаттың (ҚҚ) 6,7-ден 7,5 МДж-ға дейін, ал алмасатын қуаттың (АҚ) 4,5-нан 5,8 МДж-ға дейін; жоңышқа пішенінде (шанақтану, толық гүлдеу) тиісінше 17,1-17,3; 11,9-12,2; 7,3-7,4 МДж-ға дейін құбылатынын көрсетті.

 

 

3.2. Мал азықтарын дайындау технологиясы

 

Малазығындық заттарды ұтымды пайдалану мен мал өнімділігін үнемі арттыру қажеттігі азықтандырудың нақтыланған, барған сайын көп көрсеткішті мөлшерлеу үлгілерін жасауды және оны өндіріске нақты енгізуді талап етеді.

Мерзімдік азық үлесінің толыққұнды болуы онда белгілі мөлшерде азотты заттардың, көмірсулардың, липидтердің, макро- және микроэлементтердің, витаминдердің болуына байланысты. Күйіс малын азықтандырудың нақтыланған мөлшерін жасауға арналған зерттеу жұмыстарының көпшілігі олардың мерзімдік азық үлестерінің 25-30-дан кем емес мөлшерлеу көрсеткіші, ал қарапайым қарынды мал мен құсты мерзімдік азық үлестерінің 70-80 көрсеткіші бойынша бақылануы тиіс екендігін көрсетіп берді.

Қазіргі кезде, мал мен құсты мөлшерлеп азықтандыруда азотты азықтың сапасы мен санына бақылау жасау барған сайын үлкен маңызға ие болуда. Мал және құс тіндері мен өнімдерінің тұрақты амин қышқылдық құрамының, сондай-ақ азотты заттардың арасында, негізінен амин қышқылдарының ас қорытатын арнада жақсы сіңетінін ескерсек, онда мерзімдік азық үлестеріндегі амин кышқылдарының саны мен арақатынасы малдың өсуі мен өнімділігі көрінісінің қажет етуіне мейлінше қолайлы түрде сай келетіндей болуы керектігі ақиқат.

 

 

3.3.  Пішен  дайындау

 

Пішен дайындау үшін тек таза көп жылдық және бір жылдық бұршақтұқымдас, астықтұқымдас шөптер егістігін, олардың аралас егістігін, сондай-ақ малазығындық табиғи шөптер өскен алқаптарды пайдаланады. Пішен дайындаудың бірнеше технологиялық тәсілдері бар.

Пішенді танапта кептіріп дайындау. Орылған және ылғалдылығы 22-24%-ға жеткенше кепкен шөптерді дестеден алып шөмелелейді және ылғалдылығы 17-18% болғанға дейін кептіреді, содан соң тұрақты сақтайтын орынға тасып алады.

Пішенді сығымдап тайлау. Бұл тәсіл еңбек шығындарын 3-4 есе төмендетеді, жапырақтары мен гүл шоғырларының түсуін азайту есебінен шөп шығынын 2-2,5 есеге қысқартады. Тайланған шөп жинауға оңтайлы, бос пішенді жинағандағыдан 2,5 есе аз орын алады.

Тайланатын шөптің ылғалдылығы 20-24% шамасында болуы, сығымдалу тығыздығы 190 кг/м3-ден аспауы тиіс. Егер шөпті тайланғаннан кейін желдеткішпен белсенді түрде кептіру жоспарланса, онда оны 30-35% ылғалдылықта тайлай беруге болады.

Пішенді дестеде жатқан жерінен тиісті пішен тайлауыш техникалармен (ППЛ-Ф-1,6; К-454, т.б.) жинайды және тайлайды. Тайларды тасып алу үшін трактор тіркемелері мен қорабы биіктетілген машиналарды пайдаланады.

Пішенді сығымдап шиыршықтау. Тайлаумен салыстырғанда, бұл тәсілге жұмсалатын еңбек шығыны 1,5-1,7 есе, шиыршықты байлайтын синтетикалық жіп шығыны 3 есе азаяды.

Пішенді сығымдап цилиндр тәрізді шиыршықтау оның ылғалдылығы 18-20 % болғанда ғана жүргізіледі.

Шиыршықталған шөпті тасымалдау көліктеріне тиегенде және сақтайтын орынға жинағанда ПФ-0,5; ПКУ-0,8 тиегіштері, сондай-ақ ППУ-0,5, т.с.с. арнайы құрылғыларымен жарақталған КУН-10 шөмеле тасығышы пайдаланылады.

Ұсақталмаған бос пішенді желдеткішпен белсенді түрде кептіріп дайындау. Шөпті дестеден ылғалдылығы 35-45% кезінде тасып алады және ауа бөлгіш жүйеге 1,5-2 метрдей қалыңдықта біркелкі етіп, тығыздамай, жайып салады. Пішенді сарайларда, маяланған күйінде, бастырмалардың астында желдеткіш қондырғылармен (УВС-16, т.б.) қажетті ылғалдылыққа дейін кептіреді. Бірінші қабаттағы шөптің ылғалдылығы 25%-ға дейін төмендеген кезде, келесі қабатын салып, кептіруді жалғастырады, т.с.с. Пішенді желдеткішпен белсенді түрде кептіруді ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан төмен болған кезде жүргізеді. Алғашқы тәуліктерде пішенді үздіксіз, қалған күндері күңдізгі сағаттарда ғана желдетеді.

Пішен өздігінен қызып кетпес үшін, ауа райы жауын-шашынды болған күндері желдеткіштерді әр 5-6 сағаттан кейін 1-2 сағатқа ғана қосады. Егер желдетіп болғаннан кейінгі үш-төрт тәуліктен соң, желдеткішті 30-40 минуттай қосып койғанда жылы ауа ағыны байқалмаса, онда пішенді кепті деп есептеуге болады. Олай болмаған жағдайда, пішенді кептіруді жалғастыра беру керек.

Бұл тәсілді қолдану, танапта кептірілген пішенмен салыстырғанда, азық өлшемін жинауды 10-15%-ға, құрамындағы протеинді 20-25%-ға және каротинді 2 еседен кем емес мөлшерге арттыруға мүмкіндік береді.

Ұсақталып туралған бос пішенді желдеткішпен белсенді түрде кептіріп дайындау. Пішен дайындаудың бұл тәсілі — барынша үдемелі тәсіл, өйткені, барлық жинау процестері толық механикаландырылған. Бұл жоғары сапалы пішен алуға, еңбек шығындарын қысқартуға және азықтың өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.

Ұсақталып туралған пішен дайындау технологиясы мынадай. Шөптерді шөп машиналарының кез келген түрімен және бұршақ-тұқымдастарды міндетті түрде жанши отырып орады. Содан соң, 35-40% ылғалдылықтағы шөпті өздігінен жүріп жинайтын КСК-100, Е-281, басқа да комбайндармен дестеден алып, шетінен ұсақтап турап, бірден тасымалдаушы көлікке тиейді. Өсімдіктерді турағанда ұзындығы 8-15 см-лік бөліктерге бөледі.

Шөптерді 35-40%-дан төмен ылғалдылықта турау тиімсіз. Өйткені жапырақтары мен гүл шоғырларының шығыны молайып, ол кейбір жағдайларда 10-12%-ға дейін жетеді.

Ұсақтап туралған шөптерді қажетті ылғалдылыққа дейін кептіргенде, алдымен, ауа бөлгіш жүйеге қалыңдығы 5-10 см-дей етіп туралмаған шөпті, содан соң үстіне қалыңдығы 1,5 метрдей ұсақтап туралған шөпті жаяды. Бұдан кейінгі технология ұсақталмаған бос пішенді желдеткішпен белсенді түрде кептіріп дайындағандай.

Пішен бастырмалар мен пішен жинайтын сарайларда сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда, пішенді ашық алаңдарда сактаумен салыстырғанда, сақтау процесі кезінде 1 гектарға шаққанда алынатын азық өлшемі қоректік заттардың шығынын төмендету есебінен 20-30%-ға дейін артады.

Пішен өндірудің кез келген технологиясын пайдаланғанда мынадай талаптар орындалуы қажет:

— көп жылдық және бір жылдык, астық тұқымдас шөптерді масақтанған, бұршақтұқымдастарды шанақтанған-гүлдей бастаған кезеңде ору керек. Мұндай гүлдеу кезеңінде азық өлшемі мен қорытылатын протеиннің 1 гектарға шаққандағы шығымы мейлінше көп болады.

Қажетгі уақытында орылмай, танапта көп тұрып қалған шөптермен салыстырғанда, азықтық шөптерді тиімді өсу кезеңінде жинаған жағдайда, олардағы қоректік заттардың қорытылуы 15-20%-ға, қорытылатын протеиннің алқап бірлігіне шаққандағы шығымы 30-45%-ға, ал каротиндікі  65-80%-ға артады;

— шөптерді, әсіресе бұршақтұқымдас екпе дақылдарды жинау кезінде дестеге салған тиімдірек. Мұндай жағдайда, механикалық шығындар және топырақпен ластану деңгейі төмендейді;

— көп жылдық және бір жылдық шөптерді, сондай-ақ табиғи шабындық шөптерін пішенге жинағанда, ору биіктігі жерден 5-7 см, көп жылдық екпе шөптердің бірінші жылында және келесі жылы оларды тұқым алу үшін орғанда 7-9 см болуы тиіс.

— ауа райы қолайлы болған жағдайда кептіру үшін, бұршақтұқымдас шөптер мен бұршақ-астықтұқымдастар аралас өскен шөптерді жанши отырып ору керек;

— мол өнімді қалың және биік өскен шөптерді айналмалы-аспалы шөп машиналарымен ору қажет;

— дестені бірінші рет орылғаннан кейін 1,5-2 сағаттан соң және оның үстіңгі кабатынын кебу дәрежесіне қарай, одан кейін әрбір 2-4 сағаттан соң аударған дұрыс;

— бұршақтұқымдастардан шөптердің ылғалдылығы 55-60%-ға, ал астықтұқымдастардыкі 50-55%-ке дейін төмендеген кезде орылған шөптерді тырмалап, дестеге салады да, пішен дайындаудың тандап алынған технологиясына сәйкес келетіндей ылғалдылыққа дейін кептіреді.

Ірі азықтардың арасында протеиннің, минералды заттардың және каротиннің бай көздерінің бірі беде пішені болып табылады.

Таңдап алынған технологияға байланысты пішеннің биологиялық толыққұндылығы, сапасы және жұғымдылығы әртүрлі болады (9-кесте).

 

9- кесте

 Әртүрлі сапалы астыұтұқымдастар пішенінің сіңімділігі мен жүғымдылының коэффициенттері (К.М.Солнцев)

 

Көрсеткіші

Пішен

 

 

белсенді желдетіп кептірілген

танапта кептірілген

ашық қоныр

қоңыр

кара-қоңыр

Органикалық зат

62,2

60,1

51,2

43,2

34,2

Шикі протеин

62,5

51,4

39,9

39,6

26,0

Белок

57,2

47,1

33,0

22,5

11,0

Май

62,8

33,6

0

0

0

Талшық

57,9

57,9

57,6

56,2

55,9

Биолог. шырынды заттар

65,1

62,2

48,3

29,9

14,9

1   кг   жүғымдыл. (аз.өлш.)

0,60

0,53

0,40

0,24

0,12

 

 

3.4. Сүрлем дайындау

 

Сүрлемді жаңа орылған көк шөптен немесе өсімдіктердің кептірілген шөбінен дайындайды. Сүрлемнің сапасына, сүрлеу кезіңде қоректік заттардың шығын болу-болмауына, сондай-ақ азықтың өзіңдік құнына айтарлықтай әсер ететін негізгі ықпалдардарға: негізгі шикізаттың ылғалдылығы, өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңі, сүрленетін дақылдарды жинау мерзімдері, оны ору биіктігі, ұсақталып туралу дәрежесі, жинау және тасымалдау кезіндегі көк шөп шығыны, механикалық жинау құралдары, сүрлемді орлардан техникамен ойып алу және тасымалдау, сақтау орындарының түрлері, сақтау орындарын толтыру ұзақтығы, бір күнде салынған және тығыздалған қабатының қалыңдығы, сүрленетін көк шөптің сақтау орнына салынған бойдағы жалпы көлемінің салмағы, сүрлемге салынған шөпті жабу тәсілдері жатады.

Сүрленетін шикізаттың ылғалдылығы микробиологиялық және биохимиялық процестердің қарқындылығын, қоректік заттар шығынының көлемін, сүрлемнің сапасы мен жұғымдылығын анықтайтын маңызды ықпал болып табылады.

Шикізат ығалдылығының өте жоғары да, өте төмен де болмағаны дұрыс. Егер құрамында су көп (75%) болса, онда едәуір шырын (көлемі бойынша 20%-ға дейін), сонымен бірге 5-7%-ға дейін құрғақ зат шығыны болуы мүмкін. Егер 70-75% ылғалдылықта құрғақ заттың орташа шығыны 7-12%-ды қүраса, 80% және одан жоғары ығалдылықта бұл керсеткіш 30-35% болады.

Екінші жағынан, ылғалдылықтың 65%-дан төмен болғаны да тиімсіз, өйткені жүгері нашар тығыздалады, қатты қызады (бОӘС-ға дейін) және тез көгеріп кетеді. Оның үстіне, жинаған кездегі механикалық шығын да айтарлықтай көп болады. Мәселен, 65-70% ылғалдылықта шығын көлемі 4%-ды қүраса, 60%-да жалпы өнімнің 16%-ына дейіні жоғалады.

Зерттеулер нәтижелері жүгерінің қолайлы ылғалдылығы 65-70% аралығында екенін көрсетті.

Өнім шығынын болдырмас үшін, жүгері мен ұзын сабақты дақылдарды ору биіктігі жерден 12 см-ден, шөптесін өсімдіктердікі 5-7 см-ден аспауы керек. Жүгері өнімділігі гектарына 300 ц болғанда, түбірі мөлшерден 1 см жоғары орылса, бір гектардан 3 ц көк балауса кем алынуына әкеп соғады.

Сүрлемнің сапасы мен қоректік заттар жинауға малазығындық дақыддар мен шөптерді ору мерзімі айтарлыктай әсер етеді. Сүрлемге салынатын жүгері мен қүмайды жинаудын ең колайлы уақыты -дәндерінің балауызданған және сүттенген-балауызданған кезеңі.

Өсіп-жетілу кезеңі қысқа аудандарда немесе қайта егілген жағдайда, ерте өсу кезеңінде де ора беруге болады. Жүгері дәні сүттеніп піскен кезде ғана орылса, онда азық өлшемі гектарына 45%-ға дейін, ал дәні толық піскенде 22%-ға дейін кем жиналады.

Күнбағысты гүлдей бастағанда, судан шөбін шашақтанғанда, күздік қарабидайды масақтана бастағанда, қытай бүршағын төменті бүршақтары қоңыр тартқанда, бір жылдық бұршақтұқымдас және астықтұқымдас шөптерді бұршақтарының төменгі екі-үш қатарындағы тұқымдары балауызданғанда жинаған дұрыс болады.

Көп жылдық бұршақтұқымдастарды шанақтана-гүлдей бастағанда, көп жылдық астықтұқымдастарды түтікшеленіп масақтана бастағанда, аралас өскен бұршақтұқымдастар мен астықтұқымдастарды шөп қоспаларының құрамындағы жоғарыда аталған және басымдықка ие дақылдың өсу кезеңінде жинау керек.

Сүрлемге салынатын қоспаның қолайлы дәрежеде ұсақталып туралуы — жүгерінің сүрленгіштігін тек соның өзінің ғана көмегімен сенімді түрде басқаруға болатын маңызды технологиялық тәсіл болып табылады.

Шикізаттың өте ұсақталып туралуы қоспаны мейлінше нығыздап салуға және ондағы ауаны тез шығаруға көмектеседі. Ұсақтап туралған қоспа тиеуге, түсіруге және малға үлестіруге ыңғайлы. Егер жеткіліксіз дәрежеде ұсақталған болса, онда қоспаны нығыздау қиындайды, қажетсіз микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай туады және сүрлемнің қышқылдану процесі баяулайды.

Сүрлемдік шикізаттың ұсақталып туралу дәрежесі сүрлемнің сапасына ғана емес, сонымен бірге оның жақсы желінуіне де әсерін тигізеді. Мәселен, жүгері сүрлемінің мейлінше жақсы желінуі оны 1 см-ден 3 см-ге дейінгі ұзындықта турағанда байқалған.

Егер сүрлемді 1 см-ге дейінгі ұзындықта турағанда оның желінуі 95,2% болса, 1 см-ден 3 см-ге дейінгі ұзындықта турағанда — 98,6%, 3 см-ден 5 см-ге дейінгісінің желінуі 97,2%-дан аспаған. Сөйтіп, 1 см-ден 5 см-ге дейінгі ұзындықта туралған сүрлем іс жүзінде бірдей мөлшерде желінеді екен.

Шикізаттың ұсақталып туралу дәрежесі электр қуатының шығынына, олай болса, сүрлемнің өзіндік құнына да айтарлықтай әсер етеді. Туралу ұзындығын 30 мм-ден — 10 мм-re дейін азайтқанда, электр куатының шығыны 1,7 есеге артады, ал комбайнның өнімділігі 46,3%-ға төмендейді.

Соңғы жылдардағы зерттеулер өсімдіктерді (дәні балауызданып піскен жүгеріден басқасын) ұсақтап тураудың қолайлы дәрежесін олардың ылғалдылығына байланысты белгілеуге мүмкіндік берді, мәселен: 70% және одан төмен болса 30 мм-ге дейінгі, 71-75% — 40 мм-ге дейінгі, 75%-дан жоғары болса 50 мм-ге дейінгі, 80-85% — 6-10 см, 85% және одан жоғары болса 10-12 см, ал дәні балауызданып піскен жүгеріні 15 мм-ге дейінгі ұзындықта турау керек.

Сүрленетін шөптерді тегістеп жайғанда және нығыздағанда Т-150, К-700 сияқты дөңгелекті және С-100, Т-75, Т-130, т.б. шынжыртабанды ауыр тракторлар пайдаланылуы тиіс.

Жалпы көлемі 2-2,5 мың т сүрлем салғанда, сақтау орнын толтыру мерзімі 3-5 күннен аспайтын болуы керек. Ұзынша орларға сүрлем салу мерзімін созу құрғақ заттар шығынының күрт артуына әкеп соғады. Мәселен, сүрлем сақтайтын орынды шикізатпен орылған бойда және тез толтырғанда, қызып кету салдарынан болған құрғақ зат шығынының мөлшері 9%-ды құраса, толтыру мерзімі ұзаққа созылғанда бұл шығын 13%-ға дейін жетті.

Бір күн ішінде сүрлемге салынған ұзынша ордағы көк шөптің қалыңдығы 80-120 см-ден кем болмауы тиіс, бұл СО2 нің жинақталуын жоғары деңгейде (45-50% ) ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Оған қоса, 70% және одан төмен ылғалдылықтағы нығыздалған шикізаттың (судан шебінен басқасы) тығыздығы 650-700 кг/м3, ал 70%-дан жоғарысы — 700-800 кг/м3болуы керек. Судан шөбінің тығыздығы — 500-550 кг/м3 шамасында болса жеткілікті.

Егер сүрлем салу өте баяу жүргізілсе және шөптің нығыздалған қабаты күніне 20 см-ден аспаса, онда салынған шөп жоғары температураға дейін қызып үлгіреді. Сүрлемге салынып жатқан шөптің қызуы 60ӘС жеткенде, қоректік заттар шығыны 30%-ға, белок шығыны 31,9%-ға дейін артады, ал қоректік заттардың сіңімділігі күрт төмендейді (10-кесте).

 

 

10- кесте

Астықтұқымдас шөптер қоспасынан жасалған сүрлемнің қоректік заттарының сіңімділік коэффициенттері (К.М.Солнцев)

 

Көрсеткіші

Азықтың жетілу кезіндегі температурасы, С°

кызу

 

 

40

50

60

70

Органикалык зат

71,6

57,4

53,0

15,3

Шикі протеин

70,9

58,4

40,3

8,4

Белок

74,4

53,7

26,9

0

Май

76,1

64,1

19,0

0

Талшық

68,3

58,2

51,5

0

Биологиялық шырынды заттар

75,9

64,3

52,0

24,5

1 кг жүғымдылығы (аз.өлшемі)

0,22

0,17

0,11

0,03

Қатты қызып кеткен сүрлемде қышқылдар (рН 4,5-5,0) біршама аз жиналады. рН-ның артуы белоктың ыдырауы мен қышқылдардың шоғырлануын бірқалыпта ұстайтын тежегіш (буферлік) заттың көбеюі нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда, органикалық қышқылдардың арақатынасы өзгеріп, құрамындағы сірке қышқылының мөлшері 2,1 есе артады да, сүт қышқылы күрт азаяды. Сүрлемнің температурасы 40-тан 50°С дейін көтерілгенде, құрамындағы сүт қышқылы 1,3 есе, ал 60 пен 70°С аралығында 1,9 есе азаяды. Азық температурасы 50ӘС-дан асқанда, май қышқылы жиналады.

Температура 40-тан 50 және 60°С-ға дейін көтерілсе, құрғақ зат шығыны, тиісінше: 1,5 және 2,0 есе көп болады.

Температура 25-35°С шамасында болса, оны қолайлы температура деп есептеуге болады. Азық температурасының 1°С-ға артуы қоректік заттар шығынының 0,5%-ке көбеюіне әкеп соғады.

Жоғары сапалы сүрлем алудың технологиялық тұрғыдан маңызды тәсілі — азықты ұқыпты түрде қымтап жабу. Сүрленіп жатқан шөпке ауаның баруы толық тоқтатылса, қоректік заттар шығыны мүлдем азаяды. Сүрлемдік шөптерді сақтау орнына салып болған бойда, дереу жабу керек. Жабуды 2-3 күнге кейінге қалдырса, сүрлемге салынған шөптердің шіруі, көгеруі, сондай-ақ қызып кетуі салдарынан азық шығыны 7-10%-ға артады.

Сүрлемді ұзынша орларды жабылмаған күйінде сақтаса, құрғақ зат шығыны 20-37%-ға дейін жетеді.

Қалыңдығы 100-150 мм-ден кем емес полиэтилен, полихлорвинил, полиамид пленкалар жақсы жамылғы заттар болып есептеледі. Бұлармен жапқанда, қоректік заттар шығыны 8-13%-дан аспайды.

Сүрлемге салынған шөпті сабанмен жабу іс жүзінде сүрлемді бұзылып кетуден сақтай алмайды. Бұл жағдай сүрлемге салынған шөпке ауа мен жауынның өтіп кетуіне жүгерінің кедергі келтіре алмауына байланысты болады. Мұндай тәсілмен жабылғанда, сүрлемнің қоректік заттарының шығыны 40%-ға дейін жетеді.

Туралған жүгерімен жабылса, сүрлемдегі қоректік заттар шығыны төмендеп, 16-17% мөлшерінде ғана болады.

Сүрлем үшін сенімді жамылғы топырақ пен саз болып табылады. Бұл жағдайда, сүрлемдегі қоректік заттар шығыны іс жүзінде пленкамен жапқандағымен бірдей. Алайда, бұл тәсіл еңбек шығынын көп кажет етеді, сүрлемге топырақ араласып кетеді.

Сүрлемді көп жылдық шөптерден дайындағанда, орылған өсімдіктердің ылғалдылығы 60-70% дейін түскенше кептіру қажет. Құрамында 15%-дан астам протеин бар шөптерді химиялық сақтауыштар немесе сүт қышқылынан жасалған ашытқылар қосып сүрлеу керек. Бұлардың біріншісі құрғақ заттар шығынын 2-3 есеге, ал екіншісі — 1,2-1,3 есеге азайтады.

Химиялық жолмен сүрлеумен қатар, микробтарды құртатын немесе олардың өсуін баяулататын заттар бөліп шығару (фитонцидтік) қабілеті бар өсімдіктерді пайдалану да болашағы бар бағыт болып табылады. Азық дайындаудың бұл тәсілі экологиялық тұрғыдан барынша таза, өндіріс жағдайларында қолдануға оңтайлы, тасымалдау, сақтау және енгізу үшін арнайы жабдықтар қажет етпейді. Азықтарды химиялық жолмен сүрлеумен салыстырғанда, микробтарды құртатын немесе олардың өсуін баяулататын қабілеті бар өсімдіктерді пайдалану 2-3 есе арзанға түседі, ал сүрлену нәтижесі іс жүзінде бірдей.

Бұршақтұқымдас дақылдардың өсімдік сақтаушы ретінде Сосновский аюбалдырғанын және жусанды сүрленетін шөп көлемінің 40%-ы мөлшерінде пайдалану ұсынылады. Микробтарды құртатын заттар шығару қабілеті бар өсімдіктерді гүлдеу кезеңінде орады, ұсақталып туралу дәрежесі — 3см. Фитосақтауыш сүрлеуге салынып жатқан шикізатты тегістеп жаю және нығыздау процесі кезінде араластырылады. Қолданылатын технологиялық процесс әдеттегі сүрлем дайындағандағыдай.

Қажетті техникалары жоқ. шағын шаруа қожалықтарында сүрлем дайындағнда, қымбатқа түсетін орға сүрлеу әдісінен бас тартуға болады. Оны пішен немесе жүгері маяларының арасында, сондай-ақ көмбелер мен шұңқырларда, пленкамен жауып және полиэтилен қаптарға салып сақтау мүмкіндігі бар.

Сүрлемді ашқан кезде ордың жапқыштық азықтың қажетті мөлшерінің шамасына қарай ашу керек. Сүрлемді орда қалған азықтың тұтастығы бұзылмайтындай етіп алу қажет. Күнделікті қажет сүрлемді ордың бүкіл ені мен биіктігі бойына, жабатынын қалыңдығы 0,3-0,5 м-ден аспайтындай етіп біртіндеп кертіп алу тиімді. Сүрлемді малға бір рет салуға немесе бір күнге жететіндей мөлшерде ғана алу керек. Алынған сүрлеммен малды дереу азықтандыру қажет.

 

 

3.5.Пішендеме  дайындау

 

Пішендеме дайындау технологиясы ору, орылған шөптерді шабылған жерінде немесе дестеде кептіру, кептірілген шөпті бірден турап жинап алу, тасымалдау, сақталатын орынға толтыра салу және нығыздап, ауа кірместей етіп жабу сияқты шаралардан тұрады.

Пішендеменің сапасына негізгі шикізат құрамындағы  құрғақ зат, азықтық дақылдарды жинап алу кезіндегі өсу кезеңі, өсімдіктің туралу дәрежесі, шикізатты жинауға және тасымадуға қажетті механикалық құрал-жабдықтар, сақтау орнының түрі, күнделікті салынған және нығыздалған қабатының қалыңдығы, салынған шикізатты жабудың түрлі тәсілдері, оны сақтау орнынан алудың тәртібі сияқты көрсеткіштер едәуір әсер етеді.

Пішендеме — ылғалдылығы 45-55 пайыздай, кептірілген шөптен сүрлеп дайындаған азық. Оны, іс жүзінде, пішен мен сүрлемге пайдаланылатын шөптер мен қоспалардың барлық түрлерінен дайындауға болады.

Алайда, оған Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, бірінші кезекте, бұршақтұқымдас шөптер мен бұршақ-астықтұқымдас аралас шөптердің көк балаусасын пайдалану ұсынылады, өйткені бұл шөптерден жақсы сүрлем алу қиын, ал пішен дайындаған жағдайда көптеген жапырақтары, нәзік сабақтары түсіп қалады.

Көптеген зерттеулер нәтижесінде, пішендеме дайындайтын шикізаттың қолайлы ылғалдылығының 45-55% дан аспауы керектігі белгілі болды. Оның ішінде бұршақтұқымдастар үшін қолайлысы 45-55%, ал астықтұқымдастар үшін 40-55% болып есептеледі.

Пішендеменің сапасы мен жұғымдылығын көтеру үшін, тек қолайлы ылғалдылықты ғана сақтап қою жеткіліксіз. Соған орай шөптерді қолайлы өсу кезеңінде жинап алу да қажет. Жас өсімдіктердің құрғақ затында қорытылатын протеин, каротин, минералды заттар мейлінше көп, ал талшықтар аз болады. Өсуінің ең соңғы кезеңдерінде жиналған өсімдіктерде талшықтар саны едәуір көп болады, пішендеменің сапасы мен қоректік заттарының қорытылу деңгейі төмендейді.

Мәселен, жоңышқаның шанақтану кезеңімен салыстырғанда, гүлдей бастаған кезіндегі жапырақтарының саны 6 пайызға, толық гүлдеген кезіңде 10 пайызға азаяды. Шанақтану кезеңі мен толық гүлдеген кезеңі арасында, шөптің 1 килограмындағы каротиннің мөлшері 223 мг-нан 130 мг-ға дейін, протеин тиісінше: 22-ден 20 пайызға дейін азаяды.

Жоғары сапалы пішендеме алу үшін, азықтық дақылдарды тек шөптердің белгіленген өсу кезеңінде ғана жинау қажет екенін келтірілген мәліметтерден байқауға болады. Мәселен, көп жылдық бұршақтұқымдас  шөптерді оруды шанақтану кезеңінде, бірақ гүлдей бастаған кезінен кешіктірмей; бір жылдық бұршақтұқымдастарды төменгі 2-3-ші белдеулерінде бұршақтары пайда бола бастаған кезеңнен кешіктірмей; астықтұқымдастарды түтікшелену кезеңінің аяғында, бірақ масақтана бастау кезеңінен кешіктірмей жургізу керек.

Бұршақтұқымдас  шөптер мен бұршақ-астықтұқымдас аралас шөптер үшін ору кезеңі — шанақтана, астықтұқымдас және астық-бұршақтұкымдас аралас шөптер үшін масақтана бастаған кезі.

Пішендеме дайындауда өсімдік шикізатының туралу дәрежесі маңызды технологиялык, тәсіл болып табылады.

Туралған азықты тиеу, түсіру және малға тарату жеңіл болады. Егер дұрыс туралмаса, онда таптап нығыздау нашар жүргізіледі де, қажетсіз микроорганизмдердің дамуына артык, жағдай туады. Мәселен, негізгі шикізатты 1,5 см-ге дейінгі ұзындықта тураса, пішендеменің тығыздығы 1 м3-ге 560-675 кг (пішендеменің бабына келу процесі кезіндегі температура 36-38ӘС болғанда), ал 3 см-ге дейінгі ұзындықта туралғандағы тығыздығы 1 м3-ге 430 кг-ға дейін (пішендеменің бабына келу процесі кезіндегі температура 41-42ӘС болғанда) төмендейді. Солай бола тұрса да, өте ұсак (15 мм-ден де қысқа) туралса, онда қаржы шығындары күрт өседі, механикалық шығын бірнеше есеге артады, қоректік заттардың қорытылу деңгейі төмеңдейді, құрамындағы азық өлшемдері азаяды.

Көптеген зерттеулер нәтижесінде, пішендеме дайындауға кажетті негізгі шикізаттың туралу дәрежесі 2-3 см болу керектігі анықталды.

Өсімдік сабақтары мен жапырақтарының кебу дәрежесі бірдей емес екендігі белгілі. Шөптердің жапырақтары дестеде кептірілгендегіге қарағанда, аңыздарында жатып кепкенде және тырмалап дестеге салғанда, өздерінің салмағы мен көлемін көбірек жоғалтуға бейім болады.

Оның үстіне, өзінің орылған аңызында қалдырылған шикізатқа топырақ араласады, пішендеменің сапасы нашарлайды. Сондықтан да, ауа райының ыстық жағдайларында шөптерді егістікте қатты құрғап кету қаупіне ұрындырмай, дестеде кептіру орынды.

Кепкен шөптерде құрғақ зат мөлшері 40-45%-ға жуықтағанда, дестелерді жинап ала бастау керек. Бұл шикізатты турау, тиеу және сақтайтын орынға тасымалдау кезінде оның ылғалдылығының 3-5%-дай шығыны болатындығымен байланысты.

Пішендеме салу үшін ұзынша орлардың тереңдетілген, жартылай тереңдетілген және жер бетіне жасалған сияқты барлық түрлерін де пайдалануға болады.

Алайда, бірінші кезекте, пішендеме салатын орын сыйымдылығының 500-1000 тоннадан аспауы тиіс екенін есте сақтаған жөн.

Ұзынша орларда жоғары сапалы пішендеме алу үшін, оны толтыру мерзімін барынша қысқартып, салынған шикізатты ұқыптап нығыздау, оны плиенкамен жабу жұмыстарын тез ұйымдастыру қажет.

Пішендеме шикізатын тегістеп жайғанда және таптап нығыздағанда К-700 сияқты дөңгелекті, не С-100, Т-130, Т-150 т.б. тектес шынжыр табанды тракторларды пайдалану керек.

Пішендеме шикізатын таптап нығыздау мерзімінің ұзақтығы тәулігіне 16-18 сағаттан кем болмауы тиіс.

Ұзынша орларды 3-4 күн аралығында толтырып болу керек. 3-4 күн мерзім ішінде толтырып біткенде, пішендеме шикізатының температурасы 22-ден 30-ЗЗӘС-ға дейін, ал пленкамен жапқаннан кейін 37-39ӘС-ға дейін көтеріледі.

Егер ұзынша орды толтыру 6 күнге созылса, пленкамен жаба бастаған шикізат температурасы 40-42°С-ға дейін көтеріледі. Екіншісіне қарағанда, бірінші жағдайда каротин 43%-ға, ал протеин 7,5%-ға көп болады. Пішендеме температурасының әрбір 5°С-ға көтерілуі протеиннің қорытылу деңгейін 9%-ға төмендетеді.

Ұзынша орлардағы бір күн ішінде салынған пішендеме шикізаты қабатының қалыңдығы 0,8; мұнараларда 5-6 метрден кем болмауы тиіс. Бұл талаптарды мүлтіксіз орындау пішендеме температурасының көтерілуін тежеуге мүмкіндік береді.

Пішендеме шикізатының қабаты 0,8-1,0 м болғанда, ұзынша ордағы температура 37ӘС-дан аспайды, ал қабатының қалыңдығы 0,4 м болса, 46-50ӘС-ға дейін көтеріледі.

Температурасы 32-ден 51°С-ға дейін көтерілсе, пішендеме құрамындағы қант 30%-ға азаяды. Азықтың температурасы көтерілген сайын, барлық қоректік заттардың корытылу деңгейі күрт төмендей береді.

Пішендеме дайындау кезеңі көбінесе жауын жауатын кезеңмен тұспа-тұс келетіндіктен және ол аз кептірілген, 60-65%-дан астам ылғалдылықтағы шөптерден дайындалатындықтан, аңызда кептіргенде де, сақтау процесі кезінде де қоректік заттар шығыны көп болады. Кептірілгеннен немесе дестеге салынғаннан кейін жауын астында қалған өсімдіктерден пішендеме дайындауды оған бактериялық ашытқылар қолдану немесе химиялық сақтауыштармен өңдеу жолымен жүзеге асыру керек. Ашытқылау шірітетін және майлы-қышқыл микроорганизмдердің дамуын тежейді, пішендеменің дәмдік сапасын жақсартады, коректік заттардың сақталуына көмектеседі, желіну және қорытылу деңгейін арттырады. Құрғақ ашытқылау адамға да, малға да зиянсыз.

Пішендемеге салынатын шикізатты ашытқылау технологиясы өте қарапайым және арзан. Ол үшін пішендемені таптайтын трактордың немесе тегістейтін пышағы бар трактордың кабинасының артына бөшке орнатылып, оған ұзындығы трактор енінен аспайтындай етіп көлденең бекітілген, қимасы бір дюймдік (20-25 мм) құбыр шүмегі бар резина түтікше арқылы жалғанады. Сүйық ашытқыны тамшылатып шашу үшін, құбырдың ұзына бойына жиі етіп тесіктер теседі. Пішендемеге салынатын шикізаттың 100 тоннасына 100 л суға ерітілген 1,5 кг ашытқы керек.

 

 

3.6 Біртекті мал азығын дайындау

 

Қоректік заттары жақсы жиналған кезінде, бастырылмай жинап алынған малазығындық дәнді дақылдардан пішендеме салу технологиясы бойынша біртекті азықтар дайындау да көңіл аударуға тұрарлық іс. Суық мезгіл басталатындықтан, республиканың малазығындық дақылдарды дәнге жинау мүмкіндігі үнемі бола бермейтін солтүстік және тау етегі аймақтарында бұл ерекше маңызға ие болуда.

Оны айтпағанда, пішендемені алдын ала кептірілген бұршақ-тұқымдас және бұршақ-астықтұқымдас шөптерден дайындағанда қоректік заттар шығыны едәуір болады. Оның үстіне, көк балаусаны кептіру — пішендеме дайындау процесінің тасқындылығын бұзумен қатар, сол жұмыстарды атқару үшін арнайы машиналар (жинаушы-тураушы) қажет ететін және еңбек көп жұмсалатын іс. Ал біртекті азық, алдын ала көшірмей-ақ, тікелей комбайнның өзімен дайындалады.

Дәні сүттенген-балауызданған және балауызданып піскен кезеңде, өсімдікті бастырмай, бүтін түрінде жинап алу — мерзімдік азық үлесінің құрамы толық деңгейде болатын жемшөп қорын дайындап алудың болашағы бар тәсілдерінің бірі.

Әдетте, өсімдіктерді құрамындағы қоректік заттары жеңіл сіңетін түрге енген және мейлінше көп жиналған, сүттеніп-балауызданып піскен кезеңінде орады. Егер масақты дақылдарды бұдан ертерек жинап алса, онда 1 гектардан алынатын өнім мен қоректік заттар шығымы өте төмен болады.

Орақ салуды да кешіктіре беруге болмайды. Мұндай жағдайда азық қатқылданады да, мал онша жемейді және жегенін нашар сіңіреді, қоректік заттар шығымы төмендейді, ондай азықты сақтаудың өзі қиынға түседі.

Сүттеніп піскен кезенде жинаған арпа өніміндегі құрғақ заттың шығымы гектарына 39,3 ц; сүттеніп-балауызданып піскен кезенде -46 ц; толық піскен кезенде — 43 ц; ал протеин, тиісінше: 3,9; 4,49 және 3,31 ц құрады. Керісінше, жинап алуды кешіктірген кезде бір гектардан жиналған құрғақ зат өнімі 6,5%, ал протеин 26,1% азайды.

Дән мен жүгеріні бөлектеп жинап алумен салыстырғанда, дәнді дақылдарды мал азығы үшін жаппай (бастырмай) орып алудың өнімді жинау, азық дайындау және оны сақтау процесінде қоректік заттар шығымының артып, шығынының төмендеуі; бастырылатын дақылдар үшін жердің тезірек босатылуы; астықты жинау мен азықты ірі қараның өзіне тән жеке қасиеттерін ескере отырып таратып беру ісін тиімді механикаландыру мен автоматтандыруға мүмкіндік беретін азықтандыру технологиясының жақсартылуы; қоректілігі жоғары, құрамы толық мерзімдік азық үлесін дайындау мен қоректік заттардың сіңімділігін арттыру мүмкіндігінің пайда болуы сияқты артықшылықтары бар.

Астықты дәнге бастырғаннан кейін, жүгеріні жинау мен маялауға жұмсалатын еңбек шығыны дәнді жинауға кететін шығыннан 2-2,5 есе артық, болады, оның үстіне ешқандай топан қалмайды.

Бөлектеп жинау тәсілімен салыстырғанда, малазығындық дақылдарды бастырмай жинау кезінде еңбек шығыны 1,2-1,8 есе; жұмсалатын қаржының үлесі — 1,5-2; ал техника мен басқа да құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары 1,5 есе қысқарады. Пайдаланатын машиналарға жұмсалатын темір-терсектің үлесі де күрт азаяды.

Мал азығын дайындау үшін жаппай орылып алынатын азықтық дәнді дақылдарды және дәні мен жүгеріы бөлектеп жиналатын дақылдарды өсіру агротехникасында ешқандай берік негізді айырмашылық жоқ.

Мал азығын сол үшін егілген дәнді дақылдарды бастырмай, тікелей жинау жолымен дайындау технологиясы екі тәсілден тұрады. Біріншісі — шикізатты пішендемеге салғандағыдай етіп салу; екіншісі — шикізатты шөп ұнына айналдырып, одан түйіршік немесе сығымдап қатырылған жем (брикет) жасау.

Пішендеме түріндегі біртекті мал азығын дайындағанда, құрамында құрғақ заттың өте көп мөлшерде (40-45%) болуы өсімдікті қосымша кептіруді қажет еттірмейді. Сондықтан да, шикізат тікелей комбайнмен жиналады, мұның өзі қоректік заттар шығынын едәуір азайтады.

Шикізатты ору, турау және тасымалдайтын көліктерге тиеу үшін шөп турағыштар немесе комбайндар пайдаланылады. Туралған шикізатты тасымалдау арнайы тіркемелермен, өзі аударатын трактор тіркемелерімен, азықтаратқыштармен, өзі түсіретін автомобильдермен, тағы басқалармен жүзеге асырылады.

Салынатын орынға жеткізілген шикізат ұзынша орға түсіріліп, ауыр тракторлармен тапталып нығыздалады. Жақсы тапталған соң, қалыңдығы 0,15-0,20 мм полиэтилен пленкамен және оның үстінен 30-50 см қалыңдықта жүгерімен жабылады. Ұзынша ордың сыйымдылығы шамамен 400-600 тоннадан аспауы керек.

Пішендемелік біртекті азық жоғары қоректік құндылығымен сипатталады. Сонымен бірге, егістіктің 1 гектарынан алынатын қоректік заттар шығымын арттырута қол жеткізіледі.

Мәселен, пішендемелік біртекті азық дайындау үшін, сүттенген-балауызданған кезіндегі бұршақ пен арпа аралас егістігінің 1 гектарынан 54,8 ц азық өлшемі және 548 кг қорытылатын протеин, ал толық піскенде дән мен жүгеріге айырып, бөлектеп жинағанда 34,2 ц азық өлшемі және 397 кг қорытылатын протеин алынды.

Малазығындық дәнді дақылдарды сүттеніп-балауызданып піскен кезеңінде жинағанда, олардың құрамындағы құрғақ заттың жоғары мөлшерде (38-45%) болатыны байқалды. Жеңіл ашитын көмірсулардың жеткіліктілігі (балаусаның 1 килограмында 35-40 г), қанттың тежегіш заттарға (1,4-1,6) және протеинге қолайлы қатынаста (0,7-0,9) болуы пішендемені сақтау кезінде қоректік заттар шығыны өте аз болатындай етіп дайындауға жақсы жағдай жасайды.

Мәселен, астықтұқымдастарды пішендемеге салғанда, жалпы биохимиялық шығын 10,6 пайызды құраса, 240 күн сақтағаннан кейін, протеин алғашқы көлемге шаққанда 95,8%; қанттар — 48,5; каротин — 67,1% болды.

Сұлы мен арпадан дайындалған пішендеме құрамында, құрғақ затқа айналдырғанда орта есеппен 9-11% шикі протеин, 3-4% шикі май, 22-24% шикі талшық, 55-59% азотсыз шырынды заттар, 1-2% қанттар, 0,43% кальций, 0,28% фосфор, азықтың 1 кг-ның жұғымдылығы 0,35-0,40 азық өлшемі, ал азықтың 1 кг-нда 40-60 мг каротин болады.

Бұл айтылғандардың барлығы малазығындық дәнді дақылдардан дайындалған пішендеменің азықтық құндылығының жоғары болатынын дәлелдеп тұрғандай.

Біртекті азық дайындау технологиясының мейлінше тиімдісі — оның өсімдік балаусасын жасанды жолмен құрғатуға және оны өңдеп түйіршік жем жасауға негізделген түрі.

Мұны дайындау процесі витаминді шөп ұнын өндірудің технологиялық үлгісіне ұқсас. Орылған өсімдіктерді ұсақтап турап, тасымалдау көліктеріне тиеп, азық дайындайтын цехқа жеткізеді де, сол жерде кептіріп, диірменге тартады және түйіршіктейді.

Дақылдарды дәнге бастырғанда құрамында 60,4% азық өлшемі, 65% қорытылатын протеин және 0,8% каротин; сүрлемде, тиісінше: 63,7; 71,0 және 30,0%, ал түйіршік жемдерде 95,8% азық өлшемі, 89,4% қорытылатын протеин және 45,4% каротин қалады.

Малазығындық дәнді дақылдардан дайындалған біртекті түйіршік азық жоғары жұғымдылығымен сипатталады. Мұндай азықтың мейлінше құрғақ затында: қанттар — 2,2; крахмал — 21,0; протеин -9,2; талшық — 17,5; кальций — 0,28; фосфор — 0,30% болады. 1 кг-ының жұғымдылығы — 0,78 азық өлшемі.

Азық өндіру технологиясына түбегейлі және мейлінше әділ баға беру тек олардың малдың өнімділік деңгейіне, өнім сапасы мен денсаулық жағдайына қаншалықты оң не теріс әсер еткенін нақты анықтағаннан кейін ғана мүмкін болады.

Біртекті азықтардың мал өнімділігі мен өнім сапасына қаншалықты әсер еткенін анықтауға байланысты сансыз зерттеулер жүргізілді.

Солтүстік МШжВҒЗИ-нің мәліметтері бойынша, тұмса қашарлардың мерзімдік азық үлесіне сүттеніп-балауызданып піскен кезеңінде жинап алынған аралас егілген сұлы-бұршақ шөп қоспаларынан түйіршіктеліп жасалған құнарлы көк азық енгізу олардың сүт өнімділігін 8,1% арттыруға мүмкіндік берген.

Оның сыртында, тәжірибелік топтағы мал сүтінде белок көп болып, берілген азықты айтарлыктай жақсы өтеген. Сүттің әр килограмына азық өлшемі 16%, қорытылатын протеин 5% аз шығындалған. Тәжірибе жасау кезеңі ішінде, сиырлар төлшілдігіне жасалған бақылау нәтижесі түйіршіктеліп дайындалған құнарлы көк азық енгізу олардың күйлеу мерзімінің қысқаруына және бұзаулағаннан кейін нәтижелі ұрықтануына оң әсерін тигізгенін көрсетті.

Өгізшелерді 6 айлығынан 18 айлығына дейін сұлыдан дайындалған біртекті азықпен қоректендіріп өсіру және бордақылау барысында 1 кг қосымша салмаққа 6 азық өлшемі мен 461 г қорытылатын протеин жұмсағанда, тәуліктік қосымша салмағы 1009 г болған. Мерзімдік азық үлесінің құрамында пішен, сүрлем, құрама жем және көк азық бар бақылау тобындағылардың әркайсысынын 1 кг қосымша салмағына 8,8 азық өлшемі мен 706 г қорытылатын протеин жұмсағанда, тәуліктік қосымша салмағы 888 г ғана болған.

 

 

3.7. Шөп ұны мен туралған шөп

 

Шөп ұны мен туралған шөп алудың негізгі көзі — толыққұнды протеинге, витаминдерге және минералды заттарға бай балғын көк шөп. Сондықтан да, шөп ұнын дайындауға қойылатын бір ғана негізгі талап — көк азықтардың барлық физиологиялық тұрғыдағы пайдалы құндылықтарын барынша сақтап қалу.

Шөп ұны мен туралған шөп өндірісінде іс жүзінде қоректік заттар шығыны болмайды, олардың бастапқы көк балауса құрамындағы мөлшерінің 95%-ы сақталып қалады. Мәселен, 1 кг жоңышқа шөбі ұнының құрамында 0,80-0,85 азық өлшемі, 200-250 г протеин және 200 мг-нан астам каротин бар.

Жоғары сапалы шөп ұны мен туралған шөп өндіру үшін, әртүрлі мерзімдерде егілген малазығындық дақылдар жиынтығы болуы, былайша айтқанда, арнайы шикізат көзінің үздіксіз айналымы құрылуы қажет.

Оған, міндетті түрде, сол аймақта жер көлемі бірлігіне шаққанда мейлінше жоғары мөлшерде қоректік заттар беретін, орып алғаннан кейін тез өсіп шығатын, жапырақтары мол және механикаландырылған әдіспен оруға жарамды дақылдар пайдаланылады.

Жоғары сапалы шөп ұны мен туралған шөп өндіру үшін, жүргізілген тәжірибе мәліметтері мен күнделікті өмір бұршақтұқымдас дақылдарды жинауды шанақтану, ал астықтұқымдастарды түтікшелену кезеңінен бастап, гүлдеу және масақтану кезеңінде аяқтау қажеттігін көрсетіп отыр.

Шөп ұнын дайындау технологиясы көк балаусаны орып жатып, бірден турау және тасымалдау құралдарына тиеу, кептіру пунктіне тасу, арнайы кептіргіштерде кептіру, кепкен шөпті ұсақтау; түйіршіктеу және тұрақты сақталатын орынға жеткізу сияқты жұмыс түрлерінен тұрады.

Шикізатты кептіргішке жеткізуді, алаңда шөп үйіліп қалмайтындай етіп үйымдастыру қажет, өйткені ол үйілген күйінде көп жатып қалса қызады да, одан алынатын шөп ұнының сапасы төмендейді. Сондықтан, шикізатты қажетті жерге жеткізуді көк балаусаның егістіктегі орылған сәтінен бастап кептіргішке түсірілгенге дейінгі сақталу кезеңі 2-3 сағаттан аспайтындай етіп жоспарлау керек.

Шөпті орып жатып, оны 30мм-ден аспайтындай ұзындықта ұсақтап турау қажет. Сонымен бірге, туралған шөптің талапқа сай бөлшектері барлық көк балауса салмағының 85%-ындай болуы тиіс. Жеткіліксіз деңгейде ұсақталған шөп тек кептіргіш агрегаттардың өнімділігін төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ кептіру процесінің бұзылуына әкеп соғады, барабандарға шамадан тыс толып кетеді және тұтанады.

Барабандағы газдардың қызуы 500-700°С және одан шығар жердегі қызу 115ӘС мөлшерінде болғанда ғана, кептірудің ең үнемді тәртібі сақталады. Бұл температураларды кептіргішті қосар кезде белгілейді де, оларды жанарғыға (горелкаға) берілетін сұйық отын мен барабанға түсетін көк балаусаны көбейту немесе азайту есебінен реттеп отырады.

Шөп ұнының ылғалдылығы 10-14% болуы тиіс. Негізгі шикізатты өте кептіріп жіберу балаусаны кептіру мен шөп ұнын сақтау кезінде каротин шығынының көбеюіне әкеп соғады. Қажет болған жағдайда, шөп ұнын түйіршіктейді.

Шөп ұнын салқындату және оны құрама азық зауытына немесе шаруашылықтағы тұрақты сақтау орнына жібергенге дейін уақытша ұстай тұру үшін, кептіру пункті жанында оның екі-үш күндік өнімі сыятындай бастырма-қойма болуы тиіс. Шөп ұнын сақтау үшін сантохин (0,02%), натрий пиросульфиті (1,0%) сияқты антиок-сиданттарды қолдану кажет.

Жоғары кызулы кептіргіш агрегаттарды тек шөп ұны өндірісіне ғана емес, сондай-ақ ірі қара мен қойларға арнап кептіріп туралған көк шөп дайындау үшін қолдану да тиімді. Оны малдың мерзімдік азық үлесіндегі пішеннің орнына пайдаланады.

Оны дайындау технологиясы да шөп ұнын дайындау технологиясына ұқсас. Бір ғана айырмашылығы — мұнда кептірілген шикізатты ұсақтау процесі жоқ және дайын азықтың қолайлы ылғалдылығы 17% мөлшерінде болады. Сондықтан, шөп ұнын өндіруге қарағанда, туралған шөп дайындауда кептіргіш агрегаттартардың өнімділігі шамамен 20 пайызға артады.

Кептіріліп туралған шөптің салмағы аз ( 1 м3 – 100 -120 кг) болады. Сондықтан, оны сығымдап әртүрлі етіп тақталап қатыру (брикеттеу) әдісі де қолданылады. Туралып тақталанған шөптің 1 м3-нің салмағы 100-600 кг аралығында болады. Шашыраңқы азыққа қарағанда, тақта түрінде сақтау ондағы каротиннің мейлінше жоғары деңгейде қалуын қамтамасыз етеді.

Танапта кептірілген шөппен салыстырғанда, шөп ұны мен туралған шөп өндіру кезінде егістік жер бірлігінен жинап алынатын қоректік заттар 1,5 есе, ал пішендеме дайындаумен салыстырғанда 30%-ға жуық артады. Қорытылатын протеиннің шығымы 1,7 есе, каротиннің шығымы 7-8 есеге дейін өседі.

 

 

3.8 Мал азықтарының қосымша көздері

 

Жүгерінің собықтарын жинап алғаннан кейін, оның ірі қара мен қойға ірі азық ретінде пайдалануға болатын кепкен сабақтары қалады. 1 кг жүгері сабағында орта есеппен 0,37 азық өлшемі бар.

Жапырақты-сабақты қалдықтың ылғалдылығы 60-65%, оның 1 тоннасына 500-ден 1500 кг-ға дейін асқабақ, кәді, малазығындық қарбыз, қызылша сығындысы, қант қызылшасының пәлегі сияқты ылғалдылығы жоғары компоненттерді қосып, ойдағыдай сүрем салып алуға болады.

Жүгері собықтарын өңдеу кезінде, оның азық ретінде қолданыла бермейтін өзектері өте көп мөлшерде қалады. Дегенмен, 1 кг өзекте орта есеппен 0,4 азық өлшемі және 15-17 корытылатын протеин бар. Өзектер, орта есеппен алғанда, собық, салмағының 20%-ын құрайды.

Сусымалы азықтарға қарағанда, түйіршік және қатырлақ тақта азықтар құрамы жағынан біртектес болады, оңайлықпен ыдырай қоймайды, тасымалдау және үлестіру кезінде тозаңданып ұшпайды, сақтағанда көп орын алмайды, азық үлестіруді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, азықты түйіршіктеу және сығымдап қатыру мал өнімділігінің деңгейі мен бағытын ескере отырып оларды ұзақ уақыт пайдалану үшін, құрамы толық мерзімдік аралас азық үлесін дайындап алуға мүмкіндік жасайды.

Сығымдағышқа түсетін негізгі шикізаттың қолайлы ылғалдылығы — 14-16%. Күйіс малына арналған түйіршік және қатырлақ тақта азықтардың тығыздығы 600-900 кг/м3-ден, ірі қараға арналған түйіршіктің диаметрі 12-20 мм-ден, ал қойларға  5-7 мм-ден аспауы тиіс. Цилиндр түріндегі қатырлақ тақта азыктың диаметрі 60 мм-ден, текше түріндегісінің мөлшері 40x40x40 мм-ден артық болмауы керек.

Нашар сығымдалатын жемшөп түрлерінен (сұлыдан, арпадан, жүгеріден, күздік қарабидайдан, сондай-ақ дәні сүттеніп-балауызданып піскен кезеңде жиналған астық-бұршақтұқымдас қоспалардан) тұратын аралас шикізатты нығыздағанда, түйіршік және қатырлақ тақта азықтар берік болу үшін май, сірне, сондай-ақ құрамында көмірсулары бар басқа да біріктіргіш заттар қосылады. Әртүрлі біріктіргіш заттарды қолдану тығыздылығы онша емес (500-700 кг/м3) түйіршік және қатырлақ тақта азықтардың үгілгіштігін 20-40%-ға азайтады, мұның өзі малды қатырылған азықпен алдын ала дайындық жасамай-ақ азықтандыра беруге мүмкіндік туғызады.

Түйіршік және қатырлақ тақта азықтардың ірі қара мен қой бордақылағанда толық құрамды мерзімдік азық үлесіндік қоспалар немесе сүт бағытындағы сиырлардың негізгі мерзімдік азық үлесінде жетіспейтін элементтердің орнын толтыратын қоспа ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жұғымдылығына қарай, оларды сүт бағытындағы сиырлардың мерзімдік азық үлесіне оның 25-30%-ы мөлшерінде енгізген орынды. 5000 кг және одан да көп сүт беретін мол өнімді сауын сиырларға мерзімдік азық үлесінің 15-20%-дай, ал өнімділігі өте төмен сиырларға — оның 35%-ы мөлшеріндей қосқан дұрыс.

Жазғы кезеңде түйіршік және қатырлақ тақта қоспаларды барлық, мал түрлері үшін бірден-бір қосымша азық ретінде пайдалануға болады.

1 кг құрғақ толыққұнды аралас азықтардың құрамында кем дегенде 0,60 азық өлшемі; 4,5-6,0 г кальций; 3,0-4,0 г фосфор, 30-40 мг каротин болуы тиіс. Азык өлшеміне кем дегенде 100 г қорытылатын протеиннен келуі керек. Олардағы талшықтар мөлшері 20-22 %-дан аспауы тиіс.

Толық мерзімдік аралас азық үлесін пайдалану мал өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді, оларды үлестіру мен өнім алуға жұмсалатын еңбек пен каржы шығынын азайтады.

 

 

3.9 Сабанды өңдеу а) химиялық  тәсілдер;  б) биологиялық  тәсілдер

 

а) химиялық  тәсілдер

Сабанды әкпен өңдеу. Ірі азықтарды өңдеу үшін жаңа ғана сөндірілген (СаО) құрамында 90-95% кальций тотығы бар әк пайдаланады.

Азықты өңдеу жылы жайда жүргізіледі. Туралған шөпті әк суымен дымқылдап өңдейді. Бұл шөпті әк суына батыру немесе себу (шашу) жолымен жүргізіледі. Әк суын 3 кг кұрғақ немесе 9 кг қоймалжың әкті 250 л суға ерітіп жасайды. Себу үшін осы мөлшердегі әкті 80-100 л суға ғана ерітеді.

Батыру немесе себу жолымен дымқылданған жүгеріды 24-36 сағат бойына сақтайды, содан кейін жумай-ақ, ол малды азықтандыруға дайын болады. Туралып әк суымен дымқылданған шөпті 36 сағаттан артық сақтауға болмайды, өйткені жылы жерде ол көгере бастайды.

Тек жоғары сапалы (бірінші не екінші класты) әкті пайдаланған жағдайда ғана, туралған жүгеріды өңдеу ісінде жоғары тиімділікке қол жеткізуге болады. Уытсыздандырылғаннан кейін ашық, жерде қалған әкті пайдалануға болмайды.

Мұндай жаңа азықты малға әуелі аз мөлшерде беріп, оларды біртіндеп үйреткен абзал. Туралған ылғал жүгерінан ірі қара мен жылқыларға 25 кг (5-7 кг туралған құрғақ жүгері), бір жастан асқан төліне 15 кг (3-4 кг туралған құрғақ жүгері), 1 жастан асқан қойларға 3 кг-ға дейін (0,6-0,8 кг туралған кұрғақ жүгері) береді.

Азықтарды кальцийлі сақармен (содамен) өңдеу. Кальцийлі сақар — сусыз көмірқышқылды натрий (Na2 СО3). 1 т жүгеріға оның 50 кг ғана қажет.

Азықты өндеу процесі мынадай. Жүгеріды турап жатқанда немесе турап болған бойда оны 1 тоннаға 800-1000 л есебімен 5%-дык калъцийлі сақар ертіндісімен дымкылдайды. Реагент мөлшерін көбейту өндеу тиімділігін арттырмайды.

Сабанды дымқылдағаннан кейін, азық булағыштарда булауға болады. Туралған және ерітіндімен дымқылданған жүгеріды арнайы дайындалған орға не шұңқырға (1 м3 ыдысқа 1 -1,2 ц сабан сыяды) нығыздап салады.

Сақтау орнын (ыдысты) дымқылданған жүгерімен толтырып болған соң, жылу шығынын азайту мақсатында, оны құрғақ жүгері қабатымен жабады. 4-5 күн өткеннен кейін, бактериялардың тіршілік әрекеті нәтижесінде жүгері температурасы 45-50ӘС-ға дейін көтеріледі, сол кезден бастап азықты малға бере беруге болады.

Сабанды аммиакпен өңдеу. Сабанның қорытылу деңгейі мен қуаттық жұғымдылығын сұйытылған аммиак және аммиак суының көмегімен де арттыруға болады. Бұл дәрілер — барынша күшті сілтілік реагенттер. Олар күрделі көмірсулармен белсенді түрде әрекеттеседі де, нәтижесіңде сіркеқышқылды аммоний түзіледі. Сіркеқышқылды аммонийдің мочевинадан айырмашылығы — оның мочевинаға қарағанда жай ыдырайтындығы және малға зиянсыздығы.

Сұйытылған аммиакпен өңдеу процесі мынадай. Сабан маясын не күдесін қалыңдығы 150 микроннан кем емес синтетикалық пленкамен жабады. Ішіне ауа кіріп, аммиак ұшып кетпес үшін, маяның шетінен 1-1,5 м-ге дейін артық шығып тұрған пленканың жиектерін топырақпен көмеді. Арнайы автокөліктің (сусыз аммиак құятын цистернасы бар) көмегімен, сұйық аммиакты ұшында металдан жасалған инесі бар иілгіш түтік арқылы маяның арасына оның табанынан 1 м биіктіктен жібереді.

Ұшында екі миллиметрлік 4-6 тесігі бар инені маяның арасына әрбір 4-5 м сайын 2-2,5 м тереңдікке бойлатып отырады. Қанша сұйытылған аммиак қажет екенін сабанның бір тоннасына 30 кг есебімен анықтайды. Жалпы салмағы 15-20 т болатын маяға аммиак енгізу 1-1,5 сағатқа созылуы тиіс. Содан соң жапқышын түсіріп, ауа бармайтындай етіп жақсылап қымтап тастайды және осы күйінде 5-10 күн тұрады. Мерзім біткенде жапқышы алынып, артық аммиак ұшып кетуі үшін, мая 2-3 күн бойы ашық жатады. Тек осыдан кейін ғана жүгеріды малға беруге болады.

Сабанды аммиак суымен өңдеу де сұйық аммиакпен өндегендегідей технологияны талап етеді. Мұндай жолмен өндеу үшін 20-25%- дық аммиак суы (ерітіндісі) керек. 1 т жүгеріға 25%-дық аммиак суынан 120 л, 20%- дықтан – 150 л, 17,5 пайыздықтан – 170 л енгізу қажет.

Кокс-химия өндірісі пайдаланатын аммиак суы жүгері өңдеуге жарамсыз болып табылады.

Аммиак суын маяның үстіне ыңғайластырып тасталған көп тесікті құбырдың көмегімен енгізген жақсы. Ондағы тесіктердің диаметрі 2 мм, арақашыктықтары 100-150 мм болуы керек. Бұл іске диаметрі 3/4 (1 дюйм), ұзындығы 3 метрлік темір не пластмасса құбырлар пайдаланылады. Қажет болған жағдайда, маяның ұзына бойына жеткізу үшін, бұлардың бірнешеуін резеңке түтіктердің көмегімен бір-біріне жалғауға болады. Маяның үстіне құбырларды тесіктерін төмен қаратып, бір-бірінен 1-1,5 м қашықтықта қатар тастайды да, оларды екі резеңке түтіктің және үш тармақты арнайы құбыршаның  көмегімен аммиак құйылған ыдыспен жалғастырады. Маяны ауа кірмейтіндей етіп қымтап жабады да, аммиак суын цистернадағы қысым 1 атмосфера болатындай күшпен айдайды.

Өңделген сабанды жабулы күйінде 10-15 күн қояды. Содан соң жапқышты алып, сабанды желдетіп алғаннан кейін ғана оны мерзімдік азық үлесінің құрамына енгізіп, ірі қараға береді.

Зерттеулер нәтижесінде, аммиакпен және аммиак суымен өңделіп, 15-20 күн сақталған сабандағы протеиннің жалпы санының 5,14-тен 10,58 пайызға немесе 2 есеге дейін көбейетіні белгілі болды.

б) биологиялық тәсілдер

Өз-өзінен қыздыру. Жанар-жағар майды үнемдеу қажет болған жағдайда, туралған ірі азықтардың иісі мен дәмін жақсарту мақсатында, оларды өз-өзінен қыздырады. Ол үшін туралған ірі азықтарды ені де, тереңдігі де 1,5 метрден кем емес ыдысқа салады. Бұл ыдыстардың міндетті түрде жылы жерге орналастырылуы керек. Туралған азықтың әр қабатын салған сайын ыстық сумен немесе түз ерітіндісімен (1 т шөпке 80-100 л) дымқылдап және нығыздап отырады. Ыдыс толғаннан кейін бетін құрғақ сабанмен жабады. 3-4 күн өткенде микробтардың тіршілік әрекетінің әсерімен сабан 35-40°С-ға дейін қызады, иісі нан иісіндей болады, содан соң мал оны сүйсініп жейді.

Азықтарды ашытқылау. Ашытқылармен, В тобындағы витаминдер кешенімен, өсімдік белоктарымен байытылған ірі азықты мал жақсы жейді, ол малдың тәуліктік қосымша салмағын 10-15%-ға, одан сауылатын сүт мөлшерін 20%-ға арттырады.

Азықтарды ашытқымен байытудың бірнеше тәсілі бар. Мәселен:

— ұсақталып туралған ірі азықтың 1 ц-іне 3-5 кг суперфосфат, 0,5 кг мочевина және 300-400 г азықтық ашытқы алады. Туралған шөпті қалындығы 25-30 см қалындықта салып, 60-80 л жылы су құяды. қоспалар мен тиісті мөлшерде суда ерітілген ашытқылар енгізеді Осылайша ашытқыланған әр қабатты ұқыптап араластыра отырып тағы да бірнеше қабат салады. Бірақ барлық салынған қабаттың жалпы қалыңдығы 0,8-1 метрден аспауы тиіс. Азықтың температурасы 24°С 26ӘС-дан, ал жайдың іші 16°С-дан кем болмайтын жағдайда 12-15 сағат бойы ашытқылайды;

— ұсақталып туралған ірі азықты 1-ден 3 м3-ге дейінгі көлемдегі ыдысқа салып, оған 1 килограмына 6-8 л есебінен 0,2-0,3 пайыздық тұз қышқылын құйып, қақпақпен тығыздап жабады да, 0,2-0,5 атмосфералық қысыммен, 100-105°С жылылықта 2-3 сағат бойы булайды. Бұлай өңдеген азық қатты ісінеді, жұмсарады, ал шикі талшықтардың бірсыпыра бөлігі қантқа айналады.

Қайнатып болғаннан кейін, тұзды суды бойына тартқан туралған азықты 32-35°С-ға дейін салқындатып, оған өз салмағының 3-5 пайызындай мөлшерде ашытқы қосып араластырып, ашытуға қояды. Ашытқылардың дұрыс әсер етуі үшін 100 кг азыққа 100-150 г суперфосфат, 150-200 г аммоний сульфатын, 2-3 кг сірне немесе ұсақтап туралған қызылша қосады. Азықты ауық-ауык, араластыра отырып, 27-30°С жылылықта 20-24 сағат бойы ашытады.

— ұсақтап туралған жүгеріды, қатып кеткен сапасы төмен пішенді ыдысқа салады да, ісіну үшін 1 ц құрғақ азыққа 60-80 л есебінен қайнаған су құйып, қақпағын жауып, 5-6 сағат қояды. Сонымен бір уақытта оған арналған ашытқыш қоспа дайындайды. Ол үшін құнарлы азық қоспасын (75% арпа жармасын, 25% кебек) алып, оған 1 кг қоспаға 3 л есебінен кайнаған су құяды. 25-28°С-ға дейін салқындатылған қоспаға оның салмағының 3 пайызындай нан ашытқысын қосады. 6 сағаттан кейін, дайын болған ерітіндіні буланған және 30-35°С-ға дейін салқындатылған қоспа азыққа сабан салмағының 3-5% пайызындай мөлшерде құяды. Сонымен қатар, буланған жүгері кесінділеріне аммоний сульфаты мен суперфосфаттың сулы сіріндісін 1 т шөпке 30 л жылы су есебінен, тиісінше: 2,5 және 2 кг мөлшерінде енгізеді. Егер сірне болса, онда ерітінді дайындайды (судың 9 бөлігіне 1 болік сірінді есебінен) да, оны өнделетін азық қоспасына 1 ц құрғақ азыққа 10 л ерітінді енгізеді. 6-8 сағат өткен соң, ашытқыланған азықты жылы күйінде малға береді.

Сабанды ашытқылы тұзды сумен өңдеу. Ұсақтап туралған сабанның әр қабатына ас тұзының ерітіндісін себелеп және ашытқы дәрілердің бірін себе отырып, бірнеше қабат етіп салады. Ол үшін 1 т жүгеріға 1-1,5 т су, 15 кг түз, 3 кг ашытқы дәрі (пектаваморин ПЗХ, целловиридин ПЗХ,пектаваморин ПХ, т.б.) жұмсалады. Ерітіндіні сепкен жақсы. Дымқылданған сабанды ұқыптап таптайды, полиэтилен пленкасымен және қалындығы 10-15 см топырақпен жабады. Сабанның 40ӘС-дан артық қызуына мүмкіндік бермей, орды 2-3 күнде толтырып біту керек. 4-5 аптадан кейін, дайын болған сабанмен ірі қараны ешқандай қосымша азықсыз және шектеусіз азықтандыра беруге болады.

Сабанды ашытқы дәрі және ашытқы араластырып өңдеу тәсілі. Ұсақтап туралған және талшығының ұзына бойына бөлшектеп жаншылған 1,6-2 т сабанды С-12 араластырғыш-булағышқа біртіндеп бөліп-бөліп салады. Ең аддымен 500-700 кг жүгері салып, оған 10 диаммоний-фосфат, 10 кг монокальций-фосфат, 20 кг карбамид, 10 кг ас тұзын қосады. Содан соң, салынып жатқан жүгеріды 30 минут ішінде 2 тоннаға дейін жеткізеді. Сала бастағаннан 5 минут өткеннен кейін, араластырғышқа 0,25-0,35 атммосфера қысыммен бу жіберіледі.

30-40 минуттан соң, араластырғышқа 30-40 кг дән қалдықтарын салып, 300-400 л ыстық су құяды.

Араластырғыштағы қоспаны 30 минут бойына 90-100°С-да булайды, содан соң, оның 1 м3 көлеміне құбырдағы салқын судан 600-700 л құяды және 3 м3 ауа жібереді. Сосын араластырғышқа 1 т құрғақ жүгеріға шаққанда 5 кг есебінен ашытқы дәрілер себеді. Дәрімен ашытқылау 2 сағатқа созылады. Содан соң қоспаны 28-35°С-ға дейін салқындатып, оған ашытқы сүтін енгізеді. Бұл соңғы қосқан ашытқыны 1 т жүгеріға 25-ЗОӘС-дағы 100-150 л суға араластырған 30-40 кг үн, 5 кг сығымдалған нан ашытқысы, 0,5 кг ашытқы дәрі есебімен, араластырып дайындайды.

Азық қоспасын үнемі араластыра және оған әрбір 15 минут үзілістен кейін 10 минут ауа жібере отырып, 4-6 сағат бойы ашытқылайды.

Азықты бұлайша дайындау процесіне барлығы 8 сағат уақыт кетеді. 1 кг дайын азықтың жұғымдылығы 0,28-0,32 азық өлшемін, ал құрғақ күйінде 0,8 азық өлшемін құрайды.

Дайын азықты малға ылғал күйінде де, кептіріп те беруге болады.

 

 

3.10 Дәнді малға беруге дайындау

 

Ірі қараны қыстату кезеңіңде ірі сабақты және басқа да азықтарды ұтымды пайдалану мен малға беруге дайындау мәселелері өте зор маңызға ие болуда. Құрамында талшықтардың жоғары деңгейде болуына байланысты, ірі азықтардың, әсіресе жүгерідардың желінуі мен жұғымдылығы төмен болатыны белгілі.

Азықтарды малға беруте дайындаудың физикалық (ұсақтап турау, булау, араластыру, т.б.), химиялық (сілтілермен, қышқылдармен, т.б. өндеу) және биологиялық (өздігінен қыздыру, ашытқылау, т.б.) тәсілдері қолданылып жүр.

Физикалық тәсілдер азықтың желінуін жақсартады, малдың шайнауына да жеңіл болады, қорытуға кететін уақыт пен қуат шығынын қысқартады, әйтсе де азықтың қорытылуына оң әсер ете қоймайды.

Химиялық әдістер желінуін жақсартумен қатар, жүгері мен қамыстың қорытылуын 15%-ға, ал олардың жалпы жұғымдылығын 1,5-2 есеге арттырады. Химиялық өндеу азықтарды зеңдендіретін саңырауқұлақтан және көгеруден зарарсыздандырады.

Биологиялық тәсілдер азыктың дәмдік құндылықтарын арттырады, биологиялық белсенді заттармен байытады, желінуін жақсартады.

Майдалау — дәндік азықтарды дайындаудың міндетті және қарапайым тәсілі. Ұн етіп тарту, жармалау және жаныштау кезінде дәннін қатты қабығы талқандалады, сонда ол малдың шайнауына жеңіл болады, ондағы қоректік заттар малға оңай сіңеді, нәтижесінде дәнді мал өз ағзасына айтарлықтай шығынсыз, мейлінше толық пайдаланады, өнім бірлігіне шаққандағы азық шығыны азаяды.

Дәнді майдалау азықтың сапасына, мал түлігі мен жасына қарай белгіленеді. Шошқалар майдалаңқырап (1 мм шамасында), ірі қара орташа және ірірек етіп (көбінесе 1,5-4 мм) жармалап берген дәнді жақсы жейді.

Сапасы, түсі, иісі жақсы және жылтырақ кезкелген күрғақ дәнді майдалауға болады. Егер едәуір ластанған (5%) болса, онда дәнді тартпас бұрын лас қоспалардан, әсіресе құмнан, топырақтан, майда қиыршак, тастардан және зиянды арамшөптердің тұқымдарынан тазарту керек. Дәндер мен дән қалдықтарын тарту мен жармалауды әмбебап азық түйгіштермен, майдалағыштармен, тағы басқалармен жүзеге асырады.

Дәндерді арнайы дән жаныштағыш машиналармен жаныштайды. Олар дәндерді өздерінің білікшелерімен жаншып жұмсақ, борпылдақ үлпектерге айналдырады. Тарту мен тармақтауға қарағанда, жаныштау барынша тиімді.

Дәндерді қуыру, негізінен, шошқа шаруашылығында қолданылады. Қуырғанда дәннің дәмі жағымды, қош иісті болады, крахмалдың сіңімділігі артады; оның үстіне, қуыру кезіндегі жоғары температура әртүрлі саңырауқұлақтарды өлтіреді.

Әдетте арпаны, бидайды, бұршақ, ас бұршақтарды араластырып не жеке-жеке қуырады.

Ұсақтап турау — ірі азықтарды малға беруге дайындаудың ең қарапайым тәсілі. Механикаландырылған жолмен турау үшін кәдімгі ірі азық турағыштарды, сондай-ақ бастырғыш-уатқыштарды пайдалануға болады. Шөп ірі қараны азықтандыру үшін 4-5 см, жылқылар мен қойлар үшін 2-3 см, ал оларды ылғал және құрғақ сусымалы азық қоспаларына араластыру үшін 1-7 см аралығында, сығымдап қатырылатын азықтар дайындау үшін 1-3 см және түйіршіктелген азықтар дайындау үшін 0,5 см-ге дейінгі ұзындықта туралуы тиіс.

Маяланған пішен мен жүгеріні көлікке бір уақытта, қатар турай отырып тиейді. Ылғалдылығы жоғары жүгеріні барынша майдалап турау үшін елеуішсіз турағыштарды пайдаланады. Ұзақ уақыт сақтау үшін, жүгеріні ылғалдылығы 20%-дан аспайтындай дәрежеге жеткен жағдайда ғана турайды. Ылғалдылығы жоғары жүгері өз-өзінен тез қызады, көгереді және ауа райы салқын болса бұзылып кетеді.

Жүгері булауды азықтарды булайтын арнайы жабдықтары бар цехтарда жүргізу керек. Ол үшін оқтын-оқтын және үздіксіз жүмыс істейтін араластырғыштарды пайдаланады. Булау ыдыстан бу шыға бастағаннан кейінгі 30-40 минут бойына созылады.

Малды жүгерімен 6-8 сағаттан кейін жылы күйінде азықтандырады. Булау тек жүгерінің дәмі мен иісін ғана жақсартып қоймайды, сонымен бірге оны зеңдендіретін саңырауқұлақтан зарарсыздандырады. Бу көзі ретінде арнайы қазандарды пайдаланады.

Жүгеріні тікелей азық үлестіргіштердің өздерінің қорабында булау да көңіл аударуға тұрарлық іс. Мұндай жүйені қолданғанда жүгеріні булауға жұмсалатын шығын едәуір азаяды.

Жүгеріге топ, сірне, сыра бөртпесін немесе 1%-дық тұзды су (1 ц жүгеріге 100-200 л) қосып дәмдейді және байытады. Сірне қосқан ірі азықтарды арнайы араластырғыштарда дайындайды. Сірнені ыстық суда еріткен жақсы. Туралған жүгеріге майдалап туралған тамыржемістілерді, сүрлемді, жаңа алынған қызылша сығындысын және сулы-сірнелі ерітінділермен қосымша дәмділенген басқа да шырынды азықтарды, макро- және микроэлементтерді, витаминдер мен басқа да заттарды араластырғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Сулы-сірнелі ерітінді дайындау, үшін, мочевинаның бір өлшемдік бөлігін судың төрт өлшемдік бөлігіне ерітеді, содан соң біртіндеп араластыра отырып, оған сірненің бес өлшемдік бөлігін қосады.  1 кг қоспада 100 г мочевина және 500 г сірне болады.

Егер ерітінді дайындайтын жайдың іші жылы болса, онда сірнелі-мочевиналы қоспаны әбден майдаланған мочевина мен сірнені 1:9 қатынасындай мөлшерде араластыру жолымен дайындауға болады. Мұндай қоспаны алдын ала бөшкелер мен басқа да ыдыстарда дайындап қойған дұрыс. Малға берер алдында оған 1:1 арақатынасында су араластырады.

Мочевина мен сірне қоспасын арнайы араластырғыштардың көмегімен, сондай-ақ қоспаны араластыру үшін ішіне қалақшалар орнатылған қарапайым бөшкелерде де дайындайды.

Қант зауыттары бар облыстарда сірнені мочевинамен байытуды (1 т сірнеге 75-100 кг мочевина) тікелей зауыттардың өзінде дайындаған орынды. Сірнеге мочевина араластырумен бірге мерзімдік азық улесінде жетіспейтін кейбір қоректік заттардың орнын толықтыратын минералды үстемелер қосу ұсынылады. Ол үшін сулы-сірнелі ерітінділерге қосатын минерадды қоспалар жасап шығарылған. Оларды қосып жасаған ерітіндінің құрамында 86% сірне ертіндісі, 7% мочевина, 5% диаммонийфосфат, 2% күкірт қышқылды натрий болуы тиіс.

Ерітіндіні дайындағанда, оның әрбір килограмына 15 мг хлорлы кобальт, 75 мг күкірт қышқылды мырыш, 60 мг күкірт қышқылды мыс қосылады. Мұндай ерітіндінің 1 килограмында 190 г қорытылатын протеин және 12 г фосфор болады.

Сірне болмаған жағдайда, азықтык, сұйық қоспаларды жоғарыда айтылған кұрамда және сондай үлгі-мөлшермен (рецептімен) суға араластырып дайындап алуға болады. Сулы-сірнелі ерітіндіні сепкен сияқты, бұл ерітіндіні де жүгеріға немесе жүгері араластырған басқа да азыққа бірқалыпты себеді.

Жүгеріні сірнемен дәмділеуді немесе байытуды бетондалып жасалған астаулардың өзінде не арнайы ыдыстарда жүргізеді. Туралған құрғақ жүгеріні астауларға қолмен немесе азық үлестіргіш техникамен салады, сонан соң құбырмен не оңтайлы ыдыстармен ерітілген сірне қосылады.

 

 

3.11  Мал азығын консервілеуде қолданылатын бактериялы ашытқылардың түрлері

 

Қазіргі кезде мал азығын сүрлемдеуде бактериялы ашытқылардың әр түрлі түрлерін қолданудың тиімділігін дәлелдейтін тәжрибелер жеткілікті дәрежеде жүргізіліп келеді.

Қазақстан республикасы ғылым академиясы және ғылым министрлігінің микробиология және вирусология институты балғын өсімдіктермен дәнді егіс қалдықтарының барлық түрлерін сүрлемдеу үшін, бірқатар биопрепараттар ұсынған болатын. Олар шығу мерзіміне қарай екі топқа бөлінеді: бірінші топта АМС, ПКБ, ПМБ және олардың қоспасынан тұратын  АМС+ПКБ, АМС+ПМБ болса, екіншісіне — «Силоплант-34», ЦЛБ-«Калдарин» және «Силобактерин», «Лактокалдарин» (АМС+ЦЛБ) препараттар жатады.

АМС- амилолитикалық сүт қышылы стрепкоккасы (str. lactis diastaticus) — крахмалды, глюкозаны  ыдыратып олардан біраз мөлшерде В2 витаминін және қышқылдық ортаны рН-4,2-ге дейін жеткізеді. Осы арқылы қиын сүрленетін (беде, жоңышқа, эспарцет, көк шөптер қоспасы) өсімдіктерді белгілі бір ылғалдылық деңгейінде (60-65%) консервілеп бірқалыпты етіп сақтай алады. АМС сүрленетін азықта сүт қышқылының мөлшерін арттырады. Соның нәтижесінде сүрлемдегі зиянды микроорганизмдрдің өсуін тежеп, азықтағы қоректік заттардың шығынын күрт төмендетеді, яғни азықтағы пайдалы азықтық заттардың сақталуына едәуір әсерін тигізеді.

ПКБ-пропион қышқыл бактериялары (Propion bacterium schermani) және (АМС+ПКБ), -«Силамп» пропион+сүт қышқылы бактерияларының қоспасы. Бұлар негізінде балғын жүгеріні сүрлемдегенде қолданылады. Жүгері сүрлемінің қышқылдығын бірқалыпты сақтап тұру үшін «Силамп» ашытқысы пайдаланылады. Сонда сүрлем қышқылдығы қажетті деңгейге келіп азық сапасы жақсы сақталады. ПКБ мен АМС ашытқысын қолданғанда сүрлемнің қышқылдық дәрежесі өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге кобаламин (В» тобындағы битамин) мөлшері артып, қоректік заттар жақсы дұрыс сақталады.

ПМБ-сүт қышқылы пентоз ашытқы бактериялары (Lactobacterium pentoaceticum) және «Амилопентозин» (АМС+ПМБ) дәнді өсімдіктер жүгеріын сүрлемдеуге арналған.  ПМБ ашытқысы ксилозаны, арабинозаны, сахарозаны, мальтозаны, сүт, сірке және аздаған мөлшерде құмырсқа қышқылдарын түзе ашыта алады.

Жүгері сүрлемін дайындау үшін, құрғақ жүгеріды белгілі бір ылғалдылыққа (65%) жеткізеді. Ол үшін 1%-ті түз ерітіндісін алдын ала дайындап құрғақ жүгеріға арнайы түтікше арқылы себелеп қосады. Бұл кезде жүгері сабақтары жұмсарып,  құрамындағы инкрустивті заттарды  ыдыратады да, сүрлемдегі рН-тың мөлшері төмендейді, аммоникалық процесс тежеледі, яғни сүрлемдегі азоттық заттар мейлінше көп сақталады.

«Силоплант-34» (Lact. Plantarum-34) бактериялары белокқа бай бұршақ тектес өсімдіктерден сүрлем және пішендеме дайындау үшін қолданылады. «Силоплант-34»- сүт қышқылы бактериялар жоғары ылғалды белокқа бай өсімдіктерді сүрлемдеп қана қоймай, ондағы азоттық заттарды едәуір мөлшерде сақтай алады. Сүт қышқылының мөлшеріне байланысты, сүрлемді бір қалыпты қышқылдық ортада (рН-4,2), жағымсыз микроорганизмдерді тежеп, олардың тіршілігін тежейді. Сүрлемде каротинмен қант қоспаларының сақталуына пайдалы ықпал етеді.

«Силобактерин» (Силоплант+ПКБ) — сүт қышқылы пропион бактериялары, препарат «Силамп» сияқты сүрлемде қышқылдың шамадан тыс көбейіп кетпеуін (рН-4,3), қамтамасыз етіп оңай сүрленетін өсімдіктерді сүрлеуде қолданылады.

Бұл қоспа ашытқы азықтағы кант қоспаларын өте маңызды нақты пайдаланып, органикалық қышқылдарға оңай айналдырады, әсіресе сүт қышқылына және каротин мен протеиннің жоғары мөлшерде сақталуына зор әсер етеді, қоректік зат – протеин алғашқы көк балауса кезіндегімен салыстырғанда 92,3 %-ға дейін сақтай алады.

ЦЛБ- целлюлоза ыдыратушы бактериялар (Bacilus acidocaldarius шт.17 немесе «Калдарин»). Бұл бактерияларды сүрленбейтін өсімдіктерден тұратын көк балауса қамыс, құрғақ және дәнді дақылдар жүгері, топан, сүрлем дайындауда қолданылады. Олар негізінен өсімдіктердегі клетчатканы ыдыратып, сүрлемді оңай ашытып, мұндағы қант мөлшерін арттырады да, оларды органикалық қышқылдарға айналдырады. Әсіресе, сүрлемде сүт қышқылы мен сірке қышқылын көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге олар сүрлемнің дәмінде жақсартады. Ал бұл қышқылдар мал организмінде қуат көзі ретінде де қызмет атқарады.

«Лактокалдарин»(АМС+ЦЛБ) — сүт қышқылы және целлюлоза ыдыратушы бактерияларының қоспасынан тұрады, ол жүгері және қамыс, құрақтарды сүрлемдеуде қолданылады. «Лактокалдарин» үлкен қарындағы целлюлоза ыдыратушы бактериялар әрекетін жақсартып, ондағы клетчатканың сіңімділігін арттырады.

Сонымен микробтық ашытқылардың ғылыми-теориялық мәні сүрленетін жем-шөптерде сүт қышқылы бактерияларының мөлшері жағынан басым болуын, сөйтіп азық сапасын төмендететін зиянды микроорганизмдер, соның ішінде шіріткіш және май қышқылы бактерияларының тіршілігін тежеп, ол тіпті кейде тоқтатып, басып тастай алады. Мұндай да сүрленбейтін өсімдіктер бойындағы қант қоспаларының аздығына қарамастан, целлюлоидтік бактериялардың әсерінен   түзелетін сүт қышқылы, сүрлемді консервілеуге толық жетіп, оны бірқалыпты сақтай алады.

Сүрлем дайындау кезінде өсімдіктер бойында (эпифит микробтар) тіршілік ететін сүт қышқылы бактерияларының арқасында, сүрлемдік орлар егер жақсы жабылып, ішіне ауа бармаған жағдайда оңай ашитын қант қоспаларынан органикалық қышқылдар тез пайда болады (сүт және сірке қышқылдары) және олар азықты консервілеп сақтайды.

Бұрыннан мәлім болғандай, органикалық қышқылдар қанттан, әсіресе оңай еритін қант қоспаларынан тұрады. Қиын сүрленетін өсімдіктерде қант мөлшері аз болады, керісінше оларда белок көбірек. Бұлардың қатарына бұршақ тектес өсімдіктер жатады. Қарапайым тәсілмен сүрлемдегенде, сапалы сүрлем алу қиынға соғады. Табиғи жолмен ашыған мұндай сүрлемде сүт және сірке қышқылдарының мөлшері тым аз болады да (0,05-0,6 %) сүт қышқылы азықты сүрлемек (консервілеп) түгtл, кейде сол азғана қышқыл сүрлемде кездесетін сілтілі қосылыстардың әсерінен бейтараптанып кетеді. Соның нәтижесінде зиянды бактериялар тіршілігі жанданып азықты бүлдіреді.

Беде сүрлеміндегі ашыту процесін белгілі бір бағытта реттеу мақсатында Казақстан республикасы ғылым академиясы және ғылым министрлігіне қарасты Микробиология және вирусология институты «Силоплант-34» атты сүт қышқылы бактерияларынан дайындалған ашытқысын ұсынды.

«Силоплант-34» ашытқысын беде шөбін сүрлеуде қолдану. Бедені сүрлеу үшін, оны гүлденудің алдында немесе гүлденудің бас кезінде ору керек (15 кесте)

11-кестенің көрсеткіштерінен сүт қышқылының «Силоплант-34» қолданудың ерекшелігі айрықша көрініп тұр. Себебі әр түрлі органикалық қышқылдардың ара қатынасы соған дәлел, сүт қышқылының мөлшері басқаларға қарағанда әлдеқайда көп те әрі басым. Бұл сүт қышқылы бактерияларының «Силоплант-34» беде өсімдігін сүрлемдеуде, ашытқы ретінде пайдалану тиімді екенін көрсетеді.

 

 

Кесте 11

Технологиялық факторларға байланысты бедені сүрлегенде органикалық қышқылдардың түзілуіне «Силоплант-34» ашытқысының әсері. (Сақтау мерзімі – алты ай, % есебімен)

 

 

 

Көрсеткіштер мен өлшем бірлігі

 

 

рН

 

 

Сүт қышқылы

 

 

Сірке қышқылы

 

 

Жалпы қоспа мөлшері

 

 

Аммиак

 

 

 

 

Бос

күйін дегісі

Жалпы мөлшерге шаққанда

 

 

 

 

 

 

Бастапқы ылғалдылық

турау

1,5-2,0

4,27

0,86

65,15

0,46

1,32

0,09

шамасы, см

10-12

4,71

0,64

64,65

0,35

0,99

0,01

нығыздау

нығыз-далған

4,44

0,88

69,22

0,32

1,21

0,25

дәрежесі

нығыз-далмаған

4,42

0,80

70,80

0,42

1,22

0,11

бастапқы ылғалдылық, 65,4 %

турау

1,5-2,0

4,44

1,35

73,37

0,49

1,84

0,09

шамасы, см

10-12

4,69

1,22

69,71

0,43

1,75

0,19

нығыздау

нығыз-далған

4,42

1,68

68,85

0,76

2,44

0,02

дәрежесі

нығыз-далмаған

4,64

1,48

65,49

0,’47

2,26

0,06

бастапқы ылғалдылық, 53%

турау

1,5-2,0

4,18

1,49

70,95

0,61

2,10

0,13

шамасы, см

10-12

4,38

1,38

68,66

0,63

2,01

0,11

нығыздау

нығыз-далмаған

4,30

1,53

69,54

0,67

2,20

0,01

дәрежесі

нығыз-далған

4,40

1,46

65,76

0,76

2,22

0,03

                         

Сүрлемде органикалық қышқылдардың түзілетін негізгі көзі көмірсулар. Ал олардың құрамы мен мөлшері бұршақ тұқымдас өсімдіктерге қарағанда, астық дақылдарының қалдығынан дайындалатын сүрлемнен едәуір айырмашылығы бар. Сондықтан әр сүрлем түріне қарай оған қолдан қосылатын сүт қышқылы бактерияларынан жасалған ашытқы бірдей мөлшерде қышқылдар түзе алмайды.

Сүрленетін азықтың ылғалдығы жоғарылаған сайын сүт қышқылының мөлшері де заңды түрде азаяды. Мұндай жағдайда L.plantarum-34 штаты қолданғанда ғана сүт қышқылының мөлшері сүрлемде қажетті деңгейде сақталып қалады. Ылғал деңгейі 84%-ке дейін көтерілгенде де сүрлемдегі сүт қышқылы көп азаймайды Белокқа бай өсімдіктерді жоғары ылғалдықта әдеттегі тәсілмен сүрлегенде онда май қышқылы жиналатыны белгілі. Май қышқылының мөлшері артқан сайын азықтағы белоктар ыдырап, одан аммиак түзеледі.

Сүрлемде органикалық қышқылдардың түзілетін негізгі көзі көмірсулар.   Ал олардың  құрамы мен мөлшері бұршақ  тұқымдас өсімдіктерге қарағанда дәнді дақылдардан біраз айырмашылығы бар. Сондықтан сүрленетін әр    сүрлемдік өсімдіктер түріне қарай қолданылатын сүт қышқылы   бактерияларынан  жасалған   ашытқы барлығында бірдей қажетті қышқылдар мөлшерін түзе алмайды.

Сүрлеу кезінде жеке және екі мүшелі қанттар толығымен қышқылдарға айналғанда, крахмалдың ыдырау шамасы бастапқы көк балауса бедеге қарағанда сүрлемнің бақылау тобында да және тәжірибе тобында да тиісінше 12 — ден 22 пайызға дейін аралықта құбылады. Бірақта барлық жеке және екі мүшелі қанттар толығымен ерігенде бақылау тобында органикалық қышқылдың шығымдылығы 1,02 % болды, соның ішінде май қышқылының үлесі 30,5 пайызға дейін жетті.

Ал L. Piantaram 34 штамын қолданғанда азықтағы күрделі қант қоспаларының ыдырауы ғана емес, одан органикалық қышқылдардың барынша мол түзілуі азықты мейлінше жақсы консервілеп, ондағы негізгі қоректік заттардың кемімеуіне үлкен әсерін тигізеді және оның сапасын арттырады да сіңімді күйінде сақтай алады.

Бедеден сүрлем мен пішендеме әзірлегенде «Силоплант-34» сүт қышқылы бактерияларынан жасалған ашытқы қосылуы міндетті түрде қажет. Бұл сүрлемдегі жалпы ашу процесінің жүруін белгілі бір пайдалы бағытқа қарай реттеудің жолы болып табылады.

 

 

12-кесте.

Әр түрлі ылғалдық пен майдалау дәрежесіне қарай бедеден сүрлем мен пішендеме даярлағанда азоттың мөлшеріне бактериялық ашытқылардың әсері (сақтау мерзімі)

 

Құрғақ затқа шаққандағы, азот %

Сүрлем түрлері

жалпы

сақтал-ғыштығы

белокты

аминді

Ылғалдылық (84,9%)

бастапқы  көк шөп

3,14

100,0

2,27

0,47

ашытқы қоспағанда

Азық

Шіриді

 

 

«Силоплант-34» қосқанда

2,40

76,51

1,48

0,68

Ылғалдылық (72 %)

бастапқы көк шөп

2,97

100,0

2,05

0,58

ашытқы қоспағанда

1,85

62.29

1,16

0,81

«Силоплант-34» қосқанда

2,38

80,13

1,78

0,72

Ылғалдылық (65,4%)

бастапқы көк шөп

2,64

100,0

2,00

0,65

ашытқы қоспағанда

1,49

56,44

1,48

0,68

«Силоплант-34» қосқанда

2,22

84,09

1,79

0,76

 

       Ылғалдылық  (53,4%)

бастапқы     көк шөп

2,46

100,0

1,86

0,79

ашытқы қоспағанда

1,38

56,10

1,39

0,89

«Силоплант-34»

2,12

86,11

1,66

0,80

 

Осымен қатар біздің ұсынысымыз жоғары белокты өсімдіктерді дайындап оны консервілеуге байланысты болғандықтан, сүрленген азықта азот қосылыстарының өзгеруін көрсетпей кетуге болмайды. Бактериялы «Силоплант-34» ашытқысын беде сүрлеміне қосып дайындағанда орын алатын азот қосылыстарының өзгеруін көруге болады. 16 кестеден сүрлемдегі азот қосылыстарының мөлшері азықтың бастапқы ылғалдылығына байланысты өзгеріп отыратынын көруге болады. Сүрленген беденің бастапқы ылғалдылығы 84,9 % болған еді. Мұндай ылғалдылықпен сүрленген беденің бақылау тобындағы өсімдік 6-ай сақтағаннан кейін мүлдем шіріп кетті. Ал «Силоплант-34» препаратымен консервіленген тәжрибелік тобындағы беде сүрлемі жақсы болып шықты. Бұл топтағы сүрлемде азоттың сақталуы, бастапқы азоттың мөлшеріне шаққанда 76,5 пайызға тең болды.

Сонымен әртүрлі бастапқы ылғалдылықпен (84,9; 65,4 және 53,4%) дайындалған беде сүрлемін «Силоплант-34» ашытқысымен консервілегенде азықтағы азот қосылыстары жақсы сақталынатыны және сүт қышқылы бактерияларының көмегімен азықтағы ашу және консервілену процессі бір қалыпты, белгілі бір пайдалы бағытта реттелетіні анықталды.

3.12 Бактериялы ашытқылардың сүрлемдегі микробиологиялық процестерге тигізетін әсері

 

Мал азығының берік қорын жасауда оның құнарлылылығын арттырып, өнімділігін көбейтіп, сапасын жақсарту үшін, азық дайындаудың алдыңғы әдістерінінң жетілдірілген технологиясын мейлінше қолдану басты шарт болып есептеледі.

Балғын көк шөпті консервілеудің технологиясын жетілдіру ондағы қоректік заттардың толық сақталуын және республика жағдайында экологиялық жағынан таза мал азығын дайындауда бактериялы ащытқылар (АМС, ПМБ,ПКБ) және олардың қоспасы «Силамп» (АМС+ПМБ), «Амилопентозин (АМС+ПМБ), «Казахсил» (АМС+ПКБ+ ПМБ) деп аталатын препараттардың алғашқы тобы және «Силоплант-34», ЦЛБ-«Калдарин», «Силобактерин» (Силоплант + ПКБ), «Лактокалдарин» (АМС+ЦЛБ) деп аталатын препараттардың екінші тобы кеңінен қолдануда. Осы препараттардағы бактериялардың белсенді түрде қолданылуы сүрлем қүрамында едәуір мөлшерде органикалық қышқылдардың (оның ішінде сүт қышқылы) көбеюінің, сөйтіп аммонификациялық процестің тоқтатуын, жалпы азоттың азық қүрамында сақталуын, сүрлем қүрамында құрғақ қоректік зат мөлшерінің және органикалық заттардың кеміп кетпеуін қамтамасыз етеді.

Бұл микробиологиялық жолмен мал азығын консервілеудің артықшылығы сол, осы әдіспен мал азығьша арналған өсімдіктердің кез-келген түрлерін, соның ішінде қиын сүрлемденетін және сүрленбейтін, ауа райының жағдайына жөне жыл мезгіліне қарамастан азық-сүрлем шығымсыз дайындауға болады және оған толық мүмкіндік бар.

 

 

3.13 Жүгері балаусасын «Силобактерин» ашытқысымен сүрлеу

 

Жүгерінің көк балауса сүрлеміндегі қышқылды бірқалыпты жағдайға келтіру үшін «Силобактерин» деп аталатын қоспа бактериялы ашытқы (Силоплант+ПКБ) ұсынылды. Бұл ашытқы сүрленетін азықты қышқылдың мөлшері шамадан тыс артып кетуіне жол бермейді де ондағы азот қосылыстары бүлінбей, қоректік заттар сапасын төмендетпей сақталуына мүмкіндік жасай алады.

Әр түрлі ылғалдықтағы жүгері балаусасына «Силобактерин» ашытқысын қосып сүрлегенде азықтағы азот қосылыстарының мөлшері бастапқы көк жүгерідегі азот мөлшеріне жақын сақтай алды.

«Силобактерин» ашытқысы қосылған жүгері сүрлемі өзінің сапасы мен, қышқылдану көрсеткіші жағынан, сүт қышқылының молаюы мен азот қосылыстарының сақталуы жөнінен басқа топтарға қарағанда әлдеқайда жоғары болды. Демек, «Силобактерин» ашытқысы жүгері балаусасын сүрле-генде өте пайдалы болатыны анықталды.  Дегенмен, жүгері балаусасын қажетті мөлшерде ұсақтап, сақтайтын орларға тығыздап салып, жақсылап тапталуы — сүрлем салуда міндетті шарт болып есептеледі.

 

 

3.14 Жүгеріні «Лактокалдарин» ашытқысымен сүрлеу.

 

Жүгеріні сүрлеу басқа да целлюлозадан тұратын өсімдіктер қалдығы сияқты, бактериялар тіршілігімен байланысты.

Бұл ашытқы сүрлемде микробиологиялық процессті гомоферментативті бағытта жүргізеді, пайда болған сүт қышқылымен сірке қышқылдары жүгеріды консервілейді. Жүгері сүрлемі, органолептикалық көрсеткіші жағынан алғанда тәжрибе тобындағы сүрлемнің жұмсақ, ал иісі тұздалған көкөніске ұқсас болса, бақылау тобындағы сүрлемнің иісі өткір, сірке қышқылының иісіндей болады. Ал түр-түсі жағынан әр топтағы сүрлемнің ерекшелігінде айырмашылық байқалмады. «Лактокалдарин» препаратын қолдана отырып жүгеріні сүрлеу целлюлозаны ыдырата алатын микорорганизмдер әрекетіне негізделген. Жүгеріні «Лактокалдарин» препаратын қолдана отырып сүрлегенде жүретін микробиологиялық процесстер негізінен гетероферментативті сипатта болады.

Қышқылдағы құрамы мен мөлшері жағынан кестедегі топтар арасында айырмашылықтар бар. Бақылау тобындағы сүрлемде рН шамасы -5,82 болса, ал тәжрибе тобында ол 4,42 — ге тең. Бос және байланысқан күйіндегі сірке қышқылының көп мөлшері бақылау тобында болды. Бос күйіндегі май қышқылы (0,42 %) бақылау мұндай мөлшері бақылау тобындағы жүгері сүрлемінің сапасын төмендетіп, оған теріс әсер ететінін дәлелдейді.

«Лактокалдарин» ашытқысын тобынан көп болса, тәжірибе тобында ол мүлде кездеспеді. Әрине, май қышқылының сүрлемге қосқанда, ондағы целлюлоза ыдыратушы бактериялары әсерінен (ЦЛБ) 1,3 % — ке дейін оңай ашитын қанттарды түзесе, бақылау тобында олар байқалмайды.

Сонымен «Лактокалдарин» препараты, сүрленетін азыққа қосқанда, яғни жүгеріні сүрлегенде, ашу процесі өзінше айрықша жүруіне мүмкіндік туады. Тәжрибе тобында көрсетілгендей еріген қант қоспалары сүрлемді консервілеп, целлюлоза  ыдыратқыш бактериялардың пайдалы әсері артып, азықтағы бөгде, зиянды микроорганизмдер тіршілігі тежеледі.

 

 

3.15 Сүрленетін азықтарға бактериялы ашытқыны қосу тәсілдері

 

Біз өткізген ғылыми-өндірістік тәжрибемізде сүрлеммен пішендеме дайындағанда бактериялық ашытқыларды Казақстан Республикасы Ғылым министрлігіне және Ғылым академиясына қарасты микробиология және вирусология институты дайындап бекіткен тәсілдерді басшылыққа ала отырып пайдаландық. Бактериялы ашытқыларды сүрленетін балауса шөпке қосып оны консервілеу үшін, орға түскен балғын шөптердің немесе жүгерінің мөлшеріне қарай құрғақ бактериялы препараттарды алдымен бір тәулікке жететіндей етіп бастапқы ерітінді ашытқы даярладық. Мысалы, тәулігіне 100 тонна балғын шөп сүрлемге салынатын болса, 150 г құрғақ бактериялы ашытқыны алып, үш литрлік шыны банкідегі майы алынған сүт қалдығына қосамыз да, оны көлеңкелі жерде 8-10 сағаттай үйде ұстаймыз. Осы кезде ашытқылар құрамындағы бактериялап жанданып, Webeitin, өніп өседі.

Ертеңгісін ол туралған көк шөпке қосуға дайын болады. Бұл үшін осы ашытқыны ауыз суға толы 150 литрлік ыдысқа (бөшкеге) сүрлемге құяды, сөйтіп оны сүрлемге қолданады. Бұнда бір мың тонна туралған шөпке 1,5 кг ашытқы жұмсалуы тиіс.

Егерде тәулігіне 200,300,400 тонна және оданда көбірек сүрленетін балғын көк шөп немесе жүгері салынатын болса, онда қолданылатын бактериялы ашытқының мөлшері де тиісінше 300,450,600 грамын алып «аналық» ашытқысын дайындау керек.

Бактериялы құрғақ ашытқыларды дайындайтын зауыттарда, оларды полиэтилен жарғақшасынан жасалған кішкене (50 г-нан 300 грамға дейін)  дорбашықтарға  салып,   шаруашылықтарға  жөнелтеді.

Алыс жолдарға тасымалдау үшін бактериялы ашытқылар салынған 15 кг-дай қағаз қапшыққа салып жөнелтеді. Оларды көлеңкелі, құрғақ бөлмелерде, су тимейтін жерлерде сақтау ұсынылады.

Бактериялы  ашытқының дайын ертіндісін тракторға қондырылған арнайы қондырғы көмегімен азыққа бүркеді (1-сурет).

 

1 сурет. Ашытқы ерітіндісін бүркетін К-700 немесе К-701-ге тракторына орнатылған қондырғы.

1-трактор кабинасы, 2-бастапқы ашытқыны құятын ыдыс, 3-трактор арқылы жұмыс  істейтін  компрессор, 4-бүріккіш,  5-сүйық ерітінді өтетін түтікшелер, 6-ауа келіп тұратын түтікше (қуыс), 7-бүрку ауданы, 8-ерітіндіге арналған көлденең түтік.

 

Қондырғыдағы сүрлем нығыздалып тапталғаннан соң, сүрлем үстін шошақтап, түбетайлы етіп қалыптастыра отырып жабады. Сүрлемді пайдалануға дейін ол жабық жатуы тиіс. Бастапқы ашытқы ерітіндісін сүрлемге бүрку үшін оған арнайы ыдыс жасап, сүрлемді таптайтын трактордың кабинасының  артына қондыруға болады. Ол бірінші суретте жақсы көрсетілген.  Бір тәулікке дайындалған бастапқы ашытқы ерітіндісі сүрлемнің 20-30 см қабатына  оңай сіңу үшін, трактордағы қондырғыш  ыдыспен бүріккіш түтіктің ара қашықтығы мол болуы тиіс, яғни қондырғыш  ыдыс биікте болуы керек. Себебі ашытқы түтік бойымен өздігінен биіктіктен төмен карай ағады. Жургізуші кабинада отырып түтіктегі кранды ашып-жабуына мүмкіндік жасайды. Сонда трактор сүрлем бетімен жүре бастағанда жүргізуші тетікті ашады да, тоқтағанда оны жауып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

 

 

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» туралы бастамасымен,  Қазақстан Республикасы  2007 жылғы 15 мамырда N 251 Еңбек Кодексi қабылданды. Осы Кодексте «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» туралы айтылған негізгі пунктер:

— еңбектi қорғау — құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi;

— еңбектiң қауiпсiз жағдайлары — жұмыс берушiнiң қызметкерге зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтындай не олардың әсер ету деңгейi қауiпсiздiк нормаларынан аспайтындай етiп жасаған еңбек жағдайлары; Емдеу-профилактика, медицина және демалу орындарын дамыту.

ОҚО «Манкент» өндірістік кооперативіндегі директор мен бас зоотехник басшылығымен, сонымен қатар барлық қызмет көрсету бөлiмдерi және ұйымдары қатысуымен жасалады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық  шаруашылық кәсіпорындары халықаралық кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты басқару OHSAS 18001 стандартына сәйкестендіру іс шаралары жүргізілуде.

Ірі қара фермасы өндірістік бағыты, экономикалық және климаттық жағдайларына қарай төмендегідей болады:

  • асыл түқымды мал фермасы — негізгі мақсаты жаңа түқым шығару және қолда бар ірі қара түқымын жетілдіру, аса бағалы асыл түқымды төл өсіру;
  • тауарлы ферма — сүт, сиыр етін және аралас, яғни сүт-ет өндіреді;
  • одан әрі өсірілетін, яғни табын толықтыратын /тауарлы фермалар үшін/ төл өсіреді;
  • ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.

Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда малды күтіп-бағу әдісі мен ферманың бағытына қарай 50, 100 және 200 сиырлық қоралар, жаңа туған бұзаулар үшін профилакторийлер мен бұзаулау бөлімдері болуы керек. Бұлардан басқа төлді одан әрі осіретін және бордақылайтын қора-жайлар және қолдан үрықтандыратын орын қарастырылады.

Сүт фермаларында, сондай-ақ сүт блоктары мен сауын залдары сиырды күтіп-бағу әдістеріне қарай орналастырылады.

Ірі қара шаруашылықтарын жобалау, салу және пайдалану ірі қара қора-жайларын технолоғиялық жобалау нормасына сай /НТП-1-89/ жүргізіледі.

Малшаруашылық өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары

Ауылшаруашылық өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары МЕСТ 12.007-88 (МЕСТ – мемлекеттік стандарттар жүйесі) сәйкес қауіпті өндірістік фактор зақымға немесе өлімге соқтырады, ал зиянды фактор ауруға шалдықтырады.  Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-жай ауасының зиянды газдармен, шаң-тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Соған байланысты мал шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Малшылардың еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, кенді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора- жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бұлардың барлығы мал шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да мал қора-жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім — бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.

Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.

Санитариялық киім — бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта-матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.

Ауру малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. аурулар жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақытылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек.

Малмен жүмыс істеуге 18-ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора-жайларында тамақ жеуге және ауру малдан алынған шикі сүтті ішуге тыйым салынады.

Қызмет көрсетушілер ауру малды күту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100-150 мг/л белсенді хлоры бар ертіндімен зарарсыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады.

Зарарданған  қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ертіндіге немесе 3 пайыз сода ертіндісіне салып қояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады.

Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан мал шошынып, адам денесіне жарақат түсіруі мүмкін. Малдың теуіп жіберуі, сүзіп немесе тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек.

Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақытылы ішқүрт (гельминт) тасымалдауға тексеріледі.

Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүрғізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекциялық ертінділермен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін білуі керек.

Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветеринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі. Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер (халат немесе комбинезон, алжапқыш, резеңке етік және қолғап, көзілдірік, респиратор немесе противогаз) киеді.

Дезертінділермен және аэрозольдермен жұмыс істеу (барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауланы аэрозольмен дезинфекциялау желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі.

Дезинфекция немесе аэрозольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды (дезертіндінің концентрациясына байланысты). Мұндай жағдайда қора- жайлардың есіктеріне “кіруге болмайды” деген ескертпе жа- зулар ілінеді.

Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды. Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және малды жіберуге рүқсат етіледі.

Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды.

Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық инспекция бекіткен санитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.

Туберкулезбен, бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар малмен жұмыс істеуге жіберілмейді.

Сүт фермасында жұмысшылардың жеке басының гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі сүт арқылы әртүрлі аурулар таралуы мүмкін. Сауыншылар және басқа да сүтке қатысы бар адамдар үнемі дене тазалығын сақтауы керек, әсіресе киімдері, қолдары таза болуы керек және тырнақтарын қысқа алып тастайды. Егер олардың дене температурасы көтерілсе, қолдарында кесілген немесе күйген, ірінді жарақаттар болса, оларға жұмыс істетуге болмайды.

Ветеринариялық мамандар үнемі ауру малмен және өлекселермен тікелей қатыста болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтау аса қажет.

Ветеринариялық-санитариялық откелде жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың өндірістік аймағына өтеді. Ірі шаруашылықтарда осыңдай тәріпке тырысу керек. Жұмыс аяқталған соң, жұмысшылар мен мамандар душқа түсіп, арнайы киімдерді откізіп, өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың сыртына шығады. Арнайы киімдерді үйге алып кетуге немесе сол киімде өндірістік аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады.Мал шаруашылығы жұмысшыларын мамандық ауруына шалдығудан сақтау үшін кешенді шаралар жүргізіледі: мал-қора жайларында оптимальді микроклимат жасау (температура, ылғалдылық, ауаның ғазды қүрамы, жарықтандыру), тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекця, дератизация жүргізу, ауру малды оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру.

Малшаруашылық өндірісінде еңбектің қауіпсіздік техникасын сақтау

Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиынтығы малшыларды зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.

Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нүсқауларды беруі тиіс. Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар (міндеті мен мамандығына қарамай) танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.

Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады. Малмен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.

Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жұргізіледі. Жазатайым жағдай болса фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық малшылар қатысады.

Өндірістік санитария

Мал қораларын желдету жүйелері. Желдетудің негізгі қызметі — қора-жай ішінен ластанған ауаны шығарып, оны сыртқы таза ауамен ауыстыру. Жануарлар айналаға жылу, дымқыл бу, көмірқышқыл газын шығарады және жануарлар қи нәжісіндегі органикалық заттар бұзылады да, аммиак, күкірттісутегі пайда болады. Ауасы толық тазартылмаған қора-жайда зиянды заттар тым көп жинақталып қалады. Содан барып малдың зат алмасу процесі томендейді, жалпы физиологиялық жағдайы әлсірейді, жемін қорытуы мен сіңімді заттарды қабылдауы төмендейді. Соның салдарынан малдың табиғи төзімділігі мен  денсаулығы томендейді, өнімділігі мен өнім сапасы азаяды Сондықтан да қора-жай ішінде микроклиматтың сақталуы үшін ауаны тазартып түру аса пайдалы. Желдетудің түрлері. Мал қораларында желдету аралас түрлері пайдаланылады.

 Мұнда қорадағы ластанған ауа оны сыртқа шығаратын құбырлар (шахталар) арқылы шығарылады, ал таза ауа — арнайы құбырлармен кіргізіледі. Ауаны сыртқа шығаратын құбырлар саңылаусыз әрі жақсы қымталған (жылытылған). Себебі қорадан шығатын жылы ауа құбырдың жоғарғы жағына жеткенше суымау керек. Егер құбыр нашар қымталған жағдайда оның қабырғасында сужиналып, ауаны сору жылдамдығы азаяды.

Ауаны сыртқа шығаратын құбырлардың (шахтаның) жүмыс істеу қабілеті олардың биіктігіне тікелей байланысты (биіктігі 3,5-5 м арасындағы құбырлар едәуір тиімді істейді). Ауа шығаратын шахталардың көлденең кесіндісі 0,8х0,8-ден 2,0-2,5 м дейін барады.

Ауа кіретін каналдар (мөлшері 0,2×0,2 м) көлденең қабырғалардың жоғарғы деңгейінен 1,8-2 м биіктікте орналастырылады, ал терезенің астындағы саңылаулардың көлденең кесіндісі 1,7×0,06 м шамасында.

Желдетудің табиғи жүйелері негізінде сиыр, қой және жылқы қораларында қолданылады. Айта кететін жағдай, табиғи желдетудің аталған түрлері сыртқы ауа температурасы төмендегенде (-12°С төмен) немесе өте жоғарылағанда жеткіліксіз жүмыс істейді.

 Қазіргі соғылатын мал қораларында (әсіресе, құс қораларында) желдетудің аралас жүйелерін (кірмелі-шықпалы) пайдаланған тиімді деп табылуда (2-сурет). Былайша айтқанда қорадағы ауаның қысымы сыртқы ауа қысымынан жоғары (сыртқы суық ауа немесе лас ауа кірмеу үшін).

 

1-ауа шығатын құбырлар; 2-ауа таралатын құбырлар; 3-желдету камерасы.

 

Сурет 2. Ауа алмасудың аралас жүйесі

 

Мал қораларыңдағы желдету жүйелерінің тиімділігі әртүрлі факторларға байланысты: климатқа, малды ұстау технологиясына, малдың түріне, жасына, өнімділігіне және т.б.

Күн радиациясының мал организміне әсері.

Сәулелердің мал организміне биологиялық әсері олардың толқындарының үзындығына байланысты: толқындар үзындығы қысқа болған сайын, олардың ауьггқуы да жиі, квант энерғиясы да жоғары және олардың әсеріне организм реакциясы да күшті. Күн сәулесінің мал бейімделген ең күшті (қауіпсіз) қуатты спекторының жоғарғы деңгейі 280—290 нм құрайды (адам үшін 320—330 нм). Барлық сәулелер мал организміне жылулық әсер етеді. Бірақ, жылудың сіңу тереңдігі әр түрлі болып келеді. Мысалы, инфрақызыл сәуле теріге (5 см дейін) еніп, жылу тудырады. Сөйтіп, үлпа қызуы көтеріледі, гиперемия пайда болын, терідегі алмасу процестері күшейеді және фагоцитоз реакциясыныц белсенділігі артады.

Мал қораларында жарық жетіспеген жағдайда малда қанның аздығы, остеомаляция, қүныс және т.б. аурулар туады. Сондықтан мал қораларында табиғи жарықтылықтың жеткілікті болуын ескерген жөн. Табиғи жарықтылықты мал кораларында геометриялық (жарық коэффициенті) немесе жарықтық-техникалық (ТЖК) әдістермен нормалайды.

Практика жағдайында мал қораларында геометриялық әдісті жиі қолданады (қарапайым әдіс). Мұнда табиғи жарықтылықты (жарық коэффициенті — ЖК) терезе луданының еден ауданына қатынасы арқылы анықтайды. Бұл қатынас (ЖК) мал қоралары үшін 1:8-1:15 аралығында болуы керек (мысалы, сиыр қораларында ЖК — 1:10-1:12). Бұл өдістің кемшілігі географиялық аумақтардың жарықтық-климатикалық ерекшеліктерін ескермейді. Сондықтан бұл әдіске қарағанда жарықтық-техникалық әдіс (табиғи жарықтылықтың коэффицентін анықтау — ТЖК) анағүрлым дәлірек.

Ультракүлгін сәулелерінде, әсіресе В тобында белок молекулаларын, нуклейн қосылыстарын қоздыруға жететін квант энерғиясының үлкен күші бар. Сонымен қатар тыныс алу және қан айналу ағзаларының қызметі, үлпалардың оттегімен қоректенуі де жақсарады. Әсіресе, ультракүлгін сәулелері терінің беткей қан тамырларының кеңеюі есебінен организмге жалпы эритемді әсер етеді. Сойтіп түк қылшықтың өсуі күшейеді, тері және май бездерінің қызметі жақсарып, мүйізді қабат қалыңдап, эпидермис тығыздала түседі. Ультракүлгін сәулелердің үзақ уақыт бойы әсер етуі мал үлпаларын зақымдауы мүмкін.

Микроб клеткаларының нуклеинді қосылыстарына ультракүлгін сәулелерінің әсері олардың тіршілікке бейімділігін әлсіретеді. Сондықтан да күн сәулелерін ежелден бері сыртқы ортаның бактериостатикалық және бактериоцидтік өсері бар, қуатты табиғи дезинфектант (зарарсыздандырушы) деп біледі.Әсіресе бактерицидтік әсері күші мол ультра күлгін сәулелердің болігі болып табылады (толқын үзындығы 250—260 нм). Микробтардың вегетативтік (оскін) формалары мен вирустар күн сәулесі тікелей түскенде 10-15 минутта, ал споралы формалары — 40—60 минуттан кейін толық жойылады.

Мал қораларының табиғи және жасанды жарықтылығы 50—75 лк аралығында болғаны жөн, ал ұзақтылығы тәулігіне 10—18 сағат аралығында (бордақы малдары үшін 50 пайыз томен).

Мал қора-жайларында нормалық-қалыптық жасанды жарықты газбен зарядталатын шамдары бар ПВЛ (шаң мен ылғал отпейтін) типті люминесценттік жарық берғіштермен жасаган жон. Мұндай шамдардың қуаты 15 Вт-тан 80 Вт аралығында. Қуатгылығы 40 пен 80 Вт аралығындағы шамдар шаруашылықта Қөңінен қолданылады (ЛД,ЛЕ, ЛБ және б.). 1>үл шамдардың спектрлік сипаты күндізгі (табиғи) жарыққа жақынырақ келеді.

Мал қорасы ауасындағы шаң құрамы

Ауада әруақытта шаң-тозаңның азды-көпті мөлшері кездеседі.Ауа шаңының және басқа қоспалар ерекшелігі олардың бөліктерінің тез қонуға деген қабілеті бар тозаң болып табылады. Шаң негізінде жеңіл қатты бөлшектер түрінде кездесіп, минералдық немесе органикалық шығу тегімен сипатталады.Атмосфераның төменгі қабатының ауасындағы шаңның шоғырлануы 0,25—25 мг/ м3 аралығында.

Олар органикалық, минералды және аралас шаң болып бөлінеді.Минералды шаң қорадан тыс жерде (топырақ бөлшегі, кварцты, әкті және т.б.) болады. Қора ауасында органикалық шаң көп (өсімдік талшықтары мен спорлары, дөн, жем-шоп, тосеніш, қи, эпидермис, қауырсын, жүн болшектері, микроорганизмдер) кездеседі.

Мал қорасы ауасындағы шаң құрамы бір тәуліктің ішінде жем-шоп таратуда, азықтандыру мен желдету жүйелері, қи және саңғырық жинау әдістеріне байланысты күрт ауытқып отырады. Кейде сусымалы жемді еденге салып бергенде мемесе жемді жоғарыдан шашып берген кезде ауадағы шаң аса көп молшерде кобеюі мүмкін. Шаң молшерінің әсуі азықтандыру (4,3 мг/м дейін) және қораны тазалау (4,3 мг/ м дейін) кезінде кобейетіні байқалған.

Мал қораларында шаң мөлшері ауаның әр текше метрінде 0,5 мг-нан 6 мг аралығынан аспауы керек.

Шу және оның мал организміне әсері

Шу дегеніміз әртүрлі дыбыстар үйлесімі. Қора-жайдайында шуға қажетсіз, тәртіп жүйесі жоқ әртүрлі дыбыстар жатқызылады. Шудың организмге әсері оның қатты шығуына және күшіне байланысты. Шудың олшем бірлігі Вт/м Дыбыс күші амплитуда үлғайған сайын өсе түседі. Бұл кезде паскальмен Па (Н/м2) өлшенетін дыбыс қысымы да оседі. Дыбыс қысымы үлғайған сайын дыбыстың қаттылығын сезу де күшейеді.

Бүгінгі мал қора-жайларда шуды малдың өзі, технологиялық  жабдықтар: атап айтсақ жем-шоп дайындап, тарататын, көң жинап, қи шығаратын, қора-жайды желдететін,сиыр сауатын машиналар мен механизмдер шығарады.

Шудың әсерінен сиыр организмінде айтарлықтай физиологиялық өзгерістер болады: тынысы тарылып тамыр соғысы жиілейді, оттегін пайдалануы және жылу өнімінің деңгейі  төмендейді, күйсеу және қарынның жиырылу жиілігі, сүттілігі кемиді. 60 дБ-ден 120 дБ-ге дейін шу тауықтың жұмыртқалағыштығын, ірі қара төлінің қосатын салмағын төмендетіп, олардың дене қызуын көтереді, эритроңиттер мен гемоглобиндер мөлшерін азайтады.

Шуды азайтқанда адам қамын ойламаса да болмайды. Өйткені, шу әлгі айтқан көрсеткіштен асса адамға да, сол малды бағатын, сауатын т.б. жұмысшыларға да зиян. Сондықтан да мал қора-жайларында аппараттарды осы шамаға қарай реттеп, шуды басу жағын қарастыру керек. Сыртқы шуды қора- жайдың жан-жағына егілген ағаштар мен бұталардың өзі жібермейді.

Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организміне әсері

Атмосфераның төменгі бөлігінің бір аумақта қысқа мерзім ішіндегі жағдайы ауа райы деп аталады. Бұл жағдай атмосфералық қысыммен, температурамен, ылғалдылықпен, жел күшімен, күн сәулесінің кернеуімен, бұлттылықпен және жауын-шашынмен сипатталады.

Ауа райының мал организміне тікелей де, жанама да әсер ететін гигиеналық маңызы бар.Ауа райының организмге тікелей әсері оның жылу алмасу процесіне ықпалы арқылы жүзеге асырылған. Ауа райының жылы, ыстық болуы малды қорада ұсталғанда да, өрісте баққанда да тіпті тасымалдау кезінің өзінде организмді қыздырып малға ыстық өтуі мүмкін. Суық ауа райы кезінде малға әсіресе төлге, суық тиіп жиі ауырады. Күзде, қыста, тіпті көктемнің ызғарлы салқын кезінде, күн сәулесінің, әсіресе ультракүлгін сәулелерінің қарқындылығы төмендейді (50 пайыздан жоғары). Сонымен бірге ауа райы жағдайы шөптің жақсы көктеуіне мүмкіндік береді немесе нашар өсуіне әкеліп соқтырады. Мал шаруашылығында микроклимат деп мал қораның климатын айтады. Мал қораның микроклиматы ауаның физикалық жағдайына оның газбен, микробпен, тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады. Микроклиматтың пайда болуына және оның көрсеткіштеріне сыртқы ортаның барлық факторлары әсер етеді: ауаның физикалық жағдайы, газдық құрамы, күн сәулесі, өсімдіктер мен су көздерінің болуы, жер рельефі және т.б.

Мал қораларында микроклимат жасаңды болуы да мүмкін. Оны жасау жергілікті климатқа, ғимарат жақтауларының жылу сақтау қасиеттеріне, желдетуге, жылыту көздеріне, канализацияға, малдың орналасу тығыздығына, ұстау технологиясына және т.б. тікелей байланысты.

Электр қауіпсіздігі

 Адамның ағзасына электр тогының әсері әр түрлі болуы мүмкін. Атап айтқанда, токтың әсерінен адам денесіндегі үлпалардың жыртылуы, дененің күюі, қанның үюы, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы, сол арқылы жүректің, өкпенің және кейбір Бұлшық еттер-дің жұмыстары тоқтауы мүмкін.

Электр тогының адамға әсерін, негізінен, екі түрге беледі: электр жарақаты (дененің кейбір жерлері); электр соққысы (жүрек пен өкпенің жұмысының бірдей тоқтауы).Электр тогының малға әсері де адамға жасайтын әсерімен бірдей. Электрлік мүмкіндікті теңестіру ауылшаруашылық малдарының электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолданылады. Ол үшін малдың алдыңғы және артқы аяқтарының астындағы бетонға диаметрі 6-8 мм сым салынып, жерге түйықтағышқа жалғанады. Статикалық электр қуаты диэлектрлік қатты, сұйық және газ күйіндегі заттардың өзара үйкелісінен пайда олады. Автоцистерналармен жанар-жағармай тасымалдағанда немесе оларды құбырлармен айдағанда, тегершік пен (шкив) қайыс белдіктің арасындағы үйкелісте, дәнді немесе жүгеріды турағанда олардың үйкелісінен пайда болатын зарядтар қопарылысқа, өртке, тіпті адамдардың жарақат алуына әкеліп соқтыруы мүмкін, статикалық электр қуатынан қорғанудың негізгі жолы  ол заттардың үйкелу жылдамдығын бәсеңдету, жерге түйықтау арқылы зарядты жерге жіберу. Мысалы, резеңке доңғалақтары бар жанармай тасымалдайтын машиналарға металл, шынжыр тағылады және кем дегенде, шынжырдың бес тізбесі жерге тиіп жүруі тиіс.

Жауын кезінде найзағайдың соққысы да өмірде кездесіп түрады. Найзағайдың қауіптілігі сонда, оның соққысы тек қана жылу мен механикалық әсер жасап қоймайды, оған қоса оның электрмагниттік әсері бар. Демек, найзағай денеге тікелей соққы жасауы да мүмкін және басқа бір ток өткізетін заттар арқылы да денеге әсер етуі мүмкін. Оның кернеуі, әдетте, ондаған мың вольт болады.

Мал шаруашылық ғимараттарын жобалау кезінде өрт қауіпсіздік шаралары

Өртке қарсы iс-шаралар жобалау және мал шаруашылық фермалардың құрылысында өрт жануарларды қорғау қамтамасыз ететiн өртке қарсы iс-шараларды кешендi жобалау және мал шаруашылық ғимараттың құрылысында есепке алынады, технологиялық жабдық, құрылыс құралым. Мал шаруашылық кешендерінде қалыпты микроклимат жағдайларымен қамтамасыз ету арқылы мол  өнім алуға болады.

Мал шаруашылық ғимараттарда әр түрлi жанар заттар және материалдарда болады:

  1. жүк көтергiш және ғимаратты қоршайтын құралымдар және (ағаш қабырғалар, қоршау торшалар және станоктар, жамылғы, аражабын, қалқа) бөлме;
  2. қабырғалар және ғимараттың жабындарының (өте жиi көбiктi полистирол) полимерлiк жылытқыштары тағы басқалар;
  3. технологиялық, электротехникалық жабдық және желдету жүйелері;

Мал шаруашылық ғимараттары В және Д категориялы ғимараттармен салынады. Мал шаруашылық ғимараттарының отқа төзімділік дәрежесінің көрсеткіштері кесте 1-де көрсетілген. Мал шаруашылық фермалардың өрт қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етуi бойынша конструктивтiк, орналастыру және техникалық шешiмдердiң негiзгi бағыттары келесідей:

  1. құрылыс құралымы және мал шаруашылық ғимараттардың инженерлiк жабдығын қолдану отқа шыдамдылық және тұтанғыштық қажеттiлігі;
  2. мал шаруашылық ғимараттарын секцияларға бөлу, өрт жүктемесi, малдардың түріне, санына, аумағына қарай тағайындау;
  3. ғимараттарда малдар үшiн шығу және эвакуациялық жолдардың қажетті өлшемдері мен жасау;
  4. малдардың тез босау себепшi болатын техникалық құрылымдардың қолдануы және бокс есiктерiнiң бiр уақытта ашылуын қамтамасыз ету;
  5. түтiнге қарсы қорғанышты енгiзу;
  6. өрт сөндiрудiң құралдарының бар болуы.

Құрылыс құралымдары өртенбейтiн, нашар жанатын және жанғыш материалдардан даярлайды. Жанатын және қиын жанатын материалдан жасалған ғмиараттар  конструкциялары тез тұтанады да бүкіл ғимаратқа тез уақытта таралады.

Әр түрлi от конструкцияларға әртүрлi жылдамдықпен таралады. Мал шаруашылық ғимараттардың тиiстi отқа төзiмдiлiк дәрежесi П-шы ҚНжЕ «Мал шаруашылық, құс шаруашылығы және аң өсiретiн ғимарат және үймараттар .» бойынша анықталады. Егер құрылыс құралымы әйтпесе отқа төзiмдiлiк шегi және оттың таралу шегi немесе олардың көрcетiлген мiнездемелерi бойынша өрт қауiпсiздiктерi талаптарды қанағаттандырмай экономикалық пiкiрлерден сонымен бiрге тиiмсiз тым көтеруге тиiстi оның нақты отқа төзiмдiлiк дәрежесiне тең болса, ғимараттың өрт қауiпсiздiгi сол жағдайда қамтамасыз етiледi. Қазiргi мал шаруашылық ғимараттардың құрылысында жамылғылар үшiн ағаш құралым, сонымен бiрге әр түрлi полимерлiк материал құрыштан жасалған темiрбетон, кiрпiш қолданылады.

Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесіндегі мал шаруышылық фермаларына қойылатын талаптар

Мал өсіру шаруашылығындағы от жағу арқылы жем дайындайтын вакуум-сорғыштар мен жылу генераторлары орнатылған бөлмелер, осы бөлмелер  қасындағы жем-шөп дайындауға арналған бөлмелер мал тұратын орындардан өртке қарсы қабырға, қоршау арқылы бөлінуі тиіс. Аталған бөлмелердің шығар есіктері міндетті түрде сыртқа ашылатын болуы тиіс.

 Малдарға арналған орындарда шеберханалар, қоймалар, автокөлік, тракторлар, ауылшаруашылық техникалар тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ ферма қызметіне байланысы жоқ басқа да жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.

Құбыры ұшқын өшіргішпен жабдықталмаған тракторлар, автокөліктер, шаруашылық көліктер бұл орындарға жіберілмейді.Сүт-тауарлық фермаларда 20-дан көп мал болса, арқандаудың топтық тәсілі қолданылады.

 Ферманың шатырларында жем азықтарын сақтау кезінде:

1) жабыны жанбайтын материалдардан болуын;

2) жанғыш және ағаш шатырлы жабынды күйіп кетуден қорғау үшін шатыр жағынан саз балшықпен жанғыш жабын үстімен қалыңдығы 3 см етіп сылақ жүргізуді;

3) шатырдағы электр сымдарын механикалық зақымдалудан сақтауды;

4) түтіндіктерді периметр бойынша 1 м қашықтық аралығында қоршауды қарастыру қажет.

 Электрлік брудерлерді пайдалану және қондыру кезінде келесі талаптар орындалуы тиіс:

1) жылуқыздырғыш элементтерден төсемге дейінгі арақашықтық тігінен 80 см, көлденеңінен 25 см кем болмауы тиіс;

2) қыздырғыш элементтер зауытта дайындалған болуы және қызған бөлшектері түспейтіндей нұсқада орнатылуы тиіс. Ашық жылытқыш элементтерді қолдануға рұқсат берілмейді;

3) оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бөліп тұрушы қалқаннан дербес желі арқылы жүзеге асырылады. Әр бурдердің өз ажыратқышы болуы қажет;

4) бөліп тұрушы қалқан барлық электр желісін өшіріп қосатын ажыратқышы, сондай-ақ токтың артып кетуінен және қысқа тұйықталуынан сақтайтын құралдары болуы тиіс;

5) брудердегі температуралық тәртіп автоматты қуатта болуы тиіс.

Жылжымалы әсіре күлгін қондырғылар және олардың электр жабдықтары жанғыш материалдардан 1 м кем емес қашықтықта орналасуы қажет. Электр брудер мен әсіре күлгін қондырғыларға баратын ішкі электр торабы еденнен 2,5 м кем емес биіктіктен және жанғыш құрылыстан 10 см қашықтықтан келуі тиіс. Қырқатын агрегаттың бензинді қозғалтқышын ғимараттан 15 м қашықтықта шөптен, қоқыстан тазартылған алаңда орналастыру қажет. Жанар-жағар май материалдар қоры жабық металл ыдыста және қырқу мен құрылыс орындарынан 20 м қашықтықта сақталуы тиіс.

Төтенше жағдайдалар және тіршілік қауіпсіздігі

Халықты және Республика аумағын ТЖ-лардан қорғау, ықтимал болатын нұқсан және залалды азайту мақсатында, ел тіршілік әрекеті сенімді түрде болуын және шаруашылық объектілердің жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз, ететін нәтижелі (тиімді) және тұрақты жүйе қажет. Осы салада біртұтас мемлекеттік саясат жүргізіліп, Республикалық бағдарлама жүзеге асырылуы тиісті.

Сондықтан Қазақстанда атап өткен мәселеге тиісті бірқатар заңдар, сондай-ақ өзге де заңдық және құқықтық актілер қабылданды.

Негізгілеріне ҚР-ның мына заңдары жатады:

  • Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы;
  • Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы
  • Азаматтық қорғаныс туралы;
  • Өрт қауіпсіздігі туралы;
  • Атом энергиясын пайдалану туралы;
  • Халықтың радиациялық қауіпсізідігі туралы.

Аталған ҚР-ның ТӘҚ саласындағы заңдары ҚР-ның Ата заңына (Конституциясына) негізделеді, оған қайшы келмейді, қайта баптарының мағынасын Қөңейте түседі. Мысалы, Конституцияның 31 бабында былай деп айтылған: мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

Осы зандар Қазақстан аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою, авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының әрекеттері жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, АҚ және ТӘҚ саласындағы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, ұйымдарының өкілеттігін, азаматтардың, шетелдік азаматтардың, және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Сондай-ақ заңдарға сай ТӘҚ-н ұйымдастыру мақсатында қажетті органдар мен ұйымдар құралған.

Республика Үкіметі ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы туралы ережені бекітеді. ҚР-ның ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы арнайы уәкілдік берілген, Үкімет құрамына кірмейтін мемлекеттік орган болып табылады және оның өзіне бағынатын аумақтық органдары болады. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де орталық атқарушы органдар тиісті аумақтағы ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты болады. Ұйымдарда және объектілерде АҚ штабтары құрылады немесе мамандар тағайындалады.

Сонымен, осындай түрде құрылған бірыңғай мемлекеттік жүйе ТЖ-лардың алдын алу және оларды жою үшін бейімделген. ТЖ-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады:

— ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ-лардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қауіпі туралы хабарлау;

 -ТЖ-лар   саласындағы   білімді   насихаттау,   халықты   және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.

Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-лардың деректер банкін жасау, ТЖ-ларды болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен ТЖ-ларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

ТЖ-лар саласындағы ақпарат ұйымдардың қызметтері қаншалықты қатерлі және зиянды екені, қажетті қауіпсіздік, зардаптар, ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәліметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелері арқылы жариялануға тиіс. Мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында ТЖ-лар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі құрылады.

Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейінгі мекемелер мен жалпы орта білім беретін мекемелерде, жұмыс орындарында мен тұрғылықты жерлердеғі ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету кәсіптік-техникалық, орта арнаулы және жоғарғы білім беру, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау мекемелерінде, ТЖ-дағы іс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында, жұмыс орындағы ұйымдарда жүргізіледі.

Қорғану шараларына — сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу, коммуникациялар жүйелерін жетілдіру және гидротехникалық, инженерлік-геологиялық  қорғану шаралары,өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдерімен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары және басқа да шаралар жатады.

ТЖ-ларды оқшаулау мен жою жөнінде алдын ала арнайы іс-қимылдар жоспарлары дайындалып бекітіледі.

ТЖ-ды жою шаралары оны жариялаудан басталады. Бірінші кезекте ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып іс-қимылды жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады. Олар халықты уақытша көшіру, қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісін жүргізуі мүмкін. Объектілердің жұмысы тоқталады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдануына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі. Шұғыл медициналық жәрдем дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болса басқа медициналық күштері мен құралдары тартылады.

Жағдайды тез арада тұрақтандыру, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау мақсатында ТЖ аймағында төтенше режимі енгізілуі мүмкін. Ондай кезде басқарудың ерекше түрлерінің белгіленуі, азаматтардың жекелеген құқықтары мен бостандықтарының шектелуі және заңдарда көзделген басқа да шаралардың қолдануы мүмкін.

ТЖ-дың жойылғаны туралы хабарлағаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.

ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті ТЖ-лар қорлары құрылып, тікелей мақсаты бойынша жұмсалуы мүмкін.

Шетелдік ұйымдар мен азаматтардың ҚР аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметіне, егер ол Қазақстан заңдарына қайшы келмесе немесе Республика бекіткен халықаралық шарттармен реттелетін болса, жол беріледі:

«Адам тіршілік әрекеттерінің сенімділігі мен шаруашылық объектілердің жұмысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе» деген бағдарламада ТЖ-лар жөніндегі мемлекеттік жүйенің жоспарларының бір қатар бағыттары белгіленген. Олардың ішіне мыналары кіреді:

-сейсмологиялық  бақылау  және  жер  сілкіністерін  болжау жөніндегі Республикалық жүйені дамыту;

— жаңа құрылыстардың сапалығы мен сенімділігі;

— өнеркәсіп объектілер жұмысының қауіпсіздігі;

— газ шаруашылығының қауіпсіздігі;

— радиациялық қауіпсіздік;

— ауа-райына байланысты маусымды ТЖ-лар;

— сел, көшкін, су басудан қорғану; бөгендер, бөгеттер және өзендер арналарының жай-күйі;

— Каспий теңізі:  деңгейінің өзгеруі және нагон (кері су ағу) құбылыстары;

— түрлі өрттер; оларды өшіруге дайындылық;

— эпидемияларға қарсы шаралар;

— ақпарат, байланыс және құлақтандыру жүйесін жетілдіру;

— басшыларды,   мамандарды   және   халықты   оқытып-үйрету, насихаттау;

-қаржы,      материалдық-техникалық,      азық-түлік      және медициналық қорларды жасау;

— ТЖ-лардағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі;

— ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, дамыту;

— әскери сипаттағы шаралар;

— нысаналы бағдарламалар;

— халықаралық қатынастар.

Азаматтық қорғаныстың ауылшаруашылық өндірісінде ұйымдасуы

Мемлекет тарапынан халықты, территорияны және шаруашылық объектілерін қорғау саласында АҚ іс-шаралары мынау кездерде көзделеді:

— табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан; жер сілкінісінен;

— үлкен    су    қоймаларының    және    теңіз    деңгейінің    өзгеру салдарынан;

— пайдалы   кен   орындарын   өңдеумен   байланысты   төтенше жағдайлардан;

— жаңартылған қауіпті қару-жарақтардан зақымданудан қорғау.

Осымен қатар инжерлі-техникалық іс-шаралардың және тұрғындар мен мамандардың АҚ-қа дайындығы көзделеді. Аталған іс-шаралардың әр пунктіне ағымды және перспективті жоспарлар өңделу керек. Мысал ретінде келесі жағдайларды алсақ болады:

— сел,  су  тасқыны,  жер  көшкінін  және  тағы   басқа  қауіпті экзогенді жағдайларды ескеріп, осы ауқымда құрылысты жоспарлау;

— мүмкін болатын ТЖ-лардың жалпылаша жай-күйін бақылау жүйесін ұйымдастыру (мониторинг), ғылыми зерттеулер және жағдайды жорамалдау;

— азық-түлік, дэрі-дәрмек, тіршілікті қамтамасыз ететін жабдықтар қорларын құру;

— ғимараттардың және құрылыстардың апатқа қарсы тұру төзімділігін қамтамасыз ету;

— іздестіру және құтқару, апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және зардап шеккендерге жедел медициналы жедел медициналы;

— жер қойнауын пайдалануда барлық сатыдағы экология талаптарын сақтау;

— барлық құрылыс жұмыстарының есеп-жоба құжаттарын АҚ-тың басқару органдарымен мақұлдасу;

  • АҚ-қа арнайы қызметкерлер мен бастыларды дайындау, мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастап, тұрғын аймақтарын арнайы оқу бағдарламасы бойынша оқыту.

Азаматтық қорғаныстың күштері

АҚ-тың күштері әскери және бейбітшілік кезеңінде әртурлі АҚ іс-шараларын өткізу үшін арналады және өміршеңдіктің қауіпсіздігі Мемлекеттік системалардың құрастырушы бөлігі болып табылады; олар үйретілген, қару-жарақтармен, техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етіліп құрастырылған және іс-қимылдарға дайын болу керек. АҚ күштерін пайдалануы келісілген деңгейдегі АҚ-тың басшылары шешімімен жүзеге асырылады.

АҚ күштері мыналардан тұрады: АҚ әскери бөлімдерінен әскери емес жасақтардан, сондай-ақ, жасақтары

 а)  территориялық, объектілік жасақтары мен АҚ және төтенше жағдайлар қызметтерінің жасақтары;

б)  республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел-құтқару отрядтары сияқты әскери емес жасақтар болып келеді.

Әскери емес жасақтар АҚ күштерінің негізін құрайды.

Үкімет шешімімен құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша ІІМ — ішкі істер министрлігі; ҚМ -қорғаныс министрлігі бөлімшелері, ведомстволық, мамандандырылған авариялық-құтқару; авариялық-қалпына келтіру, әскериленген және тағы басқа жасақтар тартылуы мүмкін.

АҚ әскери бөлімшелері бейбіт кезде зардап шеккен халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді, туған республиканың шекарасында да және арнайы келісімі бар шет мемлекеттерде де іздестіру-құтқару жұсмыстарын жүргізеді;адамдар құрамының білімін бағалаумен және дайындығымен айналысады; соғыс кезеңде зақымдану ошақтарында радиациялық және химиялық бақылаулар, құтқару және тағы басқа шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, халықты эвакуациялау шараларына қатысады, тылдық елеулі объектілерін қалпына келтірумен байланысты арнайы тапсырмаларды орындайды (мысалы, аэродромдарды, көпірлерді жөндеу). АҚ әскери бөлімшелері ішінара азаматтық персоналмен де құралады. Қорғаныс министрлігі Президент жарлығы бойынша кәмелетке жеткен азаматтарды нағыз әскери қызметке, сонымен кейбіреулерін АҚ жүйесінде қызмет атқаруға тартады, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдағы, оның территориялық органдарының, АҚ әскери бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоға бағынатын ұйымдардың шақырылған контингентпен және мобилизациялық ресурстармен адам құрамын толықтырады. АҚ әскери емес жасақтары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады, сонымен объектілік және территториялық болып бөлінеді. Құтқару ұйымдары барлауға, іздестіруге және зардап шеккендерді құтқаруға, оларды үйінділер астынан шығаруға арналады, алғашқы медициналық көмек көрсетеді; олар жинақталған құтқарушы отрядтардан, командалардан, ізденіс топтарынан, барлау бөлімшелерінен және тағы басқалардан тұрады. Инженерлік жасақтар инженерлік барлау топтардан, жол-көпірлік командалардан, жарылыс жұмыстарын жүргізетін топтарынан және тағы басқадан тұрады, яғни осылар жолды салумен, қираған ғимараттарды аршумен т.б. айналысады.

АҚ қызметтерінің жасақтары халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге, құтқару жасақтарды күшейтуге арналады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, өрт сөндіру, транспорттық және тағы басқа қызметтер болып бөлінеді.

Жедел құтқару отряды жоғары дайындықта тұратын жасақтар болып келеді, және жоғары дәрежелі объектілерде, күрделі аймақтарда, енуге қиын аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу үшін, зардап шеккендерге жәрдем көрсету үшін арналған.

 

 

5 ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

 

 

Қоршаған ортаны қорғау. Табиғат жүйелерінің  және бүкіл биосфераның дамуының негізі трансформация процессінде және азот пен энергияның шын мәніндегі таралуында жатыр. Бұл процесстер литосфера, атмосфера, гидросфера қатынасымен анықталғаған циклмен сипатталады.

Өнеркәсіптік өндіріс масштабынада шикізаттың жаңа түрін өңдеу, өндірісте үлкен көлемде қалдықтардың бөлінуіне алып келеді. Бұл ортаны ластандырады және геохимиялық ортаны өзгертеді.

Қоғамның мүшелер әрекеті немесе топтар қазіргі және болашақ ұрпақ үшін, экономикалық және ұрпақ үшін әлеуметтік қоршаған ортаны қорғау негіздерінде бағытталған болуы қажет, және де шаруашылық  ісәрекеттің және табиғи экологиялық жүйеге биологиялық түптілікті сақтауға, зиянды әсерлерін болдырмау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды тиімді қолдануды үйымдастыруға бағытталған болуы қажет.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны  ластаушыларының негізгі көзі болып табылады. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптерден газ түрінде, сүйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жүмсалады. Бүл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бүл жағадайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор автокөліктер шығарындылары кұрайды. Сол себепті автокөліктерге және жанар-жағармай сапасына халықаралық стандарттарды енгізуіміз қажет.

Су қоймаларға лас немесе дұрыс тазартылмаған ағынды сулардың кұюы әлі күнге жалғасуда. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесі әл күнге дейін өте маңызды мәселе болып тұр.

Қазіргі таңда отандық кәсіпорындарда 6 миллиард тоннаға жуық қалдық жиналған. Пайда болған қалдықтардың 15 пайызы жойылса да, оның көлемі жыл сайын 700 миллион тоннаға жуық артуда. Бұл республикадағы қалдықтарды жоюды ынталандыру бағдарламасын қабылдауды талап етеді.

Министрлік тарапынан 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясының «Қоршаған ортаны қорғау жэне тұрақты даму» бөлімі бойынша үш стратегиялық бағыт ұсынылады:

  • қалдықтарды кешенді түрде қайта өндеу;
  • табиғи ортаны қалпына келтіру;
  • қоршаған ортаға эмиссияны төмендету.

Бірінші бағыт бойынша, елімізде қалдықтарды қайта өндеу ісі кәсіпорындар тарапынан жүйесіз іске асырылуда. Ол жұмыс әр түрлі ведомстволар арасында бөлініп тасталынып, бір жүйеге келтірілмеген. Қалдықтарды толық көлемде пайдалану үшін пайдалы қазбаларды нысандардан кешенді өндіруде тиімді заманауи технологиялардың пайдаланылмауы кедергі жасауда.

Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекет меншігіндегі қалдықтарын бөлу мақсатында қалдықтарды түгендеу және мониторингін жүргізу жүйесін әзірлеу қажет.

Қалдықтарды басқару мәселелерін шешу бойынша ведомствоаралық үйлестіру жөніндегі органды анықтауымыз тиіс.

Сондай-ақ, қалдықтарды тиімді басқаруды экология-экономикалық ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеуіміз қажет.

Эмиссия нормативтерін, энергиялық тиімділіктің, энергия жэне ресурсүнемдеуіш критерийлерін, сондай-ақ барынша қол жетімді технологияларға көшудің мерзімі мен тэртібі көрсетілген кешенді экологиялық рүқсаттарды енгізу керек.

Сонымен қатар, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерінің негізінде экологиялық нормалауды және «жасыл сатып алулар» практикасын енгізуіміз қажет.

Киото хаттамасы тетіктерін пайдалану жэне Энергияүнемдеуіш саласының жэне қайта жаңартылатын жэне альтернативті энергия көздерін, кіші гидроэнергетиканы дамыту, шахталық метанды және ілеспе газдарды кәдеге жарату, жылу жүйелерін оңалту инвестициялық жобаларын іске асыру тиіс.

Осы қалдықтары әр түрлі химиялық заттар мен ауаны, суды және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып соңынан адам организміне  келіп түседі. Ол заттардың өзінің табиғатына шоғырлана адам организміне әсер ету уақытына қарай әртүрлі жағымсыз нәтижелер тұғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болсада да адамға әсері өте күшті болып келеді. Ал үнемі ондай орта өмір сүргеннен қазіргі кезде көптеген бұрын болмаған аурулар туындап отыр ( ісік аурулары, тыныс алу жолдары т.б.).

Қазақстан Республикасының көптеген өндірістік орталықтар бар, химиялық, мұнай, тамақ, тоқыма, құрылыс т.б. олардан шыққан қалдықтар, шайынды сулары халықтың денсаулығына және қоршаған орта жағдайына кері ықпал етеді.

Жыл сайын өнеркәсіптер миллиондаған текше метр суды қолданып, оны ластанған түрде қоршаған ортаға қайта жіберіп отырады. Олардың құрамындағы зиянды заттардың мөлшері бірнеше мыңдаған тонна деңгейіне жетеді.

Бұл бөлімнің мақсаты технологиялық процесс барысында пайда болатын қалдықтардың шығу орнын, мөлшерін және сапасын анықтау. Экономикалық- экологиялық зиянкестікті болдырмау, табиғатты қорғау шараларын жасау.

«Манкент ӨК-нің» шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Сайрам ауданында орналасқан. Шаруашылық ірі қара мал және егін шаруашылығымен айналысады. Сол үшін де мынадай іс-шаралар атқарады.

Жер жағдайына байланысты желге қарсы эррозия іс шараларын ұйымдастырылған. Қарды тоқтату жүмыстары да жүргізілуде.

Бүл іс-шаралар жел эррозиясының бар зиянды әрекеттеріне қарсы түруға мүмкіндік береді.

Суарылатын жерлер жер қүрылымына байланысты бақылауда болады. Ол жерлерге өсімдіктерді паспорттальйуы мен ол жерге жүмсалатын сулардың есебі бар. Шаруашылықта топырақ қартасы бар, жайылымдардағы өсімдіктер паспортталған.

Шаруашылықта     жайылымдардың            минерал   қоректендірілуі

қамтамасыз  етілген.  Минералды тыңайтқыштарды қолдануда дүрыс жолға қойылған. Минералды тыңайтқыштар арнайы қоймаларда сақталады.

Өлген жануарларды арнайы машиналармен Шымкент қаласына жібертіліп, сол жерде етті-сүйекті ұнға айналдырылады.

Ауылшаруашылық машиналар жерді майлау сырлау материалдарымен ластамайды. Себебі бас механик кезек-кезегімен техниканы бақылап отырады.

Ауылшаруашылық жануарларын жылына бір рет улы-химикаттармен өңдеп отырады (гексхлоран, креалинмен т.б). Осылай жүмыстар атқарылатын болғандықтан, сондай химикаттар сақталатын шаруашылықта арнайы бөлмелер арналған. Малдарды шомылдырған су арнайы дайындалған терең, траншеяларға барып қүйылады.

Шаруашылықта арнайы көңхана бар, сондықтан көң басқа бір жерде сақталады, жан-жағы жақсылап бекітілген.

Шаруашылықтағы негізгі су көзі Ақсу өзенінен келетін арықтар болып
табылады. Жануарларды суару үшін бірталай жерде орналасқан астаулар
қойылған.   Ол      суды     ластанудан     сақтайды.

Ауылшаруашылық техника гараждағы арнайы жуылатын орындарда жуылып, тазаланады. Сарқынды сулар арнайы траншеяларға қүйылып, таза суларды ластамайды.

Шаруашылықта    су    пайдалану   тиімді    жүзеге    асырылады.    Жерді суарғанда ғана су артығымен жұмсалуы мүмкін. Себебі су жер құрылымына қарай      пайдаланылады.  Ол      әрине  өсімдіктердің паспортталуына, жер рельефіне байланысты.

Бірақта, сарқынды сулардың тазаланбайтыны сияқты кемшіліктер де жоқ емес.

Шаруашылықта    мал    шаруашылығы    құрылыстары    соған    керекті талаптарға сай құрылған. Онда «Жел бағыты» да еске алынған. Барлық мал қораларында табиғи вентиляция еске алынған. Шаруашылықтың орталық адамдар   тұратын   жері   ауаның   тазаланып   тұруы   қарастырыла   орналастырылған.

Мал шаруашылығының орындары мен ауыл тұрғындарының орындары арасы барлық зоотехниялық тәртіпке сай орналастырылған.

Шаруашылықтағы шабындыық пен жайылымдар жұмысы жоспарлы жүргізіліп келеді. Жабайы ағаштарды шабу жұмыстары жоспарлы жүргізілуде, оларды отырғызу да жоспарлы түде жүргізілуде. Отар жанында жиналған шөптерді өрттен сақтау, жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Шақпақтан сақтану іс-шаралары да ойдағыдай жүргізілуде.

Шаруашылықтағы барлық азық қоймасы найзағайдан сақтану шаралары үйымдастырылған. Шаруашылық террриториясындағы дәрілік шөптер қорғауға алынған.

Осы өңірде жабайы жануарлар дүниесі өте алуан түрлі.
Сүтқоректілерден  айтатын  болса  қасқырлар,   түлкілер, қаңғыған иттер мен мысықтар бар; ал құстардың сан алуан түрлері бар, оларды қорғап кейде тамақ беріледі.

Қазіргі кезде осы жануарларды маусымдық аулау тәртібі сақталып отырған жоқ. Шаруашылықта жабайы жануарларды азықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Шаруашылық  аймағында орналасқан мектепте «жасыл ел» бағдарламасы жолға қойылған. Шаруашылықта табиғатты қорғау жұмыстары жөнінде үгіт-насихат жұмыстары молынан жүргізіліп отырады. Айта кететін нэрсе шаруашылықта 15 адамнан тұратын өрт сөндіру ұйымы бар. Осы топтың арқасында өртке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

 

Есептеу бөлімі

Манкент өндірістік кооперативіндегі қалдықтарды топыраққа тастағаннан экологты-экономикалық шығынды  келесі  формула бойынша есептейміз

 

                                                     Уп= gпсп                                                         

 

бұл жерде:     gп – қалдықтарды  әдейлеп белгіленген  аумақтарда, полигондарда, санкционирленген қоқыс жинау орындарында, жинағыштарда орналастыру үшін төлемақы тенге  1 тоннаға, 2013 жылға  АЕК (МРП) = 1731  тен/шарт.т

 

                    Кс –  өндірістің қалдықтары орналасқан аумақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші,

                    Мп – қалдықтардың салмағы, т/жыл

 

                  У= 1731*0,018*1,8*150 = 8412,66 тен

 

Сауын сиырларды азықтандыру кезінде қоршаған ортаға шыққан қатты қалдықтардың 8412,66 тенгеге шығын әкеледі. Атмосфераға және гидросфераға тигізетін әсеріде көп емес.

 

 

Қорытынды

 

Бүгінде қоршаған ортаны қорғау туралы айтып, жазып және теледидар бойынша көрсетуде. Бүл мәселе ғылыми түсінік аясынан шығып кетіп және әрбір мемлекеттің және әрбір түлғаның ойлауын және сол туралы қобалжуын тудыратын зат болып отыр. Біздің өзімізден басқа ешкім табиғатты, қоршаған ортаны, элемді қүтқарып қала алмайды. Көпшілік жағдай біздің өзімізге, біздің түсінігімізге және қоршаған ортаның сапасын сақтау құндылығына байланысты болып отыр.

Өндірістің көптеген салаларында өнімді шығаруда цех атмосферасына және қоршаған ортаға әртүрлі ластаушы элементтер бөлінеді. Қазіргі технологиялық жағдайда жабдықтардан бөлініп жатқан ластаушыларды толық жою, яғни жабдықтардан ластаушылардың толық бөлінуге мүмкіндік жоқ.

Қазақстан парламентінің сессиясында қабылданған бағдарламасында былай делінген:

«Еңбек жағдайын мейлінше сауықтандыру халық жағдайын көтерудің ең бір маңызды мәселесінің бірі болып саналады». Барлық өнеркәсіп орындарында қазіргі заманға жаңа санитарлық-гигиеналық жағдайлар орнатылған болып өндірістік мертігу және кәсіптік ауруды жоғалтуды қамтамасыз етеді.

Үкімет қаулысында былай қабылданған.

Табиғатты қорғау, қоршаған орта тазалығы үшін күрес, табиғат байлығын ұқыпты пайдалану мәселелері мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны әбден заңды.Сондықтан да, экалогиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау — әрбір азаматтың абыройлы борышы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

 

 

Жүгеріден даярланған сүрлемдерді сауын сиырлар рационына пайдаланудың экономикалық тиімділігі шаруашылыққа қатысты мәселелерді шешу үшін, мал басын арттыру, сиыр сүтінің сапасын арттыру мақсатында, шаруашылықтың жас төлдерді өсіру, оларды Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Манкент кеңшарының жағдайында арнайы өсіріп және сүт сауу жұмыстарын талдауымыз нәтижесінде қанағаттанарлық жұмыстарының жүргізіліп жатқандығына көзіміз жетті.

Ірі қара малдың өсуі мен дамуында болатын өзгерістерді есепке алу үшін бастапқы зоотехниялық есептер құжаттарын алдық. Олар 6 айлық, 12, 18, 24 айлық жасындағы тірілей салмақ және қара малдан алынатын сүтті тіркейтін арнайы журналдарды (күнделікті, декадалық және бір айлық, жылдық) алып, қарадық. Жас төлдерді және басқа да әртүрлі сиырлардың жасына қарай таңертең әлі азықтандыру жұмысы жүргізілмей тұрып, тірілей салмағын өлшеу 2 күн қатарынан жүргізілді. Өлшеу дәлдігі ±0,5кг болды. Әр кезеңде қосымша тірілей салмақ қосуы кезең соңында анықталып отырды. Ол бұзау туылған кезінен бастап, қашан (сатылған) өткізілгенге дейін жүргізілді. Жас төлдердің қосымша тірілей салмақ қосуының және әр бір сиырдан алынатын сүттің азықпен ақталуы есепке алынып, таза пайда анықталды. Асылтұқымды төлдерді сатудың және алынған сүттің экономикалық тиімділігі мен пайдасы есептелінген. Осы мәліметтерді пайдаланғанда шаруашылықтың жылдық есептері, өндірістік қаржылық жоспарлары кейінгі үш жылдық көрсеткіштермен айқындалды.

Тәжірибедегі сиырларды қорада 175 тәулік ұстадық, оның 22 тәулігі теңестіру уақыты болды. Бұл аралықта екі топтағы малдырдың азық рационы бірдей болды, оның азық мөлшері, қоректілігі, дәмділігі, азық түрлері, жүгері сүрлемі ашытқысыз дайындалған түрі болды. Бұл рацион, тәжірибелік аралық уақытта бақылау тобындағы сиырлардың жейтін азықтары болады, ал тәжірибе тобындағы сиырлардың жеген рационының айырмашылығы тек қана ашытқымен (Лактоколдарин — (Силоплант+ЦЛБ)) қосып дайындалған жүгері сүрлемі. (13-кесте).

13-кестеде келтірілгендей екі топтың рациондары, азық түрлері, және оның мөлшері, көлемі жағынан бірдей. Соған қарамастан олардың қоректілігімен жалпы азық дәмдәләктері өзгеше. Себебі, дайындалған жүгері сүрлемдерінің химиялық құрамы мен олардың мал организмінде қорытылуы да өзгеше. Айтарлықтай рацион өзгешелігі оның дәмділігінде, бақылаудағы азықтың өлшемінің көлемі 14 кг болса, тәжірибедегі 15 кг болды, яғни жалпы рацион дәмділігі тәжірибе тобында 1 кг артық, бақылау тобындағы азықтардың өлшеміне қарағанда. Сонымен қатар, бұл тәжірибеде бақылау тобындағы малдарға қарағанда, тобында органикалық қышқылдар 3,93%-ға, шикі протеин 6,36%-ға, қорытылған протеин 88,39%-ға, АЭЗ 7,14%-ға, оның ішінде қант 3,55%-ға, ал май 5,12 және жасунық 3,25%-ға кем болды. Қорыта келе, тәжірибедегі тұрған сиырлардың азықтық рационы олардың азық қоректілігін қорытылған протеинге, жасуныққа және майға, минералды заттарға деген қажеттілігін әр сиырдан 2500-3000 кг сүт беретін 450-500 кг тірілей салмағы бар малдардың нормалық мөлшеріне сай келеді екен.

 

 

14 — кесте

Тәжірибеде тұрған сиырлардың азық рационының құрамы мен қоректілігі (бір басқа шаққанда)

 

 

Тәжірибеде тұрған сауын сиырының азықтану рационы

(орташа бір басқа, бір тәулікте)

Көрсеткіштер

Топтар

Бақылау

Тәжірибе

1

Жүгері сүрлемі (ашытқымен), кг

30,0

2

Жүгері сүрлемі (ашытқысыз), кг

33,0

3

Жоңышқа пішендемесі, кг

6,4

6,4

4

Жоңышқа пішені, кг

5,0

5,0

5

Шөп ұны, кг

1,2

1,2

6

Арпа жармасы, кг

1,6

1,6

7

Ас тұзы, г

90,0

90,0

8

Фосфор қоспасы, г

60,0

60,0

Рационда бары

1

Азық өлшемі, кг

14,6

15,6

2

Құрғақ зат, кг

16,2

16,5

3

Органикалық зат, кг

12,7

13,2

4

Қорытылған протеин, кг

1,55

1,68

5

Шикі протеин, кг

2,2

2,34

6

Шикі май, кг

488,4

463,4

7

Шикі жасунық, кг

3,18

3,08

8

АЭЗ, кг

6,83

7,32

9

Қант, г

419,7

434,6

10

Кальций, г

216,5

218,7

11

Фосфор, г

69,6

70,1

12

Кобальт, мг

10,22

11,2

13

Мыс, мг

236,2

238,4

14

Йод, мг

11,8

11,7

15

Каротин, мг

398,6

407,1

 

Тәжірибеде тұрған екі топтың сиырларына беретін азық және оның қалған қалдықтарына өлшеп жүргізілген есеп бойынша, біз әр топтың сиырларының азықты жеу мөлшерін анықтадық. Ол бақылау тобында -78,4%, тәжірибе тобында -77,6% болды. Ал жүгері сүрлемінің жеп сіңірілуі бақылау тобында -73,3%,  ал тәжірибе тобында -77,7% болды. Сонымен қатар, жоңышқа пішенімен пішендемесіде жақсы желінді, ал құнарлы азықтың бірі арпа жармасы екі топтада жақсы желініп, қалдық қалмады.

Ашытқы салып дайындалған жүгері сүрлемі жақсы ашыған (рН=4,42), ірі қара мал жақсы қабылдады, қалдық жоқтың қасы. Жоғарыда келтірілген азықтың қоректік заттары, мал организмінде жақсы қорытылып, сіңімді келеді. Осының бәрі бактериялы ашытқы «Лактокалдерин»-нің биологиялық қасиетінің әсері деп айта аламыз. Өйткені бұл ашытқының құрамында целлюлололиттік микроорганизмдер бар. Ол жүгері құрамындағы жасунықты ерітіп, әртүрлі ұанттарға айналдырып, ішек қарындағы органикалық қышқылдарының көлемін арттырады. Оның ішінде сірке және сүт қышқылдары көбейеді және сірке қышқылы сүттің майлылығын арттырады, ал сүт қышқылы малдың сүттенуін қоздырып, оның көлемін ұлғайтады. Мәселен, тәжірибе тобындағы сиырларды бір басқа шаққанда 2320,5 кг 4%-дық сүт алынады, ал бақылау тобындағы сауын сиыр бір басқа 2071,7 кг немесе 6,85%-ға тәжірибе тобына қарағанда кем алынады.

Тәжірибе басталған күннен бастап оның соңына қарай сүт мөлшері табиғи өзгерістерге сай кеміп отырады, әсіресе ол бақылау тобында 45%  болды, ал тәжірибе тобында ол көрсеткіш 33%-ға тең болды, немесе бақылау тобына қарағанда сүт мөлшерінің төмендеуі 12% кем болды. (14 кесте).

 

14 — кесте

Бактериялы ашытқымен дайындалған жүгері сүрлемінің сиыр сүтінің көбеюіне тигізетін әсері

 

Көрсеткіштер

Топтар

Бақылау

Тәжірибе

Теңестіру уақыты

1

Тәуліктік сүт, кг

16,0

16,5

2

Майлылығы, %

3,62

3,67

3

4%-сүттің көлемі

14,48

15,14

Есеп жүргізу уақыты

1

Тәуліктік сүт, кг

11,22

12,64

2

Майлылығы, %

3,70

3,81

3

4%-сүттің көлемі

10,37

12,04

4

Тәжірибе соңындағы тәуліктік сүт, кг

7,96

10,14

5

Тәжірибе соңындағы сүттің төмендеуі, %

45,0

33,0

 

Бактериялы ашытқымен даярланған әртүрлі сүрлемнің сапасын анықтау мақсатында әулиеата тұқымдас ірі қара малының ір түрлі жасына қарай азық тізбе жасап, оған бактериялы ашытқысымен даярланған сүрлем және ашытқысыз дайындалған (бақылау) сүрлемді енгіздік. Бұл тәжірибеден анықтағанымыз бақылау тобындағы тұрған малдарға қарағанда тәжірибе тобындағы малдар барлық азық тізбегіндегі азықтарды жақсы жеп, оны жақсы қорыта алады. Мұндай құбылысты біз ашытқымен сүрленген азықтың көмегі деп түсінеміз. Себебі, олар өте құнарлы және сіңімді. Мал организмінде мұндай сүрлемдер жақсы қорытылады, яғни оның сапасы мен қоректілігіне, ашытқылар қосылмаған сүрлемнен едәуір жоғары екені байқалады. Мысалы, жүгеріні консервілегенде қоректілік заттардың жақсы сақталуын бактериялы ашытқылыр қамтамасыз етілетінін жүргізілген ғылыми – шаруашылық және физиологиялық тәжірибедегі көрсеткіштер дәлел болып отыр. Бақылау тобындағы пішендеме мен тәжірибе тобындағы «Силоплант — 34» ашытқысымен дайындалған пішендеменің қоректілігі 6,0%, ал бедеден жасалған сүрлем  4,8%-дан артатынын 16- кестеден көруге болады.

«Силобактерин» және «Лактокалдарин» ашытқыларымен жүгері сүрленгендіктен жалпы олардың қоректілігі тиісінше 25,5%; 18,2% болып, 23,5%-ға арттыратынын дәлелдеді. Азықтардың қоректік заттарының жалпы сақталуы оларды тек жоғары сапалы болуында ғана емес, сонымен бірге қиын ыдырайтын көмірсуларының топтары (лингнин, целлюлоза, ксилоза) еріп, мал организмінде жақсы сіңуінде. Дәл осындай құбылыс, азот пен протеин заттарын жақсы сақтап, мал бойына жақсы сіңіруіне үлкен әсерін тигізеді. Жүргізілген ғылыми тәжірибе көрсеткендей, буаз сиырларды ашытқымен сүрленген азықпен азықтандырғанда тәжірибе тобындағы сиырлардың бұл сүрлемді көп жегенін байқаймыз, өйткені бұл топтағы малдың тәуліктік қосымша салмақтары артып, олардың желіндеу уақыты жақсы өтті. Әсіресе, «Силоплант — 34» ашытқысын қолданған беде сүрлемін жеген сиырлардың тірі салмағы тезірек көтеріліп, қоңдылығы жақсарады. Тәжірибедегі үш топтың буаз сиырлары бәрі де оңай, жақсы бұзаулауды, басқа жағымсыз қиындықтар, соның ішінде түрлі аурулар байқалмады. Тәжірибедегі тұрған ірі қара малдарының тәжірибе соңында қоңдылығы бәрінде бірдей, кальций мөлшерінде көтеріліп 13,33 мг%-ға ал, фосфор 7,3 мг%-ға дейін артты.

Бақылау тобындағы сиырлардан жаңа туған бұзаулардың тірі салмақтары орта есеппен әр басқа шаққанда 29,3 кг, екінші тәжірибе тобында ол 31,4 кг және үшінші топтағы бұзаулардың екінші мен бірінші топтағы бұзауларға қарағанда тірі салмақтары тиісінше 177,4 г және 275,7 г болды. Себебі, үшінші топтағы сиырлар «Силоплант — 34» ашытқысымен даярланған сүрлемді жеп, қоңдылығы артқан және ол құрсақтағы бұзаудың өсуіне пайдалы ықпал көрсеткен. Сонымен суалған сиырларды бактериялы ашытқыларды қосып даярлаған беде сүрлемімен азықтандырғанда тәжірибедегі тұрған ірі қара малдарының денсаулығына және физиологиялық жағдайына теріс әсері болмады, олар уақытына жетіп, бұзаулады және әрқайсысы өз уақытында қашты.

Сауын сиырлар азық тізбегіне «Силоплант — 34» ашытқысын қосып дайындалған жоңышқа сүрлемін қосқанда азық өте оңай желініп, сіңімді болумен қатар, малдың тәуліктік азығындағы қоректік заттардың мал бойында жақсы қорытылып, олардың ет мен сүті молайып, сапасы жақсарады, сүттің майлылығы мен белоктік қоректілігіде артты.

Қазақстанның оңтүстік облстарының таулы аймақтарында бұршақ өсімдіктерінен сапалы сүрлем немесе пішендеме даярлауда «Силоплант — 34» ашытқысын қосу, басқа бактериялы ашытқыларға қарағанда тиімді болатынын, көп жылдар бойында жүргізілген ғылыми тәжірибелер дәлелдеп берді.

Суалған буаз сиырлар тәуліктік азық тізбегіне олар бұзаулағанға дейін 45-60 тәулік қалғанда және осы мерзім ішінде 56-63% және тәуліктік қоректілігін алғанда бедеден консервіленіп дайындалған пішендеме қосу ұсынылды. Осы сиырларды «Силоплант — 34» ашытқысымен дайындаған беде кейін де денсаулықтарына және клиникалық жағдайына ешқандай теріс өзгерістер байқалмады. Бедеден жасалған пішендеменің мал жеген мөлшері тәулік бойынша, жалпы тәулік азығының құрғақ затының 65% құрады. Бұндай көлемдегі беде пішендемесі буаз және жаңа туған сиырдың денсаулығына, одан алынатын сүтке және бұзаудың тез өсуіне кері әсерін тигізе қойған жоқ. Қайта жаңа туған сиырлардың жақсы күйлеп, уақытылы қашып кетуіне қолайлы ықпал жасады.

Қорыта келгенде, бактериялы ашытқы «Силоплант — 34» препараты қосылып консервіленіп дайындалған беде пішендемесін суалған буаз сиырлар және жаңа туған сауын сиырлардың тәуліктік азығына қосып бергенде, олардың қоңдылығымен өсімталдығына және алынатын өніміне, физиологиялық жағдайына және күйлілігіне өте үлкен пайдасы барлығын көрсетті. Бедеден жасалған пішендеме, одан даярланған сүрлем мен пішенге қарағанда аса құнарлығы болатыны дәлелденді.

 

 

15 — кесте

Бактериялық ашытқылар қосылып даярланған сүрлемнің құрамы мен қоректілігі

 

Азықтар

Құр

ғақ зат

Шикі затында

100 кг азықта кг есебімен

про

теин

май

клет

чатка

АЭЗ

күл

азық өлшемі

қорыт

протеин

қаро

тин

қант

Беде пішендемесі

ашытқысыз

43,91

6,57

1,55

12,90

19,33

3,56

33,41

4,51

6,18

1,39

ашытқымен

44,96

7,95

1,58

11,25

18,25

5,67

35,54

4,62

7,32

3,02

Қамыс сүрлем

ашытқысыз

29,01

1,74

0,47

12,96

11,74

2,70

11,00

1,30

3,32

1,56

ашытқымен

30,00

2,15

0,74

10,80

13,31

3,00

13,00

1,43

5,53

1,73

Жүгері сүрлем

ашытқысыз

37,10

138

0,29

10,84

21,14

3,45

17,00

1,05

6,57

ашытқымен

37,68

142

0,44

7,70

25,34

2,78

21,00

12,6

11,05

 

Төменде көрсетілген 16 кестеде сауын сиыр азықтандыруда жүргізілген төрт тәжірибелердің нәтижелері келтірілген. Бір тонна бактериялы ашытқымен консервіленген азықтағы азық өлшемі мен қорытылған протеиннің шығымы ашытқысыз салынған сүрлемнен анағұрлым артық болатыны байқалады. Тәжірибе тобындағы ірі қара  малдардан алынған бір центнер сүттің өзіндік құны 214,82 теңгеге немесе 10,96%-ға төмен, байлауда тұрған малдардың сүтіне қарағанда, азық өлшеміне шаққанда сүттің майлылығы 4%-ға келтіргендегі 1 кг сүтті өндіруге кеткен азық шығыны 20,91% кеміген. Есепке алып тәжірибе жүргізген кезде әр сауын сиырдан түзілетін таза қосымша пайда тәжірибе тобында 7328 теңге, 100 кг азық өлшеміне щаққандағы азық шығыны 24,03 кг таза сүтпен қайтады немесе байлау тобындағы сифрға қарағанда, тәжірибе тобындағы сиырдың пайдасы 29,73%-ға жетеді екен.

Осы келтірілген тәжірибелер сияқты бақылау тобына қарағанда, тәжірибе тобындағы тұрған ірі қара малдарынан алынған сүт пен сүт майлылығының көрсетеді. Бактериялы ашытқыларды қосып дайындалған пішендеме мен беде сүрлемінің тиімділігін анықтайтын материалдардың мал организміне тигізетін мүмкіндігін растайтын дәлелдемелерден байқауға болады.

Осы өндірістік және тексерулердің нәтижелері көрсеткендей әр түрлі бактериялы ашытқыларды көк балауса өсімдіктерден алынған шөптер мен дәнді дақылдардың қалдықтарынан алынған жүгеріға қосып дайындалған сүрлемдер мен пішендемелер жақсы сақталып, құнарлылығы артты.

Мал азықтарының қуаттық құндылығы, химиялық, амин қышқылдық құрамы мен жұғымдылығы — көптеген ықпалдарға, бірінші кезекте, әр аймақтың ауа райы мен топырақ жағдайларына және малазығындық дақылдарды өсіру мен оларды жинаудың агротехникалык, тәсілдеріне тікелей байланысты болатын мейлінше әсерлі, өте құбылмалы белгілер (көрсеткіштер).

 «Манкент» ӨК-гі және басқа да зерттеу – тәжірибе тексерулердің нәтижелері көрсеткендей әр түрлі бактериялы ашытқыларды көк балауса өсімдіктерден, шөптер мен жүгеріге қосып дайындалған сүрлемдердің құнарлылығы артты. Оларды ірі қара малдардың үлкен – кішісіне қарамай, семіз – арығы да, буаз – қысыры да өте сүйсініп жеді. Консервіленген сүрлем мен пішендемелерді пайдаланған тәжірибедегі малдар жақсы қоңдалып, организмдегі ас қорыту процесі мен  алынған өнімдерінің сапасы мол болды.

 

 

16 — кесте

Бактериялы ашытқылармен консервіленген әр түрлі өсімдіктерден және жүгерінан даярланған сүрлемдерді сауын сиырлар рационына пайдаланудың экономикалық тиімділігі

 

Экономикалық көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жүгері сүрлемі

ашытқы сыз

«Силоплант-34»

1 тонна сүрлемде

азық өлшемі

тенге

200,1

210

қорыт.протеин, кг

тенге

10,2

13

Сауылған сүттің жалпы мөлшері, кг

тенге

1781

1930

Сүттегі май мөлшері, %

тенге

3,77

3,87

3,7% майл. сүттің жалпы мөлшері, кг

тенге

1814,69

1845,3

1 ц сүттің өткізу құны, т

тенге

2400

2400

абсолюттік мөлшері, т

тенге

43552,5

46320

азық шығыны, т

тенге

9697,2

10302,2

ашытқының барлық құны, т

тенге

113,6

барлық шығын, т

тенге

24243

25755,6

1 ц сүттің өзіндік құны, т

тенге

1960

1814,18

қосымша пайда, т

тенге

19309,5

20564,4

экономикалық тиімділігі

тенге

1254,9

4 % сүттің кг кеткен шығыны

азық өлшемі

тенге

1,22

0,91

қорыт. протеин,

г

тенге

118,3

107,5

100 кг азық өлшеміне кеткен сүт, кг

81,96

109,89

           

 

Қорыта келе ұсынылған жұмыста сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандыруда шығын 25 755 теңге, пайда 20564,4 теңге. Экономикалық тиімділік 1254,9 теңгені құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 БИЗНЕС ЖОСПАРЛАУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

1.Негізінен ірі қара малмен айналысатын «Манкент ӨК» кеңшарында әулиеата  тұқымды қара малын өсіру керек. Шарушылықты 2012 жылғы қаңтар айының мәліметтері бойынша 2349 ірі қара сиыр болған. Соның ішінде сауын сиырлы – 1147 бас, бордақылар —  30,  қашарлар – 270 бас, 2 жастан жоғары қашарлар – 207 бас, тайыншалар-256, бұқашықтар-50 басқа жеткен.

2.Шарушылықта өсіріліп жатқан сиырлар таза қанды. Ондағы таза қанды жануарлар 95,5% құрайды.

3.Сиырлар мен қашарлардың элитарекорд класына жататындары 64,2% құрайды.

4.Сиырлардан сауылатын сүт әр басынан 2700-2800 кг құрайды. 2007 жылы 2795 кг құрады.

5.Шаруашылық ірі қара мл шаруашылығы мамандану бойынша жас төлдерді 427 кг дейін бағып барып,  басқа шаруашылыққа өткізеді.

6.Шаруашылықта жас төлдерді бағу кезінде олрдың тірілей массасының динамикасы мынадай- 6 айдағысы – 148 кг, 12 айдағысы – 267 кг, 18 айдағысы – 367 кг, 21 айдағысы  427,2 кг болған.

7.Жанурлардың азық жемін ақтауы 490 кг болғанда, азықтық өлшем бойынша тиесілі, 8,77 кг, 9,1 кг және 12,38 кг болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі

 

 

1 Н.Ә. Жазылбеков., А.Ә. Төреханов., М.А. Кенеев Ауыл шаруашылық  малын азықтандыру /Оқулық.-Алматы, 2000.-405б

2 Богданов Г.А., Кормление сельскохозяйственных животных. -М.: Агропромиздат, 1990.-624с

3 Омарқожаев Н., Әкімбеков Б. Махмұтов С. Қолда мал өсіру.-Алматы.: Қайнар, 1976

4 Төреханов А.Ә. Табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану негіздері.-Алматы,  2005.

5 Денисова Г.А. Таңғажайып жасыл әлем. Алматы.:Мектеп.1985

6 Кормление молочного скота [Электронный ресурс]: Учебно-методическое пособие / Е.А. Новиков, 1998.- 80б

7 Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: Анықтамалық. – Алматы.: Бастау, 2006.

8 И.Ю. Беляевский., Индустриализация молочного скотоводства.-М.: Россельхозиздат, 1984.

9 Байжұманов Ә. Мал өсіру. –Алматы.:Қайнар, 1987

10 Б.К.Бердібекова. «Мал азықтарын тиімді пайдалану»./Жаршы, 1998.№1/

11 Р.Ескендирова. «Ең озық ферма». /АгроЖаршы, 2011.№4(28)

12 Егеубаев, Н.О., Омарқожаев, А.Ә. Малды нормалап азықтандыру [Мәтін] / Н.О., Омарқожаев, А.Ә. Егеубаев.- Алматы: Казахский государственный аграрный университет, 1998.- 79 б.

13 Богданов Г.А., Кормление сельскохозяйственных животных. — М.: Агропромиздат, 1990. — 625 с.

14 Жазылбеков Н.А., Мырзахметов А.Н., Кинеев М.А., Тореханов А.А., Ашанин А.И., Таджиев К.П. Кормление крупного рогатого скота в современных условиях: справочное пособие. – Алматы, 2005. – 331 с

15 Жазылбеков Н.А., Мырзахметов А.Н., Кинеев М.А., Тореханов А.А., Ашанин А.И., Таджиев К.П. Кормление крупного рогатого скота в современных условиях: справочное пособие. – Алматы, 2005. – 331 с

16 Ашанин А.И.,Тореханов А.А.,Жазылбеков Н.А. Консервирование кормов и подготовка их к скармливанию: справ. пособие.- Алматы, 2008.- 339с

17 Анықтамалық. Малды нормалап азықтандыру  / А.Ә. Егеубаев [ж.б.].- Кокшетау: КГУ им. Ш.Уалиханова, 1998.- 79 б.

18 Стимуляция молокоотдачи у животных [Электронный ресурс]: Книга / Дюсембин Х.Д. Базанова Н.У.- Алма-Ата: Кайнар, 1973.- 112.

19 Әубәкіров Қ., Атақұлов Т., Ахмет А., Нұрғалиев Қ.  Мал азығын өндіру [Мәтін] / Атақұлов Т., Ахмет А., Нұрғалиев Қ. Әубәкіров Қ.- Алматы: Ассоциация вузов РК, 2011.- 488 б.

20Әубәкіров Қ. Жаңа және аз тараған мал азықтық өсімдіктер [Электрондық ресурс]: Оқулық / Қ.Әубәкіров. — Алматы, ҚазҰАУ: Агроуниверситет, 2007.- 177б.

21А.Ә.Егеубаев, Н.О. Омарқожаев, М.А.Байтурин,  Қ.Құсайнов, А.Ахметов. – Малды нормалап азықтандыру (анықтамалық). -Алматы, Казмемагру. — 79 бет.

22 А.П.Дмитриченко, П.Д.Пшеничный. Кормление сельскохозяйственных животных. Л.,«Колос», 1975

23 Егеубаев, А.Ә.. Аңықтамалық. Малды нормалап азықтандыру.- Кокшетау, 1998

24 Г.Ж Әбдрахманов, И.Т. Жақыпов «Ірі қара мал мен қойларды ұдайы өндірудегі көбейту биотехнологиясының қазіргі кездегі әдістері».- Астана, 2005

25 Попов И.С. Кормление сельскохозяйственных животных. Учебник. – М.: 1957.

26 Н.Б.Мұханов мен Б.А.Мыханов / Жаршы, 2007. №3

27 Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. 2-е изд., перераб. и доп. – М. : Агропромиздат,1990. – 624 с.

28 Б.Қ.Қожалиев., Сауын сиырларын екпе жайылымдарда бағу.-Алматы: Қайнар, 1989.-192б.

29 Шумилина И.С. Состав и питательность кормов. Справочник. – М. : Агропромиздат, 1986. – 303 с

30 Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі.- Алматы: 2011.

31 Баканов В.Н., Менкин В.К. Кормление с.-х. животных. -Учебник,-М. Агропромиздат.1989 г.

32 Егеубаев А.А. және басқалар. Мал азықтандыру  (I-II бөлім) оқу құралы. Алматы, 1993.

33 Қожалы .Б, Байтореев К. Бактериальная закваска- залог получения чистого экологического качественного корма для с/х животных // Межд. нар.науч.конф.по агроэколог. – Көкшетау,2002.

34 Қожалиев .Б Мал азығын сүрлеуге микробиолргиялық ашытқыларды қолданудың тиімді әсері //Жаршы.-1996.-N 17-Б.51-54.

35 Қожалиев .Б Мал азығын сүрлеуге микробиолргиялық ашытқыларды қолданудың тиімді әсері //Жаршы.-1996.-N 17-Б.51-54.

36Лебедев М.М., Бич А.И., Басовский Н.З., Жебровский Л.С. Черно-пестрый скот и методы его улучшения. -Л.: Колос, 1984 -380 стр.

37Қ.Н.Бегімбеков., А.Ә.Төреханов., Ә.Б.Байжұманов «Мал өсіру және селекция».- Алматы: Бастау, 2006

38 Н.Омарқожаұлы. Мал азығын бағалау және малды азықтандыру.-Алматы, 2005.-288б.

39 Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбеков «Мал шаруашылығы». Астана «Фолиант» баспасы. 2008ж.

40 Д.Қ.Найманов пен Н.Ә.Жазылбеков.,  Ірі қара шаруашылығы.-Алматы, 2006.-408б.

41 Н.Б.Мұханов мен Б.А.Мыханов / Жаршы, 2007. №3

42 Садықұлов Т.С., Бексейітов Т.К., Мал өсіру және селекция [Мәтін] / Бексейітов Т.К. Садықұлов Т.С.- Алматы: Ассоциация вузов РК, 2011.- 398 б.

43 К.М. Солнцев и др. — Минск: Ураджай, 1990. — 298 с.

44Д.А.Дәрібаев.,Ж.С.Әткешов. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру практикумы. – Алматы, 1994.-500б.

45 Е.Демеуғалиев. Мал азықтандыру (оқу құралы) – Алматы, 2000.-247б.

46 Смурыгин М.А. Корма. Справочная книга. М.: Колос, 1977. — 368 с.

47 Повышение качества и эффективности использования кормов. Под ред. чл.корр. ВАСХНИЛ  М. А. Смурыгина.— М.: Колос, 1983.

48 Венедиктов А. М. Справочник по кормлению с/х животных.- М.: Россельхозиздат, 1983.- 303 с.

49 Кормление сельскохозяйственных животных: справочник / А. М Венедиктов., П. И Викторов., Н. В. Груздев и др. М.: Росагропром-издат, 1983.-366 с.

50 Н.В.Баканов., К.В.Менькин., Кормление сельскохозяйственных  животных.-М.: Агропром, 1989.-511б.

51 Калашникова А.П., Смирнова О.К., Справочник зоотехника [Текст] / Смирнова О.К. Калашникова А.П.- Москва: Агропромиздат, 1986.- 479 с.

52 Бегучев А.П. Формирование молочной продуктивности крупного скота.-М.: Колос, 1969

  • А.Ә.Төреханов, Н.Ә.Жазылбеков, М.А.Кинеев «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы». Алматы. 2006ж.
  • Ж.Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің». Шымкент. 2007ж.
  • Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Сатыбаев Ғ.Ж., Жұмағұлов И.И., Тайжанов Ш.Т., Кенжеғұлова С.О. Мал азығын өндіру (агрономия және ботаника негіздері):-Алматы, 2011.-504б
  • Қожалы Бақытжан. Ауыл шаруашылық малын азықтандыру пәнінен курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау.: оқулық жоғары оқу орындары үшін/ Қожалы Бақытжан.: Шымкент ОҚМУ 2012ж,. 212-18б.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 28.01.2010 жыл.
  • Төреханов А.Ә., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Қ., Жазылбеков Н.Ә., Ірі қара шаруашылығы. — Алматы, 2006.-408б.
  • Қолда мал өсіру.-Алматы.-Қайнар, 1995.-352 бет.
  • С.Ж.Арынғазиев., Д.Қ.Ахметжанов, Концепция развития отраслей животноводства в Казахстане: РГП «НПЦ Ж и В» МСХ РК – Алматы, 2006.- 180с
  • Шумилина И.С. Состав и питательность кормов. Справочник. – М.: Агропромиздат, 1986. – 303 с
  • С.Т.Төлегенов. Азық өндіру (практикум).:-Алматы, — 1995.-82б
  • А.Росляков., М.Байтурин., М.Кенеев Ауыл шаруашылық малын азықтандыру.-Алматы, 1980.-305б
  • Н.Омарқожаұлы «Мал азығын бағалау және малды азықтандыру».
    Алматы «ИздатМаркет». 2005ж.