АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Семсерлесушінің кардиореспираторлық жүйесіне әйел ағзасы ерекшеліктерінің әсері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Казақ спорт және туризм академиясы

 

 

 

 

 

 

 

Серікбаева Жансая Мырзалықызы

 

Семсерлесушінің кардиореспираторлық жүйесіне әйел ағзасы ерекшеліктерінің әсері

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

5В010800- мамандығы – «Дене шынықтыру және спорт»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2015

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Казақ спорт және туризм академиясы

 

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

           Кафедра меңгерушісі

           Г.А. Плахута ___________

хаттама № «»2015ж.

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: Семсерлесушінің кардиореспираторлық жүйесіне әйел ағзасы ерекшеліктерінің әсері

 

5В010800- мамандығы – «Дене шынықтыру және спорт»

 

 

 

 

 

Орындаған:

ОСФ 4 курс – 2 топ студенті         /                      /             Ж.М.Серікбаева

 

Ғылыми жетекші:

КазСТА профессоры                  /                      /                Б.Ә. Сақаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2015

Кәсіби спорт және жекпе – жек факультеті

Ұлттық спорт түрлері кафедрасы

Мамандығы 5В010800- Дене шынықтыру және спорт

 

БЕКІТЕМІН

Каф. Меңгерушісі

________п.ғ.к., профессор

«_____» ________, 20___ж.

 

 

Студент: Алғожа Айбын

дипломдық жоба бойынша

ТАПСЫРМА

 

Жобаның  тақырыбы  Қазақ күресіндегі кеудеден асыра лақтыру әдістерінің биомеханикалық ерекшеліктерін анықтау

КазСТА  «18» 09 , 2014ж. №144 бұйрығымен бекітілген.

  1. Саятшылық құсбегілік өнерінің елемездегі даму деңгейін анықтау
  2. Қазақтың құсбегілік дәстүрі адамзаттың рухани мұрасы ретінде зерттеулерді қарастыру
  3. Саят құстарын қолға үйрету, баптау және аңға салу ерекшеліктерін анықтау
  4. Құстарды жастарына қарай топтастыру ерекшеліктерін анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жоба бойынша кеңес берушілер

 

Жоба

 

 

 

Кеңес берушілер

Айы күні, қолы

Тапсырма берілді

Тапсырма қабылданды

 

1.     Зерттеу мақсаты мен міндеттері

 

Қонаев Т.А.

 

 

07.09.2014

 

 

 23.10.2014

 

2.     Зерттеу нысаны мен әдістерін ұйымдастыру

 

Қонаев Т.А.

 

22.10.2014

20.11.2014

 

3.     Зерттеу қорытындыларының нақтылығы мен негізділігі

 

Қонаев Т.А.

 

 

19.01.2015

28.03.2015

 

  1. Тапсырманың берілген күні: 07.09. 2014ж.

Жетекші:_______________________________

Тапсырманы орындау үшін қабылдадым :_______________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………6

ІШАҢҒЫ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ…………………………….8

1.1 Қазақстандағы шаңғы туризмі үшін жасалған жағдайлар……………………..8

1.2 Тау шаңғысы туризмінің ерекшеліктері мен жарыстарының түрлері……15

1.3Шаңғы туризмінің техникасы мен тактикасы……………………………………….23

1.4 Шаңғы туризмінің мәні және қауіпсіздік ережелері…………………………….29

ІІЗЕРТЕУЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ………………………..….40

2.1Зерттеу әдістері……………………………………… ………………………………………….40

2.2Зерттеуді ұйымдастыру………………………………………………………40

2.3 Зерттеуді болжау…………………………………………………………….41

ІІІЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕСІ………………………………………………………………47

3.1 Тәуелсіздік алғаннан кейінгі шаңғы туризмінің даму ерекшеліктері……47

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..52

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР……………………………………………………………54

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………………………………..55

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Әрбір Қазақстандық үшін ең басты құндылық оның денсаулығы. Ілеспелі түрде белсенді демалыстың дамуы мен дене тәрбиесіне, жаппай спортпен шұғылдануға  жағдайлар жасалынуы керек. Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс дене шынықтыру сабақтары мен  дене шынықтыру секцияларын кеңейту қажет.

Н.Ә.Назарбаев

Зерттеутақырыбының  өзектілігі.Қазіргі таңда шаңғы түрлері өзінің танымдылығы және жалпы көпшілікке қызығушылық жағынан алдыңғы орындарда.Әрине бұл тұрғыдан алғанда дамушы спорт түрлеріне жатады.

Еліміздегі шаңғы түрлерінің дамуына соның ішінде қысқы демалысты ұйымдастыруда шаңғышылардың  көпшілік демалысын ұйымдастыруда  көптеген жұмыстар жасалуда.Спорттың бұл түрі қысқы туризмге оң әсерін көрсетіп, көптеген дамыған елдерде  және ол елдердің ұлттық экономикасын дамытуда өз үлесін қосуда.

Ертеректе елімізде шаңғы тебу дәл қазіргідей көпшілікті қызықтырмайтын, себебі  тау туризмі орталықтарының жабдықталуы нашар еді. Ал қазіргі кезеңде спорттық туризм, әсіресе тау шаңғысы туризміне деген қызығушылық артып келеді.

Зерттеу мақсаты:Еліміздің заманауи туризміндегі шаңғы спортының жағдайын сипаттап, халыққа дәріптеп, дамуына үлес қосу.

Зерттеу әдістері:      Осы зерттеп отырған мәселеге байланысты әдебиет көздерін жинақтап, теориялық тұрғыдан талдай отырып,  сонымен қатар сараптамалық зерттеу барысында алынған мәліметтерді саралай келе зерттелді.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы дамыған және дамып келе жатқан қысқы туризм орталықтарындағы шаңғы спортының жағдайы.
Зерттеу міндеттері:

1.Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік шолу жасау.

  1. Заманауи туризмдегі шаңғы спортының негіздерін сипаттау.

3.Заманауи туризмдегі шаңғы спортынан алынған сараптамаларды тәжірибе жүзінде ұсыну.

Зерттеу тақырыбының ғылыми жаңалығы. Осы жинақталған мәліметтерді қорыта келе,  Республика аумағындағы шаңғы туризмінің дамуына үлес қосу.

 

 

 

 

 

 

 

 

І ШАҢҒЫ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

  • Қазақстандағы шаңғы туризмі үшін жасалған жағдайлар

 

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып                 В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.[16,28 б]

Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты.1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельниктау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды.[14,150б]

1950 – 60 жылдары Алматы жоғарыоқуорындарындатаутуризмі, альпинизм (шыңғашығу), спорттықтуризмдамибастады. Мұныңнәтижесіндетуристікнұсқаушылартобықалыптасты. ОсыжылдарыС.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандароқушыларменстуденттерарасындатуризмдідамытудаүлкенүлесқосты.

  • 1958 жылыЗимингетұңғышреттуризмбойынша КСРО-ныңспортшеберіатағыберілді.
  • 1970 жылықұрылғанТуризмжәнесаяхатшылықтыңреспубликалықкеңесітуризмніңоданәрідамуынаәсеретті.
  • 1971 – 75 жылдарыҚазақстандатуризмніңматериалдықбазасыннығайып, саяхаттық-туристікұйымдаркөбейді, жаңатуристікбазаларменмейманханаларпайдалануғаберілді.
  • 1978 жылыҚазақстандаэкскурсияментуризмніңресп. кеңесіжәне 14 облыстықкеңес, 17 туристікбазаменмейманханалар, 26 саяхат, экскурсиябюроларыжәнешетелтуристерінеқызметкөрсететін 3 бюро, Алматы, Орал,Шымкент қалаларындатуристікавтомобильбазаларықұрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.
  • 1988 жылытуризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.[17,22б]

Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтағы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді.Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады.Шаңғы туризмі қыс кезінде,белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін,өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары (примус,пеш,шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак,қар үйшіктері,тұрғын мекен жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы.Климаттың,ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі.Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған.

Шаңғы туризміне қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған кездегі қозғалыс (әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда), биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, жоғары немесе төмен түсуге мәжбүр ететін биік қия, жоталар.

Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындығы мен жасына байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет. Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30км құрайды. Бұндай жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе, көпкүндік жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын.Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді. Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады.

Тау шаңғысымен сырғанаушылар үлкенді — кішілі тау шаңғысы орталықтарына асығуда. Арнайы тауға көтерілу құралдары  арқасында туристер бір күн ішінде көптеген үлкенді кішілі таулардан «сырғанай» алады. Дене шынықтыру сабақтарында шаңғы туризміндей жаттығу нәтижесіне  жету мүмкін емес. Көптеген  тәжірибелі, әрі тау туризмінің қызығушыларды қиында қатерлі таулы аймақтарға жеке шығып сырғанауды ұнатады.

Шаңғы спорты- дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысушаңғымен тұғырдан секірушаңғы қоссайысы және тау шаңғысыбиатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. [1,7 б ]

 Тау шаңғысы туризмі туризмінің айтарлықтай қымбат түрінің болуына қарамастан, бұл спорт түрімен шұғылданушы туристер  саны жыл сайын артуда. Дүние жүзіндегі шаңғы демалысының танымал орындары Австрия, Франция, Швейцария, Болгария, Италия, Норвегия болып табылады. Германия және АҚШ курорттарының танымалдылығы  төмендеу,  кейінгі уақытта  Румыния, Чехия, Словения, Испания, Канада секілді  елдерде бұл спорт  түрлерінен танымал болуда.  Ресей, Израиль, Индия және Жапонияда да шаңғы курорттары бар.

Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан “шаңғы спорты” XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан “шаңғы спорты” клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады.[24,13б]

Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Шаңғы спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді.

Альпенистер көптеген жағдайда өздерімен бірге шаңғыларын ала жүреді. Себебі, таудан түсерде қыстың көрікті көрінісімен сырғанауды ұнатады. Осы альпенистердің арқасында таудан шаңғымен сырғанау туризмі дамып келеді. XX ғасыр басында Францияда  альпенистер бірінші болып  тау шаңғысын қолданған. Олар  таулардан биік қолайлы орындарын тауып сырғанаған.[25,54б ]

 Биікке көтерілуде  әр метр қашықтық қиындықпен игерілсе де олар өздерімен бірге ауыр құрал-жабдықтарын, дәрі-дәрмектерін, тау туризмі туралы кітаптарын алып жүрген.

Тау шаңғысы – арнайы трассалар арқылы таудан түсу. Бұл спорт түрі ХIХ ғасырдың 80 жылдары Альпі тауларында пайда болған. Таудан шаңғымен сырғанап келе жатқан спортшылар жалаушалармен бекітілген кедергілерді айналып өтеді. Нәтижесі дистанцияны бағындыруға кеткен уақытпен есептеледі. Тау шаңғысының жетекшілігі шаңғы спортының халықаралық федерациясымен басқарылады.

Ал қысқы олимпиядалық ойындар бағдарламасына тау шаңғысы 1936 жылы енгізілген, ал Қысқы Азия ойындарына 1986 жылы енді (слалом, гигант слалом, супер гигант, жылдамдықпен түсу және тау шаңғысы комбинациясы).

    VII Қысқы Азия ойындары өткен нысананың бірі – Алматы облысы, Талғар ауданындағы «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені. «Табаған» сауықтыру кешені табиғатымен талайды тамсандырған таулы аймақ. Мұнда экстремальды сноуборд пен фристайл спортынан жарыстар өткізіледі. «Табаған» спорт кешені қараша айында қолданысқа берілген. Шаңғымен сырғанайтын жолдар дайын тұрады. Оны жағалай жасанды қар жасайтын сегіз құрылғы орнатылған.

     Егер жарыс кезінде табиғи қардың тапшылығы сезілсе, заманауи құрылғылар іске қосылады. «Талғар» шаңғы – биатлон стадионы.  Азияда ойындарының ең басты әрі аса қызықты түрі – биатлон спорты дәл осында өтеді деп алдын-ала белгіленген.

  Жоңғар Алатауы Қазақстанның Шығыс бөлігінде орналасқан, Іле өзені және Алакөл арасында Қытаймен шекара  бойымен созылады. Табиғатының сипаты бойынша  Жоңғария Тянь-Шань мен Сібірдің Оңтүстік тауларының  аралығынан орын алған. Жоңғар Алатауының жүйесі бірнеше параллель тізбектен тұрады. Жоғары нүктесі — Бес бақан (4442м). Шамамен 1000кв.м. Ауданда заманауи мұздандыру дамыған. Мұздықтардың жалпы  саны – 1369.

Тау шатқалдарының төменгі  бөліктері  шөлді және жазықтық  өсімдік жамылғысымен жамылған, 1500-ден 2400 м-ге дейінгі биіктікте орман жамылғысымен жамылған.  Негізгі ағаш түрлері Тянь-Шань емені және Сібір қарағайы.[30,220б ]

80-жылдардың соңы 90-жылдың басында Жоңғар Алатауымен бірнеше қызықтық шаңғы жорықтары жүзеге асырылып, кейін қол жетімділіктің қиындығына орай, аумаққа деген шаңғышылардың қызығушылығы жоғалды.

Қазіргі уақытта Жоңғария күрделі жорықтар жасау үшін жеткілікті дамыған аумақ болып табылады. Өйткені саяси жағдай тұрақты және көлік мәселесі өз шешімін тапқан.

 Солтүстік Тянь-Шаньға Іле және Күлгей Алатауының тау жоталары кіреді.  Бұл аудан қары көп, кейбір жерлерінде қар қалыңдығы бірнеше метрге жетеді. Іле Алатауы жоталары Алматы жағынан жақын әрі ыңғайлы болғандықтан туристерді көп қызықтырады. Шаңғы маршруттарын салыстырғанда Орталық Кавказбен ұқсастығы көп. Бұл жердегі жолдармен жоталар жалпақ келеді. Бұл аудандағы мұздықтардың ағын жылдамдығы, әрі мұздықтар  тасқыны аз. Сондықтан шаңғымен жылжуға ыңғайлы, дегенмен де өзара жіппен байланысып жүру керек. Себебі көптеген мұз жарықтары кездеседі.

    Орман алқабында көптеген қылқан жапырақты шырша қарағайы өседі. Олар теңіз деңгейінен 1600дм-ден 3000м-ге дейін жетеді. Маршрут барысында түнегенде «жылу» беретін пешке жылынуға болады.Орталық Тянь-Шаньға көптеген тау жоталары кіреді. Атап айтқанда: Теріскей,Күйлі, Ақ ширақ және т.б. Бұл  тау жоталарының бәрі де күрделі шаңғы маршруттарын салуға шаңғышыларды қызықтырады. Дегенмен ең көп қызығушылық танытатыны Орталық Тянь-Шань дағы Хан-Тәңірі және Жеңіс шыңы. [30,226 б]

Шаңғы жорықтары бұл жерлерде 70-жылдары   жүргізілген. Бірақ қазіргі таңда бұл жорықтардың саны  азайған. Бұл аудандар өзінің қатаң табиғатымен, биіктігімен ерекшеленеді. Шыңдары одан да биік. Соған қарамастан  Хан -Тәңірінен Артем Зубков 90-жылдың басында, 2002 ж тамызында Николай Тимкин тау шаңғысымен Жеңіс шыңынан түсуге ниеттенген.

Административтік орналасуына екі республика  Солтүстік Қазақстан ( Алматы обл. Нарынкөл ауд.), Оң бөлігі  Қырғызстан (Ыстықкөл ауд.Инылчек ауд.) кірді. Жорыққа шығу үшін шекаралық аудандардан рұқсат алу керек.

Ауданға кірудің  бірнеше тәсілі бар. Альпенистер арасында ең көп тарағаны –вертолетпен қатынау. Ол үшін Қырғызстан жағынан ( Қаракөлден немесе Бішкектен) немесе Қазақстаннан ( Алматы немесе Қарқарадан) қысқы кезеңде тек арнайы қатынас арқылы. Бішкек, Алматы турфирималарынан  қажетті хабар алуға болады. Автожолдары мен бару варианты ұзақтау, бірақ арзанға түседі. Солтүстік вариант Баянкөл жағынан, Алматыдан басталады. Нарынқолға жолаушыларды таситын автобус жүреді. Баянкөлге жоғары көтерілу жолдамалы автотранспорт  арқылы жүзеге асады.

Орталық Тянь-Шаньға саяхат жасауға ең қолайлы уақыт-қыс, орта шеткі табиғаттың салқын, әрі тұрақты кезеңі.

1.2 Тау шаңғысы туризмінің ерекшеліктері мен жарыстарының түрлері

      Тау шаңғысы туризмі — туризмнің арнайы түріне жатады және келесі түрлерінің элементтерінен тұрады. Олар: емдеу-сауықтыру, рекрециялық, әуесқой  спорттық, экологиялық.

     Туристік өнімді жасау бойынша тау шаңғысы туризмі капиталы ауқымды және қажырлы еңбекті қажет ететін туризм түріне жатады. Туризмнің бұл түрі өзгелерінен ерекше бір қатар  жақтарға ие. Ең алдымен, тау шаңғысы  туризмінің  орналастыру құралдарының  ерекшелігін атап өту қажет. Орналастыру қоршаған ортаның пейзажына архитектуралық сәйкес таулық шам секілді мамандандырылған қонақ үйлерде көзделген. Қонақ үйлернің  қасында көтергіштердің орналасуы міндетті, көтергіштер бірнеше түрлерге

бөлінеді; креслолық, кабиндік, бугельді, гональді. Қонақ үйлер тау шаңғысы  жол трассасының қасында орналасқан. Күрделі дәрежесіне қарай трассалар  жасыл, көк, қызыл, қара болып бөлінеді. Тау шаңғысы  туризмінің бағалық қатынасында қосымша қызметтер ассортименті рөлге ие ол  инструктор қызметі.[3, 42б]

      Тау шаңғысы  үшін медициналық сақтандыру үлкен маңызға ие. Ерекше сәйкес сақтандыру сыйақысы өзге туризм түрлеріне қарағанда 2,5 есеге жоғары.

Белсенді демалыс түрлерінің арасында тау шаңғысымен сырғанау табиғат жағдайларына тәуелді. Жылдың 4-5 айында қалың  қар жамылғысының болуы бірінші ретте маңызды болып табылады. Тау шаңғысы демалысының тартымдылығы мен жағдайларын алдын – ала анықтайтын өзге факторларға  жергілікті жердің биіктігі, рельеф ерекшелігі, тау шаңғысы мезгіліндегі табиғат жағдайлары, өсімдік жамылғысы, қар тасқыны мен сел қауіпсіздігінің жоқтығы және сөзсіз ландшафттың әр түрлілігі мен бірегейлігі жатады.

 Тау шаңғысы туризмі туризмінің айтарлықтай қымбат түрінің болуына қарамастан, бұл спорт түрімен шұғылданушы туристер  саны жыл сайын артуда. Дүние жүзіндегі шаңғы демалысының танымал орындары Австрия,

Франция, Швейцария, Болгария, Италия, Норвегия болып табылады. Германия және АҚШ курорттарының танымалдылығы  төмендеу,  кейінгі уақытта  Румыния, Чехия, Словения, Испания, Канада секілді  елдерде бұл спорт  түрлерінен танымал болуда.  Ресей, Израиль, Индия және Жапонияда да шаңғы курорттары бар.

Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалалары бойынша екіге бөлінген. Олар: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл шорт — трек, шаңғыда қысқа бейімделген спорт түрлері.

Тау шаңғысы – арнайы трассалар арқылы таудан түсу. Бұл спорт түрі ХIХ ғасырдың 80 жылдары Альпі тауларында пайда болған. Таудан шаңғымен сырғанап келе жатқан спортшылар жалаушалармен бекітілген кедергілерді айналып өтеді. Нәтижесі дистанцияны бағындыруға кеткен уақытпен есептеледі. Тау шаңғысының жетекшілігі шаңғы спортының халықаралық федерациясымен басқарылады. [9,51б ]

      Ал қысқы олимпиядалық ойындар бағдарламасына тау шаңғысы 1936 жылы енгізілген, ал Қысқы Азия ойындарына 1986 жылы енді (слалом, гигант слалом, супер гигант, жылдамдықпен түсу және тау шаңғысы комбинациясы).

    VII Қысқы Азия ойындары өтетін нысананың бірі – Алматы облысы, Талғар ауданындағы «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені. «Табаған» сауықтыру кешені табиғатымен талайды тамсандырған таулы аймақ. Мұнда экстремальды сноуборд пен фристайл спортынан жарыстар өткізіледі. «Табаған» спорт кешені қараша айында қолданысқа беріледі. Шаңғымен сырғанайтын жолдар дайын тұрады. Оны жағалай жасанды қар жасайтын сегіз құрылғы орнатылған.

Егер жарыс кезінде табиғи қардың тапшылығы сезілсе, заманауи құрылғылар іске қосылады.

«Талғар» шаңғы – биатлон стадионы.

Азияда ойындарының ең басты әрі аса қызықты түрі – биатлон спорты дәл осында өтеді деп алдын-ала белгіленген.

Биатлон – бірнеше қашықтықтар бойынша шаңғымен жүгіру, мылтық ату айлағынан тұратын күрделі де жауапты спорт түрі. Атап айтқанда, ату айлағы желдің өтінде, сондай-ақ ашық жерде болмауы керек.

Жарыс жолындағы әрбір спортшының жалпы нәтижесі нысанаға оғын дөп тигізе білуіне тікелей байланысты.

Сонымен қоса, шаңғы түрінен сайыстар осы стадионда өткізіледі деп жоспарланған. Олай болса, қысқы спорттағы жанкүйерлердің көзайымы болатын шаңғы мен биатлон екені айтпаса да белгілі.

Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешені бірнеше тексеруден өтіп, сыналды. Әлемнің спорттық қауымдастығы Алматыдағы бұл кешенді жылдың ең үздік нысаны деп мақтауда. Мұндағы К – 125, К – 90 трамплиндерді (тұғырлар) табиғи қолайлылығы мен техникалық талаптары тұрғысынан озықтардың қатарына кірді деп батыл аталуда.                                          Жүлденің көбі шаңғышылар мен конькишілер жарысында анықталады. Конькиден ерлер мен әйелдер – 500, 1000, 1500, 5000 метр қашықтықта сынға түседі. Одан бөлек командалық жарыс пен масстарт бар. Шаңғыдан ерлер

арасында: спринт (1,6 шақырым – классикалық жарыс), командалық спринт (1,6 шақырым – еркін жүріс), 4*10 эстафетасы және 10, 15, 30 шақырымдық қашықтыққа аламан жарыс. Әйелдер спринті (1,4 шақырым – классикалық жүріс), командалық спринт (1,4 шақырым – еркін жүріс), 4*5 эстафетасы және 5, 10, 15 шақырым бойынша жанкешті жүгіріс.Шорт тректе 8 медаль топтамасы сарапқа түседі. Жарыс жобасында 500 метр, 1500 метр, 3000 метр (ерлер), 500 метр, 1000 метр, 1500 метр (әйелдер) және қос эстафеталық сайыс белгіленген. Дәл сондай мөлшерде спорттық бағдарлау тәсілдері бойынша да жүлделер бәсекеге түседі.[13,29 б]

Биатлоншылар 7 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ізге түсу (ерлер 12,5 шақырым), спринт (ерлер -10 шақырым, әйелдер – 7,5 шақырым, жеке жарыс

(ерлер – 20 шақырым, әйелдер -15 шақырым) және эстафета (ерлер – 4*7,5, әйелдер – 4*6 шақырым) сайыстары өтеді.

Тау шаңғысы мен фристайлдан 6 жүлдеден таратылады.

Шаңғымен тұғырдан секірудің К-125 (жеке) және К-125 (командалық) түрлері сыналады.

Шайбалы хоккейден ерлер мен әйелдер шеберлік байқаса, допты хоккейден жарыс тек ерлер арасында өтеді.

Шаңғы жарыстары

Шаңғы жарыстары – белгілі арақашықтықта арнайы әзірленген жоларнада белгілі категориядағы адамдардың арасындағы шаңғымен жарысы (жастық, жыныстық және т.б.) Спорттың циклдік түріне жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-cурет, шаңғымен классикалық әдіс бойынша жарысу

Алғашында шаңғымен жүгіру жарыстары 1767 жылы Норвегияда өткізілді. Содан соң, норвегиялықтардан шведтер мен финдер үлгі алды, кейінірек аталған жарысқа әуесқойлық Орталық Европада пайда бола бастады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында көптеген елдерде ұлттық шаңғы клубтары пайда болды. 1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты федерациясы құрылды. 2000 жылы FIS 98 ұлттық федерация саналды.[8.87б]

Негізгі шаңғымен жылжу стильдері – «классикалық стиль» және «ерікті стилі.

Ойындардың өтетін орны – Шаңғы — биатлон кешені

                                                

2-сурет, шаңғы — биатлон кешені

Биатлон кешені, шаңғы жарысы және шаңғымен спорттық бағдарламалар бойынша жарыстарды өткізуге арналған. Алматы облысының Талғар ауданындағы Солдат сайда орналасқан шаңғы және биатлон стадионы қысқы Азия ойындарын өткізу үшін, сондай-ақ алдағы уақытта жоспарда бар Әлем кубогы мен қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге қажетті, өз инфрақұрылымы бар автономиялық жүйені құрайды.

Кешеннің бірегейлігі — жылдың кез-келген мезгілінде жұмыс жасайды, халықаралық деңгейдегі жарыстарды, сондай-ақ кәсіби спортшылардың жаттығуына және барлық әуесқойлардың қатысуына мүмкіндік береді.

Биатлон

Биатлон – шаңғы жарысы мен винтовкадан

3- сурет,биатлон жарысы

ату өнерін үйлестірген қысқы олимпиадалық спорт түрі. Биатлон Германия, Ресей, Норвегия және Швеция елдерінде кеңінен таралған. 1993 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін биатлон бойынша Әлем Кубогы мен Әлем чемпионатын қоса, ресми халықаралық жарыстар биатлоншылардың Халықаралық одағының эгидасымен өтеді.[8,88б]

Биатлонның түпкі атасы әскери патрульдердің жарыстары болып саналады – ол жарыс түрі, ойының шарты қазіргі командалық биатлондық жарысты еске түсіреді. Бүгінгі таңда биатлонның үйлескен бірнеше түрі бар: шаңғы жарысы мен садақ тарту спорты (арчи биатлон), қарда жүгіру жарысы мен винтовкадан ату (қарда жүгіру биатлоны) аңшы шаңғысындағы жарыс және аңшы винтовкасынан ату (аңшы биатлоны).

Тау шаңғысы спорты

Тау шаңғысы спорты – арнайы шаңғыда таудан түсуді қамтитын спорт түрі, сондай-ақ

4-сурет,тау шаңғысы спортыбүкіл дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың арасында кеңінен таралған белсенді демалу түрі.

Тәртіп: таудан шапшаң түсу Даунхилл, супер — гигант, ірі гигант слалом, слалом, таушаңғы комбинациясы, могул, ски-кросс, телемаркинг, фрирайд, фристайл, спид-скиинг, ньюскул, alpine Masters (тау шаңғысы спортының әуесқойлары мен «ардагерлері» үшін арналған жарыстар).

Ойындардың өтетін орны – «Шымбұлақ» тау шаңғы базасы.

5-сурет, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені

«Шымбұлақ» биік таулық база – тау шаңғы спорты мен фристайлдан жарыстар өткізу үшін жұмылдырылып отыр.

Қазіргі таңда «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінің кешенді дамуы жолында жұмыстар атқарылуда.

Жол бойының жалпы ұзындығы, орта есеппен, екі еселенді. Тау шаңғылы жолдары шаңғы спорт түрлері Халықаралық федерациясының барлық стандарттарына толықтай сәйкес келеді. Алдыңғы күндері шаңғы жолдарын Қарлы тау мұздығына дейін ұзарту жоспарланып отыр. Содан, «Шымбұлақ»

жолдары ұзындығы бойынша дүниежүзілік жетекші тау шаңғылы курорттарымен теңесе алатын болады.

Бұл Медеуден Шымбұлаққа дейінгі ұзын жол, әрі Шымбұлақтың өзіндегі арқанды жолдарының бір бүтін болуы мақсатында жасалынып отырған тұжырымдама.

Шаңғымен трамплиннен секіру

Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған трамплиннен шаңғымен секіруді қамтитын спорт түрі. Дербес спорт түрі ретінде шығып, шаңғы қос сайысының бағдарламасына кіреді.6-сурет,шаңғымен трамплиннен секіру

Сондай-ақ, шаңғы спорты түрлерінің халықаралық федерациясының құрамына енеді.

Норвегияда пайда болып, биіктіктен сырғанау өнерінен жарыс өткізу ұлттық дәстүр болып қалыптасқан спорт түрі.

Ойындардың өтетін орны – Халықаралық шаңғы трамплин кешені

7-cурет, Халықаралық шаңғы трамплин кешені

Ішінде 5 500 көрермен орындарына арналған трибунасы бар, сонымен қатар кешеннің батыс жағындағы 4000 орынға арналған террасасы бар заманауи көп функционалды ғимарат. Медиа — орталық төрт қабатты ғимаратпен жобаланған және кешеннің солтүстік-батыс жағындағы трибунада орналасады. Бұл ғимарат – кешен доминантасы. Бейімдеу — жаттығу орталығы 75 екі орындық бөлмелерге есептелген. Орталық оқу трамплиндерінің жанында орналасқан. [14,152б ]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Шаңғы туризмінің техникасы мен тактикасы

Соңғы жылдары жас шаңғышыларды оқыту мен жаттықтыру саласында үлкен де сапалы өзгерістер болып жатыр. Шаңғы жарысының халықаралық федерациясы 1985 жылдың өзінде-ақ Олимпиада және әлем біріншіліктерінде жарыстарды екі түрден: классикалық және конькише тебуден өткізу бойынша шешім қабылдады. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына оны енгізу – көкейтесті мәселе. 

Шаңғы жорығының ерекшеліктері:

  • Шаңғы жорығы үшін жеке және топтық түрлі бекітулер,құралдар қажет;
  • Шаңғышының туристік киімі және аяқ киімі қажет;
  • Шаңғымен кедергілерден өту және жол демалысын ұйымдастыру;
  • Қардағы алау және ошақ жағу;
  • Жол демалысын ұйымдастыру;
  • Үсікке,салқын тиюден т.б ауруларға қарсы шаралар ұйымдастыру;

Тәжірибелік жұмыстарға мыналар жатады: шаңғыны әзірлеу және қолдану, тегіс жерде шаңғымен жүру, биікке көтерілу және түсу, қауіпсіз кедергілерден өту, шаңғыны жөндеу. Орман шаруашылығына, аң шаруашылығына , тарихи ескерткіштерге шаңғымен жорыққа шығу.

Тау шаңғысы туризмі — тау туризмінің бір түрі. Таудан шаңғымен түсу немесе әдейі дайындалған трасса арқылы шаңғымен түсу. Тау шаңғысы туризмінің тау шаңғысы спортынан айырмашылығы — жерге түсу уақыты есептелмейді. Қар қалыңдығы-30см болуы керек. Таудан түсу техникасын үйренген кезде 200м қашықтықта орналасқан трассаны қолданады. [10,27б ]

      Тау шаңғысы туристіне қажетті жарақтар: тау шаңғысы автоматты түрде бекітілген тау шаңғысының аяқ киімі, шаңғы таяғы, арнайы костюм, қорғайтын көзілдірік.

    Шаңғы жорығының техникасы мен тактикасын үйренген кезде күн режимі күннің жарықтығының ұзақтылығына байланысты болады. Маршрутқа таңертең 8-9дарда шығу қажет. Топтың қозғалысын күн қатты салқындаса тоқтату қажет. Дене тез салқындамау үшін жүгірмеу керек. Қозғалыс

бірқалыпты болуы қажет. Шаңғы жорығының техникасын жорыққа шығар алдында  даярлық кезінде үйрену қажет. Жай жорықтар үшін шаңғы тебе білу керек. Жол дорбаны дұрыс орналастыру, құлаған кезде оңға немесе солға қарай бұрылып отыру қажет.

Шаңғы жорықтарының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар: 

  1. Төменгі температурада ұзақ уақыт болу;

2.Кездесетін қиындықтар,қатты аязға байланысты қатты желдер;      Сондықтан әзірлік уақытында да, жорық кезінде де ерекше жағдайларды ескеру керек: қатысушының моральдық дайындығы және қиындықтарға қарсы тұру дайындығы. Күнді және маршрутты дұрыс жоспарлау, тактика жабдықтарды дұрыс алуы, қатысушылардың ұйымдастырылуы, мәдениеті, тәртібі, қауіпсіздік сұрақтары.

3.Шаңғы жорығында төменгі температурада, қатты аяздарда шығуға болмайды;

4.Қону орны. Маршрутқа шығар алдында қайда, қандай жылы жерге қонатындарын білу қажет;

5.Қозғалыс режимін құру: моральді және физикалық дайындығы. Қардың тереңдігін ескеру. Жорық күнінің ұзақтығы. Экскурсияға кететін уақыт ұзақтығы, жолда азық-түліктің толтырылуы. Маршрут бойындағы медициналық орталықтар, маршрутта тамақтану, маршрутты жоспарлау.

8-сурет,шаңғы жорығын ұйымдастыру

  Шаңғы жорығында түскі асты таңертең немесе кеште дайындаған тиімді. Түскі асқа бутерброд шәй немесе кофені термосқа дайындайды. Жылы ауа-райы болса алау жағуға болады. Жорықты ұйымдастырушылар жорық болмас бұрын жоспарланған қонатын орындарға барып көруі қажет. Қысқы жорықта тамақтануды жоспарлаған кезде тез пісетін тамақтарды алу керек (пакеттегі суптар, манка т.б). Қонатын орынға қатысушылар сағат 16.00-де келеді. Ұйқыға 23.00-де жатады. Сондықтан кеште ертеңгі түскі асқа бутерброд, таңғы асқа жарма, кофе дайындап қоюы керек. Қону орнын жинау, тапсыру үлкен жауапкершілікті қажет етеді. [25,57б]

Шаңғы туризміндегі топтың жабдықталуы. Инструкторға қойылатын басты талаптар.

Шаңғымен сапқа тұру жаттығулары:

     Шаңғы базасынан шаңғыны алып шыққанда ұш жағын жоғары көтеріп, иыққа салып, қолмен ұстап алып жүреді. Алаңға жетіп қатарға тұрғанда «сапқа тұрыңдар!» деп берілген бұйрық кезінде шаңғышылар бір қатарға тұрып шаңғының артқы шеткі бөлігін оң аяқтың жанына қойып қолмен ұстап тұрады. «Түзеліңдер!» деген бұйыруда оңға қарап түзеліп, шаңғыны кеудеге тарта ұстау керек. «Түзу тұрыңдар!» деген бұйыруда алдыға қарап түзеледі. Егер де бір орында тұрып бақылау жаттығуларын орындайтын болса, онда бұрылған кезде шаңғыны көтеріп бұрылу орындалғаннан кейін қайтадан орнына қойылады. «Шаңғыны қолтыққа алу!» деген командада шаңғы дереу қолтыққа алынады. «Шаңғыны кию!» деген командада шаңғы жерге түсіріліп, бәтеңкеге киіледі. Аяққа шаңғыны кигеннен кейін де сапта орнында тұрып жаттығулар орындалады. Бұл жаттығулар шаңғымен орындалады. Жаттығулар кезінде аяқты көтеріп шаңғының артқы ұшын жерге тіреп бұрылуды орындауға болады. Болмаса орнында тұрып секіріп бұрылып орындауға болады. Физикалық сапалықты қимыл-қозғалыс дағдылары мен ептілікті қалыптастыру адамның интеллектуалдық және психикалық дамуы мен жеке тұлғаның адамгершілік ерік жігерін

 

тәрбиелеумен тығыз байланысты. Шынығудан беру бағдарламасының принциптерін сақтай отырып бағдарламалық құрал әр тоқсан сайын күрделене түседі. Жеке жүгіру, жүру секіру, тепе теңдікті сақтау,өрмелеу мен еңбектеу, ұстап алу және лақтыру сияқты стандартқа сай емес құрал жабдықтарды пайдалану, сапқа тұру және қайта сап түзеп тұру, сонымен қатар мазмұны әр түрлі қимылды ойындарды, жалпы дамыту жаттығулары кіреді. Дене тәрбиесін жүргізу мақсаты денсаулықты, дене шынықтырудың дәстүрден тыс әдістерін пайдалана отырып физикалық, психологиялық тұрғыдан нығайту болып табылады.

       Тыныс алу дегеніміз — мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін ағзаның негізгі тіршілік көзі екені әліде жеке адамның толық түсіне қоймаған мәселесі. Тыныс алу жаттығулары ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу. Тыныс алу — мүшелердің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы науқастың тыныс мүшелерінен басқа да көптеген асқорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу құралы. Тыныс алу жаттығуларының негізгі мақсаты онымен үзбей шұғылдану. Осы аталған науқастың алдын алады. Ұзақ өмір сүрудің негізін қалайды. Тыныс алу жаттығуының қолдануы адамның өзін — өзі емдеу мақсатында болғандықтан жалпы жаттығудың орындалуы ағзаның қозғалуына негізделген. Мұны қолданбалы жаттығулар дейді. Бұл қозғалыс жаттығулары жүру мен жүгіруге негізделген. Шаңғы тебудегі жүріс те осыған негізделген. Әр адам өзінің шама — шарқына, яғни ауруының қаншалықты созылмалы жағдайына қарай қолдана алады. Осылайша тыныс алу жаттығулары бірінші жүруден басталады. Алғашқы кезде жайлап жүріп содан кейін жүріс қозғалысы үдетіледі. Үдемелі жүрістің өзінен де тыныс алу мүшелеріне жүктеме түседі, бірақ бұл жүктеменің өзі де науқастың қандай деңгейде екеніне байланысты. Бұдан әрі қарай жүгіруді бастауға болады. Жүгіру ағзаның барлық мүшесі жұмыс істегені негізгі жүктеме тыныс алу органдарына түседі. Жүгірген

 

кезде, яғни тыныс алу органдарына жүктеме түскен кезде бүкіл ағза жұмыс істегендіктен ең әуелі қан айналым  жүйесі реттеледі. Ал ағзаның тыныштық қалпында орындалатын жаттығудың өзіндік рөлі жоғары. Әр адам өзінің науқасына қарай тыныс алу жаттығуларын тыныштықта орындайды. Қолданбалы жаттығуды орындау міндетті емес. Сырқаттың мазмұнына қарай үй жағдайында шұғылдануға болады. Спортшылардың тыныс алу жаттығуларын орындауы мүмкіндік болғанша маманның бақылауында болғаны дұрыс. Себебі тыныс алу жаттығулары жеке басының науқасына байланысты пайдаланылады. Кедергілерден өту барысында бір – біріне жолдастық көмек көрсетеді. [26,197б]

     Қыста қатты аязды күндері беттерін үсіріп алмас үшін үнемі артына қарап қадағалап отырған жөн. Үсіген кезде қармен ысқылауға болмайды. Себебі теріні зақымдайды. Қолғапты да қолдануға болмайды. Себебі инфекция түсуі мүмкін. Көбіне қолмен жылытып, қан айналымын қалпына келтіреді. Қатып қалған өзен, көлдерден өту барысында өте сақтану керек. Тасқыны қатты өзендер қыста көп қатпайды, мұздардың жұқа жерлері кездеседі. Қауіпті жерлер: жағалары, бұрылыстары т.б. қауіпті жерлерді бірінші адам рюкзаксыз, ұзын таяқпен өтеді, шаңғы бекітпелерін босатады, ұзын арқанмен

сақтандырған дұрыс. Сақтандыру белдіктері  арқылы топ басшылары өткел жасағаны дұрыс. Бірінші өткен шаңғышы жіптерді бекітіп, қол таяқтарын шешіп, шаңғы бекітпесін шешіп өзеннен өтеді. Жолдорбаны бөлек өткізуге болады. Соңғы шаңғышы топтық қауіпсіздік арқылы басқа жағадан өтеді.

Қысқы жорықта қиындықтар көп кездеседі. Топ жетекшілері                      Ю.А. Штюрмердің «Опасности в туризме мнимые и действительные» кітабымен дұрыс оқып, танысқаны дұрыс.[23,228б]

     Шаңғы спорты – дене тәрбиесіндегі ең басты спорт түрлерінің бірі.

     Шаңғы спортын – шаңғымен жүгіру, трамплиннен секіру, тау шаңғысы, таудан жылдам түсу т.б. жатады. Шаңғы спортымен шұғылдану адамға көптеген жақсы қасиеттерін жетілдіреді: төзімділік, шыдамдылық, жылдамдық, күштілік, жергілікті жерде бағыттаушылық т.б. Шаңғымен жүрген кезде дененің барлық бұлшық еттері жұмыс жасайды, жетіледі.

Шаңғымен жүгіру екі топқа бөлінеді: классикалық (дәстүрлі) және конькилік (еркін стиль). Жеке шаңғымен жүгіру классикалық және конькилік әдіспен өтеді. Спринттік 1,5 км — ден, марафондық 90 км — ге дейін. Эстафеталық спринт 2х15 км — ден 3-5 этап. Әрбір спортшыға аралас екі этаптан қыздарға, екі этап ерлерге. Классикалық – 4 этаптан 5км әйелдерге және 4 этаптан 10 км ерлерге. [8,89б]

     Ең бірінші, шаңғы жорығы Норвегияда 1767 жылы өткізілген. ХІХ ғасырдың соңы  ХХ ғасырда ұлттық шаңғы клубтары құрыла бастады және методикалық ұйымдар құрылды.

Шаңғымен жүгіру, жарысу әр түрлі қашықтықта жылдам қозғалуға арналған.       Шаңғы федерациялары 1924 жылы құрылған. Оның құрамында 46 мемлекет бар. 1924 жылдан бастап әлем чемпионаты өткізіліп келеді. [24,18б]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4 Шаңғы туризмінің мәні және қауіпсіздік ережелері

      Еліміздің кейбір аймақтарында қыс мезгілі төрт, алты айға созылады. Шаңғымен жүру үлкенге де кішіге де пайдалы. Ғалымдардың зерттеуінше спорттық үйірмеге қатысатын оқушылардың белсенді қозғалысы бір күнге алты — тоғыз мың адамға кем екенін дәлелдеген. Олар мектеп оқушыларына шаңғы тебуге дағдыландырғанда 15-19 мың адамға артқан. Қорытындысында 58% дене күші мен ойлау қабілеті де артқан. Шаңғы тебу кезінде адам денесі толық қозғалысқа түседі. Аяқ қол бұлшық еттері біртіндеп дамиды тынымсыз бір қалыпта болған соң шаңғы тепкен адам оттегіні басқа спортшыларға қарағанда жоғары тұтынады. Жүрек соғысына күш түсірмей қан айналым жақсарады. Шаңғы тек денсаулыққа ғана емес, сондай ақ ауыр жұмыстан жүйкеге түскен салмақтан бой сергітуге таптырмайтын құрал. Шаңғы тебу кейбіреулерге бір жақты қарапайым спорт түрі болып көрінуі мүмкін, бірақ ол олай емес. Жоғарыға өрмелеу, төмен түсу, із сала жүру, еркін әдіспен тебу, қол күшімен тебу, конький тәрізді тебу түрлерін кез келген адамның меңгере алмасы анық. Шаңғы күшті емес төзімділікті қажет етеді. Бірнеше шақырымды бір қалыппен жүгіру, майды бұлшық етке айналдырып семіздіктен арылтады. Үнемі шаңғы тебумен айналысқан адам жалқаулықты жеңіп, өзіндік мінез қалыптастырады. Яғни, шыдамдылықпен алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелейді.[29,67б]

      Жорық кезіндегі қозғалыс жылдамдығы сағатына 5 шақырымнан аспағаны жөн. Қарапайым турист 1шақырымға 15-14мин.жүріп өтеді. Қозғалыс бірқалыпты болады. Қозғалыс ырғағы релефіне байланысты туристердің физикалық дайындықтары мен табиғат жағдайларына да байланысты. Шаңғымен жүру барысында топ мүшелері бір боймен, бір адамнан қозғалуы шарт. Алда штурман жүріп отырады. Өйткені ол – із кесуші, жолды жақсы біледі. Ал саптың соңында жөндеуші шебер жүруі тиіс. Адамдар бір-біріне өте жақын жүрмей аралары алшақ болуы керек. Алшақтық 1,5-2м қашықтықта болуы тиіс. Орман арасындағы өсімдіктер, өзен-көлдер мен нулы жерлерді өткелдер арқылы жүріп өтіп, қауіпті

жерлерден арқан арқылы өту керек. Шаңғымен жорыққа шыққанда таңертеңгі сағат  8.00-9.00 шамасында бастау керек. Түскі үзіліс 1сағаттан аспауы тиіс. Шаңғышылардың ара қашықтығы қозғалыс жылдамдығына байланысты. Ал ылдидан түскен кезде жылдамдықты көбейтуге болады. Бірінші топтағылар белгіленген жерге әбден жеткенде ғана, келесілері төмен сырғанай алады. Күн батқан кезде қозғалыс тоқталады. Техниканы дұрыс қолдану шарты — тәртіп сақтау. Жаяу және шаңғы туризмінің техникасы мен тактикасын үйренген кезде мыналарды ескеру қажет:

  1. Қозғалыс кестесін жасау.
  2. Уақытты тиімді пайдалану.
  3. Әр түрлі жолдарды кедергісіз жүріп өтуге дағдылану.

Жорықта күн тәртібі,жорық кезінде жүру,қозғалыс,тынығумен алмасып отырады. Ересектерге тоқтаусыз 50мин қозғалуға болатын болса, жасөспірімдерге 40мин жеткілікті, балаларға 35минуттың өзі қалыпты. Арасында үзіліс 20-25мин болуы қажет. Күндік жүрістің 60%-ын тәуліктің алғашқы жартысында жүрген қолайлы. Қалған жолды түстен кейін жалғастырған жөн. Түскі ас және тынығу уақытын қосқанда 3-5 сағат демалу қажет.

Шаңғышыларды дайындау кезінде мынандай жаттығулар түрлерін көрсету керек:

  1. Шаңғы техникасының жүрісін жолдорба және жолдорбасыз меңгеру (бір мезгілде, ауыспалы), шаңғымен із сала жүру.
  2. Шаңғымен кедергілермен жүру (арық, сай, бөрене, төмпе).
  3. Шаңғымен жоғары көтерілу, төмен түсу, бұрылу және тежеу техникасын меңгеру.
  4. Қолда бар құралдардан жарақаттанған адамды тасымалдау құралдарын жасауға үйрету (шаңғы, шаңғы таяғы, жіптер).
  5. Шаңғысыз шаңғы таяғымен жеке сақтануы арқылы шөпті, құмды баурайларға көтерілу, траверс, түсу техникасын меңгеру.
  6. Су кедергілерінен (өткел, өзен) сақтандыру арқылы өту техникасын меңгеру.

9-сурет,шаңғы жорығында жолдорба арқылы қозғалу

Шаңғы жорығында жолдорба арқылы қозғалысы.

       Шаңғышылар белгіленген ауданда жолдорба арқылы негізгі қозғалысы — жылжымалы жүріс. Тығыз баурайлардан  немесе тайыз, болбыр қардан бір мезгілдік жүріспен түседі. Бұл жағдайда шаңғы таяғын тез және қатты итеру қажет. Өйткен жағдайда арқадағы жолдорба қозғалып, тепе теңдік бұзылып туристтің құлауына әкелуі мүмкін.

Шаңғы жолын таңдау

Айналада көрінетін қашықтықта жорыққа шығуда кесілген ағаш, өзен арналарымен жүргенде жолды тапау әдісі қолданылады. Бұл кезде бастаушы орын ауыстырады. Белгілі бір уақыт аралығында қар терең әрі ауырлаған сайын, тоқтау уақыты да азаяды.

Айналада көру уақыты аз болса (боранда, орманда, қараңғыда) компаспен бағытты салыстырып отыру қажет болғанда, топты бірнеше топтарға (мысалы: 3 адам) бөледі де, шаңғы жолын таптауға ауыстырады. Топ     жетекшісі 1-ші топшаның артынан жүреді, әрі барлық топ мүшелерін көріп, топтың басшысына жүру бағытын көрсетеді.

Таптауға 3 адам қатысады, өзара ауысып, топ басшысы алдына тұрады. Ал, шаршаған топ мүшелері топ жетекшісі нұсқауымен артқа кетеді де, оның орнына келесі топ келеді.

10-сурет, тау бөктерінен өту

Тау бөктерінен өту

      Тау бөктерінің қалың қарлы әрі қиын бөліктерінен өту топ мүшелерінің біліктілігіне әрі тауға көтерілу

Көтерілулер

        Биіктеу жерлерде шаңғымен көтерілу барысында аз уақыт жұмсап күшін үнемдеп тез көтерілу керек. Тау бөктеріндегі қардың түріне қарап, әрі қиғаштығына қарап көтерілу тәсілін таңдаймыз. Олар: “адымдап жүру”, “жарты шырша”, “шырша”, “баспалдақ” және “зигзаг”.[31,196  ]

Адымдап жүру әдісі тегіс жерлі жармен көтерілу барысында қолданылады. Бұл әдіс арқылы қозғалу барысында шаңғышы алға қарай еңкейіңкі күйде, күшті қолға сала отырып, шаңғы таяқтарын мығым ұстау арқылы оны тірек ретінде пайдаланып жылжу керек.

Ал, қатты тау бөктерінде “жарты шырша” әдісімен тау бөктеріне қисық жүрген жөн. Бұл әдісте шаңғышы бір аяғымен бағыт ала жоғарыға қарай қозғалса, екінші аяғымен тежеу мақсатында бір қырымен қозғалу керек.

11-сурет, жарты шырша әдісімен көтерілу

“Шырша” әдісімен орта деңгейдегі  “жарты шырша” әдісімен көтерілу мүмкін болмаған жағдайда көтеріледі. Бұл кезде шаңғы тұмсығы екі жаққа кең қойылады, ал шаңғы ішкі қырына қойылады. Бірақ шаңғының орнын ауыстыру үшін оны салмақтан арылдыру керек, себебі: дене салмағын келесі шаңғыда ауыртады. Шаңғының тұмсығы қарға кіріп кетпес үшін, аяқ киімнің басын көтеріп, өкшеге басу керек.

 

12-cурет,баспалдақ әдісімен көтерілу

Қатты, әрі өте биік, қиғаш тау бөктеріне “баспалдақ” әдісімен көтерілген дұрыс: көтерілетін жерге жанымен тұрып бірқалыпты шаңғымен, таяқты ауыстырып отырады. Бұл жерде өте кең ашық қадам жасаудың қажеті жоқ, ал дене салмағын келесі шаңғыда ауыстыру үшін қарды таптау керек. Жалпақ жерлерде “шырша” әдісімен қардың сусып отыруына байланысты  қиғаш көтерілу мүмкін емес.

“Зигзаг” әдісімен көтерілу техникасы көбіне тау көшкіні қаупі жоқ ауданда қолданады. Әрі сырғымалы қадам, “жарты шырша” немесе “баспалдақ” немесе қиғаш. Бұл әдісте өте сақтанып қозғалған жөн. Себебі, тау бөктеріндегі қарды кесіп өтудің қауіпі бар. Бұрылыстан бұрылысқа дейінгі ара қашықтық 30 метрден артық болмауы қажет, әрі жол ағаш, бұта, тас тасаларымен салынады. Қозғалыс барысында бағытты өзгерту “айналу” әдісімен жүргізіледі. Тау бөктеріне арқамен қарап тұрады. Бетін тау бөктеріне бағыттауда бұл әдісті орындау өте қиынға соғады, әрі өте қауіпті,

тепе – теңдікті жоғалтып алса құлайды, әрі таяқпен тоқтату қиынға соғады. Оқыту, үйрету барысында оқушыларды қатты қадағалау керек. Бағытты өзгерту барысында жарысқа қатысушылардың бірінің үстіне бірі құлау қауіпі бар. Сондықтан топ қозғалу бағытында әр бөлігінде 1-2 адамнан артық болмауы қажет. Қайта оралу бағытында “челнок” әдісін қолданамыз. Ең соңғы адам бастаушы, ал бірінші адам соңғы. Бұл тәсіл жолды ұзартады, бірақ топқа айналадағы көрініс шамалы болғанда қозғалуға ыңғайлы. [9,53б]

Шаңғымен төмен түсу

 Шаңғымен төмен түсу – шаңғы техникасында ең негізгі элемент. Жаттығулар мен оқытудың нәтежиесінде жорыққа қатысушылар тау бөктерінің кедергілеріне қарап шаңғымен түсу, тұру,әдістерін өз бетімен таңдап үйрену керек. Алған білімдерін, біліктерін бекіту үшін инструктор қиын бөлімдерді  таңдап алады (жайылма, қиялап түсу, сырғанау тегіс немесе төбешіктер) әрі қар қабаты әр түрлі болады. Бұл жолдармен түсу кезінде шаңғышы тұру, түсу, тепе – теңдікті сақтау шапшаңдығын талап етеді. Қар қабатының әр түрлілігі қатты әрі сусымалы болуы бірден тоқтау немесе қатты сырғанау кезінде тепе – теңдікті сақтай алмай құлауға ұрындырады. Алға «Разножка» әдісі бойынша тоқтау (бір аяқ шаңғымен алда) тоқтауды үйлестіреді. Тоқтау мүмкіндігін үйлестіру үшін тізені бүгіп, алға сойыңқырайды. Тау бөктерінің түріне қарап тұру және түсу әдісі таңдалады.

Тау бөктерімен жоғары, орта, төмен бағанамен түсуге болады. Орташа тау бөктерінен орта тұру әдісін қолданады. Бұл үшін шағының 15-20 см арасын ашып, аяқты тізені бүгіп, дене алға еңкейіп, тізеден аяқ киімнің тұмсығы

көрінетіндей етеді. Шынтақты жарты бүгіп қолды дененің бағытымен түсіреді: таяқтың дөңгелектерін артқа ұстайды (таяқты алға ұстауға болмайды, себебі, жарақаттауы мүмкін).

Өте қиғаш тау бөктерінде ең төменгі бағана қолданылады. Бұл уақытта тізені қатты бүгіп отырып денені алға еңкейтіп қолды алға шығарады.

Түсу жолдарының қиындығына қарай жолмен «зигзаг», «баспа» әдістерімен түседі.

     Түзу әдісімен түсу – тегіс, қысқа, орта, қиялау, жақсы көрінетін  тау бөктерінде қолданады. Жылдамдықтың артуына байланысты тоқтаудың да әр түрлі әдісін қолданады немесе құлайды. Себебі, бақылаудан айырылып қалса жарақаттанады. Қиын қиялардан, созылмалы тау бөктерінен, тау көшкіні білінбеген жерде тоқтатуды бақылау, жылдамдықты бақылауда «зигзаг» әдісімен түседі де қажетті жаққа «плуг» әдісімен бұрылады. Ал, топпен түскен жағдайда,Шаңғымен із сала жүру.  Шаңғы жолынан шығып, таяқтың көмегімен тоқтайды. [8, 89б]

     Қысқа әрі қиялы тау бөктерінен түсерде жанымен сырғанау әдісі қолданылады. Бұл үшін шаңғыны тау бөктеріне параллель қойып, шаңғы қырына басып тұрады, қармен байланысты азайтады. Жылдамдықты көбейту барысында күшті шаңғы қырына салып сырғанайды.

 «Баспалдақ» әдісімен түсу қиын қиялау тау бөктерінде «зигзаг» сырғанау әдісін қолдануға болмайтын жағдайда қолданады.

     Шаңғымен бағдарлау арқылы жүру барысында ағысы жылдам өзендерден өту кезінде шаңғымен із сала жүру әдісі қолданған тиімді. Өйткені ағысы жылдам өзендер баяу қатады. Мұз қалыңдығы жұқа болғандықтан шаңғышылардың өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Бұл әдіс арқылы жүру барысында шаңғышылар әр 4-5 метр сайын ауысып тұруы қажет. Қар неғұрлым қалыңдаған сайын шаңғышылар да соғұрлым жиі ауысып тұруы керек. Тұманды, боранды күндері немесе орман, тоғай арасымен жылжу барысында бағытты үнемі картада компас арқылы белгілеу қажеттілігі туындап отыратындықтан топты бірнеше адамнан бөлу арқылы топтастырып жылжу әдісін пайдалану тиімді болып табылады. Яғни, 3 адамнан бөлініп

топтасқан топ із сала жүруде бір мезгілде бірге жылжиды. Мұндай жағдайда топ басшысы міндетті түрде алға түсіп жолды бағыттап отыруы қажет. Із сала жүруді 3 адам бір мезгілде атқарады. Шаршаған топты соңғы келе жатырған топ алмастыруы керек.

Аттап өту.

     Қысқа каналдардан, төбешіктерден, шұңқырлардан аттап өтуге болады. Арқада жүк бар кезде таяққа сүйеніп аттауға тура келеді. Егер шұңқыр үлкен және терең болған жағдайда баспалдақ болып алға жылжу. Кішкене ғана төбешіктер мен шұңқырлардан шапшаң аттап өтуге болады. Ал, апандардан бір қырлап секіріп өтуге болады. Секірген кезде қолымен сүйеніп, қос шаңғымен жерге қону керек, қарсы келген төбешік болып жатса, не болмаса кішкене шұңқыр болса шаңғыға қолымен сүйеніп, бір аяқтап сырғанап өту керек.

Сайдан өтудің әдіс – тәсілдері:

    Шаңғы жорығы кезінде шаңғышының алдынан бірнеше кедергілер кездеседі. Сондықтан шаңғы жорығында жоғары өрлеу және төмен түсу әдістерімен қатар осы жорықта кездесетін әр түрлі кедергілерден өтудің әдістерін де меңгеру қажет. Мысалы: бөрене, сай, жыралар, аласа қоршаулар т.б. Шаңғышылар жолда кездесетін кедергілердің бірі – сай, жыралардан өту үшін бірнеше әдіс – тәсілдерді меңгеру қажет. Егер үлкен сайлар кездесетін болса шаңғымен жоғары өрлеу және түсу әдістерін пайдалануға болады. Ал кішкене төмпешіктерден өту барысында аяқты сәл бүгіп алға қарай еңкейіңкі күйінде сырғанап түсуге және шаңғы таяғының көмегімен жоғары көтерілуге болады. Егер сайдың арасы жақын болса алға қолды, денені созып аттау арқылы өтуге болады.

 

Бөренеден өтудің әдіс – тәсілдері:

     Шаңғышылар жолда кездесетін бөренеден өту үшін ең алдымен бөрененің жанына бір қырымен тұрады. Егер ол оң жағымен өтетін болса оң қолындағы шаңғы таяғын бөрененің арғы бетіне екі аяғы сыятындай орын қалдырып, қарға мығым орналастырады. Бұдан кейін бірінші оң аяқты содан соң сол аяқты бөрененің арғы бетіне орналастырамыз. Ең соңында сол қолымыздағы таяғымызды бөренеден асырып, өзіміз тұрған жаққа орналастырамыз. Аласа қоршаулардан өту үшін шаңғышылар ең алдымен сол қоршауға отырғышқа отырғандай арқа бөлігімен отырады. Содан соң турист аяғы қоршауға тимейтіндей етіп жоғары көтеріп 180̊С-қа, яғни қарсы бетке айналады. Шаңғы таяқтары арқылы жеке сақтана отырып қоршаудан өтеді. Қоршауларға салынған бөренелер арасынан өту әдісін орындау үшін ең алдымен, бір қырынан тұрады да сәл еңкейіп шаңғы таяғын арғы бетке орналастыру керек. Содан соң сол беттегі аяқты арғы бетке орналастырамыз. Бұдан кейін келесі аяқты бөренеден өткізіп соңынан шаңғы таяғын арғы бетке орналастырамыз. Кездескен кедергіден осылай өтеміз.[35,160б ]

Тоқтату

Шаңғымен сырғанауда тоқтатудың барлық әдістерін білу сырғанау бағыты жылдамдығын қадағалауға, қажетті кезде тоқтауға мүмкіндік береді.

Шаңғы туризміндегі тежеудің әдіс – тәсілдері:

Жорық барысында жыра сайлардан қауіпсіз өту үшін топ қатысушылары міндетті түрде жоғарыға өрлеу әдістерін,түсу әдістерін сол сияқты бұрылу және тежеу әдістерін шебер меңгерген болулары қажет.

Тоқтау әдісін үйренбес бұрын әдейі құлау арқылы тоқтауды меңгеру керек. Бұл үшін төменірек отырып, жанына құлау керек. Таяқтары артта, шаңғыны кесе көлденең тау бөктеріне қояды да, қарға тірейді, жылдам тоқтайды. Негізгі қателік – алдын-ала дайындықсыз ұзынынан құлау. Шаңғы туризмінде дайындық жаттығуларында қатысушыға жол дорбаның қаншалықты кедергі келтіретіндерін теориялық, тәжірибелік тұрғыдан

түсіндіріп үйреткен жөн. Мұндай жаттығулар арқылы жол дорбамен кедергіден өту барысында қандай әдіс – тәсілдің тиімді екендігін анықтауға толық мүмкіндік туады. Жорық барысында тежеу қажеттілігі туындаған жағдайда төмендегідей әдіс – тәсілдерді қолдану тиімді болып табылады:

  1. Плуг.
  2. Жартылай плуг.
  3. Шаңғы таяғы арқылы.

Тежеу әдісінің кез – келген түрін еркін меңгеру шаңғышы үшін төмен түсу кезінде қалаған уақытта қалаған жеріне тоқтауға мүмкіндік береді. Түсу барысында жылдамдықты үнемі қадағалап отыру қажет. Жылдамдық артқан жағдайда шаңғышы бір қырындап құлау арқылы тежеуді орындауға болады. Бұл өзін – өзі бақылай алмай құлағанның денсаулыққа және жарақты сындыру салдарынан әлдеқайда ұтымды шешім болып табылады.Тежеу кезінде көбіне плуг әдісі қолданылады. Плуг әдісін қолдану үшін шаңғыларды ішкі жағына қарай қисайтып екі тізені бір – біріне қосады да өкшелерді алшақ ұстайды. Неғұрлым өкшені алшақ ұстаған сайын соғұрлым тез тоқтайды.[34,71б]

     Аласа баурайлардан шаңғымен түсерде негізінен жартылай плуг әдісі немесе бір жақты купор әдісі қолданылады. Бұл әдісті орындау үшін бір шаңғыны тік ұстап, екінші шаңғыны қисайтады.

    Шаңғы таяғы арқылы тежеу әдісі негізінен жайылма баурайлардан кей кездерде тік жарлардан түсу кезінде қолданылады. Ол үшін аяқты сәл ғана бүгіп, шаңғының екі таяғының да ұштарын қарға батырады. Неғұрлым қысым түсірген сайын соғұрлым тез тоқтайды. Таяқтар көмегімен тоқтау қисық сырғанауда немесе тіке сырғанауда қолданылады. Бұл үшін аздап отырып, таяқтарды бірге ұстап, қарға ұшымен қадап күшті көбейтіп, жылдамдықты азайтады.

Шаңғы туризміндегі бұрылудың әдіс – тәсілдері:

Бұрылу әдістерін негізінен тежеу әдістерін, соның ішінде плуг және жартылай плуг әдістерін толық меңгергеннен кейін ғана үйренген дұрыс. Қиын бұрылу әдістерін ауыр жол дорбамен және арнайы туристік шаңғыларсыз орындауға болмайды.

«Плуг» әдісімен бұрылу әдетте орташа жардан түсу барысында жылдамдық баяулағаннан кейін кез – келген қар қалыңдығы бетінде орындалады. Әдістерді орындау үшін дененің салмағын бір аяққа салып шаңғыны ішке қарай қисайтып мығым ұстап, ал екінші аяқты оң аяққа параллель орындау керек.

«Жартылай плуг» әдісімен бұрылу қатты жылдамдық кезінде қозғалыстың бағытын жаймен байсалды өзгерту барысында қолайлы жерде орындау керек. Әдісті орындау үшін сыртқы аяқты ішке қарай қисайтып бар күшті осы аяққа түсіреміз. Ал екінші аяқты қарға мығым орнатамыз. Осының нәтежиесінде бұрылыс пайда болады. Баяу жылдамдықпен төмен түсу барысында қозғалыс бағытын оң және сол аяқты қатты күшке салып итеру арқылы өзгертуге болады. Мысалы: сол жаққа бұрылу үшін оң жақ аяқты қатты итеру арқылы, ал оң жаққа бұрылу үшін сол аяқты қатты итеру арқылы бұрылуға болады. Жайпақ тау бөктерінде жай жылдамдықпен келе жатып бағытты баспалап өзгертуге болады. Мысалы: сол жаққа бұрылу үшін, оң аяқпен қатты итерілу керек. Шаңғы жүрістері – бұл шаңғымен жүру, қозғалу әдістері. Шаңғы жүрістері: классикалық, ауыспалы, бір уақытта, аралас, конькише. Конькише жүріс – шаңғымен сырғанау барысында итеріліп, тоқталмай алға жылжиды. [25,56б]

Қазіргі мезгілде әлемдегі шаңғы спортының дамуына немқұрайлы қарамауымыз керек. Ал конькише жүрістің алуан түрлілігі классикалық жүріс түрлерінен еш кем емес, мысалға, кейбір шетелдік тұжырымдар бойынша конькише жүрістің жиырмаға дейін түрлері бар.

 

 

 

 

 

ІІЗЕРТЕУЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

    2.1 Зерттеу әдістері.

 Осы зерттеп отырған мәселеге байланысты әдебиет көздерін жинақтап, теориялық тұрғыдан талдай отырып,  сонымен қатар сараптамалық зерттеу барысында алынған мәліметтерді саралай келе зерттелді.

 

2.2Зерттеулерді ұйымдастыру

1964 жылы Өскеменде бес бірдей шаңғы базасы болыпты. Ал бүгін ше?
Сайып келгенде, семинардағы әңгіме еліміздегі тау шаңғы спорты түрлерін насихаттауға келіп тірелді. Еліміздің еңбек сіңірген бапкері Алексей Наконечныйдың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта ең негізгі мақсаттың бірі халықты, әсіресе, өскелең ұрпақты шаңғы спортымен айналысуға баулу болып табылады . Ол үшін бүгінде талай жарыстарда топ жарып жүрген шаңғышымыз Алексей Полтораниннің жаттықтырушысы мектептерде шаңғы спортының негіздерін үйрететін сабақтар жүргізілуі керек екенін айтады.                             Сонау 1964 жылы Өскеменнің өзінде ғана бес тау шаңғы базасы болып, онда 24 бапкер қызмет еткен. Қалада, жалпы облыс аумағында спортшыларды дайындаудың белгілі бір бағдарламасы жасалып, бар жұмыс жүйелі түрде жүргізілетін. Ал бүгінде сол бапкерлердің жартысы да қалған жоқ. Әрине, бүгінде мемлекет осы олқылықтың орнын толтыруға көңіл бөлуде. Дегенмен, елімізден әлем және Олимпиада чемпиондары шықсын десек, бұл жұмысты ширатуымыз керек. Мектептерде қысқы спорт түрлерінің негізі оқытылса және сабақтарды білікті мамандар, бұрынғы спортшылар жүргізсе, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, олар мыңның ішінен біреу болсын, әйтеуір шаңғы спортына қабілеті бар баланы таба алады, – деген бапкер бүгінде облыс орталығында шаңғы тебетіндердің үлесі бір пайыздан аспайтынын айтып қынжылды.
      Бүгінде өскемендіктерге тау шаңғы спортымен айналысу үшін міндетті түрде қала сыртына шығу қажет емес. Шаһар аумағында, тоғызыншы шақырым деп аталатын жерде тау шаңғы трассасы бар екен. Тек мұнда бір гәп бар, аталмыш трасса осымен екі жыл бойы жұмыс істемей тұр. Кезінде бұл жерге мектеп оқушылары, жалпы кез келген адам келіп, тау шаңғы спортымен айналысушы еді. Ал бүгінде қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығынан трасса келушілерді қабылдай алмауда.  Мамандар осы мәселеге ерекше мән берілуі керектігін бір ауыздан қолдап отыр.

2.3 Зерттеуді болжау

Қазақстан тау шаңғы курортының ірі орталығына айналады деп болжануда. Осы уақытқа дейін кеңінен талқыланған тау шаңғы курортын салу салмау мәселесі  алдыңғы жылы Алматыда Еуразиялық деңгейде қаралды.  Оған әлемнің 40 мемлекетінен 200-ден аса туризм саласының мамандары қатысты. Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Талеба Рифаи мырза бастаған сарапшылар Іле Алатауындағы Көкжайлау шатқалын тікұшақпен аралап, болашақ тау шаңғы курорты орналасатын аумақпен танысты. Оның айтуынша, Қазақстан тау шаңғы курортының ірі орталығына айналуы мүмкін.

«Себебі, болашақ туристік нысан орны өте сәтті таңдалған», — дейді ол. Бұған дейін отандық мамандар Түргеннен Қаскелеңге дейін 40 мың гектар аумақты зерттеп, нәтижесінде Көкжайлау шатқалына тау шаңғы курортын салуды ұсынған.

Мамандар бұл әлемдегі ең ірі тау шаңғы курорты болатынын айтады. Сондай-ақ, елімізде тау шаңғы туризмін әлемдік деңгейге көтеру мақсатында оқу орталығы ашылмақ. Оған Дүниежүзілік туристік ұйым қолдау көрсеткелі жатыр.

     Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы «Бул оқу орталығында, жалпы туристерді қалай қабылдау керек. Олармен қалай жұмыс істеу керек сол жағы үйретіледі. Бұған біз қолдау көрсетеміз. Оқу орталығы барлық стандарттарға сай болады. Оқу орнын бітірген мамандар осы тау шаңғы курортында жұмыс істейтін болады», — деген болатын.

«Көкжайлау»  тау-шаңғылы  шипажайы.«Көкжайлау» шипажайының жобасы дайын, 2015 жылы құрылысы басталады. Жоба бойынша салынатын нысандарда қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен өзіндік ерекшелігі көрініс табады. Біздің мақсатымыз — тау-шаңғы спортын барынша насихаттау» — деді Л. Маршан. [36,43б]

        Жобаға сәйкес, шаңғы жолының жалпы ұзындығы 65 шақырым. Сырғанау аймағы кең. «Көкжайлау» шипажайы мен «Медеу» спорт кешені аралығында аспалы жол салынады. Жобаның жалпы құны 60 млрд. теңге. Жоспар бойынша шипажай қолданысқа 2017 жылы беріледі. 

Л. Маршанның айтуынша, шипажай жаз айларында да жұмыс істейтін болады. Сол үшін жаяу және атпен жорық жасауға арналған жолдар және әр түрлі фестивальдерге арнап алаңдар жасалады.    «Көкжайлау» секілді жобалар шынында да адамдардың жүрегінде тауларға деген сүйіспеншілікті оятады. Қазақстаннан алдағы уақытта тау-шаңғы спорты бойынша талай чемпиондар шығатындығына кәміл сенемін» — деді ол. 

 «Көк Жайлаудың» басты артықшылығы, мұнда жыл бойына қар мол жауады ( 9 м) және шаңғы тебу мерзімі де ұзағырақ (7 ай), яғни, «Көк Жайлауға» түсетін қар бұрыннан бар курорттар Шымбұлақ пен америкадағы «Вейл» (8 м 80 см) курортына жауатын қарға пара пар. 

«Әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы кешені үшін тау шаңғысы жолының ұзындығы 500 км-дан аз болмауы тиіс. Европадағы жетекші тау шаңғысы курорттарының трассалары — 350-500 км. Мысалы, LaPlagne (Франция) — 425 км; Verbier (Швейцария) — 410 км. Ал «Аспен» (АҚШ) ең ірі курорт болып табылады, мұндағы шаңғы трассасының ұзындығы 509 км. «Көк Жайлау» тау шаңғысы курорты трассасының ұзындығы алдын ала есептеу бойынша — 500 км. болады.  Қазіргі кезде барушылар саны өте жоғары саналатын «Ла Плань» курорты 129 мың адамды қабылдай алса, «Көк-Жайлау» курорты жылына 1 миллионға дейін туристерді қабылдай алатын болады»,-деп жоспарланған.[32,15 б]

 «Көк-Жайлау» тау шаңғысын дамыту арқылы әлеуметтік мәселені де шешуге болады. «Яғни, жаңа жұмыс орындары ашылып, олар арнайы орта кәсіби дайындықтардан өтеді. Мысалы, Австрияда әрбір бесінші адам туристік салада жұмыс істейді. Бұл жобаның құрылысы барысында алдын ала есептеулер бойынша 20 мың адам жұмысқа тартылады. Ал, курорт пайдалануға берілген кезде әр сала қызметкерлерінің саны 20 мыңнан 80 мыңға жететін болады. Австрия мен Швейцарияның мысалынан көргеніміздей, шаңғы туризмі елдің жалпы ішкі өніміне де оң ықпалын тигізеді. «Көк-Жайлау» өз деңгейінде дамыған сәтте оның экономикалық қана емес, экологиялық мәні де жоғары болады».

    «Көк-Жайлау» курортын дамыту жобасы Қазақстанда тау шаңғысы туризмін дамытудың алғашқы кезеңінің бірегей жобаларының бірі  болып саналады. Қазақстан Республикасы Президентінің өзі атап өткен бұл жоба аса ірі индустриалды инфрақұрылымның бірі. 

Жобаны үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Алдымен тау шаңғысы туризмін дамытудың концепциясы әзірленеді, сонымен қатар 2012 жылдың аяғына дейін техникалық-экономикалық құжаттар әзірленеді, 2013 жылдың аяғына дейін Үкіметтің бекітуінен өткен техникалық-экономикалық құжаттардың жұмыс жобасы дайындалады, ал құрылыс үшінші кезеңде, 2013-2016 жылдары жүзеге асатын болады. Мемлекет жобаға 700 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат құймақ, ал жеке инвесторлардан 2.1 млрд. АҚШ доллары тартылмақ.[10,29 б]

Сонымен қатар,Шығыс Қазақстанда қысқы туризм түрлерін дамытуға барлық мүмкіндік бар. Асқар таулы, шалқар көлді табиғатқа ие киелі мекеннің климаты да аталмыш саланы өркендетуге шақырып тұрғандай. Десек те, бүгінде еліміздің бұл өңірінде  туризмнің бұл саласы әлі де болса кенжелеп тұр. Мамандардың айтуынша, бұған басты себеп – өңірдегі демалыс базалары туралы жарнаманың аздығы. Жақында Өскеменде осы тақырыпқа арналған семинар-кеңес өтіп, оған бірқатар облыстық басқармалар мен аймақтағы демалыс орындарының өкілдері қатысты.

Еуропада әрбір елді мекенде  демалыс орны бар.
Бір қызығы, облыста қысқы туризмді дамыту үшін ең алдымен жергілікті халық арасында лайықты насихаттық жұмыс жүргізілуі керек екен. Бұдан кейін ғана өңірге шетелдіктерді тарту жөнінде сөз қозғауға болады. Өскеменнің іргесіндегі «Алтай Альпісі» тау шаңғы кешенінің құрылтайшысы Александр Чиликин бұл бағытта белгілі бір бағдарламаның болуы шарт екенін алға тартты.
Биыл «Алтай Альпісі» кешенінде тұңғыш рет креслолармен жабдықталған қанатты жол жұмыс істей бастады. Келер жылы базадағы шаңғы жолдарына жасанды қар төселетін болады. Алайда, мұның өзі де аздық етеді. Себебі, Шығыс Қазақстандай ірі облыста соңғы үлгідегі технологиямен қамтылған кем дегенде он шақты демалыс орны болуы керек деп, мамандар ол осы орайда шетелдік тәжірибені мысал ретінде келтіріп отыр.
Мәселен, Франция, Швейцария, Австрия мен Италия сияқты бірқатар еуропалық мемлекеттерді алуға болады. Бір қарағанда, бұл елдерде біздегідей қыс, біздегідей қалың қар жоқ. Десе де, бүгінде олардың әрқайсысында ондаған, тіпті, жүздеген тау шаңғы базалары мен курорттар бар. Осы демалыс орындарының арқасында ел бюджетіне қомақты қаражат құйылуда. Жыл сайын бұл елдерге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер келіп, демалып қайтады. Олардың ішінде біздің отандастарымыз да жетерлік. Осы орайда өзге елдің экономикасына пайда әкелмей, өз көсегемізді көгертуге не кедергі деген сауал туындайтыны рас.
Статистика мәліметтеріне үңілсек, Еуропадағы шағын деревнялардың өзінде бір-бір демалыс базасы бар. Әрине, бұл елдерде қысқы туризм бірден дамып кеткен жоқ. Кез келген шаруа сияқты бұл салада да өзінің қиындықтары болды. Дегенмен, жоғарыда аты аталған мемлекеттер осы бағытқа қомақты қаражат құйып, тау шаңғы кешендерін салуға, олардың инфрақұрылымдарын қалыптастыруға және жаңа демалыс орындарын ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерді қолдауға ақша аямапты. Енді міне, сол жұмыстың жемісін көріп отыр. Сондықтан мемлекетіміз шетелдік демалыс орындарынан табиғаты жағынан еш кем түспейтін  Риддер қаласы, сондай-ақ, Зырян және Катонқарағай аудандарында қысқы курорттар салуға, оларды аяғынан тік тұрғызуға көмектессе, кейін сол шығынын еселеп ақтап алар еді. Осы зерттеу жұмысын зерделей келе, бізге шетелдік тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеу қажет деп санаймын. А.Чиликин егер де мемлекет пен бизнес қысқы туризмді дамыту бағытында бірлесе жұмыс істейтін болса, және бұл шаруаға бұқаралық ақпарат құралдары мен туристік фирмаларды жұмылдырса, 10-15 жылда Шығыс Қазақстанды тау шаңғы спортымен айналысатын туристердің Меккесіне айналдыруға болатынын айтты.
Семинарға қатысушылардың айтуы бойынша, бүгінде тау шаңғы кешендерінің маркетингі өте әлсіз жүргізілуде, яғни, еліміздегі туристік агенттіктермен демалыс орындарын жарнамалау жөніндегі жұмыс бір жүйеге түспеген екен. Осының кесірінен көп жағдайда отандастарымыз көрсететін қызметі жағынан әжептәуір деңгейге көтеріліп қалған өзіміздегі тау шаңғы кешендерінің орнына шетелдік курорттарға аттануда. Ал салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, бұл салада біздегі сервис көрші Ресейдікінен қарағанда әлдеқайда жоғары әрі арзан саналады. Оны демалыс базаларымызға келіп қайтқан ресейліктердің өздері де мойындап отырған көрінеді.

Риддерде жыл он екі ай қызмет көрсететін «Анатау» тау шаңғы курорты құрылысының перспективалары туралы «Ridderhutte» кешенінің тау инженері Евгений Швагерус былай дейді:
Курорт аумағында 100 шақырымға жуық тау шаңғы және қанат трассалары пайда болмақ. Аталмыш жобаны жүзеге асыруда курорттың маңындағы таудың сирек кездесетін еңістігіне ерекше иек артып отырмыз. Сондай-ақ, бұл жерде ыстық жән суық су, электр қуаты, автомобиль жолы мен теміржол да бар. Болашақта бой көтеретін курорттан бес шақырымдай қашықтықта Синегорье, Громатуха және Вертикаль қанатты трассалары орналаспақ.    

Сонымен қатар, бұл жерде қысқы спорт түрлері бойынша интернат та пайда болады. Бір сөзбен айтқанда,  облыс басшылығының қолдауымен «Анатауды», жалпы Риддер қаласының маңайын ірі халықаралық тау шаңғы курортына айналдырмақ . Бүгінде курортқа Шығыс Қазақстан мен өзге облыстардан бөлек, Ресейдің бірнеше аймағынан келіп қайтуға ниет білдіріп отырғандар да баршылық.
 Сондай-ақ, еліміздің оңтүстігіне келсек енді Оңтүстік Қазақстанның өз шаңғы базасы болады. Шымкенттік әкімдердің 25 жылдан бергі арманы жуық арада жүзеге асқалы тұр.

ТабиғатысұлуҚасқасутаушатқалындағы 56 гектаржергеорналасатыншаңғыбазасындақысы-жазытуристерүзілмейді .Біздің елдің емес, бірнеше халықаралық ұйым осындай оптимистік жоспар жасап отыр.

Шетелдік инвесторлар мен мемлекеттің қолдауы арқасында 4 жылдан кейін бағасы арзан, экологиялық таза курорт пайда болмақ.

Қасқасу, Сайрам Өгем мен Машат сынды табиғаты қайталанбас орманды шатқалдар тұрған Ұлттық бақ аумағы тау шаңғы базасын орналастыруға таптырмас жер. 25 жыл бойы экология саласын зерттеген халықаралық ұйымдар осындай қорытындыға келіпті.Және ең бастысы бұл жердің табиғатына титтей де зиян келмейді екен.

Шаңғы базасына әуелі Шымкент пен Қасқасуға дейін электр пойызы жүреді. Автокөліктер үшін де арнайы жолдар салынып, жұрт аспалы жолмен де қатынайды.

Инфрақұрылымдарды реттеуге мемлекет әуелі 3 миллиард теңге жұмсаса, кейін шетелдік инвесторлар 11 миллиард теңгені шаңғы базалары мен қонақүйлер салуға жұмсамақшы.

«Канат жолдары осы болса төменнен бастап, бірінші кезеңі, анау көріп тұрған талдарға дейін жетеді. Екінші кезеңі сол талдардан бастап тау шыңдары қар тұрған жерлерге дейін барады», — дейді ОҚО туризм басқармасының бас маманы Жасұлан Төлебеков.

Қымбат жобамен айналысып жатқандар 8 жылдың ішінде өзін-өзі ақтайтынына нық сенімді. Олардың айтуынша, соңғы 2 жыл ішінде Оңтүстік Қазақстанға турист болып келгендердің саны екі есеге өсіпті.

Сонымен қатар, Орталық Азия мен көршілес облыстардан осында келіп демалуды қалайтындардың қарасы көбейген.

 

ІІІ  ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕСІ

3.1 Тәуелсіздік алғаннан кейінгі шаңғы туризмінің даму ерекшеліктері

Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырау-ды білмейтін саласы. Сонымен бірге, мемлекет экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын сала. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы мәліметтеріне сүйенсек, туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүниежүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.

«Шымбұлақ» – Алматының маңында, Іле Алатауының жанында әйгілі «Медеу» биік таулық мұз айдынынан сәл ғана биік орналасқан, баршаға мәлім Қазақстандағы таушаңғылы курорт. Шымбұлақ шатқалы теңіз деңгейінен 2200-2500 метр биікте.  Оған таяу жерде биіктігі 3200 метр Талғар асуы, биіктігі 3800 метр Школьник шыңы, 4200 метрлік Амангельды шыңы, 4010 метрлік Абай шыңы, 4376 метрлік Комсомол шыңы бар. Соңғы аталған шыңның басына шығу үшін жыл сайын альпиниада өткізіледі.

Шымбұлақ шыңының негізгі биіктігі – 2260 метр

Биіктіктің ең жоғарғы межесі – 3163 метр

Жолдарының ұзындығы – 30 км, стандарты – FIS

Алматы қаласының орталығынан 25 км қашықтықта орналасқан тау шаңғылы «Шымбұлақ» курортының  орташа температурасы жазда +18°С, қыста – 9°С.

Қолайлы табиғи жағдайлар қойнауына қол жетімді осы ауданға туристерді, альпинистерді тау шаңғышыларын менмұндалай тартады, биіктігі 900-1000 метр аралығында өзгеріп отыратын  тау шаңғысы жолдарын салуға мүмкіндік тудырады. Талғар асуынан түсетін спорттық жолдың ұзындығы – 3500 метр, алып слалом 1500 метрге созылады, орташа ені – 25 метр, еңістігі – 11° – 29°. Бұндай өлшемдер оның барлық бөліктерінде спортшыларға жылдамдықтарын шарықтау шегіне дамытуға мүмкіндік береді.

50-жылдардыңбаскезіндетаушаңғысыныңәуесқойларыөздеріүшінШымбұлақшатқалыныңқойнауында жатқантамашаалаңқайдытапты.Төменқұлдилауүшінмінсізжолболыптабылатынжаратылысыәралуантабиғиеңісөтежақсысырғанаудықамтамасызететінқұрамыасасапалықарменұштасаотырып, баршажұртшылықтыңназарынөзінетабындырғандай. Ұзақуақытөтпестенбұлжердехалықаралықталаптарғажауапберетінтұңғышжылдамтөментүсужолысалынды.

«Медеу» мұзайдынынажетугесәлғанақалғандазаманауигондольдықаспалыжолғамінугеболадыжәне 15 минутуақытөткенсоңәлемдікдәрежедегітаушаңғылыкурортыатақты «Шымбұлаққа» жетесің. Жылдың 300 тәулігібойындабұлжердекүнжарқыраптұрадыжәнебұлтұстағықардаайрықша – құрғақәріжеңіл, сондықтанбұлжайлыжәнежылдамсырғанауғакепілдікбереді. Бұлжағдайсырғанаумаусымыболыптабылатын 7 айбойысақталады.

Шымбұлаққашартараптанәуесқойлардышақырыптұратынерекшеліктероныңжолдарыныңәралуанбағыттылығы, олардыңарасындашаңғытебудіжаңаданбастағандарғаыңғайлыжұмсақжәнеқұламаемесеңістер, дайындығыбаршаңғышыларүшінқажетұзақжолдар, жылдамқұлдырауғаарналғанФИС-жолдар, сноубордшыларғаарналған half-pipe, кәсіпқойларғаарналғанқауіптіоралымдаржәнемогулғабейімделгенарнайыжол. Шымбұлақтажылсайынжаңабағыттарпайдаболады. ОныңтаушаңғылықжолдарыТауШаңғысыспортыныңхалықаралықфедерациясытарапынанаттестатталған. Жылдамдықпентөменқұлдыраужәнеалыпслаломжолдарықұқықтытүрдеәлемдегіеңкүштіжолдардыңондығынаенеді.

Бұнда VII ҚысқыАзиадатабыспенөткізілді, жолдарұзартылдыжәнекеңейтілді, қарданжасалғанзеңбіректерорнатылды. ФуникулерарқылыТалғарасуына (3163 метр) көтерілугеболады.

«Табаған»спорттықсауықтырукешені  таушаңғысына арналған Бесқайнар кентінежақын (АлматыоблысыныңТалғарауданы) Шыбынсай (ІлеАлатауы) шатқалындасалынған курорт, спортжәнеойын-сауықкешені.Алматышекарасынан 17 шақырымқашықтықта, ауданы — 55 гектар. Еңбиікнүктесітеңiздеңгейiнен 1650 метршамасында.

Кешенніңатауы «Тобогган» (ағылш. Toboggan) сөзіненшыққан. Солтүстік Америка үндістері тайпаларының тілінде бұл сөз «ағаштан жасалған жалпақ қыстық шаңғы » дегенді білдіреді. Қазіргі ағылшын тілінде «түсу, таудан сырғанау» деген сөзді білдіреді. Сонымен қатар, «табаған» — адамдар төмен қарай арнайы шанамен сырғанайтын науа түріндегі ұзын иілген түсу жолын білдіретін батыстық аквапарктер мен қыстық парктерімен  танымал аттракцион.

Кешен 2005 жылы салынған. Осындай ірі көлемді жобаның іске асырылуы қазақстандық туризм нарығының, сондай-ақ қыстық спорт түрлерінің тарихында жаңа кезең болды.

«Табаған» кешені осындай дәрежелі тау шаңғыларына арналған курорттарға қойылатын қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға сәйкес салынды. Кешен Австриядан, Голландиядан және Ресейден әкелінген техникамен жабдықталған. Аспалы жолды құрастыруды және карточкалық кіру жүйесін енгізуді ресей мамандары жүзеге асырды, қалған жұмыстарды жергілікті компаниялар жасады.

Кешеннің арқасында ауданның инфрақұрылымы мен экономикалық ахуалы елеулі жақсарып, отандық туризм индустриясын дамыту талаптарына да жауап берді. «Табағанға» жақын жатқан Бесқайнар поселкесінің жүздеген тұрғындары еңбек етуде. Оның ресми тұсаукесері 2006 жылғы қаңтардың аяғында болды. Екі күннен кейін осы жерде Алматы қаласының сноуборд пен экстремалды спорт түрлері Федерациясының (СЭСТФ) Кубогы алғаш рет ойнатылды. 2006 жылғы сәуір айында осы жерде ірі отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен, Дәриға Назарбаеваның басшылығымен Еуразиялық Медиа-форум өтті.

2011 жылы Алматыда өткенҚысқы Азияданың екі ойын түрі — фристайл және сноуборд жарыстары да осында өтті.

Қысқытуризмжалпыалғанда, мемелекеттіңэкономикасынаүшоңнәтижебереді:

  1. Шетелвалютасыныңқұйылуынқамтамасызетедіжәнетөлемтеңгеріміменжиынтықэкспортсияқтыэкономикалықкөрсеткіштергеоңықпалжасайды.
  2. Халықтың жұмыспен қамтылуына көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
  3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арқасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.

Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.

Осы нәтижелер туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті қысқытуризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерінің қалыптастырылуын көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

1.Қазіргі таңда елімізде шаңғы туризмінің дамуына кедергі келтіретін көптеген жағдайлар бар.Олар: арнайы құрал-жабдықтардың жетіспеуі, арнайы аяқ киімдер,жан-жақты жетілген ұстатқыштар,арнайы киімдер,сапасы жоғарғы қысқы палаткалар,ұйықтайтын қапшықтар.Арнайы байланыс құралдары,қауіпсіздікке арналған құралдар,  көшкендергеарналған жеңіл жабдықтар.Бұл кемшіліктер тек орталықтан жоспарлы түрде жүзеге асады.Сонымен бірге бұған шаңғы туризмін дайындайтын арнайы орталықтар ашу да кіреді.Танымал туристік орталықтарды арнайы оқулықтармен қамту, көрнекіліктермен толтыру да қажеттілігі туындайды.

  1. Алдағы уақытқа көп нәрсе жоспарлануда келешекте тау шаңғысы туризм елімізде түрлі бағытта дамып, көпшіліктің сүйіп айналысатын спорттық демалыс ісіне айналатынына сенеміз. Осындай тексерілген әрі тез нәтижелі әдістерді шаңғы техникасы дайындығы кезінде қолдансақ нәтижесі көп күттірмей көзге көрінеді. Содан соң бұның пайдасын жорық және жарыс кезінде көруге болады. Сондықтан да жорық немесе жарыс алдында әрбір туризм техникасын үйреніп, әрбір дайындықты түпкілікті әрі сапалы түрде жүргізсек, жорық немесе жарыс кезінде қай қиынды да қиынға соқпай жеңіл де қызықты өтер еді.

3.Туризм – бұл серуен, жол жүру, бос уақыт кезінде саяхат, белсенді демалыс түрі, денсаулық кепілі, өлкетану, адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуы дегенді білдіреді.Туризм – бұл жеке және ұжымдық түрде жоспарланып және практикалық түрде жүзеге асырылатын демалыспен, спортпен, мәдениетпен және табиғи мұралармен тығыз байланысатын салалардың бірі.Қазіргі мезгілде әлемдегі шаңғы спортының дамуына немқұрайлы қарамауымыз керек.

Мәселен, Франция, Швейцария, Австрия мен Италия сияқты бірқатар еуропалық мемлекеттерді алуға болады. Бір қарағанда, бұл елдерде біздегідей қыс, біздегідей қалың қар жоқ. Десе де, бүгінде олардың әрқайсысында ондаған, тіпті, жүздеген тау шаңғы базалары мен курорттар бар. Осы демалыс орындарының арқасында ел бюджетіне қомақты қаражат құйылуда. Жыл сайын бұл елдерге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер келіп, демалып қайтады. Олардың ішінде біздің отандастарымыз да жетерлік. Осы орайда өзге елдің экономикасына пайда әкелмей, өз көсегемізді көгертуге не кедергі деген сауал туындайтыны рас.
Статистика мәліметтеріне үңілсек, Еуропадағы шағын деревнялардың өзінде бір-бір демалыс базасы бар. Әрине, бұл елдерде қысқы туризм бірден дамып кеткен жоқ. Кез келген шаруа сияқты бұл салада да өзінің қиындықтары болды. Дегенмен, жоғарыда аты аталған мемлекеттер осы бағытқа қомақты қаражат құйып, тау шаңғы кешендерін салуға, олардың инфрақұрылымдарын қалыптастыруға және жаңа демалыс орындарын ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерді қолдауға ақша аямапты. Енді міне, сол жұмыстың жемісін көріп отыр. Сондықтан мемлекетіміз шетелдік демалыс орындарынан табиғаты жағынан еш кем түспейтін  Риддер қаласы, сондай-ақ, Зырян және Катонқарағай аудандарында қысқы курорттар салуға, оларды аяғынан тік тұрғызуға көмектессе, кейін сол шығынын еселеп ақтап алар еді. Осы зерттеу жұмысын зерделей келе, бізге шетелдік тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеу қажет деп санаймын. Мамандардың айтуынша, егер де мемлекет пен бизнес қысқы туризмді дамыту бағытында бірлесе жұмыс істейтін болса, және бұл шаруаға бұқаралық ақпарат құралдары мен туристік фирмаларды жұмылдырса, 10-15 жылда Қазақстанды тау шаңғы спортымен айналысатын туристердің Меккесіне айналдыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

-«Көк-Жайлау» курортын дамыту жобасы Қазақстанда тау шаңғысы туризмін дамытудың алғашқы кезеңінің бірегей жобаларының бірі  болып саналады. Қазақстан Республикасы Президентінің өзі атап өткен бұл жоба аса ірі индустриалды инфрақұрылымның бірі. 

— Зерттеуді, анализді ары қарай жалғастырып тізбектерді қолданып жоспарлаудың жаңа нұсқауларын табу.

— Қазіргі заманауи технологияларды іріктеу арқылы шаңғы спортына қажетті құралдарды дұрыс пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Акимов В.И., Сақаев Б.Ә., Киламбаев С.Н.«Шаңғы спорты». Алматы, 1999ж. Оқу құралы 7 б.

  1. Азиада 2011. //Турист, 2010, №21-23, 17 б.
  2. Алрисаков М.Б.Введение в туризм 1999ж42 б
  3. Азар В.И.’Экономика и организация туризма’ М.,1972ж
  4. Азар В.И.,Туманов С.Ю. Экономика туристского рынка. М.,1998ж
  5. Алматы: «Сөздік-Словарь». ISBN 9965-822-57-3

7.Бабкин А.В «Туризмнің арнайы түрлері»-Ростов-на-Дону,2008.

6.Биржаков М.Б Туризмге кіріспе – СПБ, 2001.

7.Бардин К.В. Азбука туризма: Пособие для учителей рукововодителей туристких походов со школьниками. –М.: Прсвещение, 1981. – 169 с.

8.Бутин И.Н. Лыжный спорт. 2-е изд. перераб., доп. – М.: ФиС, 2000.87-89бб

  1. Есжанов Б. Шаңғы дайындығы білімінде. //Қазақстан мектебі, 2005, №5-6, 51-55 бб.
  2. Ердавлетов С.Р. Теография туризма:история,теория,практика 27-30 бб

11.Жолымбетов Қ., 2009 Құлназаров А., 2009 «Сөздік-Словарь», 2009

12.Исатаев Т.А. Туризм арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру. //Соқпақ, 2010, №4, 34 б.

13.Ибраев Д.Р. Мектептегі қысқы шаңғы техникасы туризмін жетілдіру және дамыту. //Соқпақ-Тропинка, 2010, №1, 29 б.

14.Қазақстан — спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Сөздік-Словарь». ISBN 9965-822-57-3 150-153 бб.

15.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

16.Қазақ энциклопедиясы, 5том 28-31 бб.

17.Қазақстан — спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Сөздік-Словарь». ISBN 9965-822-57-322-24бб.

18.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

19.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

20.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том.

  1. Михалев В.И. /Цит. по Манжосову В.Н. Тренировка лыжников-гонщиков/ Очерки теории и методики/. М.: Физкультура и спорт, 1989. 96 с.

22.МатвеевЛ.П. Теория и методика физической культуры. – М:Физкультура и спорт, 1991.  543 с.

23.Матвеев Л., Меерсон Ф. Принципы теории тренировки и современные положения теории адаптации к физическим нагрузкам. — В кн.: Очерки по теории физической культуры. — М.: Физкультура и спорт, 1984.  224-240 с. 24.Манжосов В.Н., Огольцов И.Г., Смирнов Г.А. Лыжный спорт. М.: Высшая школа, 1979.13-18 бб.

25.Методические рекомендации по подготовке туристов-лыжников (техника и тактика): М, ЦРИБ «Турист», 1979 54-57бб.

  1. Набатикова М.Я. Специальная выносливость спортсменов. Физкультура и спорт,1972. 197б

27.Мищенко В.С. Функциональные возможности спортсменов. Киев: Здоровья, 1990.

28.Назарбаев Н. А. Казахстан – 2030. процветание, безопасность и улучшение благополучия всех казахстанцев: послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: «Credo», 1999.- 68 с.

29.Сақаев Б.А. Лыжа к здоровью 2002.67-69 бб

30.Самойленко А.А Туризм географиясы-Ростов-на-Дону «Феникс» 2006220-226 бб

31.Сергеев В. Аязды кундердің пайдалы жақтары Турист 1982,№11 196-200бб

32.Сенин В.С Халықаралық туризм ұйымы: Оқулық.-М Қаржы және    

статистика, 200315-18 бб.

33.Соколова М.В. Туризм тарихы –м Академия,2004

34.Саяхат жорықтарын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері»/Оқу құралы/- Алматы,1996 71б.

35.Төтенай Б. Дене тәрбиесі. Оқулық. – Астана.: Фолиант, 2008.-160 б.

36.«Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдерінің негіздері» пәні бойынша 050902 «Туризм» мамандығына арналған оқу құралы/ С.Аманжолов атындағы шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Экономика және қаржы факультеті «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы – Өскемен,2007.43-45 бб.