АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Шаңды дауыл кезіндегі кейбір метеорологиялық элементтерге сипаттама

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 

2 ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

 

3 ШАҢДЫ ДАУЫЛДЫҢ ҚАЙТАЛАНУШЫЛЫҒЫ

 

4 ШАҢДЫ ДАУЫЛ КЕЗІНДЕГІ КЕЙБІР МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ

ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ СИПАТТАМА

4.1 Жел тәртібі

4.2 Ауа және топырақ температурасы

4.3 Ауа салыстырмалы ылғалдылығының өзгеруі

4.4 Көріну қашықтығының өзгеруі

 

5 ШАҢДЫ ДАУЫЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН СИНОПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген, қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны – шанды борандарға жатқызылады.

Шаңды дауы пайда болу үшін екі жағдай қажет, яғни күшті жел және топырақтың борпылдақ болуы. Кеуіп қалған топырақ пен шөптің сирек өсетін жерлерінде, 8-10 м/с жел жылдамдығында байқалады. Басқа кездерде желдің жылдамдығы 20 м/с-тан асса да байқалмауы мүмкін. Оның негізгі себебі топырақ бетіндегі 20 см су қоры мен оның құрылымы емес сонымен қатар оның кедір-бұдырлығы және термикалық тұрақтылығы болып табылады.

Осы жұмысты зерттеулері бойынша қорыта келетін болсақ 1997 жылы өте ұзаққа созылған шаңды дауыл байқалмаған. Қазақстан территориясында батыста, солтүстікте және оңтүстікте байқалған. Шаңды дауылдың жылы кезеңге қалыптасуы, топырақтың кебуі және топырақ бетін жел соғып құнарсыздандыруынан шаңды дауыл қалыптасады.

Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы енулермен жақсы көрсетілген.

Шаңды дауылдар шілде мен тамыз айларында пайда болатынынын синоптикалық процес зональді процестер басымдылығымен өзгешеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 

Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген, қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны – шанды борандарға жатқызылады.

Шанды борандар әсерінен жер, топырақ құнарсызданады (дефляция процессі), өсімдіктерді шаң басып, оларды бүлінуге ушыратады. Шанды борандар құм кешуіне себеп болады. Шанды борандардын күштілігі желдін жылдамдығына, топырақ түріне және онын кұрғағтылығына , атмосфералыққысымның жоғары-төмендігіне байланысты. Атмосфералық қысым аз, төмен аудандарда шанды борандар қою келеді. Жел режимі де шанды дауылды туғызытын метереологиялық факторлардың бірі. Құрлық үстінде жел жылдамдығының максимумы – 14 сағат маңында, минимумы – түнде немесе таңертен байқауына байланысты, шаңды даул көбінесе күндізгі уақытта байқалады да, оның максималды жылдамдылығы желдің максимум жылдамдығымен  сәйкес келеді. Шанды борандардың туруы ауданның табиғи ерекшеліктерімен қатар, өндірістік кешендердін игерілу дәрежесіне де байланысты. Мысалы, асфальталған жолдар  салынбай жатқан жерлерде шанды борандар өте күшті болады /1/.

Шен мен кұмның мөлшерінің күшті желмен тасымалдануы әдетте шөл және далаллы жерлерде байқалатын кұбылыс. Шөлді жерді өсімдіктен таза  және қурғақ болуы атмосферадағы шанның негізіг көзі болып табылады. Шанды даул кезінде көріну қашықтығы айтарлықтай нашарлайды, сонымен қатар шаң , шандану көзімен (кейде мыңдаған километірге дейін) алыстағы үлкен ауданға атмосферадан бірнеше млн. тонналап түседі. шанды даул АҚШ-та ,Қытайда, ОАР-да, Сахара мен Гоби шөлінде, Орта Азиялық шөлді жерінде, сонымен қатар Туран ойпатында көптеп байқалады /2/.

Мысалы, 1968 жылы 16 қантарда жел жылдамдығы 34 м/с кезінде Ираннан Ашхабадтқа тасымалданған шаң бұлтының биіктігі 9 км жеткен, соның нәтижесінде әр 1 га жерге  20-30 т шаң түскен. Ірі шаң ошағы болып табылатын Сахара шөлінен әр жаз сайын пассат желімен Атлант мұхитына 60 млн тоннадан 200 млн тоннаға дейін шаң түседі (атмосфераның шанымен қараңғы болуына байланысты мұхиттың бұл бөлігі қаранғылық теңіз деп аталып кеткен). Арал манынң антропогенді шөлдерімен шанды даулдың қуатты ошағы пайда болды, әсіресе  Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын жатқызуға болады. 1990 жылғы космос суреттерінен алынған мәліметтер бойынша, тасымалданатын шанның жалпы массасы 90 млн тоннаға жеткен /3/.

Өзінің ауқымымен зардаптары жөнімен бұл кұбылыс аса ірі апатты жағдайлармен шамала. 1928 жылы сәуірде Украинаның орманында – далалы облыстарында болған шаң дауылы кезінде жел мен бірге аспанға  1 млн шаршы километр алқаптан 15 млн тоннадан аса қара топырақ көтерілген. Румыния мен Польшадағы 6 млн шаршы  километр алқапқа қонған. Украинаның үстінде шаң 700 м дейін көтерілген. Украинаның далалы облыстарында  қара топырақ қабатының қалындылығы осы дауылдан кейін 10-15 см кеміген.

Шанды дауыл кезінде тропосфераның төменгі жартысының жағдайы және циркуляциялық факторлар – оның пайда болуынын бірден — бір негізгі себебі. В. А. Волеваха көріну қашықтығыының нашарлануы 1 км және одан төмен ұзақтығы 6 сағат және одан жоғары  шанды даул кезіндегі төменгі тропосфераның жағдайын зерттеген. Автор бұл дауылды  күшті деп санаған. Шанды даул кезінде  шекаралық қабатының стратификациясы, турбулентілігі, ылғалдылығы, және тропосфераның төменгі жартысныдағы желдін биіктік бойынша өлшенуі қарастырылған. Оның тұжырымы бойынша шанды даулдың  периоды жер бетіндегі және еркін атмосферадағы желдің өзіндік пайдй болу режиммімен байқалады, яғни биіктік бойынша жел бағытының айтарлықтай өзгеріумен. Оның күшею құрылымы көбінесе төмен 2 км денгейінде сипатталады.

Үлкен ауданды қатынаған шанды даул кезінде тропосфераның төменгі жартысында жел жылдамдығы 30 м/с – пен жылжу ағыны пайда ьолады, оның екі 500 км – ден , вертикальды қуаттылығы 1,5-2 км-ден аспайды /4,5,6/.

Желмен бірге жерден көтерілетін топырақтың құрылы мен  түсіне орай олар қара дауыл ( қара топырақты жерлерде), бұлар негізінен Ресейдің европолық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс оьлыстарына, Башқұрстанға, Орынбор облысына тән; сондай-ақ Орта Азияда болатын қоңыр немесе сары (саз бен кұамдауыт жерлерде) дауыл; Орта Азияның ( Иран мен Ауғастандағы) шөл және шөлейіт аймақтарына тәң қызыл ( темір тотығымен араласқан қызыл тусті жерлерде )дауыл; Түркіменстанның, еділ бойының, Қалмақстанның бірқатар  аудандарына тән ақ ( сорлы жерлерде) дауыл болып бөлінеді. Желмен ілесіп ұшқан шең жел бәсендеген  тұсөқа жинала береді. Украинаның оңтүстік батысында, Донның орта шенінде, Хопром және Медведица өзендерінің аралығында қалындылығы бірнеше метірден асатын осындай құм шөгінділері бар. Қар аз түскен жылдары топырағы борпылдақ әрі қурғақ келетін еліміздіәң өңтұстік – шығыс аудандарында қыста қатты жел тұрып, үздіксіз соққан жағдайда  кысқы қара дауылдар көтеріледі /7/.

Шанды борандар сипатын түсіну үшін ұсақ түйіршіктердін жер бетінен желмен көтеріліунің екі түрлі процесске байланыстылығын көрсетуге болады. Ауа мен топырақ тозандарының тығыздықтары мен және қозғалу жылдамдықтары әртұрлі болғандықтан топырақтын ұсақ бөлшектері жер бетінен көтеріліп ауаның ішіне енеді. Бұл Гемгольцтің толқын теориясыеа негізделген бірінші себеп.  Бернулли теңдеуі бойынша, ағын трубкасының жылдамдылығы үлкен қимасында  қысым аз да, ал жылдамдылығы бәсең қимасында  қысым көп. Сондықтан топырақтың бөлек түйіршіктерінің жел үріп тұрған үстінде атмосфералық қысым аз да, ал ал астында атмосфералық қысым көп болуы  нәтижесінде, топырақтың ұсақ бөлшектері жоғары көтеріліп ұшады. Бұл сальтация  құбылысы деп аталатын екінші себеп. Бірінші жағдайда  иопырақ түйіршекткрін жоғары көтеруші күш оның радиусының кубына, екінші  жағдайда квадратына пропорционал болғандықтан, бұл процесс желдің әр түрлі кұштерінде орын алады. Бұл борандағы тозандар  көзге көрінбейтін өте ұсақ бөлшектерден тұрады. Сондықтан жел тұрғанда түйіршектер жер бетінен ең алдымен бірінші  себеп бойынша көтеріледі. Құм бетінің толқын тәрізденіп жатуы буған дәлел бола алады /1/.

Топырақтың құрылымы және ылғандану дәрежесі, өсімдіктің жамылғысының бар не жоқ болуы, сондай-ақ орографиялық ерекшеліктер шанды дауылдың пайда болуына елеулі әсер етеді. Мысалы, ылғал топырақтың 0-20 см қабатында ылғал 25 мм ден көп болғанда да, желдің жылдамдығы  15 м/с шанды дауыл пайда ьолады, ал ылғалдылық 10 мм төмен болғанда, желдің жылдамдылығы 8-10 м/с пайда болады. Ауаның елеулі тұрақсыз жағдайында  шаң және құм бөлшектері  конвективті аралусыдың әсерінен жер бетінен үлкен биіктігіне көтеріледі. Шанды дауылдың горизантальді созылған ауданды қамтуы өте әр тұрлі – бірнеше жүздеген метрден мындаған километірге дейін және одан да ұзақ, ал вертикалды созылуы жүздеген метрден бірнеше километрге дейін. Атмосфераның вертикальді шандануы 6-7 км дейін жетуі мүмкін.

1970 жылы және 1994 жылдары ҚазҒЗГИ –дің құмды шөлде – дауылға жүргізілген экспедициясының  далалық өлшеулері атмосфераға жақын қабаттағы құм шығының вертикальді профилін аңықтауға мүмкіндік берді.

Жалпы шаңды дауылды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: найзағай мен дауылдың  бірге болуімен байланысты – қысқа уақытта және барикалық системадағы желдің күшеюіне байланысты – узақ уақытта шаңды дауыл. Шаңды дауыл 2 топқа бөлу оның жылдық жолында максимумы ерте көктемде және найзағаймен байланысты жаздың соңында болуына  негізделген. Максимумын былай түсіндірүге болады: жылдың бұл уақыттында жыртылған даланың көпшілік бөлігінде  шөп жамылғысының болмауы. Шанды дауылдың сол сияқты ыстық желдің (аңызақ жел) тәуліктің жолы жақсы аңықталған. Оны былай тусіндіруге болады: шанды дауыл күндіз тек ғана  пайда болмайды, сонымен қатар күндізгі уақытта топырақтың құрғаумен де байланысты. Көптеген ғалымдар шаңды дауылдың пайда болуының  физикалық механизімін зерртеумен айналысқан. П.С. Захаровтың зертеулері бойынша мөлшері 500 мкм – ден  үлкен топырақ бөлшектері  әдетте желмен секіріп тосылмандады. Желдің жылдамдығына тәуелді түрде және турбуленттіктің сиаптына байланысты бұл бөлшектер белгілі бір биіктікке дейін көтеріледі, (бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін) және бер бетіне ақырындап түседі. Екпенді желмен олар қайта ауға көтеріледі. Шанның концентрациясы биіктік бойынша тез азаяды. А. Г. Гаелдің мәліметтері бойынша 1,5 м биіктікке жылдамдылығы 9 м/с желмен шаңның 85 % ауа қабатының 10 см биіктікке дейінгі қабатына тасымалданады. С.С. Харитоновтың зертеулері бойынша биіктік бойынша шаңдану өзгеруі 3 м 10 м дейінгі аралықта 4-5 есе төмендейді. Радиусы 50 мкм төмен шаң бөлшекткрі  желмен үлкен биіктікке көтерілуі және алыс арақашықтыққа тасылмалдауы мүмкін. Кіші бөлшектердің аз бөлігі 1,5-2 км дейін көтерілуі мүмкін және ауа ағындармен 100–деген кейде 1000–ған километрге тасымалданады. Шаңның тасымалдануы кезінде олардың қайта сұрыпталуы жүреді; яғни ауыр бөлшектер шаң ошағына жақын жерге түседі, ал жеңіл бөлшектер алысқа тасылманады /8/.

Жел жылдамдығы 15 м/с немесе  одан жоғары, ұзақтығы 12 сағат және одан жоғары, көріну қашықтығының нашарлануы 50 м дейін болатын шаңды дауыл күшті және қарқынды болып саналады. Мұндай дауылдар ерекше қауіпті деп аталады (ЕҚҚ). Қауыпты құбылыста қоңыржай дауылдың жылдамдығы 10-14 м/с, узақтығы 3 сағаттан 12 сағатқа дейін, көріну қашықтығы 1 км-ден 50 м  дейін нашарлайды. Ұзақтығы 3 сағаттан аз, желдің күші 10 м/с және одан төмен , көріну қашықтығы 1 км  және одан жоғары шаңды дауыл әлсіз деп есептеді:

Зерттеулер дауылдың пайда болу ықтималдығы жауынсыз кезеңнің узақтығына байланысын көрсетеді. Бақылау материалдарын сараптау көрсеткендей шаңды дауылдар жауынсыз кезенге яғни жауын жаумаған немесе  оның мөлшері тәулігіне 5 мм кем, уақыты бірнеше сағаттан бірнеше айларға созылатын кезенде пайда болады.

Синоптикалық көзқарас бқйынша шаңды дауылдың 3 түрі бар; фронтальді, дауылды зона және термиялық депрессия. Шаңды дауылдар өте кең таралған, олар полярлы облыстардан басқа құрлық, экватор үстінде байқалады және жылдың әр түрлі маусымда пайда болады. Шілде айында шаңды даул Қазақстанда синоптикалық процестің 2 түрмен пайда болады. Бірінші түрі Арал теңізінің аймағында, Монғолия аймағында Қазақстанның оңтүстік – батыс бөлігінде пайда болатын шаңды дауылға жағдай жасайтын антициклон орнығады. Синоптикалық процесстің екінші түрі зертелетін территориялардағы циклон әрекетінің басымдылығымен сипатталады.

Республиканың үлкен болігінде ауа – райының қалыптасу жағдайында негізгі циклонның орын ауыстыруы желдің солтүстік – батыс бағыттан соғуын туғызады. Оның сыртында артикалық ауа таралады. Қазақстанның шығысында термобарикалық градиенттің өсуі мен шаңды дауылдың пайда болуы туады. Синоптикалық процесстерді сараптау Қазақстанда пайда болатын шаңды дауылдар туралы келесі қорытынды шығарады. Мамыр және маусым  аралығында пайда болатын шаңды даул меридианальды процесстермен, айтылып кеткен солтүстік- батыс және ультрополярдың басып енуімен сипатталады. Майда атмосфералық процесстің екінші түрі, маусымда бірінші түрі болады.

Көбінесе шаңды дауыл Қарақұм; Мойынқұм, Бетпақдаланың құмды массивінде аңықталған синоптикалық жағдайлармен пайда болады. Қарашадан наурызға дейін шаңды дауылдың пайда болу ықтималдылығы станциялардың көптілігінде аз, Кызылорда мен Жосалы  станциясының ерекшіліктеріне байланысты оның пайда болу ықтималдылығы жоғары, Қазақстан бойынша бақылаулардың көпжылдық реті шаңды дауылдың таралу күндерінің  саны айтарлыктай біркелкі емес екенін көрсетеді. Мысалы, Қарағанды облысының бір станциясында 6-дан 26 дейінгі  жағдайлар байқалған. Шаңды дауылдың тәуліктік жолы қатан турде аңықталған, яғни максимумы 13 сағатпен 17 сағат аралығында, ал минимумы ерте теңертен  және түннің кеш уақытында байқалады. Орал, Актөбе, Ақмола, Семей, Атбасар, Қарағанды, Қостанай станцияларда шаңды дауыл әрдайым 10 сағатта басталып 20 сағат маңында токтайды. Бірақ Жосалы станцияда шаңды дауылдың көп мөлшері 8 сағатта  байқалады. Алматы станцияда шаңды даул өзінің себебімен тәулікті екінші жартысында байқалады. Шаңды даулдың көпшілік жағдайлары қысқы уақытты болып келеді (15-45 минут). Узақтығы 6-7 сағат шаңды дауыл  Қазақстанның барлық  станциясында  болуы мұмкін. Узақтығы 10-12 сағат  шаңды дауыл Оралда, Ақтөбеде, Ақмолада, Қостанайда, Семейде және Атбасарда байқалады. Ал узақтығы 15 сағаттан жоғары шаңды дауыл Қазақстан, Жамбейіт, Жосалы станцияларда бақыланған. Шаңды дауыл кезінде желдің көпшілік  бағыты Қазақстанның Батыс  ауданында – оңтүстіктен, орталық және  солсүстік  аудандарда – солтүстіктен  және  батыстан, ал шығыс  аудандарда – батыстан соғады /9/.

А. Г. Агарковның  зертеулері аңықтағандай (1950-1969 ж.ж.) зерттелген территорияда  шаңды дауылдар  бір немесе  бірнеше  облыстарды қамтитын кішкене аудандардың қоңыржай және әлсіз  фонында жиі кездеседі  байқалады. Оның пайда  болу сипаты  төселме  беткейдің жағдайын  ғана  аңықтамайды,  сонымен қатар  жер беті мен  жоғары жақта дамыған атмосфералық процесстердің  бағыты мен қарқындылығына да байланысты. Үш синоптикалық  процесстерге байланысты   шаңды дауылдар  күшті деп атау келісілген.  Олардың екеуі ауа массасының меридиональді ағынымен сипатталады.

Синоптикалық процесстердің  бірінші түрі – оңтүстік аудандардан Батыс және  онтүстік Қазақстанда  қурғақ және  жылы үлкен ауа массасың жеткілікті  жылжуімен  сипатталады. Процесстің бұл түрі  сәуірден тамызға дейін байқалады.  Шаңды дауылдардың пайда болуы барлық қарқынды процесстердің 78 %  шақырады.  Процесстің бұл түрінде  дауылды  аймақта  шаңды даул  фронтпен  байланысты болады.  Бұл жағдайда олар  3 облысты немесе  одан да үлкен  территорияны қамтиды. Оның үзіліссіз  ұзақтығы 12-16 сағат, желдің жылдамдығы  15-34 м/с жетіу мұмкін,  басым бағыты оңтүстік- шығыс  бағыттан, ал Қызылорда  және Шымкент облысында  солтүстік — шығыс  бағыттан.

Синоптикалық процесстің  екінші меридиональді  түрінің бірінші түрге  қарағанда айырмашылығы бар, яғни Батыс және Онтүстік Казахстанға  тек жылудың онтүстіктен тасылмандауы  ғана емес,  сонымен қатар  суық ауа массасының  басып енуімен де байланысты.  Бұл турде қарқынды шаңды дауыл  горизонттың шығыс жартысынан  жылдамдығы  15-40 м/с дейін күшейеді, ал тамызда  Онтүстік Казахстанда  солтүстіктен  соғады, көріну қашықтығы  әсіресе көктемгі кезде  50 м дейін  нашарлайды,  салыстырмалы ылғалдылық 11-14 %, ауа температурасы 19-80 С дейін төмендейді.

Үшінші түрі жылдың барлық жылы айлары байқалатын барикалық пайда болудың ендікпен ауысуымен сипатталады. Бұл түрі бірінші және екінші процесстерге қарағанда  өте жиі, неғұрлым  күшті болады.

Зертеулер бойынша Батыс және Онтүстік Казахстан территориясында шаңды дауыл  жылдың барлық  айларында  пайда болады.  Бірақ байқалған жағдайлардын  басым  көпшілігі (85 %  маңында) жылы маусымда  яғни сәуір мен қыркұйек аралығында келеді: 20 жылға жүргізілген зертеулерді  сараптау (1950-1969 ж.ж)  шаңды дауылдың  уақыттық және кеңістік бойынша  таралуының біркенкі еместігін көрсетті. Бұл таралудын ерекшеліктері  бір облыс территорияссының  өзінде байқалады. Мұны климаттық және физика-географикалық  факторлармен түсіндіруге болады.  Мысалы, Актөбе облысы  топырақ пен өсімдік жамылғыдысының  ерекше сипаттына  байланысты 3 климаттық зонаға (дала, шөлейіт және шөл) бөлінеді.  Мәліметтер бойынша сәуір айында  шаңды дауылдың күшеюі байқалады. Атырау облысының территориясында  және Маңғыстаудың үлкен аумағында  онын максимальді қайталунылушы сәуірде болады,яғни бұл жылдық максимум. Қызылорда мен Ақтөбе облысында оның максимумы мамыр айынла жетеді.  Орал облысының  территориясының жетелеген аудандарда ол мамыр мен тамыз аралығында келеді, ал Шымкентте маусым мен қыркүйек аралығына келеді. Батыс пен Онтүстік Қазақстанның зерттелген 6 облысында  жылы уақыттығы  шанды дауыл  күндерінің орташа  саны 2,5 — 56 дейін тербеледі.  Бірақ бірқатар аудандарда  құрғақшылык  жылдары  шаңды дауыл 90 күн немесе одан да жоғары  болған.  Мысалы, мұндай жағдай 1968 ж Шалқарда   жылы маусымда 98 күн шаңды дауыл болған. Зерттеулер аңықтағандай  шаңды дауыл күндерінің орташа санының кеңістік – уақытбойынша  таралуы  пайда болған құбылыстың жоғары жиілігі  байқалған үш ауданда жақсы байқалған.

Бірінші аудан – шаңды дауылдың  басым болатын ауданы – Атырау облысының  шығысы және Актөбенің  оңтүстігі ( Қосшағыл, Шалкар).  Бұл аумақ құмы айтарлықтай  бос, тығыз емес топырағы бар Каспий  маңы Қарақұмның, Үлкен және Кіші Борсықтың құмды  шөлінде орналасқан.  Шаңды дауыл территорияның  бұл аудандарында  жыл бойы байқалады.  Жылына орташа 42-68 дейінгі күні жылы маусымда  болады. Кей жылдары  шаңды дауыл  күндерінің  саны көрсетілген орташа шамадан айтарлықтай жоғарылайды. 1954 ж Қосшағыл ауданында қарастырған уақытта 64 күнде шаңды дауыл  тіркелген: 1968 ж Шалқарда  жылы маусымның  жартысы жуығы  дауылды болған. Бұл бірінші  дефляциялық  ауданда шаңды даулдың пайда болуының  қайталану шамасы көктемде  байқалады. Мысалы, Қосшағылда 42 %  маңындағы жағдай сәуір  мен мамырға келеді.

Екінші аудан – Шымкенттің оңтүстік-батысы және Кызылорда облысы.  Бұл аймақ өсімдігі әлсіз  бекітілген, құм  төбелі Қызылқұм шөлінің шығыс  шетінің және  Сырдарияның жағалауындағы Алқақұм құмды массивінде  шөл зонасында орналасқан. Бұл ауданда да  бірінші аудандағы сияқты  шаңды дауыл жыл бойы пайда болады. Бұл ауданда шаңды дауылдың  ең ұлкен қайталанушылығы (54-64 %) маусым тамыз  айында, яғни  жылдық және жаздық  маусымдағы  жауын шашынның  минимальді кезіне келеді: мәліметтер бойынша  Қызылқұм және Арыс  метеостанциясында  жылдағы 37-43  шаңда дауыл  күннің 33-36 күні сәуір мен қыркұйек  аралығындағы  маусымға келеді.  Бірақ құрғақшылық  жылдары бұл құбылыстын  күндер саны  көрсетілген  орташа шамадан  жоғарылайды. 1957 ж Қызылқұм станциясының  ауданында  80 күнге дейін  шаңды дауыл  байқалған, оның 72 күні сәуір мен қыркұйек  аралығындағы  маусымға келеді.    Тек 1953 ж мамаырда Қызылқұмда  17 күнде  шаңды дауыл  байқалған, ал Арыста 1951 ж маусымда 21 күнде шаңды дауыл  байқалған.

Шаңды дауылдың жоғары қайтаналатын үшінші ауданы  Орал облысының солтүстік – шығысындағы  жеңіл механикалық құрылымы бар  қоңыр – сарғылт топырақты,  дефляция онай жүретін далалы және шөлейіт зонасында  орналасқан. Бұл ауданда шаңды дауылдың басым  бөлігі жылдың  жылы уақытында болады.  Жамбейтті және Қазақстан  метеостанциясы ның мәліметтерәі  бойынша бұл ауданда  орташа 33-47 күн шаңды дауыл болады, және 31-44 күні  жылы маусымға келеді. Ең үлкен кайталанушылығы  маусым және шілде айында байқалады, сонымен қатар әрбір  төртінші күні шаңды дауыл болады.  Жоғарығыда екі аудан сияқты  бұл аудандада  кейбір жылдары  шаңды дауылдың  күндер саны  орташа шамадан  айтарлықтай  жоғарылайды.  Мысалы   Жамбейтті ауданында  1955 ж 83 күн, ал Қазақстан  метеостанциясында  98 күн шаңды дауыл болған. Мұнын 70-86  жағдайы сәуір мен қыркұйек аралығында келеді, кей жылдары  бір айдын 15-20 күні және одан көп  күндерінде шаңды дауыл болған. Мұндай жағдай 1955 ж мамырда  және 1963 ж маусымда Қазақстан  метеостанциясында тіркелген осы айдын ішінде 24 және 21 күнде шаңды дауыл болған яғни күн сайын турған.

      Сонымен қатар бақылауларды сараптау көрсеткендей Батыс және Онтүстік Казахстан горизонтальды көріну  қашықтығы өте ұзақ шаңды дауылдың  көпшілік жағдайында, әсіресе  сәуірде  1 км дейін  кейде одан да төмен  нашарлауы байкалады көріну қашықтығы  50 м дейін  нашарлайды ұзақ шаңды дауылдың (12 сағат және одан жоғары) қарқындылығын көрсетеді. Бірак қарастырған облыс территорияларының физика-географикалық  ерекшелігіне  байланысты  дауыл кезіндегі көріну қашықтығының өзгеруінде  айырмашылықтар бар.  Мәліметтер бойынша  шаңды даулдың көп пайызының көріну кашықтығы  1-2 км дейін және одан да төмен нашарлауын көрсетеді. Ұзақ шаңды  дауыл және облыстың тек аңыкталған  ауданында  көріну қашықтығын 50 м дейін  нашарлатады. Басқа  облысқа  қарағанда Атырау  облысының шығысында  көріну қашықтығы 50 м дейін нашарлайды. Кызылорда облысында  оның 50 м дейін төмендеуі  сәуір айында  Орал облысында  мамыр  және  маысым айында  әсіресе Жамбейітті  ауданында, ал Шамкентте- сәуір  және қыркүйекте яғни Арыс және Ащысай ауданда байқалады.

Зерттелген территорияда көріну қашықтығының нашарлануы узақ уақыт бойы  сақталуы мұмкін. 1950 ж  12-14 сәуірде  шанды даул кезінде  Атырау облысының  шығысындағы Қосшағылда  көріну қашықтығы  50 м дейін нашарлауы мұмкін   бүкіл тәулік бойы сақталған , ал 1959 ж 10-13 мамаырда оның сақталуы бір тәуліктен асқан. Осыған байланысты жүргізілген сораптау Батыс және Оңтүстік Қазақстанда  шаңды дауыл кезінде горизонтальдікөрілу қашықтығының  нашарлауын көрсетті, әсіресе  ол шаңды дауыл ошағы: Орал облысының солтұстік шығысы, Атыраудың шығысы , Шымкент облысының оңтүстік батысында  болады.  Шағдайлардың көпшілігінде  желдің кушеюі өте күшті  дауылға және  қатты дауылға айналып, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы айтарлықтай  төмендеиді және температура жоғарылайды.

Қарастырған территорияда  жылдық ұзақ уақытында  топырақ бекеті дефляциялық жағдайға  дайын күйінде болады. Сонымен қатар ұзақ шаңды дауыл жауын мөлшеріне яғни ұзақ жауынсыз кезеңге,  бір айдағы жауынсыз және жауынды  күндер мөлшеріне, жылдың суық 3 айында  қар жамылғысының биіктігіне және күн белсендігіне (Вольф саны)  тәуелді. Шаңды дауылдың жауын мөлшеріне тәуелділігі Батыс және  Оңтүстік Қазақстанда  біркелкі емес.  Шаңды дауыл,  бір айда жаңбыр мөлшері шамадан айтарлықтай  көп жауған  кезде де байқалған, оның себебін жылы кездегі  нөсердің сипатымен, яғни жауатын жаңбырдың екі және  көп айда жауатын айцлық нормасы бір уақытта  жауатынымен түсіндіруге болады. Мысалы, 1969 ж шілдеде Шымкентте Ащысай ауданында  үш нормадан  асатын жауын бір уақытта жауған: тек 9 шілдеде екі норма маңында  жауған, соңын өзінде күшті дауылдың қайталанушылығы  жоғары болған.

Белгілі аудан үшін айдағы жаңбырмен болатын  шаңды дауылдың кейбір ерекшеліктері бар,  ол бір – екі айға  сапалы болжау жасауға мұмкіндік береді яғни:

  • Шымкен облысының оңтүстігінде ( Ащысайда) сәуірдегі күшті  шаңды дауыл ақпандағы  жауын – шашынмен  байланысты,  оның мөлшері көпжылдық орташа шамадан аспайды (58,9 мм). 20 жылдық зерттеудің алты жылында күшті дауыл байқалған. Ақпанда не бары 8,2 – 47,7 мм дейін  жауын жауған. Сегіз жылда ақпанда жауын көрсететін  көпжылдық  орташа  шамадан көп жауған және көп жағдайда  сәуір айында  бұл құбылыс болмаған.
  • Шымкенттің оңтүстігінде Қызылқұм ауданында маусымдағы  дауылдың 71 % жағдайы және Ащысайда 75 % жағдайы байқалған.  Жауын мөлшері  сәуір және наурызда көпжылдық  орташадан  жоғары болған  яғни  19,8 — 91,9 мм. 82 % және 89 % ерекше қауыпты дауыл  жаунның кқпжвлдвқ орташадан  кем жауған  айларында байқалған.

Бұл зерттеулер ұзақ шаңды дауыл ықтималдылығының  жауынсыз кезеңмен  байланыстығын аңықтады. Сараптау материалдары көрсеткендей  қарқынды дауыл  алдындағы жауынсыз кезең 3 күннен 3 айға , кейде  одан ұзаққа  созылыу мүмкін. Мысалы, осы жағдайға байланысты 1955 ж  және 1967 ж маусым айын айтуға болады. 1955 ж  жағдайда  Қызылқұм станциясында  18 маусымдағы  шаңды дауыл  үшкүндік  жауынсыз кезеңнең кейін байқалған ал 1967 ж 20 маусымда ғы  шаңды дауыл  екі айдан көп  уақытта  (63 күн) жаумаған жаңбырдан кейін  пайда болған. Жауын  жаумаған узақ уақыт  дауылдың пайда болуына  жағдай жасайды , бірық кейде шаңды дауылдың және  ерекше қауіпті  дауылдың пайда болуына жағдай жасауна  жеткіліксіз болады.

Шалқар аудандағы  сәуірдегі  шаңды дауыл  күндері  5 мм және қаңтарда одан да көп  жауған жауын  күндерінің мөлшеріне тікелей тәуелді, ал Ақтөбе  ауданында  қаңтар мен ақпандағы  жауған жаңбыр   күндеріне байланысты.

Оңтүстік Қазақстанда, Ащысай ауданында сәуірдегі  ылғал күндердің қайталанушылығымен  тығыз байланысты. Ақтөбе облысының оңтүстігіндегі Шалқарда  шілдедегі  шаңды дауыл  маусымдағы  ылғал күндердің қайталанушылығына  кері байланыста болады. Атырау облысының  батысында  тамыздағы   шаңды дауыл мамырдағы ылғал күндердін  мөлшеріне байланысты. Шымкент оьлысының оңтүстігінде  сәуірде болатын  шаңды дауыл  өткен ақпанда  3 күн ішіндегі жауын 5мм  не одан көп  болуына байланысты пайда болады. Егер бұл ауданда  жауынсыз күндер 23-28 көп болса, шаңды дауылдың  пайда болмауы ықтималдығы 74-94 %  құрайды.

Әдебиет көздерінен  белгілі болғандай Батыс және Оңтүстік Қазақстанда қар жамылғысы  негізінен  желтоқсанда байқалады, оның қалындығы желтоқсан және қаңтар ішінде  өседі және ақпанда  оның тоқтауы байқалады.

Оңтүстік Қазақстанда    қар жамылғысының ең үлкен биіктігі  ақпанның бірінші он күнінде , ал батыс ауданда  үшінші онкұнде байқалады.  Биіктігінің өзгеруі  ақпанның үшінші онкұнде – наурыздың басында  басталады.  Шаңды дауылдың қар жамылғысының  биіктігіне  тәуелділігі  уақыт және территория бойынша  байланысты аз.

Ақтөбе облысының оңтустігіде  сәуірдегі  шаңды дауыл күндерінің саны қаңтар  мен ақпандағы  қар жамылғысының  жамылғысының  биіктігіне   қарама-қарсы тәуелді, ал Шымкент облысының  оңтүстігінде  қыркұйекткгі шаңды дауылдың тығыз байланысты. Айдын әр күнінде .  Шаңды дауылдың қар жамылғысының  биіктігіне  тәуелділігі көрсеткендей Шалқар ауданының ақпанның бірінші он күнінде және  қаңтардың бірінші және үшінші онкұнде қар жамылғысының  биіктігі,  сәурдегі даулдың  қайталанушылығымен  тығыз байланысты. Қаңтардың  бірінші он күнінде даулдың  қайталанушылығымен  тығыз байланысты.

Атырау облысының шығыснда  тамыздағы  шаңды дауыл ақпанның үшінші онкұндегі  және қаңтардың  бірінші он күнінде қар жамылғысының  биіктігіне  тәуелді, ал Шымкент облысының оңтүстігінде  оңтүстігінде  сәуірде болатын  шаңды дауыл наурыздың үшінші онкұнде тығыз байланысты.

Осыларға байланысты  мынаңдай қорытынды  жасауға болады: жеке аудандардағы ерекше қаупті  шаңды даулдырдың қайталанушылығына  өткен қыстың қар жамылғысы әсер етеді. Бұл тәуелділік  шаңды дыуылды  алдын ала болжау  әдістерін  жасаудағы  маңызды фактор болып табылады.

Тағы бір көңіл аударатын жай – қаупті және ерекше қаупті  құбылыстағы күн мен  белсенділігінің әсер етеді  мәліметтер көрсеткендей болғандай Батыс және Оңтүстік Қазақстанда шаңды дыуылды   алдағы және өткен айдапғы  күн белсенділігіне тәуелділігі аз. Бірак бірқатар аудандарда ол тығыз байланысты.  Мысалы,   Ақтөбе облысының оңтустігіде маусымдағы  шаңды дыуылдың өткен наурыздағы күн белсенділігіне тәуелділігі- 0,52 корреляция коэффициентімен сипатталады. Атырау облысының  батысында  қыркүйектегі дауыл, өткен айлардағы  желтоқсан ақпан және сәуір-тамыз  күн белсенділігіне тәуелді, сәйкесінше корреляция коэффициенті 0,67-0,60, 0,53-0,66 тең /10/.

Шаңды даулға жағдай жасайтын бұл метеофакторлармен қатар табиғи факторларда маңызды. Дауыл тіпті  кез келген рельефті  жағдайынды пайда болады, нәтижесінде  эрозия өнімдері  әртүрлі бағытта ұшып, аңғарлардын не төбелердің ығына жиналады. Бірақ топырақпен  егістің  бузылу дәрежесі  жергілікті топографияңа тәуелді. Дауылдың ең бірінші кезекте шығыңқы учаскі ибеті және тік жел соғатың беткей қатты бузылады.  Ауа ағынының жылдамдылығының  кенет күшеюі кейде еңіс беткейге де байланысты.  Осыған сәйкес тік жел соғатын беткейде жел жылдамдығы неғұрлым жоғары болады және топырақты  соғұрлым қатты бұзады. Ауа ағынының қозғалысы кезінде беткей төменінде оның жылдамдығы бәсеңдейді. Жылдамдықтың төмендеуіне байланысты бұл жерге әртүрлі материалдардың жиналуы байқалады.

Анемометрлік бақылаулар көрсеткендей беткейдің жоғарғы жағы және шығыңқы жағы рельеф жел эрозиясынан ең көп бұзылады және бұл жерде жел жылдамдығы беткейдің төменіне қарағанда 2 есе жоғары болады. Сонымен қатар жел эрозиясы процесінде жергілікті жердің мсикрорельефі айтарлықтай роль атқарады. Мысалы, жел эрозиясы кезінде егіс бетінің тегістелуі болады. Ғалымдардың жыртылған және жыртылмаған егіске жүргізген бақылаулары бойынша жел джылдамдығы жер бетіне 2 метр биіктікте жел жылдамдығымен салыстырғанда желге перпендикуляр орналаскан кішкене төбеліктер үстінде 48 %-ға , жыртылған жерде 82%-ға төмендейді (11).

Рельефпен бірге өсімдік жамылғысы да дауылдың пайда болу, қарқындылық дәрежесін кқрсетеді. Шөп тәрізді өсімдіктер жіне ағаш бұталар топырақты эрозиядан қорғайды. Өсімдік тек жер бетіндегі жел жылдамдығын ғана төмендетпейді сонымен қатар желмен тасымалданатын топырақ бқлшектерінде устайды. Өсімдіктін қоғағыш ролі оның ьиіктігіне, құрамына және қалындығына байланысты. Топырақ үстінде тіпті оңай бузылатын беткейде « құм, құмды топырақ» шөл жамылғысы ьолса, онда оны эрозиядан қорғайды. Жалпы жел  эрозиясы топырақ бөлшектерін қозғалысқа келтіретін жер бетіндегі жел күшімен аңықталады. Эрозия жел жылдамдылығынын бір қатар критикалық шамасымен басталады. Мұндай жел жылдамдығы топырақ бөлшектерін  қозғалысқа келтіреді. Бұл қозғалыс кезінде бір бірімен соқтығысады.

Жалпы жел эрозия себебі  тек табиғи факторлармен түсіндіруге болмайды.  Бұл мәселелер тек белгілі территорияда шешілетін мәселе емес дүниежүзілік ауқымда метереологиялық құбылыстардың алдын алу болып табылады.  

Шаңды  дауыл әкелетін  синоптикалық  процестерге тән ерекшеліктер. Олардың пайда болуы төсеме беткейдің  сипаты мен жағдайын анықтап қана қоймайды, сонымен қатар жер беті және биіктігі атмосфералық процестердің дамуының белгілі бағыттылығы мен қарқындылығын анықтайды [1].

Шаңды дауыл ауылшаруашылығына үлкен шығын келтіретіні белгілі, мысалы: егісті үрлеп ұшыру (выдывают посевы); автострада мен темір жолдарға топырақтың майда бөлшектерін және құмдарды тасымалдап, транспорт қатынасын бұзады; көріну қашықтығын нашарлатады, кейде 50 метрге дейін және одан да төмен; авияцияның ұшуына қолайсыз жағдай тудырады; аудан халқын көптеген келеңсіз жағдайларға және шаруашылығын үлкен шығынға ұшыратады /2/.

Құрғақшылық, аңызақ, шаңды дауыл, үсік, көктайғақ, бұршақ сияқты ауа райының зияндық құбылыстары халық шаруашылығына периодты түрде ауқымды зиянын тигізеді.

Бұл құбылыстарды жан жақты зерттеу зиянды салдардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Үлкен кеңістіктегі ауаның күшті шаңдануы егіс алқабының науқан кезінде автокөліктерінің көп қатынауынан пайда болады. Шаңды дауылдың пайда болуында жер жылдамдығы маңызды рөл атқарады /3/.

Шаңды дауылдың пайда болуына топырақтың құрылымы және ылғалдылық дәрежесі өсімдік жамылғысының болуы және орфография әсер етеді. Мысалы: 0-20см қабатта топырақтың ылғалдылығы 25 мм-ден көп кезде, жел жылдамдығы 15м/с-тан жоғары болған жағдайда пайда болады. Ал ылғалдылық 10 мм-ден аз кезде және жел жылдамдығы 8-10 м/с болғанда пайда болады. Ауаның айтарлықтай тұрақсыз күйі кезінде құм және шаң конвективті араласу нәтижесінде үлкен биіктікке көтерілуі мүмкін. Шаңды дауыл көлденең алып жатқан аумағы бірнеше жүздеген метрден 1000 км-ге дейін, кейде одан да ұзақ ал вертикалды созылуы бiрнеше метрден бiрнеше км-ге дейін жетеді. Атмосфераның шаңдануы 6-7 км-ге дейін жетуі мүмкін.          

Шаңды дауылдар әсіресе ауылшаруашылығына үлкен шығын әкеледі. Олар ауылшаруашылығының мәдени егістерін зақымдайды және жояды. Күшті жел аударылған алқаптан жердің айтарлықтай қабатын ұшырып әкететіндіктен, топырақтың құнарлығын төмендетеді. Шаңды дауыл арқылы көтерілген топырақтар жол құрылыстарының, арықтарды, бақшалар мен жүзімдіктерді көміп қалады. Шаңды дауыл кезінде егістік жұмыстары тоқтатылады, транспорт жұмыстары бұзылады және т.б. жағдайлар орын алады /4/.

1848 жылы қыста күшті шығыс желдері тұрып топырақ пен қарды суырып 20 қатарынан соқты. 1876-1977 жылдары қыста күшті қарлы-топырақты боран егіс алқабына ауқымды шығын әкелді. Алайда бұл тасымалданған топырақтар басқа жерге барып 35см тегіс қабат болып төселді, оған алғашқы рет далада баулар мен жүзімдіктер отырғызылды. Желмен тасымалданған қара топырақты жергілікті бағбандар жоғары бағалады, өйткені бұрынғы егіс алқабындағы топырақ қабатынан оның құнарлылығы күшті еді.

1885-86 ж.ж. қаңтардан ақпан айының ортасына дейін солтүстік және солтүстік батыстан оқта-текте қатты дауыл күшіне жететін күшті шаңды дауыл болды. Бұл құбылыстан әсіресе Берлян уьезі қатты күйзелді. Шаңды дауылдың қатты болғаны соншалық, көптеген егіс алқаптарынан 25 см тереңдікте топырақ ұшып кетті. Топырақпен бірге өсімдіктерде суырылды. Осы құбылыстың салдарынан сайларды, жыраларды, өзен арналарын және үйлерді шаң басып қалды. Топырақ шөгіндісінің қалындығы 15-20 см-ге жетті. Тасынды шаңдар кейбір жерлерде 1 м-ге жететін құм төбе тәріздес болды. Осы уақыт аралығында 37145 га күздік дақылдар алқабы, 1600 шаруалардың иелігіндегі егістік танаптары,  әсіресе уьездің оңтүстік батыс бөлігі тұтастай шаң астында қалды. Тұрғылықты халық үй-жайларын тастап, отбасымен түгелдей қалаға көшті /6 /.

Түркіменстанның оазисі, Каспий жағалауы, Копетдаг және әрине Қарақұм үшін шаңды дауыл мен қарауыту жиі болып тұратын құбылыс. Красноводскіде шаңды дауыл жылына 35 күн, Ашхабатта 42 күн, Қызыл Арбатта 43 күн, Моллақара курортында 56 күн, Набатдагта 67 күн, Репетскіде 60 күнді құрайды.

Бұл Түркіменстанда пайда болып, әрі қарай дамымай сол жерде басылатын шаңды дауылды жергілікті деп атаймыз. Олардың пайда болуынан республика территориясын жазықтығы және түскен жауын-шашынның тез булануы, олардың мөлшерінің жетіспеушілігі, құмдардың әлсіз тығыздығы, құмдардың беткі қабатының тез кебуі, күшті жел жылдамдықтары сияқты факторлар қолайлы жағдай туғызады.

Бұдан басқа елдерден келетін кірме шаңды дауылдар да байқалады. Олардың Түркіменстанға енуі жалпы атмосфера циркуляциясының қарқындылығымен, циклондардың қатты дамуымен байланысты. Мұндай шаңды дауылдарға Сиракстың, Кушканың, Ашхабадтың және Түркіменстанның оңтүстігіндегі қала тұрғындарына таныс. Мысалы: Ауған, Иран және Араб шөлдерінің дауылдары жатады. Олар ерекше екпінділігімен, желдің күштілігімен және  шаңның жоғарғы шоғырлануымен ерекшеленеді [6].

Еділ маңы аймағында шаңды дауыл топырақ жамылғысын бұзады, әсіресе көктемде ауылшаруашылық дақылдарын зақымдауы мүмкін. В.В. Докучаев атындағы Топырақ институтында болған Бүкіл кеңестік конференцияда топырақ эрозиясының проблемасы бойынша «соңғы жылдары құрғақ және жартылай құрғақ аудандарда құмды және құмдауыт топырақтарды жаппай жырту нәтижесінде желдік эрозияның жаңа ошақтары пайда болды», -деген тұжырым жасалды [7].

Шаңды дауылдың егістікті жойып жіберу әрекетін танаптарды жағалай қолдан отырғызылған орман жолақгары айтарлықтай әлсіретті. Алайда егіс алқабында тұтастай жолақтар жүйесі отырғызылмай жекелеген орман жолақтары отырғызылған жағдайларда жақсы нәтиже бермейді.

Күзгі егістіктерде бірінші қатардағы ағаштардың түбіне жиналған шаңдар 2-4 см құрайды. Орман жолақтарының екінші және үшінші қатарларында жиналған шаң байқалмайды.

1960 жылы көктемде Украинаның оңтүстігінде және Солтүстік Кавказда күшті шаңды дауылдар ұзақ уақыт бойы тұрды. Бұл дауыл өзінің ұзақтығы және алып жатқан территориясы бойынша соңғы 30 жылда болмаған ең қатты дауыл болып есептеледі. Бақылаулар нәтижесі мұндай жылдарда да егістерді зақымданудан және топырақ эрозиясынан сақтап қалуға болатынын көрсетті [8].

Орта Азия шөлдерінің үстінде байқалатын шаңды дауылдар                    В.А. Джорджио шаңды немесе құмды дауылдар деп күшті желмен тұрақсыз стратификация нәтижесінде, атмосфераның төменгі қабатында көлденең және тік көріну қашыктығын төмендететін, шаң мен құмның айтарлықтай мөлшерде жиналуын айтамыз.

Вертикалді тұрақсыздықтың ролі шаңның вертикалді ағындармен өте жоғары биіктіктерге көтеріліп, ауаның қомақты көлемін бұлыңғырлауына саяды. Мұндай жағдайда шаңға толған ауаның термодинамикалық құрамы күрт өзгереді (Воеков эффектісі). В.А. Джорджио зерттеуі шаңды негізгі екі топқа бөледі:

1)   фронттың   өтуімен   тығыз   байланысты   қысқа   уақытты шаңды дауыл;

2) өте күшті желдерді тудыратын, барикалық градиенттердің  үлғаюымен байланысты шаңды дауылдар.

Вертикалді күштілігіне байланысты:

1)  Төменгі ондаған метрде тасымалданатын шаңды сырма.

2)  Ауаның шаңданған қабаты бірнеше жүздеген м-ге жететін күштілігі орташа шаңды дауылдар.

3)   шаңды ауаның қалыңдығы бірнеше км-ге жететін күшті шаңды дауылдар.

Бұл біріншіден вертикалды тұрақтылыққа, екіншіден желдің күшінен, үшіншіден желдің вертикалді жылжуына, төртіншіден жамылғы беттің қасиетіне байланысты.

Орта Азияның климаттық жағдайлары шаңды дауылдардың пайда болуына және оның қарауытуымен байланысына өте қолайлы. Ұзаққа созылған жауынсыз кезендер тау алды топырағының лесстік сипаты және күшті желдердің едәуір жиі байқалуы кезінде, шөлдерде құмдардың бекімеген болуы Орта Азиядағы шаңды дауылдардың дамуына алып келетін факторлар.

Әсіресе шаңды дауылдар жазғы және күзгі жауынсыз кезеңдерде, сонымен қатар қысқы кезендерде де бұл құбылыс байқалуы мүмкін. Орта Азиядағы қар жамылғысының тұрақсыздығы және оның жиі болмауы шөлдерде ауа-райы ашық болған кезде қысқы күн радияциясы топырақты кептірген кезде кез келген күшті жел шаңды дауылдардың дамуына алып келеді [9].

Шаңды дауылды байланысты шартты түрде екіге бөлуге болады. Найзағай және қатты дауылдардың өтуімен байланысты қысқа уақытты шанды дауылдар және баррикалық жүйедегі желдің күшеюіне байланысты ұзақ шанды дауылдар. Бүл бөлініс ерте көктемде және жаздың аяғында байқалатын екі максимумға ие шанды дауылдың жылдық жүргісінде байқалады, соңғысы найзағаймен байланысты. Максимумдар кейде жылдың бұл мезгілінде жаппай егіс алқаптарының жыртылуымен – шөптердің бітік болмауымен түсіндіріледі [10].

Әлсіз шаңды дауылдар (көріну қашықтығы 2 км-ден 10 км-ге дейін төмендегенде), орташасы (1 км-ден 10 км-ге дейін төмендегенде), күшті (көріну қашықтығы 1 км-ге дейін төмендегенде) болып бөлінеді.

П.С. Захаров шаңды дауыл түсінігінің ауылшаруашылығына анағұрлым сәйкес келетін анықтамасын береді: «шаңды дауыл деп, — басым жағдайда құрғақ аймақтарда күшті желдің әсерінен топырақтың беткі қабатының бұзылуы және ұшуы байқалатын құбылысты айтамыз». «Шаңды дауыл» анықтамасын беруге бұдан басқа да бірқатар талпыныстар жасалды.

Г.Г. Шемберге шаңды дауылды жергілікті және шалғайдағы деп екі түрге жіктеді. И.М. Островский жергілікті, транзитті және аралас деп бөлді [11].

Шанды дауылдар айтарлықтай құбылыс қатарына жатады. Өте күшті шаңды дауылдар УҚТ-дағы радиобайланыстарды толығымен тоқтатып тастайды [12].

Қазақстанның кейбір жерлерінде сәуір мен қазан айлары аралығы мал жайылымына, топырақтың эрозиясына, авиацияның қалыпты жұмысына айтарлықтай зиян тигізетін шаңды дауылдар байқалады.

Шаңды дауылдар Қарақұм, Мойынқұм, Бетбақдала аудандарында белгілі бір синоптикалық жағдайларда пайда болады. Қараша мен науырыз айлары аралығында Қызылорда мен Жосалыдан басқа станцияларда шаңды дауылдардың пайда болу ықтималдығы аз.

Шаңды дауылдың тәуліктік жүргісінің максимумы 13-тен 17 сағатқа дейін, ал минимумы таң алды және түн мезгілдерінен сәйкес келеді.

Орал, Ақтөбе, Астана, Семей, Атбасар, Қарағанды, Қостанай станцияларында шаңды дауылдар сағат 10-да басталып 20 сағатта аяқталуы жиі байқалады. Алайда Жосалы станциясында шаңды дауылдың көп мөлшері сағат 8-ден басталады. Алматы станциясында шаңды дауыл негізінен тәуліктің екінші жартысында байқалады.

Шаңды дауылдар әдетте суық фронттардың өтуі кезінде пайда болады. Бұл құбылыстың болжамы жамылғы беттің қасиеттін ескеретін күшті жел болжамына келтіріледі. Автор Қазақстанның бірқатар станцияларында байқалатын шаңды дауылдар кезінде синоптикалық жағдайдың екі түрін бекітті. Біріншіден биік баррикалық жүйеде дамитын шаңды дауылдар. Екіншіден олар пайда болатын шаңды дауылдан айтарлықтай солтүстікте биік циклон жүйесіне кіретін өте жай қозғалатын фронттар өткен кезде байқалады. Олардың таулы ауданға жақындаған кезіндегі мұндай фронттарды кішкентай орографиялық толқын мен жергілікті шаңды дауылдардың пайда болуы мүмкін. Шаңды дауылдар бұл жағдайда суық фронтта ғана емес жылы фронттада жиі, сонымен қатар циклонның жылы секторында жиі пайда болады.

Жергілікті шаңды дауылдардың пайда болу шарты болып синоптикалық картада деформациялық алқапта орналасатын, үстінде күшті желге ие айқын сипатты биік фронталдық зонасы бар баяу қозғалатын фронтпен айқындалатын термикалық турбуленттілік табылады [13].

Шаңды дауы пайда болу үшін екі жағдай қажет, яғни күшті жел және топырақтың борпылдақ болуы. Кеуіп қалған топырақ пен шөптің сирек өсетін жерлерінде, 8-10 м/с жел жылдамдығында байқалады. Басқа кездерде желдің жылдамдығы 20 м/с-тан асса да байқалмауы мүмкін. Оның негізгі себебі топырақ бетіндегі 20 см су қоры мен оның құрылымы емес сонымен қатар оның кедір-бұдырлығы және термикалық тұрақтылығы болып табылады. В.О. Аскенази, А.А. Кашинский, В.П. Мультановскийдің еңбектерінде шаңды дауыл мен қуаңшылық бірдей синоптикалық жағдайда пайда болады. Олар кейде топырақ эрозиясына ұшырауға дайын кезең болғандықтан қуаңшылық жылдары байқалады [14].

Қаңтар айы. Шанды дауылдар Батыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстанда он жыл ішінде 1-8 ретке дейін байқалады. Көбінесе олар Маңғыстау облысында орын алады.

Ақпан айы. Бұл айда шаңды дауылдар солтүстік облыстардан басқа аймақтарда он жыл ішінде 1-9 ретке дейін байқалады.

Наурыз айы. Шаңды дауылдар наурыз айында Республиканың көптеген облыстарында байқалуы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда олар 1-3 күнге дейін туындайды. Атырауда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында (Қосшағыл, Шалқар, Қызылқұм) өте ұзаққа созылады. Шаңды дауылдар өте күшті жел соққанда орын алады.

Сәуір. Наурыз айымен салыстырғанда сәуір айында шаңды дауылдың іс-әрекеті күрт күшейеді. Республиканың солтүстік бөлігінде бір айда 1-3 күн, оңтүстігінде – 6-9 күн шаңцы дауыл соғады.

Мамыр. Мамыр айында сәуір айымен салыстырғанда шаңды дауыл тұратын күндердің саны Республикамыздың барлық территориясында артады. Аумақ бойынша орта есеппен шаңды дауыл мамыр айында 3-6 күн, ал ай ішіндегі шаңцы дауыл тұратын максимал күндер саны 16-24 күнге жетуі мүмкін.

Маусым. Шаңды дауылдардың ұзақтығы сәуір және мамыр айларымен салыстырғанда маусым айында ұлғаяды. Республикамыздың шығыс бөлігінде орта есеппен ай ішіндегі шанды дауыл тұратын күндер саны 1-4 күн. Шаңды дауылдар көбінесе Оңтүстік Қазақстанның батысында пайда болады және үздіксіз 20 және одан да артық сағатқа созылуы мүмкін.

Шілде. Шілде айында Республикамыздың таулы аудандарынан басқа барлық аймақтарында шаңды дауылдар орын алады. Шілде айында да сәуір және маусым айларындағыдай шаңды дауылдың пайда болуының ең жоғары қайталанғыштығы Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Орал облысының солтүстік-шығысыңца және Балқаш маңы ауданының оңтүстігінде байқалады.

Тамыз. Шаңды дауылдар тамыз айында Республикамыздың барлық аудандарында орта есеппен айына 2-5 күн, Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм жөне Арыс станцияларында айына 7-8 күн болуы мүмкін. Анағұрлым күшті және ұзақ шаңды дауылдар (30-40 сағат және одан да ұзақ) Қазақстан, Шалқар, Ащысай және Арыс станцияларында соғады.

Қыркүйек. Қыркүйек айында шаңды дауылдар жазықтық Қазақстанның барлық аудандарында байқалуы мүмкін. Бір ай ішінде орта есеппен шаңды дауылдар 1-4 күн соғуы мүмкін.

Қазан. Шанды дауылдар қазан айында жазықтық Қазақстанның барлық аудандарында шамамен бір айда 2-3 күн, кейбір жылдары 8-13 күн тұруы мүмкін. Көбінесе анағұрлым ұзақ соғатын шаңды дауылдар Ащысай ауданында орын алады.

Қараша. Шаңды дауылдар жыл сайын қайталанады, бірақ барлық аудандарда бірдей бола бермеуі мүмкін. Орта есеппен бір ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында 1-3 күн шаңды дауыл байқалуы мүмкін.

Желтоқсан.    Шаңды   дауылдар   жыл   сайын   қайталанбауы мүмкін. Байқалуы ең ықтимал Оңтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы өте төмен теріс таңбалы мәнге ие болған кездерде олар  үздіксіз   30-70  сағатқа дейін  және  одан  да  ұзақ уақытқа , созылуы мүмкін [15]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

 

Қазақстан Евразия құрылығының ортасында 39049′-55049′ с.е. және 46028′-87018′ б.б. аралығында орналасқан. Атылант мұхитынан және оның теңіздерәінен 2000-3000 км-ге аулақ жатыр. Қазақстанның алатын орны өте үлкен. Ол 275000 км2. оның батыстан шығысқа қарай 3000 км. солтүстіктен оңтүстікке қарай 1800 км. республиканың шекарасының ұзындығы 15000 км, оның ішінде 12000 км құрлық болып келеді. 3300 км жоғары теңіздік шекараға жатады. Қазақстан батыста солтүстік батыста және солтүстікте Ресей федерациясымен шектеседі, шығыста Қытаймен, өңтүстікте Орта Азия мемлекеттерімен шектеседі. Қазақстан табиғаты географиялық жағдайларға байланысты Сібір мен Орта Азия арасында ауыспалы сипат алады және Шығыс Европа мен Орта Азия мемлекеттерінің үлкен бөлігі төмен жоталы болып келеді.

Батыс Сібір ойпаты Оралдан Алтайға дейін 200-250 км болатын аумақты алып жатыр. Ойпат оңтүстіктен солтүстікке кішкене ғана иілген. Оның оңтүсмтігінде ең үлкен биіктік 200 м, солтүстігінде 100 м

Солтүстік Қазақстандық жазықтық қазақтың аласа таулы аудандарының солтүстікке қарай орналасқан.

Каспий маңы ойпаты каспийге қарай бұл жазықтық перефериядан 50-60 м-ге төмендейді. Мұнда ең үлкен биіквытік 28 м теңіз деңгейінен төмен.

Тұран ойпаты аталған ойпаттар арасындағы ең үлкені болып келеді. Ол орталыққа қарай перефериядан төмендейді.

Қызылқұм айтылған ойпаттардан оңтүстікке қарай орналасқан және оның жер бедері төбелі сипат алады, мұнда тақырларда кездеседі. Қызылқұмның оңтүстігіне қарай биік емес жоталар кездеседі.

Моынқұм Тұран ойптының шығысына қарай төменгі жағында Шу өзені, әжептауір үлкен қазан шұңқыры алып жатыр. Ең үлкен биіктігі 300-400 м. оның топырағы қара түсті жер бедері құмды болып келеді, кейбір жерлерде құмды төбелер кездеседі.

Бетбақдала Балқаш көлі мен Сарысу өзенінің ортасында орналасқан, мұнда үлкен жазықтың орташа биіктігі 300-350 м. өтүстік батысқа қарай жайлап иілген. Үстірт орташа биіктігі 200-300 м болатын ең үлкен жазықтық болып саналады, оның оңтүстік шығысқа жай ғана иілуі байқалады. жер бедеріне қарай өте жақсы жазықтық болып саналады.

Орталық қазақстандық кіші төбелер орталық қазақстанда үлкен жолақ алып жатыр, шығыста оның ені 300 км, ал батыста 900 км. орталық қазақстандық майда төбелер ең ескі бұзылған таулы аймақ, оның орташа биіктігі 500-600 м. қазақстанның биік таулы аймағының жүйесіне Алтайды, Тарбағатайды, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шаньді кіргізуге болады. Қазақстандық Алтай солтүстік батыста, батыста және оңтүстік батыста ашық сипат алған және оның батыс ауданында климат жұмсақ болып келеді.

Ресубликадағы географиялық және жер картасы мен бірге климаттық мінездемесі, өсімдік және топырақ қабатының таралуына сай келеді. Егер географиялық және жер қыртысы климатты құрайтын фактор болса, онда өсімдік және топырақ жамылғысы жергілікті климат болып саналады. Мінездемесіне байланысты топырақ және өсімдік жамылғысы Қазақстанда екі бөлікке бөлінеді:

Жазықтық төменгі тау бөлігі горизонтальді топырақ өсімдік жамылғысы аймағы және биік таулы вертикальді топырақ өсімдік жамылғысы.

Топырақ – өсімдік жамылғысы төменгі таулы бөліктерде келесі табиғи аймақтар орналасқан: орманды жазықтық, жазықтық, жартылай шөл алып жатыр. Орманды жазықтық Қазақстанда кішігірім аумақты алып жатыр. Топырақ жамылғымсы қара топырақ болып Орталық Қазақстанда қатты топыраққа айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ШАҢДЫ ДАУЫЛДЫҢ ҚАЙТАЛАНУШЫЛЫҒЫ

 

Қазақстан территориясында шаңды дауылдар жылдың барлық айларында байқалады. Шаңды боранды жағдайлар саны сәуір мен қыркүйек айларына келеді. Жұмыста Казгидромет РМК-ның архивінің ТМ-1 кітапшасынан алынған, 1997 жылдың жылы кезеңіндегі, Қазақстан территориясы бойынша біркелкі орналасқан метеостанциялардың мәліметтері қолданылды.

Кестедегі мәліметтерде көрсетілгендей 1997 жылы бүкіл Қазақстан территориясыда шаңды дауыл 24 рет байқалған. Сондай-ақ шаңды дауылдар зерттелген аумақтың оңтүстігінде көп байқалғандығы көрсетілген, ал батыс пен солтүстікте ол маусым айында байқалса, батыста шаңды дауылдар күз айларындла қайталанады. Қалған аймақтарда шаңды дауылдың мүлдем байқалмағандығы көрсетілген. Жалпы Қызылорда шөлді ауданда орналасқан.  Ол Сырдарияның оңтүстік бөлігінде және Қызыл құм шөлінің шығысына келеді. Өсімдік жамылғысы әлсіз сирек әр жерінен құмды төбелер кездеседі.

Бұл ауданда шаңды дауылдың қайталанушылығы 27 %-ды құрап маусым айына келеді (кесте 1).

 

Кесте 1              Жылы айлар айналымындағы шаңды дауылды күндер саны (алымы) мен қайталанушылығы (бөлімі)

 

Станция

айлар

Сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

барлығы

Атырау

  —

1

   —

   1

6

   8

 

3

   —

   13

75

Астана

 

    —

      1

   —

    —

      1

    —

     100

   —

    —

Қызылорда

3

    3

     4

   1

    2

3

     15

20

   20

     27

    7

   13

20

 

Шаңды дауылда оның қайталанушылығы ғана емес және оның ұзақтығыда үлкен қызығушылық тудырады. Зерттеліп отырған территорияда жылы кезеңідегі шаңды дауылдар 1-11 с шамасында ауытқиды. Ең ұзақ шаңды дауыл 1997 жылғы маусым айында Қызылорда метео станциясында байқалған. Ол екінші маусым күні сағат 14:30-да қалыптасып сағат 10:00-ге дейін созылған.

 

 

 

 

Қазақстан территориясындағы шаңды дауылдың ұзақтығының ең үлкен мәндері келтірілген (кесте 2).

 

Кесте 2                 Шаңды дауылдың максимальді ұзақтығы (сағат)

 

Станция

Айлар

Сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

барлығы

Атырау

Астана

Қызылорда

   —

18

9

3

2

40

8

7

14

43

29

53

2

111

 

Бұл кестеден байқағанымыз шаңды дауылдың ең үлкен ұзақтығы маусым айында мемлекеттің оңтүстігінде, ал қыркүйекте батысында байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ШАҢДЫ ДАУЫЛ КЕЗІНДЕГІ КЕЙБІР МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ

ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ СИПАТТАМА

 

 

4.1 Жел тәртібі

 

Жел тәртібі бұл топырақты құнарсыздандыруға ұшыратады және дауылдың қалыптасуына әкелетін бірден бір маңызды метеорологиялық фактор болып есптеледі. Топырақ бетін қарқынды соғуы жел ағысының жылдамдығына байланысты. Барлық құнарсыздануға ұшыраған ауданда шаңды боран желдің жылдамдығы мен бағытының өзгешелігінен болады. Берілген ауданда шаңды боранды қалыптастыратын жел бағытын басты жел бағытымен сәйкесм келе бермейді. Мысалы: Донда, Кубаньда және Украйнаның оңтүстігінде қалыптасатын «қара борандар» көп уақыт бойы соғатын шығыс желдерімен байланысты.

Завольжеде шаңды дауылдар оңтүстік батыс және оңтүстік желдер соққанда байқалады, ал Ертіс маңында солтүстік батыс және оңтүстік батыс желдерінде байқалады.

Жылдың барлық жылы айларында румбы бойынша жел бағыты мен жылдамдығының қайталанушылығына талдау жасалған (кесте 3).

 

Кесте 3        Шаңды дауыл кезінде румбы мен жел бағытының қайталанушылығы (сәір мен қыркүйек)

 

Станция

С

СШ

Ш

ОШ

О

ОБ

Б

СБ

Атырау

80

80

20

Астана

100

Қызылорда

17

13

 

Берілген кестеден Батыс Қазақстан территориясында жетекші желдерге оңтүстік бағыттағы желдер болады. Астана метеостанциясы ауданда шаңды дауыл кезінде үлкен қайталанушы солтүстік шығыс желдері болады, ал Қызылорда метеостанциясында шаңды дауылдар шығыс және оңтүстік шығыс желдерінен қалыптасады. Шаңды дауыл кезінде жел жылдамдығы 2-10 м/с болады (кесте 4).

 

Кесте 4                           Шаңды боран кезіндегі жел жылдамдығы

Станция

айлар

Сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

Атырау

2

6

8-11

Астана

9

Қызылорда

5-10

2-9

8-10

6

9-11

6-10

 

4.2 Ауа және топырақ температурасы

 

Шаңды дауыл кезінде қызықтыратын элементтер ол ауа және топырақ беті температурасы (кесте 5).

 

Кесте 5                   Шаңды дауыл кезіндегі ауа температурасы (0С) (алымы) және топырақ беті (бөлімі)

 

Станция

айлар

Сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

Атырау

26

21

22

20

18-23

27-31

Астана

14

23

Қызылорда

18-32

21-43

18-31

16-43

30-34

38-42

34

41

24-32

34-45

24-29

31

 

Бізге белгілі шаңды боран кезінде ауа температурасы жоғарылайды. Біздің көзқарасымыздан әсер ететін жағдай Войейковтың территориялық эффектісі болып табылады. Ол бойынша жер бетінде қызған шаңдар мен құмдар жоғары көтеріліп ауаны қыздырады. Сонымен қатар олар жоғарыда жүріп күнмен қызады.

Шаңды дауыл кезіндегі ауа температурасы мен топырақ температурасымен алынған мәліметтерден мынаны байқауға болады, құрастырып отырған үлкен ауытқулар болады. Сәуір мен қыркүйек аралығында шаңды дауылдар кезінде ауа температурасы 18 — 290 С және 21 -310 С топырақта. Ең жоғарғы температура маусым айында Қызылорда метеостанциясында тіркелді.

Шаңды дауыл кезінде ауа температурасы әдетте жоғарлайды, бірақ оның төмендеуі сосын қайта осылай көтеріледі. Осыған байланысты мынадай тұжырым жасауға болады. Воекова эффектісі барлық кезде байқалмайды. Мүмкін атмосфера прцесінде өзгеше орын алуы мүмкін

.

4.3 Ауа салыстырмалы ылғалдылығының өзгеруі

 

Қазақстан территориясында ауаның салыстырмалы ылғалдығы үлкен ендікте ауытқиды. 17 мен 54% арасында (кесте 6).

 

Кесте 6         Ауа салыстырмалы ылғалдылығының өзгеруі

 

Станция

айлар

Сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

Атырау

54

38

33-45

Астана

49

Қызылорда

20-34

19-37

19-29

19

19-22

17-24

 

Барлық жылы кезеңде шаңды дауылдар тек төмен салыстырмалы ауа ылғалдылығында (19) емес жоғарыда да (54) байқалады. ұзақ мерзімді шаңды дауылда желдің күшеюі мен температураның жоғарлауынан ауа құрғайды жәнеде салыстырмалы ылғалдық азаяды.

 

4.4 Көріну қашықтығының өзгеруі

 

Горизонтальді көрінуге талдау жасағанда Қазақстанда шаңды борандар көп жағдайда көріну қашықтығы нашарлайды, 4 км дейін. Себебі, біз қарастырып отырған жағдайларда ұзаққа созылған шаңды борандар байқалады.

Жалпы кейбір мәліметтер бойынша ұзақтығы 12 сағаттан асатын шаңды дауыл кезінде көріну қашықтығы көбінесе 1 км немесе 50 м-ге дейін жететіні көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 ШАҢДЫ ДАУЫЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН СИНОПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

 

Синоптикалық көзқарастан шаңды дауылдар үш түрге бөлінеді: фронтальды, қауіпті аймақ және термикалық дипреция. Шаңды дауылдар өте көп тараған олар құрлықтық полярлық экваторлық обылыстардан басқа жердің барлығында байқалады және жылдың барлық маусымда байқалады. Шаңды дауылды қалыптастыратын синоптикалық процестер толығымен Украиния мен Ресейдің европалық территориясында зерттелген. Орта Азия мен Қазақстан аудандарында шаңды дауылды қамтитын синоптикалық процестер туралы /1.2/ жұмыстарда көрсетілген. Бұл жұмыстар тек шаңды дауылдың шығыуының және термобарикалық алқаптық үш күн бұрын, бір күн бұрын, шаңды дауыл болған күнді қарастырумен шектеледі. Шаңды дауылды зерттеу Қазақстан территориясында біркелкі орналасқан 20 станцияда 1997 жылдың май, июнь, июль, август айларында жүргізіледі.

Н500 орташа айлық мәндер картасы және жинақы кинеметикалық карталарының көмегімен нағыз синоптикалық кезеңде синоптикалық процес жасалды. Шаңды дауылды туғызатын барлық әр айға сипаттама берілді. Мысалы ретінде синоптикалық процес тек май айына келтірдік. Май айында шаңды дауыл пайда болу кезінде синоптикалық процестің 2 түрі байқалады. Бірінші түр (сурет 1а) жоғарғы қысымның Скандинавия және Ақ теңіз ауданынан РЕТ арқылы Батыс Қазақстанға өтеді. Сонымен қатар циклондық жыра Европа үстінен байқалады. Балқан аралдарынан ығысып Украйнаға қарай ары солтүстікке қарай жылжиды. Өте активті циклон Батыс сібір мен Қазақстанның оңтүстігінде бйқалады.

Н500 алқабында (сурет 1б) бұл тип биктік жыраның орталық Европада орналасуымен сипатталады. Жоғарғы қысымдық жота орта Азияда орта және батыс РЕТ бағытталып ол Жерорта теңізінен шығатын циклонның жолын бөгейді. Батыс және шығыс сібірде жыра байқалады. Планетарлық жоғарғы фронтальді аумақтың екі тармағы бар: біреуі солтүстік, екіншісі оңтүстік. Оңтүстік ПЖФА келесі түрде орналасады: батыс Қазақстанға Түркияда жылы ауа айқын көп тасымалданады.

Солтүстік тармақтан ПЖФА суық ауа массасы жотаның шығыс бөлігіне тасымалданады. Бұл ресбубликаның шығыс аудандарына үлкен барикалық градиентті қалптастырады.

Шығыс Қазақстанда оңтүстік ПЖФА пен солтүстік ПЖФА-ның жанасуы байқалады. Бұл фронттардың тұрақтануына әкеліп соғады. Шаңды дауылдар мұндай жағдайда Қазақстаның орталық және солтүстік аудандарынан басқа көп аудандарда туындайды.

Синоптикалық процестердің екінші түрі (сурет 2а, 2б) май айында жиі қайталанады. Ол терең циклонның Батыс Сібір оңтүстігінің ығысуымен сипатталады, оның артында Скандинавиядан солтүстік батыстық басып кіру болады. Оның бірінші типтен айрмашылығы солтүстік батыстық басып кіру тек Батыс Қазақстан ғана емес барлық территорияларға тарайды.

АТ500 бұл типке батыс сібір солтүстігінен биктік циклон анық көрсетілген. Бұл циклонмен байланысты суық жыра Қазақстанға тарайды. Скандинавиядан келген суық адвекциясы интенсивті ПЖФА пайда болуына және боранды аумақтың туындауы. Мұндай синоптикалық жағдайда шаңды дауылдар Қазақстаның көп бөлігінде пайда болады.  

Маусым айында шаңды дауылмен оң таңбалы аномалиялы күндер саны антициклоның солтүстік Оралдан Батыс Қазақстанға ығысқанда байқалады. Орта Азиядан және шығыс Қазақстаннан циклондар солтүстік-шығыс бағытында ығысады. Арктикада суық ауа массасының басып кіруіне байланысты және Қазақстан үстіндегі циклоннан боранды аумақ барикалық гридиентті аумақ пайда болады.

АТ500 картасында мередианальді процесті анық байқауға болады. РЕТ үстінен жота орналасқан, оның осы оңтүстік Каспийден Скандинавияға бағытталған. Жотаның шығыс бөлегін Батыс Қазақстан алып жатыр. Жотаның батысына және шығысына қарай жыра анық көрсетілген. Сібірдің шығыс жырасының ерекшелігі оған байланысты солтүстік ПЖФА төмен ендікке түсетін мұнда оңтүстік фронтальді аумақпен изогипстердің ығысуы мередиандардың арыг 55,70 және 80 ш.б. бұл аудандарда шаңды дауылдар байқалады.

Шілде де Қазақстанда шаңды дауылдар екі түрдегі синоптикалық процестерде байқалады. Бірінші түр жердегі терең циклонмен сипатталады. Арал теңізінде орналасады. Монғолия үстінде антициклон байқалады ол оңтүстік-батыс бөлікте Шығыс Қазақстанда шаңды дауыл пайда болуына қолайлы жағыдай жасайды. Суық ауа массасының Арал циклонының ішіне қарай басып кіру оның тереңдеуіне әкеледі. АТ500 картасында барикалық аумақ үзын жалпақ жыра Қара теңіз үстінде пайда болады. Республиканың шығысындағы жота оның осы 850 шығыс бойлық Арал циклонының жолын бөгейді. Батыс аудандардан келетін суық ауа адвекциясына байланысты тереңдейді.

Екінші түр қарастырып отырған территорияның жер бетіндегі циклонның орналасуымен сипатталады. Негізгі циклонның ығысуы Республиканың үлкен бөлігі ауа райын орналастыратын, солтүстік шығыс бағытта болады. Оның тылында арктикалық ауа массасы таралады. Термобарикалық гридиенттердің жоғарлауы болады және Шығыс Қазақстанда шаңды дауыл пайда болады. Республиканың оңтүстік бөлігінде және Орта Азияда толқындар байқалады, ол РЕТ келетін суық ауаға байланысты ұлғаяды. Толқындардың пайда болуы шаңды дауылдардың пайда болуына себепші. Биіктік аумақ Орталық Қазақстанда пайда болған жақсы көрсетілген жотаға байланысты. Бұл жотаның екі жағынан да Батыс және Шығыс Қазақстанда жыра орналасқан. Өзіне назар аударатын оңтүстік фронтальды аумақ.

Шаңды дауылдарды қалыптастыратын тамызда айрықша атмосфералық процесдің ерекшелігінің болуы зональді процестердің бірінші нағыз синоптикалық аумақта болады. Жер бетінде төмен қысымды сызық Евразияның солтүстік аудандарымен өтеді, жоғарғысы 40-500 с.б.

АТ500 де қоңыржай ендіктерде зональді бағытталған қарқынды ПЖФА байқалады. Солтүстік Оралда антициклон орналасқан. Осыған байланысты синоптикалық процестерге талдау жасасақ Қазақстанда шаңды дауылдардың пайда болуында келесі қортындыға келеміз.

Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы енулермен жақсы көрсетілген. Мамырда екі түрлі атмосфералық процес байқалады, маусымда біреу. Биіктік алқап солтүстік батыс, солтүстік, ультрополярлы процестер терең жырамен көрсетілген ол Батыс Сібір мен Қазақстанға бағытталған. Екінші жыра Европа үстінде белгіленген. РЕТ биіктік жота конфигурациясы синоптикалық процестің әртүрлі вариантын бөледі. ПЖФА қарқындылығы мен орналасу жағдайы шаңды дауыл пайда болу ауданын бөледі.

Шаңды дауылдар шілде мен тамыз айларында пайда болатынынын синоптикалық процес зональді процестер басымдылығымен өзгешеленеді шілдеде екі типті процес, ал тамызда біреу. Шаңды дауылды басты шарты Арал теңізі мен Солтүстік Қазақстандағы циклондардың саны. Суық ауа массасының осы циклондардың тылына енуі олардың тереңдеуіне әкеледі фронттар ығысуына және дауылды зона пайда болуына әкеліп соқтырады. Биіктік карталарының негізгі ерекшеліктері шаңды дауылдың пайда болуына әкелетін, зональді бағытталған қарқынды ПЖФА-тың болуы. Изогипістердің басты ығысқан жері Батыс Сібірдің оңтүстігі және Қазақстанның солтүстік бөлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жұмысты орындау барысында Қазақстан территориясында шаңды дауылға зерттеулер жүргізіліп мәліметтер сарапталған.

Қорыта келе шаңды дауыл аталған территорияда жылдың барлық айларында байқалады. шаңды боран болатын жағдайлар саны жылы кезеңде сәуір мен қыркүйек айларына келеді. Жалпы Қазақстан территориясы бойынша 1997 жылы шаңды дауыл 24 рет байқалған. Ол батыс пен солүстікте маусым айында байқалса, ал батыста күз айларына келеді. Шаңды дауыл зерттелген аймақтың оңтүстігінде жиы байқалған. 1997 жылы ең ұзақ шаңды дауыл маусым айында Қызылорда метеостанциясында байқалған.

Шаңды дауыл қайталанушылығы Атырауда минимумы маусым мен тамызда, ал максимумы қыркүйеке келеді. Астанада бірақ жағдай байқалған, ол маусымда. Қызылордада минимумы шілде мен тамызға келсе, ал максимумы маусымға келеді.

Шаңды ұзақтығы Атырауда минимумы маусым мен тамызда 3-7 сағ. жел жылдамдығы 2-6 м/с, ауа температурасы 26-220 С-ді құрады, максимумы қыркүйекте 43 сағ., жел жылдамдығы 8-11 м/с, ауа температурасы 18-230 С. Астана маусымда 2 сағ., Жел жылдамдығы 9 м/с, ауа температурасы 140 С.  Қызылорда минимумы  мамыр мен шілдеде 9-8 сағ., Жел жылдамдығы 9-6 м/с, ауа температурасы 18-31/340 С-ді құрады.

Қорыта келгенде 1997 жылы өте ұзаққа созылған шаңды дауыл байқалмаған. Қазақстан территориясында батыста, солтүстікте және оңтүстікте байқалған. Шаңды дауылдың жылы кезеңге қалыптасуы, топырақтың кебуі және топырақ бетін жел соғып құнарсыздандыруынан шаңды дауыл қалыптасады.

Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы енулермен жақсы көрсетілген.

Шаңды дауылдар шілде мен тамыз айларында пайда болатынынын синоптикалық процес зональді процестер басымдылығымен өзгешеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Середкина И. С.  Пыльные бури Казахстана // Тр. КазНИГМИ, 1960. — Вып. 15., Б. 54–59.

2 Бабиченко В. Н. Пыльные бури // Тр. УкрНИГМИ, 1972. — Вып. 110., — Б. 105–120.

3 Бабиченко В. Н. Пыльные бури на Украине // Тр. УкрНИГМИ, 1965. — Вып.52., — Б. 45–52.

4 Бова Н. В. О пыльных бурях в Заволжье. // Метрорология и Гидрология: 1957. — №12, — Б. 29-31.

5 Захаров П. С. Пыльные бури. –Л.: Гидрометеоиздат, 1965. – 164 б.

6 Захаров П. С. Характеристика и географическое распростронение пыльных бурь. // В кн.: Метрорология, климатология и гидрология. – 1966. — Вып. 2., — Б. 19-23.

7 Волеваха В. А. Бабенко В. П., Ганюгина Н. Ф. О состояний нижней тропосферы во время сильних пыльных бурь на Украине. //Тр. УкрНИГМИ, 1977. — Вып. 160., — Б. 47-58.

8 Гаель А. Г., Смирнова Л. Ф. О ветровой эрозий легких почв в Северном Казахстане. // В кн.: Пыльные бури и их претотвращение. — М: Издательство АН СССР, 1963. — Б. 122-132.

9 Агаркова А. П. Распределение и пордолжительность пыльных бурь на территории Заподного и Южного Казахстана. //Тр. КазНИГМИ, 1972. — Вып. 49 — Б. 110-117.

10 Агаркова А. П. Панова Е. Н. Режим ветра в Заподном и Южном Казахстане при пыльных бурях продолжительности 12 часов и более.  //Тр. КазНИГМИ, 1974, — Вып. 53. — Б. 178-184.

11 Агаркова А. П. Климатические характеристики Казахской ССР по месяцам. // Тр. КазНИГМИ, 1975. — Вып. 59., – Б.167-.170.

12 Бабиченко В. Н. Земние пыльные бури в Украйне // Тр. УкрНИГМИ, 1970. — Вып. 91., — Б. 75-81.