АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

 

КІРІСПЕ

 

2005 жылғы  мемлекеттік  бюджеттің  атқарылуының  алдын  ала  қорытындыларына  келетін  болсақ,  ішкі жалпы µнім  9,4  пайызға  өскен.(жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр).  Құрылыс  жұмыстары  көлемінің  артуы  34,1  пайызды,  жүк  тасымалдау  көлемінің  артуы  4,8  пайызды  құрады.  Байланыс  қызметінің  көлемі  2004  жылмен  салыстырғанда  27,7  пайызға  өссе,  ұялы  байланыс  қызметі  65,3  пайызға  артқан.  Тұрғын  үй  құрылысына  241  миллиард  теңге  инвестиция  бөлінген.  Бұл  оның  алдындағы  жылғы  деңгейге  қарағанда  1,6  есе  көп.  2005  жылы  инфляция  орта  есеппен  7,6  пайызды  құраған.  Халықтың  нақты  ақшалай  табысы  бағалау  бойынша  11,6  пайызға  өскен.  Бір  жұмыскердің  орташа  айлық  номиналды  жалақысы  33,8  мың  теңге  болған.

Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған  іс-қимыл бағдарлама бойынша ІЖӨ-нің орташа жылдық өсімі 8,5 пайыз болуы тиіс.     Бұл экономиканың жалпы өсімін осы үш жылда 27,7 пайызға арттырады. Орташа жылдық инфляция 5-7,3 пайыз шегінде қалып, еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3-7,0 пайызға өсіру көзделген. Негізгі капиталға инвестиция салу 14-15 пайызға өсетін болады. Сөйтіп, ІЖӨ-нің  жан басына шаққандағы үлесі  2008 жылы 5450 АҚШ долларына жетпек, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есе артық.

Осы мақсаттарға жету жолындағы негізгі бағыттар:

—   Қазақстан экономикасын жедел жаңарту және оның серпінділігі;

—   Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді  секірістерді                   

     қамтамасыз ету;

  • Єлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын

осы  заманғы әлеуметтік саясат.

Әрине, осындай маңызды міндеттерді шешу жолында  басқарудың барлық  жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпаратармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік жүйесінің  бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуының маңызы зор.

Дипломдық жұмыста мемлекеттік кєсіпорындардың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың µзекті мєселелері қарастырылѓан.  Жұмыс Шардара ауданы бойынша салық комитетінің негізінде жазылѓан.

Дипломдық жұмыстың мақсаты- Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.

Шардара ауданы бойынша салық комитетінің тарихы.

Қазақ Советтік Социалисттік Республика Министрлер кеңесінің 16.03.1990 жылғы 112 «Мемлекеттік салық инспекциясының құру туралы» Қаулысы және Қазақстан Республикасының президентінің 09.07.1991 жылғы 380 «Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік салық инспекциясының құру туралы» Жарлығына байланысты Қазақстан Республикасы салық органы құрылды. Шардара ауданынының салық қызметі органы заңды тұлға болып табылады, ол республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

Салық қызметі органы орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады. Мемлекеттік Өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруында, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органына жәрдемдесіп отырады.

Отанымыздың қалыптасуында, эконимикалық, әлеуметтік саяси дамуында  Шардара ауданы бойынша салық комитетінің үлесі аз емес. Егер 1995 жылды негізге алып, бюджетке түсіп отырған төлемді 2000 жылмен салыстырсақ, салық түсімі 415,0 % өсіп отыр. 1995 жылы бағдарламадағы 65,5 млн теңгенің орнына бюджет кірісіне 91,7 млн теңге түсіп, 140,0% орындалса, 2000 жылы бюджеткірісіне 272,0 млн теңге түсті, немесе 1995 жылдан 180,3 млн теңге артық түсіп отыр. Ал үстіміздегі 2004 жылдың алты айлық жоспары 109,0 пайызға орындалды, яғни бағдарламадағы 112,12 млн теңгенің қаржы жинауда қарқынды қимыл жасап отырған салық қызметкерлерінің ерен еңбек нәтижесінде бюджет кірісіне 122,3 млн теңген түсіріліп қазына қоржынына 10,1 млн теңге артық түсірілді. Тексеру қорытындысымен 9,7 млн теңге қосымша есептелініп, оның 9,4 млн теңгесі бюджетке енгізілді.

 

І. Шардара ауданы бойынша  салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.

 

1.1. Салықтардың экономикалық мәні және қызметі.

 

Салық дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

 Салықтар  – шаруашылық  жүргізуші субектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.  Салықтардың экономикалық мәні мынада: Салықтар шаруашылық жүргізуші субектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттік өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда  болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар –  мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

 Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: 

  • реттеушілік
  • фискальді
  • қайта бөлу.

Жоѓарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.

Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттреу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты — өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.

Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар, ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланысты болуы эқажет. Салықтық реттеуде салықтық ставкалары мен   салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі, ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің  де тиімсіз жағы тағы бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:

а) егер төленетін салық мөлері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

ә) егер салық мөлшері  салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

б) егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 пайызы аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

Салықтың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы бақа да шараардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекеттінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек болып отыр. Бұл эконоимкасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздері орталықтандырудың бір айғағы осы.

Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтады. Салық меанизмінің қызмет ету  жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды. 

Салық салу обьектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.

Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады .

— заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;

  • мүлік салығы;
  • жер салығы;
  • бағалы қағаздармен жүргізілетін оператцияларға салынатын салық;

    —    жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;

  • көлік құралдарына салынатын салық және т.б.

Жанама салықтар – тікелей емес, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.   

 — қосылған құнға салынатын салық

     — акциздер

     — баж салық.

Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын-ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.

Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, ешқандай дербессіз жалпы мақсатта жұмсалады.

Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер т.б.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын-ала белгіленген міндеттер бойынша  нақтылай шараларға жұмсалады. Мысалы, көлік құралдарына салынатын салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмасалады.

Салықты алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мына салықтар жатады:

  • заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер;
  • бағалы қағаздармен  жасалынатын операцияланға салынатын салық;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

 

1.2. Салық салу механизмі.

 

      Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

       Салық жүйесі — өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден  тұратын күрделі модель.

        Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар : салық механизмі, яғни салық салу  әдістері мен жолдары: нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар: салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері  мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизіміне жатады. Салық жүйесінің жақсы да тиімді қызмет істеуіне салық салу механизімінің тигізер ықпалы өте зор.   

Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық.

Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.

Салық салу элементтері мыналар:

Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтың жазалау шаралары.

Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.

— Салық субъектісі (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

— Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалынатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.

— Салық көзі – салық салынатын табыс.

— Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

— Ставкалар тұрақты немесе пайызбен белгіленеді.

— Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлжшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен тағайындалады.

— Пайыздық ставкалар үш түрге бөлінеді; үдемелі немесе прогрессивті, регрессивті және пропорционалды.

Үдемелі немесе прогрессивті ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.

Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.

Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісіне мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір пайызбен тағайындалады.

— Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

—  Салық жеңілдіктері дегеніміз – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімімен ұзарту жатады.

— Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.

— Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзіиде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де, мынадай тәртіппен іске асырылады:

а) бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді, содан соң

    акциздер және баж салығы;

ә) екінші кезеңде жерлікті салықтар мен алымдар;

б) үшінші кезеңде басқа салықтар мен алымдар.

Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.

Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады:

Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы».

Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Ресупбликасы Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің нормативтік актілері.

Салыққа қатысты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселелерді енгізуге тыйым салынған.

 

1.3. Шардара ауданы бойынша салық қызметінің құрылымы мен мәртебесі және есеп беруі мен талдауы.

 

Шардара ауданынының салық қызметі органы заңды тұлға болып табылады, ол республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық қызметі органы орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады. Мемлекеттік Өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруында, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органына жәрдемдесіп отырады.

Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері:

  • салық төлеушілерді құқықтары мен мемлекет мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен уақтылы төленуіне бақылау жасау;
  • салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің, есебін уақтылы алу;
  • салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;
  • салық тәртібін бұзушыларға, салықты уақтылы төлемеушілерге, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолдану;
  • салық төлеуден жалтарып жүрген заңды және жеке тұлғаларды салық полициясының бөлімшелеріне бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;
  • мәліметтер құпиясын сақтау.

Салық қызметі органдарының мынадай құқықтары бар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар негізінде   заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражатын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырмаларын, декларация мен бюджетке салық пен басқа төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;

2) ұйымдардың лауазымды адамдарына салық жөнінде тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктеме алуға;

3) салық полицясы бөлімшелерімен бірлесе отырып салық тергеулерін жүргізуге;

4) өз өкілеттігін жүргізген кезде қорлданылып жүрген заңдарға сәйкес, ұйымдар мен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе тұрған жеріне қарамастан, салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланылатын кез-келген өндірістік, қойма, сауда, және басқа  үй жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын аталған үй жайларын тексеруге жіберуден бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;

5) салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салуға;

6) салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімде төленбеген кезде, салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;

7) Қазақстан Ресупбликасы Ұлттық Банкі мен оның бөлімшелерінде заңдарымене белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданы бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуге;

8) қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операциялары және шотындағы ақша қаражатының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға.

9) Мемлекеттік  қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білідіру болып табылады және мемлеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық – этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш – жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны  — Қазақстан Респулбликасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білідіреді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) (бұдан әрі – кодекс) «Мемлекттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шірдедегі Қазақстан Республикасының заңына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы  1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық – этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері  мінез – құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

— Мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға, ол үшін өзінің  жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

— Жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш жігерін жұмсауға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді әдістерін қолдануға, меніп тапсырылған мемлекеттік мүліктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;

— Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

— Мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекетті болдырмауға, мемлкеттік қызметшінің жеке мүдделерін қозғайтын мәселелер жөнінде шешім қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметіне араласпауға;

— Кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектілерінң мүдделерін сүйемелдеуге жол бермеуге;

— Қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге;

— Қызметі жоғары немесе төмен тұрған не өзімен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тәуелділіктегі адамдармен ақшалай немесе өзге мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

— Мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметін пайдалану фактілеріне жол бермеуге;

— Заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, Қазақстандық немесе шет елдік жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілік  және шетелдік туристтік, емдеу – сауықтандыру және өзге де сапарларға шаруалардан бас тартуға;

— Өзінің іске көз қарасымен және жеке мінез – құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге. (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар – намыс кодексі және этикасы 2005 жылғы 3-ші мамырдағы Жарлық.) 

Салық қызметінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару барысында оларды заң қорғайды және республикалық бюджет қаржы есебінен  міндетті түрде жеке сақтандырылуға тиіс.

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет ету керек. Сонда ғана салық жүйесі өз  қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері.

Қарапайымдылық принципі.  Бюджеттің кіріс көзін құраудағы, салықтар мен төлемдердің тиімді түсуінің ең басты кепілі болып саналады.

Салық жүйесі қарапайым да айқын болуы қажет, салық төлеушінің түсінуіне жеңіл болуы керек. Бұл үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс:

  • салықтардың түрлері аса көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;
  • белгілі бір салықтың түріне біріңғай салық ставкасын белгілеу қажет;
  • салық салу объектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі мейілінше жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс;
  • салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздер бар екені дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейілінше азайғаны керк;
  • салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ықтимал.

Әділеттілік принципі.  Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.

Тікелей әділеттілік принципі дегеніміз, салық ставкасы, салық мөлшері, төлеушінің табысына тікелей байланысты болып, соның негізінде белхгілегуі қажеттігін қарастырады. Салық савкасының шегі аса жоғары болғаны жөн, себебі мұндай жағдайда салық төлеушінің табыс табуға ынтасы төмендеп, табыс аззайуы мүмкін, ал бұдан салық та сөзсіз азайады.

Көлденең әділеттілік принципі дегеніміз, тиісті жағдайда біріңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылу керектігін қарастырады. Салық төлеушілер белгілі бір табыс немесе қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеу тиіс.

 Салыстыру принципі.  Бұл принцип бойынша, салық ставкаларын бекіткен кезде ол ставкалар мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрен ставкалармен салыстырылып, солардың деңгейінде белгіленуі тиімді. Себебі, шектен тыс жоғары ставкалар өндірісті дамытуға емес, керісінше оны тоқтатуға әсер етеді, шетелдік инвесторлардың ынтасын төмендетіп, олардың республика экономикасына қаржыларын салуына кедергі болуы мүмкін. Ал, салық ставкаларының басқа елдерде қолданылып жүрген ставкалардан едәуір төмен болуы, алдымен, мемлекет бюджеттінің кіріс көзінің құралуына теріс ықпал жасауы ықтимал. Қорыта айтқанда, салық төлеуші салықты міндетті түрде табыс мөлшеріне қарай төлеуі тиіс.

  • салық төлеу мерзімі, әдісі, салық мөлшері салық төлеушіге айқын да, дәлелді болуы керек;
  • салық төлеу мерзімі, салықты есептеу әдісі, төлеу тәртібі салық төлеушіге барынша ыңғайлы болғаны болғаны қолайлы.

Салық алудың үш түрлі тәсәлі бар:  кадастрлық, салық төлеушінің  декларациясы бойынша, табыс табу көзінен.  Кадастрлық тәсіл бойынша салық салу объектісінің  тіркеу арқылы, одан түсетін табыстың нақты мөлшеріне байланыссыз алынады. Мысалы: жер салығы, мүлік салығы.

Декларация бойынша салық, салық төлеушінің декларацияда көрсеткен табыс көлемінде байланысты және онда көрсетілген шегерістер мен жеңілдіктерді ескере отырып анықталады.

Үшінші тәсіл, яғни табыс көзі бойынша салық, салық төлеуші қызмет ететін жұмыс орнындағы бухгалтерия қызметкерлерінің есептеуімен анықталып төленеді. Бұл үш тәсіл де, салық механизмі құрамына енеді.

    Аудан экономикасының нығайып дамуына белгіленген бюджет жоспарының орындалынуына қосымша салық көздері айқындалып бүгінгі күнге артып отыр. 1995 жылы шаруашылықтар саны небәрі 218 болса, 2001 жылдың бірінші шілдесіне 3989, ал жеке кәсіпкерлер саны 1995 жылы 64 болса, бүгінгі күнде 184 болып артып отыр.

        Салық комитеті автоматизациялануда : компьютер, факс, ксерокс және кіші есептеу құралдарымен жабдықталған. 2000 жылдың сәуір айынан бері Интернет жүйесіне қосылып, байланыс жұмысын едәуір жақсартып алды.

 

Кесте 1 — Шардара ауданы бойынша бюджет төлемдерінің

2003-2004 жылдарға салыстырмалы талдауы.

 

КБК код-тары

Салықтардың аталуы

Орын-далғаны

2004

Орын-далғаны 2003

Айыр

ма

%-тік орындал-ғаны

Айырма себебі

101101

Резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

44420

66198

-21748

67

Шардара

ГЭС-і АА

103101

Әлеуметтік салық

174917

149075

25842

117

Аудан мекемелер

104101

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкертелдің мүлкіне салынатын салық

25020

23488

1532

115

Шардара мақта

104102

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

1691

1466

225

88

Жеке тұлғалар

дан толығымен өндірілді

 

104302

Елдімекендердің жерлеріне салынатын жер салығы

1421

1615

-194

143

Жеке кәсіп алынды

104308

Жер салығы

2517

1765

752

72

Жер салығы бойынша

104401

Заңды тұлғалардың көлікқұралдарына салынатын салық

1501

2084

-583

116

Кейбір аудан мекемелер

104401

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық

4068

3493

575

57

Аудан  көлік автотранспорты

 

105101

Қосымша құн салығы

52864

92062

-39198

39

Шардара

ГЭС АҚ

104501

Біріңғай жер салығы

3346

8558

-5212

332

мақта бағасының төмендеуі

105316

Табиғатты қорғау қоры

16585

4995

11590

38

Шардара

 ГЭС АҚ

108115

Баж салығы

5

13

-8

38,5

Әртүрлі құжаттар-дың рәсімде-луіне байланыс-ты

ТС басқа салықтар мен төлемдер

55947

71970

-16023

77

 

Барлығы

384302

426782

-42480

90

 

 

Әлеуметтік салық аудан мекемелерінің қарызы өтеліп, аванстық төлемдері 117%-ға орындалды. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық 107%-ға орындалған, оған Шардара мақта Оңтүстік су шаруашылығына  700 мың теңге артық төлеген. Жеке тұлғалардың мүлке салынатын салық жеке тұлалардан толығымен өндіріліп 115%-ға орындалды. Елдімекендердің жерлеріне салынатын жер салығы  жеке кәсіпкерлердің алынған жер салығы 104308 салық кодына өндірілуіне байланысты 88%-ға орындалды. Жер салығы жеке кәсіпкерлердің 2003-2004 жылдардағы мақта бағасының қымбаттауы мен 143%-ға жер салығы төленіп отыр. Біріңғай жер салығы мақта заводтары мақтаның ақшасын баяу есеп айырысуын жүргізгендіктен 39%-ға орындалып отыр. Табиғат қорғау қоры Шардара ГЭС және Нимекс корпорациясы ақша аударуына байланысты 332 пайызға жетіп отыр. Баж салығы әртүрлі құжаттарды рәсімеуші мекемелердің жұмысына байланысты 38,5 %-ға орындалды.

 

 

 

Кесте 2- Қазақстан Республикасы бюджеттінің  кіріс бөлігі  құрылымы.

 

 

2003

2004

Ауытқу

%

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы

17,0

18,6

1,6

109,0

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы

12,0

12,3

0,3

102,5

ҚҚС

31,0

29,1

-1,9

93,8

Акцизді салық

4,0

4,0

Кеден баждары

2,5

2,6

0,1

104,0

Басқа да салықтар (мүлікке салынатын салық, жер салығы)

24,5

24,4

-0,1

99,6

Салықтық емес түсімдер

9

8

-1

88

Барлығы

100

100

 

 

 

2004 жылы мемлекеттік бюджетке салықтың барлық түрлерінен 492661,2 мың теңге түсті, ал бекітіген жоспар 481412,0 мың теңге түседі деп болжанып, жоспардан 11249,0 мың теңге артық салық түсті.

Кіріс көздеріне талдау жасағаны мызда 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы түскен түсім жеңгейі 98133,0 мың теңге артық болып отыр. (2003 жылғы салық  — 394528 мың теңге, 2004 жылы – 492661 мың теңге). Мұның себебі бюджеттік мекемелердегі қызметкерлердің айлық жалақыларының 25 пайызға көбейгендігін 2003 жылға қарағанда 2004 жылы табыс және әлеуметтік салықтардың артығырақ түсуіне және төмендегідей бірнеше мекемелердің 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы көп салық төленгендігі болып отыр.

Кесте 3- Шардара ауданы бойынша бюджеттінің  кіріс  бөлігі.

Мекемелердің аты

2003 жылы

2004 жылы

 Айырмасы

«Шардара ГЭС-і» АҚ

144270,5

173623,0

29352,5

«Шардара мақта» АҚ

19106,5

24870,7

5764,2

«Корп. Нимекс» ЖШС

11351,0

18797,0

7446,0

«Жер – су – Жол — Сервис» ЖШС

2496,2

8550,2

6054,0

«Оңтүстік Сушар»

2782,1

15351,5

12569,4

Барлығы:

180006,3

241192,4

61186,1

Жергілікті бюджетке келсек, жалпы жыл бойында жоспар 10 рет нақтыланып, жан-жақты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде контингент 360000 мың теңге, жергілікті яғни аудандық бюдет 24500,0 мың теңгеге көбейтілді. Мемлекеттік ортақ қазынаны әркез толықтырып отыруда ааудандық буындағы алым-салық жинау қызметкерлерінің өздеріне жүктелген зор жауапкершілікті жақсы түсіне отырып еткен қажырлы еңбектерінің арқасында аудандық бюджетке 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 26119,0 мың теңге артық түсті (2003 жылы контингент – 261861, жергілікті бюджет – 163782 м.т., 2004 жылы контингент – 298852, жергілікті бюджет – 189901 м.т.).

2004 жылдың қорытындысы бойынша 3 салық түрінен жоспар орындалмады:

Жеке тұлғалардың төлем көзінен ұсталынатын табыс салығы мен әлекметтік салықтан орындалмаған себебі:

Салықтардың бұл түрінен 293 – заңды тұлғалар төлеуі керек деп тіркелген, оның ішінде 83 бюджеттік мекеме есептелінген салық сомасын желтоқсан айына дейін толық аударып отырмағандықтан және желтоқсан айында бұл салық түрлерінен ешқандай сома аударылмаған. Жалпы осы себептерге байланысты әлеуметтік салықтан 2005 жылдың 1-ші қаңтарына бюджеттік мекемелердің қарызы 17485,7 мың теңге болды.

Осы сомаға қарыз бюджеттіңк мекемелердің тізімі аудандық әкімшілік пен аудандық қаржы бөліміне беріліп, бүгінгі таңда әлеуметтік салықтың қарызын төлеу мақсатында ақша бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Ал жеке тұлғалардан төлем көзінен ұсталынатын табыс салығы негізінен жылдық жоспар артық жоспарланған, себебі жалпы 2005 жылдың 1-ші қаңтарына аудандағы мекемелердің бюджет алдындағы қарызы 1587,0 мың теңгеге, ал жоспар 3793,0 мың теңгеге кем орындалып отыр.

Аукциондық сатудан алынатын алымнан – 38,0 мың теңге түседі деп жоспарланған, бірақ аудан көлемінде аукцион өткізілмегендіктен жоспар орындалмады.

Өткен 2003 жылмен салыстырғанда кейбір төмендегі салық түрлері кем өндірілді.

Атап айтқанда:

Жеке кәсіпкерлерден ұсталынатын – 189,0 мың теңге кем өндірілген себебі кейбір шаруа қожалықтарының 2002 жылғы патент кезінде есептелген табыс салығынан қалған қарыз сомалары 2003 жылы өндірілген, яғни сол себепті 2004 жылға қарағанда артық түсіп отыр.

Жеке тұлғалардан ұсталынатын мүлік салығының 201,0 мың теңге кем өндірілген себебі 2003 жылы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың мүлік салығы 104102 салық кодына түскен болса, 2004 жылы 1047101 салық кодына түсті. Сол себепті де заңды тұлғалардан ұсталынатын мүлік салығы өткен жылға қарағанда 9220,0 мың теңге артық өндірілді.

Біріңғай жер салығы 1158,0 мың теңге кем өндірілген себебі 2003 жылы игерілген жердің орташа бағасы гектарына 246 теңге болса, 2004 жылы 160 теңге болғандықтан салық мөлшері кем өндіріліп отыр.

Лицензиялық алым бойынша 386,0 мың теңге кем өндірілді, себебі лицензияландырылған алым – саттықпен айналысатын салық төлеушілер саны көп болмағандықтан және лицензия мерзімсіз уақытқа берілетін болғандықтан кем өндірілді.

Мерзімді төленбеген салықтар.

Жеке кәсіпкерлерден ұсталынатын табыс салығы бойынша салық төлеушілердің 2003 жылы бюджет алдында қарызы болмаған, 2004 жылдың соңында 552,0 мың ютеңге қарыз болған себебі жыл соңында бірнеше рет салық төлеушілердің бет есептерін тексергенімізге қарамастан компьютерленген салық жүйесіне 2004 жылы ауысқандықтан кейбір соммалар екі рет есептелінген.

Жеке тұлғалардан ұсталынатын үй іргелік мүлік, жер салықтарынан қарыз болған себебі жұмыс барысында төленген соммаларды бет есептеріне түсірген кезде бір фамилиядағы СТТН бойынша түсіргендіктен есептелінген кейбір салықтар жабылмай қалды, яғни үй әкесінің атына тіркелсе, баласы өз атынан салық төлегендіктен әкесінің атына есептелінген салық сомасы қарыз болып баласының атында артық төленіп тұр.

Біріңғай жер салығы бойынша 25,8,0 мың теңге қарыз юолған себебі біріңғай шаруа қожалықтарына есептелінген соманың жарты төлемінің мерзімі 2005 жылдың 15 жаурызы. Жұмыс барысында есептелінген салықтарды компьютерге енгізген кезде төлеу мерзімі дұрыс көрсетілмеген. Бүгінгі таңда жоғарғы көрсетілген кемшіліктер бойынша толық жою жұмыстары жүргізілуде.

Қорыта келгенде, 2004 жыл аудан өмірі үшін толағай табыстарға толы ерекше сәті кезең болды. Ауданның экономикасы өркендеп, бюджет жоспары ойдағыдай орындалып, зейнетақы, жалақы сияқты әлеуметтік төлемдер бұрын проблема болып келген мәселелер шешім тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Шардара ауданы бойынша шаруашылық субъектілердің салық есебін ұйымдастыру.

 

2.1 Корпоративтік табыс салығының есебі.

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 631 «Төленуге жататын ағымдағы табыс салығы» деген пассивтік шотында жүреді.

Кесте 4- Корпоративтік табыс салығының құрылымы.

 

Корпоративтік табыс салығын төлеушілер

Салық салынатын объектілер

Салық мөлшерлемесі

Салықтық кезең

Заңды тұлға, ҚР резидент-

тері (бұларға Ұлттық банкі

мен мемлекеттік ұйым-

дар кірмейді)

Салық салынатын табыс

30%

Календарлық жыл

Төлем кезінде алынатын табысқа салынатын салықтар

15%

Заңды тұлға, ҚР резиденттері, олар үшін жер өндіретін негізгі құралы болып табылады

Салық салынатын табыс

10%

Календарлық жыл

ҚР тұрақты ұйымдар

 арқылы қызметін

жүзеге асыратын резиденттер емес заңды тұлғалар

Салық салынатын табыс

30%

Календарлық жыл

 

 

Таза табыс

15%

ҚР-да төлем кезінде

табыс алатын резиденттер емес заңды тұлғалар

Төлем кезінде алынатын табысқа салынатын салықтар

15% — марапаттау мен қатысу үлесінен алынған табыстар, дивиденттер

 

 

Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырма арқылы анықталады:

Салық салынатын табыс = Жылдық табыс жиынтығы – Шегерімдер

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және де басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқалай қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондыжрғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай – ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа жда сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден  алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және тағы басқалар жатады.

Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығыынан мыналарды шығарып  тастау керек:

— дивиденттер, ҚР заңды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем көзінен ұсталынатындарды;

— кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру  кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;

— әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;

— мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі құралдардың құны;

— зейнетақыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған инвестициондық табыстары.

Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік  әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.

Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің  жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.

Жылдық табыс жиынтығынан келесідей шегерімдер жасалынады.

Қызмет бабымен іс-сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары Қазақстан Ресупбликасының Үкімет белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:

  • іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары (билеттің құны), сондай-ақ броньға жасалған шығындары жатады;
  • шетелдік іс-сапарда жүрген кезінде тәулік шығындары Қазақстан Республикасының Үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.

Алынған сыыйақы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ),  мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.

  • несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса), онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі бекіткен қайта қаржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.
  • Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады:

 

Заңды тұлға-                                                                  Төлем көзінен ұсталатын

резиденттеріне                        төлеу көзінен               табыс салығының

төлейтін, марапаттау    =      ұсталынған          х      мөлшерлемесі (15%)

және шегерімге                      марапаттау                    Корпоративтік салығының

жатқызуға болатын                сомасы                          мөлшерлемесі (30%)

сомасы

 

Келісім – шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.

Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де бұрындары күмәнді деп танылған табысты салық төлеуші кредиторға төлесе, онда оның сол төлеген  деңгейінде шегерім жасалуға рұқсат етіледі.

Күмәнді  қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы – негізінен Қазақстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсетілген қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Респубикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға – резидент еместердің де және үш жылға  дейін талабын қанағаттандырмаған кезде, немесе Қазақстан ресмпубликасының заңына сәйкес салық төлеуші  — дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.

Резервтік (провизиялық) қорларға аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз қызметін заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына)  аударылған аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Тап осындай құқықтар банктерге де, ұйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні қоспағанда) дебиторлық қарыздары, аккредетивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқыру тәртібін және жағдайын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі осы жағдайға өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың келісімі бойынша анықтайды.

Ғылыми – зерттеу, жобалық және тәжірибе – конструкторлық жұмыстарына жасалған шығындар бойынша шегерім жасау.  Негізгі құрал – жабдықтарды алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа,  табыс алумен байланысты ғылыми – зерттеу, жобалау және тәжірибеде – конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық – сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі тиіс.

Сақтандыру жарналары (пайдасы) бойынша шығыстарға шегеріс жасау. Жинақтау және қайтарым сипатындағы шарттар бойынша  сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушылар төлеген сақтандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру қызметі Қаржы Министрлігінің қадағалауында болады. Банк жүйесі де осы процесске қатысты болғандықтан, оларды календарлық, қосымша және төтенше жарнасын шегеріске жатқызылуына құқысы бар.

Әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар бойынша шегерімдер. Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала тууына байланысты демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстарын есепті кезеңде шегере алады. Қызметкерлердің денсаулығының зақымдануына байланысты (мертігу т.б.с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.

Табиғи ремурстарды геологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсаған шығыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар, бағалау, жасақтау, жалпы әкімшілік шығындар және қол қойылған бонустарды, коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғанда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортизациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.

Геологиялық зерттеу жұмыстары жасалған контракт аясында жүзеге асады, ол кезде олардың:

  • пайдалы қазбаларды сату кезінде алынған табыстары;
  • жылдық табыс жиынтығынан түзету ретінде алынып тасталатын табыстар жеке көрсетіледі, тасталған табыстары қосылмайды.

Теріс бағамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң бағасының айырмасын алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салынатын табыстың 50% деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз кезегінде жылдық жиынтықө табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы бойынша шығыстар мен табыстарын қоспай алынған шегерім сомасының айырмасынан шығады.

Ескерілмей қалған теріс бағамының сомасы келесі салық кезеңінің шегерісіне жатқызылуы мүмкін. Құрылысқа алынған кредиттер (заемдар) бойынша теріс бағамдық айырмасы құрылысты жүргізу кезеңінде төлем жасау барысында пайда болады, онда ол объектінің құнына қоса алынады.

Айыппұлдар да, өсімдер де, олардың танылуына қарап шегерімге жатқызылуы мүмкін, тек мемлекеттік бюджетке жататындардан басқасы.

Салықтарды шегеріс жасау. Бұл жерде мемлекеттік бюджетке есептелінген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдық жиынтық жатыс анықталғанға дейін салықтар; Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен крпоративтік табыс салығы, соедай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен кезеңдер үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар да шегерілуі тиіс.

Ағымдағы салықтық кезеңде өткен кезеңдер үшін төленген салық қай кезеңде төленсе, сол кезеңнің шегеріміне жатқызылады.

Тіркелген активтер бойынша шегеріс жасау. Тіркелген активтерге  — салық төлеушінің бузгалтерлік балансында ескерілген және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құрал – жабдықтар мен материладық емес активтер жатады.

Негізгі құрал – жабдықтардың мынадай түрлеріне амортизациялық аударымдар есептелінбейді: жер; өнім беретін ересек малдар; мұражай құндылықтары; сәулет және өнер ескерткіштері; жалпы жұрт пайдаланатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер; аяқталмаған күрделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер; бұрындары толығымен шегеріске жатжқызылған негізгі құрал – жабдықтардың құны; инвестициялық жобалардың шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.

Амортизациялауға жататын негізгі құралдар өздеріне тиесілі шектеулер мөлшерлемесімен есептелінеді. Амортизацияның мүлік түрі бойынша шектелген мөлшерлемесі «Негізгі құралдардың есебі» тарауында келтірілді.

Салық төлеуші өз еркі бойынша басқа да шектеу мөлшерлемесін қолдануына құықлы, бірақ ол қойылған (белгіленген) шектен жоғары болмауы керек. Өндірістік мақсат үшін өз күшімен салынған құрылыстардың шығыстары және өндірістік мақсатта үш жылдан кем емес пайдаланатын технологиялық құрал – жабдықтардың құны; салық төлеушінің еркі бойынша амортизациялау мерзімінің кез – келген сәтінде қалған амортизацияның шегінде шегеріс жасай алады.

Ғимараттар, қондырғылар, құрылыстар объектілері бойынша амортизациялық аударымдар жеке алынады. Салықтық кезеңнің соңына топ ішіндегілері бойынша баланстың құны анықталады.

Салықтық кезеңнің басына

топ шіндегілердің баланстық құны (өткен салық кезеңі-

нің соңындағы топ ішіндегілердің баланстық құны, амортизациялық аударым сомасының азайғаны, жөндеу жұмыстары жүргізілгендері және есептен шыққандары ескеріліп, жасалған түзетулері) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 +                                                                                                                         

Салықтық кезеңде келіп түскен тіркелген активтер мынадай құны бойынша:

алынған құны – бастапқы құнынан алуға байланысты шығыстар, өндіру, салу, монтаждау және орнату шығындары кіреді;

жарлық капиталына салым ретінде алынған – құны бойынша, азаматтық заңға сәйкес анықталады;

Тегін алынған – бастапқы құны бойынша, алыс-беріс актісі бойынш анықталады, бірақ нарықтық құнынан жоғары болмауы тиіс;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 —

Салықтық кезеңде есептен шыққан тіркелген активтер мынадай құны бойынша: сату және қаржылық лизингкке берген кезінде – сату құны бойынша;

Жарлық капиталына салым ретінде берген кезінде – бастапқы құны бойынша, азаматтық заңға сәйкес анықталады;

Есептен шығарған, жоғалтқан, бүлінген кезінде (егер де сақтандыру қоры бар болса) –құны төленген сақтандыру сомасынан алынады, яғни сақтандыру келісімшартына, сақтандыру ұйымдарының төлеген сомасы бойынша анықталады;

Есептен шығарылған, жоғалған, бүлінген кезінде (егер де сақтандыру қоры жоқ болса) – баланстық құны бойынша;

Тегін берген кезде – баланстық құын бойынша;

 

Жарлық капиталға салым ретінде алынған, тегін алынған, сатып алынған кезде, олар келіп түскен негізгі құралдардың баланстық құнын өсіреді. Ал есептен шыққан кезде, олар сол баланстық құнын төмендетеді.

Қаржылық лизингіге берілген (қаржылық лизингі бойынша) тіркелген активтердің лизингі алушының ішкі тобы бойынша баланстық құны есептелінеді.

Қаржылық лизингіге берместен бұрын тіркелген баланс актив баланстық құынында көрсетілген болса, онда оны берген кезде лизингі беруші өз балансынан азайта алады.

Жөндетуге жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер.  Шегерім әрбір ішкі топқа кіретін негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбір ішкі топқа қатысты рұқсат етіледі. Әрбір ішкі топ бойынша негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар сомасы ішкі топтың салық жылының аяғындағы құндық балансының 15 пайызын шегінде шегеріледі. Аталған шектен асатын сома ішкі топтың баланстық құынын арттыады. Егер ол Республикаслық немесе  жергілікті бюджеттерден алынған субсидиялардың есебінен жүргізілген жөндеу болса, онда олардың баланстыққны арттырылмайды және шерерімге де жатпайды.

Салық салынатын табысты анықтаған кезде жылдық жиынтық табыстан келесі шығыстар шегеруге жатпайды:

  • жылдық жиынтық табысты алумен байланысты емес шығыстар;
  • күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді салуға және сатып алуға кеткен шығыстар;
  • мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;
  • жылдық жиынтық табысты алумен байланысты болса да, бірақ Салық Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге жатқызылмайды;
  • Қазақстан Ресупбликасының заң актісіен белдгіленген, нормадан жоғары

   төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет төлемдерінің  басқа да сомасы;

  • Кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын, құрылыс объектілерін салу, пайдалану және күтіп – ұстау шығыстары;
  • Тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны.

Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай – ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қонедырғылардан тартқан зияны салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге қалдырылады.

Бағалы қағаздарды сатқан кезде шеккен зияны олардың құнын өсірудің есебінен өтеледі, бұл шара мүмкін болмаған жағдайда оның өтелу мерзімі үш жылға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

Корпоративтік табыс салығын есептеген кезде 851 шоты дебеттеліп, 631 шоты кредиттеледі. Бұл салық жылдың соңында бір рет есептелінеді.

Корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде аванстық төлемін қоса алғанда 631 шоты дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.

851 шотының дебеті бойынша және 632 шотының кредиті бойынша кейінге қалдырылған салықтық пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығын көрсетеді. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 571 шоты дебеттеліп, және 851 шоты кредиттеледі.

Резидент емес заңды тұлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.

Резидент еместердің Қазақстан Республикасының көзінен алатын табыс түрлерінің қатарына мыналар жатады:

  • өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табыстары;
  • басқару, қаржылық, аудиторлық, маркетингтік т.б. көрсеткен қызметтерінен алынған табысы;
  • мүліктердің құынының өсімнің арқасында алынған табыстары;
  • айыппұл және өсімдерден түскен табысы, бұл айыппұлдар мен өсімдер өз міндеттемесін тиісті орындамаған резиденттерге де, резидент еместерге де салынады;
  • дивидент түрінде алынған табыстары және үлестік қатысудан алған табыстары;
  • роялти нысанында алынған табыстары;
  • жалға беруден алған табыстары;
  • халықаралық тасымалдау процесінде транспорттық қызмет көрсетуден алған табысы;
  • резиденттердің төлеген ұтыстары;
  • тегін алынған мүліктерден алынған табысы;
  • басқа қызметтерден түсетін табыстары.
  • Қазақстанда қызмет ететін резидент еместердің алатын табысынан мына төмендегі мөлшерлемеде табыс салық ұсталынады:
  • — дивиденттерден және қатыстық үлестерден алатын табысыанан және сыйақысынан — 15% ;
  • Тәуекелділікті сақтандыру келісім – шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасынан – 10%;
  • Қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру төлемін – 5%;
  • Халықаралық байланыста тасымалдау қызметін көрсеткен табысынан — 5%;
  • Осы Кодекстің 178 бабы бойынша алынатын табысынан – 20% (1-ші мен 4-ші бабын қоспағанда) салықтар ұсталынады.
  • Мыналар кірмейді:
  • — Қазақстан Республикасының аймағында сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткізумен баланысты төлемдер;
  • Банк – резиденттерінің корреспонденттік шоттарын жүргізу және ашумен байланысты көрсеткен қызметінене алынатын табыстар;
  • Бағалы қағаздарды сату кезінде олардың құнының өсімінене алынатын табыстар;
  • Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған попреациялардан түскен табыстар;
  • Шикі мұнай өнімдерінің сапасы бойынша төленетиін төлемдер (Қазақстан Республикасының тыс жерлерінде);
  • Сатып алушы – резиденттердің төлеген бағалы қағаздардағы қарыздар бойынша есептелген марапаттау сомасы.

Резидент емес заңды тұлғалардың табысына салынатын салықтың тәртібі Қазақстан Республикасындағы тұрақты ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Резидент емес заңды тұлғалардың табысысан тұрақты ұйымдардың қызметімен байланысты барық табыс түрі жатады.

Шегерімге табысты алумен байланысты тікелей шығыстардың барлығы жатады. Резидент емес заңды тұлғалар өз шегерімдерін тұрақты ұйымның шегеріміне жатқызуға құкығы жоқ. Резидент емес заңды тұлғалар салықты таза табыстан төлейді.

Халықаралық келісім – шарттар бойынша арнайы ережелері. Халықаралық келісім – шарттың ережелері салынатын салықтың юекі жақты болмауын және бір жақтың салық салудан қашуын болдырмау үшін жасалынады.

Шардара ауданының салық комитетінің  резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 101101 коды бойынша жүргізіледі. Аудан бойынша бюджет төлемдерінің 2003 – 2004 жылдардағы жұмыстарының орындалуының көрсеткіштері келесідей: 2003 жылы 66168 мың теңге, ал 2004 жылғы 44420 мың теңге болған. Екі жылдың айырасы  -21748 мың теңге, яғни 67 пайыз жұмыс орындалған.  Бұл жердегі 21748 мың теңгенің кем шығуының себебі 2003 жылы Шардара ГЭС-і АҚ осы жылдың есебінен көп төлеген — 58100,0 мың теңге, ал 2004 жылы тек аванстық төлем төлеген – 39325,0 мың теңге.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Жеке тұлғалар бойынша бюджетпен есеп айырысу 634 пассивтік шотында жүреді.

 

 

 

Кесте 5-  Жеке тұлѓалардан алынатын табыс  салығы құрылымы.

 

Жеке табыс

салық төлеуші

Салық салынатын объектісі

 Салық мөлшерле-

месі

Салық кезеңі

Салық салынатын объектісі бар, Қазақстан Республикасының резиденттік жеке тұлғасы

Төлем көзінен алатын табысына салынатын са-

лық (салық Кодексімен сәйкес салық салуға жатпайтын, табыстарынан қоспағанда)

 

Төлем көзінен алатын табысына салынбайтын салықтар

1. Ұтыс, марапаттау, дивиденд түріндег табысы (сақтандыру қоры бойынша марапаттауды қоспағанда) – 15%;

2. Адвокаттар және

жеке нотариустар –

10%;

3. басқа да табыстар – 15 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке

дейін

— салық салынатын табыстың сомасынан 5%. 15 еседен 40 есеге еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы +20% одан артық сомадан; 600 – есе еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан әрі қарай  — 600 есе еселенген жылыдқ есептік көрсеткіштен салық салу сомасы + 30% одан артық сомадан.  

Күнтіз-белік жылы

Салық салынатын объектісі бар, Қазақстан Республикасының резиденттік емес

жеке тұлғасы

Төлем көзінен алатын табысына салынатын

және салынбайтын  салықтар (салық Кодексімен сәйкес салық салуға жатпайтын табыстарынан, қоспағанда)

Резиденттік емес жеке тұлғалардың табысына салық салудың ерекшеліктері төменде

жеке табыс бойынша келтірілген

 

 

Төлем көзінен алатын табысына салынатын салықтар.  Төлем көзінде салынатын салық салық төлеушінің табысына алынады, олардың қатарына:

  • еңбеккерлердің табысы. Төлем көзінде салық салынатын, еңбеккерлердің табысына жұмыс берушілердің ақшалай немесе заттай нысанда есептеген жалақысы жатады, оған әрекет етіп тұрған салық заңында қарастырылған, салық шегерімін азайтатын сомасы, материалдық олжасы, әлеуметтік және материалдық игілік тағы да басқа табыстары кіреді.

Еңбеккерлердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы еңбеккерлердің табысына қолданатын мөлшерлеменің көмегімен есептелінеді.

Табысы салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 634 шоты кредиттеледі;

  • бір жолғы төлемдерден түскен табыс. Бұндай төлем түрлері алдын – ала жасалған келісім – шарт бойынша анықталады.
  • жинақтау зейнеткерлік қорларынан төленетін зейнеткерлік төлемдері, бұл өз кезегінде айлық есептік көрсеткіштерді (АЕК) азайтады;
  • жеке тұлғаға төленетін ұтыстар, марапаттаулар, дивиденттер, табыстың бұл түрін 15% деңгейіңнде саплық салынады;
  • стипендия, бұларға да салық салынады, сондай – ақ стипендия мәдениет, ғылым тағы да басқа қайраткерлерге арналады;
  • сақтандыру қоры бойынша табысы.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салық салынбайтын табысқа салық төлеушінің келесі табыс түрлері жатады: мүліктік табысы; жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы; адвокаттардың табысы және жеке нотариустардың табысы және тағы да басқалар.

Резидент емес заңды тұлғалардың табысына салық салудың ерекшеліктері. Жеке шетел тұлғаларының табыстарына салық салу кезінде резиденттердегі қағидалар пайдаланылады, осыған сәйкес салық төлеушілер резиденттік және резиденттік емес болып бөлінеді.

Салық салу мақсатында жеке тұлға, егер де ол келесі тұжырымдаманың кез келгеніне жауап берсе, онда олар Қазақстан Республикасының резиденті болып саналады:

  • Қазақстан Республикасында заңды жолымен келген (тұрғылықты болу үшін);
  • Қазақстан Республикасына біршама уақытқа келген;
  • Қазақстан Республикасына 183 календарлық күнінен кем емес уақытқа келген.

Егер де Қазақстан Республикасында шетелдік жеке тұлғасының тұрған күні ағымдағы жылы 31 календарлық күннен кем болмаса және ағымдағы салық кезеңімен аяқталатын, үш жылдық кезең ішіндегі календарлық күні 183-кем болмаса, онда ол «біршама уақытқа келген» деген тұжырымдамаға сәйкес келеді.

Үш жылдық кезең ішіндегі 183 календарлық күнінің кезеңі төменде келтірілген орташа коэффициенттер бойынша анықталады:

1 – ағымдағы салықтар кезеңіндегі келген күндерінің санын есептейді;

1/3 — өткен салық кезеңде бірінші болып келген күндерінің саны;

1/6 — өткен салықтық кезеңде екінші болып келген күндерінің саны.

Шардара ауданының жеке тұлғалардан біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы 101203 кодында жүргізіледі. Аудан бойынша бюджет төлемдерінің 2003 – 2004 жылдардағы жұмыстарының орындалуының көрсеткіштері келесідей: 2003 жылы 2882 мың теңге, ал 2004 жылы 3406 мың теңге болған. Екі жылдың айырасы  524 мың теңге, яғни 118 пайыз жұмыс орындалған.  Бұл жердегі 524 мың теңгенің артық шығуының себебі жеке кәсіпкерлер саны көбеюіне байланысты біржолғы талон алымы артығымен орындалуында.

 

2.2 Қосылған құн салығының есебі.

 

Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын күн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай–ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.

Шардара ауданының  қосылан құн салығы 105101 кодында жүргізіледі. Аудан бойынша бюджет төлемдерінің 2003 – 2004 жылдардағы жұмыстарының орындалуының көрсеткіштері келесідей: 2003 жылы 92062 мың теңге, ал 2004 жылы 52864 мың теңге болған. Екі жылдың айырасы  -39198 мың теңге, яғни 57 пайыз жұмыс орындалған.  Бұл жердегі 39198 мың теңгенің кем шығуының себебі Шардара ГЭС АҚ 2002 қарызы есебінен 2003 жылы – 58338 мың теңге төлеген, ал 2004 жылы – 31584,8 мың теңге төлегендіктен, яғни 6754 мың теңге кем төлеген. Тағы бір себеп шардара мақта АҚ 2003 жылы – 8251 мың теңге төлеген, 2004 жылы – 4239 мың теңге төлеген, яғни  4012 мың теңге кем төлегендіктен.

Қосылған құнға салынатын салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады.

Сондай – ақ, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қомылған құнға салынатын салық енгізіледі.

Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады.

«Сату» термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды, ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды  кепілдікке зат ұстаушының меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау деп білеміз.

Қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және қара металдардың сынығын қоспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 15 пайызын құрайды (ҚҚС – нан босатылған айналымды қоспағанда).

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы сатылған туарға есептелінген ҚҚС сомасы мен, алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.

 

Кесте 6-  Қосылған құн салығының құрылымы.

 

Қосылған құн салығын төлеуші

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

ҚҚС бойынша

 есепте тұрған тұлғалар ҚҚС-ын төлеуші болып табылады

Салық салынатын айналым

ҚР-ның аймағына сатқан кезде, 15% мөлшерінде салық салынады.

 Экспортқа сатқан

кезде, оның нольдік пайызы алынады

 

Календарлық ай

Егер ай сайын төленетін ҚҚС

сомасы 1000 МЕК аспаса, онда төлеу кезеңі тоқсан сайын төленетін болып шешіледі. Ал ауыл шаруашылығының өнімін өндіретін-

дер үшін, төлеу

кезеңі салықтық

жыл

болып танылады

ҚР-ның кедендік заңына сәйкес ҚР-

ның аймағына тауар әкелуші тұлғалар ҚҚС төлеуші болып табылады

Салық салынатын импорт

15%

 

Қосылған құн салығын төлеушінің тауарды (жұмысты, қызметті) сатуы бойынша жасаған айналымына салық салынады және ол салық салынатын айналым болып табылады; Салық Кодексімен босатылғандар немесе Қазақстан Республикасы өнімді стаудың орны болып табылмаса, онда олар салық салынатын айналымға кірмейді. Салық салынатын айналымның деңгейін қосылған құн салығының сомасына қоспай, тариф пен тараптардың мәмілесі бойынша белгіленнген бағасын қолдана отырып, тауардың (жұмыстың, қызметтің) сатылатын құнын негізге ала отырып анықтайды.

Қазақстан Республикасының аймағына сырттан (импорттан) келген тауарларға салық салынады (қосылған құн салығынан босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Ресупбликасындағы кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден құны да қосылады.

 

Кесте 7-  Қосылған құн салығын анықтау үшін сату орны.

 

Тауар бойынша

Жұмыс пен қызмет бойынша

Тауарды тиеу орны, егер де жабдықтаушы, алушы немесе үшінші тұлға болса

Қозғалмайтын мүліктің тұрған жері, егер де жұмыс пен қызмет осы мүлікпен байланысты болса;

Алушыға тауарды беру орны

Жұмыс пен қызметтің нақты жүзеге асқан жері, егер олар сол мүліктің қозғалысымен байланысты болса;

Қызмет көрсеткен нақты орны, сол қызметке қатысты болса, мәдениет саласы, өнер, білім, спорт;

Кәсіпкерліктің орны немесе жұмысты, қызметті сатып алушының кез-келген қызметі, келесідей жұмыс пен қызметке қатысты болса:

— өз меншігіндегі құқық объектісін пайдалануға берсе;

— кеңес, аудиторлық, инжинириголдық, бухгалтерлік т.б. қызмет көрсетсе;

— қозғалыста болатын мүліктерін жалға берсе (транспорттық құралдың транспорттық ұйымға көрсеткен қызметінен басқасы);

— тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алу (немесе табу) бойынша агенттердің қызметі;

— байланыс;

— туризмді ұйымдастыру;

 

Тауар (жұмыс, қызмет) алушы бюджетке төленетән жарнасы бойынша салық сомасын анықтаған кезде ҚҚС-ның сомасын зачетқа жатқызуға құқығы бар. Зачетқа жатқызылатын айналымды есептеген кезде ҚҚС-ын төлеуші пропорционалды немесе бөлек есептелінетін әдісті таңдай алады. Пропорционалды әдісте қосылған құн салығын жалпы айналымдағы сомадан үлес салмағы бойынша анықтайды және соның деңгейінде зачетқа жатқыза алады. Ал бағалы қағаз бойынша операциясының кезінді сату бойынша айналымы, оның өсімі қосмылады. Ал бөлек есептелінетін әдісте салық төлеуші шығыс сомасы бойынша және алынған тауардың (жұмыстың, қызметтің) қосылған құн салығының сомасы бойынша жеке есептеулер жүргізіледі және салық салынбайтын айналымның үлес салмағын және олардың сомасын анықтауға көмектесеі. Салық салынатын айналым боййынша  бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы мен зачетқа жатқызылған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.

Салық салынатын айналым резидент еместерден алынған жұмыс пен қызмет, ҚҚС-ын төлеуші болып табылмайды. Егер де ол жұмыс пен қызметтің  сату орны Қазақстан Республикасы болса,  онда қосылған құн салығын салуға жатады.

ҚҚС салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылғанжұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот фактурасын ұсынуға міндетті. Егер де ҚҚС сомасы шот фактурасында көрсетілсе, онда 331 шоты дебеттеліп, 333, 671, 687 шоттары кредиттеледі.

ҚҚС есептеу кезінде «Алынуға тиісті қарыздар» шоты дебеттеледі де, 633 «Қосылған құн салығы» шоты кредиттеледі.

Содан соң 301 шотының кредитінен 633 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетеке аударылады: 633 шотының дебетінде, 441 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотының кредитінде көрініс табады.

Сатып алушылар бұрындары ҚҚС-ның сомасы төленген тауарларды қайтарған кезде, ол 633 шотының дебеті мен 687 (639) шотының кредиті бойынша көрініс табады. ҚҚС-ның төленген бұл сомасы, 687 шотының дебеті мен 687 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

 

2.3 Әлеуметтік салық есебі.

 

 Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі, 635 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотында жүреді.

 

Кесте 8 — Әлеуметтік салықтың құрылымы.

 

Әлеуметтік салықты төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

 

ҚР-дағы заңды тұлға резиденттері, ҚР-да тұрақты мекемелер арқылы өз қызметтерін жүзеге асырушы, резидент еместер

Еңбеккерлердің кез келген табысы, ақшалай да, заттай да нысанындағы

Шетел мамандарының табысынан – 11%
Қалған басқа барлық еңбеккерлерден – 20%

Календарлық ай, тоқсан сайын есеп берумен бірге

 

Жеке нотариустар, адвокаттар

Еңбеккерлердің саны, салық төлеушінің өзін қоса есептегенде

өзі үшін 3 айлық есептік көрсеткіші;

Әрбір жұмыскер үшін екі айлық есептік көрсеткіші

 

 

Жеке кәсіпкерлер

Салықтың арнайы тәртібін қолдаушы (шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтары) жеке кәсіпкерлер

Айлық есептік көрсеткіштен – 20%

 

 

 

Еңбеккерлердің келесі табыс түлеріне әлеуметтік салық салынбайды:

— Мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар есебінен берілген гранттарға, төлемдерге;

— Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Президентімен берілген стипендия және мемлекеттік сыйлықтарға;

— кәсіпорындар өз қызметін тоқтатқан кезде жұмыс берушілердің төлеген компенсациялары;

 — жинақ зейнетақы қорларына аударылған жарнасына;

— тікелей әлеумметік  көмек, жәрдемақы компенация, мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;

— заңмен белгіленген деңгейде бабы бойынша берілген іс-сапар шығыстарының компенсацияларына;

— босану мен  екіқабаттылық бойынша жәрдем ақыға;

— белгіленген мемлекеттік стипендияға;

— берілген арнайы киімдердің құнына;

— сақтандыру сыйлығына; 

— қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік құндарына;

— тағы басқаларына;

Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы  шегеріліп, қалған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.

Шардара ауданының  әлеуметтік салығы 103101 коды бойынша жүргізіледі. Аудан бойынша бюджет төлемдерінің 2003 – 2004 жылдардағы жұмыстарының орындалуының көрсеткіштері келесідей: 2003 жылы 149075 мың теңге, ал 2004 жылы 174917 мың теңге болған. Екі жылдың айырасы  25842 мың теңге, яғни 117 пайыз жұмыс орындалған.  Бұл жердегі  25842 мың теңгенің артық шығуының себебі, Аудан мекемерінің қарызы өтелгендіктен және аванстық төлем есебінен артық өндірілгендіктен.

Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде: 903, 923, 933, 943, 811, 821 және 635 шоттың кредитінде көрініс табады.

 

Кесте 9-  Әлеуметтік салық бойынша мөлшерлеме.

 

Қызметкерлердің  салық салынатын табысы

Ставкасы

15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

Салық салынатын табыс сомасынан 20%

15 еселенгеннен бастап 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15%

40-тен  200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 12%

200-тен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9%

600 еселенгеннен жылдық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7%

 

 

2.4 Жер салығының есебі мен бақылауын ұйымдастыру.

 

Бюджетке төленетін жер салығының есебі 636 шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Рсепубликасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына және  белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.

Жер салығы олардың меншік құқын, тұрақты пайдалану құқын, уақытша тегін пайдалану құқын растайтын құжаттардың негізінде есептелінеді және әр жылдың 1 қаңтарына жердің сапасы бойынша есебі мен мемлееттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға ұсынады.

 

 

 

 

 

Кесте 10- Жер салығының құрылымы.

 

Жер салығын төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Салық салынатын жер объектілері бар заңды тұлға (заңмен қарастырылған кейбір жеке категорияларын қоспағанда):

— меншік құқына;

— жерді тұрақты пайдалану   құқына;

—         жерді уақытша пайдалану құқына

 

Жер телімдері және оның көлемі , салық салуды анықтаудың базасы болып табылады.

 

Салық мөлшерлемесінің базасы жердің сапасына, бонитетіне, жер төлемдерінің арналымына тәуелді болып келеді.

Календар

лық жыл.

Салық салынатын жер объектілері бар жеке тұлға (заңмен қарастырылған кейбір жеке категорияларын қоспағанда):

— меншік құқына;

— жерді тұрақты пайдалану   құқына;

— жерді уақытша пайдалану құқына

 

Темір жол транспортын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте темір жол транспортын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер телімдері, темір жол қарауына алынаған жерлері, станциясы, вокзалы, жолдары салық салынатын объекті болып табылады.

Энергетика мен электростанция жүйесін ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымның жұмысын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер телімдері, электр желімдерін ұстап ұстап тұратын бағаналармен байланысты жер телідері, станциялары салық салынатын объекті болып табылады.

Қазба байлықтары, газ бен мұнай өнімдерін тасымалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жер телімдері, газ бен мұнай құбырларымен байланысты жер телімдері, салық салынатын  объекті болып табылады.

Байланыс сферасының баланстында тұрған жер телімдері салық салынатын объектісі болып табылады.

Жердің әрбір теліміне тиемілі салық мөлшерлемесін пайдаланады.

Шардара ауданының  жер салығы 104308 коды бойынша жүргізіледі. Аудан бойынша бюджет төлемдерінің 2003 – 2004 жылдардағы жұмыстарының орындалуының көрсеткіштері келесідей: 2003 жылы 1765 мың теңге, ал 2004 жылы 2517 мың теңге болған. Екі жылдың айырасы  752 мың теңге, яғни 143 пайыз жұмыс орындалған.  Бұл жердегі  752 мың теңгенің артық шығуының себебі, жер салығы бойынша қосымша ашылған кодтарға байланысты көп түсіп және жеке кәсіпкерлердің жер салығы  тіркеліп отырғандықтан.

Жер салығын есептегенде 821 шоты дебеттеліп, 636 шоты кредиттеледі. Салықты төлеу салықтық кезеңнің 1-ші шілдесінен кешіктірмей тіркелген объектілер бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Ол кезде 636 шоты дебеттелініп, 441 шоты кредиттеледі.

 

  • Үстеме пайдаға салынатын салықтың есебі мен бақылауын ұйымдастыру.

 

 Жер қайнауын пайдаланушыларға салынатын салық  онда жасалатын контрактының мазмұнына байланысты болып келеді, сондықтан оны шартты түрде екі модельге бөлуге болады:

Біріншісі – Салық Кодексі белгілеген міндетті төлемдерімен қоса салықтың барлық түрін төлеуді қарастырады;

Екіншісі – тек Қазақстан Республикасының үлесінде жер қойнауына тиесілі міндетті төлемдерімен қоса барлық  салықтарды төлеуді қарастырады, тек шикі мұнай өнімдеріне төленетін акциздерді, үстеме пайдаға салынатын салықты, жер салығын, мүлік салығын қоспағанда.

Үстеме пайдаға салынатын салық, пайданың ішкі нормасының салықтық кезеңнің соңына жеткен деңгейінен есептелінеді.

 

Кесте 11 — Үстеме пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.

 

Пайданың ішкі нормасы (ПІН), %

Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы)

20-дан кем немесе оған тең

0

 

20-дан артық, бірақ 22-ден кем немесе оған тең

4

22-дан артық, бірақ 24-тен кем немесе оған тең

8

 

24-тан артық, бірақ 26-дан кем немесе оған тең

12

26-дан артық, бірақ 28-ден кем немесе оған тең

18

28-ден артық, бірақ 30-дан кем немесе оған тең

24

30-дан артық

30

 

 

Бонустар. Жер қайнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген  мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол қою бонусы, коммерциялық табу бонусы.

Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың заңды белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелеген (тұрақты) төлемі болып табылады.

Коммерциялық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім – шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді.

 Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді.   Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда роялтиді, әдетте ақшалай түрде төлеу белгіленеді.

Шардара ауданының  үстеме пайдаға салынатын салығының роялтилері 105306 коды бойынша жүргізіледі. Аудан бойынша бюджет төлемдері 2003 жылы 6 мың теңге, ал 2004 жылы 22 мың теңге болған. Екі жылдың айырасы  16 мың теңге.  Бұл жердегі  16 мың теңгенің артық шығуының себебі, бұл салық түрінен тек Казтрансойл мекемесі ғана төлейді.

Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне байланысты анықталады.

Роялти көмірқышқылы қалқып жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді,  яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:

  • контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады;
  • контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады.

Алтын, қола, күміс тағы да басқа қымбат металлдар мен тастарды өндірген кезде роялтидің  тұрақты мөлшерлемесі алынады.  Жер астындағы суларға роялти төленбейді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың үлесі жалпы өндірілген қазба байлықтың 80%- тен аспауы керек.

 

Кесте 12 — Шаруашылық жүргізуші субъектінің бюджетпен есеп айырысу есебі бойынша шоттар кореспонденциялары.

 

Шаруашылық опреация

Дебет

Кредит

1.

 

 

Әлеуметтік салық

 

Есептен шығарылады

903, 923, 933, 943, 811, 821

635

635

 

441

2.

Жер салығы

Есептен шығарылады

821

636

636

441

3.

 Көлік құралдарына салынатын салық Есептен шығарылады

821

637

637

441

4.

Мүлік салығына салынатын салық Есептен шығарылады

821

637

637

441

5.

Қоршаған ластану бойынша төлемдер  Есептен шығарылады

821

639

639

441

6.

Жеке табыс салығы                        Есептен шығарылады

821

639

639

441

7.

ҚҚС салығы бойынша

ҚҚС есепке алу

ҚҚС есеп шоттан аудару

821

633

633

633

331

441

8.

Корпоративті табыс салығы      

Есептен шығарылады

851

631

631

441

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Қазақстан Республикасы әлемнің ең серпінді дамушы елдерінің бірі болып саналады, барша жұртқа танымал. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қаржы секторын дамыту үшін 2005-2007 жылдарға арналған құнды қағаздар рыногын дамыту, зейнетақы қабалдау жүйесін кеңейтуде. Қаржы қадағалау агенттер жұмыс істеп жатыр. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлееттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Мемлекет саясатын жүргізу үшін қомақты қаржы керек салық оның негізгі көзі болып табылады. Президент Жолдауында кәсіпкерлерді ынталандыру кіші және орта бизнесті күшейтуі салық жағынан жеңілдік беруімен айтылып өтті. Салықтар әлеуметтік  және әскери қорғанысқа жұмсалады. Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті. Ал Қаржы полициясын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Барлық деңгейдегі салық қызметі органдары заңды тұлғалар болып табылады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық органдары заң бұзушылыққа, қылмысқа қарсы күресті салық қызметкерлері жәрдемдесіп отыруға міндетті.  Салық төлемеген жағдайда салық органдары мүлкін тәркілеуге құқы бар. Қазақстан Республикасының Президентінің 09.07.1991 жылғы Қазақстан Республикасының Бас мемлеттік салық инспекциясының құрылу туралы Жарлығына байланысты салық органдары құрылды. Салықтар  мемлекеттік бюджет қорына түсіп жинақталуда. Және осының ішінде Шардара салық комитетінің үлесі де бар.

Тәуелсіздік алғалы кәсіпкерлер саны ұлғаюда. Салық комитеті автоматизациялануда  — компьътер, факс, интернетпен жабдықталған. Шардара аудандық салық комитетінің салық қызметкерлері өздеріне жүктелген алым – салықты жауапкершілікті еңбектерінің арқасында 2003жылмен салыстырғанда 2004 жылы 26119,0 мың теңге артық түсірді.

Қорыта келгенде, 2004 жыл аудан өмірінің табыстарына толы ерекше сәтті кезең болды. Ауданның экономикасы өркендеп, бюджет жоспары ойдағыдай орындалып, зейнетақы, жалақы сияқты әлеуметтік төлемдер бұрын проблема болып келген мәселелер шешімін тапты. Ауыл жылдарына байланысты аулды өркендетуге бағытталған іс – шаралар қолға алынып, жақсы жалғасын табуда. Салық қызметкерлерінің міндеті – бюджет жоспарын артығымен орындап, аудандық әлеуметтік және экономикалық жағдайын одан әрі жақсартуға әрбіріміз қомақты үлесімізді қоса берейік.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

  1. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар сметасын орындаудың есебінен №30 бұйрықпен бекітілген нұсқаулық.
  2. Ел басының 19 ақпан 2005 жылғы Жолдауы
  3. Дюсембаев Н.Ж. «Аудит и инализ финансовой отчетности». Учебное пособье. Алматы 1998г.
  4. Новолева О.В. «Бухгалтерский учет и аудит отчетности предприятия». Ростов на – Дону. Феникс 2000г.
  5. Андреев В.Д. «Внутренний аудит». Москва 2003г.
  6. Крупченко Е.А. «Аудит» Москва 2002г.
  7. Польский В.И. «Аудит», Москва 2002г.
  8. Шеремет А.Д. Суид В.П. «Аудит». Москва 1996г.
  9. Шишкин А.К. «Учет и анализ предприятия». Москва 1996
  10. Журнал «Бухгалтерский учет и аудит». №01 2000 г.
  11. Бухгалтер билютені №38 2003ж.
  12. Журнал «Труд в Казахстане» №7 2004 г.