АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………..

 

1. Кәсіпорынның қаржылық болжау әдістері…………………………

1.1 Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі……………………………………………….

1.2 Қаржылық жоспарлау және болжау мазмұны, принциптері және әдістері………………………………………………………………………………

 

2. шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі…………………………………………………………………………..

2.1 Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау……………………………………………

2.2 Активтерді пайдалануды талдау…………………………………………

2.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің оның қаржылық жағдайына ықпалын талдау……………………………………………………………………………………………

 

  1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы……………………………

3.1 Қаржылық тұрақтылықты жақсарту жолдары…………………………………..

3.2 Қаржылық бақылаудың ролі……………………………………………………………

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….

Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..

 

КІРІСПЕ

 

Нарықты экономика жағдайларында, ең негізгісі айқын реттелген бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылатын, басқарудың экономикалық әдістерін зерттеу мен тәжірибелік жұмыста қолданудың маңызы өте зор.   

Бухгалтерлік есеп халықаралық қатынас құралдарының бірі, жәнеде кез – келген бизнеске сипатты қызметтің әр алуан түрінің байланыстырушы буыны болып табылады.

Басқару процесін ақпараттық қамтамасыздандыру бухгалтерлік және статистикалық есеп-қисабты, оперативтік деректерді, әртүрлі ресмиленбеген есептен тыс мәліметтерді қамтиды. Ақпараттық ресурстарды басқаруда қолдану дәрежесі әрқалай, дегенмен жалпы беталыс болып, басқару шешімдерін өндіру кезінде бухгалтерлік деректердің жеткілікті әлсіз қажетсінулігі табылады.

Көбінесе бұл қалыптасқан таптаурындардан шығады: шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің ақырғы нәтижелері бойынша, бухгалтерлік есепте бақылау функцияларының басым болуы, есеп беру нысандарының уақытша кешеуілдеуі, олардың мейлінше күрделілігі және т.б. Сонымен қатар, қаржы нәтижелерінің есебі және сол бойынша құрылған қаржылық есеп-қисап, өзінде, өте зор талдамалы әлуетті сыр сақтайды және ағымдыда, келешектікте сипаттағы басқару шешімдерін қабылдау процесінде қолданыла алады. 

Бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында қаржы нәтижелерінің  бухгалтерлік есебін жүргізуде, сонымен қатар қаржылық есеп-қисапты құру мақсатында жаңа көзқарастар қалыптасады. Басымдылық ретінде, экономикалық шешімді қабылдау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъекттің қаржы нәтижелерін объективті бағалау үшін қажетті, ақпаратты қалаптастыру мәселесі қарастырылады.

Сондықтан Қазақстандағы қаржылық есеп-қисап жүйесін реформалау бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарының, талдау мен аудиттің (тексерудің), олардың қазақстандық тәжірибеде қолданылу мүмкіндіктерінің мағызының терең түсінілуін талап етеді.

Қаржылық есеп-қисап қаржылық есептің қорытындыланған деректеріне сүйенеді. Ол негізінен, кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстары мен қызметтерін, негізгі құралдарын және басқа мүліктерін өткізудің қаржылық нәтижесінен және негізгі емес операциялардан алынатын табыстардан, осы операциялар бойынша шығындарға азайтылған сомадан құралатын ақырғы қаржылық нәтижелерді көрсетеді, сонымен қатар онда инвестициялық шешімдер мен несиелер беру бойынша шешімдер қабылдау үшін, жәнеде субъектінің келешектегі ақша ағымын, ресурстарын және оның міндеттемелерін бағалау үшін пайдалы ақпараттар болады.

Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің бірі болып табылатын СБУ 2-де (бухгалтерлік есеп стандарты) қаржылық есеп-қисаптың мақсаты субъектінің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және сенімді ақпаратпен пайдаланушыларды қамтамасыздандыру болып табалатыны туралы айтылуы кездейсоқтық емес.

Қаржылық есеп-қисаптың негізгі нысандары болып табылатындар:

  • Бухгалтерлік баланс;
  • Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру;
  • Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп беру.

Онда, осымен бірге, түсіндірме жазбахат болуы керек, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған басқа материалдармен толықтырыла алады және сонымен бірге оқылады.

Осылай, қаржылық есеп-қисаптан келесідей көріністерді алуға болады:

  • Есеп беру күніне, кәсіпорынның қаражаттың жағдайы мен олардың көздері туралы;
  • Капитал мен мүлік құрылымы туралы (баланс);
  • Абсолюттік сандардағы фирманың капиталы мен мүліктерінің мөлшерлері туралы (баланс қорытындысы);
  • Есепті кезеңде қаражаттың меншікті капиталды арттыруға және кәсіпорын активтеріне жұмсалымның бағытталуына түсуі туралы;
  • Қаржы нәтижелерін қалыптастыру туралы;
  • Ағымды қызметі және ағымды қызметмен байланысты емес зияндар мен табыстардың болуы туралы;
  • Салық салудан соң кәсіпорын иелігінде қалған табыс сомасы, немесеесеп беру жылындағы ыңғайсыз алынған нәтижелер кезіндегі таза зиян туралы.

Алынған қаржы нәтижелері негізінде қаржылық есеп-қисапты дайындау – тек қана бухгалтерлердің емес, сонымен қатар кәсіпорынның басқада экономикалық және техникалық қызметтерінің жұмысы, өйткені есеп-қисапты құру кезінде кәсіпорын қызметінің барлық аспектілері бағаланады және қорытындылары шығарылады. Қаржылық есеп-қисапты дайындау кезінде фирма елдегі қолданымдағы салық салу тәртібіне, жәнеде салықтың төлемін анықтау мақсатында фирмалардың қаржылық есеп-қисабымен өзінің тексеруін жүргізетін салықтық органдар талаптарына бағдарланады.

Қаржы нәтижелерін және қаржылық есеп-қисапты мұқият зерттеу қол жеткен табыстар себебін ашады, сонымен қатар кәсіпорын жұмысындағы кемшіліктерді айқындайды, оның қызметінің жетілдірілу жолдарын белгілеуге көмектеседі.

Қаржылық есеп-қисап, бұрыннан белгілі, аудиттің маңызды объектісі болып табылады, негізгі арналуы оның деректерінің сенімділігін орнықтырумен қорытындыланады.[1]  Ғылыми білімнің жаңа саласы ретінде, аудит, оның теориялық және, әсіресе, тәжірибелік мәселелерін ары қарай әзірлеуді керек етеді.  

Соңғы жылдары, кешендік бағалау ұдайы өндірілетін, қаржы нәтижелері мен бухгалтерлік есеп-қисапқа арналған салмақты және көкейтесті жарияламалар көптеп пайда болуда. Фирманың қаржы нәтижелері мен бухгалтерлік есеп-қисабы аудитінің мақсаты – фирманың есеп беру жылындағы қызметінің тиімділі нәтижелеріне және оның ағымдағы қаржылық жағдайына  баға беру.

Қаржылық есеп-қисапты талдау келесі сұрақтарға жауап беруі керек:

  • фирманың, өзінің жыл бойындағы шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша, табысы барма?;
  • фирма алынған міндеттерді орындай алама және мұндай орындаулар ресурстардың жеткіліксіздігімен байланысты фирманы таратуға әкелмейме?.

Қаржы нәтижелері мен қаржылық есеп-қисапқа талдау, бәрінен бұрын, фирманың өзінің менеджерлерімен жүргізіледі. Бұл талдау фирманың ағымды қызметіндегі проблемаларын айқындау және жою үшін, өндірістік-өткізілімділік операцияларының тиімділігін арттыру, бар ресурстарды тиімді қолдану, фирманың қаржалық жағдайының тұрақтылығын күшейту және төлеу қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша оптималды шешімдерді өндіру және қабылдау үшін, шешімі субъектінің дамуына үлкен дәрежеде ықпал ететін, несиегерлер мен инвесторлар алдындағы фирманың жоспарлы қаржылық көрсеткіштері мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Талдау, сонымен бірге, есеп-қисапты тексеру және салықты төлеудің дұрыстығын анықтау мақсатында аудиторларменде жүргізіледі. Аудиторлар қаржылық есеп-қисап негізінде, фирманың жоғарғы басшыларына ұсынылатын жылдық есепке кіретін, фирма жағдайының қаржылық жағдайы туралы ресми қорытынды жасайды.

Дипломдық жұмыстың мазмұнында мен осы жоғарыда келтірілген жағдайларды қамтуға тырысамын, атап айтқанда: қаржы нәтижелері бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығы, қаржылық есеп-қисаптың құрылу негіздері, сәйкес мәселелер бойынша аудитті жүргізудің логикалық әдісі, «ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ мысалындағы субъектінің қаржы-шаруашылықты қызметін талдау.

Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесідей қорытынды жасауға болады:   шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қаржы нәтижелерінің  бухгалтерлік есебінің негіздерін және қаржылық есеп-қисапты құруды білмейінше, осы кәсіпорын есебіндегі коммерциялық жетістік туралы айтуға болмайды, сондықтан дипломдық жұмыстың бұл тақырыбы толық бағалы талдауды және кәсіпорынның қаржы-шаруашылықты қызметін болжауды қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есептің қазіргі кездегі жүргізілу жағдайларында көкейтесті болып табылады.  

Қаржылық талдау экономикалық процестерді және экономикалық қатынастарды зерттеу үшін қолданылады, шаруашылық жүргізуші субъектінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді, оптималды басқару шешімдерін қабалдау үшін пайдаланылады.  

Кәсіпорын қызметінің қаржылық талдауы қаржы ресурстарын пайдаланудың мейлінше тиімді әдістерін анықтауға және  шаруашылық жүргізуші субъекті қаражатының құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.  Одан өзге,  қаржылық талдау шаруашылық жүргізуші субъектінің жеке көрсеткіштерін және тұтас қаржылық қызметін болжаудың құралы ретінде алына алады.

Қаржылық талдау ұйымның ақша қаражатының қаржылық ағыны қозғалысының дұрыстығын бақылауға және қаржы мен материалдық ресурстарының жұмсалуының нормалары мен нормативтерінің сақталуын және шығынданудың тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді.

Қаржылық талдау нәтижелерін ішкі пайдаланушыларда  (басшалар,  менеджерлер), сыртқы пайдаланушыларда (меншіктенушілер, несиегерлер,  жеткізушілер және сатып алушылар, кеңесшілер және  т.б.)

Сенімді ақпарат алуға, меншіктерінің нысаны мен кәсіпкерлік қызметіне тәуелсіз, шаруашылық айналымының қатысушыларының бірі қалмай, бәрі мүдделі, Өйткені оның болуы капитал нарығының қызмет атқару тиімділігін арттыруға және бірқатар экономикалық шешімдерді қабылдау салдарларын бағалауға және болжауға мүмкіндік береді.  Мұндай ақпараттың болмауы серіктестердің бір-біріне деген сенімсіздігін тудырады. Бірлескен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдардың, коммерциялық банкілердің және басқада шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайда болуымен сенімді ақпаратты қажетсіну ерекше маңызбен байқалады.  Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп-қисабының сенімділігі, тәуелсіз аудитормен, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайы мен қаржы-шаруашылықты қызметінің нәтижелеріне қатысты оның берген аудиторлық қорытындысында объективті мақұлдана алады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау, талдамалы ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік беретін,  шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерін қаржылық талдау әдістемесін зерттеудің қажеттілігімен шартталынған. Зерттеудің мақсаты – бұл, қалыптасқан шаруашылық жағдайын объективті бағалау үшін, оптималды басқару шешімдерін өндіру және негіздеу үшін, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің жетілдірілу резервтерін пайдалану үшін талдау құралдарын қолдануда дағдылар алу болып табылады.    

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде, 2003 жылы, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулысымен ұлттық акционерлік компания ретінде құрылған және 1998 жылдың ақпанында акционерлік қоғамға қайта құрылған «ҚазМұнайГаз — Тельф» акционерлік қоғамы алынды.   

 

1. Кәсіпорынның қаржылық болжау әдістері

 

1.1 Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі

 

Кез – келген бизнес келесі үш өзекті сұрақтың қойылуы мен жауаптарынан басталады:

  1. кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік беретін, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен шамасы қандай болуы керек?;
  2. қаржыландыру көздерін қайдан табу керек және олардың оптималды құрамы қандай болуы керек?;
  3. кәсіпорынға төлемдік қабілет пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, қаржы қызметін ағымды және келешекте басқарылуын қалай қйымдастыруға болады?

Бұл сұрақтар, кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің өзекті қосалқы жүйелерінің бірі болып табылатын, қаржы менеджменті шеңберінде шешіледі. Олардық әрекет жасау логикасы 1 суретте кескінделген.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару жүйесінің ұйымдастыру құрылымы

1 В. В. Ковалев. Финансовый анализ. М.: “Финансы и статистика”,1996г, с.12.

 

, жәнеде оның кадрлық құрамы, кәсіпорынның мөлшері мен оның қызметінің түріне тәуелді әртүрлі әдістермен тұрғызылуы мүмкін. Ірі компания үшін, барынша сипатты қаржы бойынша вице-президентпен (қаржы директоры) басқарылатын, арнайы қызметтің оқшаулануы және, ережеге сай, оған бухгалтерия мен қаржы бөлімі кіреді.

Шағын кәсіпорындарда қаржы директорының ролін, әншейінде, бас бухгалтер орындайды. Қаржы менеджерінің жұмысы фирма басқармасының жоғары буынының жұмысының бір бөлігін құрайды, не болмаса қаржылық сипаттағы басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қажетті және пайдалы талдама ақпаратты оған берумен байланысты. Қаржы менеджері, қаржыландыру көздерін таңдау проблемасымен тұрақты түрде кездеседі. Оның ерекшелігі сонда, қандай болмасын көзге қызмет көрсету кәсіпорынға бірдей болмайды. Қаржыландырудың әрбір көзінің өз бағасы бар, жәнеде бұл баға стохастикалық табиғатты болады.

Қаржылық сипаттың шешімі, қаншалықты ақпараттық қор объективті болса, соншалықты ол дәлдікті болады. Объективтілік деңгейі, капиталдар нарығының тиімді нарыққа қандай дәрежеде сәйкесті болуына тәуелді. Осы арқылы қаржы менеджерімен орындалатын қызметтің айрықша маңыздылығы көрсетіледі (“Fortune” журналында 1976 ж. жазылды, ірі америкалық корпорациялардың жоғарғы лауазымды қызметкерлерінің 25,3 % өз қызметтерін қаржы саласында бастаған). Фирманың ұйымдастыру құрылымына тәуелсіз, қаржы менеджері, қаржы проблемаларын талдауға, кейбір жағдайларда шешімдер қабылдауға немесе жоғары басшаларға ұсыныстар әзірлеуге жауапты.

Қаржы менеджері қызметінің саласын бөлу логикасы, кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын көрсететін, негізгі есеп беру нысаны ретінде, баланс құрылымымен тығыз байланысты (2 сурет).

Қызметтің бөлінге бағыттары, бірмезгілде, менеджер алдында тұрған негізгі міндеттердіде анықтайды. Бұл міндеттердің құрамы келесідей түрде бөлшектенеді.

1 сурет.

Кәсіпорындағы қаржы басқару жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу процесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүзеге асырылады:

  • кәсіпорын активтері мен олардың қалыптасу көздері;
  • кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық әлуетін қолдау үшін қажетті ресурстар шамалары мен құрамы және оның қызметін кеңейту;
  • қосымша қаржыландыру көздері;
  • қаржы ресурстарының жағдайын және пайдалану тиімділігін бақылау жүйелері.

2 — сурет.

Қаржы менеджері қызметінің шешуші салалары

       
     
   
 

 

 

 

 

 

 

 

2 — сурет.

 

Екінші бағыт егжей-тегжейлі бағалауды болжайды:

  • талап етілетін қаржы ресурстарының көлемдері;
  • оларды ұсыну нысандары (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, қолма-қол ақша);
  • қол жеткізу дәрежесі және ұсыну уақыты (қаржы ресурстарының қол жетерлігі шарт талаптарымен анықтала алады; қаржылар қажетті көлемде және қажетті уақытта қол жетерлікте болуы керек);
  • ресурстың осы түрін алудың құны (пайыздық мөлшерлемелер, қаражаттың осы көзін ұсынудың басқа ресми және ресми емес шарттары);
  • қаражаттың осы көзімен байланысты тәуекелділік.

Үшінші бағыт, инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдерді талдау мен бағалауды қарастырады:

  • қаржы ресурстарының ресурстардың басқа түрлеріне түрленуінің оптималдығы (материалдық, еңбектік, ақшалай);
  • негізгі қорға жұмсаудың тиімділігі мен мақсаттылығы, олардың құрамы мен құрылымы;
  • айналым қаражаттарының оптималдығы;
  • қаржы жұмсалымының тиімділігі.

Келтірілген бағаларды қолданумен шешімдердің қабылдануы, өтімділіктің, қаржылық тұрақтылықтың және пайдалылықтың қоятын талаптарының арасындағы ымыраны ескеретін, баламалы шешімдерді талдау нәтижесінде орындалады.

Қаржылық менеджменттің негізгі міндеттерін бөлуде мәнді дәрежеде бухгалтерлік есеп-қисап мазмұнымен анықталады (3 — сурет).

Табысты қаржы басқару белгілерін анықтайтын мақсаттар жүйесін тұжырымдаймыз:

— фирманың бәсекелестік күрес жағдайындағы өміршеңдігі;

 

Кәсіпорындағы қаржы басқармасы құрамының құрылымдануы.

 

3 — сурет

Коммерциялық және инвестициялық қызметтің келешектік бағасы мен талдауы

             Ағымды баға

қаржылық жағдай

                 
     
 
     
 
         
 
 

Ұзақ мерзімді қаржы шешімі

 

 
 

Қысқамерзімді қаржы шешімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 — Сурет

  • банкроттық пен ірі қаржылық табыссыздықтан сақтану;
  • фирма «бағасын» максималдау;
  • фирманың экономикалық әлуетінің өсуінің қолайлы қарқыны;
  • өндіріс және өткізілім көлемдерінің өсуі;
  • пайданы максималдау;
  • шығындарды минималдау.

Сол немесе басқа мақсаттың басымдылығы, туындайтын жағдайларға байланысты, кәсіпорынның өзімен анықталады.

Мақсаттар әртүрлі қаржылық құралдар қолдану жолымен жүзеге асады.  «Қаржы құралы» ұғымының түсініктемесінің әртүрлі тәсілдемесі бар. Жалпы түрде, қаржы құралы ретінде, бір мезгілде бір кәсіпорынның қаржылық активтерінің жоғарылауы мен екінші кәсіпорынның қаржылық міндеттерінің жоғарылауы өтетін кез-келген контракт түсіндіріледі. Қаржы құралдары бастапқы (ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, ағымды операциялар бойынша несиегерлік және дебиторлық қарыздар) және қайталама, немесе туынды (қаржылық опциондар, фьючерстер, форвардтық контрактар) болып бөлінеді.

«Қаржы құралы» ұғымының ықшамды тұжырымы да бар. Оған сәйкес қаржы құралдарының үш негізгі категорияларын бөледі: ақшалай қаражат (кассадағы және есеп айырысу шотындағы қаражат, валюта), несиелік құралдар (облигациялар, фьючерстер, опциондар және басқ.) және жарғылық капиталда қатысу әдістері (акциялар және пайлар).

Қаржылық басқару әдістері әр алуан. Олардың негізгісі болып табылатындар: болжау, жоспарлау, салық салу, сақтандыру, өзін-өзі қаржыландыру, несие беру, есептесу жүйесі, қаржылық көмек жүйесі, қаржы ықпалшарасы жүйесі, амортизациялық аударым жүйесі, ынталандыру жүйесі, баға белгілеу принциптері, кепілдікті операциялар, трансферттік операциялар, факторинг, жалға беру, лизинг. Келтірілген әдістердің құраушы элементтері болып қаржылық басқарудың арнайы әдістері табылады: несиелер, қарыздар, пайыздық мөлшерлемелер, дивидендтер, валюталық курстың баға белгіленімі, акциз, дисконт және басқалары. Қаржылық басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыздандырылу негізін келесі қаржылық сипаттағы кез-келген ақпарат құрайды:

  • бухгалтерлік есеп беру;
  • қаржы органдарының хабарлары;
  • банк жүйесі органдарының ақпараты;
  • тауарлық, қорлық және валюталық биржалар ақпараты;
  • басқа ақпараттар.

Қаржылық басқару жүйесінің техникалық қамтамасыздануы оның барынша дербес және ең маңызды элементі болып табылады. Көптеген қазіргі жүйелер, қағазсыз технологияға негізделген (банкілер аралық есептесулер, өзара есепке алу, несиелік карточка көмегімен есептесу және басқ.), ЭЕМ желілерін, дербес компьютерлер, қолданбалы бағдарламалардың жұмыс істеу пакеттерін қолданусыз мүмкіндікті емес.

Қаржылық басқару кез-келген жүйесінің жұмыс істеуі, әрекеттегі құқықтық және нормативтік қамтамасыздану шеңберінде жүзеге асады. Бұған жататындар: ҚР Президентінің заңдары, жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен өкімдері, лицензиялар, жарғылық құжаттар, нормалар, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар және басқалары.

 

1.2 Қаржылық жоспарлау және болжау мазмұны, принциптері және әдістері

 

Қаржы жоспарлау — бұл қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған, қаржы жоспарларын әзірлеу (тапсырма), олардың қарастырылған мерзімдерде орындалуын ұйымдастыру. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылықтық өзгерістерді жатық, бірқалыпты және байқаусыз жүргізуге мүмкіндік береді.

Қаржы жоспарлау объектісі болып шаруашылық жүргізу субъектілері мен мемлекеттің қаржы қызметі табылады, ал қорытынды нәтижесі – ол, жеке мекеменің қаржы жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы балансына дейін қаржы жоспарларын құру. Әрбір жоспарда, қаржы және несие жүйелері буындарымен байланысты (бюджетке төлем, банкі несиесінің төлемі, әлеуметтік сақтандыруға аударым немесе сәйкес салықтар және т.б.), белгілі бір кезеңге табыстар мен шығындар анықталады.  Қаржы жоспарлаудың нақты міндеттері қаржы саясатыменен анықталады. Бұл, жоспарлы тапсырманы орындау үшін қажетті ақша қаражаттары мен олардың көздерінің көлемін анықтау; табыстың өсу резервтерін, шығындарда үнемдеуді айқындау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттың бөлінуінің оптималды пропорциясын және басқ. белгілеу.

Жоспарлау сипатталады:

  1. экстенсивтілікпен (әлеуметтік-саясаттық және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
  2. қарқындылықпен (жетілдірілген техника мен әдістерді қолдануды түсіндіреді);
  3. тиімділікпен (ақырында, қаржы басқармасының қоятын мақсаттарына жету қажетті екенін көрсетеді).

Қаржы жоспарлауында келесідей тәсілдемелер қолданылады:

а) автоматты (өткен жылдың мәліметтері келесі жылға өткізіледі. Инфляци кезінде мәліметтер инфляция коэффициентіне көбейтіледі). Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, ережеге сай, уақыттың жетіспеуі кезінде қолданылады;

б) статистикалық (өткен жылдардың шығындары қосындыланады және өткен жылдардың санына бөлінеді);

в) нөлдік базалық (барлық жайғасымдар қайтадан есептелуі керек. Бұл әдіс нақты қажетсінуді ескереді және оларды мүмкіндіктермен байланыстырады).

Нарықты экономика жағдайларында, жоспарлау, басқару функциясы ретінде, экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпы қамту нысанын қабылдауы керек. Егер қаржыны жоспарлауда, қаржы экономикасында бөлу процестеріне ерекше көңіл аударылған болса, онда нарық7 экономикасы, сол арқылы тауарлар мен қызметтің өткізілуі жүзеге асатын және олардың өндірілуі мен өткізілуі кезінде қоғамдық қажетті шығындар мойындалатын, алмастыру саласына сүйенеді.

Демек, нарықты экономикада, тауар мен қызметтің өндірілуі мен өткізілуі процесіндегі байланыстың басымдылықты және анықтаушы әдісі болып, ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыныс заңын енгізетін өз мехенизмі бар нарық табылады. Нарықты механизмнің мұндай табиғаты, өндіріс пен алмасу нәтижелерін анықтау әдісі ретінде, бірақ жоспарлау элементтерімен, болжаудың қажеттілігін анықтайды.

Жоспарлаудың маңызды принципі болып үздіксіздік принципі табылады, ол жоспарлаушының жоспарға жыл сайын түзетулер енгізуі жолында қолданылады, жопарлардың икемділігі олардың өміршеңдігін қамтамасыз етеді, ал қаржы техникасы «сырғымалы бюджет» принципінде құрылады, бұл принцип көптеген шығындар кезінде қолданылады, әсіресе мемлекеттік қаржы бөлуді есептеу кезінде. Бұл жоспарлаудың жүйелі-түрлендірме әдісі – жоспарлау, бағдаландыру және бюджеттеу (ЖББ).

  1. жоспарлау – бұған, атқаратын қызметі бойынша ұйымның әрекеттенетін бағытының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру мен баяндау енгізіледі;
  2. бағдаландыру – мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдарды іріктеу мен жаңа құралдарды табу кіреді. Бағдаландыруалыс және таяу келешекті процестерді көрсетеді;
  3. бюджеттеу– жалпы көпжылдық бағдаламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік сандар тіліне өткізу. Бұлсандық көрсетілген операциялардың барлық жиынтығын дәстүрлі бюджеттік топтасу бойынша бөлу процесі.

Тәжірибеде жоспарлаудың келесідей әдістері қолданылады:

  1. экстраполяция: қаржы көрсеткіштерінің динамикасын айқындау негізінде оларды анықтаудан тұрады; есептеулерде есеп беру кезеңі көрсеткіштерінен шыға отырып, оларды өзгерістің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзетеді; көрсеткіш динамикасы келешекке эстраполяцияланады;
  2. нормативті (анықталған нормалар бойынша);
  3. математикалық модельдеу: процесс моделін тұрғызужәне оны қаржы саласына өткізу;
  4. баланстық: қаржы ресурстарын қолдану бағыттарын олардың қалыптасу көздерімен келістіру үшін, қаржы жоспарының барлық бөлімдерін өзара байланыстыру үшін қолданылады; оның бұзылуы байланыстар мен келісімдердің бұзылуына әкеледі және қаржы жоспарларының арасында сәйкестенбеушілік туады;
  5. эксперттік бағалар негізінде.

Шаруашылық жүргізудің нарықты жүйесінде индикативтік, яғни ұсынбалы жопарлауда қолданылады; ол ақпаратты-реттеуші роль атқарады және  экономикалық реттегіштер арқылы, қаржы қызметінің субъектілеріне жанама ықпал көрсетеді.

Индикативтік қаржылық жоспарлаудың басты мақсаты – болжанатын дамуды қамтамасыздандыру үшін қаржы ресурстарының болжалды көлемі мен бағытын анықтау.

Индикативтік қаржылық жоспарлар тек қана мемлекеттік секторға міндетті сипатта болады, ал меншіктенудің басқа нысанды секторлары үшін – ұсынысты сипатта болады. Соңғысы экономикалық құралдарды қолдану жолымен жүзеге асырылады – реттелетін бағамен, демеуқаржымен, несиелермен, салықтық мөлшерлемемен және жеңілдікпен, жеделдетілген өтеліммен және басқалармен. Маңызды индикаторлар болатындар: валюта курсы, инфляцияның болжалды деңгейі, Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі,  амортизациялық өтелім нормалары.

Индикативтік жоспар экономикалық процестерді ғылыми негізде көрсетуі керек және экономика мен қаржының дамуының жеке параметрлерін баламалы келістіруі, оларды дамудың ұзақ мерзімді беталыстарына сәйкес қажетті арнаға бағыттауы керек. Бұл, біріншіден, әртүрлі жүйелер мен көрсеткіштер бойынша экономикалық тепе-теңдіктің сақталу қажеттілігіне қатысты (табиғи-затты  және құнды баланстану, бағаның тұрақтылығы, табыстар мен шығындардың сәйкестігі, төлем балансының тепе-теңдігі және т.б.). Екіншіден, индикативтік жоспар қлттық шаруашылықтағы қажетті құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етуі керек, оның ішінде инвестициялау жолымен. Индикативтік жоспарлау кезіндегі басымдылық тізімі экономикалық және әлеуметтік саясат бағытына тәуелді; бұл — дамудың үйлесімсіздігін жою, инвестициялық қызмет, өндірісті жаңғырту, өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыздандыру, ғылымның, білімнің, тұрғын үй құрылысының дамуы, әлеуметтік түрлену және басқалары бола алады.

Индикативтік жоспарлау жергілікті деңгейдеде жүзеге асырылады. Бұл жердеде мемлекеттің, территорияның, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпкерлер) мүдделері мен келісу принциптері міндетті.

 

2. шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі

 

2.1 Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

 

Қаржы жағдайын талдаудың маңызды этапы болып баланстың өтемпаздығын талдау табылады.  Өтемпаздықты талдау кәсіпорынның несиелендірі қабілеттілігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, яғни оның өзінің міндеттемелері бойынша өзуақытында және толық шамада есептесу қабілеттілігін.  Баланстың өтемпаздығы, ақшағы айналдыру мерзімі міндеттемесін өтеу мерзімімен сәйкес, кәсіпорын міндеттемелерін оның активтерімен жабу дәрежесі ретінде анықталады.  Баланстың өтемпаздығынан активтер өтемпаздығын ажырата білу керек. Активтер өтемпаздығы олардың ақша қаражатына айналуы үшін қажетті уақытқа кері шама ретінде анықталады.  Активтердің осы түрінің ақшаға айналуына қаншалықты аз уақыт кететін болса, соншалықты олардың өтемпаздығы жоғары болады.

Баланстың өтемпаздығын талдау, олардың өтемпаздық дәрежелері бойынша топтастырылған, міндеттемелерімен, төлем мерзімдігінің дәрежесі бойынша сыныпталған активтің қаражаттарымен салыстырмалы қорытындыланады.  

Өтемпаздық дәрежесіне тәуелді кәсіпорын активтері келесі топтарға сыныпталады.

Ең өтемпазды активтер  (ЕӨА)-  оған кәсіпорынның ақшалай қаражатының барлық баптары және қысқа мерзімді қаржы жұмсалымы жатады (бағалы қағаздар). Ақша қаражаты мен бағалы қағаздар айналымды қаражаттың ең жұмылдырғыш бөлігі болып табылады. Ақша төлемге бірден дайын, ал бағалы қағаздар ақшаға жылдам қолма-қол ауыстырыла алады.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ 2005 жылғы балансының мәліметтеріне сүйенсек, бұл баптар жыл басында 1,423,430  мың тенгеге теңесті. Ал жыл аяғында  2,143,834  мың тенгеге дейін жоғарылады.

Жылдам өткізілетін активтер (ЖӨА) —  есеп беру күнінен соң 12 ай ішінде төлемдер күтілетін, дебиторлық берешек (қысқа мерзімді),  Дебиторлық берешек бойынша сома есеп айыру шотына белгілі бір мерзімде түседі, сонымен қатар өзінің міндеттемелерін төлеуге бағыттала алады.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ бойынша, жылдам өткізілетін активтер, 2005 жыл басында 7,368,215  мың тенгені құрады және  жыл аяғында біраз көтерілді, сөйтіп 8,288,519  мың тенгені құрады.

Баяу өткізілетін активтер (БӨА) – қорларды және басқа айналымдағы активтерді қамтитын (ұзақ мерзімді инвестициядан басқа субъектілердің жарғылық капиталын алып тастағанда) баланс баптары. Бұл кезде «Келешек кезеңдер шығыны» бабы жойылады. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру күрделірек болады:  сатып алушыны табу қажет, ол белгілі бір уақытты қажет етеді.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ баяу өткізілетін активтері 2005 жылдың басында 2,555,312  мың тенгені құрады, ал жыл аяғында 2,625,453  мың тенгені.

Қиын өткізілетін активтер (ҚӨА)  –  негізгі қаражат және материалдық емес активтер сияқты айналымнан тыс активтер.

Қиын өткізілетін активтер, «ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ есеп-қисабына сәйкес,  2005 жылдың басында 49,025,410  мың тенге болды және жыл аяғында едәуір жоғарылап,  56,040,012  мың тенгеге жетті.

Балансты қаржыландыру көздеріде төлем мерзімділігінің дәрежесі бойынша төрт топқа топталады:

Ең мерзімді міндеттемелер   (ЕММ) – оларға қысқа мерзімді несиегерлік берешек жатады.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ есеп-қисабына сәйкес, қысқа мерзімді несиегерлік берешек 2005 жылдың басында 6,174,849  мың тенгені құрады  және жыл аяғында  7,056,919  мың тенгені құрады.

Қысқа мерзімді міндеттемелер (ҚММ) – бұл  қысқа мерзімді қарыздың қаражаты және басқа қысқа мерзімді  пассивтер.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ қысқа мерзімді міндеттемелері 2005 жылдың басында 8,621,581  мың тенгені құрады  және жыл аяғында 10,390,803 мың тенгеге дейін жоғарылады.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер (ҰММ)  –  бұл ұзақ мерзімді несиелер және  қарыз қаражаты,  жәнеде келешек кезеңдер табысы.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ ұзақ мерзімді міндеттемелері   2005 жылдың басында 12,273,263  мың тенгені құрады  және жыл аяғында 13,649,028  мың тенгеге дейін жоғарылады.

Қаржыландырудың тұрақты көздері немесе орнықтылықты (ҚТК) —  бұл меншікті капитал. Сыныпталған топтардың балансын сақтау үшін осы топтың қорытындысы «Келешек кезеңдер шығыны» бабына сәйкес шаманың сомасына төмендетіледі.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ бойынша тұрақты қаржыландыру көздері  33,302,674  мың тенгеге теңесті және жыл соңында 38,001,068 мың тенге болды.

Баланстың өтемділігін анықтау үшін келтірілген топтардың активтері және қаржыландыру көздері бойынша қорытындыларды салыстыру қажет.  Баланс,    абсолютті өтімділікті деп саналады, егер келесі қатынастар орын алса:

ЕӨА >= ЕММ;      ЖӨА > = ҚММ;   БӨА >=ҰММ;    ҚӨА = < ҚТК.

Егер осы жүйенің бірінші үш теңсіздігі орындалса, онда бұл  төртінші теңсіздіктіңде орындалуын тартады, сондықтан  бірінші үш топтың активтері мен пассивтері бойынша қорытындыларын салыстыру маңызды. Төртінші теңсіздік «баланстаушы» сипатты болады, және ол терең экономикалық ойлы:  оның орындалуы қаржылық орнықтылық жағдайының – меншікті айналымды қаражаттың бар екенін – сақталуы туралы куәлендіреді.

Жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігі, оптималды нұсқада белгіленгеннен кері белгіде болса, баланстың өтімділігі көп немесе аз дәрежеде абсолюттіктен айрықшаланады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражаттың жетіспеуі басқа топ бойынша, құндық бағада, артықша өтеледі, нақты жағдайда аз өтімділікті активтер жоғары өтімділікті активтердің орынын баса алмайды.

 

5 кесте

 

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ балансына сәйкес өтімділік топтары бойынша активтер мен қаржыландыру көздерінің қатынасы  2004 және  2005 ж.ж.

 

 

01.01.2004ж-ға

01.01.2005ж-ға

 

01.01.2004ж-ға

01.01.2005ж-ға 2г

01.01.

2004ж-ға

01.01.

2005ж-ға

ЕӨА

1,423,430

2,143,834

ЕММ

6,174,849

7,056,919

А1 < П1

А1 < П1

Ақшалай қаражат

 

1,407,501

 

2,143,834

Задолжполж. по налогам

 

683,976

 

571,581

 

 

Қысқа мерз. ФИ

 

15,929

 

 

Несиег. берешек

 

5,490,873

 

6,485,338

 

 

ЖӨА

7,368,215

8,288,519

ҚММ

8,621,581

10,390,803

А2 < П2

А2 < П2

АғымдыДБ

7,368,215

8,288,519

Қысқа мерз. несиелер

 

2,167,500

 

3,664,880

 

 

 

 

 

Ұзақ мерз. Ағымды бөл.

 

6,454,081

 

6,725,923

 

 

БӨА

2,555,312

2,625,453

ҰММ

12,121,958

13,455,395

А3 < П3

А3 < П3

ТМЗ

2,555,312

2,625,453

Ұзақ мерз. несиелер

 

10,100,553

 

8,021,673

 

 

 

 

 

Басқа мінд.

3,225,653

 

 

 

 

 

Мерз. Ұзарт. салықтар

 

2,075,811

 

2,273,000

 

 

 

 

 

Келеш. Кез. Шығ.

 

— 54,406

 

— 64,931

 

 

ҚӨА

49,025,410

56,040,012

ҚТК

33,453,979

38,194,701

А4 > П4

А4 > П4

НМА

637,478

844,223

У Капитал

12,136,529

12,136,529

 

 

ОС

40,585,357

49,879,600

Алынған капитал

 

 

-2,652,636

 

 

Аяқталмаған.күрд.құр.

 

6,612,797

 

4,564,900

Қос. төлен-бейтін капитал

 

9,743,577

 

5,611,552

 

 

Ұзақ мерз. ФИ

1,189,778

511,007

Резервтік капитал

 

143,503

 

1,820,479

 

 

Ұзақ мерз. ДБ

240,282

Бөлінбеген табыс

 

11,355,176

 

21,257,378

 

 

 

 

 

Кел.мер.табысы

96,899

128,702

 

 

 

 

 

Кел.мер.шығыны

— 21,705

— 107,303

 

 

БАРЛЫҒЫ

60,372,367

69,097,818

БАРЛЫҒЫ

60,372,367

69,097,818

 

 

 

Активтер мен қаржыландыру көздері баптарының 1 тобының қорытындыларын салыстыру жақын уақыттағы түсім мен төлем қатынастарын көрсетеді. 5 кестеден байқағанымыздай, активтердің бірінші тобы (ең өтімді активтер)  қаржыландырудың көздерінің бірінші тобынан аз (ең мерзңмдң міндеттемелер).  Демек, жылдың басындада, аяғындада баланс өтімділіксіз, және бұл кезеңдерде жақсару жағдайы жоқ.

Активтер мен қаржыландыру көздері  баптарының 2 тобын салыстыру төлем тәртібі күйінің жақын уақытта жақсаратыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, дегенмен,  егер бірінші шарт талап етілетін нормаларға сәйкес келмесе, онда, сөзсіз, келесі шарттарда оған сәйкес келмейді.

Жалпы активтер мен қаржыландыру көздері  баптарының 1 және 2 топтарын салыстыру  ағымды өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол  қаралатын кезеңге жақын уақыт аралығындағы төлеу қабілеттілікті (немесе төлеуге қабілетсіздікті) куәлендіреді.  Егер жоғарыда келтірілген кестені қарастыратын болсақ жақын уақыттағы төлеуге қабілетсіздік туралы қорытынды жасауға болады.

Баяу өткізілімді активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру келешектегі өтімділікті көрсетеді және  алдағы түсімдер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлеу қабілеттілігін болжайды, яғни ең кейінгі мерзімдердегі қаржы жағдайының жақсаруын немесе нашарлауын болжауға мүмкіндік береді.

Активтер мен балансты қаржыландыру көздері  баптарының 4 тобының қорытындылары шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктенушілер алдындағы міндеттемелерін жабу мүмкіндігін көрсетеді.  Бірақ бұл субъект жойылған жағдайда ғана қажетсініледі. Үздіксіздік немесе әрекеттенуші субъект принципін сақтау, шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті айналымды капиталы болуын талап етеді. Ал ол үшін төртінші теңсіздіктің орындалуы қажет,  яғни  шашыраған активтерден меншікті қаражат көздерінің жоғары болуы.

Ал төртінші теңсіздікте, кестеде келтірілген деректерге сәйкес, орындалмайды және үздіксіздік принципі бұзылған деп айтуға болады, және  бәрінен бұрын, қаражаттың үлкен бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталады деп қорытынды жасауға болады,  ал  қарыздарды тарту көрсетілген қызметтер  тарифтері бойынша түсетін меншікті қаражаттардың жеткіліксіздігімен байланысты. Тарифтер мемлекетпен реттелетін болғандықтан, әрине онда жаңғырту үшін қажетті қаражаттарды қарастыру мүмкін емес, ал орнықтырылған тарифтер арқылы негізгі қаражаттар амортизациясы ретінде түскен қаражат негізгі қорларды жаңалау үшін жеткіліксіз.  

Көбінесе төлеу қабілеттілігін анықтау үшін үш көрсеткіш қолданылады:  абсолюттік өтімділік коэффициенті, мерзімді өтімділік  коэффициенті (аралық) және ағымды  өтімділік  коэффициенті.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат пен қысқа мерзімді қаржы инвестициясының ең мерзімді ағымды міндеттемесіне қатынасы ретінде есептеледі. Ол арқылы жеткізушілер тұрғысынан төлеу қабілеттілігінің деңгейі бағаланады.

                   АҚар  +  Қар          ЕӨА

Аб.ө.к.  =   —————  =  —————

                       МА                  ЕММ

 01.01.2004 ж.  бұл   коэффициент  «ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ балансы  бойынша 0.23  (1,423,430/ 6,174,849) тең және 01.01.2005 ж.  —  0.30 (2,143,834/7,056,919) тең.

 Ол ағымды берешектің қандай бөлігі, балансты құру күніне немесе жақын уақытта, өтеле алатынын көрсетеді. Бұл, ағымды міндеттемелердің қандай бөлігінің тез арада өтелетінін көрсететін, төлеу қабілеттілігінің ең қатаң критериясы.  Әлемдік тәжірибеде  оның мәні 0.2 – 0.3 деңгейінде қабылданады.  Кәсіпорын бойынша есептеуден алынған нәтижелерден, бұл коэффициенттің ұйғарынды деңгейде екенін көреміз.

Мерзімді өтімділік (аралық) коэффициентті есептеу үшін алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық берешектік және басқада активтер қосылады,  ал бөлімі болып сол көрсеткіш қалады  —  ағымды міндеттемелер.  Ол банкирлер тұрғысынан төлеу қабілеттілікті талдау үшін қарастырылады.  

                АҚар  +  Қар +  ДБ     ЕӨА + ЖӨА

М.ө.к.  =  ————————  = ——————

                    МА                          ЕММ + ҚММ

Мерзімді өтімділік (аралық) коэффициентті 01.01.2004 ж.  «ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ балансының деректері  бойынша 0.6 (1,423,430 + 7,368,215/6,174,849 + 8,621,581)) тең және 01.01.2005 ж. тура солай 0.6 тең    (2,143,834+8,288,519/ 7,056,919 + 10,390,803).

Ол  дебиторлармен есеп айырысуды өз уақытында жүргізу жағдайлары кезіндегі төлеу мүмкіндіктерінің болжамын көрсетеді, яғни  ағымды міндеттемелердің қандай бөлігі тек қана ақшалай қаражат есебінен емес, сонымен бірге жіберілген өнімдерден, орындалған жұмыстан немесе көрсетілген қызметтен күтілетін түсімдердің есебіненде өтелетінін сипаттайды.

 Бұл коэффициент болжалды  0.5 — 0.7 тең болуы керек,  яғни  ең мерзімді қысқа мерзімді міндеттемелердің әрбір теңгесіне ақшалай қаражат пен дебиторлық берешектің 50 – 70 тиыннан кем емес шамасы келуі керек.  Осы коэффициенттің есептелуінен байқағанымыздай, ол ұйғарынды деңгейде орналасқан.

Жалпы өтімділік коэффициенті  барлық ағымды активтердің (келешектегі кезеңдер шығынын алып тастағанда) ең мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелердің шамасына қатынасын көрсетеді,  яғни  ағымдағы міндеттемелер шамасына  (келешектегі кезеңдер табысын алып тастаумен).  Бұл  коэффициент  акционерлер мен инвесторлар жайғасымымен пайдаланылады.

                АА          ЕӨА+ ЖӨАх0,5 + БӨАх0,3

Ж.ө.к.  =  ——— = ——————————————

                МА         ЕММ+ ҚММх0,5 + ҰММх0,3

 

1,423,430+7,368,215х0.5+2,555,312х0.3      5,874,129

————————————————— = —————= 0.42

6,174,849+8,621,581х0.5+12,121,958х0.3    14,122,226

 

2,143,834+8,288,519х0.5+2,625,453х0.3       6,985,729

—————————————————— =—————=0.43

7,056,919+10,390,803х0.5+13,455,395х0.3   16,288,938

«ҚазМұнайГаз — Тельф» АҚ 01.01.2004 ж. балансының мәліметтері бойынша  ағымдағы өтімділік коэффициенті 0.42 тең (5,874,129/14,122,226) және   01.01.2005 ж.  – 0.43 (13,057,806/17,447,722).

Ол  ағымды активтердің ағымды міндеттемелерді қандай еселікте жабатынын орнықтыруға мүмкіндік береді, және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді қолайлы өткізу жағдайлары кезінде ғана бағаланатын емес, сонымен қажет болған жағдайда материалдық айналым қаражаттарының басқа элементтерін сатумен бағаланатында, шаруашылық жүргізуші субъектінің төлеу мүмкіндіктерін көрсетеді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде, шаруашылық жүргізуші субъектінің ағымды өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі.   Оның кеңінен қолданылуының себебі келесілер болып табылады:  біріншіден,  ол  ағымды активтермен ағымды міндеттемелердің жабылу дәрежесін көрсетеді: бұл шама қаншалықты жоғары болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеуде соншалықты сенімділік жоғары болады;  екіншіден,  ағымды активтердің ағымды міндеттемелерден артуы ағымды активтерді сату немесе жою кезінде зиянның пайда болуына кедергі жасайды  (ақшалай қаражаттан өзге):  қарама – қарсы әрекет қаншалықты күшті болса, соншалықты несиегерлер үшін жақсы болады. Бұл артықшылықты жұмысшы капитал деп атайды.

Бұл  коэффициент 1-2 шегінде болуы керек. Төменгі шекара, ағымды активтердің ағымды міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы керектігімен шартталады,  әйтпесе шаруашылық жүргізуші субъект төлеу қабілеттіліксіз болып қалады. Ағымды активтердің ағымды міндеттемелерден екі еседен артық артуы орынсыз деп есептеледі,  өйткені ол компанияның өзінің қаражатын тиімсіз жұмсайтыны және оны тиімсіз пайдаланатыны туралы куәлендіреді. Көріп отырғанымыздай, төменгі шекара осы кәсіпорын бойынша коэффициентті бағалау үшін сақталмайды.

Жоғарыда келтірілген үш көрсеткіштердің әрқайсысы шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы жағдайының анықталған жағын көрсетеді, бірақ оның бәрі қаржы жағдайы мен төлеу қабілеттілігінің бағдарлы индикаторы ғана болып табылады.  

Атап айту керек, көптеген  шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін қатаң өтімділіктің төменгі коэффициенттерінің ағымды өтімділіктің жоғарғы коэффициенттерімен ұштасуы сирпатты болады.  Бұл шаруашылық жүргізуші субъектіде шикізаттың, материалдардың, құраушылардың, дайын өнімнің  артық қорының болуымен, кейде аяқталмаған өндірістің  ақтаусыз жоғарылығымен байланысты.

Бұл шығындардың негізсіздігі ақырында ақша қаражатынығ жетіспеуіне және төлеу қабілеттілігінің нашарлауына әкеледі.  Осыдан, ағымды өтімділіктің жоғары коэффициенті кезіндеде  оны құраушылардың күйі мен динамикасын айқындау қажет, әсіресе баланс активтерінің үшінші тобына кіретін баптар бойынша. Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімдердің, аяқталмаған өндірістің айналымдығын есептеу қажет.

Өтімділікті қаражаттардың айналымдылық көрсеткіштерінің нашарлауы кезіндегі төлеу қабілеттілігін барынша объективті бағалау үшін, осы нашарлаудың себептерін айқындау қажет. Бұл кезде, тұтынушылармен өнім  мен көрсетілген қызметке өтеудің кідіруі,  дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және т.б. қорларының артық жиналуы себептерімен егжей-тегжейлі тексеріп анықтау керек.  Бұл себептер, талданатын субъектіге соншалықты тәуелді емес сыртқы болу мүмкін, ішкі болуыда мүмкін.  Бірақ,  бәрінен бұрын,  өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеу, олардың деңгейіндегі ауытқуды анықтау және оларға әртүрлі факторлардың ықпалының мөлшерін анықтау қажет.

Жоғарыда көрсетілген коэффициенттер нәтижелері бойынша, «ҚазМұнайГаз» АҚ жылдың басында және аяғында жеткізушілер мен банкирлер жайғасымынан төлеу қабілеттілікті деп, ал акционерлер мен инвесторлар жайғасымынан – төлеу қабілеттілігі жоқ деп бағаланды. Баланс деректері бойынша, жалпы өтімділік коэффициентінің 1-ден төмен болуы салдарынан, жұмысшы капитал теріс мәнде болады. Жаңғырту үшін қаржы қаражаттарының тұрақты жетіспеуі мен оны сырттан тартудың жетіспеуі өтімділік коэффициенттеріне өте үлкен ықпал етеді.

 
2.2 Активтерді пайдалануды талдау

 

Кәсіпорын активтері құрылымының өзгерісін зерттеу өте маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мысалы,  мүліктегі ағымды активтердің үлесінің артуы келесідей жағдайларды куәлендіреді:

  • ұйым қаражаттарының айналымдылығын жеделдетуге ықпал ететін, активтің ең жұмылдыру құрылымдарын қалыптастыру;
  • ағымдағы активтердің бір бөлігін дайын өнімді тұтынушыларды, көрсетілетін қызметті, еншілес кәсіпорындарды, басқа дебиторларды несиелендіруге оқшауландыру;
  • өндірістік базаларды қысқарту;
  • олардың бухгалтерлік есебінің қолданудағы тәртібі салдарынан негізгі қорлардың нақты бағаларының бұрмалануы және т.б.

Активтер құрылымындағы осы пропорцияның өзгеру себептері туралы дәл қорытындылар жасау үшін, баланс активінің жеке баптары мен бөлімдеріне  егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет, жекелеп айтқанда, кәсіпорынның өндірістік әлуетінінің жағдайын, негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді тиімді қолдануды, ағымдағы активтер айналымының жылдамдығын  бағалау жүргізу.

Баланс активінің бірінші бөлімін талдау кезіндеаяқталмаған құрылыс сияқты элементтің өзгеру беталысына көңіл аудару қажет, өйткені бұл бап өндірістік айналымға қатыспайды және, демек, белгілі бір жағдайларда оның үлесін арттыру қаржы – шаруашылықты қызметтің нәтижелілігіне жағымсыз ықпал етеді.   

Ұзақ мерзімді қаржылық жұмсалымның болуы кәсіпорын жұмсалымының инвестициялық бағыттылығына сілтейді.

Негізгі қаражаттардың меншікті салмағының сыртқы факторлар ықпалы салдарынан өзгере алатынын ескере отырып, мысалы,  шикізатқа, материалға, дайын өнімге баға жеткілікті жоғары қарқында өсіп жатқан кезінде, инфляция жағдайларындағы негізгі қаражат құнының кешіктірілген түзетулері жүруі кезіндегі оларды есептеу тәртібі, есеп беру кезеңіндегі абсолюттік көрсеткіштер өзгерісіне көңіл аудару керек.

Кәсіпорын құрамында материалдық емес активтердің болуы ұйыммен инновация ретінде таңдалған стратегияны жанама сипаттайды, өйткені ол қаражатты патенттерге, лицензияларға, басқада зияткерлік меншікке салады.

 Ағымды активтердің (абсолюттік және салыстырмалы) өсуі тек өндірістің кеңеюі немесе инфляция факторлары әрекеті туралы куәлендірмейді, сонымен қатар айналымның баяулауында көрсетеді.  Бұл олардың массасын арттырудың қажеттілігін объективті тартады.

Қорлар құрылымын зерттеу кезінде негізгі көңілді ағымдағы активтердің келесідей элементтерінің өзгеру беталысын айқындауға аударған тиімді: шикізат, материалдар және басқа осыған ұқсас бағалылықтар, аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын өнім және қайтарма сатуға арналған тауарлар, тиелген тауарлар.

Өндірістік қорлардың меншікті салмағын арттыру келесі салдарлардан шығады:

  • ұйымның өндірістік потенциалын арттыру;
  • өндірістік қорларға салу арқылы кәсіпорынның ақшалай активтерін инфлияция ықпалынан құнсызданудан қоғауға ұмтылу;
  • шаруашылықтық стратегияның тиімсіз таңдалуы, соның салдарынан ағымдағы активтердің маңызды бөлігі, өтімділігі жоғары болмайтын, қорларға шашырайды.

Осылай,  қорларды өсіруге бетбұрыс кейбір уақыт аралығында ағымдағы өтімділік коэффициентінің жоғарылауына әкелетініне қарамастан, бұл жоғарылаудың активтердің өндірістік айналымнан негізсіз оқшаулануынан жүрмегендігін талдау қажетті, ол, ақырында, несиегерлік берешектің өсуіне және қаржы жағдайының нашарлауына әкеледі. 

Баланстың позитивтік өзгерісінің белгілері болып табылатындар:

  • баланс валютасы есеп беру кезеңінің аяғында бастапқысымен салыстырғанда жоғарылады;
  • айналым капиталының өсу қарқыны негізгі капиталдың өсу қарқынына қарағанда жоғары;
  • кәсіпорынның меншікті капиталы қарыз капиталдан артық және оның өрлеу қарқыны қарыз капиталының өрлеу қарқынынан жоғары;
  • дебиторлық және кредиторлық берешектердің өсу қарқындары жуық шамамен бірдей.

Қаржы жағдайының жалпы сипаттамасынан және оның есепті кезеңдегі өзгерісінен кейін, қаржы жағдайын талдаудағы маңызды мәселе кәсіпорынның қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін зерттеу болып табылады. Талдаудың осы блогі үшін, қаржы жағдайының орнықтылығының мәнін қандай көрсеткіштер көрсете алатыны туралы   сұрақ шешуші роль атқарады. Оған берілетін жауап, бәрінен бұрын, талдау шығатын баланстық модельмен (үлгімен) байланысты.  Нарық жағдайында бұл модель келесідей түрде болады:

F  +  Z  +  Ra =  Ис  +  КТ   +  Кt  +  Rp,  мұндағы шартты белгілер 2 кестеде келтірілген мәндерге ие.

Мұндай әдістемелік тәсілдеме, қайтару мерзімдері, қарыз қаражаттары шамалары көзқарасымен,  біртектілерді бөлу үшін бухгалтерлік баланс баптарының белгілі бір қайта топталуын болжайды.  Бәрінен бұрын баланстың пассивтік бөлігі бөлімінің баптарының біріктірілуі негізінде КТ және Кt шамалары алынады.

Қаржылық талдау негізінде, оның экономикалық ұйғарылуынан  басталатын, бухгалтерлік баланстың зерттелуі жатыр.  Және балансты экономикалық ұйғару, бұл келесі негізгі шарттардың сақталуын тексеру деген сөз:

2 кесте.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ БАЛАНСЫ  (біріктірілген түрде).

 

                                                                                                          Млн.тенге

 

АКТИВТЕР

Шарт. бел.

01.01.

2005 ж-ға

01.01.

2006 ж-ға

ҚАРАЖАТТАНДЫРУ КӨЗД.

Шарт. бел.

01.01.

2005 ж-ға

01.01.

2006 ж-ға

1.Негізгі қаражаттар мен жұмсалым.

 

F

 

49,079,816

 

56,104,943

1.Менш. қараж. көздері

 

Ис

 

33,378,785

 

38,173,302

2.Қорлар мен шығындар

 

Z

 

2,577,017

 

2,732,756

2.Есеп айырысу және басқа пассивтер

 

Rp

 

8,347,559

 

9,458,621

3.Ақшалай қаражат, есеп айырысу және басқа активтер

 

Ra

 

8,791,645

 

10,432,353

3.Несиелер және басқа қа-рыз қара-жаттар

 

К

 

18,722,134

 

21,638,129

Оның ішінде:

 

 

 

Оның ішінде:

 

 

 

Ақша қара-жаты және қысқа мерз. Қаржылық жұмсалым

 

Д

 

1,423,430

 

2,143,834

Қысқа мерз. Не-сиелер мен қа-рыз қар.

 

Кt

 

8,621,581

 

10,390,803

 

Есеп айырысу және басқа активтер

 

 

7,368,215

 

8,288,519

Ұз. Мерз. Несиелермен қар.

Мерз. өт-елм. не-сие

 

КТ

 

Ко

 

10,100,553

 

11,247,326

БАЛАНС

В

60,448,478

69,270,052

БАЛАНС

В

60,448,478

69,270,052

 

  • баланс бойынша меншікті капитал сомасы ұзақ мерзімді активтер құнынан аспауы керек (Ис > F). Бұл меншікті капиталдың тек қана ұзақ мерзімді активтерге емес, сонымен қатар бір бөлігінің ағымдағы активтерді қалыптастыруға салынуы керектігін көрсетеді. Осының есебінен меншікті капитал өндірістік циклдің жүзеге асырылуында тікелей қатысады және осылай жұмысшы капиталдың өрлеуіне ықпал етеді.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ үшін бұл шарт

жыл басында  33,378,785 /> 49,079,816

жыл аяғында  38,173,302 /> 56,104,943

  • ағымдағы активтер сомасы кәсіпорын міндеттемелерінің шамасынан асуы керек (Z + Ra > Rp + К). Бұл ағымдағы активтер тек қана қарыз қаражаттармен қаржыланбай, сонымен қатар бір бөлігі меншікті капиталмен қаржылануы керектігін көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ үшін бұл шарт

жыл басында  11,368,662 /> 27,069,693

жыл аяғында  13,165,109 /> 31,096,750

— табысты пайдалану осы табыстардың өз шамасынан артпауы керек, кері жағдайда кәсіпорын балансының сәйкес бабында залалдың орынын толтыру көрсетіледі,  бұл қаржы ресурстарын пайдалануды теріс бағалауға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз – Тельф» АҚ үшін бұл шарт

жыл басында  11,355,176  бөлінбеген табыс

жыл аяғында  21,257,378  бөлінбеген табыс.

Келтірілген мысалдардан, жыл басындағы және аяғындағы балансқа сәйкес, жоғарыда айтылған шарттардың орындалмайтынын көреміз, яғни қаржы жағдайы барынша қиындықты болып табылады. 

Осылай,  материалдық айналым қаражатының құнының және олардың қалыптасуының меншікті және  қарыз көздерінің шамаларының қатынасы кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығын анықтайды. Қорлардың қамтамасыздануы мен қалыптасу көздерінің шығыны қаржының орнықтылығының мәні болып табылады, ал төлеу қабілеттілігі оның сыртқы байқалуы болып табылады. Сонымен бірге қорлар мен шығындардың көздермен қамтамасыздану дәрежесі, қамтамасыз етілу салдары ретінде алынатын төлеу қабілеттілігінің (немесе төлеу қабілетсіздігінің) белгілі бір дәрежедегі себебі болады. 

Қаржылық орнықтылық келесідей көрсеткіштермен сипатталады:  тәуелсіздік коэффициенті, қаржыландыру,  меншікті және қарыз қаражаттар қатынасы,  қаржылық орнықтылық,  оңтайландыру. 

Тәуелсіздік коэффициенті, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаншалықты қарыз қаражаттарға тәуелсіз және меншікті қаражаттармен оңтайландыру қабілеттігі бар екенін көрсетеді. Меншікті капиталдың жалпыға, жиынтықты жалпы капиталға (баланс валютасына) қатынасымен, келесі теңдеу бойынша анықталады:

Кт  =  Мк   :  Жк   

Оның өрлеуі қаржылық тәуелсіздіктің жоғарылауы, келешек кезеңдерде қаржы қиыншылығының тәуекелдігінің төмендеуі туралы куәлендіреді.  Кәсіпорынның меншікті қаражаты көп болған сайын, оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жеңілдірек болады және нарық жағдайларын жеңіп шығады. Сондықтан  ең болжағыш кәсіпкерлер меншікті капитал сомасын, әртүрлі текті резервтік қорларды құру және жарғылық капиталға бөліндеген табысты тікелей есепке алу жолдарымен  ұлғайтуға ұмтылады.

Егер осы  коэффициентке «ҚазМұнайГаз» АҚ балансының деректерінен шыға отырып қарасақ, онда 01.01.2004ж. және 01.01.2005 ж. жағдайлар бойынша оның мәні  0.55  (33,378,785/60,448,478 және   38,173,302/69,270,052) тең. Бұл компания активтерінің үлкен бөлігі меншікті (акционерлік) капитал есебінен, ал қалған бөлігі берешек есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді.  

Тәуелсіздік коэффициентінің жеткілікті жоғары деңгейі, меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы 0,5 – 0,6 тең болғанда саналады. Бұл жағдайда несиегерлердің тәуекелдігі минимумға келеді:  меншікті қаражат есебінен қалыптастырылған мүлігінің жартысын сатып, шаруашылық жүргізуші субъект өзінің қарыз міндеттемелерін өтей алады.

Қаржылық орнықтылықты сипаттайтын келесі көрсеткіш, меншікті капиталдың қарыз капиталға қатынасын көрсететін, қаржыландыру   коэффициенті болып табылады:

Кқ  =  Мк   :  Қк

Осы коэффициенттің деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым банктер мен инвесторлар үшін қаржыландыру сенімдірек болады.

Коэффициент,  шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қандай бөлігі меншікті қаражат есебінен, ал қандай бөлігі қарыз есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді.  Қаржыландыру коэффициентінің шамасы <  1  кезіндегі жағдай  (мүліктің үлкен бөлігі қарыз қаражаттар есебінен қалыптасқан),  төлеу қабілетсіздігі қауіпін көрсетеді және көбінесе несие алуды қиындатады.

«ҚазМұнайГаз» АҚ балансының деректері бойынша қаржыландыру коэффициентінің мәні 01.01.2004 ж. 1.78 тең және 01.01.2005ж.  – 1.76,  (33,378,785/18,722,134 және 38,173,302/21,638,129)   және қызметтің үлкен бөлігінің меншікті көздер арқылы қалыптасатыны туралы айтады.   

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентіне қарағанда оның кері көрсеткіші кеңірек қолданылады. Ол тартылатын капиталдың меншікті капиталға қатынасымен анықталатын, қарыз және меншікті қаражаттар коэффициенті:

Кқ  = Қк   :  Мк

«ҚазМұнайГаз» АҚ балансы бойынша 01.01.2004 ж.  бұл қатынас 0.56 құрады және  01.01.2005 .  – 0.57.

(18,722,134/33,378,785  и  21,638,129/38,173,302)

Бұл коэффициент,  шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті қаражаттар активіне салынған бір тенгесіне қанша қарыз қаражаттарын тартқанын көрсетеді.  Кәсіптік әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін дұрыс шектеу  < 1.

Егер оның мәні 1 асса, онда   шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тәуелсіздігі мен орнықтылығы сыни межелге жетеді. Бірақ барлық уақытта жауап осындай бірмәнді бола бермейді. Бұл  коэффициент салалық ерекшеліктерге, субъектінің шаруашылықтық қызметінің сипатына, айналым жылдамдығына, бәрінен бұрын айналым қаражатына тәуелді.  Материалдық айналым қаражатының айналымдығының жоғары көрсеткіштері кезінде және дебиторлық берешектің оданда жоғары айналымдығы кезінде коэффициенттің сыни мәні, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық автономдығына соншалықты ықпал етпестен, бірден біраз асып кетеді. 

Шаруашылық жүргізуші субъектінің тәуелсіздігі (автономдығы) дәрежесін  сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі – қаржы орнықтылығының  коэффициенті болып табылады. Ол жалпы капиталдағы (баланс валютасы) меншікті және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының  үлесін сипаттайды және келесі теңдеумен анықталады:

            Мк    +   Ұо

Кқо  = —————

                  Жк

Батыс тәжірибесінде, оның мәні 0.9-ға жуыққа тең болғанда дұрыс деп саналады. «ҚазМұнайГаз — Тельф»  жағдайында осы коэффициенттің мәні   01.01.2004 ж.  0.72  тең және 01.01.2005 ж. – 0.71. ((33,378,785 + 10,100,553)/60,448,478  және  ((38,173,302 + 11,247,326)/ 69,270,052) болды.  Байқағанымыздай, жуық шамамен бір деңгейде және кәсіпорын қаржы ресурстарының үлкен бөлігімен ұзақ уақыт пайдалана алатынын көрсетеді.

 Шаруашылық жүргізуші субъекті капиталының құрылымын сипаттай отырып, жеке топтар мен көздер құрылымының өзгерісінің беталысын көрсететін көрсеткіштерді пайдалану керек. Ондай көрсеткіштерге, бірінші кезекте, қарық қаражаттарды тартудың ұзақ мерзімді коэффициенті жатады.   Ол  ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелер қосындысына қатынасымен анықталады. Көрсеткіштің есептеу теңдеуі келесідей:

                  Ұм

Кұм  = —————

             Мк    +   Ұм

«ҚазМұнайГаз» АҚ балансының деректері бойынша бұл  коэффициент   01.01.2004 ж.   0.27 құрады және  01.01.2005 ж. —  0.26.

(12,176,364/33,378,785+12,176,364   және         

13,520,326/ 38,173,302+13,520,326).

Осы коэффициент,  меншіктімен қатар қаржы есеп-қисабының активтерін қаржыландыру үшін тартылатын ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар үлесін көрсетеді және өндірісті жаңарты және кеңейту үшін, шаруашылық жүргізуші субъекті, қарыз қаражаттарды қаншалықты қарқынды пайдаланатынын бағалайды.

Капитал құрылымын қалыптастыру оптималдығын анықтау үшін, меншікті капиталдың негізгі капиталға қатынасымен есептелетін инвестициялау коэффициентін қолдану ұсынылады. Активтерді қалыптастырудың мүлтіксіз нұсқасы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын нұсқа табылады.

Егер  «ҚазМұнайГаз» АҚ балансына қарасақ, онда негізгі капиталдың (ұзақ мерзімді активтер)  мәнінің меншікті капиталдікінен үлкен екенін көреміз.   Бұл үлкен дәрежеде, соңғы жылдары зор көңіл бөлінетін, қызмет көрсетілетін нарықта онсыз қиыншылықты болатын, негізгі қорлардың жаңғыртылуымен түсіндіріледі.

Әртүрлі жайғасымнан меншікті, қарыз және жалпы капиталдың қатынастарын сипаттайтын коэффициенттермен болатын жағдайлар, меншікті және қарыз капитал құрылымдары мен есеп беру кезеңіндегі оның өзгерісін зерттеуді талап етеді.

Меншікті капиталды зерттеу кезінде, меншікті айналым қаражаты болуымен өтетін өзгерістерге көңіл бөлу керек, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі шашыранды сипаттағы құндылықтарға бекітілмегенін және осы қаражаттармен бірқатар еркін реттеуге мүмкіндік беретін нысанда орнықтыру қажет. Меншікті айналым қаражаттарының шамасын анықтау үшін, меншікті капитал сомасынан баланстың 1 бөлімінің қорытындысын алып тастау қажет,  яғни ұзақ мерзімді активтер.  «ҚазМұнайГаз» АҚ балансына сәйкес, 01.01.2004 ж. және 01.01.2005 ж. бұл көрсеткіш теріс шамада болады (33,378,785 – 49,079,816  =  — 15,701,031  және  сәйкесті  38,173,302 – 56,104,943  =   — 17,931,641)   және оның жоғарылауы туралы айту керек.  Компания активтерінің жалпы сомасында,  ұзақ мерзімді активтер (айналымнан тыс)  81 %  және  80.9 % сәйкесті құрайды.   

Ұйымның тұрақты қаржы орнықтылығы үшін динамикада меншікті айналым капиталының үлесі ғана жоғарылап қоймай, сонымен қатар меншікті капиталдың өркендеу қарқыны қарыз капиталының өркендеу капиталынан жоғары, ал дебиторлық және несиегерлік берешектің өркендеу қарқыны бір-бірін теңестіруі керек.

 

3 кесте

Меншікті және қарыз капиталының өсу қарқыны

 

 

01.01.2003

01.01.2004

01.01.2005

2004ж/ 2005 ж., %

2005ж./ 2006 ж.,  %

Меншікті капитал мың тенге

30,880,690

33,378,785

38,173,302

108.1

114.4

Қарыз капитал

мың тенге

19,498,862

18,722,134

21,638,129

96.0

115.6

 

Кәсіпорын айналымына қарыз қаражаттарды тарту – дұрыс құбылыс. Бұл қаржы жағдайының уақытша жақсатуына ықпал етеді, бірақ олардың ұзақ уақытқа айналымға тыйым салынбаған және өз мерзімінде қайтарылу жағдайларында.

Дебиторлық және несиегерлік берешекке келетін болсақ, онда, несиегерлік берешек шамасы баланс қорытындысының 10 % құрайтынын ескеру керек.  Баланс құрылымында дебиторлық берешек  12 % құрайды.  (7,8 қосымшалар).

Дебиторлық және несиегерлік берешек мәндері туралы деректер, талдау уақыты ішінде, келесідей түрде болады:

 

4 кесте.

Дебиторлық және несиегерлік берешек мәндері

 

 

31.12.2003

31.12.2004

31.12.2005

Дебиторлық берешек, мың тенге

7,476,716

7,368,215

8,288,519

Несиегерлік берешек, мың тенге

5,005,850

6,174,849

7,056,919

 

Егер диаграммада (9 қосымша) келтірілген несиегерлік берешегінің құрылымын қарайтын болсақ, ондағы деректерден, негізінен жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешектің жоғарылағанын байқаймыз (2003ж. – 1,763,919;  2004ж. – 2,0602,475;  2005ж. – 3,373,744),  бірақ бюджет алдындағы берешек едәуір төмендегенін көреміз (2003ж. – 1,092,874;  2004 ж. – 786,965;  2005ж. – 707,621).

Жалпы атап айту керек, жиынтықты активтер құрылымы, олардың құрамындағы айналымнан тыс қаражаттардың едәуір артықтығымен сипатталады (7,8 қосымшаларға қараңыз), ол 2004 жылдың басында 80.7 % құрады. Ал 2005 жылдың аяғында оның үлесі біршама жоғарылады, 81.0 % дейін. Баланс құрылымындағы айналымды активтер 2004 жылдың басында   19.3 % құрады  және  2005  жылдың аяғында оның шамасы  19 % құрады.  Айналым қаражатының мәнді бөлігін жылдам өткізілетін активтер құрайды,  бұл дебиторлық берешек (12 %), бұл кездегі ең өтімділікті активтердің шамасы өте аз, осы кезеңде ол баланс құрылымында 1.6 % -дан 3.1 %-ға өскеніне қарамастан. Мұндай жағдай несиегерлер мен инвесторлар үшін дұрыс болып саналады.

Баланстың пассивтік бөлімі меншікті көздердің азғана басымдылықты меншікті салмағымен сипатталады. 7 және 8 қосымшадан көріп отырғанымыздай, қарастырылатын кезеңде меншікті капитал үлесі, баланс қорытындысынан, 53.7-дан 55.1 % дейін ауытқыды. Меншікті және қарыз пассивтердің мұндай қатынастары кәсіпорынның тұрақтылығы, оның нарықты байланыс жағдайларындағы тәуелсіздігі мен автономдығы туралы айтады және жалпы алғанда, ұйымның қаржылық жағдайына жақсы әсер етеді.

Берілген екі жыл ішінде қарыз қаражат құрылымы маңызды өзгерістерге ұшыраған жоқ. Дегенмен, ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары төмендеу беталасында болды: 2004 жылдың басында олар пассивтер құрылымында 24.6 %  құраса, ал 2005 жылдың аяғында ол 19,5 % дейін төмендеді.

Баланс валютасының, активтер құрылымының және ұйым пассивтерінің динамикасын талдау ағымдағы өаржылық – шаруашылықты қызметтерді жүзеге асыру үшінде, келешекке басқару шешімін қабылдау үшінде  қажетті бірқатар маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Мысалы, есеп беру кезеңіндегі баланс валютасының төмендеуі (абсолюттік шамада) ұйыммен шаруашылықтық айналымның қысқартылуы туралы белгілейді, бұл оның төлем қабілетсіздігіне әкеледі.  

7 және 8 қосымшаның деректерін талдай отырып, берілген уақыт аралығында  баланс валютасының артуы белгіленді, мұның негізгі қорларды артықша бағалау еместігі екенін ескеру қажет. Егер  2004 жылдың басында активтер құны  57,496,507 мың тенгені құраса,  ал  2005 жылдың аяғында  69,270,052  мың тенгеге дейін жоғарылады. (10 қосымша).

Баланс валютасының артуы негізгі қаражаттардың тұрақты жаңаруының, сонымен қатар көрсетілетін қызмет спектрінің кеңіюінің, бірінші кезекте жаңғырумен байланысты қаржылық – шаруашылықты қызмет көлемінің жоғарылауының және осыған байланысты көрсетілетін қызмет көлемінің артуына арналған қосымша техникалық мүмкіндіктерінің салдары болып табылады. 

Егер, дебиторлық және несиегерлік берешектердің өсу қарқыны 2005 жылдың аяғында жуық шамамен бірдей екенін, меншікті капиталдың (оның өсу қарқындылығының қарыздікімен салыстырғанда бірдейлігіне қарамастан), қарыз капиталынан жоғары екендігін, сонымен қатар ағымдағы активтердің өсуі 2005 жылдың аяғында ұзақ мерзімді активтердің өсу қарқынына қарағанда жоғары екенін ескерсек, «ҚазМұнайГаз» АҚ 2005 жылғы балансындағы өзгерістер туралы оң қорытынды жасауға болады.

 

2.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің оның қаржылық жағдайына ықпалын талдау

 

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайына іскерлік белсенділік деңгейі көп ықпал етеді.   Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық аспектідегі  іскерлік белсенділігі, ең алдымен, капиталдың айналымының жылдамдығымен айқындалады.  Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өзінің қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік беретін, айналымдылықтың әртүрлі қаржылық коэффициенттерінің деңгейлері мен динамикасын зерттеумен қорытындыланады.  Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайы, активтерге жұмсалған қаражаттың нақты ақшаға айналуының қаншалықты тез жүргеніне тікелей тәуелділікте болады.   

Жоғарыда айтылып өткендей, активтердің жеке түрлері айналымның әртүрлі жылдамдығында болады, яғни  олардың ақшалай нысанға түрлену жылдамдығында. Қаражаттың айналымда болу ұзақтығы, сыртқы және ішкі сипаттағы бірқатар әртүрлі бағыттағы факторлардың жиынтықты әсерімен анықталады. Біріншілердің қатарына субъектінің қызмет саласын (өндірістік, қамтамасыздандыру-өткізімдік, делдалдық және басқа),  салалық (станок жасаушы зауыттың және кондитер фабрикасының айналымдылығы объективті айрықшылықты болады), субъекттің масштабтарын (шағын субъектілердің қаражат айналымдылығы іріге қарағанда едәуір жоғары) және бірқатар басқаларды жатқызуға болады.  Активтердің айналымдылығына елдегі экономикалық жағдайларда және сонымен байланысты субъектінің шаруашылық жүргізу жағдайларыда аз әсер етпейді. Мысалы, инфляциялық процестердің болуы және көптеген субъектілердің жеткізушілермен және сатып алушылармен реттелген байланысының болмауы, қаражаттың айналым процесін едәуір баяулататын, қорлардың мәжбүрлі жиналуына әкеледі.

 Іскерлік белсенділік коэффициентінің субъектінің қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттар айналымының жылдамдығы субъектінің төлеу қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Одан өзге,  қаражаттар айналымының жылдамдығын арттыру, басқалай теңдей жағдайлар кезінде, өндірістік – техникалық әлуеттікті көрсетеді.

Іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне келесі коэффициенттер жатады.

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жыл бойында өндірістің қанша толық циклі мен айналысы өтетінін, және активтердің әрбір ақша бірлігі қанша өткізілген өнімнің ақшалай бірлігін әкелетінін көрсетеді. Бұл көрсеткіш өткізілген жұмыстан (көрсетілген қызметтен) түскен түсімнің жалпы капиталға (кезеңдегі баланс валютасына орташа) қатынасымен анықталады.

                                              Өт

               К а.к.  =               ———

                                              Жк 

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, бұл коэффициент 2004 жылы 0.67 тең болды    ((38,584,626+899,024/(57,496 507+60,448,478):2)   және 2005 жылы оның мәні   0.76 болды ((45,880,679+3,847,668/(60,448,478+69,270,052):2).

Бұл  коэффициент  шаруашылық жүргізуші субъектінің іскерлік белсенділігі туралы қорытынды көріністі береді. Ол бүкіл капиталдың айналымдарының санын көрсетеді және олардың тартылу көздеріне тәуелсіз, барлық қолдағы ресурстардың тиімді қолдануын сипаттайды.  Бұл  көрсеткіш өндірістік процестің ерекшелігін көрсете отырып, салаға байланысты түрленеді.

 Әртүрлі жылдар үшін, бір немесе әртүрлі субъектілер үшін жалпы айналымдылық коэффициентін салыстыру кезінде, активтердің орташа жылдық сомасының бағасында бірдейлік қамтамасыз етілгенін тексеру қажет.  Бұл көрсеткіш басқада теңдей жағдайлар кезінде, субъектінің негізгі құралдары қаншалықты тозған болса, соншалықты жоғары болады.

Дегенмен, тұрақты түрдегі жаңғырту мен тозған негізгі құралдарды жаңаға ауыстыруды ескере отырып, қарастырылған субъект бойынша капиталдың жалпы айналымдылық коэффициентінің жоғарылауын белгілеуге болады.

Негізгі қаражаттың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қор қайтарымын көрсетеді,  яғни  осы кезеңде субъектінің негізгі өндірістік қорларының қолданылу тиімділігін сипаттайды.  Өткізілім табысының негізгі қаражаттарының, олардың қалдық құны бойынша, осы кезеңдегі орташа шамасына бөлу арқылы есептеледі.

                  Тө

Н қ.ак  =  ———

                  НҚ

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, негізгі қаражаттың айналымдылық коэффициентінің мәні 2004 жыл үшін 0.96 тең болса (38,584,626+899,024/(41,403,610+40,585,357):2  , ал 2005  жылы 1.09 дейін жоғарылады.   

(45,880,679+3,847,668/(40,585,357 + 49,879,600):2.

Бұл коэффициенттің жоғарылауы негізгі қаражаттардың салыстырмалы жоғары емес меншікті салмағы есебіненде, олардың жоғары техникалық деңгейіменде алына алады. Әрине,  оның  шамасы  сала мен оның капиталды қажет етуіне тәуелді ауытқиды.  Дегенмен бұл жердегі жалпы заңдылықтар келесідей, қаншалықты коэффициент жоғары болса,  есеп беру кезеңінің шығыны соншалықты төмен.  Төмен коэффициент өнімді өткізуден түсетін табыстың жеткіліксіздігі туралы немесе активтердің бұл түрлеріне ерекше жоғары деңгейдегі салым туралы куәлендіреді.

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Өткізілімнен түскен табыстың баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасына қатынасы ретінде қарастырылады.

                      Тө

М к.а.к.  =  ———

                     Мк 

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, меншікті капиталдың айналымдылық коэффициентінің мәні 2004 жылы 1.14 теңесті (38,584,626+899,024/(30,880,690+33,378,785):2  және 2005 жылы 1.28 дейін жоғарылады.

 (45,880,679+3,847,668/(33,378,785+38,173,302):2.

Бұл көрсеткіш қызметтің әртүрлі аспектілерін сипаттайды:   коммерциялық көзқараста  ол  сату артықшылығын немесе олардың жетімсіздігін анықтайды;  қаржылық көзқараста – жұмсалған меншікті капитал айналымының жылдамдығын;  экономикалықта  —  меншіктенушілер тәуекелденетін ақша қаражатының белсенділігін анықтайды.  Егер  коэффициент өте жоғары болса,  бұл  жұмсалған капиталдан сату деңгейінің едәуір артықтығын белгілейді, онда бұл  несиелік ресурстардың арттырылуын және осы шекке жету мүмкіндігін тартады,  несиегерлер меншіктенушілерге қарағанда көбірек қатысады.  Бұл жағдайда меншікті капиталға міндеттеме қатынасы жоғарылайды,  несиегерлердің қауіпсіздігі төмендейді,  және кәсіпорын табыстың төмендеуімен байланысты қиындықтарға тап болады. Керісінше,  төменгі  коэффициент  меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз қалатынын көрсетеді.  Бұл жағдайда коэффициент  меншікті қаражаттарды осы жағдайларға сәйкес, табыстың басқа көзіне жұмсау қажеттігіне сілтейді.

Талданылған субъект бойынша меншікті капитал айналымының жылдамдығы,  жоғарылады және  коэффициент  12 % өсті, несиелік ресурстарды тарту әрине жоғарылады,  бірақ егер негізгі қаражаттардың жаңғыртуын ескерсек және  меншікті капиталдың абсолюттік тұлғалауда жоғарылауын және негізгі қаражат құнының абсолюттік артуын қарасақ, онда  01.01.2005ж. меншікті капитал 01.01.2003ж. салыстырғанда  7,292,612  мың тенгеге артты және соған сәйкес негізгі қорлар 18,272,848  мың тенгеге. 

Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті. Ол  өткізілімнен түскен табыстың айналымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады.

                    Тө

А а.а.к.  =  ———

                     АА

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициентінің мәні  2004 жылы 3.43 тең болды (38,584,626+899,024/(11,114,705+11,368,662):2  және  2005  жылы  4.41 дейін жоғарылады.

 (45,880,679+3,847,668/(11,368,662+11,165,109):2.

Ол  ағымдағы активтердің айналым жылдамдығын көрсетеді, яғни  кезеңдегі бүкіл айналым қаражатының айналу мөлшерін. Ағымдағы активтердің айналымдылығының жеделдетілуі оған қажетсінуді азайтады, қосымша өнім шығару үшін айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді. 

Айналымның жылдамдану нәтижесінде  айналым қаражатының заттай элементтері босатылады,  шикізаттар мен материалдар, отын және т.б. қорлары аз талап етіледі,  демек, осы қорларға бұрын жұмсалған ақша ресурстары босатылады.  Босатылған ақшалай ресурстар ең өтімділікті активтерді арттырады, соның нәтижесінде оның қаржылық жағдайы жақсарады, төлеу қабілеттілігі беріктенеді.

Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдығы  олардың айналым санымен ғана емес, сонымен қатар айналымның тәуліктік ұзақтығыменде сипатталады және келесі теңдеумен анықталады:

                360                     Тө         360 х АА

Ұ ай.  =  ——— =   360  ———  =  ————-

              А а.а.к.              АА                Тө          

 «ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, ағымдағы активтердің айналымдылығы 2004  жыл үшін 102,5 күнге тең болды   (360 х ((11,114,705+11,368,662):2) : (38,584,626+899,024)  және  2005  жылы  81,6 күнге дейін азайды және ағымдағы активтер тезірек айнала бастады.

 (360 х ((11,368,662+11,165,109):2)/ (45,880,679+3,847,668)

Кезеңнің ұзақтығы көрсеткіш шамасын жылға есептеу кезінде 360 тәулікті құрайды,  90  тәулік  —  тоқсанға, және  30  тәулік —  айға.

Сонымен,  ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті  бүкіл жұмылдырылған қаражаттың айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі оң сипатталады,  егер материалдық айналым қаражатының  айналымдылық коэффициентінің өсуімен ұштасса,  және теріс болады,  егер соңғы төмендейтін болса.

Материалдық айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті.  Талдану жүргізілген кезеңдегі тауарлы-материалдық қорлардың айналым санын көрсетеді, яғни олардың өткізілім жылдамдықтарын.  Жалпы, осы   коэффициенттің мәні қаншалықты жоғары болса,  соншалықты осы ең өткізілімді бапта қаражат аз байланысқан,  жәнеде айналым капиталында қаншалықты ең өткізілімді құрылым болса, соншалықты қаржы жағдайы тұрақты болады.  Және керісінше,  теңдей жағдайлар кезінде тауарбастылық іскерлік белсенділікке теріс әсер етеді. Коэффициентті есептеу, өткізілген өнімнің (қызметтің) өздік құнының тауарлы – материалдық қорлар құнының кезеңдегі орташа шамасына қатынасымен жүргізіледі.  

                     Sр

Мқ.а.к.  =  ———

                    ТМҚ

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, материалдық қорлардың айналымдылық коэффициентінің мәні 2004 жылы 9.4 тең болса (25,177,088/(2,702,681+2,555,312):2, ал 2005 жылы ол 10.14 дейін жоғарылады.

 (26,823,392/(2,555,312+2,732,756):2.

Көрсеткіш жоғары болған сайын, қорлар қолда бар қаражатқа тезірек айналады. Төмендеуі өндірістік қорлардың және аяқталмаған өндірістің салыстырмалы артқаны туралы немесе дайын өнімге сұраныстың төмендегені туралы куәлендіреді.

Бір айналымның, тәулікке шаққандағы, ұзақтығы келесі теңдеумен анықталады:

                         360                      Sр        360 х ТМҚ

Мқ.А.ұ.  =     ——— =   360  ———  =  ————-

                       Мқ.а.к.               ТМҚ            Sр

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, қорлардың материалдық айналымдығы 2004  жылы  38,3 тәулікке тең болды (360 х ((2,702,681+2,555,312):2)/ 25,177,088) және 2005 жылы 35,5 тәулікке дейін төмендеді.

360 х ((2,555,312+2,732,756):2)/26,823,392.

Қорлардың бір айналымына қажетті тәулік санын көрсетеді. Қорлар сапасы оларды пайдалану және жоғалымсыз жою қабілеттілігін сипаттайды. Өткен жылдар деңгейінен төмен айналымдылық деңгей, көнелігіне қарай  сұранысқа ие болмайтын, соның салдарынан баяу айналымдылықта болатын элементтердің қорларға енгені туралы алдын — ала қорытынды жасауға әкеледі. Немесе айналымдылықтың баяулығы, келешектегі өзара шарт міндеттемелеріне сәйкес қордың құрылуымен өтеді.

«Дәл мезгілінде» қорын басқару тәсілдемесі туралы білу керек,  қамтамасыздандыру, өндіріс, сату және бөлу функцияларын біріктіру арқылы қорларды ең төменгі деңгейде ұстау қажет.  Бұл тәсілдемені жүзеге асыру қорлардың айналымдығын жылдамдатуға әкеледі.   

Есептеуден көргеніміздей, айналымға кететін күндер бойынша ТМҚ төмендеді, бұл оң жағдайды көрсетеді.   

Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті. Өткізілімнен түсетін табыстың дебиторлық берешектің кезеңдегі орташа шамасына қатынасымен анықталады.

                      Тө

Дб.а.к.  =  ———

                      ДБ

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентінің мәні 2004 жылы 5.32 тең болды (38,584,626+899,024/(7,476,716+7,368,215):2  және 2005  жылы 6,35 дейін жоғарылады.

 (45,880,679+3,847,668/(7,368,215+8,288,519):2.

Ол  дебиторлық берешектің және оның көлемінің сапасын бағалау үшін пайдаланылады,  субъекті беретін коммерциялық несиенің кеңеюін немесе төмендеуін көрсетеді.  

Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентінің көрсеткішімен қатар  дебиторлық берешектің айналымының орташа мерзімінде анықтау қажет, ол келесі теңдеумен анықталады:

                        360                   Тө       360 х ДБ

Дб.а.ұ.  =      ——— =   360  ———  =  ————-

                       Дб.а.к              ДБ            Тө

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, дебиторлық берешектің айналымдылығы 2004 жылы 67,7 тәулікке тең   (360 х  (7,476,716+7,368,215):2)/(38,584,626+899,024)  және 2005  жылы    56,7  тәулікке дейін төмендеді.

(360 х (7,368,215+8,288,519):2)/ (45,880,679+3,847,668).

Дебиторлық берешекті инкассолау үшін қажетті орташа тәуліктер санын көрсетеді. Инкассолау кезеңін  өткізілім жағдайымен қарастырылған кезеңмен салыстырады. Қоғам бойынша дебиторлық берешекті инкассолау кезеңінің төмендеуі оң фактор болып табылады,  жәнеде айналымнан ақша қаражатының, 2004 жылмен салыстыру бойынша, уақыттың аз кезеңіне алынатынын көрсетеді.

Егер артықшылық байқалса, онда бұл келесі себептермен шартталған:

  • берешекті тиімсіз өндіріп алу;
  • инкассолауға шығындалған күшке қарамай, төлемді мерзімінде алу қиындығы;
  • сатып алушылардың қаржылық қиындықтары.

Барлық уақытта келесідей ықтималдық бар, орташа мән бүкіл дебиторлық берешектік үшін өкілдікті болып табылмайды.  Инкассолаудың орташа мерзімі сатып алушылардың бір бөлігімен төлем мерзімін өткізіп жіберуін көрсетпеуі әбден мүмкіндікті, бәрінен бұрын,  бір немесе екі ең ірі сатып алушылардың төлеу тәртібін бұзуымен шартталуы мүмкін. 

Несиелік берешектің айналымдылық коэффициенті. Өткізілімнен түсетін табыстың несиелік берешектің кезеңдегі орташа шамасына қатынасымен анықталады.

                      Тө

Н б.а.к.  =  ———

                      НБ

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, несиелік берешектің айналымдылық коэффициентінің мәні  2004 жылы 7.06 теңесті  (38,584,626+899,024/(5,005,850+6,174,849):2  және  2005 жылы 7.512 дейін көтерілді.

(45,880,679+3,847,668/(6,174,849+7,056,919):2.

Ол  дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентіне ұқсас коммерциялық несиенің кеңеюі мен төмендеуін көрсетеді. Олардың айырмашылығы  несиелік берешектің айналымдылық коэффициенті, субъектімен емес, керісінше субъектіге берілетін коммерциялық несиенің кеңеюі мен төмендеуін көрсететінінде.  Бұл коэффициенттің өсуі субъектінің берешегінің төлену жылдамдығының жоғарылағанын көрсетеді,  төмендеуі  —  несиеге сатып алудың өсуін.

Осымен біруақытта несиегерлік берешектің айналымының орташа мерзімі  келесі теңдеумен, анықталады:

                       360                   Др        360 х КЗ

Д об.к.з.  =  ——— =   360  ———  =  ————-

                       Ко.к.з.              КЗ            Др

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, несиелік берешектің айналымдылығы  2004 жылы 50,9  тәулікке теңесті   (360 х  (5,005,850+6,174,849):2)/(38,584,626+899,024)  және  2005 жылы     47,9 күнге дейін төмендеді.

(360 х (6,174,849+7,056,919):2)/ (45,880,679+3,847,668).

Бұл көрсеткіш субъект қарызының орташа қайтару мерзімін анықтайды  (банк алдындағы міндеттемелер мен басқа қарыздар бойынша), және қоғам бойынша несиелік берешектің айналу кезеңі төмендегендіктен, бұл оң фактор болып табылады.

Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті  шаруашылық жүргізуші субъектінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициясының айналу жылдамдығын көрсетеді, меншікті даму инвестициясын қоса отырып. Өткізілімнен түсетін табыстың инвестицияланған капиталдың кезеңдегі орташа шамасына қатынасымен анықталады (меншікті капитал және ұзақ мерзімді міндеттемелер).

                     Тө

К и.к.  =    ———

                 МК + ҰМ

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициентінің мәні  2004 жылы 0.91 тең (38,584,626+899,024/(30,880,690+12,237,486 + 33,378,785+ 10,100,553):2, ал  2005  жылы 1.07 дейін жоғарылады.

 (45,880,679 + 3,847,668/(33,378,785 +10,100,553 + 38,173,02 + 11,247,326):2. Осы  коэффициенттің жоғарылауы,  инвестицияланған капиталдың айналу жылдамдығының артқаны туралы баяндайды.

Осы көрсеткіштерді талдаумен қатар, акция табысы және бір акцияның баланстық құны сияқты көрсеткіштердіде қарастыру қажет.   

Акция табыстылығы коэффициентін таза табыстан артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді алып тастап, оны шығарылған және қолдағы кәдуілгі (қарапайым) акциялардың жалпы санына бөліп  есептейміз, анықтау теңдеуі келесідей:

             Тт – Дарт.ак.

Д а  =    —————-

                  Акәд.

Бір акцияның табысы, таза табыстың (артықшылықты акциялар бойынша төленген дивиденттерді алып тастағанда) қандай үлесі айналыстағы кәдуілгі бір акцияға келетінін көрсетеді.  Айналыстағы акциялар шығарылған акциялардың жалпы саны мен портфелдегі меншікті акция арасындағы айырым ретінде анықталады.    

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ акционерлік  капиталы дауыс беру құқығы бар кәдуілгі акциялардан және дауыс беру құқығы жоқ артықшылықты акциялардан тұрады. Кәдуілгі және артықшылықты акциялардың атаулы құны   1,000 тенгеге тең.  Барлық кәдуілгі акциялардың бірдей дауыс беру құқығы бар. Артықшылықты акциялар дивидендтер алу және тарату кезінде басымды болады, бірақ дауыс беру құқығы болмайды. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер атаулы құнның  30 % кем емес мөлшерінде төленеді.

Дауыс беру құқығы жоқ, артықшылықты акциялар, Қоғам бойынша тіркелген, шығарылған және толығымен төленген 1,213,653 акцияны құрайды (атаулы құны   1,000 тенге);  дауыс беру құқығы бар кәдуілгі акциялар, тіркелген, шығарылған және толығымен төленген  10,922,876 акцияны құрайды (атаулы құны   1,000 тенге).

2005 жылы «ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ 810,232 дана артықшылықты акциялар алынды.

Қолдағы бар деректерге сәйкес «ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ бір акцияға келетін табыс коэффициентін есептейміз:

                    Тт – Дарт.ак.    2,858,679 – (1,213,653х30%)   

Д а 2004ж. = —————- = ————————————-= 228 тенге

                       Акәдуіл.                       10,922,876

                      Тт – Дарт.ак.    11,697,765 – (403,421х30%)   

Д а 2005ж. = —————- = ————————————-= 1,060 тенге

                        Акәдуіл.                       10,922,876

Есептеулерден көргеніміздей, бір акцияның табыстылығы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  4,6  есеге өсті.

Акция табысы  —  бұл сол бойынша төленетін жыл сайынғы табыс.  Бұл көрсеткіш субъектінің қаржы жағдайын жанама сипаттайды,  бірақ қаржы стратегиясының үлкен ықпалында болады, өйткені субъектінің өзінің табысын өндіріске қосымша қайта инвестициолау қажеттігі акция бойынша төленетін табыстың мөлшерінің азаюына әкеледі. 

Дамыған нарықтық экономика жағдайларында бір акцияға келетін табыс, компанияның бір акциясының нарықтық бағасына ықпал ететін, ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. 

Талдау жоспарындағы оның негізгі кемшілігі — әртүрлі компаниялардың акцияларының нарықтық құнының бірдей болмауынан кеңістікті салыстыру мүмкіндігінің болмауы.  

Бір акцияның баланстық  құны  шаруашылық жүргізуші субъектінің, бухгалтерлік есе және есеп-қисап мәліметтеріне сәйкес бір кәдуілгі акцияға келетін, таза активтерінің (меншікті капиталының) құнын көрсетеді.  Бұл көрсеткіш акционерлік капитал құны мен артықшылықты акциялар құнының айырмасының айналымдағы кәдуілгі акциялар санына қатынасымен анықталады. 

                        Қ ак.кап. – Сарт.ак.

Қ ак.бал.  =    ————————

                           Акәд.

 Жоғарыда келтірілген мысалдың акциялар бойынша мәліметтерінен шыға отырып, «ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ бір акцияның баланстық құнын есептейміз. 

                   Қ ак.кап. – Қарт.ак.    33,378,785 – 1,213,653

Қ ак.бал.=  ———————— = ——————————= 2,944.75 тенге

    2004ж.            Акәд.                     10,922,876

 

                  Қ ак.кап. – Қарт.ак.      38,173,302 – 403,421

Қ ак.бал.= ————————  =  —————————— = 3,457.87 тенге

    2005ж.            Акәд.                     10,922,876

Есептеуден бір акцияның баланстық құнының өскенін көреміз, ол 2004 жылға қатынасы бойынша  17 % өсті немесе абсолюттік белгілеуде  513.12 тенгеге.

Іскерлік белсенділікті бағалау үшін кәсіпорынның пайдалылығының бағалану көрсеткіштері қолданылады.  Олар шаруашылық қызметінің тиімділік сипаттамасында ең қорытындыланған болып табылады.  Оларға өнімнің пайдалылық көрсеткіші мен капитал қайтарымы көрсеткіші әсер етеді.

Жалпы пайдалылық жалпы табыстың мүліктің кезеңдегі орташа құнына (баланс активтері) қатынасымен есептеледі.

 

                        жалпы табыс

П жал.  =    ————————   х  100

                         Мүл.орт.құны

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, жалпы пайдалылық 2004 жылы 22.7 % құрады ((13,407,538 / (57,496,507+60,448 478):2)х100 және 2005 жылы жалпы пайдалылық 29,4 % дейін артты. 

((19,057,287 / (60,448,478+ 69,270,052):2)х100

Пайдалылықтың жоғарылауы қоғамның қызметіндегі оң фактор ретінде бағаланады, мүлік барынша белсенді пайдаланылады.

Таза пайдалылық таза табыстың мүліктің кезеңдегі орташа құнына (баланс активтері) қатынасымен есептеледі.

                             Таза табыс

Птаза  =    ————————   х  100

                        Мүл.орт.құны

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша, 2004 жылғы таза пайдалылық  4,8 % құрады ((2,858,679 / (57,496,507+60,448 478):2)х100 және  2005 жылғы жалпы пайдалылық  18,0 % дейін артты.  ((11,697,765 / (60,448,478+ 69,270,052):2)х100

Бұл көрсеткіш бүкіл қолданылған капиталдың экономикалық пайдалылығын сипаттайды және ол талдау жүргізілген кезеңде едәуір артты.  

Меншікті капиталдың таза пайдалылығы таза табыстың меншікті капиталдың орташа шамасына қатынасымен есептеледі.

                                    Таза табыс

Птаза МК =      ————————   х  100

                                 МК орт. құны

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша,  2004 жылғы меншікті капитал пайдалылығы 8,9 % құрады ((2,858,679 / (30,880,690+33,378,785):2)х100 және 2005 жылғы жалпы пайдалылық 32,7 % дейін жоғарылады. 

((11,697,765 / (33,378,785+ 38,173,302):2)х100

Бұл көрсеткіш қаржылық пайдалылықты сипаттайды, және осы көрсеткіштің талдау кезеңіндегі мұндай өсуі жұмсалған акционерлік капиталдың пайдасының жоғарылағанын куәлендіреді.

Өндірістік қорлардың жалпы пайдалылығы жалпы табыстың негізгі өндірістік және ағымдағы материалдық активтердің орташа құнына қатынасыменен есептеледі.

                                     Жалпы табыс

П жал.өнд.қор.  =    —————————-      х  100

                                Нег.өнд.орт.құн.+ АМҚ

«ҚазМұнайГаз — Тельф»  АҚ қаржылық есеп-қисабының мәліметтері бойынша өндірістік қорлар пайдалылығы 2004 жыл үшін 30.7 % құрады ((13,407,538 /(41,403,610+2,702,681+40,585,357+2,555,312):2)х100 және 2005 жылғы жалпы пайдалылық 39.8 % дейін артты. 

((19,057,287 / (40,585,357+2,555,312+49,879,600+2,732,756):2)х100.

Өндірістік қорлар пайдалылығы күрт жоғарылады, бұл өткен кезеңмен салыстыру бойынша өндірістік қорлардың тиімді пайдаланылатынын көрсетеді.

 

  1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы

 

3.1 Қаржылық тұрақтылықты жақсарту жолдары

 

Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген мерзімге сәйкес  Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне алдағы қаржылық жылдың бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын ұсынады, және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы негізінде әзірленген, мемлекеттің шоғырланған қаржылық балансының жобасы, елдің әлеуметтік – экономикалық өсуінің индикативтік жоспары, бюджеттің ағымды орындалуын бағалау, макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы және ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасының Үкіметі келесі жылдың бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын және мемлекеттің шоғырланған қаржылық балансының жобасын мақұлдағаннан соң, қаулы қабылдайды. Бұл қаулы бюджеттік қаражат есебіндегі ұйымдармен, орталық мемлекеттік органдармен бюджет жобасының қалыптастырылу тәртібі мен мерзімдерін және оны Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігіне беру мерзімін белгілейді.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің құрылу, қаралуы, бекітілуі қолданымдағы заңның негізінде анықталады. 

Республикалық және жергілікті бюджеттердің құрылу және орындалу тәртібі Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігімен әзірленеді.

Мемлекеттік бюджет қаражаттары есебіндегі бағдарламалар бойынша жұмыстарды орындау және қызмет көрсету тапсырыстарын орналастыру, әдетте, конкурстық негізде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы биліктер, сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп беруді жариялайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген мерзімдерде  Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне келесі қаржылық жылдың бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын ұсынады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі келесі қаржылық жылдың бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын және мемлекеттің шоғырланған қаржылық балансының жобасын мақұлдағаннан соң, қаулы қабылдайды, онда бюджеттік қаражат есебіндегі ұйымдармен, орталық мемлекеттік органдармен бюджет жобасының қалыптастырылу тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі. Сонан соң бұл жоба Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігіне беріледі.

 Республикалық және жергілікті бюджеттердің құрастырылу, қаралу, бекітілу тәртібі қолданыстағы заң негізінде анықталады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметімен мақұлданған шоғырланған қаржылық балансының жобасы Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің мемлекеттік бюджетті әзірлеуінің негізі және республикалық бюджетпен жергілікті және басқалай болжалды өзара қатынастарға жалпы мемлекеттік салық пен жинақтардан нормативтік аударымдардың шамасын анықтау кезінде негіз ретінде қабылданатын, келесі қаржы жылының жергілікті бюджеттерінің ірілендірілген параметрлерін анықтау болып табылады.

Республикалық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігімен бекітілген, бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзірленеді. 

Республикалық бюджет туралы жобада барлық түсімдердің сомасы, жалпы мемлекеттік салықтарды реттеп тарату нормативтері, сонымен қатар атқарымдық топтар, бернелер, бернешелер және бюджеттік сыныптама мекемелері бойынша шығындардың шекті мөлшерлері көрсетіледі жәнеде бюджеттің тапшылық мөлшері, оның орынын толтыру көздері, ресми трансферттердің жобаланатын мөлшерлері көрсетілуі керек.22

Қазақстан Республикасының Үкіметімен әзірленген республикалық бюджет туралы заң жобасы, барлық қосымшаларымен бірге, жобаланатын жылдың алдындағы жылдағы 15 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Парламентіне талқылауға ұсынылады.

Республикалық бюджет пен оған енгізілген өзгертулердің бекітілуі, олардың алдымен Мәжілісте сонан соң Сенатта бірізді талқылануынан соң палаталардың біріккен мәжілісінде жүргізіледі.  

Талқылау Қазақстан Республикасының қаржы Министрінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі төрағасының баяндамасымен басталады, жәнеде Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының қаралатын мәселе бойынша қорытындыларымен басталады.

Келесі қаржылық жылдың Мемлекеттік бюджеті Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының біріккен мәжілісінде есеп беретін жылдың 15 желтоқсанына дейін бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Парламенті 15 желтоқсанға дейін кезекті қаржы жылына республика бюджеті туралы заң қабылдамаған жағдайда,  Қазақстан Республикасы Президенті «Келесі қаржы жылының бірінші тоқсанындағы республикалық қаржы жоспары туралы» Жарлық шығарады, ол Парламентпен республикалық бюджет бекітілгенге дейін өз күшінде болады.

Қаржы жоспарының орындалуы республикалық бюджет үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Республикалық бюджетті оның орындалу барысында нақтылау Қазақстан Республикасының Үкіметінің немесе қолданудағы заңға сәйкес тәртіпте басқа заңдық бастамалар негізінде және осы заңның жағдайларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі бір апта мерзімінде, бірақ 15 тамызға дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің болжалды жобасын және оның құрамында келесі қаржылық жылға мемлекеттік бюджеттің жобаланатын көлемінің ірілендірілген есебін мақұлданғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсырмасы бойынша область әкімдеріне, қалалар әкімдеріне, республикалық маңызы бар қалалар әкімдеріне, атқару органдары сенім білдіре алатын мемлекеттік салықтар мен жинақтардан аударымның жобаланатын мөлшерін,  жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен қаражаттың болжалды бөліну сомасын (қандай екенін нақты көрсетіп), және несиенің бағдарлы сомасын (несиелер) жариялайды, сонымен қатар жергілікті өкілдікті және арқару органдарының басқарушы аппараттарын ұстау шығындарының шекті лимиттерін жариялайды.

Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің областар мен республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің негізгі параметрлері бойынша өзінің болжамалы жариялағаннан көрсеткіштері негізінде, жергілікті атқарушы биліктер өз бюджеттерінің болжамды көлемдерін өз беттерінше анықтайды.  

Жергілікті бюджеттерді құрастыру, бекіту және орындау Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігімен бекітілетін, бюджеттік сыныптамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мемлекеттік салықтар мен табыстардың областық маңыздағы қалалар бюджеттері мен райондар бюджеттері арасында бөлінуі қаржыланы жылындағы областық, қалалық бюджеттер туралы шешімнің негізінде жүргізіледі.   

Жергілікті өкілдікті биліктер мен атқарушы биліктерге сәйкес жергілікті бюджеттердің табысы мен шығындарының баланстануларына жауапкершілік жүктеледі. 

Жергілікті бюджеттердің құрастырылу, бекітілу және орындалу процесіне жоғарғы атқару органдарының және жергілікті мемлекеттік органдардың араласуына рұқсат етілмейді.

Атқарымдық топтар бойынша нақты бағдарламаларды іске асыру үшін, төменгі органдарға мемлекеттік бюджеттен субвенция түрінде, ерекшелік ретінде, берілетін ресми трансферттер көлемі, мемлекеттік бюджет туралы заңмен анықталады.

Жергілікті бюджеттерде, жоспарланатын жылдың басында жергілікті бюджеттер қалдығы есебінен қолма-қол ақшаның айналымды резерві пайда болады, ол жергілікті атқару органдарымен қаржылық жылдың ішінде өтімділікті басқару үшін қолданылады. Қолма-қол ақшаның айналымды резервінің мөлшері сәйкес жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде анықталады.

Областар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері, кезекті қаржылық жылға мемлекеттік бюджет заңы күшіне енгеннен кейін, екі апталық мерзімге дейін,  бюджеттің ертерек құратырылған болжамды көлемін нақтылайды және областық, қалалық бюджеттердің қайта өңделген нұсқасын сәйкес мәслихаттарға қарауға жібереді, ол жерде екі аптаның ішінде оның бекітілуі бойынша шешім қабылданады.  

Келетін қаржылық жылға жергілікті бюджетті бекіткенге дейін, бюджеттің орындалуы, келесі қаржылық жылға жылдық жоспарланатын бюджеттің ј мөлшерінде жүргізіледі.  

Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі,  Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан, заңға сай мемлекеттік банкілер арқылы, республикалық бюджетте қаралған мақсаттарға сомалар шектерінде мемлекеттік несиелер бере алады.  

Несие беру тәртіптері мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады.

Уақытша кассалық құлдыраудың орынын толтыру үшін,  Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі областар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің өтініші бойынша республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге бюджеттік несиелер бере алады.

Осы мақсатта жоғарғы органдар төменгілерге сәйкес бюджеттер кепілдігімен, бюджеттік несиелер бере алады.

Беру тәртібі мен шарты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру мен орындау Ережелерінде анықталады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан, шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан қарыз алуға құқығы бар.

Қаражаттың Мемлекеттік қарыз алынуы қарыз шарттары немесе бағалы қағаз шығару нысандарында жүргізіледі. 

Республикалық бюджетте, Қазақстан Республикасының Үкіметімен ағымдағы қаржы жылында қарыздала алатын шектеулі сома  бекітіледі (мемлекеттік қарыз лимиті), сонымен қатар негізгі қарыздың орынын толтыру мен қызмет көрсету қаражаттары қарастырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдік беруге құқықты. Мемлекеттік кепілдіктің шекті мөлшері сәйкес жылдың республикалық бюджеті туралы заңында бекітіледі.

Республика бюджетінде Республика Үкіметінің кепілдігінен шығатын, төлеу бойынша тәуекелдікті жабуға арналғанқұралдар қарастырылады.

 

3.2 Қаржылық бақылаудың ролі

 

Фирманың қаржы саласындағы сәттілігі сыртқыда, ішкіде факторлар әрекетімен қамтамасыз етіледі, жәнеде кәсіпкер үшін, бәрінен бұрын, ерекше маңызды болып сыртқы жағдайлар табылады, ол оны өзгерте алмайды және соған бейімделуге мәжбүрлі болады. Фирманың ішкі мүмкіндіктері, сыртқы факторларды тиімді әрекеттендіретіндей болып қолданылуы керек.

Сыртқы ортаны талдау құрал ретінде қызмет атқарады, оның көмегімен   менеджерлер, әлуеттік қатерлерді болжау және жаңадан ашылатын мүмкіндіктерді дер кезінде әрекеттендіру мақсатында, ұйымға қатысты факторларды бақылайды. Сыртқы ортаны зерттеу, фирмаға өз уақытында нарықтық қатердің пайда болуын болжауға, күтпеген жағдайлардың пайда болуы кезінде ахуалды дайындауға мүмкіндік береді.

Сыртқы орта — бұл фирма қызметіне ықпал ететін сыртқы факторлар және, өз кезегінде, өзіне оның әсерін сынайды. Оларға географиялық, халықаралық, ұлттық, саясаттық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа факторлар жатады. Қазақстанда қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикаға, онда қызмет атқаратын кәсіпкерлік құрылымға белгілі бір ықпал көрсететін негізгі факторларды атайық: Қазақстанның табиғи ресурстары, Қазақстанның еңбек ресурстары (саны, демографиялық жағдайлар, білім деңгейі, кәсіп, мәдениет), елдің территориясы (мөлшерлері, регионалдық және ұлттық ерекшеліктер), ұлттық менталитет (тұрмыс салты, қызмет салты, психология, дәстүрлер, халықтың әдеті), халықаралық қатынастар (елдің халықаралық жағдайы, дүниежүзінің әртүрлі елдерінің Қазақстан ресурстары мен экономикасына мүдделілігі), Қазақстанның мемлекеттік – саясаттық құрылымы (мемлекеттік билік органдары мен басқармасының кәсіпкерлікке қатынасы), елдегі құқық тәртібінің жағдайы, меншіктену қатынасы (қорғаныстылық, кепілдік), экономиканы монополиялау дәрежесі, бәсекелестіктің даму жағдайы (ішкі және сыртқы), инфрақұрылымның дамуы (ақпараттар, көлік, байланыстар, банкілік жүйелер, тауармен қамтамасыздану, маркетинг, жарнамалар, сақтандыру  ісі, аудит), елдің экономикалық даму деңгейі (өндірістің көлемі мен дина­микасы, еңбек өнімділігі), инфляция (деңгейі мен динамикасы), салық салу (деңгейі мен динамикасы), халықтың әлеуметтік сақтану жағдайының деңгейі (жұмыспен қамтылу жүйесі, кадрлерді дайындау және қайта дайындау, минимал жалақы деңгейі, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия), тенгенің айырбасталымдығы (ұлттық валютаның параллель жүруі), техникалық және технологиялық факторлар.

Әртүрлі қауіптер сыртқы қоршаған ортаның әрбір саласында пайда болуы мүмкін. Осы салаларды зерттеу ұйымның сыртқы ортасының дамуының беталыстары туралы толық көріністі алыға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сипатты экономикалық факторларды талдау кезінде инфляция қарқыны, салықтар, халықтың жұмыспен қамтамасыздандырылу сипаты мен деңгейі, кәсіпорын-серіктестердің төлеу қабілеттілігі, ақшалай есеп айырысу жағдайы және т.б. қарастырылады.

Саясаттық факторларды талдау кезінде заңның жағдайы мен динамикасын, жергілікті билік органдарының және орталық үкіметтің нормативті актілерін, экономиканы құқықтық реттеудің даму деңгейін, жекелеп айтсақ, антимонополиялық заңды, несиелік саясатты, несие алуға шек қоюды және жұмыс күшін жалдауды және т.б. қарастырады.  

Нарықтық факторлар компания жұмысының тиімділігіне тікелей ықпал етеді. Оларды зерттеу фирма басшаларына стратегияны нақтылау мен оның нарықтағы жайғасымын беріктендіруге мүмкіндік береді. Бұл жерде демографиялық жағдайдың өзгерісін, саладағы бәсекелестік деңгейін, нарық үлесін, оның үкіметпен қорғалуын және басқаларды зерттейді.

Фирманың басшылары, ұйымның қызметі үшін қиындық туғыза алатын өзгерістердің пайда болу уақытын жіберіп алмау мақсатында, технологиялық  сыртқы ортаны тұрақты түрде бақылап отыруға міндетті. 15

Бәсекелестіктің факторларын талдау фирма жетекшілері тарапынан бәсекелестер қызметінің тұрақты бақыланатынын болжайды. Бұл салада төрт диагностикалық аймақты бөлуге болады: бәсекелестердің келешек мақсаттарын талдау, олардың ағымдағы стратегиясын бағалау, бәсекелесьердің нақты мүмкіндіктерін бағалау, бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын зерттеу.

Сыртқы ортаның әлеуметтік факторларының есебі өзгермелі қоғамдық құндылықтармен, қатынастармен, күтулермен және мінездермен байланысты.  Экологиялық тұрақсыздық жағдайларында, дәл сол әлеуметтік ортада, фирма үшін үлкен қатер төндіретін көптеген проблемалар пайда болады. Бқл проблемаларды тиімді жеңу үшін ол сыртқы ортаға икемделе отырып,  әлеуметтік жүйе ретінде өзі өзгеруі керек.

Ақырында, халықаралық факторларды  қарастыру, сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны алып тастағаннан соң, отандық ұйымдар үшін ол ерекше маңызға ие болды. Көптеген ірі және орташа компаниялар халықаралық нарықта белсенді әрекет жасайды. Фирмалардың басшылары осы сегментте туындайтын жағдайларды бақылауға тиісті.

Сыртқы ортаны талдау, жоғарыда қарастырылған оның салаларын зерттеу фирма басшыларына келесі сұрақтарға жауап дайындауға жеңілдік береді: Сыртқы ортанын қандай өзгерістері фирма стратегиясына ықпал етеді? Ұйымның ағымдағы стратегиясы үшін қандай факторлар ерекше қауіпті?  Жалпы фирмалық мақсаттар үшін қандай мүмкіндіктер мүдделі бола алады?

Фирманың сыртқы жағдайларының маңызды аспектілерінің динамикасында жүйелі қарастырудан соң, оның меншікті әлуеттерін талдау, күшті және әлсіз жақтарын талдау қажет. Бқл жерде бағаланатын жағдайлар: пайда болатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін фирманың ішкі күштерінің жететіндігі, оның әлсіз жақтары, қиындықтар сыртқы қауіптермен байланысты проблемаларды шешіді күрделендіріп жібере алады. Ішкі проблемаларға диагностика қою үшін қолданылатын әдіс басқару зерттеуі деп аталады. Ол ұйымның әртүрлі атқарымдық аймақтарын кешенді зерттеуге негізделген және қойылған міндеттерге тәуелді қарапайым және өте күрделі бола алады. Әншейінде, зерттеуге бес функционалдық аймақ кіреді: маркетинг, қаржы және есеп, өндіріс – қызметкер, сонымен қатар  қйымдастыру мәдениеті мен ұйымның бейнесі.

Фирманың маркетингілік жүйесін талдау кезінде, ережеге сай, зерттеудің жеті маңызды сегментін бөледі. Біріншісі – нарық үлесі мен бәсекелестік қабілеттілігі. Нарық үлесінің оның жалпы сыйымдылығындағы пайыздығы, ұйымның жұмысының деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, өйткені фирма нарығы үлесі мен оның жұмысының тиімділігі арасында белгілі бір тәуелділік болады (пайдалылықпен).

Көп жағдайда ұйымның тұрақтылығын анықтайтын, сұрыпталымның әртүрлілігі мен сапасы ерекше маңызға ие болады. Бұл жерде әртүрлі тәсілдеме болуы мүмкін. Бір фирма, өзінің басты жеңісін өнімнің сапасын қамтамасыздандырумен бағалай отырып, шектелген сұрыпталымға бағдарланады. Басқа фирма жыл сайын ондаған және жүздеген жаңа бұйымдарды игереді.

Нарықтық демографияны қайта бағалау өте қиын. Нарықтағы және тапсырыскер құрылымындағы мұндай өзгерістерді зерттеу — фирма үшін өте қиын міндет. Оны қоғамның әлеуметтік жіктелуі, халықтың негізгі массасының табыс деңгейінің өзгеруі, қоғамдық құндылықтардың трансформациясы күрделендіреді.

Рыноктық зерттеулер мен әзірлемелер өте маңызды. Тұрақты бәсекелестік қабілеттілікті ұстап тұру үшін фирмаға кең конъюнктуралық зерттеулер жүргізу, жаңа тауарлар мен қызметтерді әзірлеуі, жаңа нарықты іздеуі керек.

Тапсырыскерлерге сату алдында және сату соңында қызмет көрсету біртіндеп маңызды роль атқаруда. Тиімділікті және төзімділікті сатудан соңғы қызмет көрсету сату көлемінің артуына ықпал етеді, ол сатып алушылардың фирмаға ниетінің түзу болуын қалыптастырады және беріктендіреді, жоғары сату бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.

Соңғы уақыттарда өткізу, жарнама, тауарларды жылжыту өте үлкен маңызға ие болуда. Бұл көрсеткіштер талдаудың орталық орындарының бірін алады. Фирма нарықта жеңіске жетеді, егер өзінің тауарлары мен қызметтеріне белсенді және құзыретті жеткізушілерді алса, агрессивті, шығармашылықты әзірленген жарнамалары, сатып алушыға тауарлар мен қызметтерді жылжытудың тұтас жүйесі болса.

Дегенмен, әрине, ең бастысы — бұл пайдалылықты талдау. Пайда — кез-келген коммерциялық ұйым қызметінің тиімділігінің қорытындылаушы көрсеткіші. Сондықтан қызметтің барлық бағытынан, әртүрлі тауарлар мен қызметтерден түсетін пайданы тұрақты бақылау  басқарудың маңызды функциясы болып табылады. 

Ұйымның қаржылық жағдайы, басшылардың нарықта қандай тактика мен стратегияны таңдауын анықтайды. Қаржылық жағдайды егжей – тегжейлі талдау, ұйымның осы саладағы қолдағы бар және әлуетті резервтерін айқындауға көмектеседі. Қаржы жағдайдын талдау қаржылық тексеру әдістерімен жүргізіледі.

Фирманың өндірістік әлуетінің талдау әдістемесі өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін бағалаудың кәдуілгі әдістемесінен едәуір айрықшаланады.  Бұл, бірінші кезекте, стратегиялық басқаруға бағыттылықпен, дамып келе жатқан нарықтық қатынастармен түсіндіріледі. Өндірісті тұрақты түрде зерттеу,  фирманың ішкі құрылымының сыртқы ортадағы өзгерістерге қазіргі кезге бейімделуі үшін және оның нақты ортадағы өміршеңдігі үшін үлкен маңызы бар.

Егер менеджменттің бағыныштылар көмегімен қалай үлкен ақшалар жасауға болатынын талқылайтынын ескеретін болсақ, онда қазіргі кездің компанияларының көптеген проблемаларының шешілуі кәсіпкерлікті және қуатты мамандармен өндірістіңде, басқарудыңда қамтамасыз етілуімен үлкен дәрежеде байланысты. Нарықтағы балансталған команда, жақсы жетекшілік болған жағдайда, көп жақсы нәрселерге қабілетті.

Фирманың ұйымдастыру мәдениеті мен бейнесіне жеке тоқталып өту керек. Әлеуметтік орта келесі адамдардан тұрады: басшылар, бағынушылар. Ұйымдастыру мәдениеті ұйымдастыру ортасындағы адамдар тәртібінен тұрады. Жалпы, мәдениет алдын-ала берілген, анықталған болып табылмайды. Ол — қоғамдағы өзара әрекет нәтижесі, ең бастысы қатынас пен оқыту арқылы беріледі және ұсталады. Фирма шеңберіндегі мәдениет оның ұжымының тәртібі арқылы айқындалады.

Ұйымның ішкіде, сыртқыда бейнесі қызметкерлерінің, тапсырыскерлерінің және жалпы қоғамдық пікірлер көмегімен жасалатын әсермен анықталады. Қоғам алдында жақсы атты болу фирмаға ұзақ уақыттар бойы серіктестерін сақтауға, тапсырыскерлер ауқымын кеңейтуге көмектеседі. Фирманың қаржы нәтижелері көп жағдайларда оның ортасының жалпы мәдениетіне тәуелді болады.

Кәсіпорынның бүгінгі Қазақстандағы жағдайларда өміршеңдігі болуы үшін, нарықтағы әрбір қадамды есепке алу қажет, кадрларды және кәсіпорынды  басқаруда тұрақты түрде инновациялар енгізу керек. Тәуекелділікті ойлы жасау керек және ең күрделі жағдайдың оптималды шешімін таба білу қажет. Сондықтанда фирманың кәсіпкерлі менеджері мен оның барлық командасының жұмысы маңызды.

Команданың тиімді басқаруы және жоғары сапасы кәсіпорынды барлық уақытта дағдарыстан алып шығады. Фирманы басқарудың барлық механизмі  ықшамды және сонымен қатар барлығын қамтитын болуы керек; оған кіретіндер: өнім сұрыпталымын басқару жүйесі, кәсіпорын шығындарын басқару жүйесі, қаржылық және салықтық жоспарлау жүйесі, марке­тингілік жүйе және көптеген басқалары. Қаншалықты кәсіпорын осындай басқарудың тиімді тұтқаларын қолданса, соншалықты ол қазіргі ауыр кезеңдерде өміршеңді және оның жеңіске жетуге көп мүмкіншілігі болады.

Бірінші кезекте фирманың қаржылық жетістіктерінің технологиясына тоқталу керек. Оның әрбір қызметкерінің әлеуметтік және материалдық қорғанылуы, ол жұмыс істейтін компанияның қаржылық тұрақтылығына байланысты болады. Сондықтан фирманың қаржылық-экономикалық жағдайын ненің есебінен жақсартуға болады деген сұрақ тек қана басшылар мен акционерлерді толғантып қоймайды, барлық қызметкерлердіде ойлантады.  Қазақстандық кәсіпорындардың көбісі бүгінгі күні инвестициялық көз тартардай болып табылмайды (олардың 40 % жуығы — залалдылықты, және  соншасы қаржылық тұрақсыз жағдайда). Инвесторлардың ұсынатын шарттары көп жағдайда кәсіпорынға тиімсіз болып табылады. Осыған байланысты күйсіз кәсіпорындарды қаржылық қолдау жоқ деугеде болады. Мүмкін, таяу келешекте күйсіздік қарызгер-кәсіпорындардың сатылуының себебі болады. Сондықтан кәсіпорынның қызметін ішкі реформалау мен қайта құру мүмкіндіктерін ұжымдық іздеу қажетті, бұл меншікті әлуетті қолдану мен дамытудың белсендірілгенін көрсетеді жәнеде, бірінші кезекте — басқару жүйесін жетілдірумен. Кәсіпорынның қаржылық тиімділігін жоғарылатуда келесі бағыттарды бөлуге болады:

Рационалды басқару шешімдері есебінен жылдам жүзеге асырылатын резервтерді қолдану (бәрінен бұрын — «тәртіп енгізу» және нәтижелер бойынша басқару технологиясына өту). Осындай өзгерістер  әдетте 2-4 айда жүзеге асады және тиімділіктің 20 % дейін өсуіне әсер етеді.

Ассортименттік саясатты түбегейлі жетілдіру есебінен жүретін құрылымдық өзгеріс (төменгі пайдалылықты өнімнің үлесін азайту) және  техникалық саясат (тиімсіз техника мен технологияны қолданудың меншікті салмағын азайту). Бұл шаралар 5-8 айда жүзеге асырылады және тиімділікті  40 % дейін жоғарылата алады.19

Жаңа тиімді қызметтер көрсетуді, өнімдерді, технологияларды (оның ішінде өзгерістерді стратегиялық басқару технологиялары мен жүйелері), экономикалық механизмдерді және т.б.  жасау мен енгізуден қалыптасатын  инновациялық процестер. Бұл өзгерістерді жүзеге асыруға жыл –жыл жарым талап етіледі. Бір жылдан соң олар жуық шамамен тиімділіктің 10-20 % өсуін,  2 жылдан соң — 60-70 % дейін өсуін береді. Ары қарай – 30 %дейін жыл сайын, 2-3 жыл ішінде.

Соңғысы, дамудың инновациялық жолы – ол біржолғы шара болып табылмайды, экономикалық нәтижелердің тұрақты өсуін қамтамасыздандыруға қабілетті және соған сәйкес фирманың бәсекелестік қабілетін қолдайды.

Кәсіпорынның реформалануында шаруашылық көрсеткіштерін жоғарылату мақсатына мүдделілер:

  • компаниялардың өздері, өйткені олардың қаржылық-экономикалық жағдайлары жақсарады;
  • мемлекеттік билік (бюджеттің табысты бөлігінің өсуінің қамтамасыздығы, халықтың тұрмыс жағдайының жоғарылауы);
  • дәрменсіздік пен банкроттық туралы істер бойынша мемлекеттік басқарманың территориалдық агенттігі;
  • банкілер, инвестициялық қорлар және басқа инвесторлар, өйткені несиені қайтару тәуекелдігі төмендейді.

Фирманың қаржы жетістіктері көп жағдайда басшының, бас бухгалтердің  және заңгердің жұмысының үйлесіміне байланысты болады. Бух­галтерлік есеп деректері конструктивті басқару шешімдерін қабылдау үшін өте маңызды.  Фирманың басшысының түйінді проблемаларының бірі, бүгінгі күнде — ол, қолдағы бухгаалтерлік ақпараттың негізінде оптималды басқару шешімін қабылдау мүмкіндігінің болмауы. Бухгалтерлік есеп әрекеттегі ережелер мен нұсқауларға, оның ішінде салықтық қызметпен белгіленгенде, сәйкес факті бойынша жүргізілген шығындардың реттеушісі ретінде болады. Осыдан қазақстандық бухгалтердің негізгі мақсаты — кәсіпорынды айыппұлдан қорғау немесе, ең болмағанда, оларды минимизациялау.

Осы және басқада проблемаларды шешу үшін шығындарды басқару механизмі керек болды. Өнімнің өзіндік құны шығынының баламалы есебі қажет.  Өзіндік құнның есептелуінің логикалық жүйесін жасау үшін, ең алдымен фирма шығаратын барлық сұрыпталымды ұқыпты саралау қажет. Бұл әсіресе кең сұрыпталымды кәсіпорын үшін актуалды, онда әр алуандықтың саны жүздеген немесе мыңдаған атауларға жетеді. Біліктілік мақсаты — сұрыпталымды басқару мүмкіндігін қамтамасыздандыру. Одан соң осыған ұқсас шығындардың «ағашын» құру қажет. Егер шығындар түрінің әртүрлілігі бір деңгейде ерекше көп болса және олар абсолюттік шамалары бойынша өзара ондаған ретке айрықшаланатын болса, онда шығыдар есебі тиімсіз болады. Сондықтан оларды менеджерге немесе фирманың қаржы директорына ыңғайлы етіп сыныптау қажет.

Неге бұл менеджер үшін соншалықты маңызды? Ол ұқсас тауарлар нарығындағы сыртқы жағдайды зерттеуге міндетті. Мұндай жағдайлар, сән сияқты, техникалық және ғылыми прогресс тауарлар мен қызметтер ұсынысының тұрақты жаңаруын талап етеді. Нарықтағы перспективаны, кәсіпорынның нені шығаратынын, тауарды өндіру кезінде фирманың қандай шығын шығаратынын дұрыс бағалай отырып, менеджер өндіріске жаңалықты енгізу қажеттігін немесе бұрынғы өнімді жаңғырту қажеттігін немесе дәрменсіздігі мен бәсекелестік қабілетсіздігіне қарай одан толығымен бас тарту керектігі туралы шешімді қабылдауға қабілетті.

Бәсекелестік күресте жеңіп шығу үшін, кәсіпорын шығын негізінде құрылатын, баға белгіле механизмін өзгертуге мәжбүрлі (баға үшін өзіндік құн қызмет атқарғанда). Баға маркетингілік ақпарат негізінде нарықпен анықталады. Өндіріс психологиясы өзгереді, босатылған баға мен сапа іштен емес, сырттан берілгенде.

Шығындардың есебінің динамикалық әдісі кәсіпорынның бөлімшелері қызметін бағалаудың объективті әдістемесін береді, менеджерге кәсіпорынның экономикасы мен қаржысын, бақылауға емес, басқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан кәсіпорында контроллинг қызметінің құрылуы өзін-өзі ақтайды, ол тек басқару есебін ғана жүргізбей, сонымен қатар тексеру қызметтерінде атқарады.

Толық бағалы экономикалық қызмет құру өте маңызды. Ол үшін тиімді:

  • өзіндік құнды есептеудің динамикалық әдісі мен басқару есебі жүйесін әзірлейтін және қолданатын арнайы бөлімшені қалыптастыру;
  • менеджер өзінің жұмысының негізі етіп алған негізқалаушы принциптарға сәйкес сұрыпталымдар мен шығындардың сыныптамасын қамтамасыз ету;
  • шығындардың қалыптасу құрылымы мен механизмін анықтау, жәнеде олардың тиімділігі мен негізділігін бағалау үшін барлық өндірістік бөлімшелердің инспекциялануын енгізу;
  • сұрыпталым бойынша өзіндік құнның құрылымы мен бөлімшелердің жұмысының тиімділігі туралы ай сайынғы ақпаратты кепілдеу, жоғарыда белгіленген принциптер қолданылатындай есепті талдамалы деректер қорын құру.

Қазақстанда көп нәрсе басқа елдікіндей емес. Тіпті тауар өндіріліп, ал маркетингілік зерттеу оның сатылуына қолайлы болжау көрсетседе, тыныштыққа орын болмайды.  Қазіргі қазақстан бизнесінің ең маңызды проблемасының бірі — төленбеген төлем болып табылады. Кәсіпорын тиелген тауар немесе көрсетілген қызмет үшін ақшасын ала алмайды. Онда келесі сұрақ туады: жұмыскерлердің жалақысы қайдан қаржыланады, қандай қаражаттардан бюджетке  және бюджеттен тыс қорларға салықтар төленеді?

Төленбеген төлемдер – екі ұшты таяқ. Мемлекет бюджет жыртықтарын жамау үшін салықтарды жоғарылатады, бірақ салықтың жиналуы төмен, және мемлекет осындай әрекеттерімен оны төмендетуін жалғастырады. Дәл осы салықтық жүйе, өзінің қазіргі түрінде, экономикалық өрлеу жолында басты кедергі ролін атқаруда. Адал бизнесмен төлейтін салықтар, көбінесе жеткізушілермен және несиегерлермен есеп айырысуына, меншікті қаражаттың жетпеу себебі болып табылады. Мемлекет, өзінің бюджетіне салықты жинай алмай, сыртқы қарызды арттырады, сөйтіп өзі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін халықтың, кәсіпорындардың алдындв «қасақана» төлемеуші болып қалады.

Қазіргі кезде Қазақстанда сынау мен қателесу әдістерімен осы проблеманың белгілі бір шешіміне келуде, оған баратын жолдың ұзақтығына қарамастан. Басқа елдердің салықтық жүйесі ондаған , тіпті ғасырлар бойында құрылған. Олар өздерінің мемлекеттерінің тарихи дамуына сәйкес келеді. Қазақстанда ресми қызметтер тоталитарлық мемлекет міндетін орындайды – қоғамды бақылайды, негізінде демократиялық елде қоғамның мемлекетті әрекетті бақылауы сипаты болады. Табыстарды жинау проблемалары бюджеттік жағдарыстың негізгі себебі болып қалды.

Қазір салықтар, артықшылығы жоқ және заңды екі етпейтін бизнесмен үшін, оның табысының негізгі бөлігін құрайды. Нақты жағдайда бюджеттердің барлық түрлеріне және барлық бюджеттен тыс қорларға біршама аз түседі.  Айрықшылық — бұл салықты төлеу, мерзімді ұзарту мен жеке артықшылық, салықты төлеуден жариялы және құпиялы бас тарту бойынша заңды жеңілдіктер бағасы. Жоғары салықтық  қалтарысты айналымның өсуінің қозғаушы күші болды. Дегенмен, бұл қалтарыс бизнес көп жағдайда кәдімгі шағын бизнес болады: шағын жайма сауда, тұрмыстық қызметтер, майдагерлік өндіріс.

Мемлекет өзінің бюджетін салықтарды жинаудан қаншалықтыға жоғарылататынын айту қиын, бірақ бұл сөзсіз, өзінің табыстарын барынша жасыратын кәсіпорындардың санының көбеюіне әкеледі, бұл өз кезегінде бюджетке салықтардың түсуінің мөлшерін одан әрі төмендетеді.

Қазақстандық фирмалардың басшыларына осы проблеманы шешудің жолдарын іздеуге тура келеді. Фирма қызметкерлері мен жұмыскерлерінің материалдық жағдайлары кәсіпорынның өміршеңдігі мен жемісті қызметінде маңызды рольдердің бірін атқарады. Егер менеджер табыстарының бір бөлігін жасыра алмаса, онда ол жұмыскерлерінен айырылуы мүмкін (бәрінен бұрын, ең жақсыларын, олар жалақылары қалтарыс қызметтен алынатын, басқа фирмаға қызметке кетеді).  Яғни, мемлекеттік заңдар, жарлықтар, ережелер және нұсқаулар кәсіпорындарды оларды бұзуға және салықтардан тығылуға мәжбүрлі ететін болғаны. Банкротқа отырған немесе дағдарыс жағдайға түскен кәсіпорындардың санының күрт артуы  ықтималды. Бірақ ең тәуірлері өмірге қайта оралып, ары қарай дамиды. Олардың проблемаларын  менеджер және фирманың бүкіл ұжымы шешеді7.

 

Қорытынды

 

Істелінген жұмыс келесі қорытындыларды жасауға негіз береді.

Өткен 2005 жылды келесідей түрде сипаттауға болады. Қазақстан экономикасында, ішкі процестердің тұрақтылығының және дүниежүзілік нарықтық конъюктураданың оңтайлылығы арқасында, біршама өрлеуі болды. Елде мұнай шығару көлеміде артты.  «ҚазМұнайГаз — Тельфа» табысы өткен жылмен салыстырғанда 15,5 % жоғарылады.

Соған қарамастан, біздің компаниямыздың даму қарқыны жеткілікті болып табылама және біздің қызметіміз қаншалықты тиімді деген сұрақтарды қоюымызға болады.

Қарапайым сандарды келтіруге болады: рынок көлемі үш жылдың ішінде  350 млн.-нан 500 млн. долларға дейін өсті. «КазМунайГаз — Тельфа» табысыда өсті, бірақ осы кезде компанияның рыноктағы үлесі 90 % -дан 58 % дейін қысқарды.  Ойлануға тұратын жағдай.

2005 жылы «ҚазМұнайГаз — Тельф» АҚ ұстамды әлеуметтік-бағдарлы тарифтік саясатты жүргізді. Саладағы баға белгілеу әлеуметтік аспектілермен және Ұлттық операторға — «ҚазМұнайГаз — Тельф» АҚ- артылған міндеттермен, жәнеде Компанияда қолданылатын, мемлекеттік реттеу шараларыменен анықталды.

Талдау үшін ақпараттық база болып табылғандар: бухгалтерлік баланстар (¹1 нысан),  қаржы-шаруашылықты қызметтің нәтижелері туралы есеп  (¹2 нысан),  2004 және 2005 жылдардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп  (¹3 нысан).

Есеп – қисап деректері бойынша салыстырмалы талдамалы баланстар құрылды және талданды. Жұмыс барысында келесілер айқындалды:

  • меншікті айналым капиталының мүлік құнында, толығымен қарыз қаражаттар есебінен қалыптасқаны айқындалды, яғни меншікті айналым қаражаттарынығ тапшылығы бар және соның салдары ретінде жұмысшы капитал теріс мәнді болады;

—  дебиторлық және несиегерлік қарыздарға тоқталсақ, онда айтуымыз керек, несиегерлік қарыздың шамасы баланс қорытындысынан 10 % құрайды, баланс құрылымындағы дебиторлық қарыз 12 % құрайды және бұл олардың қалыпты қатынасы;

  • несиегерлік қарыздың бөлшекті (егжей-тегжейлі) талдауы жүргізілді, ол көрсетуінше, қарыздың көп бөлігі жеткізушілер алдында өсті, бірақ салық бойынша қарыз едәуір төмендеді;
  • активтер құрамында негізгі капиталдың басым екендігі белгіленді (80% жоғары), үлкен бөлігі- бұл негізгі қаражаттар;
  • баланстың пассивтік бөлігі қарыз қаражаттарынан қаржыланудың меншікті көздерінің (меншікті капитал) артатындығымен сипатталады.

Одан ары қарай зерттеу барысында баланстың өтеспаздығына талдау жүргізілді. Ол үшін келесі жағдайлар орындалды:

  • өтемпаздығының дәрежесі бойынша активтердің топталуы және олардың орынын толтыру мерзімдері бойынша пассивтердің топталуы жүргізілді;
  • әрбір есеп беру күніне жоғарыда көрсетілген топтар бойынша активтер мен пассивтер мәндері есептелді;
  • осы мәндердің салыстырылуы нәтижелерінің талдауы орындалып, баланстың өтемпаз болып табылмайтыны айқындалды;
  • жалпы өтемпаздық есептерінің нәтижелері бойынша, акционерлер мен инвесторлар тұрғысынан, ұзақ мерзімді кезеңдегі ұйымның төлеу қабілетсіздігі туралы қорытынды жасалынды, ол коефиценттің мәні ТДУ 1,0-2,0 кезінде 0,42-0,43 құрайды;
  • ТДУ шегінде қалған, абсолюттік және ағымдағы өтемпаздықтың қаржылық әдістері есептелінді.

Содан соң жұмыс процесінде «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық тұрақтылығына баға берілді.

Бұл жерде келесі мәселелер белгіленді:

  • ұйым қаражаттың қарыз көздерінен бірқатар қаржылық тәуелділікте болады, бұл негізгі қорлардың жұмылдырылуының жоғары деңгейімен байланысты;
  • меншікті капитал үлесі 55 % құрайды, және бұл қаржы жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

        Талдау барысында айқындалған кейбір жағымсыз құбылыстарды ескере отырып, бірқатар пікірлер мен ұсыныстар жасауға болады:

  • мүлік құнындағы меншікті айналым капиталының үлесін жоғарылату қажет және меншікті айналым капиталының өрлеу қарқыны қарыз капиталының өрлеу қарқынынан барынша жоғары болуына қол жеткізу керек;
  • ұйымның қаржылық дербестігін қайта құру мақсатында, қысқа мерзімді қарыз қаражаттарын тартуды қысқарту бойынша шаралар қабылдау қажет;

— негізгі қаражаттарды жаңғыртуға бағытталатын, қаржыландырудың меншікті көздерін арттыру мақсатында, қызмет көрсету тарифін өзгерту бойынша негізделген есептеулермен  және ұсыныстармен табиғи монополияны реттеу бойынша Агенттікке жүгіну.

Осы ұсыныстарды жүзеге асыру «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық жағдайын жақсартуға, меншікті қаржылық мүмкіндіктерін жұмылдыруға және қаржы ағынын тиімді қолдануды жоғарылатуға мүмкіндік береді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Закон Республики Казахстан «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 2000 года № 304-1 (с изменениями и дополнениями, внесенными ЗРК от 18 декабря 2004 года и от 15 января 2005 года.)
  2. Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 24 июня 2004 г. № 329-II
  3. Типовой план счетов бухгалтерского учета. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2004 года, № 438.
  4. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены приказом ДМБУиА МФ РК от 21.05.97, №7
  5. О государственной программе развития и совершенствования бухгалтерского учета и аудита в Республике Казахстан на 2000-2002 годы от 28 января 2000 г., № 3838.
  6. Положение МинФина РК от 27 июля 1994 г. № Ф 10-4/5061 и Минэкономики РК № 01/1374-12 о составе затрат по производству и реализации продукции (работ, услуг), включаемых в себестоимость продукции (работ, услуг) и о порядке формирования финансовых результатов предприятия.
  7. План счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности организаций и инструкция по его применению (buhgalter.kz) (Утвержден приказом Министра Республики Казахстан от 18 сентября 2004г. №438)
  8. Андросов А. М., Викулова Е. В. Бухгалтерский учет. – М.: Андросов, 2001. – 1024 с.
  9. Астахов В. П. Теория бухгалтерского учета – Издательский центр «МарТ», 2002 – 416 с.
  10. Кондраков Н. П. Бухгалтерский учет: учебное пособие. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ИНФРА-М, 2003 – 635 с. – (Серия «Высшее образование»).
  11. Кутер М. И. Теория и принципы бухгалтерского учета: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, Экспертное бюро, 2002.
  12. Стандарты бухгалтерского учета и методические рекомендации. — Алматы, 2004 год.
  13. Аудит. Учебник для Вузов. Под ред. Проф. В.И. Подольского –М: Аудит, ЮНИТИ, 1999 год.
  14. Балабанов И.Т. «Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта»: Учебное пособие. – Финансы и статистика, 2001.
  15. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами. – Алматы, Экономика, 2002 год. – стр. 125
  16. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Гылым, 2004 г.
  17. Камышанов П.И. Практическое пособие по аудиту- М: «Инфра-М», 2000-382 стр.
  18. Качалин В.В. «Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами GAAP»- М: Дело, 2000 год.
  19. Крейнина М.Н. «Финансовое состояние предприятия. Методы оценки» — М.: ИКЦ «Дис»,1999.
  20. Никитин В.Н. “Отчет о движении денежных средств”,2000г.,“БИКО”, стр.2-3.
  21. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. – «Центраудит-Казахстан», Алматы, 2004 г.
  22. Хендриксен Е.С., Ван Бреда М.Ф. Теория бухгалтерского учета: пер. с англ.- под редакцией Я.В. Соколова. – М.: Финансы и Статистика, 1999 г.
  23. “Библиотека бухгалтера и предпринимателя” №7, 2000 г.
  24. «Бухгалтерский учет и аудит» 13 параграф МСА 120 «Концептуальная основа международных стандартов аудита», , 1.01.2003 г., Стр. 20.
  25. «Бухгалтерский учет и аудит», Отчет о движении денежных средств- важная форма финансовой отчетности (автор Абишева Ж.А.), № 5, 2001 г., стр. 17.
  26. «Бухгалтерский учет и аудит», Бухгалтерский баланс, как инструмент анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия. (авторы: Умаркулова Т.П., Миржакыпова С.Т.) № 5, 2002 г., стр.24.
  27. «Бюллетень бухгалтера», Алматы, №1-7, 2005 г.
  28. Международный Центр по рыночной экономике “Арман” в сотрудничестве и при поддержке КИМЭП. Семинар. Оценка имущества предприятия. Раздел “Финансовая отчетность компании”. , Алматы, 2002 год.
  29. «Налогоплательщик», Концептуальные основы подготовки и представления финансовой отчетности, 8/2002/ август­ Ержанов М.С., Даулетбаков Г
  30. «Налогоплательщик», Аудиторский отчет , 11/2001/ноябрь- Ержанов М.С.
  31. «Налогоплательщик», Требования к публичной отчетности, 8/2002/август- Искендирова Б.К.
  32. «Налогоплательщик», Концептуальные основы подготовки и предоставления финансовой отчетности, 8/2002/ август — Ержанов М.С., Даулетбаков Г.
  33. ФиБ/ Информационный бюллетень МФ РК, 4/2004 ­ Бух. учет и отчетность­ стр. 49
  34. Дюсембаев К.Ш.,  Егембердиева А.К., Дюсембаева  З.К. Аудит  и  анализ  финансовой  отчетности.  Алматы, Экономика, 2000 г.
  35. Дюсембаев К.Ш., Теория  аудита.  Алматы, Экономика, 2000 г.
  36. Грачев А.В., Анализ  и  управление финансовой устойчивостью  предприятия. Москва, Изд. Финпресс, 2005 г.
  37. Ефимова О.В.,  Финансовый анализ.  Москва. Изд.Бухучет, 2005г.
  38. Ковалев В.В., Финансовый анализ, методы и процедуры. Москва, Финансы и статистика 2005 г.
  39. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ. М.: ДИС, 1999.
  40. Донцова Л.В., Никифорова Н.А. Годовая и квартальная бухгалтерская отчетность. М.: “Дело и Сервис”, 2003.
  41. Ковалев В.В., Патров В.В. Как читать баланс. М.: “Финансы и статистика”,2000.
  42. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Мн.: ООО “Новое знание”, 2003.
  43. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятий. М.: ИНФРА-М, 2003.
  44. Нитецкий В.В., Гаврило А.А. Финансовый анализ в аудите. Москва. Дело, 2005 г.
  45. Бараненкова С.А. Управленческий анализ. Москва. Финансы и статистика, 2005 г.
  46. Абрютина М.С. Финансовый анализ коммерческой деятельности. Москва. Финпресс. 2005 г.
  47. Бернстайн Л.А. Анализ финансовой отчетности. Москва. Финансы и статистика. 1996 г.
  48. Яцюк Н.А., Халевинская Е.Д. Оценка финансовых результатов деятельности предприятия// Аудит и финансовый анализ. 2004г. №1 стр.80.
  49. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы. ЦентрАудит Казахстан,2004 г.
  50. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии, 2003 г.

[1] Àðåíñ Ý.À., Ëîááåê Äæ. Ê. Àóäèò: ïåð. ñ àíãë.,- Ì.: Ôèíàíñû è ñòàòèñòèêà, 2001 ã.

7 Ìåëüíèêîâ Â.Ä., Ëè Â.Ä. Îáùèé êóðñ ôèíàíñîâ. Àëìàòû: «Èíñòèòóò ðàçâèòèÿ Êàçàõñòàíà», 2004 ã.

22 Майданчик Б.И., Грязнова А. Г. «Методы экономического анализа и обоснования хозяйственных решений». — М.: «Финансы и статистика», 1991 г.

15 Мерсер Д. ИБМ. Управление в самой преуспеваю­щей корпорации / Пер, с англ. — М.: Прогресс, 1991.

19 Ãðà÷åâ À.Â.,  Àíàëèç  è  óïðàâëåíèå ôèíàíñîâîé óñòîé÷èâîñòüþ  ïðåäïðèÿòèÿ. Ìîñêâà, Èçä. Ôèíïðåññ, 2004 ã.

7 Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Алматы: «Институт развития Казахстана», 2004 г.