МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………
1 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…………………………………………………………
1.1 Иивестициялардың әлеуметтік-экономикалық мәні……………..……
1.2 Шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудің шетелдік іс-тәжірибесі……
2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒА БЕРУ………………………………….
2.1 Шетел инвестициясын тартудың нысандары және олардың тиімділігі…….
2.2 Шетел инвестициясын пайдалануды талдау……………………………………..
3 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ…………………………………………………………………………………………..
3.1 Шетел инвестициясын реттеу механизміне методологиялық тұрғыдан қарау……
3.2 Шетел инвестициялары және ұлттық экономикалық қауіпсіздік…………….
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..
КІРІСПЕ
«Қазақстан 2030» атты ұзақ мерзімді стратегияда еліміздің басты басымдықтарының бірі болып шетел инвестициясы және ішкі жинақтар көмегімен экономикалық өсудің тұрақты және әрдайым дамып отыруына қол жеткізу болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық өсуді инвестициялардың жоғарғы активтілігі мәтінімен алмастыруға болады.
Инвестициялық активтілік және экономикалық өсу көптеген мемлекеттерде шетел капиталымен қамтамасыз етіліп, әрдайым нығайтыла түседі. Экономикасы ашық нарықтық негізде құрылған мемлекеттерде халықаралық капитал қозғалысы шаруашылық өмірдің интеграциясының нығаюына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне ықпал етеді. Шетел капиталын құю, онымен қоса шетелдік технологияны, басқару тәсілін, жаңа нарықтарға есік ашу өтпелі кезеңдегі кез-келген мемлекетке экономикасын қайта құру үшін өмірлік қажеттілік болып есептелінеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан экономикасына тән сипат өндірістегі негізгі қорлардың тез тозуы. Негізінен өндіріс потенциалының біртіндеп құлдырауы өмірлік мәні бар салаларға күрделі қаржының бірден тыйылуы себеп болған. Қалған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде олардың құнын жасанды түрде азайту жекешелендіру процесіндегі олқылықтарға әкеп соқты. Жекешелендіру процесінде спекулятивті қатынастардың және коррупцияның орын алуы құрылымдық қайта құруға еркін келетін нарықтық капитал ағымын шектеді.
Отандық кәсіпкерлер тек жаңадан пайда болып жатыр, сондықтан оларда экономиканың дамуына құятын қажетті қаржы қорлары жетіспейді. Мемлекеттеде өндірісті несиелеуге қажетті өзіндік несиелік ресурстар жеткіліксіз. Басқа мемлекеттерден келетін қарыздарға бағдарлану, оның да өзіндік қиындықтары бар, біріншіден, сөз тек байлаулы несиелер жайында, екіншіден, ондай қаражаттарды мемлекет кепілдігіне алу тиімсіз, үшіншіден, басқадай дамушы мемлекеттер жағдайына түсіп қалуымыз мүмкін, яғни дұрыс ойластырылмаған несие саясатының нәтижесінде басқа дамыған мемлекеттерге экономикалық және саяси жағынан толық тәуелділікке түсіп қалулары. Ондай дамушы мемлекеттер ұлттық табысының көп бөлігін несиенің пайыздық төлемін төлеуге жұмсайды, дегенмен де олардың қарыздары уақыт өткен сайын ұлғаюда. Соңында экономикалық артта қалушылық ұлғайып, әлеуметтік жағдай қиындай түседі.
Дағдарыс жағдайынан шығу үшін елде негізгі салалардағы өндіргіш күштерді дамытып және оларды қазіргі заманғы талаптар деңгейіне көтеру, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табу, ұлттық валютаны тұрақтандыру, бюджет көлемін өсіру және соның есебінен әлеуметтік және экономикалық қиындықтарды шешу қажет.
Осындай көптеген шешілмеген шараларды шешу үшін Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестициясын тоқтаусыз түрде тарту қажет. Ол үшін оларға жағдай жасалу қажет, яғни шетел инвестициясымен қоса жаңа технологияларымен және ұзақ мерзімге келулері керек. Тек осындай әдіс арқылы шетел инвестициясы көмегімен негізгі өндіріс қорларын жаңартып алуға және өндірісті жаңа ғылыми-техникалық деңгейге көтеруге болады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шетел инвестициясын тартумен байланысты сұрақтар батыстың экономикалық әдебиеттерінде кеңінен айтылады. Экономикалық өсудің және инвестицияларды тартудың қиындықтары мен алғы шарттары теориялық-методологиялық негізде келесідей ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді: Дж.М.Кейнс, А.Маршалл, П.Самуэльсон, Л.Абалкин, Я.Квашин, Д.Палтеров және т.б.
Өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың басымдықтарын айқындау, шетел инвестицияларын тарту сұрақтарын зерттеумен О.Б.Баймұратов, Ж.О.Ихданов, М.Б.Кенжегузин, А.К.Қошанов, Н.Қ.Мамыров, Қ.О.Оқаев, К.А.Сағадиев, П.С.Пасеченко, Н.Н.Хамитов, Б.П.Чумаченко, А.Д.Шелекбай сияқты Қазақстанның экономист ғалымдары айналысуда.
79айда осы көп қатпарлы мәселенің бірқатар сұрақтары өз шешімін таппады. Қазіргі кезде біздің мемлекетте, шетел инвестициясын тарту және оны пайдалану сұрақтары әлі де тереңірек зерттеуді қажет етіп отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып республикаға шетел инвестициясын тартудың және оларды тиімді пайдаланудың проблемаларын ашу және оларды шешу жолдарын қарастыру.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесідей жұмыстарды шешу қажет:
- инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық мағынасына экономикалық әдебиеттерде кездесетін көз-қарастар бойынша анықтама беру;
- экономикасы дамыған елдердегі инвестициялық процесстерді реттеудің іс-тәжірибесін қарастыру;
- елімізге шетел инвестициясын тартудағы және оны пайдаланудағы ең тиімді нысандарды айқындау;
- шетел инвестициясы есебінен инвестициялық жобаларды тиімді қаржыландыру механизмін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негіздері болып отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың шетел инвестициясын тарту және оны тиімді пайдаланумен байланысты еңбектері пайдаланылды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламентінің заңнамалары мен нормативтік актілері, Министрлер кабинетінің қаулылары, ведомстволардың материалдары, отандық және шетелдік әдістемелік-анықтамалық мәліметтер, республикалық және шетелдік статистикалық органдардың ресми ақпараттары тартылды.
1 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық мәні
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде инвестиция термині әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір авторлар инвестиция мен капитал салу арасында ешбір айырмашылық көрмесе, енді біреулері инвестиция деп кез-келген салуды түсінеді.
Өз заманында Дж.М.Кейнс инвестицияға классикалық анықтама берген. Оның пайымдауы бойынша, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кірістерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгілі-бір бөлігі жеке және инвестициялық тұтыну қажеттіліктеріне жұмсалады да, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемін ұлғайту арқылы кіріс көлемін ұлғайтуға инвестициялардың өсуі ықпал етеді.[1] Қазіргі заманғы шарттарды ескере отырып анықтама берген Пол Хейн, оның жазуы бойынша: “Инвестициялау – болашақта табыс алу үшін алдын-ала белгілі-бір затты сатып алу керек. Осыдан, фирма станоктар сатып алған кезде инвестициялайды, дәл осылай сізде акциялар сатып алған сәтте инвестор боласыз”[2].
Көптеген анықтамаларда инвестицияларды ақшалай салымдарға теңестіреді. Мұндай түсінікпен менімше келісуге болмайды. Себебі, капиталды инвестициялау тек ақшалай түрде ғана емес, сонымен қатар басқа да нысандарда қозғалатын және қозғалмайтын мүлік түрінде, әр түрлі қаржы құралдары түрінде (бағалы қағаздар түрінде бірінші кезекте), материалды емес активтер түрінде, лицензия түрінде, ноу-хау және т.б.
Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымының кез-келген түрі деп есептейді. Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П.Журавлева, И.Ю.Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді [3]. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары және тағы да басқа факторлар есепке алынады.
Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тән “күрделі қаржы” ұғымын, санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтері бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуі жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерінің қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерінің рөлі мен мағынасының күшеюі ғылыми-техникалық және әлеуметтік салаларды қаржыландырудың, еліміздің материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендігін танытып мойындатуға ықпалды әсерін тигізді.
Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициясы туралы” заңында “инвестиция” ұғымына жаңа анықтама беру арқылы, оны күрделі қаржыдан бөліп тастауға тырысқан. Онда : “Инвестиция деп- пайда (табыс) табу мақсатымен барлық мүліктік құндылықтар мен оған құқықтарды, және де интелектуалды меншік құқығын инвестормен кәсіпкерлік қызметке салуы” [4]. Алайда бұл анықтама дәл айтылмаған. Сонымен қатар, бұл түсініктеме тек кәсіпкерлік қызметке құйылатын және коммерциялық пайда әкелетін инвестициялар жайында айтылған. Бұған қоса, шетелдік практика және теорияда инвестициялардың тиімділігін анықтаған кезде тек коммерциялық нәтиже ғана емес, экономикалық жағы да ескеріледі. Яғни, қоғам мақсаттары, қоғамдық материалды емес құндылықтар (мысалға, денсаулық сақтауға, білім беруге, кадрлар біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау, экологияны жақсарту, өмір сүру сапасын көтеруге кететін экономикалық шығындары). Осыдан Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициясы туралы” заңындағы инвестицияға берген түсініктеме толық емес деп айтуға болады. Өйткені, онда инвестициялардың барлық түрлері қарастырылмаған.
Менің ойымша, күрделі салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі анағұрлым ауқымырақ, себебі күрделі қаржы тек негізгі капиталды қайта құруға жұмсалса, инвестиция материалды активтерге, портфельді инвестиция және материалды емес активтерге инвестиция түрінде болуы мүмкін. Инвестициялау процесін келесі сызба түрінде көрсетуге болады (сурет 1).
Инвестициялаудың соңғы нәтижесі материалды байлықты құру және көбейте түсу, сонымен қатар қоғамдық жағдайды жақсарта түсу болғандықтан, “инвестиция” түсінігі кең ауқымда айтылуы қажет: инвестициялау процесі — бұл инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және материалды емес қоғамдық құндылықтарға трансформациялану процесі. Өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық дамуы, нарықтық экономикаға өту жоспарлы экономикаға тиесілі күрделі салымды инвестициямен алмастыру қажеттілігін туындатты. Сондықтан, күрделі қаржы инвестицияның негізгі капиталға салынатын бір бөлігі ғана болып қалып отыр.
Әртүрлі инвестициялардың қозғалысында айырмашылықтар болуы мүмкін. Сондықтан оларды айыра білу шарт:
- нақты инвестициялар, яғни тікелей салынатын;
- портфельді инвестициялар, яғни қаржы құралдары арқылы салынатын.
Аталған екі инвестициядан басқа интеллектуалды инвестицияларды айтуға болады, яғни патенттерді, лицензияларды, ноу-хау сатып алу, персоналды дайындау және қайта дайындау.
Инвестициялардың типтері |
Материалды активтерге инвестиция |
Қаржылық активтерге инвестиция |
Материалды емес активтерге инвестиция |
|||
Инвестициялау объектілері |
Негізгі өндірістік, өндірістік емес және материалды қорлар |
Акциялар, мемелекеттік және корпоративтік облигациялар, басқа да бағалы қағаздар |
Патенттер, лицензиялар, сауда белгілері, ғылыми техникалық өнім және т.б. |
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. |
||
Пайдалану салалары |
Экономиканың нақты секторы |
Қаржы-банк секторы |
Инновациялық сектор |
Әлеуметтік сфера |
||
Пайдалану мақсаты |
Жаңа материалды активтерді құру |
Шығып қалып отырған материалды активтердің орнын толтыру |
Материалды активтерді модернизациялау және тиімділігін арттыру |
Бос ақша қаражаттары- ның инвестицияға трансформациялануы |
Материалды активтердің ғылыми техникалық, сапалық және бәсекелестік деңгейлерін көтеру |
өмір сүру, жалпы білімділік, ұлттық денсаулық, қоршаған ортаның сапалық және т.б. деңгейлерін көтеру |
Инвестициялаудың негізгі мақсаты |
Материалдық байлықты және материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарды көбейте түсу |
|||||
Кесте 1. Инвестициялаудың сызбанұсқасы
*ШереметВ.В.«Управлениеинвестициями».М.1998
Енді портфельді және тікелей (нақты) инвестицияларды салыстырып көрсек:
- Нақты инвестициялар экономикаға капитал салымының тікелей және ұзақ мерзімді болуына әсер етеді (құрылыста және шаруашылық обьектілерді ұйымдастыру кезіндегі жарналық қатысулары, оларды тиімді пайдалану мақсатымен біртіндеп немесе толығымен сатып алу және т.б.). Ал портфельдік инвестициялар тек уақытша және спекулятивті мінезде болады;
- Нақты инвестициялар тек салынған капиталдан табыс таппай және де сол фирманы дұрыс басқарудан келетін табысқа тырысады. Портфельді инвестициялар салынған капиталдан тұрақты табыс тауып отырса, және мүмкіндігінше акциялар бағамының өсуіне үміт етеді;
- Нақты инвестициялар жоғары рентабельді болып саналады, себебі уақыт өткен сайын алынған пайданы кәсіпорынға қайтадан инвестициялауға немесе шетелге шығаруға мүмкіндік береді;
- Нақты инвестициялар портфельдікке қарағанда жұмыспен қамтылуға, ішкі нарыққа көп мөлшерде әсер етеді;
- Нақты инвестициялар мемлекеттің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына және ұлттық бәсекелестікке әсер етеді;
- Шетелдік фирмалардың мемлекеттегі позициясын бекітуге әсерін тигізеді [5].
Инвестициялардың мақсатты бағытына және пайдалану сферасына
байланысты 3 типін бөліп көрсетуге болады:
- Материалды активтерге инвестициялар, яғни капиталдың ғимараттарға, қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын кез-келген машиналар мен құрылғыларға және материалды запастарға салынуы;
- Қаржылық активтерге инвестициялар, яғни қаражаттың бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалынуы;
- Материалды емес активтерге инвестиция, яғни қаражаттың патенттер, лицензиялар сатып алуға, ғылыми-техникалық жаңалықтар жасауға, персоналдың біліктілігін арттыруға, денсаулық сақтауды жақсартуға және т.б. салынуы.
Инвестиция типтерінің барлығы дерлік мемлекеттің шаруашылығының дамуына өз үлестерін тигізеді,оларды атқаратын рөльдеріне қарай:
- Жиынтық инвестициялар;
- Таза инвестициялар, яғни негізгі капиталдың өсуіне бағытталған;
- Шығындарды жабатын инвестициялар деп бөлуге болады.
Жиынтық инвестициялар жаңа құрылысқа, өндіріске қажетті құралдарды алуға және тауарлы-материалды қордың өсуіне бағытталады.
Ал, таза инвестициялар, белгілі-бір мерзімдегі жиынтық инвестициялардан амортизациялық аударымдарды алып тастағандағы соммаға тең. Таза инвестициялар көрсеткішінің динамикасы мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейін көрсетеді. Егер де таза инвестициялар соммасы теріс мәнге ие болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдардан аз болса), онда ол өндіріс потенциалының төмендегенін көрсетеді, соның салдарынан өндірілетін өнім көлемі азаяды. Мұндай жағдайдағы мемлекетті “өз капиталын азайтушы” деп атауға болады. Егер, таза инвестициялар соммасы нольге тең болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдарға тең болса), онда ол экономикалық өсудің жоқ екндігін көрсетеді.
Ал егер таза инвестициялар соммасы оң мәнге ие болса, онда ол экономиканың даму сатысында екенін көрсетеді. Таза инвестициялар көлемінің өсуі табыстардың өсуіне әкеледі. Және де бұл жағдайда табыстардың соммасының көлемінің өсу қарқыны таза инвестициялар соммасы көлемінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болып келеді.
Барлық қарастырылған типтерді топтастырып келесідей жіктелінім түрінде көрсетуге болады (сурет 2). Жоғарыда келтірілген түсініктер теориядағы келесідей тәуелділікке әкеледі: инвестициялар — жиынтық ішкі өнім — ұлттық табыс. Егер де таза инвестицияларды өндірістің ұлғаюына бағытталады десек, онда олар ЖІӨ-нің өсуіне әкеледі, яғни оның мультипликативті өсуіне серпіліс береді. Экономикалық теорияда мұндай құбылыс мультипликатор деген атпен белгілі [6].
пппп
Сызба 1.Ивестициялардың жіктелінімі
*Фишер С.,Дорнбуш Р.,Шмалензи Р.«Инвестиции»
Мультипликативті нәтиженің мәні инвестициялық шығындардың өндіріс көлеміне әсерін ұлғайту болып табылады. Қосымша инвестициялау өндірістің және табыстың өсуін көтере келе жинақ ақшаның өсуіне алып келеді. Осылайша, мультипликатордың концепциясы, тек инвестиция қозғалысы мен өндіріс көлемінің өсуі арасындағы байланыстылықты білдіріп қоймай, сонымен қатар олардың экономикалық өсудің деңгейін білдіретін факторлар екендігін, ол өз алдына ЖІӨ-нің деңгейін білдіретіндігін айтуға болады.
Инвестициялық қызметті активтендіруде тікелей шетел инвестициясы үлкен рөл атқаруы мүмкін. Оларды әлемдік практикада сырттан капитал салымы деп түсінеді, және де инвестордың кәсіпорынды толық бақылауда ұстау мүмкіндігі туады.
Әлемдік тәжірибеде қабылданған анықтамаларға сәйкес, компаниямен басқа мемлекеттегі компанияның 10 немесе одан да көп дауыс беруге ие акцияларды сатып алуына кеткен қаражатты тікелей шетел инвестициясы деп айтуға болады. “Нақты шетел инвестициясы инвестордың бөгде экономикада жұмыс істейтін кәсіпорынға капитал салымы және оны басқарудағы шешуші дауысқа ие болуы” [7].
Нақты шетел инвестициясы жаңа құбылыс болмағандықтан (АҚШ-да олардың тарихы 19 ғасырдан басталады), көңіл бөлетін жайт, олардың қозғалысындағы өзгерістер. Бұл ретте көзге бірден түсетіні соңғы он жылдардағы мұндай өзгерістердің бүкіл дүниежүзіндегі абсолютті өсуі. Егер де 80-ші жылдарға дейін нақты шетел инвестициясының жылдық өсімі 1,3-1,6 % құраса, одан кейінгі жылдары ол 20 % өсіп, дүниежүзілік сауданың даму ырғағынан 5 есеге асып түсті. Нақты шетел инвестициясының 2000-2005 ж.ж. динамикасы 1 кестеде көрсетілген
Дүниежүзілік шетел инвестициясының 2001-ші жылғы ағымы, олардың кейінгі дамуымен сипатталады. Шетел инвестициясының негізгі ағымы дамыған елдерге тиесілі. 2001-ші жылы олармен әлемдік ағымның 58 % тартылған немесе 233,1 млрд. $. Олардың ішіндегі көп бөлігі АҚШ-қа (90,8 млрд.долл.), Ұлыбританияға (36,9 млрд. долл.), Францияға (18,3 млрд.долл.), Бельгия және Люксембургқа (12,5 млрд,долл.) тартылған.
Кесте 2
Нақты шетел инвестициясының қозғалысы (млрд.долл.)*
|
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
НШИ-ның жалпы экспорттық көлемі |
53,7 |
86,0 |
131,0 |
154,0 |
189,3 |
202,8 |
АҚШ |
13,2 |
18,7 |
31,0 |
16,2 |
31,7 |
36,4 |
Жапония |
6,5 |
14,5 |
19,5 |
34,2 |
44,1 |
48,0 |
ЕЭО |
23,1 |
40,6 |
62,4 |
76,0 |
89,1 |
96,0 |
Франция |
2,3 |
5,3 |
8,8 |
12,7 |
18,1 |
26,6 |
Германия |
4,9 |
10,0 |
9,1 |
11,4 |
14,2 |
22,5 |
Ұлыбритания |
10,7 |
17,2 |
31,4 |
37,3 |
35,6 |
17,5 |
НШИ-ның жалпы импорттық көлемі |
33,4 |
58,7 |
92,0 |
120,5 |
155,0 |
114,0 |
АҚШ |
19,0 |
34,1 |
46,9 |
58,4 |
72,2 |
25,9 |
Жапония |
0,6 |
0,2 |
1,2 |
0,5 |
1,1 |
1,8 |
ЕЭО |
12,2 |
17,1 |
34,0 |
49,5 |
69,8 |
72,2 |
Франция |
2,2 |
2,8 |
4,7 |
7,2 |
9,7 |
8,1 |
Германия |
0,5 |
1,1 |
1,9 |
1,0 |
6,8 |
1,5 |
Ұлыбритания |
4,7 |
7,3 |
14,1 |
18,3 |
28,8 |
31,6 |
*Bank for international settlements мәліметтері бойынша құрастырылған.
Инвесторлардың дамушы елдерге деген сенімсіздігінің өсуіне қарамастан, ондай елдерге Қазақстанда кіреді, олар дүниежүзілік шетел инвестициясы ағымында өз орындарын ешкімге бермейді. Мысалға, дамушы елдердің шетел инвестициясын қабылдауы 1993 ж. 17 % болса, 2005 ж. 52 % дейін өсті.Азиялық мемлекеттер арасында Қазақстан оныншы орынды иеленген [8]. Мұндай шетел инвестициясы ағымының өсуін капиталды экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттер санының өсуімен түсіндіруге болады. Яғни, тұрақты инвесторлар қатарына (АҚШ, Жапония,Германия ) жаңадан қосылған мемлекеттер бар, Азияда: Оңт.Корея, Қытай, Тайван. Мысалға, кореялық фирмалардың инвестициясы 1988 ж. 75 млн.долл. болса, бұл көрсеткіш 2003ж. 412 млн.долл.,2005ж. 610 млн.долл. дейін өскен [9].
Қазақстанның шетел инвестицияларына мойын бұруы, оның стратегиялық және өтпелі кезеңдегі ағымдағы міндеттерді шешуі үшін қажет. Олардың ішіндегі негізгілері мыналар болып табылады:
- Ұлттық экономиканы қайта құрылымдау;
- Аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуындағы диспропорцияларды жою;
- Мемлекеттің экспорттық потенциялын нығайту;
- Импорт алмастыру өндірісін дамыту;
- Экономикадағы бәсекелестікті дамыту;
- Нарықтық инфрақұрылымды дамыту;
- Шетелдік технологияларды, ноу-хау және басқарудағы іс-тәжірибені тарту және т. б.
Қазіргі таңда шетел инвестициясын тарту процесін, Қазақстан Республикасындағы және басқа да мемлекеттердегі экономисттер зерттеумен айналысуда. Осы уақытқа дейін жинақталған мәліметтерден шетел инвестициясының басқадай қаржылық келісімдерден келесідей артықшылықтарының бар екенін көруге болады. Біріншіден, олар жергілікті халыққа қажетті тауарлар мен қызметтер өндірісін қаржыландыруға қосымша капитал көзі болып келеді. Және де білімнің, іс-тәжірибенің, технологияның, ноу-хаудың, басқару және маркетингтің алмасуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, шетелдік қарыздар мен несиелерден айырмашылығы, олар сыртқы қарызға ауыр ауыртпашылық болып жатпайды, тіпті керісінше оны жабуда өз септігін тигізеді. Үшіншіден, олар жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне, жұмыс күшінің, инженерлік және басқарушылық кадрлерінің біліктілігінің артуына әсер етеді. Төртіншіден, экспортты өнімнің сапасының жақсаруына және оның әлемдік нарыққа шығуына көмектеседі. Елге валюталық кірістің деңгейі өседі. Бесіншіден, отандық экономика мен әлемдік шаруашылықтың арасы өндірістің және ғылыми-техникалық интеграцияның арқасында нығая түседі. Алтыншыдан, бәсекелі нарықтық ортаның пайда болуына және монополизммен күресте өз әсерін тигізеді. Менің ойымша, нақты шетел инвестициялары сыртқы қарызды көбейтетін шетелдік несиелерді болашақта нарықтық қатынастардан ығыстырады.
Нақты шетел инвестициясы халықаралық инвестициялық қызметте инвесторды қабылдаушы мемлекет экономикасына сыртқы қарыздарға қарағанда көп пайдасы бар. Қазақстан экономикасының нарықтық және құрылымдық қайта құрулары кезінде нақты шетел инвестициясы қажетті шетел капиталының ең тиімді формасы болып табылады. Себебі олар тек өндіріске салынатын капитал көзі ғана емес, сонымен қатар технологиялардың, ноу-хау, басқару әдістерінің алмасуына және де отандық экономиканың әлемдік шаруашылыққа енуіне әсер етеді.
Нақты шетел инвестициясының шетелдік несиелермен салыстырғандағы тағы да біраз артықшылықтары бар. Шетел инвестициясын тарту ішкі нарықтағы монополиямен күресте және бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. Олардың көмегімен мемлекеттегі өндіргіш күштердің қуаттылығын және тиімділігін көтеруге болады. Нақты шетел инвестициясын дұрыс пайдаланған жағдайда, ол экспорттың диверсификациялануына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, шетелдік несиемен салыстырғанда сыртқы қарызды көбейтпейді, валютаның сыртқа кетуіне кері әсер етеді [10].
Нақты шетел инвестициясының өсімі бір-бірімен байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, нарықтардың қызмет етуі, бәсекелестік және монополияға қарсы саясатты атқарғанда. Ол үшін мемлекеттік реттеуді дұрыс сараптап, оны жүзеге асыру қажет. Мұнда трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) әлемдік, мемлекеттік және аймақтық экономикадағы рөлі өте зор. Эксперттердің бағалауы бойынша, 2002 ж. нақты шетел инвестициясының көлемі 3,7 трлн. долл. құраса, ТҰК – дың қаржылық жағдайы 9,3 трлн. долл. болған. Осыдан инвестицияны қабылдаушы мемлекет отандық экономикаға тиімді болатындай етіп инвестициялық режимнің стандарттарын жасап және оларды жүзеге асыру қажет.
Нақты шетел инвестициясының негізгі мақсаты — экономикалық өсудің жоғарылауы және халықтың әл-ауқатының көтерілуі болып табылады. Табыс тек қана келген капиталдан, жаңа технологиялардан, ноу-хау және т.б. емес, сонымен қатар ұлттық нарықтар мен салалардың қызмет ету орталарына немесе жағдайларына да байланысты, әсіресе ТҰК-лар қызмет атқаратын жерлерде. Олардың қызмет ету тиімділігі нарықтарға шығу және одан кету, бәсекелестік дәрежесінің мүмкіндіктерімен байланысты. Кедергі келтіретін бағаналарды жою ТҰК-дың ұлттық нарықтарға енуіне және ондағы бәсекелестікті көтере түсуге жол береді. ТҰК-лардың филиалдарының өндірістік тиімділігі жоғары екенін білеміз, алайда оның қабылдаушы мемлекет экономикасына қаншалықты әсер ететіндігі ондағы нарықтардың тиімді жұмыс істеуімен және бәсекелестіктің болуымен де байланысты [11]. Егер де шетелдік филиалдар арасында, және де отандық компаниялар арасында бәсекелестік жеткілікті түрде болмаса, онда тұтынушылар алатын артықшылықтарынан айырылып қалулары мүмкін, яғни төмен бағадан, өнім сапасының жақсаруынан және ассортиментінің өсуінен, нарықта жаңа тауарлардың пайда болуынан.
Шетел инвестициясының рөлі өндірістің материалдық және материалдық емес факторларымен шектелмейді. Халықаралық инвестициялаудың төрт функциясын бөліп көрсетуге болады: өндірістің материалды факторларына ену мүмкіншілігін қамтамасыз ету; өткізу нарығына енуді қамтамасыз ету; халықаралық өндірісті ұйымдастыру; макро және микро деңгейде ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық жүйелерге адаптациялануы. Тек осындай шетел инвестициясының көп функционалдығын пайдалана отырып, оны экономиканың құрылымдық қайта құруының негізгі факторларына айналдыруға болады.
Қытайдың іс-тәжірибесін мысалға келтірсек. Шетел инвестициясын тарту көлемі бойынша Қытайдың тек АҚШ-қа ғана жол беретіндігі мәлім. Мұнда шетел инвестициясының көп бөлігі еңбекті қажет ететін шаруашылықтарға келеді (электроника, тігін заттары, аяқ киім және т. б.). Қытай саудасының мәні, қайта өңдеуге қажетті тауарларды импорттау және дайын болған өнімді экспорттау. Осындай атқарылатын операциялардың тең жарымы ТҰҚ-ға тиесілі, яғни Қытай импортының 55 %-і. Осылайша, бір жағынан, шетелдік филиалдар және біріккен кәсіпорындар сыртқы саудадағы негізгі күш, және ҚХР-нің экспортынан валюталық түсімдердің негізгі көзі болып отырса,екінші жағынан, Қытай экономикасының модернизациялануында елеулі рөлдерге ие болып отыр [12].
Нақты шетел инвестициясын талдау объектісі ретінде пайдалануым келесідей жағдайлармен байланысты:
- Нақты шетел инвестициясы инвестициялық ағымның үлкен бөлігін алып жатыр. Ол шетелдік капитал салымының 1/3 бөлігін қамтып отыр.
- Нақты шетел инвестициясының кешенділігі. Расында да ол тек қаржы ағымы ғана емес, сонымен қатар басқадай ресурстардың, технологиялардың, менеджмент және маркетингтің келуіне септігін тигізеді. Мұндай жағдайдағы экономикалық қатынастар жүйесі көп аспектілі және ұзақ мерзімді сипатта болады.
Жүргізілген талдаудан байқағанымыздай, Қазақстан экономикасында нақты шетел инвестицияларына басымдықты берген дұрыс. Нарықтық экономиканы жұмыс істеткізе алатындай кәсіпорындар құру қажет [13].
1993 ж. бастап Қазақстанға қарыз, несиелер түрінде және де біріккен кәсіпорындардың жарғылық қорына ұзақ мерзімді салымдар ретінде капитал ағымы келе бастады. Сонымен бірге тартылған шетел инвестициясының көлемі ғана өспей, олардың құрылымы да сапалы түрде жақсарды. Егер де 1999-2001 ж.ж. аралығында келген инвестицияның жарымынан астамын халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары құраса, 2005 ж. нақты шетел инвестициясының жалпы келген инвестициялар көлеміндегі үлесі 85,8 % құрады (кесте 4).
Кесте 3
Қазақстандағы шетел инвестициясының көлемі және құрылымы (млн.долл.)*
Годы |
|
Қарыздар |
Несиелер |
Тікелей инвестициялар |
Барлығы |
2000-2003 |
Абсолютті |
1890,1 |
1250,1 |
2633,4 |
5775,6 |
% |
32,7 |
21,6 |
45,7 |
100 |
|
2004 |
Абсолютті |
303,4 |
528,1 |
1417,3 |
2248,8 |
% |
13,5 |
23,8 |
63,0 |
100 |
|
2005 |
Абсолютті |
850,2 |
279,2 |
3182,5 |
4312,6 |
% |
19,7 |
6,5 |
73,8 |
100 |
*Қазақстанның инвестициялық мүмкіншілігі. Алматы 2004
Сонымен шетел инвестициясын тартудың жағымды жақтарымен қатар, жағымсыз жақтары да кездеседі. Үкімет инвесторларды тарту мақсатымен, ТҰК-ларға нарықта жұмыс істеуі үшін жеңілдіктер қарастырады. Оларға өнімді өндіруге және сатуға эксклюзивті құқықтар береді. Шетелдік фирмалардың өндіріс қуаттылығы және де үлкен мүмкіншіліктері отандық кәсіпорындарды нарықтан ығыстырады немесе шетелдік компанияларға тәуелді болуына әсер етеді. Сондықтан нарықта шетелдік фирмалардың пайда болуымен пайда болатын бәсекелестікті де бағалау қажет. Отандық тауар өндірушілерді қолдайтын бағдарламалар міндетті түрде болуы керек.
Өнімді немесе пайданы бөлу шартындағы қатысушылық (ӨБШҚ), мүмкінді тәуекелдің инвесторға жүктелуі бойынша қатысушылық (МТИЖ) және концессиялар нақты шетел инвестицияларына тиесілі. Алғашқы екеуі ортақ кәсіпорын түрінде келсе, соңғысы шетелдік кәсіпорын түрінде болады (кесте 4).
Кесте 4
Нақты шетел инвестициясын тартудың параметрлері*
Қатысушылықтың түрі |
Капитал тарту түрі |
Негізгі өндіріс қорларына әсері |
Қабылдаушы жақтың табысының түрі |
Инвестордың үкімет стратегиясына әсер етуі |
Концессия |
НШИ |
Тікелей |
Р+Нп |
100% |
ӨБШҚ |
НШИ |
Тікелей |
Дпр/Дп:Р+Пн |
* |
МТИЖ |
НШИ |
Тікелей |
П-Пу |
* |
*Қазақстанның инвестициялық мүмкіншілігі
Шартты белгілері:
Р-роялти; Нп- пайдаға салынатын салық;
П-пайда; Дпр- өнімдегі үлесі;
Дп- пайдадағы үлесі; Пн- табыс салығы;
*- қатысушылық түріне байланысты;
Пу- қызмет үшін төлемдер.
Концессия
Концессия – ұзақ мерзімді жалдың ерекше түрі, яғни мемлекеттің өз территориясындағы белгілі-бір экономикалық қызмет түрін (мысалға, жер қойнауын пайдалану) атқаруға өз құқығын толығымен немесе біртіндеп жергілікті немесе шетелдік заңды тұлғаға беруі. Әдетте концессиялық келісімдер, көп жағдайда, ірі шикізат корпорацияларымен жасалған, бұл бір жағынан. Екінші жағынан, бір-біріне тәуелді мемлекеттер арасында жасалады. Бұл келісімдер қабылдаушы тарапқа тиімсіз шарттармен бекітілетін. Қазіргі таңда концессиялық келісімдер кейбір елдерде әлі де болса бар, бірақ өзгертілген түрде, яғни капитал тарту моделіне тең.
Табу құқығы қабылдаушы мемлекетке, ал өндіріс құралдары және өндірілген шикізат шетелдік компанияға тиесілі. Концессионер – компания мемлекетке роялти (өнім құнынан 12,5 % кем емес мөлшерде) және табыс салығын төлейді.
Концессиялық келісімдер жер қойнауы толық зерттелмеген, болжамданған ресурстар аумағы қиын жерде орналасқан және экономикалық артта қалған мемлекеттерде қолданылады. Мысалға, мұнай өндіру сферасында 70-80 ж.ж. концессиялық типтегі келісімдер Тропикалық Африкадағы мемлекеттермен көп қолданылған.
Сондықтан концессиялық типтегі келісімдерді, тек зерттеу мекені қиын жердегі және табиғи-климаттық жағдайы ауыр жерлерге қолдану қажет.
Өнімді немесе пайданы өзара бөлу шартындағы келісім (ӨБШҚ)
Бұл қатысушылықтың түрі, келісімдегі жобаны толығымен немесе біртіндеп қаржыландыру және де ағымдағы шығындарды шетелдік инвестордың жабуымен сипатталады. Өнімді немесе пайданы бөлу пропорциясы тараптардың келісілген қатынасында болуы мүмкін. Ол бір жаққа 10%-тен 90%-ке дейін де болуы мүмкін.
Алғашқы кездері қабылданып жүрген келісім шарттарда, шетелдік тараптың роялти және табыс салығын төлеуі қарастырылмаған, себебі мемлекетке тиесілі немесе алынатын пайда өздеріне тиесілі үлесті сату есебінен жабылады деп есептеген. Қазір ол төлемдердің екеуі де алынады.
ӨБШҚ ресурстық жағдайы жақсы, бірақ қаржылық жағдайы нашар мемлекеттер үшін өте тиімді. Бұл келісімде қабылдаушы мемлекет ешқандай тәуекелге бармайды, керісінше дұрыс қойылған салық режимі есебінен түскен пайданың біраз бөлігін алуға мүмкіншілігі бар. Қазақстанның экономикасына шетел инвестициясын тартуға осындай келісім түрі басымырақ.
Мүмкінді тәуекелдің инвесторға жүктелуі бойынша келісім (МТИЖ)
Мұндай келісім пайдалы қазбалар жерін зерттеген кезде кең қолданылады. Басқа түрлерден айырмашылығы сол, инвестор зерттеуге және мекенді құруға кететін шығындарды және осыған байланысты тәуекелді өз мойнына алады. Егер зерттеу соңында қазба байлықтар табылмаса онда келісім тоқтатылады және де кеткен шығындар қайтарылмайды.
Ортақ кәсіпорын (ОК)
Сыртқы экономикалық байланыстың перспективті түрі болып ортақ кәсіпорындар есептеледі. Мұнда міндетті түрде шетелдік фирма және қабылдаушы тараптың болуы шарт.
Ортақ кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық формасы әдетте жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде болады. Тараптардың қосқан жарналары болып ақшалай капитал, ғимараттар, құрылғылар, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, мүліктік құқықтар (патент, ноу-хау және т.б. интелектуалды құндылықтар) болуы мүмкін. Кәсіпорын қызметіне бақылау, пайданы және шығындарды бөлу ортақ бекітіледі.
Аталған барлық шетел инвестициясын тартудың түрлері өмір сүру құқығына ие. Сондықтан кең ауқымды территориялы Қазақстан сияқты мемлекетте аталған нысандар паралелльді түрде қызмет ете алады және ол солай болуға тиіс.
1.2 Шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудің шетелдік іс- тәжірибесі
Кейбір дамыған мемлекеттерде шетелдік инвестициялардың қызметін реттейтін арнайы заңдар және органдар бар. Мысалға, Португалияда “шетелдік инвестициялар кодексі” және арнайы мемлекеттік ұйым – “Португалиялық сауда, туризм және инвестициялар жөніндегі институты” жұмыс істейді.
Көптеген дамыған мемлекеттерде шетелдік компаниялардың қызметін реттейтін арнайы мемлекеттік органдар жоқ. Осылайша, АҚШ-ғы шетел инвестициялары жөніндегі комитеттің ірі шетелдік капитал салымын тексеруге, тіпті оларға рұқсат бермеуге құқығы бар. Алайда осы уақытқа дейін рұқсат берілмеген жағдайлар тіркелмеді. Ал қалған федералды органдар шетел инвестициясына тек статистикалық талдау жасаумен шұғылданады. АҚШ-та волюталық шектеулер де жоқ. Сол себепті АҚШ-ғы шетел компанияларының қызметі ұлттық компанияларды реттейтін заңдармен және органдармен реттеледі.
Құрама Штаттарындағы шетел инвестициясы жөніндегі комитет (Comitte on Foreign Investment in the US) – АҚШ-тың ұлттық қызығушылықтарына әсерін тигізетін ірі көлемді шетелдік капитал салымын қарастыруға құқылы. Қажет болған жағдайда оларға рұқсат бермейді, бірақ осы уақытқа дейін ондай әрекет тіркелмеді.
Ал, шетелден басқарылатын компаниялар үшін келесідей шектеулер бар: мұндай компаниялар мұнай құбырларын және көмір шахталарын сатып алуға құқықтары жоқ; ұқсас шектеулер, яғни басқа мемлекетте қандай шектеулер болса, американдық компанияларға, сол елдің компанияларына да сондай шектеулер; қазба байлықтар өндіруге және қозғалмайтын мүлікті, әсіресе жерді сатып алуға; ондай компанияларға авиациалық және су көлігі қызметтерінде, атомды және электро энергетикада, байланыста, банктік және сақтандыру саласында қызмет атқаруға шектеулер қарастылған.Шетелдік инвестициялар үшін шетелдік кәсіпорынның бөлімшесі ретінде тіркелгені оңай. Ол заңды тұлға емес, оған жарғылық қордың көлемі бойынша шектеулер жоқ, салықты бас компания төлейді, және әрдайымғы міндетті ревизиялар қажет емес.Алайда шетелдік инвестициялар үшін еншілес компания түрінде тіркелгені тиімді болып отыр. Ол заңды тұлға болып табылады, сондықтан корпорациялар туралы заңдағы барлық шарттар ескеріле отырып тіркеледі.1993 жылдан бастап корпорациялар мен басқадай ұйымдардың жақсы жақтарымен құрылған жауапкершілігі шектеулі корпорациялар пайда болды: оларда шектеулі жауапкершілік және де оларға корпорациялық табыс салығы салынбайды (салық қатысушылардың қосқан жарналары бойынша жеке табыс салығы ретінде төленеді).
Сауда министрлігі “Invest in the USA” атты бағдарламасы арқылы шетел инвестцияларына нарықтар жайлы, қаржы жайлы және т.б. мағлұматтар беріп отырады, жергілікті кәсіпкерлермен және жергілікті әкімшілікпен қатынас орнатуға көмек көрсетеді.Басқадай инвестициялық жеңілдіктер штаттық деңгейде беріледі. Олар – салық салу ставкасын төмендету, өндіріс инфрақұрылымына қажетті ғимараттарды тегін салу, амортизациялық ставканы жеңілдету, ғылыми эерттеулерге және жұмыспен қамтуға қарыздар беру. Сонымен бірге, экспорттық бағытта жұмыс істейтін корпорацияларға салық салынатын табыстың 15% шегеруге рұқсат етіледі.АҚШ-та халықаралық аймақтар жұмыс істейді, оларға тіптен шетелдік банктердің бөлімшелері де мүше бола алады. Ол аймақ резидент еместермен операциялар жасауға бағытталған. Шағын бизнестер жөніндегі әкімшілік, орташа шетел фирмаларына үлкен көмек көрсетеді. Яғни тегін мәліметтерден, консультациялардан бөлек жеңілдетілген қарыздар ( 150 мың $ дейін ) және банктен несие алуларына кепілдік береді ( 350 мың $ дейін ).
Шетел инвестицияларына мәліметтік және кеңестік көмек көрсететін бірнеше ұйымдар бар. Оларға: АҚШ сауда Министрлігінің экономикалық талдау бюросы; Шағын бизнес жөніндегі әкімшілік; Штаттар дамуының ұлттық ассоциациялар агенттігі.Шетел инвестициясын реттеуде жапониялық іс-тәжірибе де қызығушылық тудырады. Жапонияда шетел инвестициясын реттейтін арнайы заңдар және органдар жоқ. Жапонияның үкіметтік ұйымдары Жапония экономикасына немесе қандайда бір салаға келтіретін шетел инвестицияларына мүлдем шек қоюларына құқықтары бар. Бірақ рұқсат берілмеген жағдайлар әлі тіркелмеген, тек кеңес берген жағдайлар бар. Жапонияда кейбір өндіріс салаларына инвестицияға тиым салынған: ауыл және орман шаруашылығы, балық аулау, мұнай өндіру индустриясы. Елде мемлекетке тиесілі салалар жоқ, барлығы жекешелендіруді өткерген. Қозғалмайтын мүлікті шетелдік азаматтың сатып алуына тиым салынбайды, бірақ шетелдік азамат сауда қоғамының президенті бола алмайды.
Шетел инвестициясын ынталандару мақсатымен Жапонияның даму банкісі шетелдік кәсіпкерлерге құрылыстық және басқа шығындардың 40% жуығын жабатын жеңілдетілген қарыздар береді. Қарыз 15-25 жылға беріледі.
1993 жылдан бастап жартылай мемлекеттік шетел инвестициясын дамыту корпорациясы жұмыс істейді. Сонымен қатар шетелдік инвесторларға кеңестік және ақпараттық көмек көрсететін Жапонияның сыртқы сауда ұйымы қызмет етеді (ДЖЕТРО).
Европалық одаққа мүше елдердің іс-тәжірибесіне назар аударсақ.Францияда шетел инвестициясына қатысты арнайы заң жоқ. Шетел инвестициясын реттеумен Франция Банкі және экономика, қаржы және бюджет министрлігі айналысады.
Егер компанияда шетелдік капитал 20% астамын құраса, онда ол шетелдік компания болып саналады. Еуропалық одақтың президенттері капитал салымын ешбір шектеусіз жүзеге асыра алады.Францияға келетін барлық шетел инвестициялары алғашында шетел валютасын әкелу есебінен немесе Франциядан қарыз алу есебінен қаржыландырылуы шарт. Компанияны құрып және оны тіркегеннен кейін, шетел инвесторы қаржы саласындағы ұлттық компаниялар пайдаланылатын құқықтарға ие болады.Алынған пайданы басқа жаққа аударған кезде және сырттан қарыз алу кезінде ешқандай шектеулер болмайды. Жалғыз ғана шарт, шетелдік компания жойылған кездегі қалған 10млн франктен астам сомманы басқа жаққа аудару үшін арнайы органдардан рұқсат алу.Мұнда да артта қалған аудандарда қызмет атқаратын компанияларға үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Бұл аудандарға Францияның батыс және оңүстік-батыс, сонымен қатар солтүстік-шығыс территорияларында орналасқан көмір, тігін және металлургия салалары кіреді.Жергілікті әкімшіліктерден тыс, жеңілдіктер берумен елдің экономикалық даму Агенттігі, жаңа кәсіпорындар құру жөніндегі Ұлттық агенттік және де ғылыми зерттеуге көмектесетін Ұлттық агенттік атсалысады.Шетелдік инвестор субсидияларды сол кезде ала-алады, егер инвестициялық жобаға құйылған капитал көлемі 20 млн. франктен асса немесе, егер де Францияда өндірілген тауарларды экспорттаудан түскен пайда 300 млн. франктен асса.Мемлекеттің экономикалық даму Агенттігі шетел инвесторларына көмек ретінде Invest in France Network (IFN) атты кеңестік және ақпараттық кеңселер жүйесін құрды. IFN-ның орталық кеңсесіне экономика, қаржы және бюджет министрлігі; жергілікті сауда-өнеркәсіптік палаталар; жаңа кәсіпорындар құру жөніндегі Ұлттық агенттік кірді. Ұлыбританияда да шетел инвестициясын реттейтін арнайы заң және орган жоқ. Елде тек компаниялар жайлы заң бар, ол қазірдің өзінде даму үстінде. Ұыбританияда валюталық шектеулер жоқ. Инвестициялық жеңілдіктер келесі бағыт бойынша беріледі:
- Капитал салымын құптау, оның ішінде: жалпы ұлттық мағынаға ие жобалар (500 мың.фт. стерлингтен кем емес); ерікті аймақтағы көмек, субсидия түрінде (80 %-ке дейінгі шығындар) және персоналды оқыту; кәсіпкерлерге қаланың ешкімге қажет емес жер учаскелерін және ғимараттарды тегін беру, және ұзақ мерзімді қарыз бен субсидиялар беру. Европалық инвестиция банкінен жеңілдетілген шарттағы қарызды ала-алады (негізгі қорға салынған салымның 50 % дейін);
- Экспортты құптау, яғни Британиялық сыртқы сауда кеңесі мен экспорттық несиелер департаментінің кеңестік және ақпараттық көмегі;
- Жұмыспен қамту және қызметтер жөніндегі комиссияның персоналды оқытуға субсидиялар алуына болады;
- Солтүстік Ирландияның дамуын құптау, онда кәсіпкерлер үшін өте тиімді жеңілдіктер қарастырылған.
Ақпараттық және кеңестік көмекті шетел инвесторларына Invest in Britain Bureau атты ұйым көрсетеді.Шотландияда ол ұйымға ұқсас Scottish Enterprise, ал Солтүстік Ирландияда Northern Ireland Development Board атты ұйымдар жұмыс істейді.Германия Федеративтік Республикасында (ГФР) шетел инвестициясын реттейтін арнайы заң және орган жоқ. 1961 жылы қабылданған “Сыртқы экономикалық байланыстар туралы” заң тек капитал ағымын және валюталық операцияларды реттеуде негіз болып қана есептеледі . Шетелге кететін барлық ақшаға ешқандай шектеу қойылмайды.Тек неміс маркасының сатып алу дәрежесіне қауіп төнген кезде, төлем балансының теңдігін қамтамасыз ету мақсатында, ссудалық капитал нарығына қауіп төнген кезде ғана шектеулер қойылуы мүмкін. Ондай шектеулер тек бір рет, 1973-1974 ж.ж. қабылданып, небары 12 ай ғана инвестиция жасау үшін міндетті түрде рұқсат алумен шектелген [14]. Заңға сәйкес капитал ағымын және валюталық операцияларды қадағалау Бундесбанкке тиесілі.Шетел инвестициясын құю барысында алдын-ала рұқсат алудың қажеті жоқ, тек егер де резиднт еместер мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алып жатса, онда рұқсат міндетті түрде алынуы керек. Алайда, шетел инвесторларына келесідей салаларда: тамақ, медицина және фармакология өнеркәсібінде, көлік саласында, банктік, сақтандыру, қонақ үй және мейрамханалық істерде жұмыс істеу үшін арнайы лицензиялар алулары қажет. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін де рұқсат алуынуы қажет. Және де ЕО-қа мүше елдерден басқа кез-келген шетелдік компания өз бөлімшесін ашпас бұрын экономика министрлігінен рұқсат алуы қажет.ГФР-да инвестициялық жеңілдіктер әр түрлі болып келеді. Мәселен, өзінің қызмет етуінің бірінші жылында пайдаға салынатын салықтың тек бір бөлігін төлесе, екінші жылы жартысын, үшінші жылдан ғана бастап толық төлей бастайды. Инвестициялық жеңілдіктер, сонымен қатар шағын және орташа компанияларға да беріледі. Елдің барлық несиелік мекемелерінде шағын және орта бизнесті несиемен қамтамасыз ету бағдарламалары бар. Және де, бұрынғы ГДР территориясындағы артта қалған аудандардағы компанияларға көп жеңілдіктер беріледі. Жеңілдіктермен берілетін ссудаларды шығыс германиялық кәсіпорындарға “Дойче Аусгляйхбанк” банкіде береді. Ссуда көлемі кәсіпорынға қажетті қаражаттың 22 %-не дейін, бірақ 350 мың маркадан аспауы керек. Ссуда 20 жылға беріледі.Шетел инвесторларына ақпараттық және кеңестік көмекті: экономиканың федералды министрлігінің арнайы инвестицияларды ынталандыру бөлімшелері; шығысты көтеру бағдарламасы; инвестицияны ынталандыру сұрақтарымен айналысатын жер ведомстволары.
Қытайдың шетел инвестицияларын тартудағы іс-тәжірибесі назар аударарлық. Шетел инвестициясын реттейтін негізгі органдар болып: сыртқы экономикалық байланыс және сыртқы сауда министрлігі; өнеркәсіп және сауда бойынша мемлекеттік әкімшілік табылады. ҚХР-ның конституциясында шетелдік инвесторлардың құқығын сақтайтын баптар қарастырылған. Шетел инвестициясын реттеумен орталық органдармен бірге аймақтық органдар да айналысады.Шетел компанияларына келесі салаларда қызмет атқаруларына жол берілмейді: газеттік және баспа ісінде, радио таратуда, кино саласында, сыртқы және ішкі саудада, байланыс және почталық қызметте, сақтандыруда. Ал келесі салалар тек мемлекетке тиесілі: коммуналды қызмет, көлік, жылжымайтын мүлік саудасы, лизингтік қызмет көрсетулер.Сонымен бірге ортақ кәсіпорындарды шетел инвесторының үлесі жарғылық капиталдың 25 % аса бөлігін қамтуы тиіс. Шетел капиталы бар компанияларға жерді және басқа да қозғалмайтын мүлікті сатып алуға рұқсат берілмейді. Олар тек оны пайдалану құқығына ғана ие бола алады.Қытайда валюталық қадағалау өте қатаң түрде жүргізіледі. Шетелдік капиталы бар жергілікті компаниялар Қытай банктерінен несие алуға мүмкіндіктері бар, алайда оның ұзақ мерзімді түрін алу өте қиын. Шетелдік инвесторлар үшін салық жеңілдіктері, жеңілдетілген қарыз және жеңілдетілген экспорт-импорттық режим қарастырылған, әсіресе алдыңғы қатарлы технологиясы бар және экспортқа көзделген кәсіпорындар үшін. Шетел инвестициясының қатысуымен құрылған кәсіпорындар Қытай заңдылықтарына сәйкес энергетика, химия, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында қызмет істеулері қажет. Кез-келген шетелдік инвестициямен құрылған кәсіпорын Қытайда 10 жылдан артық жұмыс істеу ниеті болса, онда ол алғашқы 2 жылда барлық салықтардан босатылады және де кейінгі 3 жылда салықтың тек жартысын төлейді.Қытайда 30 сауда аймағы және 52 салық салу деңгейі төмен технологиялық парктері бар.Алайда негізгі жеңілдіктер болып, арнайы экономикалық зоналардағы кәсіпорындардың пайдаға салынатын салықты төменгі ставкамен, ал қосылған құн салығын мүлде төлемейтіндігі саналады. Ондай жерлерде жұмыс істейтін кәсіпорын экспортқа тауар шығаратын болса (70 % өнімнің ), онда онсыз да төмен салықтар екі есе азайтылады. Осындай жердегі кәсіпорындар тауарға салынатын экспорт және импорт баж салығынан босатылады.
БҰҰ-ның зерттеулері бойынша шетел инвестициясын реттеу келесі бағыттарда жүргізіледі:
- Жұмыспен қамтудың кеңеюіне және жергілікті персоналды дайындықпен қамтамасыз етуге;
- Жергілікті ресурстардың пайдалану дәрежесін көтеруге;
- Жергілікті инфрақұрылым деңгейін көтеруге;
- Қабылдаушы экономикалардың технологиялық потенциялының дамуына;
- Төлем балансының жағдайын жақсарту [15].
Мемлекеттік реттеу шетел инвестициясы ағымының көлемін анықтаған кезде, оның сапалық құрылымына және территорияларда бөлінуіне, және инвестициясының келуімен байланысты пайда болған сыртқы сауда ағымына және технологияларды беру процесіне әсер етуде үлкен рөл атқарады. Сонымен бірге мемлекеттік реттеу әртүрлі әдістер және құралдарды пайдалану арқылы араласуды меңзейді:
- әкімшілік-тіркеулік шаралар, яғни шетел инвестициясын құюға рұқсат алу, оларды тиісті органдарда тіркеу, жарғылық қордың минималды деңгейін белгілеу және т.б;
- шетел инвестициясын бақылау және олардың салалық құрылымын қадағалау шаралары;
- валюталық қадағалау және табыстардың шетелге аударылуын қадағалау шаралары;
- бағаларды қадағалау шаралары;
- қоршаған ортаны қадағалау шаралары;
- салық саясатындағы шаралар;
- бюджет саясатындағы шаралар;
- табыстар саясатындағы шаралар;
- сыртқы сауда саясатындағы шаралар.
Алғашқы бес құрал шектеуші сипатқа ие болса, соңғы төртеуі ынталандырушы сипаттағы шаралар болып келеді. Аталған шаралар шетел инвесторының шешіміне әсер етеді. Мысалға, потенциалды инвестор жаңадан келетін болса, онда оған шетел инвестициясын бақылау және олардың салалық құрылымын қадағалау шаралары, әкімшілік-тіркеушілік шаралар шектеуші факторлар болса, ал онда ынталандырушы болып салық, бюджет, сыртқы сауда саясаты және табыстар саясатындағы шаралар табылады.ТҰК-дың капитал салымына, сфера таңдау процесіне салықтық, бюджеттік және сыртқы саудадағы шаралар әсер етеді. Және де мұндай шаралар табыстың инвестор мен қабылдаушы мемлекет арасындағы сәйкесінше бөлінуіне септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудің тиімділігі, олардың инвестициялық жобаларға қандай шаралар және қандай құралдар пайдаланғандығы және оларды инвестицияны тартудың әрбір этапына сәйкесінше тиімді пайдалануымен түсіндіріледі. Мұндай жүйенің тиімділігі салалардың бағытталуына қарай әртүрлі болып келеді. Мысалға, дамушы елдердегі шикізат өндіруші салаларға ТҰК-лар ол елдің жеңілдіктеріне қарамастан, алдымен шикізат шыққан жердің дүниежүзілік көлік комуникацияларына жақындығын ескереді [16]. Ресурсқа бағытталған шетел инвестицияларын ынталандырушы шаралар аз ойландырады. Ал қайта өңдеу салалары үшін бұл өте қажетті фактор болып табылады.
Шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудің мақсаттарына сәйкес үш топқа бөлуге болады:
- қабылдаушы мемлекет экономикасындағы ресурстардың бөліну құрылымын өзгерту;
- үкіметтің алатын табыстарын өсіру;
- қабылдаушы елдегі резиденттерге ТҰК-дан келетін инвестиция есебінен түсетін табысты қайта бөлу [17].
Қабылдаушы мемлекет экономикасындағы ресурстардың бөліну құрылымын өзгерту мақсатында мемлекет әртүрлі шараларды қолдану арқылы елге келетін инвестицияларды қажетті салаларға бағыттап отырады. Және керісінше, белгілі-бір шектеулер енгізу арқылы ТҰК-дың кейбір салаларға немесе нарықтарға енуіне кедергі жасауға болады.Шығыс Азияның дамыған мемлекеттері шетел инвестициясын жоғары технологиялы және ғылыми өндіріске, сонымен қатар қызмет көрсету салаларына тартуды көздегені мәлім. Гонконг үшін мұндай процесс шетел инвестициясының электронды өнеркәсіпке, атап айтсақ, микрокомпьютерлер өндірісіне, алдыңғы қатарлы жүйелерге, телекоммуникациялар саласына ағылуымен сипатталады. Ал Оңтүстік Корея үшін ол процесс шетел инвестициясының химия өнеркәсібіне және онымен байланысты басқа да салаларға, электрлі құрылғылар өндірісіне, автокөліктер және басқа да көлік құралдарын жасауға келуімен сипатталады. Мысалға, жоғарыда аталған салалардың жалпы шетел инвестициясындағы үлесі 1980-1990 ж.ж. аралығында 76 % (577 млн. долл.) құраса, ал 1991-2002 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 83 % (2,291 млн.долл.) құрады. Сингапурда тамақ және жеңіл өнеркәсібіне келетін шетел инвестициясының көлемі 1990 жылы 10 %-тік (65 млн.долл.) деңгейден, 2002 жылы 2,2 %-тік (31 млн.долл.) деңгейге түсіп кетті. Алайда, шетел инвестициясының басқа салаларға келуі, атап айтсақ, химия өнеркәсібіне, электрлі құрылғылар өндірісіне, автокөлік жасау салаларына 1990 жылғы 49 %-тен (323 млн.долл.), 2004 жылы 80 %-ке (996млн.долл.) дейін өсті [18]. Аталғантабыстар шығыс азия елдерінің, шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудегі ынталандырушы құралдардың көбейтіліп және көптеген шектеулерді алып тастағанмен сипатталады.
2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒА БЕРУ
2.1 Шетел инвестициясын тартудың нысандары және олардың тиімділігі
Шетел инвестициясын барынша тиімді пайдалану, олардың нысандарын дұрыс тактикалық жолға қоюмен байланысты. Шетел инвестициясының белгілі-бір нысанын пайдалану туралы шешім қабылдау барысында, олардың кең ауқымды спектрі белгілі-бір шаруашылық саласына қажетті оптималды нысанын таңдап алуға мүмкіншілік береді.
Шетел инвестициясын тарту нысанын таңдаған кезде келесідей критерияларды басшылыққа алу керек:
- Қызмет атқару сферасы және өнім түрі (қиын технологиялы, ғылымды қажет ететін және т.б.);
- Жобаның масштабы (ұсақ, орташа, ірі);
- Шетел инвестициясын тартудың стратегиялық мақсаты (құрылғыларды импорттаудан өндірістік-басқарушылық іс-тәжірибесін пайдалануға дейін).
Шетел инвестициясын тарту практикасын анықтай келе, Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестициясын тартудың негізгі нысаны болып ортақ кәсіпорындар (ОК) есептеледі. Олардың саны әрдайым өсіп келеді, егер де 1991 жылы ОК-дар саны тек 184 болса, онда 2003 жылы олардың саны 1677-ге дейін жетті, яғни он жыл ішінде 9 есе өскенін көруге болады. Бірақ олардың көпшілігі тек номиналды түрде ғана бар, олардың 995-і (37 %) ғана жұмыс істейді. Сондықтан да, республика бойынша өнім өндірісіндегі олардың алатын үлесі тек 2 %.
Шетел капиталының инвестициялық қызметінің дамуын бірнеше этапқа бөлуге болады. Бірінші этапта (1991-1993 ж.ж.), көп жағдайда жарғылық қоры төмен ОР-дарды құру жүргізілді. Олар тек делдалдық қызметпен, яғни банктік секторға консалтингтік қызметтер көрсетумен шұғылданды. Екінші этапта (1993-1995 ж.ж.) экономиканы либерализациялаудың нәтижесінде шетел инвесторларының Қазақстан экономикасындағы басты салаларға енуіне жол ашылды. Шағын және жаппай жекешелендіру бағдарламалары, экономикалық қайта құрулар шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған ірі компаниялардың пайда болуына әсер етті, мысалға, “Филипп Моррис”-тің қатысуымен құрылған “Табако компани”АҚ және “Тенгизшевройл”ОК. Үшінші этаптың жүру барысында (1995-1997 ж.ж.), ірі кәсіпорындардың жеке жобалары бойынша жекешелендіру процессі дамыды.
1993 жылдан бастап жекешелендіруде шетел капиталының қатысуына байланысты, ҚР-ның мемлекеттік саясаты түгелімен өзгерді. Бастапқы кезде, тек мемлекеттік органдармен таңдалған кейбір ірі кәсіпорындарды ғана шетел инвесторларына сату жоспарланған болатын. 1993 жылы ондай кәсіпорындар тізімінде 38 обьект болған. Олардың ішінде тек тамақ және темекі кәсіпорындары шетел инвесторларының қызығушылығын тудырды (кесте 5).
Кесте 5
1993-1994 жылдар аралығындағы ҚР-ның жекешелендіру процесіне шетел фирмаларының қатысуы*
Кәсіпорын |
Шетелдік инвестор |
Сату бағасы Млн. долл. |
Әкелуге тиісті инвестициялар Млн. долл. |
Алматы темекі фабрикасы |
Philip Morris |
96 |
200 |
Шымкент кондитер фабрикасы |
Nabisko |
25 |
48 |
Алматы және Қарағанды маргарин зауыттары |
Unilever |
17 |
48 |
*ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған. Алматы 1995ж.
1994 жылдан бастап шетел капиталын жекешелендіру қорларына салуға рұқсат етілсе, 1995 жылдан бастап шетелдік заңды және жеке тұлғалар обьектілерді сату аукциондарына жіберілді, онда олар валютамен есеп айырысуға және жекешелендірілетін кәсіпорындардың 31% акцияларын сатып алуға мүмкіншілік алды.
Шетел инвесторларына келесідей талаптар қойылды: инвестициялар инвестициялық бағдарламасы жасалынған және негізгі өндіріске бағытталуы тиіс. Бағдарламада мерзімдер, көлемдер және бағыттар жайлы толық мәліметтер болуы керек; шығарылатын өнім өндірісінің көлемінің ұлғаюын, белгілі-бір уақыттарға бөлінген этаптармен көрсетілуі шарт; жалақы бойынша, бюджет алдындағы және жабдықтаушылар алдындағы кәсіпорынның қарызын төлеу туралы міндеттемелерін алу. Осы талаптар инвестормен келіссөздер жүргізудің негізгі пәні болып отырған.
Қазақстан экономикасына табысты инвестициялаудың бірі ретінде “ИспатҚармет”АҚ мысалға алсақ. Қарметті сатып алғанға дейін, онда өндіріске теріс әсер етіп отырған проблемалар болған. Олар: ескірген және тиімсіз құрылғылар; ішкі нарықтағы жеткіліксіз сұраныс; жоғары көлік шығындары; комбинат тек болаттың белгілі-бір түрлерін өндіруге ғана жоспарланған. Сол кездері, комбинат қажетті жылдық қуаттылығы 6 млн.тоннаның орнына, тек 3 млн.тоннадан шығарып отырған. 1995 жылдың қараша айында Қарметті сатып алғаннан кейін, шетелдік инвесторлар комбинат жұмысын қайта құруға арналған нақты бағдарламамен келген болатын. Онда өндірістің, маркетингтің, күрделі салымның, құрылғыларды жөндеу және модернизациялаудың стратегиялық жоспарлары қарастырылған болатын.Шығындарды азайту үшін металлургиялық комбинатты тұрақты электр энергиясымен және көмірмен қамтамасыз ету үшін, “ИспатҚармет” жылу электр станциясын (ТЭЦ-2) және 15 көмір щахталарын сатып алды. Ол кездері ТЭЦ-2 435 мегаваттың орнына, тек 90 мегаватт өндіріп оырған. Көмір шахталарында 1,57 млрд. тонна көмір қорлары болатын, онда тек айналым қорлары жетіспеді. Соның салдарынан шахталар тұрақты жұмыс жүргізу мүмкіншілігінен айырылып, жойылуға жақын тұрған.
Өндіріс тиімділігін арттыру мақсатымен арнайы шаралар өткізілген болатын. Кейбір өндіріс цехтары қайта құрылып немесе жабылды, қажет емес заттар жойылып және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Комбинатқа модернизациялау бағдарламасына сәйкес 633 млн. долл. инвестициялау көзделген. Онда:
- өндіріс қуаттылығын көтеру;
- энергияға қатысты комбинаттың тиімділігін арттыру;
- экологияны жақсарту;
- сапалы болат маркаларын өндіруге жоғарғы технологияларды пайдалану;
- көлік шығындарын азайту мақсатымен қымбат өнім өндірісі қарастырылған.
Қазіргі таңда өнім ассортиментін кеңейту мақсатында бірнеше жобалар іске қосылған. Атап айтсақ, өндірістің жаңа түрін енгізу, өндіріс қуаттылығын арттыру, сапасын арттыру және экологиялық стандарттарды пайдалану. Мысалға, өнім өндірісінің ұлғаюы және өнімді жоғарғы қосылған құнмен өткізу көлік шығынының көлемін азайтуға ықпал етуі.Күрделі жөндеу және құрылғыларды қалпына келтіру бағдарламаларын іске қосу нәтижесінде өндірістік шығындардың азаюына және өнім сапасының артуына қол жеткізуге болады. Гальваноцинктеу және алюминдеу бағытын енгізу қосылған құны жоғары өнімнің үлесін арттырады. Өзіндік көмір және энергия көздерінің, жалпы шикізаттың болуы өндіріс шығындарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
“ИспатҚармет” халықаралық нарыққа шығу жоспары негізінде тұтынушыларға тауарды алуға кедергі болатын жайттарды жоюының нәтижесінде, және де өнім сапасына, сыртқы қабына көп көңіл бөлудің нәтижесінде дайын металл өнімдерінің сату көлемі 1998 жылы 3,2 млн. тонна болса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 5,6 млн.тоннаға жеткен.Өндіріс көлемінің артуымен қоса өнімді өткізу құрылымының нарығы түгелімен өзгерді. Егер де 1995 жылы металл өнімдерінің 61%-і ТМД елдеріне жеткізілетін болса, онда қазіргі кезде тек 11%. Яғни, “ИспатҚармет”АҚ өз өнімдерін әлемнің 50-ден астам елдеріне сатумен айналысады.“ИспатҚармет” қызметінің негізгі аспектілері болып кадрлерді дайындау және жұмысқа алу саясаты табылады. Жұмысшылар іс-тәжірибемен алмасу үшін дүниежүзінің бірқатар металлургия зауыттарына іс-сапарға жіберіледі.
Қаржылық, өндірістік, маркетингтік және жабдықтау жүйелерін біртұтас қылатын ақпараттық жүйелер енгізілген. Тағы да бір табысты инвестициялауға мысал ретінде Алматы темекі компаниясы (АТК) қарастыруға болады (сурет 1). 1994 жылғы АТК-сың сатып алу келісіміне сәйкес, “Филипп Моррис” компаниясы 340 млн.долл. көлемінде инвестициялауға міндет қылып алған. Ол келісім-шарттың талаптары келесідей: құрылғыларға күрделі салым жасау; жөндеу жұмыстарына күрделі қаржы бөлу; темекі өсіруді дамытуға инвестиция; жұмыс капиталы.
Сурет 1 1996-2000 жылдар аралығындағы АТК -сымен жүзеге асырылған инвестициялар*
* АТК компанияның мәліметтері бойынша
Қазақстанда “Филипп Моррис” компаниясы өз қызметін инвестициялық міндеттемелерге сәйкес атқарып келеді. Жаңа құрылғылар орнату және шығарылатын темекі маркалары ассортиментінің кеңеюі нәтижесінде компанияның өндірістік және өткізу көлемі 1995 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 80 % өскен.
Кесте 6
АТК-ның өндіріс көлемі (млн.дана)*
|
1995 |
2000 |
2004 |
Ішкі нарыққа арналған жергілікті маркалар |
9536 |
11357 |
13522 |
Ішкі нарыққа арналған халықаралық маркалар |
— |
2645 |
4067 |
Экспорттқа арналған халықаралық маркалар |
— |
— |
381 |
Барлығы: |
9536 |
14002 |
17970 |
*АТК-ның өндірістік жағдайы
Жекешелендірілген уақыттан бастап АТК Қазақстандағы ірі инвесторлар қатарына қосылғанымен қатар ірі салық төлеушінің бірі болып келеді. 2000-2005 жылдар аралығында АТК Қазақстан бюджетіне 140 млн.долл. көлемінде салық төледі (сурет 2).
Сурет 2. 2000 — 2005 ж.ж. аралығындағы АТК төлеген салықтар
* АТК мәліметтері бойынша
Үкіметтің шешіміне байланысты инвестициялық конкурстар негізінде мұнай-газ саласындағы бірқатар кәсіпорындар жекешелендірілген болатын:
- “Шымкентнефтеоргсинтез” АҚ-ның 90% акциясын “Виол-Мунай” (Швейцария) фирмасы;
- “Южнефтегаз” АҚ-ның 90% “Харрикейн Кумколь ЛТД” (Канада) фирмасы;
- “Актюбемунайгаз” АҚ-ның 60% акциясының Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы;
- “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-ның 60% акциясының Central Asia Petroleum индонезиялық компаниясы;
- “Қаражанбасмұнай” АҚ-ның 95% акциясын “Тритон” (Канада) фирмасы сатып алған.
Жылдамдатылған жекешелендіру процесі отандық ғалымдардың және өндірісшілердің наразылығын тудырды. Олардың айтуынша, отандық өндірушілердің және мемлекеттің қызығушылықтарын толығымен ескеру қажет [19]. Біздің ойымызша, мұнай-газ комплексін жекешелендіру, акционерлеу және қайта құрудың, басқа салаларға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, онда технологиялық-өндірістік комплекстердің бірегейлі сақталуы қажет. Екіншіден, өтпелі кезеңде мемлекеттің ірі кәсіпорындарды бақылауда ұстауы, оның капиталына тікелей қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстандағы көптеген кәсіпорындарды шетелдік және отандық инвесторлар емес, алаңдаушылық тудыратын фирмалар сатып алған. Яғни, өзіндік капиталы жоқ, басқа фирмалардан қарыз алып, сол қарызын жекешелендірілген кәсіпорынның өндірген өнімін беру есебінен жабады. Және де Қазақстандық кәсіпорындардың ерекшелігі, яғни қорлардың және технологиялардың моральды және физикалық тозуы, толығымен қайта құруды ұсақ инвесторлар жүзеге асыра алмайды.
Осыған байланысты мемлекеттік бюджетке ірі көлемді табыстар әкелетін, ұлттық мәнге ие объектілерді мемлекеттік қадағалауға құқықтық негізде қайтару мәселесі туындап отыр. Басқаша айтқанда, кейбір жағдайларда жеке меншік иелігінен алу сұрағын қойып отырмын. Әрине, бұл инвестициялық климаттың нашарлауына септігін тигізеді, алайда ыңғайлы климат ұлттық қызығушылықтарға зақым келетін жолдармен жасалмауы тиіс. Жекеменшік иелігінен алу нысандары әр түрлі болуы мүмкін: жекешелендіру келісім-шарттарын соттық негізде бұзу, қосымша акциялар пакетін шығару және оны мемлекетке беру, банкрот процесі арқылы мемлекет иелігіне алу, мемлекетпен акцияларды сатып алу және т.б.
Біздің елде шарттағы талаптарды орындамаудың салдарынан келісім-шартты бұзу іс-тәжірибесі бар. 1999 жылы 27-ші қаңтарда ҚР-ның жоғарғы сотының шешімімен, “Trans World Group” (TWG) британдық компаниясы елдің ЖҰӨ-нің 20% беретін “Қазақстан аллюминиі” және “Қазхром” кәсіпорындарының акцияларынан айырылды.
Ортақ кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 2000 жылы 1997 жылмен салыстырғанда 216% өскен, ал импорт 148,3% артып, сәйкесінше 188,3 млн.долл. және 89,2 млн.долл. құрады. Германия, Оңт.Корея, Италия, Ұлыбритания, Ресей және Швейцария елдеріне экспорт көлемі бірден ұлғайған.
Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған бірнеше ортақ кәсіпорындар бар: “Шеврон” (АҚШ), “Бритиш Газ” (Англия), “Аджип” (Италия) және т.б. 1998 жылы “Тенгиз” мекенін пайдалану негізінде, дүниежүзілік мұнай бизнесіндегі ірі корпорациялардың бірі “Mobil”-мен келісім-шарт жасалған.
Ортақ кәсіпорындарда өндірісті диверсификациялау дәрежесі өте жоғары, яғни әрбір тіркелген кәсіпорын, орташа шамамен 4 салада жұмыс істеуге құлшыныс білдіреді. Шетел инвесторларының қызығушылығын тудырып отырған Қазақстан экономикасының шикізат салалары болып отыр. Елімізде мемлекет пен жеке фирма арасындағы бірлескен ең ірі жоба Каспий құбыр консорциумы (КТК) болып табылады, яғни қазақ Каспийінің жағалауында орналасқан “Тенгиз” мекенінен Черноморскінің жағалауына дейін мұнай экспортына арналған жер асты құбыр жолын салу. Жобаның жалпы құны 1,4 млрд.доллардан 2 млрд.долларға дейін.
Консорциумның қатысушылары “үкіметтік” және “корпоративтік” деп бөлінеді. Үкіметтік болып – Ресей (24%) және Қазақстан (19%) табылады, ал корпоративтікке – “Шеврон” және “Мобил” (15% және 7,5%), Ресейлік “Лукойл” (12,5%), “Роснефть” (7,5%), Оман сұлтанатын (7%) жатқызады.
Келісім-шартқа сәйкес, американдық “Шеврон” корпорациясы “Тенгиз” мұнай мекеніне 25-30 млрд.долл. алдағы 40 жыл ішінде инвестициялауға міндеттеме алған. Бұл жобадан мемлекет кәсіпорын тапқан табыстың тең жарымына ие болады.
Айта кету керек, мемлекетке шетел инвестициясын тартуды ортақ кәсіпорындар арқылы жүзеге асыру елге максималды пайда әкелмейді. Одан да мемлекет үшін тиімді “продакшен-шеринг” келісім-шарттарын пайдаланған дұрыс. Бұл келісім-шарт түрінің артықшылығы сол, табыстағы мемлекет үлесін алу механизмінің тиімділігі және қарапайымдылығы, келісім-шарттағы салықтық және құқықтық режимдердің автономділігі.
Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу келісіміне (продакшен-шеринг) қатысушы Қазақстан республикасы мен халықаралық консорциумға қатысушы “Аджип”, “Бритиш Газ” компанияларының, “Бритиш Петролеум/Статойл”, “Мобил”, “Шелл”, “Тоталь” және “Казахстанкаспийшельф”АҚ альянстарының жобалауынша, егер де іздестіру жұмыстары табысты аяқталса, онда мұнайды теңізден алғанға 28 млрд.долл. көлемінде шетел инвестициясы құйылады. Мұнда Қазақстанның алатын үлесі, жалпы табыстың 80% құрайды. Сонымен қатар қосымша жұмыс орындары пайда болады, кадрлерді дайындау деңгейі арта түседі. Үкіметпен 2002 жылы жер қойнауын пайдалану туралы 35 келісім-шарт жасалған. Бұл келісім-щарттар бойынша елге келетін шетел инвестициясының көлемі 5,3 млрд.долл. құрайды. Ол келісім-шарттардың ірілері болып:
- “Маңғыстаумұнайгаз”АҚ келісім-шарт, яғни Маңғыстау облысындағы 15 мұнай-газ мекендерінен көмірсутек шикізатын өндіру үшін. Келісім-шарт мерзімінің 20 жылында елге 4,1 млрд.долл. шетел инвестициясы келеді, оның ішіндегі: 270 млн.долл. аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға, 30 млн.долл. Маңғыстау облысының инфрақұрылымының және әлеуметтік сфераның дамуына, 19 млн.долл. персоналды оқытуға және қазақстандық мамандар даярлауға жұмсалады.
- “Тюркийе Петроллери Аноним Ортаклыгы” (ТПАО) түрік компаниясымен келісім-шарт, яғни Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігіндегі территориядан көмірсутектер өндіру үшін. Бұл келісім-шарт бойынша елге 750 млн.долл. көлемінде шетел инвестициясының келуі жоспарланып отыр.
Алайда, көптеген келісім-шарттар жасалғанменде шетел инвестициясының көптеп келуі болмады. Бұл Қазақстан жағының жарғылық құжаттарды дайындағанда және келіссөздер жүргізудегі іс-тәжірибенің болмауымен, келісімдерге қол қоюдың асығыс жасалуымен, шетел инвесторларының қаржылық жағдайы толық зерттелмегендігімен байланысты. Шетел инвестициясын тарту саясатының дұрыс жолға қойылмауының салдарынан ұлттық мұнай компанияларының мұнайды экспортқа шығару мүмкіншілігі кеміді. Осыған байланысты қазақстандық экономистердің берген пайымдауларымен келіспеуге болмайды, яғни болашақта мұндай практика ұлттық компаниялардың саладан мүлдем шығып немесе олардың жойылуына алып келуі мүмкін [20]. Нәтижесінде республика онсыз да дамыған қызмет көрсету саласын экспорттауға мәжбүр: скважиналарды бұрғылау, құрылыс және жөндеу жұмыстары. Сонымен, шетел инвестициясын тарту ұлттық капитал салымын шеттететін емес, толықтыратын фактор ретінде болуы қажет.
Ортақ кәсіпорын құрудың өзіндік ерекшеліктері бар: қатысушы тараптар кәсіпорынның табыстарға жетуіне көп көңіл бөледі, пайданы бөлуге мүмкіндік береді. Алайда, ортақ кәсіпорындардың алғашқы құрылу жылдарында-ақ, олардың жарғылық қорды қалыптастырудағы кемшіліктері анықталды. Мүліктерді (жер учаскелері, ғимараттар, құрылғылар және т.б.) бағалау механизмі дұрыс болмады. Және де, шетелдік тараптың пайы ретінде әкелген құрылғылар мен технологиялардың бағасы асыра сілтеумен болды. Келтірілген дәйектер Қазақстан экономикасының қызығушылықтарына қайшы. Сонымен, шетел инвестициясын тартудың мына нысанында шетелдік қатысушылардың нақты қосқан үлестерін дұрыс бағалайтын механизмді енгізу керек. Бұдан, мүлікті бағалаумен байланысты сұрақтарды заңдастыру қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстандағы ортақ және шетел кәсіпорындарының қызметінің негізгі көрсеткіштері 6 кестеде берілген. Одан көріп отырғанымыздай, шетел капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындар санының артқанымен, олармен тартылған капитал көлемінің аз болуы.
2004 жылғы ОК-дың жарғылық қорының жалпы соммасы небарі 57482 млн.теңгені құрады. Бұл шетелдік кәсіпкерлердің үлкен соммамен тәуекелге бармайтынын, тек өзінің кәсіпкерлік қызметінің құрылымын қалыптастырып қойып, онымен Қазақстан экономикасы түзелгеннен кейін дайын құжаттармен жұмыс істеп кетуіне керектігімен түсіндіріледі.
Кесте 7
2002-2005 жылдар аралығындағы Қазақстандағы шетел капиталы бар кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері*
|
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Қазіргі кездегі ортақ және шетел кәсіпорындарының саны, дана |
260 |
736 |
1388 |
1677 |
Жыл соңындағы жарғылық қор, млн.теңге |
222 |
14808 |
57482 |
93055 |
Капитал салымын пайдалану, млн.теңге |
41 |
7762 |
46284 |
9402544,3 |
Өнім өндірісінің көлемі, млн.теңге |
352 |
28823 |
16572 |
181418 |
Экспорт, млн.долл. |
164 |
371 |
1510 |
1503 |
Импорт, млн.долл. |
83 |
218 |
796 |
986 |
*ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған.
Қазақстан өнеркәсібіндегі шетел инвестициясының қатысуымен құрылған кәсіпорындардың көбісі жарғылық қоры төмен шағын және орташа кәсіпорындар. Олар өз бизнесін аз уақыт ішінде мол табыс әкелетін бағыттарға жұмылдыруда, яғни делдалдық, сауда, қаржылық операциялар жүргізу, телекоммуникация, кеңселік және қонақ үй ғимараттарының құрылысы және т.б. Көп жағдайда шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған кәсіпорын өз қызмет бағытын диверсификациялауға тырысады.
8 кестедегі мәліметтерге сүйенсек, инвесторлардың қызығушылығы өндіріске қарағанда делдалдық сипаттағы салаға көбірек ауып отыр. Энергетика кешенінде, металлургия және химия өнеркәсібінде, машина жасау саласында Қазақстандағы барлық ортақ кәсіпорындардың 24%-ғана жұмыс істеген. Соның тек 2%-ті ғана машина және құрылғы жасау саласында болған. Ал қалғандары импортталған тауарларды, ЭЕМ және оргтехника, машина, құрылғыны және автокөліктерді сатумен айналысып келеді. Жалпылай айтқанда кәсіпорындардың 50% көп бөлігі қызмет көрсету саласында.
Кесте 8
ҚР-ғы шетел инвестициясының қатысуымен құрылған кәсіпорындардың қызмет істеу сфералары (2003)*
|
Ортақ кәсіпорындар |
Шетелдік кәсіпорындар |
Делдалдық және кеңестік қызметтер |
14,2 |
11,6 |
Сауда, автокөліктерді жөндеу |
43,0 |
58,9 |
Тамақ өнімдері өндірісі |
7,5 |
4,1 |
Құрылыс
|
4,0 |
3,8 |
Көлік және байланыс
|
10,5 |
9,6 |
Химиялық және нефтехимиялық |
3,9 |
3,2 |
Қара және түсті металлургия |
4,2 |
11,4 |
*ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған.
Осылайша република экономикасына жағымсыз жағдайдың қалыптасып келе жатқанын көруге болады:
— шетел инвестицияларының көп бөлігі жекелеген инвесторлар есебінен болуы, яғни аз ғана ірі компаниялардың шикізат саласындағы жекелеген жобаларға капитал (шетел инвестициясының жалпы көлемінің 80-90%-не дейін) салуы.
— тұрақты орташа инвесторлардың жоқтығы.
Осыған сәйкес елдің басыңқы салаларына және аймақтарға келетін шетел инвестициясын мемлекеттік реттеуді, кәсіпорын статистикасына және тіркеуге қатаң қадағалау шаралары қажет. Және де салық саясатын дамыта түсу, мысалға, жақын маңдағы шет елдерге экспортқа шығарылатын сериялы өнімдерге ҚҚС салмау және т.б.
Шетел инвестициясының қатысуымен құрылған кәсіпорындар жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне жөнді әсер етіп отырған жоқ, себебі инвестор мен жергілікті еңбек ресурстарының арасындағы қарым-қатынасты реттейтін заңнамалық база жоқ.
1994 жылдан бастап шетел инвесторларының өз үлестерін 100 пайыздық деңгейге апару тенденциясы байқалуда, яғни 1994 жылғы 4,3%-тен 2005 жылғы 85%-ке дейін. Бұдан шетел инвесторларының қазақстандық ұйымдармен бірлескеннен гөрі, өндіріске толық бақылауды жүргізу қызықтыратындығын аңғаруға болады. Көп жағдайда бұл кәсіпорын қызметінің тиімді болуын қамтамсыз етеді. Және де, шетел инвестициясын тартудың бұл нысанында жарғылық қорға қосқан үлестерін дұрыс бағалаудың қажеттілігі болмайды. Мұндай мағынада 100 пайыздық қатысумен құрылған кәсіпорындар ортақ кәсіпорындарға қарағанда басымырақ болып келеді. Алайда бұл нысанның кемшілігі сол, барлық таза пайда шетелге кетеді. Сондықтан да мемлекеттік реттеу ортақ кәсіпорындарға қарай ыңғайланады.
Тағы да бір өте маңызды мәселені айта кетсек. Қазіргі кездері шетелдік агенттіктер, бюро және өкілеттіктердің көптеп пайда болып жатқанын көруге болады. Мұндай ұйымдар Қазақстан территориясында өзіндік шаруашылық қызметті жүргізе алмайды. Олар тек коммерциялық емес операциялармен айналысады, яғни жарнама, Қазақстан нарығын зерттеу, потенциалды әріптестер іздестіру. Алайда оларға қазақстандық заңды тұлғалармен шаруашылық жүргізу туралы келісім-шарт жасасуға ешкім кедергі бола алмайды. Нәтижесінде өкілеттік ашқан шетел фирмасының есеп шоты бойынша шетелдік банкте есептесулер заңды түрде жүргізіледі, салықтар шетелде төленеді, валюталық түсімде сол жерде қалады. Бірақ жұмыс істеп тұрған заңнамалар бұзылмайды.
Шетел капиталы бар кәсіпорындардың жоғарыда аталған барлық мәселелері өтпелі экономика үшін заңды болып отыр. Біріншіден, республика кең масштабты шетел капиталының келуіне дайын емес. Бұл мағынада құқықтық қамтамасыз етудің жеткілікті дамымағандығы және қаржылық-несиелік көмек берудің мүмкінсіздігі айтылып отыр. Осындай себептерге байланысты көптеген ірі жобалар бірнеше жыл бойы даярлау және келісімдеу сатысынан шыға алмай келеді. Екіншіден, қазақстандық экономикаға капитал салымының тәуекел дәрежесінің жоғары болуынан, шетел инвесторлары ірі соммаларды салуға бармай отыр.
Республиканың экспорттық потенциалын арттырудың бірден-бір жолы концессиялар, яғни шетелдік кәсіпкерлерге табиғи ресурстарды өндіруге және тағы да басқа шаруашылық түрлерін жүзеге асыруға құқықтарды ұзақ мерзімді жал ретінде беру. Алайда шетел инвестициясын тартудың бұл нысанын пайдалану үшін, осы процесті қадағалайтын мемлекеттік реттеу механизмін және құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру керек.
Сонымен, шетел инвестициясын мемлекеттік реттеу тиімсіз болып шықты: ол шетел инвестициясын тарту нысандарын тиісті арналарға бағыттай алмады. Әлемдік іс-тәжірибе көрсеткендей, экономикалық саясат шараларының мықты инвестициялық-инновациялық потенциалы бар ірі қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдардың қызметімен тығыз байланыста болуы, экономиканың кризистан шығуына және тұрақты түрде дамуына жол ашылады. Сондықтан да Қазақстан жағы дамыған және бірқатар дамушы елдердің банктерімен, ТҰК-мен және т.б. байланыс орнатуды алғашқы орындарға қою керек. Қазақстанның ірі кәсіпорындарына, қаржылық-өнеркәсіптік топтарға, ғылыми-зерттеу орталықтарына алдыңғы қатарлы шетелдік фирмалармен қатынас орнатуға жәрдемдесу қажет. Мұндай әріптестік тек ортақ кәсіпорындар құру немесе ТҰК-дың Қазақстандағы еншілес бөлімшелерінің ашылуымен қоса, болашақтағы әріптестіктің тиімді нысандары болып: келісім-шарттар негізінде стратегиялық альянстар құру және халықаралық консорциумдар құру арқылы орнатылуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат саласы есебінен ғана көтерілген экономика түбінде тығырыққа тіреледі, бұнда индустриялық даму туралы айтудың өзі қиын. Жоғарыда атап көрсетілгендей шикізат саласын жедел дамытуға бағытталған инвестициялық салымдар өндірістің өңдеуші саласының күйреуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда өңдеуші сала ішкі нарықта энергия құны мен жұмысшы күшінің бағасының өсуіне байланысты өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. Отандық өндірістің жоқтығы не аздығы қажет өнімдерді шеттен алуға мәжбүр етеді. Бұл мемлекетке елеулі шығын алып келеді, валюта шетке кетеді. Ашығын айтқанда, жоғарыда термеленіп өткен барлық жағымсыз жағдайлар қазіргі экономикамызда орын алып отыр. Ынталандырушы шараларды (қаржылық, несиелік, кедендік және басқа) дұрыс қолдану шетелдік инвесторларды экономикадағы біз үшін маңызды басқа да салаларды игеруге оятуы мүмкін.
2.2 Шетел инвестициясын пайдалануды талдау
Қазақстанда қазіргі таңда қажетті ішкі ресурстар көлемі жеткіліксіз. Экономикалық кризис инвестициялық процесстің мүмкіншілігін бірден шектеді. Бар есептік мәліметтерге сәйкес, өнеркәсіптегі барлық негізгі қорлар тұрақты түрде ескіріп жатыр. Еңбек құралдарының ең жас дегендерінің үлесі кеміп, 15 жылға толғандарының үлесі артып барады. Егер де 1986 жылғы машиналар мен құрылғылардың техникалық деңгейін инвентаризациялау сұрақтарымен айналысатын 33 Кеңес Одағының министрліктері мен ведомстволарының мәліметтеріне сүйенсек, сол кездің өзінде жұмыс істеп тұрған машиналар мен құрылғылардың 28% көбісі талаптарға сай келмей ауыстыру қажеттілігінде тұрған, ал 56% алғашқы жылдары-ақ ауыстыру керек еді. Өндірістік құрылғының қызмет ету мерзімі 28 жылды құрап, нормативтен 2,2 есеге асып түсті [21]. Сол кездерден бері жаңарту деңгейінің өте төмендігінен жағдай одан әрі ушығып кетті. Бұдан ресурстардың көптеп жоғалуы және өнім сапасының төмендеуі пайда болды.
Инвестициялау деңгейінің төмендігіне байланысты өнеркәсіптің көптеген салаларындағы өндірістік аппарат деградацияға ұшырады. Жалпы өнеркәсіп бойынша 2002 жылы негізгі қорлардың тозығы 42,7%, оның ішінде электроэнергетикада 48,7%, түсті металлургияда 46,5%, химия және мұнайхимия өнеркәсібінде 52,6% және метал өңдеу саласында 44,1% құрады. Және де тозудың ең жоғарғы дәрежесі (58,5%) машиналар мен құрылғыларға тиесілі [22]. Инвестициялардың аз және жеткіліксіз түрде құйылуы, негізгі қорлардың моральдық және физикалық тозудың мұндай көлемдері, олардың қызмет ету мерзімдерін күшпен 2-3 есеге созуға мәжбүр етті. Соның салдарынан өндіргіш күштердің жойылу қаупі туды.
Жалпы айтқанда, бұл жағдайда қорытынды өздігінен шығады: ел экономикасына жаңа техника мен қазіргі заманғы технологиялар түрінде келетін ірі көлемді инвестициялар қажет болып отыр. Қазақстандағы шетел инвестицияларының ЖІӨ-гі үлесі небары 19,7% құрайды. Германияда, мысалға, инвестициялардың ЖҰӨ-гі үлесі 2001 жылы 22,2%, ал Жапонияда 28,3% құраған. Қазақстандық экономистердің пайымдауынша экономикалық өсуге сол уақытта жетеміз, егер де ЖІӨ-ге қатысты негізгі қорға инвестициялар 17-18% құраса.Әр түрлі нысандағы кәсіпорындардың басшылары мемлекеттік тікелей немесе несиелік инвестициялық капиталды алуға және өз еркімен жұмсауға көбірек құлшыныс білдіреді. Олар мұндай қаржыны кез-келген жолмен алғысы келеді, бірақ өз ақшаларын инвестицияламайды.
Айта кету керек, негізгі қорға арналған қаржының өзі мақсатына сай жұмсалмайды. Өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар, тіптен аударылған амортизацияны толық бағытына орай жұмсамайды. Оның көлемі уақыт өткен сайын өсуде. Қазірдің өзінде мұндай қаражат көлемі техниканы алмастыруға және қайта құруға кеткен шығынның біраз бөлігін жабуына мүмкіншілік бар. Алайда, ол болмай отыр. Сондықтанда негізгі қорларға бөлінген қаржыны (амортизация) пайдалануды фискалды қадағалау механизмін енгізу туралы ойлар айтылып жүр. Сосын, егер де амортизациялық аударымдар мақсатына сай жұмсалынбаса, олардан пайдаға салынатын салық алынуы тиіс. Бұл амортизациялық аударымдарды реинвестициялауға оң және оларды айналым құралдары ретінде пайдалануға теріс әсер етеді.
Мәліметтерге сүйенсек, амортизациялық аударымдардың мақсатына сай толығымен пайдаланбайтындығын көруге болады. Осылайша, инвестициялық жинақтарға қатысты амортизациялық аударымдар 1997 жылғы 41,2%-тен 2001 жылы 15,5%-ке төмендеп кеткен, бұл негізгі қорларды жаңарту туралы айтпағанда, оларды күрделі жөндеуден өткізуге жеткіліксіз.
Егер де өз инвестициялық потенциалын пайдалануды бағаласақ (оған амортизация және салықтарды шегергеннен кейінгі қалған пайда кіреді), онда капиталдың өнеркәсіптен “қашуының” қаншалықты ірі көлемді екенін және өндіріс потенциалының қирауына аз қалғандығын көруге болады.
Жалпы өнеркәсіп бойынша 2001 жылы нақты капитал салымы инвестициялық ресурстардан 1,7 есеге аз болған. Көптеген салаларда ішкі инвестициялық ресурстар мен капитал салымының қатынасы кәсіпорындардың өзіндік қорларының көп бөлігін толық пайдаланбайтындығын көрсетеді. Химия және мұнай химия саласында инвестициялық потенциал мен нақты қазіргі шығындар көлемінің арасындағы айырмашылық 8 есеге дейін жетеді. Осыдан өнеркәіптегі кәсіпорындардың инвестициялық ресурстарды пайдалануы тек 50% көлемінде деп айтуға болады.
Айта кету керек акцияларды сату арқылы қосымша қаражат тартылған, және де жеңілдетілген мемлекеттік несиелер кең көлемде пйдаланылды. Сондықтан инвестициялаудың көздері болды, бірақ қаражат өнеркәсіптің дамуына және мақсатына сай пайдаланылмады. Бұл қаржылық жоғалтуларға, айлық жалақының кешігуіне және басқа да жағдайларға алып келді.
Қазақстан өнеркәсібінің салалық құрылымы минералды-шикізат ресурстарын өндіруге және қайта өңдеуге толығымен ауысып келеді. Ел экономикасында жанармай өнеркәсібі, электроэнергетика, қара және түсті металлургия салалары алдыңғы қатарларға шықты, олар жалпы өндірілген өнімнің үштен екі бөлігін береді.
Отандық машина жасау саласының өнімдері өте көп мөлшерде кеміп барады (өндірістің әлсіреуі, өткізудегі кризис және басқа), ал бәсекеге төтеп бере алатын құрылғыларды импорттау үлесі артып барады. Осыған байланысты республика өнеркәсібінің импортталатын тауарларға деген тәуелдігі ұлғая түсуде. Мысалға, 2002 жылы ҚР-сы экономикасына өнімдер импорты әрбір сала бойынша: энергетикалық машина жасау 56%, металлургия үшін техникалық құрылғылар 71,7%, көтеру-көлік құрылғылары 96,4%, электротехникалық өнеркәсіп өнімдері 50,8%, химия және мұнайхимия 81,7%, металл кесетін және ағаш өңдеу станоктары 64%, коммуналды шаруашылық үшін құрылғы 81,5%, жеңіл өнеркәсіп үшін 93,5%, тамақ өнеркәсібіне 74,3%, сауда жасау үшін құрылғылар 64,7% құрады.
Сонымен, ішкі инвестициялар дефицитіне алып келген негізгі себептер болып:
- Несие ставкаларының жоғары болуы, яғни ұзақ мерзімді несиелердің үлесі нольдің маңында;
- Жоғары тәуекелділік және инфляция жинақтау процесін ынталандырмады;
- Негізгі қорларды қайта бағалау өз уақытында жүргізілмеді;
- Амортизациялық қордың жинақтау көзі ретіндегі рөлінің бірден төмендеуі;
- Пайда есебінен жинақтауды қабылданған салық жүйесінің ынталандырмауы табылады.
Осылайша, инвестициялардың құрылымдық созылмалы құлауы республика экономикасының құрылымдық өзгеруіне алып келді. Осындай диспропорцияларды жоюға ішкі инвестициялық ресурстар жетіспейді.
Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдары қандай? Біріншіден, ішкі инвестициялық ресурстардың азаюы нәтижесінде жоғалтылған инвестициялық активтілік шетел инвестициясын тарту есебінен қалыптастырылуы керек. Және де оны, ұлттық ресурстармен ұштасып максималды нәтиже беретін сфераларға бағыттау қажет. Екіншіден, инвестициялау процесін дұрыс жолға қою керек.
Шетел инвестициясын тарту тенденциясын талдау көрсеткендей, тікелей шетел инвестициясының үлесі тұрақты түрде өсіп 2004жылы барлық шетел инвестициялсының жарымына жуығын құрады (кесте 10)
9 кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, барлық шетел инвестициясы нысандарымен салыстырғанда тікелей шетел инвестициясының үлесі ең жоғары екенін көруге болады. Олардың өсу қарқыны сыртқы қарыздық капиталдың өсуінен әлдеқайда жоғары, сондықтан да шетел инвестициясын республика экономикасына тарту процесі дұрыс жолда деп айтуға болады. Қазақстандық экономистердің бағалауынша, егер де тікелей шетел инвестициясының барлық көлемі мемлекеттік бағдарламада басыңқы сипатқа ие өндіріске инвестицияланса, онда Қазақстанда ЖІӨ-нің тұрақты өсуіне әлдеқашан қол жеткізер едік.
Кесте 9
ҚР-на шетел инвестициясын тарту нысандары бойынша құрылымы*
|
Қазақстан республикасы |
Барлық шетел инвестициясы |
100 |
Оның ішінде: |
— |
Тікелей |
49,0 |
Портфельдік |
1,0 |
Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары |
22,0 |
Несиелік құралдар |
28,0 |
*Қазақстанның инвестициялық мүмкіншілігі” мәліметтері бойынша есептелген 2004
Тікелей шетел инвестициясын пайдалану тиімділігін бағалау үшін экономиканың қазіргі заманғы салалық құрылымын және тікелей шетел инвестициясының бөліну сипатын талдасақ (кесте 10).
Тікелей шетел инвестициясын салалар бойынша пайдалану және олардың ЖІӨ өндірісіндегі үлесін талдау, белгілі-бір диспропорцияның бар екендігін көрсетті. 10кестенің мәліметтеріне сүйенсек, тікелей шетел инвестициясының үлесінің өсу тенденциясын байқауға болады. Ол барлық шетел инвестицияларының 3/4 құрайды. Сонымен, өнеркәсіпті инвестициялау нормасының жағымды екенін көре тұра, ЖІӨ-дегі өнеркәсіп үлесі жыл өткен сайын азаюда. Мұндай жағдай анықтағандай, тікелей шетел инвестициясын өнеркәсіпте пайдалану өндіріс потенциалын арттырмайды. Осыған байланысты, мұндай құбылыстың негізгі себептерін анықтау қажеттілігі туындап отыр.Шетел инвестициясының құрылымы, масштабы, тарту және пайдалану тиімділігі елдегі инвестициялық климаттың жағдайына байланысты. Инвестициялық климат салыстырмалы түрде келесідей факторларға негізделеді:
- Елге капитал ағымын реттейтін заңнама сипаты;
- Ортақ немесе шетел кәсіпорындарының қызметі үшін табиғи шикізат қорларының бар болуы және оларды пайдалану мүмкіншілігі;
Кесте 10
2003-2005 жылдар аралығындағы қазақстанмен тікелей шетел инвестициясын пайдалануы (млн.долл.)*
|
ТШИ-ның көлемі |
ЖІӨ-гі саланың үлесі,% |
ТШИ-ның көлемі |
ЖІӨ-гі саланың үлесі,% |
ТШИ-ның көлемі |
ЖІӨ-гі саланың үлесі,% |
Өнеркәсіп |
991,0 |
23,4 |
1278,2 |
21,3 |
1200,6 |
20,1 |
Құрылыс |
20,1 |
6,1 |
36,4 |
3,4 |
79,9 |
4,1 |
Ауыл шаруашылығы |
10,1 |
Көрсеткіштер |
2003 |
2004 |
2005 |
10,0 |
Көлік және байланыс |
49,1 |
10,6 |
30,7 |
9,4 |
5,4 |
12 |
Сауда |
0,0 |
16,1 |
36,7 |
17,1 |
5,4 |
18,5 |
Басқада салалар |
470,7 |
11,0 |
223,6 |
21,5 |
78,6 |
30,4 |
Барлығы |
1541,0 |
|
1622,4 |
|
1500,8 |
|
* кестеге акционерлік капитал, бонустар, коммерциялық және банк аралық несиелер, халықаралық ұйымдардың қарыздары жайлы мәліметтер кірмеген.
ҚР-ның статистика жөніндегі агенттігі 2005.
- өндірістік инфрақұрылымның даму дәрежесі және біліктілігі жоғары жұмыс күшінің болуы;
- ішкі нарықтың сыйымдылығы және төлем қабілеттілігі жоғары сұраныстың болуы;
- жергілікті тауар өндірушілермен еркін нарықтық қатынастарға бару мүмкіншілігі;
- жергілікті валютаның басқа валютаға оңай айналуы және пайданы елден шығаруға кепілдік беру.
2001 жылы Халықаралық салық және инвестициялар орталығы (ITIC) батыс компанияларына Қазақстанның инвестициялық климаты жайлы сұрастырма жүргізген (сұрастырма 1). Бір жылдан кейін, яғни 2002 жылы ІТІС потенциалды инвесторларда қалған алаңдаушылықтарды білу мақсатымен екінші сұрастырма жүргізген болатын (сұрастырма 2) [23].2001 жылғы жүргізілген сұрастырмаға сәйкес, шетел инвесторларының ойынша, Қазақстандағы инвестициялық климат уәделі, бірақ тұрақты емес. Көптеген шетел инвесторларының айтуынша, оларды болашақта инвестициялардан алатын пайда коэффициенті қызықтырады, ал енді біреулері соңғы 12 айда Қазақстанның инвестициялық климаты кері шегінді деп айтады. Сонымен сұрастырмаға қатысқан потенциалды инвесторлардың 40% жағымды, 35% жағымсыз ал 25% инвестициялық климатта өзгерістің болмағандығын айтады.Сұрастырма-2 нәтижесі көрсетіп отырғандай, шетел инвесторлары Қазақстан нарығын келесідей себептерге байланысты тартымды деп отыр: табиғи ресурстарды өндіруге жолдың болуы; басқа ұқсас нарықтармен салыстырғанда Қазақстан нарығының көлемділігі және стратегиялық маңызды жерде орналасқандығы кәсіпкерлік қызметтен әлде-қайда жоғары потенциалды пайда нормасын алуға болатындығы. Сұрастырылғандардың жартысы Қазақстанда басқа әлемдік нарықтармен салыстырғанда жоғары пайда алуға болады деп отыр. Алайда, Қазақстанның бюрократиялық саясатының тәртіпсіздігі және әкімшіліктердің тез ауыспалылығы потенциалды инвесторлар үшін тәуекелдің басым бөлігін құрайды.
11 кестеде инвестициялық активтілік бар және күтілетін экономика секторлары көрсетілген. Сұрастырма 1-дей Қазақстанның мұнай және газ салалары шетел инвесторларының негізгі обьектісі болып отыр. Ал, қалған бар және күтілетін шетел инвестициялары экономиканың барлық салалары бойынша бірдей дәрежеде.
Сұрастырма-2 көрсеткендей, қазір бар және болашақта келетін шетел инвестицияларына ыңғайлы ұйым нысаны болып, мемлекет қатысуымен құрылатын ортақ кәсіпорындар саналады. Сонымен қатар инвесторлардың жаңа еншілес кәсіпорындар құруға және сауда байланыстарын іздестіруде ыңғай танытып отырғандығын көруге болады (кесте 12).
Кесте 11
Шетел инвестицияларының Қазақстан экономикасы секторлары бойынша бөлінуі*
Экономиканың секторлары |
Бар инвестициялар |
Болашақтағы инвестициялар
|
Мұнай және газ |
52,0% |
52,0% |
Қызмет көрсету, кеңес беру және аудит (заң және бухгалтерлікті қоса) |
16,0 |
12,0 |
Таулы өндіріс/геология |
12,0 |
16,0 |
Транспорт |
12,0 |
12,0 |
Өндіріс/қайта өңдеу |
8,0 |
12,0 |
Телекоммуникация |
8,0 |
4,0 |
Тұтыну азық-түліктері |
8,0 |
4,0 |
Сауда/импорт/экспорт |
8,0 |
12,0 |
Химия/энергия (мұнай және газдан басқа) |
8,0 |
8,0 |
Құрылыс |
4,0 |
8,0 |
Тамақ/ауыл шаруашылығы өнеркәсібі |
4,0 |
4,0 |
Жоғарғы технологиялар |
4,0 |
4,0 |
Басқалар |
16,0 |
12,0 |
* Инвестиционный комитет Казахстана.Ежегодный опрос инвесторов
Кесте 12.
Қазақстан Республикасындағы қазір бар және болашақта келетін шетел инвестицияларының типтері*
Ортақ кәсіпорындар |
Инвестициялар типтері |
Бар инвестициялар |
Болашақтағы инвестициялар |
Жаңа еншілес кәсіпорындар |
16,0 |
24,0 |
|
Сауда байланыстары (дистрибьюторлар/жабдықтаушы-лар) |
12,0 |
12,0 |
|
Жергілікті компанияларға инвестициялар |
8,0 |
8,0 |
|
Біріктендірілген ұйымдар |
4,0 |
0,0 |
|
Портфельдік инвестициялар |
4,0 |
4,0 |
|
Басқалар |
8,0 |
32,0 |
|
* Инвестиционный комитет Казахстана.Ежегодный опрос инвесторов
ІТІС шетел инвесторларының Қазақстанға инвестициялау шешіміне әсер ететін стратегиялық факторларды атауын сұраған. Сұрастырма нәтижесі шетел инвесторларының Қазақстанға тек іскерлік себептермен келетіндігін көрсетті. Қазақстанның мол табиғи ресурстары және оның үлкен нарықтық потенциалы стратегиялық факторлардың көшін бастап келеді. Сұрастырмаға қатысқан потенциалды шетел инвесторларының 45%-і шикізат материалдарына және табиғи ресурстарға кірер жолдың болуын алдыңғы орынға қойса, 41%-і үлкен нарықтық потенциалын бірінші орынға қойып отыр.Алынатын пайданың потенциалды коэффициенті шетел инвесторларын Қазақстан экономикасына тартатын елеулі фактордың бірі болып отыр. Сұрастырмаға қатысқандардың жартысы бұл факторды алдыңғы үш орындарға қойған. Одан кейін кәсіпкерлік үшін стратегиялық орын және бәсекелестерден бұрын Қазақстан нарығына еніп алу факторлары жүреді. Сұрастырма-1-дей үкіметтік субсидиялар және арнайы салық режимдері стратегиялық деңгейдің төменгі орындарын иеленді.
13 кестеде инвестициялау кезінде кедергі болатын жайттар туралы ойлар келтірілген. Әрбір пункт “негізгі кедергі”, “жартылай кедергі” немесе “кедергі келтірмейтін” фактор ретінде белгіленуі мүмкін. Сұрастырма-2 нәтижесіне көз жүгіртсек, Қазақстанға инвестициялауға негізгі кедергі келтіретін бюрократия болып отыр. Сұрастырмаға қатысқандардың 54%-і оны негізгі кедергіге жатқызса, 95%-і негізгі немесе жартылай кедергіге жатқызып отыр. Қазақстанның салық және қаржы режимдерін 46%-і негізгі кедергіге жатқызса, 50%-і жартылай кедергіге жатқызып отыр. Алдыңғы төрт фактордың ішінде тек қаржылық тәуекел Қазақстан үкіметінің бақылауынан тыс, алайда, ол басқа мемлекет қадағалауындағы факторлармен тығыз байланыста болып отыр.Кейбір шетел инвесторлары келісім-шарттар талаптары сақталынса деген ой білдірген. Келісім-шарт талаптарын орындамау сұрастырмалар 1 және 2-гі негізгі тақырып болды. Сұрастырма-2-ге қатысқан кейбір респонденттердің айтуынша “инвестициялық келісім-шарттар жиі бұзылады”.
Ал, енді біреулері Қазақстаннның инвестициялық климаты “өте қиын жағдайда болуы әліде жалғасуда — әріптестікке деген сезім жоқ” деп айтқан. Басқалары “әкімшмлік құрылымдағы, шешім қабылдайтындар туралы” сескенетіндігін және де “үкіметтік шенеуніктердің тұрақты түрде жұмыс істемеуі қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретіндігін” білдірді.
Сұрастырма 2-де шетел инвесторлары Қазақстан жайлы ақпаратты алу көздеріне де тоқталған. Тек 4%-ке жуығы ақпарат алу мақсатымен Қазақстан үкіметінің немесе өз елінің үкіметінің көмегіне жүгінген. Шетел инвесторларының көбісі жеке фирмаларға және кәсіби қызмет көрсететін халықаралық ұйымдарға хабарласқан.Сонымен, ІТІС жүргізген сұрастырмаға сәйкес, шетел инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығын тудыратын себептер келесідей: ірі нарықтық потенциал; табиғи ресурстардың молдылығы; стратегиялық маңызды жерде орналасқандығы; экономикаға бәсекелестерінен бұрын ену; инвестициялардан алынатын потенциалды пайданың көлемі. Ал келесідей салалар әлдеқайда тартымды екенін көрсетті: мұнай және газ қорлары; өндіріс; қызмет сферасы (бухгалтерлік және заңдық қызметтер); тұтыну кооперациясы.
Кесте 13
Қазақстандағы шетел инвестицияларына негізгі кедергілер деңгейі, % есебімен*
Инвестициялауға/дамуға кедергілер |
Негізгі кедергі |
Жартылай кедергі |
Кедергі келтірмейтін фактор |
Бюрократия |
54,2 |
41,7 |
0,0 |
Қазақстандағы қаржылық/салықтық режим |
45,8 |
50,0 |
4,2 |
Құқықтық инфрақұрылым/құқықтық өзгерістердің ырғағы |
45,8 |
45,8 |
8,3 |
Қаржылық тәуекел |
37,5 |
50,0 |
8,3 |
Инфрақұрылым (телекомм.,көлік және т.б.) |
25,0 |
58,3 |
12,5 |
Жергілікті қолсұғушылықтар |
20,8 |
58,3 |
16,7 |
Тарату каналдарының аздығы |
20,8 |
16,7 |
50,0 |
Тарифтік кедергілер |
12,5 |
45,8 |
33,3 |
Коммерциялық ақпараттың жоқтығы/жергілікті нарық туралы ақпарат |
8,3 |
54,2 |
33,3 |
Айырбас бағамын реттеу |
4,2 |
54,2 |
37,5 |
Саяси тұрақсыздық |
4,2 |
75,0 |
16,7 |
Тіл/мәдениет |
4,2 |
41,7 |
50,0 |
Потенциалды әріптестерді табу |
4,2 |
29,2 |
62,5 |
Өз еліндегі салық/қаржы режимдері |
8,3 |
16,7 |
75,0 |
Жергілікті валютаның инфляциясы |
4,2 |
50,0 |
41,7 |
Нақты жекешелендіру бағдарламасының жоқтығы |
4,2 |
58,3 |
33,3 |
Ішкі инвестициялауға шектеулер |
4,2 |
41,7 |
47,8 |
Патенттер/технологияларды қорғау |
4,2 |
29,2 |
58,3 |
Басқалар |
25,0 |
0,0 |
0,0 |
* Инвестиционный комитет Казахстана.Ежегодный опрос инвесторов
Сонымен қатар шетел инвесторларын келесідей факторлар тежейді: іскерлік сұрақтардың бюрократиялық әдіспен шешілуі; қаржылық тәуекел; заңнамалық актілердің жиі ауысуы және құқықтық инфрақұрылымның әлсіздігі; қатаң валюталық бақылау; тарифтік шектеулер; тарату каналдарының аздығы. Үкімет инвестициялық климатты жақсарту арқылы ғана шетел инвестициясын ірі көлемде тарта алады.Көбінесе қандай мемлекеттерден Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициясы келеді? Донор-мемлекеттер арасында 2002-2004 жылдар аралығында Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ елдері алдыңғы қатарлы орындарды иеленген.
1998-2004 жылдар аралығындағы негізгі капиталға инвестициялардың қайнар көздері болып кәсіпорынның меншікті капиталдары болады. Бұл 2004 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар жалпы көлемінің 65,2% -н құрады. Маңызды үлесті шетел инвестициялары алып жатты (2004 жылы 22,6%).
Кесте 14
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар*
|
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Негізгі капиталға инвестициялар,барлығы (млн.тг.) |
264204 |
369084 |
595664 |
943398 |
1099986 |
1327864 |
1530628 |
Оның ішінде келесілердің есебінен қаржыландырылатындар: |
|||||||
Республикалық бюджет қаржылары |
21318 |
17838 |
12202 |
26839 |
47729 |
102660 |
141144 |
Жергілікті бюджет қаржылары |
4034 |
8039 |
25668 |
48450 |
56466 |
61817 |
45215 |
Кәсіпорындардың, ұйымдардың меншік қаржылары |
176374 |
232776 |
409575 |
595028 |
683966 |
875642 |
998439 |
Шетел инвестициялары |
62478 |
110431 |
148198 |
273081 |
311825 |
287745 |
345830 |
Негізгі капиталға инвестициялар,барлығы (%) |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Оның ішінде келесілердің есебінен қаржыландырылатындар: |
|||||||
Республикалық бюджет қаржылары |
8,1 |
4,8 |
2,0 |
2,9 |
4,4 |
7,7 |
9,2 |
Жергілікті бюджет қаржылары |
1,5 |
2,2 |
4,3 |
5,1 |
5,1 |
4,7 |
3,0 |
Кәсіпорындардың, ұйымдардың меншік қаржылары |
66,8 |
63,1 |
68,8 |
63,0 |
62,2 |
65,9 |
65,2 |
Шетел инвестициялары |
23,6 |
29,9 |
24,9 |
29,0 |
28,3 |
21,7 |
22,6 |
*ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған.
Екінші топқа Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Индонезия елдері кірді. Олардың үлесі 30,7%.Үшінші топ елдерінің жалпы тікелей шетел инвестициясындағы үлесі 17,8% құрады. Ал сонау 1993 жылдан бастап есептесек бірінші орында АҚШ (29,1%), одан кейін Корея Республикасы (18,5%) және Ұлыбритания (13,3%) [24].Шетел инвестициясының аймақтар арасында бөлінуіне көз жүгіртсек, көп бөлігі Оңт.Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарына, Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Аталған бес субьектінің жалпы тікелей шетел инвестициясындағы алатын үлесі 77,3% (кесте 15) құрады.
Кесте 15.
Шетел капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындардың Қазақстан облыстары бойынша таратылымы (2003 ж. 1 қаңтарына)*
Облыстар |
Ортақ меншік |
Шетелдік меншік |
||
ОК саны |
Жұмысшылар саны |
ОК саны |
Жұмысшылар саны |
|
Барлығы |
732 |
33536 |
395 |
16361 |
Ақмола |
23 |
517 |
4 |
36 |
Ақтөбе |
5 |
1012 |
1 |
19 |
Алматы |
34 |
1087 |
4 |
3295 |
Алматы қаласы |
447 |
12752 |
339 |
8231 |
Атырау |
24 |
4499 |
3 |
10 |
ШҚО |
33 |
1476 |
8 |
97 |
Жамбыл |
1 |
5 |
— |
— |
БҚО |
15 |
484 |
2 |
12 |
Қарағанды |
40 |
1335 |
19 |
263 |
Қызыл-Орда |
6 |
270 |
1 |
27 |
Қостанай |
21 |
416 |
— |
— |
Маңғыстау |
7 |
280 |
2 |
173 |
Павлодар |
26 |
7955 |
1 |
2604 |
Солт.Қазақстан |
9 |
388 |
3 |
700 |
Оңт.Қазақстан |
31 |
1060 |
8 |
894 |
* ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған.
15 кестенің мәліметтері шетел инвестициясының аймақтар арасында қанағаттанарлықсыз деңгейде бөлінгендігін көруге болады. Мұндай деформацияның негізгі себептерінің бірі – аймақтың шетел инвестициясын тарту саясатының әлсіздігі болып табылады.
1998-2004 ж.ж. ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 50% астамы жеке меншік формасындағы кәсіпорындармен жүзеге асырылды, 2004 жылы олардың үлесі 68,3%-ті құрады.Осы кезеңдегі шетел кәсіпорындарының инвестицияларының үлес салмағы 8,2%-тен 31,2%-ті құрады. 1998 жылы мемлекеттік сектор үлесі 26%-ке, ал 2004 жылы 14%-ке дейін төмендеді.
Кесте 16
Меншік формалары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар*
|
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Негізгі капиталға инвестициялар,барлығы (млн.тг.) |
264204 |
369084 |
595664 |
943398 |
1099986 |
1327864 |
1530628 |
мемлекеттік |
68818 |
69747 |
67293 |
136932 |
166193 |
198348 |
214566 |
жеке меншік |
168232 |
269126 |
357017 |
512584 |
596417 |
831617 |
1045615 |
шетел инвестициялары |
27154 |
30211 |
171354 |
293882 |
3377376 |
297899 |
270447 |
* ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған.
Қорытындылай келе айта кету керек, жоғарыда келтірілген материал экономиканың инвестициялық және өндірістік потенциалының құлдырауының себептерін ашуға және инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің қажеттілігін анықтауға септігін тигізді. Шетел инвестициясы көлемінің өсуі олардың салалық құрылымының жақсаруымен бірдей болмады. Әзірге шетел инвесторлары өздерінің қызмет ету сферасын өздері таңдап келеді. Біздің мемлекет бұл процесске әсер етпей отыр.
3 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
3.1 Шетел инвестициясын реттеу механизміне методикалық тұрғыдан қарау
Мемлекет тарапынын тиімді шарттарды анықтау үшін экономикалық саясаттың инвестициялық-бағытының негізгі элементтері мен мақсаттарын қайтадан қарауы тиіс. Мемлекеттің барлық түрі үшін өнеркәсіптік саясаттың негізіне мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы дамуы жатады. Бұл мақсаттар қоғамның жақын арадағы және болашаққа деген жоспарын, бағыттарын анықтайды Экономикалық саясаттың мақсаттары өнім өндірісі мен экономиканың ғылыми-техникалық дамуымен байланысты.
Ұзақ мерзімдік жобадағыдай емес, ғылыми-техникалық дамудың тенденциясы нарықтық механизмнің дамуына әрқашанда жеткілікті дәрежеде ілесе алмай жүруін ескеру қажет. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру үшін қажетті ең маңызды аргументтерінің бірі. Мемлекеттің реттеуші органдары шаруашылық бірліктің ұзақ мерзімді өнеркәсіптік даму кезінде тиімді бағыттарды қолдану керек. Сонымен, мемлекеттің экономикалық дамуды реттеуге қатысуын қажеттілік деп анықтауға болады:
- өнеркәсіпті өнім өндірісінің тиімді құрылымына жеткізу;
- жоғары технологиялық өнімнің әлемдік нарықтағы жоғары бәсекелестікке жетуі;
- жоғары технологиялық өнімнің экспортқа шығуы;
- өнімнің тез арада жаңартылуын қамтамасыз ету және т.б.
Экономикалық саясаттың негізінен шыға отырып мемлекеттік реттеудің экономикадағы көптеген блоктар-элементтерін бөліп көрсетуге болады. Бірақ біз бұл мәселенің тек шетел инвестициясына қатысты жағына тоқталамыз.
Өндірілген өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға шығаруды қамтамасыз етуді көрсетілген блокта дамыту, қазақстандық өндірушілер мен шетелдік өндірушілер көрсеткіштерінің салыстырмасын шығару қажет. Басқа елдерге қарағанда бәсекелестікке түсе алатын өнім шығару қажет. Бұл тауарлардың параметрі болып: техникалық жағдайы, оларды қолдану ыңғайлылығы және т.б. табылады. Мұндай тауарлар басқа жақсы дамыған елдердің тауарларымен де бәсекеге түсе алады. Көрсетіліп кеткен фактор өз уақытында Жапониямен, Оңт.Кореямен және басқа Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерімен қолданылғын.
Кедендік реттеу блогі, ішкі нарықты қорғау, экспортты жақсарту, жаңа өнімдер мен процесстерді ашу сияқты мақсаттарды шешу үшін арналады. Жаңа өндірісті және процесстерді ынталандыру үшін, сол өндіріске қажетті материалдарды, кейбір жағдайларда шикізаттарды импорттауға жеңілдетілген тарифтер енгізу қажет. Және де, жаңа процесстердің бастапқы кезеңінде ішкі нарықтағы сұранысты ынталандыру мақсатымен оларға дайын өнімді алып кіруге рұқсат етілуі мүмкін. Содан кейін, шығарылған өнімге ішкі нарықта сұраныс қалыптасқаннан кейін, алдымен дайын өнімді импорттауға, сосын шикізат және қажетті материалдарды импорттауға шектеуші тарифтер енгізілуі керек.
Кәсіпкерлікке мемлекеттік тапсырыстар блогі белгілі-бір тауарлар нарығын, оның ішінде ең алдымен жоғары технологиялы өнеркәсіп салаларын ынталандыруға бағытталуы тиіс. Мұндай өндірістің даму ырғағы мемлекеттік тапсырыстарға байланысты. Жинақталған іс-тәжірибе көрсеткендей, жаңа технологиялар өндірісіне жеке меншік бизнес қосылады сол уақытта, егер де ол технологиялар мемлекеттік тапсырыс бойынша жеткілікті түрде жасалса және бұл технологиялар бойынша соңғы өнім өндірісін мемлекет әлі де қаржыландыратын болса.
Баға саясатының блогі баға құру ережелерін қабылдаумен айналысады. Оған: қарастырылып отырған саясаттың негізін құрайтын жалпы принциптер; жоғарғы немесе төменгі бағалары белгіленетін тауарлар тізімі; рентабельділіктің шекті деңгейін белгілейтін тауарлар тізімі және қабылданған ережелерді бақылау механизмі кіреді.
Шетел инвестициясын реттеуде салық салу саясатының мәні өте зор. Салық салу – бұл мемлекеттің өндіріс процесіне жанама түрде әсер ету элементі. Қазіргі таңдағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызмет етуі анықтағандай, салықтардың көп мөлшерлілігінен фирмалар жаңа өндіріс орындарын ашу, техникалық жабдықтау, шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту мүмкіншілігінен айырылуда. Осылайша, егер барлық төленетін салықтарды жинастырса, онда оның көлемі өнімдерді өткізуден алынатын жиынтық пайдадан асып кетеді. Салықтардың деңгейі оптималды болу керек.
Айта кету керек, өнеркәсіп саясатының элементтерінің бірі ретінде салықтар өндіріс көлемін ұлғайтуға кері әсер етпеуі тиіс. Салықтар қаражатты ғылыми-зерттеу жұмыстарына және өндірісті жаңартуға салуды ынталандыруы керек. Мысалға, 1981 жылғы АҚШ-ғы жүргізілген салық реформасына сәйкес, егер де корпорациялар базистік жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығынды көбейтетін болса, онда олар салық сомасының 25%-ін төлеуден босатылатын [25].
Швецияда қолданылатын өндірісті жаңартуды ынталандыру әдісі көңіл аударарлық деңгейде. Мысалға, барлық акционерлік қоғамдар, экономикалық және басқадай бірлестіктер мемлекеттік банктегі процентсіз есепшоттарға қаражат салуға міндетті. Егер де корпорациялар қаражатты мақсатына сай пайдаланбаса, онда мемлекет қаражатты бюджет арқылы мақсатты бағытына қарай босатып отырады. Осындай басқа да жеңілдіктер бар, егер де кәсіпорын барлығын дұрыс пайдаланса онда пайдаға салынатын салықты төлемеуге де болады. Алайда, кейбір кәсіпорындар үшін бұл тек жеңілдік қана болып қоймай, сонымен қатар өз пайдаларын үкімет көрсеткен мақсаттарға міндетті бағыттау болып отыр.Әлемдік практика көрсеткендей, салықтық жеңілдіктер, ең алдымен ҒТП дамуына және өндіріс аппаратын жаңартуға бағытталуы тиіс. Ал Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” заңында бұл мақсаттағы салық жеңілдіктері жоқтың қасы [26].
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде соңғы ірі салықтық реформалары жеңілдіктерді алып тастаумен және салық ставкасын төмендетумен байланысты. Ортақ кәсіпорындардың көптеп пайда болуы индустриалды дамыған елдерге тиімді. Біздің экономикамыз үшін Қытайдағыдай шетел инвестициясын келтіруді ынталандыру жүйесін енгізу қажет. Ал шетел инвесторларына қатысты салық заңнамасы әлемдік тәжірибеге сәйкес болып отыр.
Салық салынбайтын кезеңге ғана құрылып және салық салынбайтын табыс табуды көздейтін фиктифті ортақ кәсіпорындардан арылу үшін, салық кодексіне арнайы өзгертулер енгізілуі қажет. Яғни, ондай кәсіпорын салық салудан босатылған кезеңде жойылатын жағдай болса, онда ол өз қызметінің барлық кезеңінде тапқан табысқа салық төлеуі тиіс. Ссудаларда беру операцияларын қосылған құн салығынан босату ынталандырушы рөлді ойнайды. Яғни, инвестициялық банктерден және несиелік мекемелерден алынған шетел валютасындағы несиелер қосылған құн салығынан босатылуы шарт.
Жеңілдіктер болу керек. Алайда, оларды кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен, қаржылық жағдайын көтеру салымдарымен, тұтыну нарығын сапалы өнімдермен қамтамасыз етумен, өнім экспортының өсуімен, валюталық түсімдердің артуымен байланыстыру керек. Үкімет белгілеген приоритетті салаларда құрылған ортақ кәсіпорындарға келесідей жеңілдікті қарастыру қажет – табыс салығын төлеуден 5 жылға босату. Тіптен, экспортқа бағытталған ортақ кәсіпорындарға салық салу ставкасын азайтқан дұрыс. Керісінше, шетелдік тарап тапқан пайдасын шетелге аудару кезіндегі салық мөлшерін өсіру қажет. Көптеген батыс еуропа елдерінде, ол салық мөлшері 50% құрайды. Мұндай жоғарғы процент ақша ресурстарының сол елде жұмсалуы үшін жасалып отыр.
Салық саясаты экономиканың қайта құрылымдық бағытында дамытылуы керек. Оған келесідей шаралардың арқасында қол жеткізуге болады:
- өндіріс өнеркәсібін дамытуды ынталандыру, оның ішінде шағын және орта бизнесті;
- отандық және шетелдік инвесторларға экономиканың әртүрлі салаларында қызмет етуіне жағдай жасау;
- экспортқа шығарылатын сериялы өнімдерге ҚҚС салмау;
- шетелдік кәсіпорындармен салааралық қатынасты нығайту.
Өнеркәсіпті дамыған елдерде амортизациялық саясат блогі негізгі қорлардың тозығын көрсету функциясынан арылып барады. Амортизация жүйесі пассивті салық инструментінен, негізгі қорларды жаңартуды ынталандыратын экономикалық өсудің активті двигателіне айналып отыр. Кейбір жылдары амортизация дамыған елдерде инвестицияның 70% құраған.
Жылдамдатылған амортизацияда кәсіпорын пайданың максималды нормасына ие болады, егер ол белгілі-бір пропорцияда тауарлар бағасын төмендетіп және өндіріс көлемін арттырса. Мұндай саясат Жапониялық,Оңт.Кореялық және Тайвандық экономикалардың құпияларының бірі болып табылады. Жылдамдатылған амортизацияны қолданудың артықшылықтарын процентсіз негіздегі ссудалармен салыстыруға болады. Жылдамдатылған амортизация тәсілдері АҚШ-та 1991 жылы енгізілген болатын. Онда амортизация мерзімі, мысалға, металл өңдеу құрылғысынікі 12,7 жылдан 5,7 жылға төмендетілді. Ұлыбританияда да амортизация кезеңі кейбір құрылғылардың түрлері үшін 3-4 жылға дейін бекітіледі. Электротехниклық өнеркәсіпте кейбір компаниялар құрылғылардың амортизациясын 8 ай ішінде, ал кейбір машина жасау фирмалары 15 ай ішінде өтеп тастайды. Әрине, мұндай амортизацияның мерзімі құрылғылардың қызмет ету мерзіміне сәйкес келмейді.
Өнеркәсібі дамыған елдер амортизациялық жүйені инновацияны ынталандыру мақсатында пайдаланылады. Осылайша, мысалға, 1982 жылы АҚШ-та әділетті салық салу және қаржылық жауапкершілік туралы заң қабылданған болатын, яғни ғылыми-зерттеу құрылғысының амортизация мерзімі 3 жылға дейін қысқартылса, басқадай жылжымалы мүліктің амортизация мерзімі 5 жылды құрады. АҚШ-ғы амортизацияның жаңа жүйесі құрылғылардың мерзімін екі-үш есеге қысқартылуымен сипатталады.
Қазақстан экономикасындағы амортизациялық саясат механизмінің өзгертілуі қажетті шаралармен ұштастырылмады. Бұл капитал салымын қаржыландырудағы амортизацияның үлесінің 90-ші жылдардағы 40% деңгейден, 2001 жылғы 25-30% дейін төмендеуіне алып келді. Мұндай жағдай қазірдің өзінде сақталуда [27].
1990 жылдан бастап, кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорындарға амортизациялық төлемдерді аударуда, резервтеуде және төлемеу жағдайында амортизациялық қорды мақсатты пайдалануда бақылаудың жоқтығы, оның өндірісті жаңарту қорынан ағымдағы шығындарды жабудың көзіне айналып кетуіне әсер етті. Сөйтіп Қазақстан экономикасында амортизация өндірісті инвестициялауға қатыспай отыр. Сондықтан келесідей шараларды іске асыру қажет:
- амортизация нормаларын жоғарылату және оларды әлемдік деңгейге жеткізу;
- жылдамдатылған амортизация тәсілдері қолданылатын сфераларды кеңейту;
- амортизациялық позициялар санын азайту.
Әрине жылдамдатылған амортизация саясаты, ең болмағанда жаңа құрылғылар бойынша ғана пайдалану, кәсіпорынның амортизациялық төлемдерді жалақыны төлеуге емес, амортизациялық қор жинақтауына септігін тигізер еді.Қазақстанда концессия туралы заң жоқ. 1991 жылы “концессиялар туралы” заң қабылданған, алайда 1993 жылы бұл заң алынып тасталды. Қ.Р-сы Президентінің “Жер және жер қойнауын пайдалану туралы” жарлығында концессия тек пайдалы қазбаларды өндіру операцияларын жүргізуде қолданылатын келісім-шарттардың түрлерінде аталған [28]. ҚР-сы Президентінің “Мұнай туралы” жарлығында, келісім-шарт түрлеріне арналған бапта концессия туралы бір сөз айтылмаған. Сондықтан да, тез арада “Концессия туралы” заңды қабылдаудың қажеттілігі туындап отыр.
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу блоктары көбінесе методикалық сипатта ғана болады. Олардың заңнамалық актілермен экономикаға енуі бұрыннан жүргізілуі керек еді. Мұндай блоктар шетел инвестициясының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесідей кеңестермен толықтырылуы қажет деп ойлаймын:
- мемлекеттік және ірі жекешелендірілген кәсіпорындардың инвестициялық жобаларға қатысулары. Бұл жағдайда мемлекет инвестициялардың сақталуына, жоспарланған пайданың алынатындығына, инвестициялық қаражаттың тұрақты түрде және толығымен қайтарылатындығына кепілдік беруі керек. Бұл шетелдік инвесторлардың Қазақстан экономикасына сенімділігін арттыра түседі;
- халықаралық және мемлекеттік жобаларға қатысты ортақ фирмалар құру, ірі консорциумдар ұйымдастыру;
- жеке фирмаларды мемлекеттік инвестициялық аккредитациядан өткізу; “Аккредитация” түсінігі мемлекеттің сенімділігін анықтайды, яғни:
- мемлекеттің белгілі-бір кәсіпкерлік құрылымға сенімділігі, яғни ол фирманың шетелдік әріптестің инвестициялық сенімін толығымен ақтайтындығы;
- фирмада қажетті лицензияның бар екендігі, сонымен қатар қаржылық жағдайы жақсы, экономикалық тиімді кәсіпорын, инвестициялық міндеттемелерді алған сенімді әріптес және мемлекеттің қаржылық көмегіне жүгіне алуы.
Сөйтіп, тікелей шетел инвестициясын ынталандырудың негізгі факторы болып саяси, әлеуметтік-экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби деңгейде және толығымен сақтандыру табылады. Елімізге деген инвестициялық тартымдылықтың артуы ҚР-ның “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңын қабылдаумен байланысты болып отыр. Ол заң негізінде шетелдік инвестордың құқығын сақтайтын келесідей кепілдіктер қарастырылған [29]:
- инвестордың жарғылық қордағы үлесін қалай пайдаланатындығына, салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы қайда аудару құқығын шектемеу;
- шикізат өндіруді және инвестормен ҚР-сы территориясында өндірген тауарларды сатуды қадағалайтын мемлекеттік монополияны құруға рұқсат бермеу;
- инвестормен өндірілген тауарлар немесе шикізатты өткізу кезіндегі бақылау және реттеу шараларына жол бермеу;
- инвесторды қорғау жөніндегі кедендік реттеу шаралары;
- инвесторлардың құқықтарын және заңды қызығушылықтарын, инвестицияларын, пайдасын (табысын), дивиденттерін қорғау;
- инвесторлардың, оларға тиесілі мүлікті басқаруда кедергі келтірмеу, әрине ҚР-сы заңдарын бұзу жағдайынан басқа.
Шетел инвесторының құқығына ең негізгі кепіл болып, оларды ҚР-сы заңнамасына өзгертулер мен толықтырулардан қорғау есептеледі. Және де, шетел инвестициясын пайдалану және тартуды нормативті-құқықтық реттеуге өзгертулер енгізілген жағдайда келісім-шартқа өзгертулер енгізу мүмкіншілігін беру.Алайда, шетел инвесторының құқығын қорғау саласындағы сұрақтар әліде болса толығымен өз шешімін таппады. Мысалға, ҚР-да ортақ сақтандыру компанияларын құруға рұқсат беретін және “Казахинстрах” монополиясын шектейтін заңнамалық актілер жоқ. Қазіргі таңда сақтандыру заңнамасына сәйкес, “Казахинстрах” мемлекеттік сақтандыру компаниясы дара сақтандырушы болып отыр, яғни Қазақстандағы шетел инвестицияларының тәуекелін сақтандыру тек сол компанияға қатысты.
Шетел инвестицияларын сақтандырудағы мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану үшін халықаралық сақтандыру компаниясын немесе саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандырудағы ортақ қор құру қажеттілігі туындап отыр. Мұндай мемлекеттік компания тәркілеуден сақтандыру, ұлттық валютаның басқа валютаға айырбасталмайтындығынан және т.б. сақтандыру қызметін көрсетер еді. Сонымен бірге ірі сақтандыру қоры бар болар еді. Мысалға, осыған ұқсас халықаралық компания Өзбекстанда да құрылған және оның сақтандыру қоры 100 млн.долл., ал “Казахинстрах” қоры тек 1 млн.долл. құрап отыр. Соның салдарынан тәуекелді шетелде қайта сақтандырудың қажеттілігі туындайды, сәйкесінше сақтандыру төлемдерінің Қазақстаннан тыс кетуі пайда болуда.
Қазақстан Республикасы экономикасының басыңқы салаларына шетел капиталын тартуды ынталандыру үшін қаржылық емес тәсілдерді де қолданған жөн. Яғни, оларға шетел капиталы қызмет ететін ортаны жақсарту, қажетті өндіріс факторларымен қамтамасыз ету, ақпаратпен, басқару службаларымен қамтамасыз ету, көлікті, әртүрлі коммуникацияларды және банктік қызметті дамыту, нарықтық инфрақұрылымның басқадай элементтерін қалыптастыру.
Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет ішінен келесідей бөлімшелер ашу тиімді болар еді:
- Жобалық қаржыландыру және кеңестік-техникалық көмек көрсету орталығы. Мұндай орталық инвестициялау алдындағы зерттеумен, жобаларды сараптаумен, кеңестік-техникалық көмектер көрсетумен айналысар еді.
- Тіркеу палатасы, яғни шетел капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындарды тіркеумен және шетелдік фирмалар мен компанияларды аккредитациядан өткізумен айналысатын.
- Ақпарат орталығы, яғни инвестициялық бағдарламалар мен жобалар бар, заңнамалық база, салық жүйесі, инвестициялық саясат және т.б. мәліметтерді қамтитын мәліметтер банкін құру және олармен потенциалды инвесторларды қамтамасыз ету.
Аталған шаралар шетел инвестициясын тартудағы мемлекет саясатының дұрыс бағыт алуына септігін тигізері сөзсіз.
3.2 Шетел инвестициялары және ұлттық экономикалық қауіпсіздік
Шетел инвестициясын тартудың және пайдаланудың негізгі шарты болып реципиент-елдегі инвестициялық режимді либерализациялау табылады. Инвестордың стратегиялық және тактикалық іс-әрекетіне елеулі әсер ететін және шетел капиталына деген күресте елдің бәсекелестік позициясын анықтайтын экономиканың ашықтығы жағдайында әлде-қайда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады. Алайда, соншалықты ашық экономика жоқ, яғни, тауарлардың, еңбектің және капиталдың ұлттық шекаралар арқылы қозғалуы еркін бәсеке жағдайында әлемдегі бірде-бір елде жоқ. Шетел үкіметтері бұл процесстерге әртүрлі шаралар қолдану арқылы, әсіресе әкімшілік шаралар қолданады және бағыттар беріп отырады. Шетел капиталын тарту кез-келген елдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Бірақ инвестицияларға деген қатынас (яғни, реттеуші механизмде) ұлттық экономиканың даму деңгейіне, нарық коньюнктурасының жағдайына, тауарлардың бәсекелестік қабілеттілігіне байланысты әртүрлі болып келеді.
Экономиканың ашықтығы сыртқы немесе басқа экономикалармен еркін бәсекелестікке шығу мүмкіншілігін білдіреді. Және де, экономиканы ашу процесі, оның ішінде шетел инвестициясы сферасы да реттелетін жағдайда болу керек. Дәлірек айтқанда, экономиканың ашықтығы сұрақтары экономикалық қауіпсіздікпен байланыстырылуы керек. Қазақстанның сыртқы экономикалық жүйелермен қарым-қатынасы селективті түрде жүргізілуі шарт, яғни: басымдықтарды таңдау және қажетті шектеулімдерді анықтау. Сонымен, шетел инвестициясын реттеу механизміне экономикалық қауіпсіздік жүйесін қосу керек. Мұндай шаралар, валюталық және экспорттық қадағалау, шетел инвестицияларына шектеулі болып саналатын салаларды анықтау, лицензиялау өте қажет. АҚШ заңнамалары, мысалға, қорғаныс салаларында, сонымен қатар су және әуе көлігінде шетел капиталының қатысуын қатаң түрде регламенттейді. Шетелдіктер атом және гидроэнергетикаға, радио және телевидениеге, банктік іске мүлдем жіберілмейді. Баспа бизнесінде де қатаң шектеулімдер бар. 16 штаттарда шетелдік фирмаларға жерді иемденуге рұқсат берілмейді. Бірнеше штаттардың заңдары шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған кәсіпорындардағы басқару аппаратындағы белгілі-бір процент орынды тек АҚШ-тың азаматтары иемденуін қадағалайды. Ал федералды жерлерде қазба байлықтарды өндіру жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындарға шетел инвестициясы тек портфельді түрде ғана болуы тиіс . Осындай шектеулердің негізгі мағынасы, елдің өмір сүруіне қажетті жүйелерді ұлттық бақылуда ұстауы болып табылады.
Менің ойымша, экономикалық қауіпсіздікті экономиканың даму жағдайы деп анықтауға болады, яғни мемлекеттің және тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық сферадағы қызығушылықтарын сыртқы және ішкі факторлардың теріс әсер етуінен қорғау.
Экономикалық қауіпсіздік сұрақтарын шешетін көптеген факторлар арасында, екеуі ерекше орында. Біріншісі – бұл экономикалық жағдайы, оның бәсеке қабілеттілігінің деңгейі. Екіншісі — әлемдік шаруашылықтағы бәсекелестік деңгейі, әлемдік экономикадағы белгілі-бір орынға күрес. Және де ештеме тұрақты емес, оның ішінде бәсеке қабілеттілік. Бірде-бір мемлекет әлемдік бәсекеге қабілеттілік деңгейіндегі орнынан айырылу тәуекелінен сақтандырылмаған. Экономиканың қауіпсіздігін сақтау тек қана саясатқа ғана емес, сонымен бірге ұлттық приоритеттердің қатал принциптеріне де байланысты.Экономикалық қауіпсіздіктің мәнін түсіну үшін, оның “даму” және “төтеп беру” түсініктерімен байланысын дұрыс әрі тереңірек білу қажет. Даму – экономикалық қауіпсіздіктің компоненттерінің бірі. Егер де экономика дамымаса, онда оның өмір сүру мүмкіншілігі бірден қысқарады, сонымен бірге ішкі және сыртқы қауіптерге қарсыласу да әлсірейді. Төтеп беру мен қауіпсіздік – экономиканың бірегей жүйе ретіндегі негізгі сипаттары болып табылады. Оларды қарама-қарсы қоюға болмайды, олардың әрқайсысы экономиканың жағдайын сипаттайды. Экономиканың төтеп беруі, оның элементтерінің тұрақтылығын және сенімділігін, ішкі және сыртқы “ауыртпалықтарға” төтеп беруін сипаттайды.
Нарықтық даму жолдарына түсу және Кеңес үкіметінің құлауының қатар келуі Қазақстан экономикасында біршама проблемалардың пайда болуына алып келді. Өз экономикасының ұлттық құрылымын нарықтық талаптарға сай етіп қайта құру үшін, ол қоғамның және шаруашылықтың барлық деңгейіндегі приоритетті бағыттарын анықтау қажеттілігінде тұрды. Қазақстан Республикасы қазіргі заманғы әлемдік экономикаға кіріп қоймай, сонымен қатар дүниежүзілік еңбек бөлінісінде өз орнын және рөлін жоспарлауы қажет. Алайда, оның ресурстары мен мүмкіншіліктері Кеңес үкіметінікіне қарағанда аз. Міне, сондықтан да, экономикалық тәуелсіздікті сақтау үшін және әлемдік шаруашылықтың толыққанды мүшесі болу үшін елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Және де, қазақстандық проблемаларды ешбір ел өзінің ұлттық қызығушылықтарына қайшы келетін жолдармен шешуге бармайды.
Нарықтық даму моделі өздігінен немесе автоматты түрде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Тек белгілі-бір уақыт мерзімі өте жинақталған іс-тәжірибе негізінде нарықтық экономиканың маңызды құрылымдары қалыптасады. Қауіпсіздік стратегияларының негізі Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің нормативтік актілеріне негізделген заңнамалық және әкімшілік басқаруда пайда болады.
Мемлекеттің экономикалық саясатының қалыптасу процесінің жалпылыма логикасы, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі стратегиясы аясында жүргізілетін, әртүрлі құжаттардағы жағдайлар мен талаптарды тіркеуді қосады. Менің ойымша, елімізде ұлттық экономикалық қауіпсіздік концепцияларын әрдайым қарастырып, әрі қабылдап отыру керек, мемлекеттің экономикалық саясатының концепциясы (3-5 жылға, әр жыл сайынғы өзгертулер енгізіп отыру), мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік туралы стратегиясы, бюджет саясатының болжамы (бір жылға), ақша-несие саясаты (бір жылға), шетел инвестициясын тарту болжамы (5-10 жылға).
Макроэкономикалық жағдайға аналитикалық баға берген кезде экономиканы тұрақтандыратын және қоғам мен мемлекеттің өмір сүруіне ішкі және сыртқы қауіп тудыратын компоненттерді бөліп көрсетеді.қазақстан Республикасында – бұл өндіріс өнеркәсібі динамикасының әлсіздігі, яғни ішкі сұраныстың аздығынан және экономиканың шикізат секторларының монопольді жағдайда болуы. Ішкі нарықтың іскерлік активтілігі және динамизмділігі ішкі нарықтағы сұраныстың артуына жағдай жасайтын шикізат салаларының жұмыс нәтижесіне байланысты. Дамымайтын экономика экономикалық қауіпсіздік жағынан төзімсіз. Экономика инвестициялық активтіліктің ең төменгі шегіне жетті, одан әрі қарай төмендеуі қоғамның экономикалық негіздерінің қирауына алып келеді. Мемлекеттің инвестициялық процесстен кетуі банктердің және акционерлік қоғамдардың рөлінің артуымен толықтырылмайды. Ұлттық экономиканың нақты секторының қаржылық потенциалы әлі де әлсіреу үстінде.
Кәсіпорындарды жекешелендірілудің өткізілуі жекелеген шетелдік және отандық инвесторларға ішкі нарықта монопольді жағдайға ие болуларына мүмкіндік берілді, нәтижесінде отандық өнімдер ішкі және сыртқы нарықтарда ығыстырылды. Жекешелендіру процесінде әртүрлі нысандағы оффшорлы компаниялардың қатысуы белгілі-бір кәсіпорынды жекешелендіретін негізгі тұлғаларды жасыруға мүмкіндік береді. Кейде бірнеше оффшорлы компаниялар, шектеулі пакет акцияларын сатып алып, осылайша бір шетелдік компанияға берілетін акциялар лимитін айналып өтетін, алайда ол компаниялардың иелері бір ғана тұлғалар болып отырған.
Ішкі тауар нарығындағы инфляциялық тенденциялар бағалар деңгейінің өзгеруін әлемдік нарықтармен салыстырғанда өте тез екендігін айқындатты. Меншік нысанында да түбегейлі өзгерістер болды, алдыңғы орындарға акционерлік коммерциялық банктер шықты, мемлекеттің және орталық банктің рөлдері бірден төмендеді.Валютаның кетуі, ол тауарларды немесе капиталды импорттаудан, ал валютаның келуі экспорттың әсері болып есептеледі. Алайда, долларизация шетел инвестициясының ағымына тең емес. Экономикаға инвестициялаудың қажеттілігі қанша, егер де долларларды спекулятивті операциялардан және валютаны ірі масштабты конвертациядан алуға болса. Осы екі процесс бір-бірімен өте тығыз байланыста, әлбетте экономиканың долларизациялануы капитал “қашуының” негізгі себептерінің бірі болып келеді.
Қазақстан Республикасы экономикасының қауіпсіздігі концепциясы территорияның бірегейлігін қамтамасыз ететін, ұлттық қызығушылықтарды қорғайтын және де басқа мемлекеттермен тең құқылы әріптестікке апаратын мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын анықтауға, нақты экономикалық және саяси егемендікке жетуге, әлемдік шаруашылық жүйесіне кіруге бағытталуы тиіс.Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік саясатының негізгі мақсаты болып әлеуметтік және экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қазақстан халқының өмір сүруіне қажетті материалды негіздерді және негізгі құндылықтарды қорғау, республиканың ішкі және сыртқы саясатына экономикалық және саяси қысымдарды болдырмау, халықтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саналады [30].
Шетел инвестициясын тарту механизмі шетелдіктермен біздің ұлттық байлығымызды арзан бағамен сатып алуға жағдай жасау емес, олармен экономикаға нақты қаржылық және материалдық қорларды салуларына бағытталуы тиіс.Басқа мысал. “Өзімізде өндірілген өнімдерді” анықтаудағы кемшіліктер шетел инвестициясының қатысуымен құрылған кәсіпорындарға шикізат ресурстарын заңды түрде шетелге “төлемей шығарылуына” алып келген болатын. Келтірілген дәйектер Қазақстанның экономикалық қызығушылықтарына қайшы келіп отыр.Белгілі болғандай, халықаралық еңбек бөлінісі – ұлттық экономикалардың тиімділігін арттырудағы бірден-бір фактор болып отыр. Және де, ҒТР инвестициялық қарым-қатынас орнатуды экономикалық дамудың негізгі шарты қылып отыр. Ал, халықаралық бәсекелестік өздігінен техникалық прогресстің мықты ынталандырушысы ретіндегі рөлге ие болып отыр. Алайда, экономиканың ашықтығы дәрежесін көтеру, оның ішінде республикаға шетел капиталын кіргізу Қазақстанды сыртқы тәуелділіктерге алып келеді. Көбінде осындай жағдай экономикалық қауіпсіздікке негізгі қауіптің көзі ретінде айтылады. Бірақта, Қазақстан экономикасына дәл қазір қалыптасқан жағдай өте қауіпті, себебі экспорттың жартысынан астамы 2-3 тауарға тиесілі. Көптеген дамушы елдердің іс-тәжірибесі көрсеткендей, экспорттың мұндай құрылымы аталмыш тауарлардың әлемдік нарықтағы коньюнктурасының нашарлауы экономиканы тығырыққа тірейді. ХЭҚБ бағалауынша, 1993 жылы негізгі экспорттық тауарлардың әлемдік нарықтағы бағасының төмендеуі 5-6 млрд.долл. көлеміндегі жоғалтуларға алып келген. Келтірілген мысалдардан көріп отырғанымыздай, республиканың экономикалық қауіпсіздігіне негізгі қауіп-қатер болып ұлттық шаруашылық жүйенің сыртқы әлеммен тек біржақты байланыста болуы табылады. Сондықтан да, екі жақты байланыс орнату, яғни екі ел арасында бәсекелі әріптестік орнату қажет. ал мұндай жүйе эволюциясының негізгі факторы халықаралық инвестициялау табылады .
Осылайша, шетелдік капитал салымы Қазақстан экономикасын реформалаудағы негізгі фактор ретінде болуы міндетті. Бұл, тек шаруашылық жүйенің сыртқы сфераға ашықтығы жағдайында және инвестициялар импорты мен экспортының дамуы кезінде жүзеге асырыла алады.
Талдау көрсеткендей Қазақстан республикасының экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін факторлар келесідей:
- отандық өндіріс потенциалының деградацияға ұшырауы, соңғы өнім өндіретін кейбір кәсіпорындардың және салалардың қирауы;
- төлем қабілеттілігі бар ішкі сұраныстың қысқаруы, және отандық өндірушілердің ішкі нарықтардан ығыстырылуы;
- мемлекет қадағалауынан тыс нарықтардың және индивидуалды кәсіпкерлік секторларының болуы және олардың салық төлемінен жалтарылынуы;
- ауыл шаруашылығы өндірісінің жағымсыз динамикасы, оның тауарлығының және өнімділігінің кемуі;
- Қазақстанның өнеркәсіпті дамыған елдерге қаржылық және технологиялық тәуелділігі;
- Экономикаға инвестициялауға ішкі капиталдың жеткіліксіздігі, валютаны елден шығарудың мемлекет қадағалауынан тыс болуы;
- Сыртқы және ішкі қарыздың өсуі.
Мұндай жағдайларда, менің ойымша, экономикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік стратегиясын жасауға мүмкіндік беретін экономикалық қауіпсіздік керек және де ол мемлекеттің экономикалық саясатының негізі болуға тиіс. Мемлекет ұлттық қызығушылықтың негізінде, ұлттық кәсіпорындарға зақым келтіретін заңсыз бәсекелестікке және стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарды заңсыз алуларына тосқауыл қоятын экономикалық тыңшылықты іске қосуы міндетті болып отыр. Оның атқаратын функцияларына қосымша ретінде, құрылғыларды сатып алу кезінде аса маңызды рөль ойнауы мүмкін болатын шетелдік жетістіктер мониторингі қызметін және ұлттық экономиканы тұрақсыздандыра алатын халақаралық қаржы нарықтары мониторингі функциясын енгізу, өз уақытында дұрыс шешім қабылдауға үлкен септігін тигізеді.
Инвестициялық саясатты жүзеге асыру барысында ұлттық қызығушылықтарды жан-жақты ескеру қажет. мұндай мақсаттарды жүзеге асыруға, ең алдымен республика экономикасына шетелдік капитал ағымының көлемі әсер етуі мүмкін. Олардың жиынтық сомасы белгілі-бір көлемнен аспауы тиіс, себебі ұлттық тәуелсіздіктің жоғалуы мүмкін.
АҚШ-ның өзінде, жағымды инвестициялық климат жағдайында шетел инвестициялары ұлттық экономика активтерінің 10% аспайды. Дамушы елдерде ұлттық капитал инвестицияны шетелдікке қарағанда 8-12 есе көп қамтамасыз етеді. Шетел инвестициясын ұлттық экономикаға тартқан кезде, олар экономикалық өсудің және ішкі жинақтаудың бір талабы ретінде ғана болуы тиіс.
Шетел инвестициясын тарту келесідей мақсаттарды шешуді қамтамасыз етуі керек:
- ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құру;
- ішкі ресурстардың және пайданың дефицитін жабуға, сыртқы қарыздың негізгі бөлігін өтеуге.
Мұндай төлемдер көлемі шетел инвестициясын пайдалану масштабына байланысты және де валюталық түсімдердің көп бөлігін алуы мүмкін. Сондықтан да шетел инвестиция ағымының максималды көлемін анықтау қажет және оны коэффициент арқылы есептейміз:
К = S/N*100%
К- шетел инвестициясын ұлттық экономикаға кіргізудің шегі коэффициенті;
S- сыртқы қарыз бойынша жыл сайынғы төлемдер;
N- экспорт көлемі.
Әлемдік практикада, егер де коэффициент 20-25% асса, онда экономикалық тәуелсіздікті жоғалту қаупі бар деген сөз . Қазақстан үшін мұндай сан әлде-қайда төмен болуы керек. Бұл, тауарлар экспортының құрылымының кемшілігіне және валюталық түсімдердің көп бөлігі тауарлар экспорты есебінен болуына байланысты.
Қазіргі таңда экспорттың даму мүмкіншілігі перспективасы төмен тауар нарықтарына байланысты. Себебі әлемдік экономикада мұндай тауарлар түрлерінің бағасының кемуі және де олардың әлемдік саудадағы үлестерінің кемуі байқалуда.Әлемдік нарықта тұрақты сұранысқа ие қара және түсті металдар, мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ және т.б. мемлекеттік маңызға ие өнімдер тізіміне қосылған.Қазіргі таңда шетел инвесторларының қызығушылықтарының көп бөлігі Қазақстанның шикізат ресурстарына ауып отыр, алайда олардың таусылуымен елдің ұлттық экономикасына қауіп-қатер төнетіндігі сөзсіз. Сондықтан да шетел инвесторларының онсыз да дамыған капитал салымын ынталандырушылықтармен қатар, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салалар мен өндіріске шетел капиталының енуін тыятын шектеулімдер де қажет. Шетел инвестицияларын тарту саясатын жүргізген кезде қызығушылықтардың балансына қол жеткізуге тырысу керек.
Қорытындылай келе шетел инвестициясының тағы да бір аспектісіне тоқтала кетсек. Иә, біз шетелдік инвестициялауды ұлттық шаруашылықтың даму факторы ретінде қарастырып отырмыз. Және, сонымен бірге біз Қазақстан экономикасындағы отандық және шетелдік капитал рөлдерінің қатынасын айқын білуіміз керек. Көптеген экономистердің пікірінше, шетел инвестициясы ішкі ресурстардың жеткіліксіздігін толтырады. Алайда, ол келесідей себептерге байланысты мүмкін емес. Біріншіден, жоғарыда қарастырылғандай, шетелдік капитал өсуші экономикадан орын іздестіреді, яғни ішкі инвестициялық активтілігі жоғары. Екіншіден, халықаралық инвестиция нарығында Қазақстанда басқадай дамушы мемлекеттер тұлғасындағы бәсекелестер өте көп.
Сондықтан да, дамудың шешуші негізі болып, қазіргі кезде, ішкі капитал ғана болуы мүмкін, ал шетелдік инвестициялау, тек инвестициялаудың ұлттық механизмінің бір құралы ретінде ана болуы мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту жолдары мен проблемаларын кешенді зерттеу теориялық және тәжірибелік мәселелерді байланыстыра отырып, төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берді:
- Экономиканының нақты секторын дамытуда бар ынтаны ақшалай капитал ағымы мен алғы шептегі технологияларды, яғни, шетел инвестицияларын тартуға аудару керек. Шетел инвестициясын нақты пайдаланудың процедурасының жоқтығы инвестицияның орынды жұмсалмауына, ішкі инвестордың қарыз капиталы нарығына кіре алмауына, әкімшілік аппаратындағы жемқорлықтың дамуына, инвестицияның тиімсіз, ғылыми дәлелденбеген бағыттарына шашылуына әкеліп, соның салдарынан, елдің сыртқы қарызының өсуіне әкеледі.
- Шетел инвестициясын тиімді пайдалануда мемлекеттің рөлі өте зор. Оның реттеуші функциялары инвестицияның құрылымына, көлеміне, ағымына елеулі түрде әсер етеді. Шетел инвестициясын тарату құрылымына әсер ету, яғни әртүрлі ынталандырушы және шектеуші шараларды пайдалану арқылы оларды қажетті салаларға бағыттап отыру өте маңызды.
- Шетел инвестициясын барынша тиімді пайдалану, олардың нысандарын дұрыс жолға қоюмен байланысты.Шетел инвестициясының белгілі-бір нысанын пайдалану туралы шешім қабылдау барысында, олардың жоғарыда қарастырылған ерекшеліктерін ескеру қажет. Соңғылардың кең ауқымды спектрі белгілі-бір шаруашылық саласына қажетті оптималды нысанын таңдап алуға мүмкіншілік береді. Шетел инвестициясын тарту практикасын анықтай келе, ҚР-ның экономикасына шетел инвестициясын тартудың негізгі нысаны болып ортақ кәсіпорындар табылады. Олардың саны әрдайым өсіп келеді, егер де 1991 жылы ОК-дар саны тек 184 болса, онда 2001 жылы олардың саны 1677 дейін жетті, яғни он жыл ішінде 9 есе өскенін көруге болады. Бірақ олардың көпшілігі тек номиналды түрде ғана бар, олардың 995-і (37%) жұмыс істейді. Сондықтан да республика бойынша өнім өндірісіндегі алатын үлесі тек 2%. Ортақ кәсіпорындар құрудың өзіндік ерекшеліктері бар: қатысушы тараптар кәсіпорынның табыстарға жетуіне көп көңіл бөледі; пайданы бөлуге мүмкіндік береді. Алайда, ортақ кәсіпорындардың алғашқы құрылу жылдарында-ақ, олардың жарғылық қорды қалыптастырудағы кемшіліктері анықталады. Сонымен, шетел инвестициясын тартудаң мына нысанында, шетелдік қатысушылардың нақты қосқан үлестерін дұрыс бағалайтын механизмді қабылдау қажеттілігі туындап отыр.
- Ресми мәліметтерге сүйене отырып, тікелей инвестицияға мұқтаж бес маңызды сала анықталды. Олар: өндірістік инфрақұрылым (теміржол, метрополитен, газ құбырлары т.б.), өңдеуші өнеркәсіп (киім, жіп, жиһаз әзірлеу т.б.), Астана қаласындағы обьектілер (іскерлік орталықтар, дипломатиялық қалашық және т.б.), құрылыс, әлеуметтік сфера, туризм обьектілері, ауыл шаруашылығы.
- Инвестицияны қаржыландыруды жобаларды сараптан өткізу арқылы ұйымдастыру іс-әрекеттің үйлесімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Несиені пайдалануды реттейтін, белгілі-бір талаптарға сай жасалынған инвестициялық жоба қарыз алушының ұйымдастырушылық-экономикалық іс-әрекеттер жоспары ретінде көрініп, жоба тиімділігінің қаржы-экономикалық негіздемесі болып табылады. Жобаларды таңдау сатысындағы іс-әрекеттердің сапасы неғұрлым жоғары болса, шетел инвестициясының пайдаланылуы соғұрлым тиімдірек болады. Оның қоғамдағы маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге жұмсалуы инвестицияның тезірек өтелуіне және экспорттың дамуына ықпал етіп, нәтижесінде елдің сыртқы қарызының өспеуіне жағдай жасайды.
- Жобалардың тиімділігін бағалау дисконт нормасының деңгейіне тікелей байланысты. Себебі дисконт нормасының мөлшері ең ұтымды нұсқаны таңдауды анықтайтын соңғы нәтиже үшін өте маңызды. Меншік капиталын қолданғанда оның мөлшері инфляцияны және инвестициялық тәуекелді есепке алғандағы салымдар бойынша депозиттік пайыз деңгейімен анықталады. Дисконт нормасы депозиттік пайыздан жоғары болған кезде өндірістік инвестицияларға ақша құйылып, ақшаның бағасы және несие бойынша банктік пайыз өседі. Ал дисконт нормасы депозиттік пайыздан төмен болған жағдайда инвесторлар ақшалай қаражаттарын тікелей өндіріскесалмай, банктерде сақтауға тырысады. Қарыз капиталын қолданғанда дисконт нормасы несие бойынша банктік пайыз деңгейімен және қарыз бойынша пайыз төлеу шарттарымен анықталады.
- Шетел инвестициясын тиімді пайдаланудың мынадай шараларының жиынтығы бөлініп көрсетілді:
- Мұнай-газ саласының даму стратегиясын қайта қарап, Қазақстан мұнайын кешенді және терең өңдеу негізінде жан-жақты пайдалану бағытына көшу;
- Шетел инвестициясын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жұмылдыруды ынталандыру;
- Шетел капиталына берілетін жеңілдіктерді шектеу және бірте-бірте оны жою. Шетелдік және отандық инвесторларға бірдей жағдай жасайтын инвестициялаудың ұлттық режиміне көшу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1993.
- Хейне П. Экономический образ мышления: Пер. с англ. М.1997.
- Петкин А.А. «Иностранные инвестиций»//РЭЖ.2003.№1
- «Шетел инвестициялар туралы» заң 1995.1.20
- Шеремет В.В. «Управление инвестициями».М. 1998
- Фишер С.,Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика . Пер. с англ. М., 1995.
- Ходов Л. О разграничении прямых и портфельных инвестиций. // Российский экономический журнал. 2003.
- Мунатаев . «Привлечение иностранных инвестиций-курс на открытость экономики Казахстана»//Экономика Казахстана,1997.№4 стр.56-60
- Доклад о мировых инвестициях. Обзор/ООН. Отдел по ТКН и инвестициями 1995
- Нурланова Н.К. «Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм». Алматы, 1998
- Массе С. Критерии и методы оптимального определения капиталовложений. М. Статистика 1971.
- Инвестиционный комитет Казахстана. Ежегодный опрос иностранных инвесторов.//Азия,2002
- Федоров В., Ширшев В., Бойко С. Инвестиции и инфляция // Экономист 1995, N.5.
- Инвестиционные возможности Казахстана.Алматы: Государственый комитет по инвестициям,2002
- Салицкий А.И. Открытая политика КНР: опыт 80-х годов. М. 1988.
- Самуэльсон Г.Ф. Прямые зарубежные инвестиций в рамках новой парадигмы развития для республик бывшего Советсково союза // Вопросы экономики, 1997, N.3.
- Жумансултан Т. «Казахстан сегодня. Информационно-статаистический сборник». Алматы,2002
- Петровский А. Под управлением иностранных фирм. // Каз. Правда 2002.
- Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. «Иностранный климат и инвестиции: вопросы теории, практика привлечения и использования»
- Инвестиционные возможности Казахстана. Алматы: Государственный комитет по инвестициям, 2000.
- Аттапханов К.А. Налоговая система как составляющая экономической безопасности Кзахстана. // Вестник по налогам и инвестициям. 2003.
- “О недрах и недропользовании” Указ президента РК, Каз. Правда, 1996.1.26.
- Закон РК “о государственной поддержке прямых инвестиции”. Каз. Правда, 1997.2.28.
- Фаминский И. Открытая экономика и внешне-экономическая безопасность // Вопросы экономики. 2002. № 2
- Сагадиев К., Аргимбекова М., Жаксыбекова Ш., Интеграция экономики Казахстана в мировое хозяйство. Алматы, Галым 1996.
- Самсонов К. Элементы концепции экономической безопасности // Вопросы экрнрмики 2003.
- Р.Ә. Әмірқанов, А.Қ.Тұрғылова. Қаржы менеджменті. Алматы 2002.
- Нарықтық экономиканың орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.Алматы 2002.
[1] Кейнс Дж. М. «Общая теория занятости, процента и денег. М.,1993 стр.123
[2] Хейне П.»Экономический обзор мышления: Пер. с анг.М.1997стр.23»
[3]Петкин А.А. «Иностранные инвестиций»//РЭЖ.2003.№1
[4] «Шетел инвестициялар туралы» заң.1995.1.20
[5] Шеремет В.В. «Управление инвестициями».М.1998 стр.68
[6] Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р.,Экономика. Пер. с анг. М.1995
[7] Ходов Л.О. «Разграничении прямых и портфельных инвестиций».//Российский экономический журнал.2003
[8] Мунатаев М. «Привлечение иностранных инвестиций-курс на открытость экономики Казахстана».//Экономика Казахстана,1997. №4 стр.56-60
[9] Доклад о мировых инвестициях. Обзор/ООН. Отдел по ТКН и инвестициями 1995
[10] Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. «Иностранный климат и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования.»стр.62
[11] Доклад о мировых инвестициях. Обзор/ООН. Отдел по ТКН и инвестициями 1995
[12] Салицкий А.И. «Открытая политика КНР: опыт 80-х годов. М. 1988
[13] Нурланова Н.К. «Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм». Алматы,1998 стр.121
[14] Петкин А.А. «Иностранные инвестиций»//РЭЖ .2003.№1
[15] Доклад о мировых инвестициях. Обзор/ООН. Отдел по ТКН и инвестициями 1995
[16] Массе С. «Критерии и методы оптимального определения капиталовложений». М.Статистика 1971
[17] Богуславский М.М. «Иностранные инвестиции: правовое регулированите». М. 1996
[18] Богуславский М.М. «Иностранные инвестиции: правовое регулирование». М.1996
[19] Мунатаев М. «Привлечение иностранных инвестиций»-курс на открытость экономики Казахстана.//Экономика Казахстана,1997.№4. стр.56-60
[20] Петровский А. «Под управлением иностранных фирм».//Каз. Правда 2002
[21] Жумансултанов Т. Казахстан сегодня. Информационно-статистический сборник. Алматы 999
[22]Инвестиционный комитет Казахстана. Ежегодный опрос иностранных инвесторов.//Азия 2002
[23] Инвестиционный комитет Казахстана Ежегодный опрос иностранных инвесторов. // Азия,2002
[24] Самуэльсон Г:Ф. «Прямые зарубежные инвестиции в рамках новой парадигмы развития для республик бывшего Советского союза» // Вопросы экономики,1997,№3
[25] Федеров В., Ширшев В., Бойко С. «Инвестиции и инфляция»//Экономист 1997,№5
[26] Аттапханов К.А. «Налоговая система как составляющая экономической безопасности Казахстана».//Вестник по налогам и инвестициям. 2004
[27] Инвестиционные возможности Казахстана. Алматы: Государственный комитет по инвестициям, 2002
[28] «О недрах и недропользовании» Указ президента РК, Каз. Правда,1999.1.26
[29] Закон РК «О государственной поддержке прямых инвестиции».Каз. Правда, 1997.2.28
[30] Самсонов К. «Элементы концепции экономической безопасности».2003