АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Шудың түспей қалуының алдын алу және емдеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНСТРЛІГІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Ветеринария факультеті

 

Жолдыбай Талап

 

 

Шудың түспей қалуының алдын алу және  емдеу

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мамандығы  5В120100 – «Ветеринариялық медицина»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМ

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Ветеринария факультеті

 

Акушерлік , хирургия және малдардың өсіп-өну биотехнологиясы  кафедрасы

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 

 

 

Тақырыбы: Шудың түспей қалуының алдын алу және  емдеу

 

 

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі материалдар саны

 

Орындаған:5В120100-«Ветеринариялық медицина» мамандығының 505                                                                          топ студенті Жолдыбай Талап

 

    2018 ж.  “ __” ___________   қорғауға жіберілді

 

Кафедра меңгерушісі, профессор                             Е.С. Усенбеков                                                   

Ғылыми жетекшісі, асс.

 профессор                                                                  Ж.С. Кузембаев

 

Норма бақылау қауым. профессор                           Ә. С. Ибажанова

Сарапшы «BioVetSan» «ҒӨК»ЖШС

бас директорының орынбасары                                Л.Т. Абдибекова                                                                                     

                      

 

 

 

 

 

Алматы 2018

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНСТРЛІГІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

 

5В120100-«Ветеринариялық медицина» мамандығы

                       Акушерлік , хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы

                                    Дипломдық жұмысты орындау

                                              ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Жолдыбай Талап

Жұмыс тақырыбы : «Шудың түспей қалуының алдын алу және  емдеу»

 

Университет бойынша 2017  ж «____» _______________№____

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018  ж «____» ___________

Жұмыстың бастапқы деректері

  Сиырдың созылмалы эндометриті туралы ғылыми әдебиетке шолу жасау. Дипломдық жұмыс орындайтын шаруашылық бойынша мәлімет жинау және шаруашылықта сиыр эндометритінің таралуын анықтау.

Дипломдық жұмысты 2017-2018 жылдары жүргізілді.

       Жұмысты орындау барысында шаруашылықтағы сиырдың эндометритінің таралуы анықталып, оған тиімді ем ұсынылды және алдын алу туралы ұсыныстар берілді.   

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

  1. Кузмин Р.Г. «Влияние сократительной функции матки на послеродовойэндометрит у коров» Витебская ГАВМ Ветеринария, 2000 г.№2стр. 37-38

2.Лакин Г.Ф.«Биометрия и высшая школа» 1990 гстр. 352-354 1

3.Матвиец A.M. «Вопросы по лечению эндометритов» Ветеринария     1984 г№ 4стр.48-50

  1. 5. Полянцев Н.И., Попов Ю.Н. «Ветеринарное акушерство и биотехника репродукции животных» Ростов на Дону 2001г.стр.35-37

6.Туребеков О.Т. «Опыт лечения коров при эндометритах и

выпадений матки» Материалы I-ветеринарного конгреса — 2003 г стр. 23-25

 

 

 

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Арнайы әдебиетке шолу

Кузембаев Ж.С.

Қазан 2017ж

 

Өзіндік зерттеулер жүргізу

Кузембаев Ж.С.

Қазан 2017- сәуір 2018 жылдары

 

Өзіндік зерттеулерді талдау және қорытындылау

Кузембаев Ж.С.

Мамыр 2018ж

 

Экология, еңбекті қорғау

Төлбаев Ә.Ә.

Мамыр 2018ж

 

Экономикалық тиімділік

Бельгибаева Ж.Ж.

Мамыр 2018ж

 

 

Кафедра меңгерушісі в.ғ.к., профессор                                  Е.С. Усенбеков

 

Жұмыс жетекшісі аш.ғ.к., асс. профессор                             Ж.С. Кузембаев

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент                                                               Т. Жолдыбай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

                                                          ГРАФИГІ

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

  Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1.

Арнайы әдебиетке шолу

Қазан-желтоқсан 2017ж

 

2.

Зерттеу топтарын құру

Қазан 2017 сәуір 2018ж

 

3.

Өзіндік зерттеулер жүргізу

Қазан 2017 сәуір 2018ж

 

4.

Өзіндік зерттеулерді талдау және қорытындылау

Сәуір-мамыр 2018ж

 

5.

Дипломдық жұмыстың қолжазбасын жетекшіге ұсыну

Мамыр 2018ж

 

6.

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау

Мамыр 2018ж

 

7.

Дипломдық МЕК алдында қорғау

Мамыр 2018ж

 

 

 

Кафедра меңгерушісі в.ғ.к., профессор                                  Е.С. Усенбеков

 

Жұмыс жетекшісі аш.ғ.к., асс. профессор                             Ж.С. Кузембаев

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент                                                               Т. Жолдыбай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР                                                                                            

АНЫҚТАМАЛАР                                                                                                               

БЕРІЛГЕН ҚЫСҚАРТУЛАР                                                                                                                     

1       КІРІСПЕ  

1.1    Тақырыптың өзектілігі                   

1.2    Жұмыстың мақсаты мен міндеттері                                                                                                                                               

2       НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1    Әдебиетке шолу

3       ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ                                                                

3.1    Зерттеу материалдары түрлі әдістері                                                                           

3.2    Өзіндік зерттеу нәтижиесін талдау                                                                      

3.3    Шаруашылыққа қысқаша сипаттама                                                                          

4       ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                       

5       ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫНДЫ АНЫҚТАУ

6       ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                                 

7       ТӘЖІРБИЕЛІК ҰСЫНЫС                                                                                                                                                                                                      8       ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

7

8

9

10

10

10

11

11

16

16

18

31

33

36

38

39

40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы дипломдық жұмыста келесі стандарттық сілтемелер көрсетілген

ТШ 42-102-63

Қайшылар

МЕМСТ 7852-65

Резеңкелік тығын

МЕМСТ12026-66

Сүзгі қағаз

МЕМСТ 6709-72

Дистилденген су

ТШ 480-11-10-73

Шыны қарандашы

МЕМСТ2029274Е

Шыны пипетка

МЕМСТ 20292-74

Колбалар 

МЕМСТ 9284-75

Заттық шыны

ТШ ОСЧ 25-6

Дистилденген су

МЕМСТ 22 967

Шприцтер

МЕМСТ25336821

Зертханалық ыдыстар

МЕМСТ 4.452-86

Вазелин майы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

Осы дипломдық жұмыста қарастырылатын анықтамалар

Бедеулік- ұрғашы малдың ұрпақ беру қабілетінен уақытша немесе түпкілікті айырылуы

Вульвит-сарпайдың қабынуы

Вагинитқынаптың қабынуы

Сарпай-ұрғашы малдың сыртқы жыныстық органы

Туутөлдеу, бұзаулау

Простагландиндергормонтәрізді заттар

Шарана суытөлдің айналасындағы, сулы қабық ішіндегі биологиялық сұйық

Пиометра-жатыр ішіне іріңнің жиналуы

Метрит-жатырдың қабынуы

Эндометритжатырдың кілегейлі қабатының қабынуы

Цервицит-жатыр мойнының қабынуы

Инволюция-мал төлдегеннен кейін жатырдың белгілі уақыт аралығында буаз емес кездегідей қалпына қайта келуі.

Субинволюция-мал төлдегеннен кейін жатырдың белгілі уақыт аралығында буаз емес кездегідей қалпына қайта келуінің бәсеңдеу немесе тоқтауы

Лохий-туғаннан кейін жатыр ішіне жинақталған шарана суларының, қанның, шудың қалдығының жиынтығы

Шу-төл қабықтарының жиынтығы

Сервис кезең-туғаннан кейін келесі ұрықтанғанға дейінгі уақыт

Сары дене-жұмыртқалықта уақытша пайда болатын без

Окситоцингипофиздің артқы бөлігінен бөлінетін гормон

Синэстрол-синтетикалық эстрол

Ихглюковитихтиол, глюкоза және С дәруменінің қосындысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТУЛАР  МЕН  БЕЛГІЛЕР

Ғылыми зерттеу жұмыстары есебінде келесі белгілер жел қысқартулар қолданылады

ФСГ- фолликула стимулдеуші гармон

ЛГ- лотейндеуші гармон

КБ- климаттық бедеулік

НШБ- нышанды бедеулік

КЗ- клиникалық зерттеу

СД- сары дене

ПГ- прогистерон гармоны

АСД- антитоксикалық қан сары суы

ӘБ- әсер бірлік

ЖЭ- жасырын эндометрит

АЖБГ-аналық жыныс безінің гипопункциясы

АГД- акушерлік гинекологиялық диспансеризация

МИМ- маститтің механикалық индикаторы

СБТ- сүтті бақылау табақшасы

ЖҚ- жатырдың қабынуы

ҚАЗ- қынап арқылызерттеу

СПА- спермиоглютинация

ЖБ- жатыр биопсиясы

ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.КІРІСПЕ

1.1 Тақырыптың өзектілігі

     Шаруашылықтағы гинекологиялық аурулардын таралуын болдырмау малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп-өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиясы жөнінен терең білімі болмай мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Гинекологиялық аурулар малдың қысыр қалуының бірден-бір себебі болып табылады.

      Аналық малды  бағып-күтудің ережелерін дұрыс  сақтап, оны ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмдегі болатын физиологиялық-биологиялық процестерді дұрыс пайдаланып отырса, озық тәжіребие көрсеткендей әрбір 100 сиыр мен құнажыннан жыл сайын 100 аса  бұзау және  жоғары сапалы өнім алуға болады. Бағып күтудің ережелерін сақтамай, жануарлардың рационың дұрыс құрмай, мал тұқымын асылдандыру мақсатында оның физиологиялық-биологиялық мүмкіндіктерін бағаламай қалай болса, солай малды пайдаланса, төменде келтірілген гинекологиялық ауруларға мал басының шалдығуы мүмкін. Гинекологиялық аурулардың салдарынан мал бедеулікке ұшырауы әбден ықтимал. Ал, бедеулік мал басының көбеюіне кері фактор болып табылады. Міне осыдан шаруашылыққа гинекологиялық аурулардың тигізер экономикалық залалын баса айтуға болады.

      Шарушылық өркендеп, мал тұқымын асылдандыру ісі күшейген сайын ауыл шаруашылық малдардың бедеулігімен күресу туралы мәселе өзінен-өзі туды. Сондықтан гинекология ғылымы, яғни аналық малдың буаз емес кезінде, туар кезінде және туғаннан кейін жыныс системасының аурулары туралы ғылым керек болған.

 

1.2  Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

     Жұмыстың мақсаты ретінде төменгі тақырыпты таңдадық: «Шудың түспей қалуы және оның салдары»

Осыған байланысты төменгі міндеттерді алдық:

1) Шаруашылық бойынша аналық мал басын жыныс мүшелері   ауруларын себептеріне зерттеу жүргізу;

2) Ауруларды анықтап топтастырып, жиі кездесетін ауру түріне жеке дара  ем қолданып тиімділігін анықтау;

3) Орындалған жұмыстар бойынша шаруашылыққа ұсыныстар беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Әдебиетке шолу

       Бізге белгілі ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ мал бедеулігінің алдын алуда ең алдымен бедеулікке әкелетін факторларды және бедеулік түрлерін анықтап алған дұрыс деп есептейміз.Бүгінгі таңда теориялық және тәжрибелік тұрғыдан алғанда профессор А.П.Студенцовтың мал бедеулігі туралы ілімі негізге алынады.Профессор А.П. Студенцов бедеулікке байланысты төмендегі ұғымдарды  ұсынады және ол туралы жақсы мәлімет бере білген :

           1.Төлшеңдік-малдың үнемі тұқым беру қаблеті.

           2.Бедеулік-өсіп-өну қызметінің бұзылуы.

           3.Аналық малдың төлшеңдігі-бір буаздық кезіндегі аналық жатырындағы дамып,туған төл саны.

            Бедеулік   — дегеніміз малдың уақытша ұрықтанбай,төл бере алмай қалуы, бағып –күтудің нашарлығынан, жыныс мүшелерінің ауру салдарынан туындайтын күрделі биологиялық құбылыс.

            Қысыр қалу — дегеніміз экономикалық тұрғыдан алғанда келесі есеп беру жыл басындағы аналық мал басына шаққандағы алынған төл басының саны. Мысалы есептегі 100 бас сиырдың 80 басы тірі өміршең төл берсе, 20 пайызы қысыр қалды деп есептеледі.

            А.Ю. Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін анықтаған:

1.Экстрогениталдық — малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және сүт безі қызметінің бұзылуы,инвазиялық және індетті аурулар.

2.Интрогениталды-аналық безінің күлдіреуігі,персистенттік сары дене,эндометриттер,анофродезия,нимфомания,ұрықтану және зиготаның теліну кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы.

3.Экзогендік-алиментарлық факторлар- моционның болмауы,күн сәулесінің жетіспеуінен туындайды.

              Н.Ф.Мышкиннің айтуынша бедеуліктің негізгі себебі аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің аурулары.Ал П.А. Волосков малшарушылығындағы қолдан ұрықтандыру кезіндегі кемшіліктер деп есептейді. А.П. Студенцовтың айтуынша бедеулік себептері өткінші,брақ мал организмінде морфологиялық,қызметтік өзгерістерге әкеліп соқтырады.

              Туа біткен бедеулік — бедеуліктің бұл түрі атадан балаға берілетін тұқым қуалау,эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуы, экологиялық факторлар,туысқандық будандастыру, зат алмасуының бұзылуы, тағы басқа себептер салдарынан туындайды.

         Ірі қара малында туа біткен бедеуліктің төменгі түрлері кездеседі: инфантилизм,фримартинизм, гермофродитизм,туа біткен жыныс мүшелерінің  кемтарлығы.

      Фримартинизм — құбылысы көбнесе егіз төл дамығанда біреуі еркек біреуі ұрғашы болғанда кездеседі, өйткені құрсақ қуысында төлдердің даму кезінде

гормондары араласып ұрғашы төлде еркек төлдің гормоны басым болғандықтан,туғаннан кейін ұрғашы төлдің жыныс мүшелері аномалияға ұшырап,шүртекейі-клиторы шамадан тыс дамып, бұқа тәрізді болады.Бұндай  таншалар төл-ұрпақ беру қаблетінен айырлады,сондықтан оларды семіртіп,сойып алған дұрыс болады. Инфантилизм-жас малдың жыныс мүшелерінің дамымай қалуы және жыныстық қызметінің байқалмауы,аналық және аталық бездерінің гипоплязиясы. Гермофродитизм-бұл өзгерістер сирек кездеседі,жыныс бездерінде аналық безінің және аталықтың ұлпасының бірдей дамуы,кейбір малдын белгілі бір жыныс мүшесі шамадан тыс дамып кетеді-мал организіміндегі қос жыныстық белгісін көрсетеді және гормоналды тепе-теңдіктің сақталмай қалады.

      Туа біткен бедеуліктің алдын алу. Туа біткен бедеуліктің алдын алу үшін  ветеринарлық-зоотехникалық жұмысты дұрыс ұйымдастырған жөн,сонымен қатар малдың туысқандық будандастыруын болдырмау қажет.Мал басын көбейтуде тианақты түрде жас малды таңдағанда олардың тұқымына аса көніл аударған жөн.Сонымен қатар жыныс мүшелерінің дамуын гинекологиялық зерттеу арқылы анықтап алған дұрыс,селекция жұмысын дұрыс  қою қажет,егер малдың жыныстық қызметінде кемшіліктер болса  асылдандыру жұмысының іс-шараларын  жоспарын кайта қараған дұрысыс дейміз.

Жоғарыда айтылғанмен бедеулікке әкеп соқтыратын факторлардың бірі акушерлік гинекологиялық патологиялар.

Қынаптың айналуы Қынаптың айналуы – қынаптың жыныс ернеуі арқылы айналып түсіп тұруы. Себептері. Құрсақ қуысының қысымының жоғарылауы және жыныс мүшесінің бекітетін байланыстардың босаңсуы ауруға әкеп соқтырады. Мұндай жағдай көбінесе буаз және кәрі малда дұрыс азықтанбағандықтан және     мационның жоқтығынан болады. Клиникалық көріністермен анықталуы. Аурудың бас кезінде малдың жағдайы өзгермейді. Әрі қарай қынаптың ұлпаларының ісінуіне, зәрмен, нәжіспен кілегейлі қабатының тітіркенуіне байланысты эрозия пайда болып, беті жиырылып кетеді. Мал тынышсызданып, күшенеді, зәрін, нәжісін шығаруы бұзылады.

Аурудың екі түрі болады: толық және жартылай айналу (түсу). Жартылай айналғанда қынаптың жоғарғы жағы ғана айналып, мөлшері қаздың жұмыртқасындай болып шығып тұрады.

Қынап толық айналғанда жыныс ернеуінен ісініп, қанталап, кейде жарылып жатқан шар тәрізді қарайған дене көрінеді. Ол дененің ортасынан жатыр мойнының қынаптық бөлігін байқауға болады.

Емдеу: қынап жартылай айналғанда малды мационға шығарып, кілегейлі қабатын жарақаттанудан сақтап, айналған бөлімшенің әрі қарай түспеуін қадағалау керек. Ауру малдың рационын өзгертіп, шырынды азықты беруді тоқтатады. Рационға жылдам қорытылатын азықты көбірек қосады. Құрсақ қуысының қысымын төмендету үшін ауырған малдың астындағы еденді көтеріп, артқы жағы бас жағынан жоғары болуын қамтамасыз етеді.

Қынап толық түссе өз бетімен жазылмайды. Сыртқы ортаның әсерімен (кебу,нәжіс пен төсеніштен былғану) қынаптың кілегейлі қабаты некрозаға ұшырап, көбінесе сепсиске айналады. Сондықтан, қынапты тазартып, орнына салып, бекіткен жөн. Малға көмекті неғұрлым ерте көрсетсе, соғұрлым мал ерте жазылады. Қынапты орнына салар алдында күшенуді болдырмау үшін төменде аталған новокаин блокадасын жасау қажет: скральді жансыздандыру, Наздарчевтың, Исаевтың және т. б. Тосқауылдар. Одан соң сиырдың артқы жағы алдыңғы жағынан жоғары етіп орналастырылады (құрсақ қуысындағы қысымның жамбасқа әсерін төмендету үшін).

Айналып түскен қынапты және оны қоршаған ұлпаны тазалап, дизенфекциялық ерітіндімен шайған соң (калий перманганатымен 1:1000 т. б.) оның бетін синтомицин эмульсиясымен немесе антибиотик қосылған майлармен сылаған жөн. Аталған жұмыстан кейін жұдырықты салфеткамен орап, жатыр мойнының қынап бөлігінен басып, қынапты баппен жамбас қуысына қарай енгізеді. Қынапты бекітетін көптеген тәсілдер бар. Тәжірибеде көбінесе ыңғайлы екі тәсіл қолданылады. Таза бөтелкені қынапқа енгізіп, бекіту қолданылады. Ол үшін резеңке бөтелкені қолданады, оны қынапта бір деңгейде ұстап тұру үшін алдын-ала сумен толтырады да аузын тығындайды. Бөтеленің түбін жатыр мойнына қаратады. Оның мойнына төрт жаққа жіп өткізіп, малдың кеуде тұсынан бекітіледі. Ілгекті (петля) жыныс ернеуіне бекітеді де, жіптің ұшын кеудеге (алқымына) байланады. Ілгекті метардан немесе жіптен дайындайды. Аталған ілгектер малдың мазасын алмайды және зәр шығаруына кедергі етпейді. Күшену басылған соң, бөтелкені, ілгекті алып, жоғарыда аталған блокадалардың біреуін жасайды.

Шудың түспеуі. Шудың түспеуі деп төл қабаттарының әр малдың өзіне тән белгілі уақытта түспеуін айтады. Туудың бұл патологиясы қыс, көктем айларында жйі кездеседі. Сиырдың шуы түспеуі – туғаннан соң 6-8 сағат өткенше шуының түспеуін айтады. Себептері: негізгі себебі – жатыр атониясы және хорионның жатыр карункулдарына жабысып қалуы. Әкеліп соқтыратын факторлар: малдың көтерімдігі, рационда құнарлы және минералды заттардың жетіспеуі,мационның болмауы, буаз кезінде індетті ауруға шалдығуы. Клиникалық белгілері және анықтауы: ауырған сиыр тынышсызданып, жонын көтеріп, жиі-жиі зәр жіберіп тұрады. Әрі қарай түспеген шуға микроорганизмдер еніп, оның шіріп, ыдырауы басталады. Жатыр бұл кезде мик-рофлорға толып кетеді. Малдың улануына байланысты дене қызуы көтеріледі, тәбеті төмендейді немесе болмайды, уыздың бөлінуі азайып, малдың жағдайы нашарлайды. Шуы түспеген сиырдың жыныс ернеуінен қызыл түсті былғаныш дене салбырап тұрады, мал жиі күшенеді. Осы көріністерге қарап диагноз қою оңай болады. Емдеу: сиырдың организімін күшейту үшін оған тұздалған су, шарана суын ішкізген жөн, 2 л суға 400-500 гр қантты ерітіп беру қажет. Күре тамырына 150 мл глюкозаның 40%-дық ерітіндісін, 100 мл кальций хлоридінің 10%-ды ерітіндісін және 10 мл 20%-дық кофеиннің ерітіндісін жібереді. Тері астына 20%жаңадан сауылған уызды егеді. Қолқаға новокаиннің 1%-дық ерітіндісіне (30-40 ӘБ)

окситоцинді қосып жібереді. Жатыр арқылы жатырдың кілегей қабатымен және хорионның ортасына 300-500 мл ерітіндісін жіберіп, 2-3 таблетка экзутер дәрісін салады немесе ақ чемерицаның 10%-дық ерітіндісін балық майымен қосып жатыр ішіне жібереді. Ақ чемерицаның балық майымен қосындысын жатыр қуысына 100-150 мл бір рет жібереді, керек жағдайда 10-12 сағаттан кейін қайталайды. Ерітіндіні ПОС-5 приборымен (шошқаны ұрықтандыруға арналған) немесе резеңке катетермен шыны түтікше арқылы жібереді. Препаратты жібергеннен кейін 10-20 минут өткенсоң жатыр мен қынап 30-60 минутқа дейін қатты жиырылады.малдың шуы түспегенде алғашқы уақыт ішінде шара қолданса немесе туа салсымен алдын-алса, емдеу жұмыстары жоғары нәтиже береді. Егер атап өткен шаралар нәтиже бермесе, онда шуды қолмен алып тастайды. Шуды қолмен алар алдында сиырға төменгі сакралды анестезия жасап, жатыр қуысына 300-500 мл 20%-дық ихтиолдық ерітіндісін немесе натри хлоридінің гипертониялық ерітіндісін жіберіп, шуды алуды жеңілдетеді. Шудың салбырап тұрған бөлігін қолмен ұстап жиырып тартады. Содан кейін алдын-ала ихтиол майы жағылған оң қолмен карнукулдарды тауып, олардан харионның кателидондарын ағытады. Сол қолмен ағытылған сайын шуды тартып отырады. Шуды алып болғаннан кейін жатыр қуысына көпіретін (септометрин, экзутер) немесе микробтарға қарсы эмульсиямен суспензияларды балық майына араластырып жібереді. Тері астына окситоцин егіп, Мосин блокадасын жасаған жөн.

Жатырдың айналып түсуі бұл патология туудан кейінгі алғашқы сағаттарда кездеседі Себептері: ауруға әкеп соқтыратын себептері: малды буаз кезінде дұрыс азықтандырмау, мционның болмауы және еденнің алдыңғы жағы көтеріңкі болуы. Аталған себептер бүкіл организімнің еттерін босатады. Төлденгеннен кейін жатыр өз уақытында бұрынғы қалпына келмейді. Клиникалық көріністері: жатыр түскен мал мазасызданып, жиі-жиі күшенеді де зәр мен нәжісін шығарады. Жатырдың түсуін анықтау қиын еиһмес. Жыныс ернеуінен шудың қалдығымен қоса қанталаған жатыр салбырап тұрады. Емдеуі: жатырдың орнына салудағы барлық шараларды қолданады. Сиыр күшенбес үшін 1-1,5 л 400  спирт ішкізеді немесе сакралды анестезия жасайды. Жатырды шудың қалдығынан, кірден тазартады, дизенфекциялық ерітінділермен жуады (калий перманганаты, риванол 1:100, фурацилин 1:5000). Жатырдың сірлі қабатының новокаиннің 1%-дық 100 мл ерітіндісін, жатыр етіне окситоциннің 40 ӘБ егеді. Жатырды стерилденген орамалмен алдынан түбіне дейін тығыздап орайды. Одан кейін жатырды ихтиол майымен майлап, жыныс ернеулеріне жақын жерден бастап, жамбас қуысына итеріп салады. Жатырды слып болғаннан кейін оның қыртыстарын қолмен жазады. Балық майына араласқан антибиотиктерді енгізеді.

Жатырды бекіту үшін төменгі аталған тәсілді қолданады. Болаттан немесе қоладан жасалған 12 мм шеге тәрізденген 3 штифтерді дайындайды. Дайындалған штифтерді дизенфекциялық ерітіндісі бар ыдыста сақтайды немесе пайдланар алдында 700 спиртпен ылғалданған мақтамен сүртеді. Жыныс ернеулерін бекіту алдында дизенфекция жасап, штифті енгізетін

жерлерін йодтың ерітіндісімен залалсыздандырады. Сол қолмен жыныс ернеулерінің екі жағын қысып ұстап, штифті оң қолға алып, алақанмен басып жыныс ернеулерінің еніне енгізеді. Жыныс саңылауларының шетінен 3,5-4 см кері алады. Қалған штифтерді стерилді бинтпен орап, сарпайдың жоғарғы бұрышында аяқтайды.

Жыныс ернеулерін жақындастыру үшін бинтті тартып байлайды. Күшенудің алдын-алу үшін жатырға тағы да сакралды анестезия жасайды. Аталған тәсілмен бекітілген жатыр малдың физеологиялық нәжіс, зәр шығаруына және дәрі-дәрмектерді енгізуге кедергі жасамайды. Малдың ұлпасына бекітілген штифтерді 1-2 тәулікке қалдырады, ал фиксация жасаған кезде материялды алып, йодпен сүртіп күйдіреді. Әрі қарай жасалатын ем жатырдағы потологиялық процестің дамуына байланысты болады.

Туғаннан кейінгі жатырдың орнына келмеуі (жатырдың субинволюциясы) Ол туғаннан кейінгі жатырдың белгілі уақытта өзінің бұрынғы қалпына келмеуі. Жатыр қуысында лохий жиналады.

Себептері: жатыр еттерінің босансуына соқтыратын факторлар: малды дұрыс азықтандыру, рационда минералды заттардың жетіспеуі, мационның болмауы және басқа жағдайлар. Клиникалық көріністері мен анықталуы: жатыр субинвалюциясы малдың жалпы жағдайын өзгерте қоймайды.кейбір жағдайларда ғана септикалық улануға соқтырады. Ауруды дер кезінде емдесе жазылып кетеді. Сонымен қатар жатыр субинвалюциясы ұзаққа созылған эндомеритке айналады. Эндометриттің өрбу сатысына байланысты көпке дейін мал қысырлыққа ұшырайды.  Жатыр субинвалюциясын анықтау үшін мына көріністерге назар салады: 17 күнге дейін жатырдан лохий бөлінеді, оның консистенциясы жабыспақ, иісі сасық, сұр түсті болады. Жатыр мойны бұзаулағаннан кейін 20-30 күнге дейін ашық болады. Жатырды тік ішек арқылы тексергенде, оның созылып құрсақ қуысында жатқанын байқайды, жатыр жиырылмайды, ішінде сұйық бар екні,туғаннан кейін 10-15 күнге дейін орта жатыр артериясының соғысы байқалады.

Емдеу: малдың жалпы жағдайын жақсартуға, жатыр тонусын арттыруға бағытталады. Ол үшін стимуляция жасайтын дәрі-дәрмектер қолданады, оған АСД-2, уыз, карбохалин, прозерин жатады, ал жатырды жиырылтуға малдың етіне немесе тері астына питуитрин, окситоцин, карбохолин қолданып, шарана суларын ішкізеді және 1% новокаин ерітіндісі мен антибиотик, акситоциннің қосындысын қанға жібергенде жақсы нәтиже береді.

 

 

 

 

 

 

 

  1. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

3.1 Зерттеу материалдары және әдістері

Шаруашылықтағы малды туғаннан кейінгі патологияларға диагноз қою үшін анамезден алынған мәліметтерде сүйене отырып, клиникалық және кейбір жағдайларда лаборатолиялық зерттеулердің қортындысына байланысты ауруды балап емдеу үшін алдын алу шараларын ұйымдастырдық.

Анамнез жинау үшін – малдың төлдеген күнін, туу және туудан кейінгікезенің, алғашқы жыныстық қозуын,ұрықтануын, жыныс ағзаларынан аққан сұйықтыққа, індет және жұқпалы ауруларды, мал азығын, күтімін толық зерттеп мәлімет жинадық.

Жалпы кллиникалық зерттеу дене температурасы, тамыр соғуы, тыныс алуы, тәбеті, қоңдылығы, кілегей қабықтарының жағдайын, лимфа түйіндерін.

малдың жүйке жүйесін зерттеу қажет.

Арнайы зерттеулер

Сыртқы пішінін зерттеу

Қынап арқылы және тік ішек арқылы зерттеу

Қынап аркылы зерттеу үшін жыныс ернеулерін сабынды сумен жуып, зарарсыздандырады, зерттеуші қолын 70° спиртпен залалсыздандырады.

        Қынап кіреберісін, қынапты арнайы айнамен зерттейді, ол үшін қынап айнасын жуып- шайып, зарарсыздандырады, зерттеу алдында зарарсыздандырылғган вазелинмен майлап, қынапқа енгізеді, жарық түсіру арқылы қынаптың, қынап кіреберісінің кілегей қабатына, назар аударып, түр түсіне,  жарақат, ісік, қанталау тағы басқа да өзгерістерге көңіл аударады.

Тік ішек арқылы зерттеу үшін. Жұмысты гинекологиялық қолғаппен немесе бір рет қолданатын полиэтиленді қолғаппен жүргізеді. Зерттеу алдында акушер қолының тырнағын алып, зарарсыздандырады. Содан кейін тік ішекті нәжістен тазартып, қолды ары қарай тік ішек арқылы жатырды, жатыр мойнын аналық жыныс безінің жағдайын зерттеуге көңіл бөледі.

         Жатырдың патологиялық жағдайында тік ішек арқылы жатыр тармақтарының әлсіз жиырылуын, қабырғасының қалыңдауына және былқылдауын, тармақ аралық ойысты ұстап білуге болады. Жатыр мойны қабынған кезде ол дәнекер ұлпаның өзгеруіне және ісінуіне байланысты көлемі ұлғайып, тығызданады. Жіті қабыну кезінде тік ішек арқылы зерттегенде мал ауырсынады.

    Акушерлік — гинекологиялық ауруларды анықтағанда анамнезден және арнайы зерттеулерден алынған мәліметтерді толық пайдаланған қажет. Сонымен қатар азықтың, қанның құрамын, малдың бағып -күтілуін, ұрықтандыру мен пайдалануын білген жөн.

          Акушерлік-гинекологиялық ауруларды балау үшін  шаруашылықтағы  туу бөлімшесіндегі және туғаннан кейінгі кезеңдегі мал басын толық зерттеумен қамтыдық.

        Лабораториялық зерттеулер. Патологиялық процесстердің жасырын түрде өтуіне байланысты ауруды анықтау қиынға түседі. Сондықтан лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. Олар бактериологиялық, гистологиялық, биохимиялық анамнез, физико- химиялық әдістер және жыныс мүшесінен алынған қабыну экссудатын, бөлінген кілегейін, гистологиялық препараттарды зерттеу қажет.

 Физико- химиялық әдістерді — эндометриттің жасырын түрін анықгау үшін қолдандық. Бұл әдістің орындалуы цервикальды шырыштың түсінің өзгеруіне байланысты анықталды. Пенициллин ыдысына 2 мл шырышпен 2 мл күйдіргіш натрийдің ерітіндісін қосады. Бұл қосындыны спиртовкамен қайнатады. Егер аталған қосынды мөлдір немесе ашық сары түсті болса, онда реакция теріс, сары түсті болса эндометриттің жасырын түрі болғанын түсіндіреді.

 Эндометритке диагноз қою әдістері

 Диагноз: тік ішек арқылы зерттеп қарағанда, жатырдың кілегей қабығының ісінуі салдарынан, жатырдың және оның тармақтарының тығыздалуын және едәуір ұлғаюын байкауға болады. Басып қарағанда жатырдың бүлкілдеп тұрғандығы және сәл ауырғандығы сезуге болады. Қынап арқылы тексеріп қарағанда, жатыр мойнының білеуленіп шығып тұрған жерінің кілегей қабығының қанталауы және сәл ісінуі байқалады. Бұдан басқа жатыр мойны қуысының сәл ашылып тұруы және одан әртүрлі экссудаттың ағуы көрінеді.

  Барысы: бұл процесс өзінен-өзі бітуі мүмкін, бірақ көбінесе созылмалы түріне айналып кетуі байқалады. Әдетте мал жатырын сипағанда өте көп мазасызданбайды. Қатты мазасыздану, ыңырсу, күшену периметрит кезінде байқалады немесе тік ішекпен ақ шел қабықтың ректовагинальды бөлігінде қабыну процесстерінің белгісі болып табылады. Эндометриттің аналық клиникалық белгілері болмаса, эндометриттегі патологиялық өззгерістерді анықтау үшін биопсия жасап, одан кейін гентологиялық тексерулер жүргізеді. Биопсия жасау үшін әртүрлі топтағы биоптаттарды қолданады.

           Биоптаты түтікше пішінді жатырдың кілегей қабатын сорып алуға арналған. Прибор ішіндегі вакуумды шприц арқылы жасап, приборға созылған кілегей қабаты биотом пышағы арқылы кесіп алады. Ал құнды сиырларда жыныстың функциясының бұзылуын дәл анықтау үшін кейде қынап күмбезінің жоғарғы жағынан тесіп өткізген лапороскоп арқылы зерттеу жүргізуге болады. [11].

 Көптеген жағдайларда жыныс  органдарының клиникалық тексеруден басқа, қанды, зәрді, нәжісті лаборатологиялық анализден, қынаппен жатыр экссудатын бактерологиялық тексерулерден, цервикалдық шприцтың термиялық құрамын микроскопиялық зерттеуден өткізу керек.

   Эндометритті экспресс әдісімен анықтау:

   Төсеніш әйнекке 2 жерге 2 тамшы шәует тамызып, оның біреуіне жатыр мойнынан алынған шырышты тамызады. Тамшыларды жұқа әйнекпен

жуып, микроскоппен тексереді. Эндометрит болса шырыш қосылған тамшыда спермалар қозғалыссыз немесе агглютинацияға ұшырайды[15].

  Эндометритті анықтайтын тұндыру әдісі:

  Пробиркаға 2 мл лохий құйып,оған 2 мл 1пайыз сірке қышқылын немесе 1:1000 қатынасына этакрин лактат ерітіндісін қосады. Төлдегеннен кейінгі кезең қалыпты жағдайда дұрыс өтсе муцин туындысы пайда болып, араласқан кезде тарамайды, сұйық тұйық күйінде қалады[11].

Жұғындыдағы торшалар құрамының өзгеруін анықтау

Анықтауы бойынша  жжыныс аппаратының әртүрлі физиологиялық жағдайында қынап пен жатыр мойнының шырыштық торшалық құрамы заңды түрде өзгеріп отырады. Жұғындыларды Романовский-Гимза әдісімен бояп 500 торша санайды. Жіті эндометрит кезінде жұғындыда көлемі орташадан үлкен эпителий торшаларын табады және сырт пішіні бұзылғандарда көп кездеседі.

 

3.2 Өзіндік зерттеу нәтижесін талдау

Алдынғы қатардағы шаруашылықтардағы жүргізілген тәжрибе жұмыстарының нәтижесінде бұзауларды туғаннан кейінгі алғашқы 10-12 сағат бойы енелерімен бірге ұстау анасымен төлдің  организміне оң әсер ететіні дәлелденген. Сонымен қатар шуы түспей қалуы, гинекологиялық аурулар кездеспейді, желіндерінің ісуі тез арада  таралып желінсау ауруына шалдықпайды. Егер 6-8 сағат ішінде сиыр бұзаулағаннан соң шуы түспесе,  онда шуы түспеді деп диагноз қоюға болады, сондықтан желінсауды болдырмау үшін шуды дер кезінде түсіру  қажет. Ең алдымен организмнің бүкіл  ішкі күресу мүмкіндігін күшейткен  дұрыс, ол үшін вена тамырлары  арқылы глюкоза, хлорлы кальций,  кофеин ертінділерін жіберген өз нәтижесін береді, күніне 2-3 рет 5-6 сағат сайын 3 литрден шарана сұларын шуы түспеген  сиырға ішкізген өз көмегін береді. Керекті жағдайда, немесе  алдынала шараны суларын эмалденген ыдыстарға жинап 3-4 күнге дейін тоңазытқышты сақтап пайдалануға болады. Тері астына 20 мл уыз жіберген тиімді. Организмнің тонусын көтеру үшін тері астына 2 мл 0,5% прозерин ертіндісін жіберіп, 30-50 Ә.Б. өкситоцинді  бұлшық еттеріне салған оң әсер етеді.

        Шуды жылдам түсіру үшін 100-150 мл мына дәрі-дәрмектердін қоспасын қолқа арқылы жібереді. 5% глюкоза ертіндісі +0,3 риванол ертіндісі, 1% новокаин ертіндісі 30-40 Ә.Б. окситоцин ертіндісін қосып жылы күйде қолдану қажет. Аталған дәрі-дәрмектерді қолданғаннан  кейін сиырды міндетті  түрде сауған дұрыс,  өйткені дәрілер сүттін  түзілуіне әсер етеді, ал сауған кезде желін ісігі тез таралуы мүмкін.

        Шудың дер кезінде түсуін  қамтамасыз ету үшін сиыр бұзаулағаннан  соң балық майындағы еріген ақ  тамырдың ертіндісін 100 мл мөлшерде қолданады (чемерица).

        Төл және аналық  бөлімдерінің қабынуы арқасында  бітіп жабысып-қалуынан,шу түспей қалады. Туғаннан кейінгі эндометритпен, желінсаудын алдын алу үшін жатыр қуысына 15-20%  ихтиол ертіндісін 150-200 мл немесе 2-3 экзутер таяқшаларын еңгізеді.

         Шудың түспей қалуы, жатыр субинвалюциясына әкеп соқтырады  жатыр субнвалюциясы, дегеніміз ол жатырдың белгілі уақытта тазарып, қайта бұрынғы қалпына уақытында келумеуі.

         Сиырдың шуы түспей қалғанда  жатыр субинволюциясының алдын алу

шараларының жобылық кестесі

Кесте -1

Емдеуге арро4ороооналған дәрі-дәрмектер

Қолдану әдітері

Бір ретке қолданатын мөлшері

Емдеу күндері

 

1

2

3

4

5

6

7

8

 

4

5

6

7

8

9

10

11

 

1

2

3

 

Қоспа:

 

Новокаин 1,0 г этакридин лактаты 0,1г  Окситоцин 35-50 Ә.Б. Глюкоза 5,0 дистилденген су

Қолкаға (аортаға)

100-150 мл

+

 

+

 

+

 

 

 

 

Ихтиолдын судағы 15% ертіндісі

Жатыр қуысына

200-300 мл

 

+

 

+

 

 

 

 

 

Тривитаминдегі салицил қышқылының 5% ертіндісі

Жатыр қуысына

200-300 мл

+

 

+

 

+

 

 

 

 

Сылап-сипау

Тік ішек арқылы

3-5 минут

+

+

+

+

+

+

+

+

 

 

 

Коньков жағындысы 1-500 Фурациллин ертіндісі

Жатыр қуысына

100-150 мл

 

 

 

 

 

 

+

+

 

Қоспа:

 

Синтомицин эмульсиясы бірдей мөлшерде балық майы

Жатыр ішіне

100-150 мл

 

 

 

+

+

 

+

 

 

Экзутер

Жатыр қуысына

2-3 таблетка

+

+

+

 

 

 

 

 

 

 

Қоспа:

 

Новокаин 1,0 г этакридин лактаты 0,1г окситоцин 35-50 Ә.Б. глюкоза 5,0  дистилденген су

Қолқаға (аортаға)

100-150 мл

+

 

+

 

+

 

 

 

 

Қоспа:

 

Уыз -100 мл

Прозерин 0,05 г, Анти-биотиктер 2 млн Ә.Б.

Тері астына

25 мл

 

+

 

+

 

+

 

 

 

0,5% новокаиндегі АСД-2 фракциясының 5% ертіндісі

Тері астына

20 мл

+

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

Ихтиолдын судағы

15% ертіндісі

Бұлшық етке

100-150 мл

 

+

 

+

 

+

 

 

 

Экзутер

Жатыр қуысына

100-150 мл

+

+

+

 

 

 

 

 

 

 

 

Аутоқан

Бұлшық етке

40,60,80 мл

+

 

+

 

+

 

 

 

 

Жатырды силап-сипау

Тіқ ішек арқылы

5 минут күнде

+

+

+

+

+

+

+

+

 

Қоспа:

 

Гидролизин 100,0мл АСД-2    5,0 новокаин 0,5 г

Тері астына

20 мл

+

 

+

 

+

 

+

 

 

 

 

Ихтиолдың судағы 15% ертіндісі

Жатыр қуысына

100-150 мл

+

 

 

 

 

 

 

 

 

0,5% прозерин

Тері астына

2-3 мл

 

+

 

 

 

+

 

 

 

Балық майындағы трициллиннің 10% ертіндісі

Жатыр қуысына

100-150 мл

 

 

+

 

 

 

 

 

 

Экзутер

Жатыр қуысына

100-150 мл

 

 

 

+

 

 

 

 

 

Септиметрин

Жатыр қуысына

2-3 капсула

 

 

 

 

+

 

 

 

 

40% глюкозадағы ихтиолдын  7% ертіндісі

Бұлшық етке

15 мл

 

 

 

 

 

 

 

+

 

Жатырды сылап-сипау

Тік ішек арқылы

3-5 минут

+

+

+

+

+

+

+

+

 

                         

 

 

         Жатыр субинволюциясы кезінде жатырдың жиырлмауына байланысты, лохий шіріндісі жиналып, организм бактериялар токсиндерімен уланады. Сонымен сүт безі гематогендік және лактогендік жолдармен, төсеніштен түскен және жыныс аппаратынан бөлінген микроорганизмдермен зақымданады. Осыны  ескере отырып жатыр субинволюциясының алдын алу үшін мал организмінің жалпы жағдайын көтеріп, жатыр тонусын күшейтетін дәрі-дәрмектерді қолдану қажет. Осы бағытта организмнің жалпы тонусын күшейтетін АСД-2, уыз, карбахолин, прозеринді қолданады, ал жатырдын жиырлу күшін арттыру үшін бұлшык ет арқылы питуитрин, окситоцин дәрілерін қолданады, сонымен қатар шараны суын ішкізген дұрыс, новокаиннің 1% ертіндісінің антибиотиктермен окситоцинге қосып аорта арқылы 100 мл мөлшерде жіберген нәтижелі болады. (№5 кесте).

        Сиырлар бұзаулайтын қораның кіреберісіне дезинфексиялық төсеніш жасаған жөн, күндіз-түні кезекшілік етіп, бөтен адамдарды кіргізбей, тазалық сақтаған дұрыс. Әрбір сиырды бұзауын емізбестен бұрын клиникалық және субклиникалық желінсауға тексерген абзал. Сиыр-бұзаулағаннан кейін екінші-үшінші күні тік ішек арқылы жатырдың жағдайын зерттеп білген жөн.

 

 

Кесте-2. Аналық мал басының жыныс мүшелерінің патологиялары (2017-2018 жылдар аралығында)

Реттік №

Аурулардың аты

Ауырған мал басы

%  көрсеткіші

1

Іріңді –катаральды эндометрит

7

14

2

Шудың түспей қалуы

12

24

3

Аналық безерінің қызметінің бұзылуы

18

36

4

Жатырдың субинволюциясы

5

10

5

Вестибулит және вагинит

8

16

Барлығы

50

100 %

 

№ 4 кестеде көрсетілген 50 бас ауруға шалдыққан малдардың ішінде 14 % іріңді-катаральды эндометритпен ауырған, 24% шудың түспей қалуына шалдыққан, 36 % жыныс бездерінің қызметінің бұзылуы болды, ал 12-16% вагинит, вестибулит ауруларымен ауырған.

Біздің ойымызша жатырдың іріңді-катаральды эндометрит ауруларының жиі кездесуі өз уақтысында балау қойылмай, дұрыс емделмегеннен деп есептейміз. Сонымен қатар аурудың асқынуларынан да болады. Жыныс мүшелерінің патологияларының ішінде 24% шудың түспей қалуы, ол біздің ойымызша малды дұрыс бағып кұтпегендіктен, моционның болмауынан, жем-шөптің сапасыздығына және патологиялық туудан деп есептейміз.

Жатырдың катаральды және іріңді-катаральды қабынуын біз өз тәжірибемізден өткізген емдеу әдістерін қолданып, емдеу жүргіздік.

Емдеу курсын 8-10 күн аралығында  жүргіздік 2 және 6 күндері тері астына мынадай қоспаны енгіздік: 1% новокаин ерітіндісін 100-150 мл және антибиотик пенициллин немесе стрептомицин 500 ӘБ +окситоцин 30-35ӘБ жылы күйінде тері астына енгіздік.

-2,5,8 күндері күре тамырына 30;60; 90 мл өз қанын алып оған 500ӘБ пенициллин қосып бұлшық етке жібердік.

— 3; 7 күндері – стрептомицин 1 гр, пенициллин 150 мың ӘБ тривитамин 100 мл жатыр қуысына Эсмарх кружкасы арқылы жібердік.

— келесі қолданылған  емдік дәрі ихглюковит. Бұл дәрінің құрамы күрделі оған: глюкоза ұнтағы – 30,0 + ихтиол 4,0 гр, аскорбин қышқылы – 3,0 гр, дисстилдинген су 63,0 мл қоспа жасап араластырады. Ихглюковит қоспасының түрі. Қара –қоңыр майлы сұйық ихтиол майының иісі шығып тұрады. Дистилденген суға глюкоза мен ихтиолды қосып ерітіндіні 13-17 минут қайнатады, одан кейін сүзіп 65-75 0 С суытады, кейін аскорбин қышқылын қосады. Осындай жолмен дайындалған қоспаны құймышақ және жамбас сүйегі құралған ойпатқа алдыңғы бұрышынан жібереді, ол үшін Бобров инесін қолданады, 4-5 см тереңдікке ерітіндінің жалпы дозасы 50 мл, ерітіндіні 2-ге бөліп, екі жағына салады, дәріні 2-3 рет 72 сағат сайын қайталап отырады.

Сиырларда жүргізілген тік ішек және қынаптық бақылау нәтижесінде сиырлардың туғаннан кейін жыныс органдарының инволюциясының уақытын анықтауға мүмкіндік алдық. Жүргізілген зерттеулер сиырларда лохийдің бөлінуі  көп жағдайда туу процессінің өтуіне байланысты екенін көрсетті (1-кесте). Сонымен, көпшілік сиырларда (51,6%) туу процессі қалыпты өткен жағдайда лохийдің бөлінуі алғашқы 2 апта көлемінде тоқталды, ал 41,8% сиырда туғаннан кейін 15-21-ші күндері және 6,6% сиырда 22-28-ші күндері тоқталды. Біздің мәліметтер бойынша туу процесстері қалыпты өткенде туғаннан кейінгі бөлінулердің тоқталуы 12-24 күндер аралығында, ал орташа ұзақтығы 16,89±0,41 күнді құрады. Шуы түспей қалған сиырларда жатыр субинволюциясына байланысты лохийдің бөлінуі 29-42 күн аралығында байқалды. Шуы түспей қалған сиырларда туғаннан бастап лохийдің бөлінуі тоқталуына дейінгі уақыттың орташа ұзақтығы 34,8±1,38 күнді құрады.

 

Кесте-3. Туу үрдісіне байланысты лохий бөлінуінің ұзақтығы

Туудың өту сипаты

Сиырлар саны

Туғаннан кейінгі күндер

7-14

15-21

22-28

29-35

36-42

Қалыпты туу

91

47

51,6

38

41,8

6

6,6

Шудың түспей қалуы

10

1

10

7

70,0

2

20,0

 

 

 

 

Кесте-4. Туғаннан кейінгі лохидің  бөлінуінің  ұзақтығына байланысты

сиырлардың өсіп-өну қабілеті жөніндегі деректер

Лохий бөлінуінің ұзақтығы, күнмен

Сиырлар саны

Жатыр инволюциясының ұзақтығы, күнмен

Сервис кезеңнің ұзақтығы

Бірінші ұрықтандырудан кейінгі ұрықтану,  %

15-күнге дейін

47

20,1±0,26

52,7±4,74

78,7±5,97

15-21

38

24,8±0,56

67,6±5,94

74,3±6,97

22-28

6

31,5±0,98

85,8 ±9,07

66,6±21,09

 

Туғанан кейінгі бөліну 14 және 21 күннен аспаған сиырларда жатыр инволюциясы орта есеппен 20,1 және 24,8 күнді құрады. Ал егер лохий бөлінуі 22 күнге созылған сиырларда жатырдағы қалыптасу процесстері орта есеппен 31,5 күнде аяқталатынын көрсетті.

1 — график. Лохий бөлінудің ұзақтығына байланысты жатыр инволюциясының ұзақтығы, сиырдын ұрықтануға дейінгі аралық уақыты және т.б. көрсеткіштері

Жүргізілген зерттеулер 94,5% сиырдың жатырының көлемі, пішіні туғаннан кейін 28 күнде қалыпқа келетінін көрсетті (3-кесте).

 

 

Кесте-5. Сиырларда жатыр инволюциясының ұзақтығы

Туудың өтуінің сипаты

Көрсеткіштер

Туғаннан кейінгі күндер

15-21

22-28

29-35

36-42

43-49

Қалыпты туу

Бас

%

60

65,9

26

28,6

5

5,5

Шудың түспей қалуы

Бас

%

1

10,0

6

60,0

3

30,0

 

Сонымен, сиырлардың жыныс мүшелерінің инволюциясының ұзақтығы туралы мәліметтер және зерттеу барысында жинақталған клиникалық зерттеу нәтижелері салыстырмалы талданды. Күтіп-бағуы дұрыс сиырлардың туғаннан кейін шуы белгілі- бір уақытта түсті, орта есеппен алғанда 4,9±0,44 және 5,27±0,85 сағат, жатырдың қалдықтары (лохий) орта есеппен 13,4±0,45 және 16,9±0,41 күнде тазарып шықты, ал жатыр бұрынғы физиологиялық қалпына 23,9±0,38 және 23,7±0,76 күнде келгені анықталды.

Зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдай отырып, сиырдың туғаннан кейінгі жатырының тазаруы және жыныс мүшелерінің инволюциясы туу процессінің өтуіне және шудың өз бетімен уақытында бөлініп түсуіне байланысты.

Мысалы айтсақ, туғаннан кейінгі 6 сағат ішінде сиырдың шуы түссе жатырдағы қалдықтар (лохий) 15,3±0,48 күнде тазарды, ал жыныс мүшелерінің инволюциясы мал төлдегеннен кейін 21,4±0,55 күнде өтті.

Сонымен қатар, шуы 10 сағатқа дейін өз бетімен түспесе жатыр қалдықтары орта есеппен 21,4±1,94 күнде тазарды, ал жатыр бұрынғы физиологиялық қалпына 28,4±2,9 күнде келгені анықталды. Ал шуы мүлдем түспей қалған сиырдың жатыры 34,8±1,38 күнде тазарып үлгерді, жатыр инволюциясы орта есеппен 43,1±1,26 күнде аяқталды.

Біздің зерттеулеріміз бойынша, дұрыс төлдегеннен кейінгі кезеңде буаздықтың сары денесі 3-4 жұма бойы инволюциядан өтсе бедеулікке әкеп соқтырмайды, сонымен қатар, (70%) шуы түспесе сары дене уақытында таралмай сиырлардың жыныстық циклдің теңелу сатысын ұзартады.

Мал басын ұрықтандырудың және жұмыртқалықтың қызметтік жағдайын зерттеу нәтижесінде олардың ұрықтану пайызының төмендеуі ановуляторлы жыныстық циклге тән фолликулдердің атрезиясына, лютеинизациясына және күлдіреуіктік өзгерістерге байланысты екені белгілі болды.

Сонымен, біздің зерттеуіміз бойынша шаруашылықта малды дұрыс бағып-күткенде олардың жыныстық мүшелері туғаннан кейінгі бір ай ішінде бұрынғы физиологиялық қалпына келіп, нәтижелі ұрықтанғанын анықтадық.

Сиырлардың туғаннан кейінгі жыныс мүшелерінің инволюциясына дәрі-дәрмектердің әсерін анықтау үшін зерттеуге 120 бас сиырлар алдық, олардың Зерттеу әдістерін төмендегідей өткіздік. Барлық төлдеген аналықтардың шуының түсу уақытын анықтадық. Тәжірибе жұмысын өткізу үшін шуы 5-6 сағат ішінде түскен 120 бас сиырды таңдап 4 топқа (25-35 бастан) бөлдік, Бірінші топтағы сиырларға күре тамыры арқылы 1% ихтиол (20% глюкоза) 200 мл мөлшерде енгізіп отырдық, ал 2-ші топтағы сиырларға Д. Логвиновтың әдісі бойынша, 1 кг салмағына 0,002 г — 1%-дық новокаин ерітіндісін құрсақ аортасына енгіздік, 3-ші топтағы сиырларға тері астына синтетикалық окситоцинді 100 кг салмағына 5 Ә.Б. енгіздік, 4-ші топтағы малды бақылау ретінде ұстадық. Тәжірибедегі малға дәрі – дәрмекті төменгі әдістермен енгіздік. Бірінші рет 5-6 сағаттан соң, екінші рет -30 сағаттан соң, үшінші рет туғаннан кейінгі 15-17 күндері. Тәжірибе жүргізу барысында малдың шуы қанша уақытта түскенін, шуды қолмен алып тастау, жатыр инволюциясының және тазару уақытына, жыныстық циклдің қозу сатысына, бірінші рет ұрықтандыру нәтижесіне, бедеулік күндерінің ұзақтығына назар аудардық.

 

Кесте-6. Фармакологиялық препараттардың шудың түсу уақытына әсер етуі

Сиырлардың топтары

Сиырлар саны

Препаратты қолданғаннан кейінгі шудың түсу уақыты (сағат)

1-4

3-6

7-8

9-12

Шуды қолмен алу

1-ші тәжірибе тобы

25

25

1

1

2-ші тәжірибе тобы

35

32

2

1

3-ші тәжірибе тобы

25

19

4

2

Бақылау тобы

35

16

6

6

2

5

 

Фармакологиялық дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы төлдеген сиырлардың жатыры тез арада физиологиялық қалпына келді.

 

Кесте-7. Сиырлардың жатыр инволюциясының ұзақтығы

Сиырлардың топтары

Сиырлар саны

Жатыр инволюциясының ұзақтығы

15-21

22-28

29-35

36-42

1-ші тәжірибе тобы

26

25

1

2-ші тәжірибе тобы

35

32

2

3-ші тәжірибе тобы

25

19

4

Бақылау тобы

35

16

6

6

2

 

Жатыр инволюциясы төлдегеннен кейін 1-ші топтағы сиырларда 88,0±4,50 күнде аяқталды, 2-ші топтағы сиырларда 97,0±2,83 күнде, 3-топтағы 80,0±8,0, бақылау тобында 51,2±8,48 күнде сақталды, ал басқаларында субинволюция анықталды.

Бірінші топтағы сиырлардың субинволюция ұзақтығы орта есеппен 22,4±0,73 күнді құрады, 2-ші топта 21,5±0,96 күнді, 3-ші топта 24,3±0,70 күнді, ал бақылау тобында 29,5±0,83 күнде субинволюция аяқталды.

Біздің бақылауымызша, ихтиол мен глюкозаны күре тамыры арқылы қолданғанда 45 күн ішінде жыныстық циклдің қозу сатысы 76,0±8,54% сиырларда байқалды. Қолқа арқылы осы дәрі-дәрмекті қолданғанда 76,0±3,54% сиырларда қозу сатысы байқалды, окситоцинді қолданғанда 44,0±10,78% сиырда байқалды, ал бақылау тобында 40,0±9,79% сиырда қозу сатысы байқалды. № 14 кесте.

 

Кесте-8. Сиырлардың қозу сатысының басталу уақыты

Мал топтары

Сиырлар саны

Туғаннан кейінгі кезеңдегі жыныстық циклдің басталуы (күндер)

30 күнге дейін

31-45

45-60

61-99

1-ші топта

25

3

16

3

3

2-ші топта

25

8

11

4

2

3-ші топта

25

3

8

6

8

Бақылау тобында

25

3

7

7

8

 

1-ші топтағы сиырлардың туғаннан кейінгі уақытта жыныстық циклі 42,8±2,95 күнде, 2-ші топта 37,8±2,36 күнде, 3-ші топта 51,1±4,04 күнде, бақылау тобында 56,1±4,66 күнде басталды.

1-ші топтағы сиырлардың 60,0±9,79%, 2-ші топтағы 56,0±9,93%, бақылау тобында 56,0±9,93% ұрықтанды.

Туғаннан кейінгі кезеңнің алғашқы екі айында 1-ші топтағы 68,0±9,33% сиыр, 2-ші топта 70,0±8,93% сиыр, 3-ші топта 32,0±9,33% сиыр, ал бақылау тобында 40,0±9,79% сиыр нәтижелі ұрықтанды.

Глюкозамен ихтиол қоспасын күре тамыры арқылы жібергенде туғаннан кейінгі кезде барлық 1-ші топтағы сиырлар 53,1±4,39 күнде нәтижелі ұрықтанды. Новокаинді қолқаға жібергенде 49,5±4,61 күнде сиырлар нәтижелі ұрықтанды, ал окситоцинді қолданғанда орта есеппен 66,1±4,42 күнде сиырлар нәтижелі ұрықтанды.

Дәрі-дәрмектерді қолдану нәтижесі кестеде көрсетілгендей ихтиол мен глюкоза қоспасын қолданғанда шуудың түсу уақыты 2,53 сағатқа ерте болды., новокаинді қолқа арқылы жібергенде 3,33 сағатқа, окситоцинді қолданғанда 1,78 сағатқа жылдамдады. Бұл мәліметтер бақылау тобымен салыстырғандағы көрсеткіштер.

Фармакологиялық препараттарды қолдану малдың жыныс мүшелерінің қайтадан бұрынғы қалпына келу уақытын жылдамдатады. Сонымен, 1-ші топтағы жатыр 4,8 күн ерте тазарды, 2-ші топтағы 5,5 күнге қысқарды, 3- ші топта 3,1 күнге қысқарды. Бұл мәлімет бақылау тобымен салыстырғандағы көрсеткіштер.

 

Кесте-9. Сиырлардың жыныс мүшелерінің қайтадан қалпына келуіне фармакологиялық дәрі-дәрмектердің әсері

Сиырлар тобы

Туғаннан кейінгі кезеңдегі

Жатырдың лохийден тазарып бітуі

Жатыр инволюция сының аяқталуы

Жыныстық циклдің байқалуы

Ұрықтануы

1-ші тәжірибе тобы

15,6±0,69

22,4±0,73

42,8±2,95

53,1±4,39

2-ші тәжірибе тобы

14,9±0,63

21,5±0,96

37,8±2,36

49,5±4,61

3-ші тәжірибе тобы

17,0±0,42

24,3±0,70

51,1±4,04

70,1±6,79

Бақылау тобы

20,4±0,90

29,5±0,85

56,1±4,66

66,3±4,42

 

Ихтиол мен глюкозаны күре тамыр арқылы қолдану жатырдың қайта қалпына келуін 7,1 күнге жылдамдатты (Р<0,001), қолқаға новокиан мен тетрациклинді жіберу жатырдың қайта қалпына келуін 8,0 күнге жылдамдатты (Р<0,001), ал окситоцинді тері астына жіберу 5,2 күнге жылдамдатты бұл өзгерістерді бақылау тобымен салыстырмалы түрде жүргіздік.

Сонымен, біздің зерттеуіміз бойынша, қолқа арқылы новокаинді қолдану, глюкозамен ихтиолды және окситоцинді пайдалану шудың уақтысында түсуіне оң әсер етті, туғаннан кейінгі кезеңде жыныс мүшелерінің инволюциясы жақсарды және жатыр субинволюциясына өз себебін тигізді.

Жатыр инволюциясына және шудың түсуіне новокаинді қолқа және артерия арқылы жіберу оң әсерін тигізді, өйткені новокаин қан тамырларының тонусын жақсартып, гистамин тәрізді заттардың белсенділігін төмендетіп, холинэстеразаның белсенділігін арттырады және жатыр моторикасын жақсартады, ал жатырдың жиырылу арқасында қан тамырлар тарылып карункулдардың тургоры төмендейді де шуы тез түседі.

Аналықтың шуы түспей қалғанда патогенетикалық ем жүргізіледі

 Патогенетикалық терапия

Патогенетикалық емдеудің белгілі бір тәсілі – ол новокаиндік блокада. Новокаин қабынған бөлім жүйкесінің тітіркену қабілетін қалыптастырады, нерв жүйесіне берілетін ауру тітіркендіруін тоқтатады осыған байланысты ұлпалардың қоректенуі жақсарып, қабынған жерде зат алмасу процессі қалпына келеді. Сонымен қатар, фагоцитоздың белсенділігі жоғарылап, қанның бактериоциттік және лизоцимдік белсенділігі, атонияға ұшыраған жатырдың жиырылуы қайта қалпына келеді.

 Организмде новокаин гидролизден өтіп параамино-бензой қышқылы пайда болады. Ол сульфаниламид препараттарын бейтараптандырады, сондықтан новокаин тосқауылын сульфаниламид препараттарымен және ваготроптық (карбохолин, прозерин) дәрмектерімен қоса қолдануға болмайды.

В.В.Мосиннің плевра үстіне жүргізілетін новокаин тосқауылы

Тосқауылдың маңызы: бұл тәсілдің маңызы диофрагманың ұшынан плевра үстіндегі дәнекер ұлпасына 0,5% новокаин ертіндісін жіберуде. Симпатикалық түйіннің шекара бөлігі және нервтері тосқаулданады.

Блокаданы қолданатын көрсеткіш: эндометрит, сервицид, вагинит, аналық жыныс бездерінің кистасына, мезгілсіз болған толғатуға қарсы, жатыр мойынының қатты жиырылуына, шудың түспейіне, жатыр субинвалюциясына, қынаптың және жатырдың айналып кетуіне, тас қарынның атониясына, желінсау және гастритке қарсы қолданады.

Тосқауыл (блокада) жасау әдісі. Саусақтың ұшымен соңғы қабырғаның алдыңғы жағынан өтетін сызықпен арқаның ұзын етінің қиылысқан жерін табады. Одан соң инені теріден өткізіп омыртқаның денесіне 30-35оС көлбеулікпен салады. Ол үшін мандрені бар инекция инесін қолданады. Егер мандренді алғаннан кейін инеден қан ағып, кеуде қуысына ауа сорылмаса, инеге жылытылған новокаин ерітіндісі бар шприцті жалғайды. Новокаинді жіберген кезде инені кері тартып, қайтадан плевра үстіне қарай итереді. Иненің дұрыс орналасқанына көз жеткізу үшін шприцтен босатып қараған жөн. Егер инеден алған сайын тамшы шықса, онда иненің дұрыс орналасқанына күмән болмайды. Егер ертінді кедергісіз поршеннің салмағымен енсе ерітінді плевра үстіне емес, кеуде қуысына кеткені. Бұндай жағдайда инені кері тарту қажет. Новокаинді малдың 1 кг салмағы 0,5 мл енгізеді. Новокаин ерітіндісінің жалпы дозасын екіге бөліп сол және оң жағына егеді. Керекті жағдайда блокаданы 5-7 күн өткен соң қайталайды.

В.Г. Исаевтың құйымшақалды тосқауылы (прескралды блокадасы)

Тосқаулдың маңызы; новокаиннің 0,5 % ептіндісін тік ішек жанындағы дәнекер ұлпасына жіберу арқылы симпатикалық және құрсақ асты нерв шоғырынан кететін нервтерді тосқаулдау.

Блокаданы қолданатын көрсеткіш; туу кезінде жатыр мойнының ашылмай қалуы,жатыр, ұрық жолы, аналық жыныс бездері қабынған кезде, шуы түспегенде.

Блокада жасау әдісі. Сиырдың арқасының деңгейіне дейін құйрығын көтереді. 15 см инені құйрық асты мен тік ішектің арасынан қадайды. Одан соң иненің ұшын 10-15 см 5-100 оң жаққа бағыттан алға жылжытады да,0,5% новакаин ерітіндісінің жалпы дозасының жартысын жібереді. Жалпы дозасы малдың 1кг салмағына 1мл-ден. Одан соң сол жаққа жоғарыда аталған ерітіндінің қалғанын егеді. Жатыр мойны ашылмағанда және шу түспегенде 24 сағаттан соң, ал басқа ауруларда 3 күннен кейін қайталайды.

А. Д. Ноздарчев бойынша жамбас нерв шоғырына тосқауыл жасау

Сиырда қатар орналасқан дәнекер ұлпасынан тұратын қос жамбастық қуыс болады. Ол арқылы жыныстық, гемаройдалдық нерв өтеді. Бұл блокаданың маңызы осы аталған нервтерді тосқауылдау.

Блокаданы жасайтын көркесеткіштер; қарқынды толғату кезінде, жатыр мойнын ашу үшін, патологиялық тууда, жыныс органдарына операция жасағанда (қвнаптың айналуы, жатірдың түсуі, кесер тілігін жасағанда, сонымен қатар эндомитритке қарсы, шу түспегенде). Жыныстық және геморойдалдық нервтер уақытша жансызданады.

Тосақуыл жасау әдісі: инені құйымшақ сүйегінің 3-ші омыртқасының тұсынан қадайды (ең жоғарғы нүктесі), одан 5-8 см сыртқа қарай 15 см инемен теріні тесіп, құйымшақ сүйегінің шетіне дейін апарады. Одан соң инені әрі қарай 1-2 см енгізеді.осы кезде құйымшақ-шоңданай тарамысыоны өзіне тән, ұлпаның тығыздығынан және иненің «түсіп» кетуінен байқауға болады. Иненің дұрыс орналасқанына көз жеткен соң алдымен беретін 0,5 % новакайннің жылы ерітіндісінің жарты дозасын жібереді (1 кг салмаққа 1мл), дозаның екінші жартысын екінші жағына жібереді. Блокаданы 48-72 сағаттан кейін қайталайды.

Төменгі құйымшақ (сакралды) анестезияси

Тосқауылдың маңызы; новакаин ерітіндісін бірінші және екінші құйрық омыртқаларының ортасынан жұлын айналасына жіберу арқылы жатыр мойнының қынаптың нервтерін уақытша жансыздандыру.

Блокаданы жасайтын көрсеткіштер: жатыр мойнының жиырылуы, қатты толғатқанда, жатырдың және қынаптың айналып түсуінде, шу түспегенде.

Анестезия жасау әдісі: инені сиырдың бірінші және екінші құйрық омыртқалары доғасының ортасынан шаншиды. Ине қадау орнын белгілеу үшін құйрықты жоғары және төмен қимылдатады, сол кезде бірінші және екінші құйрық омыртқаларының ортасында ойпат пайда болады. 1 мм диаметрлі инені доғааралық байланысқа қарай бағыттайды.

Инені малдың қоңдылығына байланысты 2-4 см дейін кіргізеді. Иненің дұрыс орналасуына көз жеткен соң (иненің тесікінен қан ақпайды) оған шприц жалған эпидуралық қуысқа новакайннің 10-15 мл жылы ерітіндісін жібереді.

Новокаиннің дозасын былай белгілейді: жамбас сүйегінің басынан шоңданай төмпешігіне дейінгі жүргізілген сызықты үшке бөледі. Мысалы, аталған аралық 42 см, оны үшке бөлеміз, сонымен новокайннің дозасы 14 мл-ге тең (төменгі сакралды анестезия).

Егер доза асып кетсе (20 мл-ден жоғары) малдың артқы аяқтары парезге ұшырап, құлап түседі (жоғары сакралды анестезия).

Д. Д. Логовинов бойынша новокаинді қолқаға жіберу

 Тосқаулдың маңызы: жыныс мүшелерінің нервтеріне қан арқылы әсер ету.

Көрсеткіштері: шудың түспей қалуы, жатыр субинвалюциясы, жіті қабыну процестері.

Енгізу әдісі: қолқаға пункция жасау үшін 20198-ші инені мандренмен қолданады. Инені оң жақтан 4-5-ші белдеме омыртқаларының қанатының арасына жон ортадан өткен сызықты бір алақан (7-8 см) орын қалдырып, инені 25-30  0 көлбеулікпен омыртқаның денесіне тірелгенше итереді. Содан кейін инені кері қарай тартып, төменірек алып, 2-4 см дейін тереңдетеді. Егер қолқа тесілсе мандренді алған соң инеден қан шапшып шығады. Кейін инеге Жане шприцін резина түтік арқылы жалғап, поршеннің күшімен жайлап новокаиннің 100-150 мл жылы ерітіндісін жібереді. Керек жағдайда 1% ерітіндісінің орнына 10%  новокаиннің 10мл дозасын егеді. Қабыну процесін емдегенде инекцияны араға 2-3 күн салып қайталайды.

А. А. Варганов бойынша новокаинді жамбас қуысына жіберу

Тосқсулдың маңызы: жамбас қуысына жіберу нәтижесінде новокаин жыныс мүшелерінің нервтеріне әсер етеді.

Көрсеткіштері: жыныс мүшелерінің қабынуы, аналық жыныс бездерінің кистасы, жатырдың айналып түсуі және субинвалюциясы, шудың түспеуі.

Енгізу әдісі: малдың оң және сол жағынан И-33 инесімен (6 см-ге дейін қысқартылған) төртінші құйымшақ омыртқасының тұсынан денесінің орта сызығынан 10-15 см аластатып инені жон ортасынан 400 көлбеулікпен енгізеді. Теріні тесіп иненің ұшы ұлпа аралығынан жамбас қуысына өткенше итереді, тарамысты тескен соң инені 1-1,5 см тереңдетңп екі жағында да 1% новокаин мен антибиотиктердің қоспасын егеді, 48 сағаттан кейін көрсеткіштерге қарап егуді қайталайды.

 

3.3 Шаруашылыққа қысқаша сипаттама

           Шаруашылық малдан басқа бидай, жүгері және жоңышқа екпе шөбін өсірумен және өзен бойындағы құрақ шөптерін шауып мал азағын дайындайды.

 

 

                                   Сурет-1. Мал қораның ішкі көрінісі.

 

Бүгінгі күні аталған шаруашылықта 1890 бас ірі қара бағылады, оның ішінде 163 басы 2010 жылғы туған құнажындар, 278 бас 2011 жылғы бұзау торпақтар; 170 басы 2011 жылғы тана бұқалар, 295 бас бірінші тума құнажындар, 200 басы саууға арналған кәрі сиырлар (бордақыда тұрған), 984 бас сауындыы сиыр. Ірі қараның тұқымы алатау сұр сиырлары. Сауынды сиырлардың жылдық өнімі орта есеппен 3000-3200 л сүт.

 

 

                           Сурет-2. Малды сыртқа шығарып азықтандыру.

 

Қыс айларында сауынды сиырларға 20 кг жүгері сүрлемін, 8-10 кг азықтық қызылша, 8-10 кг жоңышқа сүрлемі, 5-10 кг жем (комбикорм), 100 гр монокальций фосфат, 100 г ас тұзы. Жаз айларында көк шөп жоңышқа 10-12 кг, 10-15 кг қызылша, 6-7 кг щұрама жемі. Шаруашылық малы үш қорада бағылып күтіледі. Қоралар бұрынғы кеңес заманындағы бетон кірпіш баздар.Қораларда  ауа алмастырғыш қондырғылар бар, нәжісін транспортер арқылы сыртқа шығарылады, транспортер скрепка электр электр күшімен жұмыс істейді, суды астаудан ішеді, жем-шөпті арнайы трактор Т-16 арқылы таратады. Малдың күтімі жақсы.

 

 

4 ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ЕҢБЕКТІ КОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Алғашқы инструктаж шаруашылықтың басшысымен  өткізіледі. Мамандардың және еңбекке араласуын жұмысшылардың  жұмыс жағдайын жақсарту туралы, өрт сөндіруден, сақтану жұмыстарын, алдын алу деректерді ұйымдастырып курстар жүргізуге көңіл аударылады.

Шаруашылықтағы ауа райы

Шаруашылылқ территориясындағы ауа райына сипаттама беретін болсақ қысы әрқилы, көбінесе жайлы және жылы, қарсыз қара суық, жазы ыстық құрғақшылық жылдары да жиі кездеседі. Мал қоралары тормен қоршалған,  шаруашылыққа кіретін есікте автотранспортпен, жүргіншілер өтетін жерде дезобарьерлер құрылған. Фермада бір мал дәрігері, 2 ветеринарлық санитар, 3 малшы жұмыс істейді. Мал азықтармен қамтамасыз етілген.

Шаруашылықта еңбеккерлер жиналысының төрағасының қаулысымен өрт сөндіру дружинасы құрылған. Әрбір фермада өрт сөндіруге арналған бұрыш бар, онда құм, өрт сөндіргіш, су шашуға арналған шлангалар, күректер, ломдар орналасқан.

Соңғы экологиялық апаттар бірнеше түрге бөлінеді: физикалық, техногендік, биологиялық, экспериментальдық. Экологиялық аймақтар біздің республика территориясында да жеткілікті. Ол Атырау облысы, Семей, Қызылорда, Маңғыстау облыстары. Республика территориясында Семей полигоны, Боайқоңыр космодромы, Арал тұзды аймағы, Қостанай, Қарағанды облыстарындағы ашық уран шахталарын, Жамбыл суперфосфат зауыты, Шымкент мырыш комбинаты, Өскемен мырыш титан комбинаты т.б. алып өнідіріс орындары.

Жыл сайын атмосфераға бірнеше тонна улы газдар, хлор, фосфор және тағы басқа заттар түседі. Органикалық заттардың мал организмінің уландыру туралы жазған. Барлық  аталған заттар мал организміне кілегей  қабаттары арқылы  түсіп уландырады, соның нәтижесінде организмнің иммундық жүйесі істен шығып мал әртүрлі ауруға ұшырайды. Сондықтан бүгінгі күні экологиялық факторларды зерттеу мәселесі тұр. Мал мамандары ауаудың алдын алып, мал азағының сапасын және малдың күйін үнемі тексеріп жүргендері дұрыс.

Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау және  ұйымдастыру Алматы облысы Талғар ауданындағы «Алматы АШӨК» шаруашылығында еңбекті қорғау жұмыстары ережеге сай, мемлекеттік жүйе бойынша жүргізіледі. Бұл ереже бойынша еңбекті қорғау техникалық сақтарндыру, өртті болдырмау және шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық шараларды жүргізуде жауапты мамандардың жетекшілігімен еске асады.

Жас мамандарды, әйелдердің еңбегін қорғау КЗОТ бойынша жүргізіледі.

Шаруа қожалықтарында барлық еңбекке деген қағидалар нұсқау бойынша жүргізіліп орындалуы жаңа құжаттармен толықтырылып отырады.

Еңбекке жаңадан қабылданған адам кіріспе нұсқауынан өтіп сол туралы арнайы журналда тіркелді. Алғашқы инструктаж шаруашылықтың басшысымен  өткізіледі. Мамандардың және еңбекке араласуын жұмысшылардың  жұмыс жағдайын жақсарту туралы, өрт сөндіруден, сақтану жұмыстарын, алдын алу деректерді ұйымдастырып курстар жүргізуге көңіл аударылады.

Сыртқы ортаны қорғау

Табиғи процестердің негізінде өзіндік заңдар басты назарымыза болуға тиіс. Батыс ғалымдары экология ғылымы мен қоршаған орта туралы ғылымдарды дербес салалар ретінде қарастырады.

Мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық шаралар кешенін ескере отырып, табиғат қорғауды әдетте адамзат қоғамының игілігі үшін табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған тәжірибенің бір саласы болып қарастырады. Адамзат қоғамының дамуы ауыл шаруашылық саласындағы өнімдерді өндіру, жетілдіру табиғатпен тығыз байланысты.

Негізгі қағида сыртқы ортаны қорғау мемлекеттің конституциясына сүйенеді. Сол тұрғыда жерді суды байлықты қорғау туралы 1980 жылы ТМД аймағында заң қабылданды.

Шаруашылық қысы жайлы, жазы ылғалды аймақта орналасқан. Бұл аймақ континенталды климаты өзгеріп отырады, жыл мезгіліне қарамастан. Бір тәуліктің ішінде де өзгеруі ықтимал. Сондықтан да ұжымдық шаруашылықта сыртқы ортаны, табиғатты қорғауда негізге шаралар жүргізіледі.

Шаруашылықта ветеринариялық санитарлық жұмыстар, жоспарлы түрде орындалады. Мал қоралар уақытында тазартылып, қилар бөлек жиналатын, жеке алаңда биотермиялық өңдеуден кейін 1-2 жылдан соң орнаникалық тыңайтқышқа қолданылады. Өлген малдардың өлексесін жеке, өртейтін пештерге жиып өртейді. Барлық жағдайда зоогигиеналық ветеринарлық санитарлық ережелер өте мұқият сақталады.

Бас мал дәрігері барлық істелетін жұмыстарды тікелей қадағалайды, әсіресе жәндіктерге қарсы қолданылатын пестицидтерді дұрыс қолдануын, басқа да химикаттардың зияндығын анықтайды. Жануарларды қорғаудағы немесе алдан алу шараларын басқылауды талап етеді. Әсіресе дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейінгі мал өнімдерін тамаққа қанша уақыттан соң пайдалануға болатынына өте зор көңіл бөлінеді.

Жерді қорғау

Шаруашылықтағы мал қиларын арнайы белгіленген орынға жинайды. Одан кейін қиларды биотермиялық әдіспен өңдейді. Өңделген қиларды егістік жерге құнарлы күшейткіш ретінде қолданылады. Жаз айларында мал өлекселерін арнайы машинамен жинап өртеуге, немесе шығын ет комбинаттарында ет сүйек ұнтағына айналдырады. Қыс айларында өлекселерді өртеп жояды. Шаруашылықта жазда жайылым, қысқа қарай шөп маяларын жинастырып дайындайды. Азық-түлік, жем-шөп және минералды тыңайтқыштарға арнайы сақталатын орындар бөлінеді. Онда қатаң тәртіп орнатылған. Көктем егістік кезінде кейбір жер аумақтарында жанармайлармен ластанғаны байқалады.

Су байлықтарын қорғау

Барлық ауыл шаруашылық мал түліктерін жаз айларында ағынды судан суарылады. Қыс айларында әр ұжымдық шаруашылықта арнайы дайындалған су құдықтары орнатылған. Судың тазалығын арнайы гидромелиоративтік қызметкелер жауапты. Тамаққа қолданылатын судың сапасына өте қатаң бақылау орнатылған. Инструкцияға сай  ереже бойынша барлық талаптар сақталады. Ауыл шаруашылық техникаларын жуу үшін белгіленген арнайы орындар бар.

Ауаны қоршаған ортаны қорғау

Атмосферадағы ауаны қорғау үшін шаруашылыққа барлық талаптар орындалуда. Мал қоралары ережеге  сай, желдің келетін жақтарына ойластырып, ауаның алмастыруы қарастырылып салынған. Мал базарларында желдеткіш керек жағдайда қоллданылады. Ұжымдық шаруашылықтың төңірегінде көк шөп, жеміс ағаштары егіллген, бірақ талапқа сай емес. Ауал шаруашылық техникалары жылына 1 рет техникалық тексеруден өткізіледі.

        Өсімдіктер байлығын қорғау

Жем-шөп дайындау маусымында егін орағын жинастыру кезінде, өртті болдырмау, сақтандыру шараларының деректері сақталып қатау жүргізіледі. Осы жағдайларды іске асыру үшін мамандар, жұмысшылар жұмыс жасайды. Шөп жиналған маялар қасында найзағайды аударып кетуші құрал орналастыралады, шөп үйіндісі аралықтарының жері трактормен жыртылады.

Жануарларды қорғау

Ұжымдық шаруашылықтарда барлық малдарды сақтандыру үшін нормативті шаралар қатаң жүргізіледі. Атқарылатын жұмыстардың барлығы жоспарға сай орындалады. Зиянкес кеміргіштерді жою негізгі міндет болып саналады. Ұжымдық шаруашылықта жабайы аңдар болмайды, жабайы құстар бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 5. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ

Сиырлардың өнімділігінің төмендеуінен келтірілетін экономикалық шығын ҚР Ветеринария Департаментінде қолданыс тапқан әдіснама бойынша жүргізіледі:

Мысалы : КР бойынша  100 аналыққа   орта есеппен 65 бұзау алынады. 1-литр сүт 220 тенге

Бедеуліктен келетін экономикалық шығын төмендегіден тұрады:

  • Бір алынбаған бұзау 3 центнер сүтке тең, немесе 300 литр × 220 тенгеге =  66 мың тенге
  • 1-бедеулік күні 5 литр сүтке тең, бір жылда 35 бұзау алынбаса оны 315 көбейтеміз ол тең 11025 тенге оны 220 тенгеге көбейткенде 2 млн. 425 мың 500 тенге болады , сонымен бедеуліктен келген экономикалық шығын 2 млн. 425 мың 500 тенге болады.

Ш = М а (В с – В а) Т қ,

мұнда: М а – ауырып қалған жануарлар саны; В с – сау жануарлардың орта есеппен алғандағы өнімділігі (л); В а – ауру жануарлардың орта есеппен алғандағы өнімділігі (л); Т – жануарларың ауыру ұзақтығы (күн); қ — 1 л сүтің құны.

 

Мысалы, Алматы  облысында 2016-2017 жж. сүт өнімділігінің шығыны 1 сиырға шаққанда жылына 1900 л құрады:

Желінсаумен ауырған малдары саны 15%. Желінсаумен ауырған сиырлардың орташа сүт өнімділігінің төмендеуі мына шаманы құрайды:

Жылына 1900 — 15% = 1900 — 285 = 1615 л. Бір сиырға шаққандағы шығындар жылына 285 л құрады. Ал, 1000 сиырға есептегенде:

  • Желінсаумен ауыру 10% құрағанда шығындар мынанша шаманы құрайды:

Жылына 1900000 л — 28500 л = 1871500 л. Ал, 100 сиырға қатысты шығын – жылына 28500 л.

  • Желінсаумен ауыру 15% құрағанда шығындар мынанша шаманы құрайды:

Жылына 1900000 л — 42750 л = 1857250 л. Ал, 150 сиырға қатысты шығын – жылына 42750 л.

Біздің Алматы облысында жүргізген есптеулеріміз 1000 сиырға шаққандағы ауруға шалдығу 10%, өнімділік төмендеуінен келтірілген экономикалық шығын: Ш = 100 — (1900 — 1615) -3,5 құрайтынын көрсетті

Ш = 99750 теңге.

Ал, 1000 сиыр басына шаққанда ауыру 15% құрайды, сонымен сүт өнімі төмендегеннен келетін  экономикалық шығын:

Ш = 150 — (1900 — 1615) — 3,5 Ш = 149525 теңге тең.

Сүт өндіру мекемелері үлкен шгығындарға тап болады. Сірі желінсаумен ауру сиырлардан келіп түсетін сүттің 5 — 10% қоспалары барлық сүтті шикізатқа өңдеу мен сүт өнімдерін алу үшін жарамсыз қылады.

Сүт пен сүт өнімдеріне патогенді микроорганизмдер түсуі кезінде олар адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Пато­генді стафилококктар адамдарда пневмония, гастроэнтерит, нефрит, энтероколит тәрізді аурулар тудыра алады. Термотөзімді стафилококк токсині сүттті қайнату мен пастерлеу кезінде де өлмей сақталады. Құрамында стафилококкты энтеротоксині бар өнімдерді тұтынған кезде адамдарда ауыр ағымдағы уланулар бой алып, өлімге дейін барып жататынын атау керекпіз. Ірі қара малдың стрептококкты желінсауы көбіне жасырын ағымда өтеді, осы кезде сүттегі патогенді стрептококктар адамдар арасында эндокардит, менингит тәрізді ауру себепшісі бола алады, нәрестелерде стрептококкты таспа мен асқазан бұзылыстары байқалады. Желінсаумен ауру сиыр сүтінде ішек таяшасы токсиндері болған кезде ішектің ащы ішек бөлігіндегі қабыну үдерістерін тудыра алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

          1.Сиырлардың жыныс мүшелерінің ауруларының негізгі себептері; шудың түспей қалуы және микробтың  енуі;

  1. Глюкозамен ихтиол қоспасын күре тамыры арқылы жібергенде туғаннан кейінгі кезде барлық 1-ші топтағы сиырлар 53,1±4,39 күнде нәтижелі ұрықтанды.
  2. Новокаинді қолқаға жібергенде 49,5±4,61 күнде сиырлар нәтижелі ұрықтанды, ал окситоцинді қолданғанда орта есеппен 66,1±4,42 күнде сиырлар нәтижелі ұрықтанды.
  3. Сиырлардың жыныс мүшелерінің ауруларын балау үшін клиникалық әдістермен қатар лабароториялық әдістерді қолданған дұрыс;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТӘЖІРБИЕЛІК ҰСЫНЫС
  2. Туу кезінде сиырларға акушерлік көмекті кәсіби деңгейде көрсетіп, ветеринарлық- санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет;
  3. Гинекологиялық патологияны анықтау үшін айына 1рет клиникалық зерттеулер өткізу керек;
  4. Гинекологиялық ауруларға 0,5% новокаин АСД – 3(балық майымен +АСД) ем жүргізген тиімді;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Абдрахманов Т.Ж. «Результаты акушерско-гинекологической диспансеризации продуктивного скота в хозяйствах Акмолинской области» Сборник – Депонированные научные труды Алматы, 1995 г. 1-выпуск. Стр. 45
  2. Абдрахманов Т.Ж. «диспансеризация коров в хозяйствах Акмолинской области» Вестник науки Акмолинского сельхоз. Института, 1996 г №4.стр.4-6
  3. Васильева Е.А. «Клиническая биохимия сельскохояйственных животных» Москва «Колос» 1984г.стр.23-25
  4. Васильев В.Т «Факторы обусловливающие возникновение эндометритов и маститов коров» Ветеринария 1996 гстр. 34-38.
  5. Вегота Л «Методы бактериологического иссследования слизи при эндометритах коров » Реферативный журнал стр. 60-64.
  6. Гудимова Т.Е. «Болезни гениталий и маститы» Ветеринария 1986 г № 8стр. 36-38
  7. Кузмин Р.Г. «Влияние сократительной функции матки на послеродовойэндометрит у коров» Витебская ГАВМ Ветеринария, 2000 г. №2 стр. 37-38
  8. Лакин Г.Ф. «Биометрия и высшая школа» 1990 г стр. 352-354 1
  9. Матвиец A.M. «Вопросы по лечению эндометритов» Ветеринария 1984 г№ 4 стр.48-50

10.Нежданов А. Т. «Биохимический контроль зв воспромзводительной

функции коров» Ветеринария 1982 № 11 стр. 40-42

  1. Полянцев Н.И.,   Синявин   А.Н.   «Акушерско-   гинекологическая
    диспансеризация на молочных фермах» Москва Россельхозиздат- 1985 г стр 34
  2. Полянцев Н.И., Попов Ю.Н. «Ветеринарное акушерство и биотехникарепродукции животных» Ростов на Дону 2001г.стр 56-57
  3. Слободняк В.И. «Иммунитет статус у коров присубклинического мастита» Ветеринария 1995 г №10 стр. 10-12
  4. Джуланов М.Н. «Нейросексуальные раздражения и половоевоспитаниетелок» КазНИИТИ 1995 г стр. 36-38
  5. Терещенков А.С. «Профилактика     илечение     акушерско гинекологических болезней коров» Минск 1990 Уроджай
  6. Трищкина Е.Т., Галушко Л.Х. «Микробный фактор в этиологии эндометритов у коров» Ветеринария 1985 г стр. 32-34
  7. Турченко Е.Т. «Препараты бета-каротина для профилактики акушерско-гинекологических патологии у коров» Ветеринария2003 г № 1 стр. 39-41

18.Туребеков О.Т. и др. «Методическое пособие по диагностике, лечению ипрофилактике акушерско-гинекологических болезней  коров» 2003 г изд.Агроуниверситет  стр. 57-59

  1. Труш И.И. «Влияние экологических факторов на продуктивность и заболеваемость сельхоз животных» Ветеринария 2003 № 11 стр. 45-48
  2. Туребеков О.Т.   «Некоторые   причины   патологических  родовживотных» Сборник трудов АЗВИ 1992г стр.72-74

21.Жоланов М.Н. жэне т.б. «Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы» Агроуниверситет 2005 ж стр. 74-78

  1. Култан А.С., ҚойбағаровҚ.У., Туребеков О.Т. «Сиыр бедеулігінің таралуы, ceбeптepi және емі» Іденістер № 1 2006 ж стр. 62-66
  2. Туребеков О.Т. «Опыт лечения коров при эндометритах ивыпадений матки» Материалы I-ветеринарного конгреса — 2003 г стр. 35-37
  3. Туребеков О.Т. «Повышение эффективности лечения прикатаральном эндометрите у коров» Вестник Семипалатинскогоуниверситета им. Шакарима 2007 г стр. 62-68
  4. Туребеков О.Т. «Лечение заболеваний гениталий овцематокнетрадиционными способами и повышение их плодовитости»ВестникСемипалатинского университета им. Шакарима 2006 ж
  5. О.Т.Туребеков «Сиырдың    акушерлік-гинекологияльң аурулары»Алматы, 2010 стр. 35-42
  6. Герасимов А.Б. «Опыт борьбы с бесплодиемСельскохозяйственныхживотных» Ветеринария 1966 №3 стр. 23-34
  7. Жоланов М.Н, Туребеков О.Т, ҚйбагаровҚ.У, Мадияров М.А«Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы»2005ж, Агроуниверситет стр. 42-50
  8. Полянцев Н.И и другие «Ветеринарное акушерствои биотехникарепродукций животных» Р. Надану 2002
  9. Туребеков О.Т «Акушерлік-гинекологиялық ауруларды алдын алу және балау»2003, Агроуниверститет стр. 44-50