МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………….
І. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Физикалық-географиялық орны, зерттелу тарихы ………………………
1.2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы ……………………………………..
1.3. Климаты ………………………………………………………………………………….
1.4. Өзендері мен көлдері ……………………………………………………………….
ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫНЫҢ
ТҮЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1. Пайдалы қазбалардың түзілу кезеңдері …………………………………….
2.2. Шығыс Қазақстанның жанатын пайдалы қазбалары ………………….
2.3. Қара және түсті металл кен орындарының экологиялық
жағдайы ……………………………………………………………………………………
IIІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
2.1. Халық санының серпіні және тығыздығы …………………………………
2.2. Жыныстық-жастық және ұлттық құрамы ………………………………….
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстанның табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, аудан аралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Шығыс Қазақстан аумағындағы жер қойнауынан қазылып алынатын темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, еліміздің халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және Самсунг сыяқты шетелдік компонияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металургияны дамыту мен қатар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді.
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық дамуына сипаттама беру үшін, халықтың сан жағынан өсуінің себептерін, жанұяның әлеуметтік жағдайы, жанұядағы балалар санының көбеюінің әлеуметтік-экономикалық жағдайға тәуелділігін, ал өлім санының өсуі денсаулыққа, қоршаған ортаның тазалығына, еңбек пен тұрмысқа байланыстылығын, сонымен қатар өнеркәсіптің дамуына байланысты халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, халықтың қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етеді, оның жынысы мен жасы, ұлттық құрамы туралы мәселелерді талдау қажет. Соңғы халық санағының қорытындылары осы мәселелерді талдап, көптеген сұрақтардың жауабын алуға көмектеседі.
Шығыс Қазақстанның жер бедерін зерттеуге З.А.Сваричевский (1940, 1958, 1916, 1965) Е.Е.Милановский (1961, 1967) К.В.Никифорова (1960), В.И.Бабак (1964, 1968), зор үлес қосты.
Қазақстанда В.М.Чупахин, Қ.Карпеков, А.С. Бейсенова, Ұ.Есназарова. А.А. Абдуллин, К.М. Джаналиева және т.б. ғалымдар Қазақтың ұсақ шоқысы туралы мәліметтер жинап, мақалалар жариялап және оқулықтар жазған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысы халқының 1989 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықтағы әлеуметтік-демографиялық даму ерекшеліктерін тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оны ашып көрсету зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
— Қазақстан Республикасы халқының жалпы санының өсу динамикасын және Шығыс Қазақстан облыс халқының аймақтағы өзгерісін көрсету;
— ұлттық құрамындағы өзгерістерді талдау;
— халықтардың табиғи өсімін (туу, өлім және халықтың санын көбейтуге әсер ететін басқа да факторлар) сипаттау;
Практикалық маңызы: Диплом жұмыстың нәтижелерін Шығыс Қазақстан облысының мектеп мұғалімдері өз облысының географиясын өткенде пайдалана алады. Қазақстанның басқа аумақтарын жазғанда үлгі ретінде жұмыстық құрылымын алуға болады. Сондай-ақ, өлкетану жұмысын ұйымдастырғанда пайдалану мүмкіндігі бар.
Зерттеу әдістемесі: Негізгі статистикалық материалдарды өңдеу барысында, оларды сұрыптау, жүйелеу және талдау әдістері, тарихи, салыстырмалы, картографиялық әдістер пайдаланылды. Дерек көздерін жинау кезінде, оларды салыстыру, өңдеу, толықтыру мәселесі.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Шығыс Қазақстан облысының табиғатының
жалпы Ерекшеліктері
1.1. Физикалық-географиялық орны, зерттелу тарихы
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның Солтүстік-шығысында орналасқан, әкімшілік аумақтық бөлігі 1932 жылы құрылған. Жер аумағы 283,3 мың км2. Бұл Республика территориясының 10%-ы. Облыстың қиыр солтүстік нүктесінің координаты 51004/, оңтүстігі 45050/ с.е., батысы 76050/, шығысы 87020/ ш.б. Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресей федерациясының Алтай өлкесімен, Солтүстік-батысында Қазақстанның Павлодар облысымен, оңтүстігінде Алматы облысымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. 16 аудан, 10 қаласы, 25 поселкесі, 855 ауылы бар [1,2]. Шығыс Қазақстан облысы батыстан (Сарыарқаның қиыр шығыс шетінен) шығысқа қарай (Республиканың шығыс шекарасына дейін) 800 шақырымға, солтүстіктен (Ертіс маңы даласы мен Алтай алды өңірінен) оңтүстікке қарай (Балқаш-Алакөл ойысына ұласады) 600 шақырымға созыла, Ертіс өңірінің жағасы алабын ала жайласқан. Аймақ өңірін-таулы, таулы- орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті ландшафт алып жатыр. Облыс жері негізінен таулы келеді. Ертістің оң жағын түгел Батыс Алтай сілемдері қамтиды ; Бұл таулы өңір Нарын аңғары арқылы Кенді Алтай Үлбі (1895 метр), Уба (1967 метр), Иванов (2776 метр), Қоржын (2565 метр), Көксу (2028 метр), Тигрецк (2007 метр) жоталары және Оңтүстік Алтай жотасы Нарын (1386 метр), Сарымсақты (3373 метр), Күршім (2645 метр), Атасу (2385 метр), Катунь ( Мұзтау 4506 метр), Листвяга (2578 метр), Азутау (2385 метр) жоталары массивтеріне ажырайды. Бұлардың абсолюттік ең биік жері Мұзтау 4506 метр. Облыс территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай (2992 метр), Сауыр (2930 метр), Қалба жотасы (1669 метр) және Зайсан қазаншұңқыры, Маңырақ (2053 метр) жоталары орналасқан. Облыстың батыс бөлігін Сарыарқаның шығысындағы ұсақ шоқылар Ханшыңғыс (1152 метр), Шыңғыстау (1077 метр), Ақшатау (1305 метр), Семейтау (Қарақуыс тауы 606 метр) алып жатыр [3]. Жазық өңірлер негізінен облыс жерінің солтүстік-батыс жағында кездеседі. Таулы аймақтардың солтүстігінде (теңіз деңгейінен) 400-ден 800 метрге дейінгі биіктікте және оңтүстікте 600-ден 1300-ге дейін бозды-бетегелі және бұталы өсімдіктер жапқан таулы-далалық белдеулік кетеді: тау беткейлерінде (тобылғы, итмұрын, ырғай, қараған, долана; өзен жағалауларында тал, итмұрын, шәңгіш, қарақат) өседі. Солтүстікте 800- ден 1700 метрге дейінгі және оңтүстікте 2300 метрге дейінгі биіктікте орманды белдеулік алып жатыр. Облыстың орманды алқабы 2 млн. га. жерге орналасқан. 2000 метрден 3000 метр аралығын альпі биіктері мен көгалдары алып жатыр [4]. Облыс Республикамыздағы дәрі дәрмек жасап шығару өндірісі үшін емдік қасиеті жоғары өсімдіктерді әзірлеудің және жабдықтаудың бірден-бір орны болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі дала зонасына, оңтүстік бөлігі шөлейт зонасына кіреді. Шығыс Қазақстан географиялық орны ауыл шаруашылықты дамытуға айтарлықтай қолайлы [5]. Алтайдың бөктеріндегі және Ертіс бойындағы далалар тау және жазық жайылымдарымен бірге республикадағы таңдаулы ауыл шаруашылық алқаптарының бірі болып табылады. 2 сызбада Шығыс Қазақстан облысының ландшафты берілген.
1.2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Шығыс Қазақстан облысының рельефі өте күрделі. Мұнда биік Алтай таулары, Зайсан, Марқакөл қазаншұңқырлары, Семей өңірінің жазық даласы кіреді.
Қазақстандық Алтай, Алтай таулы өлкесінің оңтүстік және оңтүстік – батыс бөлігін алып жатыр. Бүкіл Алтай тау жүйесі сияқты, оның Қазақстандық бөлігі де герцин тау жасалу кезінде пайда болған. Кайнозой эрасында жарылыс жүйелеріне, жоталарға және тау аралық ойыстарға тілімделген. Қазір Альпі типтес жер бедері пішініне жатады. Қазақстан жеріндегі тау жоталарының көпшілігінің биіктіктері 3000-3500 метрден асады. Ең биік шыңы-Мұзтау (4506 метр). Алтай тауы өзеніне тән орографиялық ерекшеліктері бар үш ауданнан тұрады. Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай және Қалба жотасы.
Оңтүстік Алтай мен кенді Алтайдың Тигрецк, Холзун және Листвяга жоталарының биіктігі 2300-2600 метрге жетеді, бұлардан оңтүстік батысқа Уба, Иванов, Үлбі тағы басқа жоталар бөлінеді. Листвяга сілемі солтүстік-шығыс жағында Катунь жотасына (Мұзтау осында) ұласады. Бұларды қалың мұздықтар жапқан. Жүйенің оңтүстігінде жатқан Укок таулы үстіртінен Алтай жоталары жан – жаққа тарайды. Оңтүстік Алтай солтүстікте Бұқтырма өзені мен оңтүстікте Зайсан көлі және Қара Ертіс аралығында жатыр. Батыста Ертіс өзенінің аңғары оны Қалба жотасынан бөліп тұрады. Ал шығыста шекарадағы Табын-Богдо-Ола тау сілемдері және оңтүстік-батысқа қарай екі тау жоталары тарайды. Оларды Күршім өзені мен Қарақоға өзені айырып жатады. Оңтүстік Алтайдың солтүстік тобына жататын жоталар: Тарбағатай, Сарымсақты және Нарын. Ал оңтүстік тобына жататындары: Оңтүстік Алтай жотасы, Сарытау және Күршім. Оңтүстік Алтайдың оңтүстігінде біраз оқшаулау келген Асу жотасы бар. Асу жотасы мен Сарытаудың аралығында 1450 метр биіктікте Марқакөл қазаншұңқыры жатыр. Оңтүстік Алтай жоталары шығыста Табын-Богдо-Ола тау сілемдері мен Укок тау қыраты тұсында бір-біріне жақындап келеді, ал батысында аралығы қашықтап кетеді. Олар шығысында кәдімгі биік тау болып келсе, батысында біртіндеп аласарып, тау қыратына айналады. Оңтүстік Алтай жоталарының тілімденуіне Күршім және Қарақоға өзен жүйесі үлкен роль атқарады. Оңтүстік Алтай жоталар жүйесінің беткейлері тастақты тік құлама, бірақ тау бастары жатық келеді. Орталық Алтайдың Қазақстан жеріне батыс жоталары кіреді. Укок тау қыратынан солтүстікке таман мәңгі қар жамылған Ақтау (Белуха 4506 метр) массиві бар Катунь жотасы орналасқан. Оның оңтүстік беткейінен бірнеше мұздықтар жылжып түседі, оның ең ірісі Берел мұздығы. Катунь жотасы мен Укок тау қыратынан Листвяга (2578 метр), Холзун (2600 метр), Көксу (2028 метр), Тигрецк (2007 метр) жоталары тарайды. Алтайдың ең биік шыңы Белуха тауына жақын жерден басталады.
Кенді Алтайдың рельефі алуан түрлі. Жеке бөліктері өте тілімделген биік таулы рельеф болып келеді. Көп жерлерін қылқан жапырақты қалың орман жапқан, беткейлері көлбеу келген, төбесі доғалданған таулар алып жатады. Кей жерлерде тегістелген үстірттер кездеседі. Кенді Алтайда ағысы қатты Бұқтырма, Үлбі, Уба жүйесіне жататын көптеген үлкенді – кішілі өзендер бар [6].
Рельефінің сипатына қарай Қазақстандағы Алтайды төрт бөлікке бөлуге болады:
- Шығыс бөлік. Мұнда таулы үстірттер мен қатар беткейлері тік әрі тілімделген рельефтің альпілік түрі кең тараған. Кейбір таулы үстірттер жан – жағынан тілімделген биік жоталармен қоршалған. Бұған республиканың шекарасында жатқан биіктігі 2200 метр Укок тау қыраты мысал бола алады.
- Батыс бөлік. Мұнда рельефі жатық таулар көп кездеседі. Олардың төбелері доғалданған болады да беткейлері көлбеу келеді.
- Оңтүстік бөлік. Оған едәуір көлемді алып жатқан тілімделген тік беткейлі аймақтар жатады. Оңтүстік Алтай жоталарының оңтүстік беткейлері тік және күшті тілімделген. Тік тау етектері мен оның солтүстік беткейлерінде ғана рельеф біршама жазықтау келеді.
- Қалба жотасы. Бұл өз алдына бөлек тектоникалық геоморфологиялық аудан. Ол орташа биіктіктегі тау болып есептеледі. Жота жемірілген, кей жерлерінде шыңдары жайпақталып, беткейлері күшті тілімделген.
Шығыс Қазақстан облысында енсіз аңғарлар, терең шатқалдар көп. Осында 1450 метр биіктікте Марқакөлдің қазаншұңқыры қалыптасқан. Оңтүстік Алтайдың жалғасы Қалба жотасы (1669 метр). Ертістің сол жағалауында жатыр. Оңтүстік Алтай таулары аралығында Зайсан қазаншұңқыры жатыр, оның ені 140 километрге жетеді.
Зайсан қазаншұңқыры Алтайды Сауыр-Тарбағатай жүйесінен бөліп тұратын тау аралық тектоникалық ойыс. Ұзындығы 225 километр, ені 100-125 километр. Зайсан қазаншұңқыры аллювиалды шөгінділермен жабылған, үштік дәуірдегі көл қалдықтарынан құралған. Қазаншұңқырлардың орта бөлігінде көлемі 1800 километр Зайсан көлі орналасқан, ол 384 метр абсолюттік биіктікте жатыр. Қазаншұңқырдың биіктігі осы көл айдынынан шетіне қарай бірте – бірте көтеріліп 500-600 метрге дейін жетеді. Жалпы алғанда Зайсан қазаншұңқырының рельефі тегіс, оны тек өзен аңғарлары мен жыралар ғана біраз бөлшектейді. Зайсанға Ертіс және жапсарлас жатқан таулардан ағып шыққан көптеген кішігірім өзендер келіп құяды. Олардың кішілері жазда кеуіп, тартылып қалады да, Зайсанға жетпейді. Бұл өзендер тау етектеріне ысырынды жыныстарын әкеледі.
Сауыр-Тарбағатай таулары. Сауыр-Тарбағатай жапсарлас жатқан Маңырақ, Сайқан, Салмас-Желтаумен бір тұтас тау жүйесі болып табылады. Сауыр-Тарбағатай-шығысында Сарыарқа, солтүстігінде Зайсан, оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры арасында орналасқан, 47 ендік 150 шақырымға созылады. Кезінде В.П. Обручев Сауыр-Тарбағатай жүйесін қазақтың қатпарлы өлкесінің шығыстағы табиғи жалғасы деп дұрыс айтқан. Мұнда Альпілік қатпарлану анағұрлым анық байқалады. Бұл тау жүйесі жоталары бір – бірімен тектоникалық жағынан бір тұтас болғанымен орографиялық жағынан айырмашылығы бар.
Сауыр тауы. Сауыр, Тарбағатай таулары мен Алакөл аймағын қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов пен оның досы Г. Н. Потанин зерттеген. Сауыр тауы герцин тау жасалу кезінде пайда болған. Орташа биіктігі 3600-3700 метр. Ең биік жері шығыс бөлігіндегі Мұзтау (3816 метр). Жота осы жерден батысқа қарай бірте – бірте аласарып нағыз сыртқа айналды.
Сауыр тауы негізінен палеозойлық тақта тас, құмтастардан, әктас пен базальт құрамды тау жыныстарынан түзілген. Ертістің кейбір салаларына суайырық болып табылады, одан Кендірлік өзені бастау алады. Қазақстан жеріндегі Сауыр тауының бөлігінде биіктік белдеулік байқалады. Солтүстік беткейінде 1100 метрге дейін далалық, одан жоғары 1900 метрге дейін орман алқабы, одан жоғары альпі шалғындығы өседі. Оңтүстік беткейінде шөлейт және дала өсімдіктері басым. Жота баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
Тарбағатай тауы. Тарбағатай тауы Сауыр тауына қарағанда аласарақ, бірақ едәуір ұзын. Оның ең биік шоқысы 3134 метр. Шығысында төбелі-белесті өңір арқылы Сауыр жотасымен жалғасады. Ұзындығы 300 км, ені 30-50 км шамасында. Тау беткейлерінен ежелгі мұздықтардың ізі байқалады. Тарбағатай онша тілімденбеген және тегіс келеді. Оның солтүстік беткейлері еңістеу, біртіндеп аласарып жазыққа ұласады, ал оңтүстігі тік құлама, жар тасты және өзен суларымен күшті тілімделген. Батыс бөлігі онша биік емес, қырқалы-төбелі, етегі Сарыарқа шоқыларына ұштасады. Жота герцин тау түзілу кезінде пайда болған. Негізінен тақтатас пен әктас аралас жыныстардан түзілген. Гранит, кристалды тақтатас, саз балшықтар да кездеседі. Альпілік тау түзілу процесінің жүріп жатқаны жер бедерінен байқалады. Баяу тектоникалық қозғалыс күні бүгінге дейін жалғасуда. Мысалы, 1991 жылғы Зайсандағы жер сілкінісі соның салдары болып табылады. Тарбағатай өңірінің климаты қатаң континентті. Қысы салқын, жазы ыстық, жауын-шашынның жылдық мөлшері 305-500 мм. Ауасының орташа температурасы қаңтарда – 200С, шілдеде +220С. Тарбағатайда биіктік белдеулік байқалады. Таудың етегінің топырағы ашық қызыл қоңыр, осы жерден бозды-бетегелі, жусанды, шөлейтті зона өсімдігі өсетін биіктік белдеулік басталады, одан жоғарырақтағы қызыл қоңыр және қара топырақты белдеуде дала өсімдігі өседі. Дала зонасынан жоғары жабайы алма, зерек, итмұрын, мойыл, қараған, тал, көк теректі орман зонасы орналасады. Тау беткейі мал жайылымына қолайлы [7].
Геологиялық құрылысы. Шығыс Қазақстан рельефінің геологиялық құрылысы күрделі. Алтай тауы негізінен палеозой шөгінділері мен метаморфты жыныстардан түзілген. Кембрийге дейінгі кристалды тақтатас Катунь жотасының негізін құрайды. Кембрийдің әк тасы, саздақты тақтатасы, ордовиктің тув шөгінділері және силурдың құмтасы мен тувтары кездеседі. Шеткі зонада силурдың карбонаттық формациясы, төменгі девонның әк тасты жыныстары, бұлардан жоғарырақ қалыңдығы 10-12 шақырымдай төменгі-ортаңғы девонның вулканогендік шөгінді жыныстары түзілген. Силур – девонның, ортаңғы карбонның, пермьнің гранит интрузиялары кездеседі. Сипатталған палеозойлық қатпарлы жүйе жоғарғы триастан бастап платформалық режимде дамыған және эпипалеозойлық платформа құрамында болған. Қазіргі таулы аудандар жарылыстар арқылы ені 10х10, ұзындығы жүздеген киллометрге көтерілген, не төмендеген блоктарға бөлінген [8]. Обь – Зайсан қатпарлы облысы құрылымы жағында Алтай-Саян қатпарлы облысына ұқсас, даму пішіндері жөнінен оралдық типтегі герциндік құрылымының сипаты байқалады. Жүйенің солтүстік-батысқа созылған қатпары батыста Сарыарқа каледониттерінің, шығыста Ертіс жарылыстарының арасынан орын алып, Сарысозақ, Жарма, Қалба-Нарын мегасинклинорийінен құралған. Геосинклинальдық кешенде дислокациялар едәуір орын алған Қалба-Нарын мегасинклинорийі негізінен ортаңғы визеден жоғарғы карбонға дейінгі сұр түсті терригендік шөгінділерден құралған. Ол екі комплекске ажыратылады. Төменгі комплекс ортаңғы визенің ритмді қабаттасқан құмды-сазды түзілімдерінен (3000-4000 метрдей), жоғарғы кешен құм тастар мен конгламераттардан (2000 метрдей), мегасинклинорий фундаментінде кембрийлік жыныстардан түзілген [9].
Шығыс Қазақстан облысының батысы Сарыарқаның шығыс жиегін қамтиды. Ол күрделі геологиялық құрылысымен ерекшеленеді. Төменгі палеозойдан бастап үштік дәуірге дейін қатты бұзылып, пенепленге айналған. Кембрийлік геологиялық құрылымының метаморфтық шөгінді жыныстары, эффузивтер, гранит интрузиялары, (негізінен силур, карбон, девон) шөгінділері көп кездеседі. Ал мезазой және кайнозой шөгінділері аз.
1.3. Климаты
Шығыс Қазақстан облысының климаты тым континенттік, оңтүстік-шығысына қарай континенттігі арта түседі. Шығыс Қазақстан облысының материктің ортасында орналасқандығы, дүниежүзілік мұхиттардан алыстығы, территориясының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде биік таулардың жатысы климаттың континенттігін арттыра түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлері ылғал, ал иен жазық бөліктеріне Орталық Азия шөлдерінен тропикалық ауа массалары құрғақшылық әкеледі. Қысы суық әрі ұзақ, жазы ыстық және құрғақ. Жазық өңірінде қар жамылғысы жұқа [10]. Аумақ үш климаттық аймаққа бөлінеді: аймақтың солтүстігі – далалық (Семиярка, Семей, Дмитриевка), орталық-шөлейт шөл (Шар, Жарма, Көкпекті, Қайнар, Қарауыл, Аягөз, Баршатас) және оңтүстік шығысында (Ақсуат, Үржар, Бахты, Мақаншы)-тауалды және таулы аймақтары [11].
Далалық ендік зона-оңтүстік құрғақ дала зонашығынан тұрады. Жылдың орташа жауын – шашын мөлшері 250-300 мм. Солтүстік пен шығысына қарай осы зонашық ішінде ылғалдықтың артатынын байқауға болады. Жауын – шашынның негізгі мөлшері жылы маусымға (сәуір-қазан), ал максималды көрсеткіші жаз айларына (маусым-тамыз) сәйкес келеді. Қар жамылғысының биіктігі 20-25 см, 1 м тереңдікке дейін жер қатады. Жылдың орташа температурасы 2,5 – 30 С, қаңтардың орташа температурасы – 16 – 170 С, шілденің орташа температурасы +220 С шамасында. Абсолюттік минимум – 490 С, максимум +410 С. Бұл көрсеткіштер температуралық амплитуда 900 С екендігін көрсетеді. Аталмыш зонадағы жылы кезеңнің орташа ұзақтығы 200, ал салқын күндер саны 130. Суық кезеңде шығыс, оңтүстік-шығыс желдер, ал жылы кезеңде батыс және солтүстік-батыс желдер басым. Мұндағы желдің орташа жылдамдығы қыста 4 м/сек, жазға қарсы 3 м/сек.
Шөлді-далалы зона климаты-құрғақ климат аудандарына қарағанда құрғағырақ болып келеді. Аталмыш аймақтағы орташа жылдық жауын-шашынның мөлшері 200-250 мм, ол оңтүстіктен солтүстікке және биіктік белдеулілік аймағына қарай арта түседі. Жылы маусымда мұндағы ылғал құрғақ белдеулерге қарағанда молырақ түседі. Ылғалдылық деңгейі көктем айларында жоғары, ал қар жамылғысы солтүстік тұсына қарағанда оңтүстігінде қалыңырақ Шар маңында 15-18 см, Абай мен Жаңғызтөбеде 3-8 см, Шұбартау мен Аягөзде 18-26 см. Жылдың орташа температурасы 1,7-30 С. Қаңтардың орташа температурасы –13 –180 С, шілденің орташа температурасы 20,7-21,60 С. Абсолюттік минимум – 540 С, абсолюттік – 540С, абсолюттік максимум 410С және мұндағы температуралық амплитуда 950С. Жергілікті жердегі жылы күндер саны – 200-250, ал салқын күндер 93-126. желдің бағыты мен күшіне жер бедері әсер етеді. Мұндағы желдің орташа жылдамдығы 3,3-4,4 м/сек. Жаз айларында жел құрғақ ауаны үрлеп жергілікті жердегі топырақты эрозияға ұшыратады. Шөл зонасының климаты шұғыл континенталдығымен және өте құрғақтылығымен ерекшеленеді. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің көрсеткіштері 150-200 мм – аталмыш көрсеткіш Жоңғар қақпасына қарай одан да азая түседі. Ылғалдың негізгі бөлігі жылы маусымға сәйкес келеді. Қар жамылғысының биіктігі 20 см шамасында. Жер тоңы 0,5 м тереңдікке дейін қатады. Жылдың орташа температурасы 5-60С, ал шілденің орташа температурасы – 23,80С, қаңтарда – 12,80С. Абсолюттік минимум – 500С. Жылы күндер саны 203 және салқын күндер саны 128.
Жоғарғы таулық шалғындық зона климаты өте күрделі. Мұндағы жылдық жауын-шашынның мөлшері 500-600 мм. Жылы кезеңнің ұзақтығы 4 ай, сонымен қатар жаз айларында түнде суып тұрады. Бұл климаттық аудандардың ерекшеліктері: ұзаққа созылған қыс, қысқа және салқын жаз, күн радиациясының жоғары болуы. Қоңыржай ылғалды белдеудің климаты-орташа биіктігі бар жоталар да кездеседі. Қар жамылғысының қалыңдығы 50 см, ал топырақтың қату терңдігі 50-60 см. Жылдың орташа температурасы 1 – 20С, шілденің орташа температурасы – 16 – 180С. Жылы кезеңнің орташа ұзақтығы 200-205 күн, салқын күндер 115-120 күн.
Құрғақ далалы белдеу климаты ендік далалық зона климатына ұқсас болып келеді. Жауын-шашын мөлшері 280-330 мм, негізгі мөлшері жылы маусымда түседі. Қар жамылғысының қалыңдығы 10-14 см, топырақ 60-80 см тереңдікте қатады. Жылдың орташа температурасы 1,6-2,40С, шілде айының орташа температурасы 16-240С, қаңтар айының орташа температурасы – 14,9 – 20,20С. Абсолюттік минимум – 53, максимум +40. температуралық амплитуда максимумы 930С. Мұндағы жылы кезеңнің күндері 198-203, ал салқын күндер саны 94-112. Желдің орташа жылдамдығы 3,4-3,7 м/сек. Шөл далалы белдеудің климаты Зайсан ойпаты мен Тарбағатайдың солтүстік сілемдерінде көрініс табады. Аталмыш зонадағы жылдық жауын-шашын мөлшері 300-400 мм, максимумдары күзгі, қысқы, көктемгі маусымда байқалады. Сұр топырақты белдеу Балхаш-Алакөл ойпатында орнығып, жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, ал қар жамылғысы 25 см болады. Бұл белдеу Солтүстік Тянь-Шань сілемдеріне дейін жалғасып жатыр.
Семей қаласындағы климаттың өзгеруі соғыстан кейінгі жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мысалы, 1945 жылғы көрсеткіштер бойынша Семейдегі орташа жылдық температура 30С болса, 1999 жылы 4,50С-қа тең болды.
Бұл үдерістің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етті. Біріншіден, ғаламдық климаттың жылылану бағыттары; екіншіден, соғыстан кейінгі жылдардағы жаңа өндіріс орындарының, инфрақұрылымның дамуы және олардың ауаға шығаратын улы заттарының «көктемелік әсерінің» күшейе түсуі; үшіншіден, 1949 жылы Семей сынақ полигонының іске қосылуы және жарты ғасырға жуық қызметі.
Мысалы, 2000 жылы Семей қаласындағы стационарлық көздерінен шыққан атмосфераны ластаушы заттардың мөлшері 22,1 мың тонна болса, 2003 жылы аталмыш көрсеткіш 31,3 мың тоннаға жеткені 1 – кестеде берілген [12] .
Кесте 1. – Жеке қалалар бойынша стационарлық көздерден атмосфераны ластаушы заттардың таралуы (мың тонна)
Қалалар |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
Семей |
22,1 |
27,2 |
27,0 |
31,3 |
Талдықорған |
5,2 |
5,5 |
3,9 |
5,3 |
Орал |
2,7 |
2,9 |
2,0 |
1,5 |
Риддер |
13,1 |
12,6 |
11,5 |
11,2 |
Алматы |
13,0 |
12,7 |
11,2 |
16,4 |
2003 жылғы Семей қаласында ауаға шығарылған 31,3 мың тоннаның 12,2 мың тоннасы-қатты, ал 19,1 мың тоннасы-газ тәріздес; олардың ішінде 4,7 мың тоннасы-күкіртті ангидрид, 10,8 мың тоннасы-көмір қышқылы, 3,4 мың тоннасы-азот қышқылы құрайды [13].
Аймақтың таулы және тауалды өңірлерінде климаттың континенталдығы біраз басылады. Ең суық ай қаңтардың орташа айлық температурасы – 160С, кейбір аймақтарда – 200С, оңтүстікте – 140С. Температураның абсолюттік минимумы – 480С, оңтүстікте – 440С, таулы өңірде – 500С. Ең жылы ай-шілде. Шығыс Қазақстан аймағы бойынша орташа айлық температурасы +210С, оңтүстікте +230С, ауаның абсолюттік максимумы 41 – 420С-қа дейін жетеді [14].
Жалпы Шығыс Қазақстан облысының климаты үш негізгі фактор ықпалынан қалыптасады: күн радиациясы, атмосфералық айналым және жергілікті жер бедері. Облыс климатын қалыптастыруда: географиялық орын, микроклимат ерекшеліктері, табиғи суқоймалардың болуы, адамдардың шаруашылық қызметі (ағаштардың кесілуі, орман жолақтарының салынуы, жасанды суқоймалардың жасалуы) [15,16].
Шығыс Қазақстан облысындағы күн көзінің орташа жылдық ұзақтығы 2500 сағат, ал жиынтық радиация көлемі 12 ккал/см2. горизонт үстіндегі күндізгі көлеңкенің биіктігі (Семей қаласы) маусым айында 630С-тан, желтоқсан айында 160С-қа дейін жетеді. Суық кезеңнен жылы кезеңге ауысуы аталмыш аймақта өте шапшаң жүзеге асады. Егер наурыз айында әлі қыс маусымы тұрса, мамыр айында аптап ыстық лебі байқалады. Бір тәулік ішіндегі температураның үлкен ауытқушылығы аймақ климатының тағы бір ерекшелігі болып табылады. Температураның шұғыл өзгеруі әсіресе көктем және күз маусымдарында қатты байқалады. Алғашқы күздік үсік қыркүйек айының басында тіркеледі.
Алтай тауының климаты. Климаты қоңыржай континентті. Жыл бойы континентті ауа массалары әсер етеді. Алтай тауына батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдер ылғал алып келеді, сондықтан тау беткейлерінде жылына 600 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тауға биіктеген сайын жауын-шашын мөлшері көбірек түседі. Оба, Үлбі өзендері бастау алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тау етегінде жауын-шашын мөлшері 205-300 мм. Қардың түсуі тау етегінде 20-30 см, ал тауға биіктеген сайын 2 метрге дейін қалыңдайды.
Тарбағатай тауының климаты. Тарбағатай өңірінің климаты қатаң континентті. Қысы салқын, жазы ыстық, жауын-шашынның жылдық мөлшері 350-500 мм. Ауасының орташа температурасы қаңтарда – 200С, шілдеде +220С.
Тұтас алғанда Шығыс Қазақстанның климат жағдайлары ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Кенді Алтайдың, Қалба жотасы мен Тарбағатайдың қара және қоңыр топырақты ылғалы жеткілікті бөктерлері суарылмайтын егіншілік үшін өте қолайлы. Зайсан қазаншұңқыры мен Сарыарқаның қуаңшылықты далаларында ғана ылғал жетіспейді, сондықтан мұндағы егіншілік қолдан суаруды қажет етеді, оның есесіне қардың жұқа түсуі кейде малдың жыл бойы тебіндеп жайылуына мүмкіндік береді.
1.4. Өзендері мен көлдері
Шығыс Қазақстан территориясы жер беті ағын суына бай, әсіресе облыстың Алтайлық бөлігінде өзендер мол. Қазақстанның ең ірі өзені-Ертіс осы облыс жерінен өтеді. Таудағы ылғал қорларынан басталатын Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу тағы басқа өзендер Ертіске құяды [17].
Өзендері. Ертіс – Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінің басты өзені. Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы тауының батыс беткейінен бастау алып Зайсан көліне құяды, ол дүние жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248 км, ал Қазақстан жеріндегі арнасының ұзындығы 1700 км. Ертіс алғашқыда қырқалы-төбелі жазықпен ағады. Одан әрі қарай Алтайдың Нарым, Қалба жоталары және басқа тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағып келеді де, оған Зайсан көлімен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі ең суы мол, әрі ең ірі саласы Бұқтырма өзені. Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында-Алтай тауларының сілемдері, сол жағында Сарыарқа жатыр. Аңғардың жағалауы едәуір биік, әрі тік құламалы, кей жерлері жартасты болып келеді. Ертіс Семей қаласы тұсында жазыққа шығып, нағыз жазықтық өзенге айналады. Бұл жердегі өзен арнасы ирелеңдеп келеді де, кей жерлерде тарамдарға бөлініп кетеді. Бұлардың арасында жайылма өсімдіктері өскен көптеген аралдар бар.
Өскемен мен Семей қалалары арасында Ертіске бірнеше сала келіп құяды, олардың ішіндегі ең ірілері оң жақтан Үлбі және Уба өзендері, сол жақтан Шар мен Қызылсу өзендері келіп құяды. Семейден төмен, Қазақстаннан шығар жерде Ертіске айтарлықтай бірде-бір сала құймайды. Ертіс салаларының біразы Алтай тауының мәңгі қары мен мұздықтарынан, кейбір салалары жер асты суы мен жауын-шашыннан қоректенеді. Сондықтан Ертістің суы жыл бойы мол болады. Ертіс Ресей жеріне жылына 28 млрд. м3 су алып барады. Оның суының ең мол кезеңі сәуір-мамыр айлары және маусым айының басы. өскемен мен Семей арасындағы Шульба ауданында өзеннің айлық орта шығыны мамыр айында 2541 метр/секундқа жетеді. Осы ауданда жылдық орта ағын 20 миллиард метрден жоғары. Қарашадан сәуірдің ортасына дейін Ертіс қатып жатады. Сең жүру күшті болады да, өзенді сең бөгеп тастайды, соның салдарынан су тасып, өзен суы жағасына жайылады.
Ертістің басынан бастап сағасына дейін кеме жүруге қолайлы. Жолаушылар таситын және жүк тартатын кемелер, катерлер жоғары қарай Қытаймен шекараға дейін көтеріледі.
Сарыарқаны тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы салынды. Канал құрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы іске қосылды. Оның ұзындығы 490 км. ертістің суы арзан электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Ертіс бойына бірнеше су электр станциялары салынған. Олар: Өскемен, Шүлбі және Бұқтырма. Өскемен және Бұқтырма СЭС-нан өндірілген энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары пайдаланады.
Бұқтырма өзені – Ертістің оң жақ саласы. Бұл өзен Оңтүстік Алтайдың мұздықтары мен қарынан басталады. Бұқтырма-жағалауы жартасты, арнасы шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма өзені. өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Су деңгейінің шұғыл көтерілетін кезі-маусым айы, ал арнасынан төмен түсетін кезі-қыс айлары. өзен ағаш ағызуға қолайлы әрі электр энергиясын өндірудің тиімді көзі болып табылады.
Бұқтырма өзенінің аңғары шатқал-шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің әрбір бұрылысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен жағалауларының биіктігі екі жүз метрге дейін жететін жартасты, тік құлама беткейлі болып келеді. өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш, бұталар өседі.
Үлбі өзені – Иванов жотасынан басталып, Бұқтырма сияқты, таулы жерлерді кесіп өтеді. Жолында оған көптеген салалар келіп қосылады. Өзінің де, салаларының да жоғарғы жағында ағысы қатты болып келеді. Олар ағаш ағызуға және электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Өскемен қаласы Үлбі өзенінің Ертіске құяр жерінде орналасқан.
Уба өзені-Ертістің бұқтырмадан кейінгі екінші саласы. Бұл Алтайдың төбесін қар шалған жотасынан басталады. Соған байланысты өзен негізінен еріген қар суымен қоректенеді. Сәуір-мамыр айларында өзен суы тасиды. Қарашадан бастап наурызға дейін су деңгейі азаяды. Уба өзені-Алтайдың ағаш ағызатын едәуір үлкен өзенінің бірі [17].
Көлдері. Көлдер табиғи ресурстардың негізгі қайнар көздеріне жатады. Шығыс Қазақстан облысы территориясында көлемі 1 гектардан асатын, ал жалпы көлемі 8,96 шаршы шақырым 1968 көл орналасқан. Бұлардың су қоры 7,08 миллиард текше метр. Осы көлдердің ішінде 92 көлдің көлемі 100 гектардан асады. 732 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысындағы ірі көлдер: Зайсан (тұщы), Марқакөл (тұщы), Большое (Бородулиха), Балықтыкөл, Әлжан, Төменгі Балықтыкөл, Жоғарғы Балықтыкөл, Қаракөл, Дұбығалы, Рахман көлі, Дүйсен, Айыр, Алқа тағы басқа.
Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында, Алтай тауының оңтүстігінде орналасқан. Оның ұзындығы 38 километр, ені 19 километр, көлемі 1455 шаршы шақырым. Жағалауының ұзындығы 106 километр. Көл теңіз деңгейінен 1450 метр биіктікте жатыр [2].
Марқакөлдің су жиналатын алабы таулы. Жері ойлы-қырлы, өзендер тілімдеп тастаған. Су жиналатын алабына ну тоғай өскен. Марқакөл көлі Марқакөл ойысында жатыр. Оның оңтүстігін Азутау, солтүстігін Күршім таулары қоршап жатыр. Көл жағалауларына ағаш өте қалың болып шыққан. Мұнда қарағай, шырша, самырсын, ақ қайың, көктерек, шетен, мойыл, қарақат, тобылғы, үйеңкі, тал өседі. Көлге 27 шағын өзен келіп құяды. Ішіндегі ең ірілері: Тополевка, Тихушка, Мылтықбай, Еловка, Тастыбұлақ, Байпақсу, Қарабұлақ, Қатабай, Жиренбайтал. Көлден тек Қалжыр өзені ағып шығады. Көлдің деңгейі мамыр айынан бастап көтеріліп, маусым-шілде айында ол ең жоғары шегіне жетеді, сонан соң ол төмендеп, қазан-қараша айларында бірқалыпқа келеді. Көлдің оңтүстік-батыс жағының терең жері 27 метрге дейін жетеді. Солтүстік-шығыс жағының суы таяз келеді, ол бірте – бірте терңдейді. Көлдің түбі кедір – бұдырлы. Құятын өзендердің сағалары жырымдалғаны болмаса, Марқакөлдің жағалаулары онша бұзыла қоймаған. Көлдің батыс жағынан тас көмір және девон шөгінділерінен пайда болған тақтатастар, ал оңтүстігінен граниттер көзге түседі.
Оңтүстік жағалауында тау жақпары мен су астына құлаған ірі тастар бар. Марқакөлдің ең терең жері 27 метр болса, оның орташа тереңдігі 14,3 метрдей. Көлге 6,5 текше метр су жиналады. Марқакөлдің суының түсі жасыл-көк, 4-5 метр тереңдікке дейін мөлдір. Марқакөл Шығыс Қазақстанның ең суық аймағында жатыр (температурасы 550С-қа дейін төмендейді). Көлге қараша айында мұз қатқаннан кейін температура тұрақтанады.
Зайсан көлі – оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. Бұл-ағынды, суы тұщы көл. Оған бірнеше кішігірім өзендер келіп құяды да Ертіс өзені ағып шығады. Абсолюттік биіктігі 386 метр, ұзындығы 100 километр, ені 30 километр, ауданы 1800 шаршы шақырым, ең терең жері 10 метр. Көл қыста қатады, жазда суының температурасы + 260С-қа дейін көтеріледі. Көл суының деңгейі жаздың алғашқы жартысында жоғары болады. Жағасы көп жерінде жайпақ. Бұқтырма бөгені жасалғаннан кейін көл 1,5-2 метрге тереңдеп, ауданы 5510 шаршы шақырымға жетті. Қара Ертіс, Көкпекті өзендері құяды да Ақ Ертіс ағып шығады. Қарашада мұз қатып, сәуірдің аяғында ериді. Көл кәсіптік маңызы бар балыққа бай. Мұнда балықтың 23 түрі кездеседі. Бекіре, ақ балық, таймен, шортан, аққайран, сазан, алабұға және нәлім ауланады. Көлге су тышқаны жерсіндірілген. Мұнда Шығыс Қазақстан облысының басқа өңірлерімен салыстырғанда қыс жылылау әрі қысқа, жазы ұзақ, төңірегінде алма, жүзім, өрік, шие бақтары өседі.
Қаракөл көлі – Жарма ауданының оңтүстік-батысында, теңіз деңгейінен 754,8 метр биіктікте жатыр. Көлемі 2,11 шаршы шақырым, ұзындығы 2,7 километр, ені 1,1 километр, жағалауының ұзындығы 6,4 километр. Қаракөлдің су жиналатын алабы 25 шаршы шақырым. Көл алабы таулы, тасты, ойлы – қырлы, бұл жерде де қайың, көктерек және қараған бұталары, бетеге, жусан өседі. Көлдің оңтүстік-шығыс жағалауынан Аягөз-Семей тас жолы өтеді. Қаракөл қар суымен, жер асты суымен және өте сирек жауын – шашын суымен қоректенеді. Көлдің орташа тереңдігі 4 метр, ең терең жері 7,1 метр. Суы 1 – 1,5 метрге дейін мөлдір, түсі сарғыштау. Көлде үйрек, жылқышы тағы басқа құстар кездеседі.
Балықтыкөл – Семей ауданының солтүстік-батысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 217,5 метр биіктікте жатыр. Көлемі 6,08 шарышы шақырым, ұзындығы 5,8 километр, ені 1,5 километр, ал жағалауының ұзындығы 15,8 километр. Балықтыкөл Шаған өзенінің солтүстік жағындағы төбе аралығында орналасқан. 1964 жылы Шаған өзеніне бөгет салынды. Бұл көлдің су деңгейін 2 метрге дейін көтеруге, көлемін 50 гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көл Шаған өзенінің және көктемгі қар суымен толығады. Суының түсі жасыл-сарғылт, 0,5 метр тереңдікке дейін мөлдір, орташа тереңдігі 4 метр, енінң терең жері 6,8 метр. Мұнда 24 миллион текше метрден астам су жиналады.
Рахман көлі – Қатонқарағай ауданында, теңіз деңгейінен 1760 метр биіктікте орналасқан. Жалпы көлемі – 1,14 километр, ұзындығы – 2,6 километр, ені – 0,6 километр. Көлдің түсі көк-жасыл. 7 метрге дейін суы мөлдір. Ең терең жері 30,6 метр. Көл суы негізінен өзендер мен қар суымен қоректенеді. Көлге Жоғарғы Арасан өзені құяды да, Төменгі Арасан өзені ағып шығады [2].
Мұздықтар. Қазақстандағы Алтай тауында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 шаршы шақырым. Мұздықтар негізінен 2600 метр биіктіктен жоғары орналасқан. Мұздықтар Катунь, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты жоталарында шоғырланған. Сауырда 18 мұздық бар. Ауданы 16 шаршы шақырым [8].
ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫНЫҢ
ТҮЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1. Пайдалы қазбалардың түзілу кезеңдері
Шығыс Қазақстан аумағының ірілігі мен геологиялық құрылысының ерекшеліктеріне сай байланысты пайдалы қазбалары да алуан түрлі қара және түсті металдардың, химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының мол қоры бар. Аймақтың геотектоникалық құрылысы мен геологиялық даму тарихының ерекшеліктерін сай олар әркелкі таралған [30].
Металогенездің көріністерінің қарқындылығы мен сипатына қарай облыс аумағы бірнеше кенді аймақтарға бөлінеді.
- Шөгінді жанғыш және химиялық пайдалы қазбалар шоғырланған Зайсан-Алакөл ойысы.
- Орал-Монғол қатпарлы белдеуінің каледон герцин қатпарлықтарына жататын Алтай таулы аймағы.
- Герцин кезеңінде түзілген Шыңғыс тау, Сауыр-Тарбағатай, таужүйелері.
Шыңғыстау, Сауыр-Тарбағатай кенді аймақтарындағы пайдалы қазбалардын пайда болу жолдары. Балқаш көлінің солтүстігіндегі Шу-Балқаш метологенді аймағындағы Қараоба кенді белдеуіндегі Солнечный мен Гулшатта сирек кездесетін вольфрам, молибден, висмут металдарының кен орындары бар.
Силурдың соңында қалыптаса бастаған Шыңғыстау-Тарбағатай қатпарлы белдеуі салыстырмалы түрде алғанда металогенияға кедей. Кембридің жанартаулық шөгінді жыныстарының қабаттарында ірі калчоданды полиметалды кендер шоғырланған, олардың қатарына Майқайың, Александров, Көктас кен орындары жатады.
Атасу – Жоңғар таулы алқабының әктас-тары мен мергельдері мен тығыз байланысты. Балқаш маңының солтүстігі мен солтүстік-батысындағы Кишікбай мыс колчедан, мыс-профир, полиметалл, темір және сирек кездесетін металдардың Гулшат және Қызылеспе алтын және висмут кен орындары каледон кен түзілу кезеңі мен байланысты пайда болған [31].
Жоңғар Балқаш жүйесінің солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс бөлігіндегі пайдалы қазбалар герцин қатпарлығы мен тығыз байланысты түзілген. Қарқаралының шығысындағы Қарағанды Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында гидротермальді- шөгінді жолмен түзілген Кентөбе, Сарбұлақ, темір сонымен қатар қайрақты полиметалл (қорғасын -мырыш) және жанартаулық негізде түзілген Айғыр қорғасын кен орны бар.
Жоңғар-Балқаш жүйесінің солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс бөлігіндегі пайдалы қазбалар герцин қатпарлығы мен тығыз байланысты түзілген. Қарқаралының шығысында гидротермальді шөгінді жолмен түзілген Кентөбе, Сарбұлақ темір сонымен қатар қайрақты полиметалл (қорғасын-мырыш) кен орындары осы жерде жанартаулық негізде түзілген Айғыр қорғасын кен орыны бар. Герцин кезеңінде түзілген өнеркәсіптің маңызы бар кен орындарының қатарына Ақтоғай мыс профилі кеніштері жатады. Қаратас кенді белдеуінде (Қазылеспе, Науалы кен орнында) қорғасын-мырыш,темір профирлі молибден-мыс кендері мен минералданған таза мыс және алтын өндіріледі.
Зайсан герциндік қатпарлы жүйесі. Бұл жүйенің солтүстік шығысында полиметалға бай Алтай кенді белдеуі орналасқан. Шөгінді әктас кен орындары (Сажаиев Қазақстан Предгорник) құрылысқа қажетті цемент шикізаты, әктас, мәрмәр ұнтағын алуға, түсті металлургияға қажетті флюс өндіруге қолданылады. Белаус, Талов, Чеснаков, (Зырян ауданы) және Холзун кен орындарында гидротермальді-шөгінді жолмен түзілген темір-марганец өндіріледі. Марқа көлдегі магнетит кеніндегі темірдің үлес салмағы 50-70% дейін жетеді.
Кенді Алтайда қорғасын мен мырыштың, мыстың мыңға тарта кен орны белгілі. Солардың ішіндегі ең ірілері Никитин, Риддер, Сакалов, Тишин, Жаңа Лениногор, Колчеданды полиметалл кен орындары. Кен құрамында алтын, күміс басқада сирек кездесетін шашыранды металлдар мен кенсіз пайдалы қазбалар бар. Кенді Алтайдың батыс қанатында Зырян, Гриков, Малеев полиметалл кен орындары орналасқан. Белдеудің солтүстік батысында Орлов-Николаев, Березов-Белоусов полиметалл және мыс кен орындары бар. Қиыр оңтүстік батысында Вавилов және Қарашеген мыс және мысты теритті кен орны орналасқан. Кен құрамында аннерит, алтын, тальн, фуист кездеседі.
Қалба Нарын белдеуіндегі граниттерде керамиканың, хрустальдың және сирек металлдардың маңызды шикізаттары болып табылатын негматитті кен орындары шоғырланған. Олардың қатарына камсомол, Теректі, Шерді аяқ қалайы-вольфрам кен орындарын жатқызуға болады. Семей қаласына жақын орналасқан батыс Қалба аймағындағы әк тас кен орны цемент шикі-заты, әрлейтін тас, қиыршықтас, ретінде қолданады. Сауыр жотасындағы молырақ кендірлік кен орнында алтынның кен түзілістері бар. Табиғи газ жартылай кокстеуге жарамды қоңыр көмірдің және жанғыш тақта тас кен орындарының өнеркәсіпте маңызы зор [32].
Зайсан-Алакөл ойыстарының пайдалы қазбаларының түзілу жолдары. Зайсан-Алакөл ойыстары эпигерциндік Тұран плитасының шығыс бөлігін қамтиды. Оның бетін мезазой кайнозой эраларының органикалық, хемогенді және кесек шөгінді жыныстары жауып жатқандықтан тас көмір, жанғыш тақта тас,қоңыр көмір, мұнай мен құрылыс материалдарының мол қоры бар. мен Ақмола коалинмен орындары түзілген (Алексеев, Ақмола). Юра дәуірінде түзілген, Ертіс өзенінің батысындағы Абай, Алакөл ойысындағы Жалаңашкөл, Зайсан ойысындағы Кендірлік қоңыр көмір мен жанғыш тақтатас кен орындарының өнеркәсіптік маңызы зор. Жаңа Семей кен орынындағы неоген саздары цемент өндірісінде кеңінен қолданылуда. Семей мен Өскеменнің ірі өнеркәсіп орталықтары көбінесе Ертіс, Бұқтырма өзендерінің жайылмалары мен жайылма үсті текшелерінде шөккен төрттік дәуірдің проювиальды, сирек жағдайда эовалдық және көлдік қиыршықтасты – малта тасты шөгінділерін құрылысқа қолданады.
Шығыс Қазақстанның өзен торларымен нашар қамтылған батыс бөлігінде жерасты суының маңызы зор. Ертсі Шара Аягөз, Еміл басқада өзендердің аңғарындағы алливиальды шөгінділерге көктемде еріген қар суының жер астына сіңуінен (фильтрациалануынан) еспе, қабат аралық жарықшақты жарасты сулардың түзулеріне қолайлы жағдай тудырады. Балқаш – Ертіс суайрығы мен Шыңғыстау Архат сияқты аласа таулы алқаптар жерасты суларының түзуеріне жауын-шашын мен қатар құрлымдық факторларда әсер етеді. Әсіресе қалың шөгінді жаныстар жауып жатқан палеозой гранитойтарының бетіндегі қалың шөгінді жыныстарда тұщы сумен қатар ащы суларда кездестіреді. Шығыс Қазақстан облсының батыс бөлігінде жерасты суы азаяды. Ірі өзен алаптарының аңғарылғандығы төрттікік дәірдіің алювиальды шөгінділері сумен жақсы қамтамассыз етілген [33].
Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларының Зайсан-Алакөл ойыстары мен шектесетін тектоникалық жарықтары емдік қасиеттері бар ыстық минералды жерасты суларына бай. Онда Барлық-Арасан, Рақман бұлағы сяқты республикалық маңызы бар шипажайлар салынған. Олар минералдануы 3 г/л құрайтын хлоридті-сульфаты, магнилі-натрилі радонды жарасты су көздерінің қатарына жатады.
Альпілік эпиплатформалық орогенді белдеудің қалыптасуы олигоценде басылып неоген, төрттік дәуірлерінде жүреді. Сондықтан оның шегіндегі мезозймен кайнозойдың пайдалы қазбалары платформалардікіне ұқсас болып келеді. Пайдалы қазбалардың түзілуі үгілу қабаты мен тығыз байланысты. Оның қатарына Алтайдағы полиметалл кендерінің үгілу аймағындағы минералды бояулардың кен орындары жатады.
Ерте мезозойда Сауырдағы кендірек, Алакөлдің солтістік шығысындағы Қутау, (Жалаңашкөл) қоңыр көмірмен тас көмір алапатары түзіді. Зайсан қазаншұңқырында кездесетін бор, палеоген дәірлерінің кварцитті құмдарынның мол қоры бар. Оларды байытып, әйнек өндірісі мен пішінінде жасауға пайдаланылады. Мұнай құмдар Шымкент маңында да бар. Обсорбекті қасиеті бар бектониті – монтиморилонитті саздардың Алтайдағы кенорындары кероизит, цемент, кірпіш өндірісінде формоцептикада кеңінен қолданылады. Неоген дәірмен Іле ойысындағы Шпс кен орындары (Жаркент) кен орындары тығыз байланысты. Жаркент кен орындарындағы Шпиістің мөлшері 91%-ді құрайды. Оның қоры 1 млн тонна оңтүстік Қазхақстанда гипстің кен орны бар. Неоген төрттік дәіріндегі жер қыртысында жүрген неотектоникалық қозғалыстардан соң жүрген төрттік мұз басулары Алтай, Сауыр-Тарбағатай таулы алқаптарының Зайсан-Алакөл ойыстарымен шектесетін тау алды жазықтарындағы асырылу конусына малта тастың, қиыршық тастың құмның қалын қабатын түзеді. Олардың кенорындарында өндірілген өнімдер ірі қалаларында құрлыс материалы ретінде қолданады. Алтайдағы құм мен қиыршық тас кен орындары Ертіс өзенінің аңғарындағы аллювиалды шөгінділерде шоғырланған. Кірпіш өндіруге Сауыр – Тарбағатай, Алтай тауларының етегіндегі лес тәрізді саздары кеңінен қолданылады [34].
2.2. Шығыс Қазақстанның жанатын пайдалы қазбалары
Тас көмір мен қоңыр көмір кен орындары. Шығыс Қазақстан облысының аумағында таскөмір мен қоңыр көмірдің аймақтық және республикалық маңызы бар үш ірі, бірнеше шағын кен орындары бар. Олар-Кендірлі, Абай және Жалаңашкөл. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан, Алматы облстарын тас көмірмен қамтамасыз етуде Абай және Жалаңашкөл кен орындары жетекші орын алады.
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары аралығындағы Мақаншы ауданының аумағында орналасқан Жалаңашкөл кен орынындағы қоңыр көмірдің барланған қоры 40 миллион тонна. Құрамында көмір қабаттары кездесетін қалыңдығы 300 метрден астам. Қоңыр көмір Алакөл синклинальды құрылымындағы Юра кезеңінің шөгінді жыныстарынанда түзілген. Кен орынындағы 6 көмір қабат құмтасты шөгінділермен кезектесіп отырады. Көмірлі қабаттардың қалыңдығы 0,6-10 метр Кендегі көмірлі риглиттің, гумсты және сатропельді-гумсты көміртектердің мөлшері 73,8-75%, күкіртің үлес салмағы 0,4-0,94%, күлі аз (3,1-8,6%), қызуы жоғары (7220-7450 ккал\кг). Ұшқыш заттардың мөлшері 45%, құрғақ айдау кезінде одан 16% ейін қарамай шығады. Сондықтан аталған кен орынындағы көмір бағалы химиялық шикізат болып табылады. Жалаңашкөл көмір кені жергілікті отан мұқтажы үшін пайдаланылады [34].
Кендірлі тас көмір мен қоңыр көмір кенорыны. Сауыр мен Тарбағатай жоталарының аралығындағы жазықта орналасқан кен орынында 400 миллион тонна тас көмір, 800 миллион тонна қоңыр көмір, 1400 миллион тонна жанғыш тақтатас бар. Көмір жоғарғы тас көмір,пермь мен триас дәуірлерінде түзілген. Кен орынындағы 9 көмір қабат құмтасты шөгінділермен кезектесіп отырады, күлділігі 24-36% Таскөмірдің бетінде пермь дәуірінде түзілген тақтатастың 17 қабты бар. Сонымен қатар палеоген, триас және юра дәуірлерінің 48 қабаты бар,олардың күлділігі10-50% шамасында. Кендірлі кен орынының көмірлері мен жанғыш тақта тастарын отын және газ өндіретін химиялық шикізат ретінде пайдалану қолайлы. Темір жолдан қашық болғандықтан ол жердің көмірі өндіріліп жатқан жоқ.
Шығыс Қазақстандағы Юбилейный кен орынындағы көмір қабатының қалыңдығы 20-80 метр,тереңдігі 12-150 метр шамасында күлі аз (10-12%) жылуы 5000-6000 килокаллория қоры мол. Жер бетіне жақын жатқандықтан ашық карьерлік әдісен өндіріледі.
Жанғыш тақтатас. Қазақстан аумақында жанғыш тақтатастың 25 кен орыны бар. Оның ең ірісі Сауыр тауының етегіндегі Кендірлі кен орыны. тақтатастың құрамында 60%-тей мұнайлы битумдар немесе жер бетіндегі жан-жануарлардың, өсімдіктердің, планктондардың шірігеннінен қалған күрделі заттары бар тау жыныстарын атайды. Күлі көп 40%-тен астам, сапропельді (битумды) көмірлер де жанғыш тақта тастар болып есептеледі. Таза сапропельді, жанғыш тақта тастар суда өсетін планктондардан және бентостардан, ал гумусты тақта тастар өсімдіктер қалдығынан пйда болады. Қазақстан жеріндегі тақта тастарды қыздырғанда ғана битум шығарады, осы қасйеттеріне байланысты оларды пиробитумділер (пирос-от деген сөз) деп те атайды. Тақта тастарды құрғақ айырғанда кокс, жанғыш газдар, сұйық отындар бөлініп шығады, сондықтан оларды химия өндірісінің шикізаты есебінде жиі қолданады [35].
Кендірлік кен орынындағы жанғыш тақтатастар жоғарғы девон мен төменгі таскөмірдің, жоғарғы пермь орта және жоғарғы триас дәуірлерінің шөгінділерінде кездеседі. Барланған қоры 1400 миллион тонна. Үшбұлақ кен орнындағы күрең, қарасұр түсті шымыр келген жанғыш тақта тастар жоғарғы девон ғасырында болған, олардың күлі аз, жылу бөлгіштігі де жоғары – 2485 каллорияға жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы тек әр түрлі металдарға ғана емес, сонымен қатар тау-кен өндірісіне қолданатын химиялық шикізаттар фосфор, кали сяқты агрономиялық рудалардың да қоры бар.
Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы фосфорит кен орнының бірі Шыңғыс тау сілемдерінің оңтүстік шығыс бөлшектерінен табылған Семей фосфорит алабы. Бұл кен орнындағы фосфарит қабаттары Қаратау фосфорит қабаттарына өте ұқсас, қалыңдығы 7-10 метр шамасында, руда құрамындағы фосфор ангидридының мөлшері 10-25 аралығында кездеседі. Келешекте Қазақстанның шығыс аудандары өздеріне қажетті жергілікті әрі тиімді тыңайтқыш түрлерін Семей фосфорит алабынан алатын болады.
Құрылыс материалдары. Шығыс Қазақстан облсының аумағында құм және қиыршық тас, саз, керамзит, гранит, мәрмәр цемент өндіруге қажетті мергель сияқты құрылыс материалдарына бай. Жоғары сапалы декоративті мәрмәр тас кен орнындары Батыс Алтайда бар. Мұнда мәрмәр тастың ақ-сұр, қара түстері жиі кездеседі. Оның барланған қоры 300 миллион текше метр. Олардың ішінде Суықбұлақ, Троицк және Жаңатөбе кен орындарының көлемі едәуір, оларды өндірісте пайдалану өте тиімді. Бұл өңірде құрылыс материалына жарамды граниттің де мол қоры бар, олардың тиімділері «Гранит», «Огнев» және «Долгонихин», тағыда басқалары. Солармен қоса жоғары сапалы сәндік материал яшма – Лениногор кен орнында өндіріледі.
Көптеген құрылыстар үшін қолданылатын материалдардың ең төзімдісі гранитті жыныстар. Шығыс Қазақстан аумағында граниттың мол қоры бар бар. Солардың ішіндегі ең ірілері- Суықбұлақ, Троицк және Жаңатөбе гранит кен орындары болып табылады. Суықбұлақ пен Қалбаның гранитінің түсі ашық қызыл, кейде қанқызыл болып келеді. Алқаптың алып жатқан көлемі тоғыз шаршы шақырымға жуық, оның құрылысқа жарамды деп есептелетіні 2,2 миллион текше метр шамасында. Бірақ кен орнының төңірегінде әлі де тексерілмеген гранит алқаптары бар.Семей кен орындарындағы витрофир бетон және цемент өндірісіне жарамды шикізат болып табылады, олардың барланған қорлары да мол. Қалба жотасында жоғары сапалы Алексеев каолин кен орнының маңызы өте зор. Оның барланған қоры 50 миллион тонна. Бұл керамика, қағаз, кабель, тағы да басқа басқа өндіріс салаларында кеңінен пайдаланылады. Осы кен орнының негізінде жұмыс істейтін каолин комбинаты еліміздің шығысындағы аса ірі өндіріс нысаны болып табылады [35].
Семей қаласының маңындағы батыс Қалба – Кенді аймағында өндірілетін әктас цемент шикізаты, қиыршық тас және әрлеуші материалдар ретінде қолданылады. Ол олигоценді (палеогенде) неоген және төрттік дәуірлерінде альпілік эпиплатформалы орогенді белдеуі қалыптасады. Николаев Полиметалл кен орнының үгілуі қабатында түзілген минералды бояулар кеніштері бар. Неоген, төрттік дәуірлерінде жүрген неотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тау етегінің тауаралық ойыстарындағы ысырылу конустарында, Ертіс өзенінің аңғарында шөккен мореналы – алювиальды шөгінділерде құрылыс индустриясында кеңінен қолданылатын малта тас, қиыршық тас, құм кен орындары түзілді. Батыс Алтай, Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасының етегіндегі Эолдық жолмен түзілген Лесс тәрізді саздар кірпіш өндіруде кеңінен қолданылады.
2.3. Қара және түсті металл кен орындарының экологиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның қара металл кен орындары. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай Алтай таулы аймағында алуан түрлі пайдалы қазбалар кешені таралған. Пайдалы қазбалардың басым бөлігін темір, мыс, полиметалл сирек және шашыранды қымбат бағалы метелдар, калий тұздары, құрылыс материалдары құрайды. Олардың түзілуімен әркелкі таралуына аймақтық геологиялық даму тарихының техтоникалық құрылымының ерекшеліктері әсер етеді.
Геологиялық тұрғыдан алғанда пайдалы қазбалардың негізгі бөлігі кембриге дейінгі, каледон, герцин және альпілік қатпарлы құрылымда таралуы табиғатының даму тарихымен түсіндіріледі. Алтай таулы аймағындағы металлогенездің сипаты мен қарқындылығына байланысты аймақ екі белдеуге бөлінеді. Олар: Кенді Алтай, Кенді белдеулері және Қалба – Нарым. Жайсаң герциндік геосинклинальды жүйесінің солтүстік – шығысында полиметалл, сирек және шашыранды металдарға бай Кенді Алтай, Кенді белдеу орналасқан [36]. Гидротермальды – шөгінді жолмен түзілген темір кені Зырян ауданындағы Пригородный, Талов, Чесноков (Риддер ауданы) және Холзун марганец – магнетит кен орындарында өндіріледі.
Оңтүстік Алтайдағы магнетит кен орнындағы темірдің мөлшері 50-70% -ке жетеді.
Кобальт. Шығыс Қазақстандағы кобальттың нағыз кен орындары Кенді Алтайда және Шар ауданының аумағында шоғырланған. Ол никельмен бірге кездеседі, сондықтан да никель кендерінің құрамында кобальт болса, оны никелді кобальт деп атайды. Сондықтан никель өндіретін заводтардан олардын мүмкіндігіне сәйкес кобальт алынады.
Кобальт табиғатта тұрақты бір изотоптан тұрады. Жасанды изотоптарының ішіндегі маңыздысы кобальт 60 болып саналады. Оның жартылай ыдырауы 5-27 жылға созылады. Оның бұл қасиетін атом техникасында және басқа орындарда гамма сәулесін шығарушы көз есебінде пайдаланылады. Кобальт араласқан металдар қосындысы ыстыққа төзімді әрі берік, сондықтанда оны қара металургияда, ауыр машина өндірістерінде кеңінен пайдаланылады. Кобальтын үгінділері катализатор ретінде, фторлы кобальт бояуы ретінде, шыны және керамика өндірістерінде, ал кобальтты тұздар ауыл шаруашылығында микротыңайтқыш түрінде пайдаланылады. Жасанды кобальт-60 бұл күнде медитцинада қатерлі ісіктерге қарсы сәуле терапиасын жүргізуге және медициналық құралдарды стерилизатциялау үшін кен түрде пайдаланылады. Онымен қатар тұқымдық дақылдардағы зақымды жәндіктерді құртуға және тағамды консервілеу үшін де қажет. Табиғатта кобальттың отыз шақты өзіне тән минералдары бар, ал жүзден астам минералдарда жоғары мөлшерде кездеседі.
Табиғи ванадий. Шығыс Қазақстандағы ванадийдің кен орындары Шыңғыстауда шоғырланған.Ол екі изотоп қосындысынан тұрады.
Ванадийді қара металлургия өндірісінде темірдің сапасын арттыратын легирлеуші металл ретінде пайдаланды. Әсіресе шапшаң кесетін болат құрамына кіреді. 0,15-0,25% шамасында ванадий араласқан болаттың беріктігі, тұтқырлығы және төзімділігі артады. Ванадий таза түрінде атом энергетикасында және электрон приборлар жасау үшін қолданылады. Ванадий қосындылары химиия өндірістерінде катализатор ретінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, тоқыма бояуларында, фото және кино шығаруда кен пайдаланылады. Ванадий қосындылары улы келеді, ол тыныс алу мүшелеріне зақым келтіріп, өкпені қабындырады, бас айналдырады, жүрек пен бүйректін қызметін бұзады. Міне сондықтанда ванадий өндіретін және оның қоспаларын пайдаланатын өндіріс салаларында жұмыста сақ болған жөн.
Шығыс Қазақстанның түсті металл кен орындары. Кеңді Алтай кеңді белдеуінде мырыштың, қорғасынмен мыстың, мыңнан асатам кенорындары бар. Солардың ішіндегі ең ірілері Белаус, Риддер, Соколов, Тишин, Жаңа Ленинагор және Шалқар кен орындары. Кен құрамында қорғасынмен мырыштан басқа алтын, күміс басқада сирек кездесетің шашыранды металлдармен кенсіз пайдалы қазбалар кездеседі. Оларды кешенді өндеу кезінде бөліп алады. Кеңді Алтайдың Кеңді белдеуінің батыс қанатында Зырян, Грехов, Малеев полиметалл кен орындары бар. Солтүстік- батыс қанатында Николаев және Березов – Белаусов мысты –мырышты, орташа калчеданды (күкіртті) баридті полиметалл және мыс кең орындары орналасқан. Кеңді белдеудің қиыр оңтүстік батыс бөлігінде мысты, мысты-перидті кен орны бар. Кен құрамында алтын, тальк, бар. Қалба-Нарым Кеңді беллдеуіндегі граниттерде сирек кездесетің шашыранды металлдар мен керамика, хрусталль өндіруде маңызды шикізат болып табылатын пегматит кеңдері түзілген. Маңызды қалайы – Вольфрам кеңдерінің қатарына Палацы, Колькомоль, Шердіаяқ, Теректі кең орындары жатады. Николаев полиметалл кен орнының үгілуі қабатында түзілген минералды бояулар кеніштері баротасының етегіндегі эолдық жолмен түзілген Лесс тәрізді саздар кірпіш өндіруде кеңінен қолданылады. Өскемен, Семей, Риддер, Зырян сияқты ірі өнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз етуде. Альпілік эпиплатформалық орогенді белдеуінің шөгінді қабаттарындағы жер асты еспе сулардың кен орындарының маңызы зор. Алтай таулы аймағындағы тауаралық ойыстардағы тектоникалық жарықтарда термальды кремнилі емдік минералды ыстық бұлақтар бар. Олардың ең маңыздысы Рахман бұлақтары. Онда қазір өзі аттас курорт бар [37].
Полиметалл кен орындары.Кенді Алтай полиметалл кен орындары на бай.Оның құрамына қорғасын, мырш мыс алтын басқада сирек және шашыранды металдардың минералдары кіреді. Соның ішінде кең таралғаны қорғасын мен мырыш. Шығыс Қазақстанда полиметалл кенін өндірістік жолмен өндіру Ақшатау, Лениногор, Зырян, Ертіс комбинаттарында жүргізіледі. Полиметалға әсіресе Кенді Алтай өте бай. Үлкен Алтай деп аталатын аймаққа қорғасын-мырыш, алтын-күміс, қалайы кендері Қалба, Нарым, Сауыр және Тарбағатай тау сілемдерінде де кең тараған. Осы өңірдің қойнауындағы байлықты ашуға белгілі ғалым, профессор В.П.Нехорошев көп еңбегін сіңірді. Ол Кенді Алтайдың пайдалы қазбаларының қалыптасу заңдылықтарын, орналасу ерекшеліктерін ашты.
Кенді белдеулер ішіндегі ең ірісі Кенді Алтай, оның ені 50, ұзындығы 500 шақырым шамасында. Осы белдеу бойында бір-біріне жалғаса көгілдірлеу, сұрғылт түсті, жұмсақ және ауыр металл.
Өндірістін дамуына байланысты қорғасыннан аккумляторлар, аппараттар дайындалған. Мұндай аппараттар өте әсерлі газдармен сұйық заттар шығару үшін қолданылған. Қорғасын радиоактивті сәулені өткізбейді. Сондықтанда оған радиоактивті элементтер сақталатын сауыттар, контейнерлер, ренген аппараттарының гамма сәулесінің қуаты әсерінен сақтайтын бұйымдары әзірленген. Мыстың, қорғасынның және мырыштың қосындылары техника салаларында кен түрде пайдаланып отыр.
Облыс аумағындағы маңызды полиметалл кен орындарының қатарына Тишин, Никалаев Зырян, Риддер, Жаңа Лениногор, Локтев, Золотоухин, Березов, Белоусов сияқты кен орындары жатады Олар Өскемен, Риддер қорғасын-мырыш комбинатын кенмен қамтамасыз етеді.
Қазірдің өзінде Алтай өңірінде жетпістен астам пайдалы қазба кендері анықталып отыр, олар тоғыз жүзге жуық кен орындары шоғырланған. Солардың арасында полиметалл, түсті металдан басқа асыл және сирек металдар, әр түрлі құрылыс материалдары (мәрмәр, әк тас, балшықтар т.б.), отқа төзімді шикі зат кен орындары кездеседі.
Зырян полиметалл кен орны. Бұл кен орнын XVІІ ғасырдың бас кезінде Григорий Зырянов тайгада аң аулап жүріп ашқан екен. Осыған орай бір кезде «Ұлы мәртебелі иенің» жеке меншігі деп аталған бұл кен орнында 1791 жылы барлау жұмысы жүргізіліп, 1902 жылға дейін оның үстінгі қабаттарындағы тотыққан аймақтардан қорғасын, мыс, алтын, күміс өндірілген. 1902-1930 жылдар аралығында бұл кен орны ағылшын концессионерлерінің қарамағында болып, оның советтік даму дәуірі тек қана 1931 жылдан басталған.
Қазіргі Зырян кен орны бірнеше кен көздерінен тұрады, олар орта девон дәуірінде пайда болған вулканды қышқыл жыныстармен алмаса араласып жатқан әр түрлі тақта тастар, құм тастар, туфтар және туфиттер арасына қалыптасқан көп қабатты руда жыныстары болып келеді. Руда жыныстары жер бетінен 800-900 метр тереңдікке дейін, кейбіреулері онан да тереңірек жатыр.
Зырян кен онындағы рудалар түгелдей өзгерген тау жыныстарының (серицитты тақта тастар және микро-кварциттер) арасында ғана кездеседі.
Риддер полиметалл кен орны. Ол 1784 жылы ашылған. Кен қабаттары Риддер, Сокольный, Крюков және Ильинск құрылымдары бойындағы алаңдарғда қалыптасқан. Кен жатқан ортадағы вулканды жыныстар құрамында қышқылды минералдар (кварц т.б.) тобы басым, герцин кен түзілу кезеңінің соңындағы вулкан атқылау үрдісімен тығыз байланысты пайда болған газды-сулы ерітінділердің әсерінен бұл жыныстар тек қана кремнеземнен (шақпақ тас) тұратын микрокварциттерге айналып кеткен. Осы микрокварциттер бойына тереңнен көтерілген өте бай металл ерітінділерінен тұратын гидротермальды шөгінділерден осы күнгі кендер түзген. Лениногор кенді алаңында Риддер және Сокольный сияқты ірі кен орындары мен бірге Крюков, Филиппов, Өспен, Ильинск сияқты аумағы шағындау кен орындарыда бар. Бұлардың бәрінен де полиметалл рудалары шығады. Риддер және Сокольный кен орындарындағы негізгі қабаттар полиметалл кендері бар микрокварциттерден тұрады [38].
Шығыс Қазақстанда Қазақстанның асыл, сирек кездесетін шашыранды және жеңіл түсті металл кен орындары бар.
Асыл металдар. Шығыс Қазақстанда кең таралған асыл металдар тобына алтын, күміс және платина элементтері жатады. Солардың ішінде еліміздің валюталық металы саналатын алтынның алатын орыны ерекше.
Алтын табиғи түрде сары түсті, ауыр келеді. Жылу мен электр тоғын өткізгіштігі өте жоғары, әрі жұмсақ, созылмалы. Бір грамм алтынды төрт бөлмелі үй шатырының жартысын қаптауға жетерліктей етіп созуға болады. Мұндай қасиет алтыннан басқа ешбір металда жоқ.
Жер қыртысындағы алтынның мөлшері орта есеппен 4,3-10%, кейбір жыныстарда бұл шама онан да төмен.
Шығыс Қазақстан жерінде алтын кен орындары көбінесе шағын кварцитті желілі типі басым облыс аумағындағы алтын кен орындары пайда болу жағынан үлкен бес топқа бөлінеді.
- Ұзындығы әртүрлі болып келетін кенді желі алаңдар түзетін гидротермальды кварцитті-алтынды, кен орындары. Олар көбінесе кварцитте немесе сульфитте түзіледі (пирит, арсенопирит, галенит т.б.).
- Палеогендеі вулкан атқылау әрекетімен баланысты түзілген гидротермальды алтынды-күмісті-теллурлы(кейде селенді) кен орындары. Бұл кен орындарда алтын бос немесе теллуридпен байланысқан күйде кездеседі.
- Гидротермальды колчеданды-алтынды кен орындары. Сульфидтің құрамына байланысты кен орындары мысты-алтынды, алтынды-полиметалды, алтынды-мышякты болып бөлінеді. Бірінде алтын негізгі болса, екіншісінде қосалқы болады.
- Қышқылды интрузивтік немесе эффузивтік жыныстардың гидротермальдық өзгерістерге ұшыраған жыныстардағы гидротермальды алтынды кен орындары. Олардың қатарына пропилиттерге, микрокварциттерге екінші рет кврцитке айналған жыныстар жатады.
- Алтынды жыныстардың бұзылуынан түзілген шашранды алтын кен орындары. Олардың қатарына Батыс Қалба мен Кенді Алтайдағы Еспе, Бақыршық, Василев, Ақжал, Қазаншұңқыр кен орындары металлдары жатады. Кенді Аалтайдағы полиметалл кен орындарында кеннің пайдалы компоненттерінің 7ден 24% алтын құрайды [39].
- Күміс. Шығыс Қазақстандағы Зырян Сокольное ,Николаев, Тишин, Белаус полиметалл кен орындарында Қалба жотасында өндіріледі. Ол ақша құймалар мен эмаль жасауға нәзік өрнектерді (филигрань), мәнерлеуге, қаратылған күмістерге, ою салуға т.б зергерлік заттар әзірлеуге қолданылуда. Күміс қосындыларында антибактериальды күйдіргіштік қасиеттер бар. Сондықтан оны ерте кезден-ақ медицинада пайдаланған.
Жер қыртысындағы күмістің мөлшері орта есеп пен 7×10% теңіз суында 3×10%. Күмістің елу шақты минералы бар. Солардың ішінде сом күміс, электрм, аргентит, прустит, пираргит, кераргит және басқалары табиғатта кездеседі.
Сирек металдар. Молибден кен орындары негізінен Ақшатау мен Кенді Аалтайда кездеседі. Молибденнің негізгі минералы молибденитт пен (жылтыр молибден) галениттің сырт көрінісі бір-біріне өте ұқсас болғандықтан бір-бірінен ажырату қиынға соғады.. Сондықтан бұл екеуі жалпы атпен «молибден» деген сөз. Молибденді элемент түрінде алғаш рет 1778 жылы швед химигі К.Шееле молибдениттен ажыратып алады. Ал 1782 жылы швед химигі П.Гельем алғаш рет көміртегінің әсерімен молибден тотығынан молибденді таза металл түрінде алған.
Қазіргі кезде өндіріліп алынатын молибденнің 70-80% қосындыланған болаттар дайындауға жұмсалады,өйткені жоғары температураға ондай болаттар төзімді. Мысалы ракета бөлшектерін әзірлеуге, ұшатын аспаптарда, жоғарғы температурада тотығудан сақтайтын бөлшектер ментетіктер әзірлеуге молибден қоспаларын пайдаланылады. Металл түріндегі молибденнен анодтар, әр түрлі торлар, электр лампасының жіптерін ұстататын тұтқыштар жасау үшін қолданалылады. Молибденитті үйкеліс тетіктерін майлауға, натрийлі-молибденді лак және бояу өндірісінде, молибден тотығы химия және мұнай өндірістерінде катализатор ретінде кең түрде қолданылады [39].
Вольфрам өте баяу балқитын ауыр металл. Оның кен орындары негізінен Ақшатауда шоғырланған. Табиғи вольфрам тұрақты бес изотоптан тұрады. Алғаш рет 1781 жылы швед химигі К.Шееле тунгстен (кейін шеелит деп аталады) минералынан волфрам тотығын бөліп шығарады. Кейін 1783 жылы испан яхимиктері ағайынды Д.Элуяр волфрамит минералынан таза металл бөліп алып, оны вольфрам деп атайды.Немісше «вольф-қасқыр», «рам-көбік» деген мағы-нада. Бұлай аталуы вольфрамит әрқашанда қалайы тасымен бірге кездеседі. Вольфрамның жер қыртысындағы мөлшері орта есеппен 1◦10%. Көбінесе минерал түрінде кездеседі, солардың ішінде өндірістік маңызы бар вольфрамит, шеелит.
Қалайы. Иілгіш,созылғыш әрі жылдам балқитын метлдың бірі қалайы кенінің мол қоры Қалба-Нарым кенді белдеуінде шоғырланған.
Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбаларын игеру барысында пайдалы жақтары мен қатар түйінді экологиялық мәселелердің туындау себептерін ашып көрсетудің маңызы зор.
- Ғаламдану үрдісі жүріп жатқан қазіргі кезеңде Шығыс Қазақстанның табиғат байлықтарын оқып үйрену барысында жаңа әлеуметтік-экономикалық жүйемен өндірістік қатынастар жағдайына жер қойнауының пайдалы қазбаларын игеру барысында қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін табиғаттың жеке компоненттеріне географиялық тұрғыдан талдау жасауды талап етеді.
- Жер қойнауының байлықтарын игеру барысында қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау үшін оған техногендік салмақ түсіруді болдырмау мәселесіне мән беріп, қауыпты экологиялық апаттардың алдын алу қажет.
- Табиғат байлықтарын пайдалану барысында геожүйелердің ластану дәрежесімен сипатын айқындап қалпына келтіру ісін қолға алу керек.
- Қазіргі кезеңде Шығыс Қазақстанның табиғат байлықтарын игеру барысында қорғасын, мырыш, жеңіл және шашыранды металдарды өндірудің қоршаған ортаға тигізетін әсерін айқындау қажет.
- Аталған мәселелерді шешу үшін экологиялық заңдарды күшейтітіп, билік органдары қатаң қадағалауы тиіс.
- Табиғат байлықтарын кешенді үңдеп, өндірісті қалдықсыз технологияға көшіру үшін техникалық қуатын арттыру мәселесін шешу керек [40].
ІІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
3.1. Халық санының серпіні және тығыздығы
Қазақстан Республикасының халқына жалпы. Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайына 90-ы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кері әсерін тигізді. 1999 жылы мемлекет халқының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 292,4 мың адамға азайды, олардың ішінде қала халқы 105,1, ал ауыл халқы 135,8 мың адам. Егемендіктің алѓашқы жылдары кезінде демографиялық дағдарыстың ең ауыр нәтижесі – Қазақстан халқы 1989-1999 жылдар аралығында 1,5 млн-нан астам адамға, яғни 8,2% азайды, халық саны азаюы 2002 жылға (қоса есептегенде) созылып, 2003 жылдан бастап аз да болса өсе бастады.
Бірінші Республикалық ұлттық халық санағы 1999 жылы 14 935 126 адам тұрақты тұрғын халқы жазылды, олардың ішінде 8 376 814 адам (56%) – қала және 6 576 312 адам (44%) ауыл тұрғындары. 1989 ж. салыстырғанда мемлекет халқы 1 246 028 адамға азайған, қала халқы 755 252 (56,4%) және ауыл халқы 490 775 (43,6%) (2 кесте).
2 кесте. 1989-2005 ж.ж.аралығындағы Қазақстан Республикасының
халық саны (жыл басында)
Жылдар |
Барлық халық, мың адам |
Қала |
Ауыл |
||
мың адам |
үлес (%) |
мың адам |
үлес (%) |
||
1989 |
16199.2 |
9191.9 |
56.7 |
7007.3 |
43.3 |
1990 |
16690.3 |
9585.9 |
57.4 |
7104.4 |
42.6 |
1991 |
16358.2 |
9366.9 |
57.3 |
6991.3 |
42.7 |
1992 |
16451.7 |
9404.0 |
57.2 |
7047.7 |
42.8 |
1993 |
16426.5 |
9343.2 |
56.9 |
7083.3 |
43.1 |
1994 |
16334.9 |
9162.6 |
56.1 |
7162.4 |
43.9 |
1995 |
15956.7 |
8884.4 |
55.7 |
7072.3 |
44.3 |
1996 |
15675.8 |
8730.3 |
55.7 |
6945.5 |
44.3 |
1997 |
15480.6 |
8635.2 |
55.8 |
6845.4 |
44.2 |
1998 |
15188.2 |
8499.4 |
56.0 |
6688.8 |
44.0 |
1999 |
14957.8 |
8362.8 |
56.0 |
6589.0 |
44.1 |
2000 |
14896.9 |
8322.2 |
55.9 |
6573.9 |
44.1 |
2001 |
14841.9 |
8283.2 |
55.8 |
6558.7 |
44.2 |
2002 |
14820.9 |
8348.9 |
56.3 |
6472 |
43.7 |
2003 |
14866 |
8417.2 |
56.6 |
6448.8 |
43.4 |
2004 |
14951.2 |
8479.1 |
56.7 |
6472.1 |
43.3 |
2005 |
15074.8 |
8614.7 |
57.1 |
6460.1 |
42.9 |
Қазақстанда халық санының тұрақталып, біраз өсуі 2003-2005 жылдар аралығында байқалады.
1999 жылғы Халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген адамдар саны 14953,1 мың адам тұрақты халық. Оның ішінде 11523,9 мың адам (77,1% жалпы санынан) сол жерде туып және тұрып жатқандар, ал 3429,2 мың адам (22,9%) өзі тұратын жерлерін өзгерткендер.
Ерекше халықтың айтарлықтай азаюы Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында және де Солтүстік Қазақстан табиғи экономикалық аймаққа кіретін Ақмоло, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында байқалған. Атырау (3.7%), Қызылорда (3.8%), және Оңтүстік Қазақстан (8.5%) осы облыстарда халық саны жоғарлағаны көрінеді.
Көптеген қаларда халқының төмендеуі байқалады, тек төрт қалада ғана жоғарлаған: Астана ( 35.4 мың адам немесе 12.8%-ға), Алматы (57,5 мың адам немесе 5,4%), Тараз (26,1 мың адам немесе 8,6%) және Қызылордада (7 мың адам немесе 4,7%). Халықтың біршама азаюы мына қалаларда анықталған: Қарағандыда (70,4 мың адам немесе 13,9%), Семейде (47,5 мың адам немесе 15%), Теміртауда (43,1 мың адам немесе 20,2%).
Мемлекет бойынша ауыл халқының саны 440,8 мың адамға немесе 6,3% азайған. Оның төмендеуі Қостанайда (140,3 мың адам немесе 23,2%), Солтүстік Қазақстанда (133,3 мың адам немесе 22,8%), Ақмола обл. (106,2 мың адам немесе 18,9%) және Шығыс Қазақстан обл. (104,3 мың адам немесе 14,2%).
Байырғы қазақ халқының үлесі 1989 ж. 40,1%-дан 1999 жылы 53,4%-ға өсті, абсолютті саны 7 млн. 985 мың адамды құрады, Қазақстанда тұратын басқа ұлттардан 1 миллионға көп.
Қазақстанда ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде 8 ұлт – қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және белорустар – саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне елдегі барлық халықтың 95,7% келеді.
1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтардың пайызы — 53,4 болды. Бұл санақ тұсында алғаш рет мемлекеттік тіл туралы мемлекеттік тілді толық меңгердім, білемін, оқып жүрмін, білмеймін деген сұрақтар алғаш рет берілді. Ондай сұрақтар өркениетті елдердің барлығында бұрыннан беріледі.
Көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберді. Қазақтар 1939 жылдан кейін өз Отанында көпшілікке айналып, 1999 ж. 53,4 пайызға жетті, бұрын басым болған орыстардың үлесі 30,0%-ға тоқтап, төмендей түсті. 2005 жылдың басында Қазақстан халқының саны 15 млн-нан асып, ұлттық құрамы төмендегідей болды: қазақтар саны — 8,725,206 адамға жетіп, үлесі 57,9%-ға көтерілді, ал орыстар – 4024357 – 26,7%, украиндар – 458993 – 3,0%, өзбектер – 419529 – 2,8%, немістер – 228123 — 1,5%, татарлар – 231236 – 1,5%, ұйғырлар – 226513 – 1,5%, кәрістер – 100982 – 0,7%, белорустар – 94214 – 0,6%, азербайжандар – 86138 – 0,57%, түріктер – 84035 – 0,55%, басқалар – 395441 – 2,6% [22].
3 кесте. Қазақстан республикасының ұлттық құрамы
Ұлттар |
1999 ж. |
% |
Қала халқы |
Ауыл халқы |
2005 ж. |
% |
қазақтар |
7985039 |
53,4 |
3615519 |
4369520 |
8725206 |
57,8 |
орыстар |
4479620 |
29,9 |
3443646 |
1035974 |
4024357 |
26,7 |
азербайжандар |
78295 |
0,5 |
32658 |
45637 |
86138 |
0,57 |
башқұрлар |
23225 |
0,2 |
14982 |
8243 |
|
|
белорустар |
111927 |
0,7 |
65141 |
46786 |
94214 |
0,6 |
болгарлар |
6915 |
0,1 |
4654 |
3773 |
|
|
гректер |
12703 |
0,1 |
8930 |
30308 |
|
|
дүнгендер |
36945 |
0,3 |
6637 |
3781 |
|
|
еврейлер |
6743 |
0,1 |
6384 |
359 |
|
|
ингуштар |
16900 |
0,1 |
13119 |
3781 |
|
|
қырғыздар |
10897 |
0,1 |
5940 |
4957 |
|
|
Кәрістер |
99665 |
0,7 |
86337 |
13328 |
100982 |
0,7 |
күрдтер |
32764 |
0,2 |
7372 |
25392 |
|
|
молдавандар |
19460 |
0,1 |
11233 |
8227 |
|
|
немістер |
353441 |
2,4 |
181612 |
171829 |
228123 |
1,5 |
поляктар |
47297 |
0,3 |
21337 |
25960 |
|
|
татарлар |
248954 |
1,7 |
193313 |
55641 |
231236 |
1,5 |
түріктер |
75933 |
0,5 |
17422 |
58511 |
84035 |
0,55 |
өзбектер |
370663 |
2,5 |
116707 |
253956 |
419529 |
2,8 |
ұйғырлар |
210365 |
1,4 |
85454 |
124911 |
226513 |
1,5 |
украиндар |
547054 |
3,7 |
339145 |
207909 |
458993 |
3,0 |
басқа ұлттар |
178321 |
1,2 |
|
|
395441 |
2,6 |
Барлығы |
14953126 |
100 |
8377303 |
6575823 |
15074767 |
100 |
Дерек: ҚР халқының ұлттық құрамы, 1 том, Алматы, 2000, 6-14 бб.; Регионы Казахстана. А.,2005, 62 б.
Кестеден көріп отырғанымыздай 1999 жылғы санақ пен 2005 жыл аралығындағы халықтың ұлттық құрамындағы үлесінің өзгергенін байқадық. Соның ішінде қазақтар үлесі 53,4%-дан 57,8%-ға көтерілгенін байқаймыз. Ал керісінше орыс ұлтының 29,9%-дан 26,7%-ға кемігенін көреміз. Сонымен қатар украиндардың (3,7%-ден – 3,0%-ға), татарлардың (1,7%-ден – 1,5%-ға), немістердің (2,4%-ден – 1,5%-ға), белорустардың (0,7%-ден – 0,6%-ға) азайғанын байқасақ, ал керісінше ұйғылар (1,4%-ден – 1,5%-ға), мен өзбектер (2,5%-ден – 2,8%-ға) өскені анықталды.
2005 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының құрамында 10526 әкімшілік-территориялық бірлік кірді, олар 14 облыс, мемлекеттік маңызы бар 2 қала, 160 аудан, 8 аудан қалада, облыстық маңызы бар 39 қала, 174 елді-мекен және 2261 ауылдық округ, аудандық бағынудағы 45 қала, 196 елді-мекендік және 7743 ауылдық әкімшілік пункт.
4 кесте. Халықтың өсу динамикасы
Облыстар |
1999 ж. |
2002 ж. |
2003 ж. |
2004 ж. |
2005 ж. |
2006 ж. |
Қазақстан Рес. |
14953126 |
14851059 |
148668 37 |
14951200 |
15074767 |
15217,7 |
Ақмола обл. |
836271 |
755000 |
748167 |
748930 |
747185 |
746,7 |
Ақтөбе обл. |
682558 |
668166 |
668378 |
671812 |
678607 |
686,9 |
Алматы обл. |
1558534 |
1554573 |
1560267 |
1571194 |
1589751 |
1604,2 |
Атырау обл. |
440286 |
447634 |
451928 |
457215 |
463466 |
472,2 |
Шығ.-Қазақ. |
1531024 |
1482550 |
1465931 |
1455412 |
1442097 |
1430,9 |
Жамбыл |
988840 |
979199 |
980072 |
985552 |
992089 |
1001,0 |
Батыс-Қаз. |
616800 |
600330 |
602133 |
603832 |
606534 |
609,2 |
Қарағанды |
1410218 |
1344244 |
1333656 |
1330927 |
1331702 |
1334,3 |
Қостанай |
1017729 |
935717 |
919558 |
913435 |
907396 |
903,1 |
Қызыл-Орда |
596215 |
600972 |
603804 |
607491 |
612048 |
618,1 |
Маңғыс. обл. |
314669 |
328265 |
338612 |
349668 |
361754 |
374,6 |
Павлодар обл. |
806983 |
758154 |
748651 |
745238 |
743826 |
742,7 |
Солт.Қаз. |
725980 |
691263 |
682148 |
674497 |
665936 |
662,9 |
Оңт.Қаз. |
1978339 |
2079506 |
2111893 |
2150256 |
2193556 |
2233,3 |
Астана қ. |
319324 |
493062 |
501998 |
510533 |
529335 |
550,2 |
Алматы қ. |
1129356 |
1132424 |
1149641 |
1175208 |
1209485 |
1247,4 |
Дерек: ҚР халқының ұлттық құрамы, 1-том, А., 2000; 6-201 бб.; Регионы Казахстана. А., 2005, -61 б.; Қазақстан және оның өңірлері, А., №1, 2006, -54 б.
Халық санының өсуі осы кезең ішінде еліміздің 11 өңірінде байқалды. Халық санының ең жоғары өсуі бұрынғыдай, Оңтүстік Қазақстан облысына және Алматы қаласына тиеселі-тиісінше 39,7 мың және 37,9 мың адам, ал оның ең көп кемуі – Шығыс Қазақстан облысында – 11,2 мың адам.
Осы кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстанның Солтүстік, Шығыс, Орталық аймақтарындағы халық санының жылдан жылға кемуін көреміз. Бұған себеп, бұл аймақтар негізінен орыс ұлты және басқа ұлттардың көп шоғырланған облыстар болып саналады. Олар өз отандарына кетуіне байланысты және Қазақстанның полигон аймақтарынан халықтың басқа жерге қоныс аударуына ықпал етуде. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен батысында халықтың өсуі жылдан-жылға көбеюде. Бұған себеп, Батыс Қазақстан мұнайлы өңір болып саналады. Сондықтан мұнайды өндіру үшін шетел компаниялары мен өзіміздің отандық компаниялар көбеюіп, онда жұмыс істейтін халықтың саны да артуда. Бұл да халықтың механикалық жолмен өсуіне өз әсерін тигізуде.
2006 жылдың 1 қаңтарында республика халқының саны ағымдағы деректер бойынша 15217,7 мың адамды құрады, соның ішінде 8744,1 мың адам, немесе 57,5% қала және 6473,6 мың адам немесе 42,5% ауыл тұрғындары. 2005 жылдың қаңтар-желтоқсанында халық санының жалпы өсімі 142,9 мың адамды құрады. Жалпы өсу санындағы халықтың табиғи өсім үлесі 85% (97% — осы жерде және бұдан әрі жақшаларда 2004 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштер келтірілген), ал көші-қон өсімі – 15% (3%) құрады [14].
1 сурет
Жыл сайын Қазақстанның халқы оқыс жағдайлардан өлу нәтижесінде азайып жатыр (20 мың адамқға):уланудан,жарақаттан,адам өлтіруден,өзін өзі өлтіруден және тағы басқа.
5 кесте. 1998-2003 жылдар арасында Қазақстан
Республикасындағы өлу себептері (100 мың адамға шаққанда)
|
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
Барлық өлгендер |
154,3 |
145,9 |
148,8 |
147.6 |
148,7 |
155,8 |
Зиянды жаңа өскіндерден |
20,0
|
19,3
|
19,2
|
19,2
|
|
18,8
|
Қан айналым жүйесіндегі аурулардан |
75,2 |
73,0 |
74.4 |
73,4 |
|
80.3 |
Тыныс органдары ауруларынан |
11.3 |
10.2 |
10,6 |
9,7 |
|
10,2 |
оқыс жағдай, улану және жарақаттан |
20,9 |
18,8 |
20,9 |
21,7 |
|
18,3 |
Өлудің негізгі себептері қанайналым жүйесінің аурулары, оқыс жағдайлар,улану және жарақаттан, зиянды жаңаөскіндерден, тыныс және асқорту органдар ауруларынан, инфекциялы және паразитарлы аурулардан.
2003 жылғы өлгендер санының шамалы төмендеуі халықтың өлу себебінің барлық негізгі класстарында көрініс береді (оқыс жағдайлардан,улану және жарақаттанудан өлгендерді ескермегенде).Осыған қарамастан қанайналым жүйесінің ауруларынан өлу саны жоғары болып тұр және 1997 жыл-47,7% салыстырғанда 2003 жыл-51,5% құрады. Бүкіл республикаға қарағанда бұл аурудан өлгендер саны Алматы облысында (56,6%) және Алматы қаласында (55,8%) жоғары.Тыныс алу органдары ауруынан өлу төмендегенін байқауға болады 1997жылы 7,9% дан 2003 жылы 6,5% ға дейін.Жасөскіндердің өлуі бұрыңғы денгейінде қалып қойған 1997 және 2003 жылдарда бірдей-12,9%.
Шығыс Қазақстан облысының жалпы халық саны 2005 жыл басында 1442,1 мың адамды құраған. Халқының жалпы санында 861,465 мың адам (немесе 57,2%) қала халқының үлесіне тисе, 646,611мың адам (немесе 40,8%) ауылдық жерлерде тұрады.
Облыста 15 ауылдық аудан, 6 қала (оның ішінде төртеуі республикалық маңыздағы қалалар), елді мекен, ауыл бар.
Аймақтың экономикалық дамуы мен оның халқы арасында өзара байланыс бар: халық әрдайым белгілі бір аймақпен байланысты болады, оның саны,құрылымы мен таралуы аймақтың белгілі бір экономикалық қуаттылығын анықтайды, аймақтың экономикалық өсу қарқындылығына, мамандануына және қалыптасуына әсер етеді. Өз кезегінде демографиялық процесстер де белгілі бір дәрежеде экономикалық даму дәрежесімен анықталады.
Шығыс Қазақстан облысының демографиялық дамуы түрлі кезеңдерде әртүрлі факторлардың әсері не ұшырап, соның нәтижесінде халық санының серпіні осы кезеңдерге өсу жылдамдығына байланысты өзгеріп отырады.
90-шы жылдардың басынан Шығыс Қазақстан облысында айтарлықтай үлкен мөлшерде халық санының азаюы байқалады, сондықтан демографиялық жағдайды қолайсыз деп санауға болады (6 кесте).
6 кесте. Шығыс Қазақстан облысының халық санының серпіні
Жылдар |
Жалпы саны (мың адам) |
Соның ішінде |
Қала халқының үлесі% |
Ауыл халқының үлесі% |
|
Қала халқы (мың адам) |
Ауыл халқы (мың адам) |
||||
1990 жыл |
1774,092 |
1043,336 |
7307,56 |
58,8% |
41,2% |
1995 жыл |
1685,039 |
9753,08 |
7097,31 |
57,9% |
42,1% |
2000 жыл |
1516,785 |
8893.37 |
6274,48 |
58.6% |
41.4% |
2005 жыл |
1442.097 |
8614,651 |
6466,116 |
57,2% |
40,8% |
Жағдайдың өзгеруіне табиғи өсімнің өзгеруімен қатар халық миграциясының кері сальдосының үлкеюі себеп болды. Мұның басты себебі 80-ші жылдардың ортасына қарай басталған бұрынғы Кеңес Одағындағы қазіргі күнге дейін болып жатқан тарихи өзгерістерге түрткі болған қайта құру екені бәрімізге мәлім. Халықтың экономикалық-әлеуметтік өмірінде өзгерістер Шығыс Қазақстан облысының демографиялық көрсеткіштеріне де әсер етті.
7 кесте. 2005 ж басындағы Шығыс Қазақстан облысы халқының
жалпы саны
Аталуы |
Барлығы |
Қала |
Ауыл |
Қала % |
Ауыл % |
Шығыс Қазақстан |
1442097 |
853366 |
588731 |
59.2 |
40.8 |
Өскемен қ.ә. |
302244 |
291518 |
10726 |
96.5 |
3.5 |
Аягөз қ.ә. |
37919 |
37335 |
584 |
98.5 |
1.5 |
Зырянск қ. |
41063 |
41063 |
0 |
100.0 |
0.0 |
Курчатов қ. |
9940 |
9940 |
0 |
100.0 |
0.0 |
Риддер қ.ә. |
61382 |
57922 |
3460 |
94.4 |
5.6 |
Семей қ.ә. |
301984 |
278042 |
23642 |
92.2 |
7.8 |
Абай ауданы |
16344 |
0 |
16344 |
0.0 |
100.0 |
Аягөз ауданы |
38686 |
4998 |
33688 |
12.9 |
87.1 |
Бесқарағай ауданы |
25185 |
0 |
25185 |
0.0 |
100.0 |
Бородулиха ауданы |
43253 |
9974 |
33279 |
23.1 |
76.9 |
Глубокое ауданы |
65907 |
24844 |
41063 |
37.7 |
62.3 |
Жарма ауданы |
51417 |
16469 |
34948 |
32.0 |
68.0 |
Зайсан ауданы |
38072 |
15295 |
22777 |
40.2 |
56.8 |
Зырян ауданы |
45549 |
21521 |
24028 |
47.2 |
52.8 |
Көкбекті ауданы |
40306 |
0 |
40306 |
0.0 |
100.0 |
Күршім ауданы |
40157 |
0 |
40157 |
0.0 |
100.0 |
Қатонқарағай ауданы |
40976 |
0 |
40976 |
0.0 |
100.0 |
Тарбағатай ауданы |
61185 |
7122 |
54063 |
11.6 |
88.4 |
Ұлан ауданы |
42101 |
8047 |
34054 |
19.1 |
80.9 |
Үржар ауданы |
86721 |
0 |
86721 |
0.0 |
100.0 |
Шемонаиха ауданы |
51706 |
28976 |
22730 |
56.0 |
44.0 |
Шығыс Қазақстан облыс халықтың негізгі бөлігі қала тұрғындары 853366 (59,2%), ауыл халқының саны 588731 (40,8%) адам тұрады. Зырянск пен Курчатов қалаларында халықтың 100% қалада тұрады. Шығыс Қазақстан облыс бойынша халықтың ең көп қоныстанған жерлері Өскемен қаласы (302244 адам) және Семей қаласында (301984 адам) тұрады. Халықтың 100% ауылда тұратын аудандарға: Ұржар (86721) адам, 41 мың адамы бар Қатонқарағай, Күршім, Көкпекті аудандары және халқы аз аудандар Бесқарағай (25185 адам), Абай (16344 адам) тұрғыны бар. Ұржар ауданы халық саны бойынша Семей мен Өскемен қалаларынан кейін үшінші орын алады. Аудан халқының көпшілігі, яғни ½ бөлігіне жуығы қалалы жерде тұрады. Мысалы, Шемонаиха ауданының 56% (28979 адам), Зырян ауданының 47,2% (21521 адам), Зайсан ауданында 40,2% (15295 адам).
2.2. Жыныстық-жастық және ұлттық құрамы
Жыныс бойынша халық құрамы негізнен демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен қалыптасады. Гендірлік аспектіде еркектер мен әйелдердің ара қатынасында әйелдер қауымының аздаған басымшылығы бар екені анықталды (52,5%). Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылы тұрғындардың арасында еркектердің орташа жасы – 29,7 жасты, әйелдердікі – 32,9 жас, ал барлық тұрғындардың орташа жасы – 31,4 жасты құрайды. Халық тығыздығы 1 км2-қа 5,1 адамнан келеді, ал шөлейт зонасына тоқталатын болсақ, 1 км2-қа 1,9-2,6 адамнан келеді.
8 кесте. Шығыс Қазақстан облысы халықтарының жыныстық-
жастық құрамы бойынша бөлінуі, мың адам
Жылдар |
Барлық халық |
Еркектер |
әйелдер |
еркектер (%) |
әйелдер (%) |
1990 ж. |
1774092 |
855479 |
918613 |
48,2 |
51,7 |
1995 ж. |
1685039 |
810117 |
874922 |
48 |
52 |
2000 ж. |
1516785 |
724763 |
792022 |
47,7 |
52,3 |
2005 ж. |
1442097 |
685684 |
756413 |
47,5 |
52,5 |
Облыс халықтарының жыныстық-жастық құрамында диспрапорцияда еркектердің 25-29 жасқа дейін басымшылығы төмендегі 7-ші сурет мәліметтерінен байқай аламыз. Халықтардың теңдестігі нақты 25-34 жас аралығында теңеледі. Ал 45 жастан бастап әйелдердің еркектерге қарағанда басымдылығын айқын көреміз: 70-74 жаста 2 есе, 75-79 жас аралығында 2,5 есе, 80-84 жаста 3 есе және 85 жоғары — 4 есе көп. Байқалып отырған жыныстық диспрапорция әйелдермен салыстырғанда еркектердің өлім-жітімінің өте жоғары болу салдарынан қалыптасты.
Еркектер арасында өлім-жітім деңгейі әйелдермен салыстырғанда, 15-19 жастан бастап және 70 жасқа дейін 2 есе көп, ал 20-39 жастағы өлім-жітімі көрсеткіші 3 есе көп.
Соңғы жылдары халықтың жастық құрамы біршама өзгерістерге ұшырады, 2005 жылдың 1 қаңтарына балалардың 0-14 жаста — 330041 (22,2%), 15-59 жаста — 928426 (64,4%), 60 және одан жоғары жаста — 193580 (13,4%) адам саналды.
2 сурет
Шығыс Қазақстан облысының ұлттық құрамы негізгі 5 ұлт өкілдерінен және тағы басқа ұлттардан тұрады. Басым көпшілігін қазақтар мен орыстар құрайды. Бұл екі ұлт өкілдерінің арақатынасы шамалас, орыстардың көп болуы Шығыс Қазақстан облысының Ресей Федерациясымен шекаралас жатуымен байланысты.
Шығыс Қазақстан облысының жалпы халық саны 1442097 адам, соның ішінде қазақтардың саны-52%-746660, ал орыстардың саны-43%-620062, татарлар-2%-22662, немістер-1%-21166, украйндер-1%-12382 және басқа ұлттар өкілдері-1%-15423 адамды құрады.
9 кесте. 2005 жыл басындағы Шығыс Қазақстан облысы
халқының жекелеген ұлттары бойынша саны
Аталуы |
Қазақтар |
Орыстар |
Татарлар |
Немістер |
Украиндар |
Басқа ұлттар |
Шығыс Қазақстан |
746660 |
620062 |
22662 |
21166 |
12381 |
15423 |
Өскемен қ.ә. |
69988 |
215336 |
3358 |
3934 |
3997 |
1421 |
Аягөз қ.ә. |
34702 |
2225 |
455 |
97 |
43 |
384 |
Зырянск қ. |
5518 |
33195 |
914 |
591 |
420 |
304 |
Курчатов қ. |
3299 |
5885 |
158 |
127 |
227 |
187 |
Риддер қ.ә. |
4896 |
53375 |
648 |
656 |
704 |
905 |
Семей қ.ә. |
176692 |
102720 |
11872 |
3242 |
2931 |
3758 |
Абай |
16101 |
137 |
14 |
20 |
2 |
70 |
Аягөз |
36971 |
1087 |
144 |
116 |
78 |
264 |
Бесқарағай |
16296 |
6825 |
638 |
814 |
291 |
258 |
Бородулиха |
11914 |
24074 |
854 |
4726 |
654 |
710 |
Глубокое |
12437 |
49548 |
585 |
1500 |
815 |
727 |
Жарма |
45592 |
4277 |
292 |
428 |
328 |
448 |
Зайсан |
35571 |
1866 |
432 |
20 |
14 |
167 |
Зырян |
7973 |
35741 |
245 |
608 |
484 |
322 |
Көкбекті |
28873 |
8365 |
810 |
776 |
100 |
323 |
Күршім |
36172 |
3602 |
120 |
89 |
33 |
132 |
Қатонқарағай |
32423 |
7815 |
314 |
260 |
47 |
76 |
Тарбағатай |
60246 |
719 |
54 |
92 |
11 |
59 |
Ұлан |
27582 |
12860 |
213 |
476 |
433 |
412 |
Үржар |
77333 |
7720 |
251 |
513 |
115 |
756 |
Шемонаиха |
5081 |
42690 |
291 |
2081 |
654 |
635 |
Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарына ұлттардың таралуы бойынша талдау жасасақ, қазақтар облыс бойынша –52% адамды құрады. Қазақтардың көп шоғырланған аудандары Тарбағатай 99% (60246 адам), Абай 99% (16101 адам), Аягөз 96% (36971 адам), Зайсан 94% (35571 адам), Аягөз қ.ә. 92% (34702 адам), Ұржар 89% (77333 адам) және Жарма ауданында 88% (45592 адам) . 60% пен 85% арасында Бесқарағай (16296 адам) мен Ұлан (27582 адам) аудандарында 65%, Семей қ.ә.59% (176692 адам). Ал қазақтардың керісінше аз шоғырланған аудандары Риддер 8% (4896 адам), Зыряновск 13% (5518 адам), Глубокое ауданы 19% (12437 адам). Бұл жерлерде керісінше басқа ұлттардың басым болуы, өнеркәсіпке байланысты. Түсті және полиметалл өнеркәсібінің орталығы болғандықтан бұл жерге Кеңес Одағы кезінде Ресейден, Украйнадан, Белорусиядан мамандар шақырылған және Ресей шекарасына жақын орналасуы болып табылады.
Орыстардың көп шоғырланған жері жоғарыда айтып өткендей өнеркәсіп орталықтарына байланысты. Риддер қ.ә.-88%-53375, Зырян қаласы — 82% -33195 , Зырян ауданы-78%-35741, Глубокое ауданы-76%-49548, Өскемен қ.ә.-72%-215336, Курчатов-60%-5885. Керісінше орыстардың аз шоғырланған жерлері: Абай ауданы 1%-137, Тарбағатай ауданы 1%-719, Аягөз ауданы 3%-1087, Зайсан ауданы-5%-1866 адам.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шығыс Қазақстанның қазіргі ландшафтыларының антропогендік өзгерістерге ұшырауына физикалық – географиялық орнының, геологиялық құрылысы мен жер бедерінің, пайдалы қазбаларды игеруі мен ірі металлургия өндірісінің дамуының арасындағы өзара байланыстың бар екенін анықтап, табиғат байлықтарын пайдалану барысында қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтап, шөлдену, топырақ эрозиясы мен құм көшкінділерін болдырмау шараларын жолға қою аймақтағы кезек күттірмейтін мәселе екеніне көз жеткіздік.
Облыс аумағындағы қоршаған ортаны ластаушы ең басты көздері: тау – кен өндірісі, түсті металлургия, энергетика мен Семей атомдық сынақ алаңының болып табылады. Тау-Кен өндірісі мен түсті металлургия қарқынды дамуына байланысты Шығыс Қазақстанның аумағында төмендегі экологиялық апат аймақтары пайда болды:
- Титан – магний, қорғасын-мырыш, қалайы комбинаттары, металлургия, химия – металлургия, цемент зауыттары бар Өскемен урбоөндірістік ауданы.
- Полиметалл комбинаты, қалайы, мырыш зауыты, тау-кен өндірісі дамыған Ленингор урбоөнеркәсіптік ауданы.
- Түсті металлургия мен тау – кен өндірісін қамтитын Зырян урбоөндірістік ауданы.
- Ертіс полиметалл, Шығыс Қазақстанның мыс- химия комбинаттарын қамтиды комбинаты мен тау-кен кәсіпорындарын қамтитын Глубокое тау-кен өндірісті аймағы.
Кенді Алтай шегіндегі Ертіс өзені өнеркәсіп қалаларының орталықтарының тұрмыстық өндірістік қалдықтары мен Бұқтырма, Үлбі, өзендері арқылы ластанады.
Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбаларын игеру барысында пайдалы жақтары мен қатар түйінді экологиялық мәселелердің туындау себептерін ашып көрсетудің маңызы зор.
- Ғаламдану үрдісі жүріп жатқан қазіргі кезеңде Шығыс Қазақстанның табиғат байлықтарын оқып үйрену барысында жаңа әлеуметтік-экономикалық жүйемен өндірістік қатынастар жағдайына жер қойнауының пайдалы қазбаларын игеру барысында қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін табиғаттың жеке компоненттеріне географиялық тұрғыдан талдау жасауды талап етеді.
- Жер қойнауының байлықтарын игеру барысында қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау үшін оған техногендік салмақ түсіруді болдырмау мәселесіне мән беріп, қауыпты экологиялық апаттардың алдын алу қажет.
- Табиғат байлықтарын пайдалану барысында геожүйелердің ластану дәрежесімен сипатын айқындап қалпына келтіру ісін қолға алу керек.
- Қазіргі кезеңде Шығыс Қазақстанның табиғат байлықтарын игеру барысында қорғасын, мырыш, жеңіл және шашыранды металдарды өндірудің қоршаған ортаға тигізетін әсерін айқындау қажет.
- Аталған мәселелерді шешу үшін экологиялық заңдарды күшейтітіп, билік органдары қатаң қадағалауы тиіс.
- Табиғат байлықтарын кешенді үңдеп, өндірісті қалдықсыз технологияға көшіру үшін техникалық қуатын арттыру мәселесін шешу керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Чупахин В.М. Физическая география Казахтана. Алматы: мектеп, 1968. 83-90 бет.
- Қ.Карпеков, А.С. Бейсенова Қазақстанның физикалық географиясы. — Алматы:Рауан, 2003. 56-60 бет.
- Ұ.Есназарова. Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы: Рауан, 2002. 26-29 бет.
- Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі.- Алматы:Рауан, 1991. 83-90 бет.
- Природа и хозайства Восточного Казахстана, Алма-Ата, «Наука» 1979
- Природные условия и естественные ресурсы Восточного Казахстана, Алма-Ата, «Наука», 1978
- Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969. 100-115 стр.
- Қазақстанның геологиясы және минерологиясы, Алматы, Казгео, 2000
- Қазақстанның төрттік геологиясы, Алматы, «Ғылым», 2003
- М. Белгібаев, Семей өңірінің кейінгі жылдардағы ауа температурасының өзгерісі, Таптым-Таптым-Эврика № 6(22), 2007
- Под редакцией А.С. Утешева, Климат Казахстана, 1959
- К.С. Абдиева, регионы Казахстана, Алматы, 2004
- Региональный мониторинг окружающей среды, Экосфера Восточно-Казахстанский иформоционно-аналитический ежегодник, Устькаменогорск, 2004
- Бельгибаев М., Белый А. Аридизация почв и ландшафтов семиаридной зоны Казахстана, География и природные ресурсы, Новосибирск, 2002
- Первое национальное сообщение Республики Казахстан по рамочной конвенции ООН об изменении климата, Алматы, 1998
- Под редакцией Герасимова И.П., природные условия и естественные ресурсы СССР, Москва, «Наука», 1969
- Омаров Т.Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері, Алматы, «Қазақстан» 1975
- Омаров Т., Филонец Ю., Қазақстанның көлдері, Алматы, 1987
- М. Белгібаев, Топырақты тиімді пайдалану шаралары, география және табиғат ғылыми-педагогикалық журнал, 2006
- Бельгибаев М., Диагностические показатели аридизации и опустынивания почв степной зоны Казахстана, Новосибирск, 2002
- Отчет Семипалатинского управления экологии за 1999 год, Семипалатинск, 2000
- Ведомости Семипалатинского областного экологического управления за 1989 год, Семипалатинск, 1989
- Тау мен дала елі, Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, Біздің отанымыз Қазақстан, Астана, 2001
- Өсімдіктер және жануарлар дүниесіне байланысты жер, су аттары, карта Алматы, 2003
- Сәтімбеков Р., Қазақстандағы ерекше қорғалатын аумақтар және табиғат қорғау, География және табиғат, 2005 №1
- Сәтімбеков Р. Райымова Г., Жаңа қорықтар мен саябақтар, География және табиғат, 2006
- Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары, «Алматы кітап», 2006
- Pushkinlibrary.kz/kraewed.htm.
- Рысбай Сәтімбекұлы, Ережепова Ғ., Унасбаева Б., тәрбие тағылымдары « Нұрлы жол», ЖШС Алматы, 2002
- Мырзабеков Ж. М. Особо охроняемые природные территории Казахстана, Алматы, 2000.
- Абдуллин А.А. Геология и минерологические ресурсы Казахстана. Алма – Ата: Ғылым, 1994. — С.115-130.
- Бок И.И., Паршин А.В. Полезные ископаемые Казахстана. Алма-Ата, из-во АН КазССР, 1961.
- Бок И.И. Где искать полезные ископаемые. Алма-Ата, “Наука”, 1966.
- Есенов Ш.Е. Богатство недр Казахстана и задачи геологической службы республики. “Известия Академии наук КазССР. Серия геологическая”, вып. 1, 1963.
- Есенов Ш.Е. Казахстан-кладовая минерального сырья. В кн.: Экономика” химической промышленности Казахстана.- Алма-Ата: Казахстан, 1964.
- Есенов Ш.Е., Ведерников Н.Н., Будай М.И. Геология, методика поисков и разведки сеторождений родусит-асбеста. Алма-Ата, “Наука”, 1965.
- Шаймуханов Д. Черная металлургия. Алма-Ата, “Казахстан”, 1956 по распространению научных и политических знаний Каз ССР.
- Есенов Ш.Е., Ведерников Н.Н., Будай М.И. Геология, методика поисков и разведки сеторождений родусит-асбеста. Алма-Ата, “Наука”, 1965.
- Первушин С.А. Цветные металлы и их нахождение в природе. Металлургиздат, 1963.
- Чигаркин А.В. Геоэкология Казакстана. – Алматы: Санат,1995. С.115-125.