МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………… 3
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және өткізу әлеуеті ……………………………………………………………. 6
1.2 Туристік объект ретіндегі Қазақстанның көрікті жерлері……………..12
2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК – ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен шаруашылығы…………………………………………………………………………………………. 22
2.2.Облыстың туристік – экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы ……………………………………………………………………………………………………………….. 30
2.3 Игерілген туристік – экускурсиялық нысандар және оның құндылығы…49
3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
3.1 Табиғи және жасанды көрнекілік жерлердегі туризмді дамыту……… 67
3.2 Шығыс Қазақстан облысының туризм қызметін белсендіру жолдары…70
Қорытынды ………………………………………………………………………………………. 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………………… …. 74
Кіріспе
Туризм дүние жүзі бойынша кез – келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан–жақты қоғамдық құбылыс.
Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т.б. мәндерін маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі – бір дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. Өйткені туризм белгілі – бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, дем алуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің көтерiлуiне республиканың саяси – әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым – қатынас орнауы тиiс. Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан аймақ туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Жұмыстың көкейкестілігі еліміздің бүгінгі туристік ахуалды жан–жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандаратын Шығыс Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу. Аймақтағы танымдық, емдік – сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады. Осыған байланысты жұмыс Қазақстанның көрнектілік жерлері немесе туризмнің индустриясы негізіндегі мынадай негізгі зерттеу міндеттерін қамтиды:
1 Шығыс Қазақстан аймақтың шаруашылық дамуын сипаттайды.
2 Шығыс Қазақстан облысының туристік–экскурсиялық мақсаттың көрнекілік жерлердің сипаттамасы және шараларына баға бере отырып, аудандастыру мәселелерін қамтиды.
3 Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту. Осыған сәйкес аймақтың туризмді дамытудағы мүмкіншіліктерге баға береді.
Селеулi ақ даласы, жасыл шалғынды өлкесi, қатпар – қатпар құз тастары, мұнар басқан таулары, мың бұратылған өзен – суы, жасыл желектi ну тоғайы, аңы мен малы қатар өрбiген Шығыс Қазақстан жерiне Албания мен Швеция сияқты мемлекеттер бiрге сыйып кеткендей. Халқымыз елдiк дәстүрiн сақтаған, ұлы перзенттерiнің үлгiсiн мұрат тұтқан, ата қадiрiн, ене қасиетiн сақтаған, ұл мен қыз қызығын қастерлей бiлетiн ел. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер cypeткepi дүниеге келiп, өздерiнiң өлмес жырларын толғаған. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Сөз өнерін әлемдік биiгiне көтерген үш алыппен бiрге осы өңірде Шоқан Уәлиханов, Федор Достоевский, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғұламалармен ақын – жазушы, әншілер өмірлерінің талай айлары мен күндерін кешкен.
Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, («Рудный Алтай», «Дидар»), мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, туризм кафедрасынан облыстың картасы және осыған қатысты т.б. деректер алынады. Жиыны 34 әдебиет және интернет материалдары пайдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан – жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмысты облыстың туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және өткізу әлеуеті.
Көрікті жерлер – жалпы барлық туристерге ұсынылатын табиғи, тарихи, мәдени археологиялық емдік – сауықтыру туристік ресурстарының жиынтығы.
Туристік тартымдылық – территория немесе объект сипаттамасын есепке ала отырып, оларды объективті және әлеуетті – экономикалық құндылықтары мен субъективті эстетикалық құндылықтары эмоционалдық іс – әрекеттер деңгейін ұсынатын бірігу түсінігі.
Туристік тартымдылық кешенді ұғым ретінде сәйкесінше құрылған туристік инфрақұрлымды ұсынады.
Потенциалдық қорымен және Қазақстан Республикасы Үкіметі көмегімен Қазақстан экотуризімінің дамуы дүние жүзінің нарықтық туризм қызметінде орын алады және оның дамуын қамтамасыз етеді. Қазақстанның 500 аса туризм ұйымының талдау қызметі, сыртқы және ішкі туризмнің көрсетуі бойынша Қазақстан экотуризімінің басты объектісі айрықша қолға алатын аумақ және олардың құрамының қосындысының тарихи ұлттық ескерткіштері болып табылады.
Қазақстанда 9 мемлекеттік табиғи қорық, 6 мемлекеттік ұлттық саябақтар, 57 қорықшалар, 24 табиғи ескерткіштер, 3 мемлекеттің ұлттық хайуанаттар саябағы, 7 мемлекеттік ботаникалық бақтар, 3 халықаралық маңызды сулы –сазды жер суы бар [5,].
Отандық тур операторлармен бүгінгі күні Республикамыздың облыстарына 898 туристік бағдар жасалынды, олардын ішінде: 27 атты бағдарлар, 153 емдік, 344 белсенді (демалыс күндердің бағдарлары), 111 мәдени танымдылық турлар, 67 Жібек Жолмен өтеді, 20 қажылық, 65 бағдарламасымен қоса аңшылық пен балық аулау. Қазақстанның экотуризімі өзіне экономикалық тартымдылық және болашақта басқарманың барлық денгейінде тұрақты дамуына қолдау тапты.
Сол себепті болашақта 2030 жылға дейін, Қазақстандағы ұйым, тағы 12 мемлекеттік саябақтар, 17 қорықтар, 65 табиғи ескерткіштер, 58 қорықшалар, туризмнің алыс түрінің даму үшін жаңа импульс қызмет етеді, демек айтылған туристік объектілер жұмыс атқарады.
Сурет 1
Қазақстан Республикасындағы туристік рекреациялық орындар санын көбейту
Қазақстан әртүрлі және қызықты ландшафтқа бай. Дәл ландшафтыда табиғат жағдай қолайлылық мүмкініділігі байқалады. Алайда бүгінгі күні осы керемет табиғи ресурстарысыз антропогендік жолмен экологиямызға әсерін тигізуде. Сондықтан да Қазақстан көрікті жерлері тартымдылығын арттыру үшін экологиялық туризм түрін басты үш өнім қатарына қосып отыр.
Туристік – рекреациялық мақсатқа бағытталған мемлекеттік ұлттық табиғи парк, республикалық маңызы бар – табиғат ескерткіштері, 57 қорықша бар. Қорғалатын территорияның ең таралған формасы – қорық. Қазақстандағы қорықтар алып жатқан жалпы алаң – ауданы бойынша ең ірісі – Қорғалжын (237,1 мың га) және ең кішісі Барсакелмес қорығы (18,3 мың га). Әрбір қорық үлкен рекреациялық қызығушылық тудырады.
Ақсу – Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь – Шаньда орналасқан. Жалпы қорық ауданы – 77,7 мың га бұл қорық несімен тартымды, 3000 м жоғары биіктікте қорық көріктілігі – «сурет галереясы» орналасқан. Мұнда қара порфиритті таста стилі бойынша әртүрлі тау ешкісі, арқар, марал, ат үстіндегі аңшы суретерінің көрінісі бейнеленген. Тіпті, тау жануары деп сипаттауға келмейтін – түйе және тасбақа көріністері бар. Көптеген ғалымдар оларды біздің эрамызға дейінгі 7 – 5 ғасырларға жатқызады. Мұнда сонымен қатар 60 түрлі өсімдік, 100 түрлі жәндіктер, моллюскалар, шаянтәрізділер т.б. жануарлар түрлері таңбасы табылған. Ерекше қызығушылықты 120 млн жыл бұрын өмір сүрген динозавр сүйектерінің табылуы таң қалдырады. Бұл кереметтер қорықтың 2 – і Қарабастау және Әулие (жалпы ауданы 220 га) палеонтологиялық аймағы жайғасқан.
Ақсу – Жабағылы қорығы танымдық және кейбір аймақтарында белсенді туризм түрін дамытуға мүмкіндік алады.
Барсакелмес қорығы – Арал теңізінің солтүстік бөлігінде, Барсакелмес шөлді аралында шоғырланған. Арал теңізінің тартылуынан Қызыл Кітапқа енген құлан, қарақұйрықтар (джейрандар) 2 – 3 жылда қайта оралуы мүмкін. Өйткені жасанды жолмен Кіші аралды толтырып, балықтар өсіруі келешекте Аралдың толығымен өз қалпына келуі қорық жұмысын жандандыруы тиіс.
Қорғалжын қорығы – 237,1 мың га территорияны алып жатыр және Ақмола облысына қарайтын Теңіз – Қорғалжын ойпатында орын тепкен. Бұл аймақ «көлді өлке» деп аталады, өйткені шағын ғана сұлу ұсақ көлдер – Сұлтанкелді, Есей, Жаманкөл т.б. өте көп. Қорғалжын көлінің өзінде 40 аралдар бар.
Теңіз көлі әлемдегі сирек кездесетін солтүстік құстар ұялайтын орын. Оның ішінде – қызғылт фламинго. Жыл сайын фламинго бірнеше аралдарда колониялармен мыңдаған ұялар салады. Теңіз – Қорғалжын көлдері – көктем құстар маусымдық алмасуында үлкен аумақтағы су құстары шоғырланатын орын, сондықтан Қорғалжын қорығы әлемдік танымдылыққа ие болды. Ол ерекше қорғалатын батпақты – көлді жайылымдықтар ландшафтысы көрікті жері ретінде ЮНЕСКО тізіміне кіреді.
Марқакөл қорығы территориясында 5 биіктік белдеулері анық байқалады. Флорасы емдік қасиетке ие, соның ішінде моралит, алтын, тамыр, т.б. Жалпы бұл өңірді «екінші Швейцария» деп атағандықтан, бұндағы көрікті жерлер туралы жұмыс барысында айтылады. Қорық маңызды аттрактивті сапаға ие.
Наурызым – 87,7 мың га алып жатыр, оның 39,6 мың га аумағын орман алады. Қостанай облысындағы Наурызым ауданында шоғырланған. Қорық ормандары 3 аумақтан тұрады. Олар: Наурызым – Қарағай, Терсек борлары және Сыпсың ағаш ақ қайыңдары. Негізгі көрікті орын – Наурызым – Қарағай боры [5].
Қорық су құстары ұя салатын, ұшып – қонатын жолда орналасқан далалы көлдер өлкесі. Әр қорықтың өз флорасы мен фаунасы ерекшелігі болады. Наурызым қорығы халықаралық маңыздылыққа ие болған сулы – батпақты жерлер қорғауға алынған.
Бұл аталған қорықтар табиғи қалыпты сақталған көрікті жерлер саны экологиялық туризмді дамытуда жаңа орындармен толықтыралы анық. Аталмаған қорықтар қаншама, тек бұл табиғи орындар көріктілігін арттыру мақсатында ештеңенің керегі емес. Тек ұйымдасқан туристік сапарлар болғаны.
Үлкен рекреациялық маңыздылыққа ие – ұлттық табиғи парктер. Қазақстанда ең бірінші болып 1977 жылы «Баянауыл» ұлттық паркі ашылған. Кейіннен Қарқаралы, Бурабай, Алтын Емел ұлттық парктері ашылды. Оның әрқайсысы бай флора және фауна жайымен керемет ландшафтымен ерекшелінеді.
«Алтынемел» – Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан. Парк құрамына Үлкен және Кіші Қалқан, «Әнші құм», Ақтау және Қызылтау қорғандары туристік объект ретінде кіреді.
Іле – Алатау ұлттық паркі – Іле Алатауы солтүстік баурайын қамтиды. Ұлттық паркте биіктік зоналығы байқалады. Тау және тау – шаңғы туризмі үшін үлкен қызығушылық танытады.
«Шарын» табиғи паркі Шарын өзені аңғарында орналасқан. Ол – өзінің фантастикалық ландшафтысы, фауна және флорасымен ерекшелінетін ерекше экожүйе. Шарынның орта ағысында Шарын табиғат ескерткіші «Ясеневая роща» орналасқан. Бұл әлемдік маңыздылығы бар табиғат паркі.
Қазақстандағы табиғат ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі мемлекеттік маңыздылығы бар табиғат ескерткіштері ретінде қорғауға алынған. Қазіргі таңда елімізде 24 табиғи ескерткіштер бар. Олар туризм үшін үлкен қызығушылық тудырады. Экзотикалық жартастар, мұздықтар, үңгірлер, сарқырамалар, сирек кездесетін фауна және флора өлкелері қайталанбас тартымдылық қасиеттерімен ерекшеленеді.
«Гусинный перелет» – аумағы 2 га алып жатқан Павлодардың солтүстік –батысында орналасқан палеонтологиялық көмбелер. Бұл құмды Ертіс айрығының ең биік жерінде жер бетінен 68 метр төмен жануарлар сүйектері сақталған. Онда: антилопа, жираф, бұғылар, страус, тасбақа т.б 12 – 14 млн жыл бұрын мекен еткен неогендік жануарлар көмілген. Сүйек қазбаларын құрайтын қабат күші – 3 метр.
Шарын «Ясеновая роща» ескерткіші Алматы облысының шығысында 4855 га аумақта орналасқан. Бұл сирек жайылымдық территориясында согдиандық ясень өседі, мұндай орман массиві ТМД бойынша айырбасы жоқ.
Шынтүрген шыршалары – Іле Алатауы тауында бозгүл шатқалында орналасқан. Бұл мұздану кезеңіндегі солтүстік тайга қара – қылқанды сирек аумақ осы күнге дейін сақталып, үлкен ғылыми құндылыққа ие болып отыр. Жалпы орман жамылғысы – 500 га – ға жуық. Бұл үш ескерткіш Қазақстандағы ерекше көрікті жерлерге жатады.
Маңғыстау үңгірлері мен Үстірт жотасы. Үстірттің Қазақстан бөлігінде әктасты – гипс жынысына жататын, 30 карсты үңгірлер бар. Ең ірісі – 100 – 120 метрге дейін жетеді және биік емес кіру және шығар жерлері бар. Жер асты үңгірлері туризмнің дамуына бастау болады.
«Төрткүл» үстел тәріздес қыраттар Еуразиядағы материктік мұздану кезеңінде қалған. Торғай үстіртіндегі ескерткіш. « Төрткүл » қазақшада – төрт жағы дегенді білдіреді.
Көкшетау қораттары – керемет әдемі тұщы көлдер мен жоталар тобынан тұрады. Көрсең көз тоймайтын Үлкен және Кіші Абақты, Шортанды, Бурабай көлдері. Желдің әсерінен экзотикалық жартастар түзілген. Мысалы: әрқайсысының атауы бар – ең тартымдылары Оқжетпес, Жұмбақтас, Сфинкс жеке батыр, бүркіт, түйе, қабырға. т.б.
Қарақия – ТМД территориясындағы ең терең құрғақ сипат, теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Әрі ағынсыз ойпат ұзындығы – 40 км, ені – 10 км жетеді. [33]
Баянауылдың экзотикалық жартастары Павлодар облысының оңтүстігінде граниттік массив түрінде жоғарлайды. Ұзақ желден олардың түрін өзгертіп, көптеген экзотикалық түрлерге ауысқан. Олардың ішінде ең әйгілісі «Шайтантас» жартасы ертедегі персонаждарға ұқсас болған соң қойылған. Сонымен қатар «Тасты бос», «Булка», «Көгершін» т.б. жартастар. Қазақстанның әртүрлі аудандарында біздің табиғи ескерткіштерімізді таныла – тын керемет ландшафт түрлері бар.
Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу кесенесі. Аягөз өзенінің жағалауында орналасқан өте қызықты тарихи орындардың бірі-Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу мазары (X-XI ғ.ғ).Бұл халық эпосының батырлар кейпі-бозбала мен бойжеткен арасындағы мәңгі махаббат символы.
Шығыс– Қазақстан туризм үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады және жалтыраған тау шыңдарын көруге, сарқырамалардың мұзды ауасын жұтуға, альпі шалғынының түрлі әуенін тыңдауға, сұлулық еркесі маралдарды көруге шақырады. Аймақтың фаунасы мен флорасы әртүрлі және бай.Семей аймағы-қазақтың ұлы ақыны ағартушы Абай Құнанбаевтың атақты жазушы-Мұхтар Әуезовтың туған жері.
Бірегей көркем жер– Марқакөл көлі. Бұл амақтағы ең үлкен теңіз 1485 м биіктіктегі терең ойпатта орналасқан көл. Туристер облыс тарихымен, оның табиғатымен жаяу, ат турларында, әртүрлі қиындықтағы тау өзендері мен ағуда , тау шаңғы жолында велосипед және мотоцикл саяхаттарында, бүркітпен аң аулауда, құмар балық аулауда таныса алады .
Марқакөл корықшасы — Шығыс– Қазақстанның табиғатының бірден– бір жері. Сирек кездесетін әдемілігімен және құндылығымен Марқакөл балықтары– тек қана облыстың ғана емес республикасының ең қымбаттысы. Көлге 27 өзен құяды, ал одан ағып шығатыны– көптеген сарқырамалары бар табалдықтырықты өзен қалжыр.
Көл солтүстігінен Күршім жотасымен (биіктігі 3000 м) шектелетін, ол оңтүстігінде Азытау жотасымен шектелетін (2385 м) ойпатта орналасқан. Көл ұзындығы– 38 км, ені– 19 км, тереңдігі– 27 м. Су тұшы, өте жұмсақ, минерализациясы– 0,1 грамм литріне. Көлдің басты байлығы– ленок байлығы. салмағы– (3 кг– нан 8 кг–ға дейін). Марқакөл көлі– балықтың осы түрі мекендейтін Қазақстандағы жалғыз көл. Қорғалатын зонаға көлдің 96 % бар. Белдеуге кіретін орман алабы көлмен үйлесіп – туризм мен демалысқа өте ыңғайлы орын.
Таудың әсемді, жартасты кертпеші жапырақты орманмен жабылған. Шалғынның және өзеннің маңында шетен, сібір шыршасы, аққаин, көктерек, терек, бұтақ, бұталардан– тобылғы, мойыл, ырғай, итмұрын, таңқұрай, қызыл және қара қарақат өседі.
Қорықшаның жануарлар әлемі де өте бай және әртүрлі. Орманда қара аю, түлкі, бұлан, қоян, сілеусін, марал, тиын, құну, бұлғын, елік, тышқан бар. Құстардан сұңқар, күміс, шағала, құр, тұйғын, үйрек, тауқұдірет, шіл бар. Қызыл кітапқа енген қар барысы, қызыл қасқыр, ұлар, қара тырна, суқарақұс кездеседі.
Қорықтың басты міндеті– көркем ландшафтын оның табиғи жағдайында сақтау; өсімдікт және жануарлар әлемін зерттеу, жануарлар мен өсімдіктің сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлерін қалпына келтіруге қолайлы мүмкіншіліктер жасау.
Рахманов бастауы — Табиғи биік таулы ландшафттың әркелкілілек және әдемігілімен, жануарлар және бал қорағай тайгасы мен тау шалғының өсімдік әлеміне байлығымен, екпінді өзендерінінде хариустың бар болуымен, шулы және басқа шапшаң сарқырамаларымен, емдік көздері және басқа да көрнекіліктерімен Қатан-Қарағай ауданы шығыс Қазақстанның басқа аудандарының арасында ерекше орынға ие.
Аудан территориясында атақты «Рахманов бастауы» санаторийі бар. Ол теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте өте көркем биік таулы өлкеде орналасқан. Бұл жерден Қатын жотасы өтеді.
Бұл жердің су асты суларында емдік радон бар. Радонның қалыптасуы өте сирек гранит минералының құрамындағы радиоактивті элементтерден таралатын өніммен байланысты. Термалды сулар әртүрлі қозғалыс мүшесінің ауруларын омыртқа жүйке жүйесі, тері ауруларын емдеуге қолданылады.
Емдік қайнарды 1763 ж жергілікті шаруа Рахманов ашты. Аң аулау кезінде жаралы маралдың ізінен түскен ол Арасаңқы өзенінің аңғарына шығады, ол сол жерде мөлдір, үлкен көлден шаршаған жануарды қуып жетеді. Марал көптеген ақ көбіршік бөлініп, бу шығып жатқан бұлақтың басында тұрды. Жаралы жануар күшін тез жинады. Бұлақта Рахмановтың өзі де шашынды.
Көп ұзамай емдік бұлақ туралы қазесет бүкіл Алтай мен Сібірге тарады, ал бұлақ өзінің алғашқы ашушысы Рахмановтың атымен аталды.
Емдік қасиет тайга және шалғын ароматымен суарылған таза тау ауасында да бар. Тайга бал қарағай, самырсын, шырша, май қарағайға бай. Аңғарда қайың, терек, мойыл, өседі. Осы өлкенің жануарлар әлемі де әркелкі. Мұнда борсық, қасқыр, түлкі, аю, барыс, сілеусін, бөкен, тиін мекендейді. Бұл орындар маралдың отаны. Олар бағалы жас қаттаған мүйіз береді, одан пантокрин – сергектік элексирі жасалады .
Қиын Қырыш — біздің жердегі (жалындаған) отты планетамыз. Отты Марс Даладағы сағым секілді мұнаралар, күмбездер және көп қабатты әртүрлі палогеннің құмды және батпақты жыныстарынан жасалған қабаттар пайда болады. Жасыл – сұр және жасыл – қоңыр реңктер ашық сұр– құқыр, сарғылт және ақ түстермен алмасып отырады, төмен қарай қайтадан жасыл–сұр және қызыл–қоңырдан қан–қықыл және кірпіш–қызыл түстермен алмасады. Бұл Қиын Қырыш тауы. Ол сирек ақ таңдақтары бар көлдері бар далалы жазықтан басталады. Қиын Қырыштың басты байлығы – батпақ пен топырақтың аз қабаты болып саналады. Қиын Қырыштың жоғары жатқан қабатында ертедегі омыртқалылардың сүйек қалдықтары бар .
Жарқыраған адырлар — Манрак жотасының етегіндегі Оңтүстік Зайсан маңының стратиграф – палеонтологиялық табиғат ескерткіштері ашық-қызыл түсі бойынша осылай аталған. Реңдердің әртүрлігі ашық-қызыл теңбілден және ашық қызғылт-қоңырдан кірпішті жасыл түрге дейін жарқыраған әсер қалдырады.
1959 ж ең алғаш рет бұл жерден айдаһардың жұмыртқасының қабығы табылды, ал кейінірек – аса ірі емес динозаврлардың қатты қиратылған сүйек қалдықтары табылды.
Жарқыраған адырдан шығысқа қарай Сауыр жотасының етегінде перм жасындағы тақта таста (260 млн жыл бұрын) өсімдік омыртқасыздар ертедегі теңіз балықтарының қалдықтары табылады.
Жануарлар мен өсімдіктердің қатып қалған қалдықтары бойынша осы өлкенің эволюциялық дамуы туралы айтуға болады. Бұның бәрі құнды ғылыми материал.
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстанның өсімдік және жануарлар әлемі әр келкі және өзен аңғарларымен алмасады, альпі шалғыны биік таулы қарлы шыңдарға жол береді.
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы 1992 ж ұйымдастырылды. Оның ауданы 56,3 мың. га. Қорық Алтайдың Қазақстан бөлігіндегі таулы жоталардың аумақтарында Линей, Қолыұзын, Көксе, Иванов және Белая, Черная Үлбі және Борсық өзендерінің бастауында – Тұрғысын өзенінің саласында орналасқан. Ақ Улбі өзенінің бастауында 14 кіші мұздық бар. Орман шекарасынан жоғары қарай мұздан жаратылған кіші тау көлдері және саз бар.
Батыс Алтай қорығының климаты шұғыл континенталды. Бұл Қазақстанның ғана емес, сондай–ақ ТМД-ның азия бөлігінің ең ылғалды жері. Тұрақты қар жамылғысы қорықта 170 күнге дейін сақталады – қарашадан сәуірге дейін. Қорықтың өсімдік қабатында 4 белдеу бөлінеді. Жапырақты орман, тау-тайға орманы, субальпі және альпі шалғыны, биіктаулы тундра.
Жапырақты орман тек бір шектеулі территорияда таратылған және өзен аңғарына тән. Тау-тайға орманы ағаш өсімдіктер құрамымен әртүрлі: қара тайға, бал қарағай – самырсын орманы, күнгірт самырсынды орман.
Субальпілік және альпілік орман қорықта 1800 – 2000 м биіктікте жатыр. Осы белдеулер арасындағы бөлінген шекара байқалмайды. Тау тундра белдеуі 200 м және одан жоғары биіктікті алып жатыр. Тундра әртүрлі өсімдіктің фрагменттерінен турады. Қорық фаунасы Батыс Алтайдың орта-биік таулы облысына тән.
Құстардан мұнда әнші бұлбұл, қара лашын, құр, азия тау құдіреті, жүнді байғыз, барлығы 200 түрлі құстар бар. Сүтқоректілердің 50 түрлі мекендейді: алтай жер тышқаны, түлкі, аю, бұлғын, құну, ақ тышқан, сібір күзені, кәмшат, елік, тоқал бұғы, марал, тиін.Батыс Алтай қорығы зерттеушілер үшін сөзсіз қызығушылық туғызады.
Құланжы мемлекетттік табиғи қорықша ол 1967ж 29 қарашада Самара қазіргі Көкпекті ауданының аумағында 46000 га ауданды алып орналасқан. Қорықша территориясы Қызылқұмның құмды аймағын және Зайсан шұңқырының солтүстік-батысында Құлжұн өзенінің төменгі ағыс аңғарын алып жатыр. Шығысында Бұқтырма су қоймасының суымен шектелген. Беткей бедері екі түрде. Бірішісі – аллювиалды – аккумулятивті. Екіншісі – аллювиалды – эрозиялы.
Құлжын жайылмасында үш үлкен емес көл бар – Казнаков, Қамбар-Қарасу, Чайшы. Қорықшада өсімдіктің 200 түрі өседі. Қорықша сүт қоректелерді қорғалуда маңызды орын алады .
«Төменгі-тұрғысын» мемлекеттік табиғи қорықшысы. Ол Тұрғысын, Бобровка, Бұқтырма өзендерінің арасындағы Зырян ауданының территориясыңда 1978 ж , сәуірде құрылған. Қорықша ауданы –2200 га.
Алакөл табиғи қорықшасы. Алматы және Шығыс Қазақстан обылыстарының территориясында (Урджар ауданында) 20,0 мың га ауданда 1998 ж 21 сәуірде құрылды. Қорықша өз бастауын Жоңғар Алатауынан алатын Тентек өзенінің сағасын қорғау мақсатында және Алакөл көлінің аралдары – Үлкен, Ортаңғы, Кіші сақтау үшін құрылған.
Алакөл көлінің бірегейлігі оның аралдарындағы шағалалардың ұялары болуында. Қазақстандағы демалыс- Алакөл көлі. Алакөл көлі-Республиканың оңтүстік шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 347 м биіктікте орналасқан, су қабатының ауданы 2650 км, ұзындығы 104км, ені 52 км, орташа тереңдігі 22 м, максималды тереңдігі 54м. Көлге 15 сала құяды.
Алакөлге көптеген тері ауруларын емдеуге, буын ауруларын, жүйке жүйесің емдеуге болады. Алакөл ойпаты дымқылдануы аз зонаға жатады және өкпе ауруларын емдейтін өте темаша климатологиялық орын болып саналады.
Көлдің орталық бөлігінде күш аралдан тұратын архипелаг бар. Осы жерде 1998 ж Алакөл ұлттық табиғи қорығы ұйымдасқан.
Қазақстан бірегей көлі- Алакөл Қазақстанның ішкі сез қоймаларының көлемі бойынша екіншісі және республикадағы жалғыз терең, ағынсыз көл. Көл Жоңғар Алатауы және Тарбағатай жоталарының ортасында, Алматы облысының солтүстік-шығысында орналасқан. Көл айналасында балық аулау және аңшылық өте қызықты. Көл жағасында бірнеше комфортты демалыс үйлері бар.
«Синегор самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші. Ол 1968 ж, екіншісі 1982 ж 17 сәуірде Улан ауданында құрылған. Оның ауданы 137 га. «Синегор самырсын тоғайы» табиғат ескерткіші сібір самырсынын сақтау үшін құрылған. Самырсын тоғайының орман қабаты жабылған ауданы 97 га, ол – Көктау сілемдерінің Медведка тауының солтүстік баурайында орналасқан. Деткейде қисық самырсын және көп дінгекті түр бар. Жеке ағаштардың биіктігі 16 метр, ал діңгек диаметрі 24см. Самырсын орманда жануарлардан аюды, қоянды, түлкіні, борсықты, ақ тиінді кездестіруге болады. Қалба таулы өлкесіне тән жануарлардың көптеген өкілдері және бүркіт кездеседі .
1.2 Туристік объект ретіндегі Қазақстанның көрікті жерлері
Қазақстанның қай аймағын алсаң да өзіндік артықшылығымен ерекшеленеді. Дүниенің төрт бұрышындай Қазақстанда қайталанбас табиғаты бұзылмаған көрікті жерлер санаусыз. Енді оларға тоқталсақ, ең көрікті жер жәннаты – Жетісудан бастасақ.
Алматыдан Балхаш көліне дейінгі аудан Жетісу немесе «жеті өзен елі» деген атпен әйгілі. Бұл еліміздің ең бай және қызықтыларының бірі. Ең үлкен өзендерінің бірі – Іле Қытайдан бастау алып Балхашқа құйса, қалған 6 өзен Іле Алатауы тауларынан бастау алады. Алғашқы зерттеушілер бұл жерді Іле өзенінің бойында болғандықтан Іле Алатауы деп атаған. Бұл өлке қайталанбас әсемдік, альпі жайылымдықтары және шексіз даласымен әйгілі. Атақты «Жоңғар қақпасы» арқылы көне керуен жолы өткен. Жоңғар Алатауы Талдықорған қаласы маңындағы таулы қырат қазақ – қытай шекарасы арқылы өтеді. Бұл өлке таңғажайыбы саяхаттаушы бір күн ішінде 5 климаттық зоналар – шөл және шөлейттен (теңіз деңгейінен 600 м) мәңгілік мұздықтар (4000 – 5000метр) дейінгі аралықта көре алады.
Іле –Алатауы Тянь – Шань тауының ең солтүстік қыраты. Бұл күшті қарлы қырат ендік бағытпен батыстан шығысқа қарай 300 км созылған, оның ені – 30 – 40 км. Ең биік шыңдар қыраттың орталық бөліктерінде орналасқан. Мұнда биіктігі 4500 м жоғары 22 шыңдар бар. Іле – Алатауының ең биік шыңы – Талғар (4937 м) шыңы. Оған шығу альпинистер үшін атақты. Талғар маңында басқа да көптеген шыңдар бар. Шыңдардан оңтүстікке қарай массивті Корженевский (ұзындығы – 11км) және Богатырь 9,5 км мұздықтары тек тік ұшақпен ғана баруға болады. Осы ауданға Алматы қорығы кіреді. Қорық қарлы барыс, бұғы, бүркіт, архар, жейран жарды қорғайды. Талғарда құстар мен басқа да жануарлар коллекциясы табиғи мұражайы орналасқан.
Іле – Алатауы көптеген шатқалдардан тұрады, соның ішінде кең тармақталғаны – Кіші Алматы шатқалы өзінің көрінісімен әсер қалдырады: шыршалы орманды Махнатка тауы, трапеция тәріздес Күмбел, Абай шыңы, Тұйықсу қақпасының алып жартастары бұл өлкені альпинистер үшін қызықтыра түседі және Үлкен Алматы шатқалдары арасында Көк – Жайлау альпілік жайылымдағы орын тепкен. Бұл атақты жаяу маршруттардың бірі. Көк – Жайлау жазығынан (платосынан) Күмбел шыңына қарай бағыттау басталады. Тұйықсу қақпасының үлкен жартастары Тұйықсу шыңына апарады.
Кіші Алматы мен Батарейка өзендерінің қосылған жерінде әлемдегі ірі жоғары таулы мұз айдыны – Медеу орналасқан. Медеу – қысқы спорт ойындар өткізілетін кешен. Мұз айдыны теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте аттас шатқалда орналасқан. Мұнда олимпиадалық мөлшердегі мұз айдыны, жүру үшін алаңқай, аттракциондар паркі, «Премьер – Медеу» отелі, жазғы бассейн, т.б. бар. Бұл қалалықтар мен қала қонақтарының сүйікті орындарының бірі. Мұз айдыны Алматы қаласынан 16 км жерде 1972 жылы салынған. Жұмсақ климат, тиімді күн радиациясы деңгейі, төмен қысым, желсіз ауа – райы және мұз – Медеуді ең күшті әлемдік, ал оның орналасуына қарай ең әдемі айдындардың біріне санайды. Мұзды өріс ауданы 10500 км2 – конькидегі жылдам жүгіріс, хоккей, мәнерлеп сырғанау (фигурная катание) сияқты халықаралық жарыстардың ашылу орны. Мұнда әлемдегі күшті коньки жүгірушілері бекіткен 120 астам әлемдік рекорд жасалды[17].
Туристердің көңілін келесі бір объект – Кіші Алматы аңғарында қаланы селден қорғау үшін тұрғызылған плотина аударады. Дәл осы плотина 1973 жылғы селден сақтады. Дамбыға 830 баспалдақпен шығу керек. Осы жерден Іле Алатауы тау шыңдарына керемет көрініс ашылады.
Тұйықсудан солтүстікке қарай Шымбұлақ тау – шаңғы курорты орналасқан. Қаладан 25 км, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орын тепкен. Тау – шаңғы трассалары 3 орындықтар мен 3 буксерлі аспалы жолдармен қызмет етеді. Олардың көмегімен 20 минутта 3200 метр – Талғар асуында боласың. 1 – ші биіктік ұзақтығы 1243 метр, көтерілу уақыты 9 минөт, «Қиылысу» станциясы (2260 – 2630 метрге дейін), 2 – ші «20 – шы опора» станциясы ұзақтығы 978 метр, көтерілу уақыты 7,5 минөт (2630 м – ден 2930 метрге дейін); 3 – ші станция «Талғар асуы» 860 метр ұзақтық, уақыты 8 минөт (2930 – 3163 метрге дейін). Жалпы трасса ұзақтығы 3620 м, биіктік құламасы 1000 м дейін Сноуборд сүюшілер үшін сноупарк, балаларға баллондарда сырғанау үшін төбешіктер бар. Туристер үшін 4* отель қызмет етеді.
Үлкен Алматы көлі. Үлкен Алматы өзені биік шатқалда орналасқан. Көл ойпатта орналасып, жан – жағынан шыңдармен көмкерілген. Көптеген Тянь – Шань таулы көлдері жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған.
Үлкен Алматы көлі – сол көлдердің ірілерінің бірі. Жыл мерзіміне байланысты көл өзінің түсін өзгертеді. Мұзды су көл ұзындығы – 1,6 км, ені – 1 км, тереңдігі – 40 метр. Көлден 2 км 2700 м биіктікте көне мұзды аңғарда «Тянь – Шань» астрономиялық обсерваториясы деп аталынатын күмбезді елді – мекен орналасқан. Одан ары 8 км жоғары, 3300 метр биіктікте Жасылкезең асуында –Космостанция жұмыс істейді. Төменде Алма – Арасан шатқалы жалғасады. Ол өзінің жылы термалды – родонды бұлақтарымен әйгілі және әсем табиғаты мен таза ауасымен тартады. Келесі сипатталатын объект – Түрген шатқалы. Іле – Алатауы ұлттық паркінде әдемі табиғат бөлігі – Түрген шатқалы (Алматыдан 40 км) бар. Шатқалда ыстық бұлақтар, форель шаруашылығы, сарқырама және көптеген ормандар бар. Шатқал 44 км тереңдей Асу жотасына енеді. Осы жота арқылы Еуропадан Қытай мен Үндістанға керуендер өткен. Кең аңғар 60 км шығысқа қарай созылады. Түрген шатқалы сарқырамалармен әйгілі, олар жетіге жуық: 30 метрлік Медвежий сарқырамасы, күшті ағымды Бозкөл сарқырамасы және т.б. Шатқал өзінің Шың – Түрген шыршаларымен әйгілі. Шатқалдағы ең атақты орын егерлік станция – Ботан. Сонымен қатар «Синегорье», «Тау – Түрген », демалыс үйлері орналасқан.
Басқа бір Есік шатқалында Есік көлі (1760 метр). 1963 жылы болған селді ағымнан плотина бұзылып, көл басып кеткен. Бүгінгі күні көл қайта қалпына келтіріліп, қалалықтар арасында демалыс күнгі саяхаттау орнына айналды.
Іле өзені – Жетісудағы ең ірі өзен. Оның ұзындығы – 1439 км. Іле өзені Қазақстан жерінде Қапшағай жасанды суқоймасы арқылы Балхашқа құяды. Қапшағайды теңіз деп атайды. Оның ені – 22 км, тереңдігі – 45 метр, ауданы 1847 км2. Оның маңы жағалауында санатория, пансионаттар, жағажайлар орналасқан. Қалада үлкен аквапарк бар. Суқойманың шығыс жағалауында «Алтын – Емел» ұлттық паркі орын тепкен. Парктегі басты байлық Тамғалы –Тас шатқалындағы тастар көріністері. Бұл «Тастағы суреттер» – Будда көрінісі. Қара құпиялы жартастарда көптеген петроглифтер – буддистен қолжазбалары түсіп, олардың мәні әлі шешілмеген. Онда 1000 жуық әртүрлі жартас қолжазбалары бар. Будда суреті т.б. Қасиетті тексте санкритте «Лотос гүліндегі қарлы маржан» деген мағына түсіндірілген. Қолжазбалар мен суреттерді тарихшылар 17 ғасырға жатқызады. Жалпы Алтын – Емел паркі Іле өзенінен 90 км 2 созылды. Бұл құпиялы, керемет өлке көне, бай тарихы мен қайталанбас табиғатымен ерекшеленеді. Парктегі тағы бір объект – сақ мәдениетінің ескерткіштері – Бес – Шатыр қорғандарын Қазақстанда б.з.д 1 мың жылдықта тұрған ерте сақтардың діни Меккесі деп атайды. Бес – Шатыр 31 қорғаннан тұрады. «Жетісі пирамидасы» деп аталынатын ең үлкен қорған диаметрі 105 м, биіктігі 17 м. Бұл қорғандар ағашты жатар жерін Тянь – Шань шыршасы бұтағынан жасаған, сондықтан 2 мың жыл бойы жақсы сақталған. Бес – Шатыр қорғандарының ерекшелігі – жерасты катакомбаларының бірі жатар орынға апарады.
Үш объект – Ақтау таулы қыраттары – өткен жер шары мұражайы. Бұл табиғат мүсіндері көне көл орнында қалған барлық түске боялған көрікті орын. Ол Ақтаудан басталып Қызылтауларға айналады. Таулар жасы – 400 млн жыл, ұзақтығы – 30 км, тереңдігі – 1,5 км. Мұнда қарақұйрық, тауешкі, сайғақ, қасқыр, түлкілер кездеседі. Ең соңғы объект – ерекше табиғат жұмбағы – «Әнші құм». Іле өзенінің оңтүстік жағалауындағы бұл құм құрғақ ауа – райында орган әуеніне ұқсайтын дыбыс шығарады. Оның шуы мен дірілі ұмытылмас әсер қалдырады. Құрғақ құмдар қозғалысынан пайда болған дірілдер құрғақ ауамен оларды электрлі вибрация тудырады. Резонанс қолайлы жағдайы үлкен толқынды дыбыс тудырып, тығыз топырақ қабатына әсер ете бархан діріліне келтіреді. Бұл дыбыс бірнеше арақашықтықа естіледі, бірақ ылғалды күндері бархан «әндетпейді».
Кварциттен тұратын Үлкен және Кіші қалқан құмды таулары биіктігі – 120 м және 4 км созылып жатыр. Алтын – Емел ұлттық паркінде айта берсек, әрі жері объект. Тіпті Мыңбұлақ кардонында 300 жыл өмір сүрген алып ағашты да алуға болады.
Бүгінгі күні Алматы қаласы сыртына демалу сәнге айналды. Әсіресе демалыс күндері демалушылар – Шарын жарқабағына барады.
Шарын жарқабағы – экзотикалық көрікті жерлердің бірі. Рельефтің желден және су шаюдан пайда болған формалары «Қорғандар аңғары», «Шайтандар шатқалы» мүсіндерімен ерекшеленеді.
Шарын – Шарын өзені бойымен солтүстік – шығыстан оңтүстік – батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150 – 300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық – қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Негізінен демалушылар «Қорғандар аңғары», «Темірлік» т.б атаумен қалған жерлеріне барады.
Солтүстік Тянь – Шань тауындағы інжу – маржаны деп аталынатын – Көлсай көлдері. Жоғары тауда орналасқан қайыңдар арасындағы 3 көл Күнгей Алатауы қыраты беткейінде жайғасқан. Бұл лагерь, жаяу сапарлар, ат пен тау – велоспорты саяхаттары үшін керемет орын.
Бірінші көл 1818 метр биіктікте 1 км созылған. Жолдар салынған. Қолайлы қонақ үйлер, кемпингтер бар. Орта Көлсай көлі (2252 метр) – 1–ші көлден 5 км жоғарыда орналасқан ары 4 км орын тепкен.
Көп саяхатшыларға әлі таныс емес – Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте керемет қылқанды орман арасында орналасқан. Бұл 100 жылға жуық бұрын үлкен массадағы әктас нәтижесінде пайда болған. Оның үгінділері шатқалды бөгеп дамбыға айналдырған. Көл ұзындығы 400 м, тереңдігі 30 м. Су басып кеткен құрғақ шыршалар бұталары су бетіне шығып тұрады.
Жетісуда 50 жуық жартас бетінде түсірілген көріністер ескерткіштері бар. Олардың көп бөлігі қола дәуіріне жатады. Көне суреттердің қасында археологиялық ескерткіштер, ауылдар, қабірлер т.б. орналасқан.
1950 ж аяғында Тамғалы қонысында көне сурет галереясын көрсететін қасиетті жартас суреттері табылған. Онда тарихтың 20 ғасырлық сыры жатыр. Қала ерте номад, түрік кезеңдеріне жататын 4000 суреттер табылған. Суреттерде үй жануарлары, сайғақ, арқар, күн құдайлары, аңшылық, діни көріністер, құрбандыққа шалу сияқты көріністер бейнеленген. Тамғалы петроглифтер галереясы әлемдік маңыздылыққа ие қазына және ЮНЕСКО фонды қорғауына алынған. Тамғалы сөзін қазақшаға аударғанда «тайпалық белгімен таңба басқан» деген ұғымды білдіреді.
Көшпелі және отырықшы өркениеттің қосылған жерінде Сырдария даласында әлемнің көне қалалары өмір сүрді. Ғасырлар бойы осы жерде Қытайдан бастау алған, Таяу Шығыс пен Еуропаға апарған керуен жолдары – Тараз, Отырар, Испиджаб (Сайрам), Ясы қалалары Ұлы Жібек жолы бойындағы негізгі орталықтар болған. Жібек жолы сауда торабы б.з.д 3 ғ – да пайда болып, б.з.д 17 ғасырда өз қызметін атқарған. 1700 км жол бөлігі Қазақстан территориясын алып жатыр.
Түркістан (Ясы) қаласы Дешті – Қыпшақ аймағының түркі халықтары діни – саяси орталығы және көне қазақ хандары астанасы болған. Қожа Ахмет Яссауи – түркі халықтарының діни оқытушысы болған. 14 ғасыр Шейх қабірі үстінен атақты Әмір Темір керемет Ханока (суфшілік сарай) салады. Осы ханока маңында 15 – 16 ғ.ғ қазақ хандары тақ – орны қалыптасты.
Қожа Ахмет Яссауи мазары – орта ғасырлық қайталанбас қолөнер туындысы. Бұл керемет 30 түрлі бөлмелер мен залдардан тұратын сарайлар мен мешіттер кешені. Бас күмбез сыртқы диаметрі – 40 м астам, қоршауы – 130 м, минарет биіктігі – 12 м. Таң қаларлық декор, қабырғалар ою – өрнегі мозайкадан түрлі – түсті металика. Архитектуралық – археологиялық кешенге Түркістан мен Күлтөбе қалашығы, некрополь, мазарлар (15 – 14 ғ.ғ), Жұма мешіті (19ғ.), Үлкен Қылует – жерасты мешіті (12ғ), шілдехана (14ғ), монша (17 – 19ғ), үлкен қақпасымен (18 – 19 ғ.ғ) цитадельдің бекініс қабырғалары (19ғ) кіреді.
Бүгінгі күні Түркістанға – 1500 жыл. Жай күндері 100 – 250 адамдарға дейін сапар шексе, діни мейрамдарда күніне 1000 адам келеді.
Халық нанымы бойынша, Түркістан жолында ең бірінші Қожа Ахмет Яссауи оқытушысы болған, 12 ғасыр өмір сүрген Арыстан – Баб мазарына кірген дұрыс.
Көне Отырар қаласы (б.з.д 4 ғ) – ірі сауда орталығы болған. Ол өзінің монша сарайы және кітапханасымен әйгілі. Бұл қалада орта ғасырлық ойшыл Әл – Фараби өмір сүрген. 13 ғасыр аяғында Моңғол әскерлері қаланы жермен жексен қылды.
Күшті Сауран бекінісі (10 – 18 ғ.ғ) ерекше су жабдықталуымен әйгілі. Су және тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілген қала жаудан бірнеше ай бойы қорғалған. Бұл керемет су құбыры туралы көптеген зерттеушілер әлі таңдануда.
Түркістаннан қашықта биіктеу далада көріпкел Домалақ – ана құрметіне Домалақ ана мазары бой көтерген. 1998 жылы ескі мазар орнына ақ мәрмәрдан мемориалдық кешен тұрғызылды. Мұнда 2 қасиетті тас бар. Олардың қасиеттілігі жүрегі таза адамдар ғана 2 тас арасынан өте алады екен.
Тараз қаласы – «Көпестер қаласына» 2000 жылдан астам. Қаланың гүлденген уақыты Қарахан мемлекетінің астанасы болған 10 – 12 ғ.ғ. келеді. Қарахан және Дәуітбек мазарлары, басылар қорғандары, көптеген көне қабірлер жетерлік. Қазіргі Тараз маңайында әлемдік қолөнер туындылары тізіміне ЮНЕСКО – ға кірген көне архитектуралық Бабаджа – Қатын және Айша – Бибі мазарлары сақталған.
Көне жолдар қиылысында Шашадан (Ташкент) Шымкентке қарай ірі, халық тығыз орналасқан Сайрам (Испиджаб) – 6 – 18 ғ.ғ қаласы бой көтерген. Қытай жолсілтеулеріне Сайрам «Ақ өзендегі қала» атауымен аталған. Сайрам ерекшелігі қасиетті мазарлар мен жерасты сарайларының көптігі.
Талас Алатауы бөктерінде тағы бір керемет бар. Көне нанымдарға сәйкес әлемдік су басу кезінде Қазығұрт тауында ноя түнеген екен. Дәл осы тауда, әлі күнге дейін топан су болғанның дәлелі Нұқ – Пайғамбардың кемесі тұр. Сондықтан да қасиетті орын деп саналады. Тағы бір қызығы дәл осы жерден жыл басы – Наурыз басталады екен.
Жоғарыда аталған қалалар бастауы Қытайдан басталған Еуропаға дейінгі аралықты байланыстырып жатқан Ұлы Жібек жолы қалалары. Жібек жолы –сауда торабы ретінде б.з.д 3 ғасырда пайда болып, 17 ғ өмір сүрген. Қазақстан территориясымен 1700 км жол созылып жатыр. Бүгінгі күні бұл Оңтүстік Қазақстанның «Алтын діңгегі».
Солтүстікте Батыс – Сібір ойпатынан оңтүстікте Балхаш – Алакөл ойпатына дейін, шығыста Алтай, Сауыр, Тарбағатай сілемдерінен батыста Торғай аңғарына дейінгі аралықты қазақ халқы Сарыарқа деп атайды. Еуразия құрлығының орталығының орналасқан алып 2000 км2 созылып жатқан шексіз дала.
Сарыарқа даласында әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі – Балхаш (18 мың км2 жуық) көлі. Қазақтар оны «Ақ теңіз» деп атаған. Жартылай тұщы, жартылай ащы көл жағалауында керемет климаттық жағдайда космонавтар үшін реабилитациялық орталық орналасқан. Бұл аймақта әлемдегі бірінші Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Байқоңыр XX ғасырдың керемет техникалық жетістігі. Мұнда космос кемелері, старт алаңы, космонавтар тарихы мұражайына арнайы турлар ұйымдастырады.
Орталық Қазақстанда кейбір археологиялық, этнографиялық орындар сақталған. Соның бірі – Ұлытау. Бұл табиғат қасиетті жерінде үш жүздің орталық мемлекет құрылуы бекітілген. Оған дәлел – Таңбалытас. Онда мыңдаған тайпалар таңбасы қойылған. Аспан астындағы тарихи мұражайда көптеген мазар, үңгірлер бар. Ұлытаудың ең биік жері – 1134 метр.
Көптеген курорт, емдеу орындары, емдік батпақтар, минералды сулармен Көкшетау және Бурабай Ұлттық табиғи парктері әйгілі. Көкшетау қайыңды ормандарында 80 астам көл бар. Ең терең көл – Щучье Жеке – Батыр қыраты етегінде орналасқан. Көкшетау орманды баурайында Оқ – Жетпес жартасы бой көтереді және оның ең қиыр басы жатқан пілге ұқсайды. Дәл осы бөктерден көгілдір шығанақ – Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас жартасы көз тартады. Оның биіктігі 18 метр. Дәл осы өлкедей біздің елде наным – сеніммен аңызға бай өлке жоқ шығар, өйткені аттап басқан жерінің өзінше бір оқиға. Шомылу кезеңі шілдеден басталады. Зеренді табиғи оазисі – демалыс пен шытырман оқиғалы туризм үшін керемет орын.
Батыс Қазақстанда Каспий теңізі бассейнде Еуропа мен Азия қиылысады. Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 метр төменде орналасқан және Синайдағы Өлі теңізден кейінгі әлемдегі ең төмен жер. Орта ғасырда қазіргі Манғышлақ қаласы Ұлы Жібек Жолы өткен. Көне жолдар бойымен керуен сарайлар, Сарташ, Алта, Шерқала, Кетік қалашықтары сақталған.
Бұл өлке тарихи – архитектуралық ескерткіштер: Бекет – ата, Шақпақ – ата, жерасты мешіттері, Есет – батыр мемориалды кешені сақталған. Тек некропольдердің өзі 600 жуық әртүрлі сапарлар «түйе керуені» жолымен Александров үңгірлері, тарихи орындарымен автожүріс ұйымдастырылады.
2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК – ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен шаруашылығы
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның шығыс бөлігін түгел қамтиды. Жалпы аумағы 283,2 мың кмІ. Тұрғыны 1,43 млн адам [32]. Бұл облыстың территориясына Албания, Бельгия, Швейцария сияқты мемлекеттер сиып кетер еді .
Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстік – батысында Қазақстанның Павлодар облысымен, оңтүстігінде Алматы облысымен, шығысында және оңтүстік – шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Шығыс Қазақстан облысы батыстан (Сарыарқаның қиыр шығыс шетінен) шығысқа қарай (республиканың шығыс шекарасына дейін), солтүстіктен (Ертісмаңы даласы мен Алтай алды өңірінен) оңтүстікке қарай (Балхаш –Алакөл ойысына ұласады), Ертіс өңірінің жағасы алабын ала жайласқан. Алтай сілемдерін, ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді, құнарлы Ертіс және Алтай алды өңірлерін қамтиды. Территориясынан гидроэнергия қорына аса бай – Ертіс өзені өтеді және облыс республикасының солтүстік Орталығы және Оңтүстік Қазақстан аудандармен шектеседі. Облыс жері негізінен таулы келеді. Ертістің оң жағын түгел Батыс Алтай сілемдері қамтиды, бұл таулы өңір Нарын аңғары арқылы Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жотасы массивтеріне ажырайды. Ертістің сол жағын белесті Қалба жотасы Сарыарқаның төбелі жазық шығыс жиегі алып жатыр. Облыс территориясының оңтүстік – шығыс бөлігінде Тарбағатай (2992 м) және Сауыр жоталары орналасқан. Таулы өлкелерде мұздықтар шоғыры көп кездеседі.
Ертіс өзені облыстың территориясын оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай кесіп өтеді де, оны Батыс Сібірдің солтүстік, мұнайлы бөлігімен жалғастырады. Локоть станциясы арқылы өтетін темір жол Батыс Сібірдің оңтүстік – шығыс, көмірлі металлургиялы бөлігіне, ал Аягөз және Ақтоғай станциялары арқылы Алматыға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға шығуына жол ашады.
Шығыс Қазақстан территориясы жер беті ағын суына бай, әсіресе облыстың Алтайлық бөлігінде өзендер мол. Қазақстанның ең ірі өзені – Ертіс осы облыс жерінен өтеді. Таудағы ылғал қорларынан басталатын Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, Шар, Қызылсу т.б. өзендер Ертіс өзеніне құяды. Облыс жері гидроэнергия қорына өте бай, республика гидроэнергия қорының 38,1 % – і осында.
Сурет 2. Шығыс Қазақстанның картасы
Ертіс өзені бойында республикамыздағы ең ірі – Бұқтырма бөгені, Өскемен бөгені салынған. Облыс көлге бай. Ірі көлдер – Зайсан көлі (республика бойынша көлемі жағынан 5 – ші орында), Марқакөл, Таулық бөлігінде шағын, суы тұщы көлдер көп кездеседі. Облыс жерінде жер асты суы қоры мол.
Климаты. Шығыс Қазақстан облысының материктің ортасында орналасқандығы, дүниежүзілік мұхиттардан алыстығы территориясының солтүстік – шығысында және оңтүстігінде биік таулардың жатысы климатының континенттігін арттыра түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлері ылғал, ал ең жазық бөліктеріне Орталық Азия мол шөлдерінен тропикалық ауа массалары құрғақшылық әкеледі. Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы жұқа. Қыста Сібір антициклоны әсер ететін оңтүстік – шығыс бөлігінде климаттың континеттігі арта түседі. Бұл жылдық және тәуліктік ауа температурасының аз уақыт ішінде күрт өзгеруі, жер бедерінің күрделілігіне, бір маусымнан екінші маусымға өту ерекшелігінен байқалады. Қысқа, ылғалды, жылы көктем ыстық жазға айналады, демек маусым айының аяғында да түнгі аяздар болуы мүмкін. Күзде температура шұғыл ауытқып, үсік жаңбыр, қарлы жаңбыр жауады. Түнгі үсік тамыз айының бірінші жартысында байқалады.
Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа. Қаңтардың орташа температурасы жазықта – 16 – 19 °С, тауда және тау аралық ойыстарда – 26 °С. [32]
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы экономикасы жан – жақты дамыған өңірлердің бірі. Еліміздегі қорғасын, мырыштың негізгі бөлігін және титан, кадмий, күміс, галлий, индий, теллур сияқты сирек металдар өнімінің біразын осы облыс береді.
Шығыс Қазақстан – еліміздегі және дүние жүзіндегі түсті металл өндірудің басты аудандарының бірі. Сонымен қатар, аудан экономикасында ауыл шаруашылығы көрнекті орын алады. Республикадағы аса ірі электр станциялар да осында.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының экономикасында жақсы дамыған ауыр өнеркәсіп өркендеп келе жатқан аграрлық – өнеркәсіптік кешенмен ұштасқан. Өнеркәсібінің басты саласы – түсті металлургия. Ірі кәсіпорындары – Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Өскемен титан – магний комбинаты, Риддер полиметалл комбинаты, Зырян қорғасын комбинаты, Ертіс полиметалл комбинаты, Белгор кен байыту (Ақсубұлақта) және Шығыс Қазақстан мыс – химия (Усть – Таловкада) комбинаттары. Түсті металлургия комплексін құрайтын кен орындары мен кәсіпорындар Кенді Алтайда, Ертіс аңғарында, Оңтүстік Алтайда және Қалба тауында шоғырланған. Қорғасын – мырыш өнеркәсібі және титан, магний секілді энергияны көп қажет ететін түсті металдар өндірісі – осындағы өнеркәсіптің маманданушы салалары болып табылады. Облыс түсті металлургиясы өзінің
толық металлругиялық циклділігімен сипатталады. Рудалық шикізатты кешенді игеру облыстың түсті металлургиясының ең басты мақсаты болып саналады. Түсті металлургия өнеркәсібі қалдықтарының негізінде облыста (Өскемен, Риддер, Ертіс комбинаттарында) күкіртқышқылы, калий тыңайтқышы, бояу өндірістері қалыптасуда. Облыс өнеркәсібінің бұлайша мамандануы оның жер қойнауындағы көп компонентті түсті металдарға ғана емес сонымен қатар, тиісті энергетика базасының болуына да байланысты. Ертіс пен оның оң жақ салаларына арзан электр энергиясын өндіретін бірқатар су электр станциялары салынған. Олардың ішіндегі ең қуаттылары – Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен су электр станциялары. Бұған қоса, бірқатар қалаларда жылу электр станциялары жұмыс істейді, олар су электр станциялармен бірге Алтай энергетика жүйесін құрайды.
Облыстағы орасан зор электр энергиясының басты тұтынушысы полиметалл өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптің кенді өндіруден бастап, қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, басқа да сирек кездесетін металдар өндірісіне дейінгі және металдарды қорыту кезінде бөлініп шығатын күкіртті газдарды пайдалану есебінен газдарды кәдеге жарату арқылы күкіртқышқылын шығаруға дейінгі барлық өңдеу сатылары бар. Негізінен тау – кен жабдықтарын, электр станциялары үшін конденсаторлар мен аспаптар шығаратын машина жасау саласы да түсті металлургиямен тығыз байланысты. Өндірістің энергияны көп қажет ететін салаларында Березняковтан жеткізілетін шикізатпен титан мен магний қорытылады.
Соғыстан кейінгі жылдары Өскемен өнеркәсіп торабының қалыптасуы Кенді Алтайда көп салалы түсті металлургияның дамуына байланысты, өйткені мұнда ірі қорғасын – мырыш және титан – магний комбинаттары салынған. Бұл жерге полиметалл концентраттары Зыряннан, ал титан – магний шикізаты Оралдан әкелінеді. Өскемен өнеркәсіп торабында, сондай – ақ машина жасау, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындары бар.
Риддер және Зырян өнеркәсіп торабтары Кенді Алтайдың кішігірім өнеркәсіп торабтары болып саналады. Риддер өнеркәсіп торабында түсті металлургияның толық өндірістік циклі жұмыс істейді, ал Зырян өнеркәсіп торабында – полиметалл кендерінің концентраттары ғана шығарылып, одан соң металл қорыту үшін Өскемен қорғасын – мырыш комбинатына жөнелтіледі. Екі өнеркәсіп торабында да жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары бар.
Машина жасау және жөндеу өнеркәсібі негізінен облыстың өз мұқтажын өтеуге ғана бағытталған, бұл салада тау – кен өндірісі жабдықтарын, кеме, машиналар, электротехникалық бұйымдар шығару басым. Ірі кәсіпорындары – Семей кеме жөндеу – жасау кәсіпорындары, Өскемен конденсатор зауыты, Өскемен электротехникалық бұйымдар зауыты, Өскемен темір – бетон, ірі панельді үй құрылыс зауыттары Республиканың осы саладағы ірі кәсіпорындар қатарына жатады [32].
Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы Республиканың өзге облыстарына қарағанда, Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік кешенінде әлде қайда жоғары. Бұл облыс орман қоры мен ағаш дайындау жөнінен Қазақстанда монополиялық орын алып отыр деуге болады. Үлбі өзенінің аңғарында ағаш дайындау айтарлықтай көлемде жүргізілсе, Бұқтырма, Нарын, Күршім өзендерінің аңғарында және Белағаш даласындағы қарағай орманында шамалы мөлшерде жүргізіледі. Ағаш сүрегін өңдеу үшін Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха мен Семейде ағаш өңдейтін комбинаттар салынған. Олар тақтайлар, ғимараттардың ағаш фабрикасы жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстанның аграрлық, өнеркәсіптік кешенінде мал шаруашылығы жетекші роль атқарады. Мұндағы кең байтақ дала мен тау жайылымдары мал шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай туғызады. Шабындықтар да кең алқаптарды алып жатыр. Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің жайылмасындағы суармалы шалғындар ең жақсы пішендіктер болып саналады. Мал азықтық дақылдар егісі мал шаруашылығының жем – шөп балансында көрнекті орын алады.
Облыстағы мал шаруашылығының негізгі саласы – етті – жүнді қой шаруашылығы. Ол Ертістің сол жақ жағалауында, Зайсан қазан шұңқырында Оңтүстік Алтайдың, Сауыр мен Тарбағатайдың бөктерінде, негізінен алғанда қазақтар қоныстанған жерлерде жақсы дамыған. Облыстың барлық жерінде сүт – ет және ет – сүт бағытында ірі қара өсіріледі. Балды өсімдіктер көп өсетін Алтайдың бөктері мен Тарбағатайдың оңтүстік баурайында омарта шаруашылығы дамыған. Хош иісті ерекше дәмі және шипалы қасиеті үшін Алтайдың тау балы әлемдегі ең жақсы балдардың бірі болып есептеледі. Ауданның таулы бөлігінде мал шаруашылығының ерекше саласы – марал өсіру дамыған. Ауданда табынды жылқы шаруашылығы да өркендеген. Шошқа өсірудің де біраз маңызы бар.
Шығыс Қазақстанның егіншілігінде астық шаруашылығы басым. Негізгі егіншілік аудандар Ертіс бойындағы далаға, Кенді Алтайдың Қалба жотасы мен Тарбағатайдың бөктерлері мен аңғарларына орналасқан. Ертістің оң жақ жағалауындағы Белағаш даласымен Алтай бөктерінің Шемонайха тұсындағы орманды далада жыртылған жерлер тұтас алқапты алып жатыр.
Техникалық дақылдардың ішінде күнбағыс басты орын алады. Бұл дақылдың Республикадағы негізгі егісі осында орналасқан. Оның әр гектарынан әдетте орта есеппен 10 центнерден астам тұқым жиналады, оны ұқсату үшін Өскеменнің май шайқау зауытына жөнелтіледі. Картоп пен көкөніс егісі Кенді Алтай мен Қалба жотасының бөктеріне тараған.
Ауыл шаруашылық шикізатарын ұқсату негізінде ірі Семей өнеркәсіп торабы өсіп шықты. Торабтың жетекші кәсіпорындары – ет комбинаты және онымен байланысты былғары тері комбинаты. Сонымен қатар, өнеркәсіптің басқа да салалары дамып келеді. Семейге таяу жерде жаңадан тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға маманданған қуаты шағын Аягөз өнеркәсіп торабы қалыптасты.
Облыс халық шаруашылығы кешенінде жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің маңызы күшті. Жеңіл өнеркәсіптік ірі кәсіпорында – Семей жүн өңдеу фабрикасы, Семей былғары – тері өндірістік бірлестігі, Семей мәуіті – шұға комбинаты, Семей аяқ – киім фабрикасы, трикотаж фабрикасы, Өскемен киім тігу бірлестігі жасанды жібек комбинаты. Тамақ өнеркәсібінде ет өндірісінің маңызы ерекше. Семей ет – консерві комбинаты осы салалық кәсіпорындардың аса ірілерінің бірі. Облыс экономикасында балық өнеркәсібі елеулі орын алады. Ірі кәсіпорындардың бірі – Зайсан балық комбинаты [32].
Шығыс Қазақстан облысы Республикадағы электрэнергиясын өндірудегі аса маңызды облыстардың бірі. Гидроэнергетика өнімінің үлесі басым. Риддер СЭС – тер каскады, Өскемен СЭС – і, Бұқтырма СЭС – і, Семей, Өскемен СЭС – тері т.б. біртұтас Алтай энергетикалық жүйесіне біріктірілген. Ауданның ірі өнеркәсіптік орталықтары – Өскемен, Семей, Риддер, Зырян.
Көлігі. Шығыс Қазақстан облысында темір жол, авто, су және әуе транспорттың барлық түрлері жақсы дамыған. Сондықтан облыстың табиғи ресурстарын игеру, оларды шағын территорияларға шоғырландыру көп транспорттық шығынды, жаңа темір және автожолдардың құрлысын қажет етпейді.
Территориясындағы темір жолдың ұзындығы 1200 км. Жүк айналымы жөнінен транспорт салалары арасында бірінші орын алады. Жүк тасымалында Ертіс өзенінің маңызы күшті, басты кемежайлары (пристаньдары) – Семей, Өскемен, Серебрянск, Омбы, Қарағанды, Астана, Павлодар арасында тұрақты әуе қатынасы бар.
Шығыс Қазақстан облысының шаруашылығы еліміздің басқа облыстармен тығыз байланысты. Өзінен түсті металдар құрылыс материалдары – ағаш, мал шаруашылығының өнімдері, дәл приборлар және электротехникалық бұйымдар шығарады. Өзі болса көмір (Екібастұздан), мұнай (Сібірден), қара металды, машина және өндірістік жабдықтар (Оралдан, Қарағандыдан), мырыш және қорғасын концентраттарын (Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан) алады.
Облыстағы аса маңызды өнеркәсіп орталықтарының бәрі дерлік орналасқан Кенді Алтайдың солтүстік – батыс бөктерімен аңғарларында халық айтарлықтай жиі қоныстанған. Климат жағдайлары егіншілік жүргізуге қолайлы әрі топырақты Белағаш даласына да халық жиі қоныстанған. Облыстың мұндай халық жиі қоныстанған аймақтарындағы ауылдар да үлкен болып келеді. Олар көбіне тау аралығындағы қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларына кейде – су айрықтарына орналасқан.
Алтайдың биік таулы бөліктері мен Сарыарқаның Түркістан – Сібір темір жолынан батысқа қарай халық сирек қоныстанған. Мұнда көп жағдайда мал фермаларының маңына орналасқан маусымдық елді мекендер басым. Қалба жотасы мен Оңтүстік Алтайдың тау бөктерлері, Тарбағатайдың беткейлері мен Зайсан қазаншұңқырлары халықтың орналасу тығыздығы жөнінен біршама ілгері орында тұр.
Революциядан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстанда қала халқының үлес салмағы күшті өсті. Бірақ ол облыстағы бүкіл халықтың жартысын ғана құрайды. Қала халқының үлес салмағы облыстың шығыс, неғұрлым өнеркәсіпті таулы бөлігінде едәуір жоғары. Мұнда Кенді Алтайдың Бөктерлері мен тау аралығындағы қазаншұңқырларда пайда қазбаларды өндіретін жерлер, кеніштерде, байыту фабрикалары мен металлургия зауыттарында көптеген шағын қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар өсіп шыққан.
Облыста 861 күндізгі жалпы білім беру мектептері (онда 297,2 мың оқушы оқиды), 30 техникум, орта білім бері оқу орындары (15,6 мың) және 9 жоғары оқу орындары (23,2 мың студент ) бар.
2.2. Облыстың туристік – экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы
Бүгiнгi таңда Шығыс Қазақстан облысында 70 фирма туристік қызмет көрсетеді. 9 айда орналастыру орындарын есепке алғанда 158253 адамға қызмет көрсетілді [42]. Оның iшiнде Семей, Өскемен, Риддер қалаларында жұмыс атқарады.
Бұл фирмалардың негiзгi бағыты туристердi шет елдерге жiберу. Азия елдерiнен Иран, Сирия, Израиль, әсіресе ҚХР мен БАӘ және Түркиямен тығыз қарым – қатынас орнаған. Ал Еуропалық мемлекеттерден Испания, Австрия, Венгрия, Франция, Чехия, бiрақ басым көпшілігін құрайтындары Германия мен Ресей.
Шет ел туристерiн қабылдаумен тек Өскемендегi Шығыс Қазақстан аңшылар және балықшылар бiрлестiгi ғана айналысады. Ал iшкi туризммен тек «Пилот» және «Жекеменшік кәсіпкер» фирмалары ғана айналысады. Қорыта келе, Шығыс Қазақстанда шетел туристерiн қабылдауға табиғи рекреациялық мүмкiншiлiктерi бола тұра туристiк инфрақұрылым деңгейi төмен екендігі байқалып отыр.
Кесте 1
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қызмет атқаратын туристік фирмалар
Фирма |
Мекен–жайы |
Бағыты |
|
|
||||||||
1. Агат – 1 |
Семей, Шәкәрім к–сі, 38. Тел: 66 – 05 – 47 |
Германия, Түркия |
|
|
||||||||
2. Азамат ЛТД |
Өскемен, Набережная Иртыша к – сі, 16. Тел: 25 – 60 – 53 |
Сирия, Түркия, Иран, БАӘ, Қытай |
|
|||||||||
3.Альянс – тур |
Семей, Абай даңғ., 3 офис 85, Тел: 62 – 22 – 78 |
ҚХР. Германия, БАӘ. |
|
|
||||||||
4. Алтай – Торпедо |
Өскемен, Ленин к–сі 2, офис 18, Тел: 27 – 27 – 31 |
Германия, ҚХР, БАӘ |
|
|
||||||||
5. Шығыс Қазақстан аңшылар және балықшылар бірлестігі |
Өскемен, Абай к–сі, 89. Тел: 45 – 52 – 2 Факс: 47 – 55 – 44 |
Шет ел туристерін қабылдау |
|
|||||||||
6. Гармония |
Семей, Ленин алаңы 3 Тел: 62 – 47 – 78 |
ҚХР, БАӘ, Иран |
|
|
||||||||
7. Гауhap |
Семей, Западная к – ci Тел: 45 – 06 – 44 |
ҚХР. |
|
|||||||||
|
|
|||||||||||
8. Гион |
Семей, Қабанбай батыр көшесi 26 Тел: 62 – 28 – 62 |
ҚХР, Түркия, Иран |
|
|||||||||
емен, |
|
|
|
|||||||||
9. Геотур
|
Өскемен. Тоқтаров к–ci 54., Тел: 24 – 16 – 15 E–mail: geotour@mail.ru |
ҚХР, БАӘ |
|
|||||||||
10. Гиоцинт В |
Өскемен. Ертіс маңы 16 Тел: 25 – 60 – 53 |
БАӘ, Франция, Түркия |
|
|||||||||
11. Достық Трэвел |
Өскемен Пермитина 29 Тел: 66 – 64 – 04
|
ҚХР |
|
|||||||||
12. Жанар и Ко |
Семей, Ленин көшеci 16/46 |
ҚХР,Түркия, БАӘ |
|
|||||||||
|
|
|||||||||||
13. Интурист |
Өскемен, Горький к–ci 29, Тел: 26 – 44 – 47 |
ҚХР, Германия, |
|
|||||||||
|
|
|
||||||||||
14. Люфтсервис |
Өскемен.Пролетарская 97 Тел: 64 – 55 – 25 |
Германия, |
|
|||||||||
15. Паспортист |
Семей. Қабанбай батыр 26 офис 232 Тел: 62 – 30 – 66 |
ҚХР, Германия |
|
|||||||||
16. Пилот |
Риддер. Гагарин к – сі 16б офис 36. Тел: 2 – 53 – 97 |
Iшкi туризм |
|
|||||||||
|
|
|
||||||||||
17. Русанова и Ко |
Өскемен. Горький 68, Тел: 26 – 57 – 00 |
ҚХР, Германия, Ресей |
|
|
|
|||||||
|
|
|||||||||||
18. Рустем и К |
Семей. Аймауытов 50 тел. 66 – 59 – 20 |
ҚХР, Түркия |
|
|||||||||
19. Сапар |
Семей, Абай к – ci, тел:66 – 39 – 50 |
Ресей, ҚХР |
|
|
|
|||||||
|
|
|
||||||||||
20. Саяхат |
ШҚО. Манаши ауылы. Бөгенбай батыр 4 Тел: 2 – 25 – 02 |
– |
|
|||||||||
|
|
|||||||||||
21. Семейтурист |
Семей Жамбыл к – сі 9 Тел: 42 – 25 – 34 |
ҚХР, Германия |
|
Семей |
|
|
||||||
|
|
|
||||||||||
22. Спутник |
Семей, Ленин 26 Тел: 62 – 42 – 48 |
– |
|
|||||||||
|
|
|||||||||||
|
|
|
|
|||||||||
23. Старые друзья |
Семей. Байсейiтова 82а Тел: 44 – 67 – 55 |
ҚХР, БАӘ |
|
|
||||||||
24. Танур |
Семей. Қабанбай батыр 26, Тел: 62 – 22– 58 62 – 47 – 50 |
Санкт – Петербург, ҚХР |
|
|
||||||||
25. Өскемен саяхат және экскурсиялар бюросы |
Өскемен, Горький 68 тел: 26 – 57 – 00 |
– |
|
|||||||||
|
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
||||||||||
26.Шахмаметьева |
Өскемен. Өскемен қонақ үйі. Тел: 26 – 17 – 73 |
Германия, БАӘ, Франция, Корея, Түркия
|
||||||||||
уйi, |
|
|
||||||||||
|
|
|
||||||||||
27.Жекеменшік кәсіпкер |
Өскемен. Мир 29 Тел: 64 – 18 – 30 |
Ішкі туризм |
|
|
|
|||||||
|
|
|
||||||||||
28. Экосистем |
Әуезов 22 Тел: 25 – 02 – 85 |
Германия, Автрия, Франция
|
|
|
|
|||||||
|
|
|||||||||||
|
|
|
||||||||||
29. ТОО «Тогас интурсервис |
Семей. Абай 97 офис 104 Тел: 666368
|
–
|
||||||||||
30. ЖШС «Изумрудный Алтай» |
Өскемен. Пролетарская көшесі 160 Тел: 243026, 243002 Факс: 243026 |
– |
||||||||||
31. «Кругозор»
|
Өскемен. Головкова көшесі 29 офис 8 тел: 268631 Факс: 217655
|
– |
||||||||||
32. «Рахман бұлағы» |
Өскемен. Ворощилов көшесі 2а Тел: 479341, 221828 Факс: 475719 E–mail:rksales@lik.kz
|
– |
||||||||||
33. «Фортуна тур» |
Өскемен Пролетарская 29 офис 104 Тел:266283,264884 |
–
|
||||||||||
|
Шығыс Қазақстан облысында туристік шаруашылықтың үш объектісі жұмыс істейді:
- Туристік база
- Туристік қонақ үй
- Атты туристерге арналған приют
«Алтай қойнауы» туристік базасы (1973 жылы құрылған). Өскеменнен 120 км қашықтықта Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан. Теңiз деңгейiнен 500 метр биiктiкте Қалба жотасында орын тепкен. 486 орны бар корпустар мен жаздық үйлер. Шiлде – қыркүйек айлары аралығындa қызмет көрсетедi. Мұнда 2 – 3 орындық нөмірлер, асхана, клуб, спорттық алаң, бильярд, жабдықталған жаға жай, медициналық пункт, шаштараз, қайық станциясы, жүк сақтайтын қоймасы бар.
9 – 14 күндік жаяу, сонымен қатар екінші категориялы жорықтар ұйымдастырады. Сондай – ақ 7 жасқа дейінгі балалар мен ата – аналарға, оқушыларға, жастарға қызмет көрсетеді.
«Турист» қонақ үйі (1876 ж салынған) Өскеменде орналасқан. 259 орны бар бес қабатты корпус, бүкіл жыл бойы үзілмей қызмет көрсетеді. Барлық жағдайлары жасалған, 2 – 3 орындық нөмірлер, 28 орын бар, ресторан, туристік кабинет, кино залы, жеңіл машиналар тұрағы, жүк сақтайтын қойма бар.
Мынандай қызмет көрсетеді: киім жөндеу және үтіктеу, аяқ – киім жөндеу және тазалау, такси шақырту, тұрмыстық құралдар пайдалану т.б. қонақ үйдің айналасында жағажайлар және балық аулауға қолайлы орындар бар, оннан астам маршрут жолдар тарайды:
«Өскемен – мәдени орталық»
«Тасты таулар тұсында»
«Күн мен су өлкесiнде»
«Алтай қысы»
«Алтай тайғасы»
«Марқакөл»
«Белуханың етегінде»
«Бұқтырма су қоймасы».
Семей қаласының қонақтарын «Турист» атты қонақ үй қабылдайды.
Бағдарламасында: Семей қаласының өткені мен бүгінімен танысу, көрме залдары және өлкетану мұражайлары, «Семей мәдени орталық», «Ертіс жағасындағы қала» атты экскурсияларды ұсынады.
Шығыс Қазақстанның сарқылмас табиғат ендік байлығы химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар толып жатқан көлдері, әр түрлі климаты мен көрікті жерлері – жергілікті курорт – санаторий жүйесін дамытуға өте қолайлы. Шығыс Қазақстан санаторийлері емдеу факторларына қарай минералды сумен, шипалы балшықпен, климатпен емдейді. Шығыс Қазақстанның санаторий курортында климатпен емдеудің бірнеше салаларын пайдаланады. Олар гелиотерапия – күн сәулесімен емдеу, аэротерапия – ауамен емдеу, теренкур, жаяу туризм әдістерін пайдалануда.
Рахман бұлағы. Теңiз деңгейiнен 1760 метр биiктiкте Алтай тауларының құрсауында, табиғаты әсем екі елдің аралығында Рахман бұлағы курорты орналасқан. Жердiң астынан атқылап шыққан ыстық радонды бұлақтар қозғалу аппараты: артрит, полиартрит, сүйек аурулары, бұлшық ет, радикулит, омыртқа, жүйке жүйесi ауруларына мыңда бір ем [17].
Рахман бұлақтарының суы химиялық тұрғыдан аз минералданған азотты –кремний емдiк сулары тобына жiктеледi және құрамы жағынан «Белокуриха» мен «Цхалтубо» санторийлерiнiң суының құрамына ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң емдiк қасиеті анағұрлым артады.
Радонды су Орталық жүйке жүйесiнiң, жүрек тамыр жүйесiнiң ic – әрекетiн қалпына келтiруге мол әcep етедi. Радонды суды iшу – асқазан, iшек ауруларына ем. Курорттың негiзгi емдеушi факторы – климат. Ол тыныс жолдарын, астманы, қан аздықты, емдеуде үлкен жетістіктерге апарады.
Рахман бұлағының өз тарихы бар. 200 жылдан астам уақыт бұрын аңшы Рахман тауларда маралды жаралайды. Жараланған жануардың артынан eкi күн жүрiп отырып буы шығып тұрған маралды көредi. Оны өлтiрiп, бiрiншi оғы тиген жарасы жазылғанын байқайды. Сонда Рахман ыстық бұлақтың қасиетiн өзiне пайдаланып көредi. Күнінe үш рет шомылып ол бiр апта iшiнде көп жылдар бойы мазалаған ревматизм ауруынан айығады.
1834 жылы Ф. Геблер «Рахман бұлағы» минералды су көздеріне толық сипаттамма берді. Сіздің қалауыңыз бойынша сервистік қызмет көрсету деңгейі әр түрлі, барлық жағдайлары бар коттедждер ұсынылады. Бұл 14 адамға есептелген екі қабатты коттедждер.
Жоғарғы комфортабельді 5 бір қабатты коттедждер бар. Мұнда демалушылар курорттың асханасында күніне 3 рет тамақтанады. Әсіресе ұлттық тағамдар демалушылар көңілінен шығады.
Курортта демалыстың активті түрлерін құмартушыларға арнайы катамаран, қайықпен жүзу, атқа міну жалдамасы жұмыс істейді. Қыстың күндері шаңғы тебуге мүмкіндік бар.
Табиғатпен тілдесу және шипалы су шаршап шалдыққаныңызды ұмыттырып, денсаулығыңызды қалыпты жағдайына келтіріп, ұмытылмас естеліктер қалдырады. «Рахман бұлағы» курортындағы баға мөлшері басқаларына қарағанда анағұрлым төмен. Балаларға арнап бағалар төмендетілген. Демалу ұзақтығы – 21 күн. «Рахман бұлағы» курорты Өскеменнен 480 км қашық орналасқан. Транспорт мұнда әрбір 5 – 9 күн сайын қатынайды.
Риддер санаторийі. Лениногор қаласынан 25 км жерде, Үлбі өзенінің аңғарында орналасқан. Климаты шұғыл континенттік. Қысы суық, жазы салқын. Орташа ылғалдануы 60 %. Таудың таза ауасы, көрікті ландшафт дем алып, ағзаны сауықтыруға аса қолайлы. Санаторий 300 орынға есептелген. Негізгі емдік шипалық фактор – климатологиялық. Ем ретінде жасанды емдік су қабылдау, магнитерапия, физиопроцедуралық емдеу, балшықпен емдеу қолданылады. Емдеу түрлері барған сайын кеңейіп, жаңа тәсілдер енгізілуде. Мысалы, емдік физкультура және массаж, аэросолярий, электроемдеу, диагностикалық лабораториясы бар. Сонымен қатар бұл өлкеде өте көп кездесетін емдік шөптер пайдаланатын фито бар ашылды.
Санаторий негізінен тыныс жолдары ауруларын, қан айналысы жүйесі ауруларын, қан айналысы жүйесі ауруларын, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге бағытталған.
Қолайлы климаттық жағдай, қызмет көрсету сапасының жоғарлылығы, мәдени шаралардың ұйымдастырылуы, өзеннің жағасында орналасуы санаторийдің дем алушылар арасында белгілі атқа ие болуына себеп.
«Риддер» санаторийi 4 жастан 15 – ке дейiнгi жастағы балалар мен ересек адамдарды қабылдайды. Дем алушылар бес қабатты ғимараттағы eкi орынды номерлерде орналасады. Жолы: Өскемен қаласының «Защита» станциясынан «Үлбi» станциясына дейiн жетiп, әpi қарай транспортпен санаторийге дейiнгi жол.
Өскемен. Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының орталығы, Кендi Алтайдың аса ірі өнеркәсіп және көлiк жолы торабы. Өскемен – Қазақстанның ең байырғы қалаларының бiрi. Екi жарым ғасырдан артық тарихы бар қаланың ipгeci 1720 жылы Үлбi өзенiнiң Ертiспен қосылған жерiнде Өскемен бекiнiсi ретiнде пайда болған. 1868 жылы уездiк қала болып белгiлендi. 30 – 40 жыл өткен соң бекiнiс ретiндегi ролi жойылған соң оның жүк тиеу – түсiру пунктi және сауда орталығы ретiндегi маңызы арта түсті. Оны кезiнде «Кендi Алтай қақпасы» деп атай бастады, өйткенi Кендi Алтайды және Оңтүстiк Алтайдың бiраз бөлiгiн зерттеуге және игеруге шыққан экспедициялардың бәрi Өскемен арқылы өтетiндi. Қазiргi Өскемен – Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Ондағы қорғасын – мырыш комбинаты Кенді Алтайда қорытылатын қорғасын мен мырыштың едәуір бөлігін өндіреді. Сонымен қатар машина жасау, тамақ, жеңіл және ағаш өнеркәсібі дамыған [32].
Республикадағы халқының саны, жер аумағы жөнінен үшінші орын алатын іргелі облыстың орталығы.
Мәдениет сарайы, мәдениет үйі, Жамбыл атындағы драма театры, кинотеатрлар, кітапханалар, емханалар, стадион, теледидар студиясы, екі қалалық парк, туристік база, тарихи – өлкетану, өнер мұражайлары бар, құрлыстың дені Ертістің оң жағасына шоғырланған. Қала маңында демалыс зонасы құрылған.
Риддер 68,9 мың тұрғыны бар. Шығыс Қазақстандағы кен өндіретін аса ірі қорғасын, мырыш және сирек кездесетін металдар қорытатын Өскеменнен кейінгі екінші орталық [27]. Ол Үлбі өзенінің басталуында, шапшаң ағатын тауөзендері Громотуха мен Бытруха шоқылары арасынан ирелеңдеп өтетін Иванов жотасының бөктерінде орналасқан. Қала 1786 жылы орыстың кен білігірі Филипп Риддер – алғашқы полиметалл кен орынын ашушы – құрметіне атанған.
Семейден солтүстікте орналасқан Ауыл стансасының маңындағы қарағай және демалыс үйлері салынған.
Абай мұражайы. Абай Құнанбаевтың әдеби – мемориалдық мұражайы Семей қаласында, кезінде Абай келіп түсіп жүрген үйде, ұлы ақынның 95 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған. Мақсаты: Абай мұрасын зерттеп, насихаттау. Онда ұлы ақынның жас шағы, өскен ортасы, қазақ фольклоры мен әдебиеті, ежелгі Греция мен Шығыс ойшылдары, орыстың озық ойлы демократ интеллигенттері, классикалық әдебиеті, Орта Азия мен Қазақстан тарихы, қазақ ағартушылары т.б. жөнінде бөлімдер бар. Мұражайда Абайдың өзі пайдаланаған бірсыпыра заттар бар. Ұлы ақынның мұражайын көрушілер саны жылдан – жылға көбеюде.
Семей мұражайы. Қазақстанның тарихи – өлкетану мұражайларының бірі. 1883 жылы саяси жер аударылғандар Е.П. Михаэлис, А.А.Леонтьев, П.Д.Лобановский, А.А.Блэк, Н.И.Долгополов және А.Құнанбаевтың инициативасымен статистикалық комитеттiң жанына құрылды. Ол он жыл бойы осы комитеттiң қол астында болды. 1893 жылы бастауыш бiлiм беру қамқорлығына берiлдi. 1927 жылы мұражай өз алдына мемлекеттiк мекеме болып бөлiндi.
Мұражай экспонаттары негiзiнен үш бөлiмнен тұpaды: табиғат, кеңес дәуiрiне дейiнгi кезең, кеңес қоғамы тарихы. Онда 35 мыңдай экспонат және 30 мың данадан аса ғылыми әдебиет бар [9].
Шығыс Қазақстан табиғат жағдайлары бойынша алуан турлi, өйткенi оның шағын территориясы ұсақ төбелi жазықтармен биiктiгi орташа тауларды ғана емес, сондай – ақ тау арасындағы көлемдi қазаншұңқырларды, айтарлықтай кен өзен аңғарларын және тiптi кей жерлерiн мәңгі қар мен мұздықтар басқан биiк тауларды да қамтиды. Сондықтан жер бедерiмен климатының, топырақ – өсімдік зоналарының барынша алуан түрлiлiгi бұл облыстың табиғатына ерекше, қайталанбас әсемдік береді.
Рельефi негiзiнен таулы әрі өте тiлiмдеген. Ертістің оң жағы Кендi және Оңтүстiк Алтайдың жоталары, таулы үстiрттерi, тау аралық қазаншұңқырлары алып жатыр. Ең биiк жерi облыстың солтүстік – шығысындағы Катунь жотасы Мұзтау шыңы, биіктігі – 4506м. Кендi Алтайдың Үбі, Иванов, Үлбi жоталарының биiктiгi 2000 метрден, Оңтүстiк Алтайдың Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай Күршiм, Оңтүстiк Алтай, Азутау сияқты жоталары 3000 метрден астам. Алтайда Үлкен Берел және Кiшi Берел мұздықтары бар. Алтайдан оңтүстiкке қарай кең байтақ Алтай қазаншұңқыры жатыр. Оның оңтүстiгiнде Тарбағатай, Сауыр жоталары бар. Қазақстанның орманының жартысы дерлiк осы Шығыс Қазақстан облысында. Мұнда көбiнесе қылқан жапырақты орман кездеседi. Шырша аралас май қарағайлы орман таудың бөктерiн өрмелеп өседi. Қайыңды тоғайы санаторийлер мен демалыс үйлерiнiң таптырмайтын орны. Адамдардың денiн сауықтырып тынықтыруға табиғаттың өзi де жағдай жасаған. Теңiз деңгейiнен 1760 м биiктiкте Алтай тауларының табиғаты әсем екі көлдiң аралығында «Рахман бұлағы» курорты орналасқан. Ал Риддер санаторийi қолайлы климаттық жағдайымен, қызмет көрсету сапасының жоғарлығымен демалушылар арасында белгiлi дәрежеге ие болып отыр.
Алтайдағы Қалба тауының сiлемiндегi облыс орталығы Өскемен маңында табиғаты әсем бiрнеше көл бар. Қаладан 80 км жерде тау алқабында Себi өзенiнiң құйылысында көлемi, көpкi, аумағы әртүрлi бес көл орналасқан. Әрбiр көлдi айналаға ерекше көpiк беретiн қиып қойғандай гранит қоршайды.
Шығыс Қазақстан гидрографиялық торы жиi. Көлемi 1 га – дан асатын жалпы аумағы 896 кмІ 1968 көл бар. Басты өзендерi Ертic және оның салалары – Қалжыр, Күршiм, Бұқтырма, Үлбi, Үбі. Ертic оңтүстік – шығыстан солтүстiк – батысқа қарай ағып, территорияны Батыс Сiбiрмен жалғастырады. Жалпы, өзендерiнiң суы мол, ағымы қатты келеді.
Ертic бойында ерте кезде өмір сүрген халықтардың iзi қалған. Тастан жасалған мүсiндер қорғандар, жартастағы жазулар, будда монастырiнiң қалдықтарының бірi осы маңда болған халықтардың ескерткiшi. Аблай – кит шіркеу монастырын (Өскеменнің қасында) жоңғар ханы Абылай ХVII ғ. орта кезiнде салдырған. Бұл монастырь 1760жылы қираған.
Тарбағатайдағы Охей шатқалы өзгеше жаңалық енгiздi. Мұнан бүкiл Ертic өңірінде кездеспейтiн ғажап картина галлереясы – ежелгi адамдардан қалған тасқа салынған суреттер табылған. Олардың творчестволық мұрасы алуан түрлi. Онда көбiне адамның, садақты адамның cypeтi салынған. Тауда ешкiлерiн аулауды бейнелейтiн бүтiн бiр сюжеттер де бар. Осы шатқалдан 2000 мыңға жуық сурет табылып тiркелген.
Ертіс өзенiнің оң жағасын түгел дерлiк Кендi және Оңтүстiк Алтай таулары алып жатыр. Оның кейбiр шыңдары теңiз бетiнен 3000 метрден астам биiктiкке дейiн жетедi және басын мәңгі қар мен мұз басып жатады. Сол жақ жағалауында белес – белес аласа Қалба таулары созылып жатыр, өлкенiң оңтүстiк шығыс жағында Сауыр мен Тарбағатай тауы жоталары орналасқан.
Таулық өлкелердiң ең төмен белдеуiн таулық дала, одан жоғарырақ таулық орман (қайың, көктерек, терек, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын) алып жатыр. 2000 – 3000 метр биiктiктегi беткейлерде субальпi және альпi шалғындары өседі.
Қатон – Қарағай орман шаруашылығы Алтай тауының терең қойнауына орналасқан. Ертіс өңірінің бұл ұлан – байтақ, алқабының өсiмдiктерiнiң байлығымен даңқы шыққан.
Шатқалдар мен өзен жағалаулары аққайың, қарағай, долана, шетен, некен – саяқ шырша өскен аралас орман. Жоғары өрлеген сайын жапырақты ағаштар жойылып, олардың орнын қарағай мен балқарағай, ал солтүстiк беткейдi самырсын басады, құмды құламаларда қарағайлы қалың орман пайда болады.
Ал мәңгi мұз жатқан шыңның басында жартастар мен мұздар түгел жалаңаш. Бұл арада жақпар тасқа жармасқан тек қоңыр қына мен мүк қана кездеседi. Оқтатектес ғaнa жықпыл – жықпылдарда жармаса өскен жата ғана самырсындар мен аққайыңдар, аршапар ұшырасады да, бұл өңірдің қатал табиғатын ескерткендей болады. Сондықтан Шығыс Қазақстан ғалымдарды ғaнa емес, көптеген табиғат әуесқойларын да, тынық орманда саңырауқұлақ, дәрi өсiмдiктер мен жидек теруді тәуір көретiндердi құштар етедi. Жидек түрлерi өте көп: қызыл, қара және ақ қарақат, таңқурай, долана, шетен жидек, мүк, жидек, бүлдiрген, әcipece, қойбүлдiрген көп.
Регион флора мен фаунаға өте бай. Жануарлар дүниесiнен әcipece тepici бағалы аңдар көп. Ақ тиiн, ақшыл күзен, сарышұнақ, суыр, борсық, түлкi, қасқыр, аю, марал мекендейдi. Тау орманында да хайуанат көп. Мұнда сілеусін, сарытышқан, күзен, елік, архар, бұғы кездеседі. Сирек аңдардың бiрi марал, құстың 250 түpi мекендейдi.
Шығыс Қазақстан облысында тeміp жол, авто, су және әye, яғни транспорттың барлық түрлерi жақсы дамыған. Облыста туризмнiң мейлiнше қарқынды дамуынан транспорт жағдайлары бiршама қолайлы, территориядағы тeмip жолдың ұзындығы 1200 км, тас жол ұзындығы 16,3 мың км, ал Ертіс өзенi қалаларды, мемлекеттердi байланыстыратын су туризмi үшiн барынша пайдаланылады. Ертic өзенiнiң облыстағы басты кемейжайлары (пристаньдары) – Семей, Өскемен, Серебрянск.
Автотуризмдi дамытудағы ыңғайлы тас жол облыстың Өскемен сияқты ipi туристiк орталықтарын Қарағандымен, Алматымен, Республикамыздың бас қаласы Астанамен байланыстырады. Маңызды автомобиль жолдары: Семей – Қарқаралы – Қарағанды, Павлодар – Семей – Алматы, Аягөз – Бақты – Жалғызтөбе – Өскемен.
Облыспен Қазақстан қалалары, ТМД қалаларымен әye жолы арқылы байланысқан. Алматы, Мәскеу, Ташкент, Новосибирск, Свердловск, Омбы, Қарағанды, Павлодар, Астана арасында тұрақты әуе қатынасы бар.
Табиғат әуесқойларын Ертic жолға, сапарға шақырады. Ертic өңірінің жері ғажап сұлу. Бұл ең iрі тамаша демалыс орны ретiнде әйгiлi. Мұнда «Айна», «Садко», «Шуақты», «Көгілдір шығанақ», «Мөлдір бұлақ» сияқты толып жатқан санаторийлер, пансионаттар, лагерьлер бар. Жаз айларында бұл арада ондаған мың адам дем алады.
Демалысты «Алтай шығанағы» атты туристiк лагерьде жақсы өткiзуге болады. Әcipece оның бiр маршруты тамаша, көңiл cepпітep көп нәрсе көруге болады. Жаңа келгендердi лагерьден автобусқа отырғызып, тайганың ортасындағы Язевка селосына апарады. Сол арада олар алғаш рет шатырда түнеп шығады, ал таңертең – саяхат сапары басталады. Орман iшiндегi жалғыз аяқ жолмен Язь көлiне дейiн барасыз. Ертеңiне сыңсыған самырсын орманына өтiп Көккөлдiң су құламасын нысанаға алып Берел тау өзенiнен өтесiз, Көккөлде су 45 метр биiктiктен сарқырап құлап жатыр. Содан кейiн бiрнеше ұтымды маршрут бойынша саяхатқа шығасыз да, Үлкен Берельдiң мәңгi мұзды шыңына көтерiлесiз, саяхат соңында Қара Берельдiң жағасымен жүрiп отырып «Рахман бұлақтары» курортының үстінен келiп түсесiз.
Осы қысқаша шолудың өзінен – ақ нағыз табиғат әуесқойлы алдынан Алтайдың талай тамаша сырларын ашатынын айқын аңғаруға әбден болады. Әcipece сыңсыған самырсын өскен орман ғажап.
Зайсан көлiнiң маңында ежелгi аңдардың бұдан 50 млн жыл бұрын өмір сүрген титанотерий, энтолодонт, оминодонттардың т.б. аңдардың сүйегi табылды. Ертіс су электр станциясын салғанда үңгiрден мамонттың және ежелгi өгiздiң сүйегi табылған.
Зайсан ойпатының бiр тамаша жерi – Зайсанның жағасындағы Чекельместің сазды тауы. Тауды жел әбден мүжiп (загрызан) тaстaғaн тұрпаты ғажап. Бұл ежелгi заманның eскi сарайына, көне қаланың, мешіттің қақпасына ұқсайды. Бірақ бұл арада ондай ештеңе болмаған. Ерте заманда бұл маңда адамдар тұрған – кейбір құлаған үңгiрлерден түтiп шыққан тесiктердiң, төсектердiң сiлемiн кездестiруге болады.
Ертіс Қазақстандағы ең ipi өзен. Өзен бойының бай табиғаты адамдарды баяғыдан ынтық еткен. Екi жағынан биiк жартас өзеннiң сағасын қысып тұpaды. Өскемен түбiнде тау қыспағынан суырылып шыққан Ертic әpi қарай кең арнасымен ағады. Epтicкe келiп құятын өзендердiң ең үлкенi Қалжыр, Күршiм, Нарын, Бұқтырма, Үлбi. Бұл өзендердiң ең үлкенi Бұқтырма [6].
Бұқтырма – Ертістің оң жақ саласы. Оңтүстiк Алтайдың мұздықтары мен қарынан басталатын бұл өзен өте әдемi жерлермен ағады. Өзеннiң әрбiр бұл құрылысы табиғаттың көркем көрінісін бейнелейдi. Өзеннiң жағалауларында биiктiгi 100 – 200 метрге жететiн жартасты, тік құлама беткейлi таулар бар. Ағаштар мен бұталар тау eтeriнe дейiн өсiп, өзенге келiп тiреледi де, өзен ағысының баяу жерiнде оның мөлдiр әдемi сәулелері түсіп тұрады. Өзендер мен жыралар Бұқтырмаға жан – жағынан құйып жатады.
Ертіске келіп құятын тау өзендері туристерді шыдамдылықтың, қайсарлықтың, тапқырлықтың қатал сынынан өткiзедi. Бiрақ жастарды жорыққа ынтықтыратынның өзі де осы, өйткенi әркім – ақ өзінің қажымас – қайратын сынап көpгici келедi. Мінe, сондықтан да Бұқтырма, Үбі, Үлбі өзендерiнiң бойынан игерiлген жаңа жорьқ жолдары жылдан – жылға көбейiп келедi.
Epтicкe келiп құятын басқа өзендердiң суы тапшы болады. Көктемде кемеріне келген бұл өзендер жазда кеуiп қалады. Бұлардың iшiнде Буконь, Қайыңды, Ұлан, Тайынты, Канайка және басқалары. Бұның бәрi Қалба тауының бөктерiнде ағады.
Epтicтeгi алғашқы су электр станциясы бұл өңірдің бүкiл өмipiн түбегейлi өзгертiп жiбердi. Ол Шығыс Қазақстан жерiнiң қойнауындағы мол қазына қоймасының кiлтiн адамдардың қолына бергендей болды.
Сонымен, Ертic өңiрi – алуан түрлi ғажап өлке, табиғат бейнесi сұлулығы мен мән жағынан алғанда бiрiнен бiрi асып түседi.
Шығыс Қазақстан облысында аңшылар мен балықшыларды қызықтыратын жерлер көп. Eртic жағалауындағы далаларда қояндар, қарсақтар, бөкен, ал көлдер маңында жабайы шошқа көп мекендейдi. Қарағайлы тоғайларға және Eртic маңындағы созылып жатқан тоғайға ақтиiн, ақшыл күзен, түлкi, ақ сусар, аққия және қасқыр тараған.
Шыңғыстаудың батысында Шаған өзенiнiң жағасындағы Қоңыр Әулие үңгірі – қазақ даласында сирек кездесетiн табиғат ескерткiшi. Үңгiрдiң аузы тар, iшiнiң биiктiгi 25 метр, ұзындығы 100 метрге жуық, түбi мөлдiр суға тiреледi. Kipe берiсте бетiн мүк басқан тас қорым жатыр.
Сонымен, Шығыс Қазақстанда тау, су, үңгір туризм түрлерiн дамытуға толық мүмкiндiк беретiн табиғи – рекреациялық объектiлер мол, әpi өте жиi кездеседi.
Қазақтың асқан ағартушы ақыны Абай Құнанбаев өткен ғасырдың ортасында осы жерде, Шыңғыс таудың бауырында дүниеге келдi. Ұлы ақын Абайдың творчестволық қызметi – қазақ халқының мақтанышы. «Атаңның ұлы болмай, халқыңның ұлы бол!», – дейдi қазақ мақалы. Бұл сөздi Абай жөнiнде де айтуға әбден болады.
Ұлы ақын Семейде оқыды, соңынан мезгiл – мезгiл осында тұpды. Жалпы, Абайдың өмipi мен творчествосының жақсы кезеңдерi Семеймен байланысты. Бұл күнде ақын әpi ойшыл Абайдың eciмi, оған арналып тамаша мұражай ашылған. Семейге ғана емес, бүкiл республика мен елiмiзге әйгiлi. Оның өлеңдерi мектепте оқылады, ол туралы пьесалар мен кiтаптар жазылған. Қазақстанда оның атына қойылған қала, орнатылған ескерткiштер бар. Өйтсе де ең басты ескерткiш – өзiнiң адал ұлдарын ешқашан ұмытпайтын халықтың алтқысыз сүйіспеншілігі.
Рахман бұлақтары – Шығыс Қазақстан облысының Қатон – Қарағай ауданындағы шипалы, ыстық бастау. Оңтүстік Алтайдағы кiшкентай техникалық ойпатта, Арасан көлi жағасында, теңiз бетiнен 1750 м биiктiкте орналасқан. Айналасы – биiк тау, қылқан жапырақты қалың орман, өте көpiктi. Бастау граниттегi терең тектоникалық жарықтардан шығып жатыр. Судың температурасы 35 – 42 ° С. Оның шипалық қасиетi ертеден белгiлi болса да, емдеу мүмкiндiгi 18 ғасырдың аяғынан берi анықталды. 1925 – 1936 ж.ж. бұл жерде курорт жұмыс істей бастады. Онда жыл 12 ай Өскемен, Зырян т.б. қалалардан адамдар келіп дем алады.
Бұлақтың негiзгi емдеу факторы – көмip қышқылды, радонды су. Суы тұщы, минералдығы 200 мг/л., құрамында тидрокарбонаттар, натрий, кальций т.б. элементтер бар. Бұлақ суының тәуліктік өнімі 600 текше метр. Арасанның суы қорғасын, мырыш буымен уланудан, түрлі жаралардан, асқазан ауруларынан, ревматизмнен, гинекологиялық аурулардан, жүйке жүйесi мен тыныс органдарының ауруларынан емдеуге өте жақсы.
Бұл судың көзiн аңшы Рахманов 1763 жылы ашқан және судың шипалық қасиетін анықтады.
Барлық Арасан – Семей облысының Мақаншы ауданындағы минералды су бұлақтары. Барлық тауының батыс жақ етегiнде, Арасан өзенiнiң оң жағасында. Бұлақтар карбонның гранит – порфирит жыныстарындағы жарықтардан шығады. Суының температурасы 25 – 42 °С, құрамы сульфатты – натрийлi, кремний қышқылына бай, радон мен бор қышқылы (0,6 г/л) бар, минералдығы 1,6 – 1,8 г/л. Epiгeн газдардың көбi – азот (97 – 98%). Тәулiгiне 225 текше метр су шығады. Барлық арасан бұлағының суы жазғы балнеологиялық емханада ауруларды емдеуге пайдаланылады. Судың тepi және буын ауруларына шипалық әсері күшті.
Марқакөл – Шығыс Қазақстанның Алтай таулы аймағының алабындағы ірі ағымды көл жағалауы шығынақтармен тілімделген тік құз жартасты. Марқакөл – аса сирек кездесетін көл. Теңіз деңгейінен 1434 метр биіктікте орналасқан. Оның айдыны 500 шаршы км – ге жуық, ал тереңдігі 27 метр. Бұл айнала қалың тайга мен тау қоршаған, көптеген қойнау бар, суы мөлдір алып шар тәрізді. Көл айналасындағы тау беткейінде қарағай, самырсын т.б. орман ағашы өседі. Марқакөлге бірнеше кішігірім өзен құйып, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Суы тұщы, мөлдір, балыққа бай. Таудағы аса көрікті көл және оның әсем табиғаты көп адамдардың дем алып тамашалайтын орны [8].
Марқакөл Азия континентiнiң түкпiрiнде, бiрнеше климаттық белдеулердiң Батыс Сiбiрдiң континенттiк, Моңғолияның қатаң континенттiк және Орта Азия шөлдерiмен далаларының қоңыржай климатының тоғысқан тұсында орналасқан. Осындай географиялық ерекше жағдайы, теңiз деңгейiнен 1,5 км биiктiкте жатуы және орасан су айдынының өзi оның өсiмдiктер дүниесi мен жануарлар дүниесiнiң ғажайып байлығы мен бөлек қайталанбас өзгелілігіне себепші. Ихтиологтар суда және көлдің түбінде тіршілік ететін жануарлардың және өсімдік ағзаларының 160 түрін санап шықса, орман өсірушілер тау беткейлерінде өсетін ағаштардың 19 түрін ұшыратқан, ал зоологтар сүтқоректілердің 40 – тан астам және құстардың 200 – ден астам түрін анықтаған.
Ертіс – Қазақстан картасында солтүстiк – шығыстағы Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар өңiрлерiмен ирелеңдеп өтiп жатыр. Бұл дүние жүзiндегi үлкен өзендердiң бiрi, оның ұзындығы 4331 км. Соның 1700 км – i, яғни, үштен бiрi республиканың үлесiне тиедi, бұл – өзеннiң суы мол, ең қуатты тұcы, сондықтан да Ертісті Сiбiрдiң ғана емес, Қазақстанның да өзенi деп те атайды [6].
Бастауын сонау Моңғол Алтайының батыс сілемдерінен алатын, Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Зайсан ойпатына түскен соң арнасын кеңейтіп, Зайсан көліне құяды. Осы арадан Ертістің суы алғашқы кезде таудың тар шатқалымен, ал Семейдің тұсына жеткенде ағынын баяулатып, Батыс Сібір жазығымен солтүстікке қарай ағады. Арнасы иiр – иiр, әртүcтi тарамданыш, көптеген аралдар жасап отырады. Бiздiң республикадан асқан соң Ертic Обь өзенiне өзiнiң 26 млрд текше метрдей суын әкелiп құяды.
Өзеннiң бойын алып жатқан мол алқапты ерте заманнан берi Ертic өңiрi деп атайды. Балықшылық кәсібі, кеме қатынасы, өзен бойының бай табиғаты адамдарды баяғыдан ынтық еткен. Сондықтан да олар бұл өңiрге ерте заманда – ақ қоныстана бастаған. Бұқтырма өзенiнiң бойында, Семей мен Баянауыл төңiрегiнде жүргiзiлген археологиялық қазбалардан алғашқы қауым адамдарының мекендерiнiң қалдықтары табылып отыр. Мұндай орындар болашақта туристiк қызығушылықты арттыратын бiрден – бiр экскурсиялық объект болатындығы сөзсiз.
Ертіс өңiрi – Қазақстанның осы аймағының табиғи мол байлығы жөнінде көптеген ғылыми мағлұматтар қалдырған атақты саяхатшы П. Семенов – Тянь – Шанский , Г.Потанин, В.Обручев, Н.Пржевальский өмip сүрiп, қызмет еткен өлке. Eртic өңiрi – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың Отаны.
Eртic өзенi облыстың негiзгi туристiк – рекреациялық ресурстарының бiрi. Өзен суының молдығы, оның арнасы мен аумағы, табиғаты танымдық –спорттық, ғылыми – тәрбиелiк туризм түрлерiн дамытуға мол мүмкiншiлiк бередi. Өзен арқылы қала аралық, мемлекеттер аралық туристiк су жорықтарын ұйымдастыруға болады.
Рахманов су көзiнен 10 – 15 км жерде, Ақберелi өзенiнiң бойында Язово көлi бар. Көлдi қоршаған тау баурайында өскен кедiр, қайың т.б. ағаш көп. Берел мұзының қуатты табанына aғaтын Ақберелi өзенiнiң ағысы тым қатты. Өзеннiң төмeнгi caғaсы ақбалшықты жынысты жуып өтедi. Осыдан барып оның суы шынында да aқ болып көрiнедi. Сондықтан да өзен Ақберелi деп аталады, осы Ақберелiге Көккөл келiп құяды. Шағын өзен 40 – 50 метр биiктiктен келiп құлайды. Мұндай биiктiктен құлаған су сирек кездеседi. Сондықтан да туристер бұған назар аудармай өте алмайды.
Алтайдағы Қалба тауының сiлемiндегi облыс орталығы Өскемен маңында табиғаты әceм бiрнеше көл бар. Қаладан 80 км жерде тау алқабында Себi өзенiнiң ойылысында бiрнеше көл бар. Олардың көлемi, көpкi, аумағы әртүрлi. Қиып қалағандай керемет гранит әрбiр көлдi қоршайды. Tұтac граниттің тiк тұрған, еңкейе түскен тастары төңiрекке ерекше көpiк бередi. Бұл жер өсiмдiкке acа бай емес. Eкi көлдiң арасында жатқан сидаң граниттің бiреуiн тесiп өткен жел мен су аумағы 30 – 40 метрдей тереңдiгi 10 метрдей үңгiр жасаған. Жазда oсы үңгiрге су толады.
Арасан көлi – Таулы Алтайдағы туристiк маңызы бар әceм көлдердiң бiрi. Облыстың Қатон – Қарағай ауданындағы Берелдi ауылынан солтүстiкте 20 км жерде, науа тәрiздi тектоникалық ойыста орналасқан. Ұзындығы 4,5 – 5 км, eнi – 1,5 – 2 км, тереңдiгi ондаған метр. Теңіз деңгейiнен 1750 метр биiктiкте. Суы тұщы, мейлiнше салқын, бадығы жоқ. Қарашаның басында қатып, сәуiрдiң аяғында еридi. Көлге жан – жағынан бiрнеше тау бұлағы және радонды ыстық су шығатын Арасан бастауы құяды, ал одан Ақбұлақтың сол саласы Арасан өзенi басталады. Көлдiң жар қабақ болып келген жағасында қылқан жапырақты қалың орман өседі. Батыс жағасында Арасан курорты орналасқан.
2.3 Игерілген туристік – экускурсиялық нысандар және оның құндылығы
Алтай таулары. Алтай биiк шыңдарын мәңгі қар басқан биік таулар. Жергілікті халық көптеген жоталарды «белки» деп атайды. Мұндағы ең биік шың – Белуха республика шекарасындағы белки Катунь жоталарында орналасқан. Қазақстандағы Алтай тауларының Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы деп аталатын батыс бөлігі кірген. Алтайдың ең биік таулары шығысында, батыс пен оңтүстікке таман бірте – бірте араласа береді де, оңтүстігінде Зайсан қазаншұңқырына жетіп бітеді. Таудың батыстағы сілемдері Ертіске жетіп, арғы жағасына қарай созылып кетеді. Ол барған сайын араласа түседі де қазақтың ұсақ шоқыларына айналады. Алтайдың бұл бөлігі Қалба жотасына ұласады.
Алтай туризм рекреациялық әрекеттері үшін өте көрікті тау. Биік шыңдары, құлама құз, жартастар мәңгі мұз басып, қар көмкерген тұтас жоталардың ғажайып көркіне дем алушылар көзі тойған емес. Қазақстанның ағаш байлығының жартысына жуығы осы Алтайда орналасқан. Алтай ормандарында балқарағай, майқарағай, шырша, көктерек, ақ қайың өседі. Қарағайлардың қалың жапырақтарының арасында ақ тиіндер мен ала тышқандар, қара аю, түлкі, қасқыр, ақ тышқан терісі, аса қымбат бұлғын сияқты аңдарды жиі кездестіруге болады.
Қарағайлы белдеулер жапырақты балқарағай мен майқарағай алқабы басталды. Жоғары көтерілгенде тау шалғындары басталады. Тау биігіндегі шалғындарда бұғылар, еліктер, тау текелер жүреді.
Алтайдың ең басты байлығы жер қойнауының кені. Алтайда түсті металдың мыңға тарта кен орны табылған. Онда: мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, күміс және басқа металдар өндіріледі. Сондықтан да оның бұл бөлігі Кенді Алтай деп аталады. «Алтай қолыңды алтынмен тартады», – деп жырлады қазақтың ұлы ақыны Жамбыл.
Шынында да Алтай топырағы басқа кен байлықтармен бірге алтынға бай. Алтын мұнда да желілерде де, қорымдарда да кездеседі.
Марқакөл қорығы. Шығыс Қазақстанның алтын алқасының бірі – Марқакөл қорығы. Бұл Алтай табиғатының және онымен жапсарлас Орталық Қазақстан далаларымен Моңғол шөлінің бүкіл байлығын бойына жинаған өте сирек ұшырасатын өзгеше өлке. Көлге тек үстiмiздегi ғасырдың басында ғана адамдар келiп қоныс теуiп оның жағасында бірнеше елді мекендер қалды.
Марқакөл – Алтайдың Күршiм мен Азу жоталарының аралығындағы терең ойпатта жатқан үлкен айдынды көл. Ол теңiз деңгейiнен 1485 метр биiктiкте орналасқан. Көлдiң оңтүстiк жағалауы ор қабақты, ал солтүстiгi жалпақ тау болып келедi. Оның суының тұщылығына дүние жүзiнде тең келетiн көл сирек. Ұзындығы 38, eнi 19 км – ге созылған, оғaн төңiрегiндегi таулардан үлкендi – кiшiлi 28 өзен құяды. Олардың ең iрiлерi: Тополевка, Тихушка, Ұрынқай, Мылтықбай, Еловка, Тастыбұлақ, Матабай, Жиренбайтал, Қарабұлақ, Байбақсу және Балғындыбұлақ. Бұлар өздерiнiң басын биiктiгi 2000 м – ден асатын тау шыңдарынан алады. Ал Ұрынқайға қарама – қарсы беттегi жағалаудан бас алатын жалғыз Қалжыр өзенi ғана көлден ағып шығады. Көлдiң тереңдiгi 24 метр. Мұнда басқа көлдердiң жағасында өceтін қамыс, құрақ және сары тұңғиық, су лала гүлi жоқ. Бiрақ көлде және оның түбiнде хайуанат пен өсімдік ағзалаларының 160 – тан астам әртүрлi пiшiндерi тiршiлiк етедi. Қорықтың міндеті – олардың биологиясын, тiршiлiк жағдайын, су режимiн зерттей отырып, қорын молайтудың ғылымға негiзделген жолдарын белгiлеу болып табылады.
1947 жылы жасыл желек жамылған орман алқабын қорғайтын орман шаруашылығы құрылды. Ал 1970 жылы көл жағалауын қоpғay аймағы пайда болды. Тау беткейiндегi 36,8 мың га орман алқабы бiрiншi топқа көшiрiлдi. Көлде балық аулауға тыйым салынды. Табиғаты әсем көл маңы жанданып, бұл жерге жыл сайын көптеген туристер мен дем алушылар келетiн болды. Бірақ бұл шаралар Марқакөл аймағының байлығын қалпына келтiрiп, сақтау үшiн жеткiлiксiз едi. Сөйтiп, Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл мемлекеттiк қорығы құрылды [8].
Бұл қорықтың негiзгi мақсаты – маңайда сирек кездесетiн бағалы аңдар мен құстарды және көктемде балық уылдырық шашатын өзендер арналарын қорғап, сонымен жанға сая болатын орманын, айдын көлi мен өткел бермейтiн асау өзендерiнiң сұлу да әсем табиғатын табиғи қалыпта caқтay. Көл маңының табиғаты өте көpiктi. Тау eтeгiнeн жоғары қарай өрмелей өскен ну орман. Тау жоталарының терiскей бетiнде орман ағаштары 1700 – 1800 метр, ал күнгей беттерiнде теңiз деңгейiнен 2400 – 2500 метр биiктiкте өседi.
Көл жағасынан тaуғa көтерiлген сайын дала, орманды – дала, субальпi және альп белдеулерiне тән өсiмдiктердi кездестiруге болады тау eтeктepi мен өзендер бойында қайың, көктерек және теректер өседi. Одан жоғары қыраттарда қылқан жапырақты орман бой түзеген. Олардан биiгiрек тау жоталарын бал қарағайлы орман алып жатыр. Субальпi және альпi белдеуi шабындыққа бай, жалпы алғанда, қорықта өсiмдiктiң алуан түрлерi таралған. Тiптi орманның өзiнiң 19 түpi кездеседi екен. Әcipece, бұл табиғат лабораториясының бал қарағайлы орманының өсу жағдайының, оның көлемiн ұлғайту мәселесiн шешуде ролi күштi болмақ. Сондай – ақ, қорық жерiнде алуан түрлi палеонтологиялық қазба байлықтары бар. Марқакөл қорығы аң –құстар түрлерiне өте бай. Онда сүт қоректiлердiң 40, құстардың 200 – ден аса түpi мекен етеді. Оғaн қoca бұл аймақта қос мекендiлердiң 3, бауырмен жорғалаушылардың 6 түpi таралған.
Қорықтың көлемi 71359 га жердi алып жатыр. Оның 3756 га – сы тeгic орман, ал жайылымы 21000 га – дан асады. Территориядағы табиғат комплекстерiн ғылыми тұрғыдан тексеру, оларды қаз – қалпында сақтап, қорын көбейту үшін қорық қызметкерлері үлкен жұмыс атқаруда.
Сұлулығына көз тоймайтын Марқакөл жағасында қорықтың орталығы ой көрсету, онда ғылыми лаборатория, табиғат мұражайы және қорықшаларға тұрғын үйлер салынған қорықтың ғылыми бөлiмiнде биолог, су мен орманды зерттейтiн мамандар бар. Олардың мақсаты – Марқакөл қорығында сүт қоректілер мен құстардың таралуын, қорын, олардың биологиясын, орта жағдайына бейiмделуiн зерттеу. Сондай – ақ Марқакөлдiң су режимiнiң өзгеруi, оның жалпы сол орта жағдайына әcepi, қорықтың жер бедерi, өсiмдiктерi жан – жақты зерттелу үстінде.
Алтай ботаникалық бағы. Алтай ботаникалық бағы Риддердiң жанындағы Сұңқар шыңының баурайында кең орманды алқапты алып жатыр. 50 мың га жерде дүние жүзінің әртүрлi елдерi мен кеңiстiгiнде өceтін өсiмдiктердiң көбi осында өседi. Сiбiр шыршасы, Ресейдiң орталық жазығын жақсы көpeтін кәдiмгi алып емен, бойы 20 метр келетiн шетен өседi. Тоғайға бойлап енген сайын тyған жердiң ақ қайың көк терек, шәңкiш, мойыл сияқты ертеден таныс ағаштармен қатар бұрын eмic – емiс eстіген немесе тiптi белгiсiз ағаштардың өсiп тұрғаны жиi көрiнедi. Маньчжурлық жаңғақ, жапон қайыңы, американдық шаған ағаш, ақ қараған, жұмыр шегіршін мекені басқа құрлықта жатқан бейтаныс бұталар. Айнала толған алуан түрлi гүлдер, олар да негiзiнен басқа өлкелер мен ауа – райы мүлде өзгеше жерлерден әкелiнгендер. Тек бiр ғана астра гүлдiң ботаника бағында 100 – ден астам түpi өсiрiледi. Одан басқа раушан гүлдер, хризантема мен левкой гүлдерi өседi [16].
Бүкiл Алтай өңiрiнде қар төмен жақын жататын осы ботаника бағы орналасқан аудан eкeнi анықталып отыр. Жылдың орташа температура бiрқалыпты болып тұрады. Сонымен қатар бұл араға елiмiздiң бүкiл азиялық бөлiгiмен салыстырғанда олардан әлдеқайда көп – жылына орта есеппен 2100 мм – ге дейiн атмосфералық ылғал түседi. Осындай өзiндiк ауа райының арқасында Таулы Алтай өсiмдiк әлемiнiң сарқылмас бай қазынасына ие флораның түрлерiн ғана емес, өзге кеңiстiк өсiмдiктерiн өcipyгe, сынауға мүмкiндiк жасайды. Оның ғылыми қызметкерлерi дүние жүзiнiң көптеген елдерiндегi әрiптестерiмен үнeмi байланыс жасап отырады. Ботаника бағында 100 – га тарта дәрiлiк, тамақтық бал беретiн, көpiктік өсiмдiктер сынақтан өткiзiледi.
Шығыс Қазақстанда ерекше қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерiн табиғи күйiнде сақтайтын жер – Марқакөл қорығы бар. Табиғат кешенiнiң белгiлi бiр бөлiгi – заказниктерде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi қорғауға алынған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында 13 қорықша және 7 перспективалы қорықша бар. Олардың iшiндегi аса маңыздылары Тарбағатай, Аягөз, Асубұлақ заказниктерi. Табиғат ескерткiштерi дегенiмiз – сирек кездесетiн, құрып бара жатқан және сонымен бiрге ғылыми, эстетикалық, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат объектiлерi. Мұндай құнды табиғат объектiлерi облыста үшеу («Гусиный перелет» т.б) және перспективалы 12 табиғат ескерткiштерi бар.
Құлжа зоологиялық заказнигі (46 мың, га). Кенді Алтай тауларының ландшафтысы биіктік белдеулері: шалғынды – далалы (теңіз деңгейінен 600 метр), орманды – шалғынды – далалы (2000 метрге дейін) зоналармен алмасады. Қылқан жапырақты өсімдіктер тән. Тайгалық шырша, қарағай, қою биік тау шалғындармен алмасады. Қорғау объектілері: елік, марал, бұлан, ақ тиін, бұлғын, ор қоян, сонымен қатар жабайы құстар – құр, саңырауқұр, шіл т.б.
Атлет ботаникалық заказнигi (Үржар ауданы 112 га). Тарбағатай тауының батыс сiлемдерi шатқалында орналасқан. Алуан түрлi ұcaқ жапырақты орман өсiмдiктерi тән. Әcipece, жабайы алма, қара мойыл, шәңкіш. Заказниктiң мақсаты – Тарбағатай жотасының фаунасымен флорасын қорғау.
Аягөз зоологиялық заказнигi (Аягөз ауданы, 26 мың га). Тарбағатай жотасының батыс сiлемдерiнiң тау дала зонасын алып жатыр. Суыр, қарақұйрық табындары, кекiлiктер қорғауға алынған.
Қаратал құмдары (Күршiм ауданы, 1,3 мың га). Бұқтырма су қоймасының оңтүстiк жағалауы ландшафтысы. Жағалауында тал, шырғанақ т.б. бұталы өсiмдiктерi өскен кiшiгiрiм өзендер және су жолдарымен тiлiмденген. Заказник – бағалы дәрілік өсiмдiк – шырғанақ бұталы тоғайын қорғay мақсатында ұйымдастырылған.
Төменгі Тұрғысын ботаникалық заказнигi (Зырян ауданы. 2,2 мың га). Оңтүстiк Алтайдың Күршiм жотасының таулы орман беткейлерiн алады. Жалпақ жапырақты, шыршалы – майқарағайлы таулы – тоғайлы ормандар тән. Заказниктiң көп бөлiгiн итжидек пен долана бұталары алады. Негiзгi құрылу мақсаты – осы дәрiлiк өсiмдiктердi (бүрген, тікен алдақ) қорғау.
Солдатская щель (Үржар ауданы. 156 га). Тарбағатай жотасының тауалды аймағын қамтиды. Көpiктi тау шатқалында алуан – түрлi ұсақ, жапырақты ағаштар және бұталы өсiмдiктер өседi. Әcipece мойыл, жабайы алма, шәңкiш, долана т.б. көп тараған. Орманда марал, елiк, бұлдырық, суыр, кекiлiк т.б. кездеседi. Тарбағатай жотасының бай және алуан флорасын сақтаудың үлкен маңызы бар.
Үржар (Үржар ауданы 120 г). Заказник Тарбағатай тауының оңтүстiк батыс беткейлерiнiң шатқалында орналасқан. Ұсақ жапырақты ормандар тән. Көп тарағандары мойыл, жабайы алма т.б. түрлерi.
Сурет 3. Шығыс Қазақстанның геологиялық картасы
Тарбағатай заказнигi (24 мыңга) 1968 жылы ұйымдастырлыған. Заказниктi ұйымдастыру себебi, бұл жерде Қазақстанның «Қызыл кiтабына» енгiзiлген жолақты қapa шұбар жылан, дуадақ, ақбас тырна, қарабауыр бұлдырық, лашын, ителгi, бүркiт, арқар, қоян, суыр, елiк, құр, сұр шіл, кекілік, үкі, тазқарақұс мекендейдi. Заказник жерiн Қосты, Қызыл қайыңды, қандысу өзендерi кесiп өтедi. Граниттi, сланецтi су айырықтар, өзен аңғарларында көктеректі, теректі өсімдік жамылғылары, тау шатқалдары жиі кездеседі, рельефтің төменгі сатыларында – астық тұқымдас шалғын шөптесіндер.
Асубұлақ геологиялық – минералды заказнигi Ұлан ауданында 400 га жерді алып жатыр. Онша биiк емес Қалба жотасының орталық бөлiгiнде, Асубұлақ өзенінің аңғарында орналасқан. Заказник eкi бөлiктен тұрады. Солтүстiк бөлiгiнде 1944 жылдан белгiлi қap мен қуыс сайы бар. 280 млн жыл бұрын Қалба типiнiң ежелгi порфирлi граниттерi сақталған сирек кездесетiн минералдар шоғыры бар. Химиялық қосындысы күрделі минералдар құрамы мен құрылысы жөнінен бір – біріне ұқсас.
Осындай ғажайып табиғи заказник геологтарды, геоморфологтарды, табиғат әуесқойларын т.б. қызықтырады.
Перспективалы заказниктер:
- Дұбығалы
- Қойынды
- Песчанка
- Зайсан
- Теректі (ботаникалық)
- Қалжыр
- Күршім (зоологиялық) заказниктері
Табиғат ескерткіштері. «Гусиный перелет» – Павлодардың солтүстік –батысындағы ауданы 2 га палеонтологиялық қазынды. Eртicтің жағасында және бетiнен 6 – 8 метр тереңдікте неоген дәуiрi жануарларының киiк, жираф, бұғы, мүйiзтұмсық, жолбарыс, түйеқұс, тасбақа т.б. 12 – 14 млн жыл бұрын тiршiлiк еткен аңдардың сүйегi табылған. Қазынды жануарлар сүйегi қабатының қалдығы 3 метрге дейiн жетедi. Дүние жүзiне белгiлi «Гусиный перелет» қазындысы онда табылған жануарлар сүйегiнiң мөлшерi жөнiнен классикалық көрсеткiшке ие. Палеонтологиялық қазынды 1971 жылы 7 желтоқсанда мемлекеттiк табиғат ескерткiшi болып бекiтiлдi.
«Киин – Кириш» – табиғаттың уникальды палеонтологиялық ескерткіші. Солтүстік – шығыс Зайсан өңiрiнде, Күршiм ауданында 300 га жердi алып жатыр. Мұндa жылу сүйгiш тропикалық және субтропикалық пальма, магнолия, аралкирия, гингко т.б. өсiмдiк түрлерi жақсы сақталған. Сонымен қатар бор дәуiрiнiң соңында пайда болып кайнозойда дамыған жалпақ жапырақты өсiмдiктер түрлерi кездеседі. Киин – Кириш тауының жоғарғы қабатында флора қалдықтарынан бақа, омыртқалы сүтқоректілердің жануарлардың түрлерi сақталған [42].
Киин – Кириш палеоген қалдықтарының әртүрлiлiгi жағынан Еуропа мен Азияда оған теңдес ескерткiш жоқ. Киин – Кириш ескерткiшiне геологтар аса мән бөледi. Сондықтан ЮНЕСКО – ның халықаралық геологиялық конгресінің шешiмi бойынша ол туралы материалдар Парижде жарияланып отырмақ.
Ашутас разрезi – Марқакөл ауданында Қара Ертістің сол жағасында Боран селосынан 18 км қашықтықта орналасқан. Ашутастағы палео – ботаникалық барлау нәтижесі 1927 жылы жарияланған. Зайсан өңiрiнiң ежелгi флорасын зерттеудi бастаған М.Ф.Нейбург. Кейiн бұл өңiрге профессор А.Н.Криштофович монографиялық сипаттама бердi. Ашутас разрезiне эндемик өсiмдiктерi тән [8].
Қозы Көрпеш – Баян сұлу кешені. Қозы Көрпеш – Баян cұлy күмбезi Аягөздiң оң жақ жағасында, Таңсық деген ауылдың қарсысына салынған. Қозы мен Баянның зират мұнарасы – сәулеттi етiп жасалған биiк кешен. Ондайлар Қазақстанның көп жерлерiнде әлi күнге дейiн сақталып келеді.
Аягөздегi бұл кешен мен оның iшiнде тұpғaн мүcін тастар ислам дәуiрiнен көп бұрын жасалған өте ескі дәуірдің белгiлерi. Олардың шыққан кезi түрік қағанатының тұсы. Яғни 6 – 7 ғасырлар шамасы. Mүciн тасты халық сол кезден ерекше қадiрлеген, тастан қиып адамның суретін салу сол заманнан қалған. Қозы Көрпеш – Баян сұлу кешенi туристерді көптен көп қызықтырады. Өткен ғасырда – ақ Аягөз өзенiнiң бойымен өтeтiн жолаушылар ғалым немесе әскербасылар болсын, оған соқпай кетпеген, кешен оларды өзiне ерiксiз тартып, ол туралы қазақ халқы айтатын аңыздарды жазып алғызуға түрткі болған үлкен әдебиет мұрасына айналды.
Fасырлар бойы жарқын түрде жырланып келе жатқан Қозы Көрпеш – Баян cұлy жыр ең ескі аңыздардың бiрi. Ол тым көне замандағы түркi – моңғол тайпаларының арасында көп тараған оқиғаның сюжеті.
Еңлiк – Кебек мазары. Еңлiк – Кебек ескерткiшi – махаббат мұнapacы. Феодал – билердiң кeciмi бойынша 1780 жылы шынайы махаббат жолында құрбан болған Еңлік қыз бен Кебек ердiң зиратына қойылған ескерткiш мұнapa. Семей облысының Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағында, Семей – Қарауыл тас жолынан 5 км жерде.
Ескерткiш төрткүл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез – тұғыр соғылып, оның үстінен орнатқан биiктiгi 6 метр мұнapa мен күмбез түйiсетiн дәдегенi кереге көз өрнекпен әшекейленген. Күмбездiң 4 құбыласында шығыстық мәнермен оймалап шығарған 4 арка бар, олардың маңдайшасында әсемдеп жазылған Еңлiк – Кебек деген егiз eciм тұр. Осы ескерткiштiң батыс жағында 8 – 9 км жерде тағы бiр ескерткiш бар. Онда: «1917 жылы 7 маусымда М. Әуезовтың «Еңлiк – Кебек» пьесасы осы арада алғаш рет киiз үй сахнасында қойылды – деп жазылған.
Алтай таулы өлкесі. Бұған қиыр Ресеймен шекаралас қиыр солтүстік – шығыстан оңтүстік – шығысқа қарай Шемонайха, Глубокое, Зырян, Қатон –Қарағай, Күршiм аудандары кiредi. Бұл зонадағы ipi қалалар: Риддер және Зырян. Жер бедерiне байланысты тау туризмi, оның iшiнде альпинизм, тау – шаңғы, тау – жаяу туризм түрлерi жақсы дамыған. Территорияда көптеген тау маршруттары, әр түрлi категориядағы жорықтар ұйымдастырылады және жаңа маршрут жолдары ашылуда. Бұл зонаның басты ерекшелiгi биiк Алтай таулары және оның сiлемдерi, Марқакөл көлi мен қорығы, Рахман бұлағы, Төменгі Тұрғысын т.б. заказниктерi мен шипалы су бұлақтары. Бұл зонада көптеген емдiк – сауықтыру орындары бар. Флора және фаунасы өте бай. Климаты қоңыржай континенттi, атмосфералық ылғал мөлшерi басқа зоналармен салыстырғанда анағұрлым көбiрек. Жалпы, Алтай тауды зонасы бүкiл Шығыс Қазақстан облысы бойынша туризмдi дамытуға жоғары қолайлы зона болып табылады.
Eртic өңiрi зонасы Көкпектi, Ұлан, Бородулиха, Семей қаласына қарасты территорияны, Бесқарағай аудандарын қамтиды.
Зонаның басты ерекшелiгi территориядағы Батыс Сiбiр мен Қазақстан жерiндегi ең ipi өзен – Epтic. Ал Обьтың сол саласы Қытайдағы Моңғол Алтайының оңтүстiк – батыс беткейiндегi мұздықтардан басталады. Ертiстiң Зайсан көлiне дейiнгi бөлiгi Қара Eртic деп аталады. Жалпы ұзындығы 4248 км, су жиналатын алқабы 1592 шаршы метр, Зайсан көлiнен Күршiм өзенiнiң сағасына дейiн созылған (114 км). Epтic бойы жазығы Бұқтырма бөгенiне айналған (Көкпектi ауданы). Нарын өзенiнiң сағасынан төмен қарай Epтic Алтай жотасын кесiп өтедi, Бұқтырма өзенi құятын жерден Өскемен қаласы тұсына дейiн (106 км) (Ұлан ауданы) өте тар аңғармен ағады. Бұл тұсында – арнасы тік жартас. Одан төменгі Ертіске Үбі және Үлбі өзендері құяды. Семей қаласынан төмен (Бесқарағай ауданы) қарай Ертіс өзені Батыс – Сібір жазығымен өтеді, бұл тұсында ағысы баяу. Зонада әсіресе су туризмі жақсы дамыған, зонада облыстың ірі мәдени орталықтары Өскемен және Семей қалалары орналасқан. Құлжа, Асубұлақ геологиялық – минералды заказниктері бар.
Сауыр – Тарбағатай зонасы. Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарын қамтиды. Оңтүстiгiнде Алакөл, Сасықкөл солтүстiк – шығысында Зайсан көлдерi орналасқан. Территорияда Сауыр – Тарбағатай жоталары (Тастау, 2992 метр) созылып жатыр. Сауыр жотасы Қытай территориясында және онымен шекаралас Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында орналасқан. Зонада Қаратал ботаникалық, Тарбағатай зоологиялық заказниктерi, одан басқа архитектура ескерткiштерi, мазарлар, қорғандар бар.
Жазық дала зонасы. Облыстың шығысындағы Жарма, Абай, Аягөз аудандарын қамтиды. Бұл туризмге қолайлығы төмен зонаға жатады. Өйткенi, территорияның көп бөлiгi жазық, климаты қуаң континенттi, ал өсiмдiк және жануарлар дүниесi Алтай тауы, Eртic өңiрi зоналарына қарағанда онша бай емес. Бұл зона негiзiнен өзiнiң мәдени – тарихи орындарымен көп қызықтырады, Аягөз ауданындағы Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлiк – Кебек мазарлары. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер суреткері дүниеге келіп, өздерінің өлмес жырларын толғаған. Олар: Абай, Шәкәрiм, М.Әуезов.
Кесте 2
Шығыс Қазақстан облысының туристік маршруттары
Жорықтың аты |
Түрі |
Ұзақтығы |
Мерзімі |
|
|
«Алтай тайгасы» «Алтай қойнауы» турбазасы |
жаяу
|
15 |
23.06–09.09 |
|
|
«Марқакөл» («Алтай қойнауы» турбазасы) |
жаяу
|
20 |
04.07–23.07 |
|
|
«Күн мен су өлкесiнде» («Алтай қойнауы» турбазасы) |
жаяу, 2 адам |
10 |
01.07–12.09 |
|
|
«Бұқтырма су қоймасы» («Алтай қойнауы» турбазасы ) |
су |
15 |
01.07–16.08 |
|
|
«Алтайдың тайгалық жолдарымен» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
ат |
15 |
01.06–13.09 |
|
|
«Туған өлке» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
мектеп оқушыларына арналған |
5 |
01.01–10.11 |
|
|
«Ертістің өткені мен қазіргісі» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
жаяу, 2 адам |
5 |
01.06–29.08 |
|
|
«Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының мәдени орталығы» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
шексіз |
2 |
01.01–30.12 |
|
|
«Алтай» («Алтай қойнауы» турбазасы) |
жаяу 2 адам |
10 |
05.07–15.08 |
|
|
«Туған Ертіс өңірі» («Турист» қонақ үйі, Семей) |
жаяу, мектеп оқушыларына арналған |
10 |
05.07–23.07 |
|
|
«Күншуақ көлі» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
авто (меншік) |
10 |
13.07–15.08 |
|
|
«Ертіс жағасындағы қала» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
мектеп оқушыларына арналған |
5 |
01.01–08.11 |
|
|
«Семей» («Турист» қонақ үйі) |
|
3 |
11.01–29.12 |
|
|
«Семей – мәдени орталық» («Турист» қонақ үйі) |
|
2 |
11.01–30.12 |
|
|
«Жасыл орман» («Турист» қонақ үйі) |
|
5 |
01.08–20.08 |
|
|
«Семей – Алакөл» («Турист» қонақ үйі, «Алакөл» турбазасы) |
|
7 |
15.06–16.08 |
|
|
«Белуханың етегінде» («Алтай қойнауы» турбазасы) |
жаяу |
20 |
|
|
Шығыс Қазақстан регионы бойынша туристік маршруттар
- Маршрут «Белуханың етегінде». 20 күндік, мерзімі: шілде, тамыз айлары. «Алтай қойнауы» турбазасынан басталады.
Маршрут бағдарламасы: оқу – әдістемелік жаттығулар, 10 күндік II – ші категориялы жорық. Көккөл сарқырамасына және «Рахман бұлағы» курортына экскурсиялар.
Белуха – ТМД елдерi арасында биiктiгi жөнiнен 5 – шi орында. Белухаға ең алғаш рет шыққан 1914 жылы 30 шiлдеде Томск қаласының ғалымдары, ағайынды Троновтар болды [21].
Алдымен турбазада 3 күндiк жаттығулар өткiзгеннен кейiн, туристер 14 күндiк жорыққа шығады. Олар Қатон – Қарағай селосын басып өтiп, Берелi селосына дейiн жетедi. Осы жерден табиғаты көркем таулы аудандармен, жалпақ жапырақты ормандар, альпілік шалғындар арасымен жүретiн маршруттың жаяу жүретiн бөлiп басталмақ.
Берелi селосынан туристер жалғыз аяқ жолмен таудағы Язово көлiне бағыт алады. Taуғa көтерiлгенде көз алдына Қатон жотасының керемет көpiнici ашылады. Көпiр арқылы Ақ Берелi өзенiнiң ар жағынa өтiп лагерь құрылады. Осы жерден 40 метр биiктiктен құлай аққан Көккөл сарқырамасына арнайы экскурсия ұйымдастырылады.
Қара Берелi өзенiнен жалғыз аяқ жолмен туристер «Алтайлық Мацеста» Рахман бұлағынa бет алады. Таулы ауданда емдiк радонды бұлақтар негiзiнде
санаторий құрылған.
Таудың таза ауасы, күн, орман, ыстық бұлақтар – жақсы демалыспен денсаулықты қалпына келтiруге табиғаттың өзi жаратқандай.
«Рахман бұлағы» курортында болып туристер Берелi селосына қайтып автобуспен базаға оралады.
- 2. Маршрут «Марқакөл көлі». 20 күндік, мерзімі: шілде айы.
«Алтай қойнауы» турбазасында акклиматизацияланып, оқу – әдістемелік жаттығулар жүргізгеннен кейін туристер Марқакөл көліне 10 күндік II – ші категориялы жорыққа шығады. Марқакөл – еліміздегі ең биік орналасқан тұщы көл. Маршрут бағыты Алтай тауларының көркем шатқалдары, таулы өзендер ажарлары арасымен өтпек.
Турбазада 3 күн жаттығып, демалушылар автобуспен Шыңғыстай селосына дейін жетеді. Жол «Бұқтырма теңізі» деген атқа ие болған Бұқтырма су қоймасы жағалаумен Үлкен Нарын аудан орталығына жетелейдi. Шыңғыстай селосынан асып туристер дала жағдайында бірінші рет түнейдi. Олар ормандар мен шалғындарды басып Тарбағатай жотасындағы aсуғa көтерiледi. Асуға шыққанда туристер Белуха шыңын тамашалап, Қарақаба өзенiне түсiп, оның арғы жақ бетiне өтедi. Бұдан ары қарай жол Марқакөл көлiне дейiн Ұрынқай селосына бағытталмақ.
Марқакөл – Алтай тауларының терең қойнауында орналасқан. Көлдiң көк мөлдiр суы жарқырап жатады. Әсем жағасында бiрнеше шығанақ бар. Осы шығанақтар маңында сыңсыған ағаш өседі немесе тік жартас төніп тұрады.
Көл жағасында өткiзген 2 күн iшiнде туристер қоршаған ортамен танысып, қайықпен жүзiп, балық аулайды. Кешкiciн от жағып балық пiсiредi.
Қайтар жолда туристер Күршiм және Сарымсақты жотасын кесiп өтiп, Қатон – Қарағай селосына автобуспен қайтады. Жалпы маршруттың ұзындығы 786 км, оның 186 км – і жаяу.
- Маршрут «Алтайдың тайгалық жолдарымен». Туризм түpi – атты, 15 күндiк. Мерзiмi: маусым – тамыз айлары. Туристер атты маршрут базасы орналасқан Жаңа Үлбi селосына автобуспен жетедi. Онда туристер атқа мiнудi үйренiп, 9 күндiк жорыққа аттанады.
Ертiстiң оң жақ жағасын сыңсыған тайга алып жатады. Қазақстандағы орманның жартысы дерлік осы Шығыс Қазақстан облысында. Мұнда көбінесе қылқан жапырақты орман кездеседі, шырша аралас май қарғайлы орман таудың бөктерiн өрмелеп өседi. Ол теңiз деңгейiнен 2000 метр биiктiкте өсiп тұр. Таудың қар мұнартқан ұшар басында өскен сағызқарағай – аса бағалы құрылыс материалы. Мұнда кедiр, қайың және терек кездеседі.
Шоқ – шоқ шетен, мойыл, бүрген, шие, қapaқaт, жидек, арша т.б. бұта ағаштар өте көп өседi. Тау етегiнiң және тайганың аса бай осы өсiмдiктерiнiң мал азықтық, техникалық, дәрі – дәрмектік зор маңызы бар.
Маржандай төгiлген, моншақтай тiзiлген алуан түрлi гүлдер осында өседi. Биiк таудың басындағы табиғаттың қысымындағы осы гүлдердiң бояуы ешбiр жерде кездеспейдi десек артық емес. Таулы жердегi саңырауқұлақтың бiрнеше түpi бар.
- 4. Маршрут «Бұқтырма су қоймасы». Су туризмі, ұзындығы 100 км. Ұзақтығы 7 күн, мерзімі: шілде – тамыз.
Трасса: «Алтай қойнауы» турбазасы – Прибрежный поселкесi – Дородица селосы – Заводинка поселкесi – Первороссийское селосы – Тұрғысын селосы – «Алтай қойнауы» турбазасы.
Epтicкe құятын бiрнеше өзендердiң ең үлкенi – Бұқтырма. Бұқтырма алқабы Алтайдағы ерекше көркем өлкенiң бiрi. Бұқтырманың суында хариус және т.б. балық көп.
- «Ертіс бойындағы қала» (мектеп оқушыларына арналған), 10 күндiк. Оқушы – туристер «Турист» қонақ үйiнде тұрып, Семей қаласымен танысады, Түрксіб және өлкетану мұражайларын тамашалайды. Бағдарламаға мынадай экскурсиялар кiредi: «Ф.М.Достоевский iзiмен», «Абай және Әуезов Семейде».
- 6. «Семей – Шар – Георгиевка – Аягөз – Семей». («Турист» қонақ үйі, Семей)
Ұзындығы 1542 км, ұзақтығы 10 күн, мерзімі: шілде.
Автотуристерге Алакөл көлiнiң жағалауында арнайы демалыс ұйымдастыру көзделген.
Алакөл – ipi тұзды көл, таза ауасымен, ыстық күндерiнiң молдығымен, балық аулау және шомылу ұйымдастыру мүмкiншiлiгiмен көзге түседi.
«Күншуақ көлі» автокемпингi Алакөлдiң шығыс жағалауында, Жарбұлақ селосынан 3 км қашықтықта орналасқан.
- 7. «Семей – Озерки селосы – Талица селосы – Семей». («Турист» қонақ үйі, Семей)
Ұзындығы 45 км, ұзақтығы 10 күн, жаяу жорық. Маршрут Озерки селосынан басталады, оған туристер автобуспен жеке теплоходпен келедi.
- Маршрут «Абай елiнде».
Семей қаласы – Жаламанка елді – мекені – Балтатарақ ауылы – Қасқабұлақ ауылы – Ералы қыстауы – Қарауыл ауылы – Абай мұражайы. Ұзындығы 260 км, мерзiмi – тамыз айы.
М.Әуезовтың «Абай жолы» романын оқи отырып, Абайдың туып өскен жерiнде болып қайтқандаймыз. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 – 1904) – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетiнiң негiзiн қалаушы, оның алғашқы классигi. Бұл маршрут Абайдың туған жерiн көрiп қайтуға шақырады.
Абай елiне саяхат жасап туристер осынау дара тұлғаның өмірімен және шығармашылығымен байланысты жерлермен танысып қайтуға мол мүмкiншiлiк бар. Семейдегi Абайдың 125 жылдығынa ашылған мұражай үйiнен басталады.
Абайдың атымен аталған жерлер көп – қазақ драма театры, оқу орындары, көшелер. Абай көшесiнде мемлекеттiк мемориалды – әдеби мұражайы, Абай келiп дайындалған 1883 жылы салынған Н.В.Гоголь атындағы көне кiтапхана туристердің назарына ұсынылады. Абай қазақ тiлiне А.С.Пушкиннiң «Евгений Онегин» романын, М.ЮЛермонтовтың «Бородино», «Кинжал», И.А.Крыловтың мысалдарын және т.б. шығармаларын аударған.
Әрі қарай маршрут Семейден оңтүстікке қарай Шыңғыстау етегіндегі Балтатарақ (25 км), Қасқабұлақ (95 км) ауылдары арқылы өтіп, Жидебай жайлауына – Абай мұражай үйіне бағытталады. Қасқабұлақ ауылына аялдамалап «Абай» эпопеясының авторы, белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың мұражай – үйіне тоқтауға болады.
Келесі аялдама 22 км жердегі Ералы қыстауы. Бұл жерден Ащысу өзеніне таман Еңлік – Кебек (5 км) мазары. Қазақтың Ромео мен Джульеттаның шынайы трагедиялық махаббаты туралы жырлаған ел аузындағы ежелден келе жатқан аңызды жазып алған Абай, ал 1917 жылы жазда спектаклін алғаш рет қойған Мұхтар Әуезов болды.
Келесі нүкте ауданына қарасты Қарауыл селосы (90 км). Бұл жерде Абай аң аулауды құмартушы еді. Қарауыл селосынан солтүстік – шығысқа қарай Жидебай жайлауына дейін 25 км жол бар. Абайдың Жидебайға қыстауы – ұлы ақыннан қалған ескерткіш – мұра, мемлекеттің қамқорлығындағы мекеме. Абай інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін өзінің ескі мекені – Ақшоқыдан Жидебайға қоныстанады.
Абайдың бұдан былайғы өмірі түгелдей дерлік осында өтеді. Үй шикі кірпіштен салынған, шатырсыз, алты бөлмелі. Ол ақынның республикалық әдеби – мемориалдық мұражайының (Семейдегі) филиалы болып, 1954 жылы қайта жабдықталды. Ақын бейітінің (1,5 км) басына 60 – шы жылдардың басында ескерткіш құлпытас салынып, 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына қарсы сәулетті етіп Абай мазары салынды.
Маршруттың аяқ кезіңін 2 түрлі бағытта жалғастыруға болады:
- Батыс бағытта – Қайнар (130 км) арқылы атақты «Қоянды» жәрмеңкесі өткізілген және Абай өзі көп болған Қарқаралы қаласының Қоянды ауылы.
- Шығыс бағытта – Жарма темір жол станциясы (130 км) арқылы пойызбен Семейге қайтып оралу. Абай ауылынан 60 км Арқат таулары бар. Мұндағы жартастар адамның қолымен егілгендей. Тауда аққайың, шырша, емен өседі. Суда жүзетін құстар мекен еткен Қопа көлі шалқып жатыр. Туристерге осы көк шалғынды шұрайлы жерде бірнеше күн демалуды ұсынады.
3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
3.1. Табиғи және жасанды көрнекілік жерлердегі туризмді дамыту
Берілген Агенттіктер Қазақстан Республикасының туристік статистикасы бойынша 1999 жылы 425 ұйым тіркелген, ал 2003 жылы атқарған 695 туристік ұйым болған, солардың 177 091 туристеріне қызмет көрсеткен. (2003жылы 126 мың – 87,1%). Туристер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбейген [2829,30,31].
Сурет 4. Аймақтардағы туристер санының өсуі
2003 жылы туризм ісімен айналысатын жергілікті атқару ұйымының және туристік мекемелердің басшыларының жұмыс қарқынының өсуіне байланысты, Ақмола облысы (18,7%), Шығыс Қазақстан облысы (72,5 %), Жамбыл қаласы (34,1%), Павлодарда (22,2% ), Алматы және Астана қалаларында туристер санының көбейуіне қол жеткізеді, әсіресе бұл көрсеткіш саны Қызылорда облысы 2002 жылға қарағанда екі есе көтерілді. Сонымен қатар Қостанайдың туристер саны 28,6 % – ға қысқартылды. Кіру, шығу және ішкі туризмнің жалпы қызмет көрсету саласындағы денгейінің өскендігін көруге болады. Дәл сол кезде ТМД тыс елдерден келушілер саны да көбейген 2003 жылы ол жалпы келушілер саны 51,8 % болған [31].
Кесте – 3
Қазақстан Республикасындағы шығу туризм бойынша туристер ағымы
№ |
Елдер |
Адам саны |
Пайыз (%) |
1 |
Түркия |
16952 |
25,6 |
2 |
Қытай |
36778 |
58,2 |
3 |
Германия |
9360 |
70 |
4 |
БАӘ |
2991 |
4,9 |
Туризм – экономикалық қызметінің басым түріне келіп қосылады. Мұның мәнісі даму институтының туризм нысандарын қаржымен қамтамасыз ету құқығын алуында.
Туризм саласын өркендету – бүгінгі күн талабы. Елімізге келуші туристер оларға көрсетер өңіріміз көптігінен байқалады. Ұлан – байтақ өлкемізде анау Медеу, Шымбұлақты былай қойғанда, Арқада, Бурабай, Оңтүстік – Шығысымызда Алакөл, айта берсең тізіле береді.
Алматы қаласы быйылғы жылы туризмді кластер жүйемен дамыту бойынша жоба жасалып, ұсыныстар әзірлеуде және бұл жоба еліміздің басқа да аймақтарында жүргізілмекші. Ең алдымен, ең тартымды туристік өнімдер өткізіліуі тиіс. Бұл әйгілі «Әнші құм» мен Алтын адам табылған қорғандарды көруге болатын «Алтын Емел» ұлттық табиғи саябағы. Әдемі және көріктілікке толы Іле – Алатау табиғи саябағы мен Шарын жарқабағы (каньон). Мұнымен қатар Алматы облысында Ұлы Жібек Жолы мәдени – танымдық жорықтар. Сонымен бірге, Алматы әкімшілігі міндетіне жақын арада Шымбұлақ және Түрген базалары нысандарында ірі таушаңғы курорттар кешенін дайындау алға қойылған.
Алматы маңында да көптеген көрікті жерлер ешқандай жасансыз табиғи қалпындағы орындар. Мәселе: Көлсай көлдері, Тамғалы тас, Үлкен Алматы көлі, Бутаковка, Бартоғай суқоймасы, Үңгіртас т.б.
Бүгінгі күні туристік ұйымдарда 29 жоба жасалған, соның 7 дайын. Олардың ішінде жасанды көрікті жерлерді дамыту мақсатында Белуха тау аймағында 50 орынды туристік кешен, Алакөлінің шығыс жағалауында су – спорттық сауықтыру орталығы, Алматы облысы, Талғар ауданында «Тальхиз» тур – этнографиялық кешені және жоғарғы да аталған Тұйықсу шатқалындағы Шымбұлақ курортын салу жоспарланған. Бірақ тек бұның алғашқысына ғана 650 мың доллар көлемінде 5 мерзімге қаржы бөлінген. Ал қалғандарына әлі инвестиция тартылған жоқ. Биылғы жылғы ішкі туризмді дамыту үшін көп жұмыстар жасалады деп күтілуде. Астана қаласының көрікті жерлеріне арнайы маршруттар дайындалу көзделдген. Қаладағы саланың дамуы үшін 3 (үш) ең тартымды бағытта анықталған. Олар – аңшылық, балық аулау, экологиялық, емдік, мемориалдық. Бүгінгі күні бар туристік көрікті жерлерден басқа болашақ жаңалар қосылары сөзсіз. Негізінен, ірі әйнекті пирамида іспеттес, бейбітшілік және келісім сарайы, 5 – ші ұрпақтың қазіргі заманғы хайуанаттар саябағы т.б. Аталған аймақтардан басқа туристік келешегі бар – Қарағанды, Қостанай облыстары. Қостанай облысында көп көлдер бар. Бұл спорттық, балық аулауды дамытады. Келешектегі отандық туризм орталықтары – Каспий мен Алакөлден басқа, Балхаш көлін де жатқызуымызға болады. Өйткені, көл барлық көлік тораптары қиылысында орналасқан.
Болашақта «Байқоныр» да туристер үшін таңсыз болмайды. «Тұран Азия» фирмасының «Қазақстандағы Жібек Жолы» халықаралық 2 туристік сапар ұйымдастырылған. Сапар Астанадан басталып, Алматы – Тараз – Түркістан – Қызылорда – Байқоныр – Арал – Шымкент –Алматы –Шығыс Қазақстанға дейін созылған. Барлық маршрут тоқтауларында экскурсиялар жүргізіледі.
2008 жылы туристік ұйымдар, қонақ үй объектілері, ұлттық табиғи саябақтар, мәдени мекемелер қызметінен жалпы табыс – 27 миллиард теңгені құрады. Салыстырмалы түрде 2007 жылы 17 миллиард теңге. Барлығы 2008 жылы барлық туризм түрі бойынша 11 миллиард адамға жуық қызмет көрсетілген. Алғаш рет кіру туризмі шығу туризмі көрсеткішінен асып, 4,3 миллионға сәйкесінше 3,9 миллион құрады.
2009 жылы Қазақстан туризмі дамуына 39 миллион теңгеге жуық бөлінсе, келешекте туристік сала дамуына мемлекеттік бюджет есебінен 1,9 миллиард теңгеге дейін бөлу жоспарлануда.
Ұзақ мерзімді жоспарда Қазақстан жыл сайын жылына 5 – 6 миллион шетелдік турист қабылдай алады, бұл әрине қазынамызға 6 миллиард долларда астам түсіреді екен. Енді іс – Отандық туристік салаға кәсіпкерлеріміздің қызу кірісуі болмақ.
Өткен жылы Қазақстан мен Ресей президенті «Байқоңыр – туризм үшін тартымды объект», – деп шешті. Байқоңыр 50 жылдық мерейтойы қарсаңында осы мәселеге көп көңіл бөлінді.
Байқоңыр – ерекше халықаралық ғарыш аймағы. Осы жерде туризм саланы ұйымдастыруды дамыту бағдарламасы жасалуда. Әрине, бүгінгі күні космостық туризм сәнге айналғаны мәлім.
- Шығыс Қазақстан облысының туризм қызметін белсендіру жолдары
Күнтізбе жоспарына сәйкес 2009 жылдағы Шығыс Қазақстан өнеркәсібі және кәсіпкерлік департмент туристерді дамыту бойынша бөлімі жүргізілген туристік шараларда белгілі жұмыстар атқарылған. Облыстың туристік фирмалармен айналысу бөлімі мына шараларға қатысты:
5 халықаралық жәрмеңкелер: Берлин «IIB – 2009», Жаңа Сібір «Түрксіб – 2009», Алматы «Туризм және саяхат» KIТF 2009, Астана «Демалыс – 2009», Лондонда – «WTM – 2009»;
Астана қаласында «Индустриалды – инновациялық Қазақстан» жәрмеңкесінде;
2 фестивальда: Шығыс Қазақстан облысы Қатон – Қарағай ауданында – 4 – ші халықаралық туризмі. «Белуха – 2009» фест және Ақмола облысы Щучье ауданындағы республикалық оқу – сауық орталығында «Бурабай – 2009» бірінші республикалық туризм фестивалі. Осы фестивальда 3 конкурс бойынша: «Қазақстандағы туризм тур ең жақсы видеофильм», «Ең жақсы турмаршрут», «Ең жақсы жарнамалық проспект сайыс» болды. «Ең жақсы турмаршрут» конкурста «Ең тартымды маршрут» номинациясы бойынша:
Өскемен қаласы «Экосистем» ЖШС туристік фирмасы, II деңгейлі I орын ынталандыру сыйлығымен «Көшпенді жолымен Евразия орталығына» маршрутына дипломмен;
Семей қаласы, «Тогос – Интурсервис» ЖШС туристік фирмасына да ынталандыру сыйлығымен «Ұлы таланттар Отаны» маршрутына дипломмен марапатталды;
«Ең жақсы жарнамалық проспект» конкурсында «Евразия орталығы – Семейге қош келдіңіз» жарнамалық проспектісі үшін Семей қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне ынталандыру сыйлығы табысталды. Топтық қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысында ынталандыру сыйлығы марапатталды.
Екінші облыстық «Туристік Шығыс» тур көрмесі Өскемен қаласында;
Екінші республикалық семинар – жиылысқа қатысу Астана қаласында;
Қатон – Қарағай ауданында экологиялық – туристік слет жүргізді;
Бұқтырма су қоймасы демалыс базасында жарнамалық тур жасау;
Туризм дамуы кластерлік жүйесін дайындау бойынша туроператорлар конференциясын өткізу;
Туризмді дамыту бөлімі жыл бойына:
Жәрмеңке шеңберінде аймақтың туристік мүмкіндіктері презентация өтті. Барлық көрмелерде жарнамалық – ақпараттық материал, видеофильм, жарнамалық – сувенирлік өнім, CD – дискілерде презентациялық роликтер; Шығыс Қазақстан Облысының тур маршруттары, «Қазақстан Алтайы», «Семей аймағы» буклеттері, турфирмалардың әртүрлі кітап – фотоальбомдары.
Туристік даму бойынша республикалық семинар – жиылыстарда статистка, лицензиялау, спорттық туризм жағдайы мен дамуы, инвестициялық саясат сұрақтары бойынша бірнеше ұсыныстар енгізілді. Салық салу, шекара және кеден процедуралары, тур қызметтерді сертификаттау және стандарттау, ҚР – дағы экологиялық туризм дамуы мәселелері бойынша да нормативтік құқықтық базаларда өзгерістер енгізілді.
2009 жылы 15 желтоқсанда облыстарда 48 туристік фирмалар, ал 2008 жылы 70 туристік фирмалар тіркелген, оның 49 фирмасы – Өскемен қаласында (20 туроператорлар оның 5 филиалы және 20 турагенттік, оның 4 филиалы), Семей қаласында 21 – 10 туроператорлар, 7 турагенттік (2 – іфилиал), Зайсан қаласында 1 туроператорлар, Үржар ауылында – 1 туроператор.
2009 жылы облыстың турфирмалармен 22731 турист қызмет алған, оның ішінде облыс 623 кіру туристерін қабылдаса, облыс аумағынан сыртқа 2655 турист шыққан. Ішкі туристер саны 19450 адамды құрайды.
Шығыс Қазақстан Облысына келетін туристер көбінен: Ресей, Германия, Қытай, Франция елдері. Негізгі мақсаттары – туыстарын көру, іскерлік, демалыс және танымдық.
Кіру туризмі жоғарлауда Шығыс Қазақстан Облысының туристік саласын дамыту 2007 – 2009 жылдар аймақ бағдарламасы дайындалған. 5,5 млн теңге облыстық бюджеттен 20 млн теңге қаржыландырады.
2009 жылға Шығыс Қазақстан Облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментімен 18 генералды лицензия – оның ішінде 10 туроператорлық қызмет, 5 турагенттік, туринструкторы қызметі – 3 т.б. берілген.
Қорытынды
Қорыта келе, Шығыс Қазақстан облысында туризмнің барлық түрлері мен формаларын дамытуға толық мүмкіндік бар. Туристер демалуына тамаша жерлер көп. Шығыс Қазақстанның сарқылмас табиғи емдік байлығы, химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар толып жатқан көлдері, әртүрлі климаты мен әсерлі көрікті жерлері – жергілікті курорт санаторий жүйесін дамытуға өте қолайлы.
Облыс табиғатының сұлулығымен, әсемдігімен, алуан – түрлілігімен, қайталанбас көріністерімен туристерді мол қызықтырып емдік сауықтыру, демалуына зор мүмкіндік тудырады. Жалпы, туризм саласының өркендеп өрлеуі тікелей табиғат жағдайларының қолайлығына байланысты.
Бірінші және екінші бөлімдерде қамтылған физика – географиялық және туристік рекреациялық ресурстарға халықаралық және мемлекетшілік туризмнің дамуына әсер етуші негізгі факторлар болып табылады.
Демалыс ауданын таңдауда табиғат жағдайлары үлкен роль атқарады: ландшафт, климат, өсімдік және жануарлар дүниесінің алуан түрлігі, спортпен шұғылдану мүмкіншіліктері, аңшылық, балық аулау және т.б. ерекшеліктері ескеріледі. Туристер жағымды әсер қалыптастыратын тарихи, мәдени және басқа объектілермен қатар көлікпен жету ыңғайлылығы, тиімді баға, жоғары сапалы сервиспен қамтамасыздандырылған бағыттарды таңдайды. Жоғарыда аталған элементтердің көрсеткіші, сапасы, деңгейі неғұрлым жоғары болса соғұрлым туристер үшін аталған географиялық аудан немесе объект аса тартымды болып көрінеді.
ПайдаланЫЛған әдебиттер тізімі
- Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан хал –қына жолдауы. Алматы «Білім». 1997 ж
- Абдраимов А. История Казахстана. Астана 1999 ж.
- Аблайханова Г., Хабрахманов Р. «Экотуризм в РК», «Экология и устойчивое развитие.»
- А.К. Резников, В.А. Кораблев. « По Казахстану – маршрутами подвигов.» Алма – Ата «Казахстан», 1988 г.
- Н. Жумадилова , А .Бекенов, Х. Қыдырбаев. Қазақстан Қорықтары. Алматы «Қайнар», 1980 ж.
- Б.Кузьменко. Ертіс өңірі. Алматы «Қайнар» 1984 ж.
- В.А. Филипов. Заповедные сокровища природы Алтая. Алматы
«Наука»
- В.Ф. Михайлов. Марқакөл. Алматы «Қайнар»,1984 ж
- Гущик В Семипалатинск , прошлое и настоящее. Заман – Казахстан
1998, 16 октября.
- «Дидар» Шығыс Қазақстан облысық газеті, 1999 ж. № 3, 17
- Ердаулетов. С.Р, Мусин К, Шабильников С. Финансы Казахстана
1997 ж
- Ердаулетов С.Р. Казахстан туристский. Алма – Ата. «Қайнар» 1989ж.
- Ердаулетов. С.Р. Достопримечательности места Казахстана. Алматы, 1988г
- Ердаулетов. С. Р. Основа туризма Казахстана.
- Казахстан – стратегия переходя к рынку. Учебное пособие. Алматы – 1991 ж.
- Козбаев. Алтай Казахстана, 1986 г.
- Қазақстанның көрікті жерлері. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы, 1959 ж.
- М. Өтмемағанбетов. Қазақстанның физикалық географиясы, Алматы, 1996 ж.
- По Средней Азии и Казахстану (путеводитель). Москва – 1973 г.
- РК энциклопедический словарь. Алматы. «Главная энциклопедия», «Қазақ энциклопедиясы», 2004 ж.
- Рекомендуемые маршруты по ВКО отрядами высокогорной экспедиции. 1959 ж.
- «Рудный Алтай». Восточно – Казахстанская областная газета, 1999г. № 41, 42.
- Саипов А.А. Практика и теория туризма Казахстана. Монаграфия – Рик, 1999 ж.
- Семейдің «Алтын жобасы». Алматы «Қайнар», «Саржайлау» Шығыс Қазақстан, 1995 ж.
- Хайруллин Г. Т., Бесенбаева А.А. Саипова А.А., Республиканский кабинет Казахской Академии имени Алтынсарина. Алматы, 2001 ж.
- Шығыс Қазақстан. Деловой мир Казахстана, 2003 ж.
- 1998 жыл басындағы Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары, аудандары, аудан орталықтары мен поселкелерінің халық саны.
- Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агенттігі. Алматы, 1998ж.
- KITF – 2006. Пресс – релиз. 25 апрель 2006г.
- Iteca News exhibition № 7 (24), 27 – 29. 04. 2006
- Теледидар жаңалықтары мен баспасөзге шолу. 24 – 26 сәуір 2006 ж.
- Ұлттық энциклопедия. Алматы., 2007. – 9 том, 582 – 588 беттер
- Ягофаров Г.Ф., «Экскурсоведение». Алматы 2003ж., 107 бет
- Есназарова Ұ. А «Қазақстанның физикалық географиясы». «Рауан» баспасы. Алматы 1997. – 98 – 102 беттер
- www.kaztour.kz
- www.tourkz.com
- www.encyclopedi.forever.kz
- www.altay.kz
- www.resurs.kz
- www.semey.kz
- www.oskemen.kz
- www.uko.kz
- 43. www. google.
- www.yandex.com
- www.akimvko.gov.kz
- www.kazakh.ru