МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………………2
I тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және өткізу әлеуеті …………………………………………………………………………………………………4
1.2 Туристік объект ретіндегі Қазақстанның көрікті жерлері………………………..8
II тарау. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК- ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен шаруашылығы………………………………………………………………………………………………17
2.2. Облыстың туристік-экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы………………………………………………………………………………………….24
2.3 Игерілген туристік-экускурсиялық нысандар және оның
құндылығы …………………………………………………………………………………………………41
III тарау. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
3.1 Табиғи және жасанды көрнектілікті жерлердегі туризмді дамыту…………….58
3.2 Шығыс Қазақстан облысының туризм қызметін белсендіру жолдары……….60
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………………..63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….64
Кіріспе
Туризм дүние жүзі бойынша кез-келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.
Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т.б. мәндерін маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі-бір дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. өйткені туризм белгілі-бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, демалуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің, көтерiлуiне республиканың саяси-әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынас орнауы тиiс. Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан аймақ туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Жұмыстың көкейкестілігі еліміздің бүгінгі туристік ахуалды жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандаратын Шығыс Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу. Аймақтағы танымдық, емдік-сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады. Осыған байланысты жұмыс Қазақстанның көрнектілік жерлері немесе туризмнің индустриясы негізіндегі мынадай негізгі зерттеу міндеттерін қамтиды:
1) Шығыс Қазақстан аймақтың шаруашылық дамуын сипаттайды.
2) Шығыс Қазақстан облысының туристік-экскурсиялық мақсаттың көрнекілік жерлердің сипаттамасы және шараларына баға бере отырып, аудандастыру мәселелерін қамтиды.
3) Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту. Осыған сәйкес аймақтың туризмді дамытудағы мүмкіншіліктерге баға береді.
Селеулi ақ даласы, жасыл шалғынды өлкесi, қатпар-қатпар құз тастары, мұнар басқан таулары, мың бұратылған өзен-суы, жасыл желектi ну тоғайы, аңы мен малы қатар өрбiген Шығыс Қазақстан жерiне Албания мен Швеция сияқты мемлекеттер бiрге сыйып кеткендей. Халқымыз елдiк дәстүрiн сақтаған, ұлы перзенттерiнің үлгiсiн мұрат тұтқан, ата қадiрiн, ене қасиетiн сақтаrан, ұл мен қыз қызығын қастерлей бiлетiн ел. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер cypeткepi дүниеге келiп, ездерiнiң өлмес жырларын толғаған, Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Сөз өнерін әлемдік биiгiне көтерген үш алыппен бiрге осы өңірде Шоқан Уәлиханов, Федор Достоевский, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғұламалармен ақын-жазушы, әншілер өмірлерінің талай айлары мен кундерін кешкен.
Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, («Рудный Алтай», «Дидар»), мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, туризм кафедрасынан облыстың картасы және осыған қатысты т.б. деректер алынады. Жиыны 38 әдебиет паqдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан-жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмысты облыстың туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және өткізу әлеуеті.
Көрікті жерлер- жалпы барлық туристерге ұсынылатын табиғи, тарихи, мәдени архиологиялық емдік-сауықтыру туристік ресурстарының жиндығы.
Туристық тартымдылық-территория немесе объект сипаттамасын есепке ала отырып, олардың объективті және әлеуетті-эканомикалық құндылықтары мен субъективті эстетикалық құндылықтары эмоционалдық іс-әрекеттер денгейін ұсынатын бірігу түсінігі.
Туристік тартымдылық кешенді ұғым ретінде сәйкесінше құрылған туристік инфрақұрлымды ұсынады.
Потенцалдық қорымен және Қазақстан Республикасы үкіметі көмегімен Қазақстан экотуризімінің дамуы дүние жүзінің нарықтық туризм қызметінде орын алады және оның дамуын қамтамасыз етеді.Қазақстанның 503 туризм ұиымының талдау қызметі, сыртқы және ішкі туризмнің көрсетуі бойынша Қазақстан экотуризімінің басты объектісі айрықша қолға алатын аумақ және олардың құрамының қосындысының тарихи ұлттық ескерткіштері болып табылады.
Қазақстанда 9 мемлекеттік табиғи қорық, 6 мемлекеттік ұлттық саябақтар, 57 қорықшалар, 24 табиғи ескерткіштер, 3 мемлекеттің ұлттық хайуанаттар саябағы, 7 мемлекеттік ботаникалық бақтар, 3 халықаралық маңызды сулы-сазды жер суы бар.
Отандық тур операторлармен бүгінгі күні Республикамыздың 16 облысына 898 туристік бағдар жасалынды,олардын ішінде: 27 атты бағдарлар,153 емдік, 344 белсенді (демалыс күндердің бағдарлары), 111 мәдени танымдылық турлар, 67 Жібек Жолмен өтеді, 20 қажылық, 65 бағдарламасымен қоса аншылық пен балық аулау. Қазақстанның экотуризімі өзіне экономикалық тартымдылық және болашақта басқарманың барлық денгейінде тұрақты дамуына қолдау тапты,
Сол себепті болашақта 2030 жылға дейін, Қазақстандағы ұйым, тағы 12 мемлекеттік саябақтар,17 қорықтар, 65 табиғи ескерткіштер, 58 қорықшалар, туризмның алыс түрінің даму үшін жаңа импульс қызмет етеді, демек айгылған туристік объектілер жұмыс атқарады.
Қазақстан әртүрлі және қызықты ландшафтқа бай. Дәл ландшафтыда табиғат жағдай қолайлылық мүмкініділігі байқалады. Алайда бүгінгі күні осы керемет табиғи ресурстарысыз антропогендік жолмен экологиямызға әсерін тигізуде. Сондықтан да Қазақстан көрікті жерлері тартымдылығын арттыру үшін экологиялық туризм түрін басты үш өнім қатарына қосып отыр.
Туристік-рекреациялық мақсатқа бағытталған мемлекеттік ұлттық табиғи парк, республикалық маңызы бар-табиғат ескерткіштері, 60 қорықша бар. Қорғалатын территорияның ең таралған формасы-қорық. Қазақстандағы қорықтар алып жатқан жалпы алаң-ауданы бойынша ең ірісі-Қорғалжын (237,1 мың га) және ең кішісі Барсакелмес қорығы (18,3 мың га). әрбір қорық үлкен рекреациялық қызығушылық тудырады.
Ақсу –Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньда орналасқан. Жалпы қорық ауданы -77,7 мың га бұл қорық несімен тартымды, 3000 м жоғары биіктікте қорық көріктілігі-«сурет галереясы» орналасқан. Мұнда қара порфиритті таста стилі бойынша әртүрлі тау ешкісі, арқар,марал ат үстіндегі аңшы суретерінің көрінісі бейнеленген. Тіпті, тау жануары деп сипаттауға келмейтін –түйе және тасбақа көріністері бар. Көптеген ғалымдар оларды біздің эрамызға дейінгі 7-5 ғасырларға жатқызады. Мұнда сонымен қатар 60 түрлі өсімдік, 100 түрлі жәндіктер, молюскалар, шаянтәрізділер т.б. жануарлар түрлері таңбасы, табылған. Ерекше қызығушылықты 120 млн жыл бұрын өмір сүрген динозавр сүйектерінің табылуы таң қалдырады. Бұл кереметтер қорықтың 2-і Қарабастау және Әулие (жалпы ауданы 220 га) палеонтологиялық аймағы жайғасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығы танымдық және кейбір аймақтарында белсенді туризм түрін дамытуға мүмкіндік алады.
Барсакелмес қорығы-Арал теңізінің солтүстік бөлігінде, Барсакелмес шөлді аралында шоғырланған. Арал теңізінің тартылуынан Қызыл Кітапқа енген құлан, джейрандар 2-3 жылда қайта оралуы мүмкін. Өйткені жасанды жолмен Кіші аралды толтырып, балықтар өсіруі келешекте Аралдың толығымен өз қалпына келуі қорық жұмысын жандандыруы тиіс.
Қорғалжын қорығы-237,1 мың га территорияны алып жатыр және Ақмола облысына қарайтын Теңіз-Қорғалжын ойпатында орын тепкен. Бұл аймақ «көлді өлке» деп аталады, өйткені шағын ғана сұлу ұсақ көлдер-Сұлтанкелді, Есей, Жаманкөл т.б. өте көп. Қорғалжын көлінің өзінде 40 аралдар бар.
Теңіз көлі әлемдегі сирек кездесетін солтүстік құстар ұялайтын орын. Оның ішінде –қызғылт фламинго. Жыл сайын фламинго бірнеше аралдарда калониялармен мыңдаған ұялар салады.
Теңіз-Қорғалжын көлдері-көктем құстар маусымдық алмасуында үлкен аумақтағы су құстары шоғырланатын орын, сондықтан Қорғалжын қорығы әлемдік танымдылыққа ие болды. Ол ерекше қорғалатын батпақты-көлді жайылымдықтар ландшафтысы көрікті жері ретінде ЮНЕСКО тізіміне кіреді.
Марқакөл қорығы территориясында 5 биіктік белдеулері анық байқалады. Флорасы емдік қасиетке ие, соның ішінде моралит, алтын, тамыр, т.б.
Жалпы бұл өңірді «екінші Швейцария» деп атағандықтан, бұндағы көрікті жерлер туралы жұмыс барысында айтылады. Қорық маңызды аттрактивті сапаға ие.
Наурызым -87,7 мың га алып жатыр, оның 39,6 мың га аумағын орман алады. Қостанай облысындағы Наурызым ауданында шоғырланған. Қорық ормандары 3 аумақ: Наурызым-Қарағай, Терсек борлары және Сыпсың ағаш ақ қайыңдары болып бөлінеді. Негізгі көрікті орын-Наурызым-Қарағай боры.
Қорық су құстары ұя салатын, ұшып-қонатын жолда орналсқан далалы көлдер өлкесі. Әр қорықтың өз флорасы мен фаунасы ерекшелігі болады. Наурызым қорығы халықаралық маңыздылыққа ие болған сулы-батпақты жерлер қорғауға алынған.
Бұл аталған қорықтар табиғи қалыпты сақталған көрікті жерлер саны экологиялық туризмді дамытуда жаңа орындармен толықтыралы анық. Аталмаған қорықтар қаншама, тек бұл табиғи орындар көріктілігін арттыру мақсатында ештеңенің керегі емес. Тек ұйымдасқан туристік сапарлар болғаны.
Үлкен рекреациялық маңыздылыққа ие-ұлттық табиғи парктер. Қазақстанда ең бірінші болып 1977 жылы «Баянауыл» ұлттық паркі ашылған. Кейіннен Қарқаралы, Бурабай, Алтын Емел ұлттық парктері ашылды. Оның әрқайсысы бай флора және фауна жайымен керемет ландшафтымен ерекшелінеді.
«Алтынемел» -Қапшағай суқоймасының солтүстік жағлауында орналасқан. Парк құрамына Үлкен және кіші Қалқан, «Әнші құм», Ақтау және Қызылтау, қорғандары туристік объект ретінде кіреді.
Іле –Алатау ұлттық паркі-Іле Алатауы солтүстік баурайын қамтиды. Ұлттық паркте биіктік зоналығы байқалады. Тау және тау-шаңғы туризмі үшін үлкен қызығушылық танытады.
«Шарын» табиғи паркі Шарын өзені аңғарында орналасқан. Ол-өзінің фантастикалық ландшафтысы, фауна, флорасымен ерекшелінетін ерекше экожүйе. Шарынның орта ағысында Шарын табиғат ескерткіші «Ясеновая роща» орналасқан. Бұл әлемдік маңыздылығы бар табиғат паркі.
Қазақстандағы табиғат ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі мемлекеттік маңыздылығы бар табиғат ескерткіштері ретінде қорғауға алынған. Қазіргі таңда елімізде 24 табиғи ескерткіштер бар. Олар туризм үшін үлкен қызығушылық тудырады. Экзотикалық жартастар, мұздықтар, үңгірлер, сарқырамалар, сирек кездесетін фауна және флора өлкелері қайталанбас тартымдылық қасиеттерімен ерекшеленеді.
«Гусиный перелет»- аумағы 2 га алып жатқан Павлодардың солтүстік-батысында палеонтологиялық көмбелер. Бұл құмды Ертіс айрығының ең биік жерінде жер бетінен 68 м төмен жануарлар сүйектері сақталған. Онда: антилопа, жираф, бұғылар, страус, тасбақа т.б 12-14 млн жыл бұрын мекен еткен неогендік жануарлар көмілген. Сүйек қазбаларын құрайтын қабат күші -3 метр.
Шарын «Ясеновая роща» ескерткіші Алматы облысының шығысында 4855 га аумақта орналасқан. Бұл сирек жайылымдық территориясында согдиандық ясень өседі, бұндай орман массиві ТМД бойынша айырбасы жоқ.
Шынтүрген шыршалары –Іле Алатауы тауында бозгүл шатқалында орналасқан. Бұл мұздану кезеңіндегі солтүстік тайга қара-қылқанды сирек аумақ осы аүнге дейін сақталып, үлкен ғылыми құндылыққа ие болып отыр. Жалпы орман жымылғысы аумағы-500 жуық га. Бұл үш ескерткіш Қазақстандағы ерекше көрікті жерлерге жатады.
Маңғыстау үңгірлері мен Үстірт жотасы. Үстірттің Қазақстан бөлігінде әктасты-гипс жынысына жататын, 30 карсты үңгірлер бар. Ең ірісі -100-120 м дейін жетеді және биік емес кіру және шығар жерлері бар. Жер асты үңгірлері туризмнің дамуына бастау болады.
«Төрткүл» стол тәріздес қыраттар Евразиядағы материктік мұздану кезеңінде қалған. Торғай үстіртіндегі ескерткіш. Төрткүл қазақшада-төрт жағы дегенді білдіреді.
Көкшетау қыраттары-керемет әдемі тұщы көлдер мен жоталар тобынан тұрады. Көрсең көз тоймайтын Үлкен және Кіші Абақты, Шортанды, Бурабай көлдері. Желдің әсерінен экзотикалық жартастар түзілген. Мысалы: әрқайсысының атауы бар-ең тартымдылары Оқжетпес, Жұмбақтас, Сфинкс жеке батыр, бүркіт, түйе, қабырға. т.б.
Қарақия –ТМД территориясындағы ең терең құрғақ сипат, теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. әрі ағынсыз ойпат ұзындығы -40 км, ені -10км жетеді.
Баянауылдың экзотикалық жартастары Павлодар облысының оңтүстігінде граниттік массив түрінде жоғарлайды. Ұзақ желден олардың түрін өзгертіп, көптеген экзотикалық түрлерге ауысқан. Олардың ішінде ең әйгілісі «Шайтантас» жартасы ертедегі персонаждарға ұқсас болған соң қойылған. Сонымен қатар «Тасты бос», «Булка», «Көгершін» т.б. жартастар. Қазақстанның әртүрлі аудандарында біздің табиғи ескерткіштерімізді танылатын керемет ландшафт түрлері бар.
1.2 Туристік объект ретіндегі Қазақстанның көрікті жерлері.
Қазақстанның қай аймағын алсаң да өзіндік артықшылығымен ерекшеленеді. Дүниенің төрт бұрышындай Қазақстанда қайталанбас табиғаты бұзылмаған көрікті жерлер санаусыз. Енді оларға тоқталсақ, ең көрікті жер жәннаты – Жетісудан бастасақ.
Алматыдан Балхаш көліне дейінгі аудан Жетісу немесе «жеті өзен елі» деген атпен әйгілі. Бұл еліміздің ең бай және қызықтыларының бірі. Ең үлкен өзендерінің бірі-Іле Қытайдан бастау алып Балхашқа құйса, қалған 6 өзен Іле Алатауы тауларынан бастау алады.
Алғашқы зерттеушілер бұл жерді Іле өзенінің бойында болғандықтан Іле Алатауы деп атаған. Бұл өлке қайталанбас әсемдік, альпі жайылымдықтары және шексіз даласымен әйгілі. Атақты «Жоңғар қақпасы» арқылы көне керуен жолы өткен. Жоңғар Алатауы Талдықорған қаласы маңындағы таулы қырат қазақ-қытай шекарасы арқылы өтеді. Бұл өлке таңғажайыбы саяхаттаушы бір күн ішінде 5 климаттық зоналар-шөл және шөлейттен (теңіз деңгейінен 600 м) мәңгілік мұздықтар (4000-5000 м) дейінгі аралықта көре алады.
Іле –Алатауы Тянь-Шань тауының ең солтүстік қыраты. Бұл күшті қарлы қырат ендік бағытпен батыстан шығысқа қарай 300 км созылған, оның ені-30-40 км. Ең биік шыңдар қыраттың орталық бөліктерінде орналасқан. Мұнда биіктігі 4500 м жоғары 22 шыңдар бар. Іле-Алатауының ең биік шыңы-Талғар (4937 м) шыңы. Оған шығу альпенистер үшін атақты. Талғар маңында басқа да көптеген шыңдар бар. Шыңдардан оңтүстікке қарай массивті Корженевский (ұзындығы — 11 км) және Богатырь 9.5 км мұздықтары тек тік ұшақпен ғана баруға болады. Осы ауданға Алматы қорығы кіреді. Қорық қарлы барыс, бұғы, бүркіт, архар, жейранжарды қорғайды. Талғарда құстар мен басқа да жануарлар коллекциясы табиғи мұражайы орналасқан.
Іле –Алатауы көптеген шатқалдар мен урочищелерден тұрады, соның ішінде кең тармақталғаны-Кіші Алматы шатқалы өзінің көрінісімен әсер қалдырады: шыршалы орманды Махнатка тауы, трапеция тәріздес Күмбел, Абай шыңы, Тұйықсу қақпасының алып жартастары бұл өлкені альпинистер үшін қызықтыра түседі және Үлкен Алматы шатқалдары арасында Көк-Жайлау альпілік жайылымдағы орын тепкен. Бұл атақты жаяу маршруттардың бірі. Көк-Жайлау платосынан Күмбел шыңына қарай бағыттау басталады. Тұйықсу қақпасының үлкен жартастары Тұйықсу шыңына апарады.
Кіші Алматы мен Батарейка өзендерінің қосылған жерінде әлемдегі ірі жоғары таулы мұз айдыны-Медеу орналасқан. Медеу-қысқы спорт ойындар өткізілетін кешен. Мұз айдыны теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте аттас шатқалда орналасқан. Мұнда олимпиадалық мөлшердегі мұз айдыны, жүру үшін алаңқай, аттракциондар паркі, «Премьер-Медеу» отелі, жазғы бассейн, т.б. бар. Бұл қалалықтар мен қала қонақтарының сүйікті орындарының бірі. Мұз айдыны Алматы қаласынан 16 км жерде 1972 ж салынған. Жұмсақ климат, тиімді күн радиациясы деңгейі, төмен қысым, желсіз ауа-райы және мұз-Медеуді ең күшті әлемдік, ал оның орналасуына қарай ең әдемі айдындардың біріне санайды. Мұзды өріс ауданы 10500 км2 –конькидегі жылдам жүгіріс, хоккей, фигурная катание сияқты халықаралық жарыстардың ашылу орны. Мұнда әлемдегі күшті коньки жүгірушілері бекіткен 120 астам әлемдік рекорд жасалды. (Давоста-40).
Туристердің көңілін келесі бір объект-Кіші Алматы аңғарында қаланы селден қорғау үшін тұрғызылған платина аударады. Дәл осы платина 1973 жылғы селден сақтады. Дамбыға 830 баспалдақпен шығу керек. Осы жерден Іле Алатауы тау шыңдарына керемет көрініс ашылады.
Тұйықсудан солтүстікке қарай Шымбұлақ тау-шаңғы курорты орналасқан. Қаладан 25 км, теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте орын тепкен. Тау –шаңғы трассалары 3 орындықтар мен 3 буксерлі аспалы жолдармен қызмет етеді. Олардың көмегімен 20 минутта 3200 м-талғар асуында боласың. 1-ші биіктік ұзақтығы 1243 м, көтерілу уақыты 9 мин, «Қиылысу» станциясы (2260 м-2630 м дейін); 2-ші «20-шы апора» станциясы ұзақтығы 978 м; көтерілу уақыты 7.5 минут (2630 м-ден 2930 м дейін); 3-ші станция «Талғар асуы» 860 м ұзақтық, уақыты 8 мин (2930-3163 м дейін). Жалпы трасса ұзақтығы 3620 м, биіктік құламасы 1000 м дейін Сноуборд сүюшілер үшін сноупарк, балаларға баллондарда сырғанау үшін төбешіктер бар. Туристер үшін 4* отель қызмет етеді.
Үлкен Алматы көлі. Үлкен Алматы өзені биік шатқалда орналасқан. Көл ойпатта орналасып, жан-жағынан шыңдармен көмкерілген. Көптеген Тянь-Шань таулы көлдері жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған.
Үлкен Алматы көлі-сол көлдердің ірілерінің бірі. Жыл мерзіміне байланысты көл өзінің түсін өзгертеді. Мұзды су көл ұзындығы -1,6 км, ені 1 км, тереңдігі — 40 м. Көлден 2 км 2700 м биікікте көне мұзды аңғарда «Тянь-Шань» астрономиялық обсерваториясы деп аталынатынкүмбезді поселок орналасқан. Одан ары 8 км жоғары, 3300 м биіктікте Жасылкезең асуында –Космостанция жұмыс істейді. Төменде Алма-Арасан шатқалы жалғасады. Ол өзінің жылы термалды-родонды бұлақтарымен әйгілі және әсем табиғаты мен таза ауасымен тартады. Келесі сипатталатын объект — Түрген шатқалы. Іле –Алатауы ұлттық паркінде әдемі табиғат бөлігі — Түрген шатқалы (Алматыдан 40 км) бар. Шатқалда ыстық бұлақтар, фарель шаруашылығы, сарқырама және көптеген ормандар бар. Шатқал 44 км тереңдей Асы жотасына енеді. Осы жота арқылы Еуропадан Қытай мен Индияға керуендер өткен. Кең аңғар 60 км шығысқа қарай созылады. Түрген шатқалы сарқырамалармен әйгілі, олар жеті жуық: 30 емтрлік Медвежий сарқырамасы, күшті ағымды Бозкөл сарқырамасы және т.б. шатқал өзінің Чин-Түрген шыршаларымен әйгілі. Шатқалдағы ең атақты орын егерлік станция – Ботан. Сонымен қатар «Синегорье», «Тау-Түрген», демалыс үйлері орналасқан.
Басқа бір Есік шатқалында Есік көлі (1760 м). 1963 ж болған селді ағымнан платина бұзылып, көл басып кеткен. Бүгінгі күні көл қайта қалпына келтіріліп, қалалықтар арасында демалыс күнгі саяхаттау орнына айналды.
Іле өзені – Жетісудағы ең ірі өзен. Оның ұзындығы – 1439 км. Іле өзені Қазақстан жерінде Қапшағай жасанды суқоймасы арқылы Балхашқа құяды.
Қапшағайды теңіз деп атайды: оның ені – 22 км, тереңдігі -45 м, ауданы 1847 км2. оның маңы жағалауында санатория, пансионаттар, жағажайлар орналасқан. Қалада үлкен аквапарк бар. Суқойманың шығыс жағалауында «Алтын-Емел» ұлттық паркі орын тепкен. Парктегі басты байлық Тамғалы –Тас шатқалындағы тастар көріністері. Бұл «Тастағы суреттер» — Будда көрініс. Қара құпиялы жартастарда көптеген петроглифтер – буддистен қолжазбалары түсіп, олардың мәні әлі шешілмеген. Онда 1000 жуық әртүрлі жартас қолжазбалары бар. Будда суреті т.б. Қасиетті тексте санкритте «Лотос гүліндегі қарлы маржан» деген мағына түсіндірілген. Қолжазбалар мен суреттерді тарихшылар, 17 ғасырға жатқызады. Жалпы Алтын-Емел паркі Іле өзенінен 90 км 2 созылды. Бұл құпиялы, керемет өлке көне, бай тарихы мен қайталанбас табиғатымен ерекшеленеді. Парктегі тағы бір объект-сақ мәдениетінің ескерткіштері – Бес-Шатыр қорғандарын Қазақстанда б.з.д 1 мың жылдықта тұрған ерте сақтардың діни меккесі деп атайды. Бес-Шатыр 31 қорғаннан тұрады. «Жетісі пирамидасы» деп аталынатын ең үлкен қорған диаметрі 105 м, биіктігі 17 м. Бұл қорғандар ағашты жатар жерін Тянь-Шань шыршасы бұтағынан жасаған, сондықтан 2 мың жыл бойы жақсы сақталған. Бес-Шатыр қорғандарының ерекшелігі – жерасты катакомбаларының бірі жатар орынға апарады.
Үш объект – Ақтау таулы қыраттары — өткен жер шары мұражайы. Бұл табиғат мүсіндері көне көл орнында қалған барлық түске боялған көрікті орын. Ол Ақтаудан басталып Қызылтауларға айналады. Таулар жасы-400 млн. жыл, ұзақтығы-30 км, тереңдігі -1,5 км. Мұнда жейран, тауешкі, сайғақ, қасқыр, түлкілер кездеседі. Ең соңғы объект-ерекше табиғат жұмбағы – «Әнші құм». Іле өзенінің оңтүстік жағалауындағы бұл құм құрғақ ауа-райында арган әуеніне ұқсайтын дыбыс шығарады. Оның шуы мен дірілі ұмытылмас әсер қалдырады. Құрғақ құмдар қозғалысынан пайда болған дірілдер құрғақ ауамен оларды электрлі вибрация тудырады. Резонанс қолайлы жағдайы үлкен толқынды дыбыс тудырып, тығыз топырақ қабатына әсер ете бархан діріліне келтіреді. Бұл дыбыс бірнеше арақашықтықа естіледі, бірақ ылғалды күндері бархан «әңдетпейді».
Кварциттан тұратын Үлкен және Кіші қалқан құмды таулары биіктігі – 120 м және 4 км созылып жатыр. Алтын-Емел ұлттық паркінде айта берсек, әрі жері объект. Тіпті Мыңбұлақ кардонында 300 жыл өмір сүрген алып ағашты да алуға болады.
Бүгінгі күні Алматы қаласы сыртына демалу сәнге айналды. Әсіресе демалыс күндері демалушылар – Шарын жарқабағына барады.
Шарын жарқабағы – экзотикалық көрікті жерлердің бірі. Рельефтің желден және су шаюдан пайда болған формалары «Қорғандар аңғары», «Шайтандар шатқалы» мүсіндерімен ерекшеленеді.
Шарын-Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Негізінен демалушылар «Қорғандар аңғары», «Темірлік» т.б атаумен қалған жерлеріне барады.
Солтүстік Тянь-Шань тауындағы інжу-маржаны деп аталынатын –Көлсай көлдері. Жоғары тауда орналасқан қайыңдар арасындағы 3 көл Күнгей Алатауы қыраты беткейінде жайғасқан. Бұл лагерь, жаяу сапарлар, ат пен тау-велоспорты саяхаттары үшін керемет орын.
Бірінші көл 1818 м биіктікте 1 км созылған. Жолдар салынған. Қолайлы қонақ үйлер, кемпингтер бар. Орта Көлсай көлі (2252 м) – 1-ші көлден 5 км жоғарыда орналасқан ары 4 км орын тепкен.
Көп саяхатшыларға әлі таныс емес –Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте керемет қылқанды орман арасында орналасқан. Бұл 100 жылға жуық бұрын үлкен массадағы әктас нәтижесінде пайда болған. Оның үгінділері шатқалды бөгеп дамбаға айналдырған. Көл ұзындығы 400 м, тереңдігі 30 м. Су басып кеткен құрғақ шыршалар бұталары су бетіне шығып тұрады.
Жетісуда 50 жуық жартас бетінде түсірілген көріністер ескерткіштері бар. Олардың көп бөлігі қола дәуіріне жатады. Көне суреттердің қасында археологиялық ескерткіштер, ауылдар, қабірлер т.б. орналасқан.
1950 ж аяғында Тамғалы қонысында көне сурет галереясын көрсететін қасиетті жартас суреттері табылған. Онда тарихтың 20 ғасырлық сыры жатыр. Қала ерте номад, түрік кезеңдеріне жататын 4000 суреттер табылған. Суреттерде үй жануарлары, сайғақ, арқар, күн құдайлары, аңшылық, діни көріністер, құрбандыққа шалу сияқты көріністер бейнеленген. Тамғалы петроглифтер галереясы әлемдік маңыздылыққа ие қазына және ЮНЕСКО фонды қорғауына алынған. Тамғалы қазақшаға аударғанда «тайпалық белгімен таңба басқан» деген ұғымды білдіреді.
Көшпелі және отырықшы өркениеттің қосылған жерінде Сырдария даласында әлемнің көне қалалары өмір сүрді. Ғасырлар бойы осы жерде Қытайдан бастау алған, Таяу Шығыс пен Еуропаға апарған керуен жолдары – Тараз, Отырар, Испиджаб (сайрам), Ясы қалалары Ұлы Жібек жолы бойындағы негізгі орталықтар болған. Жібек жолы сауда торабы б.з.д 3 ғ пайда болып, б.з. 17 ғ дейін өз қызметін атқарған. 1700 км жол бөлігі Қазақстан территориясын алып жатыр.
Түркістан (Ясы) қаласы Дешті-Қыпшақ аймағының түркі халықтары діни-саяси орталығы және көне қазақ хандары астанасы болған. Қожа Ахмет Яссауи –түркі халықтарының діни оқытушысы болған. 14 ғ Шейх қабірі үстінен атақты Әмір Темір керемет Ханока (суфшілік сарай) салады. Осы ханока маңында 15-16 ғ.ғ қазақ хандары тақ-орны қалыптасты.
Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі – орта ғасырлық қайталанбас қолөнер туындысы. Бұл керемет 30 түрлі бөлмелер мен залдардан тұратын сарайлар мен мешіттер кешені. Бас күмбез сыртқы диаметрі – 40 м астам, қоршауы – 130 м, минарет биіктігі – 12 м. Таң қаларлық декор, қабырғалар ою-өрнегі, мозайкадан түрлі-түсті металика. Архитектуралық –археологиялық кешенге Түркістан мен Күлтөбе қалашығы, некрополь, мовзолейлер (15-14 ғ.ғ), Жұма мешіті (19 ғ), Үлкен Хильвет-жерасты мешіті (12 ғ), шілдехана (14 ғ), монша (17-19 ғ), үлкен қақпасымен (18-19 ғ.ғ) цитадельдің бекініс қабырғалары (19 ғ) кіреді.
Бүгінгі күні Түркістанға -1500 жыл. Жай күндері 100-250 адамдарға дейін сапар шексе, діни мейрамдарда күніне 1000 адам келеді.
Халық нанымы бойынша, Түркістан жолында ең бірінші Қожа Ахмет Яссауи оқытушысы болған, 12 ғ өмір сүрген Арыстан-баб мавзолейіне кірген дұрыс.
Көне Отырар қаласы (б.з.д 4 ,) – ірі сауда орталығы болған. Ол өзінің монша сарайы және кітапханасымен әйгілі. Бұл қалада орта ғасырлық ойшыл Әл-Фараби өмір сүрген. 13 ғ аяғында Моңғол әскерлері қаланы жермен жексен қылды.
Күшті Сауран бекінісі (10-18 ғ.ғ) ерекше су жабдықталуымен әйгілі. Су және тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілген қала жаудан бірнеше ай бойы қорғалған. Бұл керемет су құбыры туралы көптеген зерттеушілер әлі таңдануда.
Түркістаннан қашықта биіктеу далада көріпкел Домалақ-ана құрметіне Домалақ ана мазары бой көтерген. 1998 ж ескі мазар орнына ақ мәрмәрдан мемориалдық кешен тұрғызылды. Бұнда 2 қасиетті тас бар. Олардың қасиеттілігі жүрегі таза адамдар ғана 2 тас арасынан өте алады екен.
Тараз қаласы – «Көпестер қаласына» 2000 жылдан астам. Қаланың гүлденген уақыты Қарахан мемлекетінің астанасы болған 10-12 ғ.ғ. келеді. Қарахан және Дәуітбек мавзолейлері, басылар қорғандары, көптеген көне қабірлер жетерлік. Қазіргі Тараз маңайында әлемдік қолөнер туындылары тізіміне ЮНЕСКО-ға кірген көне архитектуралық Бабаджа-қатын және айша-Бибі мавзолейлері сақталған.
Көне жолдар қиылысында Шашадан (ташкент) Шымкентке қарай ірі, халық тығыз орналасқан Сайрам (Испиджаб) -6-18 ғ.ғ. қаласы бой көтерген. Қытай жолсілтеулеріне Сайрам «Ақ өзендегі қала » атауымен аталған. Сайрам ерекшелігі қасиетті мазарлар мен жерасты сарайларының көптігі.
Талас Алатауы бөктерінде тағы бір керемет бар. Көне нанымдарға сәйкес әлемдік су басу кезінде Қазығұрт тауында ноя түнеген екен. Дәл осы тауда, әлі күнге дейін топан су болғанның дәлелі Нұқ-Пайғамбардың кемесі тұр. Сондықтан да қасиетті орын деп саналады. Тағы бір қызығы дәл осы жерден жыл басы-наурыз басталады екен.
Жоғарыда аталған қалалар бастауы Қытайдан басталған Еуропаға дейінгі аралықты байланыстырып жатқан Ұлы Жібек жолы қалалары. Жібек жолы –сауда торабы ретінде б.з.д 3 ғ пайда болып, 17 ғ өмір сүрген. Қазақстан териториясымен 1700 км жол созылып жатыр. Бүгінгі күні бұл Оңтүстік Қазақстанның «Алтын діңгегі».
Солтүстікте Батыс-сібір ойпатынан оңтүстікте Балхаш-Алакөл ойпатына дейін, шығыста Алтай, Сауыр, Тарбағатай сілемдерінен батыста Торғай аңғарына дейінгі аралықты қазақ халқы Сарыарқа деп атайды. Еуразия құрлығының орталығының орналасқан алып 2000 км2 созылып жатқан шексіз дала.
Сарыарқа даласында әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі- Балхаш (18 мың км2 жуық) көлі. Қазақтар оны «Ақ теңіз » деп атаған. Жартылай тұщы, жартылай ащы көл жағалауында керемет климаттық жағдайда космонавтар үшін реабилитациялық орталық орналасқан. Бұл аймақта әлемдегі бірінші Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Байқоңыр XX ғасыр керемет техникалық жетістігі…. Мұнда космос кемелері, старт алаңы, космонавтар тарихы мұражайына арнайы турлар ұйымдастырады.
Орталық Қазақстанда кейбір археологиялық, этнографиялық орындар сақталған. Соның бірі- Ұлытау. Бұл табиғат қасиетті жерінде үш жүздің орталық мемлекет құрылуы бекітілген. Оған дәлел – Таңбалытас. Онда мыңдаған тайпалар таңбасы қойылған. Аспан астындағы тарихи мұражайда көптеген мавзолей, мазар, үңгірлер бар. Ұлытаудың ең биік жері- 1134 метр.
Көптеген курорт, емдеу орындары, емдік батпақтар, минералды сулармен Көкшетау және Бурабай Ұлттық табиғи парктері әйгілі. Көкщетау қайыңды ормандарында 80 астам көл бар. Ең терең көл- Щучье, Жеке- Батыр қыраты етегінде орналасқан. Көкшетау орманды баурайында Оқ- Жетпес жартасы бой көтереді және оның ең қиыр басы жатқан пілге ұқсайды. Дәл осы бөктерден көгілдір шығанақ- Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас жартасы көз тартады. Оның биіктігі 18 метр. Дәл осы өлкедей біздің елде наным- сеніммен аңызға бай өлке жоқ шығар, өйткені аттап басқан жерінің өзінше бір оқиға. Шомылу кезеңі шілдеден басталады. Зеренді табиғи оазисі- демалыс пен шытырман оқиғалы туризм үшін керемет орын.
Батыс Қазақстанда Каспий теңізі бассейнде Еуропа мен Азия қиылысады.
Қарақия ойпаты (-132 метр) Синаедағы Өлі теңізден кейінгі әлемдегі ең төмен жер. Орта ғасырда қазіргі Манғышлақ қаласы Ұлы Жібек Жолы өткен. Көне жолдар бойымен керуен сарайлар,Сарташ, Алта, Шерқала, Кетік қалашықтары сақталған.
Бұл өлке тариғи- архитектуралық ескерткіштер: Бекет- ата, Шақпақ- ата, жерасты мешіттері, Есет- батыр мемориалды кешені сақталған. Тек некропольдердің өзі 600 жуық әртүрлі сапарлар «түйе керуені» жолымен Александров үңгірлері, тариғи орындарымен автожүріс ұйымдастырылады.
II БӨЛІМ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК- ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен шаруашылығы
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның шығыс бөлігін түгел қамтиды. Бұл облыстың территориясына Албания, Бельгия, Швейцария сияқты мемлекеттер сиып кетер еді.
Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстік-батысында Қазақстанның Павлодар облысымен, оңтүстігінде Алматы облысымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Шығыс Қазақстан облысы батыстан (Сарыарқаның қиыр шығыс шетінен) шығысқа қарай (республиканың шығыс шекарасына дейін), солтүстіктен (Ертісмаңы даласы мен Алтай алды өңірінен) оңтүстікке қарай (Балхаш-Алакөл ойысына ұласады), Ертіс өңірінің жағасы алабын ала жайласқан. Алтай сілемдерін, ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді, құнарлы Ертіс және Алтай алды өңірлерін қамтиды. Территориясынан гидроэнергия қорына аса бай –Ертіс өзені өтеді және облыс республикасының солтүстік Орталығы және Оңтүстік Қазақстан аудандармен шектеседі. Облыс жері негізінен таулы келеді. Ертістің оң жағын түгел Батыс Алтай сілемдері қамтиды; бұл таулы өңір Нарын аңғары арқылы Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жотасы массивтеріне ажырайды. Ертістің сол жағын белесті Қалба жотасы Сарыарқаның төбелі жазық шығыс жиегі алып жатыр. Облыс территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай (2992 м) және Сауыр жоталары орналасқан. Таулы өлкелерде мұздықтар шоғыры көп кездеседі.
Ертіс өзені облыстың территориясын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай кесіп өтеді де, оны Батыс Сібірдің солтүстік, мұнайлы бөлігімен жалғастырады. Локоть станциясы арқылы өтетін темір жол Батыс Сібірдің оңтүстік-шығыс, көмірлі металлургиялы бөлігіне, ал Аягөз және Ақтоғай станциялары арқылы Алматыға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия шығуына жол ашады.
Шығыс Қазақстан территориясы жер беті ағын суына бай, әсіресе облыстың Алтайлық бөлігінде өзендер мол. Қазақстанның ең ірі өзені-Ертіс осы облыс жерінен өтеді. Таудағы ылғал қорларынан басталатын Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу т.б. өзендер Ертіс өзеніне құяды. Облыс жері гидроэнергия қорына өте бай, республика гидроэнергия қорының 38,1 % -і осында.
Ертіс өзені бойында республикамыздағы ең ірі –Бұқтырма бөгені, Өскемен бөгені, салынған. Облыс көлге бай. Ірі көлдер-Зайсан көлі (республика бойынша көлемі жөнінен 5-ші орында), Марқакөл, Таулық бөлігінде шағын, суы тұщы көлдер көп кездеседі. Облыс жерінде жер асты суы қоры мол.
Климаты. Шығыс Қазақстано блысының материктің ортасында орналасқандығы, дүниежүзүлік мұхиттардан алыстығы территориясының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде биік таулардың жатысы климатының континенттігін арттыра түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлері ылғал, ал иен жазық бөліктеріне Орталық Азия мол шөлдерінен тропикалық ауа массалары құрғақшылық әкеледі. Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы жұқа. Қыста Сібір антисинклинорийі әсер ететін оңтүстік-шығыс бөлігінде климаттың континеттігі арта түседі. Бұл жылдық және тәуліктік ауа температурасының аз уақыт ішінде күрт өзгеруі, жер бедерінің күрделілігіне, бір маусымнан екінші маусымға өту ерекшелігінен байқалады. Қысқа, ылғалды, жылы көктем ыстық жазға айналады, демек маусым айының аяғында да түнгі аяздар болуы мүмкін. Күзде температура шұғыл ауытқып, үсік жаңбыр, қарлы жаңбыр жауады. Түнгі үсік тамыз айының бірінші жартысында байқалады.
Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа. Қаңтардың орташа температурасы жазықта -16-190 С, тауда және тауралық ойыстарда -260.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы эконмикасы жан-жақты дамыған өңірлердің бірі. Еліміздегі қорғасын, мырыштың негізгі бөлігін және титан, кадмий, күміс, галлий, индий, теллур сияқты сирек металдар өнімінің біразын осы облыс береді.
Шығыс Қазақстан-еліміздегі және дүние жүзіндегі түсті металл өндірудің басты аудандарының бірі. Сонымен қатар, аудан экономикасында ауыл шаруашылығы көрнекті орын алады. Республикадағы аса ірі электр станциялар да осында.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының экономикасында жақсы дамыған ауыр өнеркәсіп өркендеп келе жатқан аграрлық-өнеркәсіптік кешенмен ұштасқан. өнеркәсібінің басты саласы-түсті металлургия; ірі кәсіпорындары-Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Риддер полиметалл комбинаты, Зырян қорғасын комбинаты, Ертіс полиметалл комбинаты, Белгор кен байыту (Ақсубұлақта) және Шығыс Қазақстан мыс-химия (Усть-Таловкада) комбинаттары. Түсті металлургия комплексін құрайтын кен орындары мен кәсіпорындар Кенді Алтайда, Ертіс аңғарында, Оңтүстік Алтайда және Қалба тауында шоғырланған. Қорғасын –мырыш өнеркәсібі және титан магний секілді энергияны көп қажет ететін түсті металдар өндірісі-осындағы өнеркәсіптің маманданушы салалары болып табылады. Облыс түсті металлургиясы өзінің толық металлругиялық циклділігімен сипатталады. Рудалық шикізатты кешенді игеру облыстың түсті металлургиясының ең басты мақсаты болып саналады. Түсті металлургия өнеркәсібі қалдықтарының негізінде облыста (Өскемен, Риддер, Ертіс комбинаттарында) күкіртқышқылы, калий тыңайтқышы, бояу өндірістері қалыптасуда. Облыс өнеркәсібінің бұлайша мамандануы оның жер қойнауындағы көп компонентті түсті металдарға ғана емес сонымен қатар, тиісті энергетика базасының болуына да байланысты. Ертіс пен оның оң жақ салаларына арзан электр энергиясын өндіретін бірқатар су электр станциялары салынған. Олардың ішіндегі ең қуаттылары –Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен су электр станциялары. Бұған қоса, бірқатар қалаларда жылу электр станциялары жұмыс істейді, олар су электр станциялармен бірге Алтай энергетика жүйесін құрайды.
Облыстағы орасан зор электр энергиясының басты тұтынушысы полиметалл өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптің кенді өндіруден бастап, қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, басқа да сирек кездесетін металдар өндірісіне дейінгі және металдарды қорыту кезінде бөлініп шығатын күкіртті газдарды пайдалану есебінен газдарды кәдеге жарату арқылы күкіртқышқылын шығаруға дейінгі барлық өңдеу сатылары бар. Негізінен тау-кен жабдықтарын, электр станциялары үшін конденсаторлар мен аспаптар шығаратын машина жасау саласы да түсті металлургиямен тығыз байланысты. өндірістің энергияны көп қажет ететін салаларында Березняковтан жеткізілетін шикізатпен титан мен магний қорытлады.
Соғыстан кейінгі жылдары Өскемен өнеркәсіп торабының қалыптасуы Кенді Алтайда көп салалы түсті металлургияның дамуына байланысты, өйткені мұнда ірі қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары салынған. Бұл жерге полиметалл концентраттары мен Зыряннан, ал титан-магний шикізаты Оралдан әкелінеді. Өскемен өнеркәсіп торабында, сондай-ақ машина жасау, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындары бар.
Риддер және Зырян өнеркәсіп торабтары Кенді Алтайдың кішігірім өнеркәсіп торабтары болып саналады. Риддер өнеркәсіп торабында түсті металлургияның толық өндірістік циклі жұмыс істейді, ал Зырян өнеркәсіп торабында-полиметалл кендерінің концентраттары ғана шығарылып, одан соң металл қорыту үшін Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына жөнелтіледі. Екі өнеркәсіп торабында да жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары бар.
Машина жасау және жөндеу өнеркәсібі негізінен облыстың өз мұқтажын өтеуге ғана бағытталған, бұл салада тау-кен өндірісі жабдықтарын, кеме, машиналар, электротехникалық бұйымдар шығару басым. Ірі кәсіпорындары-Семей кеме жөндеу-жасау кәсіпорындары, Өскемен конденсатор зауыты, Өскемен электротехникалық бұйымдар зауыты, Өскемен темір-бетон, ірі панельді үй құрлыс зауыттары Республиканың осы саладағы ірі кәсіпорындар қатарына жатады.
Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы Республиканың өзге облыстарына қарағанда, Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік кешенінде әлде қайда жоғары.бұл облыс орман қоры мен ағаш дайындау жөнінен Қазақстанда монополиялық орын алып отыр деуге болады. Үлбі өзенінің аңғарында ағаш даындау айтарлықтай көлемде жүргізілсе, Бұқтырма, Нарын, Күршім өзендерінің аңғарында және Бедағаш даласындағы қарағай орманында шамалы мөлшерде жүргізіледі. Ағаш сүрегін өңдеу үшін Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха мен Семейде ағаш өңдейтін комбинаттар салынған. Олар тақтайлар, ғимараттардың ағаш фабрикасы жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстанның аграрлық, өнеркәсіптік кешенінде мал шаруашылығы жетекші роль атқарады. Мұндағы кең байтақ дала мен тау жайылымдары мал шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай туғызады. Шабындықтар да кең алқаптарды алып жатыр. Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің жайылмасындағы суармалы шалғындар ең жақсы пішендіктер болып саналады. Мал азықтық дақылдар егісі мал шаруашылығының жем-шөп балансында көрнекті орын алады.
Облыстағы мал шаруашылығының негізгі саласы-етті-жүнді қой шаруашылығы. Ол Ертістің сол жақ жағалауында, Зайсан қазан шұңқырында Оңтүстік Алтайдың, Сауыр мен Тарбағатайдың бөктерінде, негізінен алғанда қазақтар қоныстанған жерлерде жақсы дамыған. Облыстың барлық жерінде сүт-ет және ет-сүт бағытында ірі қара өсіріледі. Балды өсімдіктер көп өсетін Алтайдың бөктері мен Тарбағатайдың оңтүстік баурайында омарта шаруашылығы дамыған. Хош иісті ерекше дәмі және шипалы қасиеті үшін Алтайдың тау балы әлемдегі ең жақсы балдардың бірі болып есептеледі. Ауданның таулы бөлігінде мал шаруашылығының ерекше саласы — марал өсіру дамыған. Ауданда табынды жылқы шаруашылығы да өркендеген. Шошқа өсірудің де біраз маңызы бар.
Шығыс Қазақстанның егіншілігінде астық шаруашылығы басым. Негізгі егіншілік аудандар Ертіс бойындағы далаға, Кенді Алтайдың Қалба жотасы мен Тарбағатайдың бөктерлері мен аңғарларына орналасқан. Ертістің оң жақ жағлауындағы Белағаш даласымен Алтай бөктерінің Шемонайха тұсындағы орманды далада жыртылған жерлер тұтас алқапты алып жатыр.
Техникалық дақылдардың ішінде күнбағыс басты орын алады. Бұл дақылдың Республикадағы негізгі егісі осында орналасқан. Оның әр гектарынан әдетте орта есеппен 10 центнерден тұқым жиналады, оны ұқсату үшін Өскеменнің май шайқау зауытына жөнелтіледі. Картоп пен көкөніс егісі Кенді Алтай мен қалба жотасының бөктеріне тараған.
Ауыл шаруашылық шикізатарын ұқсату негізінде ірі Семей өнеркәсіп торабы өсіп шықты. Торабтың жетекші кәсіпорындары-ет комбинаты және онымен байланысты былғары мех комбинаты. Сонымен қатар, өнеркәсіптің басқа да салалары дамып келеді. Семейге таяу жерде жаңадан тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытуға маманданған қуаты шағын Аягөз өнеркәсіп торабы қалыптасты.
Облыс халық шаруашылығы кешенінде жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің маңызы күшті. Жеңіл өнеркәсіптік ірі кәсіпорында: семей жүн өңдеу фабрикасы, Семей былғары-мех өндірістік бірлестігі, Семей мәуіті-шұға комбинаты, Семей аяқ-киім фабрикасы, трикотаж фабрикасы, Өскемен киім тігу бірлестігі жасанды жібек комбинаты. Тамақ өнеркәсібінде ет өндірісінің маңызы ерекше. Семей ет-консерві комбинаты осы салалық кәсіпорындардың аса ірілерінің бірі. Облыс экономикасында балық өнеркәсібі елеулі орын алады. Ірі кәсіпорындардың бірі-Зайсан балық комбинаты.
Шығыс Қазақстан облысы Республикадағы электрэнергиясын өндірудегі аса маңызды облыстардың бірі. Гидроэнергетика өнімінің үлесі басым. Риддер СЭС-тер каскады, Өскемен СЭС-і, Бұқтырма СЭС-і, Семей, Өскемен СЭС-тері т.б. біртұтас Алтай энергетикалық жүйесіне біріктірілген. Ауданның ірі өнеркәсіптік орталықтары -Өскемен, Семей, Риддер, Зырян.
Көлігі. Шығыс Қазақстан облысында темір жол, авто, су және әуе транпорттың барлық түрлері жақсы дамыған. Сондықтан облыстың табиғи ресурстарын игеру, оларды шағын территорияларға шоғырландыру көп транспорттық шығынды, жаңа темір және автожолдардың құрлысын қажет етпейді.
Территориясындағы темір жолдың ұзындығы 1200 км. Жүк айналымы жөнінен транспорт салалары арасында бірінші орын алады. Жүк тасымалында Ертіс өзенінің маңызы күшті, басты пристаньдары –Семей, Өскемен, Серебриянс, Омбы, Қарағанды, астана, павлодар арасында тұрақты әуе қатынасы бар.
Шығыс Қазақстан облысының шаруашылығы еліміздің басқа облыстармен тығыз байланысты. өзінен түсті металдар құрлыс материалдары: ағаш, мал шаруашылығының өнімдері, дәл приборлар және электротехникалық бұйымдар шығарады. өзі болса көмір (Екібастұздан), мұнай (Сібірден), қара металды, машина және өндірістік жабдықтар (Оралдан, Қарағандыдан), мырыш және қорғасын концентраттарын (Орталық және Оңтүстік қазақстаннан) алады.
Облыстағы аса маңызды өнеркәсіп орталықтарының бәрі дерлік орналасқан Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөктерімен аңғарларында халық айтарлықтай жиі қоныстанған. Климат жағдайлары егіншілік жүргізуге қолайлы әрі топырақты Белағаш даласына да халық жиі қоныстанған. Облыстың мұндай халық жиі қоныстанған аймақтарындағы ауылдар да үлкен болып келеді. Олар көбіне тау аралығындағы қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларына кейде – су айрықтарына орналасқан.
Алтайдың биік таулы бөліктері мен Сарыарқаның Түркістан-Сібір темір жолынан батысқа қарай халық сирек қоныстанған. Мұнда ұса, көп жағдайда мал фермаларының маңына орналасқан маусымдық елді мекендер басым. Қалба жотасы мен Оңтүстік Алтайдың тау бөктерлері, Тарбағатайдың беткейлері мен Зайсан қазаншұңқырлары халықтың орналасу тығыздығы жөнінен біршама ілгері орында тұр.
Революциядан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстанда қала халқының үлес салмағы күшті өсті. Бірақ ол облыстағы бүкіл халықтың жартысын ғана құрайды. Қала халқының үлес салмағы облыстың шығыс, неғұрлым өнеркәсіпті таулы бөлігінде едәуір жоғары. Мұнда Кенді Алтайдың Бөктерлері мен тау аралығындағы қазаншұңқырларда пайда қазбаларды өндіретін жерлер, кеніштерде, байыту фабрикалары мен металлургия зауыттарында көптеген шағын қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар өсіп шыққан.
Облыста 861 күндізгі жалпы білім беру мектептері (онда 297,2 мың оқушы оқиды), 30 техникум т.б. орта білім бері оқу орындары (15,6 мың) және 9 жоғары оқу орындары (23,2 мың студент ) бар.
2.2. Облыстың туристік-экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы
Бүгiнгi таңда Шығыс Қазақстан облысында 38 фирма туристік қызмет керсетедіl. Оның iшiнде 18 Семей к:аласында, 18 Өскеменде, Риддерде жұмыс атқарады.
Бұл фирмалардың негiзгi бағыты туристердi шет елдерге жiберу. Азия елдерiнен Иран, Сирия, Израиль, әсіресе ҚХР мен БАЭ және Туркиямен тығыз қарым-қатынас орнаған. Ал Европалық мемлекеттерден Испания, Австрия, Венгрия, Франция, Чехия, бiрақ басым көпшілігін құрайтындары Германия мен Ресей.
Шетел туристерiн қабылдаумен тек Өскемендегi Шығыс Қазақстан аңшылар және балықшылар бiрлестiгi ғана айналысады. Ал iшкi туризммен тек «Пилот» және «Частный предприниматель» фирмалары ғана айналысады. Қорыта келе, Шығыс Қазақстанда шетел туристерiн қабылдауға табиғи рекреациялық мүмкiншiлiктерi бола тұра туристiк инфрақұрылым деңгейi темен екені байқалып отыр.
Кесте-1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қызмет атқаратын туристік фирмалар
Фирма |
Мекен-жайы |
Бағыты |
|
|
||||||||
1. Агат-1 |
0021 (6), Ш.Д Сагнаева, Семей, Шәкәрім к-сі, 38. тел 660-547 |
Германия, Турция |
|
|
||||||||
2. Азамат ЛТД |
0364 (Б), Б.Н. Абдуллаев, Өскемен, Набережная Иртыша к-сі, 16. тел 256-053 |
Сирия, Турция, Иран, БАЭ, Қытай |
|
|
||||||||
3.Альянс-тур |
0027 (Б), К.Л. Симонов, Семей, Абай пр., 3 офис 85, тел 622-278 |
ҚХР. Германия, БАЭ. |
|
|
||||||||
4. Алтай-Торпедо |
0028 (Б), В.И. Трегубов, Өскемен, Ленин к-сі 2, офис 18, тел 272-731 |
Германия, ҚХР, БАЭ |
|
|
||||||||
5. Шығыс Қазақстан аңшылар және балықшылар бірлестігі |
0312 (А), А.Г.Калмыков, Өскемен, Абай к-сі, 89. т. 45522, факс 475544 |
Шет ел туристерін қабылдау |
|
|
||||||||
6. Гармония |
0187 (а), Т.А. Лукина, Семей, Ленин алаңы, 3. тел 624778 |
ҚХР, БАЭ, Иран |
|
|
||||||||
7. Гауhap |
0322 (А), Г.К.Тамбетова, Семей, Западная к-ci т. 450644 |
КХР. |
|
|||||||||
|
|
|
||||||||||
8. Гион |
0117(5), ЖХ.Жуманова, Семей, К,абанбай батыр K-ci 26-офис Т.622862 |
КХР, Туркия, Иран |
|
|||||||||
емен, |
|
|
|
|||||||||
9. Гиотур
|
0308 (Б) Л.Л.Андропова, Өскемен |
ҚХР, БАЭ |
|
|
||||||||
|
Новаторов K-ci 8, Т.646688 |
|
|
|||||||||
10. Гиоцинт В |
0029(Б) Б.Ю. Жогина, Өскемен, Набережная Иртыша 16. т.256053 |
БАЭ, Франция, Туркия |
|
|||||||||
11. Достық Трэвел |
0071 (Б), К.К.Момбаева, Өскемен |
КХР |
|
|
||||||||
12. Жанар и Ко |
Пермитина к-ci 29, Т.666404 0022(А), Н.Ж.Сейтбаталов, Семей, Ленин K-ci 16/46 |
КХР, Туркия, БАЭ |
|
|||||||||
|
|
|
||||||||||
13. Интурист |
0017(А), Г.А.Володина, Өскемен, Горький K-ci 29, Т.264447 |
ҚХР, Германия, |
|
|||||||||
|
|
|
||||||||||
14. Люфтсервис |
0101(Б), А.Н.Ковапенко, Өскемен Пролетарская 97, т. 645525 |
Германия, |
|
|||||||||
15. Паспортист |
0311 (Б), Р .Ж.Ниязова, Семей, Қабанбай батыр 26, офис 232, Т.623066 |
ҚХР, Германия |
|
|||||||||
16. Пилот |
ОООЗ(В) с.В.Коляко, Риддер, Гагарин 16 б, офис 36, т. 25397 |
Iшкi туризм |
|
|||||||||
|
|
|
||||||||||
17. Русанова и Ко |
0016(А), В.Н.Ясак, Өскемен, Горький 68, Т.265700 |
ҚХР, Германия, Ресей |
|
|
|
|||||||
Семей, |
|
|||||||||||
18. Рустем и К |
0361 (В) М.Ж.Бепаев, Семей, Аймауытов 50, т. 665920 Аймауытов 50, Т.665920 |
ҚХР, Түркия |
|
|||||||||
19. Сапар |
0031 (А), Д.Б.Копбаев, Семей, Абай к-ci, т.663950 |
Ресей, ҚХР |
й, Абай |
|
|
|||||||
|
|
|
||||||||||
20. Саяхат |
0061 (Б), А.М.Хангельдина, ШЫFЫС К,азак:стан облысы Манаши с., Бөгенбай батыр 4, т 22502
|
ҚХР |
|
|||||||||
|
|
|||||||||||
21. Семейтуриет |
002 1(А), А.Е.Дадамбеков, Семей. Жамбыл 9, т.422534 |
ҚХР, Германия |
адамбеков, |
Семей |
|
|
||||||
|
|
|
||||||||||
22. Спутник |
0051 (А), К,.К,.Мирашев, Семей, Ленин 26, Т.624248 |
Түркия, Израиль, Франция, Германия, БАЭ |
|
|||||||||
|
|
|||||||||||
|
|
|
|
|||||||||
23. Старые друзья |
0314(5), С.А.Дерновой, Семей Байсейiтова 82а, т.446755 |
ҚХР, БАЭ |
Семей, |
|
|
|||||||
|
|
|||||||||||
24. Танур |
0077(Б), ,Н.Оспанова,СемеЙ, К,абанбай батыр K-ci 26, Т.622339 |
Санкт-Петербург, ҚХР |
|
|||||||||
25.Өскемен саяхат және экскурсиялар бюросы |
0323(А), В.НЯеак, Горький 68, т .265700 |
Германия, Түркия, Ресей, Израиль, Өскемен |
|
|||||||||
к:онак: |
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
|||||||||
26.Шахмаметьева |
036(Б), С.А.Шахмаметьева Өскемен, Өскемен қонақ үйі, |
Германия, БАЭ, Франция, Корея, Түркия
|
|
|||||||||
уйi, |
|
|
||||||||||
|
т.261773 |
|
|
|
|
|
||||||
27.Жекеменшiк Кәсіпкер |
0012(В), т.г .Нетунаева, Мир 29,т.641830 |
Ішкі туризм |
8скемен |
|
|
|||||||
|
|
|
||||||||||
28. Зкосистем |
0018(А), А.М.Юрченко, Әуезов 22, Т.250285 |
Германия, Автрия, Франция |
8скемен, |
|
|
|||||||
|
|
|||||||||||
|
|
|
|
|||||||||
|
Шығыс Қазақстан облысында туристік шаруашылықтың үш объектісі жұмыс істейді:
- Туристік база
- Туристік қонақ үй
- Атты туристерге арналған приют.
«Алтай қойнауы» туристік базасы (1973 жылы құрылған). өскеменнен 120 км қашықтықта Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан. Теңiз деңгейiнен 500 м. биiктiкте Қалба жотасында орын тепкен. 486 орны бар корпустар мен жаздық уйлер. Шiлде-қыркүйек айлары аралығынаa қызмет керсетедi. Мұнда 2-3 орындық номерлер, асхана, клуб, спорттық алаң, бильярд, жабдықталған жаға жай, медициналық пункт, шаштараз, қайық станциясы, жүк сақтайтын камерасы бар.
9-14 күндік жаяу, сонымен қатар екінші категориялы жорықтар ұйымдастырады. Сондай-ақ 7 жасқа дейінгі балалар мен ата-аналарға, оқушыларға, жастарға қызмет көрсетеді.
«Турист» қонақ үйі (1876 ж салынған) Өскеменде орналасқан. 259 орны бар бес қабатты корпус, бүкіл жыл бойы үзілмей қызмет көрсетеді. Барлық жағдайлары жасалған, 2-3 орындық номерлер, 28 орын бар, ресторан, туристік кабинет, кино залы, жеңіл машиналар тұрағы, жүк сақтайтын камера бар.
Мынандай қызмет көрсетеді: киім жөндеу және үтіктеу, аяқ-киім жөндеу және тазалау, такси шақырту, тұрмыстық құралдар пайдалану т.б. қонақ үйдің айналасында жағажайлар және балық аулауға қолайлы орындар бар, оннан астам маршрут жолдар тарайды:
«Өскемен-мәдени орталық»
«Тасты таулар тұсында»
«Кун мен су өлкесiнде»
«Алтай қысы»
«Алтай тайгасы»
«Марқакөл»
«Белуханың етегінде» «Бұқтырма су қоймасы» .
Семей қаласының қонақтарын «Турист» атты қонақ үй қабылдайды.
Бағдарламасында: Семей қаласының өткені мен бүгінімен танысу, көрме залдары және өлкетану мұражайлары, «Семей мәдени орталық», «Ертіс жағасындағы қала» атты экскурсияларды ұсынады.
Шығыс Қазақстанның сарқылмас табиғат ендік байлығы химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар толып жатқан көлдері, әр түрлі климаты мен көрікті жерлері-жергілікті курорт-санаторий жүйесін дамытуға өте қолайлы. Шығыс Қазақстан санаторийлері емдеу факторларына қарай минералды сумен, шипалы балшықпен, климатпен емдейді. Шығыс Қазақстанның санаторий курортында климатпен емдеудің бірнеше салаларын пайдаланады. Олар гелиотерапия-күн сәулесімен емдеу, аэротерапия-ауамен емдеу, теренкур, жаяу туризм әдістерін пайдалануда.
Рахман бұлағы
Теңiз деңгейiнен 1760 м. биiктiкте Алтай тауларының құрсауында, табиғаты әсем екі елдің аралығында Рахман бұлағы курорты орналасқан. Жердiң астынан атқылап шыққан ыстық радонды бұлақтар қозғалу аппараты: артрит, полиартрит, сүйек аурулары, бұлшық ет, радикулит, омыртқа, жүйке жүйесi ауруларына мыңда бір ем.
Рахман бұлақтарының суы химиялық тұрғыдан аз минералданған азоттыкремний емдiк сулары тобына жiктеледi және құрамы жағынан «Белокуриха» мен Цхалтубо санторийлерiнiң суының құрамына ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң емдiк қасиеті ана құрлым артады..
Радонды су Орталық жүйке жүйесiнiц, жүрек тамыр жүйесiнiц ic-әрекетiн қалпына келтiруге мол әcep етедi. Радонды суды iшу — асқазан, iшек ауруларына ем. Курорттың негiзгi емдеушi факторы — климат. Ол тыныс жолдарын, астманы, қаназдықты, емдеуде улкен жетістіктерге апарады..
Рахман бұлағының өз тарихы бар. 200 жылдан астам уақыт бұрын аңшы Рахман тауларда маралды жаралайды. Жараланған жануардың артынан eкi күн жүрiп отырып буы шығып тұрған маралды көредi. Оны өлтiрiп, бiрiншi оғы тиген жарасы жазылғанын байқайды. Сонда Рахман ыстық бұлақтың қасиетiн өзiне пайдаланып көредi. Күнінe үш рет шомылып ол бiр апта iшiнде көп жылдар бойы мазалаған ревматизм ауруынан айығады.
1834 ж. Ф.Геблер «рахман бұлағы» минералды су көздеріне толық сипаттамма берді. Сіздің қалауыңыз бойынша сервистік қызмет көрсету деңгейі әр түрлі, барлық жағдайлары бар котедждер ұсынылады. Бұл 14 адамға есептелген екі қабатты котедждер.
Жоғарғы комфортабельді 5 бір қабатты котедждер бар. Мұнда демалушылар курорттың асханасында күніне 3 рет тамақтанады. әсіресе ұлттық тағамдар демалушылар көңілінен шығады.
Курортта демалыстың активті түрлерін құмартушыларға арнайы катамаран, қайықпен жүзу, атқа міну жалдамасы жұмыс істейді. Қыстың күндері шаңғы тебуге мүмкіндік бар.
Табиғатпен тілдесу және шипалы су шаршап шалдыққаныңызды ұмыттырып, денсаулығыңызды қалыпты жағдайына келтіріп, ұмытылмас естеліктер қалдырады. «Рахман бұлағы» курортындағы баға мөлшері басқаларына қарағанда анағұрлым төмен. Балаларға арнап бағалар төмендетілген. Демалу ұзақтығы -21 күн. «Рахман бұлағы» курорты Өскеменнен 480 км қашық орналасқан. Транспорт мұнда әрбір 5-9 күн сайын қатынайды.
Риддер санаторийі. Ленинагор қаласынан 25 км жерде, Үлбі өзенінің аңғарында орналасқан. Климаты шұғыл континенттік. Қысы суық, жазы салқын. Орташа ылғалдануы 60%. Таудың таза ауасы, көрікті ландшафт дем алып, ағзаны сауықтыруға аса қолайлы. Санаторий 300 орынға есептелген. Негізгі емдік шипалық фактор-климатологиялық. Ем ретінде жасанды емдік су қабылдау, магнитерапия, физиопроцедуралық емдеу, балшықпен емдеу қолданылады. Емдеу түрлері барған сайын кеңейіп, жаңа тәсілдер енгізілуде. Мысалы, емдік физкультура және массаж, аэросолярий, электроемдеу, диагностикалық лабораториясы бар. Сонымен қатар бұл өлкеде өте көп кездесетін емдік шөптер пайдаланатын фито бар ашылды.
Санаторий негізінен тыныс жолдары ауруларын, қан айналысы жүйесі ауруларын, қан айналысы жүйесі ауруларын, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге бағытталған.
Қолайлы климаттық жағдай, қызмет көрсету сапасының жоғарлылығы, мәдени шаралардың ұйымдастырылуы, өзеннің жағасында орналасуы санаторийдің дем алушылар арасында белгілі атқа ие болуына себеп.
«Риддер» санаторийi 4 жастан 15-ке дейiнгi жастағы балалар мен ересек адамдарды қабылдайды. Дем алушылар бес қабатты ғимараттағы eкi орынды номерлерде орналасады. Жолы: Өскемен қаласының «Защита» станциясынан «Улбi» станциясына дейiн жетiп, әpi қарай транспортпен санаторийге дейiнгi жол.
Өскемен. Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының орталығы, Кендi Алтайдың аса ірі енеркәсіп және көлiк жолы торабы. Өскемен — Қазақстанның ең байырғы қалаларының бiрi. Екi жарым ғасырдан артық тарихы бар қаланың ipreci 1720 жылы Үлбi езенiнiң Ертiспен қосылған жерiнде Өскемен бекiнiсi ретiнде пайда болған. 1868 жылы уездiк қала болып белгiлендi. 30-40жыл еткен соң бекiнiс ретiндегi ролi жойылған соң оның жүк тиеу-түсiру пунктi және сауда орталығы ретiндегi маңызы арта түсті. Оны кезiнде «Кендi Алтай қақпасы» деп атай бастады, өйткенi Кендi Алтайды және Оңтустiк Алтайдың бiраз бөлiгiн зерттеуге және игеруге шыққан экспедициялардың бәрi Өскемен арқылы өтетiндi. Қазiргi Өскемен – Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Ондағы қорғасын-мырыш комбинаты Кенді Алтайда қорытылатын қорғасын мен мырыштың едәуір бөлігін өндіреді. Сонымен қатар машина жасау, тамақ , жеңіл, және ағаш өнеркәсібі дамыған.
Республикадағы халқының саны, жер аумағы жөнінен үшінші орын алатын іргелі облыстың орталығы.
Мәдениет сарайы, мәдениет үйі, Жамбыл атындағы драма театры, кинотеатрлар, кітапханалар, емханалар, стадион, теледидар студиясы, екі қалалық парк, туристік база, тарихи-өлкетану, өнер мұражайлары бар, құрлыстың дені Ертістің оң жағасына шоғырланған. Қала маңында демалыс зонасы құрылған.
Риддер 68,9 мың тұрғыны бар. Шығыс Қазақстандағы кен өндіретін аса ірі қорғасын, мырыш және сирек кездесетін металдар қорытатын Өскеменнен кейінгі екінші орталық. Ол Үлбі өзенінің басталуында, шапшаң ағатын тауөзендері Громотуха мен Бытруха шоқылары арасынан ирелеңдеп өтетін Иванов жотасының бөктерінде орналасқан. Қала 1786 жылы орыстың кен білігірі Филипп Риддер-алғашқы полиметалл кен орынын ашушы-құрметіне атанған.
Семейден солтүстікте орналасқан Ауыл стансасының маңындағы қарағай және демалыс үйлері салынған.
Абай мұражайы. Абай Құнанбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы Семей қаласында, кезінде Абай келіп түсіп жүрген үйде, ұлы ақынның 95 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған. Мақсаты: Абай мұрасын зерттеп, насихаттау. Онда ұлы ақынның жас шағы, өскен ортасы, қазақ фольклоры мен әдебиеті, ежелгі Греция мен Шығыс ойшылдары, орыстың озық ойлы демократ интеллигенттері, классикалық әдебиеті, Орта Азия мен Қазақстан тарихы, қазақ ағартушылары т.б. жөнінде бөлімдер бар. Мұражайда Абайдың өзі пайдаланаған бірсыпыра заттар бар. Ұлы ақынның мұражайын көрушілер саны жылдан-жылға көбеюде.
Семей мұражайы. Қазақстанның тарихи-өлкетану мұражайларының бірі. 1883 жылы саяси жер аударылғандар Е.П. Михаэлис, А.А. Леонтьев, П.Д.Лобановский, А.А. Блэк, Н.И.Долгополов және А. Құнанбаевтың инициативасымен статистикалық комитеттiң жанына құрылды. Ол он жыл бойы осы комитеттiң қол астында болды. 1893 жылы бастауыш бiлiм беру қамқорлығына берiлдi. 1927 жылы мұражай өз алдына мемлекеттiк мекеме болып белiндi.
Мұражай экспонаттары негiзiнен үш бөлiмнен тұpaды: табиғат, совет дәуiрiне дейiнгi кезең, совет қоғамы тарихы. Онда 35 мыңдай экспонат және 30 мың данадан аса ғылыми әдебиет бар.
Шығыс Қазақстан табиғат жағдайлары бойынша алуан турлi, өйткенi оның шағын территориясы ұсақ төбелi жазықтармен биiктiгi орташа тауларды ғана емес, сондай-ақ тау арасындаrы көлемдi қазаншұңқырларды, айтарлықтай кен өзен аңғарларың және тiптi кей жерлерiн мәңгі қар мен мұздықтар басқан биiк тауларды да қамтиды. Сондықтан жер бедерiмен климатының, топырақ-өсімдік зоналарының барынша алуан түрлiлiгi бұл облыстың табиғатына ерекше, қайталанбас әсемдік береді.
Рельефi негiзiнен таулы әрі өте тiлiмдеген. Ертістің оң жағы Кендi және Оңтустiк Алтайдың жоталары, таулы үстiрттерi, тауаралық қазаншұңқырлары алып жатыр. Ең биiк жерi облыстың солтүстік-шығысындағы Катунь жотасы Мұзтау шыңы, 4506м.). Кендi Алтайдың Уба, Иванов, Үлбi жоталарының биiктiгi 2000 метрден, Оңтустiк Алтайдың Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай Күршiм, Оңтустiк Алтай, Азутау сияқты жоталары 3000 метрден астам. Алтайда Улкен Берель және Кiшi Берель мұздықтары бар. Алтайдан оңтустiкке қарай кең байтақ Алтай қазаншұңқыры жатыр. Оның оңтустiгiнде Тарбағатай, Сауыр жоталары бар. Қазақстанның орманының жартысы дерлiк осы Шығыс Қазақстан облысында. Мұнда көбiнесе қылқан жапырақты орман кездеседi. Шырша аралас май қарағайлы орман таудың бөктерiн өрмелеп өседi. Қайыңды тоғайы санаторийлер мен демалыс үйлерiнiң таптырмайтын орны. Адамдардың денiн сауықтырып тынықтыруға табиғаттың өзi де жағдай жасаған. Теңiз деңгейiнен 1760 м. биiктiкте Алтай тауларының табиғаты әсем екі көлдiң аралығында «Рахман бұлағы» курорты орналасқан. Ал Риддер санаторийi қолайлы климаттық жағдайымен, қызмет керсету сапасының жоғарлығымен демалушылар арасында белгiлi дәрежеге ие болып отыр.
Алтайдағы Қалба тауының сiлемiндегi облыс орталығы Өскемен маңында табиғаты әсем бiрнеше көл бар. Қаладан 80 км, жерде тау алқабында Себi езенiнiң құйылысында көлемi, көpкi, аумағы әртүрлi бес көл орналасқан. Әрбiр көлдi айналаға ерекше көpiк беретiн қиып қойғандай гранит қоршайды.
Шығыс Қазақстан гидрографиялық торы жиi. Көлемi 1 га-дан асатын жалпы аумағы 896 шаршы км. 1968 көл бар. Басты өзендерi Ертic және оның салапары: Қалжыр, Күршiм, Бұқтырма, Үлбi, Уба. Ертic оңтүстік-шығыстан солтүстiк-батысқа қарай ағып территорияны Батыс Сiбiрмен жалғастырады. Жалпы, өзендерiнiң суы мол, ағымы қатты келеді.
Ертic бойында ерте кезде өмір сүрген халықтардың iзi қалған. Тастан жасалған мүсiндер қорғандар, жартастағы жазулар, будда монастырiнiң қалдықтарының бірi осы маңда болған халықтардың ескерткiшi. Аблай-кит шіркеу монастырын (Өскеменнің қасында) жоңғар ханы Абылай ХУII ғ. орта кезiнде салдырған. Бұл монастырь 17 60ж. қираған.
Тарбағатайдағы Охей шатқалы өзгеше жаңалық енгiздi. Мұнан букiл Ертic өңірінде кездеспейтiн ғажап картина галлереясы — ежелгi адамдардан қалған тасқа салынған суреттер табылған. Олардың творчестволық мұрасы алуан турлi. Онда көбiне адамның, садақты адамның cypeтi салынған. Тауда ешкiлерiн аулауды бейнелейтiн бүтiн бiр сюжеттер де бар. Осы шатқалдан 2000 мыңға жуық сурет табылып тiркелген.
Ертіс өзенiнің оң жағасын түгел дерлiк Кендi және Оңтүстiк Алтай таулары алып жатыр. Оның кейбiр шыңдары теңiз бетiнен 3000 метрден астам биiктiкке дейiн жетедi және басын мәңгі қар мен мұз басып жатады. Сол жақ жағалауында белес-белес аласа Қалба таулары созылып жатыр, Өлкенiң оңтүстiк шығыс жағында Сауыр мен Тарбағатай тауы жоталары орналасқан.
Таулық өлкелердiң ең төмен белдеуiн таулық дала, одан жоғарырақ таулық орман (қайың, көктерек, терек, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын) алып жатыр. 2000-3000 метр биiктiктегi беткейлерде субальпi және альпi шалғындары еседі.
Қатон-Қарағай орман шаруашылығы Алтай тауының терең қойнауына орналасқан. Ертіс өңірінің бұл ұлан-байтақ, алқабының өсiмдiктерiнiң байлығымен даңқы шыққан.
Шатқалдар мен өзен жағалаулары аққайың, қарағай, долана, шетен, некен-саяқ шырша өскен аралас орман. Жоғары өрлеген сайын жапырақты ағаштар жойылып, олардың орнын қарағай мен балқарағай, ал солтустiк беткейдi самырсын басады, құмды құламаларда қарағайлы қалың орман пайда болады.
Ал мәңгi мұз жатқан шыңның басында жартастар мен мұздар түгел жалаңаш. Бұл арада жақпар тасқа жармасқан тек қоңыр қына мен мүк қана кездеседi. Оқтатектес ғaнa жықпыл-жықпылдарда жармаса өскен жатағана самырсындар мен аққайыңдар, аршапар ұшырасады да, бұл өңірдің қатал табиғатын ескерткендей болады. Сондықтан Шығыс Қазақстан ғалымдарды ғaнa емес, көптеген табиғат әуесқойларын да, тынық орманда сацырауқулақ, дәрi есiмдiктер мен жидек теруді тәуір көретiндердi құштар етедi. Жидек турлерi ете көп: қызыл, қара және ақ қарақат, таңқурай, долана, шәңгiш, шетен жидек, мүк, жидек, бүлдiрген, әcipece, қойбүлдiрген көп.
Регион флора мен фаунаға ете бай. Жануарлар дуниесiнен әcipece тepici бағалы аңдар көп. Ақ тиiн, ақшыл күзен, сарышұнақ, суыр, борсық, түлкi, қасқыр, аю, марал мекендейдi. Тау орманында да хайуанат көп. Мұнда сілеусін, сарытышқан, күзен, құну, елік, архар, бұғы кездеседі. Сирек аңдардың бiрi марал, құстың 250 түpi мекендейдi.
Шығыс Қазақстан облысында тeміp жол, авто, су және әye, яғни транспорттың барлық түрлерi жақсы дамыған. Облыста туризмнiң мейлiнше қарқынды дамуынан транспорт жағдайлары бiршама қолайлы, территориядағы тeмip жолдың ұзындығы 1200 км, тас жол ұзындығы 16,3 мың км, ал Ертіс өзенi қалаларды, мемлекеттердi байланыстыратын су туризмi ушiн барынша пайдаланылады. Ертic езенiнiң облыстағы басты пристаньдары — Семей, Өскемен, Серебрянск.
Автотуризмдi дамытудағы ыңғайлы тас жол облыстың Өскемен, сияқты ipi туристiк орталықтарын Қарағандымен, Алматымен, Республикамыздың бас қаласы Астанамен байланыстырады. Маңызды автомобиль жолдары: Семей – Қарқаралы — Қарағанды, Павлодар-Семей- Алматы, Аягөз- Бақты- Жалғызтөбе-Өскемен.
Облыспен Қазақстан қалалары, ТМД қалаларымен әye жолы арқылы байланысқан. Алматы, Москва, Ташкент Новосибирск, Свердловск, Омбы, Қарағанды, Павлодар, Астана арасында тұрақты әуе қатынасы бар.
Табиғат әуесқойларын Ертic жолға, сапарға шақырады. Ертic өңірінің жері ғажап сұлу. Бұл ең iрі тамаша демалыс орны ретiнде әйгiлi. Мұнда «Айна», «Садко», «Шуақты», «Көгілдір шығынық», «Мөлдір бұлақ» сияқты толып жатқан санаторийлер, пансионаттар, лагерьлер бар. Жаз айларында бұл арада ондаrан мың адам дем алады.
Демалысты «Алтай шығанағы» атты туристiк лагерьде жақсы өткiзуге болады. Әcipece оның бiр маршруты тамаша, көңiл cepпітep көп нәрсе көруге болады. Жаңа келгендердi лагерьден автобусқа отырғызып, тайганың ортасындағы Язевка селосына апарады. Сол арада олар алғаш рет шатырда түнеп шығады, ал таңертең — саяхат сапары басталады. Орман iшiндегi жалғыз аяқ жолмен Язь көлiне дейiн барасыз. Ертеңiне сыңсыған самырсын орманына өтiп Көккөлдiң су құламасын нысанаға алып Берель тау өзенiнен өтесiз, Көккөлде су 45 метр биiктiктен сарқырап құлап жатыр. Содан кейiн бiрнеше ұтымды маршрут бойынша саяхатқа шығасыз да, Үлкен Берельдiң мәңгi мұзды шыңына көтерiлесiз, саяхат соңында Қара Берельдiң жағасымен жүрiп отырып «Рахман бұлақтары» курортының үстінен келiп түсесiз.
Осы қысқаша шолудың өзінен-ақ нағыз табиғат әуесқойлы алдынан Алтайдың талай тамаша сырларын ашатынын айқын аңғаруға әбден болады. Әcipece сыңсыған самырсын өскен орман ғажап.
Зайсан көлiнiң маңында ежелгi аңдардың мұнан 50 млн. жыл бұрын өмір сүрген титанотерий, энтолодонт, оминодонттардың т,б, аңдардың суйегi табылды. Ертіс су электр станциясын салғанда уңгiрден мамонттың және ежелгi өгiздiң сүйегi табылған.
Зайсан ойпатының бiр тамаша жерi — Зайсанның жағасындағы Чекельместің сазды тауы. Тауды жел әбден мүжiп тaстaғaн тұрпаты ғажап. Бұл ежелгi заманның eскi сарайына, көне қаланың, мешіттің қақпасына ұқсайды. Бірақ бұл арада ондай ештеңе болмаған. Ерте заманда бұл маңда адамдар тұрған-кейбір құлаған уңгiрлерден түтiп шыққан тесiктердiң, төсектердiң сiлемiн кездестiруге болады.
Ертіс Қазақстандағы ең ipi өзен. Өзен бойының бай табиғаты адамдарды баяғыдан ынтық еткен. Екi жағынан биiк жартас өзеннiң сағасын қысып тұpaды. Өскемен түбiнде тау ыспағынан суырылып шыққан Ертic әpi қарай кең арнасымен ағады. Epтicкe келiп құятын өзендердiң ең үлкенi Қалжыр, Күршiм, Нарын, Бұқтырма, Улбi және Ульба. Бұл өзендердiң ең үлкенi Бұқтырма.
Бұқтырма — Ертістің оң жақ саласы. Оңтүстiк Алтайдың мұздықтары мен қарынан басталатын бұл өзен өте әдемi жерлермен ағады. Өзеннiң әрбiр бұл құрылысы табиғаттың көркем көрінісін бейнелейдi. Өзеннiң жағалауларында биiктiгi 100-200 мге жететiн жартасты, тік құлама беткейлi таулар бар. Ағаштар мен бұталар тау eтeriнe дейiн өсiп, өзенге келiп тiреледi де, өзен ағысының баяу жерiнде оның мөлдiр әдемi сәулелері түсіп тұрады. Өзендер мен жыралар Бұқтырмаға жан-жағынан құйып жатады.
Ертіске келіп құятын тау өзендері туристерді шыдамдылықтың, қайсарлықтың, тапқырлықтың қатал сынынан өткiзедi. Бiрақ жастарды жорыққа ынтықтыратынның өзі де осы, өйткенi әркім-ақ өзінің қажыр-қайратын сынап көprici келедi. Мінe, сондықтан да Бұқтырма, Уба, Ульба езендерiнiң бойынан игерiлген жаңа жорьқ жолдары жылдан-жылға кебейiп келедi.
Epтicкe келiп құятын басқа езендердiң суы тапшы болады. Кектемде кемеріне келген бұл өзендер жазда кеуiп қалады. Бұлардың iшiнде Буконь, Қайыңды, Ұлан, Тайынты, Канайка және басқалары. Бұның бәрi Қалба тауының бөктерiнде ағады.
Epтicтeгi алғашқы су электр станциясы бұл өңірдің бүкiл eмipiн түбегейлi езгертiп жiбердi. Ол Шығыс Қазақстан жерiнiң қойнауындағы мол қазына қоймасының кiлтiн адамдардың қолына бергендей болды.
Сонымен, Ертic еңiрi — алуан түрлi ғажап өлке, табиғат бейнесi сұлулығы мен мән жағынан алғанда бiрiнен бiрi асып түседi.
Шығыс Қазақстан облысында аңшылар мен балықшыларды қызықтыратын жерлер көп. Eртic жағалауындағы далаларда қояндар, қарсақтар, бөкен, ал көлдер маңында жабайы шошқа көп мекендейдi. Қарағайлы тоғайларға және Eртic маңындағы созылып жатқан тоғайға ақтиiн, ақшыл күзен, түлкi, ақ сусар, аққия және қасқыр тараған.
Шыңғыстаудың батысында Шаған езенiнiң жағасындағы Қоңыр Әулие үңгірі-қазақ даласында сирек кездесетiн табиғат ескерткiшi. Уңгiрдiң аузы тар, iшiнiң биiктiгi 25, ұзындығы 100 м-ге жуық, түбi мөлдiр суға тiреледi. Kipe берiсте бетiн мүк басқан тас қорым жатыр.
Сонымен, Шығыс Қазақстанда тау, су, үңгір туризм түрлерiн дамытуға толық мүмкiндiк беретiн табиғи-рекреациялық объектiлер мол, әpi өте жиi кездеседi.
Қазақтың асқан ағартушы ақыны Абай Құнанбаев өткен ғасырдың ортасында осы жерде, Шыңғыс таудың бауырында дүниеге келдi. Ұлы ақын Абайдың творчестволық қызметi – қазақ халқының мақтанышы. «Атаңның ұлы болмай, халқыңның ұлы бол!» дейдi қазақ мақалы. Бұл сөздi Абай жөнiнде де айтуға әбден болады.
Ұлы ақын Семейде оқыды, соңынан мезгiл-мезгiл осында тұpды. Жалпы, Абайдың өмipi мен творчествосының жақсы кезеңдерi Семеймен байланысты. Бұл күнде ақын әpi ойшыл Абайдың eciмi, оған арналып тамаша мұражай ашылған. Семейге ғана емес, бүкiл республика мен елiмiзге әйгiлi. Оның өлеңдерi мектепте оқылады, ол туралы пьесалар мен кiтаптар жазылған. Қазақстанда оның атына қойылған қала, орнатылған ескерткiштер бар. Өйтсе де ең басты ескерткiш — өзiнiң адал ұлдарын ешқашан ұмытпайтын халықтың алтқысыз сүйіспеншілігі.
Рахман бұлағы. Рахманов бұлақтары-Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы шипалы, ыстық бастау. Оңтүстік Алтайдағы кiшкентай техникалық ойпатта, Арасан көлi жағасында, теңiз бетiнен 1750 м, биiктiкте орналасқан. Айналасы — биiк тау, қылқан жапырақты қалың орман, өте көpiктi. Бастау граниттегi терең тектоникалық жарықтардан шығып жатыр. Судың температурасы 35-420 С. Оның шипалық қасиетi ертеден белгiлi болса да, емдеу мүмкiндiгi 18 ғасырдың аяғынан берi анықталды. 1925-36 жж. бұнда курорт жұмыс істей бастады. Онда жыл 12 ай Өскемен, Зырян т.б. к:алалардан адамдар келіп дем алады.
Булақтың негiзгi емдеу факторы – көмip қышқылды, радонды су. Суы тұщы, минералдығы 200 мг/л., құрамында тидрокарбонаттар, натрий, кальций т.б. элементтер бар. Бұлақ суының тәуліктік өнімі 600 куб.м. Арасанның суы қорғасын, мырыш буымен уланудан, турлі жаралардан, асқазан ауруларынан, ревматизмнен, гинекологиялық аурулардан, нерв жүйесi мен тыныс органдарының ауруларынан емдеуге ете жақсы.
Бұл судың көзiн аңшы Рахманов 1763 ж. ашқан және судың шипалық қасиетін анықтады.
Барлықарасан — Семей облысының Мақаншы ауданындағы минералды су булақтары (4). Барлық тауының батыс жақ етегiнде, Арасан езенiнiң оң жағасында. Бұлақтар карбонның гранит- порфирит жыныстарындағы жарықтардан шығады. Суының температурасы 25-4200С, құрамы сульфатты-натрийлi, кремний қышқылына бай, радон мен бор қышқылы (0,6 г/л.) бар, минералдығы 1,6-1,8 г/л. Epiгeн газдардың көбi (97-98%) — азот. Тәулiгiне 225 куб.м. су шығады. Барлық арасан булағының суы жазғы балнеологиялық емханада ауруларды емдеуге пайдаланылады. Судың тepi және буын ауруларына шипалық әсері күшті.
Марқакөл- Шығыс қазақстанның Алтай таулы аймағының алабындағы ірі ағымды көл жағалауы шығынақтармен тілімделген тік құз жартасты. Марқакөл –аса сирек кездесетін көл. Теңіз деңгейінен 1434 м. биіктікте орналасқан. Оның айдыны 500 шаршы км-ге жуық, ал тереңдігі 27 м. бұл айнала қалың тайга мен тау қоршаған, көптеген қойнау бар, суы мөлдір алып шара тәрізді. Көл айналасындағы тау беткейінде қарағай, самырсын т.б. орман ағашы өседі. Марқакөлге бірнеше кішігірім өзен құйып, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Суы тұщы, мөлдір, балыққа бай. Таудағы аса көрікті көл және оның әсем табиғаты көп адамдардың дем алып тамашалайтын орны.
Марқакөл Азия континентiнiң түкпiрiнде, бiрнеше климаттьық белдеулердiң: Батыс Сiбiрдiң континенттiк, Моңғолияның қатаң континенттiк және Орта Азия шөлдерiмен далаларының қоңыржай климатының тоғысқан тұсында орналасқан. Осындай географиялық ерекше жағдайы, теңiз деңгейiнен 1,5 км, биiктiкте жатуы және орасан су айдынының өзi оның өсiмдiктер дүниесi мен жануарлар дуниесiнiң ғажайып байлығы мен бөлек қйталанбас өзгелілігіне себепші. Ихтиологтар суда және көлдің түбінде тіршілік ететін жануарлардың және өсімдік ағзаларының 160 түрін санап шықса, орман өсірушілер тау беткейлерінде өсетін ағаштардың 19 түрін ұшыратқан, ал зоологтар сүтқоректілердің 40-тан астам және құстардың 200-ден астам түрін анықтаған.
Ертіс- Қазақстан картасында солтүстiк-шығыстағы Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар еңiрлерiмен ирелеңдеп өтiп жатыр. Бұл дуние жүзiндегi үлкен өзендердiң бiрi, оның ұзындығы 4331 км. Соның 1700 км-i, яғни, үштен бiрi республиканың үлесiне тиедi, бұл- өзеннiң суы мол, ең қуатты тұcы, сондықтан да Ертісті Сiбiрдiң ғана емес, Қазақстанның да өзенi деп атайды.
Бастауын сонау Моңғол Алтайының батыс сілемдерінен алатын, Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Зайсан ойпатына түскен соң арнасын кеңейтіп, Зайсан көліне құяды. Осы арадан Ертістің суы алғашқы кезде таудың тар шатқалымен, ал Семейдің тұсына жеткенде ағынын баяулатып, Батыс Сібір жазығымен солтүстікке қарай ағады. Арнасы иiр-иiр, әртүcтi тарамданьш, көптеген аралдар жасап отырады. Бiздiң республикадан асқан соң Ертic Обь өзенiне өзiнiң 26 млрд. текше метрдей суын әкелiп құяды.
Өзеннiң бойын алып жатқан мол алқапты ерте заманнан берi Ертic еңiрi деп атайды. Балықшылық кәсібі, кеме қатынасы, өзен бойының бай табиғаты адамдарды баяғыдан ынтық еткен. Сондықтан да олар бұл өңiрге ерте заманда-ақ қоныстана бастаған. Бұқтырма езенiнiң бойында, Семей мен Баянауыл теңiрегiнде жургiзiлген археологиялық қазбалардан алғашқы қауым адамдарының мекендерiнiң қалдықтары табылып отыр. Бұндай орындар болашақта туристiк қызығушылықты арттыратын бiрден-бiр экскурсиялық объект болатындығы сөзсiз.
Ертіс өңiрi – Қазақстанның осы аймағының табиғи мол байлығы жөнінде көптеген ғылыми мағлұматтар қалдырған атақты саяхатшы П.Семенов- Тянь-Шанский, Г.Потанин, В.Обручев, Н.Пржевальский өмip сүрiп, қызмет еткен өлке. Eртic өңiрi – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың отаны.
Eртic өзенi облыстың негiзгi туристiк-рекреациялық ресурстарының бiрi. Өзен суының молдығы, оның арнасы мен аумағы, табиғаты танымдық-спорттық, ғылыми –тәрбиелiк туризм түрлерiн дамытуға мол мүмкiншiлiк бередi. Өзен арқылы қалаларалық, мемлекеттер аралық туристiк су жорықтарын ұйымдастыруға болады.
Рахманов су көзiнен 10-15 км. жерде. Ақберелi өзенiнiң бойында Язово көлi бар. Көлдi қоршаrан тау баурайында өскен кедiр, қайың т.б. ағаш көп. Берел мұзының қуатты табанына aғaтын Ақберелi өзенiнiң ағысы тым қатты. Өзеннiң төмeнri caғaсы ақбалшықты жынысты жуып өтедi. Осыдан барып оньың суы шынында да aқ болып көрiнедi. Сондықтан да өзен Ақберелi деп аталады, Осы Ақберелiге Көккөл келiп құяды. Шағын өзен 40-50 м, биiктiктен келiп құлайды. Мұндай биiктiктен құлаған су сирек кездеседi. Сондықтан да туристер бұған назар аудармай өте алмайды.
Алтайдағы Қалба тауының сiлемiндегi облыс орталығы Өскемен маңында табиғаты әceм бiрнеше көл бар. Қаладан 80 км. жерде тау алқабында Себi езенiнiң ойылысында бiрнеше көл бар (5) .. олардың көлемi, көpкi, аумағы әртүрлi. Қиып қалағандай керемет гранит әрбiр көлдi қоршайды. Tұтac граниттің тiк тұрған, еңкейе түскен тастары төңiрекке ерекше көpiк бередi. Бұл жер өсiмдiкке acа бай емес. Eкi көлдiң арасында жатқан сидаң граниттің бiреуiн тесiп өткен жел мен су аумағы 30-40 метрдей тереңдiгi 10 метрдей үңгiр жасаған. Жазда oсы үңгiрге су толады.
Арасан көлi — Таулы Алтайдағы туристiк маңызы бар әceм көлдердiң бiрi.
Облыстың Қатон-Қарағай ауданындағы Берелдi ауылынан солтустiкте 20 км. жерде, науа тәрiздi тектоникалық ойыста орналасқан. Ұзындығы 4,5-5 км.,eнi 1,5-2 км.,тереңдiгi ондаған метр. Теңiз деңгейiнен 1750 м. биiктiкте. Суы тұщы, мейлiнше салқын, бадығы жоқ. Қарашаның басында қатып, сәуiрдiң аяғында еридi. Көлге жан-жағынан бiрнеше тау бұлағы және радонды ыстық су шығатын Арасан бастауы құяды, ал одан Ақбұлақтың сол саласы Арасан өзенi басталады. Көлдiң жар қабақ болып келген жағасында қылқан жапырақты қалың орман өседі. Батыс жағасында Арасан курорты орналасқан.
2.3 Игерілген туристік-экускурсиялық нысандар және оның құндылығы
Алтай таvлары. Алтай биiк шыңдарын мәңгі қар басқан биік таулар. Жергілікті халық көптеген жоталарды белки деп атайды. Мұндағы ең биік шың –Белуха республика шекарасындағы белки Катунь жоталарында орналАсқан. Қазақстандағы Алтай тауларының Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы деп аталатын батыс бөлігі кірген. Алтайдың ең биік таулары шығысында, батыс пен оңтүстікке таман бірте- бірте аласара береді де, оңтүстігінде Зайсан қазаншұңқырына жетіп бітеді. Таудың батыстағы сілемдері Ертіске жетіп, арғы жағасына қарай созылып кетеді. Ол барған сайын аласара түседі де қазақтың ұсақ шоқыларына айналады. Алтайдың бұл бөлігі Қалба жотасына ұласады.
Алтай туризм рекреациялық әрекеттері үшін өте көрікті тау. Биік шыңдары, құлама құз, жартастар мәңгі мұз басып, қар көмкерген тұтас жоталардың ғажайып көркіне дем алушылар көзі тойған емес. Қазақстанның ағаш байлығының жартысына жуығы осы Алтайда орналасқан. Алтай ормандарында балқарағай, майқарағай, шырша, көктереек, ақ қайың. Қарағайлардың қалың жапырақтарының арасында ақ тиіндер мен ала тышқандар, қара аю, түлкі, қасқыр, ақ тышқан терісі, аса қымбат бұлғын сияқты аңдарды жиі кездестіруге болады.
Қарағайлы белдеулер жапырақты балқарағай мен майқарағай алқабы басталды. Жоғары көтерілгенде тау шылғындары басталады. Тау биігіндегі шылғындарда бұғылар, еліктер, тау текелер жүреді.
Алтайдың ең басты байлығы жер қойнауының кені. Алтайда түсті металдың мыңға тарта кен орны табылған. Онда: мыс, қалайы, қорғасын, мырыш. Күміс, және басқа металдар өндіріледі. Сондықтан да оның бұл бөлігі Кенді Алтай деп аталады. «Алтай қолыңды алтынмен тартады», деп жырлады қазақтың ұлы ақыны Жамбыл.
Шынында да Алтай топырағы басқа кен байлықтармен бірге алтынға бай. Алтын мұнда да желілерде де, қорымдарда да кездеседі.
Маркакөл қорығы. Шығыс Қазақстанның алтын алқасының бірі — Марқакөл қорығы. Бұл Алтай табиғатының және онымен жапсарлас Орталық Қазақстан далаларымен Моңғол шөлінің бүкіл байлығын бойына жинаған өте сирек ұшырастатын өзгеше өлке. Көлге тек үстiмiздегi ғасырдың басында ғана адамдар келiп қоныс теуiп оның жағасындабірнеше елді мекендер қалды.
Марқакөл — Алтайдың Күршiм мен Азу жоталарының аралығындағы терең ойпатта жатқан үлкен айдынды көл. Ол теңiз децгейiнен 1485 м. биiктiкте орналасқан. Көлдiң оңтустiк жағалауы ор қабақты, ал солтүстiгi жалпақ тау болып келедi. Оның суының тұщылығына дүние жүзiнде тең келетiн көл сирек. Ұзындығы 38, eнi 19 км-ге созылған, оғaн төңiрегiндегi таулардан үлкендi-кiшiлi 28 өзен құяды. Олардың ең iрiлерi: Тополевка, Тихушка, Ұрынқай, Мылтықбай, Еловка, Тастыбұлақ, Матабай, Жиренбайтал, Қарабұлақ Байбақсу және Балғындыбұлақ. Бұлар өздерiнiң басын биiктiгi 2000 м-ден асатын тау шыңдарынан алады. Ал Ұрынқайға қарама-қарсы беттегi жағалаудан бас алатын Жалғыз, Қалжыр өзенi ғана көлден ағып шығады. Көлдiң тереңдiгi 24 м. Мұнда басқа көлдердiң жағасында eceтін қамыс, құрақ және сары тұңғиық, су лала гүлi жоқ. Бiрақ көлде және оның түбiнде хайуанат пен өсімдік аrғзалаларының 160-тан астам әртүрлi пiшiндерi тiршiлiк етедi. Қорықтың міндеті- олардың биологиясын, тiршiлiк жағдайын, су режимiн зерттей отырып, қорын молайтудың ғылымға негiзделген жолдарын белгiлеу болып табылады.
1947 жылы жасыл желек жамылған орман алқабын қорғайтын орман шаруашылығы құрылды. Ал 1970 ж. көл жағалауын қоpғay аймағы пайда болды. Тау беткейiндегi 36,8 мың га. орман алқабы бiрiншi топқа көшiрiлдi. Көлде балық аулауға тыйым салынды. Табиғаты әсем көл маңы жанданып, бұл жерге жыл сайын көптеген туристер мен дем алушылар келетiн болды. Бірақ бұл шаралар Марқакөл аймағының байлығын қалпына келтiрiп, сақтау ушiн жеткiлiксiз едi. Сөйтiп, Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл мемлекеттiк қорығы құрылды.
Бұл қорықтың негiзгi мақсаты — маңайда сирек кездесетiн бағалы аңдар мен құстарды және көктемде балық уылдырық шашатын өзендер арналарын қорғап, сонымен жанға сая болатын орманын, айдын көлi мен өткел бермейтiн асау өзендерiнiң сұлу да әсем табиғатын табиғи қалыпта caқTay. Көл маңының табиғаты өте көpiктi. Тау eтeriнeн жоғары қарай өрмелей өскен ну орман. Тау жоталарының терiскей бетiнде орман ағаштары 1700-1800 м., ал күнгей беттерiнде теңiз деңгейiнен 2400-2500 м. биiктiкте өседi.
Көл жағасынан тaуғa көтерiлген сайын дала, орманды-дала, субальпi және альш белдеулерiне тән өсiмдiктердi кездестiруге болады тау eтeктepi мен өзендер бойында қайың, көктерек және теректер өседi. Одан жоғары қыраттарда қылқанн жапырақты орман бой түзеген. Олардан биiгiрек тау жоталарын бал қарағайлы орман алып жатыр. Субальпi және альпi белдеуi шабындыққа бай, жалпы алғанда, қорықта есiмдiктiң алуан түрлерi таралған. Тiптi орманның өзiнiң 19 түpi кездеседi екен. Әcipece, бұл табиғат лабораториясының бал қарағайлы орманының өсу жағдайының, оның көлемiн ұлғайту мәселесiн шешуде ролi күштi болмақ. Сондай-ақ, қорық жерiнде алуан түрлi палеонтологиялық қазба байлықтары бар. Марқакөл қорығы аң-құстар түрлерiне өте бай. Онда сут қоректiлердiң 40, құстардың 200-ден аса түpi мекен етеді. Оғaн қoca бұл аймақта қос мекендiлердiң 3, бауырмен жорғалаушылардың 6 түpi таралған.
Қорықтың көлемi 71359 га. жердi алып жатыр. Оның 3756 га-сы тeгic орман, ал жайылымы 21000 га-дан асады. Территориядағы табиғат комплекстерiн ғылыми тұрғыдан тексерш, оларды қаз қалпында сақтап, қорын көбейту үшін қорық қызметкерлері үлкен жұмыс атқаруда.
Сұлулығына көз тоймайтын Марқакөл жағасында қорықтың орталығы бой керсетш, онда ғылыми лаборатория, табиғат мұражайы және қорықшаларға тұрғын үйлер салынған. қорықтың ғылыми бөлiмiнде биолог, су мен орманды зерттейтiн мамандар бар. Олардың мақсаты – Марқакөл қорығында сүт қоректілер мен құстардың таралуын, қорын, олардың биологиясын, орта жағдайына бейiмделуiн зерттеу. Сондай-ақ Марқакөлдiң су режимiнiң езгеруi, оның жалпы сол орта жағдайына әcepi, қорықтың жер бедерi, өсiмдiктерi жан-жақты зерттелу үстінде.
Алтай ботаникалық бағы. Алтай ботаникалық бағы Риддердiң жанындағы Сұңқар шыңының баурайында кең орманды алқапты алып жатыр. 50 мың га. жерде дуние жузінің әртүрлi елдерi мен кеңiстiгiнде өceтін өсiмдiктердiң көбi осында өседi. Сiбiр шыршасы, Ресейдiң орталық жазығын жақсы көpeтін кәдiмгi алып емен, бойы 20 м. келетiн шетен өседi. Тоғайға бойлап енген сайын тyған жердiң ақ қайың көк терек, шәңкiш, мойыл сияқты ертеден таныс ағаштармен қатар бұрын eмic-емiс eстіген немесе тiптi белгiсiз ағаштардың өсiп тұрғаны жиi көрiнедi. Маньчжурлық жаңғаақ, жапон қайыңы, американдық шаған ағаш, ақ қараған, жұмыр шегіршін мекені басқа құрлықта жатқан бейтаныс бұталар. Айнала толған алуан түрлi гүлдер, олар да негiзiнен басқа өлкелер мен ауа- райы мүлде өзгеше жерлерден әкелiнгендер. Тек бiр ғана астра гулдiң ботаника бағында 100-ден астам түpi өсiрiледi. Одан басқа раушан гүлдер, хризонтема мен левкой гулдерi өседi.
Бүкiл Алтай өңiрiнде қар төмен жақын жататын осы ботаника бағы орналасқан аудан eкeнi анықталып отыр. Жылдың орташа температура бiрқалыпты болып тұрады. Сонымен қатар бұл араға елiмiздiң бүкiл азиялық бөлiгiмен салыстырғанда олардан әлдеқайда көп — жылына орта есеппен 2100 мм-ге дейiн атмосфералық ылғал түседi. Осындай өзiндiк ауа райының арқасында Таулы Алтай өсiмдiк әлемiнiң сарқылмас бай қазынасына ие флораның түрлерiн ғана емес, өзге кеңiстiк өсiмдiктерiн өcipyre, сынауға мүмкiндiк жасайды. Оның ғылыми қызметкерлерi дуние жузiнiң көптеген елдерiндегi әрiптестерiмен үнeмi байланыс жасап отырады. Ботаника бағында 100-га тарта дәрiлiк, тамақтық бал беретiн, көpiктік өсiмдiктер сынақтан өткiзiледi.
Шығыс Қазақстанда ерекше қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерiн табиғи күйiнде сақтайтын жер – марқакөл қорығы бар. Табиғат кешенiнiң белгiлi бiр бөлiгi — заказниктерде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi қорғауға алынған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында 13 қорықша және 7 перспективалы қорықша бар. Олардың iшiндегi аса маңыздылары Тарбағатай, Аягөз, Асубұлақ заказниктерi. Табиғат ескерткiштерi дегенiмiз — сирек кездесетiн, құрып бара жатқан және сонымен бiрге ғылыми, эстетикалық, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат объектiлерi. Мұндай құнды табиғат объектiлерi облыста үшеу («Гусиный перелет» т,б) және перспективалы 12 табиғат ескерткiштерi бар.
Құлжа зоологиялық заказнигі (46 мың га.). кенді Алтай тауларының ландшафтысы биіктік белдеулері: шалғынды-далалы (теңіз деңгейінен 600 м), орманды-шалғынды-далалы (2000 м-ге дейін) зоналармен алмасады. Қылқан жапырақты өсімдіктер тән. Тайгалық шырша, қарағай, қою биік тау шылғындармен алмасады. Қорғау объектілері: елік, марал, бұлан, ақ тиін, бұлғын, ор қоян, сонымен қатар жабайы құстар-құр, саңырауқұр, шіл т.б.
Атлет ботаникалық заказнигi (Үржар ауд., 112 га.). Тарбағатай тауының батыс сiлемдерi шатқалында орналасқан. Алуан түрлi ycaқ жапырақты орман есiмдiктерi тән. Әcipece, жабайы алма, қара мойыл, шәңкіш ). Заказниктiң мақсаты — Тарбағатай жотасының фаунасымен флорасын қорғау.
Аягөз зоологиялық заказнигi (Аягөз ауданы, 26 мьщ га.). Тарбағатай жотасының батыс сiлемдерiнiң тауалды дала зонасын алып жатыр. Суыр, қарақұйрық табындары, кекiлiктер қорғауға алынған.
Қаратал құмдары (Күршiм ауданы, 1,3 мың га.). Бұқтырма су қоймасының оңтустiк жағалауы ландшафтысы. Жағалауында тал, шырғанақ т.б. бұталы есiмдiктерi өскен кiшiгiрiм өзендер және су жолдарымен тiлiмденген. Заказник –бағалы дәрілік өсiмдiк — шырғанақ бұталы тоғайын қорғay мақсатында ұйымдастырылған.
Төменгі Тұрғысын ботаникалық заказнигi (Зырян ауданы, 2,2 мьщ га.).
Оңтустiк Алтайдың Күршiм жотасының таулы орман беткейлерiн алады. Жалпақ жапырақты, шыршалы-майқарағайлы таулы-тоғайлы ормандар тән. Заказниктiң көп бөлiгiн итжидек пен долана бұталары алады. Негiзгi құрылу мақсаты — осы дәрiлiк есiмдiктердi (бүрген, тікен алдақ) қорғау.
Солдатская щель (Үржар ауданы, 156 га.). Тарбағатай жотасының тауалды аймағын қамтиды. Көpiктi тау шатқалында алуан-түрлi ұсақ, жапырақты ағаштар және бұталы өсiмдiктер өседi. Әcipece мойыл, жабайы алма, шәңкiш, долана т.б. көп тараған. Орманда марал, елiк, бұлдырық, суыр, кекiлiк т.б, кездеседi. Тарбағатай жотасының бай және алуан флорасын сақтаудың үлкен маңызы бар.
Үржар (Үржар ауданы 120 г.). Заказник Тарбағатай тауының оңтустiк батыс беткейлерiнiң шатқалында орналасқан. Ұсақ жапырақты ормандар тән. Көп тарағандары мойыл, жабайы алма т.б. түрлерi.
Тарбағатай заказнигi (24 мың га.). 1968 жылы ұйымдастырылған. Заказниктi ұйымдастыру себебi, бұл жерде Қазақстанның «Қызыл кiтабына» енгiзiлген жолақты қapa шұбар жылан, дуадақ, ақбас тырна, қарабауыр бұлдырық, лашын, ителгi, бүркiт, арқар, қоян, суыр, елiк, құр, сұр шіл, кекілік, үкі, тазқарақұс мекендейдi. Заказник жерiн Қосты, Қызыл қайыңды, қандысу өзендерi кесiп өтедi. Граниттi, сланецтi су айырықтар, өзен аңғарларында көктеректі, теректі өсімдік жамылғылары, тау шатқалдары жиі кездеседі, рельефтің төменгі сатыларында-астық тұқымдас шалғын шөптесіндер.
Асубұлақ геологиялық-минералды заказнигi Ұлан ауданында 400 га. жерді алып жатыр. Онша биiк емес Қалба жотасының орталық бөлiгiнде, Асубұлақ өзенінің аңғарында орналақан. Заказник eкi бөлiктен тұрады. Солтустiк бөлiгiнде 1944 жылдан белгiлi қap мен қуыс сайы бар. 280 млн. жыл бұрын Қалба типiнiң ежелгi порфирлi граниттерi сақталған сирек кездесетiн минералдар шоғыры бар. Химиялық қосындысы күрделі минералдар құрамы мен құрлысы жөнінен бір-біріне ұқсас.
Осындай ғажайып табиғи заказник геологтарды, геоморфологтарды, табиғат әуесқойларын т.б. қызықтырады.
Перспективалы заказниктер:
- Дұбығалы
- Қойынды
- Песчанка
- Зайсан
- Теректі (ботаникалық)
- Қалжыр
- Күршім (зоологиялық) заказниктері
Табиғат ескерткіштері. «Гусиный перелет» — Павлодардың солтүстік-батысындағы ауданы 2 га. палеонтологиялық қазынды. Eртicтің жағасында және бетiнен 6-8 м. тереңдікте неоген дәуiрi жануарларының киiк, жираф, бұғы, мүйiзтұмсық, жолбарыс, түйеқұс, тасбақа т.б. 12-14 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен аңдардың сүйегi табылған. Қазынды жануарлар сүйегi қабатының қалдығы 3 м-ге дейiн жетедi. Дүние жүзiне белгiлi «Гусиный перелет» қазындысы онда табылған жануарлар сүйегiнiң мөлшерi жөнiнен классикалық көрсеткiшке ие. Палеонтологиялық қазынды 1971 жылы 7 желтоқсанда мемлекеттiк табиғат ескерткiшi болып бекiтiлдi.
«Киии-Кириш» — табиғаттың уникальды палеонтологиялық ескерткіші. Солтүстік-шығыс Зайсан өңiрiнде, Күршiм ауданында 300 га. жердi алып жатыр. Мұндa жылу сүйгiш тропикалық және субтропикальық пальма, магнолия, аралкирия, гингко т.б. өсiмдiк түрлерi жақсы сақталған. Сонымен қатар бор дәуiрiнiң соңында пайда болып кайнозойда дамыған жалпақ жапырақты өсiмдiктер түрлерi кездеседі. Киин-Кириш тауының жоғарғы қабатында флора қалдықтарынан бақа омыртқалы сүтқоректілердің жануарлардың түрлерi сақталған.
Киин-Кириш палеоген қалдьщтарының әртүрлiлiгi жағынан Европа мен Азияда оған теңдес ескерткiш жоқ. Киин-Кириш ескерткiшiне геологтар аса мән бөледi. Сондықтан ЮНЕСКО-ньщ халықаралық геологиялық конгресінің шешiмi бойынша ол туралы материалдар Парижде жарияланып отырмақ.
Ашутас разрезi- Марқакөл ауданында Қара Ертістің: сол жағасында Боран селосынан 18 км. Қашықтықта орналасқан. Ашутастағы палео-ботаникалық барлау нәтижесі 1927 жылы жарияланған. Зайсан өңiрiнiң ежелгi флорасын зерттеудi бастаған М.Ф.Нейбург. Кейiн бұл өңiрге профессор А.Н.Криштофович монографиялық сипаттама бердi. Ашутас разрезiне эндемик есiмдiктерi тан.
Қозы-Көрпеш-Баян сұлу кешені. Қозы-Көрпеш-Баян cұлy күмбезi Аягөздiң оң жақ жағасында, Таңсық деген ауылдың қарсысына салынған. Қозы мен Баянның зират мұнарасы — саулеттi етiп жасалған биiк кешен. Ондайлар Қазақстанның көп жерлерiнде алi күнге дейiн сақталып келеді.
Аягөздегi бұл кешен мен оның iшiнде тұpғaн мүcін тастар ислам дәуiрiнен көп бұрын жасалған өте ескі дәуірдің белгiлерi. Олардың шыққан кезi түрік қағанатының тұсы. Яғни 6-7 ғғ. шамасы. Mүciн тасты халық сол кезден ерекше қадiрлеген, тастан қиып адамның суретін салу сол заманнан қалған. Қозы-Көрпеш-Баян сұлу кешенi туристерді көптен көп қызықтырады. Өткен ғасырда-ақ Аягөз өзенiнiң бойымен eтeтiн жолаушылар ғалым немесе әскербасылар болсын, оған соқпай кетпеген, кешен оларды өзiне ерiксiз тартып, ол туралы қазақ халқы айтатын аңыздарды жазып алғызуға түрткі болған үлкен әдебиет мұрасына айналды.
Fасырлар бойы жарқын түрде жырланып келе жатқан Қозы-Көрпеш-Баян cұлy жыр ең ескі аңыздардың бiрi. Ол тым көне замандағы түркi-моңғол тайпаларының арасында көп тараған оқиғаның сюжеті.
Енлiк-Кебек мазары. Еңлiк-Кебек ескерткiшi — махаббат мұнapacы. Феодал-билердiң Keciмi бойынша 1780 жылы шынайы махаббат жолында құрбан болған Еңлік қыз бен Кебек ердiң зиратына қойылған ескерткiш мұнapa. Семей облысыньщ Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағында, Семей-Қарауыл тас жолынан 5 км. жерде.
Ескерткiш төрткiл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстінен орнатқан биiктiгi 6 м. мұнapa мен күмбез түйiсетiн дөдегенi кереге көз өрнекпен әшекейленген. Күмбездiң 4 құбыласында шығыстық мәнермен оймалап шығарған 4 арка бар, олардың маңдайшасында әсемдеп жазылған Еңлiк-Кебек деген егiз eciм тұр. Осы ескерткiштiң батыс жағында 8-9 км. жерде тағы бiр ескерткiш бар. Онда: «1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтың «Еңлiк-Кебек» пьесасы осы арада алғаш рет киiз уй сахнасында қойылды –деп жазылған.
Алтай тауалды зонасы. Бұған қиыр Ресеймен шекаралас қиыр солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай Шемонаиха, Глубокое, Зырян, Қатон-Қарағай, Күршiм аудандары кiредi. Бұл зонадағы ipi қалалар: Риддер және Зырян. Жер бедерiне байланысты тау туризмi, оның iшiнде альпинизм, тау-шаңғы, тау-жаяу туризм турлерi жақсы дамыған. Территорияда көптеген тау маршруттары, әр түрлi категориядағы жорықтар ұйымдастырылады және жаңа маршрут жолдары ашылуда. Бұл зонаның басты ерекшелiгi биiк Алтай таулары және оның сiлемдерi, Марқакөл көлi мен қорығы, Рахман бұлағы, Төменгі Тұрғысын т.б. заказниктерi мен шипалы су бұлақтары. Бұл зонада көптеген емдiк-сауықтыру орындары бар. Флора және фаунасы өте бай. Климаты қоңыржай континенттi, атмосфералық ылғал мөлшерi басқа зоналармен салыстырғанда анағұрлым көбiрек. Жалпы, Алтай тауалды зонасы бүкiл Шығыс Қазақстан облысы бойынша туризмдi дамытуға жоғары қолайлы зона болып табылады.
Eртic еңiрi зонасы. Көкпектi, Ұлан, Бородулиха, Семей қаласына қарасты территорияны, Бесқарағай аудандарын қамтиды.
Зонаның басты ерекшелiгi территориядағы Батыс Сiбiр мен Қазақстан жерiндегi ең ipi өзен — Epтic. Ал Обьтың сол саласы. Қытайдағы Моңғол Алтайының оңтүстiк-батыс беткейiндегi мұздықтардан басталады. Ертiстiң Зайсан көлiне дейiнгi бөлiгi Қара Eртic деп аталады. Жалпы ұзындығы 4248 км., су жиналатын алқабы 1592 м. шаршы км, Зайсан көлiнен Күршiм өзенiнiң сағасына дейiн созылған (114 км.). Epтic бойы жазығы Бұқтырма бөгенiне айналған (Көкпектi ауданы). Нарым езенiнiң сағасынан төмен қарай Epтic Алтай жотасын кесiп өтедi, Бұқтырма өзенi құятын жерден Өскемен қаласы тұсына дейiн (106 км.) (Ұлан ауданы) өте тар аңғармен ағады. Бұл тұсында-арнасы тік жартас. Одан төменгі Ертіске Уба және Үлбі өзендері құяды. Семей қаласынан төмен (Бесқарағай ауданы) қарай Ертіс өзені Батыс-Сібір жазығымен өтеді, бұл тұсында ағысы баяу. Зонада әсіресе су туризмі жақсы дамыған, зонада облыстың ірі мәдени орталықтары Өскемен және Семей қалалары орналасқан. Құлжа, Асубұлақ геологиялық-минералды заказниктері бар.
Саvыр-Тарбағатай зонасы. Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарын қамтиды. Оңтустiгiнде Алакөл. Сасықкөл солтүстiк-шығысында Зайсан көлдерi орналасқан. Территорияда Сауыр-Тарбағатай жоталары (Тастау, 2992 м.) созылып жатыр. Сауыр жотасы Қытай территориясында және онымен шекаралыс ШыҒыс Қазақстанның Зайсан ауданында орналасқан. Зонада Қаратал ботаникалық, Тарбағатай зоологиялық заказниктерi, одан басқа архитектура ескерткiштерi, мазарлар, қоргандар бар.
Жазық дала зонасы. Облыстың шығысындағы Жарма, Абай, Аягөз аудандарын қамтиды. Бұл туризмге қолайлығы төмен зонаға жатады. Өйткенi, территорияның көп бөлiгi жазық, климаты қуаң континенттi, ал өсiмдiк және жануарлар дуниесi Алтай тауалды, Eртic еңiрi зоналарына қарағанда онша бай емес. Бұл зона негiзiнен өзiнiң мәдени-тарихи орындарымен көп қызықтырады, Аягөз ауданындағы Қозы-Көрпеш-Баян сұлу, Еңлiк-Кебек мазарлары. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер суреткері дүниеге келіп, өздерінің өлмес жырларын толғаған. Олар: Абай, Шәкәрiм, М.Әуезов.
Кесте-2.Шығыс Қазақстан облысының туристік маршруттары
Жорықтың аты |
түрі |
ұзақтығы |
мерзімі |
|
|
«Алтай тайгасы» («Алтай к;ойнауы» турбазасы) |
жаяу |
15 |
23.06-09.09 |
|
|
«Марқакөл» («Алтай к;ойнауы» турбазасы) |
жаяу |
20 |
04.07-23.07 |
|
|
«Күн мен су өлкесiнде» («Алтай к;ойнауы» турбазасы) |
Жаяу, 2 адам |
10 |
01.07-12.09 |
|
|
«Бұқтырма су қоймасы» («Алтай қойнауы» турбазасы) |
су |
15 |
01.07-16.08 |
|
|
«Алтайдың тайгалық жолдарымен» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
ат |
15 |
01.06-13.09 |
|
|
«Туған өлке» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
Мектеп оқушыларына арналған |
5 |
01.01-10.11 |
|
|
«Ертістің өткені мен қазіргісі» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
Жаяу, 2 адам |
5 |
01.06-29.08 |
|
|
«Өскемен-Шығыс Қазақстан облысының мәдени орталығы» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
|
2 |
01.01.-30.12 |
|
|
«Алтай» («Алтай қойнауы» турбазасы) |
Жаяу 2 адам |
10 |
05.07-15.08 |
|
|
«Туған Ертіс өңірі» («Турист» қонақ үйі, Семей) |
Жаяу, мектеп оқушыларына арналған |
10 |
05.07-23.07 |
|
|
«Күшуақ көлі» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
Авто (меншік) |
10 |
13.07-15.08 |
|
|
«Ертіс жағасындағы қала» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
Мектеп оқушыларына арналған |
5 |
01.01-08.11 |
|
|
«Семей» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
|
3 |
11.01-29.12 |
|
|
«Семей-мәдени орталық» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
|
2 |
11.01-30.12 |
|
|
«Жасыл орман» («Турист» қонақ үйі, Өскемен) |
|
5 |
01.08-20.08 |
|
|
«Семей-Алакөл» («Турист» қонақ үйі, «Алакөл» турбазасы) |
|
7 |
15.06-16.08 |
|
|
«Белуханың етегінде» («Алтай қойнауы» турбазасы) |
жаяу |
20 |
|
|
Шығыс Қазақстан регионы бойынша туристік маршруттар.
- Маршрут «Белуханың етегінде». 20 күндік, мерзімі: шілде-тамыз айлары. «Алтай қойнауы» турбазасынан басталады.
Маршрут бағдарламасы: оқу-әдістемелік жаттығулар, 10 күндік 2-ші категориялы жорық. Көккөл сарқырамасына және «Рахман бұлағы» курортына экскурсиялар.
Белуха — ТМД елдерi арасында биiктiгi жөнiнен 5-шi орында. Белухаға ең алғаш рет шыққан 1914 ж. ЗО шiлдеде Томск қаласыньщ ғалымдары, ағайынды Троновтар болды.
Алдымен турбазада З күндiк жаттығулар өткiзгеннен кейiн, туристер 14 күндiк жорыққа шығады. Олар Қато-Қарағай селосын басып өтiп, Берелi селосына дейiн жетедi. Осы жерден табиғаты көркем таулы аудандармен, жалпақ жапырақты ормандар, альпілік шалғындар арасымен жүретiн маршруттың жаяу жүретiн бөлiп басталмақ.
Берелi селосынан туристер жалғыз аяқ жолмен таудағы Язово көлiне бағыт алады. Taуғa көтерiлгенде көз алдына Қатон жотасының керемет көpiнici ашылады. Көпiр арқылы Ақ Берелi езенiнiң ар жағынa өтiп лагерь құрылады. Осы жерден 40 м. биiктiктен құлай аққан Көккөл сарқырамасына арнайы экскурсия ұйымдастырылады.
Қара Берелi өзенiнен жалғыз аяқ жолмен туристер «Алтайлық Мацеста» Рахман бұлағынa бет алады. Таулы ауданда емдiк радонды бұлақтар негiзiнде
санаторий құрылған.
Таудың таза ауасы, күн, орман, ыстық бұлақтар — жақсы демалыспен денсаулықты қалпына келтiруге табиғаттың өзi жаратқандай.
«Рахман бұлағы» курортында болып туристер Берелi селосына қайтып автобуспен базаға оралады.
- Маршрут «Марқакөл көлі». 20 күндік, мерзімі: шілде айы.
«Алтай қойнауы» турбазасында акклиматизацияланып, оқу-әдістемелік жаттығулар жүргізгеннен кейін туристер Марқакөл көліне 10 күндік 2-ші категориялы жорыққа шығады. Марқакөл-еліміздегі ең биік орналасқан тұщы көл. Маршрут бағыты Алтай тауларының көркем шатқалдары, таулы өзендер ажарлары арасымен өтпек.
Турбазада 3 күн жаттығып, демалушылар автобуспен Шыңғыстай селосына дейін жетеді. Жол «Бұқтырма теңізі» деген атқа ие болған Бұқтырма су қоймасы жағлаумен Большенарым аудан орталығына жетелейдi. Шыңғыстай селосынан асып туристер дала жағдайында 1-шi рет тунейдi. Олар ормандар мен шалғындарды басып Тарбағатай жотасындағы aсуғa көтерiледi. Асуға шыққанда туристер Белуха шыңын тамашалап, Қарақаба өзенiне түсiп, оның арғы жақ бетiне өтедi. Бұдан ары қарай жол Марқакөл көлiне дейiн Ұрынхай селосына бағытталмақ.
Марқакөл — Алтай тауларының терең қойнауында орналасқан. Көлдiң көк мөлдiр суы жарқырап жатады. Әсем жағасында бiрнеше шығанақ бар. Осы шығынақтар маңында сыңсыған ағаш өседі немес тік жартас төніп тұрады.
Көл жағасында өткiзген 2 күн iшiнде туристер қоршаған ортамеи танысып, қайықпен жүзiп, балық аулайды. Кешкiciн от жағып балық пiсiредi.
Қайтар жолда туристер Күршiм және Сарымсақты жотасын кесiп өтiп, Қатон-Қарағай селосына автобуспен қайтады. Жалпы маршруттың ұзындығы 786 км, оның 186 км-і жаяу.
- Маршрут «Алтайдың тайгалық жолдарымен». Туризм Tүpi — атты, 15 кундiк. Мерзiмi: маусым-тамыз айлары. Туристер атты маршрут базасы орналасқан Жаңа Үлбi селосына автобуспен жетедi. Онда туристер атқа мiнудi үйренiп, 9 кундiк жорыққа аттанады.
Ертiстiң оң жақ жағасын сыңсыған тайга алып жатады. Қазақстандағы орманның жартысы дерлік осы Шығыс Қазақстан облысында. Мұнда көбінесе қылқан жапырақты орман кездеседі, шырша аралас май қарғайлы орман таудың бөктерiн өрмелеп өседi. Ол теңiз деңгейiнен 2000 м. биiктiкте өсiп тұр. Таудың қар мұнартқан ұшар басында өскен сағызқарағай — аса бағалы құрылыс материалы. Мұнда кедiр, қайың және терек кездеседі.
Шоқ-шоқ шетен, мойыл, бүрген, шие, қapaқaт, жидек, арша т.б. бұта ағаштар өте көп өседi. Тау етегiнiң және тайганың аса бай осы өсiмдiктерiнiң малазықтық, техникалық, дәрі-дәрмектік зор маңызы бар.
Маржандай төгiлген, моншақтай тiзiлген алуан турлi гүлдер осында өседi. Биiк таудың басындағы табиғаттың қысымындағы осы гүлдердiң бояуы ешбiр жерде кездеспейдi десек артық емес. Таулы жердегi саңырауқұлақтың бiрнеше түpi бар.
- Маршрут «Бұқтырма су қоймасы». Су туризмі, ұзындығы 100 км, ұзақтығы 7 күн, мерзімі: шілде-тамыз.
Трасса: «Алтай қойнауы» турбазасы — Прибрежный поселкесi — Дородица селосы — Заводинка поселкесi — Первороссийское селосы -Тұрғысын селосы — «Алтай Қойнауы» турбазасы.
Epтicкe құятын бiрнеше өзендердiң ең үлкенi — Бұқтырма. Бұқтырма алқабы Алтайдағы ерекше көркем өлкенiң бiрi. Бұқтырманың суында хариус және т.б. балық көп.
- «Ертіс бойындағы қала» (мектеп оқушыларына арналған), 10 күндiк. Оқушы-туристер «Турист» қонақ үйiнде тұрып, Семей қаласымен танысады, Түрксиб және өлкетану мұражайларын тамашалайды. Бағдарламаға мынадай экскурсиялар кiредi: «Ф.М.Достоевский iзiмен», «Абай және Ауэзов Семейде».
- «Семей — Шар — Георгиевка – Аягөз — Семей». («Турист» қонақ үйі, Семей)
Ұзындығы 1542 км, ұзақтығы 10 күн, мерзімі: шілде.
Автотуристерге Алакөл көлiнiң жағалауында арнайы демалыс ұйымдастыру көзделген.
Алакөл — ipi тұзды көл, таза ауасымен, ыстық күндерiнiң молдығымен, балық аулау және шомылу ұйымдастыру мүмкiншiлiгiмен көзге түседi.
«Күншуақ көлі» автокемпингi Алакөлдiң шығыс жағалауында, Жарбұлақ селосынан 3 км. қашьщтықта орналасқан.
- «Семей — Озерки селосы — Талица селосы -Семей». («Турист» қонақ үйі, Семей)
Ұзындығы 45 км., ұзақтығы 10 кун, жаяу жорық. Маршрут Озерки селосынан басталады, оған туристер автобуспен жеке теплоходпен келедi.
- Маршрут «Абай елiнде».
Семей қ. — Жаламанка п. — Балтатарақ с, — Қасқабұлақ. с. — Ералы қыстауы Қарауыл с. — Абай мұражайы. Ұзындығы 260 км., мерзiмi: тамыз айы.
М.Әуезовтың «Абай жолы» романын оқи отырып, Абайдың туып өскен жерiнде болып қайтқандаймыз. Абай (Ибраћим) Құнанбаев (1845-1904) — қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетiнiң негiзiн қалаушы, оның алғашқы классигi. Бұл маршрут Абайдың туған жерiн көрiп қайтуға шақырады.
Абай елiне саяхат жасап туристер осынау дара тұлғаның өмірімен және творчествосымен байланысты жерлермен танысып қайтуғаа мол мүмкiншiлiк бар. Семейдегi Абайдың 125 жылдығынa ашылған мұражай үйiнен басталады.
Абайдың атымен аталған жерлер көп — қазақ драма театры, оқу орындары, көшелер. Абай көшесiнде мемлекеттiк мемориалды- әдеби мұражайы, Абай келiп дайындалған 1883 ж. салынған Н.В.Гоголь атындагы көне кiтапхана туристердің назарына ұсынылады. Абай қазақ тiлiне А.С.Пушкиннiң «Евгений Онегин» романын, М.ЮЛермонтовтың «Бородино», «Кинжал», И.А.Крыловтың мысалдарын және т.б. шығармаларын аударған.
Әрі қарай маршрут Семейден оңтүстікке қарай Шыңғыстау етегіндегі Балтатарақ (25 км), Қасқабұлақ (95 км) ауылдары арқылы өтіп, Жидебай жайлауына –Абай мұражай үйіне бағытталады. Қасқабұлақ ауылына аялдамалап «Абай» эпопеясының авторы, белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың мұражай-үйіне тоқтауға болады.
Келесі аялдама 22 км жердегі Ералы қыстауы. Бұл жерден Ащысу өзеніне таман Еңлік-Кебек (5 км) мазары. Қазақтың Ромео мен Джульеттаның шынайы трагедиялық махаббаты туралы жырлаған ел аузындағы ежелден келе жатқан аңызды жазып алған Абай, ал 1917 ж. Жазда спектаклін алғаш рет қойған Мұхтар Әуезов болды.
Келесі нүкте ауданына қарасты Қарауыл селосы (90 км). Бұл жерде Абай аң аулауды құмартушы еді. Қарауыл селосынан солтүстік-шығысқа қарай Жидебай жайлауына дейін 25 км, жол бар. Абайдың Жидебайға қыстауы-ұлы ақыннан қалған ескерткіш-мұра, мемлекеттің қамқорлығындағы мекеме. Абай інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін өзінің ескі мекені-Ақшоқыдан Жидебайға қоныстанады.
Абайдың бұдан былайғы өмірі түгелдей дерлік осында өтеді. Үй шикі кірпіштен салынған, шатырсыз, 6 бөлмелі. Ол ақынның республикалық әдеби-мемориалдық мұражайының (Семейдегі) филиалы болып, 1954 ж қайта жабдықталды.Ақын бейітінің (1,5 км) басына 60-шы жылдардың басында ескерткіш құлпытас салынып, 1995 ж Абайдың 150 жылдығына қарсы сәулетті етіп Абай мазары салынды.
Маршруттың аяқ кезіңін 2 түрлі бағытта жалғастыруға болады:
- Батыс бағытта –Қайнар (130 км) арқылы атақты «Қоянды» жәрмеңкесі өткізілген және Абай өзі көп болған Қарқаралы қаласының Қоянды ауылы.
- Шығыс бағытта –Жарма темір жол станциясы (130 км) арқылы пойызбен Семейге қайтып оралу. Абай ауылынан 60 км Арқат таулары бар. Мұндағы жартастар адамның қолымен егелгендей. Тауда аққайын, шырша, емен, өседі. Суда жүзетін құстар мекен еткен Қопа көлі шалқып жатыр. Біз туристерге осы көк шалғынды шұрайлы жерде бірнеше күн демалуды ұсынамыз.
III БӨЛІМ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
3.1. Табиғи және жасанды көрнектілікті жерлердегі туризмді дамыту.
Берілген Агенттіктер Қазақстан Республикасының туристік статистикас бойынша 2003 жылы атқарған 695 туристік ұйым болған, солардың 177 мың 091 туристеріне қызмет көрсеткен. (2003ж. 126 мың 871%). Туристер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбейген.
2003 жылы туризм ісімен айналысатын жергілікті атқару ұйымының және туристік мекемелердің басшыларының жұмыс қарқынының өсуіне байланысты, Ақмола обл. (13630 адам,18,7%),Шығыс Қазақстан обл. (14399 адам, 72,5% ), Жамбыл қаласы (2240 адам, 34,1%), Павладарда ( 3641 адам, 22,2% ), Алматы және Астана қалаларында туристер санының көбейуіне қол жеткізеді, әсіресе бұл көрсеткіш саны Қызылорда обл. 2002ж. Қараңанда 2-есе көтерілді; 457 адамға. Сонымен қатар Қостанайдың туристер саны 28,6% -ға қысқартылды. Кіру шығу және ішкі туризмнің жалпы қызмет көрсету саласындағы денгейінің өскендігін көруге болады. Дәл сол кезде ТМД тыс елдерден келушілер саны да көбейген 2003 жылы ол жалпы келушілер саны 51,8% болған.
Кесте-3. Қазақстан Республикасындағы шығу туризм бойынша туристер ағымы
№ |
Елдер |
Соны соны көрсеткіші |
% |
1 2 3 4 |
Турция Китай Германия БАЭ |
16952 16778 9360 2991 |
25.6 58.2 70 4.9 |
Туризм-экономикалық қызметінің басым түріне келіп қосылады. Мұның мәнісі даму институтының туризм нысандарын қаржымен қамтамасыз ету құқығын алуында,
Туризым саласын өркендету-бүгінгі күн талабы. Елімізге келуші туристер оларға көрсетер өңіріміз көптігінен байқалады. Ұлан- байтақ өлкемізде анау Медеу, Шымбұлақты былай қойғанда, Арқада, Бурабай, Оңтүстік- Шығысымызда Алакөл, айта берсең тізіле береді.
Алматы қаласы быйылғы жылы туризімді кластер жүйемен дамыту
бойынша жоба жасалып, ұсыныстар әзірлеуде және бұл жоба еліміздің басқа да аймақтарында жүргізілмекші. Ең алдымен,ең тартымды туристік өнімдер өткізіліуі тиіс. Бұл әйгілі «Әнші құм» мен алтын адам табылған қорғандарды көруге болатын «Алтын Еміл» Ұлттық табиғи саябағы. Әдемі және көріктілікке толы Іле-Алатау табиғи саябағы мен Шарын жарқабағы (каньон). Бұнымен қатар Алматы облысында Ұлы Жібек Жолы мәдени- танымдық жорықтар. Сонымен бірге, Алматы әкімшілігі міндетіне жақын арада Шымбұлақ және Түрген базалары нысандарында ірі таушаңғы курорттар кешенін дайындау алға қойылған.
Алматы маңында да көптеген көрікті жерлер ешқандай жасансыз табиғи қалпындағы орындар. Мәселе: Көлсай көлдері, Тамғалы тас, Үлкен Алматы көлі, Бутаковка, Бартоғай суқоймасы, Үңгіртас т. б.
Бүгінгі күні туристік ұйымдарда 29 жоба жасалған, соның 7 дайын.
Олардың ішінде жасанды көрікті жерлерді дамыту мақсатында Белуха тау аймағында 50 орынды туристік кешен, Алакөлінің шығыс жағалауында су-спорттық сауықтыру орталығы, Алматы облысы, Талғар ауданында «Тальхиз» тур- этнографиалық кешені және жоғарғы да аталған Тұйықсу шатқлындағы Шымбұлақ курортын салу жоспарланған. Бірақ тек бұның алғашқысына ғана 650 мың доллар көлемінде
5 мерзімге қаржы бөлінген. Ал қалғандарына әлі инвестиция тартылған жоқ.
Биылғы жылғы ішкі туризмды дамыту үшін көп жұмыстар жасалады деп күтілуде. Астана көрікті жерлері Нша арнайы маршруттар дайындалу көзделдген. Қаладағы саланың дамуы үшін 3 ең тартымды бағытта анықталған Олар- аңшылық, балық аулау, экологиалық; емді; мемориалдық. Бүгінгі күні бар туристік көрікті жерлерден басқа болашақ жаңалар қосылары сөзсіз. Негізінен, ірі әйнекті пирамида іспеттес, бейбітшілі және келісім сарайы, 5-ші ұрпақтың қазырғы заманғы хайуанаттар саябағы т. б. Аталған аймақтардан басқа туристік келешегі бар- Қарағанды,
Қостанай облыстары. Қостанай облысында көп көлдер бар. Бұл спорттық, балық аулауды дамытады. Келешектегі отандық туризм орталықтары- Каспий мен Алакөлден басқа, Балхаш көлінде жатқызуымызға болады. Өткені, көл барлық көлік тораптары қиылысында орналасқан.
Болашақта «Байқоныр» да туристер үшін таңсыз болмайды. «Туран Азия» фирмасының «Қазақстандағы Жібек Жолы» халқаралық 2 туристік сапар ұйымдастырылған. Сапар Астанадан басталып, Алматы- Тараз- Туркістан – Қызылорда- Байқоныр- Арал- Шымкент-Алматы-Шығыс Қазақстанға дейін созылған. Барлық маршрут тоқтауларында экскурсиялар жүргізіледі.
2004 жылы туристік ұйымдар, қонақ үй объектілері, ұлттық табиғи саябақтар, мәдени мекемелер қызметінен жалпы табыс- 27 миллиард теңгені құрады. Салыстырмалы түрде 2003 жылы 17 миллиард теңге. Барлығы, 2004 жылы барлық туризм түрі бойынша 11 мил. адамға жуық қызмет көрсетілген. Алғаш рет кіру туризмі шығу туризмі көрсеткішінен асып, 4,3 миллионға сәйкесінше 3,9 миллион құрады.
2005 жылы Қазақстан туризмі дамуына 39 миллион теңгеге жуық бөлінсе, келешекте туристік сала дамуына мемлекеттік бюджет есебінен 1,9 миллиард теңгеге дейін болу жоспарлануда.
Ұзақ мерзімді жоспарда Қазақстан жыл сайын жылына 5-6 миллион шетелдік турист қабылдай алады, бүл әрине қазынамызға 6 миллард
долларда астам түсіреді екен. Енді іс — отандақ туристік салаға кәсіпкерлеріміздің қызу кірісуі болмақ.
Өткен жылы Қазақстан мен Ресей президенті «Байқоңыр- туризм үшін тартымды объект» деп шешті. Байқоңыр 50 жылдық мерейтойы қарсаңында осы мәселеге көп көңіл бөлінді.
Байқоңыр- ерекше халықаралық ғарыш аймағы. Осы жерде туризм саланы ұйымдастыруды дамыту бағдарламасы жасалуда. Әрине, бүгінгі күні космостық туризм сәнге айналғаны мәлім.
3.2 Шығыс Қазақстан облысының туризм қызметін белсендіру жолдары
Күнтізбе жоспарына сәйкес 2005 жылдағы ШҚ өнеркәсібі және кәсіпкерлік департмент тіристерді дамыту бойынша бөлімі жүргізілген туристік шараларда белгілі жұмыстар атқарылған. Облыстың тіристік фирмалармен айналысу бөлімі мына шараларға қатысты:
- 5 халықаралық жәрмеңкелер: Берлин «IIB — 2005», Новосибирскте «Түрксіб-2005», Алматы «Туризм және саяхат» KIIF 2005, Астана «Демалыс-2005», Лондонда – «WTM-2005»;
- Астана қаласында «Индустриалды-инновациялық Қазақстан» жәрмеңкесінде;
- 2 фестивальда : Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданында-4-ші халықаралық туризмі. «Белуха — 2005» фест және Ақмола обл. Щучье ауданындағы республикалық оқу-сауық орталығында «Бурабай-2005» 1 ркспубликалық туризм фестивальі.
Осы фестивальда 3 конкурс бойынша: «Қазақстандағы туризм тур ең жақсы видеофильм», «Ең жақсы турмаршрут», «Ең жақсы жарнамалық проспект сайыс» болды. «Ең жақсы турмаршрут» конкурста «Ең тартымды маршрут» номинациясы бойынша:
- Өскемен қаласы «Экосистем» ЖШС туристік фирмасы (директор Юрченков Е.М), 1 деңгейлі 1 орын ынталандыру сыйлығымен «Көшпенді жолымен Евразия орталығына» маршрутына дипломмен;
- Семей қаласы, «Тогос-Интурсервис» ЖШС тур-фирмасына да ынталандыру сыйлығымен «Ұлы таланттар отаны» маршрутына дипломмен марапатталды;
- «Ең жақсы жарнамалық проспект» конкурсында «Евразия орталығы-Семейге қош келдіңіз» жарнамалық проспектісі үшін Семей қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне ынталандыру сыйлығы табысталды. Топтық қатысу үшін ШҚ облысында ынталандыру сыйлығы марапатталды.
- Екінші облыстық «Туристік Шығыс» тур көрмесі Өскемен қаласында;
- Екінші республикалық семинар-жиылысқа қатысу Астана қаласында;
- Қатон-Қарағай ауданында экологиялық-туристік слет жүргізді;
- Бұқтырма су қоймасы демалыс базасында жарнамалық тур жасау;
- Туризм дамуы кластерлік жүйесін дайындау бойынша туроператорлар, конференциясын өткізу;
Туризмді дамыту бөлімі жыл бойына:
- Жәрмеңке шеңберінде аймақтың туристік мүмкіндіктері презентация өтті. Барлық көрмелерде жарнамалық-ақпараттық материал: видеофильм; жарнамалық-сувенирлік өнім; СД-дискілерде презентациялық роликтер; ШҚО тур маршруттары, «Қазақстан Алтайы», «Семей аймағы» буклеттері; турфирмалардың әртүрлі кітап-фотоальбомдары
- Туристік даму бойынша республикалық семинар-жиылыстарда статистка, лицензиялау, спорттық туризм жағдайы мен дамуы, инвестициялық саясат сұрақтары бойынша бірнеше ұсыныстар енгізілді. Салық салу, шекара және кеден процедуралары, тур қызметтерді сертификаттау және стандарттау, ҚР-дағы экологиялық туризм дамуы мәселелері бойынша да нормативтік құқықтық базаларда өзгерістер енгізілді.
2005 ж 15 желтоқсанда облыстарда 48 турфирмалар тіркелген, оның 32 фирмасы -Өскемен қаласында (18 туроператорлар оның 3 филиалы және 14 турагенттік, оның да 3 филиал), Семей қаласында 14-8 туроператорлар, 6 турагенттік (2-уі филиал), Зайсан қаласында 1 туроператорлар, Үржар ауылында -1 туроператор.
2005 ж облыстың турфирмалармен 22731 турист қызмет алған, оның ішінде облыс 623 кіру туристерін қабылдаса, облыс аумағынан сыртқа 2655 турист шыққан. Ішкі туристер саны 19450 адамды құрайды.
ШҚО келетін туристер көбінен: Ресей, Германия, Қытай, Франция елдері. Негізгі мақсаттары-туыстарын көру, іскерлік, демалыс және танымдық.
Кіру туризмі жоғарлауда ШҚО туристік саласын дамыту 2006-2008 жылдар аймақ бағдарламасы дайындалған. 5580 мың теңге облыстық бюджеттен 20 мың теңге қаржыландырады.
2005 жылға ШҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментімен 18 генералды лицензия-оның ішінде 10 тур-операторлық қызмет, 5 тур-агенттік, тур-инструкторы қызметі-3 т.б. берілген.
Қорытынды
Қорыта келе, Шығыс Қазақстан облысында туризмнің барлық түрлері мен формаларын дамытуға толық мүмкіндік бар. Туристер демалуына тамаша жерлер көп. Шығыс Қазақстанның сарқылмас табиғи емдік байлығы, химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар толып жатқан көлдері, әртүрлі климаты мен әсерлі көрікті жерлері-жергілікті курорт санаторий жүйесін дамытуға өте қолайлы.
Облыс табиғатының сұлулығымен, әсемдігімен, алуан-түрлілігімен, қайталанбас көріністерімен туристерді мол қызықтырып емдік сауықтыру, демалуына зор мүмкіндік тудырады. Жалпы, туризм саласының өркендеп өрлеуі тікелей табиғт жағдайларының қолйлығына байланысты.
Бірінші және екінші бөлімдерде қамтылған физика-географиялық және туристік рекреациялық ресурстарға халықаралық және мемлекетшілік туризмнің дамуына әсер етуші негізгі факторлар болып табылады.
Демалыс ауданын таңдауда табиғат жағдайлары үлкен роль атқарады: ландшафт, климат, өсімдік және жануарлар дүниесінің алуан түрлігі, спортпен шұғылдану мүмкіншіліктері, аңшылық, балық аулау және т.б. ерекшеліктері ескеріледі. Туристер жағымды әсер қалыптастыратын тарихи, мәдени және басқа объектілермен қатар көлікпен жету ыңғайлылығы, тиімді баға, жоғары сапалы сервиспен қамтамасыздандырылған бағыттарды таңдайды. Жоғарыда аталған элементтердің көрсеткіші, сапасы, деңгейі неғұрлым жоғары болса соғұрлым туристер үшін аталған географиялық аудан немес объект аса тартымды болып көрінеді.
Кез-келген облыстың орналасуы маңызды роль атқарады, яғни климаты, таулы және орманды аудандардың болуы, шет елдермен қарым-қатынасы, маңызды транзиттік жол үстінде орналасуы т.б. ерекшеліктері ескеріледі.
Пайдаланған әдебиттер тізімі
- Н.Назарбаев. Қазақақтан -2030. Ел президентінің Қазақстан
халқына жолдауы. Алматы «Білім» , 1997 ж.
- Абдраимов А. История Казахстана. Астана 1999 ж.
- Аблайханова Г., Хабрахманов Р. Экотуризм в РК Экология и
устойчивое развитие.
- А.К. Резников, В.А. Кораблев. По Казахстану-маршрутами подвигов.
Алма- Ата, «Казахстан», 1988 г.
- Ә. Жумадилова , А .Бекенов, Х. Қыдырбаев. Қазақстан Қорықтары.
Алматы «Қайнар», 1980 ж.
- Б.Кузьменко. Ертіс өңірі. Алматы «Қайнарә», 1984 ж.
- В.А. Филипов. Заповедные сокровища природы Алтая. Алматы
«Наука»
- В.Ф. Михайлов. Марқакөл. Алматы «Қайнар», 1984 ж
- Гущик В Семипалатинск , прошлое и настоящее. Заман- Казахстан
1998- 16 октября.
- «Дидар». Шығыс Қазақстан облысық гүазеті, 1999 ж. №3,17
- Ердаулетов. С.Р., Мусин К., Шабильников С. Финансы Казахстана,
1997 ж
- Ердаулетов С.Р. Казахстан туристский. Алма –Ата, «Қайнар» 1989 ж.
- Ердаулетов. С.Р. Достопримечательности места Казахстана. Алматы,
1988г
- Ердаулетов. С. Р. Основа туризма Казахстана.
- Казахстан –стратегия переходя к рынку. Учебное пособие. Алматы,
1991 ж.
- Козбаев. Алтай казахстана, 1986 г.
- Қазақстанның көрікті жерлері. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы,
1959 ж.
- М. Өтмемағанбетов. Қазақстанның физикалық географиясы, Алматы,
1996 ж.
- По Средней Азии и Казахстану (путеводитель). Москва « Мысль»,
1973 г.
- РК энциклопедический словарь. Алматы. «Главная энциклопедия»,
«Қазақ энциклопедиясы», 2004 ж.
- Рекомендуемые маршруты по ВКО отрядами высокогорной
экспедиции.1959 ж.
- «Рудный Алтай». Восточно-Казахстанская областная газета, 1999
г. № 4142.
- Саипов А.А. Практика и теория туризма Казахстана. Монаграфия- Рик,
1999 ж.
- Семейдің «Алтын жобасы». Алматы «Қайнар», «Саржайлау» ШҚ,
1995 ж.
- Хайруллин Г. Т., Бесенбаева А.А. Саипова А.А., Республиканский
кабинет Каз. Академии им. Алтынсарина. Алматы, 2001 ж.
- Шығыс Қазақстан. Деловой мир Казахстана, 2003 ж.
- 1998 жыл басындағы Қазақстан республикасының облыстары, қалалары,
аудандары, аудан орталықтары мен поселкелерінің халық саны.
Қазақстан Республикасыныңұлттық статистика агенттігі. Алматы,
1998 ж.
- Интернет материалдары.