Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Қазақ диалектологиясының зерттелуі
2.2. С. Аманжоловтың оңтүстік диалектісін зерттеуі.
2.3 О. Нақысбековтың оңтүстік сөйленістерін зерттеу ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар— халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз — қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды.
Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері — әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу — тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта — мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады.
Біз осы еңбекте Шымкент өлкесінде тұратын қазақтардың тілі туралы кейбір деректерге тоқталмақпыз. Әрине, мұнда беріліп отырған тікелей методикалық нұсқаулар жоқ. Алайда қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің өз оқыту тәжірибесінде назар аударарлық кей жерлер туралы бұл еңбектен керекті мәлімет алары даусыз.
Негізгі мәселеге кіріспес бұрын осы жерде мына бір жайды ескерте кетудің қисыны бар. Халық тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін ғылымда — диалектологияда мұндай әр өлкеге тән тіл құбылыстарын диалектілік ерекшелік деп атайды. Белгілі бір аймақтың тұрғын халқының тіліне тән диалектілік ерекшеліктер өзара ұқсас болады. Мұндай бір-біріне ұқсас құбылыстар белгілі ауданның, облыстың, яки жалпы бір территориялық аймақ халқының тілін қамтуы мүмкін. Мұндай бір жүйелі уқсас диалектілік құбылыстары бар территорияны тіл білімінде диалект немесе говор деп атайды. Мұның қазақ тілі білімінде көбірек қолданылып жүргені — соңғы говор деген термин. Шымкентте тұратын қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер деп қайта-қайта айтып жатпау үшін, жұмысымызда тілі әңгімелеыіп отырған өлкедегі қазақтар тілін говор деп атап отырмыз.
Атамыз қазақ: «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» — деп бекер айтпаған. Қазақ сахарасында ер құнын бір ауыз құдіретті билер сөзі шешіп отырған. Сондықтан біздің халқымыз сөзге, оның мағынасына зор көңіл бөледі, айтқан сөздерәінде тұрады. Айтылған сөзді атқан оққа теңейді. Осындай ұлағатты халықтың ұрпағы болғандықтан, сөзге, оның мағынасының тіл мәдениетіне көңіл бөлемін. Сондықтан осы мәселелер жайлы айтып өтпекпін.
Өмірде болған құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ. Сондықтан сөз тарихы – тіл тарихымен, тіл тарихы – халық тарихымен, халық тарихы – қоғам тарихымен тығыз байланысты.
Адам баласы жаратылғаннан бастап, белгілі бір қоғамда өмір сүріп келеді. Өмір сүруге қажетті заттарды өндіруді де олар бірлесіп атқарған. Осындай бірлесіп атқарған еңбектің өзі адамзатты ойлай білуге, сөйлеуге мәжбүр еткен. Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер сол халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын оның саяси әлеуметтік өмірін бүкіл күн – көріс тіршілігін, тұрмыс – салтын, мәдени – рухани өмірін, экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады. Тілдегі сөз байлығын да біздің барлық білген біліміміз, ойымыз, идеямыз, ұғымымыз сақталған. Сонымен бірге біздің барлық сезіміміз, эмоциямызға дейін осында жазылып қойған.
Қазақ халқының да көш заманнан бері қарай өзімен қоса жасасып келе жатқан бай сөздік құрамы бар. Бұлар халқымыздың басынан кешкен бүкіл өмірінің шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының жақсы айнасы, куәсі деп білеміз.
Сөз байлығы ұрпақтан – ұрпаққа өтіп, бірдей бірге жоғалмай сақталып келеді. Сөз — өте күрделі құбылыс.
Сөз біткеннің бәрінде де белгілі бір мағына болады. Бұл мағына зат пен құбылысты тікелей байланыстырмағанымен, сол ұғымды білдіретін баршаға танымал ортақ, белгі ретінде жұмсалады. Мәселен, нан, сүт, ет, деген сөздерді алсақ осылардың әрқайсысының әрі нақтылы, әрі жалпылық ұғымы бар. Су деп ыдысқа құйып ішкелі тұрған немесе арықтағы ағып жатқан бау – бақша суаратын нақтылы суды да, сонымен қатар дүние жүзіндегі мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақ, құдық біткеннің суын да су деп атай беруімізге болады. Сондықтан да сөз өзі қандай күрделі болса, оның мағынасы да сондай күрделі деп есептеледі.
Ал осы сөзді дүние жүзіндегі қазақтардың бәрі сол қалпында қолданады, бірақ тіліміздегі сөздер үнемі бұлай бола бермейді. Кейбір сөздер жергілікті тіл ерекшеліктеріне сәйкес әрі төңірек аймақтарда әр түрлі айтылып, түрліше мағынаға ие болатын да жағдайлар болады.
Ал осы (су) сөзін дүние жүзіндегі қазақтардың бәрі сол қалпында қолданады.
Осындай жағдайларға байланысты тіл білімінің диалектология деген саласы болады.
Диалектология — / диалектос – сөйлеу логос – ілім / тіліміздегі диалектілер мен говорларды зерттейді.
Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексереді.
Диалект – деген термин тілдегі жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.
Өзім Оңтүстік елінің түлегі болғандықтан, Оңтүстік қазақтарының тіліндегі тексикалық, грамматикалық ерекшеліктерге тоқталғым келіп отыр.
Профессор Сәрсен Аманжолов қазақ тілінің Оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр тайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте замандардан бастап – ақ Жетісу, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен.
Ұлы жүздің XVIII – XIX ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтарын қол астында болуы бұл диалектіге өзбек тілінің ықпалын күшейте түсті.
Бірінші тайпалық тілдердің негізінде қалыптасқандықтан және әр түрлі тілдердің әсері тигендіктен, Оңтүстік диалектісінде кездесетін ерекшеліктердің сипаты біріңғай емес. Кейбіреулері жалпылама түрінде жиі кездеседі. Енді кейбіреулерінің тараған көлемі шағын, белгілі бір ауданда ғана айтылады. Өзгешеліктердің ішінде Оңтүстік диалектісінің басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгілері бар. Оңтүстік диалектісінің негізгі дыбыстық ерекшеліктері.
С мен Ш алмасуы: Мысық – мышық, есек – ешек.
Д мен Л алмасуы: теңдік – теңлік, тыңда – тыңла.
Б мен П алмасуы: болат – полат
бітіру – пітіру
бейнет – пейнет
М мен П алмасуы: маңай – паңай
мешпет – пешпет
махта – пахта
А мен Ә алмасуы: қатты – кәтті
қайтып – кәйтіп
Ғалым С. Аманжолов Оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшеліктерін 20 салаға бөледі.
Берілген миатериалдар Оңтүстік диалектісімен әдеби тіл лексикасы арасындағы айырманы айқын көрсетеді. Оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшелігі халық өмірінің барлық жағын қамтыған.
Оңтүстік диалектісінде өте ерте замандардан сақталып қалған басқа жерде кездеспейтін сөздер де аз емес.
Мойынтаулық қылу – көнбеу, бағынбау
Парт боп кету – ісіп – кеуіп кету
Сауатын шығару – сауатын ашу
Тән алмау – мойнына алмау
Тәнті болу – риза болу
Қазақстанның өзге өңіріне қарағанда Оңтүстік Қазақстанның тілінде диалект сөздер молырақ ұшырасуы екен.
Диплом жұмысының өзектілігі.
Менің диплом жұмысымның объектісі – Шымкент төңірегі қазақтарының тіліндегі диалект сөздер. Мен келтіретін мысалдар тек Шымкент өңірінің қазақтарына ғана тән. Бұл сөздерді Қазақстанның өзге өңірі білмейді де, түсінбейді де, қолданбайды да.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті.
Мен бұл сөздерді біле отырып, зерттей отырып дәл осындай сөздерді сөйлей барысында қолданбау тіліміздің әдеби тілінің нормаларын сақтай отырып, туған тілімізді өркендету, әлде қалай біреулер қолданған жағдайда, оның әдеби қалай біреулер қолданған жағдайда, оның әдеби тілдегі вариантымен ауыстыруын талап ету.
Осындай жұмысты жүргізе отырып, мен өзіме де, өзгеге де әдеби тіл нормасын сақтауға, диалектілермен сөйлемеу талабын қойып жүрмін. Зерттеу жүргізген аз ғана уақыт ішінде өзім өмір сүріп жүрген ортада әдеби нормадағы емес, жергілікті халық сөйлейтін төмендегідей сөздер бар екендігін аңғардым.
Диалектілік варианты Әдеби тіл варианты.
Тұқым, мәйек – жұмыртқа
Шәйнек, пәрнек – аққұман
шемішке, шекілдеуік – пісте
Ауқат – тамақ
Беймарал – алаңсыз
Араба – арба
Шалбар – сым
Тәрізі – түрі, беті, әлпеті.
Әулі – аула
Әсел – бал
Тава, тәпен – тапа
Дарбаза – қақпа
Бесақа – айыр
Көрші – қоңсы
Дәліз – ауыз үй
Шиша – Бөтелке
Ашық – машық – топса
Ащты – ащы
Ақша, пұл – қаражат
Бұрыштама – тәртіп
Нұқыл, өңшең – ылғи
Бәдірең, әгуршік – қияр
Пішіней – күлше
Желеткі – нынша, күртешік
Әкәндоз, кәкәндоз – қалақ
Тәпішке – пайпақ
Шөлки – шұлық
Мысалы:
Диалектілік варианты Әдеби тіл варианты.
Ауқат — тамақ
Әтешкір — қысқаш
Әтубер — абырой
Бақуат — қуатты
Бәдірең — қияр
Бігіз — біз
Білік, пілік — білте
бітпе — жазба
Дава — таба
Дақыл — нәрсе, зат
Датқай — өсекші
Дәке — марлі
Дәс орамал — қол орамал
Дезмал — үтік
Дуал — қабырға
Дүр — шебер
Екше — кимешек
Елік, елгезер — елеуіш
Етмал — ықтимал
Жуалдыз — тебен, ине
Зілмендей — зілдей
Жемелек — шашбау
Қам — шикі
Кеуірт, күкірт — сіріңке
Кәттә — зор, үлкен
Рәнәті — түрі
Азанда — таңартең
Дәу — үлкен
Пиялай — кесе
Шара — керсен
Жүдә, тіпті — өте
Кәртішке — картоп
Дүмбіл — сабық
Дөбелеу — ұру, сабау
Ұйытқы — тамызық
Мада — маш, есек
Шайдос — жезқұман
Іптәр — ауызашар
Табақ — тостақ
Қошеметтеу — марапаттау
Айғай — айқай
Зығыр май — пісте май
Шашық, орамал — сүлгі
Бөпе, шақалақ — нәресте
Шаппа, мүштәр — бәкі
Кірпіш — қыш
Ауышқан — ауысқан
Сапа нан — нан салма
Әйнек — шыны, терезе
Құдай нан — жеті шелпек, жеті нан
Тапта мата — товар мата
Қыжым — доғаба
Нұқыл — неғи
Кеуірт, күкірт — сіріңке
ши, оттық, шақпақ
Кепе — жер үй
Тесе — кетпен
Егер — ер
Сыпыра — теріден істелген дастархан
Мойынтұрық — мойынағаш
Мият — жақтаушы
Кірлен — леген
Айуан, дәліз — ауыз үй
Топы — тақия
Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы
Қазақ диалектологиясы — Қазан революциясынан кейін пайда болып, қалыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шұғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда диалектологияның зерттелу тарихында біраз өзгешелік бар. Қазақ тілінің дыбыстық грамматикалык және лексикалық құрылысының жан-жақты зерттеле бастауы Кеңес дәуірінде болғанмен, олардың зерттелу тарихы революциядан бұрын басталды. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы грамматикалар мен сөздіктер жасалып, қазақ тілі зерттеу нысаны бола бастаған, ал қазақ тілінің диалектологиясы жайында мұны айта алмаймыз.
Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердін революциядан бұрынғы жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені олардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен арнайы шұғылданбады. Бірақ соған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқалары мен сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер, дыбыстық грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып отырған. Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар немесе қазақ тілінің диалектілерге бөліну-белінбеуі жайында жол-жөнекей айтылған бірен-саран пікірлер бар.
Жергілікті тіл ерекшеліктерін
жинап зерттеу жолдары.
Оңтүстік халықтарының тіл ерекшеліктерін жинау тәсілдері
Диалектілік ерекшеліктерді жинап, зерттеу жолдары әр түрлі. Олардың қайсысын қандай жағдайда қолдану зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты.
1.Бақылау тәсілі. Диалектілер мен сөйленістерді зерттеудегі ең негізгі материал жергілікті халық тілінен тікелей жиналған материал болып табылады. Халық тілінен материал жиюда әр түрлі әдіс – тәсілдер қолданылады. Солардың бірі – байқау әдісі. Байқау әдісі екі кезеңге бөлінеді: алдын ала жалпы байқау және негізгі нысан бойынша тікелей байқау.
- Сұрақ қою тәсілі көбінесе лексикалық материал жинауда (шаруашылыққа, әр түрлі затқа, т. б. байланысты) не бұрын алынған материалдың мағынасын, айтылуын анықтау қажет болғанда пайдаланылады. Сұрақ қою үстінде білгісі келіп отырған тұлғаны не зат атауын зерттеушінің өзі айтып қоюдан сақтану керек. «Сіздерде былайша айтыла ма?», «Мұндай сөз қолданыла ма?», деп сұрақ беру орынсыз. Мұндай сұрақтарға жоқ, бар, не айтылады, айтылмайды деп жауап қайтаруы мүмкін. Ал егер зерттеуші затты көріп тұрып, «Бұл қалай аталады?», «Бұл не?» деген сұрақ берсе, білгісі келген сөзді я тұлғаны естиді. Сондықтан сұрақ мүмкіндігінше тікелей емес, жанама түрде қойылғаны жөн.
- Ауыл – село жайында мәлімет жинау. Зерттеп жүрген ауыл – селоға да көңіл бөлуі керек. Оның қай облысқа, ауданға, ауылдық, селолық әкімшілікке қарайтыны, дәл аты (ресми атынан басқа жергілікті аты), өзінде не маңында қандай өндіріс, кәсіпорны бар, теміржолға, қалаға, аудан орталығына алыс – жақындығы, қандай мәдениет орындары бар, олар қашаннан бері жұмыс істейді т. б. жөнінде толық мәлімет берілу керек. Сол сияқты ауыл, селоның және ондағы тұрғындардың тарихына байланысты материал жинау да қажетті жұмыстың бірі. Мәселен, бұрын қандай уақиғалар, өзгерістер болды, халықтың құрамы қандай, басқа жақтан қоныс аударып келгендер бар ма, бұрын қандай әкімшілік орындарына бағынды т. б. Бұл айтылғандар тілдік материалды жете түсінуге, сөйленістің даму бағытын неғұрлым дұрыс айқындауға мүмкіндік береді.
Тоқаш Бокиннің сөздігінде оңтүстік сөйленістерге тән тұма (бұлақтың көзі, қайнар), тана (тайынша), бұл (мата, тауар), қамчы (қамшы), маңлай (маңдай), сым (матадан тігілген шалбар) т. б. сөздер кездеседі.
Сөйтіп, ревалюцияға дейінгі туркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктері мен оның диалектілерге бөліну – бөлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топқа бөлуге болады:
а) В. В. Радлов, П. М. Мелиранский (әуелгі кезде), А. М. Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды;
ә) Н. И. Ильминский, Н. Ф. Катанов, П. М. Мелиранский, М. Тереньтев т. б. қазақ тілінің барлық жерде біркелкі емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындады.
Қазақ тіліндегі сөйленістерді зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар ревалюциядан бұрынғы басқа зерттеушілер (А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, Ш. Уалиханов, А. А. Диваев, И. В. Аничков, И. Лаптев т. б.) бастырып шығарған ауыз әдебиеті нұсақалырында да кездеседі. Бірақ бұл материалдар осы күнге дейін толық жиақталып қорытылған жоқ.
2.1.Кеңес дәуірінде зерттелуі.
Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде кеңес дәуірінде ғана басталды.
Диалектология мәселелері жөнінде ең алғаш мақала жазған белгілі жазушы – ғалым Жүсіпбек Аймауытов еді.
Осы күні ғалымдар қолданып жүрген «Жергілікті тіл ерекшеліктері» деген атауды алғашқы қолданған Ж. Аймауытов.
КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы 1937 жылы алғаш рет Алматы облысының кеген, нарынқол; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал; қарағанды облысының Нұра аудандарына диалектологиялық үш экспедиция шығарды. Мұндай экспедициялар 1939 жылы Мақтаарал , Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу, Арал, Орда аудандарында болып, материал жинады. Міне, осы кезден бастап күні бүгінге дейін Қазақстанның әрбір аудандарына жылма – жыл диалектологиялық экспедициялар шығарылып келді. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да бұл жұмыс біржола тоқтап қалған жоқ. 1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып, материал жинаған. 1944 жылы Ж. Досқараев «Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінде кейін қалыптасқан салалардың бірі болғандықтан, оның кейбір мәселелері тіл мамандары арасында көпке шейін пікір таласын туғызып келді.
19 ғасырдан, әсіресе оның екінші жартысынан бастап, орыс туркологиясы түркі тілдерін зерттеуде алғашқы қадам жасап, елеулі нәтижелерге жетті. Бірақ соның өзінде түркі тілдерінің әлі де белгісіз, ашылмаған сыры аз емес еді. Бірсыпыра түркі тілдерінің ревалюцияға дейін жеке тіл ретінде танылмай, тек наречие дәрежесінде қаралып келуі бұған айғақ бола алады. Профессор П. М. Мелиоранский алғашында қазақ тілі диалектісіз деп, соңынан кейбір ерекшеліктерімен таныса келе басқаша пікір айтуы да осыны көрсетеді.
Дәл осындай жағдайда ғасырлар бойы келе жатқан диалектілер бірден сіңіп, жоғалып кетті деу, әрине, артық болады. қайта жоғарыда айтылған жағдай диалектілік ерекшеліктердің белгілі мөлшерде сақталып қалуына мүмкідік берді.
Қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген пікір таласы 1953 жылға дейін созылды.
Қазақ диалектологиясының тарихында 1937 жылдан 1950 жылдың орта тұсына дейінгі зерттеу жұмыстарының ерекше орны бар.
Ж. Досқараев 1955 жылы «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (лексика) деген атпен диалектологиялық сөздік шығарды.
С. Аманжоловтың ғылыми мұрасында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты орын алды. Оның 1959 жылы шыққан «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді.
Қазақ диалектологиясы үшін көп еңбек сіңірген ғылымның бірі – филология ғылымының кандидаты Ж. Досқараев. Оның әсіресе халық тіліндегі мол байлықты – диалектілік ерекшеліктер мен кәсіби сөздерді – жинаудағы еңбегі ерекше атап өтуді керек етеді. Бірнеше жылдар бойы экспедиция ісіне тікелей қатыса жүріп, Қазақстанның көптеген аудандарынан материал жинады. Әсіресе, оңтүстік өлкедегі халық тілі ерекшелігін жете зерттеп, оның жүйелі құбылыс екенін ғылыми дәлелдеп брді. Ж. Досқараев бұл іске үнемі басшылық етіп, бірнеше жылдар бойәы Қазақстан Ұлттық Ғылыми академиясында Тіл білімі институтының диалектология бөлімін басқарды. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктері жинау әдістері жайында мақалалар жариялап, сұраулық жасауға қатысты.
Ж. Досқараевтың қазақ диалектологиясына сіңірген еңбегі мұнымен ғана бітпейді. Оның 1955 жылы шыққан «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері»(лексика) деген еңбегі тек қазақ тіл білімінде емес, туркология ғылымының диалектология сөздіктердің бірі болып табылады.
Ж. Досқараев қазақ тілі сөйленістерін зерттеуде салыстырмалы тарихи принципті қолданудың алғашқы үлгілерін көрсетті. Бұдан басқа Ж. Досқараев қазақ тілі диалектологиясы мәселелеріне арнап бірнеше мақала жазды.
Қазақ диалектолгиясы мәселелерімен профессор Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев та шұғылданды. Қазақстан Ғылым академиясының тарих және диалектология бөлімін басқарды. Оның «Диалекты в современном қазахском языке» және басқа ғылыми мақалаларында қазақ тілі тарихына байланысты қазақ диалектологиясының тероиялық мәні бар мәселелері сөз болды. қазіргі сөйленістерді тіл тарихындағы елеулі кезеңдермен байланыста қарап, қазақ диалектологиясының қалыптасу, даму тарихы туралы ілімді тереңдетті.
2.2. С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілер туралы.
Профессор С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтармен, жүздермен байланыстырып қарайды. Маркс пен Энгельстің тайпалар одағы халыққа ең таяу басқыш болып табылады деген белгілі қағидасына сүйене отырып, қазақ жеріндегі үш жүз – үш тайпалық одақ ретінде қазақ біртұтас халық болып құрылғанынан көп бұрын, 7 – 9 ғасырлардың арасында қалыптасты деп қорытынды жасайды. Жүздердің қалыптасу негізінде рулардың тайпаларға, тайпалардың тайпа одағына бірігуі жатыр. Қазақ жеріндегі тайпалардың қоныстанған жері. Шаруашылық ыңғайы, шығу тегінің жағындығына қарай ерте замандардан – ақ өзара жіктеле бастағаны тарихтан белгілі. Осылайша тайпалардың одағы болып табылатын жүздер келіп шыққан. Мұның өзі тілге әсер етіп, әр жүздің өз ішінде тілдің де біріңғайлылығы қалыптаса бастаған. Сөйтіп, үш жүздің қалыптасуымен үш жергілікті диалект пайда болған. Бұл үш тайпалық одақтың тілі даму барысында кейін бір – біріне жақындап, біртұтас қазақ тілінің қалыптасуына негіз, ұйытқы болды деген тоқтамға келеді. Автор жергілікті халық өміріне тән өзгерістер (шаруашылық, әдет – ғұрып, т. б.) мен көрші тілдердің әсерінен де тіл ерекшеліктері туғанына ескертеді.
Қазақтың халық тілі мен ауыз әдебиеті үлгілерінен жиналған материалдарды және қазақ тілінің тарихын зерттеу нәтижесінде С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бір деген қорытындыға келді. Олдар мыналар:
а) оңтүстік диалектісі – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазқстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды.
ә) батыс диалектісі – Батыс Қазақстан, Гурьев (Атырау), Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды.
б) солтүстік – шығыс диалектісі – Ақмола, Павлодар, семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақста облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.
Қазақ тілінің оңтүстік диалектісі. С. Аманжолов қазақ тілінің оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр ьайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте замандардан бастап – ақ Жетісу, сырдария және Алатау алқабын, яғни қазіргі Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен, олар шығысында – Синьцзянмен (Шыңжан), ұйғырлармен, солтүстік – шығысында – найман, керей, қоңырат тайпаларымен, солтүстік – батысында – алшын тайпалары одағымен, оңтүстігінде — өзбек, қырғыздармен шектескен. Монғол шабуылына дейін де, одан кейін де, сол сияқты 16 – ғасырда қазақ хандығына қосылған кезде де, бұл тайпа одақтары Ұлы жүз болып аталды. Ерте заманнан бастап – ақ бұлардың қоғамдық, шаруашылық және мәдени ортасы бір болды. Соның нәтижесінде олардың бір кездегі тайпалық тілдері бірігіп, бір жергілікті диалект болып қалыптасты. Бұл – қазақ тілінің оңтүстік диалектісі деп аталады. Оңтүстік диалектісінің қалыптасуына Ұлы жүзге кіретін тайпалардың әр түрлі табиғи – тарихи себептерге байланысты басқа тайпалармен қарым – қатынасы нашар болғандығы да үлкен әсер етті. Мәселен, бұл тайпалардың солтүстігіндегі Балқаш көлі, Бетпақ дала, солтүстік – батысындағы ұлан – байтақ далалар, Қызылқұм және Арал теңізі осындай табиғи бөгеттер болып табылады. Онымен бірге бұл диалектінің қалыптасуына көрші өзбек, ұйғыр, қырғыз халықтарының тілі де әсер етті. Ұлы жүздің 17 – 19 ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтары қол астында болуы бұл диалектіге өзбек тілінің ықпалын күшейте түсті. Бірнеше тайпалық тілдердің негізінде қалыптасқандықтан және әр түрлі тілдердің әсері тигендіктен, оңтүстік диалектісінде кездесетін ерекшеліктердің сипаты біріңғай емес. Кейбіреулері жалпылама түрде кездеседі. Енді біреулерінің тараған көлемі шағын, белгілі бір ауданда ғана айтылады. Өзгешеліктердің ішінде оңтүстік диалектісінің басқа диалектілерден айырмасы көрсететін негізгілері бар және негізгі болып табылмайтын жеке ерекшеліктері бар, сол сияқты басқа диалектілерде ауысып кіргендері де бар. Оңтүстік диалектісінің С. Аманжолов көрсеткен негізгі ерекшеліктері төмендегідей.
Фонетикалық ерекшеліктер. С пен ш алмасуы: мысық – мышық, есек – ешек, масқара – машқара;
Ш мен ч алмасуы; шұқырау – чұрқырау, шана – чана, шеге – чеге, шикі – чикі, шүберек – чүберек. Бұл өзгешелік Қазақстанның шығыс аудандарында да кездеседі.
Д мен л алмасуы: теңдік – теңлік, тыңда – тыңла, маңдай – маңлай, адамау – аңламау.
Б мен п алмасуы: болат – полат, бітіру – пітіру, бейнет – пейнет, бақыр – пақыр, байқау – пайқау.
Ң мен н алмасуы: ертең – ертен, өлең — өлен, көбең – көбен, қалың – қалын.
М мен п алмасуы: маңай – паңай, мақта – пахта, мешпет – пешпет.
К мен г алмасуы: күріш – гүріш, көң – гөң, т. б. Бұл алмасу оңтүстік диалектісіндегі оғыз тілдерінің әсерін көрсетеді;
Б мен у ауысуы: кебіс – кеуіш, көпір – көуір, шылапшын – шылаушын // шіләужін.
Ж мен й ауысуы: о жақ – о йақ, бұ жақ – бү йақ, о (л) жерде – о йерде.
С мен т ауысуы: түгесу – түгету, қысу – қыту, сырқаттану – сырқастану, тұрпат – сұрпат.
А мен ә алмасуы: қатты – кәтті, қайтып – кәйтіп, керісінше, әйел – айал, едәуір – адауір.
Грамматикалық ерекшеліктері. Етістіктің жекеше 2 – жақ бұйрық райының — ғын, — гін, — қын, — кін, — ың, — ің қосымшалары арқылы жасалған тұлғалары кездеседі: суғырғын (суыр), айтқын (айт), келгін (кел), барың (бар), көрің (көр).
Бұйрық райлы етістіктің көпше 1 – жағының – лы, — лі қосымшалары арқылы жасалған тұлғалары кездеседі: баралы – барайық; келелі – келейік.
Қалау райдың бар, жоқ сөздері арқылы жасалған түрлері кездеседі: барғым бар – барғым келеді, барғым жоқ – барғым келмейді.
Көмектес септігінің — мынан, — бынан, — пынан қосымшалары арқылы жасалған түрлері кездеседі: атпынан келу – атпен келу, пойызбынан бару – пойызбен бару.
Септік жалғауларының қызметінде ауысушылық байқалады: мұғалімге оқыдым – мұғалімнен оқыдым. Арысқа тұрамын – Арыста тұрамын.
Лексикалық ерекшеліктері. С. Аманжолов оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшеліктерін 20 салаға бөледі. Берілген материалдар оңтүстік диалектісі мен әдеби тіл лексикасы арасындағы айырманы айқын көрсетеді. Оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшелігі халық өмірінің барлық жағын да қамтыған. Егіншілік пен бау – бақшаға байланысты сөздер өте көп және олардың кейбірі баспасөз арқылы әдеби тілге еніп, бүкіл халық пайдаланатын сөздерге айналып отыр. Оңтүстік диалектісінде өте ерте замандардан сақталып қалған, басқа жерде кездеспейтін сөздер де аз емес. Қазақ тілі лексикасының тарихын тексеруде бұлардың зор мәні бар.
Оңтүстік диалектісінде лексикалық ерекшеліктердің бәрін бірдей беру мүмкін болмағандықтан, төменде кейбір мысалдар ғана келтіріліп отыр: айуан, дәліз, далаң – ауыз үй, алдыңғы үй, аташ – пойыз, ауқат – тамақ, жұмыс, ашық – машық, топша, тұрым – топса, әтешкер, әтешкі- қысқаш, әтубер – абырой, бақуат – қуатты, бәдірен – қияр, бігіз – біз, білік // пілік – білте, бітпе – жазба, дава – таба, табадан, дақыл – нәрсе, зат, дарбаза – қақпа, дарын – жаршы, қабырға, дүр – шебер, маман, діт – ой, арма, еге – ие, егер – ер, етмал – ықтимал, жаған // жағлан – қайыс сандық, жам, кірлен, лөген – леген, шылапшын, жемелек – шашбау, жоғырмақта — жуықта, жозы – аласа үстел, жуалдыз – тебен ине, зәмбіл // зембіл – нәселке, зөңгі // зеңгі – басқыш, саты, зерен – тотаған, зілмендей – зілдей, кәттә — зор, үлкен, кепсер – сүзгі темір, кеуірт – күкірт, кеуіш – кебіс, қам – шикі, леген – табақ, мекпі, топы – тақия, төбетей, мұқым – тіпті, мүлде, мұттайым – қу, өтірікші, мыттық – арамза, нам – ат, есім, нам – дымқыл, ылғал, нанбай – үлкен, зор, өтпен – тұрақ, мекен, пая – сабақ, парбоз // паруаз – үй төбесіне салатын ағаш, пахнатты – күйлі, пешене – маңдай, бақыт, пісентті – жинақты, ұқыпты, сыйлықтау – сыйлау, таға – нағашы, тиқоры – негізінде, асылында, уақытылы – уақытында, үстін – діңгек , тіреу, шайдоз – қара құман, шақа – жүйе, рет, шыптахана – билет сататын орын т. б.
Оңтүстік диалектісінде әдеби тілмен салыстырғанда қалыптасуынада, мағынасында, қолдануда ерекшелік бар идеомалық, фразалық сөз тіркестері едәуір мөлшерде кездеседі. Мысалы, алағаудан болу – алаң болу, амалкесін іздеу – амал іздеу, аяқ қылып тастау – аяқсыз қалдыру, әдден тысқары – шамадан тыс, бәз уақытта – кей уақытта, белі ауыру – жаны ашу, біршек болу – бөліну.
2.3. Қазақ тіліндегі сөйленістік топтарға тән ерекшеліктер
Оңтүстік сөйленістер тобы
О.Нақысбековтің класификациясы бойынша бұл топ қа алты сөйленіс кіреді.
Олар: 1. Жетісу сөйленісі — Алматы (Талдықорғанмен қоса) облысының жерін қамтиды; 2. Шу сөйленісі — Жамбыл облысының жерін қамтиды; 3. Шымкент сөйленісі — Шымкент облысының жерін қамтиды; 4. Қызылорда сөйленісі — Қызылорда облысының күншығы-сынан бастап Түркістанға дейін Сыр бойын қамтиды; 5. Ташкент сөйленісі — Өзбекстан республикасының Ташкент, Бұхара облыстарын қамтиды; 6. Тәжік сөйленісі — оған Төжікстан республикасындағы қазақтар мекендеген аудандар жатады.
Оңтүстік сөйленістер тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері
- Оңтүстік сөйленістер тобына ортақ фонетикалық ерекшеліктер.
д/л: маңлай — мандай, таңдай — таңдай, өңлеу — өндеу, анла — анда, шаңлақ — шандақ;
ж/й: Тіл алды ж дыбысы жарты дауысты й-мен алмасады. Қай, сол, ол, бұл сияқты есімдіктерден соң жақ, жер сөздері келгенде, көсемшелік тұлғадағы бара, келе, әкеле етістіктерімен жатыр көмекші етістігі тіркесінде кездеседі: қайер — кай жер, сөйер — сол жер, бұйақ — бұл жақ, бара патыр — бара жатыр,.келе йатыр — келе жатыр;
Оңтүстік сөйленістердің ерекшеліктерін талдауда пайдаланылған әдебиеттер: О.Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы
6/п: пытырау — бытырау, пітіру — бітіру, поразда — боразда (Жетісу), пал — бал, пүктеу — бүктеу, пейнет — бейнет (Шымкент), пата — бата, пәйге — бәйге, пүтін — бүтін, піту — біту (Ташкент), пұто — бұта, полат — болат, пақыт — бақыт, пәкі— бәкі (Шу), пүке, — бүге, пешпент — бешпет, пүтіл — бүтіл, пол — бол (Тәжік);
с/ш: текшеру — тексеру, тұрмыш — тұрмыс, оқымыш — оқымыс (Жетісу), шамал — самал, тышқары — тысқары, тұшамыш — тұсамыс (Шу), шондай — сондай, шабаз — сабаз, шорпа — сорпа (Шымкент), мышық — мысық, ешек — есек, ұқшау — ұқсау, пейшембі — бейсембі (Ташкент), шамал — самал, шамиян — самиян, шор жер — сор жер, шаты — саты, ашпаз — аспаз (Тәжік);
ң/н: өлен — өлең, көленке — көлеңке, қалын — қалың, біздін — біздің, елдін — елдің;
қ, к, г, ғ дыбыстары сөз ортасында не соңында сақталады: бігіз — біз, егер — ер (аттың), еге — ие, ештеңке — ештене, тірік — тірі, ұрық — ру;
л: ол, сол, бұл сілтеу есімдіктері басқа сөздермен тіркескестене, ал, бол, қал, сол, әкел етістіктері шартты рай, көсемше, болымсыз, қалау және бұйрық рай тұлғаларында келгенде түсіп қалады: со кісі — сол кісі, бұйер — бұл жер, асайшы — алсайшы, боса — болса, амай — алмай, босын — болсын, кеңдер — келіндер;
ш/ч: сөздің басында, ортасында жиі кездеседі: чал — шал, чекпен — шекпен, чалғы — шалғы, чам — шам, жиенчар — жиеншар, қамчы —қамшы, көңілчек — көңілшек.
- Оңтүстік сөйленістердін бәріне емес, 2, 3 сөйленісіне ортақ фонетикалық ерекшеліктер.
е/а: дәража — дәреже, бекар — бекер, шидан — шиден (Шу), тиірмен — диірмен, дуниа — дүние, мәкам — мекем, жүннан — жүннен (Тәжік);
о/а: әбіржу — абыржу, жәутеңдеу — жаутаңдау, кәңкию — қаңқию. әсілі — асылы (Шымкент), әре — ара, тәрәп — тарап, кәтті — қатты, әтірап — атырап, пәре — пара, пәте — бата (Ташкент), жән — жан, зіндән — зындан, чәлә — шала, інәбат — инабат, дәнә — дана (Шу);
е/ә: кәм — кем, кәсел — кесел, мәйлі — мейлі, мәкән — мекен. мектәп — мектеп, мемләкәт — мемлекет (Ташкент), дігәр — дігер, кәрәмәт — керемет, әгәр — егер, әшкәрә — ешкере (Шу);
о/ұ дұмалану — домалану, ұяну — ояну (Шу), құлдану — қолдану, сұрақы — сорақы, құртынды — қортынды (Қызылорда);
ү/і: дәстір – дәстүр, індеме — үндеме, ін-тін — үн-түн (Шу), інеміі — үнемі, ішбір — ешбір, іштеме — ештеме (Жетісу);
ұ/ы: тыман — тұман, былақ — бұлақ, мақыл — мақұл, мыздау — мұздау (Шу), қырсау — құрсау, мынша — мұнша (Жетісу);
уо, уә, ие дифтонгылары сөз басында айтылады: уот — от, уоңлы — оңлы, уөнім — өнім, уөгіз — өгіз, иел — ел (Шымкент, Ташкент);
т/д: дерезе — терезе, дағдыр — тағдыр, дүзелу — түзелу, дұзақ — тұзақ (Шу), деңіз — теңіз, дізгін — тізгін, дөңірек — төңірек, дұздау — тұздау (Қызылорда);
к/г: гәмпір — кемпір, гөрім — көрім, гәуле — кеуле, гөс — көс (Ташкент), гунәкәр — күнәкәр, гілем — кілем, гедей — кедей (Тәжік);
қ/ғ: ғайрат — қайрат, ғам — қам, ғалбыр — қалбыр, ғұмай — құмай (Ташкент), ғыжым — қыжым, ғоза — қоза (Тәжік.);
ж, (дж) аффрикат дыбысы сөздің басында, ортасында айтылады:
джыл — жыл, джауын — жауын, джол — жол, олджа — олжа, құлджа — құлжа.
- Оңтүстіктегі жеке сөйленістерге тән фонетикалық ерекшеліктер.
Шу сөйленісінде: п/б: байда — пайда, біл — піл, бісу — пісу,
бікір — пікір, беріште — періште, берзент — перзент;
ә/а: абдан — әбден, қары — кәрі, айал — әйел, айбат — әйбат, жардам — жәрдем;
г/к: күл — гүл, үкіт — үгіт, ақылкөй — ақылгөй, ілкері-кейін —ілгері-кейін;
б/м: тоңмұзар — тоңбұзар, мейнет — бейнет, молжал — болжал, құрман — құрбан, кементай — кебентай;
ы/і: місәлі — мысалы, зіндән — зындан, чібіш — шыбыш, ізә -ыза, мінейір — мына жер;
ж/д: дүз — жүз (беттің жүзі, пышақтың жүзі, жүз сом), дүзім —жүзім, дүзік — жүзік.
Жетісу сөйленісінде: д/т: тайын — дайын, тұшпан — дұшпан, тәл — дәл, әтейі — әдейі, тоңкию — дөңкию.
Шымкент сөйленісінле: у/қ: асық — асу, сылақ, — сылау, бояқ —бояу, түзік — түзеу, ұрық — ұру.
Қызылорда сөйленісінде: з/с: барамыс — барамыз, табамыс — табамыз, біс — біз, өзіңіс — өзіңіз;
ы/а: жабаға — жабағы, жөн-жосақ — жен-жосық;
б/у: кеуіш — кебіс.
Ташкент сөйленісінде: қ дыбысы сөз басында түсіп қалады: әжі — қажы, әсірет — қасірет, әжет — қажет;
ғ дыбысы сөз басында түсіп қалады: алым — ғалым, ажайып —ғажайып, алам — ғалам, әдет-ұрып — әдет-ғұрып;
м/б: бәйрам — мейрам, небере — немере, бықын —мықын;
п/у: тауған — тапқан, қауады — қабады, кеуген — кепкен, шаудым — шаптым.
Тәжік сөйленісінде: һ дыбысының сөз басында сақталуы: һәуіз — әуіз, һасар — асар, һәр — әр (Тәжік.).
Грамматикалык, ерекшеліктер
- Оңтүстік сөйленістерге ортақ грамматикалық ерекшеліктер.
Етістіктің бұйрық райының 2-жағы -қын/-ғын, -кін/-гін жұрнақтары арқылы жасалады: алғын, бергін, айтқын;
Тәуелдік жалғауының 3-жағына -ыс/-іс қосымшасы қабаттаса жалғанады: көбісі, бәрісі;
Шығыс септігі жалғауының орнына барыс септігі жалғауы қосылады: Ол мұғалімге оқыды;
Мезгілді білдіретін жатыс септіктегі кейбір сөздер барыс септігінде айтылады: күніге, жылыға;
Ертең, таңертең, кешке мезгіл үстеулері -гісін/-кісін қосымшалары арқылы айтылады: ертеңгісін, таңертеңгісін, кешкісін;
Ауданға қарайтын, қалаға қарайтын тіркестеріндегі қарайтын сөзі қарасты болып айтылады. ауданға қарасты, қалаға қарасты.
- Оңтүстік сөйленістердің бәріне емес, 2, 3, 4 сөйленісіне ортақ грамматикалық ерекшеліктер.
-галы/-гелі көсемше тұлғалы сөзбен бері шылауы тіркесіп келеді: келгелі бері (келгеннен бері), оқығалы бері (оқығаннан бері) (Ташкент, Қызылорда, Шымкент, Шу);
-тұғын қосымшалы етістіктер жұмсалады: келетұғын — келетін, баратұғын — баратын (Шымкент, Қызылорда, Шу);
Көмектес септік -ман/-бан/-пан, -мыңан/-бынан/-пынан қосымшалары арқылы жасалады: атпан, түйеман, қайыспынан, арбамынан (Шымкент, Шу);
Жатыс септігіндегі мезгілді білдіретін кейбір сөздер барыс септігінде айтылады: күніге — күніне, жылыға — жылына (Шымкент, Шу, Жетісу);
Кейбір сөздер ырықсыз етіс тұлғасында айтылады: құрылынып — құрылып, тамылған — тамған, туылған — туған (Ташкент, Шымкент, Шу);
Уақыт сөзі —лы қосымшасымен айтылады: уақтылы — уақытында (Шымкент, Шу).
- Оңтүстіктегі жеке сөйленістерге тән грамматикалық ерекшеліктер.
Жетісу сөйленісінде: қалау, тілек мағынасы -лы/-лі қосымшасы арқылы беріледі: жүр баралы, барсақ баралы. Бұл ерекшелік кейбір батыс сөйленістерде де кездеседі;
Шу сөйленісінде: ол, сол, бұл есімдіктеріне көптік жалғауынық тек -дар түрі қосылып айтылады: одар, содар, бұдар;
Ашық райдың ауыспалы келер шағының үшінші жағындағы -ды қосымшасы ықшамдалып, -т түрінде айтылады: барат — барады, жүрет — жүреді, келет — келеді;
Есім және етістік тұлғаларына -дүр қосымшасы жалғанады: боладүр — болады, түйедүр — түйе.
Шымкент сөйленісінде: мен, сен есімдікгері барыс септігінде маға, саға болып айтылады;
Етістіктің екінші жақ жіктік жалғауы -сын/-сін қалпында айтылады: барасын — барасың. келесін — келесің;
Бей- префиксі мен -хана қосымшасы жиі қолданылады: беймарал — жайбарақат, бейәбір — абиырсыз, бейауыз — бейпіл, құшхана -мал соятын жер;
-қыл/-ғыл, -кіл/-гіл бұйрық рай қосымшалары жиі кездеседі: айтпағыл — айтпа, байлап қойғыл — байлап қой, шақырғыл — шақыр;
-тағыны қосымшалы етістіктер айтылады: болаттағыны — болады да, келеттағыны — келеді де;
Нақ осы шақ бара йатырыппыз (бара жатырмыз), келе йатырыппыз (келе жатырмыз) тұлғаларында айтылады.
Қызылорда сөйленісінде: бұйрық райдың 2-жақ жекеше түрі —сай/-сей қосымшасы арқылы жасалады: барсай — бар, барсаншы, жүрсей — жүр, жүрсеңші;
Жіктік жалғауының 2-жағы -сыңыз -сіңіз қосымшасы арқылы жасалады: барасыңыз — барасыз, жүресіңіз — жүресіз;
Біз, сіз есімдіктерінің 1,2 жақтағы сыпайы түрі бізің, сізің түрінде айтылады;
Қалау райдың келер шағы -қай/-ғай қосымшасы арқылы жасалады: барғай — барсаңшы, айтқай — айтсаңшы;
Есімшенің -қан/-ған, -тын/-тін жұрнақтары орнына -ар/-ер жұрнақтары жұмсалады: уәйімдей бастар еді.
Ташкент сөйленісінде: иран, тәжік тілдерінен ауысқан -бын, -бін, -баз, -паз қосымшалы етістіктер, -ана, -ене, -анда, -енде, -дап, -мен, -ман, -зар жұрнақты сөздер жиі кездеседі: тамашабін — жағымпаз, палбын — бал ашушы, қартабаз — қарташы, ішкілікбаз — ішкіш, кәуәппаз — шашлық жасаушы, маяна — еңбек ақы, айыбана — айып ақы, пезенде – шебер аспазшы, білімдан — білімді, алмазар — алма бақ;
Иран-тәжік тілдерінің сер-, пеш-, бәд-, ным-, префикстері арқылы жасалған сөздер жиі кездеседі-. серсакал — сақалды, пешқадам — алдыңғы қатарлы, бәдәжһіл — ашуланшақ, нымжан — өлсіз, німрең — реңсіз;
Өзгелік етістің -газ, -гез, -қаз, -кез жүрнақтарымен жасалған сөздер кездеседі: тұрғазу — тұрғызу, көргезу — көргізу, өткезу — өткізу.
Тәжік сөйленісінде: -ың, -ің етістіктің бұйрық мәнімен бірге тілек, қалау, сыпайылық реңдерін білдіреді: келің — кел, тұрың — тұр, берің — бер. Бұл ерекшелік батыс сөйленістеріне кіретін Маңғыстау, Қарақалпақ, Түрікменстан қазақтары тілінде де жиі кездеседі.
Лексикалық ерекшеліктер
- Оңтүстік сөйленістерге ортақ лексикалық ерекшеліктер.
Егін, жер суландыру шаруашылығына, бау-бақша, жеміс, мал атауларына байланысты кәсіби сөздердің басым көпшілігі оңтүстік сөйленістердің бәріне тән: сүдігер, атыз, жүйек, көмбеқонақ, сота, қоза, жекелеу, оман арық, қауыншек, дембілше, пада, падашы, есек, қодақ, т.б. Күнделікті өмірде қолданылатын ортақ сөздерге мысал: ақыр — малға шөп салатын орын, асар — көмек, жәрдем, әпкіш — иін ағаш, дәйілше — 2-3 бұттық қап, жадағай — астарсыз жеңіл шапан, жуалдыз — тебен ине, келімдәрі — қызылбұрыш, кірлен — шылапшын, сым — шалбар, көрпелдес — кенже туған қозы, қошна — көрші, тана — бір жасқа дейінгі бұзау, зуала — қамыр нанның үзіндісі, ақта — піштірілген мал т.б. - Онтүстік сөйленістердің бәріне емес, 2, 3, 4 сөйленіске ортақ лексикалық ерекшеліктер.
Жетісу, Шу сөйленістеріне ортақ сөздерге мысал: кепсер — бауырсақ сүзгіш, мият — тірек, көмек, наубай — нан пісіретін орын, себет — талдан тоқыған ыдыс, чанда-чанда — анда-санда, шынтақ — трубаның иіні, ошақ пеш — дөңгелек темір пеш.
Ташкент, Шу, Шымкент сөйленістеріне ортақ сөздерге мысал: асадал — тамға қоятын сырлы, оюлы шкаф, байтаба — жүннен тоқылған шұлық, қойқосақ — кемпірқосак, мере — сөре, сапал — үлкен кесе, таңамал — таң сәрі, шайдоз — мыс құман, тураған — етті ұсақтап турап, сорпалап жасалған тамақ, асық — артық, ашық-машық — топса.
Ташкент, Шымкент, Қызылорда сөйленістеріне ортақ сөздерге мысал: кекпір — нан сүзгіш, тәбімше — ойымша, шәйлә — қамыс қора, шолпы — тесік ожау, шопақ — қауын-қарбыз дәні, жап — егіндіктегі кішкене арық, жарма — үлкен арық.
Шымкент, Қызылорда, Шу, Ташкент сөйленістеріне ортақ сөздерге мысал: бастырма — бір жақ қабырғасы ашық, төбесі жабық қора, бәдірен — қияр, жүдә — аса, өте, тіпті, мүлде, кеуіл — көңіл, таға — нағашы, шақа — бақыр ақша, нәренжу — жүдеу, арықтау, жертөле —жер үй, еге — ие.
- Оңтүстіктегі жеке сөйленістерге тән лексикалық ерекшеліктерге мысал.
Ташкент сөйленістерінде: аюан — үйдің алдыңғы бөлігі, әндемі —үй сылайтын темір қалақша, бақуат — қуатты, дәш — дала, жам —шылапшын, зұлпын — есіктің ілгешегі, кәм — аз, кем, қам — шикі, мәйек — жұмыртқа, өтен — туып-ескен жер, әпше — әпке, кәлет — қате, манзұр — лайық, пәкизе — таза, әчі — ащы, жегене —жалқы; тұрақты сөз тіркестері: алағаудан болу — көңіл бөліну, әуірі басылу — желігі басылу, кумәнға шыгу — ақтау, құтқару, пеш қыліу — қыр көрсету, табым жоқ — көңілім жоқ, башаны шағу —зорлық істеу.
Қызылорда сөйленістерінде: атшөлке — киіз қамыт, айырқом —
желқом ер, көпе — марқа, бағлан, әтешкір — шымшуыр, егерше —
ершік, мойыншалғы — шәрпі, күртік — еттің наны, қарғын — ағыны қатты су, мәнпағат — күнкөріс, қылды бақыр — шелек, қайыс нан —
етке салатын нан, кеусандық — үлкен сандық, әуіт — шығырдың су
жиналатын жері, мастық — шығырдың арқалығы, шану — сену; тұрақты сөз тіркестері: бақадар әлінше — өз өлінше, кес болу — бөгет болу,
қайлы болу — көңілі қалу, мыш етпеу — шімірікпеу, құлақы әңгіме —ел аузындағы әңгіме, атымы келмеу — реті келмеу.
Шымкент сөйленісінде: ақаба — қақтың суы, аң — шұңқыр, жыра, аскеді — асқабақ, әсел — бал, дәбі — дәлелі, себебі, кәшек — мал жеген шөптің қалдығы, мәшке — бөдене аулайтын ит, молақан —қарақшы, нам — ылғал, дым, сыпа — үйдің төбесі, шақтау — бұтақтау, шекі — ерсі, шебік — кебеже, мизаж — ыңгай, басқыш — самауырдың түтін сөндіргіші; тұрақты сөз тіркестері: біршек болу — бірлесу, қосылу, бірігу, дәрпі кету — атағы шығу, сүйек қас болу –тұқымымен қас болу, тәннен шығу — разы болу, ыза шығу — су шығару, ынтығын қағу — ынтық болу.
Шу сөйленісінде: астана — табалдырық, булық — самауырдың түтін өшіргіші, елет — туыс, жоңғуыр — сүргі, жұрттық — жұрт жәрдемі, забын — ауыртпалық, зәк — дым, сыз, кенайы — жеңге, күрсі — мосы, мәрт — жомарт, мелдесу — бәстесу, насыр көже —кеспе көже, өлпең — ыстық, қапырық, тәс орамал — қол орамал, шажа — таудың биік басы, чілік — ойын аты, шабара — тор, чық —тұздық; тұрақты сөз тіркестері: ежіре қылу — келісу, мелдек ату — тойып тұру, чекенелеп құю — аздап құю, қамыры ашу — жаны ашу, ұқық қылу — жер аудару, нәзім қылу — мақтау.
Жетісу сөйленісінде: абетай — таза, әйбір — бұйым, нәрсе, бұлың —бөлме, жақамау — жақтырмай, дас — деген, шылапшын, дерен — үлкен, жуан, жамбақы — ұры, жозы — аласа дөңгелек үстел, зай — дымқыл, дым, көдек — есектің кұлыны, кунәйім – күнәлі, лақажда — жуырда, манақа — мән, себеп, мүкі — жөні, реті, науан — биік, үлкен, сердебе — сірне, кембе — жүгері, ыраң — таңертең; тұрақты сөз тіркестері: желге ауу — суық тию, қыдыра асу — тік, тура асу, суретке тарту — суретке түсіру, баран қылу — жария ету.
Тәжік сөйленісікде: мәстаба — ет, күріш, майдан жасалған тамақ, палаукеді — палау асқабағы, сукеді — ыдыс жасайтын қабақ,
ғыжым — пүліш, мөкі — өкшесіз аяқ киім, нім кесе — үлкен кесе,
ләлә — жайпақ табақ, пар — құс жүні, амбыр — тістеуік, мағыз —
керпенің жиегі, обы — суармалы егін, сәрвәнт. — судың көмейі, тоғыра кепе — қамыс кепе, зият — артық, жұма — сиыр, чақ — арық түрі; тұрақты сөз тіркестері: арқада қалу — артта қалу.
Қорытынды.
Бүкіл қазағымызға тән емес, тек Шымкент аумағындағы өз халқымызға тән мұндай сөздер ауызекі сөйлеу тілінде халқымыз арасында біршама баршылық екендігіне көзім жетті, мен зерттеген азғана уақыт ішінде жоғарыдағыдай сөздермен ұшырасатын осы секілді диалектілерді әлі де іздестіріп табу алдағы уақыттың екіншісінде, әрине.
Мұндай диалектілерді іздестіріп, біліп жүрудегі мақсатым – халқымыздың келешегі болып саналатын жастарды өзі өмір сүретін жергілікті жердегі диалектілерді біле жүргеніме оны ауызекі сөйлегенде қолданбай, таза әдіби тілде сөйлеуді насихаттау, туған тілімізді келешек ғасырларға таза, әдеби қалпында жеткізу.
Жалпы әлемде 5 жарым мыңдай тіл бар екендігінен хабардармыз. Сол тілдердің ішіндегі бірден – бір таза, бай тіл болып саналатын туған тіліміз қазақ тілін өткен ғасырда – ақ әлем зиялылары мойындаған екен.
Ғалым Мешоранский «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай, тілге жатады», — десе.
Клапрот: «Қазақтардың диалектісіз бір тілде сөйлетіндігіне көзім жетті» — депті.
Әрине туған тіліміздің қасиетті мәртебесі табиғаттың сыйы, әйтпесе, жаңа Гвинея сияқты 2 миллиондай ғана адамы бар арал тұрғындары 400 дей тілде сөйлейді екен, яғни көрші деревня тұрғындары бір – бірін түсінісе алмайды. Бұл, меніңше, қасірет қой.
Құдайға шүкір әлемде өмір сүретін 12 миллиондай қазақ (демограф М. Тәтімов есебі бойынша) бірімен – бір ана тілінде түсінісе алады.
Сондықтан, әр қазақтың абыройлы міндеті – ата – бабамыздың бізге аманаттап тастап кеткен сарқылмайтын да, сатылмайтын да байлығы – туған тілімізді таза, әдеби қалпында келешек ғасырларға жеткізу.
Тілімізді таза сақтауымыз үшін өзіміз өмір сүретін өңірде қандай диалектілер бар екенін біле жүріп, әдеби нормадан ауытқымай сөйлеу. Әрқайсысымыз – үлкеніміз де, кішіміз де тілге ұқыпты болуымыз керек.
Оңтүстік Қазақстанда тұратын қазақтар тілінде кездесетін диалектілік құбылыстарды зерттеу төмендегі мәселелер төңірегінде айтуға мүмкіндік береді:
- Бұл өлкені қоныстанған қазақтардың тілінде кездесетін диалектілік құбылыстардың дені олардың тілінің ең алдымен лексикалық жүйесіне байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, мұндағы диалектілік өзгешеліктердің көлемі жағынан молы — лексикалық құбылыстар. 2. Зерттеліп отырған говордың лексикасын тіліміздің езге говорларының материалымен салыстыру ондағы диалектілік сөздердің кәп жағдайда республиканың оңтүстік аймағы тұрғындары тіліндегі лексикалық материалмен ұқсас болып келетіндігін көрсетеді. Мәселен говорда айтылатын: шиша, ақын, жандық, қойымшылық, дай, там, шырпы, бойра, ауқат, зағара, пәтір алақшын, әбжіл, майыр, азан, пада, гәп, тәңге т.б. тәрізді диалектілік сездерді біз оңтүстік облыстарда тұрушы қазақтардың да тілінен кездестіреміз. Зерттеліп отырған говордың лексикасындағы сөздердің құрамы республикамыздың оңтүстік аймағының халқының тіліне ғана (ортақ) ұқсас емес, диалектілік материалдарды салыстырып қарағанымызда, қазақ тілінің батыс говорларымен де ұқсас екенін көреміз. Мысалы, говорда мынадай сөздер кездеседі: аламан, ашқыш, атауыз,әтешкір, бел, дыр, жарын, күртік, қызалақ, мәнет, маса-темір, шарқат, шөбік, нән т. б. Сонымен бірге, мұнда тек Шымкентте тұратын қазақтар тілінде ғана қолданылатын біраз сөздердің бар екенін айтуымыз керек. Осы өлкеде айтылатын: кетек, ағары, аударыспақ, әрем, арғыз, бітте (қазір), дегерек, есепдар, бұрнау, кешірі, көзайна, күшен, қалет, тиқы сөздері осындай сөздер.
- Құрамы жөнінен алғанда зерттеліп отырған говордың диалектілік лексикасы тіліміздің арғы дәуіріне тән байырғы сөздерді де, сол сияқты көрші түркі тілдерден енген кірме сөздерді де камтиды. Кірме сөздердің ішінде сан жағынан ең көбі — қарақалпақ тілінен енген
сөздер. Гозорға қарақалпақ тілінен ауысқан сөздердің мол болу жағдайы түсінікті де, өйткені тілдің ең өзгергіш саласы лексиканың өзге тілдің әсеріне бейім келетіні — белгілі жағдай. Қарақалпақстанда тұратын қазақтар болса, бұл өлкені олар көп заманнан қоныстанып келгені тарихтан белгілі. - Зерттеліп отырған говордағы фонетикалық жергілікті құбылыстардың баршасын дерлік тіліміздегі дыбыс
алмасуы деп аталатын құбылыстың төңірегіне топтап көрсетуге болады. Мұндағы дыбыс алмасуын дауысты және дауыссыз дыбыстардың алмасуы деп екі жікке беліп, дауысты дыбыстардың алмасуынан говорға ең сипаттысы деп: а/е, о/ұ, е/ы, е/і, ұ]ы, ө/ү, о/а, е/ү, ы/а, е/і, ө/е дыбыстардың алмасуын атар едік; дауыссыздардың ішінен говорда жиірек алмасатыны — с/ш, б/м, л/н, з/с, д/л, д/т, к/г, к/ғ, б/п, б/у, м/п, шіс, д/н, т/л, ғ/к,, г/кг н/ц, й/г, һ/х дыбыстары. - Грамматикалық құрылым жөнінен зерттеліп отырған говор әдеби тіліміз бен езге говорларымыздан аса оқшау тұрған жоқ. Бұл өлкеде тұратын қазақтар тілін грамматикалық тұрғыдан ерекшелейтін диалектілік белгі деп мына құбылыстарды атауға болады. Олар — етістіктің н/-ын, -ін/, -сьщыз/-сіңіз, -жақ, -сан/-сен қосымшалы тұлғалары. Бұл тұлғалардың кебі республиканың оңтүстік бәлігі мен батыс бөлігінің де тұрғындарының тіліне тән, мұның бұлай болуы — біраз лексикалық және фоиетикалык өзгешеліктердің аталған аймақтардың тұрғындары тіліне ортақ болуы — қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың этногенездік жағынан жақындықтарымен түсіндірілуге тиіс. Осы жөнінен алғанда Шымкентте тұратын қазақтар говорын аралас говор немесе құранды говор деп атаса да болар еді. Мұнымен қатар, зерттеліп отырған говорда, әсіресе лексика саласында, қарақалпақ тілінің әсері айқын көрінеді. Бұл соңғы жағдай да говорды аралас-ауыспалы говор деп атаудың дұрыстығын қуаттайды. Грамматикалық құбылыстар ішінен Шымкентте тұратын қазақтардың тіліне ғана тән, басқа жерде кездеспейтін, құбылыстар бар ма дегенде, мұндағы етістіктің өткен шақ көсемше түрінің қолданылуындағы ерекшелікті айрықша бөліп айтуға керек. Етістіктің бұл тұлғасы баяндауыш қызметінде келгенде әдеби тілдегідей ежелгі өткен шақ мағынасында қолданылмай, осы шақ мағынасында қолданылады. Мысалы, кино көріп отырмын деудің орнына кино көріп отырыппын деп айту — қарақалпақ қазақтары үшін норма. Бұл өлкеде ең жиі қолданылатын диалектілік форманың бірі.
- Зерттеліп отырған говорда кездесетін жергілікті тілдік құбылыстарды өзге тілдің материалдарымен салыстырып қарағанымызда, олардың бірқатарының өзара ұқсас болып келетінін көреміз. Мұның бәрі сол тілдердің говорға тигізген әсерімен қатар, мүндай ұқсас құбылыстардың біразы оларға ортақ тарихи белгілердің бар екендігін аңғартады, өйткені олар көне түркі жазбаларының мағлұматтарымен сәйкес келіп жатады.
- Біздің зерттеуімізге негіз болған материалдың көпшілігі қарақалпақ АССР-ының солтүстік-шығыс аудандарында (Мойнақ, Тақтакепір, Шымбай, Кегейлі, Қараөзек және салыстыру үшін Қоңырат ауданынан да жиналды) тұрушы қазақтардың тілінен жиналды. Солай болғандықтан, Шымкентте тұратын қазақтар тілі деп жалпылама айтып отырғанымызды көбіне осы аудандарға қатысты деп түсіну керек. Әрине, мұнда шымкентте мекендейтін қазақтардың тілінен де алынған материалдар жоқ емес.
- Сондай-ақ зерттеліп отырған говордың лексикалық материалын үңіле қарауда, біз оның құрамында әдеби тіліміздің қажетін өтерлік, оның лексикалық байлығын арттыруға септігін тигізер едәуір сөздердің бар екендігін байқадық. Мысалы, үшем., ағза, мәдени шертек, аударыспақ, сүзеуік, жүндіхана, жаргазеті, жатыс, қақыра, шөлкем т. б. Сөздерін әдеби тіліміздің игілігіне жаратсақ, терминологиямыздың байи тусуі сөзсіз. Ал бұл секілді сөздердің говорда талайы бар. Бұларды елеп-екшеп, әдеби тілдің кадесіне жарату — алдымызда тұрған практикалық маңызы бар парызымыз деуге болады.
- Жоғарыда біз халық тілінің жергілікті ерекшеліктеріндегі фонетикалық, лексикалык, грамматикалық материалдардың бірқатарының қазақ тілшің оңтүстік говорларының материалымен, ал енді бір тобын республиканың батыс аймағы тұрғындары тілінің материалымен сәйкес келетініи айттық. Мысалы, етістіктің зерттеліп отырған говорда айтылатын диалектілік тұлғалары көбіне батыс қазақтарының тіл ерекшеліктерімен ұштасып жататын болса, фонетикалық құбылыстардың көп жағдайда оңтүстік өлкенің қазақтары тіліндегі фонетикалық құбылыстарға жақын келетінін байқаймыз. Былай болуы, әрине, кездейсоқ нәрсе емес. Оңтүстік Қазақстан жерінде тұратын қазақтардың, тарихи шолуда көрсеткеніміздей, біразы батыс облыстарынан, біразы оңтүстік облыстарынан келгендігі мәлім. Демек, бұл жай говордың диалектілік жүйесін ауыспалы немесе аралас говор .деп тануымызға мүмкіндік береді. Екіншіден, зерттеліп отырған говорға қарақалпақ, өзбек (ішінара түрікмен) тілдерінін күшті әсер еткені бұрын айтылған пікірлерден белгілі. Міне, бұл жағынан да оны ауыспалы деп .айтуға әбден болады.
Әдебиеттер тізімі
- Айдаров Т. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері». Алматы, 1975; «Лингвистикалық география». Алматы, 1977
- Балақаев С. «Қазақ тілінің мәдениеті». Алматы, 1971
- Досқараев Ж., Мұсабаев Ғ. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1951
- Досқараев Ж. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». ІІ бөлім (лексика), Алматы, 1955; «Некоторые вопросы истории и диалектологии казахского языка». «Вопросы языкования», 1954, №2
- Жүнісов Н. И. «Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1981.
- Кеңесбаев І. , Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі». Лексика / фонетика. Алматы, 1975
- «Қазақ диалектологиясы» 1 – шығуы. Алматы, 1965
- «Қазақ ССР тарихы», 2 том. Алматы, 1983
- «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі». Алматы, 1969
- «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1978
- «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері». 2 – шығуы. Алматы, 1960; 3 – шығуы. Алматы, 1960; 4 – шығуы. Алматы, 1962; 5 – шығуы. Алматы, 1963
- Қалиев Ғ. «Қазақ диалектологиясының мәселелері». Алматы, 1960; «Қазақ говорлары жүйесін зерттеу мәселелері». Алматы, 1977; «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру». Алматы, 1977; «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру». Алматы, 1985.
- Мұсабаев Г. Г. «Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы казахской диалектологии». Алма – Ата, 1953
- Нақысбеков О. «Қазақ тілінің ауыспалы говоры». Алматы, 1972; «Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы». Алматы 1982
- Нұрмағамбетов Ә. «Түркіменстандағы қазақтардың тілі». Алматы, 1974; «Қазақ тілі говорларының оңтүстік тобы». Алматы, 1978; «Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні». Алматы, 1985; «Қазақ говорларының грамматикасы». Алматы, 1986.
- Омарбеков С., Жүнісов Н. «Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі». Алматы, 1985
- Радлов В. В. «Образцы народной литературы тюрских племен». Ч. ІІІ., СПб. 1870
- Сарықбаев Ш., Нақысбеков О. «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы». Алматы, 1989