Жоспар
Кіріспе
І Тарау. Шыңжаңда қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы.
1.1 Шыңжаңда қазақ қоғамының пайда болуы.
1.2 Мин әулеті тұсындағы, қытайдағы қазақ қоғамы.
ІІ Тарау. Шыңжан өлкесіндегі қазақтар.
2.1 XХ ғасырдың басындағы шыңжаң қазақтарының оқу-ағартуы
2.2 Шыңжаң қазақтарының шаруашылығы мен мәдени болмысындағы
ерекшеліктер
2.3 Шыңжаң қазақтарының салт дәстүрлері мен музыка өнеріндегі
зерттеулер
ІІІ тарау . XXI ғасырдың басындағы қытай қазақтарының
әлеуметтік -мәдени келбеті
3.1 Шыңжаң қазақтарының XXIғасыр қарсаңындағы жағдайы
3.2 Жаңа ғасыр басындағы қазақтардың әлеуметтік-мәдени өміріндегі
өзгерістер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: «Шыңжаң қазақтары» Қазіргі ҚХР -ң азаматтығындағы қазақтар болып табылады. Шыңжаңдағы қазақтар да біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бір бөлігі. Олардың жалпы саны жергілікті халықтың 7% құрайды.
Орталық Азия территориясының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайдан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деп аталып жүрген бұл географиялық аймақ «Азия жүрегі», «Тоғысу нүктесі» деп аталып, онда өмір сүретін қандастарымыздың түрлі тарихи кезеңдердегі ауа көшуі, қоныстануы, олардың қазіргі таңдағы жағдайын айқындау зерттеу жұмысының негізгі өзекті мәселесі. Бүгінгі таңда шыңжаңда тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи отаны -Қазақстанға оралу мәселесін, екіншіден қазақ – біртұтас ұлт, сондықтан да ұлттық тарихымыз біртұтас қазақ халқының жалпы тарихын қамтуға тиісті. Ол үшін алдымен ұлт өкілдері көбірек өмір сүріп отырған қазақ қауымдарын зерттеуге тура келеді. Демек зерттеу жұмыс осындай практикалық және ғылыми -теориялық қажеттіліктер негізінен туындаған маңызды мәселе болып табылады.
Шыңжаңның өткен тарихы буырқанған оқиғаларға толы болды. Бұл жерде отырықшы және көшпелі халықтардың мәдениеті түйісіп, өзіндік өркениет қалыптасты. Хань дәуірінен бері «Шыңжаң жері» орналасқан аймақты «Батыс Аймақ» деп атап оған тек 1984 жылы ғана Цин империясының тұсында провинция статусы берілуіне байланысты өзекті мәселенің бірі «Шыңжаңмен» шекаралас өткен дәуірлерде қалыптасқан тарихи дәстүрлі байланыстары бар тәуелсіз жас Қазақстан мемлекеті үшін де арта түсетіні сөзсіз. Шыңжаңның өткен тарихындағы Қытай мен Ресейдің, КСРО ның одағы жүргізген саясаттарының тарихи сабағы Қазақстан ҚХР -ң шыңжаң өлкесімен шекаралас болғандықтан, бұл өлкедегі саяси тұрақтылық біздің еліміз үшін де маңызды.
Шыңжаң өлкесімен ғасырлар бойы тарихи байланыстары жалғасып келе жатқан біздің еліміз ондағы өмір сүріп жатқан қандастарымыз тағдырымен санаса отырып олардың экономикалық мәдени, ғылыми- техникалық байланыстарды дамыту арқылы жаңа заманғы қарым – қатынастардың озық үлгілерін қолдана отырып көпвекторлы сыртқы саясат бағыттарын қалыптастыру.
Тақырыптың зерттеу деңгейі: Шыңжаң қазақтарының тарихын зерттеуге ХХ ғасырдың 40- шы жылдары назар аударыла бастағанды. Бірақ шын мәнінде Қытайдағы қазақтарды зерттеу ХХ ғ 80 жылдары басталды. Содан бері Қытайдағы қазақ тарихы бойынша бірқатар жалпы зерттеу еңбектері жазылып, жекеленген мәселелер бойынша ғылыми мақалалар жарияланып келеді. Кезінде патшалық ресейде немесе кеңес одағында Қытайдың ғылымы айтарлықтай дамығанмен, қытайдағы қазақтарды зерттеу олардың назарынан тыс қалып келгені мәлім. Әрине, біз Ресей ғалымдарының тақырыбымызға қатысты кейбір мәселелерді ерттеулерін жоққа шығара алмаймыз. Жапон тарихшысы Сагум Торудың да осы тарихқа қатысты зерттеулерін оң бағалаймыз. Сонда да Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы ( 1860 – 1920) әлі де толық зерттелмегенін көрсетуге болады.
Соңғы жылдары Қытайда 30-40 -шы жылдардағы Шыжаңдағы тұрғылықты ұлттардың ұлт -азаттық қозғалысына қатысты газет, журнал материалдары, ғылыми альманах, жекелеген, көпшілік авторлардың естеліктері жарық көрді.
Бұлар бұрын соңды ғылыми айналымға енбеген тың ережелер. Бұдан бізге бұрын кеңес одағында және бүгінгі тәуелсіз қазақстанда жарық көрген кітаптар шыңжаң тарихын зерттеуде 1940 -43 жылдары болып қайтқан кеңестік дипломат В.И. Иваннеконың, ғалымдар, В.А. Богословский, М.И. Сладковский, А.М. Дубинский, М.С. Каплуаның, М.Н. Минигуловтың, Г.М. Меңдіқұловтың еңбектерін атауға болады.
Зерттеу жұмысында «Проблемы Дальнего Востока », «Новая и новейщая история» журналдарында жарияланған Шыңжан тарихына байланысты статьялар мен архив материалдары жаңа әрі нақты деректермен қамтамасыз етілді.
Сондай -ақ Шыңжаңда, бұрынғы КСРО территориясында жарық көрген қазақ, ұйғыр, қытай, орыс тіліндегі деректер әр қырынан салыстыра отырып пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: тарихшылардың, саясаткерлердің қызығушылығын туғызып келген Шыңжаң қазақ диаспорасының пайда болып қалыптасуы, Шыңжаң құрылған кезден бастап, КХР -құрамына кезіне дейінгі күрделі тарихи кезеңнің оқиғаларын қазіргі заман, талаптары тұрғысынан жаңа методологиялық әдіс арқылы саралау, объективті және субъективті пікірлердің факторларын толық ашып көрсету, шыңжаңдағы орыс -қытай қатынастарының үрдісі мен сабақтастығының өткен жолына көз сала отырып, олардың ұлттық және мемлекеттік мүдделері тұрғысынан әрекет етіп, өзіндік саясат жүргізудің себептерін түсіндіру. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып аталған мемлекеттердің қыр -сырын толық түсіну.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан кейін Ресей мен Қытай билігінде болған қарау халқымыз тарихи даму процесінде айқын айырмашылық айқын сақталды. Осы күнге дейінгі Шыңжаң қазақтарының қоғамдық тарихын жан – жақты жүйелі зерттеу жұмысының басты мауқсаты. Себебі Қытайдағы қазақтардың тарихын, тіпті олардың бүгінгі болмысын тек бүкіл қытай қоғамының жалпы жағдайымен байланыстыра отырып талдау жасағанда ғана тиісті ғылыми тұжырымдар жасауға болады. Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді орындауға талпыныс жасалынды.
— Қытай мен қазақтар арасындағы тікелей байланыстың қалыптасуын, қазақ шаруаларының шығысқа жылжып көшуін тарихи құжаттар негізінде анықтау.
— Шыңжаңдағы қазақтардың қоғамдық өміріне ықпал жасаған, Шыңжаң өлкесіндегі және халықаралық деңгейдегі ірі оқиғаларды ескере отырып ондағы қазақ қоғамымыздағы өзгерістерді ашу.
— Шыңжаңдағы Қазақтардың әлеуметтік жіктерінің өзара қатынастарын, олардың басқа халықтармен ұлтаралық байланыстарын, қазақстандағы қандастарымен жүргізген ара қатынастарын айқындау.
— Шыңжаңдағы қазақ қауымдастығының қазақ төңкерісіне дейінгі қоғамдық сипатын анықтау.
— Шыңжаң қазақтарының қоғамдық рухани мәдениетінің тарихи болмысын, олардың қоғамдық ой -санасының даму эволюциясын көрсету.
Тарихнамасы: «Тауарих хамса (бес тарих)» /1/ атты еңбек автордың өз басынан кешкен тіпті өзі куәгер болған ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ басындағы Тарбағатай өңіріндегі орын алған қоғамдық ірі оқйғалардан және қытайдағы қазақтар туралы қомақты мәлімет береді.
Тарихи дерек, келелі кеңес /2/ атты еңбек қытай қазақтарының таяу замандағы тарихын, мәдениетін зерттеуге арналған. Тарихи материалдарға бай. Еңбекте ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ- ғы Алтай аймағындағы қазақтардың қоғамдық саяси және экономикалық өміріне ықпал жасаған өзгерістер баяндалған.
«Өмір естеліктері» /3/ атты ғұмырнамалық естелігінде ХХ ғ Шыңжаңда өмір сүретін қазақтардың оқу ағарту білім беру саласы, мәдениет істерінің даму барысы баяндалған.
История завоевания средней Азии /4/ еңбегінде ішінара жерлерінде шығысқа қоныс аударған қазақтар жөнінде жасалған мәліметтер бар.
«Воспоминания о моей службе в западной Сибири. 1853-75» /5/. Бұл еңбекте патшалық Ресеймен Чиң патшалығы арасында шекаралық келіссөздер материалдарында қытай жеріндегі қазақтардың саяси өмірі жөніндегі мәліметтердің қытайша құжатта жазылмаған, бірақ тарихта болған оқиғалардың мән жайын жан жақты түсінуге тигізер пайдасы зор.
Ш.Уалихановтың «Таңдамаларына» /6/ Бұл еңбекте Шығыс түркістанға барған сапарында Іле, Құлжада болған кездегі күнделіктері Іле аймағындағы қазақтар туралы тың мәліметтер береді.
Ал бұрынғы Кеңес одағының қытайтанушыларының біразы қазірге дейін Шыңжаң провинциясын зерттеп келеді. Г.В. Астафьевтің, В.А. Богословский және Д.В. Дубровскяның еңбектерінде ХХ ғ басындағы Шыңжаң тұрғындарының ұлттық құрамы, демографиясы сөз болады. Бірақ шыңжаңда тұратын қазақтардың қоғамдық жағдайынан ешбір дерек бермейді. /7/
Дегенмен де совет ғалымдарының ішінара еңбектерінен тақырыпқа қатысты материалдарды кездестіруге болады. Мысалы Э. Мамидованың мақаласы /8/ біздің тақырыбымыз көлеміндегі бір мәселені ашып қарастырған.
1916 жылы Қазақстан және Орта Азияда бас сағалап барған қазақтар жайлы отандық тарихшыраымыздың еңбектерінде айтарлықтай зерттелген. Мысалы М. Қойгелдиев, М.Қозыбаев, К. Нүрпейсовтың еңбектерінде /9/ терең зерттелген.
Шыңжаңның экономикалық сауда байланыстары Қасымбаевтың монографиясында көрсетілген.
Жапон тарихшылары ішінде Шыңжаңдағы қазақ тариыхын зерттеумен айналысқаны тек профессор Сгуги торо ғана /10/. Зерттеулерінде Чиң патшалығы кезінде шекара өңірінде тұрған қазақтардың жалпы қоғамдық жағдайын зерттеген.
АҚШ- тың қытайтанушы ғалымы Линда Бенсон /11/ өзінің соңғы жарияланған еңбегінде Шыңжаңда тұратын қазақтардың әлеуметтік ахуалын таныстыруға көп көңіл бөледі де олардың қоғамдық тарихына терең зерттеу жасамайды.
Хы Шуй, З. Ережепұлы және басқа авторлар бірлесіп жазған монографиясында /12/ Шыңжаңдағы қазақтардың көші -қон тарихы баяндалған.
1993 жылы Алматыда қытайлық тарийхшы Нығмет Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихы» /13/ еңбегінде Шыңжаңдағы керейлердің тарихынан сыр шертеді.
І ТАРАУ. ШЫҢЖАҢДА ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ.
1.1 Шыңжаңда қазақ қоғамының пайда болуы.
«Шыңжан қазақтары» немесе «Қытай қазақтары» деген ұғым ежелден қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан этимологиялық атау емес. Ол жаңа заманның туындысы, яғни ол ХХ ғасырдың орта шегіндегі тарихи себептің салдарынан қытайда қазақ қауымының пайда болуымен қалыптасқан атау.Олай болса қазақ қоғамы қашан, қалай қалыптасты? деген мәслеге тоқталайық.
Қытайдың мемлекеттік шекарасы ХІХ ғасырдың екінші жартысында тұрақтанған болатын. Бірақ қытайдың батыс өңірінің шекара линиясының бірлесуі мен қазақтардың бір бөлігінің қытайға тәуелді болуымен қатар болған құбылыс екендігін ескермеуге болмайды. Қытайдың Чиң патшалығы ХҮІІІ ғасырдың орта шетінде жоңғар хандығын жойып, ұйғырлар көтерілісін жаныштап Тянь -Шань таулы өлкесіне өз билігін орнату барысында қазақтармен дипломатиялық қарым -қатынас орнатты. Бұл кезде қазақ хандығы түлеу үрдісінде еді. Ол кезде Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандырып, қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыруды өзінің басты мақсаты етіп қойған болатын. Бір -ақ ол кездегі жағдай оның іргетасын өзіне таяп келген Чиң патшалығымен Іледегі әскери қолбасшылармен бірқатар барыс келістер жасау арқылы олардың тамырын басып, байқап бағып, қы тайлар, «қазақтың хандық құқығына қауіпті болмаған соң» /14/, ол орта жүз ханы ретінде 1757 жылы Чиң патшалығымен ресми дипломатиялық қарым -қатынас орнатты.
1758 жылы Ұлы жүз ханы Әбілмәмбет те Чиң патшалығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Содан соң қазақ қытай арасында өзара байланыстар басталып, екі жақтылы экономикалық сауда саттық істері қанат жайды. Қытай, Чиң патшалығы 1758 жылы Үрімшіден, 1760 жылы Іледен, 1763 жылы Тарбағатайдан қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастайтын халықаралық айырбас сауданы кең көлемде өрістетті.
Ол кезде қазақ ханы Абылай, Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтарын қазақтардың атамекені, жоңғарлар жойылды, енді қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек деген танымда болды. Абылай хан өзінің Чиң патшалығы ордасына алғаш жіберген делегациясы арқылы император Иянлұңға қазақтардың атамекені Тарбағатайды қазақтарға «жарылқап» беруін талап етті. Осыған орай Чиң патшасы ордасының қайтарған жауабында: «Абылай сендер шалғайда жатқан жат елсіңдер… Сенің елің бірге тарбағатай тегінде біздің байырғы жеріміз еді. Сол жерді патша бізге жарылқап бере салса -деген талабымызды жеткізді. Бұл өңір жаңа ғана тынышталған әлі иен жатқан өлке. Патша өкілі ол жерді сендерге қиып бере салар еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірмей -ақ елдесіп алдыңдар. Сондықтан ол жерді сендерге сыйға бере салу мемлекеттік тәртіпке қиғаш келеді… Егер сендер Әмірсананы тұтқындап әкеп бер деген біздің талабымызды орындайтын болсаңдар онда ол жерді сендерге жарылқап бере салуға болады» /15/ деп жазған. Міне бұдан Абылай ханның қазақтың этнотерриториясының көлеміне болған танымын және оны қалпына келтіруге тырысқан дипломатиялық талпынысынан байқауға болады. Абылай хан қазақтың шығыстағы ежелгі атамекенін Чиң патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң ол сол жерге шаруаларды біртіндеп сіңіру арқылы иелену әдісін қолданды. Абылай ханның мақсатты түрде орта жүзбен Ұлы жүздің бірқатар руларының шығысқа қарай жылжып көшу қозғалысын бастады. Шығысқа жылжып көшкен қазақтардың рулық құрамы аса күрделі емес. Жетісу өңірінен Ілені өрлеп көшушілер негізінен Ұлы жүздің ішіндегі Албан, суан кейбір тайпалары, орта жүздің найман руының Матай, Қаракерей және тортортуыл тармағынан таралған кейбір рулар, Уақ тайпасының ішінара рулары және он екі абақ керей елі болды. Сөйтіп, шығыстағы көне жұртқа өрлей көшкен қазақ шаруалары Чиң патшалығының Ертістен Ілеге дейін көлденеңдетіп жарысқан шекара обаларын қусыра қоныстап мал бақты. Кейбір рулар ол шекара обаларының арғы бетіне өтіп барып қыстап жүрді.
Бірақ Чиң патшалығы қазақтарды шекараның арғы бетіне өткізбеу саясатын қолданғандықтан, оның шекара қоғаныс әскерлері көктем шығып қар кеткен соң қарауылдарды байқауға барғанда, көздеріне шалдыққан арғы беттегі қазақ малшыларды қуып кері қайтарып тұрды. Бірақ қытай әскерлері қысқа салым ары қайтқанда, қазақ шаруалары қайтадан өрлеп көшіп, шекараның арғы бетіндегі жайлы жерге барып қыстайды, кейбір рулар жаз айында да тұрақтап қала берді. Осындай тартысты жағдай Чиң патшалығы шекара қарауыл обаларын орнатқан күннен бастап жыл өткен сайын күшейе түсті. Чиң патшалығының олардың барлығын түгелдей қуғындап кері қайтарып отыруға шамасы келмеді. Сонымен олар ендігі жерде Абылай хан арқылы арғы бетке асқан қазақтарды кері қайтармақ болды. Чиң патша ордасының шекара қорғаныс шоншары А. Түйеге түсірген жарлығында: «Дереу әскер жіберіп Тарбағатайдан кірген қазақ малшылардықуғындап шекарадан шығарып жібер. Абылайға адамдарын кері қайтарып әкетуді айт!» /16/ — деп бұйырады.
Абылай хан ол кезде шығысқа беттеген халқын кері қайтару емес, керісінше Чиң патшалығы ордасынан Ілені қазақтарға беруді талап етеді. Соған орай Чиң патшалығының ордасы 1760 жылы 8 маусым күні Абылай ханға жолдаған хатында: «Сенің елшіңнің айтуы бойынша, ойрат жері қазақ бос жатыр екен. Қазір Әбілпейіздің қол астындағы рулар, сондай -ақ қазақтардың Ілеге барып мал бағуына руқсат берілсе – деген екенсің. Тарбағатай қатарлы жерлер ежелден жоңғарлардың жерлері, патша ол жерді қалық қолмен тыныштандырған… Қазақтар сендердің жайылым жерлерің ұлан ғайыр кең дала болғандықтан, біздің шекара қарауылымыздан асып келуді ойлайтын жөндерің жоқ бұрынғы орындарыңда тұра берулерің керек-ті. Тарбағатай қатарлы жерлерді сұрағанда Абылай саған патша бермеген еді ғой. Қазір сен қалайша өз білгеніңше (шығысқа қарай) өріс жайып келесің!? Жоңғарлар кезінде бұл жерлерді күшпен тартып алғанда сендер олардың маңайына келе алмаған едіңдер. Патша Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана сендер бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алдыңдар. Осыны неге қанағат тұтпайсыңдар» /17/ — деп жазған. Бұл мәліметтен, сол кездегі қазақтар мен Чиң патшалығы арасындағы жерге таласу күрделі бейбіт көріністе қатаң жүргііліп жатқандығын көрсетеді.
Чиң пашалығының алғашқы кезде өздері орнатқан шекара қарауыл обаларының орны тұрақсыз, әрдайым қозғалыста болады. Оны өздері «Ий дуң ка лүң» жылжымалы қарауыл деп атады. Өйткені Чиң патшалығының шекара әскерлері қарауыл обаларын жазда сыртқа қарай жылжытып апарып қоды да, қыста оны ішкі жағына қарай мыңдаған шақырым жерге жылжытып апарып қояды. Ал шекара қарауыл обаларының төңірегінде қазақ малшылары оған ілесе шығысқа қарай көшіп отырған. Бара бара Чиң патшалығы шекара өңірінде қалыптасқан жағдайды мойындауға мәжбүр болады да, өз құрамындағы шекара маңындағы жерлерге келіп мал баққан қазақтардың тиісті жер көлемін (салығын) алып олардың сонда қоныстануына мәжбүр болды.
Сонымен Чиң патшалығы ордасы қазақтарға: «малдарың жұтап, жылы қыстау іздеп, біздің қарауылдан өтіп келіп мал ақпақ боларсыңдар, сендер әуелі біздің жергілікті әбілерге хабарлап, оларға жер салығын төлеулерің керек» /18/ — дейді. Бұған қазақтар қарсы болмай олармен келіссөздер жүргізу арқылы, жер көлемі үшін әрбір жүз малға 1 малды ( жылқы) Чиң патшалығына өткізуге келісті.
Сөйтіп қазақтар сол барған жерлеріне тұрақтап, тұрып мал бақты. Чиң патшалығы шонжарлары олардан жер салығын жинап ала бастайды. Осыған орай Чиң патшалығының қазақтарға жолдаған жарлығында: «Сендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып еніе келесіңдер. Біздің генерал әмбіларымыздың өтініші бойынша әсілі сендерді жазаға тарту керек еді. Бірақ патша сендерге кең пейілділік жасады. Бұның бәрі патшаның жасаған шапағаты»- /19/ делінген. Демек, бұл деректен қазақтардың шығысқа жылжып көшіп атамекенге оралуын іс жүзінде Чиң патшалығының мойындағанын байқаймыз.
Одан кейін патшалық Ресей үкіметінің қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде яғни ХҮІІІ ғасырдың орта шетінде орыстың отарына айналудан ат бойын ала қашқан қазақ шаруалары шығысқа қарай үдере көшіп, Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге қарай ықтап бара жатты. Олар қытайдың қорғаныс әскерлерінің тосқауылдауына қарамастан, шекара қарауыл обаларының тұс -тұстан ары асып кетті. Сөйтіп ХҮІІІ ғ соңында Тянь -Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекенге қарай жылжып көше бастаған қазақтар ХІХ ғасырдың орта шетінде Чиң патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныс тепті.
Патшалық Ресей отаршылары ХІХ ғ 60 жылдары Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Чиң патшалығының қарамағындағы жерлерге апарып тіреді. Сонымен Патшалық Ресеймен Чиң патшалығы арасында шекара мәселесі туындап екі империяның қазақ даласына таласу дау -дамайы басталды. Ақыры олар мемлекеттік шекарасын келіссөз арқылы, ақылдаса отырып белгілеуге уағдаласты. Сөйтіп Қытай Чиң патшалығы үкіметі мен патшалық Ресей үкіметінің өкілдері 1861 ж Қытайдың батыс солтүстік шекарасын белгілеу мәселесі бойынша келіссөздер басталды. Олар қазақ жеріндегі мемлекеттік шекара шегін белгілеуге көп таласты, қытайдың Чиң патшалығы үкіметі ол жерлер жоңғардың жері, ол жоңғарлар қытайдың қарамасы сондықтан ол жерлер қытайға тән болу керек десе, патшалық Ресей үкіметі мүшелері ол жерлер қазақтардың ежелгі атамекенін дәлелдеп дауласты /20/- дейді. ресейлік куәгер. Сонымен екі жақ 1864 жылы 7 қазан күні Жәушек қаласында Ресей -Қытай солтүстік -батыс шекараны белгілеу келісіміне қол қояды. аталмыш келісім жалпы он тараудан тұрады. Соның бесінші тарауында «Қазіргі шекараны ақылдасып бекіттік. Екі ел мәңгі тату болады. Осыдан кейін екі мемлекет осы белгілеген шекара маңында отырған малшыларға шекарадан өтуге тыйым салынды. Бұл бөлініс қазіргі Қытай ҚХР – ның ШҰАА -ң территориясымен байланысты еді және жер қайсы мемлекетке бөлінсе онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады / 21/ »- деп көрсетті. Осы келісім бойынша Қытай мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының қазақ жеріндегі негізгі шеп (линиясы) белгіленді. Міне бұл деректер қытай жеріндегі атамекеніне оралған қазақтардың толығымен қытай азаматтығындағы шыңжан қазақтары ретінде айғақталды. Сондықтан ХІХ ғасырдың 60- жылдары қытайда қазақ қауымы «Шыңжаң Қазақстары» деген қоғамдық құбылыс пайда болды.
Чиң патшалығы 1884 жылы Шыңжан өлкесін (Шыңжан провинциясын құрды ) Шыңжаң өлкесінің қарамағындағы әкімшілік жерлер Дау- аймақ, фу- кіші аймақ, тиц – меңгерме, жоу – облыс, шияц – аудан болып белгіленеді. Шыңжаң көлемінде қоғамдық шаруашылық жағдайды жақсарту үшін бір қатар реформалар жасалды. Бірақ әбден кетеуі кеткен патшалықтың шыңжаңдағы жағдайы онымен оңала қойған жоқ. Цин патшалығы ХХ ғасырдың алғашқы жылын «хаңа саясатпен» бастады. Аталмыш жаңа саясаттың негізгі мазмұндары: Әскер баптап, қаржы топтау; мектеп ашып, көнеше емтихан алу тәртібін қолданыстан қалдыру; сауда министірлігін құрып, сауда саттық істерін жандандыру; өнеркәсіпті индустрияны дамыту /22/ жобалары жасалады. «Жаңа саясат» шыңжаңның қоғамдық өміріне аз да болса тың тыныс, жаңа бетбұрыс әкелгендей болды. Бір -ақ бұл шаралар да іріп – шіріген қытай қоғамымен алға бастыра алған жоқ. Чиң патшалығы 1884 ж шыңжаң өлкесін құрып, Тянь -Щань тауы өңірін әкімшілік жүйе бойынша басқаруға бетбұрыс жасағанмен қазақтар жиі қоныстанған аймақтарды бұрынғы әскери -әкімшілік басқаруында ұстанды. Сонымен қатар қазақ мансаптыларын көбейтіп, қазақтарды мыңбасы 12 адам, мыңбасары орынбасары дәрежелі шені бар 1 адам болыпты. Ал жүзбасының төменгі мансаптыларға сан шектемесі қойылмады /23/.
Алтай аймаындағы қазақ қауымының қоғамдық басқару құрылымы немесе бұрынғы төре әулеті Қасымханның біртұтас басқаруындағы төрт биден тұратын билік құрылымы шыңжаң өлкесі құрылғаннан кейін де жалғасты. Бұрынғы бес билеушіге екі адам қосылып жеті адамның басқауру тобы құрылды. Жалпы айтқанда шыңжаң өлкесі тұсындағы қытайдағы қазақтардың қоғамдық саяси жағдайы қиып, әлеуметтік – ахуалдары аса ауыр күйде болды.
1.2 Мин әулеті тұсындағы, қытайдағы қазақ қоғамы.
1911 жылы 10 желтоқсанда Қытайда орын алған Синхай революциясы Чиң патшалығын құлатып қытайда екі мың жылдан артық өмір сүрген монархиялық жүйені күйретті.
1912 жылы 1 қаңтар күні Республикалық жуңхуа Мин үкіметі құрылды. Оның тұңғыш президенті болып сун ятсен сайланды. Ол бірқатар республикалық заң жарлықтар жариялап, қытай қоғамын жаңа бағдарға бастаған еді. Бірақ қытаййдың консервативтік күштері оған жол бермеді. Тіпті С. Ятсеннің өзін президенттік биліктен шектеуге мәжбүр етті. 1812 жылы билікке Юань Шикай билік басына келді. Сонымен қытайда провинциялар генерал – губернаторлардың жартылай дара биліктері қалыптасты. Соған орай 1912 ж Шыңжаңның генерал губернаторы болып Яң Зыңмын (Ян Цзэсин) тағайындалды. Ян Зыңмын Шыңжан билігін қолына алғанан кейін Шыңжаңның қоғамдық басқару құрылымын өзіне тиімді етіп қайта құрды. 1919 жылға дейін Умастай генерал – губернаторының қобда іс басқару уәзірінің басқаруында болып келген Алтай аймағын Шыңжан провинциясының бір аймағы ретінде өзінің тікелей басқаруына алды. Сонымен Шыңжаңның үш үш аймағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай өңіріндегі қазақтар біртұтас Шыңжан генерал – губернаторының билігіне өтті. Бірақ олардың әлеуметтік жүйесі өзгертеді. Яң Зыңшын қазақ билеушілерінің бұрынғы мансап лауазымдарын мүдделерін сақтай отырып оларды өзін қолдануға тартты /24/.
Яң Зыңшын өз билігін нығайту үшін сыртқа қарата «бейтарап тұру» саяматын ұстаумен қатар ішкі жақта шыңжаңның қоғамдық және ұлттық қайшылықтарын шебер пайдалана білді. Ол шыңжаңдағы ұлттар арасына ірткі салып, оларды бір біріне қарсы қою арқылы өзі осы саясатын «тізгіндеушілік» деп атады. Сондай -ақ ол оны «шыңжаңдағы ұзақ жыл тыныш ұстап тұрудағы ең өтімді тәсіл болды» /25/ деп бағаланған. Іс жүзінде Яң Зыңшын Шыңжаңға әәлеуметтік дамуын тізгіндеді. Ол шыңжаңдағы халықтарды надандықта, кедейлікте тұмшалап ұстады. Бір -ақ ол өлкелік билік басымдағылар арасындағы жерлестік топтардың бақталастық күресін бәсеңдете алмады. ХХ ғасырдың 20- шы жылдары шыңжаң элитасы арасында Яң Зыңшын бастаған Шанси, Гансу провиниялықтар ен Фан Яонан бастаған хунан хубейліктер арасындағы күрес өрши түсті. Оның ақыры қару жумсауға апарып соқты. 1928 ж 7 шілде күні Яң Зыңшын қонақ үстінде қарсыластары тарапынан атып өткізіледі. Ян Зыңшынның саяси қызметі шыңжаңның басқару құрылымдарын зерттеп, оны өзіне тиімді етіп қайта құрды. 1919 Алтайды аймақ етіп құрып шыңжаң губернаторының басқаруында ұстады. 1920 жылға дейін шыңжаң қазақтары үкіметке шөп башысы (салығы) деген салық тапсыратын. Бұл баж әр отбасы және олардыңжан саны бойынша есептелініп барлық салымның 5 % бойынша үкіметке тапсырылып отырылды. Ал салық жинауцшылардың елге көрсеткен зорлық зомбылықтары мен қорлықтары халық бұқарасын қатты күйзеліске ұшыратты.
Мин дәуірінде Шыңжаң үкіметі мансаптыларды көбейту арқылы қазақтарды басқаруды күшейе түсті. 1916 жылғы Қазақстанда болған ұлт -азаттық қозғалысының патшалық Ресей үкіметі тарапынан күшпен жанышталу жетісу жеріндегі қазақтардың Шыңжаңға бас сауғалап (патриация) баруына әкеп соқтырды. Оның тарихи ықпалы тек қазақстанға ғана емес қытайдың шыңжаң өлкесіне де онда тұрған қазақ қауымына да әсер еткен болатын. «Үш кез қатқан мұз, бір түнгі суықтың әсері емес» — дегендей 1916 жылы қазақстанда бұрқ ете түскен ұлт азаттық қозғалысы әсте кездейсоқтан туыла қалған оқиға емес, керісінше ол қордаланып, қалған тарихи қайшылықтардың заңды жарылысы еді. 1914-16 жылдар аралығында жетісу облысында әр түтінге салынатын салық 3 сомнан – 8 саомға дейін өсті. Азық түлік басқа да халық тұтынатын заттардың бағасы үздіксіз қымбаттай берді /26/.
Сол жалдары Іле аймағындағы қазақтар үкіметке әр жылы жалпы алым салық үшін 300 бас жылқы тапсыратын, ал 1989 жылдан бастап олар мың бас жылқыны тапсырып отыруға міндетті болды /27/.
Іс жүзінде мин патшалығы салық шонжарының қазақтардан еселеп салық жинау әрекеті қазақ шаруаларына ауыр тиді. Іле аймағындағы қазақтардың билеушілері үкіметтен алатын жалақысын өздерінің басқаруындағы қазақтардан алынатын үкімет салығынан іріктеп алып қалып отырды. Тарбағатай аймағындағы қазақтарда қос -қабат салық тапсырып отырды. Алтайдағы қазақ қауымында феодалдық қатынастар ХХ ғасырда тереңдей түсті.
Яң Зыңшынның орнына Жин шурін (Чжан Чжин жуи) Шыңжаңның генерал губернаторы болып тағайындалды. Ол Яңның саясатын жалғастырды. Үкімет Жин шурінде арқа сүйеп шыңжаңда жемқорлықпен алаңсыз айналысты, халыққа зорлық зомбылық жүргізіп, салықты ауырлатты /28/. Сонымен шыңжаңда қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп Жин шурін үкіметке қарсы көтеріліс жасады. Оны сол аймақтың Баркөл ауданында тұратын қазақтар қолдады. Көтерілісті жаныштаушы үкімет әскерлері сол жылы шілде айында «Хасанту» деген жерде отырған әліптің ауылын басып алды да оның басын кеседі /16/. Сондай ақ олар елді үрейлендіру үшін «кесілген басты кенттің кіре берісіне іліп қояды» /29/. Олардың бұл әрекеті қазақ халқының кегін қайнатып, ызасын келтіреді. Сонымен Баркөл ауданындағы қазақтар үкімен әскерлеріне қарулы шабуыл жасауға шықты. Осы реткі Жин Шурін үкіметіне қарсы козғалыс Шыңжанның барлық жерлерін шарпыды.
1932 жылы Гансу өлкесіндегі дүнген генералы Ма Жүңиңның күштері Алтай аймағына еніп, аймақ орталығы Сарсүнбені шабуылдап басып алды. Алтай аймағындағы төре әулетінен шыққан қоғам қайраткері Шәріпхан Жеңісханүлы өзінің ел-жұртын қорғау үшін қарулы жасақтарды бастап дүнгендерді Алтайдан аластау соғысын жүргізді. Соғыста жеңілген дүнген қолдары Алтайдан Шәуешекке қашып барғанда үкімет әскерлерінің соққысына тап болып, шығысқа кашып, Санжы тауына барғанда толығымен жойылды.
Шыңжан өлкесі және ондағы қазақтар қарулы қозғалыс жағдайында тұрған кезде, яғни 1931-1932 жылдары Қазақстанда Кеңес Одағының қолдан жасаған ашаршылық апатынан жан сауғалаған бірқатар қазақтар Қытай шекарасын басып өтіп арғы беттегі қазақтардың арасына барып паналады.
1933 жылы 12 сәуір күні Дихуада (Үрімжіде) орын алған саяси төңкеріс арқылы Шың Шысай (Шэн Шицай) Шыңжанның генерал-губернаторы болды. Ол алдымен өзінің билік орнын нығайту үшін сол кездегі қытайдың және халықаралық жағдайға үйлесетін бірқатар пәрменді саяси шаралар қолданды.
Шың Шысай өзінің Кеңес Одағымсн жақындасу, антиимпералистік саясат ұстанатындығын мәлімдеп, 1933 жылы мамыр айында Кеңес Одағының Үрімжідегі Бас консулдық басқармасымен байланыс орнатты. 1934 жылы ол «Антиимпериализм, бейбітшілік және құрылыс жүргізу» деген саяси бағдарламасын жариялады. 1934 жылы желтоқсаннан 1935 жылы қаңтар айында Шың Шысайдың өтініші бойынша Кеңес Одағы Шыңжан жеріне өзінің Қызыл армиясын жіберіп, Шың Шысайдың қарсыласы Жаң Псйюан мен Ма Жүңиңның әскерлерін жойды. Сондай-ақ оның он мың әскерін қару-жарақпен жасақтады. 1935 жылы Ксңес Одағы Шыңжанның экономикасы мен мәдениетін дамытуға 5 миллион рубль несие берді. Сөйтіп Кеңес Одағы Шың Шысайге өз ықпалын өткізе бастады. Соның нәтижесінде ол өзінің «Антиимпериалистік, Кеңес Одағымен жақындасу, Ұлттар теңдігін жүзеге асыру, шенеуниктсрді парақорлықтан тазарту, бейбітшілікті сақтау және құрылыс жүргізу» деген саяси-әкімшілік бағдарламасын жариялады. Бұл саяси бағдарламаның қалыптасуы мен жүзеге асуының сол кезде прогрестік маңызы болғандығын айтуға тиіспіз.
Шың Шысай Кеңес Одағының әскери мамандарының көмегімен Шыңжандағы әскерлерін қайта құрып, бүкіл өлке бойынша 11 окургте 12.000 адамнан армия ұстады /30/. Қоғам қауіпсіздік органдарын құрып, полиция мен тыңшылардың санын көбейтті, сондай-ақ оларды сол кездегі ең озық техникамен жабдықтады /31/. 1936 жылы Шекара қызметі басқармасын құрып, өзі басқарма бастығы міндетін қосымша атқарды. Бұл орган Шыңжанмен шекаралас өлкелер мен мемлекеттерден ақпараттар жинаумен айналысты. Ауыл-қыстақтарда «Баужя» /32/ режимін- орнатып, қарапайым халықты бақылауын күшейтті. Сөйтіп ол Шыңжандағы прогресшіл адамдар мен әр ұлт халқының көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлерін тұтқындап түрмеге жабумен айналысты. 1939 жылы қыркүйекте Шың Шысай моңғол, қазақ және қырғыз құрылтайын өткіземін деген сылтаумен осы ұлттардың өкілдерін Үрімжіге жинап, олардың бір бөлімін тұтқындап түрмеге жауып, қалғандарына шаруалардың қолындағы аң мылтықтарын жинап беруге әмір берді. Сондай-ақ аудандарда мылтық жинау комиссияларын құрып малшылардың қолдарындағы мылтықтарын үкіметке тапсыруға қысым жасады. 1939 жылы желтоқсанда Алтайдағы белгілі діндар абыз ақын Ақыт Ұлымжыұлық 1940 жылы Іледегі көрнекті ақын, мәдениет қайраткері Таңжарық Жолдыұлын тұтқындап түрмеге жапты. Шың Шысай үкіметінің бұл әрекеттері қазақ халқының қатты наразылығын қозғады. Алтай аймағында жазықсыз адам тұтқындау әрекетіне қарсылық көрсеткен Есімхан, Иманбай І940 жылы қаңтарда біркатар қазақтарды бастап қарулы көтеріліс жасады. Оларға сәйкес басқа аудандардағы қазақтар да қарулы бас көтерді. Міне, осы қозғалысқа Дәлелхан Сүгірбаев, Оспан Исламұлы белсенді қатысып, қазақ жасақтарына қолбасшылық етіп ІІІыңжан үкіметі әскерлеріне қарсы партизандық соғыс жүргізді. Алтай аймағындағы бұл соғыстар кейде келіссөз арқылы тоқтап-толастаса, кейде арадағы бітім-шарттар бұзылып қайта жалғасып, ондағы қазақ шаруалардың берекесін кетірді.1942 жылы Шың Шысай өзінің саяси бағдарын түбегейлі өзгертті, ол өзінің Кеңес Одағына, Компартияға қарсы екендігін, Қытай Гоминьдан партиясын, Шаң Кайшиді қолдайтындығын ашық мәлімдеді. Өйткені, ол Кеңес Одағы жүріп жатқан соғыста немістерден жеңілді деп межеледі. Сөйтіп ол Шыңжанда өзіне көмектесіп отырған Кеңес Одағы әскерлері мен әр сала мамандарын еліне қайтарды да, Қытай Компартиясының Шыңжандағы өкілдерін тұтқындап өлтірді.
1943жылы қаңтарда Гоминьданның Шыңжан өлкелік бөлімшесі құрылды. Сонымсн гоминьдандықтар Шыңжанға ағылып келе бастады. Оларға ілесе АҚШ пен Ұлыбританияның әр түрлі күштері де Шыңжанға енді. Сол жылы Үрімжіде АҚШ пен Ұлыбританияның Консулдық басқар-малары құрылды. Сөйтіп Шыңжанда Кеңес Одағының ықпалы әлсіреп, АҚШ пен Ұлыбританияның позициясы күшейе түсті. Бұл жағдай Кеңес Одағына өте тиімсіз болды. Сондықтан Кеңес Одағы Шыңжаннан, тым болмағанда Шыңжанның солтүстік батыс аймақтарынан Гоминьдан күштерін ығыстырып шығарып, АҚШ пен Ұлыбританияның ықпалын тойтарып, өзінің Шыңжан өлкесіндегі позициясын кайта нығайтуды қарастыруға мәжбүр болды. Сонымен Кеңес Одағы бұл мақсатын революция арқылы іске асырмақ болып, Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтары мен Қашқардың қырғыздар қоныстанған аудандарында бірқатар дайындықтар жасады. Атап айтқанда Шыңжанда «Азаттық ұйымдарын» құру, халықты революция жасауға насихаттау, офицерлер дайындау және қару-жарақтармен қамдау қатерлі жұмыстарды жасырын немесе жартылай әшкере жүргізді. Соның нәтижесінде 1944 жылдың тамызында Іленің Нылкы ауданында Әкпар, Сейіт бастаған қазақ жасақтарының Шыңжанның Гоминьдан үкіметіне қарсы карулы кетерілісі басталды. Міне, бұл аталмыш «Үш аймақ революциясының» (Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарын қамтыған) басталуы еді. Көтерілісшілер 2 қыркүйек күні Нылқы ауданын басып алды, қараша айында Құлжа қаласына жорық жасады, олар Құлжа қаласында Әбдікерім Аббасов бастаған ұйғыр және басқа халықтардың көтерілісшілерімен тізе қосып шайқас жасап, жеңіске тез қол жеткізді. 1944 жылы 12 қараша күні Құлжа қаласында «Шығыс Түркістан уақытша үкіметі» кұрылды /33/. Әлихан Төре үкімет бастығы болып тағайындалды. 1945 жылы каңтардың соңында Іле аймағы толығымен Гоминьдан билігінен азат болды Сол жылы сәуірде Шығыс Түркістан уақытша үкіметінің ұлттық армиясы құрылды Ұлттық армияның мақсаты Тарбағатай мен Алтай аймақтарын Гоминьдан билігінен азат ету болды. Осы мақсатпен Ұлттық армия 1945 жылдың мамырында солтүстік, орта және оңтүстік бағытпен жорыққа аттанды. Солтүстік және орта бағыттағы армия Тарбағатай мен Алтай аймағын гоминьданшылдардан азат етіп, қытай әскерлерін Үрімжінің батысына таяу жердегі Манас өзенінің аржағына ығыстырды. Оңтүстік бағыттағы армия Тянь-Шаньның оңтүстігіндегі Қарашар мен Аксу аудандарына отты шабуыл жасады. Соғыс жағдайы Ұлттық армияға тиімді болып тұрғанда, шайқас кенеттен тоқтатылып, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі немесе «Үш аймақ үкіметі» мен Гоминьдан үкіметі бейбіт келісім жүргізетін болды. Өйткені, 1945 жылы 14 тамызда Кеңес Одағы мен Қытай Гоминьдан үкіметі «Қытай-Кеңес Одағы достық одақтастық келісіміне» қол қойғанды. Сол жылдың 10 каңтарында Қытай президенті Шаң Кайши Шыңжан проблемасын бейбіт шешетінін білдірді. 14 казанда оның өкілі Жаң Жыжұң (Чжан Чжичжун) Үрімжіге ұшып келді. Үш аймақ үкіметінің өкілдерін бастап барған Ахметжан Қасыми Жаң Жыжүнмен келіссез жүргізді. 1946 жылы 2 каңтарда екі жақ «Он бір бітімге» қол қойды. Шыңжанда коалициялық провинциялық үкімет кұрылды. Оған үш аймақтың Ахметжан Қасыми қатарлы өкілдері қатыстырылды. Бірақ бұл бірлескен үкімет құрамындағылар ішінде гоминьданшылар мен үш аймақ өкілдері арасында саяси күрес жасырын түрде жалғасып отырды. Сонымен гоминьданшылар үш аймақ үкіметін іштен ыдыратып әлсіретудің шарасын қарастырып жатқан кезде, Оспан Исламұлының Шығыс Түркістандықтардан бет бүрып оларға жақындасуы — қарсы жақтың Көктен тілегенін жерден бергендей болды. 1946 жылы тамызда Оспан Исламұлы өзінің сенімді өкілін Үрімжіге жіберіп Гоминьдандықтармен байланыс жасады. Оспанныц Шыңжандағы қазақ халқы Гоминьдан билігінен азат болған шақта осындай қадам басуы мүлде ақылға сиымсыз әрекет. Өйткені, ол Алтай аймағындағы қазақтардың Шың Шысай билігіне қарсы қарулы күресін ұйымдаструшылардың және оларға қолбасшылық жасаушылардың бірі болған. Сондай-ақ қытай әскерлерімен болған партнзандық соғыстарда ерлігімен көзге түсіп «батыр» боп танылған тұлға болатын.Сондықтан Шығыс Түркістан уақытша үкіметі оны Алтай аймағының уәлиі етіп тағайындаған. Кейін Шыңжан коалициялық үкіметі құрылғанда ол үкімет мүшесі және Алтай аймағының уәлиі болып тағайындалды. Бірақ Оспан ол міндстін атқарғысы келмеді. Себебі, оның Кеңес Одағының жоспарымен және қолдап-қуаттауымен құрылған Шығыс Түркістан уақытша үкіметін немесе «Үш аймақ үкіметін» мойындағысы да, колдағысы да келмегенді. Сонымен ол бір жылдың алдында ғана өзі кол бастап шайқас жасаған, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі Ұлттық армиясының күшімен Алтайдан аластатылған гоминьдан күштерімен қайта одақтасып «Үш аймақ үкіметіне» қарсы соғыс ашпақ болады. 1946 жылы 3 қыркүйскте Оспанның екінші рет Үрімжіге жіберген өкілі Жүнісбай Жаң Жыжүңға бес түрлі талап қоюмен қатар, ол Оспанды бүкіл Шыңжанның дін басы және оны мәңгілік хан етіп тағайындауды талап етеді /34/. Жаң Жыжүң Оспанының «Үкімет Алтай аймағына әскер жіберсе» деген талаптарын қанағаттандыруға уәде береді, бірақ оның «дін басы болу» мен «мәңгілік хан болу» талабын «ескі-мешеуліктің көрінісі» деп кері қағады. Оспанның Шыңжаның гоминьдан үкіметімен жасырын түрде бөтең пиғылда байланыс жасағанын сезген «Үш аймақ үкіметі» 1947 жылы 1-ақпанда оны барлық міндетінен алып тастап, оның орнына Дәлелхан Сүгірбаевті Алтай аймағының уәлиі етіп тағайындайды. Сонымен Алтай аймағында және Шыңжанның шығыс аудандарында гоминьдан үкіметі қаруландырған Оспан қосындары мен Кеңес Одағы көмектесіп отырған және қаруланған Д.Сүгірбаев қолбасшылық еткен Үш аймақ Ұлттық армиясы арасында қырғын соғысы басталады. Сөйтіп гоминьдан Шыңжан үкіметінің үш аймақтағы қазақтарды өзін-өзімен қырқыстыру мақсаты оп-оңай жүзеге асты. Оспанның бұл соғысын «Қызыл үкіметке» қарсы күрес деп түсінген қазақтың Қалибек Хакім қатарлы ұлтжанды азаматтары оны қолдап шайқасқа шықты. «Оспанның да, сондай-ақ Қалибектің олай ығысуына коммунизмнің ызғары әсер етсе» /35/ керекті. Бірақ өздері зұлымдық пен жауыздық саясатына шыдамай қолдарына қару алып күрес жасап, бір жылдың алдында ғана тағылық үстемдігінен әрең азат кезде, гоминьдандық қытай үкіметіне Оспанның қандай негізде сенім артып, селбестік жасауға баруын адам түсінбейді. Бұдан тек ғибарат алуымызға тура келеді.
Оспан Исламұлы мен Дәлелхан Сүгірбаев арасындағы соғыс партизандық формада ұзаққа жалғасты. Соғысқа қатысушы жауынгерлер негізінен қазақтардан жасақталған. Сол тұста басталған Қытайдың ішкі өлкесіндегі Компартия мен Гоминьдан партиясы армиясы арасындағы азаматтық соғыста, Мао бастаған Азаттық армиясы Шан Кайшидің Гоминьдан армиясынан сегіз миллион әскерін жойып 1949 жылы қазанда Қытайды Гоминьдан билігінсн азат етті. Сондай-ақ сол айда Азаттық армия Шыңжанды гоминьдан қолынан қантөгіссіз өткізіп алды, 1950 жылы Оспанды гомйньданшылдар қатарында шабуыл жасап, оны тірідей қолға түсіріп, 1951 жылы өлім жазасына бұйырды. Демек, Кеңес Одағы қозғаған Үш аймақ рсволюциясы мен Оспан бастаған бұл соғыс, сан мыңдаған қазақ жастарының соғыста мерт болуына, он мыңдаған қазақ отбасының шетелге жан сауғалап босып кетуіне себеп болды.
ІІ ТАРАУ. ШЫҢЖАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚТАР.
2.1 XХ ғасырдың басындағы шыңжаң қазақтарының оқу-ағартуы
Бүгінгі күнде әлемдік экономикада, саясатта және білім беру саласында ұлттық мәдениетке үлкен-сый болып отырғаны белгілі. Ұлттық мәдеииеттің өміршендігі-оның білім беру, адам тәрбиелеу жүйесіиің тарихи үрдісі мен қазіргі кездегі қуаттылық деңгейімен бағамдалады. Сондықтан Қазақ халқының үлкен бөлігі орналасқан Қытайдың Шынжаң өлкесіндегі Қазақтардың; білім беру жуйесінің қалай қалыптасқандығын анықтап білу керек.
Бүгінгі күні Қазақстаннан сырт жерлерде 4 млн 500 мыңға жуық қазақтар тұруда. Бұлардың негізгі бөлігі республикамызбен көршілес мемлекеттерде соның ішінде Қытайда 1,5 милионнан астам казақтар өмір сүруде. Қытайдағы қазақтар біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі болған-дықтан Қазақстан олардың құқықтарының сақталуына, мәдениетінің дамуына мүдделі.
XX ғасырдың басындағы Шынжаң қазақтарының оқу-ағартуы» атты тақырыпты қарастыру 1996 жылы Қазақстан Республикасы үкіметі қа-былдаған этномадениет концепциясының актуалды шарттарьшыц бірінің орындалуына, яғни халықтың мәдени бірлігі өзінің мәдениетін, тарихын білуден және өзін сол мемлекетке, ұлтқа тиісті екенін сезіну арқылы іске асырылатындығы жөніндегі шартты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жалпы бұл тақырыпты қарастыру қазақ ұлтының бірігу, жақындасу процесін дамыту үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін және ұлттық қайта өрлеуді қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен бірге бұл тақырып 2003 жылы үкімет қабылдаған «мәдени мұра» бағдарламасының аясында шетелдердегі Қазақ мәдени мұраларының жалпы жағдайымен танысуға және оған ғылыми баға беруге өз септігін тигізеді.
Рухани мәдениеттің даму көрсеткіштерініц бірі оқу-ағарту немесе білім беру жүйесінің қандай деңгейде дамығындығы жөніндегі көрсеткіштер. Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың оқу-ағартуы, білім беру ісі алғаш діни оқу ағартудан басталған. Өйткені , шекараның арғы беті Шыңжаң жерінде Қытайға қараған қазақтар, онда Қытай, Маньчжур қатарлы бөтен ұлт, бөгіде діндегілер билік құрған қоғамдық ортада өмір сүрулеріне тура келді. Бұндай қоғамдық ортада қазақтардың олармен араласпауы мүмкін емес еді. Сонымен ондағы қазақтарға өздерінің ұлттық ерекшелігін, тілін, дінін, жәие дәстүрлі мәдениетін сақтаудың қажеттілігі арта түсті. Олар дінін қазақтық қасиетін сақтаудың бірден-бір жолы-ұлттың оқу-ағартуын дамыту-деп түсінді әрі білім беруді діни оқу-ағартудан бастады.
Шынжандағы дәулетті Қазақтар XIX ғасырдың соңғы кезінен бастап, өз үйлерінде молда ұстап бала оқытқан. Бірақ отбасында оқу оқитын балалар саны көбейген сайын барлығын бір жерге жиып оқытатын оқу орында қажеттілік туды. Осының негізінде алғаш білім беру орындары ре-тінде XX ғасырдың басында алғаш медреселер ашыла бастады. Медреселерде діни оқулармен қатар пән сабақтары да оқытыла бастады. 1904 жылы «Абақия» медресесі ашылып тұрақты түрде балаларды окыта бастады. 1912 жылы Алтай аймағындағы қазақтардың ел билеушілері сол кездегі Шынжан өлкесіне белгілі акын Ақыт Үлімжіұлы үшін Шакүртті деген жерден мешіт-медресе салдыртын ақытты мешіт-медресеге мұғалім әрі бас-қарушы етеді. Ал Тарбағатай аймағында алғаш медреселер яғни оқытуды XX ғасырдың басынан бастап оқыта бастайды. Аймақ орталығы Шәуешекте 1901 жылы «Ғұмария мектебі» ашылды. 1907 жылы «Намуна мектебі» өз жұмысын бастайды. Гүландам Қабиболина ханым 1911 жылы өз үйінде қыздара арнап мектеп ашты. Кейінен мектеп “Гүлданам мектебі” деген атпен белгілі болды. 1914 жылы » Тұран мектебі» ашылды /36/.
Іле аймағында да алғашқы білім беру діни окытудан басталған. Ал жаңа пәндік білім беру оқу орындары жөнінде мәліметтер 19010 жылы Қали деген кісі Күнестің Сорбұлақ деген жерден мектеп ашқан. Іледе мектеп ашу тек 1910 шы жылдардан кейін орын алғандықтан, оның өзіндеде 1917 -ші жылға дейін ірі мектептердің болмауы Шынжаң қазақтары балаларын мүлдем оқыта алмады деген теріс пікір, сол уақыттың өзінде Қазақстандағы кейбір азаматтарда қалыптаса бастаған. Мысалы: Назар Қожа Ғабдолмұхамбет оғлы «Қазақ» газетіне мынадай мақала жазған «… Бұл өлкедегі Қазақ (Шынжандағы Е.Н.) заманның жайыман дүниенің қалпынан бейхабар. ұрлық- өтірігі аралас болып жатқан жайы бар. Дүнияда жоғалмай тұруға керек болған құралдардың бұларда бірі жоқ. Ғылым-өнер жоқ оны үйреніп жүрген бала үйретіп жүрген халифа жоқ 5000 үйге бір мұғалім. 1мектеп жоқ. Бірақ оқуының, ғылымның жоқтығы керек қылмағандықтан емес. Басшы жоқтығынан, үйретуші білдіруші жоқтығынан екені білініп тұр…»/37/. Шын мәнінде жағдай бұндай болмаған, бірақ мақала жазушы бүкіл Шыңжаң өлкесін толық білмей, тек Іле аймағындағы мәліметтерге сүйенуі мүмкін, себебі шынында пәндік білім беретін оку орындарының даму үрдісі 1920-жылдарда өріс алған еді.
Жалпы Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың, яғни Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарындағы казақ қауымының оқу-ағарту, білім беру жүйесі XX ғасырдың басында жаңадан қалыптаса бастаған.
Зерттеуші Н.Мұхаметқанұлы: «Қытайдағы қазақтардың өзіндік оқу-ағарту білім беру істерінің жарыққа шығуы мен біртіндеп дамын қалыптаса бастап, олардың өз қажеттілігінен туындаған, әрі өздерінің саналы түрде жасаған белсенді құлшыныстарының нәтижесінде жоқтан бар болған, отбасы аясынан қоғамдық деңгейге дейін қанат жайған қоғамдық тың бастама болып табылады. Бұл сынды мәдениет құбылысының жарыққа шығуы- олардың қоғамдық санасы мен өзіндік ұлттық санасының оянғандығын аңғартады /38/ -деп жазды.
Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі әкімшілік өкілдері өлкедегі қазақ, ұйғыр, қырғыз сияқты ұлттардың белім беру істерінің дамытуға құлықсыз болды. Сонда да бүкіл қытайдағы жағдайдың бет алыс ауқымына байланысты Шыңжаң үкіметі де қарджы жұмсапәрбір аймақтарда бірқатар мектептер ашуына тура келді. Сонымен Шыңжаңның әрбір аймақ қалаларында әртүрлі мектептер ашыла бастайды. Бірақ оның барлығы негізінен ханьзу тілінде сабақ беретін мектептер болды. Қазақ дисапорасын зерттеуші Г. Меңдіқұлова “Қытай шенділері қазақ арасында бодандық түсінігін нығайту үшін балаларын қытай тіліндегі мектептерге беруге мәжбүрледі, ал мұғалімдерді арнайы мұсылман еместерден жіберіп отырды” /39/ — деп жазды.
Кез-келген мемлекетте, үкімет тарапынан ашылған мектептер мен оқу орындарында білім берудің белгілі бір деңгейде саяси мақсаты болатындығы айқын. Сол кездегі Шыңжаң әкімшілігі де алгаш мектеп, училище ашқанда, олар өздеріне қажетті басқару кадрларын дайындауды мақсат тұтты. Сондай оқу орындарының бірі біз қарастырып отырған кезеңде 1917 жылы Іледе ашылды, училише аты -‘Мың-Қа шөтаң» яғни «Монғол-қазақ училишесі» деп аталады. Бұл училищеге негізінен моңғол және казақтың мансаптыларының балалары алынды. Осы оқу орнын бітіргендер өз заманының зиялылары және мансаптылары болды. Мектеп өз оку жұмысын жоспарлы түрде жүргізді. Қытайдағы қазақтар, біз зерттеп отырған 1917, жылға дейінгі уақытта жазуда «Шағатай жазуын» қолданды. Бұл жазу Шағатай қағандығы кезінде кең қолданылғандықтан «Шағатай жазуы» деп аталып кеткен. Іс жүзінде ол жазу Х-ХІ ғасырларда араб графикасы негізінде қалыптастырылған жазу. Кейіннен XX ғасырдың 20-жылдары бұл жазуды А.Байтүрсынов жасаған әліпби ауыстырған еді.
Шыңжаң өлкесінде XX ғасырдың бас кезінде шағатайша жазылған қазақша әдебиеттер де шыққан. 1910 жылы Құлжа қаласында «Іле уалаятының газеті» басылып шыға бастаған. Бұл газет шағатай әліпбиі негізінде қазақ, ұйғыр, татар, өзбек қатарлы ұлттарға түсінікті тілде шыққан, Сондықтан бұл газет ұйғыр, қазақ қатарлы түркі тілдес ұлттардың ортақ тілдегі газеті болып саналады.
XX ғасырдың басында Шыңжаң қазақтарының өзіндік білім беру жүйесі, жазуы және басылымдарының болуы XX ғасырдың 50-60 жылдардағы кейбір зерттеушілердің қазақтардын, жазба мәдениетіне қатысты пікірлердің дұрыс еместігін көрсетеді. Мысалы, З.У.Жантекеева 1959 жылы мынадай пікір жазған: «Шыңжаң қазақтарында жазудың болмағандығынан көбіне ауыз әдебиеті, айтыс өнері дамыды» /40/- деп өз мақаласында жазған болатын. Бұл жерде зерттеуші қателікке ұрынған, шынында да Шыңжаң қазақтарының барлығы түгелдей сауатты болмаған және расында да қазақтар арасында ауыз әдебиеті және айтыс өнері жақсы дамыған болатын. Бірақ жазудың мүлдем болмады деген зерттеушінің ойы қате. Бұған жоғарыда жазылған мәліметтер нақты дәләл бола алады.
Қорыта келгенде XX ғасырдың басында Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың оқу-ағартуы білім беруі мен жазу мәдениеті енді-енді қалынтасу кезеңіне аяқ басқан деуге болады.
«Тарихты жеңгендер мен басқыншылар жазады» демекші ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, бұра тартып жазылған жат бөгіде мүддеге, отарлық жүйеге қызмет ету мақсатында жазылып келген тарихымызды енді нағыз обьективті және тарихи принцип бойынша жан-жақтылы саралап, тол ұлттық деректеріміз негізінде, ұлтымыздың мүддесі тұрғысынан зерттеп жазуға мүмкіндік туды. Ұлттық құндылықтарымызды қаймағын бұзбай көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан Қазақстаннан тыс қазақ ұлты ең көп тұратын көрші Кытай елінің қазақтары.
Қытайдағы қазақтардың салт-дәстүрлерін, ғұрып-әдеттерін, наным-сенімдерін зерттеп жазып жүрген халқым, ұлтым деп сол елінің асыл қазынасын жоғалтпай, оны халық арасында кеңінен насихаттап жүрген Қытайдағы қазақ зерттеушілері де, қазақтар арасында ұзақ жылдар бойы түрып, халқымыздың тілі, тұрмыс-тіршілігімен етене араласып, зерттеп, сүбелі еңбектер жазып жүрген ұлты қытай ғалымдары да жоқ емес. Міне, осы еңбектер сол өңірдегі қазақтардың мәдениетін зерттеуге таптырмас бағалы дүниелер болары анық.
Қытайдағы барлық шеткері қоныстанған жан саны аз ұлттардай қазақ ұлтының да ғылым-білімі, мәдениеті артта қалып, баяу дамыды. Нағыз ғылыми, кәсіби мамандар жай қалыптасты. Қытай қазақтарының тұңғыш кәсіби тарихшысы 1946 жылдың өзінде-ақ «Қазақ тарихы»‘ деген мақаласын қытай тілінде жариялаған, 1948 жылы оны «Қазақ тарихының дерегі» деген атпен кітапша етіп шығаргаи және сол жылы Қытай қазақтары прозасынын ең алғашқы туындысы ретінде Нығымет Мыңжанидың «Тұрмыс тілшісі» атты повестік жариялады. Осымен жандана бастаған Қытай қазақтары қоғамдық ғылымы саласында еңбектеніп жүрген ел іші-сыртына белгілі қазақ ға-лымдары қазірге дейін өресі биік, талғамы терең шығармалар жазуда. Мысалға, Жоғарыда айтып өткен аға зерттеуші, ақын филолог, тарихшы және аудармашы Нығымет Мыңжани қалам тербеген «Қазақтың қысқаша тарихи». Аға зерттеуші Жақып Мырзаханұлының «Казақ халқы және оның салт-санасы», «Қазақ ұлты», профессор Ахмет Кринбаевтың «Казақ әдебиеті тарихынан очерктер», аға зерттеуші Жақып Жүнісұлы «Ғылыми шығармалар жинағы”, «Қазақтың тегі және ұлт болып қалыптасуы» тағы басқа шы-ғармаларды айтуға болады.
Негізгі мақсатымыз, айтпағымыз Қытай қазақтары салт-дәстүрлерінің зерттелуіне келер болсақ, ол елдегі қандастарымыз арасындағы қоғамдық ғы-лымдар саласында еңбектеніп жүрген ғалымдар мен зерттеушілердің басым бөлігі еңбектерін осы мақсатқа арнады. Өйткені алып теңіздің құрамындағы тамышадай ғана қазақ ұлты жұтылып кетпеуінің кепілі мен тірегі тек осы асыл мұрамыз, достүрлеріміз екендігін жете түсінгендігінен. Ең алғашқы еңбек ретінде Нығымет Мыңжанидың еңбегін ауызға аламыз. 1987 жылы көп ізденіс, қажырлы еңбектің арқасында «Қазақтың қысқаша тарихы» деген еңбегі жарық көрді. Бұл тек Қытай қазақтары емес, иісі қазақ ұлтының өткені мен бүгіні жөнінде толық та фактілі мәлімет беретін еңбек қазақ тарихына шолу жасай келіп, қазақ атауы туралы бір тарау көлемінде кеңінен тоқталады. Халқымыздың шежіресі, таңбаларына арнаулы, терең талдау жасаса, шығу тегіміз, тарихи қайнарымызға да, одан тартып халқымыздың таяу заманғы тарихы, екі елге айырылып қоныстануына дейін терең, егжей-тегжейлі баяндалған. Еңбек арнайы салт-дәстүрге емес жалпы тарихымызға ар-налғандықтан онда ғұрып әдетіміз туралы ғалым былай дейді: «Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғұрыптар бар. Бұл әдет-ғұрыптар қазақ өмірінде жазбаға түспеген заң сияқты терең тамыр тартқан» /42/. Қазақ халқының мәдениеті, тұрмыс-салты деп ең соңында көлемді екі тарау арналған. Онда философиялық ой-пікір, түсініктер, шежірелеріміз. Діни наным-сенімдерімізбен қоса, үй-жәй, киім-кешек, ішіп-жем, неке, семя және мұрагерлік әдет-ғұрптарымыз, мереке-мейрам, ұлттық ойындарымыз да тамаша жан-жақтылы баяндалған.
Зерттеуші, ғалым Жақып Мырзаханұлының да мейлі тарих, мейлі әдебиет салалары болсын сүбелі еңбектер жазып жүргені белгілі. Кейбір еңбектері Қытайда ғана емес жақын шегелдерде де, оның ішінде Қазақстанда жарық керіп, газет-журналдарда басылып радиода таныстырылып, көпшіліктің жақсы бағасына ие болып келеді. Ғұрып-әдеттер жағындағы тамаша еңбегі «Қазақ халқы және оның салт-санасы». Еңбек Қытай елінде 3-ші кезекті философия және қоғамдық ғылым шығармаларын бағалауда бірінші дәрежелі сыйлыққа ие болды. Қытайда қазақ тарихшысы жазған екінші кесек туынды болып, ел іші-сыртына ықпал тудырып, қытай тілінде басылып шықты.15 тараудан тұратын еңбек көп ұзамай Қазақстанда да жарық көрмек. Онда қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысына қатысты мағұлматтар да мол кездеседі. Халықтың мәдени және әлеуметтік өмірі, салт-санасы, әдет-ғұрпына байланысты көптеген құнды мәліметтер берілгендіктен бізге әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық салада дерек ретінде берері мол. Автордың жақында наға яғни 2006 жылы жарық қөрген «Қазақ мәдениетінің айдыны» деген еңбегі біз үшін әте құнды. Өйткені бұл да жоғарыдағы еңбектегіндей көтеріп отырған тақырыбымызға тікелей байланысты ең соңғы яғни саясы кеппеген көлемді еңбек болып табылады. Ол түйінді ғылыми зерттеу жоспарына енгізіліп істелген қытай ұлттарының мәдениет айдыны” деген ортақ атқа ие желілес кітаптардың қазақ ұлты жөніндегі томы. Жақып Мырзақанды бас редактор еткен көп авторлы бұл еңбек тақырыбының, қамтыған мазмұны кең, ғылыми құны жоғары болуы сынды ерекшеліктерге ие. 18 тараудан тұратын 408 беттік еңбек ұлттық тегімізден бастап, тіл-жазу. яғни наным-сенім, әдет-ғұрптар тағы басқа Қытайдағы қазақ қоғамының сан-салалы жағы түгел қамтылып, терең талданған. Соңында көлемді бір тарау ратінде Шинжан қазақтарының қазіргі заман мәдениетінің бұрылыс беталасы және оның бейнелеріне арналған. Онда дәл қазіргі кездегі ұлтымыз мәдениетінің жағдайы және оған қытай ұлты, тағы басқа көршілес, аралас отырған ұлттардың ықпалы, осы барыстағы мәдениет толғанысы, оның шарттары мен белгісі тартымды баяндалған. Онда былай делінеді: «Реформа жасап есік ашқаннан бері қоғамдық экономиканың ұшқан құстай дамуына, тұрмыс өресінің біртіндеп жоғарлауына байланысты Шынжандағы қазақ ұлтының жүріс тұрыс мәденметін, азық-түлік мәдениетін, тұтыну мәдениетін қамтыған эстетикалық талғамы мен ғұрып-әдет жағында, дәстүр саласында, әрекет қалпында (формасында), тұрмыс тәсілінде орасан зор өзгерістер туылып, бұрынғы түйықтықтан есік ашуға, дәстүрлі үлгіден осы замандану үлгісіне иек сүйеушіліктен ырықтылыққа, жалаң үлгіден кеп үлгіге бет алды» /43/ делінген. Бұл еңбек осы бағыттағы зерттеулердің өзегі болуға лайықты. Автордың осы бағыттағы келесі еңбегі «Тарихи этнографиялық зерттеулер» /44/. Кітап автордың мақалалар жинағы болып табылады. Еңбекке 9 мақала енгізілген. Ұзақ уақыт Қытайда ақпарат кәсібімен шұғылданып жүрген белгілі жазушы, зерттермен Айып Нүспоқасұлы әр сала, әр кәсіп адамдарымен қарым-қатынасы барасында қағаз бетіне түспегенімен ға-сырлар бойы халқымыздыц көзі ашық көкірегі ояу ұл-қыздарының жүректеріне ұялап, қандарына сіңіп, ертеден қазірге дейінгі қолданып келе жатқан дәстүрлерін Іле, Алтай,Тарбағатай, Еренқабырға өңіріндегі шешен-шежіре қарттардың аузынан ұдайы үш жыл жар құлағы жастыққа тимей жүріп жинап қағаз бетіне түсіріп, өте құнды еңбек »Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін» атты еңбегін шығарды. Онда қазақ халқындағы ұрпақ алғаш бойға біткеннен бастап, жарық дүние есігін ашқан қуанышты сәттерінен ең соңында о дүниелік болып, соңғы сапарға шығарып салуға дейінгі әрбір үлкенді-кішілі жора-жоралғылар түгел жіпке тізгендей баяндалған. Автор еңбекте мүмкіндіктің барынша жалпы беттік таныстыруға күш салған. Әсіресе ұрпақ тәрбиесін еңбегінің өзегі етіп алған. Автор еңбегінде былай дейді: «ұрпағым адам болсын десең жастайынан оқыт, дана болсын десең зердесіне тоқыт» деп білген қазақ халқы бала оқытудан бас тартуға болмайтын ата-аналық парыздардың бірі әрі бір егейі санаған /45/ деп сипаттайды.
Келесі еңбек Қытай қазақтары әдебиеті саласы мен салт-дәстүрлік жағында өзіндік колтаңбасы бар жазушы, этнолог Зейнолла Сәнікұлының «Казақтың тұрмыс-салт білімдері» атты еңбегі автордың көп жылдық ізденісінің арқасында жарық көрген құндылығы аса жоғары арнайы осы дәстүрлерімізге арналған сүбелі еңбек. Онда қазақтың той салты, өлім, ұзату дәстүрі, ұлттық қолөнері, ұлттық ойындары, аңшылық, құсбегілік өнері, сахаралық ескі заңдары, ер-тұрман әбзелдері, киіз үй және киіз үй жабдық-тары, ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері және қазақ тұрмыс-салтына қатысты басқа білімдер қамтылады. Автор еңбекті жазу себебін былай деп түсіндіреді: «бір халықтың тұрмыс-салтына қатысты білім сол халықтың жалпы этнографиялық өзегі сол ұлттың ұлттық ерекшелігінің жинтығы. Басқа халықтан айырмашылығының айғағы болар деп ойлаймын. Өзгені білу үшін де алдымен өзіміздің кім екенімізді, елден өзге қандай салт-сана, дәстүр, үлгілеріміздің бар екендігін ұға білгеніміз жөн ғой. Міне, осындай қажеттіліктен осы еңбекті жазып отырмын» /46/ дейді.
Ясын Кұмарұлы 1957 жылы 15 қарашада Қытай Халық Республикасының Шинжан ұйғыр автономиялы районының Баркөл қазақ автономиялы ауданында туылған. Тете аға редактор 1983жылы Шинжан университетінің математика факультетін, 1989-1990 жылдары Шаңхайдағы Фудан университетінде аспирантураны тамамдаған, Қазір Шинжан Қоғамдық ғылым журналының бас редакторынын, орынбасары қызметін атқарып келеді. Оның «Қазақ мұраларының қайнары қайда», «Ұлы даланың рухани арнасы» қатарлы 60-тан астам ғылыми мақаласы, «Алыстағы ата мұра», «Қазақ тілі жайындағы математикалық зерттеулер» атты кітаптары жарияланған, Ол және «Қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігін» жасады. Ал, біздің айтпағымыз автордың «Қазақтың салт-дәстүрі». атты еңбегі болып отыр. Онда Дәстүрлеріміздің әрбірінің мазмұны арғы тарихи сілемі мен қалыпсату негізі бойынша қуалай баяндауға күш салған. Жазба, қазба және ауыз әдебиеті деректерінде толық пайдаланғанын автор өзі де баяндайды. Ал, өңірлік өзгешеліктер ескерілген, Онда қауымға салт-дәстүрлердің тарихи қалыптасу жүлгесі және оны қауымға түсіндіру мақсаты көзделген. Авторға келсек: «осы кітапты жазуда оқырман қауымға қазақтың салт-дәстүрлерінің тарихи қалыптасу жүлгесін баяндау және оны түсіндіру мақсаты көзделді. Біздікі ұлтымыздың асыл қазынасының бірі салт-дәстүріміз кейінгі ұрпаққа мирас ретінде жалғаса берсе, әрине замана-талабына сай кәдеге жарай қалса деген тілек қана» /47/ .Кітап ірі мазмұндарға, ірі мазмұндар ұсақ мазмұндарға бөлігінен 733 беттік, қатты тысты Шинжан халық баспасынан енді ғана жарық керген кесек туындының бізге берері мол екеніне еш күмән жоқ.
Қазақ-орыс қарым-қатынасы басталғалы бері ғасырлар бойы мейлі отарлау болсын, сауда болсын болмаса ғылыми зерттеу мақсатында болсын келіп, сіңіп ұлттық ерекшеліктерімізбен етене таныс болып кеткен орыс ұлтының өкілдері жетерлік, міне дәл осындай процесс Қытай қазақтарында да жүргені белгілі. Сондайлардың бірі Қытай елінің көрнекті тарихшысы, Қытайдың батыс өңірін танушы Су бихай мырза. Ол қазақ тарихы мен қазақ мәдениеті жөнінде ұзақ жылдар бойы ізденіс жасап «Батыс өңір тарихы мен жағрапиясы», «Шинжан жартас жазулары» атты кесек шығармалар және «Қазактың жалпы тарихы»‘, «Қазақтың тарихи қайраткерлері» атты еңбектерінен кейінгі ең көлемді де керемет еңбегі 2005жылы жарық көрген «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты еңбегі жарық көрді. Сырт көз сыншы деп халқымыз айтпақшы ұлтымыздың төл деректерінен сырт неше мың жылдық жазба тарихы бар Қытай деректері де зерттеушінің сол ұлттың өкілі болуы оны пайдалануына қолайлылық тудырары белгілі. Осындай ішкі-сыртқы деректерден пайдалана отырып жазылған 857 беттік кесек туынды ұлтымыздың түп төркінінен тартып оны алты тарауға бөле отырып қазіргі қазақ халқының жәй-күйіне дейін кең көлемде баяндаған. Тарихшы ғалым бұл еңбекте былай деп ағынан жарылады: «мен 50 жылдан бері Үиланшан (сиүлен тауы), Тяншан, Алтай, сауыр, Тарбағатай, Барлық тауларындағы. Алатаудағы қазақ қауымы орналасқан мал шаруашылық райондарын аралап, қазақтармен бірге тұрып, бірге жүрдім. Олар қонаққа ыстық лебіз білдіріп, сый-құрмет көрсетеді. Мейлі қай ұлттың, қай нәсілдің адамын болса да, танысада, танымаса да қонақты ыстық ықыласпен құшақ жая қарсы алады. Тік тұрып, сыйлап күтеді. Қой сойып қонақасы береді. Қонаққа қой сойып кең пейілділік көрсетуді аса абыройлы іс және бұлтармас борыш деп есеп-тейді. Сыйлы қонақтары келгенде тай сояды. Қазақтар қонақасы — қазақтың бөлінбеген еншісі деген аталы сөзді ауыздарынан тастамайды. Олар жақсы тамағын қонаққа силайды. Оның үстіне қонақтың ат-көлігін бағып, аттанарда аман-есен қолына табыс етеді. Қонақты осылай күткенімен мейманнан еш-нәрсе дәметпейді. Бір нарсе дәметушілер болса, ел ішінде ұяткқа қалады. Ел арасындағы егер қоналқы жердің бәрінде қазақ болса, бір уыс азық, бір тиын қаражат алмай-ақ жылдық жолға жолаушы жүруге болар еді» деген тәмсіл осыдан тараған /48/ деген еді. Еңбек ұлтымыз мәдениетін жаңғыртып, жалғастыра байытуда алар орны бөлек болары даусыз.
Салт-дәстүрлер жайында ден қойып зерттеп, жазып жүрген, осы бағытта тыңнан түрен салып жүрген жас этнолог жазушы, зерттермен Болат Бопай-ұлында айтпай болмас. Оның 1993 жылы жарық көрген «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары» атты кітабы, 1995 жылы жазған «Сөз саралау өнері», 2000 жылы «Ақыт ақиқаты» атты еңбектері міне осылардың барлығы Қытайда жарияланды. Біздің айтқалы отырғанымыз автордың “Асыл қазына” атты еңбегі болмақ. Бұл кітап Шинжан халық басиасынан 2002 жылы жарық көрді. Қазір автор Қазақстанда тұрады. Бұл кітап 2003 жылы аішатыда «Бастау» баспасында «Қазақ кздесі» уіеген атпен толықтырыльш жарық көрді. Ебекте қазақтың ескіден жалғзсын бүгінге жеткен салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, т.б. баяндалады. Жалпы айтқанда отбасы ошақ қасынан бастау алып, әлеуметтік өмірде өркениет тауып жататын осы құндылықтарымыз тамаша баяндалған. Қағыс қалып, ескерусіз тасаланған ешкәделер болмауына тырысқан. Еңбекте былай делінеді: «ел іші асыл-қазына, алтын бесік» ата қазақта қасиетті халықта салт көп, мұра жеткілікті, ол-көзді бұлақ, қордалы кен. Халық қазы-насынан, тарих қойнауынан көк теңізден тебен сүзгендей, інжу-жақұт бай мұраларды сүзап жинау бүгінгі таңда, қазіргі сәтте қалам ұстап зерттеп-тектеп, жазып-сызып жүрген зиялы қауымның маңдай алды парызы. Оны ұрпаққа ұтықты жеткізу келешектің кәдесіне жарату — үлкен міндет /49/ деп тұжырымдаған.
Шинжан калық баспасынан шыққан Қазақтың қысқаша тарихын жазу группасы жағынан шығарылған «Қазақтың қысқаша тарихы» /50/ атты 683 беттен тұратын көлемді еңбек өз құндылығымен ерекшеленеді. Бұл кітаптың да басынан қазақтың түп төркінінен бастап, қазірге дейінгі тарихы баяндалып соңында яғни он бірінші тарауында халқымыздың мәдениетіне кең көлемде тоқталып, бүкіл тарау осыған арналды.
Қытайдағы тарих ғылымының теге аға зерттеушісі, көрнекті жазушы Жақып Мырзаханұлының және бір еңбегі 2004 жылы «ұлттар» баспасы жағынан шыққан. «Ғасырлар қойнауынан» атты еңбегі біз үшін өзіндік құны бар еңбек. Онда Шинжан қазақтарының қоныс аудару тарихына баға, Шинжан қоғамдық ғылымдар академиясының зерттеу табыстары және «Үлттық дәстүр және даму» туралы ашылған талқы жиынындағы қорытынды сөз деген бөлімдері біздің көтеріп отырған жайымызға тікелей байланысты болып табылады. Ондағы мына бір үзіндіге тоқталайық: «қазақ халқының әрбір отбасы өз ұрпағын ақылды, ержүрек, жарамды етіп тәрбиелеуін жеке отбасының жұмысы деп қарамай ұлттың, отанның ертеңгі болашағы тұрғысынан өзінің, қоғамның борышы деп қараған. Сондықтан әрбір ата-ана баласын ар-намысты болуға, адамгершілікке, мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенді сүйуге, отанын қорғауға дайын тұруға баулыған үмітті ұрпақ ұрпақ деп қараған. Баланы тәрбиелеуге бір ауыл, бір рулы ел ғана емес тіпті бір тайпалық (ұлыстық) ел ақсақалдары мен атқа мінерлері, көсемдері мен шешендері тегіс көңіл бөлген” /51/ делінеді.
Қытай қазақтарының салт-дәстүрлеріне байланысты зерттеулер бұлардан сырт мерзімді басылымдарда да үзбей жарияланып тұрды. Әрі осы бағытта да арнайы журналдар шығып тұрды. 1980 жылдардың басынан бастап «Мұра» және «Шалғын» қатарлы арнаулы фолклорлық журналдар және басқа да ғылыми, әдеби журналдарда халық мұрасына қатысты топтама (жинақ) әдет-ғұрыптарымызға қатысты көптеген деректік материялдар және оларға қарата талдаулар жарияланып отырды. Жақып Мырзаханұлының «Қазақ-тардың діни сенімі мен діни әдет-ғұрпы жөнінде»/52/ атты мақаласы Шинжан қоғамдық ғылымы журналының 1987 жылғы 1 санында, Нығымет Мыңжанұлының «Ислам дінінің қазақтың әлеуметтік мәдениетіне болған ықпалы» /53/ атты мақаласы Шинжан қоғамдық ғылымдар мінбесі журналында 1989 жылы 3 санында жарияланса, Жаң Юнның «Қазақтың сал-ты» /54/ атты мақаласы ұлттық жазушылар журналының 1990 жылғы 3 санында жарияланғаны осының дәлелі. Әрине, бұл жерде айта кетер бір жәйіт бұл еңбектерде кең қамтып, еркін көсіле алмаған жағдай бар деп айтуға болады. Өйткені ол елдегі қазіргі жүйеде белгілі дәрежеде цензура, ондай халді бастан өткізген біз түсінеріміз анық. Қазірге дейін жазылып, жарияланып келген дәстүрлерімізге байланысты зерттеуді, еңбектерді толық қамтыдым деп ашудан мүлде аулақпын. Бірақ, көрнектілерін және құндыларын, қолда барып барынша қамтуға тырыстым. Қорыта келгенде халқымыздың осынау ұлан-ғайыр сапт-дәстүрлері жүйелі қолданба болмағандығынан болар кейін өзгеріп, кейі бұрмаланып қарттармызға лайық салауаттылық ұлдарымызға сай жарасымдылық, қыздарымызға тән әдеп-иба, ата-ана арасында ата-балалық толымдылық пен перезенттік құрмет, құда жегжаттар ара сыйластық, сырластық сұйықтап, кей адамдардың адамгершілік, мәдениет, обал-сауап қысқасы ұлттық мінез дегеннің не екенін білмейтін дәрежеге жете бастағаны бізді ойландырмай қоймасы анық. Дәстүрлі мәдениетімізді әр бастағы алуан ойдың жетегімен кетірмей, бір жүйеге түсіріп, мәдени қазынамызды қаз-қалпында ұрпақтан-ұрпаққа ұластыру үшін осы Қытай еліндегі зерттермендерімізде еліміздегі ғалымдардай жар құлағы жастыққа тимей еңбектеніп жатқанын байқау қиын емес. Міне енді біздің міндетіміз. Олардың еңбегін ата жұрттың, үлкен шаңырағымыздың, игілігіне жарата білу. Міне, бұлда болса қазіргі жүргізіліп жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасының үрдісімен сәйкесері хақ.
2.2 Шыңжаң қазақтарының музыка өнерінің зерттелуі.
Шыңжаң жерінің қазіргі заман күйшілерінің өмірі және шығармашылығы жайында газет беттерінде немесе кітап беттерінде басылып шыққан мақалалар саусақпен санарлық. Мысалға, атап айтсақ: Дәулет Халықұлы туралы тек «Шалқар» газетінде 16/ XII 1993 жылы «Күй ғұмыр» атты мақаладан оқып таныстым, сондай-ақ қосымша, Пекин радиосынан алынған деректерден білдім. Қамал Мақайұлы жайында Д.Бекенов 1988 жылы «Өнер» баспасынан шыққан «Іле қазақтарының күйлері» атты кітабында жария еткен. Бұлардан басқа атағы шықпаған, Қазақстан жеріне белгісіз, Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының күйшілері әлі қаншама. Шыңжан өңірі дегенде Алтай, Іле, Тарбағатай өңірлерін айтамыз. Бүгінде ол жердегі қазақтар саны 1.500.000-нан асады.
Тарихи деректерге сүйенсек Алтай және Тарбағатай өңірінде орта жүздің керей менен найман рулары түрақталған. «Алтай, Тарбағатай керейлер мен наймандардың ертеден келе жатқан алтын бесігі еді, бұл рулардың мемлекеті дәл осы жерде пайда болған» — деп жазады С.Мүқанов.КХР Шыңжаң жеріндегі Ұйғыр автономиялық районының құрамына Іле қазақ автономиялық облысы кіреді. Ол негізінен үш аймақтан тұрады. 1945 жылдан бері бұл үш аймақ «Шығыс Түркістан» деп аталған.
- Іле аймағы, астанасы Құлжа.
- Тарбағатай аймағы, орталығы Шәуешек.
- Алтай аймағы, орталығы Алтай қаласы.
Шыңжаң қазақтарында ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, салт- сана, өнер қазынасы мол мұра болып сақталған. Осы мұралардың бірі ата-бабаларымыздан қалған және бүгінде өз жалғасын тауып келе жатқан күйшілік өнерге оқырмандардың назарын аудармақпыз.
Қазақ халқы музыкалық фольклорға аса бай ел. «Жалпы қазақ мәдениеті тарихтан белгілі бір тұтас тұлға болғандықтан, оны шекараның екі жағындағы қазақ көркемөнерін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ол ұлтымыздың бірегей құндылығы болып саналады. Күй атасы Қорқыт пен Асан қайғы, Қазақстанның батыс аймақтарында жасаған Құрманғазы мен Дәулеткерей, Арқада Тәттімбет секілді әйгілі күйшілердің туындылары мен басқа да халық композиторларының әндері Шыңжаң қазақтарына ежелден таныс». Шығыс Түркістан өңіріндегі күйшілерді атасақ, олар да Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет сынды күйшілердің замандастары, XIX ғасырдың өкілдері — Бейсенбі Дөненбайұлы (1803-1872), Қожеке Назарұлы (1823-1881), Қайрақбай Шәлекенұлы (1828-1877), Әшім Дөңшеұлы (1896-1962) секілді домбырашыларды еске аламыз.
Бұл күйшілер өздерінің туындыларымен өз заманында халық үшін жасаған еңбектері мен ерлікгері үшін ел аузында қалған. Қазақ халқының музыка өнеріне мол үлестерін қосып шығарған күйлерін киінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Бүгінде осы мол мұраны жинақтап реттеу, нотаға түсіру үлкен міндет болып отыр. Шыңжаң облыстық мәдениет басқармасы халықтың мәдениет-көркемөнер қазынасын жинап қана қоймай, арнайы адам ұйымдастырып, халық ауыз әдебиетін, ән, күй, би сияқты асыл мұраларын жарыққа шығару жағында белгілі қызметтер істеп, осы төңіректе еңбек етіп келген өнертанушыларын да өз аясына тартты. Олар: Тайыр Белгібайұлы, Байақын Әлімбеков, Қытан Көксеғенұлы, Тұрсын Қаденұлы, Мүтәліп Әлемқанұлы, Қалтай Шалұлы, Жүмжұма Жазиұлы, Әсімқан Қайсаұлы, Құттыбай Сыдықұлы, т.б. зерделі ағаларымыз еді.Жоғарыда аталған тұлғалардың өмірбаяны мен шығармашылығы жайыңда жазылған Шыңжаң баспаларынан жарық көрген көптеген кітаптар бар. Бұлардың көбі сөзбен аралас, күйлер санды-ноталық үлігісмен Шыңжаң баспаларынан шыққандар. Мысалы: «Күй қайнары» Іле халық баспасынан шыққан, Күйтің қаласы 1985; «Күй толқыны» (Қожеке Назарұлының күйлері) 1984, Үрімші; «Қытай аз санды ұлттар музыкасы» 1986, Пекин; «Әшімнің күйлерінен» 1981, Үрімші; «Күй күмбірі» 1989, Үрімші; т.б. Қазақстанда басылып шыққандар: «Іле қазақтарының күйлері» Алматы, Өнер 1998; «Жетісудың күйлері» Алматы, Өнер 1998; және Қытай қазақтарының мөдениеті туралы жазылған ағылшын этнографы Линда Бенсонның «China’s last nomads» атты еңбектерін атап кеткеніміз жөн. Қарап отырсаңыз, ең көп басылымдар Қытай елінің баспаларынан жарық көрген. Жазулары араб әріптерімен теріліп, төте немесе көне жазу деп айтамыз ба, ескі жазулармен қолданылған. Күйлердің барлығы санды үлгісімен нотаға түсірілген. Әрине бұл кітаптар Қазақстанда жоқ, бар болған жағдайдың өзінде көпшілік халыққа түсініксіз болар еді. Біріншіден, жазу үлгісі төте (арабша) болғандықтан, екіншіден нотаның европалық үлгісінде көрсетілмегендіктен.
Алтай, Тарбағатай, Іле өңірлерінің ғылыми және этномузыковедтік зерттеулер тұрғысынан, арнайы музыкаға арналған, оның ішінде домбыра күйлеріне қатысты толық қамтылған және Қазақстан баспаларынан шығарылған кітаптар кемде-кем. Бұл аталған аймақтардың күйлерін зерттеу бүгінде маңызды әрі өзекті мәселеге айналып отыр. Басты мақсат, зерттеу нәтижелері арқылы Шыңжаң өлкесіндегі қазіргі замандағы күйшілік дәстүрдің жалғастырушылары мен өткен ғасырлардағы халық күйшілерінің туындыларын қалай және кімдер арқылы жеткендігін анықтап, оларды халық арасына насихаттау.
Осы мақаланы жазар бұрын, тақырыпқа байланысты мәліметтер іздегенімде, ол туралы деректер тіпті мардымсыз болып шықты. Себебі, Қытай диаспорасына қатысты, оның ішінде орындаушылық өнер туралы әдебиеттер мүлдем жоқ. Осы мәселені жолға қою үшін, алдымен музыка саласындағы мамандар, осы өңірді зерттеуге, барынша қызығушылықтарын танытып, Қытай еліне көптеп фольклорлы-этнографиялық экспедицияларға шығуды қарастыру керек. Әрине, осыған дейін ешкім ол жаққа экспедицияға барған жоқ деуге де болмайды, музыка саласында осы аймақтарға қатысты белгілі Уәли Бекеновтің баласы Дархан Бекенов 1988-1991, 1993-1994 жылдары барып қайтқан болатын. Ол барған сапарларында ҚХР, оның ішінде Шыңжаң аймақтарында тұратын белгілі күйшілерден біраз деректер жинап әкелген. Соның нәтижесінде, «Іле қазақтарының күйлері» атты алғашқы кітабы 1998 жылы жарық көрді. Әрине, осындай экспедициялар көп болса, жұртқа-жария ететін мәліметтер де, ғылыми тұрғыдан зерттелетін мәселелер де молая түсетіні айдан анық.
Ал әзірге бұл мақала тек бірнеше қазіргі заман күйшілерімен шектеледі. Бүгінгі таңда ең танымал, мықты орындаушы дегендерін сөз ете отыра, ол жақта мұндай жеткізуші, әрі дәстүр жалғастырушы, шебер орындаушы күйшілер өте көп екенін ескергеніміз жөн. Әлбетте, осы тақырыпты дамыту мақсатында, кейінгі жазуларымда Шыңжаң өңіріндегі күйшілер жайында толығырақ мағлұмат алып оқырмандарға жария етемін.
Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының көпшілік күйлері негізінен шертпе дәстүріне жатады. Бірақ арасында аралас стильдегі күйлерде кездесіп қалады (төкпе мен шертпенің қатар үйлесуі). Осы аймақтардың күйлерінде музыкалық әуенінде, орындаушылық стиліне өзіндік бір қызығушылықты тудыратын, тындасақ ой салатын жағдайларда кездеседі.
Қазіргі заман күйшісі, XIX ғ. соңы мен XX ғ. ортасында өмір сүрген әйгілі Әшімнің күйлерін жинаушы, мұрагер шәкірті болып саналатын Қамал Мақайұлы.
Қамал Мақайұлы Құлжа қаласында тұратын күйші композитор, фольклорлық музыка өнерінің зерттеушісі. Ол 1926 жылы Шыңжаң өлкесінің Іле облысындағы Тоғызтара; ауданының Мұқыр-Жырғалаң деген жерінде дүниеге келген Қамалдың әкесі Мақай домбыра шертетін әрі сыбызғышы өнерпаз адам болған екен. Әшім күйші Мұқырға келісімен Мақай оны қонақ етеді. Сол жылы (1945) Қамал атақты күйшінің қасында болып, өнерінен тәлім алады. 1955 жылы Құлжадағы облыстық театрға келісімен өзінің ұстазы Әшімді қайта кездестіріп онымен бірге жұмыс істеп жақын араласады. Әшім күйші қайтыс боларда өзінің домбырасын Қамалға мұра етіп қалдырған екен. Өзі өмірден өтсе де, домбырасы шәкірті Қамалдың қолында сақталып, өнерімен бірге жалғасып келеді. Қамал Мақайұлы халық композиторы Әшім Дүңшеұлынан тікелей үйрену жолында күй орындаушылық шеберлігін дамыта келе өз жанынан да көптеген күйлер шығарған, елге танымал күйші-композиторлық дәрежеге жетеді. Өз туындыларына жиырма екі күй мен он шақты ән кіреді. Олардың көбі ел ішінде белгілі әрі сүйікті ән-күйге айналған. Атап айтсақ: әндері «Сушы қыз», «Қызғалдақ», күйлері -«Іле бойында», Менің домбырам», «Көркем Тянь-Шань», «Жайлау думаны», «Шопан жыры», «Жасыл алқан», «Шат дәурен», «Көркем Сайрам», «Қапшағай», «Ақындарға» т.б./; Шыңжаң өңірінің тағы бір дәулескер күйшісі — Дәулет Халықұлы туралы әңгіме етпекпіз. Дәулет Халықұлы 1939 жылы Шіңгіл ауданы Аралтөбе аулының Қарағаш деген жерінде дүниеге келген. 1956 жылдан бері Іле Қазақ автономия облыстық ән-би үйірмесіңде қызмет істейді. Дәулет Халықұлы қазақтың қара домбырасымен қатар скрипка, балалайка, прима сияқты музыкалық аспаптарын тамаша орындайды. Сонымен қатар, домбырада тек қазақ күйлерін орындап қана қоймай, шетел музыкасымен қоса, көршілес жатқан туысқан ұлттардың халық күйлерін аса шеберлікпен орындайды. Ол көптеген мемлекеттік байқаулардың және халықаралық өнер фестивальдерінің жүлдегері. 1994 жылы Іле Қазақ автономиялық облысы Дәулет Халықұлына, ұзақ жылдар бойы өнерге сіңірген ерекше еңбегін ескеріп «Даңқ» атты құрметті марапатын ұсынады. Дәулет аға мықты орынаушылығымен қатар белгілі сазгер. Оның көптеген күйлері бар, солардың бірі «Бақыт қайнары», «Туған жер», «Поезд келді», «Тарту», «Керуен» т.б. Барлық күйлері топтастырылып «Ақ қайнар» атгы жеке күй жинағы Шыңжаң баспасынан жарық көрген. Күйшінің репертуарында өз туындыларынан басқа көптеген халық күйлері сонымен қатар әйгілі домбырашылар Бейсенбі, Қожеке, Қайрақбай, Әшім сияқты халық сазгерлерінің шығармалары мол. Оның ішінде «Жорға аю», «Ақсақ қаз», «Желмая», «Шыңырау», «Сал торы», «Сары өзен» күйлерін орындаған.
ҚХР-ң Тарбағатай аймағы Толау ауданының Майлытау жерінен щыққан күйші Қайсабек Жанасылұлын айтар болсақ ол 1945 жылы дүниеге келген. Бүгінде сазгерлікпен қоса халық күйлерінің насихаттаушысы болып саналады. Онын. орындауындағы күйлер — халық күйлерінен өңделген «Бұлғын сусары», өз күйлері «Өкініш», «Мұңлы қыз», «Ана зары», «Әлди жетім» т.б. /55/
Қорытындылай келе, ҚХР-ң Шыңжаң өңіріндегі қазақ халқының арасында көне халық күйлері көптеп сақталғаны байқалады. Сонымен қатар бұл аймақтарда сыбызғы аспабында дәстүрлі орындаушылық өнері әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан емес. Қаншама ғасырлар өтсе де, өзінің ұлттық тілі мен дінін, дәстүрі мен халықтық мұра құндылықтарын осы заманымызға дейін көне қалпында сақтай білген, шетте жүрген қазақ диаспорасының халқы мен келешек ұрпағына деген жаңашылдығын, ата-бабадан қалған керегендігін көрсетеді. Республикамыздың басқа аймақтарында, кезінде жоғалтқан дәстүрлеріміздің шалғайда жатқан, немесе шетел асқан қазақ бауырластарымыздың өнері мен тұрмыс тіршілік арасынан табылып жатса, ол біздің мәдениетіміздің асқақтағаны болып есептеледі.
ІІІ ТАРАУ . XXI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК -МӘДЕНИ КЕЛБЕТІ
3.1 Қытайдағы қазақтардың XXI ғасыр қарсаңындағы жағдайы
XXI ғасырдың алғашқы бес жылы тарихқа айналды. Бірақ осы өткен жылдардан-ақ жаңа ғасырда әлемдік ауқымнын бет алысы анықталғандай болды. Оны қысқаша атап айтар болсақ елдігі бірнеше ондаған жылдар бойы әлі де ұлы державалардың дүние жүзіне өктемдігі сакталады; жаһандану үрдісі үдей түседі; ғылым техника ұшқан құстай дамиды; дүние жүзіндегі ұлттардың өркендеуі де, өшкіндеуі де тездей түседі. Осындай әлемдік жағдай аясында әрбір ел өз шама-шарықтарына карай әркелкі деңгейде дамиды. Сондықтан дүние жүзіндегі әрбір мемлекеттің және онда өмір сүріп отырған нақтылы халықтардың ғасыр басындағы әлеуметтік-мәдени жағдайына объективті түрде талдау жасау арқылы олардың болашағына логикалық болжамдар жасауға болады.
Біздің бұл арада назарда ұстайтынымыз — Қытай Халық Рес-публикасындағы қазақ қандастарымыз және олардың әлеуметтік-мәдени проблемалары болмақ. Өйткені, олар қазақ халқының құрамдас бір үлкен бөлігі, яғни халықаралық дәрежедегі репатрианттар немесе диаспора өкілдері. Сондықтан да олар біздің маңызды зерттеу нысанамыз болып табылады. XXI ғасырдын басында Қытайдағы қазақтардың жалпы саны 1.3 миллион. Олар Шынжаң ұйғыр автономиялы районның батыс солтүстігіне орналаскан, яғни Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарын камтыған Іле қазақ автономиялы облысына шоғырлы қоныстанған. Кытайдағы қазақтардың негізгі әлеуметтік аруашылығы — мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік. Олар негізінен өздерінін дәстүрлі ислам дінін ұстанып, ұлттық тіл-жазуын (төте жазудағы) қолданып, тұрмыстық салт-санасын сақтап келеді. Дегенмен казіргі кезде Кытайдағы казактардың дәстүрлі шаруашылық формасы де, ресми тіл жазу қолданысы да, тұрмыстық салт санасы мен құндылық көзқарастарының үлкен өзгеріске ұшырау үрдісінде екендігін де айта кетуге тиіспіз.
Шынжаң — Қытайдың астанасына ең алыс орналасқан және әлеуметтік дамуда кейіндеп қалған көп ұлтты провинция. Сондықтан Пекиннін саясаты Шынжанда кешеуілдеп аткарылады немесе трансформацияға ұшырап барып іске асырылады. Сондықтан Кытайдың ішкі өлкелерінде жүргізілген ауыл шаруашылық, мал шаруашылық экономикасындағы реформалар алғашқы кезеңі Шыңжаңда 1984-1986 жылдары жүзеге асырылды /58/. Соның нәтижесіңде бұрынғы ұжымдық «Тайқазан» шағылып, оның орнына «өнімді отбасылық жауапкершілікке алу» тізімі (тәртіп, режим) орнап, көп өнім алғандар одан көп пайда алатын жағдай жасалды, сондай-ақ көп түрлі шаруашылықпен шұғылдануға да жол берілді. Сонымен қазақ дихандары мен малшылары басқалар сияқты өзінің отбасылық жылдық өнімінің нәтижесіне қарай табыс табатын болды. Сөйтіп еңбекшілердің өндіріс белсенділігі артты, отбасылық кірісі көбейді, тұрмыстары бірден жақсара бастады.
Жалпы айтқанда, Қытайдағы әлеуметтік экономикалық реформаның алғашқы кезеңінде, яғни XX ғасырдың 80 жылдардың ортасынан 90-жылдардың ортасына дейінгі аралықта, Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік экономикасы ұдайы өсу процесінде болды. Дихандар мен малшылардың тұрмыс жағдайы айтарлықтай жақсара түсті. Соның нәтижесінде қазақ жастарының оқуға деген ынтасы бұрынғыдан күшейді, жоғары, орта оқу орындарына түсушілердің қатары көбейді. Қазақ тіліндегі басылымдардың саны еселеп артты, қазақ тілінде сөйлейтін телерадио арналар молайды. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік экономикасы мен мәдениетінде көркею көрінісі жарыққа шықты.
Бұл кездейсоқ жағдай емес, қайта ол Шынжанның әлеуметтік экономикасының дамуымен тығыз байланысты еді. Ресми орындардың мәліметіне сүйенсек, Шынжаңның 1994 жылғы ішкі өнімінін жалпы құны 1978 жылмен салыстырғанда 4.43 есеге артқан, жылдық орта есеппен артуы 11.6% болып отырған. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 4 есеге көбейіп, жылдық өсуі 10.59% жеткен/3/. 1994 жылдың соңында бүкіл Шынжаң бойынша егістік жердің көлемі 3 миллион 119 мың гектарға жетіп 1949 жылдағыдан 1.58 есеге кеңейген. Оның 90% суармалы егістік жер құрайды. Аграрлық жалпы өнімнің құны 30 миллиард 647 миллион юань болған. Оны салыстыруға болатын құнымен есептегенде 1950 жылдағыдан 14 есеге көбейген; 1994 жылы Шынжан бойынша 21 жоғары оку орны, 355 әртүрлі орта кәсіптік техникумдар, 8947 орта мектеп болып, білім алушылардың жалпы саны 1 миллион 978 мың 200 адам болған; 1995 жылы кала тұрғындарының жылдық ақшалай алатын еңбек ақысы 51552 юань, дихандар мен шаруалардың табысы 1082 юаньнан жоғары болған /59/ көрінеді. Ал «Қазіргі заман Шынжаңның қысқаша тарихы» атты енбекте келтірілген мәліметтерде: «1994жылы бүкіл Шынжаң бойынша ауыл қыстақ тұрғындарының жанбасындық кірісі 935.5 юань болып, 1978 жылдағыдан 816.3 юаньға көбейген. Ауыл қыстақ тұрғындарының тұрғын үй көлемі адам басына шаққанда 16.38 шаршы метрге жетіп, ол 1978 жылдағыдан 5.31 шаршы метрге кеңейген. Кызметшілердің ортақ есеппен жылдық ақшалай алатын жалақы кірісі 4252 юаньға жетіп, 1978 жылдағыдан 3435 юаньға көбейген; қала тұрғыңдарынын жанбасындық тұрғын үй көлемі 11 шаршы метрге жетіп, 1978 жылдағыдан 3.16 шаршы метрге көбейген. Адамдардың өлімі 7.68%°, балалардың өлімі 54% төмендеген. Адамдардың орташа ғұмыры 65 жасқа жеткен. Сөйтіп Шынжаң ҚХР құрылған алғашқы жылдардағы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын негіз еткен агралық қоғамннан индустриялы қоғамнын алғашқы кезеңіне қадам басты» /60/. Демек, Қытай және онын Шынжаң провинциясы XX ғасырдың 90-жылдардың орта шегінде индустриялы қоғамды қалыптастыра бастаған.
XX ғасырдың сонында Қытайдың дәстүрлі әлеуметтік жүйесі негізінен нарықтық экономикалық жүйедегі осы заманғы қоғамдық қатынастарға өзгерді.
Олай болса, осындай әлеуметтік ортада өмір сүріп отырған қандастарымыздың қазіргі хал-жағдайлары қалай деген мәселеге тоқталайық. Бұл арада алдымен айта кетуге тиісті мәселе — жоғарыдағы сұраққа жауап беретіндей құжаттық деректер мен ресми әлеуметтік сандық мәліметтердің жеткіліксіздігі. Өйткені XXI ғасырдың басындағы қытайдың әлеуметтік-мәдени жағдайын көрсететін ресми деректер ашық жария болмайды, болса да толық берілмейді. Ал Қытайдағы аз санды ұлттардың (онын ішінде қазақтар да бар) әлеуметтік мәдени өміріндегі өзгерістерді айғақтайтын ресми әлеуметтік жылдық санақ қорытынды мәліметтер арнаулы түрде жеке-дара материал болып мүлде жарияланбайды. Өйткені ол Қытайда үлкен саясаттың құпиялығы болып саналады. Дегенмен, біз Қытайда жарық көрген басылымдардан тақырыбымызға қатысты деректерге сүйене отырып, көзге көрініп тұрған қоғамдық құбылыстарға талдау жасау арқылы XXI ғасырдың басындағы Қытайдағы қандастарымыздың әлеуметтік-мәдени өміріндегі өзекті мәселелерді ғылыми түрде түсіндіруге тырысамыз.
Жоғарыда пайымдағанымыздай, Қытайдағы әлеуметтік реформа алдымен Аньхуэй провинциясынан басталып, ішкері өлкелерде өріс алған сон, Шынжаң ұйғыр автономиялы ауданында жүргізілді. Шынжанда да реформа алдымен ауыл қыстақтар мен мал шаруашылықты аудандарда жүргізіліп одан кала экономикасына және жалпы саяси мәдени салаға өрістеп. XX ғасырдың соңына дейін Шыңжанды социалистік жоспарлы эко-номикадан казіргі нарықтық экономикалык жүйеге көшірді.
Қытайдағы қазақтардың басым көп бөлігі Шынжаңның ауыл қыстақтары мен мал шаруашылық аудандарында тұрады. Сондай-ақ олар ұйғыр, қытай, дүнген және де басқа халықтармен аралас қоныстанып, ортақ тіршілік ететінді. Реформаның алғашқы жылдары қазақтар да басқалар сияқты өздеріне тиесілі егістік жер, мал және мал жайылымдарына ие болып, отбасылық өз шаруашылығынын тізгінін өз қолдарына алды. Сөйтіп олар реформаның алғашқы жылдары қазақ дихандары мен шаруалары бәрі дегендей белгілі дәрежеде ауқаттанып, экономикалық жағынан еңсе көтерді. Бірақ реформа тереңдеп, нарықтық экономикалық қатынастар қалыптастып, базар бәсеке басталған кезде, яғни XX ғасырдың соңына таман қазақ дихан-дары мен шаруаларынын көп бөлігі қайтадан әлеуметтік қысымға тап болды. Қытайдағы қазақтардың өз сөзімен айтқанда оларда «қатардан қалу» мен «кедейлену» күйіне түсе бастады.
Экономистердің есептеуінше, «Қытайдағы қазақтардың 80 пайызы «ата кәсіп» аясында жұмыс істеп, малды және оның шикізатын өмір сүру мен дамудын негізі етіп келеді. Мал шаруашылығы қазақ жанұяларының отбасылық кірісінің 95 пайызынан көбірегін құрайды» /61/ екен. Демек, экономикалық салаға реформа жүрген жағдайда да, Қытайдағы қазақтардың кілең мал шаруашылығымен айналысатын өндіріс нысаны айтарлықтай өзгере қоймаған. Ал нарықтық экономика жүйесінде базарда баға заңдылығы басты рөл ойнайды. Шыңжанда базардың жетілуіне байланысты мал шаруашылық өнімдері бағасының төмендеуіне байланысты қазақ шаруаларының бірден кедейлесіп шыға келген жайы бар.
Мал шаруашылық экономикасын зерттеуші ғалым Әділхан Есханұлының айтуынша «соңғы жылдары базардағы мал шаруашылық өнімдері базары өнімдері жансызданып (депрессия), баға арзандап кеткендіктен, малшылар малды қанша өсіргенімен оның өнімдерін пұлдап сата алмайтын күйге түсті. Мәселен, Іле облысы секілді басты мал шаруашылық базарларыңда 1995 жылғы қойдың тірі бағасынын килограмы 10-12 юаньға жетсе, өткен жылы (1999 ж.) небары 4-5 юаньнан аса алмады. Биязы жүннің килограмы 20 неше юаннан 10 неше юаньға, «Жұмсақ алтын» — түбіт 400 неше юаньнан 100 юаньға дейін құлдырады. Жанбағыстың жалғыз жолы, тұтас тіршіліктін тірегі болған мал шаруашылығы өнімдерінің базар сайысында өз құнына лайық бағада сатылмауы немесе көп мөлшерде қолда басылып қалуы онсыз-да туралап тұрған қазақ малшыларының жай-күйі жөнінен сорлыға тиген сойылдай болғаны жұртқа мәлім… Реформа жасап, сыртқа есік ашудың алғашқы жылдары Шыңжанда малшы кірісі егінші кірісінен әлдекайда жоғары тұратын. Кейінгі кезде егіншілер кірісі біртіндеп алға өте бастады. 1992 жылы районымызда (Шыңжанда — Н.М.) егіншілердің жан басылық орташа кірісі 778 юань, 1997 жылы 1504 юань, малшылардікі 710 юань да 1100 юань. Базар эконмикасы түзілісіне (жүйесіне — Н.М.) көшкеннен кейін кіріс парқының алшақтауы тіпті де тездеп, 68 юаньнан 404 юаньға бірақ шыққан» /62/.
Дегенмен Қытайдағы қазақтардың экономикалық дамуда «қатардан қалып», «кедейленуінің» себептері көп. Экономист Әлілханның айтуынша, мал шаруашылығы өнімдерімен қамдау жалпы сұраныстан еселеп артып кеткен. Егіншілік өнірдегі бағылатын мал басы қас қағымда-ақ жалпы Шынжаңдағы мал басынын 50 пайызынан асып түскен. Сондай-ақ егіншілік аумақта мал бағушылардың базарға жақын орналасуы, акпаратты шапшаң қабылдауы, төрт маусымдық шектеуге ұшырамайтын абзалдықтарын пайдаланып, сахара малшыларының мал шаруашылық базарын тартып алған. Онымен қатар, мал шаруашылық өнімдерінің сапасыздығы, мал шаруашылық өнімдерін өңдеу техникасының төмендігі де қазақ малшыларының базардан ығысып шығуына түрткі болған.
Шынжанда мал шаруашылығы саласында жүргізілген реформаның алғашқы кезеңінде, малды малшыларға «темір мал» ретінде көтеруге берген. Реформаның екінші сатысында, әр отбасының еңбек күшіне және жанбасына қарай отырып, малды ақшаға бағалап малшыларға сатып берген. Сол арқылы малды меншіктену мен менеджерлігін толығымен базар экономикасына сәйкестендірген. Ал мал шаруашыдығын модернизациялаудың жолы — малшыларды отырықтандыру деп есептейді және осы бағытта малшыларды отырықтандыру жүзеге асырылып келеді.
XX ғасырдын соңында Шынжаңның мал шаруашылығында 160 мыңдай отбасы, бір миллионнан аса адам болған. Жайылымдық малға егістік жердегі мал басын қосып есептегенде, Шынжаң бойынша 40 миллион тұяқ мал бағылуда екен /63/. Мал шаруашылығын отырықтандыруды зерттеген мамандардың айтуынша: «Шыңжан бойынша 60 пайыздан астам малшы отбасы отырықтандырылғанымен, ол сан сапаға сай келмейді. Электр, су, жол, тұрғын үй, қора, жем-шөптік жері бар жан-жақты өлшемге жеткен, аты затына сай отырықтанған малшы семьясы жалпы малшылардың 30 пайызын құрайды. Осы сандық көрсеткіштен көрініп тұрғандай 70 пайыз малшы семьясы әлі төрт маусым бойы көшіп-қонып жүретін өндіріс, тұрмыс тәсілімен қоштаса алмай отырған» көрінеді. Әрине, дәстүрлі өндіріс нысанын өзгерте қоймаған қандастарымыздын қазіргі замандағы нарықтық қатынастарға жауап бере алмасы анық.
Дегенмен ұлы әлеуметтік өзгеріс Кытайдағы қазақтарды нарықтық экономиканың алғашқы майда толқынымен бір шәйіп шыққанда, олардан әр түрлі психологиялық құбылыстар көріне бастаған. Ол құбылыстарды қытайдағы қазақ зерттеушілер үш түрге жіктеген. Бірінші түрі базар экономикасының толқынана түсіп, тұрмыстық күй-жайы жақсарып, байи бастаған қазақтар, ұлттық салт-сана, мәдени дәстүр, адамдық этиканы ескеруден гөрі экономикалық мүддесін күйіттеуге бой ұратын болған; екінші түрі — шаруашылығы біраз жақсарған қазақтар. Олар бұрынғы байлардың тұрмысына еліктеп, атақ шығаруға әуестеніп, болымсыз іске бола аста-төк ас беріп, той жасап, ат шаптырып, бәйге беріп, жүлденің алдына түйе, артына бие беруді әдетке айналдырған. Сондай-ақ олар жиналып құдалық өткізу, аста-төк ішіп-жеу, қалыңмал беру (атақ шығару үшін), қонаққа қостап қой сою сияқты сырапшылықты әдетке айналдырған; үшінші түрі, кедейленіп өмірден торығып күй кешкендер. Соған қарамастан олар көл уақытын бос өткізуге, арақ ішіп маскүнемдікке салынып төбелес шығаруға, ұрлық істеуге, тіпті, қылмыс жасауға үйір болып алғандар /64/. Бұл сияқты психологиялық және әлеуметтік құбылыстар — қытайдағы қандастарымыздың өмір көзқарасының дұрыс болмағанын және олардың әлеуметтік тұрмысының тұрақсыздығын аңғартады.
Әлеуметтік экономиканың құлдырауы мәдениеттің дамуына тұсау болатыны белгілі. Шыңжаңдағы қазақтардың жалпы әлеуметтік мәдениетінің дамуы XX ғасырдың тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап құлдырай бастады. Себебі қазақтардың әлеуметтік экономикасының нашарлауы және білім беру мен еңбек бөлісі жүйесіндеі реформаның қазақ жастарының жоғары өрлеп оқуына және оқу бітірген соң жұмысқа ор-наласуын қиынлатып жіберген.
Өткен ғасырдың 90-жылдардын ортасынан бастап Қытайда жоғары оқу орындарында ақылы білім беру түзімі (тәртібі) жолға қойылды. Және оқу бітірушілер конкурс арқылы немесе енбек биржасы арқылы өзі жұмыс орнын табуға тиісті болды. Сонымен экономикалық құлдырау күйіне түскен қазақ шаруаларының ұл-қыздарынан өз қаржысымен жоғары оқу орындарын оқи алатындарының қатары күрт азайды. Олардың арасынан жоғары оқу орындарын, тіпті атақты университет бітіргендердің өзі жұмыс орындарын таба алмай көшеде сенделіп қала беретін болды. Сөйтіп қазақ жастары жоғары оқу орындарын оқу емес, орта мектеп бітімін толық алуға да құлықсыз болды. Оның үстіне «жоспарлы түрде бала туу» саясатының нәтижесінде қазақ отбасында бала санын азаюына байланысты, аудандық және ауылдық қазақ орта мектептері қысқаруға немесе өзара бірігуге мәжбүр болды. Бұл жағдай қазақ оқытушыларының жұмыстан қысқаруына әкеп соқты. Ал қазақ оқу-ағарту, білім берудің әлсіреуі — қазақ тіліндегі мерзімді басылымдар мен кітап шаруашылығын күйзеліске ұшыратты Сөйтіп, өткен ғасырдың соңында Қытайдағы қазақтарда әлеуметтік экономикалық және мәдени дағдарыс айқын байқалды. Атап айтқанда, жыл сайын шарықтап дамып келе жатқан Қытай қоғамында өмір сүріп отырған қазақтардың жыл өткен сайын тұрмыс-тіршіліктерінің құлдырай беруі — қытай коғамындағы үлкен бір сәйкессіздік құбылыс болып отырғаны шындық.
Қытайдағы қандастарымыздың әлеуметтік мәдени дамуындағы мәселелерді тексеріп-зерттеген жетекші ғылыми қызметкерлер Жақып Мырзаханұлы, Каһарман Мұқахұлы және Шәріпхан Әбдалиұлының «Ұлтымыздың заман талабына сай дамуына кедергі болып отырған кейбір мәселелер туралы толғаныс» /65/ атты көлемді мақаласының тұжырымдарын саралап қарайтын болсақ.
Мақала авторлары аталмыш тақырып бойынша өздерінің тексеріп-зерттеулерін 1996-1997 жылдары жүргізген. Олар зерттеу барысында негізінен төмендегідей қорытынды тұжырымдар түйіндеген:
Қытайда жиырма жылдан артық жүргізілген әлеуметтік реформаның нәтижесінде «қазақ халкының сан ғасырлық дала мәдениетіне негіз болып келген натуралды (тұйық) шаруашылық және бертінгі кезге дейінгі жартылай натурал шаруашылық жағдайында қанға сіңісті болып кеткен көптеген қасаң таным, ескі сана, әдет-дағдылардан белгілі дәрежеде арыла бастады. Көшпелі немесе жартылай көшпелі өмірге әдеттенген, оны қимайтын керанау сана мен әдеттер өзгере бастады… Шаруашылық пен мәдени өмірдің алуан саласына ден қойып араласа бастады. Жер-жерде әр салада бірсыпыра казақ азаматтарынын кәсіптену, тың тірлікке талпыну, ауқаттану жақтарынан бой көрсетуі сонын айғағы. Осынын өзі халқымыздың базар шаруашылығына ерікті — еріксіз үйлесе бастағандығының көрінісі. Қазақ халқының өндіріс тәсілі, тұрмыс формасы, ой-санасы және күн көзкарасы жақтарында азды-көпті өзгеріс болғандығы айқын байқалады».
Қытайдағы қазақтардың нақтылы жағдайы жөнінде: «Халқымыздың дені әлі де жергілікті шарт-жағдайға сай жалаң малшылық және егіншілікпен шұғылданып отыр. Тіпті сан-салалы кәсіп жолына ойысуды былай қойып, қолындағы азын-аулақ малын да жөндеп баға алмай, азғана жеріне жөндеп егін сала алмай, жан бағуы мұң болып отырғандары көп кездеседі. Сонымен кедейлер қатары көбейіп барады».
Ал кедейленудің себептерін олар төмендегідей факторлардан қарастырған:
- Қазақтарда «тың тірлікке ұмтылу рухының, құндық (нарықтық) көзкарастың әлсіздігі; оқу-ағартудың маңыздылығын жете түсінбеуі; ұлттық оқу-ағарту сапасынын төмендігі; оқуға ынтасыздық, қазіргі кезде белең алып отырған нашар ауқым — балаларды, әсіресе, қыз балаларды жөнді оқытпау немесе оку жасындағы балаларды жол ортадан мектептен шығарып алу. Мұндай жағдай, әсіресе, ауыл қыстақтарда көптеп кездеседі. Кейбір ата-аналар балаларынын оку шығынын ауыр көреді, бірақ өздері ақшаларын аста-төк той жасауға, қонақ шақыруға аямайды. Осындай теріс ықпалдардың салдарынан және басқа да себептерден жер-жерлердегі орталау, орта мектептердегі қазақ оқушыларының саны жылдан-жылға азайып барады» екен.
- Халқымызда сақталған «ұлттық салт-дәстүрге талғамсыздық, зиянды бәсекеге салынушылық; атақ шығару үшін үлкен той жасап, аста-төк ас беріп, ақша шашу».
- «Мәдениет қабылдаудағы талғамсыздық. Басқа халықтардың озық мәдениетін қабылдағаннан гөрі олардың жағымсыз жақтарын тез қабылдау; спирттік ішімдікке салыну, жалқаулық, құнтсыздыктың салдарынан, олар жеке меншігіне тиген азын-аулақ малынан әлдеқашан айырылып, енді басқалардың малын бағып, әрең күн көретін күйге түскен және ондайлардың катары көбейген». Бұл талдауларды әрине жан-жақты болған деп айта алмаймыз.
Жалпы айтқанда, Қытайдағы қазақ зиялыларының өз ұлтының әлеуметтік экономикасы мен мәдениетінін нашарлауынын себеп салдарын қарастырған еңбектерінде, әлеуметтік статистикалық сандық мәліметтер аз, бірақ қоғамдық құбылыстарды теориялық танымдық жақтардан пайымдауы жоғары денгейде орын алып отырған мәселені шешетін практикалық қолданысқа енгізетіндей нақтылы ұсыныстар жоқ қазақтардың дамуына кедергі болып отырған ішкі себептерді қазбалау басым ал оның сыртқы әлеуметтік себептеріне талдау аз. Деғенмен олардың өздері тап болып отырған әлеуметтік мәдени мәселелерді ашық талқылауы, ортақ танымға келулерінің маңызы зор деп бағалаймыз.
Ал қоғамдық өмір шындығына келсек, Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік экономикалық жақтан да, рухани, мәдениет жақтан да әлсіреген күйде XXI ғасырға аяқ басканы айқын байқалады.
3.2 Жаңа ғасыр басындагы қазақтардың әлеуметтік-мәдени
өміріндегі өзгерістер
Қытайдағы қазақтар XXI ғасырға әлеуметтік құлдырау күйінде келді. Олардың жаңа ғасырдағы әлеуметтік саяси, мәдени өмірі жалпы қытай елінің оның ішінде Шынжаңның әлеуметтік саяси-экономикалық даму үрдісімен тығыз байланысты. Сондықтан Шыңжандағы қазақтардың осы ғасыр басындағы әлеуметтік мәдени өміріндегі өзгерістері үлкен әлеуметтік ортамен байланыстырып талдау жасауға тура келеді.
XXI ғасырдағы Шынжаңның даму жоспары ШҰАР үкіметнің дайындаған «Шынжаң ұйғыр автономиялы ауданы халық шаруашылығы мен әлеуметтік дамудын «тоғызыншы бес жылдық» жоспары және 2010 жылға дейінгі даму нысанасы бағдарламасында» көрсетілген. Ол 1996 жылы 6 сәуірде өткен ШҰАР Халық құрылтайында мақұлданған. Осы «жобадағы»- жоспар бойынша Шыңжанның 2010 жылға дейін ұлттық ішкі өнімінің жалпы құнын 2000 жылдағыдан бір есеге көбейту халық тұрмысын дөңгелек дәулеттен (сиао кан) алғашқы дәрежеде байыту социалистік базар экономикасы жүйесін біршама кемелдендіру ұлттық экономиканың жалпы деңгейін айтарлықтай жоғарылатып үшінші этапдағы стратегиялық мақсатты іске асыруға берік негіз қалау» /66/ көзделген.
XXI ғасырдың басындағы Шынжанның әлеуметтік экономикалық даму жоспары жалпы мемлекеттік стратегиялық жоспардың аясында атқарыла бастады. Өйткені Шынжанның даму жоспары мемлекеттін «Батыс бөлікті қауырт игеру» стратегиялық жоспары бойынша жүзеге асырылатын болды әрі жүзеге асырылып та жатыр. Демек, XXI ғасырда Шыңжанды қауырт игеруге тек Шыңжанның ғана қаржысы жұмсалып қалмастан, оған мемлекет бойынша қаржы, техника және адам күші шоғырландырылды. Сөйтіп, 2000 жылы Шыңжаңда «қауырт игерудің» ұлы науқаны басталып кетті.
Қытайдың Батыс бөлікті игеру стратегиясы — Қытай Халық Республикасының жалпы әлеуметтік даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Қытайдың «Ши бу — Батыс бөлік» дегені — Қытай жерінің Орта-Батыс өнірін меңзейді. Онда қытайдын жалпы жер көлемінін 50 пайызын, жалпы тұрғындар санынын 22 пайызын, Қытайдағы аз санды ұлттар халқының 80 пайызын қамтыған он провинция мен автономиялы аудандар орналасқан.
Қытай Халық Республикасы өзінін «Батыс бөлікті қауырт игеру» стратегиялық жоспарын 2000 жылдан жүзеге асыра бастады. Бұл Қытайдың кезек-кезегімен, рет-ретімен іске асырылып келе жатқан әлеуметтік даму бағдарламаларының аса зор көлемдегі ен күрделісі болып табылады.
Әлемге аян, Қытай Компартиясы 1978 жылы желтоқсан айында өткен XI кезекті III Пленумында қабылдаған «әлеуметтік реформа жүргізу, есікті ашық ұстау» деген бас бағдарламасы бойынша, жоспарлы түрде алдымен аграрлық салаға, одан соң сауда-өнеркәсіп саласына, одан соң білім-ғылым саласына реформа жүргізу арқылы Қытай қоғамын жоспарлы экономикалық жүйеден нарықтық экономикалық үрдіске ауыстырды. Сонымен қатар, Шығыс-Оңтүстік теңіз жағалауындағы аудандарды, одан соң Шығыс- Солтүстік пен Яньзы (Шаңжиян) өзені бойындағы Орталық аймақтарды дамыту жоспарын іске асырды. Соның нәтижесінде, Қытай әлемдегі ең қуатты мемлекеттер қатарынан орын алды. Бірақ қытайдың ішкі әлеуметтік дамуында аймақтық айырмашылықтар пайда болып, қоғамдық қайшылықтар белең алды. Өйткені, әлеуметтік-экономика және ғылым мен техника саласында Қытайдың шығыс оңтүстік және Шығыс-Солтүстік аймақтарының дамуы қарқынды болды да, батыс және Батыс-Онтүстік аймақтары салыстырмалы түрде баяу дамып, олардан артта қалып қойды. Соның салдарынан әр түрлі әлеуметтік қарама-қайшылықтар орын алды.
Біртұтас елдің әлеуметтік дамуында аймақтық айырмашылықтардың тым алшақтап кетуінің соңы жақсылыққа апарып соқпайтыны белгілі. Сондықтан Қытай басшылары, ондай қайшылықтарды шешудің жолын батыс бөлігін дамытудан қарастырды.
1999 жылы наурызда Пекинде өткен Бүкіл мемлекеттік халық Құрылтайының (Бүкіл қытайлық халық өкілдері жиналысы кеңесінің) IX кезекті II Пленумында сөйлеген сөзінде Қытай Президенті Цзян Цымин (Jiang Zemin — Жаң Зымин): «Орталық Комитет Орталық-Батыс бөлікті игеруді тездету бағдарламасын анықтады. Сондай-ақ оған ел ішіндегі кажетсінуді экономикалық дамудың басты шарты ретінде қабылдап белсенді түрде қаржы саясатын қолданады. Бұл біздің дамуымыздың ұлы стратегиялық идеясы болып табылады» /67/- деп атап көрсетті. Содан кейін Қытай Мемлекеттік жоспарлау комитеті Батыс аймақты игерудің нақтылы жоспарларын жасауға кірісті.
Қытай үкіметі алғашқы үш жыл ішінде мемлекеттік бюджеттің құрылыс қаражатынан Батыс аймаққа 270 миллиард юань жұмсаған. Бұдан сырт инфрақұрылымға 200 миллиард юань, әлеуметтік істерге 10 миллиард юань қаржы жұмсаған /68/ көрінеді. Одан кейінде жұмсалатын қаржының көлемі жыл сайын өсіп отырғандығы белгілі. Демек, Батыс бөлікті игеру науқаны жыл сайын қарқын алып келеді.
Дегенмен, Қытай Үкіметі өзінің Батыс бөлігін қауырт игеру стратегиясындағы «маңыздыларының ішіндегі маңыздысы — Шыңжанды қауырт игеру» деп санайды. Өйткені Шынжаң Қытайдың ең батысындағы жері кең (1.6 мил. шаршы км асады), табиғи ресурстары мол, аз санды ұлттары көп, шетелдермен іргелес жатқан өлке. Сондықтан Шынжаңды қауырт игерудің Қытай үшін саяси стратегиялық маңызы айырықша болмақ. Ал Шынжаңның әлеуметтік жағдайындағы өзгерістер Шыңжанда өмір сүріп отырған ұлттардың қоғамдық саяси-экономикалық және мәдени өміріне орасан зор ықпал жасауы сөзсіз.
ҚХР Үкіметінің Батыс бөлікті игеру стратегиясына сәйкес 2000 жылы Шынжаң Үкіметінің жанынан «Шынжаң Батыс бөлікті кауырт игеру кеңсесі» құрылды. Ол «Батыс бөлікті игеру — Шынжанды қауырт игеру жоспарын» дайындады. Осы «Жоспар» негізінде Шынжаң Үкіметі «Инвестиция тартудың саясаттық белгілерін», «Шетелден инвестиция тартудың бірнеше саясаттық белгілемелері» сияқты бірқатар заң-ережелік күші бар шешімдерді қабылдады. Сондай-ақ Шыңжанды қауырт игерудің басты мақсаттарын анықтады. Онда Шынжаң «XXI ғасырдың алғашқы он жылында әлеуметтік дамуға қолайлы орта жарату; ішкі дамудың қуатын арттыру, өзін-өзі игеру мүмкіндігін жоғарылату және қауырт игерудін жақсы тетігін қалыптастыру; қауырт игеру арқылы Шыңжанды бүкіл мемлекет көлемінде ең үлкен сапалы мақта өндірісі, мақта-мата өндірісі, астық өндірісі, мал шаруашылығы өндірісі, жеміс-жидек, қант қызылшасын өндіретін және оларды өндейтін базаға айналдыру; мұнай-газ өндірісі және мұнай-газ химия өнеркәсіп өндірісі базасына айналдыру арқылы, бүкіл ұлттық экономиканың дамуының тың тірегі етіп құру» көзделген. Бұл мақсатты олар алты түрлі жетекші бағдарлама бойынша іске асырмақшы.
- Табиғи ресурстық әлеуметті негіздік өнімдер рыногын кеңейту стратегиясына өзгерту, негіздік инфракүрылымдық құрылыстарды жақсарту, өндіріс құрылымдарын оңтайландырып, рынок сұранысы бойынша экономикалық қимылдарды жүргізу.
- Экономикалық өнімділікті жоғарылатуды шаруашылық істердің басты максаты ету, ғылыми білім беру арқылы Шыңжанды көркейту, белсенді түрде маман кадрлар жетілдіру және кабылдау. 3. Әлеуметтік жүйеге жаңалықтар енгізу. Сыртқа есік ашуды кеңейту арқылы Шыңжанды игеруге кең бостық орта қалыптастыру. 4. Экономика, қоғам, казба байлықтар мен қоршаған ортаны өзара сәйкестеп дамыту. 5. Жер жағдайына қарай әлеуетті саланың белсенділігін арттыру, маңыздыларды алға қою, әлеуметті күштілерін қолдау, жаңа экономикалық дамуды қалыптастыру. 6. Тұрғындардың кірісін және заттық мәдени тұрмыс деңгейін жоғарылату. Осы мақсатқа жетудің нақтылы жоспарлары да жасалған. Мысалы, Шынжаң XXI ғасырдың алғашқы үш жылында халық шаруашылығының даму қарқынын 8 пайызға жеткізу. Ал 2004 жылдан 2010 жылға дейін ішкі өндірістің жылдық өсу қарқынын 10 пайыздан асыру. Сол үшін Шыңжан Үкіметі су құрылысы көлік қатынасы, энергетика, байланыс коммуникациясы қатарлы аса маңызды кешендік ин-фрақұрлымдарды салу арқылы, Шыңжанды аса зор көлемде игерудің негізін мықтап орнату жоспарын жасады. Сонымен қатар, Шыңжаң тұрғындарының тұрмыстық деңгейін жоғарылатудың нақтылы көрсеткіштері де жарияланған. Атап айтар болсақ қала тұрғындарының жанбасындық жылдық табысын 7 пайызға көтеру ауыл-қыстақтағы шаруалардың жан басындық жылдық таза табысын 150 юань көлемінде жоғарылату жоспарланған.
Қазір осы жоспардың алғашкы үш жылындағы орындалу жағдайын үкіметтік мәліметтерге сүйеніп айтар болсақ қауырт игеру жоспары іске асырыла бастағаннан бергі Шынжаңның 2000,2001 және 2002 жылдағы ішкі өндірісінің жалпы құны 136.5 миллиард юань, 148.5 миллиард юань және 159.8 миллиард юань болған. Яғни ішкі өндірістін жалпы құнынын артуы 8.2 пайыз, 8.1 пайыз және 8.1 пайыз. Ал кала тұрғындарының 2000 жылғы табысы 5817 юань -7.2 пайыз, 2001 жылғы табысы 6590 юань -13.3 пайыз, 2002 жылғы табысы 6941 юань — 14.4 пайызға өскен. Ауыл-қыстақ тұрғындарының жан басындық таза кірісі 2000 жылы 1618 юань — 9.8пайыз, 2001 жылғы таза табысы 1710 юань — 5.7 пайыз, 2002 жылы таза табысы 1863 юань — 8.9 пайызға көтерілген. Егер соңғы жылдардағы Шыңжаңдағы қала-қыстақтардың бет-бейнесінің шыт жаңа өзгергенің көлік жолдары мен телефон байланысының жақсаруы мен арзандауын, қытай тұрғындарының беттері ажарланып, жүздерінің жадырап қалғандығын ескеретін болсақ жоғарыда келтірген биліктің сандық мәліметтерінің шындыққа жақын екендігіне сенгіміз келеді.
Шынжаң үкіметі жаңа су құрылыстарын салуды басты орынға қойды. Олар 2010 жылға дейін бірнеше өзендерді арнасынан бұрып ағызатын ірі каналдар мен су қоймаларын салу жұмысын жүргізіп жатыр. Мәселен, Үрімжі қаласы мен Қарамайлы қаласының су проблемасын түбегейлі шешу үшін, Қара Ертістен Жоңғар ойпаты арқылы Қарамайлы қаласына баратын канал іске қосылды. Енді Қара Ертіске құятын Буыршын өзенінен Үрімжі қаласына бағытталған ірі канал құрылысы қолға алынды. Сонымен қатар, ол шөлейт жерлерді басып өтетін бұл каналдың бойын жағалатып, тез өсетін ағаштар егіп, кұмаауыт даладан жасыл белдеу жазира қалыптастырып, оны ағаш материалдары базасы мен сүтті сиыр өсіру базасына айналдыру ша-ралары да қатар жүргізілуде.
Ал Іле аймағында Іле өзенін бұру каналы мен үлкен су қоймасын салу құрылысы өзінін алғашқы жоспардағы жұмысын аяқтап қалды. Бұл құрылыс Іленің Тоғызтарау ауданы мен Текес ауданының қиылысқан тұсында салынуда. Олардың Іле өзенің белгілі мөлшерін бұрып ағызатын канал салудағы мақсаты екеу. Біріншісі, Іле өңірінен 120 мың гектар тың жер игеріп, оны Шынжаң биязы жүнді койын өсіретін және ет пен сүтті бірдей беретін сиыр өсіретін базаға айналдару; екіншісі, Іле өзенінің негізгі қайнар көзінің бір саласы болған Көксу өзенін Тянь-Шань тауының аржағына тесіп өткізіп, онда суалып бара жатқан Әйбиху көлінің экологиялық проблемасын шешуге пайдалану. Демек, Қытайдың Батыс аймақты игеруде немесе Шың-жанды қауырт игеруде трансшекаралық Қара Ертіс пен Іле өзендерінен жаңа каналдар салу мен ірі су қоймаларын жасауы, қалайда ол өзендерден Қазақстанға келетін су мөлшерін азайтатындығы сөзсіз. Әрине, бұл басқа тақырыптын мазмұны болғандықтан оған тоқталмаймыз.
Қатынас, байланыс құрылыстары бойынша, қолға алынып отырған темір жол құрылыстарын айтсақ, Қытай үкіметі осы он жылдың ішінде Ланьчжоу-Шынжаң және оңтүстік теміржолды негіз еткен магистралды тармақты жолдарды салу арқылы, оңтүстігі Эркаштамға (немесе Торғутқа), Батысы Қорғас, Алашанькоу, терістегі Шәуешек, Алтайға дейінгі көптеген облыс, аймақтардың жерлерін қамтыған темір жол торабын қалыптастыру кұрылысы жүргізілуде.
Егін шаруашылығы саласында. Ерекшелікке ие егін шаруашылығын дамытып, аграрлық өндірістің индустриялануын ілгерілету істері жүргізілуде. Аграрлық өндірістің құрылымын реттеу арқылы, жергілікті ерекшелігі бар егетін, бағылатын және жасыл азық-түлік өндірісін дамыту, экологиялық егін шаруашылықты, өнімді егіншілікті, сапалы егіншілікті, валюта болатын егіншілікті дамыту арқылы, егін шаруашылығының кешеңді экономикалық өнімділігін жоғарылатуға тырысуда. 2010 жылға барғанда, Шыңжанды мемлекет көлемінде ең үлкен сапалы тауар базасы, үзім, майлы дақыл және томат базасы, маңызды мал шаруашылық өнімдері базасы, жеміс-жидек базасы және жергілікті ерекшелігі бар жасыл азык-түлік базасы етіп құрып шығу көзделіп отыр.
Мал шаруашылығы саласында. Мал шаруашылығында дала мал шаруашылығы, егіншілік аудандар мал шаруашылығы және қала маңы мал шаруашылығын қатар қою, егіншілік аудандарындағы мал шаруашылықты дамыту бағытында табанды болу. Малшылық аудандарды отырықтандыру немесе жартылай отырықтандыру, отбасылық мал фермаларын қалыптастыру, егіншілік аудандарда көптеген мал бағушы отбасыларын қалыптастыру, қала маңында заводтасқан өндірісін қалыптастыру көзделген. XXI ғасырдың 10-жылына дейін Іле, Алтай, Тарбағатай, Бөрітала, Байнғұлын, Құмыл (Хами), Санжы қатарлы облыстар мен аймақтарда малшылардың отырықтану немесе жартылай отырықтануын аяқтап, отбасылық фермаларға ұштастырылған мал шаруашылықты байыту құрылысын жүргізбекші /69/.
Демек, Шыңжанның әлеуметтік-экономикалық дамуы бүкіл мемлекет деңгейінде жүргізіліп отырған «қауырт игеру» науқаны аясында іске асырылуда. Анықтап айтқанда, Шыңжанның даму қарқыны XX ғасырдағыдан да тездеді, бәсеке бұрынғыдан да күшейе түсті.
Осындай әлеуметтік өзгерістердің салдарынан қазақтардың экономикалық тұрмыстық деңгейі тіпті де төмендеді. Қазіргі заманда күн көрудің қиындауы ондағы қазақтардың ұлттық дәстүрлі ұстанымдарын өзгерте бастаған. Оның бір мысалы ретінде ауыл-қыстақтағы, мал шаруашылықтағы қазақ жастарының сырттан жұмыс тауып істеп ақша табуға ойысқанын айтуға болады. Олардың көбі қала, қалашықтарға барып қара жұмыстар тауып істесем, сауда жасасам немесе мейрамхана, қонақ үйлерде қызмет көрсетуші болып жұмыс істесем деген оймен үйден аттанады. Бірақ қаладағы жағдай олардың ойлағынан мүлде басқаша. Адам ресурстары асып-төгілетін қытай қалаларында жұмыссыздар көп. Шыңжанды игеруге байланысты ішкері өлкелерден ағылып келіп жатқандардың өзі Шыңжан қалаларындағы жұмыс қажетінен әлдеқайда артық оның үстіне олардың бәрі біршама маманданған жұмысшылар, оларды қазақ жастарының бәсекеде жеңуі қиынның қиыны. Сондықтан қала жағалаған жұмыссыз қазақтың ұлдарының кейбіреулері ұрлық-қарлық істеп, түрмеге түсіп жатса, қыздары кім болса сол болсын, әйтеу ақшасы бар адам болса артынан еріп кете беремін деген байламға барған, тіптен жеңіл жүріспен ақша табуды да әдетке айналдырғаны жасырын емес.
Ал ауыл-қыстақтардағы қазақтың жас ұлдары мен қыздары, жұма сайын ауылдарда өтетін жайма — көтерме базарды күні бойы аралап жүріп өзара танысып, күн батып базар тараған соң асханаларда бас қосады екен. Сөйтіп арақ шараптың қызуымен бірін-бірі ұнатып қалғандар, түн жамылып қол ұстасып «үйленіп» кете беретін болған. Бұны өздері «қыздардын коллективті қашып кетуі» деп атайды. Ал ертесі арақтың қызуы тарап, естерін жиған соң олардың арасында «мен сені алмайды екенмін» немесе «мен саған тимейді екенмін» деген дау көтеріліп, оның арты отбасылық ұрыс-керіске айналып, онан соңы сотқа жүгінумен тынатын көрінеді. Демек, бұл соңғы жылдары орын алған тек Қытайдағы қазақтарға ғана тән ерекше құбылыс болып отыр.
Жоғарыда пайымдағанымыздай, Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік экономикасы мен оқу-ағатру істері еткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап құлдыраған болатын. Ол үрдіс XXI ғасырда да жалғасып отыр. Оның басты себебі, Шынжаңды қауырт игеру науқаны ондағы қазақтарды табиғи түрде әлеуметтік-экономикалық құрылыс процесінен ығыстырып тастады. Өйткені, Шыңжаңды игеру науқаны барысындағы мемлекеттік, ең болмаса жергілікті құрылыс немессе өндіріс жобаларды жүзеге асыруға жетекшілік еткен немесе еңбегіне қатысқан қазақтардың болмауы — соны айғақтайды. Демек, XXI ғасырдың басында Шынжаңның жалпы әлеуметтік экономикасы қарқынды дами бастағанымен, онда өмір сүріп отырған қарапайым қазақтардың тұрмыс деңгейі төмендеу үрдісінде болып отырғаны анық байқалады.
Соның салдарынан өз қаржысымен жоғары оқу орындарын оқитын қазақ жастарының қатары қатты азайды. Соған қарамастан жоғары оқығандарының, тіптен атақты унверситеттерді бітіргендердің жұмысқа орналасуы қиындады. Өйткені заң бойынша жұмысқа конкурс арқылы қабылдануы керек. Шынжаңдағы ондай конкурстардың нәтижесі көбінесе қатысушының қабілетіне қарай емес, қайта оның адами байланыстары бойынша шешіле беретіні бар. Оның үстіне қалың ханзулармен (қытай-лармен) бәсекеге түсіп, олардан озып шығу — екі қазақтың бірінің қолынан келе бермейтін шаруа. Сонымен соңғы жылдары жоғары оқу орындарын бітірген жұмыссыз қазақ жастарының қатары көбейе түскен. Бұларды жұмысқа орналастыруға жергілікті үкімет бас қатырмайды. Бірақ Орталық үкімет соңғы оншақты жылдан бері орта мектептегі қазақтың озат оқушыла-рын таңдап алып, ішкері өлкелерге апарып оқытуға үлкен көңіл бөліп, мол қаржы жұмсап келеді. Бұны Қытай орталық үкіметінің қазақ жастарының орта мектептерде сапалы білім алуына, одан жоғары оқу орындарына түсуіне жағдай жасап отыр деп түсінуге болар еді. Бірақ сол ішкері өлкелерден жоға-ры оу орындарын бітіргендерді жұмысқа орналастыруға жергілікті биліктің құлықсыз болуы ол түсінікті жоққа шығарады.
ҚХР Үкіметі аз санды ұлттардың ұл-қыздарын ішкерідегі орта мектептерде оқыту тәжірибесін (экспериментін) XX ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастаған болатын. Алғаш тек тибет балаларын ішкері өлкелердегі мектептерге апарып оқыта бастаған. Ол үрдіс қазірге дейін жалғасып келеді. Бұл тәжірибе Қытай Үкіметінің күткен нәтижесін берсе керек, оны өткен ғасырдың 90 жылдарының соңынан бастап Шыңжандағы аз санды ұлттарға, әсіресе қазақтарға қолдана бастады. Өйткені оны қазақтар белсенді қабыддап отыр. Бұл саясатты аз санды ұлттарға жасалған ерекше қамқорлық- деп түсіндіреді. Ондай «камқорлықтың» ассимиляцияға апаратын төте жол екендігін қандастарымыз біле бермесе керек.
Ел ішіндегі ұлттар мәселесін түбегейлі шешудін жолы оларды бір халыққа айналдыру екендігін мемлекет билігін ұстаған үстем ұлттар ежелден жақсы білген және сол үшін әрекеттеніп баққанды. ҚХР құрылған соң ККП ұлттар мәселесін маркстік-лениндік қағидат бойынша, автономиялы саясат жүргізу арқылы шешуге құлшынды. Бұл саясаттың Қытайдағы аз санды ұлттар үшін белгілі дәрежеде жақсы нәтиже бергендігін жоққа шығаруға болмайды. Әсіресе, ол саясат аз санды ұлттардың тіл-жазу, баспасөз мәдениетінін дамуына, оқу-ағартудың кең өрістеуіне, жалпы халықтың сауаттануына және олардын әлеуметтік саяси денгейінін көтерілуіне айтар-лықтай белсенді рөл атқарды. Соның нәтижесінде Кытайдағы қазақтар казіргі кезде тарихта болып көрмеген әлеуметтік саяси және мәдени деңгейге көтерілді. Бірақ сонымен қатар ол тарихта кездестірмеген ауыр сынға да тап болып отырғандығы айтуға тиіспіз.
Өйткені, қазіргі кезде Қытай Үкіметі ел ішіндегі аз санды ұлттарды ассимиляциялау процесін тездететін саяси шаралар ды қолдана бастады. Әсілі Қытай Коммунистік партиясы Қытайдағы ұлттар өзінің автономиялы саясаттын арқасында қытай мәдениетінін олардың санасына терең сіңуі нәтижесінді біртіндеп біртұтастану арқылы табиғи түрде Джун хуа мин цзу ге (Қытай ұлтына — Китайская нация) айналды — деп қараған еді. Бірақ әлеуметтік тәжірибе көрсеткендей, бұл процесс тым узаққа созылатын болды, оның үстіне, автономиялы провинция мәртебесін алған кейбір ұлттарда орын алған сепаратистік үрдіс, ұлттар мәселесін түбегейлі шештік деген Кеңес Одағының ыдырауы мен бұрынғы республикаларда ұлттық мемлекеттердің құрылуы, қытай билігін өз елі ішіндегі ұлттар мәселесін қайта карауға мәжбүрледі. Сонымен Қытай Үкіметі «Ұлттардың өңірлік автономиялы заңына» өзгерістер енгізбестен, аз санды ұлттарды ассимиляциялау процесін тездететін шараларды қолдануға кірісті. Соның бір көрінісі жоғарыда айтқанымыздай, қазақ және басқа да ұлттардын талантты балаларын орта мектептен іріктеп алып ішкері өлкелерге апарып оқыту болып табылады. Бұған үкімет қаржыны аямай жұмсап отыр. Өйткені ұлттық болмысты өзгерту — ұлттық сана-сезімді өзгертуден басталады. Ұлттық сана-сезім ең алдымен өз ана тілі мен ділінен айырылудан басталады. Сондықтан қолға алынған «ішкері орта мектебінде оқыту» саясатынын нәтижесі тез байқалады. Себебі, баланы қаршадайынан отбасынан, ата-ана тәрбиесінен, ұл ттық мәдени ортасынан айырып әкетіп, таза қытайлық мәдени ортада ондаған жылдар бойы тәрбиелеп оқытудың нәтижесінде, оларды тез арада толық қытайласқан мәнгүрт қып шығарары сөзсіз. Қазір Қытайдағы қазақтың бо-лашақта элитасы болатын талантты жастардың бір бөлімі осындай жолдармен білім алып тәрбиеленіп жатыр.
Өткен ғасырдың соңынан бастап, Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр сияқты ұлттық тілдерде білім беретін мектептерді қытай тіліндегі мектептерге қосу немесе ана тіл сабағынан басқа сабақтарды қытайша жүргізу күн тәртібіне қойылған еді, қазір ол жұмыс қалаларда орындалып болды, енді ауыл-қыстақтардағы мектептерде жүргізіле бастады. Бейресми ақпарларға қарағанда, 2010 жылдан бастап ұлттық тіл-жазудағы оқулықтар баспадан шы-ғарылмайтын көрінеді. Бұл сынды саяси шаралардың ҚХР Кон-ституциясына, «Ұлттық өңірлік автономиялы заңға» қайшы келуіне қарамастан тез қарқынмен жүргізілуі жөнінде басқаны айтпағанда, аз санды ұлттарды ассимиляциялауға асығудың көрінісі екендігін түсінуге болады.
Міне, осы саясаттың салдарынан қазірдің өзінде қазақ мектептері кысқаруда немесе қосылуда. Қытай тілінде сабақ бере алмайтын қазақ мұғалімдерінің жасы ұлғайғандары зейнетке кетіп, жастары жұмыстан босауға мәжбүр болуда. Ал қазақ тіліндегі басылымдарға сұраныстың азайюына байланысты, казақ тіліндегі мерзімді басылымдар мен кітап шығару істері де қиыншылыққа тап болды. Кейбір газеттер мен кітап баспа-лары тек үкіметтің саясаттың демеудің арқасында ғана сақталып тұрғаны жасырын емес. Демек, XXI ғасырдың басындағы Қытайдағы қазақтардың жалпы әлеуметтік-мәдениет саласындағы өзгеріс бет алысы ұлттық тұрғыдан алып айтқанда, көңіл көншітпейтін бағытта дамуда. Бұл үрдіс біздің еркімізден тыс жалғаса береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
XXI ғасырдың басында Қытайдағы қазақтар өте ұлы әлеуметтік өзгерістерді бастан кешіруде. Қытайдың ішкі интеграциясы мен модернизациясы Шыңжандағы қандастарымыздың отырған ортасын, өндіріс түрін және тұрмыс тәсілін тез қарқынмен өзгертуде. Өмірде өзгеріс болуға тиісті, егер ол өзгеріс ырықты түрдегі ұлттық ілгерілеу бағыттағы өзгеру — даму болса, құба-құп болар еді. Өкінішке орай, ұлттық болмысты сақтау тұрғысынан алып қарағанда, Қытайдағы қандастарымыздағы әлеуметтік-мәдени өзгерістерінен ондай нышан байқалмайды. Бұл да бір үлкен сәйкессіздік құбылыс. Өйткені шаруашылығы шарықтап дамып жатқан Қытай елінде өмір сүріп отырған қазақтардың әлеуметтік экономикасы мен мәдени жағдайы жыл өткен сайын нашарлауға тиісті емес еді. Бірақ шынайы өмірден қарапайым қазақтардың тұрмыс деңгейінін нашарлау үрдісінде келе жатқаны айқын байқалады. Мұның басты себебі, Қытайдағы қазақ зиялылары атап айтқандай — ұлттық бітім — сапаның салыстырмалы түрде төмендігінде. Нарықтық экономикалық қатынастардың қатаң қағидасы рөл ойнаған, Қытай сияқты ұлы елде жөңкіле жүріп жатқан этникалық интеграциялық ағым мен тіршілік жанталасы — бәсеке жағдайыңда, онда өмір сүріп отырған шағын этникалық топ — қазақтардың замана ағымына ілесе алмай қалуы ғажап емес.
Бірақ онда саясаттық факторлар рөл ойнамайды деуге болмайды. Өйткені қазіргі Қытайдағы немесе Шынжаңдағы әлеуметтік ауқым -егер сен бізге ілессең өстің, ілеспесен өштің — дегеңдей емеуірінді аңғартады, Әрине, қазіргі заман — даму заманы. Даму үшін мемлекет кез келген аудан, аймақты игеруге тиісті. Дегенмен игеру нысанасы болған өңірдегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыстық деңгейінің төмендемеуіне мемлекеттік деңгейде шаралар қарастырылуға тиісті. Бұл халықаралық қағида да бар принцип.
Ал Қытайдың ішкі жаһандастыруды тездету үшін қолданып отырған саясатын, яғни ел ішіндегі аз санды ұлттарды ассимиляциялау тәсілдерін сынаудан гөрі Қазақстан Республикасы одан сабақ алуға, үлгі қабылдауға тиіс деп санаймын. Өйткені Қазақстан да көп ұлтты біртұтас мемлекет. Қазақстаңдағы ұлттар мәселесі Қытайдан әлде қайда күрделі. Сондықтан Қазақстанда қазақ халқының біртұтастануы мен қазақ ұлтына біртұтастандыруға бағыталған саяси шараларды пәрмеңді түрде жүргізу — Ел тәуелсіздігін бекемдеуге тек кана пайдалы болмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
- Қытай Халық Республикасының 1990 ж. шілденің 1-күніне
дейінгі жан саны тіркелген төртінші реткі жалпы демографиялық
санақтың қорытындысы. Қараңыз: Шыңжаң Ұйғыр
Автономиялы районы төртінші реткі жалпы демографиялық санақтың
қорытындысы. — Үрімжі: Шынжаң халық баспасы, 1991 -536 б. (20 б.).
- Ұлы Чиң патшалығының нақтылы жазбалары — естеліктері («Да Чиң ли
шау шы лу»). Фотоға түсірген баспа нұсқасы. -Тайбей 1964.
- Қытай-Ресей шекара келісімдері жинағы -Пекин:Шаң у баспасы. -1973
-134 б.
- Яң Зыңшын. Өткен жазбалардың толықтамасы. («Бу го жай үн ду» .
-Пекин, 1926 (қолжазба бойынша 44 том).
- Фу Хың. Батыс өңір деректемелері (Патша өзі тексеріп бекіткен Батыс
өңір деректемелері. Қолжазба 1782 ж. жазылған. Фотоға түсірген
баспа нұсқасы. -Тайбей.
- Сүң Үйн. Шынжаң деректемелері Қолжазба 1821 ж. жазылған. Фотоға
түсірген баспа нұсқасы. -Тайбей, 1966.
7- Жат елдер деген сөз қытайша «вай иі» немесе «вай фан» — деп
жазылған.
- Шүй Сүң. Батыс өңірдегі өзен-су ардаларының деректері
Қолжазба 1816 ж. жазылған. -Пекин: Шаң у. -1909
- У Тиңша. Шынжаңның ірі оқиғалары деректеріне толықтамалар
Пекин, 1935-1936 (540 б.).
10.Шұй Гожин. Іленің өкімшілік шежіресі Қолжазба 1908 ж.
жазылған.
11.Торде Кенжиро. Шынжаң өлкесіндегі 30 ауданның шежіресі
-Киого,1986. -418 б. (80-90 бб.).
- Жүң Лу. Батыс шекерада шетелдермен болған дау-дамай
хаттамаларының маңызды естеліктері Пекин:Шаң у. -1909. — 480 б.
- Ли Чың. Шынжаңның Кеңес Одағымен (Ресеймен) болған сауда
тарихы /1600-1990 жж./ -Үрімжі: Шынжаң халық баспасы.-1993. -786 б.
14.Тян Үйжаң. Шынжаңның әкімшілік басқару шежіре деректері Батыс
хань патшалышнан Чиң патшалығына дейінгі Үрімжі: Шынжаң
халық баспасы. — 1996. -300 б
- Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. -С.П. 1906 г.
Қытайша аудармасы, 3 том, -Пекин: Шаң у. -1986. -1934 б.
- Бабков И.Ф. Воспоминания о моей службе в Западной Сибири. 1859-
1875 г. С.Петербург. 1912 г. Қытайша аудармасы. -Пекин: Шаң у.
-1973. -576 б.
- Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы: Жазушы, 1985. -558 б.
- Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урианхайский край.
-Ленинград: Изд. государственного русского гзографического
общества. Вып. II, 3 т. -1930. -732 б.; Потанин П.Н. Очерки Соверо-
Западной Монголии (Путешествие по Монголии). Вып. I. -С-П.,
- -480 б.
- Қозыбаев М.Қ., Алдажұманов Қ.С. және басқалары. Грозный 1916 год —
Қаһарлы 1916 жыл. (Құжаттар мен материалдар алнағы). 2 том.
Алматы: Қазақстан. -1999. -664 б.
- Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (бес тарих). -Қазан, 1910. Қазақша
басылымы. -Алматы: Қазақстан. -1992. -330 б.
21.Татанайұлы А. Тарихи дерек келелі кеңес. -Үрімжі: Шынжаң халық
баспасы. -1987. -204 б.
- Қақсылыкұлы Ә. Өмір естеліктері. -Күйтін: Іле халық баспасы. -1990
(160 б).
- Мандыбайұлы Қ. Қазақ оқу-ағарту тарихынан қысқаша
деректер. -Үрімжі: Шынжаң халық баспасы. — 1995. -400 б.
- Сүлейменұлы М. (баспаға дайындаған). Жүсіпбек
Шайхысыламұлы. Үш үзік. -Үрімжі: Шынжаң халық баспасы. -1993.
-300 б; Нүртазаүлы К, (баспаға дайындаған). Ақыт Үлімжі
шығармалары. -Үрімжі: Шынжаң халық баспасы. -1994. -690 б.;
Жаңжүнұлы Ж. (баспаға дайындаған). Ақыт қажы Үлімжіұлы
Қарымсақов. Қажыбаян. -Өлгей: -1991. -124 б.; Рахымұлы Ш. (баспаға
дайындаған). Ақыт қажы Үлімжіұлы. Ғахылия. -Өлгей: Баян-Өлгей
баспагер компаниясы. -1994. -328 б.; Шілбі Бөбекұлының өлеңдері
//Мұра. -Үрімжі, 1982, N 2; 1992, N 2; Арғынбек Апашбайұлының
өлеңдері //Мұра. -Үрімжі, 1992, N 2; Қабаев Т. (баспаға
дайындаған). Көдек таңдамалы шығармалары. -Үрімжі: Шынжаң
жастар өрендер баспасы. -1984. -82 б.; Егеубаев О. (баспаға
дайындаған). Таңжарық Жолдыұлы таңдамалы шығармалары. 3-том.
-Үрімжі: Шыңжан халық баспасы. — 1995. -402 б.
- /Айқап, 1913 ж. N 7; //Қазақ, 1913 ж., 16 июнь, N 18.
- // Шынжаң тарихи материалдарынан таңдамалылар -Үрімжі,
Шынжаң халық баспасы,1985; // Іле тарихи материалдары. -Құлжа: Іле
газеті баспасы, 1989.
- Бұрһан Шаһиди. Шынжаңнын елу жылы -Пекин: Қытай тарихи
деректер баспасы. -1994. -380 б.; Сәйпидин Әзези. Өмір дастаны
(Зұлым зынданда) 1-том. -Пекин: Ұлттар баспасы. -1993. -488 б.
(қазақша аударған Бақыт Төліпбайұлы).
- Венюков М.И. Жоңғар шекара өңіріндегі тұрғындар //Известия Имп.
русского географического общество (ИИРГО) 1871 г. N 7. Қытайша
аудармасы //Шынжаң университеті ғылыми журналы
-Үрімжі, 1980, N 3, -103-111 бб.
- Қытай Қоғамдық ғылым академиясы құжаттар және архивтер
орталығы. Ресей және Кеңес Одағының Қытайтану ғылымының
анықтамасы-Пекин: Қоғамдық ғалымдар баспасы. -1986, 2 т. -1050 б.;
Жияң Бочиң. Патшалық Ресейдің Дүнъхуаң және Шынжаңдағы
қолжазбаларды тонауы //Жүңшань университетінің ғылыми журналы
-Гуаңжу, 1980, N 3, -33 — 44 бб.
- Астафьев Г.В. Казахи Сшьцзяна (этногенез, история, население,
родоплеменной состав, положение в период русско-китайского
разграничения и в 50-е годы XX века). М., 1971.; Богословский В.А.,
Москалев А.А. Национальный вопрос в Китае (1911-1949). -М: Наука.
-1984. -С.264. (32 с); Дубровская Д.В. Судьба Синьцзяна — обретение
Китаем «Новой границьГ^в конце XIX в. -М.: Ивран, 1998. С.202.
31.Мамвдова Э. Орта Азия мен Қытайдың батыс өңіріндегі
халықтардың өзара қарым-қатынастары тарихының бір парағы. 1960 ж.
Ташкентте жарияланған. Оның қытайша аудармасы //
Батыс солтүстік тарихи геофафиясы. -Ланжу. 1983, N 2, -76 — 86 бб.
32.Қозыбаев М.К, Тағы да Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалысы туралы //Жауды шаптым ту байлап. -Алматы:
Қазақстан. -1994. -190 б.; Нүрпейісов К. Алаш һәм Алаш орда. -Алматы
Ататек. -1995. -256 б.; Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -Алматы:Санат.
-1995.-364 б.
- Қасымбаев Ж. Казахстан — Китай: Караванная торговля в XIX -начале
XX веков. -Алматы: Өлхе. -1996. -204 б.
- Хафизова К.Ш. Орта Азия және Қазақстандағы Қытай
шекарасын зерттеушілері (Алтын Ошырдың қытайша аудармасы).
//Қытай шекарасының тарихи геофафиясы -Пекин, 1995, N 3, 102
104 бб.
- Қозыбаев М.Қ., Алдажұманов Қ.С., Әбілқожин Ж.Б.
Қазақстаңдағы күшпен коллективтендіру: Қорлық пен зорлық. -Алматы.
-1992. -36 б.; Омарбеков Т. Зобалаң. А.: Санат. -1994. -272 6.
36.Қиянтайұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. -Алматы:Мерей. -1995. -298
б.; Сыроежкин К.Л. Казахи в КНР: очерки социально-экономического
и культурного развития. -А., 1994.; Мұхаметханұлы Н. ХҮІІ-
ХХ ғасырлардағы қазақ — қытай байланыстары. -Алматы: Санат,-
199б. -126 б.; Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской
диаспоры: Происхождение и развитие -Алматы: Ғылым. -1997. -262 б.
- Мыңжани Н. Қазақ тарихы // Кең толқын. -Шаңхай, 1947, N 7 — 9.;
Жу Дүңжау. Шынжаң қазақтары // Шекара саясаттары. -Пекин, 1947,
N 3-4.
- Осы автор. Қазақтың қысқаша тарихы. -Үрімжі:,Шынжаң халық
баспасы. -1987. -690 б.
- Су Бейхай. Қазақтың мәдениет тарихы . Үрімжі: Шынжаң университеті
баспасы. -1990. -556 б.
- Мырзақанұлы Ж. Қазақ халқы және оның салт-санасы. -Үрімжі:
Шынжаң халық баспасы. — 1992. -650 б.
- Хы Шүеий, Зақан Ережеп және басқалар. Шынжан қазақтарының
көш-қон тарихы .-Үрімжі: Шынжаң халық баспасы. — 1994. -294 б.
- Жәнәбілұлы Қ., Сусанбайұлы К, және басқалар. Абақ керей. -Күйтін:
Іле халық баспасы. -1994. -540 б.
- Мұқаметханұлы Н. Чиң патшалығы кезіндегі қазақ халқы. -Үрімжі:
Шынжаң халық баспасы. — 1997. -198 б.
- Осы автор. Чиң патшалығының қазақтарға қолданған
саясаттары //Қытай ұлттар тарихын зерттеу ғылыми қоғамының 3-
кезекті конференциясының ғылыми мақалалар таңдамалылары
-Пекин: Пекин реформа баспасы. -1991. -154-161 бб.
- Жаң Янь. Шынжаңның таяу заман және осы заманғы
үкіметтерінің қазақтарға қолданған үстемдік саясаттары//Батыс
солтүстіктің тарихи географиясы. 1996, N1,-46-56 бб.
- Юан Тұңкай. Шынжаң қазақтарының Қызай руының тарихи
қайнарына анықтама //Батыс өңірді зерттеу («Ши үйі ян жию»).
-Үрімжі, 1997. N 2, -46 — 53 бб.
- Хүң Тау. Яң Зыңшынның қазақтарды жарылқауы және тізгіндеуі
// Ұлттарды зерттеу -Пекин, 1998, N 1, -71-79 бб.
- Хы Чиңляң. Чиң патшалығы кезінде жазылған, Алтайдан
табылған қытайша, қазақша және манзуше бес құжатқа
түсіндірме // Орталық ұлттар институтының ғылыми журналы Пекин,
1985, N 3, -12 — 22 бб.
- Мұхдметханұлы Н. Чиң патшалығы тұсындағы қазақтардың Тотын
моңғол жазуын қолдануы туралы // Шынжаң қоғамдық ғалымы.
-Үрімжі, 1991, N 2, -77-86 бб.
- Сагуш Тору. ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы Шығыс Түркістан
қоғамдық тарихын зерттеу Киото: Уошикава хрофуми баспасы. -1963,
2 т. -824 б.; Осы автор. Шынжандағы ұлттар тарихын зерттеу
-Киото: Уошикава хрофуми баспасы. -1986. -450 6.
- Linda Benson and Ingvar Svanberg. The Kazaks of China Essays on
an Ethnic Minority. Uppsala, 1988. P.250.
- Владимирцов В.Я. Общественный строй монголов: монгольский
кочевой феодализм; Таяма Шигеру. Чиң патшалығы кезіндегі
моңғолдардың қоғамдық құрылымы. -Токио: Бун кио шоин баспасы.
-1954. -312 б.; Толыбеков С.Е. Общественно-экономический
строй казахов в ХҮП-ХІХ вв. -Алма-Ата: Казгосиздат, 1959.
-С.448.; Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половине
XIX века. -Алма-Ата: Изд. АН КазССР .-С.296.
- Geoffrey Barraclogh. Main thenos of researchin the social and human
sciences: History Mouton. (Қазіргі заман тарихтану ғылымының басты
беталысы). -1978. Қытайша аудармасы. -Шаңхай: Аударма баспасы. —
- -344 б. (-239-240 бб.);
- Бұл да сонда, 242 б.
- Чиң патшалығы Гаузүң патшаның орда естелігі. 543 том, -16 б.
- Фу Хың. Жоңғарды тыныштандырудың жалпы жобасы
Қолжазба 1772 ж. фотоға түсірген нұсқасы. Тайбей. 1964, екінші
бөлім, 31 том, -15 бет.
- Чиң патшалығы Гаузүңның орда естелігі. 543 том, -4 б.
- Уәлиханов Ш.Ш. Абылай. Абылай хан. -Алматы:Айқап. -1992. -32 б.
(15 б.)
- Чиң патшалығы Гаузүң патшаның орда естелігі. 580 том, -19 — 20 б.
- Бұл да сонда. 550 том, -13 б.
- То Жиң. Ұйғырлар өлкесі туралы ереже Қолжазба. 1915 ж. 5 том.
Фотоға түсірген баспа нұсқасы. -Ланжу, 1988.
- Чиң патшалығы Гаузүң патшаның орда естелігі; Сагуш Тору. Шынжаң
ұлттар тарихын зерттеу. -380-381 б.б.
- Бабков И.Ф. Воспоминания о моей службе в Западной Сибири. 1859-
1875 г. (Қытайша аудармасы). -Пекин, 1973, -2 -кітап, -326 б.
- Шұн Үян. Батыс өңірден естіген көргендерім. Қолжазба. 1777 ж.
3-том, Сыртқы бұратаналарға шолу.
- Уалиханов Ш.Ш. Шығармалары. — 428 б.
- Қытай-Ресей шекара келісім-шарттары жинағы. -44 б.
- Ий Шын. Патша өзі тексеріп бекіткен Шанши, Гансу
Шынжандағы дүнген бандиттерді тыныштандыру стратегиясы
Қолжазба. 1895. -Тайбей, 1968. 108 тсм, -7 б.
- Чиң патшалығы тұсындағы дипломатиялық тарихи материалдар.
Гуаңшүй патшаның орда естелігі. 16 том, — 37 б.
- Бабков И.Ф. Воспоминания о моей службе в Западной Сибири. 1859-
1875 г. Қытайша аудармасы. 2 кітап, -429 -434 б.; Татанайұлы
А. Тарихи дерек, келелі кеңес. -113 б.
- Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и урианхайский край.
Том Ш,выпуск II. -С. 464.
- Потанин Г.Н. Очерки Северо-Западной Монголии Путешествие по
Монголии. -38-39 бб.
- Шыңжаң деректемесі. 16 том, -6 б.
- Мориде Кенжиро. Шынжаң өлкесінің аудандар шежіресінен 30 нұсқа.
-Киото,1986. -111-112 бб.
- Уалиханов Ш.ІП. Таңдамалылар. -499 б.
- Чй Чиңшүн. Қазақтың Ресейге қарсы көтерілісінің қолбасшысы
— Тазабек //Шынжаңның тарихи тұлғалары Үрімжі: Шынжаң халық
баспасы. -1985. 2 жинақ, — 240 б. (37-38 бб.)
- Баранова З.И. 1881-1883 жылдары мұсылман тұрғындарының Іледен
Жетісуға көшу проблемасы // Қазақ ССР ғылым академиясының
Шығыстану бөлімінің еңбектер жинағыТ -Алматы, 1959. Бірінші
кітап.
- Чиң патшалығы Рынзүң патшаның орда естелігі. 164 том.
Жачиңның 11 жылы (1810), шілде.
- Чиң патшалығы Дызұң патшаның орда естелігі. 563 том, -8 б.
- Тян Үйжаң. Шынжаңның әкімшілік шежіре материалдары. Хань
патшалығынан Чиң патшалығына дейінгі. -191 б.
- Байғалиұлы И. Шәуешек деректерінен // Шынжаң қоғамдық
ғалымдары. -Үрімжі, 1998. -N3, -103 -109 66.
- Чиң патшалығының Шынжаңның Іле өңірін тексеру
материалдары. Тарбағатай бөлімі. Қолжазба. Пекин кітапханасы.
- Шынжаң деректемесі. 16 том, -20 6.
- Байғалиұлы И. Шәуешек деректерінен /Шыңжаң қоғамдық
ғылымдары. -Үрімжі, 1998. N 3. 103-109 66.
- Шынжаңның деректемесі. 16-том, 21-6.
- Яң Зыңшын. Бу го жай үн ду. Үшінші жинақ. Іле қорғаныс армиясына
жолданған телеграмма. Мингоның 3 жылы (1915 ж.) ақпанның 9 күні.
- Жәнәбілүлы Қ. және басқалар. Абақ керей. -225 б.
- Чиң патшалығы Дызүң патшаның орда естелігі. 295 том, -10-11 66.
- Чиң патшалығы Гаузүң патшаның орда естелігі. 777 том, -12 б.
- Ли Шың.Қытай-Ресей сьездерін зертгру // Шынжаң қоғамдық
ғалымдары. -Үрімжі, 1988. -№ 4, -776.
- Вэй Шаңхүң. Шин хай төңкерісі Шынжаңда Үрімжі. Шынжаң халық
баспасы. -1981. -160 б. (16 б.).
- Яң Зыңшын. Бу гожай үн ду. 4 жинақ, -10 6.
- Нүрпейсов К. Алаш һам Алаш орда. -58 б.
- Қозыбаев М.К, Жауға шаптым ту байлап. -150 б.
- Бу го жай үн ду. Төртінші жинақ. Мингоның 5 жылы (1917)
қыркүйектің 2 күнгі телеграмма.
- Garin Hfmbly. Central Asia (Орта Азияны зерттеу) 1996. -Ы 2, -60 б.
(Орта Азиядағы Ресей төңкерісі және Кеңес Одағы өкіметі).
- Гуревич Б.П. Взаимоотношения советских республик с
провинцией Синьцзяна в 1918-1921 годах. -М., 1958; Советское
Востоковедение. 1958. -Ы 2.
- Шыңжаң қоғамдық ғылым академиясы Тарих институты.
Шынжаңның қысқаша тарихы. 3-кітап, -8 б.
- Маңдыбайұлы К, Қазақ оқу-ағартуынан қысқаша дерек. -177-178 бб. ,
- Ташбаев Таһир. Тарбағатай аймағының азаттықтан бұрынғы (1949 ж.
ҚХР құрылудан дейінгі — Н.М.) баспасөз тарихына аз аял. Іле тарихи
материалдары. -Құлжа. -1989. -5-кітап. -53 б.
100.Жақсылықұлы Ә. Өмір естеліктері. -1-3 66.
101.Чиң патшалығы Гаузүң патшаның орда естелігі. 513 том, -17 б.
- Төлегенұлы С. Азаттықтан бұрынғы (1949 ж. ҚХР құрылудан
бұрынғы — Н.М.) еліміздегі казақ тіліндегі акпарат-баспасөз
тарихына шолу //Шынжаң қоғамдық ғылымы.-Үрімжі, 1991. № 1 -656.
- 24-ші сілтемеге қараңыз.
104.Мұратбекұлы К. Бәйеке би // Шынжаң қоғамдық ғылымы. -Үрімжі,
- — N 3, -98-99 66.