Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі
Коммерциялықемес акционерлік қоғам
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Карибаев Ерболат
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В120100 – «Ветеринарлық медицина»
Алматы 2018 ж
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі
Коммерциялықемес акционерлік қоғам
Ветеринария факультеті
Акушерлік, хирургия және малдардың өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Сиырдың іріңді-катаралды желінсауы»
Беттер саны _______________
Сызбалар мен көрнекі
Материалдар саны _________
Қосымшалар _____________
Орындаған Карибаев Ерболат
2018 ж. “____” _____________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі б.ғ.к., профессор Е.С. Усенбеков
Жетекшісі б.ғ.к., профессор О.Т. Туребеков
Норма бақылау қауым. профессор Ә. С. Ибажанова
Сарапшы «BioVetSan» «ҒӨК»ЖШС
бас директорының орынбасары Л.Т. Абдибекова
Алматы – 2018 жыл.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
мамандығы «Ветеринарлық медицина»
Акушерлік, хирургия және малдардың өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Карибаев Ерболат
Жұмыс тақырыбы «Сиырдың іріңді-катаралды желінсауы»
Университет бойынша 2018 ж «_____»_____________ № _____ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж « » мамыр
Жұмыстың бастапқы деректері шаруашылықтағы сиырлардың желін патологиясын және оның ішінде іріңді-катаралды желінсауын анықтау және емдеу іс –шараларын жүргізу және патологияға ұшыраған мал топтарын құру және осы патологияның түрлеріне сәйкес емдеу әдістері туралы арнайы әдебиетке шолу жасау.
__________________________________________________________________
Дипломдық жұмысты 2017-2018 жылдары шаруашылықта жұмыс жүргізу жоспарлануда және алғашқы сатысында шаруашылықтағы сиырлада сиырлардың іріңді-катаралды желінсауын анықтау және емдеу іс –шараларын жүргізу , балау ем жасау техникасын меңгеру, дифференциальдық балау жасау және емдеу жүргізу
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Студенцов А.П., Шипилов В.С., Субботина Л.Г., Преображенский О.Н. Ветеринарное акушерство и гинекология.Москва., Агропромиздат., 1986
Никитин В.Я., Миролюбов М.Г., Гончаров В.П., Храмцов В.В., Преображенский О.Н. Практикум по акушерству, гинекологии и биотехнике размножения животных. «Колос»., Москва., 2004
Жоланов М.Н., Қойбағаров Қ.У., Туребеков О.Т., Мадияров М.А. Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы., Практикум Алматы., «Агроуниверситет» 2005;
Туребеков О.Т. Сиырдың акушерлік-гинекологиялық аурулары. Алматы 2010
Шипилов В.С., Зверева Г.В., Родин И.И., Никитин В.Я. Практикум по акушерству, гинекологии и искусственному осеменению сельскохозяйственных животных. Москва., «Агропромиздат», 1988.
Жұмыстын арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау |
Кеңесші |
Мерзімі |
Ескерту |
Арнайы әдебиетке шолу |
Туребеков О.Т. |
Қазан 2017ж |
|
Өзіндік зерттеулер жүргізу |
Туребеков О.Т. |
Қазан 2017-сәуір 2018 жылдары |
|
Өзіндік зерттеулерді талдау және қорытындылау |
Туребеков О.Т. |
Мамыр 2018 ж |
|
Экология, еңбекті қорғау |
Бабалиев С.У. |
Мамыр 2018 ж |
|
Кафедра меңгерушісі б.ғ.к., профессор _____________ Е.С. Усенбеков
Жұмыс жетекшісі б.ғ.к., профессор О.Т. Туребеков
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______ Е. Карибаев
Дипломдық жұмысты орындау
ГРАФИГІ
Рет саны |
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі |
Жетекшіге ұсыну мерзімі |
Ескерту |
1 |
Арнайы әдебиетке шолу |
Қазан-желтоқсан 2017 ж |
|
2 |
Зерттеу топтарын құру |
Қазан 2017 сәуір 2018 ж
|
|
3 |
Өзіндік зерттеулер жүргізу
|
Қазан 2017 сәуір 2018 ж
|
|
4 |
Өзіндік зерттеулерді талдау және қорытындылау |
Сәуір-мамыр 2018 ж |
|
5 |
Дипломдық жұмыстың қолжазбасын жетекшіге ұсыну |
Мамыр 2018ж |
|
Кафедра меңгерушісі б.ғ.к., профессор _____________ Е.С. Усенбеков
Жұмыс жетекшісі б.ғ.к., профессор О.Т. Туребеков
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______ Е. Карибаев
МАЗМҰНЫ
|
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………. |
|
|
АНЫҚТАМАЛАР………………………………………………………………. |
|
|
БЕЛГІЛЕРМЕН ҚЫСҚАРТУЛАР………………………………………… |
|
1. |
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………. |
|
2. |
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ…………………………………… |
|
2.1 |
Қарастырылып отырған мәселенің кәзіргі ахуалын бағалау….. |
|
2.2 |
Қарастырылып отырған мәселені теориялық негіздеу………… |
|
3. |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ………………………………………………………………… |
|
3.1 |
Зерттеу материалдары мен әдістері………………………………….. |
|
3.2 |
Шаруашылыққа сипаттама………………………………………………….. |
|
3.3 |
Зерттеу нәтижелері және оны талдау……………………………………………………….. |
|
3.4 |
Еңбекті қорғау және экология мәселелері…………………………….. |
|
4. |
ҚОРЫТЫНДЫЛАР………………………………………………………….. |
|
5. |
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР…………………………………………….. |
|
6. |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………….. |
|
7. |
ҚОСЫМШАЛАР |
|
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ТШ 42-102-63 |
Қайшылар |
МЕМСТ 7852-65 |
Резеңкелік тығын |
МЕМСТ12026-66 |
Сүзгі қағаз |
МЕМСТ 6709-72 |
Дистилденген су |
ТШ 480-11-10-73 |
Шыны қарандашы |
МЕМСТ2029274Е |
Шыны пипетка |
МЕМСТ 20292-74 |
Колбалар |
МЕМСТ 9284-75 |
Заттық шыны |
ТШ ОСЧ 25-6 |
Дистилденген су |
МЕМСТ 22 967 |
Шприцтер |
МЕМСТ25336821 |
Зертханалық ыдыстар |
МЕМСТ 4.452-86 |
Вазелин майы |
Анықтамалар
Анамнез – ветеринарлық практикада ауру малға балау жасау мақсатында жануардың ұстауы мен азықтануы, аурудың дамуы туралы мәліметтер жинау.
Галактогендік жол –сүт бездеріне патогендік микробтардың желіннің үрпі арқылы түсуі.
Гематогендік жол – сүт бездеріне патогендік микробтардың қанмен келіп түсуі.
Желінсау — механикалық, химиялық, температуралық және биологиялық факторларының әсерінен болатын сүт бездерінің қабынуы.
Жасырын желінсау – клиникалық белгілері білінбей немесе өте әлсіз білінетін сүт бездерінің қабынуы және сүт түзілуі мен сапасының төмендеуі
Желінсау жіктелуі – А.П. Студенцовтың жіктеуі сәйкес аналық жануарларда желінсаудың алты клиникалық формасы және бір асқыну бар, өтуі бойынша желінсау – жіті және созылмалы болады.
Желінсау этиологиясы – сүт бездерінің қабынуына алып келетін зиянды биологиялық, химиялық, температуралық және механикалық фаторлар жиынтығы.
Лимфагендік жол – сүт бездеріне патогендік микробтардың лимфамен келіп түсуі.
Моцион (серуендету) – аурудың алдын алу мақсатында жануарларға серуендету ұйымдастыру.
Новокаиндік тежеулер – жануарларорганизмінде жіті формада өтіп жатқан қабыну үрдістерінде новокаин ерітіндісін жүйке жүйесінің қызметін қалыптастыру үшін пайдаланатын ветеринарлық тәжірибеде кең тараған патогенетикалық емдеу әдісі.
Окситоцин – физиологиялық жағдайда аналық жануардың жатыры мен сүт бездерінің миоэпителийінің жиырылуын қамтамасыз ететін гормон.
Патогенетикалық емдеу – малдәрігерлік практикада жиі қабынудың жіті формасында пайдаланатын организмде өтіп жатқан патологиялық процесстердің өту механизмін бәсеңдетуге бағытталған емдеу тәсілдері, соның ішінде новокаиндік тежеулер.
Симптоматикалық емдеу – патологиялық үрдістердің клиникалық белгілерін жоюға бағытталған емдеу әдістері.
Сервис кезең – туғаннан ұрықтанғанға дейінгі кезең
Туғаннан кейінгі кезең – туудан кейін жыныс органдарының инволюциясы болғанға дейінгі кезең
Этиотроптық емдеу – қабыну үрдістерінің себептерін жоюға бағытталған емдеу әдістері (антибиотиктік, сульфанильамидтік емдеулер)
Дипломдық жұмыста кездесетін белгілермен қысқартылған сөздер
АСД – Дороговтың антисептик стимуляторы
АСД – 2 — Дороговтың антисептик стимуляторы, 2 фракциясы
ӘБ — әлемдік бірлік
әб — әсер бірлік
ТБ – тышқан бірлігі
ФСГ – фолликулстимульдеуші гормон
СБП – сутті бақылау пластинкасы
- КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі : Бүгінгі таңда сүт өндіретін шаруашылықтар Қазақстан Республикасы бойынша өз жұмысын жандандыра бастады. Солардың ішінде бірнеше ірі сүт өндіретін шаруашылықтарда бар атап айтсақ: Ақмола облысындағы «Родина» шаруашылығы, «Астана-өнім»; Алматы облысында «Адал», «Фудмастер», «Аиршир», «Байсерке-АГРО», СПХК «Алматы» АШӨК, «Амиран», «Медеу- Коммерц» және тағы басқалар, сонымен қатар бірнеше шаруа қожалықтары бар.
Осы күнге дейін мал шаруашылығында, атап айтсақ сүт өндіретін шаруашылықтарда сиырлардың желінсауы жиі кездеседі. Соның салдарынан жоспарда белгіленген сүт өнімі ойдағыдай алынбай келеді. Аталған аурулар жұқпалы емес, бірақ антисанитарлық жағдайда асқынып кетуі әбден мүмкін, сонымен қатар індетті ауру салдарынан да асқынып, малды істен шығаруға тура келеді. Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ желінсаулар 15 — 20 % туғаннан кейінгі кезеңде кездеседі. Сондықтан бұл аурулар шаруашылыққа орасан зор зиян шектіреді.
Жоғарыдағы жағдайды ескеріп, Біз дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде: Сиырдың іріңді-катаралды желінсауының алдыналу іс-шараларын ұйымдастыруды алдымызға мақсат етіп таңдап алдық.
Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерді таңдадық:
- Шаруашылық бойынша желінсаудың таралуын анықтау
- Шаруашылықтағы сауынды сиырлардың желінсауға шалдығуын жыл мерзіміне байланысты зерттеу
- Желінсау түрлеріне байланысты ауру мал басын топқа бөліп емдеу іс-шараларын жүргізу
- Желінсаудың әр түріне тиімді емдеу әдісін анықтау
- Өзіндік зерттеу нәтижесі бойынша шаруашылыққа ұсыныс беру
- ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Қарастырылып отырған мәселенің кәзіргі ахуалын бағалау
Желінсау – желіннің қабынуы. Көбінесе жаңа туған малды, сиырларды суалтқан, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі.
Шаруашылықта малдың бағып – күтімі, азықтандыруы нашар болып, сауу ережелері дұрыс сақталмайтын болса, желін аурулары кең таралып кетуі мүмкін. Сөйтіп, шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Сиырдың бір емшегі (ширегі) ауырғанының өзінде оның сүттілігі 10 – 20 %-ға кемиді. Желінсау болған сиырлар (әсіресе сүтті асыл тұқымды сиырлар) мезгілінен бұрын жарамсыздыққа шығып, етке өткізіліп жіберіледі.
Жасырын (субклиникалық) желінсау кезінде ауру сиырдың сүті таза сүтпен араласып кетеді де, оның сапасы төмендетеді. Одан жақсы, дәмді айран ұйытуға, ірімшік – май жасауға болмайды. Ондай сүтті ішкен бұзаудың іші жүруі мүмкін, адам да ауырады. Желін ауруларының ішіндегі ең көп кездесетіні де, ең көп зиянын тигізетіні де желінсау аурулары және олардың асқынған түрлері. [2]
Организмде пайда болған желінсаудың негізгі жіктелуі ол организмнің резистенттілігіне, ауру тудыратын себептерінің түрлеріне байланысты болып келеді.
Серозды желінсау – клиникалық көріністері: ауру басталғанда желінде гиперемия болады және серозды экссудат жиналады (1 суретте). Сүттің құрамы өзгере қоймайды. Малдың дене температурасы көтеріледі, тәбеті және сүт өнімділігі төмендейді. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайған, тығыз, ыстық және ауырсынады. Желін үсті безінің көлемі ұлғайған. Серозды желінсауды уақытында дұрыс емдесе, мал көп ұзамай жазылып кетеді. [3]
Катаральды желінсау – катаральды желінсау кезінде сүтте ірімтіктер пайда болады. Қабыну процесі екі түрде өтеді: а) цистерна және сүт жолдарының катары; б) альвеола катары.
Малдың жалпы жағдайы орташа. Емшек үрпісінің үстіңгі жағынан ұстап көргенде тығыздалған жерлері байқалады. Олар іріп – ұйып қалған сүттің жиналып, емшек каналын бітелуінің белгілері. Оны сауып тастағаннан кейін сүт тазара бастайды, бірақ ондай сүтті пайдалануға болмайды (2 суретте).
Фибринозды желінсау – кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, мал күйзеледі. Малдың азыққа тәбеті және сүт өнімділігі нашарлап, дене температурасы көтеріледі. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайып қызарады, жергілікті температурасы көтеріледі, ауырсынады, соның салдарынан мал артқы аяғынан ақсап басып жүреді. Желінді қолмен ұстап зерттегенде қабынған жерлерден қытырлаған дыбыстар естуге болады. Мұндай белгілер фибринозды қабынудың негізгі белгілері болып табылады.
Іріңді желінсау – іріңді – катаральды желінсау – қабыну процессінің өту уақытына байланысты: жіті және созылмалы болады. Жіті іріңді – катаральды желінсау кезінде малдың дене температурасы көтеріңкі, желіннің қабынған бөлігінің көлемі үлкейеді, қызарады, жергілікті температурасы көтеріліп, ұстап көргенде ауырсыну байқалады. Сүттің құрамында ірің және сарғылт-қызыл қойырпақ кездеседі. Іріңді – катаральды желінсаудың созылмалы түрінде желіннің, емшектің көлемі кішірейіп кетеді, сүттің мөлшері азайып құрамында іріңді шырыш болады [4]
Геморрагиялық желінсау – малдың жалпы жағдайы төмендеп, температурасы көтеріліп, тыныс алуы, тамыр соғуы жиілейді. Желіннің қабынған бөлігін ұстап көргенде ауырсынады, жергілікті қызуы көтерілген, терісі қызыл-күрең түсті. Сүті су тәрізді түсі қызғылт және ұсақ қосындылар болады.
Тәнді желінсау – бұл белгілі бір аурулардың салдарынан болады.
Желін аусылы – мал аусылмен ауырғанда желінде, емшектерде көңкңлдеп суға толған күлдіреуіктер пайда болады және олар жарылып жараға айналады.
Желін актиномикозы – желінге сәулелі саңырауқұлақтар енгенде пайда болады. Зақымдалған жерлер іріңдңп жазылмайтын жараға айналады. Желінсаудың пайда болу себептері: желінсауды тудыратын себептер өте көп, кейде оның қайсысы негізгі себеп, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын болып келеді. Ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80 % жағдайда микробтың үлесі бар деп есептейді.
ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА КЕЗДЕСЕТІН ЖЕЛІНСАУ
ТҮРЛЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕМДЕУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Желінсауға қолданылатын жалпы терапиялық әдістер:
Барлық жіті желінсау кезінде (серозды, катаральды, фибринозды, геморрагиялық, іріңді – катаральды) тамыр ішіне 40 %-дық глюкозаны 150 – 200 мл, 10 %-дық хлорлы кальций 150 – 200 мл, 2 – 3 г кофеинді, бұлшықетке окситоцинді 40 – 50 бірлікте енгізу ұсынылады. Ерітінділер стерильді түрде болуы тиіс.
Микробқа қарсы (антимикробты) әдістерді қолдану
Ішке ақ түсті стрептоцидті 4 күн күніне 3 рет: 1-ші күні 15 г, 2-ші күні – 12 г, 3-ші күні – 9 г, 4-ші күні – 6 г беру керек. Бұлшық етке экмоновоциллин – 3-4 бірлікте 1 рет күніне егу керек. Және де тамыр ішіне 150-200 мл 10 %-дық норсульфазол натрийді егу керек. Сонымен қатар, желінсау кезінде арнайы препараттар: мастикур, мастисан А, В, Е және де келесі медикаменттерді қолдануға болады: фурациллин – 1:5000, риванол – 1:2000, 2-3 % ихтиол. Микробқа қарсы препараттарды желіннің үрпісі арқылы енгіземіз. [11]
2.2 Қарастырылып отырған мәселені теориялық негіздеу
Серозды желінсауды емдеу
Желінді астынан жоғары қарай сылап сипайды, жиі-жиі сауып тастайды, бұлшық етіне 8-10 мың ӘБ антибиотиктерді қолданады. Сонымен қатар аузынан 10-12 г стрептоцид ұнтағын 3 рет бөліп ішкізеді. Д.Д. Логвиновтың әдісі бойынша қысқа блокада жасайды (7 сурет). Желінді камфора майымен майлап, 2-3 сағатқа озокерит жапсырады. Малдың рационындағы шырынды жем шөпті, суды азайтқан жөн.
Катаральды желінсауды емдеу
Алғашқы күндері 6 сағат сайын 8-10 мың ӘБ антибиотиктер қоспасын бұлшық етке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай сылап сипайды және жиі-жиі сауып отырады. Сауар алдында сүт жолдарын экссудаттан оңай тазарту үшін емшек үрпісіне 1-2 %-дық сода ерітіндісін, немесе 5 %-дық мүсәтір қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды.
Сонымен қатар, 1-2 рет Д.Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасау керек. Желінді камфора майымен сылап сипайды және жылылап орап тастайды (8 сурет).
Фибринозды желінсауды емдеу
Айырған малды жеке жерде ұстап, бұлшық етіне әрбір6 сағат сайын антибиотиктер егеді. Вена тамырына 40 %-дық глюкоза ерітіндісінің және 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін қосып жылы күйінде жібереді. Сүтті сауып болған соң желін үрпісіне 100-150 мл фурациллиннің 1:5000 ерітіндісін, этакридин лактаттың 1:3000 ерітіндісін немесе 2-3 % стрептоцидтің ерітіндісін жібереді. Желіннің ауырған бөлігіне камфора немесе ихтиол майын жағып, жылылап, орап тастайды.
Іріңді желінсауды емдеу
Желінді патологиялық экссудаттан босатудан басталады. Сүт цистернасында қатып қалған ұйындылардан жібіту үшін желін үрпісіне 1-2 %-дық соданың жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жібереді, сонымен қатар, тері астына немесе бұлшық етке окситоцин, питуитрин салады. Желінді экссудаттан тазартқаннан соң емшек үрпісіне мастикур, мастисан дәрілерін және антисептикалық ерітінділерін жібереді. Мал дене қызуы түспесе венаға 10 %-дық норсульфазолдың ерітіндісін 150 мл шамасында жібереді. Егер іріңді желінсау абсцесс немесе флегмонаға айналып кетсе, оларды жуан инемен тесіп іріңді сорып шығарады да, орнына антимикробтық препараттар жібереді. Мал организмінің жалпы тонусын көтеру үшін 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін 100-150 мл, 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100 мл шамасында және 10-15 мл кофеиннің ерітіндісін жібереді. Сонымен қатар, малдың бағып күтуін жақсартып азығының сапасын жоғарылатады. [13]
Геморрагиялық желінсауды емдеу
Малды бөлек оқшаулап жиі-жиі сауып, тері астына 10 мл кофеинді, венаға 200-250 мл 40 %-дық глюкозаны, 100 мл 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін жібереді. Желіннің сыртынан ихтиол, камфора майын жағып, жылы орап, байлап тастайды. Д.Д. Логвиновтың қысқа блокадасын немесе Башкиров және Магда әдісі бойынша блокадалау пайдаланылады (9-10 суреттер).
Тәнді желінсауды емдеу
Желін аусылының емі: жара болған жерлеріне йод немесе йод-глицерин жағады. Шаруашылықта аусылды жою мақсатында тиісті жазылмайтын ойық жараға айналады. Желін актиномикозын емдеу үшін іріңді және өлеттенген ұлпадан механикалық тазартып, дезинфекциялық ерітінділермен жуып-шаяды және күре тамыры арқылы 40 % глюкоза ерітіндісін 250-300 мл, 20 % хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100-150 мл, 10-15 мл кофеинді араластырып жылы күйінде жіберген жөн 2-3 күнде бір рет, сонымен қатар 1 кг тірі салмағына 8-10 мың ӘБ антиюиотикті енгізеді және тривитамин, тетравитті пайдаланған дұрыс. [17]
Желін туберкулезіне күдік туғанда қосымша туберкулезге альтуберкуллин мен зерттеу жүргізіп, лабораторияға материал жіберіледі. Кешенді зерттеу нәтижесі бойынша малды 3 күннің ішінде санбойня арқылы сойдыртқан жөн.
ЖЕЛІНСАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Лактациялық кезеңде:
- өнімділігіне байланысты малды топтастыру;
- сауар алдында желінді 0,3 % дезмолдың ерітіндісімен зарарсыздандырады, дезинфекциялық ерітіндімен ылғалданған орамалмен сүртеді;
- сүттің үлесін жеке сауып алады;
- желіннен дер кезінде сауу стақандарын алған дұрыс;
- желінді зақымдайтын технологиялық жабдықтарды қолданған дұрыс;
- малды күнделікті 4-5 км дейін серуендеткен жөн;
- сауу құрылымдарын және жабдықтарын жұмысын әрдайым бақылап отырған дұрыс;
- машинамен сауу ережелеріне сәйкес малды таңдап алу;
- сауу аппаратын күнделікті бұзып-бөлшектеп, жуып-тазартып, дезинфекциядан өткізген дұрыс және резеңке бөлшектерінің пайдалануға жарамдылығын бақылап отырған жөн;
- желінсаумен ауырған сиырларды уақытында емдеп тұрған жөн.
Сиырды суалтқан кезде:
- буаз сиырларды екі апта бойы асықпай сауалтады және міндетті түрде бұзауларына 30-60 күн алдын ала суалтқан дұрыс;
- мал азығының рационының құрамынан шырынды азықты және жемді алып тастайды;
- буаз сиырларды бұзауларға 10-14 күн қалғанда, немесе суалту мерзімінің 14 күні өткенде желінсауға тексерген жөн;
- желінсаумен ауырған сиырларды емдеген кезде желін цистернасы арқылы антимикробтық препараттарды жібереді.
Бұзаулағаннан кейін:
- сиырдың желінін жылы сумен жуып, калий перманганатының 1:3000 ерітіндісімен шайып-зарарсыздандырады;
- бұзауды алғашқы емізуге жіберместен бұрын, сиырдың сүт безін желінсауға тексереді,
- туғаннан кейінгі алғашқы 12-24 сағатта бұзауды анасына жіберіп, емізіп тұрған дұрыс;
- шуды дер кезінде түсіру;
- мал қораның, малдың үсті-басын таза ұстау керек.
Бірқатар зерттеушілердің атауынша желінсауды жоюға бағытталынған шаралар, өзінің қаржылық және материалдық салымдарына қарамастан қажетті профилактикалық сенімді әдістерін құрастыруға көмектескен жоқ, ал желінсаумен күресуден келтірілген шығындар ауқымды болып қала беруде (Аппоп А, 1987).
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары организмнің жалпы резистенттілігін төмендетеді, бұл желінде патологиялық үдеріс дамуына әкеліп соқтырады. Бірмезгілде зақымдаушы әсер ететін факторлардан туындалатын бұзылыстар организмнің өзімен қалыпқа келтіріледі, ал аз қарқындылықтағы созылмалы үдерістер сүт безінде морфофункционалдық өзгерістерге әкеліп соқтырады. Табында болатын сиырлардың бір жағдайда ұсталынуына қарамастан барлығы бірдей желінсаумен ауырмайтыны осыдан болуы керек.
Г.В. Казеев (1994), В.Г.Васильев (1996) сүтті сиырларды ұстаудың заманауи жағдайларында сиырлардың желінсаумен ауырыуы себептерінің бірі саууға байланысы бар технологиялық және техникалық бұзылыстар болып табылады деп санайды. Дұрыс жұмыс жасамайтын аппаратура желіндегі патология үдерістер дамуына әкеліп соқтырады. Осы кезде желінсаумен ауырған сиырлардың саны 40% жетеді (Париков В.А., Сапожникова H.A. 1998).
Емшек үрпісі цистернасы кілегейлі қабатының тітіркену дәрежесіне вакуум ауқымы, оның әсер ету ұзақтығы, сауын аппаратурасының жағдайы мен соғу жылдамдығының жиілігі әсер етеді. Машинамен сауу кезінде вакуум ауытқулары сүт ағысының бағытын өзгертуі ықтимал, нәтижесінде ол кері емшек үрпісі каналына түсіп, микробтар имплантациясын тудыруы мүмкін (В.А.Париков, 1990).
Мұнымен қатар, жоғарылаған вакуум емшек каналын кеңейтеді де кілегейлі қабаттың, сфинктердің бұлшықет тарамдарының микрожарақаттануын тудырады (В.И. Слободяник, 1982; А.Я.Батраков, 1991).
Желін қабынуында, өзге жұмсақ ұлпа қабынулары тәрізді қан айналысының, иннервация мен лимфатикалық жүйе айналысының бұзылыстары маңызды орын алады. Егер микробтар гематогендік, галактогендік жолмен және лимфатикалық жүйе арқылы түссе, қабыну тері асты клетчаткасында (шелінде) немесе аралық дәнекерұлпада басталады. Мұндай желінсаулар бастапқыда патологиялық үдерістің интерстициалды дәнекер ұлпасында орналасып, сірі қабыну типінде өрбиді. Құрамында ақуыз бен қанның жасушалаық элементтері көп мөлшерде болатын сұйық құрамдас бөліктерге қатысты капиллярлық мембраналар мен тамырлардың өткізгіштігін күшейтеді. Ұлпалардағы биохимиялық үдерістер өзгереді. Жедел қабынудың басында лимфа тамырлары кеңейіп, лимфа ағысы күшейеді (A.A.Алиев, 1982). Лимфа тамырларына уыттық өнімдер өтуіне кедергі келтіретін бөгеттер пайда болады (В.В.Куприянов, 1983; И.И.Русньяк, 1967; В.Г.Васильев, 1996; A.B.Гайдуков, 1971). Егер қабыну кезінде күрт функция өзгерулері байқалмаса, уыттық өнімдер лимфа ағысымен қоса шығарылады, ал домбығу мен ұлпалық алмасу бұзылыстары дами алмайтын сипатта өтеді. Лимфа түйіндері қабынудың бірінші сағаттарында инфекциялық қоздырушыларды қармап ұстап, жоюға байланысты өз функцияларын орындайды. Кейіннен лимфа тамырлары екіншілік инфекция ошақтарына айналады, мұнда микробтар қарқынды түрде дамиды (В.М.Воскобойников, 1990; Б.А.Башкиров, 1968; В.П.Гончаров, 1980).
Көптеген органдар мен ұлпалардың зақымдалмаған қан тамырлары молекулярлық массасы 20000 жоғары заттарға аз өткізгішті қасиетте болады және керісінше, лимфатикалық капиллярлардың өткізгіштігі айтарлықтай жоғары болады. Сол себептен ірі молекулярлық заттар, атап айтқанда ақуыздар, сонымен қатар, ірі дисперсті заттар ұлпалардан басым түрде лимфа тамырлары арқылы шығарылады. Дәл осыған ұқсас түрде лимфа тамырларына ұлпаларға енген микроорганизмдер, олардың уыттары мен кейбір вирустар де өтеді (Р.Т.Панченков, 1982; Д.А.Жданов, 1952).
Домбығып ісінген қабыну ошағынан лимфаға көп мөлшерде ағып келіп түсетін медиаторлар болуы, және олардың қан ағысы бойына түсуі бастапқыда тамырлық жүйенің жалпы реакциясын тудырады (Jonsson Р., 1982; А.К.Кузнецов, 1977; В.И.Коржов 1980).
Зерттеулер көрсеткеніндей, лимфа жүйесімен қанға көп мөлшерде биллирубиндердің некроздық ыдырау өнімдері мен ақуыздар жеткізіліп отырады. Лимфадан осы заттарды оны сорбциялаушы заттектерімен өткізу әдісі көмегімен шығарған соң организмнің интоксикациялану симптомдарынан арылуға болады (Р.Т.Панченков, 1981; Ю.Е.Выренков, 1981).
Қабыну кезінде лимфада ыдырау өнімдерімен қатар метастаздалынатын қатерлі жасушалар да болуы мүмкін (А.К.Кузнецов, 1975; B.C.Кондратьев, 1958).
Патологиялық жағдайларды зерттеу кезінде лимфа туындалуының жеткіліксіздігінің рөлі көп, оның белгі беруінің жалпы клиникалық сипаты — домбығып ісіну. Себептеріне қарамастан, домбығып ісіну пайда болуы орнында әрдайым Старлинг тепе-теңдігі бұзылады, оған сәйкес аралық ұлпаға жеткізілетін сұйықтықтар мен ақуыздың көлемі олардың элиминациясынан (шығарылуынан) асып түседі, ал бұл өз алдына домбығып ісіну пайда болуы орнында лимфаның туындалу сәтінің басталуына байланысты болады. Лимфа туындалуының басталу үдерісі капиллярлардың артериалдық тізбегінен аралық ұлпаға сұйықтық пен плазма ақуыздарының ультрафильтрленуімен байланысты болатындығы мәлім (Д.А.Жданов, 1952; В.В.Куприянов, 1983; П. Русньяк, 1967).
Сұйықтықтар мен плазма ақуыздарының транскапиллярлық жолмен күштеп шығарылуының ең жиі білінетін себебі түрлі себептерден байқалатын қабыну сипатындағы аурулар. Лимфа капиллярларының эндотелиі қабыну сипатындағы ауруларға айтарлықтай төзімді келетіні белгілі. Сондықтан лимфа жүйесінің қабынудың бірінші сатыларындағы білтелік (дренажды) функциясы үнемі күшейген сипатта болады, бұл ауқымды домбығып ісінулерге жол бермей тежеп отыратын фактор болып табылады.қабыну ошағында ақуыздар концентрациясы жоғарылауының себебі олардың күшті қарқынмен транскапиллярлық жолмен интерстиций бойына шығуы мен ұлпа ыдырауы өнімдерінің жинақталуы болып саналады (Д.Д.Зербино, 1974). Қан капиллярларынан ақуыздық молекулалар мен сұйықтықтар шығуына гуморалдық факторлармен қатар, микротамырлық жүйе бойындағы гидростатикалық қысым жоғарылауы да ықпал етеді. Тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылатушы факторларға гистамин және әсер ету механизмі бойынша оған жақын заттектерін жатқызу керек (И.Е.Мозгов, 1985).
Сонымен, лимфаның биохимиялық құрамын зерттеу мен оның иммунологиялық сипаттамасы түрлі органдардағы патологиялық үдерістер дамуына қатысты толыққұнды ақпараттар бере алады.
Соңғы жылдары әдебиет көздерінде лимфа түзілуінің белсене түскені жайындағы мәліметтер көптеп кездесуде, тиісінше биологиялық белсенді заттармен лимфа ағымы да күшейіп, қабыну аурулары кезінде капиллярларда гидростатикалық қысым өзгеріске ұшырайтыны баяндалады. Бұл сұрақ лимфа ағысының бұзылуының барлық түрлері аралық ұлпа мен паренхимада трофика жағдайының нашарлауына әкеліп соқтыратына орай туындалып отыр. Дәнекерұлпа аурулары өздігінен лимфа түзілуі мен лимфа айналымы бұзылыстарының себебі бола алатынын да естен шығармауымыз керек (И.К.Медведев, 1972; Р.Т.Панченков, 1982).
Антибиотиктерді жүйелі түрде қолдана беру инфекциялық асқыну оқиғаларының азаюына әкелмейді. Антибиотиктерді енгізудің дәстүрлі тәсілдерінде олардың лимфа түйіндерінде жинақталуы байқалмайды, сонымен қатар лимфада олардың ұзақ уақыт бойғы терапиялық концентрациясы жинақталмайды (Б.А.Башкиров, 1979). Сәйкесінше, дәстүрлі тәсілмен ішке енгізілген антибиотиктер лимфа түйіндерінің бөгеттік функциясын әрдайым дерлік күшейте алмайды, мұнда инфекция кезінде бактериялардың қармалып ұсталуы мен фагоцитозы байқалады. Осы тұрғыдан алғанда бағытты түрде желінге олардың жоғарғы концентрациясын құру үшін антибиотиктерді енгізу бойынша Б.А. Башкиров (1968) өткізген зерттеулер өзектілігін сақтап қалуда.
Лактация өскен сайын сиырларда жалпы ақуыз бен ақуыз фракцияларының лимфадағы саны да көбейеді (Б.Н.Атрашков, 1971). Осы Б.Н. Атрашковтың (1971) сүт безі секретінде және қанда жалпы ақуыздың мөлшері туралы мәліметтерімен И.К.Медведев, И.Л.Калантар (1972) зерттеулері де үндеседі. Олар сүт безі секретінде суалым мерзімінің басында жалпы ақуыз лактациядағы сиырлармен салыстырғанда көп болатының көрсеткен, лактациядағы сиырларда бұл көрсеткіш шамамен алғанда 1,92 ден 3,14 г/% шамада ауытқыған, жалпы ақуыз концентрациясы лактациядағы сиырларда артериалды және венозды қан сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшерінің 37% шаққанда лактациядағы сиырларда — 6,82 ден 7,37 г/% , суалымдағы сиырларда тиісінше 18,1 және 8,07 г% құраған. Авторлар сандық мәліметтерді келтірместен желіндегі лимфа ағысы күшеюіне орай секретте ақуыздың азаятына меңзейді.
Қан сарысуы мен сиырлардың желін секретінде қабыну кезіндегі жалпы ақуыз мөлшеріне қатысты біз сараптаған әдебиет көздерінен тек Ю.А. Забелин мен E.H.Абрамов (1979) еңбектерінде ғана мәліметтер жедел желінсауға қатысты баяндалған. Авторлар сектер сынамаларын антибиотиктерді қақпалық венаға енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін 30 минут, 1, 3 және 6 сағаттан соң зерттеген. Сектеррегі жалпы ақуыз мөлшері қан сарысуынан көрі 60% аз болған және аталған уақыт ішінде тиісінше мына шамаларды құраған: 4, 98, 4, 74, 4, 75 г/%. Ал, альбуминдік-глобулиндік коэффициент өзгерістері аз дәрежеде білініп, мына шамаларды көрсеткен: 0,43, 0,43, 0,49 және 0,41 бірлік. Қандағы және желін секретіндегі глюкоза «нақты қант» мөлшері туралы A.B. Гайдуков (1970, 1973, 1974), И.К.Медведев, И.Л. Калантар (1972) зерттеулерінде деректер бар.
Сүт секретінде сыртқы ұятты венадан, тері асты құрсақ венасы мен көк тамырдан алынған қан сынамасына қарағанда қанттың тиісінше 4 — 16, 15 — 36, 8, 19 мг/% көп болатыны анықталған. Алайда, лактопоэз барысында лимфадағы глюкоза мөлшері аса көп ауытқымайтыны жайлы мәліметтер бар (A.B.Гайдуков, 1971).
Лактациядағы қысыр және буаз сиырларға жасалған тәжірибелерде осы топтардың артериалдық қанында 53,7 — 70 мг/%, вена қанында 49,1 — 53,3 мг/% және лимфада 65,3 тен 88,1 мг/% дейін қант болатыны анықталған. Ал, лактопоэз барысында қысыр, сондай-ақ буаз сиырларда сауған соң 3 сағаттан соң сүт безі секретінде қант мөлшері төмендейді де оның деңгейі 12 сағаттық шамаға қарай қайтадан ұлғаяды. Артериалды қан көрсеткіші 56,1 ден 83,1 дейін болса, вена қанында төменгі шаманы көрсетіп, 50 ден 69,5 мг/% дейін өзгеріп отыратын болған. Сиырларда сүт безінің қантты сіңіру дәрежесі біркелкі болмаған, ол жануарлардың физиологиялық күйіне (буаздылыққа) байланысты өзгеретін болған. Сиырлардың сүт безі секретіндегі қант мөлшері қан көрсеткіштерінен асып түсетін болған, сонымен қатар жануарлардың физиологиялық күйіне тәуелді болған. Автор, сондай-ақ, сүт безі секретіндегі қант концентрациясы мен оның сүт безінен ағып шығатын вена қанындағы мөлшері арасында тікелей коррелятивтік тәуелділік болатынын аңғарып, көрсеткен (A.B.Гайдуков, 1973, 1974).
И.К. Медведев пен И.Л. Калантар (1972) мәліметтеріне сүйенер болсақ вена қанындағы және сүт безі секретіндегі қант мөлшері тиісінше 48,3 — 65,6 және 45,1 — 66,6 мг/% шамасында өзгеретін болған, бұл көріп отырғандарыңыздай алдыңғы автор мәліметтерімен ептеп сәйкеспейді.
Сонымен, лактациялық желінсау кезінде сүт безінің төлдеу алды домбығып ісінуіне көп көңіл бөлінеді, нәтижесінде желін ұлпаларының тырысуы жоғарылап, олардың тұтастығы мен трофикасы бұзылады. Сүт жиналу орындарында сүттің тқырап тұрып қалуы орын алады, олар бактериялардың әсерінен ыдырап, бұзылады. Қоршаған орта бактериялары емшек үрпісі арқылы енеді. Бұған желін терісіне микроорганизмдер қонуы себеп болып, ықпал етеді. Қан және лимфа тамырларының көп болуы, олардың анастомоздарының көп болуы микробтар мен саңырауқұлақтардың жылдам таралуына ықпал етеді. Осыған орай қабыну үдерістері жылодам таарлып, бірден барлық желін төрттіктерін, желіннің жартысын немесе тұтас желінді шалдықтырады. Қазіргі уақытта сиыр желінсауларына қатысты мәселелермен айналысатын алдыңғы қатарлы дамыған елдердің ғалымдары аталған ауру дамуы кезінде организм мен желін резистенттігі мәселелерін алға тартады. Алайда желінсау патогенезінің бірқатар тұстары (аспекттері) бірқатар келіспеушілктер мен қайшылықтар тудырады. Осы күнге дейін лимфа динамикасы мен оның желінсау кезіндегі құрамы зерттелмеген. Құрастырылатын препараттардың терапиялық тиімділігі де сұрақтар тудыруда, ол ауру рецидивтеріне, қабынудың созылмалы ағымға ауысуына, кейіннен зақымдалған желін бөліктерінің атрофиялануына қатысты мәселелер.
Қазіргі уақытта сүт шаруашылығы дамыған көптеген елдерде жануарлардың желінсаумен ауыруын төмендетуге қатысты тиімді заманауи әдіс-тәсілдерді іздестіру бойынша көптегшен зерттеу жұмыстары өткізілуде маститов (Юрков В.М., Демидова Л.Д., 1995; Chanings R., Board М.М. 1983; Gill R., Howard W.H., 1990; Kunkel J.R., 1985; О’ Rourke D., 1986; Robinson T.C., 1985).
Өткізілген зерттеулер нәтижесінде (Milk Producer, 1987; Fox Ь., 1990; Howard W.H., 1991; Hamenn J, 1989) сиырлардың желінсауымен күресу бойынша Ұлттық бағдарламалар құрастырылған, олардың негізгі құрамдас бөліктері ретінде келесі шараларды атауға болады:
- Сауар алдында міндетті түрде желінді гигиеналық өңдеу;
- Сауып болған соң желін үрпілерін дезинфекциялау;
- Сиырларды суалым кезеңінде антибиотиктермен өңдеу;
- Сауын аппаратурасы жұмысын белгілі бір тәртіпте бақылап отыру;
- Созылмалы ауру жануарларды сойысқа жіберу.
Желінсаумен күрес ретінде Ұлттық бағдарламаны толық көлемде пайдалану АҚШ сиырлардың желінсаумен аурыуын бірнеше жыл ішінде 50 ден 32% төмендету мүмкіндігін берді (G.A.Oakley, 1984), ал Англияда 15 — 20 жыл аралығында сиырлардың желінсауға шалдығу оқиғалары 65% жетті (J.M.Booth, 1988).
Алайда желінсаумен күресу бағдарламаларын ендіру әрдайым оның деңгейін төмендету кепілдігін бермейді (Э.К.Бороздин, 1993; Т.Honkanen-Buralski, 1996; К. Plym Forshell, 1996).
Осылайынша, Финляндияда сиырларда желінсау қабынуы оқиғалары 1975 ж. 33% дан 1988 ж. 45% дейін жоғарылаған (Т.Honkanen-Buralski, 1996).
Табындағы желінсау деңгейінің анағұрлым төмендеуіне ықпал ететін негізгі шаралар қатарына сиырлар желінін суалым кезеңінде антибиотикалық препараттармен өңдеу болып табылады (Н.Г.Гасанов, 1999; Francis Р. G., 1986; Jonsson P., 1987).
Бұл шараны өткізудің қажеттілігі ретінде осы жағдайларда антибиотиктердің ұзақ уақыт бойы желінде болып, желінсау қоздырушысына әсер ететіндігін атауға болады (Н.К.Оксамитный, 1988; P. G.Francis, J.M.Wilesmith, C.D.Wilson, 1986).
Мұнымен қатар, суалту және суалымның бірінші кезеңінде емдік және профилактикалық мақсатта антибиотик препараттарын енгізудің үлкен гигиеналық және экономикалық маңызы бар, өйткені, олар желіннен бұзаулағанға дейін шығарылады да дәрілердің қаплдық мөлшерімен сүттің ластануы болмайды, айта кетері осы кезеңде белсенді әсерде әрекет ететін аса тиімді препараттарды да қолдануға болады (В.М.Карташова, 1988; А.Н.Andreews, 1985; McQueen R.D., 1984; А.Д.Абаимова, 1999).
Бұл шараның лактация кезіндегі емдік шаралармен салыстырғандағы тиімділігі зор (И.И.Валковой, 1979; Н.Т. Климов, 1994; Ю.И.Полянцев, 1986; И.Г.Конопельцев, 1994; О.Н.Новиков, 1996; Phelps А., 1988).
Осылайынша, суалым кезінде клиникалық желінсауы бар сиырларды емдеудің өзі ауруға шалдығу деңгейін 55 тен 22% дейін төмендету мүмкіндігін берді (Е.М.Князева, 1999; F.H. Austin, 1983).
Ал, лактация кезеңіндегі емдеу тиімділігі тек қана дәрілік заттың тиімділігіне ғана емес, профилактикалық шаралардың орындалу шартына да байланысты болады (O’Rourke D., 1986).
Суалым кезеңінде емдеу әсіресе стафилококктық желінсауда (90%) тиімді, ол лактация кезінде (50%) құрар еді (М.Г.Миролюбов, 1980; Н.Т.Климов, 1994).
Өткізілген зерттеулер көрсеткеніндей (В.И.Мутовин, 1974; В.М. Юрков, Л.Д. Демидова, 1994; Ю.Н.Полянцев, 1986; Н.Г.Гасанов, 1980) суалым кезіндегі сиырлардың антбиотикотерапиясы кейінгі лактацияда сүт өнімділігінің бақылау тобы жануарларымен салыстырғанда шамамен 15% қалпына келуіне ықпал етеді.
Бұл шаралар шет елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Виржиния штатында (АҚШ) суалым кезеңінде барлық жануарларға ем қолдану табынның 86% (Jones G.M., 1986), Канадада — 60 — 81% (Howard W.H., 1998), ал Англияда — 78% (Howard W.H., 1991) қамтыған.
Суалымдағы сиырлар желінін антибиотиктермен өңдеудің тағы бір маңызды тұсы – инволюция кезінде сүт безі патогендік микроорганизмдер әсеріне аса сезімтал келеді, онда бар немесе желінге ендірілген микроорганизмдер қабыну үдерісін тудырады (Smith K.L, 1985; Полянцев Ю.Н., 1985; EberhartRJ., 1982; Ebmondson P.W., 1989; EganJ., 1986).
Лактация кезеңінде желінсаумен күресу үлкен қиындықтар тудырады, себебі осы кезеңде жануарлардың тиімді ем қолданылмауында бірнеше мәрте ауруға шалдығуы қабыну үдерісінің созылмалы ағымға ауысуына ықпал етеді. Созылмалы сипаттағы ауру сиырларды емдеу барлық жағдайларда дерлік нәтиже бере бермейді, себебі
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу материалдары және әдістері
Дипломдық жұмысты орындау барысында зерттеу материалы ретінде шаруашылықтағы бағылып жатқан 768 бас сауынды сиырлар болды. Ал сиырларды желінсауға әртүрлі әдістермен тексердік оның ішінде клиникалық зерттеулер – ұстап-көру, көру, лабораториялық әдістер – димастин, тұндыру және мастидин сынамасын пайдаландық, сонымен қатар анамнез жинау.
Желінді көріп зерттеу арқылы терісінің түрін, тығыздығын анықтайды. Ұстап көргенде ауыршаңдығын, тітіркенуін, ісінгенін анықтауға болады және желіннің температурасын анықтайды.
Желінсауға лабораториялық әдістермен диагноз қою
1) Димастинмен тексеру:
Димастиннің 5 – 10 % судағы ерітіндісін дайындап алады. Сиырдың әр емшегінен жеке-жеке арнайы ыдысқа 1 мм секрет сауып алып, оған сондай көлемде димастин ерітіндісін қосып араластырады, егер сиыр ауру болса, сүттің түсі алқызыл түске боялып ұйынды пайда болады. Сүт таза болса, түсі сарғылт тартады, ұйынды болмайды.
2) Бромтимолмен тексеру:
Бромтимолдың 0,5 %-дық спиртті ерітіндісін дайындап алады (50 мл дистиллденген су + 50 мл спирт + 0,5 г бромтимол). Арнайы ыдысқа әр емшегінен жеке-жеке 1 мл сүт сауып алып, оған 3-4 тамшы реактив қосып араластырады, егер сиыр ауру болса, сүттің түсі қою жасыл-көкке боялады. Сүт таза болса, тек сарғыш тартып қана қояды.
3) Сүтті тұндыру:
Кәдімгі бактериологиялық пробиркаға 10 – 15 мл сүт сауып алып, қай емшегінен алынғанын алып, қай емшегінен алынғанын белгілеп, тоңазытқышқа (+4° — +6°) келесі күнге дейін салып қояды. Сиыр ауру болса, пробирканың түбіне тұнба түседі, бетінде қаймағы өте аз 0,1 – 0,2 см) болады. Сүт таза болса, пробирканың түбінде тұнба болмайды, қаймағының қалыңдығы 0,5 – 1 см болады (6 суретте көрсетілген).
4) Уайтсайд әдісімен тексеру:
Пробиркаға 5 мл сүт сауып алып, араластырады. Оған 2 мл натрий сілтісінің 4 %-дық ерітіндісін құйып араластырады, егер сиыр ауру болса, алғашқы 20-30 секундтың ішінде-ақ сүт ұйып, қойыртпаққа айналады. Ол сүттің құрамында лейкоциттердің көбейіп кеткендігін көрсетеді.
5) Бактериологиялық әдіспен тексеру:
Залалсызданған пробиркаға әр емшегінен жеке-жеке сүт сауып алып, бұрыннан белгілі микробиологиялық әдістермен тексереді. Онда сүттің 1 мл-ндегі микробтың жалпы санын және олардың тегін (стафилококк, стрептококк, саңырауқұлақтар немесе ішек таяқшаларын іздейді. Микробтардың әртүрлі антибиотикке сезімталдығын анықтайды.
Бұдан басқа қан (эритроциттерді, лейкоциттерді, гемоглобинді анықтау) және зәр құрамында талдау жүргізу үшін жабдықтар мен реактивтер қажет. Қан сарысуына биохимиялық талдауды ветеринариялық лабораторияда жүргізеді, содан кейін осы деректерді желінсаумен ауырған сиырларға рацион құрғанда пайдаланады.
Мастидиннің 10 % ерітіндісімен сынама жасағанда түсінің өзгеруіне және қойыртпақ болуына назар аударады.
Тұндыру сынамасын жасағанда әр емшектен пробиркаға 10 мл сүт алып, тоңазытқышқа 16-18 сағатқа қояды. Дені сау малдың сүтінде тұнба түспейді, қаймағы бетіне шығады, ал ауру сиырдың сүтінде тұнба пайда болады.
Желінсауды диагностикалау
Клиникалық зерттеу Лабораториялық зерттеу Экспресс бағалау
Көру Сүтті бақылау табақшасында СБТ МИМ ПӘДМ
Ұстап көру
Димастин сынамасы
Тұндыру сынамасы
Мастидин сынамасы
Қосымша бактериологиялық зерттеулер жүргізеді
Ескерту:
СБТ – сүтті бақылау табақшасы
ММИ – маститтің механикалық индикаторы
МЭДП – маститті экспресс диагностикалау приборы.
Желінсауды балау
Сиыр желінсауымен нәтижелі күресу үшін оны дер кезінде және дұрыс балау қажет. Ол үшін балауды кешенді түрде жүргізген жөн, сондықтан анамнез мәліметтерін, клиникалық және лабораториялық зерттеу нәтижелерінің қортындысын біріктіріп пайдаланған дұрыс.
Анамнез жинау кезінде шаруашылықтың індетті және жұқпалы емес аурулардан аман екенінін ескеріп, сонымен қатар акушерлік-гинекологиялық ауруларды ескерген дұрыс, малды суалту кезіндегі азығының сапасын, бағып-күтілуін ескереді. Сиырларды күнделікті серуендету ұйымдастырылған ба, әлде жоқпа. Соңғы төлдеген уақытың және суалған уақытын ескереді, туу және туғанға дейінгі кезіндегі малдың организмінің жалпы жағдайын, аурудын алғашқы клиникалық көрінуі. Өткен жылдардағы желіннің жағдайын және сүт өнімділігін ескереді, машинамен сауу технологиясын, сауу құрлымдарының техникалық және санитарлық жағдайын біледі. Желінді көріп зерттеу арқылы терісінің түрін және тығыздығын, (түк-жүн) өсуін кейбір бөлімшелерінің емшектерінің түрін, біркелкілігін зеттейді, сонымен қатар тері асты қан тамырларының жағдайын білген дұрыс. Сүт безің ұстап көру арқылы оның ауыршандығын, тітіркенуін тексереді, тығыздығын, ісінген жерлерін оның сипатын анықтайды, сонымен қатар желін ұлпасынын, цистернасынын, емшек каналындағы морфологиялық жағдайын анықтайды. Сүт безін тек сауылғаннан кейін ғана ұстап көрген абзал. Желін терісінін температурасын алақан сыртын жанастырып, басқа жағының температурасымен салыстырады.
Желінсауды балау
Клиникалық зерттеу |
|
Лабораториялық зерттеу |
|
Экспресс- балау |
||||||
|
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
|
|
|||||
Көру |
|
Сүтті бақылау табақшасында С Б Т |
|
МИМ-1 ПЭДМ |
||||||
|
||||||||||
Ұстап – көру |
|
|
|
|||||||
Димастин сынамасы |
Тұндыру Сынамасы |
Мастидин сынамасы |
||||||||
|
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
|||||||
|
Егер зерттеулер оң нәтиже бергенде |
|
||||||||
|
|
|
|
|||||||
Қосымша бактериологиялық зерттеулер жүргізіп, микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
Ескерту
СБТ – сүтті бақылау табақшасы
МИМ – маститтін механикалық индикаторы
ПЭДМ – маститті экспресс диагностикалау приборы
Әрбір желін бөлімшесінің ісігін, тығыздығын, ауыршандығын анықтау үшін, оларды жеке-жеке ұстап – көру арқылы аса қатты баспай зерттейді.
Қалыпты жағдайда сүт безінің терісі: нәзік, жақсы жиырлады, ал паренхимасы тығыздалған бөлектелген ұлпа тәрізді сезінеді. Желіннің цистернасын және емшек каналын зерттеу үшін емшек түбінен бармақ және бас бармақ саусақтарымен қысып алып төмен қарай тартып көріп емшек ұшына дейін зерттейді, сонымен қатар емшекті саусақ арасында домалатып ұстап оның цистернасы және емшек каналымен қабырғасындағы морфологиялық өзгерістермен сүт тастарынын болуын анықтайды.
Желін үсті лимфа түйіндерінің көлемін, қимылын, тығыздығын, ауыршандығын ұстап көру арқылы анықтайды. Қалыпты жағдайда аталған түйіндердің ұзындығы 7-8 см, көлденені d=1 см, қимылшаң, ауырмайды, тығыздығы қалыпты. Желінсауға шалдыққанда желін үсті бездерінің көлемі үлкейіп ауыршаң болады және қимылдамай тығыз орналасады. Сауып көру арқылы емшек каналының сифинктерінің жағдайын анықтайды, сонымен қатар емшек каналының анатомиясының бұзылуынан емшек дұрыс сауылмай және сүттің өз бетімен ағып кетуін анықтауға болады (лакторияны), секреттің мөлшерін және органолептикалық қасиеттерін дәлелдейді. Сауылған секретте қойыртпақ ірімтіктердін пайда болуын анықтағанда, оны желінсаудың бір көрсеткіші деп есептеуге болады.
Желінсаудың лабораториялық балауы – секреттің физико-химиялық, биологиялық өзгерістеріне, соматикалық торшалардың көбеюіне (лейкоциттер, эпителиалды торшалардың) және қоздырғышты анықтауға негізделген.
Бұндай өзгерітерді анықтау үшін арнайы диагностикалық препараттарды қолданады: димастин, мастидин, ал бұл әдістерді қолданғанда неғайбыл қортынды болса оған қосымша тұндыру сынамасын өткізеді, керек жағдайда бактериологиялық зерттеулер жүргізеді (қоздырғышты анықтау немесе оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды).
Сиырларды клиникалық желінсауға күнделікті сауған кезде тексеріп турады, ал жасырын желінсауға міндетті түрде айына бір рет тексеру қажет. Ол үшін сүт сынамасын сүт бақылау табақшасында анықтайды.
Сауынды сиырлардан сүт сынамасын тек сауылып болған кезде ғана алуға болады, егер сиыр толық сауылып қойса сынама алар алдында желінді сылап – сипайды. Сауылуға дейінгі немесе сауу кезінде алынған сүт сынамасы зерттеуге керексіз.
Суалтқан сиырларды желінсауға екі рет тексереді, суалтқан кездің басында және тууға 10-15 күн қалғанда.
Суалған және суалтуға жіберілетін сиырларды зерттегенде желіннің, емшектін секретінің түр-түсіне, қоюлығына назар аударады, тұнбаның сипатына да көңіл аударады.
Дені сау суалтылған және суалтуға дайын сиырлардың желінінен алынған сұйықтың рН ортасы сілтілі екенін ескере отырып балауға баға береді, сондықтан әрбір бөлімшеден алынған сұйықтын физикалық құрамына, іріңнің болуына, ірімтіктердің және сасық исіне көңіл аударып мұқият есепке алған дұрыс.
Суалтудың соңына қарай барлық сиырларды клиникалық желінсауға зерттейді, сүтің 5%-тік димастин ертіндісімен, немесе 2%-тік мастидинмен зерттеп және сынаманы тұндырады. Ауру сиырлардан асептика ережесін сақтай отырып зарарсызданған пробиркаларға сүт сынамаларын алып бактериологиялық зерттеуге жібереді.
Суалтқаннан кейінгі 2-3 апта бойы желіннен алынған секрет сұйық көгілдір болады, ал екінші жартысында түссіз болып кейінерек сарғыш түске айналады, секреттін мөлшері 3-5 мл-ге дейін азаяды, консистенциясы жабысқақ болып, сарғыш түстен қоңырға айналады. Кейбір жағдайда суалтудың екінші жартысында секретті сауып алуға мүмкін болмайды.
Димастин сынамасы
Зерттеу үшін дистилденген немесе қайнатылып, суытылған суда димастиннің 5% ертіндісін дайындайды. Табақшаның әрбір ойысына әр емшектен 1 мл ден сүтті сауып тамызады да оған 1 мл-ден алдынала дайындалған димастиннің ертіндісін қосады, одан кейін қоспаны шыны таяқшамен 10-15 сек әрқайсысын жеке – жеке араластырады. Реакция қортындысын қоспанын қоюлығына және түсінің өзгеруіне қарап бағалайды.
Қойыртпақтың қоюлығына қарап баға беру: теріс реакция – сұйық біркелкі, оң реакция – қоюланған жерлері білінеді, сынама қоюланып, шыны таяқшаның ұшымен алып тастауға да болады.
Түсіне қарап баға беру
Күрең, күрең – қызғылт (қызғылт-күрең) – сүттің қалыпты реакциясы (6,5-6,8) сары – сүттің қышқылдығының өзгеруі (рН-6,5); қызыл-сүттің ортасының сілтілі жаққа өзгеруі (рН 6,8); алқызыл, қызыл – сілтілі ортаны көрсетеді (рН 7,0) осыдан жоғары.
Мастидиннің 10% ертіндісімен сынама
Сиырлардың сүтін желінсауға тексеру үшін мастидиннің 10% ертіндісін қолданады. Қоспаның қоюлығына қарап баға беру жоғарыда айтылғандай өткізіледі. Сүттің ортасын, түсінің өзгеруіне байланысты анықтау.
Ақсұр тәрізді түс – рН ортасы қалыпты (6,5-6,8) ақ тәрізді – қышқылдығының көтерілуі қара сұр түсті-сілтілі жаққа өзгеруі.
Желіннің қандай бөлімшесінің зақымдануын анықтау үшін 10% мастидин ертіндісімен оң, немесе күдікті реакция берген малдың әр емшегінен сауылған сүтінен сынама дайындап, 2% мастидин ертіндісімен зерттейді.
Мастидиннің 2% ертіндісімен сынама
Мастидиннің 2% ертіндісін дайындау үшін 100 мл 10% ертіндіге 400 мл дистилденген су қосады. Сынаманы қою барысында түсінін өзгеруіне және қойыртпақ пайда болуына қарап нәтижесін талдайды. Сүтті зерттеу кезінде негізгі диагностикалық көрініс: димастин және мастидин қолданған кезіндегі қойыртпақтын пайда болуы, ал түсінің өзгеруіне қарап, тек болжам жасауға болады.
Тұндыру сынамасы
Мастидин және димастин сынамаларымен зерттегенде күдікті болса тұндыру сынамасын өткізеді. Сауудың соңына қарай әр емшектен пробиркаларға 10 мл сүт сауып тоңазытқышқа 16-18 сағатқа немесе басқа салқын жерге қояды, өйткені сүт ашып кетуі мүмкін. Екінші күні сынамаларды қарап, нәтижесін талдайды, бұл жұмысты тек күндіз сәуле түсіп тұрғанда жүргізген дұрыс, жұмыс барысында тұнбаға, қаймақтын мөлшеріне, сипатына және сүттің түсіне назар аударады.
Дені сау малдың сүті ақ немесе көгілдір болады, тұнба түспейді. Ал ауру сиырлардың сүті су тәрізді қаймағы созылмалы қойыртпақталған, түсі өзгермейді.
Тұндыру сынамасының диагностикалық көрінісі ретінде тұндырылған сүтте тұнбаның пайда болуы немесе созылмалы іремтік қаймақтың пайда болуы, тұндыру сынамасының оң нәтижесін көрсетеді.
Бұндай сүт берген сиырды ауру деп жалпы табыннан бөліп емдей бастайды. Желіннің ауру бөлімінен, сүтті жеке ыдысқа қолмен сауып алып зарарсыздандырып жояды. Ал желіннің зақымданған бөлімінен алынған сүтті, (емдеу әдістерінің нұсқауы бойынша) әрбір жағдайда жеке істен шығарады.
Бактериологиялық зерттеуге сынама алу
Ауру малдың сүтіндегі патогендік микрофлораны анықтап, оның антибиотиктерге сезімталдығын зерттеу үшін бактериологиялық сынама дайындайды.
Желінсаумен ауырған сиырлардың зақымдалған бөлімінен сүт сынамасын емдеу алдында алып, республикалық облыстық, аудандық зертханаларға жібереді.
Сынамаларды алу тәртібі
Бактериологиялық зерттеу үшін сүт сынамасын сиырды сауып болған соң, асептика ережелерін сақтап отыра алады. Ол үшін желін емшектерін 70% этил спиртімен ылғалданған немесе динатурат спиртімен ылғалданған мақтамен сүртіп, зарарсызданған пробиркаларға 5-10 мл сүт сауып алады. Сынама аларда пробирканын шеті емшек ұшына тимегені дұрыс.
Сынамаларды апарып-өткізу ережелері
Сүт сынамаларын арнайы мұз салынған термосқа салып 3-4 сағат ішінде лабораторияға жеткізу керек. Алынған сынамалардың зерттеу нәтижесіне қарап ветеринарлық дәрігер желінсауға диагноз қойып, микрофлоранын антибиотиктерге сезімталдығына қарап емдеу әдістерін таңдайды.
Қабыну сатыларының көрінуіне байланысты желінсауды екіге бөледі
а) клиникалық– қабыну көріністері айқын білінеді
б) субклиникалық – аурудың белгілері мүлдем көрінбейді. Сонымен тәжрибе де көбінесе аралас түрлері жиі кездеседі.
Мысалы: Серозды желінсауды дер кезінде анықтап, емдемесе ол ірінді желінсауға айналып кетеді.
Желін безі қабынған кезінде қабыну процессіне тән белгілер байқалады: қызару, ісіну, температурасының көтерілуі, қызметінің бұзылуы. Аталған өзгерістер желінсаудың барлық түрінде кездеседі, бірақ әртүрлі байқалады, өйткені мал организмінің төзімділігі әртүрлі болады, сондықтан аталған өзгерістер организмнің төзімділігіне байланысты әрқилы байқалады, осыны ескере отырып салыстырмалы балауд ы қабыну эксудатының сипатына қарап жүргізеді.
3.2 Шаруашылыққа сипаттама
Біз дипломдық жұмысты орындаған шарушылық жазық аймақта орналасқан. Шаруашылық екпе-шөп, егін егеді және екпе картоппен айналысады
Аталған шаруашылықта барлығы 1810 бас ірі қара бар оның 163 басы 2013 жылы туған құнажындар, 278 басы 2012 жылғы құнажындар, 170 басы 2014 жылғы бұқашықтармен торпақтар, 295 жаңа туатын құнажындар. Сүт сауатын кешенде 768 бас сааунды сиыр – жылдық орта өнімі 3500 кг сүт. Сиырларды жыл бойы байлауда қорада ұстайды. Сауу арасында күндізгі моционға төбесі жабық шарбақтың ішінде серуендейді. Сиырлар күніне 3 рет мехиникалық түрмен сауылады – сауу аппаратымен. Туу бөлімшесіндегі және туу алдындағы сиырлар моционға мүлдем жіберілмейді және жайылымда жайылмайды, жыл бойы қорада азықтанады.
Сауынды сиырлардың қысқы рационы: 20 кг жүгері сүрлемі, 10 кг азықтық қызылша, 4-8 кг көк шөп, 8 кг жоңышқа сүрлемі, 5-7 кг комкорм жемі, 100 г монокальцийфосфат, 100 г ас тұзы. Жаз айларында жүгері жапарақтарымен сабаның қосындысы – 45 кг, 20 кг азықтық қызылша, 90 г монокальцийфосфат, 130 г ас тұзы, 6-7 кг жем.
Шаруашылықтағы типтік жобада бетоннан салынған қоралар. Бөлме ішінде ауа алмастырғыш құрылымдар орналасқан. Азық шөп-жем Т-16 тракторымен таратылады.
Сурет 1. Шаруашылықтан көріні
- 3 Зерттеу нәтижелері және оны талдау
Дипломдық жұмысты орындау барысында. Біз сиырларды туғаннан кейінгі кезеңде міндетті түрде желінсауға тексердік, өйткені туғаннан кейінгі кезеңде сиырлардың сүттенуі қарқынды жүріп әртүрлі факторлардың әсерінен – суыққа ұрыну, микробтардың енуі, жарақаттану т.б. әсерінен желін бездері ауруға шалдығады.
№1 кесте
Шаруашылықтағы сиыр желінсауының таралуы
№ |
Жыл мерзімі |
Зерттелген мал саны |
Желінсаудың түрлері |
|||||
Катаральды |
Іріңді катаральды |
Іріңді |
||||||
Бас |
% |
Бас |
% |
Бас |
% |
|||
1 |
Қыста |
76 |
12 |
16 |
14 |
18 |
8 |
10 |
2 |
Көктемде |
94 |
7 |
7,4 |
15 |
16 |
6 |
6,3 |
3 |
Барлығы |
170 |
19 |
11,2 |
29 |
17,2 |
14 |
8,2 |
Өндірістік тәжірибе кезінде қыс және көктем айларында барлығы 170 бас аналық малды туғаннан кейінгі кезеңде желінсауға тексердік. Оның 19 басы катаральды желінсауға шалдыққан – 11,2 %, 29 басы іріңді — катаральды желінсауға шалдыққан, яғни 17,2 %, ал 14 басы іріңді желінсауға шалдыққан.
Жыл мерзіміне байланысты қарайтын болсақ, қыстада көктемде де іріңді – катаральды желінсау жиі кездескен, қыста – 18 %, көктемде – 16 %. Одан соң катаральды желінсау қыста 16 %, ал көктемде 7,4 % кездеседі.
Малдың желінсаудың іріңді – катаральды түрінің жиі кездесуі 16 % және 18 % туғаннан кейінгі асқыну салдарынан деп есептейміз.
Зерттелген мал басын үш топқа бөліп катаральды, іріңді, іріңді – катаральды желінсауды жеке дара емдеу жүргіздік. Әр түріне өзіміздің ұсынған кесте бойынша емдеу жүргіздік.
Бірінші топтағы іріңді-катаральды желінсаумен ауырған малды төменгі кесте бойынша ем жүргіздік.
№2 кесте
Катаральды желінсауды емдеу кестесі
Емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектер |
Қолдану әдістері |
Бір рет қолданатын дозасы |
Емдеу күндері |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|||
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
1 |
1 |
|||
0,5% новокаинмен неовитин қоспасы |
Күре тамырға |
100-150 мл 1 млн. ӘБ |
+ |
|
+ |
|
+ |
|
+ |
|
|
2% Na-гидрокарбонаты |
Емшек үрпісіне |
80-100 мл |
+ |
+ |
+ |
|
|
|
|
|
|
Жиі-жиі сауу |
Қолмен |
Күніне 4-6 рет |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Мастисан |
Емшек үрпісіне |
10-15 мл |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
|
|
Желінге блокада жасау |
Магда әдісімен |
2 күнде бір рет |
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
0,5% новокаиндік 5% АСД-2 ф. |
Тері астына |
20 мл |
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
«Витафон-4» аппаратымен ем жүргізу |
Желіннің қабынған бөлігіне |
2 күнде 1 рет 3 мезгіл |
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
Сонымен қатар, желін түбіне қысқа Д.А. Логвиновтың әдісі бойынша тосқауыл жасау. Ол үшін 3-5 % новокаин ерітіндісін қолданады.
№3 кесте
Іріңді және іріңді-катаральды желінсауды емдеуге ұсынылған кесте
Дәрі-дәрмектің аты |
Жіберу жолы |
Бір реттік дозасы |
Емдеу күндері |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|||
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
|
|
|||
0,5% новокаин окситоцин 40-50 ӘБ Антибиотик 1 млн ӘБ |
Күре тамырға |
200-250 40-50 ӘБ 1 млн |
+ |
|
+ |
|
+ |
|
+ |
|
+ |
Антибиотик |
Бұлшық етке |
1 млн ӘБ 2 рет |
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
Қоспа: 40% глюкоза 10% СаСІ ерітіндісі, кофеин ерітіндісі |
Күре тамырға |
250 мл 120 мл 10 мл |
|
+ |
|
+ |
|
+ |
|
|
|
Жиі-жиі сауу |
Қолмен сауу |
Күніне 4-5 рет |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
|
Жеңіл сылап-сипау |
|
4-5 рет |
|
|
|
|
|
+ |
+ |
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Осыған қосымша Д.А. Логвиновтың тосқауылын жасауға болады.
Жоғарыда көрсетілген кестелер бойынша катаральды, іріңді-катаральды желінсауларды емдедік. Малдың желін безінің қызметі қалыптасып сауығып кеткенін тіркедік және шаруашылыққа осы емдеу әдістерін пайдалануды ұсындық. Сонымен дер кезінде желін безінің ауруларын диагностикалап оған тиімді ем қолданса, малдың денсаулығын түзетуге болады.
Желінсауды емдеудің негізгі қағидалары
Желінсаулардың барлық түрлерін емдеу үшін көптеген әдістер қолданылады бірақ ем қандай болмасын оның негізгі мақсаты:
- желін ұлпаларында қабыну процесін жою мен сүт өнімділігін қайта қалыптастыру болады;
- кейбір авторлардың пікірлері келесі сұрақтарға қарама қайшы, мысалы:
- желін тітіркенгенде және субклиникалық желінсау кезінде антибиотиктерді қолдану әрқашан және міндетті түрде болу қажет пе?
- Дәрілік заттарды цистерна ішіне енгізу қажет пе? т.б.
Субклиникалық желінсауды емдеу барысының 1-ші кезеңінде зиянды әсер етуші факторларды жойған жөн және мал организмінің жалпы және жергілікті төзімділігін жоғарылатуға күш салу. Желінсауларды емдеу барысында келесі әдістерді қолдану нәтижелі: желінге массаж жасаудан кейін, оны жиі-жиі сауып тастап отыру, жылу озокерит апликацияларын (И.Л.Якимчук 1967), парафинді жылытып танып тастау соллюкс лампаларымен жылыту, жалпы әсерлі препараттарды жіберу (40% глюкоза, 10% кальций хлориды,10% кальций глюконаты); сонымен қатар организмнің иммунитетін көтеру үшін өткізілетін шаралар: аутогемотерапия, ихтиолотерапия, витаминотерапия, биогендік стимуляторларды қолдану. Емдеудің тиімділігін димастин сынауы және т.б. тестермен бақылап отырған жөн. Егер инфекциялық процесс байқалса, антибиотиктерді қолданады.
Субклиникалық желінсауды емдеген кезде көптеген авторлар дайын дәрілік заттарды қолданғанды қалайды (мастицид, мастисан А, Б,С, мастикур, пенорсин А, дифурол А, мастоаэрозол, аэродит т.б.). Бұл препараттарды аз мөлшерде 3 күн қатарынан 24 сағат аралығында қолданады. Препараттардың патогенді микрофлораға ұзақ әсер етуін қамтамасыз ету үшін сиырды кешкі сауғаннан кейін препараттар инстилляциясын өткізген жөн. Сиырларды емдеу барысында және кейінгі
7 күн бойы қолмен сауады. Емдеу нәтижелерін 7-10 күннен кейін анықтайды.
Суалу кезеңінде жасырып желінсауды емдегенде ұзақ әсер етуші антибиотиктер мен сульфаниламидтік препараттарды қолданған жөн, себебі олардың секретпен бөлінуінің бақылаудың қажеті жоқ.
Сиырларды емдегенде антибиотиктерді қолдана беру кері әсерін тигізеді, өйткені ол тұрақты микроорганизмдердің пайда болуына байланысты ашытқылық желінсауға (дрожжевой мастит) әкеліп соқтырады (O Wenen 1967, Д.Д.Логвинов, Н.Д.Вольвач 1970, Рязанский 1980, Рубцов). Сонымен қатар сүттегі қалдықта антибиотик мөлшері адам организміне түсіп, алдына дисбактериозға әкеп соқтырады, сүтте антибиотиктердің көп мөлшерде болуы одан сүтқышқылды өнімдерді дайындауға жарамсыз етеді, себебі антибиотиктердің бактериостатикалық әсері бар, сонымен қатар антибиотиктерді қолдану сүт безінің қызметін қайта қалыптасуына әсерін тигізбейді. Ауырып, сауыққаннан кейін сүт өнімділігі келесі лактацияда 150-200 гр төмендейді. Жоғарыда айтылып кеткен кемшіліктерге байланысты басқа тиімді препараттарды іздестіру керек. Дәрілік заттарды таңдаған кезде олардың бактериоцидтік дәрежесіне, әсер ету деңгейін қолдану ортасындағы тұрақтылығын, еру дәрежесіне назар аударады. Мұнда препараттың құны, қолдану жеңілдігі, әсер ету жылдамдығы, ең бастысы емдік тиімділігінің маңызын ескерген дұрыс.
Г.С.Григорянның ұсынуы бойынша сау сиырдан 2-2,5 ай сүттену кезінде алынған жаңа сауылған жоғары лизоцимді, лизоцим титрі 30 және одан жоғары сүтін 150 мл мөлшерде желін ішіне 2-3 күн аралығында күніне 1-2 рет қолдану жануарларды емдеудің барысында сүт өнімділігін орнына келтіреді. Сүт, сүт жолдары арқылы альвеолаларға қайта сіңіп онда лизоцим, А-витаминнің болуының арқасында сүт безінің секрециясын қалыпты жағдайға келтіреді, патогенді стафилококктар мен стрептококктарға әсерін тигізеді. Емдеу барысында безді ұлпаның қызметінің бұзылуын тоқтатады. Емдеудің нәтижесінде малдын жағдайы жақсарып кетеді.
Л.Д.Демидов, В.М.Юрков т.б. желінсаумен күресу үшін ферментативті препарат-лизомаст (лизолидаза) қолданған. Бұл препараттың құрамында микробтекті бактериялардың және протеолитикалық ферменттер комплекс бар, ұйтқылығы төмен, кері әсер етпейді. Препаратты 1-2 рет 48 сағат интервалда 10 мл дозада еңгізген өте тиімді.
Е.В.Ильинский, А.Н.Трошин, және басқалар үш жаңа фитотерапевтік «Уберсал-2», «Уберсид» препараттарын шығарған. Препараттардың кері әсерлері анықталған жоқ. Бұл препараттардың антимикробтық, қабынуға қарсы, регенеративтік процесстерді реттейтін, тері үсті апликациясына антипарабиотикалық, жансыздандыру қасиеттері бар. Жасырын желунсаулардың сауығуы 96-100% құрады, сауығу мерзімі 2-4 күн өтеді.
Желінсауды емдеу үшін жаңа пробиотик-бактоцелолактин ұсынылған болатын жасырын желінсау кезінде препаратты сауғаннан кейін сүт цистернасына 1-2 мл 2 күнде бір рет жіберу керек, емдеу тиімділігі-100% болады. Препараттың негізін зиянсыз микроорганизмдер құрайды.
Жақсы емдік нәтижелерге төмен интенсивті лазер сәулесін (ТИЛС) қолдану арқыла қол жеткізген ТИЛС қабынуға қарсы, ауырсыздандыру, био-және иммунностимуляторлық, қанның микроциркуляциясы мен метаболизмін, репаративті процесстерді жақсартатын қаситтері бар. И.И.Балковой және В.П.Иноземцев MUNA-MB аппаратын желінсау терапиясы, алдын алу үшін импульсты режимде, толқын ұзындығы 0,89 мкм қуаттылығы 5 Вт, тербеліс жиілігі 1500 Гц емдеу үшін 5-8 сеанс, алдын алу үшін -3 сеанс қатарынан қолданған. Жасырып желінсаулар кезіндегі тиімділігі 82,6% болды. Лазермен емдеудің дәрілік препараттардай кері әсері жоқ. Сонымен қатар лазермен 1 сиырды емдеу басқа әдістерге қарағанда әлде-қайда арзан болатыны дәлелденген.
В.И.Рубцов желінсауды емдеу үшін дистилденген судағы 10% ихтиол ертіндісін қолданған. Бұл препараттың қабынуға қарсы, тамырларды жиырушы, қанды қайта қалыптастырушы қасиеті бар және ол сүт безінің қызметіне әсер етпейді.
Препаратты 20 мл мөлшерде емшек каналы арқылы желінің үлкен бөлігіне 2 рет ертеңгілік және кешкілік сауғаннан кейін, 5 күн қатарынан енгізген тиімді.
Желінсауды емдеудің негізгі тәсілдерімен, қағидалары.
Желінсаумен ауырған сиырларды емдеу кезінде ветеринарлық дәргердің алдында төменгі мақсаттар тұрады: малдың өмірін және өнімділігін сақтау. Емдеу шаралары кешенді түрде жүргізіліп, мал организмінің күресу күштерін күшейтуге, зақымданған мүшеден қабыну эксудатын шығаруға, альвеолаларлық клеткалардың секреторлық қызметін қалыптастыруға, сүт безіндегі микроорганизмдердің өсуін басуға және патогендік микроорганизмдердің тіршілік қызметінің өнімдерімен уланудың алдын алуға бағытталғаны дұрыс.
Емдеу шаралары алдынала құралған жоспар бойынша белгілі бір уақыта жүргізіліп, қабыну процессінің асқынуына, емдеу әдістерімен дәрі-дәрмектеріне сәйкес орындалады. Емдеу уақыты әртүрлі болады. Егер мал сауығып кетпесе қабыну процессінің сипатын ескере отырып басқа емдеу тәсілдерін қолданған жөн.
Сиыр желінсауын емдеу әдістерінің бірнеше түрлері бар
Патогенетикалық, этиотроптық, физикалық және кешенді түрлері. Желінсаумен ауырған сиырларды емдеу алдында қолмен саууға ауыстырады, егер бұны орындауға мүмкіндік жоқ болса, онда қабынған бөлімін қолмен, ал басқасын сауу аппаратымен сауады. Қабыну ісігін кішірейту үшін және сүтін кеміту үшін малға шырышты азықтарды беруді доғарады (сүрлем, жем, барда, сығындыны, сыра үгіндісін, тамырлы көкөністерді) оларды жоғары сапалы өнімдермен алмастырады, сонымен қатар тұзбен судында көлемін азайтады.
Желінсаумен ауырған сиырдың желін ұлпасының ісігін қайтару үшін және патологиялық секретінің көлемін азайту үшін жиі-жиі сауып отырады: желінсаудың жіті өту кезінде әрбір 2-4 сағатта, ал созылмалы өту кезінде кәдімгі сауу мерзімдерінде, сиырды өте абайлап, ауыртпай сауады. Ауыршандығын төмендету үшін новокаин ертіндісін қолданады. Новакаинді қолданған кезде күшті тітіркеніс әлсіге айналып, қабыну жағында зат алмасу процессі артады да, қабыну процессі сәтті өтеді.
Сонымен новокаиннің анестезиялық қасиетінен басқа, оның нейротамырлық реакцияны қалптастыратын күші бар. Новокаин организмнің барлық күшін ауруды қоздырған әсермен күресуге бағыттайды, сонымен қатар фагоцитозды арттырып, қанның бактерицидттік, лизоцимдік белсенділігін арттырады, альвеолалардың миоэпителиальдық торшаларының жиырлуын күшейтеді.
Желінсау кезінде, егер желін безінде қайта қалпына келмейтін процесстер өтсе, ірінді некрозға ұшрамаса, гангренамен, атрофияға, индурацияға айналып кетпесе новокаинді қолдану өз нәтижесін береді. Новокаинді тосқауылдың бірнеше әдістері ұсынылған:
- В.В.Мосиннің плевра үсті новокаин блокадасы
- Д.Д.Логвинов әдісі бойынша новокаинді құрсақ ортасына жіберу
- Б.А.Башкиров әдісі бойынша новокаин тосқауылы
- Д.Д.Логвинов әдісі бойынша 10% новокаин ертіндісін құрсаққа жіберу.
- И.И.Магда әдісі бойынша аралық нервті тосқауылдау
- Г.С.Фатеев әдісі бойынша новокаин тосқауылын өткізу.
Шаруашылықта желінсау кезінде қолданылатын кешенді емдеу әдістері
Бұл емдеудің маңызы мынада: Әртүрлі әдістермен қажетті дәрі-дәрмектерді алмастыра отырып емдеуде, сонымен қатар желінсаумен ауырған малдың физиологиялық және клиникалық жағдайын ескергенде дұрыс.
Табиғи емдеуді мал организімінің ішкі күресу күштерін күшейтуден бастаған жөн. Сондықтан байқалған клникалық желінсау кезінде вена қан тамырлары арқылы 10 % хлорлы кальцийдің 100-120мл, 40 % глюкозаның 200мл, және 20% кофейн бензоатының ертіндісін 10 мл мөлшерде қанға жібереді.
Жалпы әсер ететін заттар ішінде өзінің қанын ет арқылы немесе тері асты арқылы дозасын ретімен көбейте отырып ара қашытығын 48 сағат салып инекция жасайды. (30,60,90).
Организмнің ауруға қарсы тұру қабілетін арттыру үшін және эпителий ұлпаларының регенерациясын күшейту үшін 5-10 мл тривитамин немесе тетравит егеді. Тері астына немесе етке 3% АСД Ф-2, 0,5% новокаин ертіндісінде 20 мл мөлшерінде үш рет арасына 72 сағат салып егіп жібереді.
Өзінің қаны (ауто қан) және АСД-2 фракциясы организмдегі зат аламасу процестерін арттырады, орталық нерв жүйесінің қызметін күшейтеді, организмнің төзімділігін арттырып, регенерация процесстерін үдетеді.Қабынған мүшенің ауыршаңдығын жою үшін емдеуді новокаин егуден бастайды. Желіннің алдыңғы бөлімшелері зақымданған кезде Д.Д.Логвиновтың тосқауылын орындайды. Желінсау жыныс мүшелерінің қабыну салдарынан пайда болған кезде , сонымен қатар желіннің алдыңғы бөлімшелері зақымданғанда Г.С.Фатеев әдәсі бойынша тосқауыл жасайды.
Желінсауды кешенді емдеудің маңызды сатысының бірі: желіннің зақымданған бөлімшесіндегі қабыну секретін толығымен шығару, ол үшін жиі-жиі сауумен қатар, бұлшық етіне питуитрин немесе окситоцинді 8-10 ә.б. мөлшерде малды сауудан 10 минут уақыт бұрын енгізген өте дұрыс. Емдеу барысында бұл әдіс 2-5 рет қайталанады. Емдеудің бірінші күндерінде малды сауғаннан кейін окситоцинмен питуитрин әсерімен қатар, патологиялық экссудаттан желін қуысын қосымша тазарту керек. Сонымен қатар бициллин (3:5) антибиотиктерін т.б. малдың 1кг тірі салмағына 5-8 ә.б. есептеп еккен дұрыс. Егер қабыну экссудаты қоюланып саууға мүмкіндік болмаған жағдайда, желін үрпісі арқылы екі көмір қышылды соданың 1-2% -50-100мл мөлшерде желін үрпісі арқылы жібереді. Айтылған дәрі-дәрмектерді жіберген соң 15-20 минут өткізіп, желінді сауып отырған ұрыс. Желінді әбден сауып болған соң, үрпісі арқылы ихтиолдың 10% ертіндісін жылы күйінде күніне бір рет 40мл-ден сүт катетірі арқылы күніне бір рет желіннің қабынған бөлімшесіне (катаралды қабыну кезінде) жібереді, осындай шараларды 3-5 ретке дейін өткізеді.
Жоғарыда айтылған желінсау түрлеріне қолданылатын кешенді ем: фибринозды, іріңді және гемморрогиялық түрлерінде қолданады, аталған қабыну кездерінде малдың дене температурасы көтерілгендіктен, емдеу курсына антибиотиктерді пайдаланып, тағы басқа емдеу тәсілдерін қолданады. Желінсаудың клиникалық түрлері мес қарынның атониясына әкеп соғады, сондықтан жоғарыда айтылған емдеу шараларымен қатар руминаторлық дәрілерді қолданады (ақтамыр тұнбасы, 33% алкаголь, 40% жусан тұнбасы т.б.)
Егер мал организмінде желінсаудан басқа акушерлік-гинекологиялық және асқазан-ішек патологиялары кездесетін болса, оларды емдемей, желін безінің қабынуын емдеп шығару мүмкін емес. Сондықтан мал организмін жалпы тұрғыдан қарау керек.
Желінсаудың абцесске айналған кезінде күре тамыры арқылы гексаметилентетраминнің (уротропиннің) 10% хлорлы кальций ертіндісінде 100-150 мл мөлшерде қолданған өз нәтижесін береді. Желінсаудың жіті, жіті астындағы түрлерінде дәрі-дәмектерді зақымданған бөлімшесін толық сауғаннан кейін ғана енгізеді. Ол үшін мастицид, мастисан дәрілерін 5-7 мл қолданады, сонымен қатар күре тамыры арқылы норсульфазольдың 10% ерітіндісін тәулігіне бір рет 100-150 мл мөлшерде жібереді.
Іріңді катарльды, фибринозды, гемморрогиялық желінсаулар кезінде сахарозаның қаныққан ерітіндісін, 250гр (100мл суға) қолдану өте тиімді болады. Ол үшін желіннің зақымданған бөлімшесіне тәулігіне 2 рет арасына 12 сағат үзіліс беріп катетр арқылы 80мл қаныққан ерітіндіні жібереді. Ал 48 сағаттан соң желіннің ауыршаңдығы, ісігі, жергілікті температурасы қайтып, зақымданған жерлері қалпына келеді.
Сахарозаның қаныққан ерітіндісін қолдану желін ұлпаларына оң әсер етеді және аиииинтимикробтық қасиеті бар болғандықтан желінсауды антибиотикпен емдемей-ақ жазып шығаруға болады, өйткені антибиотиктер сүт сапасын төмендетеді.
Сиырды сауып болғаннан кейін зақымданған бөлімшесіне желін үрпісі арқылы 10% ихтиолды жылы күйінде 40мл мөлшерде жіберу өз нәтижесін береді, бұндай әдіспен емдеуді 3-4 рет өткізген тиімді болады. Сонымен қатар желін терісіне жағынды және линименттерді әбден сылап-сипау арқылы сіңдіріп, жылылап орап тастаған дұрыс, ол үшін камфорлық май, 5% салицил жағындысын, салицил майының камфор майындағы 10% сұйытылған түрін қолданады.
Егер малды суалтар алдында желінсаумен ауырғаны анықталса, ауру сиырларды соңғы рет сауып болған соң желіндеріне үрпісі арқылы мастицид-2 немесе аэродит дәрілерін жібереді (ең алдымен дәріні жылытып емшек ұштарын 70% спиртпен зарарсыздандырады). Аталған дәрілердің әсер етуі 20 күнге дейін созылады, өйткені мал сауылады.
Сурет 2. Жасырын желінсауға бромтимолмен тексеру
- 4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Еңбекті қорғау және ұйымдастыру
Шаруашылықта еңбекті қорғау жұмыстары ережеге сай, мемлекеттік жүйе бойынша жүргізіледі.
Бұл ереже бойынша еңбекті қорғау техникалық сақтандыру, өртті болдырмау және шаруашылықтағы ветеринарлық – санитарлық шараларды жүргізуде жауапты мамандардың жетекшілігімен іске асады.
Жас жұмыскерлермен мамандарды әйелдердің еңбегін қорғау КЗОТ бойынша жүргізіледі.
Шаруа қожалықтарында барлық еңбекке деген қағдалар, нұсқау бойынша жүргізіліп орындалуы жаңа құжаттармен толықтырылып отырады.
Еңбекке жаңада қабылданған адам кіріспе нұсқауынан өтіп сол туралы арнайы журналда тіркеледі. Алғашқы инструктаж шаруашылықтың басшысымен өткізіледі.
Мамандардың және еңбекке араласатын жұмысшылардың жұмыс жағдайын жақсарту туралы, өрт сөндіруден сақтану жұмыстарын, алдын алу деректерді ұйымдастырып курстар жүргізуге көңіл аудару.
- Сыртқы ортаны қорғау
Табиғи процестердің негізінде өзіндік заңдар біздің басты назарымызда болуға тиіс.
Батыс ғалымдары әдетте экология ғылымы мен қоршаған орта туралы ғылымдарды дербес салалар ретінде қарастырады.
Мемлекеттік халықаралық және қоғамдық шаралар кешенін ескере отырып табиғат қорғауды әдетте адамзат қоғамының игілігі үшін табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталы тәжірибенің бір саласы ретінде қарастырады. Адамзат қоғамының дамуы, ауылшаруашылығының саласындағы өнімдерді өндіру, жетілдіру табиғат пен тығыз байланысты.
Негізгі қағида сыртқы ортаны қорғау әр мемлекеттің конститутциясына сүйене орындалады. әсіресе, дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін мал өнімдерін тамаққа қанша уақыттан соң пайдалануға болатынына өте зор көңіл бөлінеді.
Шаруашылықта мал қиларын арнайы белгіленген орынға жинайды. Одан кейін қиларды бактериологиялық әдіспен өңдейді. өңделген қиларды егістік жерге құнарлы күшейіткіш ретінде қолданылады. Жаз айларында мал өлекселерін арнайы машинамен жинап өртеуге немесе шағын ет комбинаттарында ет-сүйек ұнтағына айналдырады. Қыс айларында өлекселерді өртеп жояды. Ұжымдық шаруашылықтарда жазда жайылым, қысқа қарай шөп маяларын жинастырып дайындайды. Азық-түлік, жем-шөп және минералды удобрениялар арнайы сақталатын орындар бөлінеді. Онда қатаң тәртіп орнатылған. Көктем – егістік кезінде кейбір жер аумақтарында жанармайлармен ластанғаны байқалады. Сол тұрғыда жерді, суды, байлықты, қорғау туралы 1980 ж.ТМД аймағында заң қабылданды.
«Сыртқы ортаны қорғау», табиғатты, жан-жануарларды қорғап, халық шаруашылығына пайдалы жағын ойластырып қолдану туралы. Осы орайда Қарағанды облысы, Шет ауданы «Батық » ұжымдық шаруашылық орталық Қазақстанда орналасқан. Бұл аймақты шұғыл континентальды климат өте жиі өзгеріп тұрады, жыл мезгіліне қарамастан. Бір тәуліктің ішінде де өзгеруі ықтимал. Сондықтан да ұжымдық шаруашылықта сыртқы ортаны, табиғатты қорғауда негізгі шаралар жүргізіледі.
Ұжымдық шаруашылықтың ветеринарлық – санитарлық жұмыстары, жоспарлы түрде орындалады. Мал қоралары уақытында тазартылып, қилары бөлек жиналатын жеке алаңда биотермиялық өңдеуден өтеді. 1-2 жылдан соң органикалық удобренияға қолданылады. Өлген малдардың өлексесін жеке, өртейтін пештерге жинап өртейді. Барлық жағдайда зоогигиеналық ветеринарлық – санитарлық ережелер өте мұқият сақталады.
Бас мал дәрігер барлық істелетін жұмыстарды тікелей қадағалайды, әсіресе, жәндіктерге қарсы қолданылатын пестицидтер дұрыс қолдануын, басқада химикаттардың зияндығын анықтайды.
Барлық ауыл шаруашылық мал түліктерін жаз айларындаағынды судан суарылады.
Қыс айларында әр ұжымдық шаруашылықта арнайы дайындалған су құдықтары орнатылған. Судың тазалығына арнайы гидромелиоративтік қызметкерлер жауапты. Тамаққа қолданылатын судың сапасына өте қатаң бақылуы орнатылған. Инструкцияға сай ереже бойынша барлық талаптар сақталады. Ауыл шаруашылық техникаларын жуу үшін белгіленген арнайы орындар бар.
Ауаны қоршаған ортаны қорғау
Атмосферадағы ауаны қорғау үшін шаруашылық барлық талаптар орындалуда. Мал қоралары ережеге сай, желдің келетін жақтарын ойластырып, ауаның алмастыруы қарастырылып салынған. Мал базарларында вентиляция керек жағдайда қолданылады. Ұжымдық шаруашылықтың төңірегінде көк-шөп, жеміс ағаштары егілген, бірақ талапқа сай емес (аз ғана). Ауыл шаруашылық техникалар жылына 2 рет улы газ заттарын бөліп шығаруына тексеріледі.
Жем-шөп дайындау кезінде, егін орағын жинастыру кезінде, өртті болдырмау, сақтандыру шараларының деректері сақталып қатаң жүргізіледі. Осы жағдайларды іске асыру үшін мамандар, жұмысшыларжұмыс жүргізеді, оған қоса көрнекті оқу құралдарын насихаттау алға қойылған міндеттер (плакаттар, таблицалар, журналдар, газеттер).
Жануарларды қорғау
Ұжымдық шаруашылықтарда барлық малдарды сақтандыру үшін нормативті шаралар қатаң жүргізіледі. Атқарылатын жұмыстардың барлығы жоспарға сай орындалады. Зиянкес кеміргіштерді, тышқандарды жою негізгі міндет болып саналады. Ұжымдық шаруашылықта жабайы аңдар болмайды, тек жабайы құстар кездеседі.
Ұжымдық шаруашылыққа берілген ұсыныстар
Аталған деректерді қорыта келе ұжымдық шаруашылықта табиғатты қорғау үшін көп көңіл бөлінуде. Сондықтанда осы жұмыстарды жақсарту үшін мынандай талаптар ұсынуға болады:
- Табиғатты, еңбекті қорғау үшін түсініктеме ақпарат шараларды жүргізу.
- Жерді ластамау, мал өлекселерін, қоқыстарды суға тастамау негізгі шара.
- Егінді мол алу үшін, қысқы кезде қар тоқтату жұмыстарын жүргізу.
- Ұжымдық шаруашылық төңірегіне, аулаларға көгалдандыру жұмысын жүргізу негізгі міндет.
- Ветеринариялық санитариялық талаптарды дер кезінде орындау алдын алу шараларды жүргізу, алға қойылған мақсаттың бірі.
3.5 Сиырлардың өнімділігінің төмендеуінен келтірілетін экономикалық шығын ҚР Ветеринария Департаментінде қолданыс тапқан әдіснама бойынша жүргізіледі:
Ш = М а (В с – В а) Т қ,
мұнда: М а – ауырып қалған жануарлар саны; В с – сау жануарлардың орта есеппен алғандағы өнімділігі (л); В а – ауру жануарлардың орта есеппен алғандағы өнімділігі (л); Т – жануарларың ауыру ұзақтығы (күн); қ — 1 л сүтің құны.
Мысалы, Алматы облысында 2016-2017 жж. сүт өнімділігінің шығыны 1 сиырға шаққанда жылына 1900 л құрады:
Желінсаумен ауырған малдары саны 15%. Желінсаумен ауырған сиырлардың орташа сүт өнімділігінің төмендеуі мына шаманы құрайды:
Жылына 1900 — 15% = 1900 — 285 = 1615 л. Бір сиырға шаққандағы шығындар жылына 285 л құрады. Ал, 1000 сиырға есептегенде:
- Желінсаумен ауыру 10% құрағанда шығындар мынанша шаманы құрайды:
Жылына 1900000 л — 28500 л = 1871500 л. Ал, 100 сиырға қатысты шығын – жылына 28500 л.
- Желінсаумен ауыру 15% құрағанда шығындар мынанша шаманы құрайды:
Жылына 1900000 л — 42750 л = 1857250 л. Ал, 150 сиырға қатысты шығын – жылына 42750 л.
Біздің Алматы облысында жүргізген еспеулеріміз 1000 сиырға шаққандағы ауруға шалдығу 10%, өнімділік төмендеуінен келтірілген экономикалық шығын: Ш = 100 — (1900 — 1615) -3,5 құрайтынын көрсетті
Ш = 99750 теңге.
Ал, 1000 сиыр басына шаққанда ауыру 15% құрайды, өнімділік төмендеуінен келтірілетін экономикалық шығын:
Ш = 150 — (1900 — 1615) — 3,5 Ш = 149525 теңге.
Сүт өндіру мекемелері үлкен шгығындарға тап болады. Сірі желінсаумен ауру сиырлардан келіп түсетін сүттің 5 — 10% қоспалары барлық сүтті шикізатқа өңдеу мен сүт өнімдерін алу үшін жарамсыз қылады.
Сүт пен сүт өнімдеріне патогенді микроорганизмдер түсуі кезінде олар адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Патогенді стафилококктар адамдарда пневмония, гастроэнтерит, нефрит, энтероколит тәрізді аурулар тудыра алады. Термотөзімді стафилококк токсині сүттті қайнату мен пастерлеу кезінде де өлмей сақталады. Құрамында стафилококкты энтеротоксині бар өнімдерді тұтынған кезде адамдарда ауыр ағымдағы уланулар бой алып, өлімге дейін барып жататынын атау керекпіз. Ірі қара малдың стрептококкты желінсауы көбіне жасырын ағымда өтеді, осы кезде сүттегі патогенді стрептококктар адамдар арасында эндокардит, менингит тәрізді ауру себепшісі бола алады, нәрестелерде стрептококкты таспа мен асқазан бұзылыстары байқалады. Желінсаумен ауру сиыр сүтінде ішек таяшасы токсиндері болған кезде ішектің ащы ішек бөлігіндегі қабыну үдерістерін тудыра алады.
Сонымен, желінсауларды экономикалық, әлеуми-экологиялық мәселе болып табылады және сүт өнімдері өндірісімен айналысатын мекемелерге айтарлықтай шығындар келтіреді.
4.ҚОРЫТЫНДЫЛАР
- Желін безі ауруларын уақытында диагностикалау емдеу іс-шараларының тиімділігін арттырады.
- Уақытында қолданған ем арқасында малдың денсаулығы қалпына келіп өнімі артады (сүт өнімі)катаральді желінсауды белгілі нобайға қоса ВИТАФОН-4 аппаратымен емдегенде малдың сауығуы 34 күнге қысқарды.
- Ауруды жасырын кезінде анықтау нәтижесінде емдеу іс-шараларына шығын кетпейді.
- ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
- Шаруашылық бойынша айына бір рет желінсауға лабораториялық және клинакалық зерттеулер өткізіп тұрған дұрыс.
- Желінсауға диагноз қойылысымен кешенді ем қолдану қажет.
- Сауу кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтау қажет.
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Акатов А.К., Зуева В.С., Ивашура А.И. – «Маститы коров» Москва, Колос 1983.
- Ивашура А.И. «Гигиена производства молока в промышленном животноводстве» Ростов книж. Издательство 1976.
- Ивашура А.И. «Доильная система и состояние молочной железы коров», Колос-1983 г.
- Ивашура А.И. «Гигиена производства молока» Москва – Россельхозизу, 1984.
- Ивашура А.И., Гордоцов В.Ф. «Клин диагностика и лечению коров при маститах» Рига 1973 г
- Картошова В.М «Гигиена получения молока» Колос 1980 г
- Картошова В.М «Профилактика молока высокого качества» Ветеринария 1985 № 7
- Картошова В.М «Профилактика мастита в период сухостоя» Ветеринария 1984 № 1
- Картошова В.М , Оскамитный Н.К «Контроль состояния вымени у коров» Ветеринария 1977 № 8
- Логинов Д.Д и др «Болезни вымени у коров» Урожай 1979 г
- Пастелов А.И «Терапия при острых и хронических маститах у коров» Л.: 1972 г
- Тепел . А « Химия и физика молока» М.: 1979 г
- Хайдрих Х.Д «Маститы животных и меры борьбы» М.: Колос 1958 г
- Хоменко В.И «Гигиена получения и ветсанконтроль молока» Урожай 1985 г
- В.Д Никитин и др «Ветеринария акушерство и биотехника размножения» Колос 1999 г
- В.В Меньшова «Лаборатория методы иследования в клинике» М.: Медицина 1987 г
- Жоланов М.Н, Туребеков О.Т,Койбагаров К.У, Мадияров М.А «Мал акушерлігі және гинекологиясы» Агроуниверситет 2005 г
- Туребеков О.Т «Сиыр желісауын балау, емдеу және алдын алу» Агроуниверситет 2005 г
- Туребеков О.Т «Диагностика, лечения и нрофилактика маститов у коров» Агроуниверситет 2006 г
- В.У Рубанов «Лечения при серозных и катаральных маститах» Ж. Ветер – 9 № 1 1999 г
- Туребеков О.Т «Материалы лекционных занятий по гигиене и санитарии воспроизводства» 2008 г
- Оскамитный А.К «Формирования стада молочных комплексов» Журнал молочное и мясное скотоводство 1977 г № 1.
- ҚОСЫМШАЛАР