АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама

  ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

Физикалық география және геоэкология кафедрасы

 

 

 

 

Бітіру ЖҰМЫСы

 

Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2010

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                    

  1. Зерттеу нысандары………………………………………………..

1.1 Солтүстік Қызылқұм  шөлі аумағының зерттелу тарихы…………………..

1.2  Солтүстік Қызылқұмның географиялық орналасу орны мен ерекшеліктері

1.3 Жер бедерлері мен геологиялық құрылымдары……………………………………..

1.4 Климаттық ерекшеліктері……………………………………………………………………..

1.5 Гидрографиялық сипаттамасы………………………………………………………………

1.6 Топырақ және өсімдік жамылғылары…………………………………………………….

1.7 Жануарлар әлемі…………………………………………………………………………………..

  1. Зерттеу әдістері…………………………………………………………………………

2.1 Геоэкологиялық зерттеудің дәстүрлі әдістері……………………………………….

2.2 Геоэкологиялық және ландшафттық карталарды құрастыруда ГАЖ технологияларын қолдану…………………………………………………………………..

  1. Солтүстік қызылқұм шөлді аумағындағы табиғи-территориялық кешендердің қазіргі геоэкологиялық жағдайларына сипаттама……………………………………………………..

3.1 Солтүстік Қызылқұм шөлді аумағындағы табиғи ландшафттар

3.2 Солтүстік Қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық аудандастырылуы

3.3 Солтүстік Қызылқұм шөлі табиғи-территориялық кешендеріне  тікелей әсері бар өндірістік –антропогендік нысандарды геоэкологиялық тұрғыдан жіктеу………………………………………………………………….

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қосымшалар

 

 

РЕФЕРАТ

 

Дипломдық  жұмыстың тақырыбы: «Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының геоэкологиялық жағдайы».

Дипломдық жұмыс  беттен, 8-кестеден, 2 картадан,  2 суреттен  және  қосымшалардан  тұрады.

Кіріспе, 3 тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты: Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының қазіргі геоэкологиялық жағдайына шолу жасай отырып, оның геоэкологиялық ластану жолдарын жіктеу, жақсарту мақсатындағы іс-шараларды айқындап көрсете отырып, аумақты геоэкологиялық аудандастыру.

Негізгі сөздер: Солдтүстік Қызылқұм, геоэкология, ластану көздері, кластары, геоэкологиялық аудандастыру, геоэкологиялық және гидроэкологиялық жағдай,  өндіріс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

  1. Зерттеу нысандары

1.1 Солтүстік Қызылқұм  шөлі аумағының зерттелу тарихы

          Солтүстік Қызылқұм аймағын игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей (б.э.б ІІ ғ.) мен Геродоттың (б.э.б. ІІ ғ.) еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б.э.д. 7 ғасырларда кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарияны игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру тәсілдері ескі арналар есебінен іске асырылды. Осы аудандарда ені 10-20 м каналдар салынды/1/.

Бұл өте үлкен аумақ кезінде Еуропа мен Азия аралығын жалғастырған сауда керуен жолы болғандықтан зерттеушілердің назарын ерте кезден ақ аудартты. Тарихшылар мен саяхатшылардың айтып кеткен, жазып кеткен мәліметтері Н.Дингельштедтің (1893ж), Л.С.Бергтің (1908ж), В.В.Бартольдің (1900ж), С.П.Толстованың (1948ж) тамаша монографияларында сипатталады/1/.        Солтүстік Қызылқұмның жер бедерінің кейбір ерекшеліктерін ең бірінші Л.С.Берг 1900-1906 жылдарда Арал теңізін зерттеу кезінде назар аудартып, толық сипаттамасын берді/2/.

1913 жылы Л.С.Бергтің жазған мәліметтері негізінде Орта Азия мен Қазақстанның ландшафттық-морфологиялық аудандастырылуы жасалынды.

Орыс саудагерлері мен көпестерінің агенеттік хаттамаларынан алынған мәліметтерге қарағанда, жазбаға түскен осы өңірді географиялық тұрғыдан зерттеу 1886 жылдан басталды делінеді. Бірақ оған дейін, «Үлкен сызба кітабында», Гладышев пен Муравин, Рычков, Броувер еңбектерінде өңір туралы құнды мәліметтер келтірілген. 1856 жылдан кейін классикациялық кезең – П.П.Семенов, Ш.Уәлиханов, Н.А.Северцов жүргізген физикалық-географиялық жүйелі зерттеулерден бастады. 1848-1849 жылдары А.И.Бутаковтың экспедициясы Арал теңізі мен оның аралдарын, Қызылқұмның Арал теңізімен шекаралас аумақтарын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде 1848 жылы «Арал теңізін зерттеу үшін жасақталған экспедиция туралы мағлұматтар» атты еңбегін жариялап, 1853 жылы тарихта тұңғыш рет Сырдария өзені арқылы кемемен жүзіп өтті/1/.

С.С.Неуструев 1911 жылы бұрынғы Перовск уезінің  топырақ жабындысын суреттеуге арналған өзінің ғылыми еңбегінде аймақты төмендегі ландшафттық-топырақтық аудандарға бөледі:

  1. Сырдария өзені қазіргі аңғары мен оның салаларының аумақтары немесе осы өзеннің әсер ету аумағы.
  2. Сарысу өзенінің сағасындағы көлдік немесе шалғындық белдемдер.
  3. Сырдария өзенінің көне аңғарының ойпатты жазықты аумақтыр. Оларды оңтүстік және солтүстік бөліктерге (Қызылқұм шөлін қоса есептегенде) бөлді.

1937 жылы И.П.Герасимов Тұран ойпатының қазіргі жер бедерінің түзілуі жайында монография жазып шықты. Ол еңбекте Солтүстік Қызылқұм аймағының геологиялық даму тарихы, осы аумақта аллювиальді шөгінділердің түзілу заңдылықтары толық зерттелінген.

Жоғарыды аталған ғалымдарының еңбектеріне шолу жасай отырып, мынадай тұжырымдамаға келуге болады: «Аумақтың жер бедерінің негізгі көрсеткіштері көне аллювиальді құм шоғырларынан тұратын  тақырлар мен аллювиальді жазық»/1/.

Аумақтың зерттелу тарихына көз жүгіртсек, Соллтүстік Қызылқұмның жер бедерінің дамуы, шығу тегі мен пайда болуы тарихы жайында ғалымдардың көзқарастары әртүрлі болған, сондықтан оларды әртүрлі үш үлкен тұжырымдамаға біріктірді.

Н.А.Северцов Солтүстік Қызылқұм аумағында метеорологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. А.А.Зарудный Арал теңізі мен Солтүстік Қызылқұмның батыс бөлігінің құстары мен бауырымен жорғалаушылары, қосмекенділері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді. И.В.Мушкетов та метеорологиялық тың мәліметтер жинақтап шықты. Қазіргі уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Түркіменстанның шөл зерттеу ғылыми институты, Қазақстан Білім және Ғылым министрлігінің География институты, Ботаника институты, Зоология институты, Қазақтың топырақтану ғылыми зерттеу институты, сондай-ақ жеке ғылыми-зерттеу мекемелері аумақта әр сала бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді/3/.

 

1.2  Солтүстік Қызылқұмның географиялық орналасу орны мен ерекшеліктері

Солтүстік Қызылқұмның территориясы әртүрлі биіктіктерімен, күрделі бедерімен өзіндік ландшафттарымен сипатталады. Құмды массив Орта Азияда, Қазақстан, Өзбекстан мемлекеттерінің аумағында орналасқан. Солтүстігінде Сарысу өзенінің сағасына дейін, шығысында Шардара су қоймасына, ал батысында Арал теңізін құрғаған тағанымен шектеседі.

Бұл жердің жазықтық құмдары алювийлік жыныстардың эолдық өңделуінің нәтижесінде пайда болған. Ал кейбір аудандарында, мысалы, Қызылқұм мен Арал маңы Қарақұмдарында түпкілікті тау жыныстарының желден үгілуі нәтижесінде қалыптасқан. Қызылқұмның биік қатарлы құмды төбелері уақытша кезінде адасып аққан пролювийлік ағындардың әсеріне құралған. Бұл құм төбелерінің қалыптасуында желдің басым рөл атқарғанын көптеген ғалымдар жоққа шығарады (Геллер, Макеев, Кунин). Ал биік құмды төбелер қарқынды терең қатпарлықтың постумды тектоникаалық қатпарлықтармен сабақтасуының нәтижесінде қалыптасуы мүмкін/1/.

Солтүстік Қызылқұм шөлінің жер бедерінің шығы тегіне қарасақ, құмдардың 3 типін бөліп көрсетуге болады:

  1. Жаңа аллювийлік жыныстардың дамуынан пайда болған төбелі-үйілген құмдар;
  2. Көне (кельтеминарлық) аллювийлік жыныстардың әсерінен құралған төбелі-қырқалы құмдар;
  3. Биік төбелі-қырұқалы құмдар, олар түпкілікті тау жыныстарының үгітілуінен пайда болған.

Солтүстік Қызылқұм шөлі И.П.Герасимовтың, П.К.Чихачевтің(1931ж), Б.А.Феодоровичтің (1950ж) айтулары бойынша, үштік кезеңнің, бор кезеңдерінің жыныстарынан түзілген, ал орталық бөлігінде одан да көне шөгінділерден түзілген делінеді. Олар түпкілікті тау жыныстарының дефляциялануынан және үгілуінен пайда болған субаэральді құмдармен көмкерілген. Қызылқұм шөліндегі эолдық құмдар тек қана Амудария мен Сырдарияның төрттік кезеңдегі шөгінділерінің тарқалуынан ғана емес, сонымен қатар, палеогендік және бор кезеңінің құмды свиталарының ыдырауынан да түзілген дейді Б.А.Феодорович/4/.

Солтүстік Қызылқұмның құмдарының тілімденуінің өте күрделілігі мен құм төбешіктерінің биіктігі олардың ұшыраған эолдық процестері өте ұзақ болғандығын дәлелдейді. Сондықтан, палеоген қабатының қызыл түсті қалыңдығының ұзақ уақыт эолдық деструкция процестеріне ұшырауы салдарынан Қызылқұм шөлі пайда болған және олардың тілімденуінің өте күрделілігі бұл құмдардың өте ежелгі құмдар екендігін дәлелдейді.

Б.А.Феодоровичтің пайымдауынша, құмдардың жасының ұзақтығын тек қана құм төбелерінің тілімденуімен қатар, олардың минералогиялық құрамы бойынша да анықтауға болатындығын айтады. Олар шөгу ерекшеліктеріне байланысты, үгілуге белсенділігі төмен минералдар құм құрамынан тез арада ажырап бөлініп кетеді де, орны кварцпен тез толығады. Сондықтан, құм құрамындағы кварцтің болуы олардың жас ұзақтықтарының мөлшерін тез анықтауға көмек көрсетеді. Мысалы, минералогиялық сараптама жұмыстарын жасаған кезде, Солтүстік Қызылқұм шөлінің құмдарының құрамындағы кварцтің мөлшері 95 пайызға дейін жеткен/5/.

 

 

 

 

 

1.3 Жер бедерлері мен геологиялық құрылымдары

Қазіргі уақытта қарастырылып отырған территория түгелімен дерлік игерілген десек те болады. Бұл ежелден келе жатқан аридті территориялардың бірі. Осы өлкені барлап қарасақ, қазіргі кезде оның барлық ландшафттық құрылымдарының өзгергенін көруге болады.

Геологиялық құрылысы жағынан Қызылқұмның Қарақұмнан айырмашылығы сол: қатпарлы палеозойлық фундамент Қызылқұмның шегінде жер бетіне тақау жатады, ал орталық бөлігінде мезозой мен үштік қабатын тесіп өтіп, аласа таулар пайда қылады. Қызылқұмда төрттік шөгінді қабаты Қарақұмдағыдан біршама өзгеше қалыптасқан. Аллювийлі материял шөлге негізінен Сырдария арқылы әкелінген. Борпылдақ қызылқұмдық қат-қабаттың құрамы Қарақұмның дәл сондай шөгінділерінен құрамында сазының көптігімен ажырыйды. Мұны ірі кесек материалды Сырдарияның Ферғана қазаншұңқырына қалдырып, ал едәуір жұқаларын қазаншұңқыр шегінен ары-Қызылқұмға алып келуімен түсіндіруге болады. Барлық жағынан дерлік тұйықталған, әрі биік жоталармен қоршалған Ферғана ойысы жоталардан сусып түскен және оған Сырдария ағызып әкелген кесекті материалдардың сүзгісі- коллектор болып қалды. Ферғана қазаншұңқырының беткейлері одан ағып шығатын, әрі Сырдарияға құятын көптеген өзендердің кесек материалды ағызып әкететін негізгі көзі болды. Амударияда аллювийлі шөгінділердің мұндай коллекторы болған емес, қазірде жоқ. Ол шайынды заттарды тікелей Қарақұмға ағызып әкеліп, бағытынан тайып, оларды кең аймаққа қалдырып кетті. Копет-Дагтың солтүстік тік беткейінен ағып шыққан өзендер Теджен мен Мургаб сияқты аллювийді тіке Қарақұмға ағызып әкеледі. Қызылқұм территориясы жалпы алғанда жазық бола тұра, оның жер беті мейлінше күрделі. Арал теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын негізінен терең тілімделген эол құмдары жауып жатады, бұлардың арасында ежелгі арналарды бойлай құмтасты-сазды, көбінесе сортаңды жазықтардың жіңішке жолағы созылып жатыр. Кең байтақ алқапты құм массивтерімен, құмдақтармен, мейлінше борпылдақ бетпен және сормен алмасып келетін тақырлар алып жатыр. Қызылқұм үстінің аса ірі бөлігінде құмтасты қырқалар көп, құм қырқалардың ірі алқабын Сырдарияның ескі арналарын қуа таралған аллювийлі жазықтардың жіңішке жолағы кесіп өтеді/6/.

Аллювийлі жазықтардың жолағынан солтүстік- батысқа қарай созылған құмды қырқалар біршама аласа (10-12м), оңтүстікке қарай олардың биіктігі кәдімгідей артады, 20-30 м-ге, ал кей тұстарда 100 м-ге жетеді. Бұл қырқалар көбіне бетін жауып жатқан  қалған байырғы жыныстардан (үштік) түзілген заунгуз қырларына ұқсас.

Қызылқұмның орталық бөлігінде аласа таулар: Кульджуктау (784 м), Мамдытау , Мамдытау (888 м) және Бөкентау (785 м) көтеріліп тұрады. Амударияның атырауына жақын Сұлтан Уыздық (485 м) жотасы орналасқан. Бұл таулар қатпарларға қатты жаншылып, опырықтармен күрделене түскен палеозой жыныстарынан (граниттерден) т.б. түзілген. Қатпарлардың асиметриясы оңтүстік беткейлердің біртіндеп көтерілуімен және солтүстік беткейлердің жарлауыт болып келіуімен байланысты. Таулардан пайдалы қазындылар: асбест, мыс, графит табылған. Тау аралық ойпаттардағы мезозой жыныстарына тас көмір шоғырланған. Тянь-Шаньның даму тарихымен бірдей. Таулардың беткейлері терең сайлармен тілімденген. Тау етегінде кедір-бұдыр кесек материалдар үйіліп жатады да, тастақты шөлдің учаскелері пайда болады. Палеозой массивтері бордың және үштіктің гипстің жыныстарынан – құмтастан, конгломераттардан, құмнан, саздан түзілген тау баурайындағы елсіз жазықтармен жиектелген. Бұл жыныстар опырықтармен бұзылған ірі де кең және аласа қатпарларға жанышталған. Тау іргесіндегі жазықтардың беті құмтасты- сазды шөгінділермен алмасып келіп отыратын кесек қиыршықты материалдармен жабылған. Тау етегіндегі жазықтардың жалпы тұрпаты кісі қызығарлық, ойлы — қырлы болып келетін көбіне кемерлер — шыңқырлар жасап, едәуір аласа деңгейде жатқан жазықтан бөлініп тұрады. Шыңқырларды құрғақ, келте, әрі терең сайлар кесіп өтеді/7/.

Аласа палеозойлық тауларда тұрақты су ағысы жоқ. Көктемде ктемде (март-апрельде), жауын-шашынның ең көп мөлшері түсетін кезеңде, тау беткейлерінен және жыралармен тасқын сулар ағып түседі. Майда, жаңбыр тоқталысымен-ақ, су ағысы тартылып қалады. Жыралардың түбінен әдетте тұщы, әрі суық грунт сулары шығып жатады.

Аудан тұйық, су ағып шықпайтын ойысты келеді, ойыстардың түбі айналасынан бірнеше ондаған метр (200 м-ге дейін) төмен жатады. Мұндай бірқатар ойыстардың түбінде ас тұздарының қабаттары құралған. Амудария мен аласа палеозой тауларының арасында құмдауыт жазық орналасқан, ол ежелгі құмтасты шөгінділерден түзілген. Өсімдіктермен бекіген қырқалар меридиан бағытынды созылып жатады. Амударияның оң жағалауында зангуз қырқаларына ұқсас жоғарғы үштік континеттік шөгінділерінен түзілген қырқалар жиі кездеседі. Ойлы- қырлы, одан кейін құмды массивті жалпақ тау алды жазықтары Заревшан мен Гиссар жоталарының тау алдынан батыс бағытта біртіндеп аласара отырып, созылып жатыр. Тау алдының дәл түбінде, жоғарғы бөлігінде, жазықтар леспен жабылған. Жазықтардың үстінде байырғы жыныстардан түзілген толып жатқан төбелер мен қыраттар көтеріліп тұрады.

Аумақтың геологиялық даму тарихындағы тектоникалық құрылымдарындағы процестер төрттік дәуірдің тау жыныстарының, литогендік негіздерінің және әртүрлі жер бедері пішіндері мен типтерінің таралуынан көрініс береді. Яғни, әртүрлі жер бедері пішіндері мен типтерінің құрылымынан, қазіргі дамыған табиғи кешендерінің ерекшеліктерінен айқын көрінеді. Әсіресе, қазіргі ландшафт құрылымдарының қалыптасуында төрттік дәуірдің жыныстарының маңызы зор.

Төрттік дәуірдің жыныстарының ішінен кеңінен аллювиальді, деллювиальді және эолды жыныстар аумақтың солтүстігі мен шығысында басым келеді.

Аймақтағы негізгі ерекшеліктер бойынша жер бедерін үш категорияға топтастыруға болады:

  1. Денудациялық-тектоникалық: Солтүстік Қызылқұмның Қаратау жотасының сілемдерімен шекарасы;
  2. Денудациялық: а) төбешікті-қырқалы Қызылқұм құмдары;

                                           ә) құмды Солтүстік Арал маңы ірі массивтері;

  1. Аккумулятивті және аккумулятивті-денудациялық:

                                           а) Сырдария өзенінің аллювиальді жазықтары;

                                        ә) Өзен террасалары;

                                        б) Көлді жазықтар

                                        в) Арал теңізі тағанындағы құрғаған жаңа            эолды шөлдер.

Құмды қырқалардың биіктігі солтүстік бөлігінде 7-14 метрден аспайды. Оңтүстікке қарай біртіндеп көтеріледі де, 20-30 метрге дейін жетеді. Б.А.Феодоровичтің тұжырымдауы бойынша, осы территорияның орталығында құмды қырқалардың биіктігі олардың ұзақ уақыт бойы эолды процестерге ұшырағандығының айғағы/8/.

 

1.4 Климаттық ерекшеліктері

А.П. Алисов бойынша Солтүстік Қызылқұм шөлінің аумағы шұғыл континенттік Тұран және Солтүстік Тұран климаттық облысының құрамына кіреді. А.А. Пузырев болса, өзінің Оңтүстік Қазақстанды климаттық аудандастыруы бойынша бұл аумақты Балқаш-Арал шұғыл континенттік облысына жатқызады/10/.

Қызылқұмның солтүстік жартысының климаты жалпы алғанда шөлейттердің солтүстік аралық зонасында орналасқан территорияның, соның ішінде Үстірттің климатымен ұқсас. Солтүстік Қызылқұмға шұғыл континенттік климат жағдайлары тән, жазы ыстық, қысы қақаған суық. Батыс Қызылқұм- Орта Азия жазықтарының құрғақ бөлігі, жылдық жауын-шашынның мөлшері 80-100мм. Жауын-шашынның ең көбі көктемде-март, апрельде (20-10мм), ең азы-июль мен августа түсед; бұл айларда әдетте жаңбыр болмайды. Қызылқұмның оңтүстік жартысында қар тұрақтап жатпайды, қысы суық, бірақ солтүстіктегінен жұмсақ; январьдағы орташа температура — 400, ал ең төменгі температура -300 –тан ары, осы ретпен Қазалыда -12 және -400. Қызылқұмның оңтүстігінде июльдегі орташа температура +300— қа, ал солтүстігінде (Қазалы) +260— қа жетеді/9/.

Күн радиациясы. Бұл аймаққа жоғарғы күн радиациясы тән (140 ккал/см). География заңдылықтары сияқты мұнда да оның түсуі бұрышы өзгеріп отырады. Біздің жағдайымызда ол солтүстіктен оңтүстікке қарай ұлғая түседі. Күн радиациясыныңжылдың әр мезгілінде әркелкі түсетіні белгілі. Көптеген мәліметтерге сүйенсек, біз зерттеп отырған территорияға күз айларында бұл көрсеткіш теріс балансты құрайды (20 ккал/см). Бұдан күн радиациясының жылдың жылы кездерінде басым, ал суық кездерінде аздығын көреміз.

Территорияның құрлықтың ортасында орналасуы салдарынан қоңыржай ауа массаларының басым болады. Ал Атлант және Жерорта теңізінен келетін теңіздік қоңыржай ауа массалары тіпті аз болады. Ол ауа массалары жеткеннің өзінде өзгерністерге ұшырап жетеді. Аймақ қыста солтүстіктен келетін Сібір антициклонының ықпалында болып, аймақтың қаңтар және ақпан айларын -420С дейін төмендетеді. Ал жазда Орта Азия мен Ираннан келетін құрғақ, әрі ыстық тропиктік ауа массалары әсер етіп, аймақта құрғақшылықтың болуына алғышарт жасайды. Жоғарыда аталған ауа массаларының әрқайсысы аймақтың көптеген табиғи жағдайларына өзінің әсерін тигізіп отырады.

Атмосфералық қысым. Біздің жағдайымызда атмосфералық қысым оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай өседі. Аймақтың орташа жылдық атмосфералық қысымы 1003 гПа. Ал ең жоғарғы көрсеткіш желтоқсан мен қаңтар айларына келеді. Орташа есеппен жылына 1009-1010 гПа. Ал ең төменгі атмосфералық қысым көрсеткіші шілде айында 991гПа.

Ауа температурасы. Ауаның +100С-дан жоғары температурасының жиынтығы 3600-42000С, ал мезгілдің ұзақтығы 180-200 күн, жазы ыстық, әрі құрғақ. Шілде айының орташа температурасы +290С болса, ең жоғарғы көрсеткіш +40+420С. Желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10-15см қар түседі.

 

 

1-кесте. Ауаның орташа айлық және жылдық көрсеткіштері

Метеостанция/айлар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

жыл

Қызылорда

-9

-8

1

12

20

25

27

24

17

9

1

-7

9

Шырықрабат

-6

-3

6

16

23

27

31

31

25

12

5

-3

14

 

Жауын-шашыны. Аймақтың жауын-шашыны біркелкі таралмаған. Жауын-шашын жылына 100-200 мм түседі. Ол көбіне көктем мен қыс айларына келеді.

2-кесте. Атмосфералық жауын-шашынның көп жылдық орташа айлық және жылдық көрсеткіштері

Метеостанция/айлар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

жыл

Қызылорда

14

14

17

17

17

6

5

3

4

9

13

15

129

Шырықрабат

11

11

12

12

11

1

1

0

1

4

9

13

86

 

 

1.5 Гидрографиялық сипаттамасы

Зерттеліп отырған аумақтағы басты су артериясы, өзінің бастауын биік таулардан алатын, Қуаңдария, Жаңадария, Қарадария, Қараөзек, Арыс сияқты тармақтары бар Сырдария өзені болып табылады. Оның ұзындығы 2212 км болса, оның 1400 км құмды жерлермен ағып өтеді. Сырдария өзенінің төменгі ағысында жалпы ауданы 1164 шаршы шақырым болатын 2582 тұйық көл болған, қазір олардың үлкенді-кішілі 124 ғана сақталған. Бұл көлдер жүйесі бір жағынан Орталық Азиядағы ауа райының өзгеше қалыптасуына ықпал етсе, екінші жағынан Сырдария өзенімен тұтас гидроэкологиялық жүйені құрай отырып, биологиялық өнімділік көзі болып табылады.

Жалпы ауданның континенттігі Сырдария өзенінің су режиміне мол ықпал етеді. Дегенмен, Сырдария өзенінің су жинау алабы орта есеппен 37 км3 құрайды. Ағынның негізгі көлемі, яғни 70 пайызы бассейннің жоғарғы бөлігінде, Ферғана жазығынан шығар жерлерінде болса, оның 21-23 пайызы Шардара су қоймасынан жоғары өңірлерде ағып өтеді. Ал 7-9 пайызын өзге ағыстар құрайды. Бұл көрсеткіштер жыл бойы өзгеріп отырады.

Көктемгі су толысу кезінде, әсіресе, наурыз айының соңында судың мөлдірлігі 10-15 см-ге дейін жетеді. Тамыздың ортасы мен қазан айының соңында өзеннің ең төменгі кезеңі болады. Аралық кезеңде сулардың көп мөлшерде булануына байланысты су деңгейі біршама төмендейді/1/.

Сырдария өзенінің суының химиялық құрамы судың режиміне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, оған судың ағынын реттеу, бөгендер салу мен егістіктерден қалған ақаба сулар және өндірістік суларды қайта құйылуы ықпал етеді. Жалпы өзен суының тұздылығы 0,6 г/л. Ең төменгі көрсеткіші көктем мен жаз айларындағы толысу кезеңіне келеді. Аралық кезеңдерде өзеннің жер асты суларымен қоректенуі әсерінен оның минералдық құрамы біршама жоғарылайды. Осы кезде өзен суы құрамында натрий, калий, магний сульфаттары шамадан тыс көбееді. Ал толысу кезеңінде су құрамында кальций мен магнийдің гидрокарбонаттары басым  болады/3-кесте/.

3-кесте. Сырдария өзені суының гидрохимиялық көрсеткіштері

Қосылыстар

Концентрациясы мг/дц3

ШРШ

1989

1997

1999

2001

2007

Тұтқырлық

7,0

12,82

11,30

13,02

13,30

12,63

Хлор

300,0

96,2

122,1

121,39

146,45

133,30

Сульфаттар

100,0

762,0

488,8

572,89

628,6

602,35

Кальций

180,0

162,0

74,9

104,9

113,3

116,02

Магний

40,0

85,8

88,5

93,5

68,6

86,5

Мұнай өнімдері

0,05

0,05

0,05

0,02

0,033

0,02

Аммиак

0,39

0,36

0,34

0,31

0,28

0,28

Нитриттер

 0,02

0,03

0,023

0,010

0,017

0,0017

Нитраттар

9,0

3,02

4,10

6,96

4,62

2,30

 

Жер асты сулары. Солтүстік Қызылқұмның аумағында жер асты суының мол қоры орналасқан. Бұл жер асты суының минералдылығы 1,5-3,0 г/л аралығында. Бұл әрине ауыз суға жарамды.

 

1.6 Топырақ және өсімдік жамылғылары

Солтүстік Қызылқұм аумағының топырақтарын топырақтанушылар шөлді сұр топырақ белдеміне жатқызады. Бұл аумақтағы негізгі белдемді топырақтар типтерінің қатарына: құба, сұр-құба, құмды шөлді топырақтар, сорлар, сортаңдар, тақырлар кіреді. Аумақта сонымен қатар гидроморфты және автоморфты топырақтар да кездеседі. Гидроморфты және автоморфты топырақтар қатарына аллювиальді-шалғынды, аллювйлі-шалғын тоғайлы подтиптерге бөлінетін шалғынды топырақ, батпақты топырақтар жатады/1/.

Негізгі топырақ түзуші жыныстарға палеоген, неоген, төрттік кезең мен Сырдарияның аллювиальді шөгінділері енеді.

Тақыр тәріздес топырақтар шөлдің сорланған жерлерінің арасындағы шайылған бөліктерді алып жатыр. Ол ежелгі Жаңадария мен қазіргі Сырдарияның атырауында көп таралған. Ал тақырлы сорлар шөлді аймақтың ойпаңдарында кездеседі. Олардың механикалық құрамы ауыр, ұсақ, бұл топырақтардың бір ерекшелігі хлорлы тұздардың көп болуында. Қарашірік мөлшері 1 пайыздан төмен/4-кесте/.

 

4-кесте. Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағындағы топырақтарындағы қарашірік пен жалпы азот мөлшері, %.

Топырақтар

Қарашірік

Жалпы азот

Орташа

өзгеру шегі

Орташа

өзгеру шегі

Аллювиальді-шалғынды

1,51

0,95-2,08

0,08

0,06-0,10

Аллювиальді-шалғынды тоғайлы

0,91

0,74-1,26

0,06

0,05-0,07

Аллювиальді-шалғынды шөлденгенн

0,81

0,68-0,9

0,05

0,04-0,06

Батпақты шалғынды

1,36

6,04-1,77

0,09

0,07-0,11

Батпақты шалғынды кепкен

1,06

0,92-1,20

0,08

0,06-0,10

Батпақты шалғынды шөлденген

0,97

0,18-1,27

0,06

0,05-0,08

Шалғынды батпақты

1,86

1,44-2,44

0,13

0,10-0,15

Шалғынды батпақты кепкен

1,74

0,97-1,74

0,09

0,06-0,12

Шалғынды батпақты шөлденген

1,31

0,97-1,41

0,09

0,06-0,14

Лайлы батпақты

2,15

1,96-3,13

0,11

0,09-0,14

Күрішті батпақты

1,61

1,27-1,96

0,11

0,08-0,13

Сор

0,76

0,51-0,96

0,05

0,04-0,06

 

          Жалпы шөл белдемінің флорасын И.Г.Борщов түрлері басым келетін төмендегідей топтарға топтастырған: ксерофитті және галофитті. Сонымен қатар эфемероидтардың барын ескере кету керек. Шөл белдемінің өсімдіктерін зерттеу 18 ғасырдан басталған болатын.

          Сазды жерлерде әртүрлі эфемерлер мен итсигектер және изен аралас жусан өседі. Құмды жерлерде бұталар, бұталы аралас шөптер, еркекшөп, жусан, жүзгін, балыш, күйреуік, сарсазан, қарабарқын, қоянсүйек және т.б.

Қуаңдария мен Жаңадария жазықтарында қара сексеуіл аралас эфемерлер, жусан, кейде оларға сораң мен жантақтар, тақырларға бұйырғын, қарасексеуіл, жусандар мен күйреуіктер аралас өседі. Сырдария өзенінің салаларының бойында қызыл мия, есекмия, тергүлдер кездеседі. Сулы жерлерде қоға, айрауық, қамыс, бидайық кездеседі. Мұнда ағаштар сирек тараған. Бұталылардан жиде, тал, қарағаш, теректер тараған. Өзен арнасынан шеттеулі сулы жерлерде жыңғыл, шеңгел, итенген, сексеуіл, сорқаңбақ, басым болады. Сексеуілді тоғайлар көбінесе, шөлді ойпаттарда кездессе, онда шөптесін өсімдіктер жоқтың қасы. Қызылқұмдағы биік құмтасты қырқаларда осы шөлге тән ақ сексеуіл тараған; жергілікті жағдайларға қарай ақ сексеуілдің (Haloxylon persicum) құрамы өзгеріп отырады. Қызылқұмның солтүстік бөлігіндегі құмтасты қырқаралда сексеуілдің түбінде әдетте шөл мүгінің (Tortula desertorum) жамылғысы өседі, оның үстіне ол қырқалар аралық ояңдарда ғана емес, қырқалар беткейлерінің төменгі бөліктерінде де, әсіресе солтүстік экспозициясында болады. Қызылқұмның оңтүстік жартысына псаммофит бұталары мен жартылай бұталар аралас илак, ақ сексеуіл шөп, мысалы, қандым (Calligonum membranaceum, C. leucocladum) т.б., черкез (Salsola Richteri), қызылшы (Ephedra strobilacea) тән.

Сусыма  құмдарда әдетте қоянсүйек (Ammodendron Conollyi), қандым (Callingonum arborescens, C. eriopodum), шөптерден-еркекселеу (Aristida Karelinii), құмаршық (Agriophyllum lafifolium) т.б. сирек өседі. Құм астындағы байырғы жыныстар жақын жатқан жерлерде жусанды ақ сексеуіл көп кездеседі. Солтүстік қызылқұмда әдетте арна маңындағы жазықтарда қара сексеуіл қалың өседі. Арналарда жыңғылдың бұталары өседі. Грунт суы шығып жайылатын жерлерде ірі қамыс (тростник) кездеседі.

Қызылқұмның тауларында – Тамдытауда, Бөкентауда- cұр жусан (Artemisia terrae albae) мен тұран жусанының (A. turanica) түбіртегі тараған. Қырдағы сұр топырақта жусан эфероид және раң тәріздес өсімдіктермен араласып, жусанның қалқасында өседі. Илак (Carex physodes), жауқазын (Tulipa Lehmanniana), қоңырбас (Poa bulbosa var. vivipara), қазоты (Dilphinium soongoricum), арпабас (Bromus tectorum) т.б. өзге топырақтармен және грунттармен  байланысты өзге өсімдіктерде араласып келе береді/1/.

Қызылқұмның жануарлар дүниесі Орта Азия шөлдерінің екі аралық фаунасы жағынан палеозой тауралы, Амудария мен Сырдария өзендері аңғарларындағы тоғайлар ерекше көзге түседі.

 

1.7 Жануарлар әлемі

Аймақтың фаунасы өте алуан түрлілігімен ерекшеленеді. И.К.Лопатин Қазақстан Республикасы территориясын Голарктикалық патшалықтың Палеарктикалық бөлігіне ендіріп, дала және шөлейт зонасының жануарларын Еуропа-Сібір облсының бөлігіне, аз бөлігін Ежелгі Жерорта Сахара-Гоби облысының бір бөлігіне енгізген.

Көптеген зерттеулерде Қазақстанның шөл белдемінің жануарлар дүниесін Орта Азия және Жерортатеңіздік орталықтардың ықпалы негізінде қалыптасқан делінеді. Шөл белдемінің табиғи жағдайының қатаңдығына байланысты онда ксерофильді және эвритермофильді жануарлар мекен етеді. Олар шөлге, ыстыққа төзімді болып келеді және де дене бітімдерінің шағын болуымен ерекшеленеді.

Мұнда сұтқоректілерден ақбөкен, қарақұйрық, қасқыр, шақал, түлкі, қарсақ, т.б. басым болып келеді.

Құстардан бірқазан, қарабай, үйрек, лашын, қырғи, ителгі, бүркіт, қаз, ақ құтан, көк құтан, аққу, шағала, қырғауыл және т.б. мекен етеді. Осы аумақтан Қызыл кітапқа енген құстардың бесеуі ұшып өтеді.

Кеміргіштерден жалман, көртышқан, қосаяқ, құм тышқандары, бауырымен жорғалауышылардан кесіртке, тасбақа, сұр жылан, қалқан жылан, ешкіемер, т.б. мекендейді. Жәндіктерден қоңыздар мен қарақұрттар, термиттер, қыр шаяндары, құр құмырсқалар толып жатыр.

Аймақтың ихтиофаунасы Арал теңізінікімен бірдей келеді. Мұнда бекте тұқымдастардан – шип, тұмсықты балықтар, тұқы тұқымдастарынан – жылан балық, мөңке, карас, торта, ақ балық, шортан, тран, беламур, толстолов, жайын, сазан, т.б. кездеседі. Су қоймаларында балықтардың 21 астам түрлері кездеседі. Олардың ішінде негізінен сазан, жайын, жерех көп ауланады. Қызылқұмның солтүстік жартысына, оңтүстік жартысына, әсіресе, оның шеткі оңтүстік бөлігіне тән жануарлар үндінің бал жегіші, жайра, кобра енбеген. Шағыл мысығы, варан сирек кездеседі. Шөлейттен қыстауға ақбөкендер келеді.

Қызылқұмда рептилия, әсіресе, кесірткелер өте көп, жыландар, кеміргіштер- құмтышқан мен қосаяқ, тұяқтылардан-қарақұйрық аз.

Жануарлардың мекендейтін жері ретінде Қызылқұмның палеозойлық тауларының оларды қоршап тұрған шөлден елеулі айырмашылығы бар. Фаунаның тарауында грунт су көздерінің маңызы зор. Қайнарға су ішіуге әртүрлі жануарлар жиналады, көп мөлшерде тарғақтар ұшып келеді.

Тауларда жарғанаттар, сары бас сұңқар, монғолдық қызғылт кезеген торғай мекендейді. Тау баурайындағы жазықтарда рептилиялар: кесерткі, жылан (қара шұбар жылан, оқ жылан), тасбақа көп.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Зерттеу әдістері

2.1 Геоэкологиялық зерттеудің дәстүрлі әдістері

Геоэкологиялық зерттеудің бірнеше дәстүрлі әдістері бар. Соларға сипаттама бере кетсек.

Геохимиялық әдіс. Бұл әдіс арқылы тау жыныстарындағы, атмосферадағы, су ресурстарындағы, өсімдік жамылғылары және тірі ағзалардағы химиялық элементтер мен химиялық қосылыстардың таралауын зерттейді. Соңғы жылдары бұл әдісті геоэкологиялық зерттеулер жүргізу кезінде кеңінен қолданып келеді. Оның ішінде, әсіресе, геохимиялық түсіру жұмыстары мен нақты аумақтарды картографиялау тәсілі қызықты, мысалы, агломерацияларды геоэкологиясын зерттеуде. Олар химиялық элементтер концентрациясы артып кеткен ошақтарды,  геохимиялық аномалиялардың ауқымын анықтағанда өте қолайлы. Ең маңыздысы уытты және радиоактивті элементтердің таралу мөлшерін анықтауында/12/.

С.А.Григорянның (1992ж) пайымдауынша, қоршаған орта геохимиясының концепциясы төмендегідей қағидалардан тұрады/11/:

— қоршаған орта жағдайын бағалау кезінде геохимиялық ауытқулар геогенді және техногенді болып бөлінеді, ол геохимиялық ластанудың шығу тегі мен ауқымын нақты анықтауға мүмкіндік береді;

— судың, топырақтың және шөгінді жыныстардың геохимиялық сынамаларын  кешенді түрде зерттеуде геохимиялық зерттелу аумағының ерекшеліктерін көрсетеді;

— аймақтық геохимиялық зерттеу жұмыстары нәтижесіндегі сынамалардың зертханалық сараптамаларын қоршаған ортаны бағалауда өте қажетті болады;

Геофизикалық әдістің көмегі арқылы табиғи және жасанды гравитациялық, магниттік, электромагниттік, радиоактивтік, жылулық алаңдарды зерттейді. Аталған алаңдардың орналасу орнын жоғары дәлділікпен анықтау қабілеттілігі бар геофизикалық құралдардың көмегімен анықтайды. Жер сілкінісін болжау, селдер мен сырғымаларды анықтаумен қатар, бұл әдіс арқылы жер асты кен игеру кезінде соққыларды, су тасқындарын анықтауға болады/11/.

Осы әдіс арқылы жер асты суларының ластануын анықтаған. Сейсмоакустикалық әдістер арқылы энодгендік және экзогендік процестерді жиі зерттейді. Сондай-ақ, геофизикалық әдістер арқылы алыс-жақын жерлердегі жер асты ядролық жарылыстарының әсерлерін және тау жыныстарын қопару кезіндегі әсерлерді анықтауға да болады. Геофизикалық әдістердің басты ерекшеліктері – әртүрлі нысандардағы радиациялық  ластануды анықтауында, мысалы, Чернобыльдегі және Кыштымдағы апаттар радиациялық ластануға жеңіл қарауға болмайтындығын көрсетті/13/.

Гидрогеологиялық әдістер негізінен жер асты суларының химиялық және физикалық қасиеттерін, олардың орналасу ерекшеліктерін, тау жыныстарымен, атмосферамен, жер беті суларымен байланысын анықтау үшін қолданылады.

Геокриологиялық әдістер арқылы жер қыртысының қалыңдығын, грунттардың таралуы мен құрамын, қасиетін, құрылысын зерттейді.

Инженерлік-геологиялық әдістердің көмегімен геологиялық ортаны, оларға техногендік әсерлерді, бұзылған геологиялық қабаттың халық шаруашылығына, экономикаға тигізетін зияндылықтарын анықтайды/11/.

 

2.2 Геоэкологиялық  аудандастыру және ландшафттық карталарды құрастыруда ГАЖ технологияларын қолдану

Ландшафттарды картографиялауда геоақпаратық жүйе (ГАЖ) негізі байланыстырылған мәліметтер базасы бар сандық карта болатын бағдарламалық-ақпараттық кешен болып табылады. Ол екі үлкен блоктардан тұрады: мәліметтер базасы бар электронды карта және  ГАЖ функциясын қамтамасыз ететін құрылғы. Соңғысы аппараттық (компьютерлер, локальді жүйелер, мониторлар, принтерлер, плоттерлер, сканерлер, GPS-жүйелер және т.б.), бағдарламалық (MapInfo, ArcView, т.б.) және адамдық (операторлар, ГАЖ-ді құрушылар және қолданушылар) болып бөлінеді.

ГАЖ-ді ландшафттық карталарды құрастыру барысында оның негізгі артықшылықтары:

— Үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеу жеңілдігі ;

— ақпараттарды көрсетудің көрнектілігі, тақырыптық карталардың көп түрін жасауға қол жеткізеді;

— карта құру процесін автоматтандыру мүмкіндігі;

— өзгертулерді ендіру жеңілдіктері, мәліметтер базасына өзгерістерді автоматты түрде ендіру жүйесін құру мүмкіндігі;

— карталардың орасан зор дәлдігі;

— диалогтық анықтама-консультативтік жүйе құру мүмкіндігі;

— карталарды және ақпараттарды сақтау, көшіру, кез-келген ақпарат тасымалдаушы құралда қолайлығы, ақпаратты сақтаудың жоғары сенімділігі.

Ландшафттық карталарды құрастыруда ГАЖ технологияларының карталарды сандық форматқа ауымстыру үшін маңызы зор. Сандық форматқа ауыстырудың бірнеше әдісі қолданылады. Бұл жердегі жалпы ұстаным – топографиялық негізді сканерлеу және алынған растрлік бейнеге координаталар мәліметтерін беру. Координаталық жүйені топографиялық негізге байланысты таңдаймыз.

Электрондық тақырыптық карта мен қабаттардың саны ландшафттық немесе геоэкологиялық шарттардың күрделілігіне байланысты. Әрбір электронды картаның тақырыбына байланысты кез-келген контурына ақпарат беретін мәліметтер базасы болады. Мысалы, ландшафттық немесе геоэкологиялық карталарды құрастыруда ландшафт атауы, геэкологиялық кластары, ластанудың типтері, т.б. өлшемдер/14/.

ГАЖ-де карталарды құрастыру процесі дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым, әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрастырудан басталады. Шыққан мәліметтер, яғни, олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын сандық форматқа ауыстыру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтардағы әртүрлі масштабтардағы белгілі бір шартты белгілері бар карта құрастыруға мүмкіндік береді. Мәліметтер базасы жаңа деректермен, ақпараттармен толықтырылып, түзетіліп, сол мезетте экраннан көрсетіледі/14/.

Балқаш көлінің геоэкологиялық және ландшафттық карталарын құрастыру барысында, біз ArcGis 9.2 геоақпараттық жүйесін пайдаландық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Солтүстік қызылқұм шөлі аумаындағы табиғи-территориялық кешендердің қазіргі геоэкологиялық жағдайлары

3.1 Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағындағы табиғи ландшафттар

          Солтүстік Қызылқұм шөлі шөл зонасында орналасуына байланысты оның аумағында негізінен ойпатты-жазықты және төбелі-жазықты ландшафттар басы болып келеді.

Шөлді ландшафттар. Мұнда толықтай шөл ландшафттары, олардың ішінде көтерілген  жазықтардың және Торғай үстіртінің оңтүстік бөлігі, Шығыс Арал маңының ойпатты жазықтары алғаш түзілген ландшафттар ретінде ерекшеленеді. Ойпатты жазықтарға қатысты ландшафттар негізінен Сырдария өзенінің төменгі ағысының маңында орналасқан/15/.

Шөл ландшафттарымен қатар, күрделі морфологиялық құрылымымен ерекшеленетін Арал теңізінің құрғаған тағаны ерекшеленеді. Ол негізінен сортаңдармен және галофиттері мен псамофиттері бар жалаңашталған құм массивтерімен дамып келе жатқан алғашқы теңіздік құмды-сазды жазықпен бейнеленеді. Негізінен алғашқы ландшафттардың жай морфологиялық құрылымы бұрынғы Ұзынғайыр, Қасқақұлан, Қызылбая және т.б. аралдар маңында күрделірек болады. Сортаңыды төбелер бұталы өсімдіктермен тілімденген, өсімдіктерінен айрылған дефляциялық қазаншұңқырлары бар дөңесті құмды жазықтармен ауысып отырады. Алғашқы жазықтардағы ландшафттар толығымен қозғалмалы, олардың тұрақтану процестері күнделікті шөлейттену шартында жалғасуда.

Одан жоғары гипсометриялық деңгейде (53-100 м) атыраулы және аллювиальді жазық ландшафттары орналасқан. Атыраулық түрінде қазіргі Қазалы менн Сырдария өзенінің шалғынды-батпақты топырағындағы тоғай типтес өсімдіктері бар ландшафттар жатады. Жазықтың беті көптеген өзен маңы үйінділерімен, жылға аралықтарындағы ойпаңдармен, көлдік қазаншұңқырлармен тілімденген. Бұл ландшафттарда тоғайлы және шалғынды өсімдіктердің құлдырауы байқалып жатыр/16/.

Аллювиальді жазықтардың ландшафттарының бірнеше түрі кездеседі. Сырдария өзенінің оң және сол жақ жағалауында шалғынды-батпақты топырақтарда қамыстар басым келетін аллювиальді жазық ландшафттары орналасқан. Жаңадарияның тақырлық жазықтары мен Дариялықтақырда өсімдіктер құмдағы сексеуіл өсетін ауданға ауысып, өсімдіксіз тақырға айналады. Аллювиальді жазық ландшафттары шаруашылықтың игерілуіне байланысты маңызды өзгерістерге ұшыраған.

Деллювиальді-проллювиальді жазық ландшафттары Сырдария өзені төменгі аңғарының солтүстік шегінде, көтерілген жазықтардың уақытша беткейлік ағынының жағдайларына сай түзілген. Берілген ландшафттардың литогендік негізін батпақтар, жоғары плейтоцендік голоценнің құмды батпақтары құрайды. Ландшафттардың құрылымын бөлектенген эрозионды қалдықтар, уақытша су ағатын аңғарлар, кеуіп кететін көлдер мен сорлар күрделендіре түседі/17/.

Солтүстік Қызылқұм аумағында төмендегідей ландшафттар анықталынған:

  1. Ашық қарақоңыр және құба сортаңданған топырақтардағы көкпек шөпті, қара жусанды өсімдіктер өскен денудациялық жазық;
  2. Қарапайым құба және сортаң топырақтар мен құмдардағы жусанды еркекшөпті өсімдіктер қауымдастығымен көмкерілген денудациялық жазық;
  3. Қарапайым құба және сұр құба сортаңды, тақыр тәрізді топырақтардағы эфемерлі-жусанды, баялышты-сұржусанды, күйреуікті-сұржусанды өсімдіктер қауымдастығымен көмкерілген денудациялық жазық;
  4. Қарапайым құба сортаңданған және тақыр тәрізді топырақтардағы тасбүйіргінді-бүйіргінді, қаражусанды-бүйіргінді, сұржусанды-бүйіргінді өсімдіктері бар денудациялық жазық;
  5. Қарапайым құба топырақтардағы астрахан жусаны мен еркекшөптер өскен денудациялық жазық;
  6. Қарапайым құба топырақтар мен әлсіз дамыған құба топырақтардағы сұржусанды, эфемерлі-сұржусанды, баялышты-сұржусанды, күйреуікті-сұржусанды деллювиальді-проллювиальді жазық;
  7. Сортаңдар мен шалғынды сортаң топырақтардағы қаражусанды, бүйіргінді-қаражусанды теңіз жазығы;
  8. Құмдардағы құба топырақты бұршақты-жусанды өсімдікті теңіз жазық;
  9. Жайылманың шалғынды топырақтарындағы құмдағы сарсазанды, қарабарақты өсімдіктер өскен эолды жазық;
  10. Құба сортаңданған және тақыр тәрізді топырақтар мен құмдардағы жүзгінді, жусанды-жүзгінді, эфедралы эолды жазық;
  11. Қарапайым құба топырақтардағы құмдардағы еркекшөпті жусанды, теріскенді-жусанды өсімдікті эолды жазық;
  12. Қарапайым құба топырақтардағы құмдардағы бұршақты-сұржусанды өсімдікті эолды жазық;
  13. Құба сортаңданған және тақырлар мен сортаңдардағы бүйіргінді, бүйіргінді-тасбүйіргінді, қаражусанды-бүйіргінді, сұржусанды-бүйіргінді өсімдіктер өскен аллювиальді жазық;
  14. Сұр-құба құмды топырақтардағы теріскенді-еркекшөпті, бұталы-шағырлы-еркекшөпті өсімдіктер өскен аллювиальді жазық;
  15. Құба сортаңданған топырақтардағы сұржусанды, эфемерлі-сұржусанды, баялышты-сұржусанды, күйреуікті-сұржусанды өсімдікті аллювиальді жазық;
  16. Шалғынды сортаңданған топырақтардағы көкпекшөпті, қаражусанды-көкпекшөпті, бүйіргінді-көкпекшөпті аллювиальді жазық;
  17. Жайылманың шалғынды топырақтарындағы қарасексеуілді, еркекшөпті-жусанды, бүйіргінді, қамысты өсімдікті аллювиальді жазық;
  18. Лиманды-шалғынды сортаңданған және жайылмалық шалғынды топырақтардағы қамысты өсімдіктер өскен аллювиальді жазық;
  19. Құба сортаңданған топырақтардағы сұржусанды, эфемерлі-сұржусанды, баялышты-сұржусанды, күйреуікті-сұржусанды, сексеуіл аралас өскен аллювиальді-проллювиальді жазық;
  20. Құба сортаңданған тақырлы және сорлы-сортаңды топырақтардағы еркекшөпті-жусанды, сарсазанды, қарабарақты өсімдіктер өскен көлдік-аллювиальді жазық;
  21. Қарапайым құба топырақтар мен құмдардағы қарасексеуілді, сұржусанды-күйреуікті, қарасексеуілді-күйреуікті көлді-аллювиальді жазық;
  22. Қарапайым құба, сортаңданған сұр-құба, шалғынды құба, сортаңды, тақырлы топырақтардағы сұржусанды, эфемерлі-сұржусанды, баялышты-сұржусанды, күйреуікті-сұржусанды өсімдікті құрылымдық үстірт;
  23. Сұр-құба және қарапайым құба әлсіз дамыған сортаң және тақыр тәрізді топырақтардағы баялышты, сұржусанды-баялышты, тұран жусаны өскен құрылымдық үстірт;
  24. Қарапайым сұр-құба және әлсіз дамыған сұр-құба топырақтардағы баялышты, сұржусанды-баялышты, тұран жусаны өскен деллювиальді-проллювиальді жазық;
  25. Тақыр тәрізді топырақтар мен құмдардағы бүйіргінді, тасбүйіргінді-қаражусанды-бүйіргінді, сұржусанды-бүйіргінді аллювиальді жазық;
  26. Тақыр тәрізді топырақтар мен құмдардағы бүйіргінді, қаражусанды, қарасексеуілді аллювиальді жазық;
  27. Тақыр тәрізді топырақтар мен құмдардағы сексеуіл аралас эфемерлі, теріскенді, сұржусанды эолды жазық;
  28. Құмдардағы ақсексеуілді, жүзгінді, эфедралы, еркекшөпті, жусанды эолды жазық;
  29. Тақыр тәрізді топырақтар мен құмдардағы еркекшөпті, жусанды, сексеуіл аралас өскен эолды жазық;
  30. Тақыр тәрізді топырақтар мен құмдардағы жүзгінді, эфедралы, еркекшөпті өсімдіктер өскен эолды жазық;
  31. Құмдардағы қарасексеуілді, сұржусанды-қарасексеуілді, күйреуікті-қарасексеуілді өсімдіктер өскен эолды жазық;
  32. Тақыр тәрізді және сортаңданған топырақтардағы, сорлардағы сарсазанды, қарабарақты теңіздік жазық;
  33. Таудың қаратопырақтары мен қарақоңыр топырақтарындағы беделі-бұталы тау өсімдіктері өскен қатпарлы-жақпарлы орташа тау;
  34. Таудың қарақоңыр топырақтарындағы беделі, бұталы, шалғынды қатпарлы аласа тау;
  35. Таудың сұр топырақтарындағы эфемерлі, қаратау жусаны өскен жыралы аласа тау;
  36. Қарапайым сұр топырақтардағы сұр жусанды, эфемерлі-сұржусанды, баялышты-сұржусанды, күйреуікті-сұржусанды тау етегі;
  37. Сұр-құба қарапайым және шалғынды-құба топырақтардағы сұржусанды, эфемерлі-сұржусанды, баялышты-сұржусанды, күйреуікті-сұржусанды өсімдіктер өскен тау етегінің аллювиальді-проллювиальді жазығы;
  38. Арал теңізінің жаңадан түзіліп жатқан ойпатты-жазықты шөлді ландшафттары/18/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет- Солтүстік қызылқұмның ландшафттық картасы

 

 

3.2 Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының геоэкологиялық аудандастырылуы

 

Солтүстік қызылқұм  шөлінің аумағына кіретін және оған шектесіп жатқан аумақтардың геоэкологиялық аудандастыру барысында  9 геоэкологиялық округ анықталды/19/. Атап айтсақ:

  1. Жайық-Жем геоэкологиялық округі – ауданы 161792 км2. Бұл округте шөлді, ойпатты-жазықты, төбелі-жазықты ландашфттар басым келеді. Антропогендік әсердің негізгі көрсеткіштері – техногендік (ядролық жарылыстар жүргізілген жерлер, мұнай құбырлары, газ құбырлары, карьерлер мен кен орындары, химия және мұнай химиясы өнеркәсібінің кәсіпорындары), ауылшаруашылықтық (мал жайылымдары). Ландшафттарының деградацияланыуның деңгейлері – техногендік әсердікі өте күшті, ауылшаруашылықтық әсердікі – әлсіз. Топырақ жамылғысы негізінен радиоактивті элементтердің төмендегі түрлерімен ластанған: Sr, Ba, Pb, Zn, Cu, P, Fe, Mg. Гидроэкологиялық жағдайы өте ауыр: өзен ағындарының сапалық және режимдік деңгейлері бұзылған. Олар негізінен бораттармен, нитриттермен, фенолдармен ластанған. Геоэкологиялық жағдайы өте нашар.
  2. Солтүстік-батыс Арал маңы геоэкологиялық округі – ауданы 54710 км2. Бұл округте шөлді, ойпатты-жазықты, төбелі-жазықты ландашфттар басым келеді. Антропогендік әсердің негізгі көрсеткіштері – әскери-ғарыштық кешен, мұнай құбырлары. ауылшаруашылықтық (мал жайылымдары мен суармалы егін шаруашылығы). Ландшафттарының деградацияланыуның деңгейлері – техногендік әсердікі күшті, ауылшаруашылықтық әсердікі – әлсіз. Топырақ жамылғысы негізінен радиоактивті элементтердің төмендегі түрлерімен ластанған: Ті, Zr. Гидроэкологиялық жағдайы өте ауыр: өзен ағындарының сапалық және режимдік деңгейлері бұзылған. Олар негізінен нитриттермен, сульфаттармен, мыспен, фенолдармен, мұнай өнімдерімен ластанған. Экологиялық-демографиялық ауыртпалықтың ошағына Арал ауданы – өте жоғары, Қазалы ауданы – жоғары және Қармақшы ауданы – өте жоғары жатады. Геоэкологиялық жағдайы дағдарыстық.
  3. Солтүстік-шығыс Арал маңы геоэкологиялық округі – ауданы 89727 км2. Бұл округте шөлді, ойпатты-жазықты ландашфттар басым келеді. Табиғи түрін сақтаған ландшафттарға Барсакелмес қорығын жатқызуға болады. Антропогендік әсердің негізгі көрсеткіштері – газ құбырлары. ауылшаруашылықтық (мал жайылымдары). Ландшафттарының деградацияланыуының деңгейлері – техногендік әсердікі өте күшті, ауылшаруашылықтық әсердікі – әлсіз. Топырақ жамылғысы негізінен радиоактивті элементтердің барлық түрлерімен дерлік ластанған. Гидроэкологиялық жағдайы өте ауыр: өзен ағындарының сапалық және режимдік деңгейлері бұзылған. Олар негізінен нитриттермен, сульфаттармен, мыспен, фенолдармен, мұнай өнімдерімен ластанған. Геоэкологиялық жағдайы дағдарыс алдындағы жағдайда.
  4. Бетпақдала геоэкологиялық округі – ауданы 149664 км2. Бұл округте шөлді, ойпатты-жазықты, төбелі-жазықты ландашфттар басым келеді. Антропогендік әсердің негізгі көрсеткіштері – ядролық жарылыстардың орындары, әскери-ғарыштық кешен, карьерлер мен кен орындары, қара металлургия. ауылшаруашылықтық (мал жайылымдары мен орман шаруашылығы). Ландшафттарының деградацияланыуның деңгейлері – техногендік әсердікі өте күшті, ауылшаруашылықтық әсердікі – әлсіз. Топырақ жамылғысы негізінен радиоактивті элементтердің төмендегі түрлерімен ластанған: Sr, Ba, Pb, Zn, Cu, P, Fe, Mg, Ті, Zr. Гидроэкологиялық жағдайы дағдарыстық: өзен ағындарының сапалық және режимдік деңгейлері бұзылған. Олар негізінен нитриттермен, сульфаттармен, мыспен, фенолдармен, мұнай өнімдерімен ластанған. Экологиялық-демографиялық ауыртпалықтың ошағына Мойынқұм ауданы –жоғары, Сарысу ауданы – жоғары және Созақ ауданы – өте жоғары жатады. Геоэкологиялық жағдайы дағдарыстың алдындағы жағдайда.
  5. Үстірт геоэкологиялық округі – ауданы 80629 км2. Бұл округте шөлді, төбелі-жазықты ландашфттар басым келеді. Антропогендік әсердің негізгі көрсеткіштері жоқ. Ландшафттарының деградацияланыуның деңгейлері – техногендік әсердікі жоқ, ауылшаруашылықтық әсердікі – әлсіз. Топырақ жамылғысы негізінен радиоактивті элементтердің төмендегі түрлерімен ластанған: Sr, Ba, Pb, Zn, Cu, P, Fe, Mg, Ті, Zr. Гидроэкологиялық жағдайы дағдарыстық: өзен ағындарының сапалық және режимдік деңгейлері бұзылған. Олар негізінен нитриттермен, сульфаттармен, мыспен, хроммен, фенолдармен, мұнай өнімдерімен ластанған. Геоэкологиялық жағдайы өте жақсы, табиғи күйіне жақын.
  6. Солтүстік-батыс Сырдария маңы геоэкологиялық округі – ауданы 103212 км2. Бұл округте шөлді, ойпатты-жазықты, төбелі-жазықты ландашфттар басым келеді. Антропогендік әсердің негізгі көрсеткіштері – мұнай құбырлары, карьерлер мен кен орындары, уран рудалары, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері, ауылшаруашылықтық (мал жайылымдары мен шабындықтар, суармалы егін шаруашылығы). Ландшафттарының деградацияланыуның деңгейлері – техногендік әсердікі өте күшті, ауылшаруашылықтық әсердікі – әлсіз. Топырақ жамылғысы негізінен радиоактивті элементтердің төмендегі түрлерімен ластанған: Sr, Ba, Pb, Zn, Cu, P, Fe, Mg, Ті, Zr. Гидроэкологиялық жағдайы дағдарыстық: өзен ағындарының сапалық және режимдік деңгейлері бұзылған. Олар негізінен нитриттермен, сульфаттармен, , фенолдармен, мұнай өнімдерімен ластанған. Экологиялық-демографиялық ауыртпалықтың ошағына Арал ауданы – өте жоғары, Қазалы ауданы – жоғары, Қармақшы ауданы – өте жоғары, Сырдария ауданы жоғары, Шиелі ауданы жоғары, Жаңақорған ауданы өте жоғары жатады.  Геоэкологиялық жағдайы дағдарыстың алдындағы жағдайда.
  7. Оңтүстік-шығыс Сырдария маңы геоэкологиялық округі – ауданы 104666 км2. Бұл округте шөлді, ойпатты-жазықты, төбелі-жазықты ландашфттар басым келеді. Антропогендік әсердің негізгі көрсеткіштері – ядролық жарылыстардың орындары, әскери-ғарыштық кешен, газ және мұнай құбырлары, карьерлер мен кен орындары, химия өнеркәсібі, мырыш өндірісі,  ауылшаруашылықтық (мал жайылымдары мен шабындықтар, суармалы және саурылмайтын егін шаруашылығы). Ландшафттарының деградацияланыуның деңгейлері – техногендік әсердікі өте күшті, ауылшаруашылықтық әсердікі – әлсіз. Топырақ жамылғысы негізінен радиоактивті элементтердің төмендегі түрлерімен ластанған: Sr, Ba, Pb, Zn, Cu, P, Fe, Mg, Ті, Zr. Гидроэкологиялық жағдайы дағдарыстық: өзен ағындарының сапалық және режимдік деңгейлері бұзылған. Олар негізінен нитриттермен, сульфаттармен, мыспен, фенолдармен, мұнай өнімдерімен ластанған. Экологиялық-демографиялық ауыртпалықтың ошағына Шиелі ауданы –жоғары, Жаңақорған ауданы – өте жоғары, Отырар ауданы – жоғары, Шардара ауданы – жоғары, Сарыағаш ауданы – жоғары, Бәйдібек ауданы – жоғары, Қазығұрт ауданы – жоғары, Қызылорда қаласы – өте жоғары, Түркістан қаласы – жоғары, Шымкент қаласы — жоғары жатады. Геоэкологиялық жағдайы дағдарыстық күйде.
  8. Қаратау-Талас геоэкологиялық округі – ауданы 22045 км2. Бұл округте шөлді, тау алды, жазықты, аласа таулы ландашфттар басым келеді. Антропогендік әсердің негізгі көрсеткіштері – газ және мұнай құбырлары, карьерлер мен кен орындары, қара металлургия, түсті металлургия, тау-кен химиясының өнімдері, ауылшаруашылықтық (мал жайылымдары мен орман шаруашылығы, суармалы және саурылмайтын егін шаруашылығы). Ландшафттарының деградацияланыуның деңгейлері – техногендік әсердікі өте күшті, ауылшаруашылықтық әсердікі – әлсіз. Топырақ жамылғысы негізінен радиоактивті элементтердің төмендегі түрлерімен ластанған: Sr, Ba, Pb, Zn, Cu, P, Fe, Mg, Ті, Zr. Гидроэкологиялық жағдайы дағдарыстық: өзен ағындарының сапалық және режимдік деңгейлері. Геоэкологиялық жағдайы дағдарыстық жағдайда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет – Солтүстік Қызылқұмның геоэкологиялық аудандастыру картасы

 

 

3.3 Солтүстік Қызылқұм шөлі табиғи-территориялық кешендеріне  тікелей әсері бар өндірістік –антропогендік нысандарды геоэкологиялық тұрғыдан жіктеу

          Атмосфералық ауаның экологиялық жағдайы. Көптеген ай  мақтарда ауаны ластаушы заттар мен олардың шығатын көздері бір-біріне ұқсас. Әйтсе де, солардың ішінде ауа бассейнін көп ластайтын мұнай-газ өнеркәсібі салалары. Соңғы кездері ондай өнеркәсіп салалары Солтүстік Қызылқұм  аумағында қарқынды дамып келеді. Қызылорда облысының ауа кеңістігін ластап тұрған жылу орталықтары, кен орындары, автокөлік және табиғи көздерден тарайтын тұздар. Өңірде атмосфералық ауаның тұзбен ластануы қалыптасып отыр. Мұнда атмосфералық ауаның ластануы егіннің өнімін кемітетін қолайсыз факторға айналды.  Өйткені, ауада қалқып жүрген тұз кристалдарының азғантай мөлшері ғана өсімдіктің гүліне түссе, оның жеміс органын қуратып, жеміссіз қалдыратыны белгілі. Осындай себептерден жыл сайын табиғи мал азықтық жайылымдар мен табиғи ландшафттардың аумағы тарылып келеді/21/.

          Кейінгі кездері бүкіл әлемде егіннің зиянды фитоценоздарына қарсы химиялық әдістер жиі қолданылып жүр. Кеңестік кезеңде пестицидтерді негізінен Оңтүстік аймақтарда қолданған болатын. Егіс далаларына улы заттар шашудан Қызылорда облысы алдыңғы қатарда болды. Мұнда пестицидтерді көбінесе, күріш алқаптарында ұшақтың көмегімен жаппай шашып жүрді. Сонда удың едәуір бөлігі егістен тыс жатқан шабындықтарға, мал жайылымдарына, жақын маңда орналасқан басқа дақылдардың (көкөніс, бау-бақша) егісіне түсіп, орасан зор шығындар келтірілді/20/.

          1987 жылдан бері аймақта пестицид қолдану біртіндеп азайып, усыз технологиялармен-ақ тәуір өнім алуға болатындығын дәлелдейтін өндірістік тәжірибелер жиналды/22/.

          Ауыр металдардың экологиялық зияны. Ауыр металдардың ішінде қауіптілері кадмий, қорғасын және белгілі бір концентрацияларда улылық қасиеттер көрсететін мырыш пен мыс. Ауыр металдар ортаға әртүрлі көздерден түсіп, сонан трофиктік тізбек арқылы адам ағзасына жетеді және улылық әсерін тигізеді/6-кесте/.

 

6-кесте.  Сырдың атыраулық топырақтарындағы ауыр металдардың мөлшері

р/с

Топырақ үлгісі алынған жер

Топырақ үлгісінің саны

Ауыр металдар, мг/кг (орташа көрсеткіш)

қорғасын

мыс

мырыш

кадмий

1

Атырау басы

19

15,0

20,4

10,5

0,51

2

Ескі атырау

34

13,6

21,6

9,3

0,60

3

Жаңа атырау

12

12,2

20,0

11,2

0,59

 

          Сырдарияның атыраулық аймағындағы алюювийлік топырақтарындағы ауыр металдардың орташа мөлшері мынадай(мг/кг): қорғасын – 13,7, мыс – 20,7, мырыш – 10,3, кадмий – 0,57.

          Көптеген зерттеулерде топырақ пен өсімдіктегі ауыр металдардың мөлшерінің арасында корреляция барлық уақытта байқалмайтындығы айтылады. Дәнді дақылдардың бір келі өніміндегі қорғасын (құрғақ массаға есептегенде): бидайда – 1,2; жүгеріде – 1,7; күріште – 2,5мг болды. тұщы суда қорғасын көбіне ион түрінде болады. Сонан болса керек, күріште оның мөлшері көптеу, ал бидай   дәнінде аз болады/23/.

          Табиғатты ластайтын радионуклидтердің ең қаіптілері – стронций-90 мен цезий-137. Шаруашылық айналымындағы жерлер мен өсімдіктерін зерттегенде Сырдария атырауының әр бөлігінде топырақтың 0-25 см қабатындағы С-90-ның мөлшері 5,9 Бк/кг болды. Күріштің  дәнінде С-90-ның мөлшері 1,1-1,4 Бк/кг, ал сабанында бұл көрсеткіш – 2,5-3,0 Бк/кг. Соған қарағанда, бұл радионуклид өсімдіктің вегетативтік органдарына көбірек жиналады/7-кесте/.

          Топырақ пен өсімдік үлгілерін алған бақылау үлескілерінде топырақ бетінің жалпы радиациялық белсенділігі 15,4 мкр/сағ көрсетті. Бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш 20 мкр/сағаттан едәуір төмен.

 

7-кесте — Солтүстік Қызылқұм аумағындағы радиологиялық көрсеткіштер

р/с

Талдаудың түрі

Атырау басы (Жаңақорған)

Ескі атырау (сол жаға)

Жаңа атырау (Қазалы)

1

Стронций-90, Бк/кг

5,8

6,2

5,8

2

Цезий-137, Бк/кг

8,6

7,6

8,0

3

Жалпы белсенділігі (топырақ беті), мкр/сағат

15,2

15,2

15,4

4

Сыбағалы белсенділігі, ПКи/кг

0,2

0,2

0,2

 

 

8-кесте. Қызылорда қаласының 2006-2007 жж 2 тоқсанындағы радиациялық мониторингі

 

Ең төменгі орташа көрсеткіш

Ең жоғарғы орташа көрсеткіш

2006ж  

2 тоқсан

2007ж

2 тоқсан

2006ж  

2 тоқсан

2007ж

2 тоқсан

Гамма-фон (мкЗв/сағ)

0,07

0,09

0,15

0,14

Атмосфералық Бета-белсенділік

Бк/км2

0,027х107

0,043х107

0,5х107

0,9х107

 

 

 

 

          Өңірде экологиялық дағдарыс өршіп тұрғанда оған мұнай өндірісі қосылып, жағдайды тіпті қиындатып жіберді. 1990 жылдан 2005 жылдың аралығында Құмкөл мұнай кенішінде ілеспе газ шырақ болып жанып тұрды. Енді ғана соның азғантай бөлігі Қызылорда қаласына жеткізіліп жатыр. Шырақ болып жанған газдың топыраққа түскен қалдық заттарын анықтау мақсатында ТҚ-8 үлескісінде (топытық қондырғы) зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сонда мұнай өндіретін құбырқұдықтың төңірегінде топырақта магнийдің мөлшері өте көп, тіпті аномалдық деуге болады. Бұл осы өңірде мұнай өндірісінен экожүйенің ластанып жатқанын көрсетеді.

          Бар мәлімет бойынша Солтүстік Қызылқұм аумағында қорғасын, мырыш, алтын мен күмістің, аралас полиметалл, уран кендерінің мол қоры кездеседі делінеді. Солардан 1981 жылдан бері құрамында қорғасын мен мырыш бар полиметалл беріп тұрған Шалқия кенішіндегі металдың қоры 30 млн тоннаға бағаланады. Шалқия полиметалының 1 тоннасында 0,32 ден 0,8 пайызға дейін қорғасын бар. Шалқия кеніші жылына 200 мың тонна кен өндіруге есептелініп салынған, бірақ қазір ол 400 мың тоннаға дейін кен беретін қуатты нысанға айналды. Полиметалл кенін өндіру, тасымалдау, өңдеу барысындағы атмосфераны ластайтын заттардың алатын орны едәуір. Сонымен бірге шахтадан сыртқа айдайтын су егіндік, шабындық, жайылымдардың суларына қосылып, кеніштің төңірегіндегі ой-шұңқырларды толытырып жатыр. Оған қоса үйіліп жатқан тұрмыстық қалдықтар да аз емес. Қазір Шалқияның экономикалық пайдасынан гөрі экологиялық зияны басымдау болып тұр.

          Солтүстік Қызылқұм аумағындағы экономика үшін пайдалы саналытын, бірақ тірі табиғат үшін аса қауіпті уран кен орындары жұмыс істейді. Олар Шиелі ауданында, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының аумағында орналасқан. Мысалы, Шиелі ауданындағы Қарамұрын уран кен орнын алып қарастырайық. Мұнда жер қойнауында концентрлі күкірт қышқылын құйып, ураны бар тау жынысын шаю арқылы қоймалжың қышқыл ерітіндіні сорғыш қондырғының көмегімен тартып алады. Бастапқы шикізат түрінде алынған кенді арнаулы ыдысқа құйған соң, әлі байытылмаған уран кенінің радиоактивтілік зияны болмайтын көрінеді. Бірақ бұл өндірістің қауіптілігі басқада. Қазіргі кезде Шиелі аумағында жер астындағы тұщы көздері күкірт қышқылымен толық ластанып болды, ал ол судың құрамында уран элементі болуы да ғажап емес. Қабаттағы су капилляр арқылы жер бетіне дейін көтеріліп, өсімдік-жануарлар тізбегімен жылжитын радиоактивті зат адам ағзасына біртіндеп ауысады. Бірақ бұл мәселе үкімет деңгейінде шешілетін болғандықтан өткір күйінде қалып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Солтүстік Қызылқұм шөлінің геоэкологиялық жағдайы кеңінен қозғалып, ғылымның әр саласының мамандары түрлі-түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген, экологиялық тұрғыдан еліміз үшін, жалпы жер ғаламшары үшін маңыздылығы өте жоғары және зерттеу тұрғысынан өте күрделі және ауқымды географиялық нысан. Солтүстік Қызылқұм шөлінің қазіргі экологиялық жағдайы өте ауыр күйде сақталып қалып отыр.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жыл сайын жүргізетін бақылауының нәтижелерін қарасақ, нақтырақ айтқанда экологиялық бақылаудың бюллтеньдерін, ол жерде сандық көрсеткіштер әлі күнге дейін жоғары деңгейде қалып отыр.

Солтүстік Қызылқұм  шөлінің аумағына кіретін және оған шектесіп жатқан аумақтардың геоэкологиялық аудандастыру барысында  9 геоэкологиялық округ анықталды. Олардың тек біреуінде ғана геоэкологиялық жағдай табиғи күйіне жақын болса, қалған геоэкологиялық округтердің барлығында да жағдай дағдарыстық күйде немесе дағдарыс алдындағы жағдайда болып отыр. Әлі күнге дейін геоэкологиялық жағдайына тікелей әсер етіп отырған шаруашылықтың тау-кен өндіру (Шалқия полиметалл кен орны, уран кен орындары, әскери-ғарыштық кешендер, жылу орталықтары, Солтүстік Арысқұм мұнай кен орындары, т.б.), ауылшаруашылығы сияқты салалалары ( Сырдария өзені төменгі ағысындағы суармалы егін алқаптары, т.б.) болып қалуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. В.М.Боровский., М.А.Погребинский. Древняя дельта Сырдарьи и Северные Кызылкумы. Том 1. Изд-во Академии Наук КазССР. Алма-Ата. 1958.
  2. Л.С.Берг. Аральское море. Известия Туркестанского отдела ИРГО. Т 5. 1908.
  3. Чупахин В.М. Природное районирование Казахстана (для целей сельского хозяйства). Алма-Ата. 1970.
  4. Герасимов И.П., Чихачев П.К. Геологический очерк Кызыл-Кумов. 1931. Труды ГУУР.
  5. Феодорович Б.А. Равнины и низкогорья Турана. Труды комиссии по естесственноисторическому районированию СССР. Т.2. СОПС АН СССР. 1947.
  6. В.Ф.Беспалов. Геологическое строение Казахской ССР. Изд-во «Наука». Алма-Ата. 1971.
  7. Феодорович Б.А. Рельеф песков Азии, как отображение циркуляции атмосферы. Проблемы физической географии. Т.13. 1948
  8. Феодорович Б.А. Древние реки в пустынях Турана. Материалы по четвертичному периоду СССР. АН СССР. 1952.
  9. А.А.Борисов. Климаты СССР. Изд-во Министерства прочвещения РСФСР. Москва. 1948.
  10. Алисов Б.П. Курс климатологии. 1940.
  11. Н.А.Ясаманов. Основы геоэкологии. Изд-во Высшее образование. Москва. 2003.
  12. А.В.Чигаркин. Основные проблемы ландшафтоведения и охраны природы Казахстана. Алма-Ата. Изд-во КазГУ. 1975.
  13. Отчет о НИР. Оценка современного изменения регионального климата. МООС РК, РГП КазНИИЭК, 2004, с-195
  14. Н.Н.Керімбай. Геоинформатика негіздері. Алматы. Қазақ Университеті. 2006.
  15. В.М.Чупахин. Физическая география Казахстана. Изд-во Мектеп. Алма-Ата 1968.
  16. А.В.Чигаркин. «Қазақстан табиғатын қорғау мен ландшафттанудың негізгі мәселелері». 1974
  17. А.В.Чигаркин. Охрана природы Казахстана. А-Ата, 1973.
  18. Джаналиева К.М., Будникова Т.И. и др. Физическая география Республики Казахстана. Учебное пособие. Алматы, «Қазақ       университеті», 1998.
  19. Қазақстанның электрондық атласы. 2008. Қоршаған ортаны қорғау минситрлігі.
  20. Информационный бюллетень о состоянии окружающей среды Казахстанского Приаралья. Выпуск 4 (15) (4 квартал и 2009 год). Астана 2009.
  21. Боровский В.М., Волков А.И., Нургизаринов А.М. и др. Антропогенное опустынивание почв Приаралья. Алма-Ата. «Наука». 1984.
  22. Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. Арал өңірінің экологиясы. Оқулық. Алматы. 1996.
  23. Нұрғызарынов А. Аралдың экологиялық тынысы. Монография. Алматы. 2006.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

Қосымша 1

Қазақстан Республикасының тұрғын халық тұратын аумақтарындағы ауадағы кейбір қосылыстардың ШРШ көрсеткіштері

 

Қосылыстардың атауы

ШРШ мәні, мг/м3

Қауіптілік

примесей

максимальді

Орташа тәуліктік

классы

Азот диоксиді

0,085

0,04

2

Көміртегі оксиді

5,0

3

4

Шаң-тозаңдар

0,5

0,15

3

Фенол

0,01

0,003

2

Формальдегид

0,035

0,003

2

Күкірт диоксиді

0,5

0,05

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

Жер беті суларын ластаушы заттардың ШРШ-сі

Атауы

Балық шаруашылығына пайдаланылатын су қоймаларының ШРШ-сі, мг/дм3

Шаруашылықтық, ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын су қоймалары үшін, мг/дм3

Қауіптілік класы

Хром (3+)

0,005

0,5

3

Хром (6+)

0,02

0,05

3

Железо (жалпы)

0,1

0,3

3

Мырыш (2+)

0,01

1,0

3

Сынап

0,00001

0,0005

1

Кадмий

0,005

0,001

2

Мышьяк

0,05

0,05

2

Бор (3+)

0,017

0,5

2

Мыс(2+)

0,001

1,0

3

БПК5

3 мг О2

3 мг О2

 

Фенолдар

0,001

0,001

4

Мұнай өнімдері

0,05

0,3

4

Фторидтер

0,05 (жиынтығынан артық емес 0,75)

 

 

Нитриттер

0,08 (0,02 по N)

3,3

2

Нитраттар

40,0 (9,1 по N)

45,0

3

Тұзды аммоний

0,5

 

 

 

Қосымша 3

Жер беті суларының сапасының судың ластану индексі бойынша көрсеткіштері (ИЗВ)

 

Сапалық класы

Су сапасының сипаттамасы

Судың ластану индексі көрсеткіші (ИЗВ)

1

Өте таза

 £ 0,3

2

Таза

0,3 — 1,0

3

Мардымсыз ластанған

1,0 — 2,5

4

Ластанған

2,5 — 4

5

Лас

4 — 6

6

Өте лас

6 — 10

7

Төтенше қауіптілігі бар

> 10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша  4

Топырақты ластайтын зиянды заттардың ШРШ нормативтері

п/п

Заттың атауы

ШРШ, мг/кг топырақта

Лимиттеуші көрсеткіші

Ескерту

1

Марганец

1500

Жалпы санитарлық

 

2

Медь

3,0

(жылжымалы түрі)

Жалпы санитарлық

Мыстың жылжымалы түрін ацетатты-аммонийлі буферлі ерітінді арқылы алады РН 4,6

3

Мышьяк

2,0

транслокациялық

 

4

Никель

4,0

(жылжымалы түрі)

Жалпы санитарлық

Никельдің жылжымалы түрін ацетатты-аммонийлі буферлі ерітінді арқылы алады РН 4,6

5

Нитраттар

130,0

Сулы-миграциялық

 

6

Қорғасын

32,0

Жалпы санитарлық

 

7

Хром

6,0

(жылжымалы түрі)

Жалпы санитарлық

Хромның  жылжымалы түрін ацетатты-аммонийлі буферлі ерітінді арқылы алады РН 4,8

8

Мырыш

23,0

(жылжымалы түрі)

транслокациялық

Мырыштың жылжымалы түрін ацетатты-аммонийлі буферлі ерітінді арқылы алады РН 4,8

9

Кадмий

2,0

Жалпы санитарлық

 

 

 

Қосымша  5

Атмосфералық жауын-шашынды ластаушы заттардың ШРШ-лары

 

Атауы

Ауыз су-шаруашылықтық және комуналды-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын су қоймалар үшін, мг/л

Қауіптілік класы

Сульфаттар

500

2

Аммонийлі азот

5,0

3

Нитриттер

45,0

3

Хлоридтер

300

2

Гидрокарбонаттар

 

 

Магний

50

3

Натрий

200

2

Кальций

200

2

Калий

300

2

Мыс  (2+)

1,0

3

Кадмий

0,001

2

Мышьяк

0,05

2

Қорғасын

0,03

2

Иондар жиынтығы

1000

3

рН

4,0 (аз)

2