АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Спортшы жастардың кәсіптілігін арттырудағы психологиялық қызметтің анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Спортшы жастардың кәсіптілігін арттырудағы психологиялық қызметтің анықтау»

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………3

 

І ТАРАУ. Спортшы жастардың психологиялық даму ерекшеліктерінің теориялық аспектілері…………………………………………………………………………………… 7

1.1. Спортшылардың жеке басы спорттық іс-әрекеттің субъектісі ретінде………………………………………………………………………………………………………….. 7

1.2. Спортшыларды жарыстарға жалпы психологиялық дайындаудың негіздері……………………………………………………………………………………………………… 14

1.3. Спорттағы практикалық психология: спорттағы диагностикалық психологиялық негіздері, психологиялық түзету, психосауықтыру, психотренингтер механизмдері……………………………………………………………………. 29

 

ІІ ТАРАУ. Спортшы жастардың кәсіптілігін арттырудағы психологиялық қызметтің эксперименталды зерттеліну жайы……………………………………………… 39

2.1. Психодиагностикалық шараларды жүргізу технологиялары…………………….39

2.2. Спортшы жастардың психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын әдістемелер кешені……………………………………………………………………………………… 43

 

Қорытынды ………………………………………………………………………………………………….53

Пайдаланылаған әдебиеттер тізімі ………………………………………………………………..54

Қосымшалар ……………………………………………………………………………………………57

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

     Жұмыстың өзектілігі.  Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар,  салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн:

                     «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып

                       Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,-

дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз.

     Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді.  Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді.

     Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген.

     Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңында да (1999ж. 2 желтоқсан) және кейінгі осы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатында да (4.07.2003ж.) дене шынықтыру мен спорт жөнінде құнды да, ел болашағына қажетті міндеттерді атап көрсеткен.

     Сондықтан, спортшылар, спорт саласындағы психология ғылымының орны; қазіргі таңдағы спортшыларға көрсетілген психологиялық қызметтің ерекшеліктері; олардың рухын, ерік-жігерлерін жеке басының психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырып-тәрбиелеу; спортшылардың жеке психологиялық портретіне т.б. мәселелерге арналаған зерттеулер жоқтың қасы, әрі қазіргі салауатты өмір салтын жарнамалау тұсында өзекті де, өткір маңызды мәселе болып табылады. Осы өзектілік аталған проблеманы психологиялық тұрғыдан зерттеуге алып келді.

     Аталған ғылыми проблемаға, яғни спортшылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктері жайлы К.К.Платонов, Л.Д.Столяренко, В.П.Некрасов, Л.Т.Ямпольскийлер зерттеулері үлкен көмекші құрал бола алады.

     Қазіргі таңда спорттық дамуына байланысты бұл мәселені зерттеулер аясы кеңейді. Спорттағы дене және психологиялық жүктемелер жаңа жетілген әдістер, шаралар мен тәсілдердің кеңінен енуін қажет етеді.

     Спорттағы жарыстық жаттығулар мен олардың түрлерін жинақтаумен Т.Т.Джамгаров айналысты. Спортшылардың зейінінің дамуын зерттеуді Е.П.Ильин жүзеге асырады. Спортшылардың техникалық дайындығын жүзеге асыруды психикалық процестердің ерекшеліктерін А.Ц.Пуни зерттеп шұғылданды. Спорттағы психодиагностикалық әдістер жайлы проблеманы В.Л.Мерищук, Ю.М.Блудова, В.А.Плахтиенко, Л.К.Серовтар зерттеді. Спортшының жеке тұлғасының бағыттылығы жөнінде Ю.Ю.Полайма, спортшылардың адамгершілік қасиеттерін А.И.Волков зерттеді.

     Спорттық жетістіктерге өзіндік баға берудің әсері жөнінде анықтаған Дж. Тейлор болды.

     Мақсатқа жетуге байланыс талпыныс деңгейін Ф.Хоппе анықтады. Ю.А.Ханин мен А.Стамбуловтар жаттықтырушы мен оның тәрбиеленушілері арасындағы өзара қарым-қатынас, байланыстардың дамуын зерттеді. Ал психикалық сенімділікті зерттеген В.Э.Мильман еді.

     Зерттеу негізін келесі болжам құрайды, жеке адамның спорттық жетілуі, спорттық іс-әрекеттің психологиялық қамтамасыздандырылуы келесі төмендегі психологиялық талаптарды орындағанда тиімді болады:

  1. Бүкіл танымдық және т.б. психикалық процестердің (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) белсенділігі жоғары болғанда:
  2. Зейіннің қажетті қасиеттерінің белсенділігі (қарқындылығы, тұрақтылығы т.б.)
  3. Қабілеттің еріктік қасиеттерін ынталандыруының дамуы;
  4. Спортқа деген терең қызығушылық пен тұрақты мотивтердің қалыптасуы;
  5. Жоғары моральдық, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу;
  6. Спортшының тиімді іс-әрекетіне ықпал ететін жеке-дара ерекшеліктеріне тән жеке спорттық іс-әрекетті құру.

     Зерттеудің мақсаты – спортшылардың психологиялық даму мүмкіндіктерін анықтай отырып, оларға көрсетілетін психологиялық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін анықтау.

     Дипломдық зерттеу жұмысының міндеттері:

1) Спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызмет ерекшеліктерінің теориялық-әдіснамалық негізін құрайтын әдебиеттерді (шетелдік, Ресейлік, Отандық, ұлттық) зерттеп, терең талдау;  

2) Спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын ғылыми-зерттеу әдістемелерін іріктеп сұрыптау, оны қазақ тобына лайықтап жүргізу;

3) Спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызмет (психодиагностика, психологиялық түзету (психокоррекция), психосауықтыру (аутогенді жаттығу, психотренингтер ) т.б.) түрлерін жүргізу;

4) Спортшылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелердің нәтижелерін статистикалық есептеу көмегімен математикалық өңдеу жұмыстарын жүргізу.

     Зерттеу пәні: спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің ерекшеліктері.

     Зерттеу жұмысының объектісі  спортшылар психологиясы.

     Зерттеу әдістері:

  1. Спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін, жай-күйлерін анықтауға арналған әңгімелесу, сұхбаттасу түрлері;
  2. Спортшылардың жеке басының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері;
  3. Спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің кешенді бағдарламасын құру;
  4. Спортшылардың еріктік қасиеттерін, өзіндік «Менінің» және эмоциялық аумақтарының даму ерекшеліктерін бақылау.

     Дипломдық зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі ретінде Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы; И.М.Сеченовтің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуының психологиялық заңдылықтары туралы теориялық қағидалы пікірлері;

     А.Н.Леонтьевтің іс-әрекеттің дамуы туралы тұжырымдамасы; С.Л.Рубинштейннің сана мен іс-әрекеттің тығыз бірлігі туралы теориясы; Н.А.Бернштейннің адамның қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары мен механизмдері туралы теориялық құнды ой-пікірлері; В.Некрасовтың спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің түрлі әдістері жайлы еңбектері алынды.

     Дипломдық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егерде спортшыларға жүйелі, әрі ғылыми тұрғыда психологиялық қызмет шаралары жүргізілетін болса, онда жоғары дәрежелі жетістіктерге қол жеткізуге болады. Зерттеу болжамы анықталған соң, келесі зерттеу міндеттері туындайды.

     Диплом жұмысының теориялық құндылығы қазіргі таңдағы салауатты өмір салтын ұстануға орай, бұл сынды еңбектер, теориялық білімді жетілдіруде маңызды рөл атқаратындығынан анықталады.

     Болашақ қоғамның іргетасын қалаушы әрбір азаматтың дені сау, ары таза, еркі мықты, ұлттық сана-сезімі күшті болып қалыптасуы үшін осы сынды еңбектердің тәрбиелік мәні зор болмақ.

     Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Қазіргі инновациялық оқыту технологиясының қарыштап өмірге енуі жағдайында салауаттылық пен денсаулықты бұқараға кең тарату мақсатында бұл еңбек үлкен тәжірибелік маңыздылыққа ие болып отыр.

     Мектеп психологтары, ата-аналар, спорт жетекшілері, жаттықтырушылар үшін бұл зерттеу жұмысы үлкен басшылық ету құралы қызметін атқара отырып, әрі қарай зерттеуді қажет ететін үлкен өзекті ғылыми проблемаға айналып отыр.

     Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық және су спорты түрлерінен                                олимпиада резервін дайындайтын  балалар мен жасөспірімдердің кешенді                                       

мамандандырылған спорт мектебі.

     Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі — 68 бет, қолданған әдебиеттер тізімі-75.

 

 

І-тарау.  СПОРТШЫ ЖАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1. Спортшылардың жеке басы спорттық іс-әрекеттің

субъектісі ретінде

 

     «Жеке адам» — ұғымы өте көп қырлы, кең ұғым. Жиі жағдайда адамның жеке басын оның әлеуметтік қалыптасқан қасиеттерінің жиынтығы негізінде қарастырады.

     Спорттағы «жеке адам» ол кім?

     Спортшының жеке басына қатысты психологиялық міндеттерді шешуде адамның жалпы, тұтас психологиялық негізінің білімінсіз мүмкін болмайды. Жеке адам – адамның жеке іс-әрекеті және әлеуметтік-тарихи дамудың өнімі. Ол сана мен әлеуметтік қасиеттер жүйесіне ие, қоғамда белгілі бір функция атқарады. Спортта, өзге іс-әрекет түрлеріндегі сияқты даралық үлкен маңызға ие. Табысты нәтижеге жету тек қана спортшының жеке басының даралық ерекшеліктерін дұрыс есепке алып ескергенде ғана мүмкіндік болады.

     Спортшының жеке-дара ерекшеліктерін білу арқылы ғана, оның мүмкіндіктерін толық дамытып, әрі тиімді қолдануға болады.

     Жеке адам өз қасиеттерінің белгілі бір жүйелілігі, бірлігі және тұрақтылығымен сипатталады.

     А.Н.Леонтьев индивидті қасиеттерге дене конституциясын, жүйке жүйесінің типін, темперамент, биологиялық қажеттіліктердің динамикалық күшін, аффективтілік пен табиғи нышандарын қатыстырды [30;15]

     Ал, Б.Г.Ананьев индивидтік қасиеттерді екі үлкен топқа бөлді: «жеке-дара – типтік қасиеттер» және «жас ерекшелік – жыныстық қасиеттер»

     Спортшының жеке басы шынайы спорттық іс-әрекетте қалыптасады, әрі эмоция, сезімдер, шығармашылық пен интеллект белсенді байқалады.

     Спортшының іс-әрекетіндегі психикалық белсенділік танымдық және қозғалыстық деп анықталады. Олар өз кезегінде детерминацияның биологиялық және әлеуметтік факторлармен шарттасады.

     Биологиялық факторларға: қозғалысты қажетсіну, өмір мен денсаулықты сақтау жатады.

     Әлеуметтік факторларға: іс-әрекеттің мазмұнды ерекшеліктері, әрекетті өзге адамдардың бағалауы, өз іс-әрекетінен адамның қанағаттану сезіміне ие болуы.

     Спортшының жеке өз басының психикалық процестері мен күйі, қасиеттерін саналы түрде бақылап, әрі реттеуі өте маңызды болады.

     Ерекше зейін қоюды спортшының интеллектуалды іс-әрекеті қажет етеді.

     Өте ертеде адамдар күш, жылдамдық, ептілікті сынау барысында өзара жарыс бастаған. Жарыстық ойындар  мен жаттығулардың пайда болуы не нәрсеге байланысты? Оның дамуының қайнар көзі қайсы?

     Спорттық іс-әрекеттің пәні нақты индивид үшін ең мүмкін болатын жоғары шамадағы спорт нәтижесі болады. Осы спорт нәтижесінің қоғамдық құндылығы неде?

     Біздер қазіргі таңда спорттың өте қарқынды өсуінің куәгері, әрі соның мүшелері болып отырмыз. Спорт тек қана біздің күнделікті өмірге еніп қана қоймай, әрі саясат, экономика, дәстүр, ұлттық наным-сенімімізбен де тікелей байланысты болып отыр.

     Спорттың пайда болуы жөнінде шындыққа жақын көзқарасты В.А.Демин (1974) айтқан. Ол Ф.Энгельстің, Л.Маргон, Р.Блохтың еңбектерін талдап, ерекше бір болжамды ұсынды [12,94]

     Спорттық жарыстар В.А.Демин пікірінше, гректердің даулы сұрақтарды бейбіт шешуде қолданған тәсілі ретінде пайда болды.

      Іс-әрекетті шешу кезінде дене және психикалық белсенділік мотивация, реттеу және перцепция процестерін жүзеге асыруға бағытталған. Шартты түрде бұл құбылысты спортшы іс-әрекетінің функционалды – реттегіш компоненті деп анықтауға болады.

     Спортшының ақыл-ой (интеллектуалды) іс-әрекеті ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Мысалы, спорттағы тактикалық шеберлік тактикалық ойлаудың даму деңгейінен тығыз байланысты.

     Тактикалық іс-әрекет перцептивті, психомоторлық мүмкіндіктерді және белгілі бір білім мен шеберлікті қажет ететін кешенді іс-әрекет жүйесін білдіреді. Интеллектуалды, яғни ақыл-ой қабілеттері негізін қалаушы рөл атқарады. Дұрыс және тиімді тактикалық іс-әрекеттердің жүзеге асуы – бұл ойлау жұмысының нәтижесі, онда сананың басшылығы тарапынан танымдық, эмоционалды – еріктік қабілеттердің байқалуы есебінен дене, техникалық күш-қуаттың белсендену процесі ыңғайлы болады.

     Ойлау процестері ішкі сөйлеудің жүзеге асуына негізделе отырып, іс-әрекетті барлық бағытта психологиялық қамту үшін өзіне ықпал етудің механизмдерін анықтайды. Ол психологиялық қамтуды құрайтындар: мотивация, реттеу, әрекетті орындау.

     Олардың көмегімен моторлы іс-әрекеттерді орындау жағдайында оқиғаларды болжау және көрнекі бейнелерді тікелей қабылдау процесі жүзеге асатын болады.

     Интеллектуалды белсенділік іс-әрекеттің өзгеру жағдайларына бейімделу механизмдерінің өзектенуінің маңызды шарасы болып табылады. Олардың көмегімен ситуацияны бағалау процестері, дұрыс қарсы әрекетті таңдау, спортшы күш-жігерін реттеу және мінезбен іс-әрекеттің өзгерісі жайлы шешім қабылдау жүзеге асатын болады.

     Сондықтан да, спортшының психологиялық функцияларының қатарына іс-әрекеттің функционалды-реттегіш компоненті ретіндегі интеллектуалды белсенділік функциясын жатыстыруға болады.

     Іс-әректтің белсенділік функциясы спортшының нақты іс-әрекет ситуациясында дене күші, тактико-техникалық шеберліктерін байқату мүмкіндіктерін сипаттайды. Интеллектуалды және қимылдық белсенділік шынайы іс-әрекет жағдайларында өзара тығыз байланысты болады. Спортшының іс-әрекетін психологиялық қамтамасыз ету қимылдық іс-әрекеттің тиімділігінің функциясы ретіндегі сол кезеңдегі оның психикалық процестеріне байланысты болады. Ол процестер: ойлау, ес, зейін, түйсік пен қабылдау, қиял.

     Қимылдық тәжірибе, яғни шеберлік пен дағдығы және жеке адамның қасиеттеріне, яғни спорттық мінезге өте байланысты болады. Әсіресе ағзаның функционалды күйі ерекше маңызға ие.

     Қимылдық белсенділіктің байқалуы – бұл әрекет. Ерікті қимылдарды басқару психологиялық заңдылықтар негізінде жүзеге асады. И.М.Сеченов (1935) заңдылықтарының үш түрін анықтады:

1) бүкіл қол, аяқ, бас, кеуденің барлық қарапайым қозғалыстарын адамға жаттығып үйренген соң, оның еркіне бағынатын болады;

2) неғұрлым қимыл жақсы жатталса, соғұрлым ол ерікке оңай бағынады немесе керісінше;

3) ерік билігі тек қозғалыстың басы мен аяғына қатысты, әрі оның күшеюіне немесе әлсіреуіне де қатысты, қозғалыстың өзі әрі қарай еріктің қатысынсыз жүзеге асатын болады.

     Психологияда келесі қозғалыстар түрлерін ажыратады: дене тұрқының қозғалысы, локомация, ым-ишара, қимыл, семантикалық қозғалыстар, сөйлеу, жұмысшы қимылдар. Спорттық тәжірибе үшін ең маңыздысы жұмысшы қимылдар. Олар ерікті және негізгі іс-әрекет мақсатына жетуге бағытталған іс-әрекеттерді орындаумен байланысты  болады. Келесі қимылдар қасиеттері (жылдамдық, нақтылық, күш, қарқын мен ритм, координация, икемділік пен ептілік), әрі іс-әрекет жағдайларына қимылдардың бейімделу деңгейі спорттық нәтиже үшін үлкен маңызды болады.

     Адамның қимыл-тірек аппарат құрылымының психофизиологиялық аспектілері үлкен маңызға ие екендігін де атап кеткен жөн. Мысалы, Н.А.Бернштейн (1990) анықтаған адамның қозғалыс белсенділігің заңдылықтары  мен механизмдері іс-қимылды жалғыз эффекторлы импульстар көмегімен басқару мүмкін еместігін білдіреді.

     Ағза периферияларынан келіп түсетін сигналдардың күрделі қайта өңделуі өте маңызды. Осы арада сенсорлы мүшелерден келетін сигналдар бірігеді, талданады және өткен тәжірибе негізінде қимылдық міндеттерге орай жалпыланады. Бұл механизм жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.

     Психикалық белсенділік таным процестерінің жүзеге асуымен тікелей байланысты.

     Спорттық іс-әрекет спортшының келесі бағыттарда байқалатын танымдық белсенділігінсіз жүзеге аса қоймайды. Ол келесі бағыттар:

1) адамның өзін-өзі спортта тануы;

2) спорттық іс-әрекет пен спорт заңдарының ерекшеліктерін тану;

3) спорттық тәжірибенеің сезімдік тұстарын тану.

     Іс-әрекет міндеттерін шешу негізіндегі дене және психикалық белсенділіктің байқалуы, мотивация, реттеу және перцепция процестерін жүзеге асыруға бағытталған. Шартты түрде бұл құбылысты спортшының іс-әрекетінің функционалды – реттегіш компоненті деп анықтауға болады. Іс-әрекеттің психологиялық қамтамасыздандырылуының мәні дегеніміз бұл ағзаның адекватты, яғни дұрыс, тиімді бейімделуін жаттықтыру немесе жарыстық сипаттағы іс-әрекеттерді орындау жағдайларына сәйкестендіріледі.

     Объективті шындықты қабылдау, оның объектілеріне мән беру және өз іс-әрекетін түзету – мұның барлығы қажет етілген мінез-құлық пен спортшы күйін-жайын қалыптастырудың басты шаралары болып табылады.

     Іс-әрекеттегі психикалық белсенділік танымдық және іс-қимылдық болып анықталады, олар өз кезегінде детерминацияның биологиялық және әлеуметтік факторлармен шарттасады. Дене белсенділігінің биологиялық факторларына келесілер жатады: қимылды, өмірді сақтауға, денсаулықты сақтауға қажеттілік.

     Әлеуметтік факторларға – іс-әрекеттің мазмұнды ерекшеліктері, өзге адамдардың іс-қимылды бағалауы, өз іс-қимылдарына қанағаттану сезімі.

     Іс-әрекеттің функционалды – реттегіштік бөлігі ретіндегі белсенділіктің танымдық және іс-қимылдық өнімділігі спортшының икемделгіш қабілеттеріне тәуелді болады. Бұл факт атлет әрекет ететін ситуацияны қабылдау процестерінде айқын байқалады.  Көрсетілген тәуелділіктің үлгісі болып эмоционалды күйдің реттелу процестері, іс-әрекеттің сыртқы жағдайларының динамикалық, құбылыстарына реакция білдіру, жарыс кезіндегі мінез-құлық коррекциясы табылады. Егер де спортшы өзінің жеке күйін-қалпын басқара алмаса, онда оның іс-қимылдары ретсіз, дұрыс болмауы мүмкін. Әрине, бұл ол орындайтын іс-қимылдардың ұйымдаспаушылығына әкеліп соғады.

     Ерікті іс-қимылдарды басқару психологиялық заңдылықтар негізінде жүзеге асады. И.М.Сеченов (1935ж)

1) қол, аяқ, бас, дененің барлық қарапайым қимылдары комбинацияланған іс-әрекеттер сияқты, адам арқылы оның еркіне жатталып болған соң бағынады;

2) неғұрлым іс-қимыл мықты жатталса, соғұрлым оның еркіне оңай бағынады;

3) ерік билігі іс-қимыл басы және аяғына қатысты әрі оның күшеюі немесе әлсіреуіне байланысты болады. Ал іс-қимылдың өзі еріктің ешбір қатынасынсыз, яғни көп рет жасалынғанның қайталануы болып табылады.

     Психологияда келесі іс-қимылдар түрлерін ерекшелеп бөледі: дене тұрқы, локомоция қимылы, ым-ишарат, семантикалық қимылдар, сөйлеу, жұмыс қимылдары.

     Спорттық тәжірибеде жұмыс қимылдары маңызды болады. Ол іс-әрекеттің негізгі мақсатына бағытталған ерікті және соған байланысты қимылдар болады. [41,251]

     Жылдамдық, күші, нақтылық, қарқыны мен ритм, икемділігі мен ептілігі сияқты іс-қимылдар қасиеттері, әрі іс-әрекет жағдайларына икемделу деңгейі спорттық нәтиже үшін үлкен маңызды болады.

     Танымдық белсенділік функциясы кәсіптік бейімделу процестерімен тығыз байланысты. Берілген жағдайда іс-қимылды қажетсіну спортшының спортпен кәсіби айналысуға ұмтылуын анықтай қоймайды. Ол дене жаттығуларын жүйелі орындауға қызығудың қалыптасу шарты ретінде ғана болады.

     Спортшының кәсіби мәнді, маңызды мотивациясының қалыптасуы ең алдымен спорттық іс-әрекеттің әлеуметтік факторларына байланысты. Мұнда іс-әрекеттің мазмұнды ерекшеліктері, спорттық теріс, дұрыс сипаттамалары.

     Спорттағы жеке тұлға дегеніміз кім? Кез келген өзге ғылымның жеке саласы өзінің түпкілікті шешімдеріне сүйенгені сияқты, спортшының жеке басына қатысты психологиялық міндеттерді шешуде адамның жалпы жеке басының психологиялық негізі жөнінде білімсіз мүмкін болмайды.

     Жеке адам – тарихи-әлеуметтік дамудың және жеке адам іс-әрекетінің жемісі. Оның санасы бар және қоғамда белгілі бір функцияларды орындайтын әлеуметтік қасиеттер жүйесіне ие. Спортта басқа іс-әрекет түрлері сияқты даралық үлкен орын алады. Табысқа жету тек қана спортшы өзінің жеке-дара ерекшеліктерін дұрыс есептегенде ғана және осы негізде арнайы технико-тактикалық стильді қалыптастырғанда ғана мүмкін болады. Спортшының жеке-дара ерекшеліктерін біле отырып, оның мүмкіндіктерін толық дамытып, әрі тиімді қолдануға болады.

     Жеке адам өз қасиеттерінің белгілі бір жүйелілігімен, бірлігі және тұрақтылығымен сипатталады.

     К.К.Платонов жеке адамды жалпы талдай келіп, оның ерекшеліктерімен барлық сипаттарын 4 топқа бөлді:

1) Әлеуметтік-шартталған ерекшеліктер (бағыттылық, моральдық қасиеттер); 2) биологиялық шартталған қасиеттер (темперамент, нышандар, инстинктер, қарапайым қажеттіліктер);

3) тәжірибе (бар білім, дағды, шеберлік пен әдеттердің көлемі мен қасиеті);

4) түрлі психикалық процестердің жеке-дара ерекшеліктері эмоция мен мотивтер спортшыны белгілі-бір мінез сипаттарын байқатуға итермелейді, ал ерік (ерік күш арқылы) осы мінез сипаты көмегімен іс-әрекеттің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.[50, 130]

     Стресс жағдайларында спортшының табысқа жету немесе сәтсіздіктен қорғанып қашуына бағдары-тұрқы байқалады. Табысқа жетуге бағдары басым адамдар жиі жағдайда спорттық додада өте өзін қатерге тігеді. Ал, сәтсіздіктен қашуға бағдары басым адам өте сақ болады, әрі өз мақсаттары ретінде күші жететін нәрсені алға қояды.

     Спорт, жалпы алғанда жекелеген қасиеттерді тәрбиелеуде жақсы шара ретінде болады.

     Спортшының жеке басы қалай қалыптасады? Оның қалыптасуының аспектілері 1-ші суретте берілген.

     Дене тәрбиесінің шаралары мен әдістері жеке адамның адамгершілік, еріктік, эстетикалық және интеллектуалды даму міндеттерінің шешілуіне қол жеткізеді.

     Бірақ, бұл мүмкіндіктерді белгілі бір бағытталған іс-әрекет түрімен жүзеге асырмаса, тек мүмкіндік түрінде қалып қалады. Қазіргі таңдағы ғылымдардың даму тұсында «дене тәрбиесі мен спорттағы тәрбиенің жалпы бағыты» деген ұғым бар.   

 

 

 

 

Сурет 1

 

Спортшының жеке басы

Өзіндік сана — сезім

Жаттықтырушының іс-әрекеті

Қоғамдық сана-сезім

 

—         адамгершілік сезімдер

—         этикалық сезімдер

—         өзін-өзі тану

—         өзін-өзі бақылау

—         өзін-өзі тексеру

—         өзін-өзі бағалау

—         өзін-өзі тәрбиелеу

 

—         қарым-қатынас

—         эмоционалды реакциялар

—         мінез-құлық актілері

—         оқыту әдістемесі

—         оқыту шаралары

—         тәрбие әдістемесі

—         тәрбие шаралары

 

—         бағалау-түрткі әрекеті

—         бірлескен жаттықтыру

—         жарыс іс-әрекеті

—         ұжымдыдағы қарым-қатынас

—         жауапкершілік

—         мінез-құлық шаралары

—         қарым-қатынасқа түскіштік

—         өзара көмек

—         іс-әрекет бағасы

—         қоғамның қатынасы

—         қоғамның әлеуметтік

     құрылымы

 

 

     Ерікті тәрбиелеу. Еріктің адамның барлық іс-әрекет байқауларының ішкі қайнар көзі және оның белсенділігінің реттеушісі екендігі баршаға мәлім.

     Дене тәрбиесі процесінде ерікті тәрбиелеуге қатысты негізгі міндетте мыналар болып табылады:

  • дене, спорт іс-әрекеттері талаптарына орай еріктік қасиеттерді қамтамасыз ететін мотивациялық, интеллектуалды және адамгершілік негіздерді қалыптастыру;

 

  • әрбір іс-әрекет түрінде қажетті еріктік қасиеттерді жан-жақты дамыту (мақсатқа ұмтылғыштық, құлшынбалық, шешімге келгіштік, ерлік, өзін-өзі меңгеру, табандылық, тұрақтылық) осы негізде тек қана дене тәрбиесі жағдайында емес, өмірлік тәжірибенің түрліше жағдайларында байқалатын мінездің негізгі қасиеттерін қалыптастыру.

 

 

1.2. Спортшыларды жарыстарға жалпы психологиялық дайындаудың негіздері

 

Спорттық іс-әрекеттің мотивациясы

     Спорттық іс-әрекетті психологиялық қамтамасыз етуде адамды спортпен айналыстыруға итермелейтін негізгі түрткі мотивация негізгі орын алады. Спорттық «ойын» ұғымымен жалпы ұқсастығы көп екендігі мәлім. Ойын мотивтері ойынның өзінде болады. Ойынға адамды итермелейтін нәрсе сыртқы ойын жағдайлары емес, ал сол ойынға қатысты пайда болатын қанағаттану сезімі болады. Спортқа да адам сол спорт әрекеті әрі ондағы жететін табысты анықтайтын қажеттіліктер сипаттайды.

     Адамды спортпен айналысуға итермелейтін мотивтер өз құрылымына ие.

І. Спорттық іс-әрекеттің тікелей мотивтері.

1) дене бұлшық ет белсенділігі байқалуынан қанағаттану сезіміне қажеттілік;

2) өзінің әдемілік, күші, шыдамдылық, жылдамдық, икемділік, шапшаңдық т.б. қасиеттерінен эстетикалық ләззат алу қажеттілігі;

3) өзін қиын және экстремалды жағдайларда байқатуға ұмтылыс;

4) рекордтық нәтижелерге жетуге ұмтылыс, өзінің спорттық шеберлігін дәлелдеу және жеңіске жету;

ІІ. Спорттық іс-әрекеттің жанама мотивтері

1) күшті, дені сау болуға ұмтылу;

2) спорттық іс-әрекет арқылы өзін практикалық өмірге даярлауға ұмтылыс;

3) борыш сезімі

4) спорт сабақтарында спорттық іс-әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын сезінуге қажеттілік.

     Спорттық іс-әрекет мотивтері өзінің байқалуында динамикалылығымен айрықшаланады.

     Шындығында, спортпен ұзақ уақыт спортшының айналысуы барысында оның бойында мотивтердің заңды түрдегі ауысуы байқалады. А.Ц.Пуни спорттық іс-әрекеттердің мотивтері жайлы ғылыми-практикалық зерттеудің негізінде спорт сабақтарына итермелейтін мотивтердің даму динамикасын анықтады [59,15]

     Спортпен айналысудың бастапқы кезеңі. Бұл кезеңде спорттық іс-әрекетке 

енуге алғашқы қадамдар жасалады. Бұл іс-әрекетке  бағыттаушы мотивтер:

а) дене жаттығуларына қызығушылықтың диффуздылығымен сипатталады, жасөспірімдер бір емес, бірнеше спорт түрлерімен айналысатын болады;  

б) мотивтер жанама тікелей әсер ету сипатында болады (спорт сабақтары ұнайды, басты итермелеуші күш – дене тәрбиесін сүю);

в) берілген спорт түріне ыңғайлы, орта жағдайларына байланысты мәселелер (жергілікті жерде сол спорт түрінің кең танымал, таралуы, айналадағы адамдардың қызығушылығы);

г) өзіне жиі жағдайда борыш сезімін қосып алады (дене тәрбиесі сабақтарын, секцияларды міндетті түрде қалдырмай отырып қатысу).

 

Таңдаған спорт түріне мамандану кезеңі.

     Бұл кезеңдегі мотивтер мыналар болып келеді:

а) белгілі бір спорт түріне қызығушылықтың дамуы;

б) белгілі спорт түріне анықталған қабілеттерді дамытуға ұмтылу;

в) табысқа жетуге ұмтылу;

г) арнайы білімді алуды кеңейту, яғни жаттыққандықтың жоғары деңгейіне  ие болу (яғни, жеке рекордтарды игеруге ұмтылудан байқалады – үшінші, бірінші, екінші разрядтарды орындау және т.б.).

     Әрі, спорттық іс-әрекет қажеттілік болады (дене жүктемелеріне шыдау арқылы оларды бастан кешіру дағдыға айналады).

 

Спорттық шеберлік кезеңі

     Мұнда негізгі мотивтер келесі ұмтылыстарда байқалады;

а) өз спорт шеберлігін жоғары деңгейде ұстауға және одан да жоғары табыстарға жетуге ұмтылу мотивтері;

б) өз спорттық жетістіктерімен Отанға қызмет ету;

в) берілген спорт түрін дамытуға үлес қосу, өз тәжіибесін жас спортшыларға беруге қажеттілігінің пайда болуы.

     Спорттық іс-әрекеттің мотивтері айқын байқалатын әлеуметтік бағыттылығы және педагогикалық ұмтылыстары сипатымен сипатталады.

 

Жаттығулар мен жарыстарды психологиялық қамтамасыздандыру

     Спорттық іс-әрекеттің негізгі өзара тығыз байланысты жағын құрайтын ол: жаттығулар мен жарыстар. Сондықтан да, «спорттық іс-әрекетті қамтамасыздандыру» термині жаттығулар мен жарыстарды жүзеге асыруға байланысты психологиялық негіздерге байланысты болады.

     Спорттық іс-әрекет өзге іс-әрекет түрлері сияқты, психологиялық жағынан қамтамасыздануды қажет етеді. Оның мәні мынады: яғни қозғалысты реттейтін жүйке психикалық механизмдерді, бастан кешулер мен мінез-құлықтың дамуы мен жетіліп қалыптасуын жүзеге асыру болып табылады. Осылайша, спорттық іс-әрекетті психологиялық қамтамасыз ету дегеніміз – бұл ағзаның психикалық функциясын және спортшының мінез-құлқын реттейтін жүйені жетілдіру және ыңғайландыруға арналған арнайы дамуды және жаттығулар мен жарыстар міндеттерін көздей отырып, шешуге бағытталған іс-шаралар кешені.

     Cпорттық жаттығулар мен жарыстарды психологиялық қамтамасыз ететін схеманы қарастырайық. Ол схема 4 блоктан тұрады (қараңыз схемалар 2а, 2б, 2в,2г).

     Жаттығулар мен жарыстарды психологиялық қамтамасыздандырудың іс-шаралар кешені шартты түрде 4 құрылымдық бөлімге бөлінеді: психодиагностика, психолого-педагогикалық және психогигиеналық нұсқаулар, психологиялық дайындық, спортшының жағдайы мен мінез-құлқын басқару.

     Жаттығулар мен жарыстарды психологиялық қамтамасыз ету тиімділігі осы құрылымды бөліктерді біртұтас деп, яғни келесі ұғымдар бірлігі деп қаруға мүмкіндік береді.

                    Психологиялық қамтамасыздандыру = 1)+2)+3)+4).

     Психодиагностика мақсат етіп спортшының жеке басын, оның спорттық іс-әрекеттегі мүмкіндіктерін зерттеуді қояды. Бұл алдағы уақытта психолого-педагогикалық және психодиагностикалық нұсқаулар құрастыру үшін, әрі спортшыға тиімді деген әсерлер, ықпалдар жүйесін жоспарлау үшін жүргізіледі. [6, 175]

     Психолого-педагогикалық және психогигиеналық нұсқаулар оқушылар үшін сол немесе өзге спорт түрімен айналысуға қатынасын және белгілі бір жаттығу сабағы мен циклға, жарыстар немесе жалпы нақты бір жарыс түріне, спорт режиміне қатынасын білдіреді.

     Психологиялық дайындық жаттықтырушы мен спортшының психологиялық дайындау түрлеріне бөлінеді. Спортшыны психологиялық даярлауда өзара тығыз байланысты төрт бөлімді ерекше атайды: ұзақ мерзімді жүктемелі жаттықтыру процесіне психологиялық дайындық; жарыстарға жалпы психологиялық даярлық; жарыстарға соңғы қорытынды даярлық кезеңіндегі психикалық күйлерді түзету (коррекция); нақты бір жарыс түріне арнайы дайындық.

 

Спортшының күйі мен мінез-құлқын басқару

     Спортшының психикалық күйіне жедел арада ықпал ету қажет болған жағдайдағы психологиялық даярлықтардың кемістігі кезінде қажет болады.

 

 

Сызба 2а – Спорттық жаттықтыру мен жарысты психологиялық қамтамасыздандыру. (В.М.Мельников бойынша)

Психикалық процестер үшін

 

 

 

Өзекті психикалық күйлер, қалыптар үшін

 

 

Өзара қарым-қатынастар үшін

 

 

 

Үстемдік етуші психикалық күй қалыптар үшін

 

Жеке адам қасиеттерінің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПСИХОДИАГНОСТИКА

 

 

 

 

Іс-әрекет шарттарын зерттеу барысын іріктеу процесіндегі

 

Жаттықтыру процесіндегі

 

 

Жарыстардағы

 

 

 

 

Сызба  2б.

 

 

 

 

Жаттықтырушы

 

 

 

Спортшы

 

 

 

Жетекшілерге

 

Массаж жасаушы, дәрігер, ата-аналар үшін – яғни спорт-шымен кім өзара байланыстағылар үшін

 

 

 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НҰСҚАУЛАР

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

Белгілі бір спорт түрінің сабақтары үшін

 

 

 

Жаттықтыру процесіне

 

 

 

 

Жарыстарға

 

 

 

 

 

Спорттық режимге

 

 

 

 

 

Сызба

 

 

2в.

 

 

Жаттықтырушы

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

 

 

Спортшы

 

 

Ұзақ уақыттық жаттықтыру процесіне

 

 

Жарысқа дайындықтың соңғы кезеңіндегі психикалық күйлерді түзету (коррекция)

 

 

 

 

 

Жарыстарға жалпы психологиялық даярлық

 

 

Жарыстарға деген арнайы психологиялық даярлық

 

 

 

 

 

Сызба 2г.

 

 

Жарыс алдында

 

 

Тікелей спорт алдында

 

Жарыстық жаттығулар мен оны орындау барысы арасындағы үзілістерде

 

 

Жарыстардан соң

 

 

 

 

 

СПОРТШЫНЫҢ КҮЙІ МЕН МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН БАСҚАРУ

 

 

 

 

 

 

Жаттықтыру сабағы алдында

 

 

 

Жаттықтырудағы жаттығуларды орындау барысында

 

 

Жаттықтыру сабақтары арасында

 

 

Белгілі бір жаттықтыру кезеңінде

 

 

 

 

 

Спорттық жарыстардың психологиялық ерекшеліктері

     Спортық жарыс – спорттық іс-әрекеттің өте маңызды әрі ажырамас бөлігі. Спортшыларды оқыту мен жаттықтыру жарыстарға енудің даярлық кезеңі бола отырып, өз алдына ешқандай маңыздылығы жоқ. Олар тек жарыстық іс-әрекеттің табыстылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл мағынада жарыс спортшы үшін өзінше бір ерекше емтихан түрі болып табылады.

     Бірақ, спорттық жарыстарды тек қана емтихан деп қарастырған қате болар еді. Әрі олар спортшының жеке басының дамуына үлкен ықпал ете отырып, оқу-тәрбиелік жұмыстың белгілі бір түрі болып қалады.

     Спорттық іс-әрекеттің едәуір бірнеше түрлері бар: топтық күрес, жекпе-жек т.б. Дегенмен бұларды жалпы психологиялық ерекшеліктер біріктіреді:

1) спорттық жарыс ынталандырушы ықпалға ие;

2) жарыстарға шығу мақсаты жеңіске немесе жақсы нәтижеге жету болып табылады. Бұл осы іс-әрекеттің экстремалдығының негізгі себебі;

3) жарыстар үнемі әлеуметтік  маңызды: олардың нәтижелері ереже бойынша кең қоғамдық арнада мәлім әрі қоғамдық бағаға ие;

4) жарыстарда шығу нәтижелері спортшы үшін ерекше маңызды;

5) жарыстар экстраординарлы эмоционалды-еріктік күйлерді құрайтын ерекше бір маңызды фактор болып табылады.

 

Спортшының жарыстарға жалпы психологиялық дайындығы

      Жарыстарда табыстылыққа жету тек қана спортшының дене, техникалық және тактикалық дайындығының жоғары деңгейіне ғана байланысты емес екендігі бұрын да дәлелденген.

     Шындығында, спортшы дене, техникалық және тактикалық қабілеттерін толық көлемде жүзеге асыру үшін, әрі жарыстың міндетті түрдегі бөлшегі ретінде резервті мүмкіндіктерін ашып көрсетіп қана қоймай, спортшыға спорттық іс-әрекеттің белгілі бір жағдайларына психологиялық тұрғыдан дайындалуы тиіс.

     Жарыстардың психологиялық ерекшеліктері, жарыс алдындағы күйлердің заңдылық, себептері мен динамикасы спортшының психикасына жоғары дәрежедегі өз әсерін тигізеді. Бірнеше айлар бойына оқыту мен жаттығу процесінде жинақталған нәрсенің барлығы аз ғана уақыт ішінде, тіпті секундтар ішінде жоғалып қалуы еш ғажап емес.

     Сондықтан да, спортшының жарыстарға психологиялық дайындығы оқыту мен жаттықтырудың маңызды, әрі міндетті түрдегі бөлшегі екендігін білу керек.

     Адамның психика, сана және жеке басының қасиеттері іс-әрекетте байқалып қана қоймай, әрі қалыптасады. Жарыс іс-әрекеті – белгілі бір жағдайларда ғана жүзеге асуы мүмкін ерекше іс-әрекет түрі болып жүзеге асуы мүмкін ерекше іс-әрекет түрі болып табылады, яғни жарыстар жарыс болулары керек.

     Ең мықты психологиялық дайындық мектебі спортшының жарыстарға қатысуы болып табылады.

     Спорттағы жарыстық тәжірибе – спортшының сенімділігінің маңызды бөлшегі. Бірақ, әрбір жарыс – жинақталған жүйке-психикалық жүйенің жұмысы, әрі едәуір дене және рухани зақым алудың себептері болып қалуы да мүмкін әрі, жарыстарға қатысу белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу, спортшының спорттық шеберлігін жетілдірудегі нақты кезеңнің қорытындысын шығару болып табылады.

     Соған орай, жарыстарға арналған психологиялық дайындықты ұйымдастыру жарыстық іс-әрекетке табыстылық пен нәтижелік әкелетіндей қасиеттер мен психикалық күйлерді қалыптастыратындай болып бағытталуы тиіс. Оның негізгі мақсаты жарыстық ситуацияларға бейімделу, ерекше экстремалды іс-әрекет жағдайларына реактивтілік пен жауап реакциясын жетілдіру мен дамыту болып табылады.

     Спортта «жарыстар жіктелуі» деген ұғым бар, және ол келесі түрлерге бөлуді қарастырады: чемпионаттар, біріншіліктер, кубкалық жарыстар, біліктілік жарыстар, іріктелген жарыстар, алдын-ала жарыстар  және т.б.

     Жарыстар деңгейі спортшы психикасына едәуір ықпал етеді, ол өз кезегінде белгілі бір психологиялық дайындық дәрежесін қажет етеді. Сондықтан да тәжірибеде спортшыларды жарыстарға дайындаудың екі түрі бар. Ол: жалпы және нақты жарыс түріне арналған дайындық.

     Жалпы психологиялық дайындық  спортшылармен тәрбиелік және идеялық жұмыстарды жүргізумен тығыз байланысты. Бұл әсіресе идеялық сенімділік, жеке адамның қасиеттерін қалыптастыруға байланысты.

     Психологиялық дайындық бағдарламасына спорттық сипаттағы қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар енуі тиіс. Спорттық сипат-бұл жарыстарда табысты, нәтижелі әрекет ету, яғни ол өзін нағыз қасиеттерін көрсету үшін әрекет етеді.

     Спортшылардың жарыстарға психологиялық дайындығы келесі сипаттар арқылы анықталады:

  • спортшының экстремалды ситуацияларда өзін өте салмақыт ұстауы, бұл оның қоршаған ортаға (іс-әрекет жағдайларына сипатты ерекшелігі болады;
  • спортшының өзіне, өз күшіне сенімді болуы, бұл оның белсенділігін, іс-әрекетінің сенімділігін, ешнәрсеге селт етпеуін қамтамасыз етеді;
  • спортшының әскери рухына байланысты. Әскери рух жеңіске ұмтылуды қамтамасыз етеді.

Спортшыларды жарыстарға арнайы психологиялық дайындау

     Спортшыларды жарыстарға арнайы психологиялық дайындаудың негізгі мақсаты – жарыстарда психикалық дайындық күйін орнату болып табылады.

     А.Ц.Пуни пікірінше, жарыстарға психикалық дайындық күйі дегеніміз – спортшының жеке басын толығымен көрсету. Ол динамикалық жүйені көрсетеді. [6, 186]

 

 

 

Кесте №2. Спортшының жарыстарға дайындық шамасының элементтері

 

 

 

 

Дайындық элементтері

 

 

Сипаттамалар

 

 

1

 

 

Өз күшіне айқын, нық сенімділік

Өз мүмкіндіктері мен қарсыласының күшін алдағы жарыстар жағдайларын ескере отырып қатыстырып, байланыс-тыруға негізделген.

 

2

 

Табанды және аяғына дейін жарыстың мақсатқа, жеңіске жетуге ұмтылу

Спортшының мақсатқа ұмтыл-ғыштығын, мақсатқа жетуде жарыстық күресті аяғына дейін жеткізуге дайын болуынан көрінеді.

 

 

3

 

 

Эмоционалды қозудың ыңғайлы деңгейі

Эмоционалды қозу жарыстық іс-әрекет жағдайларына, спортшылардың жеке-дара психологиялық ерекшеліктеріне, жарыс көлемі мен рангісіне сәйкес келуі тиіс.

 

4

 

Жоғары дәрежедегі селт етпеушілік

Қолайсыз жағдайларға селт етпеушіліктен немесе олардың әсеріне белсенді қарсы тұрудан көрінеді

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

Ерікті түрде өз іс-әрекет, сезім, мінез-құлқын басқару қабілеті

Жарыстық жағдайлардың кез-келген нұсқасында спортшы маңызды, мәнді шешімдер қабылдай алуы тиіс, өз іс-әрекетін басқарып, серіктес-қарсыластарымен әрекеттерін келісе отырып, өз эмоция, сезімдерін басқара алуы тиіс. Әрі өз мінез-құлқын моральды-этикалық нормаларға сай құра білуден көрінеді.

 

 

     Спорттық іс-әрекетті психологиялық қамтамасыз етудің барлық процесін дайындық және жарыс іс-әрекеттерін басқару деп түсінуге болады. Әсіресе қиындығы жағынан спортшының жарыстық іс-әрекетін басқару ерекшеленеді. Бұл ең алдымен жарыстарда қандай да бір араласу әрі қажетті, әрі пайдалы болатындықтан.

     Кейде спортшы мықты спорттық мінезге ие бола тұрып, әрі жарыстарға жақсы психологиялық тұрғыдан дайындалып тұрып, оның қалпы мен мінез-құлқын басқаруды мүлдем қажет етпей тұрғанның өзінде белгілі бір жарыс жағдайларында абыржып немесе дұрыс шешім таба алмай қалуы мүмкін.

     Жарыс алды және жарыстық сияқты спортшылардың күй-қалыптарын басқару шаралары секунділеу деп аталады. Қазіргі таңдағы тәжірибеде секунділеу әдісі түрлі спорт түрлерінде рұқсат етіледі.

     Секунділеу сеансын өткізу көбінесе аса жоғары дәрежедегі эмоционалды қозудың нәтижесінде болады. Сондықтан да, секунділеудің басты міндеті психикалық күйзелісті төмендету болып табылады. Секунділеу процесі бірнеше кезеңдерден тұрады.

         Бірінші кезең.

     Мұнда арнаулы міндет шешіледі. Онда жалпы психикалық белсенділік пен сергектік деңгейінің төмендетілуі қарастырылады. Ол үшін релаксация сеансын өткізген міндетті, реті келес жеке бөлмеде (жарыс жағдайында бұл мүмкіндік қиынға соғады, сондықтан бұл шараны массаж бөлмеде, зал бұрышында, яғни негізгі жарыс орнынан алысырақ орында) жүргізеді. Жарыс жағдайының қолайсыз ықпалын сөздік әсер ету арқылы (мыс. оларды тынышталдырып, демалдыру үшін) жасауға тырысады немесе секунділеу процесіне арнайы массаж жасауды (бет қыртысын сипау, бірте-бірте қол, аяқ, иықты еркінсіту) қолданады. Әрі алдын-ала дайындалған бейне таспа жазулары (тау бұлағының шуы, психологтың сөздік әсері) жиі қолданылады.

         Екінші кезең.

        Релаксация кезеңінен кейін, егер де уақыт бар болатын болса, спортшыға дербес түрде сюжеттік елестету сеансын өткізу ұсынылады. Ол өзі келесі нұсқаны таңдауы керек. Ол нұсқа келесі нәрселерге қол жеткізеді:

1) айналадағылардан едәуір шамада қол үзетіндей болу;

2) елестетін жағдай, заттар, олардың орны, түсі т.б-н нақты, дәл қайта жаңғырту;

3) сол кезеңде спортшы бастан кешетін жағымды сезімді қайта жаңғырту;

        Үшінші кезең

     Соңында спортшыға келесі сендіру жолдары жасалады:

1) ол өзіне сенімді болуы тиіс, толық күш жұмсауы керек, дайындық кезінде не белгіленсе, соны толық жүзеге асыруы қажет;

2) оған стартқа әрі стартқа өзін қалай ұстау керектігі ескертіледі. Ол мінез-құлық: нық сенімді көзқарас, нақты сенімді қозғалысстар т.б.

3) оған міндетті түрде өз рухын көтеруі керек (ол мүлтіксіз тек жеңіске, табысқа, күреске ұмтылуы тиіс);

4) оған спорт түріне тиісті қажетті болатын іс-әрекет мазмұны түсіндіріліп, ескертіледі. Секунділеу сеансы ерікті бастауда жүргізіледі.

 

Спортшыларды жарыстарға психологиялық жағынан даярлауды жоспарлау негізі

     Спортшыларды жарыстарға психологиялық тұрғыдан даярлау проблемасын практикалық тұрғыдан шешу барысындағы ең басты мәселе оны жоспарлау болып табылады.

     Нақты жоспарды жаттықтырушы өзі және келесі ерекшеліктер кешенін ескеруі тиіс: спорт түрі, жасы және спортшылардың спорттық шеберлігі және олардың жеке-дара ерекшеліктері.

 

Спортшыларды жарысқа психологиялық даярлаудың жалпы жоспары бірқатар талаптардан тұрады:

1) жоспар кімдерге арналғандығын білу үшін, спортшылардың жасын білу қажет;

2) олардың спорт шеберлігінің деңгейін ескеру қажет;

3) психологиялық дайындықтың мақсат-міндеттерін білу маңызды және жоспарға соларға сәйкес нақты іс-шараларды қосу керек;

4) жоспарға қосылған оқыту мен тәрбиелеудің шаралары жалпы (жалпы психологиялық дайындық шаралары) және арнайы (арнайы психологиялық дайындық шаралары) болып бөлініп, әрі ситуативті басқару үшін (секунділеу шаралары) арналуы тиіс;

5) іс-шаралар кешенін дайындықтың жылдық циклы бойынша жоспарлау керек;

6) психодиагностика шараларын (іріктеу, жеке бастың даму динамикасын анықтау шаралары), психогигиена шараларын (спортшының психикалық күйін бақылау шаралары, қалыпқа келтіру шаралары), жалпы психикалық даму шаралары (ес, интеллект, ерік қасиеттерін дамыту шаралары), арнайы психикалық даму шараларын (белгіленген спорт түрінде аса маңызды қабілеттер мен қасиеттерді дамытуға көмектесетін шаралар) анықтау аса маңызды:

7) жоспарға гетеротренинг шаралары мен әдістерін қосу маңызды;

8) кешенге спортшыны экстремалды жарыстық сипаттағы ситуацияларға эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыратын әдістер мен шараларды енгізу қажет;

9) жоспарды құруда оны шартты түрде блоктарға бөлу маңызды, ол блоктар белгілі бір дамудың аяқталуын білдіріп, қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

     Психологиялық дайындық мақсаты мен міндеттерін дене, техникалық және тактикалық дайындықтың мақсат, міндеттеріне сәйкес келуі керек. Нақты мақсат пен міндеттерін құрастырып алып (спорттық топтың барлық мүшелері үшін жалпы), оқыту мен тәрбие шараларын анықтар алдында жаттықтырушы спортшылардың дайындық деңгейін зерттеуі тиіс, яғни диагностикалауды жүргізуі тиіс. Содан соң, топты үш топқа (жоғары, орта және төменгі дайындық деңгейіндегі спортшылар) деп (шартты) бөлуі керек. Психологиялық дайындықтың жалпы жоспары жоғары немесе орташа бағасы бар спортшылар тобына бағытталуы тиіс.

 

Спортшыларды жарыстарға психологиялық тұрғыдан даярлаудың үлгі-жоспары (А.Ц.Пуни)

 

1 бөлім. Жалпы психологиялық дайындық

               Мақсаты:

  1. Психодиагностика;
  2. Жарыс жағдайында жоғары спорт нәтижелеріне жетуге ұмтылысты

    дамыту;

  1. Спортшыға қажетті жеке адамға тән қасиеттерді жетілдіру;
  2. Жарыс жағдайларына бейімделу қабілеттерін қалыптастыру.

 

 

Кесте №3

 

Дайындық мазмұны

Міндеттері

Шараларды қолдану шешімі

Орындалу мерзімі

1

Дайындық  деңгейі-нің жалпы диагнос-тикасы

Диагностика

а)моральды-этика-лық қасиеттер;

б) ерік қасиеттері;

в) моральды-этика-лық қасиеттер;

г) аффект жағдай-ында мінез-құлық-ты ерікті басқару қабілеттері

Зерттеушілік іс-шаралар кешені

 

2

Моральды-этикалық тәрбие

а) идеялы бағыт-тылықты тәрбиелеу

б) жарыс жағдай-ында мінез-құлық-ты ерікті басқару қабілеті

а) әңгімелесу өткізу;

б) жарыстық жағдайларда жат

тығуға ұқсату

 

3

Еріктік даярлық

Әрбір спортшыда еріктік қасиеттерді дамытудағы нақты ескермеушіліктерді жеңу

Кең көлемді интенсивті жаттығуларды орындау және аутотренинг

 

4

Жарыстық сипатта-ғы экстремалды сит-уацияларды жеңуге дайындық

 

а) экстремалды жағдайларда өзін тез меңгеру шебер-лігін;

б) ситуацияны нық шешу және тиімді шешім қабылдау қабілеттерін дамыту

Е.Гогунов әдістемесі бойынша интеллектуалды міндеттерді теориялық және практикалық шешу

 

5

Интеллектуалды қасиеттер диагнос-тикасы

а) талдау-біріктір-гіштік шеберліктер-ін

б) бақылампаздық-ты жетілдіру

«Қисындылық»,

Векслер және Ландольт шең-берлері тестісі

 

 

6

Интеллектуалды қасиеттерді жетіл-діру

а) талдау-біріктір-гіштік шеберіктерін

б) бақылампаздық-ты жетілдіру

Жарыстық си-туацияларды талдау, орын-далатын әрекет-терді қисынды түсіндіру, дене жаттығуларын спортшының өзінің және өзге-лердің орын-дауын талдау, әрі бағалау

 

7

Жарыстық жаттығу-ларды орындауға икемделу шеберлігі-нің диагностикасы

а) бақылау-бағдар-лану іс-әрекетінің тәсілдерінің білімі мен шеберлігінің деңгейін;

б) жаттығуды орындауға идеомо-торлы тәсілдердің білімі мен шебер-лігінің деңгейін;

в) жаттығуды орын-дауға дайындық сәтінің білімі мен шеберліктері деңгейін;

Спортшының дайындық кезеңін анықтау

 

8

Қолайсыз ішкі күй-лерді өзіндік реттеу диагностикасы

а) сыртқы эмоцио-налды күйзелістерді өзіндік бақылауды жетілдіру

б) өзіндік реттеу шеберлігінің диаг-ностикасы

Спилберг шкаласы бойын-ша мазасыздану деңгейінің баға-сы, «стресс-симптом-тест» сауалнамасы.

 

 

 

     Сонымен, бұл орында спортшыларды жарысқа даярлаудың жалпы психологиялық негізі қарастырылады. Осы дайындық мәселелерін сауатты, әрі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан өте орынды, әрі шебер қолдана білу қаже

 

 

1.3.  Спорттағы практикалық психология: спорттағы диагностикалық психологиялық негіздері, психологиялық түзету, психосауықтыру, психотренингтер механизмдері

 

     Спорттық психодиагностика – ағымдағы қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған және спортшылардың психикалық ерекшеліктерін өлшеу және бақылау мақсаты болып табылатын спорт психологиясының бөлімі болып табылады.

     Психодиагностиканы практикалық тұрғыдан қолдану спорттық дайындыққа уақыт пен шығынды қысқартуға мүмкіндік береді, оның тиімділігін жоғарылатуға және спортшыларды бақылаусыз қысқартуды төмендетуге, спорттық нәтижелердің тұрақтылығы мен деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

 

Психодиагностикалық өлшеулер теориясы

     Тестілеу – жеке-дара айырмашылықты өлшеудің ерекше әдісі. Тест әдісі ХІХ ғасырдың соңынды пайда болды. Әуел бастан-ақ ол психикалық процестер мен жеке адам ерекшеліктерін объективті өлшеулер көмегімен өлшеудегі экспериментальді көзқарастың түрлі түрі ретінде есептелді. Эксперимент бұл жағдайда сынаушы және өлшеу сипатына ие болады, яғни әрі ол қасиеттің деңгейін анықтауға бағытталған.

     Тестілуді тәжірибе жүзінде қолданбас бұрын оның келесі психометрия талаптарына сай келуін міндетті түрде ескеру керек. Ол талаптар: сенімділік, валидтылық, стандартизация, прогностикалық құндылық, практикалық құндылығы. Тек осы жағдайда ғана спортшылардың психикалық ерекшеліктерін бейнелейтін адекватты сандық бағалар алынды.

     Сенімділік.

     Психодиагностикалық өлшеулер нәтижелерінде мәнді немесе түкке тұрмайтын қателер кездесуі мүмкін.

     Психодиагностика процесінде басқа кез-келген өлшеулердегі сияқты үш негізгі қателер класы пайда болады:

1) қателіктер — өлшеу процедурасының өте дөрекі түрдегі түрлі салдарынан болады. Олар оңай анықталып, әрі нормадан ауытқитын мәнділіктерді ескермеу арқылы жайылуы мүмкін;

2) жүйелі түрдегі қайталайтын қателіктер үнемі немесе заңды түрде өлшеуден өлшеуге дейін сол күйінде қалуы мүмкін; осы ерекшеліктер негізінде олар ертерек, яғни алдын-ала айтылуы мүмкін, бұл топқа мәліметтерді жинақтаудың түрліше әдістерін қолдануда пайда болатын әдістер жатады;

3) кезектес түрде тұрақты сипаттамаларды өлшеу барысында кездейсоқ қателер кездесіп, түрлі сандық бағалар алынуы мүмкін (өлшенетін сипаттама уақыт бойынша өзгермей, ал барлық ауытқулар өлшеулердің дәлдігінің дәлдігі болмай шарттасады.

     Өлшеулердің сенімділігінің бағасы тәжірибесінде 3 негізгі әдіс қолданылады.

  1. Қайталап өлшеу.

     Сенімділікті өлшеудің негізгі тәсілдерінің бірі – сыналушылар тобын бір және сол әдіспен және белгілі бір уақыт аралығы және бірдей жағдайлар барысында қайта тестілеу болып табылады. Қайта тестілеу әдісін қолдану барысында уақытқа байланысты тестілеу нәтижелері тұрақтылық дәрежесі бағасына ие болады.

  1. Параллельді өлшеу.

     Бұл жағдайда қайталап өлшеу параллельді немесе эквивалентті тестілер көмегімен, яғни бірдей қателіктермен сол және бір психика қасиетін өлшейтін тестілер көмегімен анықталады (бағалар спортшылардың зерттелетін психика қасиетінің байқалу дәрежесіне тәуелді болады).

     Параллельді тестер арасындағы корреляцияның жоғары мәндері осы тестілердің сенімділігіне және олардың мазмұнының эквиваленттілігіне көрсетіледі.

  1. Бөлу.

     Бұл әдіс параллельді тестілеу әдісінің дамуы сияқты болады. Бұл әдіс жекелеген тест формаларының параллельдігіне ғана емес, әрі бір тест ішіндегі жекелеген тестілерге де негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында тест жекелеген тапсырмаларға немесе тапсырмалар тобына бөлінеді.

     Нәтижесінде, тестінің ішкі келісім коэффицентіне қол жеткізуге болады. Тестің келісімділігі — өлшеу нәтижелерін біржақты белгілеуге арналған міндетті түрдегі жағдай: гомогенді емес (келісілмеген) тест жағдайында бір және сол сынаушылар үшін бір және сол бағалар түрліше түсіндіруді қажет ететін болады.

  1. Валидтылық.

     Тестінің  валидтылығы сол психикалық қасиетті қаншалықты көлемде (қасиет, қабілет, сипаттама және т.б.) өлшейтіндігін көрсетеді. Валидтылығы жоқ тестілер практикалық тұрғыдан қолдануға жарамайды.

     Қазіргі таңдағы психодиагностикада валидтылықтың 4 түрін ерекшелеп бөледі.

  1. Мазмұнды валидтылық

  Тест мамандар пікірлеріне қатысты валидты болып табылады. Мазмұнды валидтылықты анықтау үшін, экспертті әдістер қолданылады. Экспертизаның объектісі тест мазмұны болып табылады.

  1. Мүмкін болатын валидтылық

     Бұл валидтылық  түрі сыналушылар көзқарасы тұрғысынан өлшеу заты туралы әсерді білдіре отырып, үлкен маңызға ие, себебі ол ең алдымен сыналушының зерттеп сынауға қарым-қатынасын анықтайды.

  1. Эмпирикалық валидтылық

     Тест қатал анықталған адам мінез-құлқының формасы мен психикалық ерекшеліктерінің индикаторы (немесе болжаушысы) қызметін атқаруы мүмкін.

     Тестінің эмпирикалық валидтылығын өлшеу үшін сыртқы критерийлі тест нәтижесінің корреляция коэффициенті анықталады.

     Ең негізгі мәселе критерийді таңдау болып табылады. Шартты түрде 3 топ критерийлерін бөледі:

     1) Экспертті критерий спортшының психика қасиеттерін тәуелсіз өлшейді және оған баға береді. Эксперт рөлін жаттықтырушылар орындайды. Бірақ, арнайы зерттеулер көрсеткендей, жаттықтырушылардың эксперттік бағалары төменгі валидтылық пен сенімделікке ие болады. Осыған орай, валидтылықтың экспертті критерийлері өте сирек, яғни сыртқы критерий ретінде кәдімгі қарапайым сандық өлшеу әдістерін қолдану қиын немес қолдану мүмкін болмағанда ғана қолданылады.

     2) Эксперименталды критерий өз критерий ретінде сыналушыларды өзге тест арқылы бір мезгілде және тәуелсіз тестілеудегі нәтижелер валидтылығын шығаруда қолданылады.

     3) Өмірлік — өлшенетін қасиетке байланысты психологиялық теориялар негізіндегі шынайы мінез-құлықтың сипаттамасы критерийі болып табылады. Мысалы, психомоторлы қабілеттер тестісі үшін спорттық іс-әрекеттің табыстылық көрсеткіштері қолданылады.

  1. Тұжырымдамалы валидтылық

     Ол валидталынатын тест негізінде қойылған теориялық тұжырымдамалардың дұрыстығын тексеру жолымен анықталады. Тұжырымдамалы валидтылықтың тесте болуын 3 кезең арқылы, яғни 3 кезеңнен өтетінін айту керек:

     1) валидталынатын тестің орындалуын түсіндіретін теориялық  

         тұжырымдама анықталады;

     2) валидталынатын тестпен өзара байланысты бір немесе бірнеше болжамдарды теориялық тұжырымнан шығарады;

     3) алға тартылған болжамдардан эмпирикалық тексеру жүргізіледі. [6, 167]                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

     Психодиагностика жеке адамның қасиеттері мен жеке-дара байқалу ерекшеліктерін зерттеуге бағыттала отырып, бірқатар әдістер мен тәсілдер кешенімен белгілі. Олардың негізгі мақсаты – спортшыларды іріктеу мен спорт командасын жинақтауға, табысты болжауға, спортшылардың психикалық күйін бағалауға байланысты міндеттерді шешу. Тестілердің мақсаты алдын-ала мәнді деп танылған қасиеттер мен процестерді бағалау болып табылады.

     Тестілік жеке-дара әрі топта жүргізілуі мүмкін тестілеу процедурасын көптеген рет жүргізу арқылы алынған материалдың объективті, шынайы болуына қол жеткізуге болады. Әрі спортшының жеке басының психикалық процесінің, күйі-қалпы мен қасиетінің динамикасын бақылауға мүмкіндік береді және оқу-жаттықтыру процесін коррекциялауды жүзеге асыруға қол жеткізеді.

     Зерттеушінің жауапкершілігі тестілеу арқылы алынған материалды дұрыс интерпретациялауда көрінеді, әрі қажет болады.

     Психодиагностикада қолдануға болатын К.К.Платоновтың жеке адамның картасы дегенге назар аударайық. Медицина және психология ғылымының докторы К.К.Платонов ұсынған «жеке адамның картасы» бұл жеке адамның функционалды динамикалық құрылымының тұжырымдамасына қатысты және оның бөлшектері жүйелі негізге құрылған болып табылады.

     К.К.Платонов бойынша жеке адамның құрылымы негізгі 4 құрылымнан тұрады, ол құрылымға жалпыланған жеке тұлға қасиеттері, мысалы, мінез бен қабілет кіреді. Жеке адам картасы сыналушының биографиялық мәліметтері, оның денсаулық жайы мен өмір сүру  салты туралы толығатын құрылымды сипаттамадан тұрады. Ол карта адамның жеке басын зерттеуде жан-жақты қарауда, әрі педагогикалық ықпал етуде шаралар мен әдістерді қолдануда көп көмекші себебін тигізеді. [49, 36]

 

 

К.К.Платонов бойынша жеке адам картасы

 

     Толтырылу тәсілі: өзіндік баға; баға; «-» — 200 – ж

Аты-жөні, тегі —————————————————-

Топ ————————- жасы ———————————

Білімі ———————— мамандығы —————————

Денсаулық қалпы

  1. Өз денсаулығына қарым-қатынасы

Ө. Өмірлік жағдайлар:

  1. Жұмысы
  2. Отбасы
  3. Материалды жағдайлар

Қ. Қосалқы қабілеттір:

    Байқалған мәліметтер:

  1. психомоторлы
  2. музыкалық
  3. вокалды
  4. әртістік
  5. көркем
  6. техникалық
  7. математикалық
  8. әдеби
  9. педагогикалық
  10. ұйымдастырушы
  11. адамгершілік
  12. құқықтық

Өзге анық байқалатын қабілеттір

Мінез сипаттары:

  1. принципшілдік
  2. ұжымшылдық
  3. оптимизм

Жеке тұлға құрылымы

І. Әлеуметтік – шартталған құрылым

  1. Жалпы бағыттылық:

а) деңгей

б) кеңдігі

в) қарқындылық

г) тұрақтылық

д) әрекеттілік

ІІ.Кәсіптік бағыттылық

  1. Атеистік бағыттылық
  2. Қарым-қатынас

а) еңбекке

б) адамдарға

в) өзіне

Тәжірибенің құрылымы

  1. Кәсіби дайындық
  2. Мәдениет:

а) психомоторлы

б) музыкалық

в) театрлық

г) көркем

д) әдеби

г) көркем

ІІІ. Биологиялық тұрғыдан шартталған құрылым.

  1. Темперамент:

а) күші

б) қозғалғыштығы

в) тепе-теңдігі

  1. Жеке адамның патологиялық өзгерістері
  2. Психикалық процестердің жеке-дара ерекшеліктерінің құрылымы.

1.Эмоционалды қозғыштық

  1. Эмоционалды-моторлы тұрақтылық
  2. Эмоцияның сахыналылығы
  3. Зейінділік
  4. Ойлаудың сыншылдығы
  5. Естің өнімділігі
  6. Ойлауға ептілік
  7. Шығармашылық қиял
  8. Ерік:

а) өзін-өзі меңгеру

б) мақсатқа ұмтылушылық

в) құлшынбалалық

г) табандылық

д) шешімге келгіштік

  1. Тәртәптілік.

 

 

     Жеке адам картасы нұсқау көмегімен тексеріледі. Ол нұсқауды сыналушыны жақсы білетін, әрі сыналушымен түрліше формальды емес өзара қарым-қатынастарда (мыс. бастық, бағынушы, команда мүшесі, отбасы мүшесі т.б.) болатын болса сол адам жүргізгені жөн мұндай картаны толтыру өзін-өзі бағалау әдісімен мүмкін болады.

     Әрбір жеке тұлға сипаты, картада ескеріле отырып, 5 ұпайлық жүйемен бағаланады:

     5 – картада аталған жеке тұлға сипаттары өте жақсы дамыған, айқын байқалады, жиі көрініс береді. Әрі түрлі іс-әрекетте мінез сипаты түрінде;

     4 – едәуір байқалады, бірақ үнемі байқалмайды, бірақ оған қарама-қарсы сипат өте сирек кездеседі;

     3 – ол және оған қарама-қарсы жеке тұлға сипаты онша байқалмайды және бірі екіншісін басып озады;

     2 – байқалады және аталған жеке тұлға сипаты қарама-қарсы болып байқалады;

     1 – жеке тұлғаның қарыма-қарсы сипаты жиі байқалады және түрлі іс-әрекетте, әрі мінез сипаты болады.

     0 – картаны толтырушы берілген сипатты бағалау үшін мәліметтері жоқ болады.

     Динамикасы бойынша жеке тұлға сипаты үш сипаттың бірімен анықталады:

  • бұрын онша тән болмаған, енді өте күштірек дамиды, әрі жақсы болып артуда;
  • өзгеріссіз қалады;
  • бұрын онша тән болмаған, енді нашарлауда.

     Динамика соңғы үш жылға бағаланады. Жеке тұлға картасы – жеке адам туралы бар мәліметтерді тіркеу формасы болып табылады. Жеке адам сипатын тіркеу мен бағалау сол адамға толтырылатын мәліметке қоса, сол адамның өмірінен, іс-әрекетімен әдеттері жайлы білімге сүйене отырып толтырылады. Егер де мұндай мәліметтер жоқ болса, онда 0 ұпай қойылады.

     Жеке тұлға картасы өзіндік баға негізінде сияқты, сол адамды білетін бір екі тұлғалардың берген бағасы негізінде қойылады. Соңғы жағдайда тәуелсіз сипаттамаларды жалпылау әдісін қолдана отырып, қорытынды картада жалпыланған ұпай қойылады. Картаның толтырылу тәсілі – ерекшелеп көрсету.

     Карта серияларын толтыру алдында жеке адамның функционалды динамикалық құрылымына, оның құрылымы мен бөлшектеріне сипаттама берілетін кітаптардың бірімен танысқан жөн.

 

 

 

 

 

Жалпы психологиялық тұрақтылықтың бағасы

     Жалпы психологиялық тұрақтылық дегеніміз  қатты шаршауда және әртүрлі қолайсыз әсерлер кезіндегі психикалық процестердің тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі.

     Жалпы психологиялық тұрақтылық бағасы қандай-да бір жаттығулар, мысалы, қозғалыс координациясы, зейін, жылдамдық, ептілікке арналған жаттығулар нәтижелерін салыстыру жолымен жүзеге асуы мүмкін (мысалы, 1 немесе 3 км–ге кросстан кейін, вестибулярлы жүктемелерден соң, эмоционалды бастан кешірулерден соң т.б.)

     Сынақ №1 теннис добын нысанаға қозғалту координациясының жаттығуларын жаттап, әрі кейін тексергеннен кейін (3-5 м-ге 5-7 рет) 1 км-ге кросты орындау, ал содан кейін координация әрі лақтыруға жаттығуларды қайталау.

     Қимыл-қозғалыстың координациясы мен дәлдігі нәтижелерінің төмендеуі психологиялық тұрақтылықтың кемшіліктеріне куә болады.

 

Ерікті қасиеттер ретіндегі табандылықты бағалау

     Табандылық мақсатқа жетуде қиындықтар мен кедергілерге қарамастан қажырлы ұмтылу кросс нәтижелері мен функционалды «степ-тест» сынағының нәтижелерімен салыстыру арқылы бақыланады.

     «Степ-тест» байқауы 50 см биіктігі бар орындық немес биіктікке шығу арқылы орындалады  (3мин. ішінде 180 көтерілу мен түсу орындалу керек).

 

Еріктік қасиет ретіндегі күштіліктің бағасы

     Спортшының психикалық сенімділігі пс.ғ.к. В.Э.Мильман дайындаған сауалнама көмегімен анықталды.

     Психикалық сенімділік дегеніміз ол күрделі жарыс жағдайларында негізгі психикалық механизмдердің тұрақтылығы делінеді. Бірқатар бөлімдерден тұрады: эмоционалды жарыстық тұрақтылық, өзін-өзі реттеу, мотивациялы-энергетикалық құрылым, өз көрсеткіштерінің жиынтығымен сипатталады.

     Эмоционалды жарыстар тұрақтылық көрсеткіштері мінез, жарыс алды қарқындылық және жарыстық қозудың эмоционалдығы және оның толқуы, оның әсер ету дәрежесі.

     Өзін-өзі реттеу көрсеткіштері – бұл эмоционалды күйді дұрыс сезініп, бағалау, сөздік бұйрықтар арқылы ықпал ете білу, спорттық күресте өзін-өзі өзгерте алу, өз әрекетіне өзіндік бақылауды дамыту мотивациялық аумақтың көрсеткіштері: жалпы спортқа, және өз спорттық іс-әрекетіне сүйіспеншілік, кез-келген жарыс формасындағы күрес түріне ұмтылу, жаттықтыру мен жарыстарда барлық күш-жігерді беру.

     Тұрақтылық пен еш мүлт етпеудің көрсеткіштері: ішкі функционалды күйдің тұрақтылығы, қозғалыс дағдыларының тұрақтылығы, спорттық техниканың тұрақтылығы, түрлі бөгеттерді қабылдамаушылыққа баулу.

     Психикалық тұрақтылықты анықтау сауалнамасының қысқартылған нұсқасы 22 сұрақ қатарынан тұрады. Жауап беретін қағазға сыналушы өз пікіріне сәйкес келетін пікірді белгілейді.

     Әрбір жауап жоғарыда аталған 4 құрылымның біріне қатысты (жалпы сұрақ 17-ден басқа) әрі белгілі бір ұпайлар санымен бағаланады. [53, 45]

 

Психикалық сенімділік сауалнамасы

Мақсаты: Спортшылардың психологиялық тұрғыдан сенімділігін анықтау.

Қажетті құралдар: Жазу қағаздары, қалам т.б.

Сауалнама келесі нұсқау көмегімен орындалады.

Нұсқау: Алдарыңызда бірқатар сұрақтар бар. Ол сұрақтар көмегімен сіздің спорттық іс-әрекетіңіздің психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын боламыз. Әрбір сұраққа жауап беруде бір жауап нұсқасын таңдаңыз («а», «б», «в», «г») және жауаптар қағазына әр сұрақтың жанына мысалы: 4в, 6а т.б. деп жазыңыз, әрбір бөлімге ерекше мән бермей, жалпылама жауап беріңіз, яғни өзіңіздің бұрынғы жарыстық тәжірибеңізге сүйеніңіз. Сұрақтар қатары (Қосымша А-да) берілген.

 Сауалнаманың өңделуі: Әрбір құрылым бойынша ұпайлар саны ерекшеленеді. 0 ұпай психикалық сенімділіктің орташа деңгейіне сәйкес «-» белгідегі баға берілген құрылым бойынша сенімділік деңгейінің төмендеуі жайлы айтады, яғни өзге орташа мәліметтермен салыстырғанда және «+» белгісі өзге мәліметтермен салыстырғанда жоғары көтеріңкі ұпайды білдіреді, яғни сол немесе өзге психикалық сенімділік құрылымы жөнінде.

     Құрылымдар бойынша бағалар ауқымы мынаған тең:

     ОЭТ (орташа эмоциялық тұрақтылық) – 12 ден 5 ұпай.

     ӨР (өзін-өзі реттеу) – 10 нан 6 ұпай

     МА (мотивациялық аумақ) – 10 нана 7 ұпай

     ТК (тұрақтылық көрсеткіші) – 6 дан 3-ке дейін.

Зерттеулер көрсеткендей-ақ (В.Э.Мильман және т.б.) психикалық сенімділіктің орташа топтық мәндері (мотивациялықтан өзге) заңды түрде спорт шеберлігіне сәйкес артып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте №4  Психикалық сенімділік шкаласы бойынша жауаптардың интерпретациясының кілті

 

Психикалық белсенділік компоненттері

ЖЭТ (жарыстық эмоционалды тұрақ-тылық)

Өзіндік реттеу ӨР

М-Э (мотивациялы-энергетикалық құрылым)

Т-МЕ (тұрақтылық – мүлт етпеушілік)

 

а)

б)

в)

а)

б)

в)

а)

б)

в)

а)

б)

в)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1

-2

-1

+1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

-2

 

+1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

-2

-1

+1

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

+1

 

-1

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+1

-1

-2

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+1

-1

-2

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-2

-1

+1

8

-2

-1

+1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

 

 

 

 

+1

-1

-2

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

+1

-1

-2

 

 

 

11

 

 

 

 

 

 

+1

-1

-2

 

 

 

12

 

 

 

+1

-1

 

 

 

 

 

 

 

13

-2

 

+1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14

-2

 

+1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

-2

-1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

 

 

 

-2

+1

-1

 

 

 

 

 

 

 

17

 

 

Эмоционалды реакциялар сипаты: а-нейтрал, бейтарап;

г,д,ж,з,и – стеникалық; б,в,е – астеникалық

 

18

 

 

 

-2

 

+1

 

 

 

 

 

 

19

 

 

 

-2

-1

+1

 

 

 

 

 

 

20

 

 

 

-1

 

+1

 

 

 

 

 

 

21

 

 

 

 

 

 

+1

-1

-2

 

 

 

22

 

 

 

 

 

 

-1

+2

+1

 

 

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім бойынша тұжырым

         Бұл бөлімде спорт психологиясының қағидалары, спортшылардың жеке басы олардың ерекшеліктері анықталады. Бұл бөлімде спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің ерекшеліктері кең көлемде қарастырылған.

          Сонымен қатар бұл бөлімде спортшылар, спорт саласындағы психология ғылымының орны; қазіргі таңдағы спортшыларға көрсетілген психологиялық қызметтің ерекшеліктері; олардың рухын, ерік-жігерлерін жеке басының психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырып-тәрбиелеу; спортшылардың жеке психологиялық портретіне т.б. мәселелерге арналаған зерттеулер жоқтың қасы, әрі қазіргі салауатты өмір салтын жарнамалау тұсында өзекті де, өткір маңызды мәселе болып табылады. Осы өзектілік аталған проблеманы психологиялық тұрғыдан зерттеуге алып келді.

     Аталған ғылыми проблемаға, яғни спортшылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктері жайлы К.К.Платонов, Л.Д.Столяренко, В.П.Некрасов, Л.Т.Ямпольскийлер зерттеулері үлкен көмекші құрал бола алады.

     Қазіргі таңда спорттық дамуына байланысты бұл мәселені зерттеулер аясы кеңейді. Спорттағы дене және психологиялық жүктемелер жаңа жетілген әдістер, шаралар мен тәсілдердің кеңінен енуін қажет етеді.

     Спорттағы жарыстық жаттығулар мен олардың түрлерін жинақтаумен Т.Т.Джамгаров айналысты. Спортшылардың зейінінің дамуын зерттеуді Е.П.Ильин жүзеге асырады. Спортшылардың техникалық дайындығын жүзеге асыруды психикалық процестердің ерекшеліктерін А.Ц.Пуни зерттеп шұғылданды. Спорттағы психодиагностикалық әдістер жайлы проблеманы В.Л.Мерищук, Ю.М.Блудова, В.А.Плахтиенко, Л.К.Серовтар зерттеді. Спортшының жеке тұлғасының бағыттылығы жөнінде Ю.Ю.Полайма, спортшылардың адамгершілік қасиеттерін А.И.Волков зерттеді.

     Спорттық жетістіктерге өзіндік баға берудің әсері жөнінде анықтаған Дж. Тейлор болды.

     Мақсатқа жетуге байланыс талпыныс деңгейін Ф.Хоппе анықтады. Ю.А.Хопин мен А.Стамбуловтар жаттықтырушы мен оның тәрбиеленушілері арасындағы өзара қарым-қатынас, байланыстардың дамуын зерттеді. Ал психикалық сенімділікті зерттеген В.Э.Мильман еді.

Спорттағы практикалық психология: спорттағы психодиагностика негіздері, психологиялық түзету, психосауықтыру, психотренингтер механизмдері көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау.  СПОРТШЫ ЖАСТАРДЫҢ КӘСІПТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕЛІНУ ЖАЙЫ

 

2.1. Психодиагностикалық шараларды жүргізу технологиялары

 

     Спорттағы психореттелу – бұл спортшының бойында оның бүкіл мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға ықпал ететін психикалық күйді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың кешені.

     Мұндай күйдің психофизиологиялық негізі болып ағзаның жұмысшы (эрготропты) және қайта қалпына келтіруші (трофотропты) жүйелердің ыңғайлы қатыстылығы табылады. Кез-келген сәтте үстем функционалды жүйемен бірге (бұл жүйе адамның сол немесе өзге іс-әрекетін қамтамасыз етеді) ұсынылған жүйеден басқа жүйе бәсекелестікке түседі.

     Осы бәсекелес жүйені субдоминанта деп атайды. Мысалы: егер де спортшы жаттықтыру кезінде қандай-да бір белгілі тапсырманы орындаса, онда бұл процесс эрготропты жүйенің үстемдік етуімен қамтамасыз етеді.

     Қажетті мезгілде тиімді, әрі үнемі күйге қол жеткізу үшін, яғни спортшының барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесетін психореттелудің арнайы әдістерін қолдануға болады. Оның түрлі жіктелуі жайлы бірнеше ғалымдар жазған, соның ішіндегі ең тиімдісі В.М.Мельников ұсынған жүйе. Ол екі топ әдістерін ұсынады:

  1. Гетерореттеушілік (бұл кәдімгі күйде, яғни сергек күйде немесе өзгерген көңіл-күйде, яғни гипнозда жүзеге асуы мүмкін);
  2. Аутореттеушілік (бұл өзін-өзі реттеудің әдістері)

 

Гетерореттеудің әдістері

     Сендірудің сөздік әдістері әңгімелесу, сендіру, бұйрық және үнемді түрдегі сендіру болып бөлінеді. Әңгімелесу спортшымен жүйке күйзелісін реттеу үшін және старт алдындағы апатияны жою үшін қажет болады.

     Сендіру нақты мақсатты міндеттерді көздейді, яғни: спортшыны нақты іс-әрекетке бағыттайды; сол немесе өзге күйдің қажетсіздігіне көз жеткіздіреді.

     Бұйрық – сергектік күйдегі сендірудің өте бір императивті формасы. Ол өте нақты, дәл әрі қысқа болуы тиіс.

     Үнемді сендіру – бұл сөздік гетеререттеудің  күрделі әдісі. Ол өзіне келесі міндеттерді қосып алады:

  • спортшыны қандай да бір іс-шаралар кешенін орындауға қысынды түрде сендіру, сол немес өзге іс-әрекетке бағыттау;
  • қажет емес күйзелісті жою немесе керісінше жүйке – психикалық белсенділікті көтеру;
  • психогигиеналық кеңістіктерге құлақ қоятын болса, спортшыда болатын жағымды болашақты құра білу.

     Гетерореттеудің вербалды әдістерінің ішінде психикалық күйлерді жүзеге асыру үшін келесі гипносуггестияның (ұйқыда сендіру) нұсқаларын бөліп көрсетуге болады:

     1) Фракционды гипноз (жекелеп алғанда) кезінде сендіру процесі екі бөлімге бөлінеді. Адам ұйқыға кеткенде, онда бірнеше минут болады да, сонда онымен әрі қарайғы сендіру әрекетін келісіп жалғастырады, кейін оны ұйқы тәріздес күйге қайта келтіреді.

     2) Гипносуггестия  (шынайы спорттық ситуацияға барынша ендіру, «репартаж») сеансты жүргізуші ұйқыдағы спортшымен матч немес алдағы өнер жайлы әңгіме-сұхбат жүргізеді.

     Гетеререттеудің вервалды емес әдістерінің ішінде құрал-жабдықтық әдістерде ұйқыдағы тәрізді күйде қалыптастыру үшін «электрасон» деген құралды қолданады.

 

Аутореттеудің әдістері

     Аутогенді жаттығу бірінші рет австралиялық дәрігер И.Шультц арқылы ұсынылды. Ол ауырлық пен жылулық  сезімін аяққа кезекті түрде өзіне-өзі шақырып тудыру арқылы және жүрек тұсына жылулықты, маңдайға салқын жағымды түрде қол ұшын тигізу арқылы жүзеге асады. Мұның барлығы демалып босаңсуға, жүйке күйзелісінен арылуға себепші болмақ әрі, мұндай күйде бола тұрып, спортшы өзіндік өзін-өзі реттеу, сенімсіздікті жою, қорқыныштан арылу, зейінін шоғырландыру сияқты міндеттерді шеше алады.

     Өзіндік реттеудің «шынайы» әдістері жарыстар мен жаттықтыру кезінде пайда болып табыспен, жарыстарда нәтижелі орындаумен байланысты болады. Өзіндік реттелудің бұл әдістері кездейсоқ пайда болып, жиі жағдайда дәстүрлі болып қалады. Мысалы: көптеген спортшылар өзінің ішінен әдетте ереже бойынша бір және сол сөзді жол сілтеуші немесе өзіндік бұйрық ретінде айтады, әрі бұл сөз тіркесі қалыптасқан сипат алады.

     Сөздік және сөздік емес әдістерді кәдімгі мінез-құлыққа тән. Сөздік әдістерге өзін-өзі сендіру, өзін-өзі бұйрық беру, психикалық қорғаныс әдістері жатады. Сөздік емес әдістерге – тыныс алу және мимикалық жаттығулар; арнайы бұлшық еттік сезінулерге негізделген жаттығулар жатады.

     Психикалық күйлерді реттеу екі жолмен жүзеге асуы мүмкін:

1) олардың пайда болуын ескертумен;

2) бұрын қалыптасқан күйлердің жайылуымен.

     Бұл процестің жүруі үшін сырттан немесе өзіндік реттелудің әсер ету шаралары мен әдістердің көптеген түрі қолданылуы мүмкін.

     Әрбір күй бөлшектеніп бөлінуі мүмкін, себебі жинақтаушы сипат алуы мүмкін.

     Психореттеу үшін үлкен өзекті орын алатын психикалық күйлер бар. Ол: шаршау, аса толық дәрежедегі жүйке – психикалық күйзеліс, фрустрация.

     Психореттелу сеансы жұмыс қабілеттелігіне, эмоционалды күйге, сергек көңіл-күйді туғызуға бағыттала отырып орындалуы тиіс.

     Енді әрбір психикалық күйге тоқтала кету артықтық етпес.

     Шаршау. Шаршау процесінің дамуы өте күрделі жүреді: алдымен спортшы өте әлсіздік, ұйқы келу, апатия, орындалатын іс-әрекетке қызығушылықтың төмендеуін сезеді. Кейін жоғары қозған қозушылық, көңіл-күйдің тез ауысуы пайда болады.

     Соңғы кезеңде ғана айқын байқалатын невротикалық құбылыстар орын алатын болады. Олар: көңіл-күйдің тұрақсыздығы, ұйқының бұзылуы, жұмыс қабілеттелігінің төмендігі, апатия, функционалды түрлі бұзылыстар (бас аурулары, жүрек ауруы, вегето-қан тамырлы дистания аурулары) пайда бола бастайды.

     Шаршау күйі жиі жағдайда аурулар мен жарақат алумен қатар жүруі мүмкін.

     Аса қатты шаршау кезінде дене ғана емес әрі психикалық жүктемелерді азайту ұсынылады. Психореттеудің ішінде өнер мен мәдениет шараларының болуын қолдану аса маңызды. Бірақ, бұл шаралар тек сәл көңіл алаңдататын рөл атқаруы тиіс. Мысалы, жеңіл, әрі көңілді фильм көруге болады. Егер қажет болатын болса, спортшының едәуір қашықтыққа ауысуы да орындалған жөн (фильм болатын жерге дейін жол жүру, көлікке міну, ұзақ уақыт бойы жүру) бұл енді психореттелу болады да, спортшы үшін шаршау күйінде еш пайда келтірмейді.

     Гипнесуггестивті шаралар өте пайдалы болуы мүмкін, оларды қолдану арқылы ең бірінші кезекте тыныштық, еркінсу, демалуға үлкен мән беру керек.

     Психореттеудің құрал-жабдықтық әдістері аса маңызды. Олардың көмегімен еркінсу және ұйқыға тән күйдің дамуы өте жеңіл өтеді. Өзін-өзі сендірудің яғни тыныштық, демалуға өзін-өзі дайындаудың  рөлі аса жоғары. Әрі кешкі уақыттағы ұйқының маңызы зор. Бұл әсіресе түрлі себеппен ұйқыға кету қиындағанда маңызды болады.

 

Шамадан тыс жүйке-психикалық күйзеліс

     Шамадан тыс күйзеліс сөзсіз спорттық іс-әрекеттерді орындауға кедергі болады, әрі ағзаның функционалды мүмкіндіктерін үнемі қолдануға кері әсерін тигізеді.

     Практикалық тәжірибе көрсеткендей-ақ, аса артық күйзелісті жою үшін әрекетшіл әдістердің бірі ретінде сергектік кезіндегі психореттеуді айтуға болады.

     Әрі, бұдан өзге жеткілікті үнемді әдіс – бұл, алаңдаушы фактор рөлін атқаратын жаңа қозу ошағын құру болып табылады.

     Аса артық қозуды сауықтыру мақсатында психогигиеналық негізгі принциптерін сақтаған жөн, әсіресе спорттық ойын түрлерінде. Тыныштандыру іс-шараларын ғана ұйымдастыру жеткіліксіз болады. Міндетті түрде:

1) аса артық толқу себептерін айқындау;

2) оны түсіндіру мен одан арылу;

3) өзін-өзі реттеу тәсілдерін орындау.

    Аса артық жүйке – психикалық күйзелуде өзін-өзі реттеу әдістері демалу түрінде ұйымдастырылса, жеткілікті дәрежеде тиімді болады. Ең бастысы, спортшының терең сезінген өзіндік ықпалы күтілетін іс-әрекеттің десенсибилизациясына бағытталуы тиіс. Әрі спортшының қарама-қарсы ең соңғы әрекетке бармай, толық өзін бейжайлыққа жеткізуіне әкеліп соғады.

     Спортшының күйіне идеомоторлы елестер ықпал етеді. Аса қатты күйзелістің  көрінуі жарыстық күресте мүмкін болады. Мұндағы ең бастысы, спортшыда өзіндік реттеудің бірқатар шаралар кешенінің болуы, ол кешен нейтралды жағдайда құрылып, кейін жүйелі түрде шынайы іс-әрекетке жетіліп ұласады.

 

Фрустрация

     Фрустрация күйі күтпеген жағдайлармен шынайы нәтиже арасындағы айырмашылыққа байланысты болады. Теріс эмоциямен байланысты бұл күй шаршау, артық жүйке-психикалық күйзеліспен қосарлануы әбден мүмкін. Әрі ол дербес феномен ретінде де болады.

     Фрустрациямен күрес шарасы ретінде үнемді психореттеудің процедуралар кешенін қолданған тиімді. Ол кешен келесі бөліктерден құралады:

     1) ситуацияның қисынды талдауы;

     2) эмоция немесе психологиялық қорғанысты басу тактикасын таңдау;

     3) берілген жағдайдан шығуға қажетті іс-шаралар кешенінің жоспарын құру.

     Бұл кешенді келесі, сендірулермен аяқтаған жөн: «Алға!», «Күрес!». Бұл фрустрациямен күрес жағдайында өте маңызды. Нағыз осы жағдайда берілген бұйрық: 1-ден – спортшының  ішкі кикілжің күйіне ықпал ету шарасы бола тұрып, әрі қарайғы іс-әрекеттердегі күмәндануды жояды.

     2-ден шынығу шарасы болады.

     Фрустрация жағдайында өзіндік реттелудің әдістерін өте сақ қолдану керек. Жалпы алғанда, психореттеудің түрлі әдістері мен шараларын жағдайға орай, спортшылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеріп әрі олардың психикалық күйін негізге ала отырып қолданса онда тиімді жетістіктерге қол жеткізуге болады. [33, 109]

 

2.2.  Спортшы жастардың психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын әдістемелер кешені

 

     Әдістемелердің ішіндегі ең нәтижелі әрі ұтымды өткізілгені талпыныс деңгейінің бағасын білу әдістемесі болып табылады.

     Әдістеме атауы: Ф.Хоппенің талпыныс деңгейін бағалау әдістемесі.

     Мақсаты: Таңдалған мақсатқа жетудегі қиындық деңгейіне байланысты адамның шама-шарқы, қабілеті, т.б. бағыттылығын анықтау, әдістеме келесі нұсқау көмегімен жүргізіледі. «Алдарыңызда тапсырмалар жазылған карточкалар жатыр. Карточкадағы нөмірлер тапсырманың қиындық дәрежесін өсу реті бойынша орналасады. Әр тапсырманың орындалуына белгілі бір уақыт беріледі. Ол секунд өлшегішпен өлшенеді. Егер де сөздер белгілі уақыт аралығында үлгермесеңіз онда мен тапсырманы орындалмады деп есептеймін де, минус белгісін қоямын. Егер сол уақытта үлгерсеңіз, плюс қоямын. Тапсырманы өздеріңіз таңдауларыңыз керек». [32, 56]

 

     Карточка 1. І-ші қиындық дәрежесі

     «Н» әрпін үш сөз жазу керек!

     Карточка 2. ІІ-ші дәрежелі қиындық

     «А» әрпіне 4 жеміс атауын жазыңыз!

     Карточка 3. ІІІ-ші дәрежелі қиындық

     «П» әрпіне 6 адам атын жазыңыз!

     Карточка 4. IV— дәрежелі қиындық   

     «И» әрпінен басталатын 6 мемлекет атауын жазыңыз!

     Карточка 5. V-ші дәрежелі қиындық

     «П» әрпіне 5 станция атауын жазыңыз!

     Карточка 6. VI-шы дәрежелі қиындық

     «С» әрпін 20 сөз жазыңыз!

     Карточка 7. VII-ші дәрежелі қиындық

     «А» әрпінен басталатын іс-шараларды жазыңыз!

     Карточка 8. VIII-ші дәрежелі қиындық

     «М» әрпіне 5 мемлекет атын жазыңыз!

     Карточка 9. IX-шы дәрежелі қиындық

     «Л» әрпінен басталатын атақты 5 кино актерлерін жазыңыз!

     Карточка 10. Х-шы дәрежелі қиындық

     «М» әрпіне 5 фильм атауын жазыңыз!

     Карточка 11. ХІ-ші дәрежелі қиындық

     «А» әрпінен басталатын 5 атақты суретші, компазитор, жазушылардың  

     фамилияларын жазыңыз!

     Карточка 12. ХІІ-ші дәрежелі қиындық

     5 атақты суретшілердің «Қ»-дан басталатын аттарын жазыңыз!

 

     Эксперимент жүргізуші өз қалауы бойынша тапсырманы орындауға кеткен уақытты көбейтуге не азайтуға болады.

     Әрбір деңгейдің сұрақтары тиісті ұпайлармен бағаланады. Экспериментатордың бағасынан кейін ғана сыналушы басқа тапсырманы таңдауына болады.

     І-ші дәрежелі сұрақтар бір ұпаймен, ІІ-ші дәрежелі екі ұпаймен т.б. бағаланады.

     Талпыныс деңгейін бағалай отырып, таңдалған ұпайлардың суммалық санын қолданады. Егерде, тестте сыналушыға 5 таңдау ұсынылса және бірінші рет ол 4-ші,  екінші рет 5-ші, үшінші рет – 4-ші, төртінші рет – 7-ші, бесінші рет – 6-шы карточканы таңдаса, онда талпыныс деңгейі келесіге тең болады.

4+5+4+7+6=24 ұпай

 

     2-ші әдістеме

     Әдістеме атауы: Темперамент пен мінез сипаттары

     Мақсаты: Жүйке жүйесінің процестері жайлы, интраверсия, экстраверсия туралы білу.

     Мінез, темперамент сипаттары (МТС) көмегімен эмоционалды реактивтілікті, невротикалықты және талпыныс деңгейін, типтік ерекшеліктер мен т.б. көрсеткіштерді бағалауға болады.

     Зерттеуде «өмірлік көрсеткіштер» әдісі қолданылады. Процедура сұрақтарды ұжымдық тыңдауға және «иә» — «жоқ» деген бинарлық жауаптарды тыңдауға әкеліп соғады. Әрбір сұрақтарға жауап беруге 7-10 с. уақыт беріледі.

     Сауалнама кезінде алынған мәліметтер сыналатын адамдардың мінездемелі сипаттамасын құрастыруда қосалқы материал болып табылады.

     Сауалнаманы белгілі бір кәсіби іс-әрекетке мотивациясы дәрежесі байланысты әдістемемен толықтыруға болады.

     Сынауды жүргізуде көптеген сұрақтар сенімді түрде қойылады. Келесі нұсқау арқылы әдістеме жүргізіледі:

     «Егер де сіздер мен оқыған пікірлермен сөзсіз келісетін болсаңыз онда «иә» деп, келіспесеңіз «жоқ» деп, ал егер бұл сұраққа күмәндансаңыз немес қойылған сұрақты түсінбесеңіз сұрау белгісін қойыңыз. (сұрау белгісі нәтижелерде есептеуде теріс жауап ретінде қарастырылады)».

 

     Сауалнама бірқатар мәліметтерден тұратын 10 бөлімнен тұрады:

     1-ші бөлім – қозу бойынша жүйке процестерінің күші туралы (жекелеп алғанда бұл жұмысқа қабілеттілік, «күш заңына» сәйкестік, динаминанттылық).

     2-ші бөлім – жүйке жүйесінің психофизикалық табалдырығын өлшеу туралы (сезгіштік).

     3-ші бөлім – тежелу бойынша жүйке проуестерінің күші туралы.

     4-ші бөлім – жүйке процестерінің қозғалғыштығы туралы.

     5-ші бөлім – эмоционалды лобилдылық, реактивтілік туралы.

     6-шы бөлім – бірінші сигналдық жүйенің дамуы туралы.

     7-ші бөлім – екінші сигналдық жүйенің дамуы туралы.

     8-ші бөлім – жоғары невроздық және т.б. адам мінезіндегі түрлі психопатиялық ауытқулар туралы.

     9-шы бөлім – ашық болу туралы.

     10-шы бөлім – талпыныс деңгейі жөнінде.

     Бағалау дұпыс, оң жауаптардың суммасы бойынша жүреді.

     1 мен 7-ші бөлімдерде 8-9 дұрыс жауаптың болуы және 8-ші бөлімді 10-9 дұрыс жауаптардың болуы, 9-шы бөлімде 1-2 дұрыс жауаптың болуы сипаттар үстемдік етуші болып саналады.

     1 мен 7-ші, 10 бөлімдерде 5-7 дұрыс жауаптың болуы, 8-ші бөлімде оң жауаптың болуы, 9-шы бөлімде 1-2 дұрыс жауаптың болуы сипаттың байқалуының орташа көрсеткіштерін көрсетуі.

     1-7 және 10-шы бөлімдерде бір-екі дұрыс, оң жауаптың болуы, 8-ші бөлімде – 1-3 оң жауаптың болуы және 9-шы бөлімде 5 оң жауаптың болуы сипаттың әлсіз байқалуын көруге болады.

     МТС бойынша материалдарды статистикалық өңдеу үшін 9 ұпайлық баға қолданылуы мүмкін:

     9 ұпай – 1-7 және 10-шы бөлімдер бойынша 9 немес одан артық дұрыс жауаптар болғанда және 8-бен 9-шы бөлімдерде дұрыс жауаптардың жоқ болған кезінде қойылады.

     8-7 ұпай – 1 мен 7 және 10 бөлімдерде 9 және одан артық дұрыс жауаптар және 8 бен 9 бөлімдерде 1-2 дұрыс жауаптар болғанда қойылады.

     6 ұпай – 1 мен 7 және 10-шы бөлімдерде 5-6 дұрыс жауаптар және 8-ші бөлімде 4 дұрыс жауап болғанда, бірақ 9-шы бөлім бойынша мұндай баға жоқ.

     5 ұпай – 1 мен 7 және 10-шы бөлімдер бойынша 5-6 дұрыс жауаптар және 8-ші  бөлім бойынша 5-6 дұрыс жауап және 9-шы бөлім бойынша 3 оң жауап.

     4 ұпай – 1-7 және 10-шы бөлімдер бойынша 1-2 оң жауаптар және 8-ші бөлім бойынша 7-8 оң жауаптар, 9-шы бөлім бойынша 4 оң жауап болғанда.

     3 ұпай – 1 мен 7 және 10 бөлімдер бойынша дұрыс жауаптардың жоқ болуы, 8-ші бөлім бойынша 9 дұрыс жауаптың болуы; 9-шы бөлім бойынша 5 оң жауаптың болуында қойылады.

     2 ұпай – 1-7, 10-шы бөлімдерде бір бірлікке тең бірдей жауаптардың болуы, 8-ші бөлім бойынша 10 оң жауаптың болуы, 9-шы бөлім бойынша 5-7 оң жауаптың болуында қойылады. [46, 235]

 

Келесі әдістеме атауы:   Жаттықтырушы мен спортшының өзара

қарым-қатынасы

Әдістеме мақсаты: Спортшының жаттықтырушымен өзара байланысының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттейді.

Әдістеме авторы: Ю.Ханин мен А.Стамбулов.

     Шкала спортшының жаттықтырушымен қарым-қатынасын үш парамерт бойынша анықтауға көмектесетін 24 сұрақтан құралған. Ол параметрлер: гностикалық, эмоционалды және мінез-құлықтық.

     Гностикалық парамерт жаттықтырушының маман ретінде спортшы көзқарасы тұрғысынан компетенттілігінің деңгейін анықтайды. Эмоционалды параметр жаттықтырушының спортшыға жеке тұлға ретінде қаншалықты сүйкімді екендігін анықтайды.

     Мінез-құлықтың – жаттықтырушы мен спортшының шынайы түрде өзара әрекеттестігі қалай қалыптасатынын көрсетеді.

 

«Жаттықтырушы — спортшы» шкаласы

     Нұсқау: Келтірілген пікірдің әрқайсысын зейін қойып оқып шығыңыз. Егер ол пікір дұрыс болса, әрі сіздің жаттықтырушымен байланыс-қарым-қатынасыңызға сәйкес келсе, онда «иә» деп, ал егер дұрыс емес болса, онда – «жоқ» деп жазыңыз.

1

Жаттықтырушы өз оқушыларының нәтижелерін алдын-ала айта алады

2

Маған жаттықтырушымен тіл табысу қиын

3

Жаттықтырушы жарыстарға мені шебер түрде әкеліп жеткізеді

4

Жаттықтырушы — әділетті адам

5

Жаттықтырушыға адамдармен қарым-қатынаста нақтылық жетіспейді

6

Жаттықтырушы сөзі мен үшін заң

7

Жаттықтырушы менімен жаттығу жұмыстарын өте мұқият жоспарлайды

8

Жаттықтырушыға толық көңіл береді

9

Жаттықтырушы үнемі ойлы кеңес береді

10

Жаттықтырушыға толығымен сенемін

11

Жаттықтырушы маған онша талап қоймайды

12

Жаттықтырушы бағасы мен үшін аса қымбат

13

Жаттықтырушы көп жағдайда шаблонмен жұмыс істейді

14

Жаттықтырушымен жұмыс істеу бір ләззат алумен тең

15

Жаттықтырушы маған аз көңіл бөледі

16

Жаттықтырушы менің жеке ерекшеліктерімді ескермейді

17

Жаттықтырушы менің көңіл-күйімді нашар сезінеді

18

Жаттықтырушы үнемі менің пікірімді тыңдап алады

19

Жаттықтырушы қолданатын әдістер мен шаралардың қажеттілігі мен дұрыстығына еш күмәнім жоқ

20

Мен жаттықтырушымен өз ой-пікіріммен бөліскім келмейді

21

Кішкентай қылығыма бола мені жаттықтырушы  жазалайды

22

Жаттықтырушы менің әлсіз, осал әрі мықты тұстарымды біледі

23

Мен жаттықтырушыға ұқсағым келеді

24

Бізде жаттықтырушы арамызда таза іскерлік қарым-қатынастар

 

     Әрбір кілтпен сәйкес сұрақ 1 ұпайға бағаланады. Гностикалық құрылым келесі сұрақтарды құрайды: 1,4,7,10,13,16,19,22 («-» белгісі бар нөмірлер «жоқ» деген жауапты, ал қалғандары – «иә» деген жауапты білдіреді)

     Эмоционалды құрылым: -2, -5,8,11,14, -17, -20.

     Сұрақтары;

     Мінез-құлықтық: сұрақтар = 3,6, -9, 12, -15,18, -21, -24.

     Сауалдың нәтижесі графикалық немесе келесі төмендегі кестенің көмегімен көрсетіледі.

 

Кесте №5  «Жаттықтырушы — спортшы» шкаласы бойынша өңдеудің нұсқасы

 

Аты-жөні, тегі

 

 

Көрсеткіштер

 

Гностикалық

 

Эмоционалды

 

Мінез-құлықтық

Қорытынды

1

АшимовАсанәлі

3

5

5

13

2

Баттеков Нұрлан

3

4

3

10

3

Қазанқапов Абзал

2

1

2

5

4

Тайжанов Нұрсұлтан

6

5

5

16

5

Шағыраев Ыбырай

2

1

3

6

6

Шубай Болатбек

3

2

4

9

7

Қажымұқан Еркежан

3

1

2

6

8

Кәрібаев Қуаныш

6

6

4

16

9

Нұрмахан Жандос

8

8

7

23

10

Есалиев Рахымжан

1

1

6

8

11

Орташа ориф

x+m

3,7+0,6

3,4+0,6

4,1+0,5

12,2+1,7

 

     Орташа орифметикалық баға жаттықтырушының өзінше бір ерекше жалпыланған портретін беруге, яғни командасы әрбір зерттелетін қасиет бойынша салған қорытынды көрсеткіш бойынша салынады.

     Анкеттік сауалнаманың мәліметтерін жаттықтырушы мен спортшы арасындағы өзара іс-әрекетті бақылау нәтижелерімен толықтырған жөн болады. Өзара қарым-қатынастарды бағалау критериі болып спортшының жаттықтырушының нұсқауларын орындауға дайындығы және оларды қолдануда шығармашылық тұрғыдан қарауы, әрі жаттықтырушымен қарым-қатынасқа ұмтылуы жатады.

     Бұл байланыстардың бағасы В.Л.Марищук және Л.К.Серова құрастырған 5 ұпайлық шкала бойынша да жүзеге асуы мүмкін.

 

Кесте № 6   Жаттықтырушы мен спортшы арасындағы өзара тұлғалық әрекеттесуінің баға критерийлері

Спортшыда бақыланатын көрсеткіштер

Шартты бағалар

1

Жаттықтырушымен жан-жақты байланысуға, оның нұсқауларын толығымен орындауға ұмтылады. Шығармашылық таныта, отырып, ұмтылады

 

5

2

Жаттықтырушымен байланыс орнатуға құмар болады, оның нұсқауларын орындайды, бірақ құлшынбалық таныта қоймайды

 

4

3

Қарым-қатынасқа ұмтылмайды, жаттықтырушы кеңесін терістемейді, бірақ оны алуға қызығушылық байқата қоймайды

 

3

4

Жаттықтырушымен байланысқа теріс қарайды, нұсқауларды формальды орындайды. Орындау барысында тежырынып, нұсқауларды орындағысы келмейді

 

2

5

Жаттықтырушымен байланыстан қашады, нұсқауларды орындамайды, бәрін керісінше жасайды, ашық түрде кикілжіңгі түседі

 

1

Келесі әдістеме атауы:  Құптау мотивациясын зерттеу әдістемесі

     Адамның әлеуметтенуінің байқалуының бір түрі – айналадағы адамдарға тән өзі үшін субъективті болып табылатын пікірлер мен бағалардың маңыздылығы. Мақтауға ие болу, айналадағылардың құпатуына ие болу оның іс-әрекетінің күшті бір мотиверінің бірі болады.

     Құптау мотивациясын өзгерту мен зерттеу үшін Д.Краун мен Д.Морлоу жасаған құптау мотивациясының шкаласын қолдануға болады.

 

Сауалнама нәтижелерін өңдеу кілті

     «Иә» жауабының сұрақтары: 1,2,3,4,5,8,11,14,15,16,20.

     «Жоқ» жауаптарының сұрақтары: 6,7,9,10,12,13,17,18,19.

     Құптау мотивациясының жалпы қорытынды көрсеткіші шкаласы бойынша барлық сұрақтардың суммасы түрінде болады. Қорытынды көрсеткіш 0 ден 20-ға дейінгі көлемде орналасуы мүмкін. Ол көлем неғұрлым жоғары болса, соғұрлым құптау мотивациясы жоғары, әрі адамның қарым-қатынас қажеттілігіне байланысты құптауға қажеттілігі жоғары болады.

     Спорттық іс-әрекетте тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық әсері түрліше болады. Жекелеп алғанда спорттық ойындарда қарсыластармен тұлғааралық өзара әрекеттестік спортшының күйін жақсартуға немесе керісінше кері нашар етуі мүмкін

     Әдістеме:    Құптау мотивациясының өзіндік баға шкаласы

 

     Нұсқау:  Төменде берілген әрбір пікірді зейін қойып оқыңыздар. Егер сіз оны дұрыс және сіздің мінез-құлқыңызға сәйкес келеді деп есептесеңіз онда «иә» деп, ал егер дұрыс болмаса онда – «жоқ» деп жауап беріңіз. [48, 74]

 

     Кесте №7

 

1

Мен әрбір кітапты кітапханаға қайтармай тұрып, зейін қойып оқимын

2

Біреуге қиын болғанда көмек керек болғанда, мен еш селт етпеймін

3

Мен қалай киінгеніме үнемі ұқыпты қараймын

4

Мен өзімді ас үстінде де асханадағыдай ұстаймын

5

Мен ешқашанда ешкімге антипатия сезінген емеспін

6

Өзіме-өзім сенімсіз болған кезеңде, ол істі аяқтамай қойғаным бар

7

Кейде жоқ адамдар жөнінде жаман сөйлеп қойғанды ұнатамын

8

Кім де болса, қарсы әңгімелесімді зейін қоя тыңдаймын

9

Өзімді ақтау үшін, келесі себепті ойлап тапқан жайым бар

10

Адамның алаңғасырлығын пайдаланғаным бар

11

Мен үнемі өз қателіктерімді мойындаймын

12

Кейде адамды кешірудің орнына оған сол ісімен қарым қайтарғым келеді

13

Менің ғана дегенім орындауды талап еткен кездерім бар

14

Кейде менен  бір қызмет етуді сұраса, менде іштей қарсылық пайда болмайды

15

Маған кейде пікіріме қарсы пікір айтылса, ол ешқандай ішкі күйзелісті тудырмайды

16

Ұзақ жол жүрер алдында өзіммен не аларымды мен үнемі мұқият ойластырамы

17

Мен өзгелердің табысына қызғанышпен қараңан кездерім болды

18

Сұрақтар көп қоятын адамдар кейде мені жиіркентеді

19

Кейде адамдарда қолайсыздықтар, сәтсіздіктер болса, мен ойлаймын олар өздері кінәлі

20

Қолайсыз, жағымсыз заттар жайлы мен ешқашан күліп айтпаймын

 

 

Жаттықтырушылармен қарым-қатынастардың өзіндік бағасы

     Төменде тіркелетін бланк үлгісі берілген. Жауаптар 7 ұпайлық шкалада ренжирленеді.

     Тіркеу қағазы.

     Аты-жөні, тегі ——————————————————————

     Мерзімі ————————— Зерттеу № ———————————

     Сіздің пікіріңізге сәйкес келетін жауап нөмірін тіркеу қағазында белгілеңіз.

 

 

Келесі әдістеменің атауы:  Люшер тесті

       Адамға түстің әсер етуі физиологиялық және психологиялық  жағынан тиімділігі  бізге жақсы таныс.

       Люшер тестінің негізгі болжамы: сыналушы түсті таңдауда оның жеке тұлғалық тұрақты қасиеттері, жағдайы және  белгілі бір әрекетке деген бағыты бейнеленеді. Түске сыналушының  эмоционалды қатынасы: мақұлдау (таңдау), бас тарту, парықсыздық көрінуі (жағымсыз  бағалау) осы  сипаттары да  психодиагностика бағытында ескеріледі.

       Батыс психологтары кейде Люшер тестін  жұмысқа мамандар қабылдауда, ұжымды өндірістік кешендеуде, этникалық, зерттеулерде, некеге тұрар алдындағы  серіктестерін таңдауда  осы нұсқауды  пайдаланады.

       Түстерді сипаттауда 4 негізгі және 4 қосымша түс алынады.

       Алдыңғы бес көзқарас (түстерді таңдауы) ұстанымы қолайлы жағдайды, қақтығыс төмендігінен  хабар беріп,  яғни негізгі түстер басымдылық орынды иеленеді.

 Негізгі түстер:

  • көк – сабырлы тыныштықты, қанағаттануды білдіреді.
  • Көк-жасыл – сенімділік күйі, табандылық, кейде бірбеткейлік байқатады.
  • Қызғылт-сары – ерік өрісі күшінің үдеуін, агрессияны, негізгі шабуыл бағыты  қозуды білдіреді.
  • Ашық сары – белсенділік, қарым-қатынасқа талпыныс, күйгелектік, көңілділік.

       Қосымша түстер: 5) күлгін, 6) қоңыр, 7) қара,  8) нөльдік – жағымсыз  ойды:  қобалжу, стресс, қорқыныштан уайымдау, күйзелісті көрсетеді.   

       Нұсқау (психолог үшін): түрлі-түсті жолақтарды  араластырып, боялған бетін үстіне қаратып қойыңыз. Сыналушыдан сегіз түстің ішінен қайсы түс өзіне  көбірек ұнады соны  таңдауды ұсынасыз. Ол ұнайтын түсін ешнәрсемен киім,көз түсімен  салыстырмауы қажет. Сыналушыдан   сегіз  түстің ішінен өзіне ұнатып таңдаған түсін шетке алып, түстерді бояу бетін  төмен қаратып жауып қоюы керек. Енді қалған жеті түстің ішінен жағымдысын таңдап алуды ұсынады. Таңдалған жолақты боялған бетін төмен қаратып бірінші жолақтың оң жағына қояды. Осы тәртіппен нұсқауды қайталаңыз. Жолақ қойылған ретімен жазып шығыңыз.

        2-3 минут өткеннен кейін жолақтарды бояулы түсімен қойып шығып осы тәртіппен  екінші рет қайталаңыз. Сыналушыға бірінші таңдаудағы түстердің ретін еске түсірудің қажет жоқ екендігін түсіндіріңіз. Ол түстерді бірінші рет көріп тұрғандай таңдауы тиіс.

Бірінші таңдау қажет ететін күйді көрсетеді. Екінші – шын мәніндегі күйін білдіреді.

 

       Тест нәтижесінде  сегіз көзқарас алынады:

Бірінші және екінші – анық ұнату (++)

Үшінші және төртінші – ұнату (хх)

Бесінші және алтыншы – түске деген парықсыздық, бәрібір қатынас (**)

Жетінші және сегізінші —  түсті ұнатпау (—)

        М.Люшер эерттеуінде 36.000 нәтиже негізін талдай отырып, таңдалынған көзқарасқа  қарапайым сипат берді.

1- көзқарас мақсатқа жетуді көздейді

2- көзқарас сыналушы ұмтылатын мақсатты көрсетеді

3-4 көзқарас  түсті ұнатуды сипаттауы ,ол өзінде  бар  

      шынайы жағдайды түсінуі

5-6-көзқарас түске деген парықсыздық қатынасы, оған нейтралды қатынас. Сыналушы өзінің күйін, мотивін, көңіл күйін берілген түспен  еш байланысы жоқ деп   куәландырады. Белгілі жағдайда бұл көзқарас түстің қоры  жаңа  мазмұн береді.

7-8 көзқарас сипаты түске деген жағымсыз қатынасты көрсету- қандай да бір қажеттілікті, мотивті көңіл-күйін осы түспен басқысы келу.

Таңдалған түстерді жазу нөмір тізбегі мен көзқарасты  ұнату көрсеткішімен жүргізіледі. Мысалы: қызыл, сары, көк, сұр, жасыл, күлгін, қоңыр, қара түстерді таңдау былай жазылады.

++ хх ** — —

34 10 25 67

зоналар (++,хх,**,- -,) 4 қызметтік  топты құрайды.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық және су спорты түрлерінен                                олимпиада резервін дайындайтын  балалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандандырылған спорт мектебінің  спортшыларының таным процестерінің көрсеткіші. (Қосымша 4)

 

  Спорттың түрі  «Қазақша күрес»

 

 

 

 

 

Спорттың түрі «Тоғызқұмалақ»

 

 

Қорытынды

 

     Жалпы, бұл дипломдық жұмыста спорттық іс-әрекет кезінде көрсетілетін психологиялық қызметтің ерекшеліктері ұсынылған. Әрі спорттың ерекше іс-әрекет түрі ретіндегі бірқатар психологиялық ерекшеліктері айқындалды.

Жаттықтыру іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері:

  • спортшының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқыту мен тәрбие;
  • жеке бастың психологиялық процестері мен қасиеттерін жетілдіру;
  • бұрын қол жеткен дене және психикалық даму деңгейін үнемі жүйелі түрде жетілдіріп отыру;
  • адамның өзін-өзі қатал тәртіпке, өмір режиміне бағындыру;
  • спортшының жаттықтыру іс-әрекетіне қарым-қатынасы және оның мотивация жүйесін жетілдіруі;
  • ерекше қарым-қатынастың болуы, жетілуі:

                 а) жаттықтырушымен

                 б) жолдастарымен

Жарыстық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктері:

  • жарыс ынталандырушы ықпал етеді;
  • жарыс спортшының қоғамдағы статусына әсер етеді;
  • жарыстар нәтижесі спортшылар үшін өте маңызды не бұрыстығын тексеруде, уақыт пен шығынның шығуын саралауда.

     Жарыс – эмоционалды-еріктік күй туғызатын ерекше бір фактор, әрі бұл фактор спортшының іс-әрекетінің процесіне және нәтижесіне ықпалын тигізеді.

     Спорттық іс-әрекеттегі, оның ішінде спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің маңызы зор. Бұл психологиялық қызмет психодиагностика, психокоррекция, психологиялық сауықтыру, психологиялық кеңес беру сияқты бөлімдерді қосып алады.

     Дипломдық жұмыста осы психологиялық бірқатар әдістемелер кешені өз орнында тиімді қолданысқа ие болғандығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

  1. Богданов Я.М., Краковяк Г.М., Минх А.А. Гигиена. – М.,1966.
  2. Бурачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике. – М.; Харьков; Минск, 1999.
  3. Бриль М.С. Отбор в спортивных играх. – М., 1980
  4. Ганюшкин А.Д. Задачи, формы и методы совместной работы психолога и тренера. – Смоленск, 1989.
  5. Генов Ф. Психологические особенности мобилизационной готовности спортсмена. – М., 1971.
  6. Гогунов Е.Н., Мартьянов Психология физического воспитания и спорта: Учеб. пособие для студ. Высш.пед.учеб. заведений. – М., 2004.
  7. Горбунов Г.Д. Психопедагогика спорта. – М., 1986.
  8. Гуревич К.М., Борисова Е.М. Психологическая диагностика: Учеб.пособие. – М., 1997.
  9. Гиссен Л.Д. Время стрессов. – М., 1990.
  10. Горская Г.Б. Психологическое обеспечение многолетней подготовки спортсменов. – Краснодар, 1995.
  11. Демин В.А. Методологические вопросы исследования спорта в аспекте теории деятельности. М., 1974.
  12. Демин В.А. Спортивная деятельность как предмет научного исследования. Казань, 1974.
  13. Деркач А.А., Исаев А.А. Творчество тренера. – М., 1982.
  14. Джамгаров Т.Т., Румянцева В.И. Лидерство в спорте. – М., 1983.
  15. Загайнов Р.М. Психолог в команде. – М., 1984.
  16. Задачи по психологии спорта: Пособие для студентов ГЦОЛИФКа/Под рнд.О.А. Черниковой, Л.Н.Данилиной, В.В.Медведева, Ю.Я.Рыжонкина. – М., 1975.
  17. Задачи по психологии спорта: Пособие для студентов ГЦОЛИФКа/Под ред. Л.Н.Данилиной. – М., 1978.
  18. Зимняя И.А. Педагогическая психология. – Ростов н/Д, 1997.
  19. Зотов Ю.И. Воспитание подростков в спортивном коллективе. – М., 1984.
  20. Иванов В.В. Комплексный контроль в подготовке спортсменов. –М., 1987.
  21. Ильин Е.П. Психология физического воспитания. – М., 1987.
  22. Кашанов Р.Р. Курс практической психологии: Учебное пособие. – Екатеринбург, 1996.
  23. Келлер В.С. Деятельность спортсменов в вариативных конфликтных ситуациях. – М., 1977.
  24. Коломейцев Ю.А. Взаимоотношения в спортивной команде. – М., 1984.
  25. Кретти Дж. Психология в современном спорте. – М., 1978.
  26. Крутецкий В.А. Психология обучения и воспитания школьников. – М., 1976.
  27. Кулагина И.Ю. Возрастная психология (Развитие ребенка от рождения до 17 лет): Учеб. пособие. – 2-е изд. – М., 1997.
  28. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы №774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы.
  29. Левонтин Р. Человеческая индивидуальность: наследственность и среда/ Пер. С англ. – М., 1993.
  30. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы, эмоции. М.: Изд-во МГУ, 1972.

Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. – М., 1981.

  1. Майнберг Э. Основные проблемы педагогики спорта / Пер.с нем. – М., 1995.
  2. Марищук В.Л., Блудов Ю.М., Плахтиенко В.А., Серова Л.К. Методики психодиагностики в спорте. – М., 1990.
  3. Мартенс Р. Социальная психология и спорт. – М., 1979.
  4. Маркова А.К. Психология труда учителя. – М., 1993.
  5. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры: Учебник для институтов физ. культуры. – М., 1991.
  6. Мельников В.М., Ямпольский Л.Т. Введение в экспериментальную психологию личности. – М., 1985.
  7. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. – М., 1994.
  8. Мерлин В.С. Психология индивидуальности. – М., Воронеж, 1996.
  9. Найдиффер Р.М. Психология соревнующегося спортсмена. – М., 1979.
  10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
  11. Немов Р.С. Психология. В 2 кн. – М., 1994.
  12. Небылицин В.Д. Избранные психологические труды. – М., 1990.
  13. Нейропсихология индивидуальных различий / Е.Д.Хомская, И.В. Ефимова, Е.В.Будыка, Е.В.Ениколопова. – М., 1997.
  14. Нгуен Ке Хао. Характер мотивация учебной деятельности в зависимости от типа обобщения учебного материала. – Вопросы психологии. 1981, №1. с. 130-133.
  15. Новиков А.Д., Максименко А.М. Зависимость спортивных достижений стран на олимпийских играх от социально-экономических факторов. – Теор. И практ. Физ.культ., 1972, №12, с. 5-11.
  16. Озолин Н.Г. Современная система спортивной тренировки. – М., 1970.
  17. Палайма Ю.Ю. Опыт исследования относительной силы мотива и формирования соревновательной установки у спортсменов. – В кн.: Психология и современный спорт. — М., 1973.
  18. Пилоян Р.А. Мотивация спортивной деятельности. – М., 1984.
  19. Писаренко В.М. Управление эмоциональным состоянием с использованием обратной связи. – М., 1980.
  20. Платонов В.Н. Подготовка квалифицированных спортсменов. – М., 1986.
  21. Прогнозирование в спорте / В.И. Баландин, Ю.М.Блудов, В.А. Плахтиенко. – м., 1986.
  22. Психология спорта высших достижений: Учеб. пособие для ин-тов физ. культ./под ред. А.В.Родионова. М., 1979.
  23. Психология и современный спорт: Междунараодный сборник научных работ по психологии спорта./Сост. А.В.Родионов, Н.А.Худадов. – М. 1982.
  24. Психология: Учеб. для ИФК/Под ред. В.М.Мельникова. – М., 1987.
  25. Психология физического воспитания и спорта / Под общ.ред. Т.Т.Джамгарова и А.Ц.Пуни. – М., 1979.
  26. Психофизиология физического воспитания. Под/ред. Ильин Е.П. – М., 1980.
  27. Психология спорта в терминах, понятиях, междисциплинарных связяхя: Словарь-справочник / Сост. Е.Н.Сурков; Под ред. В.А.Агеевца. – СПб., 1996.
  28. Практические занятия по психологии: Пособие для ин-тов физ.культуры / Под ред. Д.Я.Богдановой, И.П.Волкова. – м., 1959.
  29. Пуни А.Ц. Очерки психологии спорта. – М., 1959.
  30. Пути повышения спортивной работоспособности / Сост. В.А.Разводовский. – М., 1982.
  31. Подмарков В.Г. Методологические аспекты стимулирования и мотивация труда. – Вопросы психологии, 1979, №5, с. 58-69.
  32. Родионов А. В. Влияние психологических факторов на спортивный результат. – М., 1983.
  33. Родионов А.В. Спортсмен прогнозирует решение. – М., 1971.
  34. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М., Педагогика, 1976.
  35. Степанов А.А. Психология деятельности. – В кн.: Общая психология. — М., 1973.
  36. Симонов П.В. Эмоции и воспитание. Вопросы философии, 1981, №5, 39-48 с.
  37. Спортивная физиология: Учебник для институтов физ.культуры / Под ред. Я.М.Конца. – М., 1986.
  38. Сурков Е.Н. Психомоторика спортсмена. – М., 1984.
  39. Туманян Г.С. Спортивная борьба: отбор и планирование. – М., 1984.
  40. Тлеулов Э.Ж. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. – Ш., 2003.
  41. Харре Д. Учение о тренировке / Пер. С. нем. – М., 1971.
  42. Шайхтдинов Р.З. Личность и волевая готовность в спорте. – М., 1987.
  43. Цзен Н.В., Пахомов Ю.В. Психотехнические игры в спорте. – М., 1985.
  44. Физическая культура студента. Под/ред. В.И.Виленского. – М., 2001.
  45. Фураев Г.П. Управление процессом спортивного совершенствования на базе исследования мотива достижения успеха в соревнованиях. — М., 1978.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

 

Психикалық сенімділік сауалнамасы

 

  1. Жауапты жарыстарда сіз қандай күйде болып тұрып, нөмір көрсетесіз?

         а) бірқалыпты күйде болып тұрып, еш абыржымастан

         б) аса қатты қозулы күйде тұрып

         в) күшті қозу қалпында тұрып

  1. Жарыстарда сіз әдетте қатты толқисыз ба?

         а) иә

         б) кейде

         в) жоқ

  1. Сіз әдетте жарыс кезінде өз толқу немесе өзге эмоциялық күйіңізді дәл бағалайсыз ба?

         а) әдетте ойланбастан

         б) кейде

         в) иә

  1. Сізге бақылау жаттығуларын нәтиже үшін орындаған ұнайды ма?

         а) иә

         б) нақты айта алмаймын

         в) жоқ

  1. Сіз қандай да бір маңызды уақыт аралығында жоғары нәтижелердің тұрақты деңгейін ұстап тұра аласыз ба?

         а) иә

         б) толқу бар

         в) жоқ

  1. Сіздің техникаңыз тұрақты ма?

         а) иә

         б) толқу болады

         в) жоқ

  1. Күтпеген елең етушіліктер сізді жолдан тайдыра ала ма?

         а) иә

         б) кейде

         в) жоқ

  1. Жарыстардағы толқу сізге өте жақсы орындауға кедергі ете ме?

         а) иә

         б) кейде

         в) жоқ

  1. Маңызды жарыстарда сіз толық беріліп орындайсыз ба?

         а) иә

         б) барлық кезде емес

         в) жоқ

  1. Көлемді, қарқынды жүктемелерді сіз қызыға орындайсыз ба?

         а) иә

         б) барлық уақытта емес

         в) жоқ

  1. Сәтсіздіктер сізге қатты әсер ете ме?

         а) иә, көңілімді қатты бұзады

         б) барлық уақытта емес

         в) тез ұмытылады

  1. Сіз қандай жағдайларда мықты нәтижеге қол жеткізесіз?

         а) өз әрекетімді қатты саналы түрде бақылау арқылы

         б) автоматты түрде толқуда

         в) орташа күйде

  1. Жауапты жарыстар кезінде түсіндіруге қиын, маңызды қателіктер кездесе ме? Және олар жарыс нәтижесіне әсер ете ме?

         а) иә

         б) кейде

         в) жоқ, мүлдем болмайды

  1. Сізде сәтті спорттық күрес барысында «іс бітті», «ертерек барлығы бітсе екен» деген сезім пайда болады ма?

         а) иә

         б) кейде

         в) жоқ

  1. Сіз әдетте толқу, қысылуды жауапты жарыс алдындағы сәттерді қай кезеңнен бастан өткізесіз?

         а) жарыстан бірнеше күн бұрын

         б) жарыстың алдында

         в) тікелей жарыс алдында

  1. Жарыстар жарыстарда алдағы шығын өнер көрсету туралы ойлардан арылу қиын ба?

         а) иә

         б) жоқ

         в) арыла аламын, бірақ ұзақ уақытқа емес

  1. Стартқа шығар алдында арнайы дайындықтан өтесіз бе? (бірнеше жауап нұсқасын таңдауға болады)

         а) жоқ, өткізбеймін

         б) тынышталып, күйзелісті тоқтатамын

         в) басқа жағымды нәрсені ойлауға тырысамын

         г) алдағы жарысқа көп зейін қоямын

         д) белсенденіп, дене тонусын көтергім келеді

         е) алдағы жарыс туралы ойдан арылғым келеді

         ж) өзімде спорттық қаталдықты, кекті шақырғым келеді

         з) алдағы шығу туралы ойына тактикалық, техникалық тұрғыдан ойды  

             талдаймын

         и) психологиялық дайындық ретінде ой бөлуді қолданамын

  1. Сіз қажет десеңіз бір әрекет түрінен екіншісіне тез ауыса аласыз ба?

         а) жоқ

         б) барлық кезде емес

         в) ереже бойынша, иә

  1. Спорттық күресте қажет болса сіз өзіңді тез көндіріп тынышталдыра аласыз ба?

         а) жоқ

         б) барлық кезде емес

         в) ереже бойынша, иә

  1. Бұл жағдайларда осы мақсат үшін сөздік бұйрықтарды өз-өзіңізге қолданасыз ба?

         а) жоқ

         б) әдетте бұны аса қажет деп есептемеймін

         в) иә

  1. Спорттағы табыс үшін сіз өмірдегі барлығын қиясыз ба?

         а) иә, өмірлік рахаттың көбінен бас тарта аламын

         б) бұл проблема әлі туындаған жоқ

         в) жоқ

  1. Жарыстарға деген қарым-қатынасыңыз?

         а) жарыс-қиын емтихан

         б) жарыс-бұл мейрам

         в) жарыс жоғарыдағы екеуі де

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

Люшер тесті

 

       Адамға түстің әсер етуі физиологиялық және психологиялық  жағынан тиімділігі  бізге жақсы таныс.

       Люшер тестінің негізгі болжамы: сыналушы түсті таңдауда оның жеке тұлғалық тұрақты қасиеттері, жағдайы және  белгілі бір әрекетке деген бағыты бейнеленеді. Түске сыналушының  эмоционалды қатынасы: мақұлдау (таңдау), бас тарту, парықсыздық көрінуі (жағымсыз  бағалау) осы  сипаттары да  психодиагностика бағытында ескеріледі.

       Батыс психологтары кейде Люшер тестін  жұмысқа мамандар қабылдауда, ұжымды өндірістік кешендеуде, этникалық, зерттеулерде, некеге тұрар алдындағы  серіктестерін таңдауда  осы нұсқауды  пайдаланады.

       Түстерді сипаттауда 4 негізгі және 4 қосымша түс алынады.

       Алдыңғы бес көзқарас (түстерді таңдауы) ұстанымы қолайлы жағдайды, қақтығыс төмендігінен  хабар беріп,  яғни негізгі түстер басымдылық орынды иеленеді.

 Негізгі түстер:

  • көк – сабырлы тыныштықты, қанағаттануды білдіреді.
  • Көк-жасыл – сенімділік күйі, табандылық, кейде бірбеткейлік байқатады.
  • Қызғылт-сары – ерік өрісі күшінің үдеуін, агрессияны, негізгі шабуыл бағыты  қозуды білдіреді.
  • Ашық сары – белсенділік, қарым-қатынасқа талпыныс, күйгелектік, көңілділік.

       Қосымша түстер: 5) күлгін, 6) қоңыр, 7) қара,  8) нөльдік – жағымсыз  ойды:  қобалжу, стресс, қорқыныштан уайымдау, күйзелісті көрсетеді.   

 

       Нұсқау (психолог үшін): түрлі-түсті жолақтарды  араластырып, боялған бетін үстіне қаратып қойыңыз. Сыналушыдан сегіз түстің ішінен қайсы түс өзіне  көбірек ұнады соны  таңдауды ұсынасыз. Ол ұнайтын түсін ешнәрсемен киім,көз түсімен  салыстырмауы қажет. Сыналушыдан   сегіз  түстің ішінен өзіне ұнатып таңдаған түсін шетке алып, түстерді бояу бетін  төмен қаратып жауып қоюы керек. Енді қалған жеті түстің ішінен жағымдысын таңдап алуды ұсынады. Таңдалған жолақты боялған бетін төмен қаратып бірінші жолақтың оң жағына қояды. Осы тәртіппен нұсқауды қайталаңыз. Жолақ қойылған ретімен жазып шығыңыз.

        2-3 минут өткеннен кейін жолақтарды бояулы түсімен қойып шығып осы тәртіппен  екінші рет қайталаңыз. Сыналушыға бірінші таңдаудағы түстердің ретін еске түсірудің қажет жоқ екендігін түсіндіріңіз. Ол түстерді бірінші рет көріп тұрғандай таңдауы тиіс.

Бірінші таңдау қажет ететін күйді көрсетеді. Екінші – шын мәніндегі күйін білдіреді.

       Тест нәтижесінде  сегіз көзқарас алынады:

Бірінші және екінші – анық ұнату (++)

Үшінші және төртінші – ұнату (хх)

Бесінші және алтыншы – түске деген парықсыздық, бәрібір қатынас (**)

Жетінші және сегізінші —  түсті ұнатпау (—)

        М.Люшер эерттеуінде 36.000 нәтиже негізін талдай отырып, таңдалынған көзқарасқа  қарапайым сипат берді.

1- көзқарас мақсатқа жетуді көздейді

2- көзқарас сыналушы ұмтылатын мақсатты көрсетеді

3-4 көзқарас  түсті ұнатуды сипаттауы ,ол өзінде  бар  

      шынайы жағдайды түсінуі

5-6-көзқарас түске деген парықсыздық қатынасы, оған нейтралды қатынас. Сыналушы өзінің күйін, мотивін, көңіл күйін берілген түспен  еш байланысы жоқ деп   куәландырады. Белгілі жағдайда бұл көзқарас түстің қоры  жаңа  мазмұн береді.

7-8 көзқарас сипаты түске деген жағымсыз қатынасты көрсету- қандай да бір қажеттілікті, мотивті көңіл-күйін осы түспен басқысы келу.

Таңдалған түстерді жазу нөмір тізбегі мен көзқарасты  ұнату көрсеткішімен жүргізіледі. Мысалы: қызыл, сары, көк, сұр, жасыл, күлгін, қоңыр, қара түстерді таңдау былай жазылады.

++ хх ** — —

34 10 25 67

зоналар (++,хх,**,- -,) 4 қызметтік  топты құрайды.

 

Тест нәтижесін талдау

      Тест нәтижесі түсіндірудің  бір тәсілі негізгі түстердің орнын бағалау болып табылады.Егер бесінші көзқарастан соң, төмен болатын болса онда, сипатталатын қасиет қажеттілікке қанағаттанбаушылық, сондықтан  қобалжу, жағымсыз күйлер орын алады.

      Негізгі түстердің өзара орыны қарастырылады. Мысалы, 1және 2 нөмірдегі  түстер (көк пен сары) қатар орналасса жалпы  қасиет  ерекшелігін  көрсету –“ішке” субъективті бағыттылығы. 2және 3 (жасыл мен қызыл) нөмірдегі түстердің  бірлескен орны дербестікті, шешім қабылдауда тәуелсіздікті, бастамашылдықты көрсетеді. 3 және 4 нөмірдегі(қызыл мен сары) түстерінің үйлесуі “сыртқа” бағыттылықты көрсетеді. 1және 4 нөмірдегі (көк пен сары) түстерінің үйлесуі  сыналушылардың түсінігі орташа,ол тәуелділікті күшейтеді. 1 және 3 нөмірдегі (көк пен қызыл) түстерінің үйлесуі  қызметтік  топта  ортадан тәуелділіктің  қолайлы теңдестігі және субъектінің  бағыттылықпен (көк) дербестік, “ішке” бағыттылықты көрсетеді. Жасыл мен сары түстерінің үйлесуі (2 мен 4) “ішке” субъективті  ұмтылыстың қарама-қарсы келуі, дербестік, ортаға тәуелділік, “сыртқа” ұмтылыстың  қасарысушылығы.

№1 (көк) — қажеттілікті қанағаттандыру,байсалдылық, тұрақты жағымды ұнатушылық;

№2 (жасыл)- өзін бекітуге қажеттілік;

№3 (қызыл) –белсенді әрекетке  қажеттілік және табысқа жету;

№4(сары) –болашаққа,  жақсы армандарға,  үміттерге қажеттілік;

       Егер негізгі түстер  1-ші және 5-ші көзқарастарда  болса, онда қажеттіліктер өз шамасында қанағаттандырылады, қанағаттандырылған деп қабылданады; егер 6-шы және 8-ші  көзқарастарда  болса, жағымсыз  жағдайдан  қандайда бір  қақтығыс, қобалжу, қанағатсызданбау орны бар. Жағымсыз  түс стресс туралы дерек береді. Мысалы, көк түс  тыныштықтың болмауынан  қанағаттанбаушылық.

       Жұмысқа  қабілеттілікті  бағалау мүмкіндіктеріне М.Люшер  келесі пайымдауларды ескереді.

      Жасыл түс сипаты: іс -әрекеттің  күрделі жағдайында  ерік күшінің икемділігі көрінеді,  ол жұмысқа  қабілеттілікті көтеруді қамтамасыз  етеді.

      Қызыл түс сипаты: ерік-жігерді, мақсатқа жетуге ұмтылысты  қанағаттануды,сондай-ақ жұмысқа қабілеттілікті  көтеруге әсер етеді.

      Сары түс сипаты: іс-әрекетке қатысқанда әп-сәттілік қанағаттанушылық, алдағы жұмыстарды бағдарлай білу;

Егер осы түстердің барлығы  алғашқы  қатарда  бірге  тұрса, іс-әрекет нәтижелі,жұмысқа қабілеттілік жоғары болмақ; Егер олар екінші қатарда және бір-бірінен бөлініп тұрса болжау  жағымсыздау  болады.

        Қобалжу көрсеткіштері. Егер негізгі  түс алтыншы  орында тұрса,- қобалжу факторы,мұның артында  тұрған  барлығы  осы белгімен белгіленсе жағымсыз түстер  яғни қобалжу,жағымсыз күй  себебі деп қарастырылады. Люшер тестінде  мұндай  жағдайлар  белгі  мен түстің  нөмірінің  үстіне қосымша А белгісімен  белгіленеді.

                                  А  А  А

                                    —   —   —

                                    1   6   0

        Толықтыру(компенсация) көрсеткіштері. Стресс, қобалжудың болуы түстің 1-ші көзқарасқа қойылуы  толықтыру көрсеткіші ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда  бірінші орында тұрған санның үстіне  С әрпі қойылады. Негізгі  түстердің  бірінің  есебінен  өтсе толтыру қалыпты деп саналады. Мұнымен бірге стресс пен толтыру көрсеткішінің  болуы әрқашан жеткіліксіз оптимальды  күйді көрсетеді.

         Толтыру қосымша түстердің есебінен  өтсе, тест нәтижесінің көрсеткіші жағымсыз күйді,жағымсыз түрткіні(мотив) айналадағы жағдайларға  жағымсыз  қатынасты түсіндіреді.

         Қобалжудың  қарқындылық  көрсеткіштері негізгі түстердің орнын алатын  көзқарастармен сипатталады. Егер негізгі түс алтыншы  орында  болатын болса қобалжуды тудыратын  фактор әлсіз.бір леп белгісімен белгіленеді (!) ;

       Егер түс 7-ші көзқараста болса екі леп белгісі  қойылады, егер түс 8-ші көзқараста  болса үш  леп белгісі  қойылады. Осылайша стреспен,қобалжуды сипаттайтын  6 белгіге дейін қойылуы мүмкін.

                                      !  !!   !!!

                                       —  — —   — — —

                                       А А А

                                      —  — —  —

  • 1 4 

       Осы үлгімен қолайсыз толтыру  жағдайы  бағаланады. Егер  толтыру  қандайда бір негізгі түс немесе күлгін  болса ешқандай белгі қойылмайды.   

       Егер сұр, қоңыр, қара 3-ші көзқарастан орын алса бір леп белгісі  қойылады, егер  2-ші көзқараста болса, екі леп белгісі, егер1-ші көзқарас болса үш леп белгісі қойылады. Мысалы:

                                     !!!  !!  !

                                     С  С   С

                                     +   +  +

                                     6   0   7

       Леп белгісінің саны  көп болған сайын  болжау жағымсыз болады. Тестің алынған  нәтижесін ескере отырып, мақсатқа сай психикалық күйді реттеу және өзіндік реттеу бойынша іс-шаралар,аутогенді жаттығулар жүргізуге болады. Мұндай іс-шаралардан кейін қайта тестілеу қобалжу мен қысымның төмендегенін көрсетеді. Тест нәтижесін  талдауда 8-ші көзқарастағы  түстің  бағасы ерекше маңызды. Егер бұл көзқараста түстер леп белгісімен белгіленсе сыналушының  қобалжу жағдайының  дамуы зор.Бірінші және сегізінші  көзқарас  қатынасына  назар салыңыздар, толтыру орны бар ма, қалыпты кестемен құрылған ба? Екінші және үшінші қатынастағы көзқарас мақсат пен түрткі  және өз күйінің шынайы  өзіндік бағасы арсындағы  қақтығысты бейнелейді.

       Люшер тестінің нәтижесін талдап, сыналушы туралы жиналған  ақпараттарды басқа да құжаттармен: анкета, байқау әдісінің қорытындысымен салыстыру қажет. Осылай жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу арқылы сыналушының жеке қасиеттерімен психологиялық ерекшеліктері  туралы тиянақты қорытынды айтуға болады.

 

Люшердің негізгі түсті өзара  жұптау түсіндірмесі.

       Бірінші түс көк “+ +” қөзқарасы

+1+2 (көк және жасыл) – қанағаттану сезімі, тыныштық, стресске және қақтығысқа қатысқысы келмеу, тыныш жағдайды қалау;

+1+3 (көк және қызыл) – бүтіндік сезім, белсенділік пен тығыз қарым-қатынасқа түсуге  үнемі ұмтылыс жасалмайды, өзгелердің көңіл бөлгенін қалайды.

+1+5 (көк және күлгін) – аздаған мазасыздық, эстетикаға ұмтылыс,  айналаға нәзік  қажеттілігі.

+1+6 (көк және қоңыр) – мазасыз сенім, жалғыздықтан қорқу, қақтығыстан қашуға ұмтылыс. стресстен қашу.

+1+7 (көк және қара) – жағымсыз күй, тыныштыққа, демалысқа талпыныс, өзіне деген қатынасқа көңілі толмаушылық.

+1+0 (көк және сұр) – жағымсыз күй, стресстен құтылуға қажеттілік, тыныштыққа демалысқа ұмтылыс.

 

Бірінші түс – жасыл

+2+1 (жасыл және көк) – жағымды жағдай, табысты қамтамасыз ететін іс-әрекетке түсуге ұмтылыс

+2+3 (жасыл және қызыл) – табысқа жетуге, іс-әрекеттегі кедергілерді жеңуге, өз шешімін шығаруға белсенді ұмтылыс жасау.

+2+4 (жасыл жіне сары) – аздаған мазасыздық, әсер қалдыруға тіліктестік, әйгілі болуға, мойындатуға ұмтылыс ниеті.

+2+5 (жасыл және күлгін) – аздаған мазасыздық, әйгілі болуға, өзін мойындатуға ұмтылыс,қоршаған ортаның өз әрекетіне реакциясын қатты  назарда ұстау;

+2+6 (жасыл және қоңыр) – қанағаттанбау сезімі шаршау, айналадағы адамдардың өзіне деген мәнділік  қатынасын асыра бағалау.

+2+7 (жасыл және қара) — өкпелеу сезімі, ашу, қарым- қатынаста қатаңдық, беделге ұмтылыс.

+2+0 (жасыл және сұр) – қанағаттанбау сезімі, өзін мойындауға ұмтылыс, әсер қалдыруды қалау.

 

Бірінші түс – қызыл

+3+1 (қызыл және көк) – іскерлік, қозу, іс-әрекетке әсерге  қанағаттануға белсенді ұмтылыс.

+3+2 (қызыл және жасыл) – іскерлік қозу, мақсатқа белсенді ұмтылыс, қиындықтардың бәрін жеңу, өзінің іс-әрекетінің жоғарғы бағасына ұмтылыс.

+3+4 (қызыл және сары) – іскерлік, жеңіл қозушылық, әсер қалдыруға ұмтылыс, қызығушылық, өмірге шаттана қарау байланысқа ұмтылыс, іс- әрекет аумағын кеңейту.

+3+5 (қызыл және күлгін) –  жеңіл қозушылық, елігушілік, тепе-тең қызығушылықтың болмауы, әсер қалдыруға ұмтылыс;

+3+6 (қызыл және қоңыр) — жағымсыз көңіл күй, сәтсіздікке қапалану, жағымды жағдайдан ажырағысы келмеу.

+3+7 (қызыл және қара) – жағымсыз көңіл күй, ашуланшақтық, жағымсыз жағдайдан қашуға ұмтылыс.

+3+0 (қызыл және сұр) —  қанағаттанбау сезімі, тәуекелді әрекетке бағыттылық.

 

Бірінші түс сары

+4+1 (сары және көк)- көңіл күйі жалпы жағымды, жалпы эмоционалды жағымды жағдайға өзара қолдауға ұмтылыс

+4+2 (сары және жасыл) көңіл күй жалпы жағымды алдында тұрған міндеттің шешімінің алғашқы жолын іздеу, өзін бекітуге ұмтылыс.

+4+3 (сары және қызыл ) — аздаған жоғары іскерлік қозушылық,кең көлемді белсенділікке ұмтылыс.

+4+5 (сары және күлгін) – аздаған желігу, жарқын жағдайға, кештерге ұмтылыс, әсер қалдыруға ниет.

+4+6 (сары және қоңыр)- жағымсыз көңіл – күй , қапалану, эмоционалдық тынығуға қажеттілік.

+4+7 (сары және қара)- тым нашар  жағымсыз көңіл –күй кез-келген  меселеден қашуға ұмтылыс,аз тепе-теңдіктегі шешім мен қажеттілікке бейім адам.

+4+0 (сары және сұр)- жағымсыз жабыраңқы күй, жағымсыз жағдайдан шығуға ұмтылыс, оны қалай жасауды нақты білмеу.

 

Бірінші түс күлгін

+5+1 (күлгін және көк) белгісіз көңіл- күй, келісім мен үйлесімге ұмтылыс.

+5+2 (күлгін және жасыл) – сақтық, әсер қалдыруға ниет,

+5+3 (күлгін және қызыл)- қозу, әсерлену, әсер қалдыруға   белсенді ұмтылыс.

+5+4 (күлгін және сары)- қозу, қиялдау, жарқын жағдайға ұмтылыс.

 +5+6 (күлгін және қоңыр) – қозу, қатты эмоционалдық уайымға бағыттылық

+5+7 (күлгін және қара)- жағымсыз күй

+5+0 (күлгін және сұр)- қысым,өзін қақтығыстан, стресстен шектеуге ұмтылыс.

 

Бірінші түс қоңыр

+6+1(қоңыр мен көк)-қысым,жалғыздықтан қорқу ,жағымсыз жағдайдан кетуге ниет.

+6+2 (қоңыр мен жасыл)  мазасыздық сезімі қателіктен қашу үшін өзін басқаруға қатаң ұмтылыс.

+6+3 (қоңыр  мен сары) жағымды, келешекке сенімін жоғалту,ойланбаған шешеімдер .

+6+5 (қоңыр мен күлгін) қанағаттанбау сезімі, ыңғайлы  жағдайға ұмтылыс. 

+6+7 (қоңыр  мен қара) жағымсыз күй, тыныштыққа  ұмтылыс, белсенділіктен қашу ниеті.

+6+0 (қоңыр мен сұр) тым нашар күй, күрделі мәселемен күресуге ұмтылыс.

 

Бірінші түс қара

+7+1 (қара мен көк)- қысым, жалғыздық, тым нашар күй, қорқынышты мәселеден кетуге ұмтылыс

+7+2 (қара мен жасыл)- мазасыз сезім, айнадағыларға ашулы қатынас

+7+3 (қара мен қызыл) қатты қозу, аффектілі әрекетк болуы мүмкін

+7+4 (қара мен сары)- жағымсыз көңіл-күй, қамығу,өзіне қол жұмсау  ойлары бар .

+7+5 (қара мен күлгін) – қысым, үйлесімділік туралы арман

+7+6 (қара мен қоңыр)- қозу, мақсат қою шынайы  емес, мазасыз ойлардан, жағымсыз жағдайлардан қашуға ұмтылыс.

+7+0 (қара мен сұр) – үмітсіздік сезімі  барлығына қарсыласуға ұмтылыс.

 

Бірінші түс сұр

+0+1 (сұр мен көк)- жағымсыз жағдай,  тыныштық  жағдай ниеті.

+0+2 (сұр мен жасыл)- жағымсыз күй, ортадан бөлектену,қоршаған ортаны өшпенділікпен жауласуды түйсінуі

+0+3 (сұр мен қызыл) –  жағымсыз күй, қоршаған ортаға  жоғары талап .

+0+4 (сұр мен сары)- жағымсыз күй, мәселені шешуге емес қашуға ұмтылыс.

+0+5 (сұр мен күлгін)- мазасыздық сезімі, сақтық, осы сезімді жасыруға ұмтылыс

+0+6 (сұр мен қоңыр)- жағымсыз күй, күрделі, қиын, қобалжудан кетуге ұмтылыс.

+0+7 (сұр мен қара)- тым нашар күй, өкпе, жабыраңқы сезім, тепе-тең емес шешім шығару мүмкіндігі.

 

Көзқарас “- -“  Бірінші түс сұр

-0-1 (сұр мен көк)- қанағаттанбаушылық сезімі, эмоционалдық қысым

-0-2 (сұр мен жасыл) – эмоциоиналдық қысым жағымсыз жағдайдан шығуға ниет.

-0-3 (сұр мен қызыл) – ашуланшақтық, дәрменсіздік сезімі

-0-4 (сұр мен сары)  — қобалжу өз күшіне сенімсіздік.

 -0-5 (сұр мен күлгін)- аздаған бақылауға көнетін қозғыштық

 -0-6 (сұр мен күлгін)- қобалжу, өз күшіне сенімсіздік, жоғары талап қою, өзінің жекелігін мойындатуға жету ниеті.

-0-7 (сұр мен қара) – іс-әрекетке белсенді ұмтылыс,жеке тұлғалық жағымсыз шектеулерді мойындамау.

 

Бірінші түс көк

 -1-2 (көк пен жасыл) – қатты қысым, жағымсыз стресстік күйден арылуға ұмтылыс

-1-3 (көк пен қызыл) – қатты қысым, дәрменсіздік сезімі, эмоцианалдық  жағымсыз күйден шығуға ниет

-1-4 (көк пен сары) – стресске жақын күй, күрделі қарым-қатынаста қиындық, шыдамсыздық мүмкіндікке шектеу сезімі

-1-5 (көк пен күлгін) – стресске жақын күй, қарым-қатынаста шыдамсыздық, мүмкіндікті шектеу сезімі

-1-6 (көк пен қоңыр)- эмоционалды қанағаттанбау, өзін шектеу, қолдау көрсетуді  қажетсіну.

-1-7 (көк пен қара ) – стресске жақын күй, эмоционалдық қанағаттанбау, психогендік жағдайдан қашуға ұмтылыс.

-1-0 (көк пен сұр) – жабыраңқы күй, қобалжу, болашақ туралы жағымсыз ой.

 

Бірінші түс жасыл

-2-1 (жасыл мен көк) – жабыңқы күй, өз күшіне сенбеу, жағымсыз жағдайдан кетуге ұмтылыс.

-2-3 (жасыл мен қызыл)- қатты қозу, ауыр уайым, орта мен қатынасты өзіне жау санау,аффектілі әрекет жасау.

-2-4 (жасыл мен сары)- фрустрацияға жақын күй, шешімсіз, қапалану сезімі.

-2-5 (жасыл мен күлгін) – стресске жақын күй, өз күшіне сенбеу, қорлау сезімі

-2-6 (жасыл мен қоңыр) – стресске жақын күй, өзіндік  тепе-теңдік бақылау  жоғарылығы

-2-7 (жасыл мен қара)- ызақорлыққа талаптарды шектегені үшін түседі, фрустрациялық  күй, мақсатқа талпыныс жетіспеушілігі

-2-0 (жасыл мен сұр)- фрустрациялық  күй, мазасыздану, сәтсіздіктер үшін ашулану, еріктік сапалардың төмендеуі.

 

Бірінші түс қызыл

-3-1 (қызыл мен көк)- жабыраңқы қозу, ашуланғыштық, шыдамсыздық, жақын адамдармен болған жағымсыз қатынастан шығу жолын іздеу.

-3-2 (қызыл мен жасыл)- тепе-тең емес өзіндік бағадан   стрестік күй.

-3-4 (қызыл сары) – күмәншіл, қобалжу, өзін ақтауға ұмтылыс

-3-5 (қызыл күлгін)- өзара түсіністікке жетуде сәтсіздіктен болған стресс күйі,сенімсіздік сезімі, дәрменсіздік, мүсіркеу ниеті.

-3-6 (қызыл мен қоңыр) – аса қатты қысым, өзіндік жыныстық шектеуден болған достық байланыстың болмауы, өз күшіне сенбеу.

-3-7 (қызыл мен қара) – қатты қапаланудан болған стресс күйі, фрустрация, қобалжу сезімі, қақтығыс мәселесін шешудегі дәрменсіздік, фрустрациялық жағдайдан кез-келген жолмен шығу, шығатындығына күмән келтіру.

-3-0 (қызыл мен сұр)- ұстамды қозу,болашақты жоғалту сезімі, нервтік қажудың көрінуі.

 

Бірінші түс сары

-4-1 (сары мен көк)- қапалану сезімі, стресске жақын күй, жағымсыз эмоцияны тұншықтыруға ұмтылыс

 -4-2 (сары мен жасыл) – шешімсіздік күй, қобалжу, табысқа жетудегі күмәндәну.

-4-5 (сары мен күлгін)- эмоцианалды қапалану, мазасыз сезім, қобалжу және өкпелеу

-4-7 (сары мен қара)- қысым, сенімсіздік сезімі, сақтық,сыртқы бақылаудан қашуға ұмтылыс.

-4-0 (сары мен сұр)- қысым, маңызды нәрсені жоғалтып алуға деген қорқыныш, мүмкіндіктерді өткізіп алу.

 

Бірінші түс күлгін

-5-1 (күлгін мен көк) – қанағаттанбау сезімі әріптестікке ұмтылыс,белсенділікке ынталандыру.

-5-2 (күлгін мен жасыл) — өзін көрсете алмағаннан кейін стресстік күйге түсу

-5-3 (күлгін мен қызыл) – белсенді, кейде ойланбай жасалған әрекеттен болған сәтсіздік үшін стресстік күй

-5-4 (күлгін мен сары) – сақтық, күдіктенушілік, бұйығылық,жабығу.

-5-6 (күлгін мен қоңыр )- өзара қатынастың бұзылуынан болған стресс,өзгеге жоғары талап қою.

-5-7 (күлгін мен қара) — өзіндік шешім шығаруда шектегені үшін қысым, өзара түсінісуге ұмтылыс,ойды нақты мазмұндауға мүмкіндік.

-5-0 (күлгін мен сұр) – шыдамсыздық көрсету, бірақ өзін бақылауға ұмтылыс,кейбір эмоциялық қозу.

 

Бірінші түс қоңыр

-6-1 (қоңыр мен көк) – жағымсыз күй, жеткіліксіз мойындаудан болған қанағаттанбаушылық сезімі, өзін шектеуге және өзін бақылауға талпыныс.

-6-2 (қоңыр мен жасыл ) — өзін шектен тыс бақылаудан болған жағымсыз күй, айрықша көрінуге дегн ниет.

-6-3 (қоңыр мен қызыл)- эротикалық және басқа биологиялық қажеттерді басудан болған стресстік күй.

-6-4 (қоңыр мен сары)- қобалжуды сенімділік бетпердесінің астына жасыруға ұмтылыстан болған қысым.

-6-5 (қоңыр мен күлгін)- сезім үйлесімділігіне ұмтылыстан ,қанағаттанбаушылықтан болған жағымсыз күй.

-6-7 (қоңыр мен қара) – бағынудан кетуге ұмтылыс, әртүрлі шектеулерге жағымды  қатынас.

-6-0 (қоңыр мен сұр) – биологиялық, жыныстық қатынастарды басудан болған стресстік күй.

 

Бірінші түс қара

-7-1 (қара мен көк) – көмек, қолдау күтуге байланысты мазасыздық.

-7-2 (қара мен жасыл) – орындағың  келген әрекетті шектеуден болған фрустрацияға жақын күй.

-7-3 (қара мен қызыл) – күткен жағдайдан көңілі қалғаннан болған стресстік жағдай,эмоционалды қозу.

-7-3 (қара мен сары)- алдан сәтсіздікті күту , қорқыныштан болған стресстік күй,эмоционалды қозу.

-7-5 (қара мен күлгін) – идеалды жағдайларды іздеу.

-7-6 (қара мен қоңыр) – жағымсыз шектеулерден болған стресстік күй, шектеулерге қарсыласуға ұмтылыс.

-7-0 (қара мен сұр ) – жағымсыз жағдайдан кетуге ұмтылыс.

 

Бірінші түс сұр

-0-1 (сұр мен көк) – қысым, жағымсыз сезімге қарсыласуға ұмтылыс,.

-0-2 (сұр мен жасыл) – шаршаудан болған жағымсыз күй.

-0-3 (сұр мен қызыл) – мазасыздық, аффектілі  әрекет, ашуланшақтық

-0-4 (сұр мен сары) – қобалжу мен сенімсіздік сезімі

-0-5 (сұр мен күлгін) – уайымнан болған қысым

-0-6 (сұр мен қоңыр) –жағымсыз жағдайдан шығуға ұмтылыс, жоғарғы өзіндік баға

-0-7 (сұр мен қара) – жағымсыз жағдайдан шығуға ұмтылыс, болашақта жақсы келешекке  үміттену

 

 

Қосымша 3

 

Айзенк тесті

Мақсаты: Бұл сауалнама сыналушының психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қобалжу, фрустация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Нұсқау: Әр тұжырымдарға қарама-қарсы келесі сандар көрсетілген: 2,1,0 . Егер тұжырым сізге сәйкес болса, 2 санын шеңбермен қоршаңыз, егер толық сәйкес болмаса 1 санын, тіпті сәйкес болмаса – 0 санын белгілеңіз.

1 Көп жағдайларда мен өзіме сенімсізбін

2 Кейде шешімін табуға болатын жағдайлар негізсіз сияқты болып көрінеді

3 Көп жағдайларда нақты шешімдерді өзім қабылдаймын

4 Әдеттерімді өзгерту қиын

5 Болмайтын нәрселер үшін жиі қызарамын

6 Сәтсіздіктер мені қатты ренжітеді,  ерік-жігерімді әлсіретеді

7 Кей кездері әңгіме барысында серіктесімнің әңгімесіне кедергі келтіремін

8 Менің бір істен екінші іске ауысуым қиын

9 Түнде ұйықтап жатып жиі оянамын

10 Ірі сәтсіздіктерде, тек өзімді кінәлі сезінемін

11 Мені ренжіту оңай

12 Өмірімдегі өзгерістерге өте сақпын

13 Уайымға жеңіл түсемін

14 Бақытсыздық пен сәтсіздіктер мені ешнәрсеге үйретпейді

15 Менің басқаларға жиі ескерту жасауыма тура келеді

16 Пікірталас барысында мені қайта сендіру қиын

17 Мені қиялдағы сәтсіздіктердің өзі мазасыздандырады

18 Пайдасы жоқ деп есептей отырып, күресуден жиі бас тартамын

19 Айналамдағылар алдында беделді болғым келеді

20 Кейде ойлауға тұрмайтын ойлар көп мазалайды

21 Мен өмірдегі қиындықтардан қорқамын

22 Кейде өзімді қорғаусыз сезінемін

23 Кез-келген істе азға қанағаттанбаймын

24 Мен айналамдағылармен қарым-қатынасқа жеңіл түсемін

25 Мен өз кемшіліктерімді жиі талдап отырамын

26 Кейде ғана көңілді жағдайда боламын

27 Ашу үстінде өз-өзімді ұстау мен үшін өте қиын

28 Өмірімдегі күтпеген өзгерістерді қатты уайымдаймын

29 Мені сендіру өте оңай

30 Қиын жағдайларда абыржып  қаламын

31 Бағынғаннан гөрі басқаруды қалаймын

32 Кейде еш нәрседен қайтпайтынымды көрсетемін

33 Мені денсаулық жағдайым мазалайды

34 Кейде қиын сәттерде өзімді балаша ұстаймын

35 Менің ым – ишарам тіке, дөрекі

36 Мен еш нәрсеге қарамастан тәуекелге барамын

37 Күткенді ұнатпаймын және қиналамын

38 Менің ойымша, мен ешқашан өз кемшіліктерімді түзей алмаймын

39 Мен кекшілмін

40 Мені жоспардағы кейбір өзгерістердің өзі ренжітеді

 

Кілт

1

Қобалжу шкаласы

1,5,9,13,17,21,25,29,33,37

2

Фрустрация шкаласы

2,6,10,14,18,22,26,30,34,38

3

Агрессия шкаласы

3,7,11,15,19,23,27,31,35,39,

4

Регидтілік шкаласы

4,8,12,16,20,24,28,32,36,40,

 

Нәтижелерді өңдеу барысында кілтпен сәйкес келген 1 және 2 жауаптар саны анықталады. Кілтпен сәйкес келген 2 жауабы үшін 2 ұпай  беріледі, 1 жауабы үшін –1 ұпай беріледі. Содан кейін әр шкала бойынша қосынды шығарылады. Әрбір шкала бойынша орташа ұпай -10. Одан жоғары болуы тұлға құрылымында сол қасиеттің басымдылығын көрсетеді.

Сауалнама бойынша зерттелетін қасиеттер сипаты:

Жекелік қобалжу — индивидтің үрейді уайымдауға бейімділігі

Фрустрация — шынайы немесе қиялдағы кедергілер салдарынан пайда болатын, мақсатқа жетуге кедергі болатын психикалық күй.

Агрессия — жоғары психологиялық белсенділік, басқа адамдарға қатысты күш көрсете отырып лидерлікке ұмтылу.

Ригидтілік — жоспарланған істі өзгертудегі қиындық.

 

 

 

 

 

 

Қосымша 4

 

Сандарды есте сақтау

Төменде берілген 20 санды рет-ретімен есте сақта. Берілетін уақыты 40 секунд. Уақыт біте сала есте қалған сандарды қайта жаңғыртып бланкке жаз.

 

1.   43

5.   81

9.     96

13.   86

17.   78

2.   57

6.   72

10.    7

14.   56

18.   61

3.   12

7.   15

11.   37

15.   47

19.   83

4.   33

8.   44

12.   13

16.    6

20.   73

 

1

5

9

13

17

2

6

10

14

18

3

7

11

15

19

4

8

12

16

20

                  Нәтижені өңдеу

дұрыс қайта жаңғырылған сандар

——————————————    х 100 = 111%

                    20


                 

                                 Аты-жөні ————————————

 

Мерзімі   ————————————-

 

Қабылдауды  анықтау әдістемесі

 

Нұсқау: “алты квадраттың ішінде ақ және қара дөңгелекшелер көрсетілген. Сізге 1 минут уақыт беріледі, осы уақыт ішінде әр квадраттағы дөңгелекшелерді есте сақтау қажет. Енді суретті жауып, квадрат ішіндегі дөңгелекшелерді салыңыз”.

Нәтижесі: әрбір квадраттағы дөңгелекшелерді дұрыс салсаңыз, әрбір дөңгелекшелер үшін 1 ұпай аласыз. Егер 35 ұпай жинасаңыз, сіз өте байқағышсыз.